lang
stringclasses 3
values | title
stringlengths 3
277
| original_text
stringlengths 69
182k
| processed_text
stringlengths 42
181k
| category
stringlengths 4
50
| processed
bool 2
classes | url
stringlengths 33
293
| date
stringlengths 10
24
|
---|---|---|---|---|---|---|---|
kk | "Зиянкестерге қарсы өңдеу жүргізіледі": Алматы әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жасады | Алматыда жапырақ жейтін зиянкестер мен зең ауруларының қоздырғыштарына қарсы биологиялық өңдеудің төртінші кезеңі басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі ресми сайтында. Әкімдік мәліметінше, ағаштардың тұрақты жағдайын жақсарту, сақтау және олардың әр түрлі зиянды организмге төзімділігін арттыру үшін төртінші кезең аясында 2,3 млн-нан астам ағашты биоөңдеу жоспарлануда. "Зиянкестер биологиясының ерекшеліктеріне сүйене отырып, ағаштарды емдеу жұмыстары түнде және таңертең ерте жүргізіледі", - дейді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев. Оның айтуынша, биылғы жылдан бастап монофаг зиянкестеріне барынша әсер ету үшін бірінші кезең (вегетациялық кезеңнің басталуы) кезінде теректерді үш рет өңдеу және өзге ағаштарды екі рет өңдеу жүргізілген. Бұрын өсімдіктерді биологиялық қорғау вегетациялық кезеңнің басында тек бір рет жүргізілген, бірақ мұндай өңдеу жиілігі монофаг зиянкестері үшін жеткіліксіз болып, жасыл кеңістіктердің жағдайына кері әсер еткен. "Жұмыста климаттық факторларды ескере отырып, ел аумағында қолдануға рұқсат етілген және адамдарға, құстар мен жануарларға зиянсыз, қауіптілігі төмен сыныпты сертификатталған биологиялық және кейбір жағдайларда химиялық препараттар (П-4) пайдаланылады", - дейді Серік Әділбаев. Әкімдік ақпаратынша, ауа райы қолайлы және жауын-шашынсыз болған кезде төртінші кезеңді 20 қыркүйекте аяқтау жоспарлануда. | Алматыда жапырақ жейтін зиянкестер мен зең ауруларының қоздырғыштарына қарсы биологиялық өңдеудің төртінші кезеңі басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі ресми сайтында. Әкімдік мәліметінше, ағаштардың тұрақты жағдайын жақсарту, сақтау және олардың әр түрлі зиянды организмге төзімділігін арттыру үшін төртінші кезең аясында 2,3 млн-нан астам ағашты биоөңдеу жоспарлануда. "Зиянкестер биологиясының ерекшеліктеріне сүйене отырып, ағаштарды емдеу жұмыстары түнде және таңертең ерте жүргізіледі", - дейді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев. Оның айтуынша, биылғы жылдан бастап монофаг зиянкестеріне барынша әсер ету үшін бірінші кезең (вегетациялық кезеңнің басталуы) кезінде теректерді үш рет өңдеу және өзге ағаштарды екі рет өңдеу жүргізілген. Бұрын өсімдіктерді биологиялық қорғау вегетациялық кезеңнің басында тек бір рет жүргізілген, бірақ мұндай өңдеу жиілігі монофаг зиянкестері үшін жеткіліксіз болып, жасыл кеңістіктердің жағдайына кері әсер еткен. "Жұмыста климаттық факторларды ескере отырып, ел аумағында қолдануға рұқсат етілген және адамдарға, құстар мен жануарларға зиянсыз, қауіптілігі төмен сыныпты сертификатталған биологиялық және кейбір жағдайларда химиялық препараттар (П-4) пайдаланылады", - дейді Серік Әділбаев. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033742-ziyankesterge-qarsy-ondeu-zurgiziledi-almaty-akimdigi-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/ | 24 тамыз 2023, 10:23 |
kk | Блогер Айжан Байзақова күйеуінің бірінші әйелі болғанын ашып айтты | Атышулы блогер Айжан Байзақова былтыр күзде тұрмысқа шыққан болатын. Ол жұбайының өзінен бұрын да некеде болғанын көпшілікке ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Желі қолданушысының бірі Байзақовадан "Күйеуіңнің болашақ сәбиден бөлек балалары бар ма?", - деп сұраған. Ал блогер күйеуінің өзінен бұрын некеде болғанын және балаларының жоқ екенін айтты. "Нұрбектің маған дейін де некесі болғаны жасырын емес. Алайда оның балалары жоқ. Әрине, менен ештеңе жасырмаған болса. Балалары жоқ. Алан бар және болашақ сәбиіміз", - деді Айжан Байзақова Instagram парақшасында. Айта кетейік, осыған дейін Айжан Байзақова болашақ сәбиіне есімді күйеуінің ата-анасы таңдайтынын айтқан болатын. | Атышулы блогер Айжан Байзақова былтыр күзде тұрмысқа шыққан болатын. Ол жұбайының өзінен бұрын да некеде болғанын көпшілікке ашып айтты, деп жазады . Желі қолданушысының бірі Байзақовадан "Күйеуіңнің болашақ сәбиден бөлек балалары бар ма?", - деп сұраған. Ал блогер күйеуінің өзінен бұрын некеде болғанын және балаларының жоқ екенін айтты. "Нұрбектің маған дейін де некесі болғаны жасырын емес. Алайда оның балалары жоқ. Әрине, менен ештеңе жасырмаған болса. Балалары жоқ. Алан бар және болашақ сәбиіміз", - деді Айжан Байзақова Instagram парақшасында. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033738-bloger-aizan-baizaqova-kuieuinin-birinsi-nekesi-bolganyn-asyp-aitty/ | 24 тамыз 2023, 10:12 |
kk | 2023 жылғы 24 тамыз: Криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы | Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 24 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $435.70-ға өсті. Бүгін актив $26,302.39082848* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.0019-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 24 тамыз күні $0.07705368*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $43.65-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,664.98701444*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0112-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.30797533* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде өзгеріссіз қалды. TUSD бағамы 2023 жылғы 24 тамыз күні $0.99953767*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $1.06-ға нығая түсті. Актив $65.5535344* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.53-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $15.8972375*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0094-ға қымбаттады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.52467608*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00135-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.06375386* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті. | Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 24 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $435.70-ға өсті. Бүгін актив $26,302.39082848* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.0019-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 24 тамыз күні $0.07705368*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $43.65-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,664.98701444*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0112-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.30797533* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде өзгеріссіз қалды. TUSD бағамы 2023 жылғы 24 тамыз күні $0.99953767*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $1.06-ға нығая түсті. Актив $65.5535344* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.53-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $15.8972375*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0094-ға қымбаттады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.52467608*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00135-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.06375386* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. | Қаржы | false | https://kaz.nur.kz/nurfin/2033747-2023-zylgy-24-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/ | 24 тамыз 2023, 10:02 |
kk | "Таң қалған жоқпын": Байден Евгений Пригожин қаза болуы мүмкін ұшақ апатына қатысты пікір білдірді | АҚШ президенті Джо Байден "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожин қаза болуы мүмкін әуе апатына қатысты пікір білдіріп, қолында апат жайлы жеткілікті ақпарат жоқ екенін айтты. Бірақ ол таң қалмағанын атап өтті, деп хабарлайды Sky News басылымы. Басылымның Ақ үйге сілтеме жасап жазуынша, Джо Байден "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин қаза болуы мүмкін Ресейдегі әуе апаты туралы хабардар. Басылым мәліметінше, қазір АҚШ президенті отбасымен демалыста. Десе де, кейін Джо Байден журналистермен әңгімелесу барысында қолында қазіргі таңда Евгений Пригожинге қатысты жағдай бойынша жеткілікті ақпарат жоқ екенін айтқан. "Естеріңізде болса, бұрын да маған бұл туралы сұрақ қойылған еді. Мен қандай көлік құралына мінсем де, абай болатынымды айтқан едім. Мен шын мәнісінде не болғанын білмеймін, бірақ таңғалған жоқпын", – дейді Джо Байден. Ал басылымның келесі бір материалында Байден "Артында Путин тұрмайтын жағдайлар Ресейде аз" екенінін айтқаны жазылған. Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын. Кей мәліметтерге сәйкес, ұшақтың ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған. Бейсенбіге қараған түні Росавиация ұшақ апатынан қаза болған адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде Евгений Пригожиннің де есімі бар. Бұл ретте "BBC-дің Орыс қызметінің" жазуынша, апат кезінде Евгений Пригожиннің қаза болғанын бірнеше БАҚ хабарлаған. | АҚШ президенті Джо Байден "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожин қаза болуы мүмкін әуе апатына қатысты пікір білдіріп, қолында апат жайлы жеткілікті ақпарат жоқ екенін айтты. Бірақ ол таң қалмағанын атап өтті, деп хабарлайды Sky News басылымы. Басылымның Ақ үйге сілтеме жасап жазуынша, Джо Байден "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин қаза болуы мүмкін Ресейдегі әуе апаты туралы хабардар. Басылым мәліметінше, қазір АҚШ президенті отбасымен демалыста. Десе де, кейін Джо Байден журналистермен әңгімелесу барысында қолында қазіргі таңда Евгений Пригожинге қатысты жағдай бойынша жеткілікті ақпарат жоқ екенін айтқан. "Естеріңізде болса, бұрын да маған бұл туралы сұрақ қойылған еді. Мен қандай көлік құралына мінсем де, абай болатынымды айтқан едім. Мен шын мәнісінде не болғанын білмеймін, бірақ таңғалған жоқпын", – дейді Джо Байден. Ал басылымның келесі бір материалында Байден "Артында Путин тұрмайтын жағдайлар Ресейде аз" екенінін айтқаны жазылған. Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын. Кей мәліметтерге сәйкес, ұшақтың ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған. Бейсенбіге қараған түні Росавиация ұшақ апатынан қаза болған адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде Евгений Пригожиннің де есімі бар. | Әлемде | false | https://kaz.nur.kz/world/2033732-tan-qalgan-zoqpyn-baiden-evgenii-prigozin-qaza-boluy-mumkin-usaq-apatyna-qatysty-pikir-bildirdi/ | 24 тамыз 2023, 09:55 |
kk | Ләйлә Сұлтанқызы Земфираға қатысты дау туралы: Ұрыстырып қойғаны жаман болды | Ресейлік әнші Земфира Алматы мен Астанада кеш өткізіп, кейін әлеуметтік желіде "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазғаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын. Әншінің елордада өткен ән кешіне қатысқан Ләйлә Сұлтанқызы концертке байланысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Massaget.kz мәліметінше, Ләйлә Сұлтанқызы да аталмыш кешке достарының шақыруымен барған. "Жолдастарымның шақыруымен сол Земфираның концертіне мен де бардым. Зал лық толады. Шыны керек, сонша халық жиналады деп ойлаған жоқпын. Барыс аренаға жақындай бергеннен бастап сұмдық көлік кептелісі, әр бір метр сайын тұрған күзет, кіре алмай ұзын-сонар кезекте қысылған ығы-жығы адам… Сахнадан әжептәуір алыс тұрсам да, жаман дыбыс естіген жоқпын. Ортадағы фанзона мен артқы қатардағы дыбыс жер мен көктей болды дейді. Мүмкін… Былай қарасаң, бұл залдың өзі музыкалық кешке, концертке арналмаған ғой. Бірақ энергетика, драйв, атмосфера, көрерменнің ыстық ықыласын айта алмаймын. Барлық кем-кетікті ұмыттыратындай-ақ болды енді. Бірақ апамның шатақтау мінезін баяғыдан көбі біледі ғой. Үш адамға яғни ұйымдастырушыларға ренжіп, бәрімізді бір-бірімізбен ұрыстырып қойғаны жаман болды. UPD деп, асығыс кішкентай әріппен жазғанына, ПММЛ деп тұрғандай", - деп жазған Ләйлә Сұлтанқызы. Айта кетейік, ресейлік әнші Земфира 18 тамызда Алматыда, 20 тамыз күні Астанада жеке концертін өткізген. Алайда әншіге ұйымдастырушылар жұмысы ұнамаған. Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазып, кейін оқырмандарынан кешірім сұрады. | Ресейлік әнші Земфира Алматы мен Астанада кеш өткізіп, кейін әлеуметтік желіде "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазғаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын. Әншінің елордада өткен ән кешіне қатысқан Ләйлә Сұлтанқызы концертке байланысты пікір білдірді, деп жазады . мәліметінше, Ләйлә Сұлтанқызы да аталмыш кешке достарының шақыруымен барған. "Жолдастарымның шақыруымен сол Земфираның концертіне мен де бардым. Зал лық толады. Шыны керек, сонша халық жиналады деп ойлаған жоқпын. Барыс аренаға жақындай бергеннен бастап сұмдық көлік кептелісі, әр бір метр сайын тұрған күзет, кіре алмай ұзын-сонар кезекте қысылған ығы-жығы адам… Сахнадан әжептәуір алыс тұрсам да, жаман дыбыс естіген жоқпын. Ортадағы фанзона мен артқы қатардағы дыбыс жер мен көктей болды дейді. Мүмкін… Былай қарасаң, бұл залдың өзі музыкалық кешке, концертке арналмаған ғой. Бірақ энергетика, драйв, атмосфера, көрерменнің ыстық ықыласын айта алмаймын. Барлық кем-кетікті ұмыттыратындай-ақ болды енді. Бірақ апамның шатақтау мінезін баяғыдан көбі біледі ғой. Үш адамға яғни ұйымдастырушыларға ренжіп, бәрімізді бір-бірімізбен ұрыстырып қойғаны жаман болды. UPD деп, асығыс кішкентай әріппен жазғанына, ПММЛ деп тұрғандай", - деп жазған Ләйлә Сұлтанқызы. Айта кетейік, ресейлік әнші Земфира 18 тамызда Алматыда, 20 тамыз күні Астанада жеке концертін өткізген. Алайда әншіге ұйымдастырушылар жұмысы ұнамаған. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033731-laila-sultanqyzy-qazaqstandyqtardan-kesirim-suragan-zemfiranyn-an-kesine-bailanysty-pikir-bildirdi/ | 24 тамыз 2023, 09:06 |
kk | 2023 жылғы 24 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары | Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 24 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 458.13 (+5.00), еуроға шаққандағы бағамы – 495.15 (+0.97) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.86 (+0.05). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 460.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 462.50 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 501.50 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.81 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 460.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 463.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.11 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.80 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 460.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 463.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.11 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.80 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті. | Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 24 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 458.13 (+5.00), еуроға шаққандағы бағамы – 495.15 (+0.97) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.86 (+0.05). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 460.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 462.50 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 501.50 (МиГ).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.81 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 460.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 463.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.11 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.80 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 460.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 463.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 498.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 502.11 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.80 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. | Қаржы | false | https://kaz.nur.kz/nurfin/2033735-2023-zylgy-24-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/ | 24 тамыз 2023, 09:02 |
kk | "Полицияға 28 адам жеткізілді": ІІМ Астана мен Қарағандыда ауқымды арнайы операция жүргізді | 23 тамызда ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана және Қарағанды қалаларының аумағында қылмыстық топты құрықтау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізген. Бұл деп Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады. "Топ мүшелерінің тау-кен өндіруші компаниялардың бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлауға, есірткі мен атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ 2022 жылы қылмыстық текетірес кезінде Қарағанды тұрғынын өлтіруге оқталу фактісіне қатысы бар екені анықталды", - делінген хабарламада. ІІМ мәлімтенше, арнайы операция кезінде осы қастандықты жасамақ болған топтың "киллері" болуы мүмкін адам көрші мемлекеттің аумағында ұсталған. "70 тінту іс-шарасы өткізілді, соның нәтижесінде тоғыз қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, ірі көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды", – дейді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс. | 23 тамызда ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана және Қарағанды қалаларының аумағында қылмыстық топты құрықтау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізген. Бұл деп ақпараттық медиа-порталы хабарлады. "Топ мүшелерінің тау-кен өндіруші компаниялардың бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлауға, есірткі мен атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ 2022 жылы қылмыстық текетірес кезінде Қарағанды тұрғынын өлтіруге оқталу фактісіне қатысы бар екені анықталды", - делінген хабарламада. ІІМ мәлімтенше, арнайы операция кезінде осы қастандықты жасамақ болған топтың "киллері" болуы мүмкін адам көрші мемлекеттің аумағында ұсталған. "70 тінту іс-шарасы өткізілді, соның нәтижесінде тоғыз қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, ірі көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033726-policiyaga-28-adam-zetkizildi-iim-astana-men-qaragandyda-auqymdy-arnaiy-operaciya-zurgizdi/ | 24 тамыз 2023, 08:28 |
kk | "Дем ала алмай қаламын": Ақтөбеде арамшөптен аллергиясы асқынғандар көбейген | Ақтөбеде көшелерде қаптап өскен арамшөптен аллергиясы асқынған адамдардың саны көбейген. Тұрғындар шөптерді отап тастауды талап етуде. Жауапты адамдар арамшөпті отаумен айналысып жатқанын айтады, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна мәліметінше, арамшөп піскен кезде аллергиясы күшейіп кеткен тұрғындардың бірі – Алмагүл Бақтыгерейқызы. Ол бірер күн бұрын тынысы тарылып, дем ала алмай, жедел жәрдем шақыртқан. "Шілде, тамызда күшейеді. Шөптен аллергия береді. Демікпе. Дем ала алмай қаламын", – дейді Алмагүл Бақтыгерейқызы. Телеарнаның дәрігерлердің мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, биыл Ақтөбеде аллергиясы асқынып демікпеге шалдыққандардың саны артқан. Ал аллергияға шалдыққандардың артуын мамандар ойраншөпті дер кезінде отамаумен байланыстырып отыр. "Бірінші – экология дейміз. Сосын арамшөптер дейміз. Қазір арамшөп көбейіп кетті. Кісілер өз үйінің маңындағы арамшөптерді жұлмайды, жинамайды. Соның ішінде балалар ойнайды. Астмаға дейін асқынып кетеді", – дейді Ақтөбе аллергия және респираторлық медицина орталығының меңгерушісі Светлана Есекеева. Ал жергілікті әкімдіктің берген ақпаратынша, арамшөпті шабу үшін қалада бірнеше бригада жасақталған. "Қазір, тамызда шығатын аллергиялық өсімдіктер бар. Амброзия, повилика дегендер. Сол шөптерді шауып жатыр. Бізде проблемалық аудан бар. Ол – Мәскеу мен Болашақ шағын аудандары. Өйткені көше бойында осындай шөптер өседі", – дейді Астана ауданы ТКШ бөлімінің басшысы Мирас Әжібаев. Телеарна ақпаратынша, өсімдіктер арасында аллергияны өршітетін – ойраншөп. Оның гүл атуы тамызда басталып, қазанға дейін жалғасады. Мамандардың пікірінше, арамшөптен түбегейлі арылу үшін оны ормай, тамырымен жұлған дұрыс. Дереккөз: КТК арнасы | Ақтөбеде көшелерде қаптап өскен арамшөптен аллергиясы асқынған адамдардың саны көбейген. Тұрғындар шөптерді отап тастауды талап етуде. Жауапты адамдар арамшөпті отаумен айналысып жатқанын айтады, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна мәліметінше, арамшөп піскен кезде аллергиясы күшейіп кеткен тұрғындардың бірі – Алмагүл Бақтыгерейқызы. Ол бірер күн бұрын тынысы тарылып, дем ала алмай, жедел жәрдем шақыртқан. "Шілде, тамызда күшейеді. Шөптен аллергия береді. Демікпе. Дем ала алмай қаламын", – дейді Алмагүл Бақтыгерейқызы. Телеарнаның дәрігерлердің мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, биыл Ақтөбеде аллергиясы асқынып демікпеге шалдыққандардың саны артқан. Ал аллергияға шалдыққандардың артуын мамандар ойраншөпті дер кезінде отамаумен байланыстырып отыр. "Бірінші – экология дейміз. Сосын арамшөптер дейміз. Қазір арамшөп көбейіп кетті. Кісілер өз үйінің маңындағы арамшөптерді жұлмайды, жинамайды. Соның ішінде балалар ойнайды. Астмаға дейін асқынып кетеді", – дейді Ақтөбе аллергия және респираторлық медицина орталығының меңгерушісі Светлана Есекеева. Ал жергілікті әкімдіктің берген ақпаратынша, арамшөпті шабу үшін қалада бірнеше бригада жасақталған. "Қазір, тамызда шығатын аллергиялық өсімдіктер бар. Амброзия, повилика дегендер. Сол шөптерді шауып жатыр. Бізде проблемалық аудан бар. Ол – Мәскеу мен Болашақ шағын аудандары. Өйткені көше бойында осындай шөптер өседі", – дейді Астана ауданы ТКШ бөлімінің басшысы Мирас Әжібаев. Телеарна ақпаратынша, өсімдіктер арасында аллергияны өршітетін – ойраншөп. Оның гүл атуы тамызда басталып, қазанға дейін жалғасады. Мамандардың пікірінше, арамшөптен түбегейлі арылу үшін оны ормай, тамырымен жұлған дұрыс. | Денсаулық | false | https://kaz.nur.kz/health/2033721-dem-ala-almai-qalamyn-aqtobede-aramsopten-allergiyasy-asqyngandar-kobeigen/ | 24 тамыз 2023, 08:05 |
kk | Бұршақ, жаңбыр, шаңды дауыл: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады | Синоптиктер бейсенбі, 24 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында. Метеорологтардың болжамынша, бүгінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ бұл аймақтарда түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Сонымен қатар бүгін күндіз Жетісу, Алматы, Қарағанды облыстарында ауа температурсы 35-36°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Бұдан бөлек Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады. Мамандар Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ұлытау, Абай облыстарында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр. | Синоптиктер бейсенбі, 24 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында. Метеорологтардың болжамынша, бүгінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ бұл аймақтарда түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Сонымен қатар бүгін күндіз Жетісу, Алматы, Қарағанды облыстарында ауа температурсы 35-36°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Бұдан бөлек Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033722-bursaq-zanbyr-sandy-dauyl-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/ | 24 тамыз 2023, 07:23 |
kk | Тізімде Евгений Пригожин бар: Росавиация Тверь облысында ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімін жариялады | Росавиация Тверь облысының маңында құлаған Embraer ұшағының бортында Евгений Пригожиннің барын растады. Бұл туралы ұйымның ресми Telegram арнасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Айта кетелік, 23 тамыз күні кешкісін Ресейдің Тверь облысы маңында жекеменшік Embraer ұшағы апатқа ұшырап, он адам қаза тапты. Оның ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушысы әрі көшбасшысы Евгений Пригожин де бар. Ұшақ Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған. Росавиация ұшақта қаза тапқандар тізімін жариялады. Олар: Жеті жолаушы: Евгений Пригожин Дмитрий Уткин Сергей Пропустин Евгений Макарян Александр Тотмин Валерий Чекалов Николай Матюсеев Үш экипаж мүшесі: Алексей Левшин Рустам Каримов Кристина Распопова Аталған жағдайға байланысты Ресей федерациясы Қылмыстық кодексінің 263-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. | Росавиация Тверь облысының маңында құлаған Embraer ұшағының бортында Евгений Пригожиннің барын растады. Бұл туралы ұйымның ресми Telegram арнасында хабарланды, деп жазады . Айта кетелік, 23 тамыз күні кешкісін Ресейдің Тверь облысы маңында жекеменшік Embraer ұшағы апатқа ұшырап, он адам қаза тапты. Оның ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушысы әрі көшбасшысы Евгений Пригожин де бар. Ұшақ Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған. Росавиация ұшақта қаза тапқандар тізімін жариялады. | Әлемде | false | https://kaz.nur.kz/world/2033715-rosaviaciya-tver-oblysynda-qulagan-usaqta-qaza-tapqandardyn-esimin-zariyalady-tizimde-evgenii-prigozin-bar/ | 24 тамыз 2023, 03:08 |
kk | Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем біріншілігінде алғашқы жетілікке енді | Испанияның Валенсия қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Эльжана Таниева доп жаттығуынан финалда сынға түсті, деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ. Эльжана доп жаттығуы бойынша финалда жетінші орын иеленді. Бұл бәсекеде германиялық Дарья Варфоломеев жеңіске жетті. Екінші орынды италиялық Софья Рафаэлли, үшінші орынды болгариялық Стиляна Николова иеленді. Айта кетелік, әлем чемпионатында көпсайыстан Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Эрика Жайлауова финалға өте алған жоқ. | Испанияның Валенсия қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Эльжана Таниева доп жаттығуынан финалда сынға түсті, деп хабарлайды KAZ. . Эльжана доп жаттығуы бойынша финалда жетінші орын иеленді. Бұл бәсекеде германиялық Дарья Варфоломеев жеңіске жетті. Екінші орынды италиялық Софья Рафаэлли, үшінші орынды болгариялық Стиляна Николова иеленді. Айта кетелік, әлем чемпионатында көпсайыстан Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033713-elzana-tanieva-korkem-gimnastikadan-alem-birinsiliginde-algasqy-zetilikke-endi/ | 24 тамыз 2023, 02:35 |
kk | Қазақ баласы Нұрлан Исатаев дзюдодан әлем чемпионы атанды |
Қазақстандық Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол грузиялық Мераби Самадашвилиді ұтты. Финалдық белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Голден скорда (қосымша уақыт) отандасымыз ұтымды әдіс пайдаланып, ұпай еншілеп, ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ. Іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаровты (Түркменстан), Лиова Спариянды (Армения) Янг Жонатанды (АҚШ) айқын басымдықпен жеңді. Өз тобынан үздік шыққан ол жартылай финалда тағы бір отандасымыз Оралбек Байзақпен белдесті. Ал қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова күміспен күптелсе, Оралбек Байзақ қола жүлдені еншіледі. Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль кестесінде бірінші орынмен бастады. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады. | Қазақстандық Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы хабарлайды. Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол грузиялық Мераби Самадашвилиді ұтты. Финалдық белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Голден скорда (қосымша уақыт) отандасымыз ұтымды әдіс пайдаланып, ұпай еншілеп, ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ. Іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаровты (Түркменстан), Лиова Спариянды (Армения) Янг Жонатанды (АҚШ) айқын басымдықпен жеңді. Өз тобынан үздік шыққан ол жартылай финалда тағы бір отандасымыз Оралбек Байзақпен белдесті. Ал қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова күміспен күптелсе, Оралбек Байзақ қола жүлдені еншіледі. Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль кестесінде бірінші орынмен бастады. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033712-nurlan-isataev-dzyudodan-alem-cempiony-atandy/ | 24 тамыз 2023, 02:02 |
kk | Бүгінгі жұлдыз жорамал: 24 тамыз күні сізді не күтіп тұр | Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Отбасыңызбен бірге дүкен аралап, жаңа киім-кешек немесе заттар сатып алуға қолайлы күн. Көңіл-күйіңізді көтеретін сатылым жасаңыз. Басқалардың пікіріне тәуелді болмауды үйреніңіз, өзіңізге құрмет көрсетіп, шексіз сүйіспеншілік танытыңыз. Ең жақсы досыңыз өзіңіз екеніңізді ұмытпағайсыз. Аяқ-киім мен сөмкелеріңізді түгендеңіз, олардың кейбірін жөндеу қажет болуы мүмкін. Қазірден бастап бұл мәселені шешіп қойсаңыз, қажет болған сәтте қиындықтар туындамайды. Жаңа достар табу еш уақытта кеш емес. Қандай да бір себеппен достарыңыз азайып қалса, танысу сайттарынан жаңа таныс тауып, дос болып кетуіңіз әбден мүмкін. Егер сіз қандай да бір романтикалық дәстүрді бастағыңыз келсе, бүгін бұл үшін ең жақсы күн: серіктесіңіз сіздің бастамаңызды қолдауы әбден мүмкін. Мамандығыңыз бойынша сертификат беретін онлайн курстарға назар аударыңыз: кәсіби саладағы білімнің мұндай дәлелі еңбек нарығындағы құндылығыңызды айтарлықтай арттырады. Денсаулығыңыз жаман емес, бірақ кешке ерте жатуға тырысыңыз. Егер сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге өзгеріс жасауды ойласаңыз, бүгін оны жүзеге асыруға тамаша күн. Үйде бәріне үлгергіңіз келсе, FlyLady атты үй шаруасын дөңгелетуге бағытталған арнайы жүйені байқап көріңіз. Күн жарқын эмоцияларға толы болмақ. Күннің бірінші жартысы қолайлы: көп іс бітіресіз, барлық жоспарыңызды орындайсыз. Басқаларға көңіл бөліңіз: көмектесіңіз, тілектерін тыңдаңыз, олардың өміріне қызығушылық танытыңыз. Әйелдер ерекше сүйкімді, энергия мен сүйіспеншілікке толы бола түседі. Ал ерлерге ақыл-кеңес қажет болады. Сергектік сезінесіз: күш-қуатыңыз тасып, көңіл-күйіңіз тамаша болады. Жан дүниеңіздегі үйлесімділік қалаған нәрсеге қол жеткізуге көмектеседі. Көбірек су ішуге тырысыңыз, оның денсаулығыңызға қаншалықты оң әсер ететінін көресіз. Толассыз энергия, энтузиазм мен сәттілік талай жұмысты нәтижелі атқаруға жағдай жасайды. Дүкендердегі жеңілдіктерге назар аударыңыз, көптен күткен нәрсені тиімді сатып алуыңыз әбден мүмкін. Бүгін майда-шүйде мәселелерде сабырлық пен даналық танытуыңыз оларды тез әрі жеңіл шешуге мүмкіндік береді. Өзіңізге берілген мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Әрекет етіңіз. Елмен араласып, жаңа таныстар табыңыз, бастаған жұмысыңыз бен тапсырмаларыңызды аяқтаңыз. Жаңа хоббимен айналысуға жақсы күн, жаңа бағытқа қызығушылығыңыз оянады. Жұмыс күнінен кейін спортпен шұғылданыңыз, су процедураларын қабылдаңыз, декорацияны өзгертіңіз. Бүгін достарыңызға ұсақ-түйекке бола шағымданып, мазасын алмаңыз. Олардың өміріндегі қиындықтар сіздікінен анағұрлым күрделі болуы мүмкін. Жақын адамдармен сөйлесу оңай болмайды: кез келген ескерту жанжалға айналуы мүмкін. Бұл күні өзіңізге көңіл бөліп, сүйікті ісіңізбен айналысқаныңыз абзал. Жақын адамыңызға моральдық тұрғыда қолдау көрсетіңіз. Оның мойнындағы жұмыстарды атқаруға жәрдем беріңіз. Оған бүгін көмек пен қолдау қажет. Бүгін ұзақ уақыт араласпаған ескі танысыңызды кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін. Қарым-қатынаста жаңа деңгейге өту мүмкіндігі бар: бастаманы өз қолыңызға алыңыз, бірақ серіктесіңізге қысым жасамаңыз. | Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Отбасыңызбен бірге дүкен аралап, жаңа киім-кешек немесе заттар сатып алуға қолайлы күн. Көңіл-күйіңізді көтеретін сатылым жасаңыз. Басқалардың пікіріне тәуелді болмауды үйреніңіз, өзіңізге құрмет көрсетіп, шексіз сүйіспеншілік танытыңыз. Ең жақсы досыңыз өзіңіз екеніңізді ұмытпағайсыз. Аяқ-киім мен сөмкелеріңізді түгендеңіз, олардың кейбірін жөндеу қажет болуы мүмкін. Қазірден бастап бұл мәселені шешіп қойсаңыз, қажет болған сәтте қиындықтар туындамайды. Жаңа достар табу еш уақытта кеш емес. Қандай да бір себеппен достарыңыз азайып қалса, танысу сайттарынан жаңа таныс тауып, дос болып кетуіңіз әбден мүмкін. Егер сіз қандай да бір романтикалық дәстүрді бастағыңыз келсе, бүгін бұл үшін ең жақсы күн: серіктесіңіз сіздің бастамаңызды қолдауы әбден мүмкін. Мамандығыңыз бойынша сертификат беретін онлайн курстарға назар аударыңыз: кәсіби саладағы білімнің мұндай дәлелі еңбек нарығындағы құндылығыңызды айтарлықтай арттырады. Денсаулығыңыз жаман емес, бірақ кешке ерте жатуға тырысыңыз. Егер сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге өзгеріс жасауды ойласаңыз, бүгін оны жүзеге асыруға тамаша күн. Үйде бәріне үлгергіңіз келсе, FlyLady атты үй шаруасын дөңгелетуге бағытталған арнайы жүйені байқап көріңіз. Күн жарқын эмоцияларға толы болмақ. Күннің бірінші жартысы қолайлы: көп іс бітіресіз, барлық жоспарыңызды орындайсыз. Басқаларға көңіл бөліңіз: көмектесіңіз, тілектерін тыңдаңыз, олардың өміріне қызығушылық танытыңыз. Әйелдер ерекше сүйкімді, энергия мен сүйіспеншілікке толы бола түседі. Ал ерлерге ақыл-кеңес қажет болады. Сергектік сезінесіз: күш-қуатыңыз тасып, көңіл-күйіңіз тамаша болады. Жан дүниеңіздегі үйлесімділік қалаған нәрсеге қол жеткізуге көмектеседі. Көбірек су ішуге тырысыңыз, оның денсаулығыңызға қаншалықты оң әсер ететінін көресіз. Толассыз энергия, энтузиазм мен сәттілік талай жұмысты нәтижелі атқаруға жағдай жасайды. Дүкендердегі жеңілдіктерге назар аударыңыз, көптен күткен нәрсені тиімді сатып алуыңыз әбден мүмкін. Бүгін майда-шүйде мәселелерде сабырлық пен даналық танытуыңыз оларды тез әрі жеңіл шешуге мүмкіндік береді. Өзіңізге берілген мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Әрекет етіңіз. Елмен араласып, жаңа таныстар табыңыз, бастаған жұмысыңыз бен тапсырмаларыңызды аяқтаңыз. Жаңа хоббимен айналысуға жақсы күн, жаңа бағытқа қызығушылығыңыз оянады. Жұмыс күнінен кейін спортпен шұғылданыңыз, су процедураларын қабылдаңыз, декорацияны өзгертіңіз. Бүгін достарыңызға ұсақ-түйекке бола шағымданып, мазасын алмаңыз. Олардың өміріндегі қиындықтар сіздікінен анағұрлым күрделі болуы мүмкін. Жақын адамдармен сөйлесу оңай болмайды: кез келген ескерту жанжалға айналуы мүмкін. Бұл күні өзіңізге көңіл бөліп, сүйікті ісіңізбен айналысқаныңыз абзал. Жақын адамыңызға моральдық тұрғыда қолдау көрсетіңіз. Оның мойнындағы жұмыстарды атқаруға жәрдем беріңіз. Оған бүгін көмек пен қолдау қажет. Бүгін ұзақ уақыт араласпаған ескі танысыңызды кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін. | Калейдоскоп | false | https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033583-bugingi-zuldyz-zoramal-24-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/ | 24 тамыз 2023, 00:01 |
