lang
stringclasses
3 values
title
stringlengths
3
277
original_text
stringlengths
69
182k
processed_text
stringlengths
42
181k
category
stringlengths
4
50
processed
bool
2 classes
url
stringlengths
33
293
date
stringlengths
10
24
kk
Бір бала көз жұмды: Қарағанды облысындағы әлеуметтік орталықта балалар жаппай уланды
Қарағанды облысы әкімдігі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала өзін нашар сезініп ауруханаға түскенін, бір бала көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл туралы облыс әкімдігі ресми сайтында хабарлады. Әкімдіктің мәліметінше, Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 30 шілдеде екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылды. "Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір баланы құтқару мүмкін болмады. Бүгінгі таңда алты бала реанимацияда. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында", - делінген хабарламада. Облыс әкімдігі берген ақпаратқа сүйенсек, ауруханаға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және емдеуші дәрігерлермен жедел кеңес өткізді. "Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді", - деді облыс әкімдігі өкілдері. Ермағанбет Бөлекпаев тергеу нәтижесінде заңның барлық қатаңдығы бойынша жауапты тұлғалар анықталып, жазаланатынын атап өтті. Мекеме директорының міндетін атқарушы қызметінен шеттетілді.
Қарағанды облысы әкімдігі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала өзін нашар сезініп ауруханаға түскенін, бір бала көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл туралы облыс әкімдігі ресми сайтында хабарлады. Әкімдіктің мәліметінше, Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 30 шілдеде екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылды. "Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір баланы құтқару мүмкін болмады. Бүгінгі таңда алты бала реанимацияда. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында", - делінген хабарламада. Облыс әкімдігі берген ақпаратқа сүйенсек, ауруханаға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және емдеуші дәрігерлермен жедел кеңес өткізді. "Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді", - деді облыс әкімдігі өкілдері. Ермағанбет Бөлекпаев тергеу нәтижесінде заңның барлық қатаңдығы бойынша жауапты тұлғалар анықталып, жазаланатынын атап өтті.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2030804-bir-bala-koz-zumdy-qaragandy-oblysyndagy-aleumettik-ortalyqta-balalar-zappai-ulandy/
01 тамыз 2023, 11:08
kk
Алматыда электр қуатының жиі cөну мәселесі: жаңа қосалқы станция құрылысы аяқталды
Алматыда 200 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз электрмен қамтамасыз ететін "Алмагүл" жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Әкімдік мәліметінше, Алматының Бостандық ауданында Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан "Алмагүл" қосалқы станциясының құрылысы бойынша жұмыстар 100 пайыз аяқталды. Сондай-ақ, осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісін төселді. "Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады. Оған "Алмагүл" шағын ауданы әл-Фараби-Жароков-Өтепов-Розыбакиев көшелерінің қиылысында салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылатын болады. Секцияларда кабельдерді қосу және тұтынушы жүктемелерді аудару жөніндегі іс-шаралар "АЖК" АҚ-мен жүргізіледі", - делінген әкімдік таратқан хабарламада. Қала әкімдігі ақпаратынша, қосалқы станцияға қажеттілік Бостандық ауданында жаппай, ретсіз салынған құрылыстарға байланысты электр қуатының жиі үзілуіне қатысты. Бұл мәселені Алматы әкімімен кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғындары көтерді. Ерболат Досаев осы қосалқы станция бойынша барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Алматыда 200 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз электрмен қамтамасыз ететін "Алмагүл" жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Әкімдік мәліметінше, Алматының Бостандық ауданында Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан "Алмагүл" қосалқы станциясының құрылысы бойынша жұмыстар 100 пайыз аяқталды. Сондай-ақ, осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісін төселді. "Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады. Оған "Алмагүл" шағын ауданы әл-Фараби-Жароков-Өтепов-Розыбакиев көшелерінің қиылысында салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылатын болады. Секцияларда кабельдерді қосу және тұтынушы жүктемелерді аудару жөніндегі іс-шаралар "АЖК" АҚ-мен жүргізіледі", - делінген әкімдік таратқан хабарламада. Қала әкімдігі ақпаратынша, қосалқы станцияға қажеттілік Бостандық ауданында жаппай, ретсіз салынған құрылыстарға байланысты электр қуатының жиі үзілуіне қатысты. Бұл мәселені Алматы әкімімен кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғындары көтерді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030798-almatyda-elektr-quatynyn-zii-conu-maselesi-zana-qosalqy-stanciya-qurylysy-ayaqtaldy/
01 тамыз 2023, 10:35
kk
Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды (фото)
Танымал пародист Олжас Сыдықбек әлеуметтік желіде айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы айтты. Өнер иесі ақынның жағдайын сұрап, үйіне барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Жүрсін ағаға сәлем беріп, үйіне келдім. Хәл сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастархан жайды. Қызыл-күрең шәй үстінде өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның "Деген екендерін" айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды. Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедурасын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деп жазды Олжас Сыдықбек Instagram парақшасында. Айта кетелік, бұған дейін Жүрсін Ерман ауыр сырқатына байланысты шетелде емделген болатын.
Танымал пародист Олжас Сыдықбек әлеуметтік желіде айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы айтты. Өнер иесі ақынның жағдайын сұрап, үйіне барған, деп жазады . "Жүрсін ағаға сәлем беріп, үйіне келдім. Хәл сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастархан жайды. Қызыл-күрең шәй үстінде өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның "Деген екендерін" айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды. Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедурасын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деп жазды Олжас Сыдықбек Instagram парақшасында.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2030788-aitys-uiymdastyrusysy-zursin-ermannyn-qazirgi-zagdaiy-belgili-boldy-foto/
01 тамыз 2023, 10:24
kk
"Еңкейіп өтеміз": Алматы облысында газ құбыры аласа салынған көше тұрғындары жанайқайын айтты
Алматы облысының Іле ауданына қарасты елдімекен тұрғындары 1 жарым метр биіктікте жүргізілген газ құбыры өміріміз үшін қауіпті деп алаңдайды. Жауапты мекеме мамандары ақысы төленсе ғана мәселе шешілетінін айтқан. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады. Телеарна дерегінше, газ құбырының аласа салынғаны түсірілген видео желіге жүктелгелі, жұрттың таңданысын тудырып қызу талқыға түскен. Іле ауданына қарасты Ардагер-Ветеран саяжайында орналасқан бұл көшеде, көгілдір отын өтетін құбырдың аласа екені анық көрінеді. "Еңкейіп өтеміз. Тиісті компанияға барып, ескерттік. Қайта жөндеу үшін 1 млн теңге сұрады. Өрт болған жағдайда, барлық үй бір секундта жанып кетеді ғой", - деді саяжай тұрғыны Мадина Қыдырбаева. Тілшілер мәлім еткендей, ауылға алғаш көшіп келген тұрғындардың бірі жерді сатып алмас бұрын құбыр тартылғанын айтты. Алайда адам саны көбейген соң жауапты компанияға барып, жауап ала алмаған. "Құбырды қайта жөндеу жобада көрсетілмегендіктен, жасамайтынын айтты. Менің жасым 65-тен асқан. Менен басқа да зейнеткер көп. Кішкентай балалар бар", – деді саяжай тұрғыны Раушангүл Айшуақова. Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі "саяжай тұрғындарының түйткіліне тікелей араласа алмайтындарын жеткізген. Бірақ аласа жүргізілген газ құбырының қауіпті екенін растайды. Сондықтан шағым түссе реттейтінін айтып, сендірді. "Тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ. Айта кететіні ол 2011 жылы газ құбыры жасалған, 2014 жылы жер учаскелері тартылған. Содан бері ешкімнен шағым түспеген. Мен жергілікті билік ретінде "газ құбыры қауіпсіз" деп айта алмаймын. Маман емеспін, тиісті мекемеге хат жолданды", - деді Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаев. Телеарна мәліметінше, аталған аймаққа газ құбырларын тартумен айналысатын серіктестік мамандары ақысын төлесе көтеріп, жасап бере алатынын айтқан. "Халық өтініш беруі керек. Содан соң барып, шығынды есептейміз. Мүмкін 150 мың болады. Бірақ "ҚазТрансГаз" газды өшіру құнын өзі есептейді", – деді газ құбырын орнату компаниясының маманы Дәулетбай Ержанов. Телеарна ақпаратынша, биіктігі 1м 30 см болатын құбыр ауылдан жарты шақырым жерге дейін тартылған. Тіпті, кейбір жерлерде жердің астымен де өткізген. Ал аласа газ құбырын биіктету үшін көше тұрғындарының бірі қалмай арыз жазуы керек екен.
Алматы облысының Іле ауданына қарасты елдімекен тұрғындары 1 жарым метр биіктікте жүргізілген газ құбыры өміріміз үшін қауіпті деп алаңдайды. Жауапты мекеме мамандары ақысы төленсе ғана мәселе шешілетінін айтқан. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады. Телеарна дерегінше, газ құбырының аласа салынғаны түсірілген видео желіге жүктелгелі, жұрттың таңданысын тудырып қызу талқыға түскен. Іле ауданына қарасты Ардагер-Ветеран саяжайында орналасқан бұл көшеде, көгілдір отын өтетін құбырдың аласа екені анық көрінеді. "Еңкейіп өтеміз. Тиісті компанияға барып, ескерттік. Қайта жөндеу үшін 1 млн теңге сұрады. Өрт болған жағдайда, барлық үй бір секундта жанып кетеді ғой", - деді саяжай тұрғыны Мадина Қыдырбаева. Тілшілер мәлім еткендей, ауылға алғаш көшіп келген тұрғындардың бірі жерді сатып алмас бұрын құбыр тартылғанын айтты. Алайда адам саны көбейген соң жауапты компанияға барып, жауап ала алмаған. "Құбырды қайта жөндеу жобада көрсетілмегендіктен, жасамайтынын айтты. Менің жасым 65-тен асқан. Менен басқа да зейнеткер көп. Кішкентай балалар бар", – деді саяжай тұрғыны Раушангүл Айшуақова. Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі "саяжай тұрғындарының түйткіліне тікелей араласа алмайтындарын жеткізген. Бірақ аласа жүргізілген газ құбырының қауіпті екенін растайды. Сондықтан шағым түссе реттейтінін айтып, сендірді. "Тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ. Айта кететіні ол 2011 жылы газ құбыры жасалған, 2014 жылы жер учаскелері тартылған. Содан бері ешкімнен шағым түспеген. Мен жергілікті билік ретінде "газ құбыры қауіпсіз" деп айта алмаймын. Маман емеспін, тиісті мекемеге хат жолданды", - деді Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаев. Телеарна мәліметінше, аталған аймаққа газ құбырларын тартумен айналысатын серіктестік мамандары ақысын төлесе көтеріп, жасап бере алатынын айтқан. "Халық өтініш беруі керек. Содан соң барып, шығынды есептейміз. Мүмкін 150 мың болады. Бірақ "ҚазТрансГаз" газды өшіру құнын өзі есептейді", – деді газ құбырын орнату компаниясының маманы Дәулетбай Ержанов. Телеарна ақпаратынша, биіктігі 1м 30 см болатын құбыр ауылдан жарты шақырым жерге дейін тартылған. Тіпті, кейбір жерлерде жердің астымен де өткізген.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030791-enkeiip-otemiz-almaty-oblysynda-gaz-qubyry-alasa-salyngan-kose-turgyndary-zanaiqaiyn-aitty/
01 тамыз 2023, 10:10
kk
"Расы бар, өтірігі бар": Ұланғасыр Қамиев өзінің соққыға жығылуына қатысты мәлімдеме жасады (видео)
Кеше әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған видеосы тараған болатын. Көпшілік видеодағы азаматтың танымал әнші Ұланғасыр Қамиев екенін және оқиғаның Үшарал қаласында болғанын айтты. Жетісу облыстық полиция департаментінің түсініктемесінен кейін әнші осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Қазақ елі, қалайсыздар? Бүгін Алматыдан Арқалық қаласына тойға келдік. Өкінішке қарай графиктің тығыз болуына байланысты, кеше қайда болғаным есімде жоқ. Жол ұзақ екен, осы жаққа келіп, желіні қоссақ, "Ұланғасыр Қами" деп шулап жатыр екен. Дос-жаран, туған-туыс, оқырмандардың бәрі "Халің қалай? Не болды" деп сұрап жатыр. Халім жақсы, шүкір. Ондай видеодағыдай қатты ештеңе болмады. Енді ондай видеоға сене беруге болмайтынына қазақтардың еті үйреніп қалған шығар. Ол жерде расы бар, өтірігі бар. Сондықтан бәрі жақсы, шүкір. Көріп тұрғандарыңыздай, Аллаға шүкір", - деп жазды Ұланғасыр Қамиев Instagram парақшасында. Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған сәті түсірілген видео пайда болды. Көпшілік видеодағы соққыға жығылған жігіттің белгілі қазақстандық әнші екенін және оқиға Үшарал қаласында болғанын айтты. Ал Жетісу облыстық полиция департаменті Алакөл аудандық полициясына бұл оқиға бойынша шағым түспегенін хабарлады. Анықтау барысында тойдың халал өткені, бірақ өнерпаздың мерекелік шарада ішімдік ішкені расталды. "Қазіргі уақытта құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы, яғни алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті департаментте.
Кеше әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған видеосы тараған болатын. Көпшілік видеодағы азаматтың танымал әнші Ұланғасыр Қамиев екенін және оқиғаның Үшарал қаласында болғанын айтты. Жетісу облыстық полиция департаментінің түсініктемесінен кейін әнші осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады . "Қазақ елі, қалайсыздар? Бүгін Алматыдан Арқалық қаласына тойға келдік. Өкінішке қарай графиктің тығыз болуына байланысты, кеше қайда болғаным есімде жоқ. Жол ұзақ екен, осы жаққа келіп, желіні қоссақ, "Ұланғасыр Қами" деп шулап жатыр екен. Дос-жаран, туған-туыс, оқырмандардың бәрі "Халің қалай? Не болды" деп сұрап жатыр. Халім жақсы, шүкір. Ондай видеодағыдай қатты ештеңе болмады. Енді ондай видеоға сене беруге болмайтынына қазақтардың еті үйреніп қалған шығар. Ол жерде расы бар, өтірігі бар. Сондықтан бәрі жақсы, шүкір. Көріп тұрғандарыңыздай, Аллаға шүкір", - деп жазды Ұланғасыр Қамиев Instagram парақшасында. Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған сәті түсірілген видео пайда болды. Көпшілік видеодағы соққыға жығылған жігіттің белгілі қазақстандық әнші екенін және оқиға Үшарал қаласында болғанын айтты. Ал Жетісу облыстық полиция департаменті Алакөл аудандық полициясына бұл оқиға бойынша шағым түспегенін хабарлады. Анықтау барысында тойдың халал өткені, бірақ өнерпаздың мерекелік шарада ішімдік ішкені расталды.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2030702-rasy-bar-otirigi-bar-ulangasyr-qamiev-ozinin-soqqyga-zygyluyna-qatysty-malimdeme-zasady-video/
01 тамыз 2023, 09:18
kk
2023 жылғы 1 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 1 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 446.07 (+0.39), еуроға шаққандағы бағамы – 492.10 (+3.10) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.88 (-0.02). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 446.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.50 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 493.65 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 443.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 446.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.65 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 493.65 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Halyk Bank).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 443.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 446.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.65 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 493.65 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Halyk Bank).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 1 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 446.07 (+0.39), еуроға шаққандағы бағамы – 492.10 (+3.10) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.88 (-0.02). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 446.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.50 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 493.65 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 443.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 446.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.65 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 493.65 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Halyk Bank).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 443.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 446.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.65 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 493.65 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Halyk Bank).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2030785-2023-zylgy-1-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
01 тамыз 2023, 09:12
kk
Тағдырыңызды жіберіп алмаңыз: 2023 жылдың тамыз айына арналған астрологиялық махаббат жорамалы
Ретроградты Шолпан мен тамыз айындағы екі толық ай жеке өмірге әсер ететіні анық. Жаздың соңғы айында махаббатта қай белгінің жолы болады? Осы орайда махаббат жұлдыз жорамалын астролог Нараян Монтуфар ұсынады. Тоқтыларды тамыз айында не күтіп тұр? Бұл жұлдыз белгілері осы айда барлық уақытын отбасы мен сүйіктісіне арнау керек. Десе де уақытты бірге өткізсеңіз де, шамадан тыс уақыт бірге боламыз деп, жартыңызды жалықтырып алмаңыз. Себебі екінші тарап та сізден ерекше ықыласты талап ететін болады. Махаббатқа барынша салқынқанды қарауға тырысыңыз, бұл сізді көңіл қалудан алып қалады. Торпақтарды тұрақтылық кезеңі күтіп тұр. Мәселен басы бос қыз-жігіттер еркіндікті қаласа, қарым-қатынастағы жандар компромисске қол жеткізетін болады. Арақатынасты жақсарту үшін, терең рухани байланыс орнатуға тырысқан жөн. Indastro басылымының астрологтары басы бос торпақтарды жақсы таныстық күтіп тұрғанын айтады. Мысалы бұрын кездескен адамдары қайтып келуі мүмкін. Бастысы жүрегіңізді жаралаған адамға көңіліңізді қайта ашпаңыз. Ол қатынастан толығымен сауығып, өткенге қайтып оралмаңыз. Тамыз айында егіздер жұмыс пен өзін-өзі дамытуға баса назар аударатын болады, сол себепті олар жеке өмірге уақыт көп бөле алмайды. Екі жақта да үлгеру үшін, сүйіктіңізбен кездесулерді алдын ала жоспарлаңыз. Тамыз айында егіздер үшін махаббат жорамалы қандай болмақ? Егер сіз әлі бойдақ болсаңыз, онда жеке қызығушылықтарыңызға мән беріңіз, ал жаңа танысуларды қыркүйек айына қалдырыңыз. Ал егер кездейсоқ кездесулер болып қалса, бір-біріңізді жақсы тану үшін телефон арқылы сөйлесуді бастаңыз. Ал тұрақты жұптарда арақатынас жаңа деңгейге көшпек. Шаяндар үшін 2023 жылдың тамыз айы таныстық, махаббат пен арақатынас айы болмақ. Сондықтан тамызда танысқан адамдармен қорықпай арақатынас құра беруіңізге болады. Ал отбасылы шаяндардың уақыты отбасылық мерекелер мен достармен кездесулерге арналмақ. Одан бөлек сүйіктіңізбен табиғатқа шығыңыз, сол кезде тепе-теңдік орнатып, энергияңыз артатын болады. Әйелдерге арналған My Imperfect Life журналы шаяндарға 23 тамыз күні ретро Меркурийдің әсерінен айтқан сөздеріңізге абай болуға кеңес береді. Жаңа жұптар арақатынасына басқаша қарай бастайтын болады. Ал үйлену туралы ұсынысты күзде жасағаныңыз абзал. Astrologyk басылымының хабарлауынша, арыстандар үшін тамыз айы махаббатқа толы ай болмақ. Себебі арыстан белгісіндегі адамдар осы айда араласатын ортасын өзгертеді. Сол сияқты "көнерген" арақатынастың бәрі өткенде қалып, жаңа қатынастарға түсу мүмкіндігі пайда болады. Арыстандар үшін тамыз айына арналған үшін махаббат жорамалы қандай? Ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзіне болашақта кім керек екенін түсінетін болады, сонымен бірге сіз өз теңіңізді міндетті түрде кездестіретін боласыз. Қазіргі қарым-қатынас бір орында тұрып қалады, десе де компромисс арқылы ортақ шешімге келесіздер. Сол себепті мамандар арыстандарға бұл айда бір-біріңізге деген қызығушылығыңызды сақтап, серіктесіңізбен бірге дамуға кеңес береді. 23 тамызда бикештер үшін Күн әсер етеді. Яғни махаббатта шарықтаулар мен құлдырау кезеңі орын алады. Астролог Нараяна Монтуфар ретро Шолпан (23 шілде – 4 қыркүйек) сіздің жұбыңызбен қарым-қатынасыңыз қаншалықты берік екенін тексереді дейді. Сондықтан ғашығыңызбен ортақ келісімге келіп, дағдарыстан шығу жолын ойлаңыз. Сізге ол үшін ойыңызды ақтарып сөйлесу, өткен күндер жайлы жылы естеліктер мен ортақ жоспарлар көмектеседі. Бикештер үшін бұл кезең бір-бірімен біте қайнасу әрі өзін-өзі талдап, сараптау кезеңі болмақ. Мысалы басы бос бикештер жұмысқа деген ортақ қызығушылық арқылы жаңа таныспен танысуы мүмкін. Сондықтан миға қонымсыз әрекеттер мен кездейсоқ байланыстардан бас тартқаныңыз жөн болады. Марс Таразы белгісі үшін 27 тамыздан бастап ене бастайды. Сондықтан аталған белгі өкілдері үшін тамыз – отбасын құрып, неке куәлігін алу үшін қолайлы кезең емес. Таразыларды 2023 жылдың тамыз айында махаббатта не күтіп тұр? Таразыларға бұл айда әр айтқан сөзіне абай болған жөн. Сол себепті өз жеке шекараңызды қорғап, ғашығыңыздың қызығушылықтарына құрметпен қараңыз. Уақытты бір-біріңізбен ғана емес, достарыңызбен де бірге өткізіңіз. Бұл таразылар үшін қоғамдық орында танысу үшін қолайлы кезең. Жұбыңыздың мақсатыңыз бір, ортақ жоспарыңыздың бір екеніне көз жеткізіңіз, себебі мұндай қатынаста сіз ұзақ уақыт болуыңыз мүмкін. Сарышаяндар үшін тамыз айы махаббат тұрғысынан қандай болуы мүмкін? Сарышаяндар бұл айда адреналин мен естен кетпес хикаяларды бастан өткереді. Ол үшін қазіргі қарым-қатынас пен жаңа таныстық ойдағыдай болмауы мүмкін. Сондықтан қиын жағдайда қалмауыңыз үшін қарым-қатынасыңызды нығайтып, оны одан ары дамыту жағын ойлаңыз. Мысалы психологқа бірге барыңыздар, жаныңызға ләззат сыйлайтын, тыныш жерге бірге барыңыздар, парашюттен бірге секіріңіздер т.т. Басы бос сарышаяндар өздеріне ғашық етіп, біреудің жүрегін жаралауы әбден мүмкін. Не болса да, өзіңізге қайтып келуі мүмкін екенін естен шығармаңыз, одан да дос болып қалуға тырысыңыздар. Сүйіктісі жоқ мергендер жаңа таныстық немесе қатынасқа көңілі ауатын болады. Басы бос емес мергендер арадағы қатынасты нығайтатын болады. Мамандар мергендерді тамыз айында тосынсыйлар мен айрықша ілтипат күтетінін айтады. Көптеген кездесу, кешкі ойын-сауықтар мен көңіл көтеру болу мүмкін. Сол себепті сүйіктіңізбен саяхатқа барып, өз қолыңызбен жөндеу жұмыстарын жасап көріңіз. Ол сіздерді бұрынғыдан да жақын етуі ықтимал. Арадағы бар проблемалар туралы сөйлесіп, басыңыз бос болса жаңа қатынастан бас тартпаңыз. Арақатынастағы әртүрлілік отбасында кикілжіңдерге алып келуі мүмкін. Мұндай олқылықтың алдын тек ашық әңгімелесу ғана алып қауы ықтимал. Бір-бірімен үйлесімді жұптар ортақ жоспарларға баса назар аударуы тиіс. Ал бойдақ тауешкілер тәртіпті әрі жауапкершілігі мол, ортақ мүдделері мен көзқарастары бар серіктесті кездестіруі мүмкін. Жаңа жұбыңызбен кездесу үшін үйде көп жатпай немесе жұмыста көп уақыт өткізбей, онымен кездесуге асығыңыз. Суқұйғыштардағы Айдың толысуын (1 тамыз) People журналы балықтың толық айға енуі дейді, басылымның хабарлауынша, бұл ай оларға менмендіктен бас тартып, жұбына көңіл бөлуді үйретпек. Бойдақ мергендер өзінің жұбымен ауқымды шарада танысуы мүмкін. Суқұйғыштар үшін махаббат-романтика баса назарда болмайды, сіз өзіңізді толығымен жұмысқа, отбасы мен күнделікті тұрмысқа арнайтын боласыз. Сол себепті барыңызды бағалап, жақындарыңызға қамқорлық көрсетуге үйреніңіз. Кейбір суқұйғыштар бұрын арақатынасын түзетпекші болады. Ал бойдақ суқұйғыштар ұзаққа бармайтын, сезімге толы қарым-қатынас бастауға дайын болады. Балықтар үшін толған ай интуицияны күшейтіп, жұбымен ортақ тіл табысуға көмектеседі. Сондықтан ғашығыңызға барынша қамқор болуға тырысыңыз. Көп жыл бірге болған жұптарда ортақ хобби, отбасылық бизнес пайда болуы мүмкін. Жалпы жаңа кездесулерден бас тартқаныңыз жөн. Оларға сіздің өмірге жауапкершілікпен қарауыңыз, сіздің тиянақтылығыңыз ұнауы мүмкін. Сол себепті жаңа дүниені бірге үйреніңіздер. Тамызда неке қиюдан бас тартқаныңыз абзал. Ретроградты Шолпан мен Меркурий тамызда арақатынаста қиындықтар тудыруы мүмкін. Оны еңсеру үшін шыдамдылық пен төзімділік қажет. Әр жұлдыз белгісіне арналған жұлдыз жорамалды еске отырып, жұбыңызды сүйіп үйреніңіз.
Ретроградты Шолпан мен тамыз айындағы екі толық ай жеке өмірге әсер ететіні анық. Жаздың соңғы айында махаббатта қай белгінің жолы болады? Осы орайда махаббат жұлдыз жорамалын астролог Нараян Монтуфар ұсынады. Тоқтыларды тамыз айында не күтіп тұр? Бұл жұлдыз белгілері осы айда барлық уақытын отбасы мен сүйіктісіне арнау керек. Десе де уақытты бірге өткізсеңіз де, шамадан тыс уақыт бірге боламыз деп, жартыңызды жалықтырып алмаңыз. Себебі екінші тарап та сізден ерекше ықыласты талап ететін болады. Махаббатқа барынша салқынқанды қарауға тырысыңыз, бұл сізді көңіл қалудан алып қалады. Торпақтарды тұрақтылық кезеңі күтіп тұр. Мәселен басы бос қыз-жігіттер еркіндікті қаласа, қарым-қатынастағы жандар компромисске қол жеткізетін болады. Арақатынасты жақсарту үшін, терең рухани байланыс орнатуға тырысқан жөн. Indastro басылымының астрологтары басы бос торпақтарды жақсы таныстық күтіп тұрғанын айтады. Мысалы бұрын кездескен адамдары қайтып келуі мүмкін. Бастысы жүрегіңізді жаралаған адамға көңіліңізді қайта ашпаңыз. Ол қатынастан толығымен сауығып, өткенге қайтып оралмаңыз. Тамыз айында егіздер жұмыс пен өзін-өзі дамытуға баса назар аударатын болады, сол себепті олар жеке өмірге уақыт көп бөле алмайды. Екі жақта да үлгеру үшін, сүйіктіңізбен кездесулерді алдын ала жоспарлаңыз. Тамыз айында егіздер үшін махаббат жорамалы қандай болмақ? Егер сіз әлі бойдақ болсаңыз, онда жеке қызығушылықтарыңызға мән беріңіз, ал жаңа танысуларды қыркүйек айына қалдырыңыз. Ал егер кездейсоқ кездесулер болып қалса, бір-біріңізді жақсы тану үшін телефон арқылы сөйлесуді бастаңыз. Ал тұрақты жұптарда арақатынас жаңа деңгейге көшпек. Шаяндар үшін 2023 жылдың тамыз айы таныстық, махаббат пен арақатынас айы болмақ. Сондықтан тамызда танысқан адамдармен қорықпай арақатынас құра беруіңізге болады. Ал отбасылы шаяндардың уақыты отбасылық мерекелер мен достармен кездесулерге арналмақ. Одан бөлек сүйіктіңізбен табиғатқа шығыңыз, сол кезде тепе-теңдік орнатып, энергияңыз артатын болады. Әйелдерге арналған My Imperfect Life журналы шаяндарға 23 тамыз күні ретро Меркурийдің әсерінен айтқан сөздеріңізге абай болуға кеңес береді. Жаңа жұптар арақатынасына басқаша қарай бастайтын болады. Ал үйлену туралы ұсынысты күзде жасағаныңыз абзал. Astrologyk басылымының хабарлауынша, арыстандар үшін тамыз айы махаббатқа толы ай болмақ. Себебі арыстан белгісіндегі адамдар осы айда араласатын ортасын өзгертеді. Сол сияқты "көнерген" арақатынастың бәрі өткенде қалып, жаңа қатынастарға түсу мүмкіндігі пайда болады. Арыстандар үшін тамыз айына арналған үшін махаббат жорамалы қандай? Ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзіне болашақта кім керек екенін түсінетін болады, сонымен бірге сіз өз теңіңізді міндетті түрде кездестіретін боласыз. Қазіргі қарым-қатынас бір орында тұрып қалады, десе де компромисс арқылы ортақ шешімге келесіздер. Сол себепті мамандар арыстандарға бұл айда бір-біріңізге деген қызығушылығыңызды сақтап, серіктесіңізбен бірге дамуға кеңес береді. 23 тамызда бикештер үшін Күн әсер етеді. Яғни махаббатта шарықтаулар мен құлдырау кезеңі орын алады. Астролог Нараяна Монтуфар ретро Шолпан (23 шілде – 4 қыркүйек) сіздің жұбыңызбен қарым-қатынасыңыз қаншалықты берік екенін тексереді дейді. Сондықтан ғашығыңызбен ортақ келісімге келіп, дағдарыстан шығу жолын ойлаңыз. Сізге ол үшін ойыңызды ақтарып сөйлесу, өткен күндер жайлы жылы естеліктер мен ортақ жоспарлар көмектеседі. Бикештер үшін бұл кезең бір-бірімен біте қайнасу әрі өзін-өзі талдап, сараптау кезеңі болмақ. Мысалы басы бос бикештер жұмысқа деген ортақ қызығушылық арқылы жаңа таныспен танысуы мүмкін. Сондықтан миға қонымсыз әрекеттер мен кездейсоқ байланыстардан бас тартқаныңыз жөн болады. Марс Таразы белгісі үшін 27 тамыздан бастап ене бастайды. Сондықтан аталған белгі өкілдері үшін тамыз – отбасын құрып, неке куәлігін алу үшін қолайлы кезең емес. Таразыларды 2023 жылдың тамыз айында махаббатта не күтіп тұр? Таразыларға бұл айда әр айтқан сөзіне абай болған жөн. Сол себепті өз жеке шекараңызды қорғап, ғашығыңыздың қызығушылықтарына құрметпен қараңыз. Уақытты бір-біріңізбен ғана емес, достарыңызбен де бірге өткізіңіз. Бұл таразылар үшін қоғамдық орында танысу үшін қолайлы кезең. Жұбыңыздың мақсатыңыз бір, ортақ жоспарыңыздың бір екеніне көз жеткізіңіз, себебі мұндай қатынаста сіз ұзақ уақыт болуыңыз мүмкін. Сарышаяндар үшін тамыз айы махаббат тұрғысынан қандай болуы мүмкін? Сарышаяндар бұл айда адреналин мен естен кетпес хикаяларды бастан өткереді. Ол үшін қазіргі қарым-қатынас пен жаңа таныстық ойдағыдай болмауы мүмкін. Сондықтан қиын жағдайда қалмауыңыз үшін қарым-қатынасыңызды нығайтып, оны одан ары дамыту жағын ойлаңыз. Мысалы психологқа бірге барыңыздар, жаныңызға ләззат сыйлайтын, тыныш жерге бірге барыңыздар, парашюттен бірге секіріңіздер т.т. Басы бос сарышаяндар өздеріне ғашық етіп, біреудің жүрегін жаралауы әбден мүмкін. Не болса да, өзіңізге қайтып келуі мүмкін екенін естен шығармаңыз, одан да дос болып қалуға тырысыңыздар. Сүйіктісі жоқ мергендер жаңа таныстық немесе қатынасқа көңілі ауатын болады. Басы бос емес мергендер арадағы қатынасты нығайтатын болады. Мамандар мергендерді тамыз айында тосынсыйлар мен айрықша ілтипат күтетінін айтады. Көптеген кездесу, кешкі ойын-сауықтар мен көңіл көтеру болу мүмкін. Сол себепті сүйіктіңізбен саяхатқа барып, өз қолыңызбен жөндеу жұмыстарын жасап көріңіз. Ол сіздерді бұрынғыдан да жақын етуі ықтимал. Арадағы бар проблемалар туралы сөйлесіп, басыңыз бос болса жаңа қатынастан бас тартпаңыз. Арақатынастағы әртүрлілік отбасында кикілжіңдерге алып келуі мүмкін. Мұндай олқылықтың алдын тек ашық әңгімелесу ғана алып қауы ықтимал. Бір-бірімен үйлесімді жұптар ортақ жоспарларға баса назар аударуы тиіс. Ал бойдақ тауешкілер тәртіпті әрі жауапкершілігі мол, ортақ мүдделері мен көзқарастары бар серіктесті кездестіруі мүмкін. Жаңа жұбыңызбен кездесу үшін үйде көп жатпай немесе жұмыста көп уақыт өткізбей, онымен кездесуге асығыңыз. Суқұйғыштардағы Айдың толысуын (1 тамыз) People журналы балықтың толық айға енуі дейді, басылымның хабарлауынша, бұл ай оларға менмендіктен бас тартып, жұбына көңіл бөлуді үйретпек. Бойдақ мергендер өзінің жұбымен ауқымды шарада танысуы мүмкін. Суқұйғыштар үшін махаббат-романтика баса назарда болмайды, сіз өзіңізді толығымен жұмысқа, отбасы мен күнделікті тұрмысқа арнайтын боласыз. Сол себепті барыңызды бағалап, жақындарыңызға қамқорлық көрсетуге үйреніңіз. Кейбір суқұйғыштар бұрын арақатынасын түзетпекші болады. Ал бойдақ суқұйғыштар ұзаққа бармайтын, сезімге толы қарым-қатынас бастауға дайын болады. Балықтар үшін толған ай интуицияны күшейтіп, жұбымен ортақ тіл табысуға көмектеседі. Сондықтан ғашығыңызға барынша қамқор болуға тырысыңыз. Көп жыл бірге болған жұптарда ортақ хобби, отбасылық бизнес пайда болуы мүмкін. Жалпы жаңа кездесулерден бас тартқаныңыз жөн. Оларға сіздің өмірге жауапкершілікпен қарауыңыз, сіздің тиянақтылығыңыз ұнауы мүмкін. Сол себепті жаңа дүниені бірге үйреніңіздер. Тамызда неке қиюдан бас тартқаныңыз абзал. Ретроградты Шолпан мен Меркурий тамызда арақатынаста қиындықтар тудыруы мүмкін. Оны еңсеру үшін шыдамдылық пен төзімділік қажет.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2030767-tagdyrynyzdy-ziberip-almanyz-2023-zyldyn-tamyz-aiyna-arnalgan-astrologiyalyq-maxabbat-zoramaly/
01 тамыз 2023, 09:09
kk
Павлодарда есірткіні қарбыздың ішіне жасырып, шекара аспақ болған адам ұсталды (видео)
Павлодарда есірткіні қарбыздің ішіне жасырып шекара асырмақ болған 54 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Astana арнасы хабарлады. Телеарна мәліметінше, тексеру барысында қарбыз толы жүк көлігінен 59 килограмм "героин" табылған. Улы заттың нарықтағы құны 2,5 млн теңгені құрайды. "Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді", - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхметқалиев. Телеарна дерегінше, жүк көлігі Қырғызстаннан Ресейге қарбыз тасымақ болған. Қазіргі уақытта есірткі қылмысына қатысы бар өзге де тұлғалар мен ұйымдастырушылары іздестіріліп жатқаны хабарланды.
