text
stringlengths 347
53.1k
|
---|
'''Әбу (1920, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Үшкөл ауылы 05.10.1943, Украина, Киев облысы, Чернобыль қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ага лейтенант, атқыштар ротасының командирі. Қазақстанда 7-сыныпты бітірген соң Қорған облысы,Петухов ауданы,Чебачье селосында тұрған. «Жаңа жол» мал фермасының меңгерушісі болды. 1939 жылдың қыркүйегінде Досмұхамбетов Кеңес әскері қатарына шақырылып, ондағы полк мектебін үздік бітіріп, лейтенант атағын алды. Досмұхамбетов Киев қаласынан (Украина) солтүстікке қарай Днепр өзенінен өту кезінде айрықша көзге түсті. 1943 жылғы қыркүйек айының соңында 8-атқыштар дивизиясының 1-атқыштар ротасы Припять сағасынан солтүстікке қарай Днепрге жеткен. Досмұхамбетов ротасымен шабуылға шығып, жауды кері шегінуге мәжбүр етті. Досмұхамбетов қазанда ерлікпен қаза тапты. Көрсеткен батылдығы үшін Досмұхамбетовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (16.10.1943). Чернобыль қаласының саябағында Досмұхамбетовке бюст орнатылған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Қайрат Қуатұлы Әбусейітов''' Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, дипломат. == Өмірбаяны == Әбусейітов Қайрат Қуатұлы 1955 жылғы 20 қазанда Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін, М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасын бітірді. Тарих ғылымдарының кандидаты. Доцент 1985 1989 жылдары ҚазМУ ассистенті, аға оқытушысы, декан орынбасары. 1989 1992 жылдары Алматылық жоғарғы партиялық мектеп, кейін Алматы политология және басқару институты әлемдік саясат және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті. 1992 1993 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты Стратегиялық зерттеулер орталығы сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік бойынша бағдарламасының басшысы. 1993 1996 жылдары ҚР СІМ Орталық аппаратында жауапты дипломатиялық лауазымдарда қызмет атқарды. 1996 1998 жылдары Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесшісі. 1998 1999 жылдары ҚР СІМ Бірінші департамент директорының орынбасары, Бірінші департаменттің директоры, Жан жақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 1999 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 2002 2004 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер 2004 2008 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцар төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Үкіметінің БҰҰ Бөлімшесі және Женева қаласында орналасқан басқа халықаралық ұйымдар жаңындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы 2008 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі. 2014 жылғы 17 қыркүйектен бастап Қазақстанның Норвегиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан Швейцариядағы елшілері Ұлыбританиядағы елшілері Ирландиядағы елшілері Исландиядағы елшілері Швециядағы елшілері Норвегиядағы елшілері |
'''«Сантьяго Бернабеу»''' () Испания астанасы Мадридте орналасқан футбол стадионы. Реал Мадрид футбол клубының жергілікті алаңы болып табылады. Кейде Испания Ұлттық футбол құрамасының ойындары өткізіледі. Стадион УЕФА-ның ең жоғарғы 4-ші категориясына ие. Үлкендігі бойынша «Камп Ноудан» кейін Испаниядағы екінші стадион, == Орналасуы == «Сантьяго Бернабеу» Камартин ауданындағы Паса де ла Кастельяна көшесінде орналасқан. Concha Espina, Padre Damián, және Rafael Salgado көшелерін алып жатыр. == Тарихы == «Сантьяго Бернабеу» стадионы ішінде Стадион «Сантьяго Бернабеу» деп 1943-1975 жылдар аралығындағы «Реал Мадрид» президенті атымен аталды. Сантьяго Бернабеу жаңа стадион құрылысының бастаушысы болды. Құрылыс