text
stringlengths
3
252k
Дінмұхамед Қонаев бюсті – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіштердің бірі. ## Орналасқан жері Алматы қаласы, Бөгенбай батыр және Д. Қонаев көшелерінің қиылысы. ## Авторлары Мүсіншілер – Т.С. Досмағанбетов, А.Б. Татаринов, сәулетшілер – А.Қ. Қапанов, Ш.Е. Уәлиханов, И.Я. Токарь, Б.В. Дмитриевский. ## Тарихи дерек Елеулі мемлекет және саясат қайраткері, Қазақ КСР КП ОК-ның бірінші хатшысы, үш мәрте Кеңестік Еңбек ері (1972, 1976, 1982 жж.) Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне 1978 жылы қойылған бюст ескерткіш. Ол кездегі Кеңестік Еңбек Ері атағын екі мәрте беру туралы заңға сәйкес, ескетркіш Д.А. Қонаев тірі кезінде орнатылған.Д.А. Қонаевтың өзі тұратын жерінен алыс емес жерде биік гранит стилобаттың ортасында төртбұрыш тұғырға қола бюсті қойылған. Костюмінің қайырмасына КСРО-дағы ең мәртебелі екі медаль қадалған.Ескерткіш айналасындағы мәрмәр және гранит тақталар, маңғаз жасыл шыршалар, әдемі субұрқақтар мен гүл шоғырларының көптігі бұл жерді Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін керемет серуен орнына айналдырды. ## Дереккөздер
Қырымқұл би Әнетұлы (шамамен 1750/52 жылдар арасында туған – өлген жылы белгісіз) — Байұлы тайпасы Адай руының Бәйімбет бөлімінен шыққан би, шешен. Қырымқұл би Әнетұлы бірнеше жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, халыққа имандылық дәнін сепкен. Өзі 1798 жылы қажылық парызын өтеуге Меккеге барған сапарынан оралмаған. Оған топырақ Медина қаласындағы пайғамбар мешітінің күн шығыс жағындағы үлкен қорымнан бұйырыпты. ## Шежіре Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Бәйімбет – Алдаберді – Райымберді – Текей – Әнет – Қырымқұл ## Өмірбаяны Әнеттің үлкен ұлы Қырымқұл жас кезінен өте алғыр, пысық және зерек болып өсіпті. Әкесі Әнет оның істеген ісі, айтқан әңгімесіне көңілі толып, шүкіршілік етеді екен. 5–6 жасқа келгенде "тілі сынсын" деп Қырымқұлды ауыл молдасына оқуға беріпті. Табиғатынан зерек Қырымқұл өзімен қатар балалар әлі әліпбиден шыға алмай отырғанда Әптиек, Құранды тәмамдапты. 7–8 жасқа келгенде араб, түркі, парсыша жазылған кітаптарды оқып тауысқан көрінеді. Сонда молда Әнетке: "Енді менің балаңды оқытуға шамам келмейді. Оны Бұқара, Мекке сынды шәһарлардағы жоғары медреселерге оқуға жіберу керек. Бірақ оқу өтіп кетіп кеселге шалдығуы да мүмкін" деп ескертіпті дейді. Қырымқұлдың одан кейін қайда барып оқығаны туралы дерек жоқ, бірақ түйіні қыйын мәселелерді шешерде Құраннан, Пайғамбардың хадистерінен дәлелдер келтіре отырып ақиқатын айтатын шешен де би болған делінеді. Қырымқұл (1798) 1850–1919 жылдары аралығында Адай руынан Мекке-Мадинаға хажылық парызын өтегендер тізімінде бар, Меккеде қалған дейді. ## Дереккөздер
Арал ФК (өзб. Aral (futbol klubi, Nukus)) — Қарақалпақстанның Нөкіс қаласындағы футбол клубы. 2021 жылы құрылған. 1976-2022 жылдары тағы бір "Арал" деген клуб болды, бірақ ол басқа команда. Қазір Өзбекстан бірінші лигасында өнер көрсетеді. ## Сілтемелер * https://www.transfermarkt.com/aral-nukus/startseite/verein/76379 * https://pfl.uz/uzb/clubs/701 Мұрағатталған 22 сәуірдің 2024 жылы.
Қызырық футбол клубы (өзб. Qiziriq (futbol klubi)) — Өзбекстандағы футбол клубы. 2023 жылы құрылған. Базасы Сурхандария облысы, Қызырық ауданында. ## Тарихы 2024 жылы Өзбекстан кубогына қатысып, 1/8 финалға дейін жетті. 2024 жылы Өзбекстан бірінші лигасына қатысты. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * https://www.transfermarkt.world/qiziriq/startseite/verein/118766
Айдар Шайхысламұлы (1848–1922) — ишан, ұста. ## Шежіре Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Жаулы – Жары – Назар – Тастемір – Ақәділ – Баймұханбет – Шайхыслам (Шайхыислам) – Айдар ## Өмірбаяны Жасынан діни жолды ұстанған адам. Бұхара қаласындағы медреседе оқып, діни жоғары білім алған. Тұщықұдық жерінде мешіт салып, шәкірттер оқытқан, Қарақалпақстанда Мәткәрімді пір тұтқан, соған қол берген, діни жоғары білімді деп танылып шатырхат (диплом) алған. Маңғыстау өңірінде Айдар ишан атағымен танылып, құрметке бөленді. Елге имандылық қасиеттерін таратып, балаларға діни білім берумен қатар көрік ұстаған ұста да болған. ## Естелік Қазіргі уақытта жеті серке терісінен жасалған көрігі, ұсталық құрал-саймандары ишан ұрпақтарында сақтаулы. Айдар ишан салдырған мешіттің орны «Тұщықұдық» кеңшарының орталығында сақталған. ## Дереккөздер
Данел Синани (люксемб. -{Danel Sinani}-; 5 шілде 1997, Белград) — люксембургтік футболшы, жартылай қорғаушы. ## Жетістіктері «Ф91 Дюделанж» * Люксембург чемпионы (2): 2017/18, 2018/19 * Люксембург кубогы: 2018/19 ### Жеке * Люксембург жыл футболшысы: 2019 ## Дереккөздер
Эмин Джабраил оглы Махмудов (әз. Emin Cəbrayıl oğlu Mahmudov; 27 сәуір 1992; Красносельское, Саатлин ауданы, Әзербайжан) — әзербайжандық және ресейлік футболшы, Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасы мен "Нефтчи (Баку)" клубының жартылай қорғаушысы. Ресейдің бірнеше жастағы жастар құрамасында ойнаған. ## Жетістіктері ### «Крылья Советов» * Ресей бірінші лигасының жеңімпазы: 2014/2015 ### «Спартак» * Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/12 ### Ресей-21 * Достастық кубогы: 2012, 2013 ### «Нефтчи» (Баку) * Әзербайжан чемпионы: 2020/21 ## Дереккөздер
## Дереккөздер
Тайыр Жарықұлы (26 қыркүйек 1908 жыл, Хан Ордасы ауылы, Астрахан губерниясы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) – 11 наурыз 1965 жыл, Алматы) — қазақ ақыны. ## Өмірбаяны Байұлы тайпасы Шеркеш руынан шыққан. * 1923 — 1927 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында * 1928 — 1932 жылы ҚазПИ-де * 1934 — 1935 жылы Ленинград тарих философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқыған. * 1932 — 1933 жылы жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетітінің хатшысы * 1933 — 1934 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы * 1936 — 1938 жылы “Қазақ әдебиеті” газеті редакторының орынбасары * 1938 — 1942 жылы Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарды. * Ұлы Отан соғысына қатысқан. * 1946 — 1965 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі “Жазушы” баспасы) жауапты қызметтер атқарды. ## Ақынның шығармашылығы Ақынның алғашқы өлеңдері * “Аэроплан” * “Күлімдейді күміс күн де” 1927 — 1928 жылы жарияланды. Бірінші өлеңдер жинағы 1932 жылы * “Жұлдыз жарығы” деген атпен басылып шықты. Әр жылдарда * “Нефстан” * “Мотор жыры” * “Күн тіл қатты” (1934) * “Мұз тұтқыны” (1935) * “Тасқын” (1937, 1949) * “Нарын” (1935) * “Тастағы жазу” (1940) * ”Бақыт жырлары” * “Жапанды орман жаңғыртты” (1949) * “Қырда туған құрыш” (1954, 1955, 1956) * “Жыр қанаты” (1956) * “Құмдағы дауыл” (1958) * “Тау жырлайды” (1962) * “Теңіз баласы” (1963) * “Тасқынға тосқын” (1965), т.б. кітаптары жарық көрді. * Ақынның таңдамалы шығармаларының 1958 — 1959 жылы екі томдығы * 1972 — 1975 жылы төрт томдығы * 1951 — 1978 жылы бір томдығы басылды. ## Тақырыптары Жароков, әсіресе, саяси-әлеуметтік лириканың шебері. Ақын поэзиясына өмір жаңалықтарын дер кезінде көре біліп, оны публицистикалық леппен, романтикалық сезіммен шабыттана жырлау тән. “Күн тіл қатты” поэмасында кеңес ұшқыштарының 1934 жылы 22 км биіктікке көтеріліп, дүниежүзілік рекорд жасаған ерлігін романтикалық қуатпен шаттана жырлады. “Тасқын” поэмасында 1921 жылы Алматыда болған су тасқынын суреттей отырып, «Қайсар мен Жамал» секілді қарапайым жастардың бейнесін типтік дәрежеде жасай білді. Ақын бұл тақырыпқа кейін қайта оралып, “Тасқынға тосқын” (1965) поэмасын жазды. Бұл шығармалар тек Жароков шығармашылығының ғана емес, қазақ поэзиясының елеулі табысы ретінде бағаланды. 1940 жылы жазылған “Нарын” поэмасында ақын тарихи өлкенің өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып жыр төгеді. “Қырда туған құрыш” поэмасы Қазақстан магниткасы — Теміртауға арналған. Ақын қазақ өлеңі өрнегіне өзіндік өзгерістер әкеліп, жаңашыл ақын атанады. ## Аудармалары Жароков аудармашылық өнермен де айналысты. Ол А.С. Пушкиннің “Цыгандар”, “Кавказ тұтқыны”, “Коломнадағы кішкене үй”, “Ағайынды қарақшылар”, “Граф Нулин”, “Қысқы кеш”, “Қысқы ертеңгілік”, М.Ю. Лермонтовтың “Черкестер”, “Қылмыскер”, сондай-ақ, Ш.Руставелидің, Т.Шевченконың, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, М. Алигеридің, А.Сурковтың шығармаларын қазақ тіліне аударады. ## Марапаттары * Екі мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен * “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған. ## Дереккөздер
2024 жылғы Республикалық партия ұлттық съезі — америкалық Республикалық партия делегаттарының сол жылы сайлануға баратын үміткерлерін және бағдарламасын таңдау рәсімі. 15–18 шілдеде, Милуоки, Висконсинде өткен бұл съез 19–22 тамызда, Чикаго, Иллинойста өткен сол жылғы Демократиялық партия съезінен бұрын өтті. Съезд партияның болжамды кандидаты Дональд Трампқа Пенсильвания штатының Батлер маңындағы сайлауалды митингісінде жасалған қастандықтан екі күн өткен соң орын алды. Трамп 18 шілдеде өз партиясының кандидатурасын қабылдап, партия тарихындағы президенттікке үш рет ұсынылған екінші республикашыл болды — 1960, 1968 және 1972 жылдары Ричард Никсоннан кейін — және қатарынан үш рет президенттікке кандидатураларды алған алғашқы республикашыл. Огайо штатынан АҚШ сенаторы Джей Ди Вэнс партияның вице-президенттікке кандидатурасын қабылдады. ## Өтетін орынның таңдалуы 2022 жылғы 7 қаңтарда Республикалық Ұлттық комитеттің өкілі 2024 жылғы съез үшін төрт әлеуетті қабылдаушы қала таңдалғанын хабарлады: Милуоки, Нэшвилл, Питтсбург және Солт-Лейк-Сити. Бір кездері хостингке қызығушылық танытқан, бірақ сайып келгенде қолданылмаған басқа жерлер арасында Колумбус, Лас-Вегас, Сан-Антонио және Джорджия штаты болды. Канзас-Сити, Миссури ресми өтініш берді, бірақ оны 2021 жылғы желтоқсанның соңында қайтарып алды. 2022 жылғы 4 ақпанда Питтсбургтің тендерлік комиссиясы олардың өтініші қосымша қараусыз қабылданбағанын хабарлады. 2022 жылғы наурыздың басында Республикалық Ұлттық комитет Солт-Лейк-Ситиді үміткер ретінде қалдырды. Нашвилл қалалық кеңесі мен Дэвидсон округі бәсекелестік туралы келісімнің жобасына қарсы дауыс берді, бұл қаланы қатысудан тиімді түрде айырды. 2022 жылғы 15 шілдеде съез өткізу жөніндегі комитет бірауыздан Нашвиллдің орнына Милуокиді конгресс өткізу орны ретінде ұсынуға дауыс берді. Республикалық Ұлттық комитет 2022 жылғы тамыздың басында Чикагода өткен жиналыста Милуокиді партияның 2024 жылғы съезінің сайты ету үшін дауыс берді. ## Үміткерлері Төменде үміткерлердің праймеризде жинаған дауыстары бойынша нәтижелері көрсетілген: Дональд Трамп Республикалық партияның ресми кандидаты болды, бұл съездің бірінші күнінде ресмиленді. ## Барысы ### Бірінші күні Бірінші күн «Американы қайта бай ет!» (ағылш. «Make America Rich Again!») ұранымен өтті. 15 шілдеде съездің бірінші күні делегаттар президенттікке кандидатқа дауыс берді. Жеңіске АҚШ 45-президенті Дональд Трамп ие болды деп күтілді. Сол күні Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде өзінің вице-президенттікке кандидатының Огайо штатынан сенатор Джей Ди Вэнс екенін жариялады. Дональд Трамп Республикалық партияның ұлттық съезіне келіп, халық алдында қастандық әрекетінен бергі алғаш рет көрінді. Ол «Күрес! Күрес! Күрес!» деп ұрандатқан, құлағы Трамптай байланған жақтастарының алдына шығып, вице-президенттікке кандидаты Джей Ди Вэнс, Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон мен өз отбасы маңындағы мінберден орын алды. Съездің бірінші күнінде Трамп партия даусының көпшілігіне ие болды да, президенттікке ресми үміткері болды. ### Екінші күні Съездің екінші күні «Американы қайта қауіпсіз ет!» (ағылш. «Make America Safe Again!») ұранымен өтті. Осы күні сөз сөйлегендер арасында Трамптың праймериздегі қарсыластары Вивек Рамасвами, Никки Хейли мен Рон Десантис да сөз айтты. Оған қоса съезде халық алдында Батыс Вирджиния губернаторы Джим Джастис пен иті Babydog сөз сөйледі. ### Үшінші күні Съездің үшінші күні «Американы қайта мықты ет!» (ағылш. «Make America Strong Again!») ұранымен өтті. Бұл күні сөз сөйлегендер арасында партияның вице-президенттікке кандидаты Джей Ди Вэнс сөз айтты. ### Төртінші күні Съездің төртінші күні «Американы қайта ұлы ет!» (ағылш. «Make America Great Again!») ұранымен өтті. Съездің соңғы күні Дональд Трамп үміткерлігін қабылдады да, ол, Такер Карлсон мен Халк Хоган сөз сөйледі. ## Тағы қараңыз * Демократиялық партияның ұлттық съезі (2024) ## Дереккөздер
Аюб Эль-Кааби (араб.: أيوب الكعبي‎; фр. Ayoub El Kaabi; родился 26 маусым 1993, Касабланка, Марокко) — марокколық футболщы, Марокко Ұлттық футбол құрамасы мен «Олимпиакос» клубының қорғаушысы. 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты. ## Жетістіктері ### Командалық «Олимпиакос» * Конференция лигасы: 2023/24 Марокко * Африка Ұлттары чемпионаты: 2018 ### Жеке * Африка ұлттары чемпионатының үздік мергені: 2018 (9 гол) * Конференция лигасының мергені: 2023/24 (11 гол) ## Дереккөздер
Шәңгерей Жәнібекұлы Жәнібеков (15 маусым 1924 – 12 тамыз 2024) — кеңестік қоғам және мемлекет қайраткері, КСРО халық депутаты.
Турал Байрамов (әзерб. Toral Bayramov; 23 ақпан 2001, Ленкорань, Әзірбайжан) — әзірбайжандық футболшы, "Қарабақ" клубының шабуылшысы. 2021 жылдан бері ұлттық құрамада ойнайды. ## Жетістіктері * Әзірбайжан чемпионы (3):: 2019-20, 2021-22, 2022-23 * Әзербайжан кубогы: 2021-22 ## Сілтемелер * Турал Байрамов www.uefa.com сайтында * Турал Байрамов
Даңқ мемориалы – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. ## Орналасқан жері Алматы қаласы, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында орналасқан және сәулет өнері мен мүсіндеудің үйлескені кешені балып табылады. ## Орнатылған кезеңі, авторлары Монумент 1975 жылы орнатылған. Сәулетшілері – Т.Қ. Бәсенов, Р.А. Сейдалин, мүсіншілері – А.В. Артемович, В.В. Андрюшенко. ## Тарихи дерек және сипаты Даңқ мемориалының салтанатты ашылуы 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30-жылдық мерейтойына орай өткен. Саябақтың шығыс жағында ескерткіштің төрт бөлігіне арнайы орын бөлінген. Ескерткіштің төрт бөлігі: "Серт", "Даңқты таратушылар", "Ерлік" және "Мәңгілік алау", әрқайсысы өзіндік мағынаға ие, ал бірге олар Қазақстанның ХХ ғасырдағы тас пен қоладан жасалған ерлік жылнамасы секілді. Бірінші бөлік – "Серт" Қазақстандағы Кеңестік билікті орнатқан күрескерлердің ерлігі мен батырлығы туралы әңгімелейді.Бұл бөлімді келесі бөлім де – "Даңқты таратушылар" қолдап тұрады. Ол батыр кернейші майдандас серіктеріне қарай эмоциялық көтеріліс пен күшті оптимистік көңіл-күй сыйласа, көрерменге де сондай көңіл-күй сыйлатындай. "Ерлік" – композицияның мағыналық ортасы болып табылады және 1941 жылы Қазақстанда құрылған панфиловшылар дивизиясының Мәскеуді қорғау кезіндегі бір сәтін көрсетеді."Мәңгілік алау" – барлық кешеннің жүрегі, ол 1975 жылы жағылып, сол кезден бері қала тұрғындары мен қонақтарының батырлар есімін еске алып, қастерлеуге келетін орны болып табылады.Мәңгілік алаудың айналасында қара лабрадорит тастан жасалған 13 тіреу орнатылған, олардың әрқайсысында Ұлы Отан соғысының батыр-қалаларынан алып келінген топырақ бар. ## Дереккөздер
Абдулла (Әбілда) Жұмағұлұлы Ақаев (7 мамыр 1901, Махамбетов ауылы, Қызылорда облысы - 1959, Қызылорда) – әскери қайраткер. Қазақтан шыққан алғаш полковник шеніндегі әскери қайраткерлердің бірі. ## Өмірбаяны Абдулла 1901 жылы Қызылорда қаласының маңындағы Сырдария ауданына қарасты №4 ауылда (қазіргі Ж.Махамбетов ауылы) дүниеге келген. Туған ауылы Сырдария бойында орналасқан соң, әкесі Жұмағұл қайықшы болып халықты өзеннің басқа бетіне өткізетін. 11 жасында ата-анасынан айырылып, ағасының қолына Қоқан қаласына көшеді. Қоқандағы екі жылдық жоғары бастауыш училищесін бітірді. Аттың үстінде мықты шабатын Абдулла 1918 жылы өз еркімен қызыл әскер қатарына жазылады. Басмашыларға қарсы шайқастарға қатысып, әскер таратылады. Бір жарым жылдан соң, 1920 жылы жұмысшы-шаруа қызыл әскер қатарына қайта қосылады. Атты әскер құрамында азамат соғысына қатысады. 1924 жылы Самара қаласындағы үшінші кавалерия мектебін бітіреді. Сол жылдан бастап Орынбордағы ҚазОАК атындағы біріккен әскери мектепте қазақ ротасында курсанттар взводының командирі болып оқыды. 1925 жылы Бүкілодақтық большевиктер коммунистік партиясының қатарына кірді. 1928 жылдан бастап Қазақ ұлттық кавалерия дивизионының қылышты эскадрон командирі болып әскери қызмет атқарған. 1928 жылы Қазақ АКСР ХКК мен ОАК төралқаларының шешімімен арнайы сыйлы қаруымен (револьвер) марапатталды. 1938 жылдың 30 сәуірінде Қазақ АКСР Ішкі Істер Халық Комиссариатының Мемлекеттік Қауіпсіздік Басқармасы (Қазақ АКСР ІІХК МҚБ) Жұмағұлұлы Абдулланы қамауға алады. Бір жылдан астам уақыт бойы қамауда болып, 1939 жылдың 29 шілде күні ақталып шығады. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатыса бастайды. Соғыс кезінде шені полковникке дейін көтеріліп, Ленин, Қызыл Ту, Ұлы отан соғысы ордендерімен, "Германияны жеңгені үшін" медалімен және тағы басқа марапаттармен наградталды. Абдулла Ақаев Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған алғаш қазақ еді. Соғыс аяқталғаннан кейін, Алматыда әскери комиссар (военком) болып қызмет етіп, туған жері Қызылордаға көшеді. Мұнда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімін басқарады. 1959 жылы қайтыс болды. Қызылорда қаласында Абдулла Ақаев көшесі бар. ## Дереккөздер
Дәулеталы батыр Жарыұлы (1640–1730) — Өз заманында жоңғар қалмақтарымен болған талай шайқастарда көзге түскен айтулы батырлардың бірі болған. Дәулеталы ұрпақтары арасынан ата даңқына сай ел қорғаған талай батырлар шыққан. Аш-арығын қамдап қамқорлаған талай сақи-байлар, алқалы жыйындарда ар жібермеген сұңғыла шешен-билер шыққан белгілі орынға айналған. ## Шежіре Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Жаулы – Жары – Дәулеталы ## Өмірбаяны Дәулеталы тұлабойына сауыт киініп, қолына қоңыраулы найза ұстаған, бес қарумен мұздай құрсанып жүретін жауынгер адам. Дәулеталы Салқам-Жәңгір мен Әз-Тәуке хандардың тұсында өмір сүріп, жоңғарлармен талай соғыстарға қатынасқан батыр. 1707–1709 жылдары башқұрт халқының ұлт-азаттық көтерілісіне Әбілхайыр 3 000 сарбазбен барып көмек көрсеткен. Ал, осы үш мың жігіт Арал мен Каспий ортасындағы елден яғни Батыс Қазақстан жерінен жиналған жігіттер еді. Дәулеталы жасы ортадан ауып елудің өріне шыққанша бала сүймепті. Күндердің күнінде "Сірә, менің баласыз болуым осының кесірінен болар" деп бес қаруында, сауытын да "талақ" деп шешкен екен. Атармандықты да, шабармандықты да қойып кетеді. Сөйтіп, бұрынғы жүрістерінен айнып, күнделікті тірлік қамымен айналыса бастайды. Енді Алладан бала тілейді. Тілегін Құдай қабыл етіп, бір балалы болады. "Тіленіп жүргенде көргенімғой" деп ұлының есімін "Тілеміс" қояды. Кейінірек екінші балалы болып, "Құдай тілегімді шын берді" деп соңғы ұлының есімін "Тілеуберді" қояды. 2022 жылы Дәулеталы бабадан тараған ұрпақтары ата кесенесін жаңғыртып, баба рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. ## Дереккөздер
Бопай ханым (шамамен 1690 – 31 мамыр 1780, Батыс Қазақстан облысы Елек өзені бойы) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан асқан сұлу, өте ақылды, ержүрек қайраткер, аузы сөзі дуалы мәмілегер. ## Өмірбаяны Бопай Адай руынан - батыр Табынайдың үлкен ұлы Сүйіндіктің қызы. Бопай Кенесары көтерілісіне катысуды халық арасында жалықпай - талмай үндеумен жүрген, кейін өзінің 6 ұлыменбірге талай жорыққа қатысқан, 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек анамыз (апамыз) Бопай. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынған Бопай батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал А.И. Тевкелев пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке қисынды өтініш хаттар жолдайды. Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан кейін Санкт-Петербургке аттанады. Нұралыны “қырғыз-қайсақ ханы” етіп бекіту туралы Елизавета Петровнаның 1749 жылғы 2 мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілтеме жасалуы, канцлер А.П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы ханым саясатының жеңісі еді. Бопай Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алуға “аттандатпай”, Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заңдастырып алуға тырысты. Қоғам дамуының негізгі көзі тыныштық өмір екендігін, тірлігін ат үстінде өткізген халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өзені бойында қала салдыртуға да үгіттейді. Қазақ-жоңғар қатынастарына тигізген әсері, Қайып хан мен Нұралы ханды бітістіруге бағытталған әрекеттері Бопайдың ел бірлігін қамтамасыз етуге тырысқан мәмілегерлік ниетін аңғартады. Бопай орыс-қазақ қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқылау үшін Орынбор әкімшілігінің басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізгісі келеді. 1740 жылы Санкт-Петербургке ресми сапармен барып, Анна Иоановнаға жолығу ниеті де болған. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Дж. Кэстльдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуніктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Тарихи құжаттармен жақсы таныс А.И. Левшин 19 ғасырдың 30-жылдарында: деп жазды. Б. Елекке құятын Жосалы өз-нің жоғарғы жағындағы қорымда жерленген. ## Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Эль-Билаль Туре (фр. El Bilal Touré; 3 қазан 2001 жыл, Аджаме, Абиджан, Кот-д’Ивуар) — малилік футболшы, Мали Ұлттық футбол құрамасы мен «Аталанта» клубының шабуылшысы. 2021 жылы Африка Ұлттары кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Клубтық «Аталанта» * УЕФА Еуропа лигасы: 2023/24 ### Халықаралық Мали-20 * Африка чемпионы: 2019 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (Eurosport.com)  (ағыл.)