Павлодарда есірткіні қарбыздің ішіне жасырып шекара асырмақ болған 54 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Astana арнасы хабарлады. Телеарна мәліметінше, тексеру барысында қарбыз толы жүк көлігінен 59 килограмм "героин" табылған. Улы заттың нарықтағы құны 2,5 млн теңгені құрайды. "Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді", - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхметқалиев. Телеарна дерегінше, жүк көлігі Қырғызстаннан Ресейге қарбыз тасымақ болған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030783-pavlodarda-esirtkini-qarbyzdyn-isine-zasyryp-sekara-aspaq-bolgan-adam-ustaldy-video/
01 тамыз 2023, 09:04
kk
Алма мен балмұздақ қосылған геза: Адельден жазғы рецепт
Десертті 5 минут ішінде қалай дайындауға болады? Ендеше корица (даршын) мен алма қосылған гезаны дайындап көріңіз. Десертті дастарханға ванильді балмұздақпен бірге берсеңіз, қонақтарыңыз көпке дейін бұл дәмді десерттің дәмін ұмытпайтын болады. Гезаның жапон асханасына тиесілі екенін біле бермейді. Бұл десерт жапондық гурмандарының ғана емес, жергілікті асхана меймандарының да көңілінен шыға білді. Азық-түлік өнімдерін шығарушылар гезаны жартылай фабрикат түрінде шығара бастағандықтан, оны кез келген уақытта тез дайындай қоюға болады. Сол себепті назарларыңызға Адельден алма мен корица қосылған яки-гедзаның рецептін ұсынамыз. Сипаттамасы: Асхана: Жапондық Санаты: Десерт Дайындалуға кететін уақыт: 5 минут Дайындалу уақыты: 15 минут 1 порцияға арналған калория мөлшері: 133 ккал Құрамы: Апельсин шырыны - 50 мл Өсімдік майы – 1 ас қасық Апельсин цедрасы – 50 г Балмұздақ – 300 г Геза Дайындалуы: 1. Гезаны қуырып алыңыз Табаны отқа қойып, оған өсімдік майын құямын. Табаға гезаны салып, алдымен бір жағын, кейін екінші жағын сарғылт түске енгенше жақсылап қуырамыз. 2. Апельсинді дайындап алыңыз Апельсинді жақсылап ыстық сумен жуып алыңыз. Жемісті жақсылап жуу үшін, суға сода қосқан жөн. Осылайша апельсин қабығын үккіштен өткізіп аламыз. 3. Гезаны дайын болғанша қуырыңыз Геза қуырылып жатқан табаға апельсин шырынын қосамыз. Кейін табаның бетін жауып, гезаны шырында тағы 2 минут қуырамыз. Апельсин шырынын алма, шие және ананас шырынымен алмастыруға болады. 4. Дайын десертті дастарханға қойыңыз Дайын гезаны тәрелкеге салыңыз. Үстіне үккіштен өткен апелтсин қабығын себеміз. Дастарханға десертті ваниль балмұздағамен бірге беруге болады.
Десертті 5 минут ішінде қалай дайындауға болады? Ендеше корица (даршын) мен алма қосылған гезаны дайындап көріңіз. Десертті дастарханға ванильді балмұздақпен бірге берсеңіз, қонақтарыңыз көпке дейін бұл дәмді десерттің дәмін ұмытпайтын болады. Гезаның жапон асханасына тиесілі екенін біле бермейді. Бұл десерт жапондық гурмандарының ғана емес, жергілікті асхана меймандарының да көңілінен шыға білді. Азық-түлік өнімдерін шығарушылар гезаны жартылай фабрикат түрінде шығара бастағандықтан, оны кез келген уақытта тез дайындай қоюға болады. Сол себепті назарларыңызға Адельден алма мен корица қосылған яки-гедзаның рецептін ұсынамыз. Сипаттамасы: Асхана: Жапондық Санаты: Десерт Дайындалуға кететін уақыт: 5 минут Дайындалу уақыты: 15 минут 1 порцияға арналған калория мөлшері: 133 ккал Құрамы: Апельсин шырыны - 50 мл Өсімдік майы – 1 ас қасық Апельсин цедрасы – 50 г Балмұздақ – 300 г Геза Дайындалуы: 1. Гезаны қуырып алыңыз Табаны отқа қойып, оған өсімдік майын құямын. Табаға гезаны салып, алдымен бір жағын, кейін екінші жағын сарғылт түске енгенше жақсылап қуырамыз. 2. Апельсинді дайындап алыңыз Апельсинді жақсылап ыстық сумен жуып алыңыз. Жемісті жақсылап жуу үшін, суға сода қосқан жөн. Осылайша апельсин қабығын үккіштен өткізіп аламыз. 3. Гезаны дайын болғанша қуырыңыз Геза қуырылып жатқан табаға апельсин шырынын қосамыз. Кейін табаның бетін жауып, гезаны шырында тағы 2 минут қуырамыз. Апельсин шырынын алма, шие және ананас шырынымен алмастыруға болады. 4. Дайын десертті дастарханға қойыңыз Дайын гезаны тәрелкеге салыңыз. Үстіне үккіштен өткен апелтсин қабығын себеміз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029923-alma-men-balmuzdaq-qosylgan-geza-adelden-zazgy-recept/
01 тамыз 2023, 08:39
kk
"Кінәлілер жазасыз қалмауы керек": Павлодарда соққыға жығылған жасөспірімге қатысты іс бақылауға алынды
Павлодарда ауыр соққыға жығылып, ауруханаға түскен мектеп оқушысына қатысты істі Балалар құқығын қорғау комитеті толық бақылауға алды. Бұл туралы комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Павлодарда ауыр соққыға жығылған жасөспірім туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тараған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы соққыға жығылған 13 жастағы жасөспірім бірнеше жарақатпен ауруханаға түскенін хабарлаған еді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. "Қазір зардап шеккен оқушы ауруханада ем алуда. Оған алдағы уақытта жан-жақты көмек көрсетілмек. Тіркелген факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адамдар жазасыз қалмауы керек", - деді Балалар құқығын қорғау комитетінің өкілдері. Балалар құқығын қорғау комитеті балалар арасындағы қатыгездікті алдын алу мақсатында өңірлерге білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын күшейтіп, балаларды қосымша біліммен 100 пайызға қамту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылғанын атап өтті.
Павлодарда ауыр соққыға жығылып, ауруханаға түскен мектеп оқушысына қатысты істі Балалар құқығын қорғау комитеті толық бақылауға алды. Бұл туралы комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды, деп жазады . Павлодарда ауыр соққыға жығылған жасөспірім туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тараған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы соққыға жығылған 13 жастағы жасөспірім бірнеше жарақатпен ауруханаға түскенін хабарлаған еді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. "Қазір зардап шеккен оқушы ауруханада ем алуда. Оған алдағы уақытта жан-жақты көмек көрсетілмек. Тіркелген факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адамдар жазасыз қалмауы керек", - деді Балалар құқығын қорғау комитетінің өкілдері.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030780-kinaliler-zazasyz-qalmauy-kerek-pavlodarda-soqqyga-zygylgan-zasospirimge-qatysty-is-baqylauga-alyndy/
01 тамыз 2023, 08:35
kk
Шымкентте 95 жастағы соғыс ардагері жәндік жайлаған лас пәтерде тұрып жатыр
Шымкентте 95 жастағы кейуана жантүршігерлік жағдайда күн кешіп жатыр. Соғыс ардагері Мария Пономареваның бір бөлмелі баспанасын жәндіктер жаулап алған. Көршілері дабыл қағып, әлеуметтік желідегі парақшалардың біріне видео жолдаған. Кейуананың жағдайы туралы әкімдік өкілдері пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Шымкент қаласының 95 жастағы тұрғыны Мария Пономарева - соғыс ардагері. Кейуананың мүшкіл хәлі жайында Instagram-дағы "Добряки Шымкента" парақшасында видео пайда болды. Соғыс ардегерінің жағдайына көршілері алаңдаушылық білдірген. Олардың айтуынша, қарияның зейнетақысын сіңлісі алып отырған. Қарияның күтімсіз қалғаны видеодан анық көрінеді. Құрт-құмырсқа қаптап, түрлі жәндік жайлаған тар бөлмеде өлместің күнін кешкен кейуананың қорғансыз күйінен жергілікті құзырлы органдар бейхабар боп шықты. Өйткені туыстары тарапынан қосымша көмек қажеттігі туралы ешқандай өтініш түспеген. "Жыл сайын 9 мамыр Жеңіс күніне орай 12 АЕК -тен (41400) әлеуметтік көмек төленуде. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына әлеуметтік көмекші тағайындауға байланысты ешқандай өтініш түспеген. Бұл жағдайдан хабардар болған бетте басқарма мамандары арнайы барып, қарияны емдеу мекемесіне орналастырды. Одан бөлек қарттың үйінде тазалық жұмыстарын жүргізілетін болды", - дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз хатшысы. Қалалық әкімдік өкілдері соғыс ардагерін алдағы уақытта демеушілердің көмегімен азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. "Тұран ауданы әкімі аппараты мамандар тарапынан Асқаров көшесі, №43 үй тұрғыны Мария Понамареваның тұрып жатқан үйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Мария Понамарева көрсетілген мекен-жайдағы бір бөлмелі пәтерде жалғыз өзі тұрады. №13 емханада тіркеуде. 2018 жылдан бері жүйке жүйесі аураханасында психиатр есебінде тұрады. Бүгінгі күнде психикалық ауытқуының қозуына байланысты жедел жәрдем шақыртылып, ауруханаға жатқызылды. Алдағы уақытта Мария Понамареваның үйіне тазалық жұмыстары мен дезинфекция жүргізілетін болады. Сонымен қатар демеушілер тарапынан азық-түліктей көмек көрсетілу жоспарлануда", - деп жауап берді Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы. Автор: Жанар Пердешқызы
Шымкентте 95 жастағы кейуана жантүршігерлік жағдайда күн кешіп жатыр. Соғыс ардагері Мария Пономареваның бір бөлмелі баспанасын жәндіктер жаулап алған. Көршілері дабыл қағып, әлеуметтік желідегі парақшалардың біріне видео жолдаған. Кейуананың жағдайы туралы әкімдік өкілдері пікір білдірді, деп жазады тілшісі. Шымкент қаласының 95 жастағы тұрғыны Мария Пономарева - соғыс ардагері. Кейуананың мүшкіл хәлі жайында Instagram-дағы "Добряки Шымкента" парақшасында видео пайда болды. Соғыс ардегерінің жағдайына көршілері алаңдаушылық білдірген. Олардың айтуынша, қарияның зейнетақысын сіңлісі алып отырған. Қарияның күтімсіз қалғаны видеодан анық көрінеді. Құрт-құмырсқа қаптап, түрлі жәндік жайлаған тар бөлмеде өлместің күнін кешкен кейуананың қорғансыз күйінен жергілікті құзырлы органдар бейхабар боп шықты. Өйткені туыстары тарапынан қосымша көмек қажеттігі туралы ешқандай өтініш түспеген. "Жыл сайын 9 мамыр Жеңіс күніне орай 12 АЕК -тен (41400) әлеуметтік көмек төленуде. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына әлеуметтік көмекші тағайындауға байланысты ешқандай өтініш түспеген. Бұл жағдайдан хабардар болған бетте басқарма мамандары арнайы барып, қарияны емдеу мекемесіне орналастырды. Одан бөлек қарттың үйінде тазалық жұмыстарын жүргізілетін болды", - дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз хатшысы. Қалалық әкімдік өкілдері соғыс ардагерін алдағы уақытта демеушілердің көмегімен азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. "Тұран ауданы әкімі аппараты мамандар тарапынан Асқаров көшесі, №43 үй тұрғыны Мария Понамареваның тұрып жатқан үйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Мария Понамарева көрсетілген мекен-жайдағы бір бөлмелі пәтерде жалғыз өзі тұрады. №13 емханада тіркеуде. 2018 жылдан бері жүйке жүйесі аураханасында психиатр есебінде тұрады. Бүгінгі күнде психикалық ауытқуының қозуына байланысты жедел жәрдем шақыртылып, ауруханаға жатқызылды. Алдағы уақытта Мария Понамареваның үйіне тазалық жұмыстары мен дезинфекция жүргізілетін болады.
Қоғам
true
https://kaz.nur.kz/society/2030740-symkentte-95-zastagy-sogys-ardageri-zandik-zailagan-las-paterde-turyp-zatyr/
01 тамыз 2023, 08:15
kk
ШҚО-да көлік жүргізушілері жанармай тапшылығына шағымданды
Шығыс Қазақстан облысының көлік жүргізушілері өңірдегі кейбір жанармай құю бекеттері жанармайды тек талонмен ғана беретінін айтты. Мән-жайды жауапты ведомство түсіндірген, деп хабарлады YK-news.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Басылым редакциясына Шығыс Қазақстан облысындағы бензин тапшылығы бар кейбір өңірдің жүргізушілері хабарласқан. Автокөлік жүргізушілерінің айтуынша, Серебрянск, Белоусовка, Глубоковский, Самар аудандарында және Риддерде жанармай құю бекеттерінде бензин сатуға шектеу қойылған. Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында жағдайға қатысты пікір білдірді. "Бензин тапшылығы негізінен шағын жанармай құю бекеттерінде байқалады. Өскеменде жағдай тұрақты. Алтай ауданына келетін болсақ, АИ-92 бензині барлық жанармай құю бекетінде бар, АИ-95 бензинін бір ғана жанармай бекетінде талонмен береді. Бұл оларда бензин аз қалған соң орын алған, бірақ 15 тонна бензин жолда келе жатыр. Риддерде кейбір жанармай құю бекетінде ғана АИ-95 бензині талонмен беріледі, АИ-92 бензині қолжетімді", - дейді Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы сауда бөлімінің бас маманы Жадыра Ерланова.
Шығыс Қазақстан облысының көлік жүргізушілері өңірдегі кейбір жанармай құю бекеттері жанармайды тек талонмен ғана беретінін айтты. Мән-жайды жауапты ведомство түсіндірген, деп хабарлады басылымына сілтеме жасаған . Басылым редакциясына Шығыс Қазақстан облысындағы бензин тапшылығы бар кейбір өңірдің жүргізушілері хабарласқан. Автокөлік жүргізушілерінің айтуынша, Серебрянск, Белоусовка, Глубоковский, Самар аудандарында және Риддерде жанармай құю бекеттерінде бензин сатуға шектеу қойылған. Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында жағдайға қатысты пікір білдірді. "Бензин тапшылығы негізінен шағын жанармай құю бекеттерінде байқалады. Өскеменде жағдай тұрақты. Алтай ауданына келетін болсақ, АИ-92 бензині барлық жанармай құю бекетінде бар, АИ-95 бензинін бір ғана жанармай бекетінде талонмен береді. Бұл оларда бензин аз қалған соң орын алған, бірақ 15 тонна бензин жолда келе жатыр.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030777-sqo-da-kolik-zurgizusileri-zanarmai-tapsylygyna-sagymdandy/
01 тамыз 2023, 07:57
kk
Бүгін еліміздің ірі қалаларында 40 градусқа дейін ыстық күтіледі
Синоптиктер сейсенбі, 1 тамызда Қазақстанның үш мегаполисі - Астана, Алматы және Шымкентте аптап ыстық күтіледі деп болжайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды. Синоптиктердің болжамынша, Астанада бүгін күн райы - жауын-шашынсыз. Күндіз термометр бағаны +32...+34 градусқа дейін көтерілсе, түнде +18...+20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Сейсенбіде Алматыда көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашын күтілмейді. Синоптиктер оңтүстік астанада күндіз +35...+37 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы +23...+25 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ке дейін жетеді. Шымкент тұрғындарына бүгін қалада қатты ыстық болатыны туралы ескертілді. Күндіз ауа температурасы +38...+40 градусқа жетсе, түнде ауа температурасы +22...+24 градусқа дейін төмендейді. Үшінші мегаполисте жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетуі ықтимал. Метеорологтар еліміздің мегаполистерінде бүгін өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертті. Айта кетейік, Қазақстанның бірқатар аймағанда аптап ыстыққа байланысты дауылдық ескерту жарияланған болатын.
Синоптиктер сейсенбі, 1 тамызда Қазақстанның үш мегаполисі - Астана, Алматы және Шымкентте аптап ыстық күтіледі деп болжайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды. Синоптиктердің болжамынша, Астанада бүгін күн райы - жауын-шашынсыз. Күндіз термометр бағаны +32...+34 градусқа дейін көтерілсе, түнде +18...+20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Сейсенбіде Алматыда көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашын күтілмейді. Синоптиктер оңтүстік астанада күндіз +35...+37 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы +23...+25 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ке дейін жетеді. Шымкент тұрғындарына бүгін қалада қатты ыстық болатыны туралы ескертілді. Күндіз ауа температурасы +38...+40 градусқа жетсе, түнде ауа температурасы +22...+24 градусқа дейін төмендейді. Үшінші мегаполисте жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетуі ықтимал. Метеорологтар еліміздің мегаполистерінде бүгін өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертті.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030775-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-40-gradusqa-deiin-ystyq-kutiledi/
01 тамыз 2023, 07:24
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 1 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Бір саусағы бүгулі жандар үшін күшіңізді сарп етпеңіз. Сізге нағыз дос емес жанмен қарым-қатынасты тоқтатудың кезі келді. Жұмыста шыдамды болыңыз: бүгін командада шиеленіс болуы мүмкін, бірақ сізге дауды асқындырушы болудың қажеті жоқ. Сөмкеңізде ерін бальзамы мен қол кремін алып жүруді ұмытпаңыз: бұл терінің құрғауын болдырмауға және өміріңізге жайлылық сыйлауға көмектеседі. Жақын арада жақсы ақша табуға мүмкіндік туады. Жұмыстағы кейбір тұстар сізді алаңдатады, бірақ алаңдауға нақты себеп жоқ. Бүгін сізге достық парыз сезімі мен қалауыңыздың арасында таңдау жасауға тура келеді. Шешім қабылдамас бұрын мұқият ойланыңыз. Егер сіз демалысты жоспарласаңыз, оны достарсыз өткізгеніңіз дұрыс: бірлескен сапарда бір-біріңізден мезі болу қаупі бар. Жұмыс күнінен кейін жаттығу залына барыңыз, бүгінгі жаттығу сізге ләззат сыйлайды. Жеңіл кешкі астың рационына жеміс қосыңыз. Тұрмыстық кеңес: егер сізде әлі мультиварка болмаса, бұл ас үй құрылғысына назар аударыңыз. Бұл сізге тағам әзірлеу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді және онда түрлі тағам дайындай алатын боласыз. Дүкен аралау кезінде зергерлік бұйымдарға назар аударыңыз: сыртқы көріністі ерекше етіп көрсететін аксессуарды табуға мүмкіндік бар. Кешке тамақ ішуге тырыспаңыз. Тән мен жан саулығын қалпына келтіру үшін ерте жатыңыз. Сақ болыңыз және заттарды өз орнына қойыңыз: бүгін кілтіңізді немесе басқа да маңызды ұсақ-түйектерді жоғалтып алуыңыз мүмкін. Сүйіспеншілік қарым-қатынасында гармония орнайды, сүйіктіңіздің махаббатын бағалап, алғыс айтыңыз. Дүкендегі жеңілдіктерге мән беріңіз, бүгін сізді тиімді сауда күтіп тұр. Жаңа адамдармен танысып, олармен дос болып кетуіңіз мүмкін. Өтініш айтып келгендердің бәрін сабырмен тыңдаңыз. Барлығына көмектесу міндетті емес, бірақ жақсы іс жасау керек. Ұсақ-түйектерге ренжімеңіз, ұзақ мерзімді жоспарлаумен айналысыңыз. Тәжірибені зерттеңіз, басқалардан қаншалықты жақсы екеніңізді ойлаңыз, басшыларға инновациялық идея ұсыныңыз. Сүйіктіңізбен жанжалдасып қалсаңыз, дегеніне көнуге дайын болыңыз. Өйтпеген жағдайда, соңы үлкен түсінбестікке ұласуы мүмкін. Асқазаныңызды күтіңіз: артық тамақтанбаңыз, қуырылған тағамдар мен консервілерге алданып қалмаңыз. Үйдегі ұсақ-түйек кикілжіңдерден құтылудың жақсы тәсілі - олардың бірін жоғалтып алудан қорқу. Осыны елестетіп көріңіз де, жақындарыңызға оларды қалай жақсы көретініңізді көрсетіңіз. Жақын адамдарыңызды сізге көмектесуге мәжбүрлемеңіз. Олар көмектесуден бас тартса, ренжімеңіз. Тапқырлығыңызды, ептілігіңіз бен харизмаңызды көрсетуге тырысып, серіктесіңізді кемсітіп алмаңыз. Онымен бірге сүйікті хоббиіңізбен, спортыңызбен немесе жұмысыңызбен айналысып көріңіз, бұл жақындастырады. Өз жартысын іздеп жүргендер үшін бүгін ешкіммен кездеспеген абзал. Өзіңіздің серігіңізбен кездесу туралы келіспес бұрын, алдын ала оның қандай адам екенін біліп алыңыз. Сүйіктіңізге жылы сөз айтыңыз, серіктесіңіз сіздің мақтау сөздеріңіз бен жылы лебізіңізге мұқтаж. Асықпаңыз, бәрін өлшеп, ойланыңыз. Күш-жігеріңізді қалпына келтіріп, айналаңызда не болып жатқанын бағалаңыз. Болашақта дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін пайдалы ақпарат алыңыз. Сонда басқалармен оңай тіл табысасыз.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Бір саусағы бүгулі жандар үшін күшіңізді сарп етпеңіз. Сізге нағыз дос емес жанмен қарым-қатынасты тоқтатудың кезі келді. Жұмыста шыдамды болыңыз: бүгін командада шиеленіс болуы мүмкін, бірақ сізге дауды асқындырушы болудың қажеті жоқ. Сөмкеңізде ерін бальзамы мен қол кремін алып жүруді ұмытпаңыз: бұл терінің құрғауын болдырмауға және өміріңізге жайлылық сыйлауға көмектеседі. Жақын арада жақсы ақша табуға мүмкіндік туады. Жұмыстағы кейбір тұстар сізді алаңдатады, бірақ алаңдауға нақты себеп жоқ. Бүгін сізге достық парыз сезімі мен қалауыңыздың арасында таңдау жасауға тура келеді. Шешім қабылдамас бұрын мұқият ойланыңыз. Егер сіз демалысты жоспарласаңыз, оны достарсыз өткізгеніңіз дұрыс: бірлескен сапарда бір-біріңізден мезі болу қаупі бар. Жұмыс күнінен кейін жаттығу залына барыңыз, бүгінгі жаттығу сізге ләззат сыйлайды. Жеңіл кешкі астың рационына жеміс қосыңыз. Тұрмыстық кеңес: егер сізде әлі мультиварка болмаса, бұл ас үй құрылғысына назар аударыңыз. Бұл сізге тағам әзірлеу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді және онда түрлі тағам дайындай алатын боласыз. Дүкен аралау кезінде зергерлік бұйымдарға назар аударыңыз: сыртқы көріністі ерекше етіп көрсететін аксессуарды табуға мүмкіндік бар. Кешке тамақ ішуге тырыспаңыз. Тән мен жан саулығын қалпына келтіру үшін ерте жатыңыз. Сақ болыңыз және заттарды өз орнына қойыңыз: бүгін кілтіңізді немесе басқа да маңызды ұсақ-түйектерді жоғалтып алуыңыз мүмкін. Сүйіспеншілік қарым-қатынасында гармония орнайды, сүйіктіңіздің махаббатын бағалап, алғыс айтыңыз. Дүкендегі жеңілдіктерге мән беріңіз, бүгін сізді тиімді сауда күтіп тұр. Жаңа адамдармен танысып, олармен дос болып кетуіңіз мүмкін. Өтініш айтып келгендердің бәрін сабырмен тыңдаңыз. Барлығына көмектесу міндетті емес, бірақ жақсы іс жасау керек. Ұсақ-түйектерге ренжімеңіз, ұзақ мерзімді жоспарлаумен айналысыңыз. Тәжірибені зерттеңіз, басқалардан қаншалықты жақсы екеніңізді ойлаңыз, басшыларға инновациялық идея ұсыныңыз. Сүйіктіңізбен жанжалдасып қалсаңыз, дегеніне көнуге дайын болыңыз. Өйтпеген жағдайда, соңы үлкен түсінбестікке ұласуы мүмкін. Асқазаныңызды күтіңіз: артық тамақтанбаңыз, қуырылған тағамдар мен консервілерге алданып қалмаңыз. Үйдегі ұсақ-түйек кикілжіңдерден құтылудың жақсы тәсілі - олардың бірін жоғалтып алудан қорқу. Осыны елестетіп көріңіз де, жақындарыңызға оларды қалай жақсы көретініңізді көрсетіңіз. Жақын адамдарыңызды сізге көмектесуге мәжбүрлемеңіз. Олар көмектесуден бас тартса, ренжімеңіз. Тапқырлығыңызды, ептілігіңіз бен харизмаңызды көрсетуге тырысып, серіктесіңізді кемсітіп алмаңыз. Онымен бірге сүйікті хоббиіңізбен, спортыңызбен немесе жұмысыңызбен айналысып көріңіз, бұл жақындастырады. Өз жартысын іздеп жүргендер үшін бүгін ешкіммен кездеспеген абзал. Өзіңіздің серігіңізбен кездесу туралы келіспес бұрын, алдын ала оның қандай адам екенін біліп алыңыз. Сүйіктіңізге жылы сөз айтыңыз, серіктесіңіз сіздің мақтау сөздеріңіз бен жылы лебізіңізге мұқтаж. Асықпаңыз, бәрін өлшеп, ойланыңыз. Күш-жігеріңізді қалпына келтіріп, айналаңызда не болып жатқанын бағалаңыз. Болашақта дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін пайдалы ақпарат алыңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2030644-bugingi-zuldyz-zoramal-1-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
01 тамыз 2023, 00:01
kk
Өрт қаупі бар: Қазақстан бойынша 1 тамызда дауылдық ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ресми сайтында 1 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, елімізің бірнеше өңірінде ескерту жариялады. Астана қаласында 1 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 1 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 1 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. 01 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда Костанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, найзағайда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 1 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 1 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда түнде Абай облысының орталығында, күндіз батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 01 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 01 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында найзағай кезінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық сақталады. 1-3 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 1 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда күндіз Атырау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 01 тамызда облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 01 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 1 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. 01-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 1 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 1-2 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. 1-2 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01-03 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 1-3 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 1-3 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 1 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ресми сайтында 1 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, елімізің бірнеше өңірінде ескерту жариялады. Астана қаласында 1 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 1 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 1 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. 01 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда Костанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, найзағайда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 1 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 1 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда түнде Абай облысының орталығында, күндіз батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 01 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 01 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында найзағай кезінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық сақталады. 1-3 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 1 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда күндіз Атырау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 01 тамызда облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 01 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 1 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 1 тамызда Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. 01-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 1 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 1-2 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. 1-2 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01-03 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 1-3 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 1-3 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030764-ort-qaupi-bar-qazaqstan-boiynsa-1-tamyzda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/
31 шілде 2023, 23:47
kk
Қазақстандық балуан қыздар Польшадағы турнирде бес медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуандар Польша астанасы Варшава қаласында әйелдер күресінен XXVII Poland Open халықаралық жарысында бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды. Финалға шыққан Ирина Казюлина (65 келі) украиналық Юлия Лесковецке, ал Анастасия Панассович (72 келі) франциялық Кендра Огюстен Джоселин Дачерге жол берді. Сондай-ақ Айнұр Әшімова (55 келі), Диана Каюмова мен Гүлдана Бекеш (59 келі) өз салмағында қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Польша құрамасы бірінші орынға ие болса, Қазақстан мен Канада үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстандық балуандар Польша астанасы Варшава қаласында әйелдер күресінен XXVII Poland Open халықаралық жарысында бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды. Финалға шыққан Ирина Казюлина (65 келі) украиналық Юлия Лесковецке, ал Анастасия Панассович (72 келі) франциялық Кендра Огюстен Джоселин Дачерге жол берді. Сондай-ақ Айнұр Әшімова (55 келі), Диана Каюмова мен Гүлдана Бекеш (59 келі) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2030766-qazaqstandyq-baluan-qyzdar-polsadagy-turnirde-bes-medal-zenip-aldy/
31 шілде 2023, 23:44
kk
Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германиядағы жарыста үздік шықты
Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германияның Ульм қаласында 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен Müller Junior Cup Ulm турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды. 14 жасқа дейінгілер арасында Еркежан Жаңатаева жекелей сында үздік шықты. Еркежан финалда германиялық Франческа Парцеллиді тізе бүктірді. Есеп. 4:6, 6:4, 6:2. Жұптық сында Ярослав Пшеничный мен Мансұр Сайынов қарсылас шақ келтірмеді. Ал Әдия Омарбек германиялық Гудит Пламен бірге финалист атанды. Сәтима Төреген 16 жасқа дейінгілер арасында жеңіс тұғырына көтерілді. Ол соңғы бәсекеде неміс Ида Вобкерді қапы қалдырды (6:3, 6:7 (4:7), 6:4). Ұлдар арасында Родион Лукашов - Олжас Есенәлі финалға дейін жетті.
Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германияның Ульм қаласында 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен Müller Junior Cup Ulm турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды. 14 жасқа дейінгілер арасында Еркежан Жаңатаева жекелей сында үздік шықты. Еркежан финалда германиялық Франческа Парцеллиді тізе бүктірді. Жұптық сында Ярослав Пшеничный мен Мансұр Сайынов қарсылас шақ келтірмеді. Ал Әдия Омарбек германиялық Гудит Пламен бірге финалист атанды. Сәтима Төреген 16 жасқа дейінгілер арасында жеңіс тұғырына көтерілді. Ол соңғы бәсекеде неміс Ида Вобкерді қапы қалдырды (6:3, 6:7 (4:7), 6:4).
Спорт
true
https://kaz.nur.kz/sport/2030761-qazaqstandyq-zasospirim-tennissiler-germaniyadagy-zarysta-uzdik-syqty/
31 шілде 2023, 22:44
kk
Универсиада: ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті (фото)
Ұлттық құрама спортшысы Қазақстанға Универсиаданың алғашқы алтынын сыйлады. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды. Таеквондошы Рита Бакишева (46 келі) Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ дүниежүзілік жазғы Универсиаданың чемпионы атанды. Отандық спортшы финалда тайбэйлік Хуан Ин-Сюаньды ұтты. Рита биыл таеквондодан Бакуде өткен әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен. Айта кетейік, Универсиадада Қазақстан құрамасының бірнеше атлеті тұғыр биігіне көтеріліп, ел абыройын асқақтатты. Олар: Күміс медаль: 1. Нысана көздеуден Ұлттық құрама (Ислам Сатпаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин), 2. Никита Чирюкин (тапанша, 25 метр), 3. Елжана Таниева (көркем гимнастика, доп), 4. Диана Тұрсынбек (садақ ату), 5. Елжана Таниева (көркем гимнастика, лента). Қола медаль: 1. Сұңғат Жұбатқан (дзюдо, 66 келі), 2. Асқар Нарқұлов (дзюдо, 73 келі), 3. Нысана көздеуден Ұлттық құрама (Ислам Сатпаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин), 4. Елжана Таниева (көркем гимнастика, шығыршық), 5. Бекарыс Сәдуақас (дзюдо, 100 келі). Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 10-орынға көтерілді. Ел қоржынында 1 алтын, 5 күміс, 5 қола бар.
Ұлттық құрама спортшысы Қазақстанға Универсиаданың алғашқы алтынын сыйлады. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды. Таеквондошы Рита Бакишева (46 келі) Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ дүниежүзілік жазғы Универсиаданың чемпионы атанды. Отандық спортшы финалда тайбэйлік Хуан Ин-Сюаньды ұтты. Рита биыл таеквондодан Бакуде өткен әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен. Айта кетейік, Универсиадада Қазақстан құрамасының бірнеше атлеті тұғыр биігіне көтеріліп, ел абыройын асқақтатты. Олар: Күміс медаль: 1. Нысана көздеуден Ұлттық құрама (Ислам Сатпаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин), 2. Никита Чирюкин (тапанша, 25 метр), 3. Елжана Таниева (көркем гимнастика, доп), 4. Диана Тұрсынбек (садақ ату), 5. Елжана Таниева (көркем гимнастика, лента). Қола медаль: 1. Сұңғат Жұбатқан (дзюдо, 66 келі), 2. Асқар Нарқұлов (дзюдо, 73 келі), 3. Нысана көздеуден Ұлттық құрама (Ислам Сатпаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин), 4. Елжана Таниева (көркем гимнастика, шығыршық), 5. Бекарыс Сәдуақас (дзюдо, 100 келі). Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 10-орынға көтерілді.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2030759-universiada-el-qorzynyna-algasqy-altyn-medal-tusti-foto/
31 шілде 2023, 22:30
kk
Нұрәли Әлиев "Транстелеком" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
"Транстелеком" АҚ директорлар кеңесінің құрамы сайланды. Оны Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі - Нұрәли Әлиев басқарады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтында хабарланды. "Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Транстелеком" АҚ (Астана) KASE-ге компанияның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылғы 25 шілдедегі шешімімен сайланғанын хабарлады", - делінген хабарламада. Кеңес құрамына: Құжатта, шешімге сәйкес Нұрәли Әлиевтің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. "Транстелеком" АҚ ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Нұрәли Әлиев алғаш рет 2016 жылғы 4 тамыздағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
"Транстелеком" АҚ директорлар кеңесінің құрамы сайланды. Оны Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі - Нұрәли Әлиев басқарады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтында хабарланды. "Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Транстелеком" АҚ (Астана) KASE-ге компанияның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылғы 25 шілдедегі шешімімен сайланғанын хабарлады", - делінген хабарламада. Кеңес құрамына: Құжатта, шешімге сәйкес Нұрәли Әлиевтің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030757-nurali-aliev-transtelekom-direktorlar-kenesinin-toragasy-bolyp-sailandy/
31 шілде 2023, 22:10
kk
"Жағдайы орташа ауыр": Павлодарда мектеп оқушысы соққыға жығылған
Павлодарда көшеде ауыр соққыға жығылан мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс ашқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баланың соққыға жығылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 13 жастағы жасөспірім бірнеше жарақатпен ауруханаға түскен. "Көпетеген көгерген жері бар, екі жоғарғы және төменгі аяғы, беті, басы, арқасы, кеудесі мен іші сыдырылған. Жалпы жағдайы алған жарақаттары салдарынан орташа ауыр деп бағалануда. Барлық тиісті емдік, диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде", - деді ведомстводан. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, факті тіркеліп, барлық қатысушы анықталған. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс ашылған.
