text
stringlengths
1
12.2k
predicted_language
stringclasses
2 values
contains_kaz_symbols
int64
0
1
id
stringlengths
36
36
Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ Өзін-өзі тану пәні мұғалімін дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделі
kaz
1
99163513-fde7-4823-a4bb-3bc51eaae812
ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУГЕ БОЛАШАҚ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
kaz
1
97cb6014-dae9-4858-b818-61048d6e5dcb
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі: олар отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерін жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын - ұнамды мінез-құлық нормалар мен рухани - адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қажеттілік екені белгілі.
kaz
1
80559c3a-47b8-4e7a-a1cf-170708c9e7e4
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында: ...оқушыларды қазақстандық патриотизм шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... Ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкпәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек, - дегені мәлім [1, 2, 3]. Міне, сондықтан жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуының қайнар көзі білім мен ғылымды, тәрбиені қоғам талабына сай дамыта отырып, жас ұрпақ бойында имандылық, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болып есептеледі және жалпы білім беретін орта мектептің түпкі стратегиялық нысаны мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легін дүниеге мәдени тұрғыдан жоғары жауапкершілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары азаматтарды қалыптастыру идеясы болуға тиіс.
kaz
1
4b2598d6-b92d-4a35-aac3-37ece9d017e6
Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырға созылған өзіндік тарихы, тағлымы, ой-пікірлері бар болғандықтан, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі туралы тұжырымдар философ, тарихшы, этнограф, психолог, педагог ғалымдардың зерттеу еңбектерінен орын алған. Оның тамыры тереңге жайылып, Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, қазақ даласының аты аңызға айнаған кемеңгер ойшыл Қорқыт атаның, Әлемнің екінші Ұстазы атанған данышпан, ойшыл әл Фарабидің және сол орта ғасыр дәуіріндегі ғұламалардың (Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи, М. Қашқари т.б.), ХІІ-ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың (Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиенбет, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау, Майлықожа, т.б.) жастарға тәрбиесі мол мұралардан бастау алады [4]. Аталған ойшылдардың еңбектері ғылыми педагогикалық тұрғыда сараланып, елін, жерін, Отанын, ұлттық мәдениетін сүйетін арлы, рухани - адамгершілігі мол, парасатты ұрпақ тәрбиелеуде баға жетпес мұра болып табылуда.
kaz
1
274897b3-4164-48aa-851f-afb59e9e2ccc
Рухани-адамгершілік тәрбиесінің жас ұрпақты тәрбиелеуде алатын орны жөнінде қазақ зиялыларының еңбектерінде де сөз болған, әсіресе, ХІХ ғ. екінші жартысында Ш.Уалиханов [8], Ы.Алтынсарин [9], А.Құнанбаев [10] мұраларында жалғасын тауып насихатталады.
kaz
1
00262db7-bbf2-4c90-9e4d-bf2e7c604aba
ХХ ғасыр басында қазақ халқының білім беру саласында үлкен бетбұрыстар болды. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау, оны бүгінгі оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне пайдалану А.Байтұрсынов [11], М.Жұмабаев [12], Ж.Аймауытов [13], Ш.Құдайбердиев [14], және т.б. еңбектерінде көрініс тапты.
kaz
1
9f8fb2b9-8b68-4b79-871f-f8136edf1cc9
Рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы зерттеуші ғалымдарымыз өз еңбектерінде көрсеткен. Олар:
kaz
1
324a7296-c0c4-4cbd-8068-60e634a036c7
Жоғарыда көрсетілген еңбектерде, диссертациялық, зерттеу жұмыстарын да раухани-адамгершілік тәрбиенің даму тарихын жүйеге келтіріп, педагогикалық тұрғыда зерделеу нәтижесінде жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіндіктерін қарастырды.
kaz
1
8d880bf0-91ea-4fa3-814d-453e4ba563fa
Зерттеудің мақсаты: Болашақ Өзін-өзі тану пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындауды теориялық тұрғыдан негіздеу және оны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
kaz
1
4860c027-9c9a-458b-8aec-d8caa82cf402
Зерттеудің нысаны: ЖОО-да болашақ Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімін кәсіби даярлау үдерісі.