Исак Малькольм Кваку Хин (швед. Isak Malcolm Kwaku Hien; 13 қаңтар 1999, Стокгольм) — швециялық футболшы, Швеция Ұлттық футбол құрамасы мен "Аталанта" клубының қорғаушысы. ## Жетістіктері ### Командалық Аталанта * УЕФА Еуропа лигасы: 2023/24 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі (швед.)
Андре Филипе да Луш Орта (порт. André Filipe da Luz Horta; 7 қараша 1996, Алмада, Португалия) — португалиялық футболшы, "Брага" клубының жартылай қорғаушысы. Португалияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. ## Жетістіктері ### Командалық «Бенфика» * Португалия чемпионы: 2016/17 * Португалия кубогы: 2016/17 * Португалия суперкубогы: 2016 «Лос-Анжелес» * МЛС чемпионы: 2019 «Брага» * Португалия кубогы: 2020/21 * Лига кубогы: 2019/20 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профиль * Профиль
Тоқтамыс би Жанұзақұлы (XIX ғасыр) — Атығай руынан шыққан би. Тоқтамыс бидің Атығай-Қарауыл, Керей-Уақ, Бағаналы, тағыда басқа болыстарға ықпалы бар, патша әкімшілігі алдында да беделді төбе би болған. 1820 жылы оған Коллежский Ассесор атағы берілген. Полковник шеніне ұсынылғаны туралы дерек бар. Атығай Ажар ақын Тоқтамыс би туралы былай деп жырлаған: Туған жоқ асып қазақ Тоқтамыстан, Хан болып Орта жүзге атағы ұшқан. Олжабай Нұралыұлы Саққұлақ бидің немересі: Қазақта жан туған жоқ Тоқтамыстай, Тоқтамыстың баласы – Маңдай, Жандай. Патшамен грамота хат алысқан, Жандайды қандай адам осал дейді-ай? Ер Жандайдың баласы Кәкен еді, Құнанбай тобықтыны қарына ілді, - деп жырлаған тұқым. Ақ Патшаға 1855 жылы барғандар туралы: Бәрінің болып көсемі, Тоқтамыс тілге шешені, Жақсылық іске бас болған, Жамандарға қас болған, Жаяуларға ат болып, Тарыққанға ас болған, - деп Тоқтамыс бидің де барғанын айтады. Тоқтамыс би – Маңдай – Ғафар ата-балалы-немере аға сұлтандықта болған атақты әулет. Оларға «Дворян әулеті» атағы берілген. ## Дереккөздер
Естелік алтын шақаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған шақа шығарылған 2000 жылдан бастап шығара бастады. Шақаларды жасау үшін 999 сынама алтын пайдаланылады, олардың барлығы Қазақстан теңге сарайында proof сапасымен соғылады. Шақалар «Жануарлар», «Әлемнің әйгілі мешіттері», «Шығыс күнтізбесі», «Банкноттағы кейіптер» жергілікті бағдарламалары, сондай-ақ «Әлемнің ең кішкентай шақалары» халықаралық шақа бағдарламасы аясында шығарылған. Кейбір естелік шақалар кез келген топтамадан тыс шығарылды. Кейбір шақалар — «Жануарлар» топтамасы және «2010 Олимпиада ойындары. Биатлон» шақасы диаметрі 1 мм-ге дейінгі гауһар тастармен көмкерілген. Алтын шақалар 50, 100, 500, 1000, 50 000 және 100 000 теңге белгіленген бағада шығарылады және Қазақстанда заңды төлем құралы болып табылады, алайда олардың нарықтық құны әлдеқайда жоғары болғандықтан, олар төлем құралы ретінде пайдаланылмайды. ## Статистикасы 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 54 естелік алтын шақа шығарылды. ## «Әлемнің ең кішкентай шақалары» топтамасы Топтамадағы шақалар 2004-2009 жылдары шығарылды. ## «Жануарлар» топтамасы Топтамада белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 7,78 г, диаметрі 25 мм шақалар 2005-2012 жылдары шығарылды. Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы ағылш. REPUBLIС OF KAZAKHSTAN, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: жануардың бейнесі және оның латын немесе ағылшын тіліндегі аты. Жануар көзінің орнына диаметрі 1 мм-ге дейін жететін гауһар тастар салынған. Қыры бұжыр. ## «Әлемге әйгілі мешіттер» топтамасы Топтамада белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 3,11 г, диаметрі 16 мм шақалар 2006-2013 жылдары шығарылды. Дәл осындай әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік 4 күміс шақа шығарылды. Бет жағы: мешіттегі кіреберісті білдіретін дарбаза мен бұралымның стильдендірілген бейнесі, эмитент-банктің ағылш. NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN (2006 жылғы шақаларда) немесе қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ (қалғандары) және оның логотипі, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металлдың сынамасы. Арт жағы: мешіттің көрінісі, қасиетті орын мен орналасқан қаланың атауы («Заһир мешіті» және «Байтұррахман Рая мешіті» шақаларынан басқа), ағылшын тілінде. Қыры бұжыр. ## «Шығыс күнтізбесі» топтамасы 2011 жылдан бастап топтамада белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 7,78 г және сырттай сызылған диаметрі 21,78 мм, 12 қырлы пішінді шақалар шығарылды. Дәл осындай әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар шығарылды. Бет жағы: жұлдыздардың аясындағы зодиак белгілерінің таңбалары, мемлекеттің қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және ағылш. REPUBLIС OF KAZAKHSTAN атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, Күннің стильдендірілген бейнесі. Арт жағы: жануардың ірі бейнесі — ағымдағы жылдың таңбасы, басқа жануарлардың суреттерімен қоршалған, орыс тіліндегі Шығыс күнтізбесі, қаз. ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ, ағылш. ORIENTAL CALENDAR және орыс. ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ жазбалары, шақаның шығарылған жылы мен теңге сарайының белгісі. Қыры бұжыр. ## «Банкноттағы кейіптер» топтамасы 2011 жылдан бастап топтамада салмағы 7,78 г, диаметрі 21,78 мм, белгіленген бағасы 500 теңге шақалар шығарылады. Осы әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар мен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалар шығарылады. Бет жағы: Қазақстан елтаңбасы, ұлттық ою-өрнек, ҚРҰБ логотипі, мемлекеттің қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және орыс. РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН атауы. Арт жағы: қайраткердің кейіпі бар 1993 жылғы банкноттың үзіндісі, есімі, ұлттық ою-өрнек, металдың салмағы мен сынамасы, шақаның шығарылған жылы. Қыры бұжыр. ## Басқа алтын шақалар ## Тағы қараңыз * Қазақстанның естелік шақалары * Қазақстанның бағалы емес металдардан жасалған естелік шақалары * Қазақстанның биметалдық естелік шақалары * Қазақстанның күмістен жасалған естелік шақалары ## Дереккөздер
Уәли би Итенұлы (1798–1881) — би. 83 жасында өмірден өтіп сүйегі Қорқыт ата қорымына қойылған. Оның бейітінің бір бөлігі 1950 жылға дейін сақталған, бірақ одан кейінгі кезде дария шайып Сырдарияға құлап кетеді.Орыс патшаларының қазақ жерінің отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдары Жайық өзенінің бойына, арқаға ауып келе бастайды. Сол кезде Итен де Құлты, Уәли деген балаларымен бірге кәзіргі Ақтөбе облысына көшіп келеді.Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін Уәли би өзіне қарасты ағайындарын Сыр бойына көшіруді ойластырады. Сөйтіп Алтын руы Сыр бойындағы ағайындармен араласып, қыз алысып, құдандалы болып кетеді.Уәли би осы өңірде е сыйлы адам болып, өз елінің ішінде билік құрады. Алтын руынан шыққан Тобжан, Әлібай сияқты халыққа қадірменді кісілермен бірге ағайынның білігін, татулығын сақтауға белсенді қызмет атқарады.Уәли би Кеңесары хан басқарған халық көтерілісін де қызу қолдаған. Осындай көзқарасы үшін ол басқа билермен бірге Орынбор қаласына шақырылып, губенатордан қатты ескеру алған.Уәли би баласының бірі Байзақ әке жолын қуып билік айтқан. Сыр бойындағы «Байзақ тоғайы» деп аталатын жер осы кісінің атымен аталған. ## Шежіре Байұлы – Алтын – Көзала – Ораз – Айдар – Тілеуке – Дербісәлі – Итен. Итеннен: Құлты, Уәли, Жақсылық және Тәспенбет туады. ## Дереккөздер
Ханс Хатебур (нидер. Hans Hateboer; 9 қаңтар 1994, Гронинген) — нидерландтық футболшы, Нидерланд Ұлттық футбол құрамасы мен "Ренн" клубының қорғаушысы. ## Жетістіктері ### Клубтық Гронинген * Нидерланд кубогы: 2014/15 Аталанта * УЕФА Еуропа лигасы: 2023/24 ### Халықаралық Нидерланд УЕФА Ұлттар лигасының финалисі: 2019 ## Дереккөздер
Шаншар абыз Бұлбұлұлы (16–17 ғасыр) — қоғам қайраткері. Өз заманында қазақ хандығының нығаюына, ұлттың бірлігіне өлшеусіз қызмет еткен тұлға «Шаншар абыз» атанған. Шаншар — қазақ тарихында жарқын із қалдырған тұлғалар — Келдібек, Бертіс, Қаз дауысты Қазыбек, Бекболат, Алшынбай, Еспенбет тәрізді билер мен бектердін, Тәттімбет, Мәди, Айтбай, Балта, Ғаббас тәрізді өнерпаздардың түп атасы. Бұл жайлы Ш. Уәлихановтың, А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсынұлының, М.Әуезовтің, С. Мұқановтың тағыда басқа шығармаларында жазылған. Есім және Жәңгір хандар билік құрған 17 ғасырдың алғашқы жартысында Орта жүздің төбе биі болған Шаншар қазақ хандығының бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекетке айналдыру жолында күресті. Сөйтіп, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Ташкент облыстарының жері Есім хан дәуірінде Қазақ ордасының құрамына енгізілуіне септігін тигізді. Есім хан Әлібек (Ұлы жүз), Шаншар (Орта жүз) және Жидебай (Кіші жүз) билердің қатысуымен заңдар жинағын шығарды. «Есім салған ескі жол» атанған оған қазақтың тұрмыс дәстүрі мен салт-санасын реттейтін талап және тәртіп баптары енді. Қазақ хандығыньң ішкі және сыртқы жауларына қарсы күрестегі өлшеусіз еңбегі мен жеке басының ерлігі, шешендік-билік қасиетіне кермет белгісі ретінде Есім хан оған биліктен тайған Тұрсын ханның үш қызын — Айбике, Нұрбике, Қызданбикені берген. Кеңес дәуіріне дейін олардың әрқайсысы бір-бір болыс ел болып отырса, ұрпақтары әлі де Айбике — Шаншар, Нұрбике — Шаншар, Қызданбике — Шаншар тұқымымыз дейді. Шаншар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген. ## Шежіре Ол Арғын тайпасының «Бес Мейрам» тобына жататын Қаракесек руынан тарайды. Шежіресі: Қаракесек – Ақша – Бошан – Таз – Бұлбұл – Шаншар. ## Дереккөздер
Бертіс Шаншарұлы (Бердібек) (1633–1707) — би. Орта жүз Арғын тайпасының Қаракесек (Болатқожа) руынан шыққан. Әкесі Шаншар Бұлбұлұлы Есім хан мен Тұрсын ханның қақтығысы тұсында Есім жағында болып, айрықша көзге түскен. Шаншарұлы Бертіс 17 ғасырда жоңғар-қазақ соғысының майдандарында ерлік пен тапқырлық көрсеткен. Ташкентті, Балқаш өңірі мен Қарқаралыны жоңғар басқышыларынан азат ету шайқасында қатысқан. Жәңгір хан мен Тәуке ханның кеңесшісі болған. Ескіден жеткен аңыз әңгімелерде Шаншарұлы Бертіс биліктен тайған ханның орнына әмір болып, Ташкент өңірін басқарғандықтан "Қарқаралы хан Бертіс" аталыпты дейді. Шаншарұлы Бертіс сонымен қатар майталман шешен, дарынды ақын, өнерлі күйші болған. Еспенбет, Бектемір, Мөшеке, Қазанғап, Қантай, Тонтай тәрізді би-шешендердің, атақты күйші Тәттімбет пен Абайдын анасы Ұлжанның үлкен атасы. Балқаш қаласы жағасында шығанақ, т.ж. солтүстікте бұлақ Шаншарұлы Бертістің есімімен аталады. Ұрпағы Тәттімбет "Бертіс" атты күй шығарған. Шаншарұлы Бертіс Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген. ## Дереккөздер
Юссеф Әл-Араби (фр. Youssef El-Arabi; 3 ақпан 1987 жыл, Кан, Франция) — марокколық футболшы, Марокко Ұлттық футбол құрамасы мен «Олимпиакос» клубының шабуылшысы. 2012, 2013, 2017 жылдары Африка Ұлттары Кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Командалық * Қатар чемпионы (2): 2016/17, 2017/18 * Грекия чемпионы (3): 2019/20, 2020/21, 2021/22 * Грекия кубогы: 2019/20 * УЕФА Конференция лигасы: 2023/24 ### Жеке * Катар чемпионатының үздік мергені (2): 2016/17, 2017/18 * Грекия чемпионатының үздік мергені (2): 2019/20, 2020/21 ## Дереккөздер
Макс Грокомбе (ағылш. Max Crocombe; 12 тамыз 1993, Окленд) — жаңа зеландиялық футболшы, қақпашы. 2024 жылғы Океания чемпионы. ## Дереккөздер
Джон Алик (ағылш. John Alick; 25 сәуір 1991, Вануату) — вануатулық футболшы, жартылай қорғаушы. 2024 жылғы ОФК ұлттары кубогының финалисі. ## Дереккөздер
Кенси Тангис (ағылш. Kensi Tangis; 20 қаңтар 1990, Вануату) — вануатулық футболшы, шабуылшы. 2024 жылғы ОФК ұлттары кубогының финалисі. 2014 жылғы ОФК Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері. ## Дереккөздер
Клод Ару (ағылш. Claude Aru; 25 сәуір 1997(19970425), Вануату) — вануатулық футболшы, шабуылшы. 2024 жылғы ОФК ұлттары кубогының күміс жүлдегері. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Claude Aru
Элия Юст (ағылш. Elijah Just; 1 мамыр 2000) — жаңа зеландиялық футболшы, жартылай қорғаушы, 2024 жылғы ОФК Ұлттары кубогының жеңімпазы. ## Жетістіктері ### Халықаралық * ОФК Ұлттары кубогы: 2024 ## Дереккөздер
Шоқан Уәлиханов ескерткіші – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіштердің бірі. ## Орналасқан жері Алматы қаласы, Шевченко көшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының басты кіреберісіне қарама-қарсы алаңда орналасқан. ## Орнатылған кезеңі, авторлары Ескерткіш 1969 жылы орнатылған. Мүсінші X.Е. Наурызбаев, сәулетші Ш.Ы. Уәлиханов. ## Тарихи дерек және сипаты Шоқан Уәлихановтың ескерткіші Алматыдағы ең есте қалатын монументтердің бірі. Ол мағыналық және композициялық жағынан қазақстандық ғылым ордасының – ғылым академиясының, бірнеше ғылыми-зерттеу институттарының, саябақтардың, субұрқақ пен алаңның архитектуралық ансамблін толықтырып және біріктіріп тұрады.Бұл рухы мен сұлулығы жағынан таңқаларлық ескерткіштің авторы – атақты мүсінші және қазақстандық пластикалық өнер мектебінің хас шебері X. Наурызбаев.Созылыңқы төртбұрышты қара мәрмәрмен қапталған тұғырда Ш. Уәлихановтың қола мүсіні тұрғызылған. Жап-жас Шоқан бейнесі терең ойға шомған күйде бейнеленген. Сымбатты, офицерлік тұрысы бар, даланың текті ақсүйектен шыққан тұлға айналадағының барлығын өзгертетін уақыт ағысына бағыныссыз, оны байқамай тұрғандай. X. Наурызбаев Ш. Уәлихановты әрдайым елден ерекше етіп тұратын ой ұшқырлығын, ниеттерінің тектілігі мен жоғарылығын аңғарып, дұрыс жеткізе білді. Бұл туындысы үшін X. Наурызбаев 1970 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.Ш. Уәлихановқа арналған көптеген ескерткіштердің арасында бұл ескерткіштің орны ерекше. ## Дереккөздер
Шоқан Уәлиханов ескерткіші – Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіштердің бірі. ## Орнатылған кезеңі, авторлары 1971 жылдың 20 тамызында Көкшетау қаласында ашылды. Мүсіншісі – Т.С. Досмағамбетов, сәулетшісі – К.А. Әбдіков. ## Сипаты Шоқан Уәлиханов ескерткіші қоладан құйылған, биіктігі 5 м, тұғырының биіктігі 4,6 м. Ескерткіште Кадет корпусының әскери киімімен, қолына қолжазба ұстап тұрған сәті бейнеленген. Ескерткіш тұғырының жоғары белдеуінде "Ш.Уәлиханов" деген жазу бар.Биіктігі 4,6 метр бетон тұғырдың беті қара гранит тақтайшалармен жабылған. Екі шеткі беттері тік оюланған сызықтармен әшекеленген. Атақты қазақстандық мүсіншінің шығармашылық карьерасы осы ескерткіштен басталған.2017 жылы ескерткіш аймағы қайта жөндеуден өтті. ## Дереккөздер
Мұхтар Әуезов ескерткіші – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіш. ## Орналасқан жері Алматы қаласы, Абай даңғылы. ## Орнатылған кезеңі, авторлары М.О. Әуезовтың ескерткіші 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры алдындағы алаңда орнатылған. Мүсінші Е.А. Сергебаев, сәулетшілер О.Ж. Баймырзаев, А.С. Қайнарбаев. ## Тарихи дерек, сипаты Қола ескерткіш атақты қазақ жазушысын оң қолында кітап ұстап отырған күйінде бейнелейді. Ескерткіш лабрадориттен жасалған биік тұғырда орнатылған. Театр алдындағы ашық алаң айналадағы ландшафтпен үйлесім тапқан мүсінді жан-жағынан жақсылап көруге мүмкіндік береді. Театр сырт-келбетінің ұстамдылығы мүсін композициясының стилистикалық шешімімен өте үйлесімді көрінеді.Ұлттық кәсіби театр өнерінің қалыптасуы мен дамуы Мұхтар Әуезовтың атымен тікелей байланысты. Ең танымал қазақ қойылымдарының керемет сюжеттері дәл осы тұлғаның қылқаламынан туған. "Еңлік-Кебек" пьесасы, "Қарагөз" драмасы және тағы басқа көптеген қойылымдар қазіргі кезде еліміздегі қазақстандық театрлар репертуарының негізін құрайды. ## Дереккөздер
Қарасақал қорымы – Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші, зиярат орны. ## Орналасқан жері Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км жерде. ## Кезеңі XVII ғасрдың соңы, XX ғасырдың басы. ## Тарихи деректер, аңыздар Қарасақал діни-жерлеу кешені – әр түрлі уақытқа жататын 1000-нан астам мазарлар мен кіші сәулет нысандары бар Кіші жүз қазақтарының рулық жерлеу орны (ауданы 15 га-дан астам). Оның қасиетті орталығы мен ең ежелгі бөлігі әулие Қарасақалдың қабірі болып табылады, кешен соның айналасында қалыптаса бастаған. Бұл жер қазір де биік ағаш қадамен белгіленіп, көптеген зиярат етушілер үшін бағыт көрсетіп түрады.Қарасақал қорымындағы ең маңызды нысандардың бірі – Ендібай мазары. Аймақтың спассикалық және өз заманына сай архитектуралық талаптары бойынша әктастан салынған бұл ғимарат – айваны бар дулыға тәріздес күмбезді төртбұрышты ғимарат.Пішіні мен безендірулері бойынша әртүрлі жерлеу орындары (құлпытас, қойтас, сандықтас), кішігірім мазарлар (сағанатам) және тас дуалдар осы аймақтың өзіндік діни сәулет өнерінің эволюциясының суретін құрайды. Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда, елдің батысындағы діни-салттық құрылыстар тастағы ою өнері мен безендірудің түрлері бойынша ерекше шеберлігімен ерекшеленеді. Өлкенің ең айқын ерекшеліктерінің бірі - молалардың ішкі жағын түрлі түсті оюлармен безендіру. Ою-өрнектер айтарлықтай алуандығы мен мағыналығы жағынан басқа аймақтардан ерекшеленеді. ## Дереккөздер
«Биримдик» — қырғызстандық футбол клубы, Сокулук қаласынан. ## Атаулары * 1990—1991 — «Достук». * 1992—1995 — СКА-«Достук». * 1997—1998 — «Динамо». * 2003, 2005 — «Орто-Нур». * 2004 — СКХ «Рассвет». * 2008—2009 — «Достук». * 2009 — «Эрпан». * 2010—2011 — «Сай». * 2016 — «Биримдик». ## Дереккөздер
Алеш Руфер (ағылш. Alex Rufer; 12 маусым 1996, Женева, Швейцария) — жаңа зеландиялық футболшы, жартылай қорғаушы, 2024 жылғы ОФК Ұлттары кубогының жеңімпазы. 2017 жылы Конфедерациялар кубогына қатысты. ## Жетістіктері ### Халықаралық * ОФК Ұлттары кубогы: 2024 ## Дереккөздер
## Дереккөздер
Қақпатас өзені — Жамбыл облысы, Қордай ауданы жерімен ағады. Шу алабындағы өзен. Қордай асуынан басталып, Шу өзеніне құяды. ## Сипаттамасы Шу-Іле тауларына қарасты Қордай асуында бірінші Қақпатас, екінші Қақпатас, үшінші Қақпатас болып үшке бөлініп ағып келеді де, бір арнаға тоғысқан жерден Қақпатас аталады. Оңтүстік-батысқа қарай ағып, Сарыбұлақ аулы тұсында Шуға құяды. Жағасында Қордай ауылы бар. Қар-жаңбыр суларымен толығады. Өзен бойына 1988 жылы үлкен бөгет салынды. Бөгеттен бастап өзен арнасын бойлай егінді суландыру үшін канал қазылған. Жаз айларында суы азайып, бөгеттен артылмайды. Ең ірі салаларының бірі Соғанды өзені. Шу-Іле тауларындағы Нарқызыл шатқалының жоғары жағынан бастау алады, Оңтүстік-батысқа қарай ағып, Үшінші Қақпатасқа құяды. Жағасында Соғанды аулы бар. ## Тағы қараңыз * Қақпатас бөгені * Қақпатас ауылы ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Топогрфиялық карта — K-43-018
Павел Викторович Бугало (өзб. Pavel Viktorovich Bugalo; 21 тамыз 1974, Шыршық, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, қақпашы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан кубогы: 2002 («Жеңіс») * Өзбекстан чемпионы: 1992, 1998, 2008 * Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегені: 1993, 2007 * Өзбекстан кубогы: 1993, 1997, 2008 * Өзбекстан кубогының финалисі: 1996, 2007 ### Жеке * Өзбекстанның үздік футболшысы: 1996, 1997 ## Сілтемелер * Статистикасы Мұрағатталған 3 шілденің 2022 жылы. // rsssf.com