Павлодарда көшеде ауыр соққыға жығылан мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс ашқан, деп хабарлайды тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баланың соққыға жығылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 13 жастағы жасөспірім бірнеше жарақатпен ауруханаға түскен. "Көпетеген көгерген жері бар, екі жоғарғы және төменгі аяғы, беті, басы, арқасы, кеудесі мен іші сыдырылған. Жалпы жағдайы алған жарақаттары салдарынан орташа ауыр деп бағалануда. Барлық тиісті емдік, диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде", - деді ведомстводан. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, факті тіркеліп, барлық қатысушы анықталған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030750-zagdaiy-ortasa-auyr-pavlodarda-mektep-oqusysy-soqqyga-zygylgan/
31 шілде 2023, 20:46
kk
Тамыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болады
Синоптиктер тамыз айына арналған Қазақстан бойынша консультативті ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Синоптиктердің болжамынша, тамыз бастала салысымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы аздап төмендейді деп болжануда: Сонымен қатар: Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республика аумағында ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы, кейде найзағай мен бұршақпен ауысып отырады. Ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде +13...+20°С-тан +8...+15°С-қа дейін, күндіз +17..+25°С-тан +23...+30°С-қа дейін ауытқуы, оңтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасының негізгі фоны түнде +13...+22°С, күндіз +28...+38°С күтіледі.
Синоптиктер тамыз айына арналған Қазақстан бойынша консультативті ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Синоптиктердің болжамынша, тамыз бастала салысымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы аздап төмендейді деп болжануда: Сонымен қатар: Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республика аумағында ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы, кейде найзағай мен бұршақпен ауысып отырады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030746-tamyz-aiynda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/
31 шілде 2023, 20:22
kk
Астана әкімдігі қала тұрғындарынан түнде терезе ашпауды өтінді
Астанада түнгі уақытта масаға қарсы дезинсекциялық жұмыс жүргізіліп жатыр. Елорда әкімдігі зиянкестермен күресу кезінде сақтық шараларын есте ұстауға шақырды. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтында хабарланды. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қала аумағында түнгі сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін 6 тур бойы масалардың көбеюінің алдын алу мақсатында қорғаныс жасай отырып, шыбын-шіркейлерді құрту іс-шараларын өткізетінін мәлім етті. "Қазіргі уақытта 28 шілдеден бастап 4-тур аясында Астана қаласында масаларды жою жұмысы жүріп жатыр. Бұл жұмыс ашық алаңдарда бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Елорданың шетінен шыбын-шіркей мен олардың жаппай ұшып келуіне жол бермеу мақсатында қала маңындағы қорғаныс бөгеттері тұрақты түрде жүргізілуде. Жұмыс мамандандырылған дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, хлорпирифос пен малатионның белсенді заты бар FOS класының инсектицидтік препараттарын қолдана отырып жүргізіледі", - делінген хабарламада. Елорда әкімдігі қала тұрғындарынан зиянкестермен күресу кезінде сақтық шараларын есте ұстауды - егістік жерлерге баруды шектеу, өңдеу кезінде терезелерді жабуды өтінді. "Өңдеу кезінде мынандай техникалар қолданылады: 90-нан астам дезинфектор, 8 энтомолог-биолог, 24 термогенератор, 90 бірлік моторлы сөмке бүріккіштер, 3 бірлік дезинфекциялау машинасы және 2 бірлік дезинфекциялау қондырғысы бар мотоцикл шассиі", - делінген хабарламада.
Астанада түнгі уақытта масаға қарсы дезинсекциялық жұмыс жүргізіліп жатыр. Елорда әкімдігі зиянкестермен күресу кезінде сақтық шараларын есте ұстауға шақырды. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтында хабарланды. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қала аумағында түнгі сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін 6 тур бойы масалардың көбеюінің алдын алу мақсатында қорғаныс жасай отырып, шыбын-шіркейлерді құрту іс-шараларын өткізетінін мәлім етті. "Қазіргі уақытта 28 шілдеден бастап 4-тур аясында Астана қаласында масаларды жою жұмысы жүріп жатыр. Бұл жұмыс ашық алаңдарда бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Елорданың шетінен шыбын-шіркей мен олардың жаппай ұшып келуіне жол бермеу мақсатында қала маңындағы қорғаныс бөгеттері тұрақты түрде жүргізілуде. Жұмыс мамандандырылған дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, хлорпирифос пен малатионның белсенді заты бар FOS класының инсектицидтік препараттарын қолдана отырып жүргізіледі", - делінген хабарламада. Елорда әкімдігі қала тұрғындарынан зиянкестермен күресу кезінде сақтық шараларын есте ұстауды - егістік жерлерге баруды шектеу, өңдеу кезінде терезелерді жабуды өтінді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030745-astana-akimdigi-qala-turgyndarynan-tunde-tereze-aspaudy-otindi/
31 шілде 2023, 20:01
kk
Алматы облысындағы тағы бір балалар лагерінен шу шықты
Әлеуметтік желіде ата-аналар Алматы облысындағы тағы бір балалар лагеріндегі жағдайды айтып, шағымдануда. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Талдықорғандық белсенді Сандуғаш Дүйсенова Instagram парақшасында лагерьден сурет жариялап, оны көпбалалы аналар жолдағанын жеткізді. Фотодан жөндеуді қажет ететін бөлмеде ұйықтап жатқан балаларды байқауға болады. Блогер сурет Қонаев қаласында орналасқан "Бәйтерек" балалар лагерінде түсірілгенін жазған. Аталған жайтқа қатысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді. "Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс тобын құрып, оқиға орнына шықты. Министрліктің, білім басқармасының өкілдері орталықта балалардағы жағдайын, қауіпсіздігін тексеретін болады", - делінген хабарламада. Ведомстводағылар Қонаев қалалық білім бөлімі аталған жекеменшік "Бәйтерек" лагерінде мониторинг жүргізгенін, оның барысында лагерьде СЭС рұқсаты бар екені анықталғанын атап өтті. Оқиға орнында прокурорлар да жұмыс істеуде. Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы қаласының сыртында орналасқан балалар лагерінен кадрлар пайда болды. Ата-аналардың сөзінше, лагерь саунаның ішінде жасақталған. Алматы қалалық білім басқармасы балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа беретінін хабарлады. Бөлім тиісті талап-арыз дайындауға уәде берді. Ал Оқу-ағарту министрлігі бұл факті анықталғаннан кейін балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қадағалайтын жедел мобильді топ құрылғанын хабарлады. Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы шулы лагерьдің жағдайын жеке бақылауына алды. Сондай-ақ Алматы прокуратурасы қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Прокурорлар лагерь жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Алматы қалалық білім басқармасының бюджетінен қаржыландырылғанын анықтады. Қылмыстық істерді тергеу оңтүстік астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүктелген. Алматы әкімдігі оқиғадан кейін оңтүстік астанадағы барлық балалар лагерінде тексеру жүргізілгенін, екі мекемеде заңбұзушылықтар анықталғанын, білім басқармасы аталған ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы хабарлама жібергенін хабарлады. Бұл лагерьлердің балалары басқа лагерьлерге бөлінеді. Ал Бас прокуратура республика бойынша мемлекеттік, жеке және шатырлы балалар лагерлерінің қызметіне тексеру басталғанын хабарлады.
Әлеуметтік желіде ата-аналар Алматы облысындағы тағы бір балалар лагеріндегі жағдайды айтып, шағымдануда. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды . Талдықорғандық белсенді Сандуғаш Дүйсенова Instagram парақшасында лагерьден сурет жариялап, оны көпбалалы аналар жолдағанын жеткізді. Фотодан жөндеуді қажет ететін бөлмеде ұйықтап жатқан балаларды байқауға болады. Блогер сурет Қонаев қаласында орналасқан "Бәйтерек" балалар лагерінде түсірілгенін жазған. Аталған жайтқа қатысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді. "Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс тобын құрып, оқиға орнына шықты. Министрліктің, білім басқармасының өкілдері орталықта балалардағы жағдайын, қауіпсіздігін тексеретін болады", - делінген хабарламада. Ведомстводағылар Қонаев қалалық білім бөлімі аталған жекеменшік "Бәйтерек" лагерінде мониторинг жүргізгенін, оның барысында лагерьде СЭС рұқсаты бар екені анықталғанын атап өтті. Оқиға орнында прокурорлар да жұмыс істеуде. Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы қаласының сыртында орналасқан балалар лагерінен кадрлар пайда болды. Ата-аналардың сөзінше, лагерь саунаның ішінде жасақталған. Алматы қалалық білім басқармасы балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа беретінін хабарлады. Бөлім тиісті талап-арыз дайындауға уәде берді. Ал Оқу-ағарту министрлігі бұл факті анықталғаннан кейін балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді қадағалайтын жедел мобильді топ құрылғанын хабарлады. Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы шулы лагерьдің жағдайын жеке бақылауына алды. Сондай-ақ Алматы прокуратурасы қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Прокурорлар лагерь жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Алматы қалалық білім басқармасының бюджетінен қаржыландырылғанын анықтады. Қылмыстық істерді тергеу оңтүстік астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүктелген. Алматы әкімдігі оқиғадан кейін оңтүстік астанадағы барлық балалар лагерінде тексеру жүргізілгенін, екі мекемеде заңбұзушылықтар анықталғанын, білім басқармасы аталған ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы хабарлама жібергенін хабарлады. Бұл лагерьлердің балалары басқа лагерьлерге бөлінеді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030742-almaty-oblysyndagy-tagy-bir-balalar-lagerinen-su-syqty/
31 шілде 2023, 19:40
kk
Ақшаға мұқтаж болған: шетелге бүйрегін сатқысы келген 33 жастағы оралдық азамат ұсталды
Шетелге өз бүйрегін сатпақ болған Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны Алматы әуежайынан ұсталды. Ол Кения Республикасында ота жасауға келіскен, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы. Оралдық азамат отаны Кенияда жасату бойынша мәміле жасасқан. 30 шілде күні БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Көліктегі ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп, ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің үйлестіруімен адам органдарын сату әрекеті тоқтатылды. Істің мән-жайын анықтай келе, бүйрегін Орал қаласының 33 жастағы А. есімді тұрғыны сатпақ болғаны анықталды. Отбасылы, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азамат мұндай әрекетке ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты барған. "Мамыр айында аталған азамат халықаралық интернет-сайтта жарияланған ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға бүйрек сатылымы туралы хабарландыруды көрген. Оған Telegram каналы арқылы сайттың қызметкерлері хабарласып, олар өзара ортақ мәмілеге келіп, нәтижесінде қос тарап құны 20 мың АҚШ долларын құрайтын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен", - делінген хабарламада. Оралдық азамат екі ай бойы медициналық орталықтарда қан тапсырып, талдау нәтижелерін Telegram канал арқылы сайт өкілдеріне жіберіп отырған. Екінші тарап оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген. "30 шілде күні полиция қызметкерлері аталған азаматты Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу аймағынан ұстаған. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азамат Орал қаласына жеткізіліп, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116 бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, Қазақстанда органдарды сатуға тыйым салынады және трансплантациялау жасаудың жалғыз жолы — оның туысының өтеусіз қайырымдылығы немесе қайтыс болған адамның туыстарының келісімімен органды трансплантациялау", - деп жазылған полиция департаменті таратқан хабарламада.
Шетелге өз бүйрегін сатпақ болған Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны Алматы әуежайынан ұсталды. Ол Кения Республикасында ота жасауға келіскен, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің ақпараттық-медиа порталы. Оралдық азамат отаны Кенияда жасату бойынша мәміле жасасқан. 30 шілде күні БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Көліктегі ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп, ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің үйлестіруімен адам органдарын сату әрекеті тоқтатылды. Істің мән-жайын анықтай келе, бүйрегін Орал қаласының 33 жастағы А. есімді тұрғыны сатпақ болғаны анықталды. Отбасылы, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азамат мұндай әрекетке ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты барған. "Мамыр айында аталған азамат халықаралық интернет-сайтта жарияланған ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға бүйрек сатылымы туралы хабарландыруды көрген. Оған Telegram каналы арқылы сайттың қызметкерлері хабарласып, олар өзара ортақ мәмілеге келіп, нәтижесінде қос тарап құны 20 мың АҚШ долларын құрайтын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен", - делінген хабарламада. Оралдық азамат екі ай бойы медициналық орталықтарда қан тапсырып, талдау нәтижелерін Telegram канал арқылы сайт өкілдеріне жіберіп отырған. Екінші тарап оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген. "30 шілде күні полиция қызметкерлері аталған азаматты Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу аймағынан ұстаған. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азамат Орал қаласына жеткізіліп, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116 бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030734-aqsaga-muqtaz-bolgan-setelge-buiregin-satqysy-kelgen-33-zastagy-oraldyq-azamat-ustaldy/
31 шілде 2023, 19:00
kk
"3,5 млрд теңгеден астам айыппұл салынды": Тоқаев монополияға қарсы тергеу амалдарының нәтижесін тыңдады
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. Президентке биылғы бірінші жартыжылдықтағы бәсекелестік жағдайы және негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар жөнінде есеп берілді. "Мемлекет басшысына монополияға қарсы тергеу амалдарының аралық нәтижелері, экономиканы монополиядан арылту және бәсекелестікті дамыту үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ монополияға қарсы органның рөлін күшейту мәселесі туралы баяндалды. Жыл басынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректері бойынша 48 істі тергеу аяқталды. Сондай-ақ 33 іс тергеліп жатыр. Бұл ретте жосықсыз нарық субъектілеріне 3,5 миллиард теңгеден астам айыппұл санкциясы салынды. Соттың қарауында 40-тан астам монополияға қарсы іс бар", - делінген хабарламада. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының негізгі салаларын монополиядан арылту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру ісін жалғастыруды және бәсекелестікті дамыту бойынша қосымша ұсыныстар дайындауды тапсырған.
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. Президентке биылғы бірінші жартыжылдықтағы бәсекелестік жағдайы және негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар жөнінде есеп берілді. "Мемлекет басшысына монополияға қарсы тергеу амалдарының аралық нәтижелері, экономиканы монополиядан арылту және бәсекелестікті дамыту үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ монополияға қарсы органның рөлін күшейту мәселесі туралы баяндалды. Жыл басынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректері бойынша 48 істі тергеу аяқталды. Сондай-ақ 33 іс тергеліп жатыр. Бұл ретте жосықсыз нарық субъектілеріне 3,5 миллиард теңгеден астам айыппұл санкциясы салынды. Соттың қарауында 40-тан астам монополияға қарсы іс бар", - делінген хабарламада.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2030737-35-mlrd-tengeden-astam-aiyppul-salyndy-toqaev-monopoliyaga-qarsy-tergeu-amaldarynyn-natizesin-tyndady/
31 шілде 2023, 18:42
kk
Ақмола облысында әкесі үш баласын зорлады деген күдікке ілінді
Әлеуметтік желіде Ақмола облысында тұрғын кәмелетке толмаған үш баласын зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ведомство аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 122 бабы 2-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғанын хабарлады. "2012, 2014 және 2016 жылы туған үш балаға медициналық тексеру жүргізіліп, оның барысында дене жарақаттары, тыртықтар, көгерген жерлер, жыныс аймағында жарақаттар анықталған жоқ. Сонымен бірге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - деп пікір білдірді Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері.
Әлеуметтік желіде Ақмола облысында тұрғын кәмелетке толмаған үш баласын зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды тілшісі. Ведомство аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 122 бабы 2-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғанын хабарлады. "2012, 2014 және 2016 жылы туған үш балаға медициналық тексеру жүргізіліп, оның барысында дене жарақаттары, тыртықтар, көгерген жерлер, жыныс аймағында жарақаттар анықталған жоқ.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030730-aqmola-oblysynda-akesi-us-balasyn-zorlady-degen-kudikke-ilindi/
31 шілде 2023, 18:27
kk
Суға кеткен баланы құтқарып, өзі қаза тапқан астаналық мұғалім орденмен марапатталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада. Ақорданың баспасөз қызметі Александр Руденконың 2023 жылдың 12 шілдесінде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапқанын атап өткен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030733-suga-ketken-balany-qutqaryp-ozi-qaza-tapqan-astanalyq-mugalim-ordenmen-marapattaldy/
31 шілде 2023, 18:17
kk
2024 жылдан бастап банктер салық органдарына қазақстандықтардың қандай деректерін береді
Қазақстандық банктер жеке кәсіпкерлердің кейбір дерегін салық органдарына бере бастайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттік кірістер комитететі кейбір кәсіпкерлер жеке шоттарына тауарлар, қызметтер үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алатынын атап өтті. "Алайда бұл аударымдар бақылау-касса машиналары мен POS-терминалдарды қолданбай, тиісінше чектер берілмей жүргізіледі. Бұл ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заң бұзушылық болып табылады. Қайталама заң бұзушылық кезінде салық төлеушінің субъектілігіне байланысты салынатын айыппұл 15-тен 50 АЕК-ке дейін құрайды", - деп ескертеді комитет. Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізетіні айтылған. "2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады", - делінген хабарламада. Осы ретте ведомство жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанына назар аудартады. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін - туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады.
Қазақстандық банктер жеке кәсіпкерлердің кейбір дерегін салық органдарына бере бастайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттік кірістер комитететі кейбір кәсіпкерлер жеке шоттарына тауарлар, қызметтер үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алатынын атап өтті. "Алайда бұл аударымдар бақылау-касса машиналары мен POS-терминалдарды қолданбай, тиісінше чектер берілмей жүргізіледі. Бұл ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заң бұзушылық болып табылады. Қайталама заң бұзушылық кезінде салық төлеушінің субъектілігіне байланысты салынатын айыппұл 15-тен 50 АЕК-ке дейін құрайды", - деп ескертеді комитет. Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізетіні айтылған. "2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады", - делінген хабарламада. Осы ретте ведомство жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанына назар аудартады.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2030729-2024-zyldan-bastap-bankter-salyq-organdaryna-qazaqstandyqtardyn-qandai-derekterin-beredi/
31 шілде 2023, 17:49
kk
Каспийде үрмелі матраспен теңіз жағалауынан алысқа ұзап кеткен қыздардың ағасы жауапқа тартылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Каспий теңізінде үрмелі матраспен жағалаудан ұзап кеткен үш қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Журналистер Каспий теңізіне үрмелі матрасқа мінген үш қыздың жағалаудан ұзап кету оқиғасы бойынша тәртіп бұзушыларға қандай шара қолданылатынын сұрады. "Қыздардың ағасы балаларды қараусыз қалдырғаны үшін 412 бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жауап берді Ерасыл Сайпаш. Оның үстіне, оның айтуынша, полиция жалған ақпарат тарату ісін қарастырып жатыр. "Олардың әкімшілік кінәсі дәлелденсе, олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді ол. Еске салайық, өткен аптада Ақтаудан 51 шақырым жерде үш қыз үрмелі матраспен бірге жағалаудан ұзап кеткен. Оларды іздеумен әуелі Төтенше жағдайлар департаменті, ҰҚК Шекара қызметі және полиция департаменті қызметкерлері айналысты. Кейін бұл іздеу шараларына "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды. Кейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Үш қызды 25 шілде күні таңертең "Қазақтеңізкөлікфлоты" ЖШС-на тиесілі "Сұңқар" кемесінің экипажы жағалаудан 22 шақырым қашықтықта теңізден тапты. Қыздардың жағдайы тұрақты болды. Артынша Маңғыстау облысындағы қыздардың құтқатылуы жөнінде толық мәлімет айтылды. "25 шілде күні таңғы сағат 06:45-те жағалаудан 22 шақырым жерде іздеу-құтқару жұмыстары барысында капитан Никитиннің басқаруындағы "Сұңқар" кемесінің экипажы 2006 жылы туған екі қыз бен 2004 жылы туған бір қызды тауып алып, құтқарды", - деді "Қазтеңізкөлікфлоты" өкілдері.
Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Каспий теңізінде үрмелі матраспен жағалаудан ұзап кеткен үш қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды тілшісі. Журналистер Каспий теңізіне үрмелі матрасқа мінген үш қыздың жағалаудан ұзап кету оқиғасы бойынша тәртіп бұзушыларға қандай шара қолданылатынын сұрады. "Қыздардың ағасы балаларды қараусыз қалдырғаны үшін 412 бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жауап берді Ерасыл Сайпаш. Оның үстіне, оның айтуынша, полиция жалған ақпарат тарату ісін қарастырып жатыр. "Олардың әкімшілік кінәсі дәлелденсе, олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді ол. Еске салайық, өткен аптада Ақтаудан 51 шақырым жерде үш қыз үрмелі матраспен бірге жағалаудан ұзап кеткен. Оларды іздеумен әуелі Төтенше жағдайлар департаменті, ҰҚК Шекара қызметі және полиция департаменті қызметкерлері айналысты. Кейін бұл іздеу шараларына "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды. Кейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Үш қызды 25 шілде күні таңертең "Қазақтеңізкөлікфлоты" ЖШС-на тиесілі "Сұңқар" кемесінің экипажы жағалаудан 22 шақырым қашықтықта теңізден тапты. Қыздардың жағдайы тұрақты болды. Артынша Маңғыстау облысындағы қыздардың құтқатылуы жөнінде толық мәлімет айтылды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030721-kaspiide-urmeli-matraspen-teniz-zagalauynan-alysqa-uzap-ketken-qyzdardyn-agasy-zauapqa-tartyldy/
31 шілде 2023, 17:03
kk
Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Мемлекет басшысы Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2030720-toqaev-pakistan-prezidenti-arif-alvige-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/
31 шілде 2023, 16:44
kk
Түркиядағы автобус апаты: ауыр жарақат алған қазақстандық турист көз жұмды
Бүгін Түркияда жол апатына түскен шағын автобустағы қазақстандық жолаушылардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Аланиядағы жол апатында зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан бүгін таңертең ауруханада қайтыс болды. Қайтыс болған Қазақстан азаматының ұлы бүгін Анталияға келді, қазіргі таңда дипломаттардың қасында. Оған барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде", - делінген хабарламада. Еске салсақ, кеше БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тараған болатын. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған. Жергілікті NTV басылымы ақпаратынша, Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан. Бұған қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, шағын автобуста Қазақстан азаматтары болғанын растады.
Бүгін Түркияда жол апатына түскен шағын автобустағы қазақстандық жолаушылардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған тілшісі. "Аланиядағы жол апатында зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан бүгін таңертең ауруханада қайтыс болды. Қайтыс болған Қазақстан азаматының ұлы бүгін Анталияға келді, қазіргі таңда дипломаттардың қасында. Оған барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде", - делінген хабарламада. Еске салсақ, кеше БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тараған болатын. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған. Жергілікті NTV басылымы ақпаратынша, Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2030716-turkiyadagy-avtobus-apaty-auyr-zaraqat-algan-qazaqstandyq-turist-koz-zumdy/
31 шілде 2023, 16:10
kk
Алакөлде демалып жатқан ер адам аяғынан айырылды
Жетісу облысында Алакөлде демалып жатқан ер адам оқыс оқиға салдарынан бір аяғынан айырылды. Жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде: "Алакөлде су мотоциклі ер адамды қағып кетті, зардап шегушінің аяғы жұлынды", - деген хабарлама тарады. Жетісу облыстық полиция департаменті өкілдерінің берген түсіндірмесіне сай, бұл дерек бойынша Алакөл аудандық полициясы тексеру жүргізіп жатыр. "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 344-бабы (Жол қозғалысы немесе темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша жүргізілуде. Қылмыстық іс аудандық полиция басқармасы басшылығының қатаң бақылауында", - деді ведомство өкілдері. Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 шілде күні сағат 16:10-да Алакөл аудандық орталық ауруханасына 1984 жылы туған науқас түскен. Диагнозы: санның ампутациясы, сол жақ сан сүйегінің, тізе буынының ашық көпбөлікті сынуы, 3-4 дәрежелі травматикалық шок, ауыр геморрагиялық шок. Оның сол жақ аяғының төменгі бөлігі ампутацияланған. Науқастың жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Жетісу облысында Алакөлде демалып жатқан ер адам оқыс оқиға салдарынан бір аяғынан айырылды. Жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды тілшісі. Әлеуметтік желіде: "Алакөлде су мотоциклі ер адамды қағып кетті, зардап шегушінің аяғы жұлынды", - деген хабарлама тарады. Жетісу облыстық полиция департаменті өкілдерінің берген түсіндірмесіне сай, бұл дерек бойынша Алакөл аудандық полициясы тексеру жүргізіп жатыр. "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 344-бабы (Жол қозғалысы немесе темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша жүргізілуде. Қылмыстық іс аудандық полиция басқармасы басшылығының қатаң бақылауында", - деді ведомство өкілдері. Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 шілде күні сағат 16:10-да Алакөл аудандық орталық ауруханасына 1984 жылы туған науқас түскен. Диагнозы: санның ампутациясы, сол жақ сан сүйегінің, тізе буынының ашық көпбөлікті сынуы, 3-4 дәрежелі травматикалық шок, ауыр геморрагиялық шок. Оның сол жақ аяғының төменгі бөлігі ампутацияланған.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2030705-alakolde-demalyp-zatqan-er-adam-ayagynan-aiyryldy/
31 шілде 2023, 15:55
kk
Отқа май құйып, атын өзгерткен: қазақ қызына үйленген кәріс жігіті Астанада ислам дінін қабылдады (фото)
Назым Жұматаева Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп, сол жақтың азаматына тұрмысқа шыққан. Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы өзінің көптен бері көкейінде жүрген арманын орындап, күйеуінің ислам дінін қабылдауына себепкер болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Назым мен Оңтүстік Корея азаматы, этникалық кәріс Джон Хеджин бір шаңырақ астында үш бала тәрбиелеп отыр. Олар бүгінде Индже қаласында өмір сүреді. "Күйеуіме ислам дінін қабылдаса деген ойымды осыдан екі жыл бұрын айтқанмын. Ол әуелден қарсы болған жоқ. Міне, сол арманым орындалып, күйеуімнің мұсылмандыққа өткенін үлкен қуанышпен атап өттік. Осы мақсатымызды орындау үшін арнайы Астана қаласына отбасымызбен бірге келдік. Мұнда бізді әкемнің жеңгесі жылы қабылдап, туыстарымыз қонақ қылды. Күйеуімнің ислам дінін қабылдағанына орай дастархан жайылып, мәре-сәре болдық. Жолдасым отқа май құйып, мұсылманша неке қидық", - дейді Назым. Сондай-ақ әулеттің үлкендері Назымның күйеуі мен кіші қызына азан шақырып, қазақша ат қойды. "Күйеуім маған қамқор боп жүрсін деген ниетпен үлкендер "Қамқор" есімін берді. Ал кіші қызыма азан шақырып, Саяна есімін қойдық. Күйеуіме өзінің жаңа есімі де, күн сайын көркейіп жатқан Астана қаласы да қатты ұнады. Тіпті, болашақта Қазақстанға келіп тұруға да қарсы еместігін жеткізді. Елден жырақта жүрсем де, өзімнің қазақ екенімді ешқашан ұмытпаймын. Қазақтың барлық салт-дәстүрін ұстанамын, қазақтың ұлттық тағамдарын да жиі дайындаймын. Балаларым да қазақша түсінеді, бірнеше сөздерді айта алады. Енді күйеуім де мұсылмандық жолға түсіп, жоғым түгелденгендей, іздегенім табылғандай күй кешіп жүрмін", - деді Назым. Айта кетелік, қазіргі таңда Назым отбасымен бірге Астанада қонақ болуда.
Назым Жұматаева Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп, сол жақтың азаматына тұрмысқа шыққан. Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы өзінің көптен бері көкейінде жүрген арманын орындап, күйеуінің ислам дінін қабылдауына себепкер болды, деп хабарлайды . Назым мен Оңтүстік Корея азаматы, этникалық кәріс Джон Хеджин бір шаңырақ астында үш бала тәрбиелеп отыр. Олар бүгінде Индже қаласында өмір сүреді. "Күйеуіме ислам дінін қабылдаса деген ойымды осыдан екі жыл бұрын айтқанмын. Ол әуелден қарсы болған жоқ. Міне, сол арманым орындалып, күйеуімнің мұсылмандыққа өткенін үлкен қуанышпен атап өттік. Осы мақсатымызды орындау үшін арнайы Астана қаласына отбасымызбен бірге келдік. Мұнда бізді әкемнің жеңгесі жылы қабылдап, туыстарымыз қонақ қылды. Күйеуімнің ислам дінін қабылдағанына орай дастархан жайылып, мәре-сәре болдық. Жолдасым отқа май құйып, мұсылманша неке қидық", - дейді Назым. Сондай-ақ әулеттің үлкендері Назымның күйеуі мен кіші қызына азан шақырып, қазақша ат қойды. "Күйеуім маған қамқор боп жүрсін деген ниетпен үлкендер "Қамқор" есімін берді. Ал кіші қызыма азан шақырып, Саяна есімін қойдық. Күйеуіме өзінің жаңа есімі де, күн сайын көркейіп жатқан Астана қаласы да қатты ұнады. Тіпті, болашақта Қазақстанға келіп тұруға да қарсы еместігін жеткізді. Елден жырақта жүрсем де, өзімнің қазақ екенімді ешқашан ұмытпаймын. Қазақтың барлық салт-дәстүрін ұстанамын, қазақтың ұлттық тағамдарын да жиі дайындаймын. Балаларым да қазақша түсінеді, бірнеше сөздерді айта алады. Енді күйеуім де мұсылмандық жолға түсіп, жоғым түгелденгендей, іздегенім табылғандай күй кешіп жүрмін", - деді Назым.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030713-otqa-mai-quiyp-atyn-ozgertken-qazaq-qyzyna-uilengen-karis-zigiti-astana-mesitinde-islam-dinin-qabyldady-foto/
31 шілде 2023, 15:47
kk
Экс-вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты іс сотқа жетті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Ведомствоның мәліметінше, Тоқтабаев Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қорлары анықталған "Шевченковское" кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталуда. "Нәтижесінде, оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған. Өзінің әлемдік қорлары бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады. Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды", - делінген хабарламада. Бас прокуратура айыпталушы Тимур Тоқтабаевты сотқа берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті. Сондай-ақ Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19 бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды. Айта кетейік, Тимур Тоқтабаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен былтыр қараша айында ұсталған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Ведомствоның мәліметінше, Тоқтабаев Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қорлары анықталған "Шевченковское" кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталуда. "Нәтижесінде, оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған. Өзінің әлемдік қорлары бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады. Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды", - делінген хабарламада. Бас прокуратура айыпталушы Тимур Тоқтабаевты сотқа берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті. Сондай-ақ Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19 бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030707-eks-vice-ministr-timur-toqtabaevqa-qatysty-is-sotqa-zetti/
31 шілде 2023, 15:24
kk
"Бақыттан басым айналып жүр": Алтынай Жорабаева күйеуінің ерекше қамқорлығын айтты
Әнші Алтынай Жорабаева соңғы уақытта әлеуметтік желіден көрінбей кетуінің себебін айтты. Балаларын шетелге демалысқа жіберген өнер иесі үйде күйеуінің өзіне қалай қамқорлық танытатынын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Соңғы уақытта әлеуметтік желіден алыстап кеттім. Негізі бақыттан басым айналып жүр. Үйдегі, жұмыстағы көмекшілерімді демалысқа жіберіп едім. Тойға да көмекшісіз шығатындықтан, сурет немесе видео салуға ерінемін. Ал бала-шағаны бір айға Аланияға жібердік. Үйде отағасы екеуіміз ғана. Құдай-ау, жолдасым "ештеңе істеме" дейді ғой. "Ұйқыңды қандыр", "Өзіңе ұнайтын нәрсені жаса", "Фильм қара" дейді. Тіпті таңертең жұмысқа дыбысын шығармай, жай киініп, бетімді сүйіп шығып кетеді. Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды Алтынай Жорабаева. Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір білдіріп, тіпті Жорабаеваның аяғы ауыр деп болжағандарын да жасырмады. "Жұбайыңыз жайлы жиі жазасыз. Демек, сіз осы бақытқа лайықсыз", "Алтынай ханым, жақсы жаңалығыңызды қашан бөлісесіз? Қауіпті кезеңнен өтті ғой. Онлайн құрсақ той жасап, мәре-сәре болмадық па?", "Көз тимесін", "Алла бақытыңызды еселей берсін", - деп пікір білдірді желідегілер.
Әнші Алтынай Жорабаева соңғы уақытта әлеуметтік желіден көрінбей кетуінің себебін айтты. Балаларын шетелге демалысқа жіберген өнер иесі үйде күйеуінің өзіне қалай қамқорлық танытатынын баяндап берді, деп жазады . "Соңғы уақытта әлеуметтік желіден алыстап кеттім. Негізі бақыттан басым айналып жүр. Үйдегі, жұмыстағы көмекшілерімді демалысқа жіберіп едім. Тойға да көмекшісіз шығатындықтан, сурет немесе видео салуға ерінемін. Ал бала-шағаны бір айға Аланияға жібердік. Үйде отағасы екеуіміз ғана. Құдай-ау, жолдасым "ештеңе істеме" дейді ғой. "Ұйқыңды қандыр", "Өзіңе ұнайтын нәрсені жаса", "Фильм қара" дейді. Тіпті таңертең жұмысқа дыбысын шығармай, жай киініп, бетімді сүйіп шығып кетеді. Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды Алтынай Жорабаева. Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір білдіріп, тіпті Жорабаеваның аяғы ауыр деп болжағандарын да жасырмады. "Жұбайыңыз жайлы жиі жазасыз. Демек, сіз осы бақытқа лайықсыз", "Алтынай ханым, жақсы жаңалығыңызды қашан бөлісесіз? Қауіпті кезеңнен өтті ғой.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2030697-baqyttan-basym-ainalyp-zur-altynai-zorabaeva-kuieuinin-erekse-qamqorlygyn-aitty/
31 шілде 2023, 15:21
kk
"Үздік көрсеткіш": Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте тағы көтерілді
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы рейтингті жаңартты. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады. Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик жаңартылған рейтингте 26-дан 25-орынға көтерілді. Бұл – оның әлемдік рейтингтегі үздік көрсеткіші. Жалпы, қазақстандық теннисшілер рейтингте өз көрсеткіштерін жақсарта алды. Тимофей Скатов 136-дан 131-ге, Михаил Кукушкин 229-дан 227-ге, Бейбіт Жұқаев 270-тен 258-ге, Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы атанған Денис Евсеев 412-ден бірден 340-қа, Дмитрий Попко 375-тен 370-ке жоғарылады. Жұптық сында Александр Недовесов 45-орнын сақтап қалса, Андрей Голубев 82-ден 83-ке сырғыды.
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы рейтингті жаңартты. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады. Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик жаңартылған рейтингте 26-дан 25-орынға көтерілді. Бұл – оның әлемдік рейтингтегі үздік көрсеткіші. Жалпы, қазақстандық теннисшілер рейтингте өз көрсеткіштерін жақсарта алды. Тимофей Скатов 136-дан 131-ге, Михаил Кукушкин 229-дан 227-ге, Бейбіт Жұқаев 270-тен 258-ге, Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы атанған Денис Евсеев 412-ден бірден 340-қа, Дмитрий Попко 375-тен 370-ке жоғарылады.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2030706-uzdik-korsetkis-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-alemdik-reitingte-tagy-koterildi/
31 шілде 2023, 15:07
kk
Отандық теннисші Мексикадағы беделді турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды
Қазақстандық, әлемнің 258-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды. Бейбіт Жұқаев алдымен 18 жастағы мексикалық Лука Лемайтрені 7:6 (11:9), 6:4 есебімен ұтты. Ол іріктеу сайыстарының финалында америкалық Киган Смитті бір сағатқа жетпейтін уақытта оңай жеңді. Есеп: 6:3, 6:1. Осылайша, Бейбіт Жұқаев негізгі турнирге жолдама алды. Грекиялық Стефанос Циципас бірінші ракетка болып тіркелген Лос-Кабос жарысы 5 тамызда мәресіне жетеді.
