text
stringlengths
347
53.1k
'''Ақырет күнi''' (араб, ахирәт соңы, аяғы) діни түсінік бойынша мэңгілік өмір, дүниедегі өмір. Ақырет күні адамдар қайта тіріліп, мэңгі өмір сүреді, жақсы-жаман іс-әрекеттер таразыланып, эділ жаза беріледі. Ақыретте адам Аллаға, пайғамбарға және дініне байланысты сұраққа тартылады. Ақырет ислам іргелі ұғымдардың бірі. Қазақ ұғымында ақырет қиямет-қайым ұғымымен астас. Соған байланысты қимас адамын жерлеген кезде жақындары «Қиямет-қайымда кездесейік!» деп дауыстап айтып өлген адаммен қоштасады. Зираттың тұсынан өтіп бара жатқан жолаушы ішінен күбірлеп, «Қиямет-қайым жолын» деп үш мәрте дауыстап айтса, аруақтар разы болып жатады-мыс. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ақырет сандық''' кәрілік жасқа жеткен адамның дүниелік болғанда тұтынылатын, артын атқаруға қажетті ғұрыптық заттарды салып сақтайтын сандықтың атауы. Онда адамның ақырет кебінін, жыртысқа қажетті матаны, арулауға қажетті дүниелер салынады. Ол тек сандықта емес, абажа, абдырада сақталуы мүмкін. Сенімді келіндері мен қыздарына қандай дүниені неге жарату жайын айтып аманаттап қояды. Боқша деп аталатын адамның артында қалған ұрпақтарына мұраға қалдыратын дүниелерді жинастырып салатын сандықты ақырет сандық деп атау кейбір оңірде ұшырасады. Ертеде дәстүрлі ортада қартайған адамдар өзінің шама-шарқына қарай ақыреттік сапарына дүние-мүлік жинайды; астына төсенер ақ киіз, бет перде, шымылдық, киер кебін, оны тігетін ине-жіп, сабын, қалампыр, таза шәйнек, шыны, арулауға қажетті дүниелер әзірлеп, сандыққа салып сақтау орын алған. Өйткені, «өлім жарлының артын ашады, байдың малын шашады» деген қазақ өлімнің ерте-кеш, қай сәтте кімге келетінін болжамаса да, соган әркез сай Ақырет сандықты биіктеу орынға, жүкке жинайды және оған адам аяғын қаратып жатуға болмайды деп ырымдайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Aлa арқан''' ақ пен қара жіптен аралас етіп есілген арқан түрі ғұрыптық және мәнді бұйым. Оның символикалық мәні тоқтаусыз алмасып келіп отыратын күн мен түннің антиномиялық байланысын бейнелейді. Сонымен бірге магиялық күші бар деп есептелді. Қазақта ала арқан мен ала жіпке қатысты өте көп. Аяғы ауыр әйелге арқан естірмеген және ала арқанды аттап өтуіне тыйым салған. Өйткені, баланың кіндігі мойнына оралып тұншығады-мыс. Сондай-ақ, жасөспірім баланың керіліп тұрган ала арқанның астынан өтуіне тыйым салынған. Себебі, бойы тапал болып, өспей қалады деседі. Малды ауылдағы қотан сыртынан бөріден сақтану үшін арқан керіп коятын сақтану шарасы магиялық ырым. Халық ұғымында адам тұтынған заттың (арқанның т.б.) иісін сезген қасқыр арқаннан аттамайды, яғни қорадагы малға шаба алмайды. Жаз жайлауға көшіп, далада қонғанда айналдыра тасталған ала арқанның ішіне жатса жын-шайтан да, жылан да жоламайды-мыс. Өйткені, жылан ала арқаннан аттамаймын деп серт берген деседі. Ала арқанды ұрлауға болмайды, ұрлаган жағдайда мойнына ала арқан түседі деп ырым еткен. Қыз артынан апарған буылған жасаудың да арқанын кеспейді және қайта әкетпейді. Әйтпесе, ұзатқан қыздың «ырыс, берекесі» кетіп қалады-мыс. Біреуге мал сатқанда немесе сыйлағанда «малымның құты қашады» деп, басындағы ала жіпті алып қалатын үрдіс бар. Сондай-ақ, жұқпалы індеттің шыққанын білдіру үшін ауылдың және үйдің кіре берісіне ала арқан керіледі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
Татищев Василий Никитич '''Василий Никитич Татищев''' (19 сәуір 1686, Псков 15 шілде 1750) Ресейдің саяси қайраткері, тарихшы. Түркі текті помещик отбасында дүниеге келген. Мәскеудегі артиллерия мектебін бітірген. == Өмірбаяны == Солтүстік соғысына (1700 21) қатысып, Петр I-нің түрлі әскери, дипломаттық тапсырмаларын орындады. 1720 22, 1734 37 жылдарда Оралдағы қазына заттарын басқарды, Екатеринбург қ-ның негізін қалады. Татищев 1738 41 ж. Орынбор экспедициясын басқарып, қазақ билеушілерімен (Әбілқайыр, Абылай, т.б.) тікелей байланыс орнатты. 1741 45 ж. Астраханның губернаторы болды. Татищев орыс тарихын зерттеуші және географ ретінде танылды. Ол орыс және шетел деректері негізінде “Ерте заманнан бергі Ресей тарихы” атты еңбек жазды. Бұл еңбек 19 ғ-дың 1-жартысына дейінгі аралықта рет жарық көрді. Татищевтің тарихи көзқарасы Петр Қ-нің реформашылдық қызметінің әсерімен қалыптасты. Мемл. құрылысты монархия, аристократия, демократия сияқты үш түрге бөліп, билік жүргізудің самодержавиелік формасын жақтады. Татищев Ресей тарихын үш кезеңге: жеке биліктің үстемдігі (862 1132) жеке биліктің бұзылуы (1132 1462) жеке биліктің қалпына келтірілуі (1462 жылдан) кезеңдеріне бөлді. Сөйтіп, Ресей тарихын самодержавие тарихы деп түсіндірді. Татищев жұртшылыққа үлкен танымал болды. Ол ескі кәсіпорындардың өнімділігін арттырып, жаңа кәсіпорындар құруға күш салды. Пайдалы қазбалар іздестіруді ұйымдастырды. Оның басшылығымен бастауыш және арнаулы кен мектептері ашылды. Татищев Ресейде алғаш энциклопед. сөздік әзірлеуді қолға алды. Ол “Ресейдің тарихи геогр., саяси және азаматтық лексиконы” сөздігін “К” әрпіне дейін жасады. Бұл еңбек ол қайтыс болғаннан кейін жарық көрді (1793). ==Дереккөздер == Санат:19 сәуірде туғандар Санат:1686 жылы туғандар Санат:26 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1750 жылы қайтыс болғандар Санат:Қоғамдық игілік жазушылары Санат:Псковта туғандар Санат:Мәскеу облысында қайтыс болғандар Санат:Ресей империясы мемлекеттік қайраткерлері Санат:Ресей империясы тарихшылары Санат:Ресей империясы географтары ірге тасын қалаушылар Санат:Астрахан губернаторлары
'''Ала арқан қию''' ала түс, оның редукцияланған лексикалық формасы ала ежелден ерекше қасиетті ұғымға айналды. Ол тіршілік атаулының ақ пен қарадан тұратындығын және осы екі түстің өзара антиномиялық байланысы тіршіліктің диалектикасы болып табылатындығын ежелгі көшпелілер өздерінің сан алуан ырым-тыйымдары мен ұстанымдары арқылы білдірді. Көне түріктердің жазба мұрасы «Ырым бітікте» адамдарға шарапатын тигізетін ала «Атлы иол тәңірі» деп аталынды. Ол әмбебап космогониялық ұғымға сәйкес жоғарғы әлем мен ортаңғы әлемді өзара байланыстырып ұдайы жол үстінде жүреді екен. Ала ұғымына байланысты көне дәстүрдің сілемдері түркі тілдес халықтардың бәрінде дерлік сақталып отыр. Мысалы, төлеуіттердің дәстүрлі ұғымында жолаушыларды желеп-жебейтін қолдаушысы жол тәңірі ала атқа мініп жүреді екен. Ал хакастардың жаңбыр тілеуге байланысты атқарылатын ғұрпы бойынша қайыңға ала жіпті байлайды. Сөйтіп, әлгі ала жіп Жасаған ие мекендейтін жоғарғы әлем мен адамдарды байланыстыратын дәнекер (медиатор) функциясын атқарады. Жалпы ала ат пен ала жіп жолаушы сапарының оң болуының, сәттіліктің символы болып табылады. Ала арқанды қию рәсімі үш түрлі жағдайда орын алған: біріншіден, ала жіп кесу дауласушы екі жақтың келісімге келіп бітіскенін білдіреді, екіншіден, ру-қауымның демографиялық мөлшері тым артып, осыған байланысты жер (жайылым) тапшылығы айқын сезілгенде сегізінші атадан ары қарай болінетін келесі ру-қауымдықтоп пен бөлетін ру-қауымның екі айырылысуын рәсімдейтін ғұрып; үшіншісі жас баланың жаңадан тәй-тәйлеп жүре бастағанын рәсімдейтін ғұрып сәбидің аяғына байланған ала жіпті кесу оның тіршілігінде жаңа кезеңнің басталғандығын бейнелейді. Қазақтың дәстүрлі құқықтық ғұрпында ала жіп ерекше ғұрыптық мәнге ие. Ел арасында мал, құн, қыз, жесір, жетім, даулары сияқты кикілжің, араздық тудыратын даудың ақ-қарасын анықтап, әділ шешімін беру ауыл ақсақалдарының үлесіне тиетін. Дәстүрлі ортада кез келген дау үлкендердің тоқтамымен түйінделіп, ақсақалдар тарапынан шешімін таппаса, дауласқандар биге жүгінеді. Даушарға төрелік айтып, қазылық құру үшін болған отырысты дау жиынына жиналып, өте маңызды болса, бір мал құрбандыққа шалынып, жиналғандар қолдарын қанға малып дүғалар оқылады. Салт бойынша, дау соңында қарсы жақтар ала жіп керіп отырады. Осы ала жіп орта- сынан шарт кесіледі. Бұл ғұрыптың орындалуы даудың аяқталуын, қарсы жақтардың мэмілеге келуін, қазылыққа разылығын аңғартады. Жетіаталық құрылымның демографиялық мөлшерінің, яғни демографиялық оптимумының дағдарыс күйге снуіне және оның территориялық ресурстарының жетімсіздігі байқалуына байланысты келесі сегізінші атадан кейінгі ұрпақтардың демографиялық, шаруашылық жологиялық, және т.б. жағынан кемелденген тобы бөлініп отырады (ескере катер нәрсе ру-қауымның демографиялық мөлшері он скі, он үш атага дейін жетуі мүмкін). Шаруашылықты жүргізген ауқатты байлары, басқарар биі, ел қорғаны ба¬тыры бар бұл топтың бөліну (еншілеу) рәсіміне шежірелік түрғыдан негізделген тығыз байланыстағы тайпалық үлыстың игі жақсылары тегіс ат салысулары тиіс болды. Олар бөлінетін топқа жаз жайлауын күз күзеуін, қыс қыстауын, көктем көктеуін және көш жүретін бағыттар мен жолдарды енші ретінде белгілеп берді. Яғни ру ақсақалдары келісіп руды екіге бөліп, дербес ру ретінде бір-бірін тануды бастауға рұқсат етіп, бекітетін ғұрыптық шара «ала бие сойып, ала арцан кесу» ғұрпы атқарылады. Мұндай шараға барудың экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және т.б. толып жатқан шарттары бар және ол толық қамтамасыз етілуі ескеріледі. Атап айтсак, ең бастысы рудың адам санының кеп болуы; екіге айрылысар рулас ағайынның кемінде жсті атадан әріге ұрпақ аралық буынның алмасуы жеке ру ретінде өмір сүруіне қажетті экономикалық, өндіріс қатынастарының; ғұрыптық құқықтық қатынасты реттейтін саны толық беделді ақсақалдар мен билердің; шаруашылық қатынастарын жүргізуге ықпалды байларының; этномәдени өмірді қамтамасыз ете алатын өнер адам дары, қатынаста рудың абыройы мен бет-бейнесі бола алатын шешен, ақын, би сияқты көшпелі ел басқаруға араласатын адамдары, батырлары, балуандары сияқты құрамы болуы ескеріледі. Осындай шарттар толық қамтамасыз етілгенде екіге бөлінген ру дербес ру (халық ұғымында ел) ретінде өмір сүруге қабілетті деп танылады. Рәсімді рудың беделді ақсақалдары өзара келіскен соң елдің шаруасы аз, мамыражай жаз маусымының бір күнінде ру өкілдерін жинап, арнайы рәсім откізеді. Алдын ала дайындалған ала жылқының құйрығын екі жақтың беделді адамдары кесіседі. Соңынан әлгі жылқыны сойып, екі жақтың адамдары қолын қанға баты- рады. Мұны айырылысудың ғұрыптық- символикалық айғағы деуге болады. Рәсімнің шарықтау шегі ала арқанды керіп, болінетін рудың беделді окілдері ала арқаннан ары аттайды да, арқанның екінші үшын ұстап тұрған кезде, ғұрыптық рәсім ала арқанды кесу ғұрпы атқарылады. Айырылыс қазан асылып, ас ішіледі. Сөйтіп екіге болінген адамдар екі бағытқа қарай кетеді. Анатіліміздегі мүлдем айырылсуды меңзейтін «ат құйрығын кесісу» (бірақ кесу емес) деген фразеологизм осыдан қалса керек. Бүдан кейін болінген топ жеке рулық құрылым ретінде өз бетімен тіршілік құрды. Бұл бірлестік аталмыш рәсімнен соң өзі енші алып шыққан румен де қыз алысып, қыз беру күкығына ие болды. Сан жағынан жеті ұрпақтың молшерден асқаннан кейінгі жаңа қауымдық құрылымның болініп шығуы, түптеп келгенде көшпелі табиғи-тарихи теп- теңдікті сақтау үшін адам табиги және материалдық ресурстарды қайта боліп отырудың ең тиімді институттанған тәсілі, яғни экосистеманың табиғи және материалдық ресурсын тиімді пайдалануга бағытталған этникалық қауымның өзін-өзі үйымдастыру тэсілі деп бағалауға болады. Ала арқанды аттау көшпелі ортадағы, қоғамдық ортадағы байланыстың тығыздығын пәрменділігін, қуатылығын қамтамасыз етіп отыратын, туысқандық- рулық қатынастардың жеті аталық ауқымнан кейін үзілгендігінің айғағы іспеттес. Тілімізде