text
stringlengths 3
252k
|
---|
«Abai TV» — мәдени-ағарту бағытындағы қазақстандық телеарна. 2020 жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған арна халықты ұлы Абай мұрасымен, еліміздің және бүкіл әлемнің мәдениеті мен өнерінің жетістіктерімен таныстырады.
Отандық медиа кеңістікте ұлттық мәдениет пен өнерді тоғыстырған арна тәулігіне 17 сағат (07:00-ден – 00:00-ге дейін) 80% қазақ тілінде, 20% орыс тілінде хабар таратады.
## Бағдарламалар
* Сарасөз
* Сана
* Мәдениет жаңалықтары
* Сырлы әуен
* Күміс көмей
* Абайдың жолы
* Шаңырақ
* Дәуір даналары
* Мұра
* Мазмұндама
* Pro Art
* Құдіретті қылқалам
* Киелі сахна
* Жәдігер
* Шебер
* Беймәлім алаш
* Вечные ценности
* Тұлға
* Үркер
* Бірегей
* Дала өркениеті
* Шебер
* Соңғы муза
* Түркі әлемі
* Ұлт қазынасы
* Тағдырлы туынды
* Оркестровая партитура
* Имена
* Мәдениет жауһарлары
* Әндіground
* Ғимарат
* Қилы заман
* Ашық академия
* Кейіпкер
* Інжу-маржан
* Беймәлім дерек
* Ән-ғұмыр
* Қазақтар
* Арт эксперимент
* Музыка Великой степи
* Ауылдастар
* Ұмытпаймыз
* Технократтар талқысы
* Парасат майданы
* Бір туынды
* Магия звука
* В ритме танца
* Арт профессии
* Вечные ценности
## Басшылары
* Азамат Кеңесұлы (2020-2023)
* Еркін Мұхамеджанов (2023 жылдан бастап)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «Abai TV» телеарнасының ресми сайты
* «Abai TV» телеарнасының онлайн көрсетілімі
* «Abai TV» телеарнасы (YouTube)
* «Abai TV» телеарнасы (Instagram)
* «Abai TV» телеарнасы (TikTok)
* «Abai TV» телеарнасы (Facebook)
* «Abai TV» телеарнасы (Telegram) |
Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік.
## Территориясы
Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батыста Қазанға дейін, оңтүстік-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған.
## Саяси тарихы
### Ноғай ордасының құрылу алғышарттары
“Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ. 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Ноғай ордасының негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Қастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Ноғай ордасының даралануы 13 ғ. 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өзенінің төменгі саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Ноғай ордасында этникалық құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі” әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, кінәз, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Ноғай ордасының саяси үстемдігі, экономикалық тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды.
### XV ғасыр
15-ғасырдың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігенің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Ноғай ордасының құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, арғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этностық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ. аяғында Ноғай орда орыс мемлекетімен саяси және сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды.
### XVI-XVII ғасырлар
16 ғ. 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солтүстік Кавказда Кіші Ноғай ордасы, ал Жем, Ойыл жағалауларында Алты Ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Ноғай ордасы түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Ноғай ордасына кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.
## Ноғай Ордасының билеушілері
* Едіге би (1392-1412)
* Нұраддин би (1412-1419)
* Мансұр би (1419-1427)
* Қазы би (1427-1428)
* Уақас би (1428-1447)
* Хорезми би (1447-1473)
* Аббас би (1473-1491)
* Мұса би (1491-1502)
* Жаңбыршы би (1502-1504)
* Хасан би (1504-1508)
* Шейх Мұхаммед би (1508-1510, 1516-1519)
* Алшағыр би (1508-1516)
* Ағыш би (1521-1524)
* Саид Ахмет би (1524-1541)
* Қазы Мұхаммед мырза (1537-1541)
* Шейх Мамай би (1541-1549)
* Жүсіп би (1549-1554)
* Исмаил би (1557-1563)
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Сафаргалиев М. Г. Распад Золотой Орды. — Саранск: Мордов. кн. изд-во, 1960. — 279 с. — 1500 экз.
* Жолдасбаев С., Бабаев Д. История Казахстана средних веков. — Алматы: «Атамура», 2003.
* Восточная Европа Средневековья и раннего Нового времени глазами французских исследователей: Сборник статей / Отв. ред. И. А. Мустакимов, А. Г. Ситдиков; науч. ред. И. В. Зайцев, Д. А. Мустафина; ввод. ст. В. В. Трепавлов. — * Казань: Институт истории АН РТ, 2009. — 428 с.
* Керейтов Рамазан, Червонная Светлана. Эпиграфика Ногайской степи // «Татарская археология», 2002−2003. — № 1−2(10−11).
* Хисамиева Г. Заговорили камни времен Ногайской Орды // Газета «Маяк» Азнакаевского района 14.04.06.
* Трепавлов В. В. «Орда самовольная»: Кочевая империя ногаев XV–XVI веков. — М.: Квадрига, 2013. — 224 с. — (Исторические исследования). — 600 экз. — ISBN 978-5-91791-021-5.
* Гимбатова М. Б. О воинской этике ногайцев. // Военно-исторический журнал. — 2008. — № 12. — С.74-76.
## Сыртқы сілтемелер
* Malimetter.kz Ноғай Ордасы реферат (қазақша)
* Ноғай Ордасы
* Ноғай ордасының күшеюі және әлсіреуі |
Семилингвизм (лат. semi – жартылай + lingua – тіл) — ана тілінде де, екінші тілде де толық тілдік құзіреттілік жоқ жартытілділік ана тіліне, сондай-ақ екінші мәдениет пен тілге деген келеңсіздік, немқұрайлық болуы мүмкін. Мыс., суржик (украин және орыс тілдерінің араласу нәтижесінде шыққан тіл).
## Дереккөздер
## Дереккөздер |
Әскери кафедра Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 мамырдағы № 551 қаулысымен құрылды.
## Кафедра тарихы және білім беру саласы
Әскери кафедра М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1249 қаулысымен құрылды. Әскери кафедра Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 мамырдағы № 551 қаулысымен құрылды. Әр уақытта кафедраны полковник Коңиров Асқар Жангирович, полковник Досмухамбетов Руслан Казбекович, полковник Мухаметкалиев Бакытжан Куттыбаевич басқарды, 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін запастағы полковник Досмухамбетов Руслан Казбекович кафедра бастығы болып табылады. Кафедра құрылған жылы “Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану” мамандығы бойынша 700 студент қабылданды. 2012 жылдан бастап кафедра ҚР Әскери-теңіз күштері үшін мамандар даярлай бастады, ал 2016 жылдан бастап Құрлық әскерлері үшін мамандар даярлауға қайта кірісті. Әскери кафедраның құрылуына ардагер оқытушылар В.О.Кекк, П.Н. Нужденко, В.Т. Жевтяк, Ю.Л. Чернышов, М.И. Лаптев, Н.И. Шаблыко, ОКҚжИТҚ – Н.И. Аккереев А.М. Утепкалиев, Г.З. Тажгулов үлкен үлестерін қосты. Қазіргі уақытта кафедрада әскерлер мен оқу орындарында практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті педагогтар жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта кафедра жаңа дамуға ие болды. Жаңа мамандықтар ашылды, әскери дайындықтан өтетін студенттер саны жыл сайын артып келеді, оқу-материалдық база жетілдірілуде. Әскери кафедрада: саптық плац, тактикалық алаң, атыс және инженерлік қалашық, спорттық қалашық, электронды интерактивті тир, әскери техника, жабдықталған класстар, әскери-техникалық мүлік, кітапхана бар. Әскери кафедра студенттерді әскери даярлау саласында Орал қаласының ӘТМ, “БҚМК” АҚ, “Батыс” РМҚК, ҚазҰУ әскери кафедрасымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Оспанов атындағы “БҚМУ КЕАҚ”, 5517 Орал және 30238 Ақтөбе әскери бөлімдерімен ынтымақтасады және өзара қызмет жасайды. 2001 жылдан бастап 3114 запастағы лейтенант және 835 запастағы сержант дайындалды. Оның ішінде 80-нен астам адам ҚР ҚК қатарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды, 60 адам әскери қызметін жалғастыруда, 200-ден астам адам басқа әскерлер мен әскери құралымдардың офицерлері ретінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етуде. Олардың бір бөлігі әскери бөлімдерде, негізінен “Батыс” РМҚК және ҚР ІІМ бөлімдерінде қызметін жалғастыруда.
## Дайындық бағыты
Әскери кафедра өз қызметін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі 2020 жылғы 24 шілдедегі бекітілген “запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларына” сәйкес жүзеге асырады.
### Әскери кафедра запастағы офицерлерді келесі мамандықтар бойынша даярлайды:
* Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану;
* Зымыран әскерлері мен артиллериясы бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлің қолдану;
* Инженерлік – саперлік (инженерлік) бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану;
* Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру;
* Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру;
* Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап запастағы сержанттарды келесі мамандықтар бойынша даярлауды жүзеге асырады
* Атқыштық;
* Автомобильдер;
* Далалық сумен жабдықтау;
* Инженерлік, жол құрылысы техникасы мен мүлкі;
* Орта қуатты қысқа толқынды радиостанциялар;
* Далалық кабельдік байланыс желілері;
* Әскери барлау.
Студенттердің әскери дайындығы оқытудың қосымша түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқыту курстарынан, жас студенттерге арналған оқу жинағынан немесе қыз студенттерге арналған кәсіптік практикадан тұрады. Қыздар запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша, “Құрлық әскерлерінде байланыс ұйымдастыру”мамандығы бойынша оқиды. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық тегін және ақылы негізде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.
Оқу мерзімі:
* запастағы офицерлер-2 жыл;
* запастағы сержанттар-1 жыл.
Әскери кафедраға түсу тәртібі
## Мамандықтар
### Лейтенант
* Зымыран әскерлері мен артиллериясы бөлімшелерін, бөлімдер мен құрамаларын жауынгерлік қолдану
* Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру
* Инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану
* Автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу
* Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру
* Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану
Сержант
* Инженерлік, жол-құрылысы, көпір құрылысы, ағаш дайындау, инженерлік-әуеайлақтық техника мен мүлік
* Әскери барлау
* Далалық сумен жабдықтау
* Орта қуатты қысқатолқынды станциялар
* Автомобильдер
* Атқыштық
## Сыртқы сілтемелер
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті |
«Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» (қыр. Бейиш - эненин таманында) — 2024 жылы шыққан қырғыз көркем фильмі.
## Сюжеті
Фильмнің желісі психикалық дамуы сегіз жасар баланың деңгейінде қалған 35 жастағы Әділдің таңғажайып оқиғасына негізделген. Әділ шағын ауылда 75 жастағы анасы Райхан апамен тұрады. Райхан апа Әділге Алла тағала оны ерекше жақсы көретінін, сондықтан оның тікелей жұмаққа баратынын айтып отырады. Бірақ Әділ анасынсыз жұмаққа барғысы келмейді. Бір күні оған сегіз жасар досы анасын киелі Меккеге жаяу апарса, анасы жәннатқа барады дейді. Әділ таңғажайып саяхат жасау туралы батыл шешімге келеді. Ол анасын арбамен жаяу Меккеге апаруға бел буады. Райхан апа ұлы Әділге жұрт күле ме деп қорқып, сапарға келіседі. Осы қызық сапарда Әділ мен Райхан апа талай сынақтан өтіп, жол бойында көптеген мейірімді адамдарды кезіктіреді. Фильм ананың ұлына деген махаббаты шексіз екенін және ұлтына қарамастан адамзат атаулы ана үшін қиындықты еңсеруге барын аямайтынынын тағы бір дәлелдейді.
## Рөлдерде
* Адиль рөлінде— Эмиль Есеналиев
* Райхан апа рөлінде — Анаркүл Назарқұлова
* Болот Тентимышов
## Кинотеатрдағы прокат
Прокаттауды AsanaFilm дистрибьюторлық компаниясы жүзеге асырады. Кинокомпанияның басты назары тәуелсіз шетелдік және отандық тайтлдарға, Қазақстандағы коммерциялық әлеуеті бар көп жанрлы мейнстрим және өнер мейнстримінің жекелеген өкілдеріне, отбасылық контент пен жоғары сапалы анимацияға бағытталған. Компания тарихында "Пейіш. Жұмақ ананың табаның астында" фильмі – ТМД ауқымындағы бірінші және ерекше жоба.
## Пікірлер
Анаркүл Назарқұлова, Қырғыз Республикасының халық әртісі:
- Ене мен баланың ортасындағы тығыз байланыс, бір-бірін түсіну, егер де ене мен бала бір-бірін түсінбесе, қандай қиыншылық. Одан өткен тозақ жоқ. Фильмнің Алматыдағы тұсаукесеріне көрермен көп жиналды. Қонақтардың арасында қырғыз бен қазақ елінің танымал өнер адамдары да болды. Тіпті картинаның трейлерін көріп, толық нұсқаны тамашалау үшін шетелден арнайы келгендер бар.
Гусейн Гасанов, блогер:
- Мен бұл фильмге Дубайдан арнайы ұшып келдім. Киноның айтары бар екенін трейлерінен байқадым. Ең қызығы, кейіпкерлер Меккеге жетті ме, жоқ па? Жолда көптеген қиындықтарға тап болғанын көрдім. Оқиғанын соңы қалай аяқталатынын көру үшін келдім. Фильм Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Мысыр және Сауд Арабиясында түсірілген. Кинокартинаны қазақ тілінен бөлек, өзбек, орыс және араб тілдіне аудару жоспарда.
Саламат Исабаев, фильмнің Қазақстандағы продюсері:
- Киелі Түркістан қаласында жасалды, одан кейін Ақтау қаласында жасалды. Біз екі апталыққа жобаланған съемкамыз 12 күнге созылды. Қазақстаннан Мұхтар Әуезов драма театрынан Дулыға Ақмолда, Ерболат Әлқожа, Марат деген ағамыз түсті. «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмі Kinopark және Kinoplexx кинотеатрлар желісінен көрсетілді.
## Дереккөздер |
Ұлттық әлеуметтік лингвистикалық пішін (орыс. национальный социолингвистический профиль) - көптілді қоғамдағы тілдердің өмір сүру формалары мен қызметтері туралы нақты мәліметтерді алуға болатын символдар жүйесі. Р. Белл тілдің төрт түрлі әлеуметтік лингвистикалық пішінін (белгісін) ұсынады:
1) тіл типі (немесе тілдің өмір сүру формасы);
2) тіл мәртебесі;
3) тұтынушылар пайызы;
4) тіл қызметі.
Тілдердің әлеуметтік лингвистикалық пішіндерінің жиынтығы Ұлттық әлеуметтік лингвистикалық пішінді құрайды.
## Дереккөздер |
Этнолект (этникалық диалекті, тілдің аймақтық варианты) тілдердің бір-бірімен түйісу аймағында және билингвтің интерференция арқылы ана тілінің әсерінен өзіндік белгісі бар тілдің бөлшектенуі нәтижесінде пайда болған тілдің түрі. Ұзақ уақыт бойы тоғысуда болу, бір типтегі интерференция құбылысының ұдайы әсер етуі сол аумақта қолданылатын тілдің түрлі деңгейлерін: просодикасын (интонациялық құрылысының бейнесінің өзгеруі), фонетикасын (дыбыстардың айтылымы, акценттік үлгісі), синтаксисін, лексикасын қамтиды. Ана тілін халық этнолект формасында меңгеруі мүмкін. Этнолект тұтынушылардың қарым-қатынастық қауымдастығының демографиялық базасын әртүрлі этностар құрауы мүмкін. Мысалы, орыс тілінің дағыстандық этнолектінде түрлі халық өкілдері, оның ішінде орыс халқының ересектері де сөйлейді.
## Дереккөздер |
Ғұрыптық тіл – бұл ерекше салаларда ғана қолданылатынкульттық тіл. Мысалы, котолик шіркеуіндегі латын тілі, провославян дініндегі шіркеулік славян тілі, хиндизмдегі санскрит тілі, буддизмдегі поли тілі, мұсылман дініндегі араб тілі т.б.
Тілдерді белгілі бір типтерге бөлуде шетелдік ғалымдар зерттеулеріне назар аударсақ, А.Мартине тілдің мынадай үш сатыдантұратын пирамида түріндегі қызметтік сипаттамасын ұсынады:
* диалекілер мен жергілікті жерлерге тән тілдер;
* тар көлемде таралған тілдер;
* аралық-тілдер.
Ал У.Стюарт тілдердің мынадай типологиясын көрсетеді:
* нормаланбаған ана тілі;
* нормаланған, бірақ қазіргі кезде қолданылмайтын тіл;
* аралас тіл (пиджиндер тәрізді);
* жасанды және маргиналды тілдер.
Ч.Фергюссон тілдерді мынадай үлгіде топтастырып көрсетеді.
* негізгі тіл;
* екінші дәрежелі тіл;
* арнаулы тіл.
Қазақстандағы халық тілдерін сөйлеушісінің саны мен атқарыпкеле жатқан қоғамдық қызметінің көлеміне қарай шартты түрде үштопқа бөлуге болады:
* қоғамдық қызметінің ауқымы кең тілдер;
* қоғамдық қызметінің ауқымы тар тілдер;
* қоғамдық қызметі нашар дамыған тілдер.
Алғашқы топқа қазақ, орыс тілдері жатады. Өзге тілдердіңішіндегі қоғамдық қызметі көлемдіректері – ұйғыр, дүнген, корей,өзбек, тәжік, украин т.б. тілдері.
## Дереккөздер |
Эльнура Жұмабекқызы Кішкенебаева (14 қараша 1987 жыл, Жаңа Қазалы кенті, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР, КСРО) — Алматы қалалық Адвокаттар алқасының мүшесі, Адвокат.
## Өмірбаяны
1987 жылдың 14 қарашасында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде көп балалы отбасында дүниеге келді. Әкесі Жұмабек Маханшаұлы бірнеше жыл ұстаздық қызмет атқарған, өте ақылды, байсалды, сабырлы, білімді адам. Ал анасы Нүрбибі Орманқызы ұлағатты ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған еді.
Анасы жүрек талмасынан небәрі 41 жасында қайтыс болып кетті, ал әкесі 79 жасында өмірден өтті. Анасы дүниеден өткен кезде,небәрі 5 жаста болды.
1993 жылы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №226 Мергенбаев атындағы Гимназия мектебінің табалдырығын аттап, 2004 отбасылық жағдайларға байланысты, Астана қаласында №11 Химия биологиялық лицейін аяқтады. Содан, 2004 жылы Қарағанды қаласында, «Көпсалалы Гуманитарлық Техникалық университеттің» «Учет и аудит» мамандығы бойынша грантқа оқуға түсіп, оны 2008 жылы Кызыл дипломмен үздік аяқтап, одан әрі 2011 жылы «BOLASHAQ» Академиясының «Құқықтану» мамандығын 2014 жылы тәмамдады.
## Марапаттар
1 2021 жылы Қазақ қоғамының қайраткері,
2 2022 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр Шапағаты» номинациясының иегері,
3 2022 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» номинациясының иегері,
4 2022 жылы «Алтын адам» номинациясының иегері,
5 «Ел Жанашыры» номинациясының иегері,
## Алғыс хаттар
1. 2020 жылы Білікті заң көмегін көрсетудегі жемісті адвокаттық қызметі үшін Республикалық Адвокаттар алқасынан берілген Алғыс хат.
2. 2021 жылы «31» арнаның «Кел татуласайық» бағдарламасынан берілген Алғыс хат. |
«Павлодар машина жасау колледжі» КМК – ең көне мемлекеттік орта кәсіптік оқу орны және Павлодар облысындағы өз профилін сақтап қалған жалғыз мекеме. ҚКГП «Павлодар машина жасау колледжі» машина жасау кешенінің өндірістік кәсіпорындарына қажетті техникалық мамандықтар бойынша кадрлар дайындайтын бірден-бір мамандандырылған оқу орны болып табылады. Павлодар қаласында орналасқан. Директор — Каирбаев Кайрат Айткенович. Мекенжайы — Павлодар қаласы, Мира көшесі, 43-үй. Телефон: 8 (7182) 55-45-72, 55-38-11, 55-46-90. Сайт: www.pmk-kolledg.edu.kz.
## Колледж тарихы
Павлодар машина жасау техникумының тарихы 1969 жылдың 1 тамызынан басталады. Рубцовск машина жасау техникумының филиалы болды. Оны ұйымдастыру туралы КСРО Трактор және ауылшаруашылық машина жасау министрінің 1969 жылғы 1 тамыздағы N 206 бұйрығында былай делінген: «Трактор және ауыл шаруашылығы машина жасау өнеркәсібі үшін орта білікті мамандарды даярлауды кеңейту мақсатында ұсыныс қабылдансын. Павлодар трактор зауыты 1969 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар трактор зауыты жанындағы Рубцовский машина жасау техникумының филиалын ұйымдастырсын.
Филиал 1968 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанымен, PTZ-де филиалды ұйымдастыру туралы ресми құжат осылай пайда болды. Филиалдың бірінші басшысы 1970 жылы Луиза Павловна Денисенко болды, филиал басшысы болып Иван Иванович Яковенко болды. Мұражайда осы кезеңге қатысты құжаттар (бұйрықтар, фотосуреттер, өмірбаяндар) сақталған.
1974 жылы 13 маусымда № 229 КСРО Трактор және ауылшаруашылық машина жасау министрінің «Рубцовский машина жасау техникумының филиалын Павлодар кешкі машина жасау техникумы болып қайта құру туралы» бұйрығы шықты, оның директоры Яковенко Иван Иванович болды, ал 1977 жылдан 2003 жылға дейін Сальников Николай Георгиевич директор болды. 1989 жылдың 20 қыркүйегінен бастап техникумның негізгі қызметі туралы бұйрықтар негізінде ПВМТ Павлодар машина жасау техникумы деп атала бастады.
Павлодар машина жасау колледжінің 1996 жылғы 1 ақпандағы No 17 бұйрығымен Павлодар машина жасау колледжі Павлодар машина жасау колледжі болып өзгертілді, оның директоры 2003 жылға дейін Николай Георгиевич Сальников болды. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Смағұлов Қайрат Теміржанұлы, 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қайрат Айткенұлы Қайырбаев жетекшілік етеді. |
Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі – 2011 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы № 1539 қаулысыменбекітілген
## Толығырақ
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалпы еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есеппен 5 жыл және одан да көп ақпарат саласының қызметкерлері мемлекеттік, кәсіптік, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеу бойынша марапатталады.
## Құрметті белгінің сипаттамасы
«Ақпарат саласының үздiгi» төсбелгiсi диаметрi 35 мм шеңбер нысанында алтын түсті металдан дайындалады. Шеңбердің ішінде жайылған қағаз орама, қағазда қауырсын бейнеленген және ұлттық ою-өрнек орналастырылған. Төсбелгінің артқы жағындағы жиегінің бойымен алтын түстес реңкте «Ақпарат саласының үздігі» деген жазу орналасқан.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсі жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 35 мм және биіктігі 15 мм тік бұрышты тағанмен жалғанады. Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі. |
Нұртас Солтанұлы (28 қаңтар 1984 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Жиделі ауылында туған) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ «Qazaq radiolary» ЖШС Бас директоры.
## Еңбек жолы
* 2004-2005 жж. «Қалкен ТВ» телеарнасының жүргізуші-корреспонденті;
* 2005-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының шығармашылық қызметінің редакторы;
* 2006-2011 жж. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшісі;
* 2011-2019 жж. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі қызметін атқарды;
* 2019 -2023 жж. «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Altai» телеарнасының директоры;
* 2023 жылдың қарашасынан «Qazaq radiolary» ЖШС Бас директоры.
## Білімі
* 2001-2005 жж. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, бакалавр;
* 2013-2015 жж. Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және Мемлекеттік Қызмет Академиясы, магистр.
## Қоғамдық қызметі
* Бас редакторлар клубы мүшесі (2019 ж.);
* Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Өскемен қалалық филиалы төрағасы (2022 ж.);
* Қазақстан Журналистер Одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы (2023 ж.).
## Марапаты
* ҚР Президентінің Алғыс хаты (2011 ж.);
* «ТМД Парламентаралық ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.);
* «Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.);
* «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі (2020 ж.);
* «Қазақ телевизиясына 65 жыл» мерейтойлық медалі (2023 ж.).
## Дереккөздер |
Бишімбаев ісі — қазақстандық Салтанат Нүкенованың өлімімен байланысты оның азаматтық некедегі күйеуі, саясаткер Қуандық Бишімбаев пен Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановқа қарсы қозғалған сот ісі.
Тергеу мәліметі бойынша, 2023 жылғы 9 қарашаға қараған түні Бишімбаев әйелін астаналық мейрамханада ұрып-соғып, VIP кабинаның еденінде 6–8 сағатқа өлімге қалдырған. Бишімбаев өз кінәсін мойындамайды, әйелінің сол күні кешке алкогольдік ішімдік ішкенін және оны «агрессиямен» «арандатқанын» алға тартады. Экс-министрдің туысына қылмысты жасырды және ол жайлы хабарламады деген айып тағылды, Байжанов, оған қоса, Бишімбаев бұйрығы бойынша бейнебақылау камерасындағы кейбір жазбаларды жойды. 13 мамырда сот ісінің үкімі жарияланды; Бишімбаев 24 жылға және Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда бұл үкімнің өзгеріп қалуы да мүмкін; тараптар келіспесе, 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түсіруге құқылы.
Сот ісінің басты отырысы Астанада, 2024 жылғы 27 наурызда өтсе, кезекті сот отырысы 17 сәуірде басталды.
Бұл іс әсіресе Қазақстандағы тікелей эфир арқылы көрсетілудегі және алқабилер бақылап жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша тұңғыш сот ісі болғаны үшін белгілі. Бұл және басқа да себептерден бұл сот ісін миллиондаған адам, соның ішінде Қазақстан сыртындағы азаматтар бақылауда.
## Алғышарттары
### Бишімбаевтың бірінші рет қамалуы
Сот ісінің басты айыпкері, Қуандық Бишімбаев — қазақстандық саясаткер, 2016 жылғы мамыр–желтоқсан аралығында Ұлттық экономика министрі қызметінде болғаны үшін белгілі. Азаттық радиосы оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев саяси элитасының өкілі деп те сипаттады.
Мемлекеттік қызметі кезінде «құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен, сол сияқты қылмыстық топты құрған, не оған басшылық еткен» және «бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салуды ұйымдастырды» деген айып көрген Бишімбаев 2017 жылғы 10 қаңтарда қамауға алынды да, 2018 жылғы наурызға дейін созылған сот ісінің нәтижесінде жемқорлық үшін 10 жылға сотталды. Бишімбаев қатаң режімдегі колонияда жазасын өтеуі тиіс еді, алайда 2019 жылғы күзде ол Шымкент қаласындағы түрмеден бостандыққа шықты да, президент Тоқаев жарлығымен рақымшылыққа ілініп, жазасын өтеу мерзімі 10 жылдан 4 жылға қысқарды.
### Бишімбаевтың үшінші некесі
Бишімбаев Нүкеновамен Астанада, 2022 жылғы тамызда танысты. Нүкенованың бірнеше рет бас тартқанына қарамастан, Бишімбаев оны қудалай беріп, өзін тек жақсы жағынан көрсетті де, көрісейік деп шақыра берді. Сот процесі барысында прокурор Айжан Аймағанова оқыған құжатта Бишімбаевтың Нүкенованың туыстарымен және достарымен сөйлесуіне және кездесуіне тыйым салғаны, оның барлық телефон қоңырауларын, SMS хат-хабарлары мен орналасқан жерін бақылағаны және ақшалы кіріс әкелетін қызметпен айналысуға тыйым салғаны айтылған.
Прокурор Нүкенова туыстарының бұл некеге қарсы болғанын айтқан. Аймағанованың сөзінше, Нүкенова «тұрғылықты жері мен атмосферасының өзгеруі Бишімбаевтың оған деген көзқарасын өзгертеді» деген үмітпен Астанадан Алматыға көшуге де келіскен.
«2023 жылғы сәуірде Бишімбаев Нүкенованың туыстарында оның бетін ұрып-соққан суреті бар екенін білген. Ажырасқан жағдайда оны осы фотосуреттермен бопсалауы мүмкін деп, ол Нүкеновадан жалаңаш интимдік видео түсіруді талап етіп, бұл оның кепілі болатынын түсіндірді. Нүкенова қорқып, ...бұл талапты өз еркінен тыс орындап, [күйеуіне] оны бұл ерсі видеоға түсіруге рұқсат беруге мәжбүр болды», – деп айтады прокурор. Прокурор сөзінше, 2023 жылғы тамызда Нүкенова төзе алмай, Павлодардағы ата-анасына барды, алайда Бишімбаев кешірім сұрап, оны өзіне қайтаруға көндірді. Осыдан кейін Нүкенова Бишімбаевты тастап кетуге бірнеше рет әрекеттенді, бірақ соңғысы оны қайтара беріп, жақсарамын деп уәде берді.
Прокурордың сөзінше, 2023 жылғы қазанда Бишімбаев Нүкенованы тағы да ұрып-соққан, соның салдарынан оның субдуральды гематомасы пайда болды. Әйел қайтыс болған кезде бұл гематоманың «созылмалы ауру» кезеңіне өтіп кеткені де белгілі болды.
2022 жылғы 17 қазанда Астанадағы Республикалық бас мешітте куәгерлердің қатысуымен Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесі қиылды. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл некенің ресми тіркеусіз қиылғанын заңсыз санайтынын айтты.
## Өлтіру
Прокурордың сөзінше, 2023 жылғы 8 қарашаның кешінде ерлі-зайыптылар Астанаға ресейлік әнші Дима Биланның концертіне келген, бірақ іс-шара барысында олардың арасында тағы бір жанжал орын алды. Айыптау қорытындысында концерттің аяқталуын күтпестен олар ғимараттан шыққаны, ұрысын жалғастыра беріп, BAU мейрамханасына жаяу барғаны, мейрамханаға келген соң Бишімбаев пен Нүкенова №5 VIP бөлмеге барып, алкогольдік сусындарға, атап айтқанда, газдалған шарапқа тапсырыс бергені жазылған.
Ұрыс кезінде, 9 қарашаға қараған түні, Нүкенова Бишімбаевтан кететінін айтты да, ағасы Айтбек Амангелдіге хабарласып, үйіне қонуға баратынын ескертті.
9 қараша болғанда, сағат 0:30-ға қарай жұп ғимараттан шықты, Бишімбаев Нүкеноваға ағасына баруға тыйым салды. Прокурор сөзінше, сағат 02:00-ге қарай олар ғимаратқа қайта оралды. Бишімбаев Нүкенованың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, Нүкенованың өзіне тәуелді екенін көрсету үшін сатып алған заттары мен әшекейлерімен сөгуге кіріскен, ұрыс қайта басталды да, бұған ашуланған Нүкенова іш киімдері мен зергерлік бұйымдардан басқа барлық киімдерін шешіп алған да, олар тұрған залда лақтырды. Бишімбаев бұл әрекеттеріне ашуланып, балағат сөздер айтып, түйілген жұдырықпен Нүкенованың денесі мен басына дене жарақатын сала бастаған.
Прокурор сөзінше, таңғы сағат жеті шамасында мас болған Бишімбаев Нүкенованы VIP бөлмеден алып шыққан. Ерлі-зайыптылар Бишімбаевтың көлігі тұрған тұраққа түсті, көлік ішіне мінді, бірақ гастро-орталық ғимаратының аумағынан шыға алмай қалып, тротуар үстіне шықты. Сол кезде оны автотұрақ күзетшісі көріп, көлікті тоқтатқан. Осыдан кейін «әбден ашуланған» Бишімбаев мейрамхананың фойесінде болған кезде әйелдің өмір үшін маңызды мүшелеріне және Нүкенованың басына бірнеше соққы берді де, аяғына күзгі аяқ киім киіп, Нүкенованың қорғансыз денесін қасақана тебе бастады. Нүкенованы басынан тағы бір ұрып, шашынан ұстап, №1 VIP бөлмесіне аяусыз сүйреп апарды. Видеокамерадан алынған бейнеден Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққаны, шашынан тартып жүргені көрінді.