Қазақстандық, әлемнің 258-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды. Бейбіт Жұқаев алдымен 18 жастағы мексикалық Лука Лемайтрені 7:6 (11:9), 6:4 есебімен ұтты. Ол іріктеу сайыстарының финалында америкалық Киган Смитті бір сағатқа жетпейтін уақытта оңай жеңді. Есеп: 6:3, 6:1. Осылайша, Бейбіт Жұқаев негізгі турнирге жолдама алды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2030703-otandyq-tennissi-meksikadagy-bedeldi-turnirdin-finaldyq-kezenine-zoldama-aldy/
31 шілде 2023, 15:02
kk
Қазақстанда самокат тебетіндерге қатысты жаңа ережелер қашан күшіне енеді
Маусым айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев электросамокат тебу ережелеріне өзгерістер енгізетін заңға қол қойды. Алайда жаңа ережелер әлі күшіне енбеді. Ережелердің қашан іске қосылатынын KAZ.NUR.KZ баяндайды. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда қол қойған болатын. Ал құжаттың мәтіні келесі күні, 30 маусымда "Казахстанская правда" газетінде жарияланды. Бұл ретте, заң мәтініне сәйкес, оның басым бөлігі алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осылайша, ресми түрде қабылданған өзгерістер Қазақстан аумағында 2023 жылдың 30 тамызынан бастап күшіне енеді. Мұны NUR.KZ тілшісіне Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. Еске салсақ, мамыр айында Мәжіліс депутаттары самокат тебетіндерге бірқатар шектеу енгізуді көздейтін заң жобасын қабылдаған болатын. Ең алдымен электрлі самокаттар көлік құралы болып танылған болатын.
Маусым айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев электросамокат тебу ережелеріне өзгерістер енгізетін заңға қол қойды. Алайда жаңа ережелер әлі күшіне енбеді. Ережелердің қашан іске қосылатынын баяндайды. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда қол қойған болатын. Ал құжаттың мәтіні келесі күні, 30 маусымда "Казахстанская правда" газетінде жарияланды. Бұл ретте, заң мәтініне сәйкес, оның басым бөлігі алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осылайша, ресми түрде қабылданған өзгерістер Қазақстан аумағында 2023 жылдың 30 тамызынан бастап күшіне енеді. Мұны тілшісіне Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. Еске салсақ, мамыр айында Мәжіліс депутаттары самокат тебетіндерге бірқатар шектеу енгізуді көздейтін заң жобасын қабылдаған болатын.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030696-qazaqstanda-samokat-tebetinderge-qatysty-zana-erezeler-qasan-kusine-enedi/
31 шілде 2023, 14:44
kk
Тойда ішімдік ішкен: Ұланғасыр Қамиевті ұрып-соққан сәт видеоға түсіп қалды (видео)
Әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған сәті түсірілген видео пайда болды. Көпшілік видеодағы соққыға жығылған жігіттің белгілі қазақстандық әнші екенін және оқиға Үшарал қаласында болғанын айтуда. Желіде тараған ақпаратқа Жетісу облысының полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі. "29 шілде күні Жетісу облысы Үшарал қаласында ішімдікке мас күйдегі әртістің бірі той қонақтарымен төбелесіп қалды. Әншінің Ұланғасыр Қамиев екені айтылуда", - деп жазылған видео сипаттамасында. Бейнежазбадан алдымен жас әншінің тойда өнер көрсеткенін байқауға болады. Ал кейінірек көшеде жас жігітті құлатып, оны ұрып-соққан сәт көрсетілген. Жетісу облыстық полиция департаменті Алакөл аудандық полициясына бұл оқиға бойынша шағым түспегенін хабарлады. Анықтау барысында тойдың халал өткені, бірақ өнерпаздың мерекелік шарада ішімдік ішкені расталды. "Қазіргі уақытта құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы, яғни алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті департаментте. Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы бойынша жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын масаң күйде келу –5АЕК ( 17 мың 250 теңге) мөлшеріндегі айыппұл салуға алып келеді. Ескерту: Видеоны 18 жасқа толмаған адамдарға, психикасы әлсіз жандарға және жүкті әйелдерге көруге кеңес бермейміз.
Әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған сәті түсірілген видео пайда болды. Көпшілік видеодағы соққыға жығылған жігіттің белгілі қазақстандық әнші екенін және оқиға Үшарал қаласында болғанын айтуда. Желіде тараған ақпаратқа Жетісу облысының полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды тілшісі. "29 шілде күні Жетісу облысы Үшарал қаласында ішімдікке мас күйдегі әртістің бірі той қонақтарымен төбелесіп қалды. Әншінің Ұланғасыр Қамиев екені айтылуда", - деп жазылған видео сипаттамасында. Бейнежазбадан алдымен жас әншінің тойда өнер көрсеткенін байқауға болады. Ал кейінірек көшеде жас жігітті құлатып, оны ұрып-соққан сәт көрсетілген. Жетісу облыстық полиция департаменті Алакөл аудандық полициясына бұл оқиға бойынша шағым түспегенін хабарлады. Анықтау барысында тойдың халал өткені, бірақ өнерпаздың мерекелік шарада ішімдік ішкені расталды. "Қазіргі уақытта құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы, яғни алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті департаментте. Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы бойынша жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын масаң күйде келу –5АЕК ( 17 мың 250 теңге) мөлшеріндегі айыппұл салуға алып келеді.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2030694-toida-isimdik-isken-otandyq-zas-ansini-uryp-soqqan-sat-videoga-tusip-qaldy-video/
31 шілде 2023, 14:31
kk
Талдықорған орталығында жұп жыныстық қатынасқа түскен
Әлеуметтік желіде Талдықорған орталығындағы алаңда жыныстық қатынасқа түскен жұптың видеосы тарады. Жағдайға қатысты Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімет берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. "Қала орталығындағы алаңда кекс", - деп жазылған видеоның сипаттамасында. Жетісу облысының полиция департаменті мәліметінше, видеоға түсіп қалған адамдар анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" және 440-бабы "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ведомство мәліметінше, жұп айықтыру мекемесіне орналастырылды. Жиналған материалдар сотқа жіберіледі. Еске сала кетейік, бұған дейін де ұқсас жағдай болған. Қарағандыда куәгерлер жұптың көшеде жыныстық қатынасқа түскенін видеоға түсіріп алған болатын. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдіргені туралы жазған едік. Фотода ер адам мен әйел Майқұдықтың төменгі жағындағы шағын саябақта оңаша қалуды ұйғарғанын көруге болады. Тұрғындар жұптың бұл әрекетіне шағымданған. Олар суретті әлеуметтік желіге салып, жағдайға назар аударуды сұрады.
Әлеуметтік желіде Талдықорған орталығындағы алаңда жыныстық қатынасқа түскен жұптың видеосы тарады. Жағдайға қатысты Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімет берді. Бұл туралы хабарлайды. "Қала орталығындағы алаңда кекс", - деп жазылған видеоның сипаттамасында. Жетісу облысының полиция департаменті мәліметінше, видеоға түсіп қалған адамдар анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" және 440-бабы "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ведомство мәліметінше, жұп айықтыру мекемесіне орналастырылды. Жиналған материалдар сотқа жіберіледі. Еске сала кетейік, бұған дейін де ұқсас жағдай болған. Қарағандыда куәгерлер жұптың көшеде жыныстық қатынасқа түскенін видеоға түсіріп алған болатын. Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдіргені туралы жазған едік. Фотода ер адам мен әйел Майқұдықтың төменгі жағындағы шағын саябақта оңаша қалуды ұйғарғанын көруге болады. Тұрғындар жұптың бұл әрекетіне шағымданған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030677-taldyqorgan-ortalygynda-zup-zynystyq-qatynasqa-tusken/
31 шілде 2023, 13:50
kk
Тоқаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023 жылдың І жартыжылдығындағы "Бәйтерек" холдингі қызметінің нәтижелері, соның ішінде кәсіпкерлерді, агроөнеркәсіп кешенін қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Президентке ұсынылған мәлімет бойынша, ірі бизнесті қаржыландыру мөлшері 114,4 млрд теңгені құрайды. Холдинг "Даму" қоры арқылы шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді қолдайды. Қор 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетті. Жыл басынан бері "Отбасы Банкі" 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен. Банк баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасына да белсенді қатысып келеді. Бағдарлама аясында І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бірінші жартыжылдықта аталған бағыт бойынша 9 мыңнан астам өтінім мақұлданды. Сондай-ақ "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілгені туралы хабарланды. Биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілді. Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70 пайыздан астамы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға тиесілі. Кездесу соңында президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023 жылдың І жартыжылдығындағы "Бәйтерек" холдингі қызметінің нәтижелері, соның ішінде кәсіпкерлерді, агроөнеркәсіп кешенін қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Президентке ұсынылған мәлімет бойынша, ірі бизнесті қаржыландыру мөлшері 114,4 млрд теңгені құрайды. Холдинг "Даму" қоры арқылы шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді қолдайды. Қор 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетті. Жыл басынан бері "Отбасы Банкі" 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен. Банк баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасына да белсенді қатысып келеді. Бағдарлама аясында І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бірінші жартыжылдықта аталған бағыт бойынша 9 мыңнан астам өтінім мақұлданды. Сондай-ақ "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілгені туралы хабарланды. Биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілді. Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70 пайыздан астамы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға тиесілі.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2030687-toqaev-baiterek-ulttyq-basqarusy-xoldingi-aq-basqarma-toragasyn-qabyldady/
31 шілде 2023, 13:32
kk
Шымкентте алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адам ұсталды
Түркістандық полицейлер алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адамды ұстады. “Cyberpol” арнайы тобының қызметкерлері күдіктіні Шымкент қаласында қолға түсірген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, күдікті қызылордалық және оның Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Ведомство мәліметінше, шығын көлемі 6 млн теңгені құраған. "Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни, алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан", - делінген хабарламада. Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Түркістандық полицейлер алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адамды ұстады. “Cyberpol” арнайы тобының қызметкерлері күдіктіні Шымкент қаласында қолға түсірген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, күдікті қызылордалық және оның Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар екені анықталды. Ведомство мәліметінше, шығын көлемі 6 млн теңгені құраған. "Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни, алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан", - делінген хабарламада. Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030682-symkentte-alayaqtyqtyn-45-faktisine-qatysy-bar-kudikti-er-adam-ustaldy/
31 шілде 2023, 13:08
kk
Тәуекел Мүсілімнің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті (видео)
Актер Тәуекел Мүсілім екі ұлымен және әйелімен түскен видеосын желіде бөлісті. Өнер иесінің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Бақытты күндер көп болсын. Отбасы, махаббат", - деп жазды Тәуекел Мүсілім Instagram парақшасында. Ал желі қолданушылары бүгінгі таңда екі балалы болып үлгерген актер мен жұбайына жылы лебізін жаудырды. "Бақытты болыңыздар", "Тіл-көзден сақтасын", "Керемет отбасы", "Сіз екі балалы боп үлгергенсіз бе? Уақыт қалай жылдам", "Жарасымды жұп", "Аман болыңыздар", "Айтөре өсіп қалыпты", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, 2022 жылы Тәуекел Мүсілімнің екінші ұлы дүниеге келді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тәуекел Мүсілім әйелімен арадағы түсініспеушіліктер жайлы айтқан болатын.
Актер Тәуекел Мүсілім екі ұлымен және әйелімен түскен видеосын желіде бөлісті. Өнер иесінің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті, деп жазады . "Бақытты күндер көп болсын. Отбасы, махаббат", - деп жазды Тәуекел Мүсілім Instagram парақшасында. Ал желі қолданушылары бүгінгі таңда екі балалы болып үлгерген актер мен жұбайына жылы лебізін жаудырды. "Бақытты болыңыздар", "Тіл-көзден сақтасын", "Керемет отбасы", "Сіз екі балалы боп үлгергенсіз бе? Уақыт қалай жылдам", "Жарасымды жұп", "Аман болыңыздар", "Айтөре өсіп қалыпты", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, 2022 жылы Тәуекел Мүсілімнің екінші ұлы дүниеге келді.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2030653-tauekel-musilimnin-otbasylyq-videosy-kopsilikti-suisintti-video/
31 шілде 2023, 12:17
kk
Тамыздың алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Синоптиктердің болжауынша, тамыз айының алғашұы үш күнінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел сақталады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы айтарлықтай тұрақты болады деп болжануда. Еске сала кетейік, бұған дейін дүйсенбі, 31 шілдеде Алматыда найзағай ойнайтыны, ал Шымкент пен Астанада күн ашық болатыны туралы жазған едік.
Синоптиктердің болжауынша, тамыз айының алғашұы үш күнінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел сақталады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы айтарлықтай тұрақты болады деп болжануда.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030663-tamyzdyn-algasqy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/
31 шілде 2023, 12:11
kk
Ақтауда тойда болған жаппай төбелеске арнайы жасақ тартылды (видео)
Әлеуметтік желіде тараған видеода мейрамхананың сыртында арнайы жасақ сарбаздарын көруге болады. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Lada.kz хабарлады. Басылымның әлеуметтік желідегі ақпаратқа сілтеме жасап жазуынша, 30 шілдеге қараған түні Ақтаудағы мейрамханалардың бірінің жанында мекемеге келушілер мен полицейлер арасында жанжал шыққан. Кейін көмекке арнайы жасақ келген. Маңғыстау облысының полиция департаментінің ақпаратынша, 30 шілде күні Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінен бойжеткеннің көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау келіп түскен. "Аталған факті бойынша 22 жастағы жас жігітке қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомстводағылар. Тәртіп сақшылары оқиға туралы өзге мәліметті жариялаған жоқ. Назар аударыңыз! Видеода бейәдепті сөздер бар!
Әлеуметтік желіде тараған видеода мейрамхананың сыртында арнайы жасақ сарбаздарын көруге болады. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы хабарлады. Басылымның әлеуметтік желідегі ақпаратқа сілтеме жасап жазуынша, 30 шілдеге қараған түні Ақтаудағы мейрамханалардың бірінің жанында мекемеге келушілер мен полицейлер арасында жанжал шыққан. Кейін көмекке арнайы жасақ келген. Маңғыстау облысының полиция департаментінің ақпаратынша, 30 шілде күні Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінен бойжеткеннің көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау келіп түскен. "Аталған факті бойынша 22 жастағы жас жігітке қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырылды", - деп хабарлады ведомстводағылар. Тәртіп сақшылары оқиға туралы өзге мәліметті жариялаған жоқ. Назар аударыңыз!
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030648-aqtauda-toida-bolgan-zappai-tobeleske-arnaiy-zasaq-sarbazdary-tartyldy-video/
31 шілде 2023, 11:43
kk
Отандық әнші Бота Бейсенова төрт айда қалай 25 келі салмақтан арылғанын айтты
Отандық жұлдызды жұп Ғани Жүнісов пен Бота Бейсенованың шаңырақ көтергеніне 28 жыл болған. Әнші Бота қызын босанғаннан кейін 25 келі салмақтан қалай арылғанын "Қызықты weekend" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Қызымды босанғаннан кейін салмағым 100 келіге жетті. Содан диета ұстап көріп едім, көмектеспеді. Ол кезде ақпарат аз. Содан кәсіби диетологқа барып, төрт айдың ішінде 25 келі салмақ тастадым. Кейін екі суретті салыстырып, әлеуметтік желіге салғанымда әйелдер шулап кетті. Басты қағида - дұрыс тамақтану. Күнделікті ағзаға зиянсыз, пайдалы тамақты тұтыну. Байқасам, біз су ішпейді екенбіз. Айналып келіп шай ішеміз, газды сусын пайдаланамыз. Таза суға жетпейді екен. Адам таза судан тазарады екен. Сонымен қатар ас мәзірінен бүкіл зиянды тағамды алып тастау керек", - деді Бота Бейсенова. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ғани Жүнісов пен Бота Бейсенова алғаш рет қалай танысқанын айтып берген болатын.
Отандық жұлдызды жұп Ғани Жүнісов пен Бота Бейсенованың шаңырақ көтергеніне 28 жыл болған. Әнші Бота қызын босанғаннан кейін 25 келі салмақтан қалай арылғанын "Қызықты weekend" бағдарламасында айтып берді, деп жазады . "Қызымды босанғаннан кейін салмағым 100 келіге жетті. Содан диета ұстап көріп едім, көмектеспеді. Ол кезде ақпарат аз. Содан кәсіби диетологқа барып, төрт айдың ішінде 25 келі салмақ тастадым. Кейін екі суретті салыстырып, әлеуметтік желіге салғанымда әйелдер шулап кетті. Басты қағида - дұрыс тамақтану. Күнделікті ағзаға зиянсыз, пайдалы тамақты тұтыну. Байқасам, біз су ішпейді екенбіз. Айналып келіп шай ішеміз, газды сусын пайдаланамыз. Таза суға жетпейді екен. Адам таза судан тазарады екен. Сонымен қатар ас мәзірінен бүкіл зиянды тағамды алып тастау керек", - деді Бота Бейсенова.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2030659-otandyq-ansi-bota-beisenova-tort-aida-qalai-25-keli-salmaqtan-arylganyn-aitty/
31 шілде 2023, 11:24
kk
Қызылорда облысында банк қызметкері 600 млн теңгеден астам қаражат ұрлаған
Қызылорда облысында 600 млн теңгеден астам қаражат ұрлады деген күдікпен банк қызметкері ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. ҚМА дерегінше, банк қоймасындағы қаражатты тексеру барысында 602 900 000 теңге жетіспейтіндігі анықталған. Контроллер-кассир шамамен 1 млн теңгеден 4 млн теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, кассадан ұрлағаны анықталды. Банктің 2021-2023 жылдар аралығындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді, онда кассадан халаттың жеңіне оралған ақшаларды шығару арқылы ұрлау фактілері тіркелген. Ведомство мәліметінше, күдікті жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында букмекерлік кеңседен оның атына тіркелген шотынан ақпарат алынып, соңғы 3,5 жылда есепшотқа 158 млн теңге түскені анықталды. Сондай-ақ оның атына және жұбайының атына тіркелген абоненттік нөмірлерден букмекерлік кеңселердің есепшотына ақша аудару бойынша операциялар жүргізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайтыны атап өтілді.
Қызылорда облысында 600 млн теңгеден астам қаражат ұрлады деген күдікпен банк қызметкері ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. ҚМА дерегінше, банк қоймасындағы қаражатты тексеру барысында 602 900 000 теңге жетіспейтіндігі анықталған. Контроллер-кассир шамамен 1 млн теңгеден 4 млн теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, кассадан ұрлағаны анықталды. Банктің 2021-2023 жылдар аралығындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді, онда кассадан халаттың жеңіне оралған ақшаларды шығару арқылы ұрлау фактілері тіркелген. Ведомство мәліметінше, күдікті жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында букмекерлік кеңседен оның атына тіркелген шотынан ақпарат алынып, соңғы 3,5 жылда есепшотқа 158 млн теңге түскені анықталды. Сондай-ақ оның атына және жұбайының атына тіркелген абоненттік нөмірлерден букмекерлік кеңселердің есепшотына ақша аудару бойынша операциялар жүргізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030658-qyzylorda-oblysynda-bank-qyzmetkeri-600-mln-tengeden-astam-qarazat-urlagan/
31 шілде 2023, 11:06
kk
Түркияда шағын автобус апатқа ұшырады: СІМ зардап шеккен қазақстандықтар туралы айтты
Түркияда түнде болған жол апатының мән-жайы белгілі болды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы жайында айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Министрлік мәліметінше, 30 шілде күні таңертең Аланияда шағын автобус жол-көлік апатына ұшыраған. Автобустың ішінде Қазақстанның 12 азаматы болған. "Түркия полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жүк көлігіне қатты жылдамдықта соғылған. Соқтығыс салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді", - деп хабарланды СІМ баспасөз қызметінде. Барлық мән-жайды біліп, қазақстандықтардың денсаулығы туралы ақпаратты анықтау үшін қазақстандық консул дереу Аланияға барған. Онда ол медициналық мекемелерді аралап, зардап шеккен отандастармен кездесті. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның 12 азаматының екеуі орташа ауыр халде. Оларға бүгінде ота жасалған және барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендердің барлығында медициналық сақтандыру бар. "Анталиядағы қазақстандық дипломаттар азаматтарымызбен тұрақты байланыста болып, тиісті жұмыстарды атқаруда", - деп атап өтті СІМ. Кеше БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тараған болатын. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған. Жергілікті NTV басылымы ақпаратынша, Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан. Бұған қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, шағын автобуста Қазақстан азаматтары болғанын растады
Түркияда түнде болған жол апатының мән-жайы белгілі болды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы жайында айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған хабарлайды. Министрлік мәліметінше, 30 шілде күні таңертең Аланияда шағын автобус жол-көлік апатына ұшыраған. Автобустың ішінде Қазақстанның 12 азаматы болған. "Түркия полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жүк көлігіне қатты жылдамдықта соғылған. Соқтығыс салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді", - деп хабарланды СІМ баспасөз қызметінде. Барлық мән-жайды біліп, қазақстандықтардың денсаулығы туралы ақпаратты анықтау үшін қазақстандық консул дереу Аланияға барған. Онда ол медициналық мекемелерді аралап, зардап шеккен отандастармен кездесті. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның 12 азаматының екеуі орташа ауыр халде. Оларға бүгінде ота жасалған және барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендердің барлығында медициналық сақтандыру бар. "Анталиядағы қазақстандық дипломаттар азаматтарымызбен тұрақты байланыста болып, тиісті жұмыстарды атқаруда", - деп атап өтті СІМ. Кеше БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тараған болатын. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған. Жергілікті NTV басылымы ақпаратынша, Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030650-turkiyada-sagyn-avtobus-apatqa-usyrady-sim-zardap-sekken-qazaqstandyqtar-turaly-aitty/
31 шілде 2023, 11:01
kk
Қазақстанда депозит мөлшерлемесі 25 жылдың ішінде рекорд жаңартты
Елімізде банктер депозит мөлшерлемесін өсіруді жалғастыруда. Data Hub сарапшыларының пікірінше, қазір орташа сыйақы мөлшерлемесі соңғы 25 жылдың ішінде ең жоғары деңгейге жетті. Жоғары инфляция кезінде банктік депозит қаражатты сақтаудың ең тиімді әдістерінің бірі болуы мүмкін. Бұған дейін қазақстандық банктер өз салымшыларына қандай шарттар ұсынатыны туралы айтқан болатын – кейбір жағдайларда пайыздық мөлшерлеме мүмкіндігінше жоғарғы деңгейге жетуі ықтимал. Алайда банктер мұнымен шектелмей, депозит бойынша шарттарды тиімді етуін жалғастыруда. Мәселен, егер мамыр айында жеке тұлғалардың депозиті бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 13,9 пайыз болса, маусым айында ол 14 пайызға дейін өскен. Сарапшылардың айтуынша, депозиттің мөлшерлемесі 25 жылдан астам уақыт бойы жоғары деңгейге жетпеген. Яғни, соңғы рет депозитке ақша салу 1996 жылдың желтоқсанында ғана тиімді болған. Ол кезде оның орташа нарықтық мөлшерлемесі 16,7 пайызды құраған. Депозит қарапайым қазақстандықтар үшін ғана емес, заңды тұлғалар үшін де тиімді болып келе жатыр. Бүгінде банктер заңды тұлғаларға 14,6 пайыз жылдық мөлшерлемемен депозит ұсынады. Соңғы 25 жылда бұл көрсеткіш 2015-2016 жылы қысқа мерзімге ғана жоғарылаған болатын. Айта кетейік, бүгінде тек теңгелік депозиттер емес, сонымен қатар шетел валютасында ашылған депозиттер де тиімді. Бұл ретте банктер бизнес шарттарын айтарлықтай жақсартқан. Маусым айында заңды тұлғаларға арналған депозиттік мөлшерлеме орташа есеппен 1,7 пайызды (мамырда – 1,1 пайызды) құраған. 2017 жылы бұл көрсеткіш 2 пайызды құраған болатын. Сондай-ақ бүгінде жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме 18,3 пайызға дейін жетуі мүмкін екенін еске саламыз.
Елімізде банктер депозит мөлшерлемесін өсіруді жалғастыруда. Data Hub сарапшыларының пікірінше, қазір орташа сыйақы мөлшерлемесі соңғы 25 жылдың ішінде ең жоғары деңгейге жетті. Жоғары инфляция кезінде банктік депозит қаражатты сақтаудың ең тиімді әдістерінің бірі болуы мүмкін. Бұған дейін қазақстандық банктер өз салымшыларына қандай шарттар ұсынатыны туралы айтқан болатын – кейбір жағдайларда пайыздық мөлшерлеме мүмкіндігінше жоғарғы деңгейге жетуі ықтимал. Алайда банктер мұнымен шектелмей, депозит бойынша шарттарды тиімді етуін жалғастыруда. Мәселен, егер мамыр айында жеке тұлғалардың депозиті бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 13,9 пайыз болса, маусым айында ол 14 пайызға дейін өскен. Сарапшылардың айтуынша, депозиттің мөлшерлемесі 25 жылдан астам уақыт бойы жоғары деңгейге жетпеген. Яғни, соңғы рет депозитке ақша салу 1996 жылдың желтоқсанында ғана тиімді болған. Ол кезде оның орташа нарықтық мөлшерлемесі 16,7 пайызды құраған. Депозит қарапайым қазақстандықтар үшін ғана емес, заңды тұлғалар үшін де тиімді болып келе жатыр. Бүгінде банктер заңды тұлғаларға 14,6 пайыз жылдық мөлшерлемемен депозит ұсынады. Соңғы 25 жылда бұл көрсеткіш 2015-2016 жылы қысқа мерзімге ғана жоғарылаған болатын. Айта кетейік, бүгінде тек теңгелік депозиттер емес, сонымен қатар шетел валютасында ашылған депозиттер де тиімді. Бұл ретте банктер бизнес шарттарын айтарлықтай жақсартқан. Маусым айында заңды тұлғаларға арналған депозиттік мөлшерлеме орташа есеппен 1,7 пайызды (мамырда – 1,1 пайызды) құраған. 2017 жылы бұл көрсеткіш 2 пайызды құраған болатын.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2030635-qazaqstanda-depozit-molserlemesi-25-zyldyn-isinde-rekord-zanartty/
31 шілде 2023, 10:49
kk
Алтынай Жолдыбаева сүйіктісі жайлы айтты (фото)
Әнші Алтынай Жолдыбаева әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап беріп, сүйіктісі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Алтынай Жолдыбаеваға Instagram парақшасында оқырмандарының бірі сұрақ қойған. Желі қолданушысы "Сіз тұрмыстасыз ба?", - деп сұрады әншіден. Ал Алтынай Жолдыбаева белгісіз ер адамның қолынан ұстаған суретті желіге бөлісіп, сезімі жайлы бөлісті. "Теңдессіз сезімдерімнің себепкері", - деп жазып қойды әнші өзі бөліскен суретке. Алайда әнші оқырманының сұрағына нақты жауап бермеген.
Әнші Алтынай Жолдыбаева әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап беріп, сүйіктісі жайлы айтты, деп жазады . Алтынай Жолдыбаеваға Instagram парақшасында оқырмандарының бірі сұрақ қойған. Желі қолданушысы "Сіз тұрмыстасыз ба?", - деп сұрады әншіден. Ал Алтынай Жолдыбаева белгісіз ер адамның қолынан ұстаған суретті желіге бөлісіп, сезімі жайлы бөлісті. "Теңдессіз сезімдерімнің себепкері", - деп жазып қойды әнші өзі бөліскен суретке.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2030649-altynai-zoldybaeva-suiiktisin-korsetti-foto/
31 шілде 2023, 10:36
kk
Шымкентте бір апта ішінде ауа райы қандай болады
Алдағы жеті күнде Шымкентте ауа райы қандай болатынын KAZ.NUR.KZ порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 31 шілдеде Шымкентте күн ашық болады. Орташа температура 32°C деңгейінде болғанымен, 30°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 39°C-қа дейін көтеріліп, түнде 22°C-қа дейін түсуі мүмкін. 1 тамызда күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы шамамен 33°C-қа жеткенімен, 31°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 40°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 26°C деңгейіне дейін түседі. 2 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 32°C болғанымен, 30°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 39°C-қа дейін көтеріліп, түнде 25°C-қа дейін түседі. 3 тамызда синоптиктер Шымкентте күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 31°C болғанымен, 29°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 39°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 23°C-қа дейін түсуі мүмкін. 4 тамызда күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 31°C болғанымен, 29°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 38°C-қа дейін ысиды, ал түнде 22°C-қа дейін суитын болады. 5 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 32°C болғанымен, 30°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 38°C болса, минималды температура 24°C болмақ. 6 тамызда синоптиктер болжамы бойынша күн ашық болады. Орташа ауа температурасы 31°C болғанымен, 29°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 37°C-қа дейін көтеріліп, түнде 22°C-қа дейін түсуі ықтимал.
Алдағы жеті күнде Шымкентте ауа райы қандай болатынын порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 31 шілдеде Шымкентте күн ашық болады. Орташа температура 32°C деңгейінде болғанымен, 30°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 39°C-қа дейін көтеріліп, түнде 22°C-қа дейін түсуі мүмкін. 1 тамызда күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы шамамен 33°C-қа жеткенімен, 31°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 40°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 26°C деңгейіне дейін түседі. 2 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 32°C болғанымен, 30°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 39°C-қа дейін көтеріліп, түнде 25°C-қа дейін түседі. 3 тамызда синоптиктер Шымкентте күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 31°C болғанымен, 29°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 39°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 23°C-қа дейін түсуі мүмкін. 4 тамызда күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 31°C болғанымен, 29°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 38°C-қа дейін ысиды, ал түнде 22°C-қа дейін суитын болады. 5 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 32°C болғанымен, 30°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 38°C болса, минималды температура 24°C болмақ. 6 тамызда синоптиктер болжамы бойынша күн ашық болады. Орташа ауа температурасы 31°C болғанымен, 29°C секілді сезілетін болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030620-symkentte-bir-apta-isinde-aua-raiy-qandai-bolady/
31 шілде 2023, 10:20
kk
Тартылған ет қосылған пештегі кәді: ең оңай жазғы тағам
Жазда көптеген әйел асханада көп уақыт жоғалтқысы келмейді. Осы орайда көмекке маусымдық көкөністер келеді. Сол себепті дәмі тіл үйірер қаймақты-ірімшікті соустағы тартылған ет қосылған кәді әзірлеудің жеңіл рецебімен бөлісеміз. Кәдінің отаны б.з.д. 5 мың жыл бұрын өсіре бастаған Оңтүстік Америка болып саналады. Ежелгі үндістер бұл көкөністі ерекше жақсы көрген әрі оны мыңжылдықтар бойы тағам ретінде қолданған. Еуропаға кәді XVI ғасырда өзге де азық-түліктермен бірге келген. Тағы бір қызықты дерек, кәдіні ботаникалық бақтарда декоративті өсімдік ретінде де пайдаланған. Болжам бойынша кәдіні тағам ретінде XVIII ғасырда алғаш рет италиялықтар пайдаланды деген дерек бар. Сипаттамасы: Асхана: Еуропалық Санаты: Басты тағам Дайындалуға кететін уақыт: 5 минут Дайындалу уақыты: 30 минут 1 порцияға арналған калория мөлшері: 130 ккал 1 порцияға арналған құрамы: Сарымcақ – 2 дана. Аскөк – дәміне қарай 20% қаймақ - 2 ас қасық. Сәбіз – 1 дана Өсімдік майы – дәміне қарай Майонез - 1 шай қасық. Пияз – 75 г Ұзын сортты күріш – 50 г Кәді – 3 дана Тұз, бұрыш – дәміне қарай Су - 50 мл Ет фаршы – 400 г Қатты ірімшік – 130 г Дайындалуы 1. Пиязды дайындаңыз Пиязды тазалап, шаршы пішінде тураңыз. Өсімдік майы бар табаны қыздырыңыз. Пиязды әбден қуырылғанша, 3 минуттай қуырыңыз. 2. Сәбіздің қосыңыз Сәбізді қабығынан аршып, жақсылып жуып, ірі үккіштен өткізіңіз. Пияз жақсылап қуырылған соң, үстінен сәбізді салыңыз. Көкөністерді араластырып, орташа отта шамамен 5 минуттай қуырыңыз. 3. Кәдіні дайындаңыз. Кәдіні жақсылап жуып, қақ ортасынан бөліңіз. Әр бөліктен қасықпен ортасын алып тастап, кеме жасаңыз. Ал кәдінің ортасынан алған бөлігін ұсақтап тураңыз. 4. Салмасын дайындаңыз Күрішті жартылай дайын болғанша пісіріп, суытып қойыңыз. Тағамның рецептісі бойынша негізінен 100 г дайын күріш керек, сол себепті піспеген күріштің 50 г-ын алған жөн. Піскен күрішті тартылған ет, қуырылған көкөніспен араластырып, 50 мл су қосып, дәміне қарай тұз, бұрыш қосу керек. Барлық құрамды жақсылап араластырып, кәдінің қалған бөлігін салыңыз. 5. Кәдіге тартылған етті салыңыз Дайындалған кәдіге салмасын салыңыз. Сосын кәдіні пісіруге арналған формаға салыңыз. Қыздырылған пеште мұндай кәді 180°С-та 20 минутта піседі. 6. Соусты дайындаңыз Кәді дайын болғанша, соусты дайындаңыз. Қаймақ, майонез, 0,5 шай қасық тұз бен ұсақталып туралған сарымсақ пен аскөкті салыңыз. Ірімшікті үккіштен өткізіп, соусқа қосыңыз. Барлық құрамды біртекті масса пайда болғанша, араластырыңыз. 7. Соусты кәдіге жағыңыз Кәдіні пешке салған соң 20 минут өткеннен кейін, противеньді пештен алып шығыңыз. Тартылған еті бар кәдіге соусты жағыңыз. Противеньді пешке тағы 20 минутқа салыңыз. Осылайша дәмі тіл үйірер тағамымыз дайын болады.