ала арқанның немесе ала жіптің осындай әлеуметтік семантикасына байланысты «біреудің ала жібінен аттама!» немесе «біреудің ала жібін алма!» деген эвфемистік бітімдегі сақталған. Аталмыш рәсімнің «кері» паралеллі ретінде апыл-тапыл жүре бастаған сәбидің аяғын ала жіппен «тұсап» оны ауылдағы «ұлын ұяга, қызын қияға» қондырған ардақты ананың кесу рәсімін айтуға болады). Осы рәсімнен кейін руаралық қатынастың нормалары мен ережелері олардың арасындағы қатынаста үрдіске енеді. Бұл рәсімнің мәні көшпелі ортадағы этникалық- қоғамдық дамудың динамикасын қамтамасыз етуге және экономикалық, демографиялық шарттарын тиімді үйлестіре отырып, түптеп келгенде этностың қорғаныс тетіктерін күшейтуге бағытталған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ала балта''' басы әшекейлі жауынгерлік балта. Айбалта басын ою-ернекпен эшекейлеу көшпелі халықтарда көнеден келе жатқан дәстүр. Қазақ ұсталары кейбір балталардың бастарын алтын- мен және күміспен бұлау, алтынмен және күміспен қақтау әдістерімен әшекейлеп жасаған. Бұл дәстүрдің негізінде қаруды мифологиялық космостың зоналарын вертикаль бойынша байланыстырып тұратын мифтік әлем ағашының алломорфы ретінде санайтын діни-магиялық ырым жатыр. Сондықтан балта басына қолданылатын орнектің негізгі түрі көне мифологиялық «әлем ағашын» тұспалдайтын өсімдік өрнегінің түрлі варианттары орын алады. Қазақтар әшекейсіз қарапайым балтаны қара балта десе, қаратемірге ақ күміс шабылған әшекейлі балтаны ала балта деп атаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ала басқұр''' терме алаша әдісімен өрнектелім тоқылған басқұр түрі. Бұл басқұр сәндігімен қатар киіз үйдің керегесі мен уығының біріккен жерін тасалау мақсатында жасалады. Ала басқұрдың тоқылу әдісі терме алаша тоқылған дай, ормек құрып, әр түсті жіптерден терме тері, өрнектердің алуан түрін пайдаланады. Басқұрдың қай түрі болса да ұзындығы он-он үш құлаш, ені бір-үш қарыс болған. Ала басқұрдың ұзындығы керегенің қанатының санына, үйдің үлкендігіне, яғни уықтың санына қарай, неше бас киіз үйге түтынуға арналғандығына сай тоқылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Михаил Павлович Фролов ''' (27.9.1916, Ресей, Алтай өлкесі, Поспелиха поселкесі 9.11.1991, Украина, Ялта қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, танк ротасының командирі. Орыс. Алматы қаласында орта мектепті оқып, 1939 жылы Барнаул педагогикалық институтын бітірген. Орта мектептің директоры болған. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1941 жылдың маусымында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы Сталинград танк училищесін бітірді. Осы жылдың жазында, неміс-фашист басқыншыларына қарсы Курск және Орел қалалары түбінде ұрысқа қатысты. Воронеж майданының әскерлері Белгородқа және Харьковтың мен Сумы қаласының қарай шабуылды өрістетті. Фроловтың танк ротасы 10-танк корпусы 178-танк бригадасының жаяу әскерлерімен өзара қимыл біріктіре отырып, Гапоновқа мен Братск елді мекендері үшін ұрыстар жүргізді. 14 тамызда жаудың батальоны 25 танк пен өздігінен жүретін зеңбірекке тосқауыл жасап, артиллерия батареясынан оқ атып, танк бөлімінің жауынгерлік сапына қарсылап қойды. Осы ұрыста Фролов өзінің «отыз төртіншісімен» шебер айла-амал қолдана отырып, жаудың танкісін, 7-Т6 ауыр танкісін, автокөлігін өртеп, зеңбірегін шынжыр табанымен жойды. Соңғы ұрысты тойтарар кезінде ержүрек танкист қатты жараланды. Осы жасаған ерліктері үшін Фроловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (10.1.1944). 2-рет 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1916 жылы туғандар Санат:1991 жылы қайтыс болғандар
Ортағасырлық мұз үстінде сырғанауға арналған жабдық. Негізі өткір және аяқкиімге бекітілетін екі қосымша аумағы шағын екі мойыннан тұрады. Конькидің ең көне түрлері болып 1948 ж. қазба жұмыстары кезінде Қазақстанның Қостанай облысының (Садчикова селосының маңынан) табылған қола дәуірде жылқының қабырға сүйектерінен жасалған үш жұп конькилер деп есептеледі. Осы байырғы конькилер қазір Финляндияның Турку қаласындағы қысқы спорі түрлері мұражайында сақтаулы тұр. Конькиді әрі қарай жетілдіруге "жүз өзектің елі" Голландия кегі еңбек сіңірді. Мұнда ертедегі конькилер алдымен ағаштан жасалынған, кейін ағаш конькилердің табанына қоладан, темірден жүздер жапсырылған. Таза темірден жасалған конькилер XVII ғасырда пайда болды. Ал XIX ғасырда алғашқы жарыстар өткізген конькилерді норвегиялық өнер тапқыштар К.Вернер мен А. Паульсен ойлап тапкан. Мәнерлеп сырғанауға арналған конькилердің түрі бар.'' 1) Жүгіретін конькилер, табаны ұзын сүйір келген өткір жүзден тұрады. Бұл жүз ортасы қуыс түтікке бекітіледі. Болаттан құйылған мойын аяқкиімнің ұлтанына мықтап қапсырмалы шегемен бекітіледі. Ұлтанның іш жағы қапсырманың беті аяққа батпас үшін ұлтарақпен жабылады. 2) Хоккей ойнайтын конькилер, доптың жене шайбалы хоккейлер ойнау үшін арнайы жасалады. Өзінің қолдануына карай бұл коньки түрлері тағы да үшке: :# шайбалы хоккей, :# допты хоккей және :# шайбалы хоккейдегі қақпашы үшін болып тағы да үш топқа бөлінеді. Жүгіруге арналған конькилерге қарағанда бұлардың жүздері жалпақ әрі қысқа, аяқтың ұшында тұру және мұзға тірелу үшін жүздерінің ұшында кертпелер бар. 3) Мәнерлеп сырғанауға арналған конькилер, аяқкиімнің табанымен бірге құйылатын биік конькилер. Мұнда іші қуыс бөлік болмайды. Мұзға тірелу үшін конькидің ұшында ұсақ кертпелер болады. 4) Бұқаралық сырғанақ тебуге арналған конькилер, Мұнда жоғарыда айтылған коньки түрлерінің кез келгендеріне қоса "Снегурочка", "Поликарпова" және балаларға арналған сырғанайтын екі жүзі бар конькилер де жарай береді. 5) Роликті конькилер, қатты, тегіс асфальт жолдың үстінде жаттығу өткізуге арналған конькилер. Бұлардың бір сызықтың бойына орналасқан төрт роликті немесе екі сызықтың бойына екі қатар болып орналасқан екі түрі бар. Қос қатарлы роликті конькилерде жұптасқан роликтер бірге құйылған. Роликтер резеңкеден, ортасы темірден, болат шариктерден тұрады, ал негізі пластикадан жасалады. Роликті конькилер кейде аяқкиіммен бірге құйылады, кейде бөлек жасалады. == Дереккөздер == Санат:Коньки спорты
коньки спорты''', XIX ғасырдың аяғынан бастап пайда болды. Түркістан өлкесінің Г. Колпаковский Кіші Алматы өзенінің бойымен жоғары өрлеп барып Көкқабақ төбесінің бауырынан Көкжазық деп аталатын шағын тегіс алаңқайды іздеп табады. Бұл осы жылдары конькимен сырғанау модаға айналған жылдар екен. Санкт-Петербург қаласында оқитын губернатордың ұлы мен қызы да конькимен айналысқан көрінеді. Әрине, олар Верныйда көп тұрақтамай астанаға тезірек қайтқылары келеді. Студент балаларын жанында ұзағырақ ұстағысы келген Герасим Алексеевич әлгі Көкжазықтан мұз айдынын қатырғызады. Сөйтіп қазіргі биік таудағы Медеу мұз айдыны тұрған орын бұрынғы Көкжазықта губернатордың отбасы мен айналасындағы әскерлер, қорғанның ауқатты адамдары бой жазып, таза ауада демалатын сырғанақ пайда болды. thumbБірақ Қазақстандағы коньки спорты XX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап қалыптаса бастайды. Осы жылдары алғашқы үйірме Петропавл қаласында пайда болады, содан кейін Семейде, Өскеменде, Оралда, Ақтөбеде, Қазалыда үйірмелер ашылады. Бірақ 1949 ж. көне Көкжазықта мұз қатырылып ол Медеу мұз айдыны деп аталғаннан кейін коньки спортын дамыту шындап қолға алына бастайды. Медеу спорт кешенін салу үшін алдымен селден қорғайтын бөгет салу қажет болды. ҚР-ның спорт шебері атағын барлық төрт қашықтықтың қорытындысы бойынша межелі ұпай санын орындаған чемпион атағы төрт қашықтықтың қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған спортшыға беріледі. Қысқы Азия және Олимпиялық ойында чемпион атағы жеке қашықтықтарда сарапқа салынады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Алма-кезек алға қарай сермелген екі қол қозғалыска екпін береді.''' Қимыл бір қалыпқа түскеннен кейін конькиші қалыпты отырысына келіп сырғанау қарқынын үдете түседі. Осы сәтте екі қолын белінде айқастыра ұстайды. 500, 1000 және 10000 метрге сырғанау кезінде екі қолды кейде бір қолды үнемі алға сермеп отырады. Осы сәтте оң жақтағы аяқ пен қол алға және сол қапталға, ал сол қол кейін және қапталға сермеледі. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Халықаралық қарақшылық''' халықаралық сипаттағы қылмыс. Халықаралық құқықта жеке иеліктегі кеме немесе ұшу аппараты экипажының немесе жолаушыларының пайдакүнемдік мақсатпен ашық теңізде немесе қайсыбір мемлекеттің ұлттық хүкіметінен тыс жерде басқа кемеге немесе ұшу аппаратына, олардың бортындағы адамдарға немесе мүлікке қарсы жасалатын оларды ұстау немесе тонау. Әскери кеменің, мемлекеттік кеменің немесе ұшу аппаратының экипажи жасаған Бүлік те қарақшылық әрекетке жатады. Ежелгі халықаралық дәстүрлі құқық ашық теңізде жеке немесе мемлекеттік кемелерге пайдакүнемдік мақсатпен шабуыл жасаушы кез келген тұлғаны қарақшы деп таныған. Рим республикасы дәуірінде-ақ қарақшылық немесе «теңіз қарақшылығы» бір халыққа немесе халықтар тобына ғана емес, бүкіл мәдениетті адамзатқа зиян келтіреді деген пікір басым болды. Қарақшыларға қатысты қабылданған заңды күші жоқ деп есептелді. Қарақшылыққа халықаралық кұқықтық тыйым ұлттық заңдармен қуатталды. Халықаралық ғұрыптар мен жекелеген елдердің заңдары қарақшыларды заңнан тыс деп жариялады; кез келген адам оларды сотсыз жазалауға құқылы болды. Кейінірек жүтенсіздік халықаралық және ұлттық құқықпен шектелді. БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясында (1982) қарақшылыққа қарсы күрес шаралары көзделген. Конвенцияға сәйкес ашық теңізде немесе мемлекеттің хүкіметінен тыс басқа жерде кез келген мемлекет қарақшы кемені немесе ұшу аппаратын, сондай-ақ қарақшылық жолмен басып алынған кемені немесе ұшу аппаратын басып алуына болады және басып алынған кемеге немесе ұшу аппаратына қатысты жаза мен шараларды қолдана алады. Бұл орайда бейкүнә үшінші тұлғалардың құқықтары бұзылмауы тиіс. Қарақшы кемені немесе ұшу аппаратын әскери кемелер немесе әскери ұшу аппараттары, сондай-ақ үкіметтік қызметте жүргенін немесе осы мақсатқа уәкілеттік берілгенін тануға мүмкіндік беретін айқын сыртқы белгілері бар кемелер немесе ұшу аппараттары басып ала алады. Қазақстанның қылмыстық құқығында бөтеннің мүлкін басып алу мақсатымен күш қолдану арқылы немесе күш қолданамын деп қоқан-лоқы жасау арқылы теңіз немесе езен кемесше жасалған шабуыл қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыс болып табылады. ==Дереккөздер==
