lang
stringclasses
3 values
title
stringlengths
3
277
original_text
stringlengths
69
182k
processed_text
stringlengths
42
181k
category
stringlengths
4
50
processed
bool
2 classes
url
stringlengths
33
293
date
stringlengths
10
24
kk
Тамыздағы ретроградты Уран: мерзімі, ерекшеліктері және айға қатысты болжамдар
2023 жылғы планеталардың жылдық цикліне ретроградты Уран да кіреді. Прогресс пен революция планетасының кері қозғалысы адамдарға қалай әсер етеді? Астролог Чани Николас болжам жасап көрді. Күн жүйесіндегі ең үлкен мұзды планета Уран болып саналады. Астрономдардың айтуынша, ерекше орналасқан Уран вертикалды емес, 98 градус бұрышпен айналады. АВС басылымының деректерінше Уранның магнит алаңы өте ерекше. Жерден бақылаған уақытта планеталардың қозғалыс жылдамдығы әр түрлі. Сол себепті, кей уақытта Уранның да қозғалыс бағыты өзгеріп, ретроград кезеңі орын алады. Бұл планетаның ерекшелігі ол Күнді сағат тілімен емес, оған қарама-қарсы бағытта қозғалады. Сондықтан Уранның кері қозғалысы оны проградты планеталар қатарына қосады. Күннен алыс, сыртқы планета болып санаталатын Уранның астрологияда маңызы жоғары. Уран: Уран технологияны, ашылуларды, аэродинамиканы басқара алады. Сондықтан бұл салалардағы кез келген өзгерістер адам өміріне әсерін тигізбей қоймайтыны анық. 2023 жылы ретро Уран күндері қай күндері болмақ? Astro-Seek басылымының жазуынша, ретроградты Уран қозғалысы 2022 жылы басталған. Ал 2023 жылы ретро Уран күндері екі кезеңнен тұрады. Екінші кезеңі ұзағырақ болады деп болжанады. 1. 1 қаңтардан 22 қаңтарға дейін (21 күн). 2. 29 тамыздан 31 желтоқсан аралығы (124 күн). Екі кезеңде де өткен жылмен, келер жылға өтетін уақытта болады. Торпақ жұлдызында – ұстамды, баяу түрде өтеді. Планета 2018 жылы кіргендіктен, Торпақ өз жұмысын сол кезеңде-ақ бастап кеткен. Voice басылымының пікірінше тамызда болатын ретро күндерінде келесілерді ескерген дұрыс: Мұның барлығы Уранның энергиясына әсер етпей қоймайтыны анық, бірақ бұл қауіпті болып саналмайды. Астролог Чани Николастың пікірінше Күннен ең алыс орналасқан планеталар, жылдың жартысынан көбін ретроградты қозғалыста өткізеді. Сондықтан, жалпы көріністе ретро Уран күндері аса қауіпті емес, бірақ назар аударуға тұрарлық кезең. Күн жүйесіндегі жетінші планета Торпақ белгісінде ретро күйге енсе, ол тамақтану, табиғат ресурстары, адамдардың физикалық жағдайына әсер етеді. Бұл бағыттар ойламаған жерден өзгеріске ұшырайды. Ретро Уран кезеңінде өміріңіздегі өзгерістер сіздің жоспарыңыздағыдай болмай жатса, оған қарсы тұрудың қажеті жоқ, демек ол солай болуы керек деп саналады. Торпақ адамдардың қателігін түзеп, бағалауды үйретеді. Торпақтағы ретро Уран кезеңі – өміріңізде түбегейлі өзгеріс енгізуге өте қолайлы кезең. Ретро Уран адамдарға қалай әсер етеді? Уран кері бағытта қозғалысын бастағанда, әлемде өмірге деген көзқарасыңызды өзгертетін, үлкен геосаяси өзгерістер орын ала бастайды. Кейбір абыройлы адамдардың іс-әрекеттері оның басты себептерінің бірі болуы мүмкін. Адамның жеке өмірі деңгейінде келесі өзгерістерді байқауға болады: Ретро Уран кезеңінде басқаларға жағу үшін, өзіңізді ұмытудың қажеті жоқ. Өзгенің шекараларын бұзып, уақыт алмаңыз. Болып жатқан өзгерістерге қарсы шықпаңыз, оларды тоқтату мүмкін емес. Барлығын сол қалпында қабылдап, өзгерістер жақсылыққа апарар жол деп сеніңіз. 29 тамыздан бастап жыл соңына дейін, қабылдай білу және иілгіштік, өзіңізді ұстаудың ең дұрыс шешімі болып саналады. Ретро Уран Торпақтардың барлығына әсер етеді, басқа да жұлдызды белгілер өзгерістерді сезінеді: Барлық жұлдызды белгі батылырақ, еркін бола бастайды. Жеке өмірде өз қорқынышын жеңіп, барлық кедергіні жеңіп шығады. Эмоционалды тұрғыда ашықтық пайда болады. Ретро Уран кезеңін қалай өткізу керек? Ол үшін: Жыл соңында ретро Уран барлығына оң әсерін тигізгендей әсер қалдырады. Marie Claire басылымының мәліметінше кезең аса үлкен өзгерістер әкелмейді, дегенмен назар аударған дұрыс. Адамдар сырттай да, іштей де өзгерістерге ұшырап, бұл өзгерістер қайтарымсыз болмақ. Уранды жиі бұзу планетасы деп атайды, сонымен бірге бұл еркіндік, даму, өзіне деген сенімділік планетасы болып саналады. Ретро кезеңінде әр қадамыңызды ойланып жасаңыз. Астрологиялық кеңестер әр бағыттағы өзгерістерге байланысты дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізеді.
2023 жылғы планеталардың жылдық цикліне ретроградты Уран да кіреді. Прогресс пен революция планетасының кері қозғалысы адамдарға қалай әсер етеді? Астролог Чани Николас болжам жасап көрді. Күн жүйесіндегі ең үлкен мұзды планета Уран болып саналады. Астрономдардың айтуынша, ерекше орналасқан Уран вертикалды емес, 98 градус бұрышпен айналады. АВС басылымының деректерінше Уранның магнит алаңы өте ерекше. Жерден бақылаған уақытта планеталардың қозғалыс жылдамдығы әр түрлі. Сол себепті, кей уақытта Уранның да қозғалыс бағыты өзгеріп, ретроград кезеңі орын алады. Бұл планетаның ерекшелігі ол Күнді сағат тілімен емес, оған қарама-қарсы бағытта қозғалады. Сондықтан Уранның кері қозғалысы оны проградты планеталар қатарына қосады. Күннен алыс, сыртқы планета болып санаталатын Уранның астрологияда маңызы жоғары. Уран: Уран технологияны, ашылуларды, аэродинамиканы басқара алады. Сондықтан бұл салалардағы кез келген өзгерістер адам өміріне әсерін тигізбей қоймайтыны анық. 2023 жылы ретро Уран күндері қай күндері болмақ? Astro-Seek басылымының жазуынша, ретроградты Уран қозғалысы 2022 жылы басталған. Ал 2023 жылы ретро Уран күндері екі кезеңнен тұрады. Екінші кезеңі ұзағырақ болады деп болжанады. 1. 1 қаңтардан 22 қаңтарға дейін (21 күн). 2. 29 тамыздан 31 желтоқсан аралығы (124 күн). Екі кезеңде де өткен жылмен, келер жылға өтетін уақытта болады. Торпақ жұлдызында – ұстамды, баяу түрде өтеді. Планета 2018 жылы кіргендіктен, Торпақ өз жұмысын сол кезеңде-ақ бастап кеткен. Voice басылымының пікірінше тамызда болатын ретро күндерінде келесілерді ескерген дұрыс: Мұның барлығы Уранның энергиясына әсер етпей қоймайтыны анық, бірақ бұл қауіпті болып саналмайды. Астролог Чани Николастың пікірінше Күннен ең алыс орналасқан планеталар, жылдың жартысынан көбін ретроградты қозғалыста өткізеді. Сондықтан, жалпы көріністе ретро Уран күндері аса қауіпті емес, бірақ назар аударуға тұрарлық кезең. Күн жүйесіндегі жетінші планета Торпақ белгісінде ретро күйге енсе, ол тамақтану, табиғат ресурстары, адамдардың физикалық жағдайына әсер етеді. Бұл бағыттар ойламаған жерден өзгеріске ұшырайды. Ретро Уран кезеңінде өміріңіздегі өзгерістер сіздің жоспарыңыздағыдай болмай жатса, оған қарсы тұрудың қажеті жоқ, демек ол солай болуы керек деп саналады. Торпақ адамдардың қателігін түзеп, бағалауды үйретеді. Торпақтағы ретро Уран кезеңі – өміріңізде түбегейлі өзгеріс енгізуге өте қолайлы кезең. Ретро Уран адамдарға қалай әсер етеді? Уран кері бағытта қозғалысын бастағанда, әлемде өмірге деген көзқарасыңызды өзгертетін, үлкен геосаяси өзгерістер орын ала бастайды. Кейбір абыройлы адамдардың іс-әрекеттері оның басты себептерінің бірі болуы мүмкін. Адамның жеке өмірі деңгейінде келесі өзгерістерді байқауға болады: Ретро Уран кезеңінде басқаларға жағу үшін, өзіңізді ұмытудың қажеті жоқ. Өзгенің шекараларын бұзып, уақыт алмаңыз. Болып жатқан өзгерістерге қарсы шықпаңыз, оларды тоқтату мүмкін емес. Барлығын сол қалпында қабылдап, өзгерістер жақсылыққа апарар жол деп сеніңіз. 29 тамыздан бастап жыл соңына дейін, қабылдай білу және иілгіштік, өзіңізді ұстаудың ең дұрыс шешімі болып саналады. Ретро Уран Торпақтардың барлығына әсер етеді, басқа да жұлдызды белгілер өзгерістерді сезінеді: Барлық жұлдызды белгі батылырақ, еркін бола бастайды. Жеке өмірде өз қорқынышын жеңіп, барлық кедергіні жеңіп шығады. Эмоционалды тұрғыда ашықтық пайда болады. Ретро Уран кезеңін қалай өткізу керек? Ол үшін: Жыл соңында ретро Уран барлығына оң әсерін тигізгендей әсер қалдырады. Marie Claire басылымының мәліметінше кезең аса үлкен өзгерістер әкелмейді, дегенмен назар аударған дұрыс. Адамдар сырттай да, іштей де өзгерістерге ұшырап, бұл өзгерістер қайтарымсыз болмақ. Уранды жиі бұзу планетасы деп атайды, сонымен бірге бұл еркіндік, даму, өзіне деген сенімділік планетасы болып саналады. Ретро кезеңінде әр қадамыңызды ойланып жасаңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033378-tamyzdagy-retrogradty-uran-merzimi-erekselikteri-zane-aiga-qatysty-bolzamdar/
22 тамыз 2023, 08:54
kk
"Батасын алдым": Айгүл Иманбаева өмірден өткен әкесімен түскен видеосын бөлісті (видео)
Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде өмірден өткен әкесімен соңғы рет түскен видеосын бөлісті. Актриса әкесінің ауылына барып, батасын алғанын Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Лондонға кетерде әкемнің ауылына барып ,үлкен жолдың алдында батасын алдым. Сол кездегі түскен видеомыз естелік болып, осында тұрсын", - деп жазды Айгүл Иманбаева. Ал желі қолданушыларының бірі әншіге әкесінің қазасы үшін көңіл айтса, екіншілері әкесімен дер уақытында табысып үлгерген Иманбаеваға тілекші екенін жеткізді. "Ең бастысы, өкініште қалмай, табысып үлгергенің", "Батасын алып, жолға шыққаның қандай жақсы болған. Әкеңіздің алдынан жарылқасын", "Әкеңізге қатты ұқсайды екенсіз", "Сенің келгеніңе мәз болып тұр ғой видеода", "Жаны жәннатта болсын", - деп жазды желідегілер. Естеріңізге сала кетейік, жақында Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден өтті.
Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде өмірден өткен әкесімен соңғы рет түскен видеосын бөлісті. Актриса әкесінің ауылына барып, батасын алғанын Instagram парақшасында айтты, деп жазады . "Лондонға кетерде әкемнің ауылына барып ,үлкен жолдың алдында батасын алдым. Сол кездегі түскен видеомыз естелік болып, осында тұрсын", - деп жазды Айгүл Иманбаева. Ал желі қолданушыларының бірі әншіге әкесінің қазасы үшін көңіл айтса, екіншілері әкесімен дер уақытында табысып үлгерген Иманбаеваға тілекші екенін жеткізді. "Ең бастысы, өкініште қалмай, табысып үлгергенің", "Батасын алып, жолға шыққаның қандай жақсы болған. Әкеңіздің алдынан жарылқасын", "Әкеңізге қатты ұқсайды екенсіз", "Сенің келгеніңе мәз болып тұр ғой видеода", "Жаны жәннатта болсын", - деп жазды желідегілер.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033399-batasyn-aldym-aigul-imanbaeva-omirden-otken-akesimen-tusken-videosyn-bolisti-video/
22 тамыз 2023, 08:45
kk
Бұрынғы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова жаңа қызметке тағайындалды
Партия төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен Шолпан Каринова AMANAT партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы AMANAT партиясы ресми сайтында хабарлады. "AMANAT әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге белсенді араласуын кеңейту бағытында жүйелі жұмыс істеп жатыр. Бұл – партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақтардың бірі. Биыл ақпандағы AMANAT әйелдер форумында айтылған бастаманың жалғасы ретінде партия хатшысы лауазымына Шолпан Каринова тағайындалды", – делінген хабарламада. Шолпан Каринова 1972 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының түлегі. 2016 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметпен, 1998-2003 жылы мектептерде және Көкшетау медициналық колледжінде педагогикалық қызметпен айналысқан. 2004-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы №5 орта мектептің директоры болған. 2005-2012 жылдары Тайынша ауданында білім бөлімінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2012-2013 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары. 2013-2017 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы. 2017-2018 жылдары – Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры. 2019-2022 жылдары – Білім және ғылым вице-министрі болған. 2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы маусымға дейін Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
Партия төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен Шолпан Каринова AMANAT партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы AMANAT партиясы ресми сайтында хабарлады. "AMANAT әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге белсенді араласуын кеңейту бағытында жүйелі жұмыс істеп жатыр. Бұл – партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақтардың бірі. Биыл ақпандағы AMANAT әйелдер форумында айтылған бастаманың жалғасы ретінде партия хатшысы лауазымына Шолпан Каринова тағайындалды", – делінген хабарламада. Шолпан Каринова 1972 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының түлегі. 2016 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметпен, 1998-2003 жылы мектептерде және Көкшетау медициналық колледжінде педагогикалық қызметпен айналысқан. 2004-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы №5 орта мектептің директоры болған. 2005-2012 жылдары Тайынша ауданында білім бөлімінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2012-2013 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары. 2013-2017 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы. 2017-2018 жылдары – Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры. 2019-2022 жылдары – Білім және ғылым вице-министрі болған.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033397-buryngy-oqu-agartu-vice-ministri-solpan-karinova-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/
22 тамыз 2023, 08:08
kk
Ақтөбе облысында итжидектен уланған екі баланың беті бері қарады
Ақтөбе облысында белгісіз заттан уланып, ауыр жағдайда ауруханаға түскен екі баланың беті бері қарады. КТК арнасының хабарлауынша, бүлдіршіндер итжидектен уланған. Балалардың анасының сөзіне сүйенген телеарна мәліметінше, бүлдіршіндер ауыл шетінде ойнап жүрген. Сол күні үй иелері қонақ күтіп, бүлдіршіндерге көңіл бөле алмаған. Кейін бес жасар ұл мен үш жасар қыз баланың жабайы итжидектің әлі пісе қоймаған жемісін теріп жегені анықталған. Ойнаған жерлерінде осы улы шөптесін өсімдік шашылып жатқан. Жақындары балалардың жидек жегендерін содан білген. Уланған бүлдіршіндер алғашқыда есін жоғалтып, қызуы көтеріліп, сандырақтап, әлсірей берген. Жағдайы нашарлаған балалар Қобда ауданына қарасты Өтек ауылынан санитарлық авиация көмегімен облыстық ауруханаға жеткізілген. Мамандар қос бүлдіршінді аман алып қалу үшін екі тәулік бойы барын салған. "Санавиациямен алып келді. Жалпы балалардың жағдайы өте ауыр болды. Олар реанимацияға жатқызылды. Екі күн балаларға изентакциялық терапия жүргіздік. Қазір балалардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бейіндік бөлімге ауыстырылды", - дейді Ақтөбе облыстық ана мен баланы қорғау орталығының бас дәрігері Ербол Жапақов. Дереккөз: КТК арнасы Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылында екі бала белгісіз заттан уланып қалып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік.
Ақтөбе облысында белгісіз заттан уланып, ауыр жағдайда ауруханаға түскен екі баланың беті бері қарады. КТК арнасының хабарлауынша, бүлдіршіндер итжидектен уланған. Балалардың анасының сөзіне сүйенген телеарна мәліметінше, бүлдіршіндер ауыл шетінде ойнап жүрген. Сол күні үй иелері қонақ күтіп, бүлдіршіндерге көңіл бөле алмаған. Кейін бес жасар ұл мен үш жасар қыз баланың жабайы итжидектің әлі пісе қоймаған жемісін теріп жегені анықталған. Ойнаған жерлерінде осы улы шөптесін өсімдік шашылып жатқан. Жақындары балалардың жидек жегендерін содан білген. Уланған бүлдіршіндер алғашқыда есін жоғалтып, қызуы көтеріліп, сандырақтап, әлсірей берген. Жағдайы нашарлаған балалар Қобда ауданына қарасты Өтек ауылынан санитарлық авиация көмегімен облыстық ауруханаға жеткізілген. Мамандар қос бүлдіршінді аман алып қалу үшін екі тәулік бойы барын салған. "Санавиациямен алып келді. Жалпы балалардың жағдайы өте ауыр болды. Олар реанимацияға жатқызылды. Екі күн балаларға изентакциялық терапия жүргіздік. Қазір балалардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бейіндік бөлімге ауыстырылды", - дейді Ақтөбе облыстық ана мен баланы қорғау орталығының бас дәрігері Ербол Жапақов.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033395-aqtobede-oblysynda-itzidekten-ulangan-eki-balanyn-beti-beri-qarady/
22 тамыз 2023, 07:57
kk
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі
Синоптиктер 22тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайтында. Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, яғни, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, жел күшейіп, жаңбыр жаууы ықтимал. Ал еліміздің солтүстігінде түнде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжамынша, бүгін тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал. Сондай-ақ бүгін күндіз Жетісу, Ұлытау, Атырау, Алматы, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-40°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі. Сонымен қатар Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады. Мамандардың ескертуінше, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Синоптиктер 22тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайтында. Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, яғни, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, жел күшейіп, жаңбыр жаууы ықтимал. Ал еліміздің солтүстігінде түнде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжамынша, бүгін тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал. Сондай-ақ бүгін күндіз Жетісу, Ұлытау, Атырау, Алматы, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-40°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі. Сонымен қатар Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033393-bugin-elimizdin-birnese-onirinde-40-gradusqa-deiin-qatty-ystyq-kutiledi/
22 тамыз 2023, 07:21
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 22 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Жақындарыңыздың жүзіне қуаныш ұялату үшін ақша шығындаудан қорықпаңыз. Олардың қуанышы екі есе болып қайтады. Достарыңызға жақсы жаңалықты бөлісер алдында жеті рет ойланыңыз. Кейде өзіңіздің өміріңіздегі жағымды жаңалықтарды бөліспеген дұрысырақ. Басшылық әріптестеріңіздің біріне тәлімгер болуды ұсынуы мүмкін, дайын болыңыз. Бас тартпаңыз, бұл сіздің мансабыңызға жақсы әсер ететін жағымды тәжірибе болады. Жұмысқа алаңдамаңыз, бірнеше күннен кейін бәрі қалпына келеді. Шопинг жасау үшін достарыңызды немесе отбасыңызды өзіңізбен бірге алыңыз, бүгін сізге олардың кеңестері қажет болуы мүмкін. Сәттілікке толы күн. Қолыңыздан келмей жүрген шаруаларды еске түсіріп, тағы бір байқап көріңіз, осы жолы бәрі ойыңыздағыдай болады. Жылжымайтын мүлік және жөндеу жүргізу мәселелерін қолға алыңыз, бәрі жақсы болады. Таңғы уақытта жұмысты ауыр тапсырмалардан бастаңыз, күннің соңына қарай оларды шешуге күшіңіз жетпеуі мүмкін. Бүгін сүйіктіңізге жағуға тырыспаңыз, өз мүддеңіз бен қағидаларға берік болыңыз. Қиын жағдайда жалғыз қалудан қорықпаңыз: сізге көмектесетін және сөзбен де, іспен де қолдайтын жандар бар. Бүгін өзіңізге көп көңіл бөліңіз. Кешкі асқа десерт дайындаңыз, диетаны бұзудан қорықпаңыз. Тоқтап қалған жұмысыңызды жандандыруға достарыңыздың өздері көмектеседі. Қызықты шаруаға немесе қызықты адаммен кездесуге уақыт табыңыз. Бұрынғы хоббиіңізді еске түсіріңіз. Кешке спортпен шұғылданыңыз, оны өміріңіздің бір бөлігіне айналдыруға тырысатын кез келді. Бүгін қазіргі жұмысыңыздағы мансаптық перспективалар туралы ойлануға жақсы күн. Жоспар жасаңыз және оны менеджеріңізбен талқылаңыз. Сіз күтпеген адамдардан риясыз қолдау аласыз. Түстен кейін болмашы мәселелерді шешу үшін шыдамдылық пен ұстамдылық танытыңыз. Ароматерапия және шөп шайы ауыр жұмыс күнінен кейін демалуға көмектеседі. Алғашқы медициналық көмек қобдишасына бір көз жүгіртіңіз: бәлкім кей дәрілердің жарамдылық мерзімі өтіп кетіп, оларды алмастыратын уақыт келген болар. Таңертеңгілік уақытты бет күтіміне және косметологтарға арнаңыз. Дүкенге барар алдында сатып алуыңыз керек заттар тізімін жасап жүруге үйреніңіз. Бұл нағыз керек дүниені ғана сатып алуға септік болады. Барлығы жақсы болады, бірақ бұл үшін сізге күш салу керек. Уақыт пен күш жұмсауға тұрарлық нәтиже сізді қанағаттандырады. Ең жақсы жағыңызды көрсетіңіз. Сізді бағаламаған адамдардың ойы өзгереді. Үйіңізді тазалаңыз және қоқыстардан арылыңыз. Бұл жан-дүниеңіздегі тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі. Үй жинау кезінде жақындарыңыздың көмегіне жүгініңіз. Олар сізге қуана көмектеседі. Әріптестермен достық қарым-қатынаста болу үшін қолайлы күн: біреуді кофе ішуге шақырудан немесе бірге түскі ас ішуден тартынбаңыз. Егер сіз өзіңізді жақсы сезінбесеңіз, уайымдамаңыз. Ыстық шай ішіңіз. Түскі үзілісте қаланы аралаңыз. Кешке демалыңыз, ыстық ванна қабылдаңыз. Әріптестермен кофе-брейктерге бейжай қарамаңыз, бұл сіздің мансап бойынша кенеттен көтерілуіңізге себеп болуы мүмкін.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Жақындарыңыздың жүзіне қуаныш ұялату үшін ақша шығындаудан қорықпаңыз. Олардың қуанышы екі есе болып қайтады. Достарыңызға жақсы жаңалықты бөлісер алдында жеті рет ойланыңыз. Кейде өзіңіздің өміріңіздегі жағымды жаңалықтарды бөліспеген дұрысырақ. Басшылық әріптестеріңіздің біріне тәлімгер болуды ұсынуы мүмкін, дайын болыңыз. Бас тартпаңыз, бұл сіздің мансабыңызға жақсы әсер ететін жағымды тәжірибе болады. Жұмысқа алаңдамаңыз, бірнеше күннен кейін бәрі қалпына келеді. Шопинг жасау үшін достарыңызды немесе отбасыңызды өзіңізбен бірге алыңыз, бүгін сізге олардың кеңестері қажет болуы мүмкін. Сәттілікке толы күн. Қолыңыздан келмей жүрген шаруаларды еске түсіріп, тағы бір байқап көріңіз, осы жолы бәрі ойыңыздағыдай болады. Жылжымайтын мүлік және жөндеу жүргізу мәселелерін қолға алыңыз, бәрі жақсы болады. Таңғы уақытта жұмысты ауыр тапсырмалардан бастаңыз, күннің соңына қарай оларды шешуге күшіңіз жетпеуі мүмкін. Бүгін сүйіктіңізге жағуға тырыспаңыз, өз мүддеңіз бен қағидаларға берік болыңыз. Қиын жағдайда жалғыз қалудан қорықпаңыз: сізге көмектесетін және сөзбен де, іспен де қолдайтын жандар бар. Бүгін өзіңізге көп көңіл бөліңіз. Кешкі асқа десерт дайындаңыз, диетаны бұзудан қорықпаңыз. Тоқтап қалған жұмысыңызды жандандыруға достарыңыздың өздері көмектеседі. Қызықты шаруаға немесе қызықты адаммен кездесуге уақыт табыңыз. Бұрынғы хоббиіңізді еске түсіріңіз. Кешке спортпен шұғылданыңыз, оны өміріңіздің бір бөлігіне айналдыруға тырысатын кез келді. Бүгін қазіргі жұмысыңыздағы мансаптық перспективалар туралы ойлануға жақсы күн. Жоспар жасаңыз және оны менеджеріңізбен талқылаңыз. Сіз күтпеген адамдардан риясыз қолдау аласыз. Түстен кейін болмашы мәселелерді шешу үшін шыдамдылық пен ұстамдылық танытыңыз. Ароматерапия және шөп шайы ауыр жұмыс күнінен кейін демалуға көмектеседі. Алғашқы медициналық көмек қобдишасына бір көз жүгіртіңіз: бәлкім кей дәрілердің жарамдылық мерзімі өтіп кетіп, оларды алмастыратын уақыт келген болар. Таңертеңгілік уақытты бет күтіміне және косметологтарға арнаңыз. Дүкенге барар алдында сатып алуыңыз керек заттар тізімін жасап жүруге үйреніңіз. Бұл нағыз керек дүниені ғана сатып алуға септік болады. Барлығы жақсы болады, бірақ бұл үшін сізге күш салу керек. Уақыт пен күш жұмсауға тұрарлық нәтиже сізді қанағаттандырады. Ең жақсы жағыңызды көрсетіңіз. Сізді бағаламаған адамдардың ойы өзгереді. Үйіңізді тазалаңыз және қоқыстардан арылыңыз. Бұл жан-дүниеңіздегі тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі. Үй жинау кезінде жақындарыңыздың көмегіне жүгініңіз. Олар сізге қуана көмектеседі. Әріптестермен достық қарым-қатынаста болу үшін қолайлы күн: біреуді кофе ішуге шақырудан немесе бірге түскі ас ішуден тартынбаңыз. Егер сіз өзіңізді жақсы сезінбесеңіз, уайымдамаңыз. Ыстық шай ішіңіз. Түскі үзілісте қаланы аралаңыз. Кешке демалыңыз, ыстық ванна қабылдаңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033251-bugingi-zuldyz-zoramal-22-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
22 тамыз 2023, 00:01
kk
"Үш адам іздестірілуде": Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылды
Түркістан облысы Отырар ауданында суға кеткен адамдарды іздеу жұмысы түнгі уақытқа қарамастан жалғасып жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. "Түркістан облысы Отырар ауданы Көксарай елдімекені жанындағы Сырдария өзеніне батып кеткен адамдарды іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасуда. Қазіргі уақытта суға батқан 8 адамның денесі табылды, қалған үшеуі іздестірілуде. Құтқарушыларға өзен арнасының тереңдігі (5-6 метр), өзен астындағы құлаған ағаштар, түн мезгілінде су астын көзбен шолу мүмкіндігінің жоқтығы қиындық келтіруде. Суға түскенде қауіпсіздік шараларын ескеру қажет. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Мас күйінде суға түспеу қажет", - деп ескертті Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Сонымен қатар ТЖД қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, денесі табылған сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар екенін, ал іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі кәмелет жасына толмағанын атап өтті. Еске сала кетейік, бүгін Сырдарияға шомылуға барған 11 адамның суға кеткені хабарланды. ТЖД дерегінше, 20 адамнан құралған төрт отбасы мүшелері тыйым салынған жерде суға түскен.
Түркістан облысы Отырар ауданында суға кеткен адамдарды іздеу жұмысы түнгі уақытқа қарамастан жалғасып жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. "Түркістан облысы Отырар ауданы Көксарай елдімекені жанындағы Сырдария өзеніне батып кеткен адамдарды іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасуда. Қазіргі уақытта суға батқан 8 адамның денесі табылды, қалған үшеуі іздестірілуде. Құтқарушыларға өзен арнасының тереңдігі (5-6 метр), өзен астындағы құлаған ағаштар, түн мезгілінде су астын көзбен шолу мүмкіндігінің жоқтығы қиындық келтіруде. Суға түскенде қауіпсіздік шараларын ескеру қажет. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Мас күйінде суға түспеу қажет", - деп ескертті Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Сонымен қатар ТЖД қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, денесі табылған сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар екенін, ал іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі кәмелет жасына толмағанын атап өтті. Еске сала кетейік, бүгін Сырдарияға шомылуға барған 11 адамның суға кеткені хабарланды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033382-us-adamdy-izdep-zatyrmyz-turkistan-oblysynda-suga-ketken-segiz-adamnyn-denesi-tabyldy/
21 тамыз 2023, 23:18
kk
Төрт отбасы демалған: Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті
Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Түркістан облысы Отырар ауданы Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, суға батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері судан 6 мәйітті шығарды (тұлғасы мен жасы анықталуда), бес адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Ақпарат жедел болып табылады және өзгеруі мүмкін. Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс жасауда 8-7253-357881. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 жүзу құралы және дрон жұмылдырылды: Төтенше жағдайлар, Полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Бұл үшін арналмаған жерлерде суға түспеңіз және балалардың суға түсуіне жол бермеңіз", - делінген хабарламада. ТЖД мәлімдегендей, тыйым салынған жерде демалуға 20 адамнан құралған 4 отбасы келген. Олардың ішінде 11 адам суға батып кетті.
Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды . "Түркістан облысы Отырар ауданы Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, суға батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері судан 6 мәйітті шығарды (тұлғасы мен жасы анықталуда), бес адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Ақпарат жедел болып табылады және өзгеруі мүмкін. Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс жасауда 8-7253-357881. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 жүзу құралы және дрон жұмылдырылды: Төтенше жағдайлар, Полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Бұл үшін арналмаған жерлерде суға түспеңіз және балалардың суға түсуіне жол бермеңіз", - делінген хабарламада. ТЖД мәлімдегендей, тыйым салынған жерде демалуға 20 адамнан құралған 4 отбасы келген.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033379-tort-otbasy-demalgan-turkistan-oblysynda-11-adam-suga-batyp-ketti/
21 тамыз 2023, 22:43
kk
"Қазақстан" шахтасындағы апаттан көз жұмған кеншілер жер қойнына тапсырылды (видео)
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан Виктор Бургун мен Виталий Слюньков бүгін жер қойнына берілді. Өлі денесі ең бірінші табылған Денис Стешин кеше жерленген. Соңғы екі кеншімен қоштасу рәсімі ертеңге жоспарланған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның ақпаратынша, 39 жылын жер асты еңбегіне арнаған 58 жастағы Виктор Бургунды шығарып салуға келгендердің қарасы қалың. "Әр уақытта бірдеңе тосады ғой осылай, бірдеңе болғаннан кейін ғана басталады жұмыстың бәрі. Баяғыда Ленин шахтасында жиырма адамдай қайтыс болған кезде асфальт та салынды, жарық та істелінді деген сияқты. Болмай-ақ қойсын ондай, енді алдын ала істесін, біздің депутаттар бар", - деді марқұмның әріптесі Нұржан Райымбеков. Қаралы жиынға әкім қаралар мен депутаттар да келген. Айтуларынша "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының құрғақ уәдесі елді шаршатқан. Компанияға қарасты шахталардың бәрінде заманауи құрылғылар сөз жүзінде ғана жаңарып жатыр дейді. "Олар өздерінше алдайды, ылғи алдайды. Бес жылдық жоспар бар, 3 жылдық жоспар бар, біреуі орындалған жоқ. Ең құрымаса бес жылдық жоспардың 30 пайызын да орындаған жоқ. Мынаны алдын аламыз ешқандай қауіп болмайды, өйтіп жатырмыз бүйтіп жатырмыз деп көзімізді алдап жәй бірдеңе бере салады. Ал нақты орындалып жатқан ештеңе жоқ", - деді мәжілісмен Құдайберген Бексұлтанов. 59 жастағы Виталий Слюньков та шахтада 39 жыл еңбек еткен. Оның денесін жақындары үйінен шығарды. Ал шахтаның өзінде 5 күн бұрын басталған өрт әлі сөндіріліп бітпей жатыр. Өйткені конвеерлік лентадағы өрт көмір қабаттарына тиген. Сондықтан тар жерде тұтанған көмірдің қою қара түтіні мен бет қаратпас ыстығы өрт сөндірушілерді маңайлатпай жатқан көрінеді. Қазір жер астындағы 10 нан аса өрт ошағымен 40 шақты өрт сөндіруші алысып жатыр екен. Одан көп адамды кіргізуге жер астындағы тар жолдар мүмкіндік бермейді. Сондықтан мамандар тілсіз жаудың беті қашан қайтарын нақты айта алар емес. "Бізде былтыр Ленин шахтасындағы өрт кезінде 3 апта деп жоспарлағанбыз. Бірақ одан ерте сөндірдік. Сондай болуы мүмкін. Керісінше созылып кетуі де ғажап емес. Өйткені жанған көмірді сөндіру оңай емес. Сондықтан нақты айта алмаймыз", - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин. "Қазақстан шахтасында" еңбек ететін 1450 адамның 600 ден астамы қазір басқа шахталарға жұмысқа жіберілген. Қалғаны өрт сөндірушілерге көмектесу үшін осы шахтада жүр. Дереккөз: КТК телеарнасы
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан Виктор Бургун мен Виталий Слюньков бүгін жер қойнына берілді. Өлі денесі ең бірінші табылған Денис Стешин кеше жерленген. Соңғы екі кеншімен қоштасу рәсімі ертеңге жоспарланған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның ақпаратынша, 39 жылын жер асты еңбегіне арнаған 58 жастағы Виктор Бургунды шығарып салуға келгендердің қарасы қалың. "Әр уақытта бірдеңе тосады ғой осылай, бірдеңе болғаннан кейін ғана басталады жұмыстың бәрі. Баяғыда Ленин шахтасында жиырма адамдай қайтыс болған кезде асфальт та салынды, жарық та істелінді деген сияқты. Болмай-ақ қойсын ондай, енді алдын ала істесін, біздің депутаттар бар", - деді марқұмның әріптесі Нұржан Райымбеков. Қаралы жиынға әкім қаралар мен депутаттар да келген. Айтуларынша "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының құрғақ уәдесі елді шаршатқан. Компанияға қарасты шахталардың бәрінде заманауи құрылғылар сөз жүзінде ғана жаңарып жатыр дейді. "Олар өздерінше алдайды, ылғи алдайды. Бес жылдық жоспар бар, 3 жылдық жоспар бар, біреуі орындалған жоқ. Ең құрымаса бес жылдық жоспардың 30 пайызын да орындаған жоқ. Мынаны алдын аламыз ешқандай қауіп болмайды, өйтіп жатырмыз бүйтіп жатырмыз деп көзімізді алдап жәй бірдеңе бере салады. Ал нақты орындалып жатқан ештеңе жоқ", - деді мәжілісмен Құдайберген Бексұлтанов. 59 жастағы Виталий Слюньков та шахтада 39 жыл еңбек еткен. Оның денесін жақындары үйінен шығарды. Ал шахтаның өзінде 5 күн бұрын басталған өрт әлі сөндіріліп бітпей жатыр. Өйткені конвеерлік лентадағы өрт көмір қабаттарына тиген. Сондықтан тар жерде тұтанған көмірдің қою қара түтіні мен бет қаратпас ыстығы өрт сөндірушілерді маңайлатпай жатқан көрінеді. Қазір жер астындағы 10 нан аса өрт ошағымен 40 шақты өрт сөндіруші алысып жатыр екен. Одан көп адамды кіргізуге жер астындағы тар жолдар мүмкіндік бермейді. Сондықтан мамандар тілсіз жаудың беті қашан қайтарын нақты айта алар емес. "Бізде былтыр Ленин шахтасындағы өрт кезінде 3 апта деп жоспарлағанбыз. Бірақ одан ерте сөндірдік. Сондай болуы мүмкін. Керісінше созылып кетуі де ғажап емес. Өйткені жанған көмірді сөндіру оңай емес. Сондықтан нақты айта алмаймыз", - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин. "Қазақстан шахтасында" еңбек ететін 1450 адамның 600 ден астамы қазір басқа шахталарға жұмысқа жіберілген. Қалғаны өрт сөндірушілерге көмектесу үшін осы шахтада жүр.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033374-qazaqstan-saxtasyndagy-apattan-koz-zumgan-kensiler-zer-qoinyna-tapsyryldy-video/
21 тамыз 2023, 22:11
kk
Дінмұхамед Қонаев пен Вьетнамнің бірінші президентінің мұрағаттағы фотосы жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барды. "Борт №1" Telegram арнасы Вьетнамның бірінші президенті Хо Ши Мин мен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мұрағаттағы суреттерін жариялады. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өз сөзінде мемлекет басшысы ретінде Вьетнамға бірінші рет келгенін атап өтті. 1959 жылы осындай сапармен біздің елімізге Вьетнамның бірінші президенті және ұлттық көшбасшысы Хо Ши Мин келген. Оны ҚазССР министрлер кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев қарсы алды", - делінген хабарламада. Ақорданың мәліметінше, Хо Ши Мин танымал қазақ ғалымы Қаныш Сәтпаевпен де жүздескен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барды. "Борт №1" Telegram арнасы Вьетнамның бірінші президенті Хо Ши Мин мен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мұрағаттағы суреттерін жариялады. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өз сөзінде мемлекет басшысы ретінде Вьетнамға бірінші рет келгенін атап өтті. 1959 жылы осындай сапармен біздің елімізге Вьетнамның бірінші президенті және ұлттық көшбасшысы Хо Ши Мин келген. Оны ҚазССР министрлер кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев қарсы алды", - делінген хабарламада.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033373-dinmuxamed-qonaev-pen-vetnamnin-birinsi-prezidentinin-muragattagy-fotosy-zariyalandy/
21 тамыз 2023, 21:35
kk
"Ешкімде жоқ": жақында екінші қызын босанған Айсәуле Бақытбек сәбиіне қандай есім қойғанын айтты
Жақында ғана екінші сәбиін босанған белгілі блогер Айсәуле Бақытбек нәрестесіне қандай есім бергенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Айсәуле Бақытбек екінші қызының атын көпшілікке ерекше әдіспен жария етті. Видеода ол бірнеше есім жазылған шарды тізіп қойған. Содан кейін оларды біртіндеп жара бастағанын көруге болады. "Қызымызды қалай атадық? Осындай әдіспен айтуды жөн көрдім. Бұл аттар біз қарастырған есімдер", - деді Айсәуле Бақытбек. Блогердің сөзінше, олардың таңдауы Сәтті деген есімге түскен. Бейнежазбаны көрген желідегілер бұл есімнің ерекше екенін айтып, таңдаудың қазақша есімге түскеніне қуанды. "Қандай ерекше есім, кім таңдады?", "Ешкімде жоқ, әдемі есім", "Өте әдемі есім екен", "Қазақша болғанына қуандым", "Жарайсың, бақытты қыз болып өссін. Таза қазақша есім қойғанына таң қалып қалдым", "Сәттінің артынан егіз ұл ерсін", - деп жазуда көпшілік.
Жақында ғана екінші сәбиін босанған белгілі блогер Айсәуле Бақытбек нәрестесіне қандай есім бергенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Айсәуле Бақытбек екінші қызының атын көпшілікке ерекше әдіспен жария етті. Видеода ол бірнеше есім жазылған шарды тізіп қойған. Содан кейін оларды біртіндеп жара бастағанын көруге болады. "Қызымызды қалай атадық? Осындай әдіспен айтуды жөн көрдім. Бұл аттар біз қарастырған есімдер", - деді Айсәуле Бақытбек. Блогердің сөзінше, олардың таңдауы Сәтті деген есімге түскен. Бейнежазбаны көрген желідегілер бұл есімнің ерекше екенін айтып, таңдаудың қазақша есімге түскеніне қуанды. "Қандай ерекше есім, кім таңдады?", "Ешкімде жоқ, әдемі есім", "Өте әдемі есім екен", "Қазақша болғанына қуандым", "Жарайсың, бақытты қыз болып өссін.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033370-eskimde-zoq-zaqynda-ekinsi-qyzyn-bosangan-aisaule-baqytbek-sabiine-qandai-esim-qoiganyn-aitty/
21 тамыз 2023, 21:19
kk
Ақорда Тоқаевтың Вьетнамға сапары туралы коммюнике жариялады
Ақорда ресми сайтында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапарының қорытындылары туралы бірлескен коммюникесін жариялады. 1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруына орай 2023 жылғы 20-22 тамыз аралығында Вьетнамға ресми сапармен барды. 2. Сапар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ВКП ОК-ның Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен кездесті, Президент Во Ван Тхыонгпен, Премьер-Министр Фам Минь Чинмен және Ұлттық жиналыс Төрағасы Выонг Динь Хюэмен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Бакнинь және Хайзыонг провинцияларындағы бірқатар экономикалық және мәдени нысандарды аралады. 3. Сапар барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени және туристік салалардағы ынтымақтастықты дамыту шаралары туралы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. 4. Келіссөздер барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Во Ван Тхыонг Қазақстан мен Вьетнамды дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратынын растады. Тараптар соңғы кездері екіжақты қатынастардағы ілгерілеушілікке қанағаттанушылық білдіріп, қалыптасқан өзара сенімді саяси диалогты ерекше атап өтті. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ынтымақтастық өзара тиімді іс-қимыл жасау үшін жоғары әлеуеті бар жаңа салаларды қоса алғанда, өзара мүдделілікті білдіретін барлық бағыттар бойынша кеңейіп жатқаны баса айтылды. Мемлекет басшылары барлық деңгейлерде, оның ішінде екі елдің партиялары, үкіметтері және парламенттері желісі бойынша делегациялар алмасуды, сондай-ақ халықтар арасындағы мәдени байланыстарды жандандыру; өзара түсіністік пен сенімді нығайту, сондай-ақ екіжақты сан салалы өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында Үкіметаралық комиссия, саяси консультациялар мен басқа да форматтар сияқты қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін тиімді түрде іске қосу ниетін растады. 5. Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті, бизнестің екі елдің нарықтарына өзара қол жеткізуі үшін қолайлы жағдайлар жасау және өзара пайдалы сауданы қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін, оның ішінде Қазақстаннан Вьетнамға және кері қарай контейнерлік тасымалдарды ұлғайту үшін шаралар қабылдау мақсатында қолдану мүмкіндігін қарастыру ниетін растады. Тараптар туризм, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика сияқты және басқа да әлеуетті ынтымақтастық бағыттарын талқылады. 6. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауданың өсуіне ықпал ететін Вьетнам Социалистік Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісімді іске асырудың оң нәтижелерін жоғары бағалады. Тараптар екіжақты сауданы одан әрі ілгерілету үшін осы Келісімнің артықшылықтарын пайдалануға дайын екендігін білдірді. 7. Президенттер 2022 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуын ынталандыруға қолайлы жағдайлар жасағанын қанағаттанушылықпен атап өтті. 8. Мемлекет басшылары 2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге толықтыру енгізу туралы 2017 жылғы 3 қаңтардағы хаттаманың негізінде білім беру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық білдірді. 9. Президенттер мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың, оның ішінде екі халықты жұмылдыру және өзара түсіністікті тереңдету, мәдениеттерді бірлесіп байыту және екіжақты қатынастарды тұтас дамыту мақсатында ғылым, спорт және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық пен алмасуды кеңейтудің маңыздылығын растады. 10. Мемлекет басшылары халықаралық ұйымдар мен форумдар шеңберінде жүзеге асырылып жатқан екі елдің тығыз үйлесімі мен өзара қолдауын жоғары бағалады. Тараптар өңірдегі бейбітшілік, даму мен өркендеу тұрғысынан мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында көпжақты форумдарда, атап айтқанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі өрбітуге ұмтылысын атап өтті. Вьетнам тарапы АСЕАН және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда байланыстырушы буын болып, Қазақстанды қолдауға дайын екенін білдірді. Тараптар халықаралық және өңірлік мәселелер туралы пікір алмасты. Вьетнам тарапы Оңтүстік Қытай теңіздегі қазіргі жағдай туралы хабардар етті. Тараптар бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудың, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы негізінде барлық дауларды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті. 11. Сапар шеңберінде мынадай құжаттарға: (1) Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа; (2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге; (3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы 2023–2025 жылдарда сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына; (4) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға; (5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға; (6) «QazTrade» cауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «VietTrade» Вьетнамның саудаға жәрдемдесу жөніндегі агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға; (7) «Хабар» агенттігі» АҚ мен «Vietnam Television» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 12. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонг пен Вьетнам халқына жылы шырайлы қонақжайлылығы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Во Ван Тхыонгты өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырды. Президент Во Ван Тхыонг шақыруды ризашылықпен қабылдады. Сапар мерзімі дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.