Әйелінің бетінде болған жарақаттарын Бишімбаев оның дәретханаға «өте қатты» бетпен құлағанынан шыққан деп түсіндірді. Айыпкер әйелін төрт-бес рет тепкенін оның есін жиғызу үшін жасадым деп түсіндірді. Дегенмен, ол «өмір үшін маңызды орган зақымдалмағанын» айтты. Нүкенованың есін жимай алмағанын көргенде, жедел жәрдемді шақырмай қойған Бишімбаев балгерге хабарласты.
Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановқа бейнебақылау камерасындағы кейбір жазбаларды жойғанын бұйырғаны белгілі.
Сағат 19:54-те жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен және жедел жәрдем бригадасы жеткенде Нүкенованың қаза болғаны расталды.
## Қамау
Қуандық Бишімбаев 11 қарашада Астана сотының шешімімен "Адам өлтіру" бабымен екі айға қамалды.
13 қарашада Полиция өлім орын алған "Гастро-орталықтың" директоры және Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановқа қарсы "Қылмысты хабарламау" және "Қауіпті жағдайда қалдыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады да, ол 14 қарашада екі айға қамалды. 30 қарашада оның «жасырғаны және қылмыс туралы полиция органдарына жеткізбегені үшін» уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны хабарланды.
## Сот ісі
26 ақпанда Бишімбаев ісінің сотқа түскені және оның "Қинау" және "асқан қатыгездікпен кісі өлтіру" баптары бойынша қозғалғаны белгілі болды.
### Сот тергеуі
3–4 сәуірде сот отырысында Бишімбаевтан жауап алынды. Айыпкердің сөзінше, сол күні кешке әйелі онымен бірге үш бөтелке шарап ішіп, екеуінің қарым-қатынасы жайлы сөйлеп кетті. Айыпталушы Нүкенова жанжал кезінде оны «әдепсіз сөзбен балағаттап», әжетханаға берген «қымбат» керек-жарақтарын ағызып, арандатқан.
Бишімбаевтың «Нүкенова құлап, дәретханаға өзі басын соғып алды» деген сөзін сараптама жоққа шығарды; Нүкенова жарақатының құлау салдарынан алуы мүмкін емес деген қорытынды шықты.
Сот отырысында Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановтан бейнекамералардағы жазбаларды өшіруді сұрағаны белгілі болды. Экс-министр Нүкенованың телефон нөмірін туысына беріп, оның геолокациясын отбасынан жасыру үшін оны үйіне апаруды бұйырған.
15 сәуірде сот отырысы кезінде Бақытжан Байжанов Бишімбаевты «өлтіруші» деп атады да, «шындық үшін қамалуға» дайын болғанын айтты.
19 сәуірде белгісіз біреулер сот төрайымы Айжан Көлбаеваға қарсы қоқан-лоққы жасады. Астана полициясы судьяны жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етті де, оқиғаға қатысты «Сот төрелiгiн іске асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу» бойынша іс жүргізілгенін хабарлады.
22 сәуірде сот ісін бақылау мақсатымен ресейлік журналист Ксения Собчактың келгені белгілі болды. Сол күні Бишімбаевтың телефонынан табылған және Нүкенова қайтыс болған күні түсірілген 12 видеода Бишімбаевтың оған тіл тигізіп жатқаны көрсетілген. Бейнежазбаларда ол одан қазақстандық кәсіпкер Райымбек Баталовпен қарым-қатынасы бар-жоғын сұрап тұрған. Жазбаларда оның Нүкенованы ұрып-соққаны да естілді. Бишімбаев бастапқыда видеолардың жалған екенін айтса, кейін оларды өзі түсіргенін мойындады, ісін «намысына тигені үшін кек алғым келді» деп түсіндірді. Бейнежазбаны көрген Айтбек Амангелдінің көзінен жас шыққан болса, Нүкенова туыстарының бірі үшін жедел жәрдем шақыру керек болды. Баталов Нүкеновамен қарым-қатынас орын алғанын жоққа шығарды.
24 сәуірде Бишімбаевтың телефон соққан балгері Гүлнар Ережепова сот алқабилеріне оқиғаның мазмұндамасын берді. Ережепова Бишімбаевты «адам төзгісіз» деп атады да, оны 1.5–2 жылдай уақыт бойы білетінін, оқиға күні Бишімбаевтың өте мас болғанынан бастапқыда сөзіне аса көп мән бермегенін айтты. Ережепова сөзінше, ол Бишімбаевтың жедел жәрдемді шақырғанын бірнеше рет сұрады. Бақытжан Байжанов балгердің жедел жәрдем шақырсын деген өтініш айтқанын жоққа шығарды.
24 сәуір күні сот тергеуінің аяқталуы және жарыссөздің 29 сәуірде болатыны жарияланды.
### Үкімі
13 мамырда Жоғарғы Сот арнасында жүрген тікелей эфир арқылы, сағат 17:00-де Бишімбаев пен Байжановтың үкімі айтылды. Сот ісінің нәтижесінде Бишімбаев «аса қатыгездікпен қасақана өлтіргені» үшін 24 жылға және Байжанов «аса ауыр қылмысты жасырғаны» үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Тараптар үкіммен келіспей жатса, олар 14 күн ішінде аппеляциялық шағым жасауға құқылы.
## Салдары
Астана Республикалық мешітінде қиылған, Асхат Аймағамбетов заңсыз көрген Нүкенова мен Бишімбаевтың некесін имам Қанат Қыдырмин жасаған еді. 2024 жылғы 18 сәуірде Қыдырминге қатысты тәртіптік шара қолданылды да, оған ескерту жасалды.
## Реакция
Салтанат Нүкенованың ағасы және Павлодар қаласының бұрынғы әкімі (2019–2020) Қайрат Нүкенов Бишімбаевты «құбыжық» және «қанішер» деді де, оны «өмір бойы кешірмейтінін» айтты.
Бишімбаевтың екінші әйелі Назым Қаһарманова орын алған оқиға жайлы білгенде «таң қалдым» деді, оны «қайғылы жағдай» деп атады да, Салтанаттың отбасына көңіл айтты.
Сот процесін Мәдениет және ақпарат министрі және президент жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жайлы ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева да бақылауда. Балаева әлеуметтік желілерде пайда болған сот әділетсіз шешім шығарады деген пікірге қарсы шықты да, «Қазақстан тұрғындары үшін Салтанат Нүкенова барлық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының символына айналды» деді.
Бишімбаев ісі — сарапшы, журналист, заңгер ғана емес, қарапайым халықтың да назарына түскен істердің бірі. Адвокат Жохар Өтебековтің сөзінше іс Бишімбаевтың танымалдығынан, процестің тікелей эфир арқылы көрсетілуінен және істің елде өзекті гендераралық теңдікке деген қатысынан резонансқа ие болды.
Азаттық радиосы мәліметінше, қоғамның көпшілігі Нүкенованы және оның отбасын қолдады да, Интернетте #салтанатүшін, #saltanat сияқты хэштегтер флэшмобы да орын алды. Нүкеноваға өлең, музыка арнап, суреттер салып, жариялап жатқандардың да бар екені белгілі. Америка Құрама Штаттары және Еуропада тұратын қазақстандықтар Бишімбаевтың қамалуын қолдаған ондаған митинг жүргізді; мысалы, 13 сәуірде Римде Нүкенованы қолдау акциясының орын алғаны белгілі.
Нүкенова өлімі жайлы жаңалық жарияланған салысымен Интернетте "Заңды өзгерт, жазаны қатаңдат" деген ұранмен флэшмоб басталды. 11 сәуірде, Бишімбаевқа қарсы сот ісінің барысында, Қазақстан Парламентінің Сенаты тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заң жобасын мақұлдады.
Сот ісінің тікелей эфирін көрермендер Қазақстаннан басқа шетелде де, соның ішінде Түрікменстанда қарап жатыр.
## Дереккөздер |
Жалаңтөс батыр зираты (2022 жылға дейін Соқыр зираты) — Қарағанды қаласындағы ең үлкен мұсылман зираты.
## Территория
Қазыбек би ауданы Соқыр өзенінің оң жағасында аэропортқа барар жолда орналасқан.
## Тарихы
Зират Жалаңтөс батыр Құлықұлы атымен аталады.
## Дереккөздер |
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 865 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
## Медаль туралы ереже
Мерейтойлық медалмен 2002 жылғы 7 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарында әскери қызметте болған, қызметінде оң сипатталған және әскери борышын үлгілі орындаған әскери қызметшілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылысына елеулі үлес қосқан басқа да тұлғалар марапатталды.
## Сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі жезден жасалған және диаметрі 34 мм дөңгелек пішінді.
Медальдың бет жағында тегіс екі қырлы сәулелері бар бес бұрышты дөңес лағыл түсті жұлдыз, күн мен қалықтаған қыран бейнеленген. Жұлдыз доғал бұрыштарынан шығатын бес сәуле шоғырының аясында орналасқан. Жұлдыздың айналасында лавр бұтақтарының гүлшоғы бейнеленген. Медальдың төменгі жағында «1992» және «2002» сандары бірінен соң бірі орналасқан.
Медалдің арт жағында ортасында «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 10 жыл» деген жазу бар.
Медалдағы жазудың барлық кескіндері дөңес. Медалдың шеттері жиекпен көмкерілген.
Медаль ені 34 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты қалыппен ілмек және сақина арқылы жалғанып, жібек муар таспасымен қапталған. Таспаның ортасында ені 3 мм екі алтын жолақ, олардың арасында ені 2 мм қызыл жолақ орналасқан, ал алтын жолақтардың жиектерінде ені 9 мм көк жолақтар бар. Таспаның шетінде ені 2 мм жасыл жолақтар бар. Таспаның ені — 30 мм.
Медаль киімге түйреуіш арқылы ілінеді.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
## Тағы қараңыз
* «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі
## Сыртқы сілтемелер
* Әлем марапаттары |
Нұргүл Қадырахметқызы Қасенова (23 наурыз 1975 жыл, Дегерес, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — ғылым магистрі, педагог, Ел жанашыры.
## Өмірбаяны
1982-1992 ж.ж. Күрті ауданы Ұзынағаш орта мектебін аяқтады.
1992-1994 ж.ж. Есік қаласының Педагогикалық колледжі “ Мектепке дейінгі маманы “
2002-2005 ж.ж. Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті (бакалавр) “Орыс тілі және әдебиет мамандығы “
2018-2020 ж.ж. Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті (магистратура ) “ Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі ” мамандығы
Білімі : Жоғары
## Марапаттары
* "Жыл үздігі" байқауында Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иесі, 2020 ж
* «Қазақстанның үздік ұстазы» орденімен марапатталған 2020 ж
* 2020 ж « Абай-175 жыл» төсбелгісімен марапатталған 2020 ж
* «Лучший педагог сферы образования» 1 дәрежелі дипломмен марапатталған
* «Үздік авторлық бағдарлама» 2020 ж
* Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам“ атты «Қазақстанның жыл мұғалімі», «MEDIA BILIM» республикалық журналы басылымының иегері. Халықаралық “ XVlll Global Teaching Dubai“ бағдарламасы аясында БАӘ, Дубай қаласында 72-сағаттық семинарына белсенді қатысып, жоғары натиже көрсеткені үшін орденмен марапатталған.
* "Ел жанашыры" Алғыс хатымен марапатталған 13.09.2023 ж
* "Алтын Адам" марапатының иегері 23.12.2023 ж
## Шығармашылығы
* “Методическое пособие по русскому языку и культуре речи” ;
* “Использование дидактических материалов на уроке русского языка в рамках обновлённой программы образования“ соавторы. 2022ж 2022ж
* «Үздік авторлық бағдарлама» 2020 ж
## Жеке өмірі
* Тұрмыста |
«Жоғалған Қыз» (ағылш. Gone Girl) — Джиллиан Флинннің аттас романы негізінде түсірілген режиссер Дэвид Финчердің 2014 жылғы америкалық детективтік триллері. Басты рөлдерді Бен Аффлек пен Розамунд Пайк сомдады. Фильм 2014 жылдың 3 қазанында кең америкалық прокатта шықты.
## Рөлдерде
## Дереккөздер |
Әкім әйел — Ауыл басшысы лауазымына сайлау кезінде басқа кандидаттар қалмаған кезде әкім сайлауға қатысу үшін тазалықшы әйелді тіркеу туралы шешім қабылдайды. Ескі әкім мен оның әкімшілігінің әрекетін құптамаған жергілікті тұрғындар наразылық және қазіргі жағдайға наразылық білдіру ретінде жаңа кандидатураны қолдауға шешім қабылдады. Осылайша нағыз қызық пайда болады: тазалықшы әйел сайлауда жеңіске жетіп, аудандағы саяси көріністі түбегейлі өзгертіп, ауыл басшысы болады.
## Түсірілім
Комедияның түсірілімі 2022 жылдың қыркүйек айында Алматы облысында басталып, одан кейін Жетісуда Қоңырөлең ауылында жалғасты. Екінші орында жұмыс он алты күнде аяқталды. Басты рөлді Нұргүл Мыңғатова сомдады. Оған сюжет өте ұнады, сондықтан келісу туралы көп ойланудың қажеті жоқ. Актриса кейіпкердің бірден назар аударғанын айтты, өйткені әйел әкімдерге күмәнмен қарайды.
Сценарий жазу екі айға созылды. Режиссер Ернат Байұзақ фильмнің феминистік сипатқа ие болып шыққанын мойындайды, өйткені оның күйеуі балаларымен тастап кеткен жаңадан тағайындалған ауыл басшысы назар аударған.
Бір эпизодты түсіру кезінде Мыңғатованың басына дүкен тақтайшасы түсіп кеткен, себебі ол нашар қорғалған. Ешқандай жарақаттар болған жоқ, содан кейін төмпешік іргетаспен жабылған. Облыста әйел әкім Қазақстанда сирек кездеседі. Ерекшеліктер қатарына Шебір ауылын (Маңғыстау облысы) басқаратын Рыспаева кіреді. Фильмде сайлау тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы көрсетіледі. 2020 жылғы реформалар мен саяси жаңғыру бағытына дейін тоқсан пайыздан астам әкімдерді арнайы органдар немесе шектеулі тұлғалар тобы бекітті.
## Дереккөздер |
Халел Мұхамеджанұлы Әділгереев 1904 жылы 28 сәуірде қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Қырыққұдық ауылында дүниеге келген. 1974 жылы қазан айының 17 күні Алматы қаласында дүние салады. Көрнекті тарихшы. 1932 жылы Қазан шығыс педогокикалық институтын бітірген. 1939 жылдың қазанның 29 жүлдызында “ХVҚҚҚ-ХҚХ ғасырларда қазақтарда төлеңгіттер әлеуметтік тобының пайда болуы, рөлі және эволюциясы” деген тақырыпта диссертация қорғап, қазақтар арасында тұңғыш тарих ғылымының кандидаты атағын алды. 1934 - 1942 жылдар, 1946 — 1951 жылдар және 1954 — 1974 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының деканы, директоры, кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарды. 1942 — 1946 жылдары арасында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 — 1954 жылдары Шымкент мұғалімдер институтында қызмет еттеді. Әділгереев қазақ әдебиеттанушылары мен тарихшыларының тұрпайы социологиялық әдістемелеріне қарсы шығып, шоқантануды бастаушылардың, Асфендияров Санжар Жафарұлы туралы алғаш қалам тартқандардың бірі болды. 1837 — 1947 жылдары Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тұжырымдамасын қолдағаны үшін саяси қуғынға ұшырады.
## Шығармалары
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарастары, “Әдебиет және искусство”, 1941 жылы, 1-саны; К истории образования казахского народа, Вестник АН КазССР, 1951 жылы, 1-саны; Абай Кунанбаев — как демократический мыслитель, Ученые записки КазПИ им. Абая, 1955 т.б. |
"Інжу сырғалы қыз" (нидер. Het meisje met de parel) — голланд суретшісі Ян Вермеердің ең танымал картиналарының бірі. Оны көбінесе солтүстік немесе голландтық Мона Лиза деп атайды.
Картинаға "IVMeer" қол қойылған, бірақ салынған күні жазылмаған. Қазіргі таңда бұл сурет сақталған Маурицхейс мұражайының мәлімдемесі бойынша, сурет шамамен 1665 жылы салынған. Ол туралы өте аз мәлімет бар. Вермеер оны тапсырыс бойынша жазған ба, әлде өзі салған ба – белгісіз. Егер тапсырыс берілсе, тапсырыс беруші кім болғаны және бейнеленген қыздың есімі белгісіз. Бір нұсқа бойынша суретші өзінің қызы Марияны бейнелеген. Не болса да, бұл ерекше портрет екені анық. Суретші қыздың басын көрерменге қарай жаңа ғана байқаған адамға бұрған сияқты тұрған сәтін түсіруге тырысты. Атауына сәйкес көрерменнің назары қыздың құлағындағы інжу сырғаларына аударылған. Қазіргі уақытта бірқатар зерттеушілер суретте інжу сырға бейнеленгеніне күмән келтіруде. Табиғи інжу-маржандар үшін өлшемі тым үлкен, ол жалған Венециандық шыны немесе інжу-маржан болуы мүмкін.
Қазіргі Вермеер сипаттамаларында сурет XVII ғасырдағы Голландияда "трон" деп аталатын жанрға жатады, ол толыққанды портреттер емес, адамның басының суреттерімен көрсетілген. 1994 жылы картинаны қалпына келтіру барысында түс схемасының әсемдігі мен көрерменге бағытталған қыздың көзқарасының тартымдылығын атап өтуге болады. Көптеген жылдар бойы суретшінің отанында сирек кездесетін картиналарын сақтау үшін табандылықпен күрескен Виктор де Стюрдің кеңесі бойынша А.А. дес Томбе картинаны 1881 жылы Гаагадағы аукционда тек екі гильден мен отыз центке сатып алды. Сурет қатты бұзылғаны және реставрацияны талап еткені белгілі. Дес Томбенің мұрагерлері болмағандықтан 1902 жылы Маурицхейс мұражайына бірнеше басқа картиналармен бірге "Інжу Сырғалы қызды" сыйға тартты.
1937 жылы Вермеердің суретіне өте ұқсас картина жарыққа шықты. Оны коллекционер Эндрю в. Меллон Вашингтондағы Ұлттық өнер галереясына тапсырды. Қазір ол ХХ ғасырдың басында Хан Ван Мегереннің досы, көшірмеші Тео Ван Вайнгарден жазған Вермеердің жалған суреті болып саналады.
## Поп мәдениетте
2022 жылдың 27 қазанында Just Stop Oil қозғалысының екі белсендісі картинаны наразылық акцияның объектісі ретінде таңдады: бір адам картинаға маңдайын жабыстыруға тырысты, ал екінші сыбайласы өзіне қызыл сұйықтықты төгіп, аудиторияға “Аса көрнеті туынды көз алдыларыңда құрдымға кеткенін көрген қалай екен?” деген сұрақ қойды. Болған оқиғаның куәгерлері белсенділерге кедергі келтірді. Сурет Лондондағы, Дрездендегі және Потсдамдағы бұрынғы осындай жағдайлар болғандықтан қойылған кенеп вандалға қарсы әйнекпен жабылғандықтан зардап шеккен жоқ.
2003 жылы Трейси Шевальердің аттас романы негізінде "Інжу сырғалы Қыз" көркем фильмі түсірілді, онда Вермеердің өмірбаяны мен отбасылық өмірі контекстінде кенептің жасалу тарихы гипотетикалық түрде қалпына келтірілді.
2007 жылы "Сыныптастар" (Сент-Триниан) фильмінде мектеп оқушылары Лондон ұлттық галереясынан "Інжу сырғалы қыз" картинасын ұрлап кетеді.
2013 жылы LEGO компаниясы 60008 "мұражайды тонау" жиынтығында кескіндеме LEGO стилінде бейнеленген.
2014 жылы ағылшын аноним суретшісі Бэнкси Бристоль ғимараттарының бірінің қабырғасында граффити стиліндегі картинаның пародиясын жасады. Інжу сырғаның орнына оятқыш дабыл суреттелді. Графитти бейнеленген ғимарат қабырғасының фотосуреті суретшінің веб-сайтында "дабыл жарғақ пирсингі бар қыз" деген атпен жарияланған.
Сурет Эдуард Веркиннің аттас әңгімесінде бар (2021 жылы шыққан).
## Дереккөздер |
Ескендір кебаб (түр. İskender kebap) — Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса аймағының ең танымал тағамдарының бірі, кебаб түрі. Ол XIX ғасырдың аяғында Бурсада өмір сүрген өнертапқыш Ескендір Эфендидің құрметіне аталды. Тағамның тарихы 1867 жылы жергілікті базарда басталады.
Тағам — пита нанының үстіне майдалап туралған грильде қуырылған қой етінен жасалған, үстіне ащы қызанақ тұздығы, тұндырылған қаймақ майы және йогурт қосылған дөнер-кебаб. Ескендір кәуаптың еті басқа дөнерлердің етінен ерекшеленеді: ол Улудаг тауының етегінен тимьян жеген қойлардан алынады. Ескендір кәуап етінің майлылығы аз. Пісіру рецепті АҚШ патенттік кеңсесінде патенттелген. «Кебапчы Искендер» — әлі күнге дейін Бурсада мейрамхана жұмыс істейтін Ескендірұлы отбасының сауда белгісі. Бұл тағам Түркияның көптеген мейрамханаларында, көбінесе «Искендер кебап», «Бурса кебабы» немесе кейде «Улудаг кебабы» деген атаумен бар.
## Дереккөздер |
Павел Архипович Загребельный (укр. Павло Архипович Загребельний; 25 тамыз 1924 жыл, Солошино, Полтава губерниясы – 3 ақпан 2009 жыл, Киев) — украиналық жазушы. Т.Г.Шевченко атындағы Украина КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980), Украина батыры (2004).
## Отбасы
* әкесі — Архип Панасович (1894–1974).
* анасы — Варвара Кирилловна (1895–1930).
* әйелі — Щербан Элла Михайловна (1929 жылы туған).
* балалары — қызы Марина (1952 жылы туған), ұлы Михаил (1957 жылы туған).
## Өмірбаяны
Павел Архипович Загребельный 1924 жылғы 25 тамызда Полтава маңында Солошино ауылында дүниеге келген.
1941 жылы онжылдық мектепті бітіріп, жасы он жетіге толар толмастан өз еркімен әскерге аттанды. 2-Киев артиллериялық училищесінің курсанты болып, 1941 жылғы тамызда Киевті қорғауға қатысып жарақат алды.
Госпитальдан кейін қайтадан әскери училищеге барып, қайтадан майданға аттанып, 1942 жылғы тамызда ауыр жараланып, содан кейін тұтқынға түседі, ал 1945 жылғы ақпанға дейін — фашистік өлім лагерінде болды. Онда ол барлық тістерінен айырылып, қашып бара жатқанда оң көзін ойып алды.1945 жылы американдықтар босатқан, Батыс Германиядағы кеңестік әскери миссияда қызмет етті.
1946 жылдан Днепропетровск университетінің филология факультетінде оқиды. Оның аяғында (1951) он жарым жылға жуық Днепропетровскідегі облыстық газетте, Киевтегі «Вічизна» журналында журналистік жұмыс жасады.
1974 жылы «Бірінші көпір» және «Киевтегі өлім» романдары үшін Загребельный Т.Шевченко атындағы Мемлекеттік сыйлықты алды. 1980 жылы «Тарату» (Разгон) шығармасымен КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Өмірінің соңғы жылдары Павел Загребельный Киев маңында өмір сүрді. Ол туберкулезбен ауырды, сондықтан ол әрең тұрып, әрең сөйледі. 2009 жылғы 3 ақпанда 84 жасында ұзаққа созылған ауруынан қайтыс болды.
## Шығармашылық мансабы
Павел Загребельный — прозаик. Оның 1950 жылдардың екінші жартысында шығарған «Мұғалім» (1957) және «Теңіз жағасындағы әңгімелер» (1958) жинақтары романдық бағытта ерекше көзге түсті.
1959 жылы жазушы «Еуропа 45» атты алғашқы романын басып шығара отырып, шытырман оқиғалы-саяси диологияны бастады.
1960–1980 жылдары жазушы дүниежүзіне танылған романдарының негізгі бөлігін құрды: «Болашаққа арналған күн» (1963), «Ғажайып» (1968), «Мәңгілік көзқараспен» (1970), «Махаббатқа көшу» (1971), «Первомост» (1972), «Киевтегі өлім» (1973), «Евпраксия» (1975), «Тарату» (1976), «Роксолана» (1980), «Мен, Богдан» (1983) және т.б.
1980–1990 жылдары жазушының келесі шығармалары жарық көрді: «Оңтүстік жайлылық» (1984), «Таңғажайып әңгімелер» жинағы (1987), «В-ван» (1988), «Өлмейтін Лукас» ғылыми-фантастикалық романы (1989), «Жалаңаш жан» (1992), шытырман оқиғалы «Періште еті» (1993), «Мың жылдық Миколай» (1994), «Джулия» (1997) және т.б.
Загребельный прозалық шығармаларын пьесаға айналдырды: «Болашақтың күні» «Кім үшін? Кім қарсы?» және «Мәңгілік тұрғысынан» – «Жер маған қарай жүгірді» және оларды украин театрлары қойды. Оның сценарийлері бойынша А.Довженко атындағы Киев киностудиясында «Зымыран ұшып кетпеуі керек» (1965), «Тексерілді - мина жоқ» (1966), «Лавра» (1974), «Ярослав Дана» (1982) көркем фильмдері түсірілді.Загребельный – «Шын ауызбен» (1981) мақалалар мен очерктер жинағының авторы.
Павел Загребельныйдың негізгі жанры — роман болғанымен ол повесть, новелла, әңгімелелерді де қамтиды. Дегенмен, жазушы романдарының жанрлық және стильдік алуан түрлілігінің ішінде тарихи фантастика да ерекше орын алады.
«Диво» романы Павел Загребельныйдың алғашқы тарихи шығармасы болды. Шығарманың өзіндік композициясы бар: ол бір оқиғада алыс өткен мен бүгінді біріктіріп, мыңжылдықтарға жуық уақыт бөліп тұрған нәрсені салыстырады.1980 жылдардың аяғынан 1990 жылдардың басына дейін «Таңғажайып әңгімелер» (1987), «Лукас ізі» (1989), «Жалаңаш жан» (1992) романдарын жазды.
Павел Загребельныйдіың ең танымал туындысы — "Роксолана" романы, онда жазушы нақты тарихи оқиғаларды көркемдік тұрғыдан түсінуге жүгінеді және татарлар тұтқынға алған Рогатиндік діни қызметкердің он бес жасар қызы Анастасия Лисовская туралы әңгімелейді.
Қыз құлдыққа сатылды және ол түрік сұлтаны Сүлейменнің гареміне кірді, онда ол бір жыл ішінде қарапайым құлдан сұлтанның әйеліне айналды, оның сүйікті әйелі болды, ал сұлтан қайтыс болғаннан кейін бірнеше онжылдықтар бойы ұзақ Осман империясын басқарды және бүкіл Еуропаның өміріне әсер етті.
## Марапаттары мен еңбегі
* Украина батыры (Держава орденімен, 25 тамыз 2004 — Украинаға жанқиярлықпен қызмет еткені, әдебиет саласындағы көпжылдық жемісті қызметі, ұлттық рухани қазынаны байытуға, гуманистік мұраттарды бекітуге қосқан ерекше үлесі үшін).
* Кеңестік Октябрь революциясы, II дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту (екі рет), Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» (екі рет) ордендерімен, сондай-ақ III дәрежелі Богдан Хмельницкий, V дәрежелі Кінәз Дана Ярослав ордені ордендерімен марапатталған.
* Т.Шевченко атындағы Украина Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).
* КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980).
* Украина Министрлер Кабинетінің Құрмет грамотасы (08.2004).
## Дереккөздер |
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары — Қазақстан үкіметі мүшелерінің бірі. Лауазымды әдетте Қазақстан премьер-министрі белгілеген саясатқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын және Парламент бекітетін, Қазақстан президенті тағайындайтын бірнеше адам басқарады.
## Премьер-министр орынбасарларының тізімі
## Премьер-министрдің бірінші орынбасарларының тізімі
## Дереккөздер |
Қазақстан орыстарының 2021 жылғы Халық санағы бойынша ең көп кездесетін 253 ер және 368 әйел есімдерінің тізімі. Есімдер құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Тізім Қазақстандағы 99% орыстардың есімдерін қамтиды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша.
## Тізім
## Тағы қараңыз
* Қазақ есімдері
## Дереккөздер |
Қазақстан өзбектерінің 2021 жылғы Халық санағы бойынша ең көп кездесетін 3032 ер есімдерінің тізімі. Есімдер құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша.
## Тізім
## Тағы қараңыз
* Қазақ есімдері
## Дереккөздер |
Қазақстан өзбектерінің 2021 жылғы Халық санағы бойынша ең көп кездесетін 2043 әйел есімдерінің тізімі. Есімдер құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша.
## Тізім
## Тағы қараңыз
* Қазақ есімдері
## Дереккөздер |
Қазақстан өзбектерінің 2021 жылғы Халық санағы бойынша ең көп кездесетін жалпы 3814 фамилияларының тізімі. Фамилиялар құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша.
## Ер және әйел тектерінің қосынды тізімі
Фамилиялар ер текпен берілген.
## Тағы қараңыз
* Қазақ есімдері
## Дереккөздер |
Алматы қаласы мәслихаты — Қазақстандағы Алматы қаласының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, мәслихат. 1993 жылы құрылған бұл мәслихаттың 2023 жылдан бері 42 депутатының жартысы партиялық тізім бойынша сайланса, қалғаны партиясынан тәуелсіз, бірмандатты округ бойынша сайланады.
Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздан бергі қызметтегі төрағасы — Аманат мүшесі Мейіржан Отыншиев.
## Тарихы
1993 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңы қабылданды. 1994 жылғы 10 наурызда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бүкілхалықтық сайлау өтіп, Мәслихат деп аталатын бірінші шақырылған өкілді органдар сайланды. Мәслихаттың 5 жыл сайын жасырын дауыс беру арқылы сайланған 37 депутаты болған. 2018 жылғы 23 мамырда ендігі мәслихаттардың пропорциялық сайлау жүйесі арқылы сайланатыны жарияланды. Заң 2018 жылғы маусымда күшке енді.
2021 жылғы 10 қаңтардағы жергілікті сайлау барысында қалалық мәслихаттың 39 депутаты тұңғыш рет партиялық тізім бойынша сайланды. Нұр Отан партиясы 29 депутаттық мандаттың басым көпшілігіне ие болды, одан кейін 3 шағын партия болды. 15 қаңтарда Алматы қалалық мәслихатының 7-шақырылымы өтіп, оның төрағасы болып Станислав Канкуров сайланды.
2023 жылғы жергілікті сайлаулар басталмай жатқанда барлық мәслихаттардың сайлау жүйесі тағы бір өзгертілді, енді депутаттардың жартысы партиялық тізім бойынша пропорционалды сайланса, қалғандары бірмандатты округтерден сайланатын болды. Наурыз айында өткен алматылық сайлау нәтижесінде мәслихаттың қазіргі, 8-шақырылымы сайланды да, төрағасы Мейіржан Отыншиев болды.
## Құрылымы
Қалалық мәслихат құрамында 6 тұрақты комиссия бар. Олар:
* Экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту, қоғамдық және сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі комиссия;
* Құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі комиссия;
* Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі комиссия;
* Кәсіпкерлік, инсвестициялар, туризм және экология жөніндегі комиссия;
* Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі комиссия;
* Денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту жөніндегі комиссия.
## Соңғы сайлауы
## Дереккөздер |
Рудина Хайдари (алб. Rudina Hajdari) – албан саясаткері, бұрын Албания Республикасы Ассамблеясының мүшесі болған. Албанияда коммунизмнің күйреуіне әкелген 1990–1991 жылдардағы студенттік қозғалысты басқарған марқұм Азем Хайдаридің қызы Хайдари 2017 жылы 9 қыркүйекте елдің астанасы Тирананың ауданынан Албания ассамблеясына сайланды.