Февзи Ризаевич Давлетов (өзб. Fevzi Davletov; 20 қыркүйек 1972 жыл, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, қорғаушы. Өзбекстан Ұлттық құрамасы сапында ойнаған. ## Жетістіктері ### Халыаралық * Азия ойындарының жеңімпазы: 1994 ### Клубтық * Өзбекстан чемпионы (3): 1997, 1999, 2000 * Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995 * Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 1993, 1996 * Өзбекстан кубогы (2): 1992, 1999/2000 * Қазақстан чемпионы (2): 2002, 2003 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Статистикасы
Павел Викторович Бугало (өзб. Pavel Viktorovich Bugalo; 21 тамыз 1974, Шыршық, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, қақпашы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Жетістіктері ### Командалық * Қазақстан кубогы: 2002 («Жеңіс») * Өзбекстан чемпионы: 1992, 1998, 2008 * Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегені: 1993, 2007 * Өзбекстан кубогы: 1993, 1997, 2008 * Өзбекстан кубогының финалисі: 1996, 2007 ### Жеке * Өзбекстанның үздік футболшысы: 1996, 1997 ## Сілтемелер * Статистикасы Мұрағатталған 3 шілденің 2022 жылы. // rsssf.com
Таджиев Зайниддин Фахритдинович; 21 маусым 1977 жыл, Ташкент, Өзбек КСР) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Жетістіктері ### Клубтық Пахтакор * Өзбекстан чемпионы (4): 2002, 2003, 2004, 2006 * Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері (3): 2008, 2009, 2010 * Өзбекстан кубогы (4): 2002, 2003, 2004, 2006, 2009 * АФК чемпиондар лигасының жартылай финалисі: (2): 2003, 2004 ### Жеке * Өзбекстан бірінші лигасының үздік мергені: 2011 (30 гол) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Таджиев Зайниддин Фахритдинович; 21 маусым 1977 жыл, Ташкент, Өзбек КСР) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. ## Жетістіктері ### Клубтық Пахтакор * Өзбекстан чемпионы (4): 2002, 2003, 2004, 2006 * Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері (3): 2008, 2009, 2010 * Өзбекстан кубогы (4): 2002, 2003, 2004, 2006, 2009 * АФК чемпиондар лигасының жартылай финалисі: (2): 2003, 2004 ### Жеке * Өзбекстан бірінші лигасының үздік мергені: 2011 (30 гол) ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Февзи Ризаевич Давлетов (өзб. Fevzi Davletov; 20 қыркүйек 1972 жыл, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, қорғаушы. Өзбекстан Ұлттық құрамасы сапында ойнаған. ## Жетістіктері ### Халыаралық * Азия ойындарының жеңімпазы: 1994 ### Клубтық * Өзбекстан чемпионы (3): 1997, 1999, 2000 * Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995 * Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 1993, 1996 * Өзбекстан кубогы (2): 1992, 1999/2000 * Қазақстан чемпионы (2): 2002, 2003 * Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004 ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Статистикасы
Сүгір Бегендікұлы (1894, Өгіз-Өреуіл, Маңғыстау - 1974, Қызылсай, Маңғыстау облысы, Қазақ КСР) (күйші Сүгірмен шатыстырмаңыз) - қазақтың белгілі ақын-жырауы. ## Өмірбаяны Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген. Сүгір Адайдың Мұңалы, оның ішінде Жаулыдан таралатын Ескелді ауылының перзенті. Әкесі Бегендік ескіше оқыған сауатты, діндар адам болған. Сүгірдің өз айтуы бойынша, әкесі екі рет Меккеге барып “Қажы” атанған кісі. Бейіті Шопан ата зиратына қойылған. Сүгірдің ауылдары қыста Аққуыс-Шөшік, Ақпан, Ажырықтыой, Қызылсу, Сенек-Сұмсасы, Аққұдық өңірлерін қыстап, жазда Үстіртте Ұзын, Уәлі, Дүңгірлек, Дауысты, Жүзадын шыңыраулары маңын, Жем бойын жайлаған. Сүгір жасында Саздыдағы Бәли Нұрнияз ақынның мектебінде білім алған. Жас кезінен-ақ өнерге жаны құмар болып өскен ол домбыра тартып, жыр үйреніп айтып, жиын-тойларда жиі-жиі көрініп, елге танымалы бола бастаған. 16 жасынан бастап халық ауызына ілініп, өнері бағалана бастаған Сүгірді, үлкен-үлкен жиын-мерекелерге шақырып ән салдырып, жыр айтыратын болған. Ол “Қарасай Қарлы”,”Едіге”,тағы басқа жыр-дастандарды жырлап айтуға машықтанады, өзі де өлең шығарумен айналасады. Сүгірдің бүкіл елге әйгіленген жиын 1921 жылы өткізілген Әли Тауанның асы екен, кейіннен Қырымқұл Ұзақбай Жырау Сүгірге арнаған арнауында: Әлі Тауының асында,Сен жиырма жеті жасында,Бегендікұлы сен бе депБір көруге мұң болып.Екі мың атты астыңдыСұлулар талай бүгілген... деп жыр арнапты. Сол жиында жас Сүгір үздік өнер көрсетіп, халықтың жоғарғы бағасына ие болған. Оған сый-сияпат көрсетіліп, атағы жоғарғы, төменгі Адай еліне кеңінен таралған. Осыдан кейін-ақ Сүгір өзінің келешек ғұмырын өнер жолына біржола бағыштаған. “Сүгірдің термесі” ,”Сүгірдің әні”, ”Сүгірдің жыр-сазы” тәрізді әуендері ел арасына жайылады. Сүгір бір шығарманың өзін, өзі шығарған бірнеше әуенмен құбылта орындап, тыңдаушыны баурап алатын қасиетке ие болған, жыршылық, ақындығымен қоса композиторлық дәрежеге көтерілген дарынды өнер иесі. Маңғыстау өңірінің халқына тұрмыс ауыртпалық тауқымет түскен отызыншы жылдардағы елдің етегі сөгіліп, ”Балапан басына, тұрымтай тұсына” кеткен заманда Сүгір ауылдары күнелтіс қамы үшін Бесқала бетіне ауыл көшіп кетеді. Сүгірдің үйі Қоңырат, Хожелі, Нөкіс, Көне, Шаржау, Ташауыз, Байрамалы, Тәжен, Ашқабад, Шағадам қалаларында болып, көбірек мезгілін Қоңырат өңірінде өткізген. Сүгір кейіннен яғни 1967 жылы ата қонысы Маңғыстауға бағыт алып, Ақжігіт кентіне үйімен көшіп келіп, сонда 3-4 жыл қоныстанып отырады да, 1971 жылы Өзендегі Қызылсайға көшіп келіп тұрақтайды. Сол жерде 1974 жылы сексен жасында көз жұмады, оны Шопан-ата қауымына жерлейді. ## Шығармашылығы Сүгір Мұрын, Қашаған, Сәттіғұл жыраулармен тұз-дәмдес болған, олардың үлгі-кеңестерін алған. Өзінен бұрын өткен ақын-жыраулардың шығармаларымен бірге өзі шығарған терме, толғауларын да халық арасына тынбай насихаттап өткен. Сүгір жырау Абылдың, Ақтанның, Нұрым мен Қашағанның, Әбубәкір мен Сәттіғұлдың, тағы да басқа ақын-жыраулардың шығармаларын елге таныстырумен қатар, оларды өз шығармаларында мадақтап жырға қосқан. Хорезм жағында жүріп “Арман”, “Елді сағыну”, ”Қоштасу”, ”Терме” атты толғау жырларын шығарған. ”Октябрь”, “Беташар”, ”Тойбастар”, “Сәттіғұл ақынға”, тағы басқа да өлеңдері жергілікті газеттерге басылып жарияланған. Ұлы Отан соғысы кезінде "Аттандыру”, ”Аманат”, ”Жоқтау” тәрізді патриоттық рухтағы жырларын шығарады. Сүгір жырау тек қана өз елінде емес, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстанның батыс облыстарын аралап, халық арасында өнер көрсетуге жарты ғасырлық ғұмырын арнаған. Қырықмылтық Бүркітбай, қазіргі белгілі Жыршы Жақсылық Елеусіновке батасын беріп, оларға ұстаз болған. Сүгірдің ұрпақтары туралы сөз етсек, тұла бойы тұңғышы Есқуат Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде шайқаста қаза болған, екінші ұлы Өтелген қазір зейнеткер. Өзенде тұрады, балалы-шағалы. Сүгір Бегендікұлының ғұмырының көп бөлігі Бесқала жағында өткендіктен Маңғыстау өңірінде оның төл туындылары естілгені болмаса, баспа беттерінде жарық көрген жоқ. Тек соңғы 2-3 жылдан бері жыршылардың орындауындағы шығармалары жазылып алынып газет беттерінде жарияланып жүр. Сүгірдің өлеңдері мен арнау-толғаулары, жырлары жүйеленіп жарияланбай, оқырмандар қолына жетпей келеді. Алдағы уақыттарда Сүгірдің саздарын нотаға түсіріп композиторлық, сөздерін жүйелетіп, жинақтап, ақындық мұраларын ұрпақтар игілігіне жарату міндеттері тұр, бұл өнерді қадірлей білетін баршаға ортақ парыз. ## Дереккөздер
Ақдәулет Қонысбекұлы Жұмаханов (1 маусым 1971, Шардара — 20 мамыр 2008) — қазастандық футболшы, жартылай қорғаушы. ## Карьерасы Бүкіл карьерасында шымкенттік клубтарда ойнады, тек 1995 жылы ғана "Жігерден" "Ақсукент" клубына жалға берілді. 1995 жылы карьерасын аяқтады. Бірақ 1999 жылы жаңадан құрылған "Кеден" клубынан шақырту алды да, қайта жалғастырды. Бірақ "Кеден" клубы ұзамай жабылып қалды да, футболды қайта доғарды. Карьерасындағы ең соңғы ойынды 1999 жылы 28 қазанда "Динамоға" қарсы өткізді. Кейін тұрлі клубтарда қызметте істеді. 2008 жылы 20 мамырда қайтыс болды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Орталық мәдениет және демалыс саябағы — Алматы қаласындағы басты саябақтардың бірі. 1935 жылы құрылды. Мұнда әртүрлі ойын-сауық алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары, балалар темір жолы, аквапарк бар. Шағын тоғанда қайықтармен немесе катамаранмен жүзуге болады. Сондай-ақ волейбол, баскетбол алаңдары, веложолақтар мен әртүрлі тренажерлар спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Аттракциондар арасында «Шолу дөңгелегі», «Динопарк», «Қорқыныш бөлмесі», «Билейтін тостағандар» әсіресе тартымды болып келеді. Саябақтың шығыс жағында Алматы хайуанаттар бағы орналасқан. Онда бес мыңға жуық жануар бар. ## Галерея * * * *
Кәшке Дәулетұлы (18 ғасыр) — қазақ батыры. Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасының Есқожа руынан шыққан. Қарасай батырдың ұрпағы. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туып-өскен. Кәшке батырдың Ақымбек, Ыстамбек есімді екі баласы болған. Ақымбектен Сұраншы батыр, Ыстамбектен Саурық батыр туған. Кәшке – Жетісу өңірін жоңғар шапқыншылары мен Қоқан хандығы басқыншыларынан азат ету үшін болған шайқаста ерлігімен көзге түскен батыр. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы халық арасында Кәшке батырдың ерлігі, тапқырлығы туралы аңыз-әңгімелер сақталған. Кәшкенің батырлығы, әділдігі жайында Жамбыл Жабаев жырларында да кездеседі. ## Дереккөздер
Оразалы Қожамжарұлы батыр (1826, Іле бойындағы Жайпақ деген жер – 1913, Шу өңірі) – Қоқан хандығына қарсы күресте қол бастаған батыр. ## Өмірбаяны Ұлы жүздің дулат тайпасының Ботбай руынан. Жас кезінде ел-жұртымен бірге Шу бойындағы Қарақыршын деген жерге қоныс тепкен. Ер жеткен кезінде Сыпатай батырмен бірге тізе қосып, қоқандықтарға қарсы күресте оның сенімді серігі болды. Өзінің ел-жұртын Шу өзенінің бас жағындағы Ақсу маңайына қоныстандырады. 1863 жылы орыс әскерінің полковнигі Черняев Қордайдың күнбатыс жағындағы Құрғақсаз деген жерде жергілікті халықтың беделді адамдарымен жиын өткізгенде бұл жиынға қазақтардан Сыпатаймен бірге Оразалы, қырғыздардан манап Шабдан Жантаев, Бәйтік Қанаев қатысады. Осы жиында Қоқан бекіністеріне шабуыл жасаудың жай-жапсары, жергілікті халықтардан жасақ шығару, олардың жүзбасы, мыңбасыларын тағайындаудың мәселелері қарастырылып, Оразалы бес жүз сарбаздың сардары болып бекітіледі. Орыс әскерлері Меркіні алғаннан кейін Оразалы мыңбасы болып тағайындалады. ## Жетістіктері Оразалы батырға Қоқан бекіністерін алуда сіңірген еңбегі үшін 1864 жылы «Ынталылығы үшін» деген күміс медаль берілді. Қазір Шу ауданындағы бір ауылға Оразалы батыр есімі берілген. ## Сілтемелер * Батырлар * Қоқан * Ұлы жүз ## Дереккөздер
Бәйбөріұлы Олжашы батыр (16 ғасырдың аяғы — 17 ғасырдың басы) Олжашы Орта жүз Арғын тайпасының ішінде Қаракесек руынан шыққан азамат еді. Қаракесектің Ақша деген баласы болған. Оның баласы Бошан. Оның баласы Бәйбөрі. Бәйбөрінің екінші баласы Олжашы батыр еді. Есім ханның тұсында 1627 жылы: «Хан Тұрсынды ант ұрсын», деп Қатаған Тұрсын ханға қарсы жорыққа баруға қол жиналған. Соңда қолбасшылардың бірі Арғын Олжашы еді. Тұрсын ханның әскері Сайрамның атырабында жеңілді. Өзінің ордасы Ташкент қаласы еді. Тұрсын хан Аштарханид әмірлерімен одақ құрып, Есім ханмен бәсекелескен. Ташкентті алғаннан кейін Тұрсын хан қаза табады. Артынан бірнеше қыз қалады. Айбике, Нұрбике мен Қызданбике деген ғажайып періштедей сұлу қыздарын Шаншар деген қолбасшы олжа ретінде алады. Қоңырбике деген қызды ұлы Абайдың түп бабасы Әли алады. Кенжесі Оразбике сұлуды Олжашы батыр алады. Олжашының Жүгіней деген ағасы болған. Оразбикені батыр осы ағасына берген. Одан Қойке, Есбалақ, Баян, Хангелді, Кенжек деген балалар туған. Тағы бір әйелінен Қыдырәлі, Кедей деген балалар туған. (Жұрт арасында «Қыдырәлі, Кедейсің, Қойке келсе не дейсің» деген мәтел қалды.) Ал Олжашының өзінің Асан, Үсен деген балалар туған. Ақтабан шұбырынды кезінде Асанның ұрпақтары Сырдың ар жағына кеткен. Үсендер және Жүгінейдің ұрпақтары Арқада қалып, өсіп-өнген. Қазақ КСР Ішкі Істер министрі Шырақбек Қабылбаев Олжашы батырдың ұрпағы. ## Дереккөздер
Мұрат Шойбеков (1970(1970), Қазақстан) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. "Восток", "Көкше", "Намыс" клубтарында доп тепті. 1994 жылы "Восток" сапында Қазақстан кубогы иегері атанды. ## Сілтемелер * https://footballfacts.ru/person/123749-shoybekovmurat
Жәнібек Бердәулетұлы (туған жылы белгісіз – 1792) — даңқты батыр, шешен, Абақ Керей руына ұран болған, қолбасшы Керей тайпасы Жәнтекей руынан шыққан. Ол Жоңғар басқыншылығына қарсы шайқаста аты шыққан, Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай батыр бастаған сияқты қазақ қолының алғы шебінде жүрген айбынды батырлардың бірі. Соған орай, халық оны сол заманның аты шыққан әйгілі батыры Шақшақ Жәнібекпен шатастырмас үшін «Керей Жәнібек» деп атап кеткен. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 жылы Жәнібек Абақ Керейлерді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады. 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі бір асуынан жол салып асып барып, өр Алтайды шолып қайтады. Бұл асу кейін “Жәнібек асуы” деп аталып кеткен. 1760 жылы Жәнібек батыр Абақ Керей руын Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырады. Сөз бастаған шешендігімен, ел бастаған көсемдігімен, жауға шапқан батырлығымен бүкіл абақ керейдің ұранына айналған "Ер Жәнібек" сексеннің үстіне шығып қайтыс болады. Жәнібектің әкесі Бердәулет ерте қайтыс болып кеткендіктен, нағашысы қазақтың атақты үш биінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің тәрбиесінде болды. «Кісі болар жігітті кісесінен, кісі болмас жігітті мүшесінен таниды» дегендей, Қазыбек би жиенінің көзінде оты, көкірегінде сәулесі барын көріп, оны кішкентай күнінен бастап ел басқару жұмысына тәрбиелейді. Он сегізге жасы жетіп, күш-қайраты толған кезінде Жәнібек жауға аттанып бара жатқан жасанды қолды көріп, Қазыбектен жорыққа аттануға бата сұрайды. Қазыбек: «Қарағым, өзгеге берген батамды өзіңнен неге аяйын. Ер азамат қылып өсіріп, ел-жұртыңа қосайын деп едім. Жасыңа жетпей, жау тілеме» дейді. Бұған риза болмаған Жәнібек: «Он сегізге келгенше , жігіт болып жетіле алмады дегеніңіз бе? Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалдырғанда, от басын айналдырған көбелектей көргеніңіз бе?» деп наразылық білдіреді. Сонда Қазыбек: «қой, рұқсат бермесем, құса болып өліп кетер, не қолға рұқсатсыз еріп кетер» деп ойлап, «Қол басқарсаң, жолың киелі болсын! Ел басқарсаң, сөзің жүйелі болсын!» деп батасын береді. Ұлы атасының ықыласымен берген батасы қабыл болып, Жәнібек жолы киелі қолбасшы, сөзі жүйелі ел басшысы атанады. Жәнібек батырдың өмір жолын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: Оның бірі – батырдың жоңғар басқыншыларына қарсы күресіп, сан шайқасты бастан кешірген батырлық, қолбасылық өмірі. Екіншісі – жаудан азат етілген жерге елін бастап барып, орналастыруы, ел бірлігінің бұзылмауы жолында тер төккен басшылық өмірі. Ол халықтың жадында қол бастаған аруақты батыр, ел басқаруда әділ басшы болып қалды. Өзі иелік еткен Абақ Керей елі оның атын ұранға айналдырды. ## Мұрасы Батырдың Шіңгіл ауданда тұратын он бірінші ұрпағы Зардықанның үйінде сақталған қасиетті туын 1940 жылы Оспан батыр Қытай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі кезінде көтеріп шығады. Ер Жәнібек туралы қытайдың Алтай аймағының қазақтары «Жәнібек батыр» деген тарихи жанрдағы екі сериалды фильм шығарған. Қазір Алматы қаласының Алатау ауданында Ер Жәнібек атындағы қысқа көше бар. Батырдың зираты Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ортабұлақ деген жерде. Зиратының басына ескерткіш орнатылған. ## Дереккөздер М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 66 б.http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы. ## Тағы қараңыз * Ер Жәнібек (жыр)
Олжас Мұқанбекұлы Бөрібаев (23 ақпан 1970(19700223), Талғар) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. ## Карьерасы «Болат», «Восток», «Еңбек» клубтарында доп тепті. 1992 жылы 20 қазанда "Ақтаудың" қақпасына карьерасындағы бірінші голды соқты. Екінші голды 1993 жылы «Восток» сапында жүріп «Спартак» (Семей) қақпасына енгізді. 1994 жылы "Восток" сапында Қазақстан кубогы иегері атанды. 1995 жылдан кейінгі тағдыры белгісіз. ## Сілтемелер * Статистикасы
Көбек батыр (шамамен 1735–1740 жылдары туған – шамамен 1831 жылы қайтыс болған) — Қазақ хандығының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі тұсында ел мен жерді қорғауда елеулі ерлігімен танылған ұлт батыры. Көбек батыр Арғын тайпасының Тоқа руынан шыққан. Батырдың әкесі Майлы батыр. ## Ерліктері Кейбір зерттеушілердің айтуынша, Көбек батыр алғашында орта жүз ханы Әбілмәмбет ханның қосынында, кейін Әбілмәмбет хан қайтыс болған соң Абылай хан қосынында мыңбасы болған екен. Батыр алып денелі адам болған деседі. Батыр өз заманында басқыншы қалмақтарды қазақ жерінен қууда талай ерліктер жасапты. 1771 жылы қырғыз манаптары Жетісуды қазақтан тартып алмақшы болып, Шу өзені бойында Найман елінің 2000 қолын жеңіп, атақты Көкжарлы көкжал Барақ батырды, Шынқожа батырды өлтіріп, сарбаздарын қанға бояған. Осы сұмдықтан соң Абылай хан Көбек батыр бастаған қолды жинап, Қырғыз Алатауына аттанады. Сол шешуші шайқас тарихта "Жайыл қырғыны" деген атпен белгілі. Шайқас алдында екі жақтың әскер саны бірдей болған. Соғыс екі жақтың батырлары манап Нәдір мен Көбек батырдың жекпе-жекінен басталған. Көбек батыр жауын жеңіп, Қазақ қолының жеңісіне жол ашып берген. Бұл жеңістен кейін қырғыз манаптары толық талқандалып, Ташкентке жол ашылады. Ташкентке барар жолда өзбек-тәжік қосындары да тізе бүгіп, Ташкент құсбегі Абылай ханға соғыссыз қала кілтін береді. Көбек батырдың осы соғыстағы ғажайып ерлігі ел есінде жыр болып қалды. ХVIII ғасырда Кіші жүз қазақтары орыс казактары мен башқұрттардың үздіксіз шабуылына ұшырайды. Басқыншыларды талқандау үшін кіші жүз ханы Орта жүз руларынан көмек сұрайды. Орта жүздің кіші жүзге көмекке жіберген қосынын Көбек батар бастап барады. Көбек батыр Башқұрттарды талқандап, жеңіспен оралады. Абылай хан Көбек батыр мен Ұзын Қыпшақ батыры Ниязға Есіл өзеніндегі Қараөткелді қорғау міндетін тапсырған екен. Батыр өмірінің соңына дейін Қазақ хандығы үшін талай ерліктер жасайды. Көбек батыр 96 жасында дүние салыпты. Марқұмның Қараөткел маңындағы Қозыкөш деген жерде жерлеген екен. ## Тарихи бағасын алуы Қазақ хандығын және оның ұланғайыр территориясын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған батыр бабаның ерлікке толы ғажайып өмірі ұзақ заман ел есінде сақталса, ал еліміз тәуелсіздік алған соң, тыңнан зерттеліп, есімі Қазақ елі тарихынан өз орнын ала бастады. Батырдың өмірі мен ерліктерінен сыр шертетін түрлі жәдігерліктері де табылып жатыр. Көбек батырдың сүйегі жатқан жерде ертеректе қойылған ескі тастың тұсына ұрпақтары батырға ас беріп, 2012 жылы және 2016 жылы ескерткіш тас қойған болатын. Көбек батырдың 7-ұрпағы, 1973 жылы туған Рахимбеков Тілек Құлашұлы 2016 жылы халықтан жиналған қаражатпен ескі зиратты қоршап, Көбек батырдың басына ескерткіш тас қойды. Бұл бастама аудан тарихындағы есте қалар маңызды оқиғалардың бірі болды. Тілек Құлашұлының қолында батыр бабамыз туралы талай деректер сақтаулы жатыр. Оларды терең зерделеп, Көбек батырдың Қазақ хандығының іргесін бекемдеу жолындағы ерліктерін және ел мен жерді қорғау жолындағы өнегелі іс-іздертерін танып, ұрпақ санасына жеткізу ісі өз жалғасын табатыны сөзсіз. ## Дереккөздер