'''Атажұрт'''- этникалық ұжымның (ру, тайпа, тайпалық одақ, елдің) байырғы ата-бабадан ұрпақтарына мирас болып қалған ежелден өсіп-өнген, өрбіген, ел болып қалыптасқан тарихи мекені. Қоғамдық- әлеуметтік корпоративтік қатынастардың, жер-суға байланысты ұжымдық меншіктің, ру, тайпаралық құқықтық қатынастардың негізінде қалыптасқан бұл институттың этникалық қауымдастыктың бірегейлену үрдісінде ықпалы ерекше болды. Қазақтар өзінің іргелі ел, қабырғалы халық болып қалыптасуын ең алдымен «кеңістікпен» (атажұртпен), белгілі бір «уақытпен» заманмен), көрнекті «тұлгалармен» байланыстырады. Сондықтан ел болып құрылған уақытын қой үстіне бозторғай жұмыртқаланған заманға, ал байырғы жұртын алтын бесікке балайды. Атажұрттан согыс, шапқыншылық, қуаңшылық т.б. себептерге байланысты ауғанда жер-су мен жылап қоштасу, оның аққан бұлағын, өзен-көлдерін, таy-тасын, ел-жұртын жырға қосып айту салты болған. Қазтуған жыраудың Еділден ел ауғандағы қоштасу жырында былай деген екен: ''Алаң да, алаң, алаң жұрт, ''Ақала ордам қонған жұрт, ''Ашаvыз біздің б9 сүйініш ''Күйеу болып барған жұрт, ''Анамыз біздің Бозтуған ''Келіншек болып түскен жұрт, ''Қарғадай мына Қазтуған ''Батыр болып туган жұрт Бұл жырды этникалық санадағы атажұрт ұғымының поэтикалық репрезентациясы деуге де болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Атала''' суға ұн немесе талқан шылап жасаған суық көже. Үйде көжек атыққа ет қалмағанда бармақ басындай майды шыжғырып, болмаса қайнаған қара суға ұн немесе диірменге тартылған талқанды шылап, күйіп кетпес үшіп астының отын баяу жағып қайнатып атала жасаған. Ертеректе тісі жоқ қарт кісілер мен тамағынан ас өтпейтін жамап ауру мен ауырғандарға (қылтамаққа) да жүрек жалғау үшін атала қайнатып берген. Атала қазақы ортада құнарсыз, кенеусіз тағам ретінде ғана бағаланды. «Тоқсан көрейін деген жасым ба еді, атала ішейін деген асым ба еді» деген сөз орамы осыған байланысты айтылса керек. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Таукент''' Түркістан облысы Созақ ауданындағы кент, Таукент кенттік әкімдігі орталығы. == Географиялық орны == Аудан орталығы Шолаққорған ауылынан қарай 35 км-дей жерде. == Халқы == 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 3575 адам (1721 ер адам және 1854 әйел адам) болса, 2009 жылы 6551 адамды (3194 ер адам және 3357 әйел адам) құрады. == Тарихы == Іргесі 20 ғасырдың 70-жылдары уран кенін өндіруге байланысты қаланған.. == Дереккөздер == Санат:Созақ ауданы елді мекендері
'''Аталас''' бір атадан тараған, өзара қыз алыспайтып қауым, ру тармағы, ру аталарының ұрпақтары. Қазақтың жеті атаға дейін аталас туысқа саналып, отбасы құруға рұқсат етілмеген. Бұның түйіні тағы да «адамның ана сүйегін, әке қанын, Тәңірі жанын береді» деген өзіндік философиядан туған. Солай дей тура «қыздан туғанның қиығы жоқ» деп жиенді де өзіне икемдеген болады. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» деген мақалдың астарында «тегі бір емес, қанша бауырға тартсаң да, қысылшанда өз аталасының сойылын соғады» деген мән жатыр. Осыған орай төмендегідей мысалдар келтіруге болады; Сыр өңірінде Есенбай ру тармағынан тараған Кәшей, Жақап, Өмірқүл, Жәмөнтік, Дуана, Қырықрулары бір-бірімен аталас саналғандықтан қыз алыспайды. Ал қыпшақтардан бұлтың, күсілбас, жасыбай аталары өзара қыз алыспайды; коңыраттардан саңғыл мен маңғытай қыз алыспайды, осыған орай «саңғыл мен маңғытай бір туған, жетімдерді кім туған» деген тәмсіл тараған. Теке табындардан бедік пен тоқберлілер де қыз алыспайды. Шежірелік жосынмен негізделген аталас институты ру-қауым ішіндегі және руаралық реттеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Дәмір Қасымбекұлы Халықов''' (31.8.1958 жылы туған, Қостанай қаласы) әскери қайраткер, генерал-майор (2001). Свердловскідегі (қазіргі Екатеринбург) Суворов әскери училищесін (1975), Челябинск жоғары танк командалық училищесін (1979), Мәскеудегі сауытты танк әскерлері әскери академиясын (1988), РФ ҚК Бас штабыньщ әскери академиясын (2004) бітірген. Әскери қызметін танк взводының командирінен (1979- 83) бастады. Ауғанстанда арнайы іс сапарда (1984—85) болған. Танк әскерлерінің басшылық лауазымдарында қызмет етті (1986-92). Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оқу орталық бастығының орынбасары, Қорғаныс министрлігінде, Бас штабта жауапты қызметтер аткарды. Оңтүстік әскери округ әскерлері қолбасшысының орынбасары әскери дайындық басқармасының бастығы, Құрғақтағы әскерлер қолбасшысының орынбасары (2000-03), Құрғақтағы әскерлер Бас қолбасшысының 1-орынбасары қызметінде болды. 2005 жылдан Алматы қаласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы. Халықов «Қызыл жұлдыз», 1-, 3-дәрежелі «әулие князь Александр Невский» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Елдер бойынша генералдар Санат:1958 жылы туғандар туғандар
'''Аталық мал''' үйірге салатын тұқымдық, құтпан мал. Әлбетте көшпелі мал шаруашылығында аталық малға суыққа төзімді, өсімтал, денесі шомбалдау келген кесек сүйектілері іріктелінді. Дәстүрлі халықтық білімге сәйкес суыққа төзімді болады деп аталық малға әдетте, баран түстісін таңдады. Халық мұның мәнін баран түстен суық қашады деп түсіндіреді. Аталық малды жас кезінен таңдайды. Мысалы, қошқар болар қозының маңдай жағы дөң болады, бұқа болар бұзау желкесі жуан келеді, айғыр болар құлынның мүшесінен танылар сияқты сөз орамдары қазақтың аталық мал таңдаудағы дәстүрлі ұстанымдарын білдіреді. Аталық мал «малдың басы құтпан» есебінде де ерекше бағаланды. Өйткені құтпан малдың құты ретінде оларды бәле-жаладан, ауру-сырқаудан сақтайды-мыс. Фольклорлық дәстүрде құтпан малға айырықша қасиет дарытады. Мысалы, құтпан айғыр, құтпан қошқар, құтпан бура қазақтың көптеген қиял-ғажайып ертегілерінің басты образдарының біріне айналды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Биік таудағы мұз айдыны''', теңіз деңгейінен біраз биіктікке орналасқан мұз айдындары. Оның төменде жатқан мұз айдындарынан айырмашылығы айналасын тау қоршап жатқандықтан желсіз, тымық, ауасы таза әрі қысым тығыздығының төмендігіне байланысты сырғанауға жеңіл болады. Бұлардың барлығы атмосфералық қысымға және мұздың сапасына әсер етеді. Мысалы, ғалымдар айдын әрбір 100 м. биіктеген сайын 500 м. сырғанаудағы нәтиже 0,12 секундқа есіп тұратынын есептеп шығарған. Жоғары нәтижелер көрсету мақсатымен шет мемлекеттерде биік тауларда кептеген мұз айдындары салынады. Швейцариядағы Давос-1560, Скво-Велли-1890 м. биіктікте жатыр. Қазақстанда 1951 ж. теңіз деңгейінен 1787 м. биіктікке орналасқан Медеу мұз айдыны салынады. Онда жасалған Әлемдік рекордтардың тізімі осы анықтамалықтың қосымшасында беріліп отыр. Конькимен ең шапшаң сырғанауға қолайлы tQ пен 8q-tbih арасы. Егер t2 109-қа төмендеп кетсе көрсеткіш 0,003- 0004 секундқа азаяды екен. Бұл 500 м. қашықтықта 1,7 секундқа тең болып шығады.Медеу мұз айдынындағы қыс айларындағы орташа t= пен шамасында, атмосфералық қысым бағанасымен 610-630 мм. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Бұрылыста сырғанау''', әдісінің кейбір ерекшеліктері бар. Бұрылу басталар алдында соңғы қадам оң жақтағы конькимен жасалынады да, дененің салмағы сол қапталға ауысады, сол аяқтағы коньки мұзға сол қырымен тіреледі. Күштің негізі салмағы түскен оң аяқтағы коньки мұзға барынша итеріліп, конькиші сол аяқтағы конькиінің қырымен ұзағырақ сырғиды. Содан кейін денесін айналымның ішіне қарай еңкейте түсіп аяқтарын алмастыру үшін оң жақтағы конькиді ішке тарта түседі. Іле оң аяқ алға шығып бір цикл аяқталады да цикл қайта басталады. Қашан бұрылыс аяқталғанша сырғанау әдісі осылай қайталанып отырады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Атанды босағаға байлау''' енші бөлу дәстүрінде орын алған рәсім атауы. Ата-анасынан енші алып шыққан ұл балалары отау болып шығар кезде еншіге наразы болмаса, онда үлкен қара шаңыраққа, кемпір-шалдың батасын алып, алған еншісінен таңдаулы ат немесе атанды босағаға байлап шығуы тиіс. Алған еншісінің көлеміне қарай аты мен атаны болмаса, кілем немесе шапан сияқты бұйымдар қалдырып кеткен. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Атаукере''' ғұрыптық ас, ауру меңдетіп, ажал төнген, дүниеден озуға жақындаған адамның ең соңғы жеген асы. Қазақстанның шығыс аймақтарында атаукере деп айтылылса, ал басқа өңірлерде атау, атау суы немесе кере деген балама атаулары да бар. Бұл адамның жантәсілім етep алдында «бой жасау» деп аталатын азғана бір сәтке сергіген кезінде арыздасып, бақұлдасқан соң атаукере шартты түрде аталған дәм, сусын беру атқарылған. Мұндай астың арналу мәнін, дайындалуын анықтаудың сәті түспеді. Ең жақын туысы «Қолымнан татқан ең соңғы дәмің болсын», деп, көбінесе су немесе сұйық тағам тамызады. «Атаукерең болсын», «атаукереңді ішкір» деген сияқты тағы басқа соңғы дәм дегенді білдіретін қарғыс мәніндегі сөз орамы құн тартып, басын (жанын) алатын түрлі жазаларды атқарар алдында қылмыскерге берілетін соңғы, ғұрыптық ас атаукере деп аталған деген кейбір дерек берушілердің мәліметі дәйекті деуге болады. Ал, қиналып жатқан жантәсілім етуге жақын қалған адамға иман айту, тілді кәлимаға келтіру кезінде оның ақтық демі шықпас бұрын аузына тамызатын діни ғұрыпқа байланысты туындаған арнайы су имансу деп аталады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Атауыз''' ағаш шеберінің бұйымды қысып қойып, жонуға, сүргілеуге, кесуге арналған көмекші құралы, қысқы. Аспаптың бұл түрінің затты қысатын бас жағы аттың аузына ұқсаған үлкен, әрі ірі тісті болып келетіндігіне байланысты осылай аталған. Атауыздың жетілдірілген бір нұсқасында онымен жұмыс істегенде оның тепкішегін қос аяқпен шірене теуіп қысып отырады да, екі қолына аспапты ұстап бос болады. Атауыздың қолға ұстап істейтін кішкене түрін іскенже деп атайды. == Дереккөздер == Санат:Аспаптар Санат:Ағаш өңдеу жабдықтары
'''Атбәйге''' ат жарысында озып келген атқа берілетін сыйлықтың, жүлденің, марапаттың ең кәделі түрі. Дәстүрлі ортада ат жарысында озып келген бірнеше (ондаған) атқа және көмбеге дейін шапқан ең соңғы атқа (оны көктайынша деп атаған) бәйге берілген. Бәйгеге қатысушылардың барлығы көмбеге келіп жиналғаннан кейін, бәйгенің жүлде бөлісі басталады. Жүлделер ақшалай да, мал басымен есептелген мөлшермен де, ер қаруы бес қару түрінде де, қымбат кілемдер түрінде де, шапан түрінде де берілді. Үлкен астарда аламан бәйгеде озып келген аттың иесіне бас бәйге деп тоғыз тарту, ал кейбір шағындау ас пен басқа да жиын-тойларда атан түйе немесе ат берілген. Атбәйгенің мөлшері басқа ұлттық ойындарға берілетін жүлделерге қарағанда қомақты болып келед. Н.Рычковтың айтуынша, үлкен астардағы аламан жарыста бірінші бас бәйгеге тігілген күң бастатқан «жанды тоғыз» деп аталатын қомақты мал-мүлік тарту етілген. Содан кейінгі жүлделерге сауыт-сайман, түйе, ер-тұрманымен ат белгіленді. Атағы алашқа жайылған үлкен астарда атбәйгесіне аса қомақты жүлделер тігілген. Мысалы, 1860 жылы руы жаппас Құламбаевтың әкесіне ұйымдастырылған ас беруде аламан бәйгеден озып келген 13 аттың иелеріне тоғыз тарту берілгені туралы В.Н.Плотников өз еңбегінде ерекше айтып кетеді. Кейін орыс отаршылдығының қыспағына түскен қазақ социумының әлсіреуіне байланысты атбәйгенің көлемі азайып, мазмұны сұйылды. А.Бремнің 1894 жылы келтірген дерегі бойынша, атбәйгенің бірінші жүлдесі екі-үш мың сомдық күміс ақша көлеміндей болды. Ал ауқатты байлар жүздеген жылқы тіккен. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Атбілезік''' иесінің орны мен байлығының белгісі ретінде оның тол атының аяғына салынатын құйма білезік түрі. Ертеде сирек кездескен мұндай дәстүрлі ортада аса жоғары құнға ие жорға, жүйрік және салтанат үшін мінілетін аттардың аяғына салынды. Ауыз әдебиеті деректерінде сал мен серілердің әрі әшекей, әрі тұмар ретінде мінген аттарының екі аяғына күміс білезік салатындығы туралы айтылады. Оны қазақтар шұжық білезік деп атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Сәуірдің 13''' Григориан күнтізбесінде жылдың 103-ші күні (кібісе жылдарда 104-ші). Жылдың аяғына 262 күн қалады. == Мерекелер == == Оқиғалар == 2009 жылы Семейде Шәкәрім (1858-1931) жаңа фотосуреті табылды. Фотосурет Қазақ Автономды Кеңес Социалистiк Республикасының Семей губерниялық жер басқару Наркомземның арнайы комиссиясының 1924-1925 жылдары ұйымдастырылған жұмыс туралы есеп берудің қосымшаларынан табылған. == Туғандар == Кенжебай Есенғалиев (1947) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі; Мағзам Қасымов (1947) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы бойынша басқарма бастығы Алматы қаласы Тәртіптік кеңесінің төрағасы; Қуандық Медеуов (1948) генерал-майор; Бауыржан Құлжанов (1953) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті кинологиялық бөлім бастығының орынбасары, полковник; Шағурашид Мамалинов (1958) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі; Бағлан Қабдікәрімұлы Ыдрысов (1959) Қазақстан сумо қауымдастығының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы; Ақылбек Күрішбаев (1961) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор; Асқар Бишіғаев (1964) «Альянс Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары; Асқат Жіткеев (1981) Қазақстан Республикасының дзюдодан ұлттық ерлер құрама командасының бас жаттықтырушысы, қазақша күрестен спорт шебері, дзюдодан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберi. == Қайтыс болғандар == == Сыртқы сілтемелер == Санат:13 сәуір