## Жастық шағы және мансапы
1998 жылы әкесі өлтірілгеннен кейін Хайдари оқуын жалғастыру үшін АҚШ-қа көшті. Ол Фордхэм университетінде оқып, 2009 жылы саясаттану бакалавры дәрежесін, одан кейін Лондон Корольдік колледжінде геосаясат, аумақ және қауіпсіздік магистрі дәрежесін бітірді. Содан кейін Хайдари Колумбия университетінде адам құқықтары бойынша екінші магистр дәрежесін алды. Сосын Хайдари Колумбия университетінің Гарриман атындағы Ресей, Еуразия және Шығыс Еуропаны зерттеу институтында Дональд Трамп пен Владимир Путиннің тиісті президенттіктері кезінде Батыс Балқан елдерінің алдында тұрған қиындықтар туралы сөз сөйледі. Хайдари сонымен қатар Newsweek журналы сияқты басылымдарда аймақтың қиындықтары туралы көптеген редакциялық мақалалар жариялады.
Хайдари Конгрессмен Элиот Л. Энгельдің қызметкері, Нью-Йорктің 16-шы округі бойынша АҚШ Өкілдер палатасының дәрежелі мүшесі, сонымен бірге Америка Құрама Штаттарының Өкілдер палатасының Сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
АҚШ Конгресіндегі қысқаша тәжірибесінен кейін ол әкесі бірге құрған партияны жандандыруға және оның бұрынғы даңқын қалпына келтіруге көмектесу үшін Албанияға оралуды шешті.
## Саяси мансапы
2017 жылдың маусымында Тирандағы Демократиялық партияның жетекшісі Башамен бірге парламенттік сайлауға түсетіні белгілі болды. Кандидаттардың тізімінде сенімді позицияда бола отырып, парламентке демократтар әкелген көрнекті жаңа тұлғалардың бірі ретінде қарастырылды.
Қыркүйекте Сыртқы саясат және Еуропалық интеграция комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Ұзақ жыл шетелде тұрып, депутаттық қызметі кезінде көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің көпшілігінде қиындықтарға тап болды.
2018 жылдың желтоқсанында Албаниядағы жалпыұлттық студенттер наразылықтарынан кейін студенттің жағдайын шешу үшін Парламентке бойкот жариялау туралы партиялық шешімін бұзып, студенттерді қолдайтынын мәлімдеп, мандатынан шығып, наразылық шерулеріне қосылуға дайын екенін мәлімдеді. Қоғамдық мәлімдемеде Албанияға жаңа қозғалыс қажет екенін және Демократиялық партиядан шығуды қарастыратынын мәлімдеді, өйткені оны енді адамдар құптамайды.
Демократиялық партияның бұрынғы жетекшісі Лулзим Башаның 2019 жылғы 18 ақпандағы мандатын өртеу және Парламенттегі Демократиялық партияның басшысы лауазымынан бас тарту туралы шешімінен кейін Хайдари 11 наурызда берген сұхбатында партияның парламентті жаппай тастап кету туралы шешіміне қатты қарсылық білдірді. «Америка дауысы» радиосы арқылы Хайдари партияның қалған 41 депутатының қызметінен бас тартқан кезде қосылмайтынын растады. Хайдари оның басты себебін Лулзим Башаның Албания астанасында басқарған күшейіп келе жатқан зорлық-зомбылық наразылықтары деп сипаттады, бұл наразылықтар Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могерини мен Еуроодақтың кеңею жөніндегі комиссары Йоханнес Ханнан да кеңінен халықаралық айыптауларға ие болды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Исабек-ишан – 19 ғасырдағы ислам дінінің қайраткері, «қожа» табынан, ишан.
1764 жылы дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Саид-қожа руынан шыққан. Ол өз тұқымын Аққу-ишанға қарай тартады. Сарыарқаға алғаш көшіп келген ата-бабалары 17 ғасырдың аяғында 20 жас шамасында Мұрат-ишан болды. Исабек-ишан Ақкөл-Жайылма, қазіргі Ақкөл деген жерде тұрған. 7 жасынан 19 жасына дейін медреседе оқыған. 14 жасында «Ишан» атағын алды. Кейін халық оны әулиелердің қатарына қосады – «әулие». Туған жерінде Қылдыкөл ауданында жерленген. 90-жылдардың аяғында. ХХ ғасырда Исабек-ишанның құрметіне Ақкөл ауылында оның атымен аталатын мешіт салынды.
## Сілтемелер
* Сара Аркадың киелі орны
* Екібастұздық балалар Исабек ишан кесенесін зиярат етті |
Екібастұз бөгені (Екібастұз су қоймасы) — Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімшілігінің аумағындағы су қоймасы. 1967 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың құрамында суды сақтау және Екібастұз қаласын сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған құрылыстар. Су бетінің ауданы 7,2 км², көлемі 17,25 млн м³, пайдалы көлемі 14,4 млн м³. Су қоймасының ұзындығы шамамен 6 км, ені — 2,3 км, орташа тереңдігі — 2,25 м, ең тереңдігі — 5,3 м суы тұщы, орташа кермек, аздап сілтілі, гидрокарбонатты-сульфатты класқа жатады. Ихтиофауна: көксерке, шортан, табан балық, алабұға, өзен алабұғасы. Су тазарту қондырғылары су қоймасының оңтүстік жағалауында орналасқан.
Жыл бойы су қоймасындағы судың көлемі шамамен 16 млн м³-ден 19 млн м³-ге дейін ауытқиды. Су тасқыны кезеңінде су қоймасына құятын өзендердің жалпы ағыны 4,19 млн м³. Су сульфаттар класына, магний тобына жатады. 2022 жылғы зерттеуге сәйкес, макробентостың массасы 1,16 г/м² (олигитрофиялық резервуар) болды.
## Топографиялық карта
* M-43-IV карта парағы. Масштабы: 1 : 200 000. Берілген күнін/аймақтың жағдайын көрсетіңіз.
## Дереккөздер |
Сәкен Сайынұлы Исабеков (10 ақпан 1980 жыл, Мәскеу) — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығы, генерал-майор.
## Білімі
Д.А. Қонаев атындағы университеттің "юриспруденция" мамандығы бойынша түлегі.
## Еңбек жолы
2001 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Республикалық ұланының әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткерген. 2003 жыл мен 2021 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет өткерген.
2021 жылғы шілдеде Президент Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2022 жылғы 6 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығы лауазымына тағайындалды.
## Марапаттары және атақтары
ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" және І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медальдарымен марапатталған.
2022 жылы 6 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен оған Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнайы атағы берілді.
## Дереккөздер |
Берік Ноғайұлы Асылов (28 ақпан 1964 жыл, Жамбыл облысы) — Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.
## Білімі
С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы қызметінен бастаған.
1992-2001 жылдары - Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Бас прокуратура жанындағы аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, тергеуші, Алматы әуе-көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Мемлекеттік тергеу комитеті мен ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау және Президенттің күзет қызметіндегі жедел-іздестірудің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы болып жұмыс істеген.
2001-2006 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басшылық лауазымдарында - Шымкент қаласының прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2006-2008 жылдары - Батыс өңірлік көлік прокуроры.
2008-2010 жылдары – Ақтөбе облысының прокуроры.
2010-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2011-2017 жылдары - Алматы қаласының прокуроры.
2017-2019 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2019 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды.
## Марапаттары және атақтары
3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар (2011 жыл).
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2005), «Даңқ» орденінің толық кавалері (ІІ дәреже – 2011 ж., І дәреже – 2017 ж.). «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ТМД БПҮК 20 жыл», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
## Отбасылық жағдайы
Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.
## Дереккөздер |
Қазақстан орыстарының 2021 жылғы Халық санағы бойынша ең көп кездесетін 4235 фамилиялары тізімі. 100 ден көп кездесетін фамилиялар келтірілген. Фамилиялар құжаттағы жазылуы бойынша берілген. Тізім Қазақстандағы 69% орыстардың фамилияларын қамтиды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша.
## Тізім
## Тағы қараңыз
* Қазақ есімдері
## Дереккөздер |
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 159 Жарлығымен Қазақстан Республикасының қарулы күштері үшін тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
## Медал туралы ереже
* Мерейтойлық медалмен 2012 жылғы 7 мамырға қарай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери борышын үлгілі атқарған және қызметінде оң мінезделген әскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылысына елеулі үлес қосқан басқа да тұлғалар марапатталады.
* Мерейтойлық медалмен марапаттауға өтінімдерді беру және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
* Мерейтойлық медальді Қазақстан Республикасы Президентінің атынан: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар басшылары комитетінің төрағасы және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасарлары, Қорғаныс министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, бас басқармалардың басшылары, құрамалардың бас қолбасшылары, әскери бөлiмдерiнiң және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң өңiрлiк қолбасшылықтарының қолбасшылары, әскери бөлімдердің (мекемелердің) қолбасшылары (басшылары), әскери оқу орындарының және жергілікті әскери басқарма органдарының басшылары табыстайды.
* Медалмен бірге марапатталғанға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.
* Мерейтойлық медалді табыс ету салтанатты жағдайда өткізіліп, марапатталушыға жеке табысталады. Табыстаудың алдында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің марапаттау жайлы бұйрығы жарияланады.
* Мерейтойлық медал кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары болса, олардан кейін орналасады.
* Марапаттау тізіміне мерейтойлық медалді тапсыру туралы тиісті жазба енгізіледі.
* Табысталмаған медалдар мен оларға арналған куәліктер қайтару себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады.
* Орындалған марапаттауларды есепке алуды, сондай-ақ мерейтойлық медалдармен марапаттау барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадр жұмысы департаменті жүргізеді.
## Сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерейтойлық медалі жезден жасалған және диаметрі 34 мм дөңгелек пішінді.
Медалдың бет жағында екі қырлы тегіс сәулелері бар бес бұрышты дөңес қызыл жұлдыз, күн мен қалықтаған қыран бейнеленген. Жұлдыздың айналасында ұлттық ою-өрнек бейнеленген.
Медалдің арт жағында айналасын бойлай «Қазақстан Республикасының Қарулы Kүштepi 1992 - 2012» деген жылдарымен бірге, ортасында «20 жыл» деген жазу жазылған.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиекпен көмкерілген.
Медаль ені 34 мм және биіктігі 50 мм бесбұрышты қалыпқа құлақша мен сақина арқылы жалғанып, жібек муар таспасымен қапталған. Таспаның ортасында ені 2 мм үш алтын жолақ бар, олардың арасында ені 2 мм екі қызыл жолақ, ал алтын жолақтардың жиектерінде ені 9 мм көк жолақтар орналасқан. Таспаның шетінде ені 2 мм жасыл жолақтар бар. Таспаның ені — 32 мм.
Медал киімге түйреуішпен бекітіледі.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
## Тағы қараңыз
* «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі
## Сыртқы сілтемелер
* «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 159 Жарлығы. «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. |
Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмет әл-Бируни (араб.: أَبُو الرَّيْحَانِ مُحَمَّدٌ بْنُ أَحْمَدَ البِيرُونِيّ; 4 қазан 973 жыл, Қият – 9 желтоқсан 1050 жыл, Ғазни) — ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. Тәжірибелік жаратылыстану білімнің негізін қалаушылардың бірі, ғылым мен діннің шекарасын ажыратуды қарастырды.
Білім таратудың жақтаушысы, б. ғылым мен ағартушылық халықтарды дөрекіліктен, кедейліктен босатады деп ойлады. Ол оқыту мен тәрбие жұмысын ізгілік ойлау қасиеттерін қалыптастыру – бақытқа жету амалы деп санады. Ол нашар мінез-құлықты тәрбиелеу арқылы түзетуге болады деді. Араб тілдерінде жазылған көптеген табиғи-ғылыми шығармалардың авторы, (30 түрі сақталды).
Математика, астрономия, география және басқа ғылымдар негізінде жазылған «Жұлдыздар жайлы» кітабы (араб, парсы тілдерінде) бірнеше ғасырлар бойы медреседелерде оқу құралдары болып пайдаланылды. Оқыту тәжірибесіне математикалық және астрономиялық мәселелерді енгізді. Өз еңбектерімен қатар ол Птоломей, Эвклидтің кейбір шығармаларын санскритке аударды. Үндістанда Бируни («Үндістан» еңбегіндегі) педагогика тарихын (1020-ға жуық) оқытуға ынта білдіруде. Ай шарындағы бір таудың аты аль Бируни атымен аталғаны белгілі.
## Толығырақ
Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, картография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды.
Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.
Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған.
Әбу Райхан әл-Бируни түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Әбу Райхан әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі.
«Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған. Ол 1048/50 жылы желтоқсан айының он біріне қараған күні Ғазни қаласында қайтыс болған.
## Дереккөздер |
Руслан Акун (30 қараша 1984 жыл, Фрунзе) — қырғызстандық кинорежиссёр, сценарист, продюсер. «Сәлем, Нью-Йорк» (2013), «Бағу» (2014) және «Көкпар» (2018) сияқты шығармалары үшін белгілі.
## Өмірбаяны
Руслан Акун 1984 жылғы 30 қарашада, Фрунзе қаласында туған. Оның киноға деген қызығушылығы бала кезінен өсе бастады. Сегізінші сыныптан бастап ол сценарий жаза бастады және қағазға анимация салып жүрді.
2002 жылы Нарын қаласындағы Мәкен Сыдықов атындағы орта мектепті бітірген. Қырғыз мемлекеттік университетінің Исенәлі Арабаева экономика факультетіне оқуға түсті, бірақ екінші курста оқуын тоқтатты. Кейін Орталық Азиядағы Америка университетінің бұқаралық коммуникация факультетіне оқуға түсті.
2009 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кинематографияны дамыту Қоры ұйымдастырған кинематография курстарына қатысты. Сол жылы ол өзінің алғашқы деректі фильмдерін түсіре бастады.
2011 жылы Руслан «Бішкек, мен сені сүйемін» фильмінде ойнады.
2012 жылы ол АҚШ-та жаңа фильм түсіріп жатқанын хабарлады. Келесі 2013 жылдың басында «Сәлем, Нью-Йорк» романтикалық комедиясы шықты.
2014 жылы Оңтүстік Калифорния университетінің Кино мектебіне оқуға түсті. Осы жылдың соңында Руслан Акунның «Сүйіктімнің батыры» фильмі шықты.
2017 жылғы 9 ақпанда «Анамды іздеп» көркем фильмінің премьерасы өтті.
2018 жылы «Көкпар» фильмі түсірілді.
## Жеке өмірі
Руслан Акун Қаныкей Акуноваға үйленген, екі баласы бар.
## Фильмографиясы
## Дереккөздер |
Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали (19 тамыз 1979 жыл, Арқалық, Қостанай облысы) — Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
## Білімі
2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.
## Еңбек жолы
2001-2010 жылдары – прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды, атап айтқанда Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, ҚР Бас Прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.
2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының кеңесшісі, Тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, Тергеу департаментінің бастығы;
2014-2016 жылдары – ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі;
2016-2018 жылдары – ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры;
2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу департаменті басшысының орынбасары;
2019 жылдың қаңтар-шілде айлары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;
2019-2021 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы;
2021-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы.
2022-2023 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасары.
2023 жылдың 5 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы.
## Марапаттары
II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Марат Талғатұлы Омаров (20 қыркүйек 1988 жыл, Семей) — Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
## Білімі
2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша британиялық Йорк университетін, 2011 жылы Лондон экономика және саясаттану мектебінің (LSE) магистратурасын бітірген. "Әлеуметтік ғылымдар магистрі" мамандығын алған.
## Еңбек жолы
2012-2014 жж - Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрінің (кейіннен – экономика және бюджеттік жоспарлау, ұлттық экономика) кеңесшісі.
2014-2016 жж - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жж - «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.
2017-2019 жж - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – «QazTech Ventures» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) басқарма төрағасы.
2019-2020 жж - «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі.
2020 жылдан - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары.
2022 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
## Дереккөздер |
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев (1 тамыз 1976 жыл) — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.
## Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын бітірген. Мамандығы философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын Алматы заң институтында, содан кейін Ішкі істер министрлігінің академиясында оқытушы болып бастаған. Ішкі істер министрлігінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Парламент Сенаты Аппаратының Әкімшілік бөлім меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі болған. Парламент Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалған.
2019 жыл маусым 2022 жылдың қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.
## Марапаттары және атақтары
«Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Асат Болатұлы Нұрпейісов (18 шілде 1987 жыл) — мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.
## Білімі
2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
## Еңбек жолы
2012-2015 жылдары KPMG Tax and Advisory менеджмент консалтингінде жұмыс істеген.
2015-2016 жылдары – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.
2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жобалық басқару орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің міндетін атқарушы.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы аппаратының басшысы.
2022 жылғы 16 ақпаннан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2023 жылғы 5 қаңтарда Президент өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2024 жылғы 7 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды.
## Дереккөздер |
Жандос Нұрланұлы Шаймарданов (24 ақпан 1987 жыл, Шығыс Қазақстан облысы) — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
## Білімі
2009 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
2010-2013 – «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері.
2013-2014 – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2014-2016 – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
2016-2019 – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры.
2019-2020 – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы.
2020-2022 – ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.
2022-2023 – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.
2023 жылғы 16 қыркүйектен бастап, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
## Отбасы
Әкесі: Нұрлан Құбайдоллаұлы Шаймарданов
## Дереккөздер |
Қазақстандағы жер наразылығы — Қазақстанда 2016 жылдың 24 сәуірінде Атырау қаласында басталған Жер кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге қарсы жаппай рұқсат етілмеген митингтер, үш күннен кейін Ақтөбе және Семей қалаларында жалғасты. Алғашқы үш митингіде билік наразылықты қатаң түрде басуға тырыспай, наразылық білдірушілерді тыныштандыруға тырысып, диалогтың басқа түрлерін ұсынды. Тек 21 мамырда ғана билік республиканың барлық әкімшілік орталықтарындағы кез келген наразылық акциясын басу үшін жан-жақты дайындалды. Сондай-ақ, ерекшеліктердің бірі кейбір наразылық білдірушілер арасындағы синофобтық сезімдер болды. Қатысушылар арасында «титулдық емес» ұлт өкілдерінің саны аз екендігі атап өтілді. Бұл 2011 жылғы Жаңаөзен наразылығынан кейінгі Қазақстандағы алғашқы жаппай толқулар.
## Себептері
2016 жылғы 30 наурызда Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 1,7 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері аукционға шығарылатынын хабарлады.
Бұл алдымен әлеуметтік желілерде наразылық тудырып, наразылық акцияларына шақыруларға ұласты.
Кейбір қазақстандық журналистердің пікірінше, наразылық жер кодексіне енгізілген өзгертулер емес, мұнай бағасының төмендеуі (экспорттың 1/3) және ұлттық валюта (85,2 пайызға) құнсыздануы қарсаныңдағы елдің күрделі экономикалық жағдайы болды. Мәселен, 2015 жылы инфляция деңгейі 13,6% құрады. Егер 2012 жылғы ресми деректер бойынша Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының үш бөлімшесінің жалақысы 126, 157,6 және 90 мың теңгені құраса, басқа деректер бойынша – шамамен 64 мың теңгені құрады.
## Хронология
11 сәуірде «қазақ зиялыларының өкілдері» шетелдіктердің жерді сатып алып, жалға алу мүмкіндігіне ие болады деп алаңдап, Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен билікке ашық хат жолдады. Хат мәтіні қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында және кейбір сайттарда жарияланды.
Хатта «өңірлерде қазірдің өзінде 50 мыңнан астам қол жиналған» (жерді жалға беруге қарсы) делінген. «Егер жер шетелдіктерге жалға берілсе немесе сатылса, халық төтенше шара қолданады» («Халық бас көтеруі мүмкін»). Ашық хатқа қол қойғандардың қатарында жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, отставкадағы генерал Мұрат Қалматаев, академик Әбуғали Қайдаров және эколог Мэлс Елеусізов бар.
20 сәуірде Астанада азаматтық белсенді Ғалымбек Ақұлбеков жерді шетелдіктерге сатуға қарсы бір адамдық пикет өткізді, бірақ көп ұзамай оны полиция ұстап әкетті.
22 сәуірде Алматыда үш он адамнан тұратын бір топ азамат жиналып, 21 мамырдағы митингке рұқсат беруді жақтады.
24 сәуірде Атырау қаласының орталығында жерді шетелдіктерге сатуға қарсы 700-ден 4000-ға дейін адам жиналған жаппай митинг өтті.
Сондай-ақ, осы күні Оралда Абай алаңында Исатай Өтепов қолына «Қытайға жер сатпа!!!» деген баннерді ұстап, жалғыз пикетке шықты.
27 сәуірде Ақтөбе және Семей қалаларында Қазақстанның жер кодексіне өзгертулер енгізуге және биліктің ауыл шаруашылығы жерлерін сату жоспарына қарсы жүздеген адамның қатысуымен митингтер өтті.
28 сәуірде Ақтауда орталық алаңға бірнеше ондаған адам жиналды, бірақ полиция алаңды Халық бірлігі күні мерекесіне дайындық үшін қажет деп санап, митинг өткізуге рұқсат бермеді.
Сәуірдің 29-ы күні Астана мен Алматыда билік қоғам қайраткерлеріне «жер мәселесіне» қатысты баспасөз мәслихатын өткізуге рұқсат бермеді. Бірінші қалада қонақүй Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қысымына байланысты белсенділерге үйді жалға беруден соңғы сәтте бас тартты. Алматыда полицейлер іс-шара басталмай тұрып барлық белсенділерді ұстады.
Оралда полиция сол күні жалғыз пикет өткізуді жоспарлаған белсенді Бауыржан Әліпқалиевті ұстады.
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні Жаңаөзен қаласында жүзден астам адам жиналмаған наразылық шарасы өтті. Қызылорда қаласында қауіпсіздік күштері алаңнан «жер сатуға» қарсы шыққандарды таратып жіберді.
4 мамырда Оралдың орталық алаңында бірнеше ондаған адамның қатысуымен стихиялық митинг өтті. Қазақстанның басқа қалаларында өткен шерулердегідей, шерушілер ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге қарсы шықты.
5 мамырда Назарбаев Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий жариялады. Ұлттық экономика вице-министрі Қайрат Өскенбаевта қызметінен босатылды, министр Досаевтың өзі өз еркімен қызметінен кетті, ал Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс жарияланды, бірақ келесі күні ол да қызметінен кетті. Сонымен қатар, Назарбаев ақпараттық кеңістікті бақылайтын және мемлекеттің ақпараттық саясатын дамытатын жаңа Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды.
21 мамырда бүкіл Қазақстан бойынша митингтер жоспарланған болатын. Ресми билік Алматы, Астана, Орал және Семей қалаларында митинг өткізу туралы өтініштерді қабылдамады. Бұл күні құқық қорғау органдары елдің бірнеше қаласында ондаған белсенділерді, сондай-ақ журналистерді ұстады. Рұқсат етілмеген митингтер өткізу әрекеттері Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Семей, Орал және Павлодар қалаларында тіркелді. Тек соңғы қалада аз ғана азаматтар жиналып, митинг өткізудің заңсыздығы туралы ескертуден кейін бір топ адам мойынсұнып, Ертіс өзенінің жағасынан кетті. Ал ұйымдастырушы Серікбай Әлібаевқа 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
## Тағы қараңыз
* Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл)
* Жер дауы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Четыре казахстанских тренда, навеянные несанкционированным митингом в Атырау
* Нуртай Лаханулы Задержания активистов в Алматы (орыс.). Радио Азаттык (29 апреля 2016). Тексерілді, 29 сәуір 2016.
* О митингах против продажи земли в Казахстане: «Власть отошла от шока» (орыс.). Regnum (29 апреля 2016). Тексерілді, 3 мамыр 2016.
* Мухамеджан Адилов В Акорде доиграются до революции : портал. — Республика, 2016.
* Серикжан Маулетбай Был ли митинг? Как прошёл день 21 мая в Казахстане : портал. — ИнформБЮРО, 2016. |
«Қазақстан темiр жолына 100 жыл» медалі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 1353 Жарлығының негізінде республикадағы теміржол көлігін қалыптастыру мен дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын марапаттау мақсатында тағайындалды.
## Медалдің сипаттамасы
«Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтойлық медалі жезден жасалып, диаметрі 34 мм, қалыңдығы 2,5 мм болатындай дөңгелек пішінді. Медалдың бет жағында Қазақстан Республикасының контурлы картасының аясында рельс үстінде тұрған паровоздың және қазіргі заманғы электровоздың бедерлі бейнелері бар. Контурлы карта көк эмальмен Қазақстан Республикасы астанасының орналасқан жері бейнеленген. Суреттің төменгі жағында «1904-2004» жылдары көрсетілген.
Медалдің арт жағында «Қазақстан темір жолына 100 жыл» деген жазу бар. Төменде қазақтың ұлттық ою-өрнегінің элементі суреттелген.
Медаль биіктігі 55 мм және ені 34 мм болатын тағанға құлақша мен шығыңқы арқылы жалғанған, алтын және ақ түсті жиектері бойынша тік жолақтары бар көк қатқыл таспамен қапталған. Планканың артқы жағында қалқа бекітпесі бар түйреуіш қадалған.
## Сыртқы сілтемелер
* В. Григорьев Государственные награды Республики Казахстан : газет. — СПб.: Петербургский коллекционер, 2005. — Т. 35. — № 5. — б. 29. |
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері – халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесін тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Үкіметі бекітеді.
## Тарихи және мәдени ескерткіштер түрлері
Еліміздің заңмаларына сәйкес тарихи және мәдени ескерткіштердің бес түрі бар:
* Бірінші түрі – археология ескерткіштері.
* Екінші түрі – қала құрылысы және сәулет ескерткіштері.
* Үшінші түрі – ансамбльдер мен кешендер.
* Төртінші түрі – киелі нысандар.
* Бесінші түрі – монументтік өнер құрылыстары.
## Тарихи және мәдени ескерткіштерді бекіту, толықтыру, өзгерту және жаңарту бойынша деректер
1982 жылы 26 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-нің Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімі бекітілді. Бұл қаулыға 1997–2003 жылдар аралығында бірнеше өзгерістер енгізілді: 1997 жылы 28 мамырда Ақмола қаласының орталық бөлігін қалпына келтіру қажеттілігіне байланысты Ленин ескерткіші мен Кеңес өкіметі үшін күрескерлер мемориалы тізімнен шығарылды. 2000 жылы 27 мамырда Айыртау ауданындағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені мен Петропавлдағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіші тізімге қосылды, 2000 жылы 16 маусымда - Оғыланды маңындағы Бекет ата жерасты мешіті, 2000 жылы 16 қазанда - Алматыдағы Қазақстанның тұңғыш президентінің резиденциясы, 2001 жылы 5 қазанда - Таңбалы петроглифтері. 2003 жылы 21 сәуірде Қарағандыдағы Ленин ескерткіші тізімнен шығарылды.2008 жылғы 21 наурызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жаңа Мемлекеттік тізімі қабылданды. Бұрынғы тізіммен салыстырғанда оған бір жаңа нысан (Тараз қаласындағы Жамбыл Жабаев ескерткіші) енгізілді және 19 ескерткіш (негізінен әртүрлі қалалардағы Ленин және басқа да кеңестік партия жетекшілерінің ескерткіштері) алынып тасталды. 2014 жылы 31 шілдеде Амангелді Иманов 1916 жылғы көтерілістің жетекшісі деп жарияланған тұрғын үй тізімнен шығарылып, Өскемендегі металлургтердің мәдени орталығы енгізілді.2019 жылғы 30 мамырда, 2020 жылғы 14 сәуірде, 2022 жылғы 14 қаңтарда тізім ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарымен жаңартылды, оған жаңа нысандар енгізілді.
## Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері саны 530, оның ішінде 1 ескетркіш (Қожа Ахмет Ясауи кесенесі) халықаралық маңызға ие.
## Астана қаласы
Барлығы: 3 тарих және мәдениет ескерткіштері (1 – археология, 2 – қала құрылысы және сәулет).
## Алматы қаласы
Барлығы: 33 тарих және мәдениет ескерткіштері (25 – қала құрылысы және сәулет, 8 – монументтік өнер құрылысы).
## Шымкент қаласы
Барлығы: 7 тарих және мәдениет ескерткіштері (1 – археология, 6 – қала құрылысы және сәулет).
## Абай облысы
Барлығы: 13 тарих және мәдениет ескерткіштері (11 – қала құрылысы және сәулет, 1 – монументтік өнер құрылысы, 1 – ансамбль мен кешен).
## Ақмола облысы
Барлығы: 5 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – қала құрылысы және сәулет, 2 – монументтік өнер құрылысы).
## Ақтөбе облысы
Барлығы: 9 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – қала құрылысы және сәулет, 2 – монументтік өнер құрылысы, 4 – ансамбльдер мен кешендер).
## Алматы облысы
Барлығы: 8 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – қала құрылысы және сәулет, 1 – ансамбль мен кешен, 4 – археология).
## Атырау облысы
Барлығы: 4 тарих және мәдениет ескерткіштері (1 – археология, 1 – ансамбль мен кешен, 2 – қала құрылысы және сәулет).
## Батыс Қазақстан облысы
Барлығы: 7 тарих және мәдениет ескерткіштері (2 – қала құрылысы және сәулет, 1 – монументтік өнер құрылысы, 3 – ансамбльдер мен кешендер, 1 – археология).
## Жамбыл облысы
Барлығы: 30 тарих және мәдениет ескерткіштері (12 – қала құрылысы және сәулет, 15 – археология, 2 – монументтік өнер құрылысы, 1 – ансамбль мен кешен).
## Жетісу облысы
Барлығы: 7 тарих және мәдениет ескерткіштері (2 – қала құрылысы және сәулет, 2 – археология, 1 – монументтік өнер құрылысы, 2 – ансамбль мен кешен).
## Қарағанды облысы
Барлығы: 6 тарих және мәдениет ескерткіштері (1 - монументтік өнер құрылысы, 1 - қала құрылысы және сәулет, 4 - археология).
## Қостанай облысы
Барлығы: 5 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – монументтік өнер құрылысы, 2 – киелі нысан).
## Қызылорда облысы
Барлығы: 31 тарих және мәдениет ескерткіштері (10 – қала құрылысы және сәулет, 1 – монументтік өнер құрылысы, 11 – киелі нысан, 2 – ансамбльдер мен кешендер, 7 – археология).
## Маңғыстау облысы
Барлығы: 20 тарих және мәдениет ескерткіштері (4 – қала құрылысы және сәулет, 16 – ансамбльдер мен кешендер).
## Павлодар облысы
Барлығы: 3 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – қала құрылысы және сәулет).
## Солтүстік Қазақстан облысы
Барлығы: 9 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 – қала құрылысы және сәулет, 1 – монументтік өнер құрылысы, 2 – киелі объект, 1 – ансамбльдер мен кешендер, 2 – археология).
## Түркістан облысы
Барлығы: 40 тарих және мәдениет ескерткіштері (30 – қала құрылысы және сәулет, 10 – археология).
## Ұлытау облысы
Барлығы: 17 тарих және мәдениет ескерткіштері (11 - қала құрылысы және сәулет, 6 - археология).
## Шығыс Қазақстан облысы
Барлығы: 8 тарих және мәдениет ескерткіштері (3– қала құрылысы және сәулет, 2– монументтік өнер құрылысы, 3 – археология).
## Дереккөздер |
Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев (5 сәуір 1987 жыл) — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.
## Білімі
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастаған.
2010-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.
2016-2020 жж. – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2020-2021 жж. – Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.
2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.
2022 жылғы шілдеден бастап Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылы 17 қарашада Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды.
## Марапаттары және атақтары
Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
## Дереккөздер |
Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова (1 тамыз 1978, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық мемлекет қайраткер, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы. Бұрынғы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2018—2019).
