text
stringlengths 3
252k
|
---|
Жаяу Мұса Байжанұлы (30 шілде 1835 жыл, Семей облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы – 1929 жыл) — қазақ халқының әйгілі әнші-сазгері, ақыны.
Шыққан тегі — Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руының Айдабол бөлімі.
## Өмірбаяны
Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды.
Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды.
Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербор қалаларында, Польша, Литва жерінде болады.
Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулие-ата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады.
## Шығармалары
Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады.
Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып, саясатшылықпен айналысады.
Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты.
## Дереккөздер |
Әйтеке Би Байбекұлы (1644–1700) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім мен Жәңгір хандардың тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
## Балалық шағы
Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Әйтеке бидің шын есімі Айтық.
### Ел басқарушы би
Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.
### Кіші жүз биі
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
## Жеті жарғы
"Жеті жарғыда" Әйтеке ұсынған баптардың ішінде — "сүйек құны", "өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды.Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
## Ұрпақтары
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған.Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауларын мекендеген Алшын-Төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатарлары Өзбекстандағы Нұрата ауданында тұрады. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке би ауданы аталады. Қазақстанның ірі қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген.
Әйтеке би Байбекұлы Навои облысы, Нұрата ауданында жерленген.
## Ел аузынан
Әйтеке би Байбекұлы - Алшыннан шыққан қазақтың атақты шешен биі. Шежіреде Алшын Алау әмірден Қыдуар/Құдияр тентек, одан Қадырқожа тарайды. Қадырқожаның Қайырбай атты баласы кедей болып, Қаракесек атанады. Қаракесектен Әлім тарайды. Әлімнен Шекті, Төртқара, Шөмекей, Кете, Қаракесек пен Қарасақал рулары тарайды. Төртқараның бабасы Қарамашақтан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз Меккеге үш рет барып Қажы атанған, Әмір-Темірдің бас кеңесшісі болған кісі. Сол Ораздың бауыры Қараштан - Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самарқан шаһарын 40 жылдай билеген атақғы Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.
Сейітқүл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан - Шан, Байбек, Қонысбек, Жоламан, Бекбембет, Бөкенші үрпақтары өсіп-өнген. Байбектен Кешубай, Кашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жалтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған ұрпақтар ұзақ жылдар Самарқан, Нұрата тауының төңірегін мекен еткен.
Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы дау-дамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.
Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан бастап атасы оны Жалантөс батырдың балаларымен бірге Бұқардағы медресеге оқуға береді. Ол оқуды үздік тамамдайды. Араб, парсы тілдерін үйреніп шығады. "Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 24 рудан құралған бүкіл Кіші жүздің, яғни, 18 рулы Алшын (Әлімұлы және Байұлы) мен 7 рудан құралған - Жетірудың Төбе биі болып сайланады". содан бұл дүниеден өткенше ел билігімде жүреді.
Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:
## Әйтеке би жайлы ел аңыздары
### Әйтеке би жайлы ел аңызы(Балалық шақ)
Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ақалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.- Жолаушының жасы үлкені:- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?- Сейітқұл ауылы.- Өзің кімнің баласысың?- Байбектің баласымын.- Есімің кім?- Есімім Айтық.- Қосуақ бидің үйі қайда?- Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін шыдар - деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті.Сонда әлген баланың әкесі:- Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.
### Әйтеке би жайлы ел аңызы
Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қоиған орта: бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі.
- Аға болып алдымен туасың,Барымталап жылқымды қуасыңАртымнан ерген еркемсің,Ағаңның көзі тірісіндеЖеңгеңді неге ертесің? - деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір мәммәл келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып:
- Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.- Ашу деген ағын су,Туысқан сон сөз қуыспау керек.Алдын ашсаң арқырар.Сөз қуған бөлеге жолымды,Ақыл деген дария,Жол қуған олжаға жолығады.Алдын тоссаң тоқырар.Төле сен, жылқысын қайыр!Кісі бірге туыспау керек,Қазыбек, сен жесірін қайыр! - десе, Төле би оған деп, екеуін келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге келіп, тиышталыпты.
### Қосымша ақпарат
Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп, айтатын, дауды еділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болған. Сон-дыктан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, "Жеті жарғы" заңын жасасқан азамат.
Халық жырауы Қазанғап Байболұлының Төле биге арнаған дастанында Төле биге, Қаз дауысты Қазыбекке мінездеме береді де, Әйтеке биге келгенде былай термелейді
Онан да өткен Әйтеке, Қудан үшқыр, құланнан. Мүндай шешен болмайды, Бір сөзін жүз мақалдап, Сипаттап қандай тіркейді. Түршіктіріп денеңді, Барған сайын өрлейді. Таудай сөзге тарыдай, Қию тауып сөйлейді. Ерегіссе біреумен Қара жерге жерлейді Қанша ділмәр дегендер, Ширегіне келмейді...
Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, ол жөнінде зерттеу мақала жазған білгір ғалым Балтабай Адамбаев былай жазады:
"Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, кырғыз халыктарын одақтастырып, жоңғар- қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке - шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері"
### Әйтеке би жайлы ел аңызы
Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ, одан ел қамын, өзінің тузған халқының зар-мұңын жеп айтқан ой-пікірін аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәл ел:
- Бай болсаң, халқына пайдаң тисін;-Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.-Бай болып елге пайдаң тимесе,-Батыр болып жауға найзаң тимесе,--Елден бөтен үйің күйсін!
Әйтеке Байбекұлы бірде Қазыбек биге жолығысады. Сонда ел билігіне араласып, атағы жайылып қалған Қаз дауысты Қазыбек би:
Атадан жақсы ұл туса,Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады,- деген, сен сол үлдың қайсысы боласың? - депті. Сонда Әйтеке би:
Ораздының көрісі, Қартайғанда қазына болады. Араздының көрісі, Қартайғанда қазымыр болады,- демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? - деп, қалжыңдап қарсы сұрақ қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Әйтекенің батылдығына риза бопты:
- Е, е, бауырым, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - дейді. Әйтеке:- Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер, ұлы болармын, - депті оған.
## Тағы қараңыз
* Төле би
* Қазыбек би
## Дереккөздер |
Хақназар хан (башқ. Аҡнаҙар хан, орыс. Акназар царь, Окназар царь, 1509 - 1580) — Қазақ Ордасында (1538—1580жж.) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
## Билігі
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.
## Өзгерістер
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды.XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
## Дереккөздер |
«Астана» велоклубы (ағылш. 'Astana Pro Team') — қазақ компаниялар одағының демеушілігімен ұйымдастырылған кәсіби велокоманда (бұрынғы атаулары Liberty Seguros-Würth Team, Würth Team және Astana-Würth Team). Қазіргі таңда UCI Po Tour ұйымының рейтингісі бойынша Әлемде 229 ұпаймен 4-ші орында тұр.
25 Мамыр, 2006 ж. дейін бас демеуші болып отырған Liberty Seguros, команданың спорт басшысы Manolo Saiz-бен байланысты болған допинг жанжалы салдарынан, бас демеушіліктен бас тартты.
3 шілде, 2006 ж. дейін команда демеушісі Würth компаниясы (Алмания) болғанымен, команда 2006 ж. Тур де Франс жарысының қатысушылар санынан тыс қалғанынан кейін, бұл да демеушіліктен бас тартуын жариялады.
Команда абыройының асқақтаған кезі 2006 жылғы Испания көпкүндігіндегі қазақ велошабандоздары Александр Винокуров пен Андрей Кашечкиннің 1-ші және 3-ші орын иеленгенде болған.
2007 жылғы Тур де Франста уақыттық-сын (time-trial) этапындағы жеңісінен кейін болғын допинг-тестінен сүрінген Винокуров командасының жетекшілеріне Халықаралық Велоспорт Одағы Астана командасын толықтай жарыстан кетуін сұрады. Сонымен қатар қан алмастырды деп айып тағылған Винокуровтың командалас серіктері Андрей Кашечкин пен неміс Матиас Кеслер (Matthias Kessler) допинг тестерінен сүрінді, осылайша ПроТур ережелеріне сәйкес команданың негізгі жұлдыздары Винокуров пен Кашечкин командадан аластатылды.
2013 жылы команда бас менеджері болып Лондон олимпиадасы чемпионы Александр Винокуров тағайындалады, ал командаға танымал Винченцо Нибали және оның нөкерлері Ликвигаздан Астанаға ауысып, алғашқы ірі жеңіс - Джироны ұтады.
## Командалық форма тарихы
*
*
*
*
*
## Жетістіктері
* Америкалық Леви Лейфеймер 24 ақпанда аяқталған сегіз күндік "Калифорния туры" атты жарыста Астанаға 2008 жылғы алғашқы жеңіс әкелді
* Дәл осы уақытта біткен Португалияда өткен бес күндік "Альгарве турында" литвалық легионер Томаса Вайткус мәреге 3-ші болып жетті.
* Басктер елі Туры – Контадор 1-ші келді (Сәуір-2008)
* Tour de Romandie 5 этаптық жарысында астаналық алман Андреас Клөден 1-ші келді
* Мамырдың 4-де Про-Тур рейтиңінде Астана командасы 90 ұпаймен алғашқы орында тұр.
* Маусымның 1-де - Giro d'Italia-2008 турын Контадор жеңіспен аяқтады.
* Испандық Вуельта-2008 көпкүндігінде - 1-ші, 2-ші орынды Контадор мен Леви алды
* 2013 жылғы Джиро ди Италияны айқын басымдықпен команда капитаны италиалық Винченсо Нибали ұтып алды
## Спорттық директорлары
* Александр Винокуров
* Гвидо Бонтемпи
* Дмитрий Седун
* Горазд Стангели
* Александр Шефер
## Құрамы
* Янец Брайкович
* Асан Базаев
* Борут Бозич
* Александр Дьяченко
* Дмитрий Фофонов
* Энрико Гаспаротто
* Франческо Гавацци
* Андрей Гривко
* Дмитрий Груздев
* Джакопо Гуарньери
* Максим Иглинский
* Валентин Иглинский
* Танел Кангерт
* Андрей Кашечкин
* Фредрик Кессиакофф
* Роберт Кисерловски
* Роман Кройцигер
* Франческо Машарелли
* Евгений Непомнящий
* Евгений Петров
* Симоне Понци
* Сергей Ренев
* Кевин Зеелдрейерс
* Егор Силин
* Паоло Тиралонго
* Александр Винокуров - бас менеджер (2013 жыл маусымынан)
* Андрей Зейц
* Дмитрий Муравьев
## 2011 жыл
Команда капитаны Александр Винокуров үшін кәсіби спорттық соңғы жылы Тур де Франсқа қатысып сары жейдені бірнеше күн киіп немесе бір немесе бірнеше этапты жеңу мақсаты тұрған. Жалпы есепте алғашқы ондыққа жақындап келе жатқан ол Тур де Франс 9-шы этапында құлап бел сүйегін сындырып алып, көп ұзамай спорттық мансабын тоқтатқанын мәлімдеді. Осы жағдайда 2006 жылы Қазақстаннның екінші қаһарманы атанған Андрей Кашечкин Астана сапына қайта қосылды. Кашечкин Вуэльтада топ жарам деп мәлімдегенімен, ондағы көрсеткіші тым нашар болды. Осы кезде Вуэльтада швециялық легионер Фредерик Кессякоф, осы жылы Аустрия турын жеңген, жалпы есепте алғашқы үштікке де ілігіп келіп еді (11ші этапта), бірақ қызуы көтеріліп жарыстан шығып қалды.
## 2012 жыл
31 қаңтар күні испанияның Кальпе қаласында «Pro Team Astana» кәсіби велокомандасының 2012 жылғы маусымдағы құрамы таныстырылды. Алтыншы маусымда команданың басшылығы негізгі сенімді Роман Кройцигерге, Янец Брайковичке және команданың лидері Александр Винокуровқа артады. 2012 жылдың ең негізгі мақсаты - Джиро, Тур де Франс пен Вуэльта жарыстарында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу. Дегенмен бір күндік жарыстарда жеңіске жету де мақсаттардың бірі .
Спорт арбитраж соты Альберто Кантадорды екі жылға кәсіби спорттан аластады. Аластатылу мерзімі 2010 жылдың тамызынан басталды. Сот шешіміне Кантадордың қанынан тыйым салынған кленбутерол табылғаны негіз болды.Сондықтан испандық шабандоздың 2010 жылы Астана командасының құрамында "Тур де Франс" жарысында жеңген атағы да жойылды. Автоматты түрде "Тур де Франс-2010" жарысының жеңімпазы Андре Шлек болып саналады.
* 1ші 3 кезең Volta a Catalunya, Janez Brajkovič
* 1ші Amstel Gold Race, Енрико Гаспаротто
* 1ші Лиеж–Бастонь–Лиеж 2012, Максим Иглинский
* 2ші «Түркия туры – 2012» Команда шабандозы Александр Дьяченко жалпы есепте 2 орынға табан тіресе, «Астана» командалық сында топ жарды.
## 2013 жыл
Бұл маусымда Александр Винокуров спорттық директор лауазымына көшсе, команда сапында атақты италиандық Винченсо Нибали мен жас қазақ жәстар арасындағы әлем чемпионы - Алексей Луценкомен толысты.
## Сыртқы сілтемелер
* Клубтың ресми торабы-2010 жыл
* Клубтың ресми торабы-2009 жыл Мұрағатталған 20 қарашаның 2020 жылы.
* Жанкүйерлер сайты
## Дереккөздер |
## Ясы деген сөз шығу төркіні
“Ясы шаһары Имам ат-Табаридің (838-923) “Тарих ар-русул уа-л мулк” – “ Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”, Әл-Мұқаддасидің (946-1000) “Ахсан ат-тақасим фи мағрифат әл-ақалим”– “Климатты білудің тиімді жолдары”, Әл-Истахридің (850-934) “Әл-Масалик уә-л мамалик” – “Жолдар мен мемлекеттер”, Әл-Бәкридің (?-1094) “Әл-Муғжам ма әл-мұстағжам” – “Түсініксіздің тыныс белгілері туралы”, Ас-Самъанидің (1113-1167) “Әл-Ансаб” – “Насабнаме”, Яқұт әл-Хамауи ар-Румидің (1179-1229) “Муғжам әл-булдан” – “Елдер жайлы (географиялық сөздік)”, Ибн Саид әл-Мағрибидің (1214-1286) “Китаб әл-жуғрафия” – “География жайлы кітап”, Ибн Фадл Алла Әл-Умаридің (1301-1349) “Әл-Масалик уа-л абсар фи мамалик әл-амсар” – “Мемлекеттердің ірі жолдарын сипаттау” атты еңбектерінде жай аталғаны болмаса, мән-мағынасы анық көрсетілмеген. Шаһардың неге бұлай аталатынына да түсінік берілмеген.
Ортағасырлық тарихшы Ибн Тагриберди (1411-1465) “Ясы” сөзінің көне түркі тілінде “реттеу, тәртіпке келтіру” деген мағынаға саятындығын айтады. “Бұл сөз әсіресе Мысыр мен Шамды мәмлүктер билеген кезде кең тарады, – дейді. Сөйтеді де ол кітабының басқа бір жерінде, “Яса көне моғол сөзі” дейді. Әйтсе де ғалым бұл моғол тілінің жеке-дара тіл немесе көне түркі тілдерінің бір диалектісі екендігін ашып көрсетпеген.
Тағы бір рухани бұлақ көздерінде “Яса” қала емес, қыстақ деп көрсетілген. Мысалы үнділік белгілі тарихшы Абд әл-Хайй ибн Фахр ад-Дин әл-Хасани әл-Һинди (?-1922) “Нузһәт әл-хауатир уә бәһжәт әл-масамиғ уә-н науазир” – “Ойша серуен және құлақ пен көз сұлулығы” деген еңбегінде Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири (?-1757) туралы әңгімелей отырып, оның бабасының атын Мұхаммед Фадл әл-Ясауи деп көрсетеді, яғни ол тегі жағынан ясылық деген сөз. Ол “Түркістан өңіріндегі Ясы қыстағынан еді” деп жазады.
Ас-Суюти Түркістанға қоса Ясыны да атайды. Көптеген араб тілді кітаптар Ясы туралы айтқанда “бұл қасиетті қала – шығармашылығы исламның рухани мұрасын байытқан атақты адамдарды дүниеге әкелді” деп оған жақсы баға береді.
Жоғарыда мұсылман Шығысы қаламгерлерінің пікірін келтірдік. Ал енді Ясы туралы отандық жазба деректер не дейді деген мәселеге келсек, еліміз энциклопедияларының бірінде: “Ясы – Түркістан қаласының ежелгі атауы. Қазақстандық археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан Шауғар (сақ тілінде ол Қаратау деген мағынаны білдіреді) атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ІХ ғ. қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Мамун, Х ғ. соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорық жасаған. ХІІ ғ. І-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді.
Ясы туралы алғашқы деректер мұсылман тарихшыларынан басқа ХІІІ ғ. жарық көрген Киракос Гандзакенцидің “Армения тарихы” атты еңбегінде де кездеседі. Онда Ясы қаласы Асан деген атаумен берілген. Ясы атауы ХІV ғ. бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастайды.
Ясы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (ХV ғ.) еңбегінде де ұшырасады. Бұл шаһар орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабат қалыптасты. ХV ғ. І-жартысында Шараф ад-Дин Әли Йазди Ясыны “шағын елді мекен болды” деп көрсетсе, ал ХVІ ғ. Рузбихан Исфаһани “Михманнама-и Бұхара” – “Бұхара мейманының жазбаларында: “Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат, бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды”, – деп жазылған. [Түркістан. Халықаралық энциклопедиясы. Алматы, 2000, 590-бет].
Абд ал-Хаий әл-Хасани әл-һинди аталмыш еңбегінде осы Ясы – Түркістаннан шыққан бірқатар ойшылдардың аттарын атайды. Олар Әбу-л Аббас Ахмед бин Мұхаммед әл-Ясауи, Аш-Шейх Шамс ад-Дин Ахмед бин Абд әл-Мумин ат-Түркімани әл-Банипати, Шейх Мырза Камил бин аш-Шейх Ахмед бин Малик Әл-Ясауи Ташқанди, Шейх Ахмед бин Мұстафа ибн әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Аш-Шейх Мұхаммед бин Мұстафа бин әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Шейх Таййб бин Ахмед ар-Рафиқи, Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири, Маулана Нұр әл-һуда бин Абд Алла бин Мұхаммед Фадл әл-Ясауи, Абд әл-Уәли ат-Тархани әл-Кашмири, Мүфти Абд әл-Мумин әл-Кашмири, Имам Замини Түркістани.
## Ясы деген сөз шығу төркіні
“Ясы шаһары Имам ат-Табаридің (838-923) “Тарих ар-русул уа-л мулк” – “ Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”, Әл-Мұқаддасидің (946-1000) “Ахсан ат-тақасим фи мағрифат әл-ақалим”– “Климатты білудің тиімді жолдары”, Әл-Истахридің (850-934) “Әл-Масалик уә-л мамалик” – “Жолдар мен мемлекеттер”, Әл-Бәкридің (?-1094) “Әл-Муғжам ма әл-мұстағжам” – “Түсініксіздің тыныс белгілері туралы”, Ас-Самъанидің (1113-1167) “Әл-Ансаб” – “Насабнаме”, Яқұт әл-Хамауи ар-Румидің (1179-1229) “Муғжам әл-булдан” – “Елдер жайлы (географиялық сөздік)”, Ибн Саид әл-Мағрибидің (1214-1286) “Китаб әл-жуғрафия” – “География жайлы кітап”, Ибн Фадл Алла Әл-Умаридің (1301-1349) “Әл-Масалик уа-л абсар фи мамалик әл-амсар” – “Мемлекеттердің ірі жолдарын сипаттау” атты еңбектерінде жай аталғаны болмаса, мән-мағынасы анық көрсетілмеген. Шаһардың неге бұлай аталатынына да түсінік берілмеген.
Ортағасырлық тарихшы Ибн Тагриберди (1411-1465) “Ясы” сөзінің көне түркі тілінде “реттеу, тәртіпке келтіру” деген мағынаға саятындығын айтады. “Бұл сөз әсіресе Мысыр мен Шамды мәмлүктер билеген кезде кең тарады, – дейді. Сөйтеді де ол кітабының басқа бір жерінде, “Яса көне моғол сөзі” дейді. Әйтсе де ғалым бұл моғол тілінің жеке-дара тіл немесе көне түркі тілдерінің бір диалектісі екендігін ашып көрсетпеген.
Тағы бір рухани бұлақ көздерінде “Яса” қала емес, қыстақ деп көрсетілген. Мысалы үнділік белгілі тарихшы Абд әл-Хайй ибн Фахр ад-Дин әл-Хасани әл-Һинди (?-1922) “Нузһәт әл-хауатир уә бәһжәт әл-масамиғ уә-н науазир” – “Ойша серуен және құлақ пен көз сұлулығы” деген еңбегінде Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири (?-1757) туралы әңгімелей отырып, оның бабасының атын Мұхаммед Фадл әл-Ясауи деп көрсетеді, яғни ол тегі жағынан ясылық деген сөз. Ол “Түркістан өңіріндегі Ясы қыстағынан еді” деп жазады.
Ас-Суюти Түркістанға қоса Ясыны да атайды. Көптеген араб тілді кітаптар Ясы туралы айтқанда “бұл қасиетті қала – шығармашылығы исламның рухани мұрасын байытқан атақты адамдарды дүниеге әкелді” деп оған жақсы баға береді.
Жоғарыда мұсылман Шығысы қаламгерлерінің пікірін келтірдік. Ал енді Ясы туралы отандық жазба деректер не дейді деген мәселеге келсек, еліміз энциклопедияларының бірінде: “Ясы – Түркістан қаласының ежелгі атауы. Қазақстандық археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан Шауғар (сақ тілінде ол Қаратау деген мағынаны білдіреді) атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ІХ ғ. қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Мамун, Х ғ. соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорық жасаған. ХІІ ғ. І-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді.
Ясы туралы алғашқы деректер мұсылман тарихшыларынан басқа ХІІІ ғ. жарық көрген Киракос Гандзакенцидің “Армения тарихы” атты еңбегінде де кездеседі. Онда Ясы қаласы Асан деген атаумен берілген. Ясы атауы ХІV ғ. бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастайды.
Ясы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (ХV ғ.) еңбегінде де ұшырасады. Бұл шаһар орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабат қалыптасты. ХV ғ. І-жартысында Шараф ад-Дин Әли Йазди Ясыны “шағын елді мекен болды” деп көрсетсе, ал ХVІ ғ. Рузбихан Исфаһани “Михманнама-и Бұхара” – “Бұхара мейманының жазбаларында: “Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат, бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды”, – деп жазылған. [Түркістан. Халықаралық энциклопедиясы. Алматы, 2000, 590-бет].
Абд ал-Хаий әл-Хасани әл-һинди аталмыш еңбегінде осы Ясы – Түркістаннан шыққан бірқатар ойшылдардың аттарын атайды. Олар Әбу-л Аббас Ахмед бин Мұхаммед әл-Ясауи, Аш-Шейх Шамс ад-Дин Ахмед бин Абд әл-Мумин ат-Түркімани әл-Банипати, Шейх Мырза Камил бин аш-Шейх Ахмед бин Малик Әл-Ясауи Ташқанди, Шейх Ахмед бин Мұстафа ибн әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Аш-Шейх Мұхаммед бин Мұстафа бин әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Шейх Таййб бин Ахмед ар-Рафиқи, Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири, Маулана Нұр әл-һуда бин Абд Алла бин Мұхаммед Фадл әл-Ясауи, Абд әл-Уәли ат-Тархани әл-Кашмири, Мүфти Абд әл-Мумин әл-Кашмири, Имам Замини Түркістани. |
Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.
Бүгінгі қазақ халын құраған ірі тайпалар қатарында қаңлылардың орны ерекше. Көрші елдер оларды кезінде "канх" деп атаса, бірде "қан" деп атады. Бұл атаудың шығуын бізге жеткен аңыздар кәдімгі арба атауымен байланыстырады.
Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы болған.
## Тарихы
Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталып кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесінде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.
Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуаңдария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай-ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып қалып отыр. Айтылған аймақта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - қаңлы мәдениетіне баланатын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін атап көрсетеді. Осы мәдениеттерді 70—80-жылдары белсенді түрде өрістетілген зерттеу қаңлы тұрғындарының материалдық мәдениетінің сипаты, шаруашылығы, қоленері туралы деректерді едәуір толықтыра түседі.
Қытайдың тарихи хроникалық деректерінің ерекшеліктері мынадай: тек соларға ғана қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасы Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің қалай орналасқанын және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес.
Орналасу мәселелері. Қаңлы мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің тарихы И. Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мәтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазір қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі кешіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» қаңлының орналасуы туралы былай делінген: «ҚаңлыДаванның солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. Бұл — әдетте 20 000 әскері бар юечжиліктерге ұқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды».
Үлкен Хань әулетінің келесі хроникасы «Цянь Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында қаңлыға арналған бөлім бар, онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: "Қаңлы билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы 120000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; әскер саны 120 000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Қаңлы шығыс жағында ғұндарға бағынады...»6. Осы ғасырдың ортасына қарай олардың орналасу мәселелері жөнінде негізінен екі көзқарас: 1. Қаңлылар Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ жерді алып жатты; 2. Қаңлы иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін орналасқан деген көзқарастар қалыптасты.
## Саяси тарихы
Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде Қаңлы елінің аты б. з. б. XIV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV ғасырдың аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін антик авторлары қаңлыларды тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта «Қан үйі» б. з. б. ΙΙΙ, дұрысында,ΙΙ ғасырда көтерілген деп жорамалдауға болады. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді.Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында Чжан-Цянь Қаңлы жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал қаңлы әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цань-Хань-Шу енді қаңлы әскерін 120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді14.Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі қаңлымен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ал қаңлылардың алдынан оңтүстік пен батысқа экспансия үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде (б. з. б. II ғасырдың аяғы — I ғасырдың басы), қаңлылардың жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек, ол өзіне Янцайды (Арал-Каспий өңіріндегі сарматалан тайпалар одағы), Яньды (Орал өңіріндегі сармат тайпалары) бағындырып алды. Қытай жөнінде қаңлы билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б. з. б. I ғасырдың аяғында Батыс өлкесіндегі хань намеснигі императорға былай деп хабарлаған: «.. .Қаңлыға, керісінше (Үйсінмен салыстырғанда) өркөкірек, батыл және біздің елшілеріміз алдында бас июге ешбір көнбейді. Онда наместниктен жіберілген шенеуніктерді үйсіндердің елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты әуелі солардың князьдары мен ақсақалдарына, сонан соң барып наместниктің елшілеріне тартады...»15. Ертеректе, Ферғана-Қытай соғысының барысында, қаңлылардың араласуы ғана ферғаналықтарды астанасының қиратылуынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасалуына жәрдемдесті16. Кейіннен, б. з. б. 47—46 жылдарда қаңлылардың билеушісі үйсінге қарсы күресінде солтүстік-ғұн шаньюйі Чжи Чжиді қолдады, ал үйсіндердің одақтасы ханьдық құдіретті Қытай болды17. Осының алдында ғұндардың державасы солтүстік және оңтүстік ғұндарға бөлінген еді. Оңтүстік ғұндардың жетекшісі шаньюй Хуханье, тегінде, ру ақсүйектері мен қатардағы қауым мүшелері көпшілік бөлігінің мүдделерін білдірген болар, Қытайға беріліп, онымен татулық және достық туралы шарт жасасты. Солтүстік ғұндардың билеушісі шаньюй Чжи Чжи оңтүстік ғұндарды бағындыруға сәтсіз әрекет жасап, император сарайымен қатынасын үзгеннен кейін байырғы ғұн иеліктерінен ығыстырылды. Ол Угэні, Гяньгуньді, Динлинді бағындырды, бірақ күш алған, оның үстіне Қытай қолдаған үйсіндерге қарсы тұра алмады. Өз кезегінде үйсіндер б. з. б. I ғасырдың орта шенінде қаңлылардың шығыстағы шекарасына қысым жасады. Сол кезде қаңлылар үйсіндерге де, Қытайға да бірдей қарсы тұра алатын күшпен одақ жасаспақшы болып ұйғарды.Мұндай күш солтүстік ғұндардың шаньюйі Чжи Чжи болатын. Чжи Чжиге кангюй билеушісі өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өз әскерінің бір бөлігін оның басқаруына береді. Үйсіннің жеріне Чжи Чжи бірқатар ойдағыдай шапқыншылық жасағанымен, бұл әскер үйсіндерді біржола жеңе алмайды. Қаңлылар шарттарын (державаның шығыстағы шекарасын қауіпсіздендіруді) Чжи Чжи объективті түрде орындай алмады да, соның негізінде жанжал тұтанды. Оны Чжи Чжидің қаңлылардың әдет-ғұрпын көрінеу ұстанғысы келмеуі ұшықтыра түсті. Ол Қаңлы билеушісінің қызын, сондай-ақ «атақты адамдарын және жүздеген қарапайым адамдарды өлтірді немесе оларды Дулай (Талас) өзеніне тастады»18.Чжи Чжи қаңлы билеушісінің ордасынан қуылып, Талас өзенінің бас жағына кетті де, сонда өзіне қала сала бастады. Жазбаша деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қала салуда күн сайын 500-ге дейін адам жұмыс істеген. Шаньюй құрылысқа қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен алым ретінде алып отырды, ол құрылысшы-шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықтап бекітілді, ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар топырақ болатын. Ішіне құрылыстар мен қамал орналасқан, шаньюй мен оның жақын төңірегіндегілер сонда тұрған. Чжи Чжидің күшеюі мен оның үйсіндерге шапқыншылықтарын жалғастыра беруі Қытай империясын едәуір аландатты. Чжи Чжиді дипломатиялық жолмен бейтараптандыру табысқа жетпеді де, қытайлар соғысқа дайындала бастады. Қытай шенеуніктерінің істің жайы туралы мынадай жазбалары сақталған: «Батыс өлке сюннулерге тиісті болатын, ал қазір Чжи Чжи шаньюйдің даңқты есімі алыс жерлерге мәлім. Ол басып кіру арқылы Үйсін мен Даюаньды ығыстыруда және Қаңлыны басып алу туралы ойынан қайтпауда. Егер ол бұл мемлекеттерді басып алса, бірнеше жылдан кейін барлық отырықшы елдерге қауіп төнеді. Мұның үстіне оның жауынгерлері тез әрі батыл қимылдайды, олар жақсы соғысады және бірнеше рет жеңіске жеткен. Әзірше малды күтіп отырғанда (ол армияны тамақтандыру үшін келіп-жетуге тиіс), Батыс өлке сөзсіз қауіп- қатерге ұшырайды. Олардың орналасқан жері Қытайдан алыс болғанымен, тағылардың өз қорғанысы үшін бекіністі қалалары жоқ. Егер әскерлерді әскери қоныстардан көтеріп, ннің халқы мен әскерлерін шабуылға шығуға мәжбүр етсе, оларды соның, Чжи Чжидің қалалары қабырғасы- на апарса, егер ол кашып кеткісі келмесе, пана таппай, Үйсін қорғанғысы келсе, өзін қорғай алмайды. Сонда мың рет басталған іс бір күнде тыңдырылады»19.Көп кешікпей қытай әскері жорыққа шықты. Ол Ұлы Жібек жолын бойлай екі бағытта жүрді. Үш отряд Қашғар, Ферғана арқылы, Шатқал жотасындағы Шанаш және Талас жотасындағы Қарабура асулары арқылы оңтүстік жолмен, үш отряд солтүстік жолмен—Шығыс Түркістаннан, үйсіндердің Чигучэн ордасы орналасқан Ыстықкөл қазан шұңқырындағы Бедел асуы арқылы өткен Гюлар, содан соң Шу аңғарымен Таласқа беттеді. Әскерлер Чжи Чжи қаласы қорғанының жанында қосылды. Шаньюйдің өзі қоршауға дайындалған еді, ол өз әскерлерін қабырғаларды бойлай орналастырды, ал қала қақпаларының екі жағына «балық қабыршағы» сияқты етіп әдеттен тыс сап түзеген жаяу жауынгерлер отрядын қойды.
## Археологиялық ескерткіштері
Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV—V ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон.Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарына таралған. Қаңлы дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кезде Сырдарияның сағасынан Ферғанаға дейінгі біртұтас мәдени-шаруашылық өңір айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы мен қорғаныс кұбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретіндегі аздап бекініс жасалған қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектеулілігі және басқа да белгілер тән болған25.Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің, ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық дөңгелек төбе (шоқы, оба) ерекше көрінеді. Төбе аумағында және Ақтөбе 2-нің басқа бөліктерінде қазба жұмыстары жүргізілді.
Қазбалардың біреуінен Сарай үйі толық аршылды. Ол тікбұрышты, көлемі 28x18,5 м болып шықты. Сарай шаршылап орналасқан бес жайдан, кіру кешені мен құрылысты батыстан шығысқа қарай орап өтетін екі дәлізден тұрған. Оның орталығында шаршы зал (3,6x3,6 м) бар, ол басқа жайлардың бәрімен арқан арқылы өтетін жолдармен байланысқан. Бір кездерде оның төбесі жалпақ етіп жабылған. Зал қабырғаларының биіктігі қазіргі кезде 6 метрге жетеді. Зал еденінің ортасында құдық бар. Үй солтүстік-батыс бұрышына салынған, мұржасыз камин үлгісіндегі ошақпен жылытылған. Залдың айналасына орналасқан жайлар дөгалана иіліп, ал олардың біреуі күмбездеп жабылған, бұл күмбез Орта Азия мен Қазақстандағы ертедегі үлгімен жабылған күмбездердің бірі болып табылады. Бөлмелердің бірінде баспалдақ бар, онымен көтеріліп үйдің шатырына шығады. Сарайдағы бүкіл құрылысы — қабырғалар, тіреулер, арқа жолдары тікбұрышты ұзынша және төрт бұрышты шаршылы шикі кірпіштерден қаланған. Қазба жұмыстарын жүргізген кезде керамиканың бай жиынтығы: көзелер, сапты аяқтар, табалар, құмғандар, шүмекті құмыралар жиналды, олар біздің заманымыздың I жартысындағы ескерткіштердің материалдарына ұқсас келеді. Керамикалық бұйымдардан басқа ұршық бастар, жебелердің үш қыры бар ұңғылы ұштары, алтын сырға, бір жүзді пышақтар, сүйек ұршықтар, қола сақина, қызыл шыныдан көз салынған алтын қапсырма табылды, олар біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жатады.
## Қауыншы мәдениеті
Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған.
Жерлеу. Қаңлылар заманының қоныстары қасында үлкен зираттар орналасқан. Оларда түрлі аймақтарда әр түрлі жерлеу кұрылыстары тараған. Қаңлыларға тән ең сипаттысы үңгіп (екі түрлі), лақат жасап және жай шұңқырларға жерлеп, үстіне оба үю, сағана салу болып табылады.Қауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды. Жерлеу жарақтарынан алынған материалдарға салыстыра отырып жасалған талдау қабірдің мерзімін біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгілеуге негіз береді.Отырар алқабы мен оған жақын аудандарда Көк-Мардан, Қыркескен, Мардан қорымдары зерттелді. Мұнда да жерлеу құрылыстарының алуан түрлі екені аңғарылды. Марданкүйік (Қоңыртөбе) қаласының орны маңындағы қорымды зерттеген кезде аса құнды материал алынды. Қаланың өзі біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған. Оның шығыс жағында көлемді зират орналасқан. Төбесі тапталып, опырылып қалған сопақша төбеге қазу жұмыстары жүргізілді. Оның биіктігі 2,5 метрге жетеді, көлемі 35x45 м. Онда төбенің төбесінен 0,4 метрден 1,5 метрге дейінгі тереңдікте жатқан қабірлер бар екені анықталды. Негізінен өлік тікбұрышты етіп қазылған қабір шұнқырларына жерленген. Шұнқырдың төменгі жағына шикі кірпіш қаланған, сағаналар да шикі кірпішпен жабылған. Жүзге тарта қабір тазартылды. Олардың ішінде 12 жағдайда керамика ыдыстарға жерлеу анықталды. Негізінен, бұлар — балалар, жасөспірімдер. Ал ересектер қабір шұңқырының түбіне, киімімен, жеке керек-жарақ заттарымен (сәндік заттар, қару) қосып жерленіп, керамика ыдыстарға (құмыраларға, саптыаяқтарға) тамақ салып, су құйып қойған. Жерлеу ғұрпы мен қоса салынған құрал-саймандарға жасалған талдау Қоңыртөбе қорымының аршылған қабірлерінің негізгі бөлігін отырықшы қаңлы тайпалары мәдениетінің соңғы кезеңіне жатқызуға және оның мерзімін біздің заманымыздағы III—V ғасырлар деп белгілеуге мүмкіндік береді.
## Жетіасар
Жетіасардағы әрбір қала орнының төңірегінде мыңдаған жерлеу құрылыстары бар қорымдар орналасқан. Олар негізгі екі түрге: оба астына жерге көму және сағаналарға жатады. Олардың көпшілік бөлігі — оба астындағы жерден қазылған шұнқырлар. Обаның айналасында кішкене ор қазылғаны аңғарылады. Қабір шұнқырлары әдетте солтүстіктен оңтүстік бағытына ұзынынан бағдарланған. Өлген адамның мәйіті қамыстан тоқылған төсенішке ұзынынан жатқызылып оралып, шұңқырдың түбіне немесе лақатқа салынған. Қасына 2-3 керамика ыдыс қойылған. Еркектердің қабірінен әдетте пышақтар, семсерлер, сүйектен жасалған бастырмалары бар күрделі садақтар мен жебелер шықты. Әйелдердің қабірлерінде қола айналар, кабыршақтар, сырғалар, моншақтар, білезіктер жиі кездеседі.Жетіасардағы қабірлердің екінші тобы кірпіш сағаналар болып табылады. Жерлеу камерасына көлбеу дәліз-дромос апарады, ол да күмбез тәрізді етіп жабылған. Тікбұрышты камераның (орта есеппен 3,5x2 м) ішінде екі-үш қабырғаны бойлай жататын сәкілер салынған. Өлікті шиге немесе киізге орап, сәкіге қойған. Айналасына оған керекті заттар, тамақ салып, су құйған керамика ыдыс қойылған. Жер бетіндегі сағаналардың түрлері де жер астындағы сияқты, бірақ олар күйдірілген кесектен қаланған аласа цоколь-стилобаттарға тұрғызылып, олар да оба үйіліп жабылса керек. Қабірлерден табылған материалдарға талдау жасау жерден қазылған қабірлер Жетіасар мәдениетінің бүкіл бойында болған, ал сағаналардың пайда болуы неғұрлым соңғы кезеңге — біздің заманымыздағы II — IV ғасырларға жатады деген қорытындыға келуге негіз береді.
Бұл орайда жерден қазылған қабірлер мен сағаналарға жерленгендер арасында қандай да болсын этникалық-мәдени, антропологиялық елеулі айырмашылықтар байқалмайды.
Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш - сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады.
Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш - Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.
## Шаруашылығы, кәсібі
Қаңлылардың бір бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Келесі бөлігі отырықшы егіншк болған. Қытай деректері олардың жылқы, түйе, қашыр, есек, сиыр өсіргенін айқындайды. Оларда негізгі малдардың бірі қой болған.
Қаңлылардың жерінен алтын, асыл тастар, хош иісті шайлар, кілемшелер, қымбат аң терілері саудаға шығарылған.Қаңлылардың диқаншылықта қолданған кетпен, қолорақ, қолдиірмен, астық сақтайтын ыдыстары, ұралар мен қамбалар және астықтарда көптеп табылды.
## Дереккөздер |
«Ерен енбегі үшін» медалі — «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаттары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
## Медаль туралы ереже
Медаль азаматтарға экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін беріледі. Дөңгелек пішінді медальдың ішінде «Ерен еңбегі үшін» деген жазу бедерленіп, қазақ оюымен және емен жапырағы бейнесімен айшықталған.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
## Галерея
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
## Дереккөздер |
Тайыр Аймұхамедұлы Мансұров (1 қаңтар 1948, Сарқанд, Талдықорған облысы) — Еуразия Экономикалық Қауымдастығының Бас хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, елші.
## Қысқаша өмірбаяны
Төтенше және өкілетті елшілік дипломат. дәрежесі бар, Халықаралық инженерия академияның, Еуразия халықаралық экономика академиясы. 1971 жылы ҚР политехникалық институтын (ҚазҰТУ), 1978 жылы Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласының құрылыс мекемелерінде инженері болып бастаған. 1973 – 79 жылдары Алматы қалалық және Алматы облысы комсомол комитетінің хатшысы, 1979 – 87 жылдары Алматы облыстық партия комиссариятінің құрылыс бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, кейіннен Ленин аудандық партия комиссариятінің 1-хатшысы, 1988 – 91 жылдары КОКП ОК-де құрылыс бөлімінің нұсқаушысы, Қарағанды облыстық партия комиссариятінің 2-хатшысы, КОКП ОК-нің экономика бөлімінің сектор меңгерушісі, 1990 – 94 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан және Ресей парламентаралық комиссиясының үйлестірушісі, 1991 – 93 жылдары Мәскеу қаласындағы “Қазақстан” даму қорының президенті, 1994 – 2002 жылдары РФ-дағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі (1996 – 2002 жылдары Финляндия республикасындағы Қазақстан елшісі қызметін қоса атқарған), 2002 – 03 жылдары ҚР СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, әрі ҚР Президентінің кеңесшісі, 2003 – 07 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды. 2007 жылдың 6 қазанынан ЕурАзЭІ-тың бас хатшысы.Тайыр Аймұхаметұлы Мансұров “[[Құрмет]]” (1996), 2-дәрежелі “Достық” (2001), “Дружба” (РФ, 2002), “Святая князя Даниила Московского” (РФ, 2002) ордендерімен, ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Бірнеше монографиялардың және дипломат әрі қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов туралы ғылыми және әдеби-көркем кітаптардың авторы.
Қазақ политехникалық институтын, Мәскеу қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірген, саяси ғылымдардың докторы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Институтты бітірген соң мамандығы бойынша жұмыс істеді, «Алматыцентрострой» құрылыс басқармасында инженер, бас инженер болды.
Алматы, Қарағанды, Мәскеу қалаларының мемлекеттік басқару органдарында басшы қызметтер атқарды.
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Сыртқы Істер министрлігінің айырықша тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметтеріне тағайындалған.
Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінде болды.
2003 ж. желтоқсанынан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2007 ж. қазанның 8-інен бастап Еуразия Економикалық Қауымдастығының Бас хатшысы боп тағайындалған.
## Дереккөздер |
Ақмола облысы — Қазақстанның солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1939 жылы құрылған, 1961–1992 жылдары Целиноград облысы болып аталды.
Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 738 611 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,05 адамнан келеді (2018). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.
## Кен байлықтары
Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі.
## Климаты
Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы –16 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 – 140 күн, солтүстігінде 150 – 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстіке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.
## Өзен-көлдері
Ірі өзендері Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана және Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға 37 тоған салынған, жалпы су көл. Жалпы ауданы 180,6 млн м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70 – 74 млн м3 Ертіс суы беріледі.
## Флора мен фаунасы
Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда халық жиі қоныстанған.
## Қалалары мен өнеркәсібі
Қалалары – Астана, Степногорск, Атбасар, Макинск, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Щучинск, Көкшетау . Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылық машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Ауыл шаруашылық жері 12501,1 мың га, оның 4806,1 мың га-сы егістік, 287,8 мың га-сы шабындық, 72,2 мың га-сы жайылымдық (2006). Орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр. Облыс аумағындағы темір жолдыңдың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы Петропавл – Астана – Қарағанды, Қарағанды – Астана – Павлодар темір жолдары, Көкшетау – Астана – Қарағанды, Қостанай – Астана – Павлодар, Астана – Алматы автомобиль жолдары өтеді.
## Халқы
Ақмола облысы халқының саны
## Әкімшілік бөлінісі
Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстістігінде Қазақтың аласа белді- бетегейлі даласы (Сарыарқа) мен Теңіз жазығының арасында орналасқан. 1939 жылдың 14 қазанында құрылған. Батысында Қостанай, теріскейінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектесіп жатыр. Көлемі- 146,2 мың шаршы км. Облыс халқының саны- 739,042 мың адам (1.07.2006 жылға дейінгі мәлімет).Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы - 947 м), Жақсыжалғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Зеренді (587 м) тауларымен бірге Көкшетау жотасының орта тұстары алып жатыр. Облыстың оңтүстік жағы - орташа биіктігі 300-400 метр болатын бұйратты, жон-жоталы жазық. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары орналасқан, оңтүстік-батысы Теңіз-Қорғалжын ойпатымен жалғасады. Ақмола облысының климатышұғыл континенталды, жазы ыстық та құрғақ болып келсе, қысы қатал.
## Инвестициялық тартымдылығы
### Дамыған көлік-транзиттік әлеует
Облыс аумағында Көкшетау халықаралық әуежайы, алты жолақты 205 шақырымдық Нұрсұлтан-Щучинск автобаны бар. Жыл сайын жергілікті автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуды қаржыландыру ұлғаюда.Облыстың дамыған темір жол желісі бар. Көкшетау қаласы арқылы темір жолдардың 4 тармағы өтеді. Облыста республика бойынша теміржолдардың ең жоғары тығыздығы – 1000 шаршы км аумаққа 10,66 км (ҚР бойынша орташа – 5,53).
### Өткізу нарықтарына қол жеткізу
Облыс аумағында мемлекеттің астанасы – Астана қ. орналасқан. Облыс 4 өңірмен - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі.Ресей Федерациясының жақын аймақтары: Омбы, Новосибирск, Қорған, Челябинск, Түмен, Свердлов облыстары, оларға бір тәулік ішінде автомобиль көлігімен жетуге болады.
### Бай табиғи ресурстар
Облыс пайдалы қазбаларға бай және Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінде жетекші орындардың бірін алып жатыр. Өңірде өзінің құрамы мен ауқымдылығы жағынан бірегей алтын қоры (Ақкөл, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Шортанды аудандары және Степногорск қ.), уран (Ақкөл, Біржан Сал, Зеренді Сандықтау аудандары), молибден (Біржан Сал, Ерейментау, Сандықтау аудандары), техникалық алмас, каолин, мусковит және доломит (Зеренді ауданы), темір рудасы (Ақкөл, Біржан Сал, Жарқайың аудандары), тас көмір (Ерейментау, Ақкөл аудандары) жинақталған. пайдалы қазбаларды, минералдық сулары шоғырланған.Жалпы жер қоры-14,6 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары – 10,8 млн. га: егістік-6 млн. га, жайылым-4,4 млн. га. Орман қоры-522,7 мың га, су қоры – 201,2 мың га.
### Ауыл шаруашылығы
Ақмола облысына астықтың 25% - дан астамы, сүттің 7% - ы, еттің 8% - ы және республикада өндірілетін жұмыртқаның 16% - ы келеді. Елдің ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндірудегі облыстың үлесі шамамен 10% құрайды.Ақмола облысы республикада - ел бойынша ең үлкен астық жинау сынағы-4,8 млн. га, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-4,4 млн. га.Астықтың орташа жылдық өндірісі 5,0 млн.тоннаны құрайды, астықтың орташа жылдық экспорты – 2 млн. тоннаны құрайды, соңғы 3 жылда өсімдік шаруашылығының үлесі орта есеппен 70% құрады.Облыстың барлық өңірлерінде мал шаруашылығын дамыту үшін мүмкіндіктер бар. Инвестицияларды тарту үшін ең перспективалы-Аршалы, Атбасар, Бурабай, Зеренді, Ерейментау және Целиноград аудандары.
### Өнеркәсіп
Өнеркәсіп секторында облыс құрамында алтын бар кендерді, уранды, машина жасауды, химия өнеркәсібін өндіруге маманданған.Ақмола облысына елде өндірілетін темір жол подшипниктерінің 100% - ы, жүк автомобильдерінің 36,3% - ы, өңделмеген алтынның 30,2% - ы, өңделген сүттің 12,1% - ы және ұнның 9% - ы келеді.Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі алады - 80,4%, онда 533,1 млрд.теңгеге өнім өндірілді. Өңірдің өңдеу өнеркәсібі тамақ өнімдерін өндірумен, жеңіл және химиялық өнеркәсіптермен, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірумен, өзге де металл емес минералды өнімдерді өндірумен, түсті металлургиямен және машина жасаумен қамтылған.Өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындары «Көкшетауминводы» АҚ алкогольді және алкогольсіз сусындарды шығару зауыты, «Altyntau Kokshetau» АҚ алтын өндіру фабрикалары, «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «Kazakhaltyn Technology» ЖШС, «Агрофирма TNK» ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу компаниясы, «ЕПК-Степногорск» АҚ подшипник зауыты болып табылады.
### Туризм
Ақмола облысы Қазақстан Республикасының туристік аймағы көшбасшыларының бестігіне кіреді.Өңірдің туристік кластеріне туризм саласындағы 700-ден астам кәсіпорын (407 орналастыру объектісі, 45 санаторийлік-курорттық мекеме, 178 жол бойындағы сервис субъектісі, туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 68 турфирмалар, «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС) кіреді.Кластердің мәдени-тарихи сегменті 900 ескерткіштен тұрады, олардың көпшілігі мемлекеттің қорғауында болады және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезінде пайдаланылады.Облыста туроператорлар табысты іске асыратын және туристік маршруттардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген 80-ге жуық туристік бағыт жұмыс істейді. Оның ішінде туроператорлар Көкшетау, Бурабай, Зеренді, Қорғалжын және Ерейментау аудандарының және Ақмола облысы Біржан Сал ауданының тарихи және киелі жерлері бойынша туристік маршруттарды әзірледі. Оның ішінде 8 бекітілген қасиетті орындар бойынша.Туристік ағын жылына 813 мың келушіні құрайды.
### Баламалы энергетика
Ақмола облысы әлемдік трендке сүйене отырып, жаңартылатын энергия көздерінің санын көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.Желдің орташа жылдық жылдамдығы 6 м/с артық, бұл оларды энергетиканы дамыту үшін тартымды етеді. Жел энергетикасын дамыту үшін Аршалы, Ерейментау аудандары перспективалы аудандар болып табылады.Ақмола облысы елдің солтүстік бөлігінде орналасқанына қарамастан, облыс аумағындағы күн радиациясының әлеуеті айтарлықтай маңызды. Сонымен қатар, күн энергиясы тек электр энергиясын өндіру үшін ғана емес, сонымен қатар жылу да қолданылуы мүмкін, бұл күн қондырғыларын нүктелік енгізу мүмкіндігін, соның ішінде орталық электр және жылу жабдықтарынан алыс аудандарда да мүмкіндік береді.Белгілі бір резервке биологиялық отынды қолдану бар екендігін айта кету керек. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу есебінен электр энергиясы алынуы мүмкін.
## Дін
2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ақмола облысында ресми деректер бойынша 191 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді:- 90 Ислам- 45 православиелік- 11 католиктік- 43 протестанттық- 1 бахаистік.- 1 Ақмола облысы Кришна санасының қоғамы.Сонымен қатар, облыста тіркелмеген Евангельдік христиан-баптистердің 10 діни бірлестігі жұмыс істегендігі туралы ресми хабарланған болатын.
## Туризм
Демалыс және туризм индустриясы экономиканың басым салаларының бiрi болып табылады. Өңiрдiң туристiк кластерiне туризм саласындағы 700-ден астам кәсiпорын кiредi (375 орналастыру объектiсi,45 санаторийлық-курорттық мекеме, 266 жол бойындағы қызмет көрсету субъектiсi, 68 туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар турфирма, 3 мемлекеттiк ұлттық табиғи парк -«Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау», Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС).Кластердiң мәдени-тарихи сегментi 900 ескерткiштен тұрады, олардың көпшiлiгi мемлекеттiң қорғауында және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезiнде пайдаланылады.Облыста туроператорлар табысты iске асыратын және туристiк маршруттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген 80-ге жуық туристiк бағыт жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 10 туроператор Көкшетау, Бурабай, Зерендi, Қорғалжын және Ерейментау аудандары мен Ақмола облысы Бiржан сал ауданының тарихи және киелi жерлерi бойынша туристiк маршруттарды әзiрлеп, пайдаланады. Олардың iшiнде қасиеттi орындарға бекiтiлген 8 маршрут бар.Статистикалық мәлiметтерге сәйкес 2019 жылдың бiрiншi тоқсанында орналастыру орындарының саны 375 бiрлiктi құрады, Қордың жалпы сыйымдылығы — 5159 нөмiр, бiр жолғы сыйымдылығы 13327 төсек-орын. Орналастыру орындары 1108,1 млн.теңгеге қызмет көрсеттi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 9,4% артық. Орналастыру орындарында қызмет көрсетiлген келушiлер саны 67950 адамды құрады (2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы статистикалық ақпарат қазiргi күнге дейiн қалыптаспаған).2018 жылы «3 жұлдыз» санатын «ZERENDA PARK» қонақ үйi алды. «Rixos Borovoe» қонақ үйi халықаралық стандарттар шеңберiнде франшиза бойынша жұмыс iстейдi және «5 жұлдыз» санаты бар.7 орналастыру объектiсi («Оқ-Жетпес» ЕСК шипажайы, «Park House Kokshetau» қонақ үйi, «Алмаз» шипажайы, «Green Which Hotels» қонақ үйi, «Алтын күн» қонақ үйi, «Зеленый бор» шипажайы, «HOTEL INSAR» қонақ үйi) 2018 жылдың сертификаттарын ұзартты.Өңiрде 9 сертификатталған орналастыру орындары жұмыс iстейдi.Цифрландыру процесiн жүзеге асыру аясында 3 тiлдiк www.visitaqmola.kz интернет-ресурс жұмыс iстейдi, оған «Visit Aqmola» мобильдi қосымшасы, оның функционалына аймақтың танымал орындарын сканерлеу QR-коды кiредi. Бұл сайт электрондық ақпараттық дүңгiршектермен синхрондалған (Туристiк ақпараттық дүңгiршектер Астанада — «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында, Бурабай кентiнде — «Бурабай Даму» ЖШС визит-орталығы базасында бар, Астанада «Нұрлы жол» вокзалы ғимаратында орнатылған).Өңiрдiң туристiк өнiмiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн туристiң «Burabay PASS» ресми картасы (жолсiлтеме, смарт-карта және Beeline SIM-картасы) сатылымға шығарылды. А.ж. 600-ден астам сату тiркелдi.
## Спорт
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн Ақмола облысында 2408 спорт ғимараты бар, оның iшiнде ауылда — 1690. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 53 бiрлiкке артты.Бастауыш ұжымдар мен ауылдық округтерде 2108 штат қызметкерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда — 1177 адам. Оның iшiнде 1117 жалпы бiлiм беретiн мектептерлiң мұғалiмдерi, 160 жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, 414 жаттықтырушы-оқытушы бар.Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде жұмысты 172 спорт жөнiндегi нұсқаушы-әдiскер жүргiзедi, оның iшiнде ауылда — 160 адам, бұл ауылдық округтердiң қамтасыз етiлуiнiң 68,7% құрайды.
## Мәдениет
Ақмола облыста барлық меншiк түрiнiң мәдени объектiлерiнiң 694-i жұмыс iстедi, олардың 663-i мемлекеттiк, 31-i басқа меншiк объектiлерi:-276 клуб (олардың iшiнде 256 мемлекеттiк және 20 жекеменшiк);-378 кiтапхана (олардың iшiнде 370 мемлекеттiк және 8 ведомстволық);-11 музей;-2 театр;-21 мемлекеттiк архив;-облыстық филармония;-тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы;-облыстық халық шығармашылық және мәдени тынығу орталығы;-3 жекеменшiк кинотеатр.Облыста 2 513 клубтық құрылымдар жұмыс істейді.Облыста "Халықтық" атағы 81 адам және "Үлгілі" атағы — 18 адам.99 ұжым жұмыс жасайды: хореографиялық — 31; хор — 18; фольклор — 18; вокалды топтар — 14; әуесқой театрлар — 4; отбасылық ансамбльдер, цирк студиялары, орыс халық аспаптар ансамбльдерi, ән-би ансамбльдерi, қазақ халық аспаптар ансамбльдерi — 2-еуден, ВИА, фотостудия, орыс халық аспаптар оркестрi, поэтикалық студия — 1-ден.
## Денсаулық сақтау
Халыққа медициналық көмектi 568 денсаулық сақтау ұйымы көрсетедi: 23 (4%) ауруханалық ұйым, жедел медициналық жәрдем станциясы, қан орталығы, 537 амбулаторлық-емханалық көмек көрсететiн ұйым (94,5%): (3 қалалық емхана, 1 БМСК орталығы, 2 аудандық емхана, 1 ЖИТС орталығы, 100 дәрiгерлiк амбулатория (ДА), 44 фельдшерлiк- акушерлiк пункт (ФАП), 386 медициналық пункт (МП)).Басқа да медициналық ұйымдар — 6 (1,6%).
## Ішкі саясат
### Әкімдігі
Ақмола облыстық әкімдігі — Ақмола облысы әкімінің аппараты қала әкімдігі мен әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
### Мәслихаты
Ақмола облыстық мәслихаты — Ақмола облысының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, 1993 жылы құрылған. 2021 жылдан бастап мәслихаттың барлық мүшелері облыс халқының партиялық тізім бойынша пропорционалды өкілдігі арқылы сайланады, қазақстандық заңнамаға сәйкес қажетті қадамдарды шешу және олардың орындалуын бақылауына жауапты.
## Тілдерді дамыту
Облыстағы мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2017 жылы — 70%, 2018 жылы — 74%, 2019 жылы — 76%.Облыстағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 83,6%, 2020 жылы — 84,3%.Облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 8%, 2019 жылы — 9%.Облыстағы үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 5%, 2019 жылы — 5,5%.Этно-мәдени бiрлестiктер жанындағы қазақ және ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 26%, 2019 жылы — 27%.Бүгiнде облыста 614 мектепке дейiнгi мекемебар. Оларда жалпы саны 37675 бүлдiршiн оқиды, оның 23835-i (63,3%) қазақ тiлiнде тәрбиеленедi.Биыл облыс бойынша 560 орта мектеп бар, оның iшiнде қазақ мектептерi — 159, аралас мектептер — 217, орыс мектептерi — 184. Оқушылардың жалпы саны — 121521, оның 58393-i, яғни 48%-ы қазақ сыныптарында оқиды. Соңғы үш жылда қазақ сыныптарында оқитын балалар санының динамикасы: 2015 жылы — 47%, 2016 жылы — 47,6%, 2017-2018 жылдары — 48%.Қазiр облыста 33 колледж бар (қазақ тiлдi — 2, аралас тiлдi — 26, орыс тiлдi — 5). Оларда оқитын 21351 студенттiң 6232-i, яғни 29,1%-ы қазақ тiлiнде бiлiм алуда.Қазiр облыс бойынша 20 орталық жұмыс iстейдi (17 аудандық, 2 қалалық және облыстық орталық). Олардың барлығында мемлекеттiк тiл үйретiледi, 18-де қазақ тiлiмен қатар ағылшын тiлi үйретiледi. 2017-2018 оқу жылында мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн оқитындар саны –5320 тыңдаушы, соның iшiнде мемлекеттiк тiлдi 4761 тыңдаушы оқуда.
