text
stringlengths
3
252k
Қазақстандағы корей әдебиеті — жалпы корей әдебиеті мен Қазақстан әдебиеті бөлшектері боп табылады.1977 ж. Қазақстан Жазушылар одағында корей әдебиетi секциясы ашылды. Корей жазушылары өз шығармаларында ежелгi ұлттық әдебиет туындыларын бүгiнгi заман дәстүрiмен шебер ұштастырды. Олардың көрнектi өкiлдерiнiң бiрi — жазушы, ақын Ким Дюн (1900 — 1980) болды. Оның қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұловаға арналған «Әлия» атты поэмасы (1969 ж. корей тiлiнде), корей патриоттарының күресiн бейнелеуге арналған «Жүз елу мың вонның iсi» романы жарық көрдi. 1937 жылдан берi республикалық корей театрында корей драматургтерiнiң жүзден астам пьесалары қойылды. Сонымен қатар театр сахнасында қазақ жазушылары М.Әуезовтiң «Қарагөз» және «Қобыланды», Ғ.Мүсiреповтiң «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», О.Бодықовтың, Қ.Мұхамеджановтың, т.б. пьесалары корей тiлiнде қойылды. Қазақстандағы корей жазушыларының шығармалары «Корей өлеңдерi» (1958), «Дала қызғалдағы» (1973), «Сырдария әуендерi» (1975), «Күнбағыстар» (1982) деген атпен ұжымдық жинақ болып шықты. Сондай-ақ, Ким Дюннiң жыр кiтаптары, Ен Сенненнiң шығармалары, корей жазушыларының «Шаттық Отаны» (1988), «Гүлден, дала» (1988), Хан Диннiң пьесалар жинақтары (1988) корей тiлiнде жарық көрдi
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, дипломат, Қазақстанның екінші Президенті (2019–). Тоқаев, оған қоса, — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы (2022 жылдан бастап) және 2021 жылғы сәуірден бері Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы. Қасым-Жомарт Тоқаев Аманат партиясының көшбасшысы (2022), екі мерзім Сенат төрағасы (2013–2019, 2007–2011), БҰҰ Бас хатшысының орынбасары (2011–2013), екі мәрте Қазақстан Сыртқы істер министрі (2002–2007, 1994–1999) және бір кезде Қазақстан премьер-министрі (1999–2002) қызметін атқарды. Елде тұрақтылық сақталды да, саяси өзгеріс орын алды және жаңа реформалар жүрді, алайда оған қарамастан Тоқаевтың басшылығы шетелдік және жергілікті ақпарат көздерінен кейде адам құқықтарын бұзған және авторитарлық болып келеді деген сыни пікір көреді. 2022 жылғы Credit Suisse құпия деректерінің жариялғаны Тоқаевтар отбасының кем дегенде 1998 жылдан бері оффшорлық активтерінің күрделі желісін басқарып жатқанын белгілі қылды. ## Отбасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923–1986) — Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ жазушысы. 20 жасында Киевті босату кезінде бір рота автоматшылар командирі болатын. Соғыстан кейін тұңғыш қазақстандық детектив жанрындағы жазушы ретінде қалыптасты. Ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Жаршысы" журналында редактор болды. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931–2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген. Отбасында бір ұл және екі қыз Қарлыға (1956) және Қарлығаш (1960). Қасым-Жомарт Тоқаевтың атын ата-анасы Қасым Болтаев (Тоқаев) есімді ағасының құрметіне қойған. Қасым Қызыл әскер құрамында соғысқа аттанып, Ржев шайқасында қаза болды. Соғыстан кейін Кемел Тоқаевқа Тың игеру бағдарламасына қосқан үлесі үшін медаль берілді. Балалық шағының бір бөлігін Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі Жетісу облысының Қаратал ауданындағы Кәлпе ауылында өткізеді. 1970 жылы Алматы қаласындағы Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектепті аяқтайды. Мектеп француз тілін тереңдетіп оқытады. 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша аяқтады. Сыртқы істер министрлігінің жолдамасымен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өтеді, кейін Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданады. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралды. 1983–1984 жылдар аралығында Бейжің тілтану институтында тағылымдамадан өтті. 1984–1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет атқарды. 1989 жылы КСРО Бас хатшысы Михаил Горбачев Қытайға жасаған сапары кезінде Дэн Сяопинмен болған келессөздерде аудармашы болды. 1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады. 1998 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ретінде "Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия-Тынық мұхит елдірі" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал 2001 жылы саяси ғылымдар докторы ретінде "Жаңа жаһандық тәртіп заманында Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. ## Саяси қызметі ### Сыртқы істер министрінің орынбасары (1992–1994) 1992 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы ол Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ретінде қызмет атқарды. ### Сыртқы істер министрі (1994–1999) 1994 жылғы 13 қазанда Тоқаев Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1999 жылы наурыз-қазан аралығында Нұрлан Балғымбаев басқарған Үкіметте премьер-министрдің орынбасары. ### Қазақстан премьер-министрі (1999–2002) 1999 жылғы наурызда Тоқаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылғы қазанда ол, Парламенттің қолдауымен және Президент жарлығымен Қазақстан премьер-министрі болып сайланды. Премьерлігі тұсында елдің ЖІӨ өсімі 2001 жылы 13.5% өссе, инфляция 11.2% азайды. 2001 жылғы 20 қарашада Хабар тікелей эфирінде, Тоқаев президент Нұрсұлтан Назарбаевты егер өзі «интригант» деп атаған бірнеше мемлекеттік шенеунікті жұмыстан босатпаса, премьер-министр қызметінен кетемін деп мәлімдеме жасады. Аталған «кәсіби емес» шенеуніктер қатарында премьер орынбасары Ораз Жандосов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әлихан Бәйменов, Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов және Қорғаныс министрінің орынбасары Жаннат Ертілесова болды. Оларды Тоқаев атқарушы билікті орталықсыздандырғысы келеді және демократизацияға кедергі жасап жатыр деген айыптар тақты. Тоқаевтың сөзінен кейін Назарбаев үкіметтің 6 мүшесін, соның ішінде Жандосов, Жақиянов және Ертілесованы қызметтерінен босатты. ### Мемлекеттік хатшы (2002–2007) Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты. 1995 және 2005 жылдары ол Нью-Йорктағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа шолу конференцияларына қатысты. 1996 жылы ол Нью-Йоркта Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа және 2005 жылы Семейде Орталық Азия ядросыз аймағы шартына қол қойды. Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесінің төрағасы болып сайланған және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 10 сессиясына қатысқан. ### Сенат төрағасы (2007–2011) 2007 жылғы қаңтарда Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Сенат төрағасы ретінде, ол ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте 15 сәуір 2011 жылға дейін болды. ### БҰҰ Бас хатшысының орынбасары 2011 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар ол Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. Тоқаевтың саясаттану ғылымдарының докторантурасы бар. Ол — тоғыз кітаптың және халықаралық қатынастар туралы біршама мақаланың авторы. Ресейлік биографиялық институт оған «2018 жылғы Жыл адамы» атағын берді. ### Сенат төрағасы (2013–2019) 2013 жылғы 16 қазанда ол Қазақстан Сенатының төрағасы болып қайта сайланды, Тоқаевтың кандидатурасына сенаторлар бір ауыздан дауыс берді. 2016 жылғы жер мәселесі жайлы наразылық шаралары кезінде Тоқаев елдегі жер мәселесін шешу сын көзімен қарау керек деді. ## Президенттігі (2019–) 2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өкілеттігін өз еркімен тоқтататынын мәлімдеді. Конституция бойынша бұл жағдайда Президент міндетін Сенат төрағасы атқарады. 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті міндетін атқарушысы ретінде ант қабылдады. Инаугурациясының аяқталғаннан кейін Астана қаласының атауын Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан болып өзгертуді ұсынды. Парламент сол күні қаланың жаңа атауын бекітті. 23 сәуір күні Нұр Отан партиясы Қ.Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды. Президент сайлауы сол жылғы 9 маусымда өтті. Президент сайлауында жалпы дауыстың 70,96% жинады. 12 маусымда жаңа сайланған Президент ретінде ант беріп, ресми түрде қызметке кіріседі. Иннаугурация Нұр-Сұлтанның Тәуелсіздік сарайында өтті. 2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, ал 2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды. Осы уақытта Нұр Отан партиясының төрағасы ретінде сайланып, сәуір айында партиядан шығатынын мәлімдеді. Алғашқы кезеңде бірнеше әлеуметтік-экономикалық реформалар жасалды, соның қатарында мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, әлеуметтік жағынан осал отбасылырының несиелерін кешіру, өлім жазасына тиым салу, жергілікті өзін өзі басқаруды күшейту, саяси партиялар мен сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізілді. 2022 жылғы қаңтарда Қазақстанда жаппай қарсылық митингтері өтті. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жергілікті халық газдың екі есе өсуіне наразылық білдірді. Кейін минингті қолдау Қазақстанның басқа қалаларында да басталды. Асқар Мамин басқарған үкімет оставкаға жіберілді. Жаңа үкіметтің премьер-министрі ретінде Әлихан Смайылов тағайындалды. Қаңтар оқиғасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа өзгерістер және трансформация туралы хабарлады. Наурыз айында Қазақстан халқына жасаған жолдауында елдің саяси жүйесін модернизациялау мен демократизациялау мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсынды. Сәуір айында Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жалпыхалықтық Референдум өткізуді ұсынды. Референдумға қатысқан азаматтардың 77,18% өзгерістерді қолдады. 8 маусым күніаталған өзгерістер өз күшіне енді. Бұл өзгерістер супер президенттік басқару жүйесін мықты парламенті бар президенттік жүйеге өзгеруге ықпал етуі тиіс. 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында алғашқы 5 жылдық президенттік мерзімінің 2024 жылы аяқталатынына қарамастан кезектен тыс президент сайлауын өткізу ұсынды. Сонымен қатар сайлаудан кейін президент өкілеттілік меозімін 5 жылдан 7 жылға ұзарту туралы және бір ғана мерзімге сайлану туралы ұсыныс енгізетінін хабарлады. 2 қыркүйек күні "Жаңа Қазақстан" деп аталатын депутаттық топ Конституцияда президент өкілеттігін сайлауға дейін өзгертіп, бір ғана мерзіммен шектеу туралы ұсыныс жасады. 13 қыркүйек күні Конституциялық кеңес ұсынылған өзгерістерді бекітті. 16 қыркүйек күні Қазақстан Парламенті Конституцияға өзгерістерді енгізу туралы заң қабылдады. 2022 жылғы 21 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын 2022 жылғы 22 қараша күніөткізу туралы жарлыққа қол қойды. 6 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық коалиция (құрамында Аманат, Ақ жол және Қазақстан халық партиясы кіретін) атынан президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды. 20 қарашада өткен президент сайлауында 81,31% дауыс жинады. 26 қараша күні жаңа сайланған президент ретінде қызметке кірісті. ### 2019 2019 жылғы маусымда болған, Арыс трагедиясы деп аталып кеткен Арыс қаласындағы жарылыс сериясынан кейін Тоқаев қылмыстық іс қозғап, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне ықтимал жарылыстардың алдын алуын тапсырды да, кінәлілер жауапқа тартылады деп уәде берді. 25 маусымда ол қаланың эвакуациялық пунктіне барып, жергілікті халықпен кездесті. Тоқаев өзінің президент ретіндегі халыққа арналған тұңғыш жолдауын 2019 жылғы 2 қыркүйекте берген. Жолдауында ол қоғамның және қауіпсіздіктің дамуына, жергілікті бизнестерді қолдауға және елдегі экономикалық дамудың орнауына біраз назар аударды. 2019 жылғы қазанда Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлерін қоспағанда, министрлікке әлеуетті үміткерлердің барлығы тағайындалмас бұрын Назарбаевтың мақұлдауын алуы қажет екені белгілі болды. Сол жылғы Bek Air ұшақ апатынан кейін Тоқаев 2019 жылғы 28 желтоқсанды Ұлттық аза тұту күні қылып жариялап, кінәлілердің барлығы заң бойынша жазаланады деп уәде берді. ### 2020 2020 жылғы ақпанда орын алған Масанчи ауылындағы ұлтаралық қақтығыстан кейін Тоқаев Қордай ауданы әкімін, Жамбыл облысы әкімінің орынбасарын және облыс пен аудан полиция басшыларын қызметінен босатты. Қазақтар мен дүнгендер арасында болған ұлтаралық қақтығысты ол "екі қылмыстық топ" арасында болған қақтығыс әкеп соқты деді. Informburo агенттігіне берген сұхбатында Тоқаев Мұхтар Жәкішевтің жағдайы жайлы сөйледі: "Бұл мәселе тек соттың құзыретіне жатады. Мен, әрине, Жәкішевтің денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірнеше рет өтініш жасағанын білемін. Сот отырысы 3 наурызда өтеді. Оның шешімін күтейік, оның әділ жасалатынына күмәнім жоқ". 2020 жылғы 3 наурызда Семей қалалық соты Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды. Ол 2009 жылдан бері 14 жыл түрмеде отырған еді. 2020 жылғы 2 мамырда Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева Тоқаев жарлығымен Сенаттан және Сенат төрағасы лауазымынан босатылған еді. Осы шешімнің себебі жайлы біраз теория пайда болған; біреулер оны Тоқаев саяси ықпалының көбеюімен байланыстырса, басқалар ол биліктегі элита арасындағы қақтығыстан шыққан дейді. 1 қыркүйекте берген Халыққа жолдауында Тоқаев жоспарланған жеті реформа жайлы сөйледі. Оған қоса ол Қазақстанның әлеуметтік жүйесін оңтайландыру, өнімділікті арттыру және жасыл экономиканы құру, бизнес жағдайын теңестіру, білімге көбірек инвестиция салу және басқаруды қадағалау туралы айтты. ### 2021 2020 жылғы күзде Тоқаев 2021 жылғы парламент сайлауы өтетін күнді бекітті. Президент сөзінше, «Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады». Сайлау күні Тоқаев үкіметтің заңға сәйкес қызметінен босатылатынын және премьер-министр мен кабинет мүшелерін тағайындау мәселесінде жаңадан сайланған депутаттармен және партия жетекшілерімен кеңесетінін айтты. Сайлау нәтижесінде биліктегі Нұр Отан партиясы қайта көпшілік партиясы болды да, Асқар Мамин премьер-министр болып қайта сайланды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) сарапшылары «сайлау еш бәсекесіз өтті» және «саяси партияның барлығы да биліктегі партияның жобаларын қолдай береді, сайлаушылардың таңдайтын еш саяси альтернативасы жоқ» деген. 2021 жылғы 28 сәуірде Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) төрағасы қызметінен кетті. Оның ізбасары президент Тоқаев болды, оның төрағалыққа үміткерлігін ҚХА мүшелерінің көпшілігі қолдады. Тоқаев Назарбаевты «тарихи еңбегі» үшін Ассамблеяның Құрметті Төрағасы қылды. 2021 жылғы 23 қарашада Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаевтың Нұр Отан жетекшісі лауазымының Тоқаевқа беретінін жариялады. ### 2022 2022 жылғы қаңтарда орын алған ірі наразылық шараларынан кейін Тоқаев Асқар Мамин мен оның үкіметін қызметінен босатты. Бастапқыда наразылық акцияларының жұртшылықты тыныштандыруға тырысып, Тоқаев жаңа реформаларын жариялауды жоспарлаған және сұйытылған табиғи газ, дизель отыны және бензин, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өзге де тауарлар бағаларын бақылауды енгізген еді, алайда наразылық шараларының жалғаса бергенінен Тоқаев армияға наразылық білдірушілерге қарсы күш қолдануды және «ескертусіз оқ атуды» бұйырды. 11 қаңтарда Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қылып тағайындады. 2022 жылғы 16 наурызда Тоқаев конституциялық реформалардың бекітілуін және президент өкілеттіктерінің азаюын ұсынды. Оның сөзінше, елдің «суперпрезиденттік республика» жүйесінен «күші бар парламентті президенттік республикаға» көшкені жөн. 26 сәуірде ол Аманат партиясынан шықты. 5 маусымда өткен референдум нәтижесінде президентке президенттігі кезінде партия құрамында болуына тыйым салынды. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында жалпы дауыстың 81,31% жинап, жеңіске жетті. 2022 жылғы 26 қарашада оның екінші ұлықтау рәсімі өтті. ### 2023 Тоқаев қызметке кіріскеннен кейін 2023 жылғы қаңтарда Сенат сайлауының өтетінін жариялап, бұл сайлауды «саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырудың» бір бөлігі ретінде көретінін атап өтті де, сайлау қорытындысы бойынша «сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады» деді. Сайлау кезінде өз үміткерлігін жариялаған 130 кандидат арасынан жергілікті мәслихаттар 20-ын сенатор қылып сайлады (Конституция бойынша сенатқа әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала мен астанадан екі депутаттан сайланады). Қалған 10 кандидатты президент ұсынады, олардың жартысы халық ассамблеясының ұсынысы бойынша. 2023 жылғы 19 қаңтарда Тоқаев 7-шақырылған Мәжілісті ресми түрде тарату және кезектен тыс парламент сайлауын 2023 жылғы 19 наурызда өткізу туралы президент жарлығына қол қойды. Бұл күн әдейі Наурыз мейрамы мен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкасының төрт жылдығына орай таңдалды деп есептеледі. Жарлыққа қол қойған кезінде Тоқаев Мәжіліс депутаттардың жұмыстарына жоғары баға беріп, олар «жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдындағы жауапкершіліктің және шынайы патриотизмнің» үлгісін көрсеткенін айтты. Ол сондай-ақ кезектен тыс сайлау «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен сәйкес келетін «мемлекеттік билік институттарын жаңғыртудың» соңғы кезеңі болатынын айтты. 27 наурызда сайлау нәтижесі ресми түрде жарияланды да, ең көп мандатқа ие болған партияның Аманат болғаны белгілі болды. Сайлаудан кейін көп ұзамай Екінші Әлихан Смайылов үкіметі де өз қызметін бастады. 15 ақпанда Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген артықшылықтарын, соның ішінде мемлекеттен өмір бойы қаржылай қолдау көру, халыққа үндеу жасау және шенеуніктерге кеңес беру құқықтарын жою туралы заңға қол қойды және оның жақын туыстарын заңды иммунитеттен айырды. Көп ұзамай Назарбаев заң бойынша Елбасы құрметті атағынан да айырылды. Тоқаев 9 мамырда Мәскеуде өткен Жеңіс күніне орай өткен парадқа қатысты. Бұл Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бергі екінші Жеңіс шеруі болды, бірақ 2022 жылғы парадтан айырмашылығы, бұл жолы Мәскеудегі парадқа бірнеше шетелдік көшбасшылар, соның ішінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. 2023 жылғы маусымда Абай облысында найзағай нәтижесінде ірі өрт басталды. 11 маусымда Тоқаев облысқа ұшып келді де, сол күні елде жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Сол күні кешке ол өрт сөндіру кезінде қаза тапқандардың барлығын "Құрмет" орденімен марапаттады. Ауқымды өрт 13 шілде күні 13:00 де толығымен сөндірілді. 2023 жылғы 3 қарашада Астанада Тоқаев төрағалық еткен Түркі Мемлекеттері Ұйымының 2023 жылғы саммиті өтті. ### 2024 2024 жылғы наурызда, Атырауда айтқан Ұлттық Құрылтай алдындағы сөзінде Тоқаев Қазақстан елтаңбасы дизайнының өзгеретінін және жаңа дизайнның байқау арқылы таңдалатынын айтты. Елтаңбаның дизайны оның «Кеңес заманындағы елтаңбаға ұқсата» бергеннен және тым «эклектрикалық», «күрделі» болғанынан өзгертілетіні де айтылды. Тоқаев оған қоса діни киімді сынады да, оны «дәстүрлі құндылыққа жасалған ашық шабуыл» деді. 2024 жылғы маусымда Тоқаев сол жылғы күзде елдегі атом электр станциясының құрылысы жайлы референдум өтетінін жариялады. Референдумның өтетін нақты күнін үкіметтің өзі жариялайтын болады. ### Саяси реформалары 2022 жылғы мамырда Тоқаев "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы", "«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" және "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" заңдарына қол қойды. Ол өзінің халыққа Жолдауында «заманауи мемлекет құру үшін Қазақстан көппартиялы жүйе құруы керек» деп, биліктегі Нұр Отан партиясы басқа партиялармен көбірек ынтымақтасуы керектігін айтты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясы Тоқаев мемлекеттік саясатының маңызды элементтерінің бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын (кейде Естуші мемлекет, не Тыңдаушы мемлекет) ұсыну болды, онда мемлекеттік басқару «мемлекет үшін азамат емес, азамат үшін мемлекет» деген қағиданы ұстанатын болады. Тоқаев азаматтық қоғамды тыңдайтын мемлекет концепциясын ілгерілететін саяси реформалар жүргізуді жақтады. Сондай-ақ Тоқаев 2021 жылы ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерін тікелей сайлауды өткізуді ұсынды және ол жайлы заң жобасына 2020 жылы қол қойды. 2021 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде тіркелген 5 партияның үшеуі ғана Мәжілістегі мандатқа қол жеткізді. 7-Парламенттің ашылу рәсімінде Тоқаев пайыздық тосқауылдың 7% 5% түсірілгенін және "Бәріне қарсымын" таңдауының бюллетеньге қайта қойылғанын ұсынды. Парламент Тоқаев ұсынған бұл конституциялық реформаларды қабылдады да, ол 2021 жылғы 25 мамырда күшке енді. Ұлттық Құрылтайдың құрылуы 2022 жылғы 14 маусымда Тоқаев Ұлттық Құрылтайды құру туралы заңға қолын қойды. Бұл орган Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ізбасары болды. Өлім жазасы 2019 жылғы желтоқсанда Тоқаев Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қол қоятынын айтты. Оның бұл сөзі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің адам құқығы туралы талқысынан кейін айтылған еді. Осы жерден Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне елдегі өлім жазасын жою шараларын белгілейтін Екінші факультативтік хаттамаға қосылу процесін бастау міндетін қойды. қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі Қайрат Омаров хаттамаға қол қойды. 2021 жылғы 2 қаңтарда Тоқаев өлім жазасын жойған заңнамаға қолын қойды. ### Экономикалық реформалары Тоқаев президент болған алғашқы айларда халықтың әлеуметтік осал топтарына түсетін жүктемені азайту мақсатында банктерге үкіметтік көмек көрсетуді тоқтатты және несиелерді кешіру жүйесін енгізді. 2020 жылы мұғалім, дәрігер мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақылары өсті. COVID-19 пандемиясының себебінен шыққан жаһандық рецессия барысында Тоқаев үкіметке «барлық әлеуметтік міндеттемелерді» орындайтын дағдарысқа қарсы жоспар құруды тапсырды. Жауап ретінде арзан несие, салықтық жеңілдіктер, аудитті қысқарту және жұмыспен қамтуды ынталандыру арқылы жеке сектордың ауыртпалығын жеңілдетуге бағытталған бірқатар пакеттер ашылды. Пандемия өршіген сайын тауарларға инфляция өсе бастады, бұл әсіресе Қазақстанның батысында әлеуметтік және еңбек наразылығының артуына әкелді. Тоқаев бұған жауап ретінде үкімет пен орталық банкті тым «дәрменсіз» деп айыптап, оларды инфляция деңгейін төмендетуге шақырып, мемлекеттік бюджеттегі ақша массасының артық мөлшерін атап өтті. 2021 жылғы қыркүйекте елдегі ең төмен жалақы 2018 жылдан бері тұңғыш рет өсірілді. COVID-19 пандемиясы 2020 жылғы наурызда Қазақстанда COVID-19 індетінің таралуына байланысты Тоқаев 15 наурызда елде төтенше жағдай енгізді. Тоқаев ұлттық телеарна арқылы сөйлеген сөзінде «Мемлекет жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» арнайы жарлыққа қол қойғанын атап өтіп, құжаттар мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, билік вертикалын нығайтуға және барлық қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Вирустың таралуын тежеу үшін Тоқаев Наурыз мейрамына арналған іс-шараларды да, Жеңіс күніне арналған әскери парадты да тоқтатуға бұйрық берді. COVID-19 вакцинациясының жақтаушысы ретінде Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігі мен бүкіл үкіметтің вакцинаны енгізудің алғашқы айларындағы баяу қарқыны үшін сынға алды. Вакцинаға деген қоғамның сенімін арттыру мақсатында Тоқаев 2021 жылғы сәуірде Қазақстанда шығарылған Спутник V COVID-19 вакцинасының дозасын алды, баспасөз хатшысының айтуынша, Тоқаев нәтижеде ешқандай жанама әсер сезінбеген. Білім беру 2019 жылғы сәуірде өткен мұғалімдер конференциясында Тоқаев төрт жыл ішінде Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің орташа жалақысы екі есеге өсетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол Білім және ғылым министрлігіне аз қамтылған отбасылардағы және әлеуметтік жағдайы төмен аудандардағы мектептердегі балалардың академиялық алшақтығын жою үшін арнайы бағдарламалар әзірлеп, іске қосуды тапсырды да, әсіресе ауыл мен қала арасындағы білім берудегі теңсіздікті еңсеру қажеттігін атап өтті. Энергетика Тоқаев 2019 жылғы сәуірде атом электр стансасының Қазақстанда орнатылу қажеттігін білдіріп, ел 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығына тап болады деп мәлімдеді. 2021 жылғы мамырда Тоқаев Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын жариялады, бұл — 2035 жылға қарай елдің энергетикалық балансын дамыту арқылы Қазақстанның көмірге тәуелділігін азайтуды көздейтін жоба. Экология 2019 жылғы 17 маусымда Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құрды да, тұңғыш министрі қылып Мағзұм Мырзағалиевты тағайындады. Министрлікке қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, минералдық-шикізат базасын геология мен молықтыру, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды, су және сарқынды суларды тазарту, орман шаруашылығын қадағалау өкілеттігі берілді. 2023 жылғы 4 қаңтарда министрлік ыдыратылды, орнына Индустрия және инфрақұрылымдық даму мен Экология және табиғи ресурстар министрліктеріне бөлінді. Тоқаев Алматының ластанған ауасы жайлы алаңдайтынын айтқан. Ол 2021 жылы үкіметке, қалалық әкімдікке және «Самұрық-Энерго» компаниясына стансадан шығатын зиянды шығарындыларды шектеу үшін «Алматы-2» ЖЭО-ны табиғи газға көшіру туралы түпкілікті шешімді орындауды тапсырды. Алайда 2022 жылғы сараптар Алматы ауасының тазалығы жақсармай жатқанын дәлелдеді. Денсаулық сақтау 2020 жылғы 7 шілдеде Тоқаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекске және «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, ол медицина қызметкерлерінің заңи қорғауын күшейтті, азаматтың вакцинацияға қатысты құқықтарын қайта анықтады. Сондай-ақ, кодекс электронды темекіні тұтынуға шектеу қойып, снюс пен басқа да шегілмейтін темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге және таратуға тыйым салды, сондай-ақ темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізді. ### Сыртқы саясаты Тоқаев өзінен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған сыртқы саясатты жалғастыратынына уәде берді. Бұл саясат шетел инвестицияларын тарту, көпвекторлы сыртқы саясат жүргізу және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қамтиды. Биліктегі алғашқы айда ол 4 мемлекет басшысымен кездесті, оның екеуін ол шетелде көрсе, қалған екеуін Нұр-Сұлтанда қарсы алды. Ресей Тағы қараңыз: Қазақстан-Ресей қатынастары Саясаттанушы Рико Айзекстің пікірінше, Тоқаевтың Назарбаев орнын алу шешімі елдегі демократиялануға жол бермеу үшін жасалған. Айзекс ойынша елдің демократиялануы Назарбаевтың мұрасы мен елдің Ресеймен қарым-қатынасына нұқсан келтіретін еді. Тоқаев қызметіне кіріскеніне кейін екі апта өткен соң, 2019 жылғы 4 сәуірде Мәскеуге өзінің алғашқы шетелдік сапарымен барып, Владимир Путинмен кездесті. Сапар барысында Путин Тоқаевқа елде ұсынылып отырған атом электр станциясының құрылысына ресейлік көмек көрсетуді ұсынды. 2019 жылғы маусымда Тоқаев АЭС салу туралы шешімнің жергілікті халық қалауымен, «тіпті, қажет болса референдум арқылы» да, қабылданатынын мәлімдеді. 2020 жылдың соңына қарай ресейлік депутаттар Вячеслав Никонов пен Евгений Фёдоров бүкіл Қазақстан жерін Кеңес Одағының сыйлығы деді де, Ресей бұл жерді жалға берген деген тұжырым жасады. Бұл тұжырымдар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тарапынан реакция тудырды, министрлік «арандатушылық» тудыратын бұл шабуылдар салдарынан екі ел арасындағы қарым-қатынас бұзыла алатынын айтты. Тоқаев Егемен Қазақстанға берген сұхбатында "бірнеше шетел азаматының" екі ел арасындағы қатынастарды "нашарлағысы" келетінін айтқан және "Қазақстанға осы ірі жерді ешкім сыйлап бермеген" деген. Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Тоқаев Ресейдің Донецк және Луганск Халық Республикалары атты қуыршақ мемлекеттерін мойындамайтынын айтқан. Оның сөзінше "біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Бұл принципті Луганск пен Донецктің квазимемлеттік құрылымына да қолданамыз". Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның Ресейге қарсы салынған Батыс елдер санкцияларын орындайтынын және бұл елдің «Ресей мен Беларуське қойылған шектеулерді сақтайтынын» атап өтті. 2023 жылғы 9 мамырда ол Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Қытай Тағы қараңыз: Қазақстан-Қытай қатынастары Тоқаев 2019 жылғы қыркүйекте Қытайға екі күндік мемлекеттік сапармен барды. Онда ол Бейжіңде Төраға Си Цзиньпинмен кездесті, кездесу барысында екі көшбасшы да тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктестік құруға келісті. Бейжің университетіне сапары барысында ол өзінің бұрынғы тіл оқытушысы Лю Шициньмен, сондай-ақ бірнеше қазақстандық студентпен кездесті. Шицинь Тоқаевты қытай тілін жетік меңгерген «көпшіл, белсенді, жылдам» және «ең жақсы студенттерінің бірі» деп сипаттады. Посткеңестік кеңістік және Орталық Азия Тағы қараңыз: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Армения-Қазақстан қатынастары, Әзербайжан-Қазақстан қатынастары, Қазақстан-Қырғызстан қатынастары және Қазақстан-Өзбекстан қатынастары 2019 жылғы 14 сәуірде Тоқаев көршілес Өзбекстанға жол алып, президент Шавкат Мирзиёевпен келіссөздер жүргізді. Бұл «екінші президенттердің» тұңғыш кездесуі еді. 16–17 мамыр күндері Тоқаев 12-Астаналық экономикалық форумға бірнеше мемлекет басшыларын, соның ішінде Армен Саркисян мен Мамука Бахтадзені шақырған. Саммиттің бастауында Нұрсұлтан Назарбаев болған. Ол сондай-ақ 29 мамырда Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес саммитіне Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Армения және Молдова өңірлік басшыларын қабылдады. 2019 жылдың аяғында Қырғызстанға сапары кезінде ол Бішкектегі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйінде болып, марқұм жазушының жұбайымен кездесіп, 1989 жылы Бейжіңде Айтматовпен алғашқы кездесуін еске алды. Екінші Таулы Қарабақ соғысы орын алғанда Тоқаев Арменияның өз әскерилерін даулы аймақтан шығарғанын талап етті. Еуропа Тағы қараңыз: Қазақстан-Еуропа Одағы қатынастары Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев 2006 жылғы 3–4 қазанда Берлин, Германияға сапар жасап, Еуропалық парламент Сыртқы істер комитетінің алдында сөз сөйледі. Сөйлеген сөзінде Тоқаев 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын (ЕҚЫҰ) жетектеуге Қазақстанның үміткерлігін ұсынды. Ол өз сөзінде Еуропа Одағы, Қытай және Үндістан арасындағы энергия көздерін қамтамасыз ету жолындағы бәсекені талқылап, Қазақстан «мұнай өндіруді ұлғайтуға қабілетті өте аз елдердің бірі және осылайша Қазақстан жаһандық және еуропалық нарықтар үшін маңызды баламалы энергия жеткізушісі бола алады» деді. Ол, оған қоса Әзербайжан арқылы өтетін Транскапсийлік газ құбырының құрылуына қарсы шықты; бұл жобаның орындалуын Каспий теңізімен шектесетін басқа елдердің қарсылығының ықтималдығына байланысты ЕО шенеуніктері қалаған еді. Германиялық Сыртқы істер кеңсесінің өкілі Гернот Эрлер Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ президенті болғанын қолдаса, португалиялық социалистік депутат Ана Гомес Тоқаевқа "Министр, сіз ЕҚЫҰ төрағалығына үміткерсіз. Дегенмен, ЕҚЫҰ сіздің өткен сайлауларыңыз шынайы сайлаудың халықаралық стандарттарына сай келмейтінін айтты. Біз еліңіздегі саяси оппозицияның жаншылып жатқанын естіп жатырмыз, тіпті діни топтардың жаншылып жатқанын да естиміз" деді. Тоқаев Қазақстандағы саяси оппозициялық күштер өздерінің әлсіз тұстарына байланысты «үкіметке қарсы тұра алмайтынын» айтқан да, қазақстандықтар демократия туралы «білім алуы» қажет, [олар үшін] бұл концепция шетелдік келеді. Тоқаев сөзінше үкімет діни толеранттықты приоритет қылып көреді. Ол ЕҚЫҰ жасаған сайлау туралы есепті «техникалық қиыншылықтары болған» деген және «әділ жасалмағаны» үшін сынаған да, бәрін «өзара түсіністікке» шақырды. Ол одан әрі оның үкіметі «Орталық Азияда орналасқан ел ретінде өкіл ретінде үлкен үлес қоса алады» деп сенетінін айтты. 2019 жылғы 4 желтоқсанда Германияға жасайын деген мемлекеттік сапарының алдында Тоқаев Неміс толқынына сұхбат берген еді. Ол жерде ол Германияны "Қазақстанның аса маңызды Еуропалық әріптесі" деп атады. Сол сұхбатында ол Ресей Федерациясының Қырымды аннексиялауын басып алу деп есептемейтінін айтып, сонымен бірге «Ресей басшылығының даналығына сенетінін» айтты, осы үшін сынға алынды да, Украина Сыртқы істер министрлігі осы сөзі үшін Қазақстанға қарсы демарш жариялаған еді. АҚШ Тағы қараңыз: АҚШ-Қазақстан қатынастары Тоқаев 2006 жылғы 25 қыркүйекте Уолдорф-Астория қонақүйінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының адам құқықтары жөніндегі көмекшісі Барри Лоуэнкронмен кездесті. Associated Press агенттігінің журналисі Энн Гиранның айтуынша, кейбір сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы саяси жағдайдың нашарлауына қарамастан, АҚШ Қазақстанмен қарым-қатынасын жақсартқысы келеді. Қазақстандық мұнай өндірісі айтарлықтай өседі деген болжамдар болған және Қазақстанды басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда «тым авторитарлық, тым тұрақсыз, тым кедей емес» деп сипаттаған. Тоқаевпен кездесудің алдында Райс келіссөз барысында адам құқығы, не энергетиканың «қайсы бірінші орынға келеді» деген сұраққа ол жауап беруден бас тартты. Президент болғанынан кейін Тоқаев Қазақстанның стратегиялық одақтастарымен, соның ішінде Америка Құрама Штаттарымен, бар дипломатиялық қатынастарды жалғастыра берді. 2020 жылғы 2 ақпанда ол Нұр-Сұлтанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті, келіссөздер барысында екі ел арасындағы қатынастарды жақсартудың және сауда, инвестиция, IT-технология, демократиялық құндылықтарды күшейтудің және терроризмге қарсы күрестің маңызы айтылды. Кейбір аналитиктердің ойынша, Помпеоның Қазақстанға сапары Қытайдың елдегі ықпалына қарсы жасалған еді, өйткені Помпео бұдан бұрын Шыңжаңдағы лагерьлердің құрбаны болған этникалық қазақ отбасыларымен кездесіп, Тоқаевты этникалық ұйғырлар мен қазақтарды қудалауы үшін Қытайға қысым көрсетуге шақырды. ## Саяси көзқарасы Тоқаевты жергілікті және халықаралық биліктегі тәжірибесі бар «ұстамды консерватор» деп сипаттайды. Сонда да The Wall Street Journalға берген сұхбатында Тоқаев өзін «реформашы» қылып сипаттады да, саяси реформасыз экономикалық реформалар болмайды деген. The Diplomat басылымының жазуынша, Тоқаевтың саяси капиталы Назарбаевтың қолдауынан асып түспеді, бұл оған бизнес-элитадан, мемлекеттік қызметшілерден және саяси институттардан қолдау мен сенім алуға мүмкіндік берді. Осы себепті Тоқаев «Назарбаевтың саяси тумасы» деп сипатталды және оның қарсыластары мен сыншылары оны «жиһаз» (орыс. мебель) деп атады, бұл келемеждік терминді алғаш рет 2019 жылы қуғындағы қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Әблязов ойлап тапқан еді. ### Сыбайлас жемқорлық Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзінің көзқарасын сипаттап, оны «ұлттық қауіпсіздікке тікелей залал» деп атады да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әкімдердің ірі жауапкершілігін айтып кетті. 2019 жылғы 28 қарашада мекемедегі жоғары лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп танылса, мүше болған министр мен әкімдерді отставкаға кетуге міндеттейтін заң жобасы бекітілді. ### Орыс тілі Президент ретінде Тоқаев қазақстандық жұртшылықты қазақ тілін үйренуге шақырып, оны «әрбір қазақстандықтың міндеті» деп атады. Сонымен қатар, ол қазақ тілінің рөлін күшейту орыс тіліне нұқсан келтірмеу керек деп есептей отырып, бұл мәселені дұрыс қарастырмаған жағдайда «түзетілмейтін зардаптар» бола алатынын айтты да, Украинадағы ұлтаралық қақтығыстарды атап кетті. 2023 жылғы 13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасындағы қатынаста орыс тілінің "ерекше рөлі" туралы айтқан. Ресей президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше Тоқаев «орыс тілін дамыту үшін халықаралық ұйым құрылуын ұсынды». Қазақстан президентінің ресми сайты бұл жайлы хабарлаған жоқ. 2023 жылғы 18 қазанда Тоқаев бұл халықаралық ұйым жобасын мақұлдады да, бұл шешімді «тарихи шешім» деді. ## Өз өмірі Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұбайы (некеде 1980–2020,[дереккөзі?] ажырасқан) Надежда Давыдовна Тоқаева (27 қыркүйек 1957 жылы туған) болған. Ол — Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымы кеңсесі Әйелдер Гильдиясының бұрынғы құрметті президенті (2011–2012), Қазақстанның бірінші ханымы (2018–2020). Мәскеу тарих және мұрағат институтының түлегі, Ресей азаматы. Тоқаевтардың ұлы Тимур Кемел (1984 жылы туған) — БЭСК Холдинг компаниясының, Қараоба-2005 және Kazakhstan Tungsten & Molybdenum Company ЖШС құрылтайшыларының бірі, Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарады. Леман колледжінің (Женева, Швейцария), Вебстер университетінің (Беллевю, Швейцария) және Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының түлегі. Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2009 жылдан бастап). Әйелі — Елдана Сейітқәліқызы Шалабаева (Бәтима Зәуірбекова мен Сейітқәлі Шалабаевтың қызы). Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Кемелқызы Ізбастина (Тоқаева; 19 қыркүйек 1956 жылы туған) — Аби Петролеум Кэпитал ЖШС директоры. Күйеуі Теміртай Ізбастин (10 қыркүйек 1957 жылы туған) — Қазақстанның Болгариядағы елшісі (2019–2022) және Дипломатиялық миссиясының басшысы (2009-2019). * Қызы Дана Теміртайқызы Медеуова (1978 жылы туған) Болгариядағы Dami Investment, Dami International, SD Property Investments компанияларына иелік етеді. * Үлкен ұлы (1981 жылы туған) Қаныш Теміртайұлы Ізбастин — БРК-Лизинг (2008–2012), KazExportGarant экспорттық несиені сақтандыру корпорациясының (мамыр–қараша 2012), ҚазАгроҚаржы (2015–2021) төрағасы. Әйелі Ботагөз Қозыкөрпешқызы Қарбузова (1982 жылы туған; Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Қарбузовтың қызы) — КЕҢСЕ 99 ЖШС директоры. Балалары: Сара Айлэн (2009), София (2011), Салма (2013). * Ортаншы ұлы Мұхамед Теміртайұлы Ізбастин (1983 жылы туған) — TSM Group құрылтайшысы, Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын еншілес басқарады. Қазақстандық Forbes журналы бойынша 2022 жылғы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіреді. * Кіші ұлы Бекет Теміртайұлы Ізбастин (1984 жылы туған) - PSA бас директоры. Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқа қарындасы Қарлығаш Кемелқызы Тоқаева (1960 жылы туған) — саясаттану ғылымдарының кандидаты. Екеуінің тағы екі ағайындысы бар; Қанат пен Бақыт. Тоқаев — полиглот, қазақша, орысша, ағылшынша, қытайша және французша сөйлейді және Қазақстанның үстел теннисі федерациясының 13 жыл бойғы президенті болған. Тоқаев өз туған күнін тойламайтынын айтқан. Бұл президент отбасында туған күн тойлау дәстүрінің болмауына байланысты қалыптасқан. Швейцариялық Public Eye ұйымының мәліметі бойынша, 2010 жылдары Тоқаевтың ұлы Тимур мұнай және металл өндіру саласында бизнеске ие болған. 2021 жылғы желтоқсанда Алексей Навальныйдың командасы Ресейдің жылжымайтын мүлік тізіліміне зерттеу жүргізгенде Тоқаев туыстарының ресейлік мүлкі туралы деректердің Росреестрден жойылғанын анықтады. ## Кітаптары * «Организация Объединенных Наций: полвека служения миру» (1995), * «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» (2000), * «Дипломатия Республики Казахстан» (2001) * «Слово об отце» (2005), * «Свет и тень» (2007), * «Он делает историю» (2010). ## Марапаттары ## Құрметті атақтары * Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясының «Даналар кеңесінің» мүшесі * Шэньчжэнь университетінің құрметті профессоры (Қытай) * Ресей СІМ Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және құрметті докторы, сенімді кеңесінің мүшесі * Қазақстан Халықаралық қатынастар кеңесінің құрметті президенті * Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы * Женева университеті «Академикус» грамотасының иегері * С.Н. Рерих атындағы естелік медалінің иегері. ## Тағы қараңыз * Қазақстан Республикасының Үкіметі; * Қазақстанның мемлекеттік құрылымы; * Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметі — 1999–2002 жылдары қызметте болған, Тоқаев басқарған Министрлер Кабинеті. ## Дереккөздер
Қазақстан ( Қазақстан [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы ( Қазақстан Республикасы) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3 000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий көлі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов теңізі мен Қара теңізге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзын шекара, солтүстігінде және батысында Ресеймен — 7591 км құрайды. Оңтүстігінде: Түрікменстан — 426 км, Өзбекстан — 2354 км және Қырғызстан — 1241 км, ал шығысында: Қытаймен — 1782 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13394 км. Батыста Каспий көлімен (2000 км), оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады. 2024 жылдың 1 наурыздағы елдегі тұрғындар саны — 20 075 271, бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 902 км²). Елдің елордасы — Астана қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ресми тілі — орыс тілі. Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды, пайыздық үлесі — 70,18%, орыстар — 18,42%, өзбектер — 3,29%, украиндар — 1,36%, ұйғырлар — 1,48%, татарлар — 1,06%, басқа халықтар 5,38%. Халықтың 75% астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар — 21%, қалғаны басқа да дін өкілдері. Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $205,539 млрд (2018). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы — теңге. 1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді. ## Этимологиясы Қазақстан сөзі Қазақ және Стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда. ## Тарихы ### Ежелгі Қазақстан Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы III-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан. ### Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан (Түркі дәуірі) Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ) VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түркі тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерін де қамтылған. Қазақстан да бұл қағандықтың құрамына кірген. Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Тоныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ. ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді. Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды. Тағы қараңыз: Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты және Қарлұқ қағанаты ### Орта ғасырлардағы Қазақстан (Оғыз дәуірі) Орта ғасырларда қазіргі Қазақстан жерін Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ мемлекеттері өмір сүрді. ### Ресей империясының құрамындағы Қазақстан Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731–1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті. * 1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. * 19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837–47) тудырды. * 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі аяқталды. * 1914 ж. 1-тамызда Ресейдің 1-дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді. * Жаппай наразылықтар нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліс шықты. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ пен Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды. * 1917 ж. патшаны тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетті. * 1917 ж. 21–28 шілдеде Орынборда 1-Бүкілқазақ съезі өтті. Делегаттар ұлттық автономия, жер-су, т. б. мәселелердің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлік және қазақ саяси партиясын құру мәселелеріне баса назар аударды. Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, т. б. қайраткерлер отаршылдыққа қарсы Алаш партиясын құрды. Олар қазақ халқын отарлық езгіден азат ету ұраны төңірегіне топтасып, қазақтың дербес, тәуелсіз Алашорда демократиялық мемлекетін құруға кірісті. Бірақ көп ұзамай бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ жерінде де кеңес билігі орнады. ### Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы 1917 жылы большевистік революциядан кейін Қазақстанда Кеңес билігі орнады. Бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстары бүкіл ел шаруашылығын күйретті. 1920-1921 жж. қыста болған жұттың салдарынан ірі қараның жартысына жуығы қырылды. 1921 жылы жаз егінсіз болып, аштық орнады. Тек 20-жылдардың соңына қарай Қазақстан қалпына келді. 1920 жылы Қазақстан автономды, ал 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтық республика болды. Аймақтың экономикалық әлсіздігін есепке ала отырып, одақтық үкімет Қазақстан шаруашылығын қарқынды түрде дамытуды алға қойды және 1941 жылы өнеркәсіп өндіріс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз есеге артты. Ірі экономикалық жобаларды орындауға ресурстарды топтастырудың жоспарлық жүйесінің мүмкіндіктері арқасында Қазақстан 30-жылдары көшпелі өлкесінен ірі және өнеркәсіптік, егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған, жоғары мәдени деңгейі бар аймаққа айналды. Қазақстан аумағында мыңдаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды, он мыңдаған шақырымға созылған темір және автомобиль жолдары түсті. Қазақстан түрлі түсті және қара металл, көмір, мұнай, бидай, мал шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі болды. 1991 жылы Қазақстан үлесіне қорғасын, мырыш, титан, магний, қалайыны өндіруде одақтық өндірістің 70 пайызы, фосфор мен хром өндірісінің 90 пайызы, күміс пен молибденнің 60 пайыздан астамы тиесілі болды. Қазақстан дәнді дақылдардың ірі өндірушісі болды. Алайда, экономикалық дамудағы жетістіктер үшін қазақ халқы құнын өтеді. «Социалистік индустриялау» әдісі қайғылы жағдайға әкелді. Нәтижесінде ұжымдастыру бойынша қозғалыс 30-жылдары аштыққа әкеліп тіреді. Қазақтардың бір бөлігі тобымен Қытайға және көршілес ортаазия елдеріне кетті. 1931-1934 жылдары аштық пен аурудан бір жарым миллион адам қаза тапты, ол этностың 40 пайызын құрады. Қазақстан бұрынғы КСРО аумағындағы негізгі тұрғындардың ең аз бөлігін құраған бірегей республика болды; мұндай жағдай 30-жылдары халықтың көп бөлігінен айырылғаннан емес, КСРО-ның басқа аймақтарынан Қазақстан аумағына жүз мыңдаған адамдарды жарамсыз большевиктік режимде 1937-1938 жж. террор құрбандарына арналған концлагерлер ұйымдастыру арқылы қоныс аудару салдарынан болды. 1935 жылдан 1940 жылға дейінгі кезеңде Батыс Украина, Белоруссия және Литвадан поляктардың жер аударуы көп орын алды (120 мыңға жуық адам). ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға Поволжья немістері, Кавказдан шешендер, ингуштар және басқа да ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды, ал 50-60 жж. тың игеруге байланысты біздің елге Ресей, Украина, Белоруссиядан миллиондаған тұрғындар көшіп келді. Нәтижесінде 1926 жылы республикадағы барлық тұрғынның меншікті салмағы 57,1% құрап, 1939 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін төмендеді, ал 1959 жылы небәрі 30 пайызға тең болды. Тек соңғы жылдары қазақтардың меншікті салмағы 50 %-дың көрсеткішке жетті. 70-80 жылдар қарсаңында КСРО-ның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі дағдарыс Қазақстанға да әсер етті. Қатаң жоспарлық жүйе елдің экономикалық дамуын, әлеуметтік саланы тоқыратты. Сондықтан да қайта құру саясаты жариялылық пен демократияға сенген Қазақстан халқынан кең қолдау тапты. Алайда, 1986 жылғы 17 желтоқсанда орын алған Алматыдағы жастардың демократиялық көтерілісінің қатты қысымға алынғаны тағы да «әлеуметтік» жүйенің жарамсыздығын көрсетті. ### Қазақстан Республикасы 1990 жылдарда1991 жылы 8 желтоқсанда РКФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер — 1922 жылғы КСРО құру туралы келісім шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы құжаттарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев та, басқа Орта азиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, РКФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Кеңестік жүйенің құрсауынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы - ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қаруы бар мемлекет есебінде Белорусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина Республикасының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша — қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достастығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды. КСРО-ның ыдырау процессін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Екінші мыңжылдықта Екінші мыңжылдық 10 жылдарында ## Географиясы Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр. Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с. е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с. е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш. б.) Елтон және Басқыншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш. б.) Бұқтырма өзенінің бастауына тұспа тұс келеді. Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері — Хантәңірі шыңы (6995 м, қар құрсауымен қосып есептесе 7010 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең ойпат жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төменде орналасқан. ## Әкімшілік бөлінуі Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 17 облыс, 89 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент), 186 аудан, 174 ауылдық округ кіреді. ### Ірі қалалар * Қазақстан қалалары * Қазақстан аудандары ## Халқы ## Мемлекеттік құрылымы Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару құзіретін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергілікті соттары болады. Жергілікті мемлекет басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады. ## Табиғаты ### Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі Мұрағатталған 8 қыркүйектің 2013 жылы. мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық жыныстар ұшырайды. ### Қазақстан Шығыс Еуропа платформасының оңт.-шығыс шетін (Каспий маңы синеклизасын) және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің батыс бөлігін алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңт.-батысында Тұран ойпатына (тақтасына) жалғасады. * Тақтаның (плитаның) мезокайнозойлық тысының астынан Мұғалжар мен Қаратаудың (Маңғыстауда) палеозойлық құрылымдары шығып жатады. Бұлардың шығысындағы Қазақстанның таулы-қатпарлы бөлігінде Орт. Қазақстан палеозойлық массиві — Сарыарқаны, бірнеше қатпарлы жүйелер мен облыстарды (Шыңғыс — Тарбағатай, Обь — Зайсан және Алтай — Саян қатпарлы облыстарының қазақстандық бөліктері), Солт. Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының ендік бағытқа жуық альпілік белдеулерін ажыратуға болады. Каспий маңы синеклизасы (ойпаңы) үш бөлікке жіктелген шөгінділерден тұрады. Төм. бөлігі қалыңд. 13 км-ге дейінгі рифей мен төм. және орт. палеозойдың құмды-тақтатасты, сазды, карбонатты-терригендік қат-қабаттарынан, орт. бөлігі кунгур ярусының (қалыңд. 5 км-дей) тұзды сериясынан, беткі жағы жоғ. пермь-мезозойдың теңіздік, континенттік шөгінділерінен (4–6 км) құралған... ### Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылықта болуы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады. Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропикалы Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр қашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз. Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің қатты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады. Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедеріне байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді. Радиация Мұрағатталған 4 ақпанның 2017 жылы.. Қазақстан аумағы үстінде қыс бойы жоғары қысымды ауа циркуляция жүйесі (антициклон) үстемдік етеді, ал жазда төмен қысымды (циклон) атмосфералық циркуляция жүйесі жиі қалыптасады. Жалпы республика аумағының көп бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан күн сәулесінің түсу ұзақтылығы солтүстіктен оңтүстікке қарай жылына 2000 сағаттан 3000 сағатқа дейін артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңтүстікте 260 тәулік ұдайы бұлтсыз болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 тәуліктен 10 тәулікке дейін (Балқаш маңы ойпаты) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңтүстікке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары шегі 70–80%-ға жетіп, жазда көп жерде 20 – 30%-ке дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солтүстікте 1500-ден оңтүстікте 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақт. солт-те 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай. ### Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылдық көлемі 100,5 км³; соның ішінде не бары 56,5 км³-і ғана республика аумағында қалыптасады, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен су ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен ең аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км³-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылдық бағаммен шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км³-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км³-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты су қоры 15,1 км³-ді құрайды, оны пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км³. Қайтымды сулардың көл. 4 км³, су көздеріне қайта құйылған су 2 км³-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болады. ### Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы — жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев — топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. Қазақстанда өзге елдерде кездесетін топырақ түрлерінің түгелдей дерлігі тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейін бар, тек ылғалды субтропик белдеміне тән топырақ қана жоқ. ### Өсімдігі Қазақстанда интродукцияланған, мәдени дақылға айналдырылған және кездейсоқ әкелінген түрілерін қоспағанда шамаммен 6025 өсімдік түрі бар. Жабайы өсімдіктердің 18 түрі космополит (Антарктикадан басқа құрлықтарда өседі), 285-і голарктикалық түр (Евразия мен Солтүстік Америкада өседі). Бұлардың ішінде 535-і (шамамен 11%-і) тек Қазақстанда кездеседі (эндемиктер). Мұнда бірнеше ботаникалық зона бар. Тау өсімдіктері өздеріне тән биіктік зоналар құрайды. Өзен-көл, батпақ, жайылма, шалғындық, көлтабан өсімдіктері ешқандай зонаға жатпайды. Су өсімдіктерінің түрі аз (63 гидрофильді түрі). Олардың құрамында барлық космополиттердің жартысы (шылаңдар мен руппияларды қосқанда 9 түрі), 24 голарктикалық түр (сальвиния, тұңғиқ т. б.) бар. Бұлар су өсімдіктерінің 52%-і, яғни ең көне өсімдіктер. Палеоботаникалық тұрғыдан да осылай; шылаңдар туысы (21 түрі бар) бұдан 70-100 млн жыл (бор дәуірінде), сальвиния, жестер, телорез 40-70 млн жыл бұрын болған. Тегі тропикалық, гидрофильді өсімдіктер тобына жататын су өсімдіктері Қазақстан жерінде 25-40 млн жыл бұрын (олигоценде) қаулап өскен. Батпақ, өзен жайылмасы мен көлтабан өсімдіктерінің 450-ден астам түрі бар. Шалғынды, кейде батпақты жерлерде бидайық, тарғақ, айрауық, шалғын атқонағы, шалғын бедесі, шалғын ноғатығы, кәдімгі бекмания, қамыс, қоға, қияқ сияқты азықтық шөптер көбірек. Олардың топтасуынан өнімділігі әркелкі шабындық қалыптасады. Шөл зона өсімдігі * Сұр топырақты қырат жерлерді (Оңтүстік Қазақстан) алып жатқан ағаш-бұта құрамында пісте мен (жемісі — кәдімгі пісте) қатар Регель алмұрты, таудаған, тобылғы, қаратау лепидолофасы, тікенекті бадам (бұлардың көпшілігі сирек кездеседі) бар. Талас Алатауы, Қаржантау мен Қаратау бөктерлері селдір орманды, мұнда сары долана, зеравшан аршасы басым. Тақырда өсетін сексеуіл тоғайлары негізінен жапырақсыз аласа (2-8м) «шала ағаш» — қара сексеуілден тұрады. Сексеуіл арасында басқа азықтық өсімдіктер де (жусан, күйреуік, изен, теріскен) аз емес. * Қоңыр және сұр қоңыр топырақты шөл даладағы шала бұта өсімдіктердің арасында ақ жусан, қара жусан, туран жусаны, ал гипсті қоңыр топырақта баялыш көбірек кездеседі. Мұнда түрлі эфемероидтар (әсіресе баданалы қоңырбас пен жуан сабақты қияқ) мен эфемерлер де бар. * Құм топырақты шөл даладағы бұта өсімдіктерінің арасында жүзгін, құм сексеуілі, қоянсүйек, қылша түрлері, жапырақсыз құланқұйрық және түкті жүзгін ағаштары басым. Мұнда бұта тәрізді аласа өсімдіктер (жусан, изен) мен көп жылдық шөптер де (құмерке) көп. * Сор топырақты шала бұта өскен шөл далада сарсазан, бұйырғын т. б. өсімдіктер басым. * Далалық зона Далалық зонада бөденешөп, қызылбояу, боз, бетеге, қырғыз бетегесі, қылтық бетеге, көде, еркекшөп бітік өседі. Реликт өсімдіктері — сібір бетегесі, ши мен көп тамырлы жуа. * Тау өсімдіктері Оңтүстік Алтай, Сауыр, Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шань өсімдіктері далалық, ормандық және альпілік белдеулерге бөлінеді. Оңтүстік Алтай мен Тарбағатайдағы далалық белдеу далалық зонамен ұласып жатыр, бірақ мұндағы өсімдіктерге бадам, майқарағай, тобылғы араласқан. Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньда (шөл зона) бетеге, боз шалғын, бидайық (түкті бидайық), арпа (баданалы арпа) тұқымдастары өседі, мұнда итмұрын, қызыл шие т. б. өсімдіктер көп. Қазақстан тауларында бірнеше орман түрлері бар * самырсын және қарағай ормандары (Алтайда); * жапырақты (Сауыр); * майқарағай (Алтай және Жоңғар Алатауы); * шырша (Алтайдағы сібір шыршасы, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньдағы Шренк шыршасы); * алма ағаш (Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань); * өрік (Солтүстік Тянь-Шань); * шетен (Тянь-Шань); * ақ қайың (Тянь-Шань). Тау ормандарының мұншама кең алқапта орналасуына, республиканың батысында еменді және қарағашты, ал солтүстүігінде қайыңды және қарағайлы ормандардың бар болуына байланысты ормандар мен орман шалғындарының құрамындағы өсімдіктер Қазақстандағы барлық өсімдіктердін 40%-інен асады. Олардың ішінде 1 космополит (кәдімігі қыранқұлақ), 30-дан астам голарктикалық түр — орман папоротнигі, қауырсын папоротник, усасыр, құлмақ, күреңот, ұртшөп бар. Олар көне заман ормандарынан келіп жеткен реликтілер. Мұндай орман өсімдіктеріне грек жаңғағы, семенов үйеңкісі, лепсі таспасы, тянь-шань цицербитасы, семенов айдаршөбі сияқты аз тараған реликтілер, сондай-ақ «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген қырғыз қайыңы, бекара терегі, Мушкетов түйесіңірі, мыңжылқы усасыр қырыққұлағы сияқты эндемдер айырықша сипат береді. Альпі белдеулері * Альпіге доңызсырт шабындықтары мен майда шөпті шалғындықтар тән. Бұлардың алғашқысы түкті доңызсырттан, ал Алтайда Белларди доңызсыртынан тарайды. Майда шөпті шабындық құрамында крылов бетегсі, монғол птильагростисі, ал түрлі шөптерден альпі маралоты, таран, сарғыш майдажелек т. б. бар. * Субальпілік шалғындықтар тау белдеулерімен шекаралас жерлерде қалыптасқан. Тянь-Шаньда бұл — крылов бетегсінен, жартас қазтамағынан, кәдімгі манжеткадан құралған шалғындықтар. Тек мысыққұйрықтан тұратын шалғандықтар да кездеседі. Әдетте бұлардың бәрі құнарлы жаздық жайылымдар, шабындық жерлер. ### Жануарлар дүниесі Ұлан байтақ Қазақстан жерінде сүтқоректілердің 172, құстың 485, бауырымен жорғалаушылардың 52, қосмекенділердің 12, балықтың 150-ге жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер (насекомдар, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар т. б.) бұдан да көп. Тек жәндік түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. Жануарлар түрінің осыншалық көп болуы республиканың географиялық орнына, жер бедерінің дамуы мен жануар түрлері қалыптасуының ұзақ та күрделі тарихына байланысты. Жануарлардың табиғат зоналары бойынша мекендеу і * Орманды дала зонасы. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала зонасында бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын суқұстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Оңтүстікке қарай созылып жатқан Еділ жағалауынан Алтай таулы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далада суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ (үлкені, кішісі, жирені), ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, дала трикушкасы, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны мен шабындық құландыны қоныстайды. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақбөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады. * Далалық зона. Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық зонаның батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда европалық қара күзен, жұпар тышқан, орман сусары да кездеседі. Қосмекенділерден Жайық т. б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Сыңсыған қарағай өскен тау сілемдері (Көкше қыраты) бар далалық зонаның орта бөлігінде бұлан, елік, сілеусін, қызыл тоқалтіс сияқты орман тұрғындары, аққоян, ақтиін (Ертіс бойындағы қалың орманда), бұлдырық, қаратоқылдақ, кәдімгі тоқылдақ кездеседі. Далалық зонаның шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы сияқты жануарлармен қатар аққоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген. * Шөлейт зонасы. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт зонасында- саршұнақтар (кішісі, орташасы, сарысы) мен қосаяқтың, құм тышқан мен толай қоянның бірнеше түрі мекендеген. Мұнда ақбөкен де, қарақұйрық та көптеп кездеседі. Бұл зонада құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай т. б. бар. * Шөл зонасы. Республиканың оңтүстігін тау бөктеріне дейін алып жатқан шөл зонада тек осында ғана мекендейтін бірнеше жануар түрлері бар, олар оңтүстікте республика шебінен тысқары шығып кетеді. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғышылақ жартастарының арасында кездесетін үстірт муфлоны жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні — қарақал кездеседі. Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерлерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі — жаламан мекендейді. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана табылған. Солтүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана табылған бесбашбайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше хайуан. Ірі жануарлардан осы шөл далада ақбөкен, қарақұйрық қыстайды. Құстан — шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Түк аяқты қосаяқ, үшбашбайлы ергежейлі қосаяқ, құм тышқаны, жіңішке башбайлы саршұнақ, ала жертесер, құм мысығы т. б. құм ішінде тіршілік етуге бейімделген. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмыр бас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан т. б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Өзен-көл аңғарындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қоян, қырғауыл т. б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл және т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, аққұтан, көкқұтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынынан өте сирек кездесетін, «Қазақстан Қызыл кітабына» енгізілген реликт шағала қоныстайды. * Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, тундра кекілігі, ақ кекілік, алтай ұлары, кукша, жорға торғай кездеседі. Зайсан қазаншұңқырынан оңтүстікке қарай созылып жатқан тауларда (Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) марал, елік, арқар, сібір таутекесі, қоңыр аю, сілесін, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейді. Жоңғар, Іле Алатауы мен Талас Алатауында көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетін Менабир суыры жерсіндірілген. Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркіт тіршілік етеді. Бұл жерлерге сондай-ақ гималай ұлары, кекілік, ұзақ қарға, шау қарға, қызыл құйрық торғай, аршалық ементұмсық, тау шымшық, көкқұс тән. Жоңғар Алатауындағы кіші-гірім өзендерде жетісу тритоны тіршілік етеді. ### Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері. Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т. б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады. ### Табиғат ресурстары Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экон.-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді. ## Саяси жағдайы Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс дәрежелі өкілеттілік және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізім негізінде сайланған 98 депутаттардан құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты он бір мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі сегіз жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. ### Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады. ### Сыртқы саясат Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға ынталы екендігі оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. ### ҚР сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы 2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы жарияланды. Құжатта мынадай басымдықтар негізге алынған: - үдемелі сипатқа ие және ел дамуының жаңа кезеңінде Тұңғыш Президент – Елбасының сыртқы саяси бағытын жалғастыруға өзінің сабақтастығын сақтайтын елдің ашық, болжамды және дәйекті сыртқы саясаты;- адам құқықтарын қорғау, гуманитарлық дипломатияны дамыту және қоршаған ортаны қорғау;- халықаралық аренада экономикалық мүдделерді ілгерілету, соның ішінде инвестициялар тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;- ең алдымен, негізгі әріптестер – Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия мемлекеттері және Еуропалық Одақ елдері, ал көпжақты құрылымдар бойынша – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және басқа да ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды нығайтуды білдіретін өңірлік және көпжақты дипломатияны дамыту. ### Қазақстандағы саяси реформалар 2019 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның негізгі мақсаты – жұртшылық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтетін талқылаудың негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. 2019 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті азаматтардың сындарлы сұрауларына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жария етті. Сонымен бірге, Қазақстанда балама көзқарастар мен пікірлерді көтермелеу мақсатында басқа партиялардың өкілдеріне кейбір парламенттік комитеттерде төрағалық етуге мүмкіндік беретін заң қабылданатын болады. Саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісі 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетіледі. Қазақстанда бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылданды. Заңда пикет, демонстрация, шеру, митинг сияқты бейбіт жиналыстың негізгі тұжырымдамалары мен нысандарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін концептуалды аппаратты енгізу қарастырылған. Заң ұйымдастырушылардың, бейбіт жиналыстарға қатысушылардың және журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін реттейді. Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Президент Қ.К.Тоқаев тұлғаға қарсы жасалатын қылмыс үшін қолданылатын жазаны да күшейтті. ### Қоғам Қазақ техникалық мамандары Қазақ Инженерлер Бірлестігі ұйымына біріккен. ## Мереке және демалыс күндер ## Экономикасы Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанға әлемнің 120-дан аса елінен 330 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды. Дүниежүзілік Банктің «2020 жылғы бизнес жүргізу» есебінде Қазақстан әлемде 25-ші орынға ие болды және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша әлемдегі ең үздік ел атанды.Қазақстанның ЖІӨ 179,332 млрд. АҚШ долларын құрайды және жылдық өсім қарқыны 4,5%- ға тең. Қазақстанның ЖІӨ жан басына шаққанда 9 686 АҚШ долларын құрайды. Қазақстан Қытай мен Қатардан кейін ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығының ең серпінді 25 экономиканың арасында үшінші орынға ие. Қазақстанның әлемдік саудадағы рөлі мен жаңа Жібек жолындағы орталық орында орналасуы елге миллиардтаған адамға өз нарықтарын ашуға мүмкіндік берді. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 жылы мүше болды. Қазақстан экономикасының әлемдік экономикадағы үлесін анықтаудың негізгі көрсеткіші — елдің халықаралық саудадағы үлесіне қарап анықтауға болады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жылдан жылға өсіп келеді: 1995 жылы $9 млрд болатын болса 2008 жылы $109 млрд болды. Негізгі өсім мұнай өндіру және металлугрия саласыныңеншісіне тиесілі. Экспорт өндірілетін өнім көлемінің өсуіне жәнебағаның қымбаттауына байлнысты. Ал импорттың өсуі тиісінше өнімді өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтарды сатып алудың нәтижесінде өсті. 2009 жылы сыртқы сауда айналымы 34%-ға төмендеп кеттті, оның негізгі себепшісі мұнай мен металл бағасының төмендеуі. Дегенмен, 2010 жылдан бастап бағалардың қайта өсуіне байланысты қарқынды даму байқалды, Нәтижесінде экспорттық-импорттық операциялар көлемі $137 млрд. құрады. Экспорт ($92 млрд) иморттан екі есе көп болды ($45 млрд). Экспорттың 75% — минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, газ, көмір, уран сияқты пайдалы қазбаларға тиесілі. Қалған 13% — металлдар және 3,4% — ауылшаруашылық өнімдері құрайды (негізгісі бидай), 4,2% — химия өнеркәсібінің өнімдері. Негізгі өндіретін тауар — өңделмеген табиғи қазбалар құрайды. Қазақстан әлемдік сауда нарығында табиғи ресурстарды қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді. Қазақстан дүинежүзілік сауда ұйымына 2015 ж. 22 маусымда мүше болды. * * ### Қазақстанның сыртқы экономикасы Қазақстанның сыртқы экономикасы әлем елдерімен экономикалық, сауда, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да қатынастарды қамтып отыр. Бұл сала субъктілері сыртқы экономикалық қызметтерге байланысты меншік түрі бойынша тәуелсіз елімізде тіркелген Қазақстанның немесе шет мемлекеттердің заңды немесе жеке тұлғалары болып табылады. Сыртқы экономика саласында басты және маңызды орында сауда саласы. Соңғы жылдарда қазақстаннан экспортталатын тауардырдың үлесі үш есеге өсті. Оған бірнеше факторлар себепші болып отыр. Қолайлы инвестициялық жағдайлардың жаалуы тікелей шетелдік қомақты инвестициялардың тікелей ағылып келуіне себепші болды, оның негізгі бөлігі еліміздің мұнай өндіру саласына жұмсалады. Біріншеден, бұл өз кезегінде мұнай мен газ конденсатын өндіруді қарқынды дамытты. Екіншіден, дүниежүзілік тауар нарығындағы көмірсутектер шикізатын сату шартының қолайлылығы экспорт әлеуетінің өсіне жағдай жасады. Дәл осылай деп тау-кен металлургия сала-соңғы оң жыл көлемінде жалпы қазақстандық экспорт және қызмет көрсету үлесінің көбеюі, әлемдік сауданың дамуымен салыстырғандағы оның қарқынды дамуы мен көлеміне байланысты болып отыр. Қазақстандығы тауар экспорттау динамикасының деңгейінің өсуі оның жоғары, екпінді дамуын көрсетеді. Орташа есеппен он жыл ішінде тауар экспорттау төрт есеге өссе, импорт үш жарым есеге өсті. Әлемдік деңгеймен салыстырмалы түрде қарағанда еліміздің макроэкономикалық көлемі жоғары емес. Осыған қарамастан Қазақстанның сытрқы экономикалық саласын болащақта дамытуына орасан зор шамасы бар. Атап айтқанда, бүгінде 500-ден астам кен орындары барланып, минералды шикізаттың 1220 түрінің барлығы анықталған. Осылардың көпшілігінен біздің еліміз дүние жүзі бойынша алдыңғы орында. Осылайша, Қазастан барланған цинк, вольфрам және барит қорларын әлем бойынша бірінші орында болса, күміс қорғасын және хромит қорынан екінші орында, мыс, марганец, флюорит бойынша үшінші, молибден қорынан төртінші, сонымен қатар алтын қоры жөнінен алдыңғы қатардағы он елдің қатарында. Елімізде темір рудасы әлемдік қордың 8 пайызын, уранның жобамен 25 пайызын құрайды. Қазақстан мұнай қорын барлаудан әлемдегі он елдің қатарында. Ғаламдық қаржылық — экономикалық тоқырау республикамыздың сыртқы экономикалық саласына кері әсерін тигізді. ## Энергетикасы ### Мәдениет және қоғам ### Білім беру жүйесі ### Бұқаралық ақпарат құралдары ### Әлеуметтік саласы ### Қарулы күштері Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы әскерлерді, тыл, әскери оқу орындары мен ғыл. мекемелерді қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс мин-не қарайтын әскер түрлерінен басқа Ішкі істер мин-нің ішкі әскерлері, Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, респ. “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты мақсаты — елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемл. ин-ттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Республика Қарулы Күштеріне бейбіт кезеңде мынандай негізгі міндеттерді орындау жүктелген * әскери күшті, жауынгерлік даярлықты қамтамасыз етіп, басқару органдары мен әскерлерді ел ішіндегі қақтығыстарды, * Қазақстан Республикасының мемл. шекарасында немесе аум-ның шегінде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетуді тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау; * әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ, мемл. шекараның жедел-стратег. тұрғыда маңызды өңірлерін жабу; * маңызды әскери нысандарды күзету; * елдің кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөніндегі батыл іс-қимылға әзір болу; * халықаралық міндеттемелерге сәйкес бітімгершілік және өзге де операцияларға қатысу. Бұл міндеттерді орындауды Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметіне құрлықта, теңізде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемл. шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестікке (террорға), қару мен есірткі саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 23 қарашадағы 1579 қаулысына сәйкес елімізде Оңт., Батыс, Шығыс, Орт. әскери округтері құрылған. Оңт. әскери окуругінің қорғайтын жер аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округі қорғайтын жер аумағына: Шығ. Қазақстан, Павлодар облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Семей қаласында. Батыс әскери округінің қорғайтын аумағына: Ақтөбе, Атырау, Бат. Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Ақтөбе қаласында. Қазақстанның қалған облыстары Орт. әскери округіне қарайды. Орт. штаб – Қарағанды қаласында. Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерістерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуі, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т. б.) ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери доктринасы орташа мерзімді кезеңге есептеліп жасалған (1999–2005) қорғаныстық сипатқа ғана ие. Ол әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайды кешенді бағалауға, мемлекеттің экон. болмысы мен материалдық қорының мүмкіндіктеріне сүйенеді. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының негізгі ережелерін нақтылайды және шабуыл жасалған жағдайда елдің қорғанысын ұйымдастыруға, ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі одақтас мемлекеттермен бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған. ## Қызықты деректер * Қазақстанда 19 миллионнан астам адам, шамамен 130-дан астам этнос тұрады. Оның 48,71 % — ерлер, 51,29 % — әйелдер. Қазақстан халық саны бойынша әлемде 64-орында. * Қазақстанның аумағы Азия мен Еуропада орналасқан. Жер көлемі — 2,7 миллион шаршы шақырым. Дүниежүзінде 9-орында тұр. Қазақстанның территориясына 3 Түркия, 5 Франция немесе 7 Жапония сиып кетер еді. * Қазақстанда екі сағаттық белдеу бар, климаты — күрт континенталды. Ауа температурасы -45-тен +45 градусқа дейін болады. * Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінен табылған. Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 20 жетекші елдің қатарына кіреді. Ал газ қоры бойынша 30-орынға, алтын қорлары бойынша әлемде 15-орынды, ураннан екінші орынға тұрақтаған. * Қазақстан өз еркімен күштілігі жағынан әлемде төртінші орында тұратын қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық тәжірибелер полигонын жапты. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды. * Астана қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі. 1998 жылы ЮНЕСКО бас қаланы «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Ал 2012 жылы елордаға «ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қала атауы Тұңғыш Президенттің құрметіне Астана деп өзгертілді. * Әлемдегі ең биiк түтiн мұржасы Қазақстанда (Екібастұз қаласында) орналасқан. Оның биiктігi — 420 метр. Ол Эйфель мұнарасынан 100 метр биік. * Байқоңыр – әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тұңғыш рет адамзат ғарышқа ұшқан. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда орналасқан. Көлемі 6717 шаршы шақырым. * Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны. Мұнда 170 әлемдік рекорд орнатылған. «Медеу» атауы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайраткері Медеу Пұсырманұлының құрметіне берілген. * Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген (2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша). * Орталық Азиядағы ең үлкен театр Қазақстанда орналасқан. «Астана Опера» театрын 33 елдің мамандары үш жыл салды. * Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны. Ал жылқы алғаш рет (б.д.д 4 мыңыншы жылдарда) Қазақстанда қолға үйретілген. * Қазақстанның төл валютасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды. Алғашқы қазақстандық ақшалар Лондонда шығарылды. * Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға әлемнің 120-дан астам мемлекеті 370 млрд доллардан астам инвестиция құйды (2022 жылғы деректер бойынша). * Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара — Қазақстан мен Ресей шекарасы (7591 шақырым). * Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұрасының қатарында. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Таңбалы петроглифтері. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2011 жылы. * Президенттің ресми торабы * Парламенттің ресми торабы Мұрағатталған 1 маусымның 2019 жылы. * Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі * Үкiметтiң ресми торабы Мұрағатталған 7 тамыздың 2019 жылы. * Қазақстан Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP) * Қазақстан Республикасының онлайн заңнамасы * Қазақстанның ресми статистикасы Мұрағатталған 13 қарашаның 2013 жылы. * Қазақстанның бірінші ақпараттық порталы
Құрсақ той, Құрсақ шашу — ұлттық салт-дәстүр. "Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты ертеден келе жатқан дәстүр. Түрлі салт-дәстүрлерді білетін ақ жаулықты аналарымыздың айтар өсиеті мол. Келін үйге түскеннен соң, ененің одан күтетін үміті зор. Сондықтан, аяғының ауырлағанын байқаған өнегелі ене құрсақ шашу деген кішігірім той думан ұйымдастырады. Оның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару.Бұл, біріншіден,ертеңгі күні дүниеге келер нәрестенің алғашқы тойы болса, екінші жағынан аяғы ауыр ананың да қамын ойлап, соған жағдай жасаудың амалы. Думанды дастарқан жайылып, үлкен әйелдер жағы жас келінге батасын береді, ал құрбылары, абысындары білгенін айтып, ақыл-кеңес беріп, келіннің көңілін аулайды. Бойына бала бітісімен-ақ кейбір ананың асқа тәбеті шаппай, жерік болады. Оны "итжерік" деп атайды. Тәбеті шабатын тамағын тауып беру де ененің мойнында. Өйткені ертеңгі күні жерігі қанбаса, баланың толыққанды болып жетілуі екіталай.Егер жерігі қанбай жүрсе, кейін баланың аузынан сілекейі аға беретін болады деген ырым да бар. Сондықтан тойға келген әйелдер келінге арнап әр түрлі тағам әкеліп, дәм тигізеді. Жерік кезде жеген аста да көп мән бар. Тіпті баланың болашақта кім болатындығын соған қарап болжауға болатындығы ғылыми түрде дәлелденіп те отыр. Мысалы, анасы көкөніске жерік болса, бала ширақ, елгезек, өмірге құштар болады екен. Кесек көмірге жерік болса, бала болбыр, өмірге икемсіз болмақ. Ал, тек біреудің үйінің тамағын жегісі келіп тұрса, бала келешекте үйде тұрмайтын, үнемі түздің тірлігін тындыратын болып өседі екен...Жерік ананың қалауын тауып тойдырған адам сауапқа қалады деген де ырым бар. Сондықтан тойға келгендер аяғы ауыр әйелдің көңілін табуға тырысады. Бұл не жерін білмей әр нәрсеге аңсары ауған болашақ анаға көп көмек. "Жерік асын жеген жетілер, жерік асын жемеген кетілер" деп те жатады халқымыз. Осылайша жерік астың әрбірі ана мен баланың қажеттілігін өтейді. ## Дереккөздер
Бор кезеңі – мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145,5 млн. жыл бұрын басталып 65,5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы ағылш. White Cliffs (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозавр, мозазавр, ихтиозавр және плезиозаврлардың жаппай қырылуымен белгіленеді. Соңғы деректер бойынша шамамен 93 млн. жыл бұрын жанартау белсенділігі қазіргі деңгейден 300—500 есе көбейген. Жанартау қарқындылығы көбінесе қазіргі Кариб теңізінде болған. Атмосфераға көмір қышқылды газ көп мөлшерімен түскен, ал оттегі азайып әкті қабықшасы бар фораменифера деген бір жасушалы жәндіктер жаппай қырылған. Бұлардың сүлделері бор болып жетілді. Кейбір геологтар тұжырымы бойынша қазіргі Мексикан теңізі жеріне 65,5 ± 0.3 млн жыл бұрын үлкен астероид құлап теңіз айшанағын жаратқан да жанаратауларды оятқан. Осының әсерінен мезозой жәндіктері қырылып кайнозойға жол ашқан. Бұл уақытты және қатысты геологиялық саты арасын бор-үштік шегі (ағылш. K-T boundary, сонда K — бор кезеңінің қысқартпасы, T — үштік кезеңі, boundary — шек) деп атайды. Бор кезеңі бұдан 135 млн. жыл бұрын басталып, 60 — 70 млн жылға созылған; екі бөлімнен (төмен және жоғары), 13 ғасырдан тұрады. Бор кезеңінде Анд, Верхоян-Чукот, Кордильера таулары көтерілген. Верхоян-Чукот пен Шығыс Азияның түйіскен жеріндегі терең жарылыстар арқылы әрекет еткен жанартау процесінің нәтижесінде Охота-Чукот жанартаулық белдеуі пайда боды. Орталық және Оңтүстік-шығыс Азияда геосинклинальдік жағдай аяқталып, қазіргі заманға дейін сақталған мезозойлық қатпарлы таулы жер бедері қалыптасты. Бор кезеңінде Гондвана мен Лавразия континенттерінің жекелеген материктерге бөлінуі басталды. Мұхит айдындары пайда болды. Юраның соңы мен бордың басында басталған регрессия Лавразия көлемінде континенттік жағдай туғызды. Ал одан соңғы трансгрессиялар өте көлемді болып, аса зор аумақтарды қамтыды. Мысалы, Қазақстанда трансгрессия солтүстік аймақтарды түгел қамтып, орталығына дейін жетті. Бор кезеңінде “Орталық Қазақстан қалқаны” деп аталатын аймақта континенттік жағдай туды. Бордың басында оның палеозойлық іргетасы үстінде жекеленген ірі жайпақ көтермелер — антеклизалар (Орал, Орталық Қазақстан, Алтай, Оңтүстік Тянь-Шань) және оларды бөліп тұрған жайпақ ойпаттар — синеклизалар қалыптасты. Қызылқұм, Торғай, Сарысу және Ертіс маңы ойыстарының төм. бөлігі континенттік, жоғары қарай теңіздік шөгінділермен толды. Каспий ойпатында бор жыныстарының толық қимасы сақталған. Мұнда теңіздік шөгінділер — карбонаттық қабаттар, құмтас, саз, әктас, мергель, фосфорит, олардың арасында мұнай, газ, бор, боксит қабаттары кездеседі. Континенттердің аридтік (құрғақ) аймақтарында қызыл түсті шөгінділер (көбінесе, гипсті және тұзды қабаттар), ал гумидтік (ылғалды) аймақтарында тұщы сулы шөгінділер қалыптасқан. Көтерілген аймақтарда үгілу қабаттары пайда болып, темір, никель кен орындары түзіле бастаған. Бор кезеңінің органик. әлеміне аммониттер, белемниттер, теңіз кірпілері, алтын сәулелі коралдар, фораминиферлер жатады. Бұл кезеңде сүтқоректілер, әсіресе, ірі денелі жануарлар тез дами бастады. Теңіздерде алып кесірткелер — мезозаврлар, плезиозаврлар, ихтиозаврлар, құрлықта — динозаврлар, ұзындығы 14 м-ге жететін жылан тәрізділер, әуе кеңістігінде қанаттарының өрісі 8 м-лік өткір тісті жыртқыш құстар өмір сүрді. Бор кезеңінің екінші жартысында жер бетінің физ.-геогр. жағдайының күрт өзгеруіне байланысты ірі жануарлардың жаппай қырылуы басталды. Оның себебі әлі толық ашылған жоқ. Өсімдік әлемінде жабық тұқымдылар (қайың, үйеңкі, терек т.б.) үстемдік ете бастады, гүлді өсімдіктер пайда болды. Бор кезеңінде жауын-шашынның органикалық әлем топтарының геогр. таралуына әсер еткен климаттық белдеулілік жақсы байқалды. Жерортатеңіздік, Бореальдық, Оңтүстік және Тынық мұхиттық палеогеографиялық аймақтар анық бөлінді. Бор кезеңінің шөгінділерімен әктастың, бордың, мұнай-газдың, тас көмірдің, фосфорит, бокситтің ірі кен орындары тығыз байланысты. ## Дереккөздер
Қарасай Алтынайұлы (1598-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына айналған аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс — шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999). Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есімді үш ұл туған. Алтынайдың үшінші әйелінен Қарасай батыр туған. Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы. Атап айтқанда Қарасайдан Көшек, одан Айдар, одан Мырзатай, одан Кенбаба, одан Еділ, одан Сапақай, одан Назарбай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан туады. ## Жоңғарларға қарсы соғысы Қарасай батырдың өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар арасында екі ғасырға созылған қанқасап соғыстың енді тұтанып, енді шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған кезі еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орныққанына екі ғасырдың жүзі болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен жерін қорғау үшін алғаш рет атқа қонып, елдің шетіне, желдің өтіне, жаудың бетіне шығып, ерлік көрсеткен батырлардың сапында Қарасай Алтынайұлы да болды. Қазақ-жоңғар соғысы XVI ғасырдың өзінде-ақ шиеленіскені жөнінде тарихшы В.В.Вельяминов-Зернов жазады. Ал ағылшын көпесі А.Дженкинсон 1557 жылы Қытайға бармақшы болып жолға шыққан, бірақ қазақ-жоңғар арасында Ташкент үшін қырғын соғыс болып жатқандықтан Қытайға өте алмағанын жазып қалдырған. Демек, Қарасай батыр ат жалын тартып мініп, сарбаздар сапына тұрған кезде көшпелі екі ел арасындағы соғыс тәсілдері, қорғаныс әдістері әбден шыңдалып, өліспей беріспейтіндей шиеленісіп үлгерген. Міне, бұл тұрғыдан келгенде, қазақ халқының ұлттық патриотизмін, ерлік дөстүрін алғаш рет қалыптастыру, орнықтыру миссиясы Қарасай қатарлы батырлардың пешенесіне жазылған. Жетісуда туған Қарасай батырға Арқаның Айыртауынан топырақ бұйыруы, Қызылжарда туған Баян батырдың соңғы демінің Ӏле бойында таусылуы, Еділ бойында туған тама Қабанбай батырдың Арқадағы Сарысу бойындағы шайқаста қаза табуы, Ерейментаудың Малайсарысының Алатау бөктерінде дүние салуы, сөз жоқ, ұлттық-этникалық біртұтастықты мемлекеттіктің әбден орныққандығының, сол мемлекет аясындағы атамекеннің азаматтар санасында біртұтас киелі сипат алғандығының ең бедерлі айғағы еді. Осындайда қазақ халқының кейінгі ғасырларда бастан кешкен азапты өмірінде отаншылдық сияқты ең киелі сезімдерінің шайылмауының басты себебі, сол бір Қарасайлар заманында орныққан эпикалық ерліктер мен патриотизмнің негізі беріктігінен де болар деген қорытындыға тоқтауға тура келеді. Есім мен Жәңгір сияқты ақылды хандардың арман-аңсары Қарасай сияқты біртуар батырларга, ру, тайпа көсемдеріне тікелей арқа сүйеу арқылы жүзеге асып отырды. Жалпы XVII ғасыр аясында, яғни Қарасай батырдың ат үстінде болған кемел шағында қазақ-жоңғар арасында әйгілі үш соғыстың болғаны тарихтан аян. Мұның біріншісі — 1635 жылы болған Сібір-Тобыл соғысы. Бұл соғыс туралы И.Э. Фишер "Сібір тарихы" атты еңбегінде жазған. Тарихи деректерде осы кезеңде жалайыр, шапырашты руларының Тобыл бойында болғаны айтылады. Сібір-Тобыл соғысына Қарасай батырдың қатысқаны ешқандай күмән келтірмейді. Екінші соғыс 1643 жылы болған. Бұл әйгілі Жәңгір сұлтанның (ол кезде әлі хан тағына отырмаған) 600 жанкешті сарбаздарымен жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрып, оған алшын Жалаңтөс батыр 20 мың әскерімен көмекке келетін жойқын соғыс. Бұл соғыс жайында орыс тарихшылары Н.М.Карамзиннен бастап И.Я. Златкинге дейін таусыла жазып, жалпы соғыс тарихында сирек кездесетін оқиға ретінде атап өтеді (Левшин А.И. Описание киргиз-кайсакских или киргиз-кайсачьих орд и степей. 2-бөлім. СПб., 1832. 59-6.). Даланың ауызша тарихнамасында (ДАТ), яғни шежіре деректерінде шапырашты Қарасай батырдың 600 қолымен осы соғысқа қатысып, жойқын ерлік көрсеткені айтылады. Әйгілі Сүйінбай жыраудың: “Қарасай халқы үшін атқа мінді,Шыдамай жауыздыққа неше түрлі, ” дейтіні, немесе: “Сол қуғаннан қуылды Шудан бастап,Қалмақ қашты баласын, малын тастап.Әйеліне қарауға шамасы жоқ,Келіп еді о баста жерді ластап, —” деп суреттейтіні Қарасай батырдың осы соғыстағы ерлігіне орай айтылған. XVII ғасырдың аясында қазақ-жоңғар арасында болған сұрапыл соғыстың үшіншісі — 1652 жылы өткен. Бұл соғыста Жөңгір ханды жекпе-жекте 17 жасар Қалдан Серен өлтірді. Осындайда "тарихтың тәлкегі" деуден гөрі, "тарихтың заңдылығы" деуге болатын бір гәп еске түседі, сол Қалдан Сереннің баласы Шарышты Аңырақай шайқасында 17 жасар Абылай сұлтан (ол кезде хан емес) жекпе-жекте өлтіреді. 1652 жылғы соғыста Қарасай батыр жалпы қазақ әскерлері қолбасшыларының бірі ретінде ақыл-парасатымен, тапқырлық-табандылығымен танылған. Сахара төсінің ежелден қалыптасқан тәртібі бойынша ел бастаған көсем мен қол бастаған батырлардың есімі әдетте ру-тайпа атауына ұласып, ұранға шығып отырған. Ондай ірі тұлғаларға жер атын беру рәсімі қалыптасқан. Бұлретте Қарасай батыр есімінің ру атауына ұласып, ұранға шығуы, бірнеше жер атауларының берілуі, ең алдымен, іргелі рудың қам-қаракетін елдік мұрат-мүддесімен тоғыстыра білген қайраткер-қолбасшылығына айғақ болса керек. Белгілі зерттеуші П.П.Румянцевтің Жетісу тарихы мен шаруашылығына арналған кітабы 1913 жылы Петербургте жарық көрді. "Материалы Семиреченской области" деп аталатын осы кітапта былай жазылған: "Батыр Кәстек өңірінің жұрты шапырашты руынан шыққан Қарасай батырдың ұрпақтарын құрайды. Қазір Қарасай руы Ақмола облысының жерін қоныс етеді. Қарасайдың бейіті Көкшетау уезінің Айыртау деп аталатын өңірінде" — дейді. Қазақ халқының тарихи тұлғаларына деген марапат-құрметінің соншалықгы баянды екені қайран қалдырады. Өлетін малмен, тозатын дүниемен алдарқатпайды, еліне лайық ер туса, олардың есімін тұтас ру мен киелі туған жерге бұйыртып отырған. Онысы жеріміз бүтін, еліміз аман болса, біртуар ерлердің де есімі ұмыт болмайды дегені болуы керек. Қазақ халқының мұндай мәртебеге лайық перзенті Қарасай батыр екенін тарихтың өзі дәлелдеп отыр. Қарасай Алтынайұлы — Жетісуда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған батыр. Алатау бөктерінде туып өскен. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан. Қарасай батыр Қарғалы, Ұзынағаш, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларындағы ұрыстарда жау шебін бұзып, суықтөбе басына туын тіккен. 1629 жылы жазда Шапырашты қолы Жайық бойынан шаршап келіп, тыныстаймыз ба деп Асы (Алматы облысы) жайлауында жатқанда, ойраттардың олжалап кете салу мақсатымен қараша айында Іледен өтіп шабуыл жасауы Қарасайды атқа мінгізді. Қарасай аяқ-астынан басталған ұрысқа екі мың қол жиып, осы қазір Қарасай ауылы тұрған ойпатта ойрат тайшысы Банжұрды тас талқан етті. Қоян-қолтық айқаста көбі қырылған қалмақтар Іледен қайта өтуге мұршасы келмей, Сөгетіге қарай қашты. Ақыры, жау тұмсығы Торайғыр тауына тірелгенде, келген мыңдай қолдан басы Банжұр болып тігерге тұяқ қалмады. Ең соңғы екі қалмақты Байынқол жағасында ұстап, екеуін қара есекке теріс мінгізіп, таңып қалмақ ауылына қарай айдап жібереді. Ұрыс болған жер (ауыл) Қарасай атымен аталды. Сопы-Саты көлінің түстігінде де ұрыс болған. Бұрын бабасы Шапырашты ұрыс салып, соның атымен аталатын сайдың бір саласы да күні бүгінге дейін Қарасай есімімен аталады. 1635 жылы ойрат-қалмақ мемлекеті бой көтерді. Қытай және қазақ пен қырғыз жерінің ортасында жатқан Жоңғар хандығы, аумағын кеңейтуді ойлап, таулы, тастақты өлкеден гөрі, жазықты өңірге көз аларта түсті. Кешікпей мұздай қаруланған 50 мың қол қазақ пен қырғыз жеріне басып кірген. Алғашқы шайқастың бірі осы Талас өңірінде өтеді. Бұл соғыста өзбек қолын Алдышүкір басқарып келіп, қазақ, қырғыз жасағымен бірлесіп, тұтқиылдан келген жауға қарсы соққы берген. Бауырлас үш ұлттың үзеңгі қағысқан бірлігі өзбек жерінде, қазақ даласының оңтүстік аймағы — Сайрам маңында болған соғыста да ажырамады. Жетісуды бауырыны басқан жоңғар батырлары Нарынқол мен Байынқол, Қастек пен Қаскелеңнің үздіксіз жеңісіне мастанғаны сондай, Алатау асып, қырғыз жеріне қалың қолын төгеді. Ыстықкөл өлкесінде өткен шайқаста қырғыз жұрты жауға төтеп бере алмай қалады. Сонда «қырда қырғыз баласы жыласа, ойда қазақ ененің омырауы сыздайды» дегендей, бауырлас елді көрініп келген апаттан құтқарайық деп, жанына бес мың жасағын ертіп, қазақтан шыққан Шапырашты Қарасай батыр Шу жазығында ұрыс салған екен. Қарасайдың өзі жекпе-жекте қылышпен қалмақтың қоңтайшысының оң қолын шауып түсіреді. Осыны арқаланған қазақ, қырғыз жасақтары аруақ шақырып, майдан даласында айта қаларлықтай ерліктер көрсеткен екен. 1664 ұлу жылы Қарасай ұрысқа ақырғы рет алпыс алты жасында қатысты. Арқос Аңқойынан (қазірше Жоңғар қақпасы) екі мың торғауыт Наймандар мен Жалайырларға шабуыл жасап, Қарасай мен Ағынтай тағы да ұрысқа кіріп, жауды ойсырата қуады. Осы ұрыста Қарасай батыр ауыр жараланып, саптан шығады. Ағынтай батыр да аяғынан жараланып, ақсақ болып қалады. Енді қатты-қайырым, күшке түсер қимылға жарамағандықтан Қарасай батыр ел басқару ісіне кірісті. Екі жұрттың арасындағы елшілік жұмыстарда болып, билікке араласты. Қарасай 1669 жылы Ресеймен келіссөз жүргізуге барған. Бұл жолға ол үмітпен аттанып, орыс патшасы әкімдерінен түңіліп қайтты. Қарасай батыр мен кіші жүз — Жетісу-Тама-Тұғынай, Найман-Матай Кеден би үшеуі келіссөз жүргізіп, қару-жарақ, зеңбірек алмақ болды, бірақ орыстар ертең бұл қару өзімізге пәле болмай ма дегендей мойнын ішіне алып, қазақ елшілерін құр қол шығарып салады. Осы бір жылдары қазақ жері аз да болса тынышталып, жаға жайлау, етек қыстау болған заман бола қалды. Қарасай батыр бірсыпыра туғандарымен өзінің қандыкөйлек досы Ағынтай еліне көшіп барады. Онда бір жылдай тұрып, 1671 доңыз жылының тамыз айында жетпіс үш жасында дүниеден өтеді. Сүйегі Арқада, Айыртау деген жерге қойылды. Қарасай батырдан алты бала болды, олар: Әуез, Өтеп, Көшек, Түрікпен, Еркен, Төркен. Соңғы екі баладан ұрпақ қалмаған. Бірақ екеуі де есейіп, азамат болғанда өлген. Әкесінің елу жасында туған егіз ұл Алтынай тұқымы Арқаға барған соң бір күнде мерт болған. Екі бірдей ұлының қазасы әке өлімін тездете түскен. Талай өлімді көріп, талай өлікті қолымен ұстаған Қарасай батыр: «Өліп көрген жоқпын, одан басқасының бәрін көрдім десем, әлі көрмегенім көп екен ғой» деп екі баласына қатты қайғырған. Қарасай екі ұлдың қырқына жетпей қайтқан. Қазақтың Қарасай батырының жылын берген соң Ағынтай батыр да дүние салған. Оны да Қарасай батыр қойылған бейітке жерледі. Осылайша, ерлігі мен даңқы айбынды қазақтың Қарасай батыр есімі ұрпақтан-ұрпаққа ұран болып ғасырлардан жалғасын тауып Қарасай батыр бiрде өзiнiң төрт ұлын сынамақ болады. Әуез, Түрiкпен, Өтеп, Көшек деген төрт ұлы атқа мiнiп, жауға шабатындай жасқа келiп қалса керек. Қантардың аязды кештерiнiң бiрiнде төртеуiне төрт iшiк берiп:"Сендер батырдың ұрпағысыңдар! Анау жылқының шетiне барып, iшiкке оранып түнеп шығыңдар. Суық қар мен сары аяз кеуде сарайларыңды ашып, күш-құаттарыңды тасытады, қара жер қасиет бередi", - деп, бұйырады да, өзi жылқышылармен қоста қалады. Таңға жуық аяз күшiне әбден мiнген кезде, балаларым қалай жатыр екен деп, сынауға шығады. Төртеуiне жақындай берсе, Әуез ұйықтамай ояу жатыр екен.- Әуез, сен омiрi ел iшiнен ұзап шықпай, ортада ғана отыратын ел болады екенсiң, - дептi батыр әкесi.Түрiкпен iшiктi айқара ашып тастап, кеудесi көрiктей көтерiлiп, үстiнен бұы бұркырап, екi қолын екi жаққа керiп, кiжiнiп ұйықтап жатыр екен.- Түрiкпен балам-ау, қолың жетер жердi сұрайсың-ау. Сенен жаужүрек батырлар көп шығып, қара ормандай көбейiп, елiңе қорған боларсың түптiң түбiнде, - дептi.Өтеп екi жудырығын түйiп ұйықтап жатыр екен.- Өтеп балам, есесiн ешкiмге бергiзбейтiн, iшiне бөтен жанды кiргiзбейтiн, ақ адал малыңмен күн көредi екенсiң, - деп сынапты.Кенжесi Көшек iшiктi түгел қымтай оранып, басын iшке бүгiп, пысылдай ұйықтап жатқанын көрiп:- Көшек ұя бұзбас, еңбегi бойыңа даритын бай, сөзiң iсiңе сай, атағың күн мен ай болады екенсiң, - деп Карасай батыр Көшегiне баға берiптi. ## Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том
Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім (10 қазан, 1959, Шымкент) — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономика ғылымдарының кандидаты. ## Қысқаша өмірбаяны * Мәскеу экономика-статистика институтын (1981 ж.) инженер-математик мамандығы бойынша бітірген. * Мәскеу экономика-статистика институтының аспирантурасын тәмамдаған. * ҚазССР-і Мемжоспары жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері (1981 ж.), бөлім меңгерушісі (1987 ж.); * ҚазССР-і Министрлер Кеңесінің кадрларды қайта даярлау жөніндегі республикалық институтының аға оқытушысы * Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы (1990 ж.) қызметтерін атқарған. * Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі * Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары — Оңтүстік Қазақстан территориалдық мемлекеттік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы (1992 ж.) қызметтерін атқарған. * Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1993 ж.) * Ұлттық Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы (1996 ж.) * ҚР Экономика және сауда вице-министрі (1997 ж.) * «ТұранӘлем банкі» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (1997 ж.) * Қостанай облысы әкімінің орынбасары (1998 ж.) * Қостанай қаласының әкімі (1998 ж.) лауазымдарында болды. * «Қазтрансгаз» ЖАҚ-ң коммерция және маркетинг жөніндегі вице-президенті (2000 ж.) * «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ-ң бас директоры (2000 ж.) * «Қазтрансгаз» ЖАҚ-ң президенті (2001 ж.). * Тағайындауға дейін ҚР Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі қызметінде болды. * 2007 ж. тамызына дейін — Батыс Қазақстан облысының әкімі. * 2007 ж. тамыздың 28 — Түркістан облысының әкімі. * 2009-2012 жж. - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі. * 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. ## Марапаттары * «Құрмет» (2005) ордені * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) * «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2005) медальы. ## Отбасы Үйленген. 2 қызы, ұлы бар. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Мәжілістің құрамы мен құрылымы, ӘШІМ Нұрғали Сәдуақасұлы
Қожа Ахмет Ясауи, халық арасында Әзірет (Хазрет) Сұлтан атымен танымал (1093 немесе 1103, Сайрам — 1166, Түркістан) — ортаазиялық философ, ислам уағызшысы, сопылық ақын. ## Өмірбаяны Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайхылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді: ...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.….Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:...Он жетімде Түркістанда тұрдым, мінеОн сегізде Шілтеменен шарап іштім,Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне. ## «Диуани Хикмет» Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына XIV ғ. аяғында атақты Әмір Темір күмбезді сағана орнаттырады. Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Ясауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Ясауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариғат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады. Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылын білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Ясауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыр әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға. ## Қожа Ахмет Ясауи ілімі Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Ясауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Ясауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Ясауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Ясауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу. Қожа Ахмет Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Иә, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Ясауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін-өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Хаджи Бекташ Уали, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан. ## Галерея * * * ## Дереккөздер ### Дереккөздер Сілтемелер
Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз.Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі. Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай: * ол онан жөн сұрады; * олар бір-бірінен жөн сұрасты; * ол одан жөн сұратты; * онан жөн сұралды; * ол өзі сұранды деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір бола тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар. Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей төрт түрге бөлінеді: * Ортақ етіс -с /-ыс/ -іс; * Өзгелік етіс -т/ -тыр/ -тір/ -дыр/ -дір / -ыр/ -ір/-сет; * Ырықсыз етіс -ыл /-ын/-іл /-ін/-л/-н; * Өздік етіс -ын /-ін/ -н ## Әдебиет * А. Ысқақов, "Қазіргі қазақ тілі", 1974 ж.