'''Тауқұм''' Шу-Іле таулары мен Іле өзенінің төменгі бөлігі аралығындағы құмды алқап. == Географиялық орны == Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде. Батысы Балқаш көлінің жағалық ойпатына, оңтүстігі Күрті өзеніне тіреледі. == Жер бедері == Аумағы 8300 км2, ұзындығы 200 км, ені 60 км. Тауқұм Мойынқұм, Сарытауқұм, Қорғанқұм атты бірнеше шағын құмдардан тұрады. Оңтүстігінде Жусандала даласы, Бозой және Қараой үстірттері жатыр. == Өсімдігі == Құм жүзгін, сексеуілді аласа бұталар, жусан, еркекшөп, изен өсімдіктерімен жақсы бекіген. Іле және оның тармақтарын бойлай қамыс, тал, тораңғы, шеңгел, жиде, т.б. өседі. Тұщы грунт суы 60 м, 2-10 тереңдікте кездеседі. Күздік жайылым ретінде пайдаланылады. == Дереккөздер == Санат:Алматы облысы құмдары
'''Конькишінің отырысы,''' сырғанау кезіндегі спортшының денесін ұстау қалпы денесі алға қарай еңкейіп, аяғы жамбас және тізе буындарынан бүгіліп ұсталады. Отыру ''төменгі'' және ''жоғары'' қалып болып бөлінеді. Егер аяқ буындары неғұрлым көбірек иілсе, бұл төменгі; ал аз иілсе, жоғары қалып болып есептеледі. Конькишінің отырысы төмен болса мұздан итерілу екпіні күштірек жоғары отырса азырақ. Спортшы көп жаттықса, аяқтары күшті болса соғұрлым отырады. Коньки мұздан итеріліп екінші коньки сырғанағанда спортшының денесі тепе-теңдік қалпын сақтайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Халықтық майдан''' –халықтық фашизм мен соғысқа қарсы, демократия, әлеуметтік прогресс пен ұлттық тәуелсіздік үшін күрестегі халық бұқарасы ұйымының формасы. Халықтық майдан 20 ғасырдың 30-жылдарында пайда болды. Германияда фашистердің өкімет билігін басып алуы (1933), Италиядағы фашистік диктатураның күш жинауы, Францияда, Испанияда, т.б. бірқатар Еуропа елдерінде фашизмнің белсенділік көрсетуі соғыс қаупін бірден күшейтті. Халықтық майдан құру идеясы 1934 жылы ақпан айында Франциядағы фашистік төңкеріс жасау әрекетінен кейін бірінші рет жүзеге асырылды. Онда 1935 жылы әртүрлі саяси партиялардың, ұйымдардың өкілдері енген Халықтық майдан құрылды. Сол жылы Халықтық майдан Испания мен Чилиде де қалыптаса бастады. 1936 жылы сәуір, мамыр айларында Халықтық майдан партиялары Франциядағы парламент сайлауларында жеңіске жетті. Халықтық майданға сүйенген үкімет 1936- 38 жылы Францияда еңбекшілердің жалақысын көтеру, 40 сағаттық жұмыс аптасын, ақылы демалыстар енгізу, кәсіподақтардың құқығын кеңейту, фашистік ұйымдарға тыйым салу, ұсақ қолөнершілер мен саудагерлерге жеңілдікпен несиелер беру, т.б. жөнінде заңдар қабылдады. Халықтық майдан тактикасын жүзеге асыру 1938 жылы социалистер мен радикалдардың кесірінен жікке бөлінгеніне қарамастан, Францияда фашистік диктатураның орнауына бөгет болды. 1936 жылы 16 ақпанда Испаниядағы сайлауда Халықтық майдан жеңіске жетті. Халықтық майданының басшылығымен Испанияның республикалық күштері үш жыл бойы (1936-39) испан фашистері мен неміс-итальян интервенттеріне қарсы шайқасты. Қытайда 1935 жылы елдегі азамат соғысын тоқтату және жапондарға қарсы ұлттық майдан құру жөнінде шаралар жүзеге асырылды. 1937 жылы Гоминьдан үкіметінің басшысы Чан Кайши бұқаралық козғалыстың қысымымен жапондарға қарсы майдан құруға келісті. Чилиде 1939 жылы әртүрлі саяси партиялар Чили еңбекшілері бірге Халықтық майдан құрды. Ол 1938 жылгы муниципалдық және президенттік сайлауларда үлкен табысқа жетті. Ондағы Халықтық майдан үкіметі 1941 жылға дейін өмір сүрді. Халықтық майдан құру үшін күрес бірте-бірте халықаралық көлемде өріс алды. 1939 жылы қыркүйекте Брюссельде халықаралық бейбітшілік конгресі өтіп, оған 35 елдің делегаттары қатысты. Оның негізгі мақсаты бірыңғай антифашистік майдан құру болды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Халықтық майдан саясаты одан әрі дамытылып, басып алынған елдер мен фашистік блок елдерінде Қарсыласу қозғалысы өрістеді. Соғыс аяқталып, фашизм талқандалғаннан кейін Халықтық майдан құру саясаты өзінің өзектілігін жоғалтты. ==Дереккөздер== Санат:Соғыс
'''Константин Юрьевич Коротков''' (18. 06.1961, Өскемен), ХДСШ-і (1982). Қаз КСР- інің ЕСЖ-сы М. Шабалинның басшылығымен Коротков спортымен 10 жасынан бастап айналысты. Республиканың әлденеше мәрте чемпионы әрі рекордшысы. Кейін ж-шы К. Костусенконың басқаруымен 1983-84 жылдары КСРО чемпионы, Еуропа чемпионатының қола, КСРО халықтары қысқы күміс (1986) жүлдегері, чемпионы (1990) атанды. 1984 ж. Сараево (Югославия) өткен қысқы Олимпиялық ойынға қатысты. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша конькишілер Санат:КСРО конькишілері
'''Атжабу''' ертеректе ерекше статустың, байлық пен барлықтың белгісіне саналған жылқы әбзелі, жамылғы түрі. Дәстүрлі ортада қолы жеткен адам», беделді, ауқаттылар аттарына аңның терісінен де жабу салған. Жолбарыс, албарыс (ілбіс), сілеусін, терісінен жабу салу ерекше мәртебенің көрінісі болған. Соған байланысты қылқұйрық жабу, құндыз құйрық жабу деген атаулар қалыптасқан. Шетін жалпақтау етіп әдіптеген. Жабудың басқа әбзелдерден айырмашылығы оған түрлі аңдардың жылқының құйрығы тағылатын болған. Жаугершілік заманда жеңілген жақтың «Байрағыңды жабу» еттім, «туыңды жабу еттім» деген сөз орамдары осыған байланысты қалыптасты. Атжабу жібек, мақпал, қыжым, биқасап, барқыт, қатипа сиякты қалың да, қымбат маталардан тігілетін немесе кілемдерден арабы кілем, түкті кілем, алашадан әдейілеп пішіліп жасалған. Көз бен тіл тиюден сақтайды деп жарысқа қосылатын аттарды толық қымтауға жететін, яғни мойнынан бастап құйрық түбіне дейін жететін кежім деп аталатын көлемді атжабу түpi матадан жасалып, беті ою-өрнекпен әшекейленіп, жиегіне түрлі-түсті жіптерден айнала шашақ төгіліп жасалады. Атжабудың әлеуметтік дәрежені білдіретін символикалық мәнімен қатар, атты тіл-көзден сақтайтын ғұрыптық функция да атқарды. Сонымен бірге, атжабу суық маусымда, әсіресе бәйге, көкпар және аңшылық пен саятшылыққа арналған аттарды жаратқан кезде де қолданыстық маңызы үлкен болды. Осындай атжабудың ұзындығы шоқтықтан құйрық түбіне дейін жетті, ені екі бүйірін жабатындай көлемде болды, ұштары бір-біріне баумен бекітілді. Атжабудың атты бәйгеге жарату, тер алу, қаражарыс сияқты мұқымды да күрделі шара кезінде тер қатудан және суық тиюден сақтайтын киізден жасалған қалың түрі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
революция''' Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде Екінші дүниежүзілік соғыс жағдайында және одан кейінгі кезеңде болып өткен қоғамдық-саяси процестердің маркстік әдебиетте бейнеленуі. Германия және Италия фашизмі мен жапон милитаризмін талқандау, Бұл елдерді Кеңес армиясының азат етуі жағдайларында онда КСРО-ның көмегімен халықтық демократия деген атқа ие болған саяси жүйе орнатылды. революциясы нәтижесінде Польша ,Чехословакия, Венгрия, ГДР, Болгария, Румыния, т.б. елдерде билікке И.В.Сталиннің тікелей сеніміне ие болған тұлғалар келді. Олар негізінен халықтың кедей топтары мен осы елдерде орналасқан Кеңес армиясы бөлімдеріне сүйенді. Қарсылық білдіргендер қатал жазаланды немесе шетелге кетуге мәжбүр болды. Осыған байланысты көп ұзамай әлем елдері жүйеге (социалистік және капиталистік) бөлініп, екеуінің арасында «қырғи-қабақ соғыс» басталды. жүйенің арасындағы ұзаққа созылған бәсеке 20 ғасырдың 80-жылдарының аяғы және 90-жылдардың бас кезінде болган социалистік жүйенің талқандалып, КСРО-ның ыдырауына алып келді. ==Дереккөздер==
XX ғ-дың екінші жартысының басында АҚШ-та пайда болған командалық спорт түрі. Әр командада әйел еркек бар небәрі 10 адам болады. Әйелдер әйелдермен, ерлер ерлермен бәсекеге түседі. Жарыс түйетайлығы 309 тректе өтеді. Әр спортшы өз кезегі келгенде 12 минут сырғанайды да бір көште 60 км. қашықтықты өтеді. Осы аралықтың ең аз нәтиже көрсеткен адам жеңіске жетеді. Жарыс кезінде сүріну, құлау, жарақат алу сияқты нәрселер көп ролик-дерби халықтың арасында кең тараған жоқ. Одан бірінші Әлем чемпионаты 1949 ж. өтті. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Түзу жолда сырғанау''', бірден жоғары шапшаңдық (әсіресе қысқа қашықтықтарда) алып кету үшін спортшы сөреден шығу сәтін дұрыс бастауы керек. Сөреге "на страт!" бұйрығы берілгеннен кейін конькиші сызығының бойына оң жағына жартылай бұрылып тұрады. Сөре сызығы мен дененің ара қатынасы 40° шамасында, сол қол алдыңғы жақта, оң қол арт жақта сермелуге дайын тұрады. "Дайындал!", "внимание!" бұйрығынан кейін тізесін тағы да бүгіңкіреп, еңкейе түседі. Қимылсыз тыныш тұрады "Марш!" бұйрығынан кейін сөре сызығынан атыла жөнеледі. Конькишілердің бойлары бір қалыпта түзеліп сырғанақ басталып кетеді. Алғашқы 5-6 қадам қыска болады, қолдар алма-кезек сермеледі. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Хан кеңесі''' Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің ұйғарымымен 1827 жылы құрылған билер алқасы. Құрамына әр рудың беделді билері енген. Ресми құжаттарда «Ханның билер кеңесі» деп те аталады. Хан кеңесі жергілікті хандық билік жүйесіндегі ең жоғарғы орган болып саналған. Кеңес мүшелері маңызды саяси мәселелерді талқылап, ханға ақыл-кеңес беріп отырған, ханның кейбір өкім, жарлығының баптарын өзгертуге ұсыныс жасаған. Жергілікті сипаттағы заңдар қабылдау ісіне қатысып, өз пікірлерін білдіруге құқылы болған. Сондай-ақ Хан кеңесінің мүшелері ұрлық жасаған адамдарға жаза тағайындау, зекет, соғым салықтарын төлемегендерге айыппұл салу, т.б. мәселелерді талқылап, хан құзырына жолдап отырған. Кеңес мүшелері бейбіт кезеңде толық құрамда сирек бас қосқан, тек 1835-37 жылы көтеріліс кезінде жылына 3-4 рет мәжіліс құрды. Олардың мүшелік қызметі мен өкілеттілігі тұрақты саналған. ==Дереккөздер==
'''Кенжеш Садыққызы Сарсекенова''' (17 қазан 1972, Аякөз қаласы, Шығыс Қазақстан облысы) қазақстандық конькиші, жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстанның, Әлемнің екі мәрте жеңімпазы, 1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия), 1994 жылы Нагано (Жапония) қысқы Олимпиялық ойынға қатысушы, қысқы Азия ойындарына (1999, Оңтүстік Корея) қатысып 1500 метрге сырғанаудан 8-ші, көпсайыста 9-шы орынға ие болды, Әлем кубогінің кезеңдеріне, Норвегия, Голландия, Германияда өткен т.б. халықаралық турнирлерге қатысты. == Дереккөздер == == Сілтемелер == Оlympics.com Санат:Алфавит бойынша конькишілер Санат:Қазақстан конькишілері