## Жастар саясат
Облыста жастар құрамы 148 996 адамнан тұрады, бұл жалпы облыс халқының санынан 20,2 % құрайды.«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын iске асыру шеңберiнде облыстың қалалары мен аудандарында жастар ресурстық орталықтары (17 орталық) жұмыс iстеуде, аталмыш орталықтарда әр адам тегiн түрде психологиялық, құқықтық, әдiстемелiк көмек алуына болады және жұмысқа орналасуға көмек көрсетiледi.Жастарды жұмыспен қамту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.ҚР ҰЭМ Статистика комитетiнiң мәлiметi бойынша 2019 жылдың 4-тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,1% құрады, бұл республикалық деңгейден 0,8 % төмен.2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша NEET жастар үлесi (оқымайтын, жұмыс iстемейтiн және бiлiктiлiгiн жоғарылатпаған) 5,9% құрады, бұл республикалық деңгейден 1,1 % төмен.Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында а.ж. басында 2059 жастар өкiлi қатысушылар болды, оның iшiнде 2784 адам ауылды жерлерден. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 82 адам, ал жастар iс-тәжiрибесiне 179 адам жiберiлдi. Жалпы, а.ж. басында жұмыспен қамту органдарымен 1251 адам жұмыспен қамтылды.Халықты жұмыспен қамту, ауылды жерлерге кадрлар әлеуетiнiң тоғысуына жағдай жасау мақсатында облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы iске асырылуда.2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 211 адам 372,9 млн теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, оның iшiнде мамандықтар бойында: бiлiм беру — 169 адам; денсаулық сақтау — 25 адам; әлеуметтiк қамтамасыз ету — 1; мәдениет — 2; спорт — 7; агроөнеркәсiптiк кешен — 7 адам.Бюджеттiк несиелердi 374,5 млн теңге сомасына 502 адам алды, оның iшiнде мамандар бойынша: бiлiм беру — 72 адам, денсаулық сақтау — 21, мәдениет — 5, агроөнеркәсiптiк кешен — 4 адам.Облыста әкiмдермен (облыстық, аудандық және қалалық) басқарылатын Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi 20 кеңес жұмыс iстейдi (1 облыстық, 19 аудандық және қалалық).Облыста жұмыс iстеп тұрған 24 жастар бiрлестiгi бар. Жастар ұйымдарына қолдау көрсету, әлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларға тарту мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру үшiн жастар саясаты мәселелерi басқармасымен жыл сайын қаржы қарастырылады.Облыста әлеуметтiк қорғалмаған санаттағы жастарды қолдау, сапалы кәсiптiк бiлiм алуға ынталандыру үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалды. 2018-2019 оқу жылында атаулы шәкiртақы иегерлерiнiң саны 275 адамға жеттi. 2019-20 жылы атаулы шәкiртақыны тағайындау үшiн облыстық бюджеттен 102,0 млн теңге бөлiндi.Жастар iстерi жөнiндегi комитеттер облыстың 4 жоғары оқу орнының 3-iнде, ТжКБ-ның 38 ұйымында және облыстың 3 iрi кәсiпорын ұйымдарында жұмыс iстейдi.
## Ауыл шаруашылығы
2020 жылы жаздық егiс 4,9 млн. га алқапқа жоспарланған, оның iшiнде дәндi және дәндi бұршақты дақылдар — 4,4 млн га.Майлы дақылдардың егiстерiн 254,0 мың га көлемде орналастыру жоспарлануда, 16,1 мың га — картоп, көкөнiстердi 3,4 мың га-ға отырғызу жоспарланған.Мал азықтық дақылдарының жазғы егiсiн 181,0 мың га алқапқа орналастыру жоспарлануда.2020 жылдың егiс науқанына 16,1 мыңнан астам бiрлiк астық тұқым сепкiштер және 1222 бiрлiк өнiмдiлiгi жоғары егiс кешендерi қатысатын болады, олар ағымдағы жылы 65% астық танабын егу жоспарланып отыр, бұл ылғал сақтау технологиялары бойынша егiс алқабын 3,3 млн. га дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша 466,4 мың басты құрайды (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 104,5 %), оның iшiнде сиыр басы — 219,9 мың бас (106,5 %).Жылқы басы 204,3 мың басты (108,9 %), құс — 8094,0 мың басты (122,8 %) құрады.Қой мен ешкi басы 589,8 мың басты (101,1 %), шошқа 111,0 мың басты (94,1 %) құрады.
## Білім
### Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
2020 жылдың 1 қаңтарына Ақмола облысында 614 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 240 балабақша және 37955 баланы қамтитын 374 мектепке дейінгі шағын орталық.
### Жалпы орта білім беру
Облыста 579 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 560 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 10 кешкі, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс, 1 мемлекеттік емес, 1 Назарбаев Зияткерлік мектебі. Контингенті 124228 баланы құрайды.
### Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
Облыстың ТжКБ ұйымдарының желісін жалпы контингенті 21600 адамды құрайтын 33 мекеме құрайды. 33 колледждің ішінде: 26 — Мемлекеттік және 7 — жеке меншік. Оқыту ауыл және орман шаруашылығы, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кен ісі, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет, энергетика, машина жасау технологиясы, көлікті пайдалану сияқты бейіндегі 94 кәсіп (мамандық) және 139 біліктілік бойынша жүргізіледі. Облыс өңірлерін индустриялық-инновациялық дамыту жобалары үшін мамандар даярлау басымдыққа ие болып табылады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ақмола облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы.
* Астана |
Қазақ хандығы, Қазақ ордасы, Ұрыс жұрты, Жошы ұлысы — 1465 жылы Алтын Орданың және 1468 жылы Өзбек хандығының ыдырау кезінде қалыптасқан, қазіргі Қазақстан мен оған іргелес мемлекеттер аумағындағы қазақ мемлекеті. Оның аумағының көбісі Орта Азияда болып, бір бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан. XV ғасырда қазақтар Өзбек хандығындағы жемқорлық, саяси тұрақсыздық пен әлсіз үкіметтен шаршап, қазақтарды Жетісуда жинаған Керей мен Жәнібек хан 1465 жылда Қазақ хандығын құрған. Тарих бойы Қазақ хандығы өз аумақтарын үлкейтіп, қазіргі Қазақстанның территорияларының көбісіне ие болған. XVII ғасырда қазақтар Жоңғарлармен соғысып, әлсізденген де, келесі ғасырда хандықты Ресей патшалығы жаулап алған.
Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы — хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.
Қазақ хандығының тұңғыш ханы — Керей, соңғы ханы — Кенесары Қасымұлы.
## Этимологиясы
## Тарихы
### Керей мен Жәнібек хандар
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты. Бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді.
1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады.
1457 ж. Өз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деген өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моғолстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуылынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға хан өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ, Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін үлкейтті. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
### Қасым хан кезеңі
16-17 ғғ. Қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында Қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия,Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және ойрат хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқтаған жоқ.
### Хақназар хан кезеңі
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд-Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді.
Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады.
Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті.
1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауераннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті. Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған».
### Тәуекел хан кезеңі
Хақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.
1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды.
Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды.
1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады.
Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді.
1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді.
1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетінін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды.Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады.
1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилықтар- дың жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады.
Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.
### Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
Есім хан (1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.
Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.
Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуы, екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.
Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.
Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.
Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.
Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.
Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түптеп келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.
Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы – 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты.
Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1643—1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.
Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстар болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажай Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты.
Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, Тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Төлеген (Марқасқа) жырау оны мынадай жырмен оятады:
«Ей, Қатаған, хан Тұрсын!Кім арамды ант ұрсын.Жазықсыз елді жылатып,Жер тәңірісің, жатырсың,Хан емессің, қасқырсың,Қара албасты басқырсың!Алтын тақта жатсаң даҚазаң жетті, қапылсың!Еңсегей бойлы ер Есім,Есігіңе келіп тұр,Шашқалы тұр қаныңды,Алғалы тұр жаныңды,Кешікпей содан қатарсың!»
Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.
«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.
### Тәуке хан кезеңі
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны:қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500);ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой);егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады);төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
### Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті.Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылай бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастаған қазақ жасақтары 1750 жылы жауды Жоңғар қақпасы маңында оңдырмай талқандады.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті біржолата құлады.1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Бейжінге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады.Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.
## Қазақ халқының басқа тайпалармен күресі
### Қазақ халқының ойраттарға қарсы күресі
16 ғасырдың соңында ойраттар(қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
### Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болып, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
### Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.
Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.
## Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы
### Қазақтардың өзара саяси қарым-қатынасы
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақс хандығымен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.
1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.
17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.
### Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік шағы
Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйекке жатқызылды.
## Қазақ хандығының аймақтық-әкімшілік бөлінісі
Қасым хан кезінде Қазақ хандығы велаяттарға бөлінді.
Тәуке хан кезінде Қазақ хандығы жүздерге бөлінді.
## Қазақ хандығының хандары
### Хандарды сайлау дәстүрі
Таққа үміткер сұлтандар мен ақсүйектердің көпшілігінің келісімін алған соң, хандықтағы ең беделді сұлтандар мен билер оны жұқа ақ киізге отырғызған, киіз шетінен ұстап үш рет көтеріп, бірнеше рет “Хан! Хан! Хан!” деп айқайлаған”. Ақ киіз дала шөбіне тиер-тиместе көпшілік оны аспанға қайта-қайта көтеріп түсірген. Содан кейін жиналған жұртшылық хан отырған тақ есебіндегі киізді “хан талапай” жасап осы тарихи оқиғаға қа-тысуының куәсі әрі тәбәрік ретінде бөліп-бөліп алған. Кейін той басталып, ол бірнеше күнге жалғасқан. Хан көтеруге келген көпшілік мұнда бірнеше күн тыныққан, сондай-ақ беделді қайраткерлер мемл. маңызды істерді ақылдасқан. Жаңа ханға ел ішіндегі жайттарды мәлімдеген.
### Хандар тізімі
* Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1473 жылдары билеген.
* Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1473—1480 жылдары билеген.
* Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген.
* Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1521 жылдары билеген.
* Мамаш хан, Қасым хан ұлы, 1521—1523 жылдары билеген.
* Тахир хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген.
* Бауыш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1529—1533 жылдары билеген.
* Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.
* Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген.
* Ахмат хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген.
* Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген.
* Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген.
* Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген.
* Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген.
* Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген.
* Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген.
* Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген.
* Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген.
* Қайып хан, Құсрау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.
* Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.
* Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1740—1771 жылдары билеген.
* Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.
* Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.
*
## Қазақ хандығының мәдениеті
Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб жазуы қолданылды.
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде - Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен Xиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
## Қазақ хандығының батырлары
* Өтеген батыр — Дулат
* Райымбек батыр — Албан
* Есет батыр — Тама
* Қабанбай батыр — Найман
* Есет батыр — Шекті
* Бақай батыр — Тама
* Төленді батыр — Адай
* Баян батыр — Уақ
* Тоқсанбай батыр — Тама
* Баян батыр — Тама
* Бақ батыр — Тама
* Бұзау батыр — Тама
* Қонақай батыр — Найман
* Қойгелді батыр — Дулат
* Ақпан батыр — Дулат
* Наурызбай батыр — Шапырашты
* Алатау батыр — Қоңырат
* Алтай батыр — Кете
* Арал батыр — Кете
* Есберді батыр — Найман
* Ер Қаптағай батыр — Найман
* Жайнақ батыр — Жалайыр
* Бөлек батыр — Суан
* Барақ батыр — Найман
* Жидебай батыр — Арғын
* Досқара батыр — Керей
* Көктаубай батыр — Есентемір
* Көбек батыр — Арғын
* Тұрлан батыр — Шеркеш
* Саурық батыр — Шапырашты
* Смайыл батыр — Қоңырат
* Жантай батыр — Арғын
* Жаназар батыр — Төлеңгіт
* Жарылғап батыр — Арғын
* Елшібек батыр — Суан
* Баубек батыр — Арғын
* Ер Жәнібек батыр — Керей
* Сыпатай батыр — Дулат
## Қазақ хандығының 550 жылдығы
Мерейтойдың шығыны шамамен 23 млрд теңге ($124,19 млн) болады деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның бүкіл аймақтарында тойланады. Ал маңызды іс-шаралар қыркүйек айында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтеді. Себебі осы аумақта хандықтың негізі қаланған деп есептелінеді. Тараздағы іс-шараларды өткізуге 13,47 млрд теңге жұмсалады. Бірақ, кейбір тарихшылар Жәнібек пен Керей хандардың мемлекетінің орталығы Алматыға жақын аумақта болған деп, мерейтой жоспарын сынға алды. Қазақ хандығының мерейтойын тойлау шеңберінде 1 млрд теңгеге 10 бөлімді «Қазақ елі» атты сериал мен осы атаулы 375 млн теңгеге анимационды сериал түсіріледі. Қазақ хандығы туралы деректі фильм түсіруге 250 млн теңге бөлінеді. Ілияс Есенберлинның «Көшпенділер» трилогиясын баспадан шығаруға 106,6 млн теңге бөлінеді. Таразда шығыны 506,8 млн теңге болатын театрланған қойылым болады. «Мәңгілік ел» тақырыбына ақындар айтысы өтеді. 550 жылдық құрметіне монумент тұрғызылады (501,8 млн теңге). «Тараз — ғасырлар куәсі» атты көрме өтеді. Қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтеді. Басқа да шығындар: «Ұлы көш» фильмі (150 млн теңге) түсірілуіне, «Тамгалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық-музей құрылысына (100 млн теңге), «Керей-Жәнібек», «Қазақ елі» спекталі қойылуына және «Қазақ хандығы» балетіне (68 млн теңге), Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына (20,4 млн теңге) жұмсалады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2011 жылы.
* Орыс-хан. Қазақ хандығы
* Түркістан - Қазақ хандығының елордасы
* Юнеско сайтындағы Қазақстан тарихы
* Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған сайт Мұрағатталған 10 қыркүйектің 2015 жылы. |
Хамзин сөзі келесі тұлғалардың тегін (фамилиясын) білдіреді:
* Әбілкәрім Хамзин - Медицина ғылымдарының докторы, профессор.
* Әділжан Ақжігітұлы Хамзин
* Мағауия Хамзин
* Мәуен Хамзин - филология ғылымдарының докторы, профессор.
* Нұрлан Қасқырбайұлы Хамзин
* Сатыбалды Хамзин - медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан жаратылыстану ғылым академиясының корр. мүшесі.
* Сәбит Құрашұлы Хамзин - техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. |
Ат майы (дәстүр). «Ат майы» қайтты. Тигені ала бие (І.Жансүгіров). Халық дәстүрі ел арасында отырған адамдарды ешқашан ескерусіз қалдырмаған. Оның мұң мұқтажы мен әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына құлақ асқан. Мысалы, тұрмысы нашар, жоқ жітік, жетім-жесірлерге көмек көрсетіп, қол ұшын созып отырған. Соның бірі – ат майы. Мінер аты жоқ кедейлер бұрын байлар мен ауқатты кісілерге немесе көрші-көлем, туған-туысқандарына келіп «ат майын» сұрайды. Яғни бір жаққа барып келуге немесе бірер ай мініске ат сұрайды деген сөз. Мұның мағынасы алыс жолға мінген ат ариды, күйін жоғалтады. Ат сұраушы осыны меңзеп отыр. Мұндай жағдайда әр адам сұраушының көңілін қалдырмаған. Бұл да қазақтың қайырымдылық ғұрпының бір белгісі. |
Мұқан Төлебаев (13 наурыз 1913(19130313), Қарашыған шатқалы, Сарқан ауданы, Жетісу облысы — 02 сәуір 1960, Алматы) — қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), бұрынғы ҚР әнұраны авторларының бірі.
## Өмірбаяны
* Мұқан Төлебаев 1913 жылы 13 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданында дүниеге келген.
* Төлебаев орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесінде оқиды (1933). Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады.
* Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1-слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі.
* Мәскеу консерваторяисы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі (1936).
* 1941-1945 жж. Е. Брусиловскийден сабақ алған. Ол Е.Брусиловскиймен бірлесіп «Аманкелді» операсын жазған.
* Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады (1942-1944).
* Мәскеу консерваториясын (Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) бітіріп шығады (1951).
* Мұқан Төлебаев соғыста алған жарасы қатерлі ісікке айналып 47 жасында дүниеден озған.
## Шығармашылығы
Мұқанның анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған адамдар. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған. Жалпы М. Төлебаев шығармаларындағы музыкалық – эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады.
М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокалды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық.
М.Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады.
Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың XX ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады.
М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі.
## Қызықты фактілер
* Қазақстан Республикасы алғашқы әнұраны авторларының бірі.
* Мұқан Төлебаев - жаңашыл композитор. Ол бірінші болып кантата, симфониялық поэма жазған.
* М.Төлебаев, А.Жұбанов, Е.Брусиловский, В.Великанов, Л.Хамиди, С.Шабельский, Б.Ерзакович - жетеуі 1939 жылы Қазақстан Композиторлар одағын құрған.
* «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың XX ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі бар құнарлы туынды.
* Өмірінің соңғы жылдарында композитор лирикалық-драмалық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсын бастайды, бірақ композитор кенеттен дүние салып, бұл шығарма аяқталмай қалады.
## Атақтары
* КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1942);
* Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі (1948); *Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы (1956-1960).
## Дереккөздер |
Уәлихан немесе Уәлиханов сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін:
Тұлғалар:
* Уәли хан — Орта жүз ханы
* Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов — барлаушы, ғалым
* Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан — сәулетші, Қазақстан елтаңбасының ауторы
Елді мекендер:
* Уәлиханов – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл.
* Уәлиханов – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл.
* Уәлиханов – Павлодар облысы Железин ауданындағы ауыл. |
Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ (1864-1919) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.
## Өмірбаяны
Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Шымыр ішіндегі Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.
Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.
Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.
Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.
Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.
## Шығармалары
* «Ащылы-айырық»
* «Балуан Шолақ»
* «Дікілдек»
* «Көкшетау»
* «Қосалқа»
* «Қос барабан»
* «Қос перне»
* «Құлан кісінес»
* «Ғалия»
* «Кенже қоңыр»
## Дереккөздер |
Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Ғасырлар бойы қазақ тілінің түрлі әліпбилері болып, тарихи кезеңге байланысты ауысып, жаңартылды.
1929 жылына дейін Қазақстан қазақтары араб жазуын қолданып жүретін, оны 1924 жылы жаңартқан — Ахмет Байтұрсынұлы. 1930жж. көшу-қонудың нәтижесінде, Қытайда тұратын қазақтар әлі күнге дейін араб әліпбиін қолданады.
1920 жж. ортасында Кеңес Одақтағы түркі тілдес халықтарға бұрынғы араб жазуының орнын алатын латын әліпби жасалынуы басталып, 1929—1940 жылдар арасында Қазақ КСР-нда латын жазу жүйесі қолданыста болған.
1940 жылдан бастап, Қазақстанда Кирил жазуы енгізіліп, бүгінге дейін де қолдануда. 2017 жылы қазақ тілінің жазуын латынға ауыстыруға жоспарланып, одан бері қазақ тілінің жаңа латын әліпби нұсқалары жарияланған. Қазіргі таңда, латын жазуының практикалық қолданысы жоқ. Ресми әліпбиілерінен тыс QazaqGrammar мен QazAqparat өз нұсқаларын жариялаған.
## Кирил жазуы негізіндегі
### Қазіргі кириллица
Қазақ кирил әліпбиі — көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 жылы қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 жылына дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің соңында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған.
Келесі әріптер: В, Ё (1957 жыл), Ф, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған (1990 жылы бері ресми және жеке жария ақпараттарда, әдеби шығармаларда пайдалануы азая түсуде, сиректеніп кетті). Қазақ тілінің дұрыс табиғи фонетикасына байланысты Е әрпі орыс тліндегі Э сияқты дыбысталады (Екібастұз (қаз)- Экібастуз (орыс)). Ж әрпі қазақ тілінде орыс тіліндегі ДЖ әріптері арқылы берілетін аффрикаталық дыбысты береді (джігіт, джиһаз, джан, мұғалджар, үрджар, джас - айтылуы; жігіт, жиһаз, жан, мұғалжар, жас - жазылуы). Х әрпі қазақ фонетикасында қатаң айтылады. Сөз ортасындағы Қ (кейде соңындағы) сөйлеу барысында Х болып дыбысталады, егер Қ - дан кейін дауыссыз дыбыс келсе. Һ әрпі көбінесе араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, жұмсақ, жеңіл Х сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [e] боп сөйленеді. Сөздің ортасында я соңында Е дыбысы Ә-ге ұқсас айтылуы мүмкін. Э әрпі жазылмайды, бірақ Е әрпі Э сияқты дыбыс береді. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.
Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады):
* Е — А
* Ө — О
* Ү — Ұ
* І — Ы
Араб-парсы кірме сөздерінде Ә — А қарама-қарсы қоюы көрінеді.
Қазақ екпіні көбінесе соңғы буынға түсіп тұратындықтан жазуда белгіленбейді.
Белгішелеу
Жақында өткен заманда қазақ мәтінін теру көбінесе қиыншылыққа ұшырайтын еді. Оның себебі амал жүйелері мен мәтінтергіштерде Юникод арқауы жоқтығы, қалыпты түрде қазақша 8 бит белгішелеу парақ болмағаны және қалыпты компьютер әріптері жетіспеушілігі. Осыған орай қазақ кирил әліпбиін компьютерлерде белгішелеу үшін 20-дан аса әртүрлі нұсқалары ұсынылған.
Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады.
Пернетақта жаймасы
Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі.
Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (/, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себептен қалыпты жаймада бейәріп нышандарға және Ё әрпіне орын табылмаған.
### Шоқындырушылардың жазуы
Алғашқы қазақ кирил әліпбиін XIX ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет[1] және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді.
### Unicode
## Ресми латын әліпби нұсқалары
### Қазіргі латын әліпбиі
Қазіргі латын әліпбиі — 2017 жылдың 9 қазанында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жобасы ұсынылды. 2017 жылы қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілді. 2017 жылдың 26 қазанында бұл алфавит ресми түрде мақұлданды. 2018 жылғы 19 ақпанда осы қаулыға түзетулер енгізілді. 2017-2025 жылдары жаңа әліпбиге көшу жоспарлануда.
Әліпби 32 әріптен тұрады.
2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиін қазақ тілінің төл дыбыстары мен дыбысталуын сақтауға баса назар аударып, қайта қарауға шақырды.
Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының академиктері және сценарийлерге көшу жөніндегі ресми жұмыс тобына кіретін мамандар 2019 жылдың қараша айында көпшілікке ұсынған бұл редакция диграфтар мен өткір екпіндердің орнына умлауттарды, бревтер мен цедиллаларды қолданады және орфографиялық өзгерістерді ретімен енгізеді қазақ фонологиясын дәлірек көрсету.
Бұл түзету - түрік әліпбиінің сәл өзгертілген нұсқасы, С әрпін түсіріп, түрік тілінде жоқ төрт қосымша әріпке ие: Ä, Q, Ŋ және W.
Осы нұсқа мақұлдауын күткен кезде лингвисттер Ә, Ә, Ғ ғ, И и, Й, Ң ң, Ө ɵ, У у, Ұ ұ, Ү ү, Ы ы, Ч ч, Ш ш және І i. Екпінді таңбаларды енгізудің баламасы - диграфтарды көбірек пайдалану.
2021 жылы қаңтарда әріптерін енгізе отырып, қазақ латын әліпбиінің қайта қаралған нұсқасы ұсынылды, Ä ä (Ə ə), Ö ö (Ө ө), Ü ü (Ү ү), Ğ ğ (Ғ ғ), Ū ū (Ұ ұ), Ŋ ŋ (Ң ң) және Ş ş (Ш ш).
Бұл нұсқа 2023 жылдан бастап ресми түрде қолданысқа енеді.
Ресми латын әліпбиі (2021 нұсқасы):
### Unicode
## Тарихи және басқа да латын әліпбилер
### Латындық Жаңәліп
КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Жаңәліп; тат. яңа - жаңа + алиф - әліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды.
### 1929 нұсқасы
Бірінші Жаңәліп нұсқасы 1929—1938 жылдар арасында қолданылған. Әліпбиде 29 әріп болып, Çç, Əə, Ƣƣ, Ꞑꞑ, Ɵɵ, Ьь әріптері енгізілген.
### 1938 нұсқасы
Екінші Жаңәліп нұсқасы 1938—1940 жылдардың арасында қолданылып, тек латын графика мен кириллица арасындағы аралық рөлін атқарған. Әліпбиге көптеген орыс әріптерді енгізіліпп, бұрынғы әріптердің қолданысын өзгертілген. Нәтижесінде, бұл нұсқа қазақ тілінің орфографиясына ірі өзгерістер әкелген.
Кірме сөздерді нақты белгілеу үшін Ff пен Xx әріптері кірген. Бұрынғы Hh әрпімен белгіленген дауыс екі әріпке бөлініп, біреуі Xx ретінде белгілініп, екіншісі латын әліпбиінде дәл солай қалып, кириллица енгізілген соң Һһ әрпімен белгілене бастаған. Uu әрпі Ūū әрпіне өзгертіліп, әуелгі Uu әрпі бұрында /Ў/, /ЫЎ/, /ІЎ/, /ҰЎ/, /ҮЎ/ және орыс тілінен келген дауысты /У/ дауысын белгіле бастаған. Сондықтан бұрында /Ў/ дауысы үшін қолданылған Vv, кейін /В/ дауысын белгілеу үшін қолданылған. Ұқсас өзгеріс Ii әрпіне тиген, бірінші нұсқада /І/ дауысын білдірген әріп, кейінде /ІЙ/, /ЫЙ/ және онымен қатар кірме сөздерде табылатын орыс /И/ дауысын таңбалаған. Jj әрпі Ii әріптің орнына, /І/ дауысына арнаған.
### Пінин латыны
1950 жж. Қытайда тұрған қазақтардың әліпбиін Кеңестік кириллицасына ұқсас графикасына алмастырғысы келгенімен, Кеңестік-Қытайлық қарама-қатынастың бұзылуының кесірінен, бұл идеядан бас тартқан. Сондықтан 1964—1984 жж. арасында Қытайдағы қазақтар қытай тілінің латын нұсқасын — пінин әліпбиін қолданған:
Содан кейін, 1984 жылы Араб жазу қайта қолданысқа енген, бірақ пінин латын қазақ әлі ғылым мен кітаптарда қолданылуы мүмкін.
### QazaqGrammar нұсқасы
QazaqGrammar — қазақ тілі мен оның мәселелерін көтеретін интернет-қауымдастық. 2020 жылдың 31 шілдесінде олар өзінің қазіргі латын әліпби нұсқасын ұсынған. Ешқандай ресми рөлін атпармағанмен де, әрі практикада қолданылмағандықпен де, ол медиада өз атағын көтерген.
QazaqGrammar нұсқасы "Бір дауыс — бір әріп" қағидасын ұстанады, нәтижесінде Уу мен Ии әріптері бір әріппен жазылмай, оларды Жаңәліптегідей диграфтарға бөлген. Олардың жазылуы буынына немесе сөзіне тәуелді.
Дауысты Уу:
* Төл сөздерде бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне байланысты uw/üw деп жазылады: uwli, quwat, güwil, süwret (сәйкесінше улы, қуат, гуіл, сурет).
* Төл сөздерде басқа буындарда жуан-жіңішкелігіне байланысты ıw/iw деп жазылады: oqıw, tögiw, qırıwar, keriwen (сәйкесінше оқу, төгу, қыруар, керуен).
* Кірме сөздерде Uu деп жазылады: universitet, Uran, turist (сәйкесінше университет, Уран, турист).
Сәйкесінше Ии:
* Төл сөздерде жуан-жіңішкелігіне байланысты ıy/iy деп жазылады: qıyın, tiyin, qıyar (сәйкесінше қиын, тиін, қияр).
* Кірме сөздерде Ii деп жазылады: internet, biznes, Chili, Italiya (сәйкесінше интернет, бизнес, Чили, Италия).
Ц әрпі сөздегі орны мен тіркесіп тұрған дыбыстарына байланысты s/ts деп жазылады: sirk, sentner, aksent, atseton, abzas (сәйкесінше цирк, центнер, акцент, ацетон, абзац).
Кірме сөздердегі /Ч/ дыбысын білдіретін Ch ch диграфы қолданылады: Cheh, chart, chip, Chili, Chikago (сәйкесінше чех, чарт, чип, Чили, Чикаго).
Ресми нұсқаларымен салыстырғанда, QazaqGrammar нұсқасы /Ш/ дауысын таңбалау үшін Şş қолдануының орнына Жаңәліптегідей Cc әрпін қолданады, ал Ыы мен Іі әріптері үшін сәйкесінше Iı мен İi.
## Араб жазуы негізінде
Араб әліпбиінде — 29 әріп және бір белгіше бар (ٴ) — «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға.
Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған.
Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны жасаған Ахмет Байтұрсынұлы оны «төте жазу» деп атаған («Жаңа емле» деп де аталған). 1929 жылы латын жазуы негізіндегі «Жаңәліп» әліпбиіне ауыстырылды.
Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде де қазақ шетжұрты қолданады.
### Төте жазу үлгілері
Төменгі кестеде төте жазуының әліпбиі берілген. Әр әріптің дара жазылу нұсқасы, сөздің басында, ортасында және аяғында жазылу нұсқалары берілген. Әріптердің үстінде сыртқы сілтеме түрінде сәйкесті юникод кодтары берілген.
Бейресми қосымша әріптер. Өте сирек кездеседі.
## Басқа тарихи әліпбилер
Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдары аралығында латын графикасына негізделген әліпби жазу жүйесіне енгізілп, 1940 жылдан бері кирил әліпбиі қолданылып келеді.
Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, Қытай қазақтары ағарту жүйесінде бір кездерде (1929 – 40 жылдары; 1960–1970 жылдары) қолданыста болған латын жазуы, кирилл жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынұлы реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірген. Қазақстанда 30-шы жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келген. Бұл жазудың емлесі морфологиялық дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957 жыл, 1970 жыл) әртүрлі өзгерістер енгізілді. Кирилл негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр.
### Қазақтан бұрынғы замандағы әліпбилер
Есікті жазбасы
Есікті жазбасы түрі бірнеше археология мұрасымен таныстырады, соның ішінде ең ежелгісі — Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба (б.з.б. 5 ғ. шамасы). Сол қорған әйгілі Алтын адамның жаназа орны болыпты. Жазуы көнетүркі жазуына ұқсас. Кейбір зерттеушілер леген жазуын Солттүстік Үндістандағы Кхароштхи жазу түрі деп шығарады. Жазба мұқамы әлде де анықталмаған.
Орхон жазуы
Көне түркі жазуы (Орхон-Енесай жазуы деп те, руникалық жазу деп те аталады) — б.з.б. V - X ғасырларда түркі тайпаларының жазуы. Оның руникалық жазуы деп аталу себебі — германдық халықтары өзінің ертедегі пайдаланған руна жазуына ұқсас болғандығынан (бірнеше руналарда бірдей дыбыстық және кескіндік тығыз ұқсастығы бар).
Көнетүркі жазуы қалыпы Қазақстан жерінде тұрған, сосын қазақ этносына сіңірілген, көшпелі түркі тайпаларымен (5—10 ғғ.) қолданған. Моңғол шапқыншылық заманында (12 ғ.) көне түркі жазуы Ислам қысымы астында әбден араб жазуымен ысырылған.
Жебірей жазуы
Қазар (хазар) қағандары бүкіл ел діні есебінде яһуди дінінің қараим масхабын қабылдаған. Жебірей дінімен қолдасып жебірей жазуы да бірге келді. Сол қазарлар тайпаларының ішінде Украина және Солтүстік Кавказ жер атауларында көп ізі қалған беріш тайпасы болған. Қазір беріш Кіші жүздің руы. Қарайлар (кейде масхаб атауымен шатастырып қараим деп те атайды), екінші дүниежүзілік соғысынан бұрын Қырымда тұрған, 1920 жж. дейін дәстүрлі жебірей жазуын қолданған. Қарайлар өздерін түркі халқымыз деп таниды, қазарлардың тікелей ұрпақтарымыз деп санайды.
Тағы да қырымшақтар деген — қыпшақ тілінде (бұрын өздері шағатай тілі деп те атаған) жебірейлер тобы белгілі. 1941—45 жж. соғыс кезінде фашистік Германия қырымшақтар жұртын түгелге жуық қырған.
Юнан-қыпшақ жазуы
Юнан (грек) жазуын Қырымда тұрған ұрымдар (қыпшақ тілінде сөйлейтін юнандар) 1917 ж. дейін пайдаланған.
Әрмен-қыпшақ жазуы
XII—XIII ғасырлар аралығында Әрмен патшалығына көшіп барған қыпшақтар қыпшақ тілінде ауқымды діни, заңгерлік және тағы басқа әдебиетті шығарды. Ол қыпшақ тілінің көне қазақ тілінен айырмашылығы — әрмен-қыпшақ тілінде әрмен-християн ұғымдары көп қолданылады. Бұл мәтіндер әрмен әліпбиімен жазылды. Олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен ұрпақтары 19 ғасырдың соңына дейін шаруашылық жазбалары, жеке хаттар, т.б. секілді күнделікті жазбаларын әрмен-қыпшақ жазуымен жүргізіп келді.
Латын қыпшақ жазуы
Қырымдағы католик миссионерлері қазақ тілінің ертеректегі түрі — қыпшақ тілінде Інжілдер және басқа да діни әдебиет шығарумен айналысты. Соның ең көрнекті мысалы — 13-ші ғасырдың соңында құрастырылған лат. «Codex Cumanicus», латынша-парсыша-құманша сөздік. Онда италиян және оңтүстік герман тілдерінде түсініктеме сөздер де бар.
Басқа жазу жүйелері
Негізінен ислам дінінің үстемдік құрған кезеңге дейінгі уақытта ұйғыр, соғды, манихей, сурияни, тибет және брахми жазуларымен де жазылған түркі тайпаларының эпиграфикалық жазулары белгілі.
## Әліпбиді реформалаудың жобалары
1990-шы жылдардың басынан жазу реформасының бірнеше түрлері ұсынылды[дереккөзі?]:
* Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде жоқ әріптерді қазақ әліпбиінен аластау (Ё, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э), қазақ және орыс емле ережелерін қатар қолданудан бас тартып, тек морфо-фонемикалық ережені ғана ұстану, /w/ дыбысы үшін Ў әрпін енгізу, байырғы қазақ сөздерінде және қазақ тілінің дыбыстық ережелерімен айтылатын араб-парсы сөздеріндегі У әрпін ҮЎ, ҰЎ, ЫЎ ІЎ түрінде жазу (қарақалпақ емлесіндегі сияқты), И әрпінің орнына ІИ, ЫИ қолдану;
* Жоғарыда айтылған жаңа емле ережелерін қолдана отырып, латын әліпбиіне өту, не 30-шы жылдардағы латын әліпбиін толығымен немесе кейбір жақтарын қайта қабылдау (ресми татар әліпбиіндегі сияқты), не түрік әліпбиіне негізделген латын әліпбиіне өту (қырым-татар, гагауз және ғаламторда қолданылатын татар әліпбиіндегідей); не ағылшын әліпбиін қабылдау (өзбектер жасаған сияқты);
* Байтұрсыновтың төте жазуына қайту;
* Орхон-Енесай жазбасына өту.
Реформа туралы пікірталастардың бәрі түптеп келгенде екі таңдауға келіп тірелді: не кирил әліпбиін қалдыру керек, не түрік әліпбиінің негізіндегі латын әліпбиіне көшу керек (академик А. Хайдаридің нұсқасына).Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мәлімдемесінен кейін де әліпби туралы пікірталастар толастаған жоқ. Латын әліпбине өтуге қарсы пікір білдіретіндердің арасында әдебиетшілер басым. Болашақта әдеби шығармаларды жаңа әліпбиде қайта басып шығару туралы шешім қабылданғанда кейбір шығармалар тізімге енбей қала ма, жаңа буынға керегі болмай қала ма деп қауіптенеді.
## Әліпбилердің салыстырылуы
### Әліпбилердің салыстырмалы кестесі
## Мысалы
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
## Қазақтың өлшемді латын әліпбиі
2001 жылы қазақ фонетикасындағы дыбыстарды латынның стандартты әліпбесінде дұрыс белгілеу үшін құрастырылған. Жобаны дамытқан Өркен Тоқтарұлы «Қазақтың өлшемді латын әліпбиі» деп атаған. Қазақтың өлшемді латын әліпбиін жасауда Ө.Тоқтарұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқу-жазу үдерісіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, латынның стандартты 26 әріпінен тұратын әліпби құрастырады.
Дыбыс құраудың қосалқы баламалары: gh, ph, sh.
Толықтыру:
1) Жуандық белгісі «`» «i» таңбасына қойылып, жуан [ы] дыбысын беруге арналған. М: ti`nh [тың], i`s [ыс], mi`s [мыс], mi`y [мый] т.б. «q», «x», «o», «u», «a», «i`» дыбыстары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa [қысқа], uzin [ұзын], xilim [ғылым], alim [алым], qorim [қорым], i`risti [ырысты]. t.b.;
2) Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] aera [әра] мыңжылдық, «ое» [ө] poena [пөна] жаза және «ue» [ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема) немесе ұзақтық белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы: poёta немесе poēta [поета] ақын. Ал қазақ тілінде олардың арасына айыру белгісін «’» қою арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т.б. Латын тіліндегі қос таңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дауысты дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset т.б.;3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде [и] болып келеді. Сондықтан тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн.
4) "Y" және "Z" әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Латыншадағы «y» таңбасы қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Ол [ій]-[ый] дыбысынан құралады. Сол секілді «w» таңбасы да [іу]-[ыу] дыбысынан құралады. Тіліміздің нақтылығын арттыру үшін «y», «w» таңбалары түбір сөздердің бірінші буынында дауыссыз дыбыстармен [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркесіп келулері керек. М: si`yliq, uw, uwis, kiyw, jetisw, Jetisuw, suewret, ti`yim. Ал сөздің кейінгі буындарында дауыссыз дыбыстармен тікелей тіркесіп келулеріне болады. М: kelw, aedeby, sayasy, qi`ltyma т.б.;
5) «і» таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia – італия, Russia – руссия;
6) Халықаралық өлшемге келтіру үшін, жер-су аттары мен адам есімдеріндегі ғ, ш, ф дыбыстарын құрама таңбалардың қосалқы баламалары (2) арқылы таңбалауға да болады. М: Manghistaw, Ghalim, Qaraghandi, Shi`mkent, Pharyza, Aebish т.б.
7) Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona);
8) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu» [еу]. М: Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп;
9) Латынның «c» таңбасы «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы. Соған негізделіп, [ш] фонемасын белгілеуді жөн. Латын тілінде, классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан Gg әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн;
10) Ал латындағы «х» таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн;
11) Латыншадағы «h» таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh;
12) Қолдан келген жағдайда [ә], [ө], [ү], [ң], [ы] дыбыстарына құрама таңбалардың ықшам түрін қолдануға да болады. М: Äset (Aeset), änci (aenci), ädemi (aedemi), saŋlaq (sanhlaq), taŋ (tanh), Öskemen (Oeskemen), öner (oener), Ĭdĭrĭs (I’diris), sĭmbat (si’mbat), Sĭxanaq (Si`xanaq), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel) т.б.;
Mi`sali:Barliq adamdar tuwmisinan azat jaene qadir-qasyeti men quqiqtari tenh bolip duenyege keledi. Adamdarxa aqil-parasat, ar-ojdan berilgen, sondiqtan olar bir-birimen tuwistiq, bawirmaldiq qarim-qatinas jasawlari tiyis.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қазақ тілі
* Әліпби
* Қазақ транслитерациясы
## Сыртқы сілтемелер
* «Лұғат» қазақ тілінің сөздіктер кешені Мұрағатталған 13 шілденің 2015 жылы.
* Қазақ-Орыс-Қазақ сөздігі (виртуалды пернетақтасы бар)
* Казахско-Русско-Английский словарь на казновице(қолжетпейтін сілтеме)
* Ғылым Мұрағатталған 7 наурыздың 2017 жылы. — Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
* Түрік бітік. Қазақ тілінің тарихи-мәдени қоры. Көне түрік таңбалары)
* Александр Николаевич Гаркавецтің түркі қолжазбаларының электронды жиынтығы. (орысша)
* «Святое Евангеліе» на казахском языке (ағылш.)
* Köktürkische Schrift, Türkische Runen (нем.)
* Төте жазуына және т.б-ларына конвертер Мұрағатталған 29 қарашаның 2011 жылы. |
Дәулеткерей Шығайұлы (1820, Орал облысы,Орда ауданы - 4.05.1887) — қазақтың аса көрнекті күйші-композиторы.
## Өмірбаяны
Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір-Керей хан де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай-Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады.
Атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Ресейде білім алып, кейін генерал дәрежесіне дейін жеткен хан Жәңгір Ордада балалардың орысша білім алуына да жағдай туғызыпты. Дәулеткерей орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанған. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген. Оның үстіне сұлтандардың қысқы мекеніне айналған Ордаға қырқыншы жылдардың бас кезінде Саратовтан драма және эстрада артистері шақырылады екен. Дәулеткерей орыс және Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты. Сондай-ақ гитара мен мандолинаны да тарта білген. 1854 жылы француз саяхатшысы Паули сызған суреттің нобайымен Чередеев салған акварельде күй тартып отырған Дәулеткерей, одан басқа да аспаптарда орындаушылар бейнеленген. Ең қызығы — ортада билеп жүрген еркек бейнесі бар.
1855 жылы Екінші Александр патшаның таққа отырып, тәж кию салтанатына қатысқан өкілдердің ішінде Дәулеткерей де бар еді. Оны делегация құрамына кіргізудегі мақсат — бірте-бірте ел басқару тәртібін үйрене берсін дегендік еді. Бірақ ол патша колонизаторларының сарайымен емес, озықойлы Ресеймен, Пушкин елімен танысуға келген-ді. Ол осы сапардан көрмегенін көріп, естімегенін өз қүлағымен естіп қайтады. Еуропа сазгерлерінің оркестр ойнаған шығармаларын тыңдайды. Өзі өлең жазбаса да поэзияны жүрегімен түсінетін күйші екі жылдан кейін Пушкинге, ақынның өзі оқыған лицей жанынан ескерткіш қоюға Бөкей ордасынан қаржы жиналған кезде, бірінші болып өз үлесін қосқан.Дәулеткерей 1861 жылы Қызылқұрт елінің билеушісі боп тағайындалған соң, бір жылдан кейін күй атасы Құрманғазымен кездескен. "Дәулеткерейдің Құрманғазымен әңгімелесіп, халық дәстүрі үлгісіндегі басқа да домбырашыларды көріп тануы, оның музыкалық творчествосына қатты әсер етеді", — деп жазады академик Ахмет Жұбанов. Құрманғазы және оның шәкірттерінің ең үздік музыкалық шығармалары дауылдатқан екпінімен, тастай тегеуірінділігімен, өршіл батылдығы, кең тыныстылығымен ерекшеленеді.
Дәулеткерейдің халық тағдырын, елдің еркіндікке ұмтылу сезімін бейнелеген "Топан", "Жігер" атты күйлері тегеурінділігімен қоса тақсірет көрген ержүрек адамның салмақты, салиқалы тебіреніс-толғанысын бейнелейді. "Жігер" туралы Затаевич былай деп жазған:
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қайтыс болған Дәулеткерей, ұзақ уақыт өмір сүрмесе де артына өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйшілердің бірі.
## Шығармашылығы
Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр", "Желдірме", "Керілме", "Ысқырма", "Қосішек" дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді. "Жұмабике" деген күйінің тарихы былай: ол кезде қыздар кішкентайынан өзі білмейтін біреуге атастырылатын салт болған. Кейін бойжеткенде, өзі сүймесе де, сол жігітке ұзатылуға тиіс. Бұған наразы жігерлі қыздар Уақытша кеңес дейтін билігі бар мекемелерге арыз айтып баратын болған. Қыз сөзі расталып, шындықтың бет пердесі ашылса, азаттық алады екен. Міне, асқан әнші, ақындық өнері рулы елге ерте танылған, өз талабымен еркіндік алған Жұмабике деген қызға ризалық сезімін Дәулеткерей күй арқылы жеткізген. 1869 жылы қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлымен кездесуі Дәулеткерейдің шығармашылық өміріндегі ұмытылмас кезең болды, олар күй тілімен табысып, бір-біріне күйшілік өнерімен тікелей әсер етеді. Дәулеткерейдің көптеген күйлері халық арасына кеңінен тараған.
Оның тұрмыстық жанрдағы «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа» күйлері; «Қыз Ақжелең», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты әйелдер бейнесін жасаған шығармалары бар. Орыс музыкасының әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан» т. б. күйлерін, 1871 жылы досы С. Бабажановтың қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау күйін шығарды. «Бұлбұл» күйі де осы кезеңде туды. Дәулеткерей өмірінің соңғы жылдарына жататын күйлерінде - терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Олардың қатарында халық симфонизмінің тамаша үлгілері саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлері бар.
## Дереккөздер |
Сырым Датұлы, Сырым батыр (1753 жыл, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан — 1802 жыл, қазіргі Хорезм облысы, Өзбекстан) — Ресей империясы патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтарының 1783—1797 жылдарындағы көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Алшын тайпасының Байбақты руының биі. Атақты Байбақты Шолан батырдың немересі.
Шыққан тегі — Кіші жүздің Алшын тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.
XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.
Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.
## Нұралы ханмен қақтығыстары
1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыққан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылды.1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда — Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783–1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдықжерлерін казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті.Бұл кезеңде Кіші жүздің батыс аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшын дары мен келіссөздер жүргізе бастады. Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында жүргізілді. 1786 жылы 13 шілдеде Екатерина II Нұралы ханды қызметінен босатты.
1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер күресті одан әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті. Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты.1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату тұралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңестің құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мөжбүр болды.
## Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі
Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады:
Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.
1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады.
## Сырым Датұлы 2-ші көтерілісі
Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784 жылы бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады.
1785 жылы күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина II-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.
Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады.
1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады.
## Хиуаға ығысу
Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Есімнің кегін алмақ болып, арнайы әскер жасақтап, Сырымға қарсы аттанады. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетеді.
Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады.
## Сілтемелер
* Сырым батырдың өлiмi екi ғасырдан берi ашылған жоқ Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Бұйдаш хан — (Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан, туған жылы белгісіз - 1559/1560) — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538). Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы, Тахир ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16 ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған: Батыс бөлікте Ахмет хан (Ахмад) хан, орталықта — Тоғым хан және Жетісу аймағында Тахир хан. Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде (деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған.
Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған. Тарих-и Рашидиде Бұйдаш хан 1533/34 жылдан кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыр Барақ ханның ұлы Дербіс сұлтанмен соғыста өлді деп жазады. Осы соғыста Әдік сұлтаннан тараған 24 сұлтан қаза табады. Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз. Бірақ орыс жылнамаларында Әдік сұлтанның соңғы ұрпағы Бабақ сұлтан қайтыс болғанын айтады.
## Дереккөздер |
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
## Мемлекеттік құрылысы
Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
### Ел басшылары
Коммунистік партияның қырғыз өлкелік комитетінің хатшылары:
## Халқы
Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.
Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам).
Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейт жерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4-1,8 адамнан аспаған.
1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам (1940 жылдан 5,4 есе көп), оның ішінде өнеркәсіпте 1095 мың, құрылыста 568 мың, ауыл шаруашылығында 1002 мың, транспорт пен байланыста 588 мың адам жұмыс істеді. Шаруашылықтың барлық саласындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің 48%-і әйелдер болды. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді. Қазақ КСР -да жаңадан 200-ден астам қала және қ. т. поселке пайда болды. Қазан революциясына дейін 50 мыңнан артық халқы бар бірде-бір қала болмаған еді, 1974 ж. мұндай қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың. Қарағанды 559 мың). Орталық Қазақ КСР -да Қарағанды, Теміртау (192 мың), Балқаш (80 мың), Жезқазған (74 мың), Маңғыстауда — Шевненко (89 мың), Солтүстік Қазақ КСР-да —Рудный (105 мың), Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақ КСР-да — Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды. Ескі қалалардың халқы да өсті: Алматыда 1926 ж. 45,4 мың халық тұрса, 1974 ж, 813 мың болған, Шымкентте 284 мың, Семейде 265 мың, Өскеменде 252 мың, Павлодарда 228 мың, Таразда 228 мың, Ақтөбеде 170 мың.
## Қазақ ССР-інің экономикалық жүйесі
Қазақ ССР-інің экономикалық системасының негізін өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік және колхоздық-кооперативтік меншік формасындағы социалистік меншік құраған. Сондай-ақ кәсіподақ және өзге қоғамдық ұйымдарының уставтық міндеттерін жүзеге асыруға қажетті мүлік де социалистік меншік болып табылған. Қазақ ССР азаматтарының өзіндік меншігінің негізін еңбекпен тапқан табыстары құраған. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болуын мемлекет қорған отырған.
Колхоздардың және басқа кооперативтік ұйымдардың, олардың бірлестіктерінің уставтық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті өндіріс құрал-жабдықтары, өзге де мүлкі сол ұйымның меншігі болып табылған. Колхоздардың алып отырған жері олардың тегін және мерзімсіз пайдалануына бектіліп берілген. |
Тараз — Қазақстандағы қала, Жамбыл облысының әкімшілік орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936–1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937–1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылғы 8 қаңтарда тарихи атауы — Тараз атауы қайтарылды.
## Тарихы
Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер Ферғана алқабының соғдылары болған. 1997 жыл бастап қалаға тарихи атауы қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. XIX ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болды да, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, облыс әкімшілік орталығы болғанын жалғастыра берді.
Тараз қаласында Айша Бибі, Бабажы-қатын, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.
## Географиясы
### Климаты
## Халық саны
Қаланың халық саны: 357 663 адам (2019 жылғы).
Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, корейлер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзербайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада «Достық үйі» бар.
Тараз қаласы халқының әр жылдардағы саны:
## Әкімшілік бөлінісі
Тараз қаласы 26 шағын ауданнан тұрады: Ақбұлақ, Қаратау, Жайлау, Салтанат, Талас, Самал, Алатау, Мыңбұлақ, Аса, Жансая, Астана, Бәйтерек, Қарасу, Арай, Кектем, Жасыл кілем, Тонкуруш, Барыскан, Бурыл және т.б.
## Тараз басшыларының тізімі
Жамбыл (Тараз) қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары
* Федотов А. П. (қаңтар 1939 — наурыз 1940)
* Әбділдин А. (сәуір 1940 — наурыз 1941)
* Царев А. А. (сәуір 1941 — наурыз 1943)
* Санников А. М. (сәуір 1943 — маусым 1946)
* Федотов А. П. (қаңтар 1947 — мамыр 1951)
* Прохоров Н. И. (маусым 1951 — наурыз 1955)
* Кондратьев С. И. (қыркүйек 1955 — сәуір 1963)
* Бобир Н. М. (мамыр 1963 — мамыр 1972)
* Коротков В. Г. (маусым 1972 — сәуір 1975)
* Банников В. Г. (сәуір 1975 — қазан 1983)
* Додонов Ю. Е. (қазан 1983 — ақпан 1987)
* Макаров С. Н. (наурыз 1987 — наурыз 1990)
* Ахметова Л. А. (сәуір 1991 — тамыз 1991)
Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің төрағалары
* Бученко П. В. (тамыз 1939 — қаңтар 1940)
* Глухов В. Ф. (қаңтар 1940 — қыркүйек 1940)
* Синицин В. В. (қыркүйек 1940 — қыркүйек 1941)
* Бученко П. В. (мамыр 1942 — наурыз 1943)
* Бармашев К. А. (наурыз 1943 — тамыз 1946)
* Бабинцев Ф. А. (тамыз 1946 — наурыз 1950)
* Галямин А. И. (наурыз 1950 — қаңтар 1952)
* Ескелдиев С. (сәуір1952 — қазан 1952)
* Құсайынов Т. (қазан 1952 — наурыз 1957)
* Комратов А. (наурыз 1957 — қаңтар 1965)
* Әбсеметов А. А. (қаңтар 1965 — желтоқсан 1969)
* Төребеков Т. (наурыз 1970 — маусым 1983)
* Шарафутдинов Щ. К. (маусым 1983 — мамыр 1987)
* Сүлейменов К. К. (мамыр 1987 — қазан 1990)
* Темірбеков Т. (қазан 1990 — ақпан 1992)
Тараз қаласының әкімдері
* Алдияр Әлиасқарұлы Түсіпов (ақпан 1992 — қазан 1995)
* Болат Әбжаппарұлы Жылқышиев (қазан 1995 — қаңтар 1998)
* Сейіт Қайроллаұлы Сартбаев (қаңтар 1998 — ақпан 1999)
* Болат Оспанұлы Сауранбаев (ақпан 1999 — сәуір 2005)
* Ілияс Әлімұлы Тортаев (2005 — 2009)
* Ертарғын Кәкімбекұлы Астаев (8 желтоқсан 2009 — қазан 2010)
* Бекболат Серікбекұлы Орынбеков (қазан 2010 — 31 желтоқсан 2013)
* Нұржан Сәбитұлы Календеров (31 желтоқсан 2013 — 2 наурыз 2017)
* Рүстем Рысбайұлы Дәулет (2 наурыз 2017 — 23 сәуір 2018)
* Ғалымжан Райлұлы Әбдірайымов (23 сәуір 2018 — 12 сәуір 2019)
* Қайрат Әскербекұлы Досаев (24 сәуір 2019 — 22 қараша 2019)
* Айтқазы Даулетқұлұлы Қарабалаев (3 желтоқсан 2019 — 19 наурыз 2021)
* Ержан Жұматұлы Жылқыбаев (19 наурыз 2021 — 5 тамыз 2022)
* Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков (5 қыркүйек 2022 жылдан бастап)
## Табиғаты
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Бедердің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде дөңмаңдай, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:
* мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
* жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
* жалпы алаңы 1 миллион га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, джейрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.
## Өндірісі
Таразда қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудаң әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбал фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауыты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауыты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр.
## Бұқаралық ақпарат құралдары
### Газеттері
* Жамбыл-Тараз — 1996 жылдан бері апта сайын шығатын саяси-қоғамдық газет.
* Магнолия — 1995 жылдан бері апта сайын шығатын облыстық газет.
* Новый регион — 1999 жылдан бері апта сайын шығатын ақпараттық-жарнамалық облыстық газет.
* Знамя труда — 1919 жылдан бері шығарылып келе жатқан орыс тілді газет.
### Телевизия
* «Қазақстан-Тараз» — Жамбыл облысының өңірлік телеарнасы.
* «77 TV» телеарнасы.
### Ақпарттық агенттіктері
* «Эк-Спорт» (экономика-спорт)
## Суреттері
*
*
*
*
*
*
## Бауырлас қалалар
* Фресно, Калифорния, АҚШ
* Сиэтл, Вашингтон, АҚШ
* Сиань, Қытай
* Тревизо, Италия
* Кобдо, Моңғолия
* Кечкемет, Мажарстан
* Челябі, Ресей
* Самарқан, Өзбекстан
* Талас, Қырғызстан
* Ош, Қырғызстан
## Дереккөздер
## Тараз қаласының сайттары
* Тараз қаласының сайты Мұрағатталған 11 қаңтардың 2016 жылы.
* Тараз қаласының ақпараттық сайты
* Тараз қаласының ақпараттық порталы
## Тағы қараңыз
* Тараз қаласының құрметті азаматтары
* Тараз (футбол клубы) |
Қазақ күнтізбесі, байырғы қазақ күнтізбесі – табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылған, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинағы. Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жаз, қыс, күз, көктем), айдың тууы мен батуының алмасуын; жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. Қазақтар өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеуге және қыстауға қай уақытта қайту, қой мен қозыны қырқу, күйекке алу, мал төлдету, соғым сою, егін егу, шөп шабу шаруашылық жұмыстарын жүргізу мезгілдерін негізінен есептеп белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу шаруашылық үшін қауіпті болды. Мысалы, күйек дәл уақытында алынбай, ерте алынса – мал суық айларда төлдеп шығынға ұшырайды, кеш алынса – қой қысыр қалады немесе төл кенже туып, жетіліп үлгермей қыс түседі. Мұндай жәйттер уақыт есебін мұқият білуді, айналадағы табиғат құбылыстарын қатаң бақылап отыруды қажет етті. Табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген астрон. құбылыстар мен білімдер жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Бұл күнтізбе шетсіз-шексіз кең далада мал бағуға, көшіп-қонуға, жол жүруге, жоқ іздеуге, аң аулауға, төрт құбыласын айыруға, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды ажыратып, өткел, суат, қоныс, құдықтарды адаспай табуға көмектесті. Халық арасында ауа райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілердің білім-тәжірибелері атадан балаға мирас болып қалып отырды. Есепшілер көптеген ұрпақтардың білім тәжірибесін жинақтап, жылма-жыл табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, күн райын болжады. Олар Қазақ күнтізбесі нің толық жыл есебін жүргізді, маусымдық жұмыс кезеңдерін белгіледі, қыстың қандай болатыны туралы болжам жасады. Әр айдағы ауа райының шұғыл бұзылатын кезеңдерін, яғни үш, бес күндік амалдарды алдын-ала болжап, жұртқа хабарлап отырды. Осымен қатар қазақ қауымы планеталарды, жұлдыздарды жаңылыспай таныған. Олар, жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарды.
Қазақтардың аспан денелеріне қойған аттары да өздерінің мал бағушылық өмірінен алынды. Жұлдызды аспан картасын олар Темірқазықтан бастады. Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде бағыт-беталысын бағдарлайтын астрон. компасы іспетті болды. Оның жанындағы екі жұлдыз “Ақбозат”, “Көкбозат” деп аталды. Жетіқарақшы қазақтың мал күзеткен күзетшілерінің астрон. сағаты еді. Күздің ұзақ таңында күзетшілер Жетіқарақшыға қарап кезек ауыстырды. Юпитерді – “Есекқырған”, Марсты – “Қызыл жұлдыз”, Сириусты – “Сүмбіле” деп атады. Бұлардың аспан күмбезіндегі орнын, қозғалысын біліп отырды. Үркер шоқжұлдызының қазақтар үшін мәні болды. Қазақтар Үркердің аууынан күн райы өзгереді деп білді. “Үркер жерге түспей жер қызбайды” деген содан қалса керек. Халық есепшілері Үркердің тууы мен батуын ұдайы қадағалаған, бақылап отырған, шаруашылық маусымдарын соған сәйкестендірген. Орион шоқжұлдызына ерекше көңіл бөліп, оны әр алуан аттармен: Арқар, Үш арқар, Таразы, Шідер деп атады. Шілденің аяғында “Таразы жұлдызының” тууы жаздың өтіп, аптаптың беті қайтқандығын аңғартады. Қазақ есепшілері бұл жұлдыздың көрінуіне қарап: “Таразы туса, таң салқын, бидай, тары піседі” деп тұжырымдайды. Сүмбіле туған соң жаз аяқталып, малдың тынышын алатын шыбын-шіркей кешікпей жоғалады. “Сүмбіле туса – су суыр” деген сөз егін орып, отын-су жинап, жылы үй дайындап, қыстың қамын ойлауды аңғартады. Қазақ есепшілері жыл айларын дұрыс есептеу үшін Айдың қозғалысын үнемі бақылап отырды. Олар бір жылды он екі айға, айды үш ондыққа (отыз күнге) бөлген; жыл мезгілдерін Күннің Үркерге қарағандағы жайына қарай да белгілеген. Күн көзіне негізделген жылдың айларын қазақтар “жұлдыз” деп атады. Бұл Жердің, Айдың он екі фазасына сәйкес он екі зодиактық шоқжұлдыздардың санын еске салады. Қазақтар дүниенің төрт тарабын күн көзінің күндізгі жайына қарай “күншығыс”, “күнбатыс”, “оңтүстік”, “солтүстік” деп атады. Ерте заманнан келе жатқан мүшел жылы есебінің қазақ өмірінде үлкен мәні болды. Қазақтар уақыт есебін осы мүшел жылы бойынша жүргізді. Әрбір жыл хайуан атымен: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталды. Мүшел жылы күн мен түннің көктемдегі теңелу кезі жиырма екінші наурызда ауысады. Байырғы Қазақ күнтізбесінде он екі айды бір жылға, үш айды бір тоқсанға, жеті күнді бір аптаға, бір күн мен бір түнді бір тәулікке есептеді және айлардың өз аттары болды: наурыз, сәуір (‘’көкек’’), мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қазақ есепшілері күннің түнге қатысты ұзару, қысқару құбылыстарын да мұқият бақылаған: күн желтоқсанда торғай адым, қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарды, шілдеде шіл адым қысқарды деседі. Қазақ күнтізбесі нде уақыт есебінің Үркер шоқжұлдызы бойынша жүргізілетін жүйесін тоғыс есебі деп атайды (Тоғыс есебі). Байырғы Қазақ күнтізбесі нде жыл басы көктемдегі күн мен түннің теңелуі (жиырма екінші наурыз) күнінен басталады. Бұл күні жаңа жыл – наурыз мейрамы өткізілді.