Ақорда ресми сайтында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапарының қорытындылары туралы бірлескен коммюникесін жариялады. 1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруына орай 2023 жылғы 20-22 тамыз аралығында Вьетнамға ресми сапармен барды. 2. Сапар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ВКП ОК-ның Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен кездесті, Президент Во Ван Тхыонгпен, Премьер-Министр Фам Минь Чинмен және Ұлттық жиналыс Төрағасы Выонг Динь Хюэмен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Бакнинь және Хайзыонг провинцияларындағы бірқатар экономикалық және мәдени нысандарды аралады. 3. Сапар барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени және туристік салалардағы ынтымақтастықты дамыту шаралары туралы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. 4. Келіссөздер барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Во Ван Тхыонг Қазақстан мен Вьетнамды дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратынын растады. Тараптар соңғы кездері екіжақты қатынастардағы ілгерілеушілікке қанағаттанушылық білдіріп, қалыптасқан өзара сенімді саяси диалогты ерекше атап өтті. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ынтымақтастық өзара тиімді іс-қимыл жасау үшін жоғары әлеуеті бар жаңа салаларды қоса алғанда, өзара мүдделілікті білдіретін барлық бағыттар бойынша кеңейіп жатқаны баса айтылды. Мемлекет басшылары барлық деңгейлерде, оның ішінде екі елдің партиялары, үкіметтері және парламенттері желісі бойынша делегациялар алмасуды, сондай-ақ халықтар арасындағы мәдени байланыстарды жандандыру; өзара түсіністік пен сенімді нығайту, сондай-ақ екіжақты сан салалы өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында Үкіметаралық комиссия, саяси консультациялар мен басқа да форматтар сияқты қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін тиімді түрде іске қосу ниетін растады. 5. Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті, бизнестің екі елдің нарықтарына өзара қол жеткізуі үшін қолайлы жағдайлар жасау және өзара пайдалы сауданы қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін, оның ішінде Қазақстаннан Вьетнамға және кері қарай контейнерлік тасымалдарды ұлғайту үшін шаралар қабылдау мақсатында қолдану мүмкіндігін қарастыру ниетін растады. Тараптар туризм, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика сияқты және басқа да әлеуетті ынтымақтастық бағыттарын талқылады. 6. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауданың өсуіне ықпал ететін Вьетнам Социалистік Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісімді іске асырудың оң нәтижелерін жоғары бағалады. Тараптар екіжақты сауданы одан әрі ілгерілету үшін осы Келісімнің артықшылықтарын пайдалануға дайын екендігін білдірді. 7. Президенттер 2022 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуын ынталандыруға қолайлы жағдайлар жасағанын қанағаттанушылықпен атап өтті. 8. Мемлекет басшылары 2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге толықтыру енгізу туралы 2017 жылғы 3 қаңтардағы хаттаманың негізінде білім беру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық білдірді. 9. Президенттер мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың, оның ішінде екі халықты жұмылдыру және өзара түсіністікті тереңдету, мәдениеттерді бірлесіп байыту және екіжақты қатынастарды тұтас дамыту мақсатында ғылым, спорт және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық пен алмасуды кеңейтудің маңыздылығын растады. 10. Мемлекет басшылары халықаралық ұйымдар мен форумдар шеңберінде жүзеге асырылып жатқан екі елдің тығыз үйлесімі мен өзара қолдауын жоғары бағалады. Тараптар өңірдегі бейбітшілік, даму мен өркендеу тұрғысынан мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында көпжақты форумдарда, атап айтқанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі өрбітуге ұмтылысын атап өтті. Вьетнам тарапы АСЕАН және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда байланыстырушы буын болып, Қазақстанды қолдауға дайын екенін білдірді. Тараптар халықаралық және өңірлік мәселелер туралы пікір алмасты. Вьетнам тарапы Оңтүстік Қытай теңіздегі қазіргі жағдай туралы хабардар етті. Тараптар бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудың, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы негізінде барлық дауларды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті. 11. Сапар шеңберінде мынадай құжаттарға: (1) Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа; (2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге; (3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы 2023–2025 жылдарда сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына; (4) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға; (5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға; (6) «QazTrade» cауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «VietTrade» Вьетнамның саудаға жәрдемдесу жөніндегі агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға; (7) «Хабар» агенттігі» АҚ мен «Vietnam Television» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 12. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонг пен Вьетнам халқына жылы шырайлы қонақжайлылығы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Во Ван Тхыонгты өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырды. Президент Во Ван Тхыонг шақыруды ризашылықпен қабылдады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033372-toqaev-pen-vo-van-txyongtyn-birlesken-kommyunikesi-zariyalandy/
21 тамыз 2023, 20:39
kk
Қостанай облысында полицей қас-қағым сәтте қызынан көз жазып қалған анасына баласын тауып берді
Қостанай облысы Лисаковта полиция қызметкері жоғалған 4 жасар қызды іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. Басылымның жазуынша, 18 тамыз күні анасы мен әжесі интернет үшін ақы төлеп жатқанда, бүлдіршін дүкеннен сыртқа шығып кеткен. Бір минут назарлары басқа жаққа ауғанда, қызын таппай қалған. Анасы дереу полцияға қоңырау шалған. Қызды іздеумен учаскелік полицей Ербол Сейтмағамбетов айналысқан. Ол жоғалған жерден 1,5 км қашықтықта баланы тауып, қызды анасына қайтарған. "Өтінім шамамен 17:45-те келіп түсті. Қыздың анасы Наталья Гусева қызымен бірге Ресейден әжесіне қонаққа келгенін айтты. Телефонның бірлігін толтыру қажет болып, олар дүкенге барған. Сол жерде баланың жоқ екенін байқаған", – деді Ербол Сейтмағамбетов. Полиция қызметкерлері дереу патрульдеу ұйымдастырып, 4 жасар қыздың қайда кеткенін көрсететін куәгерлерден сауалнама алған. Бір сағаттан аз уақыт өткен соң, ол жоғалған жерден шамамен 1,5 км қашықтықта Лисаков қаласының бір көшесінен табылған. Қыздың анасы мен оның әжесі – Вера Клименко полицейлердің, әсіресе Ербол Сейтмағамбетовтің әрекеттерін атап өтіп, бейне үндеу қалдырған. "Менің қызымды іздеп,тауып берген учаскелік инспектор Ерболға зор алғысымды білдіремін", – делінген бейне хабарламада. Полиция ата-аналарға әсіресе қоғамдық орындарда балаларына ие болуларын сұрайды.
Қостанай облысы Лисаковта полиция қызметкері жоғалған 4 жасар қызды іздеп тапты, деп хабарлайды Басылымның жазуынша, 18 тамыз күні анасы мен әжесі интернет үшін ақы төлеп жатқанда, бүлдіршін дүкеннен сыртқа шығып кеткен. Бір минут назарлары басқа жаққа ауғанда, қызын таппай қалған. Анасы дереу полцияға қоңырау шалған. Қызды іздеумен учаскелік полицей Ербол Сейтмағамбетов айналысқан. Ол жоғалған жерден 1,5 км қашықтықта баланы тауып, қызды анасына қайтарған. "Өтінім шамамен 17:45-те келіп түсті. Қыздың анасы Наталья Гусева қызымен бірге Ресейден әжесіне қонаққа келгенін айтты. Телефонның бірлігін толтыру қажет болып, олар дүкенге барған. Сол жерде баланың жоқ екенін байқаған", – деді Ербол Сейтмағамбетов. Полиция қызметкерлері дереу патрульдеу ұйымдастырып, 4 жасар қыздың қайда кеткенін көрсететін куәгерлерден сауалнама алған. Бір сағаттан аз уақыт өткен соң, ол жоғалған жерден шамамен 1,5 км қашықтықта Лисаков қаласының бір көшесінен табылған. Қыздың анасы мен оның әжесі – Вера Клименко полицейлердің, әсіресе Ербол Сейтмағамбетовтің әрекеттерін атап өтіп, бейне үндеу қалдырған. "Менің қызымды іздеп,тауып берген учаскелік инспектор Ерболға зор алғысымды білдіремін", – делінген бейне хабарламада.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033368-qostanai-oblysynda-policei-qas-qagym-satte-qyzynan-koz-zazyp-qalgan-anasyna-balasyn-tauyp-berdi/
21 тамыз 2023, 20:21
kk
Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе: мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді
Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе? Тұрғындардан жиі келіп түсіп жатқан сауалға Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында жауап берді. Ведомство мәліметінше, Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына (1414 нөміріне, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түседі. Тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында МКК "Апта сауалы" айдарын іске қосқан. Өткен аптада ең көп қойылған сұрақ жеке тұлғаның мүлік салығын төлеуіне қатысты болған. "Мен мүлік салығын төледім, бірақ маған коммуналдық төлем шоты (ЕРЦ) арқылы тағы да төлеу керектігім туралы ақпарат келіп тұр. Қайта төлеуім керек пе? ", - деп сұрақ қойған тұрғындар. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, егер сіз 2022 жыл үшін мүлік салығын осы жылы төлеген болсаңыз, екінші рет төлеудің қажеті жоқ. "Себебі ол жылына бір-ақ рет, ағымдағы жылдың қазан айының 1-не дейін төленеді. Егер сіздің бірнеше жылжымайтын мүлкіңіз болса, салықты әр мүлік бойынша төлеуіңіз керек", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері. Комитет мәліметінше, салықтың төленгенін немесе төлеу керек салықтың сомасын білудің мынадай жолдары бар:
Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе? Тұрғындардан жиі келіп түсіп жатқан сауалға Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында жауап берді. Ведомство мәліметінше, Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына (1414 нөміріне, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түседі. Тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында МКК "Апта сауалы" айдарын іске қосқан. Өткен аптада ең көп қойылған сұрақ жеке тұлғаның мүлік салығын төлеуіне қатысты болған. "Мен мүлік салығын төледім, бірақ маған коммуналдық төлем шоты (ЕРЦ) арқылы тағы да төлеу керектігім туралы ақпарат келіп тұр. Қайта төлеуім керек пе? ", - деп сұрақ қойған тұрғындар. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, егер сіз 2022 жыл үшін мүлік салығын осы жылы төлеген болсаңыз, екінші рет төлеудің қажеті жоқ. "Себебі ол жылына бір-ақ рет, ағымдағы жылдың қазан айының 1-не дейін төленеді. Егер сіздің бірнеше жылжымайтын мүлкіңіз болса, салықты әр мүлік бойынша төлеуіңіз керек", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033367-mulik-salygyn-ekinsi-ret-toleu-qazet-pe-memlekettik-kirister-komiteti-zauap-berdi/
21 тамыз 2023, 20:04
kk
ШҚО-да көршісімен жанжалдасып қалған жігіт оқ атып, басқа үйдің терезесін бүлдірді
ШҚО-ның Алтай қаласында тұрғын үйлердің бірінің терезесіне оқ атылды. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, оқиғаның мән-жайын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. Ведомство мәліметінше, Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз біреудің пәтерінің терезесіне оқ атқаны туралы хабарлама келіп түскен. Салдарынан тұрғынға 50 мың теңге көлемінде шығын келген. Полицейлер аталған мекенжайға келіп жетіп, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні ұстаған. Күдікті көрші подъезде тұратын 23 жастағы жігіт болып шыққан. Тәртіп сақшылары ұсталған жігіттің үйін тінту кезінде 12 калибрлі 10 оқ, маркасы "ИЖ-18 ЕМ-М" сыңар ауыз аңшы мылтығын және 12 калибрлі үш оқсауыт тауып, тәркілеген. "Анықталғандай, сол күні кешкі уақытта жас жігіт жәбірленушінің үстіндегі қабатта тұратын көршісімен жанжалдасып қалған. Осыдан кейін ашуға берілген жігіт аулаға шығып, өзін ренжіткен әйелдің терезесін көздеп атқан, бірақ мүлт кеткен. Оқ еш кінәсі жоқ көршінің терезесіне тиген. Кейін күдіктімен жанжалдасқан көрші әйелдің терезесі ауланың басқа жағында орналасқаны белгілі болды", - делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
ШҚО-ның Алтай қаласында тұрғын үйлердің бірінің терезесіне оқ атылды. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, оқиғаның мән-жайын анықтады. Бұл туралы ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. Ведомство мәліметінше, Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз біреудің пәтерінің терезесіне оқ атқаны туралы хабарлама келіп түскен. Салдарынан тұрғынға 50 мың теңге көлемінде шығын келген. Полицейлер аталған мекенжайға келіп жетіп, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні ұстаған. Күдікті көрші подъезде тұратын 23 жастағы жігіт болып шыққан. Тәртіп сақшылары ұсталған жігіттің үйін тінту кезінде 12 калибрлі 10 оқ, маркасы "ИЖ-18 ЕМ-М" сыңар ауыз аңшы мылтығын және 12 калибрлі үш оқсауыт тауып, тәркілеген. "Анықталғандай, сол күні кешкі уақытта жас жігіт жәбірленушінің үстіндегі қабатта тұратын көршісімен жанжалдасып қалған. Осыдан кейін ашуға берілген жігіт аулаға шығып, өзін ренжіткен әйелдің терезесін көздеп атқан, бірақ мүлт кеткен. Оқ еш кінәсі жоқ көршінің терезесіне тиген. Кейін күдіктімен жанжалдасқан көрші әйелдің терезесі ауланың басқа жағында орналасқаны белгілі болды", - делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033360-sqo-da-kek-alu-maqsatynda-er-adam-oq-atqan/
21 тамыз 2023, 19:23
kk
Полиция генерал-майоры Берік Біләловке сот үкімі шықты
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында полиция генерал-майоры Берік Біләловке үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттіктің жазуынша, сот үкіміне сәйкес, Берік Біләлов Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағының 2-тармақшасында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ ол 10 жылға мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті басқарушы органдарда, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор нысандарында жұмыс істеу құқығынан айырылған. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес, президент атына Берік Біләловті ІІ дәрежелі "Даңқ" орденінен және полиция генерал-майоры жоғары арнаулы лауазымынан айыру туралы ұсыныс енгізілген. Бұдан бөлек агенттік мәліметінше, одан зардап шегушілерге өтемақы төлеу қорына 58 340 теңге мәжбүрлі түрде өндіріп алынады. Берік Біләлов жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Еске салсақ, СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов биыл ақпан айында ұсталған болатын. Кейін ІІМ Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу қаражатты алаяқтық жолмен иемдену туралы өтініштен кейін басталғанын хабарлады. Мамыр айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Берік Біләловке қатысты іс бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында полиция генерал-майоры Берік Біләловке үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттіктің жазуынша, сот үкіміне сәйкес, Берік Біләлов Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағының 2-тармақшасында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ ол 10 жылға мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті басқарушы органдарда, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор нысандарында жұмыс істеу құқығынан айырылған. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес, президент атына Берік Біләловті ІІ дәрежелі "Даңқ" орденінен және полиция генерал-майоры жоғары арнаулы лауазымынан айыру туралы ұсыныс енгізілген. Бұдан бөлек агенттік мәліметінше, одан зардап шегушілерге өтемақы төлеу қорына 58 340 теңге мәжбүрлі түрде өндіріп алынады. Берік Біләлов жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Еске салсақ, СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов биыл ақпан айында ұсталған болатын. Кейін ІІМ Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу қаражатты алаяқтық жолмен иемдену туралы өтініштен кейін басталғанын хабарлады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033355-policiya-general-maiory-berik-bilalovke-sot-ukimi-syqty/
21 тамыз 2023, 18:06
kk
Қызылорда облысында кен орнындағы ТЖ салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті
Қызылорда облысындағы "Ақшабұлақ" кен орнында төтенше жағдай болып, салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шеккен. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады. Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға 19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында болған. Анықталғандай "Ақшабұлақ" кен орнында цистерна жарылып, өрт болған. Салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, үш адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Тағы бір адам медициналық мекемеге көрініп, үйіне қайтарылған. Ведомство бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалған, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Қызылорда облысындағы "Ақшабұлақ" кен орнында төтенше жағдай болып, салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шеккен. Бұл туралы ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады. Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға 19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында болған. Анықталғандай "Ақшабұлақ" кен орнында цистерна жарылып, өрт болған. Салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, үш адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Тағы бір адам медициналық мекемеге көрініп, үйіне қайтарылған. Ведомство бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033349-qyzylorda-oblysynda-ken-ornyndagy-ort-saldarynan-bir-adam-qaza-tauyp-useui-auruxanaga-tusti/
21 тамыз 2023, 17:45
kk
Талдықорғандық лауазымды полицейге қатысты жанжал: ПД желіде тараған аудиожазбаға пікір білдірді
Желіде резонанс тудырған аудиожазба пайда болды. Онда Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаевтің қызметкерлерін балағаттап жатқанын естуге болады. Аудиожазбаға қатысты Жетісу облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Әлеуметтік желіде Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаевтің қоластындағы қызметкерлерін балағаттап жатқаны жайлы аудиожазбасы тарауда. Ең қызығы, мұндай мінез-құлқы үшін Ішкі істер министрі 2019 жылы оны Алматы облысы жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымынан босатқан болатын", - делінген желіде жарияланған хабарламада. Бұл аудиожазбаға қатысты пікір білдірген Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аудио тексерілген. Нәтижесінде аудиожазбаның ескі екені және биылғы жылдың қаңтар айында түсірілген видеодан алынғаны анықталған. Ол кезде видеоға қатысты тергеу жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша Талдықорған қалалық полицияның басшысы наурыз айында қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Желіде резонанс тудырған аудиожазба пайда болды. Онда Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаевтің қызметкерлерін балағаттап жатқанын естуге болады. Аудиожазбаға қатысты Жетісу облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды . "Әлеуметтік желіде Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаевтің қоластындағы қызметкерлерін балағаттап жатқаны жайлы аудиожазбасы тарауда. Ең қызығы, мұндай мінез-құлқы үшін Ішкі істер министрі 2019 жылы оны Алматы облысы жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымынан босатқан болатын", - делінген желіде жарияланған хабарламада. Бұл аудиожазбаға қатысты пікір білдірген Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аудио тексерілген. Нәтижесінде аудиожазбаның ескі екені және биылғы жылдың қаңтар айында түсірілген видеодан алынғаны анықталған. Ол кезде видеоға қатысты тергеу жүргізілген.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033324-taldyqorgandyq-lauazymdy-policeige-qatysty-zanzal-pd-zelide-taragan-audiozazbaga-pikir-bildirdi/
21 тамыз 2023, 17:02
kk
Тоқаев Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу жайлы: Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапары барысында елдің премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Кездесуде мемлекет басшысы бүгін президент Во Ванг Тхыонгпен нәтижелі келіссөз жүргізгенін және оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланғанын атап өткен. "Бүгін таңертең президент Во Ван Тхыонгпен өте нәтижелі келіссөз жүргіздім. Біз көптеген саладағы қарым-қатынастарымыз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін өте маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сондай-ақ Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу өткіздім. Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын. Біз елімізде вьетнамдық бизнестің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне шын мәнінде мүдделі болғандықтан көмек көрсетеміз", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ кездесуде мемлекет басшысы бүгін қол қойылған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспары сауда, инвестиция, технология, ауыл шаруашылығы, транзит және туризм сияқты маңызды салалар бойынша екі елдің өзара байланыстарын жандандыруға ықпал ететін негізгі құжат болатынына сенім білдірген. Өз кезегінде Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинь Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Қазақстан мен Вьетнамның екіжақты ынтымақтастығына тың серпін беретінін атап өткен. "Екі тарап қол қойған құжаттар мен келісімдер келешекте ынтымақтастығымызға берік негіз болады. Сізбен Қазақстан мен Вьетнамның саясат, дипломатия, инвестиция және сауда салаларындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытып, тереңдету жолдарын талқылауға мүдделіміз", – дейді Фам Минь Чинь.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапары барысында елдің премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Кездесуде мемлекет басшысы бүгін президент Во Ванг Тхыонгпен нәтижелі келіссөз жүргізгенін және оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланғанын атап өткен. "Бүгін таңертең президент Во Ван Тхыонгпен өте нәтижелі келіссөз жүргіздім. Біз көптеген саладағы қарым-қатынастарымыз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін өте маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сондай-ақ Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу өткіздім. Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын. Біз елімізде вьетнамдық бизнестің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне шын мәнінде мүдделі болғандықтан көмек көрсетеміз", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ кездесуде мемлекет басшысы бүгін қол қойылған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспары сауда, инвестиция, технология, ауыл шаруашылығы, транзит және туризм сияқты маңызды салалар бойынша екі елдің өзара байланыстарын жандандыруға ықпал ететін негізгі құжат болатынына сенім білдірген. Өз кезегінде Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинь Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Қазақстан мен Вьетнамның екіжақты ынтымақтастығына тың серпін беретінін атап өткен. "Екі тарап қол қойған құжаттар мен келісімдер келешекте ынтымақтастығымызға берік негіз болады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033338-toqaev-vetnam-kasipkerlerimen-kezdesu-zaily-olardyn-qazaqstan-narygyndagy-qyzmetin-qoldauga-daiynmyn/
21 тамыз 2023, 16:34
kk
Қазақстанда UFC жекпе-жегі өте ме: Шавкат Рахмонов жауап берді
Шавкат Рахмонов Қазақстанда UFC жекпе-жегін өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. "Әрине, бұл жайлы Данамен сөйлесуге болады. Көреміз. Әйтеуір, Қазақстанда турнир өтуі керек қой. Пандемияға дейін өткізгісі келді. Егер UFC келіссе, Қазақстан дайын. Күтеміз. Мұның бәрі UFC-ге, Дана Уайтқа байланысты. Бізде өткізетін адам табылады. Бұл туралы Саят Әбдірахмановқа да айтқам. Өзіндік нюанстары бар. Нақты ештеңе дей алмаймын. Мүмкін, алдағы уақытта Қазақстанда UFC жекпе-жегі өтетін шығар", - деді Рахмонов. Еске сала кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC-де кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген еді.
Шавкат Рахмонов Қазақстанда UFC жекпе-жегін өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы сайтына сілтеме жасаған хабарлайды. "Әрине, бұл жайлы Данамен сөйлесуге болады. Көреміз. Әйтеуір, Қазақстанда турнир өтуі керек қой. Пандемияға дейін өткізгісі келді. Егер UFC келіссе, Қазақстан дайын. Күтеміз. Мұның бәрі UFC-ге, Дана Уайтқа байланысты. Бізде өткізетін адам табылады. Бұл туралы Саят Әбдірахмановқа да айтқам. Өзіндік нюанстары бар. Нақты ештеңе дей алмаймын. Мүмкін, алдағы уақытта Қазақстанда UFC жекпе-жегі өтетін шығар", - деді Рахмонов.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033325-qazaqstanda-ufc-zekpe-zegi-ote-me-savkat-raxmonov-zauap-berdi/
21 тамыз 2023, 16:20
kk
"Хасанбай Досматов та қатысады": Сәкен Бибосынов Париж жолдамасына кімдер таласатынын айтты
Бокстан Қазақстан құрамасы бұл күндері "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл Азия ойындары қарсаңындағы маңызды жиындардың бірі, деп жазады Bassport.kz. Жиынға қатысып жатқан команда үздіктерінің бірі, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов алдағы лицензиялық бәсекеге қатысты ойын айтты. "Жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар тізімі әлі айтылған жоқ. Десе де, турнирден үмітті спортшылардың бірімін. Қазір тынымсыз дайындық жүріп жатыр. Өйткені Азиадада Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады. Олимпиадалық салмақтарда бірінші және екінші орын алған боксшыларға лицензия беріледі. Менің салмағымда Азиядағы мықтылардың барлығы да келеді. Олардың қатарында өзбекстандық Хасанбай Досматов, жапониялық, филиппиндік, үндістандық боксшылар бар. Бәрі де жолдамаға таласады. Сондықтан оңай болмайтыны анық", - деді Бибосынов. Айта кетелік, жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханжчоу қаласында өтеді. Азия ойындарында алғаш рет бокстан Олимпиада жолдамасы сарапқа салынады.
Бокстан Қазақстан құрамасы бұл күндері "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл Азия ойындары қарсаңындағы маңызды жиындардың бірі, деп жазады Жиынға қатысып жатқан команда үздіктерінің бірі, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов алдағы лицензиялық бәсекеге қатысты ойын айтты. "Жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар тізімі әлі айтылған жоқ. Десе де, турнирден үмітті спортшылардың бірімін. Қазір тынымсыз дайындық жүріп жатыр. Өйткені Азиадада Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады. Олимпиадалық салмақтарда бірінші және екінші орын алған боксшыларға лицензия беріледі. Менің салмағымда Азиядағы мықтылардың барлығы да келеді. Олардың қатарында өзбекстандық Хасанбай Досматов, жапониялық, филиппиндік, үндістандық боксшылар бар. Бәрі де жолдамаға таласады. Сондықтан оңай болмайтыны анық", - деді Бибосынов. Айта кетелік, жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханжчоу қаласында өтеді.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033331-xasanbai-dosmatov-ta-qatysady-saken-bibosynov-pariz-zoldamasyna-kimder-talasatynyn-aitty/
21 тамыз 2023, 16:07
kk
Алматыдағы алғашқы LRT желісі қашан іске қосылады
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында қарастырылған мегаполистің көлік құрылымы туралы айтты. Бұл туралы ол өткен жұмада мемлекет басшысына берген есебінде баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Досаевтың айтуынша, бас жоспарда қоғамдық көлік желісімен біріктірілген 5 жаңа полиорталық құру қарастырылған. "Болашақта транспорттың негізі - метро, LRT және BRT сында қолжетімді әрі жылдам жүретін қоғамдық транспорт болмақ. Ол тұрғындардың 75 пайызына қолжетімді болады. Бұл жолаушылардың қозғалыс жылдамдығын 20-30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді", - дейді Ерболат Досаев. Оның сөзінше, бірінші кезеңде 2024 жылы Райымбек даңғылындағы BRT пилоттық дәлізінің құрылысы басталады және екінші көлікке тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізіледі. Екінші кезең барысында, 2025-2026 жылдары LRT көлік дәліздерінің саны 10-ға дейін ұлғаяды және ұзындығы 26 км болатын бірінші LRT желісі іске қосылады. Ол желі қаланың батыс бөлігінен орталыққа дейін созылады. Бұл ретте, Алматы-1 және Алматы-2 станциялары жер үсті метрополитені арқылы біріктірледі. Сондай-ақ Досаев 2025 жылы 2025 жылы қалалық магистральдарды, қоғамдық көліктерді және "ақылды" бағдаршамдарды біріктіретін интеллектуалды жүйені іске қосу жоспарланып отырғаын атап өтті.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында қарастырылған мегаполистің көлік құрылымы туралы айтты. Бұл туралы ол өткен жұмада мемлекет басшысына берген есебінде баяндады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Досаевтың айтуынша, бас жоспарда қоғамдық көлік желісімен біріктірілген 5 жаңа полиорталық құру қарастырылған. "Болашақта транспорттың негізі - метро, LRT және BRT сында қолжетімді әрі жылдам жүретін қоғамдық транспорт болмақ. Ол тұрғындардың 75 пайызына қолжетімді болады. Бұл жолаушылардың қозғалыс жылдамдығын 20-30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді", - дейді Ерболат Досаев. Оның сөзінше, бірінші кезеңде 2024 жылы Райымбек даңғылындағы BRT пилоттық дәлізінің құрылысы басталады және екінші көлікке тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізіледі. Екінші кезең барысында, 2025-2026 жылдары LRT көлік дәліздерінің саны 10-ға дейін ұлғаяды және ұзындығы 26 км болатын бірінші LRT желісі іске қосылады. Ол желі қаланың батыс бөлігінен орталыққа дейін созылады. Бұл ретте, Алматы-1 және Алматы-2 станциялары жер үсті метрополитені арқылы біріктірледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033314-almatydagy-algasqy-lrt-zelisi-qasan-iske-qosylady/
21 тамыз 2023, 16:05
kk
"Басқа той жасауға дайынбыз": Ерке Есмахан жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды (фото)
Ерке Есмахан осыдан бірнеше күн бұрын қалыңдық көйлегіндегі суретін көпшілікке бөлісті. Алайда әнші жұбайы Раим екеуінің той жасамайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Желі қолданушысының бірі әншіден "Суретті көріп, қуанып кеттім. Үйлену той қашан болады?", - деп сұраған. Ал Ерке Есмахан күйеуі екеуінің той жасамауға шешім қабылдағанын айтты. "Той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақыты дүркіретіп той жасағанға немесе жасамағанға қарамайды екен. Алла бұйыртса, жанұямыздағы басқа тойларды жасауға дайынбыз", - деп жазды Ерке Есмахан. Айта кетейік, Ерке Есмахан мен Раим жаңа фотосессияны ел назарына ұсынған болатын. Жұлдызды жұп биылғы жылы шаңырақ көтерді.
Ерке Есмахан осыдан бірнеше күн бұрын қалыңдық көйлегіндегі суретін көпшілікке бөлісті. Алайда әнші жұбайы Раим екеуінің той жасамайтынын айтты, деп жазады . Желі қолданушысының бірі әншіден "Суретті көріп, қуанып кеттім. Үйлену той қашан болады?", - деп сұраған. Ал Ерке Есмахан күйеуі екеуінің той жасамауға шешім қабылдағанын айтты. "Той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақыты дүркіретіп той жасағанға немесе жасамағанға қарамайды екен. Алла бұйыртса, жанұямыздағы басқа тойларды жасауға дайынбыз", - деп жазды Ерке Есмахан. Айта кетейік, Ерке Есмахан мен Раим жаңа фотосессияны ел назарына ұсынған болатын.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033320-basqa-toi-zasauga-daiynbyz-erke-esmaxan-zazbasymen-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy-foto/
21 тамыз 2023, 15:27
kk
Қазақстанға әлем чемпионатының медалін сыйлаған балуан әскери борышын өтеп жүр
Амманда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Ризабек Айтмұхан әскери борышын ұмытқан емес. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды. Еркін күрес шебері Ризабек 92 келіге дейін салмақта күміс медаль еншілген еді. Ол өзіне қай кездесу қиын соққанын айтып, сұхбат берді. "Жастар арасындағы әлем чемпионатына екінші рет қатысып отырмын. Бұған дейінгі әлемдік аренадағы жалғыз жетістігім- Азия чемпионатындағы жүлдем болатын. Осы жолы жақсы дайындықпен келдім. Өз салмағымдағы басты фавориттердің бірі саналдым. Сондықтан бәрі менімен белдескенде аянып қалмады. Ең қиыны – финал болды. Өкінішке қарай, шешуші кезеңде ран елінің өкілі Мохаммадмобин Голомалиге есе жібердім. Бұйырғаны күміс медаль", - дейді Ризабек Айтмұқан. Айта кетейік, спортшы қазіргі кезде Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде борышын өтеп жүр. Ол өзіне қолдау көрсеткен Ұлттық ұлан қолбасшылығы мен "Динамо" спорт қоғамдастығына алғысын білдірді.
Амманда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Ризабек Айтмұхан әскери борышын ұмытқан емес. Бұл туралы хабарлайды. Еркін күрес шебері Ризабек 92 келіге дейін салмақта күміс медаль еншілген еді. Ол өзіне қай кездесу қиын соққанын айтып, сұхбат берді. "Жастар арасындағы әлем чемпионатына екінші рет қатысып отырмын. Бұған дейінгі әлемдік аренадағы жалғыз жетістігім- Азия чемпионатындағы жүлдем болатын. Осы жолы жақсы дайындықпен келдім. Өз салмағымдағы басты фавориттердің бірі саналдым. Сондықтан бәрі менімен белдескенде аянып қалмады. Ең қиыны – финал болды. Өкінішке қарай, шешуші кезеңде ран елінің өкілі Мохаммадмобин Голомалиге есе жібердім. Бұйырғаны күміс медаль", - дейді Ризабек Айтмұқан. Айта кетейік, спортшы қазіргі кезде Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде борышын өтеп жүр.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033319-qazaqstanga-alem-cempionatynyn-medalin-syilagan-baluan-askeri-borysyn-otep-zur/
21 тамыз 2023, 15:27
kk
Ерке Есмахан күйеуінің ата-анасы өзін қалай еркелететінін айтты (фото)
Әнші Ерке Есмахан ата-енесінің өзін қалай еркелететінін айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Желі қолданушысы әншіден "Сізді отбасы мүшелері қалай еркелетеді?", - деп сұраған. Ал Ерке Есмахан атасы мен енесінің өзін қалай еркелететінін ашып айтты. "Атам "Еркежан" дейді. Анамыз "қызым" дейді. Қайныларым "тәтей, апа" деп атайды. Ұлым "анашым" дейді. Күйеуім осы өмірде еркелететін қандай сөз бар, соның бәрін айтады", - деді Ерке Есмахан. Айта кетейік, осыған дейін отандық әншілер Ерке Есмахан мен Раим жаңа фотосессияны ел назарына ұсынған болатын.
Әнші Ерке Есмахан ата-енесінің өзін қалай еркелететінін айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген, деп жазады . Желі қолданушысы әншіден "Сізді отбасы мүшелері қалай еркелетеді?", - деп сұраған. Ал Ерке Есмахан атасы мен енесінің өзін қалай еркелететінін ашып айтты. "Атам "Еркежан" дейді. Анамыз "қызым" дейді. Қайныларым "тәтей, апа" деп атайды. Ұлым "анашым" дейді. Күйеуім осы өмірде еркелететін қандай сөз бар, соның бәрін айтады", - деді Ерке Есмахан.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033315-erke-esmaxan-kuieuinin-ata-anasy-ozin-qalai-erkeletetinin-aitty-foto/
21 тамыз 2023, 15:10
kk
"Іріктеу 6 кезеңнен тұрады": президенттік жастар кадр резервіне ену үшін қандай сынақтардан өту керек
1 қыркүйекте елімізде президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев резервке мүше болу үшін қатысушылар қандай сынақтардан өтетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Думан Әбілевтің сөзінше, президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуге тиіс. Бірінші кезең – резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау. Ол 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы ақпараттық жүйесінде және онлайн режимде жүзеге асырылады. Іріктеу объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады. Екінші кезең – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан тұрады. Департамент басшысы атап өткендей, тестілеу процесі аудио-бейне фиксациямен өтіп, өз бетінше өту шартының сақталуын қамтамасыз ету прокторинг жүйесімен қадағаланатын болады. Үшінші кезең – ситуациялық тапсырмаларды шешу. Бұл кезең үміткерлердің таңдаған салалық бағыттарына байланысты ситуациялық тапсырмалар түріндегі нақты проблемаларды шешуге деген көзқарасын бағалауға бағытталған. Аталған кезең онлайн-режимде аудио-бейне жазбамен сүйемелденіп, эссе жазу форматында жүргізіледі. "Орындалған тапсырманың шешімі қызметтің тиісті бағыттары бойынша бір уақытта үш салалық сарапшымен бағаланады. Сарапшылар пулы академиялық орта мен бизнес қауымдастық өкілдерін, мемлекеттік қызметшілерді қамтиды", – дейді Думан Әбілев. Төртінші кезең – ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбат. Ассессмент-орталық президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді. Ол мінез-құлық индикаторлары арқылы кандидаттардың бойындағы белгіленген құзыреттерді анықтауға және бағалауға бағытталған. Кандидаттардың мінезін бағалау топтық және жеке тапсырмалардан тұрады. Жалпы құзыреттерді бағалауға кемінде 15 сертификатталған бағалаушы және 5 супервизор тартылатын болады. Өз кезегінде, құзыреттер бойынша сұхбат блогы кәсіби HR-менеджерлерін тарта отырып, онлайн форматтағы жеке терең сұхбат түрінде өткізіледі. Сұхбат кандидаттардың ішкі уәждемесін және құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттерді анықтауға бағытталады. Бесінші кезең – сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу. Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары тартылатын болады. Комиссия қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысында қарауға ұсынылатын қатысушылардың тізімі жасалады. Алтыншы, соңғы кезеңде – Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, президенттік жастар кадр резервіне (ПЖКР) үздік 50 кандидат қабылданады. Президенттік жастар кадр резервінің талаптарына сәйкес, резервке алынған адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, "Б" корпусының басшылық және А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Спикердің сөзінше, агенттік іріктеудің барынша ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Кандидаттарды бағалау нәтижелері олардың жеке кабинетінде және кезең қорытындысы бойынша pkrezerv.gov.kz жарияланып, барлық азамат үшін қатысушылар туралы ақпарат қолжетімді болады.
1 қыркүйекте елімізде президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев резервке мүше болу үшін қатысушылар қандай сынақтардан өтетінін айтты, деп хабарлайды . Думан Әбілевтің сөзінше, президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуге тиіс. Бірінші кезең – резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау. Ол 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында арнайы ақпараттық жүйесінде және онлайн режимде жүзеге асырылады. Іріктеу объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады. Екінші кезең – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан тұрады. Департамент басшысы атап өткендей, тестілеу процесі аудио-бейне фиксациямен өтіп, өз бетінше өту шартының сақталуын қамтамасыз ету прокторинг жүйесімен қадағаланатын болады. Үшінші кезең – ситуациялық тапсырмаларды шешу. Бұл кезең үміткерлердің таңдаған салалық бағыттарына байланысты ситуациялық тапсырмалар түріндегі нақты проблемаларды шешуге деген көзқарасын бағалауға бағытталған. Аталған кезең онлайн-режимде аудио-бейне жазбамен сүйемелденіп, эссе жазу форматында жүргізіледі. "Орындалған тапсырманың шешімі қызметтің тиісті бағыттары бойынша бір уақытта үш салалық сарапшымен бағаланады. Сарапшылар пулы академиялық орта мен бизнес қауымдастық өкілдерін, мемлекеттік қызметшілерді қамтиды", – дейді Думан Әбілев. Төртінші кезең – ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбат. Ассессмент-орталық президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді. Ол мінез-құлық индикаторлары арқылы кандидаттардың бойындағы белгіленген құзыреттерді анықтауға және бағалауға бағытталған. Кандидаттардың мінезін бағалау топтық және жеке тапсырмалардан тұрады. Жалпы құзыреттерді бағалауға кемінде 15 сертификатталған бағалаушы және 5 супервизор тартылатын болады. Өз кезегінде, құзыреттер бойынша сұхбат блогы кәсіби HR-менеджерлерін тарта отырып, онлайн форматтағы жеке терең сұхбат түрінде өткізіледі. Сұхбат кандидаттардың ішкі уәждемесін және құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттерді анықтауға бағытталады. Бесінші кезең – сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу. Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары тартылатын болады. Комиссия қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысында қарауға ұсынылатын қатысушылардың тізімі жасалады. Алтыншы, соңғы кезеңде – Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, президенттік жастар кадр резервіне (ПЖКР) үздік 50 кандидат қабылданады. Президенттік жастар кадр резервінің талаптарына сәйкес, резервке алынған адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, "Б" корпусының басшылық және А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Спикердің сөзінше, агенттік іріктеудің барынша ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033309-irikteuden-6-kezennan-turady-prezidenttik-zastar-kadrlyq-rezervine-enu-usin-qandai-synaqtardan-otu-kerek/
21 тамыз 2023, 15:03
kk
"Сендер тыныш болыңдар": Қайрат пен Жұлдызды бірге көрген оқырмандар қуанышын жасыра алмады
Жұлдыз Әбдукәрімова күйеуі Қайрат Нұртаспен бірге видео жариялады. Танымал өнер жұлдыздарының бірге жүргені тыңдармандарды қуантты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жұлдыз күйеуіне желідегі кезекті пранктардың бірін жасамақ болды. Бұл көрініс желі қолданушыларының көңілінен шығып, жұлдызды жұптың бірге жүргеніне ризашылық білдірді. "Осы екеуін бірге көрсем , мен мәз боламын айдалада. Бақытты болыңдаршы"; "Сендер тыныш болыңдар. Екеуіңді көріп, жүрегіміз тынышталып қалды"; "Олар бақытты болғанда неге біз өзімізді жақсы сезінеміз?"; "Екеуінің бірге екенін көріп кеудем жеңілдеп қалды. Әйтпесе қаңқу сөздер көп. Бақытты болыңдар", - деп жазды желі қолданушылары. Айта кетелік, бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова тойда ән салып, қыз ұзатқаны үшін тыңдармандардың сынына ұшыраған болатын.
Жұлдыз Әбдукәрімова күйеуі Қайрат Нұртаспен бірге видео жариялады. Танымал өнер жұлдыздарының бірге жүргені тыңдармандарды қуантты, деп жазады . Жұлдыз күйеуіне желідегі кезекті пранктардың бірін жасамақ болды. Бұл көрініс желі қолданушыларының көңілінен шығып, жұлдызды жұптың бірге жүргеніне ризашылық білдірді. "Осы екеуін бірге көрсем , мен мәз боламын айдалада. Бақытты болыңдаршы"; "Сендер тыныш болыңдар. Екеуіңді көріп, жүрегіміз тынышталып қалды"; "Олар бақытты болғанда неге біз өзімізді жақсы сезінеміз?"; "Екеуінің бірге екенін көріп кеудем жеңілдеп қалды. Әйтпесе қаңқу сөздер көп. Бақытты болыңдар", - деп жазды желі қолданушылары.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033312-sender-tynys-bolyndar-qairat-pen-zuldyzdy-birge-korgen-oqyrmandar-quanysyn-zasyra-almady/
21 тамыз 2023, 14:59
kk
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу қашан басталады
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Думан Әбілевтың айтуынша, президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 қыркүйекте басталады. Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Думан Әбілевтің сөзінше, үшінші іріктеудің ерекшелігі мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, мақсатты іріктеу жүргізу болмақ. Осылайша кезекті іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады: Сондай-ақ биыл үміткерлермен әңгімелесуді міндетті түрде салалық орталық органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу тәжірибесі енгізілуде. Айта кетейік, 2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 265-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни олардың жалпы санының 76 пайызы жұмысқа орналастырылған. Олардың ішінде 125 адам орталық мемлекеттік органдарда, 35 адам жергілікті атқарушы органдарда, 57 адам ұлттық компанияларда, 49 адам өзге де ұйымдарда қызмет атқаруда. Сонымен қатар олардың қатарында 31 резервші саяси лауазымдарға, 6 резервші "А" корпусының лауазымдарына тағайындалса, бір резервист мәжіліс парламенті және екі резервист мәслихат депутаты.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды . Думан Әбілевтың айтуынша, президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 қыркүйекте басталады. Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Думан Әбілевтің сөзінше, үшінші іріктеудің ерекшелігі мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, мақсатты іріктеу жүргізу болмақ. Осылайша кезекті іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады: Сондай-ақ биыл үміткерлермен әңгімелесуді міндетті түрде салалық орталық органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу тәжірибесі енгізілуде. Айта кетейік, 2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 265-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни олардың жалпы санының 76 пайызы жұмысқа орналастырылған. Олардың ішінде 125 адам орталық мемлекеттік органдарда, 35 адам жергілікті атқарушы органдарда, 57 адам ұлттық компанияларда, 49 адам өзге де ұйымдарда қызмет атқаруда.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033307-prezidenttik-zastar-kadrlyq-rezervine-kezekti-irikteu-qasan-bastalady/
21 тамыз 2023, 14:41
kk
"Канелоны оңай ұтамын": Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы күтпеген мәлімдеме жасады
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Альвареспен кездесуге қатысты ойын айтты. Бұл туралы Sports.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. "Мен Канеломен кездесуге дайынмын. Бұрын да айтқам, қазір де айтамын. Канело тістеп алатын жаңғақ емес. Оны зерттедім. Қай раундта қанша соққы жұмсап, қай раундта шаршайтынын да білемін. Егер ол менімен кездесуге келіссе, оңай ұтамын. Жанкүйерлерім мұны біледі", - деді Жәнібек. Айта кетелік, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 14 қазан күні АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында өткізеді. Боксшының қарсыласы - IBF тұжырымы бойынша орта дивизиондағы әлем чемпионы Винченцо Гуальтьери.
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Альвареспен кездесуге қатысты ойын айтты. Бұл туралы порталына сілтеме жасаған хабарлайды. "Мен Канеломен кездесуге дайынмын. Бұрын да айтқам, қазір де айтамын. Канело тістеп алатын жаңғақ емес. Оны зерттедім. Қай раундта қанша соққы жұмсап, қай раундта шаршайтынын да білемін. Егер ол менімен кездесуге келіссе, оңай ұтамын. Жанкүйерлерім мұны біледі", - деді Жәнібек. Айта кетелік, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 14 қазан күні АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында өткізеді.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033310-kanelony-onai-utamyn-qazaq-bokssysy-zanibek-alimxanuly-kutpegen-malimdeme-zasady/
21 тамыз 2023, 14:38
kk
Ғалым Нұржанов: Футбол талантты жігіттер үшін әлеуметтік лифт болуы керек
«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Оның аясында аймақ үшін маңызды индустриялық-әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Жаңадан құрылған «Ұлытау өңірі» футбол қауымдастығының президенті, Kazakhmys Barlau кәсіпорнының бас директоры Ғалым Нұржанов миллиондар ойынының өңірдегі даму болашағы туралы сұхбат берді. – Ғалым Жұмабайұлы, Ұлытау жанкүйерлері үшін футболдың орны бөлек екен. – Әрине. Жезқазғанда кәсіпқой және әуесқой футбол командалары өткен ғасырдың 40-жылдары пайда болған. «Еңбек», «Восток», «Гигант», «Рудник», «Жезқазғанец» клубтары отандық футбол тарихының бір бөлігіне айналды. Cонау 1941 жылы құрылған «Металлург» клубы алғашқы жол салушы болды. 1967 жылы команда «Еңбек» деген атқа ие болса, келесі жылы Б класының – сол кездегі КСРО чемпионатының үшінші дивизионының жеңімпазы атанды. Демек біздің өңірдегі футболдың ежелден келе жатқан бай тарихы бар. Өкінішке қарай, ұзақ жылдар бойы бұл спорт белгілі жағдайларға байланысты тоқырауға ұшырады. – Өңірге облыс мәртебесі берілгеннен бері көп нәрсе өзгерді, солай емес пе? – Бәрі де толықтай өзгерді. Бизнес үшін, қоғам үшін, халық үшін де. Еліміздің әр аймағында кем дегенде бір кәсіби футбол клубы бар. Облыс мәртебесі көп нәрсені міндеттейді. Өңір намысын қорғайтын клубтың құрылуы – уақыт талабы. Әкім Берік Әбдіғалиұлы бастаған облыс басшылығы өңірдегі бұқаралық спортқа тың серпін берді. Біріншіден, былтыр желтоқсан айында облыс әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы арасында өңірдегі футболды қолдау және дамыту туралы меморандумға қол қойылды. Сол іс-шараға Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов келіп, біздің еңбегімізге лайықты бағасын беріп, қолдауын көрсетті. Ол да Ұлытау өңірінде бұқаралық спорттың жаппай дамуына мүдделі екенін айтып, аймақта саламатты, әрі белсенді өмір салты сәнге айналып, талантты балалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынына сенім білдірді. – Ұйымыңыз қандай істер атқармақшы? – Біз бірінші кезекте талдау жасадық. 230 мың тұрғыны бар Ұлытау өңірінде 11 штаттық жаттықтырушыдан тұратын мамандандырылған үш футбол мектебі бар екен. Біздің команда құрылған кезде облысымызда, атап айтқанда, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында, Жаңаарқа ауылында 6-18 жас аралығындағы 16 мыңнан аса оқушының 313-і ғана футболмен тұрақты негізде айналысқан. Бұл жерде «тұрақты негізде» деген тіркесті қодану дұрыс та емес. Шын мәнінде, Ұлытау өңірінде балалар футболмен жиі және белсенді түрде айналысады. Алайда Қаражал, Жәйрем, Ұлытау сияқты жекелеген елді мекендерде футбол мектептері мүлде жоқ. Жалпы, бүгінде елімізде 300-ге жуық футбол мектебі мен академиясы бар. Олар 4 пен 16 жас аралығындағы 12 мыңға жуық баланы қамтып отыр. Мысалы, Павлодар облысының 72 мың тұрғыны бар Ақсу қаласындағы футбол орталығында 33 маман 540 баланы жаттықтырады, 328 мың тұрғыны бар Семей қаласындағы футбол орталығында 400 бала жаттығады. Оларға 24 маман сабақ береді. Соңғы кезге дейін Семей де Жезқазған сияқты облыс орталығы болмағанын, ал Ақсу қазір де ондай мәртебеде еместігін айта кеткен жөн. Соған қарамастан оларда балалар жаттығып, футбол бұқаралық сипатқа ие болып келеді. – Сіз келтірген сандар елең еткізерліктей екен... – Иә. Футболдағы нәтиже оған жасалған жағдайға тікелей байланысты. Қолайлы жағдай болса, жеңіс көп күттірмейді. «Жағдай» дегеніміз – қарапайым футбол жабдықтарының қолжетімдігінен бастап стадион мен білікті жаттықтырушыларға дейінгі ауқымды жұмыс қой. Ұзақ жыл бойы қала, ауыл басшылары облыста футболды дамытуға көңіл бөлмеді. Кем дегенде он жыл бойы спорттық ғимараттарға, стадиондар мен футбол алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Спорттық инфрақұрылым дамымады, білікті жаттықтырушылар болмады, қалааралық және ауданаралық жарыстар өткізілмеді. Барлығы бір жолғы іс-шаралармен шектеліп, балалар жарысқа еш дайындықсыз қатысатын. Спортшылардың дұрыс әдістемелік дайындығының да болмағанын аңғаруға болады. Сондықтан футболдың бұқаралық сипаты туралы сөз қозғау орынсыз. Ал бұқаралық сипат футбол пирамидасының маңызды негізі болып саналады. Онсыз бұл спорт түрінің тұрақты дамуы мүмкін емес. Құрылымдар арасында өзара байланыс, нақты әрі түсінікті оқыту бағдарламалары жоқ. Бір сөзбен айтқанда, шешілмеген мәселе көп. Мысалы, күні кешеге дейін жанкүйерлер ULYTAU футбол клубының орналасқан жері туралы сұрақ қойып жатты. Неге команда ойындарын «Металлург» стадионы бар Жезқазғанда емес, Сәтбаевтағы спорттық-сауықтыру кешенінде өткізеді? Себебі Жезқазғандағы стадионның жағдайы көңіл көншітпейді. Футбол алаңы, инфрақұрылым (киіну бөлмелері, душ кабиналары, мінбе астындағы бөлмелер және т.б.) федерацияның сертификаттауға қойылатын ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді. Бүгінгі таңда киім ауыстыратын, жуынатын және жеке бөлмелерді жөндеу аяқталды, алаңға резеңке төсем төселді, мінбелер қалпына келтіріліп жатыр. Таяуда қатты дауыл салдарынан Сәтбаев қаласындағы футбол манежінің күмбезі бұзылып, жарамсыз болып қалды. Оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, 9 тамыз күні команда жарысты осы стадионда өткізуге мәжбүр болды. Бұл қолайсыздық жарысқа келген қала тұрғындарының ренішін туғызды. – Енді жаңа клубтың қалай құрылғанын айтып берсеңіз? – Жаңа клуб «нөлден» бастап құрылды. Клубтың атауын әлеуметтік желіде халықтың дауыс беруімен таңдауды жөн көрдік. Ұлттық команданың аты да ұлттық болуы керек. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау, Жезді, Жаңаарқа сияқты елді мекендерінен талантты футболшыларды іріктеп алдық. Биыл ақпанда Жезқазған қаласында ашылған ULYTAU ФК Балалар футболы орталығында 2007, 2008 және 2009 жылы туған жеткіншектер іріктеуден өтті. Олардың спорттық дайындығын жоғары білікті жаттықтырушы Иван Азовский мен белгілі маман Юрий Свирков бағалады. Нәтижесінде, орталықтағы сабаққа қатысуға 60 бозбала таңдап алынды. Клубты құрудың бастапқы кезеңінде «Қазақмыс» корпорациясы елеулі көмек көрсетті. Соның арқасында ең басты міндеттерді шешуге қабілетті білікті мамандар мен кәсіби футболшылар шақырылды, оқу-жаттығу жиындары дер кезінде өткізілді. Негізгі команда екінші лига чемпионатына қатысты. Сонымен қатар «Металлург» стадионы жөнделіп жатыр. Қауымдастық пен клуб «Қазақмысқа» осы көмегі үшін үлкен алғыс білдіреді. Бұл ретте Ұлытау өңірінде басқа да жер қойнауын пайдаланушылар мен орта кәсіпкерлер саны көп екені белгілі. Бірақ олар әзірге жергілікті балалар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортын қолдап отырған жоқ. – Қала жолдарындағы қымбат көліктерге қарасақ, жеке кәсіпкерлерде қаражат тұрғысынан қиындық жоқ сияқты... - Дұрыс айтасыз. Бұл түрлі факторларға байланысты. Соның ішінде бұқаралық спорттың маңызын түсінбеу, оның экономикалық пайдасына қатысы сенімсіздік немесе қоғамдық іс-шараларға қызығушылықтың болмауына байланысты. Кейде маған бұл мырзалар осы өлкеде өмір сүруге, оның өркендеуіне мүдделі емес, тек қалтасларын толтырып алып, тайып тұруды көздейтін сияқты көрінеді. Басқа аймақтарда футбол командаларына, жалпы бұқаралық балалар спортына дүкен, кафе, мейрамханалар, тіпті пиццериялар сияқты шағын бизнес иелері де демеушілік көрсететінін білеміз. Дегенмен біздің қауымдастық пен клубымыздың мүшелері - өте жігерлі, мақсатшыл адамдар. Біз жобамыздың болашағы жарқын екеніне сенімдіміз және жергілікті демеушілер мен меценаттарымыздың жәрдемімен дамуға дайынбыз. Олардың көпшілігі жүйелі түрде серіктес бола, өздерін танытуға ғана емес, сондай-ақ аймағымыздың атақ-даңқын, имиджін арттыруға үлес қосады. Ал ең бастысы, өңірімізде кәсіби команданың болуы футболдың дамуына, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. – Сіз командаға үздік мамандарды тарту туралы айттыңыз. Еліміздің ұлттық құрамасын жаттықтырған Талғат Байсуфинов жаңадан жанданған клубтың бас директоры болғанын білеміз. – Иә. Біз үшін Талғат Маруанұлының футболшы кезінде «Еңбек» ФК намысын қорғағаны өте маңызды болды. Оған қоса Жезқазған футболының түлегі, футболдан 2012 жылғы Қазақстан чемпионы, 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Суперкубогының иегері, ұзақ уақыт бойы «Қазақмыс», «Шахтер», «Қайрат», «Ордабасы» командалары құрамында ойнаған және әр түрлі жастағы Қазақстан құрамаларында сәтті өнер көрсеткен Виталий Ли клубтың спорттық директоры атанды. ULYTAU қазір екінші лиганың солтүстік-шығыс дивизионында теңдессіз болып отыр. Бірінші айналымның он сайысындағы он жеңіс - осының дәлелі. Команданың бас бапкері Марат Еслямов Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) жүргізген сауалдама қорытындысы бойынша биылғы маусымда екі рет ай бапкері болып танылды. Ал команданың 20-дан астам гол соққан үздік бомбардирі Ерсұлтан Төреқұл үш мәрте айдың үздік ойыншысы атанды. – Орташа есеппен әр матчта екі гол тамаша көрсеткіш екен. – Иә. Жасыратың несі бар, облыс тұрғындары үлкен футболды сағынып қалған екен. Сондықтан да ULYTAU ФК-ның алдында үлкен міндет тұр – Қазақстан футболының бірінші лигасына жолдама алу үшін екінші лиганың солтүстік-шығыс дивизионында бірінші орын алу керек. Облыс жанкүйерлері жоғары деңгейдегі командаға лайық. – Команданың болашағы жайлы не айтасыз? – Бұл келесі сұхбаттың сұрағы ғой. Айтып өткенімдей, спортшыларға жағдай жасау керек. Жағдай жасалса, мүмкіндіктер де көп болады. Мақсаттарға жету үшін, ең алдымен ФИФА, УЕФА және ҚФФ талаптарына сай келетін жақсы стадиондар мен манеждер, сондай-ақ тұрақты қаржыландыру қажет. Әзірге біз осы мәселелер бойынша жұмыс істеп жатырмыз. – Ал бұқаралық және жасөспірімдер футболының жай-күйі қалай? – Бұл – қауымдастықтың маңызды міндеті. 2025 жылға дейін әзірленген стратегиялық бағдарлама бойынша облыстағы 3 мыңнан астам бозбаланы футболға тартуды жоспарлап отырмыз. Біз лайықты резерв дайындауға, ұрпақтар сабақтастығына ерекше көңіл бөлетін боламыз. Екінші лига біріншілігінде жеңсек, біз 5 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер құрамаларын көбейту мәселесін көтереміз. Олардың бәрі жергілікті балалар болады. Алдағы уақытта облыстың барлық ауданы мен елдімекенінде жұмыс істейтін боламыз. Әрбір бозбаланың туған ауылында немесе қаласында ойнап, даму мүмкіндігіне ие болуына күш салатын боламыз. Қазақ «Ауылым - алтын бесігім» дейді. Шынында да, ауыл – көптеген спортшының, Олимпиада чемпиондарының, әлем чемпиондарының алтын бесігі. Мәселен, тәуелсіздік жылдарында, 1992-2022 жылдар аралығында Қазақстаннан 46 Олимпиада және әлем чемпиондары шықты. Олардың 24-і, яғни 52 пайызы - ауылдан шыққандар. 13-і – қалалықтар, 9-ы легионерлер. Менің ойымша, әлеует айқын. Шынтуайтында, футбол талантты жігіттер үшін әлеуметтік лифт болуы керек. Сондықтан облыстың барлық елдімекенінен жас таланттарды іздестіру мен іріктеудің ашық және әділ жүйесін құруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бір қуанышты жаңалық – қазір Сəтбаев қаласындағы спорттық-сауықтыру кешенінің аумағында спорт интернатын салу мəселесі пысықталу үстінде. Бұл өңірдегі спорттың дамуына үлкен үлес болып қосылмақ. – Сұхбатыңызға рақмет.