kk | Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алу ісі бойынша сот отырысының күні белгіленді | Астанадағы Kaspi bank бөлімшесінде маусым айында адамдарды кепілге алған ер адамның ісі сотқа жіберілген еді. Енді сот отырысының күні белгіленді, деп хабарлайды астаналық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Елордалық сот өкілдері бұл іс бойынша Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатқанын айтты. Бұл ретте істі сот өндірісіне қабылдау туралы қаулыда хабарланғандай, негізгі сот отырысы 2023 жылғы 29 тамыз сағат 10.00-ге болады бекітілген. Сот ісі Қылмыстық кодекстің екі бабы (188-баптың 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша және 261-баптың 2-бөлігінің 4, 8 және 9-тармақтары "Адамды кепілге алу") бойынша қаралуда. Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы "Керуен" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы Kaspi филиалында қарулы ер адам адамдарды кепілге алған болатын. Оқиға орнына дереу құқық қорғау органдарының қызметкерлері жетіп, адамдарды кепілге алған ер адаммен келіссөз басталды. Сондай-ақ Kaspi ғимараты орналасқан үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Біраз уақыттан кейін арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасап, жоспарланған операция нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Кепілге алынғандарды босату операциясын Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың өзі басқарды. Министр кепілге алған ер адамның қандай талаптар қойғанын да айтты. Айта кетейік, операция нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Кепілге алынған азаматтардың үшеуі қатты шок алған, бірақ ешкім ауруханаға жатқызуды қажет етпеген. Ал ұсталған 30 жастағы ер адамға қатысты "Адамды кепілге алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 12 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар оның есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұрғаны белгілі болды. | Астанадағы Kaspi bank бөлімшесінде маусым айында адамдарды кепілге алған ер адамның ісі сотқа жіберілген еді. Енді сот отырысының күні белгіленді, деп хабарлайды астаналық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған . Елордалық сот өкілдері бұл іс бойынша Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатқанын айтты. Бұл ретте істі сот өндірісіне қабылдау туралы қаулыда хабарланғандай, негізгі сот отырысы 2023 жылғы 29 тамыз сағат 10.00-ге болады бекітілген. Сот ісі Қылмыстық кодекстің екі бабы (188-баптың 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша және 261-баптың 2-бөлігінің 4, 8 және 9-тармақтары "Адамды кепілге алу") бойынша қаралуда. Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы "Керуен" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы Kaspi филиалында қарулы ер адам адамдарды кепілге алған болатын. Оқиға орнына дереу құқық қорғау органдарының қызметкерлері жетіп, адамдарды кепілге алған ер адаммен келіссөз басталды. Сондай-ақ Kaspi ғимараты орналасқан үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Біраз уақыттан кейін арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасап, жоспарланған операция нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Кепілге алынғандарды босату операциясын Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың өзі басқарды. Министр кепілге алған ер адамның қандай талаптар қойғанын да айтты. Айта кетейік, операция нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Кепілге алынған азаматтардың үшеуі қатты шок алған, бірақ ешкім ауруханаға жатқызуды қажет етпеген. Ал ұсталған 30 жастағы ер адамға қатысты "Адамды кепілге алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 12 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033708-astanadagy-kaspi-filialynda-adamdardy-kepilge-alu-isi-boiynsa-sot-otyrysynyn-kuni-belgilendi/ | 23 тамыз 2023, 23:20 |
kk | Алматыда орталық көшелердегі жолайрықтардың бірі жөндеуге жабылады | 23 тамыздан 24 тамызға қараған түні Алматыдағы Сәтбаев және Байзақов көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарына байланысты батыс және шығыс бағыттағы көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Бұл туралы Almaty Joly ЖШС Telegram-дағы арнасында хабарлады. Almaty Joly компаниясының мәліметінше, жол жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес биылғы жоспарға ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын Сатбаев-Жандосов-Байзақов көшелерінің қиылысындағы жолайрық іске қосылды. "23 тамыз сағат 23:00-ден 24 тамыз сағат 06:00-ге дейін Сәтбаев және Байзақов көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарына байланысты батыс және шығыс бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі", - делінген хабарламада. Компания мәліметінше, 23 тамыз сағат 23:00-ден 24 тамыз сағат 06:00-ге дейін Жандосов көшесінде шығыс бағытта Манас көшесінен бастап көлік қозғалысы шектеледі. Әуезов, Абай, МАнас, Бұқар жырау көшелерімен айналып өтуге болады. "Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта, Байзақов көшесінен Жандосов көшесіне батыс бағытта, Байзақов көшесінен Сәтбаев көшесіне шығыс бағытта бұрылыстар ашық болады", - деді Almaty Joly компаниясының өкілдері. Сонымен қатар жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 патрульдік экипаж қызмет етіп, жылдамдықты 40 км/сағ дейін шектеу туралы белгі қойылатыны атап өтілді. | 23 тамыздан 24 тамызға қараған түні Алматыдағы Сәтбаев және Байзақов көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарына байланысты батыс және шығыс бағыттағы көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Бұл туралы Almaty Joly ЖШС Telegram-дағы арнасында хабарлады. Almaty Joly компаниясының мәліметінше, жол жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес биылғы жоспарға ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын Сатбаев-Жандосов-Байзақов көшелерінің қиылысындағы жолайрық іске қосылды. "23 тамыз сағат 23:00-ден 24 тамыз сағат 06:00-ге дейін Сәтбаев және Байзақов көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарына байланысты батыс және шығыс бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі", - делінген хабарламада. Компания мәліметінше, 23 тамыз сағат 23:00-ден 24 тамыз сағат 06:00-ге дейін Жандосов көшесінде шығыс бағытта Манас көшесінен бастап көлік қозғалысы шектеледі. Әуезов, Абай, МАнас, Бұқар жырау көшелерімен айналып өтуге болады. "Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта, Байзақов көшесінен Жандосов көшесіне батыс бағытта, Байзақов көшесінен Сәтбаев көшесіне шығыс бағытта бұрылыстар ашық болады", - деді Almaty Joly компаниясының өкілдері. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033705-almatyda-ortalyq-koselerdegi-zolairyqtardyn-biri-zondeuge-zabylady/ | 23 тамыз 2023, 22:26 |
kk | Атырау облысындағы мектепте 1 оқушы оқиды: ауыл тұрғындары білім ошағын жаппауды сұрайды | Атырау облысының Кенбай ауылындағы мектеп жалғыз бала үшін жұмыс істеп тұр. Үшінші сыныпқа баратын бір балаға бес мұғалім сабақ береді екен. Білім басқармасы 1 бала үшін бір мекеме ұстап отыру тиімсіз екенін мәлімдеген, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна мәліметінше, жалғыз оқушысы бар мекемеде одан бөлек 15 маман қызмет етуде. Бірнеше жыл санаулы балаға сабақ беріп келген мектепті биыл жабамыз депті. Бірақ тұрғындар мектеп жабылса, ауыл құриды деп қорқып отыр. "Күйеуімнің жалғыз жалақысымен кәмелетке толмаған төрт баламен қалада тұра алмаймын. Сол үшін осы жерде тұрып жатырмын. Мен ауылым деп шырылдап отырмын. Сол үшін мектепті жаппауын талап етемін. Бала жоқ, бала жоқ дейді. Бер жағында өсіп келе жатқан 10 шақты бала бар. Мектеп жоғалып кетсе, біздің ауыл құриды", - дейді ауыл тұрғыны Айсара Әбезбаева. Телеарна дергінше, бүтін бір ауылды асырап отырған мектепті жаппауды сұраған кенбайлықтар, жергілікті билік елдімекенге көңіл бөлуі керек дейді. Өсіп келе жатқан өзге балаларды қалаға жібере алмаймыз деп отыр. Сондай-ақ шенеуніктер бұл мектептің жөндеу жұмысына осыдан үш жыл бұрын 30 миллион теңге жұмсаған. Оған қоса ауылға газ құбырын жүргізуге 2 млрд теңге тағы бөлінген. Телеарна ақпаратынша білім басқармасы бір бала үшін бір мекеме ұстап отыру тиімсіз дейді. "Қаржы жағынан алып қарағанда, бір балаға бірнеше қызметкер ұстап, бір мектепті ұстап тұру қиын. Халықтың ұсыныс пікірін ескеріп әрі қарай мәселені дұрыс шешуге талап қойғалы отырмыз", - дейді Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова. Дереккөз: КТК арнасы | Атырау облысының Кенбай ауылындағы мектеп жалғыз бала үшін жұмыс істеп тұр. Үшінші сыныпқа баратын бір балаға бес мұғалім сабақ береді екен. Білім басқармасы 1 бала үшін бір мекеме ұстап отыру тиімсіз екенін мәлімдеген, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна мәліметінше, жалғыз оқушысы бар мекемеде одан бөлек 15 маман қызмет етуде. Бірнеше жыл санаулы балаға сабақ беріп келген мектепті биыл жабамыз депті. Бірақ тұрғындар мектеп жабылса, ауыл құриды деп қорқып отыр. "Күйеуімнің жалғыз жалақысымен кәмелетке толмаған төрт баламен қалада тұра алмаймын. Сол үшін осы жерде тұрып жатырмын. Мен ауылым деп шырылдап отырмын. Сол үшін мектепті жаппауын талап етемін. Бала жоқ, бала жоқ дейді. Бер жағында өсіп келе жатқан 10 шақты бала бар. Мектеп жоғалып кетсе, біздің ауыл құриды", - дейді ауыл тұрғыны Айсара Әбезбаева. Телеарна дергінше, бүтін бір ауылды асырап отырған мектепті жаппауды сұраған кенбайлықтар, жергілікті билік елдімекенге көңіл бөлуі керек дейді. Өсіп келе жатқан өзге балаларды қалаға жібере алмаймыз деп отыр. Сондай-ақ шенеуніктер бұл мектептің жөндеу жұмысына осыдан үш жыл бұрын 30 миллион теңге жұмсаған. Оған қоса ауылға газ құбырын жүргізуге 2 млрд теңге тағы бөлінген. Телеарна ақпаратынша білім басқармасы бір бала үшін бір мекеме ұстап отыру тиімсіз дейді. "Қаржы жағынан алып қарағанда, бір балаға бірнеше қызметкер ұстап, бір мектепті ұстап тұру қиын. Халықтың ұсыныс пікірін ескеріп әрі қарай мәселені дұрыс шешуге талап қойғалы отырмыз", - дейді Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033701-atyrau-oblysyndagy-mektepte-1-oqusy-oqidy-auyl-turgyndary-bilim-osagyn-zappaudy-suraidy/ | 23 тамыз 2023, 21:28 |
kk | "Жаға ұстатарлық жағдай": Антикор ТЖМ-дағы жемқорлық туралы айтты | Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасайды. Бұл туралы бүгін ТЖМ басшылығымен өткен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік Telegram-дағы ресми арнасында. Асхат Жұмағалидың айтуынша, соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары еліміздің барлық өңірінде орын алған. Олардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарында тіркелген. Асхат Жұмағалидың мәліметінше, анықталған қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым. "Заңсыз сыйақы" өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру актісіне қол қою кезінде, оқудан өткізу, рұқсат беру және жұмысқа орналасу үшін беріліп отырған. Агенттік төрағасының атап өтуінше, жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарға қарамастан, ТЖМ қызметкерлері пара алудан тыйылар емес. "Күні кеше Жетісу облысында жергілікті ТЖ бөлім басшысы жұмысқа алған адамнан ақша алғаны анықталды. Бүгінгі іс-шараның өтетінін біле тұра, сонда да қылмысқа барып отыр. Бұл орайда профилактикалық тұрғыда нақты әрекет ету қажет. Қызметкерлердің мінез-құлқын түзетіп, психологиялық көзқарасын өзгерту маңызды", - дейді Асхат Жұмағали. Сондай-ақ Антикор төрағасы бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасын, Шымкент қаласының және Жетісу облысының департамент басшыларын ұстағанын еске салды. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды, тексерілетін ұйымдарды келісімшарт жасасу жолымен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеп, олар бойынша уақтылы ақы төлеуін қамтамасыз етті деген күдікке ілінген. Басшылық құрамның қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық фактілері Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында орын алған. Өз кезегінде Төтенше жағдайлар министрі жоғарыда аталған фактілерді мойындап, ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді. "Бұл біздің қызметкерлер үшін жаға ұстатарлық жағдай. Аталған адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Айтылып өткен деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан біз тиісті сабақ аламыз, қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек", - дейді Сырым Шәріпханов. Кеңес барысында ТЖ министрлігіне жеке құрам арасында жүргізілетін алдын алу жұмыстарын күшейту ұсынылды. "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, проблемалық учаскелерді зерделеу, сондай-ақ ведомствоның барлық қызметкерін адалдық тұрғысында тексеруді апробациялау қажет", - дейді Асхат Жұмағали. | Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасайды. Бұл туралы бүгін ТЖМ басшылығымен өткен кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік Telegram-дағы ресми арнасында. Асхат Жұмағалидың айтуынша, соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары еліміздің барлық өңірінде орын алған. Олардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарында тіркелген. Асхат Жұмағалидың мәліметінше, анықталған қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым. "Заңсыз сыйақы" өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру актісіне қол қою кезінде, оқудан өткізу, рұқсат беру және жұмысқа орналасу үшін беріліп отырған. Агенттік төрағасының атап өтуінше, жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарға қарамастан, ТЖМ қызметкерлері пара алудан тыйылар емес. "Күні кеше Жетісу облысында жергілікті ТЖ бөлім басшысы жұмысқа алған адамнан ақша алғаны анықталды. Бүгінгі іс-шараның өтетінін біле тұра, сонда да қылмысқа барып отыр. Бұл орайда профилактикалық тұрғыда нақты әрекет ету қажет. Қызметкерлердің мінез-құлқын түзетіп, психологиялық көзқарасын өзгерту маңызды", - дейді Асхат Жұмағали. Сондай-ақ Антикор төрағасы бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасын, Шымкент қаласының және Жетісу облысының департамент басшыларын ұстағанын еске салды. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды, тексерілетін ұйымдарды келісімшарт жасасу жолымен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеп, олар бойынша уақтылы ақы төлеуін қамтамасыз етті деген күдікке ілінген. Басшылық құрамның қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық фактілері Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында орын алған. Өз кезегінде Төтенше жағдайлар министрі жоғарыда аталған фактілерді мойындап, ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді. "Бұл біздің қызметкерлер үшін жаға ұстатарлық жағдай. Аталған адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Айтылып өткен деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан біз тиісті сабақ аламыз, қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек", - дейді Сырым Шәріпханов. Кеңес барысында ТЖ министрлігіне жеке құрам арасында жүргізілетін алдын алу жұмыстарын күшейту ұсынылды. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033690-bugingi-is-sara-otetinin-bile-tura-qylmysqa-baryp-otyr-antikor-toragasy-tzm-dagy-zemqorlyq-turaly-aitty/ | 23 тамыз 2023, 20:34 |
kk | Қызылорда облысында жеңіл автокөлік пен "Газель" соқтығысып, 5 адам қайтыс болды | Бүгін Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында қайғылы жол апаты болып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомство мәліметінше, 23 тамызда сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алған. "345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қызылорда облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов. Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. | Бүгін Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында қайғылы жол апаты болып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомство мәліметінше, 23 тамызда сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алған. "345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Қызылорда облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов. | Оқыс оқиғалар | false | https://kaz.nur.kz/accidents/2033700-qyzylorda-oblysynda-bolgan-zol-apatynda-5-adam-qaitys-boldy/ | 23 тамыз 2023, 20:34 |
kk | Таразда жалаңаш ер адамның соңынан жүгірген полицейлер видеоға түсіп қалды | Желіде Тараз көшелерінде жалаңаш күйде жүгіріп бара жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Видеодан оның артынан полицейлердің қуып келе жатқанын көруге болады. Бейнежазбаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Таразда бүгін +35 градус ыстық", - делінген желіде тараған видео сипаттамасында. Жарияланған видеодан жалаңаш ер адамның жолдың қақ ортасында жүгіріп бара жатқанын, ал соңынан екі полиция қызметкерінің қуып келе жатқанын байқауға болады. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жайт бүгін емес, екі ай бұрын болған. "Азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарда етті ведомстводан. | Желіде Тараз көшелерінде жалаңаш күйде жүгіріп бара жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Видеодан оның артынан полицейлердің қуып келе жатқанын көруге болады. Бейнежазбаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды . "Таразда бүгін +35 градус ыстық", - делінген желіде тараған видео сипаттамасында. Жарияланған видеодан жалаңаш ер адамның жолдың қақ ортасында жүгіріп бара жатқанын, ал соңынан екі полиция қызметкерінің қуып келе жатқанын байқауға болады. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жайт бүгін емес, екі ай бұрын болған. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033650-tarazda-zalanas-er-adamdy-qugan-policeiler-videoga-tusip-qaldy/ | 23 тамыз 2023, 19:43 |
kk | "Біз ойлағандай болмады": нысана көздеуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын медальсіз аяқтады | Бүгін Әзербайжан астанасында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында пневматикалық винтовкамен оқ атудан соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды. Әйелдер арасында 50 метрден жатып нысана көздеуден жекелей сында Елизавета Безрукова 29-шы (617.9 ұпай), Арина Алтухова 35-ші (615.8 балл), Анастасия Григорьева 57-орын (599.4 балл) алды. Осылайша, 3 спортшының көрсеткішін қосқанда Қазақстан әйелдер құрамасы 13-сатыдан көрінді. Жалпы есепте Аня Сенти (Швейцария) чемпион атанса, Марианна Пало (Финляндия) күміс, Джолин Беер (Германия) қола алды. Ал аралас командалық сайыста (микст) Елизавета Безрукова мен Юрий Юрков жұбы 24-орынға тұрақтады. Олар, яғни, Қазақстан-2 құрамасы 1228.8 ұпай жинады. Былтырғы әлем чемпионатында жүлдеге бір табан жетпей тоқтаған Арина Алтухова мен Константин Малиновский бұл жолы 26-сатыға табан тіреді. Сайыстың бұл түрінде алтын мен күміс Швейцарияның қоржынында кетсе, үздік үштікті Қытай-1 құрамасы түйіндеді. Ұлттық құрама спортшылары арасынан пневматикалық винтовкамен оқ атудан ең үздік нәтижені Ислам Сатпаев көрсетті. Ол финалда 4-орын алып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтағанымен, Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді. "Жалпы нәтиже өзіміз жоспарлағандай болмады. Бұдан жоғары көрсеткішпен елге қайтқымыз келген. Соған қарамастан Олимпиада жолдамасын аламыз деген жоспарды орындадық. Спортшыларымыз бірнеше финалда бақ сынады. Тапаншамен де, винтовкамен де нысана көздеуден жүлдеге қол созым жерде тоқтап жатты. Мұнда сынға түсу оңай емес. Қатты жел тұрады. Әлемдік көшбасшылардың өзі мүлт кетіп, орта жолда қалып кеткен кездер болды. Чемпионатқа дейін осыған ұқсас жер Габалада оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Соған қарамастан Бакудегі кешеннің өзіне тән ерекшелігі көп", - деді ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун. | Бүгін Әзербайжан астанасында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында пневматикалық винтовкамен оқ атудан соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды. Әйелдер арасында 50 метрден жатып нысана көздеуден жекелей сында Елизавета Безрукова 29-шы (617.9 ұпай), Арина Алтухова 35-ші (615.8 балл), Анастасия Григорьева 57-орын (599.4 балл) алды. Осылайша, 3 спортшының көрсеткішін қосқанда Қазақстан әйелдер құрамасы 13-сатыдан көрінді. Жалпы есепте Аня Сенти (Швейцария) чемпион атанса, Марианна Пало (Финляндия) күміс, Джолин Беер (Германия) қола алды. Ал аралас командалық сайыста (микст) Елизавета Безрукова мен Юрий Юрков жұбы 24-орынға тұрақтады. Олар, яғни, Қазақстан-2 құрамасы 1228.8 ұпай жинады. Былтырғы әлем чемпионатында жүлдеге бір табан жетпей тоқтаған Арина Алтухова мен Константин Малиновский бұл жолы 26-сатыға табан тіреді. Сайыстың бұл түрінде алтын мен күміс Швейцарияның қоржынында кетсе, үздік үштікті Қытай-1 құрамасы түйіндеді. Ұлттық құрама спортшылары арасынан пневматикалық винтовкамен оқ атудан ең үздік нәтижені Ислам Сатпаев көрсетті. Ол финалда 4-орын алып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтағанымен, Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді. "Жалпы нәтиже өзіміз жоспарлағандай болмады. Бұдан жоғары көрсеткішпен елге қайтқымыз келген. Соған қарамастан Олимпиада жолдамасын аламыз деген жоспарды орындадық. Спортшыларымыз бірнеше финалда бақ сынады. Тапаншамен де, винтовкамен де нысана көздеуден жүлдеге қол созым жерде тоқтап жатты. Мұнда сынға түсу оңай емес. Қатты жел тұрады. Әлемдік көшбасшылардың өзі мүлт кетіп, орта жолда қалып кеткен кездер болды. Чемпионатқа дейін осыған ұқсас жер Габалада оқу-жаттығу жиынын өткіздік. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033694-biz-oilagandai-bolmady-nysana-kozdeuden-qazaqstan-quramasy-alem-cempionatyn-medalsiz-ayaqtady/ | 23 тамыз 2023, 19:32 |
kk | Қызылорда облысында білім ұйымдарында жылу беру маусымына дайындық басталды | Білім беру маусымы басталуға жақын. Сол себепті Қызылорда облысында білім ұйымдарында да жылу беру маусымына дайындық басталды. Қыстан қысылмай шығуға жауапты мамандар қам-қарекет жасауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов айтты. "Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Облыста 1067 әлеуметтік нысан бар, оның ішінде 532 білім беру нысаны. Білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 95% пайызды құрайды. Биыл 12 қазандықты жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 11 білім беру нысанының қазандығы сыртқа шығарылады", - дейді Ерлан Ералыұлы. Жалпы, 532 мемлекеттік білім беру ұйымының 77-сі жылумен қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған, автономды газ – 100, автономды сұйық отын – 199, автономды қатты отын – 124. Биыл жылу маусымын толық қамтуға білім саласына 3,8 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 1,8 миллиард теңгесі қаңтар-сәуір айларында жұмсалды. "Жылу маусымының екінші кезеңіне 11097 тонна қатты және 7676 тонна сұйық отын қажет. Бүгінгі күні барлық білім беру мекемелерімен қатты және сұйық отынды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған. Қатты отын тамыз айынан бастап бекітілген кесте бойынша жеткізілуде. Ал, сұйық отын білім беру нысандарының резервуарларының көлеміне сәйкес бекітілген кесте бойынша жеткізілетін болады. Одан бөлек, жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуге 216,1 миллион теңгеге қосымша қаржы бөлінді", - дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бақыт Дүйсенов. | Білім беру маусымы басталуға жақын. Сол себепті Қызылорда облысында білім ұйымдарында да жылу беру маусымына дайындық басталды. Қыстан қысылмай шығуға жауапты мамандар қам-қарекет жасауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов айтты. "Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Облыста 1067 әлеуметтік нысан бар, оның ішінде 532 білім беру нысаны. Білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 95% пайызды құрайды. Биыл 12 қазандықты жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 11 білім беру нысанының қазандығы сыртқа шығарылады", - дейді Ерлан Ералыұлы. Жалпы, 532 мемлекеттік білім беру ұйымының 77-сі жылумен қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған, автономды газ – 100, автономды сұйық отын – 199, автономды қатты отын – 124. Биыл жылу маусымын толық қамтуға білім саласына 3,8 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 1,8 миллиард теңгесі қаңтар-сәуір айларында жұмсалды. "Жылу маусымының екінші кезеңіне 11097 тонна қатты және 7676 тонна сұйық отын қажет. Бүгінгі күні барлық білім беру мекемелерімен қатты және сұйық отынды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған. Қатты отын тамыз айынан бастап бекітілген кесте бойынша жеткізілуде. Ал, сұйық отын білім беру нысандарының резервуарларының көлеміне сәйкес бекітілген кесте бойынша жеткізілетін болады. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033687-qyzylorda-oblysynda-bilim-uiymdarynda-zylu-beru-mausymyna-daiyndyq-bastaldy/ | 23 тамыз 2023, 19:07 |
kk | Абай облысында алғаш рет өңірлік Азаматтық форум өтті | Азаматтық форум басталар алдында қатысушылар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен жастар, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Форум барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, қала және аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, еріктілер мен қоғам белсенділері өзекті мәселелерді шешудегі азаматтық қоғамның рөлін талқылап, өңірдегі үздік үкіметтік емес ұйымдар марапатталды. Азаматтық қоғамның маңыздылығын Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков өзінің құттықтау сөзінде атап өтті. "Азаматтық форум – белсенді азаматтардың, сарапшылардың, қоғамдық пікір көшбасшылары мен әр сала өкілдерінің бір ортаға тоғысып, қоғамдық мәселелердің жауабын іздейтін алаңы. Бүгін білім, пікір, тәжірибе алмасу арқылы өзекті мәселелердің шешімін табатынымызға сенімдімін", - дейді Шалқар Байбеков. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет азаматтық қоғам мен қоғамдық-саяси саладағы азаматтық институтты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. "Парламент сенатында қоғамдық мониторингтеудің қосымша құралы ретінде азаматтық қоғамның барлық функцияларын егжей-тегжейлі көрсететін "Қоғамдық бақылау туралы" жаңа заң қарастырылуда. Осы заң шеңберінде барлық мемлекеттік органдарда ресми онлайн-петициялар институты іске қосылады. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу жұмыстары оңай болмақ", - дейді комитет төрағасы. Жиын соңында облыстағы үкіметтік емес ұйымдар "Құқық қорғау саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым", "Волонтерлік қызмет саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым", "Зерттеу қызметі саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым" және т.б. номинациялармен марапатталды. Сонымен қатар қоғам белсінділеріне де облыс әкімінің арнайы сыйлықтары табысталып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі атынан алғыс хаттар берілді. Азаматтық форумның жалғасы ретінде Абай атындағы кітапханада азаматтық қоғамды дамытуға арналған диалогтік алаңдар ұйымдастырылды. Онда есірткіден сыбайлас жемқорлыққа дейінгі қазіргі қоғамның өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева атап өткендей, Азаматтық қоғамның дамуында үкіметтік емес ұйымдар мықты институт ретінде зор маңызға ие болуда. "Стандартты шешімнен қарағанда стандартсыз шешім маңызды және тиімді. Бүгінгі спикерлермен толықтай келісемін. Адамдардың азаматтық қоғам құруға деген ұмтылысы өте маңызды. Кез келген мемлекет осындай қоғам құруға және дамытуға мүдделі болуы керек. Мемлекет пен қоғамның диалогы үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүргізіледі. Біз бір реттік іс - шаралардан алыстап, болашаққа жұмыс істеуіміз керек", - дейді Бану Нұрғазиева. Абай облысының алғашқы Азаматтық форумының соңында қатысушылар азаматтық қоғам құру мемлекетіміздің дамуына оң әсерін тигізеді деген қорытындыға келді. | Азаматтық форум басталар алдында қатысушылар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен жастар, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Форум барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, қала және аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, еріктілер мен қоғам белсенділері өзекті мәселелерді шешудегі азаматтық қоғамның рөлін талқылап, өңірдегі үздік үкіметтік емес ұйымдар марапатталды. Азаматтық қоғамның маңыздылығын Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков өзінің құттықтау сөзінде атап өтті. "Азаматтық форум – белсенді азаматтардың, сарапшылардың, қоғамдық пікір көшбасшылары мен әр сала өкілдерінің бір ортаға тоғысып, қоғамдық мәселелердің жауабын іздейтін алаңы. Бүгін білім, пікір, тәжірибе алмасу арқылы өзекті мәселелердің шешімін табатынымызға сенімдімін", - дейді Шалқар Байбеков. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет азаматтық қоғам мен қоғамдық-саяси саладағы азаматтық институтты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. "Парламент сенатында қоғамдық мониторингтеудің қосымша құралы ретінде азаматтық қоғамның барлық функцияларын егжей-тегжейлі көрсететін "Қоғамдық бақылау туралы" жаңа заң қарастырылуда. Осы заң шеңберінде барлық мемлекеттік органдарда ресми онлайн-петициялар институты іске қосылады. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу жұмыстары оңай болмақ", - дейді комитет төрағасы. Жиын соңында облыстағы үкіметтік емес ұйымдар "Құқық қорғау саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым", "Волонтерлік қызмет саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым", "Зерттеу қызметі саласындағы үздік үкіметтік емес ұйым" және т.б. номинациялармен марапатталды. Сонымен қатар қоғам белсінділеріне де облыс әкімінің арнайы сыйлықтары табысталып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі атынан алғыс хаттар берілді. Азаматтық форумның жалғасы ретінде Абай атындағы кітапханада азаматтық қоғамды дамытуға арналған диалогтік алаңдар ұйымдастырылды. Онда есірткіден сыбайлас жемқорлыққа дейінгі қазіргі қоғамның өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева атап өткендей, Азаматтық қоғамның дамуында үкіметтік емес ұйымдар мықты институт ретінде зор маңызға ие болуда. "Стандартты шешімнен қарағанда стандартсыз шешім маңызды және тиімді. Бүгінгі спикерлермен толықтай келісемін. Адамдардың азаматтық қоғам құруға деген ұмтылысы өте маңызды. Кез келген мемлекет осындай қоғам құруға және дамытуға мүдделі болуы керек. Мемлекет пен қоғамның диалогы үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүргізіледі. Біз бір реттік іс - шаралардан алыстап, болашаққа жұмыс істеуіміз керек", - дейді Бану Нұрғазиева. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033679-abai-oblysynda-algas-ret-onirlik-azamattyq-forum-otti/ | 23 тамыз 2023, 19:00 |