kaz
1
c0351107-019d-4423-9e02-40772e2873e6
Зерттеу пәні: Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ Өзін-өзі тану пәні мұғалімін дайындау үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамту.
kaz
1
6ea0ba54-b02e-41a0-8252-f7be5e770d59
- Рух, рухани, рухани-адамгершілік тәрбие ұғымдарының мәнін және болашақ Өзін-өзі тану пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;
kaz
1
3e96dec7-5776-4fd2-be61-b3c4ae52ab52
- Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ Өзін-өзі тану пәні мұғалімін даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
kaz
1
20dfdfcf-6663-4572-b1e4-b065e82a145c
- Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ Өзін-өзі тану пәні мұғалімін даярлауды тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында тексеру, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау.
kaz
1
f1635d6f-bf74-40ac-8c54-928239184839
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы, жалпы адамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын педагогикалық теориялар, жеке тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамытуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, рухани-адамгершілік өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық принциптері, жоғары оқу орындарына енгізіліп отырған Өзін-өзі тану тәжірибелік жұмыстарының тұжырымдамалары.
kaz
1
d601d365-3ebd-4b8a-9e78-b4e7f4d7464e
Зерттеу көздері: философтардың, психологтардың, педагогтардың тұлға туралы, танымдық әрекет, өзін-өзі тану теориясы мен тәжірибесі, рухани-адамгершілік құндылық туралы шетелдік және отандық зерттеулер, білім беруді ізгілендірудің нормативті құжаттары.
kaz
1
86295a1c-73be-4b48-924e-874c615c3d04
-Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге, әдістемелік құралдарға теориялық талдау жасау;
kaz
1
50da7536-2ec7-4f79-aca8-cb67c49000b7
- Байқау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, сабақтарға талдау жасау;
kaz
1
a816c821-e53f-4ef2-b694-590c53bfc2e2
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы
kaz
1
038782b3-3d03-4aad-a5c7-4691de6e16c6
- Рухани-адамгершілік тәрбие ұғымының мәні теориялық тұрғыдан негізделді;
kaz
1
d589f418-1e42-4f75-97c3-8dd48430bf22
- Болашақ Өзін-өзі тану пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері анықталды;
kaz
1
f359fb23-e935-42a5-b5ec-1fae3679352b
- Болашақ Өзін-өзі тану пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды;
kaz
1
d9659d3d-60f7-4685-bf2a-32b3213ced39
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
kaz
1
83c6d152-e508-41c6-9812-a8afb7d5b8cd
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделеді. Ғылыми аппарат: мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, зерттеу көздері, әдістері айқындалады; теориялық негіздері анықталады.
kaz
1
c9fd63e2-9491-4e10-bb8d-f1f52df17c76
Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ өзін-өзі тану пәні мұғалімін дайындауға арналған тәжірибелік-педагогикалық жұмыс атты екінші бөлімінде тәжірибелік жұмыс мазмұны, әдістемелері, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері және оларды тәжірибеде қолданудың жолдары көрсетілді.
kaz
1
360bd4d9-2df5-437e-af7f-97f822bec10d
1 ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
kaz
1
0ee77dd0-8b72-424a-a6c3-bfc197fa9693
Осы заманғы ізгілендіру педагогикасы үшін тұлға мен оның қадіріне құрмет, тұлға еркіндігі мен даму құқығын қорғау, білім мен тәрбиедегі демократиялық қағидаларды берік ұстану т.б. аса маңызды жалпы адамзаттық құндылықтар қатарында саналады. Адам құқы мен еркі - адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, түрлі ұлттардың, діндер мен дәуірлердің рухани мұраттарын жақындатады.