жарыстар өтетін мұз айдындарынан басқа да жай адамдардың әсіресе балалардың демалуы, ойнауы үшін сырғанақтар қатырылады. Негізінен осындай сырғанақтардың үш тобы бар: Олар қыс айларында беттері қатқан өзен-көлдердің, су қоймаларының үстіндегі қардан тазаланып жасалатын сырғанақтар; аулаларда, ашық алаңдарда, шағын спорт алаңдары мен стадиондарда қолдан су құйып жасалынатын сырғанақтар; жасанды техникалық және химиялық сырғанақтар. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Таусағыз''' () астралылар тұқымдасына жататын көп, кейде екі жылдық шөптесін өсімдіктер не жартылай бұта. Негізінен Орталығы Еуропадан Шығыс Азияға (оның ішінде Орталық Азия мен Кавказ) дейінгі құрғақ аудандарда өсетін 170-тей түрі бар. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола облыстарында, Іле, Күнгей, Теріскей, Қырғыз Алатауларында, Кетпен тауында тараған 28 түрі бар. Қиыршық тасты тау баурайында, далалы, сортаң топырақты, шалғынды, құмды жерлерде өседі. Биіктігі 50, кейде 70 90 см. Тамыры жуандап, түйнекке айналған. Сабағы түзу, тықыр не түкті. Жапырақтары таспа тәрізді, ұзын, жиектері бүтін, кезектесіп орналасады. Тілшік тәрізді ірі гүлдерінің түсі сары, кейде қызыл және күлгін болады, жоғары жағы қиықты, тісті, тозаңқаптары түбінде жебе, гүл шоғы цилиндр тәрізді. Мамыр маусым айларында гүлдеп, маусым шілдеде жеміс салады. Жемісі дәнек. Құрамында каучук бар реликті түр кәдімгі Таусағыз (S. tau-caghys) жойылып бара жатқан эндемик. Хантау Таусағызының (S. chantavіca) түрі де қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ==Дереккөздер== Қызыл кітабына енген өсімдіктер
'''Роликті конькилер''' арнайы жасалған жолдың үстімен (трек, тас жол) сырғанауға арналған аяқ-киім. Роликті конькимен сырғанау XVIII ғасырда пайда болған. Әсіресе XX ғ-дың 30-шы жылдарында онымен көп адамдар әуестенген. Ер адамдар 410 ярдтан мильге (100 м,- 8км.), әйелдер 440 ярдтан- мильге (100 м.-1.612 км) дейінгі ара қашықтарда жарысқан. Роликті конькилермен мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты еркін бағдарлама бойынша 1947 ж. өткізілген және 4-5 минутқа созылған. Мұнда жарыс жекелей және жұптасып өнер керсету мен спорттық биден өтеді. Тақтайдан жасалған тректердің көлемі біркелкі емес, айналымнан тұратын әр айналымы мильден бастап әрі қарай үлкейе береді. Жыл сайын болмағанымен роликті конькилерден қашықтыққа жарысудан хоккейден жиі-жиі жарыстар өтіп тұрады. Роликті конькилер халықаралық бірлестігі 1924 ж. Швейцарияда құрылған. == Дереккөздер == Санат:Спорттық киімдер
'''Атажұртпен қоштасу''' түрлі тарихи жағдайлага байланысты елге, жерге деген махаббат, әр замандағы оқиғаларды арқау еткен ғибратқа толы жыр айту рәсімі. Тілді, жерді сүюге тәрбиелейтін өнегелік жақтары бар қоштасуда ел мен жердің салтанатты, берекелі кезеңін суреттейді. Бұл отаршылық басталардағы «зар заман ақындарының» шығармаларында басты тақырыпқа айналған. М.Әуезов атажұртпен қоштасу жырын мағыналық жагынан үшке бөледі: жермен қоштасу, елмен қоштасу, өтіп бара жатқан заманмен қоштасу. Кейде осы үрдісті арыздасу деп те атайды. Онда көшпелі қоғамның моральдық нормалары, ерліктің өресі биік ұстанымдары арқау болады. С.Сейфулин «Қарқаралыдан шыққaн ақын Күдері қожаның баласы Құлет ақын айтиы» деген қоштасу жырында ел-жұртпен, туған жермен коштасу сәтін былай суреттейді: ''Әкем күйеу болған жер, ''Шешем бір келін болған жер. ''Ақ бүркеншік салынып, ''Ала берен киген тay. ''Кетейін деп кетпедім, ''Төңірегім толған жау, ''Шулап тұрган бәрің мал. ''Қош, есен бол, туған жер, ''Кіндік кірім, ту5ан жер! XX ғасырдың құғын-сүргін зобалаңы кезінде шетке қарай аууға мәжбүр болған қазақтар арасында бұл дәстүр жалғастығын тапқан. Атажұртпен қоштасу қоштасар сәтте жердің, қоныстың, ата-баба зиратының бір уыс топырагын, арша, адыраспан, жабайы сарымсақ қатарлы қасиетті саналатын хош иісті өсімдік шөптерді шүберекке түйіп алады. Қоштасу жырында жер мен елдің асыл қасиеттерін сипаттап, оны қастерлеудің шексіз парыз екендігін және осы кір жуып, кіндік қаны тамған қасиетті атажұртпен шарасыздықтан қол үзіп бара жатқандығын айтады, жұрттағы қалып бара жатқан туыстарына, дос-жарандарына береке тілейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Мам Унденович Хван''' (1.05. 1930, Владивосток, РФ), Республикадағы КСРО ның тұңғыш еңб.сің СШ-і (1958), ҚазКСР-інің еңб.сің СШ-і (1962). XX ғасырдың 60-шы жылдары О. Шабаров, И. Назаров, В. Гейдрих, В. Троцкий, К. Серегина, Н. Солдатова және атақты конькишілерді дайындады. П.ғ.к-ты, профессор, ғылыми бағыты "Биік таужәне спорт". М.ғ.д., профессор А. Бернатейннің басшылығымен Қазақ дене тәрбиесі институтының жанынан осы аттас лабораторияны ашты. == Дереккөздер == Санат:Коньки
'''Петр Николаевич Шабалин''' (6.02.1947, Барлымова селосы, Удмурт АССР-і, РФ). Әртүрлі қашықтықтарға сырғанауда республиканың әлденеше мәрте чемпионы және жүлдегері. 1972-77 ж.ж. қазақ дене тәрбиесі институтының аға оқытушысы, 1978-91 ж. республикалық мектеп-интернат директорының орынбасары, 1991-2000 ж.ж. спорт ойындары және қысқы спорт түрлері республикалық жоғары спорт мектебінің директоры, 2000 жылдан ЦСКА спорт клубы спорт ойындары мектебінің директоры. "Еңбек сіңірген спорт қайраткері". == Дереккөздер == Санат:КСРО спортшылары
'''Виктор Владимирович Шашерин''' (23.10.1962, Алматы), еңбек сіңірген СШ-і. Республиканың әлденеше мәрте чемпионы әрі рекордшысы. КСРОқұрама командасының санында 10 жыл болды. Көптеген халықаралық турнирлердің соның ішінде ҚазКСР Министрлер Кеңесі турнирінің жеңімпазы, Әлемнің рекордшысы (23.03. 1984; 5000 м.-6.49,15; кп. Көп- сайыстан ұп.; 3-4-.01.1981, 161-690 үп.; 18-19.04.1985, 159,566 ұп). КСРО-ның үш дүркін және абсолютті чемпионы (1985), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1985-86). == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша конькишілер Санат:КСРО конькишілері
XIX ғасырдың соңына таман пайда болған спорттың бір түрі. Шорт-тректен жарыс былайша өтеді. Әйелдер де, ерлер де 1500, 500, 1000 және 3000 метрлік қашықтықтарда күш сынасады. Бірінші орын алған спортшы 5, екінші орын алған спортшы 3, үшінші орын алған спортшы ұпайға ие болады. 1000 және 1500 метрлік қашықтықтарда мәреге алты спортшы шықса, 500 метрлік қашықтықта олардың сандары төртеуден аспайды, ал 3000 метрлік қашықтықтағы бәсекеге алдыңғы үш қашықтық боынша орын алған спортшылар ғана жіберіледі. Ереже бойынша іріктеу және финалдық жарыстар өтеді. Жеңіске төрт қашықтықтың қорытындысында ең көп ұпайға ие болған спортшылар жетеді. Шорт-трек өткен ғасырдың соңғы жылдарында Солтүстік Америкада пайда болса керек. Ағылшындар мұны ойлап шығарған біздер едік, бірақ Англияда өpicтеп кете қоймады да, бір ағылшын онымен канадалықтарды таныстырып сол елде бастау алып кетті дейді. Бірақ канадалықтар бұған келісе қоймайды, ''олар'': біздерге шорт-тректі ешқандай ағылшын үйреткен емес, оны ойлап тапқан да, алғаш рет жарыстар ұйымдастырған да өзіміз дейді. Қазір бұлардың қайсысының дұрыс, қайсысының бұрыс екендігін анықтау қиын, бірақ біздердің білетініміз басқаларға қарағанда шорт-тректі дамыту үшін канадалықтардың көп еңбек сіңіргендігі. Канадада алғаш рет жарыс 1905 жылы ұйымдастырылып, жеңіске Фред Логен деген спортшы жетті. Бір жылдан кейін бұл жаңалықты Канаданың оңтүстік көршілері іліп алып кетті. АҚШ-тағы шорт-тректен алғашқы чемпион Моррис Вуд деген кісі болды. 1915 жылы АҚШ пен Канаданың арасында алғашқы халықаралық жарыс өтті. Мұнда канадалық Рассел Уилер жеңіске жетті. Араға он бір жыл салғаннан кейін осындай жолдастық кездесу қайталанып, содан бері үздіксіз өткен жарыс "Солтүстік Америка құрлығының шорт-тректен чемпионаты" деп аталады. == Дереккөздер == Санат:Шорт-трек
'''Мадиғали Абдығалиұлы Қарсыбеков''' (12.02.1956, Алматы облысы, Қаскелең ауылы), Қаз. еңб. сің.СШ-і (1999). 1977 ж. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын к.с.-ты мамандығы бойынша бітірді. 1979-85 ж. к.с.-нан жаттықтырушы болып қызмет істеп, 1989 жылдан Ақтөбе қаласындағы қысқы спорт түрлері балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ауысып ш.т..- тен жаттықтыра бастады. Кейін республиканың және ВЦПС құрама командаларының аға жаттықтырушысы болды. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан
'''Елена Владимировна Синицина''' (3.10.1971, Рудный қаласы, Қостанай облысы) қазақстандық шорт-текші, Спорт шебері (1991). Рудный индустриалды институтын бітірген "Горняк" спорт клубында тәрбиеленді. Жасөспірім қыздар арасындағы КСРО біріншілігінің 1000 м. және 3000 м. жарысудағы, КСРО кубогінің күміс жүлдегері. ТМД елдерінің абсолютті чемпионы (1994), Лиллехаммердегі (1994, Норвегия) қысқы Олимпиялық ойынға қатысты. == Дереккөздер == Санат:3 қазанда туғандар Санат:1971 жылы туғандар Санат:Алфавит бойынша шорт-трекшілер Санат:Қазақстан шорт-трекшілері
'''Қазақстанда конькиді мәнерлеп сырғанау''', өзінің бастауын 1947 жылдан алады. Республиканың алғашқы чемпионаты 1953 ж. өтті. 1970 ж. Алматыда, 1975 ж. Өскеменде алғашқы жасанды мұз айдындары ашылды. Жыл бойы үздіксіз жаттығуға мүмкіншілік туғаннан кейін к.м. с-шылардың шеберліктері күрт өсті. Мәнерлеп сырғанаудың көзге түскен алғашқы шеберлері өсті. Мәнерлеп сырғанаудың көзге түскен алғашқы шеберлері өздерінің мүмкіндіктерін арттыру үшін көптеген шет мемлекеттерде әсіресе АҚШ-та болып біріккен жаттығулар өткізді. 1996 жылдан бастап еліміздің конькиді мәнерлеп сырғанаушылары Ә.ч-тарына, Азия ойындарына қатысып келеді. Аздаған жылдардың арасында республикада Д. Казарлыга, А. Крюков, А. Құанышева, Қ. Тілепалдина, М. Халтурина, Р. Тен сияқты талантты спортшылар дайындалды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Мұз үстіндегі би''', көрініс пен спорттың қатар орындалатын қосындысы. XIX ғасырдың ортасында Англияда мұз үстіндегі театр деген атпен жеке мұз айдындарының біріншілігі ретінде өткізіліп, 1895 жылдарда алғашқы чемпионат өтті. Алғашқыда тек вальс ырғағымен орындалды кейін коньки спорты дамыған барлық мемлекеттерде таралды. Алдымен аралас жұпта ғана өтіліп келсе 1952 ж. бастап мұз үстіндегі жеке биден де жарыстар өте бастады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
Шаңғышы ылдилап бұрылу үстінде Шаңғымен өрге көтерілу сәті '''Тау Шаңғы Спорты''' шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом, жылдам сырғанау болып бөлінеді. Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықт. 500 700 м, көлбеулігі 100 200 м. Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады. Олардың арасы м. Жарыс кезінде слаломшылар трассаны екі рет өтеді. Соның орташа уақыт көрсеткішінен қорытынды нәтиже шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 500 м, ұзындығы 800 2000 м, қақпаның ені м, олардың арасы 15 20 м. Жылдамдық сағатына 65 километрге жетеді. Жылдам сырғанауда жолдың көлбеулігі 500 1000 м, ұзындығы 2000 4000 м, жылдамдығы сағатына 90 100 километрге жетеді. Тау шаңғы спортының алғашқы ережесін 1920 жылдары ағылшын А.Лунн құрастырған. Жылдам сырғанаудан 1923 жылы Швейцарияда тұңғыш жарыс өтті. Әлем чемпионаты 1930 жылдан өткізіліп келеді. 1936 жылы олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілді. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы біріншілігі 1934 жылы басталды. Тау шаңғы спортынан федерация құрылып, ол 1948 жылы халықаралық ұйымға (ФИС) мүше болды. Тау шаңғы спорты 2- дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болды. Республиканың тау шаңғы спортшылары А.Артеменко, Ю.Кабин, В.Митрозаев, Г.Минаев, П.Дельвер, О.Жайшыбеков, В.Духанин, Р.Ақжанов, Н.Еремеева, М.Хусайнов, тағы басқалар спорттың бұл түрін дамытуға зор үлестерін қосты. == Дереккөздер == Санат:Қысқы спорт Санат:Шаңғы спорты