«Халық қаһарманы» атағы – Қазақстан Республикасындағы «Алтын Қыран» ордені және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен бірге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі. «Халық қаһарманы» атағы Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. «Халық қаhарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады. ## Тарихы Жоғары ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы» атағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» 1993 жылғы 1 сәуiрдегi № 2069-ХІІ Заңымен бекітілген және Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. 1995 жылғы 12 желтоқсанда жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» № 2676 Заңы қабылданып, бұрынғы нормотивтік-құқықтық актінің күшін жойып, бұрынғы заңмен бекітілген мемлекеттік наградалар қатарына жаңалары қосылды. Ең жоғары ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы» атағымен бірге, «Алтын Қыран» ордені белгіленді. «Халық қаhарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi Алтын жұлдызбен бірге «Отан» ордені тапсырылатын болды. 1999 жылы Алтын Жұлдызға өзгерістер енгізілді. 2008 жылғы 1 желтоқсанда ең жоғары ерекшелік белгілері қатарына «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы қосылды. ## Марапатталғандар Ағымда 36 адам марапатталған, соның ішінде: * Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов — армия генералы, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (1994 жылғы 24 мамыр); * Ахат Сәлемхатұлы Күленов - «Өскемен қорғасын мырыш комбинаты» акционерлік қоғамының президенті (1994 жылғы 15 қазан); * Христенко Александр Федорович - Қарағанды облысы Тельман ауданындағы кеңшар-институттың бас директоры (1994 жылғы 15 қазан); * Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның 1-ші ғарышкер-ұшқышы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ұлт қауіпсіздігі және қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы (1995 жылғы 12 қаңтар); * Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның 2-ші ғарышкер-ұшқышы, Ю.Гагарин атындағы Ғарышкерлер даярлау орталығының ғарышкер-сынаушысы (1995 жылғы 12 қаңтар); * Маленченко Юрий Иванович - Қазақстанның 3-ші ғарышкер-ұшқышы, Ю.Гагарин атындағы Ғарышкерлер даярлау орталығының ғарышкер-сынаушысы (1995 жылғы 12 қаңтар); * Қасым Қайсенов — жазушы, 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері (1995 жылғы 24 сәуір); * Кулаков Алексей Карпович - зейнеткер, 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды облысының Осакаров ауданы (1995 жылғы 24 сәуір); * Таипов Мурдин - зейнеткер, 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері,, Алматы облысының Ұйғыр ауданы (1995 жылғы 24 сәуір); * Мұхтар Әлиұлы Әлиев - А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының директоры (1995 жылғы 29 желтоқсан); * Аким Иванович Атмачиди - «Семей» қаржы-өнеркәсіп тобының президенті (1995 жылғы 29 желтоқсан); * Шапық Шөкіұлы Шөкин - академик (1996 жылғы 7 маусым); * Роза Тәжібайқызы Бағланова — КСРО халық әртісі (1996 жылғы 9 желтоқсан); * Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков — 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы, Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті (1996 жылғы 9 желтоқсан); * Бақтыораз Бейсекбаев - кіші сержант, 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысушы, марқұм (1998 жылғы 6 мамыр); * Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев — композитор, дирижер, дәулескер домбырашы (1998 жылғы 24 тамыз); * Рақымжан Қошқарбаев - Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тігуші, марқұм (1999 жылғы 7 мамыр); * Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов — Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі (2000 жылғы 24 қазан); * Хиуаз Қайырқызы Доспанова — еңбек ардагері, 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушы (2004 жылғы 7 желтоқсан); * Қалмырза Мәулен Реметұлы - 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушы (2005 жыл); * Капорин Александр Емельянович - 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушы (2005 жыл); * Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, армия генералы (2006 жылғы 6 мамыр); * Азамат Тілеуханұлы Жұмәділов - 55078 әскери бөлімінің денешынықтыру дайындығы және спорт бастығы, аға лейтенант (2007 жылғы 7 желтоқсан); * Бақытжан Ертайұлы Ертаев - Қазақстан Қарулы Күштері Штабтары бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант (2008 жылғы 5 желтоқсан); * Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов - Жамбыл облысы ішкі істер департаменті жол полициясы жеке батальонының взвод командирі (марқұм) (2011 жылғы 5 желтоқсан); * Айдын Ақанұлы Айымбетов - Қазақстан Республикасының ғарышкері (2015 жылғы 14 қазан); * Родин Дмитрий Олегович - «Fokker-100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы (2016 жылғы 3 мамыр); * Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы - Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары (2016 жылғы 3 мамыр); * Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (2019 жылғы 20 наурыз); * Мейіржан Қақпасынұлы Айманов - Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары (марқұм) (2021 жылғы 29 тамыз); * Төлеуғали Насырханұлы Әбдібеков - 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені (марқұм) (2022 жылғы 5 мамыр); * Несмиянов Александр Александрович – 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі (марқұм) (2022 жылғы 5 мамыр); * Ыбырайым Сүлейменов - 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы (марқұм) (2022 жылғы 5 мамыр); * Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов - ішкі істер органының ардагері, генерал-полковник, Астана қаласы (2022 жылғы 14 қазан); * Қаймолдин Әбдіғали - 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушы (2023 жылғы 5 мамыр); * Гапич Иван Степанович - 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері, Жеңіс парадына қатысушы (2023 жылғы 5 мамыр). ## Тағы қараңыз * Қазақстанның мемлекеттік марапаттары ## Дереккөздер
Қызылорда — Қазақстанның оңтүстігіндегі қала, Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 278 581 адам (2023). 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма ауылдары. Қала теңіз деңгейінен 126–130 м биіктікте жатыр. Қала аумағы өзенді бойлай оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай төртбұрышты пішінде созылып жатыр. Жер аумағы 3683 га. Қаланың 17,0 га аумағы теміржол тораптарына, 165 га аумағы көліктік көшелерге, 19 га аумағы талы жоқ қала бақтары мен демалыс орындарына, 51 га алқабы шөлді-шөлейітті орындар үлесіне тиеді. Геологиялық тұрғыдан Қызылорда аумағы Тұран эпигерциндік платформасы үстінде жатыр. Палеозойда қалыптасқан бұл жазықты кейде "Сыр ойысы" деп те атайды. Ойыстың шеткі иіндері палеозойлық қатты метаморфты жыныстарға толған. Ойыстың көлденең ені 400 км. Орталығында палеозойлық тау жыныстары 600-900 м тереңдікте жатыр. Кейіннен ойыс мезозой, одан кейін кайнозой жыныстарымен жабылған. Шөгінді қабат үшке бөлінеді. Ең жоғарғы қабатының қалыңдығы 10-15 м. Бұл толығымен аллювийлі шөгінді жыныстар. Келесі құмды қабаттың қалыңдығы 50-80 м. Олар негізінен көтеріңкі немесе құмды төбелер бөліктерінде жатыр. Үшінші қабат палеогеннің аяғындағы (олигоцен) теңіз саздары мен құм тастарынан тұратын жасыл-сұр түсті жыныстардан тұрады. Қабат 50–80 м тереңдікте жатыр. Қала Қамысқала атты елді мекенде 1817 жылы салынған. Қоқан хандығының кезінде Ақмешіт бекінісі болып қаланды. 1853 жылғы тамыздан басқыншы, генерал В.А. Перовскийдің атымен бекініс Перовск форты аталды. 1867 жылы Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1901–1906 жылдары Орынбор–Ташкент теміржолының салынуына байланысты қала халқы қарқындап өсті. Кеңес өкіметі Қазақстанда ең бірінші осы Перовскіде, 1917 жылғы 30 қазанда (12 қараша) орнады. 1922 жылы қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен, 1925 жылғы сәуірде Қызылорда деп қайта өзгертіліп, Қазақ АКСР-інің астанасы мәртебесі берілді (1929 жылға дейін). Қалада 1926 жылғы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академия театры) ашылды. Денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді. 1938 жылы облыс орталығына айналды. XX ғасырдың 30-жылдары қалада электр станциясы, диірмен, наубайханалар, балық өңдеу, күріш, кірпіш зауыты жұмыс істеп тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары аяқ-киім фабрикасы, ет комбинаты, астық өнімдері комбинаты, сүт зауыты, целлюлоза-картон зауыты, тоқылмайтын маталар фабрикасы іске қосылды. 1956 жылы қала іргесіндегі Тасбөгет кенті жанынан су бөгеті салынды. 1974 жылы «Қызылордакүрішмаш» зауыты іске қосылды. Көптеген оқу орындары мен мәдениет ошақтары ашылды. 1996 жылы 8 қазанда ҚР Президентінің жарлығымен «Қызылорда арнайы экономикалық аймағы» (АЭА) құрылды. Оның бағдарламасы негізінде қалада жекешелендіру, акционерлендіру, инвестиция тарту секілді жұмыстар жүргізілді. Түрлі меншіктік жүйелер жасалып, шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен мекемелері құрылды. Өнеркәсіп, сауда, байланыс қатынастары реттелді. Экономиканың жандануы мемлекет және қала бюджетіне түсетін қаржы сомасын арттырды. Қалада күріш машиналарын шығаратын «Қызылордакүрішмаш» АҚ, Құрылыс материалдары мен құралдар комбинаты, эксперименттік механикалық және тәжірибелік жөндеу-механикалық зауыттары, тоқылмайтын маталар, аяқ-киім фабрикалары, сонымен бірге астық өнімдері және азық-түлік, тағам бағытында «Береке-нан», «Балық», «Жайна» «Ісмер», «Қуат» АҚ-тары жұмыс істейді. Қалада «Айдан», «Аңсар», «Айжан», «Бабас», «Бастау және К», «Бейбарыс», «Сыр шарабы», «Темірхан», «Яксарт» және т.б. ӨК, АҚ-дар мен кәсіпорындар елге қызмет көрсетеді. Қаладағы көлік қатынасын «Маршрут», «Қатынас» АҚ-тары, «Жаңа талап» ӨК-і жүргізеді. Кейінгі жылдары қаланың архитектуралық келбеті жаңарып, тарихи орындар қайта жаңғыртылды. Жаңа әуежай, Аквапарк, Сарқырама каналы, Жағажай, төрт жұлдызды «Самал» қонақүйі, «Еуразия» кешені салынды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш, Қорқыт ата, Абылай хан, Амангелді Иманов, Мұхтар Әуезов мүсіндері орнатылған. «Қызылорда таймс» (1994), «Ақмешіт ақшамы» (1997), «Новая Кызылорда» (1998) газеттері шығады. Білім беру және мәдениет саласы бойынша қалада 50-ден аса жалпы білім беретін мектеп, 5 колледж, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Сейхун» академиясы, Экономика, экология және құқық университеті, Гуманитарлық университет бар. Аймақтық агроэкология ғылыми-зерттеу институты облыста ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Облыстық мемлекеттік архив, драма театры, «Сыр сұлуы» халық ән-би ансамблі, филармония, көркемөнерпаздар шығармашылық үйі, облыстық халық шығармашылығы мен білім беру және мәдени жұмыстардың ғылыми-әдістемелік орталығы т.б. бар. ## Тарихы Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818 жылы, Перовск – 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт – 1922 жылы, Қызылорда – 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастайды. 1905 жылы Орынбор – Ташкент теміржолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті. 1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда аты беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі қаламгерлердің туындылары сахналанып, М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды. Ал 1938 жылы Қызылорда облысы құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқкиім, механикалық және күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті. Осы жылдары Қызылордада педагогикалық институт пен Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институттарының филиалы және бірнеше арнаулы оқу орындары жұмыс істеп, көптеген мектеп үйлері жаңадан салынды. 1980-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді. Соңғы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей шағынаудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа үйлері қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын игеруі тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпал ете бастады. Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлар мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлеріміздің есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы. Олар — өлке тарихына енген, көше бойларындағы үйлерге жазылған биік тұлғалы қасиетті есімдер. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының іргесінің қаланғанына 200 жылға жуықтаған кезеңде де оның заман өзгерістеріне толы тарихи оқиғалары, ежелгі дәуірлерден бүгінгі күнге дейін Арал өңірін, Сырдария жағасын мекендеген халықтардың археологиясы, этнографиясы, әлеуметтік-мәдени өмірі зерттеушілердің назарында болып келеді. Республиканың астанасына Ақмешіт қаласы ұсынылғанға, ең басты дәлел ретінде онда Орынборға қарағанда қазақтардың көп тұратыны тілге тиек етілді. Орынбор – Ташкент теміржолы республиканың жаңа астанасын Ресей орталығымен, Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарымен және Орта Азия республикаларымен байланыстыратын еді. Оның үстіне Ақмешіт болашағы үлкен үміт күттіретін суармалы егістің орталығына орналасты. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарағанда республика басшылары С.Қожанов, С.Сәдуақасов астананы көшіру мәселесіне ұлттық мүддені көздеп келген деген деректер бар. “Қазақстан астанасы орыстың туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек”, - деп жазды С.Қожанов “Ақжолдың” 1924 жылғы 17 желтоқсандағы санында. Қазақ астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан ғана жарамайды емес, қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ ұлт мемлекетінің ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды. Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала, ыңғайлы үйлер керек емес, жаман да болса, өз ордасы болуы керек. Орынбордан көшпей, қазақ ұлтының ішкі тіршілігі оңдалып, қазақ еңбекшілерінің көпшілігінің қолына керекті шарлар іс жүзінде істелуі қиын”. Перовск станциясы теміржол жұмысшыларының бастамасы бойынша Қазақстан өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде “Қызыл паровоз” жөндеуден өткізіліп, Орынборға жіберілді. Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар пойыз Орынбордан республиканың жаңа астанасы Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының аяғында аттанды. Съезд делегаттарының ішінде мәдениет, өнер қайраткерлері Иса Байзақов, Александр Затаевич, Әміре Қашаубаев, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Қажымұқан Мұңайтпасов болатын. Бұл съезге Қазақ Республикасының қарауына кірген Қарақалпақ Автономиялы облысының өкілдері бірінші рет қатысты. Қарақалпақ делегаттарының бірі Әбу Құдабаев Ақмешіт қаласына жақын Сырдария өзенінің батыс жағасындағы “Қызыл қайың” ауылында 1899 жылы туған. Ол бірқатар жылдар бойы Қарақалпақ облыстық партия комитетін басқарды. Кейінірек сталиндік қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбанына айналды. Құрамында Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары бар өкімет пойызын жол бойында Сексеуіл, Арал, Қазалы, Жосалы станцияларының жұртшылығы қарсы алып, көп адам жиналған митингтер ұйымдастырылды. Ақмешіт станциясында орасан зор митинг болып өтті. Оны Ташкенттен келген Сырдария облыстық партия комитетінің хатшысы Әбілқайыр Досов ашты. Өкімет делегациясын Қазақстанның жаңа астанасының жұмысшылары мен интеллигенциясы қызу құттықтады. Қала жастары атынан Әбділда Тәжібаев сөз сөйледі. Сонымен 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды. Бес күнге созылған съездің негізгі құжатының бірі қазақ халқының тарихи дұрыс атының қалпына келтірілуі еді. Яғни Кеңестердің бүкіл қазақтың V съезі “бұдан былайғы жерде “киргиз” деген атау “қазақ” деп аталсын” деп қаулы қабылдады. Сонымен бірге съезд “Киргиз Республикасын” “Қазақ Республикасы” деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп атауға қаулы алды. Қызылорданың Қазақстан астанасы деп аталуымен тарихтың жарқын беттері ашылды. Еліміз жаңа бір қоғамдық құрылыстың ғимаратын қалай бастады. Бұл кезде қаланың тұрғыны 22577-ге жетті. “Қызылқала” сөйтіп өмірге жаңаша қарқынмен қанат жая бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізген соң түрлі мекемелер мен өндіріс орындарының іргетасы қалана бастады. Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаттары, сыра зауытымен бірге басқа да артелдердің қатары көбейді. Қызылорда астана болған жылдары орта оқу және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса, орталық ғылыми-зерттеу ғимараты жанынан қазақтың эпидемиология және гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ ең алғашқы рет қазақтың ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтың мал дәрігерлік-бактериологиялық және де басқа институттары өз жұмысын осы қалада бастаған болатын. ## Кәсіпорындары ### «Қызылордакүрішмаш» «Қызылордакүрішмаш» – машина жасау кәсіпорны. 1981 ж. ауыл шаруашылық машиналарын жасауға бағытталған зауыт ретінде пайдалануға берілген. 1994 жылдан акционерлік қоғам. Астық жинайтын машиналар шығаруға мамандандырылған. Зауыт шығаратын әртүрлі жатка машиналары елімізде көпшілік сұранысқа ие. Зауыт ЖВ-4,1, ЖРТ-5-01. ЖРТ-5, ЖВУ-6, ЖВТ-6, ЖВП-10 жатқаларын жасауды игерген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 600 жатка. ### Қызылорда су тораптары Қызылорда су тораптары, 1) Қызылорда су торабының оң жақ каналы, бастауын Сырдария өзені арнасында салынған бөгет (1957, Қызылорда қаласынан шығысқа қарай 12 км) маңынан алып, өзеннің оң жақ бойымен Қармақшы ауданына дейін созылады. Ұзындығы 80 км, ені 20, кейде 40 – 80 м. Тереңдігі 5 – 12 м. Су ағымы каналдың басында 48 м³/с. Канал бойында бірнеше бөгеттер, көпірлер бар. Сырдария өзенінің оң жақ бойындағы өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуда бұл каналдың маңызы зор, оның суымен күріш, жем шөптік дақылдар егілетін 60 мыңға жуық га жер суарылады.2) Қызылорда су торабының сол жақ каналы, республикада салынған (1950 – 60) ірі су құрылыстарының бірі. Бастауын Сырдария өз. арнасына салынған (1957) бөгеннен алады. Ұзындығы 140 км, ені 40 – 70 м, тереңд. 4,5 – 9 м. Су ағымы бас жағында 60 м³/с. Канал Сырдария, Қармақшы аудандарының шаруашылықтарына Сырдария суын жеткізеді. Суарылатын жер аумағы 50 мың га-дан астам. Канал жалпы ұзындығы 500 км-дей Жаңадария (Сырдарияның ескі арнасы) каналымен жалғасады. Оның суымен 600 – 700 мың га жайылым және шабындық суландырылады. ### Қызылорда энергиялық орталығы Қызылорда энергиялық орталығы – мемлекеттік коммуналдық қалалық кәсіпорын. 1963 ж. іске қосылған. Орталық Қызылорда қаласын жылумен және электр қуатымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның жылу энергиясын өндіретін екі қазандығы бар. Жылу маусымы кезінде сағатына 22 МВт электр энергиясын өндіреді. ## Оқу орындары ### Қызылорда мемлекеттік университеті Қызылорда мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – Арал өңірі мен Қазақстанның оңтүстік-батыс аймақтары үшін түрлі саладағы білікті мамандар даярлайтын іргелі жоғары оқу орны. 1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының бірігуі негізінде құрылған. ҚМУ-дың оқу және ғылыми жұмыстарын жоғары білікті оқытушылар ұжымы жүргізеді, олардың 49-ы ғылым докторы, 287-сі ғылым кандидаты. 12 мыңнан астам студент күндізгі, сырттай және кешкі бөлімдерде жаратылыстану және әлеумет, гуманитарлық сала, экономика, педагогика, өнер, мәдениет, спорт саласы, технология машиналар мен құралдар, мұнай-газ ісі, электр¬энергетика, азық-түлік өнімдері технологиясы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, т.б. салалар бойынша дәріс алады. Білім беру жүйесін дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оқу процесін жетілдіру, ғылым мен практиканы ұштастыру, оқытушылар мен студенттер шығармашылығын қалыптастыру – университет дамуының негізгі ұстанымдары болып саналады. ҚМУ қызметінің басым бағыттары Болонья декларациясының талаптарына сай келетін жоғары кәсіптік білім берудің жалпы еуропалық жүйесіне кіру, оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, кәсіптік білім берудің көп сатылы жүйесін дамыту, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыру мен жүргізуді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады. 1993 жылы ҚМУ жанынан Қазақ-түрік лицейі, 1994 жылы жаңа үлгідегі мектеп-гимназия ашылды. Бұл оқу орындарында жоғары мектеп мамандары: ғылым кандидаттары, доценттер, жоғары санатты оқытушылар сабақ береді. Лицей мен мектеп-гимназияда шетел тілі және информатика пәндері бірінші сыныптан бастап тереңдетіліп оқылады. ҚМУ шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс орнату және оны дамыту жөніндегі шаралар кешенін төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді: шетелдік оқу орындарымен тікелей келісім шарт бойынша байланыс; елшіліктер, түрлі халықар. қорлар және орталықтармен қатынас; оқытушылар құрамының шетелде тәжірибе алмасуы; шетелдерде мамандар даярлау; жолдама, шақыру арқылы шетел мамандарының, еріктілерінің қызметі; шетелдік қазақ жастарына білім беру; озық білім тәжірибелерін тарату; білім бағдарламаларын халықаралық стандарттармен сәйкестендіру; аспиранттар мен студенттерді шетелдерде оқыту. ҚМУ осы мақсатта АҚШ, Канада, Түркия, Оңтүстік Корея, Египет, Ресей, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, т.б. алыс және таяу шетелдердегі ғылыми орталықтармен және жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Университет 1998 – 2002 жылдар аралығында Оңтүстік Альберта технология институтымен (SАІТ, Канада) бірлесе отырып Канада халықаралық даму агенттігі қаржыландыратын (СИДА) «Қазақстанның жоғары оқу орындарына техникалық көмек көрсету» атты жобаны жүзеге асырды. Бұл жоба негізінде «Экономикадағы ақпараттық жүйелер», «Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелері», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалары жаңартылды. ҚМУ бірнеше жылдан бері Канаданың жетекші ауыл шаруашылық оқу орындарының бірі – Олдс колледжімен, Саскачеван университетімен Қазақстан – Канада – Қырғызстан арасындағы «Ауыл шаруашылық саласында кәсіби білім беруге ықпал ету, технологиялар ұсыну бағдарламасы», «Өндірістегі қолданбалы зерттеу мен сауда және индустриямен өзара байланыс бағдарламалары» атты үш жақты жобаны жүзеге асырып келеді. Аталмыш жобаны да Канада халықаралық даму агенттігі қаржыландырады. Сондай-ақ, Түрік халықаралық ынтымақтастық басқармасымен (ТІСА) бірлесе отырып «Қазақ-түрік қолданбалы өнер орталығы» атты екі жақты жобаны іске асырып келеді. Жоба мақсаты халықар. стандарттарға сай сәндік-қолданбалы өнер – кілем тоқу, зергерлік бұйымдар саласы бойынша жоғары білімді мамандар даярлау. Жоба шеңберінде университетте арнаулы кілем цехы іске қосылып, «Кәсіби білім беру» мамандығы негізінде қолдан кілем тоқу ісі бойынша мамандар даярланады. ҚМУ шетел тілдерін Франция, Түркия, Корея, Египеттен ерікті оқытушылар қатыстыру арқылы оқытуды тәжірибеге енгізген. Университетте Корей Республикасы Елшілігі жанындағы Корей ағарту орталығы мен Корей халықар. ынтымақтастық агенттігінің (КОІСА) бірлескен бөлімі ашылды. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік инженерлік университеті, Қазан, Киев мемл университеттері, Кенги университеті, Чан-Янг университеті (Сеул, Корея), Сүлеймен Демирель ун-тімен (Түркия), MASHAV халықаралық байланыс орталығымен (Израиль) білім және ғылым мәселелері бойынша тығыз байланыс орнатылған. Сондай-ақ ҚМУ Қоғамдық-технология колледжбен (Миннеаполис, Миннесота штаты, АҚШ) бірлескен Интернеткурсын өткізіп келеді, университеттің «Аударма ісі» мамандығы студенттері аталған колледжде білім алу құқығын бірнеше мәрте иеленді. ҚМУ халықаралық университеттер ассоциациясы мен экономика және бизнес пәндері бойынша ресурстық желінің мүшесі бола отырып экономика, бизнес пәндері бойынша оқулықтармен көмек беретін CARANA Корпорациясының EdNET жобасы аясында «Еуразия» қорының (USAІD) грантын иеленді.Университеттің оқытушылар құрамы Орталық Еуропа университетінің Ресурс Орталығы мен (Будапешт, Венгрия), ТМД, Таяу Шығыс елдерінің жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған оқыту әдістемелері бойынша өтетін семинарларға ұдайы қатысады. Университет жанында шетелдерде білім алу мәселелері бойынша Сорос – Қазақстан қорының бөлімшесі жұмыс істейді. Аталмыш бөлімше арқылы студентттер білім және ғылым саласы бойынша кеңес алу, ақпараттық құралдармен танысу, АҚШ жоғары оқу орындарына тапсыруға қажет TOEFL, GMAT, GRE тесттеріне дайындалу, ІREX, ACCELS, USІS, Сорос қорларының стипендиялық бағдарламалары бойынша ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. ҚМУ жанында мұражай және көрме залы жұмыс істейді. Мұражайда университеттің өнері мен мәдениетінен сыр шертетін 1 көрме залы, 2 этнография залы, 1 техника залы, ун-т тарихын баяндайтын 6 экспозиц. зал бар. Мұражай қорында 3960 экспонат сақтаулы.Ун-т кітапханасы Қызылорда облысы оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталық болып табылады. Қазіргі уақытта кітапхананың жалпы қорында 2 млн дана басылым бар. Онда сирек кездесетін (5000 дана), ағылшын тіліндегі түпнұсқа әдебиеттер (1300 дана), электронды оқулықтар (300 дана) және миллионға жуық арнайы техн. әдебиеттер жинақталған. Оқырмандарға екі электронды зал қызмет көрсетеді. Кітапханада оқырмандар конференциясы, тақырыптық көрмелер, жаңа әдебиеттер көрмесі, өнер адамдарымен кездесулер өткізіледі.ҚМУ-дың жоғары сайланбалы өкілетті басқару органы – ғылыми кеңес болып табылады. Оның міндеті – университеттің келешегін, негізгі бағыттары мен ғылыми, экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын анықтау. Университет ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: құрылыс материалдары мен құрылыс өндірісінің технологиялары; аймақтың минералдық байлықтарын қайта өңдеудің физика-химия негіздері; ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру және қайта өңдеу, сақтау технологияларының проблемалары; Қорқыт ата мұрасы және ежелгі түркі өркениеті; Арал өңірінің экологиясы; Қызылорда облыстық экономикасының проблемалары; машина-трактор агрегаттарын пайдалану тиімділігін көтеру жолдары; жерасты болат магистралды құбыржелілерінің төзімділігі; суармалы егіс ал¬қаптарының экол.-мелиоративтік жағдайы; Арал теңіз табанын игеру, т.б. Университет жанынан Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұраларын зерттеу орталығы құрылған. 2003 ж. осы орталық негізінде «Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт мұраларын зерттеудің көкейкесті мәселелері» тақырыбында халықар. ғылыми-теория конференция өткізілді. Қазіргі уақытта ҚМУ археологтары Оғыз мемлекетінің астанасы Жанкент қаласының орнын зерттеу үстінде. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы көне қалалар мен Арал т-нің табанына жасалған ғылыми экспедициялар барысында құнды археологиялық материалдар жиналды. Университет ғалымдары бірқатар мемлекет ғылыми-технология бағдарламаларды орындауға қатысуда. ҚМУ студенттерінің қоғамдық қызметі Жастар ісі жөніндегі комитет арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық, республика байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары «Дидар» этнография-фольклорлық ансамблі, гандболдан Азия елдері және республика чемпионаттарының жүлдегері «Сейхун – Кам» қыздар командасы, республика және облыс байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары «Час пик», «Қазақтың қазағы», «Сәтті сағат», «Қорқыт құрамасы» көңілді тапқыштар клубы мен КВН командалары, «Ақиқат» дебат клубы – университет мақтанышы. ҚМУ студенттері арасында, сондай-ақ, республика «Шабыт», «Жас толқын» фестивальдарының лауреаттары, республика пәндік олимпиада жеңімпаздары мол. Студенттер өмірінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығы және "Студенттер кәсіподақ комитетінің" алатын орны ерекше. Бұдан бөлек университет студенттері көптеген ұйымдар мүшелері болып, университеттің қоғамдық өміріне етене араласып, бос уақытын қызықты өткізуіне болады. Атап өтетін болсақ, "Әскери патриоттық клуб", "Нәзік" қыздар кеңесі, "Ұлағат Ұландары" ЖҚБ, "Қазақстан Студенттер Альянсы", "Жас Отан" жастар қанаты, "Студенттер Кәсіподақ Комитеті", "Грация" би тобы, "Қыран" еріктілер жасағы, "Ақиқат" дебат клубы сияқты көптеген ұйымдар жұмыс жасауда.ҚМУ қазіргі уақытта білім берудің жаңа технологиялары кеңінен қолданылатын, материалдық-технология базасы бай, оқу мен тәрбие тұтастығын қамтамасыз ететін бакалавриат, магистратура, аспирантурасы бар білім мен ғылымның ошағы болып табылады. ### Қызылорда гуманитарлық университеті Қызылорда гуманитарлық университеті – экономика және педагогика мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. 2000 жылы құрылған. 17 кәсіптік мамандық бойынша жоғары білімді мамандар даярлайды. Оқу орны заман талаптарына сай ғимаратқа орналасқан. Оның жалпы ауданы 4070,0 шаршы метр. Онда кітапхана, 120 орынды оқу бөлмелері мен жаттығу спортзалдары, 100 орынды асхана, медициналық бөлме, баспахана, шеберхана, әкімшілік басқару кабинеттері, кафедралар, дәрісханалар, зертханалар орналасқан. Университеттің профессор-оқытушылар құрамында штат бойынша 63 оқытушы, оның ішінде 2 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты бар. Заманауи білім сапасын, студенттердің жан-жақты білім алуына мүмкіндік жасайды. ### Қызылорда инженерлік-экономикалық институты Қызылорда инженерлік-экономикалық институты – оқу-әдістемелік мекеме. 1998 жылы құрылған. Институт 8 мамандық бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, экология, есептеу техникасы және бағдарламамен қамсыздандыру, электроэнергетика, тасымалдау мен жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану). Институтта 4 кафедра жұмыс істейді. Онда 84 оқытушы-профессор еңбек етеді. 2004 жылы институт жанынан колледж ашылды. Онда студенттер 5 түрлі мамандық бойынша білім алады. ### Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университеті Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университеті – жоғары оқу орны. 1997 ж. мамырда құрылған. Университетте 4 факультет, 12 кафедрада 18 мамандық бойынша кәсіби мамандар даярланады. 99 оқытушы, 7 ғылым докторы 37 ғылым кандидаты және өндірісте мол тәжірибе жинақтаған мамандар сабақ береді. Университетте ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтының зерттеу бөлімі жұмыс істейді. Университет оқытушыларынан 2 докторлық, 8 кандидаттық, 14 магистрлік диссертация жұмыстары қорғалды. 2003 жылдан бері университет жанындағы «Қызмет» колледжі жұмыс істейді. Колледжде 11 мамандық бойынша арнаулы орта мамандар даярланады. ### Қызылорда гуманитарлық заң колледжі Қызылорда гуманитарлық заң колледжі – орта кәсіптік оқу орны. 2001 жылы құрылған. Экономика, заң, педагогика салалары бойынша мамандар даярлайды. Колледжде 1 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, жоғары білімді мамандар дәріс береді. Университетте құқықтану, экономика бөлімдерінде 8 мамандық бойынша мамандар даярлаумен қатар жеке адамдардың сапалы білім алу мүддесін қанағаттандыруға және еңбек нарығындағы бәсекелестікке қабілетті болуына дайындайды. Салауатты өмірді қолдау мақсатында жұмыс жүргізетін «Жас заңгерлер» КТК командасы, «Әділет» дебат клубы, «Салауаттылық орталығы» бар. Колледжді 2001 жылдан саясаттану ғылымдарының докторы, профессор М.Мұхамедов басқарып келеді. ### Қызылорда медицина колледжі Қызылорда медицина колледжі – арнаулы орта медициналық білім беретін оқу орны. 1928 жылы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен «Қазақ акушер техникумы» болып ашылған. 1933 жылы «Фельдшерлік мектеп», ал 1954 жылы «Медицина училищесі» деп аталған. 1996 жылы қазіргі атауымен аталған. 1933-40 жылдары оқу орнында 320-дай оқушы білім алды. Колледж емдеу, акушерлік, стоматология, фармацевтика, медбике мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. ### Қызылорда музыка колледжі Қызылорда музыка колледжі, Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы – арнаулы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны. 1977 ж. ашылып, 1999 жылға дейін М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің құрамында болды. 1999 жылы жеке бөлініп шықты. Қолледжде аспапта орындау, жеке ән салу, хорға дирижерлік ету, хореография өнер мамандықтары бойынша білім беріледі. Колледжде әр жылдары Е.Көшербаев, Т.Қалауов, Е.Сақтапбергенов басшылық етті, қазіргі директоры К.Ш. Ботабаев (Қазақстан білім беру ісінің озық қызметкері). «Super Star» мегапроектісінің жеңімпазы А.Кішкенбаев, «Жас қанат» байқауының жүлдегерлері Р.Садықов пен М.Сейітмұратов, т.б. осы оқу орнының түлектері. ## Мәдениеті ### Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театры Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театры, Н. Бекежанов атындағы – кәсіпқой сахналық мекеме. 1955 жылы Еңбекшіқазақ (Алматы облысы) және Қаратал аудандары (бұрынғы Талдықорған облысы) жергілікті театры негізінде ұйымдастырылған. Театр шымылдығы Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен ашылды. 1960 жылы театр Қызылорда қаласына көшіріліп, 1970 ж. Н. Бекежанов есімі берілді. 1997 жылдан Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыка драма театры болып өзгертілді. Театрдың ірге көтеріп қалыптасуына актерлер: Б.Балғынбаев, Ш.Мәденов, Х.Саурықов, Ш.Бәкірова, К.Көпбаева Қ.Көпбаев, С.Рақышев, Т.Айнақұлов Р.Тәшібаева, А.Манасбаева, Ж.Бағысова, Ә.Кәнетов, С.Шотықов, т.б. көп үлес қосты. Тұңғыш режиссері Ж. Әбілтаев (Қазақстанның еңб. сің. арт.) болды. Театрдың бас режиссерлері болып әр жылдары: Мен Дон Ук, Андриасян Р. С., М. Байсеркенұлы, Оразымбетов Е. С. (Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткерлері), Әмір-Темір Хүсейін (Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткері) және Т. Өтебаев, суретшілері болып Ә. Әбдірахманов, Ж. Әбіров, С. Пірмаханов [(Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1967)], т.б. қызмет істеген. Театр ұжымы М. Әуезов пен Л. С. Соболевтің «Абай», М. Әуезовтің «Қаракөз», «Қара қыпшақ Қобыланды», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Жат елде», Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы», «Әке мен бала», С. Жүнісовтің «Тұтқындар», «Қызым саған айтам», О. Бодықовтың «Нартай», Қ. Мұқашевтің «Парторг» пьесаларын, сондай-ақ У.Шекспирдің «Король Лир», Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметкер», Н. В. Гогольдің «Үйлену», Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-Ана», М. Кәрімнің «Айгүл елінде», т.б. спектакльдерді сахнаға шығарды. Театр балалар мен бүлдіршіндер үшін «Екі дос немесе делдал қарға», «Ақылды Ақшақар» ертегілерін және «Қандыөзек»(нашақор жайлы новелла) спектаклін сахналады. «Нартай бүлдіршіндері» атты қуыршақ театры жұмыс істейді. Шығармашылық жетістіктері үшін театр Бүкілодақтық венгр драматургиясы (1978), неміс драматургиясы (1980), КСРО халықтары драматургиясы (1982) фестивальдарының лауреаты болды. ### Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы департаменті Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, – облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы саласындағы атқарушы органы. Облыс құрылғанда (1938) ҚазКСР Егіншілік комитеті жанындағы Қызылорда облысының жер бөлімі ретінде ұйымдастырылды. 1947 – 52 ж. ҚазКСР Ауыл шаруашылық министрлігінің облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, 1953 – 62 ж. ҚазКСР ауыл шаруашылық минститунің ауыл шаруашылық басқармасы, 1962 – 65 ж. ҚазКСР ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен дайындау министрлігінің облыстық ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру басқармасы, 1965 – 89 ж. ҚазКСР Ауыл шаруашылық министрлінің облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, 1986 – 89 ж. ҚазКСР Мемагроөнеркәсібінің облыстық агроөнеркәсіп комитеті, 1989 – 93 ж. облыстық агроөнеркәсіп бірлестігі, 1993 – 98 ж. облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының, 1998 – 2001 ж. облыстық ауыл шаруашылық басқармасы болып аталып келді. 2005 жылдан қазіргі атымен аталады. Департаменттің негізгі міндеті – ауыл шаруашылық саласында халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, өндірісті шикізатпен, нарықтық қатынастардың даму жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндігін арттыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. ### Қызылорда қаласындағы жастар саябағы Қызылорда қаласындағы жастар саябағы, Н.Ә. Назарбаев атындағы,Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекетік университетінің 5-ғимараты маңында, Сырдария өзені жағасында орналасқан. Аумағы 6 га. Қаланың көрікті жерінде орналасқан бұл жастар саябағы Қызылорда қалысының бас жоспарына енді. Қызылорда университетінің жаратылыстану факультеті мамандарының тәжірибелік-машықтық дәрістері осында өтеді. Саябаққа университеттің ғылыми кеңесінің 17.5.2006 жылғы шешімі бойынша ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың есімі берілді. ### Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві – ғылыми-құжаттық мекеме. 1928 ж. ұйымдастырылған. Алғашқы кезде округтік, 1931 ж. қалалық архив болды, 1938 жылдан қазіргі атауымен аталып келеді. Архивте облыстық, уездік-қалалық кеңестер мен атқару комитеттерінің 1917 жылдан бергі тарихи құжаттары жинақталған. Облыс өңіріндегі азамат соғысының барысы, алғашқы ұжымшарлар мен кеңшарлардың, МТС, тұңғыш мұғалімдер одағының, «Қосшы» одағының құрылуы, жергілікті өнеркәсіптің, балық шаруашылығының дамуы, күріш өсіру технологиясын меңгеру, атақты күрішшілер Ы.Жақаев, М.С. Кимнің еңбектері, мал шаруашылығын дамыту, оқу ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларының, Қызылорда қаласы астана болып тұрған кездегі (1925 – 29) оқу орындарының құжаттары сақталған. Ғылыми анықтамалық әдебиеті 800-ден, құжат саны 136 мыңнан асады. Құрамында 2 бөлімшесі, 7 аудан архиві бар. ### Қызылорда облыстық филармониясы Қызылорда облыстық филармониясы – концерттік-сахналық мәдени мекеме. 1972 ж. құрылған. Оның алғашқы директоры Т.Қалауов болды. Филармонияны әр жылдары Д.Дүй¬сенбаев (1976 – 80), К. Асанбаев (1980 – 85), Қ. Мұхамедияров (1985 – 86), Б. Шөкенов (1986 – 89), Ш. Әбдібаев (1989 – 90), М. Әбдікәрімов (1990 – 2001), С. Ибрашев (2001 – 03), М. Ахметов (2003 – 05) басқарды. Оның құрамына «Сыр күмбезі» (жетекш. А. Тұяқбаев), «Ақ толқын» (жетекш. Қ. Сақтағанов), «Бәйшешек» (жетекш. Қ. Байғабылов), «Сыр маржаны» (жетекш. Ү. Ахметова), «Сыр самалы» (жетекш. С. Бердіхожаев) ансамбльдері және «Сыр әзілі» ойын-сауық отауы (жетекш. Б. Есенов) мен «Томирис» бишілер тобы (жетекш. Г. Мырзабаева) кірген. «Томирис» тобы «Шабыт» Халықар. фестивалінің лауреаты болды (2005). Қазіргі уақытта филармонияда Ш. Қалдаяқов атындағы халықар. ән байқауының лауреаттары Қ. Ысқақов, Э. Қанатбаева, Р. Бағланова атындағы аумақтық әншілер байқауының лауреаты Р. Ысқақова, республика «Жас қанат» байқауының дипломанты Г. Әлиханова, т.б. жұмыс істейді. ### Қызылорда облыстық радиосы Қызылорда облыстық радиосы, 1928 жылдың 14 қарашасында құрылған. Қызылорда облысында 1938 ж. радионүктелердің саны 2 мыңға жуық, 90-жылдары ол көрсеткіш 188 мыңға жетті. 60-жылдардың басында радиохабарын таратуға Ә.Мырзахметов, Н.Оспанов, Ә.Шабақов, Т.Елемесов, А.Тоқмағамбетов, Ж.Шөкенов, Д.Айдаров, т.б. басшылық етті. 1958 – 63 ж. облыс радиохабарларын таратуда 20 – 30 адам жұмыс істеді. Материалдар үш тілде: қазақша – 70%, орысша – 20%, корей тілінде – 10%. Алғашында жетісіне 1 рет 1, 2 сағаттан, кейіннен күнде әуе толқынына шығатын болды. 1964 ж. облысы радио еліміз күрішшілерінің Бүкілодақтық үндесуінің бастамашысы бола тұра, Қызылорданы Шымкентпен, Көкшетаумен, Талдықорғанмен, Қарақалпақстанмен байланыстыратын тұрақты радио көпірге айналды. 1967 ж. Одақ көлемінде алғаш өткізілген радиоқызметкерлердің бірінші аймақтық кеңесінде Қызылорда радио журналистерінің жұмыс тәжірибесі кеңінен талқыланып, республика көлемінде таратылды. Сонымен қатар магнитті пленкаларды электронды монтаждау әдісі елімізде алғаш рет Қызылорда радиосында қолданылды. 2004 жылғы желтоқсан айынан бастап әуе толқынына шығуды тоқтатты. ### Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі – ғылыми-мәдени мекеме. 1939 ж. негізі қаланған. Алғашқы экспозициясы 1890 – 96 ж. салынған шіркеу үйінде болды. 1980 ж. жеке ғимаратқа көшірілді. Мұражай 14 залдан тұрады. 2000 – 02 ж. мұражайда «Өлке кеңес үкіметі кезінде», «Сыр бойындағы астана», «Қызылорда облысы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында», «Тәуелсіз Қазақстан», «Этнография», «Мәдениет және өнер» залдары ашылды. Облыс географиясына, археологиясына арналған залдар да өлке тарихынан, өнеркәсібі мен ежелгі мәдениетінен мол мағлұмат береді. Мұражай қорында 42920 жәдігер бар, оның 5 мыңнан астамы көрмеге қойылған. Ондағы ең құнды жәдігерлер: батыр киетін дулыға, сауыт (1853), зеңбірек ұңғылары, ақша коллекциясы (Ұлы Жібек жолы сауда айналымындағы). ## Галерея * * * * * ## Дереккөздер
Махамбет сөйлемі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: * Махамбет Өтемісұлы — ақын, күйші, батыр. * Махамбет – тарихи драма. Елді мекендер: * Махамбет – Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл. * Махамбет – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл. * Махамбет Өтемісұлы ауылы – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл.
Махмұд Қашқари (араб. Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари; 1029—1101) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. ## Туған жері Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады. * Ат қасқасы ай болмас. * Төрт түлік мал туралы: Су татырмасқа - сүт бер. * "Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы": Ер жігітті қорлама. Үлкенмен керіспес болар. Бар - бақыр, жоқ - алтын. * "Байлық-кедейлік туралы": Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер. Көсеу ұзын болса - қол күймес. * "Сақтық туралы": Ит - қаппас деме, ат - теппес деме. Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі. * "Аң-құс туралы": Арқадағы жауыр ұлға қалар. * "Жоқтық туралы": Аш - не жемес, тоқ - не демес. * "Тіл туралы": Әдептің басы - тіл. * "Ар-намыс, ұят туралылы": Ұятсызбен ұстаспа. * "Ғылым-білім, өнер туралы": Бақыттың белгісі - білім. * "Бек, хан туралы": Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек. * "Асыл сөз туралы": Ақылды сөз - алтын табаққа жеткізер. * "Адам өмірі туралы": Атаның ұлы - атасына тартып туар. * Екпейінше - өнбес, талпынбайынша - жетпес. (Еңбек туралы) * Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес. (Қоғам, мемлекет, заман туралы) * Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді. (Әйел, ана туралы) * Күндестердің күлі де - күндес. (Күншілдік, қызғаныш туралы) * Жалғыз қаздың үні шықпас. (Жалғыздық туралы) * Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы) * Арыстан күркіресе - аттың аяғы тұсалар. (Үрей туралы) * Далада бөрі ұлыса - үйдегі итің бүйірі солқылдар. (Үрей туралы) * Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар. (Жақсы мен жаман туралы) * Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды. (Байлық-кедейлік туралы) * Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы) * Сараң санға қосылмас. (Сараңдық туралы) * Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады. (Сараңдық туралы) * Алушы - арыстан, сатушы - тышқан. (Саудагер туралы) * Тәкаппар тақсірет тартырады. (Мінез-құлық туралы) * Ашу қысса - ақылың ғайып болады. (Мінез-құлық туралы) * От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас. (Мінез-құлық туралы) * Қылымсығанда - қызыл киеді, Жарамсақтанғанда - жасыл киеді. (Мінез-құлық туралы) * Еркекқұмар әйел ерге жарымас. (Әйел, ана туралы) * Пышақ қанша өткір болғанымен өз сабын өзі жона алмайды. (Дәрмесіздік туралы) * «Ағайын» десе - шақ қарадық, «Қайын» десе - жалт қарадық. (Ағайын, жұрт туралы) * Ұран көтерілсе - ру жиылар, Жау келсе - жамағат жиылар. (Ағайын, жұрт туралы) * Дос адам маңайынды жұмақ етер. (Достық туралы) ## Өмірбаяны Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдат қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады. ## Түркі ғалымы Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады. ## Дереккөздер
Табын — (моңғ. табын — бес) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру. Ақтөбе облысындa, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады. Өткен ғасырларда қалмақтардың Қобда жеріне шабуына байланысты, табындар бас ауған жаққа жер ауып, бір бөлігі қазіргі Байғанин ауданының Оймауыт ауылына тұрақтап, бір бөлігі Шалқар ауданына, бір бөлігі қазіргі Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына, бір бөлігі Қызылорда облысы мен Қарақалпақстан жерлеріне кеткен. Қазір де Қарақалпақстанға кеткендердің 80 пайызы Маңғыстау облысына көшіп келіп, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында тұрып жатыр.Cондай-ақ башқұрт ұлтында да Табын атты ру бар. Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі маңсабын бейнелейді. Орда-Ежен ұрпақтары — төре руының таңбасына ұқсас.Табын руы - белгісіне қарай үшке бөлінеді: тарақты, шөмішті, көсеулі болып. Шөміштілер негізінен Ақтөбе мен Батыс Қазақстан жерлерін жайлаған, көп бөлігі қалмақ шапқыншылығы кезінде Қарақалпақстан жеріне ауып, сол жақты мекендеп кеткен, қазіргі күнде Ақтөбеде тұрады. Қазір Қарақалпақстанға кеткен Табындардың 80 пайызы Отанға қайтып көшіп келді. Қызылорда өңірінде де Табындар бар, олар не найзалы не тарақтылар. ## Шығу тегі Аңыз бойынша Тәуке хан Орта жүздегі аз халықты Жетіруды алшындарға (бұрынғы ноғайлыларды) қосып Кіші жүз құрған. Тарихи деректер бойынша табындар Шыңғысханды ақ киізге көтерген 24 моңғол тайпасының арасында болыпты. Аңыздар бойынша табындардың көсемі Майқы би Шыңғысханмен ант ішкен. Көне түркі тілінде қазіргі Тибет жері Тобот, Тобон, Табын деп аталған. Ал қытай мемлекетін Табғач деп атаған. Табғачтар, немесе қытайдың тарихи деректерінде тоба, туба тұнғыс-манзу тайпалары арасынан шыққан қазіргі Ішкі Моңғолияда көшкен халық. Тобалар көсемі Тоба Гуй Солтүстік Қытайды иелеп Солтүстік Вей (386-535) әулетін құрған. Табын деген рулар ноғайлар, өзбектер, башқұрттар арасында бар. Сібірдегі Көшім ханның мемлекетінде табындар атажұрт болған, бас қаласы Чинги-Тура (қазіргі Түмен). Ресейдегі Красноярск өлкесінің оңтүстігі 19 ғ. Табын-Богдо-Ола деген жерде Моңғолия, Ресей, Қытай елдерінің шекаралары бітісіп тұр. Осының алдындағы ру сияқты, ол туралы да алғашқы деректерді біз А. Тевкелевтен ғана кездестіреміз. Ел арасынан жинаған мәліметтер мен Тынышбаев келтірген табын руының жаманкерей, Бозым, бегім және қайырқожа деген төрт тармағы бар. Табындардың таңба белгілері әр түрлі. Жалпы ру таңбасы (тостаған); сонымен бірге табындарда тағы да (шөміш, шөмішті-табын тармағында), (тарақ, тарақты-табын тармағында) және (әліп) таңбалары бар. Жалпы рудың таңба белгісін салғастыру бізді тағы да дулаттарға (Ұлы жүз) әкеледі, оларда да жалпы тайпалық белгі дәл осындай, ал және белгілері дулаттардың кейбір руларының таңбалары мен албан тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоқ. Табын руы Ұлы жузден шыққан деп жорамалдауға болады. Бұған дәлел ретінде табын руында да, албан тайпасында да бозым руы бар екенін көреміз. | (көсеу) таңбасы қаңлы тайпасының (Ұлы жүз) таңбасына, ал (тарақ) таңбасы нақ сол жүздегі жалайыр тайпасының таңбасына ұқсайды және тарақ таңбасының жалайыр тайпасынан шыққанын табын руы шежіресі нұсқаларының бірі көрсетеді. Табындардың тегі аралас екенін оларда бірнеше ұран болуы да көрсетеді. Гродековте бар мәліметтер бойыпша, Сырдария табындарының ұрандары «Сәрке» және «Тостаған», ал ел арасынан жинаған мәліметтер бойынша, батыс табындарыпың ұраны «Алаш». С.И. Руденко өз еңбектерінің бірінде моңғолдарға дейінгі уақытта, аңыз бойынша, башқұрттар он екі руға бөлінген деп жазады. Бұдан әрі ол осы рулар, ішінде табындар да болған деп көрсетеді. Жоғарыда айтылғандардың бәрін, сондай-ақ С. И. Руденконың деректемесін ескере келгенде, табын руьның тарихын былайша негіздеуге болады. Моңғолдардың шапқыншылығынан көп бұрын қазіргі Батыс Қазақстан мен Оралдың арғы жағындағы далаларда басқа тайпалар мен рулар арасында сол кезде-ақ жергілікті табын тайпасы болып, ол саяси немесе экономикалық сипаттағы әлдебір жағдайлардың әсерінен бөлініп кетуі ықтимал. Оның бір бөлігі солтүстікке, қазіргі Башқұртстан аумағына барып, Ибн Фадман айтқан Башқұрт халқының құрамына енген.Моңғолдарға дейінгі уақыттың өзінде-ақ башқұрттар құрамына табындардың енгенін біз бұдан бұрын көрсеткенбіз. Алайда табындардың көпшілік бөлігі өз жерінде калын, монғолдардан кейінгі кезеңде руының атын сақтап қала отырып, Ұлы жүз тайпаларынан шыққандарды өз құрамына қабылдаған болуы мүмкін. Ал ұлыжүздіктердің қосылған бөлігі олардың ру атын қабылдап, оларға өз таңбаларын берген. Табын руының едәуір бөлігі, атап айтқанда, бозым (төртұл) Орта жүздің керей, найман және арғын сияқты ірі тайпаларының құрамына енген, олардың арасында төртұл және өзбектер құрамына енген (локайлар) да аталады. ## Қаракесек арасында Орта жүздегі Арғын Қаракесек арасында 19 ғ аяғында Нұра болысында 100 шаңырақ табын болған. Олар 18 ғ. ортасында Маңғыстау жақтан келген Жарбол және Құлбол деген ағайындылардын ұрпағы. Бұл екі ағайын төрелермен қызға дауласып бір төрені (ханды) өлтіріп содан Сарыарқаға қашып келген. ## Тұлғалар * Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова * Барақ Сатыбалдыұлы * Бұқарбай Естекбайұлы * Жоламан Тіленшіұлы * Жүзжасар Ақылұлы * Байтабын Дербасұлы * Қайқы Ұзақұлы * Смағұл Абатұлы Елубай * Шортанбай Ерубайұлы * Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов * Төлеген Айбергенұлы Айбергенов * Қалжан Ахун Бөлекбайұлы * Алданазар Бұқарбайұлы * Дәуіт Асауұлы * Досжан Қашақұлы * Нұрлан Асқарұлы Ноғаев * Қармыс Досанов Қарақойлы * Бибісара Ерханқызы Асаубаева * Сабина Абайқызы Алтынбекова * Бөкенбай батыр Қараұлы ## Дереккөздер
Сұлтан Бейбарыс мешіті — Сұлтан Бейбарыс 1266—68 жж. салдырған. Ол — қазіргі кезде Мысырдағы ең танымал мешіттердің бірі. Әл-Кәһира қаласының солтүстігіндегі ескі қорғанынан тыс жерде ең алғашқы болып бой көтерген бұл ғимаратты салуда сол заманның озық құрылыс тәсілдері мен құралдары қолданылған. Көрші көшеде ибн-Тұлун мешіті орналасқан. Мешіт Шам жеріндегі Яффа қаласынан әкелінген түрлі-түсті мәрмәр тастармен және құнды ағаштан тұрғызылған. Оның ұзындығы 108 м, ені 105 м. Дуал ретінде қаланған тас қабырғаларының биіктігі 10,96 м. Мешіттің көркем оюлармен безендірілген үш салтанатты қақпасы бар. Ғимараттың батыс жағында орналасқан 11,83 м бас қақпа өз алдына сәулет өнерінің ескерткіші. Сол заманда қабылданған құрылыс қағидалары мен мешіт салу мәнеріне сәйкес, оның ортасы, үсті төрт бұрышты ашық алаң болып, ал төрт жағы ені 10–12 м шамасындағы үсті мәрмәр бағаналарға бекітілген ағаш шатырмен жабылған сарай түрінде салынған. Мешіттің ішкі жақ қабырғалары мен терезелері араб және шығыс мәнерлеріндегі әдемі өрнектермен әшекейленіп, Құран Кәрім сүрелері аяттарымен өрнектелген. Мешіттің михрабы Мәкке бағытында. Михраб орналасқан бөлменің қабырғалары мен михрабтың орны кірпіштен қаланған қаңқасын ғана сақтап қалған.
Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Тұрғыны 316 449 адам (2023).Атырау қаласынан Астанаға дейінгі қашықтық 1810 км. ## Атауы Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан. Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий городок. Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген. 1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған. 1992 ж. бері қала атауы — Атырау. ## Этимологиясы «Атырау» -лексикасы көбіне үлкен айдынды көлдің не теңіздің сала-салаға бөлініп, тармақтанып, шығанақтар мен арал, саға, мүйістер пайда болатын жағалауы. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын, теңіздің алабын қоса, жергілікті тұрғындар күні бүгінге дейін атырау деп атайды. ## Тарихы ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен. Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді.1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды. Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды. Жайық бойындағы бұл оқиға Астрахан әскерлері басшылығын елең еткізді.Ағаштан тұрғызылған қорған қамал жаудан және өрттен қорғануға қорғаныс бола алмайтынына көздері жеткен патша үкіметі,теңіз маңы және Жайық бойының қорғанысын күшейту мақсатында, 1645 жылдың 18 ақпанында М.Гурьевке қаланы қамал етіп тұрғызуға рұқсат береді. Рұқсат қағазында қала қамалын Астрахан қаласының үлгісіндей етіп тұрғызу көрсетіледі. Тас қала-қорғанның құрылысы 1647 жылдың 6 маусымда басталып кетеді. Тұрғызылып жатқан қала 1649 жылы казактар атаманы И.Кондырев бастаған казактар тобының шабуылымен тоналады. Жайық бойындағы тас қала-қамалдың құрылысы 15 жылдан соң 1662 жылы аяқталып, Гурьевтердің үлкен қаржылық шығынына шығады. ХVІІ ғасырдың аяғына таман және ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, тас қала-қамалы ірі шекаралық қамалға айналады. * 1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі. * 1865 жылы уездік қала болды. * 1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының орталығы * 1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің орталығы * 1929 жылы Гурьев округінің орталығы * 1930 жылы аудан орталығы * 1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы. * 1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады. ## Климаты Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ ,ыстық, ал қыста ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады. Атырау қаласы ендігі 47, -07 С., ұзақтығы 51-53 болатын жазы ұзақ, қысы қысқа күндермен сипатталады. Қаңтар айындағы орташа температура -60С-ден бастап -120С-ге дейін, ал шілде айындағы орташа температура +240С-ден бастап +260С-ге дейін. Ең төменгі температура -380С, ең жоғары температура +450С.Каспий теңізіне құйып, облыс орталығынан өтіп жатқан Жайық өзенінің арқасында ол жердегі температура судан алыс жердегі аудандардың температурасымен салыстырғанда төмен болып келеді.Жауын-шашын болар-болмас деңгейде, жылына орташа 150 мм, 200 мм шамасында болады. Жел бағыты қаңтар айында оңтүстік-шығыс бағытта болса, ал маусым айында батыс бағытта болады. ## Әкімшілік бөлінуі Атырау қалалық әкiмшiлiгінің құрамында 1 қала, 6 ауылдық округ (Алмалы, Атырау, Дамбы, Еркiнқала, Кеңөзек, Қайыршақты), 15 елдi мекен бар. Қалаға 2013 жылы Балықшы кенті, 2018 жылы Балықшы, Жұмыскер ауылдық округтеріндегі Ақжайық, Құрсай, Көкарна, Водниково және Жұмыскер, Рембаза елді мекендері, 2019 жылы Геолог ауылдық округіндегі Геолог, Бірлік, Новокирпичное, Теңдік, Қарабатан, 496 разъезд елді мекендері қосылды. Қалалық әкімдік аумағына Махамбет ауданынан Алмалы ауылдық округіндегі Алмалы, Береке елді мекендері берілді. ## Әкімдері * Нұрпейіс Мақашев 1992-1993 * Бекболат Нарегеев 1993-1995 * Жалғас Тікенбаев 1995-1998 * Арыстанғали Әшімғалиев 1998-1999 * Дүйсенбай Тұрғанов 1999-2002 * Манас Тасыбаев 2002-2006 * Бергей Рысқалиев 2006 * Сәлімжан Нақпаев 2006-2009 * Мереке Есмұратов 2009-2012 * Асқар Керімов 2012 * Серік Айдарбеков 2012-2014 * Нұрлыбек Ожаев 2014-2016 * Серік Шәпкенов 2016-2018 * Әлимұхаммед Құттымұратұлы 2018-2020 * Қайрат Оразбаев 2020-2022 * Мейірім Қалауи 2022-2023 * Шәкір Кейкін 2023- ## Халқы Тұрғыны 1897 жылы 9,3 мың, 1959 жылы 78,1 мың, 1970 жылы 114,2 мың, 1979 жылы 130,9 мың, 2012 жылы 182,8 мың адам болды.2014 ж. қала әкімшілігі тұрғындарының саны 280,6 мың адам құрады, оның ішінде: * Атырау қаласы — 195,6 мың адам; * Балықшы кенті — 17,1 мың адам; * Жұмыскер кенті — 10,4 мың адам; * Ауылдық тұрғындар -57,5 мың адам; Атырау қаласында 84 ұлт өкілдері тұрады.Облыстың 2014 жыл басындағы деректер бойынша жекеленген этностар құрамы төмендегідей: 2019 жылғы статистикалық деректер бойынша Атырау қаласында туғандар саны 9 760, ал өлгендер саны 1 920 адамды құрады. Табиғи өсім 7 840 адам. Келген адамдар саны 16 130, кеткен адамдар саны 13 311 болды. Туылым коэффициенті (1000 адамға) 27,9, өлім-жітім коэффициенті (1000 адамға) 5,49 болды. ## Экологиясы Атырау қаласы кәсіпорындардың ортасында қалуда. Ауаны ластаушылардың 80-85 пайызын мұнай тасымалымен және мұнай өңдеумен айналысатын кәсіпорындар құрайды. Атырау қаласындағы өндіріс орындарының ауаға лас қалдықтарды тарату көрсеткіштері артып, ол жылына бір мың тоннадан асып тұр. Ірі кәсіпорындар әлі күнге тазарту құрылғыларымен жабдықталмаған. Сөйтіп зиянды шығарындылар еш сүзгіден өтпестен қала аумағына таралып жатыр. «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы көмірсутегі қоспаларын 68,7 пайыз көлемінде, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – 22,79, «Атырау жылу электр орталығы» көміртегі тотығын 46,08 пайыз, «Каспий құбыр консорциумы-Қ» АҚ – 19,57, «Атырау жылу электр орталығы» ЖШС азот диоксидін – 73,2, Атырау мұнай өңдеу зауыты күкірт диоксидін 52,54 пайыз мөлшерінде ауаға шығаруда. Атырау қаласында атмосфералық ауаның сапасын анықтайтын сегіз стансадан автоматты түрде тәулік бойына ауа құрамын анықтайтын сынама алынады. Соның ішінде «ВестОйл» ЖШС-нің базасы аумағында орналасқан стансадан күкіртті сутегінің шектеулі мөлшері концентрациясынан асып кететіні анықталып отыр. Қаланы улап жатқан негізгі 3 ошақ бар. Біріншіcі – мұнай компаниялары. Екіншісі – қаладан шыққан тұр­мыстық қалдықтарды көмуге арналған полигон. Үшіншісі – қаланың екі жақ шетінде орналасқан қалдық суларды төгетін булану алаңы. ## Кәсіпорындары ## Көлік және инфрақұрылым Қазіргі таңда Атырау қаласында көліктің барлық түрлері де дамыған. Қоғамдық көлік. Атырау қаласының маршрут желісі күні бүгінге 51 маршрут жұмыс атқаруда. 2013-2015 жылдары аралығында қалаішілік маршрутында қызмет көрсететін «АйсТрансХолдинг» ЖШС-і өз қаражаты есебінен 51 дана автобус сатып алды. Қоғамдық көліктер GPS – мониторинг жүйесін қолданады, ол онлайн режимінде қалалық қоғамдық көліктердің маршруттары, аялдамалар және көліктің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттарды ұсынады. «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен «Atyrau-Avtopark» автобус паркі құрылып, оған Семей қаласынан 65 жаңа автобус сатып алынды. 2020 жылы «Ақ Жайық Автопарк» ЖШС-і экологиялық тұрғыдан қоршаған ортаға лас шығарынды шығармайтын 160 жаңа автобус алды. 2021 жылдан бастап автобустар санын 140-тан 250-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл саптағы 220 автобус мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктері үшін толық бейімделген Қалада троллейбус жүйесі 1996 жылдың 09 қыркүйегінде ашылып, 1999 жылдың 29 сәуірінде оның қозғалысы тоқтатылды. Бір ғана маршрутта 5 троллейбус қызмет көрсетті. Темір жол көлігі. Атырау арқылы өтетін темір жол вокзалынан 13 бағыт бойынша 24 поезд кесте бойынша жолаушылар тасымалын қамтиды. Темір жол Атырауды Қазақстанның Алматы, Ақтөбе, Астана сияқты ірі қалаларымен, сондай — ақ Ресейдің (Мәскеу, Саратов, Волгоград, Астрахан), Тәжікстанның (Куляб, Худжанд, Душанбе) қалаларымен және Өзбекстан астанасы-Ташкентпен байланыстырады. Әуе көлігі. Атырау әуежайынан келесі бағыттар бойынша рейстер ұшырылады: Қабылдайтын әуе көлігі түрлері: Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-28, Ан-30, Ан-32, Ан-72, Ан-74, Ан-124, Ил-62, Ил-76, Л-410, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42, Airbus A319, Airbus A320, Airbus A321, ATR 42, ATR 72, Boeing 707, Boeing 737, Boeing 747, Boeing 757, Boeing 767, және тағы да басқа 3-4 кластағы ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар. ## Атырау қаласының көпірлері 1965 жылы 28 тамызда Жайық өзені арқылы өтетін қаладағы алғашқы темірбетон көпір салынып, пайдалануға берілді. Көпірдің ұзындығы 259 метр, биіктігі 10 метр. «Орталық» көпір Сәтбаев даңғылы мен Абай көшесін байланыстырады. Символикалық рөлі Европа мен Азияны жалғастырады. Қаланың солтүстік бөлігінде 1985 жылы Ғаббас Берғалиев көшесінің бойымен айналма көпір пайдалануға берілді. Ұзындығы 200, ені 17 метр, ол А-27 Ақтөбе - Астрахан тас жолында қала арқылы өтетін транзиттік автомобиль жолына айналды. 2001 жылы «Тәуелсіздікке 10 жыл» аспалы «жаяу жүргіншілерге арналған» көпір салынды. Ұзындығы 551 метрлік көпір Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көпірі ретінде енгізілген.2008 жылы қаланың оңтүстік бөлігінде Балықшы және Жұмыскер шағын аудандарын байланыстыратын «Балықшы» көпірі салынды. Ұзындығы 484,4 м, ені 23,9 м. Осы жылы Балықшы-Перетаска көпірі пайдалануға берілді. Ұзындығы 63,7 м, ені 14 м. Ол Балықшы шағын ауданы мен Мирный және Құрсай шағын аудандарын жалғастырушы рөлін атқарады. 2009 жылы Сұлтан Бейбарыс даңғылын жалғастыратын көпір ашылды. Өткізу қабілеті тәулігіне 5-7 мың автомобильді құрайтын төрт жолақты көпір, ұзындығы 800 м кіреберіс жолдармен, ұзындығы 380,7 м және ені 22 м, жүріс бөлігінің ені 16 м. Екі жағынан жаяу жүргінші жолы 2,5 метр құрайды. Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойындағы көпір теміржол вокзалын (сол жағалау) және оң жағалаудағы «Атырау» халықаралық әуежайын байланыстырады. Осы жылы қаланың Мұнайшылар қалашығы мен Авангард ықшам ауданын (Әуезов даңғылынан Ғұмаров көшесіне) жалғайтын «Мұнайшы» көпірі пайдалануға берілді. 4 жолақты көпірден тәулігіне 5-7 мың автомобиль өтеді. Көпірдің жалпы ұзындығы 693 метр, ұзындығы 483 метр және ені 17 метр. Жүріс бөлігінің ені 14 метр, екі жағында ені 1 метр 2 жаяу жүргіншілер жолы бар. 2010 жылы Мечников пен Баймұханов көшелерін жалғайтын көпір салынды. Ұзындығы 770, ені 23,5 метр. Ол қаламыздың 370 жылдығына орай ашылды. ## Мәдениеті Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры, Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы орналасқан. Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрі жұмыс жасайды. Атырау облыстық өлкетану мұражайы, Қазақстандағы мезозой дәуірінен сыр шертетін жалғыз палеонтологиялық мұражайы Атырау қаласында орналасқан. Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер мұражайы, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақ үйлер т.б.жұмыс істейді. «Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапхана», Атырау облыстық балалар кітапханасы, Облыстық көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы, №1,2,3 Атырау қалалық орталық балалар кітапханалары қала тұрғындарына өз қызметтерін көрсетуде. ## Сәулеті және көрікті жерлері Атырау архитектуралық құрылысы жағынан үшке бөлінеді. Жайықтың оң жағасындағы ескі қалада негізінен 20 ғасырдың басында салынған бір қабатты ағаш және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты тас үйлер, 4 – 5 қабатты тұрғын үйлер мен мекеме жайлары бар. Өзеннің сол жағалауында кеңес өкіметі жылдары Ембімұнай кенті мен мұнай айыру зауытының қалашығы пайда болды. Жайыққа салынған көпір (1965) Еуропа мен Азия құрлықтарында жатқан қаланың екі бөлігін байланыстырады. Атырау қаласының заманауи сәулетіне Исатай мен Махамбет алаңы, Иманғали мешіті, XIX ғасырда салынған Православ шіркеуі, (бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы ғимарат), Marriott қонақ үйі, Алмагүл ықшам ауданы, соңғы үлгіде салынған спорт, мәдениет сарайларын айтуға болады. ## Саябақтары Қазір Атырау қаласында 6 саябақ бар. Жеңіс саябағы, «Алмагүл» ықшам ауданындағы саябақ, «Балықшы» ықшам ауданындағы саябақ, ретро паркі, №1 және №2 ықшам ауданындағы, және «Тұрғындар қалашығындағы» саябақтар. Саябақтардың аумағы 10 гектарға жетеді. Олар жасыл желектерден, аллеялардан, абаттандырылған жолдардан, орындықтар мен серуендеу алаңдарынан тұрады. Сонымен қатар танымал тұлғаларға ескерткіштер, субұрқақтар, мүсіндер және т.б. бар. «Жеңіс» саябағы — Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған мәңгілік алау арқылы таныс. Кіре беріс қақпадан кейін әскери техниканың нақты үлгілері қойылған. Мұнда ұшақ, танк, зеңбірек, бронетранспортер т.б. көруге болады. Жеңіс саябағындағы "Тағзым Аллеясы" алаңында Ұлы Отан соғысының атыраулық қаһармандарына арналған 14 бюст орнатылған. Парктің орта тұсында аспанға бағытталған найзаның жанында орналасқан Мәңгілік алау бар. Сондай-ақ, парк құрамында «Естелік қабырғасы» бар. Ол бірнеше ондаған ірі гранит плиталардан тұрады, олардың үстінде Екінші дүниежүзілік соғыстан оралмаған Атырау облысы тұрғындарының есімдері жазылған. Саябақта қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді, сондай-ақ тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған ескерткіш орнатылған. Ретро Парк саябағы — өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы неоклассикалық үлгіде салынған. Оның негізгі аумағын парк аллеялары құрайды. Бұл саябақ Жайық өзенінің жағалауы мен «Тұрғындар қалашығының» аралығында орналасқан. Саябақта әртүрлі павильондар, амфитеатр, түрлі түсті жарықпен әрленген су бұрқақтары, ретро стиліндегі дәмхана т.б. бар. Орта тұсында жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер, жасанды тоғандар және басқа да сәулет туындылары орналасқан. Саябақта "Дос-Мұқасан" музыкалық ансамбліне орнатылған ескерткіш бар. Жастар саябағы — Жайық өзенінің Еуропа бөлігіндегі жағасында орналасқан. Саябақта жүгіру, велосипед, жаяу жүргіншілер жолы салынған. Мұнда көлеңкелі конструкциялы жазғы мобильді кафелер, балалар мен ересектерге арналған алаңдар, спорт жабдықтары, аттракциондар бар. Аумағы – 6,5 гектар. ## Атырау қаласының ескерткіштері ## Спорты Атыраудан Токиодағы Олимпиадаға елдің құрама командасында ескек есу бойынша спорт шебері А.Круглов қатысты. Боксшы Б.Теміров Олимпиадалық ойындарға, әлемдік, еуропалық сайыстарға қатысып, үш дүркін КСРО чемпионы болды. Атырау ескекшілері Д.Савин, А.Сафарян, С.Сергеев Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары. Арман Чилманов 84 кг салмақты таэквондодан 2008 жылғы Олимпиялық ойындардың қола медалі иегері. Сәния Махамбетова самбо және дэюдо күрестері бойынша халықаралық және республикалық сайыстарда бірнеше рет жеңістерге жетті. «Атырау» футбол командасы республика чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері (2001 және 2002 жылдар), 2009 жылы Қазақстан кубогының иегері. Қазақстан кубогының иегері. «Бейбарыс» хоккей клубы 4 дүркін Қазақстан чемпионы (2010/2011, 2011/2012, 2015/2016 және 2018/2019). «Атырау» волейбол командасы 2003 және 2006 жылғы еліміздің чемпионы, 4 рет Қазақстан кубогының иегері -2000, 2009, 2010, 2015 «Атырау Барыстары» баскетбол командасы Қазақстан біріншілігінің 2-рет алтын (2010/2011, 2015-2016), 7-дүркін күміс жүлдегері. (011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020. Спорт нысандарынан Атырау қаласының орталық «Мұнайшы» стадионы бар. Қасында спорт комплексі және жүзу бассейні орналасқан. Денешынықтыру және сауықтыру орталығында (ФОК) әртүрлі спорт секциялары жұмыс жасайды.Атырау мұз айдыны сарайында хоккейден еліміздің біріншілігінің ойындары өтеді. Теннис орталығында үлкен теннис ойнауға арналған 4 ашық және 4 жабық алаң бар. ## Білім жүйесі ### Мектепке дейінгі мекемелер Мектепке дейінгі мекемелердің құрамына мектепке дейінгі жастардағы балалардың күндізгі уақытта және тәулік бойы болатын жалпы типтегі (бала бақшалар, балалар яслиі, балалар үйі, мектепке дейінгі балалар үйі) мекемелері, ақыл-ой және дене бітімі дамуында ауытқулары бар арнайы мектепке дейінгі мекемелер, аурушаң балаларды салауаттандыруға арналған жазғы демалыс орындары кіреді. Атырау қаласы бойынша 46 балабақшада 13 863 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. ### Мектептегі білім Атырау қаласының 61 мектебінде, оның ішінде Атырау облыстық дарынды балаларға араналған казақ-түрік лицейі, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Ағышын тілін терең оқытатын техникалық гимназия, Атырау қалалық білім бөлімінің қалалық лицейі, Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназия, Облыстық ұлттық гимназия, №34 лингвистикалық мектеп-гимназия, Н.Тілендиев атындағы облыстық "Кіші өнер академиясы", Назарбаев Зияткерлік мектебі сияқты білім ордаларында 73 690 оқушы білім алуда. ### Жоғары оқу орындары Атырау инженерлік-гуманитарлық институты —2001 жылы құрылып, білім және ғылым министрлігі берген лицензия негізінде еңбек нарығында табысты жұмыс істейді. Институт -күндізгі және сырттай оқыту формалары бойынша қазақ және орыс тілдерінде 16 мамандық бойынша жоғары-кәсіптік мамандар (бакалавриат) даярлайтын жоғары оқу орны. Институт жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша маңызды ғылыми және оқу орталығы болып саналады. Институт инновациялық бағдарламаларды сәтті іске асырағаны үшін 2004 жылы Еуропа кәсіпкер қауымдастығының «INSAM» алтын медалімен (Женева, 2005 ж), Халықаралық «Алтын Құйма» (CBS Consult, Мәскеу, 2007) марапатталды. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті —Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде ашылды. 1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылды. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті —еліміздің мұнай-газ саласы мен Батыс Қазақстан облысының экономикасын, білімі мен ғылымын жетілдіруге үлкен үлес қосуда. Атырау Мұнай және газ университеті Батыс Қазақстанның Білім және ғылым орталығына айналуда және Қазақстанның мұнай-газ саласындағы шығармашыл жастар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар ұжымдары арасында лайықты құрметке ие болды. Атырау Мұнай және газ университеті еліміздің мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасының жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны болып табылады. ### Колледждері * Атырау аграрлы-техникалық колледжі * Атырау балық өнеркәсібі колледжі * Атырау бизнес және құқық колледжі * Атырау жоғарғы медицина колледжі * Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжі * Атырау индустриалды колледжі * Атырау сервис колледжі * Атырау энергетика және құрылыс колледжі * С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі * Д.Нұрпейсова атындағы музыка колледжі (академиясы) * Каспий маңының қазіргі заманғы колледжі (ПСК) * Жоғарғы мұнай колледжі (APEC) * Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж * Мұнай және газ технологиялық колледжі * «Болашақ» кәсіби-гуманитарлық колледжі ## Денсаулық сақтау ісі Гурьевте тұрған әскери бөлімде алғаш рет 15 орындық аурухана ашылған. 1901 жылы осы ауруханаға арналған 2 үй салынып, оның біреуі хирургиялық, біреуі басқа ауруларды емдеу орны боп белгіленген және 1 дәрігер, 2 фельдшер жұмыс жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау қаласына 2 госпиталь орналастырылды. 1967 жыл мен 1987 жылдың аралығында облыстық аурухананың, балалар ауруханасының, перзентхананың, облыстық онкологиялық және туберкулезді емдеу диспансерінің жаңа үйлері іске қосылды. Қазіргі кезде Атырау облыстық ауруханасы, балалар ауруханасы, №2 Атырау облыстық ауруханасы (Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы), Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы, қалалық перзентхана, ЖИТС алдын алу және онымен күресу орталғы, балалар стоматологиясы, өкпе аурулар санаториясы, кардиология орталығы, көз аурулар ауруханасы, қан орталы, наркологиялық диспансері, онкологиялық диспансері, патологоанатомия бюросы, перинаталдық орталық, психиатриялық жүйке аурулар ауруханасы (Психикалық сауықтыру орталығы), тері-венерология диспансері, туберкулезге қарсы күрес диспансері, теміржол ауруханасы, орталық нерв жүйесі зақымдалған балаларға арналған сәбилер үйі т.б. дәрігерлік ұйымдар жұмыс жасайды. ## БАҚ ### Газет-журналдары «Атырау» газеті —Қазақстанның батыс өлкесіндегі алғашқы ұлттық басылымдардың бірі. Оның негізін қалап, материалдық базасын жасақтап, алғашқы нөмірлерін шығарған 1923 ж. Гурьев уездік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Төлепкерей Өтеулиев. Алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 жылы сәуір айында шықты. «Атырау» аймақтың тыныс-тіршілігін қалың оқырманға жеткізіп келе жатқан облыстық газет. Прикаспийская коммуна газеті —орыс тілінде шығатын облыстық қоғамдық-саяси газет. Газет 1920 жылдың 26 ақпан айынан бастап «Трудовая Правда» атымен шықты. Газет облыстың өзекті мәселелері туралы, нарықтық қатынастар, халық шаруашылығын дамыту тұрақты көрініс табуда. «Ақ жайық» газеті —Атырау облысындағы кең тараған әрі тұңғыш тәуелсіз апталық басылым. Алғашқыда «Компаньон» (1991), кейін «Местное обозрение» (1992) аталып, шағын көлемде жарық көрген газет 1993 жылы мамыр айынан «Ақ жайық» аталды. Бұл - нарық жағдайына бейімделген, облыс, республика көлемінде өзін-өзі қаржыландыруға толық көшкен алғашқы газеттердің бірі. Сонымен қатар "Мегаполис Атырау", "Мұнайлы Астана", "Алтын сақа", "Алтын аймақ" апталық газеттері және "Мерейлі мекен" журналы шығады. ### Телеарналары Атырау облыстық телерадиокомпаниясының хабар тарату саясаты «Қазақстан» РТРК АҚ жүргізіп отырған саясатына толық сәйкес келеді. Ол ақпараттық және білім беру функцияларын орындай отырып, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды үйлестіруге бағытталған. Телеарнаның басты міндеті - аймақтық деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізу. Телеарнаның жалпы апталық көрсетілімі 119 сағатты құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілде - 80,30 сағат, немесе жалпы хабардың 68%. Меншікті бағдарламалар 45 сағатты құрайды немесе жалпы эфирдің 38% құрайды. "Atyray" телеарнасының хабар тарату антеннасы 180 метрлік мұнараның 153-і метрінде орналасқан. Жетістіктері: * Телевизияның «АПТА» ақпараттық-талдау бағдарламасы (авторы және жүргізушісі Н. Қосшиев) Халықаралық «Шабыт» фестивалінің арнайы дипломымен марапатталды; * Теледидарда алғаш рет «Өзен өз арнасыммен ағады» атты 7-сериялық телехикая түсірілді; * Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына орай "Тағдыр-Судьба" телефильмі түсіріліп, ол Волгоград қаласында өткен ІV-Халықаралық "Мәңгілік алау" фестивалінде "Үздік авторлық жұмыс" номинациясында ІІ орын алды; * Астрахан қаласында өткен Халықаралық "Адам және теңіз" байқауында "белсенді азаматтық ұстанымы үшін" номинациясында "Каспий экологиясы: мәселелерді шешу жолдары" фильмі жеңіске жетті; * «Туған өлкем – Атырау» бағдарламасы республикалық "Шаңырақ" шығармашылық байқауында жеңіске жетті /Астана қ./; * «Аманат» циклдік бағдарламасы "Ең үздік тарихи-мәдени бағдарлама" номинациясы бойынша Қазақстан РТРК АҚ ұйымдастырған байқауда ІІ орын алды /Астана қ./ Сонымен қатар КТК, НТВ, Хабар, 24KZ, Ел арна, Qazsport, Мир, Qazaqstan, 1-канал "Евразия", СТВ, Astana TV, НТК, 31 канал, Абай ТВ, Жетінші арна, ТВЦ т.б.арналар жұмыс жасайды. ### Радио «Atyraý radiosy»—ның тарихы 1938 жылы Гурьев облысының құрылуынан бастау алады. 1938 жылдың 2-ші наурызында алғаш рет радио хабары эфирге шықты. Қазір ол 102.0 FM жиілігінде тәулігіне 17 сағат хабар таратып отыр. 80 жыл бұрын сол кездегі Гурьев халқына алғашқы жаңалық таратқан бұл медиа-мекеме бүгінде заман сұранысына сай жаңа технологиямен жабдықталған. Елдегі саяси-экономикалық, төтенше жағдайлар кезінде дереу үн қосып, халыққа жедел ақпарат таратып, қоғамда оң пікір қалыптасуына ықпал етіп отыр. Қазір кеңейтілген диапазонды 1000 киловаттық жаңа радиотаратқыш іске қосылып радиотолқынның таралу аймағы 60 шақырымға дейін кеңейді.Сонымен қатар 101,0 Қазақ радиосы, 101,6 Радио Дача, 102,8 Шалқар радиосы, 103,6 Тандем радиосы, 104,4 NS радиосы, 104,8 Lux FM, 105,2 Русское радио Азия, 105,7 Восток FM, 106,2 Дала FM, 106,8 Европа+ Казахстан, 107,2 Жұлдыз FM, 107,7 Авторадио Казахстан т.б. жұмыс жасайды. ## Қаланың назар аударарлық орындары * Иманғали мешіті * Успен шіркеуі * Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткіші * Сұлтан Бейбарыс ескерткіші * Атырау облыстық өлкетану мұражайы * Хиуаз Доспанова ескерткіші * Исатай-Махамбет ескерткіші ## Атырау қаласының суреттері * * * * * ## Белгілі тұлғалар * Болат Жамитұлы Өтемұратов - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы * Тимур Нұрбақытұлы Бекмамбетoв - кинорежиссер, клипмейкер , продюсер * Ғани Есенкелдіұлы Қасымов- Қазақстан патриоттары партиясының төрағасы * Аркадий Юрьевич Волож - Яндекс компаниясының бас директоры * Фариза Оңғарсынова - ақын, халық жазушысы, журналист ## Бауырлас қалалары * Ақтау, Қазақстан * Орал, Қазақстан * Ақтөбе, Қазақстан * Астрахан, Ресей * Сыктывкар, Ресей * Ашдод, Израиль * Абердин, Құрама Патшалық ## Тағы қараңыз * Атырау облысы * Атырау аграрлы техникалық колледжі * Атырау инженерлік-гуманитарлық институты * Атырау мұнай және газ университеті * Атырау университеті ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Атырау облысы әкімдігінің ресми сайты Мұрағатталған 7 қазанның 2014 жылы. * Atyrau City ақпараттық-танымдық торабы Мұрағатталған 24 тамыздың 2006 жылы. * Облыстық "Атырау" газеті
Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов (8 наурыз, 1949 жыл, Қостанай облысы Денисов ауданы, Мениславка ауылы - 1 қараша 2021 жыл) — Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты. ## Қысқаша өмірбаяны * Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын (1972) жаттықтырушы мамандығы бойынша бітірген. * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (1993) құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. * 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. * 1973 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, 1975 жылдан - ассистенті, 1976 жылдан - аға оқытушысы. * 1982 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына техникалық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі. * 1983 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы. * 1985 жылдан - Бүкілодақтық ерікті «Еңбек резервтері» спорт қоғамының Қазақ республикалық кеңесі төрағасының орынбасары, 1988 жылдан - төрағасы. * 1991 жылдан - Шетел туризмі бойынша «Интурист-Қазақстан» ұлттық компаниясының президенті. * 1994 жылдан - Мемлекеттік «Иассауи» акционерлік компаниясының президенті. * 1996 жылдан - ҚР Жастар, туризм және спорт істері министрі. * 1997 жылдың наурызынан - ҚР Білім беру және мәдениет министрлігінің Туризм және спорт департаментінің директоры. * 1997 жылдың қарашасынан - ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт комитетінің төрағасы. * 1998 жылдан - ҚР Президентінің іс басқарушысы. * 2003 жылдың маусымынан - Астана қаласының әкімі. * 2004 жылдың наурызынан - ҚР Президентінің іс басқарушысы. * 2006 жылдың наурызынан бері - ҚР туризм және спорт министрі. * ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті (2006 жылдан). ## Ғылыми еңбектері Педагогика ғылымдарының кандидаты (1996). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Денешынықтыруға бағытталмаған ЖОО спортта жоғары жетістіктерге жетудің педагогикалық және ұйымдастырушылық негіздері». ## Қоғамдық қызметі * ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты. ## Қосымша лауазымдары * Халықаралық самбо федерациясының вице-президенті. * Туризм бойынша Еуразиялық ассоциацияның вице-президенті. * БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) вице-президенті. * Азияның Олимпиадалық комитетінің вице-президенті. * ТМД Туризм жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары. * ҚР Спорттың су түрлері жөніндегі федерациясының президенті (2008 жылдан). ## Марапаттары * II дәрежелі «Барыс» (2003) * РФ Достастығы (2004) ордендерімен; * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) * «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) * «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; * ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен (1983, 1985) марапатталған. * КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. * ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. * Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. * Астана қаласының Құрметті азаматы (2009) ## Отбасы * Әкесі - Досмухамбетов Мыңайдар (1924-1985), жұмысшы болған. * Анасы - Оразбаева Орындық (1928 жылы туған). * Үйленген. Жұбайы - Жұмабекова Сәуле Әмірқызы (1949 жылы туған), дәрігер. * Қызы - Әлия (1975 жылы туған). * Ұлы - Шыңғыс (1982 жылы туған). ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. ## Тарихы ҚР Президентінің Күзет Қызметі ҚР Президентінің 1995 ж. 3 қазандағы Жарлығымен мемлекеттікорган ретінде ҚР Президентіне тікелей бағынатын арнайы әскериқұрама болып құрылды. ҚР Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №807 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы қосу жолымен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта ұйымдастырылды. ## Міндеттері * Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету * Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу және жолын кесу * күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету * өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру * күзетілетін адамдар мен объектілерге төнетін қатерді болжау және анықтау, олардың алдын алу және бейтараптандыру жөніндегі жедел шаралар кешенін жүзеге асыру * Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру, рәсімдік және протоколдық іс-шараларды орындауға қатысу * президенттік байланыспен қамтамасыз етуді ұйымдастыру ## Құрылымы Ведомствосы – Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштері. Айрықша мақсаттағы күштердің әскери бөлімдері * "Айбын" президенттік полкі" 0112 әскери бөлімі. * "Батыр" президенттік полкі" 0111 әскери бөлімі. * 0116 әскери бөлімі. Қарамағындағы ұйымдар * "Арнайы қамтамасыз ету орталығы" ЖШС ## Басшылық * Исабеков Сәкен Сайынұлы — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығы, мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры * Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлы — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштерінің Қолбасшысы * Төреханов Роман Алмаханұлы — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президентінің күзет қызметінің бастығы * Жақыпов Шыңғыс Лесұлы — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары * Канцеров Константин Вадимович — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары ## Басшылары * Амантай Күреңбеков (2014-2018) * Ардақ Әшімбекұлы (2018-2019) * Әнуар Садықұлов (2019-2020) * Қалмұханбет Қасымов (2020-2021) * Ермек Сағымбаев (2021-2022) * Сәкен Исабеков (2022 жылдан бері) ## Дереккөздер
## Түсініктемелер Қарағанды хайуанаттар бағы — Қазақстандағы Қарағанды қаласындағы мемлекеттік хайуанаттар паркі. Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. ## Хайуанаттар бағындағы хайуандар ## Тағы қараңыз * Батыр (піл) * Алматы хайуанаттар бағы * Шымкент хайуанаттар бағы ## Түсініктемелер Қарағанды хайуанаттар бағы — Қазақстандағы Қарағанды қаласындағы мемлекеттік хайуанаттар паркі. Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. ## Хайуанаттар бағындағы хайуандар ## Тағы қараңыз * Батыр (піл) * Алматы хайуанаттар бағы * Шымкент хайуанаттар бағы
Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулат (1499 жыл – 1551 жыл) — әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Мырза Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулат. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты. ## Өмірбаяны Мұхаммед Хайдардың ата – бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады. Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі. ## Тарихи Рашиди "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулаттың немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулат Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды. Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстанмемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады. Мұхаммед Хайдар Дулат құрметіне аты Тараз мемлекеттік университетіне берілген. ## Мұхаммед Хайдар Дулати Фильм 2007 — «Мұхаммед Хайдар Дулати» режиссері: Қалила Омаров Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы ## Сілтемелер * Ұлы Моғолдар * Тарих-и Рашиди * Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ## Дереккөздер
Қамшы — қазақ халқының байырғы кездегі шаруашылық, мәдени өмірінде аса кең тараған, көлікті айдап жүргізу үшін қолданылатын, таспадан әртүрлі нұсқада түйіп, тобылғы немесе басқа затқа саптап жасаған ежелгі ат айдауыш құралдардың бірі, ер-тұрманның бір құрамы. ## Қамшының құрылымы Қамшы берік материалдан жасалған сап, оған қайыстан өріліп бекітілген өрім және өрім мен саптың арасын байланыстырып тұратын алақан делінетін негізгі үш бөліктен тұрады. Ол бөліктердің әрқайсысы – құрылымдық және декорациялық, сондай-ақ функционалдық (тіпті семантикалық) маңызы бар ұсақ деталдар – қамшы құрылымының функционалдық және мәдени семантикалық мәнін жете түсінуге септігін тигізеді. ### Қамшының сабы Қамшы сабының ұзындығы көбіне 4-7 тұтам болып келеді. Ол ағаш, мүйіз, металл тәрізді қатты материалдан жұмыр немесе қырлы етіп (сирегірек қайыстан өріледі) жасалады. Оның жоғарғы доғал, жуантық келген жағы қамшының басы/дүмі (1а), өрме қондырылған төменгі жіңішке жағы қамшының мойыны (1б) деп аталады. * Қамшытұтамы/тұтқасы. Қамшының қолға ұсталатын бір жарым тұтамдай бөлігінің атауы. Ол терімен қапталады және оның ортасынан бүлдiрге бау өткізіледі. * Қамшының бүлдіргісі – саптың тұтамындағы тесікке өткiзiлген қайыс таспа бау. Тесік қамшы дүмінен 3-4 елі тұстан тесіледі. Қолына қамшы ұстағанда бүлдіргенің тұйығынан қолын өткізіп, білезік буынға қарай кигізеді. Аттың ерінің қасына ілінеді. Бүлдіргені қайыстан ғана емес, жібек жіптен өріп, моншақпен сәндеп те жасайды. * Қамшының бауырдағы – өрімнің сапқа жалғасқан бөлігі. Оған қоса ер адамдар, сондай-ақ бақсы қамшысына жіңішке жезден салған тіреме де бауырдақ деп аталады. Ұзындығы саптың үштен екі бөлігіндей болады, бүлдіргеге жақын орналасады. * Бүркеншек – бауырдақты қамшы жасағанда өрімі мен сабын біріктіріп тұратын шеге. * Мойнақ – қамшы сабының өріммен жалғасатын тұсына жез, мыс, күміс және т.б. металмен көмкерген бөлігі. "Қолымда бір қамшым бар мойнақтаған, Бәйгеден қос ат келер ойнақтаған" дейтін қара өлеңдегі жолдар осыған байланысты айтылған. * Бунақ – қамшы өрімін сапқа бекітуші таспа (қайыс). Қамшы бауырын сапқа таспамен буып бекітуді бунақтау деп атайды. Шикі теріден тілінген бунақ (таспа) кепкеннен кейін өрім мен сапты мықтап берік ұстайды. * Қамшының шырмауығы – қамшы сабына бауырдақты басып оралған металл бұрама. * Тілше – алақанның бауырдаққа қарама-қарсы жағының жұқа қайыстан "тілдей етіп" қабаттап салған кішкене бөлігі. Оны сапқа өрімді шегелеп бекіткен қамшыларда шегелікті жасыру үшін салады. * Кекілдік – тілшенің үстіңгі жағында жіңішкелеп, шашақ тәрізді етіп тілген, ұзындығы екі еліден бір жарым тұтамдай ұзын таспа шашақ. ### Алақан Алақан қамшының қайыс, теріден жасалатын, сапқа өрімді бекітетін кішкене бөлігі. Қамшы алақанының өрімге жалғасқан жағы жалпақтау, бауырдаққа ұласқан жағы жіңішкелеу болады. Сол жіңішке жағы сапқа бекітіледі. Алақанның ұзындығы 2-4 елідей, ал ені өрімнен 1-1,5 елідей жалпақ болып келеді. Алақан екі тәсілмен шығарылады: өрмеден жалғастырылып немесе өрмені үзіп арнайы қабаттап тігіп байланыстырады. Соңғы тәсілімен жасалған алақан бостау келетіндіктен сәндік қамшыларда қолданылады. * Бекітпежелкелік - қамшы алақанының үстіңгі жақ бөлігі. * Үзбе – қамшы алақанының астыңғы жақ бөлігі. Бекітпе желкелік пен үзбе сап пен өрімді бірі-біріне бүктеп ұстаған кезде алақан тұсынан сынып, үзіліп кетпеуін қамтамасыз етеді. * Кежеге немесе жжелкелік тесігі – сапты тесіп оған желкелік бекітілген жер. Оған таспа өткізіледі. * Шажамай (шежемей) немесе қамшытаңдайы – қамшының өрімі мен алақанының жалғасқан, жоғарыда аталған қабаттардың дәл бүктеліп тұрған бүкпелі жері (кебістің шажамайы – табан мен өкшенің біріккен тұсы тәрізді. Жайшылықта қамшыны ілгенде осы тұсынан бүктеп қаратып іледі. ### Қамшыөрімі Қамшының қызметі мен сапасы оның өрімімен тікелей байланысты. Дәстүрлі ортада тері, қайыс илеп дайындайтындарды – "ысшылар", қамшы өретін мамандарды "өрімшілер" деп атаған. * Өрім – қайыстан өріліп жасалатын қамшының бөлігі. * Түйін – өрімнің ту ұшындағы ұшығы, яғни аяқталған тұсы. Мықтап бекітілмесе, өрім ширатылып, босаңсып кететіндіктен, қорғасынмен біріктіріп, немесе шашақтап, түйіп аяқтайды. Түйін аса маңызды деталь, өйткені "тұрман түйіннен тозады" дейді қазақ мақалы. * Таңдай – өрімнің бауырдақ жағындағы сыртқа қараған бетінде, өрім басталар тұсындағы ирек бедерлі "сызық" тәрізді түскен бөлігі. Кейбір өрімшілер ат қамшының сабын қайыстың өзінен тығыз етіп өреді. Оны "өрме сапты" қамшы дейді. Қамшыны, негізінде, мықты қайыстан өреді. Түйелі елде шідер, шылбыр, қамшы т.б. түйенің құйыршығынан істеледі. Ал құйыршық дегеніміз "түйенің ұзын құйрық терісінің ортасынан тілгендегісіндей етіп бөлек алған тері". Қамшы өрудің шеберлерін қазақтар "өрімші" деп арнайы атаған. Кейбір өрімшілер әдетте өрімнің ұзындығын қамшы иесінің тұтамына лайық өруге тырысқан. ## Қамшының сабына қарай аталуы Қамшы сабының тобылғы, ырғай, еліктің сирағы тәрізді т.б. заттардан жасалатыны белгілі. Әсіресе тобылғы сапты қамшы жиі кездеседі, оның себебі тобылғының ерекше мықтылығына, су тисе ісінбейтініне, оның этномәдени ұжымның санасында ерекше қадір тұтатын зат екеніне байланысты болуы мүмкін. Қамшы жасалған материалына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: – жасалған шикізатының түріне қарай сүйек қамшы, мүйіз қамшы, тобылғы сап(ты) қамшы, ырғай сап(ты) қамшы, елік сирақ қамшы және т.б. Қамшы сабындағы мойнағының неден жасалғандығына қарай: ақ мойнақ, сары мойнақ, қызыл мойнақ, жез мойнақ, сарыала мойнақ қамшы т.с.с. атай береді.Дәстүр бойынша қамшыға сап жасауға ең таңдаулы ағаш – тобылғы мен ырғай. Тобылғыны май жағып, шоққа қыздырып, өңдейді, қайың, емен мен қызыл ағашты қырнап, қаптап, әшекейлеп жасайды. Жыңғылдан жолы ауыр деп сап жасамайды. Саптың мықтылығын арттыру үшін ұшы мен дүмін металмен құрсаулайды (мұны бекітпе қамшы дейді), өрімінің не саптың ұшына тас, сүйек не металл тобыршық бекітеді.Ортасы қуыс, кездiктi пышақты алып – салатын сұғынбалы екі бөлiктен тұратын сұғылмалы сапты қамшыны барымташылар мен жаушылар қолданды. ## Қамшы түрлері Қамшыны жасалу жолы, көлемі, әшекейлеп безендірілуне қарай сара ала қамшы, әшекейлі ақ қамшы, алтынды қамшы, шашақты қамшы, ал, ең бастысы, тұтынысына қарай негізінен; қайыс қамшы; дырау қамшы деп бөлінеді. * Сарыала қамшы – жез бен мыс араластырып дайындалған қамшы түрі. Қамшының бұл түрін көбіне ер адамдар ұстайды. сылдырмақ пен қоңырау, жез салпыншақ, тіптен үкі, айна да тағылғанын киелі деп санаған. "Сарыала қамшыға сайтан жоламайды" деп, бақсылар ойын салғанда қолданған. Оны төрге іліп қойса үйге пәле-жала жоламайды деп сенген. Сондықтан сайтан қамшы, киелі қамшы, қасиетті қамшы сияқты атаулар ұшырасады. * Ертеде ер адамдар ғана ұстаған сары ала қамшының сарыбас қамшы, жез қамшы деген атаулары әшекейлеген бөлігіне байланысты аталған. Мысалы, жезбен алқымы мен сабының түбi оралғанын жезмойнақ қамшы, бауырдағын әшекейлегенін жез бауырлақ қамшы деп бөліп айтады. * Әшекейлі ақ қамшы – сабы ақ күмістен сәнделіп жасалған қамшының түрі. Оны көбіне әйелдер ұстаған. Қамшының мұндай түрлерін алтын-күміс пластинкамен бунақтау, сәндеу, асыл тастан көз орнату құйма, күміс шеге, шытыралар шауып сәндеу, сылдырмақ, шашақ қадау, өрмесіне шашақ, түйін салу сияқты жолдармен әшекейлейді. Оның "босмойынақ қамшы" деген түрі болады. * Атбас алтын қамшы - сабы да өрімі де алтынмен апталып, күміспен күптеліп жасалған, сабына березе тәрізді асыл тас орнатылған, атбасын бейнеленген қамшының ерекше түрі. Алтынды қамшының бұл тәрізді түрлерін әлеуметтік мәртебесі аса жоғары ел сұраған хан, сұлтан; ел құраған билер мен бектер, сондай-ақ ел ішіндегі аса қадірлі тұлғалар ұстаған деуге болады. * Шашақты қамшы – қосымша әшекей ретінде әр бөлігінде тарамыстан жасалған айдаршалары бар қамшы. Бұлар негізінен үш түрлі болып келеді: сайтан айдар шашақ – өрімнің жоғарғы тұсынан шығарылғаны; мал айдар шашақ – саптың алдыңғы тұсындағысы; қолдың шашағы – саптың терімен оралған тұтамының астыңғы тұсынан шығарылғаны. * Қайыс қамшылар – өрімі мен сабы ұзындау жасалған қамшының түрі; шаруашылық қарекетіне қолдануға ыңғайлы, иленіп, май сіңірген қайыстан жасалалы. Қолданысына қарай қайыс қамшы, бәйге қамшы, ат қамшы, түйе қамшы, арба қамшы, соқа қамшы қамшы, шыбыртқы т.б. түрлерге бөлінеді. Олардың жасалуындағы кейбір айырмашылықты ескермегенде пошымы мен дайындалу жолы бір-біріне жақындау. Тұтыну мақсатына қарай сабы, алақаны, өріміндегі айырмасына қарай қысқа өрімді, жеңіл сапты түрі салт қамшы, ұзындау өрімдісі атсоғар, шыбыртқы деп аталады. Қамшының ел арасында айтылатын ат қамшы, күдері қамшы, жортуыл қамшы, білеу қамшы, борбас қамшы, орама сапты қамшы, өзекті қамшы, шашақты қамшы, жалғыз таспа қамшы т.б. түрлері бар. Қайыс қамшылардың: кішкене шағындау түрін тай қамшы, сабы екі-үш тұтам, өрiмi жiңiшкесін бәйге қамшы, өрімі мен сабының қамшыдан әлдеқайда ұзын түрін шыбыртқы, өрімі сабынан үш еседей ұзын, ұшына шикі таспадан шырмауық жалғанғанын бишік, ал өрімі бірнеше бөлік етіп өрілгенін соп қамшы, қысқалау сапқа шығыршық арқылы бекітілгенін торсылдақ қамшы, сабы шолақтауын бишік қамшы, ұшына қыл бекіткенін балақпан деп атаған. Ұрғанда тарсылдайтын ұзын қол бишік балақпанмен тары піскен кезде егінге түскен құсты үркітеді. Қамшы түрінің балақпан аталуы себебі қайыстың ұшына аттың бірер қылын жіңішке етіп өріп байлап қояды. Осы байланған балақ жіп қамшыны оса тартқанда тарс еткен ащы дыбыс шығарып, тары атаулының қас жауы шымшық, торғайларды үркітеді. * Дырау/ дойырқамшы – суық қару ретінде қолданылатын қамшының түрі. Оның дойыр, дырау, босмойын деген түрлері бар. Өрімі жуан, жұмыр, кейде төрт қырлы болып келген дойыр қамшыны өрімнің арасына қайыстан, қорғасыннан жұмырлай ширатылған өзек салып, сыртын таспамен тоқи өреді, түйініне тас, қорғасын бекітеді.Таспа саны өрімшінің шеберлігіне қарай 24-тен асып кетеді. ### Жасалу жолы Дойыр қамшы үшін ені бір тұтамнан кем емес, ұзындығы 4-5 қарыс қайысты алып оны алақанына 1-2 тұтамдай кең етіп қалдырып (11,5 см ұзын, ені 7 см) үзбесінен бастап 24 таспаға бөліп біркелкі етіп өткір пышақпен таспалап тіледі. Таспаларды жұмырлап, тегістеп қырнап, майдалап жонып (оны "сыдыру" деп атайды), қырып өңдейді. Ортасына қайыс өзек салып қатайтқан, ұшына ала 2 елідей қайыс және қорғасын сым салып салмағын ауырлата түскен. Өрімнің ұшын 4 см бөлігін таспалап көктеп түйіп аяқтаған. Қамшының қырғыз өрім, қырық сегіз таспа дейтін түрлері бар. Бес таспа қамшыны кей жерлерде бесқасқа деп атайды. Қамшының таспадан өзек салынған түрлері: дойыр қамшы, бұзаутіс сары ала қамшы, дырау қамшы. Соңғы тіркестегі дыр сөзін дырдай жігіт деген тұрақты теңеу құрамындағы дыр сыңарымен төркіндес деуге болады. Дырау қамшы мен дыр қамшының мағынасы бірдей, тек біріншісі – жалпыхалықтык сипаттағы, екіншісі – аймақтық қолданыстағы атаулар. Соғыс-ұрыс қаруы ретінде қолданылатын қамшының дырау, біртартар, бесқасқа тәрізді, сондай-ақ қазұялы қамшы деген түрлері де бар.[[Сурет:Мүйіз тұтқалы қамшы.jpg|thumb|200px|Мүйіз тұтқалы қамшы] ## Қамшының шаруашылықта қолданылуы Көлік айдаумен қатар, жылқышылар шаруашылық ұйымдастыруда қамшыны асау үйретудің құралы ретінде қолданған. Асау аттың үстіңгі ерніне қамшының бүлдіргесін кигізіп, сабымен бұрау салады. Мұны шұра салу дейді. Шұраны әдетте шу асауға салады. Қамшыны қамшыгерлікте, аңшылықта да қолданады. ## Дереккөздер ## Әдебиеттер * Будагов Л. Сравнительный словарь турецких наречий. Т. 2. СПб., 1871; Себепов Ғ. Түйе және оның әбзелі туралы қысқаша атаулар * Известия Каз. ФАН СССР. Сер. языка и литературы. 1944. No1; Курылев В.П. Оружие казахов * Материальная культура и хозяйство народов Кавказа, Средней Азии и Казахстана. СМАЭ. ХХХІV. Л., 1978. С.8-10; Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 16 томдық. Тарих этнографиялық шолу. Т. 15. Алматы: Жазушы 1979; Валиханов Ч.Ч.Вооружение киргиз в древние времена и их военные доспехи * Собрание сочинении в пяти томах. Том 1. Алматы: Изд. АН Каз ССР, 1985. С. 464-466; Шоқпарұлы Д. Қоңырау * БжЕ. 1986. No7; Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХIХ начало ХХ вв) Алматы: Ғылым, 1991; Абылқасымов Б. Телқоңыр (қазақтың көне наным-сенiмдерiне қатысты ғұрыптық фольклоры). Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993; Әлімбай Нұрсан. Қазақтың өлікті жөнелтуге байланысты жосынжоралғыларының этномәдени проекциясы * ҚР ҰҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1994, No1, 36-48; Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл (Әдеби-этнографиялық таным. Құр.: Б.Әлімқұлов, Е.Әбдірахманов. Алматы: Санат, 1994; Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995; Жетыбаев Ж., Самашев З. Камшы (плеть) в искусстве и мифологии казахов (по мотивам адаевских граффити) * Наскальное искусство Азии. Тезисы докладов Международной коференции. Кемерово, 1995. Кузбасс ВУЗ издат. С. 66-67.
Арынғазы Абылғазыұлы (1783 — 1833) - Кіші жүз ханы, Қайып ханның немересі. 1815 ж. әкесі Абылғазы қайтыс болғаннан кейін шекті, жаппас, арғын, алтын, т.б. рулардың би, старшындары тарапынан құрылтайда хан сайланған. Ақылдылығымен, парасаттылығымен көзге түскен. Шерғазымен тайталасып, оны хандықтан ығыстыруға ұмтылған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахыммен тартысқа түсіп, бірнеше рет соғысқан. Арынғазы қозғалысы деген атпен белгілі саяси ағымның мақсаты — хандық билікті нығайту, Орта жүз бен Кіші жүзде ортақ мемлекет құру, оған ислам дінін, мұсылмандық құқықты, шариғатты тірек ету. Сөйтіп, ол билер мен старшындарды ел билеуден шеттетіп, ер руға жасауыл тағайындады. Арынғазы Ресей протекторатын біріккен қазақ хандығын құру мақсатына пайдалануға ұмтылды. 1819 ж. Шерғазы хан патшаның атына Арынғазының үстінен шағым түсірді. Губернатор П.К.Эссен оған қолдау көрсетті. Тіпті Шерғазыны хандықтан аластатып, Арынғазыны хан ретінде бекітуге патшаға ұсыныс жасаған. Кіші жүздің бір ғана бөлігін басқарса да, патша үкіметінің осы өңірді отарлауына мейлінше қарсылық көрсеткен. Шерғазының соңынан Санкт-Петербургқа барған. Шерғазыны ғана хан ретінде мойындаған I Николай оны тұтқындау жөнінде нұсқау берді. 1823 ж. Арынғазы ұсталып, Калугаға жер аударылды. 1826 ж. желтоқсан айының 21-де бірнеше сұлтан және белді старшындар Эссеннен Арынғазыны Калугадан өз ауылына қайтаруға өтінген. Эссеннің қолдауына қарамастан, Азиялық комитет бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Осыған қарсылық ретінде Арынғазының «партиясы» халық арасында үгіт жүргізіп, Ресейге қарсылық жасауға тырысты. 1833 ж. Арынғазы Калугада дүние салды. Арынғазы күйші де болған. Оның «Арынғазы» атты жеті буынды жыр өлшеміне сай келетін күйі марш сияқты сергек сипатымен, айқын көңілді сазымен ерекшеленеді. Үш бөлімді пішінде дамитын бұл шығарма Құрманғазы, Дәулеткерей, т.б. күй шығармашылығына («Сарыарқа», «Түрмеден қашқан», «Қосалқа») әсер етті. ## Дереккөздер
Ысқақов — қазақ фамилиясы. ## Белгілі тұлғалар * Айып Рәшитұлы Ысқақов * Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов * Бақыткерей Ысқақов * Балташ Ысқақов * Бисембай Мамайұлы Ысқақов * Болат Ғазизұлы Ысқақов * Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов * Даниял Ысқақов * Инем Ысқақов * Көшербай Ысқақов * Қалихан Ысқақов * Қапай Ысқақов * Нұрлан Әбділдаұлы Ысқақов * Оңдасын Әбдірашұлы Ысқақов * Пернебай Күгенбайұлы Ысқақов * Сатан Нұрғожаұлы Ысқақов * Спан Ысқақов * Тұрлыбек Өтемісұлы Ысқақов
Орамал тағу - немесе толық айтқанда "келінге орамал тағу" деп те аталады, қазақтың ұлттық салтының бірі. Жас келін ұзатылған кезінде басына сәукеле киген, содан былай ол үлкен кісілер алдында басына орамал тағады, бұл жас келіннің ибалы, әдептілігінің белгісі, сондай-ақ ас-тағамдарға келіннің шашы түспеу үшін де болуы мүмкін. Қазақтың қызы тұрмысқа шыққанға дейін басына орамал салмаған. Кəмшат бөрік, құндыз бөрік, үкілі тақия, шашақты сорабақ, моншақты қасаба, жырға деген сондай əдемі бас киімдер болған. Шаштарын он күн тарап бес күн өрген деген, шаш күтіміне көп көңіл бөлген. Қолаң шаш, сүмбіл шаш, қара шаш, алтын шаш соның бəрі қыздың шашы. Балалы болған әйел жаулық тағуы мүмкін. Ал, әйел заты ақ самайлы әже болғанда басына кимешек салған. Бұл бас киімдер әшекейленіп, шашақталып, кестеленіп тігіледі. Онда ешқандай діни мағына жоқ, көркемдіктің, бақытты болудың белгісі айқын көрініп тұр. ## Орамал тағу үлгілері 1. Бандана ретінде тағуға болады. 2. Мойыншалма ретінде жарасымды көрінеді. Егер офистік дресс-код болса, блузкаға шағынын таққаныңыз құптарлық. 3. Білезік (браслет). Әсіресе, геометриалық принттері барларын джинс шалбарлармен, ал түрлі-түстісін, гүлдің суреттері барларын жазғы сарафандармен тақса, жарасымды көрінеді. 4. Ободок. Орамалды бүктеп, өзіңіз қалаған пішінге келтіріп, кәдімгі ободок ретінде тағасыз. Бұл ыңғайсыздау десеңіз, қазір арнайы ободок ретінде жасалған орамал түрлері де шығыпты. Соны сатып алуыңызға болады. 5. Егер асығыс болып, шашыңызды ретке келтіруге уақытыңыз болмай жатса, орамал тағып алыңыз. Тек бұл жерде түсне мұқият мән беріңіз. Орамалдың түсі мен үстіңіздегі киімнің түстері сәйкес келгені дұрыс. 6. Орамал — сөмкеге арналған аксессуар. Негізі бұл әдісті күнделікті өмірде француз сәнқойлары сәтті қолданады. Жай ғана орамалды сөмкеңізге байлап қойсаңыз, өте жинақы, әрі әдемі көрінеді.
Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған. Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері: * Төле би (1663—1759 жж.) * Қазыбек би (1667—1764 жж.) * Әйтеке би (1644—1700 жж.) Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды. ## Тағы қараңыз * «Жеті жарғы»
Бөрібай Биқожаұлы Жексембин (26 мамыр 1952 ж., Шу ауданы, Жамбыл облысы) — мемлекет және қоғам қайраткері. ## Өмірбаяны Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. * Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген. * Евразия нарық институтын бітірген. * Бас зоотехник, кеңшар директоры * Приозер аудандық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы * Жезқазған облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. * Жезқазған облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары * Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалған. * 2004 ж. мамырынан 2010 жылға дейін Жамбыл облысының әкімі болды. * 15.01.2010-2016 жыл - Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. [1](қолжетпейтін сілтеме) * 2015 жылдың желтоқсанынан "Ауыл" партиясының хатшысы. ## Дереккөздер
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ, ағылш. Kazakhstan Football Federation) — Қазақстанда футбол додалары мен біріншіліктерін ұйымдастыратын мемлекеттік ұйым. Ол Қазақстан Премьер Лигасы және Қазақстан Кубогы сияқты додалар мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы ойындарын ұйымдастырады. ## Бұрынғы атаулары * Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығы (1992–2000) * Қазақстан футбол одағы (2000–2007) * Қазақстан футбол федерациясы (2007–қазіргі уақытқа дейін) ## Тарихы Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) 1992 жылы Қазақ КСР футбол қауымдастығының қайта құрылуымен (1989 жылы құрылған) құрылды. Сол жылы (1992), ҚФФ ФИФА мен Азия футбол конфедерациясының (АФК) қауымдастырылған мүшесі болды (немесе 1993 жылы). Оның құрылуы қазақ футболын халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырудың бастамасы болды. ҚФФ еліміздің ең ірі спорт федерациясына айналды, Қазақстандағы футбол «спорт патшасы» ретінде бағаланып, спорт сүйер қауымның таңдауы бойынша бірінші орынды иеленді. 1992 жылы федерация футболдан ұлттық лига чемпионаты мен Қазақстан кубогы сияқты кәсіби деңгейдегі түрлі жарыстарды өткізді. Қауымдастырылған мүше бола тұра, ҚФФ ұлттық құрамалар үшін ресми халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат етілмеді, сондықтан 1992 жылдың ортасы мен аяғында және 1994 жылдың сәуірінде ортаазиялық Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерімен бірге өңірлік жарыстарға қатысты. 1994 жылы ҚФФ ақыры ФИФА мен АФК-ның толыққанды мүшесі ретінде қабылданды. АФК-ға кіру туралы шешім дауыс беруден кейін қабылданды. Ұлттық құраманың Орталық Азиядан тыс құрамамен алғашқы ойыны 1995 жылы желтоқсанда өтті. Сол жылы Қазақстанның атынан шыққан Олег Литвиненко қазан айындағы Азияның үздік ойыншысы болып танылды. 2000 жылы ҚФФ УЕФА-ның кандидаты болды және 2002 жылы 25 сәуірде Швецияның Стокгольм қаласында өткен УЕФА конгресінде оның толық мүшелігіне ие болды. ## Тағы қараңыз * Қазақстандағы футбол * Қазақстан футзал ассоциациясы ## Дереккөздер
Әбділкәрім Сатұқ Қарахан (?—960) — Орта Азияда Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы. Шыққан тегі — мұсылман түркі әулетінен. Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлұқ қағандығының ыдырауымен тікелей байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген. О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті негізінен екі ірі тайпалар бірлестігінен чігілдер (шикілдер) мен яғмалардан құралғанға ұқсайды. Қарахан осы яғма тайпасынан шыққан. Қарлұқ қағандығының қағаны Білге Құл (Қадыр хан) өлгеннен кейін, оның орнында қалған екі баласы Бәзір Арслан мен Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан ерекше көзге түседі. Ол кейін Оғұлшақтың өзіне қарсы шығып, Тараз бен Қашқарды одан тартып алады. 942 ж. ол Баласағұн билеушісін тақтан тайдырып, өзін «қағанмын» деп жариялайды. Қарахан 960 ж. қайтыс болады. Оның орнына отырған баласы Мұса Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Осыдан болар мұсылман тарихшылары қарахандар әулеті билеушілерінің кестесін осы Мұсадан бастайды. Бірақ шын мәнінде Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Мұсаның әкесі Әбділкәрім Сатұқ Қарахан, кейінгі тарихшылардың мемлекет атын оның есімімен «Қарахан» деп атауы да осыдан. Қараханның мазары бұл күнде Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында тұр.
Майқы Би (1105 – 1225) атақты би, суырып салма ақын. ## Өмірбаяны Энциклопедиялық әдебиеттерде оны "Майқы би", "Байқы", "Байқу" деп те атайды. Майқы би Төбейұлы 1105 – 1225 жылдар шамасында ғұмыр кешкен қазақ халқының төбе биі болған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға таралып келе жатқан Майқы би бабамыз түйінді даналы сөздің де, би біткеннің де көш басшысы болса керек. Тарихи деректерге қарағанда, ол бір ғана емес,бүкіл түркі тұқымдас халықтардың бас биі болғанға ұқсайды. Сондықтан да оны түрік тұқымдас елдер әсіресе татар, башқұрт, қарақалпақ, өзбек халықтары бас биіміз деп санаған. Майқы бидің шыққан тегі көнеқытай жазбаларында Найман тайпасының Бағаналы руымен байланыстырады,ал кейбір деректерде ол бүкіл үйсінның атасы ретінде айтылған:Төбей→Майқы→Үйсін. Ежелгі шежіре бойынша екі Майқы би болған тәрізді. Белгілі жазушы Балғабек Қыдырбекұлы бұл жөнінде былай жазады «Артына өлтірмейтін сөз қалдырған-сол 12 ғасырда өмір сүрген Майқы ма? Көне көздерден ата баба, жеті пұстыдан қалған шежірелерге келсек өазаақта екі Майқы болғаны байқалады. Оны екіншісі осы мақаланың авторының өзімен санағанда 41 атасы, яғни Шыңғыс заманындағы билік құрған Майқы. Егер біздің қолымыздағы атадан балаға мұра болып, дүниедегі ең ардақты құжаттай құрметтеліп рыжатталып келе жатқан әулет шежіресін тілге тиек етер болсақ 12 ғасырда жасаған Майқы өзін ұлы жүз санайтын біраз қазақтың атасы. Жалманбет ақ үйсін, жарықшақ қара үйсін, түркештің сары үйсін әкесі, Бәйдібектің атасы. Ақ ұлы Майқы іштен бір аяғы кем туғанда, ақсап жүретін адам болған. Туа кембағал адамға төрт мүшесінің бірі кемістіктен майып аты берілген. Кейін қатарынан асып туған басында бағы, астында тағы бар, яғни шыңғыс ханның оң тізесін басқан адамды қазақта Майып деп атауға аузы бармай, бұрын өткен, аяқтыға жол ауыздыға сөз бермеген, қаусырма жақ, қызыл тілге келгенде алдына жан салмаған – осы Майыптың 18 бабасы – Майқының атымен атап кеткен. Демек, 12 ғасырда жасаған Майқы (Майып) мансап иесі бірақ, сөз иесі емес. Бұдан, әрине, Майқының қазақ халқының алдында өткен еңбегі, мансапты дулы- бас уәзір болғандығын жоққа шығаруға болмас. Ал артына ел аузында сөз қалдырған ел билеген көсем, басына сөз асырмаған Майқы мән баласы. «Арғы атам Абыл, Қайыр, Бақ, Таң, Пәр, Мән» деп жамбыл жырлаған Абыл, Қайыр, Бақ, Таң Пар мән- міне, бұлар Майқының аталары – Жамбылдың да бабалары. Қазіргі оның ұрпағы Майқыдан 58-60 атада тұр екен. Ежелгі тарихшы Рашид-ад-диннің «Жамих-ат тарауих» дегне еңбегінде екінші Майқы би Шыңғыс ханның, Шыңғыс хан өзі жорыққа шығарда оны өз орнына қалдырып, кететін сенімді бас биі болғаны, дау дамай содан шешімін тауып отырғаны көрсетілген. Шыңғыстың баласы Жошы хан батысқа жорық жасағанда Майқы биге Моңғол әскерінің оң қанатын сеніп тапсырған. Талай жеңісті бастаған батыр болған. Сол оң қанат Дешті қыпшақ елінің ұлан ғайыр аймағына билік жүргізген. Осы дерек монғол жылнамасы «алтын топшыда» жазылған. Шыңғыс 1206 жылы Ұлы хан аталғанда оны құрметтеп, төңірегіндегі елдер құтты болсын айтып барыпты деседі. Бұл жөнінде ұлы Абай былай жазған « Монғолдан Шыңғыс хан шыққанда қазақтар құтты болсынға барыпты, бірақ қай жерге барғаны мағлұм емес , сөйтсе де осы Шыңғыс тауында әскері қарауыл өзенінің бойында жатып, 12 рудан 12 кісі монғолдың өз заңы бойынша «Хан» деген үлкен биіктің басында Шыңғысты отырғызып хан көтерген дейді. Тауының Шыңғыс аталып, биігі хан аталмақ себебі де сол болса керек. Сол 12 кісінің бірі қазақтың Майқы би деген кісі екен «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы майқы би» деген кісі сол кісі екен. Шыңғыс аламандыққа аттанып әскер тартып шыққанда әскерінің көбі татра екен. Оның себебі моңғол өздері татардай азсыздық сусыздыққа ыстық суыққа шыдамды болса керек. Қазақтың соғысқа жарарлық адамы сол Шыңғыстың әскеріне қосылып, бұларды Шыңғыс хан өзінің Жошы деген үлкен баласына билетіпті.Майқы би кезінде қазақ халқының бірлігін сақтап, біртұтас ел болу жолында алғашқы ұлыс бірлігін құруда көп еңбек сіңірген қайраткер. Оның бұл қызметі жөнінде аңыз әңгімелер аз емес. Тарихы еңбектерде энциклопедияларда Майқы бидің сол азаматтық еңбектері толығырақ жазылмағанмен аздап аталып келеді. Мәселен қазақ энциклопедиясында былай жазыпты: «Халық аңызында — Майқы би Орманбет би өліп, он сан ноғайлы елі бүлінгенде қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер бейнесінде сипатталады. Майқы би қазақ руларын үш жүзге (Жүз – арабша «бөлік», «бөлім») топтап, Үйсін бастаған бөлікті ұлы жүз, Қабан ұлы Болатқожа бастаған бөлікті Орта жүз, Қоғам ұлы Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атаған. Ноғайлы хандарының бір Қызыл Арыстанның баласы Ахметті ( Алаша хан) Ұлытауда Үш жүздің ханы етіп тағайындады. Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың негізгі ерекшелігіне қарай белгіледі. Ұлыста бірінші туды ұстаған, Үйсінге «Жалау», ортада жүретін Арғынға «Көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «Найза» таңбасын берген. 40 рудың таңбасын тасқа қашатқан. «Таңбалы тас» — «Майқы таңбасы», кейін жер атымен «Нұра таңбасы» атанған. Тағы бір аңыз айтып кетейін: Қырық сан Қырым, отыз сан Рум, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, он сан Ноғайлы бөлініп, Орманбет би өлгенде Ноғайлы қоғам, Қобан және Майқы есімді белгілі аталар болыпты. Майқы тоғыз ханды қолынан отырғызған бас би екен. Қырымнан келіп Бұхарада хандық құрып түрған Қызыл Арыстан деген ханнан бір тұтқын күң әйел ұл табады. Оның тұла бойы алапаш болады. Соны перзентсіз бәйбішесі ханға «Бұл баланың көзін құрт, құртпасың еліңді өскенде ала тайдай бүлдіреді» дейді. Хан бәбішесінің күндестікпен айтқан сөзіне иланып, әскерінен қырық жігіт бөледі де: «Мына баланы тапқан шешесімен Сырдариядан өткізіп тастаңдар. Өлсе өлер өлмесе өзінше күн көрер. Шешесі де, баласы да мұнда қайтып келмейтін болсын, өздеріңе де бостандық»,-дейді. Қырық жігіт сырдариядан өтіп, Қаратау өңірінде аң аулап жүреді де, есейген соң баланы бір жерге әкеліп тастайды. Балаға аң аулап жүріп Майқы бидің баласы Үйсін кез болады. Бірақ бала оған ермейді. «Кімсің» деген сұрағына бала жауап та бермейді. Үйсін далада көргенін әкесіне айтып келеді: «Бір ағаштың түбіндеотырған баланы көрдім, ай десе аузы, күн десе көзі бар. Көрген кісі қызығардай. Жалғыз айыбы тілі жоқ», — дейді. Майқы: – Оған мені апарыңдар, мен сөйлесіп көрейін, — дейді. Майқы барса, бала оны көргеннен-ақ атып тұып: – Ассалаумағалейкум, хан біткеннің қазығы, бұхара жұрттың азығы! – деп сәлем береді. – Уағалейкумәссәлем,балам, әменда аман бол! Болайын деп тұрған ұл екенсің, жүр маған ер? – деп, оны аулына ертіп әкетеді. Өкіл бала етіп: төбел бие сойып, төменгі елді, жорға бие сойып, жоғарғы елді шаұыртып, той қылады. Той тарқасымен «ердің ері, егеудің сынығы» деп қасына бел баласы Үйсін бастаған жүз жігіт қосып беріп, жолға аттандырады. – Қаратаудан асып әрі қарай жүре беріңдер, алдарыңнан Ұлытау, Кішітау дейтін таулар, Қаракеңгір, Жездікеңгір деген өзен-сулар кездеседі. Сол жерлерге барып, ірге теуіп орнаңдар. Ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен ел-жұрт болуды ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер қарашасы боласыңдар, — деп Майқы батасын беріпті. Жүз жігіт Қаратаудан асып, Ақтау, Ортауды басып, Шу, Сарысу өзендерін кесіп өтіп, Майқы бидің айтқан жерлеріне жетеді. Орныға бастайды. Бұлардың дыбысы Қызыл Арыстанға жетеді. Хан: – Менен қалағанын алып баламды өзіме қайтарсын, — деп Майқы биге кісі салады. Хан баламды қайырсын деп қоймағасын, Майқы Қоғам ұлы Алшынды басшы етіп, Ұлытауға жүз жігіт жібереді. Жігіттерге басшы, ақылшы болсын деп оларға он қария қосып береді. Бұлар қайтпай қалады. Екінші рет тағы жүз жігіт жұмсайды. Оларда қайтпай қалады. Үшінші рет тағы жүз жігіт жібереді. Олар да сөйтеді. Бәрі де Майқы би(қолжетпейтін сілтеме) өкіл бала еткен Ахметтің ықпалынан шыға алмай, соның қарауында қала береді. Адамға адам, елге ел қосылып, аумағы кеңейе береді. Енді сол елдің халқы Ахметті ұлытауда хан көтереді. Кейін ол жауынгерлігімен Алаша хан атанады. Хандық жауынгерлік уақытта құрылғандықтан әр жүздің жорықта атқаратын міндетін, жауынгерлік ұранын белгілеп береді. Осының бәрі Майқы бидің айтқанымен іске асырылып отырған. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18-атасының да есімі Майқы болған. Шыңғыс ханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны ең беделді адам, әулие деп те атаған, себебі, ол ел тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. Шыңғысханның ұлы Батысқа жорыққа аттанған кезде әскерінің оң қанатын сеніп тапсыратын болған. Абай Майқы биді 12 бидің санатына қосқан, сонымен бірге ол 1206 жылы Шыңғыс хан моңғолдардың ханы болып сайланған кезде құттықтауға барған 12 ханның бірі көрінеді. Аңыздар бойынша, ноғайлықтар көшіп, Орманбет би қайтыс болған соң, Майқы би қазақтарды үш жүзге бөлген екен. "Жүз" деген сөз араб тілінен аударғанда "бөлім" деген мағынаны білдіреді. Үйсіндерді "Ұлы жүз", Қабанүлы Болатқажы бастаған бөлікті "Орта жүз", Алшын бастаған бөлікті "Кіші жүз" деп атады. Ноғай хандарының бірі — Ахметті (Алаша хан) үш жүздің ханы етіп сайлады. Бұл бірлестікке барлық 40 рудың өкілдері енген және әр бөлімге айырма белгісі берілді. Сірө, "Кіші жүзді найза беріп жауға қой. Орта жүзді қамшы беріп дауға қой. Ұлы жүзді қауға беріп малға қой." деген мәтел сол кезде шықса керек. Сондай-ақ, барлық 40 рудың өкілдеріне де өзіндік айырма белгілері берілген. Үйсіндерге — "жалау", арғындарға — "көз"... Олар (таңбалар) тасқа қашалып салынды. Бұл тастар тарихта "Майқы таңбасы" (Майқы белгілері) немесе "Нұра таңбасы" (Нүра белгілері) деген атпен қалды. Мүның соңғысы жердің атауына байланысты қойылған.Оның көп баласы болған. Ұзын және Қортық атты ұлдарына көңілі толмайтын. Сонда таңданған Майқы би: "Жаманнан жақсы туады дегенге сену қиын, бірақ жақсыдан да колынан іс келмейтін жамандар туатын жағдайлар кездеседі", — деген екен. Халық арасында Майқының бірқатар нақыл сөздері мен ой-толғамдары қалды."Майқы би айтыпты" дейтін мақал, нақылға айналып кеткен сондай аталы сөздің кейбіреулері мыналар: “ Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.Ханның биі ақылды болса,Қара жерден кеме жүргізеді.Би екеу болса, дау төртеу болады.Дауыл болмай жауын болмас,Даулы болған қауым болмас.Егіз ешкі сауын болмас,Екі жалқау ауыл болмас.Естіге айтқан тура сөз,Шыңға тіккен тумен тең.Есерге айтқан тура сөз,Құмға сіңген сумен тең.Ақиық қыран қартайса,Жас жағалтайдан тепкі жейді.Парақор биге ісің түспесін,Сараң үйге кісің түспесін."Кімнен кім туады?" ” деген сұраққа Майқы би былай деп жауап берген екен: “ Тұлпардан тұлпар туады,Сұңқардан сұнқар туады, Асылдан асыл туады, Жалқаудан масыл туады, Масылдан мал бақпас туады, Тілазардан қылжақбас туады, Таздан жарғақбас туады, Сараңнан бермес туады, Соқырдан көрмес туады, Мылжыңнан езбе туады, Қыдырмадан кезбе туады. ” Майқы би жүздер арасында болып жататын қызу айтыс-тартыстар мен дау-дамайларға да қатысып жүрген. Ол әрқашан халықтың шешендік сөздері мен мақал-мәтелдеріне сүйене сөйлеген. Ол халық бірлігін бәрінен де жоғары қойған. "Бірліксіз — тірлік жоқ" деген аталы сөз де Майқы бидің аузынан шыққан. Майқы бидің пікірінше, мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бойынша басқарылуы тиіс. Ұмыт болған дәстүрлердің де өзіндік мән-мағынасы бар. Оны қазақтар ғана емес, татарлар, башқұрттар, қарақалпақтар, өзбектер де өз биіміз деп есептеген. "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би" деген нақыл бар. Майқы би ұзақ ғұмыр сүріп, 120 жасында қайтыс болған. ## Дереккөздер -
«Алтын Қыран» — Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі. Осы орденмен азаматтар Қазақстан Республикасына ерекше мемлекеттік қызметі үшін марапатталады. «Алтын Қыран» орденімен марапаттауға үміткерлерді Қазақстан Президенті айқындайды. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша ерекше үлгідегі «Алтын қыран» орденінің иегері атанады. ## Сипаттамасы Орденнің инсигниясы орден тізбегіндегі белгі мен жұлдыздан тұрады. Орденнің белгісі түп жағында ою-өрнек элементімен аяқталатын алтын жиегі бар көк эмальмен қапталған, ұштары дөңгеленген, кесілген бес бұрышты жұлдыз түріндегі алтыннан жасалған. Жұлдыз сәулелерінің арасында желпуіш тәрізді штралдар бар, олардың орталық бөлігінде төрт гауһар бекітілген. Белгінің ортасында ақ алтын дәндерімен жиектелген шеңберде көк эмаль аясында алтын қыран бейнеленген. Төменде қызыл эмаль лентаның аясындағы шеңберде алтын әріптермен «АЛТЫН ҚЫРАН» деген жазу бар. Қыранның үстінде геометриялық өрнек аясында шеңбер бойымен үш лағыл тас бекітілген. Орден белгісі Қазақстан Мемлекеттік Туының элементі – стильдендірілген қыран мен күн бейнеленген салпыншақ арқылы қос орденді церийге құлақшамен бекітіліп, Қазақстанның Елтаңбасы бейнеленген он жеті ауыспалы буыны бар қос алқамен жалғанады. Салпыншақтың сол және оң жағында, буынның артқы жағында алқаны киімге тағуға арналған қалқалы бекітпесі бар ине орналасқан. Орден жұлдызы үлкен және жұлдыз сәулелерін жабатын эмаль мен штралдағы гауһар тастарды қоспағанда, белгіні көзкөрім түрде қайталайды. Жұлдыздың сәулелері қырлы болып келеді. Орден белгіленген кезде инсигния жұлдыз бен орден тізбегін қамтымады, ал орден белгісі бекіткіш пластинаның көмегімен созылып, ортасында қызыл жолағы бар Мемлекеттік Тудың түсіндегі жібек қатқыл таспасы болған фигуралық тағанға бекітілді. 1999 жылғы орден реформасының нәтижесінде марапат өзінің заманауи түрін иеленді. Күнделікті кию үшін орден түсінің таспасынан ілінген шағын орден жұлдызы түріндегі орденнің миниатюрасы бар. ## Марапатталғандар Ағымда «Алтын Қыран» орденімен 7 тұлға марапатталған, соның ішінде: * Нұрсұлтан Назарбаев * Ислам Каримов (1997) - Өзбекстан президенті * Борис Ельцин (1997) - Ресей президенті * Герхард Шрёдер (2003) - Германия канцлері * Леонид Кучма - Украина президенті * Елизавета II - Британия патша ханымы ## Галерея * * * * * * ## Тағы қараңыз * Қазақстанның мемлекеттік марапаттары ## Дереккөздер
Қостанай — Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі. Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан. Жерінің аумағы 8991 гектар. Тұрғыны 247 246 адам (2019). ## Тарихы Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған. Алғашқыда Ордабай деп аталды, кейін Николаевка болды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысында жаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 13 ж. Оңтүстік Сібір темір жолы магистралінің Челябинск – Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қостанай Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орталық Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қостанай Солтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері заттары, т.б. пайда болды. 1917 – 19 ж. Қостанайда Кеңес өкіметі орнап, 1920 ж. сол кездегі Ақтөбе облысындағы өзімен аттас округтің, 1925 ж. губернияның, 1936 ж. жаңадан құрылған Қостанай облысының орталығына айналды. ## Экономикасы Бүгінгі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комбинаты, «Большевичка» тігін, аяқ киім фабрикалары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комб-тары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон комбинаттары мен қызыл және силикатты кірпіш заттары, құрылыс-монтаж құралымдар комбинат, машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің авиақозғалтқыш, автомобиль және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу зауыттары, химия өнеркәсібінің химиялық талшық зауыты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу зауыты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комб., т.б. жұмыс істейді. ## Қазіргі Қостанай Қазір қаланың өнеркәсіп құрамындағы кәсіпорындарда салалық 10 АҚ, 9 ЖШС, 4 МҚК бар. 2000 жылғы деректер бойынша Қ-да барлығы 30 ірі кәсіпорын, т.б. бірлестік жұмыс істейді. Қалада Солтүстік Қазақстанның геология басқармасы мен оның орталық лабораториясы, А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік педогогика университет, ауыл шаруашылық институты, мемлекеттік ауыл шаруашылық және егіншілік жобалау институттарының, су құрылысын жобалау институтының бөлімшелері, кооперативтік, автомобиль, құрылыс колледждері, 2 қалалық кәсіптік-тех., мед. мекемелері, облыс тарихи және геология музей, гидрометеорология бюро, 59 мектеп, 2 мәдениет үйі, облыстық драма театр, филармония, 13 кітапхана жұмыс істейді. Денсаулық сақтау және сауықтыру мекемелерінен 12 аурухана (облысы және қалалық клиник. аурухана, теміржолшылар мен балалар клиникалық ауруханалары, облыстық және қалалық емханалар, онкология, туберкулез, психиатриялық, венерология диспансерлер, сүйек туберкулезі санаторийі, қалалық трахомоздық аурухана), 6 акушерлік пункт, 131 дәріхана, облыстық радио-телестудиялар, стадион тұрғындарға қызмет көрсетеді. ## Географиясы ### Климаты ## Сыртқы сілтемелер * Қостанай облысы әкiмiнiң ақпараттық портал Мұрағатталған 3 қарашаның 2008 жылы. ## Дереккөздер
Іле Қазақ автономиялық облысы (төте жазу: ىله قازاق اۆتونوميالىق وبلىسى‎, ұйғ. ئىلى قازاق ئاپتونوم ۋىلايىتى / Ili Qazaq aptonom wilayiti, қыт. 伊犁哈薩克自治州, пінин: Yīlí Hāsàkè zìzhìzhōu) — Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына кіретін Қытайдың автономия ішіндегі автономиялық әкімшілік-аумақтық бірлігі. Облыс орталығы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) қаласы бір мезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады. Қытайдағы бірден бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялық облыс. ## Шекараласуы Іле Қазақ автономиялық облысы Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарымен, Моңғолияның Баян-Өлгей Қобда аймақтарымен, (Алтай тау жүйесінің орталық биік таулы бөлігі арқылы Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен және Қырғызстанмен шекараласады. Шекара кеден бекеттері Іле Қазақ автономиялық облысында 8 кеден бекеті қызмет атқарады: * ҚазақстанменAғымбек (阿黑木别克) Алтай аймағындаБақты (巴克图), 17 км Тарбағатай аймағынан;Дулат (都拉塔);Жеменей (吉木乃) Алтай аймағында;Қорғас (霍尔果斯);Музарт (木扎尔特) * Aғымбек (阿黑木别克) Алтай аймағында * Бақты (巴克图), 17 км Тарбағатай аймағынан; * Дулат (都拉塔); * Жеменей (吉木乃) Алтай аймағында; * Қорғас (霍尔果斯); * Музарт (木扎尔特) * МоңғолияменҚызылтау (红山嘴) Алтай аймағындаТайкешкен (塔克什肯) Алтай аймағында * Қызылтау (红山嘴) Алтай аймағында * Тайкешкен (塔克什肯) Алтай аймағында ## Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Іле Қазақ автономиялық облысы Алтай аймағы (орталығы Алтай қаласы) , Іле аймағы, Тарбағатай аймағы орталығы (Шәуешек қаласы) сынды үш аймақтан құралады. Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжаң округтеріне қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімжіде шешкен оңай. Үрімжіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982-жылы ІҚАО Бейжіңге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАА юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу – ол ҚХР Төрағасы. Аймақты (округті) губернатор басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбасы» деп атайды. Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле Қазақ автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан. ## Халқы Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Іле Қазақ автономиялық облысында қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 млн. адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады. Қытайдағы қазақтардың санының өсу қарқыны айтарлықтай жоғары: 1949 ж. – 443 000-нан көп 1979 ж. – 848 000 шамасында 1982 ж. – 907 000 1985 ж. – 964 000 1990 ж. – 1 200 000 2005 ж. – 1 млн. 296 мыңнан 1 млн. 500 мыңға дейін.Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле автономиялық облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай округтері кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАА Мори Қазақ автономиялық ауданы, Баркөл Қазақ уездерінде, Ганьсу провинциясының Ақсай Қазақ автономиялық уезінде және аз мөлшерде Бейжіңде тұрады. ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжаңда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжаңда қазақтар негізінен Алтай, Іле және Тарбағатай (Чугучак) округтерінің аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 3/5 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мори Қазақ автономиялық уезі мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл Қазақ автономиялық уезінің (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. ШҰАА аумағында қазақтар саны жағынан ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда қытайдағы қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санжи Дүңген облысындағы Мори Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл Қазақ автономиялық уезі және Ганьсу провинциясындағы Ақсай Қазақ автономиялық уезі. Цинхай провинциясында Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялық облысы бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты автономиялық қазақ болыстары бар. Үрімжінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% - 1962 жылдан кейін және 50% - «мәдени революциядан» кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, «тууды реттеу» саясатын жүзеге асыруда қытай емес халықтарға жасалған белгілі бір «жұмсақтық» туралы қорытындыны білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін «мәдени революция» кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы «мәдени революция буындарына» тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық аудандағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% - жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659; зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста – 2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді [3]. 80 жылдардың басындағы ҚХР қазақтары кәсібі жағынан былай бөлінген: әртүрлі кәсіпорындардың техникалық персоналы – 32 889, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, партиялық және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері – 5 821, іс қағаздарын жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809, сауда қызметкерлері – 3 816, қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812, жер өңдеушілер, мал өсірушілер, орманшылар – 219 752, өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары және осыған сәйкес санаттағы жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық шаруашылығындағы жұмыс істейтін қазақтардың 7,43%. 1982 жылдың ортасында ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және олардың ҚХР-ның 56 ұлты құрылымындағы жағдайы осындай болатын. Өткен реформалар жылында бұл құрылым айтарлықтай өзгеріске ұшырай қойған жоқ; сөз жоқ, ҚХР қазақ халқының мәдени және білім деңгейінің көтерілуі аясындағы әлеуметтік прогресс байқалады. Техника саласындағы ұлттық кадрларды дайындау, ана тіліндегі мектеп білімін одан әрі дамыту және т.б. бұған куә. ҚХР-дағы қазақтардың мәдени және жалпы білім деңгейі өсіп келеді. ІҚАА тұрғындарының көпшілігі Бейжің, Шанхай және Қытайдың басқа да ірі қалаларындағы, шетелдерде, соның ішінде Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқып жатқандары да бар. Осыған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар. Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар тұрады, олар кейбір жобалардың бастамашысы болды және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде. Олардың қатысуымен қазіргі кезде кітап басып шығару, тарихи материалдарды жинау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл бағытта Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы белсенді жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде «Шыңжаңдағы қазақ сазгерлері» кітабының әзірленуін келтіруге болады, оның авторы өнертанушы Құлжада Мұхамед, Майра Мұхамедқызының әкесі. Мұнымен қатар белгілі күйшілерге, суырып салма ақындарға арналған шығармашылық кештер өткізіледі, компакт-дискілер шығарылады. Мысалға, Қытайда тұрған күй шебері Бейсенбінің туған күнінің құрметіне арнайы компакт-диск шығарылды. Суырып салма ақын Т.Жолдыұлының 100 жылдығына жас орындаушылардың орындауындағы оның әндері жазылған магнитті таспа әзірленді. Қытайда би өнері өте дамыған. Осыған байланысты Қытайда тұрған атақты Тайыр күйшінің қызы белгілі балетмейстер Нағима Тайырқызының есімін атай кеткен жөн. Ол көптеген талантты бишілерді тәрбиеледі. Н.Тайырқызы Алматы қаласына келіп тұрады, онда облыстық филармонияда сабақ береді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және СІМ белсенді сыртқы саяси курсы нәтижесінде Қытай тарапының позициясында Қазақстанның саясатына деген белгілі түсіністік байқалады. Елшілік отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат береді, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілерді түсіндіреді. Соңғы жылдары Қытайда жергілікті билік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып келеді, ұлттық мектептер жабылуда. Біздің отандастарымызды Бейжіңнің бала тууын шектеу саясаты да алаңдатуда, ол қазақ халқының өспей қалуына әкеп соғады. Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және телевидениесі бар Іле Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) Қазақстанмен тұтастай шектесіп жатыр. ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді). Қазақтардың басым үлес салмағы білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында байқалады. Аз кездесетіні – ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе ірі кәсіпорындарда. ## Басшылары ### Бірінші хатшы * Чжао Тянцзе (赵天杰) (2017 - 2020) * Чжан Чуньсянь (на 8.3.2011 год) ### Губернатор * Фатхан (Пәтіхан) Дәлелханұлы Сүгірбаев (1954 жылдың қарашасы – 1955 жыл, маусым). Керей, Абақ, Шеруші * Жағда Бабалықұлы 1955 жылдың маусым айынан 1957 жылдың ақпанына дейін Іле Қазақ автономиялық облысының уақытша бастығы, 1958 жылдың мамырына дейін. * Құрманәлі Оспанұлы 1958 жылы маусым айынан, 1963 жылы қыркүйекке дейін. * Ерғали Әбілқайырұлы 1963 жылдың қыркүйек айынан 1969 жылғы мамырға дейін. * Чұң Лияң Шо 1969 жылдың мамырынан, 1970 жылдың мамырына дейін (әскери түзіммен басқарылды). * Уаң Жын Жұң 1970 жылы мамыр айынан 1975 жылдың шілдесіне (әскери түзіммен басқарылды). * Шие Гау Жұң 1975 жылы шілдеден 1975 жылғы қыркүйекке дейін (әскери түзіммен басқарылды). * Жәнәбіл Смағұлұлы 1975 жылдың қыркүйегінен, 1978 жылғы ақпанға дейін. Керей, Абақ, Шұбарайғыр * Қасымбек Сейітжанұлы 1979 жылғы наурыздан 1983 жылғы сәуірге дейін. * Дияр Құрмашұлы, (1983 жылы сәуір айынан 1988 жылы мамыр айына дейін). * Асхат Керімбайұлы, Іле Қазақ автономиялық облысының бастығы, парткомның орынбасар хатшысы (1988 жылы мамыр айынан 1993 жылы мамыр айына дейін). * Бекмұхамет Мұсаұлы, 1993 жылы сәуір айынан бастап 1998 жылы наурыз айына дейін Іле Қазақ автономиялық облыстық партком хатшысының орынбасары, облыс бастығы болған. * Алпысбай Рахымұлы, (1998 жылы наурыз айынан 2001 жылы маусым айына дейін). * Нұрлан Әбілмәжінұлы, 2002 жылы наурыздан 2003 жылы қаңтарға дейін Іле Қазақ автономиялық облыстық парткомның орынбасар хатшысы, облыс бастығы. * Қызайжан Сейілқожаұлы, 2003 жылы наурыздан 2007 жылы қарашаға дейін Іле Қазақ автономиялық облыстық партком хатшысының орынбасары, облыс бастығы. * Мәукен Сейітқамзаұлы 2007 жылы қаршадан 2012 жылы қаңтарға дейін Іле Қазақ автономиялық облыстық парткомның орынбасар хатшысы, облыс бастығы . * Мәнен Зейнелұлы 2012 жылы ақпаннан 2016 жылы қаңтарға дейін Іле Қазақ автономиялық облыстық парткомның орынбасар хатшысы, облыс бастығы болған. Керей, Абақ, Қарақас * Құрмаш Сыржанұлы 2016 жылы ақпан айынан 2021 дейін Іле Қазақ автономиялық облыстық парткомның орынбасар хатшысы, облыс бастығы міндетін атқарып келеді. * Қаден Қабенұлы 2021.4 бастап ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайты ( Жеңілдетілген қытайша) * Бөлімделген ақпарат (Жеңілдетілген қытайша) * A TALE OF TWO CITIES: NEW MUSEUMS FOR YINING AND URUMQI Мұрағатталған 4 ақпанның 2012 жылы. "CHINA HERITAGE NEWSLETTER", China Heritage Project, The Australian National University. ISSN 1833-8461. No. 3, September 2005. (Құлжадағы Іле Қазақ аутономиялық облысы Мұражай туралы әңгімелер).