Иманғали Қабайұлы Бастар (24 қаңтар 2003(20030124), Атамекен ауылы, Мақтаарал ауданы) — қазақстандық футболшы, "Жетісай" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы "Ордабасы" клубының түлегі. 2021 жылы "Ордабасы-21" клубында карьерасын бастады. Қазақстанның бірінші лигасында 6 ойында алаңға шықты. 2022 жылы "Мақтарал" клубынның жастар құрамында өнер көрсетті. 2023 жылы жаңадан құрылған, екінші лигада сынға түсетін "Жетісай" клубына ауысты. Тұңғыш ойынын 19 наурызда "Хан-Тәңірі" клубына қарсы өткізді. Бұл Қазақстан кубогы ойыны болатын. Сол жылы 18 шілдеде "Жетісай" сапындағы тұңғыш голын "Атырау-21" қақпасына енгізді, Бұл ойында "Жетісай" 2:0 есебімен жеңіске жетті. Клуб 2024 жылы бірінші лигада ойнай бастады. ## Фактілер * Есімі қазақстандық танымал саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың құрметіне қойылған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Саңырық Тоқтыбайұлы (1691 – өлген жылы белгісіз) — қазақ батыры. Ұлы жүз, Ошақты руының Тасжүрек атасынан шыққан, шешесі жағынан Кіші жүз Тайлақ батырға немере жиен. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” дастанында Саңырақ есімі де аталады. Ә.Диваев мәліметтерінде де Саңырақ есімі кездеседі. Зерттеушілердің пікірінше, Саңырақ 18 ғасырда болған негізгі қазақ-жоңғар соғыстарының барлығына қатысқан. Ол Бұланты, Қарасиыр шайқастарында қазақ қолының алғашқы жеңістеріне үлес қосты. Аңырақай шайқасында садақшыларға жетекшілік еткен. Ұрпақтары Жамбыл облысының Талас, Сарысу аудандарында тұрады. ## Дереккөздер
Естелік күміс шақаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай 5 шақа топтамасы шығарылған 1995 жылдан бастап шығара бастады. Шақаларды жасау үшін 925 сынамды күміс пайдаланылады, олардың барлығы Қазақстан теңге сарайында proof сапасында соғылған. «Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы», «Көрнекті оқиғалар мен адамдар», «Қазақстан петроглифтері», «Қолданбалы өнер», «Сәулет және тарих ескерткіштері», «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Ертеде соғылған шақалар», Қазақстан «суретшілері» (графика)», «Ғарыш», «Спорт», «Қазақстанның өсімдік әлемі», «Қазақстанның фаунасы мен флорасы», «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері», «Әлемге әйгілі мешіттер», «Көшпенділер алтыны», «Ұлы қолбасшылар», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары», «Қазақстан халқы ертегілері», «Республика игілігі», «Банкноттағы кейіптер», «Жүректен жүрекке», «Дала қазынасы», «Теңге – сыйлық», «Сиқырлы нышандар», «Қазақстанның бейнелеу өнері», «Діни жануарлар – көшпенділердің тотемдері», «Шығыс күнтізбесі» және «Зодиак белгілері» сияқты шақа топтамалары шығарылды. Кейбір естелік шақалар көрсетілген топтамадан тыс шығарылады. Кейбір күміс шақалар алтын жалатумен, эмальмен, голографиямен және төсеніш баспамен безендірілген. Барлық күміс шақалардың белгіленген бағасы 100, 500, 1000 немесе 5000 теңге және Қазақстанда заңды төлем құралы болып табылады, алайда олардың нарықтық құны әлдеқайда жоғары болғандықтан, олар төлем құралы ретінде пайдаланылмайды. ## Статистикасы 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 233 естелік күміс шақа шығарылды. ## Топтамалы шақалар ### «Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл» топтамасы Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 24 г және диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 1995 жылы Аустрия ақша сарайында соғылған және Қазақстанның алғашқы күміс шақасы әрі proof сапасында шығарылған алғашқы шақалар болды. Бет жағы: Абайдың өмірі мен шығармашылығынан сюжеттік композиция, мемлекет атауы, ұлттық ою-өрнек, белгіленген бағасы мен шығарылған жылы, нүктелердің жиегі. Арт жағы: Абайдың бейіні, қаз. АБАЙ • ИБРАҺИМ • ҚҰНАНБАЙҰЛЫ толық аты-жөні және өмір сүрген жылдары (1845 1904), шығармалары бойынша композиция, нүктелердің жиегі. Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 6000 дана. ### «Қазақстан петроглифтері» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 24 г, диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2000-2007 жылдары шығарылды. Бет жағы: ұлттық ою-өрнектің аясындағы белгіленген бағасы, эмитент-банкінің атауы, шиыршық, шығарылған жылы; теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы (2003 жылдан басталған шақаларда). 2005-2007 жылғы шақалардың бет жағында эмитент-банк атауының орнына — мемлекеттің атауы жазылған. Арт жағы: петроглифтің бейнесі, оның атауы мен орналасқан жері қазақ және ағылшын тілдерінде; теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы (2000-2002 жылғы шақаларда). Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 3000 дана. ### «Қазақстанның Қызыл кітабы» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңгелік шақалар 2001 жылдан бастап шығарылады. Нейзильберден жасалған белгіленген бағасы 50 теңгелік естелік шақалар бірдей немесе ұқсас әрленіммен шығарылады. 2001–2009 жылдары шақалар келесі сипаттамалармен шығарылды: Бет жағы: белгіленген бағасы, эмитент-банкінің атауы, шиыршық, теңге сарайының белгісі, ұлттық ою-өрнек, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: жануардың бейнесі және оның атауы қазақ және латын немесе ағылшын тілдерінде. Қыры тегіс. Салмағы: 24 г. Диаметрі: 37 мм. Жуандығы: 2,7 мм. Әр шақаның таралымы — 3000 дана. 2010 жылдан бастап топтаманың шақаларындағы бет жағы жеке әрленімімен және өзгерген сипаттамаларымен шығарылды: Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм. ### «Қолданбалы өнер» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 24 г, диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2001-2005 жылдары шығарылды. Бет жағы: музыкалық аспапта ойнайтын ұлттық киім киген адам, мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі (тек «Адырна» шақасында ғана). Арт жағы: музыкалық аспап және оның қазақ және ағылшын тілдеріндегі атауы, ноталы орнақтың үзіндісі, шақаның шығарылған жылы, теңге сарайының белгісі («Адырна» шақасында оның орнына — ҚРҰБ логотипі бейнеленген). Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 4000 дана. ### «Сәулет және тарих ескерткіштері» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 24 г, диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2002-2005 жылдары шығарылды. Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 3000 дана. ### «Ертеде соғылған шақалар» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2004-2009 жылдары шығарылды. «Алматы монетасы» шақасының жиегі алтынмен қапталған. Бет жағы: көне шақаның бет жағы, мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы, шығарылған жылы. Арт жағы: көне шақаның арт жағы, оның қазақ пен ағылшын тілдеріндегі атауы және соғылған уақыты, ҚРҰБ логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, ұлттық ою-өрнек. Қыры тегіс («Деңга» және «Драхма» шақалары) немесе бұжыр (басқа шақаларда). ### «Көшпенділер алтыны» топтамасы 12 қырлы салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм пішіндегі белгіленген бағасы 500 теңге топтамадағы шақалар 2004-2013 жылдары шығарылды. Топтамадағы барлық шақалардың бет жағы бірдей: төрт салт аттының стильдендірілген бейнесі, мемлекеттің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: Қазақстандағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көшпенділердің алтын бұйымдарының бірінің алтын жалатылған бейнесі; табылған заттың қазақ және ағылшын тіліндегі атауы, шиыршық, топтаманың қаз. КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ және ағылш. THE GOLD OF NOMADS атауы, шақаның шығарылған жылы. «Диадема бөлігі» және «Сатир» шақаларының арт жағындағы безендірілуінде қосымша түсті эмаль қолданылған. Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 5000 дана. ### «Спорт» топтамасы Белгіленген бағасы 100 теңгелік шақалар 2004 жылдан бастап шығарылады. ### «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» топтамасы 2006-2015 жылдары белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар шығарылды, 2016 жылдан бастап топтама шақалары салмағы 24 г және диаметрі 37 мм болып шығарылады. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалары шығарылады. Бет жағы: ұлттық ою-өрнек аясында Қазақстанның елтаңбасы мен белгіленген бағасы, мемлекет атауы. 2010 жылғы шақада, сонымен қоса, ЕурАзЭҚ танымбелгісі де бар. Арт жағы: салт немесе ойынның көрінісі, оның қазақ тіліндегі атауы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі (2015-2016 жылғы шақаларда оның орнына ҚРҰБ логотипі қолданылды) және шығарылған жылы. Қыры бұжыр. ### «Қазақстанның өсімдік әлемі» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2006-2010 жылдары шығарылды. Бет жағы: жапырақтардың құрамы, эмитент-банкінің атауы және оның логотипі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: өсімдік және оның қазақ пен латын немесе ағылшын тілдеріндегі атауы, шақаның шығарылған жылы, теңге сарайының белгісі; өсімдік бөліктерінің бірі голограмма түрінде жасалған. Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 4000 дана. ### «Қазақстан суретшілері (графика)» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2006-2008 жылдары шығарылды. Бет жағы: кескіндеме бейнесінде белгіленген бағасы және шығарылған жылы, мемлекеттің атауы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі. Арт жағы: суретшінің жұмысы және оның қазақ пен ағылшын тілдеріндегі атауы, қазақ және ағылшын тілдеріндегі суретшінің қолтаңбасы мен аты-жөні, ҚРҰБ логотипі. Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 4000 дана. ### «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2006-2010 жылдары шығарылды. Бет жағы: елтаңба және мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы. Арт жағы: ғибадатхананың суреті, оның қазақ және орыс тілдеріндегі атауы, шақаның шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі. Қыры бұжыр. ### «Әлемге әйгілі мешіттер» топтамасы Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2008 жылы шығарылды. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік алтын шақалар шығарылды. Бет жағы: мешіттегі кіреберісті білдіретін дарбаза мен бұралымның стильдендірілген бейнесі, эмитент-банктің атауы мен оның логотипі, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металл сынамасы. Арт жағы: мешіт көрінісі; ғибадатхананың және орналасқан қаланың атауы (тек «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» және «Фейсал мешіті» шақаларында ғана ағылшын тілінде). Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 6000 дана. ### «Қазақстанның фаунасы мен флорасы» топтамасы Топтамадағы шақалар — сопақ пішінді, белгіленген бағасы 100 және 500 теңге; шақа өлшемдері: 38,61 × 28,81 мм, 2008 жылдан бастап шығарылады. Қыры бұжыр. ### «Ұлы қолбасшылар» топтамасы Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2008-2015 жылдары шығарылды. Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, салт атты, эмитент-банктің атауы, белгіленген бағасы, теңге сарайының белгісі (Әмір Темір шақасынан басқаларында), шығарылған жылы. Арт жағы: қолбасшының суреті, оның ағылшын тіліндегі аты-жөні және өмір сүрген уақыты, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі («Әмір Темір» шақасынан басқаларында). Қыры бұжыр. ### «Шығыс күнтізбесі» топтамасы 2011 жылдан бастап 12 қырлы салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм, белгіленген бағасы 500 теңге топтамалы шақалар шығарылды. Дәл осындай әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік алтын шақалар шығарылды. Бет жағы: жұлдыздардың аясындағы зодиак белгілерінің таңбалары, мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, Күннің стильдендірілген бейнесі. Арт жағы: басқа жануарлардың суреттерімен қоршалған жануардың үлкен бейнесі - ағымдағы жылдың таңбасы, қаз. ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ, ағылш. ORIENTAL CALENDAR және орыс. ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ жазулар, шақаның шығарылған жылы мен теңге сарайының белгісі. Қыры тегіс. ### «Республика игілігі» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңгелік шақалар әртүрлі сипаттамаларға ие. Осы топтама аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағына арналған белгіленген бағасы 500 теңгелік биметалдық шақа да шығарылды. ### «Қазақстан халқының ертегілері» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2011 жылдан бастап шығарылса, салмағы 24 г және диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2016 жылдан бастап шығарылды. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалар шығарылды. Бет жағы: ұлттық ою-өрнек аясында Қазақстан елтаңбасы және белгіленген бағасы, мемлекет атауы. 2011 жылғы шақада ЕурАзЭҚ танымбелгісі де бар. Арт жағы: ертегі көрінісі және оның атауы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі (2015 жылғы шақаларда оның орнына ҚРҰБ логотипі бар) және шығарылған жылы. Қыры тегіс. ### «Теңге — сыйлық» топтамасы Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 31,1 г және өлшемі 45х30 мм топтамалы шақалар 2015 жылдан бастап шығарылады. Бет жағы: сүргіш баспамен көмкеріліп стильдендірілген гүлдің аясында Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, шақаның шығарылған жылы, 2016 жылғы шақада — сондай-ақ ҚРҰБ логотипі бар. Қыры тегіс. ### «Банкноттағы кейіптер» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2014 жылдан бастап шығарылады. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік алтын шақалар және белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалар шығарылады. Бет жағы: елтаңба мен мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы, ұлттық ою-өрнегі, ҚРҰБ логотипі. Арт жағы: 1993 жылғы банкноттың үзіндісінен қайраткердің кейіпі, аты-жөні, ұлттық ою-өрнегі, металдың салмағы мен сынамасы, шақаның шығарылған жылы. Қыры бұжыр. ### «Дала қазынасы» топтамасы Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 43 мм топтамалы шақалар 2015 жылдан бастап шығарылады. Дәл осындай әрленіммен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалар шығарылады. Бет жағы: Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, белгіленген бағасы, теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы, ұлттық ою-өрнек. Арт жағы: ұлттық ою-өрнектің аясындағы табыс, оның қазақ пен ағылшын тілдеріндегі атауы және қаз. ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ пен ағылш. TREASURES OF THE STEPPE топтама атауы. «Алқа» шақасындағы бейненің бір бөлігі алтынмен қапталған. Қыры тегіс. ### «Жүректен жүрекке» топтамасы ### «Сиқырлы нышандар» топтамасы ## Топтамадан тыс шақалар ### 1999—2004 жылғы шақалар ### 2008—2009 жылғы шақалар ### 2010—2012 жылғы шақалар ### 2013—2015 жылғы шақалар ## Тағы қараңыз * Қазақстанның естелік шақалары * Қазақстанның биметалдық естелік шақалары * Қазақстанның алтыннан жасалған естелік шақалары * Қазақстанның бағалы емес металдардан жасалған естелік шақалары ## Дереккөздер
Вадим Борец (рум. Vadim Boreț; 5 қыркүйек 1976, Кишинёв) — молдовалық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. ## Жетістіктері ### Ойыншы * Молдова чемпионы: 1994, 1995, 1996, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003 * Молдова кубогы: 1997, 1998, 2002 * Молдова суперкубогы: 2003 * Достастық кубогы: 2003, 2006 * Әзербайжан чемпионы: 2009 * Әзербайжан суперкубогы: 2010, 2012 ### Бапкер * Армения чемпионатының күміс жүлдегері: 2019/20 * Армения кубогы: 2019/20 ## Дереккөздер
Иманғали Қабайұлы Бастар (24 қаңтар 2003(20030124), Атамекен ауылы, Мақтаарал ауданы) — қазақстандық футболшы, "Жетісай" клубының жартылай қорғаушысы. ## Карьерасы "Ордабасы" клубының түлегі. 2021 жылы "Ордабасы-21" клубында карьерасын бастады. Қазақстанның бірінші лигасында 6 ойында алаңға шықты. 2022 жылы "Мақтарал" клубынның жастар құрамында өнер көрсетті. 2023 жылы жаңадан құрылған, екінші лигада сынға түсетін "Жетісай" клубына ауысты. Тұңғыш ойынын 19 наурызда "Хан-Тәңірі" клубына қарсы өткізді. Бұл Қазақстан кубогы ойыны болатын. Сол жылы 18 шілдеде "Жетісай" сапындағы тұңғыш голын "Атырау-21" қақпасына енгізді, Бұл ойында "Жетісай" 2:0 есебімен жеңіске жетті. Клуб 2024 жылы бірінші лигада ойнай бастады. ## Фактілер * Есімі қазақстандық танымал саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың құрметіне қойылған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Қызыл таң маталар үйі – Алматы қаласының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген қала құрылысы және сәулет түріне жататын тарихи нысан. ## Құрылыс кезеңі, сәулетшісі Нысан 1912 жылы салынған, авторы – атақты верныйлық сәулетші және инженер А.П. Зенков. ## Тарихи дерек, сипаты Ертеректе саудагер И. Ғабдуалиевтер отбасының сауда үйі ретінде танымал, қазіргі "Қызыл таң" маталар үйі ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы сәулет өнерінің қызықты ескерткіштерінің бірі.1896 жылы қаладағы ең бай саудагерлер Ғабдуалиевтер отбасының тапсырысы бойынша бұл үйдің жоспарын қала құрылысы саласындағы маман – П. Гурдэ бастаған болатын. Бірақ бірнеше себептермен құрылыс жұмыстары кейінге қалдырылып, соңынан мүлдем тоқтатылған. 1912 жылы А. П. Зенков қайта жоспарлауды жүргізіп, ғимаратты қайта салды.Ғимарат созылған Г әрпі пішіндес, орталық қасбеті бар бір қабатты құрылыс болып келеді. Ғимараттың жалпы ауданы 1450 шаршы метр. Бас кіреберістің үстінде қабыршақты жабыны мен кішігірім сүмбісі бар көлемді төртжақты күмбез орнатылған. Құрылыстың орталығындағы және жандарындағы қасбеттері үйлесімді жапсырмамен, ағаштан ойып жасалған терезе жақтаулары мен шіжерлі жиектермен көркемделген. 1931 жылы ғимарат мемлекет қарамағына беріліп, ол жерде "Торгсин" дүкені ашылған болатын.Өткен ғасырдың 80-жылдары бұл тарихи ғимарат толықтай жөндеуден өтіп, бұл жерде қала мен аймақтағы ең үлкен маталар дүкені ашылды. Оның жаңа "Қызыл таң" деген атауы өзіндік брендке айналды. 2009 жылы кең жайылған өрт салдарынан шатыр мен қойма бөлмелері бар қосымша құрылыс толық дерлік жанып кетті. Келесі жылдары ғимарат мен дүкен толығымен қалпына келтірілді.Қазір ол бұрынғыдай өте танымал маталар үйі. ## Дереккөздер