## Дереккөздер |
Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы облысы.
Облыс 1932 жылғы 10 наурызда Батыс Қазақстан облысы болып құрылған. 1962 жылы Орал облысы болып өзгертілген. 1992 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы — 151,3 мың км², тұрғындары 646 828 адам (2018). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.
Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9–12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 49,1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрлі, Деркөл, Зашаған, Круглоозёрное, Чапаев, Тасқала, Шыңғырлау.
## Аудандары
Батыс Қазақстан облысында 12 аудан мен 1 облыстық маңыздағы қала бар:
## Географиясы
Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.
### Табиғаты
Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктігі 10–25 метрден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45–65 метр) сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 метр (Ешкітау). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі — құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110–260 метр, ең биік жері — Ақтау (Бортау) тауы (263 м).
### Топырағы
Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр.
### Геологиясы және кен байлықтары
Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий маңы ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник құрылымдар (Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын қараңыз). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.
### Қазба байлықтары
Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Теплов сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері — Батыс Теплов және Қарашығанақ. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары және басқа қазба байлықтары ашылды.
Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм–қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі аудандарда таралған: пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген; бұлардың жиынтық қоры 16 081 мың метр куб.
Жылдық қуаты 1 300 мың тонна цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1 106 482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21 619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка стансасының жанынан ашылды, қоры 2042 мың метр куб.
## Гидрографиясы
### Өзендер
Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 километрден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі ұзындығы 500 километрдей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Деркөл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның екінші жартысында қатып, сәуірдің бірінші жартысында мұзы ериді.
Облыстың негізгі су көзі — Жайық өзені. Облыс шегіне Елек ауылының батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солтүстік Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы — 761 километр, су жинайтын алабы — 116 678 шаршы километр. Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,54 км/км квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 км/км квадрат. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 км/км квадрат, Жайықпен қосып есептегенде 0,040 км/км квадрат коэффицентпен сипатталады.
Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 - і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі мен ғана ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К – 1,4, Шолаңқаты – К -1,04, Жақсыбай – 1,07, Ащыөзек – К – 1,75, Мұқыр – К – 1,4 – ке тең келеді.[дереккөзі?]
### Көлдері
Батыс Қазақстан облысында 140-тан астам көл бар. Оның 9 су айдыны 10 шаршы километрден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б.. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан.
Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды есепке алмағанда); олардың айдындарының аумағы 1 532 шаршы км. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су (қарасу) айдындары көп. Мысалы Шежін жайылмасы 2200 шаршы километрді алып жатыр. Дүре — 700 км², Қараөзен — 600–700 км², Сарыөзен — 200–300 км², ал Бұлдырты — 100 км² жуық жерге жайылған.
## Флорасы және фаунасы
### Жануарлар дүниесі
Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтүстігіндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құмтышқан, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңыр қаз, сұр қаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, ақ қайран, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өзенінде бекіретәрізділер (бекіре, шоқыр) кездеседі.
Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310-ға жуық, бауырымен жорғалаушылардың 19, қосмекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді.[дереккөзі?]
Сүтқоректілерден өздерінің алуантүрлілігімен ерекшелінетін кеміргіштер де бар. Қамысты-қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде ондатр (су тышқаны) мекендейді. Жайықтың ескі арналарында қайтадан құндыз кездесе бастады. Орқоян кең таралған, ал облыстың солтүстік бөлігінде ақ қоян мен дала шақылдағы кездеседі.
Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер (120-ға жуық түрі бар). Орман — тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сары шымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі.
Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер (2,5 мың түрге жуық) көп және қоңыздар басым болып табылады (1,2 мың түрге жуық). Көбелектер отрядының 400-ге жуық түрі бар, екі қанатты және жарғақ қанаттылар 150–200 түрден саналады. Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың 10–15, өрмекші, кенелердің 100-ден астам түрі бар. Су түбін мекендеушілерден, әдетте, әр түрлі құрттар, буынаяқтылар мен олардың дернәсілдері (шамамен 100 түрден), сондай-ақ моллюскалар кездеседі. Планктонның негізгі массасын шаянтәрізділер (дафния, циклоптар), қарапайымдар (инфузория, арцелдер), жәндіктердің дернәсілдері, хиромид және басқалары құрайды.
### Өсімдіктер дүниесі
Облыстың солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі.
Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300-ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді (220), атбас бұршақты (139), астық тұқымдас (118), көкпек (113), зиягүл (104) түрлері бар. Облыстың өсімді жамылғысында үш белдем (зона) элемент кездеседі. Солтүстіктен нағыз дала белдем өтеді, орталықтың едәуір бөлігі шөл дала немесе шөлейіт белдемге енеді, ал оңтүстік аудандар шөлдің солтүстік шегіне ұласады. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте-бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Негізінен нағыз дала зонасы облыстың солтүстік бөлігін алып жатыр және бұл өңір боз әрі бетегелі дала болып табылады.
Боз даланың оңтүстік шегі Еруслан бастауынан Қараөзен және Сарыөзен арқылы, Ершов кентінен 2 025 км оңтүстікке, одан әрі Жалпы Сырт сілемдерімен Красный кентіне дейін, Дарьинское арқылы Шалқар көлінімен солтүстік жағалаумен, содан соң Елек және Қобда су айырығын бөле шығысқа қарай өтеді. Облыстың шөптесін қорының басты түрі — жайылмалық шалғындар. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайық, сұлыбас өседі.
## Климаты
Облыстың климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы -11–14 °С, кейде -40°С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22–25°С, кейде 40°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері 190 (оңтүстікте)–350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15–20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150–170 тәулік.
## Шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, метал өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден «Қарашығанақ кен орны», «Металлист», «Зенит», «Металл өңдеу», «Омега» зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде «Надежда» тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім зауыты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра зауыты, нан комбинаты, сондай-ақ, «Жайықжылужарық», «Оралоблгаз», «Диана», «Орал-Алма», «Нұржанар», Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді.
Батыс Қазақстан облысында республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы ауыл шаруашылығына тиімді жер 13,9 млн га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн га. Астық дақылдары 934 мың гектар жерге, техникалық дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал шаруашылығында сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997).
## Жолдары
Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі бар. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомобиль жолдарының ұзындығы 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Негізгі автомагистралдары: Орал–Атырау, Орал–Ақтөбе, Орал–Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.
## Мәдениеті
Батыс Қазақстан облысы аумағында 6 мыңнан астам түрлі дәуірдегі археологиялық ескерткіштер және 500-ден астам тарих, сәулет және монументалды өнер ескерткіштері бар, олардың 14 республикалық маңызы бар ескерткіштерге жатқызылады. Мәдениет және өнер жүйесінде облыста 717 мәдениет мекемелері қызмет етеді.
Облыста тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында 22 тарихи-өлкетану, мемориалдық музейлері халыққа қызмет көрсетеді, олардың 13 ауылдық жерде орналасқан. Облыс кітапханалары жүйесінде 377 көпшілік кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.
## Халқы
Түрлі жылдары жасалған санақтар бойынша Батыс Қазақстан облысы халқының саны:
### Білім беруі
Облыста 4 жоғарғы оқу орны бар, олардың барлығы да Орал қаласында орналасқан, атап өткенде Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Еуразия академиясы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ашық Тізімдеме Жобасындағы Батыс Қазақстан облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. |
Үйсін мемлекеті (б.з.д. VIII ғ. — б.з. V ғасырда) — Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.
Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: «Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады», — деп көрсетілген.
Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.
## Жағрапиясы
Жетісу аймағында орналасты. Шекарасы батысында Шу, Талас өзендеріне, шығысында Тянь Шанның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін созылған. Үйсін бірлестігі жайындағы алғашқы мәліметтер б.з.д. 1 ғасырдағы қытай жылнамаларында кездеседі (Үйсін). 630 мың халқы болған. 189 мың адамдай жасақ құрған. Бірлестіктің бекіністі астанасы — Шығу қ. Батыс пен Шығыс елдері аралығындағы «Ұлы Жібек жолы» торабына орналасқан. Мұның өзі бірлестіктің көрші елдермен (қытаймен, ғұн, қаңлы, алан, ұйғыр, қырғыз тайпаларымен) саяси, экономикалық және мәдени байланысты дамытуына мүмкіндік жасады. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.
## Тарихы
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастаған елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «үйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II ғ.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық.
«Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі — Ұлы жүз қазақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұсқаларының бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транскрипциясының дәстүрлі ертедегі кытайша түрі казіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған.
Үйсін терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір үйсіен деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды үйсін гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені… Аспан Еліне… күйеуге берді» деген сөздер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды.
Үйсіндердің ертедегі этникалық-саяси тарихына байланысты оқиғалар жеткілікті зерттелмеген.
Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б. з. д. II ғасырдың аяғында пайда болады. Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жіберген. Чжан Цяньды сюнну-ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейіннен қашып шығып, Жетісуға барады, үйсіндер туралы алғашқы хабарды еліне сол жақтан апарған. Оның кезінде үйсіндер арасында сэ (сақтар) «тармағы» мен юечжилер мекендеген. Юечжилер туралы хабарлар Чжанье ауданындағы сюннулерден алынғандықтан, Чжан Цянь үйсіндердің өзі де бұрын Цилянь- шань мен Дуньхуан аралығында мекендеген деген қорытынды жасаған.
Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ аумақты алып жатқан. Қытай үйсіндердің сюннулерге Ордоста соққы беруін қалады. Бұл пікір үйсіндердің нақ сол Чжан Цянь жазып алып, кейіннен шежіреге енгізілген генеалогиялық аңызының редакциясында да әз көрінісін тапқан. Оның айтуынша, үйсіндердің билеушісің бір кезде көршілері юечжилер өлтірген де, оның қаншық қасқыр мен қарға күзетіп жалғыз қалған ұлы есейген шағына дейін шаньюй ордасында тәрбиеленген. Ер жеткен соң гуньмо әкесін өлтіргені үшін кек қайтаруға шаньюйден рұқсат сұрап, юечжилерді талқандапты. Өз кезегінде Орта Азия юечжилерінің аман қалған бөлігі басқа тайпалармен одақтасып, б. з. б. 140 жылы Грек-Бактрия мемлекетін талқандаған.
Үйсіндерде үштік жүйе болса керек. Сюннулер сияқты, олар да үш бөлікке: сол қанат, орталық және оң қанат болып бөлінген (олардың әрқайсысында он мыңнан жауынгер болған).
Үйсіндер бірсыпыра уақыт бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелді болғандықтан, соңғы этноним белгілі бір уақыт бойы үйсіндердің өзін де тасасында ұстап келген деп санауға болады. Мүны грек-рим жазушыларының ертедегі ғұндар туралы хабарлары дәлелдейді. Мәселен, ғұндар туралы хронологиялық жағынан алғаш рет Страбонның айтқандарында, Бактрия патшалары «өз иеліктерін серлер мен фаундарға дейін жайды» делінген. Тегінде, Грек-Бактриясының иеліктері бір кезде Тарым ойпатының батыс шегінен әріге созылып жатса керек, демек, бұлайша салыстыру тарихи-географиялық тұрғыдан даулы.
Кейінгі уақыттағы үйсіндер тарихы сақтармен және юечжилермен байланысты. Грек-рим авторлары енді «ғұн-үйсіндар» жайында айтады.
Ғұндар атауының үйсіндерге де таралғанына қарамастан, олардың этникалық туыстығы туралы айтуға берік негіз жоқ, дегенмен мұны толық, бекерге шығаруға болмайды. Сюннулердің тілі әзірше белгісіз. Зерттеушілер қазіргі уақытта сюннулер тілін ежелгі түрік тіліне бәрінен де жақын «алтай» тобының тіліне жатқызуға бейім.
Үйсіндер қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды (қ. Үйсін мемлекеті). Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді ұшырасады. Оған себеп — жазба дерек көздері. Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай транскрипциясы бойынша жазылған. Атап айтқанда, 7 ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-гу, «Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды» деп жазады (қ. Үйсін антропологиялық типі). Үйсіндердің шаруашылық жағдайы мен мәдениеті жайындағы деректер археол. қазбалардан анықталып отыр (қ. Үйсін дәуірінің ескерткіштері).
Б.з.д. 105 жылдарда Үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен ораған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам (120 мың түтін) болғаны айтылады. Олар 188 мың 800 адамнан тұратын әскер ұстаған. Алғашында Бұлыңғыр өзеннің бойын мекендеген. Б.з.б. 2 ғасырдың орта шенінде Жетісуға, Іле бойына ығысқан. Дегенмен, олардың барлығы көшпеген деген ғылыми жорамал бар. Оны шығыстанушы С.Е. Малов Тоныкөк ескерткіштеріндегі Үйсін есімінің жазылуымен дәлелдейді. Жетісу Үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, Г.А. Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыстағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі деректер де осындай бұлтартпас қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл деректерге сүйенген Ресей ғалымдары Үйсіннің исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Б.з. 6 ғасырдан бастап Үйсін этнонимі тарихи әдебиетте кездеспейді. Бірақ одан тараған рулар дулат, албан, Шігіл (жікіл) Түрік қағандығы кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан. 13 ғасырда Рашид әд-Диннің шығармасында Шағатай ұлысындағы Үйсін халқы туралы айтылады. Жетісу, Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Ұлы жүз құрамындағы тайпалардың жалпы атауы ретінде халық арасында да, жазба әдебиетте де қолданылды. Қазақтың дәстүрлі шежіре деректері Үйсінді Шыңғыс хан заманындағы Майқы биден таратады. Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың шежіресінде (Н.Аристов жазбасында) Майқы биден: Қаңлы, Бақтияр, Қырықжүз, Мыңжүз. Бақтиярдан: Үйсін, Ойсыл. Үйсіннен: Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ). Абақтан — Қараша, одан Бәйдібек, Байтулы. Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары болып саналады. Олар: албан, дулат, суан, шапырашты, сарыүйсін, ошақты, ысты. Ш.Уәлихановтың жазбаларында Үйсін — бұл тайпалардың ғана емес, Ұлы жүздің барлық тайпасының түп атасы. Онда Төбейден — Үйсін, одан — Қойылдыр (Қатаған, Шанышқылы), Мекрейіл (Жалайыр), Майқы (Абақ), Қоғам (Қаңлы) тарайды. Үйсін қырғыз халқының құрамында да бар. Солты тайпасының бір тармағы Усон, Қаракесек тармағы Сарыүйсін, Бағышындағы Қалша аталары Үйсін деп аталады. Сол сияқты Үйсін қарақалпақтардың құрамына да енген.
Б.з.д. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.
Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Еуропамен сауда байланысында маңызды рөл атқарды. Б.з.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.
## Мәдениеті
Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды: алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар; орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар; соңғы кезең — б.з. 3-5 ғасырлар. Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ, сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал, егін шарушылығымен қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен қоладан еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға, түрлі әшекейлі заттар жасалды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыды.
## Үйсіндердің салт-дəстүрі
Үйсіндердің салт-дəстүрі туралы ғылыми деректер аз. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бəрін қосып көмген. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттардың бəрін қоса көмген. Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар осыны дəлелдейді. Тамақ ішетін ыдыс-аяқтар, тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жиі кездеседі. Ер адамдардың жанына сауыт-саймандар, қару-жарағы: садақ, жебелер, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған.
## Діни нанымдары
Табылған заттары мен əшекейлері, қару-жарағы жоғарғы көркемдігімен қатар үйсіндердің діни ұғымын, өмірге көзқарасын да көрсетеді.
Диадемадағы жапырақтар əлемді тіршілік ағашының көзі, өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып табылады. Бұл ағаш жер ортасындағы тау шыңына өсіп, дүниенің төрт бұрышын жəне əлемнің үш бөлігін: тамыры тереңге кететін жер астын- о дүниені, адамдар мен жан-жануарлар өмір сүретін жер үстін- бұл дүниені, құдайлар мен құстар мекені- аспан əлемін жалғастырып тұр.
## Жерлеу орындары
Бейіт басына тұрғызылған обаның үлкен-кішілігі марқұмның қоғамдағы алған орнының, байлығының қандай болғанын білдірген. Қазба жұмыстары кезінде үлкен обалардан үлкен əшекейлер, қару-жарақ, ыдыс-аяқ түрлері көп шығады. Теңлік қорымындағы қабірден киімге тігілген алтын қапсырмалар, алтын сырғалар, алтын сыммен оралған темір түйреуіш, қола айна табылды. Көлемі жағынан орташа обадан бірнеше қыш құмыралар, ағаш тостаған, қола сырға, түйреуіш, білезік шықты. Қару-жарақтан темір қанжар, пышақ, үш қырлы жалпақ жебе ұштары бар. Кішкентай обалардан бір-екі қыш ыдыс, темір пышақ, қола сырға, моншақ табылды.
## Археологиялық ескерткіштері
Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.
Қорымдары б.з.д. 3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.
Орта кезеңге жататындар б.з.д. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.
Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасында жер ошақ болған.
## Шаруашылығы
Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өңдейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы — сол замандағы тұрғындардың егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. Іле, Шу, Талас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б.з.д. 1 ғасырда, әсіресе б.з. 3-5 ғасырда егіншілікпен, бау-бақша, жеміс-жидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Байлар киімдерін жібек пен биязы жүн матадан, кедейлер жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.Шу, Іле бойындағы елді мекендердің орнынан күйдірілмеген кірпіштен қаланың, таға тәрізді жасалған жер ошақтар, тік бұрышты тұрғын үйлер табылды.
### Мал шаруашылығы
Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де айналысқан. Дегенмен үйсіндердің негізгі шаруашылығы - жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Жетісудың жайлы табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі ұстаған. Көп өсіргені жылқы мен қой болды. Жылқының неше түрлі тұқымын өсірген. Оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар да болған. Мысалы, Жетісудағы Теңлік қорымынан табылған алтын қапсырмада құйрық-жалы өрілген, омырауы шығыңқы, тұрқы ұзын нағыз сəйгүлік мінген салт атты бейнелеген.
### Егіншілік
Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тəлімді егіншілікпен де айналысқан. Дəнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Олардың егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дəнүккіштер табылуы дəлелдей түседі. Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мəлімдеуінше, үйсіндер «ағаш егіп», «қалалар мен елді мекендер салған». Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының айналасында орналасты.
## Қоғамы
Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен.
Үйсін бірлестігінде малға жеке меншік болды. Ру-тайпаларының жайылымдары иелікке бөлініп, байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды; тайпааралық қарым-қатынас өсті. Жеке меншіктің болғанын қыш ыдыстарға, сүйектен, металдан жасалған әр түрлі заттарға түсірілген таңбалардан байқаймыз. Қазылған обалардың аумағы әртүрлі. Кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м, аумағы 40 м-ге дейін жетеді. Адам сүйегімен бірге көмілген заттардың санына, сапасына қарағанда, үлкен қорғандарға тайпа көсемдері, ақсүйектер, одан кішісіне қауымның қарапайым мүшелері жерленген. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға ауысып отырған. Оған «бек» аталған ру, тайпа көсемдері бағынған. Үйсін бірлестігінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Билеуші өзіне қарайтын жұртын балаларына бөліп, әрқайсысына он мыңнан жасақ, көші-қон жерін еншілеген. Үйсін бірлестігінде мемлекетке тән белгілер болды. Бектер өздерінің жайылымдық жерлерін өзгелерден қарулы күшпен қорғағаны жайында деректер бар. Мұның өзі әлеуметтік топтардың қалыптаса бастағанын аңғартады.
## Дереккөздер |
«Жауынгерлік epлiгi үшін» медалі — «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаттары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
## Медаль туралы ереже
Медальмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлері:
* әскери бөлімнің, бөлімшенің жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай орындауына, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте ықпал еткен ұрыста шебер, белсенді және батыл әрекеттері үшін;
* мемлекеттік шекараны қорғауда көрсеткен ержүректігі үшін;
* қызметін өтеу барысында сіңірген еңбегі үшін беріледі.
## 1-үлгісі
Медаль дөңгелек пішінді, диаметрі 34 мм.
Шеңбердің ортасында сегіз қырлы жұлдыз, жұлдыздың ішінде қару-жарақ таңбалары бейнеленген қалқан орналасқан. Медаль атауы шеңбер бойында жазылған, әріптердің көлемі 3,5х3 мм.
Жұлдыздың сәулелері, қалқан және қару белгілері жалпы шеңберден 1,5 мм жоғары орналасқан.
Медаль жезден жасалған. Медаль жезден жасалған бесбұрышты қалыппен ілмек және сақина арқылы жалғанған. Қалыптың биіктігі — 30,5 мм, ені — 34 мм, жоғарғы және төменгі бөліктерде жақтауы бар.
Қалып қызыл түсті муар таспасымен жабылған және ортасында жасыл түсті жолақ орналасқан.
## 2-үлгісі
Екінші түрі біріншіден қалыптың түрі мен таспаның түсі бойынша ерекшеленеді:
Медаль жезден жасалған ені 34 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты қалыппен ілмек және сақина арқылы жалғанған. Қалып квас түсті муар таспасымен қапталған, оның ортасында ені 4 мм екі көк жолақ орналасқан. Муар таспасының ені 34 мм. Қалыптың артқы жағында медалдің киімге бекітілуіне арналған түйреуіш бар.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
## Галерея
*
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары |
Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
## Қысқаша өмірбаяны
1957 ж. Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Галкино ауылында туған. Уақ тайпасынан шыққан.
* Павлодар педагогикалық институты мен Алматы Халық шаруашылығы институттарын математик және экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Павлодар станциясының локомотив депосында слесар болудан бастаған.
* 1982—88 жж. Павлодар облысының қаржы және салық органдарында жұмыс істеп, бас экономистен Павлодар облысының салық комитетінің төрағасына дейін көтерілді.
* 1998—2002 жж. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Мемлекеттік Кіріс вице-министрі қызметтерін атқарды.
Соңғы уақытта Павлодар қаласының әкімі болды.
* 2003 ж. маусымынан Павлодар облысының әкімі.
* 2008 ж. қазанның 13 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
* 24.08.2009 - шілде 2011 - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы.
## Марапаттары
* "Құрмет" ордені (2005);
* "Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл" мерекелік медалі;
* "Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл" мерекелік медалі;
* "Астанаға 10 жыл" медалі (2008).
## Хоббиі
* Хоббиі - оқу, спорт.
## Үй жағдайы
* Үйленген. Жұбайы - Нұрпейісова Любовь Ивановна (1960 жылы туған). Қыздары - Нұрпейісова Айгүл Қайратқызы (1987 жылы туған), Нұрпейісова Әсем Қайратқызы (1990 жылы туған).
## Дереккөздер |
Қыпшақ хандығы (1030-1219 ж.) - ежелгі қазақ мемлекеті.
## Қыпшақ атауы
"Қыпшақ" атауы 760 ж. ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн Хордадбектің (9 ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген.
656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ. Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды.
11 ғ. басында қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимак, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Олар Сырдың орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғуларын ығыстырады. Енді "Оғыздар даласы" (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы пайда болады. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Еділ бойымен, батысқа қарай жылжиды. Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы екі үлкен этникалық -территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс Қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті тұрған Шығыс Қыпшақ қағанаты.
## Қыпшақтардың үш кезең даму жолы
Оның даму жолы үш кезеңнен тұрады.
### Бірінші кезең
Бірінші кезең: қимақ тайпалық бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда 7 ғ. 2 жартысынан бастап, 8 ғ. соңына дейін қыпшақтар елеулі роль атқарады. Осы кезеңде қыпшақтар мен теле тайпалары өзара тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді.
### Екінші кезең
Екінші кезең - 8 ғ. соңынан 11 ғ. басына дейін. Қыпшақтар бұл кезеңде, шығысында Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталыпы Мұғаджар тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік -қимақтар, қыпшақтар мен кумандар өзара бір-біріне ықпал етті. Сондай-ақ теле, угро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерде қыпшақтана бастады. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық-шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар негізінде құралды.
### Үшінші кезең
Үшінші кезең: 11 ғ. басынан 13 ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының қалпытасуы. Көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бір этносқа жататынын мойындап, күшейіп келе жатқан қыпшақтардың атын алады. Алайда қыпшақтардың құрылып, қалыптасып болуының соңын моңғол басқыншылығы тоқтатып тастайды.
## Қоныстануы
11 ғ. ортасында қыпшақтар Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батысындағы Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін, оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі оңтүстік-батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі территорияны мекендеді. 11 ғ. 2 ж. қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орналасты, олармен бірге оғыздар да көшіп-қонып жүрді. Қыпшақтардың 11 ғ. ортасында батысқа қарай жылжыуының бастапқы кезеңі Махмұд Қашқари картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген. Еділ өзені қыпшақ елінің ішінде қалған. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл шұңқырының көлдері болады. Олардың шығыс шекарасы Ертістің оң жағалауындағы алқаппен Алтай тауларының жоталарын қамтыған. 12 ғ. Алтай мен Ертістің жоғарғы бойындағы қыпшақ тайпалары наймандармен, қаңлы, керейттермен шектесіп жатады.
## Хандықтың құрылуы
Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұралық жолмен берілді. Хандар шығатын әулеттік ру ел- бөрілі болды. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түркі дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат қосынымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Хандықтың орталыпы Торғай даласында болса керек. Билевші ақсүйек топтың (хандар, тархан, басқақ, бек пен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған. Рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінген.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмады. Малға жеке меншік, сондай-ақ жайылым жерлерде ақсүйектер меншігінде болған. Қоғамның қатардағы ерікті мүшелері малшылар болды. Құлдар соғыс тұтқындарынан құралды. Олардың бірқатары сатылып, жартысы жалшы, малай ретінде пайдаланылған.
## Қыпшақтардың өзара саяси қарым-қатынасы
1065 ж. салжықтардың билеушісі Алп Арслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Нәтижесінде қыпшақтардың бір бөлігі хорасан салжықтарына тәуелді болып қалады. 11 ғ. соңы мен 12 ғ. басында Жент, Янгикент, төменгі Сырдың тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдернің қолына қараған. 1133 ж. Жент қаласынан Дешті қыпшақ даласына тереңдетіп соққы жасаған Атсыз (хорезмшахы) қыпшақтарды талқандайды. Осы 12 ғ. ортасынан бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады, оған себеп болған басты жайттар: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында хорезмге бейімделушілер қатарының молаюы, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өзара әулеттік қырқыс күшеюінен болды.
12 ғ. 2 жартысынан әсіресе Текеш (1172-1200) билеген дәуірден бастап, хорезм Қыпшақ ақсүйектерімен жақындасуды мақсат етті. Қыпшақ хандары мен хорезмшах әулеті өзара туысқандық неке байланысын орнатуға көшті. Қыпшақ ханы Жанкеші -қызы Теркенхатынды хорезмшах Текешке береді. Қаңлы тайпалар бірлестігі 13 ғ. басында саяси тәуелсіздікке ұмтылып, қыпшақ хандығының саяси бірлігіне нұсқан келтірген. Хорезмшахтардың басты әскери күші қыпшақтар мен қаңлылар болды. 13 ғ. басында хорезмшахтар сарайында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік маңызды роль атқарған. Хорезмшах Аладдин Мұхаммед соның қызына үйленген болатын. Қыпшақ ақсүйектері хорезмшахтар мемлекеттік және әскери қызметпен қамтамасыз еткеннен кейін, олардың мүддесін қорғап отырды. Бұл қыпшақ қоғамында шиеленістерді күшейтті.Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған хорезмшах Мұхаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына 13 ғ. басында Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақтан айрылып қалса да, қыпшақ хандары хорезмге қарсы күрестерін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешт-қыпшақ еліне Мұхамед хорезм шах көп рет жорық жасайды. 1216 жылы Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан қолымен кездесіп қалады. моңғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді. Қыпшақтардың хорезмшахтармен бәсеке соғысы тоқтап қалды. моңғол басқыншылығы келіп қалды. |
«Kүмic алқа» — көп балалы аналарға арналған сыйақы. Қазақстан Республикасының Президентінің 1996 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енген жарлығымен бекітілген. Алқамен 6 балалы аналарды, бірақ алтыншы баласы бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған ретте марапатталады. Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау кезінде қылмысқа қарсы күресте немесе өзге қызметтік міндеттерін өтеу кезінде қаза болған немесе хабарсыз кеткен балалар ескеріледі. Дөңгелек пішінді алқаның жиектері өрнекпен көмкеріліп, ортасында алақанда аяланған сәби бейнесі және шуақты күн бейнесі бедерленген.
Онымен сегіз және тоғыз бала туып тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады.
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* http://primeminister.government.kz/blogs/abdykalikova_g/questions/33673?lang=kk(қолжетпейтін сілтеме)
* http://arshaly.akmol.kz/a/41/on/read/693/index.html
* http://www.enbek.gov.kz/node/234381 |
Баркөл Қазақ автономиялық ауданы (ұйғ. ئاپتونوم ناھىيىسى قازاق / Barkɵl Ⱪazaⱪ Aptonom Naⱨiyisi; қыт. 巴里坤哈萨克自治县; пин-йин: Bālǐkūn Hāsàkèzú Zìzhìxiàn) — Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Құмыл аймағының ауданы. Қытай Халық Республикасы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының Құмыл аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық бөлік.
1954 қазанның 1-інде автономиялық аудан болып құрылған.
Жер аумағы 38 445,3 км²., халқы 89,8 мың адам. Оның ішінде қазақтар 21,3%, басқа ұлт өкілдерінен ұйғырлар, моңғолдар,
Шекарасының солтүстігінде— Моңғолия, оңтүстігінде Құмыл қаласының өңірі және батысында Санжы Дүңген автономиялық облысының Мори Қазақ автономиялық ауданы орналасқан.
Ауданда жылқы мен түйе өсіру өте дамыған. Ауданды «он мың түйе ауданы» деген лақаппен де атайды.
## Халық саны |
Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) — қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Тобықты руының Дадан бұтағынан шыққан.
Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы. Алайда, тарихшы-өлкетанушы Күләш Сардарбаек «Күләштің туған жері бүгіндері Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданына қарасты Нарманбет ауылы аталады. Бұл өлке ХХ ғасырдың басында Қотанбұлақ болысы, Қарқара уезі, Семей губерниясы атанған» - дейді. Күләш Байсейітованың туған күні жайлы да мынандай деректер бар. Ұлы әншінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қыздары Қарлығаш және Раушан Байсейітовалар баспасөзге берген сұхбатында ресми құжаттардағы көрсетілген деректерді жоққа шығарады. Олар: «Негізгі туған күні қаңтардың 12-сі. Ол кезде құжатты бірден алмаған. Әрі сол күні Димаш Ахметұлы Қонаевтың туған күні болғандықтан, анамыз туған күнін 2 мамырға ауыстырған еді» - дейді.
### Өнерге келу жолы
Гүлбаһрамның әншілікке бейімдігі, музыкалық табиғи таланты кішкене күнінен-ақ байқалған. Бұлай болуға әкесі Жасын кезінде жап-жақсы әнші болғаны, ел аралап ән салғаны да елеулі себеп болса керек. Бұл жайлы Қанабек Байсейітов өзінің кітабында: «Әкесі Жасын – әжептеуір әнші болған, сері адам. Кезінде әйгілі Әсетпен, Балуан Шолақпен бірге жүріпті. Бір ағасы Манарбектің (Ержанов М.А. анықтауы) әншілігі – анау, өзге ағалары да өнерсіз болмаған, тек кәсіп етпеген. Айтбек те (ағасы) әнді әдемі салатын, сырнайға қосылып айтқанда айызыңды қандыратын. Осындай ортада өскен, тәрбие алған Күләш өнерге жақын жүрмей қайтсін», - дейді. Әкесі айтқан әндерге ынтыға құлақ түріп, ол жырлаған қиссаларды қызыға тыңдай зердесіне тоқып өскен зерек қыз тамаша музыкалық есте сақтау қабілетімен, қиялдай білер әсерлі ой-өрісімен өсіп жетіледі. Күләш бала күнінде асқан әншілігімен суырыла шығып ел аузына аса ілікпесе де, жеті жылдық мектепте, кейін Қазақтың педагогика институтына түскеннен кейін оқи жүріп, жаңадан бой көтеріп келе жатқан көркемөнерпаздар үйірмесіне үзбей қатысады. Алғашында спектакльдерде көпшілік сахналарда кішігірім қосалқы рольдермен сахнаға шығып жүрген Күләш не бары бір-екі жылдың ішінде әнші-әртістік шеберлігімен көрініп, театрдың белді өнерпаздарының қатарынан орын алады. Театрда жылдам шығармашылық жетістікке жетуіне, сөйтіп репертуарда бар және жаңадан қойылған шығармаларда орталық рольдерді орындауға қол жеткізуіне өнер атты құдіреттің шеңберіне бар болмысымен беріле енген Күләш бойындағы құштарлық болатын. Театрдың сол кездегі барлық жұмысынан бас тартпай, «театрдың отымен кіріп, күлімен шығып» беріле жан-тәнімен еңбектенуі арқылы ол жаңа кәсіптің қыр-сырын меңгеруге күш салды. Алдыңғы буын ағалар С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков секілді т.б. сахналық өнер тәжірибесінен үйренуден жалықпайды. Сонымен бірге реті келгенде өз бетінше де сахнада суырыпсалмалық, шығармашылық ізденістен де жалықпаған. Күләш туралы өзінің естелігінде Қ.Байсейітов оның сахнаға деген ерекше құштарлық қырларына тоқталады. «Сахнаға шығуды жаны сүйетіні соншалық – егер өз рөлі бітіп қолы сәл босай қалса, көпшілік ішіне ілесіп сахнаға шығуға өзі сұранатын... Күләш көпшілік сахналарына араласқан кезде де басқалардан ерекшелене білетін, спектакльдің мазмұнына сай киіне қоятын. Көбінесе ұл баланың кейпін жасап, солай киінетін. Бірде жалқау баланың кейпін жасап, бірде кепкасын баса киіп ұры балаша шығатын, кейде бұзақылау балалар құсап көзін сығырайтып алатын. Әдейі сүрініп-жығылып жататын кездері де болушы еді, аз сәттің өзінде көрермен жұртқа әсерлі етіп көрсетуге тырысатын», - дейді. Содан 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады. Күләш сахна өнерінің қыр-сырына қызыға ден қойып, кешікпей-ақ театрдың белді әртістерінің қатарынан көріне бастайды. Сахнада жүріп орындаған ролдері:
* Ж.Шаниннің «Шахта» спектакліндегі – Зейнеп;
* І.Жансүгіровтың «Кек» драмасында байдың қатыны – Қарыс;
* Б.Майлиннің «Майдан» пьесасында - Пүліш; «Шұғасында» - Шұға образы;
* «Исатай-Махамбет» пьесасындағы хан қыздарының бірі:
* «Арқалық батырда» Қалмақ қызы;
* М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясының бас кейіпкері – Еңлік;
* А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы – Ажар бейнесі;
* М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы – Сара бейнесі.
Сонымен қатар, орыс және Батыс Еуропа классиктерінің операларын қазақтың ұлттық театрының сахнасына шығаруда – К.Байсейітова – өзінің орындаушылық шеберлігімен де, қайраткерлік ісімен де бұл салаға үлкен ұлес қосқан өнер шеберлерінің бірі. Ол Дж.Пуччинидің «Чио-Чио-сан» операсында Баттерфлайдың, П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегинінде» Татьянаның партияларын тұңғыш рет қазақ тілінде айтты.
Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған музыка студиясына қабылданады. Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы «Айман-Шолпан» (М.[Әуезов, И.В.Коцых) музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рөлді үлкен шеберлікпен ойнап, Айман бейнесі арқылы Қазақ қыздарының ар-намыстан жаралғандай парасатты болмысын шабытпен тұлғалайды. Мұнан әрі Күләштің ғажайып қабілеті мен дарыны Б.Майлин мен И.В.Коцыхтың «Шұғасындағы» - Шұға, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы – Жібек образдарын сомдау барысында одан әрі жарқырап ашыла түседі. Бұл рөлдер арқылы оның бойындағы әншілік-әртістік қабілеттің ғажайып мүмкіндіктері барша болмысымен көрініс тауып, қазақ сахна өнерінің соны табысы ретінде жұртшылықтың ықылас-ілтипатына бөленеді. Ол жаңа қаз басқан қазақ сахна өнерінің шын мәнінде тірек тұлғасына, ұйтқысына айналды. Аз уақыт аясында Е.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Алтын астық», «Гвардия алға», А.А. Зильбердің «Бекет», И.Н. Надировтың «Терең көл», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», Д.Ж.Пуччинидің «Чио-Чио-Сан», П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин», А.Рубинштейннің «Демон» сияқты операларында басты рөлдерде ойнап, басты вокалдық партияларды орындап, қайталанбас хас шеберлігімен танылды. Бір-біріне ұқсамайтын кереғар образдар, иірім-қайырымы әр алуан вокалдық партиялар Күләштің көп қырлы, алуан сырлы дарынының арқасында алмастай жарқырап ашылып, эстетикалық эмоциялық қуаты мейлінше тегеурінді образдар галереясы жасалды.
## Әншілік өнері
Күләш Байсейітова – концерттік әнші ретіндегі де кең танылған шебер орындаушы. Әр түрлі ресми делегациялар құрамында, Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрі сүйемелдеуімен жеке концерттік бағдарламада, бригадалармен сан алуан сахналардан орындаушылық қырымен танылады. Ол шырқаған әндері тыңдармандарды өзіндік қарапайымдылығымен, анықтығымен, жүректен шыққан жылылығымен баурайды. Оның репертуарында көптеген халық әндері, өзге халықтардың, замандас композиторлардың әр алуан шығармалары молынан болды. Әнші концерттік бағдарламасына халықтың сүйіп тыңдайтын қазақ халық әндерінен бастап, ән-романстар, белгілі опералардан ариялар т.б. молынан енгізген. Театрдағы негізгі репертуардан бөлек концерттік сахналарда камералық пландағы бағдарлама жасау ісіне әнші ерекше мән берген. Сонымен бірге ол Кеңестер Одағы халықтарының әндерін, Қазақстан композиторларының әндерін орындаған тамаша әншілердің бірі.
## Әндері
Әншінің тұрақты репертуарында 30-40-тай ән-романстар болып, талай көрермен тыңдаушыларының ыстық ықыласына бөленген. Күләштің орындауындағы «Сараның ариясы», «Ажардың ариясы», «Шіркін-ай», «Гәкку», «Қос қарлығаш», «Бұлбұл», «Қазақ вальсі», «Ласточка», «Шла девица», «Колокольчик», «Тонкая рябина», т.б. көптеген халықтардың әндері ерекше сезіммен, жүрек қылын тарта отырып тыңдармандарына жеткен. Зор жауапкершілік жүгін арқалаған халық әншісі өзінің міндеттерін халықтың көңілінен шыға білетіндей деңгейде атқарып, қалың бұқара халықтың бұлбұл әуезді әншісі атына сай болып, ылғи халық арасынан табыла білген.
Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүниежүзіне танылған қайталанбас дарын иесі бола білді.
## Дереккөздер
## Пайдаланылған әдебиеттер
* Асафьев Б. Три статьи о казахской музыке. //Музыкальная культура Казахстана. – Алма-Ата, 1955, Казгосиздат, с. 5-10.
* Ахметова М., Ерзакович Б.Г., Жубанова А. Советтік қазақ музыкасы. – Алматы: Ғылым. 1975, 318 с.
* Ахметова М.М. Ән өнері және уақыт. – Алматы: Өнер, 1993, 110 с.
* Ауэзова М.О. Мысли разных лет. – Алма-Ата.: Казгосхудлит, 1961, 544 с.
* Байсейітов Қ. Құштар көңіл. – Алматы: Жазушы, 1977. – 224
* Брусиловский Е.Г. Дүйім дүлдүлдер. – Алматы: Ана тілі, 1995.
* Мұқан А., Ләтиева С., бегімбетова Ғ. КҮЛӘШ: - Алматы: «Әдебиет Әлемі», 2014, - 364+16бет. ISBN 978-601-7414-49-8
## Сілтемелер
* [https://web.archive.org/web/20160305082007/http://www.zhasalash.kz/ruhaniyat/6779.html Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. “1912 жылдың қаңтарында екi алып дүниеге келдi: оның бiрi – Күләш, екiншiсi – Димаш”] |
Уәлихан немесе Уәлиханов сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін:
Тұлғалар:
* Уәли хан — Орта жүз ханы
* Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов — барлаушы, ғалым
* Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан — сәулетші, Қазақстан елтаңбасының ауторы
Елді мекендер:
* Уәлиханов – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл.
* Уәлиханов – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл.
* Уәлиханов – Павлодар облысы Железин ауданындағы ауыл. |
Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.
## Биография
Найман тайпасынынң Садыр руынан шыққан.
Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған.
Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір.
Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды.
1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.
## Ресейде болған жылдары
XX ғасырдың басында Ресейге ептеп батыс демократиясының лебі жетеді. Бұл осы империядағы зиялыларды оятты.
Мысалы, 1905 жылы Ресей, Әлихан Бөкейхан айтқандай, "тұңғыш және соңғы рет Еуропа болды". Яғни, сол жылы 17 қазанда патшаның манифесті жарияланып, елге біраз сөз, ой бостандығы берілтін. Ал, 1906 жылы Ресейде тұңғыш Мемлекеттік Дума шақырылды.
Осындай тарихи оқиғалардың ортасында жүрген Мұхамеджан Тынышбаев саяси күрестің әліппесін үйрене бастады. Мұны жас қайраткер тез меңгерді. Оның саяси жетілгенін растайтын деректер аз емес. Мысалы, ол 1905 жылы қазақ сынды шет ұлттарды билеуде өкіметтің әскери тәртіптен арылып, азаматтық жолға түсуін ұсынған дәлелді хатын министрлер комитетінің төрағасына жолдаған. Сондай-ақ, сол жылы қарашада автономияшылардың бірінші сиезіне қатысып, «Қазақтар жәш азаттық қозғалысы» атты баяндама жасаған («Русский Туркестан», №1,1906). Баяндамасында М.Тынышбаев былай дейді: «Үкіметтің нені көздегені белгілі: біріншіден, жабайы да тағылық репрессияларымен және тіл, салт-сана, дін һәм руханият атаулыны орыстандырмақ; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралармен, әкімдермен, ережелермен қазақты құқықсыз, заңнан тыс етпек; үшіншіден, оларды қаны сіңген, сүйегі көмілген өз жері пен айырып, шөл- шөлейт жерге қуып, өлім құшағына тапсырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дербестігі мен еркіндігінің орнына, орыс бодандығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысына жалғандығы. Қайраткердің осы рухтағы өткір мақалаларының бірі - «Қазақтың қазіргі жағдайы мен өмірге қажетті сұранымының жалпы сипаттамасы» деп аталады .
Бұл М.Тынышбаевтың 1993 жылғы жинағына ел бей қалыпты. Мақалада автор халқының ауыр жағдайға тап болу себебін және одан құтылудың жөн-жобасын ұсынады. Осындай ашық пікірінен соң, патша тыңшылары Мұхамеджанның артынан аңду қояды.
## Темір жолда жұмыс істеуі
М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады.
I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Алайда II Думаны да патша қуғындап таратады.
1907 жылы 3 маусымдағы жарлығымен империя исі қазақ сынды шет ұлттарды (ресми жер иелігі жоқ ұлттарды) Думаға сайлану құқынан айырады.
Бұл жағдай қазақ зиялыларының ашу-ызасын тудырғаны тарихтан мәлім (елді ояту рухындағы еңбектер осы кезден кешірек жариялана бастайды).
Дума таратылған соң М.Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады.
1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инженер есебінде қатысады.
Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде М.Тынышбаев - Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы.
1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол Арыс - Әулие ата учаскесінің басшысы және бас инженері болып қызмет атқарды.
Осы шақта инженер Мұхамеджанға Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Т.Рысқұлов ұшырасады.Бұл 1915 жыл еді. М.Тынышбаев бір кезде өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, Тұрарға әжептәуір ақша ұсынады және мұндай керекті қаражатты кейін де адресіне салып тұратынын айтады.
Екі азаматтың осы риясыз көңілі адал бауырластыққа ұласады.
## Тынышбайұлы жазған мақалалары
Елшіл Мұхамеджан XX ғасырдың 10 жылдары Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті төңірегіндегілермен де араласып-хабарласып тұрады. Аталған газетте публицистің «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол һәм Еуропа соғысы», «Соғыс кемелері һәм мина», «Барлыбек Сыртанов», «Садуақас Шалымбеков» т.б. мақалалары жарық көреді.
М.Тынышбаевтың саясат сахнасында аса күрескерлік танытқан уақыты - 1916-1917 жылдар. 1916 жыл оқиғасы тұсында ол «Қазақ» тобында болды. Сол себепті де Қытайға кетуге мәжбүр болған қандастарын елге қайтару жұмысының жуан ортасында жүрді.Мұхамеджан анықтаған мына дерек кісіні селт еткізбей қоймайды: Жетісуға қатысты 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болған, соның 40 мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өлген адамның саны 95200 . Бұл да алапат қырғын еді.
1917 жылы сәуірде Уақытша үкімет М.Тынышбаев пен О.А. Шкапскийді Жетісу облысындағы комиссарлар етіп тағайындайды. Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңында Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы (премьер-министр) болып сайланды. Алайда Қоқанда құрылған Түркістан автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, большевиктер тарапынан аяусыз жанышталды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол Ұлт кеңесі (Алаш Орда) құрамына кірді.
Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. Мұхамеджанның орасан жұмысын былайша топтап-таразылауға болады:
* саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды;
* маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды;
* публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың зиялы қауымына патша шенсуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті;
* тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді.
## Түркістан-Сібірдегі қызметі
1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды.
Ал, 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды.
1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды.Оның ел алдындағы елеулі еңбегі - Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді.
1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
1879 жылы 12 мамырда бұрынғы Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Қабанбай ауданы) дүниеге келген.
1889-1900 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, оны үздік бітіріп шығады. Верный гимназиясын алтын медальмен тәмамдады. Жыл сайын кластан класқа І-ші дәрежелі марапатпен көшіп, үздік үлгірім, өнегелі тәртібімен ұстаздарының ықыласына бөленеді. Гимназияны бітіргенде педагогикалық кеңестің шешімімен ол ғылымда, әсіресе, математикада үздік жетістікке жеткені үшін Алтын медальмен марапатталады.
Жиырма жасар Мұхаметжанның Жетісу әскери губернаторының кеңсесіне тілмаш болып орналасуына жол ашады. Бірақ оқуға ынталы жас жоғары білім алуға ұмтылып, император Александр І атындағы Петербург теміржол транспорты институтына түсуге тілек білдіреді. Бұл жолы да тағдыр оған күле қарайды. Өзінің мұғалімі, гимназия директоры М.В.Вахрушевтің көмегімен қазынадан 360 сом жылдық стипендия алып, Петербургке аттанады.
1900-1906 жылдары Санкт-Петербургтегі І Александр атындағы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтта оқып, мұнда да ол ерен қабілетімен ұстаздарын таңқалдырып, институтты үздік бағамен бітіреді.
Институттың соңғы курсында жүргенде 1905 жылғы төңкеріске қатысады. Сол жылы өткен автономистерінің съезіне қатысып, онда «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген тақырыпта баяндама жасайды, өз халқының мұңын жеткізіп, Министрлер комитеті атына өтініш жолдайды. Онда қазақтарды басқарудың басты принциптерінің қазақтардың мүддесімен сай келмейтіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге күш салады және басқарудың әскери жүйесінен азаматтық жүйеге көшуді талап етеді. Жас саясатшының бұл талабының атақты «Қарқаралы петициясы» талабымен үндесіп жатуы — халқым деген қазақ азаматтарының әр жерде жүріп, бір мақсатқа қызмет еткенін айқын көрсетеді.
1905 жылдың аяғында Оралда өткен Қазақстанның бес облысының делегаттар съезінің жұмысына қатысады. Осы съезде болашақ "Алаш" партиясының сұлбасын құруға ниет жасалған болатын.
Институт қабырғасында оқып жүрген кезде-ақ ол туған халқының, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап баспасөзде уытты мақалалар жариялайды және әр түрлі жиындарда сөз сөйлейді.Осындай бір жиында 1905 жылы 19 қарашада өткен автономшылар одағының 1 съезінде ол баяндама жасайды. Онда ол былай өткір сөйлепті: Қазақтардың жер мәселесі — сөзсіз аса маңызды… Үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті: біріншіден, … қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, қазақтарды … қауқарсыз тобырға айналдыру; үшіншіден, …ежелгі атақонысынан айыру… қандай қанқұйлы, зымиян мақсат?!Жалпы М.Тынышбаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне белсене араласа бастайды. 1907 жылы Ресей ІІ-ші Мемлекеттік Думасына Жетісу облысынан депутат болып сайланады. Қазақ депутаттарының Дума трибунасынан Столыпиннің аграрлық саясатын сынаған үндері естіледі, әсіресе Бақытжан Қаратаевтың жасаған баяндамасы үлкен шу тудырды. Мұның аяғы 1907 жылдың 3 маусымдағы заң бойынша «еркіндікшіл» Дума таратылып, қазақтардың Мемлекеттік Думаға өз өкілдерін сайлау құқығынан айырылуымен тынады.
ЖОО бітірген соң Орта Азия өңірі мен Жетісу теміржол құрылысында инженер болып қызмет істейді.1916 жылғы көтеріліс туралы Түркістан генерал-губернаторына берген түсініктеме нұсқасында оны кеңінен толғап, отаршылдық зорлық-зомбылық қимыл-әрекеттеріне қысқаша шолу жасауы — тобықтай түйіндеп айтылған зор ғылыми еңбек болып табылады. Ақпан төңкерісіне дейін Мұхаметжан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу облысында біраз жыл қызмет етеді.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен өзге қазақ зиялылары сияқты ол да үлкен үміт күткен еді. Сондықтан да ол бұл кезде бел шеше қызмет етіп, қоғамдық-саяси қайраткер ретінде тез танылады. Сол жылы көктемде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі, сонымен қатар осы үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалады.
1917 жылы қазан айында Том қаласында өткен Жалпы Сібірлік съезге өзге алаш қайраткерлерімен бірге қатысып, Сібір кеңесінің құрамына енгізіледі.Сол жылғы желтоқсанда өткен Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланып, кейін Алашорда үкіметінің төрағасының орынбасары ретінде көптеген заң актілеріне қол қояды.
Алаштың арысы Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерімен бірге М. Тынышбаев та жалпыұлттық «Алаш» партиясын құруға тікелей араласады.
1911-1918 жылдары темір жолдың Урсатьев-Әндіжан бөлімшесінде бастық, бас инженер болып қызмет атқарды. Одан кейін Жетісу темір жол бөлімшесінің Арыс-Әулиеата құрылысын басқарды.
1917 жылы шілдеде өткен Жалпы қазақтық съезде Жетісу облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
1917 жылғы желтоқсан айында жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес мүшесінің бірі болады, «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысады.
1918 жылы бүкілтүркістандық ІV-ші мұсылмандар съезіне қатысып, онда жарияланған Түркістан («Қоқан») автономиясының премьер-министрі болып сайланады.
1919 жылы Бүкілодақтық Атқару комитеті бұрынғы алашордалықтарға кешірім жариялағаннан кейін, ол Түркістан өлкесінің Семей халық ағарту комиссариатында жауапты қызметтер атқарады.
Түркістан автономиясын Кеңес өкіметі күшпен талқандағаннан кейін М. Тынышбаев Алашорда қайраткерлерімен бірге сол кезде бірінен соң бірі құрылып жатқан көптеген әр түрлі үкіметтермен (Уақытша Сібір үкіметі, Уфа директориясы, Колчак үкіметтері сияқты) келіссөздер жүргізіп, хат-хабар жазысады, азамат соғысы жылдарында қызылдарға қарсы күреседі. Бірақ одан күткендей нәтиже болмайтынын көргеннен соң 1920 жылдан бастап, Кеңес өкіметінің жағына шығып, «буржуазиялық маман» ретінде Ташкентте, Қызылордада, Алматыда әр деңгейдегі шаруашылық мекемелерінде еңбек етеді.
1924 жылдан бастап қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУде оқытушы болды.
1925-1926 жылдары жаңа астана Қызылорда қаласын көріктендіру жүйесінің бас инженері болып тұрғанда қаланы сумен қамтамасыз ету жолын және көптеген жаңа объектілер салу туралы ұсынады.
1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын салуға қатысады.
1926 жылы Тұрар Рысқұловтың ұсынуымен Түркісіб темір жол жобасы мен құрылысына қатысты. Бір жолы қолына А.П.Чулошниковтың қазақ халқы тарихына қатысты еңбегі түседі. Осы кітаптағы ұлттың намысына тиетін пікірлерге қарсы сын жазып, академик В.В.Бартольдке жібереді. Ғалым бұған қатты риза болып, қазақ халқының тарихын зерттеп, жазуға кеңес береді, ең болмаса болашақ зерттеушілер үшін тарихи деректер мен материалдарды жазып қалдыруға ақыл қосады. Осы жолда Мұхаметжан Тынышбайүлының 1926-1927 жылдарда жазған еңбектері: "Материалы по истории киргиз-казахского народа", "Киргиз-казахи в XVII-XVIII веках", "Ақтабан шұбырынды" және тағы басқалар.
Сталиндік зобалаңда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес жылға сотталып Воронежге бес жылға жер аударылады.
1933-1937 жылдары ол айдауда жүріп Мәскеу-Донбас темір жол құрылысында жұмыс істейді.
Онда ауырып, оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да, 1937 жылы Ташкент түрмесінде "Халық жауы" деген желеумен атылады.
1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы сотының, және де 1970 жылы КСРО прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының шешімімен ақталып шықты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Мұхаммеджан Тынышбай. Жас Алаш газеті Мұрағатталған 29 маусымның 2011 жылы. |
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстанның ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 99 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
## Тарихы
### Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.
### Қазақ КСР Конституциясы 1937 жыл
1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т.б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап).Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар).1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.
### Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл
ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.
### Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
* халықтық егемендік
* мемлекет тәуелсіздігі
* билікті бөлісу принципі
* қазақ тілін мемлекеттік деп тану
* Президентті мемлекет басшысы деп тану
* сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
### Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 жылы желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палата — Сенат, төменгі палата — Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
* I бөлім. Жалпы ережелер
* II бөлім. Адам және азамат
* III бөлім. Президент
* IV бөлім. Парламент
* V бөлім. Үкімет
* VI бөлім. Конституциялық сот
* VII бөлім. Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
* VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
* IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Өзгертулер мен түзетулер
1998 жыл
Конституцияның 19 бабына түзету енгізілді. Президенттікке кандидаттың жас шегі 40-қа дейін көтеріліп, 65 жасқа дейінгі шектеу алынып тасталды. Президент бес жыл емес, жеті жыл мерзімге сайланады деген өзгеріс енді. Мәжіліс депутаттарының саны 67-ден 77-ге дейін артты.
2007 жыл
Қазақстанның елордасы Астана қаласы деп түзетілді. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленді. Президент енді жеті жыл емес, бес жыл мерзімге сайланатын болды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстанда кемiнде 15 жыл емес, соңғы 15 жыл бойы тұруы керектігі айқындалды. Бiр адам қатарынан екi реттен артық президент болып сайланбайтыны, бірақ бұл шектеу ҚР Тұңғыш Президентіне қолданылмайтыны жазылды.Республика Президентi өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезеңiнде саяси партиядағы қызметiн тоқтата тұрады деген тармақ алынып тасталды.
2011 жыл
41-бап "Президенттің кезектен тыс сайлауы президент шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі" деген тармақпен толықтырылды.
2017 жыл
Президенттің бірқатар өкілеттігі биліктің басқа тармақтарына берілді. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол берілетіні жазылды.
2019 жыл
19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. 20 наурызда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, уақытша президент болды. Сол күні ол ел астанасына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынып, парламент жедел түрде Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдады.
2022 жылғы 8 маусым
5 маусымда өткен жалпыұлттық референдум нәтижесінде Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді. Соның ішінде:
* Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді
* Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға және Президент өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуына тыйым салынды
* Мемлекеттік хатшы лауазымы жойылып, орнына мемлекеттік кеңесші лауазымы құрылды
* Конституциялық сот қайта құрылды
* Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып құрылды
* Өлім жазасына тыйым салынды
* Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады
* Мәжіліс депутаттары 107-ден 98-ге қысқарды
* Сенаттағы президенттік квота қысқарды, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылды
* Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді
* Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталды
2022 жылғы 17 қыркүйек
Қазақстанның елордасына бұрынғы Астана атауы қайтарылуына байланысты өзгерістер енгізілді.
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Республикасының Конституциясы — Уикикітап жобасында:1 бөлімі, Жалпы ережелер2 бөлімі, Адам және азамат3 бөлімі, Президент4 бөлімі, Парламент5 бөлімі, Үкімет6 бөлімі, Конституциялық сот7 бөлімі, Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл8 бөлімі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару9 бөлімі, Қорытынды және өтпелі ережелер
* 1 бөлімі, Жалпы ережелер
* 2 бөлімі, Адам және азамат
* 3 бөлімі, Президент
* 4 бөлімі, Парламент
* 5 бөлімі, Үкімет
* 6 бөлімі, Конституциялық сот
* 7 бөлімі, Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
* 8 бөлімі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
* 9 бөлімі, Қорытынды және өтпелі ережелер
* Ата заңға өзгерiс енгiзу ұлтаралық келiсiмге сызат түсiрмейдi. Тартысқа түскен қайран тiл Мұрағатталған 3 қазанның 2011 жылы.
* Мемлекет Мұрағатталған 14 наурыздың 2017 жылы. — Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
## Дереккөздер |
Төлеген Момбеков (1918, Созақ ауданы, Сызған ауылы - 1997) — күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Орта жүз алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Саңғыл руынан.
## Шығармалары
1943 жылдан мәдениет саласында қызмет еткен. Алғашқы ұстазы — өз атасы Бапыш Қожамжарұлы. "Қаратау", "Қара жорға", "Ыңғай төкпе", т.б. күйлерін атасынан үйренеді. Кейін күйші Сүгір Әліұлынан тәлім алады. Момбеков тартатын күйлердің дені Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан өлкесіне кең тараған шертпе күйлер. Ол Сүгірден үйренген "Телқоңыр", "Боз інгеннің бүлкілі", "Бес жорға", "Шалқыма", "Жолаушының жолды коңыры" секілді күйлерін орындады. Оның "Қосбасар", "Мешін", "Салтанат", "Қат-қабат", "Мың жылқы", "Ел жаңа", "Асу", "Анама", "Қоштасу", "Қаратаудың шертпесі" т.б. күйлері грампластинкаға түсірілді. Момбеков туындылары фольклорлық-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің репертуарында орындалды.
## Өмірі
1919 жылы Қаратау баурайындағы Қозмолдақ деген ауылда туып-өскен. Киелі өнердің бастауы арғы аталарынан басталады. Арғы атасы Қожамжар мен Назар әділ билік айтқан шешен болса, Қайдау атасы бүкіл Орта жүзге әйгілі айтыскер ақын, ал Бапыш атасы - аң аулап, құс салып, серілік құрумен бірге, асқан күйші болған адам.