kaz
1
172b5c8f-1539-4e64-b644-d3f7ee330024
Ізгілендіру қазіргі мәдениеттің объективті құбылысы бола отырып, жеке тұлғаны өз халқының рухани қазынасы, ұлттық мәдениеті, игі дәстүрлері негізінде рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптастыруды көздейді.
kaz
1
0bb06db3-87c0-4fb9-9ac9-8e234022ec78
Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата-бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емеc, жүректің, діннің, өткір cөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан білекті бірді жығар - деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түркі, қазақ хандығы, Ресей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды.
kaz
1
cabbca80-eae8-4923-8715-91defec019fd
Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына:
kaz
1
8b2d2965-2a98-42d2-bcb0-0f89bc5db4bf
1) Атамекен, атакәсіп, атамұра;
kaz
1
f21417b9-3549-4b75-b632-24a899949137
2) Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған.
kaz
1
c14ac328-ad0c-4909-b484-8df8873c3d9c
3) Отбасын сақтау; ата-баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата-бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухта тәрбиелеу;
kaz
1
1317b26a-002a-433f-b55b-20a18816247b
4) Айтқан сөзінде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан.
kaz
1
7c64d660-2d22-4987-9203-1676fb662129
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде Рух - табиғи материалдық бастаманы білдіретін философиялық ұғым - делінген.
kaz
1
8a7a0d80-2de1-496c-8b74-933553ebeb03
Философиялық сөздікте Рух - материяның жоғарғы көркі қоғамның рухани өмірі, қоғамдық сана мен болмыстың бейнесі болып табылады. Руханилық адамның материалдық, қоғамдық тарихи практикасының жоғарғы нәтижесі - деген түсініктемелер берілген [31].
kaz
1
ea530957-352b-4f8e-bfec-51427b31e749
Рух ұғымы субъективті және объективті рух деп жіктелінеді. Субъективті рух - адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне баға беруі болса, объективті рух - белгілі бір тарих сахнасында өмір сүріп жатқан халықтың рухы, ең алдымен оның туған тілі, жасаған өнер әлемі, әдет-ғұрпы, тәлім-тәрбие әдістері, адамгершілік құндылықтары, ділі ретінде қабылданады [32].
kaz
1
132aeeb1-ec71-426e-bca5-0848d40c4c5a
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясында рух - жан дүниесі кейде жан атауының баламасы ретінде қолданылады. Руханилық - адам танымы мен дүниеге көзқарасының адамаралық қарым-қатынастағы биік адамгершілік қағидасы делінген [33].
kaz
1
28dd4103-e0f4-4ae8-a8a6-b7b7e6320fb5
Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.
kaz
1
6daa9911-2a43-47ef-a155-7ec6fa96e264
Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.
kaz
1
145289ed-2f97-4022-b786-7bfc72118ca2
Орысша-қазақша түсіндірме сөздікте рухани-адамгершілік тәрбиесі - өмірге адамның тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін құндылықты қатынасты қалыптастыру деп көрсетілген [34].
kaz
1
85a4133a-76fe-470a-99d5-badcbf894cd1
Рухани-адамгершілік сана - адамгершілік көзқарас, пікір, теория, түсініктер мен әдет ғұрыптардың бірлігі. Адамгершілік сана - жүйенің маңызды элементі, ол әдет ғұрыптардың даму үрдісін анықтайды, олардың болашағын ашады, ұшқыр ақыл ойдың нәтижесі. Мұғалім оқушының әлем туралы түсінігінің дұрыс дамуы үшін әркез әлем жұмбағын оқушымен бірге ашуы керек [35].
kaz
1
368e6b6a-8dd1-47bd-8889-d8a1deb15319
Рухани-адамгершілік мінез-құлық - адамның тұлғалық мәнінің еркін дамуы, өз тәртібін қоғамдық мүддеге бағындыра білуі, мақсатты жүзеге асыру жолында қиындықтарды жеңе білуі. Адамгершілік қажеттілік, ерік, тілек, табандылық және өмірде адамгершілік таңдауын жүзеге асыру адамгершілік мінез-құлықтың маңызды бөлшегі болып табылады.