'''Сальхов секірісі''', бұл секіріс Әлемнің 10 дүркін чемпионы, атақты швед мәнершісі Ульрих Сальховтың есімімен аталған. Мұнда дененің кеңістікте айналуы басқа секірістерге қараганда көбірек және мұздың бетіне тірелетін нық тұрып, жақсы сырғанап, секіруге екпін қосатын бос тұрған аяқтың сілтенуіне жағдай туғызады. Конькимен мәнерлеп сырғанауда қазық баулап (петля), көбелек, Оллер, Валлей, Филипп, Шпагат т.б. секіру түрлері көп. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''"Кімді қалайсың?"''' қазақтың ұлттық ойыны. Алдымен ойын бастаушы және "жазалыға" үкім шығарушы хан тағайындалады. "Кімді қалайсыңның" ескі нұсқасында өзі қалаған кісіні оның көршісінен сұрайды, ол келіспесе хан шешімі бойынша "жазалайды". Жаңа нұсқада бастаушы қыз бен жігіттерді жұптастырып отырғызады да, көршілестердің бірінен "кімді қалайсың?" деп сұрайды. Сонда ол ұнатқан кісінің рет санын дәл тауып, оны қасына алады, не жаңылысса, "жаза" тартады. Жаза түрі ән, би, көркем сөз оқу т.б. болып келеді. "Кімді қалайсыңды" той жиындарда жастар сүйіп ойнайды. Кей жерлерде бұл ойын "қассың ба, доссың ба?", "көрші" деп те аталады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
күресі''', эллиндер мен латындар (гректер мен латындар) заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Грек-рим күресінің ''мақсаты'' лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады. 250pxЕгер таза жеңіс болмаған жағдайда, жеңіс ең көп ұпай алған балуанға беріледі. Балуанның киімі лыпа, бандаж, арнаулы трико және былғарыдан тігілген жұмсақ аяқкиімнен тұрады. Грек-рим күресінің жарыс ережесі 1896 ж. шығарылып, содан бергі уақытта талай рет жаңартылып келеді. Ол 1986 ж. -ші Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп, содан бері (1900, 1904 жылдардан басқа) бағдарламадан басқа олимпиядалық жарыстан түспей келеді. Әлем чемпионаты 1897 ж. Еуропа чемпионаты 1898 жылдан бастап өтіп келеді. Күрес әуесқойларының халықаралық бірлестігі (ФИЛА) 1912 ж. құрылды. ҚР- ның Грек-рим күресінің бірлестігі 1993 жылдан ФИЛА-ға мүше. == Дереккөздер == Санат:Грек-рим күресі
'''Анатолий Иванович Колесов''' (18 қаңтар 1938, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Литвинское елді мекені қаңтар 2012) КССРО-лық балуан, еркін күрес шебері. == Өмірбаяны == Қазақстанның тұңғыш чемпионы. Қазақ дене тәрбиесі институтын (1955) бітірген. КСРО халықтары алтын медальға ие болды (1959). Колесов он жыл бойы (1957-66) еліміздің командасы құрамында дүниежүзінің 20 елінде болып, еліміздің спорттық намысын қорғады. == Жетістіктері == Колесов олимпиялық ойындардың (1964, Токио), әлемнің үш дүркін (1962, 63, 65) чемпионы. Ол басқарған КСРО құрама командасы 1966-69 ж. Еуропа мен дүние жүзінің төрт дүркін, олимпиялық ойындардың чемпионы болды. == Марапаттары == Колесов Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды. == Дереккөздер == Санат:1938 жылы туғандар Санат:Осакаров ауданында туғандар Санат:КСРО-ның Олимпиада чемпиондары Санат:КСРО балуандары Санат:1964 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Күрестен Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары
'''Бастемі қазірет Айтқожаұлы''' (1874, Кеңтүбек ауылы (қазіргі Май ауданы (Павлодар облысы)) 1903) діни қайраткер, қазірет. ==Білімі== Бастемі жыл Бұқарда оқыды, отанына 23 жасында оралды. ==Еңбегі== Кеңтүбек ауылында мешіт ашты, сонда бір мезгілде 80 оқушы оқи алатын медресе салды. Мешіт-медресе ағарту-тәрбие орталығына айналды. Кеңтүбек ауылының үлкен зиратында, Бапи Басарұлы туысқанының жанында жерленген. 1990 ж. ұрпақтары мәрмәрдан ескерткіш орнатты. == Дереккөздер == Санат:1874 жылы туғандар Санат:Май ауданында туғандар Санат:1903 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан қазіреттері
'''Ахат Сенорович Аширов''' 8.5.1970, Павлодар қ.) дзюдодан халықаралық класстағы спорт шебері (1997). ==Спорт жетістіктері== 1988 жастар арасындағы жасөспірімдер КСРО біріншілігінің қола иегері, Дзюдодан КСРО спорт шебері (1988), КСРО жастар құрамасына енді. 1989 КСРО жастар ойыны, Донецк қ., 3-орын, 1990 Алматы қ. Халықаралық турнирі 2-орын, 1991 КазСРО кубогы, Алматы қ., 1-орын, Қазақстан чемпионаты 3-орын. 1992 ҚР федерациясының кубогы 1-орын, 1995 ҚР Чемпионаты, Павлодар қ., –орын, Германиядағы халықаралық турнир 7-орын, Алматы -орын, Үндістандағы Азия Чемпионаты- орын. 1996 бірнеше халықаралық турнирларда қатысты: Жапония, Венгрия, Алматы орын, Үндістан, Германия, Франция, Италия, 1985 ж. Азия чемпионатында қола және күміс жүлдегер, Атлантадағы Олимпиада ойындарының (АҚШ, 1996) қатысушысы. ==Ескертулер== ==Әдебиет== Павлодар. Павлодар облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодар Ертіс өңірі). Санат:Қазақстан дзюдошылары Санат:1970 жылы туғандар Санат:Алфавит бойынша дзюдошылар
'''Елік Нұрмұханбетұлы Сұлтанғалиев''' (11.02.1947, Алматы қаласы) ХДСШ-і. Республиканың дүркін чемпионы. Көптеген халықаралық жарыстарда, КСРО чемпионатында, КСРО халықтарының республиканың намысын абыроймен қорғады. Бүкілодақтық Спартак ерікті спорт қоғамы біріншілігі, И.Паддубный, Пытлясянский атындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Сонымен қатар, ол Еуропа арасындағы чемпионатта жеңіске жетті. 1982 жылдан Алматы қаласындағы №2 дәріхананың меңгерушісі қызметінде, 1995 жылы дәріхана "№2 аптека" ЖШС директоры болды. == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер == ҚазҰМУ түлектері қауымдастығы Басымды иемін, ПЕТР КУЗЬМИЧ! (бапкері) Санат:11 ақпанда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Қазақстан чемпиондары атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері
== Кәсіпқой бокс == Кәсіпқой бокстағы салмақ санаттары. Салмақ дәрежесі, кг (фунт) Бекітілген жыл Санат атауы WBC WBA IBF WBO Boxrec 90,892 (200) дейін 1885 Ауыр салмақ Heavyweight Heavyweight Heavyweight Heavyweight Heavyweight 90,892 (200) дейін 1980 Бірінші ауыр салмақ Cruiserweight Cruiserweight Cruiserweight Junior heavyweight Cruiserweight 79,378 (175) дейін 1913 Жартылай ауыр салмақ Light heavyweight Light heavyweight Light heavyweight Light heavyweight Light heavyweight 76,203 (168) дейін 1984 Екінші орташа салмақ Super middleweight Super middleweight Super middleweight Super middleweight Super middleweight 72,574 (160) дейін 1884 Орташа салмақ Middleweight Middleweight Middleweight Middleweight Middleweight 69,85 (154) дейін 1962 Бірінші орташа салмақ Super welterweight Super welterweight Junior middleweight Junior middleweight Light middleweight 66,678 (147) дейін 1914 Жартылай орташа салмақ Welterweight Welterweight Welterweight Welterweight Welterweight 63,503 (140) дейін 1959 Бірінші жартылай орташа салмақ Super lightweight Super lightweight Junior welterweight Junior welterweight Light welterweight 61,235 (135) дейін 1886 Жеңіл салмақ Lightweight Lightweight Lightweight Lightweight Lightweight 58,967 (130) дейін 1959 Екінші жартылай жеңіл салмақ Super featherweight Super featherweight Junior lightweight Junior lightweight Super featherweight 57,153 (126) дейін 1889 Жартылай орташа салмақ Featherweight Featherweight Featherweight Featherweight Featherweight 55,225 (122 дейін) 1976 Екінші жеңіл салмақ Super bantamweight Super bantamweight Junior featherweight Junior featherweight Super bantamweight 53,525 (118) дейін 1894 Ең жеңіл салмақ Bantamweight Bantamweight Bantamweight Bantamweight Bantamweight 52,163 (115) дейін 1980 Екінші ең жеңіл салмақ Super flyweight Super flyweight Junior bantamweight Junior bantamweight Super flyweight 50,802 (112) дейін 1911 Ең кіші жеңіл салмақ Flyweight Flyweight Flyweight Flyweight Flyweight 48,988 (108) дейін 1975 Бірінші ең кіші жеңіл салмақ Light flyweight Light flyweight Junior flyweight Junior flyweight Light flyweight 47,627 (105) дейін 1987 Минималды салмақ Strawweight Minimumweight Mini flyweight Mini flyweight Minimumweight == Әуесқой бокс == Жазғы Олимпиада ойындарында қолданылатын салмақ санаттары гг бойынша салмақ) Санат атауы Санаттың ағылшынша атауы 91+ Супер ауыр салмақ Super heavyweight 91 Ауыр салмақ Heavyweight 81 Жартылай ауыр салмақ Light heavyweight 75 Орташа салмақ Middleweight 69 Жартылай орташа салмақ Welterweight 64 Бірінші жартылай орташа салмақ Light welterweight 60 Жеңіл салмақ Lightweight 56 Жартылай жеңіл салмақ Featherweight 52 Ең жеңіл салмақ Bantamweight 46 49 Бірінші ең жеңіл салмақ Light flyweight == Тағы қараңыз == *Бокс AIBA World Ranking == Дереккөздер == Санат:Бокс en:Weight class (boxing) de las categorías por peso en el boxeo según cada asociación
дзю-до күресі''', республикада жетекші спорт түрлерінің бірі болып есептелінеді. Республикалық чемпионаты 1973 ж. бастап өтіп келе жатыр. Алғашқы жылдары М.Әзімбаев, В.Ярославцев, А.Қамқоев, К.Мысықбаев, Б.Жаңбырбаев, И.Вешагуров, ағайынды Жабраил және Исраил Кодзоевтар республиканың атын шығарды. Біраз жылдардан бері республикалық дзю-до күресінің тұңғыш төрағасы С.Жандосов атындағы халықаралық турнир өтуде. 1995 ж. Үндістанның Дели қаласында өткен халықаралық дзю-до бірлестігінің конгресінде қазақстандық жаттықтырушы Р.Байбосынов дүниежүзілік дзю-до бірлестігінің вице- президенті болып сайланды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Алексей Аселдерович Атаев''' (01.03. 1941, Дағыстан, РФ), СШ-і. ҚазКСР інің және КСРО- ның ЕСЖ-сы. 1979-84 жылдары Дзю до күресінен республиканың аға жаттықтырушысы болып қызмет істеді. Ол дайындаған команда КСРО чемпионаттарын да және КСРО халықтарының жүлделі орындарға ие болды. Құрама команда мүшелерін дайындаған үшін Атаев "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:КСРО дзюдо
'''Таушешек''' () көкендер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездесетін түрі: алтай Таушешек (S. altaіca), Тарбағатай таушешегі (S. tarbagataіca) және Тянь-Шань Таушешек (S. tіanschanіca) бар. Бұлардың биіктігі 30(40) см. Тамыры жуан, бірнеше бөлікке тарамдалып, тереңге жайылып кетеді. Сабағы бірнешеу, онда қалың, сопақша төрт қалақты жапырақтары кезек орналасады. Гүлдері хош иісті, ақшыл, қызғылт түсті, қос жынысты, аталығының саны 8, аналығы біреу, жатыны бір ұялы, гүлсерігі түтік тәрізді. Көп гүлді (саны 15 20), олар топталып, шоғырбас гүлшоғырын құрайды. Маусым тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі жаңғақша. Таушешектердің гүлдері әдемі, хош иісті, сәндік үшін өсіріледі. Тарбағатай Таушешегі мен Тянь-Шань Таушешегі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. == Дереккөздер == Санат:Көкендер
'''Бауыржан Шекербекұлы Жаналин''' (01.01.1948, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Үлгілі ауылы 18.09.2004, Астана), ҚЕСЖ-сы. Жаттықтырушылық қызметті Балқаш қаласында бастады. 1984-86 жылдары республикалық құрама командасының аға жаттықтырушысы болып қызмет істеді. 1991 96 жылдары самбо күресінен республикалық құрама командасының аға жаттықтырушысы болды. == Дереккөздер == Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Ақсу ауданында туғандар Санат:18 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:2004 жылы қайтыс болғандар Санат:Астанада қайтыс болғандар еңбек сіңірген Санат:Самбодан Қазақстан Ұлттық құрамасының аға
