text
stringlengths 347
53.1k
|
---|
'''Аһмад ибн Муһаммад әл-Тахауи''', '''Имаам Әбу Джағфар ат-Тахауи''' () 843 немесе 853 935) атақты Ислам ғалымы. ==Имам Тахауи== Әбу Жағфар күниясымен танылған Тахауидың негізгі есімі Ахмед болып табылады. Әкесінің аты Мұхаммед. Һижреттік жыл санауы бойынша 239 (миләди 853) жылы Мысырға қарасты Таха ауылында дүниеге келген. Осыған байланысты ол кісіні туып өскен жеріне байланыстырып Тахауи деп атаған. Ата-анасы білімді кісілер болған. Ал немере ағасы, Имам Шафидың ілімін кейінгі халыққа жеткізген атақты Шафи мәзһабының ғалымы әл-Музәни. Имам Тахауи жиырмаға толған кезде Шафи мәзһабынан Ханафи мәзһабына өткен. Бұған байланысты бізге жеткен әртүрлі риуаяттардың бірінде былай деп келген: «Тахауидың ұстазы әрі немере ағасы болып табылатын Шафи мәзһабының Имамы әл-Музәни алдынан шыққан мәселелердің шешімін табу үшін Әбу Ханифаның кітаптарына көбірек үңілетін болған. Мұны байқаған Тахауидың ханафи мәзһабына деген қызығушылығы артқан.» Ол 300-ден астам ғалымнан дәріс алған. Ибн Асакир «Тарих» атты кітабында Ибн Юнустың: «Тахауи сенімді, риуаяты қуатты, Фақиһ, Зерек және біртуар ғалым болған» деп айтқанын жеткізген. Имам Зәһәби: «Тахауи Имам, Ғалым, Хафыз, Мысырдың Мухаддисі әрі Фақиһы. Оның еңбектерін зерттеген адам, Оның ғылымдағы орнының ерекше және мұхит іспеттес білімі бар екендігін аңғарады.» деп мәлімдейді. Имам Тахауи һижреттің 321 (миләди, 933) жылында дүниеден өтті. ==Еңбектері== *''Мағани әл-Асар'' *''Ақида әл-Тахауия'' Ислам ақидасы және салафтар жайлы еңбегі. *''Сунан әш-Шафиғи'' *''Мушкиль әл-Асаар'' *''Әл-Мұхтаар'' *''Шарх *''Шарх *''Аш-Шуруут'' *''Науадиир әл-Фиқиияһ'' *''Ихтилаф әл-Ғұләмә'' ==Имам Тахауидің ұстаздары== Имам Тахауи көптеген ғылым иелерінен ілім алды. Ол тек үйреніп қана қоймай, көкейіне тоқи да білді. Көптеген хадис білгірлерден хадис ғылымын үйренді. Фиқһ мамандарынан фиқһты оқыды. Осылайша ол өз заманының әйгілі әрі бетке ұстар хадисшісі және фиқһшысы атанды. Имамның көптеген ұстаздары болды. 20 ғасырда өмір сүрген Ханафи ғұламасы әл-Кәусәри аталмыш Имамның 160-тан астам ұстаздарын тізген. Біз олардың кейбірін ғана атап өтейік: 1. Беделділік әрі сенімділік жағынан Сахих Муслимнен кейін үшінші орында тұратын «Нәсәий сүннәні» атты хадис жинағының авторы, әйгілі хадисші Ахмад ибн Шуғайб ибн Али ән-Нәсәий. (өл.х.303/м.915 ж). 2. Ханафи мәзхабына өтуге ықпал еткен, Ирак құқық мектебінің білгірі қазы Ахмәд ибн Әби Имран (өл.х.280/м.893 ж.) 3. Исхақ ибн Ибраһим ибн Юнус әл-Бағдади (өл.х.304 ж/ м.916 ж.) 4.Тахауидің нағашы ағасы, Имам Шафиғидің досы, Шафиғи мәзхабының білгірі, фиқһшы әрі хадисші Исмағил ибн Яхя әл-Музни (өл. х. 264 ж. /м.877 ж) 5. Имам Шафиғидің шәкірті Бахр ибн Наср ибн Сабиқ әл-Хауләни (өл. 267 ж. м.880 ж.). ==Имам Тахауидің шәкірттері== Имам Тахауи бір мәселенің үкімін нақты әрі мықты дәйекке байлауда алдына жан салмайтын. Оның әрбір талқыға салған нәрсесі әрі сүйенген дәлелі естіген жанды бір дегеннен мақұлдататын. Осы еркешелігімен танылған ұстаздың көптеген шәкірттері де болуы заңды. Оған шартараптан шәкірттер ағылды. Оның қолынан көптеген атақты адамдар тәрбиеленіп шықты. Солардың кейбірі мыналар: 1. Әйгілі Табарани тәпсірінің авторы, атақты тіл маманы әрі хадисші және тәпсірші, Сулеймән ибн Ахмад ибн Әйюб әт-Табарани Әбул Қасым (өл. х. 360 ж./м.918 ж). 2. Тарихшы Абдуррахман ибн Ахмад ибн Юнус (өл. х. 347 ж). 3. Мысыр қазысы Ахмад ибн Ибрахим ибн Хамад (өл. х. 329 ж). 4. Хадис ғылымына арнап жазған «Әл-кәмил» атты кітаптың авторы Абдулла ибн Адий әж-Жүржани Әбу Ахмад (өл. х. 365 ж.). ==Имам Тахауи жайлы ғалымдардың айтқан сөздері== Тарихшы Ибн Кәсир былай дейді: «Ол ханафи фиқһшысы. Көптеген пайдалы еңбектердің авторы. Ол сенімді әрі ілімге берік кісілердің бірі». Ибн Надим (өл. х. 385 ж) былай дейді: «Ол Куфа мектебінің үкімдері мен хадистерін жетік білетін білгір. Сондай-ақ ол барлық құқық мектептерінің қыр сырын меңгерген кісі». Әбу Омар ибн Абдуль Бирр былай дейді: «Тахауидің мәзхабы куфалық ғалымдардың жолы еді. Ол барлық мәзхабтарды жетік білген. Және хадисті жеткізуші рауилердің де өмір баяндарын баян етуге шебер». Имам Суйюти былай дейді: «Ол ғұлама, мұсылмандардың ғылымдағы басшысы. Көптеген бағалы еңбектердің авторы. Ол сенімді хадисші, берік фиқһшы. Оның орнын толтырар адам тумады». ==Тағы қараңыз== *Мұсылман әлімдері == Дереккөздер == ==Сыртқы сілттемелер== English Traductions of 'Aqidat Ut Tahawiyyah, with commentaries and notes Traduction de la 'Aqîdat Ut Tahâwiyyah Тахауидің өмірбаяны Имам Тахауи өміртарихы Санат:Ислам Санат:Ислам ғұламалары |
'''«Қазақтарға Жаңарған Ресейдің ерікті Ақпан төңкерісі жеңіске жеткеннен кейін жазылған Оған Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, М.Есболов, Н.Төреқұлов, Т.Жаманмұрынов, т.б. 15 зиялы қауым өкілі қол қойған. Үндеу қозғалыс басшыларының саяси бағдарламасы сипатында болды. Қол қоюшылар ақпан төңкерісі жеңіске жеткен кезде Ә.Бөкейханмен біргe Белоруссияның Минск қаласында болған еді. Олар бұл жаққа Батыс майданның тыл жұмыстарына алынған (1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына сәйкес) қазақ жігіттерінің жағдайын білу және оларға көмек көрсету үшін барған болатын. Ол Қазақ газетінің 1917 жылы 233-санында жарияланды, орыс тіліне аударылған нұсқасы сол жылғы «Бюллетень областного исполнительного комитета» басылымының 17-наурыздағы санында жарық көрді. Үндеу 25 адрес бойынша, атап айтқанда М.Тынышбаевқа (Шымкент), А.Тұрлыбаевқа (Омбы), Ә.Сәтбаевқа (Павлодар), Р.Мәрсеков пен Т.Ибрагимовқа (Семей), (Атбасар), Қ.Қожықовқа (Әндіжан), (Ойыл), Т.Шонановқа (Ырғыз), Б.Қаралдин мен О.Алмасовқа (Торғай), т.б. жіберілді. Үндеу авторлары 1917 жылғы Ақпан революциясының жеңісін барлық Ресей халықтары үшін «бостандық пен теңдіктің күні туғаны» деп бағалап, қазақтарды «жаңа қоғам, жаңа үкіметті қолдау үшін ұйымдасуға» шақырды. Сонымен қатар, үндеуде қазақтар Құрылтай жиналысы сайлауына дайындалып, оған лайықты кандидаттарды белгілеу қажеттігі айтылды. Осыған орай үндеу авторлары отандастарын «қазақшыл айтыстар мен отбасының ұрыс-керісін тастауға» шақырып, халықтың «ұраны бірлік пен әділеттік» болуы керектігін баса көрсетті. Үндеуде ерекше мән берілген мәселе жерге байланысты болды. «Жер мәселесін тез арада талқылаңыздар» делінді үндеуде ... жерді одан мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы табыс алатындарға беру (қажет)...». Үндеу авторларының алдағы атқарар негізгі үш басты анықтағандығын аң- ғаруға болады: 1) Саяси әрекетте бірінші орында жалпы-ресейлік мәселелер, әсіресе өкімет туралы және мемлекеттік құрылыс мәселелері тұру керек («жаңа үкіметті қолдау» және «демократиялық республика» ұранын жүзеге асыру); 2) Көшпелі және отырықшы халықтардың мүдделерін есепке ала отырып, аграрлық мәселелердің жиынын кешіктірмей саяси күрестің күн тәртібіне қою; 3) Құрылтай жиналысына тиянақты дайындықтар жүргізу, бұрынғы жасқаншақтық пен бас изеушіліктен құтылу жолында халықтың бірлігін нығайту қажеттігі (бұрынғы ұмыту, «Құдайдан басқадан қорықпау»). Үндеу авторларының біразы көп кешікпей Петроградта өткен жалпыресейлік мұсылмандар мәжілісіне қатынасты. Оған қатысқан Қазақстан делегациясының басым көпшілігі Ақпан төңкерісінен кейінгі қалыптасқан жағдайды халыққа түсіндіру үшін елге қайтты. Бөкейхан Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары лауазымына тағайындалды. == Дереккөздер == |
'''Қазыбек Шорманұлы''' (1864, Жетісу облысы, Жаркент уезі, Байынқол болысы 8.8.1916, Қырғызстан, Қарақол қаласы) Қарқара көтерілісі басшыларының бірі. Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. Қазыбек еңсегей бойлы, қарулы, ел жұртқа әділдігімен белгілі, сыйлы кісі болған. Әкесі Шорман, атасы Есенғұл да белгілі адамдар. 1916 жылы шілде айының бас кезінде Қарқара Кеген Нарынқол өңірлерін мекендеген елдерді Ж.Мәмбетов, Ү.Саурықов, Ә.Сұлтанбеков, Т.Жансеркеев, К.Қаңтаров сынды беделді адамдармен бірге «маусым жарлығына» қарсы шығуға үндеді. Ол Ереуілтөбеде болған көп адам қатынасқан мәжілісте патша жарлығын орындауға үзілді-кесілді қарсы шықты. Осы жиыннан кейін Қарқара көтерілісі басталды. Көп кешікпей патша жазалаушылары Ереуілтөбеде болғандарды түгелімен тұтқындап, Қарақол (Пржевальск) қаласының түрмесіне жапты. тамыз күні ішінде Қазыбек бар бір топ көтеріліс басшыларымен бірге атылды. Қазыбектің үш әйелінен қыз, ұл болған. == Дереккөздер == Санат:Қарқара көтерілісі |
'''Жалтыркөл''' Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Өндіріс (Самамбет) ауылынан қарай км-ге созылып жатқан көл. Теңіз деңгейінен 159,5 биіктікте орналасқан. == Гидрографикасы == Аумағы 8,8 км2, ұзындығы 3,7 км, енді жері 3,2 км, жағалауының ұзындығы 10,9 км, ең терең жері 2,3 м. Су жиналатын алабы 24,8 км2. Жағалауы жайпақ. Көл түбіне 0,1 0,4 шөгінді тұнған. Судың минералдылығы 0,2 0,5 г/л, тұздылығы 2,5 6,0 мг/экв, суы Жағалаудан 300 м-ге дейін су беті өсімдіктері өседі. Көл мал суаруға, жағалауы шабындыққа пайдаланылады. Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) көлдері |
'''Жүнісбай Қайыпов''' (1917, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылы 1944, Ресей, Новгород облысы, Батецкое селосы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, зеңбірекші. Ұлы жүздің Қара Қаңлы руынан шыққан. Қазақ баласы 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, Бас командование резервіндегі 54-жеңіл артиллерия полкінің құрамында Ленинград қаласын қорғау, Новгород қаласын азат ету ұрыстарына қатысқан. Танкіге қарсы оқ ататын зеңбірек командирі Қайыпов ұрыс кезінде бірнеше рет ерлік көрсетті. Ленинград түбіндегі Копцы ауылы үшін болған шайқаста ол жаудың дзотын талқандады. 1944 жылдың 17 қаңтарында Моторово елді мекені үшін болған ұрыста Қайыпов жау артиллериясын жойып жіберді. Бір күннен соң Кеңес әскерінің бөлімдері Новгород қаласына бет алды. Жолды артиллериямен тазарта отырып, құрамында Қайыпов бар Кеңес әскері қалаға алғашқылардың бірі болып кірді. Қайыпов қаңтардың 14-інен 20-сына дейін жаудың дзотын, бірнеше минометі мен пулеметін және бір топ әскерін жойды. Осы ұрыстарда көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қайыповқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.7.1944). Ленинград қаласы үшін болған ұрыста ол 3-дәрежелі Даңк орденімен марапатталды. 1944 жылдың ақпанында Қайыпов қаза тапты. Новгород облысы Батецкое селосындағы көше, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан атындағы мектеп және бір көше Қайыповтың есімімен аталады. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Махмет Қайырбаев''' (1.1. 1925, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосы, 1996, Павлодар қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, артиллерия командирі. Қазақ баласы мектептен кейін Павлодар педагогикалық училищесін бітірді. Соғыс басталғанға дейін Семиярка селосындағы мектепте мұғалім болды. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы тамызда шақырылып, артиллерия училищесіне жіберілді. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдан бастап қатысты. 17-танкіге қарсы ататын артиллериялық жеке бригаданың құрамында болған. Қайырбаев 18 жасында Александр Невский орденінің иегері атанды. 1944 жылдың 19 тамызында Литвадағы Шяуляй қаласының батыс жағында болған ұрыста жау әскері танкімен шабуылға шығып, Кеңес әскері қорғанысын бұза жарып, Шяуляй қаласына кіруге ұмтылды. Қайырбаев өзінің 15 жауынгерімен қоршауда қалып, шайқасып жатқан полк батареяларының біріне көмекке келді. Қайырбаевтың басшылығымен жауынгерлер жаудың шабуылына тойтарыс беріп, бір батальон әскерін жойды. Кескілескен осы шайқаста ержүрек Қайырбаев бастаған жауынгерлер Шяуляй қаласына өтер жолды жапты. Қайырбаевқа көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия қызметінде болды. Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Қалдыбай Қангелдіұлы''' (XVII ғ) батыр, қоғам қайраткері. Қазақ Ордасын жоңғар басқыншылығынан қорғауда көзге түскен. 1681- 84 жылы Сайрам маңындағы соғыстарда ерлік көрсеткен. Қазіргі Өзбекстан жерінде ел билеп, «қарадан шыққан хан» атанған. Пұсырманұлы Қарабас, Жарас батырлардың, Шекті Мөңке бидің ұстазы. Түркістан қаласында бір көше Қалдыбай Қангелдіұлы есімімен аталады. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар |
'''Қалибек Рақымбекұлы (1908, ҚХР, Жайыр тауы 16.11.1985, Салихлы, Түркия) Шыңжаң қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. Керей тайпасының Жәнтекей руынан 1933 жылы Қызыл өзен деген жерде қазақ ұлтшылдарының құпия ұйымын құрұға қатысқан. Осы саяси қызметі үшін млн. Қытай ақшасы көлемінде үкіметке айып төлеп, кейін 18 ай түрмеге жабылды. 1940-46 жылы Манас аймағына келіп, халықты көтеріліске шақырды, өз жасағымен Қытай әскерлеріне шабуыл жасап, Сауан ауданын азат етті де 1946 жылы сол ауданның әкімі болып тағайындалды. Сол жылы Шығыс Түркістан үкіметі «Халық қаһарманы» атағын берді. Шығыс Түркістан коммунистердің қуыршақ үкіметі екендігіне көзі жеткен Қалибек оған бағынудан бас тартып, 1947 жылы Сауан халқын бастап, Еренқабырға тауына көшті. Қазан айында үкімет әскерлерінен қорғану үшін 600 адамдық жасақ құрды. Үрімшідегі қаржы министрі Жанымхан арқылы Чан Кайчи үкіметімен тіл табысып, 8-қазақ атты әскер полкін ұйымдастырды. Бірақ Кеңес Одағының көмегіне сүйенген Шығыс Түркістан үкіметі әскерлеріне төтеп бере алмай, Наншан тауына шегінді. Осы жерде ұйғырлармен, дүнген генералымен, Үрімшідегі АҚШ консулы Пакстонмен және Алтайдағы Оспан батырмен байланыс орнатты. 1951 жылы ақпанда Қытай коммунистерінің тұтқиыл шабуылынан шегінген ол 200 отбасыны бастап Такламакан шөлін кесіп өтіп, Тибет пен Гималай арқылы 1952 жылдың аяғында Үндістанның Кашмир аймағына келді. Осындағы АҚШ елшілігі арқылы БҰҰ-мен байланыс орнатып, Түркияға баруға рұқсат алған соң, 200 түтіннен қалған 124 адамды 1954 жылы 29 шілдеде Стамбул қаласына бастап келді. == Дереккөздер == қозғалыстардың көсемдері Санат:Қытай қазақтары |
газет, Қазақстан Республикасының ішкі әскерлерініц әскери апталығы. 1961 жылы қыркүйектен шыға бастады. Бұрынғы атаулары «На боевом посту» және «Дзержинец». Ұзақ уақыт бойы жабық басылым болды, «Бөлімнен шығарылмасын» деген белгі қойылып отырды. Қазақ және орыс тілдерінде шығады. Газеттің құрылымында әскери қызмет және әзірлік, әлеуметтік тұрмыстық мәселелер, хат-хабар және бұқаралық жұмыс бөлімдері бар. ҚР ІІМ ІӘ жазады. Әуелі Алматы қаласында шыққан, қазір Астана қаласында шығуын жалғастырып жатқан ашық басылым. Апталық газет редакциясы қосалқы «Бүркіт» журналын шығарып тұрады. Газетке 1992 жылдардан полковник полковник С.Қ.Көшімбаев басшылық етті. Қазір редакторы подполковник С.Жұбатов. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан газеттері |
'''Қалмақ қырылған, Қалмаққырған''' Қазақстанның әр түкпірінде кездесетін жер атаулары. Жоңғар-қазақ соғыстарында қазақтардың ойрат тайпаларының әскерлеріне қарсы соққы беріп, жау қолы жеңілген жерлер осылай аталған Жоңғар шапқыншылығы ). 1727 жылы Әбілқайыр хан бастаған біріккен қазақ қолы Ұлытау өңірінде жоңғарларға тойтарыс беріп, ірі жеңіске жеткен майдан даласы Қалмаққырған деп аталса шайқасы), 1756 жылы Олжабай батыр бастаған Баянауыл мен Ертіс аралығындағы Серектас тауында өткен қазақ-жоңғар шайқасындағы жеңіс белгісі ретінде Серектас атауы Қалмаққырған деп өзгертілген. Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Қалмаққырған өзені, Павлодар облысы Май ауданындағы, Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Қалмаққырған аталатын ауылдар қазақ жерінің тәуелсіздігі үшін күрестің куәсі болған тарихи мекендер. |
'''Қалмақ-ноғай қатынастары''' 17 ғасырда Үлкен Ноғай ордасының күйреуіне алып келген соғыстар. Ноғайлар мен қалмақтар арасындағы алғашқы әскери қақтығыстар 1607 жылы көктемде Жем өзенінің бойында басталды.1610 жылдан бастап Арал теңізінің маңайы тұрақты қақтығыс орнына айналды. 1613-19 жылы рет ноғайларға күйрете соққы берген қалмақтар олардың әлсіз екеніне көздері жетті. Барлаушылар 1618 жылы Солтүстік Каспий жағалауларында ешкім мекендемейтін бос жер бар екендігін анықтады. Ноғайлар қарсылық көрсету үшін Ресеймен және Бұхар хандығымен одақтасуға тырысты. Бірақ бұл әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Ноғайлар арасында бірлік болмады. Шейх-Мамайдың ұрпақтары (алты ұлы) қалмақтардың одақтасы болып шықты. Ноғайлар Еділге қарай шегіне бастады. Босаған жерлерге (қазіргі Батыс Қазақстан аумағы) қалмақтар жаппай көшіп келе бастады. Жайық пен Жем аралығына толық орнығып алған олар 1628 жылы Үлкен Ноғай Ордасына күйрете соққы берді. Қанай бидің қалмақтармен келісімге келуге тырысуы еш нәтиже бермеді. 1632 жылы Еділ жағасына қалмақ билеушісінің ордасы тігілгеннен кейін, 1633-34 жылы ноғайлар Еділден Солтүстік Кавказ бен Қырымға жаппай көшті. Тек қалмақтарға бағынышты кейбір рулар ғана қалып қойды. Үлкен Ноғай Ордасы толық күйреп, халқы Қара таудың жағалауына қоныс аударды. Үлкен Ноғай Ордасының күйреуімен түркі халықтарының тұтастығы бұзылды. Қазақ хандығының батысында оның жаңа жауы ретінде Қалмақ хандығы пайда болды. Бұл кезең туралы қазақ халқында «Ел айрылған» деген күй сақталып қалған. == Дереккөздер == Санат:Тарих |