Жүкешев Қанағат (Жүкешев Қанат Мұратбекұлы) – тарихшы, философ, әлеуметтанушы, лингвист. Философия ғылымдарының кандидаты (1997 ж.), қауымдастырылған профессор ҚазСТА (2017 ж.). ## Өмірбаяндық мәліметтер: 1946 жылы 27 желтоқсанда ауқатты жекеменшік иесі, жаз жайлауы Тарбағатай мен қыс қыстауы Майлы-Жәйірді мекендеген, Жүкеш немересі Мұратбек Қанапияұлы мен Жаметай Мәткәрімқызының отбасында, Барлық тауының асуында, көш үстінде дүниеге келген. Қазақ. Орта жүз, Найман – Қаракерей – Байжігіттен тарайтын Арыс (Қарақұрсақ) руынан. Қалтай батырдың ұрпағы. Ата-бабалары: Арыс-Қарақұрсақ (қалмақтар қырып кеткен Арыс руының жұртында, төңкерілген қазан астынан табылған бала. Содан Қаракұрсак аталып кеткен.) – Қалтай – Ырсымбет – Найман – Жүкеш – Қанапия – Мұратбек – Қанағат. Шешесінің тегі: Орта жүз, Найман – Қаракерей – Байжігіттен тарайтын Тоғас руынан. Ата-бабалары: Қызыл би, Мыңбай би – Сасан би – Темірбек – Бәжікен – Мәткәрім – Жаметай (Гүлжәмила). 1962 жылы Мұратбектің отбасы Кеңестер Одағына – Семей облысының Новопокров ауданына қоныс аударды. 1964-1967 жылдары Семей қаласында М.Әуезов атындағы педагогикалық училищеде оқыды. 1967-1969 жылдары Кеңес армиясында қызмет етті. 1969-1971 жылдары Абай атындағы Семей облыстық драма театрында актерлық қызмет атқарды. ## Педагогикалық-оқытушылық қызметі: 1972-1977 жылдары Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітіріп, тарих және қоғамтану мамандығын алып шықты. 1972-1995 ж.ж. Семей облысы мен Семей қаласының оқу орындарында мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1996-2007 ж.ж. Алматыда Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында аға ғылыми қызметкер – жетекші ғылыми қызметкер міндеттерін атқарды. 2008 жылдан бері Қазақ спорт және туризм академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында аға оқытушы, қауымдастырылған профессор сапасында философия пәнінен сабақ береді. ## Ғылыми-шығармашылық қызметі: Қ.Жүкешев 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 5 оқулықтың, 14 оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Ғылыми жұмыстары негізінен төрт бағытта жүзеге асырылып келеді. ### Біріншісіне әлеуметтік-психологиялық бағыттағы  зерттеулері жатады. 1997 жылы ҚР Білім беру министрлігі-Ғылым академиясының Философия институтында «Қазақстан қоғамы трансформациясы жағдайында ұлттық психологияның даму тенденциялары» тақырыбында 09.00.11 – «әлеуметтік философия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ұлттық психология мен менталитетті зерттеген еңбектерінде олардың ұқсастықтары мен нақты айырмаларын ажыратып берді. 1984 жылы қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Қалаға неге қырын қараймыз» атты сыни мақаласы Қ.Жүкешевтің Республикалық баспасөзде бірінші көрінуі болып табылады. Мақала «қазақ ауылда тұрып, мал бағумен айналысуы керек. Қалаға қоныстана бастаса, ұлт ретінде жойылып кетеді» деп есептейтін жазушы қауымды дүр сілкіндірді. Осы жыл бойы жазушы қауым автордың басына әңгіртаяқ ойнатумен айналысты. ### Екінші бағыт: Қ.Жүкешевтің орта мектепке арнап дайындаған оқулықтары мен ОӘК қамтиды. Ол тәуелсіз Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі 9-11 сыныптарға арналған екі жаңа пәннің – «Қоғамдық білім негіздері» мен «Құқықтанудың» негізін қалады. Аталған пәндердің білім құрамы мен мазмұнын анықтап, жүйелеп, білім беру стандарттары мен бағдарламаларын жасады. Авторлар ұжымын ұйымдастырды. Негізгі мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақстан тарихын» жазуға белгілі академиктер Манаш Қабашұлы Қозыбаев пен Кеңес Нұрпейіс, «Адам. Қоғам. Құқық» оқулығын жазуға академик Ғ.Сапаргалиев пен әдіскер Г.Асанбекова тартылды. Оқулықтармен қоса, пәннің оқу-әдістемелік кешендері қатар дайындалды. Ол өзі құрған авторлар ұжымымен бірге, 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Адам. Қоғам. Құқық» оқулықтары мен ОӘК дайындады. ### Үшінші бағыт - философия: «Заманауи өркениеттер дамуының рухани негіздері» – 2007 жылы философия ғылымдарының докторы дәрежесін алуға Қ.Жүкешев дайындаған диссертация тақырыбы осылай аталды. Қоғамды прогресс жолына түсіру амалдарын табу қиын емес. Бұл мәселе Батыс философиясында жеткілікті зерттелген. Диссертант еңбегінде қоғамның адамгершілік-моральдық бейнесіне баса зер салады. Платонның руханиятын, И.Канттың максималарын, Г.Спенсердің «адамша өмір сүру» қағидаларын бетке ұстай отырып, автор Қазақстан қоғамының рухани ахуалына дүниежүзілік тенденциялар астарында талдау жасады. Содан, қоғамды билеушілердің адамгершілік-моральдық абрисі өз деңгейінде болуы, соның нәтижесі ретінде, қоғамда қабылданған заңдылықтардың қатал сақталуы прогрес кепілі бола алады деген қорытынды шығарды. Барлық процедуралардан өтіп, қорғауға шығатын күннің алдында қазақ филологтарының үлкен тобы жоғары инстанцияларға шағымданып, шу көтерді. Диссертацияда қазақ тілін мемлекеттік мәртебесіне лайықты қызметін атқаруға дайындау қажеттігі айтылған тарау болатын. Қазақ тілі кезінде экономикалық айналыстан шеттетіліп, стихиялы ағысқа жіберілген, ғылым тарапынан бақылаудан тыс қалған, соның салдарынан,  синтаксистік құрылымы бұзылып, терминдері мен ұғымдары тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да былыққан, қателерге малшынған күйге түскен болатын. Аграрлы қоғамның түкпірінде жойылуға бет алған тілді, бірден индустриялы қоғамда ресми ақпаратты жеткізуге жұмсауға болмайтын еді. Қазақ тілі заманауи өркениетті қоғамның қойнауларында болып жатқан құбылыстар мен үдерістерді жеткізуге дайын емес болатын. Құбылыстың мәнін түсінбеген филолог атаулы, «қазақ тілінің байлығы кез келген ақпаратты жеткізуге жетеді, тек шенеуніктер ана тілінде сөйлеп, басқаға үлгі көрсетсін. Президент оларды қазақша сөйлеуге мәжбүрлесін» деген «қағиданың» соңынан түсіп алып, 30 жыл бойы дүйім жұртты құр дүрліктіріп келді. Ол кезде формациялар ауысуы тудырып отырған тілдік проблемаларды тереңінен түсіне алатын маман филологтарды қойып, философтар арасынан да шыққан жоқ. Тіл проблемасы ғылымдар интеграциясында шешілуі керек, тілді индустриялы қоғамда әмбебап қолдануға дайындау қажет болатын. Мұндай ұсыныстарды қабылдай алмаған отандық филологтар, академик Ә.Қайдаровтың ұйымдастыруымен, диссертантқа қарсы шабуылға шықты. Тұжырымды конструктивті талқылауды кейін ысырып қойып, олар бірден Парламентке дейін барып, саяси шешім шығаруды – Қ.Жүкешевті отаннан қууді талап етті. Диссертация қорғалмай қалды. ҚазСТА-ның баспасы "Заманауи өркениеттердің дамуының рухани негіздері" деген бұрынғы атауымен студенттер мен магистранттарға арналған оқу құралы ретінде басып шығарды (2024). ### Төртінші бағыт мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін қамтиды. Базалық мамандығы тарих, диссертациялық зерттеу бағыты философия бола тұра, Қ.Жүкешев, 2007 жылдан кейінгі кезеңде, ойластырып қойған жоспарларын кейін ысырып тастап, мемлекеттік тіл мәселесін зерттеуге ауысты. Оның өзіндік себептері болды. Ы.Алтынсарин атындағы Білім беру академиясында оқулықтармен айналысып жүргенде, ол қазақ тілінің мейілінше мүшкіл күйінің куәсі болды: тіл контентінің тұрмыстық стильде ғана беріліп, аномалияға малшынған күйін көрді. Оқулықтар мен ОӘК, авторлық жазбалар да синтаксистік қателерге тұнып тұрды. Аударма үдерісі (оқулықтар екі тілде дайындалатын) қазақ тілі сөздіктерінің сапасы саналы адам төзгісіз күйде екендігін әшкерелеп берді. Қ.Жүкешевтің тілді түзеп алмай, ұлттың руханиятын алға бастыру мүмкін емес екендігіне көзі жетті. Ол мұндайға шыдап жүре беруге болмайды деген қорытындыға келді. Формациялар ауысып, қоғам тарихи бетбұрыс жасап жатқан, өтпелі кезеңде тығырықтың себебін, тілді ғылыми амалдармен дамыту жолдарын көре алатын күш елде болмады (қазір де жоқ). Тілді индустриялы қоғамда әмбебап қолдануға дайындау қажеттігін түсінуге ешкімнің зердесі жетпеді. Отандық филологтар аграрлы қоғамда экономикалық айналыстан шеттетіліп, ауылда, тұрмыс шеңберінде қамалып қалған, синтаксистік жүйесі әбден бұзылған тілді бірден индустриялы қоғамда ресми ақпарат жүргізуге пайдалану мүмкін болмайтынын ескермеді. Кеңес кезінде қазақ тілін жою шараларына атсалысқан, оны айналыстан ығыстырып шығару амалдарын зерттеген, тапқан, жүзеге асырып келген қазақ филологтары, тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде де, теріс бағыттарынан қайтқан жоқ. Кеңестік тілдерді жою саясатын айыптамады, одан біржола бас тартатындықтарын мәлімдемеді. Бұрынғыша, тілдің түпкілікті мүддесіне қайшы әрекеттерін жалғастыра берді. Қазақ баласы ұлттық аурасы тұнып тұр деп саналатын, туған үйінен тіл біліп шықпайды. Балабақша сәбиге тіл үйрете алмайды. Мектеп арнайы бағдарламамен, оқулықпен, әдістеме қолданатын мұғалімнің күшімен, бағамен ынталандырып, регламенттеп оқытып бағдарламалық мәтінді меңгерте алмайды. Ауыл мектебін, сонан кейін, ЖОО-ны қазақша бітіріп, өндіріске келген маман бірден орысшаға ауысып кетеді. Сөздіктер қателерге тұнып тұр. Оқулықтың оңғаны болмады, қазір де жоқ. Қазақтілді филологияда мектеп оқулықтарын түзей алатын күш жоқ. Толыққанды қазақтілді орта жоқ. Қазақ тілінде заманауи азаматтың талғамына татитын, оның тілін үйренуге ұмтылысын жебейтін контент жоқ. Мұның салдары Қ.Жүкешевке іс жүзінде қазақтілді филология деген ғылым жоқ,  филологияның атын жамылған паранаука бар деген қорытынды шығаруға итермелеген болатын. Паранауканы жасап отырған псевдоғалымдармен кездесіп, өзекті тақырып талқылау мүмкін емес. Өйткені, олар озық лингвистикаларда қолданылатын ғылыми аппаратпен таныс емес. Олар әдеби тіл, оның критерийлері; тілдің стандартталуы; жалпыхалықтық тіл; тілдің семантикалық жүйесі; тілдің индустриялы қоғам өмірін репрезентациялау мүмкіндігі; тіл контентінің сапасы және оның тіл үйренуге мұқтаждық тудыру қабілеті; ареалды лингвистика, корпустық лингвистика, когнитивтік лингвистика, т.б. тақырыптарда талқылау жүргізуге дайын емес. Терминдердің мағынасын түсінбейді. Тіл стилистикасы сонау кеңестік оқулықтардың өзінде теріс түсіндіріліп келген болатын. Қазір де тіл стильдерінің ажыратылуы ғылымилықтан аулақ, үстірт тәпсірленген, мысалдармен, жаттығулармен тәптіштелмеген. Сондықтан, тіл қолдану кеңістігінде ешкім ресми стиль талаптарын сақтап сөйлей алмайды. «Тіл философиясы» (2021 ж. 4 қарашада) республикалық онлайн-семинарда талқыланды. Оған қатысқан 38 дәрежеленген филологтар толық құрамымен, бір ауыздан кітапта келтірілген идеялар мен тұжырымдарға қарсы шықты. Жазбаша пікір бергендердің ешқайсысы конструктивті пікір айта алмады. Өйткені, олардың өздері ғылымнан аулақ, сөйлемін синтаксистік талаптар тұрғысынан дұрыс құрып, ойын жеткізе алмайтын адамдар болып шықты. Бір профессор 3 беттік ғылыми сараптамасында 48 қате жіберген еді. Тұтас салада ахуалдың осылай өрбіп отырғанын түсінетін ешкім жоқ. Бір ескерерлігі, автордың осы айыптауларына қарсы шығып, ғылымды, ғалымдық аттарын, намысын қорғауға шығатын ешкім тағы болмады. Отандық филологтар қазіргі таңдағы қазақ тілін дамытудың бірден бір ғылыми, перспективалы жолын көрсетіп берген Президенттің нұсқауын орындамай отыр. Қ.-Ж. Тоқаев «тіл мәселесіне «ғылыми тұрғыдан келу,.. қазақ тіліне реформа жасау,.. тілімізді модернизациялау керектігін» ескерте келіп, бұл трендті жүзеге асыру үшін «еуропа елдерінің тәжірибелеріне сүйену керектігін» айтқан болатын.Алайда, содан бері бұл бағытта ешқандай жылжу болған жоқ. Мұны ел Президенті ұсынған бағыттарға қарсы ұйымдасқан ұжымдық саботаж ретінде бағалауға болады. «Тіл философиясы» кітабында дүниежүзінің алдыңғы қатарлы лингвистикаларының тәжірибелеріне сүйене отырып, автор қазақ тілін индустриялы қоғамда әмбебап қолданылатын тіл ретінде дамытудың ғылыми жолдары ұсынады. Ол мынадай негізгі бағыттарды қамтиды: * - қазақ тілін стандарттау үдерісінен өткізу; * - стандарт арқылы тілді әдеби нормаға түсіру (әдеби нормаланған корпус, бірінші кезекте, жиі қолданылатын 12000 тілдік бірлікті қамтуы керек); * - қазақ тілінде кең таралатын ресми ақпаратты осы корпусқа енген лексика негізінде құру; * - ресми стилистиканы орнықтыру (бірінші кезекте, ғылыми, саяси-публицистикалық және педагогикалық әдебиеттерде); * - тілдің индустриялы қоғам өмірін репрезентациялау мүмкіндігін арттыру; * - тіл контентінің сапасын тіл үйренуге мұқтаждық тудыратын деңгейге көтеру;.. т.б. «Тіл философиясы» рухы мен идеологиясы тұрғысынан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттік тілді дамыту парадигмасының мазмұнымен толық үндестік табады. ## Жарияланған еңбектерінің іріктелген тізімі * Жүкешев Қ.М. Ауылшылдықты асқындырып алмайық // Жұлдыз, 1988, № 9, 176-184 б.б. * Жүкешев Қ.М. Әлеуметтiк-психологиялық адаптация: бейiмделу және образ шынайылығы // Уақыт және қаламгер, А.: Жазушы, 1990, 107-124 б.б. * Жүкешев Қ.М. Ұлттық психологияның сипаты // ҚР Бiлiм министрлiгiнiң республикалық баспа кабинетi, 1993., 196 б. * Жукешев Қ.М. Қазақстан қоғамының қазiргi жағдайында ұлттық психологияның даму тенденциялары. Диссертация философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн. 09.00.11 //ҚР ҒМ-ҒА Философия институты. Алматы, 1997.- 161 бет. № 4590. * Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде қоғамдық бiлiм негiздерiн оқыту тұжырымдамасы. Жалпы бiлiм беретiн негiзгi мектепке арналған “Адам. Қоғам. Құқық” пәнiнiң бағдарламасы: /9-сынып/, Республикалық баспа кабинетi,- Алматы, 1997.- 56 б. * Тұрлығлов Т.Т., Жүкешев Қ.М., Бекiшева Р.М., Налаева Р.Б. Қоғамдық бiлiм негiздерi // Қазақстан Республикасы орта бiлiм стандарты 1-кiтап. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер.– Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясының Республикалық баспа кабинетi. 1998, – 330 б. (170-187 б.б.). * Познание мира: Учебник для 4-класса общеобразовательной школы. К.Жунусова, А.Бирмагамбетов, К.Аймагамбетова, И.Нугуманов, К.Жукешев. – Алматы: Атамура, 1999, – 176 с. * Жүкешев Қ және басқалар. Қоғамдық бiлiм негiздерiнен бағдарламалар жинағы /9-11 сыныптар/. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың бiлiм академиясының Республикалық баспа кабинетi, – Алматы. 2000, – 74 б. * Жукешев К.М. и др. Программа. Введение в правоведение (программа в четырех вариантах), – Алматы: Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000, – 48 с. * Жукешев К.М. Методическое пособие по курсу “История и культура малочисленных народов Казахстана”.– Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 58 с. * Козыбаев М.К., Байпаков К.М., Нурпеис К., Мажитов С.Ф., Жукешев К. История // Республика Казахстан. Энциклопедический справочник. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. – 584 б. (39-110 б.б.). * Жүкешев Қ., Лактионова О, Бейсебекова Г. “Адам. Қоғам. Құқық”. Дидактикалық материалдар. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арналған байқау құралы. – Алматы: “Мектеп” 2002. – 60 б. * Жүкешев Қ. және басқалар. Қазақстан тарихы. Әдiстемелiк нұсқау: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сынып мұғалiмдерiне арналған байқау құралы. –Алматы: “Мектеп баспасы” ЖАҚ, 2002. – 116 б. * Жүкешев Қ. Егемендiк пен тәуелсiздiк - бiр тарихи оқиғаның екi кезеңi  // Саясат, № 6, 2002. – 44-45 б.б. * Авторлар ұжымы. Педагогикалық-психологиялық терминдер сөздiгi. // Алматы, “Мектеп баспасы” ЖАҚ, 2002. * Жүкешев Қ. Адам және қоғам. Жалпы білім беретін орта мектептің  11 сыныбына арналған оқулық. Алматы: “Глобус” баспа үйі, 2003, 2004.– 352 бет. * Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Учебник для 9 класса общеобразовательных школ // Жукешев К.М., Сапаргалиев Г.С., Асанбекова Г.С.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (на казахском, русском языках). * Человек. Общество. Право: Хрестоматия. Учебное пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // Сост.: К.М.Жукешев, Г.С.Асанбекова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 240 с. (на казахском, русском языках). * Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Методическое руководство. Пособие для учителей 9 классов общеобразоваиельных школ // К.Жукешев Г.Асанбекова,  Г.Бейсебекова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (На казахском, русском языках). * Жукешев К.М. и др. Человек. Общество. Право: Дидактические материалы. Пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // К.Жукешев Г.Асанбекова, О.Лактионова.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 256 с. (На казахском, русском языках). * Қазақстан тарихы (1914-2004 жж.): Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 9-сыныбына арналған оқулық // М.Қозыбаев, К.Нұрпейiс, Қ.Жүкешев.– Алматы: “Мектеп” баспасы, 2005, 2009, 2013.– 248 бет (қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде). * История Казахстана: Хрестоматия. Учебное пособие для 9 классов общеобразоваиельных школ // Сост.: К.Нұрпейiс, И.Қозыбаев, К.Жукешев. – Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013.– 176 с. (на казахском, русском, уйгурском языках). * Жукешев К.М. и др. История Казахстана: Методическое руководство. Пособие для учителей 9 классов общеобразоваиельных школ // Т.Турлыгул, К.Жукешев К.Адамбосынов и др.– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2005, 2009, 2013. (На казахском, русском, уйгурском языках). * Жукешев К. Менталитет и национальная психология // Мысль, 2006, № 6. С. 17-21. * Жукешев К. Система ценностей и развитие цивилизации // Мысль, 2006, № 7. С. 8-12. * Основы обществознания: Учебник для 10 класса общеобразовательных школ / Нысанбаев А., Изотов М.З., Есим Г., Адамбосынов К.Ж., Жукешев К.М..– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2006.– 320 с. (на казахском, русском языках). * Основы обществознания: Хрестоматия. Учебное пособие для 10 классов общеобразоваиельных школ / Сост.: Нысанбаев А., Изотов М.З., Адамбосынов К.Ж., Жукешев К.М..– Алматы: Издательство “Мектеп”, 2006.– 180 с. (на казахском, русском языках). * Ценности как субстанциональная причина развития цивилизации. // Евразийское сообщество, 2006, № 2. С. 107-115. * Жүкешев Қ.М. Қоғам дамуы және адамның рухани әлемi // Әл Фараби ат. ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы, 2006, № 1(25). – 116-119 б.б. * Нысанбаев А., Абишев К., Жукешев К., Изотов М., Кажимурат К., Сабит М., Татимов М. Основы обществознания: Учебник для 11 кл. общественно-гуманитарных направлений общеобразовательных школ. – А.: Издательство «Мектеп», 2007. – 272 с. (На казахском, русском языках). * Нысанбаев А., Абишев К., Жукешев К., Изотов М., Кажимурат К., Сабит М., Татимов М. Основы обществознания: Хрестоматия. Учебное пособие для 11 кл. общественно-гуманитарных направлений общеобразовательных школ. – А.: Издательство «Мектеп», 2007. – 208 с. (На казахском, русском языках). * Нысанбаев Ә., Жукешев К., Изотов М., Қажымұрат К., Сәбит М., Тәтімов М. Адам және қоғам: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныпқа арналған оқулық. – А.: «Мектеп» баспасы, 2007. – 288 бет. * Жукешев Қ.М. Мемлекеттік тіл: қазіргі күйі және даму философиясы. – Алматы, 2008. – 240 б. * Жукешев К.М. Правовое образование как средство воспитания менталитета // Философия права, № 1, 2009. С. 25-28. * Жукешев К.М. Нужна новая парадигма // Наука и современность – 2010. Сборник материалов I Международной научно-практической конференции. В 3-х частях. Часть 2. – Новосибирск: Издательство «СИБПРИНТ», 2010. – 262 с. 213-218 б.б. * Жукешев К. Образование в преддверии гражданского общества // Материалы международной научно-практической конференции «Инновационное развитие образования и науки: проблемы и перспективы посвященной 70-летию Иссык-кульского государственного университета». Вестник Иссык-кульского университета, № 26-2010. ІІ часть. Каракол, 2010. С. 193-197. * Жукешев К.М. “Государственный язык: концептуальные идеи развития” // «Қазақ альманағы», № 3, 2009 г. 0,6 б.т. * Жукешев К.М. Философия языка Монография Алматы: Издательский дом «Библиотека Олжаса», 2017. 25,7 п.л. * Жүкешев Қ.М. Философия: Философиялық емес факультеттердің студенттеріне арналған оқулық. Алматы: ҚазСТА, 2017. 10 б.т. * Жүкешев Қ.М. Саналы ұрпаққа – сапалы білім. Шолу мақала. Алматы, «Жұлдыз», 2017, № 9. 2 б.т. * Жүкешев Қанағат. «Заманауи қазақ әдеби тілінің тұжырымдамасы». ADYRNA порталы. 24.08.2023. (https://adyrna.kz/post/167209). * Жүкешев Қанағат. «Толғауы тоқұсан қызыл тіл: сұрақ күрделі, жауап ұзақ». Қазақ әдебиеті, 10. 07. 2023.(https://qazaqadebieti.kz/38691/tol-auy-to-san-yzyl-til-s-ra-k-rdeli-zhauap-za) Ескерту: ғылыми еңбектер Википедияда жариялау үшін іріктеліп алынған. Тізімге 200-ден астам мерзімді басылымдарда, әлеуметтік желіде жариланған мақалалар мен посттар енген жоқ. ## Дереккөздер