«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Оның аясында аймақ үшін маңызды индустриялық-әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Жаңадан құрылған «Ұлытау өңірі» футбол қауымдастығының президенті, Kazakhmys Barlau кәсіпорнының бас директоры Ғалым Нұржанов миллиондар ойынының өңірдегі даму болашағы туралы сұхбат берді. – Ғалым Жұмабайұлы, Ұлытау жанкүйерлері үшін футболдың орны бөлек екен. – Әрине. Жезқазғанда кәсіпқой және әуесқой футбол командалары өткен ғасырдың 40-жылдары пайда болған. «Еңбек», «Восток», «Гигант», «Рудник», «Жезқазғанец» клубтары отандық футбол тарихының бір бөлігіне айналды. Cонау 1941 жылы құрылған «Металлург» клубы алғашқы жол салушы болды. 1967 жылы команда «Еңбек» деген атқа ие болса, келесі жылы Б класының – сол кездегі КСРО чемпионатының үшінші дивизионының жеңімпазы атанды. Демек біздің өңірдегі футболдың ежелден келе жатқан бай тарихы бар. Өкінішке қарай, ұзақ жылдар бойы бұл спорт белгілі жағдайларға байланысты тоқырауға ұшырады. – Өңірге облыс мәртебесі берілгеннен бері көп нәрсе өзгерді, солай емес пе? – Бәрі де толықтай өзгерді. Бизнес үшін, қоғам үшін, халық үшін де. Еліміздің әр аймағында кем дегенде бір кәсіби футбол клубы бар. Облыс мәртебесі көп нәрсені міндеттейді. Өңір намысын қорғайтын клубтың құрылуы – уақыт талабы. Әкім Берік Әбдіғалиұлы бастаған облыс басшылығы өңірдегі бұқаралық спортқа тың серпін берді. Біріншіден, былтыр желтоқсан айында облыс әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы арасында өңірдегі футболды қолдау және дамыту туралы меморандумға қол қойылды. Сол іс-шараға Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов келіп, біздің еңбегімізге лайықты бағасын беріп, қолдауын көрсетті. Ол да Ұлытау өңірінде бұқаралық спорттың жаппай дамуына мүдделі екенін айтып, аймақта саламатты, әрі белсенді өмір салты сәнге айналып, талантты балалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынына сенім білдірді. – Ұйымыңыз қандай істер атқармақшы? – Біз бірінші кезекте талдау жасадық. 230 мың тұрғыны бар Ұлытау өңірінде 11 штаттық жаттықтырушыдан тұратын мамандандырылған үш футбол мектебі бар екен. Біздің команда құрылған кезде облысымызда, атап айтқанда, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында, Жаңаарқа ауылында 6-18 жас аралығындағы 16 мыңнан аса оқушының 313-і ғана футболмен тұрақты негізде айналысқан. Бұл жерде «тұрақты негізде» деген тіркесті қодану дұрыс та емес. Шын мәнінде, Ұлытау өңірінде балалар футболмен жиі және белсенді түрде айналысады. Алайда Қаражал, Жәйрем, Ұлытау сияқты жекелеген елді мекендерде футбол мектептері мүлде жоқ. Жалпы, бүгінде елімізде 300-ге жуық футбол мектебі мен академиясы бар. Олар 4 пен 16 жас аралығындағы 12 мыңға жуық баланы қамтып отыр. Мысалы, Павлодар облысының 72 мың тұрғыны бар Ақсу қаласындағы футбол орталығында 33 маман 540 баланы жаттықтырады, 328 мың тұрғыны бар Семей қаласындағы футбол орталығында 400 бала жаттығады. Оларға 24 маман сабақ береді. Соңғы кезге дейін Семей де Жезқазған сияқты облыс орталығы болмағанын, ал Ақсу қазір де ондай мәртебеде еместігін айта кеткен жөн. Соған қарамастан оларда балалар жаттығып, футбол бұқаралық сипатқа ие болып келеді. – Сіз келтірген сандар елең еткізерліктей екен... – Иә. Футболдағы нәтиже оған жасалған жағдайға тікелей байланысты. Қолайлы жағдай болса, жеңіс көп күттірмейді. «Жағдай» дегеніміз – қарапайым футбол жабдықтарының қолжетімдігінен бастап стадион мен білікті жаттықтырушыларға дейінгі ауқымды жұмыс қой. Ұзақ жыл бойы қала, ауыл басшылары облыста футболды дамытуға көңіл бөлмеді. Кем дегенде он жыл бойы спорттық ғимараттарға, стадиондар мен футбол алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Спорттық инфрақұрылым дамымады, білікті жаттықтырушылар болмады, қалааралық және ауданаралық жарыстар өткізілмеді. Барлығы бір жолғы іс-шаралармен шектеліп, балалар жарысқа еш дайындықсыз қатысатын. Спортшылардың дұрыс әдістемелік дайындығының да болмағанын аңғаруға болады. Сондықтан футболдың бұқаралық сипаты туралы сөз қозғау орынсыз. Ал бұқаралық сипат футбол пирамидасының маңызды негізі болып саналады. Онсыз бұл спорт түрінің тұрақты дамуы мүмкін емес. Құрылымдар арасында өзара байланыс, нақты әрі түсінікті оқыту бағдарламалары жоқ. Бір сөзбен айтқанда, шешілмеген мәселе көп. Мысалы, күні кешеге дейін жанкүйерлер ULYTAU футбол клубының орналасқан жері туралы сұрақ қойып жатты. Неге команда ойындарын «Металлург» стадионы бар Жезқазғанда емес, Сәтбаевтағы спорттық-сауықтыру кешенінде өткізеді? Себебі Жезқазғандағы стадионның жағдайы көңіл көншітпейді. Футбол алаңы, инфрақұрылым (киіну бөлмелері, душ кабиналары, мінбе астындағы бөлмелер және т.б.) федерацияның сертификаттауға қойылатын ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді. Бүгінгі таңда киім ауыстыратын, жуынатын және жеке бөлмелерді жөндеу аяқталды, алаңға резеңке төсем төселді, мінбелер қалпына келтіріліп жатыр. Таяуда қатты дауыл салдарынан Сәтбаев қаласындағы футбол манежінің күмбезі бұзылып, жарамсыз болып қалды. Оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, 9 тамыз күні команда жарысты осы стадионда өткізуге мәжбүр болды. Бұл қолайсыздық жарысқа келген қала тұрғындарының ренішін туғызды. – Енді жаңа клубтың қалай құрылғанын айтып берсеңіз? – Жаңа клуб «нөлден» бастап құрылды. Клубтың атауын әлеуметтік желіде халықтың дауыс беруімен таңдауды жөн көрдік. Ұлттық команданың аты да ұлттық болуы керек. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау, Жезді, Жаңаарқа сияқты елді мекендерінен талантты футболшыларды іріктеп алдық. Биыл ақпанда Жезқазған қаласында ашылған ULYTAU ФК Балалар футболы орталығында 2007, 2008 және 2009 жылы туған жеткіншектер іріктеуден өтті. Олардың спорттық дайындығын жоғары білікті жаттықтырушы Иван Азовский мен белгілі маман Юрий Свирков бағалады. Нәтижесінде, орталықтағы сабаққа қатысуға 60 бозбала таңдап алынды. Клубты құрудың бастапқы кезеңінде «Қазақмыс» корпорациясы елеулі көмек көрсетті. Соның арқасында ең басты міндеттерді шешуге қабілетті білікті мамандар мен кәсіби футболшылар шақырылды, оқу-жаттығу жиындары дер кезінде өткізілді. Негізгі команда екінші лига чемпионатына қатысты. Сонымен қатар «Металлург» стадионы жөнделіп жатыр. Қауымдастық пен клуб «Қазақмысқа» осы көмегі үшін үлкен алғыс білдіреді. Бұл ретте Ұлытау өңірінде басқа да жер қойнауын пайдаланушылар мен орта кәсіпкерлер саны көп екені белгілі. Бірақ олар әзірге жергілікті балалар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортын қолдап отырған жоқ. – Қала жолдарындағы қымбат көліктерге қарасақ, жеке кәсіпкерлерде қаражат тұрғысынан қиындық жоқ сияқты... - Дұрыс айтасыз. Бұл түрлі факторларға байланысты. Соның ішінде бұқаралық спорттың маңызын түсінбеу, оның экономикалық пайдасына қатысы сенімсіздік немесе қоғамдық іс-шараларға қызығушылықтың болмауына байланысты. Кейде маған бұл мырзалар осы өлкеде өмір сүруге, оның өркендеуіне мүдделі емес, тек қалтасларын толтырып алып, тайып тұруды көздейтін сияқты көрінеді. Басқа аймақтарда футбол командаларына, жалпы бұқаралық балалар спортына дүкен, кафе, мейрамханалар, тіпті пиццериялар сияқты шағын бизнес иелері де демеушілік көрсететінін білеміз. Дегенмен біздің қауымдастық пен клубымыздың мүшелері - өте жігерлі, мақсатшыл адамдар. Біз жобамыздың болашағы жарқын екеніне сенімдіміз және жергілікті демеушілер мен меценаттарымыздың жәрдемімен дамуға дайынбыз. Олардың көпшілігі жүйелі түрде серіктес бола, өздерін танытуға ғана емес, сондай-ақ аймағымыздың атақ-даңқын, имиджін арттыруға үлес қосады. Ал ең бастысы, өңірімізде кәсіби команданың болуы футболдың дамуына, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. – Сіз командаға үздік мамандарды тарту туралы айттыңыз. Еліміздің ұлттық құрамасын жаттықтырған Талғат Байсуфинов жаңадан жанданған клубтың бас директоры болғанын білеміз. – Иә. Біз үшін Талғат Маруанұлының футболшы кезінде «Еңбек» ФК намысын қорғағаны өте маңызды болды. Оған қоса Жезқазған футболының түлегі, футболдан 2012 жылғы Қазақстан чемпионы, 2013 жылғы Қазақстан Республикасы Суперкубогының иегері, ұзақ уақыт бойы «Қазақмыс», «Шахтер», «Қайрат», «Ордабасы» командалары құрамында ойнаған және әр түрлі жастағы Қазақстан құрамаларында сәтті өнер көрсеткен Виталий Ли клубтың спорттық директоры атанды. ULYTAU қазір екінші лиганың солтүстік-шығыс дивизионында теңдессіз болып отыр. Бірінші айналымның он сайысындағы он жеңіс - осының дәлелі. Команданың бас бапкері Марат Еслямов Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) жүргізген сауалдама қорытындысы бойынша биылғы маусымда екі рет ай бапкері болып танылды. Ал команданың 20-дан астам гол соққан үздік бомбардирі Ерсұлтан Төреқұл үш мәрте айдың үздік ойыншысы атанды. – Орташа есеппен әр матчта екі гол тамаша көрсеткіш екен. – Иә. Жасыратың несі бар, облыс тұрғындары үлкен футболды сағынып қалған екен. Сондықтан да ULYTAU ФК-ның алдында үлкен міндет тұр – Қазақстан футболының бірінші лигасына жолдама алу үшін екінші лиганың солтүстік-шығыс дивизионында бірінші орын алу керек. Облыс жанкүйерлері жоғары деңгейдегі командаға лайық. – Команданың болашағы жайлы не айтасыз? – Бұл келесі сұхбаттың сұрағы ғой. Айтып өткенімдей, спортшыларға жағдай жасау керек. Жағдай жасалса, мүмкіндіктер де көп болады. Мақсаттарға жету үшін, ең алдымен ФИФА, УЕФА және ҚФФ талаптарына сай келетін жақсы стадиондар мен манеждер, сондай-ақ тұрақты қаржыландыру қажет. Әзірге біз осы мәселелер бойынша жұмыс істеп жатырмыз. – Ал бұқаралық және жасөспірімдер футболының жай-күйі қалай? – Бұл – қауымдастықтың маңызды міндеті. 2025 жылға дейін әзірленген стратегиялық бағдарлама бойынша облыстағы 3 мыңнан астам бозбаланы футболға тартуды жоспарлап отырмыз. Біз лайықты резерв дайындауға, ұрпақтар сабақтастығына ерекше көңіл бөлетін боламыз. Екінші лига біріншілігінде жеңсек, біз 5 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер құрамаларын көбейту мәселесін көтереміз. Олардың бәрі жергілікті балалар болады. Алдағы уақытта облыстың барлық ауданы мен елдімекенінде жұмыс істейтін боламыз. Әрбір бозбаланың туған ауылында немесе қаласында ойнап, даму мүмкіндігіне ие болуына күш салатын боламыз. Қазақ «Ауылым - алтын бесігім» дейді. Шынында да, ауыл – көптеген спортшының, Олимпиада чемпиондарының, әлем чемпиондарының алтын бесігі. Мәселен, тәуелсіздік жылдарында, 1992-2022 жылдар аралығында Қазақстаннан 46 Олимпиада және әлем чемпиондары шықты. Олардың 24-і, яғни 52 пайызы - ауылдан шыққандар. 13-і – қалалықтар, 9-ы легионерлер. Менің ойымша, әлеует айқын. Шынтуайтында, футбол талантты жігіттер үшін әлеуметтік лифт болуы керек. Сондықтан облыстың барлық елдімекенінен жас таланттарды іздестіру мен іріктеудің ашық және әділ жүйесін құруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бір қуанышты жаңалық – қазір Сəтбаев қаласындағы спорттық-сауықтыру кешенінің аумағында спорт интернатын салу мəселесі пысықталу үстінде. Бұл өңірдегі спорттың дамуына үлкен үлес болып қосылмақ.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033242-galym-nurzanov-futbol-talantty-zigitter-usin-aleumettik-lift-boluy-kerek/
21 тамыз 2023, 14:30
kk
Алдағы күндері елімізде күн суытып, қатты жауын-шашын күтіледі
Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күн, 22-24 тамызда күн суытып, қатты жауын-шашын түсуі мүмкін деп болжады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК ресми сайтында. Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Республика бойынша қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +18...+24 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал Қазақстанның қалған бөлігінде температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Айта кетейік, синоптиктер Астанада апта бойы жаңбыр жауып, ал Шымкентте аптап ыстық сақталады деп болжады.
Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күн, 22-24 тамызда күн суытып, қатты жауын-шашын түсуі мүмкін деп болжады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК ресми сайтында. Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Республика бойынша қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +18...+24 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал Қазақстанның қалған бөлігінде температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033302-aldagy-kunderi-elimizde-kun-suytyp-qatty-zauyn-sasyn-kutiledi/
21 тамыз 2023, 13:58
kk
Елордада қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттауы мүмкін бе: депутат жауап берді
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Қанәлімов қоғамдық көлікте жолақы бағасы көтеріле ме деген сауалға жуап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. БАҚ өкілдері "Астанада қоғамдық көлікте жолақысын көтеру қарастырылып жатыр ма?" деп сұраған болатын. "Жыл соңына дейін қоғамдық көлікте жүру жолақысын көтеру мәселесін қарастырмаймыз, келесі жылы қарастыруымыз мүмкін", – деді Ерлан Қанәлімов. Бұл ретте ол қалада жолақы мөлшері 9 жылдан бері 90 теңге болып сақталғанын ескеру қажеттігін атап өтті. "Осы жылдары қоғамдық көліктерде жолақы құны өзгерген жоқ, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бөлшектер, құрал-жабдықтар қымбаттағанымен, біз бұл мәселені әлі де қарастырмаймыз. Нарық жағдайы мен конъюнктурасын ескерсек, бұл мәселені келесі жылдың басында қарастыруымыз мүмкін. Бірақ әзірге жолақыны көтеру туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ", – деп сендірді спикер. Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттаған болатын.
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда мәслихатының хатшысы Ерлан Қанәлімов қоғамдық көлікте жолақы бағасы көтеріле ме деген сауалға жуап берді. Бұл туралы хабарлайды. БАҚ өкілдері "Астанада қоғамдық көлікте жолақысын көтеру қарастырылып жатыр ма?" деп сұраған болатын. "Жыл соңына дейін қоғамдық көлікте жүру жолақысын көтеру мәселесін қарастырмаймыз, келесі жылы қарастыруымыз мүмкін", – деді Ерлан Қанәлімов. Бұл ретте ол қалада жолақы мөлшері 9 жылдан бері 90 теңге болып сақталғанын ескеру қажеттігін атап өтті. "Осы жылдары қоғамдық көліктерде жолақы құны өзгерген жоқ, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бөлшектер, құрал-жабдықтар қымбаттағанымен, біз бұл мәселені әлі де қарастырмаймыз. Нарық жағдайы мен конъюнктурасын ескерсек, бұл мәселені келесі жылдың басында қарастыруымыз мүмкін. Бірақ әзірге жолақыны көтеру туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ", – деп сендірді спикер.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033298-elordada-qogamdyq-kolikte-zuru-aqysy-qymbattauy-mumkin-be-deputat-zauap-berdi/
21 тамыз 2023, 13:46
kk
Тоқаев Вьетнамда SOVICO Group басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SOVICO Group басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгты қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Кездесу барысында энергетика және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы компания экономиканың түрлі секторында зор тәжірибеге ие екенін атап өтіп, еліміз ірі инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екеніне назар аударды. Өз кезегінде Нгуен Тхань Хунг компанияның Қазақстан аумағында сауда-логистикалық орталығын ашуға ниеті барын айтты. Бұдан бөлек, SOVICO компаниялар тобына кіретін VietJet Air лоукостері Қазақстанмен арадағы әуе қатынастарының санын арттыруды жоспарлап отыр. Президент вьетнамдық компанияның алдағы жоспарларын құптап, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін еліміздің Үкіметі тарапынан жан-жақты колдау көрсетілетініне сенім білдірді. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, SOVICO Group – Вьетнамдағы ең ірі әртараптандырылған конгломераттардың бірі. Компания энергетика, құрылыс, банк және қаржы, авиация салаларында түрлі жобаларды жүзеге асырады. 2022 жылы компанияның табысы 20,6 миллиард долларды құрады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SOVICO Group басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгты қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Кездесу барысында энергетика және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы компания экономиканың түрлі секторында зор тәжірибеге ие екенін атап өтіп, еліміз ірі инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екеніне назар аударды. Өз кезегінде Нгуен Тхань Хунг компанияның Қазақстан аумағында сауда-логистикалық орталығын ашуға ниеті барын айтты. Бұдан бөлек, SOVICO компаниялар тобына кіретін VietJet Air лоукостері Қазақстанмен арадағы әуе қатынастарының санын арттыруды жоспарлап отыр. Президент вьетнамдық компанияның алдағы жоспарларын құптап, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін еліміздің Үкіметі тарапынан жан-жақты колдау көрсетілетініне сенім білдірді. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, SOVICO Group – Вьетнамдағы ең ірі әртараптандырылған конгломераттардың бірі. Компания энергетика, құрылыс, банк және қаржы, авиация салаларында түрлі жобаларды жүзеге асырады.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033299-toqaev-vetnamda-sovico-group-basqarma-toragasy-nguen-txan-xungpen-kezdesti/
21 тамыз 2023, 13:27
kk
LRT құрылысына байланысты Астана көшелерінің бірі қарашаның соңына дейін жабылады
Жұма, 25 тамыздан бастап Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі толығымен жабылады. Өйткені бұл жерде LRT монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары басталады, деп хабарлайды CTS компаниясы Instagram-дағы ресми парақшасында. CTS компаниясының хабарлауынша, қазіргі уақытта LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Осыған байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады. Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу (екі жолақ) енгізіледі", - делінген хабарламада. Компания ақпаратынша, шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін созылады. Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды. "Қала тұрғындары мен автокөлік иелерін түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп хабардар етті компания өкілдері астаналықтарға.
Жұма, 25 тамыздан бастап Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі толығымен жабылады. Өйткені бұл жерде LRT монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары басталады, деп хабарлайды CTS компаниясы Instagram-дағы ресми парақшасында. CTS компаниясының хабарлауынша, қазіргі уақытта LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Осыған байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады. Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу (екі жолақ) енгізіледі", - делінген хабарламада. Компания ақпаратынша, шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін созылады. Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033280-lrt-qurylysyna-bailanysty-astana-koselerinin-biri-qarasanyn-sonyna-deiin-zabylady/
21 тамыз 2023, 13:07
kk
Тоқаев Вьетнамға ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойды (фото)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойды. Құжаттар тізімін президенттің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлай Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары; 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 4. "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ (QazTrade) мен Вьетнамның сауданы дамытуға жәрдемдесу агенттігі (VietTrade) арасындағы саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы инвестиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 6. "Қазпошта" АҚ мен Viet Post корпорация арасындағы электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 7.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен VietJet Aviation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 8. "ҚазМұнайГаз" ҰK" АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 9. "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен Sovico Group компаниясы арасындағы транспортық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 11 Microtech DFS Vietnam Company Limited пен Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім; 12. "Хабар" Агенттігі" АҚ мен Vietnam Televesion арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойды. Құжаттар тізімін президенттің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлай Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары; 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 4. "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ (QazTrade) мен Вьетнамның сауданы дамытуға жәрдемдесу агенттігі (VietTrade) арасындағы саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы инвестиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 6. "Қазпошта" АҚ мен Viet Post корпорация арасындағы электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 7.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен VietJet Aviation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 8. "ҚазМұнайГаз" ҰK" АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 9. "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен Sovico Group компаниясы арасындағы транспортық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 11 Microtech DFS Vietnam Company Limited пен Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033289-toqaev-vetnamga-resmi-sapary-ayasynda-birnese-quzatqa-qol-qoidy-foto/
21 тамыз 2023, 12:59
kk
"Меруерт той": отау құрғанына отыз жыл толған Димаш Құдайбергеннің әкесі жантебірентерлік жазба жариялады (фото)
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтардың шаңырақ көтергеніне биыл отыз жыл толған. Әншінің әкесі әйелін жақындарына қалай таныстырғанын айтып, көпшілікке жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Амангелді Сәндібаев ағамыз жетекшілік ететін "Жібек жолы" ансамблінің құрамындағы кезіміз. Екеуіміз де студентпіз, болашақ педагогпыз. Ағамызға өтініш жасап, менің туған жерім Ембіде тобымызбен концерт беретін болдық. Ойым ата-анама болашақ келінін көрсету... Қаламыздағы "Достық" мәдениет үйінде ине шаншар орын жоқ, халық лық толы. Алдыңғы қатарда ата-анам, достары отыр. Концерт басталды. Сол кезде тыңдарманның құлағына сіңісті болған әндеріміз бірінен соң бірі орындалып жатыр. Бағдарланың ортасына келгенде "Келесі әнді орындайтын - Светлана Төлемісова. Қарсы алыңыздар" деп хабарлап, сахна сыртына шығып кеттім. Үлкен баянын көтеріп, Света ортаға шықты. Үстінде талдырмаш, нәзік бойына қона қалған ақ көйлек киген. Бота көздері күлімдей мөлдіреп, толқындана бұйраланып, иығына түскен шашы өзіне ерекше жарасып тұр. Микрофонын ыңғайлап алып, аспабының түймелеріне қол салды. Баянның сырлы үніне бұлақтың сыңғырындай әнші қыздың үні астасып, әсем ән төгіле жөнелді. Шәмшінің "Ақ ерке-ақ жайығы", алғашқы қайырмасынан-ақ залдағы халық таныс әнді қосыла шырқай жөнелді", - деп жазды Димаштың әкесі. Сонымен қатар Қанат Айтбаев осы оқиғадан кейін екі-үш ай өткенде ата-анасының болашақ құдаларымен танысқанын айтты. "Сахнаның жақтау шымылдығынан жүрегім атқақтай соғып, ата-анамның жүзіне сығалай қарап тұрмын. Екеуі де ерекше мейіріммен күлімдеп отыр екен. Анамның қасында отырған құрбысы сахнадан көз алмай, анамның құлағына сыбырлап жатыр. Қимыл-қозғалысына қарасам, жағымды нәрсе айтып жатқан сияқты. Концерт аяқталды. Ансамблімізді үйге қонаққа шақырдым... Меймандарды шығарып салған соң ас үйде қасында көмектескен болып, қипақтап жүрген маған анам жымиып "Топтарыңдағы әнші қыз әп-әдемі бала екен. Қасымдағы құрбыларым "Қанатжан дәу де болса, осы қызды таныстырайын деп әкелді-ау" деп жатыр. Солай ма?" деді. Анамның жүзіне қарап, күлімдей беріппін. Жүрегім лүп-лүп... Арада екі-үш ай өткен соң ата-анам арнайы барып, болашақ құдаларымен танысып, уағдаласып, тойдың күнін белгілеп қайтты. Содан бері отыз жыл өтті. Құда-құдағилар өзара ең жақын, сырлас адамға айналды. Отбасымызда үш баламыз өмірге келді. Өмірде қол ұстасып, тату-тәтті бірге келе жатырмыз. "Меруерт тойымыз" құтты болсын, Светик. Ата-анамыз айтпақшы, өмірдің қызық, қуанышын тең көрейік", - деп жазды Қанат Айтбаев Instagram парақшасында.
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтардың шаңырақ көтергеніне биыл отыз жыл толған. Әншінің әкесі әйелін жақындарына қалай таныстырғанын айтып, көпшілікке жан сырын ақтарды, деп жазады . "Амангелді Сәндібаев ағамыз жетекшілік ететін "Жібек жолы" ансамблінің құрамындағы кезіміз. Екеуіміз де студентпіз, болашақ педагогпыз. Ағамызға өтініш жасап, менің туған жерім Ембіде тобымызбен концерт беретін болдық. Ойым ата-анама болашақ келінін көрсету... Қаламыздағы "Достық" мәдениет үйінде ине шаншар орын жоқ, халық лық толы. Алдыңғы қатарда ата-анам, достары отыр. Концерт басталды. Сол кезде тыңдарманның құлағына сіңісті болған әндеріміз бірінен соң бірі орындалып жатыр. Бағдарланың ортасына келгенде "Келесі әнді орындайтын - Светлана Төлемісова. Қарсы алыңыздар" деп хабарлап, сахна сыртына шығып кеттім. Үлкен баянын көтеріп, Света ортаға шықты. Үстінде талдырмаш, нәзік бойына қона қалған ақ көйлек киген. Бота көздері күлімдей мөлдіреп, толқындана бұйраланып, иығына түскен шашы өзіне ерекше жарасып тұр. Микрофонын ыңғайлап алып, аспабының түймелеріне қол салды. Баянның сырлы үніне бұлақтың сыңғырындай әнші қыздың үні астасып, әсем ән төгіле жөнелді. Шәмшінің "Ақ ерке-ақ жайығы", алғашқы қайырмасынан-ақ залдағы халық таныс әнді қосыла шырқай жөнелді", - деп жазды Димаштың әкесі. Сонымен қатар Қанат Айтбаев осы оқиғадан кейін екі-үш ай өткенде ата-анасының болашақ құдаларымен танысқанын айтты. "Сахнаның жақтау шымылдығынан жүрегім атқақтай соғып, ата-анамның жүзіне сығалай қарап тұрмын. Екеуі де ерекше мейіріммен күлімдеп отыр екен. Анамның қасында отырған құрбысы сахнадан көз алмай, анамның құлағына сыбырлап жатыр. Қимыл-қозғалысына қарасам, жағымды нәрсе айтып жатқан сияқты. Концерт аяқталды. Ансамблімізді үйге қонаққа шақырдым... Меймандарды шығарып салған соң ас үйде қасында көмектескен болып, қипақтап жүрген маған анам жымиып "Топтарыңдағы әнші қыз әп-әдемі бала екен. Қасымдағы құрбыларым "Қанатжан дәу де болса, осы қызды таныстырайын деп әкелді-ау" деп жатыр. Солай ма?" деді. Анамның жүзіне қарап, күлімдей беріппін. Жүрегім лүп-лүп... Арада екі-үш ай өткен соң ата-анам арнайы барып, болашақ құдаларымен танысып, уағдаласып, тойдың күнін белгілеп қайтты. Содан бері отыз жыл өтті. Құда-құдағилар өзара ең жақын, сырлас адамға айналды. Отбасымызда үш баламыз өмірге келді. Өмірде қол ұстасып, тату-тәтті бірге келе жатырмыз."Меруерт тойымыз" құтты болсын, Светик.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033277-meruert-toi-otau-qurganyna-otyz-zyl-tolgan-dimas-qudaibergennin-akesi-zantebirenterlik-zazba-zariyalady-foto/
21 тамыз 2023, 12:52
kk
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Бүгін, 21 тамызда Ұлытау облысы әкімінің жаңа екі орынбасары тағайындалды. Олар - Алмаз Ыдырысов пен Дастан Рыспеков. Бұл туралы облыс әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады. Рыспеков Дастан Адайұлы 1984 жылы Жезқазған қаласы, Қарағанды облысында дүниеге келген. 2006 жылдан бастап Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2015 жылдың қазан айынан бастап Республика бюджетін атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде талдау және есептілік бөлімі жоспарлау және мониторинг жүргізу секторының менгерушісі болды. 2016 жылдың маусым айынан бастап "Астана экспо-2017" Ұлттық компаниясында түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2020 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Ыдырысов Алмаз Серікболұлы 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2003 жылдан бастап Астана қаласы "Казавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2006 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2014 жылдың мамыр айынан бастап Астана қаласы "Казавтожол" Акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары болды. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2022 жылдың маусым айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі болып қызмет етті.
Бүгін, 21 тамызда Ұлытау облысы әкімінің жаңа екі орынбасары тағайындалды. Олар - Алмаз Ыдырысов пен Дастан Рыспеков. Бұл туралы облыс әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады. Рыспеков Дастан Адайұлы 1984 жылы Жезқазған қаласы, Қарағанды облысында дүниеге келген. 2006 жылдан бастап Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2015 жылдың қазан айынан бастап Республика бюджетін атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде талдау және есептілік бөлімі жоспарлау және мониторинг жүргізу секторының менгерушісі болды. 2016 жылдың маусым айынан бастап "Астана экспо-2017" Ұлттық компаниясында түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2020 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Ыдырысов Алмаз Серікболұлы 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2003 жылдан бастап Астана қаласы "Казавтожол" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2006 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2014 жылдың мамыр айынан бастап Астана қаласы "Казавтожол" Акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары болды. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033286-ulytau-oblysy-akiminin-orynbasarlary-tagaiyndaldy/
21 тамыз 2023, 12:27
kk
"Орталық Азиядағы маңызды серіктес санаймыз": Тоқаев Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді
Вьетнамға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Вьетнам президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін Во Ван Тхыонгқа алғыс айтып, осы сапарға баса мән беретінін атап өтті. "Қазақстан президенті ретінде Сіздің еліңізге алғаш рет сапармен келіп отырмын. Мен бұл сапарыма баса мән беремін. Қазақстанда Сіздің елге және Вьетнам халқына зор құрметпен қарайтынын атап өткім келеді. Вьетнамның экономикалық жетістіктері елдеріміздің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға берік негіз болады. Біз екі мемлекет арасындағы экономикалық, саяси қатынастарға баса мән береміз және Вьетнамның экономикалық зор әлеуетін және оның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық жарты миллиард доллардан асқанына, биылғы алты айдың өзінде 600 миллион доллар болғанына назар аударды. Жыл соңына дейін бұл маңызды көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөздер екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді. Во Ван Тхыонг екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру ісін жоғары бағалап, Қазақстан мен Вьетнамның серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді "Сіздің елімізге жасаған алғашқы ресми сапарыңыз екі мемлекеттің дәстүрлі достық қарым-қатынасы мен көпжақты ынтымақтастығын жандандыруға тың серпін беретініне сенімдімін. Мен Қазақстанда сапармен болдым. Өте тамаша, ғажап ел, халқының қонақжайлығына тәнті болдым. Вьетнам Қазақстанның дамуын және Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқының жеткен зор табысын жіті бақылап отыр. Сіздің тәжірибеңіз бен стратегиялық көрегендігіңіздің арқасында Қазақстан одан әрі дамып, әлемдегі және аймақтағы тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Вьетнам ұлт-азаттық күресі мен мемлекеттің бірігуіне және қазіргі дамуына қазақ халқының көрсеткен жәрдемін ешқашан ұмытпайды әрі алғыс айтады. Біз Қазақстанмен арадағы дәстүрлі достық қатынасқа зор мән береміз және еліңізді Орталық Азиядағы маңызды серіктес санаймыз", – деді Вьетнам президенті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Во Ван Тхыонгты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Вьетнамға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Вьетнам президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін Во Ван Тхыонгқа алғыс айтып, осы сапарға баса мән беретінін атап өтті. "Қазақстан президенті ретінде Сіздің еліңізге алғаш рет сапармен келіп отырмын. Мен бұл сапарыма баса мән беремін. Қазақстанда Сіздің елге және Вьетнам халқына зор құрметпен қарайтынын атап өткім келеді. Вьетнамның экономикалық жетістіктері елдеріміздің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға берік негіз болады. Біз екі мемлекет арасындағы экономикалық, саяси қатынастарға баса мән береміз және Вьетнамның экономикалық зор әлеуетін және оның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық жарты миллиард доллардан асқанына, биылғы алты айдың өзінде 600 миллион доллар болғанына назар аударды. Жыл соңына дейін бұл маңызды көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөздер екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді. Во Ван Тхыонг екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру ісін жоғары бағалап, Қазақстан мен Вьетнамның серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді "Сіздің елімізге жасаған алғашқы ресми сапарыңыз екі мемлекеттің дәстүрлі достық қарым-қатынасы мен көпжақты ынтымақтастығын жандандыруға тың серпін беретініне сенімдімін. Мен Қазақстанда сапармен болдым. Өте тамаша, ғажап ел, халқының қонақжайлығына тәнті болдым. Вьетнам Қазақстанның дамуын және Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқының жеткен зор табысын жіті бақылап отыр. Сіздің тәжірибеңіз бен стратегиялық көрегендігіңіздің арқасында Қазақстан одан әрі дамып, әлемдегі және аймақтағы тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Вьетнам ұлт-азаттық күресі мен мемлекеттің бірігуіне және қазіргі дамуына қазақ халқының көрсеткен жәрдемін ешқашан ұмытпайды әрі алғыс айтады. Біз Қазақстанмен арадағы дәстүрлі достық қатынасқа зор мән береміз және еліңізді Орталық Азиядағы маңызды серіктес санаймыз", – деді Вьетнам президенті.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033281-ortalyq-aziyadagy-manyzdy-seriktes-sanaimyz-toqaev-vo-van-txyongpen-kelissoz-zurgizdi/
21 тамыз 2023, 12:13
kk
Елдегі алапат өрттерден кейін ТЖМ 633 млн теңгеге арнайы техникалар сатып алмақ
Үкімет Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауда. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. "Бұл мақсаттарға үкімет резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Құжатқа сәйкес, қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталатын болады", - делінген үкімет таратқан хабарламада. Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Алайда биылғы жылы орын алған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олар жеткіліксіз екенін көрсетті. Сонымен қатар қазіргі уақытта ашық су қоймаларынан су алып, табиғи өрт ошақтарына әуе арқылы жеткізу үшін 12 су шашатын құрылғы бар. ТЖМ авиациялық паркі көпфункциялы 34 әуе кемесінен тұрады. Осылайша, жаңа дрондар мен су шашу құрылғыларын сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті бөлімшелердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ведомство мәліметінше, жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық орман және дала өрттері, сондай-ақ 4 мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.
Үкімет Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауда. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. "Бұл мақсаттарға үкімет резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Құжатқа сәйкес, қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталатын болады", - делінген үкімет таратқан хабарламада. Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Алайда биылғы жылы орын алған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олар жеткіліксіз екенін көрсетті. Сонымен қатар қазіргі уақытта ашық су қоймаларынан су алып, табиғи өрт ошақтарына әуе арқылы жеткізу үшін 12 су шашатын құрылғы бар. ТЖМ авиациялық паркі көпфункциялы 34 әуе кемесінен тұрады. Осылайша, жаңа дрондар мен су шашу құрылғыларын сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті бөлімшелердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033268-eldegi-alapat-ortterden-keiin-tzm-633-mln-tengege-arnaiy-texnikalar-satyp-almaq/
21 тамыз 2023, 11:48
kk
Вьетнам президенті ресми сапармен келген Тоқаевты қалай қарсы алды
Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг президент сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті. Айта кетейік, кеше, 20 тамызда президент Вьетнамға ресми сапармен барған болатын. Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг президент сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті. Айта кетейік, кеше, 20 тамызда президент Вьетнамға ресми сапармен барған болатын.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033271-vetnam-prezidenti-resmi-saparmen-kelgen-toqaevty-qalai-qarsy-aldy/
21 тамыз 2023, 11:34
kk
Әнші Динара Әлжан: Қызымның біреудің тоқалы болғанын қаламас едім
Өзін көпшілікке Болат Назарбаевтың экс-тоқалы ретінде таныстырған әнші Динара Әлжан ашық сұхбат берді. Бүгінгі таңда өзін толықтай шығармашылыққа арнап, қызымен көп уақыт өткізуге тырысып жүргенін Динара Әлжан KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген экслюзив сұхбатында айтты. - Динара ханым, сұхбатты шығармашылық жаңалықтардан бастайықшы. Қазір немен айналысып жүрсіз? - Қазіргі уақытта өздеріңіз білетін "Кавер" шоуға дайындалып жатырмын. Жуық арада өз өнерімді көрсетемін. Сонымен қатар киноға түсіп жүрмін. Осы уақытқа дейін 25 фильмде түрлі рөлді сомдадым. Жақында Ақан Сатаевтың "Моя половина" фильміне түстім. Ол кісінің рөл ұсынғанына қуаныштымын. Желтоқсан айында жеке брендімді ашамын. Қандай бренд екені әзірге құпия, жаңа жылға дейін ашылуы болады. Көршілес мемлекеттерден тапсырыс түсуде, тойға шақырады. Аллаға шүкір, әндерім хитке айналуда. - Қазір жұлдыз болу үшін бұрынғыдай көп ақша қажет емес. Әлеуметтік желіде трендке іліксеңіз, жолыңыз болды деген пікір бар. Келісесіз бе? - Бұрын өзімді дамыту үшін, сахнада өнер көрсетіп, хит әндер жазу үшін көп шығындалатынмын. Қазір адал студия мен адал ақын-композиторлардың арқасында шығынға бату деген жоқ. Бұрын теледидарға бейнебаян шығару үшін біраз тер төгетінбіз. Қазір әлеуметтік желі арқылы әндерім тез тарап, тыңдарман тарапынан оң пікір айтылуда. Бұл өнердегі жұмысымызды тездетіп, шабытымызды аша түсуде. - Өзіңіз әлеуметтік желіге қаншалықты көңіл бөлесіз? Ол сізге қаншалықты табыс әкелуде? - Қазір әлеуметтік желі табыс көзінің ортасы. Онсыз ақша да, сауда да жүрмейді. Әлеуметтік желі тауарыңды сатудың тиімді жолы. Мен өз блогымды жүргіземін. Көп уақытымды арнаймын деп айта алмаймын. Уақытпен көңіл бөлемін. - Көп адамдар сіздің сұхбатыңызды жоспарлы түрде өзіне жасаған хайптың бір түрі деп қабылдады. Келісесіз бе? - Ол сұхбатта ешқандай хайп болған жоқ. Мен басымнан өткен оқиғамен бөлістім. Кім қалай қабылдаса да, өз еркі. Мен тағдырымды ашық айту арқылы, өзге адамдарға сабақ болсын дедім. - Өзіңіз тоқал болғаныңызды ашық айттыңыз. Сондықтан келесі сұраққа еш қарсылықсыз жауап бересіз деп ойлаймын. Тоқал болудың плюсі мен минусы қандай? Қызыңыз тоқал боламын десе, көзқарасыңыз қандай болмақ? - Тоқал болу деген тақырыпты жылы жапқым келеді. Қызымның біреудің тоқалы болғанын қаламас едім. Мен де екінші рет ол жағдайға жеткізбеймін. Бір рет басымнан өтті, көрдім. Ендігі уақытта ешкімді ренжіткім келмейді. - Өзіңізді қандай ана ретінде сипаттайсыз? - Қазіргі еңбектенуімнің себебі - қызымның жарқын болашағы. Қызым үшін отқа да, суға да түсемін. Өнер жолында болған соң күнде жанындамын демеймін. Бірақ үнемі ол менің қадағалауымда. Ана ретінде сырласамын, еркелетемін, көп көңіл бөлуге тырысамын. Жалғыз басты анаға қиындау, әрине. Бірақ, әке орнына - әке, ана боп жүрмін. - Қызыңыздың болашақта қай салада білім алғанын қалайсыз? - Қызым хирург болғысы келеді. Оның қай бастамасын да қолдаймын. Оның жеке қалауы үшін шешім қабылдай алмаймын. Қызымның осы өмірден өз орнын тапқанын қалаймын. - Динараның алға қойған 3 мақсаты қандай? - Ең бірінші мақсатым, бақытты отбасын құру. Егіз балаларымның болғанын қалаймын. Жақсы ана, сүйікті жар болу. Екіншіден, бизнесімді дамытып, жеке брендімді қалыптастыру. Үшіншісі, білім алу, өзімді дамыту. - Қаржылық сауаттылық дегенді қалай түсінесіз? - Қаржылық сауаттылық - мен үшін ақшаны тиімді жұмсай білу. Оңды-солды шашпау және үнемдей білу.