Төлегеннің Жәнібек деген ағасы, Күнтай деген апасы да керемет ақын болыпты. Төлегеннің өзіне домбыра дарыған. Төлеген Момбеков есімінің халқымызға кең тарап, төл күйлерінің халықтық рухани кәдеге айналуына көптеген ақын-жазушылар атсалысқан. Бұл орайда Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқмағамбетов, Тәкен Әлімқұлов, Төлеген Тоқбергенов, Рахманқұл Бердібаев, Ақселеу Сейдімбековтердің еңбегі ерекше болды. 1965 жылы Асқар Тоқмағамбетовтің алпыс жылдық мерейтойына байланысты Сыр бойына сапар шеккен Сәбең жолшыбай Созақта да болады. Сол кездегі аупарткомның бірінші хатшысы Төлепберген Назарбеков Сәбеңнің құрметіне Созақ ауданының әр жеріндегі күйшілерді тегіс жинатады. Олардың ішінде Төлеген Момбеков, Файзолла Үрмізов, Ергентай Борсабаев болады. Сәбең оларға бірнеше күйден тартқызады. Осылардың ішінен Төлеген шерткен шертпе күйге қатты қызығып: «Мұндай дарынды республика көлеміне таныту қажет» деп шешеді. Сөйтіп, Төлеген күйлерін магнитофон таспасына жазып алып, Алматыға ала келеді. Көп ұзамай Созақ ауданының басшылығына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына Төлеген Момбековті іссапарға жіберу туралы Алматыдан арнайы хат келеді. Ол кезде Төлеген ауылда Құлжабай Төлеуов, Көпбай Омаров сияқты ақындармен бірге жүріп, автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. Алматыға келген сол сапарында Төкең грампластинкаға атасы Бапыштың, Сүгірдің және өз шығармаларынан бас-аяғы он екі күй жаздыртады және теледидарда бірер күй орындайды. Сол кезде теледидар қарап отырған Нұрғиса Тілендиев: «Мына қақпас қайдан шықты?!» деп, атып тұрған екен дейді. «Талантты талант қана таниды» деген сол. Нұрғиса Төлегеннің шертісіне сол бойы құлап түсіп, Алматыға келген сайын өзі қарсы алып, қонақүйге орналастырып, оң жағынан орын берген. Төлегеннің 1969 жылы Алматыға келген сол алғашқы сапарында-ақ «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Төлегеннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мақалалар жарияланады. Әдебиет және өнер институтының қорына Төлеген білетін күйлер толық жазылып алынады. Бас-аяғы бір аптаның ішінде кешегі ауыл домбырашысы республика көлемінде танымал болады.Төлеген турасында белгілі күйшілер әрі өнер зерттеушілері: Уәли Бекенов, Жарқын Шәкәрім, Біләл Ысқақовтар қалам тербеген. Төлегеннің ұстазы, Қаратау күй мектебінің ұшар басында тұрған Сүгір Әлиұлы 1961 жылы қайтыс болған. Өкініштісі, Сүгірдің өзінің орындауында бірде-бір күйі таспаға жазылып алынбаған. Көзі тірі кезінде күйлері нотаға да түспеген. Жазушы Мұхтар Әуезов, Үкімет басшысы Нұртас Оңдасынов іздеп барып, Алматыға шақырғанмен, реті келмеген. Ол кез - кеңестік «уралаудың» асқынып тұрған шағы, шертпе күйдің шетқақпай көрген заманы. Күйдің де, күйшінің де қадірі қашқан кез. Сүгірдің «Жолаушының жолды қоңыры», «Шалқыма», «Бесжорға», «Кертолғау» күйлері Төлегеннің орындауының арқасында халыққа жетті. Сүгірдің тартысы құлағында қалған көне көз қарттардың айтуынша, Сүгірдің «Бозінген» күйі бізге тура өз нұсқасында жетпеген. Төлегеннің де «Бозінгеннің бүлкілі» деген күйі бар. Зерттеушілердің айтуынша, бұл екеуі екі бөлек күй. Төлеген әуелгі нұсқаны өзінше жетілтіп, басқаша құлпыртып, дамытып әкеткен. Атақты күйші Қаршыға Ахмедияровтың айтуынша, Сүгір мен Төлегенді бөліп-жармай, дауға айналған күйлерді бір сөзбен «Сүгір мен Төлегендікі» деп атау керек. Сүгірді көзі көрген және сол ауылдың тумасы, марқұм профессор Керімбек Сыздықов былай деп жазып кетіпті: «…Төлеген Алматыда көпшілік алдында, радио, теледидардан күй тартқанда Сүгір ақсақалды ұстазы ретінде үнемі құрметпен атап, сол кісінің күйлерін тартудан бастайтын. Алғашқы жолы «Қосбасарды» Тәттімбеттікі, «Бозінгеннің бүлкілін» Сүгірдікі деп жаздырғанының басы-қасында жүріп, солай деп жаздыруға себепші де болғанмын. Өйткені сол кездегі біздің ұғымымызда «Қосбасар» деген күйдің қанша түрі болса да ол тек Тәттімбеттің атына тән саналатын. Ал «Бозінген» күйі Ықылас пен Сүгірдің атына байланысты аталатын. Оған Төлеген де пәлен деп қарсылық танытпай, «кімнің қалай тартқанын қайдам, мен өзім оңқайтыма келген күйлерді тартқанда қиялданып, өзімше тартып кетем» деген әңгімені жиі айтатын…».
## Күйлер тарихы
Салтанат күйінің шығу тарихы: 1969 жылы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай: “Апама айтам” деп зар еңіреп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйші сондай бір ауыр күй кешіп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: “Қайтемін, жаным-ау” деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын қызына жұбату ретінде “Салтанат” деп қояды.
## Дереккөздер |
Дәулеткерей Шығайұлы (1820, Орал облысы,Орда ауданы - 4.05.1887) — қазақтың аса көрнекті күйші-композиторы.
## Өмірбаяны
Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір-Керей хан де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай-Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады.
Атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Ресейде білім алып, кейін генерал дәрежесіне дейін жеткен хан Жәңгір Ордада балалардың орысша білім алуына да жағдай туғызыпты. Дәулеткерей орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанған. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген. Оның үстіне сұлтандардың қысқы мекеніне айналған Ордаға қырқыншы жылдардың бас кезінде Саратовтан драма және эстрада артистері шақырылады екен. Дәулеткерей орыс және Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты. Сондай-ақ гитара мен мандолинаны да тарта білген. 1854 жылы француз саяхатшысы Паули сызған суреттің нобайымен Чередеев салған акварельде күй тартып отырған Дәулеткерей, одан басқа да аспаптарда орындаушылар бейнеленген. Ең қызығы — ортада билеп жүрген еркек бейнесі бар.
1855 жылы Екінші Александр патшаның таққа отырып, тәж кию салтанатына қатысқан өкілдердің ішінде Дәулеткерей де бар еді. Оны делегация құрамына кіргізудегі мақсат — бірте-бірте ел басқару тәртібін үйрене берсін дегендік еді. Бірақ ол патша колонизаторларының сарайымен емес, озықойлы Ресеймен, Пушкин елімен танысуға келген-ді. Ол осы сапардан көрмегенін көріп, естімегенін өз қүлағымен естіп қайтады. Еуропа сазгерлерінің оркестр ойнаған шығармаларын тыңдайды. Өзі өлең жазбаса да поэзияны жүрегімен түсінетін күйші екі жылдан кейін Пушкинге, ақынның өзі оқыған лицей жанынан ескерткіш қоюға Бөкей ордасынан қаржы жиналған кезде, бірінші болып өз үлесін қосқан.Дәулеткерей 1861 жылы Қызылқұрт елінің билеушісі боп тағайындалған соң, бір жылдан кейін күй атасы Құрманғазымен кездескен. "Дәулеткерейдің Құрманғазымен әңгімелесіп, халық дәстүрі үлгісіндегі басқа да домбырашыларды көріп тануы, оның музыкалық творчествосына қатты әсер етеді", — деп жазады академик Ахмет Жұбанов. Құрманғазы және оның шәкірттерінің ең үздік музыкалық шығармалары дауылдатқан екпінімен, тастай тегеуірінділігімен, өршіл батылдығы, кең тыныстылығымен ерекшеленеді.
Дәулеткерейдің халық тағдырын, елдің еркіндікке ұмтылу сезімін бейнелеген "Топан", "Жігер" атты күйлері тегеурінділігімен қоса тақсірет көрген ержүрек адамның салмақты, салиқалы тебіреніс-толғанысын бейнелейді. "Жігер" туралы Затаевич былай деп жазған:
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қайтыс болған Дәулеткерей, ұзақ уақыт өмір сүрмесе де артына өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйшілердің бірі.
## Шығармашылығы
Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр", "Желдірме", "Керілме", "Ысқырма", "Қосішек" дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді. "Жұмабике" деген күйінің тарихы былай: ол кезде қыздар кішкентайынан өзі білмейтін біреуге атастырылатын салт болған. Кейін бойжеткенде, өзі сүймесе де, сол жігітке ұзатылуға тиіс. Бұған наразы жігерлі қыздар Уақытша кеңес дейтін билігі бар мекемелерге арыз айтып баратын болған. Қыз сөзі расталып, шындықтың бет пердесі ашылса, азаттық алады екен. Міне, асқан әнші, ақындық өнері рулы елге ерте танылған, өз талабымен еркіндік алған Жұмабике деген қызға ризалық сезімін Дәулеткерей күй арқылы жеткізген. 1869 жылы қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлымен кездесуі Дәулеткерейдің шығармашылық өміріндегі ұмытылмас кезең болды, олар күй тілімен табысып, бір-біріне күйшілік өнерімен тікелей әсер етеді. Дәулеткерейдің көптеген күйлері халық арасына кеңінен тараған.
Оның тұрмыстық жанрдағы «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа» күйлері; «Қыз Ақжелең», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты әйелдер бейнесін жасаған шығармалары бар. Орыс музыкасының әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан» т. б. күйлерін, 1871 жылы досы С. Бабажановтың қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау күйін шығарды. «Бұлбұл» күйі де осы кезеңде туды. Дәулеткерей өмірінің соңғы жылдарына жататын күйлерінде - терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Олардың қатарында халық симфонизмінің тамаша үлгілері саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлері бар.
## Дереккөздер |
Бекет Мырзағылұлы (Бекет ата) (1750, Құлсары — 1813, Оғыланды) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Алшын тайпасынан тарайтын байұлы рулар бірлестігінің Адай руынан шыққан..
## Өмірбаяны
Қазақ арасындағы ең ірі 18 рулы Алшынның Адай руынан тарайтын Жаулы аймағының Қосқұлақ бөлімінен шыққан.Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған.
Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген. 40 жасында ол суфий мәртебесіне иеленіп, балаларды сауаттылыққа үйретіп, жерасты құрылымдар салуды бастаған.
Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.
## Қызметі
Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:
* Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр.
* Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы.
* Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші.
* Төртінші — мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.
Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, "Мединеде — Мүхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.
Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекетке оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді және оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған. Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.
XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. Кеңес кезінде М. Меңдіқұлов, Ә. Кекілбаев, Е. Өмірбаев, Қ. Сыдиықов т. б. зерттеушілер жазған.
## Мешіті
Бекет-Ата жер асты мешіті Үстіртте Оғыланды манында орналасқан. Мешіт бұталармен толтырылған терең құдықты төменге бағытталған үлкен тастың ортаңғы бөлігінде орналасқан. Жер астындағы мешіттің кіреберісінде шағын алаң бар. Алғашқы бөлмеде жарық күмбезді төбеге оралған тесіктен жарық түседі. Осы бөлмеден шығыс оңтүстік қабырғасында михраб орналасқан намаз залына, сондай-ақ, оның біреуінде Бекет-ата жерленген екі оңтүстік-шығыс бөлмелерге апарады. Мешіт - Қазақстандағы қажылықтың белгілі орындарының бірі. Мешіттің жанында Бекет-атаның бұлақтары мен құдықтары бар.
- деген.
## Отбасы
Бекет ата төрт ағайынды: Бекет, Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл.
Бес баласы болған: Бәйтелі, Жайлау, Тоғай, Байнияз, Қодар.,
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.
Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
## Мәтін
Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
## Тарихы
### Қазақ КСР әнұраны
1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді..
### 1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.
Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.
2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан елтаңбасы
* Қазақстан туы
## Дереккөздер |
Қазақстан ( Қазақстан [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы ( Қазақстан Республикасы) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3 000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий көлі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов теңізі мен Қара теңізге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзын шекара, солтүстігінде және батысында Ресеймен — 7591 км құрайды. Оңтүстігінде: Түрікменстан — 426 км, Өзбекстан — 2354 км және Қырғызстан — 1241 км, ал шығысында: Қытаймен — 1782 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13394 км. Батыста Каспий көлімен (2000 км), оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.
2024 жылдың 1 наурыздағы елдегі тұрғындар саны — 20 075 271, бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 902 км²).
Елдің елордасы — Астана қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ресми тілі — орыс тілі.
Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды, пайыздық үлесі — 70,18%, орыстар — 18,42%, өзбектер — 3,29%, украиндар — 1,36%, ұйғырлар — 1,48%, татарлар — 1,06%, басқа халықтар 5,38%. Халықтың 75% астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар — 21%, қалғаны басқа да дін өкілдері.
Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $205,539 млрд (2018). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы — теңге.
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.
## Этимологиясы
Қазақстан сөзі Қазақ және Стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда.
## Тарихы
### Ежелгі Қазақстан
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы III-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.
### Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан (Түркі дәуірі)
Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ)
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түркі тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерін де қамтылған. Қазақстан да бұл қағандықтың құрамына кірген.
Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Тоныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ. ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді.
Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды.
Тағы қараңыз: Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты және Қарлұқ қағанаты
### Орта ғасырлардағы Қазақстан (Оғыз дәуірі)
Орта ғасырларда қазіргі Қазақстан жерін Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ мемлекеттері өмір сүрді.
### Ресей империясының құрамындағы Қазақстан
Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731–1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.
* 1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.
* 19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837–47) тудырды.
* 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі аяқталды.
* 1914 ж. 1-тамызда Ресейдің 1-дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді.
* Жаппай наразылықтар нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліс шықты. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ пен Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.
* 1917 ж. патшаны тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетті.
* 1917 ж. 21–28 шілдеде Орынборда 1-Бүкілқазақ съезі өтті. Делегаттар ұлттық автономия, жер-су, т. б. мәселелердің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлік және қазақ саяси партиясын құру мәселелеріне баса назар аударды. Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, т. б. қайраткерлер отаршылдыққа қарсы Алаш партиясын құрды. Олар қазақ халқын отарлық езгіден азат ету ұраны төңірегіне топтасып, қазақтың дербес, тәуелсіз Алашорда демократиялық мемлекетін құруға кірісті. Бірақ көп ұзамай бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ жерінде де кеңес билігі орнады.
### Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
1917 жылы большевистік революциядан кейін Қазақстанда Кеңес билігі орнады. Бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстары бүкіл ел шаруашылығын күйретті. 1920-1921 жж. қыста болған жұттың салдарынан ірі қараның жартысына жуығы қырылды. 1921 жылы жаз егінсіз болып, аштық орнады. Тек 20-жылдардың соңына қарай Қазақстан қалпына келді. 1920 жылы Қазақстан автономды, ал 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтық республика болды.
Аймақтың экономикалық әлсіздігін есепке ала отырып, одақтық үкімет Қазақстан шаруашылығын қарқынды түрде дамытуды алға қойды және 1941 жылы өнеркәсіп өндіріс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз есеге артты. Ірі экономикалық жобаларды орындауға ресурстарды топтастырудың жоспарлық жүйесінің мүмкіндіктері арқасында Қазақстан 30-жылдары көшпелі өлкесінен ірі және өнеркәсіптік, егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған, жоғары мәдени деңгейі бар аймаққа айналды.
Қазақстан аумағында мыңдаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды, он мыңдаған шақырымға созылған темір және автомобиль жолдары түсті. Қазақстан түрлі түсті және қара металл, көмір, мұнай, бидай, мал шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі болды. 1991 жылы Қазақстан үлесіне қорғасын, мырыш, титан, магний, қалайыны өндіруде одақтық өндірістің 70 пайызы, фосфор мен хром өндірісінің 90 пайызы, күміс пен молибденнің 60 пайыздан астамы тиесілі болды. Қазақстан дәнді дақылдардың ірі өндірушісі болды.
Алайда, экономикалық дамудағы жетістіктер үшін қазақ халқы құнын өтеді. «Социалистік индустриялау» әдісі қайғылы жағдайға әкелді. Нәтижесінде ұжымдастыру бойынша қозғалыс 30-жылдары аштыққа әкеліп тіреді. Қазақтардың бір бөлігі тобымен Қытайға және көршілес ортаазия елдеріне кетті. 1931-1934 жылдары аштық пен аурудан бір жарым миллион адам қаза тапты, ол этностың 40 пайызын құрады.
Қазақстан бұрынғы КСРО аумағындағы негізгі тұрғындардың ең аз бөлігін құраған бірегей республика болды; мұндай жағдай 30-жылдары халықтың көп бөлігінен айырылғаннан емес, КСРО-ның басқа аймақтарынан Қазақстан аумағына жүз мыңдаған адамдарды жарамсыз большевиктік режимде 1937-1938 жж. террор құрбандарына арналған концлагерлер ұйымдастыру арқылы қоныс аудару салдарынан болды.
1935 жылдан 1940 жылға дейінгі кезеңде Батыс Украина, Белоруссия және Литвадан поляктардың жер аударуы көп орын алды (120 мыңға жуық адам). ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға Поволжья немістері, Кавказдан шешендер, ингуштар және басқа да ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды, ал 50-60 жж. тың игеруге байланысты біздің елге Ресей, Украина, Белоруссиядан миллиондаған тұрғындар көшіп келді. Нәтижесінде 1926 жылы республикадағы барлық тұрғынның меншікті салмағы 57,1% құрап, 1939 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін төмендеді, ал 1959 жылы небәрі 30 пайызға тең болды. Тек соңғы жылдары қазақтардың меншікті салмағы 50 %-дың көрсеткішке жетті.
70-80 жылдар қарсаңында КСРО-ның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі дағдарыс Қазақстанға да әсер етті. Қатаң жоспарлық жүйе елдің экономикалық дамуын, әлеуметтік саланы тоқыратты. Сондықтан да қайта құру саясаты жариялылық пен демократияға сенген Қазақстан халқынан кең қолдау тапты. Алайда, 1986 жылғы 17 желтоқсанда орын алған Алматыдағы жастардың демократиялық көтерілісінің қатты қысымға алынғаны тағы да «әлеуметтік» жүйенің жарамсыздығын көрсетті.
### Қазақстан Республикасы
1990 жылдарда1991 жылы 8 желтоқсанда РКФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер — 1922 жылғы КСРО құру туралы келісім шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы құжаттарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев та, басқа Орта азиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, РКФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
Кеңестік жүйенің құрсауынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы - ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қаруы бар мемлекет есебінде Белорусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина Республикасының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша — қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достастығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
КСРО-ның ыдырау процессін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
Екінші мыңжылдықта
Екінші мыңжылдық 10 жылдарында
## Географиясы
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.
Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с. е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с. е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш. б.) Елтон және Басқыншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш. б.) Бұқтырма өзенінің бастауына тұспа тұс келеді.
Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері — Хантәңірі шыңы (6995 м, қар құрсауымен қосып есептесе 7010 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең ойпат жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төменде орналасқан.
## Әкімшілік бөлінуі
Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 17 облыс, 89 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент), 186 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.
### Ірі қалалар
* Қазақстан қалалары
* Қазақстан аудандары
## Халқы
## Мемлекеттік құрылымы
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару құзіретін жүзеге асырады.
Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.
Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергілікті соттары болады. Жергілікті мемлекет басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.
## Табиғаты
###
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі Мұрағатталған 8 қыркүйектің 2013 жылы. мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық жыныстар ұшырайды.
###
Қазақстан Шығыс Еуропа платформасының оңт.-шығыс шетін (Каспий маңы синеклизасын) және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің батыс бөлігін алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңт.-батысында Тұран ойпатына (тақтасына) жалғасады.
* Тақтаның (плитаның) мезокайнозойлық тысының астынан Мұғалжар мен Қаратаудың (Маңғыстауда) палеозойлық құрылымдары шығып жатады. Бұлардың шығысындағы Қазақстанның таулы-қатпарлы бөлігінде Орт. Қазақстан палеозойлық массиві — Сарыарқаны, бірнеше қатпарлы жүйелер мен облыстарды (Шыңғыс — Тарбағатай, Обь — Зайсан және Алтай — Саян қатпарлы облыстарының қазақстандық бөліктері), Солт. Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының ендік бағытқа жуық альпілік белдеулерін ажыратуға болады. Каспий маңы синеклизасы (ойпаңы) үш бөлікке жіктелген шөгінділерден тұрады. Төм. бөлігі қалыңд. 13 км-ге дейінгі рифей мен төм. және орт. палеозойдың құмды-тақтатасты, сазды, карбонатты-терригендік қат-қабаттарынан, орт. бөлігі кунгур ярусының (қалыңд. 5 км-дей) тұзды сериясынан, беткі жағы жоғ. пермь-мезозойдың теңіздік, континенттік шөгінділерінен (4–6 км) құралған...
###
Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылықта болуы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.
Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропикалы Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр қашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.
Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің қатты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады.
Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедеріне байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.
Радиация Мұрағатталған 4 ақпанның 2017 жылы.. Қазақстан аумағы үстінде қыс бойы жоғары қысымды ауа циркуляция жүйесі (антициклон) үстемдік етеді, ал жазда төмен қысымды (циклон) атмосфералық циркуляция жүйесі жиі қалыптасады. Жалпы республика аумағының көп бөлігінде антициклондық ауа райы басым.
Сондықтан күн сәулесінің түсу ұзақтылығы солтүстіктен оңтүстікке қарай жылына 2000 сағаттан 3000 сағатқа дейін артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңтүстікте 260 тәулік ұдайы бұлтсыз болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 тәуліктен 10 тәулікке дейін (Балқаш маңы ойпаты) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңтүстікке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары шегі 70–80%-ға жетіп, жазда көп жерде 20 – 30%-ке дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солтүстікте 1500-ден оңтүстікте 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақт. солт-те 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай.
###
Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылдық көлемі 100,5 км³; соның ішінде не бары 56,5 км³-і ғана республика аумағында қалыптасады, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен су ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен ең аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км³-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылдық бағаммен шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км³-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км³-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты су қоры 15,1 км³-ді құрайды, оны пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км³. Қайтымды сулардың көл. 4 км³, су көздеріне қайта құйылған су 2 км³-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болады.
###
Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.
Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы — жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев — топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Қазақстанда өзге елдерде кездесетін топырақ түрлерінің түгелдей дерлігі тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейін бар, тек ылғалды субтропик белдеміне тән топырақ қана жоқ.
### Өсімдігі
Қазақстанда интродукцияланған, мәдени дақылға айналдырылған және кездейсоқ әкелінген түрілерін қоспағанда шамаммен 6025 өсімдік түрі бар. Жабайы өсімдіктердің 18 түрі космополит (Антарктикадан басқа құрлықтарда өседі), 285-і голарктикалық түр (Евразия мен Солтүстік Америкада өседі). Бұлардың ішінде 535-і (шамамен 11%-і) тек Қазақстанда кездеседі (эндемиктер). Мұнда бірнеше ботаникалық зона бар. Тау өсімдіктері өздеріне тән биіктік зоналар құрайды. Өзен-көл, батпақ, жайылма, шалғындық, көлтабан өсімдіктері ешқандай зонаға жатпайды.
Су өсімдіктерінің түрі аз (63 гидрофильді түрі). Олардың құрамында барлық космополиттердің жартысы (шылаңдар мен руппияларды қосқанда 9 түрі), 24 голарктикалық түр (сальвиния, тұңғиқ т. б.) бар. Бұлар су өсімдіктерінің 52%-і, яғни ең көне өсімдіктер. Палеоботаникалық тұрғыдан да осылай; шылаңдар туысы (21 түрі бар) бұдан 70-100 млн жыл (бор дәуірінде), сальвиния, жестер, телорез 40-70 млн жыл бұрын болған. Тегі тропикалық, гидрофильді өсімдіктер тобына жататын су өсімдіктері Қазақстан жерінде 25-40 млн жыл бұрын (олигоценде) қаулап өскен.
Батпақ, өзен жайылмасы мен көлтабан өсімдіктерінің 450-ден астам түрі бар. Шалғынды, кейде батпақты жерлерде бидайық, тарғақ, айрауық, шалғын атқонағы, шалғын бедесі, шалғын ноғатығы, кәдімгі бекмания, қамыс, қоға, қияқ сияқты азықтық шөптер көбірек. Олардың топтасуынан өнімділігі әркелкі шабындық қалыптасады.
Шөл зона өсімдігі
* Сұр топырақты қырат жерлерді (Оңтүстік Қазақстан) алып жатқан ағаш-бұта құрамында пісте мен (жемісі — кәдімгі пісте) қатар Регель алмұрты, таудаған, тобылғы, қаратау лепидолофасы, тікенекті бадам (бұлардың көпшілігі сирек кездеседі) бар. Талас Алатауы, Қаржантау мен Қаратау бөктерлері селдір орманды, мұнда сары долана, зеравшан аршасы басым. Тақырда өсетін сексеуіл тоғайлары негізінен жапырақсыз аласа (2-8м) «шала ағаш» — қара сексеуілден тұрады. Сексеуіл арасында басқа азықтық өсімдіктер де (жусан, күйреуік, изен, теріскен) аз емес.
* Қоңыр және сұр қоңыр топырақты шөл даладағы шала бұта өсімдіктердің арасында ақ жусан, қара жусан, туран жусаны, ал гипсті қоңыр топырақта баялыш көбірек кездеседі. Мұнда түрлі эфемероидтар (әсіресе баданалы қоңырбас пен жуан сабақты қияқ) мен эфемерлер де бар.
* Құм топырақты шөл даладағы бұта өсімдіктерінің арасында жүзгін, құм сексеуілі, қоянсүйек, қылша түрлері, жапырақсыз құланқұйрық және түкті жүзгін ағаштары басым. Мұнда бұта тәрізді аласа өсімдіктер (жусан, изен) мен көп жылдық шөптер де (құмерке) көп.
* Сор топырақты шала бұта өскен шөл далада сарсазан, бұйырғын т. б. өсімдіктер басым.
* Далалық зона
Далалық зонада бөденешөп, қызылбояу, боз, бетеге, қырғыз бетегесі, қылтық бетеге, көде, еркекшөп бітік өседі. Реликт өсімдіктері — сібір бетегесі, ши мен көп тамырлы жуа.
* Тау өсімдіктері
Оңтүстік Алтай, Сауыр, Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шань өсімдіктері далалық, ормандық және альпілік белдеулерге бөлінеді.
Оңтүстік Алтай мен Тарбағатайдағы далалық белдеу далалық зонамен ұласып жатыр, бірақ мұндағы өсімдіктерге бадам, майқарағай, тобылғы араласқан. Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньда (шөл зона) бетеге, боз шалғын, бидайық (түкті бидайық), арпа (баданалы арпа) тұқымдастары өседі, мұнда итмұрын, қызыл шие т. б. өсімдіктер көп.
Қазақстан тауларында бірнеше орман түрлері бар
* самырсын және қарағай ормандары (Алтайда);
* жапырақты (Сауыр);
* майқарағай (Алтай және Жоңғар Алатауы);
* шырша (Алтайдағы сібір шыршасы, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньдағы Шренк шыршасы);
* алма ағаш (Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань);
* өрік (Солтүстік Тянь-Шань);
* шетен (Тянь-Шань);
* ақ қайың (Тянь-Шань).
Тау ормандарының мұншама кең алқапта орналасуына, республиканың батысында еменді және қарағашты, ал солтүстүігінде қайыңды және қарағайлы ормандардың бар болуына байланысты ормандар мен орман шалғындарының құрамындағы өсімдіктер Қазақстандағы барлық өсімдіктердін 40%-інен асады. Олардың ішінде 1 космополит (кәдімігі қыранқұлақ), 30-дан астам голарктикалық түр — орман папоротнигі, қауырсын папоротник, усасыр, құлмақ, күреңот, ұртшөп бар. Олар көне заман ормандарынан келіп жеткен реликтілер. Мұндай орман өсімдіктеріне грек жаңғағы, семенов үйеңкісі, лепсі таспасы, тянь-шань цицербитасы, семенов айдаршөбі сияқты аз тараған реликтілер, сондай-ақ «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген қырғыз қайыңы, бекара терегі, Мушкетов түйесіңірі, мыңжылқы усасыр қырыққұлағы сияқты эндемдер айырықша сипат береді.
Альпі белдеулері
* Альпіге доңызсырт шабындықтары мен майда шөпті шалғындықтар тән. Бұлардың алғашқысы түкті доңызсырттан, ал Алтайда Белларди доңызсыртынан тарайды. Майда шөпті шабындық құрамында крылов бетегсі, монғол птильагростисі, ал түрлі шөптерден альпі маралоты, таран, сарғыш майдажелек т. б. бар.
* Субальпілік шалғындықтар тау белдеулерімен шекаралас жерлерде қалыптасқан. Тянь-Шаньда бұл — крылов бетегсінен, жартас қазтамағынан, кәдімгі манжеткадан құралған шалғындықтар. Тек мысыққұйрықтан тұратын шалғандықтар да кездеседі. Әдетте бұлардың бәрі құнарлы жаздық жайылымдар, шабындық жерлер.
### Жануарлар дүниесі
Ұлан байтақ Қазақстан жерінде сүтқоректілердің 172, құстың 485, бауырымен жорғалаушылардың 52, қосмекенділердің 12, балықтың 150-ге жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер (насекомдар, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар т. б.) бұдан да көп. Тек жәндік түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. Жануарлар түрінің осыншалық көп болуы республиканың географиялық орнына, жер бедерінің дамуы мен жануар түрлері қалыптасуының ұзақ та күрделі тарихына байланысты.
Жануарлардың табиғат зоналары бойынша мекендеу і
* Орманды дала зонасы. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала зонасында бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын суқұстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Оңтүстікке қарай созылып жатқан Еділ жағалауынан Алтай таулы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далада суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ (үлкені, кішісі, жирені), ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, дала трикушкасы, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны мен шабындық құландыны қоныстайды. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақбөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.
* Далалық зона. Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық зонаның батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда европалық қара күзен, жұпар тышқан, орман сусары да кездеседі. Қосмекенділерден Жайық т. б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Сыңсыған қарағай өскен тау сілемдері (Көкше қыраты) бар далалық зонаның орта бөлігінде бұлан, елік, сілеусін, қызыл тоқалтіс сияқты орман тұрғындары, аққоян, ақтиін (Ертіс бойындағы қалың орманда), бұлдырық, қаратоқылдақ, кәдімгі тоқылдақ кездеседі. Далалық зонаның шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы сияқты жануарлармен қатар аққоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген.
* Шөлейт зонасы. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт зонасында- саршұнақтар (кішісі, орташасы, сарысы) мен қосаяқтың, құм тышқан мен толай қоянның бірнеше түрі мекендеген. Мұнда ақбөкен де, қарақұйрық та көптеп кездеседі. Бұл зонада құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай т. б. бар.
* Шөл зонасы. Республиканың оңтүстігін тау бөктеріне дейін алып жатқан шөл зонада тек осында ғана мекендейтін бірнеше жануар түрлері бар, олар оңтүстікте республика шебінен тысқары шығып кетеді. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғышылақ жартастарының арасында кездесетін үстірт муфлоны жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні — қарақал кездеседі. Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерлерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі — жаламан мекендейді. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана табылған. Солтүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана табылған бесбашбайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше хайуан. Ірі жануарлардан осы шөл далада ақбөкен, қарақұйрық қыстайды. Құстан — шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Түк аяқты қосаяқ, үшбашбайлы ергежейлі қосаяқ, құм тышқаны, жіңішке башбайлы саршұнақ, ала жертесер, құм мысығы т. б. құм ішінде тіршілік етуге бейімделген. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмыр бас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан т. б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Өзен-көл аңғарындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қоян, қырғауыл т. б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл және т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, аққұтан, көкқұтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынынан өте сирек кездесетін, «Қазақстан Қызыл кітабына» енгізілген реликт шағала қоныстайды.
* Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, тундра кекілігі, ақ кекілік, алтай ұлары, кукша, жорға торғай кездеседі. Зайсан қазаншұңқырынан оңтүстікке қарай созылып жатқан тауларда (Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) марал, елік, арқар, сібір таутекесі, қоңыр аю, сілесін, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейді. Жоңғар, Іле Алатауы мен Талас Алатауында көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетін Менабир суыры жерсіндірілген. Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркіт тіршілік етеді. Бұл жерлерге сондай-ақ гималай ұлары, кекілік, ұзақ қарға, шау қарға, қызыл құйрық торғай, аршалық ементұмсық, тау шымшық, көкқұс тән. Жоңғар Алатауындағы кіші-гірім өзендерде жетісу тритоны тіршілік етеді.
### Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т. б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
### Табиғат ресурстары
Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экон.-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
## Саяси жағдайы
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс дәрежелі өкілеттілік және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізім негізінде сайланған 98 депутаттардан құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты он бір мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі сегіз жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.
### Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.
### Сыртқы саясат
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға ынталы екендігі оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
### ҚР сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы
2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы жарияланды. Құжатта мынадай басымдықтар негізге алынған: - үдемелі сипатқа ие және ел дамуының жаңа кезеңінде Тұңғыш Президент – Елбасының сыртқы саяси бағытын жалғастыруға өзінің сабақтастығын сақтайтын елдің ашық, болжамды және дәйекті сыртқы саясаты;- адам құқықтарын қорғау, гуманитарлық дипломатияны дамыту және қоршаған ортаны қорғау;- халықаралық аренада экономикалық мүдделерді ілгерілету, соның ішінде инвестициялар тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;- ең алдымен, негізгі әріптестер – Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия мемлекеттері және Еуропалық Одақ елдері, ал көпжақты құрылымдар бойынша – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және басқа да ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды нығайтуды білдіретін өңірлік және көпжақты дипломатияны дамыту.
### Қазақстандағы саяси реформалар
2019 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның негізгі мақсаты – жұртшылық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтетін талқылаудың негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
2019 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті азаматтардың сындарлы сұрауларына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жария етті.
Сонымен бірге, Қазақстанда балама көзқарастар мен пікірлерді көтермелеу мақсатында басқа партиялардың өкілдеріне кейбір парламенттік комитеттерде төрағалық етуге мүмкіндік беретін заң қабылданатын болады. Саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісі 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетіледі.
Қазақстанда бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылданды. Заңда пикет, демонстрация, шеру, митинг сияқты бейбіт жиналыстың негізгі тұжырымдамалары мен нысандарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін концептуалды аппаратты енгізу қарастырылған. Заң ұйымдастырушылардың, бейбіт жиналыстарға қатысушылардың және журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін реттейді.
Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Президент Қ.К.Тоқаев тұлғаға қарсы жасалатын қылмыс үшін қолданылатын жазаны да күшейтті.
### Қоғам
Қазақ техникалық мамандары Қазақ Инженерлер Бірлестігі ұйымына біріккен.
## Мереке және демалыс күндер
## Экономикасы
Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанға әлемнің 120-дан аса елінен 330 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды.
Дүниежүзілік Банктің «2020 жылғы бизнес жүргізу» есебінде Қазақстан әлемде 25-ші орынға ие болды және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша әлемдегі ең үздік ел атанды.Қазақстанның ЖІӨ 179,332 млрд. АҚШ долларын құрайды және жылдық өсім қарқыны 4,5%- ға тең. Қазақстанның ЖІӨ жан басына шаққанда 9 686 АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан Қытай мен Қатардан кейін ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығының ең серпінді 25 экономиканың арасында үшінші орынға ие. Қазақстанның әлемдік саудадағы рөлі мен жаңа Жібек жолындағы орталық орында орналасуы елге миллиардтаған адамға өз нарықтарын ашуға мүмкіндік берді. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 жылы мүше болды.
Қазақстан экономикасының әлемдік экономикадағы үлесін анықтаудың негізгі көрсеткіші — елдің халықаралық саудадағы үлесіне қарап анықтауға болады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жылдан жылға өсіп келеді: 1995 жылы $9 млрд болатын болса 2008 жылы $109 млрд болды. Негізгі өсім мұнай өндіру және металлугрия саласыныңеншісіне тиесілі. Экспорт өндірілетін өнім көлемінің өсуіне жәнебағаның қымбаттауына байлнысты.
Ал импорттың өсуі тиісінше өнімді өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтарды сатып алудың нәтижесінде өсті.
2009 жылы сыртқы сауда айналымы 34%-ға төмендеп кеттті, оның негізгі себепшісі мұнай мен металл бағасының төмендеуі. Дегенмен, 2010 жылдан бастап бағалардың қайта өсуіне байланысты қарқынды даму байқалды, Нәтижесінде экспорттық-импорттық операциялар көлемі $137 млрд. құрады. Экспорт ($92 млрд) иморттан екі есе көп болды ($45 млрд).
Экспорттың 75% — минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, газ, көмір, уран сияқты пайдалы қазбаларға тиесілі. Қалған 13% — металлдар және 3,4% — ауылшаруашылық өнімдері құрайды (негізгісі бидай), 4,2% — химия өнеркәсібінің өнімдері. Негізгі өндіретін тауар — өңделмеген табиғи қазбалар құрайды. Қазақстан әлемдік сауда нарығында табиғи ресурстарды қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.
Қазақстан дүинежүзілік сауда ұйымына 2015 ж. 22 маусымда мүше болды.
*
*
### Қазақстанның сыртқы экономикасы
Қазақстанның сыртқы экономикасы әлем елдерімен экономикалық, сауда, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да қатынастарды қамтып отыр. Бұл сала субъктілері сыртқы экономикалық қызметтерге байланысты меншік түрі бойынша тәуелсіз елімізде тіркелген Қазақстанның немесе шет мемлекеттердің заңды немесе жеке тұлғалары болып табылады. Сыртқы экономика саласында басты және маңызды орында сауда саласы. Соңғы жылдарда қазақстаннан экспортталатын тауардырдың үлесі үш есеге өсті. Оған бірнеше факторлар себепші болып отыр. Қолайлы инвестициялық жағдайлардың жаалуы тікелей шетелдік қомақты инвестициялардың тікелей ағылып келуіне себепші болды, оның негізгі бөлігі еліміздің мұнай өндіру саласына жұмсалады. Біріншеден, бұл өз кезегінде мұнай мен газ конденсатын өндіруді қарқынды дамытты. Екіншіден, дүниежүзілік тауар нарығындағы көмірсутектер шикізатын сату шартының қолайлылығы экспорт әлеуетінің өсіне жағдай жасады. Дәл осылай деп тау-кен металлургия сала-соңғы оң жыл көлемінде жалпы қазақстандық экспорт және қызмет көрсету үлесінің көбеюі, әлемдік сауданың дамуымен салыстырғандағы оның қарқынды дамуы мен көлеміне байланысты болып отыр.
Қазақстандығы тауар экспорттау динамикасының деңгейінің өсуі оның жоғары, екпінді дамуын көрсетеді. Орташа есеппен он жыл ішінде тауар экспорттау төрт есеге өссе, импорт үш жарым есеге өсті. Әлемдік деңгеймен салыстырмалы түрде қарағанда еліміздің макроэкономикалық көлемі жоғары емес. Осыған қарамастан Қазақстанның сытрқы экономикалық саласын болащақта дамытуына орасан зор шамасы бар. Атап айтқанда, бүгінде 500-ден астам кен орындары барланып, минералды шикізаттың 1220 түрінің барлығы анықталған. Осылардың көпшілігінен біздің еліміз дүние жүзі бойынша алдыңғы орында. Осылайша, Қазастан барланған цинк, вольфрам және барит қорларын әлем бойынша бірінші орында болса, күміс қорғасын және хромит қорынан екінші орында, мыс, марганец, флюорит бойынша үшінші, молибден қорынан төртінші, сонымен қатар алтын қоры жөнінен алдыңғы қатардағы он елдің қатарында.
Елімізде темір рудасы әлемдік қордың 8 пайызын, уранның жобамен 25 пайызын құрайды. Қазақстан мұнай қорын барлаудан әлемдегі он елдің қатарында.
Ғаламдық қаржылық — экономикалық тоқырау республикамыздың сыртқы экономикалық саласына кері әсерін тигізді.
## Энергетикасы
### Мәдениет және қоғам
### Білім беру жүйесі
### Бұқаралық ақпарат құралдары
### Әлеуметтік саласы
### Қарулы күштері
Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы әскерлерді, тыл, әскери оқу орындары мен ғыл. мекемелерді қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс мин-не қарайтын әскер түрлерінен басқа Ішкі істер мин-нің ішкі әскерлері, Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, респ. “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты мақсаты — елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемл. ин-ттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.
Республика Қарулы Күштеріне бейбіт кезеңде мынандай негізгі міндеттерді орындау жүктелген
* әскери күшті, жауынгерлік даярлықты қамтамасыз етіп, басқару органдары мен әскерлерді ел ішіндегі қақтығыстарды,
* Қазақстан Республикасының мемл. шекарасында немесе аум-ның шегінде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетуді тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
* әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ, мемл. шекараның жедел-стратег. тұрғыда маңызды өңірлерін жабу;
* маңызды әскери нысандарды күзету;
* елдің кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөніндегі батыл іс-қимылға әзір болу;
* халықаралық міндеттемелерге сәйкес бітімгершілік және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл міндеттерді орындауды Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметіне құрлықта, теңізде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемл. шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестікке (террорға), қару мен есірткі саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 23 қарашадағы 1579 қаулысына сәйкес елімізде Оңт., Батыс, Шығыс, Орт. әскери округтері құрылған. Оңт. әскери окуругінің қорғайтын жер аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округі қорғайтын жер аумағына: Шығ. Қазақстан, Павлодар облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Семей қаласында. Батыс әскери округінің қорғайтын аумағына: Ақтөбе, Атырау, Бат. Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Ақтөбе қаласында. Қазақстанның қалған облыстары Орт. әскери округіне қарайды. Орт. штаб – Қарағанды қаласында.
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерістерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуі, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т. б.) ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери доктринасы орташа мерзімді кезеңге есептеліп жасалған (1999–2005) қорғаныстық сипатқа ғана ие. Ол әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайды кешенді бағалауға, мемлекеттің экон. болмысы мен материалдық қорының мүмкіндіктеріне сүйенеді. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының негізгі ережелерін нақтылайды және шабуыл жасалған жағдайда елдің қорғанысын ұйымдастыруға, ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі одақтас мемлекеттермен бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.
## Қызықты деректер
* Қазақстанда 19 миллионнан астам адам, шамамен 130-дан астам этнос тұрады. Оның 48,71 % — ерлер, 51,29 % — әйелдер. Қазақстан халық саны бойынша әлемде 64-орында.
* Қазақстанның аумағы Азия мен Еуропада орналасқан. Жер көлемі — 2,7 миллион шаршы шақырым. Дүниежүзінде 9-орында тұр. Қазақстанның территориясына 3 Түркия, 5 Франция немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
* Қазақстанда екі сағаттық белдеу бар, климаты — күрт континенталды. Ауа температурасы -45-тен +45 градусқа дейін болады.
* Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінен табылған. Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 20 жетекші елдің қатарына кіреді. Ал газ қоры бойынша 30-орынға, алтын қорлары бойынша әлемде 15-орынды, ураннан екінші орынға тұрақтаған.
* Қазақстан өз еркімен күштілігі жағынан әлемде төртінші орында тұратын қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық тәжірибелер полигонын жапты. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.
* Астана қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі. 1998 жылы ЮНЕСКО бас қаланы «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Ал 2012 жылы елордаға «ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қала атауы Тұңғыш Президенттің құрметіне Астана деп өзгертілді.
* Әлемдегі ең биiк түтiн мұржасы Қазақстанда (Екібастұз қаласында) орналасқан. Оның биiктігi — 420 метр. Ол Эйфель мұнарасынан 100 метр биік.
* Байқоңыр – әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тұңғыш рет адамзат ғарышқа ұшқан. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда орналасқан. Көлемі 6717 шаршы шақырым.
* Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны. Мұнда 170 әлемдік рекорд орнатылған. «Медеу» атауы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайраткері Медеу Пұсырманұлының құрметіне берілген.
* Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген (2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша).
* Орталық Азиядағы ең үлкен театр Қазақстанда орналасқан. «Астана Опера» театрын 33 елдің мамандары үш жыл салды.
* Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны. Ал жылқы алғаш рет (б.д.д 4 мыңыншы жылдарда) Қазақстанда қолға үйретілген.
* Қазақстанның төл валютасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды. Алғашқы қазақстандық ақшалар Лондонда шығарылды.
* Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға әлемнің 120-дан астам мемлекеті 370 млрд доллардан астам инвестиция құйды (2022 жылғы деректер бойынша).
* Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара — Қазақстан мен Ресей шекарасы (7591 шақырым).
* Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұрасының қатарында. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Таңбалы петроглифтері.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2011 жылы.
* Президенттің ресми торабы
* Парламенттің ресми торабы Мұрағатталған 1 маусымның 2019 жылы.
* Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
* Үкiметтiң ресми торабы Мұрағатталған 7 тамыздың 2019 жылы.
* Қазақстан Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
* Қазақстан Республикасының онлайн заңнамасы
* Қазақстанның ресми статистикасы Мұрағатталған 13 қарашаның 2013 жылы.
* Қазақстанның бірінші ақпараттық порталы |
Тоғым хан — Қазақ хандығындағы 1-азаматтық соғысы кезіңдегі қазақ ханы. Туған жылы белгісіз, 1537 жылы 27 шілдеде болған ұрыста қаза тапқан. Тоғым хан әз-Жәнібектің немересі, Жәдік Сұлтанның ұлы. Тоғым хан Қазақ ордасындағы берекесі кете бастаған билікті қалпына келтіруге күш салады. Жан-жақтан анталаған көршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, елінің әскери қуатын арттыруға ұмтылады. Тайыр ханның тұсында Қазақ ордасына қарсы өзбек ханы Ұбайдолла мен моғол ханы Рәшид жорыққа шығады. Түбі бір түркілер өзбек-моғолдар мен қазақ-қырғыздың 1537 жылғы 27 шілдеде Ыстықкөлдің шығыс бетіндегі Сан-Таш деген жерде үлкен соғысы болады. Осы қиян-кескі ұрыста қазақ-қырғыз әскері түгел қырылады. Тоғым хан бастаған 37 сұлтан мен оның ержүрек тоғыз ұлы да осы соғыста қаза табады. Сан-Таштағы соғыс-Қазақ ордасы әскери тарихындағы ең қаралы оқиғалардың бірі. Тоғым ханның туған інісі Шығай ханның ұлы Еңсегей бойлы ер Есім хан қазақ-қырғыздың қаншама ержүрек жауынгерлері шейіт болған Сан-Таш аңғарында ұлан-асыр ас беріп, биік қорым үйгізген. Тоғым хан Қазақ ордасында 1533-1537 жылдар аралығында билік құрған. |
Қазақстанда барлығы 193 аудан бар, оның ішінде:
* 17 облыста 170 аудан;
* 5 қалада 23 аудан.
Қазақстандағы аумағы жағынан ең үлкен аудан — Ұлытау облысындағы Ұлытау ауданы (122,9 мың км²), ал ең кіші аудан — Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы (0,8 мың км²); халық ең көп қоныстанған аудан — Алматы облысындағы Қарасай ауданы (323 151 ад.), ал ең аз қоныстанған аудан — Ақмола облысындағы Егіндікөл ауданы (5 351 ад.); ең халқы көп аудан орталығы — Қарасай ауданының Қаскелең қаласы (81 850 ад.), ал ең халқы аз аудан орталығы — Алтынсарин ауданының Обаған ауылы (530 ад.).
2024 жылғы дерек бойынша Қазақстанда Абай, Есіл, Жамбыл аудандары 3 рет, ал Ақтоғай, Алматы, Нұра аудандары 2 рет кездеседі.
## Абай облысы
Абай облысында 10 аудан бар:
* Абай ауданы — Қарауыл ауылы
* Ақсуат ауданы — Ақсуат ауылы
* Аягөз ауданы — Аягөз қаласы
* Бесқарағай ауданы — Бесқарағай ауылы
* Бородулиха ауданы — Бородулиха ауылы
* Жаңасемей ауданы — Семей қаласы (аудан құрамына кірмейді)
* Жарма ауданы — Қалбатау ауылы
* Көкпекті ауданы — Көкпекті ауылы
* Мақаншы ауданы — Мақаншы ауылы
* Үржар ауданы — Үржар ауылы
## Ақмола облысы
Ақмола облысында 17 аудан бар:
* Ақкөл ауданы – Ақкөл қаласы
* Аршалы ауданы – Аршалы кенті
* Астрахан ауданы – Астраханка ауылы
* Атбасар ауданы – Атбасар қаласы
* Бурабай ауданы – Щучинск қаласы
* Бұланды ауданы – Макинск қаласы
* Біржан сал ауданы – Степняк қаласы
* Егіндікөл ауданы – Егіндікөл ауылы
* Ерейментау ауданы – Ерейментау қаласы
* Есіл ауданы – Есіл қаласы
* Жақсы ауданы – Жақсы ауылы
* Жарқайың ауданы – Державинск қаласы
* Зеренді ауданы – Зеренді ауылы
* Қорғалжын ауданы – Қорғалжын ауылы
* Сандықтау ауданы – Балкашино ауылы
* Целиноград ауданы – Ақмол ауылы
* Шортанды ауданы – Шортанды кенті
## Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында 12 аудан бар:
* Алға ауданы – Алға қаласы
* Әйтеке би ауданы – Темірбек Жүргенов ауылы
* Байғанин ауданы – Қарауылкелді ауылы
* Қарғалы ауданы – Бадамша ауылы
* Қобда ауданы – Қобда ауылы
* Мәртөк ауданы – Мәртөк ауылы
* Мұғалжар ауданы – Қандыағаш қаласы
* Ойыл ауданы – Ойыл ауылы
* Темір ауданы – Шұбарқұдық кенті
* Хромтау ауданы – Хромтау қаласы
* Шалқар ауданы – Шалқар қаласы
* Ырғыз ауданы – Ырғыз ауылы
## Алматы облысы
Алматы облысында 9 аудан бар:
* Балқаш ауданы – Бақанас ауылы
* Еңбекшіқазақ ауданы – Есік қаласы
* Жамбыл ауданы – Ұзынағаш ауылы
* Кеген ауданы – Кеген ауылы
* Қарасай ауданы – Қаскелең қаласы
* Райымбек ауданы – Нарынқол ауылы
* Талғар ауданы – Талғар қаласы
* Ұйғыр ауданы – Шонжы ауылы
* Іле ауданы – Өтеген батыр ауылы
## Атырау облысы
Атырау облысында 7 аудан бар:
* Жылыой ауданы – Құлсары қаласы
* Индер ауданы – Индербор кенті
* Исатай ауданы – Аққыстау ауылы
* Құрманғазы ауданы – Құрманғазы ауылы
* Қызылқоға ауданы – Миялы ауылы
* Мақат ауданы – Мақат кенті
* Махамбет ауданы – Махамбет ауылы
## Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында 12 аудан бар:
* Ақжайық ауданы – Чапаев ауылы
* Бәйтерек ауданы – Перемётное ауылы
* Бөкей ордасы ауданы – Сайқын ауылы
* Бөрлі ауданы – Ақсай қаласы
* Жаңақала ауданы – Жаңақала ауылы
* Жәнібек ауданы – Жәнібек ауылы
* Казталов ауданы – Казталовка ауылы
* Қаратөбе ауданы – Қаратөбе ауылы
* Сырым ауданы – Жымпиты ауылы
* Тасқала ауданы – Тасқала ауылы
* Теректі ауданы – Теректі ауылы
* Шыңғырлау ауданы – Шыңғырлау ауылы
## Жамбыл облысы
Жамбыл облысында 10 аудан бар:
* Байзақ ауданы – Сарыкемер ауылы
* Жамбыл ауданы – Аса ауылы
* Жуалы ауданы – Бауыржан Момышұлы ауылы
* Қордай ауданы – Қордай ауылы
* Меркі ауданы – Меркі ауылы
* Мойынқұм ауданы – Мойынқұм ауылы
* Сарысу ауданы – Жаңатас қаласы
* Талас ауданы – Қаратау қаласы
* Тұрар Рысқұлов ауданы – Құлан ауылы
* Шу ауданы – Төле би ауылы
## Жетісу облысы
Жетісу облысында 8 аудан бар:
* Ақсу ауданы – Жансүгіров ауылы
* Алакөл ауданы – Үшарал қаласы
* Ескелді ауданы – Қарабұлақ ауылы
* Кербұлақ ауданы – Сарыөзек ауылы
* Көксу ауданы – Балпық би ауылы
* Қаратал ауданы – Үштөбе қаласы
* Панфилов ауданы – Жаркент қаласы
* Сарқан ауданы – Сарқан қаласы
## Қарағанды облысы
Қарағанды облысында 7 аудан бар:
* Абай ауданы – Абай қаласы
* Ақтоғай ауданы – Ақтоғай ауылы
* Бұқар жырау ауданы – Ботақара кенті
* Қарқаралы ауданы – Қарқаралы қаласы
* Нұра ауданы – Нұра кенті
* Осакаров ауданы – Осакаровка кенті
* Шет ауданы – Ақсу-Аюлы ауылы
## Қостанай облысы
Қостанай облысында 16 аудан бар:
* Алтынсарин ауданы — Обаған ауылы
* Амангелді ауданы — Амангелді ауылы
* Әулиекөл ауданы — Әулиекөл ауылы
* Бейімбет Майлин ауданы — Әйет ауылы
* Денисов ауданы — Денисовка ауылы
* Жангелді ауданы — Торғай ауылы
* Жітіқара ауданы — Жітіқара қаласы
* Қамысты ауданы — Қамысты ауылы
* Қарабалық ауданы — Қарабалық кенті
* Қарасу ауданы — Қарасу ауылы
* Қостанай ауданы — Тобыл қаласы
* Меңдіқара ауданы — Боровской ауылы
* Науырзым ауданы — Қарамеңді ауылы
* Сарыкөл ауданы — Сарыкөл кенті
* Ұзынкөл ауданы — Ұзынкөл ауылы
* Фёдоров ауданы — Фёдоровка ауылы
## Қызылорда облысы
Қызылорда облысында 7 аудан бар:
* Арал ауданы – Арал қаласы
* Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті
* Жаңақорған ауданы – Жаңақорған кенті
* Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті
* Қармақшы ауданы – Жосалы кенті
* Сырдария ауданы – Тереңөзек кенті
* Шиелі ауданы – Шиелі кенті
## Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында 5 аудан бар:
* Бейнеу ауданы — Бейнеу ауылы
* Қарақия ауданы — Құрық ауылы
* Маңғыстау ауданы — Шетпе ауылы
* Мұнайлы ауданы — Маңғыстау ауылы
* Түпқараған ауданы — Форт-Шевченко қаласы
## Павлодар облысы
Павлодар облысында 10 аудан бар:
* Аққулы ауданы — Аққулы ауылы
* Ақтоғай ауданы — Ақтоғай ауылы
* Баянауыл ауданы — Баянауыл ауылы
* Ертіс ауданы — Ертіс ауылы
* Железин ауданы — Железинка ауылы
* Май ауданы — Көктөбе ауылы
* Павлодар ауданы — Павлодар қаласы (аудан құрамына кірмейді)
* Тереңкөл ауданы — Тереңкөл ауылы
* Успен ауданы — Успенка ауылы
* Шарбақты ауданы — Шарбақты ауылы
## Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында 13 аудан бар:
* Айыртау ауданы — Саумалкөл ауылы
* Ақжар ауданы — Талшық ауылы
* Аққайың ауданы — Смирново ауылы
* Ғабит Мүсірепов ауданы — Новоишим ауылы
* Есіл ауданы — Явленка ауылы
* Жамбыл ауданы — Пресновка ауылы
* Қызылжар ауданы — Бескөл ауылы
* Мағжан Жұмабаев ауданы — Булаев қаласы
* Мамлют ауданы — Мамлют қаласы
* Тайынша ауданы — Тайынша қаласы
* Тимирязев ауданы — Тимирязево ауылы
* Уәлиханов ауданы — Кішкенекөл ауылы
* Шал ақын ауданы — Сергеев қаласы
## Түркістан облысы
Түркістан облысында 14 аудан бар:
* Бәйдібек ауданы — Шаян ауылы
* Жетісай ауданы — Жетісай қаласы
* Келес ауданы — Абай ауылы
* Қазығұрт ауданы — Қазығұрт ауылы
* Мақтаарал ауданы — Мырзакент кенті
* Ордабасы ауданы — Темірлан ауылы
* Отырар ауданы — Шәуілдір ауылы
* Сайрам ауданы — Ақсукент ауылы
* Сарыағаш ауданы — Сарыағаш қаласы
* Сауран ауданы — Шорнақ ауылы
* Созақ ауданы — Шолаққорған ауылы
* Төле би ауданы — Леңгір қаласы
* Түлкібас ауданы — Тұрар Рысқұлов ауылы
* Шардара ауданы — Шардара қаласы
## Ұлытау облысы
Ұлытау облысында 2 аудан бар:
* Жаңаарқа ауданы – Жаңаарқа кенті
* Ұлытау ауданы – Ұлытау ауылы
## Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысында 11 аудан бар:
* Алтай ауданы — Алтай қаласы
* Глубокое ауданы — Глубокое кенті
* Зайсан ауданы — Зайсан қаласы
* Катонқарағай ауданы — Катонқарағай ауылы
* Күршім ауданы — Күршім ауылы
* Марқакөл ауданы — Марқакөл ауылы
* Самар ауданы — Самар ауылы
* Тарбағатай ауданы — Ақжар ауылы
* Ұлан ауданы — Қасым Қайсенов кенті
* Үлкен Нарын ауданы — Үлкен Нарын ауылы
* Шемонаиха ауданы — Шемонаиха қаласы
## Астана қаласы
Астана қаласында 6 аудан бар:
* Алматы ауданы
* Байқоңыр ауданы
* Есіл ауданы
* Нұра ауданы
* Сарайшық ауданы
* Сарыарқа ауданы
## Алматы қаласы
Алматы қаласында 8 аудан бар:
* Алатау ауданы
* Алмалы ауданы
* Әуезов ауданы
* Бостандық ауданы
* Жетісу ауданы
* Медеу ауданы
* Наурызбай ауданы
* Түрксіб ауданы
## Шымкент қаласы
Шымкент қаласында 5 аудан бар:
* Абай ауданы
* Әл-Фараби ауданы
* Еңбекші ауданы
* Қаратау ауданы
* Тұран ауданы
## Ақтөбе қаласы
Ақтөбе қаласында 2 аудан бар:
* Алматы ауданы
* Астана ауданы
## Қарағанды қаласы
Қарағанды қаласында 2 аудан бар:
* Әлихан Бөкейхан ауданы
* Қазыбек би ауданы
## Тағы қараңыз
* Қазақстан әкімшілік бірліктері
* Қазақстанның таратылған аудандары
* Қазақстан кадастрлық нөмірлер тізімі
* Қазақстан кенттері
* Қазақстан ауылдық округтері
## Дереккөздер |
Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұраны — 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұраны. Сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған.
## Тарихы
1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидинің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша, сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақтан» «біз қазаққа» ауыстыруымен шектеледі.
## Мәтіні
## Тағы қараңыз
* Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
* Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
## Дереккөздер |
Семей — 2022 жылдың 8 маусым айынан бастап ресми түрде Абай облысының әкімшілік орталығы. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы километр. 1782 жылдан бастап 1997 жылға дейін Семей (Семипалатинск) облысының орталығы болған.
Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрлығының Географиялық орталығы анықталған.
Қазақстанда қала мәдени астанасы болып саналады, өйткені оның көптеген тұрғындары қазақ мәдениеті мен шығармашылығының негізін салушылар болып табылады. Семей «Қазақстанның тарихи орталығы» деген ерекше мәртебеге ие.
Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді.
Қала халқы 323 721 адам (2019ж.). Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.
## Тарихы
Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, І Петр шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». «Семей» сөзі – көне түркілерге жататын сары ұйғырлар тайпасының тілінде «киелі мекен» деген мағынаны білдірсе, «Алаш» сөзі – түркі тілінде бауырлас, қандас, туыс деген мағынаны береді. Яғни, Семей, Алаш атауы – тұтас түркі дәуірінде қалыптасқан ең ежелгі атаулардың бірі.Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. Азиялық күпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды. Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі.1858 жылы 1854 жылы құрылған көлемді Семей облысында – 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейеде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғарғы Ертісте су арқылы қатынастың ресми ашылуы болды.ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырда Семей облысында өнімді алғаш өңдеу өнеркәсібі құрылды. XX ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен шұѓа фабрикаларында жөн, тері дайындалды.1863 жылы қалада 2 оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище, 2 шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептері болды. 1864 жылы әйелдер мектебі 2-ші разрядты училище болып қайта құрылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қалада ерлер мен әйелдер классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді. Әлімхан Ермеков Семей ерлер гимназиясын алтын медальға бітіріп, содан соң Томскінің технологиялық институтын бітірді. Мұғалімдер семинариясында Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаев оқыды. Семейде 5 жылдан артық (1854-1859) орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды: «Записки из мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиково и его обитатели». Осында Ф.М.Достоевский П.П. Семенов Тянь-Шанский мен Шоқан Уәлиханов, Г.Потаниндермен кездесті.Семейге Петербург университетінің студенті Е.П.Михаэлис саяси жер аударылып келді, Н.Долгополов, С.Гросс, П.Лобановский, А.Леонтьев, Н.Коншин және басқалары. Олар Семейде үлкен ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді.Е.П.Михаэлис, Н.Долгополов жєне С.Гросс сияќты азаматтар қазақтың ұлы ағартушысы Абай (Ибраћим) Құнанбаевпен достық қарым-қатынаста болды. Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын оқып үйренуге көмектесті. Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын өте жетік біліп, қазақтың салт-дәстүрлері, көне заңдары, генеалогиясы, аңыздары және этнографиялық терминологиясы жөнінде үлкен жалпыхалықтық беделге ие болды.1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы саяси жер аударылып келген Е.П.Михаэлис. Ол сондай-ақ Семейде 1883 жылы қоғамдық кітапхана мен өлкетану музейін қорушылардың бірі болды. Семей География қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесі Орыс География қоғамының филиалы болып құрылған, бірақ жұмысты өз бетімен дербес атқарды. Семей бөлімшесінің белсенді қайраткерлері ағайынды В.Н.Белослюдов және А.Н.Белослюдовтар болды. Алғашқысы суретші-этнограф болып көптеген суреттер салды. Олар қазір Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы кітапханасының қорында қолжазба төрінде сақталған. Ал екіншісі қазақ фольклорының шығармаларын жинады. А.Н.Белослюдовтың жинаған қазақ ертегілері басқа фольклорлық деректер сияқты бөлімшенің «Жазбахатында» жарияланды. Г.Д.Гребеншиковтың еңбек жолы мен әдеби қызметі Семейде басталды. Семейде Г.Н.Потанин жєне В.А.Обручевтар, басқа да көрнекті ғалымдар жұмыс істеді. 1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Айқап» журналының бағытына жақын апта сайын шығатын «Сары-арқа» үнқағазы шыға бастады. «Сары-арқа» үнқағазының редакторлары Р.Марсеков пен К.Ғаббасовтар болды. Оның беттерінде Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, А.Ермековтың, М.Молдыбаевтың, Ж.Ақпаевтың мақалалары және басқа да Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің мақалалары жарияланды. 1903 жылдың 23 қыркүйекінде Семей мұғалімдер семинариясының ашылуы болды. 1928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін округтік болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды. Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды. Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылдың қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-Аймақ» театрлық труппа құрылды. Олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайраткерлері – Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды-драмалық театр ұйымдастырылды. Театр 1934 жылдың 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» спектаклімен ашылды. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М.Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар.
### Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында
1941 жылы облыс аумағында 238 және 8 атқыштар дивизиясы құрылды. Ерлік істері үшін 238-ші атқыштар дивизиясы 1942 жылдың 3 мамырында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Жарлығымен Жауынгерлік Қызыл ту орденімен марапатталды, ал 24 мамырда Халық Қомиссарының бұйрығымен 30-шы гвардиялық болып жасақталды. 1944 жылдың 3 қарашасында 30-шы гвардиялық дивизия «Рижск» құрметті атағы берілді. 1946 жылдың 6 мамырында дивизия таратылды. Өкіметтік марапаттарға дивизияның 13 мыңнан астам жауынгерлері ерліктері үшін ие болды.Дивизия командирлері: полковник Коротков Геннадий Петрович (14 наурыз 1941 ж. – 10 мамыр 1942 ж.); полковник (27 қазан 1942ж. генерал-майор) Кулешов Андрей Данилович (16 мамыр 1942 ж. – 17 қаңтар 1944ж.); полковник (3 маусым 1944 ж. – генерал-майор) Исаев Михаил Александрович (18 қаңтар – 5 қараша 1944ж., 17 ақпан– 9 мамыр 1945ж.); полковник Фадейкин Иван Анисимович (6 қараша 1944ж. – 16 ақпан 1945жж.).
8-ші атқыштар дивизиясының жолы да даңқты болды. 1941 жылдың желтоқсанынан 1942 жылдың наурызына дейін Семей және Аягөз қалаларында жасақталды. Воронеж түбінен басталған жауынгерлік жол Курскі шайқасына ұласты. 1944 жылдың 5 наурызында дивизияға «Ямпольск» құрметті атағы берілді.Дивизия командирлері: полковник Зверев Григорий Александрович (25 желтоқсан 1941ж. – 1 ақпан 1942 ж); подполковник (1 қазан 1942 ж. генерал-майор) Иванов Иван Иванович (2 ақпан 1942 ж. – 2 маусым 1943ж); подполковник Гудзь Порфирий Мартынович (15 маусым – 26 қазан1943ж); генерал-майор Иванов Николай Иванович (27 қазан – 12 желтоқсан 1943ж); генерал – майор Смирнов Андрей Семенович (13 желтоқсан 1943ж. – 26 қыркүйек 1944ж); полковник Угрюмов Николай Степанович (27 қыркүйек 1944 ж. – 9 мамыр 1945ж).
56 семейліктерге Кеңес Одағының Батыры жоғарғы атақтар берілді (М.Әбеулов, В.В.Буторин, З.Белібаев, В.А.Засядко, М.К.Меркулов, Н.Н.Силин т.б.). 13 адам 3-ші дєрежелі Даңқ орденінің иегерлері болды (Ф.Әділбаев, М.Әубєкіров, П.П. Борков, М.Ф.Кружелев, Ф.Е. Маслин, В.Н.Кондратьев, В.А.Осипов, С.Рубаев, Б.Хайдаров т.б.)
## Географиясы
### Климаты
## Халық саны
Семей қаласы халқының саны
## Мәдени өмір
Семей шаһары Қазақстанның "мәдени астаны" ретінде әйгілі. Қалада Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалдық мұражайы, Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, Ф. Достоевский атындағы Семей мемлекеттік орыс драма театры сынды мәдениет орталықтары бар.
## Қаланың көрікті жерлері
* Бір мұнаралы мешіт - Шебер Ғабулла Эфенди, XIX ғ. 2-ші жарт. – қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.
* Қос мұналары мешіт - сәулетші Болбатов, инженер поручик Манашев, 1856 - 1862 жж. - құрылысы және сәулет ескерткіші. ХІХ ғ. мұсылмандық сәулет үлгісі. Мешіт татар көпесінің қаржысына түрік жобасымен салынған. Мешіт жұмыс істеп тұр.
* Тыныбай мешіті - Тыныбай Кәукенов, XIX ғасырдың 30-40 жж. - қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.
* Ямыш қақпасы - Бекіністің үш қақпасынан сақталған батыс Ямыш қақпасы 1773ж. қақпа және оның қабырғалары инженер капитан И.Г.Андреевтыњ басшылығымен салынды. Ямыш қақпасы - XVIII ғ. (1776 ж.). Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
* Невзоровтар отбасы атындағы мұражай - Қала құрылыс және сәулет ескерткіші (көпес Степановтың бұрынғы үйі), 1827 жыл. Революциядан кейін ғимаратқа жеке мемлекеттік мекемелер орналасқан.
* Тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты (бұрынғы губернатор үйі) - 1856 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Сәулетшінің есімі белгісіз. Революцияға дейін ғимаратта әскери губернатор тұрған.
* Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің ғимараты (бұрынғы почтальон Липухиннің үйі, 1857-1859 жж. жазушы Ф.М. Достоевский тұрған) 1838 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Музей кешені 1,5 ќабаттық ағаш үйден тұрады. Мещан үлгісінде салынған. Көне Семейге тән үйлердің бірі. Жартылай жертөледе 3 бөлме, жоғарғы қабатта 4 бөлме, ХІХ ғ. тән үлгі бойынша: асхана, қонақ бөлме, кабинет және жатын бөлмелерден тұрады. Бөлмелер аласа- 2,45 м. бірінші қабат терезелері қақпақтармен жабылады.
* Абай тұрған Анияр Молдабаевтің үйі (Алаш арыстары). ХІХ ғасырдың соңы. Қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Төртбұрышты, ағаштан салынған. Төменгі қабат жоғарғыдан кішілеу, терезелері қақпақталған. Екі қабаттың да терезелері оюланған. үйдің қабырғасына орыс және қазақ тілдерінде 2 мемориалдыќ тақта ілінген: «Бұл үйде 1878-1904 жж. ұлы ағартушы ақын Абай Құнанбаев тұрған».
* «Өлімнен де күшті» мемориалы - 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 2001 ж. 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонның құрбандарына арналған «өлімнен де күшті» ескерткіш қойылды. Ескерткіш жобаның авторы Шота Уәлиханов.
* Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір 2000 ж. 17 қазанда ашылды. Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компания LTD компаниясы және ШҚО Әкім аппараты.
* Республикалық әдеби-мемориальдық Абай мұражайының ғимараты – 1860 жыл. Мемлекттік әдеби-мемориальдық Абай мұражайы Семей қаласында 1940 ж. Абайдың туғанына 95 жылдығына салынды.
* Жеңіс мемориалы - Фашистік Германияны кеңес халқы жеңгеніне 40 жыл толуына орай 1985ж 9 мамырында қаламыздағы Орталық саябақта Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан семейліктерге арнап ескерткіш монумент тұрғызылды. Монументальдық ескерткіш авторлары: Клюшкин О.С., Семченко А.В., Тихомолов В.Ф.
## Белгілі тұлғалары
* Дулат Бабатайұлы – көрнекті ақын, жырау, сатирик, қоғам қайраткері, тарихшы, Абайдың ұстазы.
* Абай Құнанбаев – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ.
* Әміре Қашаубаев – атақты әнші, актер әрі музыкант.
* Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, Абаймен замандас әрі інісі
* Әріп Тәңірбергенов – ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер.
* Мұхтар Әуезов – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)
* Көкбай Жанатайұлы – ақын, ағартушы, Абайдың әрі шәкірті, досы, әрі туысқан інісі.
* Бибігүл Төлегенова – қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).
* Роза Рымбаева – кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.
* Сейіт Асқарұлы Қасқабасов – әдебиеттану, фольклоршы ғалым. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
* Таупық Рымжанов – жазушы
* Амантай Исин – Тарихшы-ғалым (1988). Бірнеше монография және жүзге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
* Қайым Мұқамедханов – Ғалым, абайтанушы, 1940 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог. Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы (1940). Қазақ КСР-і Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы.
* Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
## Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп. 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында қаланың өндірістік кәсіпорындарымен 49,3 млрд. теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 15,3% артық.
Аграрлы секторда жалпы өнім көлемі 4 499,1 млн. теңгені немесе 2010 жылдың деңгейіне 101,7% құрады.
Ет өндірісі - 6,9%, сүт өндірісі - 2,0% артты.
Бөлшек тауарайналым көлемі 39,8 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,3% артады, физикалық көлем индексі - 107%.
Шағын бизнестің белсенді кэсіпорындар саны 969 кәсіпорынға дейін немесе 2010 жылдың осындай кезеңіне 10,8% артты.
Негізгі капиталға инвестиция 11 316 млн.теңге сомасында немесе 2010 жылдың деңгейіне 116,1% игерілді.
16 мың ш.м. жеке тұрғын үй енгізілді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 182% артық.
Жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 4 466,7 млн. теңге жоспар кезінде 4 518 млн. теңгеге немесе 101,1% орындалды.
Қосымша қорды қарастыру мақсатында, әкімдік пен қала бойынша салық басқармасының бірлескен іс-әрекет жоспар-кестесі бекітілді, оның нәтижесінде 378,5 млн. теңге анықталды, бюджетке нақты 338,7 млн. теңге түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігі 10 458,3 млн. теңге жоспар кезінде 10 265 млн. теңге сомасында немесе 98,2% игерілді.
Еңбек нарығындағы жағдай. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін 2011 жылы Семей қаласының 2012-2015 жылдарға даму бағдарламасы, Жұмыспен қамту 2020 және Жол картасы бағдарламалары бойынша іс-шаралар қарастырылған.
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 72,4% кұрады, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,8 пайыздық пунктке арттық.
2011 жылдың 1 шілдесіне жұмыссыздардың тіркелген саны 1518 адамға есептеліп, өткен жылдың деңгейінде қалды.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аз қамтылған азаматтар саны 8,4% азайып, 4 581 адамды құрайды.
Ірі және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орта айлық номиналды еңбек ақы төлемі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 59 153 теңгені құрап 2010 жылдың осындай кезеңіне 13,5% артты.
## Бауырлас қалалары
* Ипр, Бельгия
## Дереккөздер |
Сарматтар — б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”,“Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.
## Жалпы мәлімет
Сармaттар туралы деректер өтe аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Саpмат тaйпалар oдағы Батыс Қазaқстан өңірінде өміp сүрген. Б. з. б.III - б. з. -дың IV ғaсыры aралығында Тобыл мен Дунай арaлығын мекендеген тайпалар. Олар алғашындa б. з. б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған. Б. з. б. II ғaсыpдан бастaп Оңтүстік Орaлды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғын қоныстанғaн. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батыcқа қаpaй қоныс аударған. Жауынгер саpмaт тайпaлаpы дай (дах) - мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген. Сарматтаpдың құрaмында роқсоландаp, алаңдaр, аорстар, cирақтар т. б. тайпaлар болған.
Мәдениеті. Сарматтар мәдениеті 3 кeзеңді қамтиды:
* eрте саpматтaр мәдениеті (прохор)
* орта сармaттар мәдениеті (суслов)
* кейінгі сарматтaр мәдениеті.
Сарматтар қыш ыдыстaр, caқина, білезік cияқты әшекей заттар жaсаған. Б. з. II-IV ғғ. Сaрматтаpдың аса ірі археологиялық ескерткіші - жерлеу орындары (Батыс Қазaқcтан облысының Шыңғырлау ауданында) табылғaн. Олар кейінгі сарматтар мәдeниeтіне жатады. Қaбіpге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген.
III-V ғғ. зергерлік өнергe түсті метaлдардың ішінен алтынды көп қолданған. Оcы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың aрасында зергерлік өнерде «полихpомдық стиль» кeң тарaды. Қазақстанда б. з. VII - V ғғ. бұл стильдің екі түрі дaмыды: бeзeндіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бaр.
Шaруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір cүріп егіншілікпен айналыcты. Сармат тайпалaры Еуразияның саяси-экoнoмикалық және мәдeни өмірінде елеулі рөл aтқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара теңіз скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-эконикалық дағдарыс қалыптасады. Ғылыми тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған Сарматтардың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара теңіз скифтерінің патшалығы аумағында Сармат билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген Сарматтар Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Аугуст тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған. Страбонның “Жағырапиясында” (б.з.б. 65 ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еуропалық, ал кейінгі екеуін азиялық Сарматияға жатқызады. Сарматтардың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара теңіз өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай Сарматтардың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. Сарматтардың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археологиялық деректері аса зор рөл атқарады. Сарматтардың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады.«Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роқсоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.
Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мысалы б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роқсоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирақтарды (сармат тайпасы) жеңеді.
Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір-ақ шығады.
## Грек, рим тарихшыларының мәліметі
Тарихи деректерде алғаш рет б.з.б VIII ғасырда сарматтарды савроматтар деп атаған. Савромат жөнінде грек, рим тарихшылары Диадор, Үлкен Плиний, Полибий жазу бойынша савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңізі өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Сармат тайпалары көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.
Грек тарихшысы Геродот қалдырған мәлімет бойынша:
* Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген;
* Қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған;
* Савроматтар дах, массагеттермен, исседондармен туыстас келген;
## Археологиялық ескерткіштері
Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.
Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.
Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.
Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.
## Шаруашылығы
Негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Жылқыны тебіндеуге үйренген түрлері және жорыққа мінетін қазанаттар өсірген. Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қатар егіншілікті де игерген.
## Тұрмысы
Сарматтар қыс кезінде қысқа тон киіп, қайыс белбеу таққан, аяқтарына қысқа қонышты етік киген, кең шалбарының балағын етіктің қоншына салған. Әйелдері де ерлерше киінген, алайда олардың киімдері әртүрлі әшекейлермен безендірілген. Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбін шұңғыл әрі жайпақ етіп жасаған. Тамақ пісіретін қазандарды темірден құйып жасаған. Обаларда шыныдан жасалған ыдыстар да кездескен, бірақ оларды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Сарматтар кейбір торсық, саба, көнек, мес сияқты ыдыстарды теріден жасап пайдаланған.
## Зергерлік өнер
3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлердің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлеу, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды. |
Мори Қазақ автономиялық ауданы (ұйғ. مورى قازاق ئاپتونوم ناھىيىسى / Mori Qazaq Aptonom nahiyisi; қыт. 木垒哈萨克自治, пин-йин: Mùlěi Hāsàkè Zìzhìxiàn) — Қытай Халық республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында 1955 жылы құрылған. Орталығы – Мори (Мулэй) қаласы жер аумағы 13515 км2. Қазақтардың саны – 19846 адам (1995). Мори Қазақ автономиялық ауданы шығысында Баркөл Қазақ автономиясы және Хами у-мен, оңтүстігінде Пичань (Шаньшань), батысында Цитай, солтігінде Цзинхэ уездерімен және солтүстік-шығысында Моңғолиямен шектеседі. Жер бедері күрделі, айналасы таумен, ал солтүстік-батысы жазық даламен шектескен. Климаты қатал, континенттік, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120 – 200 мм. Аудан табиғи ресурстарға бай: мыс, хром, інжу, көмір, тұз, т.б. Тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Қытай деректері бойынша Хань дәуірінде бұл жерде шағын Пулэй патшалығы болған. Тан дәуірінде “Пулэй” деп аталып, Бэйтин әкімшілігіне бағынған. 13 ғасырда Мори жері моңғол тайпаларының жайылымына айналды. 1732 жылы Мори қаласының негізі қаланды. Мори 1754 жылы Цитай уезінің құрамына кіріп, 1930 жылы ресми түрде дербес Мори уезі болып құрылды. 1913 – 14 жылы осы жерге қазақтардың жаппай қоныстануы басталды. 1954 жылы 14 шілдеде Мори Қазақ автономиялық округі деген атауға ие болды. 1955 жылы Үрімшжі округінің, 1958 жылы Санжы-Дүңген автономиялық облысының құрамына енді. 1995 жылғы санақ бойынша ауданда 87706 адам тұрады. Этностық құрамы: ханьдықтар – 61534 адам (70,16%), қазақтар – 19846 адам (22,63%), ұйғырлар – 4213 (4,7%), өзбектер – 1196 (1,36%), т.б. Бұл жердегі қазақтар дінін, ұлттық салт-дәстүрін сақтап қалған.
## Дереккөздер |
«Ерлігі үшін» медалі — «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаттары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
## Медаль туралы ереже
Медаль азаматтарға адам өмірін сақтауға байланысты төтенше жағдайларда (суда, өртте, табиғи апаттар кезінде), қылмысқа қарсы күресте көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін беріледі. Медалдың негізгі пішіні айшықты бесбұрыш болып келеді, оның ішінде «Ерлігі үшін» деген жазуы бедерленіп, емен жапырағымен көмкерілген.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
## Галерея
*
*
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
## Дереккөздер |
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов (29 қараша 1971 жыл, КСРО, Қазақ КСР, Алматы) — Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері. Астана қаласының әкімі (2018–2019), Қаржы министрі (2013–2018), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2007–2010), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі (2019–2022), Премьер-министрдің орынбасары (2022) лауазымдарының иегері болған.
## Қысқаша өмірбаяны
Шапырашты руынан шыққан.
* 1971 ж. қарашаның 29 Алматы қаласында дүниеге келді.
* 1994 ж. Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер және жүйелер» мамандығы бойынша үздік бітірді.
* 1995 ж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.
* 1994—2002 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқару жұмыстарын атқаруда.
* 2002 ж. қыркүйектен бастап 2003 ж. маусымға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.
* 2003 ж. маусымнан бастап 2006 ж. ақпанға дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі қызметіне тағайындалды.
* 2006 ж. ақпаннан бастап 2007 ж. қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы болып қызмет істеді.
* 2007 ж. қаңтардан бастап — Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
* 2007 ж. тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
* 2010 жылғы 13 наурыздан - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
* 2012 жылғы 21 қаңтар - 2013 жылғы 6 қараша аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
* 2013 жылғы 6 қараша - 2018 жылғы 11 қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
* 2018 жыл 11 қыркүйек - 2019 жыл 13 маусым Мемлекет басшысының Жарлығымен Астана қаласының әкімі.
* 2019 жыл 17 маусым — 2022 жыл 15 тамыз Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министірі
## Жетістіктері
* ҚР Президентінің (2001) алғыс хаты
* ҚР Премьер-министрінің (2005) алғыс хаты
## Отбасы
Кіші ағасы Арман Сұлтанов 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін «Қазтранссервис» АҚ президенті болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап - Логистика жөніндегі басқарушы директор, Президент кеңесшісі және 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап - «ҚТЖ» ҰК »АҚ вице-президенті,
## Марапаттар
* Парасат ордені (2006);
* «Құрмет ордені» (2006);
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалы
* «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалы
* «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі (2011) медалы
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011) медалы
* «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалі (2015) медалы
* «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалі (2018) медалы
## Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
«Алтын алқа» – көпбалалы аналарға берілетін марапат, 7 не одан да көп баласы бар аналарға беріледі.
1993 жылы Қазақстан Республиканың Президентінің жарлығымен бекітілді. 1995 жылы заңмен бекітілді. 2010 жылдан 7 не одан да көп баласы бар аналарға беріледі.
“Алтын алқа” жеті және одан көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.
“Алтын алқа” белгісіне марапаттау осы ананың жетінші баласы бір жасқа толған және басқа балалары тірі болған жағдайда ұсынылады.
Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау кезінде немесе өзге де қызметтік міндеттерді атқару үстінде қаза болған балалары ескеріледі. Жібек бауға тағылған алқада алақанда аяланған сәбидің бейнесі және күн шапағы бейнеленіп, айшықты өрнекпен көмкерілген.
## Дереккөздер |
Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.
## Өмірбаяны
Төлеңгіт руынан шыққан. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Немересі Балжан Нұрпейісованың айтуынша, Дина апамыз 18-19 жастың шамасында Мақат баласы Нұрпейіске тұрмысқа шыққан. Сол жылдары құжат аларда оның фамилиясы Нұрпейісова болып тіркеліп кеткен екен. Нұрпейіс Мақатұлы ерте қайтыс болып, олардан Жамал, Қайрат, Жұрынбай есімді ұрпақ қалған. 1885 жылы жастай жесір қалған Дина апамызды қайын інісі Нұралыға атастырады.
## Шығармалары
Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.
Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды.
## Соңғы күндері
Дина Кенжеқызы 1955 жылдың 31 қаңтарында 94 жасында Алматы қаласында қайтыс болды. Балжан Нұрпейісова әжесінің соңғы күндері туралы былай дейді: «Ол кісі өле-өлгенше сөзінен жаңылысқан емес. Киелі қара домбыраны бала кезінен серік етіп, құдіретті өнеге тұтқаны соншалық, көз жұмарының алдында бес-он минут бұрын өзінің төсегінің тұсында ілулі тұрған домбырасын алдырып, мәпелей сипап, аялай қағып, Құрманғазының «Қайран шешем» күйін шертті. Әлсіз саусақтары икемге келмей жатса да, күйді көкірегінде жаңғыртып жатып дүниеден озды».
## Дереккөздер |
Уәлихан немесе Уәлиханов сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін:
Тұлғалар:
* Уәли хан — Орта жүз ханы
* Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов — барлаушы, ғалым
* Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан — сәулетші, Қазақстан елтаңбасының ауторы
Елді мекендер:
* Уәлиханов – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы ауыл.
* Уәлиханов – Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл.
* Уәлиханов – Павлодар облысы Железин ауданындағы ауыл. |
Шәкен Кенжетайұлы Айманов (15 ақпан 1914 жыл – 23 желтоқсан 1970 жыл) — қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964 жылдан КСРО халық әртісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.
## Өмірбаяны
Шәкен (Шаһкерім) Айманов — актер, режиссер. Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Арғын тайпасның Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.
Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.
1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.
Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді.
## Театр
Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынды. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951).
Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.1968 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.
Ш.Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.
Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.
## Кино
1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.КСРО және ҚазССР-інің халық артисі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол КСРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.
## Фильмографиясы
### Актер ретінде
* 1940 - Райхан - Сәрсен
* 1943 - Ақ раушан - Жақпан
* 1945 - Абай әндері - Шәріп
* 1948 - Алтын керней - Жақан Дасанов
* 1952 - Жамбыл - Жамбыл
* 1956 - Біз осында тұрамыз - Бейісов
* 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - драма актері
* 1960 - Бір ауданда - Сабыр Баянов
* 1964 - Алдар көсе - Алдаркөсе
* 1968 - Тақиялы періште - эпизод
* 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай
### Дыбыстаушы ретінде
* 1968 - Ақсақ құлан - текст авторы
### Режиссер ретінде
* 1954 - Дала қызы
* 1954 - Махаббат туралы аңыз
* 1956 - Біз осында тұрамыз
* 1957 - Біздің сүйікті дәрігер
* 1960 - Бір ауданда
* 1961 - Ән шақыруда
* 1962 - Жол түйісі
* 1964 - Алдар көсе
* 1966 - Ата-бабалар мекені
* 1968 - Тақиялы періште
* 1970 - Атаманның ақыры
### Сценарийші ретінде
* 1960 - Бір ауданда
* 1961 - Ән шақыруда
* 1964 - Алдар көсе
* 1968 - Тақиялы періште
* 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай
## Марапаттары
* Қазақстанның халық әртісі;
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968);
* КСРО Халық әртісі (1964);
* КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952).
## Естелік
Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Айманов Шәкен Кенжетайұлы Мұрағатталған 1 маусымның 2012 жылы. |
Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова (9 қыркүйек 1950, Алматы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2001-2007), экономика ғылымдарының докторы және профессор.
## Қысқаша өмірбаяны
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия факультетін бітірген (1972), экономист, саяси экономика оқытушысы. Экономика ғылымдарының кандидаты (1980), докторы (1990). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Социализм кезіндегі жарыс қатынастарын іске асырудың экономикалық механизмі». С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия кафедрасының профессоры (1992).
«Бұқараның жанды шығармашылығы» (1985), «Жарыс және қайта құру» (1988), «Салықтар: пайдалану мәні және іс жүзінде» (1994), «Бағалы қағаздар туралы не білу керек» (1996), «Көлеңкелі экономика: даму тенденциясы» (2001) кітаптарының авторы; «Қоғамдық тұтыну қорлары» (1983), «Шаруашылық механизмі жүйесіндегі бәсекелестіктің жаңа формалары» (1984), «Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күресу мәселелері» (1996) кітаптарының тең авторы.
«Нұр Отан» ХДП (2007 жылдан).
1972 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры. 1994 жылдан - ҚР Президентінің экономикалық реформа жөніндегі кеңесшісі, Экономикалық кеңесшілер кеңесінің жетекшісі.
1995 жылдан - ҚР Құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссиясының төрайымы. 1997 жылдың қаңтар айынан - «Қаржы нарықтары институттары» ҚҚ президенті. 1997 жылдың мамыр айынан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің төрайымы. 2001 жылдан - ҚР тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек министрі.
2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Қаржыжәне бюджет комитетінің төрайымы.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнде дәрiс берген, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесiнiң жетекшiсi, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Экономика, қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң төрайымы болып тағайындалған.
2001 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi.
2007 жылы «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырым депутаты боп сайланған. қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы.
## Марапаттар
* «Парасат» (2005) орденімен;
* «Астана» (1998),
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі.
## Отбасы
Ұлдары - Қарақұсов Фархад Сергеевич (1971), Романов Роман Сергеевич (1976 ); қызы - Қарақұсова Дана Сергеевна (1984 ).
## Дереккөздер |
Аңырақай шайқасы (1729 жылы, кей деректерде 1730 жыл) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.
Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40–45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Ұрысқа бас қолбасшылар Қабанбай батыр, Бөгенбай батырлар сайланды,Орта шепті Бекжан батыр басқарды. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін Қазыбек батыр, Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қаракерей Қабанбай Бөгенбай батыр, Бекжан батыр, Шақшақ Жәнібек, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті.Қазақтың көптеген руына қолбасшы болып сайланған Бөрібай батыр, қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Шайқастың ең басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ қолдарының рухын көтерген.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген Әбілқайыр жеме-жемге келгенде билік тізгінінің басқаның қолында кеткенін көргенде шарт сынып, ашуланып, қазақ әскерін жау қолына тастап еліне кетіп қалады. Кеткенде де жай кетпей жолындағы бірнеше ауылды шауып тонай кетеді. Бұл Әбілхайырдың тарих және болашақ ұрпақ кешпейтін сатқындығы еді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады да, Жоңғар әскерінің 1 бөлігі аман қалады. Сол жылы сүмбіле айында болған Аңырақай шайқасына да қатыспаған себебі осы болатын. Өйткені сол кездегі қазақ ордасының заңды иесі Әбілмәмбет пен Абылай, Төле, Қазыбек билер мен Қабанбай бастаған батырлар бірауыздан Қанжығалы Бөгенбайды бас қолбасшы етіп сайлаған болатын. Әбілхайырдың Аңырақай соғысына қатыспаған. Ол оған дейін ақ қолбасшылық дәрежесінен айрылып өз еліне кетіп қалған болатын. 1726 жылы бүкіл қазақ болып қолбасшы сайлаған хандар мен билер батырлар, Әбілхайырдың ұрыс кезінде қазақты жау қолына тастап кеткенін кешірмеді. Аңырақайда ерекше көзге түскен Аңырақты жекпе жекте өлтірген Сатай, Бөлек батырлар, Шымыр Қойгелдi, Ошақты Саңырық, ағайынды Дулат Сеңкiбай мен Шойбек, Сыйқым Ырысбек, Суан Бағай, Ботбай Сәмен, Сiргелi Қара Тiлек, Жаппар, Қаумен, Дәулет, тағы басқалар – бәрi де ұлы жүз қолының батырлары. Қазыбек бектiң оқ қағар батыры 35 жастағы албан Қангелдi де осы шайқаста жекпежекке шығып жеңiске жетедi. Бұл ұрысқа ұлы жүз жасағын қолбасы Шапырашты Қазыбек Тауасарұлы, болшақ қолбасы Шапырашты Наурызбай да қатысты. Ал Жадамбаны жеңген Арғын Олжабай батыр, Арғын Естербек, Қарабек, Тұра (бәлкiм, дұрысы Нұра), Ағындық, Тарақты Тоғай, Қарауыл Қасым мен Қалабек және басқа батырлардың бәрі Бөгенбай жасағындағы батырлар еді. Ал кіші жүзден Тама Есет батыр мен Шекті Тайлақ батыр сияқты батырлардың артынан ерген жасақтары ғана қатысты. Әбілхайыр сол кеткенен қайтып артына қайтпады. Кейінгі Аңырақайды Әбілхайыр басқарды деп жүрген деректің бір де бірі шындыққа жанаспайды. Тарихтағы Бөгенбай батырдың ерлігін Әбілхайырға тартып әперу, тарихи еңбегін жоққа шығару тарихқа қиянат. Болашақ ұрпақ осы шындықты білгені дұрыс.
Аңырақай шайқасына қатысқан батырлардың мекенжайын саралап қарасаң да, бұл соғысқа Бөгенбай мен Қазыбек қолы ғана қатысқаны аңғарылады. Қабанбай қолы қалмақтар Аңырақай жаққа қосымша күш жiберiп қоймасын деген мақсатпен Қарқаралы жақта жол кесiп соғысады. Осының өзiнен де бұл маңызды шайқасқа қазақтардың бiр бiрiмен байланысып, кең көлемде ойласып дайындалғанын көрсетедi. Бiрiншi жекпежекке Қазыбек бек қолынан Бөлек шықса, екiншi болып Бөгенбай қолынан Олжабай батыр шығады. Ол қалмақтың Жадамба деген батырын жеңедi. Ал Әбiлқайыр қолынан осы ұрыста жекпежекке шыққан бiрде-бiр батырды тарих айтпайды. Оның бiрақ себебi бар: ол бұл соғысқа басшылық та жасамаған, қатыспаған да. Сол кездiң жағдайына көз жiберсек, 1726 жылғы Әбiлқайыр бас қолбасшылық жасаған Қалмақ қырылған шайқасынан кейiн жанжаққа бытырай қашқан жауды қуалай соғысып, Бөгенбай қолы Арқаға, Қабанбай шығысқа, Қазыбек бек Шуға қарай бет алды. Ал Әбiлқайыр қолы да, одан қашқан қалмақ та батысқа кеткен жоқ: қалмақтар өз елi жаққа орағыта қашып, Хан тауына барып паналаса, Әбiлқайыр қолы оңтүстiкте тұрып қалды, ол Бөгенбаймен де, Қабанбаймен де, Қазыбек бекпен де iлесiп кеткен жоқ. Ал Аңырақай шайқасына дейiнгi үш жыл аралықта Әбiлқайыр қолы не Бөгенбай қолымен, не Қабанбай, Қазыбекпен қол бiрiктiрiп қалмаққа шапты деген дерек жоқ. Алайда Қалмақ қырылған соғысында бытшыты шыққан қалмақ қолы емiнеркiн, еш кедергiсiз Хан тауының баурайында қайтадан күш жинап, қайтадан қәуiптi жауға айналып келе жатты. Неге? Өйткенi Бөгенбай, Қабанбай не Әбiлқайыр қолымен бiрiгiп қана қарсы шықпаса, тек Ұлы жүз қолының оған шамасы келмейтiн едi. Ал олардың бiрiгiп жатқанын бiлсе, қалмақтар айылын жыйған болар едi. Бұл жағдай ненi көрсетедi? Әбiлқайыр әлi оңтүстiк өңiрiнде жүргенменен, бүл арадағы жағдайға араласпағанын, турасын айтқанда, оның үш жүзге бас қолбасылық қызметiнiң Қалмақ қырылған соғысынан кейiн бiткенiн көрсетедi. Сондықтан болмаған жағдайды болды деп боямалаудың, менiңше, Әбiлқайырға да, тарихқа да пайдасы жоқ.
Егер Әбiлқайыр бас қолбасылық қызметiн әлi де жалғастыра берген болса, 1729 жылдың ерте көктемiнде оңтүстiк өңiрiнде, кәзiргi ОҚО Бәйдiбек ауданының жерiнде, өткен Ұзынбұлақ соғысына да араласқан болар едi. Өйткенi бас қолбасының құптауынсыз қандай соғыс өтуге тиiс? Қалмаққа қарсы бұл ұрысты тек ұлы жүз қолы жүргiзiп, жеңiске жетедi. Қалмақ қолын Донық, қазақ қолын Қазыбек бек басқарады. Бiрiншi жекпежекке Қазыбек бектiң бала күннен досы әрi бас батыры дулат Мүйiздi Өтеген батыр шығып, қалмақтың Ботхишар (қазақ жамандау айтады) атты бас батырын жеңедi. Бұл – “Өтеген бабамыз жеңiске жеткен соғыс!” – деп, бүкiл Дулат мақтан етiп келе жатқан айтулы соғыс. Жамбылдың бұл екеуiн бөлiпжармай: “Өтеген, Қазбекке барайын,... Қазақтың қамқор ерлерi”, деуi сондықтан “1982, 1-ші том, 81 бет). Ұзынбұлақ соғысына қатыспаған, басшылық жасамаған Әбәлқайыр одан кейiн өткен Аңырақай соғысына қай жөнмен, қандай қыйсынмен басшылық жасайды сонда? Оның алдындағы соғыста еш көмек бермеген, өлген тiрiлгенiне жаны ауырмаған, көмектеспеген батырға ендi келiп: “Мына соғысқа сен басшылық жасай қой!” – дейтiн адамдар қандай адамдар? Ал олар өйтiп сұрамаса, Әбiлқайыр келiп: “Мына соғысты мен басқарып берейiн”, – дей ме? Бұл екеуiнiң де қисыны келмейдi. Ал қисыны жоқ нәрсенi зорлап қисындатудан тарих опа таппайды. Еш соғысына қатыспаса, бас қолбасылық қызметi жалғаспаса, Әбiлқайыр неге үш жыл бойы оңтүстiктен кетпеген? Бұл арада қанша айтқың келмесе де, Әбiлқайырдың мiнезi мен ұстанымына тоқталмай кете алмайсың. Оның, тарихшылар жазғандай, өте өзiмшiл, тәкаппар, атақ құмар адам болғаны рас деп ойлаймыз.
1726 жылы Ордабасыда хандар мен билердiң бiрiккен жыйыны Әбiлқайырды үш жүздiң бiрiккен қолына бас қолбасы етiп сайлады да, үш жүздiң ұлы ханы етiп сайламады. Ұлы ханды сайлау мәселесiне жауды жеңгеннен кейiн оралатын болып келiстi. Әбiлқайырдың басшылығымен Қалмақ қырылғанда қазақ қолы тамаша жеңiске жеттi, алайда ол жеңiс түбегейлi болмады, қалмақ қолы қазақ жерiнен бiржола қуылмады. Сондықтан ба, ол жеңiстен кейiн жыйын да шақырылған жоқ, ұлы хан сайлау мәселесi де сөз болған жоқ. Алайда Сәмекенiң науқас екенiн, ол өлсе, орнына хан сайлануы тиiс екенiн Әбiлқайыр бiлдi, күттi, сондықтан оңтүстiктен кетпедi. Ал ол кезде Бөгенбай да, Қабанбай да, Қазыбек бек те қалмақтармен соғысты Әбiлқайырдың қатысуынсызақ жалғастырып жатты. Соғыс онсызақ жүрiп жатты деген сөз Әбiлқайыр ол кезде бас қолбасы емес еді. Көп адам Әбiлқайырдың оңтүстiктен тек 1730 жылы ғана кеткенiне қарап, 1729 жылы өткен Аңырақай шайқасына да қатысқан болар деп жорамалдай салады. Ал ол кезде Жолбарыс хан ұлы жүзге өз билiгiн жүргiзiп жатты. Сондықтан не ұлы хан емес, не бас қолбасы емес күй, әрине, Әбiлқайырды риза етпедi. Сәмеке өлiп, орнына Әбiлмәмбет ұлы хан сайланып кеткен соң, ызалы ол 1730 жылы Ырғыз арқылы батысқа кетiп бара жатып, жолай бiраз қазақ ауылына қырғыйдай тиiп тонай кетедi. Аңырақай шайқасына дайындалып жатқан шақта ұлы жүз ханы Жолбарыс та, Төле би де Әбiлқайырдың алдағы ұрысқа қатысуын сұраған. Өйткенi Хан тауы маңында шоғырланған қалмақтың саны күн сайын көбейiп келе жатқанын олар бiлiп отырды. Оларға жеке қарсы шығуға Ұлы жүз қолы аздық еттi. Алайда Әбiлқайырдан жауап болмады. Неге? Өйткенi оны шақырғанға дейiн бұл соғысқа бас қолбасы Бөгенбай болатынын Жолбарыс хан, Төле би және Қазыбек би үшеуi шешiп қойған болатын. Қазыбек бек өзiнiң “Түптұқыйаннан өзiме шейiн” атты естелiк кiтәбiнде: “Мен ендi Жолбарыс ханнан: “Ұлы жүз қолын баста!” деген ресми жарлық алдым... Осыдан бұрын бас қолбасшылыққа белгiленген Бөгембай батыр,..” деп, бәрiн апанық жазады ( Алматы, 2-ші басылым, 2008, 948 бет). Сондықтан кеше ғана үш жүздiң әскерiне бас қолбасы болған Әбiлқайыр ендi Бөгенбайдың қоластында соғысқысы келмедi. Әрi Жолбарыс ханның шақыруына келе қалуды ол өзiнше кiшiреу деп те түсiнуi мүмкiн. Оның ондай мiнезi барын, мәселен, 1718 – жылы Аягөз маңында болған ұрыста Қайып пен Әбiлқайыр өзара тiл табыса алмай, соның кесiрiнен қазақ қолы қалмақтардан жеңiлiс тапқанын тарихшылар жазады (Моисеев). Ол Жолбарыс ханды, өз ағасы болса да, менсiнбеген, жақтырмаған. Сәмекемен де бақталас болған.
Аңырақай шайқасында Абылайдың алғаш аты шыққан. Ол Дулат Сеңкiбай батырдың қолында соғысқан. Ел аңыз етiп жүргендей жекпежекте емес, дода соғыста Шарышты өлтiрген. Жалпы, соғыс тәртiбi бойынша, бас қолбасының алдын ала келiсiмiнсiз өз бетiмен жекпежекке шыға беруге рұқсат етiлмеген. Ал ешқандай аңызда да, деректе де Әбiлқайыр басқарған соғыста алғаш Абылайдың аты шығыпты делiнбейдi.
Ордабасы жиынында дәл сол кезеңде Әбiлқайырға ерлiгi жағынан да, батырлығы жағынан де ешкiм шендес келмейтiнiн мойындап, оны бас қолбасы сайлап отырған Төле би мен Қазыбек би ендi 1730 жылы оның ұлы хан сайлануына неге қарсы болды? Оның басты себебi: Әбiлқайырдың Аңырақай шайқасына қатыспай қойуы. Жолбарыс ханның қасында Аңырақай шайқасы аяқталғанша бiрге болған Төле мен Қазыбек Әбiлқайырдың ол қылығын кешiрмедi. Ал егер Әбiлқайыр бас қолбасылық жасап, Аңырақай шайқасында тағы даңққа бөленген болса, онда, сөз жоқ, екi би де оның бас хан болуын қолдайтын едi. Әбiлқайырдың тарихи еңбегi бағаланбады деген байбаламға құлақ асып, қазақтың екiншi бiр перзентi Бөгенбайдың басшылық жасаған ғажап ерлiгiн неге Әбiлқайырдың қанжығасына байлай салуымыз керек? Сонда Аңырақай шайқасына Әбiлқайыр басшылық жасады десек, шындық та, Бөгенбай жасады десек, жалған бола ма? Жалпы, бiз көрген адамға сенуiмiз керек пе әлде күштеген адамға ма? Шындық шiркiннiң сонда өзiне емес, бiзге байланысты болғаны ма?
Біздің байқауымызша, кей рушыл тарихшыларға шындықтан гөрi аңыз немесе “жорамал шындық” ыңғайлы. Мәселен: “Бiздiң бәлен деген бабамыз батыр, Абылайдың ең сенiмдi қолбасы болған”, – дегендi талай оқыдым да, естiдiм де. Ал сол Абылайдың қасында жүрген Қазыбек бектi оқысам, Абылайдың үш ақ бас қолбасы болған, қалған батырдың бәрi не Бөгенбай, Қабанбайдың, не Қазыбек бек пен Наурызбайдың мыңбасы, жүзбасы, онбасы ғана. Алайда: “Менiң бабам онбасы батыр болыпты”, – дегендi әлi ешкiмнен естiген емеспiн. Қазыбек бектiң кiтәбiн мойындағысы келмейтiн де негiзiнен солар: бөсiңкiреп, өсiрiңкiреп айтқанды және оның ешбiр куәсi болмауын ұнататындар. Тарихи шындық бiреудi кiнәләу немесе көтермелеу үшiн айтылмайды. Тек Аңырақайға ғана қатысты емес, осындай ары тарт, берi тарт айтыстармен жүрiп, бiз кезiнде анықтап алатын, жазып қалатын талай шындықтан айрылып қалдық. Бiлетiнi, естiгенi бар талайлар берекесiз айтыс пен тартыстан қашып, көп дүниенi iшiнде алып кеттi. Ал бiзге әлi ақыл кiрер емес. Кей тарихшылар Әбiлқайыр жайында: “..."Ол iнiсi Бұлқайыр басқарған 70 мың жiгiтi бар әскердi шепке қалдырып кеттi”, дептi. Соған қарағанда, Әбiлқайырдың өзiмен бiрге де бiрер мың жiгiт кеткен болу керек. Ал нақты тарихи деректе қазақты 1723 жылы көктемде “Ақтабан шұбырындыға” ұшыратқан бүкiл қалмақ қолының жалпы саны 40 мыңнан әзер асқан. Қазақтың үш жүзiнiң жалпы әскерi де сол шаманың ар жақ, бер жағынан асып көрмеген. Аңырақайда қазақ әскерінің саны 44 мың болған. Ал егер бiр Әбiлқайырда соншама әскер болса, қалмақтарды қалайша бiр дегенде жайпап тастамай, бақандай 35 жыл бойы соғысқамыз? Бұл не, Әбiлқайырды мадақтау ма, мазақтау ма? Менiңше, бүйтiп бүйректен сыйрақ шығарып, болмағанды жорамалмен толтыра бергенше, сол Аңырақай шайқасына өзi қатысқан, шайқасты басқарған Бөгенбайдың қасында жүрген Қазыбек бектiң жазбасына құлақ асқанымыз жөн. Тарихты әрқайсымыз өз бетiмiзше бүйтiп бөстiре берсек, ол ешқашан өздiгiнен шындыққа қарай төмендемейдi, аспанда аңыз боп iлiнiп тұра бередi... АЛ АҢЫРАҚАЙ СОҒЫСЫН БАСҚАРҒАН ҚАНЖЫҒАЛЫ БӨГЕНБАЙ БАТЫР ЕКЕНІН БОЛАШАҚ ҰРПАҚ БІЛГЕНІ ДҰРЫС...
Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.
## Қосымша мәліметтер
* [1] — Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.
* [2] Аңырақай шайқасы— біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.
## Дереккөздер |
Ай санау.«Жылым - қой, жұлдызым - июль» (Шәкәрім). Халық жылды он екі айға бөледі де оны «ай санау» - деп атайды. Бұл тым ертеде қалыптасқан дәстүр. Әр айдың атаулары жыл мезгіліне, табиғат құбылыстарына, халықтың ұғымы мен салт санасына сай белгіленген. Мұның шаруашылық, экономикалық, астрологиялық жағынан да маңызы бар екенін дала ғұламалары тағы ескерген.Ежелгі астрономиялық бағдарда әр айға сәйкес жұлдыз аттары да бар. Ол «Жұлдыз, ай» деп аталады. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазіргі айларды жұлдыз, ай атымен де атай береді. Әр айда табиғат құбылыстары мен өзгерістері де жиі болады. Халық оны «ай амалдары» немесе «амал» деп атап, желді, суық айларда қауіптеніп, оған қарсы күтініп отырады. Оны білетін халық есепшілері болған. Олар ауа райын дәл болжап, біліп, хабарлап отырған.Елімізде ай да, жыл да наурыз айынан басталады. Қазақтар қыркүйек, тамыз, желтоқсан, мамыр т.б. ай аттары сол мезгілдердің өзіндік қасиеттеріне сай келеді. Халық әр айға сәйкес ұлттық ұғымдар, наным сенімдер, мақал мәтелдер қалдырған. Мысалы «сәуір болмай - тәуір болмас», «қараша - қауыс, кәрі құртаңды тауыс», «күн қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарады», «сүмбіле туса - су суыр». |
Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы қысқартылған ТҮРКСОЙ (түр. Uluslararası Türk Kültürü Teşkilatı, -{TÜRKSOY}-) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.
1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған.
Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі— түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.
1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) халықаралық ұйымның Бас директоры болып сайланған.
## Мақсаттары
Ұйымның басты мақсаттары:
* Халықаралық қатынастарда жаңа тепе-теңдіктің құрылуы мақсатымен, аумақтық және бүкіл дүниежүзілік деңгейде жаңа мәдени ұйымдарды қолдау.
* Түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынастар құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу.
* Түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру.
* Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту.
* Ұлттың тарихын, ана тілін, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарға мұра ету үшін жағдай жасау.
## Мүшелер
ТЮРКСОЙ құрамына 14 ел кіреді, оның ішінде егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар. 2015 жылдың соңында Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский Алтай, Башқұртстан, Саха (Якутия), Татарстан, Тыва және Хакасия Республикаларының басшыларына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен байланыстарды тоқтату міндеті туралы телеграмма жолдады.
Бұл Тыва, Алтай және Якутияның ұйым құрамынан шығуына әкеп соқтырды.
## Тағы қараңыз
* Түркі тілді аумақтар тізімі
## Сыртқы сілтемелер
* TÜRKSOY ресми торабы Мұрағатталған 23 тамыздың 2009 жылы. |
Әубәкір Ысмайылов — Қазақ КСР-інің халық суретшісі,режиссёр және актер. Қазақстанның халық әртісі
## Өмірбаяны
Әубәкір Ысмайылов 1913 жылы №6 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданында) туған. Әкесі шахтер болатын. Суретшінің жадында сақталып қалғаны ағылшындар салған ыс басқан барактар мен шаң-тозаңды даланың сұрықсыз келбеті еді. Әубәкір бала кезінен бастап суретті көп салды, балшықтан түрлі ойыншықтар жасайтын, әсіресе, жылқы мен салт атты адамның мүсінін жасауға аса құштар болатын. Еңбегі бірінші рет он бес жасында көрмеге қойылған.
1928 жылы жас суретші үлкен өмірге енді қадам басқан шағында Қазақстан қалалары мен поселкелерінде (Семей, Петропавл, Қызылорда және т.б.) бірінші рет көркемсурет көрмесі өткен. Оған 30 суретші қатысып, 110 живописьтік, графикалық, қолөнер шығармалары қойылды. Көрме өткен әр қалада ол жергілікті суретшілердің жұмыстарымен де толықтырылып отырды.
Н. Крутильников, Ф. Болкоев, М. Белов, В. Уфимцев сияқты үлкен талант иелерінің ұйымдастыруымен өткен жылжымалы көрме Кеңес Үкіметі тарапынан үлкен қолдау тауып, көпшілік құрметіне тез бөленді. Халық ағарту комиссары А. Луначарский арнайы жеделхат жіберіп құттықтап, артынан көрме мемлекет қамқорлығына алынады. 1929 жылдың көктемінде Кеңестің кезекті съезі өтерде республиканың сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында көрме ашылады.
Осы көрме Петропавлда өткен кезде оған Әубәкір Ысмайылов алғаш рет қатысты. Бұл әуесқой суретшінің тырнақалды балаң еңбектері болса да, жұрт назарын аударды.
1927-1928 жылдары Әубәкір Ысмайылов Омбыдағы М. Врубель атындағы кәсіптік көркемсурет техникумының қазақ жастарына арналған студиясында оқыды. Сол жылдары дала өмірін бейнелеу үшін Қазақстанға жиі келетін суретші Г. Савицкиймен бірлесіп істеген жұмысы жас суретшіге өте көп пайдасын тигізді.
Ысмайыловтың ерте кезде салған шығармалары сақталған жоқ. Ол суреттердің тек аттары ғана белгілі. 1928-1929 жылдардағы көрмеде суретшінің «Бетпақдаладағы аңшы» мен «Сарысу алқабы» акварелі және ауыл кедейлері тақырыбына салған жиырма шақты суреті көрсетілген болатын.
1932 жылы Ысмайылов шахтерлер еңбегін бейнелеуге көбірек көңіл бөледі.
Суретші есімі Қазақстанға және одан тысқары жерлерге кеңінен мәлім. Ысмайыловтың елге ерекше танылуы пейзаждары мен тақырыптық суреттерінің ғана арқасы десек қателесеміз, оның актерлік, режиссерлік, бишілік, балетмейстерлік өнерлері де ел-жұрттың үлкен қызығушылығын тудырған.
## Фильмография
* 1931 - Өмірге билет
* 1956 ж. – Даладағы қайыңдар – Аманов
* 1957 - Біздің сүйікті дәрігер
* 1968 ж. – Тақиялы періште – Нияз
* 1971 жыл – Ерекше күн – Жанбек
* 1979 жыл – Он екі жаста – Қоқай аға
* 1981 ж. – Туған дала – колхоз төрағасы
* 1996 ж. – Жамбыл
## Марапаттары
* Еңбек Қызыл Туы ордені
* Құрмет Белгісі ордені(01.03.1959 ж.).
* «Ерен еңбегі үшін» медалі (25.03.1946).
* Қазақ КСР халық әртісі (1985).
* Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1960).
* Суретшінің қызы Гүлзамира Исмаилованың сценарийі бойынша өмірбаяндық фильм – «Өмір палитрасы» («Қазақфильм», 1983) түсірілді.
* Әубәкір Ысмайыловтың туғанына 100 жыл толуына орай 2012 жылғы 28 қыркүйекте Астана қаласындағы көшелердің біріне (Республика даңғылы мен Бараев көшесінің арасы) оның есімі берілді.
## Суреттер
*
*
*
*
* |
Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.
## Өмірбаяны
Төлеңгіт руынан шыққан. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Немересі Балжан Нұрпейісованың айтуынша, Дина апамыз 18-19 жастың шамасында Мақат баласы Нұрпейіске тұрмысқа шыққан. Сол жылдары құжат аларда оның фамилиясы Нұрпейісова болып тіркеліп кеткен екен. Нұрпейіс Мақатұлы ерте қайтыс болып, олардан Жамал, Қайрат, Жұрынбай есімді ұрпақ қалған. 1885 жылы жастай жесір қалған Дина апамызды қайын інісі Нұралыға атастырады.
## Шығармалары
Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.
Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды.
## Соңғы күндері
Дина Кенжеқызы 1955 жылдың 31 қаңтарында 94 жасында Алматы қаласында қайтыс болды. Балжан Нұрпейісова әжесінің соңғы күндері туралы былай дейді: «Ол кісі өле-өлгенше сөзінен жаңылысқан емес. Киелі қара домбыраны бала кезінен серік етіп, құдіретті өнеге тұтқаны соншалық, көз жұмарының алдында бес-он минут бұрын өзінің төсегінің тұсында ілулі тұрған домбырасын алдырып, мәпелей сипап, аялай қағып, Құрманғазының «Қайран шешем» күйін шертті. Әлсіз саусақтары икемге келмей жатса да, күйді көкірегінде жаңғыртып жатып дүниеден озды».
## Дереккөздер |
Сүйінбай Аронұлы — 1815 жылы қазіргі Алматы облысы, Қарақастек ауылында дүниеге келген. Талантты, ұлы қазақ ақыны және айтыс аңызы. Ақын 1898 жылы туған жері Қарақастек ауылында дүниеден өтті.
## Өмірбаяны
Сүйінбай Шапырашты (Ұлы жүздің )ішіндегі Екей руынан шыққан.
Сүйінбай Жасынан жыраулығымен елге танылған. Сүйінбайдың шығармашылығы оның атасы Кусеп пен әкесі Аронның әсерінен қалыптасқан, олар поэтикалық талантымен және шеберлігімен танылған еді.Атақты Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны пір тұтып,ұстазы ретінде санаған.
Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.
Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды.
“Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған.
Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған.
Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.
1929 жылы алғаш рет “Жаңа әдебиет” журналында (ғ6) ақынның “Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?” деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) “Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, “Кәрілік туралы”).
Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Диваев, С.Бегалин, Б.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. “Ақын жырлары”, “17 – 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған.
Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған.
Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.
## Дереккөздер |
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774 - 1860) — Алшын тайпасынан шыққан батыр. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
## Хиуа және Қоқан хандықтарымен күрес
19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.
Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды.
Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.
1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргені үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады.
Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты. Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді.
1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері олармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.
Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады.
Хиуа хандарының шапқыншылық езгісінен әбден қалжыраған Сыр қазақтары амалсыздан патша үкіметін іс жүзінде танып, хиуалық бектерге қарсы күресте олардан жәрдем күтті. Жанқожа батыр орыс әскерлерінің келуін алғашында үлкен үміт, достық сезіммен қарсы алды. 1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпеді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В. Обручевпен жолығып сөйлескен Жанқожа онымен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. 1847 жылдың тамыз айында біріккен орыс-қазақ жасақтары Сырдың сол жағасында салынған Хиуа қамалы Жанақаланы қиратады. Осы соғыста жауды өкшелей қуып, ерлік көрсеткен Жанқожа сарбаздары жалпы саны 3 мың түйе, 500 жылқы, 2 мың ірі қара, 50 мың қойды қайтарып, тұтқындарды босатады. Бұл соғыста қазақтар мен орыс әскерлерінің арасында «достықтың» алғашқы көрінісі байқалғандай болды. Сондықтан да қазақтар Сыр бойына келген орыс әскерлері мен қоныс аударушыларды шын достық пейілмен қарсы алды. Бірақ та бұл «достық пейіл» ұзаққа созылмады.
### Патша өкіметіне қарсы көтеріліс
Патша өкіметі Сыр өңірінде реакциялық ішкі саясат жүргізіп, отарлық езгіні күшейте түсті. Қазақтардың саяси тәуелсіздігін жоюмен бір уақытта жақсы құнарлы жерлерін тартып алып, оған Орынбор әскерінің казактарын орналастыру жоспарлы әрі тиянақты түрде жүргізілді. Оның үстіне 1837 жылы Ресей өкіметі тарапынан бағынышты ел ретінде қазақтардан әр шаңырақтан 1 сом 50 тиындық жаңа салық енгізілді. Алайда кейініректе салық мөлшері екі есе көбейтілді. Бұл салық тарихта «түтін салығы», «шаңырақ салығы» деген атаулармен белгілі. Салық тең дәрежеде, халықтың әлеуметтік жағдайына қарамастан, яғни қатардағы жеркепе, лашық иелерінен де және ауқатты отбасыларынан да бірдей көлемде жылына бір рет жиналды. Салыққа ақша бере алмағандардың малы тартып алынды. Сонымен қатар Сырдария шекаралық өкімет ұйымдары қазақтарды Райымның және №1 форттың (Қазалы) әскери бекіністерін салуға мәжбүрлеу тәртібімен жұмылдырды. Бұл форпостарды салу үшін мыңдаған кедейлер айдап әкелінді. Мәжбүрлеу жұмыстарының салдарынан малшылар, егіншілер, балықшылар өздерінің жеке шаруашылықтарымен айналыса алмады. Суландыру жүйелері дер кезінде тазартылмады, сөйтіп егіншілер су тапшылығына ұшырады, адам қолы жетіспегендіктен аз егіннің өзін уақытылы жинай алмады. Ал 1849 жылы Райым бекінісіне Орынбор казак – орыстарының алғашқы жиырма алты отбасы қоныстандырылды. Олар бірте – бірте қазақтарды отырған жерлерінен ығыстырып шығарып, Сырдария жағасындағы шұрайлы және жақсы суландырылатын жерлерге орналастырылды. Соның салдарынан Сырдарияның егінші қазақтары пайдаланылмай жатқан құнарсыз жерлерді игеруге мәжбүр болды, ал кейбіреулеріне қоныс аударушылар мен шенеуніктердің қожалықтарында жалданып жұмыс істеуге тура келді.
Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы күресте Жанқожа батыр ресейліктермен уақытша одақ құруға мәжбүр болған еді. Жанқожа батырдың 1847 жылы Хиуаға қарсы күресін пайдаланып қалуға тырысқан патша үкіметі оны өз жағына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шекара комиссиясының есебінен жыл сайын 200 сом мөлшерінде жалақы төлеп тұру белгіленді. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те ұсынылды. Ресей жоғарғы өкімет билігінің атынан батырға жасауыл деген атақ та берілді. Бірақ Жанқожа батыр патша үкіметі ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан да біржолата үзілді-кесілді бас тартты. Патша үкіметі Жанқожа батырды Кіші жүздің билеуші-сұлтандарына бағынышты етуге де тырысып көрді. Бұл қитұрқы әрекеттер батырдың патша үкіметінен іргені аулақ салуына себеп болды. Өйткені оның патшаның қолшоқпар шенеуніктеріне айналған сұлтандарға бағынуы тіпті түсіне де кірмейтін жиіркенішті нәрсе болатын. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады.
1856 жылы желтоқсанда Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы қарулы көтерілісі басталды. Бұған түрткі болған себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты кірпіш зауытының пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу адамдар еді. Олардың қару-жарағы жер өңдейтін кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл, садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бірнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150— 200 адамнан тұрды. Көтерілісшілер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекінісіне таяу жерлерге орналастырылды да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып, шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады.
1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезінде Қазалы қамалы қоршауға алынды. Қаратөбе манындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, 250 гусарь әскерімен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Жазалаушы әскер мен көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында өтті. Шайқас кезінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп тұрды. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқаң зеңбіректің снарядына және мылтықтың калың оғына төтеп бере алмады. Жазалаушы отряд көтерілісшілерді ығыстырып, жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтерілісшілер қосыны басып алынды, мал-мүлкі талан-таражға түсті. 20 мың бастан астам малы айдап әкетілді. Көтерілісшілердің бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегініп кетті, одан әрі Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ ауылдары көшіп кетті. Жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара немесе Қоқан хандары тарапынан өзіне одақтастар табуға әрекеттенді. Бірақ бұл саясатынан ештеме шықпады. Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы қолбасшылық еткен көтерілісі осылай аяқталды.
Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін Елікей Қасымов бастаған арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80-нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың өмірден өтер кездегі соңғы сәтін Л. Мейер былай деп суреттейді: «Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп, қару-жарағын асынып, үйінен шығып үлгерді. Бірақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жері осы екен деп, ол бір төмпешіктің үстіне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзі үйіріп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның мойнына дәл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып кетті».
## Тағы қараңыз
* Жанқожа батыр жыры
* Жанқожа батыр ауылы
## Сыртқы сілтемелер
* Malimetter.kz Жанқожа батыр реферат (қазақша)
## Дереккөздер |
Петропавл (орыс. Петропавловск, қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысындағы қала, облыс орталығы (1936 жылдан бері). Қаланың негізі Есіл өзенінің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.
Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 219 011 адам (2019 ж.) .
## Тарихы
Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатында әскери бекініс ретінде қаланған. Алғашында әскери форпост, кейіннен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір мен Түркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтанның Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алуы болды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Патша өкіметі Петропавлда сауданың дамуына көмек беріп, онда қалалық Қоғамдық банк ашты (1871). Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер, т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.
Егер 19 ғасырда қала сауда және әкімшілік пункт ретінде дамыса, 20 ғасырдың басында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің басты орталықтарының бірі болды. Осы жылдары Ресейден жер аударылған шаруалар келіп қоныстана бастады. Олардың басым бөлігі қалаға көшіп келіп, жұмыс күшін көбейтті. Қалада қолөнер мен майда кәсіпкерлік дамыды. Қаланың экономикасына 1-дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысы кері әсер етті. Қала 1932 — 1936 жылдары Қарағанды қаласының құрылысын басқаратын және ірі темір жол торабын салудағы негізгі орталыққа айналды. 1932 жылы «Казстройматериал» кірпіш зауыты іске қосылды. Мех. зауыт қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде қала кәсіпорындарының қатары өсіп, жұмысшылар саны 13 есеге ұлғайды. 2-дүниежүзілік соғыс алдында Петропавлда коммуналдық және электр көлігі шаруашылықтары қалыптасты. 2- дүниежүзілік соғыс жылдары КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген 20-ға жуық зауыт, фабрикалар қала экономикасын біршама көтерді. Соғыстан кейін қала жедел дами бастады. Әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көптеген кәсіпорындар салынып, қаланың әлеуметтік-экономикалық, білім беру және мәдени-ағарту саласы қарқынды дамыды.
90-жылдары нарықтық экономикаға өтуге байланысты Петропавл қаласындағы ірі өнеркәсіп орындары өз жұмыстарын біршама баяулатты. Шаруашылық байланыстар үзіліп, кәсіпорындардың жұмысы тоқтай бастады. Тек 90-жылдардың соңынан бастап ел экономикасымен бірге Петропавл қаласының да экономикасы біршама жақсарды.
## Географиясы
### Климаты
## Бүгінгі қала
Қазіргі кезде Петропавл Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға «Еуразия», «Вита», «Молочный союз» АІ-тары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, «Сұлтан», «Тонус» т.б. жатады. Қала бюджеті қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 музыкалық, 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі) жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. Петропавлда 3 театр, филармония, 3 мұражай, 3 кинотеатр, 4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4 стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер, жарнамалық басылымдар шығып тұрады. Сонымен бірге 3 телерадиокомпания жұмыс істейді.
## Экономикасы
Солтүстiк Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласы 1752 жылы құрылды. Облыс орталығындағы халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 195,2 мың адам болып, барлық облыс халқының 30,3%-ын құрады.
Қалада жалпы бiлiм беретiн 47 күндiзгi мектеп жұмыс iстейдi, оларда 22,3 мың оқушы бiлiм алуда, сонымен қатар 10 колледж (13,0 мың оқушы), жоғарғы бiлiм беретiн 3 оқу орыны (11,0 мың студент) бар.
Облыс орталығында 3 театр, 1 филармония, 3 мұражай, 8 кiтапхана, 3 клубтық мекеме бар.
2010 жылғы 1 қаңтарға 4 995 заңды тұлға тiркелген, оның iшiнде 94,8%-ы шағын (қамтылғандар саны 50 адамнан кем), 4,3 - орта (51-ден 250 адамға дейiн), 0,9%-ы - iрi (250 адамнан артық) кәсiпорындар. Кәсiпорындардың басым бөлiгi (88,8%) жеке меншiк нысанының кәсiпорындары.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiгiндегi негiзгi құрал-жабдықтардың бастапқы құны 2009 жылғы 1 қаңтарға (жер құнын есепке алмай) 160,3 млрд теңге құрады, тозу дәрежесi 40,0% болып, 2008 жылдың соңына баланстық құны 96,3 млрд теңге болды.
Қала өнеркәсiбiнде (қаржылық емес сектор) 2009 жылы 46 835,1 млн теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, 2008 жылғы деңгейден 4,0%-ға жоғары болды. Электр қуатын өндiру 2 371,1 млн квт.сағ, жылу қуаты - 2 123,9 мың Гкал, сүт өнiмдерi 27,4 мың тонна, ұн - 100,9 мың тонна, нан - 12,7 мың тонна, макарон - 26,2 мың тонна, алкогольдi iшiмдiктерi 2 114,7 мың литр құрады.
Құрылыс ұйымдарының өз күшiмен 8 530,1 млн теңге сомасында мердiгерлiк жұмыстар орындалды. Өткен жылы облыс орталығында жалпы аумағы 27 223 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi.
2009 жылы бөлшек саудада сауда кәсiпорындары және жеке кәсiпкерлермен 39 800,0 млн теңгенiң тауары сатылды. Орташа бiр адамға шаққанда бөлшек сауда 203,9 мың теңге құрады.
## Мәдениеті
### Театрлар
* С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстың қазақ сазды-драма театры
* Солтүстік Қазақстан облыстың қуыршақ театры
* Солтүстік Қазақстан облыстық Н. Погодин атындағы орыс драма театры
### Мұражайлар
* Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
* Облыстық бейнелеу өнері мұражайы
* «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені
* Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихы мұражайы
### Кітапханалар
* С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
* Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы
* И. Шухов атындағы қалалық кітапхана
## Бауырлас қалалары
* Омбы, Ресей
* Челябі, Ресей
* Новосібір, Ресей
* Екатеринбург, Ресей
* Ганновер, Германия
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Петропавл қаласы әкімдігінің ресми сайты (қаз.) (орыс.)
* Бейресми сайт |
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры (3 мамыр 2022 жыл)
## Биографиясы
Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руының Таз-Бұлбұл бөлімінен шыққан.
* Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979).
* 1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).
* 1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.
* 1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).
* 1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.
* 1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.
* 1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.
* 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.
* 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
* 1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары
* 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары
* 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
* 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
* 2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
## Ғарышқа ұшуы
* 1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
* 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және Аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.
* 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, Аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
## Марапаттары
Қазақстанның:
* «Халық қаһарманы» атағы
* «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
* «Отан» ордені (1995)
* Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры (3 мамыр 2022 жыл)
Кеңес Одағының:
* Құрмет Белгісі ордені (1987)
* Кеңес одағының батыры атағы (1988),
* Алтын Жұлдыз медалі (1988)
* «Ленин» ордені (1988),
* КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш (1990)
* КСРО ғарышкер-ұшқышы (1991)
* Қазан төңкерісі ордені (1991)
Австрия Республикасының:
* «Алтын Крест» ордені 1988)
* «Алтын Крест» ордені (1993)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Тоқтар Әубәкір: «Қазақ басын көтерсе, оны тоқтату қиын болады»
* Т. Әубәкіровтың сұхбаты Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы.
* ӘУБӘКІРОВ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2013 жылы.
* Өнегелі өмір иелері Мұрағатталған 27 наурыздың 2012 жылы.
* Аубакиров Токтар Онгарбаевич(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Еділ қаған немесе Аттила (көне түркі тілінде Атил, лат. Attila, гр. Ἀττήλας, 400 жыл – 453 жыл) — батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі. Рейннен Қара теңіздің солтүстігіне дейін варвар тайпаларына өз билігін жүргізген, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға.
Сол кезеңнің оқиғалары туралы тарихи шығармаларда, жылнамаларда және эпикалық туындыларда мәліметтер кездеседі. Сонымен қатар германдықтардың батырлар жырының 18 шығармасында ғұндар мен оның патшасының ұлы iстерi көрiнiс тапқан.
Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунай өзенінне (оң жағалауын қоса) дейінгі жерлерді Ғұндарға бағындырды. 444 жылдан 453 жылы қайтыс болған күніне дейін Еділ жалғыз өзі Ғұндар мемлекетін басқарды.
## Тарихнамасы және дереккөздер
Тарихшылар Еділ қағанды тұлға ретінде сипаттағанда көптеген қиындықтарға тап болады. Себебі жазба түрінде біздің заманымызға дейін жеткен деректер көбіне грек немесе латын тілінде жазылған. Көсем туралы ең көп мәлімет берген римдік тарихшы әрі дипломат Приск Паний. Приск 449 жылы ІІ Феодосидің қасына еріп тарихи кездесуге қатысып сол кездегі болып жатқан оқиғалардың куәгері болған. 434 жылдан 452 жылдардың шежіресін 8 томдық шығармаға жазған Приск жалғыз өзі ғана Еділ қағанның сыртқы көрінісін бейнелеген.
Присктің көптомды шығармасынан басқа бізге дейін жазба түрінде Прокопий және Иордан атты алтыншы ғасырдың тарихшыларының мәліметі жеткен. Оларда көбіне Присктің еңбегіне сүйене отырып мәлімет қалдырған. Византиялық тарихшы Марцелин Комит және канцлер Юстианин аздап, фрагмент ретінде өз жұмыстарында ғұндардың көсемі туралы деректер жазған. Тағы бір дереккөздер ол VI - XII ғасырлардағы шіркеу шығармалары. Бұлар тарихтың ағынымен ғұндардың қарсыластары жағында болған. Сол себепті көбіне жағымсыз жағынан, негативті сипаттаған.
Ғұндардың өзі көсемді каһарман ретінде ауызба-ауыз өздерінің аңыздарында жырлаған. Олардың үзінділері бізге дейін скандинавтардың және немістердің сагалар арқылы эпос түрінде жеткен. XII ғасырда мажар жазушылары ғұндарды өз бабалары деп көптеген шығармаларында құрметтеп, ұлттың батыры ретінде пір тұтқан.
Уақыт өте Еділ қағанды варварлықтың нышаны ретінде сипаттап, батыс өркениетіне қауіп төндірген адам ретінде қаралған.
## Атилла есімі
Қазіргі заманның ғылымдарында Атилла есімінің этимологиясы туралы бірнеше болжам бар. Еділді Еуропа тарихшылары «Атыра», «Аттила»,«Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп те атайды. Аттила (Этцель) есiмi уақыт өте келе пайда болған лингвистикалық өзгерiстерге қарамастан орта ғасырлардан берi Германия топонимикасында сақталған. Мысалы, «Hetzelistal» («Hetzelinstall») атауының сөзбе-сөз аудармасы «Этцел даласы», бұл Оффенбург жерiнде, сонымен қатар «Hetzelhof» («Etzelhof»), «Atzelhof» («Этцел ауласы»), Гейдельбергте, Atzelbach («Этцель бұлағы») Оттенхефенде, «Attlisberg» («Аттли тауы»).
Көптеген басқа да ғұн есімдері сияқты Аттила есімінің түпнұсқасы түркі тілдерінен алынған деген де болжам бар (atta/ata - әке, el/il - ел, өлке).
Тағы бір болжам бойынша, Аттила есімі Еділ Хазар тілінде Еділ өзенің атауынан алынған (Attil/Atil/Atel/Atal).
«Аттила» есiмi қазiр түркi тектес халықтарда (қазақша — «Едiл») кең тараған.
### Көсемнің бейнесі
Тарихшы Иордан Присктің сөздеріне сүйене отырып, Еділдің бір ерекше тұлға болғаны туралы айтады.
Бұл сипаттама азиялық немесе моңғолоидтық нәсілге келеді.
448 жылы Присктің берген мінездемесіне сәйкес ол қарапайым, кішпейіл адам болғанға ұқсайды. Қарапайым киімді ұнататын, ағаш ыдыстан тамақ жейтін, қаруын алтынмен әшекейлемеген қолбасшы. Жалпы Приск Еділді шығыстан шыққан көшпенділердің көсемі сияқты емес, германдық орта ғасырлық король сияқты сипаттаған.
### Әйелдері мен балалары
Еділ қағанның некесі де көп болған, балалары да көп болған. Балаларының арасында Эллак есімді үлкен ұлының аты шыққан. Осы ұлын көсем көзі тірі кезінде ізбасары деп жариялаған. Әйелдерінің арасында тарихта қалған Ильдико атты ең соңғы әйелі. Осы әйелінің қасында алғашқы неке түнінде Еділ қаған осы күнге дейін белгісіз себептен қайтыс болған..
## Ататегі және билікке келуі
Еділдің туған жылы мен туған жері осы күнге дейін белгісіз. Көсемді көзімен көрген Приск Паний 448 жылы сақалына енді ақ түскен адам деп сипаттаған. Сол жылдары Еділ үлкен ұлын акацирларға басшылық етуге жіберген. Бүгінгі күнге белгілі мәліметтерді талдаған кезде Еділ қаған жобамен V ғасырдың бірінші онжылдығында туған деп айтуға болады.
Еділдің әкесі Мұнзық ғұндардың патша тегінен шыққан, өзі билік жүргізбесе де оның ағалары Ақтар (немесе Оптар) және Руғила (Роас, Руа) ғұндардың атақты көсемдері болған. Басқа Мұнзық туралы еш мәлімет жоқ, тарихта бұл тұлғаның аты Аттила мен Бледаның әкесі ретінде сақталған.
Ғұндардың қоғамы жауынгерлер қоғамы болғандықтан Еділ қаған жас кезінен сол кездегі басқа ғұндардың ұрпақтары сияқты атпен шабу мен садақ атуды үйреніп өскен. Сонымен бірге ғұндардың басқа да жасөспірімдері сияқты өз еркіндігімен басын бинттермен таңғызып, бас сүйегініне деформация жасаған.
434 жылы Руғила дүниеден өткенде империя билігі оның інілерінің баласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. «452 жылдың Галл хроникасы» бойынша, Бледаны Руғиланың мұрагері деп жариялайды, соған қарағанда Бледа Еділден жасы үлкен болған. Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтіріп, билікке өзі жеке дара ие болады. Осыдан кейін ол бұрын білікті қолбасшы ретінде төңірегіне мәлім болса, енді үлкен саясаткер, көреген көсем ретінде көзге түседі. «Әділ билеуші» атанады. Оның есімі қарсыластары арасында үрей туғызады. Оны «Құдайдың қамшысы» деп атай бастайды.
## Еуропаға жорық
420 жылдары ғұндар Панноний жерлерін (қазіргі Венгрия) мекендеген. Дунай мен Рейн аралығында билік жасап, варвар тайпаларын бодан қылып жүрген ғұндар Батыс және Шығыс Рим империяларына да қауіп төндірген. Осы текетіресте германдық тайпалар Еділдің жағында болған.
### Византияға алғашқы жорығы (441–442)
Еділ мен Бледаның Еуропаға алғашқы жорығы қазіргі Сербия аумағында орналасқан византиялық Иллирик провинциясынан басталды. Дәл сол кезеңде римдіктер бір жағынан вандалдармен Сицилияда, екінші жағынан парсылармен шайқасып жатқаны жорықтың сәттілігіне қосымша себеп болған.
Оқиғаның куәгері Присктің мәліметі бойынша алғашқы әскери ұрыстары қазіргі Белград қаласы аумағында орналасқан сауда жәрменкесінде ғұндардың римдіктерге кенет шабуылынан басталған. Шабуылдың себебі Марг қаласының епископы ғұндардың асыл қазынасын (яғни патшалардың мазарын) тонауы түрткі болған Маргтан кейін Сингидунум (қазіргі Белград) және Виминаций (қазіргі Костолац) жақын орналасқан Дунайдағы ірі қалалар алынды.
Әрі қарай ғұндардың әскери әрекеттері Дунайдың шығыс жағына, яғни Ратиария жаққа қарай (қазіргі Арчар болгар селосы) және оңтүстіктегі Морава өзенінен Наисс (қазіргі Сербияның Ниш қаласы) жаққа қарай бағытталған.
Присктің айтуы бойынша 442 жылға таяу шайқастар тоқтап, ғұндар қазіргі Сербияның аумағындағы Дунайдың оңтүстігіне қарай «бес күндік жол» алатын кең алқапты басып алады.
### Византияға екінші жорығы (447)
Бірінші мен екінші жорықтардың арасында Бледа қайтыс болып, 444 жылдан бастап Еділ ғұн империясын жалғыз өзі басқарды.
Византияға жорықтардың хронологиясын тарихшы О. Д. Менхен-Хельфен «Ғұндар қауымы» атты жұмысында анық айқындаған. Алғашқы жорықтан кейін Аттила ғұндардың жалғыз көсемі ретінде Византиядан алым-салық төлеуді және жау жағына өтіп кеткен қашқындарды қайтаруды талап етеді. Бұл ультиматумға ІІ Феодосий императоры империяны қорлайтын ұсынысс деп қабылдап, ұсынысқа қарсы болып соғыс жариялайды. Нәтижесінде Аттила Ратиарияны басып алып, 446 жыл немесе 447 жылдың басында Византияның Балкандағы аймақтарына шабуыл жасай бастайды. Византиялық тарихшы Марцеллин Комит өз жазбаларында 447 жылды сипаттаған кезде мынандай сөздерді жазыпты: «Бірінші соғысқа қарағанда көп есес ауырлау болған бұл сұмдық соғыста, Аттила бүкіл Еуропаны үгіп ұнтақтап тастады». Еділ бастаған ғұн әскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды.
### Ғұндар мен Византияның арасындағы бітім шарты (448–450)
II Феодосий жеңілгенін мойындап өз әскери магистрі Анатолийді ғұндармен келіссөзді жүргізуге жібереді. Бұл бітімшарттың талаптары 444 жылғы алғашқы бірінші жорығынан кейін бекітілген талаптарына қарағанда көп есе қатаң болып табылды. Алғашқы келісімді бұзғаны үшін жаза ретінде 6000-нан астам римдік фунт алтынды беруді императорға мақұлдатты. Одан басқа талаптары да күшейтілген: жыл сайынғы салық 700 кг римдік фунт алтынынан 3 есе, яғни 2100 кг болды. Әр тұтқындалған рим сарбазының төлеп босату құны 12 солидке дейін барды.
Белгіленген алым-салығы қанағаттандырылғаннан кейін ғұндар өз жерлеріне қайтып оралды.
445 жылдар шамасында Бледа қайтыс болды. Еділ ғұндардың жалғыз басқарушысы болып қалып 448 жылы Қара теңіздің солтүстігін мекендеген акацирларды үлкен ұлы Эллактың қарамағына берді.
450 жылдың шілдесінде император II Феодосий аттан құлап қайтыс болады. Орнына келген әскербасы болып қызмет еткен Маркиан бітімшартта айтылған мөлшерінде салық төлеуден бас тартады. Еділге тек қана өзі дұрыс деп санаған сыйлықтарды беріп, ал егер де көнбесе соғыс бастайтынын хабарлайды.
451 жылдың ерте көктемінде ғұндар және оларға тәуелді басқа тайпалардың әскерлері Галлияға басып кіреді.
## Батыс Рим империясымен соғыс (451—454)
### Галлияға жорық (451)
451 жылы Еділ қаған бастаған жауынгерлер әскері ерте көктемде Галлияға шабуылды бастайды. Ғұндар сарбаздарының саны белгісіз, бірақ сол кезеңнің ырғағына қарағанда шабуыл қозғалысы баяу болған деп баға берілген.
451 жылдың 7 сәуірінде ғұндар бірінші Мец қаласын, сосын Трир, Кёльн, Реймс, Тонгерен, Труа қалаларын бірден басып алды. Сол жылдың 14 шілдесінде Римдік Галлияның орталығы Орлеан қаласын қоршауға алып, ұрысты бастайды. Қала қамалдарын тарандармен тесе бастаған кезде римдік әскербасы Флавий Аэцийдің және вестготтардың королі І Теодорихтың біріктірілген әскері Орлеандықтарға көмекке келеді. Мұның аяғы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, әйгілі Каталаун шайқасына әкеледі. Тарихшылар осы шайқаста майдан даласында 165 мың жауынгердің өлігі қалды дегенді айтады.
Еділ қаған әскерін Каталаун даласына қайтарып, Сена өзенінің оң жағалауында (Труа қаласының төңірегінде болса керек) тоқтайды. Каталаун шайқасының нақты болған күні мен жері туралы мәліметтер сақталмаған, бірақ тарихшыларының болжамы бойынша ұрыс маусымның соңы шілденің басында Труа қаласының солтүстігінде, қазіргі Шампань провинциясының аймағында болған. Бұл ірі ұрыс нәтижесінде екі жақ бірдей шығынға ұшыраған. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды. Король І Теодорих шайқас алаңында қаза тапты. Келесі күні Еділ қағанның әскері өздері орнатқан бекініске тығылып, ал гот-римдік коалиция бастаманы өз қолына алады.
Дегенмен, І Теодорихтың орнына келген везегооардың жаңа королі Торисмунд өз әскерін ұрыс алаңынан Тулузаға бірінші болып алып кетеді. Содан кейін Еділ қаған өзінің аман қалған сарбаздарын Дунайдың арғы жағына орналастырады. Келесі 452 жылы ғұндар Италияның солтүстігіне шабуыл жасайды.
### Италияға жорық (452)
452 жылғы жазда (О. Д. Менхен-Хельфен (O. Maenchen-Helfen) рим папасы Лео Император Валентиннің арасында 452 жылы жазысқан хаттарын саралағанда, бұл жорықтың басы 452 жылдың маусым айында басталған) Еділ қаған басқарған жауынгерлер топтары Паннония жағынан Альпінің кең жазығынан шабуыл бастады. Бұл жорықтың алғашқы соққысы Венетта провинциясының Аквелия қаласында (Аквелия сол кездегі Адриат теңізі жағалауындағы ең ірі қала) болды. Венеттаның басқа қалаларын да басып алғаннан кейін ғұндар солтүстік Италияның батыс жағына қарай бет бұрды.
Италияны ойрандап, ғұндар шетінен Медиоланум (қазіргі Милан) және Тицинум (қазіргі Павия) қалаларын алады. Медиоланумда (V ғ. басында Медиоланум қаласы Рим империясының астанасы болған) Еділ император сарайына кіріп келгенде сарай қабарғаларында рим императорлардың суреттерін көреді. Суреттерде тақта отырған рим императорлардың аяқ жағында скиф жауынгерлердің өліктері жатқаны бейнеленгенін байқайды. Еділ өз адамдарына сол суретшіні таптырып, оған басқа сурет салғызады. Бұл жаңа суретте Еділ қаған тақта отырғанын, ал рим императорлары оның аяқ астына қаптардан алтын төгіп жатқанын бейнелеткізеді.
Қаланың тұрғындарының көбісі қашып құтылды, олардың үйлері және шіркеулері тоналып, өртеліп бітті.
Бұл маңызы аса зор оқиғалардан кейін рим папасы І Лео қасына текті римдіктер Авиена мен Тригетияны ертіп алып ғұндардың көсемімен кездесуге барады. Бұл кездесу Мантуя қаласының маңындағы Амбулея жазығында болады. Кездесу нәтижесінде Рим салық төлейтін болып құтылады, ал ғұндар Римге бармай Дунайдың жағалауларына қайта оралады. Сөйтіп ол осынау ұлы жорықтан Дунай бойындағы мемлекетінің астанасы Еділқалаға (Этцельбургке) үлкен жеңіспен, салтанатпен оралады. Ғұн империясының иелігіне айналады.
### 453 жылғы Галлияға шабуыл
Италиядан жеңіспен қайтқан ғұндар көп ұзамай Галлиядан өш алғысы келеді. Ескі қарыздарды еске алып (қайтыс болған ІІ Феодосиймен бегітілген келісімшарт бойынша алым-салықтар төнебегенін) Еділ Галлияға қауып төндіре бастайды. ІІ Феодосийдің орнына келген император Маркиан көсемге әр түрлі сыйлықтарды жіберіп, көсемнің бір кешірімін алғысы келеді.
Рақымшылықты көрсетпеген ғұндар 453 жылы Галлияның орталығындағы Луара өзенінің жағалауын мекендеген аландарға шабуыл жасайды. Бұл жылғы шабуыл туралы Иорданның Гетикасындағы қысқа мәліметтен басқа еш дерек жоқ. Тек вестготтардың королі Торисмунд аландарға көмекке келгені белгілі. Сонымен қоса ғұндардың кері қарай Паннония мен Дакияға шегінгені белгілі.
## Өлімі және ғұн империясының ыдырауы
Еділ герман тайпаларын бағындырған кезде Бургундия ханшайымы Илдионаға (Хилдикаға) ғашық болып қалған еді. 453 жылы елінде үлкен той жасап, осы ханшайымға үйленеді. Бірақ алғашқы неке түнінде белгісіз жағдайда кенеттен қайтыс болады.
Қайтыс болуына мұрыннан кеткен қанмен тұншығу себеп болуы мүмкін деген дерек бар. Жерленген орны әлі күнге дейін белгісіз. 2014 жылы наурыз айында Будапештте Дунай үстінен көпір салынған кезде Еділдің жерленген жері табылды, ол Еділ қағанның моласы болуы мүмкін деген хабар берілді.
Еділдің көптеген ұлдары әкесінен қалған империяны бөлісе бастайды. Еділ өзінің көзі тірісінде үлкен ұлы Эллақты мұрагері етіп белгілеген болатын. Бірақ варварлар тайпаларының көсемдері Эллақты да Еділдің басқа ұлдарына да мойынсынғысы келмейді. Бірінші болып гепидтардың королі Ардарих герман тайпаларын көтеріліске үгіттеп жаңа басшыларға бағынбаған жаугерлер 454 жылы Недао (қазіргі Паннонияның Недава өзені, Саваның тармағы) төңірегінде соғыса бастайды. Осы ұрыста Эллақ қайтыс болады. Осы ұрыстан кейін Ғұн империясы ыдырай бастайды. Еділдің кіші ұлы Эрнак тайпасының бір бөлігімен Добруждада орналасады, қалған ғұндарды варварлар тайпалары Дунайдың шығыс жағына ысырып тастайды.
Еділдің ғұндары туралы соңғы мәлімет 469 жылы Марцелиннің хроникаларында табылады. Мәліметтерде «ғұндардың королі Еділдің ұлы Денгизирихтың [Denzicis] басы Константинопольге жеткізілді» деп айтылған.
Ғұндардың қалдықтары басқа көшпенді тайпалармен шатысып «ғұн» деген этноним VI ғасырдың авторларының лексионында жалпы көшпенді елдерді белгілеп қолданылған. (Ғұндар деп булгарларды, аварларды, савирларды, мажарларды атай берген)
## Тарихи зерде
Еділ билік басында болған он тоғыз жыл ішінде Ғұн империясы аумағын бірнеше есеге үлкейтеді. Ірі империя құра алғандығы үшін Еділ қаған шығыстың ұлы жауынгер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Содан да болар, батыстың тарихшылары оның есімін «адамзат тарихындағы ұлы адамдар» Ескендір Зұлқарнайын пен Юлий Цезарь есімдерімен қатар атайды.
Германдардың белгiлi эпикалық шығармасы болып табылатын «Нибелунгтар туралы жырда» және өзге де герман эпосының шығармаларында скандинав сагаларында Аттила (Этцель, Атли) Рим империясының қол астындағы халықтарды азат етушi ретiнде сипатталады.
Византияның атақты жылнамашысы V ғасыр тарихшысы және мәмiлегерi, ғұн патшасына 448 жылы жiберiлген Византия елшiлiгiнiң мүшесi грек Приск Паниос жеке көрiнiстер түрiнде сақталған өзiнiң «Византия тарихында» атты еңбегінде Еділ қаған мемлекетiн Римнiң қауiптi бақталасы ретiнде суреттей отырып, шындықты бейнелеген.
### Нумизматикада Еділдің бейнесі
2009 жылы Қазақстан Ұлттық Банкісі «Ұлы қолбасшылар» топтамасының ішінде «Аттила» монетін шығарған. Номиналы 100 теңгеге тең монет 13 000 дана болып шығарылған. 925 сынамалы күміс монеттің салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм. Бет жағында (аверсте) ат үстінде шауып бара жатқан жауынгер, арт жағында (реверсте) Аттиланың бейнесі. Төменгі бөлімде үш атты сарбаз бейнеленген, ал үстіндегі секторда ағылшын тілінде Еділ қаған (ағылш. «ATTILA THE HUN») және «406—453» деп жазылған. Санкт-Петербургте өткен «Монет шоқжұлдызы-2010» (орыс. «Монетное созвездие-2010») Халықаралық конкурсында бұл монет «Жыл монеті» (орыс. «Монета года») сыйлығына ие болды. Бәйгеге 24 елден 209 монет қойылған.
### Еділдің аңыздардағы бейнесі
Еділ қаған «Нибелунгтар туралы жыр» атты белгілі германдық эпосының басты кейіпкері.
### Еділдің әдебиеттегі бейнесі
* «Ғажайып комедия», Алигьери Данте, 1321
* Құдайдың қамшысы, Бувье-Ажан М.
* Аттила - ғұндардың қолбасшысы, Эдвард Хаттон, 2005. (Nomen est omen).
* Christopher Kelly. «Attila the Hun: Barbarian Terror and the Fall of the Roman Empire», Bodley Head, 2008 [3].
* Blockley, R.C.: The Fragmentary Classicising Historians of the Later Roman Empire, vol. II ISBN 0-905205-15-4
* Gordon, C.D.: The Age of Attila: Fifth-century Byzantium and the Barbarians. Míchigan: University of Michigan Press, 1960.
* Maenchen-Helfen, Otto (ed. Max Knight): The World of the Huns: Studies in Their History and Culture. Berkeley: University of California Press, 1973.
* Thompson, E.A.: A History of Attila and the Huns. Londres: Oxford University Press, 1999. ISBN 0-631-21443-7
### Еділдің музыкадағы бейнесі
* «Аттила» (1846) — италиялық композитор Джузеппе Вердидің белгілі операсы;
* «Attila» (2004) — Iced Earth атты америкалық хэви-метал тобының «The Glorious Burden» альбомының ішіндегі әні;
* «Attila» (2011) — қазақстандық «Алдаспан» хэви-метал тобының алғашқы альбомы;
* «Attila» (2005–) — Атлантадан шыққан дэткор-тобы.
### Еділдің кинематографиядағы бейнесі
* IMDB-дегі «Аттила» (Attila, 1954);Attila
* «Аттила-басқыншы» сериалы (2001). Басты ролде — Джерард Батлер.
* Этцель (Аттила) — 1924 жылы түсірілген Фрица Лангың «Нибелунги» және 1967 жылы ГФР-да түсірілген «Нибелунги» атты фильмдердің бас кейіпкері.
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Ғұндар
* Ғұндар мемлекеті
## Дереккөздер |
Назарбаев:
* Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (* 1940)
* Назарбаев Университеті
* Назарбаев ордені
* Назарбаев Зияткерлік мектептері
* Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева
* Сара Алпысқызы Назарбаева (* 1941) |
Мұхамеджанов сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов |
«Құрмет» орденi — 1993 жылы құрылған Қазақстан Республикасының ордені. «Құрмет» орденін сәулетші Базарбаев Сүйерхан Оспанбекұлы әзірлеген.
«Құрмет» орденімен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытудағы сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталады.
Орденде дәрежелер жоқ.
## Сипаттамасы
Орденнің белгісі күмістен жасалған және алтындатылған бес бұрышты жұлдыз болып табылады, оның сәулелері жасыл эмальмен сырланып, қазақ ою-өрнек элементтерімен жиектелген. Сәулелердің арасында алшақтайтын сәулелер түріндегі күміс жолақтар бар. Белгінің ортасында алтын күн бейнесі бейнеленген көгілдір эмальдан жасалған дөңгелек медальон бар. Медальонның астында «ҚҰРМЕТ» деген жазуы бар қызыл эмаль таспа бар.
Белгі қазақ ою-өрнегінің элементі түріндегі үзбе арқылы ордендік таспамен қапталған алтыбұрышты ретті қалыпқа ілінген.
Орден таспасы жібек муар көгілдір түсті, ортасында ақ жолағы бар, ені кішірек қызыл жолақтармен жиектелген.
## Толығырақ
Құрмет ордені — Қазақстан Республикасының 1993 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен белгіленген. Орденмен экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады. “Құрмет” ордені қазақ оюларымен нақышталған бес жұлдыз пішінде, оның астынан шапақты сәулелер көрінеді, ортасындағы шеңбердің ішінде гүл жапырақ бейнесіндегі айшықты өрнек, оның астында “Құрмет” атты жазуы бар.
## Орденмен марапатталғандар
Құрмет орденінің иегерлері
## Галерея
*
*
## Дереккөздер |
Аман Ғұмырұлы Төлеев (орыс. Аман Гумирович Тулеев, тат. Әман Гомәр улы Түлиев, туған аты-жөні Аманкелді Молдағазыұлы Төлеев; 13 мамыр 1944 жыл Красноводск, Түрікмен КСР – 20 қараша 2023 жыл, Кемерово, Кемерово облысы) — ресейлік саяси қайраткер, Біртұтас Ресей саяси партиясы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Кузбасс облыстық кәсіптік білім беруді дамыту институтының ректоры, технология ғылымының докторы (2000).
Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.
## Өмірбаяны
Жаңасібір темір жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемерово облысында темір жолшы болып бастады. 1967 – 73 жылдары Новокузнецкідегі Мундыбаш станциясында кезекші, бастықтың көмекшісі, станция бастығы, 1973 – 1985 жылдары Междуреченск темір жол станциясының бастығы, Кемерово темір жолының Новокузнецк бөлімшесі бастығының орынбасары, бөлімше бастығы, 1985 – 1988 жылдары Кемерово облыстық партия комитетінде көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі, 1988 – 1990 жылдары Кемерово темір жолының бастығы болды. 1990 – 1993 жылдары РКФСР (кейінгі РФ) Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кемерово облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1994 – 1996 жылдары Кемерово облыстық заң шығарушы жиналыстың төрағасы, 1996 – 1997 жылдары РФ-ның ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Кемерово облысының губернаторы. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ Президенттігіне кандидат болып тіркелді.
Төлеев “Долгое эхо путча” (1992), “Власть в руках человека и ... человек в руках власти” (1993), “На изломах жизни...” (1993), “Цена иллюзий” (1995), “Отечество – боль моя” (1995), “Судите сами” (1996) атты кітаптарын жазған. Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның, Беларусьтің, Моңғолияның көптеген ордендерімен марапатталған. Саяси тұлға ретінде бірнеше рет Қазақстанда ресми сапармен болып қайтқан.
## Дереккөздер |
Сүгір сөзі мына мағыналарда қолданылуы мүмкін:
* Сүгір Әліұлы
* Сүгір жырау
* Сүгір Мырзалыұлы |
Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлы Уәлихан (26 сәуір 1932 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы – 31 наурыз 2021 жыл) — сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі (2001).
## Қысқаша өмірбаяны
1932 жылы 26 сәуір күні Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған.
Шот-Аман Уәлихан — төре руының өкілі, әйгілі қазақ пен ресей ғалымы Шоқан Уәлихановтың бауырының ұрпағы. Қазақ ақыны Бақытжан Қанапияновтың немере ағасы.
Мәскеу сәулетшілік институтын бітірді.
«Қазақстан қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары,
Қазақстан сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды.
Республикалық тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы.
## Жетістіктері
Шот-Аман Уәлиханов бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің (басқалармен бірге) авторы. Солардың қатарында: Алматы қаласындағы «Динамо» стадионы (1958), «Универсам» дүкені (1979), «Казгипрозем» үйінің (1983 жыл) ғимараттары; Уәлиханов ескерткіші (1969 жылы; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1970 жыл), Әліби Тоқжанұлы Жангелдин, Тоқаш Бокин (екеуі де 1975 жылы), Ғани Мұратбаев (1984 жыл), Шығыс Қазақстан облысы, Қарауыл ауылындағы Абай (1970), Көкшетау қаласындағы Талғат Бигелдинов (1998), Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы (1999), Астана қаласындағы Кенесары Қасымұлы (2001), т.б. ескерткіштері; Дінмұхамед Қонаев бюсті (1985 жылы), Тәуелсіздік монументі (1996 жылы, жоба авторы әрі жетекшісі), т.б. Уәлиханов 1996 жылы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік елтаңбасы бойынша өткен байқауында ҚР сәулетшілер одағының алтын медалі мен дипломын алды, елтаңба авторы. Сондай-ақ ол Қазақстан сәулет және бейнелеу өнерінің көкейтесті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақалалар; сонымен қатар бірқатар драмалық шығармалардың да (“Шоқан”, алғаш рет 1962 жыл қойылған; “Ағнұр”, 1982; “Тағдыр”, 1984; “Террор”, 2000) авторы; бірқатар пьесалары республикалық (Алматы) және облыстық (Көкшетау, Қарағанды, Шымкент) театрлары сахнасында қойылды. Халықаралық сәулетшілер одағының дүниежүзілік 12–13, 20-конгрестеріне (Мадрид, 1975 жыл; Мехико, 1978 жыл; Бейжің, 1999 жыл) қатысты.
### Негізгі шығармашылық жұмыстары
* Алматыдағы Шоқан Уәлиханов (1969);
* Әліби Жанкелдин (1975);
* Тоқаш Бокин (1975) ескерткіштері;
* «Динамо» стадионы құрлысының (шығармашылық топ құрамында) жобалары;
* Алматы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі (1998);
* Қазақстан елтаңбасы.
## Марапаттары
### Атақтары
* Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
### Премиялары
* Қазақ КСР Мемлекеттік премиясы
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік премиясы (1990)
### Марапаттары
* Парасат ордені
* Құрмет ордені
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалі
* Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі
## Дереккөздер |
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов (15 маусым 1965 жыл, Целиноград) — қазақстандық саясаткер, заңгер, экономист, қаржыгер, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің 13-басшысы (2016—2022), үкімет басшысы (2014—2016), Премьер-министр (2007—2012). 2022 жылғы 6 қаңтарда "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша қылмыс ісі қозғалып, тергеу изоляторына қамауға алынды.
## Өмірбаяны
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов - 15 маусым 1965 жылы Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Әкесі - Қажымқан Қасымұлы Мәсімов. Анасы - Элеонора (Ажибекова) Кәрімқызы Масімова.
### Білімі
* 1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді.
* 1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.
* 1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.
* 1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.
* Орыс, қазақ, Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.
### Қызмет жолы
* 1991 жылы — Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесші.
* 1991 жылы ҚР Еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Бас экономист.
* 1992 жылы «Қазақпригранторг» фирмасының басшысы, Үрімші (Қытай) қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінде жетекші маман, директор орынбасары.
* 1993 жылы «Акцепт» ЖШС басшысының ішкі экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады.
* 1994 жылы Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры.
* 1995 жылы «Алматы сауда-финанс банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы,
* 1996 жылдың қыркүйек айынан «Тұран Әлем Банк» Басқармасы бастығының міндетін орындаушы,
* 1997 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығының 1-орынбасары, қыркүйек айынан бастап бастығы,
* 2000 жылдың тамыз айынан ҚР Транспорт және коммуникация министрі,
* 2001 жылдың қарашасынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,
* 2002 жылдың шілдесінен ҚР Президентінің көмекшісі,
* 2006–2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
* 2007 жылдың 10 қантарында Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.
* 2011 жылдың 2 қарашасында Кәрім Мәсімов "Қазақша Уикипедиа" жобасын өз қамқорлығына алатынын хабарлады.
* 2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арызын берді. Президент Н.Назарбаев өтінішті қабылдады . Сол күні М.Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы ретінде тағайындалды.
* 2014 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады. Бұл қызметте 2016 жылдың 9 қыркүйегіне дейін болды.
* 2016 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 13-ші басшысы болып тағайындалды.
* 2022 жылдың 8 қаңтарында Кәрім Мәсімовтің ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалғаны белгілі болды.
* 2023 жылдың 24 сәуір Сот Кәрім Мәсімовке үкім шығарды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
## Марапаттары
* 2010 жылы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен
* 2004 жылы - «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.
* 2011 жылы - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі.
* 2015 жылы - Халықтар достығы ордені (Беларусь)
* 2016 жылы - 2-дәрежелі Барыс ордені (2016)
## Галерея
*
*
## Бағалануы
Оппозициялық саясаткер Болат Әбілов Мәсімов жайлы сөйлегенде соның «қолына ешнәрсе келмей жататынын», әр ірі лауазымдағы қызметінің сәтсіз болғанын және «керек сәтте, керек жерде» болып қалғанынан ғана шыңға жеткенін айтты да, оны «карикатуралық» тұлға деді. Ол кейін, оған қоса, оны «шынымен де ірі жемқор болған» деді.
## Отбасы
Жұбайы — Дилярам Азатқызы Мәсімова (туғанында Машұрова). Мәсімов — 3 баланың әкесі.
## Дереккөздер
14. https://kaz.orda.kz/kaerim-maesimov-18-zhylgha-sottaldy/
## Сыртқы сілтемелер
* Кәрім Мәсімовтың ресми сайты Мұрағатталған 21 қарашаның 2020 жылы. |
Бал басы (ғұрып). Бұрын ел ішінде болашақты, адам өмірін болжайтын көріпкелдер, әулие-әмбие, балшы, емші, құмалақшылар, жауырыншылар көп болған. Әр адам оалрға келіп бал аштырады. Олар жоғалған малды, затты, алыстан келетін жолаушыларды, реніш-қуаныштарды болжап айтатын болған және олардың көпшілігі шындыққа айналған. Бал аштырушы кітап ашып, құмалақ салушыларға өтінішпен келгендер көріпкелдерге еңбегі үшін төлем беруі қажет. Оны сыпайылап «бал басы» деп атайды. «Бал басының» нақты бағасы, немесе өлшемі болмайды. Әркім қолда барын береді. Кедей, нашар адамдарға көріпкелдер «құдай үшін», яғни тегін бал аша берген. Бұл үшін олар батаға да риза болған. Кейбір адамдар тіпті ештеңе де алмаған.Егер бал ашушы белгілі мөлшерде ақша, мал сұраса, халық ондай кісілерге бармаған, құрмет көрсетпеген және сенбеген. |
Тамара Құрманғалиқызы Чувакова (5 мамыр, 1938) — Қазақстанда неонатология саласын дамытуда ерекше еңбек сiңiрген профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
## Өмірбаяны
Әкесi Құрманғали, туған ағасы Нығмет Нұрмақов екеуi де халық жауы деген желеумен репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылып кеткенде, Тамара апай анасының құрсағында қалыпты.Бес жасынан бастап әжесiнiң тәрбиесiнде болған оның өмiрi соғыс жылдарындағы және одан кейiнгi қиындықтармен тұспа-тұс келген.
* Осыншама қиындықтарға мойымастан мектептi жақсы тәмамдағаннан кейiн, 1962 жылы Қазақ Мемлекеттiк медицина институтын жемiстi аяқтап, «Ана мен бала денсаулығын қорғау» ғылыми-зерттеу институтының бала физиологиясы, гигиенасы және тәрбиесi бөлiмiнде ғылыми қызметкер болып еңбек жолын бастайды.
* 1969 жылы кандидаттық диссертация қорғайды. Осыдан кейiн «Ана мен бала денсаулығын қорғау» ғылыми-зерттеу институтының жаңа туған және шала туған нәрестелер бөлiмiн басқара жүрiп, күнi толмай туған балалардың орталық жүйке жүйесiнiң гипоксиялық зақымдары мәселелерiмен белсендi айналысады.
* Ол 1978 жылы Алматы Дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институтында ашылған неонатология курсының бiрiншi жетекшiсi. Оның жоғарғы кәсiби дәрежеде қызмет етуi арқасында 1980 жылы курс неонатология кафедрасы болып қайта құрылды. Бұрынғы Кеңес Одағында бұндай кафедра бар болғаны бесеу-ақ болатын. Неонатология — шала туған балалар жөнiндегi ғылым деген ұғымды бiлдiредi.
* Тамара Құрманғалиқызы — көптеген жылдар бойы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң штаттан тыс бас неонатологы.
* Алматы қалалық Перинатальдық орталыққа қарасты неонатология кафедрасының меңгерушiсi Тамара Чувакованың ұжымы АҚШ-тың бұрынғы президентi Билл Клинтонның зайыбы Хиллари Клинтон ханымның бастамасымен АҚШ неонатологтарымен бiрiгiп, тәжiрибе алмасу жұмыстарын жүргiзуде.
## Ғылыми еңбектері
* Оның редакциялауымен «Жаңа туған нәрестелердегi гипоксия, асфиксия және босанған уақытта алған бас сүйегi жарақаты» атты ғылыми еңбектер жинағы шыққан.
* «Шала туған балалардағы гемостаз бұзылыстары және оларды ретке келтiру» деген тақырыпта докторлық диссертациясында өте жақсы қорғап шығады.
* Оның жетекшiлiгiмен 12 кандидаттық, 4 докторлық диссертация қорғалды, 250 ғылыми жұмыс жарияланды. Және 2 монография бар.
* 1998 жылы Амстердамда өткен XXII Халықаралық педиатрлар конгресiнде оның ана сүтiн ластаушылар және олардың бала денсаулығына әсерi туралы баяндамасына грант берiлдi. Ғалым-ұстаздың халықаралық дәрежеде көптеген еңбектерi бар.
## Марапаттары
* Профессорға Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 22 қазандағы қаулысымен «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткері» құрметтi атағы берiлдi.
## Дереккөздер |
Үйшік — Атырау қаласының лақап атауы. Қызыл балық аулау үшін Жайық өзенінде салынған шарбақтан аталған. Бұл сөздің түпкі негізі учуг. Учуг дегеніміз су астына тартқан решеткалар. Оны сымнан да, жиі талдан да, қамыстан да тоқып, мықтап бекітіп тастайды. Осы учугтар Жайық өзенінде өткен ғасырдың орта кезіне дейін 150 жыл бойына тұрған.
## Түсініктеме |
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1 сәуір, 1925, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер (қазіргі Нұрғиса Тілендиев ауылы) - 15 қазан, 1998, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі (1975), КСРО халық әртісі (1984), Халық Қаһарманы (1998).
## Өмірбаяны
* Шапырашты тайпасының Шам руынан.
* Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі.
* Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді.
* Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961)
* қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) бас дирижер, көркемдік жетекші.
* 1964-68 жылдары Абай атындағы опера және балет театрының директоры.
* 1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.
* тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды.
* Жары Тіленді келіні Дариға - актриса.
* Қызы - Тіленді Динара.
## Туындылары
Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан
* «Достық жолымен» (1958)
* «Менің Қазақстаным» контатасын (1959)
* Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961)
* «Ата толғауы»
* оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962)
* «Халық қуанышы» (1963)
* «Қайрат» (1964)
* «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның
* «Аққу»
* «Аңсау»
* «Арман»
* «Ата толғауы»
* «Әлқисса»
* «Қорқыт туралы аңыз»
* «Көш керуені»
* «Махамбет»
* «Фараби сазы» сияқты күйлері
* «Саржайлау»
* «Алатау»
* «Ақжайық»
* «Ақ құсым»
* «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған.
Нұрғиса Атабайұлы музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ
* «Қыз Жібек»
* «Қилы кезең»
* «Менің атым Қожа»
* «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»
* «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған.
Ол Абайдың
* «Әсемпаз болма әрнеге...»
* «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...»
* «Ішім өлген, сыртым сау...»
* «Қызарып, сұрланып...» өлеңдеріне ән шығарған.
Сонымен қатар қазақ ақындарының өлеңдеріне
* «Ғашыққа мойын қой»
* «Абай арманы»
* «Әйгерімнің әні»
* «Ақынның пайғамбары - Абай ата» әндерін жазды.
## Музыкалық мәдениет
Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, қазақтың музыкалық дәстүріне табанын нық тіреп тұрып, өзінің арман аңсарын еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игерген кәсіпқой музыкант бола тұра суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша айтқанда, көргенді күйттеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік қасаңдыққа Нұрғиса буырқанған шабыт еркіндігін дарыта білді. Бұл ретте, Нұрғиса сахараның ақ бас абыздары сияқты, өз үнін көп дауысқа тұншықтырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі музыкалық тіліндегі дарашыл қасиетті (монодийность) тәу етіп өтті. Нұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер, салсерілер өнері адамның жан жүрегіне бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да барша шығармашылық болмысында аста төк болып, шалқып шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек қана өзіне тән профессионализмді қалыптастыра алды.
## Толығырақ
Н. Тілендиев тұңғыш рет қазақтың төл музыкасын төл аспаптарымен оркестрлік үлгіде дыбыстау арқылы, әрі қалай дамытудың тамаша үлгісін көрсетті. Енді, орындаушы Нұрғиса, яғни домбырашы Нұрғиса туралы. Қашанда айғақсыз деректің бәрі қиялмен қоңсылас, болжаммен кіндіктес. Айғақты дерек атаулы шын тарихтың тапжылмас іргетасы. Қазақ маңдайына біткен ұлы күйші – композиторлардың, шүкір қатары қалың. Бүгінге жеткен күй мұрасына да кенде емеспіз. Дегенмен, сұлулыққа іңкәр көңіл кейде қиялдайды: шіркін – ай, осынау құдірет күйлерді сол шығарушы құдіреттердің өзі қалай тартты екен деп. Өкініштісі, арыдағы дәулескер күйшілерден жеткен «қолтаңба» жоқ. Қолдан – қолға көшіп жеткен күйлеріне қанағат. Домбырашы – орындаушылық өнерді көксегенде де, сол көненің күйлерін көкірегіне қонақтатып, бүгінгі күнімізге жеткізген саңлақтардың өнеріне жұбанамыз. Жай ғана жұбанып қоймаймыз, орындаушылық ұлы дәстүрдің жығасы қисаймай, барша сән – салтанатымен, барша шеберлік – шалымымен жеткеніне де күмәнсіз сенеміз. Сендірмей қоймайтын құдірет – бүгінгі күй құмар қауым Дина Нұрпейіскеліні, Қали Жантілеу, Әбікен Хасен, Жаппас Қаламбай, Төлеген Момбек, Нұрғиса Атабайұлы, Мағауия Хамза, Ырысбай Ғабди, Қаршыға Ахмедьяр, Әзидолла Есқали, Талас Әсемқұл, Шәміл Әбілтай, Секен Тұрысбек, Сыматай Үмбетбай, Мұхаметжан Тілеухан сияқты күйші – орындаушылықтың жылжыған жорғасы мен жылмиған жүйріктерін естіп – көріп отыр. Бұлардың әр қайсысы бір – бір мектеп, әр қайсысының саусағына ілесіп сан ғасырдың шеберлік – шалымы жеткен. Сонан соң, бұлардың бәрі де жай ғана жаттап тартатын жайдақ орындаушылар емес, күйші – орындаушылар. Яғни, күй туындататындар, содан да, олар тартатын күйінің ішіне түсіп, кейіпкеріне айналып тартады. Олар арыдағы құдірет күйшілердің өзі тіріліп келіп тыңдаса, өкіндірмейтін дүлдүлдер. Міне, осындай дүлдүл орындаушылардың бірі ғана емес, бірегейі – Нұрғиса. «Солақайдың сойынан сақтан» дегендей, Нұрғиса солақай домбырашы болған. Мұның өзі оң қол саусақтарының пернелерге қапысыз қадалатын икемділігін пайдаланып, мөлдір дыбыстар шығаруына дес берген сияқты. Ол бар айтарын домбыра арқылы жеткізген қайталанбас домбырашы.
## Күй сезіну
Қазақ домбырашылары күй өнерін көз арқылы, қол арқылы және құлақ арқылы жұғады деп отырады. Осылардың ішінде күйді құлақпен сіңіретіндердің жөні бөлек. Себебі, көз – көргенінен танбайды, қол – ұстағанынан – айырылмайды. Яғни, күйді көз бен қол арқылы жұғысты еткендер, әдетте, қасаң қайталаушылыққа ұрынады. Ал, құлаққа сіңген күй, сөз жоқ, санаға да сіңеді. Санаға сіңген күй жүректі тербеп, жүрекпен тартылмақ. Нұрғиса болса, күйді құлақпен сіңіріп, жүрекпен тартатын домбырашы. Оның тартқан күйлері жүректен шыққан соң да жүректерді баурап жатады. Нұрғиса домбырашы – орындаушы ретінде қазақтың күйшілік мектептеріне тән төл ерекшеліктерді терең танып – түсінген; сол танып – түсінгенін дыбыстай алар әдіс–тәсілдерді қапысыз меңгерген. Ол Алтайдың тік күйлерін, Арқаның қоңыр күйлерін, Сыр бойының бойлауық күйлерін, Жетісудың жайсаң күйлерін, Атыраудың адуын күйлерін тартқанда, солардың қай–қайсысының да әрін тайдырмай, нәрін жоғалтпай, сәні мен салтанатын келістіріп тарта алған санаулы ғана саңлақтардың бірі. Егер Нұрғиса композитор да болмай, қоғам қайраткері де болмай, тек қана домбырашы – орындаушы болса, ол сонда да қазақтың мәдени – рухани шежіресіндегі көрнекті тұлға ретінде төрден орын алар еді.
## Дарын
Тілендіұлы Нұрғисаның бойындағы осындай Тәңір дарытқандай көп қырлы, алуан сырлы аста–төк дарынның сыр–себебі кім–кімге де ден қойдыртса керек. Әрине, ондай сыр–себептің негізі қашанда туған топырақ, шыққан тек, өсіп-өнген ортамен кіндіктес. Бұл ретте, Нұрғисаны жарық дүниеге келген сәттен бастап–ақ әнге бөлеп, жырмен құндақтап, күймен тербеткен Жетісудың өнерпаздық дәстүрін тағдырлы себептің зоры десе жөн. Мұндайда көктей шолып болса да, Жетісудың өнер мектебіне тұғыр болған тұлғалардың атын атап, түсін түстеп өті қажет. Бұл ретте, әрине, Сүйінбай, Жамбыл, Құлмамбет, Бақтыбай, Бармақ, Үмбетәлі, Қалқа, Кенен, Қуат, Балтағұл, сияқты айыр көмей ақындар, Кебекбай, Сапақ, Ноғайбай, Бөлтірік сияқты от ауызды, орақ тілді шешендер, Қанадан, Байсерке, Бердібек сияқты дәулескер күйшілер, Дәурен сал, Қырмызы, Жидебай, Балқыбек сияқты толлықсып–бұлықсыған сал–серілер, Ұлбике, Әлмен, Ақкүміс, Ләтипа, Жаңылдық сияқты жезтаңдай қыз–келіншектер алдымен еске түседі. Олар қалыптастырған ұлы өнер мектебі, ұлағатты өнеге Нұрғисадай туа біткен дарынды жөргегінде тыныш жатқызуы мүмкін емес еді. Осы орайда, Нұрғисаны ақ көйлекпен туған, ақжолтай жан деуге болады. Ол өнерпаздықтың ұлы дәстүрін талбойына сіңірген әкесі – Тілендінің бауырында өсті. Тәңірдің тіліндей күй сарындарын әке алдында отырып бала көкірегіне қонататты. Нұрғисаның анасы Салиха әйгілі Кенен ақынның қарындасы, ол кісі де төңірегін әншілігімен тәнті еткен. Сол кісінің сызылта салатын сұлу әндеріне бала Нұрғиса жан–жүрегін тербелтіп өсті.
Мүшел жасқа толар–толмас кезінің өзінде–ақ ауылындағы қазақ пен қырғыздың, орыс пен татардың музыкалық аспаптарын тегіс қолынан өткізіп, алуан түрлі ән мен күйді құйқылжыта тартқанда ауыл–аймағы аузын ашып, көзін жұматын болды. Есейе келе Нұрғиса әншіліктің ақиығы Кененнен бата алып, жыр жампозы Жамбылдың сарқытын ішті. Мұның бәрі де Нұрғиса өнерпаздығының себепшісі, бастау бұлағы деуге әбден болады. Алайда, үлкен өнердің сара жолына қадам бастыртқан, тағдырдың жазуындай орайлы сәтке Нұрғиса он төрт жасында кезікті. Кезігушісі – қазақ музыкасына пайғамбардай шапағаты тиген әйгілі Ахмет Жұбан еді. Жеті қабат жер астынан жаңа ғана бұлқынып шығып, булыға ағып, енді ғана жүлге тарта бастаған кәусар бұлақтың тегеурінін жазбай танитын қарт бағбан сияқты, бала Нұрғисаның бойындағы бұла дарынды дана Ахмет те бірден таниды. Таниды да, Нұрғисаны қолынан жетектеп алып келіп, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашылар тобына қосады. Бұл, жазмыш дегенді қойсайшы, оркестр құрамындағы өңшең дәулескер домбырашылардың ішінен домбырашылықтың дүлдүлі Қали Жантілеудің оң жағынан Нұрғисаға орын тиеді. Қалидың алдын көрген құйма құлақ Нұрғиса кешікпей–ақ, бұрын күйді қызығып тартса, енді күйді құнығып тартатын болады, бұрын күйді еліріп тартса, енді күйді елігіп тартады. Міне, осының бәрі де Нұрғиса әлеміне тапжылмас тұғыр болды, осының бәрі де Нұрғиса дарынының сарқылмас қайнар көзі еді.