kk | "Президент Байден сізбен таяу уақытта кездесуге ниетті": Тоқаев АҚШ сенаторы Гэри Питерсті қабылдады | Президент АҚШ сенаты Ұлттық қауіпсіздік және үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлайды. Кездесу барысында мемлекет басшысы сенаторға ілтипат білдіре отырып, оның сапары екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасуға жақсы мүмкіндік екенін атап өткен. "Америка Құрама Штаттары жаһандық қауіпсіздікті нығайту, ядролық қаруды таратпау, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және демократиялық құндылықтарды ілгерілету ісінде әрдайым біздің еліміздің стратегиялық серіктесі саналған. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік ойлаймын. Әйтсе де екі елдің мүддесіне сай келетін салалардағы өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін алға қарай жылжуымыз керек", – дейді президент. Сондай-ақ әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында "С5+1" форматында өтетін АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы саммитіне шақырғаны үшін президент Джо Байденге ризашылығын білдірген. Өз кезегінде сенатор Гэри Питерс Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа қатысты негізгі мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан. "Орталық Азия – әлемнің маңызды бөлігі, ал Қазақстан – Орталық Азия өңіріндегі негізгі мемлекеттердің бірі. Сондықтан біз алдағы уақытта ынтымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар екеніне көз жеткізгіміз келеді. Бұл пікірімді президент Байден де құптайды деп ойлаймын. Ол сізбен таяу уақытта Нью-Йоркте кездесуге ниетті. Бұл кездесу біздің қарым-қатынасымызды нығайтуға оң ықпал етеді деп ойлаймын", – дейді АҚШ сенаторы. Кездесу барысында сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. | Президент АҚШ сенаты Ұлттық қауіпсіздік және үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлайды. Кездесу барысында мемлекет басшысы сенаторға ілтипат білдіре отырып, оның сапары екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасуға жақсы мүмкіндік екенін атап өткен. "Америка Құрама Штаттары жаһандық қауіпсіздікті нығайту, ядролық қаруды таратпау, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және демократиялық құндылықтарды ілгерілету ісінде әрдайым біздің еліміздің стратегиялық серіктесі саналған. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік ойлаймын. Әйтсе де екі елдің мүддесіне сай келетін салалардағы өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін алға қарай жылжуымыз керек", – дейді президент. Сондай-ақ әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында "С5+1" форматында өтетін АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы саммитіне шақырғаны үшін президент Джо Байденге ризашылығын білдірген. Өз кезегінде сенатор Гэри Питерс Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа қатысты негізгі мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан. "Орталық Азия – әлемнің маңызды бөлігі, ал Қазақстан – Орталық Азия өңіріндегі негізгі мемлекеттердің бірі. Сондықтан біз алдағы уақытта ынтымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар екеніне көз жеткізгіміз келеді. Бұл пікірімді президент Байден де құптайды деп ойлаймын. Ол сізбен таяу уақытта Нью-Йоркте кездесуге ниетті. Бұл кездесу біздің қарым-қатынасымызды нығайтуға оң ықпал етеді деп ойлаймын", – дейді АҚШ сенаторы. | Саясат және экономика | false | https://kaz.nur.kz/politics/2033684-toqaev-aqs-senaty-ulttyq-qauipsizdik-zane-ukimet-isteri-zonindegi-komitetinin-toragasymen-kezdesti/ | 23 тамыз 2023, 18:23 |
kk | Алматылық бойжеткен дүкенде кеудесінен ұстаған ер адамды жауапқа тартуды талап етуде | Алматылық бойжеткен әлеуметтік желіде бейтаныс ер адамның бейәдеп әрекетіне шағымданды. Оқиға қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде болған. Бойжеткен полициядан ер адамды жауапқа тартуды сұрайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Алматы тұрғыны Instagram-дағы парақшасында азық-түлік дүкенінде бейәдеп әрекеттің құрбаны болғаны туралы видео жариялаған. Кадрдан ер адамның дүкенге кірген бойжеткеннің кеудесінен ұстағанын көруге болады. Ер адамның қасында тағы бір адам болған. "18 тамызда құрбым екеуміз үйге азық-түлік алу үшін дүкенге бардық. Бұл еркексымақтың не істегенін видеодан көруге болады. Оның үстіне мұқият қарасаңыз, ол мені көшеден байқап, не істейтінін ойластырып қойған. Ол қатты мас болды. Мен бұл адамның қандай да бір жазаға тартылғанын қалаймын", – делінген видео сипаттамасында. Ол оқиғаның Гагарин мен Өтепов көшесінің қиылысында орналасқан дүкенде болғанын атап өтті. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамды жауапкершілікке тарту мақсатында оның жеке басын анықтауға бағытталған шаралар жүргізіп жатқанын хабарлады. Полиция өкілдері ер адамның әрекетіне құқықтық баға берілетінін айта кетті. | Алматылық бойжеткен әлеуметтік желіде бейтаныс ер адамның бейәдеп әрекетіне шағымданды. Оқиға қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде болған. Бойжеткен полициядан ер адамды жауапқа тартуды сұрайды, деп хабарлайды . Алматы тұрғыны Instagram-дағы парақшасында азық-түлік дүкенінде бейәдеп әрекеттің құрбаны болғаны туралы видео жариялаған. Кадрдан ер адамның дүкенге кірген бойжеткеннің кеудесінен ұстағанын көруге болады. Ер адамның қасында тағы бір адам болған. "18 тамызда құрбым екеуміз үйге азық-түлік алу үшін дүкенге бардық. Бұл еркексымақтың не істегенін видеодан көруге болады. Оның үстіне мұқият қарасаңыз, ол мені көшеден байқап, не істейтінін ойластырып қойған. Ол қатты мас болды. Мен бұл адамның қандай да бір жазаға тартылғанын қалаймын", – делінген видео сипаттамасында. Ол оқиғаның Гагарин мен Өтепов көшесінің қиылысында орналасқан дүкенде болғанын атап өтті. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі тілшісіне аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамды жауапкершілікке тарту мақсатында оның жеке басын анықтауға бағытталған шаралар жүргізіп жатқанын хабарлады. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033653-almatylyq-boizetken-dukende-keudesinen-ustagan-er-adamdy-zauapqa-tartudy-talap-etude/ | 23 тамыз 2023, 18:18 |
kk | Елімізде қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты асырған көліктерді тіркейтін Zerek-2 жүйесі іске қосылады | Елімізде қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты асырған автокөліктерді тіркейтін аппараттық жүйе жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады. Ведомство мәліметінше, ІІМ қала сыртындағы жолдарда белгіленген жылдамдық режимін асырған автокөліктерді тіркейтін аппараттық жүйені Автомобиль жолдары комитетімен және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-мен бірлесіп іске қосып отыр. Бұл жүйені іске қосудағы мақсат — жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту. "33 ZEREK-2 бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни, нұсқамаларды құқық бұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады", - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова. Оның сөзінше, бүгінде ZEREK-2 мынадай автожолдарда жұмыс істеуге дайын: "Осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылған болатын және жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеуде жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Жоғарыда аталған жолдарда 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап ZEREK-2 кешені штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жүргізушіден жылдамдық режимін және автокөліктер арасындағы қашықтықты сақтауды сұраймыз", – дейді Ақтоты Боранова. ІІМ дерегінше, жеті айда еліміздің жолдарында жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 1200-ден астам адам қаза тауып, 8500-ге жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасының ішінде 730 жол-көлік оқиғасы қала сыртындағы трассаларда жылдамдық режимін сақтамаудан болған. Салдарынан 300-ден астам адам қаза тауып, 1200-ден астам адам зардап шеккен. | Елімізде қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты асырған автокөліктерді тіркейтін аппараттық жүйе жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ақпараттық медиа-порталы хабарлады. Ведомство мәліметінше, ІІМ қала сыртындағы жолдарда белгіленген жылдамдық режимін асырған автокөліктерді тіркейтін аппараттық жүйені Автомобиль жолдары комитетімен және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-мен бірлесіп іске қосып отыр. Бұл жүйені іске қосудағы мақсат — жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту. "33 ZEREK-2 бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни, нұсқамаларды құқық бұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады", - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова. Оның сөзінше, бүгінде ZEREK-2 мынадай автожолдарда жұмыс істеуге дайын: "Осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылған болатын және жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеуде жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Жоғарыда аталған жолдарда 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап ZEREK-2 кешені штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жүргізушіден жылдамдық режимін және автокөліктер арасындағы қашықтықты сақтауды сұраймыз", – дейді Ақтоты Боранова. ІІМ дерегінше, жеті айда еліміздің жолдарында жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 1200-ден астам адам қаза тауып, 8500-ге жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасының ішінде 730 жол-көлік оқиғасы қала сыртындағы трассаларда жылдамдық режимін сақтамаудан болған. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033671-qazaqstanda-qala-syrtynda-zyldamdyqty-asyrgan-avtokolikterdi-tirkeitin-zerek-2-zuiesi-iske-qosylmaq/ | 23 тамыз 2023, 17:40 |
kk | Америкалық желаяқ қыз ерекше ұзын тырнағын қиып тастаған соң, әлем чемпионы атанды | Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында жүз метрге жүгіруден америкалық Ша'Кэрри Ричардсон чемпион атанды. Жанкүйерлер оның финал алдында қандай өзгеріске барғанын байқап қалды, деп хабарлайды Спорт-Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Ричардсон жиі дауға қалатын спортшы. Ол марихуана шеккені үшін де көпшілік алдында ұятқа қалған болатын. Бірақ оның спорттағы ең жарқын жетістігі биыл Будапештте болды. Ол 100 метрге жүгіруден жартылай финалда сәтсіз өнер көрсетті. Тіпті, финалға тікелей жолдама ала алмай, қосымша уақыт көрсеткіші бойынша ақтық сынға шыққан. Финалға ең соңғы орынмен шыққан атлет жарыс ережесі бойынша ең соңғы, тоғызыншы жолақпен жүгіреді. Ричардчон финалға соңғы нәтижемен шыққанына қарамастан, Олимпиада мен әлем чемпионатында бірнеше рет топ жарған ямайкалық атлеттерді артта қалдырып, чемпион атанды. Ол жүз метрді 10,65 секундта жүгіріп өткен. Бір қызығы, үнемі ұзын тырнақпен жүретін Ша'Кэрри финал қарсаңында тырнақтарын қиып тастаған. Көпшілігі спортшының мұндай қадамға барғанына таң қалуда. | Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында жүз метрге жүгіруден америкалық Ша'Кэрри Ричардсон чемпион атанды. Жанкүйерлер оның финал алдында қандай өзгеріске барғанын байқап қалды, деп хабарлайды Спорт-Экспресс басылымына сілтеме жасаған . Ричардсон жиі дауға қалатын спортшы. Ол марихуана шеккені үшін де көпшілік алдында ұятқа қалған болатын. Бірақ оның спорттағы ең жарқын жетістігі биыл Будапештте болды. Ол 100 метрге жүгіруден жартылай финалда сәтсіз өнер көрсетті. Тіпті, финалға тікелей жолдама ала алмай, қосымша уақыт көрсеткіші бойынша ақтық сынға шыққан. Финалға ең соңғы орынмен шыққан атлет жарыс ережесі бойынша ең соңғы, тоғызыншы жолақпен жүгіреді. Ричардчон финалға соңғы нәтижемен шыққанына қарамастан, Олимпиада мен әлем чемпионатында бірнеше рет топ жарған ямайкалық атлеттерді артта қалдырып, чемпион атанды. Ол жүз метрді 10,65 секундта жүгіріп өткен. Бір қызығы, үнемі ұзын тырнақпен жүретін Ша'Кэрри финал қарсаңында тырнақтарын қиып тастаған. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033669-amerikalyq-zelayaq-qyz-erekse-uzyn-tyrnagyn-qiyp-tastagan-son-alem-cempiony-atandy/ | 23 тамыз 2023, 17:00 |
kk | "Адамдарды ұшырып әкетіп жатыр": желіде Меккедегі күшті дауылдың видеосы пайда болды (видео) | Сауд Арабиясының Мекке қаласында күшті дауыл тұрды. Желдің қатты болғаны сонша, ауыр заттармен бірге адамдарды да ұшырып әкеткен. Әлеуметтік желіде мұсылмандар үшін киелі саналатын Мекке қаласында тұрған күшті дауылдың видоесы тарауда. Кей кадрлардан жел арбалар мен басқа да заттарды ұшырып әкетіп жатқанын, тіпті қоршауларды да жұлып әкеткенін байқауға болады. "Жел адамдарды ұшырып әкетіп, металл конструкцияларды төңкеріп жатыр: Сауд Арабиясындағы дауыл. Видео әлеуметтік желілерде жариялануда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", – деп жазды RT Telegram-дағы арнасында. Сондай-ақ желіде тараған видеолардан найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауып жатқанын, сонымен қатар жолдарды су басып бір көліктің суда жүзіп жүргенін, тағы бірінің аударылып жатқанын көруге болады. Еске сала кетейік, былтыр қарашада Сауд Арабиясының Жидда қаласында нөсер жауын су тасқынына әкеліп, салдарынан көшелерді су басып, көлік қозғалысы шектелген еді. Сол кезде жауын-шашын мөлшері 179 мм-ді құрап, 2009 жылы тіркелген рекорд жаңарған еді. Бұдан бөлек сол кезде ТАСС агенттігі Мекке мен оған жақын аймақтарда толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі адамның көз жұмғанын жазған болатын. | Сауд Арабиясының Мекке қаласында күшті дауыл тұрды. Желдің қатты болғаны сонша, ауыр заттармен бірге адамдарды да ұшырып әкеткен. Әлеуметтік желіде мұсылмандар үшін киелі саналатын Мекке қаласында тұрған күшті дауылдың видоесы тарауда. Кей кадрлардан жел арбалар мен басқа да заттарды ұшырып әкетіп жатқанын, тіпті қоршауларды да жұлып әкеткенін байқауға болады. "Жел адамдарды ұшырып әкетіп, металл конструкцияларды төңкеріп жатыр: Сауд Арабиясындағы дауыл. Видео әлеуметтік желілерде жариялануда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", – деп жазды RT Telegram-дағы арнасында. Сондай-ақ желіде тараған видеолардан найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауып жатқанын, сонымен қатар жолдарды су басып бір көліктің суда жүзіп жүргенін, тағы бірінің аударылып жатқанын көруге болады. Еске сала кетейік, былтыр қарашада Сауд Арабиясының Жидда қаласында нөсер жауын су тасқынына әкеліп, салдарынан көшелерді су басып, көлік қозғалысы шектелген еді. Сол кезде жауын-шашын мөлшері 179 мм-ді құрап, 2009 жылы тіркелген рекорд жаңарған еді. | Әлемде | false | https://kaz.nur.kz/world/2033636-adamdardy-usyryp-aketip-zatyr-zelide-mekkedegi-kusti-dauyldyn-videosy-paida-boldy-video/ | 23 тамыз 2023, 16:54 |
kk | "Өте қиын жаттығу": бас бапкер қазақтың мерген баласы Олимпиадаға қалай жолдама алғанын айтты | Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ислам Сәтбаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бас бапкер Ольга Довгун спортшының бұл жетістігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Шыны керек, өте қиын жаттығу. Өйткені мұнда жақсы нәтиже көрсету үшін асқан дәлдік керек. Аздаған ұпайдың өзі үлкен роль ойнайды. Бұл Исламның оң жамбасына келетін жаттығу. Біз оның жақсы өнер көрсететіне сендік. Өзі де дайын болды. Финалға шыққан сегіз спортшының бірде бірінде олимпиада квотасы болған жоқ. Олимпиада жолдамасы тек алғашқы төрттікке берілетін еді. Ислам бұл міндетті орындап шықты. Оған ауырлау соқты. Бірақ қолынан келді. Сәл қателік кетіп, қола жүлдеге қол созым жерде тоқтады. Бар күшін салды. Негізі үш квотадан үміттіміз", - деді Ольга Довгун. Айта кетелік, Ислам Сәтбаев 10 метрге пневматикалық оқ ату жаттығуы бойынша төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. | Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ислам Сәтбаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бас бапкер Ольга Довгун спортшының бұл жетістігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды . "Шыны керек, өте қиын жаттығу. Өйткені мұнда жақсы нәтиже көрсету үшін асқан дәлдік керек. Аздаған ұпайдың өзі үлкен роль ойнайды. Бұл Исламның оң жамбасына келетін жаттығу. Біз оның жақсы өнер көрсететіне сендік. Өзі де дайын болды. Финалға шыққан сегіз спортшының бірде бірінде олимпиада квотасы болған жоқ. Олимпиада жолдамасы тек алғашқы төрттікке берілетін еді. Ислам бұл міндетті орындап шықты. Оған ауырлау соқты. Бірақ қолынан келді. Сәл қателік кетіп, қола жүлдеге қол созым жерде тоқтады. Бар күшін салды. Негізі үш квотадан үміттіміз", - деді Ольга Довгун. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033656-ote-qiyn-zattygu-bas-bapker-qazaqtyn-mergen-balasy-olimpiadaga-qalai-zoldama-alganyn-aitty/ | 23 тамыз 2023, 16:32 |
kk | Магистратура бойынша мемлекеттік білім грантын жеңіп алғандардың тізімі шықты | Магистратура бойынша мемлекеттік білім грантының иегерлері белгілі болды. Білім грантын жеңіп алғандардың тізімін Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми сайтында жариялады. Ведомство хабарлауынша, мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалған. Комиссия құрамында парламент депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болған. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына барлығы 14 612 адам қатысқан. Оның 8 359-ы грант иегері атанған. Білім грантын жеңіп алғандардың толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады. Сондай-ақ министрлік жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 28 тамызға дейін жалғасатынын атап өтті. | Магистратура бойынша мемлекеттік білім грантының иегерлері белгілі болды. Білім грантын жеңіп алғандардың тізімін Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми сайтында жариялады. Ведомство хабарлауынша, мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалған. Комиссия құрамында парламент депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болған. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына барлығы 14 612 адам қатысқан. Оның 8 359-ы грант иегері атанған. Білім грантын жеңіп алғандардың толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033660-magistratura-boiynsa-memlekettik-bilim-grantyn-zenip-algandardyn-tizimi-syqty/ | 23 тамыз 2023, 16:24 |
kk | 11 адам суға кеткен Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға: соңғы адамның денесі табылды | Түркістан облысы Сырдария өзенінде батып кеткен соңғы яғни, 11-ші адамның денесі табылды. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар департаменті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батып кеткен қыз баланың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде сегізі кәмелет жасына толмағандар. ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды", - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болған еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның жасы туралы мәлімет таратты. | Түркістан облысы Сырдария өзенінде батып кеткен соңғы яғни, 11-ші адамның денесі табылды. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар департаменті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батып кеткен қыз баланың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде сегізі кәмелет жасына толмағандар. ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды", - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болған еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері. | Оқыс оқиғалар | false | https://kaz.nur.kz/accidents/2033655-turkistan-oblysy-syrdariya-ozeninde-batyp-ketken-11-si-adamnyn-denesi-tabyldy/ | 23 тамыз 2023, 15:58 |
kk | 26 тікұшақ тартылды: өрт сөндірушілер 10 сағаттан бері Түркиядағы орман өртімен арпалысуда (видео) | Түркиялық өрт сөндірушілер 10 сағаттан бері елдің солтүстік-батысындағы ірі орман өртімен арпалысуда, деп хабарлайды РИА Новости түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап. Milliyet басылымының хабарлауынша, Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында орман өртеніп жатыр. 10 сағаттан астам уақыт өтсе де, әзірге өртті оқшаулау мүмкін болмай тұр. Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклының айтуынша, билік жағдайдың ең нашар сценариіне дайындалып жатыр. Өртті сөндіруге 8 ұшақ, 26 тікұшақ, шамамен 180 техника тартылған. Сондай-ақ 10 елдімекеннен 1104 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Куәгерлер әлеуметтік желіде ірі өрттің видеосын бөлісуде. | Түркиялық өрт сөндірушілер 10 сағаттан бері елдің солтүстік-батысындағы ірі орман өртімен арпалысуда, деп хабарлайды РИА Новости түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап. Milliyet басылымының хабарлауынша, Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында орман өртеніп жатыр. 10 сағаттан астам уақыт өтсе де, әзірге өртті оқшаулау мүмкін болмай тұр. Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклының айтуынша, билік жағдайдың ең нашар сценариіне дайындалып жатыр. Өртті сөндіруге 8 ұшақ, 26 тікұшақ, шамамен 180 техника тартылған. Сондай-ақ 10 елдімекеннен 1104 адам қауіпсіз жерге көшірілген. | Әлемде | false | https://kaz.nur.kz/world/2033645-8-usaq-26-tikusaq-zumyldyryldy-ort-sondirusiler-10-sagattan-beri-turkiyadagy-orman-ortimen-arpalysuda-video/ | 23 тамыз 2023, 15:35 |
kk | "Әлі күнге жүрмейді": 12 жастағы ұлы жайлы айтқан әнші Ayree көзіне жас алды | Көпшілікке Ayree есімімен танымал әнші Әйгерім Рақышева бұрынғы күйеуімен ажырасқаннан кейін он жыл өткенде, кездейсоқ кездесіп қалғанын айтты. Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында ерекше бала тәрбиелеп отырғанын және 12 жастағы ұлының жүріп кетуі үшін бәрін жасайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Балам жеті айлық болып туылды. Бізге мамандар оның сәл кеш жетілетінін айтқан болатын. Алайда ол мойнын ұстай алмады, отырмады. Біз невропатологқа бардық. Тоғыз айлығында церебральды сал ауруы (ДЦП-ред.) диагнозын қойды. Ем алмаса, кеш болатынын айтты. Осыны естігенде, басымнан соққы алғандай күйде болдым. Өзім онсызда күйзелісте жүрген адам едім. Бұл хабар жығылғанға жұдырық болды. Осы кезде ата-анам құжаттарды реттеп, күйеуімнің ата-анасымен қосылып, мықты мамандарды іздеді. Баламның көз жасын көргенде, қолымнан ештеңе келмеді. Шарасыз күйде болдым. Бір ай ауруханада жатамыз, екі ай демаламыз. Осылай жалғаса берді. Ұлым ауруханаға жиналғанымызды түсінгенде, көзінен қорқыныш көретінмін. Ұлым бүгінгі таңда 12 жаста. Бірақ әлі күнге жүрмейді. Біз ұлымның жүріп кетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Ол бәрін түсінеді, сезімтал. Ол мені шексіз, сол қалпыммен жақсы көретін жалғыз ер адам. Мені олай ешкім жақсы көрмейтін шығар. Мен оны жан-тәніммен жақсы көремін. Ұлымның болғаны үшін Құдайға шексіз алғыс білдіремін. Оның барына қуанамын, ол менің алға жылжуыма күш береді", - деді көзіне жас алған Ayree. Сонымен қатар әнші ұлының әкесімен ажырасқаннан кейін он жылдан кейін жолыққанын айтты. "Біздің арамызда көп жағдай болды. Біз бір қосылып, бір айырылысып жүрдік. Соңғы, нақты шешімді өзім үшін қабылдадым. Ұлыма диагноз қойылғаннан кейін дәрігердің тексерілуіне барғанбыз. Басқа бірге толмаған балалар әкесінің жанында тәй-тәй басып жүр. Күйеуіме "Сен де алып барсаңшы" деген едім. Оның көзінен ұялатынын байқадым. Сол кезде "Мен үшін не маңызды?" деп сұрадым. Баламның махаббатқа бөленіп өскенін қаладым. Оның жат көзқарастан қымсынып өскенін қаламадым. Ажырастық, ол адамға бақыт тіледім. Осыдан кейін оған қатты ренжіп жүрдім. Ал қазір ұлым болғаны үшін ол адамға алғыс білдіремін. Осыдан бірнеше ай бұрын онымен кездейсоқ кездесіп қалдық. Он жыл бойы жолықпаған шығармыз. Ол ұлының суретін көрсетуді сұрады. Мен сол сәтте ұлымды қызғанып қалдым. Олар ажырасқаннан кейін ұлымды көрмеді. Ол кісілерді де айыптамаймын. Себебі, оларға да жағдайды қабылдау оңайға соқпады. Бұл - өмір, солай болды. Ары қарай жүру үшін шешім қабылдау керек болды", - деді Әйгерім Рақышева. Айта кетейік, осыған дейін Ayree 18 жасында тұрмысқа шыққанын ашып айтқан болатын. | Көпшілікке Ayree есімімен танымал әнші Әйгерім Рақышева бұрынғы күйеуімен ажырасқаннан кейін он жыл өткенде, кездейсоқ кездесіп қалғанын айтты. Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында ерекше бала тәрбиелеп отырғанын және 12 жастағы ұлының жүріп кетуі үшін бәрін жасайтынын жеткізді, деп жазады . "Балам жеті айлық болып туылды. Бізге мамандар оның сәл кеш жетілетінін айтқан болатын. Алайда ол мойнын ұстай алмады, отырмады. Біз невропатологқа бардық. Тоғыз айлығында церебральды сал ауруы (ДЦП-ред.) диагнозын қойды. Ем алмаса, кеш болатынын айтты. Осыны естігенде, басымнан соққы алғандай күйде болдым. Өзім онсызда күйзелісте жүрген адам едім. Бұл хабар жығылғанға жұдырық болды. Осы кезде ата-анам құжаттарды реттеп, күйеуімнің ата-анасымен қосылып, мықты мамандарды іздеді. Баламның көз жасын көргенде, қолымнан ештеңе келмеді. Шарасыз күйде болдым. Бір ай ауруханада жатамыз, екі ай демаламыз. Осылай жалғаса берді. Ұлым ауруханаға жиналғанымызды түсінгенде, көзінен қорқыныш көретінмін. Ұлым бүгінгі таңда 12 жаста. Бірақ әлі күнге жүрмейді. Біз ұлымның жүріп кетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Ол бәрін түсінеді, сезімтал. Ол мені шексіз, сол қалпыммен жақсы көретін жалғыз ер адам. Мені олай ешкім жақсы көрмейтін шығар. Мен оны жан-тәніммен жақсы көремін. Ұлымның болғаны үшін Құдайға шексіз алғыс білдіремін. Оның барына қуанамын, ол менің алға жылжуыма күш береді", - деді көзіне жас алған Ayree. Сонымен қатар әнші ұлының әкесімен ажырасқаннан кейін он жылдан кейін жолыққанын айтты. "Біздің арамызда көп жағдай болды. Біз бір қосылып, бір айырылысып жүрдік. Соңғы, нақты шешімді өзім үшін қабылдадым. Ұлыма диагноз қойылғаннан кейін дәрігердің тексерілуіне барғанбыз. Басқа бірге толмаған балалар әкесінің жанында тәй-тәй басып жүр. Күйеуіме "Сен де алып барсаңшы" деген едім. Оның көзінен ұялатынын байқадым. Сол кезде "Мен үшін не маңызды?" деп сұрадым. Баламның махаббатқа бөленіп өскенін қаладым. Оның жат көзқарастан қымсынып өскенін қаламадым. Ажырастық, ол адамға бақыт тіледім. Осыдан кейін оған қатты ренжіп жүрдім. Ал қазір ұлым болғаны үшін ол адамға алғыс білдіремін. Осыдан бірнеше ай бұрын онымен кездейсоқ кездесіп қалдық. Он жыл бойы жолықпаған шығармыз. Ол ұлының суретін көрсетуді сұрады. Мен сол сәтте ұлымды қызғанып қалдым. Олар ажырасқаннан кейін ұлымды көрмеді. Ол кісілерді де айыптамаймын. Себебі, оларға да жағдайды қабылдау оңайға соқпады. Бұл - өмір, солай болды. Ары қарай жүру үшін шешім қабылдау керек болды", - деді Әйгерім Рақышева. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033643-ali-kunge-zurmeidi-12-zastagy-uly-zaily-aitqan-ansi-ayree-kozine-zas-aldy/ | 23 тамыз 2023, 15:07 |
kk | "Қазақта мұндай ақын жоқ": Аманжол Әлтай қырғыз президентінен қымбат сый алған жерлесіне шүйлікті | Жақында Қырғызстан президентінен қымбат сый алған қазақ ақыны Біржан Қалдыбаев қатал сынға қалды. Әйгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтайдың айтуынша, қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Мынау Біржан деген ұяты жоқ, беті қалың жігіт екен. Оның мұқым қазақ елінің атынан домбыра ұстап сөйлейтіндей жөні жоқ еді. Себебі қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ. Мәселе бұл жігіттің танымал болмағанында емес. Егер кесек ой айтса, көркем өлең өріп нақышын келтіре сөйлесе, тіленіп ат сұрамаса, тілеуін тілеп тек қуанар едік. Қырғыз бауырлардың ыстық пейіліне рақмет! Бірақ, кім көрінгенді көшеден тауып алып, қазақ елінің ақыны деп ел алдына шығармауын сұраймыз. Қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы - термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары ретінде мәлімдеймін. Қазақ халқының бекзат өнерінің құнын олай түсірмеулерін талап етемін. Ақындық таланты жоқ мұндай пысықайлар ешкімге де опа әпермейді. Ендігі жерде қырғыз бауырлар екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумғы ережені сақтауды, біздер ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруларын сұраймыз. Құстың қос қанатындай бауырлас едің достығын жалған өлеңшілер емес, нағыз құрметке лайық дарынды ақындар жырласын. Біржан бауырымыз елге жеткенсін халықтан, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпасын", - деп жазды Аманжол Әлтай. Айта кетелік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ақын Біржан Қалдыбаевқа қымбат арғымақ сыйға тартқан болатын. | Жақында Қырғызстан президентінен қымбат сый алған қазақ ақыны Біржан Қалдыбаев қатал сынға қалды. Әйгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтайдың айтуынша, қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ, деп жазады . "Мынау Біржан деген ұяты жоқ, беті қалың жігіт екен. Оның мұқым қазақ елінің атынан домбыра ұстап сөйлейтіндей жөні жоқ еді. Себебі қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ. Мәселе бұл жігіттің танымал болмағанында емес. Егер кесек ой айтса, көркем өлең өріп нақышын келтіре сөйлесе, тіленіп ат сұрамаса, тілеуін тілеп тек қуанар едік. Қырғыз бауырлардың ыстық пейіліне рақмет! Бірақ, кім көрінгенді көшеден тауып алып, қазақ елінің ақыны деп ел алдына шығармауын сұраймыз. Қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы - термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары ретінде мәлімдеймін. Қазақ халқының бекзат өнерінің құнын олай түсірмеулерін талап етемін. Ақындық таланты жоқ мұндай пысықайлар ешкімге де опа әпермейді. Ендігі жерде қырғыз бауырлар екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумғы ережені сақтауды, біздер ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруларын сұраймыз. Құстың қос қанатындай бауырлас едің достығын жалған өлеңшілер емес, нағыз құрметке лайық дарынды ақындар жырласын. Біржан бауырымыз елге жеткенсін халықтан, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпасын", - деп жазды Аманжол Әлтай. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033633-qazaqta-mundai-aqyn-zoq-amanzol-altai-qyrgyz-prezidentinen-qymbat-syi-algan-zerlesine-suilikti/ | 23 тамыз 2023, 14:53 |