## Отбасы
* Әкесі — Ерасыл Әбілқасымов (28 шілде 1948 жылы туған) — урология ғылыми орталығының директорлар кеңесінің төрағасы (2012 жылдан бастап), Мәжілістің 2- (2001—2004) және 3-сайланым депутаты (2004—2007), «Қазақ елі» партиясының төрағасы (2001—2004).
* Анасы — Алма Есімбекқызы Әбілқасымова (6 сәуір 1949 жылы туған) — Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогикалық қызметкерлердің білімін дамыту орталығының директоры (2013 жылдан бастап), Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті (2011—2013).
* Күйеуі — Нұрлан Ерғәліұлы Абдрахим (9 маусым 1980 жылы туған) — Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары (2023 жылдан бастап), президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру—аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2021—2023), президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2019—2021).
* Балалары — Аружан (19 наурыз 2007 жылы туған), Диана (11 қараша 2009 жылы туған), Әлихан (11 шілде 2015 жылы туған) Абдрахимдер.
## Білімі
1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
2002 ж. – Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2011 ж. – Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.
## Еңбек жолы
1999—2001 жж. – Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің бас маманы.
2003—2004 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы.
2004—2006 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ-ның мемлекеттік саясатты талдау департаменті директоры
2006—2008 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2008—2011 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер мен талдаулар орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2011—2013 жж. – ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012—2013 жж. – Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары.
2013—2014 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2014—2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.
2018 жылдың ақпаны – 2019 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2019 жылдың 12—28 наурызы – ҚР ұлттық экономика вице-министрі.
2019 жылдың 28 наурызынан — Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасы.
## Марапаттары және атақтары
Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы еңбегі үшін» II дәрежелі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдары, «Құрмет» ордені.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті — жасанды интеллект, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы елішілік құндылықты дамыту, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомствосы.
## Міндеттері
* жасанды интеллект, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы елішілік құндылықты дамыту, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
* инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру, жасанды интеллект, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар дамыту үшін жағдайлар жасау.
## Дереккөздер |
Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков (8 шілде 1980 жыл, Шымкент) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Шымкент қаласының әкімі.
## Білімі
Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
## Еңбек жолы
2004-2007 жылдары – Мемлекеттік Хаттама қызметінің атташесі, Мемлекеттік Хаттама қызметінің үшінші хатшысы, Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, ҚР СІМ Кеңсесінің баспасөз қызметінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
2007-2011 жылдары – Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы; Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты-сектор меңгерушісінің м.а.; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; ҚР Парламенті Сенатының Аппараты.
2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы.
2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі.
2017 жылы – ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі.
2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылы – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
2021 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2023 жылғы ақпаннан бастап Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.
2023 жылы 5 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.
## Дереккөздер |
Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев (24 ақпан 1976 жыл, Қаратұрық, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Алматы облысының әкімі.
## Білімі
1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін;
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын;
2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.
## Еңбек жолы
1997 жылғы шілдеден бастап салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызметін бастады;
2002 жылғы тамыздан 2006 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің Аудит бөлімінің бастығы;
2006 жылғы шілдеден 2007 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы;
2007 жылғы ақпаннан 2008 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық аудиті басқармасының бастығы;
2008 жылғы шілдеден 2010 жылғы желтоқсанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;
2010 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және болжамдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
2011 жылғы қазаннан 2012 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
2012 жылғы қарашадан 2013 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы;
2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі («А» корпусы), Астана қаласы;
2014 жылғы қарашадан 2017 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қаласы;
2018 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
2022 жылы 11 маусымда Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.
## Марапаттары
* "Құрмет" ордені (2019)
## Дереккөздер |
Марат Пазылұлы Марденов (1940 жылы 16 мамырда туған, Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылы – 5 тамыз 2014 жыл, Екібастұз қаласы, Павлодар облысы, Қазақстан) – физик-ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1994), Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының негізін қалаушы және президенті. Екібастұз қаласының Құрметті азаматы (2010).
## Өмірбаяны
1947 жылы Ақсу орта мектебінің бірінші сыныбына барды, 1957 жылы Алматы облысында Фабричный кенті ауылдағы орта мектепті бітірді.
1957 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1962 жылы институтты бітіріп, физика-техникалық пәндер мұғалімі мамандығын алады.
Институтты бітіргеннен кейін Павлодар облысындағы Май орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып жіберілді.
1963-1965 жылдары Талды-Қорған облысындағы Лепсы станциясында физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1965 жылы Павлодар индустриалды институтының Ермаков атындағы филиалына физика пәнінің аға оқытушысы болып сайланып, 1985 жылға дейін кафедра меңгерушісі, факультет деканы, 1988-1994 жылдары факультет деканы қызметтерін атқарды. Павлодар индустриалды институтының Екібастұз жалпы техникалық факультеті.
1994-2014 жылдары — Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының президенті.
1973 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының ядролық физика институтының аспирантурасына оқуға түсті.
1978 жылы «Стационарлық ядролық реактордың өзегінде жоғары қуатты газ лазерлерін жасауды зерттеу» кандидаттық диссертациясын қорғады.
Әлемде алғаш рет стационарлық ядролық реакторлардың ядросында когерентті сәулеленудің генерациясына қол жеткізілді, бұл атом энергиясын радиациялық энергияға айналдыратын қуатты автономды энергетикалық жүйелерді құруға мүмкіндік береді.
1981 жылы Мәскеудегі КСРО ҒА жоғары температура институтының ғылыми кеңесінде оған доцент ғылыми атағы берілді.
Оның 70-тен астам ғылыми жұмыстары және екі түпнұсқа өнертабысы бар.
### Отбасы
Жұбайы — Дина Нұртазинқызы (дәрігер). Ұлы — Ерлік, қыздары — Неля, Лаура, Далида.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Институттың негізін қалаушы // Екібастұз инженерлік-техникалық институты. Академик Қ. Сәтбаев
* Тұлға. Жаратушы. Тәжірибеші // Екібастұз үні, 14.05.2020
* Екібастұзда атақты атом ғалымының құрметіне мемориалдық тақта ашылды Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. |
Григорий Николаевич Чапкис (укр. Григо́рій Микола́йович Ча́пкіс; 24 ақпан 1930 жыл, Кишинев, Румыния Корольдігі - 13 маусым 2021 жыл, Киев, Украина) — украиндық биші және хореограф, үш халықаралық байқаудың лауреаты, Украинаның халық әртісі (2010).
## Отбасы
Ол төрт рет үйленді, алғашқы әйелі Людмила болды. 1968 жылы ерлі-зайыптылардың Лилия есімді қызы дүниеге келді, ол қазір Италияда тұрады және сол жерде Chapkis Dance балет мектебін басқарады. Қызынан екі немересі бар, үлкені актриса және сұлулық байқауларының жеңімпазы, ал кішісі Киев хореографиялық академиясында оқиды. 2006 жылы Людмила мәңгілікке қайтыс болды.
Чапкис екінші рет 1980 жылы шәкірті Наталья есімді қызға үйленді. Олардан Григорий атты ұл дүниеге келді. Алайда, ерлі-зайыптылар Натальяның АҚШ-та тұруды қалауына байланысты ажырасты, бірақ Чапкис оны қолдамады. Қазір ол Америкада тұрады, онда хореограф болып жұмыс істейді және әлемнің басты жұлдыздарына балет қойылымдарын қояды.
Хореографтың үшінші әйелі Үшінші әйелі Ұлттық авиация университетінің оқытушысы және оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болған Алла болды, олар 24 жыл бірге тұрды. Алайда Алла зейнеткерлікке шыққанда, 2016 жылы ерлі-зайыптылар ажырасуға шешім қабылдады. Бұл оқиға барлығын таң қалдырды, бірақ егде жастағы жұлдыздар ажырасу себебін ашпады.
2020 жылы Григорий Чапкис төртінші рет үйленді. Оның таңдаған адамы өзінен әлдеқайда жас болды. Оның есімі Людмила, ол зергерлік бұйымдар дүкенінің директоры болып жұмыс істейді. Григорий Чапкистің жаңа әйелі хореографтан 51 жас кіші және оның 39 жастағы немересімен құрдас. Жұртшылық бойжеткенді жасы үлкен кісімен қарым-қатынаста болғаны үшін бірден айыптай бастады. Бірақ Григорий Николаевичтің балалары мұндай одаққа қарсы болған жоқ.
## Білімі
Григорий Николаевич Киев мәдениет институтын және опера театры жанындағы студияны бітірген. Борис Гринченко атындағы Киев университетінің өнер институтының хореография кафедрасының профессоры болды. Ол өзінің би мектебін ашып, көптеген қайырымдылық жобаларына қатысты. Ол «Махаббат пен би – ұзақ өмір сүрудің құпиялары» кітабын жазды.
## Григорий Чапкистің балалық және жастық шағы
Григорий Чапкис 1930 жылы 24 ақпанда ол кезде Румыния аумағына қарайтын Кишинев қаласында дүниеге келген. Одан басқа отбасында тағы алты аға-әпкесі болды.Григорий Николаевич билеуді бала кезінен үйренді. Хореограф сұхбатында оның балалық шағының кедей болғанын, отбасында тек екі адам жұмыс істегенін айтты.
«Төрт-бес жаста билейтінбіз. Бас киімді ортаға қойып, оған әркім қолынан келгенше ақша салатын. Кейде бір-екі лей тауып, жүгіріп келіп: "Анашым, мен оны таптым» дейтінмін. Сегіз жаста мейрамханалардың жанында отырдым және аяқ киім тазаладым»
- деп есіне алды Чапкис өзінің балалық шағы туралы. Сол кезде ол өзінің алғашқы аяқ киімін алды. Бұған дейін болашақ биші жалаң аяқ жүрді, ал қыста қолдан жасалған шикі теріден жасалған аяқ киім киді.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Чапкис отбасымен Қазақстанға эвакуацияланған, көмір толтырылған вагондармен Қазақстанға барып, совхозда жұмыс істеді, ал кішкентай Григорий жылқы бақты. Соғыстан кейін олар Кишиневке қайтып келе жатқанда, бүкіл отбасы іш сүзегімен ауырып, Киевте пойыздан түсірілді. Сауыққаннан кейін Григорий Чапкис Бірінші теміржол мектебінде оқуға, қабылдау комиссиясын өзінің биімен таң қалдырды. Шындығында, олар оны қабылдағысы келмеді - жасөспірім сауатсыз және орыс немесе украин тілін білмейтін. Бірақ бидің тамаша орындауы бағаланып, биші мектепке қабылданды.
Жатақханадан орын алған Григорий түске дейін оқып, түстен кейін соғыстан кейін қираған Крещатиктегі қирандыларды тазалады, сонымен қатар барлық мерекелер мен концерттерде мектеп ансамблінде би биледі.
1940 жылы ол жергілікті Пионерлер сарайының би клубында өнер көрсете бастады, ал Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін отбасы Киевке қоныстанды, онда Григорий Чапкис Еңбек резервтері қоғамының ән-би ансамбліне болды. 1945 жылы осы топтың құрамында ол Кремльде, Иосиф Сталиннің алдында өнер көрсетті.
## Шығармашылық жолы
1946 жылы ақпанда Чапкис Украинаның мемлекеттік ән және би ансамбліне балет әртісі ретінде қабылданды. Чернышева, кейіннен КСРО халық әртісі П.Вирскийдің жетекшілігімен Украина КСР-нің Мемлекеттік еңбек сіңірген академиялық би ансамблі (қазіргі уақытта П.Вирский атындағы Украинаның Ұлттық еңбек сіңірген академиялық би ансамблі) деген атпен танымал болды.
1946-1972 жылдары Украина ән және би ансамблінде жұмыс істеді. Вирскийдің «Повзунец» биіндегі ең күрделі элементтің аңызға айналған және қайталанбас орындаушысы.Осы өнер ұжымындағы 26 жыл жұмыс істеген уақытында ол хореографиялық қойылымдардың барлығына дерлік қатысып, 70 тен астам шетелдік гастрольге қатысқан.Бұл кезең Григорий Николаевич өміріндегі ең жарқын кезеңдердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, 1949 жылдан - Иван Франко атындағы Киев театрының бірінші хореографы. Мәдениет министрлігі оны алты балет жұбына жетекшілік ету үшін Франко театрына жіберді.«Ұрланған бақыт», «Украина даласында», «Мартин Боруля», «Аймақтарда күн ашық, шық жарқырап тұр» спектакльдерінде қосалқы биші ретінде өнер көрсетті.20 жасында олар алғаш рет шетелге - Польшаға аттанды, онда оларды толық жеңіс күтіп тұрды. Олар Польша Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Беруттың қолынан сыйлық алды.Ол «Ломбард», «Ешқайда жол», «Күзгі вальс» фильмдерінде ойнады.
1973-1988 жылдары «Юность» концерттік-би залын басқарды, ал сексенінші жылдары Днепрдің сол жағалауындағы драма және комедия театры директорының орынбасары болды. 1988 жылдан 1990 жылға дейін Григорий Николаевич Италияда тұрды, кейін Киевке оралды.Уақыт өте Чапкис Украинада өзінің би мектебін ашты. 76 жасында оның танымалдылығы күрт өсті. Дәл осы жаста ол алғаш рет «Жұлдыздармен билеу» би жобасының төрешісі ретінде қатысты. Егде жасына қарамастан, ол бірнеше рет еденге шығып, оның өнерімен таң қалдырды.
## Өлімі
Чапкистің өлімінің ресми себебі әлі жарияланған жоқ. Бір нұсқаға сәйкес, бұл коронавирус болуы мүмкін.Соңғы жылдыры Григорий Чапкистің денсаулығы нашарлады. 2020 жылдың желтоқсан айында ол пневмониямен ауруханаға жатқызылды (Ковид-19 сынамасы теріс болды). Қаңтар айында ол қайтадан ауруханаға жатқызылды. Емделмеген пневмония оның тыныс алуын қиындатқан. Оның ауруынан айығуына көп уақыт қажет болды. Соңғы жарты жылда омыртқасы ауырып, үшінші рет ауруханаға барды.2021 жылы 13 маусымда дүниеден өтті.
## Марапаттары
* «Ерен еңбегі үшін» медалі (30.06.1951)
* «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі (24.11.1960)
* Украина КСР еңбек сіңірген әртісі (1964)
* Украинаның халық әртісі (08.02.2010)
* V дәрежелі Кінәз Дана Ярослав ордені(24.02.2020)
## Дереккөздер |
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев (4 желтоқсан 1962 жыл, Алматы облысы, Балқаш ауданы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Жетісу облысының әкімі.
## Білімі
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты.
## Еңбек жолы
1985-1994 жылдары әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. «Өркен» – «Горизонт» газеттерінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телерадио кешенінің бас директоры болды.
1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды, қала әкімінің орынбасары болды.
1997-2000 жылдарда – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.
2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі.
2003-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.
2008-2009 жылдарда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.
2009-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қырғыз, Әзербайжан республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2019-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы, Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.
2022 жылдың 11 маусымынан бастап – Жетісу облысының әкімі.
## Отбасылық жағдайы
Үйленген, үш баласы бар.
## Марапаттары және атақтары
* «Құрмет» ордені (2007)
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдері
* Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2001)
## Дереккөздер |
Жаслан Хасенұлы Мәдиев (кейде Жасұлан; 13 маусым 1983 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер және 2024 жылғы мамырдан бері қызметтегі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
## Жастық шағы және білімі
Жаслан Мәдиев 1983 жылғы 13 маусымда, Алматы қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «әлемдік экономика және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Колумбия университетінің Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін тәмамдады. 2016 жылы Массачусетс технологиялық институтының Слоун бизнес мектебіндегі оқуын аяқтады. Мамандығы — экономикалық саясатты басқару.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.
2007–2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.
2008 жылы Президент Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.
2009–2010 жылдары — «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2010–2014 жылдары — Қазақстанның даму банкі басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.
2014–2015 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.
2017–2018 жылдары — Қазақстан темір жолы вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.
2018 жылы Қазақстан темір жолының қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2019–2020 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
2020 жылғы қазаннан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет етті.
2024 жылғы 6 мамырда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.
## Дереккөздер |
Нұрлан Телманұлы Ұранхаев (4 мамыр 1965 жыл, Семей) — қазақстандық саясаткер, 2022 жылғы маусымнан бері Абай облысының әкімі.
## Білімі
1982-1987 жж Қазақ политехникалық институтын "Инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.
1998-2001 жж Қазақ қаржы-экономикалық институтын "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.
2004-2006 жж Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.
1995-1997 жылдары — Семей қаласының «Сарыарқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы.
2001-2003 жылдары — «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (Иркутск облысы).
2003-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы.
2005-2006 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.
2006-2007 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2007 ж.— Астана қаласы, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары.
2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы.
2009-2010 жылдары — «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, Семей қаласы.
2010-2013 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2013-2014 жылдары — Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі.
2014 ж. — ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы.
2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана қаласы.
2017-2018 жылдары — Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
2019 – 2022 жылдары — Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
2022 жылы 11 маусымнан бастап жаңадан құрылған Абай облысының әкімі.
## Отбасылық жағдайы
Ұранхаев үйленген, ол — 3 баланың әкесі.
## Марапаттары және атақтары
* Құрмет ордені (2011)
* Парасат ордені (2016)
## Дереккөздер |
Естелік шақаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағалы (999 сынамалық алтын – белгіленген бағасы 50, 100, 500, 1000, 50 000 және 100 000 теңге, 925 сынамалық күміс – белгіленген бағасы 100, 500, 500 және 500 теңге және биметалды күміс/тантал – белгіленген бағасы 500 теңге) және бағалы емес металдардан (нейзилбер – белгіленген бағасы 20, 50 және 100 теңге және биметалды нейзильбер/нибрасс белгіленген бағасы 100 теңге) жасайды. Алғашқысы, 1995 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл және БҰҰ-ның 50 жылдығына арналған шақалар шығарылды.
Барлық шығарылған шақалар заңды төлем құралы болып табылады, олар атаулы құны бойынша қабылданады, олардың параметрлері стандартты шақаларға сәйкес келеді, алайда нақты ақша айналысында атаулы құны 20, 50 және 100 теңгелік бағалы емес металдардан жасалған шақалар ғана пайдаланылады.
Шығарылған шақалардың тақырыптары негізінен Қазақстанның әртүрлі мәдени-тарихи шындығын қамтиды. Қазақстанның Ұлттық Банкі мезгіл-мезгіл халықаралық шақа бағдарламаларына (ЕурАзЭҚ, «Әлемнің ең кішкентай алтын шақалары» және т.б.) қатысады, сондай-ақ инвестициялық шақаларды шығарады.
Барлық естелік шақалар қазіргі уақытта Қазақстан теңге сарайында соғылады.
## Статистикасы
2016 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша 344 естелік шақа шығарылды.
### Шығарылым хронологиясы
## Инвестициялық шақалар
### Алтын инвестициялық шақалар
«Жібек жолы» инвестициялық шақалар топтамасы
999,9 сынамды алтыннан жасалған шақалар топтамасы.
«Алтын барыс» инвестициялық шақалар топтамасы
999,9 сынамды алтыннан жасалған шақалар топтамасы.
### «Күміс барыс» инвестициялық шақалар
999,9 сынамды күмістен жасалған шақалар топтамасы.
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның бағалы емес металдардан жасалған естелік шақалары
* Қазақстанның биметалдық естелік шақалары
* Қазақстанның алтыннан жасалған естелік шақалары
* Қазақстанның күмістен жасалған естелік шақалары |
Жалаңашкөл көлінің маңындағы шекаралық қақтығыс (орыс. Пограничный конфликт у озера Жаланашколь) – 1969 жылы 13 тамызда КСРО шекарасын бұзған кеңес шекарашылары мен қытай жауынгерлері арасындағы қақтығыс. Соның нәтижесінде қытайлық басқыншылар кеңестік территориядан ығыстырылды.
Қытайда бұл шекаралық қақтығыс Қытайдағы Юмин уезінен Жалаңашкөл көліне қарай ағып жатқан өзен атымен байланысты Теректі оқиғасы (铁列克提事件) деп аталады. Шекараның қазақ (кеңестік) жағында Қусақ деген атпен белгілі Теректі өзені қазіргі қазақ-қытай шекарасын шамамен 45°37′00″ с. е. 82°15′30″ ш. б.45.61667° с. е. 82.25833° ш. б. / 45.61667; 82.25833 , ал кеңес-қытай шекарасының сызығы (кеңестік карталарда көрсетілген) сәл шығысқа қарай (топографиялық картада № 40 белгі).
## Фон
Даманск аралындағы шайқастардан кейін Қытай шекараны қайта қарау әрекеттерінен бас тартқан жоқ. 1969 жылдың мамыр-маусым айларында қытайлар Жетісу қақпасы аймағындағы қазақ секторындағы шекараны бірнеше рет бұзуға әрекеттенді. 12 тамызда шекара бекеттерінен алыс емес жерде кеңес шекарашылары қытай әскерлерінің көптігін байқады. Кеңестік тарап Қытай әскери қызметкерлерін келіссөзге шақырды, бірақ олардан жауап алмады. «Родниковая» және «Жаланашкөл» заставалары жоғары дайындық режиміне қойылды. Кеңес шекарашылары траншеяларды қазып, траншеялар мен байланыс өткелдерін жасады, сонымен қатар қапталдарға 2 БТР қойды.
## Шығындар
Кеңестік тараптың шығыны 12 адамды құрады, оның ішінде 10 адам жараланып, 2 адам қаза тапты. Қытайлардан 19 адам қаза тауып, 3 адам тұтқынға алынды, оның екеуі Үшарал қаласына жеткізілген кезде алған жарақаттарынан қайтыс болды.
## 13 тамыздағы оқиғалар
Таңертең Қытай әскерилері 9 және 6 адамнан тұратын екі топпен Жалаңашкөл заставасы аймағында кеңестік шекараны бұзды. Кеңестік территорияға 400 және 100 метрге барған қытайлықтар таңғы сағат 7-де көрнекі түрде қазуға кірісті. Осы кезде жүзге жуық қытай әскері шекара сызығының артына шоғырлана алды. Кеңес шекарашылары қақтығысты қантөгіске жеткізгісі келмеді, бірақ қытайлар ескертулерге жауап бермеді.
Теректі шекара заставасының сол қапталында да 12 қытай әскері шекараны бұзды. Сарбаздар басқару белдеуімен Каменная төбесіне қарай жылжыды. Подполковник Никитенконың бұйрығымен кіші лейтенант Пучков шекарашылармен бірге 2 БТР-мен қытай жауынгерлерінің жолын кесті. Пучков қытайлардың өз территориясына оралуын талап етті. Сағат 7.40-та бронетранспортерлер шекарашылардың жамылғысымен биіктерге қарай жылжыды. Қытай сарбаздары жауап ретінде пулеметпен оқ жаудырды. Кеңес шекарашылары жауап беруге мәжбүр болды.
«Бізге шабуыл жасау бұйырылған кезде, — деп еске алды Теребенков, — солдаттар бронетранспортерден бірден түсіп, алты-жеті метр аралықта таралып, төбеге қарай жүгірді. Қытайлар тек Каменнаядан ғана емес, шекара сызығынан да оқ жаудырды. Менде жеңіл пулемет болды. Кішкентай төбені көріп, артына жатып алып, окоптарды бірнеше рет атқылаған. Бұл кезде сарбаздар қимылдап жатты. Олар жатып, автоматты оқ жаудырғанда, мен жүгірдім. Сөйтіп, бір-бірімізді қолдап, көшіп кеттік».
Көп ұзамай тағы бірнеше ондаған қытай әскерлері шекарадан атқыштар мен танкке қарсы қарулармен қаруланған. Қытайлар төбелердің бірін басып алды. Олармен 3 бронетранспортердегі шекарашылар шайқасқа шықты. Аға лейтенант Ольшевскийдің қолбасшылығымен 2 бронетранспортердің қолдауымен 8 жауынгерден тұратын топ периметрлік қорғанысқа өтуге мәжбүр болған қытай солдаттарының артына өтті.
Говор тобы Оң биіктікке шабуыл жасады. Шабуыл кезінде ол қытайлықтардың оқына ұшырады, Дулепов қаза тапты, тағы 8 шекарашы жараланды. Алайда, шығынға қарамастан биіктік алынды. Ольшевский мен Теребенковтың топтары қытай окоптарына граната лақтырды. Бұл ретте шекарашылар шығынға ұшырады, қатардағы В.Рязанов өлімші жарақат алды. Сағат 9-ға қарай биіктік қайтарылды, кеңес жауынгерлері шекарада бекіністі. Қытайлар бұдан былай шабуыл жасаған жоқ.
Ұрыс даласында 4 ТТ тапаншасы, 9 СКС карабині, бір РПД пулеметі, 4 танкке қарсы граната және 27 қол гранатасы, 6 жинақталған снаряд, радиостанция, 2 кинокамера, 1 фотоаппарат және басқа заттар табылды.
## Салдары
Бұл қақтығыс КСРО мен Қытай арасындағы Даманск аралындағы шайқастардан кейінгі ең ірі әскери қақтығыс болды. Қытай тарапы шекараның қазақстандық бөлігінде бұдан былай арандатушылық жасаған жоқ. 1969 жылы 14 қыркүйекте Бейжіңде А.Н.Косыгин мен Чжоу Эньлай соғысты тоқтату туралы келісімге келді.
1970 жылы 7 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының № 5095-7 Жарлығымен отыздан астам ерекшеленген шекарашылар марапатталды:
* Ленин ордені – 1 әскери қызметші
* Қызыл Ту ордені – 5
* Қызыл жұлдыз ордені – 6
* 3-дәрежелі Даңқ ордені – 2
* «Ерлігі үшін» медалі – 10
* «Әскери еңбегі үшін» медалі – 11
## Қақтығыс алаңының одан әрі тағдыры
1998 жылы 4 шілдеде ҚХР төрағасы Цзян Цзэмин мен Қазақстан президенті Алматыда өткен «Шанхай бестігінің» үшінші саммиті кезінде даулы аймақты Қытайға беру туралы келісімге қол қойды. 2008 жылы 13 тамызда Қытай билігі сол жерде олардың марқұмдарына ескерткіш орнатты.
## Дереккөздер |
Степан Ильич Хмара (укр. Степан Ількович Хмара; 12 қазан 1937 жыл, Бобятин, Львов воеводиясы Польша - 21 ақпан 2024 жыл, Киев, Украина) — украиндық саясаткер, кеңестік диссидент және саяси тұтқын, Украина Республикалық партиясын құрушылардың бірі, Украина Батыры.
## Өмірбаяны
Степан Хмара 1937 жылы 12 қазанда Бобятин ауылында (қазіргі Львов облысы, Червоноград ауданы) шаруа отбасында дүниеге келген. 1964 жылы Львов мемлекеттік медицина институтын бітірді. Отбасы: ұлы - Роман, қызы - Соломия, ұлы: Тарас (2002).
1955-1959 жылдары - Львов облысы Радехов ауылында, кейін Қазақстанда жүргізуші болып жұмыс жасады.
1964 жылдан - Львов облысы, Сокал ауданы, Гирник қаласында тіс дәрігері болды. Диссиденттер қозғалысына қатысады.
1974 жылы В.Черноволь қамауға алынғаннан кейін ол «Украинский вестник» астыртын журналын қайта шығаруды бастады.1975 жылы Хмара алғаш рет ұсталып, бірақ қылмыстың айғақтарының жоқтығына және антисоветтік үгіт-насихатқа қатысуына байланысты көп ұзамай босатылды.
Львов облысы, Червоноград қалалық кеңесінің Горняк қаласында өз мамандығы бойынша жұмыс істеген адам диссиденттік қозғалысқа белсенді түрде қатысты - ол самидат және басқа да тыйым салынған әдебиеттерді таратқан, Украинада алғаш рет Сахаровтың «Бейбітшілік, зияткерлік туралы ойлар» еңбегін аударған, жасырын түрде «Украина хабаршысы» журналын шығарған.
Оған «украиндық ұлтшылдық әрекеттері» туралы айғақ 1980 жылы ғана жиналды, дәл сол кезде оны КГБ саяси және адам құқықтарын қорғау қызметі үшін қамауға алып, «антикеңестік үгіт-насихат» бабы бойынша айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жазасын Оралдағы №35, 36 саяси тұтқындарға арналған лагерьлерде өтеген.Қажымас ұстанымы үшін, диссиденттік әрекеттерін тоқтатпай, өз идеяларын бұзбай және сатқындық жасамай, сол жерде, лагерьде 306 күнді жазалау камерасында өткізді. Сондай-ақ, қайта-қайта ол әділетсіз қудаланғаны үшін украин халқының атынан аштық жариялады.
1987 жылы Степан Хмара 50 жасында бостандыққа шығып, Украинаға оралды, онда коммунистік режимге саяси оппозиция ретінде әрекет еткен Украина Хельсинки одағының жетекшілерінің бірі болды және оны Республикалық партияға айналдырғаннан кейін, 1990 жылдың сәуірінен - партия төрағасының орынбасары.1990 жылы Жоғарғы Радаға сайлауда Львов облысының №261 Индустриалды сайлау округінде 63,61 пайыз дауыс жинап, Украина парламентінің халық депутаты болып сайланды.
1990 жылы қарашада ол полицияға шабуыл жасады деген айыппен қамауға алынды. Ол 1991 жылы сәуірде босатылды.
2001 жылы ол Леонид Кучманы президенттіктен кетіруді жақтады. Ол «Ұлттық құтқару форумы» мен «Кучмасыз Украина» науқанының жетекшілерінің бірі болды.
2006 жылы ол Юлия Владимировнаның билікке нағыз мафияны басқарып отырғанын, ал оның партиясы нағыз мафиялық құрылымға айналғанын айтып, Юлия Тимошенконың командасын жанжалмен тастап кетті.
«КСРО-дағы украиндардың этноциді» және «Басты тәртіпсіздік», «Бүгін өткен туралы», «Әділетті Украина үшін» және «Номенклатуралық тәуелсіздіктің он жылдығы» кітаптарының авторы.
## Марапаттары
* Украина Батыры атағы, «Держава» орденін қоса (2006 ж. 19 тамыз) – Украина мемлекеттілігінің тәуелсіздігін жаңғырту жолындағы күрестегі көрнекті жеке жетістіктері, бостандық пен демократия мұраттарына адалдығы үшін;
* «Азаттық ордені» (25 қараша 2008 ж.) - Бостандық күніне орай азаматтық ерлігі, демократия мұраттарын орнату жолындағы күрестегі адалдығы үшін;
* 5 дәрежелі Кінәз Дана Ярослав ордені (2007 ж. 11 қазан) - Украинаның тәуелсіздігі үшін күресте ымырасыз және берік ерік-жігері үшін және туғанына 70 жыл толуына орай;
* Тернополь қаласының құрметті азаматы.
## Дереккөздер |
II Абдолла Хан (өз. Abdulla II; 1534 жыл – 8 ақпан 1598 жыл) — Мәуереннаһр билеушісі (1583-98). Бұхара хандығының 11-шы ханы.
Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың 12 ұлының бірі Қожа Мұхаммед, одан Жәнібек → Ескендір → Абдолла.
Шайбани әулетінен екі Абдолла шыққандықтан зерттеушілер оны II Абдоллах деп атаған.
II Абдоллах XVI ғасырдың 40-50 жылдарындағы Шайбани әулеті сұлтандарының билік үшін Орта Азияда жүргізген өзара күресіне араласып, Бұхарға әкесі Ескендірді хан етеді. Әкесінен кейін таққа өзі отырады. II Абдолла XVI ғасырдыңдың 2-жартысында жүргізген соғыстары «дербес ұлыстарды жинақтау» деген атқа ие.
Соғыс барысында ол Балхты (1573), Хисарды (1574), Самарқаны (1578), Ташкентті (1582), Бадахшанды (1584), Гератты (1588) басып алды. 1593.ж, 1594.ж, 1596 жылдардағы жорықтарының нәтижесінде Хорезмді бағындырды. 70-жылдардағы Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен күресте қазақ ханы Ақназар (Хақназар) Абдолла Ханды қолдады. Баба сұлтан жеңіліп, Абдолла Ханмен келісім жасаған соң, Қазақ хандығы Ташкент билеушісіне қолдау көрсетті. Тәуекел хан тұсында (1582-98) Мауераннахр билеушісімен Сыр бойындагы қалалар үшін күрес өрбіді. Абдолла Хан Сібірдегі Көшім ханмен одақтасып қазақтарға қарсы саясат жүргізді.