Жазда көптеген әйел асханада көп уақыт жоғалтқысы келмейді. Осы орайда көмекке маусымдық көкөністер келеді. Сол себепті дәмі тіл үйірер қаймақты-ірімшікті соустағы тартылған ет қосылған кәді әзірлеудің жеңіл рецебімен бөлісеміз. Кәдінің отаны б.з.д. 5 мың жыл бұрын өсіре бастаған Оңтүстік Америка болып саналады. Ежелгі үндістер бұл көкөністі ерекше жақсы көрген әрі оны мыңжылдықтар бойы тағам ретінде қолданған. Еуропаға кәді XVI ғасырда өзге де азық-түліктермен бірге келген. Тағы бір қызықты дерек, кәдіні ботаникалық бақтарда декоративті өсімдік ретінде де пайдаланған. Болжам бойынша кәдіні тағам ретінде XVIII ғасырда алғаш рет италиялықтар пайдаланды деген дерек бар. Сипаттамасы: Асхана: Еуропалық Санаты: Басты тағам Дайындалуға кететін уақыт: 5 минут Дайындалу уақыты: 30 минут 1 порцияға арналған калория мөлшері: 130 ккал 1 порцияға арналған құрамы: Сарымcақ – 2 дана. Аскөк – дәміне қарай 20% қаймақ - 2 ас қасық. Сәбіз – 1 дана Өсімдік майы – дәміне қарай Майонез - 1 шай қасық. Пияз – 75 г Ұзын сортты күріш – 50 г Кәді – 3 дана Тұз, бұрыш – дәміне қарай Су - 50 мл Ет фаршы – 400 г Қатты ірімшік – 130 г Дайындалуы 1. Пиязды дайындаңыз Пиязды тазалап, шаршы пішінде тураңыз. Өсімдік майы бар табаны қыздырыңыз. Пиязды әбден қуырылғанша, 3 минуттай қуырыңыз. 2. Сәбіздің қосыңыз Сәбізді қабығынан аршып, жақсылып жуып, ірі үккіштен өткізіңіз. Пияз жақсылап қуырылған соң, үстінен сәбізді салыңыз. Көкөністерді араластырып, орташа отта шамамен 5 минуттай қуырыңыз. 3. Кәдіні дайындаңыз. Кәдіні жақсылап жуып, қақ ортасынан бөліңіз. Әр бөліктен қасықпен ортасын алып тастап, кеме жасаңыз. Ал кәдінің ортасынан алған бөлігін ұсақтап тураңыз. 4. Салмасын дайындаңыз Күрішті жартылай дайын болғанша пісіріп, суытып қойыңыз. Тағамның рецептісі бойынша негізінен 100 г дайын күріш керек, сол себепті піспеген күріштің 50 г-ын алған жөн. Піскен күрішті тартылған ет, қуырылған көкөніспен араластырып, 50 мл су қосып, дәміне қарай тұз, бұрыш қосу керек. Барлық құрамды жақсылап араластырып, кәдінің қалған бөлігін салыңыз. 5. Кәдіге тартылған етті салыңыз Дайындалған кәдіге салмасын салыңыз. Сосын кәдіні пісіруге арналған формаға салыңыз. Қыздырылған пеште мұндай кәді 180°С-та 20 минутта піседі. 6. Соусты дайындаңыз Кәді дайын болғанша, соусты дайындаңыз. Қаймақ, майонез, 0,5 шай қасық тұз бен ұсақталып туралған сарымсақ пен аскөкті салыңыз. Ірімшікті үккіштен өткізіп, соусқа қосыңыз. Барлық құрамды біртекті масса пайда болғанша, араластырыңыз. 7. Соусты кәдіге жағыңыз Кәдіні пешке салған соң 20 минут өткеннен кейін, противеньді пештен алып шығыңыз. Тартылған еті бар кәдіге соусты жағыңыз. Противеньді пешке тағы 20 минутқа салыңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029904-tartylgan-et-qosylgan-pestegi-kadi-en-onai-zazgy-tagam/
31 шілде 2023, 10:16
kk
2023 жылғы 31 шілде: криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 31 шілде күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $110.96-ға өсті. Бүгін актив $29,308.04617142* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00312-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 31 шілде күні $0.08105294*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $9.01-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,868.6001382*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0027-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.39051987* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0005-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 31 шілде күні $0.99857065*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.51-ға әлсіреді. Актив $93.97930899* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.25-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $18.76843502*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0038-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.711738*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00142-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.07895506* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 31 шілде күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $110.96-ға өсті. Бүгін актив $29,308.04617142* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00312-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 31 шілде күні $0.08105294*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $9.01-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,868.6001382*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0027-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.39051987* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0005-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 31 шілде күні $0.99857065*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.51-ға әлсіреді. Актив $93.97930899* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.25-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $18.76843502*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0038-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.711738*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00142-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.07895506* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2030645-2023-zylgy-31-silde-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
31 шілде 2023, 10:12
kk
Елордада бір апта бойы күн бұлттанып, жаңбыр жаууы мүмкін
Алдағы жеті күнде Астанада ауа райы қандай болатынын KAZ.NUR.KZ порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 31 шілдеде Астанада күн ала бұлтты болады. Орташа температура 23°C деңгейінде болғанымен, 23°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 30°C-қа дейін көтеріліп, түнде 15°C-қа дейін түсуі мүмкін. 1 тамызда күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы шамамен 26°C-қа жеткенімен, 25°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 32°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 18°C деңгейіне дейін түседі. 2 тамызда жаңбыр болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 23°C болғанымен, 22°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 34°C-қа дейін көтеріліп, түнде 18°C-қа дейін түседі. 3 тамыз күні синоптиктер Астанада жаңбыр болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 23°C болғанымен, 23°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 30°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 16°C-қа дейін түсуі мүмкін. 4 тамыз күні жаңбыр болады. Орташа тәуліктік температура – 24°C болғанымен, 24°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 29°C-қа дейін ысиды, ал түнде 18°C-қа дейін суитын болады. 5 тамыз күні жаңбыр болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 24°C болғанымен, 24°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 28°C болса, минималды температура 18°C болмақ. 6 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 21°C болғанымен, 21°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 29°C-қа дейін көтеріліп, түнде 17°C-қа дейін түсуі ықтимал.
Алдағы жеті күнде Астанада ауа райы қандай болатынын порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 31 шілдеде Астанада күн ала бұлтты болады. Орташа температура 23°C деңгейінде болғанымен, 23°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 30°C-қа дейін көтеріліп, түнде 15°C-қа дейін түсуі мүмкін. 1 тамызда күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы шамамен 26°C-қа жеткенімен, 25°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 32°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 18°C деңгейіне дейін түседі. 2 тамызда жаңбыр болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 23°C болғанымен, 22°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 34°C-қа дейін көтеріліп, түнде 18°C-қа дейін түседі. 3 тамыз күні синоптиктер Астанада жаңбыр болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 23°C болғанымен, 23°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 30°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 16°C-қа дейін түсуі мүмкін. 4 тамыз күні жаңбыр болады. Орташа тәуліктік температура – 24°C болғанымен, 24°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 29°C-қа дейін ысиды, ал түнде 18°C-қа дейін суитын болады. 5 тамыз күні жаңбыр болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 24°C болғанымен, 24°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 28°C болса, минималды температура 18°C болмақ. 6 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 21°C болғанымен, 21°C секілді сезілетін болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030619-elordada-bir-apta-boiy-kun-bulttanyp-zanbyr-zauuy-mumkin/
31 шілде 2023, 09:18
kk
2023 жылғы 31 шілде: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 31 шілде күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.68 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 489.00 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.90 (+0.00). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 31 шілде күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.68 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 489.00 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.90 (+0.00). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 487.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2030634-2023-zylgy-31-silde-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
31 шілде 2023, 09:06
kk
Павлодар – Омбы тас жолында жүк көлігінің жүргізушісінен құны 2,5 млн долларға жететін есірткі табылды
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы арқылы өткен есірткінің ірі партиясы транзитінің жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев жедел-тергеу іс-шаралары туралы баяндап берді. "Биылғы жылдың шілде айында Павлодар – Омбы бағытындағы автожолда арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің күштік қолдауымен жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды. Жүк көліктің Volvo маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 килограмм “героин” салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм “гашиш” салынған екі орама анықталып, тәркіленді", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев. Ведомство мәліметінше, бұл шамамен 250 мың бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды ("Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы"). Асқар Мұхаметқалиевтің сөзінше, қазір есірткі қылмысының өзге қатысушылары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ есірткі жеткізудің басқа да ықтимал арналарын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы арқылы өткен есірткінің ірі партиясы транзитінің жолын кесті. Бұл туралы ақпараттық медиа-порталында хабарланды. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев жедел-тергеу іс-шаралары туралы баяндап берді. "Биылғы жылдың шілде айында Павлодар – Омбы бағытындағы автожолда арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің күштік қолдауымен жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды. Жүк көліктің Volvo маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 килограмм “героин” салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм “гашиш” салынған екі орама анықталып, тәркіленді", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев. Ведомство мәліметінше, бұл шамамен 250 мың бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды ("Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы").
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030631-pavlodar-omby-tas-zolynda-zuk-koliginin-zurgizusisinen-quny-25-mln-dollarga-zetetin-esirtki-tabyldy/
31 шілде 2023, 09:02
kk
"Әттеген-ай": Бағлан Әбдірайымов екінші фильмінің сәтсіз шыққанын мойындады (фото)
Әнші Бағлан Әбдірайымов көпшілікке ұсынған екінші фильмінің де сәтсіздікке ұшырағанын мәлім етті. Өнер иесі Instagram парақшасында өкінішін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Кім өзіне ор қазады дейсің? Ізденіс, даму, жақсы өмірге бәріміздің жанымыз құмар. Алайда, біз ойлаған нәрсе бола бермейді. Сәтсіз проект болғаны өте өкінішті. Кино қалың көрерменнің ойынан шықпады. Жаңа бағыт, жаңа стиль жасап, көрерменді қуантамыз деп едік, әттеген-ай! Бұл жағдай менің басымнан өткен. Бұл жолы басқаша, қамығуға, жығылуға, күрсінуге дым ниет жоқ. Өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Адал еңбек, маңдай тер, кеткен уақыт өз жемісін берері сөзсіз. Деніміз сау, басымыз аман. Бұл да өтер, сенімдімін. Тағы да шыңдаламыз. Жақсы күнде, жақсы жаңалықпен жолығамыз", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов. Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. "Сізге жақсы мамандар керек", "Мүмкін, кино сіздің тема емес шығар", "Халық арзан комедиядан шаршаған", "Түнде фильмді көруге бардық. Залдан халық ашуланып шықты. Уақытын, ақшасын құртқан көрерменге обал", "Маған ұнады, жақсы дүние шыққан", "Тек қана алға", "Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпес", "Жолдасым "жақсы бір кино таңдашы"деп айтқан соң, осы киноға билет алып едік. Кинода отырып, жолдасымның бетіне қарай алмадым ғой. Залдан ашуланып шықты. Көңіл күй түсіп кетті", "Жұмыс жасамаған адам ғана қателеспейді", - деді желідегілер. Айта кетейік, осыған дейін Бағлан Әбдірайымов көпшілікке Zero фильмін ұсынған болатын.
Әнші Бағлан Әбдірайымов көпшілікке ұсынған екінші фильмінің де сәтсіздікке ұшырағанын мәлім етті. Өнер иесі Instagram парақшасында өкінішін бөлісті, деп жазады . "Кім өзіне ор қазады дейсің? Ізденіс, даму, жақсы өмірге бәріміздің жанымыз құмар. Алайда, біз ойлаған нәрсе бола бермейді. Сәтсіз проект болғаны өте өкінішті. Кино қалың көрерменнің ойынан шықпады. Жаңа бағыт, жаңа стиль жасап, көрерменді қуантамыз деп едік, әттеген-ай! Бұл жағдай менің басымнан өткен. Бұл жолы басқаша, қамығуға, жығылуға, күрсінуге дым ниет жоқ. Өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Адал еңбек, маңдай тер, кеткен уақыт өз жемісін берері сөзсіз. Деніміз сау, басымыз аман. Бұл да өтер, сенімдімін. Тағы да шыңдаламыз. Жақсы күнде, жақсы жаңалықпен жолығамыз", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов. Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. "Сізге жақсы мамандар керек", "Мүмкін, кино сіздің тема емес шығар", "Халық арзан комедиядан шаршаған", "Түнде фильмді көруге бардық. Залдан халық ашуланып шықты. Уақытын, ақшасын құртқан көрерменге обал", "Маған ұнады, жақсы дүние шыққан", "Тек қана алға", "Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпес", "Жолдасым "жақсы бір кино таңдашы"деп айтқан соң, осы киноға билет алып едік. Кинода отырып, жолдасымның бетіне қарай алмадым ғой. Залдан ашуланып шықты. Көңіл күй түсіп кетті", "Жұмыс жасамаған адам ғана қателеспейді", - деді желідегілер.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2030630-attegen-ai-baglan-abdiraiymov-ekinsi-filminin-satsiz-syqqanyn-moiyndady-foto/
31 шілде 2023, 08:52
kk
Пәкістанда съезд кезінде жарылыс болып, 40-тан астам адам қаза тапты (видео)
Пәкістанда жексенбі күні, 30 шілдеде "Жамиат Улема-и-Ислам" ("Ислам діні өкілдерінің жиыны") партиясының съезінде жарылыс болды. 40-тан астам адам көз жұмды. Бұл туралы CNN хабарлайды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, шабуылдан кемінде 44 адам қаза тапқан, тағы 100 адам ауруханаға жеткізілді, зардап шеккендердің ішінде 17-сі ауыр жағдайда жатыр. Басылым мәліметінше, теракт Ауғанстанмен шекараға жақын жерде орналасқан Хар қаласында болған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жанкешті-террорист исламдық партияның съезіне жарылғыш зат әкеліп, оны партия өкілдері сөйлеп тұрған сахна маңында жарып жіберген. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс болған күні съезд жұмысына 500-ге жуық адам қатысқан. Басылымда әзірге ешбір ұйымның шабуылды өз мойнына алмағаны атап өтілді. Пәкістан премьер-министрінің кеңсесінде жарылысқа қатысты тергеу басталғаны туралы хабарланды. Сондай-ақ CNN ақпаратынша, пәкістандық саяси партиялар биылғы жылдың соңында өтетін сайлау науқанына дайындықты бастаған. Anadolu агенттігі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Пәкістандағы лаңкестік әрекеттер саны 79 пайызға артқанын жазады - алты айда ел ішінде 271 теракт орын алып, салдарынан 389 адам мерт болды.
Пәкістанда жексенбі күні, 30 шілдеде "Жамиат Улема-и-Ислам" ("Ислам діні өкілдерінің жиыны") партиясының съезінде жарылыс болды. 40-тан астам адам көз жұмды. Бұл туралы CNN хабарлайды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, шабуылдан кемінде 44 адам қаза тапқан, тағы 100 адам ауруханаға жеткізілді, зардап шеккендердің ішінде 17-сі ауыр жағдайда жатыр. Басылым мәліметінше, теракт Ауғанстанмен шекараға жақын жерде орналасқан Хар қаласында болған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жанкешті-террорист исламдық партияның съезіне жарылғыш зат әкеліп, оны партия өкілдері сөйлеп тұрған сахна маңында жарып жіберген. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс болған күні съезд жұмысына 500-ге жуық адам қатысқан. Басылымда әзірге ешбір ұйымның шабуылды өз мойнына алмағаны атап өтілді. Пәкістан премьер-министрінің кеңсесінде жарылысқа қатысты тергеу басталғаны туралы хабарланды. Сондай-ақ CNN ақпаратынша, пәкістандық саяси партиялар биылғы жылдың соңында өтетін сайлау науқанына дайындықты бастаған.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2030629-pakistanda-sezind-kezinde-zarylys-bolyp-40-tan-astam-adam-qaza-tapty-video/
31 шілде 2023, 08:39
kk
Алматыда осы аптада күн жаңбырлы болады деп болажануда
Алдағы жеті күнде Алматыда ауа райы қандай болатынын KAZ.NUR.KZ порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 31 шілде күні Алматыда жаңбыр болады. Орташа температура 27°C деңгейінде болғанымен, 26°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 35°C-қа дейін көтеріліп, түнде 20°C-қа дейін түсуі мүмкін. 1 тамызда күн ашық болады. Ауа температурасы шамамен 31°C-қа жеткенімен, 29°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 37°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 24°C деңгейіне дейін түседі. 2 тамызда жаңбыр болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 30°C болғанымен, 29°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 36°C-қа дейін көтеріліп, түнде 24°C-қа дейін түседі. 3 тамыз күні синоптиктер Алматыда күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 31°C болғанымен, 29°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 37°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 25°C-қа дейін түсуі мүмкін. 4 тамызда күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 30°C болғанымен, 29°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 37°C-қа дейін ысиды, ал түнде 24°C-қа дейін суитын болады. 5 тамызда жаңбыр болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 29°C болғанымен, 27°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 36°C болса, минималды температура 23°C болмақ. 6 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 22°C болғанымен, 22°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 29°C-қа дейін көтеріліп, түнде 20°C-қа дейін түсуі ықтимал.
Алдағы жеті күнде Алматыда ауа райы қандай болатынын порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 31 шілде күні Алматыда жаңбыр болады. Орташа температура 27°C деңгейінде болғанымен, 26°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 35°C-қа дейін көтеріліп, түнде 20°C-қа дейін түсуі мүмкін. 1 тамызда күн ашық болады. Ауа температурасы шамамен 31°C-қа жеткенімен, 29°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 37°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 24°C деңгейіне дейін түседі. 2 тамызда жаңбыр болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 30°C болғанымен, 29°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 36°C-қа дейін көтеріліп, түнде 24°C-қа дейін түседі. 3 тамыз күні синоптиктер Алматыда күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 31°C болғанымен, 29°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 37°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 25°C-қа дейін түсуі мүмкін. 4 тамызда күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 30°C болғанымен, 29°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 37°C-қа дейін ысиды, ал түнде 24°C-қа дейін суитын болады. 5 тамызда жаңбыр болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 29°C болғанымен, 27°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 36°C болса, минималды температура 23°C болмақ. 6 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 22°C болғанымен, 22°C секілді сезілетін болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030618-almatyda-osy-aptada-kun-zanbyrly-bolady-dep-bolazanuda/
31 шілде 2023, 08:04
kk
Тікұшақ, 10 моторлы қайық пен ондаған адам Каспий теңізі маңында жоғалған адамды іздеп жатыр
Маңғыстау облысында құтқарушылар, шенеуніктер мен еріктілер 29 шілдеде Каспий теңізі маңында жоғалып кеткен ер адамды іздестіруде. Іздеу жұмыстарына тікұшақ, моторлы қайықтар және 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілеріне сілтеме жасаған Lada.kz сайтында хабарланды. Басылымның хабарлауынша, 29 шілдеде кешкі уақытта бес балықшы Құрық ауылынан жеті шақырымдай жерде ау орнатқан. Таңертең ер адамның бірі жоғалып кеткені белгілі болды. Бұл ретте оның заттары жағада қалып қойған. Ер адам суға батып кеткен деген болжам бар. Қарақия ауданының әкімдігінде іздестіру шараларына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылары және із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары жұмылдырылғаны хабарланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында іздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықты қамтығаны айтылған. Оған 60-қа жуық адам, 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Оның ішінде 1 түкұшақ, 10 моторлы қайық, жол талғамайтын көліктер бар. Одан бөлек 7 сүңгуір де теңізде іздеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ ведомствода тікұшақтар ер адам жоғалған аумақты әуеден бақылап жатқанын атап өтті. Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде үрмелі матрацта отырған үш қызды теңіз толқыны алып кетіп, құтқару жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылған болатын. Кейін олар бір түннен кейін табылды.
Маңғыстау облысында құтқарушылар, шенеуніктер мен еріктілер 29 шілдеде Каспий теңізі маңында жоғалып кеткен ер адамды іздестіруде. Іздеу жұмыстарына тікұшақ, моторлы қайықтар және 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Бұл туралы еріктілеріне сілтеме жасаған сайтында хабарланды. Басылымның хабарлауынша, 29 шілдеде кешкі уақытта бес балықшы Құрық ауылынан жеті шақырымдай жерде ау орнатқан. Таңертең ер адамның бірі жоғалып кеткені белгілі болды. Бұл ретте оның заттары жағада қалып қойған. Ер адам суға батып кеткен деген болжам бар. Қарақия ауданының әкімдігінде іздестіру шараларына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылары және із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары жұмылдырылғаны хабарланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында іздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықты қамтығаны айтылған. Оған 60-қа жуық адам, 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Оның ішінде 1 түкұшақ, 10 моторлы қайық, жол талғамайтын көліктер бар. Одан бөлек 7 сүңгуір де теңізде іздеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ ведомствода тікұшақтар ер адам жоғалған аумақты әуеден бақылап жатқанын атап өтті. Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде үрмелі матрацта отырған үш қызды теңіз толқыны алып кетіп, құтқару жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылған болатын.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030624-tikusaq-10-motorly-qaiyq-pen-ondagan-adam-kaspii-tenizi-manynda-zogalgan-adamdy-izdep-zatyr/
31 шілде 2023, 08:01
kk
40 градус ыстық: еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Дүйсенбі, 31 шілдеде Алматыда найзағай ойнайды, ал Шымкент пен Астанада күн ашық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды. Синоптиктердің болжауынша, Алматыда найзағай ойнап, жауын-шашын күтіледі. Жел 13 м/с дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін көтерілсе, түнде 21-23 градус болады. Астанада күн жауын-шашынсыз, күндіз 29-31 градус ыстық болады, түнде 17-19 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с. Шымкентте бүгін синоптиктер аптап ыстық күтіледі. Күндіз ауа температурасы 38-40 градусқа көтерілсе, түнде 22-24 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с құрайды.
Дүйсенбі, 31 шілдеде Алматыда найзағай ойнайды, ал Шымкент пен Астанада күн ашық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды. Синоптиктердің болжауынша, Алматыда найзағай ойнап, жауын-шашын күтіледі. Жел 13 м/с дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін көтерілсе, түнде 21-23 градус болады. Астанада күн жауын-шашынсыз, күндіз 29-31 градус ыстық болады, түнде 17-19 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с. Шымкентте бүгін синоптиктер аптап ыстық күтіледі. Күндіз ауа температурасы 38-40 градусқа көтерілсе, түнде 22-24 градусқа төмендейді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030623-40-gradusqa-deiin-ystyq-elimizdin-iri-megapolisterinde-aptap-ystyq-kutiledi/
31 шілде 2023, 07:33
kk
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы кез келген қазақстандық білуі керек 10 дерек
Ортағасырлық сәулет өнерінің теңдесі жоқ жәдігері саналатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесін тамашалау үшін Түркістан шаһарына әлемнің түкпір-түкпірінен меймандар келеді. Бұл жазбамызда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қатысты қызықты ақпараттар ұсынамыз. Заманында мықты қолбасшы болған Әмір Темір Орталық Азия жерін жаулап, өз ізін қалдырды. Ол Түркістан қаласында (ол кезде Ясы деп аталған) орналасқан ең маңызды ескерткіштерінің бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салдырды. Кесене діни тұрғыдағы маңыздылығымен зиярат етушілерді бұрыннан қызықтырып келеді. Орталық Азиядағы ең үлкен күмбезді кесенеге келушілердің дені бұл орынның асқан шеберлікпен салынғанын байқай алады. Бұдан сол дәуірдегі сәулет өнерінің қандай болғанын аңғаруға болады. visitworldheritage.com сайтындағы "Mausoleum of Khoja Ahmed Yasawi" жазбасында кесененің салыну тарихы жайлы мынадай деректер берілген: Тарихта ең табысты әскери қолбасшылардың бірі болған Әмір Темірдің қатыгездігі жайлы жазылған жазбалар да жоқ емес. Ғалымдардың есебі бойынша Темір XIV ғасырда Орта Азияда соғыс жүргізгенде оның әскері 17 миллионға жуық адамды өлтірген деген дерек бар. Ол құрған империя шығыста Үндістаннан батыста Түркияға және Ресей мен Таяу Шығыстың шеткі аймақтарына дейінгі бүкіл Орталық Азияны қамтыды. Әмір Темір қаншалықты қатігез болса да, дін мен өнердің құдіретіне бас иген еді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салуға да осы қасиеті себеп болды. Ол Түркістан төңірегін жаулап алғаннан кейін сол кездегі атақты Ясы қаласында үлкен кесене, мешіт, медресе салуға бұйрық берді. Түркістан қаласы ортақ тарихи-мәдени дәстүрлерді бір арнаға тоғыстырды. 12 ғасырдың ардақты тұлғасы Қожа Ахмет Яссауидің қабірін белгілей отырып салынған кесене сол кездегі мәдениет, дін мен өнерді үйлестірді. Саяси тұрғыда ғана емес, маңызды ескерткіш жасағысы келген Темір патша кесененің жобасын жасауға өзі қатысқан деседі. Ол алдымен Шираз және Исфахан сияқты өнер орталықтарынан шебер құрылысшыларды шақырды. Жаңа құрылыс жобасы өте сәтті болғандықтан, Темір мұны Самарқандта да қолданды. Қазіргі күні саяхатшылар Тәж-Махалдан сол кезеңдегі сәулет өнерінің шарықтау шегіне куә бола алады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 1389 жылы пайдалануға беріліп, 1405 жылы Темір қайтыс болғаннан кейін аяқталмай қалды. Осыған байланысты кешеннің кіреберісі мен ішкі бөлігінің кейбір бөліктері жасалмаған. Бірақ ашық түсті күмбезді үлкен ғимарат тез арада Түркістан мен Қазақстанның мәдени мұрасының символына айналды. Қала 16-18 ғасырлар аралығында Қазақ хандығының астанасы болды, сауда мен қолөнердің маңызды орталығына айналды. Ал кесене қай кезде де мәдени және діни орталық ретінде белгілі. ЮНЕСКО дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Күлтөбеде ұрпақтан-ұрпаққа талай би, батыр, ардақты хандар жерленген. 1103 жылы дүниеге келген Ахмет Яссауи ислам сенімінің тылсым көрінісі болып саналатын сопылық ілімнің дамуына ерекше ықпал еткен рухани көсем болды. Яссауи өлеңдерімен, тағылымымен көшпелі түркілердің ислам дінін таратудағы маңызды рөлін көрсетті. Ахмет Яссауи ХІІ ғасырда бірнеше аймақтық мектептерге айналған сопылықтың түркі тармағының басшысы бола білді. Аңыздарда Қожа Ахмет Яссауидің ата-анасы оны түйеге мінгізіп, түйенің аялдаған жерін мекендеуді бұйырған көрінеді. Ол ежелгі Ясы қаласы, қазіргі Түркістан болып шыққан. Алайда оның ілімінен басқа өмірі туралы мәлімет аз. Ол Ясыға қайтып оралғанға дейін Бұхарада біраз уақыт ислам дінін зерттеген деседі. Ежелгі жазбалар оның өмірінің соңғы жылдарын жерасты мешітінде өткізгенін көрсетеді. Тайқазан бір кездері Санкт-Петербургтегі Эрмитажға "Иран өнері мен археологиясы бойынша III халықаралық конгресіне" алынған. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18-інде ғана Өзбекәлі Жәнібеков бастаған ұлтжанды азаматтардың бастамасымен тарихи Отанына қайтарылды. Бұл жөнінде ҚР ҰҒА Философия және саясаттану институтының ғылыми қызметкері Аманжол Мейірманның "Ана тілі" газетіне жарияланған "Тайқазан" мақаласында жазылған. "Асқақ мәдениетіміз­дің заттай айғағы болған Тайқазан­ды осылайша басыбайлы Иран мәдениетінің еншісіне ұстатып жі­беруге талпыныс тарихымызға жа­салған көп қиянаттың бірі еді. Яссауи кесенесіне сыйға тартылған құнды жәдігерді ирандық ұсталарды жалдап, ақысын төлеп құйдырғаны ғана болмаса, Тайқазан – терең дәстүрден тамыр алып, исламдық мәнмен астасқан рухани төл мұрамыз болатын", - делінген мақалада. Бірлік пен қонақжайлықтың көрінісі болған тайқазанның диаметрі – 2,4 метр, ал салмағы – екі тоннаны құрайды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қатысты қандай деректер бар? Бұл туралы visitkazakhstan.kz сайтында жарияланған "Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр" жазбасында мынадай мәлімет берілген: Ахмет Яссауи исламның таралуына ықпал еткен сопылық идеясын алға тартты. Ғасырлар бойы оның жазбалары Түркістанның мәдени өрлеуіне ықпал етті. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бүгінгі ұрпақ үшін маңызды зиярат орны болып қала бермек.
Ортағасырлық сәулет өнерінің теңдесі жоқ жәдігері саналатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесін тамашалау үшін Түркістан шаһарына әлемнің түкпір-түкпірінен меймандар келеді. Бұл жазбамызда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қатысты қызықты ақпараттар ұсынамыз. Заманында мықты қолбасшы болған Әмір Темір Орталық Азия жерін жаулап, өз ізін қалдырды. Ол Түркістан қаласында (ол кезде Ясы деп аталған) орналасқан ең маңызды ескерткіштерінің бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салдырды. Кесене діни тұрғыдағы маңыздылығымен зиярат етушілерді бұрыннан қызықтырып келеді. Орталық Азиядағы ең үлкен күмбезді кесенеге келушілердің дені бұл орынның асқан шеберлікпен салынғанын байқай алады. Бұдан сол дәуірдегі сәулет өнерінің қандай болғанын аңғаруға болады. сайтындағы "Mausoleum of Khoja Ahmed Yasawi" жазбасында кесененің салыну тарихы жайлы мынадай деректер берілген: Тарихта ең табысты әскери қолбасшылардың бірі болған Әмір Темірдің қатыгездігі жайлы жазылған жазбалар да жоқ емес. Ғалымдардың есебі бойынша Темір XIV ғасырда Орта Азияда соғыс жүргізгенде оның әскері 17 миллионға жуық адамды өлтірген деген дерек бар. Ол құрған империя шығыста Үндістаннан батыста Түркияға және Ресей мен Таяу Шығыстың шеткі аймақтарына дейінгі бүкіл Орталық Азияны қамтыды. Әмір Темір қаншалықты қатігез болса да, дін мен өнердің құдіретіне бас иген еді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салуға да осы қасиеті себеп болды. Ол Түркістан төңірегін жаулап алғаннан кейін сол кездегі атақты Ясы қаласында үлкен кесене, мешіт, медресе салуға бұйрық берді. Түркістан қаласы ортақ тарихи-мәдени дәстүрлерді бір арнаға тоғыстырды. 12 ғасырдың ардақты тұлғасы Қожа Ахмет Яссауидің қабірін белгілей отырып салынған кесене сол кездегі мәдениет, дін мен өнерді үйлестірді. Саяси тұрғыда ғана емес, маңызды ескерткіш жасағысы келген Темір патша кесененің жобасын жасауға өзі қатысқан деседі. Ол алдымен Шираз және Исфахан сияқты өнер орталықтарынан шебер құрылысшыларды шақырды. Жаңа құрылыс жобасы өте сәтті болғандықтан, Темір мұны Самарқандта да қолданды. Қазіргі күні саяхатшылар Тәж-Махалдан сол кезеңдегі сәулет өнерінің шарықтау шегіне куә бола алады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 1389 жылы пайдалануға беріліп, 1405 жылы Темір қайтыс болғаннан кейін аяқталмай қалды. Осыған байланысты кешеннің кіреберісі мен ішкі бөлігінің кейбір бөліктері жасалмаған. Бірақ ашық түсті күмбезді үлкен ғимарат тез арада Түркістан мен Қазақстанның мәдени мұрасының символына айналды. Қала 16-18 ғасырлар аралығында Қазақ хандығының астанасы болды, сауда мен қолөнердің маңызды орталығына айналды. Ал кесене қай кезде де мәдени және діни орталық ретінде белгілі. ЮНЕСКО дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Күлтөбеде ұрпақтан-ұрпаққа талай би, батыр, ардақты хандар жерленген. 1103 жылы дүниеге келген Ахмет Яссауи ислам сенімінің тылсым көрінісі болып саналатын сопылық ілімнің дамуына ерекше ықпал еткен рухани көсем болды. Яссауи өлеңдерімен, тағылымымен көшпелі түркілердің ислам дінін таратудағы маңызды рөлін көрсетті. Ахмет Яссауи ХІІ ғасырда бірнеше аймақтық мектептерге айналған сопылықтың түркі тармағының басшысы бола білді. Аңыздарда Қожа Ахмет Яссауидің ата-анасы оны түйеге мінгізіп, түйенің аялдаған жерін мекендеуді бұйырған көрінеді. Ол ежелгі Ясы қаласы, қазіргі Түркістан болып шыққан. Алайда оның ілімінен басқа өмірі туралы мәлімет аз. Ол Ясыға қайтып оралғанға дейін Бұхарада біраз уақыт ислам дінін зерттеген деседі. Ежелгі жазбалар оның өмірінің соңғы жылдарын жерасты мешітінде өткізгенін көрсетеді. Тайқазан бір кездері Санкт-Петербургтегі Эрмитажға "Иран өнері мен археологиясы бойынша III халықаралық конгресіне" алынған. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18-інде ғана Өзбекәлі Жәнібеков бастаған ұлтжанды азаматтардың бастамасымен тарихи Отанына қайтарылды. Бұл жөнінде ҚР ҰҒА Философия және саясаттану институтының ғылыми қызметкері Аманжол Мейірманның "Ана тілі" газетіне жарияланған "Тайқазан" мақаласында жазылған. "Асқақ мәдениетіміздің заттай айғағы болған Тайқазанды осылайша басыбайлы Иран мәдениетінің еншісіне ұстатып жіберуге талпыныс тарихымызға жасалған көп қиянаттың бірі еді. Яссауи кесенесіне сыйға тартылған құнды жәдігерді ирандық ұсталарды жалдап, ақысын төлеп құйдырғаны ғана болмаса, Тайқазан – терең дәстүрден тамыр алып, исламдық мәнмен астасқан рухани төл мұрамыз болатын", - делінген мақалада. Бірлік пен қонақжайлықтың көрінісі болған тайқазанның диаметрі – 2,4 метр, ал салмағы – екі тоннаны құрайды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қатысты қандай деректер бар? Бұл туралы сайтында жарияланған "Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр" жазбасында мынадай мәлімет берілген: Ахмет Яссауи исламның таралуына ықпал еткен сопылық идеясын алға тартты. Ғасырлар бойы оның жазбалары Түркістанның мәдени өрлеуіне ықпал етті.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029967-qoza-axmet-yassaui-kesenesi-turaly-kez-kelgen-qazaqstandyq-bilui-kerek-10-derek/
31 шілде 2023, 07:01
kk
Алланың нұры: жаңбыр жауғанда оқылатын дұғаларды білесіз бе
Қазақ халқында "Жаңбыр жауса - жер ырысы" деген жақсы сөз бар. Миллиондаған тамшының бір-біріне тимей жер бетіне түсуінде тылсым күш жатыр. Мұсылман қауымының жаңбыр жауған сәтте дұға жасауы да тегін емес. Жазбамызда жаңбыр жауған кезде оқылатын дұғалар туралы айтамыз. Көктен себелеген жаңбырдың әрбір тамшысы 6 мм-ден аспайды. Ал миллиондаған су тамшысы бір-біріне ешқашан тимейді екен. Жаңбыр тамшылары тартылыс күшіне бағынбайды. Егер бұл заңдылыққа бағынатын болса, ол өте тез жылдамдықпен жерге түсіп, денені тесіп өтіп, адамдарға зияны тигізетін еді. Сонымен қатар түскен жерінің тас-талқанын шығаруы да ғажап емес. Мыңдаған шақырым биіктіктен төмен түсетін жаңбыр тамшылары тіршілік иелері үшін ыңғайлы әрі қалыпты жылдамдығын ешқашан жоғалтпайды. Жаңбырдың кереметі туралы қасиетті Құран Кәрім аяттарында дәлел көп. Мысалы, "Қаф" сүресінің 9-аятында жаңбыр туралы былай делінген: "Біз аспаннан берекелі су түсіріп, онымен бақтар және орып алынатын дақылдар өсірдік". Ал "Фурқан" сүресінің 48-49 аяттарынан адамзат баласы үшін Жаратушы Алланың шексіз нығметін көреміз: "Әрі аспаннан таза су түсірдік. Онымен өлі жерлерді тірілтіп, малдар мен адамдарды сумен қамтамасыз ету үшін". Оқылуы: "Аллаһуммә сайибән нәфиған". Мағынасы: "Уа, Алла! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр!" Айша (р.а) анамыздан жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаңбыр жауған кезде: "Уа, Алла! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр!" - деп дұға жасайтын болған. (Бұқари) Жаңбыр жауған кезде ақыреттік және дүниелік қажеттілікті сұрау құпталады. Себебі әрбір жауын тамшысымен Алланың рахымы түседі деген ұғым бар. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Екі уақыттағы дұға қабыл болады, олар - азан айтылған сәт пен жауын жауған уақыт" - деген. Мұсылман баласының жаңбыр жауған кезде орындайтын бірнеше сүннет амалы бар. Бұл туралы "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінің ресми сайтындағы жазбада былай жазылған: Жаңбыр жауып тұрғанда астында тұрып, денеге тигізу үшін киімнің бір шетін ашу сүннет болып саналады. Анас (р.а) Алла елшісімен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге отырғанымызда жауын жауды, Алла елшісі лезде киімін шешіп денесіне жаңбыр суын тигізді, сол кезде; "Уа, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұны неге істедіңіз? - деп сұрадық. Сонда: "Бұл жаңа ғана жаратылған Алланың рақымы!" - деп жауап берді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Алла таза деп атаған жаңбыр суын әкеліңдер! Дәрет алып, Аллаға шүкір етейік!" - деді. Қазақ халқы жаңбырдың бір атауын нұр сөзімен байланыстырады. Расында көктен түскен әрбір тамшы тазалықтың, берекенің көрінісі іспетті. Жаңбыр жауғанда жақсы тілек айтып, дұға тілеуді әдетке айналдыруды ұмытпаңыз.