Тілендіұлы Нұрғиса өзінің барша қабілет – дарынын халқының рухын асқақтатуға арнады. Бұл жолда ол халқымен етене тіл табысып, халқының сырласы да, мұңдасы да бола алды. Оның музыкасы баланың да, дананың да жүрегіне жол тауып, дүйім жұрттың рухани жан серігіне айналды. Ол атақ – даңқ іздеген жоқ, атақ – даңқ оны іздеп тапты. Қазақстан композиторларының ішінде тұңғыш рет Халық қаһарманы атағын алды. Кез – келген кесек дарынның күмәнсіз орындалатыны сияқты, бұған дүйім жұрт қалтқысыз көңілмен қуана қол соқтырған Нұрғисаны біртуар дарын, қайталанбас тұлға ретінде көзінің тірісінде – ақ әйгілі замандастары бірауыздан мойындады. Олар Нұрғисаны мақтаған жоқ, халықтың мәдени – рухани өміріндегі құбылыс ретінде Нұрғисамен мақтанды.
## Ұлылардың сөзі
* Жамбыл Жабаев :
* Дінмұхамед Қонаев:
* Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілендиев жазған күйлер тыңдаушысын қуанта да алады, жұбата да біледі; толғандыра отырып ойландырады; әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді, онда атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері, мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды; онда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік пен өжеттік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше, Тілендиевтің күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды; өйткені ол ықылым заманғы бабалар рухымен, арман – мақсатымен сабақтас».
* Қанабек Байсейітов:
* Әбдіжәміл Нұрпейісов:
* Еркеғали Рахмадиев:
* Әбіш Кекілбаев:
* Мырзатай Жолдасбеков:
* Жәнібек Кәрменов:
Осы ой – толғамдардың алып – қосары жоқ, бәрі де ақиқат сөздер.Ойдың орамын Тілендіұлы Нұрғисаның өз сөзімен түйіндеуге болар: «Кейде мен өзімді әке – шешеден тумағандай сезінем. Өйткені, халық алақанына салып, өмір бойы аялап келеді,» - дейді екен.Бұл да шығар күндей шындық.
## «Арман»
Бір ауылда той болып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса арнайы шақырылыпты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әрине, күй тартылады. Күйді, әрине, Нұрғиса тартады. Елдің де күткені сол, күй тартылған сайын тыңдаушы жұрттың айызы қанып, желпіне түседі. Жұрт желпініп, қошамет көрсеткен сайын Нұрғисаның арқасы қозып, домбырасын қырық құбылтады. Тыңдаушының делебесі одан сайын қозады.Жұрт осылайша мәз–мейрам болып жатқанда, бір ақ сақалды қарт құйған мүсіндей болып, шеттеу отырады. Бейне бір тас керең адам секілді, тартылып жатқан күйге селт етпейді.Әрбір күйді тартқан сайын қолпашты қардай боратқан көпшілік Нұрғисаны одан сайын қолқалай түседі. Еті қызып алған Нұрғиса домбыраны төсіне қойып, басына шығарып, шырқ үйіріп тартады. Тыңдаушы көпшіліктің есі шығып, одан сайын үздіге түседі.
Тек, әлгі шеткерірек отырған ақ сақалды қарт сол құйған мүсін сияқты қалпынан селт етер емес.Нұрғиса болса арқаланып алған, домбырасын одан сайын бебеулетіп, одан арман безілдете түседі. Әлден уақытта делебесі қозған бір жас жігіт: «Нұрғиса, сіз күйді башайыңызбен тартады дейді ғой, башайыңызбен тартыңызшы!» деп өзеурейді. Нұрғиса болса сұраушыны жалындырмайды, кебісті қағып тастап, домбыраны башайымен қағады. Жұрт қыран–топан, айран–асыр, таң–тамаша.
Бірақ, шеткеріде отырған қарт қана, селт етпестен, сол тұнжыраған қалпынан танбайды. Содан, күйдің неше атасы тартылып, әннің неше атасы айтылып, тыңдаушының құмары қанып, түннің бір мезгілі болған кезде Нұрғиса тынығып, дем алмақшы болады. Қонақтарды алдын–ала сайланған үйлерге бөліп–бөліп жатқызу үшін тарата бастайды. Нұрғиса болса, бағанағы құйған мүсіндей тұнжыр қарттың үйіне бөлінеді. Үйге келеді. Тап–тұйнақтай қонақ түсетін үй екен. Нұрғисаның көзіне төрде ілулі тұрған қозы қарын қызыл домбыра алдымен шалынады. Домбыра көрсе Нұрғисада тағат қала ма, қызыл домбыраны қолына алып, шертіп көрсе, домбыраның көмейі күмбірлеп, көкірегі өксиді екен. Нұрғиса қызықғып кетеді де, үй иесіне: «Ақсақал, бір күй тартып берейінші!» дейді.Үй иесі самарқау қалпымен Нұрғисаның бетіне барлай қарап алады да: «Тартсаң тарт, шырағым. Тек, үйдің берекесін алмай, адам құсап тартшы!» - дейді. Қарттың үні мүлде түңілгендей, дені дұрыс күй тыңдаудан күдерін үзгендей болып естіледі.
Нұрғиса болса дүние төңкеріліп түскендей «Ах!» дейді. Күн ұзынғы қолпаштың, күн ұзынғы марапаттың бәрі желге ұшқандай, бәрі жалған сияқты жаны құлазып сала береді. Ол аздай–ақ, сол сәт әкесі Тіленді марқұмның дәл жаңағы қарт сияқты «Күйдің берекесін алмай, күйін келтіріп тартар болар» деп отыратын сөзі есіне түсіп, одан сайын құмығыды. Тап бір әке өсиетін аттанғандай, күйші әкесінің арманына қылау түсіріп алғандай, жан–дүниесі әп–сәтте әптер–дәптер болады. Сол сәт көкірігінен «Ах, арман–ай!» деген сөздің қалай лықсып шыққанын өзі де аңғармай қалады.Нұрғиса тұғырдағы қырандай дүр сілкініп, есін жияды. Сол қалпында домбыраны үгітіп жіберердей құшырлана бауырына басып отырып, жөргектен құлағына сіңген ескі сарынды сұңқылдатып қоя береді. Күй қолымен емес, жүрегімен тартылады. Тереңнен тепсініп шыққан шұңғыла сарын гөй–гөйлеп, небір нақышты иірім–қайырымдар өзінен-өзі құйылып арманымен қауышқандай сезіне беріледі.
Күй аяқталады. Нұрғиса қарсы алдында қақшиып отырған қартқа қарайды. Қарттың қабағы ашылып, жанары шоқтай жайнап, мүлде басқа күйге түскен. Сол қалпы ботадай елпілдеп: «Ой, бәрекелді, өркенің өссін, қарағым!» дейді. Нұрғиса сонда ғана өзіне өзі келгендей болып, көңілі орнына түседі...
Сөйтсе, бұл қартыңыз соғысқа барғанға дейін тыңдаушысын тәнті еткен дәулескер домбырашы екен. Соғыстан сол қолы шынтағынан кесіліп оралыпты. Қол кесілгенмен, көкірек сау, күйге ынтық көңілін өзінше аулап, домбырасын баптап қояды екен.Міне, осы қарттың алдында тартқан күйін Нұрғиса кейін «Арман» деп атап жұртқа жайса керек.
## Марапаттары
* Қазақстанның халық әртісі
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері
* КСРО ның халық әртісі.
* Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
* Отан ордені
* II дәрежелі Отан соғысы ордені
* Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
## Дереккөздер |
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (13 қазан 1963 жыл, Үшарал, Талас ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2024 жылдан бері Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы.
Сағынтаев бұрын Алматы әкімі (2019–2022), Қазақстан премьер-министрі (2016–2019), Мемлекеттік хатшы (2019), Президент әкімшілігінің төрағасы (2019). Экономика ғылымдарының кандидаты (1990) болған.
## Өмірбаяны
* Ұлы жүздің Ошақты руынан.[дереккөзі?]
* С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген (1985), экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
* 1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
* 1988 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
* 1992 жылдан - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
* 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
* 1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
* 2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
* 2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
* 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
* 2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
* 2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.
* 20 қаңтар — 24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
* 2012 Қыркүйек — 2013 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
* 2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
* 2013 жылғы 6 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
* 2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
* 2016 жылғы 10 қыркүйектен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
* 2019 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Президенті Сағынтаева отставкаға кетуге үкімет жолдады
«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
* 1 наурыз 2019 жыл - 24 наурыз 2019 - Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
* 24 наурыз 2019 жыл - 28 маусым 2019 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысы.
* 28 маусым 2019 жыл – 31 қаңтар 2022 жыл қалалық мәслихаттың шешімімен Алматы қаласының әкімі.
2023 жылғы желтоқсанда Сағынтаевтың 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияна басшылық ететіні белгілі болды. Бұл ақпаратты Ресей президенті Путин растады.
## Ғылыми еңбектері
* Экономика ғылымдарының кандидаты (1990). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейін жақындастыру».
* Табиғи монополиялардың әрекет ету аумағын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бірқатар ғылыми жұмыстардың, жарияланымдардың авторы.
## Марапаттар
* «Кұрмет» орденімен (2006);
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
* «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006),
* «Астананың 10 жылдығы» (2008).
* Достық ордені (19 желтоқсан 2014 ж., Ресей) — Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты дайындауға белсенді қатысқаны үшін
* Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін I дәрежелі медалі (2015)
## Жеке мағлұматтары
* Әскери атағы - запастағы капитан.
## Жеке өмірі
* Әкесі - Әбдір Сағынтаев, Социалистік Еңбек Ері, Жамбыл облысының «Талас» Мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры болып жұмыс істеген, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КОКП ОК Тексеру комиссиясының мүшесі, КОКП ОК съездерінің делегаты болған.
* Анасы - Бештаева Құндызай, үй шаруасымен айналысқан.
* Үйленген. 2 қызы, немересі бар.
## Дереккөздер |
Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин (8 сәуір 1960, Ақтөбе, Қазақ КСР) — мемлекеттік қайраткер, Қазақстанның Чехиядағы елшісі.
## Өмірбаяны
1960 ж. сәуірдің 8-інде Ақтөбе қаласында туған. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан. Алматы халық шаруашылығы институтын және Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.
* 1992 ж. дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.
* 1992 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.
* 1994—95 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі.
* 1995—99 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.
* 1999—01 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
* 2000 ж. — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.
* 2001 ж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.
* 2002 ж. — Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
* 2002 ж. тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.
* 2006 ж. сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
* 2007 ж. қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
* 2009 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды
* 2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ретінде тағайындалды. Бұл қызметте ол Мұхтар Құл-Мұхамедті ауыстырған болатын..
* 2014 жылдың 11 ақпан күні ҚР-ның РФ-ғы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
* 2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
* 2019 жылдың 26 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
## Марапаттары
Әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор. «Барыс» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті елші.
## Дереккөздер |
Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы қысқартылған ТҮРКСОЙ (түр. Uluslararası Türk Kültürü Teşkilatı, -{TÜRKSOY}-) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.
1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған.
Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі— түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.
1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) халықаралық ұйымның Бас директоры болып сайланған.
## Мақсаттары
Ұйымның басты мақсаттары:
* Халықаралық қатынастарда жаңа тепе-теңдіктің құрылуы мақсатымен, аумақтық және бүкіл дүниежүзілік деңгейде жаңа мәдени ұйымдарды қолдау.
* Түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынастар құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу.
* Түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру.
* Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту.
* Ұлттың тарихын, ана тілін, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарға мұра ету үшін жағдай жасау.
## Мүшелер
ТЮРКСОЙ құрамына 14 ел кіреді, оның ішінде егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар. 2015 жылдың соңында Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский Алтай, Башқұртстан, Саха (Якутия), Татарстан, Тыва және Хакасия Республикаларының басшыларына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен байланыстарды тоқтату міндеті туралы телеграмма жолдады.
Бұл Тыва, Алтай және Якутияның ұйым құрамынан шығуына әкеп соқтырды.
## Тағы қараңыз
* Түркі тілді аумақтар тізімі
## Сыртқы сілтемелер
* TÜRKSOY ресми торабы Мұрағатталған 23 тамыздың 2009 жылы. |
Сұлтан (араб.: سلطان – «билік», «құдіреттілік») — тәуелсіз ақсүйек билеушінің атағы. Құранда Сұлтан сөзі өзінің бастапқы «билік», «құдіреттілік» мағынасында және басқа хадистерде және көркем әдебиеттерде «саяси билік», соның ішінде халифа билігі мәнінде қолданылды.
Сонымен қатар X ғ-да билеушілерді «ұлы мәртебелі» мағынасындағы «Сұлтан» деп атай бастады. Тек Салжұқтар тұсында ғана Сұлтан мәлікпен немесе әмірмен салыстырғанда ең жоғары атаққа айналды. Бұл орайда оны Иран шаһиншаһының атағымен салыстыруға да болады.
ІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы фикиһтер Сұлтанды мемлекеттік биліклауазымы деп түсінді. Шамамен жарты ғасыр өткенде әл-Ғазали оны діни басшыға, имамға (халифке) қарама-қарсы бағыттағы ақсүйек басшысы деп жорамалдады. Мұның ақыры кейде ақсүйектік және діни биліктің арасын толық ажырату қажеттігі туралы шешімдер қабылдауға дейін апарды. Сұлтан жоғары атағын халиф қана бере алады деп есептелгенімен оны төмен дәрежедегі билеушілер де иеленіп жүрді. Сондай-ақ, ұлы сопылық шейхтарды да Сұлтандар деп атады.
XVI ғасырдан бастап Османдар өз өкіметінің қол астына мұсылман әлемінің бүкіл батыс бөлігін біріктірген кезде, Еуропаның және Азия мен Африканың едәуір бөлігі үшін Сұлтан атағы ең әуелі соларға байланысты айтылды. Сұлтан Қауым басшысыретіндегі сүнниттер үшін саяси билік пен діни басшылығы қатар атқарушы тұлға.
Қазақтарда сұлтан деп төре тұқымдыларды атаған, яғни ханның балалары, бауырлары және т.б. Шыңғысх ан ұрпақтары.
Иранда Сұлтан атағын соңғы рет қабылдаған адам Каджар Ахмет I (1909) болды.
## Дереккөздер |
Естай Беркімбайұлы (1874 жыл, қазіргі Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, қарасты Ақкөл ауылы – 15 наурыз, 1946 жыл) — қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).
## Өмірбаяны
* Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.
* 20 жасында Ертіс атырабына белгілі әнші болды. Осы өнердің арқасында көп жерлерді (Қараөткел, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу) аралайды. Сұлу Көкше мен Баянға барады. Бұл сапарында Біржанмен кездесіп, оның өнерінен тәлім алды.
Әнші-сазгерлер Біржан, Ақан сері мен Жарылғапбердінің өнер-өнегесінен сусындаған Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерін ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген әндер ("Бір мысқал", "Майда қоңыр", "Ашу – пышақ", "Шоқ қара ағаш") шығарды.
Естайдың әнші-ақындық, сазгерлік талантын бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен әні – "Қорлан". Осы шығармасымен классик сазгерлердің қатарынан орын алды. "Қорлан" – Естай шығармаларының шыңы, жүрегі (Жұбанов А., Замана бұлбұлдары, А., 1963, 248-бет). "Қорлан" әнін М. Төлебаев "Біржан-Сара" операсында, Е. Г. Брусиловский "Ер Тарғын" операсында, С. И. Шабельский мен Л.М.Шаргородский "Қобыз бен оркестрге арналған концертінде" (2-бөлімінде) шығармашылықпен пайдаланды.
Жаңа өмір жайында "Туды күнім", "Өмір" атты әндер шығарды. 1939 жылы Алматыға келіп, көп әндерін нотаға түсіртті.
* Әншілік ақындық сайыстарға қатысып, Жамбылмен неше рет кездесті.
* Сол жылы Қазақстан Жазушылар Одағының ІІ сьезіне қатысты.
* Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасында әсем әнімен, жалынды жырымен халықты жеңіске жігерлендірді.
* 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толу мерекесіне қатысты. Мұнда Нартай, Нұрлыбек т.б. ақындармен айтысқа түсті. Оған арнап М. Әлімбаев "Естай-Қорлан" поэмасын (1968) жазды.
## Марапаттары
* 1939 жылы қыркүйегінде "Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері" деген құрметті атақ берілді.
* 1940 жылы Қазақстан Композиторлар одағына мүше болып қабылданды.
## Шығармалары
* "Майда қоңыр"
* "Жүректе"
* "Мәлике"
* "Өмір"
* "Қоңыр жел"
* "Дүние"
* "Шоққара ағаш"
* «Хұсни-Хорлан»- Әні мен сөзі Естайдікі, орынд. Р. Абдуллин
## Дереккөздер |
Бекет Мырзағылұлы (Бекет ата) (1750, Құлсары — 1813, Оғыланды) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Алшын тайпасынан тарайтын байұлы рулар бірлестігінің Адай руынан шыққан..
## Өмірбаяны
Қазақ арасындағы ең ірі 18 рулы Алшынның Адай руынан тарайтын Жаулы аймағының Қосқұлақ бөлімінен шыққан.Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған.
Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген. 40 жасында ол суфий мәртебесіне иеленіп, балаларды сауаттылыққа үйретіп, жерасты құрылымдар салуды бастаған.
Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.
## Қызметі
Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:
* Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр.
* Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы.
* Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші.
* Төртінші — мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.
Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, "Мединеде — Мүхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.
Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекетке оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді және оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған. Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.
XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. Кеңес кезінде М. Меңдіқұлов, Ә. Кекілбаев, Е. Өмірбаев, Қ. Сыдиықов т. б. зерттеушілер жазған.
## Мешіті
Бекет-Ата жер асты мешіті Үстіртте Оғыланды манында орналасқан. Мешіт бұталармен толтырылған терең құдықты төменге бағытталған үлкен тастың ортаңғы бөлігінде орналасқан. Жер астындағы мешіттің кіреберісінде шағын алаң бар. Алғашқы бөлмеде жарық күмбезді төбеге оралған тесіктен жарық түседі. Осы бөлмеден шығыс оңтүстік қабырғасында михраб орналасқан намаз залына, сондай-ақ, оның біреуінде Бекет-ата жерленген екі оңтүстік-шығыс бөлмелерге апарады. Мешіт - Қазақстандағы қажылықтың белгілі орындарының бірі. Мешіттің жанында Бекет-атаның бұлақтары мен құдықтары бар.
- деген.
## Отбасы
Бекет ата төрт ағайынды: Бекет, Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл.
Бес баласы болған: Бәйтелі, Жайлау, Тоғай, Байнияз, Қодар.,
## Дереккөздер |
Ахметов — қазақша, башқұртша, ұйғырша және татарша әулет есімі.
Атақты тектің иелері:
* Ақылбек Қабиұлы Ахметов — физик-ғалым, физика ғылымының докторы (1997).
* Арыстан Ахметов — Ұлы Отан соғысының қаһарманы.
* Әбдікәрім Ахметов — ақын.
* Әбдірәшит Рахымұлы Ахметов — ғалым, тарих ғылым докторы (1970), профессор.
* Ахметов Әділ Құрманжанұлы — филология ғылыми доктор (1995), профессор (1997).
* Ахметов Бақыт Бешімбекұлы — Қазақстан ауыр атлеті.
* Ахметов Бақтығали — жергілікті басшы, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1989).
* Ахметов Батырбек Мықансалықұлы — Қостанай облыстың әкімдігінің Жер қатынастары басқармасының бастығы.
* Даниал Кенжетайұлы Ахметов — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, саяси қайраткер, экономика ғылымы доктор (2003).
* Ахметов Ержан — ақын, жыршы.
* Ахметов Жасұлан Рамазанұлы — 2008 жылдың қаңтарынан бері — Қостанай облысы Кедендік бақылау департаментінің бастығы.
* Ахметов Зайырбек — Өзбек КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
* Зәки Ахметов — филология ғылымдарының докторы, профессор.
* Ахметов Иманали — техникағылымдарының докторы, профессор
* Ахметов Ілияс — журналист, зерттеуші.
* Ахметов Қайрат Жұмашұлы — Қостанай облысы Қарасу ауданының әкімі.
* Ахметов Қадыр Әбілжанұлы — тарих ғылымдарының докторы (2003), профессор (2006), Қазақ білім академиясының корреспондент мүшесі (2005).
* Ахметов Қадырғали Жәлелұлы — медицина ғылымдарының докторы.
* Ахметов Қанат Мұғынұлы — дирижер
* Ахметов Қасым Мағрұпбекұлы — кино-телережиссер.
* Ахметов Қуаныш — жазушы.
* Ахметов Қырым Кәмиғалиұлы — медицина ғылымдарының докторы, профессор.
* Ахметов Нұрлан Кәркенұлы — химик, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
* Ахметов Сабыржан Ахметұлы — Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімі.
* Ахметов Сайранбек Мақсатұлы — техника ғылымдараның докторы (1998).
* Ахметов Сапар Қайратұлы — Астана қаласы "Алматы" ауданының әкімі.
* Ахметов Сатыбалды Ыбырайұлы — еңбек ардагері.
* Ахметов Сейсенбек — жазушы, аудармашы.
* Серік Нығметұлы Ахметов — Қазақстан Республикасының VIII Премьер-Министрі (2012), Қарағанды облысының әкімі (2009-2012).
* Ахметов Темірбек — домбырашы , күйші.
* Ахметов Темірболат — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2001).
* Ахметов Шеген — әдебиет зерттеуші, жазушы.
* Ахметов Шермұхамбет — еңбек ардагері. |
Тұрғанқұлов, Қуандық Тұрғанқұлұлы — Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
## Қысқаша өмірбаяны
1949 ж. тамыздың 1-інде Алматы облысы Жамбыл ауданының Көкөзек ауылында туған.
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, мамандығы — инженер-экономист.
1971—79 жж. — Баянкөл геологиялық-барлау партиясында инженер-нормалаушы, Орталық геологиялық-тақырыптық экспедицияның аға инженер-экономисі, бөлім бастығы, экспедиция бастығының орынбасары;
1979—86 жж. — Қапшағай қалалық парткомының нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі;
1986—90 жж. — "Южказгеология" ПГО парткомының хатшысы;
1990—1993 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінде хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімінің консультанты, аға референті, ұйымдастыру-инспекторлық және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы;
1993—1996 жж. — Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының, Әкімшілігінің кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1996 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.
2007 ж. қаңтарынан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасы.
## Отбасылық жағдайы
Үйленген, екі қызы бар.
## Дереккөздер |
Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Тұрғыны 316 449 адам (2023).Атырау қаласынан Астанаға дейінгі қашықтық 1810 км.
## Атауы
Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.
Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий городок.
Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.
1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған.
1992 ж. бері қала атауы — Атырау.
## Этимологиясы
«Атырау» -лексикасы көбіне үлкен айдынды көлдің не теңіздің сала-салаға бөлініп, тармақтанып, шығанақтар мен арал, саға, мүйістер пайда болатын жағалауы. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын, теңіздің алабын қоса, жергілікті тұрғындар күні бүгінге дейін атырау деп атайды.
## Тарихы
ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен.
Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді.1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды.
Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды.
Жайық бойындағы бұл оқиға Астрахан әскерлері басшылығын елең еткізді.Ағаштан тұрғызылған қорған қамал жаудан және өрттен қорғануға қорғаныс бола алмайтынына көздері жеткен патша үкіметі,теңіз маңы және Жайық бойының қорғанысын күшейту мақсатында, 1645 жылдың 18 ақпанында М.Гурьевке қаланы қамал етіп тұрғызуға рұқсат береді. Рұқсат қағазында қала қамалын Астрахан қаласының үлгісіндей етіп тұрғызу көрсетіледі.
Тас қала-қорғанның құрылысы 1647 жылдың 6 маусымда басталып кетеді. Тұрғызылып жатқан қала 1649 жылы казактар атаманы И.Кондырев бастаған казактар тобының шабуылымен тоналады. Жайық бойындағы тас қала-қамалдың құрылысы 15 жылдан соң 1662 жылы аяқталып, Гурьевтердің үлкен қаржылық шығынына шығады. ХVІІ ғасырдың аяғына таман және ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, тас қала-қамалы ірі шекаралық қамалға айналады.
* 1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі.
* 1865 жылы уездік қала болды.
* 1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының орталығы
* 1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің орталығы
* 1929 жылы Гурьев округінің орталығы
* 1930 жылы аудан орталығы
* 1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы.
* 1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады.
## Климаты
Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ ,ыстық, ал қыста ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады.
Атырау қаласы ендігі 47, -07 С., ұзақтығы 51-53 болатын жазы ұзақ, қысы қысқа күндермен сипатталады.
Қаңтар айындағы орташа температура -60С-ден бастап -120С-ге дейін, ал шілде айындағы орташа температура +240С-ден бастап +260С-ге дейін. Ең төменгі температура -380С, ең жоғары температура +450С.Каспий теңізіне құйып, облыс орталығынан өтіп жатқан Жайық өзенінің арқасында ол жердегі температура судан алыс жердегі аудандардың температурасымен салыстырғанда төмен болып келеді.Жауын-шашын болар-болмас деңгейде, жылына орташа 150 мм, 200 мм шамасында болады. Жел бағыты қаңтар айында оңтүстік-шығыс бағытта болса, ал маусым айында батыс бағытта болады.
## Әкімшілік бөлінуі
Атырау қалалық әкiмшiлiгінің құрамында 1 қала, 6 ауылдық округ (Алмалы, Атырау, Дамбы, Еркiнқала, Кеңөзек, Қайыршақты), 15 елдi мекен бар. Қалаға 2013 жылы Балықшы кенті, 2018 жылы Балықшы, Жұмыскер ауылдық округтеріндегі Ақжайық, Құрсай, Көкарна, Водниково және Жұмыскер, Рембаза елді мекендері, 2019 жылы Геолог ауылдық округіндегі Геолог, Бірлік, Новокирпичное, Теңдік, Қарабатан, 496 разъезд елді мекендері қосылды. Қалалық әкімдік аумағына Махамбет ауданынан Алмалы ауылдық округіндегі Алмалы, Береке елді мекендері берілді.
## Әкімдері
* Нұрпейіс Мақашев 1992-1993
* Бекболат Нарегеев 1993-1995
* Жалғас Тікенбаев 1995-1998
* Арыстанғали Әшімғалиев 1998-1999
* Дүйсенбай Тұрғанов 1999-2002
* Манас Тасыбаев 2002-2006
* Бергей Рысқалиев 2006
* Сәлімжан Нақпаев 2006-2009
* Мереке Есмұратов 2009-2012
* Асқар Керімов 2012
* Серік Айдарбеков 2012-2014
* Нұрлыбек Ожаев 2014-2016
* Серік Шәпкенов 2016-2018
* Әлимұхаммед Құттымұратұлы 2018-2020
* Қайрат Оразбаев 2020-2022
* Мейірім Қалауи 2022-2023
* Шәкір Кейкін 2023-
## Халқы
Тұрғыны 1897 жылы 9,3 мың, 1959 жылы 78,1 мың, 1970 жылы 114,2 мың, 1979 жылы 130,9 мың, 2012 жылы 182,8 мың адам болды.2014 ж. қала әкімшілігі тұрғындарының саны 280,6 мың адам құрады, оның ішінде:
* Атырау қаласы — 195,6 мың адам;
* Балықшы кенті — 17,1 мың адам;
* Жұмыскер кенті — 10,4 мың адам;
* Ауылдық тұрғындар -57,5 мың адам;
Атырау қаласында 84 ұлт өкілдері тұрады.Облыстың 2014 жыл басындағы деректер бойынша жекеленген этностар құрамы төмендегідей:
2019 жылғы статистикалық деректер бойынша Атырау қаласында туғандар саны 9 760, ал өлгендер саны 1 920 адамды құрады. Табиғи өсім 7 840 адам. Келген адамдар саны 16 130, кеткен адамдар саны 13 311 болды. Туылым коэффициенті (1000 адамға) 27,9, өлім-жітім коэффициенті (1000 адамға) 5,49 болды.
## Экологиясы
Атырау қаласы кәсіпорындардың ортасында қалуда. Ауаны ластаушылардың 80-85 пайызын мұнай тасымалымен және мұнай өңдеумен айналысатын кәсіпорындар құрайды. Атырау қаласындағы өндіріс орындарының ауаға лас қалдықтарды тарату көрсеткіштері артып, ол жылына бір мың тоннадан асып тұр. Ірі кәсіпорындар әлі күнге тазарту құрылғыларымен жабдықталмаған. Сөйтіп зиянды шығарындылар еш сүзгіден өтпестен қала аумағына таралып жатыр.
«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы көмірсутегі қоспаларын 68,7 пайыз көлемінде, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – 22,79, «Атырау жылу электр орталығы» көміртегі тотығын 46,08 пайыз, «Каспий құбыр консорциумы-Қ» АҚ – 19,57, «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС азот диоксидін – 73,2, Атырау мұнай өңдеу зауыты күкірт диоксидін 52,54 пайыз мөлшерінде ауаға шығаруда.
Атырау қаласында атмосфералық ауаның сапасын анықтайтын сегіз стансадан автоматты түрде тәулік бойына ауа құрамын анықтайтын сынама алынады. Соның ішінде «ВестОйл» ЖШС-нің базасы аумағында орналасқан стансадан күкіртті сутегінің шектеулі мөлшері концентрациясынан асып кететіні анықталып отыр.
Қаланы улап жатқан негізгі 3 ошақ бар. Біріншіcі – мұнай компаниялары. Екіншісі – қаладан шыққан тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигон. Үшіншісі – қаланың екі жақ шетінде орналасқан қалдық суларды төгетін булану алаңы.
## Кәсіпорындары
## Көлік және инфрақұрылым
Қазіргі таңда Атырау қаласында көліктің барлық түрлері де дамыған.
Қоғамдық көлік. Атырау қаласының маршрут желісі күні бүгінге 51 маршрут жұмыс атқаруда. 2013-2015 жылдары аралығында қалаішілік маршрутында қызмет көрсететін «АйсТрансХолдинг» ЖШС-і өз қаражаты есебінен 51 дана автобус сатып алды. Қоғамдық көліктер GPS – мониторинг жүйесін қолданады, ол онлайн режимінде қалалық қоғамдық көліктердің маршруттары, аялдамалар және көліктің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттарды ұсынады.
«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен «Atyrau-Avtopark» автобус паркі құрылып, оған Семей қаласынан 65 жаңа автобус сатып алынды. 2020 жылы «Ақ Жайық Автопарк» ЖШС-і экологиялық тұрғыдан қоршаған ортаға лас шығарынды шығармайтын 160 жаңа автобус алды. 2021 жылдан бастап автобустар санын 140-тан 250-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл саптағы 220 автобус мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктері үшін толық бейімделген
Қалада троллейбус жүйесі 1996 жылдың 09 қыркүйегінде ашылып, 1999 жылдың 29 сәуірінде оның қозғалысы тоқтатылды. Бір ғана маршрутта 5 троллейбус қызмет көрсетті.
Темір жол көлігі. Атырау арқылы өтетін темір жол вокзалынан 13 бағыт бойынша 24 поезд кесте бойынша жолаушылар тасымалын қамтиды. Темір жол Атырауды Қазақстанның Алматы, Ақтөбе, Астана сияқты ірі қалаларымен, сондай — ақ Ресейдің (Мәскеу, Саратов, Волгоград, Астрахан), Тәжікстанның (Куляб, Худжанд, Душанбе) қалаларымен және Өзбекстан астанасы-Ташкентпен байланыстырады.
Әуе көлігі. Атырау әуежайынан келесі бағыттар бойынша рейстер ұшырылады:
Қабылдайтын әуе көлігі түрлері: Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-28, Ан-30, Ан-32, Ан-72, Ан-74, Ан-124, Ил-62, Ил-76, Л-410, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42, Airbus A319, Airbus A320, Airbus A321, ATR 42, ATR 72, Boeing 707, Boeing 737, Boeing 747, Boeing 757, Boeing 767, және тағы да басқа 3-4 кластағы ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар.
## Атырау қаласының көпірлері
1965 жылы 28 тамызда Жайық өзені арқылы өтетін қаладағы алғашқы темірбетон көпір салынып, пайдалануға берілді. Көпірдің ұзындығы 259 метр, биіктігі 10 метр. «Орталық» көпір Сәтбаев даңғылы мен Абай көшесін байланыстырады. Символикалық рөлі Европа мен Азияны жалғастырады.
Қаланың солтүстік бөлігінде 1985 жылы Ғаббас Берғалиев көшесінің бойымен айналма көпір пайдалануға берілді. Ұзындығы 200, ені 17 метр, ол А-27 Ақтөбе - Астрахан тас жолында қала арқылы өтетін транзиттік автомобиль жолына айналды.
2001 жылы «Тәуелсіздікке 10 жыл» аспалы «жаяу жүргіншілерге арналған» көпір салынды. Ұзындығы 551 метрлік көпір Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көпірі ретінде енгізілген.2008 жылы қаланың оңтүстік бөлігінде Балықшы және Жұмыскер шағын аудандарын байланыстыратын «Балықшы» көпірі салынды. Ұзындығы 484,4 м, ені 23,9 м.
Осы жылы Балықшы-Перетаска көпірі пайдалануға берілді. Ұзындығы 63,7 м, ені 14 м. Ол Балықшы шағын ауданы мен Мирный және Құрсай шағын аудандарын жалғастырушы рөлін атқарады.
2009 жылы Сұлтан Бейбарыс даңғылын жалғастыратын көпір ашылды. Өткізу қабілеті тәулігіне 5-7 мың автомобильді құрайтын төрт жолақты көпір, ұзындығы 800 м кіреберіс жолдармен, ұзындығы 380,7 м және ені 22 м, жүріс бөлігінің ені 16 м. Екі жағынан жаяу жүргінші жолы 2,5 метр құрайды. Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойындағы көпір теміржол вокзалын (сол жағалау) және оң жағалаудағы «Атырау» халықаралық әуежайын байланыстырады.
Осы жылы қаланың Мұнайшылар қалашығы мен Авангард ықшам ауданын (Әуезов даңғылынан Ғұмаров көшесіне) жалғайтын «Мұнайшы» көпірі пайдалануға берілді. 4 жолақты көпірден тәулігіне 5-7 мың автомобиль өтеді. Көпірдің жалпы ұзындығы 693 метр, ұзындығы 483 метр және ені 17 метр. Жүріс бөлігінің ені 14 метр, екі жағында ені 1 метр 2 жаяу жүргіншілер жолы бар.
2010 жылы Мечников пен Баймұханов көшелерін жалғайтын көпір салынды. Ұзындығы 770, ені 23,5 метр. Ол қаламыздың 370 жылдығына орай ашылды.
## Мәдениеті
Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры, Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы орналасқан. Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрі жұмыс жасайды.
Атырау облыстық өлкетану мұражайы, Қазақстандағы мезозой дәуірінен сыр шертетін жалғыз палеонтологиялық мұражайы Атырау қаласында орналасқан. Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер мұражайы, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақ үйлер т.б.жұмыс істейді.
«Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапхана», Атырау облыстық балалар кітапханасы, Облыстық көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы, №1,2,3 Атырау қалалық орталық балалар кітапханалары қала тұрғындарына өз қызметтерін көрсетуде.
## Сәулеті және көрікті жерлері
Атырау архитектуралық құрылысы жағынан үшке бөлінеді. Жайықтың оң жағасындағы ескі қалада негізінен 20 ғасырдың басында салынған бір қабатты ағаш және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты тас үйлер, 4 – 5 қабатты тұрғын үйлер мен мекеме жайлары бар. Өзеннің сол жағалауында кеңес өкіметі жылдары Ембімұнай кенті мен мұнай айыру зауытының қалашығы пайда болды. Жайыққа салынған көпір (1965) Еуропа мен Азия құрлықтарында жатқан қаланың екі бөлігін байланыстырады.
Атырау қаласының заманауи сәулетіне Исатай мен Махамбет алаңы, Иманғали мешіті, XIX ғасырда салынған Православ шіркеуі, (бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы ғимарат), Marriott қонақ үйі, Алмагүл ықшам ауданы, соңғы үлгіде салынған спорт, мәдениет сарайларын айтуға болады.
## Саябақтары
Қазір Атырау қаласында 6 саябақ бар. Жеңіс саябағы, «Алмагүл» ықшам ауданындағы саябақ, «Балықшы» ықшам ауданындағы саябақ, ретро паркі, №1 және №2 ықшам ауданындағы, және «Тұрғындар қалашығындағы» саябақтар. Саябақтардың аумағы 10 гектарға жетеді. Олар жасыл желектерден, аллеялардан, абаттандырылған жолдардан, орындықтар мен серуендеу алаңдарынан тұрады. Сонымен қатар танымал тұлғаларға ескерткіштер, субұрқақтар, мүсіндер және т.б. бар.
«Жеңіс» саябағы — Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған мәңгілік алау арқылы таныс. Кіре беріс қақпадан кейін әскери техниканың нақты үлгілері қойылған. Мұнда ұшақ, танк, зеңбірек, бронетранспортер т.б. көруге болады. Жеңіс саябағындағы "Тағзым Аллеясы" алаңында Ұлы Отан соғысының атыраулық қаһармандарына арналған 14 бюст орнатылған. Парктің орта тұсында аспанға бағытталған найзаның жанында орналасқан Мәңгілік алау бар. Сондай-ақ, парк құрамында «Естелік қабырғасы» бар. Ол бірнеше ондаған ірі гранит плиталардан тұрады, олардың үстінде Екінші дүниежүзілік соғыстан оралмаған Атырау облысы тұрғындарының есімдері жазылған. Саябақта қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді, сондай-ақ тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған ескерткіш орнатылған.
Ретро Парк саябағы — өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы неоклассикалық үлгіде салынған. Оның негізгі аумағын парк аллеялары құрайды. Бұл саябақ Жайық өзенінің жағалауы мен «Тұрғындар қалашығының» аралығында орналасқан. Саябақта әртүрлі павильондар, амфитеатр, түрлі түсті жарықпен әрленген су бұрқақтары, ретро стиліндегі дәмхана т.б. бар. Орта тұсында жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер, жасанды тоғандар және басқа да сәулет туындылары орналасқан. Саябақта "Дос-Мұқасан" музыкалық ансамбліне орнатылған ескерткіш бар.
Жастар саябағы — Жайық өзенінің Еуропа бөлігіндегі жағасында орналасқан. Саябақта жүгіру, велосипед, жаяу жүргіншілер жолы салынған. Мұнда көлеңкелі конструкциялы жазғы мобильді кафелер, балалар мен ересектерге арналған алаңдар, спорт жабдықтары, аттракциондар бар. Аумағы – 6,5 гектар.
## Атырау қаласының ескерткіштері
## Спорты
Атыраудан Токиодағы Олимпиадаға елдің құрама командасында ескек есу бойынша спорт шебері А.Круглов қатысты. Боксшы Б.Теміров Олимпиадалық ойындарға, әлемдік, еуропалық сайыстарға қатысып, үш дүркін КСРО чемпионы болды. Атырау ескекшілері Д.Савин, А.Сафарян, С.Сергеев Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары. Арман Чилманов 84 кг салмақты таэквондодан 2008 жылғы Олимпиялық ойындардың қола медалі иегері. Сәния Махамбетова самбо және дэюдо күрестері бойынша халықаралық және республикалық сайыстарда бірнеше рет жеңістерге жетті.
«Атырау» футбол командасы республика чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері (2001 және 2002 жылдар), 2009 жылы Қазақстан кубогының иегері. Қазақстан кубогының иегері.
«Бейбарыс» хоккей клубы 4 дүркін Қазақстан чемпионы (2010/2011, 2011/2012, 2015/2016 және 2018/2019).
«Атырау» волейбол командасы 2003 және 2006 жылғы еліміздің чемпионы, 4 рет Қазақстан кубогының иегері -2000, 2009, 2010, 2015
«Атырау Барыстары» баскетбол командасы Қазақстан біріншілігінің 2-рет алтын (2010/2011, 2015-2016), 7-дүркін күміс жүлдегері. (011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020.
Спорт нысандарынан Атырау қаласының орталық «Мұнайшы» стадионы бар. Қасында спорт комплексі және жүзу бассейні орналасқан. Денешынықтыру және сауықтыру орталығында (ФОК) әртүрлі спорт секциялары жұмыс жасайды.Атырау мұз айдыны сарайында хоккейден еліміздің біріншілігінің ойындары өтеді. Теннис орталығында үлкен теннис ойнауға арналған 4 ашық және 4 жабық алаң бар.
## Білім жүйесі
### Мектепке дейінгі мекемелер
Мектепке дейінгі мекемелердің құрамына мектепке дейінгі жастардағы балалардың күндізгі уақытта және тәулік бойы болатын жалпы типтегі (бала бақшалар, балалар яслиі, балалар үйі, мектепке дейінгі балалар үйі) мекемелері, ақыл-ой және дене бітімі дамуында ауытқулары бар арнайы мектепке дейінгі мекемелер, аурушаң балаларды салауаттандыруға арналған жазғы демалыс орындары кіреді. Атырау қаласы бойынша 46 балабақшада 13 863 бүлдіршіндер тәрбиеленуде.
### Мектептегі білім
Атырау қаласының 61 мектебінде, оның ішінде Атырау облыстық дарынды балаларға араналған казақ-түрік лицейі, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Ағышын тілін терең оқытатын техникалық гимназия, Атырау қалалық білім бөлімінің қалалық лицейі, Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназия, Облыстық ұлттық гимназия, №34 лингвистикалық мектеп-гимназия, Н.Тілендиев атындағы облыстық "Кіші өнер академиясы", Назарбаев Зияткерлік мектебі сияқты білім ордаларында 73 690 оқушы білім алуда.
### Жоғары оқу орындары
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты —2001 жылы құрылып, білім және ғылым министрлігі берген лицензия негізінде еңбек нарығында табысты жұмыс істейді. Институт -күндізгі және сырттай оқыту формалары бойынша қазақ және орыс тілдерінде 16 мамандық бойынша
жоғары-кәсіптік мамандар (бакалавриат) даярлайтын жоғары оқу орны. Институт жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша маңызды ғылыми және оқу орталығы болып саналады. Институт инновациялық бағдарламаларды сәтті іске асырағаны үшін 2004 жылы Еуропа кәсіпкер қауымдастығының «INSAM» алтын медалімен (Женева, 2005 ж), Халықаралық «Алтын Құйма» (CBS Consult, Мәскеу, 2007) марапатталды.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті —Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде ашылды. 1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылды.
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті —еліміздің мұнай-газ саласы мен Батыс Қазақстан облысының экономикасын, білімі мен ғылымын жетілдіруге үлкен үлес қосуда. Атырау Мұнай және газ университеті Батыс Қазақстанның Білім және ғылым орталығына айналуда және Қазақстанның мұнай-газ саласындағы шығармашыл жастар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар ұжымдары арасында лайықты құрметке ие болды. Атырау Мұнай және газ университеті еліміздің мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасының жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны болып табылады.
### Колледждері
* Атырау аграрлы-техникалық колледжі
* Атырау балық өнеркәсібі колледжі
* Атырау бизнес және құқық колледжі
* Атырау жоғарғы медицина колледжі
* Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжі
* Атырау индустриалды колледжі
* Атырау сервис колледжі
* Атырау энергетика және құрылыс колледжі
* С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі
* Д.Нұрпейсова атындағы музыка колледжі (академиясы)
* Каспий маңының қазіргі заманғы колледжі (ПСК)
* Жоғарғы мұнай колледжі (APEC)
* Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж
* Мұнай және газ технологиялық колледжі
* «Болашақ» кәсіби-гуманитарлық колледжі
## Денсаулық сақтау ісі
Гурьевте тұрған әскери бөлімде алғаш рет 15 орындық аурухана ашылған. 1901 жылы осы ауруханаға арналған 2 үй салынып, оның біреуі хирургиялық, біреуі басқа ауруларды емдеу орны боп белгіленген және 1 дәрігер, 2 фельдшер жұмыс жасаған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау қаласына 2 госпиталь орналастырылды. 1967 жыл мен 1987 жылдың аралығында облыстық аурухананың, балалар ауруханасының, перзентхананың, облыстық онкологиялық және туберкулезді емдеу диспансерінің жаңа үйлері іске қосылды.
Қазіргі кезде Атырау облыстық ауруханасы, балалар ауруханасы, №2 Атырау облыстық ауруханасы (Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы), Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы, қалалық перзентхана, ЖИТС алдын алу және онымен күресу орталғы, балалар стоматологиясы, өкпе аурулар санаториясы, кардиология орталығы, көз аурулар ауруханасы, қан орталы, наркологиялық диспансері, онкологиялық диспансері, патологоанатомия бюросы, перинаталдық орталық, психиатриялық жүйке аурулар ауруханасы (Психикалық сауықтыру орталығы), тері-венерология диспансері, туберкулезге қарсы күрес диспансері, теміржол ауруханасы, орталық нерв жүйесі зақымдалған балаларға арналған сәбилер үйі т.б. дәрігерлік ұйымдар жұмыс жасайды.
## БАҚ
### Газет-журналдары
«Атырау» газеті —Қазақстанның батыс өлкесіндегі алғашқы ұлттық басылымдардың бірі. Оның негізін қалап, материалдық базасын жасақтап, алғашқы нөмірлерін шығарған 1923 ж. Гурьев уездік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Төлепкерей Өтеулиев. Алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 жылы сәуір айында шықты. «Атырау» аймақтың тыныс-тіршілігін қалың оқырманға жеткізіп келе жатқан облыстық газет.
Прикаспийская коммуна газеті —орыс тілінде шығатын облыстық қоғамдық-саяси газет. Газет 1920 жылдың 26 ақпан айынан бастап «Трудовая Правда» атымен шықты. Газет облыстың өзекті мәселелері туралы, нарықтық қатынастар, халық шаруашылығын дамыту тұрақты көрініс табуда.
«Ақ жайық» газеті —Атырау облысындағы кең тараған әрі тұңғыш тәуелсіз апталық басылым. Алғашқыда «Компаньон» (1991), кейін «Местное обозрение» (1992) аталып, шағын көлемде жарық көрген газет 1993 жылы мамыр айынан «Ақ жайық» аталды. Бұл - нарық жағдайына бейімделген, облыс, республика көлемінде өзін-өзі қаржыландыруға толық көшкен алғашқы газеттердің бірі.
Сонымен қатар "Мегаполис Атырау", "Мұнайлы Астана", "Алтын сақа", "Алтын аймақ" апталық газеттері және "Мерейлі мекен" журналы шығады.
### Телеарналары
Атырау облыстық телерадиокомпаниясының хабар тарату саясаты «Қазақстан» РТРК АҚ жүргізіп отырған саясатына толық сәйкес келеді. Ол ақпараттық және білім беру функцияларын орындай отырып, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды
үйлестіруге бағытталған. Телеарнаның басты міндеті - аймақтық деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізу. Телеарнаның жалпы апталық көрсетілімі 119 сағатты құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілде - 80,30 сағат, немесе жалпы хабардың 68%. Меншікті бағдарламалар 45 сағатты құрайды немесе жалпы эфирдің 38% құрайды. "Atyray" телеарнасының хабар тарату антеннасы 180 метрлік мұнараның 153-і метрінде орналасқан.
Жетістіктері:
* Телевизияның «АПТА» ақпараттық-талдау бағдарламасы (авторы және жүргізушісі Н. Қосшиев) Халықаралық «Шабыт» фестивалінің арнайы дипломымен марапатталды;
* Теледидарда алғаш рет «Өзен өз арнасыммен ағады» атты 7-сериялық телехикая түсірілді;
* Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына орай "Тағдыр-Судьба" телефильмі түсіріліп, ол Волгоград қаласында өткен ІV-Халықаралық "Мәңгілік алау" фестивалінде "Үздік авторлық жұмыс" номинациясында ІІ орын алды;
* Астрахан қаласында өткен Халықаралық "Адам және теңіз" байқауында "белсенді азаматтық ұстанымы үшін" номинациясында "Каспий экологиясы: мәселелерді шешу жолдары" фильмі жеңіске жетті;
* «Туған өлкем – Атырау» бағдарламасы республикалық "Шаңырақ" шығармашылық байқауында жеңіске жетті /Астана қ./;
* «Аманат» циклдік бағдарламасы "Ең үздік тарихи-мәдени бағдарлама" номинациясы бойынша Қазақстан РТРК АҚ ұйымдастырған байқауда ІІ орын алды /Астана қ./
Сонымен қатар КТК, НТВ, Хабар, 24KZ, Ел арна, Qazsport, Мир, Qazaqstan, 1-канал "Евразия", СТВ, Astana TV, НТК, 31 канал, Абай ТВ, Жетінші арна, ТВЦ т.б.арналар жұмыс жасайды.
### Радио
«Atyraý radiosy»—ның тарихы 1938 жылы Гурьев облысының құрылуынан бастау алады. 1938 жылдың 2-ші наурызында алғаш рет радио хабары
эфирге шықты. Қазір ол 102.0 FM жиілігінде тәулігіне 17 сағат хабар таратып отыр. 80 жыл бұрын сол кездегі Гурьев халқына алғашқы жаңалық таратқан бұл медиа-мекеме бүгінде заман сұранысына сай жаңа технологиямен жабдықталған. Елдегі саяси-экономикалық, төтенше жағдайлар кезінде дереу үн қосып, халыққа жедел ақпарат таратып, қоғамда оң пікір қалыптасуына ықпал етіп отыр.
Қазір кеңейтілген диапазонды 1000 киловаттық жаңа радиотаратқыш іске қосылып радиотолқынның таралу аймағы 60 шақырымға дейін кеңейді.Сонымен қатар 101,0 Қазақ радиосы, 101,6 Радио Дача, 102,8 Шалқар радиосы, 103,6 Тандем радиосы, 104,4 NS радиосы, 104,8 Lux FM, 105,2 Русское радио Азия, 105,7 Восток FM, 106,2 Дала FM, 106,8 Европа+ Казахстан, 107,2 Жұлдыз FM, 107,7 Авторадио Казахстан т.б. жұмыс жасайды.
## Қаланың назар аударарлық орындары
* Иманғали мешіті
* Успен шіркеуі
* Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткіші
* Сұлтан Бейбарыс ескерткіші
* Атырау облыстық өлкетану мұражайы
* Хиуаз Доспанова ескерткіші
* Исатай-Махамбет ескерткіші
## Атырау қаласының суреттері
*
*
*
*
*
## Белгілі тұлғалар
* Болат Жамитұлы Өтемұратов - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы
* Тимур Нұрбақытұлы Бекмамбетoв - кинорежиссер, клипмейкер , продюсер
* Ғани Есенкелдіұлы Қасымов- Қазақстан патриоттары партиясының төрағасы
* Аркадий Юрьевич Волож - Яндекс компаниясының бас директоры
* Фариза Оңғарсынова - ақын, халық жазушысы, журналист
## Бауырлас қалалары
* Ақтау, Қазақстан
* Орал, Қазақстан
* Ақтөбе, Қазақстан
* Астрахан, Ресей
* Сыктывкар, Ресей
* Ашдод, Израиль
* Абердин, Құрама Патшалық
## Тағы қараңыз
* Атырау облысы
* Атырау аграрлы техникалық колледжі
* Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
* Атырау мұнай және газ университеті
* Атырау университеті
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Атырау облысы әкімдігінің ресми сайты Мұрағатталған 7 қазанның 2014 жылы.
* Atyrau City ақпараттық-танымдық торабы Мұрағатталған 24 тамыздың 2006 жылы.
* Облыстық "Атырау" газеті |
Қазақстан Республикасының ордендері, құрмет атақтары мен медальдар жүйесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 заңынан бастау алады. Марапаттар уақыт өте келе өзгертіліп, толықтырылды.
## Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлерi
## Ордендер
## Дереккөздер |
Туұлы Бумын қаған (490 – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Түрік қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі.
## Қайраткерлігі
Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жужан қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.
Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясынан елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз. Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты түрде, осы елшілер келген "да тун" жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545 жылдан бастайды.
Елшінің келген мақсаты түркілердің Батыс Вей империясының бақталасы Шығыс Вей империясының одақтасы болып отырған Жужан мемлекетіне қарсы қойып, қарсыластар күшін әлсірету әрі оларды күресте өздерінің жақтасы ету болатын. Бумынның аса ірі саясаткер, көреген басшы екенін танытатын тұс та, міне, осы кез. Ол алып империяның айдапсалына елігіп, билікке таласушылардың қолшоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе біледі.
Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткізген тапшы деректер осыны дәлелдейді. Ол Батыс Вей секілді империяның қолдауын пайдаланып қалайын деп, телылар сияқты жанталасып, бірден атқа қонбайды. Батыс Вейдің елшісі кеткеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар жағдайды өз адамдары арқылы толық біліп алады. Күресте көмектеседі деген империясының өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азаттық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайында қыздырманың тіліне еріп, қарсы шыққанменен, дәуірлеп тұрған жужандарды жеңуге шамасы жетпейтінін түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жужандарға қарсы жорыққа аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, оларға тосыннан тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады.
Бұл ретте «Жыу кітабы» (Жыушу): «Осы кезде (546 ж.) телылар жужандарға қарсы жаза жорығына шығады. Тумын (Бумын) өзіне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді.
Осылайша еліне ел қосып, жауынгерлер санын көбейтіп, әскери қуатын нығайтып алғаннан кейін барып, ол жужандарға қарсы шығудың әрекетіне көшеді. Онда да өзі бірден тиіспей, жужандардың өзін соғысуға мәжбүрлейді. Жужан мемлекетінің билеушісі Анағұйға қызын өзіне әйелдікке беруді сұрап, елшісін жібереді. Бұл сол кездің дипломатиясында: «менің енді сенімен терезем тең. Менімен санасуға тиістісің» дегенді білдіретін еді. Бұған, әрине, Анағұй келісе алмады, тас талқан болып ашуланып, Бумынды балағаттап, «Сен менің темірші құлымсың, бұлай істеуге қалай батылың барады» деп, арнайы шапқыншысын жібереді.
Бумынның күткені де осы еді. Дәстүр бойынша, енді оның қорланған жан есебінде не істеймін десе де еркі бар, халықтың толық қолдауына ие болады. Осыны қапысыз пайдаланған Бумын өшпенділікті одан әрі өршіте түсу үшін Анагүйдің шапқыншысының басын алуға әмір береді. Қаған шапқыншысын өлтіру бұл дағы соғыс ашудың бір сылтауы болатын.
Ақыры фи ди жылнамасының бірінші жылының (552ж.) бірінші айында Хуәй хуанның терістігіндегі кең жазықта жужандар мен түркі әскері шешуші айқасқа шықты. Осы шайқасқа жеті жыл бойы қапысыз дайындалған Бумын ашудың жетегінде асығыс жиналған жужан әскерінің тас талқанын шығарды. Ойсырай жеңілген Анағұй өзіне-өзі қол жұмсады. Сөйтіп байтақ далада бір жарым ғасыр бойы дара билік жүргізген Жужан қағандығы құлады. Оның орнына кейін Ұлы Далаға бірнеше ғасыр бойы үстемдігін жүргізген атақты Түркі қағанаты орнады.
Түркі елі жиналып, Бумынды ақ киізге көтеріп, «Елхан» деп жариялады. Әйеліне «Ел Білге қатын» деген атақ берді. Бірақ Бумын қаған өзі орнатқан қағанаттың дәуірлеп дүркірегенін көре алмады. 553 жылдың қозы айында өз ажалынан қайтыс болды.
## Дереккөздер |
Жанболатов, Сұлтан Рамазанұлы (қыт. 苏丹。张波拉托夫, 苏丹·张波拉托夫) — ғалым, мемлекет және мәдениет қайраткері, жазушы (қалам аты — Асан Шат пен Шөкен).
## Қысқаша өмірбаяны
1936 ж. қаңтардың 1, ҚХР ШҰАР Шағантоғай ауданының Қаракемер ауылындағы малшы отбасында дүниеге келген, қазақ.
1956 ж. Шинжәң институты физика-математика факултетін, 1961 жылы Чаңчүндегі Жилин (Гирин) университеті физика факултеті радиоэлектроника мамандығын бітірген.
1961—1986 жж. Шинжәң университетінде оқытушы, лектор, Қытай қазақтарынан тұңғыш доцент, кейін келе магистр жетекшісі, кафедраның және информация зертханасының меңгерушісі (жүргізушісі), деканның орынбасары (1980 ж.), проректор (1983 ж.), ҚХР Электроника Қоғамының басалқа мүшесі, ҚХР азұлт жазуындағы информацияларды өңдеу қоғамының төрағасы, ШҰАР Ғылым және техника қауымдастығының тұрақты жорасы, ШҰАР ЖОО кәсіптік қызмет атақтарын аттестаттау комиссиясының бастығы, т.б. қызметтерді өтеген. Радиоэлектроника мамандығын (қазіргі Шинжияң Университеті электроника факультетін) құрып шыққан.
1962—1966 жж. «ұлтшыл, ревизионист», «шетелге қашқанның ұлы», «ақ маман» сияқты «бөріктермен» көрген саяси қақпайы «Мәдениет төнкерісінде» (1966—1976) айдалу, күреске алыну мен мырза қамаққа асқынған Сөкең, бертінгі Дың Шяупиң саясатынан соң ғана оң көзге түсе бастайды.
1986—1996 жж. ШҰАР оқу-ағарту комитеті төрағасының (білім минстрінің) орынбасары, Оқу-ағартуды зерттеу институтының профессоры (1988 ж.), ШҰАР дың төтенше үлесі бар маманы (1990), бұған қоса Чяугуаң шығыс ғылымы мен мәдениеті академиясының мүшесі, ЖОО ларда білім беруді зерделеу институтының директоры мен аға зерттермені.
1993—2003 жж. 8-ші және 9-ші (екі кезектік) Мемлекеттік Халық Құрылтайының (парламент) депутаты, оның Ұлттар Комиссиясының мүшесі болды.
## Әдебиеттері
«Компютер», т.б. кітаптары жарық көрген.
С.Р. Жанболатов 1986 ж. кейін (лабораториядан қол үзіп, техникалық мамандығын жалғастыру мүмкіндігінен айрылған соң) біржолата көркем әдебиетке бұрылады.
«Үйсін Хикаясы» атты трилогиясы — «Елжау Күнби», «Саншора Күнби» және «Оңғай Күнби» атты төрт томнан тұратын үш романы жарық көрді және ҚХР да мемлекеттік, ШҰАР-дық үздік сыйлықтарға ие болды. Сұлтанның бұдан басқа, «Таластағы жанталас», "Аруақтар арасында" секілді повестері, бес томдық мақалалар (монографиялық еңбектер) топтамасы, сондай-ақ очерктері мен әңгімелер жинақтары бар.
2006 - 2013жж. «Біз» дейтін трилогиясы ("Ес кіру", "Ес шығу", "Ес жию" дейтін үш романы), "Ежелгі ұлыс тарихы" атты тарихи зерттеу кітабы жарық көрді. "Атлах-Талас шайқасы" дейтін тарихи деректі жаңа романы баспаға ұсынулы.
Ол Қазақстан, Қытай және ШҰАР жазушылар одақтарының мүшесі.
## Марапаттары
Азұлт жазуларын компьютерде біржақты ету жүйесін жаратып, «Техникалық Прогрес» сыйлығын алған.
2001 ж. Қазақстанның тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бекітуі арқылы мерекелік медальмен марапатталған.
2004 ж. ол тағы «Тяншян» әдебиет-өңер силығының ең жоғарғысы «Үлес» сыйлығымен марапатталды.2007 ж. ҚР Президентінің бекітуімен достық орденін алды.