Абдолла Ханға өзінің туған ұлы Абд әл-Мұмин қарсы шығып, жеңіске жетті. Абдолла Хан өлтіріліп, таққа баласы отырды. 6 айдан кейін Абд әл-Мұмин хан да өлтіріліп, Орта Азиядағы Шайбани әулетінің билігі толығымен жойылды. Абдолла Хан туралы Хафиз Таныштың «Шараф наме-ий шахи» немесе «Абдоллах наме» атты 16 ғ-дың соңында жазылған шығармасы бар.
## Әдебиет
Әдеб .: Ахмедов Б.А., Орталық Азияның тарихи-географиялық әдебиеті, 16-18 ғғ. Жазбаша ескерткіштер. Таш., 1985;Гафуров Б.Г., Тәжіктер. Ең көне, ежелгі және ортағасырлық тарих, Кітап. И, Душанбе, 1989; Қазақстан тарихы, Бес томдық. 2-т., А., 1998 ж.
## Дереккөздер |
Нұралыұлы Есім хан (1739/44—27.3.1797) — Кіші жүз ханы (17.9.1795 — 27.3.1797), Нұралы ханның үлкен баласы, Ерәлі ханның мұрагері, Әбілқайыр ханның немересі. Шешесі Орта жүз ханы Күшік ханның қызы.
## Өмірбаяны
Алғашында Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасының бір руын басқарған. 1796 жылы күзде Орынбор генерал-губернаторы С.К. Вязмитиновтың қолдауымен хан болып сайланды. Есім іс жүзінде Орынбор шекарасына дейінгі Жайық өңірінің далалық жерін қоныстанған жетірудың бір бөлігі мен байұлының кейбір руларына ғана билік жүргізді. Есімді хан сайлауға байбақты руының старшыны, батыр Сырым Датұлы мен оны жақтаушы Кіші жүздің басқа да старшындары қарсылық білдіреді. Бұған себеп: 1788 жылы Есім Сырым батырды Ерәлі ханға ұстап беріп, ол бір жыл қамауда болады. 1794 жылы Сырымның үзеңгілес серігі, есентемір руының старшыны Мыңбай қамауға алынғаннан кейін Сырым батыр бастаған старшындар тобының Есімге қарсы наразылығы күшейе түседі. 1799 жылы 27 наурызда Есім кердері Тілеп Қорбасұлы, шекті Үтеғұл, кете Қосбаймырза, шөмекей Баймырза, алаша Шолақ, т.б. старшындардың қолынан қаза табады. Ханның туған-туыстары Жайықтың арғы жағына қашып, Орал қаласын паналайды. Есім қалмақ бекінісіне қарама-қарсы Орал қаласы маңындағы далада жерленген. Есімнің әйелінен 9 ұлы болған.
## Дереккөздер |
Абдаллах-хан (?—30.10.1675) — Турфана, Шалыш (1635-1668), Мамлакат-и Моголийе және Орталық Моғолстан ханы(1638-1668). Абдар-Рахим ханның баласы.Жеті жасында, мырза Абу-л-Хадидың тәрбиесінде өсті. Абдар-Рахим ханның өлімінен кейін, Абу-л-Хади оны Шалышқа әкелді. Ол жерде, барбилікті өзіне інісі Абу-л-Мухаммад алғысы келген. Бірақ, ол тақты туған ағасына бере салды да, Турфанаға хаким ретінде кетті. Біраз уақыттан соң, Абдаллах хан амирлерге, билікке қол жеткізгісі келген Абу-л-Хадині, оған 2 ұл тауып берген оның үлкен қызымен тұрмысына қарамастан оны өлтіруге ант берген. Аталық таққа отырға соң, ол тура сол 1634 жылы Ақсуды жаулап алды. Бұған қарамастан да, оның келесі Қашғаруға баратын жолын, Тұрғайдағы шайқаста Сұлтан-Ахмад II ханмен бұзылды. Ол сол жерде жеңіліс көрді.
1636 жылы, өзі мен інісі Абу-л-Мұхаммад ұйымдыстырған жорықтың нәтижесі Қашғар мен Хотанның жаулауын және Султан-Ахмад II ханның Мәуренахрға қашуына әкелді. Кейін, Абдаллах хан қайтадан Мамлакат-и Моголийе тағына отыруына 1638 жылы әкелді. Султан-Ахмад II ханның әскерінің жақындауын естіп, 200-дей Қашғарда және100-дей Яркенде бай шенеуніктерді өлтірді.
Қазақ хандарымен достық қарым-қатынасты ұзақ уақыт бойы ұстап тұрды. 1640-41 жылдары Бадахшан мен Балорды жаулап алды. 1668 жылы тақтан бас тартып Үндістанға қашып, жеті жылдан кейін сонда қайтыс болды.
## Сыртқы сілтемелер
* Акимушкин О. Ф. Средневековый Иран: Культура, история, филология. — СПб.: Санкт-Петербург "Наука", 2004. — С. 230-264. — 403 с. — (Восток: Общество, культура, религия). — 1200 экз. — ISBN 5-02-027059-8.
* Шах Махмуд ибн мирза Фазил Чурас. Хроника. М. Наука. 1976 |
Барақ хан (т.ж. белгісіз — 1428 жылы қайтыс болған) Ұрыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді.
Туған жылы туралы дерек жоқ, 1428 жылы қайтыс болған. 1423-1428 жылдары Ақ Орданың ханы болды. Құйыршық ханның ұлы, Орыс ханның немересі. Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған. Сығанақ қаласын салуды басқаруға қатысты. Алтын Орданың күйреуі кезеңінде, төре тұқымдарының таққа тартысы кезінде, Ақ Орда бірқатар ұлыстарды иеленғен болатын. Тақ мұрагерлерінің бірі Барақ хан еді. Баласы Жәнібек хан мен інісі Керей хан 1456 жылы Ақ Ордада әкесінің әулетін жаңғыртты.
## Билік жылдары
1416 жылы Дешті-Қыпшақтың билеушілері мен Темірдің немересі Ұлықбектің арасында Сырдарияның төменгі ағысындағы жерлер үшін күрес басталды. Бұл күрес бүтіндей жүз жылға созылды. Ұлықбектің соғысқа араласуына Барақ ханның одан көмек сұрауы себеп болды. Бұл 1419 жылы мамыр айында Самарқандта болған еді. Ұлықбек Барақ ханға қонақжайлылық көрсетіп, оған көмектесуге бел байлады. Барақ хан өз қарсыластарын жеңіп, билігін бірте-бірте нығайта берді. 1422 жылы өзінің ең негізгі қарсыласы — Мухаммед ханның Ордасын бағындырғаннан кейін, Барақ хан Дешті-Қыпшақ аумағының үлкен бөлігін жаулап алды. Оның аумағы Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейінгі аралықта, солтүстікте Жайық өзенінен Тобыл өзеніне дейін, солтүстік-шығыста Ертіс өзеніне дейін созылып жатты. 1423 жылы хандық билікке қол жеткізген Барақ хан Мәуереннахрға қарсы бағытталған саясатты жүргізе бастады. 1425 жылы Ұлықбек мемлекеті мен Сығанақ арасындағы шекараға ішкерілей жақындаған Барақ хан бұрын атасы Орыс ханның қол астында болған, одан Темір жаулап алған Сырдария өзенінің бойындағы Ақ Орданың ежелгі жерлерін қайтаруды талап етті. 1427 жылдың басында Сығанақ түбінде Ұлықбек пен Барақ хан әскерлері арасында кескілескен ұрыс болды. Жеңіліске ұшыраған Ұлықбек әскерлері Самарқан қаласына дейін ығыстырылды. Тек 1427 жылдың мамыр айында соғысқа Шахрух бастаған Ғират әскерінің араласуымен Барақ хан Дешті-Қыпшаққа кері оралуға мәжбүр болды. Сығанақ қайтадан Орыс хан тұқымдарының ордасына айналды.1428 жылы Моңғолстан сұлтаны Махмуд оғланға қарсы шайқаста Барақ хан қаза болды. Сол 1428 жылы Дешті-Қыпшақты Әбілқайыр хан (1428-1468) жаулап алған еді.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Бағалы емес металдардан жасалған естелік шақаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БҰҰ-ның 50 жылдығына арналған шақа шығарылған 1995 жылдан бастап шығарады. Шақаларды жасау үшін нейзилбер және мелхиор қолданылады, олардың барлығы Қазақстан теңге сарайында UNC сапасында (кейбіреулері bUNC немесе proof-like түрінде) соғылады. Белгіленген бағасы 100 теңгелік нейзильбер мен нибрассадан жасалған биметалдық шақалар да шығарылады.
Шақаларды шығару жергілікті «Оқиғалар», «Адамдар», «Мемлекеттік марапаттар», «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Ғарыш», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары», «Қазақстан қалалары», «Қазақстан халқының ертегілері», «Банкноттағы кейіпттер», «Дала қазынасы», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» және «Культтік жануарлар – көшпенділердің тотемдері» бағдарламалары аясында жүзеге асырылады.
Нейзильберден жасалған шақалар 20, 50 және 100 теңге атаулы құнында шығарылып, Қазақстандағы заңды төлем құралы болып табылады.
## Статистикасы
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 120 бағалы емес металдан жасалған естелік шақа айналымға шығарылды.
## «Оқиғалар» топтамасы
Салмағы 11,17 г және диаметрі 31 мм белгіленген бағасы 20, 50 және 100 теңгелік топтамадағы шақалар 1995 жылдан бастап шығарылады. 2005 жылы топтама аясында белгіленген бағасы 100 теңгелік «БҰҰ-ға 60 жыл» биметалдық шақасы шығарылды.
2008 жылы шығарылған «Астанаға Қазақстанның астанасына 10 жыл» шақасын қоспағанда, топтамадағы барлық шақалардың бет жағы бірдей: Қазақстанның Елтаңбасы, эмитент-банктің атауы ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ және оның аббревиатурасы (ҚҰБ), атаулы құны.
«БҰҰ-ның 50 жылдығы» шақасын басқа барлық шақалардың қыры үзілмелі-бұжыр келеді.
## «Адамдар» топтамасы
Салмағы 11,17 г және диаметрі 31 мм белгіленген бағасы 20, 50 және 100 теңгелік топтамадағы шақалар 1996 жылдан бері шығарылады.
2014 жылы шығарылған «Тарас Шевченконың туғанына 200 жыл» шақасын қоспағанда, 2017 жылға дейін шығарылған топтамадағы барлық шақалардың бет жағы бірдей: Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің қазақша атауы ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ және оның аббревиатурасы (ҚҰБ), атаулы құны. Төлеу Бәсеновке арналған 2009 жылғы шақаның бет жағында, сонымен қоса, шығарылған жылы көрсетілген. 2017 жылдан бастап шақалардың бет жағында: қазақ және орыс тілдерінде мемлекет пен елтаңба атауы, белгіленген бағасы, ұлттық ою-өрнек және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген.
Қыры үзілмелі-бұжыр келеді.
## «Мемлекеттік марапаттар» топтамасы
Салмағы 11,17 г, диаметрі 31 мм және белгіленген бағасы 50 теңге топтамасындағы шақалар 2006-2010 жылдары шығарылды.
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің қазақша атауы ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ және оның аббревиатурасы (ҚҰБ), атаулы құны.
Арт жағы: марапаттың суреті, оның қазақ және орыс тілдеріндегі атауы, шақаның шығарылған жылы.
Қыры үзілмелі-бұжыр келеді. Таралымы — әр шақада 50 000 дана.
## «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» топтамасы
Салмағы 11,17 г, диаметрі 31 мм және белгіленген бағасы 50 және 100 теңге топтамасындағы шақалар 2006 жылдан бастап шығарылады. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар шығарылды.
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы және ұлттық ою-өрнек аясындағы атаулы құны, мемлекеттің атауы қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және орыс. РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН жазылды.
Арт жағы: салттың немесе ойынның көрінісі, оның қазақ тіліндегі атауы, теңге сарайының белгісі (2016 жылғы шақада ҚРҰБ логотипі болды) және шығарылған жылы.
Қыры үзілмелі-бұжыр келеді.
## «Қазақстанның Қызыл кітабы» топтамасы
Салмағы 11,17 г, диаметрі 31 мм, белгіленген бағасы 50 теңге топтамасындағы шақалар 2006 жылдан бастап шығарылды. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар шығарылды.
2006-2009 жылдары шығарылған шақалардың бет жағы бірдей болды: Қазақстанның елтаңбасы, эмитент-банктің қазақша атауы - ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ, оның аббревиатурасы (ҚҰБ) және белгіленген бағасы.
2010 жылдан бастап топтама шақаларның бет жағы өзіндік әрленіммен шығарылды.
Қыры үзілмелі-бұжыр келеді.
## «Ғарыш» топтамасы
Салмағы 11,17 г, диаметрі 31 мм және белгіленген бағасы 50 теңге топтамасындағы шақалар 2006-2015 жылдары шығарылды, тағы бір шақа 2020 жылы шықты. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік биметалл шақалар күміс пен танталдан соғылған.
Бет жағы: Ғаламның аясындағы адамның стильдендірілген бейнесі, мемлекеттің қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және ағылш. REPUBLIC OF KAZAKHSTAN атауы, атаулы құны және теңге сарайы белгісі.
Қыры үзілмелі-бұжыр келеді.
## «Қазақстан қалалары» топтамасы
Бет жағы: белгіленген бағасы, «ҚҰБ» (Қазақстан Ұлттық Банкі), рубғу хизб, ою-өрнек.
Арт жағы: тиісті қаланың елтаңбасы, мемлекеттің қазақша атауы және шығарылған жылы.
Қыры бұжыр келеді. Сипаттамасы: салмағы — 4,71 г; диаметр — 23 мм, әр шақаның — таралымы 50 000 дана.
## «Қазақстан халқының ертегілері» топтамасы
Салмағы 11,17 г, диаметрі 31 мм, белгіленген бағасы 50 және 100 теңгелік топтамасындағы шақалар 2013 жылдан бастап шығарылады. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар шығарылды.
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы мен ұлттық ою-өрнектің аясындағы атаулы құны, мемлекеттің атауы қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және орыс. РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН жазылған.
Арт жағы: ертегі көрінісі және оның атауы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі (2015 жылғы шақада ҚРҰБ логотипі көрсетілген) және шығарылған жылы.
Қыры үзілмелі-бұжыр келеді. 2013—2016 жылғы шақалар таралымы — 100 000 дана, 2017 жылғыда — 10 000 дана.
## «Банкноттағы кейіпттер» топтамасы
Салмағы 11,17 г, диаметрі 31 мм, белгіленген бағасы 50 және 100 теңгелік топтамасындағы шақалар 2014 жылдан бастап шығарылады. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік алтын менен күміс шақалар шығарылды.
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, атаулы құны, ұлттық ою-өрнек, ҚРҰБ логотипі, мемлекеттің атауы қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және орыс. РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН жазылған.
Арт жағы: 1993 жылғы банкноттың фрагментімен бейнеленген қайраткердің кейіпі, оның аты-жөні, ұлттық ою-өрнек, шақаның шығарылған жылы.
Қыры үзілмелі-бұжыр келеді. 2014—2016 жылғы шақалар таралымы — 100 000 дана, 2017 жылғыда — 10 000 дана.
## «Дала қазынасы» топтамасы
Салмағы 11,17 г, диаметрі 31 мм, белгіленген бағасы 50 теңге болатын топтамадағы жалғыз шақа 2015 жылы шығарылды.
Қыры үзілмелі-бұжыр келеді. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар шығарылды.
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның естелік шақалары
* Қазақстанның биметалдық естелік шақалары
* Қазақстанның алтыннан жасалған естелік шақалары
* Қазақстанның күмістен жасалған естелік шақалары
## Дереккөздер |
Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері – тарихи қалыптасқан аумақтары бар жеке ғимараттар мен құрылыстар, мемориалдық үйлер, қорымдар, кесенелер және жеке қорымдар, монументалды өнер туындылары, тас мүсіндер, жартастағы суреттер. Ескерткіштер тізімі Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 58 қаулысы бойынша бекітілген.
## Абай ауданы
## Ақсуат ауданы
## Аягөз ауданы
## Бесқарағай аудыны
## Бородулиха ауданы
## Жаңасемей ауданы
## Жарма ауданы
## Көкпекті ауданы
## Курчатов қаласы
## Семей қаласы
## Үржар ауданы
## Дереккөздер |
Әуесбай Бақбергенұлы Тоқпанбетов (ағылш. Auyesbay Baqbergenuli, 25 сәуір 1951 жылы, Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Бірлес ауылы, (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы, Сәлімбай Пірманов ауылы) — педагог, өнер қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Тараз қаласының Құрметті азаматы.
## Өмірбаяны
Әуесбай Бақбергенұлы 1951 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданы Бірлес ауылында (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы, Сәлімбай Пірманов ауылы) шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Бақберген мен анасы Орынкүлден барлығы Ажаркүл, Базаркүл, Әбу-Иса, Әуесхан, Әуесбай, Әуесалы есімді алты перзент тараған. Ә.Бақбергенұлы 1973 жылы Өскемен педагогикалық институтын «Ән-күй пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолын сол жылы Жамбыл атындағы №5 мектепте «Ән-күй» пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 40 жылға жуық Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде (бұрынғы педагогикалық училище) оқытушы, кафедра меңгерушісі, өнер ұжымдарының жетекшісі болып қызмет етті. 1978 жылы Жамбыл облыстық «Алатау» ән-би ансамблінің бишілер тобына сүйемелдеуші-баянист болып жұмысқа шақырылды.Өнер саласының білікті маманы – қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жүздеген мәдени іс-шараның белсенді қатысушысы әрі ұйымдастырушысы.
Жамбыл облысы, Красногор аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Луговой аудандық мәдениет үйінің директоры болды. 1984 жылы Красногор ауданында халық ақыны, әнші, сазгер Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығын республика ауқымында ұйымдастырушылардың бірі. 100 жылдық мерейтой қарсаңында 1982 жылы Кенен ауылы өнерпаздарының басын қосып, «Ойжайлау» фольклорлық ансамблін құрып, жетекшілік етті. 1984 жылы ансамбль ұжымы Алматыда қазақ телевизиясында 45 минуттық жеке концерт беріп, 1985 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауында лауреат атанды.1984 ж. Кенен Әзірбайұлының 100 жылдығына орай қазақ телевизиясы «Асыл мұра» хабарын түсірді. Хабардың жүргізушілері әдебиет және өнер зерттеушісі Ақселеу Сейдімбек, әнші Жәнібек Кәрменов. «Жәнібек ән салады, Ақселеу тамсанады» деген сөз тіркесі осы хабардың түйіні ретінде халық арасына тарап кеткен. Хабар Жамбыл облысы, Красногор ауданы (қазіргі Қордай ауд.), Кенен ауылында орналасқан Кенен Әзірбайұлының әдеби-мемориалдық музейінде түсірілген. Хабардың түсіріліміне ақынның ұлы, музей директоры Көркемжан Кененұлы, Красногор аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Әуесбай Бақбергенұлы қатысты.
### Ғылыми-педагогикалық қызметі
Жастарға оқытудың жаңа технологиясының әдіс-тәсілімен білім берген ұстаз сапалы еңбегімен, дәріс берудегі ізденімпаздығымен, ерекше еңбекқорлығымен мәдениет және педагогика саласына зор үлес қосты. Білімгерлердің озық шығармашылық бастамасын жан-жақты қолдаумен қатар, олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға мол бағыт-бағдар берді.Әдістемелік жұмыстың бір қыры – ұстаздың өз шәкірттерімен бірге әр жылы шығармашылық концерт беруді дәстүрге айналдыруы. Ол Жамбыл облысында «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» фестивалінің, «Жүрекке жылы әуендер» ретроәуендер байқауын тұрақты ұйымдастырып, шәкірттерімен бірлесе өнер көрсетті. «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйіндегі «Ризашылық», «Қамқоршы түн» аталған түрлі іс-шарада жыл сайын білім алушы жастармен бірге концерттік бағдарлама ұсынды. Облыс ауқымында «Наурыз» мейрамдары, «Сағындырған әндер-ай», «Сағындым Кенен атамды», «Қазақ музыкасының шежіресі» байқауларын ұйымдастырып, белсене өнер көрсетті. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Балауса» қыздар вокалды ансамблі,«Серілер» жігіттер квартетінің негізін қалап, жетекшілік етті.
Әуесбай Бақбергенұлы оқытушылардың ғылыми-практикалық конференцияларында «Қабылдауды дамытудың негізі – музыка мәдениетіне тәрбиелеу», «Жас сырнайшыны алғашқы сүйемелдеу дағдысына оқытудың әдістемесі», «Алғашқы сүйемелдеуге үйрету», «Дина Нұрпейісованың шығармашылығы мен өнерін музыка сабақтарына пайдалану», «Затаевич: «Қазақ халқының 1000 әні» аталған ғылыми конференцияларын ұйымдастырып, талай рет ғылыми баяндама жасады. Тәжірибелі педагогтың жетекшілігімен «Қазақ халқының аспаптық музыкасының жастарға беретін ұлттық тәрбиелік мәні» әдістемелік нұсқауы, «Мектеп балаларын шығармашылық өнерге баулу» әдістемелік құралы жазылды.
Ұлағатты ұстаз музыкалық білім беру саласында педагогикалық мектеп қалыптастырып, есімі республика аясына танымал шәкірт шоғырын тәрбиеледі. Олардың арасында бүгінгі мектеп директоры, білікті педагог Бақыт Сапаралиева, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауының дипломанттары – Светлана Байқұлақова, Назкен Қошқарбаева, «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауы мен Мальта мемлекетіндегі халықаралық ән фестивалі лауреаты, эстрада әншісі Тахмина Әшімбекова, Кенен Әзірбаев атындағы филармония директорының орынбасары, Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаров және тағы басқа шәкірттерінің шоқтығы биік.
Әуесбай Бақбергенұлының есімі 2020 жылы шыққан «Білімнің жаққан шырағын» атты Жамбыл облысы педагогтарының антологиясына және облыстың жетістікке жеткен танымал түлектері туралы jambyl-tylek.kz порталының дерекқорына енген.
### Марапаты
* «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі (2010 ж.);
* ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (2017 ж.);
* «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі (2017 ж.);
* «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі (2018 ж.);
* «Еңбек ардагері» төсбелгісі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі (2022 ж.);
* Тараз қаласының Құрметті азаматы (2023 ж.);
* ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаты (2023 ж.).
### Қоғамдық қызметі
* 2018 жылдан Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясы мүшесі;
* 2023 жылдан Тараз қалалық ардагерлер Кеңесі мүшесі.
## Дереккөз |
Барақ хан (1717-1750) — қазақ ханы, қолбасы. Шыңғыс ханның тұқымы, Жәдік әулетінен, әкесі — Тұрсын хан, ағасы — Күшік хан. Орта жүздің ханы болған. Барақ хан Орта жүздің Найман, тайпасын ұзақ жылдар билеген, бірақ Найман ішіндегі Көкжарлы руының Үш жүзге аты мәлім батыры Көкжал Барақ бағынбаған. 1720 жылы Жоңғар және Еділ қалмақтарына қарсы шайқастарда қолбасы болған.
## Өмірбаян
Оңтүстік Қазақстан мен Сыр өңіріндегі Иқан, Сауран, Отырар, Түркістан, Өгізтау, Созақ қалаларына билік жүргізді.Барақ хан Тұрсын ханның баласы, Қодай Менде сұлтанның немересі. Қазақ хандарының Жәдіктен тарайтын әулетіне жатады. Барақтың туылған жылы белгісіз. Қайтыс болған уақыты шамамен 1750 жылдың ақпан-наурыз айлары. Ол Қырықсан Барақ-сұлтан, Барақ хан, Кіші Барақ, Барақ-сұлтан, сұлтан Барақ-батыр деген есімдермен белгілі болған. 1749 жылы тамыз-қыркүйек айлары мен 1750 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында хан болды (Артыкбаев, 2001: 139). Барақ ханның бізге белгілі жеті ұлы бар: Сығай, Бөкей, Қанқожа, Дайыр, Ханбаба, Маман, Нұралы (Ерофеева, 2001: 121). Барақ хан XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғы – 30 жылдарының басында қазақтардың танымал әскербасыларының бірі болған. Жоңғарларға, қарақалпақтар мен қалмақтарға қарсы соғыстарда көзге түскен. Хан болғанға дейін өз руына билік жүргізген және Орта жүздің атақты, беделді биі Қазыбек Келдібекұлының қолдауына ие болды. 1742 жылдың қарашасында ресми түрде Ресейдің қарамағына өтеді. Алайда қоластындағы тайпалардың шығыста орналасуына байланысты жоңғарларға қарай бет бұрып, жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенге (1727–1745) бірнеше рет сыйлықтар жіберіп, 1744 жылдың басында ұлы Сығайды аманат ретінде Жоңғарияға жіберген. Ол аманат ретінде жүрген Әбілмәмбет сұлтанның ұлы Әбілфеиіздің орнына барады. 30-жылдардың ортасына қарай Әбілқайырдың саяси тұрғыдағы ең басты жауы мен қарсыласы болған. Орынбор генерал – губернаторы И.И.Неплюевтің (1742–1759) қолдауына ие болған (Ерофеева, 1997: 116–118). 1748 жылдың шілдесінде орыс елшісі М.Тевкелев Әбілқайыр ханға жолығып, барлық талас мәселелері жөнінде келісімге келді. Ханға жақтас билер мен сұлтандар «Әбілқайырдың еркіне көшу» туралы қаулы алды. Бірақ ханға қарсы топтың күресі онан сайын күшейе түсті. Хиуа ханы Қайыптан Бараққа сыйлық алып келе жатқан елшілерді Әбілқайыр адамдарының жолай тонап алуы Барақ сұлтан мен хан арасындағы қарулы жанжалға әкеп соқты. Осы жанжал үстінде Барақ Әбілқайырды өлтірді. Барақ хан туралы тарихи деректер жеткілікті. Ол туралы Ш.Уәлиханов, В.В. ВельяминовЗернов еңбектерінде де кездеседі. 1749 жылы Орта жүз бен Ұлы жүздің игі жақсылары Төле бидің ықпалымен Барақты хан етіп сайлады. Бірақ, жоңғар ханы Цеван-ДоржиАджи-Намжил өз адамдарына оны қалайда тұтқындауды тапсырады. 1750 жылы Қарнақ қалашығында Барақ ханды жоңғар тыңшылары уландырып өлтіреді де, оның денесі Түркістанға қойылады.
1750 жылдың көктемінде, кейбір деректерге қарағанда, Әбілқайырдың кегін қайтарушылар Қарнақ қаласында Барақты және екі ұлы мен қызметшісін у беріп өлтірген.
## Дереккөздер |
Қазақстан велоспорт федерациясы — Қазақстандағы велоспорттың ұлттық басқару органы. Қазақстандағы велоспортты ілгерілету жөніндегі жаһандық стратегиясының бір бөлігі ретінде Astana Pro Team командасына тұрақты түрде қолдау көрсетеді.
Ол UCI және Азия велоспорт конфедерациясының мүшесі.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* cycling.kz Қазақстан велоспорт федерациясы — ресми сайты |
Тийт Пяясуке (1941 жылы 22 желтоқсанда Пылцамаада дүниеге келген) — эстон суретшісі және оқытушы. Эстония өнер академиясының құрметті профессоры. Эстония КСР еңбек сіңірген әртісі (1982).
## Өмірбаяны
1957 жылдан 1962 жылға дейін Тарту бейнелеу өнері училищесінде оқыды. 1962-1963 жылдары, содан кейін 1966-1971 жылдары Эстония КСР Мемлекеттік өнер институтында оқыды, онда оның оқытушысы Лепо Микко болды. Оқу кезінде «АНК-64» немесе «СОУП-69» сияқты түрлі студенттік көркемдік топтардан тыс болды.
Оқуды бітіргеннен кейін өнер институтында оқытушы болып жұмыс істеді. 1980 жылдары оның шәкірттері арасында суретшілер Яак Арро, Эпп-Мария Кокамаги, Тина Тамметалу, Крег А-Кристинг және Инга Ару болды, оларға Пяясукенің шығармашылық тәсілі әсер етті. 1992-2006 жылдары ол Эстония өнер академиясының профессоры, содан кейін құрметті профессор атағын алды. 2004 жылы Тарту университетінің Бейнелеу өнері профессоры болды.
1973 жылдан бастап оның 20-дан астам жеке көрмелері болды. Ол 1970-1980 жылдардағы Эстония кескіндемесінің жетекші қайраткерлерінің бірі болып саналады. Пяясуке шығармашылығының сүйікті тақырыптары — адам және қазіргі өркениет, адамның табиғатпен қарым-қатынасы, экологиялық проблемалар. Көбінесе ол өз жұмысын саналы түрде «аяқтамай» қалдырады. Оның жұмыстары Эстония өнер мұражайының, Тарту өнер мұражайының, Таллин өнер үйінің, Вийнисту өнер мұражайының, Эстония Мемлекеттік Кеңсесінің және т.б. |топтамасында сақталған.
## Марапаттары
* 1975 Кристиан Рауд сыйлығы;
* 1981 Кристиан Рауд сыйлығы;
* 1982 Эсср еңбек сіңірген әртісі;
* 1992 Конрад Мяги сыйлығы;
* 1999 төртінші дәрежелі ақ жұлдыз ордені;
* 2000 жыл сайынғы Эстония мәдени қорының «Eesti Kultuurkapital» сыйлығы;
* 2012 Эстония мемлекеттік мәдениет саласындағы еңбегі үшін сыйлығы;
* 2018 жылғы Эстония мәдениет қорының өмірлік еңбек сыйлығы;
* 2021 Эстония мемлекеттік мәдениет саласындағы еңбегі үшін сыйлығы.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Maalija Par Excellence: kollaaž Tiit Pääsukese ainetel = Painter Par Excellence: collage on Tiit Pääsuke: [tööde kataloog]. Tallinn: T. Jürna, 2000. |
Қазақстан шаңғы спорты федерациясы — Қазақстандағы шаңғы спорты бойынша ұлттық басқару органы. Ұйым 1992 жылы жергілікті шаңғы клубтары арасында құрылған. Қазақстанның шаңғы спорты федерациясы Халықаралық шаңғы спортының мүдделерін қорғайды және спортшылар мен жаттықтырушыларды дайындайды. Штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан. Қазіргі президенті — Өмірзақ Шөкеев.
## Бөлімшелер
* Бәсекеге қабілетті спорт:Тау шаңғы спортыБиатлонШаңғы жарысыФристайл шаңғы спортыСкандинавиялық араласСкикроссШаңғымен трамплиннен секіруТелемарк шаңғы спорты
* Тау шаңғы спорты
* Биатлон
* Шаңғы жарысы
* Фристайл шаңғы спорты
* Скандинавиялық аралас
* Скикросс
* Шаңғымен трамплиннен секіру
* Телемарк шаңғы спорты
## Сілтемелер
* nflg.kz Қазақстан шаңғы спорты федерациясы — ресми сайты |
Конрад Вильгельм Мяги (эст. Konrad Vilhelm Mägi; 1 қараша 1897(18971101) Тартумаа, Ресей империясы — 15 тамыз 1925, Тарту, Эстония) — эстон суретшісі, негізінен пейзаж және портрет суретшісі.
## Өмірбаяны
1878 жылы 1 қарашада Дерпт маңында дүниеге келген. Бастапқы сурет салу білімін Дерпттағы неміс қолөнершілер қоғамының кескіндеме курстарында (1899 - 1902) алды.
Сонымен бірге ол театр өнерімен, скрипка тартумен және әртүрлі спорт түрлерімен айналысты.