kaz
1
b2f1bdfe-2895-4d25-994d-004510ec9a54
Рухани-адамгершілік даму - жеке тұлғаның тәрбиеге, әлеуметтік ортаға, жеке тәжірибесі мен өзін-өзі тәрбиеленуіне байланысты адамгершілік тәрбиелілігінің жетілу деңгейі.
kaz
1
376c5426-c96f-4afc-b79b-09923626852a
Рухани құндылық - қоғамдағы мәдени тұтастық, оның ішкі бірлігі, әлеуметтік ортадағы таным, мұраттары, әсемдік пен адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді. Сонда рухани құндылық - адамның ортамен қарым қатынас, айналысатын ісі, білімі мен өмір сүру салты, санасы мен сезімі, сенімінен тұратын жиынтық [36]. Рухани-адамгершілік құндылықтар дегеніміз - адамның өзінің табиғи жаратылысы мен арнайы ұйымдастырылған тәрбиелеу жүйесі негізінде дамыған, тұлғаның тұрақтылығы деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық жүйе.
kaz
1
0fd4671d-68e0-48ff-b7ed-7bc16d038e39
Руханилықтың ең негізгі өлшемдерінің бірі - адамның жақсылыққа қарай талпысыны. Жақсылық жасай білу - адамды адам еткен іс-әрекеттердің бірі, ол руханилықтың құрылымын қалыптастырушы өнердің бірі. Руханилықтың тағы бір келбеті - адамның өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, яғни ақылын, дарынын, қабілетін, шеберлігін, ішкі нұрын, жүрек жылуын адамдарға, табиғатқа, Ғаламға беруге ұмтылысы [37].
kaz
1
ab0fefe8-6b9e-4d35-813b-ed960dd81ee6
Жалпы жоғарыдағы анықтамаларды талдай келе, біз рухани-адамгершілік тәрбие ұғымына тоқталуды жөн санадық. Рухани-адамгершілік тәрбие дегеніміз - қоғамға қажетті, адамның бойындағы жалпы ізгі қасиеттер жиынтығы деп түсінеміз.
kaz
1
ec954f64-b11f-4db9-86f7-270a210a0bdb
Рухани-адамгершілік тәрбие сонау ежелгі кезден бері әлеуметтік ортада өз тапшылығымен келеді, осыған байланысты әр кезеңдегі ақын-жыраулар, ойшылдар, ғалымдар еңбектерінде қарастырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды, тәрбиені қалыптастыру жолдарын іздеген.
kaz
1
bdb16eec-e331-4055-ad4e-8a285dfc09c1
Антика заманында өмір сүрген Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) таным мен философияның негізгі мәселесі адам болу керектігіне мән бере отырып, адамға алдымен өзіңді біл, сол арқылы дүниені, әлемді білесің деп уағыздады, яғни адам барлық заттардың мөлшері бола алатындығын дәлелдеді. Адамның бойындағы ізгілікке ие бола отырып, адами құндылықтарды - білімділік, даналық, парасаттылық, адамгершілік ізгі қасиеттерді жоғары бағалады. Платон үшін құндылық - өмір сүру, Аристотель үшін құндылық - адамның даналығы, яғни қандай да болмаcын құнды нәрсені таба білуі болды.
kaz
1
cb16ecf5-a9f0-4429-8632-e22a1e8f9036
Орта ғасырда педагогика ғылымының қалыптасуына өзіндік зор үлесін қосқан ұлы ойшыл, данышпан ғалым Әунасыр әл-Фараби еңбектерінде рухани құндылықтарға көңіл бөлгендігі белгілі. Атап көрсеткен ерекше ұғымы қайырымдылық феномені болды. Қайырымдылық екі түрлі болады: этикалық және зияткерлік. Зияткерлік - (жанның) ақыл- парасаттылық жағына жататын қайырымдылық - дейді ғұлама [38].