kk | Нұрлан Ноғаев Тоқаевқа Маңғыстау облысында ауызсу тапшылығын шешу тапсырмасы қалай орындалып жатқанын айтты | Мемлекет басшысы Маңғыстау облысыныңәкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Өңір басшысы президентке Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында. Кездесу барысында Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына есепті кезең ішінде өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтқан. Жалпы, қаңтар-шілде айларында өңірдің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 523 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар ол мемлекет басшысына ауызсу тапшылығын шешуге қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берген. Ноғаевтың айтуынша, бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік туады. Сондай-ақ облыс әкімі президентке Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымын қалыпқа келтіру, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) күрделі жөндеу жүргізу мәселелері жөнінде баяндаған. МАЭК-ке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 6,8 миллиард теңге МАЭК-тің инвестициялық бағдарламалары аясында, ал 2,6 миллиард теңге Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен бөлінген. Бұған қоса, президенттің тапсырмасы бойынша үкімет резервінен қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 4,9 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Кездесу соңында мемлекет басшысы облыс әкіміне Маңғыстау өңірі энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырған. | Мемлекет басшысы Маңғыстау облысыныңәкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Өңір басшысы президентке Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында. Кездесу барысында Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына есепті кезең ішінде өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтқан. Жалпы, қаңтар-шілде айларында өңірдің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 523 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар ол мемлекет басшысына ауызсу тапшылығын шешуге қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берген. Ноғаевтың айтуынша, бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік туады. Сондай-ақ облыс әкімі президентке Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымын қалыпқа келтіру, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) күрделі жөндеу жүргізу мәселелері жөнінде баяндаған. МАЭК-ке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 6,8 миллиард теңге МАЭК-тің инвестициялық бағдарламалары аясында, ал 2,6 миллиард теңге Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен бөлінген. Бұған қоса, президенттің тапсырмасы бойынша үкімет резервінен қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 4,9 миллиард теңге қаржы қарастырылған. | Саясат және экономика | false | https://kaz.nur.kz/politics/2033644-memlekt-bassysy/ | 23 тамыз 2023, 14:44 |
kk | Ақмола облысында полиция қызметкері көшеде шашылып жатқан ақша тауып алды (видео) | Ақмола облысында полиция қызметкері көшеде шашылып жатқан ақшаны жинап, иесін тауып, қайтарды. Оқиғаның қалай болғанын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық ауруханада медбике болып жұмыс істейтін Ағлам Әбеева Астарахан аудандық полиция бөліміне алғысын айтып келген. Медбикенің сөзінше, ай сайынғы несие төлемін жасамақ болған кезде сөмкесінен ақшасын таппаған. Оларды қайда, қалай жоғалтып алғанын түсінбеген ол көңілсіз күйде жұмысқа кеткен. Осы кезде жұмысқа бара жатқан полиция қызметкері, кезекшінің көмекшісі Арыстанбек Имантаев жерде жатқан қағаз ақшаларды көрген. Облыстық ПД ұсынған видеода оның көшеде желмен ұшып бара жатқан ақшаны жинап жатқанын байқауға болады. Осыдан кейін тәртіп сақшысы ақша тауып алғаны туралы учаскелік инспектор Сәлімжан Ержановқа хабарлаған. Ол өз кезегінде бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, жарты сағаттан кейін жоғалған ақшаның иесін анықтаған. Медбике бұл оқиғаның нағыз сый болғанын айтып, тәртіп сақшыларына алғысын білдірген. "Мен ізгі, сауапты іс атқара алатын, шыншыл және өз ісіне адал адамдардың бар екеніне өте қуаныштымын. Бұл ақшаны кез келген адам өзіне иемденіп алушы еді, бірақ біздің құрметті полиция қызметкерлері оны маған қайтарды", - дейді Ағлам Әбеева. | Ақмола облысында полиция қызметкері көшеде шашылып жатқан ақшаны жинап, иесін тауып, қайтарды. Оқиғаның қалай болғанын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі баяндады, деп хабарлайды . Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық ауруханада медбике болып жұмыс істейтін Ағлам Әбеева Астарахан аудандық полиция бөліміне алғысын айтып келген. Медбикенің сөзінше, ай сайынғы несие төлемін жасамақ болған кезде сөмкесінен ақшасын таппаған. Оларды қайда, қалай жоғалтып алғанын түсінбеген ол көңілсіз күйде жұмысқа кеткен. Осы кезде жұмысқа бара жатқан полиция қызметкері, кезекшінің көмекшісі Арыстанбек Имантаев жерде жатқан қағаз ақшаларды көрген. Облыстық ПД ұсынған видеода оның көшеде желмен ұшып бара жатқан ақшаны жинап жатқанын байқауға болады. Осыдан кейін тәртіп сақшысы ақша тауып алғаны туралы учаскелік инспектор Сәлімжан Ержановқа хабарлаған. Ол өз кезегінде бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, жарты сағаттан кейін жоғалған ақшаның иесін анықтаған. Медбике бұл оқиғаның нағыз сый болғанын айтып, тәртіп сақшыларына алғысын білдірген. "Мен ізгі, сауапты іс атқара алатын, шыншыл және өз ісіне адал адамдардың бар екеніне өте қуаныштымын. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033632-aqmola-oblysynda-policiya-qyzmetkeri-kosede-sasylyp-zatqan-aqsa-tauyp-aldy-video/ | 23 тамыз 2023, 14:39 |
kk | Әйелдер боксынан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды | Бокстан Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Шамиль Сафиуллин Азия ойындарына қатысатын боксшылар есімін атады. Бұл туралы бокс федерациясының ресми парақшасы мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарында әйелдер алты салмақ бойынша жұдырықтасады. Ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды: 51 келі: Назым Қызайбай 54 келі: Жайна Шекербекова 57 келі: Карина Ибрагимова 60 келі: Римма Волосенко 66 келі: Наталья Богданова 75 келі: Валентина Хальзова Айта кетелік, жазғы Азия ойындарында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиялары сарапқа салынады. | Бокстан Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Шамиль Сафиуллин Азия ойындарына қатысатын боксшылар есімін атады. Бұл туралы бокс федерациясының ресми парақшасы мәлімдеді, деп жазады . Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарында әйелдер алты салмақ бойынша жұдырықтасады. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033640-aielder-boksynan-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-qazaqstan-quramasy-anyqtaldy/ | 23 тамыз 2023, 14:33 |
kk | "Ерекше баланы дүниеге әкелдім": әнші Ayree 18 жасында тұрмысқа шыққанын айтып, жан сырын ақтарды | Отандық әнші, көпшілікке Ayree лақап есімімен танымал Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шыққанын, ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтып, жан сырын ақтарды. Динара Сәтжанның бағдарламасына келген әнші бүгінгі таңда ажырасып кеткенін де баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "18 жасымда тұрмысқа шықтым. Бірақ некеміз бір жылға созылды. Бұл әрине, өмір. Мұны енді түсініп жатырмын. Ол менің алғашқы махаббатым, алғашқы жігітім еді. Бұл жағдай мені сындырып тастады. Мен махаббатқа бөленіп өскен қызбын. Уақыт өте келе мен ажырасуымызға ешкімнің кінәлі еместігін түсіндім. Осылай болуы керек болған шығар", - деді әнші. Сонымен қатар Ayree ерекше баланың анасы екенін де ашып айтты. "Ал 19 жасымда алғаш рет ана атандым. Менің ұлым дүниеге келді. Қазір ол 12 жаста, есімі - Әлімхан. Менің ажырасуымның тағы бір себебі, ерекше баланы дүниеге әкелдім. Ұлыма тоғыз айлығында церебральды сал ауруы (ДЦП-ред.) диагнозын қойды. Біздің отбасымыз мұндайды күтпеді, қиын болды. Мен өте жас болдым. Күйеуімнің үйінде тұрдым. Күйзеліс қатты әсер еткен сияқты. Жүктіліктің 32 аптасында таңертең оянсам, ішім тастай қатты, ауырып жатыр. Мен оның толғақ екенін білмедім. Үйде ешкім жоқ. Анам мен әкем келіп, мені ауруханаға жеткізгенше, қанға бояндым. Бізді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем қызметкері де менің және баламның өмірі қыл үстінде тұрғанын түсініп, дүрбелеңге түсті. Мені бірден жансақтау бөліміне алып барды. Босануға дайын болғандықтан, кесарь тілігін жасамады. Сөйтіп, менің күшім болмағандықтан, баланы дәрігерлер итеріп шығарды. Сол уақытта балам жарақат алды деп ойлаймын. Ояндым да, бірден баламды іздедім. Туылғанда балам көкпеңбек боп, жыламай туылды. Бір айдай ауруханада жаттық. Бір ай бойы ас батпады, ешкімді көргім келмеді. Мен қатты қорықтым. Түрлі психолог келсе де, маған ешқайсысы көмектесе алмады. Балам көрші палатада, аппаратта жатты. Өзі тыныс ала алмайтын, салмағы бар болғаны 1800 гр ғана. Ата-анам да, таныстар да, өзім де балама көмектесе алмадық. Сол кезде алғаш рет "Мен не жаздым" деп ойландым. Ең жаманы, балаңның қиналып жатқанын көру. Ауруханадан шыққанда, ата-анам маған және балаға күтім жасау үшін, үйге алып кетті. Мен бес жыл бойы күйзелісте болдым", - деді әнші. | Отандық әнші, көпшілікке Ayree лақап есімімен танымал Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шыққанын, ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтып, жан сырын ақтарды. Динара Сәтжанның бағдарламасына келген әнші бүгінгі таңда ажырасып кеткенін де баяндап берді, деп жазады . "18 жасымда тұрмысқа шықтым. Бірақ некеміз бір жылға созылды. Бұл әрине, өмір. Мұны енді түсініп жатырмын. Ол менің алғашқы махаббатым, алғашқы жігітім еді. Бұл жағдай мені сындырып тастады. Мен махаббатқа бөленіп өскен қызбын. Уақыт өте келе мен ажырасуымызға ешкімнің кінәлі еместігін түсіндім. Осылай болуы керек болған шығар", - деді әнші. Сонымен қатар Ayree ерекше баланың анасы екенін де ашып айтты. "Ал 19 жасымда алғаш рет ана атандым. Менің ұлым дүниеге келді. Қазір ол 12 жаста, есімі - Әлімхан. Менің ажырасуымның тағы бір себебі, ерекше баланы дүниеге әкелдім. Ұлыма тоғыз айлығында церебральды сал ауруы (ДЦП-ред.) диагнозын қойды. Біздің отбасымыз мұндайды күтпеді, қиын болды. Мен өте жас болдым. Күйеуімнің үйінде тұрдым. Күйзеліс қатты әсер еткен сияқты. Жүктіліктің 32 аптасында таңертең оянсам, ішім тастай қатты, ауырып жатыр. Мен оның толғақ екенін білмедім. Үйде ешкім жоқ. Анам мен әкем келіп, мені ауруханаға жеткізгенше, қанға бояндым. Бізді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем қызметкері де менің және баламның өмірі қыл үстінде тұрғанын түсініп, дүрбелеңге түсті. Мені бірден жансақтау бөліміне алып барды. Босануға дайын болғандықтан, кесарь тілігін жасамады. Сөйтіп, менің күшім болмағандықтан, баланы дәрігерлер итеріп шығарды. Сол уақытта балам жарақат алды деп ойлаймын. Ояндым да, бірден баламды іздедім. Туылғанда балам көкпеңбек боп, жыламай туылды. Бір айдай ауруханада жаттық. Бір ай бойы ас батпады, ешкімді көргім келмеді. Мен қатты қорықтым. Түрлі психолог келсе де, маған ешқайсысы көмектесе алмады. Балам көрші палатада, аппаратта жатты. Өзі тыныс ала алмайтын, салмағы бар болғаны 1800 гр ғана. Ата-анам да, таныстар да, өзім де балама көмектесе алмадық. Сол кезде алғаш рет "Мен не жаздым" деп ойландым. Ең жаманы, балаңның қиналып жатқанын көру. Ауруханадан шыққанда, ата-анам маған және балаға күтім жасау үшін, үйге алып кетті. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033631-erekse-bala-tarbielep-otyrmyn-ansi-ayree-18-zasynda-turmysqa-syqqanyn-aityp-zan-syryn-aqtardy/ | 23 тамыз 2023, 14:26 |
kk | Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде АИ-95 маркалы бензин 385 теңгеге дейін қымбаттады | Алматылықтарды қаланың кейбір жанармай құю бекеттеріндегі АИ-95 бензинінің бағасы таң қалдырды. Осыған байланысты жанар-жағармай бағасы да қымбаттаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Алматылық көлік жүргізушілер "Газпромнефть" компаниясына қарасты кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінің ақпараттық таблоидтарында АИ-95 маркалы бензиннің бір литрі 385 теңгеге жеткенін байқады. Бұл ретте АИ-92 бензинінің бір литрі 205 теңгеден, дизель отыны 295 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ кейбір басқа компаниялардың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің тұрақты бағасы бар: Helios-та литріне – 252 теңге, Royal Petrol-да литріне – 250 теңге. "Газпромнефть" жанармай құю бекетіндегі қызметкерлердің бірі NUR.KZ тілшісіне түсіндіруінше, бағаның көтерілуі АИ-95 маркалы бензинінің құрамына, дәлірек айтсақ, жанармайдың G-Drive деп аталатын нұсқасына байланысты. Аталған бензиндегі G-Drive жанармайы Ресейдің Омбы қаласынан әкелінген, сондықтан оның бағасы жоғарылаған. Бірақ G-Drive жанармайы бітіп, жергілікті өндірілген бензин жанармай құю бекеттеріне жеткізілген соң баға қайта түсуі мүмкін деген болжам бар. Бұл ретте компанияның жанармай құю бекетінде АИ-95 маркалы бензиннің кәдімгі нұсқасы жоқ екені атап өтілді. | Алматылықтарды қаланың кейбір жанармай құю бекеттеріндегі АИ-95 бензинінің бағасы таң қалдырды. Осыған байланысты жанар-жағармай бағасы да қымбаттаған, деп хабарлайды . Алматылық көлік жүргізушілер "Газпромнефть" компаниясына қарасты кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінің ақпараттық таблоидтарында АИ-95 маркалы бензиннің бір литрі 385 теңгеге жеткенін байқады. Бұл ретте АИ-92 бензинінің бір литрі 205 теңгеден, дизель отыны 295 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ кейбір басқа компаниялардың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің тұрақты бағасы бар: Helios-та литріне – 252 теңге, Royal Petrol-да литріне – 250 теңге. "Газпромнефть" жанармай құю бекетіндегі қызметкерлердің бірі тілшісіне түсіндіруінше, бағаның көтерілуі АИ-95 маркалы бензинінің құрамына, дәлірек айтсақ, жанармайдың G-Drive деп аталатын нұсқасына байланысты. Аталған бензиндегі G-Drive жанармайы Ресейдің Омбы қаласынан әкелінген, сондықтан оның бағасы жоғарылаған. Бірақ G-Drive жанармайы бітіп, жергілікті өндірілген бензин жанармай құю бекеттеріне жеткізілген соң баға қайта түсуі мүмкін деген болжам бар. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033627-almatydagy-zanarmai-quyu-beketterinin-birinde-ai-95-markaly-benzin-385-tengege-deiin-qymbattady/ | 23 тамыз 2023, 13:57 |
kk | 15 жастағы Әмір Омарханов теннистен ең беделді жарыста чемпион атанды | Теннистен Мысырдың Дакахлия қаласында жасөспірімдер арасындағы ең беделді ITF Juniors J100 Dakahlia турнирі өз мәресіне жетті. Бұл туралы теннис федерациясы хабарлайды. Аталған додада өнер көрсеткен 15 жастағы Әмір Омарханов жарыстың бас жүлдесі үшін өткен сайыста ресейлік Артем Богомоловпен шеберлік байқасып, аса тартысты бәсекеде 5:7, 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Финалдық сайысқа дейін Әмір қарсыластарына бірде-бір сет бермей қапы қалдырғанын айта кеткен жөн. Отандасымыз осы жеңісінің арқасында жасөспірімдер арасындағы ITF рейтингінде бірден 66 саты жоғарылап, 198-орынға көтеріліп алды. Сондай-ақ Қарағанды теннис мектебінің түлегі бұл күндері Мысырдағы тағы бір үлкен жарысқа қатысып жатыр. Ол кеше Каирдегі J 100 турнирінің екінші айналымында жергілікті теннисшіден 6:1, 6:3 есебімен басым түсті. | Теннистен Мысырдың Дакахлия қаласында жасөспірімдер арасындағы ең беделді ITF Juniors J100 Dakahlia турнирі өз мәресіне жетті. Бұл туралы теннис федерациясы хабарлайды. Аталған додада өнер көрсеткен 15 жастағы Әмір Омарханов жарыстың бас жүлдесі үшін өткен сайыста ресейлік Артем Богомоловпен шеберлік байқасып, аса тартысты бәсекеде 5:7, 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Финалдық сайысқа дейін Әмір қарсыластарына бірде-бір сет бермей қапы қалдырғанын айта кеткен жөн. Отандасымыз осы жеңісінің арқасында жасөспірімдер арасындағы ITF рейтингінде бірден 66 саты жоғарылап, 198-орынға көтеріліп алды. Сондай-ақ Қарағанды теннис мектебінің түлегі бұл күндері Мысырдағы тағы бір үлкен жарысқа қатысып жатыр. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033629-15-zastagy-amir-omarxanov-tennisten-en-bedeldi-zarysty-cempion-atandy/ | 23 тамыз 2023, 13:31 |
kk | Астанадағы LRT-да қытай тілінде жазылған баннерлер пайда болды | Әлеуметтік желілерде Астанадағы LRT-да қытайша жазуы бар баннерлер түсірілген кадрлар пайда болды. Жағдайға қатысты City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі пікір білдірді. Қытай және орыс тілдерінде жазуы бар көк баннердің суретін Astanovka98 Telegram-дағы арнасында жариялады. LRT-да баннер орнатылып, онда: "Кәсіпорын қауіпсіздікте болғанда жеңеді. Егер өмірді қорғасақ, ол құнды болады" деп жазылған. "Оқырмандарымызды таң қалдырған LRT-дегі баннерлер. Қазақстандағы ең танымал құрылыс жобасының бас мердігері - Қытайдың China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd компаниясы. Жылжымалы құрамға сол компания тапсырыс береді", - делінген жазбада. Жазбаға пікір білдірген CTS компаниясының баспасөз қызметі мұндай баннерлерді мердігерлер корпоративтік рухты нығайту үшін қолданатынын айтты. "Корпоративтік рухты нығайту үшін мердігерлер осындай баннерлерді іледі. Қауіпсіздік баннерлері жұмыс орындарында да ілінеді", - деп атап өткен компания өкілдері. | Әлеуметтік желілерде Астанадағы LRT-да қытайша жазуы бар баннерлер түсірілген кадрлар пайда болды. Жағдайға қатысты City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі пікір білдірді. Қытай және орыс тілдерінде жазуы бар көк баннердің суретін Astanovka98 Telegram-дағы арнасында жариялады. LRT-да баннер орнатылып, онда: "Кәсіпорын қауіпсіздікте болғанда жеңеді. Егер өмірді қорғасақ, ол құнды болады" деп жазылған. "Оқырмандарымызды таң қалдырған LRT-дегі баннерлер. Қазақстандағы ең танымал құрылыс жобасының бас мердігері - Қытайдың China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd компаниясы. Жылжымалы құрамға сол компания тапсырыс береді", - делінген жазбада. Жазбаға пікір білдірген CTS компаниясының баспасөз қызметі мұндай баннерлерді мердігерлер корпоративтік рухты нығайту үшін қолданатынын айтты. "Корпоративтік рухты нығайту үшін мердігерлер осындай баннерлерді іледі. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033621-astanadagy-lrt-da-qytai-tilinde-zazylgan-bannerler-paida-boldy/ | 23 тамыз 2023, 13:24 |
kk | Ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады (видео) | Алматы мен Астанада ән кешін өткізген ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ол Instagram желісіндегі жазбасында "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазып қойған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Кейінірек әнші әлеуметтік желідегі жазбасын өңдеп, ешкімді өкпелеткісі келмегенін айтты. "Қазақстан, сіздерді ренжіткім келмеді. Жазбаны асығыс, тыныс белгілеріне мән бермей жаздым. Кешірім өтінемін. Менің тамаша тыңдармандарым бар. Оның ішінде Қазақстан да қалыс қалған емес. Расымен, керемет қарсы алды", - деп жазды Земфира. Әншінің жазбасына көп қазақстандық пікір білдіріп, "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазғанына өкпелеген. Ал әншінің айтуынша, ұйымдастырушылар кешті нашар ұйымдастырған. Айта кетейік, Земфираның концерті 18 тамыз күні Алматыда, 20 тамызда Астана қаласында өтті. | Алматы мен Астанада ән кешін өткізген ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ол Instagram желісіндегі жазбасында "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазып қойған, деп хабарлайды . Кейінірек әнші әлеуметтік желідегі жазбасын өңдеп, ешкімді өкпелеткісі келмегенін айтты. "Қазақстан, сіздерді ренжіткім келмеді. Жазбаны асығыс, тыныс белгілеріне мән бермей жаздым. Кешірім өтінемін. Менің тамаша тыңдармандарым бар. Оның ішінде Қазақстан да қалыс қалған емес. Расымен, керемет қарсы алды", - деп жазды Земфира. Әншінің жазбасына көп қазақстандық пікір білдіріп, "Қазақстан" атауын кіші әріппен жазғанына өкпелеген. Ал әншінің айтуынша, ұйымдастырушылар кешті нашар ұйымдастырған. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033625-reseilik-ansi-zemfira-qazaqstandyqtardan-kesirim-surady-video/ | 23 тамыз 2023, 13:24 |
kk | Мәскеуде жерасты коллекторына экскурсияға түскен 8 адам қаза тапты: Қазақстан тумасы ұсталды | 20 тамызда бір топ турист Мәскеудегі Неглинка өзені бойындағы жерасты коллектор экскурсиясына заңсыз шыққан. Ауа райының қолайсыздығынан барлық турист пен гид қайтыс болған. Тергеушілер Қазақстанның тумасы ұйымдастырушылардың бірі болуы мүмкін екенін анықтаған. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, жексенбі, 20 тамызда сегіз адам Неглинка өзеніндегі жерасты коллектор экскурсиясына заңсыз барған. Алайда сол күні қалада қатты нөсер жауып, коллекторлар суға толған. Салдарынан экскурсияға қатысушылар жоғарыға шыға алмаған. Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің айтуынша, турға 20-дан астам адам жазылған, бірақ қатты жаңбыр болады деген болжамнан кейін көпшілігі экскурсиядан бас тартқан. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, топ сегіз адамнан құралған: біреуі гид-диггер және жетеуі экскурсияға қатысушы. Экскурсияны 31 жастағы гид Константин Филипов жүргізген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол үш жылдай топтарды жерасты коллекторына заңсыз әкеліп жүрген. Бүгінгі таңда іздестіру шарасы аяқталып, топтың барлық сегіз мүшесінің мәйіті табылған. Бұл ретте құқық қорғау қызметкерлері Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қызметтерді көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетінің өкілдері Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. 21 тамызда Санкт-Петербургте іздестіру жұмыстары жүргізіліп, "Спутник" компаниясының бас директоры Александр Кимнің қайда екені анықталған. Тергеушілердің айтуынша, бұл турға билеттерді осы компания сатқан. "Жақын арада ол тергеу әрекеттерінің жүргізілуіне байланысты Ресейдің Тергеу комитетінің Мәскеу қаласындағы бөліміне жеткізіледі", - делінген хабарламада. Айта кетсек, Ким - Қазақстан тумасы. Бұл ақпарат оның Facebook-тегі парақшасында жазылған. Ол қазіргі Қонаев қаласында дүниеге келіп, біраз уақыт Алматыда тұрған. | 20 тамызда бір топ турист Мәскеудегі Неглинка өзені бойындағы жерасты коллектор экскурсиясына заңсыз шыққан. Ауа райының қолайсыздығынан барлық турист пен гид қайтыс болған. Тергеушілер Қазақстанның тумасы ұйымдастырушылардың бірі болуы мүмкін екенін анықтаған. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, жексенбі, 20 тамызда сегіз адам Неглинка өзеніндегі жерасты коллектор экскурсиясына заңсыз барған. Алайда сол күні қалада қатты нөсер жауып, коллекторлар суға толған. Салдарынан экскурсияға қатысушылар жоғарыға шыға алмаған. Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің айтуынша, турға 20-дан астам адам жазылған, бірақ қатты жаңбыр болады деген болжамнан кейін көпшілігі экскурсиядан бас тартқан. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, топ сегіз адамнан құралған: біреуі гид-диггер және жетеуі экскурсияға қатысушы. Экскурсияны 31 жастағы гид Константин Филипов жүргізген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол үш жылдай топтарды жерасты коллекторына заңсыз әкеліп жүрген. Бүгінгі таңда іздестіру шарасы аяқталып, топтың барлық сегіз мүшесінің мәйіті табылған. Бұл ретте құқық қорғау қызметкерлері Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қызметтерді көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетінің өкілдері Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. 21 тамызда Санкт-Петербургте іздестіру жұмыстары жүргізіліп, "Спутник" компаниясының бас директоры Александр Кимнің қайда екені анықталған. Тергеушілердің айтуынша, бұл турға билеттерді осы компания сатқан. "Жақын арада ол тергеу әрекеттерінің жүргізілуіне байланысты Ресейдің Тергеу комитетінің Мәскеу қаласындағы бөліміне жеткізіледі", - делінген хабарламада. Айта кетсек, Ким - Қазақстан тумасы. Бұл ақпарат оның Facebook-тегі парақшасында жазылған. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033603-maskeude-kollektorlar-ekskursiyasy-kezinde-8-adam-qaza-tapty-qazaqstan-tumasy-ustaldy/ | 23 тамыз 2023, 12:49 |
kk | Гүлзира Айдарбекованың ортаншы келіні ерекше видео түсірді (видео) | Продюсер Гүлзира Айдарбекованың ортаншы келіні танымал трендті түсіріп, көпшілікті таңғалдырды. Әйгерім Саркенова видеоны Instagram парақшасына жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Видеодан Әйгерім Саркенованың қызын, өзін, анасын және әжесін көруге болады. Алдымен Гүлзира Айдарбекованың немересі анасы Әйгерімді шақырады. Осыдан соң Әйгерім анасын, ал оның анасы әжесін шақырады. "Аналарымыз аман болсын", - деп жазды Әйгерім. Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың құдағиларының жас көрінетінін айтып, жарыса пікір қалдырды. "Әжесі де жас екен", "Қандай керемет", "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды", "Көз тимесін", "Бақыттысыз", - деп жазды желідегілер. | Продюсер Гүлзира Айдарбекованың ортаншы келіні танымал трендті түсіріп, көпшілікті таңғалдырды. Әйгерім Саркенова видеоны Instagram парақшасына жариялаған, деп жазады . Видеодан Әйгерім Саркенованың қызын, өзін, анасын және әжесін көруге болады. Алдымен Гүлзира Айдарбекованың немересі анасы Әйгерімді шақырады. Осыдан соң Әйгерім анасын, ал оның анасы әжесін шақырады. "Аналарымыз аман болсын", - деп жазды Әйгерім. Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың құдағиларының жас көрінетінін айтып, жарыса пікір қалдырды. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033602-gulzira-aidarbekovanyn-ortansy-kelini-erekse-video-tusirdi-video/ | 23 тамыз 2023, 12:43 |
kk | Түркістан облысындағы қайғылы жағдай: суға батқан оныншы адамның денесі табылды | Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның оныншысының денесі табылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД хабарлады, деп жазады "ҚазАқпарат". Бүгін, 23 тамызда сағат 10:40-та құтқарушылар су астынан кәмелетке толмаған баланың денесін алып шыққан. Тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Еске сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болған еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері. ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлды. Бүгін құтқарушылар тоғызыншы адамның денесін тауып, судан шығарғаны белгілі болды. Кейінірек, Төтенше жағдайлар министрлігі суға кеткендердің жасы туралы мәлімет жариялады. | Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның оныншысының денесі табылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД хабарлады, деп жазады "ҚазАқпарат". Бүгін, 23 тамызда сағат 10:40-та құтқарушылар су астынан кәмелетке толмаған баланың денесін алып шыққан. Тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Еске сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болған еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері. ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлды. Бүгін құтқарушылар тоғызыншы адамның денесін тауып, судан шығарғаны белгілі болды. | Оқыс оқиғалар | false | https://kaz.nur.kz/accidents/2033618-turkistan-oblysyndagy-qaigyly-zagdai-suga-batqan-onynsy-adamnyn-denesi-tabyldy/ | 23 тамыз 2023, 12:37 |
kk | Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде | Синопиктер алдағы үш күнге, яғни 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Метеорологтардың болжауынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендеуі болжануда. Ал солтүстікте ауа температурасы түнгі уақытта +7...+12 градусқа дейін, күндіз +17...+22 градусқа дейін төмендейді. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді және ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады. | Синопиктер алдағы үш күнге, яғни 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Метеорологтардың болжауынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендеуі болжануда. Ал солтүстікте ауа температурасы түнгі уақытта +7...+12 градусқа дейін, күндіз +17...+22 градусқа дейін төмендейді. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033597-aldagy-kunderi-elimizdin-basym-boliginde-zanbyr-zauyp-kun-suytady-dep-kutilude/ | 23 тамыз 2023, 11:57 |
kk | Алматыдағы "Алтын Орда" базарында тағы да заң бұзушылықтар анықталды | Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері хронометраждық зерттеу жүргізіп, "Алтын Орда" базарындағы жаңа заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, "ALTYN ORDA NEW COMPANY" ЖШС 2022 жылдың 4 тоқсанына 530,4 млн теңгенің кірісін көрсете отырып, қосымша салық есептілігін тапсырған. Қосымша есептелген қосылған құн салығы - 63,6 млн теңге, корпоративті табыссалығы - 106,0 млн теңге. Өсімпұлды есептемегенде хронометраждық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке барлығы 169,6 млн теңге түсті. Тексеру барысында "ALTYN ORDA NEW COMPANY" ЖШС-де бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижелері бойынша қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді. "Бүгінгі таңда "Алтын Орда" сауда базарында түсіндіру жұмыстарының нәтижелерімен жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машиналары ерікті түрде тіркелді. Одан бөлек, Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Алтын орда" базарында кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша тақырыптық (рейдтік) тексеру жүргізілді. Рейд барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды", делінген хабарламада. Бұдан бөлек мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, 1 салық төлеуші кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін, сондай-ақ тауардың бағасын төмендетіп көрсетіп, аталған тауарды "Алтын орда" базарының аумағында өткізген 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. | Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері хронометраждық зерттеу жүргізіп, "Алтын Орда" базарындағы жаңа заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Мемлекттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, "ALTYN ORDA NEW COMPANY" ЖШС 2022 жылдың 4 тоқсанына 530,4 млн теңгенің кірісін көрсете отырып, қосымша салық есептілігін тапсырған. Қосымша есептелген қосылған құн салығы - 63,6 млн теңге, корпоративті табыссалығы - 106,0 млн теңге. Өсімпұлды есептемегенде хронометраждық тексеру нәтижелері бойынша бюджетке барлығы 169,6 млн теңге түсті. Тексеру барысында "ALTYN ORDA NEW COMPANY" ЖШС-де бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижелері бойынша қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді. "Бүгінгі таңда "Алтын Орда" сауда базарында түсіндіру жұмыстарының нәтижелерімен жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машиналары ерікті түрде тіркелді. Одан бөлек, Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Алтын орда" базарында кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша тақырыптық (рейдтік) тексеру жүргізілді. Рейд барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды", делінген хабарламада. Бұдан бөлек мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033594-almatydagy-altyn-orda-bazarynda-tagy-da-zan-buzusylyqtar-anyqtaldy/ | 23 тамыз 2023, 11:42 |
kk | "Минус бір бойдақ": актер Еркебұлан Тоқтардың той көйлегіндегі арумен түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті (видео) | Әлеуметтік желіде актер Еркебұлан Тоқтардың той көйлегіндегі бейтаныс арумен түскен видеосы тарады. Шоу-бизнестің сүр бойдағынан үмітті арулар видеоға жарыса пікір қалдыруда, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Актер Instagram парақшасына жариялаған видеодан Еркебұланның белгісіз бойжеткенге қалыңдық көйлегін киюге көмектесіп, фатасын тағып бергенін байқауға болады. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары Еркебұлан Тоқтарды үйленіп жатыр деп болжаған. "Үйленеді екен деп, шошып кеттім", "Мен неменеге қызғанып отырмын", "Жүрегім тоқтап қала жаздады", "Біраз қыздардың жүрегі жараланды-ау", "Бақытты бол", "Минус бір бойдақ", "Келін әдемі екен. Бақытты болыңдар", - деп жазды желідегілер. Кейін анықталғандай, бұл қалыңдық көйлегін сататын дүкеннің жарнамасы болып шықты. "Ақшаңды төлейін, мұндай жарнамаға түспеші", - деді желі қолданушылары. | Әлеуметтік желіде актер Еркебұлан Тоқтардың той көйлегіндегі бейтаныс арумен түскен видеосы тарады. Шоу-бизнестің сүр бойдағынан үмітті арулар видеоға жарыса пікір қалдыруда, деп жазады . Актер Instagram парақшасына жариялаған видеодан Еркебұланның белгісіз бойжеткенге қалыңдық көйлегін киюге көмектесіп, фатасын тағып бергенін байқауға болады. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары Еркебұлан Тоқтарды үйленіп жатыр деп болжаған. "Үйленеді екен деп, шошып кеттім", "Мен неменеге қызғанып отырмын", "Жүрегім тоқтап қала жаздады", "Біраз қыздардың жүрегі жараланды-ау", "Бақытты бол", "Минус бір бойдақ", "Келін әдемі екен. Бақытты болыңдар", - деп жазды желідегілер. Кейін анықталғандай, бұл қалыңдық көйлегін сататын дүкеннің жарнамасы болып шықты. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033586-minus-bir-boidaq-akter-erkebulan-toqtardyn-toi-koilegindegi-arumen-tusken-videosy-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/ | 23 тамыз 2023, 11:21 |