1903 жылы ол Санкт-Петербургтегі Барон Стиглиц техникалық сурет мектебіне оқуға түсті, Амандус Адамсонның қол астында жеке студенті ретінде (1903-1905) оқыды.
Суретші 1906 жылдың жазын Аланд аралдарында өткізді, оның көркем табиғаты оны бірқатар пейзаждарға шабыттандырды. Аланд аралдарында ол модерн стильіндегі нәзік өсімдік виньеткаларын жасады: Кахекеси (Екеуі бірге; 1908; Қытай сиясымен сурет).
Парижде Мягиге импрессионизм мен фовизм стильдері әсер етті: Lilleline väli majakesega (Гүл өрісіндегі кішкентай үй; 1908-1909), Norra maastik männiga (Қарағаймен Норвегиялық пейзаж; 1910).
1907 жылы күзде ол Парижге көшіп, онда Мяги еркін академияда оқыды. Ал 1908-1910 жылдар аралығында Норвегияда болды, сол жерден ол қайтадан Франция астанасына кетті. 1910 жылы ол алғаш рет Эстонияның өнер қоғамын өз жұмыстарымен таныстырды, Норвегиядан бірнеше картиналар жіберді («Қарағаймен Норвегиялық пейзаж», «Норвегиялық пейзаж» және т.б.).
1912 жылы ол отанына оралды және сурет мұғалімі болып жұмыс істеді. 1913 және 1914 жылдардың жазын Сааремаа аралында өткізді («Теңіз қырыққабаты» картинасы және т.б.).
Ол «Паллас» Тарту өнер қоғамының, содан кейін сол атаумен өнер мектебінің негізін қалаушылардың бірі болды.
## Қызықты ақпарат
* 2004 жылы драматург Марта Кивастиктің «Мұздатылған суретшінің портреті» спектаклінің премьерасы өтті, ол суретшінің өміріне арналған және кейінірек көптеген марапаттар мен сыйлықтарға ие болды.
* Конрад Мяги медалі жыл сайын Эстонияның ең жақсы суретшісіне беріледі.
* Тартуда, Ратуш алаңында ХХ ғасырдың басында шебердің өзі жұмыс жасаған шеберханада қазір Конрад Мяги тігін шеберханасы жұмыс істейді.
* 2008 жылдың 1 желтоқсанында «Е» салонындағы аукционда Конрад Мягидің «Әйел портреті» картинасы 1 010 000 Эстон кронына, «Капри пейзажы» 2 миллион кронға сатылды.
* Тарту өнер колледжі біраз уақыт Конрад Мягидің есімімен аталды.
* 1999 жылы жазбаша және онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша құрастырылған ХХ ғасырдағы Эстонияның 100 ұлы қайраткерлерінің тізіміне енді.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Сыртқы сілтемелер
* Конрад Мяги, Ресми басты бет
* Конрад Мягидің туындылары Эстонияның өнер мұражайында
## Дереккөздер |
Алғадай Жамбылұлы — Жамбыл ақынның Қанымжаннан туған баласы, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Майданға 1942 жылдың қаңтарында алынды. Соғыста атты әскер құрамында шайқасты, пулемет новодчигі болған.
1943 жылдың 22 ақпанында Украинаның Синельниково стансасы түбінде ерлікпен қаза тапқан. Бүгіндері қалаға айналған Синельниководағы бауырластар зиратында жерленген.
Жамбыл ұлына арнап бірнеше өлең шығарған. Біреуінде:
Құлағыңда, құлыным,Дауысым жүрсін жырлаған:Алғадайым, арлы едің,Ата сөзін сыйлаған;Перзентімнің алды едіңКөңілімді қыймаған.Аттандырдым майданға,Аман-есен жүр балам!
— деп жырлайды.
## Ұрпағы
Алғадайдың ұлдары — Таубай және Қуаныш.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Алғадай туралы әрбір ой... (Жамбылдың жоқтауы)
* Ер тағдыры - ел тарихы («Қазақстан» телеарнасындағы репортаж) |
Алпысова Ақан — (9.11.1961 жылы, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қарақұдық ауылы) оқытушы, ғалым. .
Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірді (1987). Педагогика ғылымының кандидаты (2006), доцент. Fылыми өріс мүддесі — теориялық және әдістемелік оқыту және тәрбиелеу (математика). 1987-1994 жылдары Ертіс ауданындағы мектепте мұғалім, 1994-2001 жылдары Павлодар қаласында мұғалім, 2001 жылы ПМПИ математика кафедрасының аға оқытушысы, доценті. Жалпы баспа саны 30.
Негізгі ғылыми жұмыстары: 1. Күрделі функциялардың графиктерін салу. 2. Математикалық индукцияның көмегімен теңбе-теңдіктер мен теңсіздіктерді дәлелдеу. 3. Тригонометриялық өрнектерді күрделендіру. 4. Сөзді есептерді шешуде абстракциялық ойды қалыптастыру. 5. Математиканы оқытудың ақпараттық технологиясы.
## Дерекөздер |
Анатолий Акимович Кокуш (укр. Анатолій Якимович Кокуш; 1951 жыл, Керчь, Қырым облысы, Украина КСР) — кинотехнология саласындағы украин инженері (кино және телевидениеге арналған камералық жабдық), кәсіпкер және өнертапқыш. «Фильмотехник» компаниясының негізін қалаушы және директоры, Америка киноакадемиясының ғылыми-техникалық академиясының екі рет лауреаты Оскар (2006).
## Өмірбаяны
Анатолий Акимович Кокуш 1951 жылы Керчь қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Ленинград киноинженерлер институтын бітірген. 1974 жылы Киевтегі Александр Довженко атындағы Ұлттық көркем фильмдер киностудиясының дизайн бөлімінде жұмыс істей бастады. Сол кездің өзінде ол фильм өндірісін жаңа деңгейге көтеруге көмектесетін түрлі жаңалықтарды ұсынды. Бірақ бөлімде Анатолийге мұны ешкім жасамайтынын айтты. Жаңа нәрсе жасаудан гөрі, басқалардың ойлап тапқанын көшіру әлдеқайда жақсы деген қағиданы ұстанды.
1980 жылдары Кокуш украиналық «Фильмотехника» кино және телекомпаниясын құрды.Оның «Фильмотехник» компаниясы «Титаник», «Әлем соғысы», «Казанова» сияқты ірі голливудтық фильмдерді, сондай-ақ «Батыр» фильмін, көптеген ресейлік блокбастерлерді, сондай-ақ украин фильмдерін шығаруға көмектесті.
Басқа фильмдерге «Итальянша тонау», «Оушеннің он екі досы», «Король Артур», «Аспан Патшалығы», «Бин: фильм», «Трансформерлер», «Темір адам 2» және басқа да көптеген кассалық хиттер кіреді.
Бүгінде Анатолий Кокуштың Украина-Ресей-Беларусь аумағында жарамды 50-ден астам патенті, бірнеше американдық және еуропалық патенттері бар.
## Өнертабыстары
Анатолийдің басты жетістігі көпшілікке қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ бұған дейін ешкім мұндай әрекет жасамаған. Кокуш кинокамера мен гироскопты біріктірді, енді камераға соққылар мен дірілдер әсер етпейтін болды.Анатолий компаниясы "Авторобот" брендімен операторлық крандарды шығара бастады. Олар сондай-ақ "Каскад"сериялы крандар жасайды. Мұнда камерасы бар сырық телескопиялық принцип бойынша ұзартылады және бүкіл панорамаларды қамтуға мүмкіндік береді.Анатолий мен оның командасы жасаған жабдықтың көмегімен әлемге әйгілі көптеген фильмдер түсірілді.
Сонымен қатар, Кокуш бастапқы операторлық тұрақтандырылған жүйелерді (головка) - Flight Head құрды. Ұзындығы үш-төрт метрлік бұл камералық кран көлікке орнатылған және тоқтамастан қозғалыс кезінде түсіруге мүмкіндік береді.
## Марапаттары
* III дәрежелі "Қызметі үшін" ордені (2007)
* Scientific and Technical Academy Awards (2006)
* Cinec Award (2010 и 2018)
* Cinegear Award (2021)
## Дереккөздер |
Кәдімгі қасқыржем , Қояншөп (лат. Asparagus officinalis) – қасқыржемдер тұқымдасының қасқыржем туысына жататын, биіктігі 1метрден асатын, көп жылдық шөп тектес өсімдік.
## Ботаникалық сипаты
* Тамыры қысқа әрі жуан. Оған жанай өскен көптеген жіңішке және түзу тамырлары бар.
* Жапырақтары майда, үш бұрышты, жіңішке, топ-топ болып онраласқан.
* Гүлдері ақшыл жасыл немесе жасыл сары түсті, қоңырау тәрізді болып келеді.
* Жемісі шар тәрізді домалақ қызыл жидек.
* Маусым айында гүлдеп, қыркүйек айында піседі. Шабындықтарда, таулардың етектерінде, далалы аймақтарда, өзен жағаларында, ағаштардың араларында кездеседі.
### Емдік қасиеті
Дәрілік мақсат үшін тамырдәрінің тамыры пайдаланылады. Құрамында аспаргин, сапониндер, С және В дәрумендері, каротин, кониферин гликозиді бар.
* Өсімдіктен жасалған дәрілердің қан қысымын төмендететін, жүректің қан тамырларын кеңітіп, несеп жүргізетін қасиеттері бар.
* Тамырдәріні бүйрек және жүрек ауруларын, несеп жолдары безінің қабынуын емдеу үшін пайдаланады.
### Дәріні дайындау және қолдану тәсілі
* Тамырыдәрі тамырын кептіріп, майдаланған 2 шай қасығын 1 стақан сауға салып тұндырады да, 1 күн ішінде ішіп тауысады.
* Бүйрек ауруына байланысты дененің ісігі көбейіп кеткенде тамырдәрінің ұнтақталған 2 шай қасығына ақжелкеннің 2 шай қасығын қосып, оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнап тұрған суға салып 1 сағат тұндырады да, 1 ас қасық күніне 3 мезгіл ішеді.
* Тамырдәрінің жас өркендерін ертеде-ақ тамаққа тәбетті шаптыратын дәрі ретінде пайдаланатын болған. Ал жемісі кофені алмастыратын суррогат орнына пайдаланылады.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Дәрілік өсімдіктер |
Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua – тіл) — әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Адамзаттың сөйлеу тілі – тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі тіл білімінің ғана үлесі емес, ол – психология, физиология, логопедия, т.б. ғылымдардың қарастыратын саласы.
## Лингвистика пәні
Лингвистика тек бар (бұрын болған және болашақта пайда болуы мүмкін) тілдерді ғана емес, жалпы адамзат тілін зерттеумен айналысады. Лингвист тілді тікелей бақыламайды: тікелей бақылауға тек тілдің фактілері (немесе тілдік құбылыстар) ұшырайды, яғни тірі тілдің тасушыларының тілдік актілері және олардыің нәтижелері (мәтіндер) немесе тілдік материалдар (мысалы, қазіргі таңда ешкім негізгі тіл ретінде қолданбайтын өлі тілдерде жазылған жазбалардың шағын мөлшері).
### Лингвистика гносеологиялық қырынан
### Лингвистиканың субъектісі мен объектісі
Гуманитарлық ғылымның шамалы білгілеріне ие лингвистика дисциплина ретінде зерттеу субъектісін (яғни, лингвистің психикасын) зерттеу объектісінен (зерттелініп тұрған тілден) үнемі ажырата бермейді, әсіресе лингвист өзінің ана тілін зерттейтін болса. Негізінен лингвист маман болып жіңішке тілдік интуицияны қайшыласқан тілдік рефлекциямен ұштастыра алатын адамдар (өзінің тілдік қабілеттерін зерделей білу қасиеті) болады. Тілге қатысты мағлұматтарды рефлекцияға негізделіп алу қасиетін интроспекция деп атайды.
## Лингвистика бөлімдері
Тіл білімі жалпы және жеке болып бөлінеді, оны осылайша бөлу, зерттеудің мақсаты мен нәтижесінен туындайды. Нақты бір тілдің (мысалы: қазақ) немесе туыстас тілдердің (мысалы: алтай, түркі тілдері) мәселелерін зерттеу жеке Тіл білімінің үлесіне тиеді, ал жалпы адам баласының тілі, тіл элементтерінің өзара қатысы, тілдің даму себептері мен бағыттары, т.б. жайттар жалпы Тіл білімінің зерттеу нысаны болып табылады. Фундаменталды (іргелі) Тіл білімі тілдің қазіргі жай-күйін, бұрынғы өткен тарихын зерттейді, негізгі мақсаты тілге ғылыми талдау жасау емес, тілдің бүгінгі, кешегі күйін зерттеп, тәжірибе жүзінде бақылау. Нормативті Тіл білімі фундаменталды Тіл білімі жинақтаған зерттеулер негізінде жасалып, тілдің қоғамдық қызметі, стиль тармақтарының қолданылуы, тілдік нормалардың қалыптасуы мен өзгеруі, тілдің біркелкі қалыптасқан нормаларын қолдану шарты, т.б. мәселелерді қарастырады. Қолданбалы Тіл білімі тіл нормалары толық қалыптасқан жағдайда ғана жүзеге асады, ол тілдік нормаларды таратып қана қоймай, оны жетілдіре түседі, тұрақтандырады. Тіл білімі мен басқа да ғылымдардың тоғысуы нәтижесінде лингвистиканың жаңа салалары дүниеге келді. Тіл білімі мен әдебиеттанудың байланысы негізінде стилистика ғылымының негізі қаланды.
### Cыртқы лингвистика
Cыртқы лингвистика (Экстралингвистика) - этникалық, қоғамдық-тарихи, әлеуметтік, географиялық және басқа да факторларды тілді қалыптастыру мен дамытуды үздіксіз байланыстыру ретінде жиынтықты зерттейтін тіл білімінің саласы.
### Ішкі лингвистика
Ішкі лингвистика - сыртқы лингвистикалық факторға қатысы жоқ тілдік бірліктің қатынас жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы.
### Сөйлеу лингвистикасы
Сөйлеу лингвистикасы - тіл құрылымы заңымен толық сәйкес келмейтін сөйлеудің ерекшелік құрылымын зерттейтін тіл білімнің бір бөлімі.
## Тағы қараңыз
* Ана тілі
## Дереккөздер |
Тізімде Қазақстанның ұлттық-әкімшілік Алаш Орда , Кеңестік Қазақстан () және тәуелсіз мемлекеттің () басшыларын қоса алғанда, ұлттық мемлекеттілігін даму процесінде өкілеттіктерін жүзеге асырған мемлекеттік билік басшылары келтірілген.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
## Алаш автономиясы (1917—1920)
## Кеңестік Қазақстан
Төменде Кеңестік Қазақстанды де-юре және де-факто басқарған басшыларының – мемлекет және партия жетекшілерінің тізімі берілген.
### Іс жүзіндегі басшылар
### Формалды басшылар
Қырғыз өлкесі (1919—1920)
Қырғыз АСКР (1920—1925)
Қазақ АКСР (1925—1936)
Қазақ КСР (1936—1991)
## Қазақстан Республикасының Президенттері
## Тағы қараңыз
* Қазақ хандары
* Қазақстан Республикасының Президенті
* Қазақстан үкімет басшыларының тізімі
## Дереккөздер |
Жәннат жайылымдары — Джон Стейнбек жазған әңгімелер жинағы.
1932 жылы жарияланған бұл кітапта жазушы оқырманға бір-бірімен байланысқан 12 әңгімені ұсынады.
Әр әңгімеде Калифорния фермерлерінің қатарына жататын жеке бір адамның немесе жанұяның өмірі жайында баяндалады.
«The Nation» журналы бұл шығарманы «роман да емес, әңгімелер жинағы ғана деп қарастыруға да болмайды» деп сипаттап, Стейнбекке ең үздік автор атану үшін тек қоғамдық көзқарастың жетіспейтінін жазған.
## Мазмұны
* Chapter I (Prologue)
* Chapter II (“George Battle”)
* Chapter III (“Shark Wicks”)
* Chapter IV (“Tularecito”)
* Chapter V (“Helen Van Deventer”)
* Chapter VI (“Julius Maltby”)
* Chapter VII (“The Lopez Sisters”)
* Chapter VIII (“Molly Morgan”)
* Chapter IX (“Raymond Banks”)
* Chapter X (“Pat Humbert”)
* Chapter XI (“The Whitesides”)
* Chapter XII (Epilogue)
## Дереккөздер |
Нартай Сауданбекұлы (Нартай Сауданбекұлы Сарсебаев) — кино және театр актері, жазушы, драматург, аудармашы, тележүргізуші, сондай-ақ, дубляж актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері.
## Өмірбаяны
Нартай Сауданбекұлы 1977 жылы 22 қарашада, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.
* 1994ж. – 1998ж. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «театр өнері» факультетінің, театр және кино актері мамандығы бойынша, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері, білім беру саласының құрметті профессоры Нұрқанат Жақыпбаевтың шеберханасын бітірген.
* 2005ж. – 2007ж. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің юрист мамандығын бітірген.
* 1996ж. – 2000ж. Ғ. Мүсірепов атындағы Академиялық жастар мен балалар театрының актері.
* 2000ж. – 2002ж. С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі және актері.
* 2002ж. – 2003ж. «Карат Прогноз-ТВ-Лайн» телеарнасының бас редакторы.
* 2003ж. – 2004ж. «БД ПРОДАКШН» ЖШС режиссері және бас редакторы.
* 2004ж. – 2007ж. «БД ПРОДАКШН» ЖШС директоры.
* 2008ж. – 2010ж. «СЦП» ЖШС директоры.
* 2010ж. – 2013ж. Солтүстік Қазақстан облыстық филармонияның бас редакторы және сценаристі.
* 2013ж. – 2015ж. Қ. Қуанышбаев атындағы Академиялық музыкалық драма театрының актері.
* 2015ж – 2016ж. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының редакторы.
* 2016ж. – 2018ж. Айгүл Иманбаеваның «А. И. музыкалық театр және продюсерлік орталығының» көркемдік жетекшісі.
* 2020 жылдан бері қайтадан Қ. Қуанышбаев атындағы Академиялық музыкалық драма театрының актері.
* 2021 жылдан бері Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театырында актерлік қызметте қосымша жұмыс атқарып келеді.
* 2022 жылы Түркістан музыкалық драма театрында, шақыртумен актерлік қызмет атқарады.
## Фильмографиясы
### Көркем фильмдері:
* «Кингчесс - Золотая партия» - Қырғызфильм (реж. А.Ақыматов)
* «Кемпір» (реж. Е. Тұрсынов)
* «Аманат» (реж. С. Нарымбетов)
* «Құнанбай» (реж. Д. Жолжақсынов)
* «Айна-ғұмыр» (реж. А. Атагелдиев)
* «Ұлы дала таңы» (реж. А. Сатаев)
* «Время патриотов» (реж. А. Маскин)
* «ГОК» (реж. О. Баялбаев)
* «Брат или Брак 3» (реж. А. Матжанов)
### Сериалдары:
* «Өмірзая» (реж. А. Әшімов)
* «Ұзақ жол» (реж. Абай Қарпыков)
* «Екі жүз» (реж. Д. Абдрахманов)
* «Әулет» (реж. Ә. Матжанов)
* «7 бөлім» (реж. А. М. Нарымбетов)
* «Қашқын» (реж. Т. Бейсет)
* «Әскерден хат» (реж. М. Әлімхан)
* «Арпалыс» (реж. Қ. Қазбек)
* «Тәшенов Тайталас» (реж. Ж. Пошанов)
* «Жүрек сыры-2» (реж. А. Сахаманов)
* «Ахмет. Ұлт ұстазы» - (реж. М. Есжан)
* «Міржақып. Оян Қазақ!» - (реж. М. Есжан)
* «Шеше» - (реж. Д. Саркенов)
* «Қара Жәшік» - (реж. Ә. Жұмақан)
* «Бақыттың Кілті – 2» - ( реж. А. Дайырбеков)
### Режиссура
* «Әже», «Ер-Қармыс» фильмдерінің режиссері әрі продюсері.
* «Қазақ радиосындағы» «Сахна сыры» авторлық бағдарламасының авторы мен жүргізушісі
## Сахнадағы негізгі рөлдері
1996 жылы 2 курс кезінен бастап Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында:
* «Алдар көсе» - Алдар көсе.
* «Миғұла терісі үстіндегі сот» - қытай елшісі.
* «Зона немесе шибөрілер»- Амеба.
* «Қаңбақ шал» - Бала.
* «Қыз-Жібек» - қос обаның жігіті.
* Қ. Мұқамеджанов. «Бөлтірік бөрік астында» - Сұңғат.
* «Алтын кілт» - Пьеро
* «Алтын ажал» - Базарбасы
* Д. Исабеков. «Ескерткіш» - суретші.
2000 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы солтүстік қазақстан облыстық қазақ сазды драма театрының сахнасында:
* С. Мұқанов. «Аққан жұлдыз» - Сұлтанғазы Абылайханов.
* Ш. Айтматов. «Шыңғыс ханның ақ бұлты» - Шыңғыс хан.
* М. Хасенов. «Пай-пай, жас жұбайлар» - Қасым.
* Т. Миңнуллин. «Дильфруздың төрт күйеуі» - Әмір.
* «Зона немесе шибөрілер» - Капитан.
* С. Жүнісов. «Қысылғаннан қыз болдық» - Едик.
* Володин. «Қос жебе» - Жаусоғар
* «Батыр Баян» - Батыр Баян.
* «Балуан Шолақ» - Балуан Шолақ.
* К. Гальдони. «Екі қожаға бір қызметші» - Труфальдино.
* О. Богаев. «Даун-вэй» - Пірәдар, Бизнесмен, Ашына, Мент,
* Ә. Оразбеков. «Бір түп алма ағашы» - Әмір.
2013 жылдан Қ.Қуанышбаев сахнасында:
* «Алтайдан ауған ел» - Әке
* «Құнанбай» - Құнанбай
* Р. Мұқанова. «Бопай» - Би
* Қ. Жүнісов. «Сәкен сұңқар» - Қадыржан.
* Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» - Полицей мафиози.
* М. Байджиев. «Дуэль» - Ескендір.
2021 жылы Түркістан театрының шақыруымен «Бөрте» қойылымында - Жамұқа рөлін сомдады. 2022 Мәмбетов театры сахнасында «Боранды бекет» қойылымында Едіге рөлін ойнады.
## Драматургия саласындағы жетістіктері
Батыс Қазақстан өңірінде «Аманат», «Алыптар», «Мұқағали мен Нұрғиса» атты пьесалары сахналанды.«Шемен», «Аманат», «Алыптар», «Қамбардың тасы», «Система», «Тасбақа Үміт» атты пьесалар мен 10 шақты аудармалардың авторы.
## Медиа саласындағы еңбектері
* 2018ж. – 2020ж. Қазақ радиосында «Сахна сыры» авторлық бағдарламасының жүргізушісі.
* 2022ж. – 2023ж. «Ел» бағдарламасының жүргізушісі.
* 2023ж. – 2024ж. «Мәртебелі өнер» бағдарламасының жүргізушісі.
## Марапаттары
* 2010ж. – «ҚР Мәдениет қайраткері»
* 2012ж. – «Ізденіс іздері» фестивалі: «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясы.
* 2012ж. – Ортаазиялық театр фестивалі: «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясы.
* 2022ж. – «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.
* 2022 жылы «ГОК» жобасындағы Арман Кибарев рөлі үшін «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.
* 2023ж. – Ш. Жандарбекова атындағы республикалық фестивалі: Ең үздік ер адам бейнесі номинациясы.
* 2024ж. – Ш. Айтматов атындағы халықаралық театр фестивалі: Ең үздік ер адам бейнесі.
## Сілтемелер
* Нартай Сауданбекұлының Instagram желісіндегі аккаунты
## Дереккөздер |
Нартай Сауданбекұлы (Нартай Сауданбекұлы Сарсебаев) — кино және театр актері, жазушы, драматург, аудармашы, тележүргізуші, сондай-ақ, дубляж актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері.
## Өмірбаяны
Нартай Сауданбекұлы 1977 жылы 22 қарашада, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.
* 1994ж. – 1998ж. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «театр өнері» факультетінің, театр және кино актері мамандығы бойынша, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері, білім беру саласының құрметті профессоры Нұрқанат Жақыпбаевтың шеберханасын бітірген.
* 2005ж. – 2007ж. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің юрист мамандығын бітірген.
* 1996ж. – 2000ж. Ғ. Мүсірепов атындағы Академиялық жастар мен балалар театрының актері.
* 2000ж. – 2002ж. С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі және актері.
* 2002ж. – 2003ж. «Карат Прогноз-ТВ-Лайн» телеарнасының бас редакторы.
* 2003ж. – 2004ж. «БД ПРОДАКШН» ЖШС режиссері және бас редакторы.
* 2004ж. – 2007ж. «БД ПРОДАКШН» ЖШС директоры.
* 2008ж. – 2010ж. «СЦП» ЖШС директоры.
* 2010ж. – 2013ж. Солтүстік Қазақстан облыстық филармонияның бас редакторы және сценаристі.
* 2013ж. – 2015ж. Қ. Қуанышбаев атындағы Академиялық музыкалық драма театрының актері.
* 2015ж – 2016ж. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының редакторы.
* 2016ж. – 2018ж. Айгүл Иманбаеваның «А. И. музыкалық театр және продюсерлік орталығының» көркемдік жетекшісі.
* 2020 жылдан бері қайтадан Қ. Қуанышбаев атындағы Академиялық музыкалық драма театрының актері.
* 2021 жылдан бері Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театырында актерлік қызметте қосымша жұмыс атқарып келеді.
* 2022 жылы Түркістан музыкалық драма театрында, шақыртумен актерлік қызмет атқарады.
## Фильмографиясы
### Көркем фильмдері:
* «Кингчесс - Золотая партия» - Қырғызфильм (реж. А.Ақыматов)
* «Кемпір» (реж. Е. Тұрсынов)
* «Аманат» (реж. С. Нарымбетов)
* «Құнанбай» (реж. Д. Жолжақсынов)
* «Айна-ғұмыр» (реж. А. Атагелдиев)
* «Ұлы дала таңы» (реж. А. Сатаев)
* «Время патриотов» (реж. А. Маскин)
* «ГОК» (реж. О. Баялбаев)
* «Брат или Брак 3» (реж. А. Матжанов)
### Сериалдары:
* «Өмірзая» (реж. А. Әшімов)
* «Ұзақ жол» (реж. Абай Қарпыков)
* «Екі жүз» (реж. Д. Абдрахманов)
* «Әулет» (реж. Ә. Матжанов)
* «7 бөлім» (реж. А. М. Нарымбетов)
* «Қашқын» (реж. Т. Бейсет)
* «Әскерден хат» (реж. М. Әлімхан)
* «Арпалыс» (реж. Қ. Қазбек)
* «Тәшенов Тайталас» (реж. Ж. Пошанов)
* «Жүрек сыры-2» (реж. А. Сахаманов)
* «Ахмет. Ұлт ұстазы» - (реж. М. Есжан)
* «Міржақып. Оян Қазақ!» - (реж. М. Есжан)
* «Шеше» - (реж. Д. Саркенов)
* «Қара Жәшік» - (реж. Ә. Жұмақан)
* «Бақыттың Кілті – 2» - ( реж. А. Дайырбеков)
### Режиссура
* «Әже», «Ер-Қармыс» фильмдерінің режиссері әрі продюсері.
* «Қазақ радиосындағы» «Сахна сыры» авторлық бағдарламасының авторы мен жүргізушісі
## Сахнадағы негізгі рөлдері
1996 жылы 2 курс кезінен бастап Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында:
* «Алдар көсе» - Алдар көсе.
* «Миғұла терісі үстіндегі сот» - қытай елшісі.
* «Зона немесе шибөрілер»- Амеба.
* «Қаңбақ шал» - Бала.
* «Қыз-Жібек» - қос обаның жігіті.
* Қ. Мұқамеджанов. «Бөлтірік бөрік астында» - Сұңғат.
* «Алтын кілт» - Пьеро
* «Алтын ажал» - Базарбасы
* Д. Исабеков. «Ескерткіш» - суретші.
2000 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы солтүстік қазақстан облыстық қазақ сазды драма театрының сахнасында:
* С. Мұқанов. «Аққан жұлдыз» - Сұлтанғазы Абылайханов.
* Ш. Айтматов. «Шыңғыс ханның ақ бұлты» - Шыңғыс хан.
* М. Хасенов. «Пай-пай, жас жұбайлар» - Қасым.
* Т. Миңнуллин. «Дильфруздың төрт күйеуі» - Әмір.
* «Зона немесе шибөрілер» - Капитан.
* С. Жүнісов. «Қысылғаннан қыз болдық» - Едик.
* Володин. «Қос жебе» - Жаусоғар
* «Батыр Баян» - Батыр Баян.
* «Балуан Шолақ» - Балуан Шолақ.
* К. Гальдони. «Екі қожаға бір қызметші» - Труфальдино.
* О. Богаев. «Даун-вэй» - Пірәдар, Бизнесмен, Ашына, Мент,
* Ә. Оразбеков. «Бір түп алма ағашы» - Әмір.
2013 жылдан Қ.Қуанышбаев сахнасында:
* «Алтайдан ауған ел» - Әке
* «Құнанбай» - Құнанбай
* Р. Мұқанова. «Бопай» - Би
* Қ. Жүнісов. «Сәкен сұңқар» - Қадыржан.
* Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» - Полицей мафиози.
* М. Байджиев. «Дуэль» - Ескендір.
2021 жылы Түркістан театрының шақыруымен «Бөрте» қойылымында - Жамұқа рөлін сомдады. 2022 Мәмбетов театры сахнасында «Боранды бекет» қойылымында Едіге рөлін ойнады.
## Драматургия саласындағы жетістіктері
Батыс Қазақстан өңірінде «Аманат», «Алыптар», «Мұқағали мен Нұрғиса» атты пьесалары сахналанды.«Шемен», «Аманат», «Алыптар», «Қамбардың тасы», «Система», «Тасбақа Үміт» атты пьесалар мен 10 шақты аудармалардың авторы.
## Медиа саласындағы еңбектері
* 2018ж. – 2020ж. Қазақ радиосында «Сахна сыры» авторлық бағдарламасының жүргізушісі.
* 2022ж. – 2023ж. «Ел» бағдарламасының жүргізушісі.
* 2023ж. – 2024ж. «Мәртебелі өнер» бағдарламасының жүргізушісі.
## Марапаттары
* 2010ж. – «ҚР Мәдениет қайраткері»
* 2012ж. – «Ізденіс іздері» фестивалі: «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясы.
* 2012ж. – Ортаазиялық театр фестивалі: «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясы.
* 2022ж. – «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.
* 2022 жылы «ГОК» жобасындағы Арман Кибарев рөлі үшін «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.
* 2023ж. – Ш. Жандарбекова атындағы республикалық фестивалі: Ең үздік ер адам бейнесі номинациясы.
* 2024ж. – Ш. Айтматов атындағы халықаралық театр фестивалі: Ең үздік ер адам бейнесі.
## Сілтемелер
* Нартай Сауданбекұлының Instagram желісіндегі аккаунты
## Дереккөздер |
Кадри Мяльк (эст. Kadri Mälk, туған кездегі есімі Кадри Сыэрд (эст. Kadri Sõerd); 27 қаңтар 1958, Таллин — 1 қаңтар 2023) — зергерлік бұйымдар дизайнері және эстон суретшісі. Мяльк Эстонияның зергерлік мектебінің негізін қалаушылардың бірі және оның көрнекті өкілі болды.
1958 жылы 27 қаңтар Таллин қаласында дүниеге келген. Тарту көркемсурет училищесін (1977-1981) және Эстония өнер академиясын (1986, профессор Лейли Кульдкепптің шәкірті) бітірген.
1986-1989 жж. еркін суретші болды. 1989 жылдан Эстония өнер академиясында сабақ берді, ал 1996 жылдан бастап зергерлік бұйымдар дизайны және ұсталық профессоры болды.