Өзін көпшілікке Болат Назарбаевтың экс-тоқалы ретінде таныстырған әнші Динара Әлжан ашық сұхбат берді. Бүгінгі таңда өзін толықтай шығармашылыққа арнап, қызымен көп уақыт өткізуге тырысып жүргенін Динара Әлжан тілшісіне берген экслюзив сұхбатында айтты. - Динара ханым, сұхбатты шығармашылық жаңалықтардан бастайықшы. Қазір немен айналысып жүрсіз? - Қазіргі уақытта өздеріңіз білетін "Кавер" шоуға дайындалып жатырмын. Жуық арада өз өнерімді көрсетемін. Сонымен қатар киноға түсіп жүрмін. Осы уақытқа дейін 25 фильмде түрлі рөлді сомдадым. Жақында Ақан Сатаевтың "Моя половина" фильміне түстім. Ол кісінің рөл ұсынғанына қуаныштымын. Желтоқсан айында жеке брендімді ашамын. Қандай бренд екені әзірге құпия, жаңа жылға дейін ашылуы болады. Көршілес мемлекеттерден тапсырыс түсуде, тойға шақырады. Аллаға шүкір, әндерім хитке айналуда. - Қазір жұлдыз болу үшін бұрынғыдай көп ақша қажет емес. Әлеуметтік желіде трендке іліксеңіз, жолыңыз болды деген пікір бар. Келісесіз бе? - Бұрын өзімді дамыту үшін, сахнада өнер көрсетіп, хит әндер жазу үшін көп шығындалатынмын. Қазір адал студия мен адал ақын-композиторлардың арқасында шығынға бату деген жоқ. Бұрын теледидарға бейнебаян шығару үшін біраз тер төгетінбіз. Қазір әлеуметтік желі арқылы әндерім тез тарап, тыңдарман тарапынан оң пікір айтылуда. Бұл өнердегі жұмысымызды тездетіп, шабытымызды аша түсуде. - Өзіңіз әлеуметтік желіге қаншалықты көңіл бөлесіз? Ол сізге қаншалықты табыс әкелуде? - Қазір әлеуметтік желі табыс көзінің ортасы. Онсыз ақша да, сауда да жүрмейді. Әлеуметтік желі тауарыңды сатудың тиімді жолы. Мен өз блогымды жүргіземін. Көп уақытымды арнаймын деп айта алмаймын. Уақытпен көңіл бөлемін. - Көп адамдар сіздің сұхбатыңызды жоспарлы түрде өзіне жасаған хайптың бір түрі деп қабылдады. Келісесіз бе? - Ол сұхбатта ешқандай хайп болған жоқ. Мен басымнан өткен оқиғамен бөлістім. Кім қалай қабылдаса да, өз еркі. Мен тағдырымды ашық айту арқылы, өзге адамдарға сабақ болсын дедім. - Өзіңіз тоқал болғаныңызды ашық айттыңыз. Сондықтан келесі сұраққа еш қарсылықсыз жауап бересіз деп ойлаймын. Тоқал болудың плюсі мен минусы қандай? Қызыңыз тоқал боламын десе, көзқарасыңыз қандай болмақ? - Тоқал болу деген тақырыпты жылы жапқым келеді. Қызымның біреудің тоқалы болғанын қаламас едім. Мен де екінші рет ол жағдайға жеткізбеймін. Бір рет басымнан өтті, көрдім. Ендігі уақытта ешкімді ренжіткім келмейді. - Өзіңізді қандай ана ретінде сипаттайсыз? - Қазіргі еңбектенуімнің себебі - қызымның жарқын болашағы. Қызым үшін отқа да, суға да түсемін. Өнер жолында болған соң күнде жанындамын демеймін. Бірақ үнемі ол менің қадағалауымда. Ана ретінде сырласамын, еркелетемін, көп көңіл бөлуге тырысамын. Жалғыз басты анаға қиындау, әрине. Бірақ, әке орнына - әке, ана боп жүрмін. - Қызыңыздың болашақта қай салада білім алғанын қалайсыз? - Қызым хирург болғысы келеді. Оның қай бастамасын да қолдаймын. Оның жеке қалауы үшін шешім қабылдай алмаймын. Қызымның осы өмірден өз орнын тапқанын қалаймын. - Динараның алға қойған 3 мақсаты қандай? - Ең бірінші мақсатым, бақытты отбасын құру. Егіз балаларымның болғанын қалаймын. Жақсы ана, сүйікті жар болу. Екіншіден, бизнесімді дамытып, жеке брендімді қалыптастыру. Үшіншісі, білім алу, өзімді дамыту. - Қаржылық сауаттылық дегенді қалай түсінесіз? - Қаржылық сауаттылық - мен үшін ақшаны тиімді жұмсай білу.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033265-ansi-dinara-alzan-qyzymnyn-bireudin-toqaly-bolganyn-qalamas-edim/
21 тамыз 2023, 11:28
kk
"Джоли болсаң да үйленбеймін": Қуат Хамит әлі күнге дейін сүрбойдақтар қатарында жүруінің себебін айтты
Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамит жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы "Берен" YouTube арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. "Бәрі Алладан ғой. Маңдайымызға жазылып қойған нәрсе шығар. Спорт, спорт, спорт деп жүріп, өзімді ұмытып кеттім. Алдыңғы жылдары араласып жүрген қыздар болатын. Танысып, сөйлесіп жүрген жақсы қыздар. Бірақ оларға: "Қазір үйленуге дайын емеспін. Сен тіпті, Анджелина Джоли болсаң да, қазір үйленуге дайын емеспін. Өйткені менің алға қойған мақсатым, спорттағы жоспарларым бар. Осыларды орындамай, үйленуге дайын емеспін", - деп айтатынмын. Қазір үйленуге дайын сияқтымын. Бірақ жолықпай жүр. Тәрбиенің бәрі анадан ғой. Қазіргі жас қыздарға қарасам... Бәрі емес, бірақ арасында ішімдікке, есірткіге үйірлері бар. Көбісі наркоман болып кеткен. Жастар бұзылған. Маған ақылды, қарапайым, иманды, бала-шағама жақсы ана болатын, әке-шешеме қарайтын, дұрыс қыздар жолықпай жүр. Бұл - шындық. Әке болған соң ұлдарымның спортшы болғанын қалаймын, тәрбиелеймін. Сол мықты, ақылды ұлдарды тәрбиелейтін қыздар маған жолықпай жүр. Мүмкін, мен жақсы адамдар жүретін жерде жүрмейтін шығармын. Таңнан кешке дейін спортзалдамыз. Кешкі оннан соң шығамыз серуенге. Дені дұрыс адам бұл уақытта жүрмейді", - деді Қуат Хамит.
Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамит жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы "Берен" YouTube арнасына сілтеме жасаған хабарлайды. "Бәрі Алладан ғой. Маңдайымызға жазылып қойған нәрсе шығар. Спорт, спорт, спорт деп жүріп, өзімді ұмытып кеттім. Алдыңғы жылдары араласып жүрген қыздар болатын. Танысып, сөйлесіп жүрген жақсы қыздар. Бірақ оларға: "Қазір үйленуге дайын емеспін. Сен тіпті, Анджелина Джоли болсаң да, қазір үйленуге дайын емеспін. Өйткені менің алға қойған мақсатым, спорттағы жоспарларым бар. Осыларды орындамай, үйленуге дайын емеспін", - деп айтатынмын. Қазір үйленуге дайын сияқтымын. Бірақ жолықпай жүр. Тәрбиенің бәрі анадан ғой. Қазіргі жас қыздарға қарасам... Бәрі емес, бірақ арасында ішімдікке, есірткіге үйірлері бар. Көбісі наркоман болып кеткен. Жастар бұзылған. Маған ақылды, қарапайым, иманды, бала-шағама жақсы ана болатын, әке-шешеме қарайтын, дұрыс қыздар жолықпай жүр. Бұл - шындық. Әке болған соң ұлдарымның спортшы болғанын қалаймын, тәрбиелеймін. Сол мықты, ақылды ұлдарды тәрбиелейтін қыздар маған жолықпай жүр. Мүмкін, мен жақсы адамдар жүретін жерде жүрмейтін шығармын. Таңнан кешке дейін спортзалдамыз. Кешкі оннан соң шығамыз серуенге.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033267-dzoli-bolsan-da-uilenbeimin-quat-xamit-ali-kunge-deiin-surboidaqtar-qatarynda-zuruinin-sebebin-aitty/
21 тамыз 2023, 11:11
kk
Алматы-Екатеринбург тас жолындағы жол апатында үш адам қаза тапты
Кеше Алматы-Екатеринбург тас жолының 770 шақырымында болған жол апатында үш адам қайтыс болып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомство хабарлауынша, 20 тамызда сағат 19:45 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолының 770 шақырымында 47 жастағы Lexus LX470 жүргізішісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалып аударылған. "Салдарынан 46 жастағы көліктің жолаушысы оқиға орынында қаза тапса, көліктің жүргізушісі және 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде қаза тапты. Сондай-ақ екі жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан. ІІМ мәліметінше, дерек полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүргенде демалыс режимін сақтап, жол жүру ережелеріне қатаң бағынуға шақырды.
Кеше Алматы-Екатеринбург тас жолының 770 шақырымында болған жол апатында үш адам қайтыс болып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомство хабарлауынша, 20 тамызда сағат 19:45 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолының 770 шақырымында 47 жастағы Lexus LX470 жүргізішісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалып аударылған. "Салдарынан 46 жастағы көліктің жолаушысы оқиға орынында қаза тапса, көліктің жүргізушісі және 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде қаза тапты. Сондай-ақ екі жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан. ІІМ мәліметінше, дерек полицияда тіркелген.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033261-almaty-ekaterinburg-tas-zolyndagy-zol-apatynda-us-adam-qaza-tapty/
21 тамыз 2023, 11:04
kk
"Сіңірі тартылып қалды": кениялық легионердің әлемдік сында мәреге жете алмай қалуының себебі анықталды
Венгрия астанасы Будапештте жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан командасының бас бапкері кениялық легионерге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 10000 метр қашықтыққа жүгіруде Каролин Чепкоеч Кипкиру 22 спортшының арасынан ең соңғы орын алды. Ол мәреге жете алмай қалған. Команда бас бапкері Дмитрий Карповтың айтуынша, мұның өзіндік себебі бар. "Каролинге қатысты қауесеттерге сенбеңіздер. Жарыс кезінде оның сіңірі тартылып қалды, қазір профилактиалық іс-шаралар жүргізілуде. Бәріміз бірге жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан", - деді бас бапкер. Сондай-ақ Қазақстан атынан жарыс жолына шыққан Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруде іріктеу сынынан өте алмады.
Венгрия астанасы Будапештте жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан командасының бас бапкері кениялық легионерге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған . 10000 метр қашықтыққа жүгіруде Каролин Чепкоеч Кипкиру 22 спортшының арасынан ең соңғы орын алды. Ол мәреге жете алмай қалған. Команда бас бапкері Дмитрий Карповтың айтуынша, мұның өзіндік себебі бар. "Каролинге қатысты қауесеттерге сенбеңіздер. Жарыс кезінде оның сіңірі тартылып қалды, қазір профилактиалық іс-шаралар жүргізілуде. Бәріміз бірге жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан", - деді бас бапкер.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033258-siniri-tartylyp-qaldy-bas-bapker-keniyalyq-legionerdin-nelikten-zarysty-ayaqtai-almaganyn-aitty/
21 тамыз 2023, 10:57
kk
"Бәрі бітті": Жахан Отарғалиев жазбасымен көпшілікті алаңдатып қойды (фото, видео)
Әлеуметтік желіде актер Жахан Отарғалиев жазба жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары актер мен жұбайы Балжан Бидаштың қарым-қатынасы жайлы түрлі болжам жасауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында жұбайы Балжан Бидашпен түскен видеоны жариялап, "Бәрі бітті" деп жазып қойды. Ал кейінірек актер анасымен түскен видеосын желіге жүктеп, "Рахмет, анашым", - деп жазба жариялады. Сонымен қатар жұлдызды жұп әлеуметтік желіде бір-бірін достар тізімінен шығарып, бірге түскен суреттері мен видеоларын парақшадан өшіріп тастаған. Желі қолданушылары Отарғалиевтің бұл жазбасын жарыса талқыға салды. Олардың бірі Жаханды алдағы уақытта жарыққа шығатын фильмі үшін хайп жасап жатыр десе, екіншілері Балжан Бидашпен айырылысып кетті деп болжады. "Көп пікір жазбаушы едім. Бірақ, 7 қыркүйекте шығатын киноға бола осылай хайп жасап, "бәрі бітті" деп халықты алдап, ертең фильм біткен соң "қайта қосылдық" десеңіз, бұл дардай басыңызға, абыройыңызға сын", "Бірінші әйелімен ажырасқанда да анасымен контент жасап еді", "Бақытты ете алмайтыныңды білсең, бастамауың керек еді", "Сөз жоқ", "Балжансыз қызық емес болып кетті". "Балжан талантты жан. Құдай берген дарынын өшіруге болмайды", "Фильм үшін осылай жасап, не көрінді? Пиар қуған жігітке сенген қызға обал", "Екеуі ажырасқан жоқ. Ондай жамандық тілемеңдер", "Балжанды бағаламадың ғой", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, бұл жағдайға байланысты Балжан Бидаштың өзі ешқандай мәлімдеме жасамады. Естеріңізге сала кетейік, жұлдызды жұп 2020 жылдың желтоқсанында мұсылманша некесін қидырған болатын.
Әлеуметтік желіде актер Жахан Отарғалиев жазба жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары актер мен жұбайы Балжан Бидаштың қарым-қатынасы жайлы түрлі болжам жасауда, деп жазады . Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында жұбайы Балжан Бидашпен түскен видеоны жариялап, "Бәрі бітті" деп жазып қойды. Ал кейінірек актер анасымен түскен видеосын желіге жүктеп, "Рахмет, анашым", - деп жазба жариялады. Сонымен қатар жұлдызды жұп әлеуметтік желіде бір-бірін достар тізімінен шығарып, бірге түскен суреттері мен видеоларын парақшадан өшіріп тастаған. Желі қолданушылары Отарғалиевтің бұл жазбасын жарыса талқыға салды. Олардың бірі Жаханды алдағы уақытта жарыққа шығатын фильмі үшін хайп жасап жатыр десе, екіншілері Балжан Бидашпен айырылысып кетті деп болжады. "Көп пікір жазбаушы едім. Бірақ, 7 қыркүйекте шығатын киноға бола осылай хайп жасап, "бәрі бітті" деп халықты алдап, ертең фильм біткен соң "қайта қосылдық" десеңіз, бұл дардай басыңызға, абыройыңызға сын", "Бірінші әйелімен ажырасқанда да анасымен контент жасап еді", "Бақытты ете алмайтыныңды білсең, бастамауың керек еді", "Сөз жоқ", "Балжансыз қызық емес болып кетті". "Балжан талантты жан. Құдай берген дарынын өшіруге болмайды", "Фильм үшін осылай жасап, не көрінді? Пиар қуған жігітке сенген қызға обал", "Екеуі ажырасқан жоқ. Ондай жамандық тілемеңдер", "Балжанды бағаламадың ғой", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, бұл жағдайға байланысты Балжан Бидаштың өзі ешқандай мәлімдеме жасамады.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033246-bari-bitti-zaxan-otargaliev-zazbasymen-kopsilikti-alandatyp-qoidy-foto-video/
21 тамыз 2023, 10:50
kk
Қазақ ақыны Қырғызстан президентінен қымбат сыйлық алды (видео)
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық ақын Біржан Қалдыбаевқа айғыр сыйға тартқан. Бұл туралы ел президенті әкімшілігі Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Президент әкімшілігінің Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбековтың сөзіне сілтеме жасаған Kaktus Media қырғыз басылымының хабарлауынша, бір апта бұрын 13 тамызда Қырғызстандағы клубтар арасындағы көкбөріден әлем чемпионатының ашылуында қазақ ақыны Біржан Қалдыбаев өнер көрсеткен. Ашылу салтанатында болған Қырғызстан басшысы Біржан Қалдыбаевқа Бішкекте сыйлық күтіп тұрғанын айтқан. Қазақстандық ақын сыйлыққа берілген айғырды кеше ғана 20 тамызда алған. Жапаровтың атынан сыйлықты президент Іс басқармасының басшысы Қаныбек Түмонбаев табыс етті. Kaktus Media басылымының жазуынша, 13 тамызда Қырғызстанда көкбөріден клубтық командалар арасындағы бірінші әлем чемпионаты басталған. Кубоктың ашылуында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сөз сөйлеген. Қырғызстан президенті көкбөрі - қырғыздардың ежелгі ұлттық ойындарының бірі екенін, оны халық арасында ең батыл шабандоздардың ойыны деп атағанын атап өтті. "Ойын батылдықты, ептілікті және керемет күшті талап етеді. Көкбөріні ойнаған жігіттер елін қорғауға дайын ерік-жігері мықты жауынгер болып өседі. Көкбөрі ойыны жастарды топпен жұмыс істеуге, қажет кезде тез шешім қабылдауға, шыдамды болуға үйретеді", - деп жазды басылым. Басылым дерегінше, жарысқа Қазақстан спортшылары да қатысты. "Астана" командасы финалға шыққанымен, қырғызстандық "Ынтымақ" командасынан жеңіліп қалған.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық ақын Біржан Қалдыбаевқа айғыр сыйға тартқан. Бұл туралы ел президенті әкімшілігі Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Президент әкімшілігінің Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбековтың сөзіне сілтеме жасаған Kaktus Media қырғыз басылымының хабарлауынша, бір апта бұрын 13 тамызда Қырғызстандағы клубтар арасындағы көкбөріден әлем чемпионатының ашылуында қазақ ақыны Біржан Қалдыбаев өнер көрсеткен. Ашылу салтанатында болған Қырғызстан басшысы Біржан Қалдыбаевқа Бішкекте сыйлық күтіп тұрғанын айтқан. Қазақстандық ақын сыйлыққа берілген айғырды кеше ғана 20 тамызда алған. Жапаровтың атынан сыйлықты президент Іс басқармасының басшысы Қаныбек Түмонбаев табыс етті. Kaktus Media басылымының жазуынша, 13 тамызда Қырғызстанда көкбөріден клубтық командалар арасындағы бірінші әлем чемпионаты басталған. Кубоктың ашылуында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сөз сөйлеген. Қырғызстан президенті көкбөрі - қырғыздардың ежелгі ұлттық ойындарының бірі екенін, оны халық арасында ең батыл шабандоздардың ойыны деп атағанын атап өтті. "Ойын батылдықты, ептілікті және керемет күшті талап етеді. Көкбөріні ойнаған жігіттер елін қорғауға дайын ерік-жігері мықты жауынгер болып өседі. Көкбөрі ойыны жастарды топпен жұмыс істеуге, қажет кезде тез шешім қабылдауға, шыдамды болуға үйретеді", - деп жазды басылым. Басылым дерегінше, жарысқа Қазақстан спортшылары да қатысты.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033245-qazaq-aqyny-qyrgyzstan-prezidentinen-qymbat-syilyq-aldy-video/
21 тамыз 2023, 10:31
kk
Мемлекет басшысы Вьетнамда: ресми сапар қалай басталды (видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хо Ши Мин мавзолейіне гүл шоғын қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің ұлттық көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті. Сонымен қатар гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы да қатысты. Айта кетейік, кеше, 20 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барған болатын. Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хо Ши Мин мавзолейіне гүл шоғын қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің ұлттық көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті. Сонымен қатар гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы да қатысты. Айта кетейік, кеше, 20 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барған болатын. Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033254-memleket-bassysy-vetnamda-resmi-sapar-qalai-bastaldy-video/
21 тамыз 2023, 10:23
kk
2023 жылғы 21 тамыз: криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 21 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $14.56-ға төмендеді. Бүгін актив $26,127.75423803* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00161-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 21 тамыз күні $0.07544022*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $8.92-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,675.20604828*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0024-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.30738217* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0002-ға өсті. TUSD бағамы 2023 жылғы 21 тамыз күні $0.99991062*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $1.98-ға нығая түсті. Актив $65.3407318* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.11-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $15.51567413*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0138-ға қымбаттады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.53830617*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00037-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.06396949* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 21 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $14.56-ға төмендеді. Бүгін актив $26,127.75423803* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00161-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 21 тамыз күні $0.07544022*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $8.92-ға көтерілді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,675.20604828*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0024-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.30738217* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0002-ға өсті. TUSD бағамы 2023 жылғы 21 тамыз күні $0.99991062*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $1.98-ға нығая түсті. Актив $65.3407318* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.11-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $15.51567413*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0138-ға қымбаттады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.53830617*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00037-ға арзандады. Қазіргі уақытта актив $0.06396949* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033252-2023-zylgy-21-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
21 тамыз 2023, 10:14
kk
"Ұят болуы керек": мәжіліс депутаты Бурабайдағы қызмет сапасын сынға алды (видео)
Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Ақмола облысындағы "Бурабай" табиғи ұлттық саябағындағы ақылы дәретханаларға көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. Мәжілісмен қазақстандық демалыс орнының суреті мен видеосын жариялады. Ол Бурабай ұлттық саябағында орналасқан Абылай ханның жайлауын көруге туристер тек Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де келетінін атап өтті. "Ақшаны сыпырып алу "Төле" деп жазылған кіреберістен басталады. Жарайды, мұның бәрі...Бірақ дәретхананың жанында үш баласымен ананы, әр адам үшін 150 теңгеден төлеу керек деген көріністі көру - наразылық туғызады", - деп жазды Бәшімов. Ол тарихи орындарды көру үшін ақша төлеуге болатынын, бірақ "адамдық, табиғи қажеттілік үшін ақша алу бассыздық екенін атап өтті. "Осы жерде Ақмола облысы әкімдігінің басшылығына сұрақ туындайды: бұл қандай саясат, тегін дәретхана жасаудың орнына қалтасын толтыруды ойлап отыр ма? Ұят деген болуы керек", - деп түйіндеді сөзін депутат. Айта кетейік, жаздың басында қазақстандықтар Щучье-Боровская курорттық аймағындағы демалыстың қымбаттығына, сондай-ақ маусым кезінде дәретханалар мен қоқыс жәшіктерінің жеткіліксіздігіне шағымданған болатын. Кейбіреулер Түркияда демалу арзанырақ екенін жеткізген еді. Қазақстандықтардың наразылығына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жауап берді. Ол бұл курорттық аймаққа жыл сайын көбірек туристер келетінін айтты.
Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Ақмола облысындағы "Бурабай" табиғи ұлттық саябағындағы ақылы дәретханаларға көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. Мәжілісмен қазақстандық демалыс орнының суреті мен видеосын жариялады. Ол Бурабай ұлттық саябағында орналасқан Абылай ханның жайлауын көруге туристер тек Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де келетінін атап өтті. "Ақшаны сыпырып алу "Төле" деп жазылған кіреберістен басталады. Жарайды, мұның бәрі...Бірақ дәретхананың жанында үш баласымен ананы, әр адам үшін 150 теңгеден төлеу керек деген көріністі көру - наразылық туғызады", - деп жазды Бәшімов. Ол тарихи орындарды көру үшін ақша төлеуге болатынын, бірақ "адамдық, табиғи қажеттілік үшін ақша алу бассыздық екенін атап өтті. "Осы жерде Ақмола облысы әкімдігінің басшылығына сұрақ туындайды: бұл қандай саясат, тегін дәретхана жасаудың орнына қалтасын толтыруды ойлап отыр ма? Ұят деген болуы керек", - деп түйіндеді сөзін депутат. Айта кетейік, жаздың басында қазақстандықтар Щучье-Боровская курорттық аймағындағы демалыстың қымбаттығына, сондай-ақ маусым кезінде дәретханалар мен қоқыс жәшіктерінің жеткіліксіздігіне шағымданған болатын. Кейбіреулер Түркияда демалу арзанырақ екенін жеткізген еді. Қазақстандықтардың наразылығына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жауап берді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033237-uyat-boluy-kerek-mazilis-deputaty-burabaidagy-qyzmet-sapasyn-synga-aldy-video/
21 тамыз 2023, 09:57
kk
Елімізде 2024 жылдан бастап АЕК пен жалақының ең төменгі мөлшері қалай өзгереді
Елімізде "2024 –2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы жасалды. Құжатта Қазақстанда қолданылатын кейбір есептік көрсеткіштердің мөлшерін қайта қарауды ұсынады. Заң жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап: Бұл ретте құжатта жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға көтерілетіні жазылған. Одан бөлек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,9 пайыз болып белгiленеді. Құжатты қоғамдық талқылау 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін жалғасады. Айта кетейік, қазіргі уақытта бір айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеге тең.
Елімізде "2024 –2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы жасалды. Құжатта Қазақстанда қолданылатын кейбір есептік көрсеткіштердің мөлшерін қайта қарауды ұсынады. Заң жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап: Бұл ретте құжатта жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 пайызға көтерілетіні жазылған. Одан бөлек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,9 пайыз болып белгiленеді. Құжатты қоғамдық талқылау 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033243-elimizde-2024-zyldan-bastap-aek-pen-zalaqynyn-en-tomengi-molseri-qalai-ozgeredi/
21 тамыз 2023, 09:31
kk
Renzo тобының әншісі үйленді (видео)
Renzo тобының мүшесі Ержан Жүнісов шаңырақ көтерді. Бұл жайлы продюсер Алуа Қонарова Instagram парақшасында көпшілікке айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Бүгін Renzo тобының үшінші әншісі мен "Аyanat" тобының үшінші мүшесі үйленді. Ержан мен Аружан", - деп жазды Алуа Қонарова. Айта кетейік, Ержанның таңдауы Аружан Медиеваға түскен. Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа жылы лебізін жаудырды. "Бақытты болыңыздар", "Жастар бақытты болсын", "Жарасымды жұп", - деп жазды желідегілер. Ал Аружан Медиеваның өзі әлеуметтік желіде сүйіктісімен танысуына Алуа Қонарова себепкер болғанын айтты. "Біздің бір-бірімізді жолықтыруымызға себепкер болған кісі осы", - деп жазды Алуа Қонаровамен түскен суретін бөліскен Аружан.
Renzo тобының мүшесі Ержан Жүнісов шаңырақ көтерді. Бұл жайлы продюсер Алуа Қонарова Instagram парақшасында көпшілікке айтты, деп жазады . "Бүгін Renzo тобының үшінші әншісі мен "Аyanat" тобының үшінші мүшесі үйленді. Ержан мен Аружан", - деп жазды Алуа Қонарова. Айта кетейік, Ержанның таңдауы Аружан Медиеваға түскен. Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа жылы лебізін жаудырды. "Бақытты болыңыздар", "Жастар бақытты болсын", "Жарасымды жұп", - деп жазды желідегілер. Ал Аружан Медиеваның өзі әлеуметтік желіде сүйіктісімен танысуына Алуа Қонарова себепкер болғанын айтты.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033238-renzo-tobynyn-ansisi-uilendi-video/
21 тамыз 2023, 09:10
kk
2023 жылғы 21 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 21 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 461.71 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 501.69 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.95 (+0.00). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 492.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.98 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.50 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.50 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 21 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 461.71 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 501.69 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.95 (+0.00). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 492.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.98 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.50 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.50 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.00 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033241-2023-zylgy-21-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
21 тамыз 2023, 09:05
kk
Ақтауда жасөспірім қыз бен ер адам суға батып кетті
Жксенбі, 20 тамызда Маңғыстау облысындағы демалыс базаларында екі бірдей қайғылы жағдай болды, деп жазады Lada.kz. Жедел жәрдем станциясының журналистерге хабарлауынша, кеше, 20 тамызда "Монтажник" демалыс базасында сағат 11:47-де 14 жастағы қыздың қайтыс болғаны тіркелген. Екінші қайғылы жағдай сағат 18:00-де жақын маңайдағы "Бриз" демалыс базасында болды. Суға батып кеткен 36 жастағы ер адам көз жұмған. Кейбір деректерге сәйкес, марқұм - бес баланың әкесі. Екі жағдайда да ер адам мен жасөспірім дәрігерлер келгенше қайтыс болған.
Жксенбі, 20 тамызда Маңғыстау облысындағы демалыс базаларында екі бірдей қайғылы жағдай болды, деп жазады Жедел жәрдем станциясының журналистерге хабарлауынша, кеше, 20 тамызда "Монтажник" демалыс базасында сағат 11:47-де 14 жастағы қыздың қайтыс болғаны тіркелген. Екінші қайғылы жағдай сағат 18:00-де жақын маңайдағы "Бриз" демалыс базасында болды. Суға батып кеткен 36 жастағы ер адам көз жұмған. Кейбір деректерге сәйкес, марқұм - бес баланың әкесі.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033236-aqtauda-demalys-bazalarynda-zasospirim-qyz-ben-er-adam-suga-batyp-ketken/
21 тамыз 2023, 08:56
kk
Мұсылманша жыл санау: маңызы мен мәні
Мұсылмандардың жаңа жылы 622 жылдың шілде айынан басталды. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударған сәттен бастап мұсылман күнтізбесі пайда болды. Бұл жазбамызда мұсылманша жыл санаудың мән-маңызына тоқталып өтеміз. Хижра сөзi араб тiлiнде "көшу", "қоныс аудару" деген мағыналарды бiлдiредi. Хижра жылының Ислам тарихында өзiндiк ерекше орны бар. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ihsan.kz сайтында жарияланған "Мұсылманша жыл басы қай айдан және қашан басталады?" мақаласында мұның төркіні Пайғамбар дәуіріне тірелетіні жазылған. Хижра есебін ардақты Пайғамбарымыз дүниеден өткеннен кейін бес жылдан соң халиф Омар жазып шығарған. Бұл шамамен 637 жыл болатын. Бекен Қайратұлының "Мұсылманша жыл санау" жазбасында біздің жыл санауымыз бойынша 622 жылғы 16 шілде қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келгені айтылады. Күн санауды Ай өлшемі бойынша жүргізу қасиетті Құран Кәрімде үкім етілген. Бұған "Тәубе" сүресінің 36-аяты дәлел бола алады: "Расында, Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны - он екі", - делінген. Мұсылман күн санауына қатысты мына хадисті мысалға келтіруге болады: Имам Бұқаридің хадистер жинағында: Сахаба Заид ибн Амрден естіп, Абдулла ибн Омар риуаят еткен хадисте Пайғамбардыі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айды 29 немесе 30 күнмен өлшеп есептеген дұрыс дегені айтылады. Бекен Қайратұлының "Мұсылманша жыл санау" мақаласында мұсылман жыл санауы мынадай реттілікпен көрсетілген: Мұсылман жыл санауы бойынша әрбір 30 жылдың он бірі 355 күннен, қалған он тоғызы 354 күннен тұрады. Нәтижесінде хижра жылының ұзақтығы (354х19+355х11)/30 354,37 тәулік болады. Бұл есеп григориан күнтізбесінен 11 күнге кем, сол себептен де хижраның 34 жылы григорианның 34 жылына тең шығады. 11 күндік айырмаға байланысты ораза күндері жыл сайын өзгеріп тұрады. Дегенмен мұсылман күнтізбесі асқан дәлдігімен ерекшеленіп, 30 жылда 0,012 тәулікке ғана ауытқып отырады. Бұл 2500 жыл өткенде жыл басы 1 күнге ғана жылжитынын білдіреді. Тарихи шежіре жанрының алғашқы үлгісі саналатын Қадырғали Жалаиридің "Шежірелер жинағында" ай атаулары мұсылманша нұсқада берілген. Мысалы, Ражаб, Сафар, Зұлқыжа. Махмұд Қашғаридің "Диуани лұғат ат-түрк" түркіше-арабша сөздігінде де ай атаулары мұсылман күнтізбесі бойынша жазылған. Тоқтамыс хан жарлықтарын мұсылманша жыл санау бойынша қалдырған деген дерек бар. Хижра күнтізбесі бойынша қазір 1445 жыл, сафар айы.
Мұсылмандардың жаңа жылы 622 жылдың шілде айынан басталды. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударған сәттен бастап мұсылман күнтізбесі пайда болды. Бұл жазбамызда мұсылманша жыл санаудың мән-маңызына тоқталып өтеміз. Хижра сөзi араб тiлiнде "көшу", "қоныс аудару" деген мағыналарды бiлдiредi. Хижра жылының Ислам тарихында өзiндiк ерекше орны бар. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің сайтында жарияланған "Мұсылманша жыл басы қай айдан және қашан басталады?" мақаласында мұның төркіні Пайғамбар дәуіріне тірелетіні жазылған. Хижра есебін ардақты Пайғамбарымыз дүниеден өткеннен кейін бес жылдан соң халиф Омар жазып шығарған. Бұл шамамен 637 жыл болатын. Бекен Қайратұлының "Мұсылманша жыл санау" жазбасында біздің жыл санауымыз бойынша 622 жылғы 16 шілде қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келгені айтылады. Күн санауды Ай өлшемі бойынша жүргізу қасиетті Құран Кәрімде үкім етілген. Бұған "Тәубе" сүресінің 36-аяты дәлел бола алады: "Расында, Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны - он екі", - делінген. Мұсылман күн санауына қатысты мына хадисті мысалға келтіруге болады: Имам Бұқаридің хадистер жинағында: Сахаба Заид ибн Амрден естіп, Абдулла ибн Омар риуаят еткен хадисте Пайғамбардыі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айды 29 немесе 30 күнмен өлшеп есептеген дұрыс дегені айтылады. Бекен Қайратұлының "Мұсылманша жыл санау" мақаласында мұсылман жыл санауы мынадай реттілікпен көрсетілген: Мұсылман жыл санауы бойынша әрбір 30 жылдың он бірі 355 күннен, қалған он тоғызы 354 күннен тұрады. Нәтижесінде хижра жылының ұзақтығы (354х19+355х11)/30 354,37 тәулік болады. Бұл есеп григориан күнтізбесінен 11 күнге кем, сол себептен де хижраның 34 жылы григорианның 34 жылына тең шығады. 11 күндік айырмаға байланысты ораза күндері жыл сайын өзгеріп тұрады. Дегенмен мұсылман күнтізбесі асқан дәлдігімен ерекшеленіп, 30 жылда 0,012 тәулікке ғана ауытқып отырады. Бұл 2500 жыл өткенде жыл басы 1 күнге ғана жылжитынын білдіреді. Тарихи шежіре жанрының алғашқы үлгісі саналатын Қадырғали Жалаиридің "Шежірелер жинағында" ай атаулары мұсылманша нұсқада берілген. Мысалы, Ражаб, Сафар, Зұлқыжа. Махмұд Қашғаридің "Диуани лұғат ат-түрк" түркіше-арабша сөздігінде де ай атаулары мұсылман күнтізбесі бойынша жазылған. Тоқтамыс хан жарлықтарын мұсылманша жыл санау бойынша қалдырған деген дерек бар.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033042-musylmansa-zyl-sanau-manyzy-men-mani/
21 тамыз 2023, 08:50
kk
Пеште пісірілген көктал: ең дәмді балықты дайындау әдісі
Көктал - қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Мұндай асты үйдегі пеште де пісіруге болады. Сазан мен көкөністерден дайындалатын көктал тағамын біз ұсынған рецепт бойынша жасап көріңіз. Көктал – қазақтың ертеден келе жатқан балық пісіру әдісі. Көктал тағамының астары "тал" сөзімен байланысты. Себебі ертедегі қазақтар балықты талдың бұтақтарына төсеп немесе тізіп ыстайтын болған. Бұл тағамның жасалу ерекшелігі балықты қабыршақтарынан тазартпай, жотасының бойынан кесіп, кітап сияқты ашып пісіруінде жатыр. Балықты пісіру үшін көбінесе көктал тағамын дайындауға арналған металл жәшік пайдаланылады. Оның түбіне алма мен шие ағаштарының бұтақтары немесе жоңқалары салынады. Үйде пеште сазан балығынан көктал дайындауға болады. Асханасы: қазақ асханасы Санаты: бас тағам Дайындау уақыты: 5 минут Пісетін уақыты: 30 минут Мөлшерлік калориясы: 195 ккал. Ең алдымен сазанды дайындап алу керек. Балықты жуып, жон бойымен құйрық тұсын тесіңіз. Жотасын жон бойымен кесіп өтіп, пышақты басына қарай жүргізіңіз. Ішкі жағына тиіп кетпеу үшін әрі өнімнің дәмі бұзылмау үшін балық етін тек жотаның ортасына дейін кесіңіз. Басын кесіп, балықты ашыңыз. Балықтың жонын алып тастаңыз. Ішін түгел ашып, желбезектерін алыңыз. Балықты сумен жақсылап шайыңыз. Балық ұшасының қабырға аралық бөлігін таяз қылмай тіліңіз. Сарымсақты тазалап, сыққыштан өткізіңіз, балықты қабырға аралығындағы бөліктерге қойыңыз. Сазан ұшасына бұрыш, тұз себіңіз, бетіне дәмдеуіштер салып, жарты лимонның шырынын сығып құйыңыз. Балық 30 минут маринадталу керек. Көкөністерді жуыңыз. Тәтті бұрыштың дәндерін алып тастаңыз, пияздың қабығын аршыңыз. Пияз, қызанақ, болгар бұрышын жұқа жарты сақина пішінінде тураңыз. Картопты тазалап, тілімдеп кесіңіз. Пиязға 2 ас қасық майонезді аралстырып, балықтың үстіне жағып шығыңыз. Пияз үстіне туралған картопты салыңыз да, тұз сеуіп, майонез жағыңыз. Картоптың үстіне туралған тәтті бұрыш пен қызанақты салып, тұз себесіз, содан соң майонез жағасыз. Пешті 180°C дейін қыздырыңыз. Табаны пешке салып, кокталды 60 минут пісіріңіз. Дайын тағамды табаққа салып, көпшілікке ұсынар алдында бетіне майдалап туралған шөптерді себіңіз. Рецепт видеосы
Көктал - қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Мұндай асты үйдегі пеште де пісіруге болады. Сазан мен көкөністерден дайындалатын көктал тағамын біз ұсынған рецепт бойынша жасап көріңіз. Көктал – қазақтың ертеден келе жатқан балық пісіру әдісі. Көктал тағамының астары "тал" сөзімен байланысты. Себебі ертедегі қазақтар балықты талдың бұтақтарына төсеп немесе тізіп ыстайтын болған. Бұл тағамның жасалу ерекшелігі балықты қабыршақтарынан тазартпай, жотасының бойынан кесіп, кітап сияқты ашып пісіруінде жатыр. Балықты пісіру үшін көбінесе көктал тағамын дайындауға арналған металл жәшік пайдаланылады. Оның түбіне алма мен шие ағаштарының бұтақтары немесе жоңқалары салынады. Үйде пеште сазан балығынан көктал дайындауға болады. Асханасы: қазақ асханасы Санаты: бас тағам Дайындау уақыты: 5 минут Пісетін уақыты: 30 минут Мөлшерлік калориясы: 195 ккал. Ең алдымен сазанды дайындап алу керек. Балықты жуып, жон бойымен құйрық тұсын тесіңіз. Жотасын жон бойымен кесіп өтіп, пышақты басына қарай жүргізіңіз. Ішкі жағына тиіп кетпеу үшін әрі өнімнің дәмі бұзылмау үшін балық етін тек жотаның ортасына дейін кесіңіз. Басын кесіп, балықты ашыңыз. Балықтың жонын алып тастаңыз. Ішін түгел ашып, желбезектерін алыңыз. Балықты сумен жақсылап шайыңыз. Балық ұшасының қабырға аралық бөлігін таяз қылмай тіліңіз. Сарымсақты тазалап, сыққыштан өткізіңіз, балықты қабырға аралығындағы бөліктерге қойыңыз. Сазан ұшасына бұрыш, тұз себіңіз, бетіне дәмдеуіштер салып, жарты лимонның шырынын сығып құйыңыз. Балық 30 минут маринадталу керек. Көкөністерді жуыңыз. Тәтті бұрыштың дәндерін алып тастаңыз, пияздың қабығын аршыңыз. Пияз, қызанақ, болгар бұрышын жұқа жарты сақина пішінінде тураңыз. Картопты тазалап, тілімдеп кесіңіз. Пиязға 2 ас қасық майонезді аралстырып, балықтың үстіне жағып шығыңыз. Пияз үстіне туралған картопты салыңыз да, тұз сеуіп, майонез жағыңыз. Картоптың үстіне туралған тәтті бұрыш пен қызанақты салып, тұз себесіз, содан соң майонез жағасыз. Пешті 180°C дейін қыздырыңыз. Табаны пешке салып, кокталды 60 минут пісіріңіз.
Калейдоскоп
true
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2033142-peste-pisirilgen-koktal-en-damdi-balyqty-daiyndau-adisi/
21 тамыз 2023, 08:48
kk
2023 жылдың тамыз айындағы ретроградтық Меркурий: ерекшелігі мен сақтық шаралары
Сәтсіздіктің себебін аспандағы жұлдыздармен байланыстыратын жанның бірі болсаңыз, ретроградтық Меркурий кезеңіне дайын болыңыз. Биылғы тамызда мұндай мерзім қай күндерге сәйкес келеді? Мұның жауабын астролог Кетрин Бэкманн түсіндіріп берді. Меркурий - Күн жүйесіндегі Күнге ең жақын кішкентай планета ғана емес, ол астрология бойынша кез келген жоспарды өзгертуге ықпал етуі мүмкін деп есептеледі. Маңызды планетаның ретроградтық мәні неде және ол қашан болады? Меркурий ретрограды деп бұл планетаның бір жыл ішінде орбитада қарама-қарсы бағытта қозғалатын визуалдық әсері пайда болған ерекше кезеңді айтады. Астрономия тұрғысынан бұл жай ғана оптикалық иллюзия. Астрологияда ретро Меркурий айрықша күтілетін және сақтануды қажет ететін белгілі құбылыс. Бұл планета Күнді 88 күнде толық айналып шығады. Оның қозғалыс жылдамдығы өте тез, ал орбита қысқа, сондықтан Меркурий күн жүйесіндегі басқа планеталарға қарағанда ретроградтық кезеңде жиі болады. Сондықтан астрологтар бұл құбылысты үнемі еске салып, жоспар құрған кезде ескеруге кеңес береді. Ретроград кезеңінің өзі Меркурий Жерге жақын өтетін күндерге сәйкес келеді. Бұл жылына 3-4 рет болады. Әдетте мұндай құбылыс үш аптаға созылады. Меркурийдің тамыздағы ретроградтық мерзімі 23 күнге дейін барады. 2023 жылдың тамызында Меркурий қай кезде ретроградтық кезеңде болады? Жаз бен күздің ауысатын тұсында Меркурийдің ретроградтық кезеңі 23 тамызда басталып, 15 қыркүйекте аяқталады. Бұл 2023 жыл бойынша Меркурийдің үшінші ретроградтық кезеңі болмақ. Астролог Чани Николастың айтуынша, осы уақыт аралығында планета Зодиактың мейлінше жүйелі, қолайлы белгісі - Бикеште болады. 23 тамызда Күннің Бикешке енетінін айта кету керек. Ретро Меркуриймен бірге бұл кезең ақыл мен эмоцияға айтарлықтай әсер етеді. Almanac.com редакторы Кетрин Бекманн Меркурийді ретро рефлексия кезеңі деп атайды. Бұл уақыт қандай да бір мәселенің дұрыс шешімін адамдардың қабілеті арқылы таба білуінің арқасында тұйық шеңберден шығуға мүмкіндік береді. 4 қыркүйекке дейін Меркурийдің ретроградтық кезеңі Венера ретро мерзімімен сәйкес келеді. Бұл күндер ерекше үміт артқан үлкен жобалардың орындалмай қалуына ықпал етуі ғажап емес. Voice басылымы жаз бен күздің ауысатын кезеңін ретроградтық маңызды планеталар фестивалі деп атап көрсеткен. Бұл әлемдегі барлық маңызды құбылыстың баяулағанын білдіреді. Мақсатқа жету жолында кедергі көп болады. Есесіне адамдар ойлы және саналы бола түседі. Astro-Seek басылымының мәліметі бойынша Меркурийдің тамыздағы ретроградтық кезеңі Нептунның кері қозғалысымен 6 желтоқсанға дейін, Сатурн 4 қарашаға дейін, Плутон 11 қазанға дейін, Юпитер 4 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін, Хирон 27 желтоқсанға дейін жүреді. Starwalk.Space басылымы 31 тамызда айдың көгілдір әрі үлкен болатынын еске салады. Меркурийдің ретроградтық кезеңі адамдардың эмоционалдық күйіне, мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әсер етеді. Мұны жылдам қозғалатын планетаның "тентектігі" деп айтуға да болады. Бірақ алда не күтіп тұрғанын және ретроградтық кезеңнен қалай дұрыс өту керегін алдын-ала білген әлдеқайда жақсы. Ретроградтық күйдегі планета бойдағы қорқынышты оятуы ықтимал, адамдар жіберіп алған мүмкіндіктер үшін алаңдайды. Сондықтан эмоцияға берілмеуіңіз керек, өйткені тамыз - тоқтап тұрған және бұрын құнттамаған істерді аяқтайтын уақыт. Адамдардың басым бөлігі істің жаңа қырын, мәселені шешудің оңтайлы тәсілдерін меңгереді. Жыл бойы өз бетінше жұмыс істеген адамдар жақсы жетістікке жетеді. Еңбек адамдары үшін егін жинау, сыйлықтар мен марапаттау кезеңі келе жатыр. Ретроградтық Меркурий кезеңінде ештеңе істемеген, бей-жай отырған жандар жалқаулықтың қайтарымын алады. Достар мен туыстар өткен-кеткенді айта бастайды, олар бір нәрсені біліп, қайта ақылдасқысы келеді. Бұл барлық адам үшін жақсы үрдіс, өйткені бұл қателікті жөндеуге және мінез-құлықты реттеуге көмектеседі. Бикешке Меркурийдің ретроградтық кезеңі көбірек әсер етеді, өйткені ол - оның басқарушы планетасы. Меркурий басқаратын Егіздер ерекше сезімтал болады. 2023 жылдың тамызындағы Меркурий кезеңінен қалай дұрыс шығуға болады? Ұсыныстардың қатарында позитивті болу, бастаған істі аяқтау, қырағылықты арттыру, артық ақша жұмсамау, сана мен өзін-өзі дамыту, денсаулық пен рухани дүниені нығайту, шығармашылықпен айналысу секілді істер бар. Меркурий кезеңі байланысқа, қарым-қатынасқа, саудаға, технологияға және саяхатқа әсер етеді. Сондықтан мына ұсыныстарды орындаған абзал: Егіздер маңызды адамдармен байланыс орнатып, хабарламаларды жіберместен бұрын тексеруі керек. Бикештің бар назарын өзін-өзі бағалауға аударғаны, өзін кінәлауға жол бермегені абзал. Өзіңізге, жақындарыңызға және өмірдегі мақсаттарыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Меркурий ретросы Мергенге әсер етіп, жоспарларын бұзады. Әлбетте ешқашан берілмеңіз және бәрін қайта жоспарлаңыз. Балықтар эмоционалдық қолдауды қажет етеді. Бұл медитация, шығармашылық және махаббат арқылы беріледі. Қалған белгілер қылышын асықпай сермеу керек, сонда қателерді түзетудің қажеті болмайды. Асықпау, мұқият болу және кездесуге ертерек қамдану сізді ретроградтық Меркурий кезеңіндегі көптеген мәселеден құтқарады. Алтын күзге ақырын аяқ басып, үш апталық турбуленттілікпен оңай өмір сүру үшін астрологтардың кеңестеріне, түйсік пен ақыл-парасаттың үніне құлақ асыңыз.