'''Бостан Оңдашұлы Жаңбырбаев''' (23.04. 1963, Талдықорған облысы Кербұлақ ауданы), ХДСШ-і. ҚазКСР-інің ЕСЖ-сы. Республиканың бірнеше дүркін чемпионы және КСРО жүлдегері. 2006-2008 жылдары күрес түрлерінен республикалық спорт мектебінің директоры болып қызмет істеді. == Дереккөздер == Санат:23 сәуірде туғандар Санат:1963 жылы туғандар Санат:Кербұлақ ауданында туғандар халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері еңбек сіңірген Санат:Дзюдодан Қазақстан чемпиондары Санат:Дзюдодан Қазақстан
'''Ермек Әбуұлы Иманбеков''' (24.08.1961, Алматы облысы, Қарасай ауданы) дзюдодан республиканың әлденеше дүркін және бүкілодақтық, "Буревестник" ерікті спорт қоғамының чемпионы. Бірнеше халықаралық турнирлерде жеңіске жетті. Халықаралық дәрежедегі және СШ-ін дайындады. == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер== Ермек Иманбеков: «Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетеміз», 27 тамыз 2013 Санат:24 тамызда туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:Қарасай ауданында туғандар Санат:Дзюдодан Қазақстан чемпиондары Санат:Дзюдодан Қазақстан құрамасы жаттықтырушысы
Атқы аңшылықта қолданылатын құрал, өзінен-өзі атылатын садаққа ұқсас арнаулы садақ пен жебеден тұратын құрылғы. Атқыны ірі аңдар жүретін жолдарға қаратып, аңның қос өкпе, кеудесіне тиетіндей етіп құрып қояды. Аң жіпті кеудесімен соққанда, оқ атылып аңға қадалады. Атқының садақтан өзгешелігі адамсыз өздігінен атылады және садақтан үлкен серпімі қатты болады. Атқы серіппесі (ағашы), серіппе бауы (қайыс), кергіш ағаш, тиек (бүлдіргелі), жебе, сақина жіп, шыжым және алдыңғы, артқы тіреуіш, қазық қатарлы бөлектерден құралады. Атқы ағашының ұзындығы бір құлаштай серіппелі ағаштан жасалады. Серіппесіне түйенің жөн терісінен тілінген ұзындығы бір құлаштай таспа бау тағылады. Садақ жебені, мылтықтың құндақ ағашы тәрізді ағашқа отырғызып, орналастырып, жіппен тартып қояды. Жебенің мойынына таяу жерінің астында өте сырғанақ қаға берісі жоқ төсеніші болады. Үш сүйемдей кергіш ағаш жасалып, оның үстіңгі бетінде сәл ойылған науашаға бойлай орналастырады. белгілейтін бөлегі кергіштің бір ұшын тіреп тартып отырып, енді бір қол мен тиектің бүлдіргесін кергіш кертігіне іліп, тиекті серіппе бауының үстіне айналдырып әкеліп, тиек түбін серіппе бауына басып тұрып, онан соң тиек үшін сақина жібіне іліндіріп бекітеді. Осылай керіліп тұрған атқыны екі тіреуіш қазықтың үстіне қояды: алдыңғысы атқы қаңқасын көтеріп тұрса, артқысы тепе-теңдігін сақтап тұрады. Жолдың келесі жағына тартылған «кеуде соғар шыжымның» ұшын сақина жіпке тисе болды сақина жіп тиектің басынан сыпырылып, жебе атылады. Атқының ортаңғы доғасының астына жерге қойғанда тепе-теңдігін сақтайтын етіп екі үш аяқты тұғыр бекітеді. Атқыны аң-құстар бармайтын жерге, ауа райының борансыз кезінде өте ептілікпен құрады. Атқының құрылу әдісі аңның түріне және мінез-құлқына байланысты болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
Атпа суармалы егіншілікте егістік суаратын, сабы үш аяқты мосыға ілінген, биікке су шығарушы құрал немесе үлкен күрек ожау. Ожаумен арнаулы тоғанға жиналған немесе құйылған су eric алқабына жіберілген. Атпада мосыға екі жағын тең етіп, сырық орнатылады. Оның бір басына күбі шелек, екінші басына ауыр нәрселер (зат) байланады. Ауыр нәрсе байланған жағы жоғары көтерілгенде, күбі шелек төмен түсіп, оған су толады. Ал ауыр зат төмен түскенде, яғни басылғанда шелек жоғары көтеріліп, ішіндегі су арыққа төгіледі. Шығыр болмаған аймақтарда егінді құдықтан немесе көлден суарғанда қазақ егіншілерінің жер суару үшін атпа әдісі қолданылған. Атпаның қолқауға, атпасамар, қолсамар деген түрлері бар. ''Егіннің суаратын құралы атпа, ''Атпа атып, аш адамдар болды қатпа, деген өлең шумақтары атпамен су айдаудын, әлегі мол, машақаты көп әрекет болғандығын көрсетеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Атпаз'''- бәйгеге қосылатын жүйрік және жорға аттарды бабына келтіруші, жаратушы, күтуші адам. Атбегінің, атсейістің нұсқауымен бәйгеге алдын ала жаратып, жем-суын үйлестіреді, терін алып бабына келтіреді. Сондай- ақ бәйге жолында балаға атты қалай жүгіртудің жолын үйретеді, мінез-құлығы туралы ақпарат береді. Ал мініс атының бабы үшін жауап беретін адамды атшы атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аламан хан''' асық ойынының түрі. Онда, ойыншылар бір жолда екі адамнан алма-кезек (бірі қалса, екінші) ойнайды. Ойынға қатынасушы әрбір адам әр реткі ойынға жетіден жоғары асық қосады. Сонымен бірге, үлкен, әрі әдемі асықты «хан» сайлайды. Оны ойнаушылардың асығына қосып араластырып, кілем, киіз үстіне шашып жібереді. Асықтың жағдайына қарай отырып онымен бірдей болып түскен жақпен басбармақ немесе сүк саусағымен атып «ханды» алады. «Ханды» атқан асыкпен оның маңайындағы тағы екі асықты атып алады. Мұнан кейін шашылған асықтардың кез-келген жерінен бір-біріне оңай тиетін асықтарды атып үтып отырады. Ойынның шарты ұтқан асықтың саны жетіге жеткенше ойын ережесін бүзуға болмайды. Яғни ойыншының қолы немесе атқан асығы басқа асықтарға тиіп кетсе, ол қолындағы асықтарын ортаға тастайды барлық асық ханталауға түседі. Ойын кезегі екінші адамға тиесілі болады. Бірақ қолындағы асықтың саны «ханды» қосып есептегенде жетіден артық ойыншы әлгі ереженің шарты- на бағынбайды. Яғни қолындағы асығы ханталауға түспей өзінде қала береді. Ондайда ханталауға жерде қалған асықтар түседі. Соңында ұтқан асық саны мен ханның кімнің колында екендігіне қарай қорытынды жасалып, ұтылғандардан тоқинек айып алынады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аттан''' (ұран) жаугершілік заманда тұтқиылдан жау шапқанда дауыстап дабыл беру, яғни елді жауға қарсы дайындалсын деген белгі беру. Сондай-ақ суыт хабарды білдіру үшін айтылатын «атқа мін», «атқа қон» дегенді білдіретін одағай сөз. Бұл көне заманнан келе жатқан, сөзбен айтылатын, дауыспен берілетін әскери дабыл түрі саналған. Жаугершілік заманда, тұтқиылдан жау тигенде, жұртқа хабар беру үшін ұрмалы музыкалық аспаптармен берілетін түрлі дыбыстық дабыл беру құралдарымен бірге, осылай дауыспен айғайлап белгі дабыл түрі ретінде қалыптасты. Осындай төтенше жағдайда ғана айтылатын «белгіні» естіген ер адамдар бөгелместен жедел түрде қару-жарағын асынып, атқа қонып, жауға қарсы шығуға дайын болуы міндеттелген. Барымташы немесе ұрылар мал мен жанның тыныштығын бұзып жылқы қуалаған кезде малшы-қосшылар «Aттaн, Aттaн» деп, айқайлап ауылдағы азаматтарды көмекке шақырған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аттарақ''' аттың түгін тарайтын тарақ, жылқыны баптап, күтуге арналған құрал. Ұзақ жол жүру, алысқа шабу, жүк арту т.б. жағдайларда терлеген жылқыдан бөлінген тұз түгіне жабысып, сор болып кеуіп қалған қалдық пен шаң-тозаңды түсіру үшін аттарақпен тарап тазалаған. Оны көбінесе жалпақ қақ сүйектен жасаған. Ол үшін жіліншік сүйекті ортасынан қақ жарып, ағаштың аша бұтағына шегелеп, қырлы қапталына егеумен бедерлеп, тіс тәрізді жүз салады. Аттарақ жүзінің тереңдігі пышақ сыртындай, яғни 3-5 мм шамасында болады. Сондай-ақ аттараққа құстың ұзын тұмсықтарын (айталық бірқазанның) пайдаланса, ат желдей жүйткитін жүйрік болады деп сенген. Ондай аттарақ түрін қырғыш деп те атаған. Ертеде аттарақтың сандал, жаңғақ ағашынан дүзі жиі жасалған пұшты деп аталған түрі болған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аттау'''- май, қаймақ шайқайтын аспап. Оны тегене немесе шараға құйылған қанжылым сүтке жартылай малып тұрып, таяқшасын екі алақан арасында ысқылай айналдырып, май шайқайды. Аттау ағаштан жасалады, қазіргі кезде өте сирек кездеседі. Оның ҚР MOM қорында (КП 23986 /15) екі түрі сақталған: бірі басында ағаштың аша бұтақтарының түйісінен белқанжығаның ілгектері тәрізді төрт ілгекті етіп жасалған. Ұзындығы 28 см. Екіншісі сиырдың мүйізінен жасалған піспек түріндегі Аттау. Диаметрі 6,5 см. Пішіні тостаған тәрізді. Екі шеті ашық болып келген мүйіз тәрізді тұсының ортасын тесіп, жіңішке, жұмыр ағаштан ұзындығы 38 см сап орнатылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
(Paeonіa) сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, бұталар. Қазақстанның шығысындағы таулы, орманды аудандарда кездеседі. Қылқан және аралас жапырақты ормандарда өсетін түрі: кәдімгі Таушымылдық (Р. anomala) және дала Таушымылдығы (кейде оны жаушымылдық деп те атайды) (Р. hybrіda) бар. Бұлардың биіктігі 40 80 см. Тамыры бұтақты әрі жуан, қоңыр түсті, салмағы кг болады. Бұтақсыз сабағы бірнешеу, олар тік өседі. Ірі гүлі бір-бірден сабағының ұшында жетіледі. Үш-үштен шығатын саусақ салалы жапырақтарының шеті тілімделген, сабаққа кезектесіп Хош иісті гүлдері қошқыл, қызыл не қызғылт, ақ түсті, қос жынысты, аталығы көп, аналығының саны 8. Мамыр маусым айларында гүлдеп, шілде тамызда жеміс салады. Жемісі жапырақша, тұқымының сырты жылтыр, қара түсті. Таушымылдықтың тамырында эфир майы, салицин глюкозиді, крахмал, танин және аздаған алколоидтар болады. Халық медицинасында Таушымылдықтың тамырын емдік мақсатта күзде жинайды. Таушымылдықтың тұнбасы тәбет ашады, асқазан сөлінің қышқылын арттырады, астың қорытылуын жақсартады, жүйкені тыныштандырады. Таушымылдық Қытайда өте ерте заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріліп келеді. Қазіргі кезде оның бір мыңнан аса сорты бар. ==Дереккөздер==
'''Аттұяқ'''- үлкен, жылқы тұяғымен барабар алтын немесе күміс құйма. Аттұяқ арнаулы қалыппен жасалады. Қазақта «ат тұяғындай алтын» деген теңеу бар. Аттұяқ жөнінде С.Мұқановтың еңбегінде төмендегідей мәліметтер келтіріледі: «сол сапарында ол қытайлардан және моңголдардан қойтұяқ», «тайтұяқ», «аттұяқ» аталатын алтын жентектеріне қоржынының бір басын толтырып қайтқан». Мұндай алтын, күміс құймасын қазақтар «атбас жамбы» деп те атаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Атты жығу және байлау''' атты емдеу, тағалау, таңбалау сияқты шараларды жасау үшін қолданатын тәсіл. Атты жығудың кең тараған тәсілі аттың алдыңғы екі аяғын қысқа етіп, тусап байлаған соң арқанмен аттың қамшылар жақ артқы аяғының иіідерлігінен шалып алып, оны қайтадан алдыңғы екі аяқтың ортасынан (бекітілген арқан үстінен) өткізіп, мінер жағына қарай тартқанда аттың үш аяғы бір-біріне қусырыла (жақындай) жығылады. Жығылған аттың бос аяғын осы арқанмен қайта шалып төрт аяғын бір-біріне туқырта байлап бекітеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Атты тарту''' деп ат бәйгесі барысында шалдыққан атты көмбеге таяғанда ердің екі қасынан болмаса шылбырынан немесе қанжығасынан, тіпті, тоқымның екі жағынан демеп көмектесуді айтады. Ат бәйгесі басталардан бұрын бұл рәсімге байланысты шартты алдымен келісіп алады: көмбеге бір шақырым қалғанда, жердің рельефінің ыңғайсыздығына байланысты атты тартуға рұқсат етіледі. Оны ат айдаушылар белгілейді. Келісім бойынша, атты тартатын кісілер бәйгеге көлденеңнен қосыла кетіп, аттың шылбырын қолдарына алады немесе екі атты кісі қанжығаны екі жағынан тартып, атқа демеу көрсетеді. Кейде атты тартуға рұқсат берілмеуі мүмкін. Ондайда атты тарту жасырын жасалып та жатады. Ұсталған адамдар айыпты деп саналып, бәйгеден шығып қалады немесе бәйгедегі шауып келе жатқан аттың реті кейін шегеріледі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