Аслан Есболайұлы Мусин (2 қаңтар 1954 жылы, Ақтөбе облысы Алға ауданы, Бестамақ ауылында дүниеге келген) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері. 2012 жылдың күзінен бастап Қазақстан Республикасының бюджетті бақылау туралы есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды. ## Өмірбаяны * 1954 жылы Ақтөбе облысының Алға ауданы Бестамақ селосында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Әлімұлы тайпасының Кете руынан шыққан.. * 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. * Институтты бітірісімен Ақтөбе санақ басқармасының Есеп орталығында мамандығы бойынша әртүрлі лауазымды қызметтерде жұмыс істеген. * 1979 жылдың қаңтарынан 1991 жылдың қазан айына дейін ҚКП басқару орындарында нұсқаушы, бөлім меңгерушсі, ҚКП Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. * 1991-93 жылдары Монополияға қарсы күрес мемлекеттік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінің төрағасы. * 1993-94 жылдары — Ақтөбе облысы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары — Экономика жөніндегі басқарманың бастығы. * 1994-95 жылдары — Ақтөбе облыстық Экономика жөніндегі басқарманың бастығы. * 1995-02 жылдары — Ақтөбе облысының әкімі. * 2002-06 жылдары — Атырау облысының әкімі. * 2006 жылдың қазан айынан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. * 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады. * 2007 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. * 2007 жылы 18 тамызында «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты. * 2007 жылы 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Парламенті 4-ші шақырылым Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс төрағасы боп сайланады. * 2008 жылы қазанның 13-інде Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы. * 2012 жылдың 21 қыркүйек күні Аслан Мусин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды ## Дереккөздер
Сұлтан Байбарыс (Бейбарыс, араб.: الظاهر ركن الدين بيبرس البندقداري‎ — әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дин Бейбарыс I әл-Бұндуқтари әс-Салих) — 1223—77 жылдары Мысырда билік құрған сұлтан. 1223 жылы дүниеге келген, қыпшақ руының бұрджоғлы тармағынан тарайды. Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Байбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Байбарыстың әкесі — Жамақ, анасы — Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Сол кезде беріш руы Қырым өңірінде тұрған (қазіргі заманда беріш көбінесе Атырау облысында қоныстанған). Әмір Айтегін әл-Бұндуқтар Димашқ құл базарында сатып алған сондықтан Бейбарыс әл-Бұндуқтари деп аталған. ## Құлдыққа түсуі Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. * Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс — қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам. Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мухаммед (с.ғ.с.) пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көпжылдық кақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты. * 1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыста Димашқыда 800 дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Байбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. ## Таққа отыруы Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің мұсылмандық әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға — «крестілер жорығын» ұйымдастырған христиандық діндегі еуропалықтар мен мұғұлдардың (көбінде түркілік тайпалардың; халха-тұңғұс моңғолдар емес) тәңіршілік сенімдегі әскеріне тойтарыс берді (Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих» еңбегінде олар мұғұлдар деп жазылған әрі Айн-Жәлүттегі шайқас турасында жазылған). 1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Байбарыс таққа отырды. ## Алтын Ордамен байланысының нығаюы Мысырда тарихи әдебиет мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен Алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды. Түркі әулеттері, халықтарының тарихи-географиялық мәліметтерін толық қамтитын энциклопедиялар пайда болды. Мысырда сұлтан Байбарыстың өмір-дерегіне арнап жазған хатшысы Абд-аз-Захирдің тарихи еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Алтын Ордамен қарым-қатынастар туралы мәліметтер, сонымен бірге Қырымнан Волгаға дейінгі аралықтағы қысқаша «жолсілтеме», Қырымның тұрғылықты халқы туралы діни, этнографиялық мәліметтер келтіріледі. ## Биліктегі өзгерістер Ол ат ойындарын, аңға шығуды, сайыстарды жақсы көретін. Қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған. Кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп, өз қолтығына алып отырған. Билік тізгінін мықтап қолға алған Байбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты, Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Арналық жүйені енгізді. Мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір қалаға бір мешіттен салынды. Байбарыс шығыстағы барлық араб иеліктерінің әміршісі деген атаққа қол жеткізді. Орта Азиядағы селжүктерді, кіші Арменияны, берберліктерді толығымен өзіне бағындырды. Франктердің зәулім қамалдарын бірінен соң бірін талқандай берді. Барлық көршілес елдер мәмлүктер мемлекетімен санасатын болды. Байбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды. Ол сол кездің көптеген алыс-жақын мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатты. Сұлтан аз-Заһир Бейбарыс сол дәуірдің озық үлгісімен көптеген зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, биік қорғандар мен қамалдар салдырды. Олардың бірқатары сақталған. Ол сұлтандық билікке қол жеткізген кезде қыпшақ жерлері мұғұл (мәңгіелдік) ханы Берке билеп отырған Алтын Орданың иелігінде еді. Байбарыс бірінші кезекте достық пиғылдағы хат жіберді. 1262 жылы сұлтан екі ел арасында достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнатты. ## Соңғы жылдары 1277 жылы Бейбарысты уәзірі қыпшақ Қалауын у беріп өлтірді. Сұлтан Бейбарыс 1277 жылы шілденің 1-інде Димашқ қаласында қайтыс болып, аз-Заһариа кітапханасына күмбезінің астына жерленді. Оның сүйегі Дамаскідегі Баб-өл-Барид зиратына қойылды. Осылайша Бейбарыс сұлтан мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырып, Мысыр мен Сирияны «крестілер жорығы», моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды, бүкіл мұсылман елдеріне қорған болды. 17 жыл Мысырда билік құрды. ## Нұрсұлтан Назарбаев сұлтан Бейбарыс туралы Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Бейбарыстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен ана жалы Мысыр еліне барғанымда Байбарыс салдырған мешітте Құран оқыттым. Даңқты бабамызды арабтардың қалай құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім. * 1265 крестшіл-франктердің қамалдарың алды. Берберлерді (1267-75) бағындырды. * 1260—77 аралығында крест жорықтарының беті қайтарылып, моңғол қосындарының шапқыншылығы тойтарылды, елдің саяси-әскери беделі жоғарылап, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * http://www.kazneb.kz Мұрағатталған 19 мамырдың 2021 жылы.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал ЮНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап).Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік секілді халықтардың арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, ал Орталық Азия елдерінде және Әзербайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі. ## Шолу Иран күнтізбесінің бірінші күні наурыздың теңелу нүктесіне, көктемнің бірінші күніне, шамамен 21 наурызға сәйкес келеді. Біздің заманымыздың XI ғасырында күнтізбелік жылдың басын, яғни Наурыз мейрамын көктемгі күн мен түннің теңесуіне бекіту үшін Иран күнтізбесі өзгертілді. Осыған сәйкес, ирандық астроном Туси берген Наурыздың анықтамасы: «Ресми Жаңа жылдың бірінші күні әрқашан күн түске дейін тоқтыға кірген күн болды». Наурыз - Фарвардин айының бірінші күні, Иран күн күнтізбесінің бірінші айы, Иранда және бұрын Ауғанстанда қолданылған ресми күнтізбе болып табылады. Наурыз иран күнтізбесі жаңа жылды тойлау үшін біздің дәуіріміздің XI ғасырында жасалған реформадан бері тойланса, 2010 жылдың ақпаныда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/253 қарарын қабылдау арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Халықаралық Наурыз күнін» ресми түрде мойындады. ### Этимологиясы Наурыз сөзі парсы тіліндегі نو now – «жаңа» деген мағынаны білдіреді – және روز ruz – «күн» деген сөздердің бірігуінен жасалған. Шығыс диалектілері [nawˈɾoːz] (дари және классикалық парсы тілдеріндегідей, алайда тәжік тілінде бұл navrūz [жазылған наврӯз]), батыс диалектілері [nowˈɾuːz] және Tehranis [noːːːz] айтылуымен айтылуы парсы диалектілері арасында өзгереді. Ағылшын тілінде новруз сөзінің әртүрлі емле нұсқалары бар, соның ішінде norooz, novruz, Novruz, Navruz, Nauruz және newroz. ### Уақыттың дәлдігі Наурыздың уақыты көктемгі күн мен түннің теңелуіне негізделген. Иранда бұл дәл астрономиялық бақылауларға негізделген хижри күнтізбесі алгоритмдік күнтізбесіндегі жаңа жыл күні, сонымен қатар оны еуропалық аналогы Григориан күнтізбесіне қарағанда дәлірек ететін күрделі интеркалация жүйесі қолданылады. Әрбір 2820 жылдық үлкен циклде 365 күннен тұратын 2137 қалыпты жыл және 366 күннен тұратын 683 кібісе жыл бар, үлкен үлкен циклдегі орташа жыл ұзақтығы 365,24219852. Бұл орташа тәулігіне небәрі 0,00000026 (2,6×10−7) – секундтың 1/50 бөлігінен сәл артық – Ньюкомбтың орташа тропикалық жылдағы 365,24219878 күндік мәнінен қысқа, бірақ көктемгі күн мен түннің теңелуінің ағымдағы орташа жылынан айтарлықтай ерекшеленеді. 365,242362 күн, яғни көктемгі күн мен түннің теңесуіне келетін жаңа жыл цикл бойына жарты тәулікке жылжиды. Дереккөз түсіндіргендей, 2820 жылдық цикл қате және іс жүзінде ешқашан пайдаланылмаған. ## Тарихы Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуар, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады. ## Қазақ салты Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын. Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін. Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім де жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер
Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев — (8 шілде 1958, Қайнар ауылы, Алғабас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) - қазақ мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елші. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры. Ысты руынан шыққан. Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 1958-жылы 8-шілдеде сол кездегі Шымкент облысының Алғабас ауданына (қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы) қарасты Қайнар ауылында, көпбалалы отбасында өмірге келген. Ж.Түймебаевтың әкесі Қансейіт Түймебаев кезінде Алғабас және Созақ аудандарында партия ұйымының хатшысы қызметін атқарған. Ол кісі құдай қосқан қосағы Ұлмекен Жаман­құлқызымен отбасында 4 ұл, 8 қыз тәрбиелеп өсірген. Қансейіт Түймебаевтың үлкен ұлы Байсейіт кезінде Маңғыстау облысында жауапты қызметтер атқарған, кейін Шымкент облыстық, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдіктерінде еңбек еткен. Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыс­тарында табиғи монополияларды реттеу, бәсе­келестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау департаментін басқарған. Бәйдібек ауданының әкімі болған. Ж.Түймебаевтың туған інісі Имангелді бүгінде аймақтық басқармалардың бірінде жауапты қызмет атқарады. Оған дейін Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары болған. Жансейіт Түймебаев жұбайы Жанат Еңсебаевамен бірге Елдана және Елнар есімді ұл-қыздар өсірген. Кей деректерге қарағанда, Ж.Еңсебаева өнер галереясының директоры болып істейді, кезінде ол Түркиядағы елшілікпен бірігіп, қазақстандық үздік суретшілердің «Заманауи қазақ өнері» атты көрмесін өткізген. Ж.Түймебаев бала кезінде Шымкенттегі №12 мектеп-интернатта оқыған. Оны алтын медалмен бітірген. Оның математика пәніне қабілеті жоғары болыпты. Ол кейін Қазақ Мемлекеттік университетін, Мәскеу Мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Бүгінде филология ғылымдарының докторы, профессор, 2-сыныпты елші дипломатиялық дәрежесінің иегері. Ол кісі – 30-дан астам ғылыми-танымдық кітаптардың авторы. Ж.Түймебаев кезінде Қазақ Мемлекеттік университетінде еңбек еткен. 1993-жылдан бас­тап Сыртқы істер министрлігінде жауапты қызметтер атқарған, Қазақстанның Стамбул қаласындағы консулдығын, Қазақстан Прези­дентінің Протоколын басқарған, Президенттің кеңесшісі болған. Білім және ғылым министрі болған. Ресейдегі, Түркиядағы, Албаниядағы Төтенше және Өкілетті елші қызметтерін ат­қарған. ## Білімі * Қазақ мемлекеттік университеті. С. М. Киров, Филология факультеті, Алматы қ. (1980); * Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті, Заң факультеті, Мәскеу қ. (2000). ## Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі * Филология ғылымдарының кандидаты, ҚазКСР Ғылым Академиясының Тіл білімі институты (1987); * Филология ғылымдарының докторы (2008); * Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор; * Түркия Республикасының "Нигде" университетінің құрметті докторы (2014). ## Еңбек қызметі * С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті (1980-1993); * Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орта, Таяу Шығыс және Африка елдері басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі (1993-1994); * Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997); * Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық қызметінің консультанты (1997-1999); * Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы бас консулы (Стамбул қ.) (1999); * Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттамасының Бастығы (1999-2004); * Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының бастығы (31.03.2004-01.02.2006); * Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007); * Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010); * Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010-10.2016); * Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (03.2011-10.2016); * Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (07.10.2016-20.06.2018); * Түркістан облысының әкімі (20.06.2018-26.02.2019); * Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (28.02.2019-05.02.2021 бастап) * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (05.02.2021 бастап) ### Басқа жұмыстар * ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының Басқарма төрағасы (2007-2010); * "Парасат ҰҒТХ" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2008 -2010); * Ұлттық қазақ-түрік университеті Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары (2007-2010). ## Марапаттары * 2003 — "Құрмет"Ордені; * 2011 — "Парасат"Ордені; * 2022 (17 наурыз) — 2 дәрежелі "Барыс" ордені; * Мемлекеттік медальдар, соның ішінде:"Астанаға 10 жыл" медалі (2008);"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі (2011);"Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі (2015);"Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" медалі (2015);"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі (2016);Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалі (2019);"Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл" медалі (2020);"Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" медалі (2020);"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалі (2021); * "Астанаға 10 жыл" медалі (2008); * "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі (2011); * "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі (2015); * "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" медалі (2015); * "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі (2016); * Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалі (2019); * "Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл" медалі (2020); * "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" медалі (2020); * "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалі (2021); Басқа марапаттар: * Түрік кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілері қауымдастығының "Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін" медалі (2011); * Түркияның туризмді дамыту жөніндегі халықаралық платформасы (TÜTAP) "халықаралық қатынастардағы ерекше жетістіктері үшін" сыйлығы (2011); ## Ғылыми еңбектері * Түркология саласындағы кітаптар сериясыЖ. Түймебаев: Алтай тілдеріндегі анлаут ерін дауыссыздарының проблемасы (Рамстедт — Пелио фонетикалық Заңының ревизиясы). Мәскеу, 2004 жЖ. Түймебаев: түркі-қазақ-моңғол этно-тілдік қатынастарының тарихы. Алматы, 2008 ж.Ж. Түймебаев: Алтай теориясы мен Алтаистиканың қалыптасуы мен дамуы. Түркістан, 2006 ж.Ж. Түймебаев: түркі-моңғол лексикалық параллельдерін тарихи-генетикалық ажыратудың теориялық принциптері мен критерийлері. Астана, 2008 ж.Ж. Түймебаев: Орталық Азия тілдерін зерттеудің өзекті мәселелері. Тұран тіл одағы. Көкшетау, 2009 ж.Ж. Түймебаев: Тұран тілінің одағы және Алтайлық ареалдағы тілдераралдық, мәдениеттераралық интерференция құбылы. Түркі дүниесі альманахтары. Астана, 2012 ж.Ж. Түймебаев: алтаистикаға кіріспе. Астана, 2013 ж.Ж. Түймебаев: Түркі филологиясына кіріспе. Астана, 2013 ж.Ж. Түймебаев: түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Астана, 2013 ж.Ж. Түймебаев: қазіргі түркі тілдері. Астана, 2013 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Астана, 2014 ж.Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негіздері (Фонетика. Морфология). Алматы, 2015 ж.Ж. Түймебаев, М. Ескеева: түркологияның тарихи-лингвистикалық негіздері. Алматы, 2015 ж.Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ-түркі тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалық грамматикасы (Фонетика. Морфология). Алматы, 2016 ж.Ж. Түймебаев, М. Ескеева: көне түркі тілі ескерткіштерінің морфологиялық жүйесі. Алматы, 2016 ж.Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ және татар тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалық грамматикасы. Алматы, 2017 ж.Tüymebayev J., Eskeyeva M: Türkolojinin Tarihî Dilbilimsel Esasları. (Түрік тілінде). Алматы, 2017 ж.Ж. Түймебаев, г. Сағидолда, М. Ескеева: түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. (Фонетика. Морфология). Алматы, 2017 ж.Ж. Түймебаев, М. Ескеева, Сағидолда қаласы: "Мәңгілік ел" идеясының лингвистикалық негізін дамыту. Алматы, 2017 ж.Ж. Түймебаев, М.Ескеева, М. Усманова: қазақ және башқұрт тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 2018 ж.Ж. Түймебаев, М.Ескеева, Ш. Әбдіназымов: қазақ және қарақаопақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 2018 ж. * Ж. Түймебаев: Алтай тілдеріндегі анлаут ерін дауыссыздарының проблемасы (Рамстедт — Пелио фонетикалық Заңының ревизиясы). Мәскеу, 2004 ж * Ж. Түймебаев: түркі-қазақ-моңғол этно-тілдік қатынастарының тарихы. Алматы, 2008 ж. * Ж. Түймебаев: Алтай теориясы мен Алтаистиканың қалыптасуы мен дамуы. Түркістан, 2006 ж. * Ж. Түймебаев: түркі-моңғол лексикалық параллельдерін тарихи-генетикалық ажыратудың теориялық принциптері мен критерийлері. Астана, 2008 ж. * Ж. Түймебаев: Орталық Азия тілдерін зерттеудің өзекті мәселелері. Тұран тіл одағы. Көкшетау, 2009 ж. * Ж. Түймебаев: Тұран тілінің одағы және Алтайлық ареалдағы тілдераралдық, мәдениеттераралық интерференция құбылы. Түркі дүниесі альманахтары. Астана, 2012 ж. * Ж. Түймебаев: алтаистикаға кіріспе. Астана, 2013 ж. * Ж. Түймебаев: Түркі филологиясына кіріспе. Астана, 2013 ж. * Ж. Түймебаев: түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Астана, 2013 ж. * Ж. Түймебаев: қазіргі түркі тілдері. Астана, 2013 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Астана, 2014 ж. * Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негіздері (Фонетика. Морфология). Алматы, 2015 ж. * Ж. Түймебаев, М. Ескеева: түркологияның тарихи-лингвистикалық негіздері. Алматы, 2015 ж. * Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ-түркі тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалық грамматикасы (Фонетика. Морфология). Алматы, 2016 ж. * Ж. Түймебаев, М. Ескеева: көне түркі тілі ескерткіштерінің морфологиялық жүйесі. Алматы, 2016 ж. * Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ және татар тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалық грамматикасы. Алматы, 2017 ж. * Tüymebayev J., Eskeyeva M: Türkolojinin Tarihî Dilbilimsel Esasları. (Түрік тілінде). Алматы, 2017 ж. * Ж. Түймебаев, г. Сағидолда, М. Ескеева: түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. (Фонетика. Морфология). Алматы, 2017 ж. * Ж. Түймебаев, М. Ескеева, Сағидолда қаласы: "Мәңгілік ел" идеясының лингвистикалық негізін дамыту. Алматы, 2017 ж. * Ж. Түймебаев, М.Ескеева, М. Усманова: қазақ және башқұрт тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 2018 ж. * Ж. Түймебаев, М.Ескеева, Ш. Әбдіназымов: қазақ және қарақаопақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 2018 ж. * Қазақ тілі саласындағы кітаптар сериясыЖ. Түймебаев: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1985 ж.Ж. Түймебаев: қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1986 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ тілі. Алматы, 1991 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ тіліндегі етістіктің индикативті формалары. Алматы, 1992 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық. Алматы, 1996 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 2005 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ-Моңғол лексикалық параллельдері: қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне материалдар. Мәскеу, 2005 ж * Ж. Түймебаев: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1985 ж. * Ж. Түймебаев: қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1986 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ тілі. Алматы, 1991 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ тіліндегі етістіктің индикативті формалары. Алматы, 1992 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық. Алматы, 1996 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 2005 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ-Моңғол лексикалық параллельдері: қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне материалдар. Мәскеу, 2005 ж * Сөздіктер сериясыЖ. Түймебаев, Сағидолда қ.: ағылшын-қазақ сөздігі. Алматы, 2018 ж.Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ-ағылшын сөздігі. Алматы, 2017 ж. * Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: ағылшын-қазақ сөздігі. Алматы, 2018 ж. * Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ-ағылшын сөздігі. Алматы, 2017 ж. * "Рухани" энциклопедиялар сериясыТҮРКІСТАН-РУХАНИ БЕСІГІ. Лингво-өлкетану энциклопедиясы. 1-ші кітап. Нұр-сұлтан, 2019 ж.TÜRKİSTAN — MANEVİYAT BEŞİĞİ. Bölgesel dilbilim ansiklopedisi. Ikinci kitap. Nur-Sultan, 2019 жТҮРКІСТАН-РУХАНИЯТТЫҢ БЕСІГІ. Лингвистикалық өлкетану энциклопедиясы. Үшінші кітап. Нұр-сұлтан, 2019 ж.TURKESTAN — THE CRADLE OF SPIRITUALITY. Local Linguistic encyclopedia. Fourth book. -Нұр-сұлтан, 2019 ж.Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 5 жыл. Анкара, 1996 жПрезиденттің бір жылы. Астана, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005 жж.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасы. Астана, 2004 ж.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасы бойынша практикалық басшылық. Астана, 2004 ж.Қазақстан. Мәскеу, 2006 жҚазақстан, адамдар, табиғат, экономика, мәдениет. 2007 ж.Қазақстан-Ресей қатынастары: құжаттар мен материалдар жинағы. Мәскеу, 2008 жҚазақстан Республикасындағы білім беру реформасының өзекті аспектілері. Астана, 2010 ж.Қазақстан. Негізгі кезеңдер. Анкара, 2011 жҚазақстан. Экономика. Іскерлік әлем. Инвестициялық мүмкіндіктер. Анкара, 2012 ж"Tarihin Akışında" (тарих ағымында). Түркия, 2012 ж«Yüzyıllar Kavşağında». (ХХІ ғасыр парогында). Түркия, 2012 ж"Kritik en Yil" (сыни онжылдық). Түркия, 2012 ж"Kazakistan Yolu" (Қазақстан Жолы). Түркия, 2012 ж"Avrasya yüreğinde" (Еуразияның жүрегінде). Түркия, 2012 жҚазақстан-Түркия: жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық. Анкара, 2013 жҚазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 20 жыл. Анкара, 2013 жЖақан таныған жеті тұлға. Түркістан, 2017 ж.Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих. Түркістан, 2017 ж.Түркістан - Түркі әлемінің астанасы. Түркістан, 2017 ж.Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи және қасиетті орындары". Түркістан, 2017 ж.Оңтүстік Қазақстан: стильдендірілген оқиғалар. Түркістан, 2017 ж."Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыздар" жинағы. Түркістан, 2018 ж.Түркістан облысының киелі жерлерінің географиясы 2 томдық. Түркістан, 2018 ж.Тамыры терең-Түркістан. Түркістан, 2019 ж.Елбасы және халық. Нұр-сұлтан, 2019 ж.Қазақстан: бейбітшілік пен келісім аумағы. Нұр-сұлтан, 2020 ж."Тұңғыш Президент жолымен" халық экспедициясы. Нұр-сұлтан, 2020 ж. * ТҮРКІСТАН-РУХАНИ БЕСІГІ. Лингво-өлкетану энциклопедиясы. 1-ші кітап. Нұр-сұлтан, 2019 ж. * TÜRKİSTAN — MANEVİYAT BEŞİĞİ. Bölgesel dilbilim ansiklopedisi. Ikinci kitap. Nur-Sultan, 2019 ж * ТҮРКІСТАН-РУХАНИЯТТЫҢ БЕСІГІ. Лингвистикалық өлкетану энциклопедиясы. Үшінші кітап. Нұр-сұлтан, 2019 ж. * TURKESTAN — THE CRADLE OF SPIRITUALITY. Local Linguistic encyclopedia. Fourth book. -Нұр-сұлтан, 2019 ж. * Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 5 жыл. Анкара, 1996 ж * Президенттің бір жылы. Астана, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005 жж. * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасы. Астана, 2004 ж. * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасы бойынша практикалық басшылық. Астана, 2004 ж. * Қазақстан. Мәскеу, 2006 ж * Қазақстан, адамдар, табиғат, экономика, мәдениет. 2007 ж. * Қазақстан-Ресей қатынастары: құжаттар мен материалдар жинағы. Мәскеу, 2008 ж * Қазақстан Республикасындағы білім беру реформасының өзекті аспектілері. Астана, 2010 ж. * Қазақстан. Негізгі кезеңдер. Анкара, 2011 ж * Қазақстан. Экономика. Іскерлік әлем. Инвестициялық мүмкіндіктер. Анкара, 2012 ж * "Tarihin Akışında" (тарих ағымында). Түркия, 2012 ж * «Yüzyıllar Kavşağında». (ХХІ ғасыр парогында). Түркия, 2012 ж * "Kritik en Yil" (сыни онжылдық). Түркия, 2012 ж * "Kazakistan Yolu" (Қазақстан Жолы). Түркия, 2012 ж * "Avrasya yüreğinde" (Еуразияның жүрегінде). Түркия, 2012 ж * Қазақстан-Түркия: жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық. Анкара, 2013 ж * Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 20 жыл. Анкара, 2013 ж * Жақан таныған жеті тұлға. Түркістан, 2017 ж. * Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих. Түркістан, 2017 ж. * Түркістан - Түркі әлемінің астанасы. Түркістан, 2017 ж. * Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи және қасиетті орындары". Түркістан, 2017 ж. * Оңтүстік Қазақстан: стильдендірілген оқиғалар. Түркістан, 2017 ж. * "Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыздар" жинағы. Түркістан, 2018 ж. * Түркістан облысының киелі жерлерінің географиясы 2 томдық. Түркістан, 2018 ж. * Тамыры терең-Түркістан. Түркістан, 2019 ж. * Елбасы және халық. Нұр-сұлтан, 2019 ж. * Қазақстан: бейбітшілік пен келісім аумағы. Нұр-сұлтан, 2020 ж. * "Тұңғыш Президент жолымен" халық экспедициясы. Нұр-сұлтан, 2020 ж.
Геохронологиялық шкала (Жер жылнамасы) – жалпы стратиграфиялық шкаланың бірліктеріне тең келетін геохронологиялық бөлімшелердің иерархиялық жүйесі. Шкаланың бастапқы нұсқасы 1881—1900 жылдары Халықаралық геологиялық конгрестің отырыстарында жасасып қабылданды. Геологиялық кезеңдердің аттарын қоюға әртүрлі себептер негіз болды. Көбінесе географиялық атауларға байланысты қойылды, мысалы Кембрий — Уэльстің Рим империясының құрамында болған кездегі аты, Девон — Англиядағы Девонширге байланысты, Пермь — ресейдің қаласы, Юра — Еуропадағы тау. Кейбір кезеңдер ежелгі тайпалардың аттарымен аталды: Венд, Ордовик, Силур. Карбон және Бор кезеңдері сәйкесті шөгінділердің қабаттасуына байланысты аталған. ## Сызбалы уақыт шәкілі ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * NASA: Geologic Time Мұрағатталған 18 сәуірдің 2005 жылы. * GSA: Geologic Time Scale Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2007 жылы. * British Geological Survey: Geological Timechart Мұрағатталған 15 қыркүйектің 2010 жылы. * GeoWhen Database * International Commission on Stratigraphy Time Scale * CHRONOS Мұрағатталған 5 желтоқсанның 1998 жылы. * National Museum of Natural History - Geologic Time Мұрағатталған 11 қарашаның 2005 жылы.
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. ## Тарихы Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды: * 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар * 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, * 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған). Кейіннен айналысқа: * 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; * 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; * 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; * 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); * 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; * 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген), 2001 жылы: * 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген); * 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); * Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; * 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген). 2002 жылы: * 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; * 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды. 2003 жылы: * 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. 2006 жылы: * 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн). ## Жалпы мәліметтер 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады. 1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды. 1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді үсынған. Соған қоса, олардың мынадай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды. Сол уақкыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты. Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстаннын, төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты. Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады. Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар компанияларға ішінара және толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады. Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр. Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін ендірді және монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кәсіпорындар үшін шығарылған наградалар ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша әлем чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны, ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000 теңге күміс және алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап етуге болады. Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттіктілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Теменгі бөлігінде монетаныңноминалын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ»деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Аи 999» деген жазу орналастырылған. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық белігінде ұлттық валюта нышандары суретінін аясында үш монетадан — «Шабандоз», «Регель қызғалдағы» және «Ғарыш» монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта — теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерленген. Ескерткіш монеталар 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 1000 грамм, диаметрі — 100 mm., «proof» сапасымен жасалған. ## Ұлттық Банктің мұражайы Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды. Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РКФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар. Жәдігерлер арасында ерекше, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар»дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырады. * * * * * * * * Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түрлі-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақгалған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған — «Қызыл бөрі», «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын және күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады. Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді. 1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноталар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді. 1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді. ҚҰБ кейінірек айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды: * 1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша; * 1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша; * 1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге, ол 1996 жылғы үлгі бойынша; * 1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге; * 1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша; * 2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн); * 2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн); * номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша; * мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдықтәуелсіздігіне байланысты; * 5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша; * 2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша; * номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша; * 2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша. Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 10000 теңгеге дейін. Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноталардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты. 2006 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын және олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді. Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде занды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлықтүрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлык түрлері бойынша занды төлем құралы болуын токтатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы занды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген онжылдық мерзімін үзартуға құқылы. Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналуда. Айналымға енгізген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына теріс әсер етті. Соның салдарынан теңгеміз АҚШ долларына қатысты құлдырады десе болады. Айталық, теңге енгізілгенде 1 АҚШ долларының бағасы 4,75 тиынға тең болса, 2000 жылы ол 155 теңгеге дейін құнсызданды. Бір жағынан мұндай құбылыс объективті, себебі, кез келген жаңа валютаның тарихы тереңде жатқан немесе экономикасы дамыған мемлекеттің ақша бірлігімен бәсекеге түсе алмасы анық. Екінші жағынан, ол кезендер ұлттық экономикамыздың жаңадан қалыптасу кезендерін сипаттайды. 2001 жылдан бастап осы күнге дейін теңгеміз АҚШ долларына қатысты тұрақтанып, 2001 жылы оның АҚШ долларына қатысты бағамы 155,6 теңгеден 2005—2006 жылдардың ортасына дейін 117,4 теңгеге дейін төмендесе, 2009 жылдың сәуірде ұлттық валютаның девальвацияланып, 150,8 теңгеге дейін қайта көтерілді. Теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануын біріншіден айналыстағы ақша массасының өсуімен, екіншіден мұнай өнімдеріне деген бағаның өсуінің нәтижесінде пайда болған инфляция дейгейінің 8,5 пайызға жоғарылауымен байланыстыруға болады. Мұндағы ақша массасы екі жолмен өсіп отыр, біріншісі, мұнай өнімдерін сыртқа сатудан түскен валюталық түсімдердің өсуінен, ал екіншісі, отандық банктеріміздің соңғы жылдары шетелдік қаржы нарықтарынан арзан займдар тарту көлемінің артуынан болып отыр. ## Банкноттар ## Шақалар ### Бірінші топтама шақалары ### Екінші топтама шақалары (1997 — 26 сәуір 2019) ### Үшінші топтама шақалары (2019 бастап) Шақалардың дизайны алдыңғы топтамамен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ, дегенмен, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты олардағы барлық жазулар латын жазу таңбаларымен жасалған. ## Естелік шақалар Айналымға шығарылатын шақалармен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі естелік және мерейтойлық шақаларды шығарады. ## Теңге - ұлттық валюта Қазақстанның ұлттық валютасы 1993 жылы 15 қарашада пайдалануға енгізілді. Ақша белгілері - теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірледі.Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаcырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін жалғасты. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертеңгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күн Ұлттық валютаның туған күні болып саналады. ## Қызықты деректер 2007 жылғы таңдалынған теңге нышаны, осыдан 120 жыл бойы Жапон пошта фирмасы қолданып келе жатқан белгісінің айнымасы болып шықты. * Жапон поштасы сайты * Қазақстан теңгесі алғаш айналымға енгізілген Тараз қаласында оған ескерткіш орнатылды. ## Ескерткіш банкноттары ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қазақстан ұлттық валютасы * Теңгенің жаңа дизайны Мұрағатталған 6 қаңтардың 2014 жылы. * Қазақстан банкноттары Мұрағатталған 12 мамырдың 2019 жылы. * Монеты стран СНГ и Балтии * "Көркемсуретті Қазақстан тарихы" төртінші том, Қазақ энциклопедиясы, Алматы, 2007
Қасым хан (1445—1521) — қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Жәнібек ханның ортаншы баласы және Шайбанидтер мемлекетінің ханы Мұхаммед Шайбани ханның бөлесі. Шешесі Жаған-бегім Ханым Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі. ## Өмірбаяны Қасым хан (1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90-жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мәуереннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилер ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты – Ташкенттегі Сүйініш ханға, жалпы Мәуереннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломатикалық жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ атты әскерінің саны 300 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. Қасым хан өз тұсында берік және адал хандардың бірі болды. ## Ұрпақтары Қасым ханның тарихта үш ұлының аты қалған. Олар: Мамаш, Хақназар хандар және Әбілқайыр сұлтан. Мамаш хан Қазақ хандығының тарихындағы аласапыран кезеңде билік етіп, қақтығыс кезінде қаза тапқан. Ал Хақназар хан қазақ халқының тарихында ұлы билеуші ретінде қалғаны белгілі. Әбілқайыр сұлтан Әзірбайджан шахы Исмаилмен болған шайқаста 1511 жылы қаза болған. Ал Қасымның немерелеріне келсек, Мамаш ханның ұрпақтары туралы белгісіз. Әбілқайырдың ұрпағы жоқ. Хақназардың үш ұлы бар олар:Мыңғатай, Дінмұхаммед (Тыным) және Бозғыл. Мыңғатай мен Бозғыл сұлтандар 1579 жылы Ташкент әміршісі Баба сұлтанның қолынан қаза болды.Тыным сұлтан Ташкент уәлаятының әміршісі және Ұлы жүздің ханы болған. Кейбір деректерде Тұрсын Мұхаммед хан сол Дінмұхаммедтің ұрпағы деп айтылады. ## Хандықты басқаруы Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауына дейін, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асты. ## Қасым хан жайында Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан кезінде былай деп жазыпты: Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды. Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді." ## Қасым ханның қасқа жолы «Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар: * Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді; * Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді; * Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты; * Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді. ## Қосымша Бізге белгілі, «Қaсым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғы|жеті жарғысы» осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Қасым «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді. * Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». * Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс». * Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады». * Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады». * Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек». * Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жегеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін'». * Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді». Н.Өсерұлы «Жеті жарғы» Алматы «Жеті жарғы» 1995 жыл ## Қасым хан жазба деректерде Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған қолжазбалардың бірі «Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) деп аталады. Бұл қолжазбаның авторы – Исмаил Хусейни Мараши Табризи. Ол өз ортасына Мир Мулайим Бек деген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘ва» деген лақап аты да белгілі. Аталмыш қолжазба Сефевидтер әулетінің (XVI-XVIII ғасыр) та­рихы мен осы әулеттің көршілес елдермен арадағы қарым-қатынасы туралы сыр шертеді. Бұл қолжазба – 372 парақтан тұратын қомақты еңбек. Беттер саны түгел емес, басында және соңында беттері түсіп қалған. Жазуы «наста‘лиқ» үлгісінде таңбаланған. Қолжазбаның алғашқы бөлімдерінде Сефевидтер әулетінің билікке келу тарихы мен билік құруы туралы әңгіме болады. Ал қолжазбаның соңғы бөлімінде осы әулеттің Орталық Азия хандарымен қарым-қатынасы, олардың бір-бірімен арадағы өзара дипломатиялық қатынасы әңгіме болады. «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының авторы осы еңбекті жазу үшін бірнеше тарихи еңбекке («Раузат ас-сафа», «Тарих-и алам арайи Аббаси», «Хабиб ас-Сийар») сүйенгендігін және сондай-ақ шығарманы жазу барысында ауызша жеткен деректер мен әңгімелерді пайдаланғандығын тілге тиек етеді. «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының бірнеше жерінде Қасым ханның аты аталады. Шығарманың авторы Қасым ханды Дешті Қыпшақтың «ханы» кейде «патшасы» деп, бірнеше жерде атап көрсеткен. Аталмыш қолжазбадағы деректерге сүйенсек, Иран шахтары мен Орталық Азия хандарының арасындағы шиеленіске толы оқиғалар әңгіме болады. Қазақ хандығына қатысты дерек Қасым ханның атымен тығыз байланысты. Автор Дешті Қыпшақ ханы Қасым хан мен Шахи бектің арасындағы тартысты баяндайды. Шахи бек Бұқара ханы Абдолланың немере інісі болып табылады. Оқиға Иран шахы І Исмаилдің Дешті Қыпшақ ханы Қасым ханға хат жазуынан басталады. Ол Қасым ханға жолдаған хатында Шахи бектің өзінің атына арнайы теңге соқтырғанын хабарлап, оған қарсы әрекет қолданбаса, мәселенің бетін алу қиынға соғатынын ескертеді. Қасым хан Иран шахына жазған жауап хатында Шахи бектің атын өшіріп, оның орнына өзінің атын жаздыртып, теңге соқтыруға бұйрық бергендігін хабарлайды. Хаттардағы мәліметтерге қарап, Иран шахтарының Қасым ханмен қатты санасып, мәмілеге жүгініп отырғанын байқаймыз. Мұның барлығы Қасым ханның ресми хан көтерілгеніне дейін болған оқиғалар екендігін ескергеніміз абзал. Қасым ханның есімі таққа отырғанға дейін де танымал болғандығын және саяси сахнада беделі жоғары болғандығын осы қолжазбадағы деректер дәлелдеп береді. Осы уақытқа дейін бұл қолжазба туралы Ч.Стори «Персидская литература» каталогында атап көрсеткен, бірақ ол аталмыш қолжазба туралы атап қана өткен. Жалпы, «Тарих-и Сафавие» деген атпен сақталған қолжазбалар көп, бірақ солардың ішінде аталған нұсқа Орталық Азия елдерінің тарихын зерттеуде құнды дереккөз болып табылады. Қазақ тарихына қатысты қолжазбалардың бірі Тегерандағы Қажы Хусейн Малек атындағы ұлттық кітапханадан табылды. Мұхаммад Тахир Вахид Қазвини жинақтаған Аббас шахтың көрші елдердің патшалары мен хандарына жазған дипломатиялық хаттарының көшірмелері – «Муншаат» жинағында Иран шахтары мен өзбек хандығы арасында жазысқан хаттардың қазақ тарихын зерттеуге қосар үлесі орасан мол. Себебі сол кездегі өзбек хандарының Иран патшаларымен арадағы дипломатиялық хат алмасуларында Хорасан, Самарқанд, Бұқара, Дешті Қыпшақ және Ташкент аймағында орын алған тарихи оқиғалар әңгіме болған. Дәлірек айтқанда, күш алып, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қазақ хандығы туралы өзбек хандары Иран шахтарына жазған хаттарында баяндап отырған. Мысалы, Абдулмумин ханның Аббас шахқа жазған хатында «Дешті Қыпшақты мекендеген қазақтардың саны күннен-күнге артып, күшейіп келе жатыр, осы жайды ескеру керек» деп жазады. ## Жерленуі Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1521 жыл деп көрсетеді. Қадырғали Жалайырдың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Тарихшы А. П. Чулошников Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғасыр басында кұламай аман тұрғанын жазады. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Қасым хан туралы жаңадан табылған дерек(қолжетпейтін сілтеме) * Қасым ханның “Қосқа жолы"
Ауыз уылуы (стоматит) — ауыздың кілегей қабығының қабынуы. Оның бірнеше түрі болады. Олар: ауыз кілегей қабығының жай ғана қызаруы; екіншісі — жас балаларда кездесетін — ауыз кілегей қабығының күлбіреуі; үшіншісі — ауыз ойылуы. Ауыздың кілегей қабығы қатты қабынғанда адамның қызыл иегі қатты ісініп, қанай береді, ұрттың кілегей қабығы қабынғанда тістің батқан ізі көрініп тұрады, сілекей ағады, кейде мүңкіген сасық иіс шығады. Уылудың екінші түрін ауыздың кілегей қабығына стрептококк немесе стафилококк микробы еніп қоздырады. Мұнда кілегей қабықша мен қызыл иектің әр жері күлдіреп ағарады. Адам тағам шайнаудан қалады, көңілі делсалданып, ашуланшақ келеді, аузынан сілекей ағады, дене қызуы 37,2—37,5 ℃ дейін көтеріледі. Ал аузы ойылған, уылған адамның тістерінің түбі ісініп, сұрғылттанады, қызыл иектері жара болады, жақ астындағы бездер шошиды, тамақ ішуі қиындайды. ## Емі Дәрігерге көрініп, күніне 5-6 рет риванол немесе марганец қышқылды ерітіндісімен шайып отыру. Бұлар болмаған күнде сода (көмір қышқылды натрий), бура (бор қышқылды натрий) және фурациллин ерітінділерімен де шаюға болады. Ауызды шайғаннан кейін оның кілегей қабығына метилен көгінің 3 % ерітіндісін жағу қажет. Науқас адамның ішетін асы сұйық не қоймалжың, әрі жылы күйінде, витаминге мол болғаны дұрыс. Кейде пенициллин, стрептомицин сияқты антибиотикті ұзақ ішкенде де ауыз уылуы мүмкін. Бұл жағдайда осы дәрілерді ішуді тоқтатса, аурудың өзінен-өзі қайтуы ғажап емес. ### Халықтық емі Ошағанның (тікенді өсімдік) гүлін күйдіріп, күлін уылған жерге басады.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен. ## Өмірбаяны Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді. ### Кадет корпусы 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған. Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан жорықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады Г.И.Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді. Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ; халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" – деп атайды. Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", – деп жазды. Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады. ## Қызмет жолы Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды.Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат зандары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік зандардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртұрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады. ### Орынбор 1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады. 1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады. Манас - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы" деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады. Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды. Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады. Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді. Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды. Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті. ### Манас дастаны ### Қашғарияға сапары 1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді. Қашғарияға сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды. 1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. ### Өлкетану өрісі Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапар шегіп, Алаша хан мазары, Жұбан ана кесенесі, Аяққамыр күмбезі секілді сәулет ескерткіштеріне сипаттма берген. Ер Едіге, Қойлыбай бақсы, Байғозы, Жаулыбай және Оразымбет (Оразай) батырлар жайлы құнды тарихи деректер қалдырған. ### Шоқан және Достоевский ### Шоқан және Абай Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Еуропа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді. Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық, мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады. Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылады ## Шоқан Уәлиханов шығармалары Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. ### Психологияда қалдырған ізі Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі. Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын "тағы халық" деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді. Ол Шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды", — деп ол түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын өркениеті аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды Шоқан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, — деп жазды ол, — бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады. Ғұлама ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғандығын айтады. Шоқан қазақ халқындағы шамандық ұғымдардың шығу тегін түсіндіргенде де, оның психологиялық жақтарын ашқанда да, материалистік позицияны берік ұстады. Шоқан туған халқының әдет-ғұрпының түрлі жақтарын таңдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Мәселен, осындай кінәраттың бірі барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігі баюдың мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін баса айтты. Ол мұндай "кәсіппен" айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, жан-жүйесі жұғымсыз, ұсқынсыз келеді. Белгілі бір кәсіппен айналысу уақытты, зор ынтаны керек етеді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды сұрқия кәсіптен бойын аулақ салуға шақырып, осынау жексұрын қасиеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, осы жаман әдеттің сайып келгенде қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына кедергі келтіретініне тоқталды. ## Шоқан Уәлиханов атындағы * Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институты ## Библиография * Шоқан Уәлиханов - шығыстанушы, Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев, "Ғылым" баспасы, Алматы, 1985 жыл * Ф.М. Достоеевский и Чокан Валиханов - Ауезов М.О., Москва, 1960 * Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі ## Дереккөздер
Берік Мәжитұлы Имашев (7 маусым, 1960, Алматы) — Қазақстан Республикасы Әділет министрі. ## Қысқаша өмірбаяны * 1982 ж. Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. * Университетті тәмамдағаннан кейін аудандық прокуроратураның тергеушісі * Қазақ КСР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші * аудан прокуроры * Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының басқарма бастығы * Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. * 1994—1997 жж. «Казкоммерцбанк» акционерлік банкінің басқарма төрағасының орынбасары * Мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары * салық полициясы басқармасының бастығы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары. * 1997 ж. мамыр — 1998 ж. сәуір аралығында жеке заң фирмасының басшысы. * 1998—1999 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі * Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы. * 1999—2000 жж. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы. * 2001—2003 жж. «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ президенті. * 2003—2005 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары. * 2005 ж. мамыр — қазан айлары аралығында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасы төрағасының қызметін атқарды. * 2005 ж. қазан айынан 2007 ж. қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. * 12 қаңтар 2007 жылы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. * 2008 жылдың ақпанынан тамызына дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы * 20 наурыз 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Әділет министрі. ## Әскери атағы Әскери атағы - полковник. ## Отбасы * Үйленген. Жұбайы - Адайбекова Ләйлә Мұханбетқызы. * Қыздары - Аида (1984 жылы туған), Әдия (1999 жылы туған); * ұлы - Әлжан (1987 жылы туған). ## Марапаттары * «Құрмет» ордені (2005) * Ю. Семенов атындағы Халықаралық қордың «Детектив және саясат» сыйлығы (1990 ж.) * екі медальмен марапатталған. ## Дереккөздер
Храпунов, Виктор Вячеславович — ## Қысқаша өмірбаяны 1948 жылы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Предгорное ауылында туған. 1970 ж. — Өскемен индустриалды техникумын (техник — жылу-технигі). 1977 ж. — Алматы энергетика институтын (инженер-электрик). Алматы Жоғары партия мектебін саясаттанушы мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Алматы жылу электр орталығының кезекші слесарь, жөндеу жөніндегі слесарі, шебер болудан бастаған. Алматы жылу электр орталығы өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженер-технологы, жабдықтарды жөндеу жөніндегі қазандық цехы бастығының орынбасары, құбырлар цехының бастығы, ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі, ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрі қызметтерін атқарған. 1997 ж. 2004 ж. желтоқсанына дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. 2004 ж. желтоқсанынан Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2007 ж. қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі. 2007 ж. қарашаның 1 Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың жер ұйымдастыруда өткізілген кемшіліктерге байланысты ұсынысымен мемлекет басшысы жарлығымен Виктор Вячеславович Храпунов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды. ## Дереккөздер
Сүндеттеу, Сүндет (араб.: ختان‎ — сұннат) — медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. Circumcisio — дөңгелете кесу) деп аталады. Сүндет – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сүндет әуел баста араб халқының әдет-ғұрпы болатын. Сүндет мәселесі Құранда баяндалмағанымен, көне араб поэзиясы мен хадистерде айтылған. Сүндет Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықтарында ерекше маңызға ие болды. Меккеде ер балалар 3 – 7 жастарында сүндетке отырғызылды. Бұл ғұрып“таһар” деп аталады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпен серуендетеді. Мысырда ұл баланы 5-6 жасында сүндеттейді. Сүндетке отырғызатын адамды ерекше құрметтейді. Қазақ халқында сүндеттеуді қожа-молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші-қолаңға қонақасы беріліп, құран оқытылады. ## Тарихы Оның тарихына қарасақ, б.э.д. 2500 жж. ежелгі Мысыр елінде кең қолданылғандығын көреміз. Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттерінің Каир мұражайында сақталғандығы осының айғағы. Тіпті, ол көптеген Африка елдерінде де баланың есею нышаны ретінде қалыптасқан. ## Сүндеттеу тәсілдері Мыңдаған жылдардан бергі құрал саймандардың өзгергені секілді, сүндеттеу тәсілдері де уақыт талабына сай өзгеріп отырған. Сүндеттеу тәсілдерінің ең негізгілері мыналар: * Еркін әдіс (ағылш. free hand): хирургтардың новокайн арқылы жансыздандырып, арнайы аспаппен сүндетке отырғызуы, тамырлардың тігілуі. Бұны «классикалық әдіс» деп те атауға болады. * Дәстүрлі әдіс: дін мамандарының өткір ұстарамен кесіп, жараға таза күлді кесемен төңкеріп жасайтын әдіс. Бұл сүндеттеудің бұрыннан кең тараған түрі. * Арнайы құрал пайдалану; сүндетке отырғызуға медицина мамандары араласқалы бері оған «Gomco Clamp» пен «PlastiBell» (қоңырау) секілді арнайы құралдар ойлап табылды. Алайда, балаға бір апта көлемінде тағылып, ұшын байлап, терінің өз бетінше түсіп қалуын қамтамасыз ететін бұл қыстырма құралдар аса тиімді деп есептелмеуде. Бұдан бөлек, электр құралын пайдалану арқылы косметикалық әсермен қанатпай жасалатын басқа да сүндеттеу тәсілдері баршылық. ## Жақтау мен сынау Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша ер адамдардың алтыда бір бөлігі сүндетке отырады екен. Соңғы статистика бойынша, әсіресе, солтүстік Америкада профилактикалық әрі гигиеналық мақсатта жас балалардың тоқсан пайызы сүндеттеледі. Әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді бірқатар мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу бүгінгі күні қалыпты үрдіске айналған. Сүндеттеуге Викторияндық кезеңде көңіл бөле бастаған ағылшын тілді бұл елдерде 20 ғ. алғашқы жартысында сүндетке отырғызу жақтаушылармен қатар Дэвид Голлахер секілді оған қарсы шығушылар да бар. Қарсы шығушылар пікірлері бойынша: сүндет мұсылмандар мен еврейлерге ғана тән діни міндет, өзге дін өкілдеріне қатысы жоқ. Ол гигиена сақтау қиынға соғатын ыстық аймақтарда қолданылған. Бүгінгідей гигиенаны сақтау мүмкіндіктері жоғары кезде оның қажеті жоқ. Ол құмарлықты тежейді. Балаға ауыр тиеді АҚШ тың педиатрлық академиясы 1989 жылы осы мәселеге орай жаңа туған нәрестелерге арналған ауыртпайтын әрі қауіпсіз препарат табылғандығын ресми мәлімдеді. Бүгінгі күні Вашингтонның Балалар емханасының медициналық орталығында (Childrens Hospital Medical Center) ата-аналардың қадағалауымен жаңа туған балаларға жасалатын барлық хирургиялық операциялар кезінде ауруды басатын анестезия пайдаланылуда. Сондай-ақ, бұл педиатрлық академия 1999 жылы сүндеттің медициналық тұрғыдан пайдалы екендігін жариялаумен қатар, баланы сүндетке отырғызу, отырғызбау мәселесін ата аналардың өздері шешкені мақұл деп тапты. Бұған қоса, сүндеттеуде қалыптасқан діни, мәдени, эстетикалық көзқарастармен де санасу керектігін ескертті. 2000 жылғы баяндамасында Американың медициналық ассоцациясы (Аmerican Medical Association AMA) сүндеттеудің несеп қуық жолдарын сирек кездесетін қатерлі, жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтындығын мәлімдеді. Американың акушер және гинекология академиясы да (American Academy of Obstetricians and Gynecologists ACOG) Педиатрлық академия мен медициналық ассоцацияның мәлімдемелерін мақұлдап, сүндеттеуге ескішілдіктің сарқыншағы ретінде қарауға ешқандай да медициналық негіз жоқ екендігін жариялады. Көптеген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынандай пайдалары бар екенін дәлелдеді: * Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады; * Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары; * Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары; зерттеуші ғалымдар бұған қызықты дәлелдер келтірген. Айталық, балалардың небәрі он немесе отыз пайызы сүндеттелетін Кения, Замбия сияқты елдерде жыныстық жұқпалы ауруға шалдыққандар жергілікті тұрғындардың төрттен бірін құраған. Ал, Бенин және Камерун секілді шамамен әр бала сүндеттелетін Африка елдерінде жұқпалы ауруларға шалдыққандар тұтас алғанда алты-ақ пайыздан аспаған. Аустриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық ашты. Олар «СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер» екендігін дәлелдеді. Өйткені, СПИД вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұш қабатын зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым алса, қабыну қаупі өте тез жүріледі екен. * Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін мойындауда; * Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафилокк (іріңді микроб), гонорей (жыныстық жіңішке ауруы) микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса керекті. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл ойнайды. * Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады. ## Дүние мәдиенеттерінде ### Еврейлерде Көне заманда еврейлер таңғы құлшылықтарын жасағаннан кейін барып, синагогта сүндеттеу рәсіміне кірісетін болған. Бұл күн оларда ерекше қуанышты синагог мерекесіне баланған. Оны әдебиеттерінен де көруге болады. Кейіндеп бұл дәстүр израил қауымына тән он өкілдің қатысуымен жеке үйлерде де атқарыла тек раввиннің қатысуы жеткілікті саналады. ### Мұсылмандарда Ислам дінінде сүндеттелу өте үлкен мәнге ие. Өйткені, ол үмбеті ретінде Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) ісін қайталауға, яғни сүннет амалын жасауға жатады. Дәлел Әбу Хұрайра жеткізген Пайғамбарымыздың хадисі. Хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ қысқарту аталған. Қазақтарда Қазақ халқы мұсылмандықты тілінен бұрын дініне енгізген. Мысалы, отағасы ұл баласы жеті жасқа толысымен сүндетке отырғызуды өзінің міндеті санаған. Бала туғанда жасалатын «шілдехана», «бесік тойдан» кейінгі үлкен той осы «сүндет той». Ауқатты адамдар ондайда ат шаптырып, балуан күрестіріп, үлкен думан жасаған. ## Сүндет тойда орындалатын қазақи салт-дәстүрлер ### Сүндет тойды өткізетін күнді белгілеу Қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын бес, жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алдын-ала белгіленеді. ### Қонақтарды тойға шақыру Сүндет тойға ғана тән өзіндік ерекшелік - тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Айшықты тарланбозға сәнді киенген бір бозбала мен құйрығын шарт түйіп, жорға мінген сүндет бала көпшілікті тойға шақырады. Оның бауырсақ пен кәмпит толтырылған қоржынынан ат басын тіреген үй иесі дәм татады да түсті матаны жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды. ### Сәрсенбі күні баланы сүндетке отырғызу Сәрсенбінің сәтті күні баланы сүндетке отырғызады. Тойға келген адамдар "сүндетің қабыл болсын!" деп, баланың айналасына жеміс-жидек пен тәтті дәмдер толтырылады.
Хадей (Азой, Катархей, Приской) — Жер тарихындағы бір эонның бейресми атауы. Хадей Жердің құрылған уақытынан басталып архейдің басталған кезіне дейін созылады. ## Түсініктемелер
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы. ## Шыққан тегі мен жас кезі 1711 жылы Көркем Уәлидің отбасында Түркістан қаласында дүниеге келген. Азан шақырған есімі – Әбілмансұр. Әбілмансұр Жошы ханның ұрпағы, төре тұқымынан тарайды. Оның шежіресі келесідей: Шыңғыс хан — Жошы хан — Ұрыс хан — Барақ хан — Әз-Жәнібек хан — Жәдік сұлтан — Шығай хан — Есім хан — Салқам Жәңгір хан — Уәли (Уәлибақы) сұлтан — Қанішер Абылай — Көркем Уәли сұлтан — Әбілмансұр. ### Сабалақ 12 жасында әкесі Көркем Уәли жоңғар қонтайшысы Цэван-Рабдан шабуылынан қаза табады. Әбілмансұрдың шыққан тегін жақсы білген Төле би оған өз түйесін баққызып, оны аман сақтап қалу үшін "Сабалақ" деп атап кетеді. Кей деректе Сабалақ туысы Әбілмәмбет сұлтанның жылқысын да баққан дейді. Төле би Әбілмансұрға салихалы тәрбие беріп, оның тұлға болып қалыптасуына ықпал етті. 15 жасынан бастап жоңғарларға қарсы күреске қатыса бастайды. Сұлтанның бойы орталау, күші ерекше мықты болған. Замандастары жас сұлтанның батыл, ержүрек және епті болғанын атап өтеді. ### Абылай атануы Әбілмансұрдың атасы Абылай Уәлибақыұлы жекпе-жекке шыққанда ешқашан жеңілмейтін, жауының оған шамасы келмейтін. Сондықтан ел арасына оны Қанішер Абылай деп атап кеткен. Қанішер Абылайдың немересі Әбілмансұр 20 жасында ел ішінде кеңінен таныла бастады. Ер жеткен Сабалақ Әбілмәмбет ханның жасағына қатысып жүрген екен. 1733 жылы жоңғардың көрнекті қолбасшысы Шырыш батырмен (жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің ұлы) жекпе-жекке шыққанда рухты бабасының атын "Абылай! Абылай!" деп ұрандатып, қарсыласын жеңіп шығады. Жекпе-жекте жеңіске жеткен жас сарбазды халық ұран еткен Абылай есімімен атай бастайды. Бұл ерлігі үшін халық Абылайды өте құрметтейді екен. Сөйтіп Абылайға Арғынның Атығай руын басқаруға сайлапты. 1749 жылға таман Абылайға тек Атығай ғана емес, Арғынның бүкіл жеті руы, оған қоса Керейлер, Уақтар және Қыпшақтардың бір бөлігі бағына бастайды. ## Жоңғарларға қарсы күресі 1734 жылы Орта жүзді басқарып келген Сәмеке хан дүниеден өтіп, оның орнына хан болып Әбілмәмбет сайланды, ал Әбілмәмбеттің қолбасшысы болып Абылай бекітілді. 1739 жылы жоңғарлар Цинь империясымен бітім туралы келісімге келіп, бүкіл күшін батыста тұрған қазақтарға жұмсай бастайды. Осыдан қауіптенген Абылай 1740 жылы Әбілмәмбет хан екеуі бастаған 120 сұлтанмен бірге Орынборға келіп, Ресей боданын қабылдайды. Жоңғарларға қарсы соғыста Ресейден көмек болар деген Абылайдың үміті ақталмады. 1741 жылы жоңғарлар қазақтарға жаңа жорық бастап кірді де, Абылайды тұтқындады. Абылайдың тұтқынға түскенін білген қазақ оны тұтқыннан босатудың амалын ойластыра бастады. 1742 жылы Төле би бастаған қазақтың 90 беделді азаматы мен майор Миллер елшілігі келіссөз жүргізіп, ақырында 1743 жылы бітімге келеді. Осы істе майор Миллер жоңғарларды үркітумен ғана шектеліп, нақты әрекетті қолға алмады. 1743 жылғы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Қалдан Серен қайтыс болғаннан соң, жоңғарлар арасында билік үшін талас басталады. Абылай бастаған қазақ сұлтандары бұл таласты тиімді пайдаланып, жоңғарларды әлсірету арқылы қазақтың оңтүстік және шығыс жерлерінен азат етіп алған. ## Хан тұсындағы сыртқы саясат Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 жылғы тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 жылы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 жылғы тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бойынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті. Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 1967 жылдары Абылай хан қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 жылы Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай хан бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды. ## Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегі Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді. Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатынан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік. Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді. Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген генерал-губернатор Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары талап етіп босатып алды дейді. Мен танысқан хаттарға сүйеніп, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп - шын мәнінде оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті. 1742 жылы 18 мамырдағы Гладышевтің хабарында былай делініпті: «Қырғыз-қайсақтар әңгімелерінде Ақшораның жоңғарларға келгенін айтып отырды. Қырғыз-қайсақтың иесі Абылай сұлтанды жоңғарлардың қожасы Қалдан Серен тұтқында ұстап, оның аяқ-қолына кісен салыпты. Ақшора келген соң кісендерді алып, Ақшораның адамдарын кісендепті. Ақшора кеткеннен кейін Абылайдың аяқ қолындағы кісендерді алып тастап, Абылайдың інісін қырғыз-қайсақ еліне қайтарды. Ақшораны қалмақтың үш адамымен жіберді. Егер де 10 отбасын және Қарасақалды әкеліп берсе, сонда ғана жоңғарлықтар тұтқындарды қайтарамыз» дейді. Ақшора және үш қалмақ қырғыз-қай­сақтардан әлі қайтып келмеді». 1744 жылғы 23 қаңтардағы Кирилловтың хатында: «...Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онымен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде оларды (30 қыркүйекте) өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда қоңтайшыларда көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды. Қалдан Серен қайсақтармен бейбітшілікте». Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары, билері де онымен санасты. Ол Ресейден қол үзген жоқ. Бірақ губернаторларға бас иген емес. Оларды өзінен ара қашықтықта ұстады. Абылай хан Орынборға 1740 жылы барғаннан кейін губернаторлардың оған өздеріне келіп кетуін сұраған бірнеше шақыруларын қабылдамады. Кейбір тарихшылар Абылайдың тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады, оған міндетті болды дегендей ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Ресейге тәуелді болған жоқ. Міне, осындай хаттың бірін 1745 жылы 16 сәуірде Орынбордан губернатор, құпия кеңесші Иван Неплюев Абылай сұлтанға жіберіпті: «...Біз сізден көптен хабар ала алған жоқпыз, көп уақыт өткендігі себепті сізден өткен кездер туралы хабарларды естігеніміз дұрыс болар еді. Сіздің және қол астыңыздағылардың бір белгісі болсын. Егер мүмкіндігіңіз болса, уақыт тауып, сіз маған келсеңіз, маған ұнаған болар еді. Мен осы алдағы күзге дейін басқа жаққа баруыма байланысты орнымда болмауым мүмкін. Екеуміз кездесіп, бетпе-бет әңгімелесіп көп жағдайларға кеңескеніміз дұрыс болар еді. ...Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адам­дарыңыз бен малдарыңыздың біразы қайтарылды. Басқасына ол генерал күш салып көмектесемін деп сенім білдірді», депті. 1745 жылы 7 мамырда жүзбасы Яков Ерофеев арқылы полковник Павлуцкийге Абылай хан мынадай хат жіберіпті: «Сіздің маған жіберген хатыңыздан естіп отырмын: «Бізге денсаушылық тілей отырып, біздің қол астымызда жаулап алды деген жылқылар және тұтқындар бар депсіз». Ондай жағдай болған жоқ. Тұтқында ешкім жоқ. Егер ондай болса, онда қандай одақтастық болады. Өткен жылы сіздің адамдар 42 адамды тұтқынға алды. 24 адам, 1300 жылқыны, 13 байдың үй-мүліктерінен 382 жылқыны бізге қайтарды. Енді 918-і сіздерде қалды». Бұл хаттағы: «Онда қандай одақтастық болады», деген сөзге көңіл бөлу керек. Ол - Абылай Ресейге берген сертін одақтастық деп түсінетіні. 1760 жылы 16 сәуірде Орынбор губерниясының кеңсесінен құпия экспедиция арқылы Орынбор гарнизонының жаяу әскер полкының поручигі, князь Иван Ораков, тілмаш Яков Гуляев Абылайды іздеп, бес күн жүріп старшын Байжігіттің ауылына келеді. Абылай осы жерден 3-4 шақырым жерде қоныстанған екен. Көкшетауға, Әулие Петр қамалына жазда бармақшы. Ораков пен Гуляев әдептілік, сыпайылық көрсетіп, Абылай сұлтанды тағы да Орынборға, тіпті болмаса Троицкіге келуді қиылып сұрайды. Оған Абылай: «Қашқария қырғыздары Айходжа және Күнходжа Жаркент қалаларына шабуыл дайындап жатыр. Бұл жердегі халықтар Ташкент, Түркістан, Бұқараға көпестер және таможнялықтармен еріп көшіп жатыр. Ол жерге көмек көрсетуіміз қажет. Сол себепті Орынборға баруға уақытым жоқ», деп жауап беріпті. Абылай осылайша үш (Ресей, Жоңғар, Қытай) алып мемлекеттердің ор­тасында дипломатиялық шеберлікпен Қазақ елінің бостандығын сақтай білді. Қазақ халқының аса көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев «Батыр Баянда» Абы­­лайдың саясаткерлігін былай суреттепті: «Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ. Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау Сол кезде елге қорған болған Абылай, Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап». 1759 жылы (қор 122, «Қырғыз-қайсақ ісі», тізім 1, іс 3) Орынбордың губерна­торы, құпия кеңесші Давыдовқа және генерал-майор Тевкелевке, Сібір губерна­торындағы әскери қолбасшы Брегадир Фрауендорфқа император ханымның канцлері граф Воронцовтың жолдаған хатында Абылай ханның өміріндегі тағы бір қырлар ашып беріліпті. Онда Абылай ханның Ресейдің губернаторларына, тіпті ханымға, канцлерге де бас имейтіні хабарланған. Бірнеше рет өздеріне келіп жолығуын 1743 жылдан бері сұраса да бармағанын, оның үстіне олардың алдына өзінің талаптарын табанды түрде қойып, оның орындалуын міндеттегеніне көз жеткіземіз. Хаттың 74-бетінде былай депті: «...Сіз биылғы жылғы 15 наурыздағы хабарламаңызда тағы да ұсыныс жазыпсыз. Онда Абылай сұлтанды жақсырақ өзімізге тарту мақсатымен еркелетуді және Орынборда көбірек марапаттауды талап етіпсіз. Мұндай жалақы үшін ол одан әрі беріліп қызмет етуге міндетті. Оны жоғалтпас үшін, біздің жағымызды қолдауы үшін, тіпті болмаса ашық қарсы шықпаса да бүгінгі қытайлықтардың тырысып отырғанына беріліп кетпей, өз жағымызға шығару керек. Біздің жақтан да оны еркелетуіміз қажет. Онымен жеке хат жазысып тұрыңыздар. Ол өте пайдалы. Абылай сұлтанға император - ақ патша ханым­ның атынан биылғы 1759 жылдың басынан бастап жалақы төлеуі дұрыс. Орынбордың шет ел шығыны есебінен қырғыз-қайсақтардың Кіші Ордасының Нұралы ханының жалақысын азайтып, әрқайсысына 600 рубльден жалақы берілсін. Оларда реніш болмау үшін жылына 300 рубльден тағайындау керек. Оның үстіне 100 рубль басқа қырғыздарға берілмей, Абылай сұлтанның өзінің пайдалануына беріледі. Өйткені, бізге белгілі, ол өзінің 200 рублімен қырғыз-қайсақтың салты бойынша жергілікті старшындарымен бөліседі. Екінші, Абылай сұлтанның басқа ұсыныстарын алсақ, ол Ресейдің шекаралық командирлеріне өкпелі, сондай-ақ башқұрттарға және белгілі Ноян Шерендеге. Ол қырғыз-қайсақтардың жауы көп, жылқыларын алып кеткен. Сондай-ақ қа­сиетті шоқынуға барғандар туралы айтыпты, олардың басым көпшілігі өз еріктерімен шоқынуға барған жоқ. ...Абылай сұлтан қойған мәселелерді шешу және Ноян Шереннің ұстап отыр­ған адамдарын, жылқыларын да қайтарып беру мүмкіндігіне сенемін. Абылай жанжал шығарады. Оның арызы бойынша Сібір командирлерін тыныштандыру керек. Үшінші, Абылай сұлтан қойған мәселелерін шешу үшін қабылданған жарлықты нақты орындайық. Абылай сұлтан кейбір жағдайға сенбеуі мүмкін. Оның талаптары толығымен орындалған жоқ». Міне, көріп отырсыздар Санкт-Петербургтен канцлер Воронцов Абылайдың талаптарын орындау қажеттігіне қатты көңіл бөлген. Бұл Абылай сұлтанның беделі жоғары екенін, өзін Ресейге бағыныштымын деп мойындамайтынын дәлелдейді. Осы хаттың жалғасында және былай депті: «...Абылай бүкіл Орта Ордада ең басты қожасы болып есептеледі, оның үстіне ол басқалардан гөрі әлдеқайда зерек (түсінгіш), әрі икемді (епті), оны нағыз хан жасау керек. Жергілікті халық Орта Орданың Әбілмәмбет ханның мыса­лындай жарлықсыз хан сайламасын. Оған қарсы тұру өте қиын. Өйткені, ісіне қарап әр жерде бүгінде Абылайды хан деп атайды». Өздеріңіз байқап отырғандай, Абылайды халық әдейілеп сайламаса да оны «хан» деп есептейтіні құзыреттілерге де жеткен. Абылай ханның ғажап дипломат екендігі қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін ерекше белгілі болды. Жоңғарлардың ханы Қалдан Серен өлген соң оның балалары таққа таласып, бірін-бірі өлтірді. Ең соңында күңнен туған ұлы Лама Дорчжи қулық-сұмдық жолмен тақты басып алды. Оның Даваци, Амурсана атты інілері Абылай ханның ордасына қашып келді. Осы кезде Әбілмәмбет хан, атақты Малайсары билер Абылайға қысым жасап, ол екеуі Лама Дорчжиге қайтарып беруді талап етті. Бұл Абылай ханның ел басқарып жүргендегі өте ауыр кезеңі еді. Ауыр сыннан шығу кезіндегі Абылайдың табандылығын, тапқырлығын, жігерлілігін көрсететін деректерді Санкт-Петербургтің орталық кітапханасынан алған В.В.Вельяминов-Зерновтың: «Тарихи хабарлама. Қырғыз-қайсақтар туралы және Әбілқайыр хан өлгеннен кейінгі Ресейдің Орта Азиямен қарым-қатынасы» атты кітабында жақсы көрсетілген. Онда былай деген: «Лама Дорчжи 1750 жылы мамыр айында өкіметті өз қолына басып алды. Бір інісін соқыр қылып, жер аударды. Бадемирдің бес ұлын тұншықтырып, өлтірді. Одан басқа да көптеген туыстарын сол әдіспен құртты. Ұрыс-керіс және келіспеушіліктер тез арада оның сөзсіз құритындығының белгісі еді. Мемлекет үшке бөлінді. Бір бөлігі Лама Дорчжиге қалды. Екіншісі Қытайға көшті, үшіншісі Сібірге, Ертіс өзеніне қарай ығысты. Енді елдің иесі жауыздықтың жаңа түрін қолдануға көшті. Даваци ең жақын таққа таласатын ізбасар болғандықтан, оны бақталас деп есептеп тұншықтырып өлтірмекші болды. Оған мазасызданған Даваци өзінің жиендерімен, Амурсана мен Сібір шекарасына кетуді ойлады да Орта Орданың қырғыздарына қашып барды. Даваци екі адамын Абылай сұлтанға жіберді. Одан рұқсат талап етті. Осы жерде қалайын ба, жоқ басқа жаққа барайын ба?» - деді.Осы екі арада айлакер Абылай сақтық шарасын қолданып үлгерген болатын». Міне, Абылай осылай болмаса, Абылай бола ма? 1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде (1,0 млн.қал­мақтарды қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауыттарды қырды (бас­қарған батырлар: Арғын - Атығай - Күлеке батыр - 2000 сарбазбен; Керей Мер­ген батыр - 2000 сарбазбен, Көкжал Барақ батыр (Найман) - 2000 сарбазбен; Абылай сұлтан - 2000 сарбазбен; Қаракерей Қабанбай|Қаракерей Қабанбай батыр - 2000 сарбазбен), қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап, қазақ жеріне құлдыққа таратты. 1760-1764 жылдар аралығында Қабанбай батырды Абылай сұлтан Зенгор жеріне бас қолбасшы етіп тағайындады. Қабанбай ба­тыр Қаракерей наймандарды, Төлеңгіт Райымбек батыр (Албан Райымбекпен шатастырмайық) Уақ, Керейлерді Зенгор жеріне көшірді. Бұл тек қана Абылай сұлтанның талабымен іске асты (қор 1, тізбе 1, іс 88, 1760 жыл, Омбы мұрағаты). 1760 жылы 20 мамырда князь поручик Иван Ораков генерал-майор және Сібірдің шекаралық әскери бас командирі Иван Иовемарнға жазған хатында былай депті: «19 ақпан күні Абылай сұлтанның төлеңгіт қырғызы Райымбек былай деді: «Өткен күзде Абылай сұлтан өз атынан мені Орданың Қаракерей Найман руына жіберді. Олар Звенигорск қамалының жанында Қарата атты жайлаудағы көштермен бірге жүр». Кейін қайтар кезде сол рудың бас старшыны Қабанбай Абылай сұлтанның атынан Райымбекке бұйрық береді. Ол Райымбекке өзінің ұлыстарын түгелімен алдағы жазда Зенгор хандығының жеріне көшуін, ондағы Зенгор ханы Қалдан Серен Урғаның тұрған жеріне барып тұруын бұйырды». Абылай ханның батыл әрі ғажап қимылынан кейін Орск бағытының қолбас­шысы, полковник Родестен генерал-майор Фонвейнмарнға 1760 жылы 22 қыркүйекте (№315) мынадай баянат келіпті: «...20 шілдедегі хатты Абылайға оқып берген. Онда Зенгордан Тарбағатайға де­йінгі жерлер Барабы татарларының жері, Уранхаевтардың қонысы деген. Абы­­лай: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі», - деп жауап береді. Жер дауын шешу үшін Абылай өзі шілдеде барып қайтамын, содан кейін жауабын генерал-майорға жазамын дейді. Поручик Гуляев Абылаймен кездескені туралы жоғарыдағы хатын былай жалғапты: ... «Абылай мені 22-сі күні жібермекші болды. Мен жердің алыстығына бай­ланысты өтірік ауырған болып, бармай қалдым. Қытайдың елшісі келе жат­қанын да естідім. Абылай: «Олармен таяу арада кездесе алмаймын. Уақытым жоқ», - депті. Аз уақыт өткен соң, 23-і күні Қытай елшісі Абылайдың ордасына 30 адаммен келді. Олар Абылайға кісі жіберіп, бүгін кездесуді талап етеді. Абылайдан сескеніп, басқа қырғыздар да (қазақ - Б.Н.) кездескілері келмепті. Қытайлықтар қырғыздардың аудармашысына риза болмай, хатты бермей, тек ауызша ғана өз талабын айтады. Абылай мен Жолбарыс сұлтан парсы тілі араласқан қалмақ тілінде жазылған хатты түсінбейді. «Қырғыздар уранхай және торғауыттардың жерлерін басып алған. Олардың тұтқындағы адамдары мен малдарын қайтарып беруге уәде беріңдер», - депті қытайлықтар хатында. Егер қайтармасаңдар, әскер жіберемін деп қорқытыпты. Олар Абылайды сыйлағандықтан ғана жіберген жоқпыз деді. Міне, осындай жүздеген хаттар мұрағаттарда жатыр. Бұл сол заманның дипломатиясы. 1738-1781 жылдар арасында Қызылжар, Көкшетау, Кереку, Зайсан, Семей, Өскемен, тағы басқа да солтүстік, шығыс шекараларын қорғап, еліміздің бүгінгі күнге жетуін қамтамасыз етіп, оңтүстікте Төле би, Шапырашты Наурызбайдың сарбаздарымен қарым-қатынаста болып, оларға да қорған бола білгендігін дәлелдейтін хаттар бар. Абылай бастап барған жорықтар туралы да құжаттар жеткілікті. Әбілқайыр тірі тұрған кезінде Абылаймен қарым-қатынас жасаған. Әбілқайырды өлтіргенде оның балаларын аман алып қалған Абылай сұлтан. Ол туралы Әбілқайырдың зайыбы Бопай ханымның канцлерге, генерал-губернаторға жазған хаттарында: «Абылай сұлтанға көп рахмет. Балаларымды ажалдан құтқарды», депті. Абылай хан айтқандарына көнбеген соң Сібірдің губернаторы Саймоновтың Сыртқы істер мемлекеттік коллегиясына 1763 жылы 5 ақпанда, сондай-ақ 1764 жылы генерал-майор Фонфрауендорфтың жазған хаттарында Абылай сұлтанның абыройын төгіп, жамандап канцлерге жазыпты. Онда: «Абылай сұлтан бірде-бір руды басқармаған, халықтың арасында абыройы жоқ», деп, екіншісі «қытайларға жалтақтық жасады» депті. Осы хаттарды оқыған бірен-саран «тарихшы-жазушыларымыз» Абылай хан туралы алыпқашпа әңгіме айтып жүр... Абылай ханның Ресейге тәуелді болмай, олармен тең дәрежедегі одақтас мемлекеттің ханымын дегенін дәлелдейтін тағы да генерал-поручик Иван Деколонгке, одан кейін генерал-поручик және губернатор Иван Реннедорфке жазған (1772 жылы 19 қыркүйекте) хатын мысалға келтірейік: «...Генерал мырза, сізге айтарым, біздің Орда сіздің Ресейдей емес, өте шашыраңқы жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау тез арада қолдан келмейді. Жеріміз өте үлкен. Сол себепті кімнің қайда көшіп жүргенін білу мүмкін емес. Қытайдың Богдо ханына мен өз талабымды айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса да егер бізге қарсы шықса немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тұра аламыз». Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ, ол ешуақытта көмек беруге дайын еместігін білдірді. Осыған байланысты, егер де бізге біреулер көз алартып, соғыс ашу қаупі бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы туралы импе­раторға жеткізіп, маған жауабын хабарласаңыз. Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 әскери адамдарды уақытша беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек. Ұрыларды ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге келуіміз керек. Мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. Бес күн ұрылармен бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін жіберемін. Содан кейін оларды қару-жарақтарымен, киімдерімен өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой. Әскер берсеңіздер де, бермесеңіздер де маған хабар беріңіздер. Соңында сізге көп жыл денсаушылық тілеуші - Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын». ## Отбасы Абылай көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты нығайту үшін ел билеушілерінің, ауқатты кісілердің қызын алған. Одан былай, қазақ сұлтандарымен, қожаларымен, рубасыларымен қыз алысып отырған. Ұрпағы Шоқан Уәлиханов дерегі бойынша, Абылай ханның 12 әйелі, 40 қызы мен 30 ұлы болған. * Бәйбішесі Қарашаш ханым – Әбілқайыр ханның қызы. Одан екі қыз туады. Біреуі Орта жүзді билеген Дайыр ханға, екіншісі Құдайменде сұлтанға (Қоңырқұлжа Құдаймендиннің әкесі) тұрмысқа тиген. * Екінші әйелі Сайман ханым – қарақалпақ бегі Сағындық-Шұбақбайдың қызы. Одан Уәли хан туады. * Үшінші әйелі Бабақ ханым – Қашқар бегі Сарт Кенженің қызы. * Төртінші әйелі – қожадан шыққан, қырғыз әулиесі Сарғалдақтың әпкесі. * Бесінші әйелі Тобышай немесе Түбіш – қалмақ кінәзі Хошу мергеннің (Қалдан Сереннің туысы) қызы. * Алтыншы әйелі Тоқта ханым – қалмақ ноянының қызы. * Жетінші әйелі Татыш ханым – қырғыздарға шыққан жорығынан әкелген олжасы еді. Одан 2 қыз туады. Біреуі Тәуке ханның ұлы Тұрсынға ұзатылған. * Сегізінші әйелі Өрес ханым – қалмақтан әкелген Абылайдың олжасы. Жұрт оны Сұлу деп атап кеткен. * Тоғызыншы әйелі – Тұлақ ханым. * Оныншы әйелі – Сайын-Көбен. * Он бірінші әйелі – Шаған ханым. * Он екінші әйелі – Мұңтұм. Соңғы төрт әйелі қалмақ қыздары, олардан ұрпақ болмаған. Тоғызыншы әйелі Сайман ханымның көмекшісі, ал оныншы әйелі Қарашаш ханымның әйелі еді. ## Тарихи жыр Абылай хан - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз. Жыр Абылайдың балалык шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын коркем баяндап, соңын Абылайдың өлімімен аяқтайды. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нактылы өмірде болған. Жыр Шыңжаң тұрғыны Шерияздан Сүлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдын "Ұлттар" баспасынан жарық көрген 4 томында (1985), одан кейін "Абылай хан" атты кітапта (А., 1993), "Казак халык әдебиеті" көптомдығының 1- ші томында (1995) жарияланды. ## Сыртқы сілтемелер * Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!» * Абылай хан Мұрағатталған 17 тамыздың 2011 жылы. * Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешені, Петропавл қ. * Абылай ханның 300 жылдығы ## Дереккөздер
Жошы хан (1187-1227 жылдары) – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. ## Дүниеге келгені Шешесі — қоңырат тайпасының қызы Бөрте. Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан әйелін Керей хандығының билеушісі Тұғырыл ханның көмегімен тұтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның ұлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді. ## Қолбасшы Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды. * 1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады. Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады. * 1218 жылы Жошы жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттерді қуа отырып, Ырғыз озенінің бойында Хорезм шаһы Мухаммедтің алпыс мың әскерімен шайқасады. Жошы өзінің шебер қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мухаммед шаһ әскерлері Жошыға қарсы соғыс әрекеттерінен бас тартты. Осы шайқастан кейін Жошы Жетісудағы барлық қалаларды өзіне бағындырды. * 1220-1222 жылдар аралығында Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент тағы басқа қалаларды бағындырды. Осылайша ол Хорезм мемлекетін толығымен жаулап алды. * 1223 жылы әкесінің ұйымдастыруымен өткен Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатынасты. Осы құрылтайда Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған ұланғайыр өлкені үлкен әйелі Бөртеден туған төрт ұлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, "моңғол атының тұяғы жеткен" төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты. ## Құрылтай Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкесінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады. Құрылтай аяқталғаннан кейін Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде Жошы ілеспей өз ордасында қалып қояды. Жошы ұлысының негізін бұрын Дешті Қыпшаққа кірген түркі тілдес тайпалар құрады.Омаровский жерінде өз атасын өлтірді. Кедей баласын алып өзенге лақтырды. 1243 жылы қайтыс болды. ## Қыпшақтармен қарым-қатынасы Шешесі Бөрте қоңырат қызы болғандықтан, ол өз қол астындағылармен өте жақын қарым-қатынаста болды. Жошы бірінші болып тәуелсіз мемлекет құруға ашық түрде ұмтылды. Ал бұл саясат әке мен бала арасында араздық тууына себепкер болды.Сол заманда өмір сүрген шығыс тарихшыларының айтуынша, Жошы күш-қайраты мол, ержүрек, өткір адам болған. Баласының ақылдылығы мен ерекше батылдығынан Шыңғыс ханның өзі де сескенген. Жужани өзінің 1260 жылы жазылған "Табанат-и-Насири" тарихнамасында былай дейді: "Жошы қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша, ол Хорезмде моңғолдарға қандай да бір қыпшақ баласының маңдайынан шерткізбейді." ## Қайтыс болуы Өзінің пікірлес адамдарына: "Шыңғыс қаған, сірә алжыған, өйткені осынша жерді ойрандап, мұншама халықты қырғынға ұшыратты. Сондықтан мен аңға шыққан кезде әкемді өлтіремін!" — дегенді айтқан. Оның осы ойын тете інісі Шағатай сезіп қап Шыңғысқанға жеткізеді. Қаһарына мінген қаған Хорезмге сенімді адамдарын аттандырып, Жошының тез арада әкесіне жетуін бұйырады. "Егер ол мұнда келуден қашқақтап, Хорезмде қалатын болса, үн-түнсіз қанжар сұғып, ләм-мим деместен өлтіре салыңдар!" — деп әмір етеді. Сырқаттығы себепті бара алмайтынын сылтауратқан Жошы кыпшақ даласында қала берді. Ал сенімді адамдары Шыңғысқа Жошының сап-сау екенін, тіпті, аң аулауға жиі шығып тұратынын айтып келген. Тұла бойын ашу оты алаулатқан Шыңғыс хан: "Шамасы, ол маған қарсы екен, әкесінің сөзін де ілтипатқа алмады" деп ойлап, оның соңынан Шағатай мен Үгедей бастаған әскер жіберді. Осы кезде Жошының қазаға ұшырағаны жөнінде қаралы хабар жеткен еді.Ол әкесінен алты ай бұрын қазаға ұшырады. Оның өлімі жайында халық арасында түрлі аңыз-әңгімелер тараған. Солардың бірінде "аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірген" десе, кейбір деректерде "жау жағына шығып кетеді деп қауіптеніп, құпия түрде өз әкесі Шыңғыс хан өлтірткен" деп көрсетіледі. * Жошы Шығыс Еуропаға жорық жасау жоспарын жүзеге асыра алмай дүние салды. Жошының бірнеше әйелдері мен алғыншы арулары бар болатын. Оның қырыққа жуық ұлы болған, олардан сан жетпес немерелері өсіп-өрбіген. Ұлдарының ішінде тарихи деректерде кездесетіндері: Орда-Ежен, Бату, Берке, Шибан тағы басқа. Жошы өлгеннен кейін батыстағы әскер оның екінші ұлын, Батуды, так мұрагері деп таныды, бұл таңдауды Шыңғыс хан да мақұлдады. * Жошының мазары Жезқазған қаласынан 45 км жердегі Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жошының өлімі жөнінде қазақ халқында "Ақсақ құлан, Жошы хан" атты тарихи күй бар. "Ақсақ құлан" мультфильмі түсірілген. Ақ Орданың ханы болған. ## Ұрпақтары П.Савельев, А.Ю.Якубовский, П.П.Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан — Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды". Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и ғузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы — Тоқа Темір — Өз Темір — Қожа Бәдік — Орыс хан) болып саналады.Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шыға бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі.Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға ұмтылған екен. Әбдіразақ Самарқанидің мәліметтері бойынша Орыс хан Сырдария өзенінің бойындағы қалалар мен егіншіліктің дамуына үлес қосқан, таққа отырған соң Ақ Ордадағы өзара қырқысуларды тоқтатқан. XIV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде Қажы-Тархан (Астрахан), 1374-1375 жылдары Сарай қаласын бағындырған. ## Дереккөздер
Кәрібжанов, Жәнібек Сәлімұлы — ҚР Парламенті Мәжіліс төрағасының орынбасары, Мәжіліс (IV шақырылым) депутаты. 1948 ж. қарашаның 23 Ресей Федерациясы Омбы облысы, Шербакөл ауданы Айбас ауылында туған. Арғын тайпасының Атығай руының Бағыс бөлімінен шыққан. 1971 ж. С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1989 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті агроөндіріс кешенін экономикалық дамыту және әлеуметтік жоспралау Бас басқармасының бастығы, Қазақ КСР Мемлекеттік агроөндіріс комитеті төрағасының бірінші орынбасары — Қазақ КСР министрі. 1996 ж. ҚР Премьер-минстрінің орынбасары, Ақмола облысының әкімі қызметтерінде болған. 1999—2001 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі. 2001—07 жж. Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР Вьетнамдағы, Монғолиядағы, Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2007 ж. қаңтар — 2008 ж. мамыр Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2008 ж. мамырдың 14 ҚР Парламенті Мәжіліс (IV шақырылым) төрағасының орынбасары. ## Марапаттары * «Парасат» орденімен; * II дәрежелі «Достық» орденімен; және медальдармен марапатталды.