Сәтсіздіктің себебін аспандағы жұлдыздармен байланыстыратын жанның бірі болсаңыз, ретроградтық Меркурий кезеңіне дайын болыңыз. Биылғы тамызда мұндай мерзім қай күндерге сәйкес келеді? Мұның жауабын астролог Кетрин Бэкманн түсіндіріп берді. Меркурий - Күн жүйесіндегі Күнге ең жақын кішкентай планета ғана емес, ол астрология бойынша кез келген жоспарды өзгертуге ықпал етуі мүмкін деп есептеледі. Маңызды планетаның ретроградтық мәні неде және ол қашан болады? Меркурий ретрограды деп бұл планетаның бір жыл ішінде орбитада қарама-қарсы бағытта қозғалатын визуалдық әсері пайда болған ерекше кезеңді айтады. Астрономия тұрғысынан бұл жай ғана оптикалық иллюзия. Астрологияда ретро Меркурий айрықша күтілетін және сақтануды қажет ететін белгілі құбылыс. Бұл планета Күнді 88 күнде толық айналып шығады. Оның қозғалыс жылдамдығы өте тез, ал орбита қысқа, сондықтан Меркурий күн жүйесіндегі басқа планеталарға қарағанда ретроградтық кезеңде жиі болады. Сондықтан астрологтар бұл құбылысты үнемі еске салып, жоспар құрған кезде ескеруге кеңес береді. Ретроград кезеңінің өзі Меркурий Жерге жақын өтетін күндерге сәйкес келеді. Бұл жылына 3-4 рет болады. Әдетте мұндай құбылыс үш аптаға созылады. Меркурийдің тамыздағы ретроградтық мерзімі 23 күнге дейін барады. 2023 жылдың тамызында Меркурий қай кезде ретроградтық кезеңде болады? Жаз бен күздің ауысатын тұсында Меркурийдің ретроградтық кезеңі 23 тамызда басталып, 15 қыркүйекте аяқталады. Бұл 2023 жыл бойынша Меркурийдің үшінші ретроградтық кезеңі болмақ. Астролог Чани Николастың айтуынша, осы уақыт аралығында планета Зодиактың мейлінше жүйелі, қолайлы белгісі - Бикеште болады. 23 тамызда Күннің Бикешке енетінін айта кету керек. Ретро Меркуриймен бірге бұл кезең ақыл мен эмоцияға айтарлықтай әсер етеді. редакторы Кетрин Бекманн Меркурийді ретро рефлексия кезеңі деп атайды. Бұл уақыт қандай да бір мәселенің дұрыс шешімін адамдардың қабілеті арқылы таба білуінің арқасында тұйық шеңберден шығуға мүмкіндік береді. 4 қыркүйекке дейін Меркурийдің ретроградтық кезеңі Венера ретро мерзімімен сәйкес келеді. Бұл күндер ерекше үміт артқан үлкен жобалардың орындалмай қалуына ықпал етуі ғажап емес. Voice басылымы жаз бен күздің ауысатын кезеңін ретроградтық маңызды планеталар фестивалі деп атап көрсеткен. Бұл әлемдегі барлық маңызды құбылыстың баяулағанын білдіреді. Мақсатқа жету жолында кедергі көп болады. Есесіне адамдар ойлы және саналы бола түседі. Astro-Seek басылымының мәліметі бойынша Меркурийдің тамыздағы ретроградтық кезеңі Нептунның кері қозғалысымен 6 желтоқсанға дейін, Сатурн 4 қарашаға дейін, Плутон 11 қазанға дейін, Юпитер 4 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін, Хирон 27 желтоқсанға дейін жүреді. Starwalk.Space басылымы 31 тамызда айдың көгілдір әрі үлкен болатынын еске салады. Меркурийдің ретроградтық кезеңі адамдардың эмоционалдық күйіне, мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әсер етеді. Мұны жылдам қозғалатын планетаның "тентектігі" деп айтуға да болады. Бірақ алда не күтіп тұрғанын және ретроградтық кезеңнен қалай дұрыс өту керегін алдын-ала білген әлдеқайда жақсы. Ретроградтық күйдегі планета бойдағы қорқынышты оятуы ықтимал, адамдар жіберіп алған мүмкіндіктер үшін алаңдайды. Сондықтан эмоцияға берілмеуіңіз керек, өйткені тамыз - тоқтап тұрған және бұрын құнттамаған істерді аяқтайтын уақыт. Адамдардың басым бөлігі істің жаңа қырын, мәселені шешудің оңтайлы тәсілдерін меңгереді. Жыл бойы өз бетінше жұмыс істеген адамдар жақсы жетістікке жетеді. Еңбек адамдары үшін егін жинау, сыйлықтар мен марапаттау кезеңі келе жатыр. Ретроградтық Меркурий кезеңінде ештеңе істемеген, бей-жай отырған жандар жалқаулықтың қайтарымын алады. Достар мен туыстар өткен-кеткенді айта бастайды, олар бір нәрсені біліп, қайта ақылдасқысы келеді. Бұл барлық адам үшін жақсы үрдіс, өйткені бұл қателікті жөндеуге және мінез-құлықты реттеуге көмектеседі. Бикешке Меркурийдің ретроградтық кезеңі көбірек әсер етеді, өйткені ол - оның басқарушы планетасы. Меркурий басқаратын Егіздер ерекше сезімтал болады. 2023 жылдың тамызындағы Меркурий кезеңінен қалай дұрыс шығуға болады? Ұсыныстардың қатарында позитивті болу, бастаған істі аяқтау, қырағылықты арттыру, артық ақша жұмсамау, сана мен өзін-өзі дамыту, денсаулық пен рухани дүниені нығайту, шығармашылықпен айналысу секілді істер бар. Меркурий кезеңі байланысқа, қарым-қатынасқа, саудаға, технологияға және саяхатқа әсер етеді. Сондықтан мына ұсыныстарды орындаған абзал: Егіздер маңызды адамдармен байланыс орнатып, хабарламаларды жіберместен бұрын тексеруі керек. Бикештің бар назарын өзін-өзі бағалауға аударғаны, өзін кінәлауға жол бермегені абзал. Өзіңізге, жақындарыңызға және өмірдегі мақсаттарыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Меркурий ретросы Мергенге әсер етіп, жоспарларын бұзады. Әлбетте ешқашан берілмеңіз және бәрін қайта жоспарлаңыз. Балықтар эмоционалдық қолдауды қажет етеді. Бұл медитация, шығармашылық және махаббат арқылы беріледі. Қалған белгілер қылышын асықпай сермеу керек, сонда қателерді түзетудің қажеті болмайды. Асықпау, мұқият болу және кездесуге ертерек қамдану сізді ретроградтық Меркурий кезеңіндегі көптеген мәселеден құтқарады.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032899-2023-zyldyn-tamyz-aiyndagy-retrogradtyq-merkurii-erekseligi-men-saqtyq-saralary/
21 тамыз 2023, 08:47
kk
Ыбырай Алтынсариннің өмірі және ол туралы танымал тұлғалардың естеліктері
Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған дүние аз емес. Ол – өнегеге толы қысқа ғұмырын білімге арнаған тұлға. Бүгінде мектеп табалдырығын аттаған әрбір бала білім жолына басқан қадамын "Кел, балалар, оқылық!" сөзімен бастайды. Себебі Ыбырай Алтынсарин - қазақ даласындағы алғашқы мектептің іргетасын қалаған ұлағатты ұстаз. Бұл жазбамызда ағартушының өмір жолы мен ол жайлы жазылған естеліктерді ұсынамыз. Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген? Қазақтың аса көрнекі ағартушысы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, этнограф, аудармашы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Шын есімі — Ибраһим. Әкесі Алтынсары қарапайым шаруа болған, шешесі Айман (кей жерлерде Аймен деп жазылады) Арғыннан шыққан Шеген бидің қызы. Бала Ыбырай 3-4 жасында әкесінен айырылады. Сол себептен оның балалық шағы атасының жанында өтеді. Ыбырайдың атасы Балқожа Жаңбыршыұлы заманында ірі феодалдардың бірі болған деседі. Р.С. Кареновтың "Ыбырай Алтынсарин — азатшыл Алаш мұраттарына ұласқан ұстанымдардың негізін салушы ұлт тұлғасының бірі" мақаласында Ыбырай Алтынсариннің атасы ұзақ жыл бойы Орынбордағы шекара комиссиясының қол астында Қыпшақ руына старшын болғаны жайлы жазылған. Ел ішінде биліктің тізгінін ұстаған би Орынбор əкімшілігі мен орыс шенеуніктерінің алдында өте сыйлы, беделді кісі болыпты. Ыбырайды адалдыққа, шешендікке, турашылдыққа баулыған да атасы Балқожа болатын. 1850 жылы дала өмірінде көп билікті өз қолында ұстаған Балғожа би Ыбырайды Орынбор шекара комиссиясының жанынан ашылған мектепке береді. Бұдан бұлай ел билеу ісі орысша сауатты адамдардың қолына көшеді деп ұққан Балғожа би немересі арқылы кейін де сол ел билеу ісін қолынан шығармау ниетін көздеген. Жаңа ашылған мектепте 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырай да бар еді. Ол уақытта Ресей үкіметі осындай мектептер арқылы жергілікті əкімшілік орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер əзірлеуді көздеді. Бұл мектепте оқыған оқушылар отаршылдық саясат негізін ұстануға тиіс болды. Алайда жастайынан зерек болған Ыбырай белгілі жүйемен шектелмей, орыс және әлем классиктерінің туындыларын өз бетінше оқыды. Ыбырай Алтынсарин мектепті бітірген соң 1857-1859 жыл аралығында атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Ыбырай Алтынсарин атасы Балқожа бидің хатшысы болып қызметін атқарғаннан кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметке ауысады. Содан кейін 1860 жылы Орынбордан Торғайға ауысып, мұғалімдік қызметке орналасады. Ал 1864 жылы өзінің күшімен қазақ балаларына арналған алғашқы мектепті ашқан еді. Алтынсариннің ағартушылық жəне педагогикалық қызметі осы кезеңнен басталды. 1860–1879 жылдар арасында Ы.Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар, басқа да қызметтер атқарды: 1864 жылы Ыбырай Алтынсарин Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында былай деп жазған еді: "Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді: бəрі жақсы, есті балалар... Бұл балалар небəрі үш айдың ішінде орысша, татарша жаза білетін болды". Бұл – халық ағартушысының ұстаздық жолы сəтті басталғанының көрінісі. Тұңғыш ағартушы өмірінің жиырма бес жылын оқыту, мектеп ашу, оқулықтар жазу ісіне арнады. Ыбырай Алтынсариннің Қостанай өңірінде салдырған мектептерінде Алаштың ғұламалары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы оқыған, "Алашорда" дүниеге келген. Ағартушы қазақ даласында қыз балалардың білім алуына бірінші болып ықпал жасаған. Осылайша 1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашылды. Қазақ халқының сауатын ашып, білім нәрімен сусындатқан Ыбырай Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде, 48 жасында "Инспектор көлі" жағасындағы үйінде ұзаққа созылған өкпе дертінен қайтыс болды. Ыбырай Алтынсарин туралы қандай тұлғалар естелік қалдырды? Мұхтар Әyезов: "Абай Ыбырайды жақсы бiлген. Кейiн Абайдың өзi қадiрлегендiктен Абай қолжазбаларының iшiнде А.С. Пyшкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крылов шығармаларынан жасалған аyдармалар қоса кiрyiмен бiрге, Ыбырай өлендерi үнемi бiрге көшiрiлiп жазылып жүрyшi едi", - деп айтқан. Мұхтар Әyезов өзiнiң "Ы.Алтынсарин — қазақ мәдениетiнiң зор қайраткерi" (Уақыт және Әдебиет) деп аталатын мақаласында: "Қазақ халқының тарихында үш бiрдей биiк мұнара бар. Олар — Шоқан, Ыбырай және Абай. Үшеyiне де ортақ нәрсе – қазақ топырағынан жаралғандығы, орыс халқының прогрессивтiк озық үлгiдегi мәдениетiнен нәр алғандығы және тyған халқын батыстағы, Ресейдегi мәдениеттi халықтар қатарынан көргiсi келгендiгi", - деп жазған. Қазақстанда Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын алғаш зерттеyшiлердiң бiрi, белгiлi ғалым, педагог-жазyшы Әyелбек Қоңыратбаев былай деп жазды: "Ыбырай өзiнiң өзеңдерiн 1860 жылдары, прозасын 1870-1880 жылдары жазган деп шамалаймыз. Ол көбiне проза жазған. Көркем новеллаларының саны елyден асады. Өнер-бiлiмдi дәрiптейтiн өлең орыс әдебиетiнде Ломоносовтан басталса, қазақ әдебиетiнде Ыбырайдан басталады. Оның өлеңдерi жаңашылдығы, болашақты меңзеyi жағынан поэзияның прогресс жолындағы үлкен қызметiн дұрыс танығандықтың бiр айғағы. Ыбырай 1880-шi жылдардан бастап қазақтың жаңа поэзиясы мен прозасын жасады. Ол қазақтың жазба әдебиетiнiң негiзiн жасаyшылардың бiрi. Ыбырай поэзиясының дәстүрiн Абай, одан соң С. Көбеев, С.Торайғыровтар дамыта түстi". Мөлдір Дарханбаеваның el.kz сайтына жарияланған "Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы" мақаласында Әуелбек Қоңыратбаевтың Ыбырай хрестоматиясына енген және енбеген өлеңдерiн тақырыбы мен жанрына қарай алты салаға бөлiп көрсеткені туралы жазылған: Ыбырай Алтынсарин дертке шалдығып, төсек тартып жатқанда орыс жолдастары оны дəрігерге қарату ісін қолға алады. Қазақтың тұңғыш педагогы дүниеден өткен күні ақырғы сапарға шығарып салу үшін қаладан көптеген танысы мен шəкірттері арнайылап келген еді. Н.И.Ильминскийдің "Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан" деген атпен Қазан баспасында арнаулы кітап бастырып шығаруы тұлғаның қаншалықты сыйлы, беделді екенін көрсетсе керек. Ыбырай Алтынсарин қайтыс болған кезде қазақ салтымен жоқтау айтылған. Жоқтау мәтінің 1976 жылы Мəскеу мұрағатындағы "Ильминский папкасы" деген бумадан табылғаны жөнінде "Ыбырай Алтынсарин — азатшыл Алаш мұраттарына ұласқан ұстанымдардың негізін салушы ұлт тұлғасының бірі" мақаласында тарқатып жазылған: Дəріден себеп болмады, Шын келген соң ажалы. Күн де ауылда болушы ед, Жəрмеңкенің базары. Өтіп те кеткен дүние-ай, Дүбірлесіп жиылып, Аспанға шығып тозаңы! Жетімсіреп қалды ғой Төрт ояздың қазағы... "Бұл жоқтауды Ыбырай Алтынсариннің туыстарының бірі жазған болуы керек", - деп көрсетілген. Ал зерттеушілер мұны Ыбырайдың ерекше қадірлеген, жанында жүрген жəне қайтқан сәтінде қасында болған қазақтың белгілі ақыны Нұржан Наушабаев екенін айтады", - делінген. Ыбырай Алтынсарин өмірден өткен кезде "Оренбургский листок" газетінің 1889 жылғы 30 шілдесіндегі санында мынадай қазанама жарияланған екен. Мәтінін аударған – Серік Мақпыpов. "Алтынсариннің мектептік білімі Орынбордағы Шекаралық басқарма тұсындағы бастауыш орыс- қазақ училищесімен шектелген болса да, ол өзінің талаптылығы, дарындылығының арқасында және орыстың оқыған білімді адамдарының (В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, т. б.) тікелей әсерімен өз бетінше айтарлықтай білімге қолы жетті, сөйтіп, Отанның және өзіне қандас қазақтардың пайдасына іс атқарған аса көрнекті қайраткер болды. Алтынсарин қызмет жолын 60 жылдардың басында Торғай қаласындағы орыс-қазақ училищесінің қарапайым оқытушысы болудан бастап, халық училищелерінің инспекторы қызметін атқарумен аяқтады, арасында Торғай уездік басқарамасының іс жүргізушісі және Торғай уездік судьясының міндетін атқарды. 1876 жылдың өзінде-ақ Алтынсарин қазақтардың аса көрнекті қайраткері ретінде, сол тұста Орынбор қаласына келген халық ағарту министрі град Г.А.Толстойға жеке таныстырылған болатын. Сол кездесуде ол қазақ жазуы үшін әліппе транскрипциясы қандай болуы керек деген даулы пікірдің орыс алфавитін еш өзгеріссіз енгізу арқылы ғана шешілетініне графтың көзін жеткізген еді. Қазақ гимназистеріне жүргізген оқыту тәжірибесі Алтынсариннің ойын тамаша дәлелдеп берді, сөйтіп, ол граф Толстойдың тапсырмасы бойынша орыс әріптерімен терілген қазақтың грамматикалық әліппесін және хрестоматияны бастырып шығарды. Бұл ұлы ой-пікір, құрастыру жұмыстары, шығыс соғысы (1877) тұсында уақытша кедергіге кездесті, тіпті қазірде де толық қолдауға ие болмаған сияқты. Бірақ бұл ой-пікір өлмек емес, бұл ой-пікір өз халқын қалтқысыз сүйген Алтынсаринге мәңгілік ескерткіш белгі секілді. 1879 жылдың қыркүйегінде Алтынсарин Торғай облысындағы жаңадан ашылған орыс-қазақ училищелерінің инспекторы болып тағайындалады, сөйтіп, өзінің он жылдық инспекторлық қызметінің барлық кезеңінде де қазақтар арасында орыс білімін, озық адамзаттық қасиеттерді таратуға күш салды. Марқұм ерлерге арналған бірнеше орыс-қазақ училищелерін, бір әйелдер және бір арнаулы қолөнер училищесін — өзі қадірлейтін полковник Яковлев атындағы Торғай қалалық училищесін ашып, негізін қалады. Алтынсарин мектеп оқытушыларына өте мейірбандықпен қарап, олардың әрқайсысына да мұқтаж жағдайда қол ұшын беруге әрдайым даяр тұратын, сонысы үшін де оны оқытушылар шынайы сүйіп, құрмет тұтатын. Қазақтар да оны өте жақсы көріп, оған соншалықты сенім артатын... Ол қазақтар мен Ресейдің пайдасына барынша ынтасымен қызмет еткен қайраткер, шын мәнінде пайдалы, барынша сүйкімді, ақылды әрі адал адам болды. Түйіп айтқанда, Алтынсарин өз халқының көшпелі, қараңғы қауымы арасында Ресейге деген сүйіспеншілік пен еуропалық цивилизация жарығын әкелуші – қазақтар арасынан шыққан алғашқы апастол болды". А.Мозохиннің 1889 жылдың қыркүйегінде жазған естелігі былай өрбиді: "Біздің мектебімізден 700 шақырымдай жерде тұратын Алтынсарин өдетте бізге жылына бір немесе екі рет келіп кететін. Әр келгенінде үш күн болып, уақытының кебін мектепте жұмыспен өткізетін: таңғы 9-дан түскі 2-ге дейін сынытарда болып, кешкісін сағат 6-дан 8-ге дейін кешкі дайындыққа қатысатын. Біздің бос уақытымыз тек қана түнгі 8 бен 12-нің аралығы, кейде онан да кешірек мезгіл болатын. Бұл уақытты біз шынайы жолдастық әңгімемен өткізетінбіз, иә, жолдастық әңгімемен, өйткені Ибрагим Алтынсарин оқытушылардың тек бастығы ғана болып қойған жоқ, олардың әкесі де, шынайы мейірбан жолдасы да бола білді. Оның мектебімізге келуі бейне ұлы мерекедегідей қуанышты жағдай болатын... Оған бәрін де, мектептегі жұмысында жіберген барлық кемшіліктеріңді де, тіпті ревизия кезінде де байқалмайтын жайларды, баршасын да айтуға болатын, оның барлығына да ол қай кезде болмасын келешекте не істеу керектігі жөнінде қайырымды жүрегімен нақтылы ақыл-кеңес беретін. Алтынсарин марқұмның біздің мектеп жұмысына қатысты еңбегі жөнінде бұдан басқа айтарым жоқ. Бір нәрсені ғана айтқым келеді: ол барынша әділ, адал әрі аса қайырымды болатын".
Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған дүние аз емес. Ол – өнегеге толы қысқа ғұмырын білімге арнаған тұлға. Бүгінде мектеп табалдырығын аттаған әрбір бала білім жолына басқан қадамын "Кел, балалар, оқылық!" сөзімен бастайды. Себебі Ыбырай Алтынсарин - қазақ даласындағы алғашқы мектептің іргетасын қалаған ұлағатты ұстаз. Бұл жазбамызда ағартушының өмір жолы мен ол жайлы жазылған естеліктерді ұсынамыз. Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген? Қазақтың аса көрнекі ағартушысы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, этнограф, аудармашы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Шын есімі — Ибраһим. Әкесі Алтынсары қарапайым шаруа болған, шешесі Айман (кей жерлерде Аймен деп жазылады) Арғыннан шыққан Шеген бидің қызы. Бала Ыбырай 3-4 жасында әкесінен айырылады. Сол себептен оның балалық шағы атасының жанында өтеді. Ыбырайдың атасы Балқожа Жаңбыршыұлы заманында ірі феодалдардың бірі болған деседі. Р.С. Кареновтың "Ыбырай Алтынсарин — азатшыл Алаш мұраттарына ұласқан ұстанымдардың негізін салушы ұлт тұлғасының бірі" мақаласында Ыбырай Алтынсариннің атасы ұзақ жыл бойы Орынбордағы шекара комиссиясының қол астында Қыпшақ руына старшын болғаны жайлы жазылған. Ел ішінде биліктің тізгінін ұстаған би Орынбор əкімшілігі мен орыс шенеуніктерінің алдында өте сыйлы, беделді кісі болыпты. Ыбырайды адалдыққа, шешендікке, турашылдыққа баулыған да атасы Балқожа болатын. 1850 жылы дала өмірінде көп билікті өз қолында ұстаған Балғожа би Ыбырайды Орынбор шекара комиссиясының жанынан ашылған мектепке береді. Бұдан бұлай ел билеу ісі орысша сауатты адамдардың қолына көшеді деп ұққан Балғожа би немересі арқылы кейін де сол ел билеу ісін қолынан шығармау ниетін көздеген. Жаңа ашылған мектепте 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырай да бар еді. Ол уақытта Ресей үкіметі осындай мектептер арқылы жергілікті əкімшілік орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер əзірлеуді көздеді. Бұл мектепте оқыған оқушылар отаршылдық саясат негізін ұстануға тиіс болды. Алайда жастайынан зерек болған Ыбырай белгілі жүйемен шектелмей, орыс және әлем классиктерінің туындыларын өз бетінше оқыды. Ыбырай Алтынсарин мектепті бітірген соң 1857-1859 жыл аралығында атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Ыбырай Алтынсарин атасы Балқожа бидің хатшысы болып қызметін атқарғаннан кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметке ауысады. Содан кейін 1860 жылы Орынбордан Торғайға ауысып, мұғалімдік қызметке орналасады. Ал 1864 жылы өзінің күшімен қазақ балаларына арналған алғашқы мектепті ашқан еді. Алтынсариннің ағартушылық жəне педагогикалық қызметі осы кезеңнен басталды. 1860–1879 жылдар арасында Ы.Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар, басқа да қызметтер атқарды: 1864 жылы Ыбырай Алтынсарин Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында былай деп жазған еді: "Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді: бəрі жақсы, есті балалар... Бұл балалар небəрі үш айдың ішінде орысша, татарша жаза білетін болды". Бұл – халық ағартушысының ұстаздық жолы сəтті басталғанының көрінісі. Тұңғыш ағартушы өмірінің жиырма бес жылын оқыту, мектеп ашу, оқулықтар жазу ісіне арнады. Ыбырай Алтынсариннің Қостанай өңірінде салдырған мектептерінде Алаштың ғұламалары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы оқыған, "Алашорда" дүниеге келген. Ағартушы қазақ даласында қыз балалардың білім алуына бірінші болып ықпал жасаған. Осылайша 1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашылды. Қазақ халқының сауатын ашып, білім нәрімен сусындатқан Ыбырай Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде, 48 жасында "Инспектор көлі" жағасындағы үйінде ұзаққа созылған өкпе дертінен қайтыс болды. Ыбырай Алтынсарин туралы қандай тұлғалар естелік қалдырды? Мұхтар Әyезов: "Абай Ыбырайды жақсы бiлген. Кейiн Абайдың өзi қадiрлегендiктен Абай қолжазбаларының iшiнде А.С. Пyшкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крылов шығармаларынан жасалған аyдармалар қоса кiрyiмен бiрге, Ыбырай өлендерi үнемi бiрге көшiрiлiп жазылып жүрyшi едi", - деп айтқан. Мұхтар Әyезов өзiнiң "Ы.Алтынсарин — қазақ мәдениетiнiң зор қайраткерi" (Уақыт және Әдебиет) деп аталатын мақаласында: "Қазақ халқының тарихында үш бiрдей биiк мұнара бар. Олар — Шоқан, Ыбырай және Абай. Үшеyiне де ортақ нәрсе – қазақ топырағынан жаралғандығы, орыс халқының прогрессивтiк озық үлгiдегi мәдениетiнен нәр алғандығы және тyған халқын батыстағы, Ресейдегi мәдениеттi халықтар қатарынан көргiсi келгендiгi", - деп жазған. Қазақстанда Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын алғаш зерттеyшiлердiң бiрi, белгiлi ғалым, педагог-жазyшы Әyелбек Қоңыратбаев былай деп жазды: "Ыбырай өзiнiң өзеңдерiн 1860 жылдары, прозасын 1870-1880 жылдары жазган деп шамалаймыз. Ол көбiне проза жазған. Көркем новеллаларының саны елyден асады. Өнер-бiлiмдi дәрiптейтiн өлең орыс әдебиетiнде Ломоносовтан басталса, қазақ әдебиетiнде Ыбырайдан басталады. Оның өлеңдерi жаңашылдығы, болашақты меңзеyi жағынан поэзияның прогресс жолындағы үлкен қызметiн дұрыс танығандықтың бiр айғағы. Ыбырай 1880-шi жылдардан бастап қазақтың жаңа поэзиясы мен прозасын жасады. Ол қазақтың жазба әдебиетiнiң негiзiн жасаyшылардың бiрi. Ыбырай поэзиясының дәстүрiн Абай, одан соң С. Көбеев, С.Торайғыровтар дамыта түстi". Мөлдір Дарханбаеваның сайтына жарияланған "Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы" мақаласында Әуелбек Қоңыратбаевтың Ыбырай хрестоматиясына енген және енбеген өлеңдерiн тақырыбы мен жанрына қарай алты салаға бөлiп көрсеткені туралы жазылған: Ыбырай Алтынсарин дертке шалдығып, төсек тартып жатқанда орыс жолдастары оны дəрігерге қарату ісін қолға алады. Қазақтың тұңғыш педагогы дүниеден өткен күні ақырғы сапарға шығарып салу үшін қаладан көптеген танысы мен шəкірттері арнайылап келген еді. Н.И.Ильминскийдің "Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан" деген атпен Қазан баспасында арнаулы кітап бастырып шығаруы тұлғаның қаншалықты сыйлы, беделді екенін көрсетсе керек. Ыбырай Алтынсарин қайтыс болған кезде қазақ салтымен жоқтау айтылған. Жоқтау мәтінің 1976 жылы Мəскеу мұрағатындағы "Ильминский папкасы" деген бумадан табылғаны жөнінде "Ыбырай Алтынсарин — азатшыл Алаш мұраттарына ұласқан ұстанымдардың негізін салушы ұлт тұлғасының бірі" мақаласында тарқатып жазылған: Дəріден себеп болмады, Шын келген соң ажалы. Күн де ауылда болушы ед, Жəрмеңкенің базары. Өтіп те кеткен дүние-ай, Дүбірлесіп жиылып, Аспанға шығып тозаңы! Жетімсіреп қалды ғой Төрт ояздың қазағы... "Бұл жоқтауды Ыбырай Алтынсариннің туыстарының бірі жазған болуы керек", - деп көрсетілген. Ал зерттеушілер мұны Ыбырайдың ерекше қадірлеген, жанында жүрген жəне қайтқан сәтінде қасында болған қазақтың белгілі ақыны Нұржан Наушабаев екенін айтады", - делінген. Ыбырай Алтынсарин өмірден өткен кезде "Оренбургский листок" газетінің 1889 жылғы 30 шілдесіндегі санында мынадай қазанама жарияланған екен. Мәтінін аударған – Серік Мақпыpов. "Алтынсариннің мектептік білімі Орынбордағы Шекаралық басқарма тұсындағы бастауыш орыс- қазақ училищесімен шектелген болса да, ол өзінің талаптылығы, дарындылығының арқасында және орыстың оқыған білімді адамдарының (В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, т. б.) тікелей әсерімен өз бетінше айтарлықтай білімге қолы жетті, сөйтіп, Отанның және өзіне қандас қазақтардың пайдасына іс атқарған аса көрнекті қайраткер болды. Алтынсарин қызмет жолын 60 жылдардың басында Торғай қаласындағы орыс-қазақ училищесінің қарапайым оқытушысы болудан бастап, халық училищелерінің инспекторы қызметін атқарумен аяқтады, арасында Торғай уездік басқарамасының іс жүргізушісі және Торғай уездік судьясының міндетін атқарды. 1876 жылдың өзінде-ақ Алтынсарин қазақтардың аса көрнекті қайраткері ретінде, сол тұста Орынбор қаласына келген халық ағарту министрі град Г.А.Толстойға жеке таныстырылған болатын. Сол кездесуде ол қазақ жазуы үшін әліппе транскрипциясы қандай болуы керек деген даулы пікірдің орыс алфавитін еш өзгеріссіз енгізу арқылы ғана шешілетініне графтың көзін жеткізген еді. Қазақ гимназистеріне жүргізген оқыту тәжірибесі Алтынсариннің ойын тамаша дәлелдеп берді, сөйтіп, ол граф Толстойдың тапсырмасы бойынша орыс әріптерімен терілген қазақтың грамматикалық әліппесін және хрестоматияны бастырып шығарды. Бұл ұлы ой-пікір, құрастыру жұмыстары, шығыс соғысы (1877) тұсында уақытша кедергіге кездесті, тіпті қазірде де толық қолдауға ие болмаған сияқты. Бірақ бұл ой-пікір өлмек емес, бұл ой-пікір өз халқын қалтқысыз сүйген Алтынсаринге мәңгілік ескерткіш белгі секілді. 1879 жылдың қыркүйегінде Алтынсарин Торғай облысындағы жаңадан ашылған орыс-қазақ училищелерінің инспекторы болып тағайындалады, сөйтіп, өзінің он жылдық инспекторлық қызметінің барлық кезеңінде де қазақтар арасында орыс білімін, озық адамзаттық қасиеттерді таратуға күш салды. Марқұм ерлерге арналған бірнеше орыс-қазақ училищелерін, бір әйелдер және бір арнаулы қолөнер училищесін — өзі қадірлейтін полковник Яковлев атындағы Торғай қалалық училищесін ашып, негізін қалады. Алтынсарин мектеп оқытушыларына өте мейірбандықпен қарап, олардың әрқайсысына да мұқтаж жағдайда қол ұшын беруге әрдайым даяр тұратын, сонысы үшін де оны оқытушылар шынайы сүйіп, құрмет тұтатын. Қазақтар да оны өте жақсы көріп, оған соншалықты сенім артатын... Ол қазақтар мен Ресейдің пайдасына барынша ынтасымен қызмет еткен қайраткер, шын мәнінде пайдалы, барынша сүйкімді, ақылды әрі адал адам болды. Түйіп айтқанда, Алтынсарин өз халқының көшпелі, қараңғы қауымы арасында Ресейге деген сүйіспеншілік пен еуропалық цивилизация жарығын әкелуші – қазақтар арасынан шыққан алғашқы апастол болды". А.Мозохиннің 1889 жылдың қыркүйегінде жазған естелігі былай өрбиді: "Біздің мектебімізден 700 шақырымдай жерде тұратын Алтынсарин өдетте бізге жылына бір немесе екі рет келіп кететін. Әр келгенінде үш күн болып, уақытының кебін мектепте жұмыспен өткізетін: таңғы 9-дан түскі 2-ге дейін сынытарда болып, кешкісін сағат 6-дан 8-ге дейін кешкі дайындыққа қатысатын. Біздің бос уақытымыз тек қана түнгі 8 бен 12-нің аралығы, кейде онан да кешірек мезгіл болатын. Бұл уақытты біз шынайы жолдастық әңгімемен өткізетінбіз, иә, жолдастық әңгімемен, өйткені Ибрагим Алтынсарин оқытушылардың тек бастығы ғана болып қойған жоқ, олардың әкесі де, шынайы мейірбан жолдасы да бола білді. Оның мектебімізге келуі бейне ұлы мерекедегідей қуанышты жағдай болатын... Оған бәрін де, мектептегі жұмысында жіберген барлық кемшіліктеріңді де, тіпті ревизия кезінде де байқалмайтын жайларды, баршасын да айтуға болатын, оның барлығына да ол қай кезде болмасын келешекте не істеу керектігі жөнінде қайырымды жүрегімен нақтылы ақыл-кеңес беретін. Алтынсарин марқұмның біздің мектеп жұмысына қатысты еңбегі жөнінде бұдан басқа айтарым жоқ.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032587-ybyrai-altynsarinnin-omiri-zane-ol-turaly-tanymal-tulgalardyn-estelikteri/
21 тамыз 2023, 08:45
kk
Тұрар Рысқұловтың ұрпақтары кім және олар қазір қайда
Көрнекті қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың қазақ тарихында алар орны ерекше. Көпшілік оның қоғамдық-саяси өмірі жайлы біле бергенімен, оның жеке өмірі, ұрпақтары жайлы біле бермейді. Бүгінгі материалда осы сауалға жауап іздейтін боламыз. Елімізде 30 мамыр саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні деп белгіленген. Өкінішке қарай, сол жылдары саясаттың құрбаны болғандардың саны әлі күнге дейін белгісіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әлі күнге дейін жазықсыз жазаланғандары ақтап алу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда 6000-нан аса іс қайта қаралуға тиіс екені жайлы мәліметтер бар. Гумилев атындағы ЕҰУ, политология кафедрасының профессоры Наталья Калашникованың айтуынша, репрессия жылдары жазықсыз мерт болғандар қатарыда Т.Рысқұлов та болған. "Репрессияға түскен адамдардың отбасылары үшін, оларды қайта ақтап алу аса маңызға ие. Себебі ол отбасыларда "халық жауы" атауы дақ болып қалыптасқан. Сондықтан қаза болғандардың ұрпақтары әлі күнге дейін белсенді түрде мәліметтер іздеп, тың деректермен бөлісуде. Бұрын бұл тақырыпты қозғау сын, ұят болып қабылданса, қазір керісінше, мақтанып жеткізетіндей тақырыпқа айналған. Сондай жазықсыз мерт болғандардың қатарына Тұрар Рысқұловтыда жатқызуға болады. Бір кездері жұмыс барысымен, Рысқұловтың қызымен жолығудың сәті түскен. Ол кісі де, көптің бірі болып, әкесінің жазықсыз жазаланғанын дәлелдеу мақсатында, қазіргі күнге дейін ізденіс үстінде", - деп жазған ол мақалада. Т. Рысқұлов ең алдымен көрнекті қоғам қайраткері. Түркістан газетінде жарыққа шыққан Ахмет Өмірзақтың "Тұрар Рысқұлов – мемлекетшіл тұлға атты" мақалада оның 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу жерінде дүниеге келгені айтылады. Әкесі Рысқұл тарапына әділетсіздіктер орын алып, ол болыс Саймасай Үшкемпіровты өлтірумен аяқталады. Осылайша, болысты өлтіргені үшін Тұрардың әкесі түрмеге жабылып, кейін әкесі "болыс ұрпақтары кек алуы мүмкін", - деп арыздана жүріп, Тұрарды да өзінің жанына алдыртып алады. Сөйтіп түрме басшысының үйінде жұмыс істеп жүріп, ол орыс тілін үйренеді. Әкесін Сахалинге жер аудартып, 10 жыл бас бостандығынан айырған соң, Тұрар нағашыларына барып, Қырғызбаев деген текпен Меркідегі орыс тілді бастауыш мектебінде білім ала бастайды. Одан кейін Тұрар Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша білім алады (1910-1914). Сосын Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсіп, оны да оқып бітіреді. Естеріңізде болса, қазақ даласында 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басталған еді. Автордың айтуынша, осы оқиға Т. Рысқұловтың саяси тұлға ретінде қалыптасуына зор әсер еткен. Осылайша 1917 жылы ақпан төңкерісінен соң, ол Меркіге келіп "Қазақ жастарының революциялық одағын" құрып, Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясына мүше болады. Ал, 1918 жылы көктемде қайраткер Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары, қыркүйекте Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Зерттеу авторының айтуынша, ол осы қызметтерде жүргенде Әулиеата қазақтарын ашаршылыққа ұшырап, қырылып қалудан аман алып қалған екен. Мәселен, Түркістан автономиялық республикасының 19 уезі мен қалаларында, Т. Рысқұлов 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашқан. Бұл жөнінде Ғалымжан Елшібайдый "Ақмешіт жастары" газетінде жарияланған мақаласында былай делінген: "Тұрардың басты қасиеттері қандай? Ең алдымен, ол тазалықты сүйген. Қашанда киімін кір шалдырмай, мұнтаздай қалпында жүруден жаңылмаған. Әкесі Рысқұлдың "жағаңды кірлетпе" деген ескертуі ешқашан есінен шықпаған. Ату жазасына кесілген кезде "ақырғы тілегіңді айт" дегенде, "жуынып-шайынып, тазалынып алайын" депті. Тұрар атақ-даңққа, қызметке қызықпаған. Аштықтан қиналған балаларға арнайы пансионат ашқызғанда, "пансионатқа Тұрар Рысқұловтың атын берейік" деген көпшіліктің ұйғарымына әлдекімдердей келісе кетпей, "Жас Түркістан" деп аталуын ұсыныпты. ТүркЦИК-тің төрағасы болудан бас тартуы да талайды таңдандырған еді. Билікті қарақан басының қажетіне жаратпай, тұтас ұлттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдауды көздеген азамат "айдауға жүріп, айтқанға көнетін" қолбала болғысы келмеді. Денсаулық сақтау комиссары қызметінен де өз еркімен бас тартып, жаңадан аштықпен күрес комиссариатын құруды ұсынды. Өйткені аштықтан қынадай қырылып жатқан мыңдаған, миллиондаған адамның тағдырына араша түспей, сырттан қарап отырғанға ары да, жаны да шыдамады. 1932 жылғы аштықта да Тұрар зор қайрат көрсетті". Т. Рысқұлов 1919 жылы 14 наурызда Орталық атқару комитеті төралқасы төрағасының орынбасары, 1920 жылы 21 қаңтарда Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметіне сайланды. Ал 1924 жылы Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді және сол жылы Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол осы қызметінде Моңғолияның жас мемлекет ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңіріп, сол елдің Конституциясын әзірлеуге атсалысқан. Сондай-ақ, Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызылбатыр) деп аталуына себепші болған. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға келіп Қазақ өлкелік комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалса, сәуірде Қазақ өлкелік БКП(б) комитеті қаулысымен "Еңбекші қазақ" газетінің жауапты редакторы қызметіне келген. Бірақ бір айдан соң қайтадан Мәскеуге шақырылып, Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалады. Айта кетерлігі мемлекет қайраткері осы жоғары қызметінде жүргенде, ол Түрксіб темір жолын салуда, алты жылға арналған жобаны үш жылды бітіріп береді. Осы табандылығымен қайраткер білікті қазақ жұмысшы тобын қалыптастырып, қазақ жастарының Ресей мен шетелдік оқу орындарында білім алуына көмектеседі. Сонымен бірге ол, бұл қызметтерінде Ф.И. Голощекиннің "Қазақстанда кіші Қазан" төңкерісін жасау идеясына қарсы шығып, кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасаған. Сөйтіп И.В. Сталинге ұлтшылдығы, халыққа жанашырлығымен жақпай қалады. ҚР Президенті Архивінің Архив қорларын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу басқармасының сарапшысы Ж.Қ. Өзбековтің "Қазақ халқының жанашыры – Тұрар Рысқұлов" атты деректік шолуында, бұл жайлы былай деп жазылады: "1932 ж. 29 қыркүйекте Т. Рысқұлов БК(б)П ОК хатшысы И. Сталинге Қазақстандағы мал шаруашылығының жағдайы және ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушіліктер жөнінде хат жазған. Аталған хатта ол Қазақстанда мал саны 1928 ж. 32 миллион бас болғанын (кейбір мәліметтер бойынша 40 миллион), 1932 ж. ақпан айында жүргізілген бүкілодақтық мал санағының есебі бойынша мал санының 5 миллион 397 мың басқа дейін, яғни 83 %-ға дейін кемігенін баяндайды. Мал саны кемуінің басты себебі ретінде малдың жаппай сойылуы мен ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікті көрсетеді". "Ақмешіт жастары" газетінде жарияланған мақалада Т. Рысқұловтың алашордашыларға қалай көмектескені туралы да айтылады. "Ең әуелі Тұрардың өскен ортасы мықты болды. Өмірдегі үзеңгілес серіктері де осал болған жоқ: Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов, Ораз Жандосов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияров, Нығмет Нұрмақов және т.б.. Әйгілі Мұхтар Әуезов екеуі сырлас болды. Әңгімесіне құлақ түріп, әкесі Рысқұлдың ноқтаға сыймас тағдыры туралы қаламгер "Қараш-Қараш оқиғасын" өмірге әкелгенде тамаша туындыны ерекше толқыныспен оқыған Тұрар егіле жылаған екен."Алашордашыл" деген айыппен қуғындалған Мұхаңды абақтының азабынан арашалап алып, суық тиген өкпесін емдетіп қайтуға Қырымдағы шипажайға жолдама әперіпті. Ахмет Байтұрсыновты да екі рет түрмеден құтқарып қалған. Тұрар онымен бірлесіп, "қазақ халқының отаршылдық саясаттан қысым көріп жатқаны жайлы" Ленинге ашық хат та жазған. Димекеңді, Дінмұхамед Қонаевты "байдың баласысың" деп Мәскеудегі түрлі-түсті металдар институтындағы оқуынан шығарғалы тұрған тұста Тұрар көмектесіпті. Қаржылай да қарасқан. Қаныш Сәтбаевқа да көп қамқорлық жасаған" деп жазылған аталған мақалада. Тұрар Рысқұловтың жеке өміріне қатысты оның немересі Владимир Рысқұловтың El.kz сайтында жарияланған материалында мынадай қызықты деректерді келтіреді: Рысқұлов түрмеге тоғытылғаннан кейін, Надежда тарих және философия институтынан қуылса, Әзизаны АЛЖИР-ге жөнелткен. 10 сыныпта оқыған Ескендір болса түрмедегі әкесімен байланысты үзбейді. Кейін ол да қамалып, Архангельсктегі лагерьге аттандырылады, сол жерде ол туберкулезге шалдығып, бар болғаны 20 жасында қайтыс болады. Ал 1938 жылы Әзизамен бірге оның анасы Арифа, ағасы Шәміл, немере ағасы Оразбай Молдабеков та ұсталады. Сөйтіп, Рысқұловтың қыздары Майя мен Сәуле балалар үйіне жөнелтіледі. 1939 жылы балалар үйінен Майяны Надежда Пушкарева алып алса, Сәулені Шәміл Есенғұловтың әйелі Саида алып алады. Рида үш жасына дейін анасымен болса, кейін Осакаровскийдегі балалар үйіне жіберіледі. Сонымен бірге жоғарыдағы мақалада Рысқұловтың немересі Владимир Сәуледен Заур, ал Ридадан Адель және 1988 жылы қайтыс болған Тұрар есімді ұлы болғанын еске алады. Майя есейген соң, әкесінің өмірі жайлы зерттей бастайды, сөйтіп оны Қазақстанға айдайды. Десе де, ол тағы да қудаланып, итжеккенге тағы бес жылға жөнелтіледі. Дегенмен Лаврентий Берияның көмегімен ақталып шығып, кейін Д. Қонаевтың кезінде Рысқұловтың екі қызы Софья мен Майяға Мәскеуден пәтер беріледі. Осылайша алаштың ардақты азаматының соңынан 1 ұл мен 4 қыз қалған. Алайда ұлы ерте қайтыс болып, қыздары жан-жақта болған. КТК телеарнасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, Сәуле Рысқұлова радиоэкология саласындағы ғалым, 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы болған. Сонымен бірге ол Семей ядролық полигоны жайлы зерттей бастаған алғашқы ғалымдардың бірі ретінде тарихта қалған. Ол 2013 жылы қайтыс болған. Сәуле Рысқұлова өмірінің соңғы жылдарын әкесінің шығармашылығын зерттеуге арнаған. Оның ұлы Заур анасы бар ғұмырын әкесін ақтауға жұмсағанын айтады. Жалпы қайраткер 1956 жылы 13 тамызда ақталған.