'''Қалмақтардың Еділге көшуі''' 17 ғасырдың бірінші жартысында болған тарихи оқиға. Бітпейтін соғыстар мен жайылым жерлер үшін өзара тартыс нәтижесінде ойраттар 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың бас кезінде екі топқа бөлінді. Билік үшін тартыста жеңіліске ұшыраған Торғауыт тайпасының көсемі Хоө-Өрлөг өз қол астындағыларды ертіп, 1607 08 жылы Тарбағатайдағы қонысынан қарай Ертіс өзенінің бойымен Сібірге көшті. 17 ғасырдың 20-жылдарында олардың жағдайы нашарлап кетті. Қалмақтар тағы да әрі қарай Есіл және Тобыл өзендеріне, Ресей қол астындағы Тобыл, Түмен қалалары төңірегіне қоныс аударды. Бұл жерде олар жергілікті халықтармен және орыс әскерлерімен қарулы қақтығыстарға барды. Сөйтіп қалмақтар Сібірде орнығып қала алмай, жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болды. Олар Башқұртстан шекарасынан өтіп Жайық, Сақмар, Елек, Ор, Қиыл, Тоғызақ, т.б. өзендердің бойына қарай ауды, бірақ ол жерлерде башқұрттардың табанды қарсылығына тап болды. Қол астындағы башқұрттарды қолдай отырып, орыс үкіметі қалмақ тайпаларынан кейін шегінуді талап етті. Сібірде орыс бекіністері, шығыста халха маңғолдары, оңтүстікте қазақтар қыспаққа алғаннан кейін, қалмақтар оңтүстік-батыс бағытта жылжиды. Олар Жем өзеніне жетіп, онан әрі Еділ Жайық арасына қоныс аударды. Бұл жерді мекендеген ноғайлар өзара тартыстардың салдарынан қалмақтарға төтеп бере алмады. Сөйтіп Хоө-Өрлөг бастаған топ қалған ойраттардан біржолата бөлініп, Еділ Жайық арасына көшіп барды. 1628 жылы ол Жайықтан өтіп, Үлкен Ноғай ордасына басып кірді. 40 мың ноғай оған бағынуға мәжбүр болды. 1632 жылы қалмақ ордасы Еділде тігілді де, 1633-34 жылы ноғайлар жаппай көше бастады Қалмақ ноғай қатынастары). 1630-40 жылы қалмақтар Еділ-Жайық, Жем, Елек, Ырғыз, Үлкен және Кіші өзен, Самар өзендерінің бойларында тұрақтап қалды. Осы жерде 17 ғасырдың 60-жылдары Ресей боданындағы қалмақ хандығы құрылды. == Дереккөздер == Санат:Тарих |
'''Қанай би''' (туған-өлген жылы белгісіз) би, Қоқан хандығына барған елші. Қанай бидің шыққан тегі, өскен ортасы туралы деректер сақталмаған. 1858 жылы Ордабасы тауында Мұсабек батыр Қоқанның құсбегі Мырза бидің басын алғаннан кейін, жаппай толқулар болып Қоқан билеушілерінің езгісіне қарсы шыққан қазақ, қырғыздар көтерілісі бүкіл Оңтүстік Қазақстанға тарап, көтерілісшілер Созақ, Мерке бекіністері мен Шолаққорғанды басып алды. Халық қозғалысының өршуі қантөгісті көбейтеді деп қауіптенген қазақ ақсүйектері 1858 жылы шілдеде Қоқан ханы Хұдиярға Сапақ датқа''' бастаған бір топ қазақ биін келіссөз жүргізуге елші етіп жіберген. Қазақ елшілері Қоқан ханымен келісімге келіп, бірқатар жеңілдіктер алды. Ташкент басқарушысы Мырзахметтің орнына ханның інісі Мұрат аталық тағайындалды. Қанай би-дің шыққан тегі Қоңырат тайпасы Байлар-жандар руынан. Қанай би Сыр өңірінде туып өсіп ел билеген. Кейін датқалық дәрежеге жетіп, Көктіңұлы Сапақ датқамен бірге Қоңырат тайпасының алты ата Көктіңұлына билік айтады. Қанай биге арнап замандастары атақты ақындар Майлықожа мен Мәделіқожалар жыр-дастандар жазған. Қанай бидің ұлы Тұрлыбек болыс болған. Мұсабек батыр, Сапақ датқаның ұлы Иманберділер мен бірге Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізді. == Дереккөздер == Санат:Қазақ би-шешендері Санат:Елшілер |
'''Төлеген Тілекұлы Жүкеев''' (19 сәуір 1949 жыл, Доссор ауылы, Мақат ауданы, Атырау облысы) мемлекет және қоғам қайраткері. ==Өмірбаяны== Төлеген Жүкеев 19 сәуір күні 1949 жылы Доссор ауылында дүниеге келген. 1972 Әзірбайжан астанасы Бакудегі М.Әзізбеков атындағы мұнай және химия институтын тәмамдаған. *1972-1975 жылдары Атырау облысындағы бірқатар мұнай кәсіпорындарын жұмыс істеген. *1975 жылдан бастап Маңғыстау облысындағы түрлі партиялық қызметтерде болған. *1988-1990 Коммунисттік партияның ОК-ның экономикалық бөлімінде жұмыс істеген. *1991 жылдан бастап Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополияларға шектеу қою комитетітің төрағасының бірінші орынбасары. *1992-1993 жылдары ҚР-дың мемлекеттік кеңесшісі, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасының орынбасары. *1994 ҚР орынбасары, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. *1995-2000 жылдары Оңтүстік Кореядағы ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі. *2000-2005 жылдары Иран ислам ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі. == Дереккөздер == Оңтүстік Кореядағы елшілері Санат:Қазақстан дипломаттары |
'''Жалтыркөл қорықшасы''' Жайық алабындағы сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында құрылған мемлекеттік зоологиялық қорықша. Жалтыркөл қорықшасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында 1967 ж. уақытша 10 жылға ұйымдастырылып, 1977 ж. таратылып жіберілген. 1986 ж. Қазақстан Министірлігі Кеңесінің қаулысы бойынша республикалық мәні бар зоологиялық қорықша болып қайта құрылды. Қорықша Көпжасар елді мекенінің солтүстігінде Жайық өзеніне жақын жатқан тұйық көл Жалтыркөлдің атымен аталды. Аумағы 19 мың га. Қорықша жеріне Көшім өзенінің жоғарғы ағысы, Итбалық және Жалтыркөл жағалаулары кіреді. Көл жағалауында қоға, қамыс өседі. Бұл жабайы жануарлардың тіршілігі үшін өте қолайлы. Су айдындарында балықтардан сазан, табан, тыран, шортан, т.б. бар. Құстардан аққу, бірқазан, қалбағай, қасқалдақ, қоңыр үйрек, ал далалы өңірінде үкі, дала қыраны, саз құладыны, т.б. жыртқыш құстар кездеседі. түлкі, қабан, қарсақ, ор қоян, құндыз, сусар, т.б. мекендейді. Қорықшада сирек кездесетін жануарларды қорғау мақсатында биотех. шаралар (мысалы, жануарлардың санын есепке алу, қолдан ұя жасау, жабайы өсімдіктердің тұқымын себу, құстардың қонып отыруына қолайлы қондырғылар жасау, т.б.) жүргізіледі. Көлдің біркелкі терең иірімдері қамысты қопамен көмкерілген, кей жерлері қоғалы. Жағадан қашықтаған сайын тұзды, сортаңды белдеулер, қара жусан, ақ жусан, бетегелі, селеулі далаға ұласады. Қорықшаның географиялық жағынан орналасуы және оның табиғи жағдайы сан түрлі құстардың таралуына қолайлы жағдай туғызады. Ең көп сұқсыр үйректер, сұр үйректер мен қызылбасты және қызылтұмсықты қызғыштар, шүрегей үйректер, сиректеу болса да ұзынтұмсықтар, сұр қаздар, барылдауықтар. Мұнда облысымыздағы бірден-бір аққу ордасы орналасқан. Қамыс өскіндердің арасынан аққұтан, ителгілер, қамыс торғайлары көптеп паналайды. қабан, киік, қоян, кәдуілгі түлкі, қарсақ, дала киігі, кеміргіштердің өкілдері мекендейді. Су қойнауы сазан, тұңыш, аққайраң, көксерке, шортан тәріздес балықтарға бай. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан қаумалдары Санат:Батыс Қазақстан облысы географиясы |
'''Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин''' (27 наурыз 1952 жыл, Георгиевка (қазіргі Қалбатау) ауылы, Жарма ауданы, ШҚО) Қазақстанның 2-ші оппозиционер, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты. 1997 жылы денсаулығымен байланысты отставкаға кетті. Көпшілік оның осы шешімін Қазақстандағы авторитаризмге қарсылық әрекеті ретінде қабылдады. Ол президент Назарбаевты авторитаризм, непотизм және адам құқықтарының бұзылуына немқұрайлылық танытты деп айыптады. ==Өмірбаяны== 27 наурыз 1952 жылы ШҚО-ның Жарма ауданының Георгиевка ауылында, білім беру саласының отбасында өмірге келді. Уақ тайпасынан шыққан. Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген. Екі жыл Кеңес Армиясында, Семей облысы бойынша МҚК басқармасында қызмет етті (1974-1978). 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 1987-1989 жылдары КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ф. Е. Дзержинский атындағы Жоғары мектебінің басшылық құрамын дайындау курстарының тыңдаушысы болды. Еңбек жолын бетоншы қызметінен бастаған. Орта мектептің мұғалімі және меңгерушісі болды. 1979-1984 Семей қаласының Калинин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; 1985-1987 Семей қаласының Киров аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1987-1989 Мәскеу қаласындағы «Созидатель» кооперативінің өкілі. 1989-1992 қаптау тасын өнеркәсіптік өңдеу жөніндегі Семей комбинатының директоры. 1990 «Томан» АҚ Бас директоры. 1990-1992 «Семей» ҚӨТ бас директоры. 1991-1993 Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшілік басшысы. 1993 желтоқсаннан 1994 қазанға дейін ҚР бірінші орынбасары. 1994 қазанынан 1997 қазанына дейін ҚР 1998 наурыз-қазан аралығында ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісі. Сондай-ақ, ҚР президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы және Қазақстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті лауазымдарын атқарған. 1998 жылы ҚР президенттігіне кандидат болды. Қазақстанның Республикалық Халық партиясының төрағасы, кейін Біріккен демократиялық партияның саяси кеңесінің мүшесі болды. 1999 жылы Қазақстаннан көшіп кетті. == Отбасы == Жұбайы Қажыгелдина (Быкова) Наталья Николаевна. Балалары: қызы Диана, ұлы Мағжан. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан саясаткерлері |
'''«Хабар 24»''' 2012 жылдың қыркүйектен бастап Қазақстанда, 600 шалғай ауылын қоса алғанда, тәулік бойы көрсетілетін телеарна. «24.kz» жаңа телеарнасы әлемдік «BBC», «CNN», «Euronews» және «Россия 24» сынды телеарналарымен терезе теңестіреді. «24.kz» тек отандық өндірістің телеөнімдерін көрсететін республикадағы алғашқы телеарна болып табылады. Телеарна өз хабарларын ұлттық «Отау ТВ» спутниктік жүйесі арқылы таратады. Телеарна ұжымы әлемнің жетекші пайдаланатын озық телевизиялық жүйе бойынша арнайы дайындықтан өткен. Ашылғалы отырған Күн сайын телеарнадан 48 ақпараттық хабарлар шығарылып, 40 ақпараттық бағдарламалар көрсетілмек. «24.kz»-тің шетелдік негізгі әріптесі «Reuters» агенттігі болады. Телеарнада 350-ге тарта қызметкер жұмыс жасайды. Негізгі хабар тарату орталығы мен басшылығы Астанада, ал басқа қалаларда телеарнаның өкілдіктері ашылады. Арна ақпаратты кедергісіз таратуға мүмкіндік беретін заманауи құрылғылармен жабдықталған. Телеарна директоры Александр Аксютиц == Сыртқы сілтемелер == www.24.kz == Дереккөздер == Санат:Қазақстан телеарналары |
'''Көкшетау облысы''' Қазақ КСР-нің (1944-1991) және Қазақстан Республикасының (1991—1997) әкімшілік бірлігі. Әкімшілік орталығы Көкшетау қаласы. == Географиясы == '''Көкшетау облысы''' Қазақстанның солтүстігіндегі Батыс Сібір жазығы мен Солтүстік Қазақ жазығының шекарасында орналасқан еді. Аумағы 78,1 мың км². РКФСР-дің Омбы облысымен шектескен. == Тарихы == Қазақ КСР-нің әкімшілік бөлінуі. 1959 жыл Қазақ КСР-нің құрамындағы Қарағанды облысының бөлігінен 1944 жылдың 16 наурызында құрылған. 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының құрамында. 1997 жылы облыс таратылып, Солтүстік Қазақстан облысының құрамына, ал 1999 жылы аумақтардың бөлігі (сонымен қатар Көкшетау) Ақмола облысының құрамына кірді. == Әкімшілік бөлінуі == 1989 жылы '''Көкшетау облысы''' 15 әкімлішік ауданға және облыстық бағыныстағы қалаға бөлінген: Аудан Орталық Тұрғыны (1989), адам Көкшетау қалалық кеңісі Көкшетау 138 814 Щучинск қалалық кеңісі Щучинск 62 824 Арықбалық Арықбалық 26 761 Уәлиханов Уәлиханов 19 392 Айыртау Володарское 48 988 Зеренді Зеренді 30 519 Келлер Келлеровка 23 817 Қызылту Қызылту 29 791 Көкшетау Көкшетау 43 797 10 Красноармейский Красноармейск 33 564 11 Куйбышев Куйбышевский 25 952 12 Ленинград Ленинградское 37 706 13 Рузаев Рузаевка 22 827 14 Чистопол Чистополье 21 481 15 Чкалов Чкалово 31 585 16 Щучинск Щучинск 37 170 17 Еңбекшілдер Степняк 29 294 == Халқы == 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағынының нәтижесі бойынша '''Көкшетау облысы''' тұрғындарының саны 664 282 адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы км²-ге 8,5 адамнан. === Тұру орындары бойынша === қалалық 259 788 адам (39,1%) ауылдық 404 494 адам (60,9%) === Жынысы бойынша === ерлер 324 048 адам (48,8%) әйелдер 340 234 адам (51,2%) === Ұлт бойынша === 1970 жылдың халық санағы бойынша: орыстар (40%), қазақтар (23%), украиндар, немістер, белорустар, татарлар, мордвалар және т.б. == Дереккөздер == Санат:Қазақ КСР тарихи облыстары Санат:Көкшетау облысы |
Моңғолияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша этникалық қазақтардың жалпы саны 102 983 адам, яғни моңғолдардан кейінгі екінші орынды иеленеді. Олардың ішінде Баян-Өлгей аймағында 83 776 адам, Хобда аймағында 12 215, Ұланбатыр мен оның төңірегінде 504, ал Эрдэнэт, Дархан, Бэрх және Шарыгол өнеркәсіптік аудандарында 245 адам тұрады. Қазақстан Республикасы Елшілігінің нақтыланған мәліметтері бойынша Моңғолияда 126 000-нан астам қазақтар тұрады. М.Тәтімовтың мәліметі бойынша Моңғолияда 157 000 қазақ тұрады, Қазақстардың Дүниежүзілік қауымдастығының көрсеткіші едәуір төмен 90 000 адам. Мәліметтердің алшақтығы бұл мәселені арнайы зерделеуді талап етеді. Қазақтардың 90%-нан астамы Моңғолияның батыс бөлігінде, Баян-Өлгей аймағында тұрады, ол астанадан 1600 км қашықтықта орналасқан. Баян-Өлгейдегі мал шаруашылығының салыстырмалы қарқынды дамуы мен шекара маңындағы қарқынды сауда (РФ Алтай республикасы мен ҚХР ШҰАА) жағдайының Моңғолияның басқа аудандарымен салыстырғандағы жақсы болуына жағдай туғызды. Республикаға қазақтардың қоныс аударуы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Селісімге сәйкес 1991 жылдың қыркүйегінен басталды. Барлығы 83 000 адам көшіп келді. Кейіннен 12 000-нан астам қазақ Моңғолияға кері оралды. 70 278 адам Қазақстанда өзінің жаңа отанын тапты. == Ақпараттық құралы == Моңғол мемлекеті осы елдегі қазақ халқының ақпаратық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Орталық комитеттің хатшылар кеңесінің 1931 жылғы 28- қарашадағы №59 қаулысымен қазақ тілінде басылым шығаруды Оқу ағарту министрлігіне міндеттеген. Осыдан бастап мерекелік ұрандар әредік «Үнэн» газетінде қазақша басыла бастады. Ал, 10 жылдан кейін 1941 жылғы шілдеде орталық баспаның инженері Г.Насанбуян (1916-1998) шағын «Тигель» баспа станогын орнатты. Сол жылдың 13-қарашасында аймақ әкімшілігі мен айпарткомның біріккен мәжілісінен баспа бөлімшесін құрып, «Өркендеу» газетін шығаруға шешім қабылданды. Редакторына үгіт бөлімінің меңгерушісі М.Қабасты, Бас редакторына Әжікен Сәдуұлын тағайындаған. Латын әліпбиімен «Өркендеу» газеті алғаш 200 данамен басылып шығып, келер жылы крилицаға көшті. Алғашқы тілшісі Моңғолия мемлекетіне еңбек сіңірген қайраткер, ақын Ақтан Бабиұлы. Газет 1957 жылы «Жаңа өмір» болып атын өзгертті. 1980 жылдардың аяғында аптасына рет моңғолша қосымшасымен басылып, газетке жазылушылар саны 10 000-ға жеткен. 2002 жылдан «Жаңа дәуір» атанып, қазірге дейін аймақтық жетекші баспасөз құралы болып келеді. Газеттің 5400-ден астам саны жарық көріп, бет саны 30-ға дейін ұлғайған кездері болды. «Жаңа өмір» газетінің баспаханасында көп басылымды осы газетпен бірге «Шұғыла», «Үгітші» журналдары, көптеген кітаптар басылып тұрған. Моңғолияда қазақ тілінде тұрақты шығып тұратын журналдар қатарына Қазақ әйелдерінің «Арулар» журналын айта кеткен жөн болар. Қазақ тілінде хабар тарататын телеарналар жоқтың қасы. Өлгий телевизиясы жұмасында бір рет эфирде бой көрсетсе, ТВ Толхын бағдарламасын сағаттан аптасында бір рет көре аламыз. ТВ Толхын бағдарламасының Моңғолия Қазақтарына сіңірген рухани байлығы мол. МН2 телеарнасынан жарты сағат Қазақ тілінде хабар көре алуға болады болады. Барлығымыздың сүйіп тыңдайтын Баян-Өлгий Қазақ радиосы күнінде сағаттан таратылады. 2013 жылдан бастап ұстаздар мен оқушыларға, ата-аналарға арналған танымдық еркін басылым "Білім" газеті жарық көре бастады. Басылым 000 данамен айына рет Баян-Өлгий аймағының барлық мектептері мен балабақшаларына таралады. Аймақ орталығында FM радио станциясы жұмыстайды. ==Тұлғалар == Сұлтан Тәукейұлы Санат:Қазақтар |
'''Гавриил Дмитриевич Будник''' (16.12.1924, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы, Георгиевка (Қалбатау) ауылы 15.08.2001, Ресей, Мәскеу облысы Лобня қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер. Соғысқа дейін Алматы облысы Ақсу ауданындағы ұжымшардың трактор бригадасында жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қыркүйегінде шақырылып, 1943 жылдың наурызынан Орталық майдан 13-армия 8-атқыштар дивизиясы 151-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Барлаушы Будник 1943 жылы 22 қыркүйекте Днепр өзенінен тез және кенеттен өтуді қамтамасыз етуге іріктеліп алынған жауынгерлердің бірі болды. Ол нөсер жаңбырдың астында бөренеге отырып, оң жағаға өтті. Өзеннен тез өтуге ыңғайлы орын белгілеп, жаудың орналасқан жерін анықтады. Сөйтіп ол бүкіл полктің өзеннен отуіне үлкен жәрдемін тигізді. Осы тапсырманы орындауда көрсеткен ерлігі үшін Будникке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (16. 10.1943). Соғыстан кейін Қазақ КСР-інің ІІМ жұмыс істеді (Ақтөбе қаласы). 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:16 желтоқсанда туғандар Санат:1924 жылы туғандар туғандар Санат:15 тамызда қайтыс болғандар Санат:2001 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеу облысында қайтыс болғандар Санат:КСРО старшиналары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Днепр үшін шайқасқа қатысушылар Санат:Мәскеу облысында жерленгендер |
'''Василий Васильевич Бунтовских''' (1921, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарственное селосы 12.2.1945, Венгрия, Будапешт қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, взвод командирі. 1940 жылы Бунтовских Семей педагогикалық училищесін бітіріп, Шығыс Қазақстан облысы Қызыл Партизан ауылында мектеп директоры болды. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына алынды. 1941 жылдың тамызында майданға жіберілді. Ол 33-жеке саперлер батальонында (Воронеж майданы, 38-армия, 180-атқыштар дивизиясы) взвод командирі болды. 1943 жылы 28 қыркүйекте Бунтовскихтың саперлер взводы үздіксіз атқылаған оқтың астында Свалирье деревнясы маңында (Киев облысы Вышгород ауданы) қолда бар заттармен Днепр өзенінен өтетін өткел жасап, атқыштар батальоны және артиллериялық дивизионды өзеннен өткізді. Осындай ерліктері үшін Бунтолвскихқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.1.1944). Будапешт қаласын азат ету барысында болған шайқаста Бунтовских қаза тапты. Будапешт қаласындағы Орталық офицерлер зиратына жерленген. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталды. Дарственное және Күршім аудандарындағы көшеге, мектепке Бунтовских есімі берілген. == Дереккөздер == Санат:1921 жылы туғандар Санат:Күршім ауданында туғандар Санат:12 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысының саперлері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар жерленгендер |