kk | Тәтті салатын қораппен құмырсқаларды Италиядан Қазақстанға заңсыз өткізбек болған (фото) | Алматы әуежайында Италиядан келген сәлемдемеден кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер салынған 7 түтік пен 22 пластик ыдыс табылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы халықаралық әуежайында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде Италиядан келген қорап ішінен кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер, болжам бойынша құмырсқалар бар 7 түтік пен 22 пластикалық контейнер тапқан. "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 21.04.2015 жылғы №30 шешімінің 2.6-тармағына сәйкес 01-топқа жататын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды бойынша жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне кіреді", - делінген хабарламада. Мемлекттік кірістер департаменті қызметкерлері елге құжатсыз тірі жәндіктерді заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті. Ведомство аталған факті бойынша материалдар уәкілетті мемлекеттік органға процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданғанын атап өтті. Департамент тыйым салынған және шектелген тауарлардың, оның ішінде әскери және қос мақсаттағы тауарлардың қозғалысына тұрақты негізде бақылау жүргізілетінін еске салады. | Алматы әуежайында Италиядан келген сәлемдемеден кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер салынған 7 түтік пен 22 пластик ыдыс табылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған . Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы халықаралық әуежайында кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде Италиядан келген қорап ішінен кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер, болжам бойынша құмырсқалар бар 7 түтік пен 22 пластикалық контейнер тапқан. "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 21.04.2015 жылғы №30 шешімінің 2.6-тармағына сәйкес 01-топқа жататын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды бойынша жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне кіреді", - делінген хабарламада. Мемлекттік кірістер департаменті қызметкерлері елге құжатсыз тірі жәндіктерді заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті. Ведомство аталған факті бойынша материалдар уәкілетті мемлекеттік органға процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданғанын атап өтті. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033587-tatti-salatyn-qorappen-qumyrsqalardy-italiyadan-qazaqstanga-zansyz-otkizbek-bolgan-foto/ | 23 тамыз 2023, 11:19 |
kk | Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды | Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, Қ-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 1 айға - 2023 жылғы 21 қыркүйекке дейін ұзарту туралы санкция берілді", - делінген сот хабарламасында. Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген былтыр сәуір айында ұсталған болатын. Содан бері оны қамауға алу мерзімі бүгінге дейін ұзартылып келе жатыр. Экс-депутат қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген. Дегенмен, ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді. | Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да яғни 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі. "Сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, Қ-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 1 айға - 2023 жылғы 21 қыркүйекке дейін ұзарту туралы санкция берілді", - делінген сот хабарламасында. Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген былтыр сәуір айында ұсталған болатын. Содан бері оны қамауға алу мерзімі бүгінге дейін ұзартылып келе жатыр. Экс-депутат қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033591-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-uzartyldy/ | 23 тамыз 2023, 10:56 |
kk | "Еуроодақ елдеріне бағыт алған": ҰҚК шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 шетелдікті ұстады | Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram-дағы ресми арнасында. ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, 2023 жылғы 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдіктің жолын кесті. "Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған", - делінген хабарламада. ҰҚК өкілдері 17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Құзырлы орган ақпартынша, 2023 жылдың басынан БҚО аумағында мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған. | Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram-дағы ресми арнасында. ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, 2023 жылғы 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдіктің жолын кесті. "Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған", - делінген хабарламада. ҰҚК өкілдері 17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033584-euroodaq-elderine-bagyt-algan-uqk-sekarany-zansyz-kesip-otpek-bolgan-9-seteldikti-ustady/ | 23 тамыз 2023, 10:18 |
kk | 2023 жылғы 23 тамыз: криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы | Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 23 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $49.89-ға төмендеді. Бүгін актив $25,903.77115605* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00106-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 23 тамыз күні $0.07503669*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $32.26-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,634.25603498*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0008-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.30048306* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0003-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 23 тамыз күні $0.99967963*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $1.86-ға әлсіреді. Актив $64.98753564* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.15-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $15.40289573*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0023-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.51549847*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00005-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.06222883* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті. | Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 23 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $49.89-ға төмендеді. Бүгін актив $25,903.77115605* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00106-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 23 тамыз күні $0.07503669*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $32.26-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,634.25603498*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0008-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.30048306* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0003-ға төмендеді. TUSD бағамы 2023 жылғы 23 тамыз күні $0.99967963*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $1.86-ға әлсіреді. Актив $64.98753564* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.15-ға төмендеді. Криптовалютаның өзекті құны – $15.40289573*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0023-ға арзандады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.51549847*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00005-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.06222883* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. | Қаржы | false | https://kaz.nur.kz/nurfin/2033582-2023-zylgy-23-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/ | 23 тамыз 2023, 10:02 |
kk | Тоқаев ертең БРИКС саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады | 24 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметі Оңтүстік Африка Республикасыныңпрезиденті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетінмемлекеттер басшыларының"БРИКС плюс" диалогы отырысына бейнебайланыс арқылықатысады. "Жиында мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді", - делінген хабарламада. | 24 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметі Оңтүстік Африка Республикасыныңпрезиденті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетінмемлекеттер басшыларының"БРИКС плюс" диалогы отырысына бейнебайланыс арқылықатысады. | Саясат және экономика | false | https://kaz.nur.kz/politics/2033576-toqaev-erten-briks-sammitine-beinebailanys-arqyly-qatysady/ | 23 тамыз 2023, 09:45 |
kk | "Сүйінші": ақын Сара Тоқтамысова айтыстан темір тұлпар ұтып алды (фото) | Айтыскер Сара Тоқтамысова араға үш жыл салып, қайта айтысқа шыққан. Ақын айтыста бас жүлдені иемденіп, темір тұлпар ұтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Айтыскер бұл қуанышын Instagram парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. "Сүйінші! Араға 3 жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр. Жүлдеден бөлек ақындарға қосымша бір млн теңгеден берді. От ауыз, орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Мұхтар Ниязбен айтысқа шықтым. Әзілі де, әңгімесі де, өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рахмет, досым", - деп жазды Сара Тоқтамысова. | Айтыскер Сара Тоқтамысова араға үш жыл салып, қайта айтысқа шыққан. Ақын айтыста бас жүлдені иемденіп, темір тұлпар ұтқан, деп жазады . Айтыскер бұл қуанышын Instagram парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. "Сүйінші! Араға 3 жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр. Жүлдеден бөлек ақындарға қосымша бір млн теңгеден берді. От ауыз, орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Мұхтар Ниязбен айтысқа шықтым. Әзілі де, әңгімесі де, өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033568-suiinsi-aitysker-sara-toqtamysova-aitystan-temir-tulpar-utyp-aldy-foto/ | 23 тамыз 2023, 09:30 |
kk | Ақтауда салмағы 7 келідей сәби дүниеге келді | Ақтауда 6 келі 880 грамм салмақпен "батыр бала" дүниеге келді. Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады, деп хабарлайды Lada.kz басылымы. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы мәліметіне сілтеме жасаған басылым хабарлауынша, сәбидің анасы - Мұнайлы ауданының тұрғыны. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған ана өзін жақсы сезінеді, төртінші сәбиін анасы кесір тілігімен босанған. "Тексеру барысында біз босанатын әйелдің ішіндегі сәби өте үлкен екенін анықтадық. Содан кейін біз кеңес жасап, әйелді кесір тілігі арқылы босану керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, өйткені ауыр салмақпен сәбилердің дүниеге келуі - ерекше құбылыс", - деді облыстық перинаталдық орталық өкілдері. Басылымның жазуынша, нәресте анасымен бірге бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болған, содан кейін олар үйлеріне шығарылған. Шыққан кезде баланың салмағы 6 кг 280 грамм болған. | Ақтауда 6 келі 880 грамм салмақпен "батыр бала" дүниеге келді. Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады, деп хабарлайды басылымы. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы мәліметіне сілтеме жасаған басылым хабарлауынша, сәбидің анасы - Мұнайлы ауданының тұрғыны. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған ана өзін жақсы сезінеді, төртінші сәбиін анасы кесір тілігімен босанған. "Тексеру барысында біз босанатын әйелдің ішіндегі сәби өте үлкен екенін анықтадық. Содан кейін біз кеңес жасап, әйелді кесір тілігі арқылы босану керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, өйткені ауыр салмақпен сәбилердің дүниеге келуі - ерекше құбылыс", - деді облыстық перинаталдық орталық өкілдері. Басылымның жазуынша, нәресте анасымен бірге бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болған, содан кейін олар үйлеріне шығарылған. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033567-aqtauda-salmagy-7-kelige-zuyq-sabi-duniege-keldi/ | 23 тамыз 2023, 09:03 |
kk | 2023 жылғы 23 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары | Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 23 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 453.13 (+0.79), еуроға шаққандағы бағамы – 494.18 (+1.13) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.81 (+0.01). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 455.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 493.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.90 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 452.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 455.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.10 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 452.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 455.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.10 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті. | Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 23 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 453.13 (+0.79), еуроға шаққандағы бағамы – 494.18 (+1.13) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.81 (+0.01). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 455.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 493.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.90 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 452.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 455.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.10 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 452.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 455.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.10 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.78 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. | Қаржы | false | https://kaz.nur.kz/nurfin/2033570-2023-zylgy-23-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/ | 23 тамыз 2023, 09:02 |
kk | "Қызғаныш пен бәсеке": әнші Мақсат Базарбаев достарының азайып бара жатқанын айтты (фото) | Әнші Мақсат Базарбаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды. Өнер иесі достарының азайып бара жатқанын айтып, жан сырын ақтарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Менің де достарым азайып барады. Ненің белгісі екен? Кейде ойланып кетемін де, қорқамын. Жалғыздық тек Аллаға жарасар. Ең бастысы, қызғаныш пен бәсекелесу екен. Менің айтайын дегенім, ата-анамды, бауырларымды, елді сағындым", - деп жазды Мақсат Базарбаев Instagram парақшасында. Желі қолданушылары қазіргі таңда Түркия елінде жүрген әншінің бұл жазбасын қызу талқыға салған. "Дұрыс айтасыз. Жас келген сайын достар азаяды", "Бұл өмірде достықтық құндылығы азайып кетті", "Қалтаңда ақшаң мен дәрежең болса, дос көп. Ал ештеңең болмаса, досың түгілі туысың жоқ", "Досың азайып, жаңында шын жанашырың тек әйелің қалады", - деп жазды желідегілер. | Әнші Мақсат Базарбаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды. Өнер иесі достарының азайып бара жатқанын айтып, жан сырын ақтарған, деп жазады . "Менің де достарым азайып барады. Ненің белгісі екен? Кейде ойланып кетемін де, қорқамын. Жалғыздық тек Аллаға жарасар. Ең бастысы, қызғаныш пен бәсекелесу екен. Менің айтайын дегенім, ата-анамды, бауырларымды, елді сағындым", - деп жазды Мақсат Базарбаев Instagram парақшасында. Желі қолданушылары қазіргі таңда Түркия елінде жүрген әншінің бұл жазбасын қызу талқыға салған. "Дұрыс айтасыз. Жас келген сайын достар азаяды", "Бұл өмірде достықтық құндылығы азайып кетті", "Қалтаңда ақшаң мен дәрежең болса, дос көп. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033564-qyzganys-pen-basekelesu-ansi-maqsat-bazarbaev-dostarynyn-azaiyp-bara-zatqanyn-aitty-foto/ | 23 тамыз 2023, 08:42 |
kk | "Мен кінәлімін, егер осыны естігіңіз келсе": Ноғаев Ақтаудағы су тапшылығына қатысты жауап берді (видео) | Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев журналист Асхат Ниязовқа сұхбат берді. Атап айтқанда, әкім Ақтаудағы су тапшылығына қатысты сұрақтарға жауап берген. YouTube желісіндегі "Обожаю" арнасында журналист Асхат Ниязовтың облыс әкімімен сұхбаты жарияланды. Жүргізуші әкімнен қаланың дамып, кеңейіп жатқанымен, сумен қамту жағдайының неге мұндай күйге жеткенін сұрады. "Дұрыс айтасыз, жалпы қала құрылысының ережелері ресурстардың жылдам қарқынмен дамуын талап етеді. Өкінішке қарай, біздегі жағдай осындай болды. (...) Кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. Біз бәріміз кінәліміз, қазіргі кезде облыстағы су тапшылығына мен кінәлімін, өйткені мен тұрғындардың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмаймын, егер осыны естігіңіз келсе... Кезінде сәтсіздік те, көптеген фактор да болды. Ал мынау кінәлі деп, олай айтуға болмайды", - деді Нұрлан Ноғаев. Сонымен қатар сұхбатта Каспий теңізінің таяздануы мен Ақтау қаласының қарқынды құрылысы туралы тақырыптар қозғалды. Lada.kz басылымының жазуынша, YouTube арнасының авторы, журналист Асхат Ниязов қарапайым қазақстандықтардың қалай өмір сүріп жатқаны және қандай қиындықтарға тап болғаны туралы әңгімелейтін сюжеттер түсіреді. Жүргізуші арнасында қазақстандықтардың әңгімелерін шенеуніктерге жеткізіп, олардан жауап алуға тырысады. | Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев журналист Асхат Ниязовқа сұхбат берді. Атап айтқанда, әкім Ақтаудағы су тапшылығына қатысты сұрақтарға жауап берген. YouTube желісіндегі "Обожаю" арнасында журналист Асхат Ниязовтың облыс әкімімен сұхбаты жарияланды. Жүргізуші әкімнен қаланың дамып, кеңейіп жатқанымен, сумен қамту жағдайының неге мұндай күйге жеткенін сұрады. "Дұрыс айтасыз, жалпы қала құрылысының ережелері ресурстардың жылдам қарқынмен дамуын талап етеді. Өкінішке қарай, біздегі жағдай осындай болды. (...) Кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. Біз бәріміз кінәліміз, қазіргі кезде облыстағы су тапшылығына мен кінәлімін, өйткені мен тұрғындардың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмаймын, егер осыны естігіңіз келсе... Кезінде сәтсіздік те, көптеген фактор да болды. Ал мынау кінәлі деп, олай айтуға болмайды", - деді Нұрлан Ноғаев. Сонымен қатар сұхбатта Каспий теңізінің таяздануы мен Ақтау қаласының қарқынды құрылысы туралы тақырыптар қозғалды. басылымының жазуынша, YouTube арнасының авторы, журналист Асхат Ниязов қарапайым қазақстандықтардың қалай өмір сүріп жатқаны және қандай қиындықтарға тап болғаны туралы әңгімелейтін сюжеттер түсіреді. | Саясат және экономика | false | https://kaz.nur.kz/politics/2033562-men-kinalimin-eger-osyny-estiginiz-kelse-nogaev-aqtaudagy-su-tapsylygyna-qatysty-zauap-berdi-video/ | 23 тамыз 2023, 08:32 |
kk | Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кетті: оқиғаның мән-жайын куәгерлер айтып берді | 21 тамызда Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде оқыс оқиға болып, бір әулеттің 11 адамы (оның тоғызы - бала) суға батып кеткен еді. Қайғылы оқиға туралы жергілікті тұрғындар айтып берді, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна мәліметінше, оқыс оқиға 21 тамызда кешкі сағат бес шамасында Сырдария өзенінде болған. Құдалыққа жиналған әулет тойдың ертесіне суға түсуге дәрияға барады. 20 адамның тең жартысы кәмелетке де толмаған балалар екен. Демалып жатқан кезде балалардың бірі суға тұншығып, оны құтқаруға ересектер ұмтылғанда, қалған балақайлар суға артынан секірген. "Бірінші сол үйдің бір баласы суға түсті деді. Кішкентай емес, 10-сыныпты бітіріп қойған сияқты. Содан соны құтқарам деп анасы кеткен. Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген дейді ғой. Құтқарам деп кеткені шығар, басқа не болады. Бір үйден бесеуі кетті, анасымен қосқанда. Бір үйден үшеу кетті. Бәрі бір атаның балалары ғой. Бір атадан төрт бала болса, соның ұл-қыздары ғой, немерелері", - дейді Көксарай ауылының тұрғыны Мұсабек Сарымбет. Тілшілер мәлім еткендей, суға кетіп жатқандардың "құтқарыңдар" деп шырылдаған дауысын жақын маңда балық аулап отырғандар мен іргедегі жолмен кетіп бара жатқан жұрт естіп көмекке келген. Әйтпесе суға 20 адамның бәрі түгел кетуі де мүмкін еді, дейді ауыл тұрғындары. "Осы жағада су терең. Сол жағадан шығардық. Шамамен бір-бір жарым метрден келетін су ғой. Ары қарай терең. Өзіміз шықтық, қолымыздан тартып бір-бірімізге көмектестік", - деп жуап берген екінші тұрғын. Телеарна дерегінше, сүңгуірлер оқиға орнынан бастап төрт шақырым өзен іші мен жағасын сүзіп, іздестіруде. Оған мотор қайықтар, 150 құтқарушы мен полицей тартылып, тіпті дрондар тартылған. "Біздің сүңгуірлер тек қолымен сипап, жер тырмалап, сол кезде үстінен түсіп қала ма деп іздеп жатыр. Басқа көрініс жоқ, көзге жөнді көрінбейді. 1350 шаршы метр жерді қарап шықтық", - деді Түркістан облысы ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Мұрат Қамбаров. Телеарна мәліметінше, Сырдарияның суы тартылғанымен, қазір іздеп жатқан тереңдік 3-5 метр екен. Суға кеткен 11 адамның екеуі әлі іздестіріліп жатыр. 10 жастағы қыз бен 12 жастағы ұлды тәулік бойы іздеп жатқан құтқарушылар қиындықтың көп екенін айтады. "Жағалауында тұрған ағаштар да су шайып, соның кесірінен, сүңгуірлердің айтуынша, су астында жатқан ағаш көп. Кедергі келтіріп жатыр. Сондықтан бұл жерде ағысы да өзгеруде. Судың беткі қабаты осылай ағып жатқанымен, астыңғы қабатының ағысы бөлектеу" - дейді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев. Аман қалған 49 жастағы әйел мен 9 және 8 жасар балалар Отырар ауданының ауруханасында емделіп жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дегенмен, қатты стресс алғанын айтты. Дереккөз: КТК арнасы | 21 тамызда Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде оқыс оқиға болып, бір әулеттің 11 адамы (оның тоғызы - бала) суға батып кеткен еді. Қайғылы оқиға туралы жергілікті тұрғындар айтып берді, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна мәліметінше, оқыс оқиға 21 тамызда кешкі сағат бес шамасында Сырдария өзенінде болған. Құдалыққа жиналған әулет тойдың ертесіне суға түсуге дәрияға барады. 20 адамның тең жартысы кәмелетке де толмаған балалар екен. Демалып жатқан кезде балалардың бірі суға тұншығып, оны құтқаруға ересектер ұмтылғанда, қалған балақайлар суға артынан секірген. "Бірінші сол үйдің бір баласы суға түсті деді. Кішкентай емес, 10-сыныпты бітіріп қойған сияқты. Содан соны құтқарам деп анасы кеткен. Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген дейді ғой. Құтқарам деп кеткені шығар, басқа не болады. Бір үйден бесеуі кетті, анасымен қосқанда. Бір үйден үшеу кетті. Бәрі бір атаның балалары ғой. Бір атадан төрт бала болса, соның ұл-қыздары ғой, немерелері", - дейді Көксарай ауылының тұрғыны Мұсабек Сарымбет. Тілшілер мәлім еткендей, суға кетіп жатқандардың "құтқарыңдар" деп шырылдаған дауысын жақын маңда балық аулап отырғандар мен іргедегі жолмен кетіп бара жатқан жұрт естіп көмекке келген. Әйтпесе суға 20 адамның бәрі түгел кетуі де мүмкін еді, дейді ауыл тұрғындары. "Осы жағада су терең. Сол жағадан шығардық. Шамамен бір-бір жарым метрден келетін су ғой. Ары қарай терең. Өзіміз шықтық, қолымыздан тартып бір-бірімізге көмектестік", - деп жуап берген екінші тұрғын. Телеарна дерегінше, сүңгуірлер оқиға орнынан бастап төрт шақырым өзен іші мен жағасын сүзіп, іздестіруде. Оған мотор қайықтар, 150 құтқарушы мен полицей тартылып, тіпті дрондар тартылған. "Біздің сүңгуірлер тек қолымен сипап, жер тырмалап, сол кезде үстінен түсіп қала ма деп іздеп жатыр. Басқа көрініс жоқ, көзге жөнді көрінбейді. 1350 шаршы метр жерді қарап шықтық", - деді Түркістан облысы ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Мұрат Қамбаров. Телеарна мәліметінше, Сырдарияның суы тартылғанымен, қазір іздеп жатқан тереңдік 3-5 метр екен. Суға кеткен 11 адамның екеуі әлі іздестіріліп жатыр. 10 жастағы қыз бен 12 жастағы ұлды тәулік бойы іздеп жатқан құтқарушылар қиындықтың көп екенін айтады. "Жағалауында тұрған ағаштар да су шайып, соның кесірінен, сүңгуірлердің айтуынша, су астында жатқан ағаш көп. Кедергі келтіріп жатыр. Сондықтан бұл жерде ағысы да өзгеруде. Судың беткі қабаты осылай ағып жатқанымен, астыңғы қабатының ағысы бөлектеу" - дейді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев. Аман қалған 49 жастағы әйел мен 9 және 8 жасар балалар Отырар ауданының ауруханасында емделіп жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дегенмен, қатты стресс алғанын айтты. | Оқыс оқиғалар | false | https://kaz.nur.kz/accidents/2033560-syrdariya-ozeninde-11-adam-suga-batyp-ketti-oqiganyn-man-zaiyn-kuagerler-aityp-berdi/ | 23 тамыз 2023, 08:01 |
kk | Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі | Синоптиктер бүгін, 23 тамызда ауа райы болжамы бойынша Қазақстанның үш ірі қаласында аптап ыстық күтіледі деп болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады. Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Астанада жауын-шашын күтілмейді, бірақ көшпелі бұлт шығады. Елордада күндіз ауа температурасы +31...+33 градусқа дейін көтерілсе, түнде +17...+19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады деп күтілуде. Синоптиктер 23 тамызда Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз болады деп болжады. Күндіз термометр көрсеткіші +32...+34, түнде +18...+20 градусты көрсетеді. Оңтістік астанада күндіз жел жылдамдығы 0-5 м/с болады. Сәрсенбіде Шымкентте аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +35 ... +37 градусқа дейін көтерілсе, түнде мегаполисте аздап салқындап, темометр +20 ... +22 градусты көрсетеді. Қалада бүгін желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетуі ықтимал. | Синоптиктер бүгін, 23 тамызда ауа райы болжамы бойынша Қазақстанның үш ірі қаласында аптап ыстық күтіледі деп болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады. Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Астанада жауын-шашын күтілмейді, бірақ көшпелі бұлт шығады. Елордада күндіз ауа температурасы +31...+33 градусқа дейін көтерілсе, түнде +17...+19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады деп күтілуде. Синоптиктер 23 тамызда Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз болады деп болжады. Күндіз термометр көрсеткіші +32...+34, түнде +18...+20 градусты көрсетеді. Оңтістік астанада күндіз жел жылдамдығы 0-5 м/с болады. Сәрсенбіде Шымкентте аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +35 ... +37 градусқа дейін көтерілсе, түнде мегаполисте аздап салқындап, темометр +20 ... +22 градусты көрсетеді. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033557-bugin-qazaqstannyn-megapolisterinin-birinde-37-gradusqa-deiin-qatty-ystyq-kutiledi/ | 23 тамыз 2023, 07:23 |
kk | Бүгінгі жұлдыз жорамал: 23 тамыз күні сізді не күтіп тұр | Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Үй шаруасымен айналысуды жоспарлаған болсаңыз, бұл жоспарды ертеңге қалдырып, жағымды дүниелермен айналысқаныңыз абзал :) Қиын күн күтіп тұр, бірақ сіз күрделі мәселелерден сытылып шыға аласыз. Ең бастысы - сабырлылық және салқындық. Эмоцияларға берілмеңіз, олар тек кедергі болады. Ұсақ-түйек нәрселерге күйгелектенбеңіз және маңызды мәселелерді шешу кезінде ойыңыздың бөлінуіне жол бермеңіз. Өзіңізге күтім жасауды ұмытпаңыз: кешке өзіңізге қажетті шөп шайды ішіп, таңертең дәрумен қабылдау жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгін жұмыста басталған қарым-қатынастар сезімге ұласуы мүмкін. Қолыңызға күтім жасаңыз: жаңа нәрлі крем сатып алып, өзіңізді қуантыңыз. Жасөспірім балаларыңыз болса, оларды тұрмыстық өмірдің қиындықтарымен таныстырып, көп жайт туралы ашық сөйлесіңіз. Ақпаратты жеңіл әрі түсінікті тілде жеткізіңіз. Бұл білім оған өмірде қажет болады. Бейнекүнделік бастау мүмкіндігін қарастырыңыз: бірнеше секундтық видео түсіруге және оны оңай фильмге айналдыруға мүмкіндік беретін қосымшалар бар. Бұл өміріңіздегі ең қуанышты және маңызды оқиғаларға назар аударуға және оларды жадыңызда сақтауға мүмкіндік береді. Бүгін сізді толғандыратын мәселелер бойынша достарыңыздан кеңес сұрауға болмайды. Өзіңізге сеніңіз және өзіңізге уақыт беріңіз, сіз не істеу керектігін білесіз және басқа біреудің пікіріне мұқтаж емессіз. Бүгін көңіл-күйіңіз керемет болады, жақындарыңыздың бірі сізді қуантады. Бүгін жұмысқа ертерек барыңыз: әдетте жұмысқа жететін көлігіңізбен мәселе туындап, кешігіп қалуыңыз мүмкін. Егер сіз ұзақ уақыт бойы досыңыздың сізге айтқан сөздеріне немесе әрекетіне ренжіген болсаңыз, мәселені шешудің уақыты келді. Достармен әңгіме барысында өткір әлеуметтік мәселелерге қатысты өз пікіріңізді білдіру кезінде ұстамды болуға тырысыңыз. Ортақ пікірге келмей, жанжалдасуыңыз мүмкін. Егер бүгін көңіл-күйіңіз болмаса, жақсы күндеріңізді есіңізге түсіріп, өткенді ойламаңыз, оданша сүйікті комедияңызды тамашалап, достарыңызбен және жан құрбыларыңызбен сырласқаныңыз жөн. Жыныстық қатынасты жақсартудың ең жақсы тәсілі - бір-біріңіздің қалауыңызға мән беру екенін естен шығармаңыз. Ол үшін онымен ашық сөйлесуді ұмытпаңыз. Тек жақсы нәрселерді жазатын алғыс журналын жүргізіңіз. Бұл сізге жақсылыққа назар аударуға және оны еске түсіруге мүмкіндік береді. Жақын достарыңыздың өмірінде өзгерістер болып жатыр. Сол үшін өз өміріңіздегі кей жайттарды өзгертуге тура келуде. Бұл адамдардың кейбірімен еш ойланбастан байланысты үзгеніңіз абзал. Сүйікті адам романтикаға бейім, сондықтан бүгін ашық болудан, сіз үшін өте маңызды нәрсені талқылаудан қорықпаңыз. Бүгін тәуекелге бармауыңыз керек және қатты шаршасаңыз да жұмысты немқұрайлы істемеуіңіз керек, бұл үшін сізге сөгіс жариялану қаупі бар. Денсаулығыңыз жақсы болуы үшін оған көбірек мән беріңіз. Кешке спортпен шұғылдану жақсы ұйықтауға септік болмақ. Маусымдық сатылымдарға назар аударыңыз: көңіліңізден шығатын жаңа затты табу ықтималдығы жоғары. Өзіңізге дәрумен сатып алыңыз - бұл сіздің денсаулығыңызға үлкен инвестиция. Бүгін достарыңызбен қарым-қатынасты сақтап қалу үшін сабырлық танытуға тура келеді. Әркімнің өз өмірі бар және достық пен жеке өмірдің шекарасы бар екенін ұмытпаңыз. Досыңыздың келесі туған күніне тосынсый ретінде кеш ұйымдастыруды ойластырыңыз. Сіздің идеяңыз барлық қатысушыға көптеген жағымды эмоция береді. Сізге өзіңізді бағалай білуді үйрену керек, сіз көбінесе кемшіліктерге назар аудара отырып, сыртқы келбетіңіздің артықшылықтарын байқамайсыз. | Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Үй шаруасымен айналысуды жоспарлаған болсаңыз, бұл жоспарды ертеңге қалдырып, жағымды дүниелермен айналысқаныңыз абзал :) Қиын күн күтіп тұр, бірақ сіз күрделі мәселелерден сытылып шыға аласыз. Ең бастысы - сабырлылық және салқындық. Эмоцияларға берілмеңіз, олар тек кедергі болады. Ұсақ-түйек нәрселерге күйгелектенбеңіз және маңызды мәселелерді шешу кезінде ойыңыздың бөлінуіне жол бермеңіз. Өзіңізге күтім жасауды ұмытпаңыз: кешке өзіңізге қажетті шөп шайды ішіп, таңертең дәрумен қабылдау жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгін жұмыста басталған қарым-қатынастар сезімге ұласуы мүмкін. Қолыңызға күтім жасаңыз: жаңа нәрлі крем сатып алып, өзіңізді қуантыңыз. Жасөспірім балаларыңыз болса, оларды тұрмыстық өмірдің қиындықтарымен таныстырып, көп жайт туралы ашық сөйлесіңіз. Ақпаратты жеңіл әрі түсінікті тілде жеткізіңіз. Бұл білім оған өмірде қажет болады. Бейнекүнделік бастау мүмкіндігін қарастырыңыз: бірнеше секундтық видео түсіруге және оны оңай фильмге айналдыруға мүмкіндік беретін қосымшалар бар. Бұл өміріңіздегі ең қуанышты және маңызды оқиғаларға назар аударуға және оларды жадыңызда сақтауға мүмкіндік береді. Бүгін сізді толғандыратын мәселелер бойынша достарыңыздан кеңес сұрауға болмайды. Өзіңізге сеніңіз және өзіңізге уақыт беріңіз, сіз не істеу керектігін білесіз және басқа біреудің пікіріне мұқтаж емессіз. Бүгін көңіл-күйіңіз керемет болады, жақындарыңыздың бірі сізді қуантады. Бүгін жұмысқа ертерек барыңыз: әдетте жұмысқа жететін көлігіңізбен мәселе туындап, кешігіп қалуыңыз мүмкін. Егер сіз ұзақ уақыт бойы досыңыздың сізге айтқан сөздеріне немесе әрекетіне ренжіген болсаңыз, мәселені шешудің уақыты келді. Достармен әңгіме барысында өткір әлеуметтік мәселелерге қатысты өз пікіріңізді білдіру кезінде ұстамды болуға тырысыңыз. Ортақ пікірге келмей, жанжалдасуыңыз мүмкін. Егер бүгін көңіл-күйіңіз болмаса, жақсы күндеріңізді есіңізге түсіріп, өткенді ойламаңыз, оданша сүйікті комедияңызды тамашалап, достарыңызбен және жан құрбыларыңызбен сырласқаныңыз жөн. Жыныстық қатынасты жақсартудың ең жақсы тәсілі - бір-біріңіздің қалауыңызға мән беру екенін естен шығармаңыз. Ол үшін онымен ашық сөйлесуді ұмытпаңыз. Тек жақсы нәрселерді жазатын алғыс журналын жүргізіңіз. Бұл сізге жақсылыққа назар аударуға және оны еске түсіруге мүмкіндік береді. Жақын достарыңыздың өмірінде өзгерістер болып жатыр. Сол үшін өз өміріңіздегі кей жайттарды өзгертуге тура келуде. Бұл адамдардың кейбірімен еш ойланбастан байланысты үзгеніңіз абзал. Сүйікті адам романтикаға бейім, сондықтан бүгін ашық болудан, сіз үшін өте маңызды нәрсені талқылаудан қорықпаңыз. Бүгін тәуекелге бармауыңыз керек және қатты шаршасаңыз да жұмысты немқұрайлы істемеуіңіз керек, бұл үшін сізге сөгіс жариялану қаупі бар. Денсаулығыңыз жақсы болуы үшін оған көбірек мән беріңіз. Кешке спортпен шұғылдану жақсы ұйықтауға септік болмақ. Маусымдық сатылымдарға назар аударыңыз: көңіліңізден шығатын жаңа затты табу ықтималдығы жоғары. Өзіңізге дәрумен сатып алыңыз - бұл сіздің денсаулығыңызға үлкен инвестиция. Бүгін достарыңызбен қарым-қатынасты сақтап қалу үшін сабырлық танытуға тура келеді. Әркімнің өз өмірі бар және достық пен жеке өмірдің шекарасы бар екенін ұмытпаңыз. Досыңыздың келесі туған күніне тосынсый ретінде кеш ұйымдастыруды ойластырыңыз. Сіздің идеяңыз барлық қатысушыға көптеген жағымды эмоция береді. | Калейдоскоп | false | https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033417-bugingi-zuldyz-zoramal-23-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/ | 23 тамыз 2023, 00:01 |