Көрнекті қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың қазақ тарихында алар орны ерекше. Көпшілік оның қоғамдық-саяси өмірі жайлы біле бергенімен, оның жеке өмірі, ұрпақтары жайлы біле бермейді. Бүгінгі материалда осы сауалға жауап іздейтін боламыз. Елімізде 30 мамыр саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні деп белгіленген. Өкінішке қарай, сол жылдары саясаттың құрбаны болғандардың саны әлі күнге дейін белгісіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әлі күнге дейін жазықсыз жазаланғандары ақтап алу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда 6000-нан аса іс қайта қаралуға тиіс екені жайлы мәліметтер бар. Гумилев атындағы ЕҰУ, политология кафедрасының профессоры Наталья Калашникованың айтуынша, репрессия жылдары жазықсыз мерт болғандар қатарыда Т.Рысқұлов та болған. "Репрессияға түскен адамдардың отбасылары үшін, оларды қайта ақтап алу аса маңызға ие. Себебі ол отбасыларда "халық жауы" атауы дақ болып қалыптасқан. Сондықтан қаза болғандардың ұрпақтары әлі күнге дейін белсенді түрде мәліметтер іздеп, тың деректермен бөлісуде. Бұрын бұл тақырыпты қозғау сын, ұят болып қабылданса, қазір керісінше, мақтанып жеткізетіндей тақырыпқа айналған. Сондай жазықсыз мерт болғандардың қатарына Тұрар Рысқұловтыда жатқызуға болады. Бір кездері жұмыс барысымен, Рысқұловтың қызымен жолығудың сәті түскен. Ол кісі де, көптің бірі болып, әкесінің жазықсыз жазаланғанын дәлелдеу мақсатында, қазіргі күнге дейін ізденіс үстінде", - деп жазған ол мақалада. Т. Рысқұлов ең алдымен көрнекті қоғам қайраткері. Түркістан газетінде жарыққа шыққан Ахмет Өмірзақтың "Тұрар Рысқұлов – мемлекетшіл тұлға атты" мақалада оның 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу жерінде дүниеге келгені айтылады. Әкесі Рысқұл тарапына әділетсіздіктер орын алып, ол болыс Саймасай Үшкемпіровты өлтірумен аяқталады. Осылайша, болысты өлтіргені үшін Тұрардың әкесі түрмеге жабылып, кейін әкесі "болыс ұрпақтары кек алуы мүмкін", - деп арыздана жүріп, Тұрарды да өзінің жанына алдыртып алады. Сөйтіп түрме басшысының үйінде жұмыс істеп жүріп, ол орыс тілін үйренеді. Әкесін Сахалинге жер аудартып, 10 жыл бас бостандығынан айырған соң, Тұрар нағашыларына барып, Қырғызбаев деген текпен Меркідегі орыс тілді бастауыш мектебінде білім ала бастайды. Одан кейін Тұрар Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша білім алады (1910-1914). Сосын Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсіп, оны да оқып бітіреді. Естеріңізде болса, қазақ даласында 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басталған еді. Автордың айтуынша, осы оқиға Т. Рысқұловтың саяси тұлға ретінде қалыптасуына зор әсер еткен. Осылайша 1917 жылы ақпан төңкерісінен соң, ол Меркіге келіп "Қазақ жастарының революциялық одағын" құрып, Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясына мүше болады. Ал, 1918 жылы көктемде қайраткер Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары, қыркүйекте Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Зерттеу авторының айтуынша, ол осы қызметтерде жүргенде Әулиеата қазақтарын ашаршылыққа ұшырап, қырылып қалудан аман алып қалған екен. Мәселен, Түркістан автономиялық республикасының 19 уезі мен қалаларында, Т. Рысқұлов 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашқан. Бұл жөнінде Ғалымжан Елшібайдый "Ақмешіт жастары" газетінде жарияланған мақаласында былай делінген: "Тұрардың басты қасиеттері қандай? Ең алдымен, ол тазалықты сүйген. Қашанда киімін кір шалдырмай, мұнтаздай қалпында жүруден жаңылмаған. Әкесі Рысқұлдың "жағаңды кірлетпе" деген ескертуі ешқашан есінен шықпаған. Ату жазасына кесілген кезде "ақырғы тілегіңді айт" дегенде, "жуынып-шайынып, тазалынып алайын" депті. Тұрар атақ-даңққа, қызметке қызықпаған. Аштықтан қиналған балаларға арнайы пансионат ашқызғанда, "пансионатқа Тұрар Рысқұловтың атын берейік" деген көпшіліктің ұйғарымына әлдекімдердей келісе кетпей, "Жас Түркістан" деп аталуын ұсыныпты. ТүркЦИК-тің төрағасы болудан бас тартуы да талайды таңдандырған еді. Билікті қарақан басының қажетіне жаратпай, тұтас ұлттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдауды көздеген азамат "айдауға жүріп, айтқанға көнетін" қолбала болғысы келмеді. Денсаулық сақтау комиссары қызметінен де өз еркімен бас тартып, жаңадан аштықпен күрес комиссариатын құруды ұсынды. Өйткені аштықтан қынадай қырылып жатқан мыңдаған, миллиондаған адамның тағдырына араша түспей, сырттан қарап отырғанға ары да, жаны да шыдамады. 1932 жылғы аштықта да Тұрар зор қайрат көрсетті". Т. Рысқұлов 1919 жылы 14 наурызда Орталық атқару комитеті төралқасы төрағасының орынбасары, 1920 жылы 21 қаңтарда Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметіне сайланды. Ал 1924 жылы Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді және сол жылы Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол осы қызметінде Моңғолияның жас мемлекет ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңіріп, сол елдің Конституциясын әзірлеуге атсалысқан. Сондай-ақ, Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызылбатыр) деп аталуына себепші болған. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға келіп Қазақ өлкелік комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалса, сәуірде Қазақ өлкелік БКП(б) комитеті қаулысымен "Еңбекші қазақ" газетінің жауапты редакторы қызметіне келген. Бірақ бір айдан соң қайтадан Мәскеуге шақырылып, Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалады. Айта кетерлігі мемлекет қайраткері осы жоғары қызметінде жүргенде, ол Түрксіб темір жолын салуда, алты жылға арналған жобаны үш жылды бітіріп береді. Осы табандылығымен қайраткер білікті қазақ жұмысшы тобын қалыптастырып, қазақ жастарының Ресей мен шетелдік оқу орындарында білім алуына көмектеседі. Сонымен бірге ол, бұл қызметтерінде Ф.И. Голощекиннің "Қазақстанда кіші Қазан" төңкерісін жасау идеясына қарсы шығып, кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасаған. Сөйтіп И.В. Сталинге ұлтшылдығы, халыққа жанашырлығымен жақпай қалады. ҚР Президенті Архивінің Архив қорларын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу басқармасының сарапшысы Ж.Қ. Өзбековтің "Қазақ халқының жанашыры – Тұрар Рысқұлов" атты деректік шолуында, бұл жайлы былай деп жазылады: "1932 ж. 29 қыркүйекте Т. Рысқұлов БК(б)П ОК хатшысы И. Сталинге Қазақстандағы мал шаруашылығының жағдайы және ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушіліктер жөнінде хат жазған. Аталған хатта ол Қазақстанда мал саны 1928 ж. 32 миллион бас болғанын (кейбір мәліметтер бойынша 40 миллион), 1932 ж. ақпан айында жүргізілген бүкілодақтық мал санағының есебі бойынша мал санының 5 миллион 397 мың басқа дейін, яғни 83 %-ға дейін кемігенін баяндайды. Мал саны кемуінің басты себебі ретінде малдың жаппай сойылуы мен ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікті көрсетеді". "Ақмешіт жастары" газетінде жарияланған мақалада Т. Рысқұловтың алашордашыларға қалай көмектескені туралы да айтылады. "Ең әуелі Тұрардың өскен ортасы мықты болды. Өмірдегі үзеңгілес серіктері де осал болған жоқ: Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов, Ораз Жандосов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияров, Нығмет Нұрмақов және т.б.. Әйгілі Мұхтар Әуезов екеуі сырлас болды. Әңгімесіне құлақ түріп, әкесі Рысқұлдың ноқтаға сыймас тағдыры туралы қаламгер "Қараш-Қараш оқиғасын" өмірге әкелгенде тамаша туындыны ерекше толқыныспен оқыған Тұрар егіле жылаған екен."Алашордашыл" деген айыппен қуғындалған Мұхаңды абақтының азабынан арашалап алып, суық тиген өкпесін емдетіп қайтуға Қырымдағы шипажайға жолдама әперіпті. Ахмет Байтұрсыновты да екі рет түрмеден құтқарып қалған. Тұрар онымен бірлесіп, "қазақ халқының отаршылдық саясаттан қысым көріп жатқаны жайлы" Ленинге ашық хат та жазған. Димекеңді, Дінмұхамед Қонаевты "байдың баласысың" деп Мәскеудегі түрлі-түсті металдар институтындағы оқуынан шығарғалы тұрған тұста Тұрар көмектесіпті. Қаржылай да қарасқан. Қаныш Сәтбаевқа да көп қамқорлық жасаған" деп жазылған аталған мақалада. Тұрар Рысқұловтың жеке өміріне қатысты оның немересі Владимир Рысқұловтың сайтында жарияланған материалында мынадай қызықты деректерді келтіреді: Рысқұлов түрмеге тоғытылғаннан кейін, Надежда тарих және философия институтынан қуылса, Әзизаны АЛЖИР-ге жөнелткен. 10 сыныпта оқыған Ескендір болса түрмедегі әкесімен байланысты үзбейді. Кейін ол да қамалып, Архангельсктегі лагерьге аттандырылады, сол жерде ол туберкулезге шалдығып, бар болғаны 20 жасында қайтыс болады. Ал 1938 жылы Әзизамен бірге оның анасы Арифа, ағасы Шәміл, немере ағасы Оразбай Молдабеков та ұсталады. Сөйтіп, Рысқұловтың қыздары Майя мен Сәуле балалар үйіне жөнелтіледі. 1939 жылы балалар үйінен Майяны Надежда Пушкарева алып алса, Сәулені Шәміл Есенғұловтың әйелі Саида алып алады. Рида үш жасына дейін анасымен болса, кейін Осакаровскийдегі балалар үйіне жіберіледі. Сонымен бірге жоғарыдағы мақалада Рысқұловтың немересі Владимир Сәуледен Заур, ал Ридадан Адель және 1988 жылы қайтыс болған Тұрар есімді ұлы болғанын еске алады. Майя есейген соң, әкесінің өмірі жайлы зерттей бастайды, сөйтіп оны Қазақстанға айдайды. Десе де, ол тағы да қудаланып, итжеккенге тағы бес жылға жөнелтіледі. Дегенмен Лаврентий Берияның көмегімен ақталып шығып, кейін Д. Қонаевтың кезінде Рысқұловтың екі қызы Софья мен Майяға Мәскеуден пәтер беріледі. Осылайша алаштың ардақты азаматының соңынан 1 ұл мен 4 қыз қалған. Алайда ұлы ерте қайтыс болып, қыздары жан-жақта болған. КТК телеарнасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, Сәуле Рысқұлова радиоэкология саласындағы ғалым, 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы болған. Сонымен бірге ол Семей ядролық полигоны жайлы зерттей бастаған алғашқы ғалымдардың бірі ретінде тарихта қалған. Ол 2013 жылы қайтыс болған. Сәуле Рысқұлова өмірінің соңғы жылдарын әкесінің шығармашылығын зерттеуге арнаған. Оның ұлы Заур анасы бар ғұмырын әкесін ақтауға жұмсағанын айтады.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032292-turar-rysqulovtyn-urpaqtary-kim-zane-olar-qazir-qaida/
21 тамыз 2023, 08:42
kk
Төле би: әйгілі бидің жеке өмірі туралы не білеміз
Қазақтың атақты биі Төле бидің даналығы мен ел басқарудағы әділ шешімдері жайлы ел арасында түрлі аңыз-әңгіме мен тарихшылар зерттеуі жетіп артылады. Десе де әйгілі бидің жеке өмірі жайлы тың деректер некен-саяқ. Осыған орай, бүгінгі материалда бидің шыққан тегі мен оның жеке өмірі жайлы деректерді ұсынуды жөн көрдік. Қазақ тарихында шешендігімен, тапқыр шешімі әрі қара қылды қақ жаратын әділдігімен көзге түскен билердің ел тарихындағы алар орны ерекше. Соның ішінде атақты Төле би жайлы халық арасында түрлі деректер мен аңыз-әңгімелер бар. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек. Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүз, оның ішінде дулат – жаныс руынан шыққан атақты би. Философия ғылымдарының кандидаты, А.М. Әміребаевтың Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ресми сайтында жарияланған мақаласына сәйкес, Төле би қарапайым халық арасынан, яғни "қара сүйектен" шыққан атақты данышпан-билерінің бірі болған. Ғалым келтірген деректерге сүйенсек, ол өз заманының өте бай адамынаайналып, хан билігімен қатар қойылатын беделгеие болған екен. Төле 1663 ж. Жамбыл облысының Жайсаң дегенжерінде туған. Төле бидің әкесі Әлібек қазақ тайпасыдулаттан шықса, атасы Құдайберді биЕсім ханның жорықтарына, оның ішінде "Қатаған қырғыны" (1627–1628), Ташкентті басқарған Тұрсын хан көтерілісіне қарсы шайқасқа қатысқан. Сонымен бірге аталған мақалада Төле бидің әкесінің қалауы бойынша 5 жасынанбастап оқу-білімге үйрене бастағандығы айтылады. Атақты биді Бұқарадан арнайышақыртылған молдаАбушакироқытқан екен. Мақала авторы сондай-ақ Төле би жайлы келесідегідей қызықты деректі назарға ұсынады: "Төлеби өз заманының өлшемібойынша шындығында энциклопедиялық білімді, өлкенің әралуан тұрғындарымен бірнешетілде келіссөздер жүргізудің өнерін игергенбілгірмаманболды. Ол балалық шағынан көшпелілердің шешендік-поэтикалық өнері мен дәстүрлерін және қазақ халқы ментальдығын сіңіріп өсті. Оның әкесі Әлібектің ділмарлығы, ескіше хат танып, халық аңыздарын жатқа білуі баланың ертежетіліп, оның ғажайып алғыр ақыл-ойлы болуына,руластары арасындағы кез-келгендаулы мәселелерді әділетті шешуіне ықпал етті". E-history.kz cайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Төле би атақты "Жеті жарғыны" жасаушылардың қатарында болған. Сонымен бірге аталған басылымда Төле бидің Түркістан облысындағы қазіргі Төле би ауданында көз жұмып, Өзбекстанның Ташкент жерінде жерленгені хабарланады. Осыдан-ақ дана бидің заң шығарушылық тәжірибесі жоғары болғанын айғақтауға болады. Төле би жайлы көптеген деректе қарапайым халық арасынан шыққаны айтылады. Десе де, тарихшы Өмір Шыныбекұлының зерттеуінде Төле бидің шежіресіне қатысты тың дерек айтылады. Мәселен автор "Бәйдібек баба - алып бәйтерек ұрпақтар шежіресі" ("Өнер" баспасы 2004 ж.) атты еңбегіне сүйене отырып, бидің Жаныс - Жортуыл - Жантудың Жайылмысынан Қожамберді тарайтынын айтады. Сонымен бірге ғалым Қожамбердіден Құдайберді, Құдайқұл, Кәдірқұл, Кәдірберді, Олжағұл, Сұлтанқұл, Ақберді тарайтынын, ал "тоғыз ұлды Құдайбердіден" Түгелбай, Данай, Ақтай, Бақыбек, Қарашәуке, Қарасопы (Әжібек), Құдайменде, Тоқпан, Әлібек тарайтынын жазады. Автордың болжамынша, Төленің атасы Құдайберді де Есім ханның жорықтарына қатысқан беделді би болғанын еске салады. Оған дәлел ретінде аталған мақаладағы мына дерекке назар аударса болады: "1620 жылы Есiмхан Алтын ханмен, Ноғай ордасымен бiрiгiп, отыз мың қолымен ойратқа шабуыл жасады (Есім ханның "Еңсегей бойлы Ер Есім" атала бастауы осы соғыстан кейін). Қара Ертіс бойында өткен осы соғысқа арғын Ағынтай, алшын Жиембет, қоңырат Алатау, шапырашты Қарасай батырлармен бірге, Құдайберді би де қатысады", - дейді зерттеу авторы. Тарихшы ғалым Төле бидің туған атасы Құдайбердінің би болғанын 1993 ж. жарық көрген Қазанғап Байболұлы "Төле би" кітабында келтірілген дерек арқылы дәлелдейді. Айтуынша, аталған еңбекте Төле бидің атасы Құдайберді би туралы былай делінген: Құдайберді - Жаныстан, Ең әуелі болғаны. Орта жүздер сайлады, Арғын Шаншар мырзаны. Қаздауысты Қазыбек, Осыдан тарап шығады. Кіші жүз Алшын Жидебай, Баласы мұның Айтеке Шежіреде шығады....(69-бет). Осыдан-ақ тарихшылар арасында Төле би Әлібекұлының қарапайым халық арасынан, яғни "қарасүйектен" шықпағандығы, керісінше, Құдайберді би сынды бидің тегінен тарағаны туралы дерек тараған. Төле бидің жеке өміріне қатысты тарихи деректер өте аз. Десе де "Кызылординские вести" газетінде шыққан Ботагөз Ажарбаеваның мына мақаласында Төленің Әлібектің екінші әйелінен туғаны айтылады. Сонымен бірге аталған мақалада Төленің жеті ұлы: Сүйіндік, Жиенқұл, Қожабек, Жолан, Ниязбек, Қожамжар және Өзбек болғаны жазылған. Мақала авторы Төле бидің ұрпақтары Доңызтау тауының бөктерінде, Бадам, Сайрамсу, Шошқабұлақ, Қоздыата өзендерінің жағасында, қазіргі Түркістан облысының Төле би ауданында (бұрынғы Ленгер ауданы) өмір сүріп жатқандығын атап өткен. Сонымен бірге Төле бидің ұрпақтары Жамбыл, Алматы облыстарында да тұратындығы хабарланады. Төле бидің жеке өміріне қатысты көпшілік арасында тараған тағы бір дерек оның Данагүл атты келінінің болуы. Massaget.kz сайтында жарияланған Г. Беріктің "Төле бидің жұмбағын ашқан Данагүл" атты мақаласында, Данагүлдің (шамамен 1720-1790)– Төле бидің келіні екендігі, әкесінің есімі – Алакөз болғандығы айтылады. Сондай-ақ Данагүл Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасының Сиқым тармағынан шыққаны жазылады. Автор Данагүлдің жастайынан өте ақылды, ізетті болып өскенін хабарлайды. Сондай-ақ тарихшылар Төле би Данагүлдің ізеттілігін, ақылдылығын байқап, қолына келін етіп түсіргені туралы деректі айтады. Данагүл би ауылына келін болып түсісімен ақылдылығы, тапқырлығы арқылы ел есінде қалған екен. Бидің жеке өміріне қатысты әзірге сенімді деректер аз. Сол себепті бүгінгі материалда тек сенімді дереккөздерден алынған нақты ақпаратты назарға ұсынуды жөн санадық. Төле би және оның артынан қалдырған шешендік сөздері – қазақ ауыз әдебиетінің асыл жауһары болып қалатыны анық. Дана бидің ел басқарудағы ұтқыр шешімдері де өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, мол мұра болатыны да сөзсіз.
Қазақтың атақты биі Төле бидің даналығы мен ел басқарудағы әділ шешімдері жайлы ел арасында түрлі аңыз-әңгіме мен тарихшылар зерттеуі жетіп артылады. Десе де әйгілі бидің жеке өмірі жайлы тың деректер некен-саяқ. Осыған орай, бүгінгі материалда бидің шыққан тегі мен оның жеке өмірі жайлы деректерді ұсынуды жөн көрдік. Қазақ тарихында шешендігімен, тапқыр шешімі әрі қара қылды қақ жаратын әділдігімен көзге түскен билердің ел тарихындағы алар орны ерекше. Соның ішінде атақты Төле би жайлы халық арасында түрлі деректер мен аңыз-әңгімелер бар. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек. Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүз, оның ішінде дулат – жаныс руынан шыққан атақты би. Философия ғылымдарының кандидаты, А.М. Әміребаевтың Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ресми сайтында жарияланған мақаласына сәйкес, Төле би қарапайым халық арасынан, яғни "қара сүйектен" шыққан атақты данышпан-билерінің бірі болған. Ғалым келтірген деректерге сүйенсек, ол өз заманының өте бай адамынаайналып, хан билігімен қатар қойылатын беделгеие болған екен. Төле 1663 ж. Жамбыл облысының Жайсаң дегенжерінде туған. Төле бидің әкесі Әлібек қазақ тайпасыдулаттан шықса, атасы Құдайберді биЕсім ханның жорықтарына, оның ішінде "Қатаған қырғыны" (1627–1628), Ташкентті басқарған Тұрсын хан көтерілісіне қарсы шайқасқа қатысқан. Сонымен бірге аталған мақалада Төле бидің әкесінің қалауы бойынша 5 жасынанбастап оқу-білімге үйрене бастағандығы айтылады. Атақты биді Бұқарадан арнайышақыртылған молдаАбушакироқытқан екен. Мақала авторы сондай-ақ Төле би жайлы келесідегідей қызықты деректі назарға ұсынады: "Төлеби өз заманының өлшемібойынша шындығында энциклопедиялық білімді, өлкенің әралуан тұрғындарымен бірнешетілде келіссөздер жүргізудің өнерін игергенбілгірмаманболды. Ол балалық шағынан көшпелілердің шешендік-поэтикалық өнері мен дәстүрлерін және қазақ халқы ментальдығын сіңіріп өсті. Оның әкесі Әлібектің ділмарлығы, ескіше хат танып, халық аңыздарын жатқа білуі баланың ертежетіліп, оның ғажайып алғыр ақыл-ойлы болуына,руластары арасындағы кез-келгендаулы мәселелерді әділетті шешуіне ықпал етті". cайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Төле би атақты "Жеті жарғыны" жасаушылардың қатарында болған. Сонымен бірге аталған басылымда Төле бидің Түркістан облысындағы қазіргі Төле би ауданында көз жұмып, Өзбекстанның Ташкент жерінде жерленгені хабарланады. Осыдан-ақ дана бидің заң шығарушылық тәжірибесі жоғары болғанын айғақтауға болады. Төле би жайлы көптеген деректе қарапайым халық арасынан шыққаны айтылады. Десе де, тарихшы Өмір Шыныбекұлының зерттеуінде Төле бидің шежіресіне қатысты тың дерек айтылады. Мәселен автор "Бәйдібек баба - алып бәйтерек ұрпақтар шежіресі" ("Өнер" баспасы 2004 ж.) атты еңбегіне сүйене отырып, бидің Жаныс - Жортуыл - Жантудың Жайылмысынан Қожамберді тарайтынын айтады. Сонымен бірге ғалым Қожамбердіден Құдайберді, Құдайқұл, Кәдірқұл, Кәдірберді, Олжағұл, Сұлтанқұл, Ақберді тарайтынын, ал "тоғыз ұлды Құдайбердіден" Түгелбай, Данай, Ақтай, Бақыбек, Қарашәуке, Қарасопы (Әжібек), Құдайменде, Тоқпан, Әлібек тарайтынын жазады. Автордың болжамынша, Төленің атасы Құдайберді де Есім ханның жорықтарына қатысқан беделді би болғанын еске салады. Оған дәлел ретінде аталған мақаладағы мына дерекке назар аударса болады: "1620 жылы Есiмхан Алтын ханмен, Ноғай ордасымен бiрiгiп, отыз мың қолымен ойратқа шабуыл жасады (Есім ханның "Еңсегей бойлы Ер Есім" атала бастауы осы соғыстан кейін). Қара Ертіс бойында өткен осы соғысқа арғын Ағынтай, алшын Жиембет, қоңырат Алатау, шапырашты Қарасай батырлармен бірге, Құдайберді би де қатысады", - дейді зерттеу авторы. Тарихшы ғалым Төле бидің туған атасы Құдайбердінің би болғанын 1993 ж. жарық көрген Қазанғап Байболұлы "Төле би" кітабында келтірілген дерек арқылы дәлелдейді. Айтуынша, аталған еңбекте Төле бидің атасы Құдайберді би туралы былай делінген: Құдайберді - Жаныстан, Ең әуелі болғаны. Орта жүздер сайлады, Арғын Шаншар мырзаны. Қаздауысты Қазыбек, Осыдан тарап шығады. Кіші жүз Алшын Жидебай, Баласы мұның Айтеке Шежіреде шығады....(69-бет). Осыдан-ақ тарихшылар арасында Төле би Әлібекұлының қарапайым халық арасынан, яғни "қарасүйектен" шықпағандығы, керісінше, Құдайберді би сынды бидің тегінен тарағаны туралы дерек тараған. Төле бидің жеке өміріне қатысты тарихи деректер өте аз. Десе де "Кызылординские вести" газетінде шыққан Ботагөз Ажарбаеваның мына мақаласында Төленің Әлібектің екінші әйелінен туғаны айтылады. Сонымен бірге аталған мақалада Төленің жеті ұлы: Сүйіндік, Жиенқұл, Қожабек, Жолан, Ниязбек, Қожамжар және Өзбек болғаны жазылған. Мақала авторы Төле бидің ұрпақтары Доңызтау тауының бөктерінде, Бадам, Сайрамсу, Шошқабұлақ, Қоздыата өзендерінің жағасында, қазіргі Түркістан облысының Төле би ауданында (бұрынғы Ленгер ауданы) өмір сүріп жатқандығын атап өткен. Сонымен бірге Төле бидің ұрпақтары Жамбыл, Алматы облыстарында да тұратындығы хабарланады. Төле бидің жеке өміріне қатысты көпшілік арасында тараған тағы бір дерек оның Данагүл атты келінінің болуы. сайтында жарияланған Г. Беріктің "Төле бидің жұмбағын ашқан Данагүл" атты мақаласында, Данагүлдің (шамамен 1720-1790)– Төле бидің келіні екендігі, әкесінің есімі – Алакөз болғандығы айтылады. Сондай-ақ Данагүл Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасының Сиқым тармағынан шыққаны жазылады. Автор Данагүлдің жастайынан өте ақылды, ізетті болып өскенін хабарлайды. Сондай-ақ тарихшылар Төле би Данагүлдің ізеттілігін, ақылдылығын байқап, қолына келін етіп түсіргені туралы деректі айтады. Данагүл би ауылына келін болып түсісімен ақылдылығы, тапқырлығы арқылы ел есінде қалған екен. Бидің жеке өміріне қатысты әзірге сенімді деректер аз. Сол себепті бүгінгі материалда тек сенімді дереккөздерден алынған нақты ақпаратты назарға ұсынуды жөн санадық. Төле би және оның артынан қалдырған шешендік сөздері – қазақ ауыз әдебиетінің асыл жауһары болып қалатыны анық.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2031250-tole-bi-aigili-bidin-zeke-omiri-turaly-ne-bilemiz/
21 тамыз 2023, 08:33
kk
"Сіздердікі дәмдірек": ШҰАА партком хатшысы Ма Синжуй қазақстандық балмұздақтың сапасына таңғалды
China EXPO көрмесінде Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй Қазақстанда өндіріліген балмұздақтан дәм татты. Іс-шарадан түсірілген видео Instagram-дағы sinegor.kz парақшасында жарияланды. Көрмеге еліміздің вице-премьер-министр Серік Жұманғарин де келген. Ол Ма Синжуйді Қазақстанда өндірілетін балмұздақтан дәм татуға шақырған. "Дәм татып көрдім, маған ұнады. Сапасы жоғары. Осы балмұздақты Шыңжаңда шығара аласыз ба?" – деп сұрады Ма Синжуи балмұздақ өндіруші қазақстандық компания өкілдерінен. Компания өкілі жауабында балмұздақ жасау үшін тек табиғи шикізат пайдаланылатынын атап өткен. "Біз өте танымал балмұздақ шығарамыз, оған жұрт кезекке тұрады. Адамдар аталған брендті сатып алу үшін бір-екі сағат тұруға дайын. Мен оның дәмін таттым, бірақ сіздердің балмұздақтарыңыз жақсырақ, дәмдірек" - деді қытайлық саясаткер. Сауда және интергеация министрлігінің ресми сайтының хабарлауынша, 17-21 тамыз аралығында ҚХР Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші қаласында "Қытай - Еуразия": тауарлар және сауда" халықаралық көрмесі өтеді. Көрме орталығында 40 қазақстандық тауар өндірушінің өнімдері ұсынылған. Көрменің ашылу салтанатына сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қатысты. ЭКСПО халықаралық көрмесінің ашылуында ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы ШҰАР Ма Синьхуэй сөз сөйледі. Ол арнайы курс Қытайдың Батыс және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың ашықтығына арналғанын атап өтті. Вице-премьер Серік Жұманғарин өз сөзінде Қытай нарығының қазақстандық өнімдерге басымдылығын жеткізді. "Қазақстан мен Қытайды ортақ тарих, ата-бабаларымыздан қалған тарихи қауымдастық біріктіреді. Бұл бейбітшілік, көршілік, сауда, мәдени байланыстар алмасу жолы болды. Ал біз, осынау ұлан-ғайыр істі бастаған халықтың ұрпақтары оны абыроймен жалғастырып, жаңа ұрпаққа жеткізуіміз керек", - деді ол. Министрлік мәліметінше, бүгінде қазақстандық аграрлық ведомство Қытайға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тағы 11 түрін экспорттауға ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу мүмкіндігін пысықтауда. Бұл картоп, қызылша целлюлозасы, рапс, сұлы мен жарма, бие сүті, құс еті және құс өнімдері, жылқы еті, салқындатылған сиыр еті, қой еті және шошқа еті. 2023 жылдың мамыр айынан бастап Сиань қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығының базасында қазақстандық өнімдердің шоу-румы жұмыс істейді. Мұнда 25 компанияның тауарлары ұсынылған.
China EXPO көрмесінде Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй Қазақстанда өндіріліген балмұздақтан дәм татты. Іс-шарадан түсірілген видео Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Көрмеге еліміздің вице-премьер-министр Серік Жұманғарин де келген. Ол Ма Синжуйді Қазақстанда өндірілетін балмұздақтан дәм татуға шақырған. "Дәм татып көрдім, маған ұнады. Сапасы жоғары. Осы балмұздақты Шыңжаңда шығара аласыз ба?" – деп сұрады Ма Синжуи балмұздақ өндіруші қазақстандық компания өкілдерінен. Компания өкілі жауабында балмұздақ жасау үшін тек табиғи шикізат пайдаланылатынын атап өткен. "Біз өте танымал балмұздақ шығарамыз, оған жұрт кезекке тұрады. Адамдар аталған брендті сатып алу үшін бір-екі сағат тұруға дайын. Мен оның дәмін таттым, бірақ сіздердің балмұздақтарыңыз жақсырақ, дәмдірек" - деді қытайлық саясаткер. Сауда және интергеация министрлігінің ресми сайтының хабарлауынша, 17-21 тамыз аралығында ҚХР Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші қаласында "Қытай - Еуразия": тауарлар және сауда" халықаралық көрмесі өтеді. Көрме орталығында 40 қазақстандық тауар өндірушінің өнімдері ұсынылған. Көрменің ашылу салтанатына сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қатысты. ЭКСПО халықаралық көрмесінің ашылуында ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы ШҰАР Ма Синьхуэй сөз сөйледі. Ол арнайы курс Қытайдың Батыс және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың ашықтығына арналғанын атап өтті. Вице-премьер Серік Жұманғарин өз сөзінде Қытай нарығының қазақстандық өнімдерге басымдылығын жеткізді. "Қазақстан мен Қытайды ортақ тарих, ата-бабаларымыздан қалған тарихи қауымдастық біріктіреді. Бұл бейбітшілік, көршілік, сауда, мәдени байланыстар алмасу жолы болды. Ал біз, осынау ұлан-ғайыр істі бастаған халықтың ұрпақтары оны абыроймен жалғастырып, жаңа ұрпаққа жеткізуіміз керек", - деді ол. Министрлік мәліметінше, бүгінде қазақстандық аграрлық ведомство Қытайға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тағы 11 түрін экспорттауға ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу мүмкіндігін пысықтауда. Бұл картоп, қызылша целлюлозасы, рапс, сұлы мен жарма, бие сүті, құс еті және құс өнімдері, жылқы еті, салқындатылған сиыр еті, қой еті және шошқа еті. 2023 жылдың мамыр айынан бастап Сиань қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығының базасында қазақстандық өнімдердің шоу-румы жұмыс істейді.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033225-sizderdiki-damdirek-suaa-partkom-xatsysy-ma-sinzui-qazaqstandyq-balmuzdaqtyn-sapasyna-tangaldy/
21 тамыз 2023, 08:31
kk
Шымкентте осы аптада ауа температурасы 37 градусқа дейін көтерілуі мүмкін
Алдағы жеті күнде Шымкентте ауа райы қандай болатынын KAZ.NUR.KZ порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 21 тамызда Шымкентте күн ашық болады. Орташа температура 30°C деңгейінде болғанымен, 28°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 38°C-қа дейін көтеріліп, түнде 20°C-қа дейін түсуі мүмкін. 22 тамызда күн ашық болады. Ауа температурасы шамамен 29°C-қа жеткенімен, 28°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 36°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 23°C деңгейіне дейін түседі. 23 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 29°C болғанымен, 28°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 37°C-қа дейін көтеріліп, түнде 23°C-қа дейін түседі. 24 тамыз күні синоптиктер Шымкентте күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 30°C болғанымен, 28°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 36°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 22°C-қа дейін түсуі мүмкін. 25 тамызда күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 29°C болғанымен, 28°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 36°C-қа дейін ысиды, ал түнде 23°C-қа дейін суитын болады. 26 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 27°C болғанымен, 26°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 34°C болса, минималды температура 21°C болмақ. 27 тамызда синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 24°C болғанымен, 24°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 28°C-қа дейін көтеріліп, түнде 19°C-қа дейін түсуі ықтимал.
Алдағы жеті күнде Шымкентте ауа райы қандай болатынын порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 21 тамызда Шымкентте күн ашық болады. Орташа температура 30°C деңгейінде болғанымен, 28°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 38°C-қа дейін көтеріліп, түнде 20°C-қа дейін түсуі мүмкін. 22 тамызда күн ашық болады. Ауа температурасы шамамен 29°C-қа жеткенімен, 28°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 36°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 23°C деңгейіне дейін түседі. 23 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 29°C болғанымен, 28°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 37°C-қа дейін көтеріліп, түнде 23°C-қа дейін түседі. 24 тамыз күні синоптиктер Шымкентте күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 30°C болғанымен, 28°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 36°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 22°C-қа дейін түсуі мүмкін. 25 тамызда күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура – 29°C болғанымен, 28°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 36°C-қа дейін ысиды, ал түнде 23°C-қа дейін суитын болады. 26 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 27°C болғанымен, 26°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 34°C болса, минималды температура 21°C болмақ. 27 тамызда синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 24°C болғанымен, 24°C секілді сезілетін болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033221-symkentte-osy-aptada-aua-temperaturasy-37-gradusqa-deiin-koterilui-mumkin/
21 тамыз 2023, 08:11
kk
Бүгін еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады
Синоптиктер бүгін, 21 тамызда еліміздің үш ірі қаласы - Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін елордада күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С жылы болады. Дүйсенбіде Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с жетеді. Қалада түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С жылы болады деп болжануда. Шымкентте 21 тамызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 8-13 м/с жетуі ықтимал. Түнде +19+21°С, күндіз +34+36°С жылы болады деп күтіледі.
Синоптиктер бүгін, 21 тамызда еліміздің үш ірі қаласы - Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін елордада күн ала бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С жылы болады. Дүйсенбіде Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с жетеді. Қалада түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С жылы болады деп болжануда. Шымкентте 21 тамызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 8-13 м/с жетуі ықтимал.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033226-bugin-elimizdin-us-iri-qalasynda-aua-raiy-qandai-bolady/
21 тамыз 2023, 08:00
kk
Толассыз жауған жаңбырдан Маңғыстаудағы бірнеше ауыл мен Жаңаөзенді су басты (видео)
Кеше, 20 тамызда толассыз жауған нөсер салдарынан Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда аулалар мен үйлерді су басып қалды. Облыс әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады inAktau.kz басылымы. Басылымның жазуынша, Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы, сондай-ақ Рахат және Теңге ауылдары зардап шекті. Басылым мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған кадрлардан Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені қатты нөсерге төтеп бере алмағанын, спорт залдың төбесінен тоқтаусыз су аққанын көруге болады. "Лада" басылымының хабарлауынша, Рахат және Теңге ауылдарында көшелер мен тұрғын үйлердің аулаларын, тіпті үйлердің өзін су басқан. Рахат ауылындағы сегіз аула мен бір көшеге, ал Теңге ауылындағы төрт аула мен үш көшеге су кірген. Маңғыстау облысының әкімдігі оқиға орнында коммуналдық және өндірістік мекемелерден 12 су жинайтын техника, қалалық төтенше жағдайлар департаменті және 5 мотопомпа жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Жағдайға байланысты жұмыс ауысымдық және түнгі уақытта жүргізіледі. Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Кеше, 20 тамызда толассыз жауған нөсер салдарынан Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда аулалар мен үйлерді су басып қалды. Облыс әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады басылымы. Басылымның жазуынша, Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы, сондай-ақ Рахат және Теңге ауылдары зардап шекті. Басылым мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған кадрлардан Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені қатты нөсерге төтеп бере алмағанын, спорт залдың төбесінен тоқтаусыз су аққанын көруге болады. "Лада" басылымының хабарлауынша, Рахат және Теңге ауылдарында көшелер мен тұрғын үйлердің аулаларын, тіпті үйлердің өзін су басқан. Рахат ауылындағы сегіз аула мен бір көшеге, ал Теңге ауылындағы төрт аула мен үш көшеге су кірген. Маңғыстау облысының әкімдігі оқиға орнында коммуналдық және өндірістік мекемелерден 12 су жинайтын техника, қалалық төтенше жағдайлар департаменті және 5 мотопомпа жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Жағдайға байланысты жұмыс ауысымдық және түнгі уақытта жүргізіледі. Ескерту!
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033224-tolassyz-zaugan-zanbyrdan-mangystaudagy-birnese-auyl-men-zanaozendi-su-basty-video/
21 тамыз 2023, 07:43
kk
"Жаңбыр, 26 градус ыстық": Алматыда бір апта ішінде ауа райы қандай болады
Алдағы жеті күнде Алматыда ауа райы қандай болатынын KAZ.NUR.KZ порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 21 тамызда Алматыда күн ашық болады. Орташа температура 26°C деңгейінде болғанымен, 24°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 34°C-қа дейін көтеріліп, түнде 16°C-қа дейін түсуі мүмкін. 22 тамызда күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы шамамен 28°C-қа жеткенімен, 26°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 34°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 22°C деңгейіне дейін түседі. 23 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 28°C болғанымен, 27°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 35°C-қа дейін көтеріліп, түнде 22°C-қа дейін түседі. 24 тамыз күні синоптиктер Алматыда жаңбыр болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 29°C болғанымен, 28°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 35°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 23°C-қа дейін түсуі мүмкін. 25 тамыз күні жаңбыр болады. Орташа тәуліктік температура – 29°C болғанымен, 28°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 36°C-қа дейін ысиды, ал түнде 23°C-қа дейін суитын болады. 26 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 28°C болғанымен, 26°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 33°C болса, минималды температура 24°C болмақ. 27 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 27°C болғанымен, 26°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 35°C-қа дейін көтеріліп, түнде 21°C-қа дейін түсуі ықтимал.
Алдағы жеті күнде Алматыда ауа райы қандай болатынын порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 21 тамызда Алматыда күн ашық болады. Орташа температура 26°C деңгейінде болғанымен, 24°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 34°C-қа дейін көтеріліп, түнде 16°C-қа дейін түсуі мүмкін. 22 тамызда күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы шамамен 28°C-қа жеткенімен, 26°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 34°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 22°C деңгейіне дейін түседі. 23 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 28°C болғанымен, 27°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 35°C-қа дейін көтеріліп, түнде 22°C-қа дейін түседі. 24 тамыз күні синоптиктер Алматыда жаңбыр болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 29°C болғанымен, 28°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 35°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 23°C-қа дейін түсуі мүмкін. 25 тамыз күні жаңбыр болады. Орташа тәуліктік температура – 29°C болғанымен, 28°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 36°C-қа дейін ысиды, ал түнде 23°C-қа дейін суитын болады. 26 тамызда күн ашық болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 28°C болғанымен, 26°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 33°C болса, минималды температура 24°C болмақ. 27 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 27°C болғанымен, 26°C секілді сезілетін болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033222-zanbyr-26-gradus-ystyq-almatyda-bir-apta-isinde-aua-raiy-qandai-bolady/
21 тамыз 2023, 07:42
kk
Астанада осы апта бойы жаңбыр жауады деп күтілуде
Алдағы жеті күнде Астанада ауа райы қандай болатынын KAZ.NUR.KZ порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 21 тамызда Астанада жаңбыр болады. Орташа температура 22°C деңгейінде болғанымен, 22°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 28°C-қа дейін көтеріліп, түнде 15°C-қа дейін түсуі мүмкін. 22 тамызда жаңбыр болады. Ауа температурасы шамамен 25°C-қа жеткенімен, 24°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 33°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 19°C деңгейіне дейін түседі. 23 тамызда жаңбыр болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 26°C болғанымен, 25°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 34°C-қа дейін көтеріліп, түнде 19°C-қа дейін түседі. 24 тамыз күні синоптиктер Астанада жаңбыр болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 22°C болғанымен, 22°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 26°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 18°C-қа дейін түсуі мүмкін. 25 тамызда күн ала бұлтты болады. Орташа тәуліктік температура – 16°C болғанымен, 15°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 20°C-қа дейін ысиды, ал түнде 12°C-қа дейін суитын болады. 26 тамызда жаңбыр болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 18°C болғанымен, 17°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 24°C болса, минималды температура 12°C болмақ. 27 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 15°C болғанымен, 15°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 20°C-қа дейін көтеріліп, түнде 12°C-қа дейін түсуі ықтимал.
Алдағы жеті күнде Астанада ауа райы қандай болатынын порталы OpenWeather синоптиктеріне сілтеме жасап назарға ұсынады. 21 тамызда Астанада жаңбыр болады. Орташа температура 22°C деңгейінде болғанымен, 22°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 28°C-қа дейін көтеріліп, түнде 15°C-қа дейін түсуі мүмкін. 22 тамызда жаңбыр болады. Ауа температурасы шамамен 25°C-қа жеткенімен, 24°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 33°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 19°C деңгейіне дейін түседі. 23 тамызда жаңбыр болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы 26°C болғанымен, 25°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы 34°C-қа дейін көтеріліп, түнде 19°C-қа дейін түседі. 24 тамыз күні синоптиктер Астанада жаңбыр болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 22°C болғанымен, 22°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 26°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 18°C-қа дейін түсуі мүмкін. 25 тамызда күн ала бұлтты болады. Орташа тәуліктік температура – 16°C болғанымен, 15°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 20°C-қа дейін ысиды, ал түнде 12°C-қа дейін суитын болады. 26 тамызда жаңбыр болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 18°C болғанымен, 17°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 24°C болса, минималды температура 12°C болмақ. 27 тамыз күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 15°C болғанымен, 15°C секілді сезілетін болады.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033220-astanada-osy-apta-boiy-zanbyr-zauady-dep-kutilude/
21 тамыз 2023, 07:30
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 21 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Сүйіктіңіз бар болса, оған сезіміңізді білдіріңіз. Күйзеліспен қалай күресуге болатынын ойланыңыз, өйткені ол сіздің көңіл-күйіңізге әсер етеді. Көбірек ұйықтауға, аз тамақтануға, әр кеш сайын серуендеуге және жаттығуға тырысыңыз. Уақыт өте келе бәрі оңалады. Денсаулығыңызды күтіңіз, демалыс күнін ұйымдастырыңыз. Хош иісті майлар қосылған ванна қабылдаңыз, SPA процедураларын жасаңыз, йогамен айналысыңыз. Жұбыңызбен қарым-қатынасыңызды сарапқа салыңыз, салмақтап өлшеңіз. Бәлкім, сіздің жақындағы әрекетіңіз дұрыс болмаған болар? Сол үшін кешірім сұрау да артық етпейді. Сізді ұзақ жылдар бойы қолдаған достарыңызды бағалаңыз және олардың ескі кемшіліктеріне көз жұма қараңыз. Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сіз қиындықтарға тап боласыз, бірақ оларды абыроймен жеңе аласыз. Достар көмектеседі. Қателіктерді болдырмау үшін олардың кеңестерін тыңдаңыз. Өзіңізді алаңдататын ойлардан алшақтататын күн тәртібін жасаңыз: серуендеу, жаттығу, үй жинау, жатар алдында ванна қабылдау - мұның бәрі өзіңізді жеңіл сезінуге мүмкіндік береді. Бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуды балаға жастайынан үйрету керек. Бүгін де дәл осыны ескертетін күн. Бала өзінің жеке шекарасын қорғауды кішкентайынан біліп жүруге тиіс. Шығармашылыққа немесе ұзақ уақыт бойы тұралап тұрған бизнеске артық күш-қуатыңызды жұмсаңыз. Бұл күні бәрі ойдағыдай болады. Достарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз: бәлкім олардың бірінің денсаулығында кінәрат бар және дәрігерге бару үшін немесе өзіне көмектесер жақсы маман іздеу үшін оған сіздің көмегіңіз қажет болуы мүмкін. Егер сіз күніңізді дұрыс жоспарласаңыз, оның нәтижелі болатыны сөзсіз. Демалыс пен уақытты ерігіп өткізуді кейінге қалдырыңыз. Кешті отбасыңызға арнап, барлығына махаббат пен қамқорлық сыйлаңыз. Жақындарыңыз сіздің оларға көңіл бөлгеніңізді қалайды. Қарым-қатынаста ашық диалог құру бүгінгі күні әсіресе маңызды болмақ. Сырыңызды ақтарудан қорықпаңыз, сонда ғана серігіңіз ашылады. Жоспарлы тексеруге уақыт бөліңіз, бұл денсаулыққа қатысты елеулі проблемаларды болдырмаудың алдын алады. Бұл күні асықпау маңызды. Тіпті қарапайым тапсырмалардың өзіне көп күш жұмсайсыз. Жаңа затты сатып алмас бұрын, оны гардеробыңыздан немен біріктіруге болатынын ойлаңыз. Бұл сізді қажетсіз сатып алулардан құтқарады және ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз. Жайлы зонаңыздан шығыңыз. Бұл кез келген кедергілерді жеңуге көмектеседі. Күннің бастапқы кезеңі жайлы және тыныш болады, бірақ уақыт өте келе біраз түсінбестіктер орын алады. Ауқымды іс-шараны ұйымдастыруды, мәселен ірі келісімшарт жасасуды немесе мінезі қиын клиентпен келіссөздер жүргізуді өз мойныңызға алыңыз. Теріңіздің күйіне назар аударыңыз. Мүмкін сізге оның күтіміне өзгеріс енгізу керек шығар. Жұмыстан және үй шаруасынан кейінгі күйзелісті жеңілдету үшін күнді медитациямен немесе жылы ваннамен аяқтаңыз. Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек. Шаршасаңыз, демалыңыз. Жұмысыңызды тоқтатып, кідіріс жасаңыз. Бұл денсаулықты бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Сүйіктіңіз бар болса, оған сезіміңізді білдіріңіз. Күйзеліспен қалай күресуге болатынын ойланыңыз, өйткені ол сіздің көңіл-күйіңізге әсер етеді. Көбірек ұйықтауға, аз тамақтануға, әр кеш сайын серуендеуге және жаттығуға тырысыңыз. Уақыт өте келе бәрі оңалады. Денсаулығыңызды күтіңіз, демалыс күнін ұйымдастырыңыз. Хош иісті майлар қосылған ванна қабылдаңыз, SPA процедураларын жасаңыз, йогамен айналысыңыз. Жұбыңызбен қарым-қатынасыңызды сарапқа салыңыз, салмақтап өлшеңіз. Бәлкім, сіздің жақындағы әрекетіңіз дұрыс болмаған болар? Сол үшін кешірім сұрау да артық етпейді. Сізді ұзақ жылдар бойы қолдаған достарыңызды бағалаңыз және олардың ескі кемшіліктеріне көз жұма қараңыз. Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сіз қиындықтарға тап боласыз, бірақ оларды абыроймен жеңе аласыз. Достар көмектеседі. Қателіктерді болдырмау үшін олардың кеңестерін тыңдаңыз. Өзіңізді алаңдататын ойлардан алшақтататын күн тәртібін жасаңыз: серуендеу, жаттығу, үй жинау, жатар алдында ванна қабылдау - мұның бәрі өзіңізді жеңіл сезінуге мүмкіндік береді. Бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуды балаға жастайынан үйрету керек. Бүгін де дәл осыны ескертетін күн. Бала өзінің жеке шекарасын қорғауды кішкентайынан біліп жүруге тиіс. Шығармашылыққа немесе ұзақ уақыт бойы тұралап тұрған бизнеске артық күш-қуатыңызды жұмсаңыз. Бұл күні бәрі ойдағыдай болады. Достарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз: бәлкім олардың бірінің денсаулығында кінәрат бар және дәрігерге бару үшін немесе өзіне көмектесер жақсы маман іздеу үшін оған сіздің көмегіңіз қажет болуы мүмкін. Егер сіз күніңізді дұрыс жоспарласаңыз, оның нәтижелі болатыны сөзсіз. Демалыс пен уақытты ерігіп өткізуді кейінге қалдырыңыз. Кешті отбасыңызға арнап, барлығына махаббат пен қамқорлық сыйлаңыз. Жақындарыңыз сіздің оларға көңіл бөлгеніңізді қалайды. Қарым-қатынаста ашық диалог құру бүгінгі күні әсіресе маңызды болмақ. Сырыңызды ақтарудан қорықпаңыз, сонда ғана серігіңіз ашылады. Жоспарлы тексеруге уақыт бөліңіз, бұл денсаулыққа қатысты елеулі проблемаларды болдырмаудың алдын алады. Бұл күні асықпау маңызды. Тіпті қарапайым тапсырмалардың өзіне көп күш жұмсайсыз. Жаңа затты сатып алмас бұрын, оны гардеробыңыздан немен біріктіруге болатынын ойлаңыз. Бұл сізді қажетсіз сатып алулардан құтқарады және ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз. Жайлы зонаңыздан шығыңыз. Бұл кез келген кедергілерді жеңуге көмектеседі. Күннің бастапқы кезеңі жайлы және тыныш болады, бірақ уақыт өте келе біраз түсінбестіктер орын алады. Ауқымды іс-шараны ұйымдастыруды, мәселен ірі келісімшарт жасасуды немесе мінезі қиын клиентпен келіссөздер жүргізуді өз мойныңызға алыңыз. Теріңіздің күйіне назар аударыңыз. Мүмкін сізге оның күтіміне өзгеріс енгізу керек шығар. Жұмыстан және үй шаруасынан кейінгі күйзелісті жеңілдету үшін күнді медитациямен немесе жылы ваннамен аяқтаңыз. Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек. Шаршасаңыз, демалыңыз. Жұмысыңызды тоқтатып, кідіріс жасаңыз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032985-bugingi-zuldyz-zoramal-21-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
21 тамыз 2023, 00:01
kk
Загребтегі Гран-при: Ислам Бозбаев жұбаныш белдесуінде жеңіліс тапты
Дзюдодан Загребте өткен Гран-при турнирінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан жүлдесіз қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Бүгін ерлерден үш салмақ дәрежесінде спортшылар татамиге шықты. Қазақстан сапынан 100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ислам Бозбаев жұбаныш белдесуіне дейін жетті. Түркия мен Венгрия балуандарын жеңген ол ширек финалда серб спортшысына есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде австриялық балуаннан ұтылды. Осылайша, Қазақстан командасы Загребтегі турнирді екі жүлдемен аяқтап отыр.
Дзюдодан Загребте өткен Гран-при турнирінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан жүлдесіз қалды. Бұл туралы хабарлайды. Бүгін ерлерден үш салмақ дәрежесінде спортшылар татамиге шықты. Қазақстан сапынан 100 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ислам Бозбаев жұбаныш белдесуіне дейін жетті. Түркия мен Венгрия балуандарын жеңген ол ширек финалда серб спортшысына есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде австриялық балуаннан ұтылды.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033206-zagrebtegi-gran-pri-islam-bozbaev-zubanys-beldesuinde-zenilis-tapty/
20 тамыз 2023, 19:29
kk
Бір тістегені жеткілікті: Ресейде 76 адам шаурмадан жаппай уланып қалды
Ресейдің Владимир қаласында шаурмадан уланған 76 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Бұл туралы Gazeta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 15-17 тамыз аралығында Владимир қаласында шаурма деген тұрғындар жаппай жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Бүгінде шаурамадан уланған адамдар саны 76-ға жетті. Олардың ішінде 19 бала бар. Шаурмадан уланған барлық адамның дене қызуы жоғарылап, құсып, іші өте бастаған. 34 адам аурухунаға жатқызылды, оның ішінде 11 бала бар. Сондай-ақ 42 адам сырттан ем алуда. Зардап шегушілердің жағдайы орташа деп бағалануда. Анастасия есімді қала тұрғынының айтуынша, ол күйеуі жеп отырған шаурмадан бір-ақ рет тістеген. Аурухана төсегіне таңылу үшін осы да жеткілікті болған. Мұндай белгілер күйеуінен де байқалады. Қазіргі таңда адамдардың жаппай улануына тағамда сальманеллоның табылғаны себеп болып отыр.