'''Степан Филиппович Бурлаченко''' (16.4.1914, Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Алексеевка селосы 1988, Семей қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, танкінің гвардия кіші сержанты. Мектеп бітірген соң слесарь болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылып, Батыс, Сталинград, 1-Беларусь майдандарындағы ұрыстарға қатысты. 47-гвардиялық танк бригадасының (1-Беларусь майданы, 2-гвардиялық танк армиясы, 9-танк корпусы) Бурлаченко 1945 жылы 16 қаңтарда алдыңғы шепте жүріп, шайқас кезінде қатардан шыққан командирдің орнын басты. Жирардув қаласы (Польша) маңында шабуылдаушы Кеңес әскеріне қарсы жақ артиллериядан ауыр соққы берген кезде, танкінің шынжыр табанымен және оқ атып, оның зеңбірегі мен минометін және бірнеше әскерлерін жойды. Осы ерлігі үшін Бурлаченкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (27.2.1945). Соғыс аяқталған соң Бурлаченко Семей қаласындағы автобазада жүмыс істеді. Ленин, рет 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Александр Анфиногенович Бурнашев''' (17.12.1914, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласы 18.12.1974, Украина, Қырым ауданы,Угловое селосы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, зеңбірек командирі. Мектеп бітіргеннен кейін ұжымшарда, Зырянов кеніш басқармасында жұмыс істеді. 1936 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, Қиыр Шығыста (Хасан көлі маңында) жапондармен шайқасқа қатысқан. Ұлы Отан соғысына 1941 жылы шақырылып, кіші командирлер курсында оқыды. 1942 жылы майданға жіберілді. 457-атқыштар полкінде зеңбірек командирі болған Бурнашев Брянск және 2-Беларусь майдандарындағы ұрыстарға қатысты. 1944 жылдың 29 маусымында Шатково деревнясы (Могилев облысы) маңында Березина өзенінен өтіп, батареяда бірінші болып жаудың қарсы шабуылын тойтарып, зеңбірегін, автокөлігін және көптеген әскері мен офицерлерін жойды. Осы шайқаста Бурнашев ауыр жараланды. Ерлігі үшін Бурнашевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (25.9.1944). Соғыстан кейін Бурнашев туған жеріне оралып, кен байыту фабрикасында жұмыс істеді. Өмірінің соңғы жылдары ол Қырым Республикасы Бақшасарай ауданы Угловое селосында тұрды. Алтай қаласындағы бульварға Бурнашев есімі беріліп, сол көшенің бойындағы бір үйге мемориалдық тақта орнатылған. == Дереккөздер == Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Виктор Васильевич Буторин''' (26.9.1898, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы 7.3.1974, Украина, Киев қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия аға сержанты. Орыстың Қызыл армия қатарында 1918-24 жылдары болды. Әскер қатарынан босаған соң тұтынушылар кооперативінде жұмыс істеді. 1941 жылдың қазан айында Кеңес әскері қатарына шақырылды. 1943 жылы майданға жіберіліп, Днепр өзені бойындағы ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 21 қыркүйегінде Украинаның Чернигов облысы Городнянск ауданы Перше Травня селосы маңында болган ұрыста ерекше көзге түсті. Екі рет жараланғанына қарамастан, Перше Травня селосын жаудан толық азат етуге қатысты. Осындай ерлігі үшін Буторинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (15.1.1944). Соғыстан кейін лейтенант Буторин запасқа шықты. Киев қаласында тұрып, жұмыс істеді. Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:26 қыркүйекте туғандар Санат:1898 жылы туғандар Санат:Семейде туғандар Санат:7 наурызда қайтыс болғандар Санат:1974 жылы қайтыс болғандар Санат:Киевте қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО лейтенанттары Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Днепр үшін шайқастың қатысушылары әскери зиратында жерленгендер |
'''Бүркітбай Тұяқбайұлы''' (1906, Қытай, Алтай аймағы 1944, Алтай, Сарсүмбе) Шыңжаңдағы Алтай қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысына (1940-44) қатысқан халық батыры. Абақ Керей тайпасының Қарақас руынан шыққан. Бүркітбай өлкедегі Қытай үстемдігіне қарсы алғаш бас көтерген 40 жігіттің қатарында болды (1940, ақпан). 1943 жылы қыркүйекте көтеріліс басшыларының құпия хатын Төменгі Алтайдағы беделді азаматтарға алып бара жатқан жолда қолына түсіп, кейін ату жазасына кесілді. Бүркітбайдың туған жерге, еркіндік пен теңдікке арналған «Ой, Fайша» әні Алтай қазақтарының арасында кең таралған. == Дереккөздер == Санат:1906 жылы туғандар Санат:Алтай аймағында туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Алтай аймағында қайтыс болғандар қозғалыстар қатысушылары Санат:Қазақ батырлары Санат:Қытайда атылғандар |
'''Жалтыр Қарабас''' Тоғызақ өзенінің оң аңғарында орналасқан тұзды тұйық көл. == Географиялық орны == Қостанай облысы Қарабалық ауданы жерінде, Орал алды үстіртінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 205,5 биіктікте. == Гидрографикасы, сипаты == Аумағы 4,6 км2, ұзындығы 2,6 км, енді жері 2,2 км. Жағалауының ұзындығы 8,6 км. Негізінен жауын-шашын суымен толысады. Кей жылдары құрғап қалады. Суы кермек. Көл бетін қамыс, қоға өсінділері жапқан. Суында балықтардан сазан, табан балық; құстардан үйрек, қасқалдақ, қаз, т.б. мекендейді. Мал шаруашылығына пайдаланылады. Санат:Қарабалық ауданы көлдері |
'''Виктор Иванович Быковский''' (15.05.1919, Ресей, Саратов облысы, Балашов ауданы, Терновка ауылы 31.7.1973, Молдова, Кишинев қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, әскери фельдшер, взвод командирі. Петропавлға 1935 жылы келіп, медициналық училищені бітірген. 1939 жылы Кеңес әскері қатарына алынды. 1941 жылы Катта-Курган қаласында орналасқан 213-атқыштар дивизиясының пулеметшілер батальоны 201-бөлімше құрамында болды. 1942 жылдан майдандағы армияда, 224-гвардиялық атқыштар полкі санитарлар взводының (Дала майданының 72-гвардиялық армиясы) командирі болды. Быковский 1943 жылы Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданы Бородаевка ауылы үшін болған ұрыста ерекше көзге түсті. Осы ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Быковскийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1943). Соғыстан кейін Быковский Ангарск, Иркутск және Кишинев қалаларында қызмет етті. == Дереккөздер == Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:15 мамырда туғандар Санат:1919 жылы туғандар Санат:Балашов ауданында туғандар Санат:31 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1973 жылы қайтыс болғандар Санат:Кишиневте қайтыс болғандар Санат:КСРО лейтенанттары |
'''Сергей Васильевич Вавилов''' (1908, Орынбор облысы,Бузулук ауданы Боровской кенті 10.1941, Ресей, Дондағы Ростов қ.) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, дивизияның саяси жетекшісі, артиллерист. 1920 ж. Қазакстанға коныс аударды. 1926 ж. Вавилов Ақтөбе облысы Степной ауданының Алтай атындағы мектепте мүғалім болды. 1932 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. Әскерден босағаннан кейін Ақтөбе комсомол комитетінде, облыстық партия комитетінде қызмет етті. Мектептерде дәріс берді. Вавилов Ұлы Отан соғысы басталысымен майданға аттанды. Ол 56-армия 314-атқыштар дивизиясының саяси жетекшісі болды. Дондағы Ростов қаласы түбінде болған шайқаста ерекше көзге түсті. Осы ұрыста Вавиловтың зеңбірегі батареяның бірге оқ боратты. Жау танкілеріне зеңбірекпен оқ атып бірнеше танкіні жойып, ерлікпен қаза тапты. Бірақ олар бекінген төбе жау қолына өтпеді. Осы ерлігі үшін Вавиловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Торалқасының Жарлығымен 1943 жылдың 22 ақпанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1908 жылы туғандар Санат:1941 жылы қайтыс болғандар |
'''Леонид Иванович Вагин''' (18. 2.1905, Грузия, Тбилиси қаласы 4.4.1976, Ресей, Мәскеу қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, майор, шекарашы (кейіннен дивизия 1926 жылы Тбилиси (Тбилиси) жаяу әскер мектебін бітіріп, ОГПУ әскери бөліміне жіберілді. 1934 жылы Жоғары шекара мектебін, 1940 жылы Нариманов атындағы Шығыс тілдері институтын бітірді. 1941 жылы майданға жіберіліп, дивизияның штаб бастығы болды. Гвардия генерал-майоры Вагин басқарған 79-гвардиялық атқыштар дивизиясы (1-Беларусь майданы, 8-гвардиялык армия) 1943 жылы шілде айында Батыс Буг өзенінен өтіп, Люблин қаласын басып алды. Осы жылдың тамызында Висла өзенінен өтіп, дивизия аздаған шығынмен Магнушев қаласы (Польша) маңындағы плацдармды өз қолдарына алды. Жаудың танкісі мен жаяу әскерінің бірнеше шабуылына тойтарыс берді. Осы шайқаста қарсыластар 65 танкі мен бронды техникасынан, көптеген әскерінен айырылды. Осындай ерліктері үшін Вагинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (6.4.1945). рет Ленин, рет Қызыл Ту, 2-дәрежелі Суворов ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1955 жылы Вагин Бас штабтың әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курсты бітірді. Механикалық дивизияны, Мәскеудегі Суворов әскери училищесін басқарды. 1961 жылы запасқа шықты. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Иван Иосифович Варепа''' (1.5. 1910, Шығыс Қазақстан облысы, Шар ауданы Үкілі ауылы 15.3.1981, Әуезов кенті) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия кіші сержанты, пулемет расчетінің командирі. Орыста Соғысқа дейін ауылда трактор жүргізушісі болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың шілде айында шақырылды. 1943 жылдың тамыз айында майданға жіберілді. Пулемет расчетінің командирі Вагин 1943 жылдың 27 қыркүйегінде (Орталық майдан, 61-армия, 218-гвардиялық атқыштар полкі) борап тұрған оқтың астында Украинадағы Чернигов облысы Репкин ауданы Неданничи селосы маңында Днепр өзенінен бірінші болып өтіп, жағалауға бекінді. Жаудың төрт шабуылына тойтарыс беріп, 218- нардиялық атқыштар полкінің қалған бөлімдері өзеннен өткенше бекіністі қорғады. Осы ерлігі үшін Вагинға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.1.1944). Ленин, Александр Невский ордендерімен және «Алтын Жұлдыз», т.б. медальдармен марапатталды. Соғыс аяқталған соң Вагин запасқа шықты. Туған жеріме келіп, ұжымшарда жұмыс істеді. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Андрей Александрович Васильев''' (1898, Ресей, Орынбор облысы,Саракташ ауданы Кандауровка ауылы 17.01.1945, Варшава, Сероцк ауданы,Зегже қаласы) 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, көлік взводының командирі. Орыстың Көлік жүргізуші курсын бітіргеннен кейін шофер, Азамат соғысында Саракташ кірпіш зауытында жүргізуші болды. Түркістан Сібір темір жолын салуға қатысты. Кейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка кентінде түрды. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылып, Оңтүстік-Батыс майданда жүргізуші, кейіннен көлік взводының командирі болды. Ол Воронеж, 1- Украина және 2-Беларусь майдандарында (Курск облысы) және Белград-Харьков операцияларына, сонымен қатар Курск доғасында қорганыс шайқастарына, Днепр өзенінің сол жағалауындағы Украина, оң жағалаудағы Лютег плацдармын азат ету және кеңейту, Киев қаласын азат ету шайқастарына (1943), Львов- Сандомир шабуылдық операциясына (1944), Висла-Одер аралығында Варшава қаласынан солтүстікке қарай орналасқан жау бекінісін бұза-жарып өту операцияларына атысты. 269-атқыштар взводы командирінің орнында уақытша командир болды. 1943 жылдың 16 қазанында Новые Петровцы ауылы маңында (Киев облысы Вышгород ауданы) болған шайқаста Васильев взводы жаудьң бір топ әскерлері мен офицерлерін жойды, штабтың маңызды құжаттарымен бірге пулеметті қолға түсір ді. Неміс-фашист басқыншыларымен аянбай күрескені үшін Васильевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрақасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (10.1.1944). Васильев Польшаның Сероцк қаласының маңында болған шайқаста қаза тапты. Сероцк ауданы Зепке қаласының бауырластар зиратында жерленді. Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Белоусовка кентінде Васильевке мемориалдық тақта орнатылған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1898 жылы туғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар |
'''Илларион Романович Васильев''' (5 қараша 1910, Ресей, Кемерово облысы Крапивин ауданы Мунгат селосы қазан 1969, Ресей, Кемерово қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, атқыш, аға сержант. == Өмірбаяны == 1943 жылы денсаулығына байланысты әскерден босады. 1963 жылы Алматы облысы Көксу ауданы Көксу кенішінен Кемерово қаласына қоныс аударды. == Естелік пен марапаттары == Кемерово қаласындағы бір көше, Кемерово облысы Промышленный ауданы Плотниково селосындағы мектепке Васильев есімі берілген. КСРО Жоғарғы Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.7.1942). Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == |
'''Тимофей Петрович Васильев''' (20.3.1918, Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Белокаменка селосы өлген жылы белгісіз) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі, кіші сержант. Орыстарда Соғысқа дейін ұжымшарда жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1938 жылы шақырылып, Кеңес-фин (1939-40) соғысына қатысты. Ұлы Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Валерий Федорович Величко''' (2.8.1925, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы 1944, Латвия, Добеле қаласы) Екінші дүниежүзілік соғысқа катысушы. Зеңбірек командирі, аға сержант. Орыста 1942 жылдың басында отбасымен Ақтөбе облысына коныс аударған. Соғысқа дейін кеңшарда слесарь болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1943 жылдың ақпанында Новороссийск ауданы әскери комиссариатынан шақырылып, Рига жаяу әскер училищесіне окуға жіберілді. Ұлы Отан соғысына 1944 жылдың тамызынан 117-танк бригадасы 326-танк батальоны құрамында қатысты. 1944 жылы 18 қыркүйекте Лиепая (Лиелсвилпын) аумағында (Латвия) Величко қызмет етеді. 1945 жылғы 24 наурызда В.Ф.Величкоға Кеңес Одағының Батыры деген атағы берілді. == Дереккөздер == Санат:2 тамызда туғандар Санат:1925 жылы туғандар ауданында туғандар Санат:18 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО аға сержанттары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы танкистері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Добелде қайтыс болғандар Санат:Ульянов гвардиялық жоғарғы әскери танк командалық училищесі түлектері |
'''Тимофей Сергеевич Вербицкий''' (1909, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласы 1944, Киев облысы Вышгород ауданы ауылы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, бөлімше командирі. 1932-35 жылдары Кеңес әскері қатарында болды. Ұлы Отан соғысына 1943 жылы шақырылған. 759-атқыштар полкінің (1-Украина майданы, 38- армия, 163-атқыштар дивизиясы) бөлімше командирі Вербицкий 1943 жылдың қазан айында Киевтің солтүстік жағында Днепр өзенінен өтiп, плацдармды кеңейту үшін болған ұрыста қатардан шығып қалған взвод командирін алмастырды. Батыл әрі тапқырлықпен қимылдап, тапсырманы орындады. ауылы маңындағы шайқаста (Киев облысы Вышгород ауданы) Вербицкий бастаған взвод Днепр өзенінің оң жағалауына өтіп, плацдармды қоргап калды. Осы ұрыстарда неміс фашистерінің 25 әскері мен офицерлерін жойды. 1944 жылдың қаңтар айында ұрыста қаза тапты. Вербицкийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.1.1944). (Сондай-ақ ол Ленин орденімен марапатталды. Шемонаиха қаласында Вербицкий есімімен көше беріліп, мемориалдық тақта орнатылған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1909 жылы туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар |
'''Версаль бейбіт келісімі''' (фр. ''Traité de Versailles''; ағылш. ''Treaty of Versailles''; нем. ''Versailler Vertrag'') 1919 жылы 28 маусымда болған Антанта (Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, АҚШ, Румыния, т.б.) елдері мен Германия арасындағы бітім шарт. Версаль бейбіт келісімі 1920 жылы 10 қаңтар күні Германия және Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония мемлекеттері кейін күшіне енді. АҚШ сенаты келісімді бас тартып (Ұлыбритания мен Франция үкіметі бас- қаратын Ұлттар лигасына кіргісі 1921 жылы тамыз айында Германиямен жеке келісімге келді. Версаль бейбіт келісімінде Ұлттар лигасының статусы қаралды, Германия, Бельгия, Люксембург, Франция, Швейцария, Аустрия, Чехословакия, Польша және Данияның шекаралары белгіленді. Эльзас пен Лотарингия облыстары Францияға қайтарылды, Саар облысы Ұлттар лигасының басқаруына 15 жылға берілді (кейінгі тағды- рын плебисцит шешетін болды), Клайпеда қаласы жецімпаз державалардың баскаруына берілді, Гданьск «ерікті қала» деп танылды. Бельгияның, Польша мен Чехословакияның шекаралары кеңейтілді. Германия Кеңес үкіметімен арадағы --Брест-Литовск бітімінен және өзінің барлық отарларынан бас тартуға міндеттенді. солға Германияның соғыс кезінде одақтастарға келтірген шығынын есептейтін арнаулы комиссия кұрылды. Бұған қоса Германияның соғыс кезінде Түркия, Ресей мен Румыниядан алған алтын және басқа да кұнды заттарды қайтаруы көзделінді. мәселелер бойынша Германия 100 мың жауынгер, мың офицер ғана ұстауға міндеттенді, Бас штаб институты қысқартылды. Рейннің сол жағы мен оң жағынан 50 км территория қару- сыздандырылған аймаққа жатқызылды. Германияның толық қарусыздануы барлық елдердің қаруларын шектеудің алғы шарттары болу керектігі атап көрсетілді. Версаль бейбіт келісімі шешімімен Ұлттар лигасы құрылды. Оның мақсаты: бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және болашақтағы қарулы қақтығыстардың алдын алу болды. Ұлттар лигасына мүше мемлекеттер сырттан шабуыл жасалған жагдайда бір-біріне көмек корсетуге, карусыздану процесіне жағдай жасауға, өзара ашық дипломатиялық қарым- қатынас орнатуға міндеттелді. Міндеткерлік орындалмаған жағдайда Гаагадағы Халықаралық соттың шешіміне жүгінуге келісілді. халықаралық келісімдері == Дереккөздер == Санат:Ұлттар Лигасы келісімдер халықаралық келісімдері |
'''Жалтырсор''' Торғай өзенінің орта ағысы алабындағы көл. == Географиялық орны == Қостанай облысы Амангелді ауданы жерінде орналасқан. Торғайдың саласы Қабырға өзенінің сол аңғарында, теңіз деңгейінен 124,2 биіктікте жатыр. == Гидрографикасы == Аумағы 11,6 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 3,3 км. Қар және жер асты суларымен толысады. == Жағалау сипаты == Жазда тарылып, батпақты шалшыққа айналады. Жағасы жайпақ, тастақты, батпақты. Суы тұзды. Көктемде мал суарады. Алабы жайылым. == Дереккөздер == Санат:Амангелді ауданы көлдері |