Арынғазы Абылғазыұлы (1783 — 1833) - Кіші жүз ханы, Қайып ханның немересі. 1815 ж. әкесі Абылғазы қайтыс болғаннан кейін шекті, жаппас, арғын, алтын, т.б. рулардың би, старшындары тарапынан құрылтайда хан сайланған. Ақылдылығымен, парасаттылығымен көзге түскен. Шерғазымен тайталасып, оны хандықтан ығыстыруға ұмтылған. Хиуа ханы Мұхаммед Рахыммен тартысқа түсіп, бірнеше рет соғысқан. Арынғазы қозғалысы деген атпен белгілі саяси ағымның мақсаты — хандық билікті нығайту, Орта жүз бен Кіші жүзде ортақ мемлекет құру, оған ислам дінін, мұсылмандық құқықты, шариғатты тірек ету. Сөйтіп, ол билер мен старшындарды ел билеуден шеттетіп, ер руға жасауыл тағайындады. Арынғазы Ресей протекторатын біріккен қазақ хандығын құру мақсатына пайдалануға ұмтылды. 1819 ж. Шерғазы хан патшаның атына Арынғазының үстінен шағым түсірді. Губернатор П.К.Эссен оған қолдау көрсетті. Тіпті Шерғазыны хандықтан аластатып, Арынғазыны хан ретінде бекітуге патшаға ұсыныс жасаған. Кіші жүздің бір ғана бөлігін басқарса да, патша үкіметінің осы өңірді отарлауына мейлінше қарсылық көрсеткен. Шерғазының соңынан Санкт-Петербургқа барған. Шерғазыны ғана хан ретінде мойындаған I Николай оны тұтқындау жөнінде нұсқау берді. 1823 ж. Арынғазы ұсталып, Калугаға жер аударылды. 1826 ж. желтоқсан айының 21-де бірнеше сұлтан және белді старшындар Эссеннен Арынғазыны Калугадан өз ауылына қайтаруға өтінген. Эссеннің қолдауына қарамастан, Азиялық комитет бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Осыған қарсылық ретінде Арынғазының «партиясы» халық арасында үгіт жүргізіп, Ресейге қарсылық жасауға тырысты. 1833 ж. Арынғазы Калугада дүние салды. Арынғазы күйші де болған. Оның «Арынғазы» атты жеті буынды жыр өлшеміне сай келетін күйі марш сияқты сергек сипатымен, айқын көңілді сазымен ерекшеленеді. Үш бөлімді пішінде дамитын бұл шығарма Құрманғазы, Дәулеткерей, т.б. күй шығармашылығына («Сарыарқа», «Түрмеден қашқан», «Қосалқа») әсер етті. ## Дереккөздер
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7 мамыр 1963 жыл, Теміртау) — қазақстандық саясаткер, 2004–2007, 2012–2015 және 2021–2022 жылдары Мәжіліс депутаты, Сенаттың бұрынғы төрайымы (2019–2020), саясаттану және экономика ғылымдарының докторы, тарихтану кандидаты, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. ## Байлығы 2024 жылы байлығы 590 млн $ бағаланды. «Европа плюс Қазақстан» мен «Тәуелсіз Телеарна» ЖШС (НТК телеарнасы) иелік етеді. Сондай-ақ, «DLS Group» ЖШС холдингтік компаниясы арқылы «Region-Media» ЖШС-де үлесі бар. ## Еңбек жолы және саяси мансабы * 1980—1983 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды. * 1983—1985 — С. М. Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетінің студенті. * 1985—1987 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағылымгер-зерттеушісі. * 1987—1990 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ аспиранты. * 1992—1994 — «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті. * 1994—1995 — «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры. * 1995—1998 — «Хабар» Агенттігі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. * 1998—2001 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ президенті. * 2001—2004 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы. * 19 қыркүйек 2004 - 20 маусым 2007 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III шақырылым депутаты («Асар» Республикалық партиясының тізімі бойынша), 2005 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың 20 маусымына дейін — «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі. * 2007 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директор. * 20 қаңтар 2012 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының тізімі бойынша), әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы. * 3 сәуір 2014 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі. * 11 қыркүйек 2015 - 13 қыркүйек 2016 — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. * 13 қыркүйек 2016 - 20 наурыз 2019 — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитет Төрағасы. * 2019 жылғы 20 наурыз - 2020 жылғы 2 мамыр — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. * 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды. ## Басқа лауазымдары * Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның бұрынғы мүшесі; * Қазақстан гимнастика федерациясының бұрынғы құрметті президенті; * Халықаралық телевизиялық өнер және ғылым Академиясының директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі (Нью-Йорк); * Еуразиялық стратегиялық зерттеулер орталығының экс-президенті (Мәскеу); * Еуразиялық теледидар академиясының экс-вице-президенті (Мәскеу); * Еуразиялық телефорум ұйымдастыру комитетінің экс-тең төрағасы (Мәскеу); * «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының экс-мүшесі»; * «Дегдар» гуманитарлық қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы; * «Асар-Береке» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрайымы; * «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ қамқоршылық кеңесінің төрайымы; * Орыс баспасөзінің дүниежүзілік қауымдастығының вице-президенті; * «Жастар қалауы» РҚҰ қамқоршылық кеңесінің төрайымы; * Сенаторлар кеңесінің төрайымы ## Білімі * 1980 жылы Алматыдағы Қ. Сәтпаев атындағы №56 гимназияны бітірді. * 1980-1983 жылдары М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. 1985 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады. * 1991 жылы М. В. Ломоносов атындағы ММУ-де т.ғ.д., профессор И. В. Григорьеваның ғылыми жетекшілігімен тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «1947 жылғы республикалық Конституцияны қабылдау төңірегінде Италиядағы саяси күрес» (мамандығы 07.00.03-жалпы тарих) тақырыбында диссертация қорғады. Ресми оппоненттер - т.ғ.д. Н.П.Комолова және т.ғ.к. В.Н.Дахин. Жетекші ұйым - КСРО ҒА Халықаралық жұмыс қозғалысы институты. * 1998 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы РМҚА-да «Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси жүйелерді демократияландыру» тақырыбы бойынша саяси ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады (мамандығы 23.00.02 – саяси институттар мен процестер). Ғылыми кеңесші – филос.ғ.д., профессор В.С.Комаровский. Ресми оппоненттер - э.ғ.д., профессор Д.В.Валовой, саясат ғылымдарының докторы, профессор А.А.Чичановский және әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М.М.Тәжин. Жетекші ұйым – РҒА Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, португал, қытай тілдерін меңгерген. ## «Хабар» Агенттігі Дариға Назарбаеваның мансап сатысындағы қадамы 1992 жылы оның анасы Сара Назарбаева негізін қалаған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті болып тағайындалуынан басталды. Қор балаларға көмек көрсетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы ұйым болды. 1994 жылы Дариға Назарбаева «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті болып тағайындалды. 1995 жылы Қазақ ТВ ақпараттық қызметінің негізінде «Хабар»телеарнасы құрылды. Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен «Хабар» өзінің меншікті тілшілер желісін дамытып, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ел телеарналары арасында көшбасшы орынға ие болды. «Хабардан» бөлек Дариға Назарбаевамен байланысты құрылымдар «Европа Плюс» радиостанциясын, КТК, НТК телекомпанияларын, танымал «Караван» газетін сатып алды. Жаңа медиа-холдингті басқару үшін «ТВ-медиа» және «Алма-медиа» компаниялары құрылды. 1998 жылы «Хабар» жабық акционерлік қоғам болып қайта құрылды, ал Дариға Назарбаева ЖАҚ президенті лауазымына, ал 2001 жылдан бастап Директорлар кеңесінің төрайымы болды. 1999 жылы «Алатау» шипажайының аумағында Дариға Назарбаеваның қолдауымен «Алматы — менің алғашқы махаббатым!» атты алғашқы ретро-фестиваль өтті, шараны «Хабар» агенттігі ұйымдастырды. Фестивальдің басты идеясы алматылықтардың ұрпақтар арасындағы рухани байланысын сақтап қалу, Алматы - еліміздің мәдени орталығы деген мәртебесін қолдау, қаланың 1960–1980-ші жылдардың басындағы бірегей мәдениетін және рухани ахуалын қайта жандандыру болды. 2001 жылдың маусым айында Мәскеуде өткен «Ақпарат: ХХІ ғасыр сын-тегеуріні» ақпараттық ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік конгресте Дариға Назарбаева тұрақты түрде жұмыс істейтін Еуразиялық медиафорум құруды ұсынды. Ол медиафорумға қатысушылар Еуразиялық ақпараттық кеңістікті құру мәселелерін, мемлекет пен БАҚ өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ журналистиканың этикалық нормаларын талқылай алатынын атап өтті. Бірінші Еуразиялық медиафорум 2002 жылдың сәуір айында Алматыда өтті, оны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзімен ашты. 2002 жылы Қазақстан журналистерінің I Конгресі ашылды, 27 сәуірде Қазақстан Журналистер Конгресінің бастамашыл тобының жиналысында Дариға Назарбаева атқарушы комитеттің төрайымы болып сайланды. Аталмыш конгресте алғаш рет елімізде журналист этикасы кодексін құру мәселесі көтерілді. ## «Асар» партиясы 2002 жылдың қазан айында Дариға Назарбаева «Жастар қалауы» блогының қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып тағайындалды, блоктың алғашқы конференциясында Қазақстан жастар Конгерсін құру туралы ұсыныс жасалды. 2003 жылы Назарбаева «Асар» Республикалық партиясын ұйымдастырып, оған көшбасшылық етті. Бірнеше ай ішінде «Асардың» қатарына кіруге ниет білдірушілер тарапынан 167 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 139 мыңы өңделіп, түпнұсқалығы тексерілді, Әділет министрлігіне 77 мың қол тіркеуге жіберілді. «Асар» өзін орталықшыл толқын партиясы деп атап, өзінің басты міндеттерінің бірі қоғамдағы сезімтал нүктелерді анықтау және оларды шешу деп білді. 2003 жылғы желтоқсанда партия тіркелді. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындысына сай партиялық тізім бойынша 541 239 (11,38 %) сайлаушылардың дауысын жинап, партия үшінші орынды иеленді, мәжілісте партия тізімі бойынша депутат Дариға Назарбаева болды, сондай-ақ, «Асар» атынан бір мандатты үш депутат округтар бойынша сайланды. 2005 жылдың ақпанында Қазақстан Парламентінде жаңа «Аймақ» депутаттық тобы құрылды, оған 36 депутат кірді (28-Мәжілістен және 8-Сенаттан). Оның басшысы болып Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сайланды. «Аймақ» депутаттық тобының негізгі мақсаты өңірлерді дамытуға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу және бақылау жасау, әкімшілік реформа мен жергілікті өзін-өзі басқаруды әзірлеуге және заңнамалық қамтамасыз етуге белсенді қатысу, кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. 2006 жылғы 4 шілдеде партияның кезектен тыс съезі өтті, онда «Отан» Республикалық саяси партиясына қосылу туралы шешім қабылданды (2006 жылғы желтоқсаннан бастап - «Нұр Отан»), ал Дариға Назарбаева «Нұр Отан» партиясы жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды. ## Тұңғыш Президент Қоры 2007 жылдан бастап Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директоры болып табылады, қоғамдық және қайырымдылық қызметпен айналысты, халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысты. Қор өз қызметін үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады: 1) жастар бағдарламалары (қазақстандық жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға және іске асыруға, олардың зерттеулері мен жобаларын қолдай отырып, сондай-ақ ғылыми және шығармашылық іс-шаралар жүргізе отырып көмектеседі); 2) әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық; 3) талдау орталығы – Әлемдік экономика және саясат институты. 2007 жылы Дариға Назарбаева «Нұрбанк» Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланып, саясаттан бизнеске оралды. 2010 жылдың мамыр айында Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиев «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің құрамынан шықты, маусым айында олар сондай-ақ директорлар кеңесінен де шықты. ## Қазақстан Парламенті Парламенттік сайлауда 2012 жылғы қаңтарда Дариға Назарбаева «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша депутат болып сайланды және мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетін басқарды. 2014 жылғы 3 сәуірде бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері және «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі болып сайланды. 2015 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылғы 15 қыркүйекте Президент Жарлығымен Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2019 жылы 2 қыркүйекте Сенат Төрағасы болып қайта сайланды. 2020 жылы 2 мамырда мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. 2021 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты. ## Қоғамдық қызметі және қайырымдылық істері, қызығушылығы 1990 жылдардың соңынан бастап Дариға Назарбаева әнші ретінде қазақстандық телеарналардың экранынан үнемі көріне бастады, көптеген қайырымдылық концерттер берді, оның ішінде Мәскеудегі Үлкен театр сахнасында көрсеткен өнерін атап айтуға болады. Оның репертуарында қазақ халық әндері, орыс романстары, опера ариялары, сондай-ақ Джо Дассен әндері бар. Назарбаева оқу оқып жүрген кезінде меццо-сопрано дауыспен ән айта алатынын анықтағанын, тіпті оны консерваторияға дайындық бөліміне шақырғанын айтады, алайда университеттегі оқуын тастап кетуге оған әкесі тыйым салған. Назарбаеваның айтуынша, оның дауыс ырғағын келтіріп, дайындаған атақты тенор Әлібек Дінішевке ұстаздық еткен Алматы операсының кәсіби педагогы Надия Шарипова болды. Дариға Назарбаеваның «Но все таки люблю» алғашқы жеке концерті Алматыда 2001 жылдың мамыр айында өтті, концерттен түскен барлық қаражат Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қорына аударылды. Бір жылдан кейін Алматыда «Снова пою» атты екінші жеке концерті өтті. 2003 жылдың жазында Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің шақыруы бойынша Үлкен театрдың Бетховен залында жеке концерт ұйымдастырып, өнер көрсетті. 2007 жылы Назарбаеваның жеке концерті Парижде өтті. 2001 жылы Назарбаеваның бастамасымен және басшылығымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне материалдық көмек көрсетумен, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетумен, балалар үйлеріне, мүгедектер үйлеріне материалдық көмек көрсетумен, паралимпиадалық қозғалысты қолдаумен, жас таланттарды қолдаумен, жаңа ғылыми ізденістерді қаржыландырумен, дарынды студенттерге арнайы гранттар мен стипендиялар бөлумен, ұйымдармен, жетекші оқу орындарымен, таяу және алыс шетелдердің мәдени орталықтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастықпен, Қазақстанда және шетелде классикалық, халық музыкасы, эстрадасы, қазақстандық орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, «Астана кештері», «Жапон көктемі» — «Жапон күзі», «Времен связующая нить», «Алға, Қазақстан!», «Көктем самалы», «Жүрек сазы» өнер фестивальдерін ұйымдастыру, конференциялар, шеберлік сабақтар, көрмелер, байқаулар ұйымдастыру, оқу әдебиетін шығарумен айналысатын «Дегдар» гуманитарлық қоры құрылды. Дариға Назарбаева жетекшілік еткен «Дегдар» қорының қолдауымен қазақстандық опера әншілері Пезаро қаласындағы (Италия) халықаралық вокал академиясында маэстро Марио Меланиден тәлім алды. Танымал өнер ұстазынан Дариға Назарбаева да сабақ алды және оның шақыруы бойынша маэстро бірнеше рет Қазақстанға келді. 2009 жылы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша және қолдауымен «Асар-Береке» қоғамдық қоры қазақстандық аймақтардың тұрғындарына білікті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асырды, Төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеуге қабілетті жылжымалы медициналық кешендер үшін мың маман даярланды. 2019 жылы «Асар-Береке» ҚҚ Санкт-Петербургтің ядролық терапия орталығында онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға тексеру және емдеу үшін жағдай жасады. 2011 жылдың 1 желтоқсанында Дариға Назарбаева Мәскеу қаласында Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының жаңа сахнасында «Сәлем, Ресей» атты жеке концертін берді, ал 14 желтоқсанда Астана қаласының Орган залында өнер көрсетіп, концерт берді. 2011 жыл аралығында ресейлік Universal Music компаниясы Дариға Назарбаеваның «Менің жұлдызым» музыкалық телефильміне арналған түрлі алаңдарда концерттік қойылымдарын түсірді. «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресейік» қайырымдылық жобасы шеңберінде фильм 2012 жылдың ақпан айында Алматыда және 2012 жылдың 20 сәуірінде Мәскеуде көрсетілді. 2012 жылдың маусым айында Астана қаласында Дариға Назарбаева жетекшілік ететін «Дегдар» қорының бастамасымен «Астана кештері» І Халықаралық өнер фестивалі өтті. Бұл жоғары өнерді барынша қолжетімді ету және барлық әлеуметтік топтарға әлемдік музыка мәдениетінің жауһарларына қол жеткізуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық жоба. Жоба аясында белгілі вокалшылар Дариға Назарбаева мен Әлібек Дінішев, ресейлік органшы Рубин Абдуллин, отандық пианиношы Тимур Орманшиев, дирижер Ренат Салаватов, жас опера әншілері Медет Шотабаев пен Андрей Трегубенко өз өнерлерін көрсетті. Барлық концерттерге билеттер тегін таратылды. ## Марапаттар * Парасат ордені (желтоқсан 2004) * II дәрежелі Барыс ордені (желтоқсан 2013) * I дәрежелі Барыс ордені (желтоқсан 2021) * Мәдениет және әдебиет орденінің Кавалері (Франция, сәуір 2009) * «Астана» медалі (17 тамыз 1998) * «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі (7 қараша 2005) * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 жыл) * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011) * Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының «ТМД ПАА. 20 жыл» күміс медалі (27 наурыз 2012) * «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» медалі (3 мамыр 2013) * «Конституциялылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің медалі (30 тамыз 2013) * Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Теңгеге 20 жыл» медалі * «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (14 мамыр 2015) * «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі (5 тамыз 2015) * «Достастық» ордені (2017) ## Отбасы * Бірінші күйеуі (некеде 1983-2007, ажырасқан) Рахат Әлиев (1962-2015) - Аустриядағы (2002-2005, 9 ақпан 2007-26 мамыр 2007), Македониядағы, Хорватиядағы, Сербиядағы, Черногориядағы және Словениядағы елші (2002-2005), Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары (2005-2007). * Екінші күйеуі (2013 жылдан бастап) Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев (1963) - «ҚазТрансГаз» (2014-2015, 2020-2022), «QazaqGaz» (2020-2022), Қазақстан темір жолы (2005-2006) бас директоры. * Балалары: * Үлкен ұлы Нұрәлі Рахатұлы Әлиев (1985) - «Европа плюс Казахстан» (2007 жылдан бастап), «Транстелеком» (2023 жылдан бастап) және «Нұрбанк» АҚ (қараша-желтоқсан 2008) Директорлар кеңесінің төрағасы, альпинизм федерациясының (2017 жылдан бастап), «Hit TV» арнасының (2006-2007) және «Қант орталығының» (2004-2006) президенті. Байлығы 220 млн $ бағаланған. Әйелі (2003 жылдан бастап) Аида Берікқызы Әлиева (Берік Имашевтың қызы) (1984) - Arte Di Casa жиһаз компаниясына иелік етеді және бірнеше адамдармен бірге «Janum» қоғамдық бірлестігін құрды.Балалары:Қызы Лаура (2003).Ұлы Алаң (2005).Қызы Амира.Ұлы Әнуар. * Балалары: * Қызы Лаура (2003). * Ұлы Алаң (2005). * Қызы Амира. * Ұлы Әнуар. * Ортаншы ұлы Айсұлтан Назарбаев (1990-2020) - Рахат (2006), Қайрат (2007), Астана (2011), Сұңқар футбол клубтарында (2012) ойнаған. Әйелі (2013-2020, ажырасқан) Әлима Қайратқызы Боранбаева (Қайрат Боранбаевтың қызы) (1993) - Лондондағы Courtauld Institute of Art өнер институтының түлегі.Балалары:Ұлы Сұлтан (2010).Қызы Амели (2016). * Балалары: * Ұлы Сұлтан (2010). * Қызы Амели (2016). * Қызы Венера Рахатқызы Әлиева (2000) - SCI CDG Garden House компаниясының 99,99% иелік етеді. 11 жасында қазақ-орыс-неміс «Байқоңыр» фильмінде шопанның қызы ретінде эпизодтық рөлді сомдаған. Күйеуі (2018 жылдан бастап) Дален Шайжүнісов (1995) (Жақия Шайжүнісовтің немересі). * Әкесі Нұрсұлтан Назарбаев (1940) - бұрынғы президент (1991-2019). * Анасы Сара Назарбаева (1941) - Халықаралық Бөбек қоры (1992 жылдан бастап) мен SOS Қазақстанның балалар ауылдары қорының (1994 жылдан бастап) президенті, бұрынғы бірінші ханым (1991-2019). Сіңлілері: * Динара Құлыбаева (1967) - Нұрсұлтан Назарбаев білім қорының (қазіргі NNEF) директоры (1998 жылдан бастап), Қазақстан-Британ техникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы (2004 жылдан бастап). Күйеуі (1990 жылдан бастап) Тимур Құлыбаев (1966) - «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Энерго» (2009-2011), «Қазатомөнеркәсіп» (2008-2012), «ҚазМұнайГаз» (2006-2007, 2009-2012), «KEGOC» (2006-2007, 2008-2011) Директорлар кеңесінің төрағасы. Екеуінің байлығы жеке-жеке 5 млрд $ бағаланып, Құлыбаевтардың байлығы 10 млрд $ бағаланды.Балалары:Ұлы Алтай Асқар (1990) – 5 компанияның әкімшілігіне енген: Kipros, Joint Technologies, Trading Integration Holding, Qorday Damu, Mercury Property. Әйелі Диана Катранова (Зелина Катранованың қызы).Қызы Дениза Асқар (2004).Ұлы Нәби Назарбаев (2008).Қызы Алишия Асқар (2010). * Балалары: * Ұлы Алтай Асқар (1990) – 5 компанияның әкімшілігіне енген: Kipros, Joint Technologies, Trading Integration Holding, Qorday Damu, Mercury Property. Әйелі Диана Катранова (Зелина Катранованың қызы). * Қызы Дениза Асқар (2004). * Ұлы Нәби Назарбаев (2008). * Қызы Алишия Асқар (2010). * Әлия Назарбаева (1980) — «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы (2021 жылдан бастап), Қоршаған ортаны қорғау ұйымдары қауымдастығы президиумының төрағасы (2017-2022). Бірінші күйеуі (некеде 1998-2001) Айдар Асқарұлы Ақаев (1976-2020) Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың баласы. Екінші күйеуі (2002-?) Данияр Пернебекұлы Хасенов (1979) - «Қазақстан темір жолы» Басқарма мүшесі. «LOKOMOTIV»-Астана футбол клубында ойнаған. Үшінші күйеуі (некеде 2015-2023) Димаш Ғабитұлы Досанов (Сәбит Досановтың жиені) (1981) - «Қазақстан-Қытай құбыры» (2014-2016), «ҚазТрансОйл» (2016-2022) бас директоры.Балалары - Тиара Назарбаева (2007), Алсара Хасенова (2011), Алдияр (2016) және Айлана (2018). * Балалары - Тиара Назарбаева (2007), Алсара Хасенова (2011), Алдияр (2016) және Айлана (2018). ## Дереккөздер
Тараз — Қазақстандағы қала, Жамбыл облысының әкімшілік орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936–1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937–1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылғы 8 қаңтарда тарихи атауы — Тараз атауы қайтарылды. ## Тарихы Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер Ферғана алқабының соғдылары болған. 1997 жыл бастап қалаға тарихи атауы қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. XIX ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болды да, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, облыс әкімшілік орталығы болғанын жалғастыра берді. Тараз қаласында Айша Бибі, Бабажы-қатын, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады. ## Географиясы ### Климаты ## Халық саны Қаланың халық саны: 357 663 адам (2019 жылғы). Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, корейлер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзербайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада «Достық үйі» бар. Тараз қаласы халқының әр жылдардағы саны: ## Әкімшілік бөлінісі Тараз қаласы 26 шағын ауданнан тұрады: Ақбұлақ, Қаратау, Жайлау, Салтанат, Талас, Самал, Алатау, Мыңбұлақ, Аса, Жансая, Астана, Бәйтерек, Қарасу, Арай, Кектем, Жасыл кілем, Тонкуруш, Барыскан, Бурыл және т.б. ## Тараз басшыларының тізімі Жамбыл (Тараз) қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары * Федотов А. П. (қаңтар 1939 — наурыз 1940) * Әбділдин А. (сәуір 1940 — наурыз 1941) * Царев А. А. (сәуір 1941 — наурыз 1943) * Санников А. М. (сәуір 1943 — маусым 1946) * Федотов А. П. (қаңтар 1947 — мамыр 1951) * Прохоров Н. И. (маусым 1951 — наурыз 1955) * Кондратьев С. И. (қыркүйек 1955 — сәуір 1963) * Бобир Н. М. (мамыр 1963 — мамыр 1972) * Коротков В. Г. (маусым 1972 — сәуір 1975) * Банников В. Г. (сәуір 1975 — қазан 1983) * Додонов Ю. Е. (қазан 1983 — ақпан 1987) * Макаров С. Н. (наурыз 1987 — наурыз 1990) * Ахметова Л. А. (сәуір 1991 — тамыз 1991) Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің төрағалары * Бученко П. В. (тамыз 1939 — қаңтар 1940) * Глухов В. Ф. (қаңтар 1940 — қыркүйек 1940) * Синицин В. В. (қыркүйек 1940 — қыркүйек 1941) * Бученко П. В. (мамыр 1942 — наурыз 1943) * Бармашев К. А. (наурыз 1943 — тамыз 1946) * Бабинцев Ф. А. (тамыз 1946 — наурыз 1950) * Галямин А. И. (наурыз 1950 — қаңтар 1952) * Ескелдиев С. (сәуір1952 — қазан 1952) * Құсайынов Т. (қазан 1952 — наурыз 1957) * Комратов А. (наурыз 1957 — қаңтар 1965) * Әбсеметов А. А. (қаңтар 1965 — желтоқсан 1969) * Төребеков Т. (наурыз 1970 — маусым 1983) * Шарафутдинов Щ. К. (маусым 1983 — мамыр 1987) * Сүлейменов К. К. (мамыр 1987 — қазан 1990) * Темірбеков Т. (қазан 1990 — ақпан 1992) Тараз қаласының әкімдері * Алдияр Әлиасқарұлы Түсіпов (ақпан 1992 — қазан 1995) * Болат Әбжаппарұлы Жылқышиев (қазан 1995 — қаңтар 1998) * Сейіт Қайроллаұлы Сартбаев (қаңтар 1998 — ақпан 1999) * Болат Оспанұлы Сауранбаев (ақпан 1999 — сәуір 2005) * Ілияс Әлімұлы Тортаев (2005 — 2009) * Ертарғын Кәкімбекұлы Астаев (8 желтоқсан 2009 — қазан 2010) * Бекболат Серікбекұлы Орынбеков (қазан 2010 — 31 желтоқсан 2013) * Нұржан Сәбитұлы Календеров (31 желтоқсан 2013 — 2 наурыз 2017) * Рүстем Рысбайұлы Дәулет (2 наурыз 2017 — 23 сәуір 2018) * Ғалымжан Райлұлы Әбдірайымов (23 сәуір 2018 — 12 сәуір 2019) * Қайрат Әскербекұлы Досаев (24 сәуір 2019 — 22 қараша 2019) * Айтқазы Даулетқұлұлы Қарабалаев (3 желтоқсан 2019 — 19 наурыз 2021) * Ержан Жұматұлы Жылқыбаев (19 наурыз 2021 — 5 тамыз 2022) * Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков (5 қыркүйек 2022 жылдан бастап) ## Табиғаты Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Бедердің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде дөңмаңдай, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар: * мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады; * жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады; * жалпы алаңы 1 миллион га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, джейрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым. ## Өндірісі Таразда қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудаң әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбал фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауыты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауыты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр. ## Бұқаралық ақпарат құралдары ### Газеттері * Жамбыл-Тараз — 1996 жылдан бері апта сайын шығатын саяси-қоғамдық газет. * Магнолия — 1995 жылдан бері апта сайын шығатын облыстық газет. * Новый регион — 1999 жылдан бері апта сайын шығатын ақпараттық-жарнамалық облыстық газет. * Знамя труда — 1919 жылдан бері шығарылып келе жатқан орыс тілді газет. ### Телевизия * «Қазақстан-Тараз» — Жамбыл облысының өңірлік телеарнасы. * «77 TV» телеарнасы. ### Ақпарттық агенттіктері * «Эк-Спорт» (экономика-спорт) ## Суреттері * * * * * * ## Бауырлас қалалар * Фресно, Калифорния, АҚШ * Сиэтл, Вашингтон, АҚШ * Сиань, Қытай * Тревизо, Италия * Кобдо, Моңғолия * Кечкемет, Мажарстан * Челябі, Ресей * Самарқан, Өзбекстан * Талас, Қырғызстан * Ош, Қырғызстан ## Дереккөздер ## Тараз қаласының сайттары * Тараз қаласының сайты Мұрағатталған 11 қаңтардың 2016 жылы. * Тараз қаласының ақпараттық сайты * Тараз қаласының ақпараттық порталы ## Тағы қараңыз * Тараз қаласының құрметті азаматтары * Тараз (футбол клубы)
Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов (19 қыркүйек 1960, Мәскеу) — БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы. ## Өмірбаяны * Білімі — жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін еркін меңгерген. * 1982 ж. М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітірген, «экономист, саяси экономия оқытушысы» мамандығын алған, * 1987 ж. — М. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін, * 1994 ж. — Лондон Университетін бітірген, экономика, қаржы жөніндегі магистр дәрежесі берілген. * М. Ломоносов атындағы ММУ-ды бітіргеннен кейін оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен шұғылданды. * 1993 ж. қыркүйек — 1996 ж. тамыз аралығында Лондон қаласында (Ұлыбритания) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінде тағылымдамадан өтіп, консультант және арнайы қызметкер болып жұмыс істеді. * 1996 ж. тамыз — 1998 ж. сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. * 1998 ж. сәуір — 2000 ж. тамыз аралығында: Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. * 2000 ж. тамызда «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. * 2000 ж. қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында — «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ Басқармасының Төрағасы. * 2002 ж. қаңтар — маусым аралығында «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы. * 2001 ж. маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның ҚРҰБ-дегі қызметінің негізгі саласы қаржылық қадағалау болды. Ә.Ғ. Сәйденов банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу мәселелеріне жетекшілік етті. * 2004 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметін атқарады. * 11 наурыз 2009 — БТА банк басқармасының төрағасы. * 15 тамыз 2011 — БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы. ## Марапаттары * «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2006) * «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008). ## Жеке мәліметтер * Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. ## Жанұясы * Әкесі - Ғалимолла Батырханұлы Сәйденов (1934-1998), техника ғылымдарының кандидаты, Жамбыл педагогикалық институтының ректоры болып қызмет атқарған. * Анасы - Сәйденова Фируза Абдоллақызы (1938 ж. т.), зейнеткер. * Жұбайы - Қалдыбаева Сәуле Оразбекқызы, экономист. * Ұлы - Байтас (2005 ж. т.). ## Дереккөздер
Яса – әскери - құқықтық заңдар жинағы. 1206 жылы Шыңғысханның басқаруымен өткен түркі - моңғол ақсүйектерінің құрылтайында құрастырылған; Яса — Шыңғысхан тұсында қабылданған моңғолдардың әдет-ғұрып зандарының жинағы. 13 ғасырдың басында моңғол мемлекетінің құрылуы мемлекетті баскару үшін ортақ, жазбаша баянды етілген құқыктық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу қажеттігін туғызды. Жаңа жағдайларға сай келетін, кодификацияланған әрі өзгерістерге ұшыраған әдеттегі құқык осы мақсатқа орайластырылды. Заңдар мен ережелердің бұл жиынтығы Шыңғысханның "Ұлы ясасы" деген атқа ие болды. Яса (неғұрлым толық формасы ясак, моңғол дзасак) "қаулы", "заң" дегенді білдіреді. Жувейнидің айтуы бойынша, Шыңғысханның зандары мен қаулылары орамаларға ("тұмар") жазылып, Ясаны терең білетін неғұрлым беделді ханзадаларда сақталған. Яса түпнұсқада сақталмаған және үзінділер мен мазмұны қысқаша баяндаулар түрінде ғана белгілі. Ұлы жасақ — Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі. Ұлы жасақтың кейбір баптары: * Нәпсіқұмар, оның әйелі бар-жоқтығына қарамастан, ешбір ерекшеліксіз өлім жазасына кесіледі. * Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, ол өлім жазасына кесіледі. * Кім суға немесе күлге дәрет алса, ол да өлім жазасына кесіледі. * Кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, тағы да тауар алып, ақысын қайтара алмаса, ол үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі. * Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі. * Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады. * Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті. * Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәрәуіш-кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі. * Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуі міндетті. * Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс. * Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті. * Мемлекет ішіндегі жай-жағдаяттардан дер кезінде хабардар болып отыру үшін нояндар мен сұлтандар байланыс жүйесін жолға қоюға міндетті. * Кісі өлтірген қылмысы үшін мұсылманға қырық алтын теңге (балаш), қытайлыққа бір есек түрінен құн төлеп құтылуға рұқсат етіледі. * Кімнен ұрланған жылқы табылар болса, ол атты иесіне тоғыз жылқы қосып қайтаруға міндетті. * Кәнизактан туған балалар заңды болып есептелінеді һәм әкесінің бұйрығы болған жағдайда дүние-мүліктен енші алуға құқылы. Дүние, мүлікті бөлу былайша жүзеге асырылады: жасы үлкеннің үлесі де үлкен, кішісі әке шаруашылығын иемденіп қалады. Балалардың үлкенді-кішілі жолдары олардың шешелерінің жол-жоралғысына қарай анықталады. Әйелдердің жол реті некеге тұру уақытына орай белгіленеді. * Әкесі өлген жағдайда оның мұрасына баласынан басқа адамның қақысы жоқ. * Ешкімнің де нояндар мен сұлтандар және басқа да шонжарлардың Жалпы кеңесте алдын-ала сайлауынсыз қаған жариялануға құқы жоқ. Мұндайда өлім жазасына бұйырылады. * Хан тұқымынан бөтен былайғы жұрттың құрметті лауазымға ие болуға қақысы жоқ. ## Сілтемелер * Әскер * Құқық * Шыңғысхан ## Дереккөздер
БТА Банкі — Қазақстандағы екінші деңгейдегі ірі коммерциялық банк. БТА Банкі, АҚ (бұрынғы атауы «ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) 2008 жылдың бірінші тоқсанында ребрендинг нәтижесінде жаңа атауға ие болды) — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрушы болып табылады. БТА Банкі — бүгінде нарықтың барлық саласына қатысушы, жетекші қаржылық топқа айналды: корпоративтік және жеке тұлғалар бизнесі, сауданы қаржыландыру, қор рыногы, несиелендіру, шағын және орта бизнесті дамыту, лизинг, ипотека, зейнетақы қоры және т.б көптеген қызмет түрлерін қамтиды. БТА Банкінің қазіргі таңда Қазақстан бойынша 22 филиал, 274 бөлімшесі мен Украинада (Киев), Ресейде, БАӘ-де (Дубаи) және Қытайда (Шанхай) халықаралық өкілдіктері бар, және банкінің желісі Ресейге, Украинаға, Беларусь еліне, Қырғызстанға, Арменияға, Грузияға, Қазақстан мен Түркияға тарайды. БТА Банкі негізі қаланған уақыттан бері бірнеше марапаттарға ие болды. 2005 жылы аса беделді «Euromoney» журналының мәлімдеуі бойынша «ТМД-дағы үздік банк» және «Орта Азиядағы үздік банк» деген жоғары мәртебені иеленді. Британдық «The Banker» журналының «Шығыс Еуропадағы шағын банктер арасындағы ең үздігі» мәртебесіне ие болды. БТА Банкінің марапаттарын банкінің ресми сайтында көре аласыз.[1](қолжетпейтін сілтеме) 2009 жылы Қазақстан билігі БТА банкті мемлекет қарауына алып, банктің бұрынғы (2005-2009 жылдардағы) иесі Мұхтар Әблязовқа халықаралық іздеу жариялаған еді. Банктің Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстандағы кейбір басшыларына байланысты қылмыстық іс қозғалып, «ірі көлемде банк қаржысын ұрлады» деген айыптар тағылған. БТА одан кейін «заңсыз әкетілген активтерді қайтару» науқанын бастаған. ## Тарихы Банктің тарихы 1925 жылы 15 қазанда Өнеркәсіптік банктің Қазақстан аумағындағы бөлімшесі ретінде құрылған күнінен басталады. Кейін бөлімше түрліше атпен қайта құрылып отырды: 1932 жылдан КСРО Құрылыс пен электр шаруашылығын қаржыландыру банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі, 1949 жылдан КСРО Өнеркәсіптік банктің, кейін КСРО Құрылыс банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі, 1987 жылдан КСРО Өнеркәсіптік-құрылыс банкі Қазақ респ. банкі деп аталды, 1991 жылы 4 наурызда Қазақ республикасы “Тұранбанк” мемлекеттік коммерция өнеркәсіптік-құрылыс банкі, осы жылдың 24 шілдесінде “Тұранбанк” Қазақ акционерлік банкі болып өзгертілді. КСРО Сыртэкономбанктің 1990 жылы құрылған Қазақ республика банкі 1992 жылы “ALEM BANK KАZAKHSTAN” Қазақстан Республикасының Сыртқы экономика қызмет банкі деп қайта аталды. Бұл акционерлік банк бірқатар жылдар бойына ҚР Үкіметінің мемлекет кепілдігімен шетелден несие тарту жөніндегі агенттігі болды. 1997 жылы15 қаңтарда “Тұранбанк” пен “Қазақстан Әлембанк” қосылып, “Тұранәлембанк” ЖАҚ болып қайта құрылды. 1998 жылы 1 қазаннан ААҚ, 2003 жылдан АҚ. Банктің жоғары органы – акционерлер жиналысы, атқарушы органы – басқарма. Тұранәлембанк Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің арасында активтері мен меншікті капиталының көлемі бойынша жетекші орында. Ол Қазақстанның жүйе құраушы банкіне және ТМД елдерінде банк желісін құру жөніндегі көшбасшысына айналып отыр. Оның активі 9,2 млрд. АҚШ доллары, меншікті капиталы 1,6 млрд. доллардан асады. Тұранәлембанк нарықтың барлық буындарына: корпоративтік және бөлшек сауда бизнесіне, сауданы қаржыландыруға, қор нарығына, шағын және орта бизнесті несиелендіруге және дамытуға, лизингіге, ипотекаға, зейнетақы қорына, басқа да көптеген шараларға қатысады. Оның 750 мыңға жуық клиенті бар. Қазақстан бойынша 22 бөлімшесі, 193 есептесу-кассалық бөлімі жұмыс істейді. ТМД елдерінде және алыс шетелдерде, бірқатар халықараралық өкілдіктері бар. Тұранәлембанк қызметінің стратегиялық бағыты – банк көрсететін қызметтің географиясын әртараптандыру, ТМД елдері мен алыс шетелдер экономикасының түрлі секторларына қатысу ауқымын кеңейту, сондай-ақ банк өнімдерінің түр-түрін дамыту, несие беру және сауданы қаржыландыру, тұрақты да серпінді түрде өсуге ұмтылу. Банк акционерлерінің құрамына EBRD (Еуропа жаңғыру және даму банкі), RZB (Райффайзен Централ Банк), ҚFC (Халықаралық қаржы корпорациясы), FMO (Голандия даму банкі) сияқты әлемнің аса ірі халықаралық қаржы институттары кіреді. Тұранәлембанк Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша маркет-мейкер мәртебесіне ие болып отыр. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Ресми сайт адресі бта.қаз
Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев (19 қазан 1956, Қарағанды) — Қазақстан саясаткері, дипломат, 2022 жылдан бастап ҚХП төрағасы. Бұдан бұрын ол Қазақстанның Беларуське (2017–2019) және Грузияға (2013–2017) елшісі болған. ## Қысқаша өмірбаяны 1956 ж. қарашаның 19-ында туған. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Ағылшын тілін меңгерген. Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеген. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болып қызмет атқарған, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болған.Бірнеше монографиялар мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы. 1990—1994 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды. 1994—1998 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды. 1994–1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі 1998—2002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі. 2006—2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. 2008 жылы мамыр айынан 2013 жылға дейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі. 2013 жылдың 3-ші сәуірі мен 2017 жыл, қарашаның 24-і аралығында Ертісбаев Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған. 24 қараша 2017 — 12 тамыз 2019 жылдары аралығында Қазақстанның Беларусьтағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2019 жылы өзінің дипломатиялық жұмысын аяқтады. 18 наурыз күні 2022 жылы Ертісбаевтың Қазақстан халық партиясы құрамына кіргені белгілі болды. 28 наурыз күні партия Ермұхамет Ертісбаевты партия төрағасы болып сайлады. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * ҚР президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев ҚазТАГ агенттігіне жағдайға қатысты түсініктеме берді(қолжетпейтін сілтеме)
Қайрат Әбдіразақұлы Мәми (9 мамыр, 1954 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы) — Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің Төрағасы. ## Өмірбаяны Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан. * С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген (1981). Құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы, профессор. * Гурьев (Атырау) облыстық сотының, Алматы қалалық сотының төрағасы болып жұмыс істеді. * 1990 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі. * 1995 ж. ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер алқасын басқарды. * 1999-2000 жылдары ҚР әділет министрінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. * 2000 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы * 2009 жылдан – ҚР Бас прокуроры. * 2011 жылғы сәуірде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды. * 16 қазан 2013 жылдан - ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы. ## Қоғамдық қызметтері * ТМД-ның жоғары төрелік соты мен жалпы соттары төрағалары кеңесінің тең төрағасы * ТМД Экономикалық Соты Пленумының мүшесі * Халықаралық заңгерлер одағы (Мәскеу қ.) төрағасының орынбасары болып табылады. * Қазіргі кезде Дүниежүзі заңгерлер ассоциациясының мүшесі * ЕурАзЭҚ ПАА төрағасы * ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА Кеңесінің мүшесі. ## Оның жетекшілігімен Оның жетекшілігімен * «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы * «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» * «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» «Аралық соттар туралы» * «Прокуратура туралы» * «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдары * соттардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер жөніндегі Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары әзірленді. * Сот санкциясы бойынша қамауға алу, сондай-ақ арнаулы экономикалық және ювеналды соттар мен алқа билер сотын құруға байланысты заң актілерін әзірлеуге және тәжірибеге енгізуге тікелей қатысты. * Оның жетекшілігімен ҚР Жоғарғы Сотының 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары, Сотты қалыптастыру стратегиясы әзірленді. * Қазақстан Республикасының Судьялар одағын құру туралы бастама жасалып, ол Халықаралық судьялар ассоциациясына кірді. * ҚР Бас прокуроры болған кезде құқық қорғау жүйесі қызметінің сапасын арттыруды, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді жақсартуды қамтамасыз етті. * Қазақстан прокурорлары ассоциациясын құру туралы бастама көтеріп, ол құрылым қазіргі кезде Халықаралық прокурорлар ассоциациясының толық құқықты мүшесі болды. * Соттағы көп жылғы тәжірибесі негіз болған ауқымды және жемісті жұмысының нәтижесінде Қазақстандағы сот жүйесі мен сот билігінің құрылуы және қалыптасуына байланысты алты монография, 50-ден астам ғылыми жұмыс жазылды. Бұл еңбектердің бәрінде сот төрелігі мен прокуратура органдарының мәселелері, олардың тиімділігін арттыру жолдары жан-жақты зерттеліп, сондай-ақ еліміздегі тәуелсіз сот төрелігінің қалыптасуына, құқықтық мемлекеттегі оның рөлін бекітуге, адам құқықтары мен бостандығын қорғауға салмақты және шынайы талдау жасалды. ## Марапаттары * «Парасат» (2003) * II дәрежелі «Барыс» (2011) ордендерімен * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) * «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) * «Астананың 10 жылдығы (2008) * «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» * «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) * «МПА СНГ. 20 лет» (2012) мерейтойлық медальдарымен марапатталды. * «Құрметті судья» құрметті атағы * «Үш би» кеуде белгісі * «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» кеуде белгісіне ие болды. * Ұлттық «KazRATING» рейтинг агенттігі мен «Литер Media» компаниясы бірлесе жүргізген жыл сайынғы республикалық «Жыл саясаткері» конкурсының (2008) нәтижесі бойынша Қ.Мәми сар абдал саясаткер болып танылды. ## Отбасы Отбасылы, екі қыз, бір ұлы бар. ## Дереккөздер
## Түсініктемелер Қарағанды хайуанаттар бағы — Қазақстандағы Қарағанды қаласындағы мемлекеттік хайуанаттар паркі. Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. ## Хайуанаттар бағындағы хайуандар ## Тағы қараңыз * Батыр (піл) * Алматы хайуанаттар бағы * Шымкент хайуанаттар бағы ## Түсініктемелер Қарағанды хайуанаттар бағы — Қазақстандағы Қарағанды қаласындағы мемлекеттік хайуанаттар паркі. Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. ## Хайуанаттар бағындағы хайуандар ## Тағы қараңыз * Батыр (піл) * Алматы хайуанаттар бағы * Шымкент хайуанаттар бағы
Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлігі. Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түрікменстан мен Өзбекстан мемлекеттері және Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылғы 20 наурызда құрылды. 1988 жылғы 2 маусымда таратылып 1990 жылғы 17 тамызда тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы — Ақтау қаласы. Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды «Ұйқыдағы аруға» теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды. Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады. ## Этимологиясы Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты "мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді . Маңғыстаудың өлкетанушы ғалым Серікбол Қондыбай «құбыжықтарға» қатысты болжам дұрыс деген ой айтады. Шығыс түркі () және моңғол мифологиясында "маңғыш" (маңғыс, мангус) айдахар, керемет құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерді екіұдай жақсы жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Қондыбайдың айтуы бойынша Маңғыстауда мекен еткен оғыз түркмен тайпалардың арасында «салыр» руы болған, бүгінгі түрікмен ұллытының құрамында «салор» ірі руы тайпасы бар. Сонымен қатар Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркітілдес салыр мен осы салор арасында тарихи генетикалық байланыс бар деген тұжырым айтады. Маңғыстауға келген оғыздар Қаратауды "Маңғыштағ" деп атаған. Айдахар туралы аңыздар түрікмен халқында да, қазақ халқында да (Айназар батыр туралы) бар. Оғыз салылар "Маңғыштағ" атауын өздеріне дейінгі аңыздарға негіздеп жасаған, аударма (калька) топоним. Сондықтан "Маңғыстауды" маңғыш тау қорқынышты алып айдаұһардың мекендеген тауы немесе "айдаһартау" дегенді білдіреді деген тоқтам жасауға болады. ## Географиясы Қосымша қараңыз Маңғыстау географиясы Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Облыстың шеткі нүктелері: * Батыс - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б. * Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерінде * Оңтүстік - Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы * Солтүстік - Атырау облысымен шекарадағы Желтау болып табылады. Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (556 метр). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі (132 метр), Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады. ## Өсімдік жамылғысы Маңғыстау өлкесінің дүниесін зерттеу жұмыстары ерте кезден басталып, 150 жыл бұрын ботаник және әуесқой табиғат зерттеушілері: А. Шренк, И.Борщов, П. Семенов-Тянь-Шаньский, И. Северцов, Эйхвальдтардың еңбектері арқылы ғылымға белгілі бола бастады. Оның ішінде 1825–1826 жылдары жарық көрген Эйхвальдтың – Каспий теңізінің Маңғыстаудан Шағадамға дейінгі жағалауындағы өсімдіктер дүниесі туралы еңбегі айрықша маңызды. Г.С. Карелин 1832 жылы Каспий теңізінің терістік шығысынан қамал салу үшін қолайлы орын іздей жүріп, Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі жөнінде құнды пікірлер қалдырды. И.Г. Борщовтың 1965 жылы жарық көрген «Арал-Каспий аймағының ботаникалық географиясына материалдар» атты еңбегінде Маңғыстау жарты аралының өсімдіктер дүниесі жөнінде көптеген ескертпелер жасалды. Маңғыстау жерін зерттеген атақты геологтар Барбот де Марин, Баярунас, Андрусов, Алексейчиктердің еңбектерінен де бұл аймақтың өсімдіктердүниесі туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Маңғыстаудың құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түйелер де, сондай-ақ, Сам, Матай құмадарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас, Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен Түпқараған аймағында және Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қарағаш, қаттықара, қараған, түйесіңір өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; құм жағаларында – сүттіген, Бозашы түбегінің теңіз жағалауында сораң мен садақ, Оңтүстік Маңғыстау жазығының үштен екі бөлігінде тітір шөбі өседі. Итсигекпен адыраспан,құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі. Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы – жусан. Жусан аймақтың барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік мал талғамай жейтін шөп – күйреуік. Қоныссыз жылдары күйреуік жақсы шықса, малшы қауым жусанды көп іздемей,қанағат тұтады. Ал бұйрығынды көктемей тұрғанда, не шала көктеу кезінде, содан кейін күз, қыс қарсаңында жақсы пайдаланылады. Сондай-ақ,изен, жапақ, тітір,жантақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейді, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы, қоректік сапасы өте жоғары. Маңғыстауда тұрақты қоныс бола бермейді. Қысы қарлы, көктемі желсізжылы,жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдық, сарғалдақ, раң, мортық, сіргеқара, беде, мысыққұйрық, аққайың, жауылша, қазтабан, шытыр, қоңырбас, сіңбірік, қоянжын; таулы жерлерде: киікоты, ерқұны, қына, түйежапырақ, қызылша; ащылы жерлерде: көкпек, домалатпа, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот,балықкөз т.б. қаптап шығып,дала құлпырып кетеді. Бірақ, бұл сирек, 7–10 жылда бір кездесетін өзгермелі құбылыс. Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалысы – мортық. Мортық қонысты жылдары Маңғыстаудың көптеген жерлерінде шығады. Көктемде бас жарғанға дейін мал жақсы жейді. Кей жылдары мортықты мал азығы үшін де дайындайды. Азықтық және шығымдылық сапасы жағынан мортықпен деңгейлес шөптердің бірі – ебелек. Ол да мортық сияқты Маңғыстаудың көпшілік жерінде кездеседі. Мортықтан ерекшелігі – жаңбырлы жылдары көктемнен қоңыр күзге дейін мезгіл таңдамай шыға береді. Малдың барлық түрлі, оның ішінде жылқы малы ебелекті жақсы жейді. Дәнденіп, қатайған уақытта қозы үшін тиімсіз. Әдетте қазан айының соңғы он күндігінен бастап ебелек ұша бастайды.Малға жағымдылығы жағынан бағалы шөптердің бірі – ажырық. Ол тау қойнауларында, ағыстардың түйіскен, су жиналатын жартылай тақыр тегістіктерінде тұтас өседі. Ғылымда ажырықты мал семірткіш азық деп бағалайды. Шаруашылықтар қалың шыққан жылдары ажырықты малазығы үшін де дайындайды. Маңғыстау даласында ши басқа өсімдіктер сияқты кең көлемде кездесе бердейді. Бұл су сағалайтын, жоғарғы қабаттағы тұщы сулардан нәр алатын өсімдік. Шиді тау бөктерлерінде, ызалы, еспелі бұлақтар маңында , құмның қоңырлыққа айқасар сулы, тепсенді алқаптарында кездестіруге болады. Ши сақалдарын мал жақсы жейді. Ал шидің өзін тартып дайындап, тоқып үй тұрмысына және малға ықтасын ретінде пайдаланады.Суармалы жерлерде мал азығы үшін жоңышқа, жүгері, судан шөбі жақсы өседі. Бірақ су көздерінің тапшылығына байланысты, өсімдіктің бұл түрлері кең көлемде тарамаған. Өзен, көл, жайылма судың жоқтығына байланысты Маңғыстауда тұрақты шабындық жоқ. Қоныс реттеріне қарай әр жылда әр жерден мал азығы дайындалады. Дәрілік өсімдіктер. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін сан алуан өсімдіктер дүниесінде емдік шөптердің алатын орны ерекше. Маңғыстауда дәрілік өсімдіктердің қоры өте көп, олар болашақта мұқият зерттеуді қажет етеді. Осыған орай Маңғыстау даласының табиғат жайылымында өскен малдың етінің ерекше дәмді болуы да тегін емес. Адыраспан. Маңғыстаудың барлық аймақтарында кездеседі. Оның биіктігі 30–60 см. Мамыр, шілде айларында гүлдейді. Жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар шар тәріздес қауашақ. Негізінен ескі жұрт маңдарында өседі. Емдік мақсатқа алдараспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүледрін пайдаланады. Алдараспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Әбу Әли Ибн Сина оны сегізкөздік жүйкесінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде пайдаланған. Халық медицинасында адыраспанды ревматизм, қышыма, тері ауруларын булауға пайдаланады. Ал шөбінен жасалған қайнатындыны суық тигенде,безгек, жүйке жүйесінің әлсіреуіне пайдаланады. Шөбін жағып үйді, қойманы зарасыздандырады. Ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді. Қара не қызылбұрышқа қосып, теңге қотырға жағады. Ақ тұт. Түпқараған түбегі тауларында өседі. Тұт тұқымдас бұта, ақшыл-жасыл жемісі бар. Биіктігі 5–15 метрдей. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қазіргі кезеңдерде тұт ағаштары күтімсіздіктен азып, жабайыланып, тұқымы азайып барады. Ақ тұттың жемістерінің, бұтақтарының қабығы мен тамырларының шипалық қасиеті бар. Жемісі қанды көбейтеді. Зат алмасуды реттейді, терлетеді, зәр айдайды, қақырық түсіреді. Діңінің қабығын жараға жапсырады, ал жапырақтары дене қызуын төмендетеді. Ақ тұт тамыры, қабығының суға қосылып жасалған тұнбасымен гипертонияны, бронхитті және демікпені емдейді. Бәйшешек. Биіктігі 15–30 см. Иісті сары гүлдер шатырға ұқсас. Жемісі жұмыртқа тәріздес қауашақ мамыр-маусым айларында гүлдейді. Бәйшешек тамыры бронхит аурулары кезінде қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Витамин үшін жапырақтарын салат жасап жейді. Қақырық түсіреді, несеп жүргізеді, іш өткізеді. Гүлдерін бастың сақинасына, бастың айналуына, тамырын сүтке қайнатып туберкулезге, сабағы мен жапырақтарынан қайнатынды жасап, күн өткенле, аяқ-қол калтырағанда, буын сырқырағанда, ұйқы қашқанда ішуге болады. Бозжиде. Ірі тікендері, тармақтары бар ағаш тәрізді, биіктігі 10 метрге жуық. Жапырағы сопақша, ақшыл тікенді түктері бар. Гүлдері бал иісті ашық сары, шоғырланып өседі. Шілдеде гүл жарып, қыркүйек, қазан айларында жеміс береді. Дәрілік мақсатта гүлдері мен жапырақтары, жемісі пайдаланылады. Бозжиде жемісі іш өткенде де пайдаланылады. Гүлінен қайнатып жүрек-қан тамырлары ауруларын, гипертониялық ауруларды емдеуге пайдалы тұнба жасайды. Сондай-ақ бозжиде жемісін тыныс органдары қабынғанда қақырық түсіруге де қоладанылады. Ғылыми медицинада бозжидеден асқазан ауруларын емдейтін лохпектан жән пшатин препараттарын жасайды. Жантақ. Бұршақ тұқымдас, тікенді, көп жылдық өсімдік. Маусым, тамыз айларында гүлдейді. Маңғыстаудың құм етегі көлдеу тепсендерінде, тау шатқалы аңғарларында, сулы жерлерінде кездеседі. Емдік мақсатында жантақтың жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Жантақ шөбін қайнатып, сүзгіден өткізгеннен кейін сұйығын күніне 3 рет 2 стаканнан ішеді. Қуыққа тас байланғанда сұйық дәрет жүргізу үшін, өт тазарту, іш жүргізуге пайдаланылады. Сондай-ақ бүйрек, қуық қабынуларына да пайдаланады. Жантақ қайнатындысынан геморройға қарсы ванна жасайды. Изен. Алабұта тұқымдас, тік өсетін, жапырағы ұсақ, гүлдері де ұсақ, жасыл, қызғылт түсті болып келеді. Маңғыстауда құмды, бұйратты, қоңырлық жерлерде өседі. Емдік мақсатында изеннің дәндерін пайдаланады. Дәнін қыркүйек, қазан айларында жинайды. Қытай халық медицинасында изенді несеп жүргізетін, жүрек қызметін реттейтін емдік препарат ретінде қолданады. Сонымен қатар изенді тері мен тырнақтың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланады.Киікоты. Көп жылдық өсімдік. Көп сабақты. Киікотын гүлдеген кезде жинап көлеңкеде кептіріп қағаз қалтада сақтайды. Киікотының қайнатындысымен асқазан мен ішек және кеңірдек ауруларын, ақ жатыр ауруын емдейді. Бірақ киікотын екіқабат әйелге пайдалануға болмайды. Ас қорыту жүйелерінің жиырылуы, созылу қасиеті перистальтикасы бұзылғанда пайдаланады. Киікоты тұнбасын жөтелге, етеккірді реттеуге де пайдаланады. Тұнба тәбет ашады. Қақырық түсіреді. Хош иісті ванна, компресс жасауға да болады. Киікотының ас қорыту және қолқа бездерінің жұмысын жақсартатын қасиеттері де бар. Киікотынан дайындалған тұнбамен ревматизм, құрысуды, жалпы қан тамырының соғысын көтереді. Киікотынан жасалған дәрі майды дененің салданған мүшесіне, іш желденгенде қарын сыртына жағып сылайды. (Маңғыстау энциклопедиясынан алынған) ### Жануарлар дүниесі Маңғыстау өңірінің миллиондаған жылдармен өлшенетін тарихы, соған сәйкес, сан алуан табиғат жаратылыстары мен жануарлар дүниесінің болғаны белгілі. Қазіргі кезеңде Маңғыстаудың қай түпкірінен болса да тіршіліктің маусымдық ерекшеліктеріне байланысты:хайуанаттардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің, кемірушілердің, жыртқыш аңдар мен құстардың шөл далаға тән өкілдерін кездестіруге болады. Олардың ішінде: кірпі, дала тасбақалары, кесірткелер, жыланбас пен улы қарашұбар жылан, оқ жылан, су жылан, құм жылан, сарыүйек, ешкіемерден бастап, дала тышқандары: қосаяқ, сарышұнақ, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр т.б. жиі кездеседі. Ал, мәлін, борсық, қарақұлақ өте сирек, оларды шалғайдағы қалыңдықтар мен мемлекеттік корықтардан ғана кездестіруге болады. Сондай-ақ, көктем шыға келетін кішкентай көк және сары шымшықтар мен күзгі салқындықтың хабаршысы суықторғайдан бастап, дала құстарының үйреншікті түрлері: қарға, бозторғай, қараторғай, қарабауыр, шыл, жек, қарлығаш, көкек пен кептер, жыртқыш құстар: қаршыға мен әр түрлі қарақұстар, дала бүркіттері кездессе, теңіз жағалауы мен аралдарда: қасқалдақ, шағала, үйрек, торалақаз, қоқиқаз, аққу сияқты су құстары мекен етеді. Ақтау қаласы маңындағы Қаракөл заказнигінде жоғарыда аталған су құстарынынң бірсыпырасын кездестіруге болады. Сонымен қатар, Бозашы, Ембі заказнигі мен Үстірт-Қарамая, Кендірлі қорығының таулы, шыңды жерлерінде – арқар; Жазық, Жайылма коңырлықтарында қарақұйрықтар мекен етеді. Бозашы түбегінің терістігі мен терістік шығысы, қарағайлы Кент, Тасорпа бетінде, Үстірт жонындағы үлейлерде, Сам, Матай құмы төңірегінде киіктер жиі ұшырасады. Үй жануарларынан жергілікті халықтың өсіретін малдары: кәдімгі қазақтың түсайыр түйесі, Адай тұқымды жылқы, қаракөл қойы, жеке қожалықтарда сиыр, ешкі түліктері. Бұлардың ішінде Адай жылқысы мен қазақтың түсайыр түйесі – ғасырлар бойы түбектің табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан, өміршеңдігі мен экономикалық тиімділігі жоғары тұқымдық қор болып есептеледі. (Маңғыстау энциклопедиясынан алынған) ### Климаты Қосымша қараңыз Маңғыстау климаты Маңғыстау облысының климаттық жағдайы өңірдің Еуразия материгінің орталығында, әлемдік теңіз және мұхиттан алыс қашықтықта орналасуына байланысты қалыптасады. Аймаққа тән сипаттама: жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық; жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы; жауын-шашыны аз және жыл мезгілі бойынша тең таралмаған, ауасы қүрғақ; бүлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол. Осының бәрі аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында дала, орталығында шөлейт және оңтүстігінде нағыз шөлді өңірлердің қалыптасуына әкеліп соқтырады Жыл бойы ауа ағымының негізгі үш түрі әсер етеді: * арктикалық, * полюстік (немесе қоңыржай белдеулік) * торпикалық. Аймақ қоңыржай белдеудің оңтүстік белігінде жатқандықтан, қоңыржай ендік ауасының әсері басымырақ. Аймақтың ауа райына Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттар да әсер етеді. Таулы кедергінің жоқтығынан, ауа ағымдары солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай еркін етеді. Атлант мұхитының теңіздерінен келетін ауа үлкен қашықтықтардан өте отырып, көп ылғалын жоғалтады. Сейте тұра, батыстан атмосфералық жауын-шашынның ең негізгі белігін әкеліп, қысқы температураны жоғарылатады да, жаздғы температураны төмендетеді. Солтүстік Мұзды мүхит аймағында қалыптасатын континенттік арктикалық ауаға қыста да, жазда да төмен температура және аз ылғалдылық тән. Осындай ауаның келуіне байланысты антициклондық ашық күндер орнайды. Мүндайда қыста аяз, жазда ыстық болады. Арктиканың континенттік ауа массасы аймаққа жылдың мезгіл аралық кезеңінде жиірек өтіп кетуіне байланысты,көктемде тым кеш (бесқонақ), күзде ертерек суық түсу мысалдары ұшырасады. Каспий теңізінің климатқа әсері шектеулі. Оның әсері жағалауға жақын жерлерде ғана байқалады, атап айтсақ, ауаның ылғалдылығы шамалы артып, қыста температурасы жоғарылайды, ал жазда төмендейді, температураның жылдық және тәуліктік амплитудасы кемиді.Осы жайттардың әсерінен тым қүрғақ континенттік климат қалыптасады. . Атырау қаласында атмосфералық қысымының орташа жылдық мөлшері 1022 мб, қыста 1027 мб, жазда 1012 мб, яғни Қазақстаннан басқа аймақтарына қарағанда жоғары. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдердің жиі қайталанып келетіні байқалады. Қыста Каспийдің суы, іргелес жатқан құмды шөлдермен салыстырғанда, аз ғана суиды. Осыған байланысты суық ауа ағымының шөлден Каспийгө қарай ауысу тенденциясы қалыптасқан. Аймақта жел қуатының қоры мол, оны шаруашылықта пайдалануға болады. Күшті жел бұл аймаққа тән құбылыс. Каспий теңізінің жағалауы қатты желімен ерекшеленеді, оның жыл сайынғы орташа жылдамдығы 6–7 м/сек, бүл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Мұнымен қоса, жазда жергілікті жел - бриз (күндіз теңізден қүрлыққа қарай, ал түнде,керісінше, құрлықтан теңізге қарай соғады) байқалады. Жылдың ең суық айы — қаңтар. Қиыр солтүстікте және солтүстік-шығыста қаңтардың орташа айлық температурасы минус 10–15,6° С (Ақтөбе). Маңғыстау облысының оңтүстігінде минус 5,5°С (Аққұдық). Жалпы алғанда, қысы қоңыр салқын, ал аймақтың солтүстігі, сол ендікте жатқан Украинамен және Солтүстік Кавказбен салыстырғанда, біраз суықтау. Солтүстігінде қыс 4,0–4,5 айға созылады, ал оңтүстігінде мерзімі қысқа да жұмсақтау. Қар жамылғысының қалыңдығы солтүстігінде 15–20 см, оңтүстігінде 10 см-ден кем, солтүстікке қар мызғымай 3 ай бойы жатса, оңтүстігінде 1,5–2 ай ғана жатады. Кей мезгілде, қысы біршама суық жылдары, аяздың көрсеткіші: Орал қаласында –43°С, Ақтөбеде –34°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде –26°С. Алқаптың біраз бөлігінің жазы ыстық, құрғақ, күні ашық. Шілде айының (ең ыстық ай) орташа температурасы солтүстігінде (Орал) +22,0°С, оңтүстігінде (Аққұдық) +28,6°С. Кей жылдары ауаның температурасы +47°С-қа дейін (Аққұдық) көтеріледі. Аймаққа үзақ мерзімді аязсыз кезең тән, бұл көрсеткіш 160–215 тәулік аралығында өзгереді. Мол жылу қоры аймақта жылусүйгіш ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру мүмкіндігін туғызады. Бірақ жауын-шашын мөлшері, тым аз, әсіресе Маңғыстау облысының оңтүстігінде оның орташа жылдық мөлшері солтүстігінде (Орал) 360 мм, оңтүстігінде (Аққұдық) 150 мм. Өсімдік өсуге қажетті ылғал мөлшері жеткіліксіз, сондықтан мұнда, негізінен,суармалы егістік алқаптары орналасқан. Жазда температураның жоғары болуынан булану да артады. Мұны дақылдардың көпшілігінің вегетациялық даму көзеңіндегі ылғалдылық жиынтығының жетімсіздік көрсеткішінен (1105–2860) байқауға болады. Тіркелген ең суық күн 1969 жылы 10 ақпан –28 градус ыстық 43 градус (14.08.2006) орташа температура 12б2 орташа жылдык жауын шашын 167 мм. ### Жер бедері Қосымша қараңыз Маңғыстау жер бедері Облыс көлемінің бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (қырат) (221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті және ТМД дағы ең терең ойпат (–132 метр) Қарақия ойпаты орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр ## Әкімшілік құрылымы ### Тарихи кезең Маңғыстау өңірі өткен ғасырларда әртүрлі құрамда болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық әкімшілік бөліктерге бөлінген. Нақты географиялық шекараның нышанға ие болуы он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен басталады. 1848 жылы Ресей империясына қосылған өлке (Маңғыстау, Үстірт, Жем бойы, Доңызтау) Жоғарғы және Төменгі Адай дистанцияларына бөлінеді. Олар болыстардан (волость) тұрды. Болыстар ең төменгі әкімшілік-саяси құрылым ретінде 1928 жылға дейін өмір сүрді. Территориялық, сандық тұрғыдан тұрақсыз болған болыстар саны 20-30 шамасында болатын. 1869 жылы "Жаңа ережеге" сәйкес Орал облысының құрамында Маңғыстау приставтығы құрылып, ол 20 мың қазақ шаңырағын біріктірді. Сол жылы Иса-Досан бастаған халық көтерілісіне байланысты бұл приставтық Кавказ әскери округіне қаратылды. 1881 жылы приставтық Маңғыстау уезіне айналып, 1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Закаспий облысының (орталығы - Ашхабад қаласы) құрамына кіргізілді. Сол кездері уездің жер ауданы 190 мың шаршы километр болды. 1920 жылғы шілдеде Кеңес билігі толық орнаған соң, үлкен Адай уезі құрылып, ол губерниялық құқықққа ие болды. Тобанияз Әлниязұлының басшылығымен бұл өлке Қазақ АКСР құрамына еніп, өзінің ұлттық мемлекетіне түпкілікті қосылды. 1928 жылы Адай уезі таратылып, Маңғыстау округі аз уақыттан соң Маңғыстау ауданы болып қайта құрылды. 1930–1981 жылдары аралығында Маңғыстау-Үстірт жері оқтын-оқтын қайта пішінделіп, әр кезеңде Шевченко, Мұнайлы бөлікке бөлінді. 1973 жылы 20 наурызында жеке әкімшілік облысқа айналып, өзінің территориялық құрылымын 1990 жылы қалыптастырып болды. ### Бүгінгі жағдайы Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады . Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам). Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Екінші аудан Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту мақсатында құрылды. ## Тарихы Маңғыстау облысы Маңғыстау түбегінде орналасқан. Облыстың атауы географиялық орналасуына байланысты берілген. Маңыстау туралы ежелгі деректер 950-960 жылдар шамасында араб авторы Мұқаддасидің шығармасындағы хазарлардың Джурджан жағындағы шкарасы Бенкишлах деген қала атауы болған. Маңғышлақ атауы аталған Махмұд Қашқаридың Диуани лұғат ат-түрк (Түрік тілі сөздігі) еңбегінде жазылған дерек 1070 жж-дар шамасында болған. Маңғыстау туралы алғашқы жазба дерек 922 жылы Бағдаттан Еділ Бұлғармясына барған араб елшісі Ахмед ибн Фадлан қазіргі Хорезм өңірінде болып, одан әрі Үстірт үстімен жалғастырып, жолшыбай 4 наурызда оғыздар еліне жетеді. Жолда өткізген уақыттың қысқалығына қарағанда бұл мекен Бейнеу мен Жылыой ауданының аралығында болғаны анық. Ибн Фадлан "Ар Рисале" атты еңбегінде оғыздар туралы біраз ақпарат келтірген. Әйгілі жібек долының бір тармағы Маңғыстау жерінен өткен, негізгі керуен жолдары ретінде Хазариядан Хорезмге дейінгі жолдар пайдаланылған. ### Археология ## Демографиясы Маңғыстау облысы халық ең сирек орналасқан облыстың бірі. Өлкедегі археологиялық ізденістер осындан 180-200 мың жыл бұрын (палеолит) кейінгі неолит, қола дәуірілерінде адам мекендегенін анықтап, Үстірт пен Маңғыстаудағы ежелгі қоныс іздерін тапты. Маңғыстау халқының саны туралы алғашқы мәлімет 1745 жылы тіркелді. Маңғыстауда сол жылы болған капитан В.Копытовскийдің журналында Мұрат Нияз деген кісінің түбекте түрікменнің алты руынан 1400 үй мекендейтінін айтқаны туралы жазылған. Сол кездері түбекті мекендеген қазақ халқымен бірге қосып санағанда бұл ймақта 15-20 мың адам өмір сүрген. ### Халық саны 1897 жылы алғашқы халық санағы ол кезде уезд болатын облыс аумағында 63 468 адам тұрғандығын анықтады. Серікбол Қондыбай Маңғыстаудың демографиялық тарихын 2-3 кезеңге бөледі: * Бірінші кезең (1916 жылға дейінгі уақыт) - Ресей Империясына бағындырылған өлке оқтын оқтын болып тұрған қазақ-хиуа қақтығыстары мен орыс үкіметінің жазалау экспедицияларына қарамастан халықтың баяу да болса табиғи өсімі байқалады. * Екінші кезең (1916–1959 жылдар аралығы) - 1916 жылдан басталған көтерілістің арты үлкен азамат соғысына ұласты. Осы жылдары болған соғыс және аштық кесірінен халық санынынң 42 пайызына дейін кеміген. Ал кейінгі байларды тәркілеу уақыты кезінде де халық саны қатты кеміді. * Үшінші кезең (1959–1990 жылдар алағы) - Мұнай мен стратегиялық маңызы бар шикізат қорларының игерілуіне байланысты Маңғыстауды қоныстану тез қарқынмен жүрді, небәрі 15–18 жылдың ішінде 10 есе өсті. Сырттан келу қарқынның жоғары болуымен қатар жергілікті халықтың да туу көрсеткіштері өте жоғары дәрежеде болды. * Төртінші кезең (тоқсаныншы жылдар) — Кеңес Одағының ыдырауы демографиялық өзгерістерге әкелді. Басқа ұлт өкілдерінің өз тарихи отандарына оралуы мен Иран, Өзбекстан Түрікменстаннан қазақтардың елге орала бастауымен ерекшеленді. Маңғыстау облысының соңғы он жылдағы демографиялық динамикасы * - 2009 жылғы халық санағының ресми қорытындысы Облыстағы туу және өлім көрсеткіштері ### Қала және ауыл халқы 2016 жылы облыста 633.1 мың адам тұрды, оның ішінде қала халқы – 303,7 мың немесе 49%, ауыл халқы – 329,4 мың адам (51%). 2011 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 98,1 мың адамға немесе 34,2% өсті . ### Миграция Егемендік алған 15 жыл ауқымында көршілес республикалардан Отанына оралған қандастарымыздың есебінен аймақтағы адам саны, оның ішінде қазақтардың үлес салмағы соңғы жылдары едәуір өсті. Есеп-санақ басқармасының (2007) мәліметі бойынша облыс көлеміндегі адам саны 390,0 мыңға жетті. Түбектегі барлық халықтың 1/3-іне жуығы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Олар негізінен осы жердің байырғы тұрғындары. ### Ұлттық құрамы Бұл республика халқының 2,5%-ға жуығы. Халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды (90,26%): қалғандары орыстар (6,10%), әзербайжандар (0,91%), украиндар (0,31%), өзбек (0,35%), татарлар (0,27%), корейлер (0,14%), шешендер (0,11%), басқа ұлттар (1,38%). Облыс тұрғындарының 49,9%-ы (303,7 мың адам) қалада, 50,1%-ы (329,4 мың адам) ауылда тұрады. Халқының орташа тығызд. 1 км²-ге 3,6 адамнан келеді. Халық негізінен темір жол бойы және облыстың батысындағы Ақтау, Қаратау таулары етегінде қоныстанған. Кейінгі жылдары мұнай кен орындарының игерілуіне байланысты халық осы кен орындарына шоғырлана бастады. Қалалары – Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко. ### Өмір сүру көрсеткіштері Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторы ## Экономикасы Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады. Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатыр. Облыста "Жер-Теңіз-Аспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе жатыр. Облыстың 2010 жыл қорытындысы бойынша экономикалқ даму көрсеткіштері: * Жалпы аймақтық өнім - 1 422,9 млрд теңге (5 орын) * Өндіріс өнімдерінің жалпы көлемі- 1647, 4 млрд теңге (2 орын) * Ауылшаруашылығының өнімі - 4.4 млрд теңге (14 орын) * Негізгі капиталға жасалған инвестиция - 372 млрд теңге (3 орын) * Бөлшекті сауда көлемі - 78 млрд теңге (14 орын) ### Облыстың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы ### Рейтингтері Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. 2004 жылы облыс бойынша жалпы қо-сымша құн 282,1 млрд теңге құрады, ал негізгі қорлар (2004 жыл соңына қалдық құны бойынша) - 324,9 млрд теңге. 2004 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд теңге, немесе 2003 жылғы деңгейдің 126,9% құрады. 2004 жылы құрылыстық мердігерлер келісімімен жасалған жұмыс көлемі бағалау бойын-ша 27,7 млрд теңгені құрады, ол 2003 жылға қарағанда 1,3 есеге артық. Облыс үшін айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2004 жылы бұған негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған. ## Туризмнің дамуы ## Мәдениеті ### Маңғыстау күй мектебі ### Маңғыстаудың салт дәтүрлері ### Бекет Ата ### Маңғыстаудың жерасты мешіттері ### Маңғыстау туралы шығармалар ## Білім беру жүйесі Облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (олардағы қатысушылар саны 88,1 мың), 13 колледж (10,3 мың қатысушы) 4 жоғары оқу орны (17,8 мың студент) жұмыс жасайды. Ең үлкен оқу орны Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті. 2010 жылы Ақтау қаласында Жер-Аспан-Теңіз мега жобасының аясында салынған университеттің жаңа оқу корпусы ашылды. Жаңа кампусты ашуға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. ## Денсаулық сақтау жүйесі Денсаулық сақтау ісі жөнінде Маңғыстау облысы әлі де артта қалып келеді. Дегенмен соңғы жылдары осы саладағы көптеген көрсеткіштер жақсарып келе жатыр. Облыста барлық мамандық бойынша 1,2 мың дәрігер қызмет ететін және 3,1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана мекемелері бар. ## Өнеркәсіп ### Ірі компаниялар * Каспий Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация * Маңғыстаумұнайгаз * Өзенмұнайгаз * ПМК * Ақтау порты * Казмортрансфлот * Қаражанбасмұнайгаз * Қарақұдықмұнай * Бозачи * Каспий меруерті оперейтинг * Н оперейтинг * Құрманғазы Петролеум * Хазар * Ерсай * МАЭК * КазАзот * Keppel Kazakhstan * Теңіз сервис ### Мұнай өндірісі Тарихи кезеңдер ## Ауыл шаруашылығы Облыстың ауыл шаруашылығы (850 ша-руа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2004 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0,2% береді. Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашы-лығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га. егіндік жерлер. 2004 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі өндірілді. 2004 жылдың соңында ірі қара малдың саны - 7,2 мың бас (оның 4,1 мыңы - сиыр), қой мен ешкі - 430 мың, шошқа - 0,2 мың, жылқы - 30 мың және түйе - 34 мың бас құрады. 2004 жылы 15,5 млн тонна шикі мұнай, 2,8 млрд тк. метр табиғи газ шығарылған, 2,9 млрд кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндіріледі. ## Билік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс дәрежесіндегі әкімшілік бірліктің басшысы - әкім деп аталады. Әкімді Президент тағайындайды. ## Тағы қараңыз * Бесшоқы * Қарақия ойысы * Өзенмұнайгаз * Кендірлі * Ақтау сити * Шерқала * Бекет Мырзағұлұлы * Жаңаөзен оқиғасы (1989 жыл) * Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл) ## Сыртқы сілтеме * Маңғыстау облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP) * Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми веб сайты Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы. ## Дереккөздер
Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен «Волгалық сұр-92», «Мозолеевская-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 – 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы – ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі – қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі – жалған жидек, ірі, пішіні – дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 – 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 – 18% құрғақ заттар, 8 – 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 – 40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады. ## Дереккөздер
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎; Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки; 870 – 950 ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған. ## Оқу жолы Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. ## Шығармашылық жолы Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салады. Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз. Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады. Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: * тіл білімі және оның тараулары; * логика және оның тараулары; * математика және оның тараулары; * физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; * азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. “Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птолемейдің “Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.). “Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады. Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің философия және натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады. Астрономида күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған. Сәуленің таралуын геометрия оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср Әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И. Кеплер арабшадан аударып “фокус” атаған. Мұны Әбу Наср Әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын “күйдіру”, “оттық орын” мәнінен шығарып “мұхарақ” атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын-ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт: * Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы; * Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы; * Сабақ процесінің алатын орны. Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді. Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. ## Әмбебап-музыкант Әбу Наср Әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. “Музыканың ұлы кітабы” — ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Музыканың тәжірибелік (эксперименттік) және теориялық (математикалық) негіздерін жасап, физика-математикалық заңдылықтардың белгілі музыка аспаптарда қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Әбу Наср Әл-Фараби ғылми танымның жалпы (универсал) теориялық үш шартын анықтап, соның негізінде музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі негіздерін — принциптерін білу; екіншіден, осы принциптерден сол ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді шығара білу; үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылмаған ой-пікірлерді талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу. Музыканың математика теориясын жасау жолында Әбу Наср Әл-Фараби математиканың көптеген түбегейлі мәселелерін қамтиды. Олар: қатынастар теориясы, комбинаторикалық талдау мәселелері, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика идеясы т.б. ## Әл-Фараби мен Абай Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес философиялық сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен Жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздерінде сол түпнұсқадағы қапыға немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас...» өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектерінде жатыр. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Фарабидің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың «толық адам» жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, өсімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалдыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы - көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған. Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады. ## Ғалым мұралары жету кезеңдері Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: * Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.); * Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, т.б.); * 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.); * Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.). Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді. Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында шығыс философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғылыми түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық көрді. Бұл бөлім Әбу Насыр Әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-де Фарабитану орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Насыр Әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде. ## Әбу-Насыр әл-Фарабидің шәкірттері Фараби өз тұсында да, өзінен кейінде халық арасында кеңінен белгілі болған. Фарабиді Шығыс пен Батыстың көп ғалымдары өздеріне ұстаз тұтып, оның еңбектерінен үлкен өнеге, ғибрат, тәлім-тәрбие алған. * Әбу Әли Құсайын Ибн-Абдолла ибн-Сина (Авиценна) — медицина ғылымының атасы, Орта Азия атырабынан шыққан, ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен ірі тұлға. * Омар Ибн-Ибрагим Әл-Хайям (1048-1130) — Фараби мен ибн-Синаның мұраларын игеріп ілгері дамытушы. Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик. * Ұлықбек Ибн Шахрух (1394-1447) — аса ірі мемлекет қайраткері, астроном, математик, ертедегі грек ғалымдары мен Орта Азияның көрнекті оқымыстыларының негізгі еңбектерін жетік білуші ғалым. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * А.Касымжанов. Абу-Наср аль-Фараби кітабы * Р.С.Каренов. Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі * Шығармалары Adebiportal.kz сайтында
Ізмұхамбетов, Бақтықожа Салахитдинұлы (1 қыркүйек 1948, Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасы (наурыз 2016). ## Білімі Байұлы тайпасы Адай руынан. * Уфа мұнай институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1971). * Техника ғылымдарының докторы (1998). * Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2003). * 5 монографияның, 4 ғылыми есеп берудің, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Өнертабысқа 4 авторлық куәлігі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. ## Биографиясы * 1971 жылдан - «Ембімұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы (Гурьев облысы Сарықамыс кенті). * 1972 жылдан - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтының бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері (ҚазҒЗГБИ, Гурьев қаласы). * 1973 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық мөлшерлеу және ЕҒҮ отрядының бастығы (Гурьев қ.). * 1978 жылдан - ҚазҒЗГБИ-ның зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары. * 1983 жылдан - Кеңес мұнай барлау экспедициясының аға инженері (Аден қаласы, Йемен). * 1987 жылдан - ҚазҒЗГБИ-нда зертхана меңгерушісі. * 1988 жылдан - Гурьев сынақтық-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы. * 1991 жылдан - ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Мұнай және газ басқармасының бастығы. * 1993 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның бас директоры; «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ теңіз жобалары жөніндегі бірлескен кәсіпорындардың атқарушы директоры, «Қазақстанмұнайгаз» ҰМК-ның теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖАҚ-тың бас директоры. * «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ БК-нің үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры. * 2003 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бірінші вице-министрі. * 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі. * 08.2007 - 01.2012 жылдар аралығында - Батыс Қазақстан облысының әкімі. * 2012 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі V шақырылымдағы депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланды . * 2012 жылдың 15 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Б.Ізмұхамбетовты Атырау облысынң әкімі ретінде тағайындады . * 2016 жылғы 25 наурыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасы. ## Қоғамдық қызметі Гурьев облысының Балықшы аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1989-1991). ## Марапаттары * «Құрмет» (1999), * II дәрежелі «Барыс», * I дәрежелі Ұлы Петр (РФ, 2006), * «Сіңірген еңбегі үшін» (Украина Республикасы, 2008) ордендерімен марапатталған . * Йемен ХДР-дағы КСРО елшілігінің Алтын кітабына енгізілген (1986). * Уфа мұнай институты Алтын белгісінің жүлдегері. ## Отбасы Әкесі - Ізмұхамбетов Салахатдин, мұғалім болған. Анасы - Қалиева Әсима, зейнеткер. Үйленген, екі баласы, үш немересі бар. ## Дереккөздер
Бәйбөріұлы Олжашы батыр (16 ғасырдың аяғы — 17 ғасырдың басы) Олжашы Орта жүз Арғын тайпасының ішінде Қаракесек руынан шыққан азамат еді. Қаракесектің Ақша деген баласы болған. Оның баласы Бошан. Оның баласы Бәйбөрі. Бәйбөрінің екінші баласы Олжашы батыр еді. Есім ханның тұсында 1627 жылы: «Хан Тұрсынды ант ұрсын», деп Қатаған Тұрсын ханға қарсы жорыққа баруға қол жиналған. Соңда қолбасшылардың бірі Арғын Олжашы еді. Тұрсын ханның әскері Сайрамның атырабында жеңілді. Өзінің ордасы Ташкент қаласы еді. Тұрсын хан Аштарханид әмірлерімен одақ құрып, Есім ханмен бәсекелескен. Ташкентті алғаннан кейін Тұрсын хан қаза табады. Артынан бірнеше қыз қалады. Айбике, Нұрбике мен Қызданбике деген ғажайып періштедей сұлу қыздарын Шаншар деген қолбасшы олжа ретінде алады. Қоңырбике деген қызды ұлы Абайдың түп бабасы Әли алады. Кенжесі Оразбике сұлуды Олжашы батыр алады. Олжашының Жүгіней деген ағасы болған. Оразбикені батыр осы ағасына берген. Одан Қойке, Есбалақ, Баян, Хангелді, Кенжек деген балалар туған. Тағы бір әйелінен Қыдырәлі, Кедей деген балалар туған. (Жұрт арасында «Қыдырәлі, Кедейсің, Қойке келсе не дейсің» деген мәтел қалды.) Ал Олжашының өзінің Асан, Үсен деген балалар туған. Ақтабан шұбырынды кезінде Асанның ұрпақтары Сырдың ар жағына кеткен. Үсендер және Жүгінейдің ұрпақтары Арқада қалып, өсіп-өнген. Қазақ КСР Ішкі Істер министрі Шырақбек Қабылбаев Олжашы батырдың ұрпағы. ## Дереккөздер
Жошы хан (1187-1227 жылдары) – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. ## Дүниеге келгені Шешесі — қоңырат тайпасының қызы Бөрте. Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан әйелін Керей хандығының билеушісі Тұғырыл ханның көмегімен тұтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның ұлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді. ## Қолбасшы Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды. * 1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады. Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады. * 1218 жылы Жошы жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттерді қуа отырып, Ырғыз озенінің бойында Хорезм шаһы Мухаммедтің алпыс мың әскерімен шайқасады. Жошы өзінің шебер қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мухаммед шаһ әскерлері Жошыға қарсы соғыс әрекеттерінен бас тартты. Осы шайқастан кейін Жошы Жетісудағы барлық қалаларды өзіне бағындырды. * 1220-1222 жылдар аралығында Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент тағы басқа қалаларды бағындырды. Осылайша ол Хорезм мемлекетін толығымен жаулап алды. * 1223 жылы әкесінің ұйымдастыруымен өткен Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатынасты. Осы құрылтайда Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған ұланғайыр өлкені үлкен әйелі Бөртеден туған төрт ұлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, "моңғол атының тұяғы жеткен" төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты. ## Құрылтай Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкесінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады. Құрылтай аяқталғаннан кейін Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде Жошы ілеспей өз ордасында қалып қояды. Жошы ұлысының негізін бұрын Дешті Қыпшаққа кірген түркі тілдес тайпалар құрады.Омаровский жерінде өз атасын өлтірді. Кедей баласын алып өзенге лақтырды. 1243 жылы қайтыс болды. ## Қыпшақтармен қарым-қатынасы Шешесі Бөрте қоңырат қызы болғандықтан, ол өз қол астындағылармен өте жақын қарым-қатынаста болды. Жошы бірінші болып тәуелсіз мемлекет құруға ашық түрде ұмтылды. Ал бұл саясат әке мен бала арасында араздық тууына себепкер болды.Сол заманда өмір сүрген шығыс тарихшыларының айтуынша, Жошы күш-қайраты мол, ержүрек, өткір адам болған. Баласының ақылдылығы мен ерекше батылдығынан Шыңғыс ханның өзі де сескенген. Жужани өзінің 1260 жылы жазылған "Табанат-и-Насири" тарихнамасында былай дейді: "Жошы қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша, ол Хорезмде моңғолдарға қандай да бір қыпшақ баласының маңдайынан шерткізбейді." ## Қайтыс болуы Өзінің пікірлес адамдарына: "Шыңғыс қаған, сірә алжыған, өйткені осынша жерді ойрандап, мұншама халықты қырғынға ұшыратты. Сондықтан мен аңға шыққан кезде әкемді өлтіремін!" — дегенді айтқан. Оның осы ойын тете інісі Шағатай сезіп қап Шыңғысқанға жеткізеді. Қаһарына мінген қаған Хорезмге сенімді адамдарын аттандырып, Жошының тез арада әкесіне жетуін бұйырады. "Егер ол мұнда келуден қашқақтап, Хорезмде қалатын болса, үн-түнсіз қанжар сұғып, ләм-мим деместен өлтіре салыңдар!" — деп әмір етеді. Сырқаттығы себепті бара алмайтынын сылтауратқан Жошы кыпшақ даласында қала берді. Ал сенімді адамдары Шыңғысқа Жошының сап-сау екенін, тіпті, аң аулауға жиі шығып тұратынын айтып келген. Тұла бойын ашу оты алаулатқан Шыңғыс хан: "Шамасы, ол маған қарсы екен, әкесінің сөзін де ілтипатқа алмады" деп ойлап, оның соңынан Шағатай мен Үгедей бастаған әскер жіберді. Осы кезде Жошының қазаға ұшырағаны жөнінде қаралы хабар жеткен еді.Ол әкесінен алты ай бұрын қазаға ұшырады. Оның өлімі жайында халық арасында түрлі аңыз-әңгімелер тараған. Солардың бірінде "аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірген" десе, кейбір деректерде "жау жағына шығып кетеді деп қауіптеніп, құпия түрде өз әкесі Шыңғыс хан өлтірткен" деп көрсетіледі. * Жошы Шығыс Еуропаға жорық жасау жоспарын жүзеге асыра алмай дүние салды. Жошының бірнеше әйелдері мен алғыншы арулары бар болатын. Оның қырыққа жуық ұлы болған, олардан сан жетпес немерелері өсіп-өрбіген. Ұлдарының ішінде тарихи деректерде кездесетіндері: Орда-Ежен, Бату, Берке, Шибан тағы басқа. Жошы өлгеннен кейін батыстағы әскер оның екінші ұлын, Батуды, так мұрагері деп таныды, бұл таңдауды Шыңғыс хан да мақұлдады. * Жошының мазары Жезқазған қаласынан 45 км жердегі Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жошының өлімі жөнінде қазақ халқында "Ақсақ құлан, Жошы хан" атты тарихи күй бар. "Ақсақ құлан" мультфильмі түсірілген. Ақ Орданың ханы болған. ## Ұрпақтары П.Савельев, А.Ю.Якубовский, П.П.Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан — Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды". Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и ғузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы — Тоқа Темір — Өз Темір — Қожа Бәдік — Орыс хан) болып саналады.Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шыға бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі.Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға ұмтылған екен. Әбдіразақ Самарқанидің мәліметтері бойынша Орыс хан Сырдария өзенінің бойындағы қалалар мен егіншіліктің дамуына үлес қосқан, таққа отырған соң Ақ Ордадағы өзара қырқысуларды тоқтатқан. XIV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде Қажы-Тархан (Астрахан), 1374-1375 жылдары Сарай қаласын бағындырған. ## Дереккөздер
Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев — (8 шілде 1958, Қайнар ауылы, Алғабас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) - қазақ мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елші. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры. Ысты руынан шыққан. Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 1958-жылы 8-шілдеде сол кездегі Шымкент облысының Алғабас ауданына (қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы) қарасты Қайнар ауылында, көпбалалы отбасында өмірге келген. Ж.Түймебаевтың әкесі Қансейіт Түймебаев кезінде Алғабас және Созақ аудандарында партия ұйымының хатшысы қызметін атқарған. Ол кісі құдай қосқан қосағы Ұлмекен Жаман­құлқызымен отбасында 4 ұл, 8 қыз тәрбиелеп өсірген. Қансейіт Түймебаевтың үлкен ұлы Байсейіт кезінде Маңғыстау облысында жауапты қызметтер атқарған, кейін Шымкент облыстық, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдіктерінде еңбек еткен. Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыс­тарында табиғи монополияларды реттеу, бәсе­келестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау департаментін басқарған. Бәйдібек ауданының әкімі болған. Ж.Түймебаевтың туған інісі Имангелді бүгінде аймақтық басқармалардың бірінде жауапты қызмет атқарады. Оған дейін Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары болған. Жансейіт Түймебаев жұбайы Жанат Еңсебаевамен бірге Елдана және Елнар есімді ұл-қыздар өсірген. Кей деректерге қарағанда, Ж.Еңсебаева өнер галереясының директоры болып істейді, кезінде ол Түркиядағы елшілікпен бірігіп, қазақстандық үздік суретшілердің «Заманауи қазақ өнері» атты көрмесін өткізген. Ж.Түймебаев бала кезінде Шымкенттегі №12 мектеп-интернатта оқыған. Оны алтын медалмен бітірген. Оның математика пәніне қабілеті жоғары болыпты. Ол кейін Қазақ Мемлекеттік университетін, Мәскеу Мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Бүгінде филология ғылымдарының докторы, профессор, 2-сыныпты елші дипломатиялық дәрежесінің иегері. Ол кісі – 30-дан астам ғылыми-танымдық кітаптардың авторы. Ж.Түймебаев кезінде Қазақ Мемлекеттік университетінде еңбек еткен. 1993-жылдан бас­тап Сыртқы істер министрлігінде жауапты қызметтер атқарған, Қазақстанның Стамбул қаласындағы консулдығын, Қазақстан Прези­дентінің Протоколын басқарған, Президенттің кеңесшісі болған. Білім және ғылым министрі болған. Ресейдегі, Түркиядағы, Албаниядағы Төтенше және Өкілетті елші қызметтерін ат­қарған. ## Білімі * Қазақ мемлекеттік университеті. С. М. Киров, Филология факультеті, Алматы қ. (1980); * Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті, Заң факультеті, Мәскеу қ. (2000). ## Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі * Филология ғылымдарының кандидаты, ҚазКСР Ғылым Академиясының Тіл білімі институты (1987); * Филология ғылымдарының докторы (2008); * Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор; * Түркия Республикасының "Нигде" университетінің құрметті докторы (2014). ## Еңбек қызметі * С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті (1980-1993); * Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орта, Таяу Шығыс және Африка елдері басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі (1993-1994); * Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997); * Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық қызметінің консультанты (1997-1999); * Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы бас консулы (Стамбул қ.) (1999); * Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттамасының Бастығы (1999-2004); * Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының бастығы (31.03.2004-01.02.2006); * Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007); * Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010); * Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010-10.2016); * Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (03.2011-10.2016); * Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (07.10.2016-20.06.2018); * Түркістан облысының әкімі (20.06.2018-26.02.2019); * Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (28.02.2019-05.02.2021 бастап) * Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (05.02.2021 бастап) ### Басқа жұмыстар * ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының Басқарма төрағасы (2007-2010); * "Парасат ҰҒТХ" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2008 -2010); * Ұлттық қазақ-түрік университеті Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары (2007-2010). ## Марапаттары * 2003 — "Құрмет"Ордені; * 2011 — "Парасат"Ордені; * 2022 (17 наурыз) — 2 дәрежелі "Барыс" ордені; * Мемлекеттік медальдар, соның ішінде:"Астанаға 10 жыл" медалі (2008);"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі (2011);"Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі (2015);"Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" медалі (2015);"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі (2016);Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалі (2019);"Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл" медалі (2020);"Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" медалі (2020);"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалі (2021); * "Астанаға 10 жыл" медалі (2008); * "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі (2011); * "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі (2015); * "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" медалі (2015); * "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі (2016); * Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалі (2019); * "Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл" медалі (2020); * "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" медалі (2020); * "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалі (2021); Басқа марапаттар: * Түрік кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілері қауымдастығының "Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін" медалі (2011); * Түркияның туризмді дамыту жөніндегі халықаралық платформасы (TÜTAP) "халықаралық қатынастардағы ерекше жетістіктері үшін" сыйлығы (2011); ## Ғылыми еңбектері * Түркология саласындағы кітаптар сериясыЖ. Түймебаев: Алтай тілдеріндегі анлаут ерін дауыссыздарының проблемасы (Рамстедт — Пелио фонетикалық Заңының ревизиясы). Мәскеу, 2004 жЖ. Түймебаев: түркі-қазақ-моңғол этно-тілдік қатынастарының тарихы. Алматы, 2008 ж.Ж. Түймебаев: Алтай теориясы мен Алтаистиканың қалыптасуы мен дамуы. Түркістан, 2006 ж.Ж. Түймебаев: түркі-моңғол лексикалық параллельдерін тарихи-генетикалық ажыратудың теориялық принциптері мен критерийлері. Астана, 2008 ж.Ж. Түймебаев: Орталық Азия тілдерін зерттеудің өзекті мәселелері. Тұран тіл одағы. Көкшетау, 2009 ж.Ж. Түймебаев: Тұран тілінің одағы және Алтайлық ареалдағы тілдераралдық, мәдениеттераралық интерференция құбылы. Түркі дүниесі альманахтары. Астана, 2012 ж.Ж. Түймебаев: алтаистикаға кіріспе. Астана, 2013 ж.Ж. Түймебаев: Түркі филологиясына кіріспе. Астана, 2013 ж.Ж. Түймебаев: түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Астана, 2013 ж.Ж. Түймебаев: қазіргі түркі тілдері. Астана, 2013 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Астана, 2014 ж.Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негіздері (Фонетика. Морфология). Алматы, 2015 ж.Ж. Түймебаев, М. Ескеева: түркологияның тарихи-лингвистикалық негіздері. Алматы, 2015 ж.Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ-түркі тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалық грамматикасы (Фонетика. Морфология). Алматы, 2016 ж.Ж. Түймебаев, М. Ескеева: көне түркі тілі ескерткіштерінің морфологиялық жүйесі. Алматы, 2016 ж.Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ және татар тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалық грамматикасы. Алматы, 2017 ж.Tüymebayev J., Eskeyeva M: Türkolojinin Tarihî Dilbilimsel Esasları. (Түрік тілінде). Алматы, 2017 ж.Ж. Түймебаев, г. Сағидолда, М. Ескеева: түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. (Фонетика. Морфология). Алматы, 2017 ж.Ж. Түймебаев, М. Ескеева, Сағидолда қаласы: "Мәңгілік ел" идеясының лингвистикалық негізін дамыту. Алматы, 2017 ж.Ж. Түймебаев, М.Ескеева, М. Усманова: қазақ және башқұрт тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 2018 ж.Ж. Түймебаев, М.Ескеева, Ш. Әбдіназымов: қазақ және қарақаопақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 2018 ж. * Ж. Түймебаев: Алтай тілдеріндегі анлаут ерін дауыссыздарының проблемасы (Рамстедт — Пелио фонетикалық Заңының ревизиясы). Мәскеу, 2004 ж * Ж. Түймебаев: түркі-қазақ-моңғол этно-тілдік қатынастарының тарихы. Алматы, 2008 ж. * Ж. Түймебаев: Алтай теориясы мен Алтаистиканың қалыптасуы мен дамуы. Түркістан, 2006 ж. * Ж. Түймебаев: түркі-моңғол лексикалық параллельдерін тарихи-генетикалық ажыратудың теориялық принциптері мен критерийлері. Астана, 2008 ж. * Ж. Түймебаев: Орталық Азия тілдерін зерттеудің өзекті мәселелері. Тұран тіл одағы. Көкшетау, 2009 ж. * Ж. Түймебаев: Тұран тілінің одағы және Алтайлық ареалдағы тілдераралдық, мәдениеттераралық интерференция құбылы. Түркі дүниесі альманахтары. Астана, 2012 ж. * Ж. Түймебаев: алтаистикаға кіріспе. Астана, 2013 ж. * Ж. Түймебаев: Түркі филологиясына кіріспе. Астана, 2013 ж. * Ж. Түймебаев: түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Астана, 2013 ж. * Ж. Түймебаев: қазіргі түркі тілдері. Астана, 2013 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Астана, 2014 ж. * Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негіздері (Фонетика. Морфология). Алматы, 2015 ж. * Ж. Түймебаев, М. Ескеева: түркологияның тарихи-лингвистикалық негіздері. Алматы, 2015 ж. * Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ-түркі тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалық грамматикасы (Фонетика. Морфология). Алматы, 2016 ж. * Ж. Түймебаев, М. Ескеева: көне түркі тілі ескерткіштерінің морфологиялық жүйесі. Алматы, 2016 ж. * Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ және татар тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалық грамматикасы. Алматы, 2017 ж. * Tüymebayev J., Eskeyeva M: Türkolojinin Tarihî Dilbilimsel Esasları. (Түрік тілінде). Алматы, 2017 ж. * Ж. Түймебаев, г. Сағидолда, М. Ескеева: түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. (Фонетика. Морфология). Алматы, 2017 ж. * Ж. Түймебаев, М. Ескеева, Сағидолда қаласы: "Мәңгілік ел" идеясының лингвистикалық негізін дамыту. Алматы, 2017 ж. * Ж. Түймебаев, М.Ескеева, М. Усманова: қазақ және башқұрт тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 2018 ж. * Ж. Түймебаев, М.Ескеева, Ш. Әбдіназымов: қазақ және қарақаопақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 2018 ж. * Қазақ тілі саласындағы кітаптар сериясыЖ. Түймебаев: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1985 ж.Ж. Түймебаев: қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1986 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ тілі. Алматы, 1991 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ тіліндегі етістіктің индикативті формалары. Алматы, 1992 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық. Алматы, 1996 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 2005 ж.Ж. Түймебаев: Қазақ-Моңғол лексикалық параллельдері: қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне материалдар. Мәскеу, 2005 ж * Ж. Түймебаев: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1985 ж. * Ж. Түймебаев: қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1986 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ тілі. Алматы, 1991 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ тіліндегі етістіктің индикативті формалары. Алматы, 1992 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық. Алматы, 1996 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 2005 ж. * Ж. Түймебаев: Қазақ-Моңғол лексикалық параллельдері: қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне материалдар. Мәскеу, 2005 ж * Сөздіктер сериясыЖ. Түймебаев, Сағидолда қ.: ағылшын-қазақ сөздігі. Алматы, 2018 ж.Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ-ағылшын сөздігі. Алматы, 2017 ж. * Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: ағылшын-қазақ сөздігі. Алматы, 2018 ж. * Ж. Түймебаев, Сағидолда қ.: қазақ-ағылшын сөздігі. Алматы, 2017 ж. * "Рухани" энциклопедиялар сериясыТҮРКІСТАН-РУХАНИ БЕСІГІ. Лингво-өлкетану энциклопедиясы. 1-ші кітап. Нұр-сұлтан, 2019 ж.TÜRKİSTAN — MANEVİYAT BEŞİĞİ. Bölgesel dilbilim ansiklopedisi. Ikinci kitap. Nur-Sultan, 2019 жТҮРКІСТАН-РУХАНИЯТТЫҢ БЕСІГІ. Лингвистикалық өлкетану энциклопедиясы. Үшінші кітап. Нұр-сұлтан, 2019 ж.TURKESTAN — THE CRADLE OF SPIRITUALITY. Local Linguistic encyclopedia. Fourth book. -Нұр-сұлтан, 2019 ж.Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 5 жыл. Анкара, 1996 жПрезиденттің бір жылы. Астана, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005 жж.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасы. Астана, 2004 ж.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасы бойынша практикалық басшылық. Астана, 2004 ж.Қазақстан. Мәскеу, 2006 жҚазақстан, адамдар, табиғат, экономика, мәдениет. 2007 ж.Қазақстан-Ресей қатынастары: құжаттар мен материалдар жинағы. Мәскеу, 2008 жҚазақстан Республикасындағы білім беру реформасының өзекті аспектілері. Астана, 2010 ж.Қазақстан. Негізгі кезеңдер. Анкара, 2011 жҚазақстан. Экономика. Іскерлік әлем. Инвестициялық мүмкіндіктер. Анкара, 2012 ж"Tarihin Akışında" (тарих ағымында). Түркия, 2012 ж«Yüzyıllar Kavşağında». (ХХІ ғасыр парогында). Түркия, 2012 ж"Kritik en Yil" (сыни онжылдық). Түркия, 2012 ж"Kazakistan Yolu" (Қазақстан Жолы). Түркия, 2012 ж"Avrasya yüreğinde" (Еуразияның жүрегінде). Түркия, 2012 жҚазақстан-Түркия: жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық. Анкара, 2013 жҚазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 20 жыл. Анкара, 2013 жЖақан таныған жеті тұлға. Түркістан, 2017 ж.Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих. Түркістан, 2017 ж.Түркістан - Түркі әлемінің астанасы. Түркістан, 2017 ж.Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи және қасиетті орындары". Түркістан, 2017 ж.Оңтүстік Қазақстан: стильдендірілген оқиғалар. Түркістан, 2017 ж."Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыздар" жинағы. Түркістан, 2018 ж.Түркістан облысының киелі жерлерінің географиясы 2 томдық. Түркістан, 2018 ж.Тамыры терең-Түркістан. Түркістан, 2019 ж.Елбасы және халық. Нұр-сұлтан, 2019 ж.Қазақстан: бейбітшілік пен келісім аумағы. Нұр-сұлтан, 2020 ж."Тұңғыш Президент жолымен" халық экспедициясы. Нұр-сұлтан, 2020 ж. * ТҮРКІСТАН-РУХАНИ БЕСІГІ. Лингво-өлкетану энциклопедиясы. 1-ші кітап. Нұр-сұлтан, 2019 ж. * TÜRKİSTAN — MANEVİYAT BEŞİĞİ. Bölgesel dilbilim ansiklopedisi. Ikinci kitap. Nur-Sultan, 2019 ж * ТҮРКІСТАН-РУХАНИЯТТЫҢ БЕСІГІ. Лингвистикалық өлкетану энциклопедиясы. Үшінші кітап. Нұр-сұлтан, 2019 ж. * TURKESTAN — THE CRADLE OF SPIRITUALITY. Local Linguistic encyclopedia. Fourth book. -Нұр-сұлтан, 2019 ж. * Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 5 жыл. Анкара, 1996 ж * Президенттің бір жылы. Астана, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005 жж. * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасы. Астана, 2004 ж. * Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасы бойынша практикалық басшылық. Астана, 2004 ж. * Қазақстан. Мәскеу, 2006 ж * Қазақстан, адамдар, табиғат, экономика, мәдениет. 2007 ж. * Қазақстан-Ресей қатынастары: құжаттар мен материалдар жинағы. Мәскеу, 2008 ж * Қазақстан Республикасындағы білім беру реформасының өзекті аспектілері. Астана, 2010 ж. * Қазақстан. Негізгі кезеңдер. Анкара, 2011 ж * Қазақстан. Экономика. Іскерлік әлем. Инвестициялық мүмкіндіктер. Анкара, 2012 ж * "Tarihin Akışında" (тарих ағымында). Түркия, 2012 ж * «Yüzyıllar Kavşağında». (ХХІ ғасыр парогында). Түркия, 2012 ж * "Kritik en Yil" (сыни онжылдық). Түркия, 2012 ж * "Kazakistan Yolu" (Қазақстан Жолы). Түркия, 2012 ж * "Avrasya yüreğinde" (Еуразияның жүрегінде). Түркия, 2012 ж * Қазақстан-Түркия: жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық. Анкара, 2013 ж * Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 20 жыл. Анкара, 2013 ж * Жақан таныған жеті тұлға. Түркістан, 2017 ж. * Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих. Түркістан, 2017 ж. * Түркістан - Түркі әлемінің астанасы. Түркістан, 2017 ж. * Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи және қасиетті орындары". Түркістан, 2017 ж. * Оңтүстік Қазақстан: стильдендірілген оқиғалар. Түркістан, 2017 ж. * "Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыздар" жинағы. Түркістан, 2018 ж. * Түркістан облысының киелі жерлерінің географиясы 2 томдық. Түркістан, 2018 ж. * Тамыры терең-Түркістан. Түркістан, 2019 ж. * Елбасы және халық. Нұр-сұлтан, 2019 ж. * Қазақстан: бейбітшілік пен келісім аумағы. Нұр-сұлтан, 2020 ж. * "Тұңғыш Президент жолымен" халық экспедициясы. Нұр-сұлтан, 2020 ж.
Жайлаубай Асылханов (2 шілде, 1964, Оймауыт ауылы, Байғанин ауданы)— домбырашы, концерттік орындаушы, ## Қысқаша өмірбаяны * 1987 ж. А. Жұбанов атындағы Ақтөбе саз коллежін бітірген. * 1997 ж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген. * 1987—92 ж. Ақтөбе облыстық филармониясының домбырашысы * 1992—95 жж. «Домбыра дастан» ансамблінің көркөмдік жетекшісі * 1994 ж. бастап Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе саз коллежінде домбыра класынан дәріс береді. Репертуарында Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Қазанғаптың, Динаның, Абылдың, Естайдың, Сүгірдің, Құлшардың, Есірдің, сондай-ақ қазіргі қазақ сазгерлерінің 100-ден астам күйі бар. ## Жетістіктері * Қашаған жыраудың шығармашылығына арналған республикалық өнер сайысының жеңімпазы. * Қазанғаптың шығармашылығына арналған республикалық өнер сайысының жеңімпазы. ## Марапаттары * «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2000) марапатталған. ## Дереккөздер
Қарасақал — Алшын тайпасынан тарайтын және Әлімұлы рулық бірлестігіне кіретін алты рудың бірі. Олардың көбі Қызылорда облысында тұрады.Рудың ұраны "Алдажар". Қарасақал тармақталуы бойынша екіге бөлінеді. Біріншісі Тегенболат, екіншісі Айнық. Тегенболаттан Пұсырман және Шүңгір болып тармақталады. Ал Айнықтан Сарбас болып өз жалғасын табады. Сарбас руынан атақты Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлы жырау шыққан. Шежіресін жалғастырып айтатын болсақ ол мынадай: Сарбастан – Бақтыберлі, Бұла. Бақтыберліден – Медет, Әлібек. Медеттен – Маңғытай, Мамыр. Maңғытaйдaн – Құндыз, Құдайберген, Асан, Үсен. Құдайбергеннен – Еремен, Сұлтанкелді, Мырзакелді. Еременнен – Итемген, Қарымсақ. Итемгеннен – Ақша, Бекше, Қабылақ, Жолбарыс Ақшадан – Көлдейбек. Көлдейбектен – Ерімбет Мырзакелдіден – Ақжігіт. Сарыбастың екінші баласы Бұладан Назым, Баукен, Ақша.Ақшадан – Әлқожа, Жанболат, Кенжебай. Әлқожадан – Бадан, Базарбай, Бейімбет.Жанболаттан – Бекберген, Шықберген, Кенжеәлі, Шақа. Кенжеәліден – Бекет, Бекіш, Малтай. Бекеттен – Қосаман. Қосаманнан – Шалбай. Шалбайдан – Байту. Ақшаның үшінші баласы Кенжебайдан – Құттық. Қарасақалдың екінші баласы Тегенболаттан – Пұсырман, Шүңгір Пұсырманнан – Шағай, Алау, Жәдігер, Ноғай, Жансүгір. Жансүгірден – Жарас, Байқошқар. Жарастан – Жәнібек, Тоқтай, Бозамбет. Жәнібектен – Зілқара, Шөгенбай, Ілияс, Қайыпназар. Тоқтайдан – Дүйсен, Соқыр. Бозамбеттен – Меңкебай, Қоснан, Мақаш, Нұрман, Кәрібай. Жансүгірдің екінші баласы Байқошқардан – Әлімбет, Ырсымбет Таңбай, Ақылша.Әлімбеттен – Өтеулі, Құрыш, Қошқарбай. Бірсымбеттен – Жантөре, Жанпейіс, Шектібай, Соқыр, Омар. Ақылшыдан – Дуанбай, Жанболат.Таңбайдан - Баймырза - Шектібай - Қарынбай - Жұрынбай - Қалендер - Жаилхан - Әділет. Тегенболатын екінші баласы Шүңгірден – Аңдабай, Дасым, Ырсал, Жарболдыдан – Алдияр, Негізқұл, Кебейсін, Сүгір. Алдиярдан – Ерназар, Сағындық, Күшен, Дүйсен. Сүгірден – Итқара, Ырсалы, Доңғыбай. Шүңгірдің бесінші баласы Ботаннан – Қожамқұл, Күшік Қожамқұлдан – Елгезер, Қонақбай. Елгезерден – Торымтай. Қонақбайдан – Атан, Дотан. Дотаннан – Қайқожа. ## Тұлғалар * Ғани Мұратбаев * Ерімбет Көлдейбекұлы * Шағырай Мырзагелдіұлы
Әбілмәмбет хан (толық есімі Әбіл-Мұхаммед-Баһадүр-хан, жазба деректерде Абдулмамет, Абулмамет, Абульмагмет, Аймамбет, Оболмамет, Abul Mamet, XVII ғасырдың аяғы — 1770 немесе 1771, Түркістан) — сұлтан, 1739 жылдан бастап Орта жүздің, ал 1748 жылдан кейін қазақтың бас ханы. Орта жүздің ханы Болаттың үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. ## Өмірбаяны Сәмеке ханның тұсында Әбілмәмбет сұлтан арғын тайпасының құрамындағы атығай руын, қыпшақтардың бір бөлігін, уақтарды, керейлерді билеген. 1723 жылы қазақ даласына жоңғар қонтайшысы Цэван Рабданның үлкен ұлы Лоузан-Шононың жорығынан кейін Сырдария өңіріне, ал 1725 жылы Бұхар хандығының иеліктеріне бет алды. 1726-1727 жылдары Әбілхайыр, Сәмеке хандардың еділ қалмақтарына, жайық казактарына қарсы бағытталған жорығына қатысып, құрамы 500 сарбаздан тұратын, ал 1733 жылы башқұрт тайпаларына қарсы ұйымдастырылған жорығында 1000 адамдық топты басқарған. 1739 жылдың көктемінде Түркістан қаласында арғын, уақ, керей старшындарының және танымал батыр Нияз Барқыұлының қолдауымен хан тағына отырды. Абылай сұлтанмен бірге қазақтардың солтүстік-батыс аймақтарына қоныс аударған. 1740 жылдың 28 тамызында ресей патшайымы Анна Иоанновнаға ант берген.1740-1741 жылдары Орта жүздің қазақтары жоңғар нояндары Шара-Манджи, Септен және Қалдан Сереннің үлкен ұлы Лама-Доржидің жаңа жойқын соққыларына тап болды. Әбілмәмбет хан Кіші жүздің аумағына көшіп, Ілек және Жайық өзендерінің аңғарларын паналаған. Орта жүз билеушілерінің ұсынған бейбіт бітім-шартына жауап ретінде қонтайшы Қалдан Серен Әбілмәмбет пен Бараққа 1742 жылдың сәуір айында Түркістанға қайтып, Жоңғарияға аманат жіберіп, алман төлеуді талап етті. Қалыптасқан саяси жағдайға байланысты Әбілмәмбет хан талаптардың бір бөлігін орындай отырып, 1742 жылдың аяғында Түркістан аймағына қоныс аударып, ұлы Әбілпейізді Жоңғарияға аманат ретінде аттандырған. 1750-ші жылдары орын алған үзілісті ескермегенде 1743 жылдың күзінен өмірінің соңына дейін Түркістан қаласында тұрған. Қала үшін Сәмеке ханның ұлы Сейітпен 2 жыл бойы талас жүргізген. Жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің көмегіне сүйенген Әбілмәмбет 1745 жылдың аяғында Түркістан қаласымен көршілес Сауран, Сығанақ, Созақ, Отырар және т.б. кішігірім кенттердің билеушісіне айналды. XVIII ғасырдың 50-ші жылдары Әбілмәмбеттің Түркістан аймағындағы жаңа қарсыласына Есім хан (1756-1798) айналды. Әбілмәмбет хан Түркістан қаласын 1758 жылы қалдыруға мәмбүр болған. Алайда, 1762 жылдың көктемінде Абылай сұлтанның, Қаз дауысты Қазыбек бидің делдалдық көмегінің арқасында бейбіт келісімге келді. Бітім шартқа сәйкес Түркістан қаласы мен көршілес елді-мекендер 2 бөлікке бөлінген. Әбілхайыр ханның өлімінен кейін шартты түрде қазақтың бас ханына айналды. XVIII ғасырдың 60-шы жылдары оның қол астында арғын тайпасының құрамындағы рулардың үлкен тобы, наймандардың кейбір рулары, уақ, керей, қыпшақ және 5000 отбасыдан тұратын қоңыраттар болған. Осы уақыттан бастап Түркістан қаласынан шықпастай өмір сүріп, 1770 жылдың аяғында немесе 1771 жылдың басында қайтыс болған. Кейбір деректерге сәйкес Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Әбілмәмбет ханның әйелдері мен ұрпақтары туралы нақты тарихи деректер сақталған жоқ. Оның үлкен ұлы Болат арғындардың бір бөлігі мен қоңырат тайпасын, екінші ұлы Әбілпейіз сұлтан наймандардың үлкен бірлестігн, ал үшінші ұлы Тәуке сіргелі және сары-үйсіндердің жеке топтарын басқарған. ## Әдебиет * Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков / Составление, транскрипция скорописи XVIII в. и комментарии И.В. Ерофеевой. Алматы., 1998. * Бакунин В.М. Описание калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков их ханов и владельцев. Элиста. 1995. * Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1.Алма-Ата, 1985. * Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0. * Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Изд. 3-е / Сост. И.В. Ерофеева. Алматы, 2009. * Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи. XVII-XVIII вв.Алма-Ата, 1991. * Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. Изд. 3-е. Уфа, 1999.
Серік Әбікенұлы Үмбетов (19 маусым, 1950, Алматы облысы Жамбыл ауданы Прудки ауылы) — мемлекеттік қайраткер. ## Өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан. * Алматы зооветеринарлық институтын бітірген (1983), зооветеринар. * 1974 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы Т. Бокин атындағы кеңшардың бригадирі, ферма басқарушысы, бас зоотехнигі, партия комитетінің хатшысы. * 1985 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы «Желтораңғы» кеңшарының дирөкторы. * 1988 жылдан - Алматы облысы Кеген ауданы ААӨБ төрағасы. * 1989 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы Т. Бокин атындағы кеңшардың директоры. * 1992 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданының әкімі. * 1994 жылдан - Алматы облысы әкімінің орынбасары. * 1996 жылдан - Алматы облысының әкімі. * 1997 жылдан - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары. * 1999 жылдан - Жамбыл облысының әкімі. * 14.05.2004 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. * 08.2005 жылдан - Алматы облысының әкімі. * 13.04.2011 жылдан қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы. * 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. ## Марапаттары * «Парасат» ордені (15.12.2002). * III дәрежелі «Барыс» ордені. * Астанаға 10 жыл медалі * Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі * Ұлттық Олимпиада комитетінің алтын ордені ## Шендері Әскери атағы - отставкадағы полковник. ## Отбасы * Әкесі - Үмбетов Әбіке, марқұм, зоотехник болып жұмыс істеген. Анасы - Үмбетова Көкен, зейнеткер. * Үйленген. Жұбайы — Үмбетова Ермеккүл (1955 ж.т.). * Қыздары - Құралай (1973 ж.т.), Нәдира (1980 ж. т.), Әлия (1981 ж.т.); * Ұлы - Дәурен (1975 ж.т.). ## Дереккөздер
Есет Көкіұлы, Тама Есет (1667-1749) - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі Кіші жүздің Жетіру ішіндегі Тама руының, Аташал тармағынан. Әбілқайыр хан Ресейге қосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, Кіші жүз бен Орта жүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы. Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» деген ат алған. Тарихшылар Салқам Жәңгір хан жоңғардың Батыр қонтайшысының 50 мыңдық әскеріне 600 жауынгермен қарсы тұрып, шайқасып жатқанда 20 мың әскермен көмекке келетін Жалаңтөс баһадүрдің әскерінің ішінде осы Көкі батырдың да болғандығын, сонда оның шеп бұзып, үлкен ерлік көрсеткенін жазады. Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен тұрғыластары сияқты Есет те ел қорғау жорығына ерте араласады. Жеке ерлігімен көзге түсіп, батыр атанады. Тәуке ханның тұсындағы жеңісті шайқастарда Есет батыр Кіші жүз қолын бастайды. Осындай шайқастардың бірінде найзагерлігімен көзге түсіп, ерен ерлік көрсеткен Есетке риза болған Тәуке хан кейін шақырып алып: «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын» деп бата беріпті деген әңгіме де бар. Есет батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін ел болып бірігіп, жоңғарларға алғашқы алапат соққы берген Бұланты шайқасына қатысып, езілген елдің еңсесін көтерткен Ұлы жеңіске өз үлесін қосады. Ал тарихи бетбұрыс жасаған Аңырақай соғысында ол Кіші жүз құрамының туын көтерген атойшы болады. Есет батырдың кейінгі өмірі Әбілқайыр ханның саясатымен тығыз байланысып жатады. Ханның қасында болып, ақыл кеңесін береді, хан мен халық арасына түскен жарықшақты дәнекерлеп бітірушісі болады. Әсіресе, орыс патшасының қол астына өтер кездегі хан басына үйірілген қауіп бұлтын сейілтуде ол сол кездің тарихи ірі тұлғалары Бөгенбай батыр, Жәнібек батырлармен бірлесе отырып, оған үлкен көмек көрсетеді. Ресеймен қарым қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша үкіметі оған 1743 жылы «тархан» атағын берді. Есет батыр сексен екі жасында өзінің атамекенінде, өз ажалынан қайтыс болады. 18 ғасырдың басында Тәуке хан жеті рудың бастарын қосып, ірілендіру мақсатымен үш жүздің басын қосқан кеңесте Есет батырды Жетіруға ру басы етіп сайлаған. Есет батыр, әрі ақылды, әрі мырза адам болыпты. Көкі батырдың жеті ұлының бірі Есет батыр, жасы жиырмаға жетпей-ақ жауға аттанып, жоңғар, қалмақтармен соғыстарда ерлігімен көзге түсіп батыр атағы шыққан екен. Ол Әбілқайыр ханмен жасынан бірге өскен досы, Әбілқайыр ханның қазақ халқын Ресейге қосу күресінде Есет батыр табандылықпен Әбәлқайырға мықты тірек болған адамның бірі болыпты. Қалмаққырылған деген жердегі айрықша ерлік көрсетіп, артына "Алланың тасы қатты ма, Есеттің басы қатты ма?" деген қанатты сөз қалдырған. Ел аузындағы деректерге қарағанда Есеттің қызы Ботагөз де елін қорғаған батыр болыпты. ## Дереккөздер
Талдықорған — Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан қала, Жетісу облысының орталығы. ## Тарихы Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы "Гавриловка" ауылы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды. Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 жылы (кейбір деректерде 1921 жылы) "Гавриловка" ауылының атауы ресми түрде "Талды-Қорған" ауылы деп өзгертіліп, Қапал уезінің орталығы дәрежесін алады. 1930 – 1944 жылдар аралығында Талды-Қорған Қазақ КСР-ның Алматы округі, Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған ауылына қала дәрежесі беріліп, Алматы округінен бөлініп кеткеннен кейін, 1944 жылдан 1959 жыл аралығында және 1967 жылдан 1997 жылдар аралығында Қазақ КСР Талдықорған облысының орталығы дәрежесін алады. Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, 2022 жылдың маусымына дейін Алматы облысының орталығы болып келді. 2022 жылдың маусымынан жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы. ## Географиясы Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстың орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында (теңіз деңгейінен 570-600 м биіктікте), Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан. Қаланың жер аумағы 74 км² құрайды. ## Климаты Қаланың климаты континенттік. Қысы қоңыржай салқын, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -11 - 13°С, жазы ыстық және қуаң, шілдеде - 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 350 - 400 мм. Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс (34%), солтүстік (16%) бағыттан соғады. Жылына 50 күнге дейін қуаңшылық байқалады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды. Бір қызығы, Талдықорған қала мәртебесін 1944 жылы ғана алған. Қысы қоңыржай салқын, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -11 - 13°С, жазы ыстық және қуаң, шілдеде - 22-24°С құрайды. ## Өсімдіктері Талдықорған бұта аралас сулыбас, бетеге, боз, эфемерль бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгүл, қарағай, сиягүл, жаңғақ сабынкеп, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өpiк, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан, т.б. шөптесіндер өседі. ## Әкімшілік ұйымдастырылуы Қалалық әкімшілік аумаққа қарасты 7 елді мекен Еркін және Өтенай ауылдық округтеріне біріктірілген және құрамында Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы бар. ## Халқы Халық тығыздығы - 1 км²-ге шаққанда 1155 адам. ## Ұлттық құрамы * Қаланың ұлттық құрамы (2019 жылдың 1 қаңтарғы санақ бойынша): * қазақтар — 128 652 адам. (74,97 %) * орыстар — 33 824 адам (19,53 %) * кәрістер — 4236 адам (2,45 % %) * татарлар — 2452 адам (1,42 %) * немістер — 1060 адам (0,61 %) * украиндар — 307 адам (0,18 %) * ұйғырлар — 803 адам (0,46 %) * шешендер — 423 адам (0,24 %) * өзбектер — 307 адам (0,18 %) * белорустар — 65 адам (0,04 %) * әзербайжандар — 149 адам (0,09 %) * поляктар — 68 адам (0,09 %) * қырғыздар — 81 адам (0,05 %) * басқалары — 786 адам (0,45 %) * Барлығы — 173 213 адам (100,00 %) ## Діни сенімдері Талдықорғанда мынадай діни ғибадат орындары бар: * «Иман» орталық мұсылман мешіті * «Нұр» мұсылман мешіті * «Жетісу» мұсылман мешіті («Ақмешіт») * «Ерқын» мұсылман мешіті * «Керімбек би» мұсылман мешіті * Талдықорғандағы Иегова куәгерлері қауымдастығы * 2 православие шіркеуі: * Джон теолог соборы * Құдайдың Қасиетті Архангелінің Габриел шіркеуі * Қасиетті Марияның католик шіркеуі * Бетел пресвитериандық шіркеуі * Синагога * «Агапе» евангелиялық христиан шіркеуі * «Талдықорған қаласы жергілікті бахаилер рухани ассамблеясы» діни бірлестігі * Евангелист христиандар шіркеуінің діни бірлестігі – «Вефезда» баптистері * Евангелист христиандар шіркеуінің діни бірлестігі – «Думамис» баптистері * «Христиандар шіркеуі – Талдықорған қаласының жетінші күнінің адвентистері» діни бірлестігі * «Жаңа өмір» толық Інжіл шіркеуінің діни бірлестігі * Евангелдік христиан баптистерінің шіркеуі ## Өнеркәсіп Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіп кәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны — 1055, 72 АҚ, 82 егістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ipi кәсіпорындарға «Қайнар», «Teмip», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т. б. акционерлік қоғамдар жатады. Ауыл шарушылығы бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғамдар бар. Қалада әр түрлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ, «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» АҚ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұңқар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалық жол құрылысы» ЖАҚ, т. б. жұмыс істейді. Сондай-ақ, 64 көлік мекемесі, 406 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Талдықорған қаласына қарасты жер аумағының (82333 га) ауыл шаруашылығына жарамды бөлігі 92,1%, оның ішінде егістігі 7527 га, жайылымы 65429 га, шабындығы 873 га. ## Әлеуметтік инфрақұрылым Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы жақсы дамыған. С. Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы, В.Маяковский атындағы кітапхана, М. Тынышпаев атындағы өлкетану музейі, І. Жансүгіровтің әдеби музейі, І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, 7 халықтық көркемөнерпаздар ұжымы бар. Сондай-ақ, білім беру саласын бойынша * І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi, * Медицина колледжі, * Қ.Байсеитов атындағы музыкалық колледж, * Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі, * Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, * 3 кәсіптік-техникалық лицей мен мектеп, * жалпы білім беретін 22 мектеп жұмыс істейді. Қала аумағындағы республика және облыстық деңгейде қамқорлыққа алынған мәдени-архитектура ескерткіштері санатында * "Даңқ" ескерткіші (1968 ж. салынған), * "Атамекен" кинотеатры (1950 ж.) , * Көркем-сурет галереясы (бұрынғы Пионерлер үйі , 1957 ж.), * № 3 кәсіптік-техника мектеп ғимараты (1958), * Сән ательесі (1959), * Қалалык әкімшілік ғимараты (1950) , * Аяқ-киім фабрикасы (1952), * І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғимараты (1975), * Ақ мешіт (1996), * С. Сейфуллин атындағы кітапхана (1982), * М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкелік мұражай (1980), т. б. бар. Калада Б. Римова атындағы облыстық драма театры, «Алтын дән», «Туған тел», «Ачимноуль», «Контраст», Ардагерлер хоры, Қуыршақ театры, «Улыбка», «Солнышко» атты көркемөнерпаздар тобы жұмыс істейді. Қала аумағындағы автокөлік жолының ұзындығы 352 км, оның ішінде 247 км-не асфальт төселген, 96 км-i тас жол. Талдықорған арқылы Алматы-Өскемен, Семей-Алматы, т. б. бағыттарға автокөлік өтеді. Қалада темір жолы стансасы 1949 жылы салынды. Одан Көксу, Текелі, Қарабұлақ темір жолы стансаларына жүк пойыздары қатынайды. Тікелей пойыз жүрмейді. 19 емдеу-сауықтыру орыны: * қалалық емхана; * жүрек ауруларын емдейтін орталық; * қалалық, санитарлық-эпидемиология станса; * облыстық онкология диспансері; * әйелдерге дәрігерлік көмек беретін орталық; * облыстық перинатальдық орталығы; * облыстық аурухана; * қалалық облыстық балалар ауруханасы; * жұқпалы аурулар ауруханасы; * туберкулез диспансері; * облыстық наркология диспансері; * қалалық жедел және шұғыл жәрдем көрсету стансасы; * қалалық қан орталығы; * қалалық бөбектер үйі, т.б. жұмыс істейді. Талдықорған қаласынан Астана қаласына дейін қашықтық 758 км, Алматы қаласына дейінгі қашықтық 279 км. Тұрғындар саны 168,674 адамды құрайды (2023 жылы). Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін әуежай, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр. Білім, мәдениет, туризм орталығы және халықаралық, өңір аралық өндірістік-қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымды қала. Қалада 1 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім беру мекемелері, 25 жалпы білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қалада драма театры, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк және ипподром бар. Қаланың құрылыс индустриясын дамыту, балаларға арналған тағамдар, электр сорғылары, сүт өнімін, керамика-граниттан жасалған плиталар, жұмыртқа және құс етін өндіру әлеуеті бар. ## Бауырлас-қалалар , Анталья, Түркия ## Көрнекі орындары ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/view/141/ Мұрағатталған 11 қаңтардың 2012 жылы.
Қазақ хандығының тарихи таңбалы оқиғалар Жылнамасы: ## 15 ғ * 1456 — Қазақ Ордасы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті. * 1456—1470 шамасы — Керей хан билік құрды. Орда орнықты. * 1460 — Керей хан мен Жәнібек хан Моғолстанның Есен Бұға ханымен одақтаса отырып, қалмақ (ойрат) шабуылының бетін қайырды. * 1465 — Керей ханның туы астындағы жұрттың саны екі жүз мыңға жетті. * 1470 — Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Сыр бойына қайтып оралды. Түркістан өңірінің біраз аймағы Қазақ Ордасының құрамына қосылды. * 1471—1480 шамасы — Әз-Жәнібек хан билік құрды. Орда іргеленді. Сыр бойындағы кенттер үшін күрес басталды. * 1480—1510 — Бұрындық хан билік құрды. Орда нығайды. Сырдария алқабы, Түркістан өңірі үшін қантөгіс майдан ашылды. * 1486 — Қазақтар Шәйбани ханды ауыр жеңіліске ұшыратып, Хорезмге тықсырды. * 1491 — Қазақтар екі үлкен ұрыста моғолдарды жеңді. ## 16 ғ. * 1510 — Қасым сұлтан қысқы соғыста Шәйбани ханды біржола талқандап, ұлыс шегінен асыра қуды. Түркістан уәлаятына қарасты қалалардың көпшілігі Қазақ Ордасының құрамына енді. * 1511—1520 — Қасым хан билік құрды. Ежелгі Көк Орда жерінің басым бөлігі және Жетісу Қазақ Ордасының иелігіне айналды, халықтың саны бір миллионнан асып, әскер саны үш жүз мыңға жетті. * 1511 шамасы — Қасым хан Қазақ Ордасының «Қасқа Жол» аталатын ең алғашқы заң жүйесін қабылдады. * 1512 — Қасым хан Сайрам қамалын алды, Ташкентке жорық жасады. * 1521—1522 — Момыш хан билік құрды. * 1523—1533 — Тайыр хан билік құрды. * 1525 шамасы — Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысы басталды. * 1533—1537 — Тоғым хан билік құрды. * 1537 27 шілде — Сан-Таштағы төрт халықтың соғысында қазақ-қырғыз әскері түгелімен қырылды, Тоғым хан тоғыз ұлы және әскербасы отыз жеті сұлтанмен бірге шәйіт болды. * 1537—1559 — Бұйдаш хан билік құрды. Орда оңалды. Ойратпен арадағы соғыс созылмалы, қатаң сыпат алды. * 1556 — Бұйдаш хан Ноғай ордасының шығыс бөлегін Қазақ Ордасына қосып алды. * 1558 — Қазақ Ордасы Бұқар хандығын тықсыра бастады. * 1559 — Бұйдаш хан шәйіт болды. * 1560—1580 — Хақназар хан билік құрды. Қазақ Ордасы ежелгі қуатын қалпына келтірді. * 1569 — Хақназар хан Ноғай Ордасын қиратып жеңді. * 1570 — Қазақ Ордасы ойраттардың бір бөлігін бодандыққа түсірді. * 1579 — Хақназар хан Түркістан мен Сауранды, оңтүстік өңірдегі тағы біраз қонысты қайтарып алды. * 1580 23 сәуір — Хақназар хан шәйіт болды. * 1580—1582 — Шығай хан билік құрды. * 1582 маусым — Тәуекел сұлтан Түркістан түбінде Ташкент уәлаятының әміршісі Баба сұлтанды талқандады. * 1583—1598 — Тәуекел хан билік құрды. Қазақ Ордасы өзінің әскери, саяси қуатының шарықтау шегіне жетті. * 1586 — Тауекел ханның Мәуреннахрға қарсы алғашқы шапқыны. * 1594—1595 — Тәуекел хан Русияға елші аттандырды; жауап елшілік. * 1598 ақпан. Тәуекел хан Ташкент түбінде Абдолла ханның негізгі күштерін талқандады. * 1598 жаз — Тәуекел ханның Орта Азияға жеңісті жорығы. * 1598 күз — Тәуекел хан шәйіт болды. * 1598—1643 — Еңсегей бойлы Ер Есім хан билік құрды. Қазақ тарихының қаһармандық кезеңі. * 1598 күз — Бұқар-қазақ бітімі нәтижесінде бүкіл Оңтүстік Қазақстан және Ташкент уәлаяты Қазақ Ордасының құрамына қайта қосылды. * 1599 шамасы — Есім хан «Ескі жол» аталатын жаңа заң жүйесін орнықтырды. Қазақ Ордасының астанасын Түркістанға көшірді. ## 17 ғ. * 1603 — Екінші қазақ-бұқар соғысы басталды. Айғыр-жар ұрысында қазақтар жеңіске жетті. * 1604 — Есім хан ойраттарды күйретіп жеңді. * 1613 — Есім хан Самарқан түбінде бұқар-ауған әскерін талқандады. * 1619—1624 — Есім хан Шығыс Түркістан үшін күрес жүргізді. * 1620 — Есім хан ойраттарды кезекті жеңіліске ұшыратты. * 1624 — Есім хан Ферғанадағы майданда жеңіске жетіп, Екінші қазақ-бұқар соғысын аяқтады. * 1627 — Есім хан бүкіл алаш жұрты түп көтерілген ұлы жорықта ойрат одағын қиратып, босқынға ұшыратты. * 1627 — Ташкент уәлаятының әміршісі опасыз Тұрсын хан Қазақ Ордасындағы азамат соғысына жол ашты, Түркістанды шапты. * 1627 — Сайрам түбінде Тұрсын хан бастаған екі сан қатаған қазақтар мен Есім хан бастаған үш сан алаш қазақтар арасында қантөгіс ұрыс болды, Есім хан басым түсті, Тұрсын хан әскерінен айрылып, Ташкентке келіп тығылды. * 1627 — Есім хан Ташкентті алды, Тұрсын ханның басын шапты, қатаған руы жазаға тартылып, қырылғаннан қалғаны басқа рулар ішіне таратылды. Есім хан жазылмас дертке ұшырады. * 1635, жаз — Жәңгір сұлтан торғауыт Хо-өрлік тайшының ұлысын шапты, Жемнен өткеріп, батысқа қарай тықсырды. * 1643 — Есім хан дүние салды. * 1643—1652 — Салқам Жәңгір хан билік құрды. * 1643 желтоқсан — Қоңтажы Батұр ойраттар, халхалар, торғауыттар — бүкіл моңғол жұртынан құралған қалың әскермен Қазақ Ордасы құрамындағы қырғыз жеріне басып кірді. * 1644 қаңтар—мамыр — Кең көлемді қазақ-моңғол соғысы. * 1644 маусым, шілде — Салқам Жәңгір хан екі үлкен ұрыста біріккен ойрат-халха әскерін қиратып жеңді, соңғы шайқаста қазақ әскеріндегі жаңа шерік-мылтықпен қаруланған алты жүз мерген айрықша көзге түсті. * 1644 күз — Салқам Жәңгір хан Ұлы моғолдар империясы мен Бұқар хандығы араласындыға соғысқа араласты, Ауғанстандағы майданға жүз мың әскер жіберді; қазақ аламандары Балық қаласының түбіндегі елу күн бойғы қырғын шайқастан соң соғысты өзбек-бұқар хандығының пайдасына шешіп берді. * 1652 қаңтар—ақпан — Хошауыттар қырғыз жеріне тұтқиыл шабуыл жасады. Салқам Жәңгір хан шәйт болды. * 1676—1680 — Қазақтар Бұқар хандығындағы тақ таласына араласты. * 1680—1715 — әз-Тәуке хан билік құрды. * 1681—1684 — Сайрам шайқасы; Дүрбін-Ойрат Қазақ Ордасын ауыр жеңіліске ұшыратты. * 1690 шамасы — әз-Тәуке хан Қасым ханның «Қасқа жол», Есім ханның «Ескі жол» заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» аталатын жаңа заң жүйесін еңгізді. Төрелерді іркіп, ел басқару ісін билерге жүктеді. * 1698 — Дүрбін-Ойрат Шу, Талас бойына басып кіріп, Қазақ Ордасын шайқалтып кетті. ## 18 ғ. * 1710—1711 — Ойраттардың жаңа жорығы. * 1712 — Қазақтардың ойрат шапқыншылығын тоқтату әрекеті. * 1713 — Абылай хан туды. * 1714 — Қазақ Ордасының Дүрбін-Ойраттан кезекті ауыр жеңілісі. * 1715 — әз-Тәуке хан дүние салды. * 1715—1718 — Қайып хан билік құрды. * 1717 жаз — Қайып хан мен Әбілқайыр сұлтан бастаған қазақ әскері Аягөз ұрысында ойраттардан қирап жеңілді. * 1718 — Ойраттар қазақ жасақтарын Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойында бет қаратпай жеңіп, бүкіл Оңтүстікті шапқындап кетті. * 1718—1729 — Болат хан билік құрды. * 1723—1725 — Ойраттардан түбегейлі жеңіліс, Түркістан, Сауран, Ташкенттен, бүкіл оңтүстіктен айрылу, Ақтабан шұбырынды. * 1728 — Бұланты шайқасы, ойраттар Сарыарқадан кері қайрылды. * 1730 — Аңырақай шайқасы, ойрат шабуылы тойтарылды, қазақтар ес жинай бастады. * 1730 — Қазақ Ордасы дербес ұлыстарға бөлінді; ру, жүз ішінде билердің өкімі күшейді. * 1731 — Кіші жүздің бір бөлігі мен Орта жүздің біраз руларын билеп отырған Әбілқайыр хан Ресей өкіметімен бодандық негізіндегі әскери және саяси қамқорлық туралы келіссөзге жол ашты. * 1733 — Әбілмәмбет хан бастаған қазақ әскері ойраттарды ауыр жеңіліске ұшыратты; жиырма жасар Абылай сұлтан атаққа шықты. * 1740 қыркүйек—желтоқсан — Ойраттардың Сары-Арқаға жорығы. * 1741 қаңтар—наурыз — Ойраттардың кезекті жорығы қысқа соғысқа ұласып, одан ары жазға жетті. * 1741 көктем, жаз — Абылай хан ойрат шабуылын тойтарды, өрісін ұзартып, Жоңғардың ішкі аймақтарына жортуылдар ұйымдастырды. * 1752 қазан — Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысындағы бетбұрыс кезең: Абылай хан Аягөз-Нарын ұрысында ойраттардың негізгі күшін талқандады. * 1753 — Қабанбай, Жанатай, Мүйізді Өтеген, Ер-Жәнібек, Бөгенбай батырлар бастаған қазақ қосындарының жоңғарға қарсы түйдек-түйдек, жеңісті жорықтары. * 1754 күз — Абылай хан Дүрбін-Ойратты біржола талқандап, Екі жүз жылдық соғыста түпкілікті жеңіске жетті. * 1755 көктем — Абылай ханның жоңғарды жуасыту жорығы. * 1756—1757 — Шүршіт-қазақ соғысы — * 1756 — Абылай хан Қалмақ-Толағай, Аягөз ұрыстарында шүршіт-цин әскерлеріне ауыр соққылар беріп, жазғы майданда, тактикалық және стратегиялық үлкен жеңіске жетті. * 1757 — Цин патшалығының Қазақ Ордасына қарсы жаңа жорығы; ауыр шығынға ұшыраған Абылай хан әскердің негізгі күштерін сақтай отырып, кері шегінді. * 1757 15 мамыр — Абылай ханның сенімді өкілі Әбілпейіз сұлтан мен мәнжү-цин қолбасшысы Фу Дэ арасындағы ауқытша бітім туралы Айдын-Су мәмлесі. * 1757 7 маусым — Цинь империясы өкілдері мен Абылай хан арасындағы Аягөз бітімі. * 1757 қыркүйек—қазан — Абылай хан Бейжіңге елшілік аттандырды. Тәуелсіз сыйластық туралы келісім. * 1760 соң — Қазақтар бейбіт жолмен ата жұрт Шығыс Түркістанға қайтадан қоныстана бастады. * 1765 қазан—қараша. Абылай ханның қырғызға қарсы жеңісті жорығы. * 1766—1768 — Абылай хан Қоқан хандығына қарсы соғыс ашты, Ташкентті бағындырды. * 1770 — Абылай хан Қырғыз ұлысын талқандап, қазақ-қырғыз шекарасын айқындады. * 1771 — Абылай хан «Шаңды жорық» соғысында торғауыт қалмақтарды біржола тоздырды. * 1771 — Абылай хан Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді. * 1781 мамырдың басы — Абылай хан дүниеден көшті. * 1781 соң — Батыс және Орталық Қазақстанда Ресей ықпалы күшейе түсті, біртұтас Қазақ Ордасы жеке ұлыстарға бөлшектенді. Ресей патшалығы Орталық және Батыс Қазақстанды біржола отарлау ісін жүзеге асыра бастады. ## 19 ғ. * 1801 — Бөкей хан Ресей патшалығымен бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы Еділ мен Жайық арасындағы ата жұртты қайтарып алды, бұл өңірде Бөкей Ордасы құрылды. * 1801—1822 — Оңтүстік Қазақстан Қоқан хандығының теліміне түсті. * 1822 — Ресей патшасының жарлығымен орта жүзде хандық билік жойылды деп жарияланды. * 1835 — Абылай ханның шөбересі, болашақ ұлы ғалым Шоқан туды.(1865 ж. өлді) * 1838—1847 — Абылай ханның немересі Кенесары ханның Қазақ Ордасын сақтап қалу жолындағы күресі. * 1841 — Кенесары хан үш алаштың ханы ретінде ақ киізге көтерілді. * 1845 — Қазақ халқының ұлы ақыны Абай туды. (1904 ж. дүниеден озды) * 1847 — Кенесары хан шәйіт болды. Қазақ Ордасы құлады. Қазақ тарихындағы жүз қырық төрт жылға созылған отарлық заман басталды. ## Дереккөздер * «Қазақ ордасының тарихи таңбалы оқиғалар жылнамасы», Мұхтар Мағауин ## Сыртқы сілтемелер * Тарих Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. (Ашық Тізімдеме Жобасында) ## Дереккөздер Үлгі:Бастамa
Ниязбеков сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін: * Сабыр Біләлұлы Ниязбеков (1912—1989) — ҚКСР Жоғарғы Кеңес Төралақсының төрағасы (1965—1978); * Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — дизайнер, Қазақстан байрағы авторы.