Ресейдің Владимир қаласында шаурмадан уланған 76 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Бұл туралы сайтына сілтеме жасаған хабарлайды. 15-17 тамыз аралығында Владимир қаласында шаурма деген тұрғындар жаппай жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Бүгінде шаурамадан уланған адамдар саны 76-ға жетті. Олардың ішінде 19 бала бар. Шаурмадан уланған барлық адамның дене қызуы жоғарылап, құсып, іші өте бастаған. 34 адам аурухунаға жатқызылды, оның ішінде 11 бала бар. Сондай-ақ 42 адам сырттан ем алуда. Зардап шегушілердің жағдайы орташа деп бағалануда. Анастасия есімді қала тұрғынының айтуынша, ол күйеуі жеп отырған шаурмадан бір-ақ рет тістеген. Аурухана төсегіне таңылу үшін осы да жеткілікті болған. Мұндай белгілер күйеуінен де байқалады.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2033200-bir-tistegeni-zetkilikti-reseide-76-adam-saurmadan-zappai-ulanyp-qaldy/
20 тамыз 2023, 17:15
kk
Температура 45 градус ыстық: ТЖМ "Қазақстан" шахтасындағы жағдай туралы айтты
ТЖМ "Қазақстан" шахтасына қатысты соңғы ақпараттарды бөлісті. Бұл туралы министрліктің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Қазақстан" шахтасында сөндіру жұмыстары жалғасуда. Құрамында 28 тау-кен құтқарушысы бар КӘАҚҚ РШО бес бөлімшесі Д6 қабатының конвейерлік көмір беткейінде қалған өрт ошақтарын сөндіруде. Шахтадағы температура 45 С° құрайды", - делінген хабарламада. Айта кетелік, 17 тамыз күні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты "Қазақстан" шахтасында өрт болып, бес адам қайтыс болды. Аталған ұйым өрт кезінде қайтыс болған бес кеншінің аты-жөнін мәлімдеді. Сондай-ақ компания 20 тамызды аза тұту күні деп жариялады.
ТЖМ "Қазақстан" шахтасына қатысты соңғы ақпараттарды бөлісті. Бұл туралы министрліктің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады, деп жазады . "Қазақстан" шахтасында сөндіру жұмыстары жалғасуда. Құрамында 28 тау-кен құтқарушысы бар КӘАҚҚ РШО бес бөлімшесі Д6 қабатының конвейерлік көмір беткейінде қалған өрт ошақтарын сөндіруде. Шахтадағы температура 45 С° құрайды", - делінген хабарламада. Айта кетелік, 17 тамыз күні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты "Қазақстан" шахтасында өрт болып, бес адам қайтыс болды. Аталған ұйым өрт кезінде қайтыс болған бес кеншінің аты-жөнін мәлімдеді.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033185-temperatura-45-gradus-ystyq-tzm-qazaqstan-saxtasyndagy-zagdai-turaly-aitty/
20 тамыз 2023, 16:15
kk
Қызылордада 11 күннен бері 32 жастағы азаматша табылмай жатыр
Қызылордада 32 жастағы азаматша 11 күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған. "Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері төмендегіше: бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз", - деп жазылған Қызылорда қаласы полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Қызылордада 32 жастағы азаматша 11 күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған. "Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері төмендегіше: бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033198-qyzylordada-11-kunnen-beri-32-zastagy-azamatsa-tabylmai-zatyr/
20 тамыз 2023, 16:07
kk
"Саған да, оған да адалмын": бәйбішесіне арнап ән шығарған Әбдіжаппар Әлқожаның басы дауға қалды (видео)
Әбдіжаппар Әлқожа жаңа әнінен үзінді жариялады. Бәйбішеге арналған ән желіде екіұдай пікір қалдыруда, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ол "Бәйбіше" деп аталатын әнінен үзінді жариялап: "Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер", деп жазба қалдырған. Әннің мәтініндегі: - Жан әлемің әдемі, соған қарармын, Үйде көп болмасам да, қоғамда бармын. Негізінде, мен саған, жаным адалмын, Оған да адалмын, саған да адалмын", - деген жолдар желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас тудырды. "Тоқал деп үйдегі жарыңның жанын жараладың-ау сен, алтындай 3 ұл туып берген адал жарыңа"; "Тоқалдарға точно ұнамайды"; "Оған да адалмын дегені қалай кетті?!" "Тоқалың бар ма?", - деп жазды желі қолданушылары. Әбдіжаппар болса, басындағы бір әйелімен бақытты екенін айтқан.
Әбдіжаппар Әлқожа жаңа әнінен үзінді жариялады. Бәйбішеге арналған ән желіде екіұдай пікір қалдыруда, деп жазады . Ол "Бәйбіше" деп аталатын әнінен үзінді жариялап: "Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер", деп жазба қалдырған. Әннің мәтініндегі: - Жан әлемің әдемі, соған қарармын, Үйде көп болмасам да, қоғамда бармын. Негізінде, мен саған, жаным адалмын, Оған да адалмын, саған да адалмын", - деген жолдар желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас тудырды. "Тоқал деп үйдегі жарыңның жанын жараладың-ау сен, алтындай 3 ұл туып берген адал жарыңа"; "Тоқалдарға точно ұнамайды"; "Оған да адалмын дегені қалай кетті?!" "Тоқалың бар ма?", - деп жазды желі қолданушылары.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033192-sagan-da-ogan-da-adalmyn-baibisesine-arnap-an-sygargan-abdizappar-alqozanyn-basy-dauga-qaldy-video/
20 тамыз 2023, 14:08
kk
Шарын шатқалына қыдырып келген Ресей азаматы жартастан домалап кетті
Алматы облысында Шарын шатқалынан домалап кеткен Ресей азаматы құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды. "2023 жылғы 20 тамызда түнгі сағат 02.00-ден бастап Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын каньонындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған. Ол 2023 жылдың 19 тамызында сағат 18.00 шамасында Алматы қаласындағы достарымен келгені анықталды. Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 20.08-де әйел адам құтқарылды. Алматы облысы ТЖД азаматтарды туристік серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.
Алматы облысында Шарын шатқалынан домалап кеткен Ресей азаматы құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды. "2023 жылғы 20 тамызда түнгі сағат 02.00-ден бастап Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын каньонындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған. Ол 2023 жылдың 19 тамызында сағат 18.00 шамасында Алматы қаласындағы достарымен келгені анықталды. Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 20.08-де әйел адам құтқарылды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033191-saryn-satqalyna-qydyryp-kelgen-resei-azamaty-zartastan-domalap-ketti/
20 тамыз 2023, 13:50
kk
"Ялталық Хатико": өз иесін 12 жыл бойы күткен ит ажал құшты
Ялталықтар Мұхтар есімді 14 жастағы итке ескерткіш орнатуды ұсынды. Бұл туралы amic.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Мұхтардың иесі құтқарушы болып жұмыс істеген және осыдан 12 жыл бұрын қайтыс болған. Осы жылдар бойы ит өзінің иесін күтіп, жағалаудан кетпей қойды. Ол 12 жыл бойы өзінің иесін іздеумен өткен. Арасында жергілікті көше музыкантымен бірге ән айтып, көпшіліктің көзайымын айналады. Тамыздың ортасында иттің де иесінің соңынан кеткені хабарланды. Жергілікті халық "Ялталық Хатико" атанып кеткен итке ескерткіш орнату туралы ұсыныстарын айтып жатыр.
Ялталықтар Мұхтар есімді 14 жастағы итке ескерткіш орнатуды ұсынды. Бұл туралы сайтына сілтеме жасаған хабарлайды. Мұхтардың иесі құтқарушы болып жұмыс істеген және осыдан 12 жыл бұрын қайтыс болған. Осы жылдар бойы ит өзінің иесін күтіп, жағалаудан кетпей қойды. Ол 12 жыл бойы өзінің иесін іздеумен өткен. Арасында жергілікті көше музыкантымен бірге ән айтып, көпшіліктің көзайымын айналады. Тамыздың ортасында иттің де иесінің соңынан кеткені хабарланды.
Әлемде
false
https://kaz.nur.kz/world/2033186-yaltalyq-xatiko-oz-iesin-12-zyl-boiy-kutken-it-azal-qusty/
20 тамыз 2023, 12:31
kk
Өлім алдындағы хат: Павлодарда хат жазып, кішкентай қызға ұстатқан адам табылмай жатыр
Павлодардағы VITA іздеушілер жүйесіне кешкі мезгілде әйел адам қоңырау шалып, көмек сұраған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды. Әйелдің айтуынша, оның далада жүрген қызына бейтаныс адам хат ұстатып кеткен. "Не істерімді білмеймін. Шарасыз күйге тап болдым. Менің кішкентай қызым көшеден қағаздарды алып келді. Бұл хаттарды велосипедпен жүрген бейтаныс адам берген. Бұл – өлім алдында жазылған мәтін. Учаскелік инспектор телефон тұтқасын алмайды", – дейді хабарласқан адам. Телефон соққан әйелдің Теміржолшылар ауылында тұратыны белгілі болды және ол бұл хабарламаны кім жазып жіберуі мүмкін екенін мүлдем түсінбей отыр. "Біз хаттың қашан жазылғанын және автордың қанша жаста екенін білмейміз, бәлкім ол Теміржолшылар ауылында тұрмауы да мүмкін. Ер адамның оны қайдан тапқанын және неге кішкентай қызға бергенін білмейміз. Әлеуметтік желіде табылған барлық Айнұр Р. деген қолданушыларға жаздық, бірақ ешқандай нәтиже жоқ", – дейді еріктілер. Хатта белгісіз адам қарыздан шаршағанын, бұл өмірде жалғыз қалғанын айтып, өмірінің қиын екенін алға тартқан.
Павлодардағы VITA іздеушілер жүйесіне кешкі мезгілде әйел адам қоңырау шалып, көмек сұраған. Бұл туралы хабарлайды. Әйелдің айтуынша, оның далада жүрген қызына бейтаныс адам хат ұстатып кеткен. "Не істерімді білмеймін. Шарасыз күйге тап болдым. Менің кішкентай қызым көшеден қағаздарды алып келді. Бұл хаттарды велосипедпен жүрген бейтаныс адам берген. Бұл – өлім алдында жазылған мәтін. Учаскелік инспектор телефон тұтқасын алмайды", – дейді хабарласқан адам. Телефон соққан әйелдің Теміржолшылар ауылында тұратыны белгілі болды және ол бұл хабарламаны кім жазып жіберуі мүмкін екенін мүлдем түсінбей отыр. "Біз хаттың қашан жазылғанын және автордың қанша жаста екенін білмейміз, бәлкім ол Теміржолшылар ауылында тұрмауы да мүмкін. Ер адамның оны қайдан тапқанын және неге кішкентай қызға бергенін білмейміз. Әлеуметтік желіде табылған барлық Айнұр Р. деген қолданушыларға жаздық, бірақ ешқандай нәтиже жоқ", – дейді еріктілер.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033183-olim-aldyndagy-xat-pavlodarda-zumbaq-adamnyn-zazgan-xaty-kopsilikti-aurege-saldy/
20 тамыз 2023, 12:06
kk
"АрселорМиттал Теміртау" шахтада қаза тапқандардың толық тізімін жариялады
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы 2023 жылдың 17 тамызында "Қазақстан" кенішінде болған өрттен қаза тапқандардың толық тізімін жариялады. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады. "Қазақстан" кенішіндегі өрт кезінде жер астында 227 адам болған, оның 222-сі жер бетіне шығарылды. Өкінішке қарай, бес жұмысшы қаза тапты. Олар: Стешин Денис Геннадьевич, 1978 ж.т., 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл; Халиков Артур Ринатович, 1994 ж.т., 4 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл; Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл; Слюньков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл; Старовойт Илья Александрович, 1996 ж.т., 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл. "Мен бұл апаттан қатты күйзеліп тұрмын. Біз шахтадағы қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс істедім. Ал бұл апат біздің барлық күш-жігерімізге кері әсер етті. Қазір жақынын жоғалтқан жандарды ешбір сөзбен жұбату мүмкін емес. Біз қажетті көмек көрсетеміз", - деді компанияның атқарушы директоры Виктор Гафиулов. Әзірге шахтадағы апаттың себебі белгісіз. Бүгін ұйымда аза тұту күні жарияланды.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы 2023 жылдың 17 тамызында "Қазақстан" кенішінде болған өрттен қаза тапқандардың толық тізімін жариялады. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады. "Қазақстан" кенішіндегі өрт кезінде жер астында 227 адам болған, оның 222-сі жер бетіне шығарылды. Өкінішке қарай, бес жұмысшы қаза тапты. Олар: Стешин Денис Геннадьевич, 1978 ж.т., 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл; Халиков Артур Ринатович, 1994 ж.т., 4 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл; Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл; Слюньков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл; Старовойт Илья Александрович, 1996 ж.т., 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл. "Мен бұл апаттан қатты күйзеліп тұрмын. Біз шахтадағы қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс істедім. Ал бұл апат біздің барлық күш-жігерімізге кері әсер етті. Қазір жақынын жоғалтқан жандарды ешбір сөзбен жұбату мүмкін емес. Біз қажетті көмек көрсетеміз", - деді компанияның атқарушы директоры Виктор Гафиулов. Әзірге шахтадағы апаттың себебі белгісіз.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033181-arselormittal-temirtau-saxtada-qaza-tapqandardyn-tolyq-tizimin-zariyalady/
20 тамыз 2023, 11:47
kk
Қазақстан намысын қорғайтын кениялық атлет әлем чемпионатында мәреге жете алмай қалды
Венгрия астанасы Будапешт қаласында жеңіл атлетикадан XIX әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. 200 астам елдің спортшылары бақ сынап жатқан додада Қазақстанның намысын 8 атлет қорғауда. Бүгін 10000 метр қашықтыққа жүгіруде Каролин Чепкоеч Кипкиру өз өнерін ортаға салды. Жарыс жолына 22 спортшы шығып, қазақстандық жеңіл атлет мәреге дейін жете алмады. Осылайша ол соңғы орынмен шектелді. Ал тұғырдағы барлық орын эфиопиялық желаяқтарға бұйырды. Олимпиада жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Гудай Цегай дүниежүзілік доданың үшінші алтынын алса, Летенсбет Гидей күміс, Эйгайеху Тайе қола жүлдегер атанды. Енді Каролин Чепкоеч Кипкиру 23 тамыз күні 5000 метрлік қашықтықтың іріктеу сынында өнер көрсетіп, финалға өтудің амалын іздейді. 20 тамыз күні жарыс жолына еліміздің атынан Давид Ефремов шығады. Ол 110 метрге кедергілермен жүгіруде бағын сынап көреді. Іріктеу бәсекесі Астана уақытымен 17:05-ке жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы күндері 35 шақырымдық спорттық жүрісте Галина Якушева, 42 шақырымдық марафонда Жанна Мамажанова, 3000 метрге кедергілермен жүгіруде Дэйзи Джепкемей және биіктікке секіретін Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова, Елизавета Матвеева жүлделер үшін таласатын болады. Әлем чемпионаты 28 тамызда аяқталады.
Венгрия астанасы Будапешт қаласында жеңіл атлетикадан XIX әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. 200 астам елдің спортшылары бақ сынап жатқан додада Қазақстанның намысын 8 атлет қорғауда. Бүгін 10000 метр қашықтыққа жүгіруде Каролин Чепкоеч Кипкиру өз өнерін ортаға салды. Жарыс жолына 22 спортшы шығып, қазақстандық жеңіл атлет мәреге дейін жете алмады. Осылайша ол соңғы орынмен шектелді. Ал тұғырдағы барлық орын эфиопиялық желаяқтарға бұйырды. Олимпиада жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Гудай Цегай дүниежүзілік доданың үшінші алтынын алса, Летенсбет Гидей күміс, Эйгайеху Тайе қола жүлдегер атанды. Енді Каролин Чепкоеч Кипкиру 23 тамыз күні 5000 метрлік қашықтықтың іріктеу сынында өнер көрсетіп, финалға өтудің амалын іздейді. 20 тамыз күні жарыс жолына еліміздің атынан Давид Ефремов шығады. Ол 110 метрге кедергілермен жүгіруде бағын сынап көреді. Іріктеу бәсекесі Астана уақытымен 17:05-ке жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы күндері 35 шақырымдық спорттық жүрісте Галина Якушева, 42 шақырымдық марафонда Жанна Мамажанова, 3000 метрге кедергілермен жүгіруде Дэйзи Джепкемей және биіктікке секіретін Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова, Елизавета Матвеева жүлделер үшін таласатын болады.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033178-qazaqstan-namysyn-qorgaityn-keniyalyq-atlet-alem-cempionatynda-marege-zete-almai-qaldy/
20 тамыз 2023, 11:28
kk
"Бар жаман мінезімді көрсеттім": Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші Раимның жүрегін қалай жаулағанын айтты
Ерке Есмахан өзінен жасы кіші Раимның жүрегін қалай жаулағаны жайлы айтты. Бұл туралы әнші оқырман сұрағына жауап беру барысында мәлім еткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Жаулайтындай дым істемедім. Керісінше, бар минустарымды, бар жаман мінезімді, стервалығымды көрсеттім. Сонда да жақсы көрем деп, тұрып алды. Зато қазір майдай жұмсақпын. Бар жағдайын жасаймын. Қаттыыыы сүйемін. Өтірік идеальная болуға тырыспаймын. Жынды екенімді біледі, өйткені. Қыздар, сондықтан қыз жігіттің емес, жігіт сіздің жүрегіңізді жауласын. Ұмытпаңыздар", - деп жазды Ерке Есмахан. Айта кетелік, Ерке мен Раим той көйлегімен түскен суреттерін жариялады. Бірақ олар үлкен тойдың болмайтынын ескерткен.
Ерке Есмахан өзінен жасы кіші Раимның жүрегін қалай жаулағаны жайлы айтты. Бұл туралы әнші оқырман сұрағына жауап беру барысында мәлім еткен, деп хабарлайды . "Жаулайтындай дым істемедім. Керісінше, бар минустарымды, бар жаман мінезімді, стервалығымды көрсеттім. Сонда да жақсы көрем деп, тұрып алды. Зато қазір майдай жұмсақпын. Бар жағдайын жасаймын. Қаттыыыы сүйемін. Өтірік идеальная болуға тырыспаймын. Жынды екенімді біледі, өйткені. Қыздар, сондықтан қыз жігіттің емес, жігіт сіздің жүрегіңізді жауласын. Ұмытпаңыздар", - деп жазды Ерке Есмахан. Айта кетелік, Ерке мен Раим той көйлегімен түскен суреттерін жариялады.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033177-bar-zaman-minezimdi-korsettim-erke-esmaxan-raimnyn-zuregin-qalai-zaulaganyn-aitty/
20 тамыз 2023, 11:15
kk
Шахтадағы жарылыс: "АрселорМиттал Теміртау" аза тұту күнін жариялады
20 тамыз "Қазақстан" шахтасындағы жарылысқа байланысты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" ұжымының атынан қайтыс болған әріптес-шахтерлердің отбасына, жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл бәріміз үшін ауыр қайғы, үлкен қасірет. Марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ жарақат алған жұмысшыларға оңалту кезінде барлық көмек көрсетіледі. 20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамында аза тұту күні болып жарияланды", - делінген компанияның бас директоры Владимир Яблонский. Айта кетелік, 17 тамыз күні "Қазақстан" кенішіде өрт болып, бес адам қаза тапты. Өрт кезінде жер астында болған 227 қызметкердің 222-сі сыртқа шығып үлгерген. Кеше бесінші кеншінің денесі табылғаны хабарланды.
20 тамыз "Қазақстан" шахтасындағы жарылысқа байланысты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды, деп жазады . "АрселорМиттал Теміртау" ұжымының атынан қайтыс болған әріптес-шахтерлердің отбасына, жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл бәріміз үшін ауыр қайғы, үлкен қасірет. Марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ жарақат алған жұмысшыларға оңалту кезінде барлық көмек көрсетіледі. 20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамында аза тұту күні болып жарияланды", - делінген компанияның бас директоры Владимир Яблонский. Айта кетелік, 17 тамыз күні "Қазақстан" кенішіде өрт болып, бес адам қаза тапты. Өрт кезінде жер астында болған 227 қызметкердің 222-сі сыртқа шығып үлгерген.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033173-saxtadagy-zarylysy-arselormittal-temirtau-aza-tutu-kunin-zariyalady/
20 тамыз 2023, 10:40
kk
Бүгін еліміздің батысында қатты ыстық күтіледі
Бүгін жоғары қысым алқабының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды. Елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады: найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжанады. Атап айтқанда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 35-39°с дейін қатты ыстық күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Алматының солтүстігінде, Түркістан облысы мен Батыс Қазақстан облысының орталығында өрт тұтанудың аса жоғары қаупі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жетісу облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары болады.
Бүгін жоғары қысым алқабының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды. Елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады: найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжанады. Атап айтқанда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 35-39°с дейін қатты ыстық күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Алматының солтүстігінде, Түркістан облысы мен Батыс Қазақстан облысының орталығында өрт тұтанудың аса жоғары қаупі күтіледі.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033172-bugin-elimizdin-batysynda-qatty-ystyq-kutiledi/
20 тамыз 2023, 10:32
kk
Жүлдеге бір қадам жетпеді: Ислам Сәтпаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық атудан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны бір лицензиямен толықты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Отандасымыз Ислам Сатпаев пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден финалға шығып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол 206,5 ұпай жинап, 4-сатыға тұрақтады. . Бұл сында швециялық Виктор Линдгрен (251,3 балл) чемпион атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 балл) күміс жүлде алды. Үздік үштікті чехиялық Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен түйіндеді. Айта кетейік, бұл нысана көздеуден ұлттық құраманың алғашқы лицензиясы. Нысана көздеуден жолдамажекелеген мергенге емес, ұлттық федерацияға беріледі. Алайда әр мемлекеттің федерациясы күтпеген жағдай болмаса, олимпия ойындарына жолдамаға қол жеткізген спортшыны апарады. 24 жастағы Ислам Сәтпаев биыл Джакатада өткен әлем кубогында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден 3 медаль жеңіп алған. Ол тура бір жыл бұрын осы Бакудағы Әлем Кубогында қола жүлдегер атанған.
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық атудан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны бір лицензиямен толықты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Отандасымыз Ислам Сатпаев пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден финалға шығып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол 206,5 ұпай жинап, 4-сатыға тұрақтады. . Бұл сында швециялық Виктор Линдгрен (251,3 балл) чемпион атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 балл) күміс жүлде алды. Үздік үштікті чехиялық Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен түйіндеді. Айта кетейік, бұл нысана көздеуден ұлттық құраманың алғашқы лицензиясы. Нысана көздеуден жолдамажекелеген мергенге емес, ұлттық федерацияға беріледі. Алайда әр мемлекеттің федерациясы күтпеген жағдай болмаса, олимпия ойындарына жолдамаға қол жеткізген спортшыны апарады. 24 жастағы Ислам Сәтпаев биыл Джакатада өткен әлем кубогында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден 3 медаль жеңіп алған.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033161-zuldege-bir-qadam-zetpedi-islam-satpaev-pariz-olimpiadasynyn-zoldamasyn-zenip-aldy/
20 тамыз 2023, 09:05
kk
"Кәріс актерлеріне ұқсайды": Ерке Есмахан той көйлегімен түскен ерекше суретін жариялады (фото)
Отандық әншілер Ерке Есмахан мен Раим жаңа фотосессияны ел назарына ұсынды. Олар жаңа суреттерін желідегі ресми парақшаларына жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Әлеміме сен келдің… Бізге тілеген тілектеріңізді Алла еселеп өздеріңізге қайтарсын", - деп жазды Ерке Есмахан. Одан бөлек, әнші оқырман сұрақтарына жауап беріп, ортақ шешіммен үйлену тойын жасамайтындықтарын айтқан. "Ортақ шешіммен той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасағанға немесе жасамағанға қарамайды екен", - деп жазды әнші. Сондай-ақ Еркенің жары Раим да желіде сурет жариялап, "Жанұя" деп жазба қалдырған. Ал оқырмандар қос ғашыққа бақыт тілеп, екеуінің кәріс сериалындағы актерлерге ұқсайтынын жазды. Тілек білдірушілер қатарында Балжан Бидаш, Алтынай Жорабаева, Тамара Асар сынды отандық эстрада жұлдыздары бар.
Отандық әншілер Ерке Есмахан мен Раим жаңа фотосессияны ел назарына ұсынды. Олар жаңа суреттерін желідегі ресми парақшаларына жариялаған, деп жазады . "Әлеміме сен келдің… Бізге тілеген тілектеріңізді Алла еселеп өздеріңізге қайтарсын", - деп жазды Ерке Есмахан. Одан бөлек, әнші оқырман сұрақтарына жауап беріп, ортақ шешіммен үйлену тойын жасамайтындықтарын айтқан. "Ортақ шешіммен той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасағанға немесе жасамағанға қарамайды екен", - деп жазды әнші. Сондай-ақ Еркенің жары Раим да желіде сурет жариялап, "Жанұя" деп жазба қалдырған. Ал оқырмандар қос ғашыққа бақыт тілеп, екеуінің кәріс сериалындағы актерлерге ұқсайтынын жазды.
Шоу-бизнес
false
https://kaz.nur.kz/showbiz/2033160-karis-akterlerine-uqsaidy-erke-esmaxan-toi-koilegimen-tusken-erekse-suretin-zariyalady-foto/
20 тамыз 2023, 08:00
kk
Қазақстандық балуан араға жеті жыл салып әлем чемпионы атанды (видео)
Иордания астанасы Амманда өткен күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Исхар Құрбаев чемпион атанды. Ол чемпионат барысында түркиялық Эмре Мутлуді 6:1, түркменстандық Абдуали Рахымбаевты 8:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қырғызстандық Нұрсұлтан Сүйеуқұловты ұтса, финалда әзербайжандық Фарих Садыхлыны 5:1 есебімен жеңген. Осылайша, Исхар араға 7 жыл салып қазақ балуандары арасынан әлем чемпионатының алтынын алып отыр. Жеті жыл бұрын Темірлан Шадукаев чемпион атанған.
Иордания астанасы Амманда өткен күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы хабарлайды. Грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Исхар Құрбаев чемпион атанды. Ол чемпионат барысында түркиялық Эмре Мутлуді 6:1, түркменстандық Абдуали Рахымбаевты 8:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қырғызстандық Нұрсұлтан Сүйеуқұловты ұтса, финалда әзербайжандық Фарих Садыхлыны 5:1 есебімен жеңген. Осылайша, Исхар араға 7 жыл салып қазақ балуандары арасынан әлем чемпионатының алтынын алып отыр.
Спорт
false
https://kaz.nur.kz/sport/2033159-qazaqstandyq-baluan-araga-zeti-zyl-salyp-alem-cempiony-atandy-video/
20 тамыз 2023, 07:00
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 20 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Кішкентай аяқ киім сөресін сатып алыңыз, ол жерге қолайсыз ауа райында серуендегеннен кейін былғанып қалған аяқ-киіміңізді қойып қоюға болады. Осылайша кіреберісте тазалықты сақтау әлдеқайда оңай болады. Қарым-қатынасты қалпына келтіріп, ескі достарыңызбен байланыс орнатуға тамаша күн. Ренішті ұмытыңыз. Өзіңіз ренжітіп алған адамдардың құрметі мен сенімін осылай ғана қайтара аласыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынас сенімге негізделгені дұрыс. Қазіргі күнге назар аударыңыз және жағымсыз ойларды тастаңыз. Жақында бәрі жақсы болады. Бүгін достарыңыздың бірін ерекше қуантуы мүмкін сыйлыққа көзіңіз түседі, оны алдын ала сатып алыңыз, бұған еш өкінбейсіз. Өзіңіз үшін қажет кішігірім чек-парақтар құрыңыз. Онда алдағы күнге не аптаға қойылған жоспарларыңызды тізіңіз. Бұл сізге бос уақытыңызды тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Егер сіз соңғы уақытта достарыңызға аз көңіл бөлсеңіз - олардан кешірім сұраңыз, сіздің мінез-құлқыңыз оларды ренжіткен болуы мүмкін, бірақ олар оны білдіртпеуге тырысты. Гардеробыңызды тазалаңыз: кимейтін киімдерден арылыңыз және жаңа заттарға орын босатыңыз. Мүмкін болса, қала сыртында демалыңыз. Өзіңізге көңіл бөліңіз, көптен бері кейінге қалдырған кездесуге барыңыз, саябақта серуендеңіз, ашық көрмеге барыңыз. Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз. Отбасы мен балаларға берген уәделеріңізді ертерек орындаңыз, бұл үшін сізде тамаша мүмкіндік бар. Тәжірибе үшін су мен электр энергиясын үнемдеуге тырысыңыз және бұл тәжірибе коммуналдық төлемдеріңізге қаншалықты әсер ететінін бақылап көріңіз. Теріңіздің күйіне назар аударыңыз. Мүмкін сізге оның күтіміне өзгеріс енгізу керек шығар. Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек. Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жақындарымыздың сенімі біз үшін ең қымбат нәрсе. Сізге ащы шындық айтылса да, барынша ұстамды болыңыз. Жаңа затты сатып алмас бұрын, оны гардеробыңыздан немен біріктіруге болатынын ойлаңыз. Бұл сізді қажетсіз сатып алулардан құтқарады және ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Жеке өмірде қиындықтар болуы мүмкін. Егер сіз серіктесіңізді бағалайтын болсаңыз, оған талаптарыңызды барынша азайтыңыз. Әйтпесе, үлкен қақтығыстарды болдырмау мүмкін емес. Жұмыста жоғарылатуды сұрамас бұрын, қазіргі лауазымыңыздағы еңбегіңізді және көбірек жауапкершілік алуға дайын екеніңізді байсалды түрде бағалауға тырысыңыз. Баланың бойына жақсы әдеттерді сіңіру үшін өзіңіздің бойыңызды түзеп, кем-кетіктеріңізді жою үшін жұмыс істеңіз. Жол ортада жоспарларды өзгертуге тура келеді, бірақ бұл бірқатар мәселені шешуде пайдаға жарайды. Алаңдаушылық пен ашушаңдыққа бой алдырмаңыз, бәрі өз ретімен шешіледі. Егер бүгінгі жұмыс күні ойдағыдай өтпесе, ашуланбаңыз және асығыс шешім қабылдамаңыз, бұл түсінбестік. Ескі дос жаңа екі достан артық екенін есте сақтаңыз: жаңа адамдармен танысқанда ескі жолдастарды ұмытпаңыз. Күйзеліспен қалай күресуге болатынын ойланыңыз, өйткені ол сіздің көңіл-күйіңізге әсер етеді. Көбірек ұйықтауға, аз тамақтануға, әр кеш сайын серуендеуге және жаттығуға тырысыңыз. Уақыт өте келе бәрі оңалады. Бұл күні сабырлы болыңыз, оқуға зейін қойыңыз, өзекті мәселелерді шешіңіз және ақпарат жинаңыз. Көп нәрсеге ашулануыңыз мүмкін, бірақ сабырлық танытсаңыз, кедергілерді айналып өтесіз. Арандатушылыққа бой алдырмаңыз, өз мүдделеріңізді қорғаңыз.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Кішкентай аяқ киім сөресін сатып алыңыз, ол жерге қолайсыз ауа райында серуендегеннен кейін былғанып қалған аяқ-киіміңізді қойып қоюға болады. Осылайша кіреберісте тазалықты сақтау әлдеқайда оңай болады. Қарым-қатынасты қалпына келтіріп, ескі достарыңызбен байланыс орнатуға тамаша күн. Ренішті ұмытыңыз. Өзіңіз ренжітіп алған адамдардың құрметі мен сенімін осылай ғана қайтара аласыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынас сенімге негізделгені дұрыс. Қазіргі күнге назар аударыңыз және жағымсыз ойларды тастаңыз. Жақында бәрі жақсы болады. Бүгін достарыңыздың бірін ерекше қуантуы мүмкін сыйлыққа көзіңіз түседі, оны алдын ала сатып алыңыз, бұған еш өкінбейсіз. Өзіңіз үшін қажет кішігірім чек-парақтар құрыңыз. Онда алдағы күнге не аптаға қойылған жоспарларыңызды тізіңіз. Бұл сізге бос уақытыңызды тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Егер сіз соңғы уақытта достарыңызға аз көңіл бөлсеңіз - олардан кешірім сұраңыз, сіздің мінез-құлқыңыз оларды ренжіткен болуы мүмкін, бірақ олар оны білдіртпеуге тырысты. Гардеробыңызды тазалаңыз: кимейтін киімдерден арылыңыз және жаңа заттарға орын босатыңыз. Мүмкін болса, қала сыртында демалыңыз. Өзіңізге көңіл бөліңіз, көптен бері кейінге қалдырған кездесуге барыңыз, саябақта серуендеңіз, ашық көрмеге барыңыз. Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз. Отбасы мен балаларға берген уәделеріңізді ертерек орындаңыз, бұл үшін сізде тамаша мүмкіндік бар. Тәжірибе үшін су мен электр энергиясын үнемдеуге тырысыңыз және бұл тәжірибе коммуналдық төлемдеріңізге қаншалықты әсер ететінін бақылап көріңіз. Теріңіздің күйіне назар аударыңыз. Мүмкін сізге оның күтіміне өзгеріс енгізу керек шығар. Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек. Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жақындарымыздың сенімі біз үшін ең қымбат нәрсе. Сізге ащы шындық айтылса да, барынша ұстамды болыңыз. Жаңа затты сатып алмас бұрын, оны гардеробыңыздан немен біріктіруге болатынын ойлаңыз. Бұл сізді қажетсіз сатып алулардан құтқарады және ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Жеке өмірде қиындықтар болуы мүмкін. Егер сіз серіктесіңізді бағалайтын болсаңыз, оған талаптарыңызды барынша азайтыңыз. Әйтпесе, үлкен қақтығыстарды болдырмау мүмкін емес. Жұмыста жоғарылатуды сұрамас бұрын, қазіргі лауазымыңыздағы еңбегіңізді және көбірек жауапкершілік алуға дайын екеніңізді байсалды түрде бағалауға тырысыңыз. Баланың бойына жақсы әдеттерді сіңіру үшін өзіңіздің бойыңызды түзеп, кем-кетіктеріңізді жою үшін жұмыс істеңіз. Жол ортада жоспарларды өзгертуге тура келеді, бірақ бұл бірқатар мәселені шешуде пайдаға жарайды. Алаңдаушылық пен ашушаңдыққа бой алдырмаңыз, бәрі өз ретімен шешіледі. Егер бүгінгі жұмыс күні ойдағыдай өтпесе, ашуланбаңыз және асығыс шешім қабылдамаңыз, бұл түсінбестік. Ескі дос жаңа екі достан артық екенін есте сақтаңыз: жаңа адамдармен танысқанда ескі жолдастарды ұмытпаңыз. Күйзеліспен қалай күресуге болатынын ойланыңыз, өйткені ол сіздің көңіл-күйіңізге әсер етеді. Көбірек ұйықтауға, аз тамақтануға, әр кеш сайын серуендеуге және жаттығуға тырысыңыз. Уақыт өте келе бәрі оңалады. Бұл күні сабырлы болыңыз, оқуға зейін қойыңыз, өзекті мәселелерді шешіңіз және ақпарат жинаңыз. Көп нәрсеге ашулануыңыз мүмкін, бірақ сабырлық танытсаңыз, кедергілерді айналып өтесіз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032986-bugingi-zuldyz-zoramal-20-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
20 тамыз 2023, 00:01
kk
"Қазақстан" шахтасындағы апат: төртінші кеншінің денесі табылды
"Қазақстан" шахтасында жоғалған төртінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Төртінші кеншінің денесі табылды. Ол – 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электр шебері Халиков Артур Ринатович. Оның еңбек өтілі – 10 жыл. Марқұмның әріптестері мен компанияның барлық ұжымы мезгілсіз өмірден өткен әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, төртінші кеншінің денесі бүгін, 19 тамызда сағат 18:14-те табылған. Марқұмның денесі тау-кен құтқару взводы командирінің орынбасары Самат Шошимовтың басшылығымен, екі бөлімшенің күшімен табылған. "КӘАҚҚ РОШ бөлімшелері Д-6 конвейерлік беткейінде жоғарыдан төмен қарай бесінші кеншінің болжамды орналасу бағытында іздестіруді жалғастыруда", - дейді ТЖМ өкілдері. ТЖМ мәліметінше, іздестіру жұмыстарына апатты учаскедегі үздіксіз түтін, жоғары температура (65 градус) және үйінділер түріндегі кедергілер қиындық келтіруде. Сондай-ақ ведомство жергілікті өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары тоқтатылғанын, барлық күш іздестіру жұмысына бағытталғанын атап өтті. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін үш кеншінің денесі табылды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ олардың аты-жөнін хабарлады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы айтылды. Бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілердің халін сұрады.
"Қазақстан" шахтасында жоғалған төртінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Төртінші кеншінің денесі табылды. Ол – 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электр шебері Халиков Артур Ринатович. Оның еңбек өтілі – 10 жыл. Марқұмның әріптестері мен компанияның барлық ұжымы мезгілсіз өмірден өткен әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, төртінші кеншінің денесі бүгін, 19 тамызда сағат 18:14-те табылған. Марқұмның денесі тау-кен құтқару взводы командирінің орынбасары Самат Шошимовтың басшылығымен, екі бөлімшенің күшімен табылған. "КӘАҚҚ РОШ бөлімшелері Д-6 конвейерлік беткейінде жоғарыдан төмен қарай бесінші кеншінің болжамды орналасу бағытында іздестіруді жалғастыруда", - дейді ТЖМ өкілдері. ТЖМ мәліметінше, іздестіру жұмыстарына апатты учаскедегі үздіксіз түтін, жоғары температура (65 градус) және үйінділер түріндегі кедергілер қиындық келтіруде. Сондай-ақ ведомство жергілікті өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары тоқтатылғанын, барлық күш іздестіру жұмысына бағытталғанын атап өтті. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін үш кеншінің денесі табылды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ олардың аты-жөнін хабарлады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы айтылды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033156-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-tortinsi-kensinin-denesi-tabyldy/
19 тамыз 2023, 19:29
kk
"Қазақстан" шахтасында қаза тапқан тағы екі кеншінің аты-жөні белгілі болды
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында қаза болған тағы екі кеншінің аты-жөні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Айта кетейік, бұған дейін компания шахтадағы апат кезінде 1965 жылы туған жерасты электр шебері (еңбек өтілі – 39 жыл) Слюньков Виталий Владимировичтің қайтыс болғанын хабарлаған еді. Кейін іздестіріліп жатқан бес кеншінің тағы екеуінің денесі табылды. Компания мәліметінше, қазіргі таңда олардың да аты-жөні белгілі болған. Шахтада қаза болған марқұмдар: "Екі кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалып жатыр", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы айтылды. Бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілердің халін сұрады.
Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында қаза болған тағы екі кеншінің аты-жөні белгілі болды. Бұл туралы тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Айта кетейік, бұған дейін компания шахтадағы апат кезінде 1965 жылы туған жерасты электр шебері (еңбек өтілі – 39 жыл) Слюньков Виталий Владимировичтің қайтыс болғанын хабарлаған еді. Кейін іздестіріліп жатқан бес кеншінің тағы екеуінің денесі табылды. Компания мәліметінше, қазіргі таңда олардың да аты-жөні белгілі болған. Шахтада қаза болған марқұмдар: "Екі кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалып жатыр", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы айтылды.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033154-qazaqstan-saxtasynda-qaza-bolgan-tagy-eki-zumyssynyn-aty-zoni-belgili-boldy/
19 тамыз 2023, 18:12
kk
"500-ге тарта баланы аяғына тұрғызған": сал ауруына шалдыққан балаларға көмектесіп жүрген дәрігер жайлы не білеміз
Абай облысында үш мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оның мыңнан астамына сал ауруы диагнозы қойылған. Бұл санаттағы жандарға семейлік жасдәрігер Данияр Болатов көмек қолын созып жүр, деп хабарлайды "Хабар24" арнасы. Телеарна мәліметінше, Данияр 10 жылдық еңбек тәжірибесінде 500-ге тарта балаға аяғына тұруына көмектескен. Мәселен, Қарағанды қаласының тұрғыны Эльнара Смағұлова бес жасар қызын Семейге арнайы алып келген. Қызының Данияр Болатовтың нұсқаулығыменемдік дене шынықтыру жаттығуларын жасапжүргеніне үш жылға жуықтаған. "Ол әуелі бізге Қарағандыға келіп жүрді. Қазір біз Семейге келіп, ем қабылдап жатырмыз. Осы уақыт аралығында қызым еңбектеуді, өз бетімен отыруды үйренді. Бүгінде ақырындап жүруге талпына бастады. Біз бұған дейін көптеген маманның алдына бардық. Даниярға келгелі қызымның денсаулығы әжептәуір жақсарды", - дейді Эльнара Смағұлова. Телеарнаның хабарлауынша, дәрігер күніне 10 адамға ем-дом жасайды. Емдік дене шынықтыру курсы 1 жылдан 5 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Әр баланы жеке бағдарлама бойынша емдейді. "Ми ошағының зақымдануына байланысты. Кейбіреулеріне жарты жыл да жеткілікті. Кейбіреулеріне 5 жыл да аз болады деген сияқты", - дейді Данияр. Даниярдың айтуынша, жұмысындағы ең бірінші керек қасиет балалармен тіл табыса білу. "Сол бірінші орында тұрады деп ойлаймын. Білімді де қажет етеді. Жыл сайын жан-жаққа барып білім аламыз. Сондай-ақ шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді", - дейді емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы Данияр Болатов. Айта кетейік, бүгінде Абай облысында тірек қимыл аппараты бұзылған және сал ауруына шалдыққан балалардың ем алуы үшін Семейде 150 орындық оңалту орталығы жұмыс істеуде. Алдағы уақытта облыста осындай бірнеше нысан салынады деп жоспарлануда.
Абай облысында үш мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оның мыңнан астамына сал ауруы диагнозы қойылған. Бұл санаттағы жандарға семейлік жасдәрігер Данияр Болатов көмек қолын созып жүр, деп хабарлайды "Хабар24" арнасы. Телеарна мәліметінше, Данияр 10 жылдық еңбек тәжірибесінде 500-ге тарта балаға аяғына тұруына көмектескен. Мәселен, Қарағанды қаласының тұрғыны Эльнара Смағұлова бес жасар қызын Семейге арнайы алып келген. Қызының Данияр Болатовтың нұсқаулығыменемдік дене шынықтыру жаттығуларын жасапжүргеніне үш жылға жуықтаған. "Ол әуелі бізге Қарағандыға келіп жүрді. Қазір біз Семейге келіп, ем қабылдап жатырмыз. Осы уақыт аралығында қызым еңбектеуді, өз бетімен отыруды үйренді. Бүгінде ақырындап жүруге талпына бастады. Біз бұған дейін көптеген маманның алдына бардық. Даниярға келгелі қызымның денсаулығы әжептәуір жақсарды", - дейді Эльнара Смағұлова. Телеарнаның хабарлауынша, дәрігер күніне 10 адамға ем-дом жасайды. Емдік дене шынықтыру курсы 1 жылдан 5 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Әр баланы жеке бағдарлама бойынша емдейді. "Ми ошағының зақымдануына байланысты. Кейбіреулеріне жарты жыл да жеткілікті. Кейбіреулеріне 5 жыл да аз болады деген сияқты", - дейді Данияр. Даниярдың айтуынша, жұмысындағы ең бірінші керек қасиет балалармен тіл табыса білу. "Сол бірінші орында тұрады деп ойлаймын. Білімді де қажет етеді. Жыл сайын жан-жаққа барып білім аламыз. Сондай-ақ шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді", - дейді емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы Данияр Болатов. Айта кетейік, бүгінде Абай облысында тірек қимыл аппараты бұзылған және сал ауруына шалдыққан балалардың ем алуы үшін Семейде 150 орындық оңалту орталығы жұмыс істеуде.
Денсаулық
false
https://kaz.nur.kz/health/2033153-500-ge-tarta-balany-ayagyna-turgyzgan-sal-auruyna-saldyqqan-balalarga-komektesip-zurgen-dariger-zaily-ne-bilemiz/
19 тамыз 2023, 17:50
kk
"Удың бетін қайтаратын ем алуда": Ақтөбе облысында екі бала белгісіз заттан уланып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылында екі бала белгісіз заттан уланып қалды. Қазір тексеру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттіктің облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 18 тамыз күні тіркелген. Сағат 23:00 шамасында Қобда ауданының орталық ауруханасына "белгісіз заттан улану" диагнозымен 3 және 5 жастағы екі бала жеткізілген. Жанында фельдшер мен анасы, әжесі болған. "Бес жастағы ұлдың жағдайы ауыр. Сандырақтап жатты. Сонымен бірге үш жастағы қыз баланың да жағдайы ауыр, әлсіз күйінде жеткізілді. Олардың дене қызуы жоғары болды. Туыстарының айтуынша, қызуы көтеріліп, сандырақтап, әлсірей берген. Жан-жақты сұрақ-жауап кезінде садақа болып, балалардың ауылда ойнап жүргені анықталды. Олар сағат шамамен 18:00-де үйге келген. Ауырған соң фельдшер шақырған. Өздері парацетамол беріп, қызуын түсірмек болған. Алғашқы кезде неден уланғаны белгісіз еді. Кейін ауылда итжидек өсетіні анықталды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев. Балаларды реаниматологтар қарап шыққан. Түрлі сынама алынған. Медициналық авиацияға хабар беріліп, дәрігерлер кеңес өткізген. "Қазіргі кезде балалардың дене қызуы сәл төмен түсті. Бүгін таңғы сағат 03:00 шамасында елітіп, қайта сандырақтай бастаған. Бір сағаттан соң медавиация, оның ішінде реаниматолог барды. Екеуі де Ана мен бала орталығына жеткізілді. Реаниматологтар республикалық әріптестерімен ақылдасты. Қазір балалардың жағдайы ауыр. Қайта-қайта сандырақтап кетеді. Удың бетін қайтаратын ем алып жатыр", - дейді Рүстем Исаев.
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылында екі бала белгісіз заттан уланып қалды. Қазір тексеру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттіктің облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 18 тамыз күні тіркелген. Сағат 23:00 шамасында Қобда ауданының орталық ауруханасына "белгісіз заттан улану" диагнозымен 3 және 5 жастағы екі бала жеткізілген. Жанында фельдшер мен анасы, әжесі болған. "Бес жастағы ұлдың жағдайы ауыр. Сандырақтап жатты. Сонымен бірге үш жастағы қыз баланың да жағдайы ауыр, әлсіз күйінде жеткізілді. Олардың дене қызуы жоғары болды. Туыстарының айтуынша, қызуы көтеріліп, сандырақтап, әлсірей берген. Жан-жақты сұрақ-жауап кезінде садақа болып, балалардың ауылда ойнап жүргені анықталды. Олар сағат шамамен 18:00-де үйге келген. Ауырған соң фельдшер шақырған. Өздері парацетамол беріп, қызуын түсірмек болған. Алғашқы кезде неден уланғаны белгісіз еді. Кейін ауылда итжидек өсетіні анықталды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев. Балаларды реаниматологтар қарап шыққан. Түрлі сынама алынған. Медициналық авиацияға хабар беріліп, дәрігерлер кеңес өткізген. "Қазіргі кезде балалардың дене қызуы сәл төмен түсті. Бүгін таңғы сағат 03:00 шамасында елітіп, қайта сандырақтай бастаған. Бір сағаттан соң медавиация, оның ішінде реаниматолог барды. Екеуі де Ана мен бала орталығына жеткізілді. Реаниматологтар республикалық әріптестерімен ақылдасты. Қазір балалардың жағдайы ауыр. Қайта-қайта сандырақтап кетеді.