Қашаған би Әуелұлы (1820, қазіргі Алматы облысы, Шелек ауданы – 1905) — Ұлы жүз Бәйдібек бабаның Албан, оның ішінде Қызылбөрік аталығынан шыққан атақты шешен, би. ## Әңгімелер Жас кезінде бір құрдасы Қашағанға: – Өзіңе атың сай келмейді-ау - дегенде Қашаған: – Тіл көзден құдай сақтасын, - деп атымды тергеп қойған болар, - деген екен. Қызылбөрік Мақсұт Қашағаннан: – Елдің билігі неден бұзылады? - деп сұрайды. – Өсек пен көре алмаушылықтан, - деп жауап беріпті би. Орманбек батыр бірде Қашағаннан: – Қарадан хан туа ма? - деп сұрайды. – Ешкім анадан хан болып тумайды. Хан болу адамның даналығында - деп жауап беріпті Қашаған би. Бірде бір атақты бай: – Қашекем, армандамайтын адам бола ма? - дегенде: – Армандамайтын адам жоқ. Қолы жетпейтінді армандағанша, еңбегіңмен жететінді армандап, зейнетін көрген жақсы - депті. Орман шешен Қашаған биден: – Қашекем, кімді пір тұтасыз? - деп сұрағанда, – Анам мен әкемді, елім мен жерімді пір - деген екен. Қашағанның содырлау бір құрдасы: – Сені ел көрген дейді, сол рас па? - депті. – Халқым көргенді мен де көрем, - дейді Қашаған. Бірде Сырлыбай датқа Қашаған биде қонақта отырып: – Дүниеде не жаман? — деп сұраған екен. Қашаған би: – Ынтымағы жоқ ел жаман. Бәрінен де халыққа қадірсіз болған сол жаман - дейді Қашаған. Қашағанның қартайған шағында Солтанбек болыс биден: – Еліңізге болашақта не тілер едіңіз? — дегенде би: – Абылайдан бірлігі болса, Райымбектей қорғаны болса, Төле бидей ғұламасы болса, бейбіт өмір тірлігі болса, құдайдан осыны тілер едім — депті. ## Дереккөздер
Сарыбай би Айдосұлы (1821, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар өзенінің бойында – 1890) — қазақ биі. Сарыбайдың әкесі Айдос, оның әкесі Пірімқұл да, Ыстыбай да (Жамбылдың арғы бабасы) бәрі шетінен ел қорғаған батыр, әрі шешен, би болып өткен. ## Оқиға Жаздың бір күндері қазақ, қырғыз Сусамыр жайлауын жайлап отырғанда Шәбден манап қасында отырған Сарыбай биге қарап: – Қартайған адамның неше түрі болады? - деп, төтеннен сұрақ қойыпты. Сарыбай ойланбастан: – Қартайған адамның үш түрі болады - депді. Шәбден манап: – Қане, ол үш түрің қандай? - дегенде, Сарыбай: – Қарт адам не дана, не бала, не шала болады, - дейді – Қане, оны өлеңдетіп айтып берші? Сонда Сары би өлеңдетіп: Еліне қадірі болса, Дана емей немене? Өсек-аяң тасыса, Шала емей немене? Алжып елден қашса, Бала емей немене? Бұл жауапқа Шәбден риза болыпты да: – Сарыеке, сізді дуалы ауызды көсем, төтеннен сөз табатын шешен деуші еді жұрт, рас екен ғой. Кешелі бері бұған көзім жетті. Әй, жігіттер, қайдасыңдар! Мына Сарыбайға ат, шапан сыйлаңдар, алдына бір үйір жылқы салып беріңдер! - деген екен дейді. ## Сарыбай бидің нақылдары Мұңайғанға мұң бар, Жылағанда сыр бар. Түйеден жығылсаң шудасын төсейді, Есіктен жығылсаң тұяғын төсейді. Күндес қатын-керіс, Мұңдас жақын-өріс. Алты бала тапқан ананы, Алпамса деңіз. Екі сөйлеген қарияның қадірі кетеді, Жетімді жетім деп қорлама, Ол да бір күні жетілер. Бай бай деп бұлдама, Ол да бір күн өкінер... ## Дереккөздер
Науша Қаржауұлы (шамамен 19 ғасырдың 1-жартысы) — қазақ батыры. Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Ол інісі Наурызәлімен бірге руластарын басқарып, 1827 жылы көктемде Бөкей ордасын шарпыған толқуға қатысады. Олар Қаратоғай батыр Мәметұлы бастаған алаша руының көтерілісшілеріне қосылып, Жәңгір ханға Астрахан және Орал казак орыстарының озбырлықтарынан қорғап, таласты жер мәселесін шешуді — Қараөзеннің шығыс жағалауы мен Сарыөзеннің бойын қазақтарға қайтаруды, алым-салықтар мөлшерін азайтуды, т.б. талап етеді. Көтерілісшілердің сесінен қаймыққан Жәңгір хан Еділ бойындағы Владимировка кентін паналап, әскери көмек сұрайды. Толкушынарды басуға шыққан Орал казак-орыс отряды тікелей шабуылға шығуға бата алмайды, ал оларға қарсы күш көрсетуге бел байлаған Науша және Қаратоғай батырларға көтерілісшілер тобындағы шеркеш руының беделді азаматы Жақсыбаев басу айтып, тоқтады. Уақиға қантөгіссіз аяқталып, бейбіт түрде тарқағанымен халықтың патшалық және жергілікті билікке наразылығы тоқгамайды. Архив кұжаттарында баяндалған мұндай толқулардың басында Науша батырдың есімі тұрады. Бөкей өрдасыңдағы халық наразылығы туралы хабар Санкт-Петербург әкімшілігіне дейін жетіп, Орал казак-орыстары мен қазақ рулары арасындағы жер дауын тексеру үшін 1928 жылы Жайық өңіріне сенат өкілі М.Энгель келеді. Ол арнайы тексеру барысыңда қазақтардьщ талабының дұрыстығын, казак-орыс әскерлерінің озбырлығын ашып көрсетеді. Әсіресе шекара сызығын Тасқалаға шейін кері шегіндіріп, Нәбиуллин Қараөзен, Сарыөзен алабын шынайы иелері — қазақ руларына босатып беруді ұсынады. Бірақ Орынбор, Орал әкімшіліктерінің басшылары сенат уәкілінің ұсыныс-пікірін ескерусіз қалдырады. Сөйтіп, Науша батыр және Қаратоғай басқарған толқу 1829 жылы көктемінде Ішкі Ордадағы алаша, байбақты, тана, беріш және т.б. руларды қамтиды. Олар Шолан-Шығыр деген жерге жиналады. Жәңгір хан да өз жақтастарынан қол жиып әрі Орынбор әкімшілігінен әскери көмек сұратып, толқуды басуға кіріседі. Екі жақтың жасақтары Масқар құмы деген жерде бетпе-бет келеді. Дәстүр бойынша әуелі екі жақ батырларының жекпе-жегі болады. Хан жағынан еңгезердей Седібек батыр мен көтерілісшілер басшысы, ықшам денелі Науша ортаға шығып, айқасады. Қимылына көз ілеспейтін епті де әбжіл Науша батыр Сәдібектің денесіне, найза сүңгітіп, атынан түсіреді. Мысы басылған хан жасағы қарсы қимыл жасай алмай, кері шегінеді. Осы жолы Науша батыр бастаған топ Жайық бойына беттеп, жолдарын торыған Орал казак-орыс әскерлеріне де күйрете соққы берген. Архив құжаттарында «Науша жасақтары казак-орыс әскерлеріне бой бермей, өзеннен мал-жанымен өтіп кетті» деген бірер сөйлемдік мәлімдеу бар. Жалпы Наушаның өмірі мен ерлік істері туралы қазақтар арасында да, казак-орыстар арасында да аңыз-әңгімелер көп болған. Жайық ойындағы шайқасқа қатысқан Назаров деген казак-орыс өздерінің жеңілу себебіне байланысты «бізге қарай атойлап шапқанда Наушаның бір өзі жүз кісі сияқты болып көрінді» деп куәлік берген. Ел аузында Науша Ақбұлақ шайқасына да қатысып, Исатай батырдың мүрдесін жау қолына түсірмей, өзі жасырып жерлегенміс деген де әңгіме бар. Соңғы жылдары белгілі тарихшы- ғалым И.Кенжалиев Науша батырдың ғұмырнамалық деректерін жинақтады. ## Дереккөздер
Зуха батыр, Зауха Сәбитұлы (1869 жыл не 1867 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кендірлік ауылы -1929) - Алаш қайраткері, діни ғұлама, батыр. Керей тайпасы Абақ руының Ителі бөлімінен шыққан. Зуқа батыр Сәбитұлы – ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғап, басшысыз, биліксіз, қорғансыз, қарусыз халқын жан-жағынан талап, тонап, басымшылық көрсетіп қанаған үстем өкіметтің өктемдігінен қызғыштай қорып, қажет кезінде қарсы тұрып, әлеуметтік теңсіздіктермен өмірінің соңына дейін бел шешпей, аттан түспей аяусыз күрескен қайраткер, қолбасшы тұлға, қайсар батыр. Тарихи деректерге сүйенсек, XX ғасырдың 20-жылдарының аяқ шеніне келгенде Алтай өңірінің қоғамдық жағдайы тіпті де асқына түсті. 1928 жылы жазда Алтайдың дау иыңы (қосымша қорғаныс елшісі) болып Ви Жыңго дейтін біреу келді. Ол келе сала Алтай халқына қанды шеңгелін салды. Халықты қан қақсатты. Әскери күшпен озбырлық жүргізіп, алман-салықты шектен тыс ауырлатып, елді ерекше қатты күйзелтті. Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шыдамай қарсы күрескендердің бірі – Зуха Сәбитұлы болды. Әкесі Сәбит Қазан мен Бұхарада білім алған оқымысты адам болған. Зұқа да әкесінің жолын қуып, 1883 жылдан бастап Сауырдағы Жеңісхан төренің ауылында екі жыл ауыл мектебінде мұғалім болады, кейін Өр Алтайға, Қара Ертіс бойына қоныс аударады. 1904 – 1905 жылдары Меккеге қажылыққа барып қайтады. Алтайдағы қытай ұлықтары мен кейбір билерден қысым көрген адамдар Зұқадан пана іздеп, оның маңына топтасады. Мұны Алтайды билеген Мәми бейсі жергілікті әкімшімшілік үстемдігіне қарсы пайдалануды көздеп, Зұқаға әскери жасақ құруға көмектеседі. 1921 жылы Кеңес өкіметінің қызыл әскерлерінен жеңіліп, Қытай асқан ақ гвардия генералы Бакич бастаған топ Ертіс бойына жетіп, ондағы халыққа лаң салған кезде Зұқа жасағы Бакич әскерлерін Өрмегейті асуынан асырып, Моңғолияға дейін ығыстырып тастайды. Кейін осы қарулы жасақ Сарсүмбе мен Өр Алтай арасында жергілікті әкімшіліктің қарулы жасақтарына қарсы тұрып, жергілікті қазақтарды қытай ұлықтарының қыспағынан қорғауға күш салды. 1928 жылы күзде жергілікті әкімшілік өкілдері 200 әскермен түн ортасында Зұқа ауылын басып кіреді. Қытай әскерлерінің қолынан қапыда Зұқа батыр мен оның серіктерінен 28 адам қаза табады. Қытай ұлығы “өкіметке қарсы шыққандардың көретіні осы” деп жергілікті қазақтарды үрейлендіру мақсатымен Сарсүмбе қаласындағы көпірге Зұқа батырдың басын іліп қояды. Батырдың ерлігін құрметтейтін халық кейін оны Белқұдыққа жерлеп, басына үлкен қорған тұрғызды. ## Өмірбаяны 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданының Кендірлік деген жерінде дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал – Сәбит молла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Сәбитті жеті жасында Үпі қаласындағы Уәлдан хазіретке жетектеп апарып аманат етеді. Ол он тоғыз жыл оқып, Бұқара, Қазан, Самарқанды аралайды. Сәбит жиырма бес жасқа толғанда оның ақыл-ойына дән ыразы, пәтуа-пайымына тәнті болған хазірет Уәлдан немере қызы Бәтиманы жары етіп, ақ батасын беріп, ақ жолын тілеп, аса таяғын қолына ұстатып: «Мынау сырлы таяқ, жеті пірдің қолынан өткен, шаршағанға дем болады, ауруға ем болады, жаныңнан тастама», – деп атамекеніне аттандырыпты. Сәбит Марқакөл, Маңыраққа мол біліммен оралды. Туған топырағы Қалба тауындай қормал, жүзген көлі Жайсаң көліндей жайсаң азамат болыпты. Ол атасы Нұрмұхаммед құсап Құдайдың құдыретімен қыранша қалықтап ұшып, аспан-көкті шарлап, Абылай ханның ақ туын жебеп аңызға айналмаса да халқына қалтқысыз қызмет қылады. Ел үмітін ақтар, ертеңгі жер иесі жас ұрпақтың жадына білім нұрын төгеді. Ел-жұртына әспеттеліп, әйдік мәртебе Дамолда атанды. Ласты, Тасты, Буыршын, Тарбағатайға төрт бірдей медресе ашып, бар ғұмырын бала оқытуға сарп етеді. Осы мешіт-медреселерде бес жүзден астам бала оқып, қара танып, діни білім алса керек. Жас Зуқа да қаршадайынан мол діни білімді әкеден, сондай-ақ, осы өлкеге дін тарату үшін жіберілген Мұхаммед Мумин ишаннан сабақ алады. Жасынан зерек, қимыл-қарымы бөлек, қабылеті ерекше, діни білімі зор, шариғатқа жүйрік, хат біліп, қара таныған, есеп-шотқа жүйрік, алғыр бала Зуқа ел көзіне ерте түседі. Енді ғана жетіліп, ат жалын тартып мініп, ел ісіне араласа бастаған шағында Майқапшағайда әкесі қайтыс болып, тағдырдың тауқыметін тартады. Төрт баламен жесір қалған ана, бұғанасы қатпаған інілерінің ендігі өмір-тағдыры өзіне тікелей тәуелді екенін түсінеді. Қалбадағы болыс болмақ және әмеңгерлікке үміткер ағайыны оларды қасына көшіріп әкеледі. Зуқа байдың жылқысын баға жүріп, жетім мен жесірге, кедей мен кепшікке бай-төрелердің батқан тырнағын ерте сезінеді. Кеше өзі табынып өскен ел ағаларының атақ-даңқ, шен-шекпенге таласын көргенде олардың ит жыртыс тірлігінен түңіліп кетеді. Әлсіздерге әлімжеттік көрсеткендерге қарсы келіп, ылғи да жоқ-жітіктердің жанынан табылады. Әлдекімнен зорлық, қорлық көріп тауаны шағылғандар жас та болса қара бұқараның қамын жеп жүрген бозжігіт Зуқаға келіп, арыз-арманын айтып, шағымданатындар саны молаяды. Ал Зуқа болса, оларға шамасы келгенше қол ұшын беріп, көмектесуге тырысып бағады. Сонымен қатар Зуқаның тез арада ес жиып, ел ісіне араласуына іргесі тиіп тұрған, төбеге шықса төбесі көрінетін Жидебай жерінен, Шыңғыс тау баурайынан қалықтай ұшып, қағып алғаны ауыздан ауызға лезде тарап, құйма құлаққа құйыла кететін, зейіндінің жадында жатталып қалатын, ұйқыдағыны оятып, ояуды сергітіп, көзі ашықты серпілткен Абай өлеңдері еді деуге әбден болады. Кейінгі көз көргендердің айтуында, Зуқа әлдебір мәселеге шешім айтарда Құран аяттары, Пайғамбар хадистерімен қатар Абай өлеңдерін қатарластыра атап өтеді екен. Осының барлығы Зуқаның халықшыл болып қалыптасуына әсер етсе керек. Ондай көкірегі ояу, көреген «бұзық» ақ патша ұлықтары мен өзара шен үшін итше ырылдасқан ел басшыларына ұнамайды. Осындай заман зардабына төзбеген Зуқа өзіне қарасты және тілеулес ағайын-жұртты ертіп, Сайқыннан орыстың бодандығынан аулақ Сауырға барып қоныстанады. Бұнда да қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тұрмағаны белгілі. Сөйтсе де, ата-баба жолымен шәкірт тәрбиелеп, бала оқытып, айналасына ғылым-білім нәрін құя жүріп, әділдікке жетсем деп ойлайды. Діни білімі мол, шешен тілді, шариғатқа жүйрік, атақты дамолла Сәбиттің мирасқары Зуқаны сол аймақтың ең үлкен лауазым иесі, Әбілпейіс хан баласы Көгедайдың немересі Жеңісхан гүң өзіне шақырып, медресе молласы етіп тағайындап, кейін дау-шарға да араластырып отырады. Зуқа молла алдына келген «айыптыға» үкім шарапатты шариғат сөзін сөйлеп, біреудің ақысын алып берсе, енді біреудің кеткен есесін қайтарып берді. Бай-шонжарлардың көтензорлық қылып алған алымдарын әшкере етеді. Оның бұл қылығы әлсізді жәбірлеушілерге жақпайды. Осындай қоғамдық теңсіздікке жаны қас Зуқаға мешіт бағып, медресе ұстап, тамағын асырап, бала оқытқан өмірі зая кетіп жатқандай көрінеді. Бес шәкірттің алдында сопы болып сопайып отырған жылдары ерлік жігерін жасытып, қайрат күшін қапаста қамап қалғандай болды. Жасықтығы меңдеп, жалғызсырап, заманы азаматтық арына лайықсыз өтіп жатқандай сезінді. Ол жалғыз күнде шешім қабылдап, моллалықты тастап, елі ішіне көшіп кетеді. Осы күннен бастап ұстаздық емес, жалпы ұлтқа қызмет ету жолына біржола түседі. Осы жолдан өле-өлгенше тайған жоқ. ## Зуқа батыр әдебиет әлемінде Зуқа батырдың ел қорғап, жерін сырт басқыншылардан азат еткен ерлігі үшін қазіргі қытай билігі де елдің шекарасын кеңейткен белді тұлға ретінде Зуқа батырға іш тарта қарайды. Оның жатқан қорығын жөндеп, басын қарайтуға, басына ескерткіш-белгілер қойып, ас беріп, атақ-даңқын әспеттеуге шек қоймай отыр.Соның басты бір куәсы Зуқа батыр жайлы қытайда соңғы жылдарда екі тарихи роман дүниеге келді. Оның бірі – Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр» романы болса, екіншісі, қырық бес жыл түрмеде отырған Қажығұмар Шабданұлының «Пана» романы. Сондай-ақ, Зуқа батырдың кейінгі ұрпақтары туралы жазылған Бай-ахмет Жұмабайұлының «Сағыныш» романын да осы қатарға жатқызуға болады. Оның сыртында Зуқа батыр туралы жырланған жыр-толғаулар, айтылған арнау-жоқтау, аңыз-әңгімелер, жазылған хикаяттар да бірнеше кітапқа жүк боларлық. Зуқа батыр туралы Моңғолия, Түркия, АҚШ, сондай-ақ Еуропаның бір шама елдерінде тарихи зерттеулер мен әдеби шығармалар жарық көрген. Ал биылғы жылы Зуқа батырдың 150 жылдығы Еуропаның 11 елінде аталып өтілді. Елімізде осы жолдардың авторының «Зуқа батыр» (1999 ж) поэмасынан басқа көлемді, арнайы көркем шығармалар жарық көрмесе де зерттеу еңбектер, шет елдерде тұратын қазақтар арасынан шыққан қазақтың ұлт-азаттық жолында күрескен көрнекті тұлғалар жайлы бұған дейін айтылмай келген құнды деректердің көзі тәуелсіз ел болуымыздың арқасында енді-енді ашылып көзайым болып жатырмыз. Әрине, бұл елім деген ер жайлы айтылар сөздің алды ғана, көшелі кесек сөздің кезегі келешек еншісінде болса керек.Зуқа батыр туралы әдеби-көркем шығармалардың өзі арнайы зерттеуді талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде академик С.Қирабаев айтқандай: «Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі». «Қазақ халқы оқшау этнос болып тарих сахнасына шыққаннан бергі кезеңде белгілі тұлғалардың жоқтаусыз қалғаны жоқ деуге болады» (Ақселеу Сейдімбек) дегеніндей Зуқа батыр соңынан айтылған жоқтау-өлеңдер мол. Батырдың тағылымдық болмысын, қадір-қасиетін көркем сөзбен өшпестей өрнектеген осы бір өлең-сөздердің бір парасын парақтап, пайымдар болсақ батырдың өмір сүрген кезеңіндегі қоғамның сиқын, замана ахуалын, халықтың тіршілік-тынысын, арпаласты аласапыран жылдардың ұсқын-кейпін тануға көп мүмкіндік береді. Мәселен, ел басына күн туған заманда Зуқа батырдың ұлы Солтаншәріппен бірге ауа көшіп, Такламакан шөлін кесіп өтіп, Гималай асып, 1979 жыл Түркияда дүние салған, кезінде Зуқа батырдың шабарманы болған әрі ақын Рамазан Бұтақбайұлы жоқтауында: Көрсеткен аят хадистен, Терең сөйлеп жарысқан. Пәту, дәлел беретін, Ақылға жүйрік данышпан. …………………………………. Кәпір десе қарысып, Өле өлгенше алысқан. Қайратын бабам білген соң,Қарсы болған қу дұшпан.Тізгін бермей жауына, Ақырып өткен арыстан… – деп толғаса, 1912 жылы Ақ аралдан (Шығыс Қазақстан) көшіп өр Алтайға тұрақтанған ақын Арғынбек Апашбайұлы «Абақтың ардагерлері» атты көлемді толғауында:Сөйлесе қажы Зуқа сөзіқандай, Толымды қарағанда көзге маңдай. Молдалық һәм жомарттық, адамшылық, Табылар бір өзінен ойлағандай. Пәлен деп айтатұғын мінезі жоқ, Бір басына мін тауыпқоймағандай. Мүбада қолына алып жұрт ұстаса, Қай жерге делегат бопсайлағандай. Бір хикымет бар шығаройлағанда, Кісі ғой адам қарап тоймағандай… – деп Зуқа батырдың кісілік келбетін, адамгершілігін аша жырлайды. А.Апашбайұлы Зуқа батырдың қайғылы қазасын естігендеАрғынбек аға шайыр өзім атым, Дөртуыл сүйегіміз, найман затым. Абақтың қажы Зуқа бұлбұл еді, Алыстан тілеулес боп жазған хатым. Бес қонып үйіңізге Талдысайда, Көріп ем ауылыңыздың рахатын… – деп бастап, ұзақ жыр-жоқтау жазып хат жолдайды. ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * зуқа сәбит ұлы Мұрағатталған 19 ақпанның 2015 жылы. * Түркістан газеті Мұрағатталған 20 маусымның 2016 жылы.