Байұлы — Алшын тайпасынан тарайтын рулар бірлестігі. Шежіре бойынша, Алшын тайпасынан тарайды және Кіші жүз құрамына кіреді. Байұлы рулар бірлестігі мен ежелгі байырқу тайпасы арасында еш байланыс жоқ. Ноғай ордасы ыдыраған кезде алшын, алтыауыл, жембойлық ноғайлының басты жұртының бірі тамалармен бірге қазақ хандығының құрамына енген Байұлы жайлы деректер 18 ғасырдың 1-жартысынан бастап орыс әкімшілігінің құжаттарында жиі ұшыраса бастады. Оны 12 ата Байұлы (қайсыбір тізімдерде 13 ата) деп көрсетеді. Байұлы құрамына Шеркеш, Ысық, Алтын, Есентемір, Байбақты, Беріш, Адай, Жаппас, Тана, Алаша, Масқар, Таз, Қызылқұрт рулары енеді. ## Дереккөздер
Құлсары — Қазақстандағы қала, Атырау облысы, Жылыой ауданының және Құлсары қалалық әкімдігінің орталығы. ## Географиялық орны Облыс орталығы - Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы — 220 км. 1952 жылдан бері Жылыой ауданының орталығы. Темір жол стансасы, құбырлар жүйесінің торабы. Қамыскөл көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан. ## Халқы ## Тарихы Іргесі 1939 жылы осы өңірден мұнай мен газ өндірілуіне байланысты қаланды. Атауы XIX ғасырдың басында осында өмір сүрген және жерленген, ел арасында беделді, көріпкелдігі де бар Құлсары Адай руынан шыққан. Ата шежіресі бойынша Мұңал – Бәйімбет – Сегізбай – Күшік (Ержігіт) – Айғыр – Тінекей – Құлсары. 1934–1938 жылдары аралығында бұл өңірде мұнай кенін іздестіру басталған, мұнай барлау-бұрғылау экспедициясын белгілі жазушы С. Шәріпов басқарған. 1938 жылы Құлсары кеніндегі 10-ұңғыдан мұнай атқылаған. 1939 жылы Құлсары мұнай өңдеу басқармасы құрылды, алғашқы құрылыс салынған жерден халық тұратын үйлер салынды, кейін №1 қазақ ауылдары ескі Құлсары атанды. Құлсарыдан Ұлы Отан соғысы кезінде миллиондаған тонна мұнай, оған қоса Құлсары мұнай өндіру цехының қасынан шағын бензин зауыты іске қосылып, тікелей майданға бензин жөнелтіліп отырды (бұл бензин зауыты 1952 жылы жабылды). 2024 жылғы елдегі су тасқыны нәтижесінде Құлсары елді-мекені және оның халқы қатты зардап шекті. Зардап шеккен әр баспана үшін 400 мың теңге сұраған Құлсары халқы кейін, сол жылғы мамырда наразылық шараларын ұйымдастырды. ## Қала статусы 1954 жылы Құлсары аудан орталығына айналды. 2001 жылы 22-қыркүйек айында №685 ҚР үкіметінің қаулысымен «аудандық маңызы бар Құлсары қаласы» деген статус алды. Бұл күнде Құлсары 60 мыңнан астам тұрғыны бар қалаға айналып отыр. Вокзал маңы, Автожолшылар, Барлаушылар, Мұнайшылар, Кең Жылыой, Оңтүстік әуежай, Жадырасын, Қарағай, Болашақ, №№1, 2, 2а, 3, 4, 4а, 5, 5а ықшам аудандарға бөлінген. ## Экономикасы Бүгінде Құлсары Теңіз кен орнын игеру орталығы болып отыр. Мұнда ірі кәсіпорындардан Мұнай-газ өндіру басқармасы, Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы, мұнай айдау стансасы жұмыс істейді. Қала арқылы Мақат-Бейнеу темір-жолы, Бейнеу-Доссор-Атырау, Құлсары-Мұнайлы, Құлсары-Прорва автожолдары өтеді. ## Әлеуметтік және мәдени нысандары ### Мектептер * №1 орта мектеп — 1985 жылы В.И.Ленин атындағы орта мектеп салынып пайдалануға берілді. * №5 Абай атындағы орта мектеп — 1939 ж. бастауыш, 1940 ж. жеті жылдық, 1942 ж. орта мектеп болып құрылып, оған Абай есімі берілді. * №6 орта мектеп — 1952 ж. орыс тілінде оқытатын А.С.Пушкин атындағы орта мектеп болып ашылды. * №7 Е.Халықов атындағы орта мектеп — 1959 жылы 8 жылдық, 1977 жылы 10 жылдық мектеп болып ашылды. 2003-2004 жылы жаңа мектеп үйі берілді. * №8 орта мектеп — 2014 жылдың қаңтар айында ашылды. * №9 орта мектеп — Бұрынғы А.С.Макаренко атындағы мектеп. 1954 ж. 7 жылдық, 1965 ж. дейін сегіз жылдық, 1965 жылы орта мектепке айналды. * №13 орта мектеп — 1964 ж. №468 мектеп ретінде іргесі қаланып 2 кластық көлемде ашылды. 1971 жылдан бастап 8 жылдық мектепке ауысты. 1976 ж. бастап Ю.А.Гагарин аты беріліп орта мектепке ауысты. * №15 С.Қарабалин атындағы орта мектеп — 1946 жылы бастауыш, 1952 ж. 7 жылдық мектепке айналды. 1953 ж. Г.М.Маленков есімі берілді. 1957 ж. орта мектепке айналып оған А.П.Чехов есімі берілді. 2007 ж. С.Қарабалин аты берілді. * №16 Д.Жазықбаев атындағы орта мектеп — 1988 жылы ХІХ-партконференция атындағы мектеп болып ашылды. 1991 жылы Д.Жазықбаев есімі берілді. * №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектеп — 1991 жылы берілді. * №19 орта мектеп — әуелі бастауыш мектеп (12.02.1992), одан орталау (1992-1993), кейін орта мектеп болып ашылған. * №20 орта мектеп — 1993 жылы қыркүйек айында ашылды. * №21 орта мектеп * Дарынды балаларға арналған Жылыой мектеп-интернаты — 02.10.2015 ж. құрылған. Биология, химия, физика, математика, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады. * Т.Құлтумиев атындағы балалар саз мектебі — 1966 жылы Құлсары саз мектебі болып ашылды. Мектепке 1990 ж. Т.Құлтумиев аты берілді. * Құлсары балалар өнер мектебі — 1989 ж. «Балалар көркемсурет мектебі» болып ашылды. 2002 жылы Құлсары балалар өнер мектебі болып аталды. * Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі — 1968 жылы ашылып, 2003 ж. жаңа ғимаратқа көшті. ### Мектепке дейінгі мекемелер * «Айгөлек» бөбекжай бақшасы — 1987 жылдың желтоқсан айында «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты мекеме болып ашылды. * «Айналайын» бөбекжай бақшасы * «Аққайың» бөбекжай бақшасы — «Березка» болып аталып, 1987 жылы пайдалануға берілді. * «Анашым» бөбекжай бақшасы * «Әйгерім» бөбекжай бақшасы * «Әсем» бөбекжай бақшасы — 2008 жылы ашылды. * «Балапан» бөбекжай бақшасы — «Буратино» болып аталып, 1965 жылы қазан айында ашылған. * «Гүлдәурен» бөбекжай бақшасы — 1989 жылдың 1 желтоқсанында Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы мекемесіне қарасты „Золушка“ атымен қосылды. * «Еркем-ай» бөбекжай бақшасы * «Жауқазын» бөбекжай бақшасы * «Құлыншақ» бөбекжай бақшасы * «Қызғалдақ» бөбекжай бақшасы * «Салтанат» бөбекжай бақшасы — 1977 жылдан жұмыс істейді. * «Өркен» бөбекжай бақшасы ### Колледждер * Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі * Медпрофи колледжі * Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі — 1997 жылы Атырау гуманитарлық-техникалық колледжінің бөлімі болып ашылды. 2001 жылдан жеке оқу орны болып құрылды. ### Денсаулық ісі * Қамыскөл санаториясы ## Діни ұйымдар қызметі * Жылыой мұсылмандар мешіті — 1995 жылы салынған. Жобасын сәулетші Б.Сатиев жасаған. 300 адамға арналған. Ғимараттың көлемі 432 шаршы метр. Ерлер залы 108 шаршы метр, әйелдер залы 72 шаршы метр. Бас мұнарасының биіктігі 15 метр. ## Танымал тұлғалар Ерік Сәлімұлы Құрманғалиев- өте сирек кездесетін контратенор сарынды опера әншісі ## Қала суреттері ## Дереккөздер
Текелі — Қазақстан Республикасы, Жетісу облысына бағыныстағы қала (1952 жылдан). ## Географиялық орны Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 0,1 мың шаршы км (61,33 га). Қала Текелі өзенінің сол жағалауында, Жетісу Алатауының батыс сілемдері шатқалының бірінде, теңіз деңгейінен 950-1600 м биіктікте орналасқан. ## Халқы ## Текелі қаласының басшылары * ? * Әжіғұлов Қанатбек Бәзілжанұлы * ? * Бескемпіров Серікжан Исламұлы (27.09.2005 — 25.01.2012 лауазымынан босатылды);. * Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы (25.01.2012 — 27.06.2013 лауазымынан босатылды). * Қайнарбеков Талғат Қанатоұлы (27.06.2013 — 09.11.2016 лауазымынан босатылды). * Өнербаев Бақтияр Алтайұлы (09.11.2016 — 21.09.2020 отставкаға өтініш берді). * Молдахметов Батыр Қаиркенұлы (21.09.2020 — 05.09.2022 лауазымынан босатылды). * Әділ Алмас Ғабдолұлы (05.09.2022) ## Тарихы * 1911 жылы іргесі қаланып, 1927 жылы кент дәрежесіне көтерілді. * 1933 жылы инженер-геологтар М. Юдичев пен М. Қаділбековтің зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзенінің оң жағалауынан қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, германий кендері табылды. * 1937 жылы Текелі қорғасын-мырыш басқармасының құрылысы басталып, 1942 жылы қорғасын-мырыш комбинаты құрылды. * 1939 жылы емхана салынды, 1941 жылы бірінші орта мектеп ашылды. * 1942 жылы Жоңғар тауларының етегінде Текелі қорғасын-мырыш комбинаты және оның жанында жұмыс поселкісі құрылды. Кәсіпорын Текелі, Көксу және Тұйық кен орындарын өндірді. Екінші дүние жүзілік соғыс уақытында соғыс кезіндегі атылған оқтың әрбір сегізіншісі осы комбинатта жасалды. ## Климаты Текелінің климаты континенттік, қысы суық, жазы жылы. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы −11-13С, шілденікі — 20-22С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 650-1900 мм. Қаланың маңында, Қора өзеңінің шатқалында биіктігі 90 метр болатын Бұрқанбұлақ атты сарқырама бар. ## Табиғаты Қалаға жақын әсем тау шатқалдарында Жетісубақа тісі (тритон), марал, таутеке, елік, қоңыр аю, борсық, күзен, суыр, түлкі, қасқыр, тиін, сілеусін, қоян, жабайы шошқа, т.б. аңдар кездеседі. Сондай-ақ, мұнда шырша, қайың, терек, тал, көктерек, қарағай, алма ағашы, т.б. жалпақ жапырақты орман қалыптасқан. * * * ## Қаланың көрнекі орындары Текелі қаласында бірнеше көрнекі жерлер бар, атап айтқанда: * Дінмұхамед Қонаев атындағы ұзындығы 38 км болатын көше. Ресми түрде Қазақстанның ең ұзын көшесі болып саналады. * «Келіншектас», "Будда тасы - Қазақстан аумағындағы көне будда ескерткіші. * "Бұрханбұлақ" - Қазақстанның ең үлкен су сарқырамасы, Текелі қаласынан жоғары Қора өзені шатқалының етегінде орналасқан. * Үш өзен қосылатын қаланың орталығында орналасқан Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш-тас (1941—1945 жж.) ## Сыртқы сілтеме Текелі қаласы жайлы сайт ## Дереккөздер
Сұлтан Байбарыс (Бейбарыс, араб.: الظاهر ركن الدين بيبرس البندقداري‎ — әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дин Бейбарыс I әл-Бұндуқтари әс-Салих) — 1223—77 жылдары Мысырда билік құрған сұлтан. 1223 жылы дүниеге келген, қыпшақ руының бұрджоғлы тармағынан тарайды. Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Байбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Байбарыстың әкесі — Жамақ, анасы — Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Сол кезде беріш руы Қырым өңірінде тұрған (қазіргі заманда беріш көбінесе Атырау облысында қоныстанған). Әмір Айтегін әл-Бұндуқтар Димашқ құл базарында сатып алған сондықтан Бейбарыс әл-Бұндуқтари деп аталған. ## Құлдыққа түсуі Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. * Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс — қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам. Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мухаммед (с.ғ.с.) пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көпжылдық кақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты. * 1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыста Димашқыда 800 дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Байбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. ## Таққа отыруы Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің мұсылмандық әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға — «крестілер жорығын» ұйымдастырған христиандық діндегі еуропалықтар мен мұғұлдардың (көбінде түркілік тайпалардың; халха-тұңғұс моңғолдар емес) тәңіршілік сенімдегі әскеріне тойтарыс берді (Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих» еңбегінде олар мұғұлдар деп жазылған әрі Айн-Жәлүттегі шайқас турасында жазылған). 1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Байбарыс таққа отырды. ## Алтын Ордамен байланысының нығаюы Мысырда тарихи әдебиет мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен Алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды. Түркі әулеттері, халықтарының тарихи-географиялық мәліметтерін толық қамтитын энциклопедиялар пайда болды. Мысырда сұлтан Байбарыстың өмір-дерегіне арнап жазған хатшысы Абд-аз-Захирдің тарихи еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Алтын Ордамен қарым-қатынастар туралы мәліметтер, сонымен бірге Қырымнан Волгаға дейінгі аралықтағы қысқаша «жолсілтеме», Қырымның тұрғылықты халқы туралы діни, этнографиялық мәліметтер келтіріледі. ## Биліктегі өзгерістер Ол ат ойындарын, аңға шығуды, сайыстарды жақсы көретін. Қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған. Кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп, өз қолтығына алып отырған. Билік тізгінін мықтап қолға алған Байбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты, Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Арналық жүйені енгізді. Мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір қалаға бір мешіттен салынды. Байбарыс шығыстағы барлық араб иеліктерінің әміршісі деген атаққа қол жеткізді. Орта Азиядағы селжүктерді, кіші Арменияны, берберліктерді толығымен өзіне бағындырды. Франктердің зәулім қамалдарын бірінен соң бірін талқандай берді. Барлық көршілес елдер мәмлүктер мемлекетімен санасатын болды. Байбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды. Ол сол кездің көптеген алыс-жақын мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатты. Сұлтан аз-Заһир Бейбарыс сол дәуірдің озық үлгісімен көптеген зәулім ғимараттар, көрнекті мешіттер, биік қорғандар мен қамалдар салдырды. Олардың бірқатары сақталған. Ол сұлтандық билікке қол жеткізген кезде қыпшақ жерлері мұғұл (мәңгіелдік) ханы Берке билеп отырған Алтын Орданың иелігінде еді. Байбарыс бірінші кезекте достық пиғылдағы хат жіберді. 1262 жылы сұлтан екі ел арасында достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнатты. ## Соңғы жылдары 1277 жылы Бейбарысты уәзірі қыпшақ Қалауын у беріп өлтірді. Сұлтан Бейбарыс 1277 жылы шілденің 1-інде Димашқ қаласында қайтыс болып, аз-Заһариа кітапханасына күмбезінің астына жерленді. Оның сүйегі Дамаскідегі Баб-өл-Барид зиратына қойылды. Осылайша Бейбарыс сұлтан мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырып, Мысыр мен Сирияны «крестілер жорығы», моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды, бүкіл мұсылман елдеріне қорған болды. 17 жыл Мысырда билік құрды. ## Нұрсұлтан Назарбаев сұлтан Бейбарыс туралы Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген. Египеттей алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушыларынан крест жорығын бастаушылардан жалпы араб әлемін сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Бейбарыстың бала кезінде тұтқынға осы Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі осындағы Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар кезінде жазып қалдырған. Мен ана жалы Мысыр еліне барғанымда Байбарыс салдырған мешітте Құран оқыттым. Даңқты бабамызды арабтардың қалай құрмет тұтатынын өз көзіммен көрдім. * 1265 крестшіл-франктердің қамалдарың алды. Берберлерді (1267-75) бағындырды. * 1260—77 аралығында крест жорықтарының беті қайтарылып, моңғол қосындарының шапқыншылығы тойтарылды, елдің саяси-әскери беделі жоғарылап, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтеме * http://www.kazneb.kz Мұрағатталған 19 мамырдың 2021 жылы.
Ұлы Жүз — қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. ## Хандары ### Тәуелсіздік алғанға дейін Ұлы жүз билеушілері * Жанәли хан (1588-1600) * Тыным хан (1600-1603) * Келді Мұхаммед хан (1603-1607) * Шах Сәид хан (1607-1612) * Ескендір хан (1612-1613) * Тұрсын Мұхаммед хан (1613-1627) * Абылай хан І (1627-1628) * Имақұли (1628-1642) * Рүстем хан (1642-1698) * Ісфендияр (1698-1712) * Тұрсын хан ІІ (1712-1717) * Қарт-Әбілқайыр хан (1717-1718) ### Ұлы жүз билеушілері * Қарт-Әбілқайыр хан (1718-1730) * Жолбарыс хан (1730-1740) * Әбілфайыз хан (1740-1750) * Төле би (1750-1756) * Абылай хан (1756-1771) * Әбілпейіз хан (1771-1774) * Әділ хан (1774-1781) * Қасым хан ІІ (1806-1809) * Тоқай хан (1809-1826) ## Қазақ хандығының құрамында ### Жанәли хан 1570 жылдары Хақназар ханның тұсында оңтүстікте және шығыста орналасқан рулар өзара бірігіп Ұлы жүзді құрайды. Ал сол жерлерде Ташкент хандығы деген мемлекет болған. Ұлы жүздегі рулар Ташкент хандығынын жойуға іс әрекеттер бастаған. Хақназар хан билігінің соңына дейін Ұлы жүз құралғанын білмеген. Шығай хан Ұлы жүз, мемлекеттің ішінде құралғанын білсе де бұған көңіл аудармаған, Шығай хан Баба сұлтанмен шайқасуға назар аударды. Ташкент ханы Тәуекелге Ұлы жүзді жойуға ұсынады. Бірақ 1588 жылы Шайбани әулетіндегі Өзбек сұлтан көтеріліс бастап, Ташкент хандығын тәуелсіз қылады. Әли сұлтан Түркістан қаласында өзін Ұлы жүздің ханын жариялап, Ұлы жүзде 30 мың әскер жинап алады. Әли сұлтанға Хақназардың ұлдары Дінмұхаммед пен Мұңғатай көметеседі. Өзбек өзінің туысы Абдолла ІІ көмек сұрау үшін елші жібереді. Ал Әли Ташкент қаласындағы қамалды 1 айға қоршауға алады. Абдолланың әскері келеді, бірақ Әли қамалды басып алып, Өзбекті өлтіреді. Осы оқиғадан кейін халық Әли ханды Жанәли, ал Дінмұхаммед сұлтанды Тыным деп атап кетеді. Тәуекел Жанәлиді мойындайды, және Ташкентты Ұлы жүздің астанасы деп бекітеді. 1598 жылы күзде Қарақалпақ бегі Абдуғаффар 《Ташкент билеуші》деген дәрежені алғысы келеді. Бірақ Есім хан бас тартады. Нәтижесінде Абдуғаффар Қарақалпақ көтерілісін бастайды. 1600 жылы Жанәли Абдуғаффармен шайқасып қаза табады. ### Тыным хан Дінмұхаммед 1588 жылы Жанәли ханға көтеріліс бастауға көмектеседі. Жанәли Өзбекті өлтіреді де, Ұлы жүздің ханы болады. 1600 жылы Абдуғаффар Жанәлиді өлтірген соң, Дінмұхаммед Ұлы жүзде билік құрды. Халық Дінмұхаммедті Тыным деп атап кетеді. 1601 жылы Абдуғаффар Тынымға жорық жүргізіп жеңеді. Тыным Абдуғаффарға бағынып, тұтқынға түседі. 1602 жылы Есім хан Абдуғаффарға жорық ұйымдастырып, жеңеді. Тыным 5 мың қол жинап Абдуғаффармен шайқасады. Нәтижесінде Абдуғаффар Тынымды өлтіреді. ### Келді Мұхаммед хан Келді Мұхаммед Шайбани әулетіндегі сұлтан. Келді Мұхаммед 1598 жылы ІІ Пірмұхаммед ханның бұйрығымен Сырдария уәлаятының әміршісі болады. 1599 жылы Бұхара хандығының орнына Аштархан әулеті билікке келді. Аштархан әулетіндегі Бақи Мұхаммед таққа отырады. Бақи Мұхаммед Шайбани әулетіндегі Келді Мұхаммедті биліктен алыстатпақшы болды, бірақта Келді Мұхаммед қарсы шығып, соғыс жүргізеді. Бақи бір жағынан қазақ ханы Есіммен соғысып жүрді. 1602 жылы Келді Мұхаммед өзіне одақтас табу үшін, Есім ханның еліне кіруге шарт қояды. 1603 жылы Келді Мұхаммед Қазақ хандығының құрамын кіреді де, Ұлы жүздің ханы болады. 1604 жылы Бақи Келді Мұхаммедке жорықтар жасауды тоқтатып, Есім ханға соғыстар жүргізеді. 1607 жылы Келді Мұхаммед қайтыс болады. ### Шах Сәид хан ## Жері жапсарлас әдет-ғұрпы Тірлігі ұқсас әрі туыстас Жетісу, Сыр бойы тайпалары кіретін Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мәдениет орт. болатын. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткен * жалайыр * қаңлы * албан * суан * дулат * шапырашты * сіргелі * шанышқылы * ысты * ошақты * сарыүйсін * қатаған тайпалары ене бастады. Бұл тайпалар б.з.б. ІІ ғ-да Сырдария бойы, Шыршық оазисі, Жетісу, Шығыс Түркістан аймағында құрылған қаңлы және үйсін мемлекетінің құрамында ерте темір дәуірінде тіршілік еткен болатын.Қаңлы мемлекеті б.з.б ІІ ғасыр мен б.з. ІV ғасыр аралығында Шыршық,Сырдария,Талас өзендері аралығында өмір сүрген. Ғалымдардың болжамы бойынша Қаңылар ежелгі Сақ-Тиграхауда тайпаларының тікелей ұрпақтары болып келеді. Үйсін мемлекетінде үйсіндермен туыстас (юечжи, т.б.) бірқатар тайпалар тіршілік етті. Н.Я. Бичурин, Г.Е.Грумм-Гржимайло сынды ғалымдардың еңбектерінде үйсіндер құрамында дулұ тайпасы өмір кешкені айтылады. Бұл мемлекет Қытаймен тығыз дипломат. қатынастар орнатып, алыс-жақын елдерге кеңінен танылды. Белгілі зерттеуші Н.Мыңжанұлы “б.з.б. 3-ғасырдан заманымыздың 10-ғасырына дейінгі 1200 жылдық Үйсін тарихында, Үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы жөнінде ғана нақты дерек сақталғанын” айтады. Халқымыздың автохтондық концепциясын қолдайтын ғалымдар көне үйсіндердің қазақ этносында маңызды рөл атқарғандығын жазады. Мұны Қытай ғалымдарының басым бөлігі мақұлдайды. Түркітанушы-археолог А.Досымбаеваның мәліметтеріне қарағанда, Жетісу жеріндегі үйсін және түркі дәуіріндегі археологиялық ескерткіштер кешені өзара тығыз байланыста дамыған. Оны жазба дерек көздері де растайды. “Таң патшалығының көне тарихы. Түрік шежіресі” атты тарихи дерек көзінде “Теле … қатарлы елдер бағынғаннан кейін, олардың халқы дулат, нүшбе, қарлық, шиуо, шымыр, обырларға араласып, сіңісіп кетті” деген жолдар бар. Бұл өз кезегінде Түрік қағандығының құрыла бастаған кезіндегі саяси жағдаймен этн. қатынастарды айғақтайды. Сондай-ақ Батыс Түрік қағандығының құрамында да Ұлы Жүзге кірген бірқатар тайпалар болды. Бұл мемлекеттің негізгі өзегін “он оқ бодон“ (он оқ халқы) деген он ірі тайпа құрады. Олар өз кезегінде бес тайпалы дулат (дұғлу) пен бес тайпалы нүшбелер (нушубилер) одағынан тұрды. Екі иеліктің шекарасы Шу өз. болды. Қытай деректемелері бойынша дулаттардың бес тайпасы — түргеш (мамандардың есептеуінше сарыүйсіндердің ата-бабалары), қойлау, чимойын(шимугін), ысты, жаныс, ал нүшбелер одағы азғыр (әскіл), қасо, барысқан (барсаған) сынды ұлыстардан немесе тайпалардан тұрған. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған мемлекеттерде Ұ. ж. құрамына енген көптеген ру-тайпалар болғандығы белгілі. Мыс., жоғарыда аталған тайпалар арасынан түргештер күшейіп, кейіннен Түргеш қа-ғандығын құрады. Кейіннен бұл мемлекетті қарлұқтар бағындырады. Қарахан мемлекеті тұсындағы жазба деректемелерде де кейіннен Ұ. ж. құрамына енген ру-тайпалардың атаулары кездеседі. Жетісуда қарақытайлар (қидандар) үстемдік құрған кезде мұндағы бірқатар ру-тайпалар солардың билігін мойындады. Кейіннен қидандардың өздері түркі халықтарына сіңісіп кетті. 13 ғ-дың бас кезінде Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол тайпаларының шапқыншылығы кезінде Ұ. ж. тайпаларының құрамы жалайырлар есебінен толықты. Шыңғыс ханның басты әскери күштерін бірі болған жалайырлар осында ілкі замандардан бері мекендеп келе жатқан ру-тайпалармен біте қайнасып, араласып кетті. Жергілікті билеушілердің (Күшлік ханның) діни озбырлығына наразы болған ру-тайпалардың біразы Шыңғыс хан әскерлерін азат етуші ретінде қарсы алды. Біраз бөлігі оның әскеріне қосылып, Хорезмді жаулап алу соғыстарына қатысты. Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы (1219 — 1221) және ол жерлерді ұлыстарға бөлуі нәтижесінде Ұлы Жүзді құраған ру-тайпалардың этн. аумақтары ішінара Жошы мен Шағатайға берілді. Ұ. ж-ге кірген тайпалардың басым бөлігі Шағатай ұлысының аумағында тіршілік етті. Ол ыдырағаннан кейін Моғолстан мемлекетінің құрамында өмір сүрді. Бұл мемлекетте дулат тайпасының әмірлері ұлысбегі лауазымын иемденіп, әскери және әкімш. билікті өз қолдарында ұстады. Ұлысбегілер өздері қалаған адамды хан сайлап, ұнамағандарын тақтан түсіріп отырды. Моғолстан мемлекетінде Ұлы Жүздің шоғырлану үрдісі зор қарқынмен жүріп, ортақ тіл, мәдени дәстүр қалыптасты. 15 — 16 ғ-ларда қазақ жүздері, негізінен үш мемлекет аумағында Ноғай Ордасынан бөлінген тайпалардан Кіші жүз, Әбілхайыр хандығынан бөлінген тайпалардан Орта жүз, ал Моғолстанда Ұлы Жүз қалыптаса бастады. Бірақ бұл процесс Қазақ хандығы құ-рылғаннан кейін 17 ғ-дың 2-жартысында ғана толық аяқталып, қазақ халқы қалыптасты. Сөйтіп, ұзақ жылдарға созылған кірігу нәтижесінде қазақ халқының этн. аумағы қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын толық қамтыды. Қазақ халқын құраған негізгі үш бірлестіктің бірі болған Ұлы Жүз қазақтары егін ш-мен және мал өсірумен айналысты, көрші елдермен сауда қатынасын орнатты. 1643 ж. Жоңғар қонтайшысы Батыр Ұ. ж-дің шығыс аймағының біраз жерін өзіне қаратты. 1681 — 88 ж. Жоңғар билеушілері Ұ. ж-дің Оңтүстік Қазақстандағы жерлеріне бірнеше рет шабуыл жасады. 18 ғ-дың 1-жартысында Үш жүз бірлестігінің арасында саяси және экон. байланыс нашарлап кетті. Қазақ шонжарларының әр түрлі топтары арасындағы өзара бәсекелестікті шебер пайдаланған Жоңғар билеушілері қазақ жеріне, әсіресе, Ұ. ж. тайпалары мекен еткен Іле, Сыр, Талас, Шу бойына шапқыншылығын күшейте түсті. Ақыры 1723 ж. жоңғарлар жойқын жорыққа аттанып, Ұлы Жүзді басып алды (қ. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама). Ұлы Жүз қазақтары зор шығынға ұшырап, ұлыс билеушісі Жолбарыс хан өзі билеген қазақ қауымдары мен Ташкент тұрғындарының атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындады. 1733 ж. Ұлы Жүз елшілері Аралбай мен Оразгелді Ресейге барып, сыртқы жауға қарсы күресте орыс патшасынан көмек алуға тырысты. 1734 ж. 20 сәуірде Ресей патшайымы Анна Ивановна Жолбарыстың атына арнайы грамота жолдады, бірақ Ұлы Жүз бен Ресей арасы шалғай болғандықтан саяси байланыстар тоқтап қалды. 19 ғ-дың 1-жартысында Ұлы Жүзге қараған оңт. аудандарды Қоқан хандығы басып алды. Әулие-Ата (Тараз), Сайрам, Шымкент, Түркістанды мекендеген Ұлы Жүз рулары 1821 ж. қоқан үстемдігіне қарсы бас көтерді. Олар Шымкент пен Сайрамды бағындырғанымен күші басым қоқан әскерлеріне төтеп бере алмады. Қоқан хандығынан қысым көрген Ұлы Жүз қазақтары біртіндеп Ресейдің қол астына өте бастады. 1837 — 47 ж. Ұлы Жүз қазақтарының бір бөлігі Кенесеры Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қолдаса, келесі тобы оның жасақтарының озбырлығына қарсы шығып, қырғыздармен болған шайқастан кетіп қалды. Осыдан кейін-ақ патшалық Ресей Ұлы Жүз қазақтары аумағындағы экспанциясын күшейтті. 1849 ж. Іле мен Қаратал аралығын, Балқаш к-нің жағалауын қоныстанған 59 мың Ұлы Жүз қазақтары Ресейдің қол астына өтті. 19 ғ-дың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. 1848 ж. 10 қаңтарда патша үкіметі Ұлы Жүз қазақтарын басқару үшін және Жетісу өлкесін бақылау үшін Үлкен Орданың приставы деген қызмет орнын белгіледі. Пристав Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағынды. Ұ. ж. қазақтары Ресейге толық қарағаннан кейін Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды да, Сырдария облысы мен Жетісу облысын мекендеді. Бұл облыстардың шекарасы Құрағаты, Шу өзендерінің бойымен өтті. Ұ. ж-дің Жетісу облысы 1882 ж. Ақмола, Семей облыстарымен бірге жаңадан ұйымдасқан Дала генерал-губернаторлығының құрамына кірді. 1897 ж. қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығына енді. Ұ. ж. тайпалары туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі ресейлік П.И. Рычков, А.Левшин, Н.А.Аристов, В.В. Бартольд сынды зерттеушілердің шығармаларында кездеседі. Сондай-ақ М.Тынышбаев, т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерінде Ұлы Жүз ру-тайпаларының саны, т.с.с. мәселелері көтеріледі. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында Ұлы Жүз қазақтары, негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерімен Сырдария облысының Әулие-Ата, Шымкент және Ташкент уездерін мекендеді. 20 ғ-дың 1-жартысында болған ұлт-азаттық көтерілістерге, Азамат соғысына, ашаршылық жылдарындағы жағдайларға тап болған Ұлы Жүз қазақтары едәуір шығынға ұшырап, біраз бөлігі көршілес елдерге көшуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда Ұлы Жүз ру-тайпаларының өкілдері қазақ халқы ретінде танымал. ## Ұлы жүз рулары ## Тағы қараңыз * Қазақ жүздері ## Ciлтемелер : * "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том * Бүкіл қазақ шежіресі * https://www.elim.kz/article/192/ Мұрағатталған 25 қарашаның 2020 жылы.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388–1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік-саяси өміріне жүйрік тарихшысы, емші. ## Өмірбаяны Өтейбойдақтың өмір дерегі, туған, өлген жылдары негізінен "Шипагерлік баян" кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі. Автор "Шипагерлік баян" кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Тілеуқабылұлы Өтейбойдақты 1388 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады.Өтейбойдақ "Шипагерлік баян" кітабында өзі туралы былай дейді: "Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата-тегім — Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім — Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жөнібек ханның қарашасымын. Жылым — иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын".Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата-тегінен жұғысты болған. Ата-баба әулетінің жинақтаған мол төжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медицинасын ғылыми жүйеге келтірген. Сөйтіп, шипагерліктің өз заманындағы биік деңгейіне көтеріле білген. Бүл жолда ол әл-Фараби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас құрап, үйлі-баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бөрін тәрік етіп, бүкіл өмірін шипагерліктің қыр-сырын игеруге сарп еткен. ## "Шипагерлік баян" Өзінің төл тәжірибелеріне сүйеніп, осыдан 5 ғасырдан бұрын жазған медициналық үлкен ғылыми еңбегі – «Шипагерлік баян» күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Ғалым бұл кітапты Жәнібек ханның тапсыруымен 1470 ж. (жасы 70-тен асқан шағында) бастаған. Кітабында өзінің аты-жөнін ғана атап, өмірбаянын жазбаған. «Шипагерлік баянда» – жүрек, ми, сөл (адам организмінен бөлінетін), т.б. мүшелердің адам организмінде алатын рөлі, күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мәселер айтылған. Кітапта шешек ауруына қарсы вакцина егуді ағылшын ғалымы Э.Женнерден (1796) 320 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет. «Шипагерлік баянда» өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануарлардан алынған 455 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дәрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атаулары, мыңнан аса дәрі және 4577 рецепт берілген. Бұл қолжазбаны Райымбет, Шыбыл, Қоңырбөрік, Тама, Бұршақ би бір-біріне өсиетпен тапсырып, хижраның 1170-жылына келгенде (Григорий күнтізбесі бойынша 1827–1828 ж.) бесінші рет, 1952 ж. Түменбай Ыстанбайұлы (Іле аймағы, Текес ауданы Шиліөзек а.) алтыншы рет, 1991 ж. Нұртай Түменбайұлы 1952 жылғы нұсқаның 1968 ж. өртелгеннен кейін қалған бөлігін жетінші рет көшірген. Бұдан кейін 1994 ж. араб әрпімен Үрімшіде (Қытай), 1996 ж. Алматыда («Жалын» баспасында) қазақ тілінде басылып шықты. "Шипагерлік баян" бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын-ұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиген. Қалған бөлігі Қытайдағы атышулы "мәдени төңкеріс" кезінде "хуң-уейбиндер" тарапынан өртелген.Өтейбойдақтың "Шипагерлік баян" кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл ретте, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғүлама ғалым болғанын пайымдатады. Сондай-ақ, "Шипагерлік баян" кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 318 түрлі, металл-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы, 500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бүл еңбектің тарихи-этнографиялық мән-маңызының ерекше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ "Шипагерлік баян" — ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі."Шипагерлік баян" кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылүлының тек қана ғүлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүниетанымына, рухани мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды түлғасы болғаны айқын аңғарылады. ## Марапаттар Қытай үкіметі «Шипагерлік баянның» құндылығын бағалап «Мемлекеттік бірінші кітап» деген сыйлықпен марапаттады (1997'). Қытайда Өтейбойдақтың мұрасын зерттеу үшін 2 мемлкеттік медицина орталығын құрылған.. ## Дереккөздер
Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов (26 қараша, 1960, Жамбыл облысы Меркі ауданы, Меркі ауылы) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі (2011)., Ішкі істер министрі, заң ғылымдарының докторы. ## Өмірбаяны Қожа руынан шыққан. * С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1983), заңгер. * Заң ғылымдарының докторы (2008). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы басқару формалары: конституциялық үлгі және мемлекеттік басқару тәжірибесі». * 1983 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында сынақ мерзімінен өтуші-зерттеуші, кафедра ассистенті. * 1990 жылдың шілде айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама және құқықтық тәртіп мәселелері бөлімінің аға кеңесшісі, заңдардың орындалуы жөніндегі секторының меңгерушісі. * 1991 жылдың қыркүйек айынан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары. * 1992 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі төрағасы хатшылығының меңгерушісі. * 1993 жылдың қаңтар айынан — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі. * 1994 жылдың ақпан айынан — Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының Заңнама бөлімінің меңгерушісі * 1994 жылдың маусым айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Заңнамалық бастамаларжәне құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі. * 1995 жылдың қараша айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. * 1996 жылдың желтоқсан айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Заңнама және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі. * 1997 жылдың қазан айынан — Қазақстан Республикасының әділет министрі * 2000 жылдың қыркүйек айынан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. * 2002 жылдан — Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары. * 2003 жылдан — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. * 2005 жылдан — Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі * 2009 жылдың сәуір айынан бері — Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. * 22 желтоқсан 2011-20 қаңтар 2013 - Маңғыстау облысының әкімі. * 26 наурыз 2013 жылы - Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. * 21 мамыр 2013 жылдан - Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. ## Марапаттары * «Парасат» (1999) * «Барыс» (2004) ордендерімен; * медальдармен; * ҚР Құрмет грамотасымен (1993) марапатталған. Әскери атағы — запастағы капитан. ## Отбасылық жағдайы * Үйленген. Жұбайы - Мұхамеджанова Зарема Хайдарқызы. * Қыздары - Мәдина (1980 жылы туған), Әдина (1997 жылы туған). * Немерелері - Әлижан (2000 жылы туған), Әміржан (2004 жылы туған). ## Дереккөздер
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты – Қазақстанның ең жоғары сот органы. Жоғарғы сот төменгі буындағы соттардың азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және басқа да сот істері бойынша заңда көрсетілген процесуалды формада олардың қызметтеріне сот қадағалауын жүргізіп, сот практикасы мәселелері бойынша түсінік береді. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3 қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 1-тармағының нормасымен бекітілетін, қолданылатын құқық - Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары болып табылады дегенді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасында заңнамалық нормалар, оның ішінде Конституция нормаларын қолдану мәселелері бойынша ғана нормативтік қаулылар шығаруға өкілетті деп түсінген жөн". ## Тарихы 1937 ж. 9 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Соты ретінде құрылды. 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған ҚР Конституциясында ҚР-да сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, Жоғары төрелік сотқа және заң бойынша құрылған төменгі тұрған соттарға берілетіндігі белгіленді. Ешқандай өзге орган және өзге тұлға сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ. ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2001 ж. 14 сәуірдегі қаулысымен ҚР Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті таратылды, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат саны мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкімшілеріне берілді. ## Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Президентінің ұсынуы бойынша 5 жыл мерзімге Сенат сайлайды. Жоғарғы Соттың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген Қазақстан Президентiнiң ұсынуы бойынша Сенат сайлайды. Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша 5 жыл мерзімге Қазақстан Президенті тағайындайды. ## Жоғарғы сот төрағалары * Тамас Қалмұхаметұлы Айтмұхаметов (1991—1993) * Михаил Федорович Малахов (желтоқсан 1993—1996) * Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев (1996—2000) * Қайрат Әбдіразақұлы Мәми (қыркүйек 2000 — сәуір 2009) * Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков (2009—2011) * Бектас Әбдіханұлы Бекназаров (2011—2013) * Қайрат Әбдіразақұлы Мәми (2013—2017) * Жақып Қажманұлы Асанов (2017—2022) * Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев (2022 жылдан бастап) ## Құрылымы * Жоғарғы сот төрағасы: Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы (2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап) * Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: Тукиев Аслан Сұлтанұлы (2022 жылғы 31 қаңтардан бастап) * Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: Рахметуллина Нұргүл Мәуілханқызы (2024 жылғы 19 сәуірден бастап) * Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: Шәріпов Нұрсерік Кәрімұлы (2022 жылғы 31 қаңтардан бастап) ## Дереккөздер
Шәмші Қалдаяқов (15 тамыз 1930, Отырар ауданы – 29 ақпан 1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991), Қазақстанның Еңбек Ері (2022, қайтыс болғанынан кейін). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы замандағы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел. Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық" сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, "Биттлзге" қалай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды. Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді. ## Өмірбаяны Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын, жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас. Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді. Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз. Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан... Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық артисі. ## Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы.Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын: * «Ақ ерке – Ақ Жайық», * «Арыс жағасында», * «Сыр сұлуы», * «Жарқырайды Жезқазған», * «Қарқаралы», * «Фосфорлы Жамбыл», * «Байқоңыр», * «Талдықорған – әнім менің», * «Ырысты өлке – Шардара», * «Отан», * «Теріскей», * «Мойынқұмда», * «Отырардағы той», * «Көгілдір Көкше», * «Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын: * «Менің Қазақстаным», * «Теңізде – толқында», * «Бақыт құшағында», * «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады. * «Ақмаңдайлым», * «Ақсұңқарым», * «Қайдасың», * «Еркежан», * «Ана туралы жыр», * «Құшақ жайған қандай адам», * «Қайықта», * «Қыз сағынышы», * «Ақ бантик», * «Кешікпей келем деп ең», * «Қуаныш вальсі», * «Әнім сен едің», * «Сағынышым менің» әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева, т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды. Қалдаяқов артында мол музыкалық мұра қалдырды. ## Марапаттары Республика жастар сыйлығының иегері болды (1965). ## Шәмші есімі ел есінде 1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке – Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі – Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған. 1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым ме-нің» (реж. Т.Ахметов) деген деректі телефильм түсірілді. «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді (2002). ## Шығармалары * Әндер, А., 1967; * Бақыт құшағында. Әндер жинағы, А., 1971; * Сағынышым менің. Әндер, А., 1978; * Менің Қазақстаным. Әндер, А., 1981; * Шәмші әлемі. Әндер, А., 2000. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * ШӘМШІ ТАБИҒАТЫНЫҢ ШЫҢЫ МЕН ШАТҚАЛЫ Мұрағатталған 23 қаңтардың 2022 жылы. * Шәмші Қалдаяқов: «Мені іздеп келген аяғыңнан айналайын» * Жәмила Қалдаяқова: Шәмші ешқашан отбасының шырқын бұзған адам емес Мұрағатталған 23 қаңтардың 2022 жылы. * Шымкентте Шәмші ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Айман Қожабекқызы Мұсақожаева (15 наурыз 1958 жыл, Алматы) — скрипкада ойнаушы. Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері (2014), “Әлем артисі” (ЮНЕСКО, 1998 жыл), Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі. ## Өмірбаяны Шыққан руы қожа. * Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. * П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірді. * Айман ұйымдастырушы, талантты ұстаз. 1993 жылдан “Солистер Академиясы” Мемлекеттік камералық оркестрін ұйымдастырды. * 1998 жылдан Астанадағы қазақ Ұлттық музыка Академиясының ректоры қызметіне тағайындалды. * Қазіргі кезде Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. А. Мұсаходжаеваның аты музыкалық Олимпте М. Плетнев, Г. Кремер, Е. Грач, В. Третьяков, И. Гаврш сияқты әлем жұлдыздарымен қатар тұр. Ол Шығыс музыкасының нәзіктігін, сезімталдығын Еуропаның музыкалық мәдениетінің руханилығымен, көпқырлығымен үндестіріп, ұлттық өнерді әлем халқына танытты. ## Балалық шағы Әлемге әйгiлi Айман Мұсақожаеваның ән-күйге деген әуестiгi бала кезiнен басталды. Анасы Рахила балаларының жан-жақты бiлiмдi, жiгерлi болып өсуiне көп күш салды. Әкесi Қожабек Мұсақожаев әр жерде түрлi жауапты қызметтерде жүрдi, облыстық партия комитетiнiң хатшысы болды. Үйдегi төрт бала Алматыдағы интернатта тұрып оқыды. Шешесi Қаскелең ауданынан қалаға келгенде төрт қызды жетектеп, опера және балет театрына алып баратын. Айман Күләш Байсейiтова атындағы республикалық музыка мектебiнде профессор Н.Патрушеваның сыныбында оқыды. Оны ойдағыдай бiтiрген соң Мәскеудегi П. Чайковский атындағы мемлекеттiк консерваториясында Кеңес Одағының әртiсi, профессор В. Климовтың сыныбында оқуын жалғастырды. Айман Мұсақожаева 1976 жылы Югославияда, Белград қаласында өткен халықаралық конкурста лауреат атанды. Небары 18 жастағы қыздың халықаралық сайыста Қазақстан атынан жасқанбай өнер көрсетiп, жеңiмпаздық тұғырдан көрiнуi жиналғандарды айрықша таң қалдырған едi. Бұл оның алғашқы шыққан биiгi болатын. Осыдан кейiн Айманның өсiп, өрлеу жолдары басталды. 1981 жылы Генуядағы Паганини атындағы, 1983 жылы Токиодағы, 1985 жылы Хельсинкидегi Я.Сибелиус атындағы, 1986 жылы Мәскеудегi П.Чайковский атындағы VIII халықаралық конкурстардың лауреаты атанды. Таңдаулы техника, түрлi әуендердi терең түсiну оның ең қиын скрипкалық туындыларды икемге келтiрiп, әлемнiң тамаша концерт залдарында нақышына келтiре орындауына мүмкiндiк бердi. Концерттiк қызмет жылдарында Айман Мұсақожаева скрипкалық музыканың бай репертуарын жинақтады. Соның iшiнде Йоганн Себастиан Бах, Гайдн, Моцарт, Бетховен, Паганини, Брамс, Чайковский, Сибелиус секiлдi жарқын тұлғалардың, осы заманғы сазгерлердiң, Қазақстан сазгерлерiнiң шығармалары бар. 1992 жылы ол «Солистер академиясы» Мемлекеттiк Камералық оркестрiн құрды және қазiр де оның көркемдiк жетекшiсi болып саналады. Алғашқы құрылған күннен оркестр классикадан бастап бүгiнгi композиторлардың туындыларына дейiн игердi. Ол XVII-XVIII ғасырлардағы көне де әспеттi, сондай-ақ осы заманғы озық үлгiдегi музыкалық құралдармен қамтамасыз етiлген. Оркестр ұжымының жоғары орындаушылық шеберлiгiн Ресейде, Америкада, Жапонияда, Германияда, Австрияда және басқа да елдерде лайықты бағалады. 1993 жылдан берi Айман Қожабекқызы Ресейдегi Петр Чайковский атындағы, Абрам Ямпольский атындағы (Дубна) Халықаралық скрипкашылар конкурсының, Италиядағы Милан қаласында өтетiн Микеланжело Аббадо атындағы Халықаралық скрипкашылар конкурсының қазылар алқасының мүшесi. Мәскеу, Алматы, Бiшкек консерваторияларының профессоры ретiнде белсендi, әрi педагогикалық қызмет атқарып келедi. ## Қазақ Ұлттық Музыка академиясы Шәкiрттерiнiң арасында халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары аз емес. Бiрақ Айманның орындаушылық және педагогикалық қызметiнiң шыңы 1998 жылы Қазақ Ұлттық Музыка академиясының ашылуы болып табылады. Бұл астананың Алматыдан Целиноградқа ауысып жатқан кезi болатын. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы Айман Мұсақожаеваның ұсынысы бойынша сол жылдың 31 наурызында Қазақстан Президентiнiң бастамасымен ашылды. Ол республикадағы жас оқу орындарының бiрi болып саналады. Айман Мұсақожаева басқаратын академия өзiнiң қысқа тарихы кезеңi iшiнде Қазақстанның барлық аймақтарынан шығармашылық күштердi өзiне тарта бiлетiн және қазақ музыкасы мен әлемдiк өнердi кең көлемде насихаттайтын перспективалы бiлiм мен мәдени-ағарту орталығы бола бiлдi. Музыка академиясы Қазақстан үшiн бiрегей оқу жобасын ұсынды, оның негiзi етiп бiр оқу орны қабырғасында үздiксiз кәсiби бiлiм беру идеясы алынған. Мұнда бастауыш (1-9 сыныптар), орта (10-12 сыныптар), жоғары бiлiм (I-IV курстар), ассисентура мен аспирантура тоғысқан. Музыканттарды алғашқы қадамынан бастап жоғары кәсiби шеберлiктi толық игерiп шыққанға дейiн жүйелi тәрбиелеу идеясының авторы да Айманның өзi. Академияның мiндетi — республиканың барлық өңiрлерiнен келген дарынды балаларға көңiл бөлу, жан-жақты бiлiмдi өнер шеберлерiнiң жаңа ұрпағын тәрбиелеп шығару үшiн барлық қажеттi жағдай туғызу. Отандық педагогиканың озық дәстүрi мұнда әлемдiк бiлiм беру үрдiсiнiң қазiргi заманғы жетiстiктерiмен шебер ұштасқан. Академияның оқытушы-профессор құрамы жаңа оқу бағдарламаларын және кәсiби музыканттарды тәрбиелеу жөнiндегi әдiстемелердi жасайды, оқу-бiлiм беру базасын кеңейту жолында жұмыс iстейдi, оқу жоспарына бүгiнгi күннiң өзектi тынысына жауап беретiн жаңа пәндердi енгiзiп отырады. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы халықаралық фестивальдар мен конкурстарда Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетiп жүр. Осындағы шәкiрттердiң Италияда, Австрияда, Ресейде өтетiн музыкалық сайыстарда жеңiстерге жетулерi дәстүрге айналды. Өткен кезеңде шынайы талант иелерi Венада, Зальцбургте, Сан-Бартоломеода, Сенигаллияда, Брешиада, Генуяда, Ватиканда өздерiн көрсете бiлдi. Олардың орындаушылық шеберлiгi Еуропа жұртшылығы үшiн шын мәнiсiнде жаңалық болды. Италияда скрипкашылардың «Айсәуле», «Каприччи» ансамбльдерiнiң, студенттiк симфониялық оркестрiнiң концерттерi таңданыс туғызды. Түркияда өткен фестивальда «Ели-гай» балалар хоры үлкен табысқа жеттi. Академия музыканттарының үнiн Лондонда, Берлинде, Брюссельде естiдi. Қазақстан тәуелсiздiгiнiң онжылдығына арналған «Айман-Гала» концерттiк сапары өттi. Музыка академиясы Еуропа консерваториялары, академиялары және жоғары музыкалық мектептер қауымдастығына кiредi, П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттiк консерваториясымен ынтымақтастық туралы шартқа отырды, Париждiң, Хельсинкидiң, Хорватияның музыкалық академияларымен өзара тиiмдi келiсiмдер жасады. Академия жұмыс iстей бастаған алғашқы күндерден шығармашылық тыныс тамыры белсендi соғады: «Руханият» газетi үнемi шығарылады, ұжымның ғылыми қызметiн дамытуға қолайлы жағдай жасайтын ғылыми-әдiстемелiк конференциялар өткiзiлiп тұрады, алғашқы мақалалар жинағы жарық көрдi. Шығармашылық қабiлеттi дамыту, қазiргi заманғы композиторлық техниканы игеру үшiн жанында «Форманта-күй» ансамблi жұмыс iстейтiн Шығармашылық орталық ашылды. Астанадағы мектеп оқушылары мен балалар үшiн абонементтiк дәрiс-концерттер қою дәстүрге айналды, студенттер, оқытушылар мен музыкалық ұжымдардың концерттерi көпшiлiкке танымал бола бастады. Академияда жас орындаушылардың республикалық конкурстары ұдайы өткiзiледi. Халықаралық «Shabyt-Inspiration» конкурсы барған сайын көпшiлiкке белгiлi бола түстi. Оның жұмысына бүкiл дүние жүзiне белгiлi орындаушылар қатысады. Олар студенттердiң шеберлiгi деңгейiне баға берiп қана қоймайды, сонымен бiрге шеберлiк сыныптарын өткiзедi, концерттер қояды. Солардың арасында Милан консерваториясының профессоры, Микеланджело Аббадо атындағы Халықаралық конкурстың негiзiн қалаушы Марчелло Аббадо (фортепьяно), Гентедегi музыка академиясының профессоры Михаил Кугель (альт, Израиль), Стефан Метц (виолончель, Франция), профессор Аркадий Севидов (фортепьяно, Ресей) және басқа да көптеген өнер майталмандары бар. — Бiр үйде төрт қыз туып, өстiк. Төртеуiмiз де музыка жолын таңдап алдық. Бәрiмiз де бiр ұядан шыққан балапандардай жұбымызды жазбай, бiр жерде жұмыс iстеп жатырмыз. Үлкен апам Раиса скрипкада ойнайды, академияның оқу-тәрбие жұмыстары жөнiндегi проректоры. Екiншi апам Раушан қылқобызда ойнайды, қазақ халық аспаптары кафедрасының меңгерушiсi. Сiңлiм Бақытжан виолончель және контрабас кафедрасының доцентi. Өнерге баулып, тәрбиелеген анам мен әкеме мәңгiлiк борыштармыз. Қазiргi жеткен жетiстiктерiмнiң бәрi де солардың арқасы деп бiлемiн. Бойындағы өнерiн шынайы талант иесi өзгелерге үйретуден жалықпайды. Еуропада, Америкада, Оңтүстiк Кореяда шеберлiк сыныптарын жүргiзедi. ## Атақтары Музыка саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн оған * 1988 ж Қазақстан Республикасының халық әртiсi * Халықаралық Шығармашылық академиясының академигi атағы * ЮНЕСКО-ның шешiмiмен «Әлем әртiсi» құрметтi атағы берiлдi. * 2000 ж Мемлекеттiк сыйлыққа ие болды. * Қазақстан меценаттар клубы «Платиндi Тарлан» сыйлығымен марапаттады. * Есiмi Кембридж университетiндегi Халықаралық Өмiрбаян орталығы жариялайтын «XX ғасырдың 2000 көрнектi музыканты» атты дүниежүзiлiк құрметтi тiзiмге енгiзiлiп, осы орталықтың медалiн омырауына тақты. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер Әлем әртiсi Айман Мұсақожаева жайлы үзiк сыр(қолжетпейтін сілтеме)
Махмұд Қашқари (араб. Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари; 1029—1101) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. ## Туған жері Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады. * Ат қасқасы ай болмас. * Төрт түлік мал туралы: Су татырмасқа - сүт бер. * "Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы": Ер жігітті қорлама. Үлкенмен керіспес болар. Бар - бақыр, жоқ - алтын. * "Байлық-кедейлік туралы": Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер. Көсеу ұзын болса - қол күймес. * "Сақтық туралы": Ит - қаппас деме, ат - теппес деме. Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі. * "Аң-құс туралы": Арқадағы жауыр ұлға қалар. * "Жоқтық туралы": Аш - не жемес, тоқ - не демес. * "Тіл туралы": Әдептің басы - тіл. * "Ар-намыс, ұят туралылы": Ұятсызбен ұстаспа. * "Ғылым-білім, өнер туралы": Бақыттың белгісі - білім. * "Бек, хан туралы": Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек. * "Асыл сөз туралы": Ақылды сөз - алтын табаққа жеткізер. * "Адам өмірі туралы": Атаның ұлы - атасына тартып туар. * Екпейінше - өнбес, талпынбайынша - жетпес. (Еңбек туралы) * Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес. (Қоғам, мемлекет, заман туралы) * Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді. (Әйел, ана туралы) * Күндестердің күлі де - күндес. (Күншілдік, қызғаныш туралы) * Жалғыз қаздың үні шықпас. (Жалғыздық туралы) * Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы) * Арыстан күркіресе - аттың аяғы тұсалар. (Үрей туралы) * Далада бөрі ұлыса - үйдегі итің бүйірі солқылдар. (Үрей туралы) * Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар. (Жақсы мен жаман туралы) * Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды. (Байлық-кедейлік туралы) * Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы) * Сараң санға қосылмас. (Сараңдық туралы) * Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады. (Сараңдық туралы) * Алушы - арыстан, сатушы - тышқан. (Саудагер туралы) * Тәкаппар тақсірет тартырады. (Мінез-құлық туралы) * Ашу қысса - ақылың ғайып болады. (Мінез-құлық туралы) * От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас. (Мінез-құлық туралы) * Қылымсығанда - қызыл киеді, Жарамсақтанғанда - жасыл киеді. (Мінез-құлық туралы) * Еркекқұмар әйел ерге жарымас. (Әйел, ана туралы) * Пышақ қанша өткір болғанымен өз сабын өзі жона алмайды. (Дәрмесіздік туралы) * «Ағайын» десе - шақ қарадық, «Қайын» десе - жалт қарадық. (Ағайын, жұрт туралы) * Ұран көтерілсе - ру жиылар, Жау келсе - жамағат жиылар. (Ағайын, жұрт туралы) * Дос адам маңайынды жұмақ етер. (Достық туралы) ## Өмірбаяны Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдат қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады. ## Түркі ғалымы Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады. ## Дереккөздер
Ұлықбек (өзб. (Mirzo Ulug'bek) ( Mīrzā Mohammad Tāregh bin Shāhrokh (Ulugh Beg)) — Әмір Темірдің ұрпағы, астроном,математик әрі мықты билеуші.Ата жолын қумады …Орта ғасырлар кезіндегі орта Азия. Өзін Азияның арыстаны, жер тәңрісі санаған Әмір Темір (Ақсақ Темір) Әмудария мен Сырдарияның арасындағы кең аймақты алып жатқан жаңа империя құрды. Ол Мәуераннахр (арабша “өзеннің аржағындағы” деген сөз) деп аталады. Бұл империяның астанасы ескі қалалардың бірі - Самарқант болды. Ол бұдан 2000 жылдан астам бұрын салынған. Тіпті Птоломейдің геграфиялық картасының өзінде Самарқанттың орны көрсетілген. Самарқанттың гүлденген кезі Әмір Темірдің патшалық ету кезеңіеді. Үндістаннан, Әзірбайжаннан, Ираннан, Армениядан, Грузиядан т.б. елдерден шеберлер шақыртып, өз астанасын кеңейту жолында қолынан келгенін істеді. Ақсақ Темір тұсында салынған Бибі ханым мешіті, Шахин-Зинда және басқа құрылыстар архитектуралық ескерткіштердің тамаша үлгілері болып табылады. Атақты “Бабурнамада” осы қарсаңда Самарқанда дүние жүзіндегі қағаздың, керамикалық бояулардың, барқыттың және т.б. ең әдемісі шығатын еді деп жазылған. Самарқан - көрнекті ғалымдар, дәрігіерлер,құрылысшы-шеберлер, кітап -көшіргіштердің ордасы саналады. Сонымен қатар Самарқан кертартпа, бедел-ықпалы, зор мұсылман дін басыларының да шоғырланған жері болды. Осы тұста, Темір әулетінде 1394 жылы 22 наурыз күні дүниеге Мұхаммед Тарағай деген бала келді. Кейін оған Ұлықбек деген лақап ат беріледі. Оның әкесі Шахрух Темірдің үшінші баласы еді. Шахрух біраз билеуші болып, кезінде ғылымның өркендеуіне үлкен қайырым жасаған кісі. Ұлықбек жастайынан поэзияға, тарихи білімге, астрономия мен математикаға құмарланады. Ұлықбектң ғалымдығының қалыптасуына оның атасы Темірге ілесіп мәдени, ғылыми дәстүрлері бай елдерді аралауы үлкен әсер етеді. Ұлықбек жас шағында осылай Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Туркия және Ауғаныстандарды аралап көреді. Бұған қосымша, Ұлықбектің ғалым болып шығуына әкесі Шахрух жиыстыран Самарқандағы аса бай кітапхана да зор себепші болады. Ұлықбек Платон, Аристотель, Гиппарх, Птоломей сияқты ежелгі грек ғалымдарының классикалық еңбектерімен жақсы таныс болады. Сонымен қатар, ол өзінен бұрын өмір сүрген Орта Азияның көрнекті оқымыстылары Хорезми, Фараби, ферғани, Бируни, Ибн Сина, Нысреддин әт-Тусилердің негізгі еңбектерін жете білген. Бірақ жас Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темірөлгенне кейін империясы ыдырап екі - Хорасан, екіншісі - мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Айта кетрлік бір жәйт оңтүстік Қазақстанның көп қалалары (Отырар, таразы т.б.) осы Ұлықбекке тиеді. Сарай төңірегіндегілер Ұлықбектің әскери қызметке, дипломатиялық өнерге деген құмаолығын арттыруға бар күшін салып бағады, оның асқан ғалым емес, ата жолын қуушы әмір болуын көздейді. Бұл ықпалдан шыға алмаған Ұлықбек алғашқы жылдары (1425 және1427 жылдары) бірсыпыра жорықтарды басқарып, олардың кейбірін сәтті аяқтап жүреді. Ол ел басқарушылық және әскери талантының бар екенін танытады. Алайда, Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөледі. Самарқанда, ғиждуанда, Бухарада және басқа қол астындағы қалаларда көрнекті-көрнекті құрылыстар салдырады және Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтайды. Ұлықбектің өнер-білімге деген іңкәрлігі күн асқан сайын күшейе түседі. Ол қаңқұйлы соғыстардан гөрі әлем сырын ашып, оның құпиясын білуге ынтығады. Профессор Т.Н. Қары-Ниязов “Ұлықбектің астрономиялық мектебі” атты еңбегінде Ұлықбекте билеуші-әмір ретінде бағалайды: “Ұлықбектің қызмет -әрекеттері көп жағынан ілгерілерінен бөлек болды, оның өз кезінде, әсіресе, ғылым саласында прогрестік роль атқарған сөзсіз” ## Ұлықбек обсерваториясы Ұлықбектің мемлекеттік қайраткер ретінде істеген ең ірі жұмысы - Самарқанда аса зор астрономиялық обсерватория салдыруы болды. Бұл Ұлықбектің ғылым мүддесін көздеп, болашақ үшін жасаған үлкен ерлігі болып саналады. Бұл обсерватория еріккен әкімнің атаққұмар жеңіл мінезінен туған нәрсе емес. Ол қайта, ғылыми келешегін дұрыс бағалап, шын жаңкүйері бола білген оқымыстының ғылымға тартқан тартымды сыйы еді. Ұлықбек обсерваториясы одан бұрынғы батыс және шығыс елдерінің обсерваторияларының бай дәстүрлері негізінде салынады. Бұл тұрғыдан, әсіресе, XII ғасырда Азербайджанда көрнекті математик және астроном Насыреддин әт-Тусидің басшылығымен салынған Марага обсерваториясының тәжірбиесі көп игілікті ықпал жасады. Бұл обсерваторияда “Ельхан астрономиялық таблицалары” деген еңбек жазылған болатын. Ұлықбек обсерваториясының салынуына XV ғасырдағы аса дарынды ғалым Жәмшид Ғиясэддин әл-Кәшидің көп көмегі тиді.кейінгі зерттеулер әл-Кәшидің Ұлықбекке дейін де обсерватория салу туралы бірнеше рет мәселелер қойғанын анықтады. Бірақ керітартпа әкімдер ғалымның игілікті ұсынысына құлақ аспайды. Әл-Кәшидің бұл ниеті Ұлықбектің тұсында жүзеге асады. Ұлықбек обсерваторисының негізгі мақсаты - дәлдігі өте жоғары бақылаулар жасай отырып, Марага обсерваториясында жасалған астрономиялық таблицалардың қателерін түзету болды. Обсерваторияның құрылысын және оны астрономиялық құралдармен жабдықтау жағын әл-Қәши басқарады. Обсерватория үш жылда салынып бітеді, бірақ небәрі 27-28 жыл ғана жұмыс істейді. Обсерватоияның басқарушысы әл-Қәши өлгеннен кейін Қазы-Заде Руми, ол өлгеннен кейін Ала әд-Дин Әли әл-Құсшы басқарады. Ұлықбек обсерваториясынан бұрын да шығыстың түрлі елдерінде әркезде бірнеше обсерваториялар салынған-ды. Бірақ, олардың бірде бірі көлемі, жабдықталуы, алдына қойған мақсаты жағынан бұл обсерваторияға тең келе алмайды. Мұнда телескоп ойлап табылғанға дейінгі негізгі астрономиялық аспап-құралдардың барлаға да - горизонталь дөңгелек, биіктігі 50 метрге жуық алып квадрант. Күн және астрономия сағаттары, сан түрлі бұрыш өлшегіш нәзік құралдар болды. Міне, осылардың көмегімен обсерваторияда көптеген сындарлы астрономиялық бақылаулар мен зерттеулер жүргізіледі. ## Ұлықбектің маңындағы ғалымдар Ұлықбек өз дәуірінің алдынғы қатарлы, озат ойлы адам болды. Ол жан-жағына ілім шарапатын мол шашуға тырысты. Ғылым мен мәдениетті дамыту мүддесін ескеріп, Ұлықбек бірнеше жерде (Бухарада, Ғиждуанда, Самарқанда) жаңа типті оқу орындарын ашты. Бұларда сабақ беру үшін мұғалімдері діни дәрежесіне емес, білім дәрежесіне қарай іріктеп алды. Бұл тұрғыда Самарқандағы жаңа типті жоғары мектеп-медресеашылған күні болған мына бір оқиға айтуға тұрарлық. Медресенің бас мұғалімі болып заманында сегіз қырлы білімпаз болған маулэн Мұхаммед Хавофи сайланады. Құраннан басқа білімлері жоқ молдалар Ұлықбекке іштей кектеніп қала берді. Ұлықбекке ғылымға өзі белсене араласып қана қоймай сол тұстағы Орта Азияның көрнекті оқымыстыларын маңына топтастырған. Медресе мен обсерваторияның жұмысына “Заманының Аплатоны (Платоны)” атанған Қазы Заде ар-Руми, жоғарыда аталған атақты математик және астроном Жәмшид әл-Кәши, оның баласы Мансур Кәши сол дәуірдің Птоломейі атанған Ала әд-Дин Әли әл-Құсшы және басқа да бірсыпыра оқымыстылар ат салысады. Ұлықбек оларды қадірлеп, пікір-кеңестеріне әрдайым құлақ асып отырған. Мәселен, обсерватория салардан бұрын Қазы-Заде ар-Руми бұрынғы ескі обсерватория жұмыстары жөнінде түсінік берген, әл Жәмшид әл Кәши астрономиялық аспап құралдар жайында нұсқау-кітап жазған. Ұлықбек маңына топталған бұл ғалымдар -математика және астрономия салаларында едәуір еңбек етіп, ғылым тарихында белгілі із қалдырған оқымыстылар. Солардың бірі - Қазы Заде ар-Руми Кіші Азияда туып өскен. Ол жоғары білімді Хорасанда және Мавераннахрда алады. Самарқанда ол талантты ғалым, әрі ұстаз ретінде аса үлкен даңққа ие болды. Қазы-Заде Ұлықбектің мұғалімі болған. Ол “Арифметика туралы”, “Астрономияға түсініктеме”, “Фигуралар туралы түсініктеме”, “Синус туралы” трактаттар жазған. Обсерваторияда қызмет еткен оқымыстылардың барлығы ғылыми еңбектерін солкездегі дүние жүзілік ғылым тілі саналған араб тілінде жазған. Ара-кідік парсы тілінде жазылған шығармалар да кездеседі. ## Ұлықбек обсерваториясының ғылыми жетістіктері Ұлықбек обсерваториясының ең басты еңбегі - “Зидж Гурганидың” (”Ұлықбек зиджі”) жасалуы болып табылады. Бұл Ұлықбектің басшылығымен жүргізілген көп оқымыстылардың коллективтік еңбегі болып табылады. “Зидж” деген парсы сөзі, ол астрономдар мен географтар үшін жасалған таблицалар жинағы дегенді білдіреді. Ұлықбектің босерваториясында түрлі елдердің байырғы астрономиялық білім-дағдылары жинақталып, “Ұлықбектің баяндауындағы Қытайдың, Сирияның, гректің, арабтың, парсының, Хорезмның атақты астрономдары” деген атпен жеке кітап болып жарыққа шығады. “Зидж Гургани” төрт бөлімнен тұрады: * Календарьлар туралы. * Уақыт өлшеу жөнінде. * Планеталардың қозғалымын анықтау жайында. * Астрономиялық басқа мағлұматтар туралы. Мұнда астрономияның теориляық негіздерімен қатар 1019 жұлдыздың орнын көрсететін каталог жасалған. Бұл каталог дәлдігі жөнінен Тихо Брагенің бақылауларына дейінгі барлық каталогтардан тәуір болды. Ол Лондонда 1650-65 жылдардың өзінде қатарынан үш рет басылып шықты. XIX ғасырдың орта кезінде Ұлықбек таблицаларының Лондондағы астронмиялық қоғам қайта бастырады. “Кіріспенің” толық аудармасы жарияланады. Салыстыра зерттеу үшін ол таблицалардың маңызы келешекте де еш төмендемек емес. Ұлықбек обсерваториясында да экватордың эклиптикаға көлбеулігі бес планетаның орташа жылдық қозғалысы жұлдыздық жылдың ұзақтығы жөнінде дәлдігі өте жоғары өлшеулер жүргізілді. Ұлықбектің өлшеуі бойынша бір жылда 365 күн 6 сағат 9 минут 15 секунд бар. Сонда жіберілген қате бір минуттан да аз. Осылармен қатар Ұлықбек обсерваториясында жылдық процессияның мәнін бұрынғыларға қарағанда дәлірек тапты деуге негіз бар. Осы обсерваториядағы жүргізілген өлшеулердің тамаша дәлдігіне дән риза болған оқымысты Лаплас Ұлықбекті өте көрнекті бақылағыш деп бағалаған. Ұлықбек обсерваториясында астрономиямен қатар, математиканың да көп тараулары зерттеліп, ілгері дамытылады. Астрономия мұқтаждығын өтеу мақсатында аса кемелдендірілген тригонометриялық таблицалар жасалған. Мұнда олар математикалық жаңа әдістер мен есептеулерді қолданады. Мәселен, таблица жасау үшін бір градус доғаның синусын аса дәлдікпен табудың мәні зор. Осы үшін Ұлықбек мектебінің математиктері тарихта тұңғыш рет X3 - 3х + 0,104671913 121 217 587 = 0 теңдеуіне қарастырып жуықтап шешудің тамаша бір әдісін көрсетеді. Ұлықбектің таблицаларының дәлдігін сипаттау үшін кез келген үшбұрыштың синустарының мәнін келтірейік. Ұлықбектің таблицаларының дәлдігін сипаттау үшін кез келген үшбұрыштың синустарының мәнін келтірейік. Ұлықбекше : Дұрыс мәні: 20˚ 0,342020142 23˚ 0,390731129 26˚ 0,438371147 0,342020143 0,390731128 0,438371177 Дәлділіктің тамаша екендігін көрініп тұр. Европада тригонометрияның негізін қалаған Региомонтанның таблицаларының дәлдігін бұдан көп тқмен жатыр. Математиканы дамытуда, әсіресе, Ұлықбек обсерваториясының бірінші меңгерушісі Жәмшид әл-Кәши еңбектерінің бірі мәні зор болды. Ол математика тарихында бірінші болып ондық бөлшектреді ашты. Европада ондық бөлшек содан 150 жылдан кейін ғана мәлім болады. Щеңбер ұзындығының диаметрге қатынасын көрсететін тұрақты шама үшін ол 18 таңбасына дейін дұрыс тапты. Қорыта айтқанда, әл-Кәши және Ұлықбек мектебінің басқа математиктері жуық есептеу, есептеу техникасын жетілдіру жөнінен өз замандастарынан көп алда тұрды. Ұлықбек обсерваториямының оқымыстыларымен сол тұстағы Қытай ғалымдарының арасында ғылыми байланыс болғанын дәләлдейтін соны деректер табалып отыр. ## Ұлықбек және мұсылман дін басылары Ұлықбек орта ғасырларда діни фанатизмнің өршіп тұрған кезінде өмір сүрді. Бірақ оның өз басы мұсылмандық жолдан оқшау тұрды. Ұлықбек көптеген діни әдет ғұрыптарды сақтамады, сондықтан да оны мұсылман дін басылары барынша жек көрді. Ұлықбектің еркін ойлығын сипаттайтын мындай бір фактыны келтіруге болады. Ұлықбектің әкесі Шахрухтың қарамағында Шейх Қасым Әнуар дейтін мұсылман жолынан ауытқушы мистик өмір сүреді. Ол Шахрухқа қастандық жасады деп айыпталып, елден аластылады. Алайда, Ұлықбек Самарқанда оны жақсы қарсы алып, Әнуармен достасып, пікірлес жақын адам болады. Бұл олардың идеяларының өте жақын екендігін көрсетеді Шынында, егер Ұлықбек мұсылман болса, біз білетін Ұлықбек бола алмас еді, ғылым мен ағарту мәселесі үшін пайдалы жұмыс істемес еді. Ұлықбектің ғылымға өте беріліп кетуі, прогресшіл еркін ойлары, шейхылардан ғылым адамдарын жоғары қоюы мұсылман дін басшылары арасында қатты наразылық туғызды. Олар Ұлықбекті райынан қайтарып, ғылымнан бездіргісі келеді, үгіттейді атасы мен әкесін үлгі етеді. Адам ақыл-ойының күшіне сенімі мол Ұлықбек ғылымды тастай алмайды, ол көңілдегі күдігін ашық айтып салады: “Дін тұманша сейіледі, патшалық жойылады, ал ғылыми еңбек мәңгі бақи сақталады.” Ұлықбек Самарқаннан Меккеге кетуге мәжбүр болады. 1449 жылы 27 қазанда “діннен безді” деген атақ тағылып, Меккеге кетіп бара жатқан Ұлықбекті діншілдердің үгіттеуімен Ұлықбектің өз баласы Әбдел-Латифтың жендеттері қылышпен шауып өлтіреді. Орта Азия мәдениетінің тамаша өкілі, өз заманының асқан ғалымы, көрнекті астроном Ұлықбектің өмірі аяқталады. Осы фактіні анықтау үшін 1940 жылы кеңес археологтары Ұлықбектің моласын ашып зерттейді. Қабірдің бетіндегі құлыптаста әкесін өлтірген Әбдел-Латифқа лағнет айтылған жазу бар екені және Ұлықбектің басы денесінен бөлек жатқандығы айқындалады. Атақты кеңес антропологы М. Герасимов бас сүйегі бойынша Ұлықбектің суретін жасайды. Профессор Қары-Ниязов Ұлықбектің кертартпа мұсылман дін басыларының тікелей нұсқауымен басы кесілуін Джордано Бруноның христиан инквизициясының әмірі бойынша отқа өртелу фактісімен орында салыстырады. Бұл Европада да, Азия да, Батыста да, Шығыста да дінінің ғылымға қас жау болғанын сипаттайды. ## Ұлықбектің ақыры Ұлықбектің ғылым жолындағы жасалған ерлігін діншілдер қанша әрекеттенгенмен, жоқ ете алмайды. Халық ұлықбек есімін әр кезде жоғары тұтып, оның мәдениет үшін істеген көрнекті еңбегін аңыз етіп, айтып жүреді. Ұлықбектен сәл кейін өмір сүрген данышпан ақын Әлішер Науаи ол туралы былай деп дазған: “Сұлтан Ұлықбек, Әмір Темірдің әулеті, дүниеде теңдесі жоқ патша болды. Оның туысқандарының бәрі ол дүниеге сапар шекті. Оларды қазір кім біледі? Ал Ұлықбек ғылымға қол созып көп нәрсені игерді. Ол десе аспан төмен түсіп, жұлдыздар жақын келер еді. Оның ашқан заңдары мен ережелері дүниенің ақырына дейін әр уақытта адамдар кәдесіне жарай береді… ” Ұлықбек өлгеннен кейін мұсылман фанатиктері обсерватоияны талқандап, кітап-құралдарды шашып, талан таржға салады. Ұлықбек мектебінің белсенді өкілі әл-Құсшы Меккеге тауап қылуды сылтау етіп, ең басты ғылыми еңбектерді шет елге алып кетпегенде, Ұлықбектің астрономиялық мектебінің тамаша жетістіктері жайлы тарих еш нәрсе білмей қалған болар еді. Алғаш әл-Құсшы, кейіннен Қазы-Заденің немересі Мариям Шелеби ол еңбектерді іріктеп, түсініктемелер жазып, Стамбулда жарыққа шығарады. Осылар аоқылы Ұлықбек лбсерваториясының негеізгі жетістіктері Европада кейіннен ғыдымның дамуына белгілі дәрежеде ықпалын тигізеді. Айта кетерлік бір жәйт: қазір бірсыпыра тарихшылар арасынды әл-Құсшы Ұлықбек кітапханасының көп кітаптарын Самарқан маңайындағы бір төбенің үңгіріне тығып кетіпті деген жорамал-аңыз да тарап жүр. Қазір сол төбе табылып, бірсыпыра археологтар, ғылымның жанашырларыосы төбені қазып, зерттеу жөнінде экспедиция дайындап жатыр. Бұл экспедицияның жұмысы сәттіаяқталған күнде, ғылым тарихы үшін құнды мағлұмттар алынатыны сөзсіз. Қара түнек заманда манспатан да, байлықтан а ғылымды жоғары қойып, болашақ үшін өлмес құралдар қалдырған ұлы жерлесі - Ұлықбектің есімін туған халқы қадір тұтып, үлкен мақтаныш етеді. Оның есімі астрономия ғыдым тарихында Птоломейдің, Насыреддин әт-Тусидің, Николай Копениктің, Галилео галилейдің, Джордано Брунолардың есімдерімен занды түрде қатар тұр. Ал оны дүние жүзінің ғылыми жұртшылығына әйгілі болған көптеген мұралары күні бүгінге дейін ғылыми құнын жоймай келеді.
Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов (1 қыркүйек, 1964 жыл, Алматы) — саясаткер, дипломат, қоғам қайраткері, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. ## Өмірбаяны Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов 1964 жылдың 1 қыркүйек күні Ізбасар Оразбақұлы мен Райхан Төленқызының отбасында, Алматы қаласында дүниеге келген. ## Еңбек жолы және білімі 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын машинажасау мамандығы бойынша тәмәмдап, инженер-механик біліктілін алған. Еңбек жолын "Поршень" зауытында диспетчер ретінде бастап, бюро бастығы, зауыт комсомол хатшысы ретінде жұмыс істеген. 1988 жылы Алматы қаласы ЛКСМК Әуезов аудандық комитетіне екінші хатшы ретінде сайланады. 1990 жылы Эталон зауытында конструктор, сосын шебер ретінде қысқа мерзім жұмыс істейді. 1990 жылы Алматы қаласы ЛКСМК Әуезов аудандық комитетіне бірінші хатшы ретінде сайланады. Бұл қызметте 1991 жылға дейін қызмет етеді. 1992 - 1993 жылдар аралығында Әуезов ауданының әкімшілігінде бөлім бастығы ретінде қызмет атқарады. 1994 - 1995 Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің аппаратындағы Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат Мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы және басқарма бастығы ретінде жұмыс істейді. 1995—1996 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің орынбасары. 1996—1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының меңгерушісі. 1997—98 жж. Көлік және коммуникация министрлігінің Экономикалық саясат, инвестиция және сыртқы байланыстар жөніндегі департаментінің директоры, Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация қызметі мен әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы-вице-министр қызметтерін атқарған. 1998—99 жж. «Қазақойл» ҰМК әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті, директоры, атқарушы директоры. 2000—01 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2001—02 жж. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі. 2002—03 жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі. 2003 ж. шілдеден «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы ААҚ президенті. 2007 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2008 ж. сәуір айынан Израиль Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі. 2012 жылдың мамыр айында Қазақстан Республткасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. ## Жанұясы * Әкесі - Оразбақов Ізбасар Оразбақұлы (1941 ж.т.) * Анасы- Оразбақова Райхан Төлегенқызы (1942 ж.т.) * Жолдасы - Оразбақова Индира Маратқызы * Қыздары - Зере (1990), Томирис (2005) * Ұлы - Темірлан (2005) ## Дереккөздер
Зағипа Яхияқызы Балиева — Қазақстан Республикасының Әділет министрі. ## Қысқаша өмірбаяны 1958 ж. қазанның 3-інде Алматы облысы, Кеген ауданының Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 1981 ж. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы — заңгер-құқықтанушы. Еңбек қызметін АПТУ-да лаборант болып бастаған 1981—82 жж. — Жамбыл аудандық, Жамбыл облыстық «Стройбанк» кеңсесінің заң кеңесшісі болып бастаған. 1982—86 жж. — Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің заң кеңесшісі. 1986—92 жж. — Алматы қалалық аткомының тұрғын алаңды есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы бөлім меңгерушісі. 1992—94 жж. — Алматы қалалық әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы, меңгерушісі болып істеген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылуының депутаты болып сайланған. 1995 ж. наурызынан — Орталық сайлау комиссиясын хатшысы. 1996 ж. қаңтарынан — Орталық сайлау комиссиясы төрайымы болып басқарды. 2005 ж. сәуірден бері Қазақстан Республикасының Әділет министрі.2009 жылдың сәуір айынан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2005-2009 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Әділет министрі. 2009-2011 ж.ж. – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Құрмет», «Парасат», «Күміс алқа», ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. ## Отбасылық жағдайы Тұрмыста, алты бала және немере тәрбиелеп отыр. Жұбайы - Балиев Мұхтар Абзалұлы (1957 жылы туған). Ұлдары- Балиев Данияр Мұхтарұлы (1980жылы туған), Бали Ернар Мұхтарұлы (1984 жылы туған), Бали Әлияр Мұхтарұлы (1990 жылы туған), Бали Нұрсұлтан Мұхтарұлы (2006 жылы туған); қыздары - Бали Алдара-Бегім Мұхтарқызы (2004 жылы туған), Бали Дария-Бегім Мұхтарқызы (2007 жылы туған). ## Сілтемелер Мәжілістің құрамы мен құрылымы, БАЛИЕВА Зағипа Яхянқызы ## Дереккөздер
Жәлекеш Айпақов (1904, Шалқар қаласы - 1967, Ақтөбе қаласы) - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі. * 1935 ж. Алматы филармониясына шақырылып, жұмыс істеді. * Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің негізін қалаушылардың бірі болған * 1953 ж. Ақтөбе филармониясында жұмыс істеді. * Халық композиторы Қазанғаптың күйлерін республика жұртшылығына насихаттаған. Құрманғазы, Мәмен, Дина күйлерін орындаудағы асқан шеберлігімен танылған. Көптеген шәкірттер күйшіден дәріс алды. Еңбегі бағаланып, мемлекеттік марапаттарға ие болған. ## Дереккөздер
### Ежелгі заман Палеолит Қазақ халқының қалыптасуының этникалық тарихы аса күрделi. Қазіргі Қазақстан жерiн әр түрлi тайпалар ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орта және Шығыс, Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш көлі маңынан ұшырасады. Палеолит дәуiрiне жататын көптеген археологикалық мұра орындары анықталды. Мезолит Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының зерттелуi мардымсыз. Қазақстанның неолит, қола дәуiрiде алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастады және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал аумағы, Едiл бойы, Орта Азия халықтарымен тығыз байланыста болған, соны көрсететiн археологиялық, антропологиялық, этнологиялық дәлелдер көп. Сақтар Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңтүстік-шығыс беткейдi мекендедi. Арал теңізі мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары солтүстік Қара теңіз өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төменгі Едiл бойы мен Оңтүстік Орал өңiрiндегi савроматтардың, Құрұш пен Дараяуыш I және Ескендір дәуiрiндегi көнеюнандықтардың (көнегректердің) тұсында өмiр сүрген. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетiнiң аса маңызды деректерiнен (қорым, көмбе, т.б.) қазақ халқының мәдениетi бастау алады. ### Түркі заманы Түркі тайпалар Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда, б.з. 5 ғ-на дейiн) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңттүстігінде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, т.б. аумақтарда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығымен, кен қазумен шұғылданып, отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Қазақтардың шығу тегiне сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар. Көктүрік қағандығы Ұзақ заманғы бұл этникалық процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды. 603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этникалық саяси негiзi «он тайпа» (көнетүркіше:он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өзенінiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi. Түргеш қағандығы Оның орнына Түргеш қағандығы (704—756), одан кейiн Қарлық (қарлұқ) қағандығы (756—940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн шаруашылығы дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды. Оғыз бірлестігі Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлықтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орта Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ.-дың аяғы мен 11 ғ.-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төменгі бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этникалық топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында бесенелер (орыс. печенеги) мекендедi. Кейiн оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi. Қимақ қағандығы 9 — 11 ғғ. басында өмiр сүрген Қимақ қағандығының аумағы Солтүстік, Шығыс, Орта Қазақстанды алып жатты. Бұл федерацияға алғашқы жетi тайпа: еймур, имек, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кiредi. Қимақтарға (кимектерге) қарасты аумақта қыпшақ бiрлестiгiмен қоса 11 — 12 ғғ. жекелеген топтары қыпшақтардың рулық-тайпалық құрамына кiрген кумандар да айтылады. Олар 9 — 10 ғғ. жазбаша деректер мәлiметтерi бойынша Батыс Қазақстан аумағын мекендеген және қимақ (кимек), қыпшақ, куман тайпаларының үш құрамды бiрлестiгiнiң батыс тармағы болған. Қарахан әулетi 10 ғ. орта шенiнде Қашқар және Жетiсу жерiнде түркi тектес қуатты Қарахан әулетi (942—1210) билеген күштi мемлекет құрылды. Кешiкпей Қарахан ұрпағының хандары Әмудария мен Сырдария аралығындағы ол кезде әлсiрей бастаған самани әулетi билеген мемлекеттi бағындырып алды. Мұның өзi Орта Азия халықтарының экономикасы мен мәдениетiне зор әсерiн тигiзiп, Жетiсу, Шығыс Түркiстан халықтары мен тайпаларының арасындағы өзара байланысты күшейттi. Найман, керейiт, жалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Орта Азияның шығысында — Қазақстанмен шектесiп жатқан Моңғолия аумағында пайда болса да, олардың қазақ тарихына тiкелей қатысы бар. Моңғолдар талқандағаннан кейiн найман мен керейiт топтары, жалайырлар қалыптасып жатқан көптеген түркi халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына бiртiндеп сiңiсе бердi. Наймандар моңғол кезеңiнде Сырдарияға дейiн жетiп, қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен. Керейiттер Едiл бойына дейiн барып, кейiнiректе өзбек пен қырғыз құрамына, ал шағын тобы қазақтардың құрамына кiрдi. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында көшпелi мал шаруашылығымен айналысқан қыпшақтар өмiр сүрдi. Қыпшақ бірлестігі Қыпшақтар 11 ғ. кең байтақ қазақ даласы мен Оңтүстік орыс даласына үстемдiк еттi де, 12 ғ. Днепр өзеніне дейiн жайлап жатты. Қыпшақтар, негiзiнен, қазақ халқының құрамына енсе, олардың кейбiр топтары кейiнiрек өзбек, қарақалпақ, башқұрт және қырғыз халықтарының да құрамына қосылды. Қарақытай хандығы 12 ғ. 2-ші жартысында Жетiсу мен Оңтүстік Қазақстан өлкесiндегi үстемдiк еткен қарақытайлар (қидандар) (1128—1213) да қазақ халқының құрамында өзiндiк iз қалдырды. Бұлар жергiлiктi түркi тектес халықтармен араласып, қазақтардың және кейбiр Орта Азия халықтарының да этникалық құрамына бiршама әсерiн тигiздi. 11 — 12 ғғ. Қазақстанның далалы аудандарын мекендеген түркi тайпаларының өзара бiрiгiп, отырықшылық жағдайда егiншiлiгi дамыған аудандармен экономикалық-мәдени қарым-қатынас жасауының жақсаруы қазақ халқының қалыптасу барысындағы елеулi кезең болды. Моңғол ұлыстары Қазақтардың бiр тұтас халық болып қалыптасу жолында 13 ғ. басталған моңғол шапқыншылығы да айтарлықтай iз қалдырды. Жетiсу халқы Шыңғыс ханға ешбiр қарсылықсыз берiлдi. Одан ығысып келген бiрқатар тайпалар Қазақстандағы этникалық өзгерiстердiң бiршама сапырылысуына өз әсерiн тигiздi. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейiн 13 ғ. ортасында қазақтар жерiнiң көп бөлiгi Жошы ұлысына қарады, тек Жетiсу бойы Шағатай ұлысының қарауында болды. Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлiгiнiң аз ғана бөлiгi Үгедей ұлысына ендi. Көп ұзамай моңғолдар жергiлiктi тұрғындармен, әсiресе, қыпшақтармен араласып, өзiндiк ерекшелiктерiнен мүлдем айрылды да, 14 ғ. бүтiндей қыпшақ болып кеттi, қыпшақтың тiлiн, салт-санасын қабылдап, түр-түс жағынан да қыпшақтарға сiңiсiп кеттi. ### Қазақ заманы Қазақ халқының қалыптасуы Моңғолдан кейiнгi кезең (14 — 15 ғ-лар) Шығ. Дештi-Қыпшақ, Жетiсу мен Оңтүстік Қазақстанның кең аумағындағы көшпелi және жартылай көшпелi, отырықшы-егiншi халықтың бас қосып бiрiгуiмен сипатталады. Бiрыңғай халық пен оның мемлекеттiгiн құру жолындағы тарихи қам-харакеттiң дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау iсiнiң аса қиын жағдайында өтедi. Моңғол империясы ыдырағаннан кейiнгi кезеңiнен соң осы аймақ халқының саяси өмiрiнiң дамуы жергiлiктi этн. негiзде пайда болған бiрнеше мемл. құрылымның оңашалануы арқылы өтедi: олар Ақ Орда, Моғолстан, Әбiлхайыр хандығы (Көшпелi өзбектер мемлекетi), Ноғай Ордасы. 14 ғ. мен 15 ғ-дың бас кезiнде Қазақстан халқының мемл. бытыраңқылығының сақталып қалуы — жаңадан ғана құрыла бастаған қазақ халқының этн. даму жолының, үш жүздiң түзiлуi сияқты, ерекшелiгiнiң тууына себепшi болды. Тарихи дамудың сол кезеңiнде iлгерiде айтылған мемлекеттер шеңберiндегi этн.-саяси эволюциялық өзгерiстер жаңадан ұйымдасып жатқан көршi түркi халықтары — өзбек, қырғыз, татар, ноғай, т.б. үшiн де белгiлi дәрежеде ортақ болды. Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасындағы тайпалар мен тайпалық бiрлестiктер экон. дамуының деңгейi, қоғамдық қатынастары мен мәдениетi жағынан бiр-бiрiмен өте жақын едi. Қалыптасып қалған қазақ халқының жекелеген бөлiктерiнiң бiрнеше саяси бiрлестiктерге — мемлекеттерге енуi, өндiргiш күштердiң әлсiреп, мұның iшiнде адам санының кемуiне, экон. құлдырауына, туыстас этн. топтардың бытырап кетуiне, олардың саяси және шаруашылық байланыстарының үзiлуiне әкелiп соқтырған үздiксiз соғыстар мен Жошы әулетi арасындағы, рулар мен тайпалардың басшылары арасындағы өзара алауыздық талас-тартыстар мұндағы халықтардың бiрiгiп нығаюын тежеп отырды. Сол себептi этн. өзара жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жеңiп шығу iс жүзiнде бiр тектi халыққа айналып болған қазақ тайпалары мен руларын мемлекетке бiрiктiру қажеттiлiгiн алға тартты. Оның шешiлуiне Қазақ хандығын құру нақты мүмкiндiк туғызды. Қазақ хандығының құрылуы Шығ. Дештi Қыпшақ, Жетiсу, Оңтүстік Қазақстанның кең-байтақ жерiнде етек алған әлеум.-экон. және этно-саяси құбылыстардың заңды қорытындысы едi. ### Қазақ хандығы 15 ғ-дың ортасында Әбiлхайыр хан қайтыс болғаннан кейiн, оның қол астындағы көшпелi тайпалар бiрлестiгi ыдырап, «Қазақ», «Өзбек» хандығы болып екiге бөлiндi. Қазақ хандығы бұрынғы Жошы ұлысының Шығыс өлкесiн (Ақ Орда) тегiс мирас етiп, Жайық пен Ертiс, Түмен мен Сырдария арасын қоныстанды. 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында бұларға Моғолстан өлкесiн мекендеген Ұлы жүз қазақтары қосылды. Қ. мемлекеттiгiнiң белгiлi жерi болуымен бiрге, оның барлық халқы ортақ бiр тiлде сөйледi, шаруашылығы, тұрмыс-салты өзара ұқсас, етене жақын болды. 15 ғ-дан 16 ғ-дың бас кезiне дейiн бұлар бiрде өзбек, бiрде қазақ атанып жүргенiмен, «қазақ» деген этн. атау түпкiлiктi орныға бастады. 15 — 16 ғ-ларда Қазақстан жерiнде болған iрi-iрi саяси оқиғалар нәтижесiнде Ноғай, Сiбiр және Моғолстан хандықтарының ыдырауына байланысты, көптеген тайпалар мен этн. топтар қазақ хандығының құрамына ендi. 16 ғ-да Қ. қауымының үш жүзге бөлiну процесi аяқталды. Ұлы жүзге — сарыүйсiн, дулат, қаңлы, албан, суан, жалайыр, шапырашты, шанышқылы, ошақты, ысты, сiргелi тайпалары; Орта жүзге — арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат тайпалары; Кiшi жүзге (Алшын одағының тобына) жетiру, әлiмұлы және байұлы сияқты рулар бiрлестiктерi кiрдi. Бұлардың көпшiлiгi — Алтын Орда дәуiрiндегi ноғайлылар едi. Сондай-ақ, олармен аталас рулар Едiлдiң төм. сағасында, Солт. Кавказда, Қырымда ұшырасады (жағалбайлы, берiш, шеркеш, малқар, т.б.). ## Түсініктемелер ## Тағы қараңыз * Қазақтар ## Сыртқы сілтемелер * Сыртқы сілтеме ## Ежелгі заман ### Палеолит Қазақ халқының қалыптасуының этникалық тарихы аса күрделi. Қазіргі Қазақстан жерiн әр түрлi тайпалар ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орта және Шығыс, Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш көлі маңынан ұшырасады. Палеолит дәуiрiне жататын көптеген археологикалық мұра орындары анықталды. Мезолит Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының зерттелуi мардымсыз. Қазақстанның неолит, қола дәуiрiде алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастады және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал аумағы, Едiл бойы, Орта Азия халықтарымен тығыз байланыста болған, соны көрсететiн археологиялық, антропологиялық, этнологиялық дәлелдер көп. Сақтар Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңтүстік-шығыс беткейдi мекендедi. Арал теңізі мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары солтүстік Қара теңіз өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төменгі Едiл бойы мен Оңтүстік Орал өңiрiндегi савроматтардың, Құрұш пен Дараяуыш I және Ескендір дәуiрiндегi көнеюнандықтардың (көнегректердің) тұсында өмiр сүрген. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетiнiң аса маңызды деректерiнен (қорым, көмбе, т.б.) қазақ халқының мәдениетi бастау алады. ### Түркі заманы Түркі тайпалар Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда, б.з. 5 ғ-на дейiн) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңттүстігінде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, т.б. аумақтарда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығымен, кен қазумен шұғылданып, отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Қазақтардың шығу тегiне сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар. Көктүрік қағандығы Ұзақ заманғы бұл этникалық процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды. 603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этникалық саяси негiзi «он тайпа» (көнетүркіше:он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өзенінiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi. Түргеш қағандығы Оның орнына Түргеш қағандығы (704—756), одан кейiн Қарлық (қарлұқ) қағандығы (756—940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн шаруашылығы дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды. Оғыз бірлестігі Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлықтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орта Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ.-дың аяғы мен 11 ғ.-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төменгі бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этникалық топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында бесенелер (орыс. печенеги) мекендедi. Кейiн оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi. Қимақ қағандығы 9 — 11 ғғ. басында өмiр сүрген Қимақ қағандығының аумағы Солтүстік, Шығыс, Орта Қазақстанды алып жатты. Бұл федерацияға алғашқы жетi тайпа: еймур, имек, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кiредi. Қимақтарға (кимектерге) қарасты аумақта қыпшақ бiрлестiгiмен қоса 11 — 12 ғғ. жекелеген топтары қыпшақтардың рулық-тайпалық құрамына кiрген кумандар да айтылады. Олар 9 — 10 ғғ. жазбаша деректер мәлiметтерi бойынша Батыс Қазақстан аумағын мекендеген және қимақ (кимек), қыпшақ, куман тайпаларының үш құрамды бiрлестiгiнiң батыс тармағы болған. Қарахан әулетi 10 ғ. орта шенiнде Қашқар және Жетiсу жерiнде түркi тектес қуатты Қарахан әулетi (942—1210) билеген күштi мемлекет құрылды. Кешiкпей Қарахан ұрпағының хандары Әмудария мен Сырдария аралығындағы ол кезде әлсiрей бастаған самани әулетi билеген мемлекеттi бағындырып алды. Мұның өзi Орта Азия халықтарының экономикасы мен мәдениетiне зор әсерiн тигiзiп, Жетiсу, Шығыс Түркiстан халықтары мен тайпаларының арасындағы өзара байланысты күшейттi. Найман, керейiт, жалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Орта Азияның шығысында — Қазақстанмен шектесiп жатқан Моңғолия аумағында пайда болса да, олардың қазақ тарихына тiкелей қатысы бар. Моңғолдар талқандағаннан кейiн найман мен керейiт топтары, жалайырлар қалыптасып жатқан көптеген түркi халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына бiртiндеп сiңiсе бердi. Наймандар моңғол кезеңiнде Сырдарияға дейiн жетiп, қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен. Керейiттер Едiл бойына дейiн барып, кейiнiректе өзбек пен қырғыз құрамына, ал шағын тобы қазақтардың құрамына кiрдi. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында көшпелi мал шаруашылығымен айналысқан қыпшақтар өмiр сүрдi. Қыпшақ бірлестігі Қыпшақтар 11 ғ. кең байтақ қазақ даласы мен Оңтүстік орыс даласына үстемдiк еттi де, 12 ғ. Днепр өзеніне дейiн жайлап жатты. Қыпшақтар, негiзiнен, қазақ халқының құрамына енсе, олардың кейбiр топтары кейiнiрек өзбек, қарақалпақ, башқұрт және қырғыз халықтарының да құрамына қосылды. Қарақытай хандығы 12 ғ. 2-ші жартысында Жетiсу мен Оңтүстік Қазақстан өлкесiндегi үстемдiк еткен қарақытайлар (қидандар) (1128—1213) да қазақ халқының құрамында өзiндiк iз қалдырды. Бұлар жергiлiктi түркi тектес халықтармен араласып, қазақтардың және кейбiр Орта Азия халықтарының да этникалық құрамына бiршама әсерiн тигiздi. 11 — 12 ғғ. Қазақстанның далалы аудандарын мекендеген түркi тайпаларының өзара бiрiгiп, отырықшылық жағдайда егiншiлiгi дамыған аудандармен экономикалық-мәдени қарым-қатынас жасауының жақсаруы қазақ халқының қалыптасу барысындағы елеулi кезең болды. Моңғол ұлыстары Қазақтардың бiр тұтас халық болып қалыптасу жолында 13 ғ. басталған моңғол шапқыншылығы да айтарлықтай iз қалдырды. Жетiсу халқы Шыңғыс ханға ешбiр қарсылықсыз берiлдi. Одан ығысып келген бiрқатар тайпалар Қазақстандағы этникалық өзгерiстердiң бiршама сапырылысуына өз әсерiн тигiздi. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейiн 13 ғ. ортасында қазақтар жерiнiң көп бөлiгi Жошы ұлысына қарады, тек Жетiсу бойы Шағатай ұлысының қарауында болды. Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлiгiнiң аз ғана бөлiгi Үгедей ұлысына ендi. Көп ұзамай моңғолдар жергiлiктi тұрғындармен, әсiресе, қыпшақтармен араласып, өзiндiк ерекшелiктерiнен мүлдем айрылды да, 14 ғ. бүтiндей қыпшақ болып кеттi, қыпшақтың тiлiн, салт-санасын қабылдап, түр-түс жағынан да қыпшақтарға сiңiсiп кеттi. ### Қазақ заманы Қазақ халқының қалыптасуы Моңғолдан кейiнгi кезең (14 — 15 ғ-лар) Шығ. Дештi-Қыпшақ, Жетiсу мен Оңтүстік Қазақстанның кең аумағындағы көшпелi және жартылай көшпелi, отырықшы-егiншi халықтың бас қосып бiрiгуiмен сипатталады. Бiрыңғай халық пен оның мемлекеттiгiн құру жолындағы тарихи қам-харакеттiң дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау iсiнiң аса қиын жағдайында өтедi. Моңғол империясы ыдырағаннан кейiнгi кезеңiнен соң осы аймақ халқының саяси өмiрiнiң дамуы жергiлiктi этн. негiзде пайда болған бiрнеше мемл. құрылымның оңашалануы арқылы өтедi: олар Ақ Орда, Моғолстан, Әбiлхайыр хандығы (Көшпелi өзбектер мемлекетi), Ноғай Ордасы. 14 ғ. мен 15 ғ-дың бас кезiнде Қазақстан халқының мемл. бытыраңқылығының сақталып қалуы — жаңадан ғана құрыла бастаған қазақ халқының этн. даму жолының, үш жүздiң түзiлуi сияқты, ерекшелiгiнiң тууына себепшi болды. Тарихи дамудың сол кезеңiнде iлгерiде айтылған мемлекеттер шеңберiндегi этн.-саяси эволюциялық өзгерiстер жаңадан ұйымдасып жатқан көршi түркi халықтары — өзбек, қырғыз, татар, ноғай, т.б. үшiн де белгiлi дәрежеде ортақ болды. Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасындағы тайпалар мен тайпалық бiрлестiктер экон. дамуының деңгейi, қоғамдық қатынастары мен мәдениетi жағынан бiр-бiрiмен өте жақын едi. Қалыптасып қалған қазақ халқының жекелеген бөлiктерiнiң бiрнеше саяси бiрлестiктерге — мемлекеттерге енуi, өндiргiш күштердiң әлсiреп, мұның iшiнде адам санының кемуiне, экон. құлдырауына, туыстас этн. топтардың бытырап кетуiне, олардың саяси және шаруашылық байланыстарының үзiлуiне әкелiп соқтырған үздiксiз соғыстар мен Жошы әулетi арасындағы, рулар мен тайпалардың басшылары арасындағы өзара алауыздық талас-тартыстар мұндағы халықтардың бiрiгiп нығаюын тежеп отырды. Сол себептi этн. өзара жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жеңiп шығу iс жүзiнде бiр тектi халыққа айналып болған қазақ тайпалары мен руларын мемлекетке бiрiктiру қажеттiлiгiн алға тартты. Оның шешiлуiне Қазақ хандығын құру нақты мүмкiндiк туғызды. Қазақ хандығының құрылуы Шығ. Дештi Қыпшақ, Жетiсу, Оңтүстік Қазақстанның кең-байтақ жерiнде етек алған әлеум.-экон. және этно-саяси құбылыстардың заңды қорытындысы едi. ### Қазақ хандығы 15 ғ-дың ортасында Әбiлхайыр хан қайтыс болғаннан кейiн, оның қол астындағы көшпелi тайпалар бiрлестiгi ыдырап, «Қазақ», «Өзбек» хандығы болып екiге бөлiндi. Қазақ хандығы бұрынғы Жошы ұлысының Шығыс өлкесiн (Ақ Орда) тегiс мирас етiп, Жайық пен Ертiс, Түмен мен Сырдария арасын қоныстанды. 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында бұларға Моғолстан өлкесiн мекендеген Ұлы жүз қазақтары қосылды. Қ. мемлекеттiгiнiң белгiлi жерi болуымен бiрге, оның барлық халқы ортақ бiр тiлде сөйледi, шаруашылығы, тұрмыс-салты өзара ұқсас, етене жақын болды. 15 ғ-дан 16 ғ-дың бас кезiне дейiн бұлар бiрде өзбек, бiрде қазақ атанып жүргенiмен, «қазақ» деген этн. атау түпкiлiктi орныға бастады. 15 — 16 ғ-ларда Қазақстан жерiнде болған iрi-iрi саяси оқиғалар нәтижесiнде Ноғай, Сiбiр және Моғолстан хандықтарының ыдырауына байланысты, көптеген тайпалар мен этн. топтар қазақ хандығының құрамына ендi. 16 ғ-да Қ. қауымының үш жүзге бөлiну процесi аяқталды. Ұлы жүзге — сарыүйсiн, дулат, қаңлы, албан, суан, жалайыр, шапырашты, шанышқылы, ошақты, ысты, сiргелi тайпалары; Орта жүзге — арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат тайпалары; Кiшi жүзге (Алшын одағының тобына) жетiру, әлiмұлы және байұлы сияқты рулар бiрлестiктерi кiрдi. Бұлардың көпшiлiгi — Алтын Орда дәуiрiндегi ноғайлылар едi. Сондай-ақ, олармен аталас рулар Едiлдiң төм. сағасында, Солт. Кавказда, Қырымда ұшырасады (жағалбайлы, берiш, шеркеш, малқар, т.б.). ## Түсініктемелер ## Тағы қараңыз * Қазақтар ## Сыртқы сілтемелер * Сыртқы сілтеме
Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов  (1.05.1947, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызыл Ту ауылы) — Ақтөбе облысы әкімі Ақтөбе педагогикалық институтын (1977) математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (1990) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының докторы (2001). 80-нен астам ғылыми мақала мен еңбектің, оның ішінде «Адами даму концепциясының негізіндегі аймақтың еңбек әлеуетін стратегиялық жоспарлау» басылымының, «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару» оқулығының авторы. 1965 жылдан - Ойыл МПТУ-196 дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, Темір индустриялық-педагогикалық техникумының студенті, оқытушысы. 1969 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1971 жылдан - Ақтөбе қаласының КТУ-100 оқытушысы, өндірістік оқыту шебері.1974 жылдан - Ақтөбе қаласының ҚКТУ-107 директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 1977 жылдан - Ақтөбе облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары. 1980 жылдан - Ақтөбе облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1985 жылдан - Ақтөбе облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасының бастығы. 1988 жылдан - Ақтөбе облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі. 1990 жылдан - Ақтөбе облыстық халыққа білім беру басқармасының бастығы. 1992 жылдан - ҚР білім министрінің орынбасары.1995 жылдан - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.1996 жылдан - Ақтөбе қаласының әкімі. 2002 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитеттің мүшесі. 2004 жылдан бері - Ақтөбе облысының әкімі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылым депутаттығына кандидат. Ақтөбе облысы Бокс федерациясының президенті (1985-2005). «Құрмет» (2001), II дәрежелі «Барыс» ордендерімен, II дәрежелі әулие Сергей Радонежский орденімен; медальдармен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» (РФ); «КСРО кәсіби техникалық білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының «Ана тілі» құрмет белгілерімен марапатталған. ҚР Құрметті спорт қайраткері. Жыл әкімі (2006, 2009). Қазақстан Құрметті жол салушысы. Бокстан КСРО спорт шебері. Әскери атағы - запастағы полковник. Үйленген. Жұбайы - Құрғұлова Мінаура Әбиқызы. 3 баласы, немерелері бар. ## Дереккөздер
Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. ## Басқаруы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсылардың Кир патшасы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейтін» деп дәріптелген «өлместер» әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. Мемлекетінің аумағын кеңейте беруді ойлаған Кир батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің массагеттермен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар Кир патшаның (ж.ж.с.д. 558-530) ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Арақс (қазіргі Сырдария) дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды, кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді. Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді. Мадилардың патшасы! Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер-көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда-жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауыңа қарай өзің шеш. Тұмардың ұсынысын Кир патша әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның массагеттер жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды. Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен массагеттердің шабуылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмардың ұлы Спарғапты (Спаргапис) тұтқынға алады.Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді. Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен-сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін! Кир өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады. Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Кирден аяқ-қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін-өзі өлтіреді. Келесі күні екі жақтың арасында бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған массагеттер парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Аңыз бойынша, Тұмар шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кир патшаның денесін тапқызып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ. ## Астрономияда 1906 жылы табылған Томирис (590) астероид Тұмардың атымен аталған. ## Дереккөздер
Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков (28 қаңтар 1955, Шымкент) — қазақстандық мемлекеттік қайракткер, бас прокурор (2000—2009), әділет министрі (2009—2012), қаржы полициясы (2012—2014), 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. ## Қысқаша өмірбаяны Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. * 1962 жылы Қарағанды қаласында тұрды, 1976 жылы ондағы № 3 орта мектепті бітірді. * Мектепті аяқтаған соң Қарағанды облысы атқару комитетінің өрттен қорғау қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеді. * 1976 жылы тамыздан — 1981 жылы әскерден оралған соң Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің күндізгі бөлімінің бірінші курсына қабылданып, оны өте жақсы бағамен аяқтады. * Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында үш айлық сынақтан өткен соң 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды. * 1984—1993 жжылы Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасының қызметін атқарды. * 1993—1999 жжылы Қарағанды облыстық сотының төрағасы болды. * 1999 жылы сәуір айынан Қазақстан Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды. * 2000 жылы қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды. * 2000 жылы желтоқсанның 21-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды. * 2005 жылы желтоқсанның 15-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып екінші рет конституциялық мерзімге тағайындалды. * 2009 жылы сәуірдің 2-інде Қазақстан Республикасының Әділет министрі. * 2012 жылы қаңтардың 21-інен Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы. * 2014 жылғы тамыздың 11-інен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесiнiң төрағасы. * 2015 жылғы 26 тамыздан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. ## Қосымша лауазымдар * «Закон и время» журналы редакция алқасының төрағасы ## Марапаттары Мемлекет алдындағы қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін * 2003 жылдың 8 желтоқсанда 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. * Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатын алған. ## Шендері * Мемлекеттік 2-ші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені бар. ## Отбасы * Үйленген. Жұбайы - Түсіпбекова Күләш Аташқызы (1955 жылы туған). * Ұлдары: * Жанат Түсіпбеков (1977 жылы туған) - «Біріккен химиялық компаниясының» директорлар кеңесінің төрағасы (2021-2022), «KMG International N.V. Group» бас директоры (2012-2019), «ҚазМұнайГаз компаниясының» сыртқы өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры (2013-2016), «ҚазМұнайГаз компаниясы» төрағасының кеңесшісі (ақпан 2012-мамыр 2012), «ҚазМұнайГаз компаниясының» төрағасы (2011-2012), «ҚазМұнайГаз Өнімдері» төрағасы (2009-2011). Әйелі Жанна Төлеутайқызы Түсіпбекова.Балалары: Жәңгір (2000 жылы туған), Нұржан (2002 жылы туған), Балнұрдін (2006 жылы туған), Самат (2014 жылы туған) * Балалары: Жәңгір (2000 жылы туған), Нұржан (2002 жылы туған), Балнұрдін (2006 жылы туған), Самат (2014 жылы туған) * Түсіпбеков Мұрат (1980 жылы туған), Түсіпбеков Замир (1985 жылы туған), Төлеутай Нұраби (1991 жылы туған). ## Дереккөздер
Ақтөбе ( тыңдау) — Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы. Ақтөбе Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы — 297,39 км². 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылдық округ енген жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 2 338 км² тең болды. Қаланың ішімен [Елек өзені] мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді. Ақтөбе Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша төртінші орында, Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы. Халық саны — 497 381 адам (1 қазан 2019). Ақтөбеде көптеген этностар өмір сүреді. Қазақтар>дан (76,3%) кейін саны жағынан ең көп этнос өкілдері орыстар (16,89%) болып табылады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар мен христиандар. Қала әкімшілігіне бағынышты бес ауылдық округте 51 508 адам өмір сүреді. Болашақта 1,3 млн адамды «сыйдыруға» тиіс қалыптасып жатқан Ақтөбе агломерациясының құрамына Ақтөбе маңындағы онға жуық елді-мекен кіреді. Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланды. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысының құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Азаматтық соғыс кезінде Ақтөбе Торғай өңірінің революциялық күштерінің орталығына айналды. Қала кезекпен ақтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата кеңес өкіметі орнады. 1921 жылдан бастап Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы. 1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округінің орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Бүкіл өңір тұрғындары секілді ақтөбеліктер 1920-шы және 1930-шы жылдары орын алған ашаршылықтан жапа шекті. Ұлы Отан соғысы жылдары қалада бірнеше әскери жасақтар құрылып, жау басып алған аймақтардың кәсіпорындары Ақтөбеге көшірілді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан бастап Ақтөбе тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамындағы Ақтөбе облысының орталығы. Қазіргі таңда химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған Ақтөбе қаласы Қазақстанның ірі индустрия және мәдениет орталықтарының бірі. ## Атауы, рәміздері ### Атауы Қала атауының қазіргі жазылуы 1940 жылы кириллица негізінде жасалған әліпби қабылданған кезден бастап қолданыста. 1929— 1940 жылдары қала атауы латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиімен «Aqtɵbe» деп, одан бұрын араб-парсы әріптерін қолданған әліпбимен «اقتوبە»‎ деп жазылған. Қытай және Таяу Шығыстағы қазақтарға арнап шығарылатын басылымдарда қала атауының араб әріптерімен жазылатын нұсқасы әлі күнге шейін қолданылады. 1891 жылы Ақтөбе бекінісі (Акъ-Тюбе) Ресей империясының уездік қалаларының біріне айналғаннан бастап 1999 жылға дейін қаланың орыс тіліндегі атауы «Актю́бинск» (Актюбинскъ) түрінде жазылып келді. 1999 жылдың 11 наурызында жарияланған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қаулысына сәйкес, қала атауының орысша транскрипциясы «Актобе́» болып өзгертілді. Бұл қаулы «Тiл туралы» заңның «елді мекендердің… дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуге тиiс» деген тұсына сәйкес келеді. Орыс тіліндегі жаңа атау Ресейдің мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография Федаралдық қызметімен ресми түрде мойындалды. Қала атауы көне түркі тіліндегі aq («ақ») және töpü («төбе») сөздерінен құралған. Бұл атау орыс тілінде «белый холм» мағынасын білдіргендіктен, кейде Ақтөбені орысша «Город на белом холме» немесе «Беловершинск» деп те атайды. «Ақтөбе» және осыған ұқсас елді мекен атаулары Қазақстаннан басқа елдерде де кең таралған (Ахтуба, Актюба, Ақтепа, Ақ Таппе, Ақдепе) . ### Таңбасы Ақтөбенің ең алғаш таңбасы (авторы: С. Т. Симонов) 1968 жылдың 18 қараша күні бекітілді. 20 жыл өткен соң, 1988 жылдың 24 желтоқсанында халық депутаттарының қалалық Кеңесі суретші М. Ф. Луцинның жобасы бойынша жаңа таңбаны қабылдады. 1998 жылы алда келе жатқан Ақтөбе қаласының 130 жылдық мерейтойының қарсаңында қала әкімшілігі жаңа елтаңбаға сайыс жариялады. Құрамына ғалымдар, архитекторлар және бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері кірген жюри 50 жұмыстың арасынан үздік деп ақтөбелік суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Сағынтай Әлімбетовтың эскизін таңдады. Таңба ресми түрде 1998 жылдың 24 шілде күні қалалық Мәслихаттың 23-сессиясында қабылданды. Ақтөбе елтаңбасы «мәңгіліктің нышаны» болып саналатын дөңгелек пішінінде жасалған. Қала атауы «тазалық» пен «қасиеттілікті» білдіретін ақ түспен жазылған, көк түсті ою-өрнек «табиғаттағы судың мәңгілік қозғалысын», қызыл түсті ою-өрнектер қызғалдақтарды білдіреді (қызғалдақ — Ақтөбенің бейресми символы). Елтаңбаның нақ ортасында бүркіт басты, арыстан денелі, арқасында қанаты бар мақұлық (грифон) бейнеленген. ## Физикалық және географиялық сипаттама ### Географиялық орналасуы Қаланың географиялық координаттары — 50°16′00″ с. е. 57°13′00″ ш. б.50.26667° с. е. 57.21667° ш. б. / 50.26667; 57.21667   . Уақыт белдеуі — UTC+05:00. Қала Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайық сағасы Елек өзенінің жағалауында, Қарғалы өзені келіп құятын тұсында, теңіз деңгейінен биіктігі 250—400 м жазықтық болып келетін Орал асты платосының орталық бөлігінде орналасқан. ### Азия мен Еуропа шекарасы Қазіргі таңда Еуропа мен Азия арасындағы шекараны нақты белгілеу даулы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл құрлықтардың шекарасын Жайық өзені арқылы жүргізетін болсақ, Ақтөбе Азияда орналасқан қала болып шығады. Бірақ географтардың арасында ең кең таралған пікір бойынша, Еуропа мен Азияның шекарасы Каспий теңізінің солтүстік жағалауымен, Жем өзенін бойлай және әрі қарай Мұғалжар таулары арқылы өтеді екен. Бұған пікірге сәйкес, Ақтөбе Еуропада орналасқан қалалардың қатарына жатады. Бірақ географиялық орналасуына қарамастан, бұрынғы Кеңестік Одақтың елдерін батыс географтары Еуропа мен Азиядан бөлек ерекше аймақ ретінде қарастырады. ### Өзен-сулары Қала Елек өзеніне Қарғалы өзені құйып, оның аңғары 15 км дейін ұлғаятын жерінде орналасқан. Қаланың орталығымен Електің сол жақ тармағы Сазды өзені, солтүстік-батысымен Електің тағы бір тармағы — Жіңішке өзені ағып өтеді. Сазды өзені ірі сауда-саттық орындары орналасқан қала орталығынан ағып өтетіндіктен 2010 жылдан бастап өзен жағасын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қаланың оңтүстік бөлігінде Тамды өзенінің төменгі тұсы орналасқан. Солтүстіктегі Заречный ауданының шетімен Қарғалының сол жақ тармағы Песчанка өзені ағып өтеді. Кірпішті ауданының батысымен Қарғалының оң жақ сағасы Бұтақ өзені ағып өтеді. Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км қашықтықта ақтөбеліктер «Ақтөбе теңізі» деп атап кеткен, 1988 жылы іске қосылған, сыйымдылығы 245 млн м³ болатын Ақтөбе су қоймасы орналасқан. Оңтүстік-батысқа қарай 8 км қашықтықта қала тұрғындарының дәстүрлі демалыс орнына айналған Сазды су қоймасы орналасқан (1967 жылы салынған). Солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта қала маңындағы ең үлкен қолдан жасалған су айдыны — сыйымдылығы 280 млн м³ тең Қарғалы су қоймасы орналасқан (1975 жылы салынған). ### Климаты Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның айырмашылығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады. Қыс мезгілінде қаланың ауа райы Исландия үстіндегі терең циклон (испандық минимум) мен Моңғолия үстіндегі қуатты азиялық антициклонның әсерінде болады. Бұның кесірінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пайда болады. Ақтөбедегі орташа жиынтық Күн радиациясы тәулігіне 108 ккал-ға тең, Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2316 сағат. Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см). Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны — сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті — 5,7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай — маусым (35 мм), ең аз түсетін ай — қыркүйек (19 мм). * Орташа жылдық температура — +5,3 C° * Орташа жылдық жел жылдамдығы — 2,4 м/с * Орташа жылдық ауа ылғалдылығы — 68 % ### Экологиясы Ақтөбе қаласы экологиялық жағдайы нашар қалалардың бірі. Қала аумағындағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегидтің шамадан тыс мөлшері байқалған, ал хром қоспалары, ферроқорытпа зауыттары, Ақтөбе ТЭЦ секілді ірі өнеркәсіп мекемелері мен Кірпішті ауылының аймағында көрсеткіштер нормадан үш есе асып түскен екен. 2013 жылы сантарлық-эпидемиологиялық бақылау қала ауасын азот диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртсутек және тағы да басқа заттарға тексергеннен кейін ауаны басты ластайтын себеп қаланың кәріз жүйесі екені анықталды. Кәріз жүйесіндегі күкіртсутектің үлесі 2—16 % жетуі мүмкін, оған қоса ағын судың құрамында сульфидтер көп. Осының кесірінен түнде және таңғы мезгілде қаланың бірнеше ауданының тұрғындары жағымсыз иістен қорлық көріп жүр. 2013 жылы қаладағы автокөлітер саны 178 мыңға жетті. Бұл да қала ауасының ластануына өз үлесін қосады. Көп уақыт бойы қала маңымен ағып өтетін Елек өзені Алға химиялық зауытының бор қалдықтарымен және Ақтөбе хром қосындылары зауытының алты валентті хром қалдықтарымен ластанды, бұл өз кезегінде Жайық өзені мен Каспий теңізінің ластануына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар «Ақбұлақ» акционерлік қоғамы ескірген тазарту құрылғыларының кесірінен Елек өзеніне жылына 10 млн м³ дұрыс тазартылмаған ағын су төгеді. Ағын судың белгіленген мөлшерден асқаны үшін «Ақбұлаққа» әкімшілік шаралар қолданылғанымен, жағдай оңалар емес. ## Тарихы ### Ежелгі замандарда Бұл аймақта өмір сүрген ежелгі тайпалар мал шаруашылығымен айналысып, Солтүстік Қазақстанның тайпаларына жақын болған. Тікбұрышты және доғал қорымдардың ендік бағытталуының мысалы ретінде Ақтөбе маңындағы Сынтас және Бесоба қорымдарын келтіруге болады. Қала маңындағы далада қола дәуіріне жататын сақина тәріздес тас дуалдар мен қорғандар табылған. Ақтөбеге жанындағы Қарғалы өзенінің жағасында орта қола дәуіріне жататын бұйымдар табылған. ### Ақтөбе қаласының іргетасының қалануы Тарихи деректерге көз салсақ, Ақтөбе төбесі мен Құрмыш төбесінің ортасында қала салу туралы мәселе 1867 жылы Орынбор губернаторының кеңсесінде көтерілгенге ұқсайды. Бұл жерде қала салуға осы өңірдегі барлық ру басылары қарсы шығады. Оның басты себебі — қала салғасын жерімізді тартып алады деген орыс патшалығына сенімсіздіктен туады. Елек бойында салынатын шаһардың қазақ өміріне, оның күнделікті тыныс-тіршілігіне өте пайдалы екендігін болжай білген Дербісәлі Беркімбаев осы жаңа істі қолдауға қадам жасайды. Сол мақсатта 1867 жылы сол өңірдегі ру басыларын Ойсылқара әулие басында үлкен асқа жинайды. Астан соң қала салу мәселесін талқыға ұсынып, барлығын тегіс тыңдап, соңында сөз алған ол «қала салып, қазақтарды шоғырландырмаса, болашағымыз болмай қалады» деп жиналғандарды сендіруге тырысады. Жер мәселесі қай кезде де қазақ үшін елдіктің тұғыры саналғандықтан бір жиналғанда жұртшылықты иландыру, бұрын болмаған жайға көндіру бір жағынан алғанда мүмкін де емес еді. Сондықтан алғашқы бас қосу оншалықты нәтиже берді деп айтуға болмайды. Келесі жиналыс 1868 жылдың жазында Қостөбенің қасында Бекқұлы әулиенің басында берілген астан соң өтеді. Мұнда да былтырғы әңгіме жалғасын табады. Өздерінің ауылдарында бұл мәселені жан-жақты талқылап, жергілікті халықтың алдынан өтіп, ризашылығын алып келген ру басшылары жиын соңында қала салуға келісімдерін береді. Бұдан кейін сол ру басылары Орынборға шақырылып, «қала салынсын» деген құжат қабылданады. Сонымен, Дербісәлі Беркімбаев 1869 жылы Ақтөбе қаласының іргетасын қалайды. ### Уездік қала дәрежесінде 1891 жылдың 25 наурызында шыққан «Далалық облыстарды басқару туралы ережеге» сәйкес, Ақтөбе Қостанай секілді Ресей империясының Торғай облысының уездік қалаларының бірі болып бекітілді. Бастапқы уақытта тез дамымағанымен, Ақтөбе қаласы бірқалыпты өсу қарқынын сақтап, Қостанай секілді құлдырау мен халық санының азаюына душар болған жоқ. 1886 жылдың шілдесіне қарай қаладағы аулалардың саны 177 жетті, бірақ 1891—1892 жылғы ашаршылықтың кесірінен біраз тұрғын қаладан босып кетті. 1893 жылдан бастап халық саны қайтадан өсе бастады. 1895 жылы тұрғындар саны 2263 адамға жетті, оның 1041 православ христиандар, 202 мұсылман болды. 1896 жылы қалаға Кіші Ресейдің губернияларынан 100-ге таман отбасы көшіп келді. 1902 жылы қала арқылы Орынбор мен Ташкент арасын жалғастырған Ташкент темір жолы өтіп, Ақтөбе экономикасының әрі қарай дамуына әсер етті. 1905—1907 жылдары қалада бірнеше рет қара халықтың наразылық шерулері мен ереуілдер ұйымдастырылды. ### Азаматтық соғыс кезінде Ақтөбе 1918—1919 жылдардағы Азаматтық соғыс кезінде Торғай өлкесінің революциялық күштерінің орталығы болды. 1918 жылдың 8 (21) қаңтарында қалада Кеңес өкіметі орнады. Сол жылдың шілде айында Колчак армиясының Түркістанға жолын жауып тастаған Ақтөбе фронты ашылды, бірақ 1919 жылдың сәуір айында Зиновьев пен Фрунзе қызылдарға кері шегінуге бұйрық беріп, аздан кейін қала ақтардың қоластына өтті. 1919 жылдың 1 қыркүйегінде Всесвятский ауылы жағынан (қаланың оңтүстік-батысы) қызылдардың Оңтүстік армияның уақытша базасына айналған Ақтөбе қаласына шабуылы басталды. Қалаға зеңбіректерден оқ жаудырылды; аспанан қызылдардың аэропланы бомбалар лақтыра бастады. Үлкен дүрбелең басталды. Тұрғындар оңтүстік-батыс бағытында қаланы тастай жөнеліп еді, алайда тез арада жетіп үлгерген қызылдардың атты әскері қашқындардың бір бөлігін қоршап үлгерді. Тым-тырақай қашқан әскердің ешқандай қарсылық көрсетуге шамасы болмады. 2 қыркүйек күні Ақтөбе қызылдардың қоластына өтті. ### Кеңес дәуірінде 1920—1925 жылдары Ақтөбе қаласы Ресей КФСР-ның Қырғыз АСКР-ы құрамында болды, 1925 жылы Қазақ АКСР-ның қарамағына өтті, 1936 жылы Ресей КФСР-ның құрамынан бөлініп шыққан Қазақ КСР-на қосылды. Кеңес дәуірінде Ақтөбе қаласы Ақтөбе губерниясы (1921—1928), Ақтөбе ауданы (1921—1922, 1928—1933, 1970—1997), Ақтөбе уезі (1922—1928), Ақтөбе округы (1928—1930) және Ақтөбе облысы (1932 жылдан бастап) сияқты бірнеше әкімшілік-территориалды бірліктердің орталығы болды. Қазан төңкерісінен кейін Ақтөбе қарқынды дами бастады. 1932 жылдың 10 наурызында қала Қазақ КСР-ның жаңадан құрылған Ақтөбе облысының орталығына айналды. Осыдан кейін қалада ұзындығы 10,5 км болатын алғашқы су құбыры жүргізілді, 25 су колонкасы орнатылды. Облыс орталығы ретіндегі алғашқы онжылдықта қалада 2 электр станциясы салынды, көшелерде 250 жарықтандыру құрылғысы орнатылды. Қаланы жасылдандыру жұмыстары атқарылды, жаяу жүргіншілерге арналған алғашқы жолдар пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ақтөбеде 312-ші атқыштар дивизиясы] 101-ші ұлттық атқыштар бригадасы, 129-шы миномет полкы және тағы да басқа әскери жасақтар құрылды. 312-ші атқыштар дивизиясының 11 мың адамының 9,5 мыңы соғыс майданында қаза тапты. Дивизия командирі Александр Наумов «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағының бірінші иегері болды. 29 ақтөбелік Кеңес Одағы батыры атанды. Соғыс кезінде Кеңес Одағының жау басып алған қалаларынан көшірілген кейбір кәсіпорындар Ақтөбеге жөнелтілді. 1941 жылдың тамызында қалаға Запорожьеден ферроқорытпа зауытының жабдықтары келді. Мәскеуден «Электросчетчик» кәсіпорынының, Мәскеу рентген зауытының, № 14 жүн тоқу фабрикасының және тағы да басқа кәсіпорындардың жабдықтары көшірілді. 1940—1960 жылдары ферроқорытпа және хром қосындылары, рентген аппаратурасы және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары; ет және сүт комбинаттары; трикотаж, жиһаз және тігін фабрикалары секілді ірі өнеркәсіп мекемелері ашылды. 1962 жылдың 3 мамырында орталығы Ақтөбе қаласында орналасқан, құрамына Ақтөбе, Орал және Гурьев облыстары кіретін Батыс Қазақстан өлкесі құрылды. 1964 жылдың 1 желтоқсанында Батыс Қазақстан өлкесі таратылды. 1977 жылы қала Батыс Қазақстан темір жолының орталығы боп тағайындалды. Кеңес дәуірінде көптеген кәсіпорындары бар индустриалды қалаға айналды, өнеркәсіп пен мәдениеттің аймақтық орталығы болды, және бүгінгі таңда да осындай болып қала береді. ### Тәуелсіз Қазақстан дәуірі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық белсенділік Қарағанды мен Шымкент сияқты өнеркәсіп орталықтарынан елдің батысындағы мұнайлы облыстардың орталықтарына (Ақтөбе, Ақтау, Атырау) ауысты. Қазақстанға депортацияланған халықтардың өкілдері мен республикаға 1970—1980-ші жылдары Кеңес Одағының басқа республикаларынан келген мамандардың эмиграциясының кесірінен 1990-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың бастапқы кезеңінде қаладағы халық санының азаюы байқалды. 2000-шы жылдары қаладағы құрылыс саласында үлкен серпіліс орын алды: құрылыстың қарқыны бойынша Ақтөбе қаласы мен облысы ел ордасы Астанадан асып түсті. 2005 жылы 137,1 мың м² тұрғын үй енгізу жоспарланғанымен, жылдың қорытындысы бойынша 289 773 м² тұрғын үй тұрғызылғаны белгілі болды. Жеке құрылыс көрсеткіші жоспарланған мөлшерден бес есе асып түсті. Жалпы алғанда 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2,8 есе артық тұрғын үй қолданысқа берілген екен. 2007—2008 жылғы қаржылық дағдарыс пен оның артынан ұласқан Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан Ақтөбедегі жылжымайтын мүлік пен жалға алу құны күрт төмендеп кетті. Қала ішіндегі жер телімдерінің бағасы 30 % кеміді. Қала тұрғындарының жалақы мөлшері төмендеді, кейбір кәсіпорындар медициналық сақтандыруға бөлінетін қаражатты азайтты, тұрмыстық техника мен электроникаға сұраныс азайды. Ақтөбе әуежайындағы жолаушылар тасымалы 13 % бәсеңдеді, ұлттық валюта девальвациясының кесірінен қала автосалондарындағы автокөлік сатылуы кеміді. 2010-шы жылдар Батыс Қазақстандағы діни экстремизмнің өршуімен сипатталады. 2011 жылдың 17 мамыр күні Ақтөбе қаласының 25 жасар тұрғыны Рахымжан Мақатов Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің жергілікті Департаментінің алдында жарылыс ұйымдастырып, оның салдарынан өзі қайтыс болды, бірнеше адам жарақттанды. Бір айдан астам уақыт өткен соң, 26 маусым күні қалада тәртіп сақшылары мен қылмыстық іс бойынша күдіктілер арасында қарулы қақтығыс орын алды. Бұл оқиғаларды жұртшылық Темір ауданында бірнеше полиция қызметшілерін қасақана өлтірген діни экстремистердің тобымен байланыстырды. Аз уақыттан кейін қаланың шет ауданындарының бірінде құрылысы аяқталмаған үйдің ішіндегі жарылыстың салдарынан үш адам қаза тапты. Қаза тапқандардың біреуі Ақтөбе облысының Ішкі істер Департаментінің экстремизмге қарсы күресетін басқармасының жедел уәкілі болып шықты. Қала халқының саны 2030 жылға дейін 625 мың адамға, 2040 жылы 1 млн адамға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін қаланың аумағы 29 739 га-дан 72 965 га-ға шейін ұлғаюы тиіс (2003 жылғы бас жоспар бойынша 42 847 га болуы керек еді). Жеке тұрғын үй құрылысы шектетіледі, жаңа бас жоспар бойынша қалада негізінен көпқабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Ақтөбе «жаңа» және «ескі қала» болып бөлінетін Қазақстанның жалғыз қаласы. Осы бөліктердің арасын жалғау үшін қаланың Мәскеу ауданында сәйкес инфрақұрылымы бар көпқабатты тұрғын үй массивтерін тұрғызып, қаланы біріктіретін орталыққа айналдыру жоспарланып отыр. ## Әкімшілік және территориалдық құрылымы ### Қала әкімдігі және жергілікті өзін-өзі басқару Ақтөбе қаласының әкімдігі қала аумағы мен оның қарамағында орналасқан бес ауылдық округтегі атқарушы өкімет қызметін атқарады. Қала әкімшілігінің күйі мен мәртебесі «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ережесімен реттеледі. Әкімшілікті 2001 жылдың 23 қаңтарында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару» заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі тағайындайтын қала әкімі басқарады. Қала әкімі қызметін алғашқы боп Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов 1996—2002 жылдары атқарды. Ақтөбенің 2023 жыл, 27 маусымнан бері әкімі — Азамат Бауыржанұлы Бекет. Ақтөбе қаласы Мәслихатының депутаттары қала тұрғындарымен сайланатын жергілікті өкілдік орган қызметін атқарады. 1994 жылдың 24 наурызында Мәслихаттың I-шақырылымның 1-сессиясы өтті. Алғашқыда мәслихат 43 депутаттан тұрды, мәслихат хатшысы боп Пётр Георгиевич Лащенов сайланды. Кейінгі шақырылымдардардағы депутаттардың саны 23 дейін азайды. Соңғы V шақырылымның 1-сессиясы 2012 жылдың 20 қаңтарында өткізілді. ### Қала бюджеті 2015 жылы қала бюджетінің кіріс деңгейі 39,55 млрд теңге (213 млн АҚШ доллары), шығын мөлшері 43,08 млрд теңге (231,9 млн доллар) деп белгіленген. Ақтөбе бюджетінің негізгі табыс көздеріне салық түсімдері (23,7 млрд теңге), трансферт түсімдері (16,1 млрд теңге), салықтық емес түсімдер (2,3 млрд теңге) жәненегізгі капиталды сатудан түскен қаражаттар (2,1 млрд теңге) жатады. Негізгі шығыс баптарына білім беру жүйесі (16,9 млрд теңге), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (11,5 млрд теңге), трансферттер (7,2 млрд теңге), транспорт пен байланыс (5,5 млрд теңге), қарыздарды өтеу (1,9 млрд теңге), әлеуметтік көмек пен қамсыздандыру (1,37 млрд теңге) жатады. Ақтөбе облысының ірі салық төлеушілерінің қатарына негізінен мұнай және газ өндіретін компаниялар кіреді, бірақ олардың арасында Ақтөбе қаласында негізделген бірнеше мекеме де бар: «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Анвар» ЖШС (супермаркеттер мен дүкендер желісі), «Кабиев и К» ЖШС (супер- және гипермаркеттер желісі) және т. б. ### Қала аудандары Қала Ақтөбе төбесінің етегінде орыналасып, темір жол станциясының маңында шоғырланған «Ескі қала» деп аталатын және солтүстік-батыста орналасқан, әкімшілік ғимараттар мен сауда орталықтары орналасқан Әбілқайыр хан даңғылының бойында шоғырланған «Жаңа қала» деп аталатын екі негізгі ауданнан құралған. Ескі қаланың аудандарына Құрмыш, Мәскеу (Москва), Татар слободасы (Татарка) және Оторвановка аудандары жатады. Қаланың ескі бөлігі негізінен бір қабатты жеке тұрғын үйлерден тұрады, арасында Ресей империясы заманында тұрғызылған ғимараттар кездеседі. Жаңа қаланың аудандарына Шанхай (Шаңқай), Сазды, Болашақ, Кең Дала аудандары мен мөлтек аудандар жатады. Аты аталған аудандардан бөлек Жилгородок (Тұрғындар қалашығы), Авиагородок, Сельмаш, Заречный, Қарғалы (Жилянка), Кірпішті (Кирпичный), Жаңақоныс (Новый), Ақжар, Бауырластар, 41-ші разъезд және т. б. аудандар бар. 2000-шы жылдардан бастап қала аумағында 30 астам жаңа аудан пайда болды. 2012 жылдан бастап 5 мөлтек ауданнан құралған, тұрғындар саны болашақта 260 мың адамға жетуі мүмкін Нұр Ақтөбе (бұрынғы Актобе-Сити) ауданының құрылысы жүріп жатыр. ## Халқы Халқының ұлттық құрамы сан алуан. Қазақтардың үлестік құрамы — 76,30 %. Біршама орыстар (16,89 %), сонымен қатар украиндар (2,68 %), татарлар (1,53 %), немістер (0,60 %), корейлер (0,28 %), әзербайжандар (0,20 %), өзбектер (0,17 %), басқалар (1,35 %) халықтар тұрады. (2015 жылдың 1 Қазаны бойынша). Қала әкімшілігіне 367 220 саны бар Ақтөбе қаласынан басқан тағы да 5 селолық округтер кіреді. (Благодарның, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды)) жалпы алғанда 22 ауданға ие, сол аудандардағы адам саны 48 368 адам (2012 жылдың 1 Қаңтары бойынша). Қала әкімшілігіне тәуелді территорияда барлығы 415 588 халық тұрады. Қазіргі уақытта халық саны бойынша Ақтөбе облысында бірінші орын алады және Қазақстандығы төртінші қала болып келеді (Алматы, Астана, Шымкент-тен кейінгі). Халық санының жылдам өсуіне байланысты үкімет қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жобасын әзірледі. Ақтөбе қаласының миллион халқы бар мәртебесін алу үшін бағытталған бас жобасын ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.. Проекттіні жүзеге асыру 2011 жыл мен 2040 жыл аралығына есептеліп отыр. Ақтөбе қаласы халқының саны ## Галерея * * * * * * * ## Дереккөздер ## Пайдаланылған әдебиет * История Казахской ССР с древнейших времён до наших дней в пяти томыах / А. Н. Нусупбеков (гл. ред.) и др. — Алма-Ата: Наука, 1977. — Т. 1. — 579 б. * Топонимика Казахстана. Энциклопедический справочник — Алма-Ата: Аруна Ltd., 2010. — 816 б. — ISBN 9965-26-330-2. * Казахстан. Национальная энциклопедия — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2004. — ISBN 9965-9389-9-7. * А. А. Кауфман Переселенцы-арендаторы Тургайской области (2-я часть) — СПб: Типография В. Безобразова и Комп., 1897. * И. Еловскій Голодный поход Оренбургской арміи — Пекин: Типография Успенского монастыря при Русской Духовной миссии, 1921. * Энциклопедия «Актобе» / Под ред. М. К. Тажибаева — Актобе: Отандастар-Полиграфия, 2002. — 786 б. — 10000 таралым. — ISBN 5-628-02641-7. * Известные имена / Сост. Е. Ж. Курманбеков — Актобе: ОАО «Полиграфия», 1999. — 270 б. — ISBN 5-7667-9244-1. * Paul Brummell Kazakhstan: The Bradt Travel Guide — Bradt Travel Guides, 2008. — 408 p. — ISBN 9781841622347. * Мурзатаева М. Сравнительная характеристика климата Уральска и Актобе. — ЗКГУ им. М. Утемисова, 2014. * Актюбинская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 жыла — Астана, 2011 Т. 1. * Актюбинская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 жыла — Астана, 2011 Т. 2. * Актюбинская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 жыла — Астана, 2011 Т. 3. * Н. И. Журин Сверяя шаг по Ильичу (коренные преобразования в экономике и культуре Актюбинской области за жылы Советской власти) — Казахстан, 1969. — 206 б. * Институт географии (Академия наук СССР) Казахская ССР: экономико-географическая характеристика / Ред.: О. Р. Назаревский — Государственное издательство географической литературы, 1957. — 733 б. * Б. С. Каррыев, М. Б. Айдарханов, Е. К. Балафанов Всемирное Интервидение: Основы информационной культуры — Алма-Ата: SIBIS, 2006. — 403 б. — ISBN 9789965952821.
Терісқақпай - Құрманғазының күйі. Р. Омаровтың орындауында осы жолдардың авторы өз қолынан үйреніп, сол қалпында беріп отырды. Р. Омаров көп жылдар Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің жетекші домбырашысы болып жұмыс істеді. ## Сыртқы сілтемелер * Қали Жантілеуовтың орындауында ("Асыл мұра" жобасынан) - Терісқақпай Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы. (MP3 форматында)
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922 ж., Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). ## Балалық кезі * Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Байұлы тайпасы, Шеркеш рынан шыққан.. Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген. * Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғали аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да, 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді. * Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған. ## Өмірбаяны * Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. * 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. * Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. ## Оған көрсетілген құрмет * Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. * Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған. * Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. * Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. * Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) атты көркем фильм түсірілді. * * ## Дереккөздер
Облыс орталығы — Қазақстанда облыстың әкімшілігі орналасқан қала. Ағымда барлығы облыс әкімшілігіне бағынады. * Абай облысы— Семей * Ақмола облысы — Көкшетау * Ақтөбе облысы — Ақтөбе * Алматы облысы — Қонаев * Атырау облысы — Атырау * Батыс Қазақстан облысы — Орал * Жамбыл облысы — Тараз * Жетісу облысы — Талдықорған * Қарағанды облысы — Қарағанды * Қостанай облысы — Қостанай * Қызылорда облысы — Қызылорда * Маңғыстау облысы — Ақтау * Павлодар облысы — Павлодар * Солтүстік Қазақстан облысы — Петропавл * Түркістан облысы — Түркістан * Ұлытау облысы — Жезқазған * Шығыс Қазақстан облысы — Өскемен
Орал (орыс. Уральск; 1774 жылға дейін - Яицкий қалашығы) — Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. ## Тарихы Орал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі. Орал қаласының жергілікті қазақтар арасында ерте заманнан қазірге дейін “Теке” аталуының себебі, Алтын Орда хандары жанында уағыз тарататын Алшын Хасан сопы (Асан қайғы болуы да мүмкін) Әбдірахман, Әбдіразақ шайқылардың ұйымдық сипат белгісі – тәкие немесе мүридтер және ел кезген дәруіштер аялдайтын кәделі орын (резиденция) тәкие үйлерінің болуына байланысты. Орыстар Жайық бойына 15 ғасырдың аяғы 16 ғасырдың бас кезінде келе бастады. 17 ғасырдың 1-ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын әскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынды. Ол 1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 18 ғасырдың бас кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы) және Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі тұрғындары – казак-орыстар болған. Олар әлеуметтік жіктелудің нәтижесінде кедейлер (голытба) мен байлар (домовитые) болып бөлінді. Жайық казак-орыстары Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне (1773 – 1775) қатысты. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен «Орал қаласы», ал оның тұрғындары «Орал казактары» болып аталды. Орал қаласының неғұрлым ежелгі бөлігі Михайло-Аргангельск ғибадатханасының оңтүстігінде орналасты. Ғибадатхана – Орал қаласының тарихи ескерткіші (1741 – 51 ж. салынған). Қала бірнеше рет (1739, 1751, 1821, 1879) өртке ұшырады. Сырым Датұлы бастаған (1783 – 1797) халық көтерілісі,Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары Орал қаласы мен Жайық өңіріне ерекше із қалдырды. 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869 ж. Орал облысы құрылып, қала облыс орталығына айналды. Қала тарихында социалды-демократиялық үйірменің құрылуы (1902), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс (С.Меңдешев, Ә.Әйтиев, т.б.), Кеңес өкіметінің орнауы (1918 ж. 3 қаңтарда), ақ казактарға қарсы Орал қорғанысы (1919 ж., сәуір – шілде, М.Фрунзе), т.б. елеулі оқиғалар болып өтті. 1919 ж. 1-сәуірде Оралда Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңестерінің 1-сайлауы өтті. 1920 ж. Орал губерниясы қалаға айналды. Кеңес өкіметі жылдарында Оралдың экономикасы жедел қарқынмен дамып, республикадағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. 1925 ж. Жайық өзені мен Орал – Атырау арасында тұрақты кеме қатынасы және 1923 ж. Орал – Елек темір жолының ашылуы қаланың экономикалық жағдайын жақсартты. Одан кейінгі жылдары (1950 – 1990) Орал қаласында ірі машина жасау және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өңдеу, жеңіл және тамақ өндірістері, медициналық препарат зауыттары, т.б. 200-ден астам нысан салынды, көлік жүйелері дамыды. ## Климаты Қала климаты өткір континенталды: құрғақ әрі ыстық жаз және аз қарлы, желді суық қыс * Орташа жылдық температура - +6,2 °C * Орташа жылдық жел жылдамдығы - 2,9 м/с * Орташа жылдық ауа ылғалдығы - 70 % ## Халық саны Қаланың (қалалық әкімшіліктін аумағы) 2022 жылғы ұлттық құрамы: * қазақтар — 227 750 адам (70,57 %) * орыстар — 81 090 адам (25,13 %) * татарлар — 4841 адам (1,50 %) * украиндар — 2915 адам (0,90 %) * әзербайжандар — 1339 адам (0,41 %) * немістер — 647 адам (0,20 %) * корейлер — 642 адам (0,20 %) * белорустар — 596 адам (0,18 %) * өзбектер — 527 адам (0,16 %) * шешендер — 361 адам (0,11 %) * армяндар — 334 адам (0,10 %) * башқұрттар — 153 адам (0,05 %) * және басқалар — 1525 адам (0,47 %) Орал қаласы халқының саны ## Транспорт ### Теміржол Алғаш рет Орал теміржолмен 1894 жылғы бірікті. Бұл Рязано-Орал темір жолы еді. Орта Азиялық минареттер стильінде жасалған мұнаралар орналасқан вокзал басында қаладан алыс болғаны сонша, Алексей Николаевич Толстой вокзалдан қалаға барар жолды «Телеграф өскен дала» деп атаған. Ұзақ уақыт бойы Орал жолдың соңғы станциясы болып, ортаны сібірмен біріктіріп тұратын, сосын темір жол Соль-Илецкқа шейін созылып, ол Ресейді Сібір және Қазақстан мен біріктіретін болды. Кеңес одағы кезінде қала әбден өсті. Сонын арқасында станция орталықта тұр десе де болады. ## Бауырлас қалалар * Атырау, Қазақстан * Плоешти, Румыния * Дондағы Ростов, Ресей * Острава, Чехия * Маниса,Түркия * Кострома, Ресей * Саратов, Ресей * Благоевград, Болгария Серіктес қалалар * Орынбор, Ресей ## Орал қаласында болған көрнекті адамдар Бұл қалада әр кездері орыстың белгілі ақын-жазушылары А.С. Пушкин, В.А. Жуковский, В.И. Даль, В.Г. Короленко, М.А. Шолохов, т.б. болды. Сондай-ақ, көрнекті қазақ қаламгерлері С.Сейфуллин, Х.Есенжанов, Т.Жароков, І.Аманжолов, т.б. өмірінің біраз кезеңдерін Орал қаласында өткізген. ## Дереккөздер
Естай Беркімбайұлы (1874 жыл, қазіргі Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, қарасты Ақкөл ауылы – 15 наурыз, 1946 жыл) — қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939). ## Өмірбаяны * Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға. * 20 жасында Ертіс атырабына белгілі әнші болды. Осы өнердің арқасында көп жерлерді (Қараөткел, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу) аралайды. Сұлу Көкше мен Баянға барады. Бұл сапарында Біржанмен кездесіп, оның өнерінен тәлім алды. Әнші-сазгерлер Біржан, Ақан сері мен Жарылғапбердінің өнер-өнегесінен сусындаған Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерін ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген әндер ("Бір мысқал", "Майда қоңыр", "Ашу – пышақ", "Шоқ қара ағаш") шығарды. Естайдың әнші-ақындық, сазгерлік талантын бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен әні – "Қорлан". Осы шығармасымен классик сазгерлердің қатарынан орын алды. "Қорлан" – Естай шығармаларының шыңы, жүрегі (Жұбанов А., Замана бұлбұлдары, А., 1963, 248-бет). "Қорлан" әнін М. Төлебаев "Біржан-Сара" операсында, Е. Г. Брусиловский "Ер Тарғын" операсында, С. И. Шабельский мен Л.М.Шаргородский "Қобыз бен оркестрге арналған концертінде" (2-бөлімінде) шығармашылықпен пайдаланды. Жаңа өмір жайында "Туды күнім", "Өмір" атты әндер шығарды. 1939 жылы Алматыға келіп, көп әндерін нотаға түсіртті. * Әншілік ақындық сайыстарға қатысып, Жамбылмен неше рет кездесті. * Сол жылы Қазақстан Жазушылар Одағының ІІ сьезіне қатысты. * Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасында әсем әнімен, жалынды жырымен халықты жеңіске жігерлендірді. * 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толу мерекесіне қатысты. Мұнда Нартай, Нұрлыбек т.б. ақындармен айтысқа түсті. Оған арнап М. Әлімбаев "Естай-Қорлан" поэмасын (1968) жазды. ## Марапаттары * 1939 жылы қыркүйегінде "Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері" деген құрметті атақ берілді. * 1940 жылы Қазақстан Композиторлар одағына мүше болып қабылданды. ## Шығармалары * "Майда қоңыр" * "Жүректе" * "Мәлике" * "Өмір" * "Қоңыр жел" * "Дүние" * "Шоққара ағаш" * «Хұсни-Хорлан»- Әні мен сөзі Естайдікі, орынд. Р. Абдуллин ## Дереккөздер
Сұлтан Бейбарыс мешіті — Сұлтан Бейбарыс 1266—68 жж. салдырған. Ол — қазіргі кезде Мысырдағы ең танымал мешіттердің бірі. Әл-Кәһира қаласының солтүстігіндегі ескі қорғанынан тыс жерде ең алғашқы болып бой көтерген бұл ғимаратты салуда сол заманның озық құрылыс тәсілдері мен құралдары қолданылған. Көрші көшеде ибн-Тұлун мешіті орналасқан. Мешіт Шам жеріндегі Яффа қаласынан әкелінген түрлі-түсті мәрмәр тастармен және құнды ағаштан тұрғызылған. Оның ұзындығы 108 м, ені 105 м. Дуал ретінде қаланған тас қабырғаларының биіктігі 10,96 м. Мешіттің көркем оюлармен безендірілген үш салтанатты қақпасы бар. Ғимараттың батыс жағында орналасқан 11,83 м бас қақпа өз алдына сәулет өнерінің ескерткіші. Сол заманда қабылданған құрылыс қағидалары мен мешіт салу мәнеріне сәйкес, оның ортасы, үсті төрт бұрышты ашық алаң болып, ал төрт жағы ені 10–12 м шамасындағы үсті мәрмәр бағаналарға бекітілген ағаш шатырмен жабылған сарай түрінде салынған. Мешіттің ішкі жақ қабырғалары мен терезелері араб және шығыс мәнерлеріндегі әдемі өрнектермен әшекейленіп, Құран Кәрім сүрелері аяттарымен өрнектелген. Мешіттің михрабы Мәкке бағытында. Михраб орналасқан бөлменің қабырғалары мен михрабтың орны кірпіштен қаланған қаңқасын ғана сақтап қалған.
Мұхаметжанов сөзі мынадай мағыналарды білдіруі мүмкін: * Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов - — Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі, Ішкі істер министрі, заң ғылымдарының докторы. * Марат Нығметжанұлы Мұхаметжанов - биоорганикалық химия, табиғи қосылыстар химиясы саласындағы белгілі ғалым, химия ғылымдарының кандидаты. * Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов - — мемлекет және қоғам қайраткері.
SDU University (ағылш. SDU University) —1996 жылы 17 желтоқсан күні Алматы қаласында ашылды. SDU – оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орны. SDU University материалдық-техникалық базаны нығайтуға, халықаралық серіктестермен байланыс орнатуға және білікті кадрлар даярлауға қабілетті ауқымды білім беру және ғылыми мекемелердің бірі. Университеттің стратегиялық жоспары оны тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда танылған әлемдік беделі бар жетекші жоғары оқу орнына айналдыруды көздейді. Университет 2010-2011 оқу жылынан бастап өз жұмысын заманауи оқу-зерттеу құралдарымен жабдықталған «Smart Campus» қалашығында бастады. Кампустағы білім беру жүйесі 80% - ағылшын, 20%-қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. 14 гектар аумағында орналасқан жаңа оқу ғимараты өзінің 16 анфер лекция залы, 130-ға жуық аудиториясы, арнайы зертханалар, 1 стадион, конференц-зал, медициналық пункт, заманауи оқу құралдарымен, электронды ресурстармен жабдықталған 3 қабатты кітапханасымен білім алушыларға қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар университет аумағында 4 370 шаршы метрлік SDU Life спорт және мәдениет орталығы қаланды. Орталық ішінде 2 тренажер залы, асхана,  мәдени іс-шараларға арналған алаңдар мен 300 шаршы метрлік акт залы бар. ## Бағдарлама түрлері SDU University бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде 4 факультет бойынша бірқатар мамандықтарды ұсынады. Білім беру бағдарламалар саны – 56. Оның ішінде бакалавриат – 28, магистрлік бағдарлама – 21, докторлық – 7 бағдарлама бар. Дамыған тіл мектебі кәсібилігін арттыру мақсатында ағылшын және түрік тілдерін үйренуді қалаушыларға әртүрлі деңгейдегі бағдарламаларын ұсынады. Жалпы айтқанда, Тіл мектебіне барлық қалаушылар қабылданады. IELTS және TOEFL тесттері бойынша да біліктілігі жоғары мұғалімдер көмектесе алады. ## Факультеттер ### Педагогика және гуманитарлық ғылымдары факультеті Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті ұжымының басты мақсаты - терең білімі бар, кәсіптік деңгейі жоғары бүгінгі күннің біліктілік талабына сай педагог мамандар дайындау. Факультет түлектері алыс–жақын шетелдерде тәжірибеден өтіп, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің беделді университеттерінде ғылыми зерттеулермен айналысуда. ### SDU Бизнес мектебі Бизнес мектебі әлемде өзгеріп жатқан экономикалық және саяси мәселелерден үнемі хабардар және студенттерге өз білімдерін сол мәселелер бойынша тәжірибеде қолдануға бірегей мүмкіндіктер беруде. Факультет - бәсекелестікке қабілетті халықаралық үлгідегі жоғары деңгейде білім беру арқылы студенттерін өз қатарластарынан ажыралып тұруына себепші. Факультет білім, ғылыми зерттеу, экономика және менеджмент ғылымында терең білім алу саласында заманауи үстемдік ретінде өсуде. Факультет түлектері – кәсіпкерлік, коммерциялық кәсіпорындарда, қаржылық, сақтандырушылық, банктік, басқарушылық және басқа да шетелдік компанияларда, өкілеттіктерде, бірлескен кәсіпорындарда, әлеуметтік–экономикалық, ұйымдастырушылық – технологиялық, ғылыми – зерттеушілік және инновациялық қызмет түрлерімен айналысатын сан салалы мамандар. ### Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті Қоғамның барлық салаларында әрқашан қажеттілік тудыратын мамандықтың бірі – заңгер мамандығы. Құқық пен заңды білумен құқық әлемінде бағдарлану қабілеті өмірге кең көзқарас қалыптастырып, үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жалпы оқу бағдарламасы келешекте құқықтану бакалавры академиялық дәрежесін алған түлекті ҚР-ның құқық қорғау органдарында, заң шығару органында және сот жүйесінде, нотариат, адвокат мамандықтары бойынша ағылшын және түрік тілдерін терең меңгерген жаңа заман заңгерлерін даярлайды. Жоғарғы курстарда сабақ өткізу үшін Түркия мен Еуропа елдерінің беделді ЖОО профессорлары шақырылады. Оқу процесі заңгерді болашақта заң мамандығын талап ететін кез-келген қызметте жұмыс істей алатын, сонымен қатар құқықтың белгілі бір саласында терең білімі бар, жан-жақты маман ретінде дайындау үшін ұйымдастырылған. ### Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті Инженерлік факультет - университеттің бағдарлама әзірлеу бойынша озық зертханасы бар, сапалы білім беру орталығы. Университет қабырғасында ақпараттық технологияларды программалық жабдықтауға арналған ғылыми зерттеу орталығы қызмет етеді. Факультет түлектері Қазақстанға және шетелде танымал. Факультетте халық шаруашылықтың, бизнестің әр алуан салаларында табысты жұмыс істей алатын математика, ақпараттық технологиялар және механика мамандықтары бойынша біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда; студенттердің, магистранттар мен PhD докторанттардың оқуына, шығармашылықтарына арналған мүмкіншіліктерді беру, ойдың және жекелік өздігінен жетілуіне жайлы шарттарды жасауда. Мемлекеттік органдарды, түрлі мекемелер мен компанияларды сапалы білімді мамандармен қажеттілігінше толық қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ студенттердің сапалы және қажетті білім алуын қанағаттандыру мақсатымен, қазіргі технологиялардың даму динамикасын қадағалайтын икемді бағдарламалар бойынша білім беру қызметтерінің ашық және айқын жүйесін құру; ғылыми, педагогикалық және нақты өндірістік қарым-қатынасты нығайту мақсатымен мемлекеттік ұйымдармен, мекемелермен ынтымақтастықты дамыту – факультеттің басты мақсаты. ## SDU Extension School SDU University және Қазақстан бойынша педагогтердің біліктілігі мен инновацияларын арттыру, ресурстарды қамтамасыз ету және жоғары сапалы, кезеңді және қаржылық тиімді іс-шараларды өткізу. Сонымен қатар, орталық ішкі және сыртқы серіктестердің көмегімен дәстүрлі және онлайн бағдарламаларды жүзеге асыру, семинар-тренинг сарапшылары мен ішкі мүдделі тараптардың тұрақты кері байланысын қамтамасыз ету арқылы мүмкіндіктерді кеңейтеді. SDU оқытушылардың академиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын ресурстар мен кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынады. ## Магистратура және PhD бағдарламалары SDU University магистратура және PhD бағдарламалары халықаралық бағдарламалар негізінде ағылшын тілінде оқытылады. Сабақ кестелері студенттің уақыт талабына қарай түзіледі (кредиттік оқу жүйесі) SDU жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламасы бойынша төмендегідей магистратура мамандықтарын даярлауды іске асыруда. Магистратурада мамандар дайындау екі бағытта жүргізіледі: ғылыми- педагогикалық бағыт және бейіндік бағыт. ## SPT/ISPT олимпиадасы SPT олимпиадасы  - талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесіп, түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік ұтып алу мүмкіндігін береді. ISPT олимпиадасы халықаралық студенттерге арналған. Онда әрбір оқушы таңдаған бағыты бойынша өз білім деңгейін көрсете отырып, SDU-дың 4 жылға жарамды 297 грант немесе жеңілдігіне ие бола алады. ## Әлеуметтік орта SDU студенттерінің өз мүмкіндіктерін академиялық, қоғамдық және әлеуметтік өмірде қалыптастыруға арналған, қызығушылықтарына байланысты әртүрлі 38 студенттік ұйым бар. Университеттің қоғамдық өміріне араласу студенттің көшбасшылық қабілеттерін дамытып, топта бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Студенттік клубтар мен дәстүрлі жыл сайынғы іс-шаралар шығармашылық және интеллектуалды қызығушылықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 38 студенттік ұйым, 25 студенттік спорт клубтары, 1000 аса белсенді студент, жылына 80 іс-шара өтеді. ## Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері SDU University Қазақстандағы сапалы білім беретін университеттердің бірі. Университет түлектеріне жергілікті компаниялармен қатар халықаралық компаниялар да қызығушылық танытуда. Түлектердің 85%-университетті бітіргеннен соң жұмыспен қамтамасыз етілуі соның айғағы. Университет сапалы кәсіби мамандарды жетілдіріп шығаруда өз күшін салуда ## Халықаралық қатынастар Университетаралық ынтымақтастықтың бірден-бір басты бағыты - білім алушыларға шетелдік жоғары оқу орындарында іс-тәжірибесін өтеуге мүмкіндік беруге және екі диплом алуға бағытталған бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға барынша көмек көрсету болып табылады. Университеттің халықаралық қатынастар офисінің қызметі - әлемдік білім беру және ғылыми қауымдастыққа ары қарай ықпалдастыру, университеттің имиджін нығайту жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл жұмыс шетелдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде, халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларды жүзеге асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметтерін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушы мамандармен өзара алмасу және студенттердің білімін дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Университет 60-тан астам білім-мекемелер, халықаралық ұйымдар және университеттермен серіктестік қатынас орнатқан. SDU келісім негізінде АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Оңтүстік Корея, Қытай, және Пакистан елдерінің серіктестерімен, сондай-ақ ТМД (Ресей, Армения, Азербайжан және Қырғызстан) университеттерімен тұрақты және перспективті байланыс орнатты. SDU University даму стратегиясы жаһандық кеңістікті дамыту қажеттілігін, соның ішінде республикадан тыс жерлерде бақшаны тану қажеттілігін қамтиды. Дүние жүзіндегі жетекші жоғары оқу орындарымен мұндай ынтымақтастық әлемдік мәдениетке баулуға ықпал етеді, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстардың үздік тәжірибелерін қолданудың нақты мүмкіндіктерін ашады, халықаралық деңгейдегі болашақ мамандарды даярлау бағдарламаларын, соның ішінде Америка, Азия және Еуропа университеттерінің студенттерімен алмасу шеңберінде іске асырады. ## Сыртқы сілтемелер * Сулейман Демирел атындағы Университетінің ресми торабы Мұрағатталған 29 қаңтардың 2012 жылы. * bil.edu.kz Мұрағатталған 19 мамырдың 2022 жылы. — «Білім-Инновация» қоғамдық қорының ресми сайты.