Денсаулық
false
https://kaz.nur.kz/health/2033149-udyn-betin-qaitaratyn-em-alyp-zatyr-aqtobe-oblysynda-eki-bala-belgisiz-zattan-ulanyp-auyr-zagdaida-auruxanaga-tusti/
19 тамыз 2023, 16:23
kk
"30 жылға жуық уақыт ішінде күйреуін ғана көріп отырмыз": Смайылов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметін қатаң сынға алды
Шахтинск қаласында премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның "Қазақстан" шахтасындағы жағдай бойынша кеңес өтті. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады. Премьер-министрдің айтуынша, болған қайғылы оқиға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заң бұзушылықтармен тікелей байланысты. "Бұл – ең алдымен, кәсіпорын иесінің кінәсі. Олардың өздерін компанияның тыныс-тіршілігінентолықтай шеттетуі бірнеше жыл бойы қайғылы салдарға әкеп соғуда. Көріп отырғанымыздай, жұмысшылар үшін тиісті қауіпсіздік деңгейі сақталмай, кәсіпорын жұмысының барлық кезеңінде басты назар тек пайда табуға аударылған. Сондықтан да апаттар жиі қайталануда. Ең қайғылысы, адамдардың өліміне алып келуде", - дейді Әлихан Смайылов. Үкімет басшысы атап өткендей, "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар және елеулі инвестициялардың бағытталатыны жөнінде әрдайым мәлімдеп келеді. Алайда болып жатқан апаттар мен қайғылы оқиғалар керісінше жағдайды көрсетіп отыр. "АрселорМиттал Теміртау" нысандарында соңғы 15 жылда 100-ден астам адам қаза тапты. Бұл сан жыл сайын өсіп келеді. "АрселорМиттал" халықаралық компаниялар тобындағы әрбір екінші қаза қазақстандық дивизионға тиесілі болып отыр", - дейді Әлихан Смайылов. Оның сөзінше, аймақтағы экологиялық жағдай да ерекше назар аударуды қажет етеді. Теміртаудағы барлық зиянды шығарындының 88 пайызы осы кәсіпорынға тиесілі. Нәтижесінде қала тұрғындарында онкологиялық аурулардың, тыныс алу жолдары ауруларының және басқа да сырқаттардың өсуі байқалады. "Атап өткеніміздей, кәсіпорын өндірісті жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу бойынша шаралар қабылдамайды. 30 жылға жуық уақыт ішінде біз комбинаттың күйреуін ғана көріп отырмыз. Жекешелендіру кезінен бері оның өндірістік көрсеткіштері жартысына дейін төмендеді. Болат шығару көлемі өткен жылы 6 млн тоннадан 3 млн тоннаға дейін – екі есеге қысқарды. Көмір өндіру төрттен бір бөлікке азайды", - дейді премьер-министр. Сондай-ақ үкімет басшысы компания лонжеронды және электротехникалық болатты, басқа да жоғары маржиналды номенклатураларды шығару бойынша құзыреттерінен айырылғанын айтты. Салдарынан жұмыспен қамтылғандар саны 72 мыңнан қазіргі 30 мың адамға дейін қысқарған. Әлихан Смайылов инвестициялар бойынша міндеттемелер де мәз емес екенін атап өтті – олар декларацияланып, бірақ орындалмай келеді. 2018 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және "АрселорМиттал Теміртау" арасында Кәсіпорынды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасына қол қойылған. "Инвестициялар 305 млрд теңге көлемінде мәлімделген еді. Алайда бұл міндеттемелер орындалмады", - дейді үкімет басшысы. 2021 жылы $3 млрд-тан астам сомаға Жаңғыртуға инвестициялар құю туралы келісімге қол қою жоспарланған. Алайда компания тек $1 млрд-тық жоба ұсынған. "Іс жүзінде бұл қаражат ағымдағы жөндеуге бағытталып, жаңғыртуға арналған ұзақ мерзімді инвестиция емес еді", - дейді Әлихан Смайылов. Кеңес соңында премьер-министр апатты тез арада жою жөнінде жедел шаралар қабылдау, оның себептерін жан-жақты зерттеу және осы қайғылы оқиғаға кінәлілерді анықтау қажеттігін атап өтті. "Қарағанды облысының әкімдігі “АрселорМиттал Теміртаумен” бірлесіп, қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіп, оның ішінде асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер тағайындап, жерлеу шараларына қаражат беру, жұмыс беруші есебінен қаза тапқандардың отбасына үй алып беру және моральдық зиянды өтеуді қамтамасыз етуі керек", - деп түйіндеді үкімет басшысы. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сол күні үшінші жұмысшының денесі табылды. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. Бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілердің халін сұрады.
Шахтинск қаласында премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның "Қазақстан" шахтасындағы жағдай бойынша кеңес өтті. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады. Премьер-министрдің айтуынша, болған қайғылы оқиға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заң бұзушылықтармен тікелей байланысты. "Бұл – ең алдымен, кәсіпорын иесінің кінәсі. Олардың өздерін компанияның тыныс-тіршілігінентолықтай шеттетуі бірнеше жыл бойы қайғылы салдарға әкеп соғуда. Көріп отырғанымыздай, жұмысшылар үшін тиісті қауіпсіздік деңгейі сақталмай, кәсіпорын жұмысының барлық кезеңінде басты назар тек пайда табуға аударылған. Сондықтан да апаттар жиі қайталануда. Ең қайғылысы, адамдардың өліміне алып келуде", - дейді Әлихан Смайылов. Үкімет басшысы атап өткендей, "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар және елеулі инвестициялардың бағытталатыны жөнінде әрдайым мәлімдеп келеді. Алайда болып жатқан апаттар мен қайғылы оқиғалар керісінше жағдайды көрсетіп отыр. "АрселорМиттал Теміртау" нысандарында соңғы 15 жылда 100-ден астам адам қаза тапты. Бұл сан жыл сайын өсіп келеді. "АрселорМиттал" халықаралық компаниялар тобындағы әрбір екінші қаза қазақстандық дивизионға тиесілі болып отыр", - дейді Әлихан Смайылов. Оның сөзінше, аймақтағы экологиялық жағдай да ерекше назар аударуды қажет етеді. Теміртаудағы барлық зиянды шығарындының 88 пайызы осы кәсіпорынға тиесілі. Нәтижесінде қала тұрғындарында онкологиялық аурулардың, тыныс алу жолдары ауруларының және басқа да сырқаттардың өсуі байқалады. "Атап өткеніміздей, кәсіпорын өндірісті жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу бойынша шаралар қабылдамайды. 30 жылға жуық уақыт ішінде біз комбинаттың күйреуін ғана көріп отырмыз. Жекешелендіру кезінен бері оның өндірістік көрсеткіштері жартысына дейін төмендеді. Болат шығару көлемі өткен жылы 6 млн тоннадан 3 млн тоннаға дейін – екі есеге қысқарды. Көмір өндіру төрттен бір бөлікке азайды", - дейді премьер-министр. Сондай-ақ үкімет басшысы компания лонжеронды және электротехникалық болатты, басқа да жоғары маржиналды номенклатураларды шығару бойынша құзыреттерінен айырылғанын айтты. Салдарынан жұмыспен қамтылғандар саны 72 мыңнан қазіргі 30 мың адамға дейін қысқарған. Әлихан Смайылов инвестициялар бойынша міндеттемелер де мәз емес екенін атап өтті – олар декларацияланып, бірақ орындалмай келеді. 2018 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және "АрселорМиттал Теміртау" арасында Кәсіпорынды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасына қол қойылған. "Инвестициялар 305 млрд теңге көлемінде мәлімделген еді. Алайда бұл міндеттемелер орындалмады", - дейді үкімет басшысы. 2021 жылы $3 млрд-тан астам сомаға Жаңғыртуға инвестициялар құю туралы келісімге қол қою жоспарланған. Алайда компания тек $1 млрд-тық жоба ұсынған. "Іс жүзінде бұл қаражат ағымдағы жөндеуге бағытталып, жаңғыртуға арналған ұзақ мерзімді инвестиция емес еді", - дейді Әлихан Смайылов. Кеңес соңында премьер-министр апатты тез арада жою жөнінде жедел шаралар қабылдау, оның себептерін жан-жақты зерттеу және осы қайғылы оқиғаға кінәлілерді анықтау қажеттігін атап өтті. "Қарағанды облысының әкімдігі “АрселорМиттал Теміртаумен” бірлесіп, қаза тапқандар мен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіп, оның ішінде асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер тағайындап, жерлеу шараларына қаражат беру, жұмыс беруші есебінен қаза тапқандардың отбасына үй алып беру және моральдық зиянды өтеуді қамтамасыз етуі керек", - деп түйіндеді үкімет басшысы. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сол күні үшінші жұмысшының денесі табылды. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033145-30-zylga-zuyq-uaqyt-isinde-kuireuin-gana-korip-otyrmyz-alixan-smaiylov-arselormittal-temirtau-aq-nyn-qyzmetin-qatan-synga-aldy/
19 тамыз 2023, 14:51
kk
Түркістан облысында жол апатынан төрт адам мерт болды
Түркістан облысында жол апатынан төрт адам қаза болды, деп хабарлайды Түркістан облысының полиция департаменті Telegram-дағы ресми арнасында. Ведомство мәліметінше, 18 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-ның 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Анықталғандай облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тасжолының бойында Nissan көлігі жолдың қарама-қарсы бағыттағы бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан. Бұл дерек Қылмыстық-кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелген. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалған. Сондай-ақ полиция Nissan көлігінің жүргізушісі қамауға алынғанын, ол уақытша ұстау изоляторында екенін атап өтті. Еске сала кетейік, бұған дейін Балқаш-Приозерск тасжолында, Гүлшат ауылынан 5 шақырым жерде екі көлік соқтығысып, 9 адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.
Түркістан облысында жол апатынан төрт адам қаза болды, деп хабарлайды Түркістан облысының полиция департаменті Telegram-дағы ресми арнасында. Ведомство мәліметінше, 18 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-ның 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Анықталғандай облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тасжолының бойында Nissan көлігі жолдың қарама-қарсы бағыттағы бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан. Бұл дерек Қылмыстық-кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелген. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалған. Сондай-ақ полиция Nissan көлігінің жүргізушісі қамауға алынғанын, ол уақытша ұстау изоляторында екенін атап өтті.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033143-turkistan-oblysynda-zol-apatynan-4-adam-mert-boldy/
19 тамыз 2023, 14:09
kk
Әлихан Смайылов "Қазақстан" шахтасындағы апат туралы: Жауапты тұлғалардың барлығы жазаланады
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілерге барды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады. Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында Әлихан Смайылов қаза тапқан кеншілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан. "Сіздердің орны толмас қайғыларыңызға ортақпыз", — деді премьер-министр. Сондай-ақ үкімет басшысы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шахтадағы апаттың себептерін егжей-тегжейлі зерттейтін арнайы комиссия құрылғанын атап өткен. "Жауаптытұлғалардың барлығы тиісті түрде жазаланады. Былтыр да осындай жағдай болған. Ол кезде басшылық барлық қажетті шараны қабылдап, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инвестиция салуға уәде берген еді. Бірақ, көріп отырғанымыздай, қайғылы оқиға қайталанып отыр, қажетті көлемде қаражат бөлінбеуде. Сондықтан қазір бұл компанияның иесі бойынша қандай шара қабылданады деген сұрақ қойылды. Өткен қайғылы оқиғалар бойынша тергеу жұмыстары аяқталу үстінде. Қыркүйек айында материалдар сотқа жіберіліп, кінәлілер, оның ішінде компанияның топ-менеджменті жауапқа тартылады деп күтілуде. Бұл істі соңына дейін жеткіземіз", — дейді премьер-министр. Кездесу барысында қаза тапқандардың барлығының отбасына мемлекет пен жұмыс беруші қажетті қолдау көрсететіні атап өтілген. Атап айтқанда: Осы міндеттемелердің барлығын орындау "АрселорМиттал Теміртау" АҚ меншік иесі ауысқан жағдайда да жалғасатын болып белгіленген. Премьер-министр атап өткендей, қазіргі уақытта "АрселорМиттал Теміртауда" халықаралық компанияларды тарта отырып, экологиялық аудит және өнеркәсіптік қауіпсіздік аудиті аяқталуда. Олар қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде, нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданады. Сонымен қатар кездесу барысында кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі көтерілген. Әлихан Смайылов қазіргі уақытта шахтерларға ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатқанын атап өткен. Сондай-ақ премьер-министр Қарағандыдағы профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасындағы зардап шеккен кеншілерге барған. "Тезірек сауығып, отбасыларыңызға оралыңыздар", — дейді Әлихан Смайылов. Зардап шеккен кеншілермен кездесуде кәсіпорын шахтерларға еңбекке жарамсыздық кезеңінде орташа еңбекақының 100 пайыз мөлшерінде төлем жүргізетіні, дәрілік заттардың шығынын төлейтіні, санаторий-курорттық ем алуға мүмкіндік жасайтыны және моральдық зиян өтелетіні атап өтілген. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сол күні үшінші жұмысшының денесі табылды. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды. Бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайылов апат болған Қарағанды облысына барды.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілерге барды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады. Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында Әлихан Смайылов қаза тапқан кеншілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан. "Сіздердің орны толмас қайғыларыңызға ортақпыз", — деді премьер-министр. Сондай-ақ үкімет басшысы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шахтадағы апаттың себептерін егжей-тегжейлі зерттейтін арнайы комиссия құрылғанын атап өткен. "Жауаптытұлғалардың барлығы тиісті түрде жазаланады. Былтыр да осындай жағдай болған. Ол кезде басшылық барлық қажетті шараны қабылдап, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инвестиция салуға уәде берген еді. Бірақ, көріп отырғанымыздай, қайғылы оқиға қайталанып отыр, қажетті көлемде қаражат бөлінбеуде. Сондықтан қазір бұл компанияның иесі бойынша қандай шара қабылданады деген сұрақ қойылды. Өткен қайғылы оқиғалар бойынша тергеу жұмыстары аяқталу үстінде. Қыркүйек айында материалдар сотқа жіберіліп, кінәлілер, оның ішінде компанияның топ-менеджменті жауапқа тартылады деп күтілуде. Бұл істі соңына дейін жеткіземіз", — дейді премьер-министр. Кездесу барысында қаза тапқандардың барлығының отбасына мемлекет пен жұмыс беруші қажетті қолдау көрсететіні атап өтілген. Атап айтқанда: Осы міндеттемелердің барлығын орындау "АрселорМиттал Теміртау" АҚ меншік иесі ауысқан жағдайда да жалғасатын болып белгіленген. Премьер-министр атап өткендей, қазіргі уақытта "АрселорМиттал Теміртауда" халықаралық компанияларды тарта отырып, экологиялық аудит және өнеркәсіптік қауіпсіздік аудиті аяқталуда. Олар қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде, нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданады. Сонымен қатар кездесу барысында кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі көтерілген. Әлихан Смайылов қазіргі уақытта шахтерларға ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатқанын атап өткен. Сондай-ақ премьер-министр Қарағандыдағы профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасындағы зардап шеккен кеншілерге барған. "Тезірек сауығып, отбасыларыңызға оралыңыздар", — дейді Әлихан Смайылов. Зардап шеккен кеншілермен кездесуде кәсіпорын шахтерларға еңбекке жарамсыздық кезеңінде орташа еңбекақының 100 пайыз мөлшерінде төлем жүргізетіні, дәрілік заттардың шығынын төлейтіні, санаторий-курорттық ем алуға мүмкіндік жасайтыны және моральдық зиян өтелетіні атап өтілген. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сол күні үшінші жұмысшының денесі табылды. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033140-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-alixan-smaiylov-qaza-tapqan-kensilerdin-zaqyndarymen-kezdesip-zardap-sekkenderdin-xalin-surady/
19 тамыз 2023, 13:18
kk
Мемлекет басшысы жақын күндері Вьетнамға ресми сапармен барады
Мемлекет басшысы 20-22 тамыз күндері Вьетнам астанасы Ханойға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Ханойға Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен бара жатыр. Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады, деп күтілуде. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы 20-22 тамыз күндері Вьетнам астанасы Ханойға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Ханойға Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен бара жатыр. Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады, деп күтілуде.
Саясат және экономика
false
https://kaz.nur.kz/politics/2033138-memleket-bassysy-zaqyn-kunderi-xanoiga-resmi-saparmen-barady/
19 тамыз 2023, 12:41
kk
"Бір көлікте бір отбасы болған": Балқашта 9 адам қаза тапқан жол апатына қатысты жаңа дерек шықты
Қарағанды облысында 9 адам қаза болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа мәліметтер шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 19 тамыз күні таңғы 06.00 шамасында Екатеринбург-Алматы тасжолының 1904 километрінде, Гүлшат ауылының аймағында болған. Аталмыш аймақта қазіргі таңда қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан көлік қозғалысы тек бір бағытта жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болған аймақта күн ашық болған, жаңбыр жаумаған. Ауа температурасы +20 градус. "Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Honda Odyssey көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 9 адам қаза болып, бір адам жарақат алды", - деп хабардар етті "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметінен. Компания дерегінше, Toyota Camry көлігінде бір отбасының төрт мүшесі болған. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмса, 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген. Ал Honda Odyssey көлігінде болған алты адамның барлығы қаза тапқан. Қазіргі таңда олардың жеке басы анықталуда. Еске сала кетейік, бұған дейін Балқаш қаласының полициясы бүгін, 19 тамызда Балқаш-Приозерск тасжолында, Гүлшат ауылынан 5 шақырым жерде екі көлік соқтығысып, 9 адам қайтыс болғанын хабарлаған еді.
Қарағанды облысында 9 адам қаза болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа мәліметтер шықты. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 19 тамыз күні таңғы 06.00 шамасында Екатеринбург-Алматы тасжолының 1904 километрінде, Гүлшат ауылының аймағында болған. Аталмыш аймақта қазіргі таңда қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан көлік қозғалысы тек бір бағытта жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болған аймақта күн ашық болған, жаңбыр жаумаған. Ауа температурасы +20 градус. "Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Honda Odyssey көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 9 адам қаза болып, бір адам жарақат алды", - деп хабардар етті "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметінен. Компания дерегінше, Toyota Camry көлігінде бір отбасының төрт мүшесі болған. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмса, 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген. Ал Honda Odyssey көлігінде болған алты адамның барлығы қаза тапқан. Қазіргі таңда олардың жеке басы анықталуда.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033135-bir-kolikte-bir-otbasy-bolgan-balqasta-9-adam-qaza-tapqan-zol-apatyna-qatysty-tyn-derek-syqty/
19 тамыз 2023, 12:26
kk
"Қазақстан шахтасындағы апат": үкімет басшысы Қарағанды облысына барды
Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов шахтада апат болып, үш адам қаза болған Қарағанды облысына барды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлихан Смайылов "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың отбасы мүшелерімен кездеседі, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді. Сондай-ақ премьер-министр Шахтинск қаласында бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлескен, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездескен. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сол күні үшінші жұмысшының денесі табылды. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.
Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов шахтада апат болып, үш адам қаза болған Қарағанды облысына барды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлихан Смайылов "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың отбасы мүшелерімен кездеседі, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді. Сондай-ақ премьер-министр Шахтинск қаласында бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлескен, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездескен. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сол күні үшінші жұмысшының денесі табылды. Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033134-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-ukimet-bassysy-qaragandy-oblysyna-bardy/
19 тамыз 2023, 11:33
kk
Астанада мешіт маңындағы жол белгісін елемеген ондаған көлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірінен айырылды
Елордадағы "Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасы маңында тоқтауға тыйым салынған жол белгісін елемеген ондаған көлік жүргізушісінің мемлекеттік нөмірі тәркіленген. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы ресми сайтында хабарлады. Компания мәліметінше, "Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасында автобустардың тоқтауына кедергі келтіру әрекетін анықтау мақсатында CTS көліктік бақылау департаменті полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 15 тамыздан бері рейд өткізіп жатыр. Компания өкілдерінің түсіндіруінше, Тәуелсіздік даңғылында Ахмет Байтұрсынов көшесі бағытында орналасқан аялдамада басқа көлік құралдары үшін "Аялдама, тұраққа тыйым салынады" жол белгісі бар. "Оны елемей, көлік құралдарының жүргізушілері жеке және қызметтік көліктерді жол бойында қалдырады. Бұл қоғамдық көліктің қозғалысын қиындатады", - дейді компания өкілдері. CTS-тің хабарлауынша, полициямен бірлескен жұмыс нәтижесінде 80 көлік иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізілген, 50 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылған, сондай-ақ 30 автокөліктің мемлекеттік нөмірі тәркіленген. "Автокөлік жүргізушілерін жол жүру ережелерін сақтауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына сыйластық танытуға шақырамыз", - дейді компания өкілдері. Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық полицейлер қаладағы "Әзірет Сұлтан мешіті" маңындағы аялдамада бақылауды күшейткенін, жүргізушілерді мешіт аялдамасының маңындағы жолдың бойында көліктерді қалдырмауға шақырған еді.
Елордадағы "Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасы маңында тоқтауға тыйым салынған жол белгісін елемеген ондаған көлік жүргізушісінің мемлекеттік нөмірі тәркіленген. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы ресми сайтында хабарлады. Компания мәліметінше, "Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасында автобустардың тоқтауына кедергі келтіру әрекетін анықтау мақсатында CTS көліктік бақылау департаменті полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 15 тамыздан бері рейд өткізіп жатыр. Компания өкілдерінің түсіндіруінше, Тәуелсіздік даңғылында Ахмет Байтұрсынов көшесі бағытында орналасқан аялдамада басқа көлік құралдары үшін "Аялдама, тұраққа тыйым салынады" жол белгісі бар. "Оны елемей, көлік құралдарының жүргізушілері жеке және қызметтік көліктерді жол бойында қалдырады. Бұл қоғамдық көліктің қозғалысын қиындатады", - дейді компания өкілдері. CTS-тің хабарлауынша, полициямен бірлескен жұмыс нәтижесінде 80 көлік иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізілген, 50 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылған, сондай-ақ 30 автокөліктің мемлекеттік нөмірі тәркіленген. "Автокөлік жүргізушілерін жол жүру ережелерін сақтауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына сыйластық танытуға шақырамыз", - дейді компания өкілдері.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033126-astanadagy-mesit-manyndagy-zol-belgisin-elemegen-ondagan-kolik-zurgizusisi-memlekettik-nomirinen-aiyryldy/
19 тамыз 2023, 10:10
kk
2023 жылғы 19 тамыз: Криптовалюталардың долларға шаққандағы бағамы
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 19 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $435.65-ға төмендеді. Бүгін актив $26,204.1667214* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00119-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 19 тамыз күні $0.07289818*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $17.58-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,670.70972224*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0037-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.30503582* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0003-ға өсті. TUSD бағамы 2023 жылғы 19 тамыз күні $0.99931344*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.41-ға әлсіреді. Актив $64.60785367* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.21-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $15.50027318*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0111-ға қымбаттады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.50360614*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00281-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.06270351* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген. Бағамдарға қатысты ақпарат мақала жарияланған сәтте өзекті.
Binance блокчейн-экожүйесінің ақпаратына сәйкес, криптовалюта нарығындағы 2023 жылғы 19 тамыз күнгі жағдай мынадай: Биткоиннің долларға шаққандағы бағамы өткен тәулік ішінде $435.65-ға төмендеді. Бүгін актив $26,204.1667214* төңірегінде саудаланады. Tronix криптовалютасы бүгін кешегі күнмен салыстырғанда $0.00119-ға өсті. TRX бағамы 2023 жылғы 19 тамыз күні $0.07289818*-ды құрап отыр. Ethereum-нің долларға шаққандағы бағамы $17.58-ға төмендеді. Аталған криптовалютаның құны бүгінде $1,670.70972224*-ды құрап отыр. Decentraland криптовалютасы тәулік ішінде $0.0037-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта актив $0.30503582* деңгейінде саудаланып жатыр. True USD тәулік ішінде $0.0003-ға өсті. TUSD бағамы 2023 жылғы 19 тамыз күні $0.99931344*-ды құрап отыр. Litecoin криптовалютасы $0.41-ға әлсіреді. Актив $64.60785367* деңгейінде саудаланып жатыр. Ethereum Classic бағасы бүгінде $0.21-ға өсті. Криптовалютаның өзекті құны – $15.50027318*. Ripple өткен күнмен салыстырғанда $0.0111-ға қымбаттады. Криптовалютаның бүгінгі құны - $0.50360614*. Dogecoin кешегі күнмен салыстырғанда $0.00281-ға өсті. Қазіргі уақытта актив $0.06270351* деңгейінде саудаланып жатыр. *Материал Binance криптовалюталық биржасының деректері негізінде әзірленген.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033129-2023-zylgy-19-tamyz-kriptovalyutalardyn-dollarga-saqqandagy-bagamy/
19 тамыз 2023, 10:07
kk
Балқашта жантүршігерлік жол апатынан 9 адам қаза тапты (фото, видео)
Балқашта жол апатынан 9 адам қаза болды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы. Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадриннің мәліметінше, жол апаты 19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш-Приозерск тасжолында, Гүлшат ауылынан 5 шақырым жерде болған. Анықталғандай тасжолда Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысқан. "Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді Айткен Кадрин. Полиция өкілі аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.
Балқашта жол апатынан 9 адам қаза болды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы. Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадриннің мәліметінше, жол апаты 19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш-Приозерск тасжолында, Гүлшат ауылынан 5 шақырым жерде болған. Анықталғандай тасжолда Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысқан. "Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді Айткен Кадрин.
Оқыс оқиғалар
false
https://kaz.nur.kz/accidents/2033125-balqasta-zol-apatynan-9-adam-qaza-tapty/
19 тамыз 2023, 09:41
kk
2023 жылғы 19 тамыз: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 19 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 461.71 (-1.48), еуроға шаққандағы бағамы – 501.69 (-1.89) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.95 (-0.04). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 454.50 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 494.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.98 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.50 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.50 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз. *Валюталарды сату және сатып алу бойынша ең тиімді бағамдарға қатысты ақпарат мақаланы жариялаған сәтте өзекті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 19 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 461.71 (-1.48), еуроға шаққандағы бағамы – 501.69 (-1.89) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.95 (-0.04). Алматының ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 454.50 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 494.00 (Som Exchange) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Алматыда рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 4.98 (Som Exchange).* Астананың ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.50 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Астанада рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Шымкенттің ақша айырбастау орындары мен Қазақстанның банктерінде қолма-қол долларды, еуроны, рубльді сату және сатып алу бойынша ағымдағы бағамдар мынадай: Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте доллар сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 453.00 (CenterCredit) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 456.00 (CenterCredit).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте еуро сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 491.50 (Нурбанк) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 496.68 (Halyk Bank).* Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар: Шымкентте рубль сатып алу бойынша бүгінгі ең тиімді бағам 4.82 (Halyk Bank) болса, сату бойынша ең тиімдісі – 5.05 (CenterCredit).* Ақпарат ресми дереккөздерден – қазақстандық банктердің және Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарының сайттарынан алынды. Қалаңыздағы ең тиімді валюта бағамдары туралы ақпаратты бірінші алғыңыз келе ме? Telegram-да біздің ботқа жазылыңыз.
Қаржы
false
https://kaz.nur.kz/nurfin/2033123-2023-zylgy-19-tamyz-almaty-astana-zane-symkenttegi-qolma-qol-valyuta-bagamdary/
19 тамыз 2023, 09:07
kk
"Бірінде сауна жұмыс істеген, ішімдік ішілген": Ақтөбедегі балалар лагерьлерінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды
Ақтөбелік прокурорлар өңірдегі балалар лагерьлерінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған. Бұл туралы Ақтөбе облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады. Ведомство мәліметінше, алдын ала тексеру нәтижелері бойынша заңнама талаптарының, оның ішінде санитарлық нормалардың және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің талапқа сай емес екені анықталған. Лагерьлер тиісті санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз жұмыс істеген. Мәселен, облыс лагерлерінің бірінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан басқа, жер учаскесіне меншік құқығы болмаған, үй-жайдың өзі қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз салынған. "Прокуратура органдары тексеруді бастағаннан кейін лагерьлердің бірі өз қызметін тоқтатты, өйткені ол заң талаптарына сай келмеді. Тағы бір лагерьді тоқтата тұру мәселесі шешілуде. Қадағалау органының шараларымен балаларды талаптарға сай келмейтін лагерьге қабылдауға жол берілмеді", - делінген прокуратура хабарламасында. Сондай-ақ ведомство дерегінше, лагерьлердің бірінде сауна жұмыс істеген, онда бірнеше күн бұрын алкогольдік ішімдіктер ішілген (үстелде алкоголь ішімдіктерінің бос бөтелкелері анықталды). Ас блоктарының бөлмелерінде антисанитария жағдайы тіркелген (жәндіктер, шашылып жатқан заттар және тартылған темекілер). Тексеруге тартылған СЭС мамандары бактериялардың шайылуын зерттеу кезінде ішек таяқшаларын тапқан. "Лагерь корпустары жөндеуді қажет етеді, олардың кейбіреулерінде терезе саңылаулары жоқ, бұл табиғи жарық пен таза ауаның жетіспеушілігіне әкелген", - деп қосты прокуратурадан. Сонымен қатар қадағалау органының хабарлауынша, "Шұғыла" лагерінде балалардың тығыздығы бөлігінде бұзушылық анықталған, яғни, 218 балаға есептелген үй-жайда кәмелет жасына толмаған 268 бала орналастырылған. Бұдан бөлек біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерлерді, сондай-ақ тиісті біліктілігі мен медициналық сертификаты жоқ медицина қызметкерлерін жұмысқа қабылдау фактілері анықталған. "Тексеру жалғасуда, барлық анықталған бұзушылық бойынша прокурорлық қадағалаумен тиісті шаралар қабылданатын болады", - деп түйіндеді ведомство өкілдері. Еске сала кетейік, шілде айында ата-аналар Алматы маңындағы лагерь саунаның ішінде жасақталғанын айтып, дабыл қаққан еді. Осы жайттан кейін еліміздің бас прокурорының тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті. Тауяда Жетісу облысының прокуратурасы өңірдегі 9 балалар лагерінің қызметіне тексеріс жасап, бірқатар заңбұзушылықты анықтағанын хабарлады.
Ақтөбелік прокурорлар өңірдегі балалар лагерьлерінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған. Бұл туралы Ақтөбе облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады. Ведомство мәліметінше, алдын ала тексеру нәтижелері бойынша заңнама талаптарының, оның ішінде санитарлық нормалардың және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің талапқа сай емес екені анықталған. Лагерьлер тиісті санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз жұмыс істеген. Мәселен, облыс лагерлерінің бірінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан басқа, жер учаскесіне меншік құқығы болмаған, үй-жайдың өзі қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз салынған. "Прокуратура органдары тексеруді бастағаннан кейін лагерьлердің бірі өз қызметін тоқтатты, өйткені ол заң талаптарына сай келмеді. Тағы бір лагерьді тоқтата тұру мәселесі шешілуде. Қадағалау органының шараларымен балаларды талаптарға сай келмейтін лагерьге қабылдауға жол берілмеді", - делінген прокуратура хабарламасында. Сондай-ақ ведомство дерегінше, лагерьлердің бірінде сауна жұмыс істеген, онда бірнеше күн бұрын алкогольдік ішімдіктер ішілген (үстелде алкоголь ішімдіктерінің бос бөтелкелері анықталды). Ас блоктарының бөлмелерінде антисанитария жағдайы тіркелген (жәндіктер, шашылып жатқан заттар және тартылған темекілер). Тексеруге тартылған СЭС мамандары бактериялардың шайылуын зерттеу кезінде ішек таяқшаларын тапқан. "Лагерь корпустары жөндеуді қажет етеді, олардың кейбіреулерінде терезе саңылаулары жоқ, бұл табиғи жарық пен таза ауаның жетіспеушілігіне әкелген", - деп қосты прокуратурадан. Сонымен қатар қадағалау органының хабарлауынша, "Шұғыла" лагерінде балалардың тығыздығы бөлігінде бұзушылық анықталған, яғни, 218 балаға есептелген үй-жайда кәмелет жасына толмаған 268 бала орналастырылған. Бұдан бөлек біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерлерді, сондай-ақ тиісті біліктілігі мен медициналық сертификаты жоқ медицина қызметкерлерін жұмысқа қабылдау фактілері анықталған. "Тексеру жалғасуда, барлық анықталған бұзушылық бойынша прокурорлық қадағалаумен тиісті шаралар қабылданатын болады", - деп түйіндеді ведомство өкілдері. Еске сала кетейік, шілде айында ата-аналар Алматы маңындағы лагерь саунаның ішінде жасақталғанын айтып, дабыл қаққан еді. Осы жайттан кейін еліміздің бас прокурорының тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033119-birinde-sauna-zumys-istegen-isimdik-isilgen-aqtobedegi-balalar-lagerlerinde-oreskel-zanbuzusylyqtar-anyqtaldy/
19 тамыз 2023, 08:34
kk
Бүгінгі жұлдыз жорамал: 19 тамыз күні сізді не күтіп тұр
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Сіз бүгін күйгелектік танытасыз, сондықтан демалуыңыз керек. Өзіңізді қызықтыратын іспен айналысыңыз. Ақшаңыз уақытында қайтарылатынына сәл де болса күмәндансаңыз, қарыз бермеңіз. Бүгін шығармашылықпен айналысуға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге оңтайлы күн болмақ. Достарыңыздың жеңістерін қызғанбаңыз. Олардың жетістіктері арқылы шабыттанып, тәжірибеден сабақ алыңыз, сонда сәттілік сізге серік болады. Жұмыстағы корпоративтік кештерді назардан тыс қалдырмаңыз, бейресми жағдайда әріптестермен қарым-қатынас жасаудан көптеген жағымды эмоция алуыңыз мүмкін. Бұл күні сабырлы болыңыз, оқуға зейін қойыңыз, өзекті мәселелерді шешіңіз және ақпарат жинаңыз. Көп нәрсеге ашулануыңыз мүмкін, бірақ сабырлық танытсаңыз, кедергілерді айналып өтесіз. Арандатушылыққа бой алдырмаңыз, өз мүдделеріңізді қорғаңыз. Бұл күнді жеке өзіңізге арнаңыз: өзіңіз үшін күндізгі немесе кешкі мәдени ойын-сауық бағдарламасын ойлап табыңыз және жеке өзіңізге арналған уақыттан рахат алыңыз. Бұл сізге өзіңізді көбірек бағалауға және жақсы көруге көмектеседі. Осы уақыт ішінде сізді қолдаған сүйікті адамыңызға рахмет айтуды ұмытпаңыз. Оған себепсіз сыйлық дайындаңыз. Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз. Арқаңызға ауыртпалық түсірмеңіз, спорт тек таңертең пайдалы. Жақсы ұйықтау үшін жаяу жүруді ұмытпаңыз. Өзіңізге үнемдемеңіз, көптен армандаған дүниелерді алатын кез келді. Дүкенге барып, қымбат заттар сатып алыңыз. Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Көптен күткен мақсаттарға жетуге мүмкіндік туады. Бұған көп күш жұмсау қажет, бірақ сіз жігерлі, шығармашылық адамысыз, сондықтан тапсырмаларды оңай орындай аласыз. Жұмыста шамадан тыс жұмыс жасамаңыз, әйтпесе шаршап қаласыз. Әдепті және ұстамды болыңыз: бүгін әріптестермен кішігірім қақтығыстар орын алуы мүмкін. Жанжалдарға араласпағаныңыз, жауапкершілікті өз мойныңызға алмағаныңыз және артық уәде бермегеніңіз абзал. Жаңа таныстардан бас тартпаңыз. Бүгін сіздің өміріңізде болашағыңызды өзгертетін адамдар пайда болады. Бұл күн тек қарым-қатынасқа ғана емес, міндеттемелерді орындауға да қолайлы. Соңғы уақытта достарыңыз сізбен кездеспей кеткен болса, уайымдамаңыз: олар сізді жақсы көреді және бағалайды, олар қазір қиын кезеңді бастан өткеруде, сабырлы болыңыз. Отбасыңызбен уақыт өткізіңіз. Жақындарыңызды қуантуды ұмытпаңыз. Сабырлы болыңыз, жанжалдардан аулақ болыңыз. Күрделі мәселелер өздігінен шешіледі. Жақсы жаңалықтарды, күтпеген тосынсыйларды және жақсы ұсыныстарды күтіңіз. Жақында ұрысып қалсаңыз да, сүйіктіңізбен татуласу үшін батылдық танытыңыз. Проблемаға көміліп қалмай тұрғанда, серіктесіңізбен ашық сөйлесіңіз. Бүгінгі жұмыс күні өте сәтті болады және уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз. Бүгінгі күн қарбалас және бейберекет болады, жоспарлар сағат сайын өзгереді. Процесті қандай да бір жолмен басқару үшін күнделікке өзгертулер енгізіңіз, кездесулер мен қоңыраулар үшін уақыт қалдырыңыз. Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек. Таңертең көптеген жаңа идея мен жоспарлар болады, бірақ асықпаңыз: олардың бәрі сіз ойлағандай жақсы болмауы мүмкін. Жоспарыңызды жүзеге асыруға кіріспес бұрын, бәрін мұқият қарап шығыңыз. Сенімді адаммен кеңесіңіз. Жұмыста шай/кофе ішуге шағын үзіліс жасауды ұмытпаңыз: бұл бір уақыт назарыңызды басқа нәрсеге бөліп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз. Сіз бүгін күйгелектік танытасыз, сондықтан демалуыңыз керек. Өзіңізді қызықтыратын іспен айналысыңыз. Ақшаңыз уақытында қайтарылатынына сәл де болса күмәндансаңыз, қарыз бермеңіз. Бүгін шығармашылықпен айналысуға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге оңтайлы күн болмақ. Достарыңыздың жеңістерін қызғанбаңыз. Олардың жетістіктері арқылы шабыттанып, тәжірибеден сабақ алыңыз, сонда сәттілік сізге серік болады. Жұмыстағы корпоративтік кештерді назардан тыс қалдырмаңыз, бейресми жағдайда әріптестермен қарым-қатынас жасаудан көптеген жағымды эмоция алуыңыз мүмкін. Бұл күні сабырлы болыңыз, оқуға зейін қойыңыз, өзекті мәселелерді шешіңіз және ақпарат жинаңыз. Көп нәрсеге ашулануыңыз мүмкін, бірақ сабырлық танытсаңыз, кедергілерді айналып өтесіз. Арандатушылыққа бой алдырмаңыз, өз мүдделеріңізді қорғаңыз. Бұл күнді жеке өзіңізге арнаңыз: өзіңіз үшін күндізгі немесе кешкі мәдени ойын-сауық бағдарламасын ойлап табыңыз және жеке өзіңізге арналған уақыттан рахат алыңыз. Бұл сізге өзіңізді көбірек бағалауға және жақсы көруге көмектеседі. Осы уақыт ішінде сізді қолдаған сүйікті адамыңызға рахмет айтуды ұмытпаңыз. Оған себепсіз сыйлық дайындаңыз. Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз. Арқаңызға ауыртпалық түсірмеңіз, спорт тек таңертең пайдалы. Жақсы ұйықтау үшін жаяу жүруді ұмытпаңыз. Өзіңізге үнемдемеңіз, көптен армандаған дүниелерді алатын кез келді. Дүкенге барып, қымбат заттар сатып алыңыз. Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді. Көптен күткен мақсаттарға жетуге мүмкіндік туады. Бұған көп күш жұмсау қажет, бірақ сіз жігерлі, шығармашылық адамысыз, сондықтан тапсырмаларды оңай орындай аласыз. Жұмыста шамадан тыс жұмыс жасамаңыз, әйтпесе шаршап қаласыз. Әдепті және ұстамды болыңыз: бүгін әріптестермен кішігірім қақтығыстар орын алуы мүмкін. Жанжалдарға араласпағаныңыз, жауапкершілікті өз мойныңызға алмағаныңыз және артық уәде бермегеніңіз абзал. Жаңа таныстардан бас тартпаңыз. Бүгін сіздің өміріңізде болашағыңызды өзгертетін адамдар пайда болады. Бұл күн тек қарым-қатынасқа ғана емес, міндеттемелерді орындауға да қолайлы. Соңғы уақытта достарыңыз сізбен кездеспей кеткен болса, уайымдамаңыз: олар сізді жақсы көреді және бағалайды, олар қазір қиын кезеңді бастан өткеруде, сабырлы болыңыз. Отбасыңызбен уақыт өткізіңіз. Жақындарыңызды қуантуды ұмытпаңыз. Сабырлы болыңыз, жанжалдардан аулақ болыңыз. Күрделі мәселелер өздігінен шешіледі. Жақсы жаңалықтарды, күтпеген тосынсыйларды және жақсы ұсыныстарды күтіңіз. Жақында ұрысып қалсаңыз да, сүйіктіңізбен татуласу үшін батылдық танытыңыз. Проблемаға көміліп қалмай тұрғанда, серіктесіңізбен ашық сөйлесіңіз. Бүгінгі жұмыс күні өте сәтті болады және уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз. Бүгінгі күн қарбалас және бейберекет болады, жоспарлар сағат сайын өзгереді. Процесті қандай да бір жолмен басқару үшін күнделікке өзгертулер енгізіңіз, кездесулер мен қоңыраулар үшін уақыт қалдырыңыз. Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек. Таңертең көптеген жаңа идея мен жоспарлар болады, бірақ асықпаңыз: олардың бәрі сіз ойлағандай жақсы болмауы мүмкін. Жоспарыңызды жүзеге асыруға кіріспес бұрын, бәрін мұқият қарап шығыңыз. Сенімді адаммен кеңесіңіз.
Калейдоскоп
false
https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2032984-bugingi-zuldyz-zoramal-19-tamyz-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/
19 тамыз 2023, 00:01
kk
"Өз беттерімен жүруге тырысқан": "Қазақстан" шахтасындағы апатқа қатысты тың деректер айтылды
17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенген болатын. Қазіргі уақытта екі кенші іздестірілуде, деп хабарлайды "КТК" арнасы. Төтенше жағдай кезінде жер астында болған 222 адам жер бетіне шығарылса, бесеуі қою түтіннен шыға алмай қалған. Арна мәліметінше, өрт ошағы 700 метр тереңдікте болғандықтан түтінге толы жер асты жолдарынан оларды табу қиынға соғып жатыр. Ал қашып шыққанмен, түрлі жарақат алып үлгерген 13 кенші дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары қалыпты. "КТК" арнасының мәліметінше, жер астында қалған екі кеншінің туыстары кешелі бері шахтаны жағалап жүр. Олар туғандарының аман шығатынына сенгісі-ақ келеді. Бірақ үміттен күдік басым. Ал Кенші Григорий Блатов қаза тапқан әріптестерінің жерлеу рәсімін ұйымдастырып жүр. Қайғыдан қан жұтып жүрген ол өзінің еңбектегі ұстазы Виктор Бургунды жер қойнына тапсырады. "Ол маған жақында зейнетке шығам, менің орнымды басасың деуші еді. Өзінің білгенін үйретуден жалықпайтын. Өрт болғанда олар сыртқа шығатын жерді таппай қалды деп ойлаймын. Қара түнек болды ғой", - деді кенші Григорий Блатов. Арна мәліметінше, Қазақстан шахтасында 1500-ден аса адам еңбек етеді. Апат күнгі кезекте жер астында 227 адам болған. Көмір тасымалдайтын конвеерлік лентада от тұтана салысымен эвакуациалау басталған. Бірақ 5 адам шықпай қалды. Олардың екеуі кеше табылса, бүгін түске жақын үшінші кеншінің денесі жер бетіне шығарылды. "Олардың денелері өздері жұмыс істеп жатқан жерден табылды. Біраз уақыт олар өз беттерімен жүруге тырысқан. Кейін тоқтап, сол жерде отырып көмектің келуін күткенге ұқсайды. Неге өздері шықпады, әлде оларға дер кезінде көмек келмеді дегенге жауап: құтқарушылар олар отырған жерге өрт салдарынан жете алған жоқ. Қою қара түтін мен қатты ыстық оған мүмкіндік бермеді", - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин. Арна мәліметінше, өртенген 1 жарым шақырымдық конвеерлік лента жақында ғана жаңартылыпты. Компнияя өкілдері барлық шахтада жаңарту үшін осындай 30 шақырым болатын лента алып қойғандарын айтады. "Жабдықтау дирекциясы тек сертификатталған фирмалармен жұмыс істейді. Ленталар Ресей мен Украинада шығарылған. Отқа төзімді. Бірақ бір тұтанса бой бермей кетеді. Жер астында қалған 5 кеншінің екеуі позициялау жүйесін тексеріп жүрген слесарь еді. Олар отқа тұтанған жерге жақын маңда жұмыс істеп жүрген", - деді "Арселор Миттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өскені, Мақажанов атындағы ауруханаға зардап шеккен тоғыз кеншінің жеткізілгені айтылды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.
17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенген болатын. Қазіргі уақытта екі кенші іздестірілуде, деп хабарлайды "КТК" арнасы. Төтенше жағдай кезінде жер астында болған 222 адам жер бетіне шығарылса, бесеуі қою түтіннен шыға алмай қалған. Арна мәліметінше, өрт ошағы 700 метр тереңдікте болғандықтан түтінге толы жер асты жолдарынан оларды табу қиынға соғып жатыр. Ал қашып шыққанмен, түрлі жарақат алып үлгерген 13 кенші дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары қалыпты. "КТК" арнасының мәліметінше, жер астында қалған екі кеншінің туыстары кешелі бері шахтаны жағалап жүр. Олар туғандарының аман шығатынына сенгісі-ақ келеді. Бірақ үміттен күдік басым. Ал Кенші Григорий Блатов қаза тапқан әріптестерінің жерлеу рәсімін ұйымдастырып жүр. Қайғыдан қан жұтып жүрген ол өзінің еңбектегі ұстазы Виктор Бургунды жер қойнына тапсырады. "Ол маған жақында зейнетке шығам, менің орнымды басасың деуші еді. Өзінің білгенін үйретуден жалықпайтын. Өрт болғанда олар сыртқа шығатын жерді таппай қалды деп ойлаймын. Қара түнек болды ғой", - деді кенші Григорий Блатов. Арна мәліметінше, Қазақстан шахтасында 1500-ден аса адам еңбек етеді. Апат күнгі кезекте жер астында 227 адам болған. Көмір тасымалдайтын конвеерлік лентада от тұтана салысымен эвакуациалау басталған. Бірақ 5 адам шықпай қалды. Олардың екеуі кеше табылса, бүгін түске жақын үшінші кеншінің денесі жер бетіне шығарылды. "Олардың денелері өздері жұмыс істеп жатқан жерден табылды. Біраз уақыт олар өз беттерімен жүруге тырысқан. Кейін тоқтап, сол жерде отырып көмектің келуін күткенге ұқсайды. Неге өздері шықпады, әлде оларға дер кезінде көмек келмеді дегенге жауап: құтқарушылар олар отырған жерге өрт салдарынан жете алған жоқ. Қою қара түтін мен қатты ыстық оған мүмкіндік бермеді", - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин. Арна мәліметінше, өртенген 1 жарым шақырымдық конвеерлік лента жақында ғана жаңартылыпты. Компнияя өкілдері барлық шахтада жаңарту үшін осындай 30 шақырым болатын лента алып қойғандарын айтады. "Жабдықтау дирекциясы тек сертификатталған фирмалармен жұмыс істейді. Ленталар Ресей мен Украинада шығарылған. Отқа төзімді. Бірақ бір тұтанса бой бермей кетеді. Жер астында қалған 5 кеншінің екеуі позициялау жүйесін тексеріп жүрген слесарь еді. Олар отқа тұтанған жерге жақын маңда жұмыс істеп жүрген", - деді "Арселор Миттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай. Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды. Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл. 18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сондай-ақ өрттен зардап шеккендердің саны 13 адамға дейін өскені, Мақажанов атындағы ауруханаға зардап шеккен тоғыз кеншінің жеткізілгені айтылды. Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.
Қоғам
false
https://kaz.nur.kz/society/2033116-oz-betterimen-zuruge-tyrysqan-qazaqstan-saxtasyndagy-ortke-qatysty-tyn-derekter-aityldy/
18 тамыз 2023, 23:37