'''Николай Тимофеевич Видяшев''' (15.12.1903, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы 11.3.1940, Ресей, Ленинград облысы Выборг қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, полк командирі, капитан. == Өмірбаяны == 1919 жылдың қаңтарынан Кеңес әскері қатарында, В.И.Чапаев атындағы 25-дивизия кұрамында әскери қызметте болды. Командирлер құрамын дайындайтын курсты (1921), Иркутск жаяу әскер мектебін (1924), «Выстрел» курсын (1937) бітірген. 1939-40 жылы Кеңес-фин соғысына қатысып, Солтүстік-Батыс майданына қарасты 7-армияның 7-атқыштар дивизиясында 257-атқыштар полкін басқарды. 1940 жылдың ақпан наурызындағы ұрыстарда Видяшевтің полкі Выборг бағытындағы жау шебін бұзып өтті. 1940 жылы наурызға қараған түні маңызды тірек пунктін басып алып, жаудьң қарсы шабуылын тойтарды. == Марапаттары == Фин соғысында жауынгерлік тапсырманы орындауда көрсеткен табандылығы мен ерлігі үшін Видяшевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.3.1940). Ленин орденімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:КОКП мүшелері |
'''Петр Борисович Вихрев''' (11. 3.1909, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы 16.11. 1941, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Петелино деревнясы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ротаның саяси жетекшісі,орыс. Соғысқа дейін Алматыда тұрып, аяқ киім фабрикасының директоры болды. Кеңес әскеріне қарасты 316-атқыштар дивизиясының 1075-атқыштар полкі кұрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1941 жылы 14-15 қазанда Волоколам бағытындағы Булычено деревнясы маңында Вихрев рота жауынгерлерімен бірге жаудың танкісін жойды. 16 карашадағы ұрыста 14 жауынгер танкіні, ал Вихрев танкіні өртеп жіберді. Сөйтіп ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Вихревке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.3. 1943). Ленин орденімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1909 жылы туғандар Санат:1941 жылы қайтыс болғандар |
'''Анатолий Петрович Вишневский''' (1924, Украина, Харьков қаласы 28.11.1944, Венгрия, Эгер қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, радио және телеграф бөлімінің қатардағы жауынгері. Украинадан Соғыс басталғанда Харьков қаласынан Алматыға Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың маусымында шақырылып, 1943 жылдың тамызынан 110-гвардиялық атқыштар дивизиясы 307-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Өзінің өшпес ерлігін Андорнактайя (Венгрия, Эгер қаласы) елді мекені аумағында жасады. 1944 жылы 28 қарашада ол от шашқан ұяны, жау техникасы мен бірнеше әскерін жойды. Ұрыстың қызған шағында жараланған батальон командирін ауыстырып, өздеріне жүктелген тапсырманы орындады. Осы ұрыстарда Вишневский ерлікпен қаза тапты. Вишневскийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (28.4. 1944). Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Вачакан Рачиевич Власов''' (14.10.1922 жылы туған, Әзірбайжан, Шемахы ауданы, Сегиянауылы) әскери қайраткер, генерал-майор. Орта мектепті бітіргеннен кейін туған ауылында мүғалім, 1942 жылы қаңтар тамыз аралығында жеделдетілген Баку жаяу әскер училищесінде курсант болды. Бітіріп шыққаннан кейін Ленинакан қаласына әскери қызметке жіберіліп, взвод командирінен батальон командиріне дейін көтерілді. 1956-59 жылдары Мәскеу әскери академиясында оқыды. Самарқан, Ашхабад қалаларында полк командирінің орынбасары, полк командирі, дивизия бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1970 жылы қайтадан құрылған Алматы Жоғары жалпы әскери командалық училищесінің бастығы болып бекітіліп, осы қызметті құрметті демалысқа шыққанға дейін (1978) атқарды. 1979-84 жылдар аралығында Қазақ КСР ДОСААФ OK төрағасының орынбасары, ал 1984-89 жылдары Республикалық оқу жаттығу клубының бастығы болды. == Дереккөздер == Санат:1922 жылы туғандар тұлғалары Санат:Қазақстан |
'''Николай Дмитриевич Власов''' (25.8.1923 жылы туған, Ресей, Смоленск облысы Ярцев ауданы Старое Село деревнясы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, сапер, кіші лейтенант. Орыста соғысқа дейін ұжымшарда, сүт зауытында жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысы басталғанда Қазақстанға (Ақтөбе облысы) қоныс аударылған. Кеңес әскері қатар ына 1942 жылы шақырылып, 1943 жылдан Орталық майдан 65-армия бригадасы 170-жеке инженер- саперлік батальон құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Кеңес әскерінің Брянск облысы Севск қаласы (Ресей) аумағындағы қарсы шабуылы барысында 378 жау минасын тауып, 1943 жылы 15 қазанда Гомель облысы (Беларусь) Лоев ауданы Лоев қаласы маңында Власов Днепр өзенінің оң жағалауына алғаш еткен десантшылардың қатарында болды. Жау траншеясын басып алуға әрі жаралы сарбаздың Днепрдің сол жағалауына өтуіне көмектесті. Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін Власовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1943 жылғы 30 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Георгий Михайлович Вожакин''' (25.8.1921, Ресей, Алтай өлкесі, Алей ауданы Осколково селосы 29.09.2003, Тула облысы, Щекино қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, батарея командирі, аға лейтенанты. Орыс. 1943 жылы Харьков артиллериялық училищесін бітірді. 1943 жылы маусымнан Ұлы Отан соғысына қатысып, Орталық және 1-Беларусь майдандары құрамында взвод, 76- мм-лік зеңбірек батареясы командирі қызметтерін атқарды. 1945 жылы 17 сәуірде 1-Беларусь майданына қарасты 61-армияның 397-атқыштар дивизиясы 447-атқыштар полкі батарея командирі. Вожакин Одер (Одра) өзенінің сол жағалауына сарбаздардың өтуін қамтамасыз етті әрі жауынгерлер тобы плацдармға бекінген сәтте батареямен Хоэн-вутцен (Германия) елді мекеніне өтіп, жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысты. Вожакинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945). Соғыстан кейін Тула облысы Богородицк ауданы әскери комиссары қызметін атқарды. 1976 жылы подполковник шенінде запасқа шықты. Барнаул Даңқ мемориалына, Алтай өлкесі Вожакин есімі енген. Ленин, рет 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз», 3-дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:25 тамызда туғандар Санат:1921 жылы туғандар Санат:Алей ауданында туғандар Санат:29 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Щекинода қайтыс болғандар Санат:КСРО полковниктері Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі Қарулы Күштерде Отан үшін қызмет еткені үшін орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Ұлы Отан соғысы батарея командирлері Санат:КОКП мүшелері |
'''Филипп Григорьевич Волков''' (1901, Украина, Черкассы облысы Катеринополь ауданы Лисичья Балка селосы 1948, Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Бөрілі кенті) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Азамат соғысы жылдары атағы берілді (15.5.1946). Соғыстан кейін Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Бөрілі кентінде тұрып, сонда еңбек етті. Бөрілідегі көшелердің біріне Волков есімі беріліп, ескерткіш орнатылды. Ленин, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Михаил Евстафьевич Волошин''' (1920, Қостанай облысы Меңдіғара ауданы Буденновка ауылы 1944, Литва, Биржай қаласы 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, майоры, батальон командирі. Орыста 1941 жылы соғыстың алғашқы күнінен майданға жіберілді. 1942 жылы Смоленск жаяу әскер училищесін бітірді. Волошин басқарған 234-атқыштар полкіндегі 1-Балтық маңы майданы, рет «Қызылмектепке Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Чесма селосындағы көшеге және мектепке Волошин есімі берілген. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Николай Николаевич Воробьев''' (25.8.1919, Ресей, Орел облысы Верховск ауданы Синковец селосы 31.5.1980, Алматы облысы Талғар қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, батальон командирі, майор. Орыста Соғысқа дейін ұжымшарда есепші болды. Кеңес әскері қатарына 1940 жылдың қаңтарында шақырылды. Соғыс қарсаңында әскери зениток артиллерия училищесін бітірді (1941). Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың ақпанынан қатысып, Батыс майданда зениттік артиллерия батареясындағы аты аңызға айналған атты әскер жорығының ардагері, мерген, қатардағы гвардия алдында ұжымшарда ұста болған. 2-Украина майданы 6-гвардиялық атты корпус 13-гвардиялық атты дивизияның 50- гвардиялық атты полкі қүрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 жылы сәуірде Морава өзенінен алғашқылардың бірі болып өтіп, 10 сәуірде Ланжгот (Чехия) елді мекені үшін болған ұрыста жаудың 15 адамын жойып, үшеуін тұтқындады. Соғыстан кейін Воробьев еліне оралып, ұстаханада жұмысын жалғастырды. Воробьевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры 43-армия, 179-дивизия атқыштар батальоны 1944 жылы маусым айында Мазурино деревнясы тұсында жау қорғанысын бұзып өтіп, Шумилин кентін және Сиротино темір жол айырмасын (Витебск облысы) азат етті. Батыс Двина өзенінен өтіп, плацдармды басып алды. Жаудың бірнеше қарсы шабуылына тойтарыс бере отырып, Воробьевтің батальоны көптеген әскері мен 83 автомашинасын жойды. Осы ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Воробьевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.7.1944). 1944 жылдың маусым айының соңында Литваның Биржай қаласы үшін болған шайқаста қаза тауып, осы қалада жерленді. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Андрей Федорович Воронин''' (15.8.1900, Алматы облысы (Сарқан ауданы Қойлық ауылы- 26. 6.1979, Алматы қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, бөлімше командирі, гвардия сержанты.орыс. Соғысқа дейін ұжымшарда жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың тамызында алынып, 1942 жылдың қарашасынан Орталық майданға қарасты 61-армияның 7- гвардиялық атты әскер корпусы 16-гвардиялық дивизия 60- гвардиялық атты әскер полкі кұрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 27 қыркүйекте Воронин Днепрдің оң жағалауына алғашқылардың бірі болып өтіп, пулеметтен оқ жаудыру арқылы атты әскер эскадронына жол ашты. 1943 жылы 30 қыркүйекте Гомель облысы (Беларусь) Брагин ауданы Галки ауылына бірінші болып кіріп, жаудың бірнеше әскерін жою арқылы полк бөлімшелерінің қозғалысын қамтамасыз етті. Басқарманың тапсырмасын ойдағыдай орындағаны үшін Воронинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.1.1944). Соғыстан кейін Алматы қаласында тұрып, сонда еңбек етті. Ворониннің есімі алтын әріппен 112-башқұрт (16-гвардиялық) атты әскер дивизиясының Башқұртстан Республикасы Ұлттық мұражайындағы, сонымен қатар 112-башқұрт (16-гвардиялық) атты әскер дивизиясы мұражайындағы мемориалдық тақтада таңбаланған. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдарымен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1900 жылы туғандар Санат:1979 жылы қайтыс болғандар Санат:Сарқан ауданында туғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар |
'''Жалтыршөп''' () елекшөптер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында, сондай-ақ тропиктік таулы белдеулерде тараған 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда таулы аймақтар мен ылғалы мол орманды жерлерде өсетін түрі белгілі. Биіктігі 10 50 см, қысқа немесе төсемелі тамырлары бар өсімдіктер. Сабақтары қалың жапырақты. Жапырақтары ұзынша, жапырақ тақталары таспа тәрізді. Гүлдері қоңыр немесе жасыл түсті, сабақ ұшында біреу не бірнешеуден жетіледі. Олар сыпыртқы не себет гүлшоғырына топталған. Жаздың басында гүлдеп жемістенеді. Жемісі үш қырлы қорапша. Тұқымы ұсақ, домалақ. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі. == Дереккөздер == |
'''ғарыштық кемесі''' 1965 жылы 18 наурызда шығарылып, экипаж құрамында кеме командирі П.И.Беляев (1925- 70) пен екінші ұшқыш А.А.Леонов болды. Кемеде шлюздік бөлік және адамның ғарышқа шығуына арналған жабдықтар бар. Осы жылы тарихта тұңгыш рет Леонов кемеден ашық ғарыштық кеңістікке шықты. Скафандр киген ғарышкер кемеден қашықтыққа дейін ұзап, ашық ғарышта 12 мин болды. Кеме ғарышта тәулік сағат мин 17 болып, 1965 жылы 19 наурызда Пермь қаласы төңірегіне қонды. Бұл ғарыштық кемелердің бәрі және одан кейін де қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш станциясынан ұшырылды. Ғарышкерлердің көбі әскери шенді. Мысалы, біздің тұңғыш ғарышкеріміз авиация генерал-майоры, Халық қаһармандары, Кеңес одағының батырлары ''Әубәкіров Т.О''., ''Мұсабаев Т.А.'' (1991, 1994, 1998, 2001) авиация осындай ғарыш кемелерімен ұшты. == Дереккөздер == Санат:Ғарыштық байланыстар |
'''Николай Алексеевич Вычужанин''' (23.2.1919, Ресей, Нижний Новгород облысы Тонкино ауданы Ашкельдино деревнясы 26.6. 1964, Ресей, Калуга облысы Спас-гаврилов Деменск ауданы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулемет взводының командирі, гвардия кіші лейтенанты. Соғысқа дейін трактор бригадасында жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылды. Ұлы Отан соғысы жылдары Беларусь майданы 65-армиясына қарасты 37-гвардияның атқыштар дивизиясы 118-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Сталинград шайқасы, Десна өзені ұрыстарына қатысты. Вычужанин 1943 жылы 21 қазанда Вычужаниннің взводына Гомель облысы Лоев деревнясы аумағында Днепрден өтіп, полктің арғы бетке өтуін қамтамасыз ету тапсырылды. Плацдармдағы ұрыста ол жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысты. Трофейлік қол пулеметінен жаудың танкіге қарсы зеңбірегі мен миномет расчетін, 100-ден аса әскері мен офицерін жойып, 20 қарсы шабуылын тойтарды. Осы ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Вычужанинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.1.1944). Соғыстан кейін Қостанай облысында тұрды, кейін Калуга облысына қоныс аударды. Нижний Новгород облысы Тонкино кентінде Вычужаниннің атында мектеп бар. аудандық бөлім ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1919 жылы туғандар Санат:1964 жылы қайтыс болғандар |
'''Гаага Конвенциясы''' соғыс заңдарын, бейтарап елдердің құқылары мен міндеттерін белгілеу және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі көп жақты халықаралық келісім. Ол 1899,1907 жылдары Гаага Конвенциясында өткен бейбітшілік бекітілген. Оның алғашқысына 27 мемлекет, кейінгісіне 44 мемлекет қатынасты. Гаага Конвенциясының негізгі шешімі соғысқа байланысты ерекше халықаралық құқық нормаларын белгілеу болып табылады. Келісімге қол қойған мемлекеттердің барлыгы бұл нормаларды орындауға міндетті. Дегенмен кейбір мемлекеттер тарапынан Гаага Конвенциясы жиі-жиі бұзылып отырады. == Дереккөздер == Санат:Тарих |
'''Генерал Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебі'''. Мектеп мемлекеттік және шет тілдерін әскери пәндерді терең оқытумен және күшейтілген даярлығымен орта жалпы білім беру оқу орны ретінде ''«Генерал атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі мемлекеттік мекемені кұру мәселелері»'' туралы ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы №309 қаулысына сәйкес құрылды. Мектеп-интернат түріндегі оқу орны болып табылады, мектептің ұландар деп аталады. Мектеп мынадай қызмет түрлерін: 1) ұландардың шығармашылық, рухани және дене бітімін дамыту мүмкіндіктерін арттыруды, адамгершілік пен салауатты өмір салтының тұрақты негіздерін қалыптастыруды, дарашылдықты дамыту үшін шарттар жасау жолымен санатшылдығын байытуды; 2) азаматшылықты және патриотизмді, өз Отаны ҚР-на деген мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтың әдет-ғұрпын қадірлеуге, кез келген конституцияға және қоғамдық көріністерге қарсы төзбеушілікке тәрбиелеуді; 3) әлемдік және отандық мәдениеттің қол жеткізулерін жинақтауды; қазақ және республиканың басқа да халқының тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын зерделеуді; 4) мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеруді; 5) оқытудың жаңа технологияларын енгізуді, білім беруді 6) жоғары жалпы мәдениетті, адамгершілікті, іскерлік және қасиеттерін қалыптастыруды; 7) ұландарға адамның Құқықтары мен бостандығын сыйлауды дарытуды; 8) білім өсіру процесінің құрамдас бөлігі және мектеп қызметінің негізгі бір түрі болып табылатын тәрбие жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Мектептің негізгі міндеттері: 1)ұлттық және жалпы адамдық қасиеттер негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби қалыптасуына, ғылым мен практиканың қол жеткізулеріне бағытталған мемлекеттік және шет тілдерін және әскери пәндерді терең оқытумен және күшейтілген дене даярлығымен ұландардың жалпы орта білім алуы үшін қажетті жағдай жасау; 2) әскери-кәсіби бейімдеу болып табылады. Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі міндеттері: 1) Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұландарда патриотизм мен халқына және еліне, оның Республиканың Үкіметіне, Қарулы Күштеріне деген адалдық сезімін дарыту, дәстүрлерді құрметтеу; 2) қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ҚР мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау; 3) ұландарда жоғары адамгершілік, және қасиеттерді дарыту; 4) ұландарда құқықтық сананы қалыптастыру, ұжым өмірінің нормаларын сыйлауға тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу, жоғары құқық мәдениетін және тәртіптілікті қалыптастыру; 5) болашақ офицердің жоғары рухани және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұландардың эстетикалық сезімін дамыту, олардың бойына әдемілікке деген сүйіспеншілікті дарыту; 6) салауатты өмір салтына, дене бітімін жетілдіруге қажеттілікті тәрбиелеу; 7) ұландарды әскери оқу орындарында оқыту үшін даярлау мақсатында әскери кәсіптік бейімдеу болып табылады. Мектеп заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) орта жалпы білім берудің екі дәрежедегі жалпы білім беру сәйкес білім беру процесін жүзеге асырады: негізгі (7-9 сыныптар) және жоғары (10-11 (12) сыныптар; 2) ҚР ҚМ (басымдық құқығы бар) және басқа да мемлекеттердің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін біті- рушілерді жібереді; 3) мектепті белгіленген нормалар бойынша оқулықтармен, оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, спорттық заттармен, т.б. жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимыл жасайды; 4) ҚР заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады. == Дереккөздер == Санат:Мектептер |