Қазақ халқында "Жаңбыр жауса - жер ырысы" деген жақсы сөз бар. Миллиондаған тамшының бір-біріне тимей жер бетіне түсуінде тылсым күш жатыр. Мұсылман қауымының жаңбыр жауған сәтте дұға жасауы да тегін емес. Жазбамызда жаңбыр жауған кезде оқылатын дұғалар туралы айтамыз. Көктен себелеген жаңбырдың әрбір тамшысы 6 мм-ден аспайды. Ал миллиондаған су тамшысы бір-біріне ешқашан тимейді екен. Жаңбыр тамшылары тартылыс күшіне бағынбайды. Егер бұл заңдылыққа бағынатын болса, ол өте тез жылдамдықпен жерге түсіп, денені тесіп өтіп, адамдарға зияны тигізетін еді. Сонымен қатар түскен жерінің тас-талқанын шығаруы да ғажап емес. Мыңдаған шақырым биіктіктен төмен түсетін жаңбыр тамшылары тіршілік иелері үшін ыңғайлы әрі қалыпты жылдамдығын ешқашан жоғалтпайды. Жаңбырдың кереметі туралы қасиетті Құран Кәрім аяттарында дәлел көп. Мысалы, "Қаф" сүресінің 9-аятында жаңбыр туралы былай делінген: "Біз аспаннан берекелі су түсіріп, онымен бақтар және орып алынатын дақылдар өсірдік". Ал "Фурқан" сүресінің 48-49 аяттарынан адамзат баласы үшін Жаратушы Алланың шексіз нығметін көреміз: "Әрі аспаннан таза су түсірдік. Онымен өлі жерлерді тірілтіп, малдар мен адамдарды сумен қамтамасыз ету үшін". Оқылуы: "Аллаһуммә сайибән нәфиған". Мағынасы: "Уа, Алла! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр!" Айша (р.а) анамыздан жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаңбыр жауған кезде: "Уа, Алла! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр!" - деп дұға жасайтын болған. (Бұқари) Жаңбыр жауған кезде ақыреттік және дүниелік қажеттілікті сұрау құпталады. Себебі әрбір жауын тамшысымен Алланың рахымы түседі деген ұғым бар. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Екі уақыттағы дұға қабыл болады, олар - азан айтылған сәт пен жауын жауған уақыт" - деген. Мұсылман баласының жаңбыр жауған кезде орындайтын бірнеше сүннет амалы бар. Бұл туралы "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінің ресми сайтындағы жазбада былай жазылған: Жаңбыр жауып тұрғанда астында тұрып, денеге тигізу үшін киімнің бір шетін ашу сүннет болып саналады. Анас (р.а) Алла елшісімен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге отырғанымызда жауын жауды, Алла елшісі лезде киімін шешіп денесіне жаңбыр суын тигізді, сол кезде; "Уа, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұны неге істедіңіз? - деп сұрадық. Сонда: "Бұл жаңа ғана жаратылған Алланың рақымы!" - деп жауап берді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Алла таза деп атаған жаңбыр суын әкеліңдер! Дәрет алып, Аллаға шүкір етейік!" - деді. Қазақ халқы жаңбырдың бір атауын нұр сөзімен байланыстырады. Расында көктен түскен әрбір тамшы тазалықтың, берекенің көрінісі іспетті.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2030311-allanyn-nury-zanbyr-zauganda-oqylatyn-dugalardy-bilesiz-be/
31 шілде 2023, 01:03
kk
Тосап қосылған "рогалик" дайындаудың ең оңай рецепті
Рогаликтер – үй жағдайында жылдам әрі тез дайындалатын тәттілердің бірі. Рогаликтерге жеміс-жидек, тосап қосып дайындап жатады. Осыған орай, бүгін назарларыңызға балалардың сүйіп жейтін тәттісінің оңай әрі тез дайындалатын рецептін ұсынбақпыз. Жартылай ай түріндегі алғашқы "рогаликтерді" вен аспаздары ойлап тапқан. XVIII ғасырда австриялық аспаздар Осман империясын жеңу оқиғасына орай, кішкентай, жартылай ай пішінд, ішінде тәтті салмасы бар тоқаш пісірген деген дерек бар. Тәттінің мұндай пішінде болуының да өз мағынасы бар – тарихта австриялықтардың туында дәл осындай жартылай ай суреті болған деседі. Бүгінде рогаликтер – интернационалды тағамға айналды. Оны дайындау үшін, ашытылған немесе үгітілмелі қамырды қолданады. Сипаттамасы: Асхана: Еуропалық Санаты: Десерт Дайындық уақыты: 5 минут Дайындалу уақыты: 30 минут 1 порцияға арналған калория мөлшері: 415 ккал Құрамы: 20% қаймақ – 200 г Қант – 100 г Жоғары сұрыпты бидай ұны - 500 г Ас содасы – 4 г Қалауыңызша тосап Алма уксусы – 1 шай қасық 82,5% сары май Дайындалуы: 1. Майды ерітіңіз Жұмсақ сары майды кішігірім тіліктерге бөліңіз. Майды ыдысқа салып, оны баяу отта толығымен ерітіңіз. Сары майды майлылығы 75%-ды құрайтын маргаринмен де алмастыруға болады. 2. Қаймақ қосыңыз Қаймақты тоңазытқыштан алдын ала алып қойыңыз, себебі ол бөлме температурасында болуы керек. Рогалик үшін майлылығы кем дегенде 15%-дық қаймақты пайдаланыңыз. Плитадан сары майы бар ыдысты алып, оған қаймақты қосыңыз. 3. Ас содасын қосыңыз Содаға алма уксусын қосып, оны араластырып, қоспа бар ыдысқа қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз. Егер алма уксусы болмаса, оны 9%-дық кәдімгі уксуспен алмастыруға болады. 4. Ұнды қосыңыз Ұнды електен өткізіп алыңыз, сонда қамырыңыз үлпілдек әрі жұмсақ болады. Ұнды аздаған мөлшермен, біртіндеп қосып, қамырын илеңіз. Дайын болған қою қамыр жұмсақ әрі созылмалы болып шығуы керек. 5. Қамырды жайыңыз Қамырды илеп болған соң, оны 6 бірдей бөлікке бөліңіз. Ол үшін, үстелге ұнды сеуіп, әр бөлікті 2 мм қалыңдықта жайыңыз. Домалақ қамырды 8 бірдей бөлікке бөліңіз. Дәл осындай әдісті қамырдың басқа бөліктері үшін де пайдаланыңыз. 6. Рогаликке пішін беріңіз Бөлінген әр үшбұрышқа 1 ас қасық повидло немесе қатты қою тосап салыңыз. Қамырдың жалпақ тұсынан жіңішке жағына қарай орап, рогалик дайындаңыз. 7. Рогаликті қантқа аударыңыз Дайын рогаликті қантқа аударыңыз. Қант балғын қамырға тез жабысуы керек. 8. Рогаликті пісіріңіз Противеньге пергамент қағазын төсеңіз. Дайын рогаликті соған орналастырыңыз. Противеньді 180°C-қа дейін қыздырылған пешке салыңыз. Тәттілер шамамен 20-25 минут ішінде дайын болады.
Рогаликтер – үй жағдайында жылдам әрі тез дайындалатын тәттілердің бірі. Рогаликтерге жеміс-жидек, тосап қосып дайындап жатады. Осыған орай, бүгін назарларыңызға балалардың сүйіп жейтін тәттісінің оңай әрі тез дайындалатын рецептін ұсынбақпыз. Жартылай ай түріндегі алғашқы "рогаликтерді" вен аспаздары ойлап тапқан. XVIII ғасырда австриялық аспаздар Осман империясын жеңу оқиғасына орай, кішкентай, жартылай ай пішінд, ішінде тәтті салмасы бар тоқаш пісірген деген дерек бар. Тәттінің мұндай пішінде болуының да өз мағынасы бар – тарихта австриялықтардың туында дәл осындай жартылай ай суреті болған деседі. Бүгінде рогаликтер – интернационалды тағамға айналды. Оны дайындау үшін, ашытылған немесе үгітілмелі қамырды қолданады. Сипаттамасы: Асхана: Еуропалық Санаты: Десерт Дайындық уақыты: 5 минут Дайындалу уақыты: 30 минут 1 порцияға арналған калория мөлшері: 415 ккал Құрамы: 20% қаймақ – 200 г Қант – 100 г Жоғары сұрыпты бидай ұны - 500 г Ас содасы – 4 г Қалауыңызша тосап Алма уксусы – 1 шай қасық 82,5% сары май Дайындалуы: 1. Майды ерітіңіз Жұмсақ сары майды кішігірім тіліктерге бөліңіз. Майды ыдысқа салып, оны баяу отта толығымен ерітіңіз. Сары майды майлылығы 75%-ды құрайтын маргаринмен де алмастыруға болады. 2. Қаймақ қосыңыз Қаймақты тоңазытқыштан алдын ала алып қойыңыз, себебі ол бөлме температурасында болуы керек. Рогалик үшін майлылығы кем дегенде 15%-дық қаймақты пайдаланыңыз. Плитадан сары майы бар ыдысты алып, оған қаймақты қосыңыз. 3. Ас содасын қосыңыз Содаға алма уксусын қосып, оны араластырып, қоспа бар ыдысқа қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз. Егер алма уксусы болмаса, оны 9%-дық кәдімгі уксуспен алмастыруға болады. 4. Ұнды қосыңыз Ұнды електен өткізіп алыңыз, сонда қамырыңыз үлпілдек әрі жұмсақ болады. Ұнды аздаған мөлшермен, біртіндеп қосып, қамырын илеңіз. Дайын болған қою қамыр жұмсақ әрі созылмалы болып шығуы керек. 5. Қамырды жайыңыз Қамырды илеп болған соң, оны 6 бірдей бөлікке бөліңіз. Ол үшін, үстелге ұнды сеуіп, әр бөлікті 2 мм қалыңдықта жайыңыз. Домалақ қамырды 8 бірдей бөлікке бөліңіз. Дәл осындай әдісті қамырдың басқа бөліктері үшін де пайдаланыңыз. 6. Рогаликке пішін беріңіз Бөлінген әр үшбұрышқа 1 ас қасық повидло немесе қатты қою тосап салыңыз. Қамырдың жалпақ тұсынан жіңішке жағына қарай орап, рогалик дайындаңыз. 7. Рогаликті қантқа аударыңыз Дайын рогаликті қантқа аударыңыз. Қант балғын қамырға тез жабысуы керек. 8. Рогаликті пісіріңіз Противеньге пергамент қағазын төсеңіз. Дайын рогаликті соған орналастырыңыз. Противеньді 180°C-қа дейін қыздырылған пешке салыңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2029428-tosap-qosylgan-rogalik-daiyndaudyn-en-onai-recepti/
31 шілде 2023, 00:57
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 31 шілде күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Тері күтіміне арналған өнімдерді сатып алудан қорықпаңыз. Өнім туралы пікірлермен танысып, сұлулық пен теріңіздің денсаулығына тиімді инвестиция жасаңыз. Қандай да бір мәселеге қатысты күмәніңіз болса, достарыңыздан кеңес сұраңыз, сіз міндетті түрде мәселенің шешімін табасыз. Жақсы адамдармен танысыңыз. Бүгін қарым-қатынас жасау оңай. Ескі және жаңа достармен кездесетін, сөйлесетін және шынайы әңгімелесуге арналған күн. Құпияларыңызды бөлісіңіз. Барлық қаржыға қатысты мәселеңіз шешімін табады, бұл кірісті арттыруға көмектеседі. Жаңа кәсіппен айналыспаңыз, ұсақ-түйектерге мұқият болыңыз. Бүгін психикалық мәселелеріңізді өз бетіңізше шешуге тырысыңыз: сіз тым сезімталсыз, ал достарыңыз сізге қажетті деңгейде қолдау көрсете алмайды, қолдау төмен болса, сізге пайдасы шамалы. Достарыңыздан көмек сұраудан қысылмаңыз. Мазаңыз болмай жүрсе, оларға барлығын ашық айтыңыз. Бірақ оларға да өзіңіз қолдау көрсетуге дайын болыңыз. Сіз қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін шыдамды болуыңыз керек. Алда сізді айтарлықтай белеске жеткізетін күн бар. Асықпаңыз, әйтпесе қателікке ұрынуыңыз әбден мүмкін. Косметика дүкеніндегі кеңесшіден көмек сұраудан тартынбаңыз: сіз үшін ең жақсы өнімді табу - оның жұмысы. Ал сіз сұлулығыңызды арттыратын өнімге тек риза боласыз. Үй шаруасын ертеңге қалдырмай, бүгін тындырып тастаңыз, себебі алдағы уақытта сізді бұдан да жағымды тірліктер күтіп тұр. Бұл күні жаңа таныстар табуға тырысыңыз, іскерлік келіссөздер жүргізіңіз, әлеуетті серіктестермен танысыңыз. Идеяларыңызды жүзеге асыруға көмектесетін жандардың қызығушылығын оятуға тырысыңыз. Кешке достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, бүгін жұмыстан кеш шығуыңызға тура келуі мүмкін. Шабытқа ерік беріңіз - қолөнерді үйреніңіз (кесте тігу, тоқу, мүсіндеу). Ескі жамылғылардан құтылыңыз. Орнына әдемісін әрі сапалысын алыңыз. Осылайша сіз күнде жақсы көңіл-күймен оянатын боласыз. Жұмыс күніңізді мамандығыңызға қатысты жаңалықтарды оқудан бастауға тырысыңыз. Сізге кәсіби біліміңізді сақтаудың және жаңартудың осындай оңай жолы ұнауы мүмкін. Кафеге немесе мейрамханаға бару үшін сылтау іздемеңіз, өмір тым қысқа, өзіңізді қуантуға себеп іздемеңіз. Көңіл көтеру, бос уақытты қызықты өткізу тәсілі ретінде үстел ойындарына назар аударыңыз: бұл достарыңызбен және отбасыңызбен уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Жаман әдеттерден арылып, салауатты өмір салтына көшуге қолайлы күн. Дене бітіміңізге қарым-қатынасыңызды қайта қарастырыңыз: сіз өзіңізді көбірек жақсы көруіңіз керек. Егер өзіңіз әсер ете алмайтын жайтқа алаңдасаңыз - аз да болса қайырымдылық жасаңыз, сонда сіз өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз. Жұмыс тапсырмасын өз бетіңізше орындай алмасаңыз, әріптестеріңізден көмек сұраңыз. Бұл - барлығын өзіңіз жасауға тырысып, қателіктерге бой алдырып, оны қайта жасағаннан жақсы. Қарым-қатынасты бұзбау үшін туыстарыңызбен жанжалдаспаңыз. Бірге демалып, уақытты қызықты етіп өткізген дұрыс. Егер сіздің сыртқы түріңіздегі ықтимал өзгерістерге күмәніңіз болса - достарыңызбен кеңесіңіз. Олар сізге жақсы кеңес береді және шешім қабылдауға көмектеседі. Бүгін еш себепсіз сәндену үшін тамаша күн, жай ғана көңіл-күйіңізді көтеру және айналаңызды өзіңізге тәнті қылу үшін оңтайлы күн.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Тері күтіміне арналған өнімдерді сатып алудан қорықпаңыз. Өнім туралы пікірлермен танысып, сұлулық пен теріңіздің денсаулығына тиімді инвестиция жасаңыз. Қандай да бір мәселеге қатысты күмәніңіз болса, достарыңыздан кеңес сұраңыз, сіз міндетті түрде мәселенің шешімін табасыз. Жақсы адамдармен танысыңыз. Бүгін қарым-қатынас жасау оңай. Ескі және жаңа достармен кездесетін, сөйлесетін және шынайы әңгімелесуге арналған күн. Құпияларыңызды бөлісіңіз. Барлық қаржыға қатысты мәселеңіз шешімін табады, бұл кірісті арттыруға көмектеседі. Жаңа кәсіппен айналыспаңыз, ұсақ-түйектерге мұқият болыңыз. Бүгін психикалық мәселелеріңізді өз бетіңізше шешуге тырысыңыз: сіз тым сезімталсыз, ал достарыңыз сізге қажетті деңгейде қолдау көрсете алмайды, қолдау төмен болса, сізге пайдасы шамалы. Достарыңыздан көмек сұраудан қысылмаңыз. Мазаңыз болмай жүрсе, оларға барлығын ашық айтыңыз. Бірақ оларға да өзіңіз қолдау көрсетуге дайын болыңыз. Сіз қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін шыдамды болуыңыз керек. Алда сізді айтарлықтай белеске жеткізетін күн бар. Асықпаңыз, әйтпесе қателікке ұрынуыңыз әбден мүмкін. Косметика дүкеніндегі кеңесшіден көмек сұраудан тартынбаңыз: сіз үшін ең жақсы өнімді табу - оның жұмысы. Ал сіз сұлулығыңызды арттыратын өнімге тек риза боласыз. Үй шаруасын ертеңге қалдырмай, бүгін тындырып тастаңыз, себебі алдағы уақытта сізді бұдан да жағымды тірліктер күтіп тұр. Бұл күні жаңа таныстар табуға тырысыңыз, іскерлік келіссөздер жүргізіңіз, әлеуетті серіктестермен танысыңыз. Идеяларыңызды жүзеге асыруға көмектесетін жандардың қызығушылығын оятуға тырысыңыз. Кешке достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, бүгін жұмыстан кеш шығуыңызға тура келуі мүмкін. Шабытқа ерік беріңіз - қолөнерді үйреніңіз (кесте тігу, тоқу, мүсіндеу). Ескі жамылғылардан құтылыңыз. Орнына әдемісін әрі сапалысын алыңыз. Осылайша сіз күнде жақсы көңіл-күймен оянатын боласыз. Жұмыс күніңізді мамандығыңызға қатысты жаңалықтарды оқудан бастауға тырысыңыз. Сізге кәсіби біліміңізді сақтаудың және жаңартудың осындай оңай жолы ұнауы мүмкін. Кафеге немесе мейрамханаға бару үшін сылтау іздемеңіз, өмір тым қысқа, өзіңізді қуантуға себеп іздемеңіз. Көңіл көтеру, бос уақытты қызықты өткізу тәсілі ретінде үстел ойындарына назар аударыңыз: бұл достарыңызбен және отбасыңызбен уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Жаман әдеттерден арылып, салауатты өмір салтына көшуге қолайлы күн. Дене бітіміңізге қарым-қатынасыңызды қайта қарастырыңыз: сіз өзіңізді көбірек жақсы көруіңіз керек. Егер өзіңіз әсер ете алмайтын жайтқа алаңдасаңыз - аз да болса қайырымдылық жасаңыз, сонда сіз өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз. Жұмыс тапсырмасын өз бетіңізше орындай алмасаңыз, әріптестеріңізден көмек сұраңыз. Бұл - барлығын өзіңіз жасауға тырысып, қателіктерге бой алдырып, оны қайта жасағаннан жақсы. Қарым-қатынасты бұзбау үшін туыстарыңызбен жанжалдаспаңыз. Бірге демалып, уақытты қызықты етіп өткізген дұрыс. Егер сіздің сыртқы түріңіздегі ықтимал өзгерістерге күмәніңіз болса - достарыңызбен кеңесіңіз. Олар сізге жақсы кеңес береді және шешім қабылдауға көмектеседі.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2030398-bugingi-zuldyz-zoramal-31-silde-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
31 шілде 2023, 00:01
kk
Қазақстанның бірнеше облысында 42 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМҚ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Синоптиктер мәліметінше, ертең, 31 шілдеде Астанада, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жетісу, Қостанай, Ақмола облысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 метр секундқа дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі және төтенше өрт қауіпі сақталады. 31 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 метр секундқа дейін барады. 31 шілде-02 тамыз аралығында күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус сақталады. 31 шілдеде таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілдеде күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 31 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 31 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 31 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. 31 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілде-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 31 шілдеде күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 31 шілдеде Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілде-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 31 шілдеде Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы тілшісі "Қазгидромет" РМҚ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Синоптиктер мәліметінше, ертең, 31 шілдеде Астанада, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жетісу, Қостанай, Ақмола облысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 метр секундқа дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі және төтенше өрт қауіпі сақталады. 31 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 метр секундқа дейін барады. 31 шілде-02 тамыз аралығында күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус сақталады. 31 шілдеде таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілдеде күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 31 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 31 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 31 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. 31 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілде-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 31 шілдеде күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 31 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 31 шілдеде Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. 31 шілде-02 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 31 шілдеде Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030601-qazaqstannyn-birnese-oblysynda-42-gradusqa-deiin-ystyq-bolady-dep-kutilude/
30 шілде 2023, 18:51
kk
БАҚ: Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырап, салдарынан бірнеше адам қаза тапты
БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тарады. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты жергілікті NTV басылымы таратты. Онда Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысқаны жазылған. Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан. Бұған қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, шағын автобуста Қазақстан азаматтары болғанын растады. "Бүгін таңертең Алания тасжолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік апаты болды. Зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін Қазақстан Республикасының консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты", - делінген хабарламада.
БАҚ беттерінде Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тарады. Хабарламада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан адамдар бар екені айтылған. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты жергілікті NTV басылымы таратты. Онда Алания аумағында туристер мінген шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысқаны жазылған. Жол апаты салдарынан 12 адам жарақат алып, гид пен жүргізуші қаза тапқан. Бұған қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, шағын автобуста Қазақстан азаматтары болғанын растады. "Бүгін таңертең Алания тасжолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік апаты болды. Зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2030596-baq-turkiyada-qazaqstandyq-turister-mingen-avtobus-apatqa-usyrap-saldarynan-birnese-adam-qaza-tapty/
30 шілде 2023, 16:26
kk
Жетісу облысында болған жол апатынан 4 адам қаза тапты
Жетісу облысында жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы POLISIA.KZ Телеграм-каналына сілтеме жасап хабарлайды. Жол көлік оқиғасы Алматы-Өскемен автожолының 453 шақырымында тіркелген. "38 жастағы Hyundai Veracruz жүргізушісі рөлді басқара алмай, басып озу маневрін жасай отырып, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысып, содан кейін инерция бойынша Volkswagen Passat көлігімен соқтығысты", - делінген хабарламада. Салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Сонымен қатар үш бала әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Жетісу облысында жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы порталы POLISIA.KZ Телеграм-каналына сілтеме жасап хабарлайды. Жол көлік оқиғасы Алматы-Өскемен автожолының 453 шақырымында тіркелген. "38 жастағы Hyundai Veracruz жүргізушісі рөлді басқара алмай, басып озу маневрін жасай отырып, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысып, содан кейін инерция бойынша Volkswagen Passat көлігімен соқтығысты", - делінген хабарламада. Салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Сонымен қатар үш бала әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030594-zetisu-oblysynda-bolgan-zol-apatynan-4-adam-qaza-tapty/
30 шілде 2023, 16:00
kk
Денис Евсеев мансабында алғаш рет ATP Challenger титулын жеңіп алды
Астана қаласында өткен Президент кубогы үшін челленджер турнирін қазақстандық Денис Евсеев жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды. Отандық теннисші финалда әлемдік рейтингте 570-орында тұрған өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен шеберлік байқасты. Үш сетке созылған матчта 7:5, 2:6, 6:4 есебімен Денис Евсеев жеңіске жетті. Осылайша, Денис Евсеев мансабында алғаш рет ATP Challenger титулын жеңіп алды. Тартысты ойын 2 сағат 25 минутқа созылды. Айта кетейік, Денис Евсеев - әлемнің 412-ракеткасы.
Астана қаласында өткен Президент кубогы үшін челленджер турнирін қазақстандық Денис Евсеев жеңіп алды. Бұл туралы тілшісі хабарлайды. Отандық теннисші финалда әлемдік рейтингте 570-орында тұрған өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен шеберлік байқасты. Үш сетке созылған матчта 7:5, 2:6, 6:4 есебімен Денис Евсеев жеңіске жетті. Осылайша, Денис Евсеев мансабында алғаш рет ATP Challenger титулын жеңіп алды. Тартысты ойын 2 сағат 25 минутқа созылды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2030593-denis-evseev-mansabynda-algas-ret-atp-challenger-titulyn-zenip-aldy/
30 шілде 2023, 15:15
kk
Қазақстанда екі ауыл таратылуы мүмкін
Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Ашық НҚА порталына сілтеме жасап хабарлайды. Порталда Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімі жарияланған. "Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін: Айта кетейік, құжат осы жылдың 10 тамызына дейін көпшілік талқылауында болмақ.
Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін. Бұл туралы тілшісі Ашық НҚА порталына сілтеме жасап хабарлайды. Порталда Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімі жарияланған.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2030590-qazaqstanda-eki-auyl-taratyluy-mumkin/
30 шілде 2023, 14:17
kk
Қазақстанның бірінші ракеткасы Германиядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды. Турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші мен ресейлік Александра Панова финалда чехиялық Мириам Колодзиэева - америкалық Анжела Куликовамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүлт кеткен жоқ – 6:2. Осылайша, Анна Данилина мен Александра Панова Гамбург WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды. Турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші мен ресейлік Александра Панова финалда чехиялық Мириам Колодзиэева - америкалық Анжела Куликовамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүлт кеткен жоқ – 6:2.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2030589-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-germaniyadagy-bedeldi-turnirdin-zenimpazy-atandy/
30 шілде 2023, 14:06
kk
Қазақстандық әскери техника Ресейге жөнелтіліп жатқаны рас па: Қорғаныс министрлігі жауап берді
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі өзінің ресми Telegram-арнасында әскери техниканың Ресейге тасымалдануына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді - аталған техника Қазақстан Республикасына тиесілі емес. Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарай бастаған. "Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады", - дейді ведомствода. Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске салды. "Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз", - делінген хабарламада.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі өзінің ресми Telegram-арнасында әскери техниканың Ресейге тасымалдануына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді - аталған техника Қазақстан Республикасына тиесілі емес. Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарай бастаған. "Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады", - дейді ведомствода. Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске салды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030585-qazaqstandyq-askeri-texnika-resei-zoneltilip-zatqany-ras-pa-qorganys-ministrligi-zauap-berdi/
30 шілде 2023, 13:15
kk
Мәскеудегі жарылыс: Ресей билігі ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасалғанын мәлімдеді (видео)
Мәскеу мэрі Сергей Собянин тағы да ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасалғаны туралы мәлімдеді. Желіде Мәскеу қаласындағы жарылыстардың кадрлары жарияланды. Бұл оқиғаға Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Қала мэрі өзінің ресми Telegram-каналында Мәскеуге ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасалғанын хабарлады. "Қаланың екі кеңсе мұнарасының қасбеттері аздап бүлінген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп жазды Собянин. Билік бұл шабуылға Украина тарабын айыптады. Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Мәскеуге үш ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасалған – бір ұшқышсыз аппарат әуе қорғанысының көмегімен атып түсірілген, екеуі радиоэлектронды тойтарыс беру күшімен басылған. Басылымның құзырлы мекемеге сілтеме жасап жария еткен мәліметінше, атып түсірілген ұшқышсыз аппарат Мәскеу облысының Одинцово ауданына құлаған. Тағы екі ұшқышсыз аппарат тойтарыс берілгеннен кейін "Мәскеу-Сити" кешенінің аумағына құлаған. РБК хабарлауынша, ұшқышсыз аппараттардың шабуылына байланысты Внуково әуежайы жұмысын тоқтатқан. Мәскеу аймағында әуеде кез келген ұшақтың болуына уақытша шектеу енгізілді. Басылым тілшілерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта авиациялық қызметтер Внуково әуежайында рейстердің қайта жанданғанын хабарлады. Желіде Мәскеу-Ситидегі жарылыстар мен зақымдалған ғимараттың кадрлары жариялануда. Украина тарабы бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин тағы да ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасалғаны туралы мәлімдеді. Желіде Мәскеу қаласындағы жарылыстардың кадрлары жарияланды. Бұл оқиғаға Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. Қала мэрі өзінің ресми Telegram-каналында Мәскеуге ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасалғанын хабарлады. "Қаланың екі кеңсе мұнарасының қасбеттері аздап бүлінген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп жазды Собянин. Билік бұл шабуылға Украина тарабын айыптады. Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Мәскеуге үш ұшқышсыз аппаратпен шабуыл жасалған – бір ұшқышсыз аппарат әуе қорғанысының көмегімен атып түсірілген, екеуі радиоэлектронды тойтарыс беру күшімен басылған. Басылымның құзырлы мекемеге сілтеме жасап жария еткен мәліметінше, атып түсірілген ұшқышсыз аппарат Мәскеу облысының Одинцово ауданына құлаған. Тағы екі ұшқышсыз аппарат тойтарыс берілгеннен кейін "Мәскеу-Сити" кешенінің аумағына құлаған. РБК хабарлауынша, ұшқышсыз аппараттардың шабуылына байланысты Внуково әуежайы жұмысын тоқтатқан. Мәскеу аймағында әуеде кез келген ұшақтың болуына уақытша шектеу енгізілді. Басылым тілшілерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта авиациялық қызметтер Внуково әуежайында рейстердің қайта жанданғанын хабарлады. Желіде Мәскеу-Ситидегі жарылыстар мен зақымдалған ғимараттың кадрлары жариялануда.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2030579-maskeudegi-zarylys-resei-biligi-usqyssyz-apparatpen-sabuyl-zasalganyn-malimdedi-video/
30 шілде 2023, 10:36
kk
2023 жылғы 30 шілде: криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 30 шілде күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $56.97-ға төмендеді. Бүгін актив $29,320.7492491* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00138-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 30 шілде күні $0.08381316*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $4.98-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,876.281623*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.004-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.39000977* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0002-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 30 шілде күні $0.99893463*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $3.47-ға нығая түсті. Актив $93.39294132* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.06-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $18.52901368*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0007-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.71050405*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00243-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.07960293* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 30 шілде күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $56.97-ға төмендеді. Бүгін актив $29,320.7492491* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00138-ға төмендеді. TRX бағамы 2023 жылғы 30 шілде күні $0.08381316*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $4.98-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,876.281623*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.004-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.39000977* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0002-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 30 шілде күні $0.99893463*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $3.47-ға нығая түсті. Актив $93.39294132* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.06-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $18.52901368*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0007-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.71050405*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00243-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.07960293* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2030578-2023-zylgy-30-silde-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
30 шілде 2023, 10:13
kk
Сейсмологтар Алматыдан 316 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді
Сейсмологтар кеше түнде Алматыдан 316 км қашықтықта магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС ресми сайтында хабарланды. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2023 жылғы 30 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 02:58-де жер сілкінісін тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 316 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,8. Тереңдігі 15 км. Сезілу деңгейі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ. Құтқарушылар жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін айтты:
Сейсмологтар кеше түнде Алматыдан 316 км қашықтықта магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС ресми сайтында хабарланды. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2023 жылғы 30 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 02:58-де жер сілкінісін тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 316 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,8. Тереңдігі 15 км. Сезілу деңгейі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2030571-seismologtar-almaty-manynda-zer-silkinisin-tirkedi/
30 шілде 2023, 09:14
kk
2023 жылғы 30 шілде: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 30 шілде күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.68 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 489.00 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.90 (+0.00). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.94 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (Halyk Bank).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.94 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (Halyk Bank).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 30 шілде күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.68 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 489.00 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.90 (+0.00). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.94 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (Halyk Bank).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.94 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (Halyk Bank).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2030569-2023-zylgy-30-silde-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
30 шілде 2023, 09:03
kk
Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" синоптиктері елімізде 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды. Бүгін еліміздің ірі қалаларында аптап ыстық күтіледі. Алматыда күндіз +33+35 °C ыстық болса, түнде +19+21 °C-қа дейін төмендейді. Күн райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болмақ. Астанада да көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз +28+30 °C ыстық, ал түнде +17+19 °C жылы болады. Шымкентте күндіз +37+39 °C ыстық, түнде +21+23 °C жылы болады. Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болмақ. Түркістанда да ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз +37+39 °C ыстық болып, түнде +22+24 °C-қа дейін төмендейді.