## Жанұя жағдайы
Жұбайы — Ғайынжамал Нүркеқызы, ұлы — Ержан, қызы — Баян (күйеуі — Қасым Қалбанов)
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми блогі(қолжетпейтін сілтеме) |
Мағриб (المغرب العربي l-Maġrib al-ʿArabī) — Солтүстік-Батыс Африка өңірінің дәстүрлі аты.
## Тарихы
Бұл атау араб тілінде осы күнге дейін сақталған. Әлі күнге дейін араб тілінде Марокконы осылай атайды. Дәстүр бойынша, Мағриб оңтүстігінде Сахара Атласы мен солтүстігінде Атлантика немесе Жерорта теңізі жағалауы арасындағы жерді, яғни Марокко, Алжир мен Тунистің солтүстік бөліктерін атайды.
Қазіргі уақытта Мағриб ұғымы саясатта кең мағынаға ие болды (Үлкен Мағриб деп аталатын) және оған (батыстан шығысқа қарай): Батыс Сахара, Мауритания, Марокко, Алжир, Тунис, Ливия кіреді. Орта ғасырларда «Мағриб» ұғымына мұсылмандық Испания (Андалусия) және Жерорта теңізінің батыс бөлігіндегі (Балеар аралдары, Сардиния, Сицилия) бұрынғы Араб халифатының басқа да иеліктері кірді.
Бұл мемлекеттер арабтардың жаулап алу кезеңінде «әл-Мағриб» жалпы атауын алды. Араб тілінен аударғанда әл-Мағриб - «күн бататын ел» немесе «Батыс». Әл-Машрыққа қарсы тұжырымдама, яғни «Шығыс».
1956 жылы Марокко мен Тунис тәуелсіздік алғаннан кейін Марокко королі V Мұхаммед пен Тунис премьер-министрі Хабиб Бургиба «Ұлы Араб Мағрибі» аймақтық бірлестігін құру идеясын ұсынды.
Танжерде (1958) және Рабатта (1963) бірқатар Мағриб елдерінің конференциялары бірігу мәселесі бойынша өткізілді.
Марокко, Алжир, Тунис, Ливия экономика министрлері кіретін Мағриб елдерінің тұрақты кеңес беру комитеті 1964 жылы құрылды. 1964-1968 жылдары комитет жанынан салалық комиссиялар құрылып, Мағриб елдері арасында экономиканың түрлі салаларында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Ливия 1970 жылы Мағрибтің барлық аймақтық ұйымдарынан шықты. Сол жылдан бастап Мауритания комитетке бақылаушы ретінде қатысады.
Мағриб елдерінің халықтары көптеген ғасырлар бойы жаулап алушыларға қарсы күресіп, өздерінің саяси және экономикалық мүдделерін қорғады. Берберлер, римдік оккупация, романдану, вандалдар, Византия, арабтар, түріктер, француздардың отарлық билігі - осының бәрі осы аймақтың ұзақ және күрделі тарихының парақтары. Мағриб елдерінің тәуелсіздік алуы осы мемлекеттердің дамуында жаңа кезең ашты.
1989 жылы ақпанда Алжир, Марокко, Тунис, Ливия және Мауритания басшылары жаңа аймақтық саяси және әкімшілік ұйым - Араб Мағриб Одағын (АМО) құру туралы келісімге қол қойды.
## Әдебиет
* Апродов В. А. Шығыс Мағрибтің мыңжылдығы / Е. С. Голубцова — Мәскеу: Наука, 1976. — 152 б. — (Әлемдік мәдениет тарихынан). — 42000 таралым. |
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866(18660305), Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі — 27 қыркүйек 1937, Мәскеу)— қазақтың мемлекет қайраткері. Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
## Өмірбаяны
Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Барақ сұлтан. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Барақ сұлтанның баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.
1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Дала генерал-губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.
### Саяси қызметі
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә.Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен 3 ай Павлодар абақтысында отырды.
Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде; 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
1909-1917 жылдары «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.
1911-1914 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.
Бар күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
### Алаш Орда
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылғы тамызда қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
1989 жылғы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.
## Ғылыми еңбектері
XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 жылы көрнекті ғалымдардың ықпалымен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды.
Әлихан Нұрмұхамедұлы «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.
## Әлихан туралы
### Зерттеулер
2009–2013 жылдары Ә. Бөкейханның 9 томдық толық шығармалар жинағы шықты. 2011 жылы Әлихан Бөкейханның 145-жылдық мерейтойына байланысты 15 томдық шығармаларының толық жинағы жарық көрді. Оған мақалалары, очерктері, хаттары, жеке іс қағаздары, саяси сатиралары, ғылыми және көркем аудармалары, т.б. кірді. Басылым 2011-2018 жылға дейін жалғасты.
### Атаулар
1992 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен ол туған ауылға Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.
### Фильмдер
1994 — «Алаш туралы сөз»режиссері: Қалила УмаровЖанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
2009 — «Алашорда» режиссері: Қалила УмаровЖанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм”.
### Әдебиеттер
* Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Телехабар] / Қ. Мұхамедханов. - Семипалатинск телевидениесі, 1989. - 20 июнь. - Машинкамен терілген 14 парақ. - Телехабар авторы және жүргізушісі Қ.Мұхамедханов.
* Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов // Семей таңы. - 1990. - 17 қаңтар. - Б. 3-4; Қазақ әдебиеті. - 1990. - 8 маусым - Б. 10-11; 15 маусым - Б. 10-11.
* Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Телехабар] / Қ. Мұхамедханов. - Семипалатинск телевидениесі, 1991. - 28 октябрь. - 40 п. мәтін, фотосуреттер, құжаттар т.б. - Телехабар авторы және жүргізушісі Қ.Мұхамедханов.
* Мұхамедханов, Қ. Әлихан Бөкейхановтың Абай туралы мақалалары (1903, 1905, 1907 ж.ж) [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов // Абай. - 1992. - №2. - Б. 23-27.
* Мұқаметханов, Қ. Әлихан Бөкейханов [Мәтін] / Қ. Мұхамедханұлы [Мұхамедханов] // Абай : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы : Атамұра, 1995. - Б. 166 -167.
* Мұхамедханов, Қ. Абай мұрагерлері [Мәтін] Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Атамұра, 1995. - 208 б.
* Мұхамедханұлы, Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Әлихан Бөкейханов [Мәтін] / Қ. Мұхамедханұлы [Мұхамедханов] // Түркістан. - 1995. - 9 тамыз. - Б. 1.
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер |
«Достық» орденi — 1995 жылы белгіленген Қазақстан Республикасының лауазымды марапаты.
Орденмен азаматтар қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipreн еңбегі үшін марапатталады.
«Достық» ордені eкi айырымнан: I дәрежелі «Достық» ордені жұлдыздан және иыққа acaтын лeнтaдaғы opдeннiң бeлгiciнeн тұpaды.
## Галерея
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
## Дереккөздер |
Республикалық маңызы бар қала — Қазақстан Республикасының жоғарғы басқару орындарына тікелей бағынышты (Астана, Байқоңыр) және халқы 1 миллионан астам мегаполис (Алматы, Шымкент) қала.
## Республикалық маңызы бар қалалар тізімі
* Астана
* Алматы
* Байқоңыр
* Шымкент
## Түсініктемелер |
Әбікен Хасенов (1897, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы - 30.10.1958, Алматы) - қазақтың күйші-домбырашысы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі (1945).
Домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен, немере ағасы Мақаш Садуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы болды. Кейіннен ол белгілі күйші-домбырашылар Баубек пен Қыздарбектен Тәттімбеттің күйлерін үйренеді.
* 1934 жылдан қазіргі Қазақ академиялық драма театрында қызмет етті. Xасенов театр сахнасында Құнанбай (М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайында"), Қараменде (Әуезовтің "Еңлік - Кебегінде"), Қодар, Балта (Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Мұса (С.Мұқановтың "Шоқан Уәлихановында"), Тайман (Ә.Тәжібаевтың "Майрасында"), т.б. образдар жасады. Сонымен қатар ол Тәттімбеттің "Сарыжайлау", "Көкейкесті", "Сылқылдақ", "Бес төре", "Азамат", "Қосбасар" (бірнеше түрі), т.б. күйлері пластинкаға түсірілді. Оның өзі шығарған "Қоңыр" атты күйі бар.
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Кәрсон бұтағынан шыққан.
Ол дәстүрлі музыкалық ортада, күй өнерін құрметтейтін қадірлей білетін елде өсті. Оның алғашқы ұстазы өз ағасы Мақаш. Аттары аңыз болған домбырашылар Баубек, Қыздарбек, Әбді, Ақмолда, Итаяқтардың есімдері елге кең жайылған аса қадірлі қасиетті өнерпаздар осында өмір сүрді.
1934 жылы Әбікен қазақ әдебиетінің классигі жазушы Сәкен Сейфуллиннің көмегі тиіп Қазақтың драма театрына жұмысқа алынып өмірінің соңына дейін сонда істейді. Әбікен көптеген батырлар мен билердің бейнесін сахнаға шығарды.
Бірақ Әбікен өміріндегі ерекше орын алатын қасиеті әрине күйшілігі. Оның домбырасының қоңыр үні жүректегі қыл сезімдерді қозғап көңілдегі шерді дөп басатын сиқырлы сазымен со кездегі қазақтың зиялы қауымының әртістерінің ақын-жазушыларының ғалымдарының ұйып тыңдайтын көңілдерінің қошы бола білді. Бақытымызға орай Әбікеннің көзі тірісінде оның орындауындағы Тәттімбет пен Әбдінің күйлері саз табақшасына түсіріліп, өзі шығарған «Қоңыр» күйіне ән де жазылып қалды.
## Дереккөздер |
Аман Ғұмырұлы Төлеев (орыс. Аман Гумирович Тулеев, тат. Әман Гомәр улы Түлиев, туған аты-жөні Аманкелді Молдағазыұлы Төлеев; 13 мамыр 1944 жыл Красноводск, Түрікмен КСР – 20 қараша 2023 жыл, Кемерово, Кемерово облысы) — ресейлік саяси қайраткер, Біртұтас Ресей саяси партиясы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Кузбасс облыстық кәсіптік білім беруді дамыту институтының ректоры, технология ғылымының докторы (2000).
Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.
## Өмірбаяны
Жаңасібір темір жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемерово облысында темір жолшы болып бастады. 1967 – 73 жылдары Новокузнецкідегі Мундыбаш станциясында кезекші, бастықтың көмекшісі, станция бастығы, 1973 – 1985 жылдары Междуреченск темір жол станциясының бастығы, Кемерово темір жолының Новокузнецк бөлімшесі бастығының орынбасары, бөлімше бастығы, 1985 – 1988 жылдары Кемерово облыстық партия комитетінде көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі, 1988 – 1990 жылдары Кемерово темір жолының бастығы болды. 1990 – 1993 жылдары РКФСР (кейінгі РФ) Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кемерово облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1994 – 1996 жылдары Кемерово облыстық заң шығарушы жиналыстың төрағасы, 1996 – 1997 жылдары РФ-ның ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Кемерово облысының губернаторы. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ Президенттігіне кандидат болып тіркелді.
Төлеев “Долгое эхо путча” (1992), “Власть в руках человека и ... человек в руках власти” (1993), “На изломах жизни...” (1993), “Цена иллюзий” (1995), “Отечество – боль моя” (1995), “Судите сами” (1996) атты кітаптарын жазған. Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның, Беларусьтің, Моңғолияның көптеген ордендерімен марапатталған. Саяси тұлға ретінде бірнеше рет Қазақстанда ресми сапармен болып қайтқан.
## Дереккөздер |
Сырбай Мәуленов (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын.
Арғын тайпасының Шақшақ руының Аю бөлімінен шыққан.Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы . Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 —1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының,1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 ж. "Таңдамалы шығармалары", "Алтын тасқын" 1-т. 1981, "Өлеңдері" 2т.-1983; "Өлеңдері", 3т. 1984 жарияланады. Мәуленов — белгілі журналист бола отырып мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды.
Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Сырбай Мәуленов Әдебиет порталында
* Сырбай Мәуленов шығармаларының жанрлық ерекшелігі |
Миқұрт немесе менингит — бұл халық арасында көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы, мұнымен көбінесе балалар ауырады. Ол басқа аурулардың, шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Оның неше түрлi кезеңiмен көптеген адамдар ауырады.
Ертеде бұл аурумен науқастанған жан ем табылмауы себептi көп өмiр сүрмеген. Ал, бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен құлантаза айығып кететiн адамдар саны артып келедi.
Көбiне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды.
Ең алғаш рет оған қарсы емдiк препаратты 1887 жылы А. Вейксельбаум ойлап тапқан болатын.
Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi.
Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде менингиттiң жүйке жүйесiне әсер ететiн түрiне шалдыққандардың 20 пайызы өз өмiрiмен қоштасады.
Менингиттiң туындауы — адамдардың тығыз орналасуынан, тазалық сақтамаудан, сонымен қатар, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан.
Сондай-ақ, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен де пайда болады.
## Аурудың барысы
Ауру бастапқы кезеңде екi түрге бөлiнедi. Жедел және созылмалы болатын бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын менингиальдық синдромы.
Аурудың алғашқы белгiлерi — ауру жұққаннан кейiн 10-12 күннен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерiлу, дауыс қарлығып, өңi бозару секiлдi инкубациялық кезең өтiп, денеде қызғылт түстi дақтар пайда болады. Дене қызуы 40-қа жоғарылап, бұлшық еттер тырыса бастайды. Дер кезiнде емделмесе көп жағдайда сал болып қалуы да мүмкiн. Жарыққа қарай алмай, қатты дауыстан қорқып, есiнен адаса бастайды. Бұл белгi iрiңдi менингитте орын алады.
Менингит — құрт ауруының түрi — науқастан әл кетiп, шаршап, тез терлеп, дене қызуы көтерiлiп ұзақ уақыт жүредi. Бас сүйек iшiндегi қан қысымы ұлғайғанда барып анықталады.
## Белгілері
* Жоғары температура;
* Бастың қатты ауыруы;
* Мойынның шалқаюы. Баланың өңі кірмейді, сұлық жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды.
* Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай, бала басын тізесінің арасына келтіре де алмайды;
* Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі (томпайып кетеді);
* Менингит кезінде құсу — осы ауруға тән құбылыс;
* Кішкентай балаларда менингиттің алғашқы кезеңінде анықтау қиын. Бала түсініксіз жағдайда, тіпті анасы емізгенде де жылай береді («менингит жылауы»). Немесе бала ұйықтай береді;
* Кейде талып қалады (тырысу), немесе дене қозғалысы да бір түрлі болып өзгереді;
* Көбінесе баланың жағдайы бірте-бірте нашарлай бастайды, ол мүлде есінен танған кезде ғана тынышталады;
* Туберкулез менингиті өте жай өрбиді, ол талай күндерге немесе апталарға созылады. Бұл аурудың басқа формалары анагұрлым тез — сағаттар немесе күндер аралығында өршиді.
## Емдеу жолдары
Науқасқа жедел білікті медициналық көмек керсетіңіз — бір минут та кешеуілдетіп тұрмаңыз! Мүмкіндік болса, науқасты ауруханаға жеткізіңіз. Дәрігер келгенге дейін:
* әр 4 сағат сайын 500 мг апмициллин салыңыз. Немесе әр 4 сағат сайын 1 млн ед. панициллин кристаллын салыңыз. Егер мүмкіндік болса, хлорамфеникол да беріңіз;
* Ыстығы жоғары болған жағдайда (40°-тан астам) оны ылғал компресспен немесе ацетаминофенмен не аспиринмен түсіріңіз;
* Егер баланың анасы туберкулезбен ауырса немесе баланың туберкулез менингитімен ауыруы мүмкін деп күдік туғызатын басқа да себептер болса, онда балаға оның салмағының әр 5 килограмына шаққанда 0,2 мг келетіндей етіп стрептомицин шанышыңыз да бірден дәрігер шақырыңыз. Сондай-ақ, егер туберкулездік менингит болмаса, ампициллинді немесе пенициллинді пайдалануға болады.
## Алдын алу
Анасы туберкулезбен ауыратын жаңа туған сәбиде болатын туберкулездік менингиттің алдын алу үшін сәбиге туған кезінде арнаулы вакцина егілуге тиіс. Сәбилер үшін вакцина мелшері — 0,05 мл (қалыпты 0,1 мл мөлшердің жартысы).
## Дереккөздер
* Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.
ISBN 5-615-01453-9
Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет! |
Байлау (салт). «Бері кел, байлан мынаны!» (Ғ.Мүсірепов). Қазақтың мәрттік, мырзалық, азаматтық қасиетін білдіретін салттарының бірі – байлау. Соғып алған аңды кездескен кісіге сыйлау, олжаны, тауып алған дүниені (затты) жанындағы адамға ұсыну ежелден қалыптасқан ұлттық әдет. Бұл салтты бұзу адамгершілік әдебінен аттау ретінде жазаға тартылады, сөгіс жарияланады немесе ел алдында бетке басылады.Дегенмен мұндай жағдайда аңшы адамның алғашқы олжасы болса, ол «байлануға» жатпайды, керісінше оған «құтты болсын» айтады. |
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
## Өмірбаяны
Ол 1931-ші жылы 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ұлы жүз Албан тайпасының Шоған абыз ұрпақтары — Алжан руынан шыққан. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941 жылы Калиниград майданында қаза табады.
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
* 1948–1949 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
* 1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
* 1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
* 1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
* 1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
* 1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
* 1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
* 1960–1962 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
* 1963–1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962–1963 жылдары), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963–1965 жылдары), «Жұлдыз» (1965–1972 жылдары) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972–1973 жылдары) қызмет атқарады.Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
## Поэзиядағы алғашқы қадамдары
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).
### Шығармалары мен аудармалары
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 жылы), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 жылы), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 жылы) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 жылы), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 жылы), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 жылы) қазақ тіліне аударды.
Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971), 8 жыр жинағы “Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976) жарық көрді. У. Уитмен, У. Шекспир, Н.Тихонов, Р. Бернс, Ф. Ансари, А. Акопян, А. Исаакян, Е. Евтушенко, Ф. Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты
### Поэмалары
Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған “Моцарт. Жан азасы” реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. “Табыт үні”, “Халық үні”, “Жесірлер үні”, “Бесік жыры” аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады. Мұқағалидің медитативті лирикасындағы лирик. Мен — өзін-өзі іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, ғаламнан үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, толассыз ізденістегі пәлсапашыл Мен. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, медитация басым. “Өмірдастан” атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психол. шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидің шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Имандылық,ислам діні турасында “Я, Жаратушы Аллам”, “Сатқан емен”, “Дін-ғылымның анасы”, “Я, Алла”, “Бүкіл дүние мұсылмандарына хат”, “Адам қайдан жаралған”, “Жүрек арызы”, “Күн батты, міне, кеш кірді”, “Не керек, осы, адамға”, т.б. өлеңдер жазды. “Сатқан емен, сатпайтын дінімді мен”, “Мұхаммедтің үмбеті-мұсылманмын”, “Сайтанның да, күнәсіз періштенің, Бал мен уын талғамай неге ішкенмін. Періштенің қайғысын бөліспедім, Сайтанменен болса да келіспедім” секілді жыр жолдарында адам табиғатына сай тартыс, пенденің жан тылсымындағы жұмбақ қақтығыстар көрініс тапқан. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұны, пішіні жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағалидің поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді: “Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем”. Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: “О, Муза, маған алыс сөреңді бер, ұайыптан кел де, мені демеп жібер”. Мұқағали адам жанының диалектикасына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейді (“Жапырақ жүрек-жас қайың”). Ол “Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін “адам жанының инженері болып қалу” дегенді ұстанды (Күнделік, 10.2.1976). Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. “Бүкіл менің жазғаным — бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма” дейді ақын. Мұқағалидің адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің “Қош, махаббат” жинағына (1988) әр жылдары жазылған “Құлпытас”, “Марусяның тауы”, “Өзгермепті”, “Әже”, әңгімелері, “Қос қарлығаш”, “Жыл құстары” повестері мен “Қош, махаббат” пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. “Рух және сезім” , “Сезім найзағайы”, “1969 жылғы қазақ поэзиясы“ атты әдеби сын еңбектерінде О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды.
### Өлең үзіндісі
Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:
«...Ақынмын деп қалай мен айта аламын,Халқымның өз айтқанын қайталадым.Күпі киген қазақтың қара өлеңін,Шекпен жауып өзіне қайтарамын, —деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын.Поэзия!Менімен егіз бе едіңСен мені сезесің бе, неге іздедім?Алауыртқан таңдардан сені іздедім,Қарауытқан таулардан сені іздедім.Сені іздедім кездескен адамдардан,Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.Шырақтардан, оттардан, жалауларданСені іздедім жоғалған замандардан...... Сені іздедім.Ӏздеймін тағат бар ма?Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»
Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз... Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.
### Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді
Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды.
Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып К.Сейтова “Мұқағалидың ақындық мұрасы” (1991), К.Хамидуллаев “Мұқағалидың ақындық шеберлігі” (1993), тіл білімінде З.Қазанбаева “М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшеліктері”(1999)], шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала, естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т.б.) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне Н.Тілендиев, Д.Рақышев, Ш.Қалдаяқов, І.Жақанов, А.Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев, Т.Рахимов, М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов, Ә.Тінәлиев, Б.Оралұлы, Т.Досымов, т.б. сазгерлер ән жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. Ал 2008 жылы М.Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды.
1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық). 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтпек. Осы мерекеге орай "Ақын, туған күнінмен!" деген Асқаров Алимжан өлең арнаған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Мұқағали Мақатаев Adebiportal.kz сайтында
* Қазақ поэзиясының символы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны |
Қали Сейілбекұлы Әбдиев (16 желтоқсан, 1956) — Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы.
Ысты руынан шыққан.
## Қысқаша өмірбаяны
* С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университеттін тәмамдаған.
* Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, информатика кафедрасының доценті болған.
* 1997 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің ақпараттық технологияларды дамыту басқармасының бастығы.
* 1998 ж. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттық-есептеу орталығының директоры қызметтерін атқарды.
* 2003 ж. наурызынан Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы.
## Дереккөздер |
Алматы (1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 897 143 адам тұрады (2019). Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді.
## Географиясы
Қаланың аумағы — 682 шаршы километр.
Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-1000 метр жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан.
## Климат
Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы — желсіз тымық ауа-райы және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді. Ең ыстық айлары — шілде мен тамыз болса, ең суық айы — Қаңтар. Орташа жылдық температурасы шамамен 10°С кұрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен -4.7°С, ал шілдеде +23.8°С. Аяз қараша айында басталып, сәуірде аяқталады. Қатты аяз 67 күн болады — 19 желтоқсанда басталып, 23 ақпанда аяқталады. Ыстық күндер температурасы 30 °C дейін — 36 күн болады. Жылы мезгілде шамамен 600-650 мм жауын-шашын жауады.
## Әкімшілік бөлінуі
Алматы қаласы 8 ауданнан тұрады: Алатау ауданы Алмалы ауданы Әуезов ауданы Бостандық ауданы Медеу ауданы Наурызбай ауданы Түрксiб ауданы Жетiсу ауданы
## Билік
Алматының қалалық әкімдігінің басқармалары:
* Қаржы
* Мәдениет
* Денсаулық сақтау
* Сәулет және құрылыс
* Бiлiм
* Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама
* Денешынықтыру және спорт
* Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
* Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
* Табиғи монополиялар қызметін реттеу мен бәсекелестікті қорғау
* Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
* Алматы қаласы табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу
### Қала басшылары
* Байұзаков Х. Б. — (1940—1941)
* Абдықалықов М. — (1941—1942)
* Шәріпов С. — (1942—1943)
* Орехов П. Г. — (1943—1944)
* Милованов К. А. — (1944—1947)
* Айбасов Х. Х. — (1947—1950)
* Іляшев Р. — (1950—1952)
* Шәріпов И. Ш. — (1950—1954)
* Мамонов Ф. А. — (1954—1956)
* Әділов А. А. — (1956—1960)
* Дуйсенов Е. Д. — (1960—1975)
* Аухадиев К. М. — (1975—1978)
* Жақыпов А. Х. — (1978—1980)
* Койчуманов А. Ж. — (1981—1983)
* Құлыбаев А.А. — (1983—1985)
* Нұрқаділов З. К. — (1985—1994)
* Кұлмаханов Ш. Қ. — (1994—1997)
* Храпунов В. В. — (1997—2004)
* Тасмағамбетов И. Н. — (2004—2008)
* Есімов А. С. — (2008—2015.)
* Байбек Б.Қ. — (2015—2019)
* Сағынтаев Б.Ә. — (2019—31 қаңтар 2022)
* Ерболат Асқарбекұлы Досаев (2022 жылғы 31 қаңтардан бастап)
## Халқы
Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2,5 миллионды, ал ресми дерек бойынша Алматыда 1,7 миллионды құрайды.
## Тарихы
Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.
Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы — Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болған. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата, сосын Алматы деп өзгертілді.
Алматы теңіз деңгейінен 650-1200 метр биіктіктегі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар мен жасыл массив қоршаған. Алматы — Еуразия континентінің орталығы. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында.
Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Онда көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін сирек құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарына Алматының мемлекеттік елтаңбасын әшекейлеген барыс жатады. Тау баурайы дәнді дақылдар алқабы, бақша, темекі плантациялары мен жүзімдіктер, жидектер мен жеміс бақшаларына ұласады. Қала территориясының 8 мың га-дан астамын бақшалар, парктер, саябақтар мен бульварлар алады.
Қала 170 шаршы км-ден астам алаңды құрайды. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің алқабында орналасқан. Тау өзендері қаланы сумен қамсыздандырудың басты көзі болып саналады. Алматы 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Астана қаласына көшірілді.
Алматы — елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды.
Басты қала құндылықтарының бірі — Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биікте орналасқан. Көктөбенің басына шығу арқылы қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар.
28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан.
Қасиетті-Вознесенский православтық шіркеуін жергілікті сәулетші А.Зенков бірде-бір шегесіз 1940 жылы құрастырған. Ол әлемдегі ағаштан жасалған ерекше тоғыздықтың бірі болып саналады. Шіркеу 1911 жылы болған Рихтер шкаласы бойынша 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп берген.
Тәуелсіздік монументі — Республика алаңына көрік берген қайталанбас құрылыс. Аталған монументтің авторы — Шота Уәлиханов. Монументтің ұшында барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген. Ал монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.
А.Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей — республикамыздағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық инструменттерін топтастырған Ықылас атындағы ұлттық музей де ерекшелігімен көз тартады.
Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан.
### Көне тарихы
* Б.з.д. 10-9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы болып саналады. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
* Б.з.д. 7 ғ.-б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстардың орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы — Есік қорғаны, онда «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» — шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердің орталығы болған.
* Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған.
* 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхемде алғаш рет қаланың аты аталынады.
* Алматының 2,5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құраған тайпалар мекен еткен Іле Алатауының етегінде Алмату қаласы туралы алғашқы жазба деректер Рашид ад-Диннің шығармаларында кездеседі. Бабыр Шыңғыс хан шапқыншылығынан қираған Алмалык,, Алмату қалалары туралы жазады. Мухаммед Хайдар Дулати және Шараф ад-Дин Йезди өз шығармаларында Алматуды атап кеткен. Археологиялық зерттеулер қазіргі Алматының орнында ертеректе сақтар, кейінірек үйсін, орта ғасырларда дулат тайпалары өмір кешкен елді мекендер мен қалашықтар, Алмалық пен Алмату қалалары (екеуі екібасқа қала) болғандығын дәлелдеп отыр. Бұл қалалардың қираған құрылыстарын 1251-59 жылы француз королі IX Людвигтің елшісі және Қытай саяхатшысы Чжан Дэ өз көздерімен көргендіктерін жазған. Алмату қаласының аты жазылған күміс ақшалар, сақтардың 25 барыс бейнесімен безендірілген "Жетісу құрбандық табағы", ғажайып "Қарғалы тәтісі" бұл жердің мыңдаған жылдық тарихы бар өркениетті өлкенің орталығы болғандығын көрсетеді.
### Орта ғасырлар
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай. Бүкіл Жетісу жері Моғолстан мемлекетінің территориясында болды
### Қазақ хандығы
1560-1564 жылдары Жетісу жерінде Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының іргесі қаланған жер Алматы маңындағы Қозыбасы деген тау еді. Қазір бұл жер - Алматы облысы, Самсы теміржол бекеті.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті. Зерттеуші М.Тынышпаевтың дерегі бойынша Аңырақай шайқасы туралы дерек Пішпек және Әулиеата уезінің қазақтарының жадында жақсы сақталған.
### Ресей отарлауы
1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталады.
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен таспен ауыстырылды.
1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л.Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц.Гумницкий болды.
1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды.
### КСРО құрамында
* 1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деген жаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін» деген бұйрық шығарды.
* 1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
* 1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-ші бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түрксіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.
* 1930 жылдың 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды қосылды. 1-мамырда Түрксіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.
* 1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.
* 1930-1935 жылдары темірлі құйматастан, күйген кірпіштен құралған, жер сілкінісіне төзімді материадцардан салынған байланыс үйі, ішкі істер министрлігінің клубы,Түрксіб темір жолы басқармасы, "Алатау" кинотеатры, т.б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді.
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
* 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн сом қаржы бөлінді.
Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.
Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.
* 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы м жер берілді, көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.
* Соғыс жылдары Қазақ опера жөне балет театры (1941), ал 1950 жылы Қазақстан ғылым академиясының бас ғимараты мен Үкімет үйін салу қолға алынды.
Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.
* 1949-1950 жылдары Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға алынды.
* «Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жылдары Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы м мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы м баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
### Қайта құру кезеңінде
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.
### Тәуелсіздік кезеңі
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1-шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.
## Экономикасы
Алматы қаласын халықаралық деңгейдегі қаржы орталығына айналдыру үшін атқарылатын жұмыс көп, ол бәсекелестікті күшейту, бәсекелестік орта қалыптастыру. Жекелеген компаниялардан, жеке тұлғалардан бағалы қағаздар нарығын дамытуға қаржы көздерін тарту, Алматы қаласының қаржы орталығы болуы үшін инфроқұрылымын дамыту және жаңарту, халықтың қаржымен жұмыс жасау жөніндегі мәдениетін арттыру, қолайлы инвестициялық жағдай жасауды жалғастыру, қор нарығына жаңа эмитенттер тарту, қор нарығын дамыту үшін мемлекеттік үстемелеуді жалғастыру, бағалы қағаздар нарығын дамыту, Қазақстанда іскерлік белсенділікті арттыру және т.б. ауқымды істерді жүзеге асыру. Бұл түйткілді мәселелер Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2011-ші жылға дейін жасаған стратегиялық жоспарында кеңінен айтылып кеткен. Үлкен жобаны іске асыру жолында ең үлкен мәселелердің қатарына елде белең алған жемқорлықпен күресті күшейту, сот жүйесінің ашықтығын, тәуелсіздігін арттыру жұмыстарын кеңейту, сапалы мамандарды дайындау секілді түйткілді мәселелерді шешуіміз керек. Ұлттық қор нарығын дамыту біздің еліміз үшін ішкі қаржыландыру көздерін табудың үлкен балама шешімі болмақ.
2010 жыл нәтижесі бойынша Алматы бюджеті 5 млрд АҚШ долларынан асқан.
## Өнеркәсібі
2021 ж. мәліметі бойынша, қала аумағында 1749 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. 2019 жылы Алматының жалпы өңірлік өнімі 13 триллион 459 миллион теңге құрады. Бұл елдегі жалпы ішкі өнімнің 20,9 пайызын құрайды. Адам басына щаққанда 6 миллион 913 мың теңге құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы ел аумағында Батыс Қазақстан облысынан кейін екінші орында.
2004 жылы қалада жалпы құны 169563,2 млн теңге өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл 2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда 113,4% құрады, ал қаржылық емес сектор бойынша 168274,7 млн теңге - 113,4%.
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша өндірілген өнімнің көлемі есеп беру кезеңіне 156311,8 млн теңгеге жетті, физикалық көлемінің индексі 116,6% құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады. Тау-кен өнеркәсібінің үлесі - 0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру, газ және су үлесі −7,7%.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар:
* Азық-түлік өнеркәсібі - 38,0%;
* Көлік жасау - 15,4%;
* Целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп және баспа ісі - 10,3%;
* Кен өнеркәсібі - 10,3%;
* Құрылыс заттарын өндіру - 7,6%
Жалпы қала бойынша өнімнің 63,7% азық-түлік саласына, целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп пен баспа ісі, көлік жасау салаларына келеді.
2004 жылы өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың саны 48750 адам болды. Орта айлық табыс 2003 жылмен салыстырғанда 19,9% өсіп, 36,1 мың теңгені құрады.
2004 жылы қаланың өнеркәсіп орындарында өндірістің дамуына, негізінен, жаңа құрал-жабдық, жаңа технологиялар алу үшін және өнімнің жаңа түрін өндіруге 15,0 млрд теңге инвестиция салынды.
2004 жылы полиграфиялық өнім, темірден, ағаштан және металлопластикадан жасалатын бұйымдар, сусындар өндіру, сүт өнімдері және т.б. бойынша 44 жаңа өндіріс енгізілді.
35 кәсіпорындарында жаңа технология бағыттары енгізілді және өнімнің жаңа идеялары меңгерілді. Осының барлығы 2004 жылы 2837 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
Қандай да болмасын кәсіпорынның ішкі немесе халықаралық нарығында жетістігін қамтамасыз етудегі негізгі әдіс ИСО 9000 және т.б. сапасындағы менеджмент жүйесін енгізу болып табылады. Бүгінгі күні 54 өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіру жүйелеріне сапа менеджменті жүйесін енгізді.
## Сауда
2004 жылғы тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыруды санамағанда) 428,9 млрд теңгені құрады және 2003 жылға қарағанда 22,2% өсті.
Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы жалпы тауар айналымының 34,4%-ын (130,9 млрд теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың физикалық көлемінің индексі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Тауар айналымының көп бөлігі орта және шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
Жеке меншік кәсіпорындар арқылы сатылған тауар айналымы және киім, аралас, азық-түлік базарларындағы саудадан салық түрінде 419,9 млрд теңге (97,9%) алынды, заңды тұлға және шет ел мемлекеттері азаматтарының қызметінен — 8973,1 млн теңге (2,09%), мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан — 47,2 млн теңге (0,01%) алынды.
Есеп беру кезеңінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен 6754,7 млн теңге көлемінде өнім өткізілген. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 25,0% артық, олардың көп бөлігі шағын және орта кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі. Олардың үлесі тиісінше 45,6 және 44,5%.
Көтерме сауда айналымы 2004 жылы 522,7 млн теңгені құрады. Бұл қазіргі бағада 2003 жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Шағын және орта кәсіпорындар үлесі тиісінше тауар айналымы сәйкесінше — 57,6 және 41,5%.
2005 жылдың 1-қаңтарына қарағандағы мәлімет бойынша, Алматы қаласында 5140 сауда, қоғамдық тамақтандыру және қамтамасыз ету кәсіпорындары бар:
* Өнеркәсіп және азық-түлік тобы - 2922;
* Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары - 1119;
* Тұрмыстық қызмет көрсету - 1021;
* Базарлар - 76.
Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы 69484 адам жұмыс істейді.
## Аймақтық қаржы орталығы
Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған болатын және алғаш рет 2004 жылдың қараша айында Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария етілді.
2005 жылы Қазақстан Үкіметімен Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға қатысқан «Boston Consulting Group Inc.» компаниясы шақырылды.Бұл компанияның басты мақсаты қаржы нарығын дамытуда артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, құрылатын қаржы орталығында құқықтық, инфрақұрылымдық, басқару позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.
Бүгінгі күні эмитенттер, қатысушылар, сондай-ақ, арнайы сауда алаңында Қазақстанның барлық аймақтарынан дара инвесторлар тарту мақсатында Агенттік Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында презентация өткізді. Оның аясында облыс әкімдіктері мен Агенттік арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды. Осы келісімдерге сәйкес 2007 жылдың аяғына дейін әр аймақтан үштен кем емес эмитент тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, Агенттік ААҚО бірнеше шетел, Ұлыбритания, Қытай, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея, Балтық елдерінде, Ресей, Украина және т.б. елдерінде тұсаукесерін өткізді. Осы сапарлардың басты қорытындысы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, атап айтқанда, Лондон, Франкфурт, Гонконг, Сеул және Варшава қор биржаларымен меморандумға қол қою болып табылды. Қол қойылған құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмін әзірлеуге, аталған елдердің қор биржаларымен ААҚО арасында байланыс орнату бойынша нақты іс-әрекетке дайындықты білдіреді.
Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент бар — «Астана-Финанс» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, "Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, «ЭКОТОН+» АҚ, «MAG» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, Kazkommerts International B.V., АО «Kazcat», «Темiрбанк» АҚ, «АТФ-Банк» АҚ және «RESMI COMMERCE» ЖШС. Қор нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15 акция, 40 облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн АҚШ долларын құрады. Акцияның нарықтық капиталдануы 5,3 млрд АҚШ долларын, облигация - 3,6 млрд АҚШ долларын құрайды.
Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының — қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және т.б. компанияларын АСА шығару бойынша келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.
## VII Қысқы Азия Ойындары
VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30-қаңтар мен 7-ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілді және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келгенін атап өту керек.
Алматы қаласының нысандары Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, “Шымбұлақ” биік таулық база. Осы нысандар 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының жарыстарын жүргізуге қызмет етті.
## Мәдениеті
Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапқан. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, "Қазақстан", "Отырар", "Рахат-Палас", "Анкара", "Достық" қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді.
Алматы ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты болды.
* 1929 жылы Алматы зоотех- малдәрігерлік институты,
* 1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты,
* 1931 жылы Қазақ медициналық институты, ал
* 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары Алматыда әр саладағы, әр бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Кейбір институттардың ірі факультеттері жеке институт, университет және академия болып бөлек құрылды. Алматыда Қазақстан ҒА-сы құрылды (1946). Оның тұңғыш президенті болып академик Қ.Сәтпаев сайланды. Алматыда қазақ драма театры, орыс драма театры, балалар мен жасөспірімдер театры, опера және балет театры, ұйғыр және корей музыкалық театрлары, Қазақ мемлекеттік филармониясы, орталық концерт залы сияқты танымал мәдени орталықтар бар.
* 1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық "Азия даусы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды.
* 1994-96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, әл-Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.
## Театрлар
* Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
* Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
* М.Ю.Лермонотов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
* Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және балаларға арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры
* Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театры
* Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры
* Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры
* Республикалық академиялық неміс драма театры
* «ARTиШОК» театры
* Республикалық қуыршақтар театры
### Галерея
*
*
*
*
*
## Мұражайлар
* Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы
* Республикалық кітап мұражайы
* Ықылас Дүкенұлы атындағы музыкалық аспаптар мұражайы
* Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
* Алматы теміржол мұражайы
## Дін
Алматы орталық мешітіАлматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен топтар қызмет етеді. Бұл 1991-жылға қарағанда 10 есе артып, діни бірлестіктер қатары әлі де көбеюде.
Олардың ішінде: Ислам — 38, Орыс православиелік шіркеуі — 14, көне салтшылдар — 2, Ахмадие — 2, Римдік-католиктік шіркеу — 5, Иудейлік дін — 2, Лютерандық шіркеу — 5, Евангельдік мәсіхші-баптистер — 20-ға тарта, Жетінші күннің Адвентистері — 5, Елушілдер — 4, Пресвитериандар, Әдістемешілер және оған жақын бірлестіктер — 40-тан аса, Иегова Куәгерлері — 30-ға тарта, Жаңа апостолдық шіркеу — 2, Біртұтастық шіркеуі — 2, Буддизм — 2, Соңғы өсиет шіркеуі — 1, Харизматикалық бірлестіктер — 16, Иса Пайғамбар шіркеуі — 2, Бахаи — 2, Жаңа ұстаным Бірлестіктері (Кришна Танымы Қоғамы, Вайшнавалар, Шри Чинмоя және т.б.) — 4, Інжіл шіркеуі — 1, эзотерикалықтар (Ұлы Ақ Бауырластық) — 1, Армян-григориандық шіркеуі — 1, Трансцендентальдық медитация — 1, Саентологиялар — 1 және басқалары бар.
Алматыда бірқатар ескі және жаңа республикалық діни орталықтар да қызмет етеді: Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы, Орыс Православиелік шіркеуі Астана-Алматы қалалық епархиясының Епархиалық Басқармасы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігі, Жетінші күннің Адвентистері шіркеуінің оңтүстік юниондық конференциясы (Қазақстан және Орта Азия бойынша), Қазақстандық Мәсіхшілер Орталығы, «Жаңа өмір» Інжіл Орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиялық Мұсылман Жамағаты, сонымен қатар басқа да бірқатар аймақтық орталықтар.
Ислам және Орыс Православиелік шіркеуі діни бірлестіктері ірі орталықтар болып есептеледі, өйткені қазақстандықтардың 95%-дан астамы аталмыш діндердің үлесіне тиеді. Сонымен қатар Римдік-католиктік шіркеудің қызметі де белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ протестанттық ұйымдар ішінен Евангельдік мәсіхші-баптистер бірлестігі, Пресвитериан, Харизматтар және Евангельдік мәсіхшілер, Жетінші күннің Адвентистері, Евангельдік-лютерандық шіркеу қызметтері де біршама қолдауға ие. Алматы қаласында түрлі дәстүрлі діндерден тыс басқа да жаңа діни бірлестіктер (Мысалы, Мун шіркеуі, Виссарион шіркеуі, Кришна санасы қоғамы, вишнуиттер және т.б.) қызметін атқарып жатыр.
Алматы қаласында көптеген діни оқу орындары бар — Ислам мәдениетінің Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Орыс Православиелік шіркеуінің Алматы епархиалдық училищесі, Алматы пресвитериандық діни Академиясы, Қазақстандық пресвитериандық діни семинариясы, «Агапе» және «Жаңа өмір» інжіл колледждері, Жетінші күннің Адвентистері Заок Діни Академясының Алматыдағы бөлімшесі, барлығы 10-нан астам оқу орны.
Алматы қаласында мынадай діни басылымдар жарық көреді: «Ислам Әлемі», «Шапағат Нұр», «Қазақстандағы Православие Нұры», «Веди», «Жаңа Өмір», «Хабаршы», «Шолом Алейхем» және т.б.
Қалада 87 діни ғимарат пен құрылыс объектілері орналасқан. Олар діни дәстүрлерді ұстану мен жүзеге асыру үшін ашылған. Мысалы, қаланың Орталық Мешіті, Әулие Вознесендік Кафедралды соборы, (тарихи және мәдени ескерткіштер), Сұлтан-Қорғандағы мешіт ғимараты, Әулие-Қазан шіркеуі, Әулие Үштік католиктік храмының ғимараты, алуан түрлі мінәжат үйлері, «Менахем Үйі» — Хабад-Любавич Қазақстандық Еврей орталығы және т.б. Сонымен қатар барлық дін өкілдерінің соңғы сапарға аттандыру салттарын ұстанатын бірлестіктер бар.
Діни бірлестіктердің қалыпты қызмет етуіне қалалық және аудандық әкімшіліктер тарапынан әрдайым көмек көрсетіледі: діни ғимараттардың құрылысына арнайы жер учаскелері бөлінеді, жергілікті бірлестіктерде қызмет ететін шет елдік өкілдердің білім деңгейін тексеру жүргізіледі, қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда да бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал етіледі.
## Транспорт
### Алматы көшелері
Қазақстан Республикасы КСРО-дан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан аумағында көптеген орыс тіліндегі көшелер мен мектептер және тағыда басқа ұйым атаулары қазақ тіліні аударылды. Қазіргі таңда Алматы қаласында 1000 жуық көше бар. Ол көшелерді келесі мақаладан қарауларыңызға болады немесе Алматы көшелері деген сілтемені басуыңызға болады.
### Автобус, троллейбус, трамвай, такси
Алматы қаласында жолаушыларды және жүк тасымалдайтын қалалық бағыттарда 24 тасымалдаушы және өздері 2000 автобус, 46 трамвайлар, 191 троллейбустарды басқарумен «Алматыэлектротранс» МКК айналысады.
Алматы қаласының бағыттық желісіне 131 бағдар қосылған, олардың ішінде 119 автобус, 10 троллейбустық және 2 трамвайлық бағдар, 1884 автобустар, 28 трамвайлар жұмыс істейді. 2009 жылы 4 бағдар ашылды: №1 троллейбустық парктің №16 бағдарына қозғалыс орнатылған және №15,18 және 122 автобустық бағыттар ашылды және 20 бағдардың қозғалыс сызбасында өзгерістер болды. 33 автобустық бағдарды қамтамасыз ету құқығына 2 байқау өткізілді және байқау нәтижесі бойынша 10 тасымалдаушыға 18 бағдарды қамтамасыз ету құқығына куәлік тапсырылды. Қалған бағдарлардағы үміткерлердің қызметі қанағаттанарлықсыз деп табылды және бұл бағдарларға жаңа байқау өткізілетін болады.
Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында жеке қаржыларына 98 бірлікте жаңа автобустар және екінші нарықтан 72 автобус алынған, 170 автобустың барлығы Euro – II стандартқа сәйкес.
Қалада таксомоторлы тасымалдаушылар 487 а/м 9 тасымалдаушы іске қосылған. Барлық таксилер радиобайланыспен жабдықталған, олардың ішінде 105 газбен жүреді. Биылғы жылы таксилердің жұмыстарын бірыңғайлау бойынша жұмыстар жалғастырылуда: қала бойынша жолаушыларды тасымалдайтын таксилерге бірыңғай тарифтер және бірыңғай түсті гаммалар бекітілді, таксилерге таксометрлер орнату және әрбір тасымалдаушыға логотиптер орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жолаушыларды тасымалдау жұмыстарына жүргізілген тексерудің нәтижесінде 2009 жылдың 9 айында 101,6% ға жоғарылаған, 2308 млн адамды құраған, оның ішінде:
* автобуспен – 1678 млн жолаушы.
* электрокөлікпен – 12 млн жолаушы.
* таксимен – 486 млн жолаушы.
Көліктердің жұмыстарын бақылаумен қамтамасыз ету үшін рейттік тексерулер жүргізіліп отырады. Жыл басынан бері барлығы 28 рейд жүргізілген, оның ішінде екі рейд БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізілді және нәтижесі БАҚ жарияланды. Рейд барысында 4220 тәртіп бұзушылық анықталды: 4102 тәртіп бұзушылық жағдай жол қозғалысының Ережесін бұзғаны үшін, оның ішінде 24 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін, 33 салық заңнамасын бұзғаны үшін, 67 жолаушыларды және жүкті тасмалдау Ережесін бұзғаны үшін айыпталды.
Жолаушыларды тасмалдау жүйесіне шұғыл ықпал ету мақсатында муниципалды автопарк жобасын басқару жүзеге асырылуда. Аталған жоба сауатты бәсекелестікті құруға және ұқыпсыздықты жоюға және әлсіз менеджментпен тасымалдаушылардың жағдайларын ашуға және сервистердің сапасыздығын тексеруге мүмкіндік береді.
### Метрополитен
Алматының метро құрылысы 1988 ж. басталған еді. Алайда Кеңес Одағының ыдырауынан метро құрылысы тоқтатылып, тек тәуелсіздік алғаннан кейін 2003 жылдан бастап метро құрылысына ақша бөле бастайды. 2011 ж. 1 желтоқсанда Алматы метросы салтанатты түрде ашылды. Бұл метрополитен техникалық және әрлендіру жағынан ТМД елдері арасынан ең үздік болып саналады. Ұзындығы 11,3 км. құрайтын алғашқы бағыт 9 бекеттен тұрады. Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 16-шы метрополитен.
### Жол желісі
2007 жылы 10 жаңа транспорттық көлік түйіні салынды, сол сияқты ШААЖ (Шығыс Айналма Автокөлік Жолы) салына бастады. 2008 жылы тағы да 3 түйін жол салынды және 2007 жылы басталған екі жолдың құрылысы аяқталды.
6-жолақты ұзындығы 64,85 км айналма жол - Үлкен Алматылық шеңберлі автокөлік жолын салу жоспарлануда. Осыған қоса 14 көпір, 8 қосмөлшерлі транспорттық көлік түйінін салу да жоспарланып отыр.
Әлемдік дағдарыстың әсерінен 2009 жылдың тамызында Алматы қаласының әкімінің ұйғаруымен ҮАШЖ-ның құрылысы белгісіз уақытқа дейін тоқтатылды.
Қазіргі таңда 28 көлік түйіні бар
### Әуежай
Халықаралық Алматы әуежайы (ағылш. Almaty International Airport) Қазақстандағы ең үлкен әуежай. Ол Алматы Орталығынан 18 километр қашықтықта орналасқан. Әуежай арқылы Қазақстан бойынша жолаушылардың жартысы мен жүктірдің 68% өтеді. 2008 жылы әуежай 2.5 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен (2005 жылмен салыстырғанда 23%тік өсім).
### Теміржол
Алматыда екі темір жол вокзалы бар: Алматы-1 және Алматы-2. Алматы-1 транзиттік вокзал. Ол Орталық Азиямен Ресейдің сібір облыстарын байланыстырады. Ал Алматы-2 қалалық вокзалы қаланың орталығында орналасқан.
## Алматы суреттері
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Бауырлас қалалары
* Жидда, Сауд Арабиясы
* Ыстанбұл, Түркия
* Ренн, Франция
* Тэгу, Корея Республикасы (26 қараша 1990)
* Тусон, Аризона, АҚШ
* Санкт-Петербург, Ресей
* Мәскеу, Ресей
* Минск, Беларусь
* Киев, Украина
* Берлин, Германия
* Үрімші, Қытай
* Вильнюс, Литва
## Тағы қараңыз
* Алматы қаласындағы көшелердің тізімі
* Алматы қаласының экологиясы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2011 жылы.
* MyCity.kz — Интерактивная карта Алматы с поиском и каталогом предприятий Мұрағатталған 23 сәуірдің 2012 жылы.
* Алматы қаласы Мұрағатталған 31 тамыздың 2010 жылы.
* [2] Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2010 жылы.
* Алматы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. — Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP) |
Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов (1 қыркүйек, 1964 жыл, Алматы) — саясаткер, дипломат, қоғам қайраткері, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі.
## Өмірбаяны
Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов 1964 жылдың 1 қыркүйек күні Ізбасар Оразбақұлы мен Райхан Төленқызының отбасында, Алматы қаласында дүниеге келген.
## Еңбек жолы және білімі
1986 жылы Қазақ политехникалық институтын машинажасау мамандығы бойынша тәмәмдап, инженер-механик біліктілін алған.
Еңбек жолын "Поршень" зауытында диспетчер ретінде бастап, бюро бастығы, зауыт комсомол хатшысы ретінде жұмыс істеген.
1988 жылы Алматы қаласы ЛКСМК Әуезов аудандық комитетіне екінші хатшы ретінде сайланады.
1990 жылы Эталон зауытында конструктор, сосын шебер ретінде қысқа мерзім жұмыс істейді.
1990 жылы Алматы қаласы ЛКСМК Әуезов аудандық комитетіне бірінші хатшы ретінде сайланады. Бұл қызметте 1991 жылға дейін қызмет етеді.
1992 - 1993 жылдар аралығында Әуезов ауданының әкімшілігінде бөлім бастығы ретінде қызмет атқарады.
1994 - 1995 Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің аппаратындағы Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат Мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы және басқарма бастығы ретінде жұмыс істейді.
1995—1996 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің орынбасары.
1996—1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының меңгерушісі.
1997—98 жж. Көлік және коммуникация министрлігінің Экономикалық саясат, инвестиция және сыртқы байланыстар жөніндегі департаментінің директоры, Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация қызметі мен әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы-вице-министр қызметтерін атқарған.
1998—99 жж. «Қазақойл» ҰМК әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті, директоры, атқарушы директоры.
2000—01 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2001—02 жж. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі.
2002—03 жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі.
2003 ж. шілдеден «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы ААҚ президенті.
2007 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.
2008 ж. сәуір айынан Израиль Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі.
2012 жылдың мамыр айында Қазақстан Республткасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
## Жанұясы
* Әкесі - Оразбақов Ізбасар Оразбақұлы (1941 ж.т.)
* Анасы- Оразбақова Райхан Төлегенқызы (1942 ж.т.)
* Жолдасы - Оразбақова Индира Маратқызы
* Қыздары - Зере (1990), Томирис (2005)
* Ұлы - Темірлан (2005)
## Дереккөздер |
KazSat-1 — Жер айналымында тұрақты жайғасымында (103° E) орнатылған Қазақстанның алғашқы ғарыш жабдығы. 2008 жылы желтоқсанның 2 «Қазсат-1» жер серігі жұмысын толығымен тоқтатқаны туралы Парламент Мәжілісінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді. Борттағы басқару жүйесінің белгісіз себептермен жиі істен шығуы мен құрылғының сапасыздығы мүшкіл жағдайға әкеп соқты, деді агенттік төрағасы. Ал 2011 жылы қыркүйекте Қазақ Ұллтық ғарыш агенттігі төрағасы «Kazsat-1» ғарыш серігі 65 млн. долларға сақтандырылған. «Сондықтан «Kazsat-1» ғарыш серігіне жұмсалған қаржы толығымен қайтарылды деп жариалады.
2004 ж. қаңтарда Қазақстан Үкіметі және Хруничев атындағы Ресей Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығымен (МҒҒӨО) KazSat-1 жасалуы мен ұшырылуына арасындағы келісім-шарт қол қойылды. Келісім-шарттта сонымен қатар ұшуда ғарыштық аппаратты басқару және бақылау, сондай-ақ ұлттық кадрларды оқыту және даярлау үшін жер инфрақұрылымы көзделген.
KazSat ғарыштық жабдығы 2006 ж. маусымның 18-інде Байқоңыр айлағынан Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен ұшырылды.
KazSat-тың ұшырылуынан бастап Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру басталады.
KazSat Жер серігі 72 MHz өткізгіштік жолағымен 40 W және 90 W Ku-диапазонындағы 12 транспондерлермен жабдықталған. Жер серігінің қамту аймағы Қазақстанның аумағын, Орталық Азия республикаларын, Кавказды, Ресейдің орталық бөлігін қамтиды.
Жер серігінің аппаратурасы кіші диаметрдегі антендік жүйелерге дабылдың жақсы қабылдауын қамтамасыз етеді.
KazSat телерадиохабарларын тарату арналары, телефондық байланыс, деректерді беру, Интернет желісіне кеңжолақты қол жеткізу, VSAT-желілерді құру және дамыту, ведомстволық және корпоративтік байланыс желілерін құру, мультимедиялық қызметтер пакетін көрсету үшін арналған.
## Тағы қараңыз
ҚазСат-2
## Сыртқы сілтемелер
* KazSat-1 Жер серігі
* Космический аппарат спутниковой связи и вещания «Казсат» Мұрағатталған 16 ақпанның 2007 жылы. |
Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы қысқартылған ТҮРКСОЙ (түр. Uluslararası Türk Kültürü Teşkilatı, -{TÜRKSOY}-) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.
1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған.
Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі— түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.
1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) халықаралық ұйымның Бас директоры болып сайланған.
## Мақсаттары
Ұйымның басты мақсаттары:
* Халықаралық қатынастарда жаңа тепе-теңдіктің құрылуы мақсатымен, аумақтық және бүкіл дүниежүзілік деңгейде жаңа мәдени ұйымдарды қолдау.
* Түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынастар құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу.
* Түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру.
* Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту.
* Ұлттың тарихын, ана тілін, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарға мұра ету үшін жағдай жасау.
## Мүшелер
ТЮРКСОЙ құрамына 14 ел кіреді, оның ішінде егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар. 2015 жылдың соңында Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский Алтай, Башқұртстан, Саха (Якутия), Татарстан, Тыва және Хакасия Республикаларының басшыларына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен байланыстарды тоқтату міндеті туралы телеграмма жолдады.
Бұл Тыва, Алтай және Якутияның ұйым құрамынан шығуына әкеп соқтырды.
## Тағы қараңыз
* Түркі тілді аумақтар тізімі
## Сыртқы сілтемелер
* TÜRKSOY ресми торабы Мұрағатталған 23 тамыздың 2009 жылы. |
Санжар Сегізбаев (1906, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Еңбекші (сол кезде № 3 ауыл) ауылы - 1971) — 1920 жж. жаңа құрылған Қазақ АКСР-інің сот жүйесінің негізін қалыптастыруға атсалысып, бүкіл өмірін Қазақстанның осы саласын дамытуға арнаған азамат.
## Өмірбаяны
* 1906 жылы Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Еңбекші (сол кезде № 3 ауыл) ауылында дүниеге келген. С.Сегізбаевтың әке-шешесі қарапайым шаруа адамдары болған. Бірақ соған қарамастан, ол жастайынан діни сауат ашуға, оқу-білімге, орысша және арабша жазуға талпынған.
* Орынбор қаласына барып, Қазақ АКСР-інің Орталық сайлау комиссиясының жанындағы іс жүргізу жөніндегі инструкторлық курсқа түседі.
* 1924 жылы аталмыш курсты бітірген соң, ол Қызылорда қаласындағы Қазақ АКСР-інің Әділет комиссариаты жанындағы сот-өндіріс бөлімінің өлкелік заң курсына түсіп, оны 1929 жылы үздік бағамен аяқтап шығады.
* С.Сегізбаев осы кезде білімін тереңдетіп, тәжірибе жинақтау үшін Мәскеу қаласына барып, Әділет комиссариатының жанындағы аталмыш бөлімнің жоғары заң курсына оқуға түседі. 1929 — 1931 жылдары ол Мәскеуде білім алып, елге оралады.
* 1930 жылдардың басында республика басшысы Ф.Голощекин колхоздарды ірілендіру үшін жергілікті халықтың мал-мүлкін тәркілеу саясатын жүргізгенде С.Сегізбаев өз замандастарының арасында алғашқылардың бірі болып бұл іске наразылық білдіреді. С.Сегізбаев осы жылдары өзінің білімі мен еңбекқорлығының арқасында Ресей Федерациясының губерниялық прокуратура басқармасының хатшысы, Ресей Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімі төрағасының орынбасары және оның пленумының толық мүшесі болып қызмет етеді.
* С.Сегізбаев сол жылдары мемлекеттік жауапты қызметте жүріп қамауға алынғандардың бірі болды.
* 1938 — 1939 жылдары бас бостандығынан айрылды. 1939 жылы С.Сегізбаев ешқандай қылмыстық істің жоқтығына байланысты КСРО Бас прокуратурасының шешіміне сәйкес босатылып, бұрынғы сот жүйесіндегі жұмысына қайта кіріседі.
* Бірақ ол енді Жоғарғы Сот төрағасы қызметіне қайта бара алмайды, республика басшылығы барлық салада білікті маман екенін ескере отырып оны Семей, Алматы қалалары мен Алматы облысындағы әділет басқармалары төрағасының орынбасары, облыстық шаруашылық басқару және мобилизация бөлімінің басшысы қызметтеріне тағайындайды.
* Бұдан кейін 1971 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін Алматы облыстық атқару комитетінің хатшысы
* қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары
* Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы атқару комитетінің төрағасы
* Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.
* С.Сегізбаев 1971 жылы ұзаққа созылған науқастан көз жұмады.
## Отбасы
* жары Жібек Тіржанқыз
* қыздары - Ембі, Светлана, Қасиет, Кәмила, Жәмила есімді
* ұлдары - Тимур, Бақытжан, Нұрлан есімді туған.
Бүгінде Сегізбаевтардың әулетіндегі ең үлкені Ембі ұзақ жылдар ұстаздық қызмет етіп, құрмет демалысына шықса, ер балалары арасындағы ең үлкені Тимур кезінде Алматының «Қайрат» командасында ойнаған қазақтың танымал футболшысы, ал Нұрлан бала кезінде барша қазақтың сүйікті киносына айналған «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлде ойнаған болатын.
## Дереккөздер |