'''Александр Миронович Герман''' (29.6.1908, Ақмола ауылы 2.1.1959, Ресей, Қиыр Шығыс өлкесі, Дальнегорск кеніші) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, взвод командирі. 1931-33 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген. Соғыс қарсаңында «Тормиқұрылыс» кен орнында есепші болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың тамызынан қатысып, Ленинград, Сталинград, З-Беларусь майданындарында ұрысқа түскен. 3-гвардиялық атты әскер корпусы 32-Смоленск атты әскер дивизиясына қарасты 121- полктің 4-эскадронында взвод командирі, эскадрон командирі қызметтерін атқарды. 1944 жылы 28 маусымда Герман бастаған жауынгерлердің шағын тобына жаудың Березино өзенінің батыс жағасындағы бекінісіне барлау жасап, дивизия бөлімдерін түсіруге қолайлы орын таңдау жүктелді. Герман жауынгерге айнала қорғаныс жасауға бұйырды. Батыл қимылдаудың нәтижесінде жаудың 15 әскерін жойып, барлаушылар штабқа бағалы мәлімет жеткізді. 29 маусымда Германның взводы кеңес әскерлерімен өзеннен бірінші болып өтіп, жаудың станокты пулеметі мен 30-ға жуық әскерін жойды. Шегінген жауды өкшелей куған оның взводы Антосины ауылы үшін болған ұрыста жаудың 80 әскері мен офицерін, танкісін, автокөлігін, станокты пулеметін, минометін жойып, 10 әскерін тұтқынға алды. Батылдығы мен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Германға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Соғыстан кейінгі жылдары Торғай кен орнында Коммунистік партия ұйымының хатшысы қызметінде болды. 1950 жылы кен орны жабылып, 1951 жылдан Қиыр Шығыстағы Дальнегорск комбинатына ауысты. Ақмола ауданы,Торғай атындағы бір көшеге батырдың есімі берілген. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Василий Евстафьевич Головченко''' (1.1.1921, Шығыс Қазақстан облысы,Зайсан қаласы наурыз, 1990, Қостанай қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, майор, батальон командирі. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылган. 1941 жылы майданға жіберілді. Осы жылы Алматы жаяу әскер училищесін бітіріп, қазанда Солтүстік-Батыс майдандағы 338-атқыштар дивизиясының қатарына қосылды. 1943 жылы әскери істі жақсы меңгерген майор Евстафьевич батальон штабының бастығы, кейіннен атқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. 1944 жылы 20 қыркүйекте корпус командирі генерал-майор Олешев Головченконың батальонына Литва Республикасының Юрбаркас қаласы маңында Неман өзеніне және шоссені кесіп өтіп, корпустың басқа бөлімдері келгенше плацдармды ұстап тұруды тапсырды. Екі тәулік бойы Головченконың батальоны жаудың оннан аса қарсы шабуылына тойтарыс берді. Осы ерлігі және батылдығы үшін Головченкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Ленин, рет l-дәрежелі Отан соғысы, 2-дәрежелі Отан соғысы, рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Соғыс аяқталған соң Қостанай облысының әскери комиссары болды. 1967 жылы запасқа шығып, Қостанай мемлекеттік аң аулау инспекциясының бастығы болып қызмет істеді. == Дереккөздер == Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1921 жылы туғандар Санат:Зайсанда туғандар Санат:КСРО майорлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері |
'''Павел Иванович Гончарь''' (1905, Украина, Чернигов облысы,Куликов ауданы, Смолянка селосы 12.1.1943, Ленинград облысы,Киров ауданы, Синявино кенті) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сапер, катардағы жауынгер. Украинадан Қазақстанға 1907 жылы қоныс аударған. Солтүстік Қазақстан облысы,Сергеев ауданы, (қазіргі Шал ақын ауданы) Семиполка селосында трактор бригадасында (1935) жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың шілдесінде шақырылып, Солтүстік Қазақстан облысында жасақталған 314-атқыштар дивизия (7-жеке армияның) 1074-атқыштар полкі кұрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1942 жылы 17 сәуірде ол Ленинград облысы, Подпорожье ауданы, Свирь станциясы маңында ұрыс барысында инженерлік жұмыстармен айналысып жүріп, соғылған «Т-34» танкісіне жақындап қалған бір топ жау әскерлерін байқап қалды. Олармен батыл айқаса кеткен Гончарь бірнеше жау әскерін жойды әpi өзінің жігерлі қимылдарымен танк пен экипажды сақтап калды. 1942 жылы 21 сәуірде зақымданған «КВ» танкісін басып қалуға тырысқан жауды пулеметтен оқ жаудыру арқылы жойып жіберді (25 жау әскері қаза тауып, 50-ден астамы жараланды). Артиллериялық дайындықтан кейін болған қарсы шабуыл барысында Гончарь 30-ға жуық жау әскерін жо йып, 70-тен астамын жаралады. Сапер қызметінде ол бір жерде 220 танкіге қарсы пайдаланылатын минаны, ал тағы бір жерде 128 минаны залал сыздандырды. Синявино биіктігін алудағы ұрыстарда Гончарь 21 жау минасын жойды. Ленинградты қорғауда ерлікпен қаза тапқан Гончарьға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.2.1943). Синявино биіктігіндегі обелискіде оның есімі алтын әріптермен жазылған. Семиполка селосында Гончарьға бюст орнатылып, сол селоның мектебі мен бір көшесіне аты берілген. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:1905 жылы туғандар Санат:Чернигов облысында туғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Шал ақын ауданы тұлғалары |
'''Алексей Федорович Горобец''' (9.4.1922, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Корниловка селосы 16.7.1961, Украина, Одесса қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, байланысшы, майор. Украин, Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылды. 1942 жылдың қаңтарынан Дала майданының 1-армиясына қарасты 92-гвардиялық дивизияның 139-жеке гвардиялық байланыс ротасы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943 жылы 29 қыркүйекте гвардия аға сержанты Полтава облысындағы (Украина) Келеберда селосы аумағында шағын жауынгерлер тобымен өтіп, алдыңғы шептегі байланыс орнатуға қатысты. Келесі күні ауыр жараланғанына қарамастан, зақымданған радио байланысты қайта жандандырды. Горобецке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (20.12.1943). Соғыстан кейін Киев әскери байланыс училищесін (1947) бітірді. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:1922 жылы туғандар Санат:Ертіс ауданында туғандар Санат:1961 жылы қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Андрей Феоктистович Гребнев''' (1912, Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауылы 20.10.1973, Ресей, Пермь қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, генерал-майор Оры ауылы 1934 жылдан Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген. 1938 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіріп, 1939— 40 жылы Кеңес-фин соғысына қатысқан. -Беларусь майданы 48-армия 194-атқыштар дивизиясы 470-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы 24 маусымда оның полкі Задрутье деревнясы (Беларусь, Гомель облысы,Рогачев ауданы) маңында Днепр өзенінен өтіп, плацдармды басып алды әрі ұстап қалды. ''Барановичи, Слоним, Волковыск'' қалаларын (Беларусь) азат етуде көрсеткен ерлігі үшін полковник Горобецке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (6.4.1945). Соғыстан кейін командалық кұрамның біліктілігін жетілдіру курсын (1947), Бас штаб Әскери академиясы жанындағы жогары академиялық курсты (1956) бітірді. 1968 жылы запасқа шықты. рет Ленин, рет Қызыл Ту, 2- дәрежелі Суворов, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Грек-түрік соғысы''' (1919-22) түрік халқының шетелдік басқыншылардан өз елін азат ету жолындағы соғысы. 1-дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Осман сұлтандығына Антанта елдері (Ұлыбритания, Франция, Италия) әскер кіргізіп, ең маңызды аудандарын басып алды. Одақтастар Стамбул қаалсын, бұғаздарды, Шығыс Дракияны, Анталия мен оның төңірегіндегі аудандарды иеленді. 1919 жылы15 мамырда Антанта елдерінің қолдауымен Грекия Измир қаласымен төңірегін бағындырды. Антанта елдері Осман сұлтандығын өзара бөліп алуға кірісті. Мұндай озбырлыққа шыдамаған түрік халқы генерал Мұстафа Кемалдың бастауымен ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Олар Анкара үкіметін құрып, сұлтан төңірегінен біржолата бөлініп шықты да, шетел басқыншыларымен ашық соғысқа кірісті. Антанта елдері жаңа ұлттық үкіметті талқандауды Грекия үкіметіне тапсырды, әрі оған осы еңбегі үшін Измир қаласы мен оның тоңірегіндегі аймақты бермекші болды. 1920 жылы 22 маусымда грек әскерлері шабуылға шығып, партизан жасақтары негізінде құрылған түрік әскерлерін кері шегіндіріп, Балықесир, Бурса қалаларын жаулап алып, Анкараға қарай шабуылға шықты. Грек армиясының 2-тобы еуропалық аймақта шабуылдап, Шығыс Франция аймағын басып алды. 1921 жылдың басында жаңадан құрылған тұрақты түрік армиясы Иненю қалашығы түбінде 1-рет жеңіске жетіп, гректердің шабуылын уақытша тежеді. Антанта елдерінің көмегіне сүйенген гректер адам күші мен жағынан басым болды. 1921 жылы грек армиясының құрамында 96 мың сарбаз, 5600 пулемет, 345 зеңбірек болса, түріктер жағында 51 мың сарбаз, 440 пулемет, 162 зеңбірек болды. 1921 жылы жазда гректер шабуылды қайта бастады. Шілде айында олар Эскишехир, Кютахия, Афьон- Карахисар қалаларын басып алып, тамыз айында Сакария өзеніне жетіп, Анкараға қауіп төндірді. Майдан шебі Анкара қаласынан 30^10 шақырым жерде түрды. Ұлттық халық жиналысы Мұстафа Кемалға төтенше билік беріп, Бас қолбасшы етіп бекітті. 1921 жылы 23 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында Сакария өзені бойында шешуші шайқас болды. 21 күнге созылған қанды қырғында түрік әскерлері грек басқыншыларын талқандап, шешуші жеңіске жетті. Бұл жағдай Түркияның халықаралық жағдайын тұрақтандырып, халықтың еңсесін көтерді. 1921 жылы қазан айында Франция Мұстафа Кемал үкіметімен келісімге қол қойды. Италия үкіметі соғыс әрекеттерінен бас тартуға мәжбүр болды. 1922 жылы тамыз айында түрік әскерлері Батыс Анадолы жерін гректерден азат ету үшін үлкен шабуыл бастады. қыркүйекте Измир қаласы, 13 қыркүйекте Анадолы түбегі жаудан толық азат етілді. == Дереккөздер == Санат:Дүние жүзі тарихы |
'''Жаман''' Қостанай облысы Ұзынкөл және Сарыкөл аудандары аралығында Амангелді ауылының шығысында 24 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 165 биіктікте жатыр. == Гидрографикасы == Аумағы 7,5 км2, енді жері 3,2 км, жағалауының ұзындығы 11,5 км. Пішіні шар тәрізді, суы қараша айында қатып, сәуір айында ериді. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. == Жағалау сипаты == Жанында Камышевое, Шошқалы, Жақсы Жаркөл көлдері бар. Жағалауы сазды, лайлы батпақты, қамыс, құрақ аллювийлі-көлді жазығындағы сортаңды қара топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу, жусан, қайыңдар өседі. Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері Санат:Сарыкөл ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы |
'''Николай Михайлович Григорьев''' (2.12.1925 ж.т., Ресей, Ярославль облысы Старово деревнясы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, кейіннен майор, барлау взводы командирінің әскері қатарына 1943 жылы шақырылып, кіші командирлер мектебіне оқуға жіберілді. Оны бітіргеннен кейін 1-Беларусь майданы 65-армияның 354- атқыштар дивизиясы 1203-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 жылдың қыркүйегінде полктің алдына түн жамылып Нарев өзенінен өту, жаудың әскері мен техника күшін анықтау, сонымен қатар плацдармды алуға тапсырма берілді. Барлаушылар өзеннен өтіп, жаудың мина қойған алаңдары мен инженерлік қоршауынан шықты әрі плацдармды басып алды. Бірақ таңда жау қарсы шабуылға шықты. Ержүрек жауынгерлер шағын жерді тәyлік бойы қорғады, жаудың 301-ден астам әскері жойылды. Осы ұрыста көрсеткен ерлігі үшіи Григорьевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Григорьев Жеңіс күнінен кейін Жапониямен болған соғысқа да қатысты. Саяси құрамды дайындау курсын (1950), Одесса жаяу әскер училищесін (1958) бітірді. 1961 жылы майор шенінде Жезқазған қаласына қоныстанды. Лениннің «Қызыл Жұлдыз», дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) |
'''Александр Иванович Гридинский''' (14.9.1921, Ресей, Рязань қаласы. 7.6.1944, Молдова, Резина ауданы, Распопены селосы.) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, әскери ұшкыш, аға лейтенант. Алматы қаласындағы №15 орта мектепте оқып жүріп, қаладағы аэроклубта сабақ алған. Орынбор қаласындағы әскери авиациялық училищені бітірді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан Калинин, Воронеж, бірінші және екінші Украина майдандарында қатысып, 292-штурмдық әуе дивизиясы, 800-штурмдық әуе полкінде және 9-гвардиялық әуе дивизиясы, 144-гвардиялық штурмдық әуе полкі құрамында, эскадрильяның звено командирі қызметінде болды. Гридинский 152 әскери әуе сапарына шығып, жаудың 20 ұшағын, 35 танкісін жойды. Жаудың ұшағымен болған тең емес ұрыста ерлікпен қаза тапты. Гридинскийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (6.5.1965). Гагарин, Рязань қалаларындағы көшелерге есімі берілген. Екі рет Лениннің Қызыл Ту, І-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Иван Устинович Гринько''' (6.10.1922, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Кузнецовское селосы. 14.9.1989, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, полк командирі, молдован. Орынбор әскери әуе училищесін (1942) бітірген. 1942 жылдың қыркүйегінде майданға аттанды. 1942 жылдың қарашасынан Прибалтика майданының 15 әуе армиясы, 214-штурмдық авиация дивизиясы, 190-штурмдық авиаполктің құрамында болған, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1949 жылдың тамызына қарай капитан Гринько 129 рет әуе сапарына шығып, жаудың әскери техникасы мен әскерін жойған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Гринькоға 1944 жылдың 26 қазанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1946 жылы запасқа шықты. Кеңес әскері қатарына 1952 жылы қайта шақырылған. 1960 жылы запасқа шығып, Орал қаласында тұрды. Ленин, Қызыл Ту, 3-дәрежелі Кутузов, Александр Невский, рет l-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ұлы Отан соғысы ұшқыштары Санат:Оралда қайтыс болғандар |
'''Валентин Сергеевич Гришко''' (22.3.1922, Украина, Житомир облысы Емильчино ауданы 26.10. 1945, Украина, Черкассы облысы Звенигород ауданы Ризино селосы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, рота старшинасы. Украинада Киев мемлекеттік университіндегі шет тілдері мен әдебиеті факултетінде оқыған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың каңтарында шақырылып, сол жылдың ақпанынан бастап 2-Беларусь майданының 3-армиясына қарасты 250-атқыштар дивизиясы 922-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылдың маусымында Днепр Друть (Беларусь жерінде, Днепрдің оң саласы) өзендері аралығында болған шайқаста Гришко ротаны шабуылға бастап, жау траншеясына алғашқылардыц бірі болып енді. Қоян-қолтық айқаста жараланған взвод командирінің міндетін өз мойнына алған старшина пулеметті ыңғайлы позицияға орналастырып, кезекпен үздіксіз оқ жаудыруды бұйырды. Ал өзі жау дзотына қарай еңбектей жөнеліп, оны гранатасымен жойып жіберді де, взводты алға шабуылға бастады. Жүктелген міндетті ойдағыдай орындап, командалық пунктке оралды.1944 жылы 26 маусымдағы кезекті бір ұрыста Гришко жаудың 80-ге жуық әскері мен офицерін жойып, 17 әскерін тұтқынға алды. Ұрыс барысында жараланып, денсаулығына байланысты әскерден босатылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Гришкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Ризино селосында батырға бюст орнатылып, ондағы мектеп пен көшенің біріне, сонымен қатар Киев мемлекеттік университетінің шет тілдері және әдебиеті факултетіне есімі берілген. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:22 наурызда туғандар Санат:1922 жылы туғандар Санат:Емильчино ауданында туғандар Санат:26 қазанда қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар ауданында қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы жаяу әскерлері Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО старшиналары Санат:Ленин орденінің иегерлері ауданында жерленгендер |
'''Иван Иванович Громов''' (''Иван Иванович Гарварт'') (21.7.1917 жылы туған, Қостанай қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия майоры, әуе-десанты полкінің командирі, кейіннен Украинаның 1937 жылы Свердлов (қазіргі Екатеринбург) қаласындағы жаяу әскер училищесіне түсті. 1943 жылдың ақпан айында майданға жібе- рілді. 3-гвардиялық әуе-десанты полкінің (2-Украина майданы, 53-армия, 1-гвардиялық әуе-десанты дивизиясы) командирі, гвардия майоры. Громов 1944 жылы қарашада Тисаселлеш елді мекені (Венгрия, Тисафюредц қаласының тұсындағы жау қорғанысын бұзуда полктің іс-қимылын тапқырлықпен оңтайлы ұйымдастырды. Жаудың көрсеткен табанды қарсылығын жеңіп, Тиса өзенінен бірінші болып өтті. Батыс жағалаудағы плацдармды қорғап қалды. Осы ерлігі үшін Громовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Ленин, рет Қызыл Ту, 3-дәрежелі Суворов, рет l-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін 1949 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны, 1956 жылы Бас штабтыц Әскери академиясын бітірген. Мәскеуде тұрып, 1975 жылы Громов запасқа шықты. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Максим Герасимович Губанов''' (18.1.1920, Ресей, Алтай өлкесі, Егорьев ауданы Титовка селосы 3.7.2006, Украина) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, ұшқыш, гвардия аға тау-кен металлургия Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1939 жылдан Әскери-теңіз флотында қызмет етіп, 1941 жылы Әскерн-теңіз авиациялық училищесін бітірді. 1942 жылдың қазанынан Балтық флотына қарасты Әскери-әуе күштері 8-гвардиялық мина-торпедалық авиация дивизиясы 12-гвардиялық бомбалаушы авиация полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1942 жылдың күзінде ол Ленинград қаласы(қазіргі маңында бомбалау арқылы неміс дивизиясының штабын жойып, нәтижесінде жаудьң шабуыл жоспарын өзгертіп жіберді. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Губарев Григорий Миронович''' (15.8.1925, Ресей, Орынбор облысы Кваркено ауданы Кваркено селосы 24.02..1998, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер. Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1-Украина майданы 21-армия 120-атқыштар дивизиясы 538-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 жылы 21 қаңтарда Висла-Одер операциясы кезінде көрсеткен ерлігі үшін Губаревке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.4.1945). 1968 жылдан Орал қаласында тұрды. Лeнин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:15 тамызда туғандар Санат:1925 жылы туғандар Санат:Кваркено ауданында туғандар Санат:24 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар Санат:Оралда қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы жаяу әскерлері Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО қатардағы жауынгерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:КОКП мүшелері |