kaz
1
d3c8cca6-a848-47d4-8b3f-16f1bf39cc6e
ХІ ғасырда өмір сүрген түркі данасы ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік атты еңбегінде бүкіл адамзатқа тән адами құндылықтарға сипаттама берілген. "Құтты білікте" ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Дастандағы адами құндылықтардың жүйесі төмендегідей болып табылады: 1) адам, адамның өмірі, жеке тұлға; 2) имандылық, ізгілік, руханилық; 3) тектілік, парасаттылық, кісілік; 4) оқу-білім, ақыл, даналық; 5) әділдік; 6) байлық, дәулет, құт; 7) қанағат, ынсап, тәубешілдік; 8) жомарт жүрек; 9) тіл өнері, сөз шеберлігі; 10) ел басқару өнері, билік [39].
kaz
1
5759a40c-b08e-4974-8df4-54258927e6b9
Құтты білікте білім өмір мәні және қоғам мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алдын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.
kaz
1
f9d65c22-7f0e-47c1-be85-ae947cce1cdd
Махмұт Қашғари. (ХІ ғ.) Негізгі еңбегі Диуани лұғат ат-түрік (Түркі сөздерінің жинағы) деп аталады [41]. Жинақта адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді. Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас... , Ұлым менің, ақыл сенің серігің, Ашу-ыза ақылыңды алады, мажыма мылжың дүниеңді тарылтады. Даналардың сөзі - ақыл, зер салсаң, зердеңе қонар, Рақымшыл болсаң, менмен болма, Рақымың болмай мақтансаң, қиын-қыстауда қиналарсың, Туғаныңның мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет...
kaz
1
ac85cc94-e2ec-4f30-94e5-0696a25c3a2f
Жеке тұлғаның қоғадағы орны мен маңызын, тәлім-тәрбиесін, өмірдің қыр-сыры туралы толғаныстарын, ақыл-кеңесін, даналық өсиеттерін, терме-жырлар арқылы тоғаған ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шыл ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы қазақ ұл-қыздарын тәр құнды қасиеттерді, оларды тәрбиелеу туралы көзқарастарын өздерінің әдеби-көркем шығармаларына арқау етті. Сонымен бірге халықтың рухани дүниесін, мәселені өмір салтымен, жер мұратымен, бостандық, теңдікпен, ел билеушілер мен төрелердің, батырлардың, қарапайым адамдардың жеке басымен, отбасындағы қарым-қатынасымен, үлкендерге, әйелдерге деген құрметпен тікелей байланыстыра қарастырады.
kaz
1
88d58217-2c82-4295-8492-d87c29c343fb
Қазақ қоғамының болашағы үшін барша жұртты бай, кедей деп бөлмей, адамгершілікке, бірлікке, бауырластыққа баулуды қажет деп санады. Адамның мінез-құлқы жақсы болуы үшін айналасындағыларға жанашырлық ізгі жүректілік білдіруі, қамқоршы болуы қажет деді. Бүкіл халқының қамын ойлауы, елді берекелі бірлікке, шынайы достыққа адал еңбекке шақыруы, сол замандағы прогрессивтік маңызы зор гуманистік көзқарас болды.
kaz
1
5af682c5-829b-4bec-b04f-649846271965
Қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу".
kaz
1
584e33ff-c018-4f29-b6c0-cb8a93f0d5eb
Елдің бірлігі, бейбіт өмірі, өз отанына деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін қорғай білу, тәлім-тәрбиелік, өскелең ұрпақ тәрбиесі.
kaz
1
5fc75525-498b-42dd-b973-033afa5ec799
Дос болса, түбі бос болмас, -
kaz
1
8fec5c54-c173-4230-a518-d1479826030f
деп адамгершілік, ізгілік қасиеттерді жастардың арасында кеңінен насихаттайды.
kaz
1
5cecf7be-190b-4ef7-ab58-d9dd8c6630a0
Жаман шайқап сөйлер, - деген өлең жолдарынан адамның жақсы мен жаман болуы халқына, еліне жасаған пайдасына, сіңірген еңбегіне байланысты:
kaz
1
0376f2b1-9eaf-47d1-8fe2-95aa3bb5e12f
Бір аяқ асқа алғысыз деп адамның жан дүниесі туралы айтады.