Баян Керімқызы Тленшина (15 тамыз 1949 жыл, Шымкент қаласы) — ақын, жазушы, Түркі әлемі жазушылары одағының төрағасы. ## Өмірбаяны 1972 жылы Шымкентте педагогикалық институттың физика-математика факультетін бітірді. Студенттік шағында психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаевтың жетекшілігімен "Қазақ ертегілеріндегі психология", "Таным мен тағылым", "Ұстаз беделі неде?" атты ғылыми зерттеулік еңбектер жазды. Еңбек жолын 1972 жылы Сайрам ауданы, 29-шы Керім Тленшин атындағы орта мектепте мұғалімдіктен бастаған Баян ұстаздық пен қаламгерлікті қатар алып жүрді. * 1972-86 жж мектепте ұстаз. * 1986-89 жж ОҚО Атқару комитетінде саяси қызметкер. * 1989-93 одақтық СВЦМС тресінде "Рауан" қазақ балабақшасын ашып, басқарды. * 1993-98 жж ҚР ОҚО Жазушылар одағында әдеби кеңесші. * 1998-2009 жж ОҚО, Сайрам ауданы, әкесі Керім Тленшин атындағы 29-шы қазақ-орыс тілді орта мектептің директорлығы қызметтерін атқарды. 1986 жылы ОҚО Атқару Комитетіне Председатель С.О.Жандосов орналастырған алғашқы компьютерлік жүйеге облыстық басқаруды бақылаудың схемалық нұсқасын жасады. Қазақ тілді балабақша ашып, Қазақстанда тұңғыш рет қазақша "Хош бол, балабақша" әнін жазды. Ұлттық 42 әріпті дамыта оқытатын "ӘРІП -ӘЛІП" атты әдістемелік түсті суретті кітап шығарды. Қазір ҚР педагогика Академиясының профессоры. ## Шығармалары "Қиямет-қайым", "Ғибрат", "Сұрқия", "Арман- дүние", "Зауал" атты 5 романның, 5 ғылыми- педагогикалық кітаптың авторы. "Қарлығаш", "Жыр додасы", "Ғашық- нама", "Жұлдыз жүрек", "Айтыс", " Таным", "Тағылым", "Тағзым", "Тілек", "Тұғыр", "Түйін", "Тамыр" атты 12 жыр жинағының авторы. "Физиканы оқытудағы аналогия", "Электромагниттік толқындар шкаласы", "Әріп-әліп" атты ғылыми- педагогикалық еңбектері бар. ## Марапаттары * "100 есім", "ҚР сіңірген еңбегі үшін" медалінің иегері, білім беру ісінің үздігі. * Сайрам ауданының "Құрметті азаматы". * Халықаралық "Лучшие люди" орденін иеленді. * "Тұран Туы - Түркістан", "Оңтүстігім", " Тұрар аға", "Сайрам- елім", "Менің Сайрамым", "Кітапханам", т.б.әндердің авторлығы үшін фестивальдердің лауреаты атағы берілген. * 1984 жылғы "Бүкілодақтық шығармашылық жастары" фестивалінің және Әлемдік 2018-2019 жж онлан жыр фестивальдерінің екі дүркін ІІ-дәрежелі дипломанты. *2022 жылы Қырғызстандағы" Алтын көпір" атты еларалық фестивальдің жеңімпазы, "Алтын қалам иегері". Қырғыздың "Адабиятка кошкон салымы учун", ' Алтын калем" медальдері табысталған. * ҚР Жазушылар одағының 2023 жыл қорытындысында "Қазақстанның құрметті Жазушысы" атағы берілді. "Түркі әлемі Жазушылар одағын" 2021 ж құрған президенті. Ол халықаралық М.Х.Дулати атындағы әдеби сыйлықтың иегері. ## Басқа да еңбектері Бүгінде "Тұран туы - Түркістан" әнінің авторлығы үшін 2018 ж. "Ұлы дала" арнайы сыйлығын иеленген Баян Керімқызы Тіленшина Халықаралық сазгерлер одағына қабылданды. 2022 ж. "ҚР-ң Құрметті азаматы" орденімен марапатталды. Ол халықаралық БҰҰ-ң "Гордость наций" медалін иеленген азамат. Министрліктер мен әкімдіктерден басқа "Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін", "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" т.б. 18 медаль иегері. Оның 2018 жылы ІҮ томдық таңдамалы шығармалар жинағы "Әлем" баспасынан жарық көрген. Бүгінде өзі ұйымдастырғанхалықаралық ТӘЖ Одағының І, ІІ, ІІІ -томдарын жарыққа шығарды. ## Сілтемелер * https://adebiportal.kz/kz/authors/view/3892
Самартекс (ағылш. Football Club Samartex 1996) — Гана футбол клубы. 1995 жылы құрылған. ## Жетістіктері * Премьер лига жеңімпазы: 2023–24 ## Дереккөздер
Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. Мәскеу генерал-майоры И.В.Панфилов басқарған Қазақ КСР Алматы және Қырғыз КСР Фрунзе қалаларында жасақталған 316-атқыштар дивизиясының (кейінірек 8-гвардиялық) әскери қызметшілері. ## Екінші дүниежүзілік соғыста 1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. ## Марапаттаулар КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ж. 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар: Николай Яковлевич Ананьев, Григорий Михеевич Безродных, Николай Никонорович Белашев, Бондаренко Яков Александрович, Васильев Илларион Романович, Иван Евстафьевич Добробабин, Петр Данилович Дутов, Петр Кузьмич Емцов, Нарсұтбай Есеболатов, Дмитрий Митрофанович Калейников, Василий Георгиевич Клочков, Абрам Иванович Крючков, Григорий Ефимович Конкин, Қожабергенов Әлиасқар, Әлікбай Қосаев, Николай Гордеевич Максимов, Гавриил Степанович Митин, Митченко Никита Андреевич, Иван Васильевич Москаленко, Иван Моисеевич Натаров, Григорий Алексеевич Петренко, Мұсабек Сеңгірбаев, Дмитрий Фомич Тимофеев, Николай Игнатьевич Трофимов, Иван Демидович Шадрин, Иван Алексеевич Шепетков, Григорий Мелентьевич Шемякин, Дүйшөнкул Шопоков. ## Ескерткіштер Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, парктер бар. Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркінде, Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде және батырлардың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражай ашылған. ## Дереккөздер: Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Қожамжар шешен Қазиұлы (шамамен 1845–1850 жылдары туған – өлген жылы белгісіз) — шешен. Оның шешендік атағы Қаратаудың теріскей, күнгей бетіндегі елдерге кең жайылған. Ол әсіресе Ескі Созақ, Қозмалдақ, Шолаққорған, Баба-ата, Құмкент, Шаян, Түркістан, Ащысай, Қантағы, Күшата, Атабай, Бабайқорған тағы сондай сол атыраптағы қала, қыстақтарды аралап өзінің шешендік, тапқырлық өнерімен елге кімсің "Қожамжар шешен" аталған өнерпаз еді. Ол Қоңырат тайпасы, Саңғыл, оның Ағысай атасынан. ## Сөздері Есерсоқ болса ұл жаман, Есуас болса қыз жаман, Татымсыз болса тұз жаман, Ерімесе мұз жаман, Асу бермес құз жаман, Табаннан өткен сыз жаман, Тамшы өтсе үй жаман, Шер тарқатпас күй жаман, Сөзді ұқпас ми жаман. ## Оқиға Бір отырыста "адам неден қорқу керек?" деген сұраққа Қожамжар шешен табан астында былай деп жауап беріпті: Құлақтанған күннен қорық, Тұманды түннен қорық, Тұншыға шыққан үннен қорық, Қыстың бір күні қалса қорық, Істің қырсығына алса қорық, Ұйқыда шапқан жаудан қорық, Әділдігін таппаған даудан қорық, Сор татыған жерден қорық, Кежегесі кері тартқан ерден қорық, Ашық күнгі дауылдан қорық, Қасыңда жүрген жаудан қорық! Ертеңіне Момынқұлдың үйінен аттанар алдында, екі күннен бері оның әңгімесін зер сала тыңдап отырған Тілеуғабыл, Айтқұл, Қәдірсіз деген құдалары Қожамжар шешеннен "Ақылды мен ақылсыздың парқы қандай?" деп сұрағанда, ол мынаны айтыпты: – Ақылсыз адам қайғысыз өмір сүреді. Оған дүние күйіп кетсе де бәрібір. Ал, ақылды адам қайғылы өмір сүреді. Ол әрбір ақымақтың бүлдірген ісіне күйініп жүреді. Әрбір бұзық-тентектің мінезіне күйіп-пісіп, шашы ағарады. Оларды тезге, жөнге саламын деп жүріп, өзінің есіл өмірін өкінумен өткізіп, ақырында қор болғанын өзі де сезбей қалады, - деген екен. ## Дереккөздер
Қазақстан астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру — Қазақстан тарихында ел астанасын үшінші, ал тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш көшіруі. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі елдің экономикалық және демографиялық үдерістеріне айтарлықтай әсер еткен мемлекет астанасының алғашқы және жалғыз көшіру еді. Астананы көшіруге Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрылтайшы болды. ## Көшіру себептері Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың естелігіне сүйенсек, Назарбаев 1992 жылы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жаңа астана құру идеясының төңірегінде жүрген. Алматының астана болып қалуы географиялық тұрғыдан тиімсіз еді. Нақтылап айтсақ, шалғай аудандарда сепаратистік қозғалыс орын алып, мемлекеттің біртұтастығына қауіп төндірді. Алматының географиялық орналасуы қаланы 1990-жылдары ары қарай үлкейтіп кеңейтуге жол бермеді. Оған қоса, Алматы сейсмикалық тұрақсыз аймақта орналасқан соң, табиғи апат қаупі жоғары еді. Қауіпсіздік тұрғысынан тәуелсіз Қазақстанның астанасы сыртқы шекарадан алыс, елдің орталығына жақын болуы тиіс еді. Сондай-ақ, жоғары мемлекеттік билік органдары қызметінің қауіпсіздігін, өңірлерде жағдай шиеленіп жатқан жағдайда олардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету маңызды болды. Жаңа астананы таңдау кезінде Назарбаев 32 критерийді ұстанды: әлеуметтік-экономикалық әлеует, климат, жер бедері, сейсмикалық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көлік инфрақұрылымдары, коммуникациялар, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б. Жаңа астана рөліне Ұлытау, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе сияқты аймақтар қарастырылған. Астананы Ұлытауға көшіру нұсқасынан су тапшылығы, темір жолдың жоқтығы, өңірдің магистральдық жолдардан тыс болуына байланысты бірден бас тартылды. Қарағанды мен Көкшетаудың кандидатуралары инфрақұрылымның әлсіздігінен, ал Ақтөбе елдің орталығынан алыс географиялық орналасуына байланысты қабылданбады. Президент тағайындаған арнайы комиссия Ақмоланы таңдаған, өйткені қала ел экономикасының дамуын анықтайтын ірі экономикалық аймақтарға бірдей қашықтықта, әрі жақын орналасқан. Бұл өңірлердегі ұлттық саясатты тиімді жүргізуге, әрі халық тығыз қоныстанған оңтүстік аймақтардан өнеркәсібі дамыған солтүстік облыстарға көшті қалыптастыруға, халықты Орталық және Солтүстік Қазақстанның өнеркәсібі және ауыл шаруашылығына тартуға мүмкіндік берді. Ақмола көптеген жолдардың қиылысында орналасқан. Қала аумағы кең, ауыз су салыстырмалы түрде жеткілікті, халық саны аз. Яғни құрылысты сәтті жоспарлауға, ерекше сәулеттік жоспарларды жүзеге асыруға және демографияны реттеуге мүмкіндік көп болды. Оған қоса, қаланың қақ ортасында 30 гектар жер бос болды, онда қажетті нысандарды салуға тиімді мүмкіншілік болды. ## Астананы көшіру тарихы Астананы көшіру идеясын алғаш рет Президент Нұрсұлтан Назарбаев баяндамаларының бірінде айтқан болатын. Оның естеліктері бойынша: 1994 жылғы 6 шілде күні Н. Назарбаев Қазақстан Жоғарғы Кеңесі депутаттарының алдына елорда көшіру туралы ұсыныс жасады. Президент астананы көшірудің тек бір ғана қайтарылмас шығыны - көшу шығыны, ал қалғанының бәрі болашаққа жасалатын инвестиция екенін айтты. Парламентте күні бойы түрлі пікір айтылып, ақырында екіге бөлінді. Бір бөлігі президенттің пікірін қолдады. Кейбір депутаттар ел өзін асырай алмай жүрген кезде, экономикалық дағдарыс жағдайында елорда көшіру қисынсыз деп пікір білді. Үшінші бөлім идеяны қолдады, бірақ оны кейінірек жүзеге асыруды кейінге қалдыруды ұсынды. ҚР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Әбіш Кекілбаев сол күндегі Парламент кулуарында болғанды былай сипаттаған: Нәтижесінде Астананы көшіру мәселесі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінде қаралды. 1994 жылғы 6 шілде күні Жоғарғы Кеңес дауыстағы азғантай ғана айырмашылықпен бұл ұсынысты мақұлдау туралы шешім қабылдады. Қазақстанда 6 шілде күні - Астана күні мемлекеттік мереке ретінде тойланады. 1995 жылғы 15 қыркүйек күні Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заңды күшке ие Жарлығы шықты. Жарлық аясында жоғарғы және орталық мемлекеттік органдарды Ақмолаға көшіру жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылды, оны Николай Макиевский басқарды. Үкіметке бюджеттен тыс «Жаңа астана» қорын құру туралы тиісті тапсырма берілді. Ақмоланы мемлекеттік қазына есебінен емес, инвесторлар қаражатының арқасында дамыта бастады. 1997 жылғы 20 қазан күні «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлыққа Президент қол қойды. Жарлық бойынша Ақмола қаласы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан астанасы болып жарияланады. 1998 жылғы 6 мамыр күні Ақмоланың атын Астана деп өзгертті. Әлем сахнасында Қазақстанның жаңа астанасын таныстыру 1998 жылғы 10 маусым күні өтті. ## Тағы қараңыз * Астана * Алматы * Қызылорда * Орынбор ## Дереккөздер
Құлан қалашығы – Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарына жататын археологиялық ескерткіш. ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдеріне енген. ## Орналасқан жері Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының шығыс және солтүстік-шығыс шеті. ## Кезеңі VІ-ХІІ ғасырлар. ## Тарихи деректер Құлан ескі қала орны дәстүрлі түрде қамалдан, шахристаннан және рабадтан тұрды. Ескі қаланың сарай кешені 2246 шаршы м ауданында орналасқан. Ең басынан ескі қала орны Сульджиб деп аталды, түрік тілінен аударғанда "Ең әдемі қала". Ол қарлұқтар мемлекетінің астанасы және Ұлы Жібек жолындағы маңызды сауда орталығы болды.Құлан VIII ғасырға жататындығы туралы ежелгі қытай деректерінде де айтылады. Араб саяхаттаушыларының сипаттамаларына қарайтын болсақ, Құлан үлкен тараз жолында орналасты және бекініс қабырғасы мен мұнаралары бар бекінген қала болды. Әр түрлі жылдары ескі қала орнын В.В. Бартольд пен А.Н. Бернштамм зерттеген. Келесі зерттеулер К.М. Байпақовтың басшылығымен өткізілді.Қазба жұмыстары кезінде тұрғын үй кварталдарының, шарап жасау орындарының, үй-жайлардың, қабырғалары әдемі безендірілген бес үлкен сарайдың қалдықтары анықталды. Сонымен қатар, бірегей артефактілер табылды: керамикалық ыдыстардың фрагменттері, сазды шамдар, дөңгелек үстелдер – дастархандар, темірден жасалған фрагменттер, құстар мен адамдардың терракоттық кішкене фигуралары, сонымен қатар, ортасында шаршы пішінді саңылауы бар, исламға дейінгі дәуірге жататын ақсүйектердің бастары және көптеген т.с.с. заттар. Станокты көзе бұйымдар әр түрлі өсімдік, зооморфия және геометриялық оюлармен декорацияланған. Ескі қала жоспары мен архитектурасы бойынша орта ғасырлық басқа қалаларда кең таралған архитектоникасы және құрылыс материалдарынан ерекшеленеді. Бұл Құлан қаласын жаңа жергілікті бірегей сәулет бағытының шығу орталығы етеді. Құлан ескі қаласы ЮНЕСКО әлемдік мұралар тізіміне Чанань-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолының нысаны ретінде қосылды. ## Дереккөздер
ҚР мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, домбырашы, күйші-зерттеуші.1974 жылы 5-желтоқсанда Тарбағатай ауданы (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы) Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1990-1994 жылдары П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесін Қазақстан Респуликасыныц «Білім беру ісінің үздігі», ұстаз Қ. Рақышеваның класында оқыған.1994-1999 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, профессор А.Тоқтағанның класынан дәріс алған. Республикалық конкурстардың лауреаты. Бірнеше оқу-методикалық кітаптардың авторы. «Құрманғазы» (2005), «Тәттімбет және Арқа күйлері» (2005), «Сүгір. Қаратау шертпесі» (2006), «Сарыарқа әндері» (2008), «Шығыстың шыңырау күйлері» (2010) ноталар жинақтарын құрастырып шығарған.Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, «Шығыс Қазақстан, Алтай-Тарбағатай күйшілік өнері» жөнінде оқыған баяндамалары ғылыми мақалалар жинағында жарық көрген.Күйші-орындаушы ретінде дәстүрлі музыка фестивальдері, республикалық телеарналар арқылы күйшілік өнерді насихаттап, еңбек етіп келеді. Орындаған күйлері қазақ радиосының алтын қорына енген.ҚР білім беру ісінің үздігі. ## Дереккөздер 1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж. 2. http://kitaphana.kz/
Айтжан Есенұлы Тоқтаған (5 қараша 1946(19461105), қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы) — күйші-домбырашы, ұстаз, фольклортанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері ## Өмірбаяны * Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетін бітірген (1967-1972 жж.).(профессор Бақыт Қарабалинаның шәкірті) * 1972 жылдан бастап Құрманғазы оркестрінің домбырашысы, солисті * 1972 жылдан бастап – П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің домбыра пәнінің оқытушысы. * 1977 жылдан бастап – Қазақ ұлттық консерваториясының халық аспаптар факультетінде домбыра класының оқытушысы, доцент, профессор. Қазіргі уақытта Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің домбыра кафедрасының оқытушысы, профессоры болып қызмет атқарады. ## Шығармашылығы Репертуарында Құрманғазы, Дәулеткерей, Мәмен, Түркеш, Дина Нұрпейісова, Сейтек Оразалыұлы, Оқап Қабиғожин және Қали Жантілеуовтың күйлері және басқа да шығармалар бар. Орындаушылық шеберлігі арқылы қазақ күйінің дамуына үлкен үлес қосты. Таңдаулы күйлер * Есбай Балұстаұлының «Кербез қыздың жүрісі-ай» * Дина Нұрпейісованың «Домалатпай», «Жетім бала», «Бұлбұл», «Әсем қоңыр» күйлері * Боғданың «Қара жаяу» күйі * Құрманғазы Сағырбайұлының «Арба соққан», «Байжұма», «Қайран шешем» күйлері * Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі * Абыл Тарақұлының «Нарату» күйі * Қазақ халық күйі «Желдіртпе Ақжелең» * Мәменнің «Ақшолпан» күйі * Қазанғаптың «Құстардың келуі» күйі * Сүгір Әліұлының «Бозінген» күйі * Сейтек Оразалыұлының «Шарипа» күйі ## Шәкірттері Оның шәкірттері арасында көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары бар. Олардың қатарында: * Тұяқберді Шәмелов – домбырашы, күйші, Қазақстанның халық әртісі, профессор * Рухия Батыршиева – күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері * Жексенбек Нұржауов – күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі * Евгений Улугбашев – мультиаспапшы музыкант, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі * Арман Жүдебаев – Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы * Нұркен Әшіров – А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыкалық мектеп-интернатының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері * Батыржан Мықтыбаев – домбырашы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты * Ерлан Рысқали – қазақ халық және дәстүрлі әндерінің орындаушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері * Мұрат Әбуғазы – домбырашы және күй зерттеушісі, Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері * Ержан Әлімбетов – «Ұлытау» тобының солисті, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері ## Марапаттар мен атақтары * Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері * «Құрмет» ордені – қазақ музыканттарының жас ұрпағын тәрбиелеуге, ұлттық сананы қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі * Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі * Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хаты (екі рет) * Қазақстан Республикасының мерейтойлық және үкіметтік медальдарымен марапатталған«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015)Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет грамотасы. * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011) * «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015) * Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет грамотасы. ## Шығармалары "Күй тәңірдің күбірі" (1996), "Күй керуені" (1997), Г. Елеусізқызымен бірігіп "Күй қастерлі әуез" (1998), "Атыраудың 62 Ақжелеңі" (2000) күйлер жинақтары мен ғылыми зерттеу жұмыстарының авторы. ## Дереккөздер
Түркеш Қалқаұлы(1832, қазіргі Батыс Қазақстан облысы - 1875, сонда) -халық күйшісі. Түркеш жасынан ән-күйге бейім болды. Байбақты, Баламайсан, Байжұма, Есжан күйлерін орындаған домбырашыларды тыңдап, олардың өнерінен үлгі-өнеге алды. Өз өмірін, өнерін әділетсіздік пен озбырлықка қарсы күрес жолына жұмсады. Сол үшін атқа мінерлердің қудалауына үшырап, Орал, Астрахан түрмелеріне қамалды. Түркеш шығармаларының негізгі арқауы азаттықты аңсаған халық өмірі болды. Оның "Қарабас", "Қоңыр ала", "Салық өлген", "Аңшылық", "Теріс какпай", "Көңіл ашар", "Байжұма", "Аксақ құлан" т.б. күйлері бар. Түркештің күйлері Қазақ академия халық аспаптар оркестрінің репертуарынан берік орын алды. ## Дереккөздер
Соғанды — Шу алабындағы өзен. Жамбыл облысы, Қордай ауданы жерімен ағады. Шу-Іле тауларындағы Нарқызыл шатқалының жоғары жағынан бастау алады, Оңтүстік-батысқа қарай ағып, Қақпатас өзеніне құяды. Жағасында Соғанды аулы бар. Ірілі-ұсақты оншақты саласы бар. Өзен бойынан Темір дәуіріндегі обалар қорымы табылған. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Топогрфиялық карта — K-43-018
28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ — Алматы қаласындағы басты саябақтардың бірі. Саябақтың аумағы Қонаев, Гоголь, Зенков және Қазыбек би көшелерімен шектелген. Мұнда қарағаш, көктерек, емен, жөке, үйеңкі, терек, қарағай, шырша ағаштары өседі. ## Тарихы Саябақ XIX ғасырдың жетпісінші жылдары ескі зираттың аумағында құрылды. ХХ ғасырдың алғашқы бөлігінде парк «Пушкин бағы», «Құлаған әскерлер паркі», «Ленин атындағы парк», «Губкомпомарм бағы», «1 мамыр қоғамдық паркі», «Кеңес республикалары федерациясының паркі» секілді атауларға ие болды. Қазіргі атын 1942 жылы иеленді. Бұл атау Ұлы Отан соғысында 28 гвардияшы-панфиловшылар жасаған ерлігі құрметіне қойылған. Саябақтың ортасында православиелік кафедралды собордың ғимараты (1904-1907) тұр. Ол сәулетші Андрей Зенковтың жобасымен құрылған. Шіркеу ағаштан жасалған. 1975 жылы Жеңістің 30-жылдығына орай мұнда Даңқ мемориалы орнатылды. Дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл сайын соғыстан шейіт болған майдандастарын еске алу үшін осы жерге жиналады. ## Ғимараттар * Вознесенск шіркеуі * Музыка аспаптары мұражайы * Офицерлер үйі * * * ## Ескерткіштер * Даңқ мемориалы * Генерал Панфилов ескерткіші * Тоқаш Бокинге ескерткіш * Бауыржан Момышұлы ескерткіші * Ауған соғысында қаза тапқандарға ескерткіш * * * * ## Дереккөздер
АСКО Кара (ағылш. ASKO Kara) — Того футбол клубы. Базасы Кара қаласында. ## Жетістіктері * Того чемпионы: 9 1988, 1989, 1996, 2007, 2019–20, 2021, 2021–22, 2022–23, 2023–24. * Того кубогы: 4 1975, 1976, 1987, 1995.