"Қазгидромет" синоптиктері елімізде 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды. Бүгін еліміздің ірі қалаларында аптап ыстық күтіледі. Алматыда күндіз +33+35 °C ыстық болса, түнде +19+21 °C-қа дейін төмендейді. Күн райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болмақ. Астанада да көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз +28+30 °C ыстық, ал түнде +17+19 °C жылы болады. Шымкентте күндіз +37+39 °C ыстық, түнде +21+23 °C жылы болады. Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болмақ. Түркістанда да ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030565-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/
30 шілде 2023, 08:10
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 30 шілде күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Бүгін қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде жүрген адамдар үшін сақ болған дұрыс. Таңдаған адамыңыз сеніміңізді ақтамауы мүмкін. Өз шекараңызды өзіңіз қорғап қалыңыз. Кәсіби фотосессияға жазылуды қарастырыңыз. Бұл сіздің келбетіңіздің артықшылықтарын көруге және ұзақ жылдарға естелік етіп қалдыруға көмектеседі. Егер көңіл-күйіңіз жоқ болса, тағдырға ризашылық білдіретін нәрселерге назар салыңыз. Кем дегенде 10 нәрсені есіңізге алыңыз, сонда өзіңізді жақсы сезінесіз. Достармен қарым-қатынаста шекараңызды сыпайы түрде қорғаудан қорықпаңыз: бұл сіздің қарым-қатынасыңызды нығайтып, сеніміңізді күшейтеді. Егер сіз қарым-қатынаста болсаңыз, жақын адамыңыздан тосын сый күтіңіз. Немесе өзіңіз тосынсый жасаңыз. Бір күнді жаныңызға жақын адамдарға арнаңыз және ашуыңызға тиіп, мазаңызды қашыратын адамдардан сақтаныңыз. Олар психологиялық тұрғыдан сізге жағымсыз әсер қалдырып, материалдық зақым келтіруі мүмкін. Жалғызбасты адамдар өмірлік серігін іздеймін деп өз құндылықтарын аяқасты етпегені абзал. Басқаларды ренжітпеу үшін олардың әлсіз жақтарын айта бермеңіз. Сабырлы болыңыз, өз күшіңізге сүйеніңіз, басқалардың қателігінен сабақ алыңыз. Егер сіздің сыртқы түріңіздегі ықтимал өзгерістерге күмәніңіз болса - достарыңызбен кеңесіңіз. Олар сізге жақсы кеңес береді және шешім қабылдауға көмектеседі. Әдемі ыдыс сатып алып, оны тек қонақ күткенде ғана емес, күнделікті ауқаттану кезінде де қолданып көріңіз. Тамақ ішу кезінде эстетикалық ләззат алуды ұмытпаңыз. Телефоныңызды артық ақпараттан тазартыңыз: қажет емес контактілерді, хабарламаларды, фотосуреттерді, скриншоттарды және қосымшаларды өшіріңіз. Бұдан ерекше ләззат алатыныңыз анық. Көшбасшылық қасиеттерді көрсетуге ұялмаңыз: қандай да бір ортақ іске бей-жай қарамайтын адамдарды оңай табуға, біріктіруге және басқаруға болады. Сізге көмектесуге дайын ықпалды адамдар сіздің идеяларыңызды жақсы бағалайтын болады. Денсаулыққа назар аударыңыз. Ауру бегілерін жіберіп алмаңыз. Суық тигізіп алмаудың амалын жасап, өзіңізге үзіліс жариялаңыз. Күн қиын болады, бірақ күш-жігер мен табандылық мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі. Қолайсыз жағдайда сіз өзіңізді сенімді сезінесіз. Қалағаныңыздан бас тартпаңыз. Бүгін сіз болашақта сәтсіздікке жол бермеуге көмектесетін баға жетпес сабақ пен тәжірибе аласыз. Бастысы асықпаңыз, сонда күн жақсы өтеді. Істер өз бағытымен жүрсін. Оқиғалар тез дамып жатқан жоқ, бірақ бәрі жақсы нәтиже береді. Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне макияж трендтерін көзсіз қуалауға кеңес бермейміз: барлық адамның бет-әлпеті әр түрлі және бір макияж техникасы бәріне бірдей сәйкес келе бермейді. Шынайы болыңыз және өзіңізге жарасатын макияж жасаңыз. Көп нәрсені түсініп, ретке келтіру мүмкіндігі пайда болады. Өзіңізге сенімді және сабырлы болыңыз, жаңа бизнес бастаңыз, ауқымды жобаларды қолға алыңыз. Пайдалы байланыстарды орнатуға тырысыңыз. Жаңа таныстар сіздің бастамаңызды қолдап, қызықты мәселелерді шешуге көмектеседі. Кез келген жағдайға дайын жүру үшін түйіндемеңізді жаңартып қойыңыз: жақын арада мамандығыңыз бойынша қызықты бос орын табасыз. Бұл күн махаббатыңыз туралы ашық айтатын, сыйлық сыйлап, сезімнің жетегінде жүретін күн. Сезімдеріңізді білдіруде батыл болыңыз. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және жаңалықтарды оқудан аз уақыт болса да бас тартыңыз. Жаңа және жағымды танысуларды күтіңіз. Бұл күн достықтың немесе тіпті романтикалық қарым-қатынастардың басы болуы мүмкін. Кездейсоқ романтикалық сапарға немесе кездесуге барыңыз: бұл сізге ұмытылмас эмоциялар сыйлайды. Өзіңізді бақытсыз сезініп жүрсеңіз, онда дәл бүгін сүйіктіңізбен арақатынасқа нүкте қоятын күн келген шығар.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Бүгін қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде жүрген адамдар үшін сақ болған дұрыс. Таңдаған адамыңыз сеніміңізді ақтамауы мүмкін. Өз шекараңызды өзіңіз қорғап қалыңыз. Кәсіби фотосессияға жазылуды қарастырыңыз. Бұл сіздің келбетіңіздің артықшылықтарын көруге және ұзақ жылдарға естелік етіп қалдыруға көмектеседі. Егер көңіл-күйіңіз жоқ болса, тағдырға ризашылық білдіретін нәрселерге назар салыңыз. Кем дегенде 10 нәрсені есіңізге алыңыз, сонда өзіңізді жақсы сезінесіз. Достармен қарым-қатынаста шекараңызды сыпайы түрде қорғаудан қорықпаңыз: бұл сіздің қарым-қатынасыңызды нығайтып, сеніміңізді күшейтеді. Егер сіз қарым-қатынаста болсаңыз, жақын адамыңыздан тосын сый күтіңіз. Немесе өзіңіз тосынсый жасаңыз. Бір күнді жаныңызға жақын адамдарға арнаңыз және ашуыңызға тиіп, мазаңызды қашыратын адамдардан сақтаныңыз. Олар психологиялық тұрғыдан сізге жағымсыз әсер қалдырып, материалдық зақым келтіруі мүмкін. Жалғызбасты адамдар өмірлік серігін іздеймін деп өз құндылықтарын аяқасты етпегені абзал. Басқаларды ренжітпеу үшін олардың әлсіз жақтарын айта бермеңіз. Сабырлы болыңыз, өз күшіңізге сүйеніңіз, басқалардың қателігінен сабақ алыңыз. Егер сіздің сыртқы түріңіздегі ықтимал өзгерістерге күмәніңіз болса - достарыңызбен кеңесіңіз. Олар сізге жақсы кеңес береді және шешім қабылдауға көмектеседі. Әдемі ыдыс сатып алып, оны тек қонақ күткенде ғана емес, күнделікті ауқаттану кезінде де қолданып көріңіз. Тамақ ішу кезінде эстетикалық ләззат алуды ұмытпаңыз. Телефоныңызды артық ақпараттан тазартыңыз: қажет емес контактілерді, хабарламаларды, фотосуреттерді, скриншоттарды және қосымшаларды өшіріңіз. Бұдан ерекше ләззат алатыныңыз анық. Көшбасшылық қасиеттерді көрсетуге ұялмаңыз: қандай да бір ортақ іске бей-жай қарамайтын адамдарды оңай табуға, біріктіруге және басқаруға болады. Сізге көмектесуге дайын ықпалды адамдар сіздің идеяларыңызды жақсы бағалайтын болады. Денсаулыққа назар аударыңыз. Ауру бегілерін жіберіп алмаңыз. Суық тигізіп алмаудың амалын жасап, өзіңізге үзіліс жариялаңыз. Күн қиын болады, бірақ күш-жігер мен табандылық мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі. Қолайсыз жағдайда сіз өзіңізді сенімді сезінесіз. Қалағаныңыздан бас тартпаңыз. Бүгін сіз болашақта сәтсіздікке жол бермеуге көмектесетін баға жетпес сабақ пен тәжірибе аласыз. Бастысы асықпаңыз, сонда күн жақсы өтеді. Істер өз бағытымен жүрсін. Оқиғалар тез дамып жатқан жоқ, бірақ бәрі жақсы нәтиже береді. Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне макияж трендтерін көзсіз қуалауға кеңес бермейміз: барлық адамның бет-әлпеті әр түрлі және бір макияж техникасы бәріне бірдей сәйкес келе бермейді. Шынайы болыңыз және өзіңізге жарасатын макияж жасаңыз. Көп нәрсені түсініп, ретке келтіру мүмкіндігі пайда болады. Өзіңізге сенімді және сабырлы болыңыз, жаңа бизнес бастаңыз, ауқымды жобаларды қолға алыңыз. Пайдалы байланыстарды орнатуға тырысыңыз. Жаңа таныстар сіздің бастамаңызды қолдап, қызықты мәселелерді шешуге көмектеседі. Кез келген жағдайға дайын жүру үшін түйіндемеңізді жаңартып қойыңыз: жақын арада мамандығыңыз бойынша қызықты бос орын табасыз. Бұл күн махаббатыңыз туралы ашық айтатын, сыйлық сыйлап, сезімнің жетегінде жүретін күн. Сезімдеріңізді білдіруде батыл болыңыз. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және жаңалықтарды оқудан аз уақыт болса да бас тартыңыз. Жаңа және жағымды танысуларды күтіңіз. Бұл күн достықтың немесе тіпті романтикалық қарым-қатынастардың басы болуы мүмкін. Кездейсоқ романтикалық сапарға немесе кездесуге барыңыз: бұл сізге ұмытылмас эмоциялар сыйлайды.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2030399-bugingi-zuldyz-zoramal-30-silde-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
30 шілде 2023, 00:01
kk
Алматыдағы "Азия Дауысы" фестивалінде аты аңызға айналған Black Eyed Peas тобы өнер көрсетті (фото, видео)
19 жылға созылған үзілістен кейін Медеу мұз айдынында көптен күткен "Азия Дауысы" халықаралық музыка фестивалі қайта өтіп жатыр. Бүгін, 29 шілдеде шараның басты хедлайнері - Black Eyed Peas тобы көрермендер алдында өнер көрсетті. Фестиваль қалай өткені туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз. Алматыда көптен күткен "Азия дауысы" фестивалінің қайта жаңғыруы қала тұрғындарына көптеген қуанышты эмоция сыйлады. 19 жыл өтсе де, көпшілік "Азия Дауысының" даңқы жер жарған, түрлі елдер мен ұлт өкілдерінің мәдени ортасына айналғанын фестиваль болғанын ұмытқан емес. "1990 жылдардың соңы 2000 жылдардың басы "Азия Дауысында" іс-тәжірибеден өтуші болып, "Шахар" телерадиокорпорациясының қызметкері болып жұмыс жасағанмын. Бүгінгі күн менің балалық шағыма саяхат десем болады. Репортаждар жасайтынмын, қолымдағы радионың диктофонымен қаншама белгілі тұлғалардан сұхбат алғанмын. Сол себепті "Азия Дауысы" мен үшін бұл үлкен ностальгия. Жылдар өтсе де біз тарихи кезеңді бастан өткізіп отырмыз деп ойлаймын. Себебі "Азия Дауысы" биыл фестиваль форматында өтіп жатса, алдағы уақытта халықыралық байқау форматына өтеді деп естідім. Ол дегенің өте қуанышты жағдай", - дейді феставильге арнайы келген танымал тележүргізуші әрі журналист Ләйлә Сұлтанқызы. Фестивальге жиналған көрермендер арасында алматылықтар ғана емес, өзге елдің азаматтары да болды. Ресейден келген Наталья есімді бойжеткен кешке қатысты өз әсерімен бөлісті: "Бүгін мен тек жағымды эмоцияларды сезініп отырмын. Біз Ресейден, Екатеринбургтен концертті көріп, саяхаттау үшін келдік. Алматыға Шымбұлақты үшін келдік, осында бұған дейін де болғанбыз. Топтың қонағы ретінде келіп отырмыз", - дейді Наталья. Барлығы бүгінгі күннің басты хедлайнері - Black Eyed Peas тобының өнерін асыға күтті. Топ кешкі тоғыз жарым шамасында көпшілік алдына шықты. Black Eyed Peas - адамзат тарихында альбомы ең көп сатылған топтардың бірі болып саналатын, аты аңызға айналған америкалық хип-хоп тобы. Топ құрамында will.i.am, apl.de.ap, Taboo рэперлері және әнші J. Rey Soul бар. Сол арада фестивальдың кешегі күнінде бой көрсеткен отандық жұлдыздар кештің видеолары мен фотоларын желіде жарыса бөлісуде. Ал ертең фестивальдың соңғы күнінде "Азия Дауысының" аңыздары өнер көрсететін болады. Көрермендер фестиваль хедлайнерлері - Secret Service пен Ялла тобының өнерін, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жылдыз Осмоналиева, Жәмилә Серкебаева, Медеу Арынбаев және басқа да Орталық Азияға танымал жұлдыздардың шоуын, сондай-ақ салтанатты отшашуды тамашалай алады. Көпшілік алдында тек аңыздар ғана емес, маусым айында Алматыда өткен балалар мен ересектер арасындағы "Жас қанат" байқауының жеңімпаздарынан құралған өскелең ұрпақ та өнер көрсетеді. Айта кетерлігі, фестиваль әлемдік жұлдыздарды кеште өнер көрсетуге шақыруды дәстүрге айналдырғанымен көптің есінде. Талай жылдар ішінде фестивальдің хедлайнерлері арасында Captain Jack, Modern Talking, Митхун Чакраборти, Стинг, Тото Кутуньо, Патрисия Каас, Space, Eruption, Сьюзи Кватро, "Ялла" және өзге де әлемдік деңгейдегі танымал тұлғалар болды.
19 жылға созылған үзілістен кейін Медеу мұз айдынында көптен күткен "Азия Дауысы" халықаралық музыка фестивалі қайта өтіп жатыр. Бүгін, 29 шілдеде шараның басты хедлайнері - Black Eyed Peas тобы көрермендер алдында өнер көрсетті. Фестиваль қалай өткені туралы материалынан оқыңыз. Алматыда көптен күткен "Азия дауысы" фестивалінің қайта жаңғыруы қала тұрғындарына көптеген қуанышты эмоция сыйлады. 19 жыл өтсе де, көпшілік "Азия Дауысының" даңқы жер жарған, түрлі елдер мен ұлт өкілдерінің мәдени ортасына айналғанын фестиваль болғанын ұмытқан емес. "1990 жылдардың соңы 2000 жылдардың басы "Азия Дауысында" іс-тәжірибеден өтуші болып, "Шахар" телерадиокорпорациясының қызметкері болып жұмыс жасағанмын. Бүгінгі күн менің балалық шағыма саяхат десем болады. Репортаждар жасайтынмын, қолымдағы радионың диктофонымен қаншама белгілі тұлғалардан сұхбат алғанмын. Сол себепті "Азия Дауысы" мен үшін бұл үлкен ностальгия. Жылдар өтсе де біз тарихи кезеңді бастан өткізіп отырмыз деп ойлаймын. Себебі "Азия Дауысы" биыл фестиваль форматында өтіп жатса, алдағы уақытта халықыралық байқау форматына өтеді деп естідім. Ол дегенің өте қуанышты жағдай", - дейді феставильге арнайы келген танымал тележүргізуші әрі журналист Ләйлә Сұлтанқызы. Фестивальге жиналған көрермендер арасында алматылықтар ғана емес, өзге елдің азаматтары да болды. Ресейден келген Наталья есімді бойжеткен кешке қатысты өз әсерімен бөлісті: "Бүгін мен тек жағымды эмоцияларды сезініп отырмын. Біз Ресейден, Екатеринбургтен концертті көріп, саяхаттау үшін келдік. Алматыға Шымбұлақты үшін келдік, осында бұған дейін де болғанбыз. Топтың қонағы ретінде келіп отырмыз", - дейді Наталья. Барлығы бүгінгі күннің басты хедлайнері - Black Eyed Peas тобының өнерін асыға күтті. Топ кешкі тоғыз жарым шамасында көпшілік алдына шықты. Black Eyed Peas - адамзат тарихында альбомы ең көп сатылған топтардың бірі болып саналатын, аты аңызға айналған америкалық хип-хоп тобы. Топ құрамында will.i.am, apl.de.ap, Taboo рэперлері және әнші J. Rey Soul бар. Сол арада фестивальдың кешегі күнінде бой көрсеткен отандық жұлдыздар кештің видеолары мен фотоларын желіде жарыса бөлісуде. Ал ертең фестивальдың соңғы күнінде "Азия Дауысының" аңыздары өнер көрсететін болады. Көрермендер фестиваль хедлайнерлері - Secret Service пен Ялла тобының өнерін, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жылдыз Осмоналиева, Жәмилә Серкебаева, Медеу Арынбаев және басқа да Орталық Азияға танымал жұлдыздардың шоуын, сондай-ақ салтанатты отшашуды тамашалай алады. Көпшілік алдында тек аңыздар ғана емес, маусым айында Алматыда өткен балалар мен ересектер арасындағы "Жас қанат" байқауының жеңімпаздарынан құралған өскелең ұрпақ та өнер көрсетеді. Айта кетерлігі, фестиваль әлемдік жұлдыздарды кеште өнер көрсетуге шақыруды дәстүрге айналдырғанымен көптің есінде.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2030557-almatydagy-aziya-dauysy-festivalinde-aty-anyzga-ainalgan-black-eyed-peas-toby-oner-korsetti-foto-video/
29 шілде 2023, 21:51
kk
"42 градус аптап ыстық": 30 шілде күні елімізде ауа райы қандай болады
Синоптиктер 30 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" еліміздің кей өңірінде 42 градусқа дейінгі аптап ыстық болатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Синоптиктер мәліметінше, бұл аптада елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. 30 шілде күндіз Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды ​​облыстарының оңтүстігінде 35-42 градус аптап ыстық болады. Сонымен қатар синоптиктер Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт шығу қауіпі сақталатынын ескертті. Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт шығу қауіпі бар сақталады. "Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың батысында шаңды дауылдар күтілуде. Елдің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.
Синоптиктер 30 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" еліміздің кей өңірінде 42 градусқа дейінгі аптап ыстық болатынын мәлім етті, деп хабарлайды . Синоптиктер мәліметінше, бұл аптада елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. 30 шілде күндіз Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-42 градус аптап ыстық болады. Сонымен қатар синоптиктер Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт шығу қауіпі сақталатынын ескертті. Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт шығу қауіпі бар сақталады. "Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың батысында шаңды дауылдар күтілуде. Елдің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030562-42-gradus-aptap-ystyq-30-silde-kuni-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/
29 шілде 2023, 19:24
kk
"Шәкіртақы төленеді": "Қазақстан халқына" қоры бөлген 850 білім грантын кімдер ала алады
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылында "Қазақстан халқына" "ҚҚ Білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламалары бойынша талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарында күндізгі оқуға 850 білім беру грантын бөлді. Бөлген гранттарды кімдер ала алатынын "Қазақстан халқына" қоры сайтында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Білім беру грантын ізденушілер Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады: Қордың мәліметінше, бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды. Сонымен қатар "Қазақстан халқына" қорының мәліметінше, білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде төленеді. "Білім беру гранты бір рет ұсынылатын атаулы грант болып табылады, екінші жоғары білім алуға білім беру грантын алуға жол берілмейді. Білім беру гранты өз қалауы бойынша және үлгерімінің төмен болуына байланысты оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ студент оқудың екінші жылына қалдырылған және білім беру гранты иеленушісінің бағдарлама қатысушы екендігін растайтын күмәнді ақпарат немесе дәйексіз құжаттар ұсынылған жағдайда тоқтатылады", - деп жазылды қор ұсынған мәліметте.
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылында "Қазақстан халқына" "ҚҚ Білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламалары бойынша талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарында күндізгі оқуға 850 білім беру грантын бөлді. Бөлген гранттарды кімдер ала алатынын "Қазақстан халқына" қоры сайтында жариялады, деп хабарлайды . Білім беру грантын ізденушілер Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады: Қордың мәліметінше, бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды. Сонымен қатар "Қазақстан халқына" қорының мәліметінше, білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде төленеді. "Білім беру гранты бір рет ұсынылатын атаулы грант болып табылады, екінші жоғары білім алуға білім беру грантын алуға жол берілмейді.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2030560-sakirtaqy-tolenedi-qazaqstan-xalqyna-qory-bolgen-850-bilim-grantyn-kimder-ala-alady/
29 шілде 2023, 19:01
kk
Қорғаныс министрі Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар жүргізді (фото)
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бірқатар офицерлді қызметке тағайындау және жоғарылату туралы бұйрықтарға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы тыл бас басқармасының бастығы полковник Рүстем Мұратбекұлы Қалықпаев ҚР Қарулы күштері қару-жарақ бастығы болып тағайындалды. Полковник Талғат Серікұлы Сыздықов әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы қызметінен босатылып, әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары - ҚР Қарулы күштері әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы болып тағайындалды. ҚР қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының өкімінде тұрған полковник Тимур Төлегенұлы Еспағанбетов екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы болып тағайындалды. Штаб бастығы - Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР қорғаныс министрлігі Әскери колледжі бастығының орынбасары полковник Болат Кәрімұлы Оспанбеков осы оқу орнының басшысы болды.
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бірқатар офицерлді қызметке тағайындау және жоғарылату туралы бұйрықтарға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған . Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы тыл бас басқармасының бастығы полковник Рүстем Мұратбекұлы Қалықпаев ҚР Қарулы күштері қару-жарақ бастығы болып тағайындалды. Полковник Талғат Серікұлы Сыздықов әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы қызметінен босатылып, әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары - ҚР Қарулы күштері әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы болып тағайындалды. ҚР қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының өкімінде тұрған полковник Тимур Төлегенұлы Еспағанбетов екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы болып тағайындалды.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2030558-qorganys-ministri-qaruly-kusterde-kadrlyq-tagaiyndaular-zurgizildi-foto/
29 шілде 2023, 18:40
kk
Астанада полицей атын жамылып, өзбекстандық азаматтан ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды
Астанада полицей атын жамылған ер адам Өзбекстан азаматынан 200 мың теңге бопсалаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адам шетелдік азаматтан белгісіз әйелді жәбірлегенің үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпаймын деп 200 мың теңге талап еткен. Полиция күдікті 200 мың теңге көлеміндегі қаражатты алған жерде ұсталғанын мәлім етті. "Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", - деді полиция өз мәлімдемесінде.
Астанада полицей атын жамылған ер адам Өзбекстан азаматынан 200 мың теңге бопсалаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Полиция мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адам шетелдік азаматтан белгісіз әйелді жәбірлегенің үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпаймын деп 200 мың теңге талап еткен. Полиция күдікті 200 мың теңге көлеміндегі қаражатты алған жерде ұсталғанын мәлім етті. "Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030556-astanada-policei-atyn-zamylyp-ozbekstandyq-azamattan-aqsa-bopsalagan-kudikti-ustaldy/
29 шілде 2023, 17:49
kk
Әлихан Смайылов министрліктер мен университет басшыларын сынға алды
Премьер-министр Әлихан Смайылов министрліктер мен университет басшыларын жатақхана мәселесінің шешілмей тұрғанына байланысты сынға алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Штаб отырысында Әлихан Смайылов жатақхана тапшылығы мәселесін талқылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, биыл 11 мың орындық 37 нысан, оның ішінде ЖОО студенттеріне арналған - 26, колледж студенттеріне арналған - 11 жатақхана пайдалануға беріледі. 1,4 мың орындық 4 нысан жоспарлы мерзімінде пайдалануға берілмеуі мүмкін. Әлихан Смайылов егер бұл мәселе уақтылы шешілмейтін болса, жағдай одан сайын қиындай беретінін атап өтті "Көптеген университет басшылары студенттерге тиісті жағдай жасау өздерінің тікелей міндеті екенін іс жүзінде ұмытып кетті деуге болады. Өз кезегінде Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктері университеттер мен колледждердің сырттан келген студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз ету талаптарының орындалуына қатысты жағдайды бақылап отырған жоқ. Сондай-ақ, әкімдіктер тарапынан да үйлестіру жұмыстары нашар", - деді премьер-министр. Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақханадан орын бөлу жұмыстарын барынша күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ биылға жоспарланған 37 нысанның барлығы мерзімінде тапсырылуы тиіс екенін айтты.
Премьер-министр Әлихан Смайылов министрліктер мен университет басшыларын жатақхана мәселесінің шешілмей тұрғанына байланысты сынға алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған . Штаб отырысында Әлихан Смайылов жатақхана тапшылығы мәселесін талқылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, биыл 11 мың орындық 37 нысан, оның ішінде ЖОО студенттеріне арналған - 26, колледж студенттеріне арналған - 11 жатақхана пайдалануға беріледі. 1,4 мың орындық 4 нысан жоспарлы мерзімінде пайдалануға берілмеуі мүмкін. Әлихан Смайылов егер бұл мәселе уақтылы шешілмейтін болса, жағдай одан сайын қиындай беретінін атап өтті "Көптеген университет басшылары студенттерге тиісті жағдай жасау өздерінің тікелей міндеті екенін іс жүзінде ұмытып кетті деуге болады. Өз кезегінде Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктері университеттер мен колледждердің сырттан келген студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз ету талаптарының орындалуына қатысты жағдайды бақылап отырған жоқ. Сондай-ақ, әкімдіктер тарапынан да үйлестіру жұмыстары нашар", - деді премьер-министр. Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақханадан орын бөлу жұмыстарын барынша күшейтуді тапсырды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030554-alixan-smaiylov-ministrlikter-men-universitet-bassylaryn-synga-aldy/
29 шілде 2023, 17:36
kk
Қостанай облысында жол апатынан екі жүргізуші қайтыс болды
Қостанай облысының Қостанай-Сарыкөл автожолында жол апаты орын алды. Жол көлік оқиғасы кезінде Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция хабарлауынша, қалған үш жолаушы ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында аяғы ауыр келіншек те бар. "ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған. Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция. Полиция мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Қазір қылмыстық кодекстің 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қостанай облысының Қостанай-Сарыкөл автожолында жол апаты орын алды. Жол көлік оқиғасы кезінде Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Полиция хабарлауынша, қалған үш жолаушы ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында аяғы ауыр келіншек те бар. "ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған. Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция. Полиция мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030543-qostanai-oblysynda-zol-apatynan-eki-zurgizusi-qaitys-boldy/
29 шілде 2023, 13:57
kk
Талғарда дәретханаға құлап кеткен 2020 жылғы бала мен 2013 жылғы әпкесі құтқарылды
Алматы облысы, Талғар ауданында 2020 жылы туған бала қазылған дәретханаға құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын шұңқырға түсірген. Бірақ ер адам өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында. "2023 жылдың 28 шілдесінде сағат 18.45-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылында 2020 жылғы баланың дәретханаға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен 8 км қашықтықтағы оқиға орнына барды. Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала дәретханаға құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені анықталды. Бірақ ер адам өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмаған", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Министрліктің мәліметінше, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен техникасы сағат 18.54-те балаларды дәретханадан шығарған. Балаларға жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Алматы облысы, Талғар ауданында 2020 жылы туған бала қазылған дәретханаға құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын шұңқырға түсірген. Бірақ ер адам өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында. "2023 жылдың 28 шілдесінде сағат 18.45-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылында 2020 жылғы баланың дәретханаға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен 8 км қашықтықтағы оқиға орнына барды. Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала дәретханаға құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені анықталды. Бірақ ер адам өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмаған", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Министрліктің мәліметінше, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен техникасы сағат 18.54-те балаларды дәретханадан шығарған.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030539-talgarda-daretxanaga-qulap-ketken-2020-zylgy-bala-men-2013-zylgy-apkesi-qutqaryldy/
29 шілде 2023, 12:46
kk
Әнші Шаһизада келіні мен төртінші немересін перзентханадан шығарып алды (видео)
Әнші Шаһизада бірнеше күн бұрын төртінші немересі өмірге келгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын. Өнер иесі келіні мен немересін перзентханадан шығарып алғанын Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Көптен күткен төртінші немерем Әмірді перзентханадан шығарып алдық. Өміріміздің мәні де, сәні де осы кішкентай балапандарымыз. Әмірім болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болып өсе берсін. Барлығыңызға осындай бақыт тілеймін", - деп жазды әнші. Видеодан Шаһизада мен ұлының және немерелерінің перзентханаға гүл шоғымен және шармен барғанын байқауға болады. Айта кетейік, Шаһизада бірнеше күн бұрын төртінші немересі дүниеге келгенін айтқан болатын.
Әнші Шаһизада бірнеше күн бұрын төртінші немересі өмірге келгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын. Өнер иесі келіні мен немересін перзентханадан шығарып алғанын Instagram парақшасында айтты, деп жазады . "Көптен күткен төртінші немерем Әмірді перзентханадан шығарып алдық. Өміріміздің мәні де, сәні де осы кішкентай балапандарымыз. Әмірім болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болып өсе берсін. Барлығыңызға осындай бақыт тілеймін", - деп жазды әнші. Видеодан Шаһизада мен ұлының және немерелерінің перзентханаға гүл шоғымен және шармен барғанын байқауға болады.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2030534-ansi-sahizada-kelini-men-tortinsi-nemeresin-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/
29 шілде 2023, 11:25
kk
FlyArystan Түркістан – Астана рейсін 15 сағатқа кешіктіріп жатыр
29 шілде күні сағат 00:55-те ұшуы керек КC7362 Түркістан - Астана рейсі 15 сағатқа кешіктірілді, деп хабарлайды FlyArystan компаниясы ресми Telegram арнасында. "Рейс Түркістан қаласының жергілікті уақыты бойынша алдын ала 29.07.2023 сағат 16:30-ға ұшуға жоспарлануда. Біз жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз және ұшу қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз екенін еске саламыз", - деді компания өз жазбасында. Әуе компаниясы рейс жолаушылары сусын, ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін атап өтті: 1. Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде: жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады; 2. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылады. Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз; 3. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады; 4. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады; 5. Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады. "Аталған мәселелер бойынша жолаушылардан FlyArystan өкілдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз, барынша қолдау көрсетілетін болады", - деді әуе компаниясы.
29 шілде күні сағат 00:55-те ұшуы керек КC7362 Түркістан - Астана рейсі 15 сағатқа кешіктірілді, деп хабарлайды FlyArystan компаниясы ресми Telegram арнасында. "Рейс Түркістан қаласының жергілікті уақыты бойынша алдын ала 29.07.2023 сағат 16:30-ға ұшуға жоспарлануда. Біз жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз және ұшу қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз екенін еске саламыз", - деді компания өз жазбасында. Әуе компаниясы рейс жолаушылары сусын, ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін атап өтті: 1. Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде: жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады; 2. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылады. Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз; 3. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады; 4. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады; 5. Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030532-flyarystan-turkistan-astana-reisin-15-sagatqa-kesiktirip-zatyr/
29 шілде 2023, 10:51
kk
Шымкентте сірке суын ішіп қойған 2 жасар бүлдіршін жансақтау бөліміне түсті
Шымкенттік дәрігерлер сірке суын ішіп қойған екі жасар науқастың өмірі үшін екі аптадан астам күресті. Бүлдіршін жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Дәрігерлердің айтуынша, қыз өздігінен тыныс ала алмайтындықтан жасанды тыныс алу аппаратына қосуға тура келген. "11 шілдеде 2021 жылы туған бүлдіршін жедел жәрдеммен гипербарикалық оксигенация орталығына жеткізілді. Қыздың жағдайы ауыр. Сірке суын ішкеннен кейін ентігу байқалған. Ол жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қазір бүлдіршін палатаға ауыстырылды", - деді гипербарикалық оксигенация орталығының бөлім меңгерушісі. Орынбаева Асылхан Мыңбосынов. Дәрігерлердің айтуынша, баланың сірке суымен улануына ата-ананың жауапсыздығы себеп болған. Олар қысқа дайындық ретінде банка жауып, сірке суын төменде қалдырып кеткен. Екі жасар бүлдіршін сірке суынан бір ұрттам жасаған. Жедел жәрдем оқиға орнына жылдам жеткен. ""Сол күні ас үйде сірке суы еденде тұрды. Барлығы санаулы секундтар ішінде орын алды. Мунира сол жерде ойнап жүріп, сірке суын ішкен. Біз дереу жедел жәрдем шақырдық. Қызымызды ауруханаға жеткізді. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Түтік арқылы тамақтандырды, асқазаны жуылды. Баламның өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс айтамын. Ата-аналарға айтарым, біздің қателігімізді қайталамаңыздар, улы заттарды баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңдарыздар", - деді сәбидің анасы.