kaz
1
7feee521-eced-4f1b-82e8-d7a2108589c7
Қазақ жырауларының қай-қайсысын алсақ та, жыр-толғауларында айтылатын негізгі идея - ел бірлігін, өз отанын сүю, оны сыртқы жаулардан қорғау, батырлығы мен ақындығы сай келетін, сол кезеңнің өзекті, маңызды мәселелерін жырлай отырып, аз сөзбен көп мағына беретін толғауларының жас ұрпаққа тәлімдік-тәрбиелік, тағылымдық ерекше екендігі көрінеді [42, 43].
kaz
1
f111636a-7015-4824-9482-134a6eb7c10a
Ұлы Абай адам мәселесіне, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан-жақты әлеуметтік қарым - қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді - деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің дамуын негізге алып, келер ұрпаққа бір сөзбен "Адам бол!" - деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің негізгі принциптері- қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға итермелейді немесе "Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі" деп рухани-адамгершілік құндылықтың келесі жағы қарым-қатынас құндылығын суреттесе, өзінің отыз жетінші сөзінде: "Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады - деп рухани-адамгершілік құндылықтарына мәдени-этикалық құндылықтардың мәнін ашып көрсетеді. " Тағы бір сөзінде Абай шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар үйлесімді тіршілік құрып, дами бастайды - деп адам бойындағы ең жоғары қалыптасқан құндылықтар бұл олардың ішкі рухани дүниесінің байлығы мен асыл қасиеттерін көрсете білу екендігін дәлелдеп береді [10].
kaz
1
373040af-0db6-4d83-a3cb-8cd102b09849
Шәкәрім Құдaйбердіұлының Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар бaрлығынан басым болатын - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек, - деген нaқыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адaми қасиеттердің мәнін ұғыну әр бір адамның өз бойларындағы адaмгершілік қасиеттерді дамытуына ықпал етеді.
kaz
1
1d82cdb2-b066-424a-8589-a7e866b7096c
Aдамның пейілі таза, көңілі кең, мейірімі мол, әр нәрсені қанағат ынсап тұта алу қасиетінің көптігі ниетке байланысты екендігін Шәкәрімнің Мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл харакет - түп қазығы ақ ниет, - деген нақыл сөзі дәйектей түседі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.
kaz
1
cb7ecdd2-cacc-4d2a-9bdb-61907ea27a88
Сырты - адам, іші - шошқа, сұм екенін,
kaz
1
26572eae-604b-475d-bc2b-a94026732c85
Ұқтырар адамдықтың шын екенін [44].
kaz
1
b0906363-2740-43b6-befb-8d37ba2630b3
Көз - жақсы нәрселерді көру;
kaz
1
272fdc5a-19c6-4877-b4bc-df3bc111d276
Құлақ - жақсы нәрселерді есту;
kaz
1
772139f2-1e00-468e-bf05-4251cb142531
Мұрын - жақсы нәрселерді сезу;
kaz
1
ee44ba48-e5a6-4730-b905-7437d0fd4e52
Қол - игі істерді жасау;
kaz
1
eec28881-1e45-4746-9a52-ff748a7c00f3
Аяқ - таза жолмен жүру.
kaz
1
68e69e60-e096-44ff-8bbf-089bb7676cea
Адал еңбек;
kaz
1
ea70d21e-4305-487b-a574-6baf10f2a739
Мәдениет; Әдебиет; Тарих; Тіл; Дін; Ар-ұят; Абырой; Дәстүр; Әдет-ғұрып, Салт; Ұлттық дүниетаным.