жылға созылды. Ашушы ойын португалдық "Белененсиш" клубына қарсы достық ойынымен өтті, кездесу 1947 жылдың 14 желтоқсанында өтіп, Реал 3-1 есебімен жеңіске жетті. === 1950 жылдар === 1950 жылдарда Реалдың Еуропа чемпиондары Кубогында жақсы ойынының әсерінен клубтың қаражаты өсті. Бірінші үлкен қайта жаңарту 1954 жылы жасалып, стадион сыйымдылығын 125000 орынға көбейтуге мүмкіндік туды. Осылай Мадрид коллизейі жаңадан құрылған Еуропалық Кубок қатысушылар арасында ең ұлкен стадионға ие болды. Ғимарат өзінің ақ мұнараларымен әйгілі. 1955 жылы қаңтарда стадион өзінің клуб президентінің құрметіне «Сантьяго Бернабеу» атанды, ал 1957 жылы Еуропа чемпиондары Кубогының финалында, әлемде бірінші рет болып жасанды прожекторлер іске қосылды. === 1980 жылдар === 1978 жылы қайтыс болған Сантьяго Бернабеу, Мадрид солтүстігінде жаңа стадион салуды ойластырып жүрген, бірақ ол жүзеге аспады. Алайда 1982 жылғы Әлем чемпионатына «Сантьяго Бернабеу» өтті. Стадионның жаңарту проектіне сәулетшілер Рафаель Луис Алемани және Мануэль Салинас шақырылды. Ағайындылар стадионның алғашұы планың Мунос Монастериомен бірге құрған атақты Луис Алемани Алемани Солердің ұлдары болған. Жұмыс 16 айға созылып, құны 704 млн песета құрды, оның 530 миллионың Мадрид әкімшілігі төледі. кейін отырып көретін 30200 орын және тұрып көретін галереялар қосылды. Толығымен 60000 адам футболды тамашалай алатын. Стадион турнирдың группалық ойынының және финалды қосқанда 345000 көрерменді қарсы алды. Он жыл өтті: реконструкция жалғасып жатты. Трибунаның үшінші қабаты салынып бітті. Отырып көретін орын 65000-ге өсіп, жалпы сыйымдылық 105000 орынға өсті. Тағы бір кейін стадион одан ары жайлы болып, бірақ сыйымдылық 74871 көрерменге азайды. «Сантьяго Бернабеу» батыс фасады === 2000 жылдан бері === 2000 жылы «Реал» президенті Флорентино Перес болды; жыл ішінде (2001—2006) ол стадионға 127 млн доллар инвестиция жасады: шығыс бүйiрлеу мiнбесiнiң фасады салынды, ол жерде жаңа кеңсе бөлмелері, баспасөз залы, VIP-ложалар орналасты. Шығыс мінбесінің кеңейтілуінен кейін алаң сыйымдылығы 80 354 адамғы өсті. Соңғы өзгеріс 2011 болды; енді стадионда 81 044 адам жайғаса алады. 2005 жылы президент лауазымынан кетуден бұрын, Перес стадионның үстiннен жайылмалы шатыр проектін ұсынады. Алайда, 2009 жылы оның президент орнына қайта келгенінде, проект тым қымбат деп шешілді. Испандық Marca газеті деректері бойынша, Перес әлі де шатыр жасағысы келіп жүр. Испандық Сантьяго Калатрава, Притцкеровтік сыйлық лауреаты Рафаэль Монео және Бэй Юймин сәулетші болулары мүмкін. == Жалпы мағлұмат == «Бернабеуде» 1964 жылғы Еуропа чемпионатының финалы және 2012 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы өтті. 2007 жылдың 14 қарашасында «Бернабеуге» дегдарлы УЕФА футбол стадионы атағы берілді. «Реалдың» 1500-ші ойыны «Сантьяго Бернабеуде» 2011 жылдың 22 қарашасында загребтік «Динамоға» қарсы ойналды. Ойын УЕФА Чемпиондар лигасының группалық кезеңінде өтті. == Стадион панорамасы == Concha Espina, 28036 Madrid. == Дереккөздер == Санат:Испания футбол стадиондары Санат:Испания стадиондары |
'''Жаман Алакөл''' Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Бағалы темір жол стансасынан қарай км жердегі тұзды тұйық көл. Шөптікөл ауылының солтүстігінде. Көл теңіз деңгейінен 206,4 биіктікте. == Гидрографикасы == Аумағы 8,9 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 3,4 км, жағалауының ұзындығы 14,4 км. Суы кермек. Қамыс пен қоға өскен айдынында үйрек, қаз, т.б. құстар мекендейді. Жер асты және жауын-шашын суларымен толысады. Мал шаруашылығына пайдаланылады. Санат:Бейімбет Майлин ауданы көлдері |