Шымкенттік дәрігерлер сірке суын ішіп қойған екі жасар науқастың өмірі үшін екі аптадан астам күресті. Бүлдіршін жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды сайтына сілтеме жасаған . Дәрігерлердің айтуынша, қыз өздігінен тыныс ала алмайтындықтан жасанды тыныс алу аппаратына қосуға тура келген. "11 шілдеде 2021 жылы туған бүлдіршін жедел жәрдеммен гипербарикалық оксигенация орталығына жеткізілді. Қыздың жағдайы ауыр. Сірке суын ішкеннен кейін ентігу байқалған. Ол жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қазір бүлдіршін палатаға ауыстырылды", - деді гипербарикалық оксигенация орталығының бөлім меңгерушісі. Орынбаева Асылхан Мыңбосынов. Дәрігерлердің айтуынша, баланың сірке суымен улануына ата-ананың жауапсыздығы себеп болған. Олар қысқа дайындық ретінде банка жауып, сірке суын төменде қалдырып кеткен. Екі жасар бүлдіршін сірке суынан бір ұрттам жасаған. Жедел жәрдем оқиға орнына жылдам жеткен. ""Сол күні ас үйде сірке суы еденде тұрды. Барлығы санаулы секундтар ішінде орын алды. Мунира сол жерде ойнап жүріп, сірке суын ішкен. Біз дереу жедел жәрдем шақырдық. Қызымызды ауруханаға жеткізді. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Түтік арқылы тамақтандырды, асқазаны жуылды. Баламның өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс айтамын.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030528-symkentte-sirke-suyn-isip-qoigan-2-zasar-buldirsin-zansaqtau-bolimine-tusti/
29 шілде 2023, 10:30
kk
2023 жылғы 29 шілде: Криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 29 шілде күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $117.46-ға өсті. Бүгін актив $29,300.79393493* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00132-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 29 шілде күні $0.08407505*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $10.58-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,870.16720786*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0044-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.38754445* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде өзгеріссіз қалды. TUSD бағамы 2023 жылғы 29 шілде күні $0.99911311*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.14-ға нығая түсті. Актив $91.31642452* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.10-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $18.50821948*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0037-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.71100469*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00028-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.07710105* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 29 шілде күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $117.46-ға өсті. Бүгін актив $29,300.79393493* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00132-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 29 шілде күні $0.08407505*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $10.58-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,870.16720786*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0044-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.38754445* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде өзгеріссіз қалды. TUSD бағамы 2023 жылғы 29 шілде күні $0.99911311*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.14-ға нығая түсті. Актив $91.31642452* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.10-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $18.50821948*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0037-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.71100469*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00028-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.07710105* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2030531-2023-zylgy-29-silde-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
29 шілде 2023, 10:02
kk
2023 жылғы 29 шілде: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 29 шілде күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.68 (+0.96), еуроға шаққандағы бағамы – 489.00 (-6.37) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.90 (-0.05). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.94 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (Halyk Bank).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.94 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (Halyk Bank).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 29 шілде күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 445.68 (+0.96), еуроға шаққандағы бағамы – 489.00 (-6.37) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.90 (-0.05). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 445.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 490.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.94 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (Halyk Bank).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 444.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 447.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 486.94 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 492.94 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.83 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (Halyk Bank).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2030527-2023-zylgy-29-silde-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
29 шілде 2023, 09:09
kk
"5 адамды аңшы мылтығымен өлтірген": атышулы Игорь Дужновтың үйін сот орындаушылары тартып алды
2021 жылы Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың даулы үйін бүгін сот орындаушылары ақыры күшпен тартып алды. "Үйді бермеймін" деген қылмыскердің әйеліне бұл жайында бір апта бұрын да ескертілген, деп хабарлайды "КТК" арнасы. Арна мәліметінше, сот орындаушылары Игорь Джуновтың жұбайынан дүние-мүліктерін жинап, өз еркімен баспананы босатуды сұраған. Бірақ Анаида Демирчян полиция мен арнайы жасаққа қарсылық көрсетіп, бірде суицид жасайтынын айтса, енді бірде өзін өртемек болған. Сот орындаушылары бұл жолы қулыққа барып, басқаша әрекет етті. "КТК" арнасының мәліметінше, сот орындаушылары бұл жолы арнайы жасақты алып, қанды оқиға болған үйдің есікігін бұзып, ішке кіре алған. Сот қаулысын орындауға келгендер үйді толықтай тінту кезінде қару табылғанын айтады. Сол себепті таңнан бері үйдің маңайына жан баласын жақындатқан жоқ. Аумақ толық қоршауға алынып, баспана ішінде сот орындаушылардан бөлек, полицияның жедел-тергеу тобы да тексеру жүргізіпті. Ал бір ай бұрын "өзімді өртеймін" деп байбалам салып, сот орындаушыларын қуып шыққан Дужновтың жұбайы бүгін үйге өзі кіре алмай әлек. "Бұл үй маған тиесілі. Баспананы оңайлықпен босатпаймын. Өзгенің атына заңсыз тіркеген. Осыдан бір ай бұрын ғана 13 қыркүйекке дейін ешкім мені орнымнан қозғамайтындығы айтылған еді. Сол уақытқа дейін құжаттарды реттеп сотта да, қылмыстық істе де үйдің менікі екенін дәлелдеймін деп отырғанмын. Қазір іште сіңілім қалды. Барлық менің жеке дүниені рұқсатымсыз далаға шығарып тастап жатыр екен", - дейді Анаида Демирчян. Арна мәліметінше, соттың қаулысын орындауға келген мамандардың жанында арнайы жасақ пен полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем де бар. Арна мәліметінше, жеке сот орындаушы Дужнов отбасын бұған дейін 5 рет шығаруға әрекеттенген. Бірақ барлығында да көрсетіп жатқаны тек қарсылық. Бір ай бұрын тіпті үйге ешкімді кіргізбеген Анаида Демирчян үймен қоса өзін де өртеп жіберемін деп сес көрсеткен болатын. Сол себепті іс кейінге қалдырылып келді. "Сот шешімімен үйден мәжбүрлі түрде шығару жүріп жатыр. Сол себепті бүгінгі таңда ескертілген Анаида Демирчянға ескертіліп, бүгінгі таңда гос органдардың қатысуымен барлық мүлкі актіленіп, қоймаға жіберіледі. Үйді толық босатқаннан кейін үйдің иелеріне береміз", - сот орындаушысы Алмасбек Елтоқов. Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2021 жылдың қыркүйек айында болған. Игорь Дужнов өз үйінде сот қаулысын орындауға келген 5 адамға аңшы мылтығымен оқ жаудырды. Салдарынан екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның досы қаза тапты. Оған өмірі бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, қазір қауіпті қылмыскерлерге арналған "Қара бүркіт" түрмесінде отыр. Ал жұбайы қанды оқиғаға себеп болған Ақбұлақ ықшамауданындағы аталмыш үйді 2 жылдан бері босатпай жүрген болатын.
2021 жылы Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың даулы үйін бүгін сот орындаушылары ақыры күшпен тартып алды. "Үйді бермеймін" деген қылмыскердің әйеліне бұл жайында бір апта бұрын да ескертілген, деп хабарлайды "КТК" арнасы. Арна мәліметінше, сот орындаушылары Игорь Джуновтың жұбайынан дүние-мүліктерін жинап, өз еркімен баспананы босатуды сұраған. Бірақ Анаида Демирчян полиция мен арнайы жасаққа қарсылық көрсетіп, бірде суицид жасайтынын айтса, енді бірде өзін өртемек болған. Сот орындаушылары бұл жолы қулыққа барып, басқаша әрекет етті. "КТК" арнасының мәліметінше, сот орындаушылары бұл жолы арнайы жасақты алып, қанды оқиға болған үйдің есікігін бұзып, ішке кіре алған. Сот қаулысын орындауға келгендер үйді толықтай тінту кезінде қару табылғанын айтады. Сол себепті таңнан бері үйдің маңайына жан баласын жақындатқан жоқ. Аумақ толық қоршауға алынып, баспана ішінде сот орындаушылардан бөлек, полицияның жедел-тергеу тобы да тексеру жүргізіпті. Ал бір ай бұрын "өзімді өртеймін" деп байбалам салып, сот орындаушыларын қуып шыққан Дужновтың жұбайы бүгін үйге өзі кіре алмай әлек. "Бұл үй маған тиесілі. Баспананы оңайлықпен босатпаймын. Өзгенің атына заңсыз тіркеген. Осыдан бір ай бұрын ғана 13 қыркүйекке дейін ешкім мені орнымнан қозғамайтындығы айтылған еді. Сол уақытқа дейін құжаттарды реттеп сотта да, қылмыстық істе де үйдің менікі екенін дәлелдеймін деп отырғанмын. Қазір іште сіңілім қалды. Барлық менің жеке дүниені рұқсатымсыз далаға шығарып тастап жатыр екен", - дейді Анаида Демирчян. Арна мәліметінше, соттың қаулысын орындауға келген мамандардың жанында арнайы жасақ пен полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем де бар. Арна мәліметінше, жеке сот орындаушы Дужнов отбасын бұған дейін 5 рет шығаруға әрекеттенген. Бірақ барлығында да көрсетіп жатқаны тек қарсылық. Бір ай бұрын тіпті үйге ешкімді кіргізбеген Анаида Демирчян үймен қоса өзін де өртеп жіберемін деп сес көрсеткен болатын. Сол себепті іс кейінге қалдырылып келді. "Сот шешімімен үйден мәжбүрлі түрде шығару жүріп жатыр. Сол себепті бүгінгі таңда ескертілген Анаида Демирчянға ескертіліп, бүгінгі таңда гос органдардың қатысуымен барлық мүлкі актіленіп, қоймаға жіберіледі. Үйді толық босатқаннан кейін үйдің иелеріне береміз", - сот орындаушысы Алмасбек Елтоқов. Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2021 жылдың қыркүйек айында болған. Игорь Дужнов өз үйінде сот қаулысын орындауға келген 5 адамға аңшы мылтығымен оқ жаудырды. Салдарынан екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның досы қаза тапты. Оған өмірі бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, қазір қауіпті қылмыскерлерге арналған "Қара бүркіт" түрмесінде отыр.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030525-5-adamdy-ansy-myltygymen-oltirgen-atysuly-igor-duznovtyn-uiin-sot-oryndausylary-tartyp-aldy/
29 шілде 2023, 09:08
kk
Еліміздің ірі қалаларында 37 градусқа дейін ыстық күтілмек
Синоптиктер 29 шілде, сенбі күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Астанада 29 шілде күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +30...+32 градусқа дейін ысиды. Синоптиктердің болжауынша, сенбі күні Алматыда көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы +32...+34 градус болады. Шымкентте де сенбі күні көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы +35...+37 градусқа дейін.
Синоптиктер 29 шілде, сенбі күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған . Астанада 29 шілде күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +30...+32 градусқа дейін ысиды. Синоптиктердің болжауынша, сенбі күні Алматыда көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы +32...+34 градус болады. Шымкентте де сенбі күні көшпелі бұлт шығады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030523-elimizdin-iri-qalalarynda-37-gradusqa-deiin-ystyq-kutilmek/
29 шілде 2023, 08:49
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 29 шілде күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Дене бітіміңіздің кемшіліктерін киіммен жасыруға тырыспаңыз, керісінше артықшылықтарыңызды ерекшелеуге тырысыңыз. Бұл сіздің өзіңізді бағалауға және айналаңыздағы адамдардың сізді қабылдауына оң әсер етеді. Достардан көмек сұраудың уақыты келді. Барлығын өз бетіңізше шеше алмайсыз. Кеңес алудан тартынбаңыз, артқа шегініңіз және не болып жатқанын саралаңыз. Қиялға бой алдырмаңыз, реалист болыңыз. Тәжірибеңіз күнделікті және жеке мәселелерді шешуге көмектеседі. Бүгін кішкентай кезіңізді еске алып, көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін. Сағынышыңыз туралы ата-анаңызға немесе жақындарыңызға айтыңыз. Мұндай сәттер ұмытылмайды. Кәсіби фотосессияға жазылуды қарастырыңыз. Бұл сіздің келбетіңіздің артықшылықтарын көруге және ұзақ жылдарға естелік етіп қалдыруға көмектеседі. Жақын арада ортаңыз өмір бойы сізбен бірге болатын жаңа доспен толысуы мүмкін, соған дайын болыңыз. Егер сізде үйде жаттығулар жасауға мотивация жеткіліксіз болса - өзіңізге әдемі және ыңғайлы спорт костюмін сатып алыңыз, бұл жаңа киіміңізді киюге себеп керек болады. Күніңіз жақсы өту үшін жақындарыңыздың кеңесін пайдаланыңыз. Кешке олармен демалып, уақыт өткізіңіз. Егер сіз компьютерде жұмыс істесеңіз және сізге назарыңызды бір нәрсеге шоғырландыру қиын болса - фондық режимде YouTube сайтынан кез келген lo-fi музыка қосып қойыңыз, бұл өнімділікті арттырады. Үйде шағын мереке ұйымдастырңыз. Себепсіз кішігірім сыйлықтар немесе дәмді кешкі ас жасаңыз. Жақындарыңыз сіздің назарыңызға лайық. Сіз қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін шыдамды болуыңыз керек. Алда сізді айтарлықтай белеске жеткізетін күн бар. Асықпаңыз, әйтпесе қателікке ұрынуыңыз әбден мүмкін. Бүгін денсаулығыңызға уақыт бөліңіз. Егер сізде аурудың белгілері болса, дәрігеріңізбен кездесуге жазылыңыз. Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне ерте тұруға тырысып, бұрын-соңды жасап көрмеген макияжға уақыт бөлуді ұсынамыз. Айналаңыздағылардың қошеметіне бөленетініңіз сөзсіз. Өзіңізді аса қатты сынамаңыз: әркім қателесуге құқылы, бұл сізге де қатысты. Бүгін жақын адамдармен жанжалдаспау керек. Жауапкершілікті мойныңызға алмаңыз және артық уәде бермеңіз. Өзіңізді релаксациямен емдеңіз: массаж немесе йога сізге шынымен демалуға көмектеседі. Қарбалас күн болады. Өзіңіздің ғана емес, басқалардың да көптеген мәселесін шешесіз. Ешкімге көмектесуден бас тартпауға тырысыңыз. Жаңа одақтастар пайда болады, олардың ішінде ықпалдылары да бар. Бұл күні жаңа таныстар табуға тырысыңыз, іскерлік келіссөздер жүргізіңіз, әлеуетті серіктестермен танысыңыз. Идеяларыңызды жүзеге асыруға көмектесетін жандардың қызығушылығын оятуға тырысыңыз. Жұмыс тапсырмасын өз бетіңізше орындай алмасаңыз, әріптестеріңізден көмек сұраңыз. Бұл - барлығын өзіңіз жасауға тырысып, қателіктерге бой алдырып, оны қайта жасағаннан жақсы. Кенже балаларыңызға қарау жауапкершілігін үлкен балаларыңызға жүктемеңіз. Себебі осы арқылы балалардың өзара қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін. Ақшаға келіп тірелетін жұмыстарда қателік жіберуіңіз мүмкін. Қаржылық құжаттарды мұқият оқып шықпайынша, оларға қол қоймаңыз. Дос ретінде көмек көрсетуге дайын болыңыз, бұл жақсылығыңыздың қайтарымы болады. Тері күтіміне арналған өнімдерді сатып алудан қорықпаңыз. Өнім туралы пікірлермен танысып, сұлулық пен теріңіздің денсаулығына тиімді инвестиция жасаңыз. Қаржылық мүмкіндігіңіз болса, массаж курсына жазылыңыз. Бұл жағымды процедура сіздің денсаулығыңызға оң әсер ететініне кепілдік бар.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Дене бітіміңіздің кемшіліктерін киіммен жасыруға тырыспаңыз, керісінше артықшылықтарыңызды ерекшелеуге тырысыңыз. Бұл сіздің өзіңізді бағалауға және айналаңыздағы адамдардың сізді қабылдауына оң әсер етеді. Достардан көмек сұраудың уақыты келді. Барлығын өз бетіңізше шеше алмайсыз. Кеңес алудан тартынбаңыз, артқа шегініңіз және не болып жатқанын саралаңыз. Қиялға бой алдырмаңыз, реалист болыңыз. Тәжірибеңіз күнделікті және жеке мәселелерді шешуге көмектеседі. Бүгін кішкентай кезіңізді еске алып, көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін. Сағынышыңыз туралы ата-анаңызға немесе жақындарыңызға айтыңыз. Мұндай сәттер ұмытылмайды. Кәсіби фотосессияға жазылуды қарастырыңыз. Бұл сіздің келбетіңіздің артықшылықтарын көруге және ұзақ жылдарға естелік етіп қалдыруға көмектеседі. Жақын арада ортаңыз өмір бойы сізбен бірге болатын жаңа доспен толысуы мүмкін, соған дайын болыңыз. Егер сізде үйде жаттығулар жасауға мотивация жеткіліксіз болса - өзіңізге әдемі және ыңғайлы спорт костюмін сатып алыңыз, бұл жаңа киіміңізді киюге себеп керек болады. Күніңіз жақсы өту үшін жақындарыңыздың кеңесін пайдаланыңыз. Кешке олармен демалып, уақыт өткізіңіз. Егер сіз компьютерде жұмыс істесеңіз және сізге назарыңызды бір нәрсеге шоғырландыру қиын болса - фондық режимде YouTube сайтынан кез келген lo-fi музыка қосып қойыңыз, бұл өнімділікті арттырады. Үйде шағын мереке ұйымдастырңыз. Себепсіз кішігірім сыйлықтар немесе дәмді кешкі ас жасаңыз. Жақындарыңыз сіздің назарыңызға лайық. Сіз қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін шыдамды болуыңыз керек. Алда сізді айтарлықтай белеске жеткізетін күн бар. Асықпаңыз, әйтпесе қателікке ұрынуыңыз әбден мүмкін. Бүгін денсаулығыңызға уақыт бөліңіз. Егер сізде аурудың белгілері болса, дәрігеріңізбен кездесуге жазылыңыз. Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне ерте тұруға тырысып, бұрын-соңды жасап көрмеген макияжға уақыт бөлуді ұсынамыз. Айналаңыздағылардың қошеметіне бөленетініңіз сөзсіз. Өзіңізді аса қатты сынамаңыз: әркім қателесуге құқылы, бұл сізге де қатысты. Бүгін жақын адамдармен жанжалдаспау керек. Жауапкершілікті мойныңызға алмаңыз және артық уәде бермеңіз. Өзіңізді релаксациямен емдеңіз: массаж немесе йога сізге шынымен демалуға көмектеседі. Қарбалас күн болады. Өзіңіздің ғана емес, басқалардың да көптеген мәселесін шешесіз. Ешкімге көмектесуден бас тартпауға тырысыңыз. Жаңа одақтастар пайда болады, олардың ішінде ықпалдылары да бар. Бұл күні жаңа таныстар табуға тырысыңыз, іскерлік келіссөздер жүргізіңіз, әлеуетті серіктестермен танысыңыз. Идеяларыңызды жүзеге асыруға көмектесетін жандардың қызығушылығын оятуға тырысыңыз. Жұмыс тапсырмасын өз бетіңізше орындай алмасаңыз, әріптестеріңізден көмек сұраңыз. Бұл - барлығын өзіңіз жасауға тырысып, қателіктерге бой алдырып, оны қайта жасағаннан жақсы. Кенже балаларыңызға қарау жауапкершілігін үлкен балаларыңызға жүктемеңіз. Себебі осы арқылы балалардың өзара қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін. Ақшаға келіп тірелетін жұмыстарда қателік жіберуіңіз мүмкін. Қаржылық құжаттарды мұқият оқып шықпайынша, оларға қол қоймаңыз. Дос ретінде көмек көрсетуге дайын болыңыз, бұл жақсылығыңыздың қайтарымы болады. Тері күтіміне арналған өнімдерді сатып алудан қорықпаңыз. Өнім туралы пікірлермен танысып, сұлулық пен теріңіздің денсаулығына тиімді инвестиция жасаңыз. Қаржылық мүмкіндігіңіз болса, массаж курсына жазылыңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2030400-bugingi-zuldyz-zoramal-29-silde-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
29 шілде 2023, 00:01
kk
"Азаматтарға арналған үкімет" филиал басшысының ұсталуына байланысты түсініктеме берді
"Азаматтарға арналған үкімет" Абай облысы бойынша филиалы басшысының ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Бүгін БАҚ мемлекеттік корпорацияның Абай облысы бойынша филиалы директорының ұсталғаны туралы ақпарат жариялады. "Азаматтарға арналған үкіметтің" ішкі қауіпсіздік басқармасы өз құзыреті аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауда. Абай облысындағы жағдайға қатысты мынаны хабарлаймыз: филиал директорына қатысты ақпаратты құқық қорғау органдарына біздің қызметкерлер мамыр айында берген. Бұл жұмыс бірлесіп жүргізілді", - деп түсіндірілді мемлекеттік корпорацияда. Еске сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ-тан Абай облыстық филиалының директоры ұсталды. Ол жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінгені туралы жазған едік. 27 шілдеде ҰҚК-нің Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директорын ұстаған. "Ол Қылмыстық кодекстің 366 бабының 2-тармағында (едәуір мөлшерде пара алу) көзделген жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
"Азаматтарға арналған үкімет" Абай облысы бойынша филиалы басшысының ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған хабарлайды. Бүгін БАҚ мемлекеттік корпорацияның Абай облысы бойынша филиалы директорының ұсталғаны туралы ақпарат жариялады. "Азаматтарға арналған үкіметтің" ішкі қауіпсіздік басқармасы өз құзыреті аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауда. Абай облысындағы жағдайға қатысты мынаны хабарлаймыз: филиал директорына қатысты ақпаратты құқық қорғау органдарына біздің қызметкерлер мамыр айында берген. Бұл жұмыс бірлесіп жүргізілді", - деп түсіндірілді мемлекеттік корпорацияда. Еске сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ-тан Абай облыстық филиалының директоры ұсталды. Ол жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінгені туралы жазған едік. 27 шілдеде ҰҚК-нің Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директорын ұстаған. "Ол Қылмыстық кодекстің 366 бабының 2-тармағында (едәуір мөлшерде пара алу) көзделген жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030515-azamattarga-arnalgan-ukimet-filial-bassysynyn-ustaluyna-bailanysty-tusinikteme-berdi/
28 шілде 2023, 23:35
kk
"6 жастан бастап қабылдайды": елімізде бірінші сыныпқа құжаттарды қалай онлайн өткізуге болады
Үлгілік қағидаға сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта "Электрондық үкіметтің" egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Биылғы оқу жылында білім мекемесіне баланың даярлық деңгейіне қарамастан, мектеп маңында (шағын учаскеде) тұратын барлық бала қабылданады. Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, балаларды мектепке өздерінің шағын аумағы бойынша ғана емес, бос орындар болған жағдайда кез келген басқа мемлекеттік мектепке де тіркеуге мүмкіндік бар. "Бірінші сыныпқа қабылдау үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі жеке өтініш жазуы керек. Сонымен қатар баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, 026/у-3 үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты, 065/у үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты және 3х4 өлшеміндегі екі фотосуретті өткізу қажет. Мектепке қабылдау – 6 жастан басталады", – делінген хабарламада. Сол арада әкімдікте Алматы бойынша бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталғанын еске салды. Осы уақытқа дейін Алматыда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 25 мыңнан астам өтініш түскен. Өтінім 1 тамызға дейін қабылданады.
Үлгілік қағидаға сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Биылғы оқу жылында білім мекемесіне баланың даярлық деңгейіне қарамастан, мектеп маңында (шағын учаскеде) тұратын барлық бала қабылданады. Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, балаларды мектепке өздерінің шағын аумағы бойынша ғана емес, бос орындар болған жағдайда кез келген басқа мемлекеттік мектепке де тіркеуге мүмкіндік бар. "Бірінші сыныпқа қабылдау үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі жеке өтініш жазуы керек. Сонымен қатар баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, 026/у-3 үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты, 065/у үлгідегі денсаулық жағдайы туралы құжатты және 3х4 өлшеміндегі екі фотосуретті өткізу қажет. Мектепке қабылдау – 6 жастан басталады", – делінген хабарламада. Сол арада әкімдікте Алматы бойынша бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталғанын еске салды. Осы уақытқа дейін Алматыда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 25 мыңнан астам өтініш түскен.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030516-6-zastan-bastap-qabyldaidy-elimizde-birinsi-synypqa-quzattardy-qalai-onlain-otkizuge-bolady/
28 шілде 2023, 22:41
kk
"Аптап ыстық сақталады": синоптиктер 29 шілдеде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады
Синоптиктердің ақпаратынша, 29 шілде күні Қазақстанның кейбір қалаларында найзағай ойнап, екпінді жел тұрады. Бірақ аптап ыстық сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды. Синоптиктер мәліметінше, 29 шілде күні елордада найзағай болады деген болжам бар. Күндіз ауа температурасы 30-32 градус болмақ, ал түнде 16-18 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, ал түнде 5-10 м/с болады. Найзағай кезінде 15-20 м/с дейін артуы ықтимал. Алматыда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 32-34 градусқа ыстық болуы мүмкін, түнде 18-20 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы — 3-8 м/с. Ақтөбеде найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35-37 градус аптап ыстық болуы ықтимал, ал түнде 19-21 градусқа төмендейді. Желдің екпіні 3-8 м/с болса, найзағай кезінде 15 м/с дейін жетеді. Қызылордада күндіз ауа температурасы 38-40 градусқа дейін жетеді, ал түнде 23-25 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы — 9-14 м/с. Павлодарда найзағай ойнайды деген болжам бар. Күндіз ауа температурасы 30-32 градус болмақ, ал түнде 13-15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды, найзағай кезінде болса, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырауда күндіз 32-34 градусқа дейін жылы болады, түнде 21-23 градусқа төмендейді. Жел екпіні күндіз 9-14 м/с, түнде 2-7 м/с құрайды. Түркістанда болса, күндіз ауа температурасы 36-38 градусқа жетеді, ал түнде 21-23 градусқа төмендейді. Жел екпіні 8-13 м/с болады.
Синоптиктердің ақпаратынша, 29 шілде күні Қазақстанның кейбір қалаларында найзағай ойнап, екпінді жел тұрады. Бірақ аптап ыстық сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды. Синоптиктер мәліметінше, 29 шілде күні елордада найзағай болады деген болжам бар. Күндіз ауа температурасы 30-32 градус болмақ, ал түнде 16-18 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, ал түнде 5-10 м/с болады. Найзағай кезінде 15-20 м/с дейін артуы ықтимал. Алматыда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 32-34 градусқа ыстық болуы мүмкін, түнде 18-20 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы — 3-8 м/с. Ақтөбеде найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35-37 градус аптап ыстық болуы ықтимал, ал түнде 19-21 градусқа төмендейді. Желдің екпіні 3-8 м/с болса, найзағай кезінде 15 м/с дейін жетеді. Қызылордада күндіз ауа температурасы 38-40 градусқа дейін жетеді, ал түнде 23-25 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы — 9-14 м/с. Павлодарда найзағай ойнайды деген болжам бар. Күндіз ауа температурасы 30-32 градус болмақ, ал түнде 13-15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды, найзағай кезінде болса, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырауда күндіз 32-34 градусқа дейін жылы болады, түнде 21-23 градусқа төмендейді. Жел екпіні күндіз 9-14 м/с, түнде 2-7 м/с құрайды.
Қоғам
true
https://kaz.nur.kz/society/2030510-aptap-ystyq-saqtalady-sinoptikter-29-sildede-el-oblystarynda-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/
28 шілде 2023, 21:40
kk
Ақтөбеде түнгі клубтағы кісі өліміне қатысты іс бойынша 16 күдікті сот алдына келді
Ақтөбеде түнгі клубта екі адамды өлтірді деп күдікке ілінген күзетшілерге қатысты қылмыстық іс бойынша сот алды тыңдауы болды. Қоғамда резонанс тудырған 104 томдық қылмыстық істе 16 айыпталушы, алты жәбірленуші бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына айыпталушылар арнайы күзетпен жеткізілді. Екі адамның өліміне қатысты істе 16 адам айыпталуда. Олардың қатарында әлі кәмелеттік жасқа толмағандар, бұрын қарақшылық бабымен сотты болғандар және қылмыстық ортада беделге ие жастар бар. Іс материалындағы деректерге сүйенсек, 2021 жылдың 23 қыркүйегі күні Ақтөбе қаласы Астана ауданында орналасқан караоке клубының жалға алушысы А.К. мемлекеттік тіркелмеген күзетті ұйымдастырып, күзетшілер ретінде еш рұқсаты жоқ, спортқа бейім, арнайы машықтанған, өзіне бағынатын оннан аса адамды жинаған. Олар түнгі клубтарды күзеткені үшін заңсыз жалақы алып, 1 млн 600 мың теңгені өзара бөліседі. Бүгінгі сот отырысында айыптау актісін оқыған прокурордың сөзінше, 2022 жылы 26 қазанда сағат 00:04 шамасында түнгі клубқа төрт адам демалуға барған. Жәбірленушілер түнгі клубқа кіретін ақыны төлеуден бас тартып, баса көктеп кірген. "Олар спирттік ішімдікке тапсырыс берген. Содан соң клуб күзетшілері өздерінің басшыларына хабар берген. Басшы қарамағындағы күзетшілеріне оларды қасақана қазаға ұшыратуды бұйырып, өзінің де келе жатқанын хабарлаған. Әрі қарай түнгі клуб бармені жәбірленушілердің спирттік ішімдіктерге ақы төлеуден бас тартқанын жеткізген. Әрі қарай күзетшілер жәбірленушінің бірін сыртқа алып шыққан. Жерге ұрып құлатып, басынан, денесінен тепкен. Тұрмыстық пышағын К-нің сол жақ санына бірнеше рет, ал екінші жәбірленуші Ж.-ның сол жақ санына бір рет сұққан. Осылайша төртеуін де ұрып, тепкінің астына алған. Олар жәбірленушілерді қасақана қазаға ұштырату мақсатында би алаңындағы адамдардың көзінше VIP-кабинаға кіргізіп, ұрып-соғуды жалғастырған", - делінген іс материалдарында. Сондай-ақ айыптау актісіне сәйкес, алдын-ала сөз байласқан топ адамды ұрлауға бағытталған қылмыс жасау мақсатында ессіз жатқан жәбірленушілерді сүйреп, клубтың артқы қызметтік есігінен шығарған. Жәбірленушілерді көліктің жүксалғышына салып, қылмысты жасыруға тырысқан. Жүксалғышта жатқан екі адам жолда есін жиып, қашып үлгерген. Ал алған соққыдан қаза болған екі адамның мәйітін Елек өзені жағасындағы жағажай маңына тастап кеткен. Қылмыстық іске қатысты соттың келесі отырысы 11 тамызға қойылды. Автор: Ардақ Ерубаева
Ақтөбеде түнгі клубта екі адамды өлтірді деп күдікке ілінген күзетшілерге қатысты қылмыстық іс бойынша сот алды тыңдауы болды. Қоғамда резонанс тудырған 104 томдық қылмыстық істе 16 айыпталушы, алты жәбірленуші бар, деп хабарлайды тілшісі. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына айыпталушылар арнайы күзетпен жеткізілді. Екі адамның өліміне қатысты істе 16 адам айыпталуда. Олардың қатарында әлі кәмелеттік жасқа толмағандар, бұрын қарақшылық бабымен сотты болғандар және қылмыстық ортада беделге ие жастар бар. Іс материалындағы деректерге сүйенсек, 2021 жылдың 23 қыркүйегі күні Ақтөбе қаласы Астана ауданында орналасқан караоке клубының жалға алушысы А.К. мемлекеттік тіркелмеген күзетті ұйымдастырып, күзетшілер ретінде еш рұқсаты жоқ, спортқа бейім, арнайы машықтанған, өзіне бағынатын оннан аса адамды жинаған. Олар түнгі клубтарды күзеткені үшін заңсыз жалақы алып, 1 млн 600 мың теңгені өзара бөліседі. Бүгінгі сот отырысында айыптау актісін оқыған прокурордың сөзінше, 2022 жылы 26 қазанда сағат 00:04 шамасында түнгі клубқа төрт адам демалуға барған. Жәбірленушілер түнгі клубқа кіретін ақыны төлеуден бас тартып, баса көктеп кірген. "Олар спирттік ішімдікке тапсырыс берген. Содан соң клуб күзетшілері өздерінің басшыларына хабар берген. Басшы қарамағындағы күзетшілеріне оларды қасақана қазаға ұшыратуды бұйырып, өзінің де келе жатқанын хабарлаған. Әрі қарай түнгі клуб бармені жәбірленушілердің спирттік ішімдіктерге ақы төлеуден бас тартқанын жеткізген. Әрі қарай күзетшілер жәбірленушінің бірін сыртқа алып шыққан. Жерге ұрып құлатып, басынан, денесінен тепкен. Тұрмыстық пышағын К-нің сол жақ санына бірнеше рет, ал екінші жәбірленуші Ж.-ның сол жақ санына бір рет сұққан. Осылайша төртеуін де ұрып, тепкінің астына алған. Олар жәбірленушілерді қасақана қазаға ұштырату мақсатында би алаңындағы адамдардың көзінше VIP-кабинаға кіргізіп, ұрып-соғуды жалғастырған", - делінген іс материалдарында. Сондай-ақ айыптау актісіне сәйкес, алдын-ала сөз байласқан топ адамды ұрлауға бағытталған қылмыс жасау мақсатында ессіз жатқан жәбірленушілерді сүйреп, клубтың артқы қызметтік есігінен шығарған. Жәбірленушілерді көліктің жүксалғышына салып, қылмысты жасыруға тырысқан. Жүксалғышта жатқан екі адам жолда есін жиып, қашып үлгерген. Ал алған соққыдан қаза болған екі адамның мәйітін Елек өзені жағасындағы жағажай маңына тастап кеткен.
Қоғам
true
https://kaz.nur.kz/society/2030503-aqtobede-tungi-klubtagy-kisi-olimine-qatysty-is-boiynsa-16-kudikti-sot-aldyna-keldi/
28 шілде 2023, 20:15
kk
Сингапурда 20 жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді
Сингапурда есірткі сатқаны үшін сотталған әйел адамға өлім жазасы орындалды. Бұл – елде соңғы 20 жылда әйелге қатысты қолданылған алғашқы өлім жазасы, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. "Саридеви Джаманиге шығарылған өлім жазасы үкімі 2023 жылғы 28 шілдеде орындалған", - деп жазады агенттік елдің есірткімен күрес орталық бюросына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, әйел 2018 жылы шамамен 30 грамм героин сатқаны үшін өлім жазасына кесілген. Апелляциялық сот сотталушының шағымын қанағаттандырмаған. Сондай-ақ оның ел президентінен рақымшылық жасауын сұраған өтініші де қанағаттандырылмаған. Агенттік ақпаратынша, өлім жазасы құқық қорғаушылардың белсенді наразылығына қарамастан орындалған. Сингапурда әйелге өлім жазасы соңғы рет 2004 жылы қолданылған. Ол кезде 36 жастағы шаштараз заңсыз есіртікі айнылымы үшін өлім жазасына кесілген болатын.
Сингапурда есірткі сатқаны үшін сотталған әйел адамға өлім жазасы орындалды. Бұл – елде соңғы 20 жылда әйелге қатысты қолданылған алғашқы өлім жазасы, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. "Саридеви Джаманиге шығарылған өлім жазасы үкімі 2023 жылғы 28 шілдеде орындалған", - деп жазады агенттік елдің есірткімен күрес орталық бюросына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, әйел 2018 жылы шамамен 30 грамм героин сатқаны үшін өлім жазасына кесілген. Апелляциялық сот сотталушының шағымын қанағаттандырмаған. Сондай-ақ оның ел президентінен рақымшылық жасауын сұраған өтініші де қанағаттандырылмаған. Агенттік ақпаратынша, өлім жазасы құқық қорғаушылардың белсенді наразылығына қарамастан орындалған. Сингапурда әйелге өлім жазасы соңғы рет 2004 жылы қолданылған.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2030505-singapurda-20-zylda-algas-ret-aiel-adam-olim-zazasyna-kesildi/
28 шілде 2023, 19:56
kk
Қызылорда облысында қызық көріп жүк пойызына мінген шетел азаматтары жауапқа тартылды
Қызылорда облысында жүк пойызымен "серуендемек" болған Германия және Нидерланды азаматтары жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа- порталы хабарлады. Басылым жазуынша, Қызылорда облысы Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС қызметкерлерінен жүк пойызы вагондарының бірінде бөгде адамдардың бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Тексеріс барысында көлік полицейлері 24 жастағы Нидерланды азаматы мен 25 жастағы Германия азаматын анықтаған. Белгілі болғандай, аталған шетел азаматтары маусым айының соңында елімізге туристік сапармен келген. Ал жүк пойызына қызық көріп, көңіл көтеру үшін мінген. Құқық бұзғандарға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 560-бабының 1-бөлігі (Жүк пойыздарында заңсыз жүрiп-тұру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Көлік полицейлері вагондардың баспалдағында тұру, төбесінде және адамдар жүруге тыйым салынған басқа да жерлерде жүру қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратынын еске салды. "Теміржол – аса қауіпті аймақ! Сондықтан әрбір азамат теміржол көлігінде жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет", - дейді көлік полицейлері.
Қызылорда облысында жүк пойызымен "серуендемек" болған Германия және Нидерланды азаматтары жауапқа тартылды. Бұл туралы ақпараттық медиа- порталы хабарлады. Басылым жазуынша, Қызылорда облысы Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС қызметкерлерінен жүк пойызы вагондарының бірінде бөгде адамдардың бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Тексеріс барысында көлік полицейлері 24 жастағы Нидерланды азаматы мен 25 жастағы Германия азаматын анықтаған. Белгілі болғандай, аталған шетел азаматтары маусым айының соңында елімізге туристік сапармен келген. Ал жүк пойызына қызық көріп, көңіл көтеру үшін мінген. Құқық бұзғандарға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 560-бабының 1-бөлігі (Жүк пойыздарында заңсыз жүрiп-тұру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Көлік полицейлері вагондардың баспалдағында тұру, төбесінде және адамдар жүруге тыйым салынған басқа да жерлерде жүру қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратынын еске салды. "Теміржол – аса қауіпті аймақ!
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2030499-qyzylorda-oblysynda-qyzyq-korip-zuk-poiyzyna-mingen-setel-azamattary-zauapqa-tartyldy/
28 шілде 2023, 19:08