1989 жылы алғашқы жеке көрмесі Көркемсурет галереясында өткізілді. Кадри Мяльктің зергерлік композициялары Эстония, Латвия, Литва, Германия, Бельгия, Дания, Финляндия, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея, Словакия, Ұлыбритания, Швеция, Испания және Норвегияда көрмеге қойылған.
2004 жылы ол туралы «Қиялдың қараңғы аспаны» фильмі түсірілді.
Кадри Мяльктің өнер туындылары Эстонияның қолданбалы өнер және дизайн мұражайында, Лондондағы Виктория және Альберт мұражайында, Цюрихтегі Швейцария ұлттық мұражайында, Санкт-Петербургдегі Эрмитажда, Нью-Йорктегі Смитсон ұлттық мұражайында және жеке коллекцияларда сақталған.
Мяльк бірнеше кітаптың авторы.
Бірінші күйеуі (1976 жылдан бастап) — театр суретшісі Вадим Фомичев (1953 жылы 13 қыркүйекте туған), неке ажырасумен аяқталды. Үшінші күйеуі — жазушы және аудармашы Мати Сиркель (эст. Mati Sirkel).
## Марапаттары
1987 «Эстонияның Жылдың жас әртісі» сыйлығы;
1988 Қолданбалы өнердің IV триеналы Гран-приі;
1992 Финляндия prix ARTICA сыйлығы;
1994 Кристиан Раудтың жыл сайынғы өнер сыйлығы;
1995 Est-Fem, «Эстон әйел» журналы сыйлығы;
1997 жылғы үздіктер сыйлығы, Shippo конференциясы, Токио, Жапония;
1997 Эстонияның мәдени астанасы бейнелеу және қолданбалы өнер қайырымдылық қорының жыл сайынғы сыйлығы;
1998 Эстония Республикасының Мәдениет сыйлығы;
2001 ARS Ornata Heart Сыйлығы, Кельн;
2003 «Португалия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің офицерлік кресті;
2004 Тед Нотеннің Алтын сыйлығы, Амстердам;
2005 Қазіргі заманғы зергерлік өнердің 2-ші Еуропалық Үшжылдығының Гран-приі , Бельгия;
2015 «Өмір сүр және жарқыра» стипендиясы;
2016 Бавария мемлекеттік сыйлығы, Мюнхен;
2017 V дәрежелі Ақ Жұлдыз Ордені;
2017 Эстония Республикасының Мәдениет сыйлығы;
2017 Кристиан Рауд сыйлығы (Нигулист мұражайындағы көрме, оның бұрынғы жұмысы мен шығармашылық жолын, сондай-ақ зергер-суретші мен оқытушының ізашарлық жұмысын қорытындылайтын кітап)
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Kadri Mälk: testament. Kadri Mälk, Tamara Luuk, Tanel Veenre. Arnoldsche Art Publishers, 2016 — Беттер саны: 321.
* Hunt: Kadri Mälk. Arnoldsche Art Publishers, 2020 - Беттер саны: 397.
## Сілтемелер
* https://rus.postimees.ee/7682006/umerla-hudozhnica-i-dizayner-yuvelirnyh-ukrasheniy-kadri-myalk
* https://artjewelryforum.org/articles/remembering-kadri-malk-artistnatl-estonia_auth-tanel-veenre_authnatl-estonia_1-12-23/
* https://kultuur.err.ee/1608837088/suri-kunstnik-kadri-malk |
«Qazcontent» акционерлік қоғамы — мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын медиа компания. Бүгінгі таңда компания 7 ақпараттық ресурсты біріктіреді: жаңалықтар сайттары — baigenews.kz, baq.kz, el.kz, тақырыптық порталдар — adebiportal.kz, e-history.kz, ruh.kz, сондай-ақ Қазақстан Премьер-министрінің ресми сайты. Компания ресурстары 3 тілде қолжетімді.
## Тарихы
«Қазконтент» АҚ 2009 жылдың 21 қаңтарында «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің еншілес кәсіпорны болып құрылды. Аталмыш қоғамның құрылуы мемлекеттің Интернет желісіндегі қазақстандық сегментті қалыптастыру мен дамыту бойынша стратегиялық міндетін жүзеге асырумен байланысты. Жаңа технологиялар мен инновациялардың көмегімен қолданушыларға сапалы контент ұсынып, қазнеттің дамуына мүмкіндіктер туғызу. 2009 жылдың ақпан айында алғашқы жоба - kaztube.kz іске қосылды. Ал наурыз айында bnews.kz ақпараттық агенттігі құрылды. 2010 жыл қараша айында baq.kz ақпараттық агенттігі жұмысын бастады. 2011 наурыз айында Қазконтент негізінде ҚР Премьер-министрінің ресми сайты ашылды. Сондай-ақ ilike.kz әлеуметтік желісі пайдалануға берілді. Компания Қазақша Уикипедия дамуына үлес қосып келеді. 2011 жылы Уикимедия қоры кеңесінің төрағасы Тинг Чен мырза «Қазконтент» АҚ компаниясына Уикипедия контентінің қазақ бөлімін толықтыруда көмек қолын созғаны үшін ресми түрде алғысын білдірді. Осы жылы Қазнеттің эмблемасын әзірлеуге байқау жариялады. 2012 жылы қараша айында компания акцияларын иемдену және пайдалану құқығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілді. 2013 жылдың қаңтар айында strategy2050.kz арнайы веб-порталы іске қосылды. Сол жылы Қазконтент америкалық McAfee компаниясымен меморандумға қол қойды. Желтоқсан айында әдеби шығармаларды қолданушыларға ұсынатын adebiportal.kz сайты құрылды. «Казконтент» АҚ «Қаламгер Азамат» жас журналистердің V республикалық форумын өткізді. 2014 жылдың сәуір айында Қазконтент акцияларын басқару ҚР Байланыс және ақпарат жөніндегі агенттігіне өтті. Акционерлік қоғамның 100 пайызы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігіне тиесілі.
2019 жылы «Қазконтент» АҚ «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС құрамына қосылып, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды («Мемлекеттік мүліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысы).
2022 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.
## Құрылымы
«Qazcontent» АҚ басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.Атқарушы орган – басқарма. Ағымдағы қызметке басшылықты «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы жүргізеді.
### Директорлар кеңесінің құрамы
* Искаков Канат Жумабаевич - ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі
* Қорғанбаева Мадина Тұрғамбекқызы - тәуелсіз директор
* Акишева Нуркамила - тәуелсіз директор
* Райымбеков Жанат Темиргалиевич - тәуелсіз директор
### Басқарма мүшелері
* Айна Задабекқызы Задабек - «Qazcontent» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы
* Муслим Мурадымович Базарбаев - Басқарма төрайымының орынбасары
## Компания жобалары
### BaigeNews.kz
* baigenews.kz сайты — бұл ҚР Президентінің «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өз қызметін жүргізетін мемлекеттік БАҚ. 2009 жылдың наурыз айында іске қосылғаннан 2019 жылға дейін "Bnews.kz" деген атаумен жұмыс істеді. Мұнда саясат, оқиғалар, сыбайлас жемқорлық, скандалдар, таблоидті материалдар және т.б. туралы материалдар бар. Жаңалықтар орыс тілінде қолжетімді.
### Baq.kz
* baq.kz — Қазақстан мен әлемдегі оқиғаларды сараланған және шынайы түрде жедел жариялайтын мультимедиялық ақпарат агенттігі. 2010 жылдың қараша айында іске қосылды. Жаңалықтар қазақ тілінде қолжетімді.
### El.kz
* el.kz ақпарат агенттігі — Қазақстандағы маңызды жаңалықтарды 24/7 режимінде шұғыл тарататын ақпараттық портал. 2012 жылы іске қосылды. Жаңалықтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді.
### Primeminister.kz
* primeminister.kz — ҚР Премьер-министрінің ресми сайты. 2012 жылы іске қосылды. Портал — ҚР Үкіметі, Премьер-Министрінің қызметі туралы ресми ақпараттарды жариялайтын Қазақстан Үкіметі басшысының ресми ресурсы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді.
### Adebiportal.kz
* «Әдебиет порталы» — отандық және әлемдік классикалық әдеби шығармалар мен түрлі жанрдағы әдеби мақалалар жинақталған бірегей платформа. 2013 жылы іске қосылды. Портал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді.
### E-history.kz
* «Қазақстан тарихы» интернет-жобасы — отандық тарихымызды насихаттауға бағытталған еліміздің тарихы туралы сапалы ақпараттар жариялап отырады. 2013 жылы қыркүйекте іске қосылды. Портал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді.
### Ruh.kz
* ruh.kz ақпараттық-танымдық порталы — интеллектуалды, мәдени және рухани бағыттағы тақырыптарды қамтитын жастарға арналған интернет платформа. 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске қосылған. Портал қазақ тілінде қолжетімді.
### Бұрынғы медиа активтері
Assembly.kz
* assembly.kz — Қазақстан халқы Ассамблеясының корпоративті сайты. Барлық ақпараттық материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген. Ол 2020 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық-танымдық «el.kz» интернет-порталымен бірлескен жобасы болып табылады.
Kaztube.kz
* «kaztube.kz» видео-порталы 2009 жылдың ақпан айында іске қосылды. 2022 жылы ол Президент телерадиокешенінің басқаруына өтті. 2024 жылдан бері бұрынғы «Kaztube.kz» порталының мекенжайында mediabase.kz сайты (Президент телерадиокешенінің медиа архиві) жұмыс істейді.
Strategy2050.kz
* «strategy2050.kz» ақпарат агенттігі 2013 жылы ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясын насихаттау мақсатында құрылды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде материалдар жарияланып тұрды. 2021 жылы портал жұмысын тоқтатты.
Sanamaq.kz
* «sanamaq.kz» — «SANAMAQ» балаларға арналған танымдық порталы.
Academia.kz
Webpress.kz
* «Webpress.kz» — баспа бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық агрегаторының порталы
## Басшылары
"Қазконтент" АҚ басқарма төрағалары
* Азамат Омаров (2009-2010)
* Әлтайыр Уызбаев (2010-2012)
* Айдос Қыдырма (2012-2016)
* Асқар Ахметов (2016-2017)
* Евгений Кочетов (2017-2018)
* Думан Қожахметов (2018-2019)
"ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігі" АҚ басқарма төрағалары
* Асқар Омаров (2020-2021)
* Елдос Нәшірәлі (2021-2022)
"Qazcontent" АҚ басқарма төрағалары
* Елдос Нәшірәлі (2022)
* Бекзат Жүсіпов (2023-2024)
* Айна Задабек (2024-)
## Тағы қараңыз
* Қазақстан (корпорация)
* Хабар (агенттік)
* Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені
## Сыртқы сілтемелер
* Компанияның ресми сайты
## Дереккөздер |
Тунус қалашығы (орыс. Тунусский городок) — Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей Федерациясы, Омбы облысының Муромцев ауданында, Нижняя Тунгуска өзенінің (Тара өзенінің тармағы) сол жақ жағалауында орналасқан.
## Тарихы
Қалашық Г.Ф. Миллер жинаған материалдарда Тунус болысының орталығы ретінде танымал. Оның тапқан құжаттарында қалашықтың XVI ғасырдың аяғындағы тағдыры баяндалған. 1595 жылдың наурызында таралық отряд қалашықты қоршауға алып, өрттеп жіберген. Тунус С.У. Ремезовтың Хорографиялық кітабында және К.Н. Сербинаның картасында кездеседі. Қалашық Көшім ханның шығысқа бағытталған сәтті жорықтарынан кейін салынған. Тиімді орналасуына байланысты қалашық Ертіс өңірі мен Барабы даласын байланыстырып, маңызды саяси-экономикалық рөл ойнаған. Көршілес қалашықтармен бірге (Қоскөл IV және Екатеринск V) қорғаныс шебін құрап, ханты тайпаларын Ертістің бойынан ығыстырған. Сонымен қатар қалашық алым-салық жинау орталығы қызметін атқарған. Жергілікті халықтың аздығына байланысты Көшім хан Оңтүстік Орал мен шығыс башқұрт жерлерінен аялы татарларын көшірген. Ескердің түбінде жеңіліс тапқан Көшім хан Ертіс өңірінің оңтүстігіне шегініп, орыс отрядтарына қарсы күресті осы аймақтан жалғастырған. Ертіс өңіріндегі қалашықтар мен елді-мекендер ханның уақытша ордаларына айналды. Тунус қалашығының орны 2002 жылы барлау жұмыстары кезінде анықталды. 2003-2006 жылдары С.Ф. Татауров бастаған экспедиция қалашықта зерттеу жұмыстарын жүргізген. Археологиялық қазба жұмыстарының барысында Тунус қалашығының XVI ғасырдың 70-ші жылдары қаланғаны анықталды. Қалашықта табылған керамиканың пішіні мен ою-өрнегі Шыңғы-Тура, Тон-Тура және т.б. елді-мекендерде табылған ыдыс-аяқпен бірдей.
## Әдебиет
* Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
* Миллер Г.Ф. История Сибири. Изд. 2-е, дополненное. М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1999, Т.1. 630 с.
* Томилов Н.А. Тюркоязычное население Западно-Сибирской равнины в конце XVI - первой четверти XIX вв. Томск: Изд-во Томск. ун-та, 1981. 276 с.
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2 |
Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері – тарихи қалыптасқан аумақтары бар жеке ғимараттар мен құрылыстар, мемориалдық үйлер, қорымдар, кесенелер және жеке қорымдар, монументалды өнер туындылары, тас мүсіндер, жартастағы суреттер. Ескерткіштер тізімі Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № А-8/377 қаулысымен бекітілген 2021 жылы тізімге Ақмола облысы әкімдігінің 12.10.2021 № А-10/510 қаулысымен өзгерістер енгізілді.
## Ақкөл ауданы
## Аршалы ауданы
## Астрахан ауданы
## Атбасар ауданы
## Бұланды ауданы
## Бурабай ауданы
## Біржан сал ауданы
## Егіндікөл ауданы
## Ерейментау ауданы
## Есіл ауданы
## Жақсы ауданы
## Жарқайың ауданы
## Зеренді ауданы
## Қорғалжын ауданы
## Сандықтау ауданы
## Целинограды ауданы
## Шортанды ауданы
## Көкшетау қаласы
## Дереккөздер |
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері» медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 865 Жарлығымен Қазақстан Республикасының қарулы күштері үшін тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
## Медал туралы ереже
Медальмен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жалпы күнтізбелік 25 және одан да көп жыл қызмет атқарған және қызмет өткеруінде оң сипатталған әскери қызметшілер марапатталады.
## Сипаттамасы
Медаль жезден жасалған және сары түсті тегіс екі қырлы сәулелері бар дөңес бес бұрышты жұлдыз пішінге ие, оның ұштарының арасындағы бос орындарда әскери құрамның негізгі салаларындағы танымбелгілері бейнеленген бес қалқан көрсетілген. Медальдің ортасында сақина түрінде айналасын «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ардагері» деген жазумен қоршалған күннің, қалықтаған қыранның және алтын гүлдердің лавр бұтағы бейнелері бар. Медалдың бет жағы тотыққан.
Медалдағы жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы өлшемдері — 38 мм.
Медалдің арт жағында ортасында «25 жыл» деген жазу жазылған. Медальдың артқы жағы күңгірт келеді.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес. Медалдың шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 34 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның ортасында ені 17 мм көк жолақ, таспаның оң жақ жиегін бойлай ені 1 мм үш қара жолақпен алмасып тұратын төрт сары жолақ бар. Таспаның сол жақ шетінде ені 3 мм және 1 мм екі қызыл жолақ бар, олардың арасында ені 2 мм көк жолақ орналасқан. Таспаның ені — 30 мм.
Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.
Медал Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.
## Тағы қараңыз
* «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі
* «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медалі
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалі
* «Мінсіз қызметі үшін» медалі
## Дереккөздер
* Униформиус
* Қазақстан Қарулы Күштерінің мекемелік марапаттары (2013) // Fact Military : Сайт. (орыс.) |
Людмила Петровна Сийм (тұрмыс құрғанға дейін (1962) — Курбатова, 1979 жылдан Милла Сийм-Каазинен (Milla Siim-Kaasinen) — эстон және фин суретшісі.
1938 жылы 20 қарашада Алма-Атада дүниеге келген, анасының ата-анасы Эстониядан келген иммигранттар (олар 1912 жылы кеткен). 1945 жылдан бастап Тарту қаласында тұрады. Людмила Сийм онда №2 мектепте (1947-1953), содан соң көркемсурет училищесінде (1953-1958) оқыды. 1965 жылы Эстония мемлекеттік өнер институтын бітірді, 1963-1965 жж. осы институтта дайындық курстарының нұсқаушысы болып жұмыс істеді.
1965-1969 жж. №46 Таллин мектебінде бейнелеу өнері мұғалімі болып жасады. 1969 жылдан Тарту көркемсурет училищесінің мұғалімі болды. Оның шәкірттеріне Андрес Тольтс (1949–2014), Андо Кесккюла (1950–2008), Урмас Педаник (1949) және Юри Окас (1950) кіреді.
1971 жылдан Эстония КСР Суретшілер одағының мүшесі. Кеңестік кезеңде: 1971 және 1973 — Таллин көркем салонында, 1975 — Тарту өнер үйінде жеке көрмелерін өткізді. Мәскеуде (1975) және Вильнюстегі (1976) Бүкілодақтық портреттік кескіндеме көрмелеріне қатысты. 1972 және 1975 жылдардағы Балтық суреті үшжылдық байқауының жүлдегері.
1977 жылы ол Финляндияға қоныс аударды, онда 1979 жылы Милла Сийм-Каазинен деген есімді алды. Финляндияда Людмила Сийм 1981-1984 жж. өнеркәсіп өнімінің дизайнері, Хельсинки суретшілер қауымдастығының курс нұсқаушысы және 1992-2000 жж. Мунккиниемиде және 1996-2000 жж. Хельсинкиде сурет мұғалімі болып жұмыс жасады.
Людмила Петровна Сийм 400-ге жуық өнер туындыларының авторы, 40-тан астам көрмеге қатысқан. 2022 жылғы AkzoNobel өнер сыйлығының иегері.
## Өнер туындылары
*
*
*
*
## Дереккөздер |
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы («Қазақстан» РТРК» АҚ) — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасын, «Qazsport», «Balapan», «Abai TV» телеарналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиоларын және аймақтық 14 телерадиокомпанияны біріктіретін Қазақстандағы ақпараттық саясатты жүзеге асыратын ең ірі медиа құрылым.
Тарихы 1921 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған Республикалық бірінші телеарнадан басталады. 2019 жылғы сәуірден бастап телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы — Ләззат Танысбай.
## Тарихы
Телерадиокорпорация тарихы 1921 жылдан бастау алады, сол жылы Пошта мен телеграфтар Халық комиссариаты эфирге Қазақ радиосын шығарды. 1933 жылы радио Қазақ АКСР-і Радиофикация және радио хабарларын тарату комитетінің тікелей бағынысына өтеді, ал 1978 жылы Комитеттің атауы Қазақ КСР Телевидение және радио хабар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті (Қазақ КСР Мемтелерадио) болып өзгерді.
1951 жылы 22 наурыз күні КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен КСРО-ның Орталық телевизия студиясы құрылды. 1957 жылы Үкімет радио және теледидарды Мәдениет министрлігі құрамынан бөлек шығару туралы шешім шығарып, КСРО Министрлер Кеңесінің жанынан Радио және телехабарлар тарату жөніндегі комитет құрылды. Бұл жаңалықтың ізін ала 1957 жыл 29 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Телевизия және радиохабарлары жөніндегі комитет құру туралы қаулы қабылдады. Осылайша, арада 8 ай өткеннен кейін 8 наурызда Қазақ телевизиясы дүниеге келді. 1958 жылы Қарағанды мен Өскеменде, 1959 жылы Жезқазғанда, 1960 жылы Петропавлда облыстық студиялар ашылды. Бұдан кейін Целиноград, Орал, Балқаш, Семей қаласында студиялар ашылып, аталмыш бағытта жұмыс жалғаса берді.
1958 жылдың 8 наурызынан бастап Мемтелерадио Орталық телевидениенің (ОТ) Бірінші программасын таратуды бастады, оның ішінде қазақ программалары үшін «өңірлік терезе» қалдырылды. Кейінірек Қазақ КСР Мемтелерадиосының хабарлары жеке программаға, «Қазақ телевидениесіне» кіріп, бүкіл Қазақ КСР аумағын қамтыды.
1991 жылы 17 қыркүйекте Қазақ КСР Мемтелерадиосы таратылып, орнына Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне бағынатын Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.
1992 жылғы 18 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы мен облыстық телерадиокомпаниялар негізінде Министрлер Кабинетінің жанынан «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды. Ол Қазақстанның телерадиохабар мәселелерi жөнiндегi орталық мемлекеттiк басқару органы ретінде жұмыс істеді.
1994 жылы 4 сәуірде Мемлекеттік телерадиокомпания таратылып, Министрлер Кабинетiнiң жанынан «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы құрылды.
1994 жылы 20 мамырда Корпорация құрылымында «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігі құрылды. 1995 жылы 23 қазанда республикалық мемлекеттік кәсіпорын түрінде «Хабар» агенттігі Корпорациядан бөлініп шықты.
2001 жылдың тамызынан 2002 жылдың наурызына дейін корпорация «Хабар» агенттігі» Жабық акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруында болды.
2003 жылы 7 қаңтарда «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының атауы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы болып өзгертілді. 2004 жылы 26 наурызда 2003 жылғы жаңа «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға орай «Қазақстан» РТРК» жабық акционерлік қоғамы «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді.
2008-2010 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ құрамында болды.
2010 жылы «Еуразия+ОРТ» ЖШС-нің 80% үлесін басқаратын «Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС жеке меншіктен Корпорация меншігіне өтті.
2011 жылы «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ таратылып, «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына қосылды. 2013 жылы 16 қазанда Корпорация құрамында «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС тіркелді. 2016 жылы 20 желтоқсанда «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС Корпорация құрамынан шығып, республикалық меншікке өтті.
2016 жылы 14 желтоқсанда Корпорация құрамында 4 радионы біріктіретін «Республикалық радио» ЖШС тіркелді. 2017 жылы 30 қазанда «Республикалық радио» ЖШС атауы «Қазақ радиолары» ЖШС болып өзгертілді.
## Басшылары
## Құрылымы
Акционерлік қоғамның жоғары басқару органы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Жалғыз акционер.
Акционердің мүдделерін қамтамасыз етуді бақылау және құқықтарын сақтауды жүзеге асыратын Қоғамның стратегиялық басқару органы — Директорлар кеңесі.
Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық етуші атқарушы орган — Басқарма.
Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша тәуелсіз ақпаратты Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Ішкі аудит қызметі ұсынады.
### Басқарма құрылымы
### Директорлар кеңесі құрамы
* Желдібай Руслан Сұлтанұлы — директорлар кеңесінің төрағасы, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі
* Ысқақов Қанат Жұмабайұлы — Мәдениет және ақпарат вице-министрі
* Ахметов Ербол Сабыржанұлы — Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
* Танысбай Ләззат Мұратқызы — «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы
* Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы — тәуелсіз директор
* Оспанов Ерсайын Ерікұлы — тәуелсіз директор
* Нұрахметов Саят Ермаханұлы — тәуелсіз директор
### Еншілес ұйымдар
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының еншілес ұйымдары қатарына 2 компания мен «Хабар» агенттігімен бірлесіп құрған қор кіреді:
* «Қазақ радиолары» ЖШС — Корпорацияға қарасты республикалық 4 радионы басқаратын компания. 2016 жылы желтоқсанда құрылған.
* «Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС — қазақстандық телеарна Еуразия бірінші арнасының иесі «Еуразия+ОРТ» ЖШС-нің 80% үлесін басқаратын компания. Жеке меншіктен Корпорация меншігіне 2010 жылы өткен.
* «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры — 2020 жылы отандық бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған корпоративтік қор.
## Республикалық телеарналар мен радиостанциялар
## Аймақтық филиалдары
### Корпорацияның бұрынғы телерадиокомпаниялары
* Жезқазған облыстық телерадиокомпаниясы. 1959 жылы 5 қыркүйекте Жезқазған тау-кен комбинаты инженерлерінің күшімен әуесқой телестудия ретінде ашылды. 1960 жылы Жезқазған телевизия студиясы мәртебесін алған. 1973 жылы Жезқазған облысының құрылуына байланысты облыстық телерадиокомитет құрылып, 1991 жылы ол облыстық телерадиокомпания болып өзгертілді. 1997 жылы Жезқазған облысының таратылуына байланысты «Дидар» Жезқазған қалалық телерадиохабарын тарату дирекциясы («Дидар» телеарнасы) болып қайта құрылды. Ұлытау облысы құрылғаннан кейін 2022 жылдың желтоқсанынан бері «Ulytau» облыстық телерадиокомпаниясы («Ulytau» телеарнасы) деп аталады.
* Торғай облыстық телерадиокомпаниясы. 1971 жылы Торғай облысында радио іске қосылды. 1992 жылы соның негізінде Торғай облыстық телерадиокомпаниясы құрылды. 1997 жылы облыстың таратылуына байланысты Арқалық қалалық теледидары мен радиосы болып өзгертіліп, 2012 жылдан бері «Арқа дидары» деп аталады.
* Балқаш қалалық телестудиясы. 1967 сәуірде Балқаш қаласында жұмысын бастап, 1997 жылы наурызда жабылып қалды.
## Жабылған телеарналар
### «Алатау» телеарнасы
Қытай елінің шекаралас аудандарына ұйғыр және қазақ тілінде хабар тарататын екінші республикалық «Алатау» арнасының трансляциясы 1984 жылы 1 шілдеден бастап АСК-2 аппаратты студиялық кешенінен шыға бастады.
1999 жылы телеарна жабылып, ұйғыр тіліндегі «Алитағ» бағдарламасы «Қазақстан-1» телеарнасынан шыға бастады. 2002 жылы «Алитағ» бағдарламасының атауы «Висал», кейінірек «Биз, Қазақстан уйғурлири» деп өзгертілді. 2009 жылы ұйғырша хабар тарату тоқтады.
### «Мәдениет» телеарнасы
«Мәдениет» телеарнасы – Қазақстандағы мәдени-танымдық бағытта хабар таратқан алғашқы арна. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстырған бұл арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ жанынан ашылды. 2014 жылы 1 қаңтардан бастап «Білім» телеарнасымен біріктіріліп, «Хабар» агенттігі жанында «Білім және мәдениет» телеарнасы ретінде хабар тарата бастады.
### «Tamasha TV» телеарнасы
«Tamasha TV» телеарнасы Қазақстандағы ойын-сауықтық бағыттағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын. Әлемдік пандемия салдарынан телеарна 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатты.
## Дереккөздер |
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медалі — Ішкі істер органдарындағы қызмет беделін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 1157 Жарлығының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының марапаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен жаңа мекемелік медалдар белгіленді, кейбіреулерінің, оның ішінде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ардагері» медалінің сипаттамасына өзгерістер енгізілді.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.
## Медал туралы ереже
Медальмен қызметі жағынан оң сипатталатын және күнтізбелік есепте 25 жыл не одан да көп жалпы еңбек өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады.
## Сипаттамасы
### 2003-2011 жылдары
Медаль жезден жасалып, бедерлі дөңес жеті бұрышты жұлдыз тәрізді пішінге ие. Жұлдыздың ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының элементтері бейнеленген дөңгелек дөңес қалқан бар: сәулелері таралатын күн мен оның астында қалықтаған қыран . Қалқан лавр бұтақтарының шоқтарымен айналдыра қоршалған. Жұлдыздың төменгі жағында, бұтақтардың үстінде қызыл эмальданған таспа «ІІМ» аббревиатурасы орналасқан. Қалқанның аясы мөлдір көк эмальмен жабылған. Әріптер, Мемлекеттік Тудың элементтері, лавр жапырақтары және қалқанның діңмаңдайшасы алтын жалатылған.
Медалдің арт жағында ортасында «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагерлері» деген жазу бар. Төменгі жағында «25 жыл» деген жазу жазылған.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдағы жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы өлшемдері — 37 мм.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның ортасында ені 17 мм көк жолақ, таспаның оң жақ жиегін бойлай ені 1 мм үш қара жолақпен алмасып тұратын төрт сары жолақ бар. Таспаның сол жақ шетінде ені 3 мм және 1 мм екі сары жолақ бар, олардың арасында ені 2 мм көк жолақ орналасқан. Таспаның ені 30 мм.
Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.
### 2011 жылдан бастап
Медаль жезден жасалып, бедерлі жеті бұрышты жұлдыз тәрізді пішінге ие. Медальдың бедері жылтыр келеді. Жұлдыздың ортасында ІІМ нышаны бейнеленген дөңгелек қалқан бар. Жұлдыздың төменгі жағында, бұтақтардың үстінде «ІІМ» аббревиатурасы бар қызыл эмаль таспа бар. Қалқанның аясы мөлдір көк эмальмен жабылған. Әріптер, лавр жапырақтары және қалқанның шеті алтын жалатылған.
Медалдің арт жағында ортасында «ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ», төменгі бөлігінде «25 ЖЫЛ» деген жазу жазылған.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдағы жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы өлшемдері — 37 мм.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның ортасында ені 19 мм көк жолақ, таспаның оң жақ жиегін бойлай ені 1 мм үш қара жолақпен алмасып тұратын төрт сары жолақ бар. Таспаның сол жақ шетінде ені 3 мм және 1 мм екі сары жолақ бар, олардың арасында ені 2 мм көк жолақ орналасқан. Таспаның ені 30 мм.
Медаль киімге қалқалы құлпы бар түйреуіш арқылы тағылады.
## Тағы қараңыз
* «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі
* «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері» медалі
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалі
* «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі
## Дереккөздер
* Republic of Kazakhstan: Medal Veteran of the Interior Ministry
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 1157 Жарлығы. Күші жойылды — Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығы. |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мекемелік марапаты. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен мекемелік марапаттарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы № 882 Жарлығының негізінде белгіленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Жарлығымен медаль сипаттамасына өзгерістер енгізілді.
## Ережесі
Қызметінде оң сипатталған және күнтізбелік есепте Қазақстан Республикасы МҚК-ҰҚК органдарында 25 жыл не одан да көп әскери қызмет атқарған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері марапатталады.
Қазақстан Республикасының МҚК-ҰҚК органдарындағы қызметі, әскери оқу орындарындағы оқуы, сондай-ақ әскери қызмет атқарғаны да еңбек өтілі ретінде есептеледі.
## Сипаттамасы
### 2002-2012 жылдары
Медаль — диаметрі 34 мм болатын күміс түсті металдан жасалған шеңбер, ұлттық қауіпсіздік органдарының елтаңбасы — диаметрі 12 мм дөңгелек қалқанның көлемді бейнесі бар. Қалқанда көлемді стильдендірілген шаңырақ (үйді, мемлекетті білдіреді) бейнеленген. Шаңырақтағы сызықтардың ені — 0,6 мм, ұзындығы — 9 мм, сызықтар арасындағы қашықтық — 0,6 мм. Шаңырақтағы нүктелердің диаметрі 0,6 мм.
Қалқанның астында ені 2,6 мм және ұзындығы 30 мм таспа бар. Таспада «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бейнеленген. Әріптердің биіктігі 1,7 мм. Таспа иілімдерінің үстінде қызғалдақ жапырақтары түріндегі симметриялы ою-өрнек пен мемлекеттің гүлденуін білдіретіндей жайнаған гүл орналасқан. Қалқан астындағы ортада тігінен орналасқан найза бар, сабының қалыңдығы 0,6 мм, найза ұшының биіктігі 6 мм. Найзаның ұшындағы үкі бейнесінің өлшемдері 3,5 х 7 мм.