kk | Әйгілі италиялық әнші Тото Кутуньо дүниеден озды | Әйгілі италиялық әнші Тото Кутуньо 80 жасында дүниеден озды. Бұл туралы жергілікті ANSA ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Басылым мәліметінше, әнші бүгін, 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша 16:00 шамасында Миландағы Сан-Раффаэль ауруханасында қайтыс болған. Әншінің қазасы жайлы ақпарат агенттігіне оның менеджері Данило Манкузо хабарлаған. Манкузоның айтуынша, ұзаққа созылған дерттен соңғы кезде Тото Кутуньоның жағдайы нашарлап кеткен. Тото Кутуньо 1943 жылы 7 шілдеде Италияның Фоздиново қаласында дүниеге келген. Ол әлемге L'Italiano әнімен танымал. Сондай-ақ Тото Кутуньо кезінде әлемде хит болған Il tempo se ne va, La mia musica, Solo noi сынды танымал әндердің авторы. | Әйгілі италиялық әнші Тото Кутуньо 80 жасында дүниеден озды. Бұл туралы жергілікті ANSA ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады . Басылым мәліметінше, әнші бүгін, 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша 16:00 шамасында Миландағы Сан-Раффаэль ауруханасында қайтыс болған. Әншінің қазасы жайлы ақпарат агенттігіне оның менеджері Данило Манкузо хабарлаған. Манкузоның айтуынша, ұзаққа созылған дерттен соңғы кезде Тото Кутуньоның жағдайы нашарлап кеткен. Тото Кутуньо 1943 жылы 7 шілдеде Италияның Фоздиново қаласында дүниеге келген. Ол әлемге L'Italiano әнімен танымал. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033542-aigili-italiyalyq-ansi-toto-kutunyo-80-zasynda-dunieden-ozdy/ | 22 тамыз 2023, 21:47 |
kk | "Қаза болған және зардап шеккен адам бар": Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты | Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып салдарынан бір адам қаза болып, бір бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы. Ведомство мәліметінше, жол апаты бүгін, 22 тамызда сағат 15:00 шамасында болған. Анықталғандай, Ақтөбе қаласы Ө.Сейітов көшесінде ВАЗ-2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусы соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-да болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. Сол көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылған. Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын атап өтті. | Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып салдарынан бір адам қаза болып, бір бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы. Ведомство мәліметінше, жол апаты бүгін, 22 тамызда сағат 15:00 шамасында болған. Анықталғандай, Ақтөбе қаласы Ө.Сейітов көшесінде ВАЗ-2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусы соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-да болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. Сол көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылған. | Оқыс оқиғалар | false | https://kaz.nur.kz/accidents/2033540-qaza-bolgan-zane-zardap-sekken-adam-bar-aqtobede-avtobus-pen-zenil-kolik-soqtygysty/ | 22 тамыз 2023, 21:22 |
kk | "Қазақстан" шахтасындағы апат: Қарағанды облысының әкімдігі өңір тұрғындарына үндеу жасады | Қарағанды облысы "Қазақстан" шахтасындағы апатқа байланысты биыл өңірде Шахтер күніне арналған салтанатты шаралар өтпейді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі ресми сайтында хабарлады. "Қазақстан" шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шара тоқтатылады", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының барлығының денесі табылды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ олардың толық тізімін жариялады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. 19 тамызда үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілердің халін сұрады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 22 тамыз 8.00-дегі жағдай бойынша "Қазақстан" шахтасында жағдай әлі жақсармаған. Авариялық қазбадағы өрт ошақтары әлі де жанып жатыр. Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. | Қарағанды облысы "Қазақстан" шахтасындағы апатқа байланысты биыл өңірде Шахтер күніне арналған салтанатты шаралар өтпейді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі ресми сайтында хабарлады. "Қазақстан" шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шара тоқтатылады", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының барлығының денесі табылды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ олардың толық тізімін жариялады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. 19 тамызда үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілердің халін сұрады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 22 тамыз 8.00-дегі жағдай бойынша "Қазақстан" шахтасында жағдай әлі жақсармаған. Авариялық қазбадағы өрт ошақтары әлі де жанып жатыр. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033538-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-qaragandyda-biyl-saxter-kunine-arnalgan-saltanatty-saralar-otpeidi/ | 22 тамыз 2023, 20:58 |
kk | Сырдария өзеніндегі қайғылы жағдай: ТЖМ суға кеткендердің жасы туралы мәлімет таратты | Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның жасы туралы мәлімет таратты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, суға кеткен 11 адамның сегізі - кәмелет жасына толмағандар. Қазіргі таңда 9 адамның денесі табылған. Олар: Сондай-ақ 2011 жылы туған ұл бала мен 2013 жылы туған қыз бала іздестірілуде. Еске сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болған еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері. ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлды. Бүгін құтқарушылар тоғызыншы адамның денесін тауып, судан шығарғаны белгілі болды. | Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның жасы туралы мәлімет таратты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, суға кеткен 11 адамның сегізі - кәмелет жасына толмағандар. Қазіргі таңда 9 адамның денесі табылған. Олар: Сондай-ақ 2011 жылы туған ұл бала мен 2013 жылы туған қыз бала іздестірілуде. Еске сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болған еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері. ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлды. | Оқыс оқиғалар | false | https://kaz.nur.kz/accidents/2033535-syrdariya-ozenindegi-qaigyly-zagdai-tzm-suga-ketkenderdin-zasy-turaly-malimet-taratty/ | 22 тамыз 2023, 20:16 |
kk | Алматыда Тұрғыт Озал көшесінің бір бөлігі жабылады | Алматыда Тұрғыт Озал көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Соған байланысты, 22 тамыздан 23-тамызға қараған түні көшенің бір бөлігі жабылады, деп ескертті олар Almaty Joly компаниясыTelegram-дағы ресми арнасында. Компания мәліметінше, жол жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес, орташа жөндеу жоспарына Тұрғыт Озал көшесінің Төле би көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі ұзындығы 1,8 км аумағы енгізілді. "22 тамыз 23:00-ден 23 тамыз сағат 06:00-ге дейін Төле би көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі Тұрғыт Озал көшесінің бойындағы көлік қозғалысы шектеледі", - делінген хабарламада. Almaty Joly компаниясы бұл 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында қолға алынғанын атап өтті. | Алматыда Тұрғыт Озал көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Соған байланысты, 22 тамыздан 23-тамызға қараған түні көшенің бір бөлігі жабылады, деп ескертті олар Almaty Joly компаниясыTelegram-дағы ресми арнасында. Компания мәліметінше, жол жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес, орташа жөндеу жоспарына Тұрғыт Озал көшесінің Төле би көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі ұзындығы 1,8 км аумағы енгізілді. "22 тамыз 23:00-ден 23 тамыз сағат 06:00-ге дейін Төле би көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі Тұрғыт Озал көшесінің бойындағы көлік қозғалысы шектеледі", - делінген хабарламада. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033534-almatyda-turgyt-ozal-kosesinin-bir-boligi-zabylady/ | 22 тамыз 2023, 19:56 |
kk | Елімізде әскерге шақыру енді электронды түрде жүргізіледі | 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 17 жасқа толған азаматтардың құжаттары қарулы күштердің электронды базасына енгізіліп, әскерге шақыру электронды түрде жүргізіледі. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады. Телеарна мәліметінше, Қорғаныс министрлігінің бұл жобасы "Электрондық үкімет" порталы және "еGov" мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істейтін болады. Тіркеу барысында азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санаты айқындалады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы мәліметтер тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын болады. Ведомсво өкілдері қызмет түрлерін автоматтандыру арқылы қағазбастылық азайып, енді барлық құжат электронды түрде қолжетімді болатынын атап өтті. "Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалынатын болады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан, наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиардтан астам қаржысын және азаматтардың уақытын үнемдеп отырмыз", - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев. | 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 17 жасқа толған азаматтардың құжаттары қарулы күштердің электронды базасына енгізіліп, әскерге шақыру электронды түрде жүргізіледі. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады. Телеарна мәліметінше, Қорғаныс министрлігінің бұл жобасы "Электрондық үкімет" порталы және "еGov" мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істейтін болады. Тіркеу барысында азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санаты айқындалады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы мәліметтер тиісті ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын болады. Ведомсво өкілдері қызмет түрлерін автоматтандыру арқылы қағазбастылық азайып, енді барлық құжат электронды түрде қолжетімді болатынын атап өтті. "Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалынатын болады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан, наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033531-elimizde-askerge-saqyru-endi-elektrondy-turde-zurgiziledi/ | 22 тамыз 2023, 19:37 |
kk | Желіде "Сергек" камераларындағы ақпарат Қытайға жіберіледі деген ақпарат тарады | Желіде "Сергек" көше камералары қазақстандықтар туралы ақпаратты Қытайға жіберетіні туралы ақпарат тарады. Ақпараттың анық-қанығын тексеру үшін Stopfake сайты жауапты мекемелерден пікір алған. Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайттың жазуынша, бұл шындыққа жанаспайды. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен жұмыс алгоритмдерін толығымен қазақстандық IT мамандар жасаған. Бұл бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер - "Көркем Телеком" компаниясы. Сайт дерегінше, 2021 жылы аталған компанияның басқарма төрағасы Әсет Ахметов халықтың қауіпсіздігіне байланысты IT-шешімдердің егеменді болуы аса маңызды екенін айтқан. Sergek Group баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Stopfake хабарлауынша, "Сергек" камералары жинаған деректер басқа елдерге берілмейді. "Сергек" қоғамдық қауіпсіздік жүйесі камераларынан алынған деректер 30 күн, ал Жол қозғалысы ережелері бұзылғаны туралы деректер қазақстандық серверлерде мерзімсіз сақталады. Деректер құқық қорғау органдары үшін қол жетімді. "Сергек" камераларындағы деректерді шетелдегі үшінші тұлғаларға беру мүмкін емес", – деп жауап берген компания. | Желіде "Сергек" көше камералары қазақстандықтар туралы ақпаратты Қытайға жіберетіні туралы ақпарат тарады. Ақпараттың анық-қанығын тексеру үшін Stopfake сайты жауапты мекемелерден пікір алған. Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайттың жазуынша, бұл шындыққа жанаспайды. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен жұмыс алгоритмдерін толығымен қазақстандық IT мамандар жасаған. Бұл бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер - "Көркем Телеком" компаниясы. Сайт дерегінше, 2021 жылы аталған компанияның басқарма төрағасы Әсет Ахметов халықтың қауіпсіздігіне байланысты IT-шешімдердің егеменді болуы аса маңызды екенін айтқан. Sergek Group баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Stopfake хабарлауынша, "Сергек" камералары жинаған деректер басқа елдерге берілмейді. "Сергек" қоғамдық қауіпсіздік жүйесі камераларынан алынған деректер 30 күн, ал Жол қозғалысы ережелері бұзылғаны туралы деректер қазақстандық серверлерде мерзімсіз сақталады. Деректер құқық қорғау органдары үшін қол жетімді. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033528-zelide-sergek-kameralaryndagy-aqparat-qytaiga-ziberiledi-degen-aqparat-tarady/ | 22 тамыз 2023, 19:06 |
kk | Қазақстандық спортшы нысана көздеуден әлем чемпионатында алғашқы жетілікке енді | Бакуде нысана көздеуден әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін ерлер пневматикалық винтовкамен 50 метрден жатып оқу атудан бақ сынады, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл бағдарламадан іріктеуге ұлттық құраманың 3 спортшысы қатысты. Олардың арасынан үздік нәтижені Константин Малиновский көрсетті. Ол 624 ұпай жинап, 7-орын алды. Отандасымыздың қола медаль үшін таласуына 1 ұпай жетпей қалды. Ал Ислам Сәтпаев 41, (617,8 балл), Юрий Юрков 55-орынды (614,3 балл) місе тұтты. Осылайша, командалық есепте ерлер құрамасы (1856.1 ұпай) 10-орын алды. Чехиялық Петр Нимбурски чемпион атанса, қытайлық Линьшу Ду күміс, Ян Лочбилер (Швейцария) қола медаль жеңіп алды. Бұл сында барлығы 73 атлет шеберлік байқасты. Мұнда олар жатып 60 оқ атуы керек. Қазір жаттығудың бұл түрі Олимпиада бағдарламасына кірмейді. | Бакуде нысана көздеуден әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін ерлер пневматикалық винтовкамен 50 метрден жатып оқу атудан бақ сынады, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл бағдарламадан іріктеуге ұлттық құраманың 3 спортшысы қатысты. Олардың арасынан үздік нәтижені Константин Малиновский көрсетті. Ол 624 ұпай жинап, 7-орын алды. Отандасымыздың қола медаль үшін таласуына 1 ұпай жетпей қалды. Ал Ислам Сәтпаев 41, (617,8 балл), Юрий Юрков 55-орынды (614,3 балл) місе тұтты. Осылайша, командалық есепте ерлер құрамасы (1856.1 ұпай) 10-орын алды. Чехиялық Петр Нимбурски чемпион атанса, қытайлық Линьшу Ду күміс, Ян Лочбилер (Швейцария) қола медаль жеңіп алды. Бұл сында барлығы 73 атлет шеберлік байқасты. Мұнда олар жатып 60 оқ атуы керек. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033529-qazaqstandyq-sportsy-nysana-kozdeuden-alem-cempionatynda-algasqy-zetilikke-endi/ | 22 тамыз 2023, 18:53 |
kk | Қырғызстанмен шекарада жүздеген жүк көлігі тұрып қалды: ҰҚК жағдайды түсіндірді | Бүгін Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында жүздеген жүк көлігі кептелісте тұрып қалған болатын. Оқиғаға қатысты ҰҚК жауап берді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында. "Шекара қызметі шекаралық аймақта, сонымен қатар шекаралық өткізу пункттерінде құқыққа қайшы іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асыруда", - деді ҰҚК өкілдері. ҰҚК баспасөз қызметі қандай да бір шектеулер енгізілмегенін мәлімдеді. "Өткізу пункттері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс жасауда", - делінген хабарламада. Құзырлы орган тексеру уақытының регламенттік нормативтері қатаң сақталып, автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында өтіп жатқанын жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тоқтап қалғаны туралы хабарланған болатын. Сонымен қатар оқиғаға қатысты Қаржы министрі Ерұлан Жасаубаев жүк көліктерінің кептелісі есірткі тәркілеу операциясына байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. | Бүгін Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында жүздеген жүк көлігі кептелісте тұрып қалған болатын. Оқиғаға қатысты ҰҚК жауап берді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында. "Шекара қызметі шекаралық аймақта, сонымен қатар шекаралық өткізу пункттерінде құқыққа қайшы іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асыруда", - деді ҰҚК өкілдері. ҰҚК баспасөз қызметі қандай да бір шектеулер енгізілмегенін мәлімдеді. "Өткізу пункттері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс жасауда", - делінген хабарламада. Құзырлы орган тексеру уақытының регламенттік нормативтері қатаң сақталып, автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында өтіп жатқанын жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тоқтап қалғаны туралы хабарланған болатын. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033524-qyrgyzstanmen-sekarada-zuzdegen-zuk-koligi-turyp-qaldy-uqk-zagdaidy-tusindirdi/ | 22 тамыз 2023, 18:27 |
kk | "Бұрыш баллонымен шабуыл жасаған": Алматыда жас жігіт ұсталды | Алматыда полицейлер жастарға бұрыш баллонымен шабуыл жасап, смартфондарын тартып алған деген күдікпен 20 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы. Полицейлердің мәліметінше, тәртіп сақшылары күдікті 2003 жылы туған азаматты Әуезов ауданында ұстаған. "Шабуыл жасағанда күш көрсетіп, бұрыш баллонымен қорқытқан. Жалғыз өтіп бара жатқандар жігіттің талабын орындаған. Осыған ұқсас қылмыстардың бірі Ақсай ықшамауданында жасалған. Ешкім жоқ аллеяда ол жасөспірімнен ұялы телефон мен ақшасын алып кеткен", - деді Әуезов аудандық ІІБ басшысы Ұлан Әбілқайыр. ІІБ басшысы ұсталған азаматтың басқа да тонау әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. ІІМ мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де ақпарат таратуға жатпайтыны атап өтілген. | Алматыда полицейлер жастарға бұрыш баллонымен шабуыл жасап, смартфондарын тартып алған деген күдікпен 20 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталы. Полицейлердің мәліметінше, тәртіп сақшылары күдікті 2003 жылы туған азаматты Әуезов ауданында ұстаған. "Шабуыл жасағанда күш көрсетіп, бұрыш баллонымен қорқытқан. Жалғыз өтіп бара жатқандар жігіттің талабын орындаған. Осыған ұқсас қылмыстардың бірі Ақсай ықшамауданында жасалған. Ешкім жоқ аллеяда ол жасөспірімнен ұялы телефон мен ақшасын алып кеткен", - деді Әуезов аудандық ІІБ басшысы Ұлан Әбілқайыр. ІІБ басшысы ұсталған азаматтың басқа да тонау әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033520-burys-ballonymen-sabuyl-zasagan-almatyda-zas-zigit-ustaldy/ | 22 тамыз 2023, 18:10 |
kk | Қырғызстанмен шекарада жүздеген жүк көлігі кептелісіне қатысты Қаржы министрі пікір білдірді | Бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қырғызстанмен шекарадағы жүк көліктерінің тоқтап қалып, кептеліс туғызғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. БАҚ өкілдері Қырғызстанмен шекарада 370-тен астам жүк көлігі тұрып қалғанын атап өтті. Олар жағдайдың немен байланысты екенін түсіндіруді сұрады. "Ол жерде кеден жоқ, бұл - ЕАЭО-ның ішкі шекарасы. Менің білуімше, есірткіні тәркілеу операциясы болған, сондықтан қазір шекара қызметі мен ҰҚК мұқият тексеру жүргізуде", - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев Оның айтуынша, коммерциялық жүктерге қатысты талаптар болмаған. Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тоқтап қалғаны туралы хабарланған болатын. Бірақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ешқандай шектеу қойылмағанын, бақылау-өткізу бекетінің күнделікті жұмыс істейтінін айтқан еді. | Бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қырғызстанмен шекарадағы жүк көліктерінің тоқтап қалып, кептеліс туғызғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды . БАҚ өкілдері Қырғызстанмен шекарада 370-тен астам жүк көлігі тұрып қалғанын атап өтті. Олар жағдайдың немен байланысты екенін түсіндіруді сұрады. "Ол жерде кеден жоқ, бұл - ЕАЭО-ның ішкі шекарасы. Менің білуімше, есірткіні тәркілеу операциясы болған, сондықтан қазір шекара қызметі мен ҰҚК мұқият тексеру жүргізуде", - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев Оның айтуынша, коммерциялық жүктерге қатысты талаптар болмаған. Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тоқтап қалғаны туралы хабарланған болатын. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033515-qyrgyzstanmen-sekarada-zuzdegen-zuk-koligi-keptelisine-qatysty-qarzy-ministri-pikir-bildirdi/ | 22 тамыз 2023, 17:38 |
kk | Жамбыл облысының алты ауданында төтенше жағдай жарияланды | Жамбыл облысы Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарында қалыптасқан өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімдігі ресми сайтында хабарлады Облыс әкімідігінің мәліметінше, премьер-министрдің өкімімен "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 48-бабына сәйкес Жамбыл облысы Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарында қалыптасқан өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осыған сәйкес, облыстың аталған аудандарында ауа райының қалыптан тыс ыстық болуы және судың тапшылығы салдарынан орын алған шаруалардың шығынын өтеуге үкіметтен төтенше резервінен қаражат бөлу мәселесі өз шешімін табуда. Еске сала кетейік, жалпы, ағымдағы жылы облыс бойынша суармалы судың жетіспеушілігі мен температураның қалыптан жоғары болуына байланысты дақылдардың шығыны өткен жылмен салыстырғанда 25-30 пайызға төмен болады деп күтілуде. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ағымдағы жылдың шілде айының ортасында премьер-министрдіңтөрағалығымен өткен кеңесте облыс басшылығының бастамасымен өңірлік төтенше жағдай жариялау туралы мәселе көтерілген болатын. Үкімет басшысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің, "Қазсушар" Жамбыл облыстық филиалының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енген. | Жамбыл облысы Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарында қалыптасқан өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімдігі ресми сайтында хабарлады Облыс әкімідігінің мәліметінше, премьер-министрдің өкімімен "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 48-бабына сәйкес Жамбыл облысы Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарында қалыптасқан өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осыған сәйкес, облыстың аталған аудандарында ауа райының қалыптан тыс ыстық болуы және судың тапшылығы салдарынан орын алған шаруалардың шығынын өтеуге үкіметтен төтенше резервінен қаражат бөлу мәселесі өз шешімін табуда. Еске сала кетейік, жалпы, ағымдағы жылы облыс бойынша суармалы судың жетіспеушілігі мен температураның қалыптан жоғары болуына байланысты дақылдардың шығыны өткен жылмен салыстырғанда 25-30 пайызға төмен болады деп күтілуде. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ағымдағы жылдың шілде айының ортасында премьер-министрдіңтөрағалығымен өткен кеңесте облыс басшылығының бастамасымен өңірлік төтенше жағдай жариялау туралы мәселе көтерілген болатын. Үкімет басшысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033511-zambyl-oblysynyn-alty-audanynda-totense-zagdai-zariyalandy/ | 22 тамыз 2023, 16:57 |
kk | Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігі кептелісте тоқтап қалды (видео) | Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақ-Тілек – автожол" бақылау-өткізу бекетінің алдында 430-ға жуық жүк көлігі тоқтап қалып, кептеліс пайда болды. Жағдайды Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі түсіндірді. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасаған "24.kg" агенттігінің хабарлауынша, Шу облысындағы "Ақ-Тілек-автодорожный" бақылау-өткізу бекетінде сейсенбіде сағат 12:00-де Қырғызстаннан шығу үшін 430-ға жуық көлік тоқтаған. Кеше Қазақстаннан Қырғызстанға 274 көлік жол тартты. "ҰҚК Шекара қызметі шектеу қойған жоқ, бақылау-өткізу бекеті күнделікті жұмыс істейді", - деп жазды басылым. Еске салайық, шілде айының соңында қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі тіркелген болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, төрт бақылау бекетіндегі жүйелердің бірі істен шыққан еді. | Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақ-Тілек – автожол" бақылау-өткізу бекетінің алдында 430-ға жуық жүк көлігі тоқтап қалып, кептеліс пайда болды. Жағдайды Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі түсіндірді. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасаған "24.kg" агенттігінің хабарлауынша, Шу облысындағы "Ақ-Тілек-автодорожный" бақылау-өткізу бекетінде сейсенбіде сағат 12:00-де Қырғызстаннан шығу үшін 430-ға жуық көлік тоқтаған. Кеше Қазақстаннан Қырғызстанға 274 көлік жол тартты. "ҰҚК Шекара қызметі шектеу қойған жоқ, бақылау-өткізу бекеті күнделікті жұмыс істейді", - деп жазды басылым. Еске салайық, шілде айының соңында қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі тіркелген болатын. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033504-qyrgyzstan-men-qazaqstan-sekarasynda-400-den-astam-zuk-koligi-kepteliste-toqtap-qaldy-video/ | 22 тамыз 2023, 16:37 |
kk | Қазақстанда БЖЗҚ-дан ұлғайтылған зейнетақы төлемдерін алуға кімнің құқы бар | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) төлемдері зейнетақы жинақтарының жарты пайызынан астамын құрайды. Бірақ кейбір азаматтар олардың мөлшерін ұлғайтуға құқылы. Есептеу әдістемесімен KAZ.NUR.KZ журналистері танысты. БЖЗҚ-да жинақталған қаражат есебінен жасалатын зейнетақы төлемдері мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыға қосымша төленеді және бөлек есептеледі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, зейнетақы тағайындалғаннан кейінгі бірінші жылы зейнеткер өзінің жинақталған жалпы сомасының 6,5%-ын алуға тиіс. Бұл айына шамамен 0,54%-ды құрайды. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемі 5%-ға артуға тиіс. Мәселен, зейнеткерлік жасқа жеткен салымшы 6 млн теңге жинады делік. Бұл ретте оның ай сайынғы зейнетақы төлемі БЖЗҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторының есебі бойынша бірінші жылы 34 085,20 теңгені құрайды. Ал келесі жылы ол шамамен 35 789,46 теңгеге дейін өсіп, зейнетақы шотындағы жинақталған қаражат таусылғанша төленеді. Айта кетейік, олар инвестициялық табыс есебінен өсе береді. БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес, кемінде бес жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген салымшылар үшін зейнетақы төлемдерін ұлғайту көзделген. Яғни, бұл төлемдерді зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген қызметкерлер ала алады. Бұл негізінен өнеркәсіп және өндіріс саласының мамандары. Тізімге, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлері, көлік қызметкерлері, балет әртістері және т.б. кіреді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін мұндай салымшыларға зейнетақы төлемдерін бір жарым есеге жуық өсіру мүмкіндігі қарастырылған. Дәлірек айтқанда, зейнетақы төлемінің мөлшері жоғарыда сипатталған жолмен 1,45 түзету коэффициентіне көбейтілуі керек. Мысалы, БЖЗҚ шотында кемінде бес жыл зиянды еңбек жағдайларында еңбек еткен салымшы 6 миллион теңге жинады делік. Түзету коэффициентін ескере отырып, бірінші жылы оның ай сайынғы зейнетақы төлемдері 49 423,54 теңгеге тең болады. Келер жылы олар да 5 пайызға өсіп, жинаған қаражаты таусылғанша төленеді. Мерзімі шектелмеген бірінші және екінші топтағы мүгедек азаматтардың зейнетақы төлемдері де жоғарыда аталған қағида бойынша ұлғайтылады. Еске салайық, оларды 18 жастан асқан БЖЗҚ салымшылары ала алады. Мүгедектік бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері стандартты әдіс бойынша анықталады және жасына сәйкес коэффициентке көбейтіледі. 18 бен 63 жас аралығындағы бірінші топтағы мүгедектер үшін, сәйкесінше 0,74-тен 1,69-ға дейін, ал екінші топтағылар үшін 0,59-дан 1,27-ге дейін. Мысалы, БЖЗҚ салымшысына 50 жасында мүгедектіктің екінші тобы мерзімсіз белгіленіп, ол зейнетақы төлемдерін ресімдеуге шешім қабылдады делік. Осы уақытқа дейін ол 6 миллион теңге жинады. Аталған жас пен мүгедектік тобы үшін түзету коэффициенті 1,12 құрайды. Нәтижесінде ай сайынғы төлем 38 175,42 теңге болса, одан кейінгі жылдары ол да 5 пайызға артуға тиіс. Бұл ретте, барлық алушы үшін ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем болмайтыдығын еске саламыз және де тиісті қаржы жылына белгіленген сома бойынша есептеледі. Биыл бұл сома 28 396,9 теңгені құрайды. Яғни, егер аз сома есептелген болса, онда алушыға мүмкін болатын ең төменгі сома тағайындалады. Ал егер өтініш берген күні жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, онда ол БЖЗҚ-дан бірден төленеді. 2023 жылы ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгеге тең. Демек, егер салымшы ағымдағы жылы төлем жасау құқығы басталған кезде 636 912 теңге және одан аз қаражат жинаса, онда бұл ақша оған бірден беріледі, ал зейнетақы төлемдері бұдан әрі зейнетақы төлемдері жүргізілмейді. | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) төлемдері зейнетақы жинақтарының жарты пайызынан астамын құрайды. Бірақ кейбір азаматтар олардың мөлшерін ұлғайтуға құқылы. Есептеу әдістемесімен журналистері танысты. БЖЗҚ-да жинақталған қаражат есебінен жасалатын зейнетақы төлемдері мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыға қосымша төленеді және бөлек есептеледі. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес, зейнетақы тағайындалғаннан кейінгі бірінші жылы зейнеткер өзінің жинақталған жалпы сомасының 6,5%-ын алуға тиіс. Бұл айына шамамен 0,54%-ды құрайды. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемі 5%-ға артуға тиіс. Мәселен, зейнеткерлік жасқа жеткен салымшы 6 млн теңге жинады делік. Бұл ретте оның ай сайынғы зейнетақы төлемі БЖЗҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторының есебі бойынша бірінші жылы 34 085,20 теңгені құрайды. Ал келесі жылы ол шамамен 35 789,46 теңгеге дейін өсіп, зейнетақы шотындағы жинақталған қаражат таусылғанша төленеді. Айта кетейік, олар инвестициялық табыс есебінен өсе береді. БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес, кемінде бес жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген салымшылар үшін зейнетақы төлемдерін ұлғайту көзделген. Яғни, бұл төлемдерді зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген қызметкерлер ала алады. Бұл негізінен өнеркәсіп және өндіріс саласының мамандары. Тізімге, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлері, көлік қызметкерлері, балет әртістері және т.б. кіреді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін мұндай салымшыларға зейнетақы төлемдерін бір жарым есеге жуық өсіру мүмкіндігі қарастырылған. Дәлірек айтқанда, зейнетақы төлемінің мөлшері жоғарыда сипатталған жолмен 1,45 түзету коэффициентіне көбейтілуі керек. Мысалы, БЖЗҚ шотында кемінде бес жыл зиянды еңбек жағдайларында еңбек еткен салымшы 6 миллион теңге жинады делік. Түзету коэффициентін ескере отырып, бірінші жылы оның ай сайынғы зейнетақы төлемдері 49 423,54 теңгеге тең болады. Келер жылы олар да 5 пайызға өсіп, жинаған қаражаты таусылғанша төленеді. Мерзімі шектелмеген бірінші және екінші топтағы мүгедек азаматтардың зейнетақы төлемдері де жоғарыда аталған қағида бойынша ұлғайтылады. Еске салайық, оларды 18 жастан асқан БЖЗҚ салымшылары ала алады. Мүгедектік бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері стандартты әдіс бойынша анықталады және жасына сәйкес коэффициентке көбейтіледі. 18 бен 63 жас аралығындағы бірінші топтағы мүгедектер үшін, сәйкесінше 0,74-тен 1,69-ға дейін, ал екінші топтағылар үшін 0,59-дан 1,27-ге дейін. Мысалы, БЖЗҚ салымшысына 50 жасында мүгедектіктің екінші тобы мерзімсіз белгіленіп, ол зейнетақы төлемдерін ресімдеуге шешім қабылдады делік. Осы уақытқа дейін ол 6 миллион теңге жинады. Аталған жас пен мүгедектік тобы үшін түзету коэффициенті 1,12 құрайды. Нәтижесінде ай сайынғы төлем 38 175,42 теңге болса, одан кейінгі жылдары ол да 5 пайызға артуға тиіс. Бұл ретте, барлық алушы үшін ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем болмайтыдығын еске саламыз және де тиісті қаржы жылына белгіленген сома бойынша есептеледі. Биыл бұл сома 28 396,9 теңгені құрайды. Яғни, егер аз сома есептелген болса, онда алушыға мүмкін болатын ең төменгі сома тағайындалады. Ал егер өтініш берген күні жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, онда ол БЖЗҚ-дан бірден төленеді. 2023 жылы ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгеге тең. | Қаржы | false | https://kaz.nur.kz/nurfin/2033481-qazaqstanda-bzzq-dan-ulgaitylgan-zeinetaqy-tolemderin-aluga-kimnin-quqy-bar/ | 22 тамыз 2023, 16:04 |