kaz
1
99ce734e-f024-43cc-be72-f3d618b95a08
Қорыта келе айтқанда, Шәкәрім дінді адамтанудың саласы ретінде көрсеткен, Адам өзін таныса, Құдайды да танымақ деп діни-философиялық таным мәселесіне терең атсалысқан. Шәкәрім ақ жүрек ұғымына көп көңіл бөлген, махаббат мәселесін кеңінен қарастырған. Шәкәрім адамның адасуларына, әлемдегі қараусыз қалғанына, сана-сезімінің ақаулығына, адам бойындағы абыржу, үрей, өз-өзіне сенімсіздіктің тууына, қайғы-қасіретті жалғыздықты сезіну жағдайларына ерекше мән берген. Ш.Құдайбердіұлы дүниетанымында, адам - жер бетіндегі басты құндылық.
kaz
1
cfd927a0-67e5-430e-a622-0695247e6f3d
Абай ұғымына адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік.
kaz
1
c9397bc6-8967-4939-82d2-b330286623f0
Ағартушы-демократ, қоғамдық қайраткер әрі ойшыл, реалист-ақын, ғылым және озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін жасап, өз еңбектерінде мектеп пен отбасы тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді. Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан біз гуманитік көзқарасты, яғни шәкіртке жылы жүректі болуын, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық ұғымдарының көрініс тапқанын көреміз. Мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең, балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың дей келе, рухани-адамгершілік тәрбиенің қай кезде болмасын өзінің көкейкестілігін жоймағандығын сөз етті.
kaz
1
e9000d4e-def2-42a1-b2d8-2f7685591361
Адамгершілік адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Оған адамзат "Мені" қалыптасуының екі сатысы ықпал етеді: а) адамның әлеммен тұтастығын білдіретін, "Біз" феноменінен көрінетін адамның әлем мен өзге адамдардан ажырамастығын, дүниетаным бірлігін білдіретін культ (табыну) сатысы; ә) адам әрекеті мен адам индивидуалдығының әр алуандығы жағдайында мәдени формаларды іріктеуді білдіретін культура (мәдениет) сатысы [9].
kaz
1
d66bd2cc-3909-4a33-a8e6-67cc5923ae4d
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының еңбектері мен шығармалары тұнып тұрған рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған. Ғалым көп тілді меңгерген. Жаста йынан тілдік қоры мол болып, ғылым-білімге араласқан.
kaz
1
c30f7d37-04a1-40e7-beb1-146b7a882c6f
Ақынның Адам екі түрлі өлеңінде:
kaz
1
b58b5b26-efe2-416a-a64f-dcb9d5c21a44
делінген [46]. Ақын адамды екі түрге бөліп қарастырып, жеміс ағашының бүкіл ғаламға қажеттігін түсіндіреді... Қарап отырақ, өмірдегі қарама-қайшылықты көрсетіп отырған секілді. Қайда барсақта адамдардыңда екі жақтығын көруге болады, бірі қолдап, бірі қарсы шығады. Біз бұл өлең жолдарын мән-мағынасына үңіліп отырып, талдап қарадық:
kaz
1
14bd694a-d8fa-4404-9cdb-9b6a71adb96b
Кесте №3 - Адам екі түрлі
kaz
1
753b87ae-af79-415d-80df-92d406ea9e48
1. Ағаш - Жеміс ағашы - өрік, мейіз, т.б.
kaz
1
223e09cc-8970-4b10-bc6b-1e44d1c44f28
2. Ағаш - Терек ағашы - отын.
kaz
1
53e041cc-541f-44f5-a74d-08801260aeda
Қарама - қайшылықтың орын алуы.
kaz
1
52876ab5-4962-472e-961f-73aa44dd40b2
Нәтиже - Адам. Өзегі - руханилық.
kaz
1
fc2da857-a99d-487b-9116-34fe4a3879c6
1. Адам - Адам - жақсылық, қайыр көрсету, демеуші, қолдаушы, т.б.
kaz
1
354a3356-2b21-4506-9051-ba60deab6b2d
2. Адам - Адам - өз күйінде қалуы, жанындағы жандарға көмек қолын созбауы, көреалмауышылық, екі адам арасына от салу, т.б.