'''Константин Яковлевич Губин''' (30.5.1902, Ресей, Ярославль облысы Ярославль ауданы Мологино деревнясы 1989, Ақтөбе облысы Марток ауданы Марток ауылы) Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, батарея командирі, ага лейтенант.1918 жылы Ақтөбе облысына қоныс аударған. 1924-27 жылы Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді. Ташкент қаласындағы әскери училищенің курсын тәмамдады (1927). Әскерден оралғаннан кейін Mapток ауданы партия комитетінде партиялық есеп секторының меңгерушісі қызметін атқарды. Екінші рет әскер қатарына 1941 жылдың қыркүйегінде шақырылып, 1943 жылдың наурызынан 1-Беларусь майданының 69-армиясына қарасты өздігінен жүретін бригаданың қүрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Бронетанк училищесін бітіріп, 1944 жылдың наурызынан өздігінен жүретін қондырғы батареясын басқарды. 1945 жылы 14 қаңтарда Губиннің батареясы Висла өзенінің батыс жағалауындағы жау бекінісін бұзып (Польша, Пулавы қаласынан қарай 15 шақырым жерде), жаудың 30 атыс нүктесін, зеңбірегін зақымдап, 200-ге жуық әскері мен офицерін жойды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Губинге 1945 жылғы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Ақтөбе облысы Марток ауданына оралып (1946), сонда түрлі салаларда еңбек етті. Ленин, Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Сергей Гаврилович Гуденко''' (1915, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Қалдыаман қонысы 23 маусым 1941, Украина) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі, лейтенант. == Өмірбаяны == Украинаға Кеңес әскері қатарына 1936 жылдың қарашасында шақырылған. Қиыр Шығыс майданының 1-Приморье армиясына қарасты 39-атқыштар корпусы 40-атқыштар дивизиясы 120-атқыштар полкінің пулеметшісі Гуденкоға Хасан көлі (1938 жылы 29 шілде 11 тамыз) жанындағы әскери кақтығыстарда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (25.10. 1938). Киев жаяу әскер училищесін бітірген (1940). Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңінде (Украина) қаласындағы жеке пулемет батальонының құрамындағы Гуденконың взводы немістің бірнеше шабуылын тойтарып, өзі осы ұрыстарда ерлікпен қаза тапты. == Естелік және марапаттары == Мамлют ауданындағы Дубровное селосындағы мектеп пен көшеге батырдың есімі берілген. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар |
'''Иван Тихонович Гулькин''' (23.6.1923, Шығыс Қазақстан облысы Алексеевка селосы 13.1945, Германия) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, эскадрилья командирі, гвардия капитаны. Морав ауылы Барнаулдағы (Ресей, Алтай өлкесі) орта мектепте, сонымен қатар қаладағы аэроклубта оқыған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы қаңтарда Барнаул қаласы эскери комиссариатынан шақырылған. 1942 жылы Майкоп (Ресей, Краснодар өлкесі) Әскери-әуе училищесін бітірді. 1942 жылдың мамырынан Дала майданының 5-әуе күштері армиясы 1-штурмдық авиация корпусы 292-штурмдық авиация дивизиясы 667-штурмдық авиация полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943 жылдың қыркүйегіне карай Гулькин 93 жауынгерлік тапсырмамен әуеге көтеріліп, жау техникасымен әскерін жойды әрі әуеде өз тобымен жау ұшағын атып түсірді. КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығымен Гулькинге жауынгерлік тапсырмаларды үздік орындағаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп (4.2.1944), Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды. 1945 жылы наурызда Германия жерінде кезекті тапсырмадан оралмаған. Барнаул қаласындағы көшеге батырдың есімі беріліп, сондағы №25 орта мектеп пен өзі тұрған үйге мемориалдық тақта Қызыл Ту, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1923 жылы туғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар |
'''Жаман Абралы''' Абай облысы Семей қалалық әкімдігі аумағында, Абралы ауылынан қарай 14 км жерде орналасқан оқшау тау. Ащысу және Қарасу өзендерінің суайрығы. == Жер бедері == Абсолюттік биіктігі 1113 м. Жаман Абралы тауы солтүстіктен оңтүстікке қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 14 км. Шығыс беткейлері тіктеу келсе, батысы көлбеулеу келеді. Маңайында Ащыбай, Қарашоқы, т.б. қыстаулар орналасқан. == Геологиялық құрылымы == Силур мен девон жыныстарынан түзілген. == Өсімдігі == Таудың қызғылт қоңыр топырағында австрия жусаны, бетеге өседі. Баурайында бидайықты шалғындар кездеседі. == Дереккөздер == Санат:Семей қалалық әкімдігі таулары |
'''Сергей Константинович Гуляев''' (23.10.1921, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы 29.7. 1986, сонда) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші барлау партиясында коллектор қызметін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылып, 1942 жылдың мамырынан Воронеж селосы майданы 3-гвардиялык танк армиясы 7-танк корпусы 8-жеке барлау батальоны құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 22 қыркүйекте Гуляев екі жауынгермен бірге Канев ауданы Трахтемиров селосының маңында Днепрдің Букрин тармағынан жасырын өтіп (Украина, Черкасск облысы), штабқа қажетті барлау мәліметтерін әкелді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Гуляевке батылдығы мен тапқырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (23.10.1943). Соғыстан кейін Гуляев әскери-саяси училищені бітірді. 1946 жылы запасқа шықты. Риддер қаласында тұрып, сонда еңбек етті. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Юрий Сергеевич Гуров''' (28 5.1924, Ақмола қаласы 17.4.1945. Венгрия, Дьёр қаласы) 2-дүннежүзілік соғысқа қатысушы, рота командирі, кіші қаласында тұрып, сонда кәсіптік училищеде оқыды. Оны бітіргеннен кейін Мәскеу поштасында токарь болып жұмыс істеді. 1942 жылдың наурызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, сол жылы Мәскеу жаяу әскер училищесінде оқыды. 1942 жылдың қазанынан Ұлы Отан соғысына қатысып, Сталинград, Дон, Оңтүстік- Батыс, 3-Украина майдандарында атқыштар взводын, кейін рота басқарған. 1944 жылы 13 сәуірге қараған түні 429-ат- қыштар полкіне қарасты Гуровтың ротасы алғашқылардың қатарында Днестр (Молдова) өзенінін Григориополь ауданы маңынан өтіп, жау плацдармын басып алды. Оны қолдан шығармау үшін рота жауынгерлері жаудың 22 карсы шабуылын тойтарды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Гуровқа батылдығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (9.1944). 1945 жылы сәуірде Югославияны азат етуде ауыр жараланып, госпитальда қайтыс болды. Будапешт қаласында жерленген. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Александр Семенович Гуцало''' (20.3.1917, Ақтөбе қаласы 28.1.1946, Ресей) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, әскери ұшқыш, капитан. Украинаның Тихорецк қаласындағы ФЗО мектебін (Ресей, Краснодар өлкесі) бітіргеннен кейін токарь болып жұмыс істеген. Әскер қатарында жүргенде әуе мектебінде оқи жүріп, (1937) және ұшқыш (1941) мамандықтарын игерген. 2-Беларусь майданы 4-әуе армиясы 269-жойғыш авиация дивизиясы 845-жойғыш авиация полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 494 рет әуеге көтеріліп, 52 әуе ұрыстарында болды. Жеке өзі жаудың 18, ал топпен ұшағын атып түсірген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1946 жылдың 15 мамырында Гуцалоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Тихорецк қаласындағы №12 училище ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Ғани батыр''', '''Әбуғани''' (1902, Қытай, Іле аймағы, Нылқы ауданы, Қарабақ қыстағы 19N4, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ж.Қайыпов ауылы) Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, халық батыры. Гоминьдан өкіметінің езгісіне қарсы шыққаны үшін 1941 жылы Үрімжі абақтысына қамалған. 1944 жылы қамаудан қашып шығып, Іле аймағының Нылқы ауданында Әкбар Есбосынұлымен бірге Гоминьдан өкіметінің қыспағына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырды. Азаттық күресінің барысында партизан отрядын басқарды. Ғани батыр Нылқы ауданын, Құлжа қаласын, Бұратала, Іле аймақтарын жаудан азат етуге белсене қатысты. Шығыс Түркістан Халық Республикасының үкіметі оның ерлігін жоғары бағалап, '''«Халық батыры»'''деген құрметті атақ берді, бірнеше орден, медальдермен марапаттады. Ғани батыр кейін Қазақстанға келіп қоныстанды. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Қазақ батырлары |
'''Ғұндардың аландарды талқандауы''', ғасырдың 2-жартысында Еділ Жайық өңіріндегі ғұндар Қара теңіздің Солтүстік жағалауын жаулап алып, сарматтарды бағындырған кезде аландар ғана табан тіресе қарсылық көрсетті. Бірақ ғұндар 370-72 жылы аландарға ойсырата соққы беріп, жеңіске жетті. Аландардың бір бөлігі ғұндарға бағынғанымен, бір бөлігі Рим империясының жеріне өтіп кетті. Сондықтан олар кейіннен Батыс Рим империясына қызмет етуге мәжбүр болды. Батыс Рим императоры Грациан өзінің әскери жасақтарын осы аландардан құраған. Батыс Римге қызмет еткен аландардың басшысы Сангибан 451 жылы Аттилаға қарсы соғысудан сескеніп, оган өз еркімен берілмекші болды. Дегенмен Сангибан Рим императорының ықпалынан шыға алмай, өз әскерімен Каталаун шайқасына қатысты. '''«Каталаун қырғыны»''' атанған осы шайқаста аландардың әскери күші толығымен талқандалды. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан тарихы ұсынылған мақалалар |
'''Мүслім Қаділбекұлы Даиров''' (19.01. 1959 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы,Зырян қаласы) қазақ, генерал-майор (12.24.2002), 1976 жылы орта мектептен кейін Тюмень жоғары командалық училищесін (1980), В.В.Куйбышев атындағы академиясын (1991), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының жоғары академиялық курсын бітірген (2011). Тюмень жоғары әскери- инженерлік командалық училищесінің курсанты, батальон взводының командиpi, 40 OA мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкі взводының командирі, МСД 40 ОА батальон ротасының және жеке ротасының командирі, Орал ӘО МСП ииженерлік кадр қызметінің бастығы, аймақтық оқу орталығы резерв дайындау және кару-жарақ пен техника сақтау (мотоатқыштар әскері) жеке мотоатқыштар бөлімі инженерлік қызметінің бастығы (1976-88), В.В.Куйбышев атындағы академиясының тыңдаушысы, жеке батальонының командирі, ҚР ҚМ инженерлік әскерлері басқармасы бөлімінің аға офицері, ҚР ҚМ арнайы әскерлер департаменті инженерлік әскерлер басқармасы бөлімінің аға офицері, басқарма бастығының орынбасары штаб бастығы, бас штаб жедел қамсыздандыру департаменті инженерлік әскерлер басқармасы бастығының орынбасары, Бас штаб инженерлік әскерлерінің бастығы инженерлік әскерлер басқармасының бастығы, ҚР ҚК инженерлік әскерлер Бас басқармасының бастығы, арсеналдар мен қаруқоры базасы Бас басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ҚМ ШБК арнайы әскерлер департаментінің бастығы (1988-2007), ҚР ҚМ арнайы әскерлер Бас басқармасының бастығы (2007 жылы маусымынан). Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі «Айбын» ордендері, «Ерлігі үшін» медалі, басқа да медельдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Әскери іс |
'''Искандер Садыкович Даутов''' (2.9.1923, Ресей, Омбы облысы,Есілкөл қаласы 26.9.1943, Украина, Чернигов облысы,Репки селосы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, қатардағы гвардия жауынгері. Татарстаннан 1927 жылы Даутов Петропавл қаласына (Солтүстік Қазақстан облысы) қоныс аударды. Осы жерден мектепті бітіріп, Петропавл ауылының техникумына оқуға түсті. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың 23 карашасында Петропавл қаласы әскери комиссариатынан шақырылды. Даутов қызмет ат- қарған 16-гвардиялық атты әскер дивизиясы жауды қуа отырып, 1943 жылдың күзінде Днепр өзеніне жетті. Даутов алғашқылардың қатарында өзеннен өтіп, қоян-қолтық ұрыста жаудың бірнеше әскерін жойды. Даутов ауыр жараланса да, жауға пулеметінен оқ жаудырып, Кеңес бөлімшелерінің Днепр өзенінен өтуін қамтамасыз етті. 1943 жылы 26 қыркүйекте Нивки деревнясы (Беларусь, Гомель облысы Брагин ауданы) үшін болған ұрыста Даутов ерлікпен қаза тапты. Даутовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.1.1944). Петропавл қаласында батырға бюст орнатылды. Қаладағы училище Даутовтың есімімен аталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1923 жылы туғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар |
'''Дауымшар (1770-1810) Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ жерінің тұтастығын сақтауда көрсеткен ерлігімен, табандылығымен танылған батыр. Кіші жүз құрамындағы адай тайпасынан шыққан. Әкесі Құттықадам Тікенекұлы (1705— 1798) қалмақтармен шайқасқа қатысқан. Орталық Үстіртте, Білеулі керуен сарайынан оңтүстік- шығысқа қарай 25 шақырым жерде жерленген. Дауымшар батыр жөнінде нақты дерекгер аз. Х.Досмұхамедов өз еңбегінде оны ''Атағозы, Сүйінқара, Өтен, Нарынбай, Қүлбарақ, Жапарберді, Мыңбай'', т.б. атақты батырлармен тең қояды. Халық арасында Дауымшар батыр туралы Жемнің сол жақ жағалауында зерттеу жұмыстарын жүргізген экс- педициялық отрядпен (кейбір мәліметтерде орыстар, енді бірінде ағылшындар) болған ұрыста қаза тапты деген аңыз бар. Шайқаста қаза тапқандардың барлығы, соның ішінде қарсыластарының басым күшінен сескеніп, шайқасқа қатысудан бас тартқаны үшін Дауымшардың өз қолынан қаза тапқан.Құдабай батыр да сол жерге жерленіп, ол жер Дауымшар қорымы аталып кеткен. Батырдың бейітіне қару мен ат бейнеленген құлпытас орнатылған. == Дереккөздер == Санат:Қазақ батырлары |
Дәлелхан Сүгірбайұлы '''Дәлелхан Сүгірбайұлы''' (1906 жыл, Қытай, Алтай аймағы, Сарысүмбе ауданы, Көксу қонысы -1949) Қытайдың Шыңжаң өлкесінде болған ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері, генерал-майор. Керей тайпасының Абақ руының Шеруші бөлімінен шыққан. 1933 жылғы Қытай қазақтарының көтерілісіне белсене қатынасқан. Өлкедегі ел басшыларын жаппай тұтқынға алып жатқан кезде Дәлелхан 1941 жылы Қазақстанға өтіп кетті. Кейін аймаққа қайта оралып (1944), Гоминьдан үкіметіне қарсы Үш аймақ көтерілісі басшыларының бірі болды. 1945 жылы Алтай аймағы Гоминьдан үкіметі ықпалынан азат етілгеннен кейін, Алтай аймағы бірінші орынбасары әрі аймақтың әскери округінің қолбасшысы болып тағайындалды. Іле, Тарбағатай аймақтары да азат етіліп, үш аймақтың негізінде Шығыс Түркістан Республикасы құрылған кезде (1946) Дәлелхан үкімет мүшесі және Шығыс Түркістан ұлттық армиясы қолбасшысының бірінші орынбасары, кейін (1946) Алтай аймағының болды және денсаулық сақтау министрі қызметін қоса атқарды. Ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқаны үшін Дәлелханға «Алтын жұлдыз» ордені тапсырылды, «Халық қаһарманы» деген құрметті атақ және генерал-майор әскери шені берілді. Дәлелхан Шығыс Түркістан Республикасының өзге де басшыларымен бірге белгісіз жағдайда ұшақ апатынан қайтыс болды. == Отбасы == Ұлы: Фатхан (Пәтіхан) Дәлелханұлы Сүгірбаев Іле Қазақ автономиялық облысының уәлиі (1954 жылдың қарашасы 1955 жыл, маусым) болды Ұлы: Шыңғысхан Сүгірбаев Ұлы: Зуреш Дәлелхан Ұлы: Мәлен Дәлелханұлы == Дереккөздер == Санат:1906 жылы туғандар Санат:1949 жылы қайтыс болғандар Санат:Қытай қазақтары Санат:Шыңжаң саясаткерлері Санат:Шыңжаң тарихы Санат:КСРО-дағы авиациялық оқиғалар және инцинденттер құрбандары Санат:Қытай КСРО Санат:Алтай аймағының |
'''Дәуқара Қарақожаұлы''' (шамамен 17 ғасырдың соңы 18 ғасырдың ортасы) батыр, би. Есімі байұлы тайпасы құрамындағы байбақты руының ұранына айналған. Дәуқара Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы шайқастарға қатысқан. Ел арасындағы бір аңыздарда дене бітіміне қарай Дәуқара аталыпты делінсе, енді бірінде қарақалпақтар қоныстанған Шымбай Дәуқара маңында көшіп-қонып жүргенде Дәуқара есімі қойылған дейді. Дәуқара батыр есімі батыс өңірінің ақын, жыраулары шығармаларында жиі айтылады. == Дереккөздер == Санат:Қазақ батырлары Санат:Қазақ би-шешендері соғысына қатысушылар |
'''Жаман Айбат''' Жетіқоңыр құмының шығысындағы тау. == Географиялық орны == Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында. Абсолюттік биіктігі 385 м. қарай созылып Азат тауымен жалғасады. == Жер бедері == Солтүстік-батыс беткейі тіктеу, шығыс беткейі көлбеу келген. тегіс тақырлы. == Геологиялық құрылымы == Ордовиктің ортаңғы және жоғарғы кезеңінің тау жыныстарынан түзілген. == Өсімдігі == жазығындағы қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. == Дереккөздер == Санат:Жаңаарқа ауданы таулары |
'''Дәулен Таузарұлы''' (16 ғасырдың 2-жартысы, қазіргі Ресей, Омбы қаласы орнындағы Керейтоғай қонысы 17 ғасырдың басы) -батыр. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей руынан шыкқан. Жас кезінде ауыл молдасынан оқып, діни білім алған. Ермактың басқыншы отрядына қарсы күресте Көшім хан әскеріне көмектескен. Дәуленнің Жалаңтөс баһадүрдің апасы Жамалдан туған он бес ұлы болған. == Дереккөздер == Санат:Қазақ батырлары |