kk | 18 жастағы қазақ теннисшісі Аружан Сағандықова әлемдік рейтингте бірден 87 сатыға көтерілді | Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингілерінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 4-позицияда қалды. Еске салсақ, өткен аптада Рыбакина Цинциннати (АҚШ) турнирінде өнер көрсеткен болатын. Алайда 1/8 финалда жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Юлия Путинцева бұрынғыша 79-орында тұр. Ал 18 жастағы Аружан Сағандықованың рейтингі бара-бара жақсарып келеді. Екі апта бұрын ол 1056-позициядан тұрған еді. Өткен аптада 958-орынға көтерілсе, қазір 871-позицияда орналасқан. Жұптық сында Анна Данилина екі позициясын жоғалтып, 28-інші болды. Ал Жібек Құламбаева 178-орында қалды. | Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингілерінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 4-позицияда қалды. Еске салсақ, өткен аптада Рыбакина Цинциннати (АҚШ) турнирінде өнер көрсеткен болатын. Алайда 1/8 финалда жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Юлия Путинцева бұрынғыша 79-орында тұр. Ал 18 жастағы Аружан Сағандықованың рейтингі бара-бара жақсарып келеді. Екі апта бұрын ол 1056-позициядан тұрған еді. Өткен аптада 958-орынға көтерілсе, қазір 871-позицияда орналасқан. Жұптық сында Анна Данилина екі позициясын жоғалтып, 28-інші болды. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033502-18-zastagy-qazaq-tennissisi-aruzan-sagandyqova-alemdik-reitingte-birden-87-satyga-koterildi/ | 22 тамыз 2023, 16:00 |
kk | "Салмақ ауыстырамын": Махмұд Сабырханнан жеңілген Серік Теміржанов бокстағы мансабына қатысты мәлімдеме жасады | Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов алдағы мансабына қатысты ақпаратпен бөлісті. Спортшы салмақ ауыстыратынын мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz. Айта кетелік, Астанада өткен "Елорда кубогі турнирінде 57 келіде сынға түсетін Теміржанов әлем чемпионы Махмұд Сабырханға есе жіберген болатын. Содан соң олимпиадалық салмақ тізгіні Махмұдқа өтті. "Ташкенттегі әлем чемпионаты мен Астанадағы халықаралық турнирде салмақ жағынан проблема болды деп ойлаймын. 57 келіде сынға түсу үшін 7-8 келі салмақ қуып жүрдім. Бұрын жеңіл еді, қазір қиындап кетті. Аталған екі жарыстағы сәтсіздікке де салмақ себеп болды деп ойлаймын. Өйткені дайындығым жақсы еді. Қазіргі таңда салмақ ауыстырамыз деп шештік. 60 немесе 63,5 келіге ауысуым мүмкін. Олимпиадаға дейін нақты белгілі болады. Азия ойындарына баратын тізім жарияланған жоқ. Кім баратынын мен білмеймін. Егер Азиадаға апаратын болса, 63,5 келіде қатысатын едім. Астанадағы халықаралық сыннан соң Махмұд туралы жиі сұрайды. Махмұд менің бауырым, ара қатынасымыз да жақсы. Бәріміздің мақсатымыз бір – елімізді әлемге танытып, көк туымызды желбірету. Сондықтан командадағы барлық жігітке тілеулеспін", - деді Теміржанов. | Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов алдағы мансабына қатысты ақпаратпен бөлісті. Спортшы салмақ ауыстыратынын мәлімдеді, деп жазады Айта кетелік, Астанада өткен "Елорда кубогі турнирінде 57 келіде сынға түсетін Теміржанов әлем чемпионы Махмұд Сабырханға есе жіберген болатын. Содан соң олимпиадалық салмақ тізгіні Махмұдқа өтті. "Ташкенттегі әлем чемпионаты мен Астанадағы халықаралық турнирде салмақ жағынан проблема болды деп ойлаймын. 57 келіде сынға түсу үшін 7-8 келі салмақ қуып жүрдім. Бұрын жеңіл еді, қазір қиындап кетті. Аталған екі жарыстағы сәтсіздікке де салмақ себеп болды деп ойлаймын. Өйткені дайындығым жақсы еді. Қазіргі таңда салмақ ауыстырамыз деп шештік. 60 немесе 63,5 келіге ауысуым мүмкін. Олимпиадаға дейін нақты белгілі болады. Азия ойындарына баратын тізім жарияланған жоқ. Кім баратынын мен білмеймін. Егер Азиадаға апаратын болса, 63,5 келіде қатысатын едім. Астанадағы халықаралық сыннан соң Махмұд туралы жиі сұрайды. Махмұд менің бауырым, ара қатынасымыз да жақсы. Бәріміздің мақсатымыз бір – елімізді әлемге танытып, көк туымызды желбірету. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033498-salmaq-auystyramyn-maxmud-sabyrxannan-zenilgen-serik-temirzanov-bokstagy-mansabyna-qatysty-malimdeme-zasady/ | 22 тамыз 2023, 15:50 |
kk | Мектепке хиджаб киюге бола ма: Оқу-ағарту министрі жауап берді | Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет кулуарында елімізде мектепке хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Мектептерде хиджаб кию мәселесі бойынша министр Ғани Бейсембаев еліміздің Конституциясы мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сілтеме жасай отырып, пікір білдірді. "Талап бойынша барлық оқушы мектепке мектеп формасымен келуі керек. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Бұл білім алуға тең мүмкіндіктер беру аясында жасалып жатыр. Осы тұрғыда ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы заң аясында және бекітілген талаптар аясында болады", - деді ол. БАҚ өкілдері "бұл хиджаб киіп мектепке баруға болмайды дегенді білдіре ме" деп сұрады. Сондай-ақ олар "ата-аналар мектептерде хиджаб киюге рұқсат етілмесе, митингке шығамыз" деген пікірлерін әлеуметтік желі арқылы білдіргенін де атап өтті. "Формаға қандай талаптар қойылады, солай болуы керек. Мектепке барудың басты мақсаты - сапалы білім алу. Ал ата-аналар бұл жерде басқа мәселелерді араластырмауы керек. Бала сапалы білім алып, ата-аналар осыған үлес қосуы керек. Бәріміз заңға бағынуымыз керек: Конституция бар, бізде зайырлы мемлекет делінген, сондықтан балалар мектеп формасын кию керек. Бұл - талап. Бұл тұрғыда ештеңе өзгерген жоқ", - деді министр. Бірақ "егер бала мектепке хиджаб киіп келген болса, мектеп әкімшілігі не істеу керек" деген сұраққа Ғани Бейсембаев нақты жауап бермеді. Ол сұраққа сұрақпен жауап беруді жөн көрді. "Сіз қалай ойлайсыз? Олар мектеп формасымен келуі керек. Бұл мектеп емес пе?", - деді министр. Айта кетейік, елімізде оқушылардың хиджаб кию мәселесі жыл сайын көтеріледі. | Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет кулуарында елімізде мектепке хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды . Мектептерде хиджаб кию мәселесі бойынша министр Ғани Бейсембаев еліміздің Конституциясы мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сілтеме жасай отырып, пікір білдірді. "Талап бойынша барлық оқушы мектепке мектеп формасымен келуі керек. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Бұл білім алуға тең мүмкіндіктер беру аясында жасалып жатыр. Осы тұрғыда ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы заң аясында және бекітілген талаптар аясында болады", - деді ол. БАҚ өкілдері "бұл хиджаб киіп мектепке баруға болмайды дегенді білдіре ме" деп сұрады. Сондай-ақ олар "ата-аналар мектептерде хиджаб киюге рұқсат етілмесе, митингке шығамыз" деген пікірлерін әлеуметтік желі арқылы білдіргенін де атап өтті. "Формаға қандай талаптар қойылады, солай болуы керек. Мектепке барудың басты мақсаты - сапалы білім алу. Ал ата-аналар бұл жерде басқа мәселелерді араластырмауы керек. Бала сапалы білім алып, ата-аналар осыған үлес қосуы керек. Бәріміз заңға бағынуымыз керек: Конституция бар, бізде зайырлы мемлекет делінген, сондықтан балалар мектеп формасын кию керек. Бұл - талап. Бұл тұрғыда ештеңе өзгерген жоқ", - деді министр. Бірақ "егер бала мектепке хиджаб киіп келген болса, мектеп әкімшілігі не істеу керек" деген сұраққа Ғани Бейсембаев нақты жауап бермеді. Ол сұраққа сұрақпен жауап беруді жөн көрді. "Сіз қалай ойлайсыз? Олар мектеп формасымен келуі керек. Бұл мектеп емес пе?", - деді министр. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033491-mektepke-xidzab-kiyuge-bola-ma-oqu-agartu-ministri-zauap-berdi/ | 22 тамыз 2023, 15:46 |
kk | "Әйелі үйден шыға алмай қалған": Алматы облысында үйі өртеніп кеткен мүгедек азамат екі баламен далада қалды (фото, видео) | 18 тамыз күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылында екінші топтағы мүгедек Төремұратов Мұхтардың үйі өртеніп кетті. Әйелі Қамчыбек Береке екі баласын құтқарамын деп жүріп, өртенген үйден шыға алмай қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Қайғылы жағдай жайлы ер адамның қарындасы Құралай Төремұратова баяндап берді. "Оқиға жұма күні орын алды. Мен үйге сағат 20:10-да барғанымда, толықтай жанып кеткен еді. Үйдің жарығынан ақау кетіп, өрт басталған. Ол уақытта ағам үйде болмаған. Ал жеңгем балаларын құтқарамын деп жүріп, өзі үйден шыға алмай қалған. Мен тұрмыстамын, бөлек тұрамын. Үй бес бөлмелі, өзіміз салған едік. Жеңгемді кеше, яғни 21 тамыз күні жер қойнына тапсырдық", - деді қарындасы Құралай Төремұратова. Қарындасының айтуынша, 1987 жылы туған Төремұратов Мұхтар екінші топ мүгедегі. 2022 жылдың сәуірінде ота жасалған, ішегі жоқ, осы себепті де жұмыссыз. Ал жеңгесі Береке 1991 жылы дүниеге келген екен. Қазір Берекені жоқтап, екінші топтағы мүгедектігі бар Төремұратов Мұхтар мен оның ұлдары алты жастағы Өмірсерік пен төрт жастағы Әнуар қалды. "Көпшіліктен қазір ағам мен балаларына қолдан келгенше қаржылай немесе үй алып беруге көмек көрсетуін сұраймын. Денсаулығы сыр берген ағам мен екі кішкентай баласы далада қалды", - деді Құралай Төремұратова. | 18 тамыз күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылында екінші топтағы мүгедек Төремұратов Мұхтардың үйі өртеніп кетті. Әйелі Қамчыбек Береке екі баласын құтқарамын деп жүріп, өртенген үйден шыға алмай қалған, деп хабарлайды тілшісі. Қайғылы жағдай жайлы ер адамның қарындасы Құралай Төремұратова баяндап берді. "Оқиға жұма күні орын алды. Мен үйге сағат 20:10-да барғанымда, толықтай жанып кеткен еді. Үйдің жарығынан ақау кетіп, өрт басталған. Ол уақытта ағам үйде болмаған. Ал жеңгем балаларын құтқарамын деп жүріп, өзі үйден шыға алмай қалған. Мен тұрмыстамын, бөлек тұрамын. Үй бес бөлмелі, өзіміз салған едік. Жеңгемді кеше, яғни 21 тамыз күні жер қойнына тапсырдық", - деді қарындасы Құралай Төремұратова. Қарындасының айтуынша, 1987 жылы туған Төремұратов Мұхтар екінші топ мүгедегі. 2022 жылдың сәуірінде ота жасалған, ішегі жоқ, осы себепті де жұмыссыз. Ал жеңгесі Береке 1991 жылы дүниеге келген екен. Қазір Берекені жоқтап, екінші топтағы мүгедектігі бар Төремұратов Мұхтар мен оның ұлдары алты жастағы Өмірсерік пен төрт жастағы Әнуар қалды. "Көпшіліктен қазір ағам мен балаларына қолдан келгенше қаржылай немесе үй алып беруге көмек көрсетуін сұраймын. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033279-aieli-uiden-syga-almai-qalgan-almaty-oblysynda-uii-ortenip-ketken-mugedek-azamat-eki-balamen-dalada-qaldy-foto-video/ | 22 тамыз 2023, 15:39 |
kk | 2024 жылы зейнетақы қорынан алуға болатын шекті сома қалай өзгереді | Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында 2024 жылы БЖЗҚ-дан алуға болатын шекті сома қалай өзгеретінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, елімізде айлық есептік көрсеткіш өседі. "Қазір 1 АЕК 3450 теңгеге тең. Бірақ АЕК-тің өзгеретінін ескерсек, ереже өзгереді. (БЖЗҚ жеткілікті шегі - ред.) аздап жоғары болатын шығар", - деді ол. Оның сөзінше, Оның айтуынша, бюджет процесіндегі АЕК әділ көрсеткіш, өйткені ол экономикада болып жатқан инфляциялық процестерді ескереді. "АЕК өскен сайын ол әлеуметтік шығындарға, жәрдемақыға, соның ішінде азаматтардың БЖЗҚ-дан алуына рұқсат берілген сомасына да әсер етеді", - деді Қаржы министрі. | Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында 2024 жылы БЖЗҚ-дан алуға болатын шекті сома қалай өзгеретінін айтты, деп жазады тілшісі. Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, елімізде айлық есептік көрсеткіш өседі. "Қазір 1 АЕК 3450 теңгеге тең. Бірақ АЕК-тің өзгеретінін ескерсек, ереже өзгереді. (БЖЗҚ жеткілікті шегі - ред.) аздап жоғары болатын шығар", - деді ол. Оның сөзінше, Оның айтуынша, бюджет процесіндегі АЕК әділ көрсеткіш, өйткені ол экономикада болып жатқан инфляциялық процестерді ескереді. | Қаржы | false | https://kaz.nur.kz/nurfin/2033490-2024-zyly-zeinetaqy-qorynan-aluga-bolatyn-sekti-soma-qalai-ozgeredi/ | 22 тамыз 2023, 15:21 |
kk | "Тұрғындар "жоқ" десе, жаңа орын іздейміз": Энергетика министрлігі Үлкен ауылындағы АЭС құрылысы туралы айтты | Үкімет кулуарында Энергетика вице-министрі Алматы облысындағы Үлкен ауылында өтіп жатқан қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша ғана атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданатыны айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Вице-министр Жандос Нұрмағамбетов "Атом энергиясын пайдалану туралы" заңға сәйкес, атом электр станциясы салынатын жерді әкімдіктің келісімі негізінде үкімет шешетінін атап өтті. "Министрліктің ведомствоаралық комиссиясы бірінші станцияны Үлкен ауылының маңында орналастыру керектігін айтып отыр. Біз Алматы облысының мәслихатынан сұраған едік. Олар бұл жобаны ауыл жұртшылығы қолдаса деген шартпен келісімін берді. Тұрғындар, белсенділер, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен қазір қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Сол жерде қойылған сұрақтың барлығын да біз талдаймыз", - деп сендірді ол. Ол қоғамдық тыңдаулардың қорытындысын күтуге шақырды. "Орналасқан жері туралы шешімді анықтау үшін Алматы облысы әкімдігінің қорытындысы қажет. Бүгін "иә" немесе жоқ" деген жауапты әкімдік айтады. Осыдан кейін бұл станцияны орналастыру туралы шешім қабылданады. Бірақ станция салынбастан бұрын техникалық-экономикалық негіздемесі жасалады. Қоршаған ортаға әсерді бағалау, барлық мүдделі тараптың пікірі жиналады. Бұл жұмыс енді ғана басталып жатыр", - деп толықтырды вице-министр. Вице-министрге журналистер ауыл тұрғындары қарсы дауыс берсе, не болмақ деген нақты сауал қойды. "Егер бүгін тұрғындардың көпшілігі "жоқ" десе, Алматы облысы мәслихатының шешімі күшіне енбейді. Яғни рұқсат бермесе, жаңа орын іздейміз", - деп жауап берді Нұрмағамбетов. | Үкімет кулуарында Энергетика вице-министрі Алматы облысындағы Үлкен ауылында өтіп жатқан қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша ғана атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданатыны айтты, деп хабарлайды тілшісі. Вице-министр Жандос Нұрмағамбетов "Атом энергиясын пайдалану туралы" заңға сәйкес, атом электр станциясы салынатын жерді әкімдіктің келісімі негізінде үкімет шешетінін атап өтті. "Министрліктің ведомствоаралық комиссиясы бірінші станцияны Үлкен ауылының маңында орналастыру керектігін айтып отыр. Біз Алматы облысының мәслихатынан сұраған едік. Олар бұл жобаны ауыл жұртшылығы қолдаса деген шартпен келісімін берді. Тұрғындар, белсенділер, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен қазір қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Сол жерде қойылған сұрақтың барлығын да біз талдаймыз", - деп сендірді ол. Ол қоғамдық тыңдаулардың қорытындысын күтуге шақырды. "Орналасқан жері туралы шешімді анықтау үшін Алматы облысы әкімдігінің қорытындысы қажет. Бүгін "иә" немесе жоқ" деген жауапты әкімдік айтады. Осыдан кейін бұл станцияны орналастыру туралы шешім қабылданады. Бірақ станция салынбастан бұрын техникалық-экономикалық негіздемесі жасалады. Қоршаған ортаға әсерді бағалау, барлық мүдделі тараптың пікірі жиналады. Бұл жұмыс енді ғана басталып жатыр", - деп толықтырды вице-министр. Вице-министрге журналистер ауыл тұрғындары қарсы дауыс берсе, не болмақ деген нақты сауал қойды. "Егер бүгін тұрғындардың көпшілігі "жоқ" десе, Алматы облысы мәслихатының шешімі күшіне енбейді. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033478-turgyndar-zoq-dese-zana-oryn-izdeimiz-energetika-ministrligi-ulken-auylyndagy-aes-qurylysy-turaly-aitty/ | 22 тамыз 2023, 15:07 |
kk | Еуропа чемпионатына іріктеу: алдағы екі матчқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды | 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Финляндия мен Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайтын құрам анықталды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Финляндия (7 қыркүйек) және Солтүстік Ирландия (10 қыркүйек) құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады. Жалпы тізімге 33 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы") , Данил Устименко ("Қайрат"), Александр Заруцкий ("Астана"); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Бағдат Қайыров, Роман Асранкулов (екеуі де – "Тобыл"), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – "Астана"), Еркін Тапалов ("Қызылжар"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Лев Скворцов ("Химки", Ресей); Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – "Ордабасы"), Бақтиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – "Ақтөбе"), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (барлығы – "Астана"), Рамазан Оразов, Ислам Чесноков (екеуі де – "Тобыл"); Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – "Астана"), Вячеслав Швырев ("Қайрат"), Рамазан Кәрімов ("Мақтаарал"), Иван Свиридов ("Шахтёр"); Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Эльшад Хинизов – бейнеоператор. Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Астанада басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 7 қыркүйек күні Магомед Адиев командасы Финляндияны қабылдайды. Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Үш күннен кейін біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы 19:00-ге жоспарланған. Екі матч та "Астана Арена" стадионында өтеді. | 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Финляндия мен Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайтын құрам анықталды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Финляндия (7 қыркүйек) және Солтүстік Ирландия (10 қыркүйек) құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады. Жалпы тізімге 33 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы") , Данил Устименко ("Қайрат"), Александр Заруцкий ("Астана"); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Бағдат Қайыров, Роман Асранкулов (екеуі де – "Тобыл"), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – "Астана"), Еркін Тапалов ("Қызылжар"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Лев Скворцов ("Химки", Ресей); Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – "Ордабасы"), Бақтиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – "Ақтөбе"), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (барлығы – "Астана"), Рамазан Оразов, Ислам Чесноков (екеуі де – "Тобыл"); Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – "Астана"), Вячеслав Швырев ("Қайрат"), Рамазан Кәрімов ("Мақтаарал"), Иван Свиридов ("Шахтёр"); Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Эльшад Хинизов – бейнеоператор. Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Астанада басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 7 қыркүйек күні Магомед Адиев командасы Финляндияны қабылдайды. Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Үш күннен кейін біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы 19:00-ге жоспарланған. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033486-europa-cempionatyna-irikteu-aldagy-eki-matcqa-qatysatyn-qazaqstan-quramasynyn-tizimi-zariyalandy/ | 22 тамыз 2023, 15:05 |
kk | Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аяқталды (видео) | Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. Айта кетейік, 20 тамызда мемлекет басшысы Вьетнамға ресми сапармен барған болатын. Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды. Кейін Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг президент сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды. Сонымен қатар екі елдің басшылары келіссөздер жүргізіп, бірнеше құжатқа қол қойды. Одан бөлек Ақорда президенттің Вьетнамға сапары туралы коммюнике жариялады. | Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. Айта кетейік, 20 тамызда мемлекет басшысы Вьетнамға ресми сапармен барған болатын. Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды. Кейін Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг президент сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды. Сонымен қатар екі елдің басшылары келіссөздер жүргізіп, бірнеше құжатқа қол қойды. | Саясат және экономика | false | https://kaz.nur.kz/politics/2033483-toqaevtyn-vetnamga-resmi-sapary-ayaqtaldy-video/ | 22 тамыз 2023, 14:38 |
kk | "Жемістерді кептіргіш тоқта қосулы күйде қалған": Өскеменде тоғыз қабатты үйден өрт шықты | Өскеменде 30-шы гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде таңғы уақытта өрт шығып, 20-ға жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады. ТЖМ мәліметінше, тоғыз қабатты үйде шыққан өрт жайлы "101" қызметіне тұрғындардың бірі хабарлаған. Оқиға орнына ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру құрамы дереу жіберілген. "Өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерден шыққан түтінді анықтады. Барлау жүргізгеннен кейін жиһаздар мен заттардың жанып жатқаны анықталды. Бірінші кезекте өрт сөндірушілер түтін аймағынан 19 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 2 бала бар", - делінген хабарламада. Өртті сөндіруге жеке құрамнан барлығы 35 адам және 10 техника жұмылдырылған. "Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді", - деп қосты ведомстводан. ТЖМ алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін екенін атап өтті. Атап айтқанда, өрт көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіштің тоқта қосулы күйде қалып қоюы салдарынан шығуы ықтимал деген болжам қарастырылуда. Сондай-ақ ТЖД өкілдері электр жабдықтары мен электр құралдарын пайдалану кезіндегі ережелерді еске салды: | Өскеменде 30-шы гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде таңғы уақытта өрт шығып, 20-ға жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады. ТЖМ мәліметінше, тоғыз қабатты үйде шыққан өрт жайлы "101" қызметіне тұрғындардың бірі хабарлаған. Оқиға орнына ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру құрамы дереу жіберілген. "Өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерден шыққан түтінді анықтады. Барлау жүргізгеннен кейін жиһаздар мен заттардың жанып жатқаны анықталды. Бірінші кезекте өрт сөндірушілер түтін аймағынан 19 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 2 бала бар", - делінген хабарламада. Өртті сөндіруге жеке құрамнан барлығы 35 адам және 10 техника жұмылдырылған. "Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді", - деп қосты ведомстводан. ТЖМ алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін екенін атап өтті. Атап айтқанда, өрт көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіштің тоқта қосулы күйде қалып қоюы салдарынан шығуы ықтимал деген болжам қарастырылуда. | Оқыс оқиғалар | false | https://kaz.nur.kz/accidents/2033420-zemisterdi-keptirgis-toqta-qosuly-kuide-qalgan-oskemende-togyz-qabatty-uiden-ort-syqty/ | 22 тамыз 2023, 13:58 |
kk | Түркістан облысында 11 адам суға кеткен қайғылы оқиға: тоғызыншы адамның денесі табылды | ТЖМ Түркістан облысы Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде суға батқандар туралы жаңа ақпарат жариялап, тоғызыншы адамның денесі табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. ТЖМ мәліметінше, суға батқан 11 адамның ішінен ТЖД күшімен 9 адамның, оның ішінде 3 әйелдің және кәмелетке толмаған 6 баланың денесі табылып, судан шығарылған, кәмелет жасына толмаған 2 баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда. Ведомство іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы жұмылдырылғанын атап өтті. "Тек шомылуға рұқсат етілген жерлерде суға түсіңіздер! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Мас күйінде суға түсуге тыйым салынады", - деп ескертті ТЖМ өкілдері. Сондай-ақ ТЖМ оқиға орнынан суреттер жариялады. Еске салайық, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер - өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері. ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар ТЖД қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, денесі табылған сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар екенін, ал іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі кәмелет жасына толмағанын атап өтті. Бұдан бөлек Түркістан облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты жаңа мәліметті бөлісіп, отбасы мүшелерінің суға шомылуға арнайы бармағанын атап өтті. | ТЖМ Түркістан облысы Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде суға батқандар туралы жаңа ақпарат жариялап, тоғызыншы адамның денесі табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. ТЖМ мәліметінше, суға батқан 11 адамның ішінен ТЖД күшімен 9 адамның, оның ішінде 3 әйелдің және кәмелетке толмаған 6 баланың денесі табылып, судан шығарылған, кәмелет жасына толмаған 2 баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда. Ведомство іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы жұмылдырылғанын атап өтті. "Тек шомылуға рұқсат етілген жерлерде суға түсіңіздер! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Мас күйінде суға түсуге тыйым салынады", - деп ескертті ТЖМ өкілдері. Сондай-ақ ТЖМ оқиға орнынан суреттер жариялады. Еске салайық, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер - өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері. ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар ТЖД қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, денесі табылған сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар екенін, ал іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі кәмелет жасына толмағанын атап өтті. | Оқыс оқиғалар | false | https://kaz.nur.kz/accidents/2033469-syrdariya-ozenindegi-qaigyly-zagdai-suga-batqan-togyzynsy-adamnyn-denesi-tabyldy/ | 22 тамыз 2023, 13:30 |
kk | Астанада Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот процесі қайта басталды | Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты ісі бойынша сот процесі қайта басталды. Бұған дейін оны 8 жылға бас бостандығынан айыру үкімі жойылған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін елордада өтіп жатқан сот бірінші инстанция ережесі бойынша апелляциялық деп саналады. Соттың құрамында үш судья бар. Сот алқасының төрағасы – Айсұлу Сламбекова. Қаралып жатқан қылмыстық іс прокурор бұған дейін айып таққан QazaqGaz басқармасының бұрынғы басшысы Қайрат Боранбаев пен басқа да тұлғаларға қатысты – олар сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңгені жымқырды және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырды деп айыпталуда. Сот отырысында Боранбаев "процессуалдық келісім аясында" кінәсін мойындайтынын айтты. Бұған дейін адвокаттар осы келісімге отыру туралы өтініш берген болатын. Келісім талаптары ары қарай сот отырыстарында талқыланатын болады. Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаев пен тағы екі айыпталушыға қатысты Ресей газын сатып алу кезінде жымқыру дерегі бойынша шыққан бірінші инстанция сотының үкімін жойған болатын. Қайрат Боранбаев биыл 31 мамырда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сондай-ақ "АзияГазЧунджаның" тең құрылтайшысы Роман Наханов пен Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. | Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты ісі бойынша сот процесі қайта басталды. Бұған дейін оны 8 жылға бас бостандығынан айыру үкімі жойылған болатын, деп хабарлайды . Бүгін елордада өтіп жатқан сот бірінші инстанция ережесі бойынша апелляциялық деп саналады. Соттың құрамында үш судья бар. Сот алқасының төрағасы – Айсұлу Сламбекова. Қаралып жатқан қылмыстық іс прокурор бұған дейін айып таққан QazaqGaz басқармасының бұрынғы басшысы Қайрат Боранбаев пен басқа да тұлғаларға қатысты – олар сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңгені жымқырды және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырды деп айыпталуда. Сот отырысында Боранбаев "процессуалдық келісім аясында" кінәсін мойындайтынын айтты. Бұған дейін адвокаттар осы келісімге отыру туралы өтініш берген болатын. Келісім талаптары ары қарай сот отырыстарында талқыланатын болады. Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаев пен тағы екі айыпталушыға қатысты Ресей газын сатып алу кезінде жымқыру дерегі бойынша шыққан бірінші инстанция сотының үкімін жойған болатын. Қайрат Боранбаев биыл 31 мамырда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033463-astanada-boranbaevqa-qatysty-sot-otyrysy-qaita-bastaldy/ | 22 тамыз 2023, 13:18 |
kk | "Күйеуімнің ата-анасы таңдайды": Айжан Байзақова болашақ сәбиіне қандай есім таңдағанын айтты (фото) | 2022 жылдың күзінде тұрмысқа шыққан Айжан Байзақова екінші сәбиінің есімін кім қоятынын айтты. Танымал блогер гендер-пати жасап, болашақ нәрестесінің ұл бала екенін анықтаған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Блогер Instagram парақшасында оқырманының сауалына жауап берді. Желі қолданушысының бірі Байзақовадан "Ұлыңызға қандай есім қоясыз?", - деп сұраған. Ал Айжан Байзақова екінші ұлының есімін күйеуінің ата-анасы қоятынын айтты. "Есімді Нұрбектің (күйеуімнің - ред.) ата-анасы таңдайды. Біз шамалап білеміз. Бізге ұнайды", - деп жауап берді Айжан Байзақова. Айта кетейік, жақында Айжан Байзақова гендер-пати жасаған болатын. | 2022 жылдың күзінде тұрмысқа шыққан Айжан Байзақова екінші сәбиінің есімін кім қоятынын айтты. Танымал блогер гендер-пати жасап, болашақ нәрестесінің ұл бала екенін анықтаған болатын, деп жазады . Блогер Instagram парақшасында оқырманының сауалына жауап берді. Желі қолданушысының бірі Байзақовадан "Ұлыңызға қандай есім қоясыз?", - деп сұраған. Ал Айжан Байзақова екінші ұлының есімін күйеуінің ата-анасы қоятынын айтты. "Есімді Нұрбектің (күйеуімнің - ред.) ата-анасы таңдайды. Біз шамалап білеміз. Бізге ұнайды", - деп жауап берді Айжан Байзақова. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033457-kuieuimnin-ata-anasy-tandaidy-aizan-baizaqova-bolasaq-sabiine-qandai-esim-tandaganyn-aitty-foto/ | 22 тамыз 2023, 12:44 |