kaz
1
5a9902e5-2986-45ec-b149-d2e11e0a5eef
Нәтижесі - жеміс, жақсылық.
kaz
1
46c3bbc7-4b29-492b-a760-7df9e9daa191
Нәтижесі - отын. Бұл теңеудегі адамның сол деңгейде қалуы.
kaz
1
095b56e2-5063-4d6c-bdb0-a69584a03768
Егер біз жеміс ағашына күнделікті су құйып отырмасақ, бұл ағашымыздың жеміз бермеу мүмкіндігі бар, сондықтан да біз күнделікті алға талпынып, көмек қолын созған жанға мүмкіндігінше қайыр көрсетіп отыруымыз, білімді шыңдай беруіміз керек.
kaz
1
ce77860d-c6d4-4d4c-bb42-f601ff6e422c
ХХ ғасырдың бас кезінде ұлы Абайдың соңын ала шыққан Мәшһүр Жүсіп Көпеев сол Абайдың cара жолын арман-мұрат тұтып, соның соқпағымен тас қияға өрлегендердің бірі еді. Ақын өзі ғана ұстазынан тәлім-тәрбие алып қоймай, өзге жұрттың да сол жолмен ілгері басуын тіледі. Ол бұл тілегін күндіз-түні өлең жазып, халықтың ішкі жан дүниесін тербетіп, оларды өнер-білімге, отырықшылыққа шақыру арқылы жүзеге асырды. Ақынның түпкі арманы - халықты жаппай сауаттандыру еді. Алайда ол мұндай игілікті іс тек сөзбен ғана жүзеге аспайтынын, ол үшін қолда билік болуымен қатар, мол қаражаттың қажет екендігін кейін сезінді. Амалсыз ішкі мұң-шерін тағы да өлеңмен шертті [47]:
kaz
1
c2f84fc1-7781-4e66-9f56-5bb26c9803c5
Көкірегім - қан, жаспенен толған көзім деген өлеңнің осы жолына қарасақ, ақын қоғамда болып жатқан мәселелерді көре тұрып, оған ештене жасай алмайтындығын аңғарамыз. Осындай мәселелер сол кездері болды дейміз, бірақ қазіргі кезде де орын алуда. Мысалы, егемендік алып, бәріміз жайқалдық делік, дегенмен де жоғарыда отырған ағаларымыздың қарапайым халықтың ішкі жан дүниесін әлі де түсінбеген күйде секілді. Халықты арбау, өз азаматтарымызды емес, шет елден келген азаматтарға қолдау көрсету жайы тағы бар... Адамның жүрегі қынжылып қарайтын тағы бір нәрсе: адамдардың бойындағы рухани құндылықтардың төмендеп бара жатқандығы (әр адам өзін ғана ойлауы, сүйіспеншіліктің жойылуы, қазақтың өз тілін жетік меңгермей жатып, басқа тілдерді меңгеруі, шала қазақтану, т.б.). Өмірдегі қымбатты деп саналатындардың бірі, бұл - рухани құндылықтар деп түсінеміз.
kaz
1
b60f925a-bded-474a-933c-4bdfd7494cc2
Сонымен М.Ж.Көпеев өзінің Бес қымбат деген өлеңінде [48]:
kaz
1
6f1c0a1e-fa10-4de9-94ee-4554b4cb8701
Ең әуел керек нәрсе-иман - деген...
kaz
1
2e6639dc-18f0-4a23-999f-2e3c36bd911f
Екінші керек нәрсе-ғақыл - деген...
kaz
1
c2da76a0-6193-412b-b725-e544fea25d89
Үшiншi қымбат нәрсе-сабыр! - деген...
kaz
1
ab516843-062b-4a3a-8b2b-e85c8e3a28f5
Төртінші, қымбат нәрсе-шүкір - деген...
kaz
1
16b8ca9d-c3af-4de5-8030-5606a99c971d
Бесінші, қымбат нәрсе-әдеп - деген...
kaz
1
b3f252ff-0823-448a-88f9-63e7a3d38923