'''Дәулет Герей''' (; 1512−1577) Герейлер әулетінен шыққан 1551-1577 жылдардағы Қырым ханы, Османлы сұлтаны Сүлейменнің бөлесі. == Өмірбаяны == Мүбарак Герей ханзаданың ұлы (1516/1517 ж.ж.) және Қырым ханы Меңлі Герейдің немересі. Мүбарак Герей Османлы сұлтаны Сәлім Явуздың жаулап алуларына қатысып, Мысыр жорығында қайтыс болды. Тарихшы Хәлім Герейдің айтуынша, Мүбарак Герейдің жесірі Қырым хандары Мехмет Герей (1515-1523) мен Саадет Герейге (1524-1532) тұрмысқа шықты. 1530-1532 жылдары ағасы Қырым ханы Саадет Герейдің тұсында ханзада Дәулет Герей қалғай, яғни хан тағының мұрагері қызметін атқарды. 1532 жылы Саадет Герей тақтан бас тартып, жаңа хан Сахиб Герей таққа отырғаннан кейін Дәулет Герей бірнеше жылға түрмеге қамалды. Бостандыққа шыққаннан кейін Дәулет Герей Қырымнан Ыстанбұлға кетіп, бірте-бірте Османлы сұлтаны Сүлейменнің ықыласына ие болды. === Билік етуі === 1551 жылы Османлы сұлтаны туған ағасы Сахиб Герейдің орнына Дәулет Герейді жаңа Қырым ханы етіп тағайындады. Алдыңғы Сахиб Герей ханды биліктен алшақтатылып, жаңа хан Дәулет Герейдің бұйрығымен әрекет еткен інісі Бөлүк Герей өлтірілді. Сахибтің үлкен ұлы әрі мұрагері қалғай сұлтан Әмин Герей (1537-1551) де басқа ұлдарымен бірге өлтірілді. Сол 1551 жылы Дәулет сый ретінде ханзада Бөлүк Герейді қалғай етіп тағайындады, бірақ кейін оны өзі өлтірді. Хан өзінің үлкен ұлы Ахмет Герейді жаңа қалғай етіп тағайындады. 1555 жылы Ахмет Герей қайтыс болғаннан кейін ханның тағы бір ұлы Мехмет Герей қалғай болды. Дәулет Герей хан болғанда, Қырымның барлық бей руларын тыйып, біріктірді, сондықтан оның билігі кезінде елді ішкі толқулар шайқалтпады. === Ресей мемлекетіне жорықтары мен шапқыншылықтары === Дәулет Герей (1551-1577) өзінің көптеген әскери жорықтарымен, негізінен Ресей мемлекетімен соғыстарымен танымал. Ол 1552 және 1556 жылдары орыс патшасы IV Иван Грозный жаулап алған Қазан және Астрахан хандықтарының тәуелсіздігін қалпына келтіруге ұмтылды. 1552 жылдың жазында Иван Грозныйдың Қазан хандығын жаулап алуына жол бермеуге тырысқан Дәулет Герей Ресей мемлекетіне қарсы алғашқы жорығын жасады. Ханның Ресейге қарсы жорығына зеңбіректері бар түрік жаңа шеріктері де қатысты. Алдымен хан Мейіз соқпағы бойымен Рязан жерлеріне беттеп, сол жерден Коломнаға жақындауды жоспарлады. Алайда хан көп ұзамай патшаның өзі көп әскерімен Коломна маңында татарларды күтіп тұрғанын естіп, жоспарын өзгертіп, Тулаға қарай ат басын бұрды. Қаланы қорғауды Тула дуан басы кінәз Григорий Иванович басқарды. Иван Грозный П.М.Щенятев пен А.М.Курбский кінәздар басқаруындағы орыс полктарын (15 мың адам) Тула гарнизонына көмекке жіберді. Қырымдықтар қаланы қоршауға алып, артиллериямен атқылай бастады. 23 маусымда патша көмекке жіберген полктердің жақындап келе жатқанын естіген Тула гарнизоны бекіністен шығып, жауды шегінуге мәжбүрледі. Шайқаста Дәулет Герейдің балдызы Қамберді мырза қаза тапты. Орыстар түрік артиллериясының барлығын басып алды. 1555 жылы көктемде 60 мыңдық әскер басқарған хан Ресей патшалығына қарсы жаңа жорыққа шықты. Ол алдамшы айла ретінде, алдымен орыс патшасының қамқорлығын қабылдаған пятигорсктік шеркестерге беттеді. Осыны естіген Иван Грозный жазда Қырым хандығына қарсы әскери жорық ұйымдастырды. И.В.Шереметев пен Л.А.Салтыков дуан басылары басқарған 13 мыңдық орыс әскері Белевтен Қырым ұлыстарына, Орқапыға қарсы жорыққа аттанды. Жолда Мәскеу дуан басылары Қырым ханы мен оның әскерінің Рязан және Тула жерлеріне шабуыл жасауды көздеп, Северский Донец өзенінен өтті деген хабар жетті. Кінәз А.М.Курбскийдің айтуы бойынша түрік жаңа шеріктері мен зеңбіректерінің жасақтары Қырым ханы басқарған жасақтың құрамында түрік жаңа шеріктері мен зеңбіректер болды. Мәскеуден Тулаға дейін әскерді қарсы Иван Грозный патшаның өзі де шықты. Иван Грозный жасақтарының Коломнадан Тулаға шыққанын естіп, екі оттың ортасында қалудан қауіптенген Қырым ханы ордасын кері бұрып, күтпеген жерден Судбище ауылының маңында Шереметевтің жасағына тап болды. Ол шайқасқа араласпай, арбалы керуенін тастап, оңтүстікке қарай тез жылжыды. Шереметев арбалы керуенді алып, алты мың жауынгермен бірге Мценск, Рязан қалаларына жөнелтті. Бірақ келесі күні таңертең хан шағын орыс әскеріне шабуыл жасады. 1555 жылы шілдеде Судбищи ауылы маңындағы шайқаста (Туладан 150 шақырым жерде) Қырым ханы орыс әскерін талқандай алмады. «Судбищедегі» шайқаста татарлар мен түріктер ауыр шығынға ұшырады, қаза тапқандардың арасында ханның ұлдары Ахмет Герей қалғай мен Қажы Герей де болды. Орыс әскерінің негізгі күштерінің жақындауынан қауіптенген Дәулет Герей шайқасты тоқтатып, дала ұлыстарына жол тартты. 1556 жылы орыс әскери адамдары мен дон казактары түрік және қырым иеліктеріне бірнеше рет жорық жасады. Ислам Кермен, Очаков, Керіш қирап, бірнеше қырым жасақтары талқандалып, «тілдер» тұтқынға алынды. 1557 жылдың көктемінде Дәулет Герей көп әскерімен днепрлік Хортиса аралындағы Запорожие казактарының бекінісін 24 күн бойы қоршауға алып, басып алды. Кінәз Дмитрий Вишневецкий басқарған Запорожие казактары жаудың барлық шабуылдарына тойтарыс беріп, оны шегінуге мәжбүр еткізді. 1558 жылы қаңтарда Қырым ханы орыс әскерлерінің Ливонияға жорығы туралы хабар алып, Оңтүстік Ресей жеріне қарсы үлкен жорық ұйымдастырды. Ханның үлкен ұлы Мехмет Герей қалғай бастаған 100 мыңдық әскер Рязан, Тула және Кашираға шабуыл жасауды көздеп, Донец өзенінен өтті. Мехмет Герей қалғай Мечи өзеніне жетіп, орыс әскерлерінің Ока өзеніне жиналғаны туралы мәлімет алып, далаға қарай кері шегінді. Орыс дуан басылары татарларды Оскола өзеніне дейін қуды, бірақ оларға жете алмады. Сол жылдың жазында кінәз Дмитрий Вишневецкий бастаған орыс әскерилері мен Запорожие казактары өзен қайықтарымен Днепрден төмен түсіп, Қырым татарларының жасақтары мен елді мекендерін де қиратып, Орқапыға жетті. 1559 жылдың жазында кінәз Дмитрий Иванович Вишневецкий казактар және орыс жауынгерлерімен бірге кемелерге мініп, Донның төменгі ағысында түсіп, Қырым иеліктеріне жаңа шабуыл жасады және Айдар өзеніндегі 250 адамнан тұратын қырым татарларының жасағын талқандады. Дәл осы кезде Даниил Адашев басқарған екінші орыс жасағы Днепр бойымен төмен түсіп, Қырымның батыс жағалауын ойрандады. Орыстар өздеріне қарсы жіберілген Қырым жасақтарын талқандап, көптеген орыс және литвалық тұтқындарды босатып алды. 1562 жылы мамыр-шілдеде хан оңтүстік орыс жерлеріне жаңа жорық жасады. 15 мың адамдық Қырым татар әскері Мценск, Одоев, Новосил, Болхов, Черни, Белев төңірегін ойсыратты. 1563 жылдың көктемінде Қырым ханзадалары, Дәулет Герейдің ұлдары Мехмет Герей мен Әділ Герей Мәскеудің шекаралық иеліктеріне кезекті жорық жасады. 10 мың адамдық Қырым татар әскері Дедиловск, Пронск, Рязан жерлерін күйретті. 1564 жылы қазанда Дәулет Герей оңтүстік орыс иеліктеріне тағы бір шабуыл жасады. Хан мен оның екі ұлы бастаған 60 мыңдық Қырым әскері Рязан жеріне шабуыл жасады. Ханның өзі Рязанға жақындап, қаланы қоршауға алды, бірақ орыс гарнизоны татарлардың барлық шабуылына тойтарыс берді. Қырымдықтар Рязан төңірегін қатты қиратып, ойрандап кетті. Рязан ішінде алты күн болған соң, олар далаға қарай қайтып кетті. 1565 жылдың күзінде Дәулет Герей шағын әскермен Оңтүстік орыс иеліктеріне тағы да шабуыл жасады. қазанда хан Болховты қоршауға алды, бірақ сол күні орыс полктары жақындағанда түнде далаға қарай шегінді. 1569 жылдың жазында Османлы сұлтаны II Сәлім Астраханға қарсы үлкен түрік-қырым жорығын ұйымдастырды. Қасым паша басқарған 17 мыңдық түрік әскері Кефеден жолға шықты. Кешуде Дәулет Герей өзінің 50 мыңдық әскерімен түріктерге қосылды. Түрік қолбасшылығы Дон мен Еділ арасында арна салып, зеңбірегі бар кемелерді Еділге апарып, одан кейін Астраханға түсіп, қаланы басып алуды жоспарлады. Алайда түріктер арна қазып, кемелерін Еділге сүйреп апара алмады. Қасым паша артиллериясы бар кемелерді Азақ қайтарып, ханмен бірге Еділге жорық тәртібінде аттанды. 16 қыркүйекте түріктер мен қырым татарлары Астраханға жақындады, бірақ артиллерияның жоқтығынан бекініске шабуыл жасауға тәуекел етпеді. Астрахандағы орыс гарнизоны адамдармен күшейтіліп, зеңбіректері болды. Иван Грозный кінәз П.С.Серебряный басқарған өзен әскерін Астраханға көмекке жіберді. Алдымен Дәулет Герей әскерімен Қырымға шегінді, ал 26 қыркүйекте Қасым паша түрік әскеріне Донға шегінуді бастауға бұйрық берді. Шегіну кезінде түріктер үлкен шығынға ұшырады. 1570 жылдың көктемінде Дәулет Герей орыс иеліктеріне қарсы жаңа жорық ұйымдастырды. Мехмет Герей қалғай мен Әділ Герей ханзадалар басқарған әскер (50-60 мың адам) Рязан мен Кашира жерлерін ойрандады. 1571 жылдың көктемінде Дәулет Герей Осман империясының қолдауымен және Речпосполитамен келісе отырып, Мәскеуге қарсы әйгілі жорығын бастады, бұл жорық Мәскеудің өртенуімен және көптеген оңтүстік Ресей аймақтарының ойрандалуымен аяқталды. Алғашында хан Козел жерлеріне жорық жасаумен шектелмек болып, әскерін Ока өзенінің жоғарғы ағысына апарды. Окадан өтіп, қырымдықтар Болхов пен Козелскке қарай беттеді. Бірақ хан жолда орыс жағынан бір қашқынның Мәскеуге бару туралы ұсынысын қабыл алды. Сатқын Құдаяр Тишенков ханға өз әскерін Ресей дуан басылары шабуыл күтпеген Жиздра өзенінің жоғарғы ағысындағы қорғансыз «өрмелерден» өткізуге уәде береді. Мамыр айының ортасында 40 мыңдық әскер орыс полктарын айналып өтіп, Перемыш маңындағы Жиздра өзенінен өтіп, Мәскеуге қарай жылжыды. Иван Грозный өз өміріне алаңдап, Мәскеудің жанынан «жағадан» Ростовқа қашады. Орыс дуан басылары, кінәздар И.Д.Бельский, және М.И.Воротынский Қырым әскерлерінің басып кіруінен хабардар болып, ханнан озып шығуға тырысып, Коломнадан Мәскеуге аттанады. 23 мамырда орыс полктары Мәскеуге жақындап, астананың төңірегіне орналасып, қорғанысқа дайындалды. Көп ұзамай дуан басылар Қырым татарларының алдыңғы қатарлы жасақтарымен шайқасқа түсіп, оларды шегінуге мәжбүр етті. 24 мамырда хан Дәулет Герейдің өзі негізгі күштерімен Мәскеудің шетіне жақындап, Коломенское ауылына тоқтады. Хан Мәскеуге 20 мың әскер жіберіп, қала маңындағы елді мекендерді өртеп жіберуді бұйырды. Үш сағаттың ішінде Ресей астанасы толығымен дерлік өртеніп кетті. 25 мамырда Дәулет Герей әскерімен астанадан оңтүстікке Кашира мен Рязан бағытында шегініп, тұтқындарды ұстау жолында өз жасақтарының бір бөлігін таратып жіберді. Мәскеу жорығы нәтижесінде Дәулет «Тақты Алған» () деген лақап атқа ие болды. Жорықтың нәтижесі: ондаған мың орыс қаза тапты, 150 мыңнан астамы құлдыққа алынды. Осыдан кейін Дәулет Герей Иван Грозный патшаға елшілік жіберіп, Қазан мен Астраханды оған беруді талап етеді. Жағдайдың қиын екенін көрген Иван Грозный Астрахан хандығын Дәулет Герейге беруді ұсынады. Алайда хан енді бүкіл Ресей мемлекетін бағындыруға болады деп есептеп, одан бас тартты. Келесі 1572 жылы Осман империясының қолдауына ие болған Дәулет Герей Ресей жеріне қарсы жаңа жорық үшін 120 000 әскер: 80 мың қырымдық мен ноғай, 33 мың түрік, мың түрік жаңа шеріктерін жинады. Шілденің аяғында Қырым ордасы Серпуховқа жақындап, орыстың шағын сақшылар тұратын жерлерді талқандап, Ока өзенінен өтті. Серпухов жолында Дәулет Герей Мәскеуге қарай жылжыды. Серпухов, Таруса, Калуга, Кашира және Лопасна қалаларында полктары бар орыс дуан басылары шегінуге жолдарын кесіп, Қырым әскерінің артынан Мәскеуге қарай аттанды. 1572 жылы 30 шілде тамызда Мәскеуден 50 шақырым жерде орналасқан Пахра өзенінде Молоди шайқасында кінәз Михаил Иванович Воротынский мен Дмитрий Иванович Хворостинин басқарған 25 мың адамдық орыс әскері қырым-осман әскерін жойды. Шайқастарда қырымдықтар мен түріктер қыруар шығынға ұшырап, қырымның атақты қолбасшысы Дивей мырзатұтқынға түсіп, ноғай мырза Тереберді қаза тапты. Қайтыс болғандардың арасында ханның ұлдары Шардан Герей мен Хасболат Герей ханзадалар да бар. тамызға қараған түні орыс әскерлерінің қууна байланысты Қырым ханы асығыс оңтүстікке қарай шегінді. Дәулет Герей қуудан құтылу үшін бірнеше тосқауыл қойды, ал орыстар оларды талқандап, қиратты. 1572 жылы шілдеде Ресей шекарасын кесіп өткен үлкен әскердің 5-10 мыңы Қырымға оралды. Бұл жорық Қырым хандығының Ресей мемлекетіне қарсы жасаған соңғы ірі әскери жорығы болды. Одан кейінгі жылдары Дәулет Герей орыс иеліктеріне қарсы жеке өзі бастап барған жоқ. Мәскеу маңайына тек оның ұлдары, қырым мен ноғай мырзаларын аз ғана күшпен шабуыл жасады. Дәулет Герей өмірінің соңында оның үлкен ұлдары Мехмет Герей қалғай мен Әділ Герей арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлады. Дәулет Герей 1577 жылы 29 маусымда обадан қайтыс болды. Бақшасарайда жерленді. Оның орнына үлкен ұлы II Мехмет Герей қалғай (1577-1584) келді. == Дереккөздер == Санат:Қырымда қайтыс болғандар Санат:Қырым хандары Санат:XVI ғасыр билеушілері Санат:Обадан қайтыс болғандар Санат:Хан зиратында жерленгендер |
(кейбір деректерде Даулеткеле, жылы белгісіз) сұлтан. Қытайда білім алған, қытай тілін жақсы меңгерген. Дәулеткерей дипломатиялық тапсырмалармен бірнеше рет Пекинде болған. 1760 жылы Жолбарыс сұлтанмен бірге Абылайдың Қытайға жіберген елшілігін бастап барды. Елшіліктің басты міндеті кезінде ойраттар басып алған қазақ жерлерінің босауына байланысты, мұнда қазақтардың еркін көшіп-қонуына қатысты мәселелерді шешу болды. Сонымен қатар қазақтарға тұтқынға түскен Цинь императорының қол астына қарайтын ұранқайлықтарды қайтару осы елшілікке тапсырылды. Пекинде бұл елшілікке барлық сый-құрмет көрсетілді. Қазақ-Қоқан шиеленісуіне байланысты Дәулеткерей Абылайдың тапсыруы бойынша 1767 жылы Қытайға (әскери көмек сұрау мәселесімен) қазақ елшілігін бастап барды. == Дереккөздер == Санат:Қазақ сұлтандары Санат:Қазақ хандығы қайраткерлері Санат:Төрелер |
'''Дәуіт Асауұлы''' (туған-өлген жылы белгісіз) батыр. 19 ғасырдың 50-жылдарында Орынбор ведомствосына қарайтын табын руының қарақойлы бөлімшесінің басқарушысы болған. 19 ғасырдың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүз қазақтарының көтерілістеріне Есет Көтібарұлымен бірге жетекшілік жасағандардың бірі. 1855 жылы Орынбор өлкесінде Есет Көтібарұлы мен Дәуіт бастаған шектілер мен табындардың наразылығы болды. Көтерілісшілер қазақ даласына жазалау отрядтарын жіберуді тыюды, қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтатуды, түтін салығын жоюды, Жем, Елек, Қобда, Жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасап, шаруаларға жайылымдық жерлерге еркіндік беруді талап етті. Қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылығы кейін де жалғасты. Дәуіт Ресей үкіметінің 1867-68 жылы жүргізген әкімшілік және сот реформаларына наразылық білдіріп, 1869 жылы Орал мен Торғай облыстары қазақтарының көтерілісіне басшылық жасағандардың бірі болды. ==Тағы қараңыз== Дәуіт ата қорымы == Дереккөздер == Санат:Қазақ батырлары қозғалыстар қатысушылары |
Астыда Арсенал футбол клубының 1897 жылдан бастап осы күнге дейінгі басты бапкерлер тізімі келтірілген. Арсенал тарихында клубты 18 жаттықтырушы баптаған (бұл тізімге міндет атқарушылар жатқызылмаған). Арсен Венгер клуб тарихында бапкер ретінде ең көп уақыт өткізген және ең танымал бапкер болып саналады. Сурет:Herbert Чепмен «Арсеналды» чемпион жасаған алған бапкер Сурет:Arsene Венгер, 1996-2018 жылдан бері «Арсенал» бапкері == Статистика == "Ақпарат 2008 жылдың қазанына сәйкес. Статистикаға ресми ойындар ғана енгізілген. Пенальти соғу нәтижелері саналмады." Аты Ұлты Жұмысты бастады Жұмысты аяқтады Ойындар Жеңістер Тең түсулер Жеңілістер Гол соғылды Гол жіберілді жеңіс Трофейлер Томас Митчелл Шотландия тамыз 1897 наурыз 1898 26 14 66 46 53.85 Джордж Элкот Англия наурыз 1898 мамыр 1899 43 23 14 92 55 53.49 Гарри Брэдшоу Англия тамыз 1899 мамыр 1904 189 96 39 54 329 173 50.79 Фил Келсо Шотландия шілде 1904 ақпан 1908 152 63 31 58 225 229 41.45 Джордж Морелл Шотландия 10 ақпан 1908 19 сәуір 1915 292 103 73 116 358 411 35.27 Джеймс Макивен* Англия 19 сәуір 1915 10 сәуір 1919 100.0 Лесли Найтон Англия 10 сәуір 1919 16 маусым 1925 268 92 62 114 330 380 34.46 Герберт Чепмен Англия 11 маусым 1925 қаңтар 1934 403 201 97 105 864 598 49.88 Бірінші Дивизионда жеңіс1 Англия Кубогы, Англия Суперкубогы Джо Шоу және Джон Питерс* Англия қаңтар 1934 28 маусым 1934 23 14 44 29 60.87 Бірінші Дивизионда жеңіс Джордж Эллисон Англия 28 маусым 1934 31 маусым 1947 279 129 74 76 534 327 46.24 Бірінші Дивизионда жеңіс, Англия Кубогы, Англия Суперкубогы Том Уиттакер Англия маусым 1947 24 қазан 1956 429 202 106 121 798 568 47.09 Бірінші Дивизионда жеңіс, Англия Кубогы, Англия Суперкубогы Джек Крэйстон** Англия 24 қазан 1956 19 маусым 1958 77 33 16 28 142 142 42.86 Джордж Свиндин Англия 21 маусым 1958 маусым 1962 179 70 43 66 320 320 39.11 Билли Райт Англия маусым 1962 13 маусым 1966 182 70 43 69 336 330 38.46 Берти Ми** Англия 20 маусым 1966 маусым 1976 539 241 148 150 739 542 44.71 Бірінші Дивизионда жеңіс, Англия Суперкубогы Жәрменке Кубогы Терри Нил Солтүстік Ирландия шілде 1976 16 желтоқсан 1983 416 187 117 112 601 446 44.95 Англия Кубогы Дональд Хоуи** Англия 16 желтоқсан 1983 22 марта 1986 117 54 32 31 187 142 46.15 Стив Бартеншоу* Англия 23 марта 1986 14 маусым 1986 11 15 27.27 Джордж Грэм Шотландия 14 маусым 1986 21 ақпан 1995 460 225 133 102 711 403 48.91 Бірінші Дивизионда жеңіс, Англия Кубогы, Лига Кубогы, Кубоктар Кубогы, Англия Суперкубогы Стюарт Хьюстон* Шотландия 21 ақпан 1995 15 маусым 1995 19 29 25 36.84 Брюс Риок Шотландия 15 маусым 1995 12 тамыза 1996 47 22 15 10 67 37 46.81 Стюарт Хьюстон* Шотландия 12 тамыза 1996 13 қыркүйек 1996 11 10 33.33 Пэт Райс* Солтүстік Ирландия 13 қыркүйек 1996 30 қыркүйек 1996 10 75.00 Арсен Венгер Франция қазан 1996 31 мамыр 2018 679 391 169 119 1228 613 57.58 Ағышлын Премьер-Лигасы, Англия Кубогы, Англия Суперкубогы ;Нұсқама Бас жаттықтырушы мiндетiн атқарушы болды. Ресми тағайындалғанға дейін бас жаттықтырушы мiндетiн атқарушы болды ;Түсініктер :'''A''' Макивен ресми басты бапкер болып бірақ іс жүзінде бас бапкер міндеттерін атқарған. :'''B''' Джо Шоу бас жаттықтырушы мiндетiн атқарушы, ал Джон Питерс хатшы мiндетiн атқарушы болды. Бұл жаттықтырушы және хатшы міндеттерін екі адамға бөлген алғаш жағдай болып табылады. :'''C''' Уиттакер 1956 жылы науқасқа шалдыққан. Ресми қайтыс болғанға дейін бас бапкер ретінде қалғанымен, іс жүзінде бапкерлік жұмыстарды Джек Крэйстон атқарды. Сол уақытқа Крэйстон статистикасы: 14 ойын, жеңіс, тең түсу, жеңіліс, 31 гол соғылды, 25 жіберілді. :'''D''' Венгер статистикасы 1999 жылдың 13 ақпанында ойналған Шеффилд Юнайтедке қарсы Англия Кубогы ойының да қосады, матч 2-1 Арсенал жеңісімен аяқталады. Алайда Венгер матчтың қайта ойналуын қалайды, өйткені өз командасының соңғы голы Fair Play принциптерін бұзу салдарынан соғылды. == Дереккөздер == Санат:Арсенал ФК (Лондон) бапкерлері |