Ватанга (ағылш. Watanga Football Club) — Либерияның Монровия қаласындағы футбол клубы. Либерияның екі дүркін чемпионы (2021–22, 2023–24). ## Сілтемелер * facebook * SOCCERWAY * SOFASCORE * FLASHSCORE * Globalsportsarchive
«Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ — 2008 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мақсатында құрылған холдинг. Жалғыз акционері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болды. 2022 жылы холдинг таратылып, еншілес компаниялары тікелей министрліктің қарамағына өтті. ## Тарихы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің 2008 жылғы 25 тамыздағы № 538 бұйрығымен құрылды. Холдинг «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ қайта құру нәтижесінде құрылды. «Зерде» холдингінің құрамына 5 компания кірді: * "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (100%) * "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы (100%) * "Ұлттық процессинг орталығы" акционерлік қоғамы (66,85%) * "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (100%) * "Электронды коммерция орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (100%) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 333 Қаулысымен "Қазконтент" акционерлік қоғамы холдинг құрамынан шығарылып, Премьер-Министрінің Кеңсесіне берілді. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 19 тамыздағы №1025 бұйрығына және «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ 2015 жылғы 02 қыркүйектегі №2535667 бұйрығына сәйкес «Қазтелерадио» АҚ мемлекеттік акция пакеттері Холдинг басқармасына берілді. 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап «Қазтелерадио» АҚ Холдинг компанияларының тобына кіреді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қосу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 қаулысы шықты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 687 қаулысымен "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы холдинг құрамынан шығарылып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 540 қаулысымен "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы таратылды. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" және "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілді. Холдингтің әр жылдардағы жалғыз акционері: * Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (2008—2010) * Байланыс және ақпарат министрлігі (2010—2012) * Көлік және коммуникация министрлігі (2012—2014) * Байланыс және ақпарат агенттігі (наурыз — тамыз 2014) * Инвестициялар және даму министрлігі (2014—2015) * Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (2015—2016) * Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (2016—2019) * Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ақпан — маусым 2019) * Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2019—2022) ## Қызметі * ақпараттық-коммуникациялық саланың бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау * ақпараттық-коммуникациялық ресурстар мен стандарттарды дамыту * инфокоммуникациялар саласындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру * құрамындағы заңды тұлғаларды тиімді басқару ## Еншілес ұйымдары * «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ * «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ * «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі» корпоративтік қоры ## Басшылары * Әділбек Сәрсенов (08.2008 — 2010) * Нұрлан Измайлов (08.2010 — 2013) * Мирболат Аюпов (2013 — 2015) * Бикеш Құрманғалиева (03.2015 — 2016) * Әсел Жиенбаева (04.2016 — 06.2017) * Руслан Еңсебаев (06.2017 — 05.2018) * Ерлан Дүрмағамбетов (11.2018 — 2020) * Алексей Анисимов (2020 — 08.2020) * Арман Абдрасилов (08.2020 — 09.2022) ## Дереккөздер
Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов (30 тамыз 1984 жыл, Семей) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері Қазақстанның Туризм және спорт министрі. ## Білімі Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген. ## Еңбек жолы Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады. 2009–2014 жж. — Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі. 2006–2018 жж. — «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы. 2018–2020 жж. — «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді. 2020–2021 жж. — «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры. 2021–2023 жж. — Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры. 2023–2024 жж. — Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы. 2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап Туризм және спорт министрі. ## Дереккөздер
Бегенов Мәди Қайпыұлы (1916, қазіргі Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы – 1 қазан 1943, Украина, Запорожье қаласы) — Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, бөлімше командирі. Ұлты қазақ. Кеңес әскері қатарына 1938 жылы шақырылған. 1942 жылы желтоқсанда майданға жіберіліп, 619-полктің (З-Украина майданы, 12-армия, 203-атқыштар дивизиясы) құрамында ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 25 қазанында Новый Кичкас (қазіргі Запорожье қаласы) маңында Днепр өзенінен өту кезінде ерлік көрсетті. Бегенов жау пулеметінің атыс нүктесі орналасқан жерді анықтап, артиллерия оғымен атқылады. Содан кейін оның бөлімшесі жаудың траншеясына бірінші болып жетіп, қолма-қол шайқаста бірнеше гитлершіні жойды. Бегенов екінші траншеяны басып алу үшін жауынгерлермен шабуылға шықты. Нәтижесінде полк әскері алға жылжуға мүмкіндік алды. Бегеновке жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (19-наурыз 1944 жылы). Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды. ## Шежіре Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Әли – Қошқар – Жанғозы – Тоқал – Кешу – Бита – Ақбас – Қайпы – Беген – Мәди ## Дереккөздер
Әл-Меррейх Бентю (ағылш. El-Merreikh Bentiu) — Оңтүстік Суданның Бентиу қаласындағы футбол клубы. 2002 жылы құрылған. ## Жетістіктері * Оңтүстік Судан чемпионы: 2023/24
Нгези Платинум (ағылш. Ngezi Platinum F.C) — Зимбабве футбол клубы. Базасы Нгези қаласында. 2001 жылы Нгези Спортс деген атаумен құрылды. 2023 жылы тұңғыш рет ел чемпионы атанды. ## Сілтемелер * http://el.soccerway.com/teams/zimbabwe/ngezi-platinum/35966/
Х. Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы – Батыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген қала құрылысы және сәулет ескерткіші. ## Ораналсқан жері Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 166/1. ## Кезеңі 1838 жыл, сәулетші – А.А. Гопиус. ## Тарихи деректер Ғимарат Орал әскери канцеляриясы үшін шамамен 1838 жылы салынған XIX ғасырдағы сәулет ескерткіші болып табылады. Ғимарат жобасының сәулетшісі болып А. А. Гопиус саналады. Ескерткіштің өзі – спассикалық стильде салынған екі қабатты ғимарат. Кейінірек канцелярияны Орал казак әскерінің әскери шаруашылық басқармасына өзгертті. 1871 жылы ғимаратта алғашқы қоғамдық кітапхана ашылды. Кеңес уақытында мұнда әскери бөлім мен басқа да мекемелер орын алды. 1961 жылы А.П. Гайдар атындағы Батыс Қазақстанның облыстық балалар кітапханасы құрылды.Кітапхананың атауы 2016 жылы белгілі жазушы, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, осы аймақтың тұрғыны Хамза Есенжановтың атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Батыс Қазақстандық облыстық кітапхана болып өзгертілді. Бүгінгі күні кітапхананың кітап қоры 199 572 мың бірлікке тең. Жыл сайын ол 21 000-нан астам оқырмандарға қызмет көрсетеді. ## Дереккөздер
Вайвейт Тай (ағылш. Vaivase-Tai) — Самоаның Апиа қаласындағы футбол клубы. Самоаның жеті дүркін чемпионы (1979, 1980, 1981, 1983, 1998, 2006, 2022). ## Дереккөздер ## Сілтемелер * http://www.national-football-teams.com/club/2904/2013_2/Vaivase_Tai.html
Арта Солар (ағылш. Association Sportive d'Arta) — Джибутидің Арта қаласындағы футбол клубы. 1980 жылы құрылған. 2023/24 жылы Джибути чемпионы атанды. ## Жетістіктері * Джибути чемпионы: 7 1988, 2000, 2005, 2007, 2021, 2022, 2024 1988, 2000, 2005, 2007, 2021, 2022, 2024 * Джибути кубогы: 8 1992, 2001, 2004, 2008, 2018/19, 2019/20, 2020/21, 2021/22 1992, 2001, 2004, 2008, 2018/19, 2019/20, 2020/21, 2021/22 ## Сілтемелер * https://us.soccerway.com/teams/djibouti/as-du-chemin-de-fer-djibouto-ethiopien--colas/20849/
Сентраль Кост (ағылш. Central Coast FC) — Соломон аралдарының Хониара қаласындағы футбол клубы. ## Сілтемелер * https://www.facebook.com/centralcoastfc/
«Аукас» (ис. Sociedad Deportiva Aucas) — Эквадордың Кито қаласындағы футбол клубы. ## Жетістіктері * Эквадор чемпионатының қола жүлдегері (3): 1969, 1975, 1998 * Эквадор в сериясы (3): 1974 E2, 1991 E2, 2014 ## Сілтемелер * Ресми сайты (исп.)
Арқан тартыс сайыстары Олимпиада ойындарында тек бес рет өткізілген еді. 1900 жылы сайысқа екі топ қана түсті, әр топта 6 спортшыдан болды. 1904 жылы топ құрамы 5 атлет болып өзгерді, әр мемлекеттен бірнеше топ қатыса алды. Ал кейінгі үш Олимпиадада әр топқа 8 атлет кірген. Олимпиадалық спорт түрі ретінде арқан тартыс жеңіл атлетика сайыстарына жатқызылатын-ды. Алайда қазіргі уақытта бұл екі бөлек спорт түрі болып есептелінеді. ## Медалистер ## Галерея * * ## Дереккөздер
Екідің-I – Қостанай облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген VII-IX ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесіне енген. ## Орналасқан жері Арқалық әкімшілігінің аумағындағы Екідің ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жерде, Қараторғай өзені оң жағалауында орналасқан. ## Кезеңі Шамамен VІІ-ІХ ғғ., сондай-ақ ерте темір дәуірі деген тұжырымдар бар. ## Тарихи деректер Екідің-І – бір-біріне салыстырмалы түрде жақын орналасқан екі рәсімдік құрылымдардың бірі. "Еки дын" қазақ тілінен "екі дің" деп аударылды. Дің – дәстүрлі тастан жасалған сфералық пішінді дала құрылысының архаикалық түрі. Дің пішіні бойынша дәстүрлі ежелгі "шошала" – киіз үйдің алғашқы прототипіне ұқсас.Екідің-І қорған үйіндісі тас пен топырақтан құралған. Үйіндінің жалпы диаметрі – 15 м, биіктігі – 0,7 м. Қорған айналасында ені 5 м және тереңдігі 0,3 м ор қазылған. Ор қорғанды толық қоршамайды, оңтүстік-шығыс жағында ені 0,15 м өткел бар.Жалпы, жергілікті нанымдарына сәйкес, Екідің І-дің, бұл аймақтың өзі сияқты, қасиетті мағынасы зор.XX ғасырдың 80-ші жылдары жергілікті халықтың күшімен және қаражатымен аймақтың маңызды этникалық естелігі, ерекше тарихи нысан болып табылатын Екідің I кешенін жартылай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Екідің I танымал туристік және зиярат нысаны болып табылады. ## Дереккөздер
Джохор Дарул Тазим (малайша Kelab Bola Sepak Johor Darul Ta'zim) — Малайзияның Джохор-Бару қаласындағы футбол клубы. 1972 жылы құрылған. ## Жетістіктері ### Ұлттық * Малайзия чемпионатыЧемпион (8): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021 * Чемпион (8): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021 * Премьер-лигаЧемпион (1): 2001 * Чемпион (1): 2001 * Малайзия кубогыЖеңімпаз (1): 2016 * Жеңімпаз (1): 2016 * Малайзия суперкубогыЖеңімпаз (6): 2015, 2016, 2018, 2019, 2020, 2021 * Жеңімпаз (6): 2015, 2016, 2018, 2019, 2020, 2021 ### Халықаралық * АФК кубогыЖеңімпаз (1): 2015 * Жеңімпаз (1): 2015 ## Сілтемелер * http://johorsoutherntigers.com.my/
Нұрмұхаммед Жақып (2006 жыл, Ақтау, Қазақстан) — Қазақстандық жас әнші, актер. ## Өмірбаяны Жас әншіге «Мама» атты шығармасы тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымалдылық әкелді. Дебюттік әні әлі күнге дейін танымал. Ән алғаш рет Instagram мен YouTube желілерінде жарияланды. Әнді интернетке әкесінің досы, әнші Сәкен Майғазиев жүктеген. Жас жігіт музыкант отбасында дүниеге келген. Нұрмұхаммедтің әкесі (Ибраһим Жәкиб) – танымал қазақ әншісі. Қазір ол мұрагерінің продюсері. Ұлының концерттер мен мерекелерге көптеген шақырулар алғандықтан, біраз уақыт жұмысын тоқтатуға тура келді. 2018 жыл дан бастап Нұрмұхаммед туралы Ресейде айта бастады. Жас әнші көп ұзамай «Привет, Андрей!» бағдарламасына шақырылды. Бағдарлама интернетте танымал болған дарынды балаларға арналған. Нұрмұхаммедті анасы Гүлмира мен әкесі Ибрагим бірге ертіп барды. 2020 жылы талантты музыкант белгілі вокал педагогы Борис Бориовтен шақырту алды. Жыл сайын әншінің вокалдық шеберлігі жақсара түсті. Туған қаласында жас жігіттің әлемдік деңгейдегі жұлдыз болатынына сенеді. Қазақстанда әншінің «Самая самая» атты әні үлкен хитке айналды. Әнге түсірілген бейнебаян YouTube платформасына жүктелді. Видео 25 миллионнан астам қаралым жинап, көптеген қалалар мен елдердің чарттарына енді. Нұрмұхаммед өз әндерін орындайды, басқа әншілердің әндерін емес. Оның жеке әндері «Самая самая», «Я оригинальный», «Ана жүрегі», «Мама» және «Жүрегімді тоқтатпа» деп аталады. Нұрмұхаммед өзін кино саласында да сынап көрді. Ол жетім балалардың тағдыры туралы баяндайтын фильмде басты рөлді сомдады. ## Шығармашылық жолы Әншінің шығармашылық жолы 2014 жылы, жасөспірім небәрі 8 жаста болған кезде басталды. Осыдан кейін жаңа әндер мен бейнебаяндар жиі шығып тұрды. Жас музыканттың шығармашылық жолы: * «Ансайды Жаным» әнін жас қазақстандықтар Мәлик Жамбылұлы екеуі дуэтпен орындайды. Кейін бұл әнге бейнебаян түсірілді; * «Мейірім аңсағандар» көркем фильміне саундтрек; * «Алдай ма көктем» әні мен бейнебаяны. Әнші музыкалық байқауларға да қатысты: * «Бала Түрквижн-Қазақстан» байқауының іріктеу кезеңі — 2015; * Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драмалық театрда екі сағаттық моноспектакль, Андрей Малаховтың «Привет, Андрей!» бағдарламасына қатысу — 2018; * «Қызық Таймс—2019» бағдарламасына қатысу; * 2020 жылы Америкадан Борис Буриевтің әріптестікке шақыруы. ## Дискография Жас әншінің ең танымал композициялары: * «Мама» – 2018 * «Ана жүрегі» — 2018 ж. * «Ажыраспандаршы» — 2018 * «Жүрегімді тоқтатпа» – 2019 * «Я оригинальный» — 2020 ## Дереккөздер ## Сыртқы сілтемелер * Instagram ресми парақшасы * YouTube ресми парақшасы
Темірлан Анарбекұлы Анарбеков (14 қазан 2003, Атырау, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Жеңіс" клубының қақпашысы. Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. ## Жетістіктері «Қайрат» Қазақстан чемпионаты * Қазақстан чемпионы: 2020 * Қола жүлдегер: 2021
Асхат Қайратбекұлы Балтабеков; 6 қараша 1993, Лепсі, Талдықорған облысы) — қазақстандық футболшы, "Жетісу" клубының жартылай қорғаушысы. ## Жетістіктері ### Командалық «Жетісу» * Бірінші лига жеңімпазы: 2017 * Бірінші лига қола жүлдегері: 2022 ## Дереккөздер
Асхат Қайратбекұлы Балтабеков; 6 қараша 1993, Лепсі, Талдықорған облысы) — қазақстандық футболшы, "Жетісу" клубының жартылай қорғаушысы. ## Жетістіктері ### Командалық «Жетісу» * Бірінші лига жеңімпазы: 2017 * Бірінші лига қола жүлдегері: 2022 ## Дереккөздер
Феликс Хорн Мюре (норв. Felix Horn Myhre; 4 наурыз 1999 жыл, Норвегия) — норвегиялық футболшы, Норвегия Ұлттық футбол құрамасы мен "Бранн" клубының жартылай қорғаушысы. 2024 жылы Ұлттық құрамаға шақыртылды. Тұңғыш ресми ойынын 6 қыркүйекте Қазақстанға қарсы өткізді. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * Профилі
Сырлытам кесенесі (Іңкәрдария) – Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет өнерінің ескерткіші. ## Орналасқан жері Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылы, ауылдан оңтүстікке қарай 25 км жерде. ## Кезеңі XIII ғ. ## Сипаты, тарихи деректер мен аңыздар Іңкәрдариядағы Сырлытам кесенесі – Алтын Орда кезеңіндегі сәулет өнерінен қалған тағы да бір таңғажайып ескерткіш. "Сырлытам" немесе "жұмбақ үй" атауы оның нақты кімге арналғандығы белгісіз дегенді білдіреді. Қазіргі таңда тек жорамалдауға болады. Кесене кішігірім төртбұрышты (қабырғаларының ені 10 м) күмбезді құрылыстан, жақсы сақталған биік порталдан тұрады, күйдірілген саздан істелген тақтайшалармен безендірілген. Қабырғалары мен күмбезі күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Көлемді, бірақ қарапайымдылығымен ерекшеленетін сүйір арка – басты кіреберіс жағы. Қабырғаларында кішігірім ойықшалар, нақышты әрленім әлі күнге дейін ерекше көркем жазбалардың ізін сақтап келеді. Жалпы алғанда, Іңкәрдариядағы Сырлытамның архитектуралық құрылымы ортағасырлық ортаазиялық сәулет өнеріне тән болып табылады.Аймақта мынандай аңыз бар, кесене иесінің есімі Баршын (кесене қабырғаларында мұнда Бану шешек жатқандығы жазылған (Баршын басқа транскрипцияда)) деп аталды. Отандық түркітанушылардың белгілі бір тобының арасында әңгіме аты аңызға айналған Алпамыс батырдың жары туралы айтылады деген пікір бар. Батырдың жары Гүлбаршынмен байланысты танымал эпостың топонимикасы көбіне Сырдария облысына қатысты. Сонымен бірге, "Қорқыт атамның кітабы" эпикалық шығармалар қатарына енетін ерте ортағасырлық "Бамсы Байрақ пен Бану шешек" атты оғыз эпосы Сырдария аймағында бұдан да ерте Алпамыс батыр туралы көне эпос негізінде құрастырылған.1960 жылы ескерткішті С.П. Толстов жетекшілік еткен Хорезмдік археологиялық экспедиция ашып зерттеген.2000-жылдары кесене қайта жаңартылды. ## Дереккөздер
* Сырлытам кесенесі – Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 106,5 км жерде. * Сырлытам кесенесі – Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 25 км жерде.