Медальдың диаметрі биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы жиегі бар. Шеттерін сағат тілімен бойлай «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагерлері» деген жазу жазылған. Әріптердің биіктігі 1,2 мм. Мәтін көлемді түрде жасалған. ҰҚК танымбелгісінің астында көлемді лавр бұтағы (борышты, даңқты, ерлікті білдіретін) бейнеленген. Оның өлшемдері 23 х 5 мм.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы екі көк жолағы бар сұр жібек матамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Тағанның биіктігі 55 мм, ені 34 мм. Жолақтардың ені — 3 мм, жолақтар арасындағы қашықтық — 10 мм, тағанның шеті мен жолақтар арасы — 9 мм.
Тағанның артқы жағында алушының киіміне тағуға арналған сәйкес құрылғы бар.
### 2012 жылдан бастап
Медаль — диаметрі 34 мм болатын күміс түсті металдан жасалған шеңбер тәрізді болып келеді. Медаль жиегі бойымен биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм болатындай шығыңқы жиегі бар. Шеңбердің ортасында жеті доғал бұрышты күміс сәулелері бар негізде орналасқан, шыңдары дөңес қырлы, эмальмен жабылған қою қызыл сәулелері бар жеті бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың төбелеріндегі диаметр 30 мм, қырларының ені 1 мм. Белгінің беті жылтыр келеді. Жұлдыздың ортасында диаметрі 20 мм күміс қалқан, оның ортасында диаметрі 14 мм шаңырақтың стильдендірілген бейнесі орналасқан. Шағын қалқандағы шеңбердің айналасында мемлекеттік тілде «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІ3ДІК КОМИТЕТІНІҢ АРДАГЕРІ» деген жазу жазылған. Барлық бөлшектер мен белгідегі жазулар күміс (ақ) түстес келеді. Медалдың бедері жылтыр болып келеді.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 3 мм көк түсті екі жолақшасы бар сұр түсті жібек қатқыл таспамен тысталған 44 х 32 мм көлемдегі алты бұрышты тағанға бекітіледі. Жолақшалардың арасы 8 мм, тағанның шеттері мен жолақшалардың арасы — 9 мм.
Медаль киімге қалқалы құлпы бар түйреуіш арқылы тағылады.
## Тағы қараңыз
* «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері» медалі
* «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медалі
* «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі
* «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі
* «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі
* «Мінсіз қызметі үшін» медалі
## Сілтеме
* «УНИФОРМИУС» сайтындағы ҚР ҰҚК марапаттары
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Жарлығы. |
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасы қаржы полициясының мекемелік марапаты.
2014 жылы қаржы полициясының таратылуына және оның атқарымдарының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне берілуіне байланысты марапат бұрынғы мәртебесінде берілмейтін болды. Мемлекеттік қызмет министрлігі қарамағындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды, оның аясында таратылған қаржы полициясының марапаттары медалдардың әрленімін өзгерткенімен, таспалардың түстері сақталды.
## Ережесі
Медальмен қызметі оң сипатталған, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін үлгілі атқаратын қаржы полициясы органдарының, ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ құқық тәртібін қорғауға белсенді қатысқаны үшін басқа да адамдар марапатталады.
## Сипаттамасы
Медаль алтын түсті металдан жасалған. Медальдың бедері жылтыр болып келеді.
Медальдың ортасында секіруге дайындалып жатқан алтын барыстың бейнесі бар дөңгелек көк қалқан суреттелген. Шеңбер бойымен мемлекет мүддесін жан-жақты қорғауды білдіретін 8 алтын түстес нүкте орналасқан.
Қалқан қызыл таспамен қоршалған, оған «ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу қашалған. Таспаның беті күңгірттелген. Мәтін шығыңқы жылтыр болып келеді.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы шыншылдықты, адалдықты және мінсіздікті білдіретін көк түсті қатқыл таспасымен тысталған, көлемі 33х32 мм алтыбұрышты тағанға бекітіледі.
Тағанның шеттері мен ортасында алты қызыл жолақ бар, олардың ең шеткілерінің ені 1 мм, ортасы ені 2 мм, ерлік пен батылдықты бейнелейді. Ортаңғы қызыл жолақтардың арасында ені 1 мм болатын 3 көк жолақ орналасқан. Шеткі және ортаңғы қызыл жолақтар арасындағы қашықтық 9,5 мм.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
## Дереккөздер
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығы. |
«Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі — Ішкі істер органдарындағы қызмет беделін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 1157 Жарлығының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының марапаттары.
Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.
## Медал туралы ереже
Медальмен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар, қызметінде оң сипатталған және қызметтік міндеттерін үлгілі атқаратын ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады.
## Дәрежелері
«Ішкі істер органындағы қызметі үшін» медалі үш дәрежеден тұрады:
* 1 дәрежелі — 20 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға
* 2 дәрежелі — 15 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға
* 3 дәрежелі — 10 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға.
Медал төменнен жоғары дәрежеге қарай рет-ретімен беріледі.
## Сипаттамасы
### 1-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі
Медаль жезден жасалған және диаметрі 34 мм болатын кәдімгі дөңгелек пішінге ие.
Медальдің алдыңғы жағында ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылышсыз танымбелгісі бейнеленген. Медалдың жоғарғы жағында танымбелгінің үстінде бес бұрышты жұлдыз, астында «ІІМ» аббревиатурасы бар.
Медалдың арт жағында ортасында «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» делінген. Төменгі жағында «20 жыл» деген жазу жазылған.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиектелген.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерін бойлай ені 7 мм көк жолақтар, таспаның ортасында ені 5 мм екі қызыл жолақ, олардың арасында ені 6 мм сары жолақ бар. Таспаның ені 30 мм.
Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.
### 2-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі
Медаль мельхиордан жасалған және диаметрі 34 мм болатын кәдімгі дөңгелек пішінге ие.
Медальдің алдыңғы жағында ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылышсыз танымбелгісі бейнеленген. Медалдың жоғарғы жағында танымбелгінің үстінде бес бұрышты жұлдыз, астында «ІІМ» аббревиатурасы бар. Танымбелгі, жазу және жұлдыз алтын жалатылған.
Медалдың арт жағында ортасында «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» делінген. Төменгі жағында «15 жыл» деген жазу жазылған.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиектелген.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерін бойлай ені 7 мм көк жолақтар, таспаның ортасында ені 3 мм екі сары жолақпен кезектесетін үш қызыл жолақ орналасқан, шеткілерінің ені 4 мм, орташасыныкы 2 мм. Таспаның ені 30 мм.
Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.
### 3-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі
Медаль мельхиордан жасалған және диаметрі 34 мм болатын кәдімгі дөңгелек пішінге ие.
Медальдің алдыңғы жағында ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылышсыз танымбелгісі бейнеленген. Медалдың жоғарғы жағында танымбелгінің үстінде бес бұрышты жұлдыз, астында «ІІМ» аббревиатурасы бар.
Медалдың арт жағында ортасында «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» делінген. Төменгі жағында «10 жыл» деген жазу жазылған.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиектелген.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерін бойлай ені 7 мм көк жолақтар, таспаның ортасында ені 3 мм үш сары жолақпен кезектесетін төрт қызыл жолақ орналасқан, шеткілерінің ені 4 мм, орташасыныкы 1 мм. Таспаның ені 30 мм.
Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.
## Тағы қараңыз
* «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медалі
## Дереккөздер
* Униформиус
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 1157 Жарлығы. Күші жойылды — Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығы. |
«Мінсіз қызметі үшін» медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 865 Жарлығымен қарулы күштерге тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен медаль Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің мекемелік марапаттары болып жіктелді.
Медал Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
## Ережесі
Медальмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызметінің қызметкерлері қызметінде оң сипатталған және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлер марапатталады.
## Дәрежелері
«Мінсіз қызметі үшін» медалі үш дәрежеден тұрады:
* 1-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі — 20 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға;
* 2-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі — 15 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға;
* 3-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі — 10 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға;
Медальдың ең жоғарғы дәрежелісі – 1-дәреже.
«Мінсіз қызметі үшін» медалі төменгі дәрежеден жоғары дәрежеге дейін рет-ретімен беріледі. Алушы алдыңғы дәрежелі медаль алмайынша жоғары дәрежелі медалмен марапаттауға жол берілмейді.
## Сипаттамасы
### I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі
Медаль диаметрі 34 мм шеңбер пішінді жезден жасалады.
Медалдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бесбұрышты жұлдыз, алтын түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XX" рим цифры және алтын түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медалдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "MІHCІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу жазылған. Медалдің бедері жылтыр келеді.
Медалдің артқы жағында жоғарғы бөлігінде "I" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медал шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, таспаның ортасында арасында ені 7 мм қызыл жолақшасы бар ені 5 мм екі сары жолақша орналасады.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
### II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі
Медал диаметрі 34 мм шеңбер пішінді мельхиордан жасалады.
Медалдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "XV" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медалдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медалдің бедері жылтыр келеді.
Медалдің артқы жағында жоғары бөлігінде "II" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспамен тысталған ені 33 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерінде ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, таспаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 3 мм екі қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
### III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі
Медал диаметрі 34 мм шеңбер пішінді мельхиордан жасалады.
Медалдің бет жағында қызыл түсті, тегіс екі қырлы сәулесі бар бес бұрышты жұлдыз, күміс түсті күн мен қалықтаған қыран, төменгі жағында қызыл түсті "X" рим цифры және күміс түсті емен мен лавр бұтақтарының өрімі орналасқан. Медалдің төменгі шеті ою-өрнекпен өрнектелген, жиектің ішкі жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай "МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан. Медалдің бедері жылтырақ.
Медалдің сыртқы жағында жоғары бөлігінде "III" рим цифры орналасқан. Ортасында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН" деген жазу орналасқан.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медал шеттері ернеумен жиектелген.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспамен тысталған ені 33 мм, биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Таспаның шеттерін бойлай ені 8 мм көгілдір жолақтар орналасады, таспаның ортасында шеткілерінің ені 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргізілген ені 1 мм үш қызыл жолақша орналасады.
Медаль киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
## Дереккөздер
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығы. |
«Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің мекемелік марапаты.
## Тарихы
Медаль Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 маусымдағы № 129 Жарлығының негізінде тағайындалды. 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен медал Министрліктің мекемелік марапаты болып қайта бекітілді. Алайда, 2014 жылы Министрліктің таратылуына және оның атқарымдары Ішкі істер министрлігінің мекемесіне жүктелуіне байланысты марапат мекемелік бағыныстылыққа ие болды.
## Ережесі
Медальмен әскери қызметте жүргендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері көп жылғы жемісті еңбегі үшін қызметінде оң сипатқа ие және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есепте жалпы еңбек өтілі 25 жыл немесе одан көп болғандар марапатталады.
## Сипаттамасы
Медаль жезден жасалған және сары екі қырлы сәулелері бар дөңес сегіз бұрышты жұлдыз пішінге ие. Жұлдыздың ортасында «желдер раушаны» іштей сызылған жер шары мен онда жазылған азаматтық қорғаныстың халықаралық белгісінің (ішінде көк үшбұрыш бар тоқсары шеңбер) стильдендірілген бейнесі, жер шары сұлбасының астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сурет қызыл сақинаның аясында «ҚАЗАҚСТАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ» деген жазумен айнала қоршалған. Жер шары мен қалықтаған қыранның аясы көк эмальмен қапталған. Әріптер, қалықтаған қыран мен жер шарының меридиандарының сұлбасы алтын жалатылған.
Медалдің арт жағында ортасында «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» делінген. Төменгі жағында «25 жыл» деген жазу жазылған.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді.
Медалдағы жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы өлшемдері 38 мм.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның ортасында ені 17 мм көк жолақ, таспаның оң жақ жиегін бойлай ені 1 мм үш қара жолақпен кезектесетін төрт тоқсары жолақ бар. Таспаның сол жақ шетінде ені 3 мм және 1 мм екі тоқсары жолақ бар, олардың арасында ені 2 мм көк жолақ орналасқан. Таспаның ені 30 мм.
Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.
## Тағы қараңыз
* «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері» медалі
* «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медалі
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалі
## Сілтеме
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 маусымдағы № 129 Жарлығы. Күші жойылды — Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығы.
* Униформиус |
«Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мекемелік марапаты.
## Тарихы
Медаль Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін жекелеген мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың мекемелік марапаттары туралы» Жарлығымен негізделді. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасының министрліктері мен мекемелері үшін бұрын болған мекемелік ынталандыру құрылымына өзгерістер енгізілді. Кейбір ынталандыру түрлері жойылды, өзгертілді немесе керісінше - құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Жарлығымен медаль сипаттамасына өзгерістер енгізілді.
Медальдар Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.
## Ережесі
Медальмен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері, яғни Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органда әскери қызмет атқарып, Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесін, ұлттық қауіпсіздікті, қызметтік міндеттерін адал орындауды, мінсіз әскери тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жедел-қызметтік қызметте оң нәтижелерге қол жеткізгені үшін марапатталады.
«Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі үш дәрежеден тұрады:
* 1-дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі — Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы 20 жыл қызметі үшін марапаттауға;
* 2-дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі — Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы 15 жыл қызметі үшін марапаттауға;
* 3-дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі — Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы 10 жыл қызметі үшін марапаттауға;
## Сипаттамасы
### 2011-2012 жылдары
I дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі
Медаль диаметрі 34 мм шеңбер пішінді жезден жасалған. Медалдың бет жағында ортада, қызыл өрісі бар (Ұлттық қауіпсіздік комитетінің елтаңбасының түсі) көлемді шығыңқы ернеуімен ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында көктікен түсті алқап орныққан шаңырақтың стильдендірілген бейнесі (Ұлттық қауіпсіздік комитеті туының түсі) көрсетілген. Қалқанда шаңырақтың аясында жан-жағына сергек қарап отырған алтын түстес қыранның (мемлекет сақшысының нышаны) көлемді бейнесі бейнеленген. Қалқанның шығыңқы ернеулерінің арасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу жазылған. Медалдың шетінде қаусырмалы таспалармен лавр және емен бұтақтарынан қабатталған гүлдесте бар. Гүлдестенің төменгі жағында «XX» рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медалдың бедері жылтыр келеді.
Медалдің артқы жағында, ортасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «I» рим цифры жазылған.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді. Медалдың шеттері ернеумен жиектелген.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50х33 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, таспаның ортасында ені 2 мм сары жолақша орналасқан. Жолақшалардың аралығы 12,5 мм.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
II дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі
Медаль диаметрі 34 мм шеңбер пішінді күміс түсті металдан жасалған. Медалдың алдыңғы жағында ортасында көлемді шығыңқы ернеуі бар күміс түсті ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында күміс түсті шаңырақтың стильдендірілген бейнесі бар. Қалқанда шаңырақтың аясында жан-жағына сергек қарап отырған күміс түстес қыранның (мемлекет сақшысының нышаны) көлемді бейнесі бейнеленген. Қалқанның шығыңқы ернеулерінің арасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу жазылған. Медалдың шетінде қаусырмалы таспалармен лавр және емен бұтақтарынан қабатталған гүлдесте бар. Гүлдестенің төменгі жағында «XV» рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медальдың бедері жылтыр келеді.
Медалдің артқы жағында, ортасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «II» рим цифры жазылған.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді. Медалдың шеттері ернеумен жиектелген.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50х33 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар, таспаның ортасында 3 мм аралықпен ені 2 мм екі сары жолақ бар. Қызыл және сары жолақтар аралығы 10 мм.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
III дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі
Медал диаметрі 34 мм шеңбер пішінді көне қоламен жалатылған жезден жасалған. Медалдың алдыңғы жағында ортасында көлемді шығыңқы ернеуі бар ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында қола түсті шаңырақтың стильдендірілген бейнесі бар. Қалқанда шаңырақтың аясында жан-жағына сергек қарап отырған қола түстес қыранның (мемлекет сақшысының нышаны) көлемді бейнесі бейнеленген. Қалқанның шығыңқы ернеулерінің арасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу жазылған. Медалдың шетінде қаусырмалы таспалармен лавр және емен бұтақтарынан қабатталған гүлдесте бар. Гүлдестенің төменгі жағында «Х» рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медалдың бедері жылтыр келеді.
Медалдің артқы жағында, ортасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «II» рим цифры жазылған.
Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді. Медалдың шеттері ернеумен жиектелген.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50х33 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар, таспаның ортасында 1 мм аралықпен ені 2 мм үш сары жолақ бар. Қызыл және сары жолақтар аралығы 9,5 мм.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
### 2012 жылдан бастап
I дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі
I дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі диаметрі 34 мм алтын (сары) түсті металл шеңберден тұрады. Медалді айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар. Медалдің бет жағында ортада, айналдыра көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 20 мм дөңгелек қалқан тәрізді ұлттық қауіпсіздік органдарының кіші эмблемасы орналасқан оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір (көк) эмаль құйылған алтын (сары) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан. Қалқанды бойлай «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Медаль бетінің бедері жылтыр келеді. Медальдің, кіші эмблемасының сол және оң жағында лавр бұтақтарымен қабатталған гүлдесте орналасқан. Гүлдестенің үстіңгі бөлігінде жеті ұшты жұлдыз бейнеленген. Гүлдестенің төменгі бөлігінде «XX» рим цифры бар таспа орналасқан. Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, алтын (сары) түсті.
Медалдің артқы жағында күңгірт алтын (сары) түсті бет жағы жылтыр «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «І» рим цифры орналасқан.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, таспаның ортасында ені 2 мм сары жолақша орналасқан. Жолақшалардың аралығы 12 мм.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
II дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі
II дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі диаметрі 34 мм күміс (сұр) түсті металл шеңберден тұрады. Медальді айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар. Медальдің бет жағында ортада, айналдыра көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 20 мм дөңгелек қалқан тәрізді ұлттық қауіпсіздік органдарының кіші эмблемасы орналасқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір (көк) эмаль құйылған күміс (сұр) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан. Қалқанды бойлай «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Медал бетінің бедері жылтыр келеді. Медальдің кіші эмблемасының сол және оң жағында лавр бұтақтарымен қабатталған гүлдесте орналасқан. Гүлдестенің үстіңгі бөлігінде жеті ұшты жұлдыз бейнеленген. Гүлдестенің төменгі бөлігінде «XV» рим цифры бар таспа орналасқан. Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, күміс (сұр) түсті.
Медалдің артқы жағында күңгірт күміс (сұр) түсті бет жағы жылтыр «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «II» рим цифры орналасқан.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, таспаның ортасында ені 2 мм 2 сары жолақша орналасқан. Сары жолақшалардың аралығы 2 мм.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш аркылы бекітіледі.
III дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі
III дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі диаметрі 34 мм қола (қызғылт сары) түсті металл шеңберден тұрады. Медальді айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар. Медалдің бет жағында ортада, айналдыра көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 20 мм дөңгелек қалқан тәрізді ұлттық қауіпсіздік органдарының кіші эмблемасы орналасқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір (көк) эмаль құйылған күміс (сұр) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан. Қалқанды бойлай «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Медал бетінің бедері жылтыр келеді. Медалдің кіші эмблемасының сол және оң жағында лавр бұтақтарымен қабатталған гүлдесте орналасқан. Гүлдестенің үстіңгі бөлігінде жеті ұшты жұлдыз бейнеленген. Гүлдестенің төменгі бөлігінде «X» рим цифры бар лента орналасқан. Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, қола (қызғылт сары) түсті.
Медалдің артқы жағында күңгірт қола (қызғылт сары) түсті бет жағы жылтыр «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «III» рим цифры орналасқан.
Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, таспаның ортасында ені 2 мм 3 сары жолақша орналасқан. Сары жолақшалардың аралығы 2 мм.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
## Тағы қараңыз
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалі
* «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі
## Дереккөздер
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Жарлығы. |
75 ең дәулетті бизнесмен — 2024 — Forbes журналының қазақстандық нұсқасы жариялаған Қазақстанның ең бай 75 адамының тізімі. Активтердің нақты құны рейтингтік көрсеткіштерден өзгеше болуы мүмкін.
Forbes мәліметтері бойынша, рейтингке қатысушылардың жиынтық байлығы өткен жылмен салыстырғанда 8,2 млрд долларға артып, 46,63 млрд долларға дейін өсті. Ал жиынтық капиталдың жалпы ішкі өнімге арақатынасы өткен жылғы деңгейде қалды деуге болады: 2023 жылы 17,5%, биыл – 17,65%.
Рейтингке қатысушылардың орташа жасы — 56 жыл. Ең үлкені — Виктор Буллер 78 жаста, ең жасы — Тимур Турлов 36 жаста. Орташа байлығы — 622 млн. доллар.
## 75 ең бай адам
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* 75 ең дәулетті бизнесмен - 2024 |
«Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл» медалі — Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 1666 Жарлығының негізінде тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
Медальдар Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.
## Ережесі
Мерейтойлық медаль қазақстандық парламентаризмнің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығын мерекелеуге орай Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтарды марапаттады.
## Сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл» мерекелiк медалі диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер пiшiндi жезден дайындалады.
Медалдiң бет жағының ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы бейнеленген. Тудың бейнесi көк түстi эмальдан жасалған. Медалдiң төменгi бөлiгiнде шеңбердi бойлай лавр бұтақшасы орналасқан. Тудың оң жағында екi жолға жазылған «10 жыл» деген бедерлi жазу бар.
Медалдiң артқы жағының ортаңғы бөлiгiндегi жылтыр бетке үш жолдан тұратын «Қазақстан Республикасының Парламентi» деген жазу жазылған. Жазудың астындағы төменгi бөлiкте ұлттық ою-өрнек элементi орналасқан.
Медалдағы бейнелер мен жазулардың бәрi де бедерлi, алтын түстес келеді. Медалдің шеттері ернеумен жиектелген.
«Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл» мерекелiк медалi құлақша мен шығыршық арқылы жезден жасалған, енi 34, биiктiгі 50 мм алтыбұрышты тағанмен жалғанады. Таған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы түстес қатқыл таспамен қапталған, оның екi жақ жиегi енi 4 мм көк түстi жолақпен көмкерiлген. Таспаның ортасында әрқайсысының енi 2 мм екi сары жолақ орналасқан. Қатқыл таспаның енi 34 мм. Тағанның артқы жағында түйреуiш орналасқан, медаль соның көмегiмен киiмге тағылады.
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 1666 Жарлығы. |
Ғалия Тынбаева (1999 жылы 23 қарашада туған) — қазақстандық дзюдошы.
## Дереккөздер |
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мекемелік марапаты. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен мекемелік марапаттарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы № 882 Жарлығының негізінде белгіленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Жарлығымен медаль сипаттамасына өзгерістер енгізілді.
## Ережесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері:
* жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін конституциялық құрылысты, мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты, мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуде жедел-қызметтік іс-қимылды шебер ұйымдастырғаны;
* Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін қорғауда барлау, қарсы барлау және әскери операцияны (оның ішінде тергеуді) табысты ұйымдастырғаны, өткізгені және іске асырғаны; үкіметтік байланыспен сенімді қамтамасыз еткені;
* күрделі арнайы техникалық іс-шараларды кәсіби өткізгені;
* республиканың қауіпсіздік органдары үшін жоғары білікті кадрларды даярлағаны және қайта даярлағаны;
* ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердегі жетістіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік жұмысын қамтамасыз еткендігі үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері;
* Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттерді шешуге қосқан үлесі және оны іске асыруға жәрдемдескені үшін марапатталады.
## Сипаттамасы
### 2002-2012 жылдары
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі диаметрі 34 мм болатын алтын түсті металдан жасалған шеңбер пішінді келеді. Медалдың диаметрі биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар.
Медальдың жоғарғы жағында диаметрі 12 мм болатын көлемді стильдендірілген шаңырақ (үйді, мемлекетті білдіреді) орналасқан. Шаңырақ астында оның төменгі бөлігін жабатын қыранның бейінді стильдендірілген басы (үйді, халықты, мемлекетті қорғаушыны білдіреді) орналасқан. Қыран басының бейнесі көлемді етіп жасалған, оның өлшемдері 19х16 мм. Медалді сағат тiлi бойымен айнала «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» деген жазу жазылған. Әріптердің биіктігі 2 мм. Медалдің төменгі жағында қыран басы бейнесінің астында «Қазақстан» деген жазуы бар таспа орналасқан. Таспаның ені 4 мм. Әріптердің биіктігі 2 мм.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм, алтын түстес екі жолақшасы бар көктікен түсті жібек матамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Жолақтардың ені 3 мм. Жолақтар арасындағы қашықтық 10 мм, таған шеті мен жолақтардың аралығы - 9 мм. Тағанның төменгі бөлігі құлақшадан оңға және солға қарай бірдей тең алтын түстес зәйтүн бұтақтарымен көмкерілген. Бұтақтарда үш жемісі бар 4 зәйтүн жапырағы көрсетілген.
Тағанның артқы жағында алушының киіміне бекітуге арналған сәйкес құрылғы бар.
### 2012 жылдан бастап
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі диаметрі 34 мм алтын (сары) түсті металл шеңберден тұрады. Медалдің айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар.
Шеңбердің ортасында алтын (сары) түсті жеті доғал бұрышты сәулелердің негізіне орналасқан шығыңқы қырлы ұштары бар күрең қызыл (қою қызыл) түсті сәуленің эмалімен көмкерілген жеті ұшты жұлдыз бар. Жұлдыздың ұштары бойынша диаметрі 30 мм, қырларының ені 1 мм. Белгінің бет жағы жылтыр келеді.
Жұлдыздың ортасында — диаметрі 20 мм, көктікен (көк) түсті эмаль құйылған қалқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір эмаль құйылған алтын (сары) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан.
Қалқанды айналдыра мемлекеттік тілде: «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу жазылған.
Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Медальдің бедері жылтыр келеді.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм, алтын (сары) түстес екі жолақшасы бар көктікен (көк) түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Жолақшалардың ені 3 мм. Жолақшалардың аралығы 8 мм, таған шеті мен жолақтардың аралығы 9 мм. Тағанның төменгі бөлігі құлақшадан оңға және солға қарай бірдей тең алтын түстес лавр бұтақтарымен көмкерілген. Бұтақтарда төрт-төрттен лавр жапырағы бар.
Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.
## Тағы қараңыз
* «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалі
## Дереккөздер
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Жарлығы. |
Арбер автомобиль жолы (алб. Rruga e Arbrit) - Албаниядағы ұлттық жол, астана Тирананы Албанияның шығысындағы Дибра аймағымен тікелей байланыстырады және оның өзегі 2021 жылы уақытша ашылды.
Аяқталғаннан кейін Тирана - Булькиза - Макеллара бағыты жақсы дамыған екі жолақты экспресс жолға (суперстрада) айналады, Милот арқылы ескі қалааралық байланыспен салыстырғанда 100 шақырымға қысқа болады. Автомобиль жолының жобалық жобалары болғанымен, көлік қозғалысының салыстырмалы түрде төмен пайдалануы жоғары шығындарды ақтамайтындықтан, мұндай құрылыс қабылданбады. Бірнеше туннельдер мен биік көпірлер құрылысшыларға үлкен қиындықтар туғызады. Негізгі бөлім уақытша 2021 жылдың қарашасында ашылды, Клос - Булькиза учаскесі де 2023 жылдың мамырында ашылды, сондықтан қазір тек тәждік туннельді аяқтау қалды.
Бір жағынан, 69 шақырымдық жол Тирана мен Дибра және Скопье арасындағы жолдың ұзақтығын қысқартады, екінші жағынан Солтүстік Македонияның сату нарығын Дуррес арқылы Италиямен байланыстыруды көздейді. 2018 жылы жалпы шығындар бастапқыда 160 миллион еуро, 250 миллион еуро деп көрсетілген (бұл бір шақырымға шамамен 3,6 миллион еуроға сәйкес келеді).
## Дереккөздер |
Алексей Степанович Баркалов (укр. Олексій Степанович Баркалов; 18 ақпан 1946 жыл, Введенка, Харьков облысы Украина КСР — 9 қыркүйек 2004 жыл, Киев, Украина) — украиндық және кеңестік ватерполошы (су добы), Еуропа чемпионы (1970), әлем чемпионы (1975), 1968, 1972, 1976 және 1980 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1970). Украин КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1988). Украина су добы федерациясының президенті (1997-1999).
## Өмірбаяны
Алексей Степанович Баркалов 1946 жылы 18 ақпанда Харьков облысы, Введенка ауылында дүниеге келген.
1972 жылы Харьков политехникалық институтын және және 1977 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің Саратов жоғары әскери командалық училищесін бітірген.Жұбайы - Людмила Баркалова (1947-2018), ұлы - Дмитрий Баркалов (1969-2001).
Ол Харьковта өсіп, онда 15 жасында су добын ойнай бастады. «Динамо» (Харьков) және «Динамо» (Киев) клубтарында шабуылшы ретінде ойнады. 1971 жылы Украина КСР құрамасының құрамында КСРО халықтарының V жазғы спартакиадасында жеңімпаз атанды.1967-1980 жылдар аралығында КСРО құрамасының құрамында болды, онымен 412 матч өткізіп, Гиннесс рекордтар кітабына енді. 4 Олимпиадаға қатысып, 1 күміс (1968), 2 алтын (1972, 1980) медаль жеңіп алды. Оның коллекциясында әлем чемпионаттарының (1973, 1975) және Еуропа чемпионаттарының (1970, 1974) алтын және күміс медальдары да бар.
Спорттық мансабын аяқтаған соң жаттықтырушылыққа ауысты. 1980 жылдары Украина КСР жастар құрамасының бас жаттықтырушысы болды, ал 1990-1994 жылдары Югославияның «Воеводина» (Нови Сад) клубында жұмыс істеді.
1997-1999 жылдары - Украина су добы федерациясының президенті.
Алексей Степанович 2004 жылы 9 қыркүйекте Киевте қайтыс болды. Байково зиратында жерленген.
## Спорттық жетістіктері
* Олимпиада чемпионы (1972, 1980).
* Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (1968).
* Олимпиада ойындарының қатысушысы (1976).
* Әлем чемпионы (1975).
* Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1973).
* Еуропа чемпионы (1970).
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1974).
* КСРО чемпионаттарының күміс (1976) және қола (1973, 1974, 1977) жүлдегері.
* КСРО халықтарының V жазғы спартакиадасының жеңімпазы (1971).
* КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының күміс жүлдегері (1975).
* Әлем кубогының жеңімпазы (1981).
## Марапаттары
3 дәрежелі Қызметі үшін ордені (2002 ж.)
## Дереккөздер |
## Өмірі мен игі истері
Құрбанов Олжа Құрбанұлы (10.05.1910 жыл, бұрынғы Георгиевка ауданы Доңғыстау ауылы - 19.01.1973, Манкент) - еңбек ардагері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Еңбек жолын 1925 жылы Қызыл кетпен ұжымшарында есепшіліктен бастаған. 1929 жылдан сол ұжымшардың төрағасы, 1937 - 1940 жылдарыСайрам ауданының саяси бөлімінде, аудандық МТС - те директор, 1940 - 1942 жылдары Түркістан аудандық партия кеңесінің төрағасы, 1942 - 1959 жылдары Сайрам ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1959 -1971 жылдары Манкент ұжымшарының төрағасы болды. Көптеген орден, медаль, дипломдармен марапатталған.
## Дереккөздер
## Өмірі мен игі истері
Құрбанов Олжа Құрбанұлы (10.05.1910 жыл, бұрынғы Георгиевка ауданы Доңғыстау ауылы - 19.01.1973, Манкент) - еңбек ардагері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Еңбек жолын 1925 жылы Қызыл кетпен ұжымшарында есепшіліктен бастаған. 1929 жылдан сол ұжымшардың төрағасы, 1937 - 1940 жылдарыСайрам ауданының саяси бөлімінде, аудандық МТС - те директор, 1940 - 1942 жылдары Түркістан аудандық партия кеңесінің төрағасы, 1942 - 1959 жылдары Сайрам ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1959 -1971 жылдары Манкент ұжымшарының төрағасы болды. Көптеген орден, медаль, дипломдармен марапатталған.
## Дереккөздер |
Subsets and Splits
No saved queries yet
Save your SQL queries to embed, download, and access them later. Queries will appear here once saved.