'''Арсен Венгер''', OBE (; 22 қазан 1949, Страсбург) француз футбол жаттықтырушысы. Футбол тарихындағы ең танымал олжалы бапкерлердің бірі болып саналады. == Білімі == Страсбург Университетінің инженерлік факультетін тамамдаған (1974 жылы), экономикалық ғылымдар магистрі. Ана тілінен басқа (француз тілі, эльзасс диалекті бес тілді біледі: ағылшын, неміс, итальян испан және жапон тілдері. == Футболшы == Жас кезінде оның пірлері Раймон Копа мен Пеле болған. «Мютциг» (AS Mutzig) әуесқой командасында орталық қорғаушы позицияда сынға түседі. Алғашқы кәсіпшілік келісіміне 24 жасында 2-ші дивизион клубы «Мюлузбен» (FC Mulhouse) қол қояды, мансабын 3-ші дивизион клубы Страсбурде жалғастырады. Жоғары денгейде Страсбур (RC Strasbourg) клубында ойнайды, сезонда 12 ойынға қатысады. 1978/1979 жылғы сезонда Франция чемпионы атағын алып, УЕФА Кубогының бір ойынына қатысады. == Бапкер == 1981-1994 жылдар аралығында Францияда бапкершілік жұмыстармен айналысқан: 1981-1983 жылдары «Страсбур» жасөспірімдер командасының бапкері, 1983-1984 жылдары «Канне» (AS Cannes) бапкерінің көмекшісі болып қызмет атқарды. 1984-1987 жылдары Нанси футбол клубының бас бапкері, 1987-1994 жылдары Монако футбол клубының бас бапкер қызметін атқарады. 1987/1989 маусымда Монако Франция чемпионы болып, ал 1992 жылы күміс медаль жүлдегерлері болады. 1989 жылы Франция Кубогы финалисті, 1991 жылы Франция Кубогы иегері, 1992 жылы Кубок Иегерлері Кубогының финалисті болады. 1995-1996 жылдары «Нагоя Грампус Эйт» (Нагоя, Жапония), клубын жаттықтырды, 1995/1996 маусымында Император Кубогы және Джей-Лига Кубогының иегері болды. Маусым нәтижелері бойынша Жапониядағы үздік бапкер болып атанды. === «Арсенал» бас бапкері === 1996 жылдан бастап Арсенал (Англия) клубын жаттықтырады. Венгермен клуб Англия чемпионы (1997/1998, 2001-2002, 2003/2004 жылғы маусымдар), Англия Кубогы (1997/1998, 2001/2002, 2002/2003, 2004/2005 жылғы маусымдар ), Англия Суперкубогы (1998/1999, 1999/2000, 2002/2003, 2004/2005 жылғы маусымдар) иегері, Чемпиондар Лигасының финалисті және УЕФА Кубогы финалисті (1999/2000 жылғы маусым) болды. Арсеналды басқарғаннан кейін, әдейі футболшылардың функционалды дайындығына жауапты мамандар бригадасын құрады. Әр ойынша жеке жаттығу және қалпына келтiру процедуралар бағдарламасын алды. Әр футболшыға жеке арнаулы диета дайындалды. Бұл шаралар клубтың жоғарғы нәтижелерге жетуге септігін тигізді. Өзінің табысты және белсенді селекциялық саясатымен әйгілі Арсен кезінде клуб жас ойыншыларды сатыр алып, олар кейіннен "жұлдыздарға" айналады. Англия оны «Профессор» деп атайды. Ұлттық чемпионатты ұтып алған Англиядағы тұнғыш шетел бапкері. "Алтын дубль" жасаған Англиядағы тұнғыш шетел бапкері (Ұлыбританиядан емес бапкер) яғни бір маусымда чемпионатты да Кубокты да жеңді. "Жыл бапкері" атанған тұнғыш шетел бапкері. Арсеналмен жұмысын жалғастырғысы келіп, 2001 жылы футболдан Францияда ұлттық құрамасының бапкер орнынан бас тартады. Жанкүйерлердің үлкен сеніміне ие, осыған орай «Arsene knows» фразасы кең таралған («Арсен біледі»). 2018 жылы мамыр айында бұл қызметінен өз еркімен босады. == Дереккөздер == == Сілтемелер == Arsenal.com сайтындағы Арсен Венгер өмірбаяны Sports.ru сайтындағы өмірбаяны Eurosport.ru сайтындағы блогы (ағылшын нұсқасынан аударма) Санат:Арсенал (футбол клубы, Лондон) басты бапкерлер тізімі Санат:Франция футболшылары Санат:Арсенал Лондон ФК Санат:Франция футбол |
'''Николай Куприянович Делегей''' (24.10.1911, Украина, Хмельницкий облысы,Изяслав ауданы,Комыны селосы 3.10.1945) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия майоры, тобының командирі. Украинадан Кеңес әскері қатарына 1932 жылы шақырылып, 1933 жылы шекарашылар училищесіне түсті. Харьков шекарашылар училищесінің авиация бөлімін бітіріп, 1940 жылға дейін Алматы қаласындағы шекара округінің 3-дербес авиация эскадрильясында қызмет атқарды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап майданға келді. Ол неміс ұшақтарын алғаш 1941 жылдың 17 желтоқсанында атып түсірген. Гвардия майоры Делегей бастаған топ өзінің әскерлерін әуеде қорғауға шыққан кезде, жетекші ұшақ «Мессершмитті» атып түсірді. Осы сәтте командирдің тобына жаудың алты «Ме-109» ұшағы жақындап қалғанын байқаған Делегей жау ұшағына қарсы шабуылға шықты. Делегей жақындап келіп соңғы «Ме-109» ұшағын жерге қарай құлдыратты. Ол 200-ге жуық жауынгерлік тапсырмамен 30-дан аса әуе шайқасына қатысты. 1944 жылдың ақпан айына дейін 172 рет әскери тапсырмамен Делегей жеке өзі 15, топтың кұрамында ұшағын атып тұсірді. Әуе ұрыстарында көрсеткен ерлігі үшін Делегейге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.7. 1944). Подполковник Делегей қызмет бабында тапсырма орындау кезінде қаза тапты. Ленин, рет Қызыл Ту, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Демежан Кешубайұлы''' (1860, Қытай, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы 1906, Шәуешек қаласы) Қытайдағы қазақ диаспорасы арасынан шыққан қоғам қайраткері. Бала кезінде Тарбағатай аймағының губернаторы Ши амбының қолында бірнеше жыл аманатта болады. Сонда жүріп ақсүйектер мектебінде оқиды, манжұр, қытай тілдерін меңгереді. Кейін губернаторға көмекші әрі тілмаштық қызмет атқарады. 1884 жылы Шәуешек хаттамасы бойынша Ресей мен Қытай империясы өзара шекара бөліскенде жергілікті әкімшілік атынан аймақ шекарасын белгілеу ісіне қатысқан. 1895 жылы төрт ауыл руының екінші үкірдайы болып сайланады. Демежан ел ішінде мешіт, медресе, мектеп салу, жергілікті халықтың егіншілікпен айналысу ісін ұйымдастырады. Абдыра, Қараүңгір өзендерінен тоған шығарту жөнінде жоғарғы ұлықтың рұқсатын алуға күш салады. Бірақ оның бұл игілікті ісіне халдайлар (ішкі өлкеден шекара күзетіне келген сібе-солаң жұртының атамандары) қарсылық білдіреді. Қалыптасқан тәртіп бойынша таудан аққан ірі өзендер тек халдайлардың меншігі саналатын. Абдыра аңғарында өткен кезекті су таласы кезінде Демежан қазақтан қол жинап, халдайлардың бетін қайтарады. Демежан Ши амбының орнына Тарбағатай аймағының губернаторы болып сайланған, Құлжадан келген Мәтен амбының да қарсылығына ұшырайды. Ол ру арасындағы алауыздықты қоздырып, Демежанды қазақтар арасынан шыққан бүлікші етіп көрсетуге тырысады. Демежанды жалған айыппен қамауға алып, 1906 жылы жазда Шәуешек қаласында дарға асып өлтіреді. Демежан Қ.Жұмаділовтың «Тағдыр» романының басты кейіпкері. == Дереккөздер == Санат:1860 жылы туғандар Санат:Шыңжаңда туғандар Санат:1906 жылы қайтыс болғандар Санат:Қытай қазақтары Санат:Қытай қоғам қайраткерлері |
'''«Демежан батыр»''' тарихи жыр. Шығыс Түркістан және Моңғолия қазақтарына кеңінен тараған. Жырдың үш нұсқасы белгілі. Бүл нұсқалардың мазмүны бір-біріне жақын. Жырға Тарбағатай аймағының орталығы Шәуешек қаласынан шыққан зиялы азамат, халық перзенті Демежан Кешубайұлының ел қорғаудағы ерлік істері арқау болған. Жырдың үш нұсқасының бірі Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы. Жырлаушы Нұрсапа. Екінші бір нұсқа «Тарбағатай» журналында жарияланған (1983, 1). Жырлаушы Тұрсынғазы. Ал үшінші нұсқа «Мұра» журналында жарияланған (1983, №1). Жырлаушы Әнуар Қоңқаұлы. == Дереккөздер == Санат:Қазақ жырлары |
'''Иван Федорович Денисов''' (19 желтоқсан 1924, Лениногорск қаласы Татарстан, 14 мамыр 1995, Алматы, Қазақстан) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия лейтенанты, взвод дейін Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы «Кеңес» ұжымшарында жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылды. 1943 жылы пулеметшілер училищесін бітірген. Генерал Чуйковтың әскері 1944 жылдың шілде айының соңғы күндері Висла өзеніне (Польша) шықты. 102- гвардиялық атқыштар полкіне өзеннен өтіп, Руда Тарновская елді мекені жанында плацдармды қолға түсіру міндеті жүктелді. Өзеннің оң жағалауына 5-атқыштар ротасы өтті. Оның өзеннен сәтті өтуі гвардия лейтенанты. Денисовтың взводының батыл қимылдауына жағдай туғызды. Жаудың негізгі оқ ататын ұяларын бөліп тастап, рота бүкіл полктің өзеннен өтуін қамтамасыз етті. Плацдарм қолға түсті. Келесі күні (1944 жылдың тамызы) 35-гвардиялық атқыштар дивизиясына бағынышты атқыштар полкі Мангушев үшін ұрыс жүргізді. Мұнда Денисов бастаған взвод бөлімшелермен өзара тығыз байланыста болып, немістің өздігінен жүретін зеңбірегінің сүйемелдеуімен ұрысқа шыққан жаяу әскерінің екі шабуылына тойтарыс берді. тамызда Тшебень селосының оңтүстігінде болған шайқаста Денисов пен оның жауынгерлері жаудың барлық соққыларын табандылықпен тойтарып, оны үлкен шығынға ұшыратты. Осындай ерен ерлігін бағалап, Денисовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Денисов 1966 жылдан Алматы қаласында тұрып, сонда еңбек етті. == Дереккөздер == Санат:19 желтоқсанда туғандар Санат:1924 жылы туғандар Санат:14 мамырда қайтыс болғандар Санат:1995 жылы туғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері |
'''Шілденің 3''' Григориан күнтізбесінде жылдың 184-ші күні (кібісе жылдарда 185-ші). Жылдың аяғына 181 күн қалады. == Мейрамдар == Белоруссия, Тәуелсіздік күні Алтай Республикасы, Білім күні Хакасия, Білім күні Қазақстан, Ұлттық домбыра күні == Оқиғалар == 1841 ағылшын астрономы Джон Адамс Нептун ғаламшардын ашылуы туралы жариялады 1915 Түркияда алғашқы қағаз ақшаның шығуы. 1928 Теледидиардын алғашқы сатылымға шығуы 1996 Борис Ельцин екінші мерзімге Ресей Федерациясының президенті болып сайланды == Дүниеге келгендер == 1728 Роберт Адам (1792), ағылшын архитекторы. 1738 Джон Синглтон Копли (1815), америкалық суретші. 1886 Абдул Муис (1959), индонезиялық жазушы. 1897 Джесс Дуглас (:en:Jesse Douglas) (1965), америкалық математик. 1920 Мариян Бадел, Югославия халықының қаһарманы. 1944 Роландас Павилёнис, литвалық философ, тіл маманы, саясаткер == Қайтыс болғандар == 1922 Станислав Козьмян (1836), поляк жасушысы және театр қайраткері 1979 Луи Дюрей (1888), француз композиторы, қоғам қайраткері. == Сыртқы сілтемелер == Санат:3 шілде |
'''Жаман Айбат мыс кен орны''' Жезқазған қаласынан қарай 160 км жерде орналасқан. Қарағанды облысы жерінде. == Геологиялық құрылымы == Кен орны Жаман Айбат антиклиналін бойлай бірнеше км-ге созылған. Антиклинальдың оңтүстік қанаты көлбеу (5 25°), ал солтүстік қанаты флексура түрінде тік құлайды. ==Жатыс сипаты == Кен орны Шығыс, Орталық, Солтүстік телімдерден және 11 жеке кен денелерінен тұрады. Негізгі өндірістік маңызы бар кен денелері «раймунд» конгломераттары қабаттарында шоғырланған. Кен денелері қабат, линза пішіндес, орташа қалыңдығы м. == Құрамы == Кентастар минералдық құрамы бойынша мысты, қорғасын-мысты, қорғасынды, мырышты, күмісті-мысты, ренийлі-мысты болып жіктеледі. Жаман Айбат мыс кен орны ірі мыс кен орындарына жатады. Кен орны толық барланған. == Дереккөздер == Санат:Қарағанды облысы кен орындары |
'''Диқанбай Қапсәлемұлы''', Диқанбай Қапсалаңұлы (шамамен 1800 1876, Жетісу өңірі) батыр, би. Ұлы жүз құрамындағы дулат тайпасының ботбай руынан шыққан. Әкесі Қапсәлем, арғы атасымен ел қорғаған, аты ұранға айналған батырлар болған. Диқанбай ерлік істерімен аты қалған батыр ғана емес, ел арасындағы түйіні қиын мәселелерді шешуге араласқан би ретінде белгілі адам. Қазақ халқының тарихынан мол мағлұмат беретін орыс түркітанушысы Н.Аристов жазып алып жариялаған Диқанбай батыр шежіресі күні бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ. == Дереккөздер == Санат:1800 жылы туғандар Санат:1876 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ батырлары Санат:Қазақ би-шешендері Санат:Қазақстан шежірешілері |
'''Алексей Федорович Дмитриев''' (25.2.1919, Солтүстік Қазақстан облысы,Айыртау селосы 17.10.1944, қаласы) 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, капитан, артиллерияшылар командирі.Кеңес әскері қатарына 1938 жылы шақырылды. Дмитриев Брянск (1941), Беларусь (1944) майдандарында шайқасты. 1944 жылдың тамызында Дмитриев басқарған 214-гвардиялық гаубица артиллерия полкінің (3-Беларусь майданы, 5-армия, 5-артиллериялық корпус, 3-гвардиялық артиллериялық дивизия, 8-гвардиялық гаубица артиллериялық бригадасы) 2-дивизионы 1944 жылы тамызда Францкабуда елді мекені (Литва, Шакяй ауданы) маңында жау шабуылына тойтарыс беріп, танкісін жойды. Жау танкісі мен жаяу әскердің жартысы Кеңес әскерінің бақылау пунктінің қорғанысын ұйымдастырды. Осындай қауіпті сәтте Дмитриев жау оғын өзіне қарай аударды. Жаяу әскер мен танкінің арасын алшақтатып, взвод әскерлерін жинап, жауға қарсы тойтарыс берді. 1944 жылдың 21 тамызында қарсыластарының танкісін жойды. 1944 жылдың 17 қазанында ұрыста қаза тапты. Ұрыста көрсеткен ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Дмитриевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Ленин, «Қызыл Жұлдыз», 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Дмитриев оқыған мектепке есімі берілген. == Дереккөздер == Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Виктор Михайлович Довженко''' (3.3.1920, Ресей, Орынбор облысы, Ташлин ауданы, Ташла селосы 4.3.1945, Польша) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, взвод командирі. Соғысқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы,Симаки селосына қоныс аударды. 1940 жылы қыркүйекте Кеңес әскері қатарына шакырылған. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіріп, 1943 жылдың ақпанынан бастап майданға жіберілді. 1281-атқыштар полкінің (1 -Беларусь майданы, 47-армия, 60-атқыштар дивизиясы) автоматшылар ротасының командирі аға лейтенант. Довженко 1945 жылы 15 каңтарда Калушин елді мекені (Варшава қаласынан карай 25 шақырым) маңындағы шабуыл кезінде автоматшылар тобымен жау тылына өтіп, бірнеше әскерін жойды. 16 қаңтар күні Нова-Двур қаласы жанында алғашқылардың бірі болып Висла өзенінен өтті де, өздігінен жүретін артиллериялық кондырғыны істен шығарып, жаудың әскерін жер жастандырды. Ерліктері үшін Довженкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (27.2.1945). Ұрыста қаза тауып, Варшавада жерленген. Орынбор облысы Ташла селосындағы бір көшеге есімі беріліп, орта мектептің ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. == Дереккөздер == Санат:3 наурызда туғандар Санат:1920 жылы туғандар Санат:Ташлин ауданында туғандар Санат:4 наурызда қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Польшада қайтыс болғандар Санат:КСРО аға лейтенанттары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысындағы рота командирлері Санат:Курск шайқасы қатысушылары Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Варшавада жерленгендер |
'''Дозор''', ''шолғыншы топ''-соғыс жағдайында әскери бөлімнен барлау немесе күзет мақсатында арнайы бөлінетін топ. Мақсаты: негізгі әскери бөлімді жаудың тұтқиыл шабуылынан қорғау, жау әскерлері, табиғи бөгеттер, радиациялық және химиялық жағдайлар туралы мәліметтер жинау, т.б. тапсырмалар орындау. Егер әскери бөлім машиналар колоннасынан тұрса, Дозорға бір танкіден әскери машина) бір взводқа дейін, ал жаяу әскерлер болса, 2-3 солдаттан бөлімше немесе мото-атқыштар взводына дейін бөлінеді. Әскери теңіз флотында Дозорлар жау әскері пайда болуы мүмкін бағытқа арнайы жіберілетін кемеден немесе ұшақтан тұрады. == Дереккөздер == Санат:Қарулар |
'''Николай Иванович Должанский''' (1917, Ақмола облысы,Зеренді ауданы,Зеренді ауылы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, ұшқыштардың звено бітіргеннен кейін Алматыдағы жол басқармасында техник болып жұмыс істеді және аэроклубта оқыды. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, Чкалов әскери авиациялық училищесін (Орынбор облысы) тәмамдады. Одан кейін 165-гвардиялық штурмдық авиаполкінде ұрыстарға қатысты. Должанский алғашқы ұшу тапсырмасын 1943 жылдың шілдесінде бастады. Белгород-Курск бағытында шабуыл жасап келе жатқан неміс танкілері мен жаяу әскерлеріне Томаровка ауданынан 12 «Ил» ұшағы жаудың 10-ға жуық жойғыш ұшақтарымен кездесті. Жетекші ұшқыш Должанскийдің тәжірибесі мен бүкіл топтың батыл қимыл көрсетуі арқасында жаудың «Мессершмитт» пен «Фокке-Вульф» шабуылына тойтарыс берілді. 1943 жылдың 18 қыркүйегінде Орел мен Белгород түбінде вермахтың тандаулы дивизиясын талқандап, Днепр өзеніне шығып, Киев қаласының солтүстігінде шайқас басталды. Осы күні 18 «Ил» ұшағы жаудың Качев, Калееница аудандарындағы бекіністеріне тыл жағынан шабуыл жасады. Должанский осы ұрыста жаудың зенитті зеңбірегін, дзотын және 20-ға жуық әскерін жойды. Днепр мен Киевті азат ету үшін болған шайқастар кезінде Должанский жауынгерлік тапсырмамен 54 peт ұшты. Оның ұрпағы ''Букрин, Черныш, Пищальник, Пивца, Липовый Рог, Пуща Водица'' және ''Васильков'' елді мекендерінен өтті. 1944 жылдың күзінде Должанский 113 рет жауға қарсы аттанды. Ұрыстарда корсеткен ерлігі үшін Должанскийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1944), сонымен қоса Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды. Кейіннен Должанский екі рет Қызыл Ту, l-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Досалы сұлтан Бұлқайырұлы''' (туған 1795) Қобда және Елек өзендері маңындағы қазақ руларының басшысы, Нұралы ханның немере інісі. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына (1773- 75) қатысып, олардың Орынбор, Жайық қалаларын қоршауға алуына атсалысты. 1775 жылы Пугачев көтерілісі жеңілгеннен кейін «көрінбес адам» қозғалысына қатысты. Бірақ кейін өзінің ұстанған бағытынан ауытқып, қозғалысқа қарсы шықты. == Дереккөздер == Санат:Қазақ сұлтандары Санат:Төрелер |
'''Досқара батыр Байкісіұлы''' (18 ғасырдың ортасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Марқаш соры көлінің жағалауы 19 ғасырдың 30- жылдары) батыр. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасының көшебе руынан шыққан. Оның «қос батыр» атанған ''Есқара, Досқара'' есімді екі ұлы да 1770-71 жылы болған соңғы қазақ-қалмақ соғыстарына қатысқан Досқара батыр сондай-ақ 18 ғасырдың соңғы ширегінде Батыс Сібірде Ресей отаршылдарына қарсы күреске белсене қатысып, ерлігімен көзге түскен. Досқара батырдың ерлігін ''Жанкісі, Шал ақын, Жанақ ақын, Көтеш, Салғара'', т.б. өз жырларына арқау еткен. Досқара батырмен замандас Көшен Бауыржанұлы «Досқара батыр» жырында оның батырлыгымен қатар күйшілік өнері болғанын да айтады. «Кер жорға», «Қызыл нар», «Жаралының зары» атты күйлері жазып халық арасына көп таралмаған. == Дереккөздер == Санат:XVIII ғасырда туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:1830 жж. қайтыс болғандар Санат:Қазақ батырлары соғысына қатысушылар қозғалыстар қатысушылары |