kk | ТЖ министрі Түркістан облысында 11 адам суға кеткен қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді | Бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Төтенше жағдайлар министрі күні кеше Түркістан облысы Сырдария өзенінде болған қайғылы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Еске сала кетейік, кеше, 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде 11 адамның суға кеткені хабарланды. Қайғылы оқиға автокөлік көпірінің маңында болған. Осы орайда БАҚ өкілдері ТЖ министрінен бұл жайттың қалай болғанын сұрады. "Біз қазір тек іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ тергеу органдары бұл оқиғаның қалай болғанын, себебін анықтауға кірісті. Әзірге себебі белгісіз, белгілісі ол жер шомылуға арналмаған. Адамдар демалуға барған – төрт отбасы. Өкінішке қарай, осындай қайғылы оқиға болып отыр", – дейді Сырым Шәріпханов. Сонымен қатар министр жауапты адамдарды жауапкершікке тарту қарастырылғанын ба, жоқ па деген сауалға: "Бұл тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша белгілі болады", – деп жауап берді. Айта кетейік, ТЖД бастапқыда суға кеткен 11 адамның алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар ТЖД қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, денесі табылған сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар екенін, іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі кәмелет жасына толмағанын хабарлады. | Бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Төтенше жағдайлар министрі күні кеше Түркістан облысы Сырдария өзенінде болған қайғылы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды тілшісі. Еске сала кетейік, кеше, 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде 11 адамның суға кеткені хабарланды. Қайғылы оқиға автокөлік көпірінің маңында болған. Осы орайда БАҚ өкілдері ТЖ министрінен бұл жайттың қалай болғанын сұрады. "Біз қазір тек іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ тергеу органдары бұл оқиғаның қалай болғанын, себебін анықтауға кірісті. Әзірге себебі белгісіз, белгілісі ол жер шомылуға арналмаған. Адамдар демалуға барған – төрт отбасы. Өкінішке қарай, осындай қайғылы оқиға болып отыр", – дейді Сырым Шәріпханов. Сонымен қатар министр жауапты адамдарды жауапкершікке тарту қарастырылғанын ба, жоқ па деген сауалға: "Бұл тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша белгілі болады", – деп жауап берді. Айта кетейік, ТЖД бастапқыда суға кеткен 11 адамның алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын. | Оқыс оқиғалар | false | https://kaz.nur.kz/accidents/2033430-tz-ministri-syrdariyadagy-qaigyly-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi/ | 22 тамыз 2023, 12:22 |
kk | "Өте ауыр тиді": 33 жастағы қазақ футболшысы Елдос Ахметов үлкен спортпен қоштасты | Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Елдос Ахметов кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы ол желідегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Құрметті жанкүйерлер, достар, әріптестер! Мен кәсіби мансабымды аяқтаймын деп шешім қабылдадым. Осы шешім мен үшін өте ауыр тиді, себебі биылғы маусымда Павлодардан кетіп, футбол жолымды басқа командада жалғастырғым келді. Тіпті ұлттық құрамаға оралып, жігіттерге көмектесемін деп ойладым. Бірақ Алланың адамға деген өз жоспары бар. Өкінішке орай, денсаулық жағдайыма байланысты кәсіби футболда ойыншы ретінде қалуға мүмкіндігім жоқ. Қанша тырыссам да, кез-келген матч немесе жаттығу денсаулығыма ауыр зиян келтіреді. Алдағы болашақта футболда қаламын деп шештім, сондықтан бапкерлік білім алып, отандық футболымыздың дамуына үлесімді қосқым келеді", - деп жазды Ахметов. Елдос Ахметов Тараз футбол мектебінің түлегі. Ол "Астана" сапында еліміздің екі дүркін чемпионы атанған. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында 17 матч өткізген. | Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Елдос Ахметов кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы ол желідегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды . "Құрметті жанкүйерлер, достар, әріптестер! Мен кәсіби мансабымды аяқтаймын деп шешім қабылдадым. Осы шешім мен үшін өте ауыр тиді, себебі биылғы маусымда Павлодардан кетіп, футбол жолымды басқа командада жалғастырғым келді. Тіпті ұлттық құрамаға оралып, жігіттерге көмектесемін деп ойладым. Бірақ Алланың адамға деген өз жоспары бар. Өкінішке орай, денсаулық жағдайыма байланысты кәсіби футболда ойыншы ретінде қалуға мүмкіндігім жоқ. Қанша тырыссам да, кез-келген матч немесе жаттығу денсаулығыма ауыр зиян келтіреді. Алдағы болашақта футболда қаламын деп шештім, сондықтан бапкерлік білім алып, отандық футболымыздың дамуына үлесімді қосқым келеді", - деп жазды Ахметов. Елдос Ахметов Тараз футбол мектебінің түлегі. Ол "Астана" сапында еліміздің екі дүркін чемпионы атанған. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033456-ote-auyr-tidi-33-zastagy-qazaq-futbolsysy-eldos-axmetov-ulken-sportpen-qostasty/ | 22 тамыз 2023, 12:17 |
kk | "Үйден ұзатылдым": Ақерке Бүркітбай ұзату тойынан видео жариялады (видео) | Әли Оқаповтың жұбайы Ақерке Бүркітбай ұзатылған сәтін көпшілікке көрсетті. Өнер иесі видеоны Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбай мен Әли Оқаповтың шаңырақ көтергеніне үш жылдың жүзі толған. "Бүгін ұзатылып, жаңа жанұялық өмірге қадам басқан күнім. Ғұмырлы, бақытты отбасы болайық. Үш жыл", - деп жазды Ақерке Бүркітбай. Сонымен қатар әнші 2020 жылы карантин уақыты болғандықтан, үйінен ұзатылғанын да баяндап берді. "2020 жыл карантин уақыты болғандықтан ешқайда шыға алмадық. Естелік болсын деп, осы видеоны үйдің ауласында түсіргенбіз. Жақын туыс, дос, ағайын жиналып, ырымын жасап, үйден ұзатылдым. Анашымның арқасында осы видеоны архивтен тауып алдық", - деп жазды Ақерке Бүркітбай. Айта кетейік, биылғы жылдың ақпанында Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлды болды. | Әли Оқаповтың жұбайы Ақерке Бүркітбай ұзатылған сәтін көпшілікке көрсетті. Өнер иесі видеоны Instagram парақшасында жариялады, деп жазады . "Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбай мен Әли Оқаповтың шаңырақ көтергеніне үш жылдың жүзі толған. "Бүгін ұзатылып, жаңа жанұялық өмірге қадам басқан күнім. Ғұмырлы, бақытты отбасы болайық. Үш жыл", - деп жазды Ақерке Бүркітбай. Сонымен қатар әнші 2020 жылы карантин уақыты болғандықтан, үйінен ұзатылғанын да баяндап берді. "2020 жыл карантин уақыты болғандықтан ешқайда шыға алмадық. Естелік болсын деп, осы видеоны үйдің ауласында түсіргенбіз. Жақын туыс, дос, ағайын жиналып, ырымын жасап, үйден ұзатылдым. Анашымның арқасында осы видеоны архивтен тауып алдық", - деп жазды Ақерке Бүркітбай. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033433-uiden-uzatyldym-aqerke-burkitbai-uzatu-toiynyn-videosyn-kopsilikke-bolisti-video/ | 22 тамыз 2023, 11:56 |
kk | Анасы жасырған: футболдан әлем чемпионы атанған қыздың әкесі финал алдында қайтыс болды | Футболдан әлем чемпионы атанған Испания құрамасының капитаны Ольга Кармонаның әкесі финал алдында қайтыс болды. Ал анасы бұл хабарды ойын біткенше жасырған, деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Ольга Кармона финалда Англия құрамасының қақпасына жалғыз гол соғып, командасын тұңғыш рет чемпиондыққа алып келді. Ал финалдан бір күн бұрын Ольганың әкесі көз жұмған. Сиднейде өткен шешуші матчқа аттанар алдында футболшының анасы да бұл хабарды естиді. Бірақ қаралы хабарды қызынан да, Испания футбол федерациясынан да жасырған. Ольгаға әкесінің қазасы туралы финалдық матч аяқталған соң естіртеді. Сондай-ақ Ольга Кармона доп тебетін "Реал Мадрид" клубы ресми түрде қаралы жайтты жариялап, футболшыға көңіл айтады. Кармона матчтан соң әкесі туралы жантебірентерлік сөз қозғады. "Сенің маған күш бергеніңді білемін. Осы кеште мені қарап отырғаныңды да білемін. Қош бол, әке. Бұл мен үшін ең күшті әрі ең жаман күн болды. Менің осы бір тарихи сәттен ләззат алғанымды көргің келгенін білемін. Бұл жеңісім саған арналады, әке", - деді Кармона. | Футболдан әлем чемпионы атанған Испания құрамасының капитаны Ольга Кармонаның әкесі финал алдында қайтыс болды. Ал анасы бұл хабарды ойын біткенше жасырған, деп хабарлайды сайтына сілтеме жасаған . Ольга Кармона финалда Англия құрамасының қақпасына жалғыз гол соғып, командасын тұңғыш рет чемпиондыққа алып келді. Ал финалдан бір күн бұрын Ольганың әкесі көз жұмған. Сиднейде өткен шешуші матчқа аттанар алдында футболшының анасы да бұл хабарды естиді. Бірақ қаралы хабарды қызынан да, Испания футбол федерациясынан да жасырған. Ольгаға әкесінің қазасы туралы финалдық матч аяқталған соң естіртеді. Сондай-ақ Ольга Кармона доп тебетін "Реал Мадрид" клубы ресми түрде қаралы жайтты жариялап, футболшыға көңіл айтады. Кармона матчтан соң әкесі туралы жантебірентерлік сөз қозғады. "Сенің маған күш бергеніңді білемін. Осы кеште мені қарап отырғаныңды да білемін. Қош бол, әке. Бұл мен үшін ең күшті әрі ең жаман күн болды. Менің осы бір тарихи сәттен ләззат алғанымды көргің келгенін білемін. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033438-anasy-zasyrgan-alem-cempionatynda-zenis-golyn-soqqan-futbolsynyn-final-aldynda-akesi-qaitys-boldy/ | 22 тамыз 2023, 11:53 |
kk | "Арнайы суға шомылуға не демалуға бармаған": Түркістан облысында 11 адам суға кеткен оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты | Кеше, 21 тамыз күні Түркістан облысы Отырар ауданында бір әулеттің 11 адамы суға кеткені туралы хабарланды. Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Әкімдіктің баспасөз хатшысының айтуынша, төрт ағайынды азаматтың отбасы отбасылық іс-шарадан қайтып келе жатып, демалуға өзенге тоқтаған. Сол жерде олардың балаларының бірінің аяғы тайып кетіп, ондағылар құтқаруға ұмтылған. "Олардың барлығы тойдан кейінгі киімде болған. Арнайы өзен жағасына суға шомылуға не демалуға бармаған", - деп пікір білдірді ол. Еске сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері. ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар ТЖД қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, денесі табылған сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар екенін, ал іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі кәмелет жасына толмағанын атап өтті. | Кеше, 21 тамыз күні Түркістан облысы Отырар ауданында бір әулеттің 11 адамы суға кеткені туралы хабарланды. Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды тілшісі. Әкімдіктің баспасөз хатшысының айтуынша, төрт ағайынды азаматтың отбасы отбасылық іс-шарадан қайтып келе жатып, демалуға өзенге тоқтаған. Сол жерде олардың балаларының бірінің аяғы тайып кетіп, ондағылар құтқаруға ұмтылған. "Олардың барлығы тойдан кейінгі киімде болған. Арнайы өзен жағасына суға шомылуға не демалуға бармаған", - деп пікір білдірді ол. Еске сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен. ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері. ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын. | Оқыс оқиғалар | false | https://kaz.nur.kz/accidents/2033434-arnaiy-suga-somyluga-ne-demaluga-barmagan-turkistan-oblysynda-11-adam-suga-ketken-oqigaga-qatysty-zana-derek-syqty/ | 22 тамыз 2023, 11:40 |
kk | Ибрагим Күлшімбаев ТЖ бірінші вице-министрі қызметінен босатылды | Ибрагим Күлшімбаев еліміздің Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады. "Үкімет қаулысымен Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев берген өтінішіне сәйкес Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. Ибрагим Күлшімбаев 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2004 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Амантау кеңшарында автопарк механигі болып бастаған. 1996-1999 жылдары — Қорғаныс министрлігі 1-армия корпусы 78 танк дивизиясы 143 танк полкінің штаб бастығының орынбасары, танк взводының командирі. 2000-2004 жылдары — ТЖМ 52859 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары. 2004-2005 жылдары — Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар басқармасы Дайындық және оқыту орталығының бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымында жұмыс істеген. 2009-2013 жылдары ТЖМ-ның 52859 әскери бөліміне басшылық еткен. 2013-2016 жылдары — Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары. 2016-2020 жылдары Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болды. | Ибрагим Күлшімбаев еліміздің Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады. "Үкімет қаулысымен Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев берген өтінішіне сәйкес Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. Ибрагим Күлшімбаев 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2004 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Амантау кеңшарында автопарк механигі болып бастаған. 1996-1999 жылдары — Қорғаныс министрлігі 1-армия корпусы 78 танк дивизиясы 143 танк полкінің штаб бастығының орынбасары, танк взводының командирі. 2000-2004 жылдары — ТЖМ 52859 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары. 2004-2005 жылдары — Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар басқармасы Дайындық және оқыту орталығының бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымында жұмыс істеген. 2009-2013 жылдары ТЖМ-ның 52859 әскери бөліміне басшылық еткен. 2013-2016 жылдары — Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары. 2016-2020 жылдары Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы. | Саясат және экономика | false | https://kaz.nur.kz/politics/2033443-ibragim-kulsimbaev-qr-tzm-birinsi-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/ | 22 тамыз 2023, 11:26 |
kk | Жүз метрге жүгіруден әлем чемпионы атанған желаяқ тұғырда көз жасын тыя алмады (фото) | Америкалық Ноа Лайз 100 метрге жүгіруден ерлер арасындағы әлем чемпионы атанды. Марапаттау рәсімінде желаяқ көз жасына ерік берді, деп жазады Championat сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Ноа Лайз АҚШ әнұраны орындалған сәттен бастап көз жасын тоқтата алмады. Тек әнұран аяқталған соң сол қашықтықта күміс және қола жүлдегер атанған спортшылар қолдау көрсетіп, Лайзға тоқтау салған. Ноа Лайз туралы жеңіл атлетика әлемі осыдан жеті жыл бұрын айта бастады. Ол 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ Лайз 2019 және 2022 жылдары 200 метрге жүгіруден әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл спортшының 100 метр қашықтықтағы алғашқы алтын жүлдесі. Будапешттегі әлем чемпионатында Ноа Лайз 100 метр қашықтықты 9.83 секундта жүгіріп өтті. | Америкалық Ноа Лайз 100 метрге жүгіруден ерлер арасындағы әлем чемпионы атанды. Марапаттау рәсімінде желаяқ көз жасына ерік берді, деп жазады Championat сайтына сілтеме жасаған . Ноа Лайз АҚШ әнұраны орындалған сәттен бастап көз жасын тоқтата алмады. Тек әнұран аяқталған соң сол қашықтықта күміс және қола жүлдегер атанған спортшылар қолдау көрсетіп, Лайзға тоқтау салған. Ноа Лайз туралы жеңіл атлетика әлемі осыдан жеті жыл бұрын айта бастады. Ол 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ Лайз 2019 және 2022 жылдары 200 метрге жүгіруден әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл спортшының 100 метр қашықтықтағы алғашқы алтын жүлдесі. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033426-zuz-metrge-zugiruden-alem-cempiony-atangan-zelayaq-tugyrda-koz-zasyn-tyya-almady-foto/ | 22 тамыз 2023, 11:07 |
kk | "65 млн теңгеден басталады": Нұрлан Қоянбаев су жаңа көлік алды (видео) | Танымал актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев су жаңа темір тұлпар алды. Өнер иесінің таңдауы Cadillac Escalade көлігіне түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қоянбаев қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. "Сіздерге де жұғысты болсын", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев. Ал желі қолданушылары актердің су жаңа темір тұлпарына құтты болсын айтып, жарыса пікір жазды. "Құттықтаймын", "Жұғысты болсын", - деп жазды желідегілер. Лебіз білдіргендер арасында Тәуекел Мүсілім, Жанболат Найзабеков, Нұржан Керменбаев секілді өнер иелері де бар. Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаевтың таңдауы түскен Cadillac Escalade көлігінің нарықтағы құны - 65 млн теңгеден басталады. | Танымал актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев су жаңа темір тұлпар алды. Өнер иесінің таңдауы Cadillac Escalade көлігіне түскен, деп жазады . Қоянбаев қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. "Сіздерге де жұғысты болсын", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев. Ал желі қолданушылары актердің су жаңа темір тұлпарына құтты болсын айтып, жарыса пікір жазды. "Құттықтаймын", "Жұғысты болсын", - деп жазды желідегілер. Лебіз білдіргендер арасында Тәуекел Мүсілім, Жанболат Найзабеков, Нұржан Керменбаев секілді өнер иелері де бар. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033425-65-mln-tengeden-bastalady-nurlan-qoyanbaev-su-zana-kolik-aldy-video/ | 22 тамыз 2023, 11:03 |
kk | Ақтөбе облысында қою шаңнан шаршаған тұрғындар жолды жауып тастады (видео) | Ақтөбе облысында Алтынды ауылының тұрғындары жолды жауып тастады. Олар жүк көліктері жүріп өткеннен кейін көтерілетін қою шаңнан шаршаған. Әкімдік ауыл тұрғындарының шағымына жауап берді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы. Басылым жазуынша, күн сайын ауыр жүк көліктері вагондарға тиеу үшін өндірілген мыс пен алтын кенін Жемге апарады. Салдарынан шаң көтеріледі. Қою шаңнан шаршаған жергілікті тұрғындар көліктерімен тасжолды бөгеп, жауып тастаған. "Көліктер небәрі 5-10 минут тұрды. Бұл көліктерден шыққан шаң-тозаңға халық наразы. "Қазгеоруд" ресейлік мыс компаниясына ақша бөлді, кәсіпорын жолды жөндеуге кірісіп кетті. Ол қазылған жол. Жол шаңнын шығуын болдырмайтын топырақпен жабылады, бұл жаңа технология. 17 километр жолды жөндеу жұмыстарын күзге дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп хабардар етті Мұғалжар ауданының әкімдігінен. Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы Гранитный ауылының тұрғындары ауданда орналасқан бірнеше шахтаға апаратын жалғыз жолды жауып тастаған болатын. Тұрғындардың сөзінше, олар күнде шағын ауылдарынан өтетін жүк көліктерінен шаршаған. Айтуынша, жүк көліктері жүріп өткен соң ауыл шаң-тозаңға айналып, таза ауамен демалу мүмкін емес. Сондай-ақ жүк көліктерінің салмағынан жол жарылып, салдарынан ауылда көлік мәселесі қиындай түскен. | Ақтөбе облысында Алтынды ауылының тұрғындары жолды жауып тастады. Олар жүк көліктері жүріп өткеннен кейін көтерілетін қою шаңнан шаршаған. Әкімдік ауыл тұрғындарының шағымына жауап берді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы. Басылым жазуынша, күн сайын ауыр жүк көліктері вагондарға тиеу үшін өндірілген мыс пен алтын кенін Жемге апарады. Салдарынан шаң көтеріледі. Қою шаңнан шаршаған жергілікті тұрғындар көліктерімен тасжолды бөгеп, жауып тастаған. "Көліктер небәрі 5-10 минут тұрды. Бұл көліктерден шыққан шаң-тозаңға халық наразы. "Қазгеоруд" ресейлік мыс компаниясына ақша бөлді, кәсіпорын жолды жөндеуге кірісіп кетті. Ол қазылған жол. Жол шаңнын шығуын болдырмайтын топырақпен жабылады, бұл жаңа технология. 17 километр жолды жөндеу жұмыстарын күзге дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп хабардар етті Мұғалжар ауданының әкімдігінен. Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы Гранитный ауылының тұрғындары ауданда орналасқан бірнеше шахтаға апаратын жалғыз жолды жауып тастаған болатын. Тұрғындардың сөзінше, олар күнде шағын ауылдарынан өтетін жүк көліктерінен шаршаған. Айтуынша, жүк көліктері жүріп өткен соң ауыл шаң-тозаңға айналып, таза ауамен демалу мүмкін емес. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033400-aqtobe-oblysynda-qalyn-sannan-sarsagan-turgyndar-zoldy-zauyp-tastady-video/ | 22 тамыз 2023, 10:27 |
kk | Футболшы қызды ернінен сүйген Испания футбол федерациясының басшысы дауға қалды | 20 тамыз күні футболдан Испания әйелдер құрамасы тарихта тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Ал марапаттау рәсімінде болған жағдай ел арасында қызу талқылануда, деп жазады ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Футболшы қыздарды марапаттау рәсімінде Испания корольдігі футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес команда капитаны Дженивер Эрмосоның ернінен сүйіп алған. Кейін президент көпшіліктен кешірім сұрап, футболшы қызды эмоцияның әсерімен сүйгенін жеткізді. Алайда бұл жергілікті жанкүйерлер мен басшылардың ашуына тиген. Еңбек министрінің екінші орынбасары Иоланда Диас федерация президенітінің қызметінен кетуін талап етті. Сондай-ақ белсенділер де бұл мәселеге назар аударып, Рубиалесті қатаң сынға алуда. Ал футболшы Эрмосо болса мұның достық ниет екенін айтып, мәселеге айтарлықтай мән бермейтінін жеткізген. | 20 тамыз күні футболдан Испания әйелдер құрамасы тарихта тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Ал марапаттау рәсімінде болған жағдай ел арасында қызу талқылануда, деп жазады ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған . Футболшы қыздарды марапаттау рәсімінде Испания корольдігі футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес команда капитаны Дженивер Эрмосоның ернінен сүйіп алған. Кейін президент көпшіліктен кешірім сұрап, футболшы қызды эмоцияның әсерімен сүйгенін жеткізді. Алайда бұл жергілікті жанкүйерлер мен басшылардың ашуына тиген. Еңбек министрінің екінші орынбасары Иоланда Диас федерация президенітінің қызметінен кетуін талап етті. Сондай-ақ белсенділер де бұл мәселеге назар аударып, Рубиалесті қатаң сынға алуда. | Спорт | false | https://kaz.nur.kz/sport/2033419-futbolsy-qyzdy-erninen-suigen-ispaniya-futbol-federaciyasynyn-bassysy-dauga-qaldy/ | 22 тамыз 2023, 10:22 |
kk | Әнші Назым Әбілдина гендер-пати жасады (видео) | Көпшілікке "Айгөлек" балалар бағдарламасының жүргізушісі ретінде танылған әнші Назым Әбілдина гендер-пати жасады. Өнер иесі былтырғы жылы тұрмысқа шыққан болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ол қуанышты жаңалығын TikTok желісінде көпшілікке бөлісті. "Бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Соңғы екі-үш жылда өмірімде көптеген өзгеріс болды. Бұл қуанышты жақындарыммен бөлістік. Ал сосын сіздермен де бөлісуді шештім", - деді әнші. Видеодан Назым қорапты ашқанда көк түсті шарлар шыққанын көруге болады. Ал осыдан кейін әнші қатты қуанып, сүйіктісі екеуі құшақтасады. Ал желі қолданушылары Назым Әбілдинаның қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жаудырды. "Құттықтаймыз", "Ең керемет сезім", - деп жазды желідегілер. | Көпшілікке "Айгөлек" балалар бағдарламасының жүргізушісі ретінде танылған әнші Назым Әбілдина гендер-пати жасады. Өнер иесі былтырғы жылы тұрмысқа шыққан болатын, деп жазады . Ол қуанышты жаңалығын TikTok желісінде көпшілікке бөлісті. "Бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Соңғы екі-үш жылда өмірімде көптеген өзгеріс болды. Бұл қуанышты жақындарыммен бөлістік. Ал сосын сіздермен де бөлісуді шештім", - деді әнші. Видеодан Назым қорапты ашқанда көк түсті шарлар шыққанын көруге болады. Ал осыдан кейін әнші қатты қуанып, сүйіктісі екеуі құшақтасады. Ал желі қолданушылары Назым Әбілдинаның қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жаудырды. | Шоу-бизнес | false | https://kaz.nur.kz/showbiz/2033402-ansi-nazym-abildina-gender-pati-zasady-video/ | 22 тамыз 2023, 10:19 |
kk | Сүт қосылған арпа ботқасы: ең жеңіл рецепт | Арпа ботқасы - бүкіл отбасы үшін тамаша таңғы ас. Сүт пен май ботқаны одан сайын дәмді әрі пайдалы етеді. Мұндай таңғы астың хош иісі адам баласының ең жақсы кезеңі саналатын балалық шақты еске түсіреді. Арпа жармасын дайындау үшін алдымен дәндерін қабығынан тазартып, ұсақтайды. Сол кезде жарма тезірек піседі әрі дәмді болып шығады. Бұл бір жағынан ағзаға өте сіңімді ас болып саналады. Арпа жармасы Скандинавияда, Финляндияда, Швецияда өте танымал. Бұл елдерде арпа сорпаға да қосылады. Арпа жармасынан пудинг, көмеш, десерттер мен славян халықтары ұнататын ботқалар пісіріледі. Ең дәмді арпа ботқасы сүт қосып дайындалады, ал аздап қант пен хош иісті сары май қосу бұл тағамды нағыз аспаздық шедеврге айналдыратыны анық. Асханасы: Славян асханасы Санаты: Бас тағам Дайындау уақыты: 2 минут Пісетін уақыты: 10 минут Мөлшерлік калориясы: 420 ккал. Таза қазанға 2 кесе салқын су құйыңыз. Ботқа дайындау үшін болаттан, алюминийден немесе керамикадан жасалған түбі қалың ыдыстарды пайдаланыңыз. Ал эмаль ыдыстарға ботқаның түбі жабысып, күйіп кетуі мүмкін. Ыдыстағы суды қатты жанған отқа қойып, қайнатыңыз. Өлшеп алған 150 г арпа жармасын ыдысқа салыңыз. 2-3 кесе салқын су қосыңыз. Жарманы қасықпен араластырыңыз. Су лайланған тәрізді болған кезде оны төгіп, қайтадан таза сумен ауыстырыңыз. Ыдыстағы су мөлдір түске айналғанша бірнеше рет шайыңыз. Жуылған жарманы қайнап жатқан суға салыңыз. Ботқа түйір-түйір болып шықпас үшін жақсылап араластырыңыз. Отты орташа деңгейге азайтып, 1 ас қасық қант пен бір шымшым тұз қосыңыз. Егер тәттіні ұнатсаңыз, 2-3 ас қасық қант салсаңыз болады. Су қайтадан қайнаған кезде отты аздап азайтыңыз. Қазанның қақпағын жаппай, ботқаны араластыра отырып, 10 минут пісіріңіз. Қазанға кез келген майлылықтағы 300 мл сүт құйыңыз. Егер ботқаның сұйықтау болғанын қаласаңыз, 400 мл сүт құйсаңыз болады. Барлығын араластыру арқылы қайнатыңыз және қақпағын ашпай тағы 2 минут пісіріңіз. Ботқа пісірілген қазанды оттан алыңыз. Қақпағын мықтап жауып, сыртын майлықпен ораңыз да, 10 минутқа қалдырыңыз. Дайын ботқаға сары май салып, дастарқанға ұсыныңыз. Тағамды жидектермен, тосаппен немесе балмен әрлеуге болады. Рецепт видеосы | Арпа ботқасы - бүкіл отбасы үшін тамаша таңғы ас. Сүт пен май ботқаны одан сайын дәмді әрі пайдалы етеді. Мұндай таңғы астың хош иісі адам баласының ең жақсы кезеңі саналатын балалық шақты еске түсіреді. Арпа жармасын дайындау үшін алдымен дәндерін қабығынан тазартып, ұсақтайды. Сол кезде жарма тезірек піседі әрі дәмді болып шығады. Бұл бір жағынан ағзаға өте сіңімді ас болып саналады. Арпа жармасы Скандинавияда, Финляндияда, Швецияда өте танымал. Бұл елдерде арпа сорпаға да қосылады. Арпа жармасынан пудинг, көмеш, десерттер мен славян халықтары ұнататын ботқалар пісіріледі. Ең дәмді арпа ботқасы сүт қосып дайындалады, ал аздап қант пен хош иісті сары май қосу бұл тағамды нағыз аспаздық шедеврге айналдыратыны анық. Асханасы: Славян асханасы Санаты: Бас тағам Дайындау уақыты: 2 минут Пісетін уақыты: 10 минут Мөлшерлік калориясы: 420 ккал. Таза қазанға 2 кесе салқын су құйыңыз. Ботқа дайындау үшін болаттан, алюминийден немесе керамикадан жасалған түбі қалың ыдыстарды пайдаланыңыз. Ал эмаль ыдыстарға ботқаның түбі жабысып, күйіп кетуі мүмкін. Ыдыстағы суды қатты жанған отқа қойып, қайнатыңыз. Өлшеп алған 150 г арпа жармасын ыдысқа салыңыз. 2-3 кесе салқын су қосыңыз. Жарманы қасықпен араластырыңыз. Су лайланған тәрізді болған кезде оны төгіп, қайтадан таза сумен ауыстырыңыз. Ыдыстағы су мөлдір түске айналғанша бірнеше рет шайыңыз. Жуылған жарманы қайнап жатқан суға салыңыз. Ботқа түйір-түйір болып шықпас үшін жақсылап араластырыңыз. Отты орташа деңгейге азайтып, 1 ас қасық қант пен бір шымшым тұз қосыңыз. Егер тәттіні ұнатсаңыз, 2-3 ас қасық қант салсаңыз болады. Су қайтадан қайнаған кезде отты аздап азайтыңыз. Қазанның қақпағын жаппай, ботқаны араластыра отырып, 10 минут пісіріңіз. Қазанға кез келген майлылықтағы 300 мл сүт құйыңыз. Егер ботқаның сұйықтау болғанын қаласаңыз, 400 мл сүт құйсаңыз болады. Барлығын араластыру арқылы қайнатыңыз және қақпағын ашпай тағы 2 минут пісіріңіз. Ботқа пісірілген қазанды оттан алыңыз. Қақпағын мықтап жауып, сыртын майлықпен ораңыз да, 10 минутқа қалдырыңыз. Дайын ботқаға сары май салып, дастарқанға ұсыныңыз. | Ханшайым | true | https://kaz.nur.kz/lady/2033193-sut-qosylgan-arpa-botqasy-en-zenil-recept/ | 22 тамыз 2023, 09:49 |
kk | "Жағдай жақсарған жоқ": ТЖМ "Қазақстан" шахтасындағы ахуал жайлы айтты | Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы "Қазақстан" шахтасындағы қазіргі ахуал жайлы айтты. Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарлауынша, жағдай әлі жақсармаған. "22 тамыз сағат 8.00-дегі жағдай бойынша "Қазақстан" шахтасындағы жағдай: авариялық қазбадағы өрт ошақтары әлі де жанып жатыр, жағдай жақсарған жоқ. Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штабының басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады. Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күшті апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарлануда", - делінген ТЖМ хабарламасында. Сондай-ақ ТЖМ оқиға орнынан видео жариялады. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының барлығының денесі табылды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ олардың толық тізімін жариялады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. 19 тамызда үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілердің халін сұрады. Сонымен қатар премьер-министр "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметін қатаң сынға алды. | Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы "Қазақстан" шахтасындағы қазіргі ахуал жайлы айтты. Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарлауынша, жағдай әлі жақсармаған. "22 тамыз сағат 8.00-дегі жағдай бойынша "Қазақстан" шахтасындағы жағдай: авариялық қазбадағы өрт ошақтары әлі де жанып жатыр, жағдай жақсарған жоқ. Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штабының басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады. Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күшті апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарлануда", - делінген ТЖМ хабарламасында. Сондай-ақ ТЖМ оқиға орнынан видео жариялады. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының барлығының денесі табылды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ олардың толық тізімін жариялады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. 19 тамызда үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілердің халін сұрады. | Қоғам | false | https://kaz.nur.kz/society/2033403-zagdai-zaqsargan-zoq-tzm-qazaqstan-saxtasyndagy-axual-zaily-aitty/ | 22 тамыз 2023, 09:19 |
kk | 2023 жылғы 22 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары | Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 22 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 452.34 (-9.37), еуроға шаққандағы бағамы – 493.05 (-8.64) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.80 (-0.15). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 493.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.50 (Som Exchange).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.77 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.90 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 492.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 498.27 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.77 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 492.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 498.27 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.77 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті. | Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 22 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 452.34 (-9.37), еуроға шаққандағы бағамы – 493.05 (-8.64) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.80 (-0.15). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 493.00 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.50 (Som Exchange).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.77 (МиГ) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.90 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 492.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 498.27 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.77 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.50 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 492.50 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 498.27 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.77 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.95 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. | Қаржы | false | https://kaz.nur.kz/nurfin/2033405-2023-zylgy-22-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/ | 22 тамыз 2023, 09:02 |