дәстүрлі фенологиялық күн іііыру жүйесіндегі амал атауы. Григориан күнтізбесі бойынша көкек айында қар күрт еріп, жер лайсаң болып, шаруашылыққа қолайсыз мерзімді аласапыран деп атайды. Амалдың кейбір жерлерде өзгеше атауы бар. Көкектің орта кезінде діни аш найзағайдың жарқылдап, күн күркірегін кезін яғни үстікте қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті» деп, Маңғыстауда киіктің күйек кезеңіне дөп келетіндіктен киіктің лақ өргізбесі» деп атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алаштың бөлінбеген еншісі''' қазақы ортада қалыптасқан әрі әлеуметтік мәнді ұғым. Алаштың бөлінбеген еншісі жалпы қазақтың ортақ ата тегі түп атасы Алаша хан өзінің қартайған шағында малдарының бір бөлігін өзінде қалдырып, қалғанын үш ұлына бөліп берген нтен аңызбен байланысты қалыптасты. Генеологиялық мифке сәйкес, кейін, үш ұл (Ақарыс ұлы жүз, Бекарыс орта жүз, Жанарыс кіші жүз) қазақтың үш жүздік үрылымының негізін қалаушылар болды. Сан алуан енші ішститутының бірі- Алаштың бөлінбеген еншісі. Қазақы ортада ауылга келген кез келген қонактың өзі түстенген үйден тиесілі үлесі ішетін тағамы, оған арнайы төсек- орынның дайындалуы және конақтың көңілін көтеру мен пулауға байланысты әртүрлі шаралар (ойын-сауық, тіпті, үй иесімен бірлесе аңга шығу және т.б.) бөлінбеген енші немесе Алаштың бөлінбеген еншісі деп аталды. Сондай-ақ, келген қонақты немесе конақтарды олар түстенген үйдің иесі ғана күтіп қойған жоқ, оларды көршілері де шақырып, құдайы қонақ еткен. IX ғасырдың аяғында Сырдария облысына саяхат жасаған Н.Н. Гродековтың айтуынша, үйге келген қонақты көршісі іс міндетті түрде қонақасы арнап, үйіне шақырады. Көршісі құдайы беріп және оның қонақтарының саны ойлағаннан көп болса, көмек беру парыз деп санаған. оіітіп, көрші үйге келген қонақтардың біразына қонақасы пісіріп, жатар орнын дайындап, қондырып жібереді. Бірнеше жыл қатарынан көрші отырғандар бір-бірінің да осылай күтеді. Алаштың бөлінбеген еншісі атқарылуы біртүрлі ғұрыптық құқықтың принциптері арқылы реттелініп отырды. Осыған сәйкес, егер, қонақ түстенген үй иесі оны дәстүрге сәйкес күтпесе немесе күте алмаса, әлгі қонақтың биге шағымданып, айып талап етуге құқы болды. Деректерге қарағанда, осындай жағдайда билердің кесімі, көбінесе, қонақтың пайдасына шешілді. Бітімің басқа да түрлері сияқты егер, қонақ түстенген үй иесі оны дәстүрге сәйкес күтпесе немесе күте алмаса, әлгі қонақтың биге шағымданып, айып талап етуге құқы болды де, бір жағынан, іиікі рулық-қауымдық қатынастар жүйесін нығайтудағы маңызы ерекше болды. Екінші жагынан, руаралық байланыстарды ұйымдастырудың және реттеудің пәрменді бірі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алғадай''' ертеде жаугершілік заманда жетім қалғандарын жинап, тәрбиелеп, бағып-қағып, соғыс өнері ісіне, адал қызмет етуге баулып тәрбиелеген жеткіншектер. Алайда, бұл ұғымды онтологиялық тұрғыдан дәйектейтеу үшін қажетті деректер жоқтың қасы. Алғадай ұғымы қазақтың көне жауынгершілік хабардар етеді. Әдетте екі жақтың қалың қолы жаппай ұрысқа кірісер алдында жекпе-жекке батырлар шығаратын болған. Алғашқы жекпе-жекке елге әйгілі батырлардың алдынан өтіп, баталарын алып, жас жауынгерлер шыққан. Міне, солар алғадайлар деп аталған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бүкіләлемдік бокс кеңесі''' (WBC) кәсіпқой бокс ұйымы. 1963 жылы 14 ақпан күні Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Венесуэла, Мексика, Панама, АҚШ, Филиппин, Чили елдерінің ұлттық бокс ұйымдарымен құрылған. Ұйымға Хосе Сулейман басшылық етеді. Әр жылдары WBC нұсқасы бойынша Мұхаммед Али, Ларри Холмс, Рэй Леонард, Флойд Мейвезер кіші, Рой Джонс кіші, Олег Маскаев, Юрий Арбачаков секілді боксшылар чемпион аталған. Әуесқой боксты AIBA бақылайды, ал кәсіпқой боксты WBA, IBF, WBC, WBO және басқалар бақылайды. Кәсіпқой бокста 17 салмақ бар, әуесқой бокста барлығы 11. Әуесқой бокс әр боксшы қатарынан бірнеше жекпе-жек өткізетін турнирлерден тұрады, ал кәсіпқой жекпе-жектер оларда аз Сондай-ақ, кәсіпқой бокс раундтар, жабдықтар және басқа да маңызды емес айырмашылықтар бойынша әуесқой бокстан ерекшеленеді. ==Қазіргі WBC нұсқасы бойынша әлем чемпиондары== ===Ерлер=== Салмақ санаты: Чемпион: Қай кезден басталды: Минималды салмақ Анықталмаған Бірінші ең аз жеңіл салмақ Буакау Пор Прамук 23 желтоқсан, 2011 Ең аз жеңіл салмақ Тосиюки Игараси 16 шілде, 2012 Екінші ең жеңіл салмақ Йота Сато 27 наурыз, 2012 Ең жеңіл салмақ Шинсуке Яманака қараша, 2011 Екінші жеңіл салмақ Абнер Марес 21 сәуір, 2012 Жартылай орташа салмақ Джонни Гонсалес сәуір, 2011 Екінші жартылай жеңіл салмақ Такахиро Ао 26 қараша, 2010 Жеңіл салмақ Sam-A Kaiyanghadaogym 15 шілде, 2012 Бірінші жартылай орташа салмақ Денни Гарсия 24 наурыз, 2012 Жартылай орташа салмақ кіші Флойд Мейвезер 17 қыркүйек, 2011 Бірінші орташа салмақ Сол Альварес наурыз, 2011 Орташа салмақ Кіші Хулио Сезар Чавес маусым, 2011 Екінші орташа салмақ Андре Уорд 17 желтоқсан, 2011 Жартылай ауыр салмақ Чед Доусон 28 сәуір, 2012 Бірінші ауыр салмақ Кшиштоф Влодарчик 15 мамыр, 2010 Ауыр салмақ Виталий Кличко 11 қазан, 2008 ===Қыздар=== Weight class: Champion: Date won: Atomweight Момо Косеки 11 тамыз, 2008 Минималды салмақ Наоко Фуджиока мамыр, 2011 Бірінші ең кіші жеңіл салмақ Наоми Тогаши 13 шілде, 2008 Ең кіші жеңіл салмақ Марианна Хуарес 11 наурыз, 2011 Екінші ең жеңіл салмақ Ана Мария Торрес 30 тамыз, 2008 Ең жеңіл салмақ Усанакорну Кокитжим қазан, 2009 Екінші жеңіл салмақ Алисса Эшли 23 шілде, 2011 Жартылай орташа салмақ Анықталмаған Екінші жартылай жеңіл салмақ Фрида Уолберг 27 қараша, 2010 Жеңіл салмақ Эрика Анабелла Фариас тамыз, 2011 Бірінші жартылай орташа салмақ Моника Сильвина Акоста 19 маусым, 2009 Жартылай орташа салмақ Сесилия Брекхус 14 наурыз, 2009 Бірінші орташа салмақ Анықталмаған Орташа салмақ Анықталмаған Екінші орташа салмақ Анықталмаған Жартылай ауыр салмақ Анықталмаған Бірінші ауыр салмақ Анықталмаған Ауыр салмақ Анықталмаған == Бокс ұйымдары == === Әлемдік деңгейдегі бокстан негізгі ұйымдар === Бүкіләлемдік бокс кеңесі WBC Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы WBA Халықаралық бокс федерациясы IBF Бүкіләлемдік бокс ұйымы WBO === Әлемдік деңгейдегі маңыздылығы жағынан екінші бокс ұйымдары === Халықаралық бокс ұйымы IBO The Ring Беделді бокс журналы === Басқа да ұйымдар === Дүниежүзілік бокс федерациясы WBF Дүниежүзілік Кәсіби бокс федерациясы WPBF Еуропалық Бокс Одағы EBU == Тағы қараңыз == WBC-тің ресми сайты == Дереккөздер == Санат:Спорт ұйымдары Санат:Кәсіпқой бокс ұйымдары
'''Алдашы''' қазақтың дәстүрлі түсінігіндегі жанал бейне. Бұл кейіпкер алтайлықтарда бар. Алдашы есте жоқ ерік заманда адамдардың көзіне көрініп келеді де, ажалы жеткен пендені атына мінгестіріп, дүниеге апарып тап сыратын болған екен-мыс. Ол заманда адамдар момын бейуаз, уәдесіне берік болғандықтан маңдайдағы сызығы таусылып, дәм-тұзы біткен соң, Тәңірдің құзырына қайта кете беретін болған деседі. Кейіннен бірін-бірі алдауға үйренген адамдар алдашыға да көне қоймайтын болған. Сол себептен енді алдашы пенденің көзіне көрінбей жасырын келетін болған. Алдашы адам жанын алғалы келіп бауыздаған керегенің үшінші көгіне дейін қан шашырайды-мыс деген аңыз ел арасына таралған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Михаил Терентьевич Харин''' (1923 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданы Снегирево селосы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, барлаушы, топ командирі. Соғыстың бас кезінде әкесі майданға аттанды. 1944 жылы әскерге алынды. 1944 жылдың желтоқсанында Дунай өзенінен Эрни (Венгрия) қаласы маңына өту кезіндегі ұрыста ол айрықша көзге түсті. Xарин бастаған бір топ жауынгер өзеннен өткен соң жау траншеясына жетіп, қоян-қолтық ұрыс жасап жаудың пулемет ұясын және миномет батареясын, көптеген жау әскерлерін жойды. Xарин өзі 14 жау әскерін жойып, 8-ін тұтқындады. Плацдармды ешқандай шығынсыз басып алды. Бірақ гитлершілер қайта бас көтеріп, рет қарсы шабуылға шықты. Гвардияшылар оларға тойтарыс беріп отырды. Xарин жолдасымен бір ыңғайлы позицияда жау траншеясына баса-көктеп кіріп, тағы 11 гитлершіні жойды. Күші тең емес ұрысты бір сағаттан артық жүргізді. Нақ осы сәтте плацдармды сақтап қалу үшін көмек келді. Ол езінің барлаушысымен бірге Будапешттің орта шеніне жетіп, өтіп бара жатқан жеңіл машинаны қиратты. Оның ішінде неміс генералы болып шықты. Барлаушылар оны тұтқындап, бөлімге жеткізді. Көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін Харинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (23.3.1945). Соғыстан кейін кіші лейтенанттар училищесін (1954), 1961 жылы М.Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірді. X. Молдова Республикасының Тирасполь қаласында тұрады. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Хачин Георгий Андреевич''' (15.3.1915, Ресей, Башқұртстан, Зилаир ауданы Кананикольское селосы 2.5.1978, Қостанай облысы Жітіқара қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, қатардағы жауынгер. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1937 жылы шақырылған. 1939 жылы Кеңес-фин соғысына қатысқан. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылдың тамыз айынан танкіні жоятын дивизионда өзінің жауынгерлік борышын атқарды. Ұрыс күндерінің бірінде жау Сталинград қаласындағы трактор зауытын басып алмақ болып, бір полк жаяу әскерін жіберді. Оларды орташа және ауыр танкілермен, ал әуеде 53 ұшақпен қорғады. Осы ұрыста Xачин ауыр жараланғанына қарамастан, жаудың танкісін жойды. Ол әскерлерді біріктіріп, қорғаныс құрып, күні бойы бекіністі ұстап тұрды. Тек бригада командирі майор Дурневтің «қоршаудан атыса отырып шық» деген бұйрығынан кейін ғана ол бекіністі тастап шықты. Осындай ерекше қайсарлық жасағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Хачинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (8.2. 1943). Соғыстан кейін ол Башқортостанда орман шаруашылығында жұмыс істеді. 1971 жылы Қостанай облысы Жітіқара қаласына көшіп келіп, өмірінің соңына дейін Жітіқара асбест комбинатында жұмыс істеді. ==Дереккөздер== Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:15 наурызда туғандар Санат:1915 жылы туғандар туғандар Санат:2 мамырда қайтыс болғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар қайтыс болғандар Санат:КСРО аға сержанттары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері ұрыстар қатысушылары Санат:Кеңес-фин соғысы (1939-1940) қатысушылары шайқасы қатысушылары орманшылары жерленгендер
'''Патшайым Тәжібаева''' (1920 1991) ғылымдарының докторы (1960), профессор. Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1967). Негізгі ғылыми еңбектері Орталық Қазақстанның шөгінді жыныстары мен кен тастарын зерттеу мәселелеріне арналған. ==Өмірі== Ол 1920 жылы қазіргі Төле би ауданының Қарақия елді мекенінде дүниеге келген. Патшайымның атасы Есенқұл ел басқарған көзіқарақты, дәулетті адам болыпты. Әкесі Тәжібай сол заманның білімді азаматы болып, орыс тілін жетік білгендіктен үкімет жұмыстарына араласқан. Әкесі ерте қайтыс болып, жетімдіктің, жоқшылықтың тақсыретін ерте тартқан Патшайым балалар үйінде тәрбиеленген. Бауыры Лашкер екеуі сонда жүріп сауат ашып, ары қарай жетіжылдық мектепті бітіреді. Табиғатынан қайсар, алғыр мінезді Патшайымды өмірдің ащысы мен суығы шыңдай түседі. ==Білімі== 1936 жылы Алматыдағы педагогикалық училищеге түсіп, оны үш жылда аяқтайды. Бұдан соң Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің факультетіне түсіп, 1943 жылы бірінші дәрежелі диплом алып шығады. мамандығын алған Патшайым Индустрия университетінің кен-металлургия факультетіне аспирант болып қабылданып, Қазақтың Ғылым Академиясын да бітіреді. Сондай-ақ, 1948 жылы Куйбышев (қазіргі Самара) қаласындағы университеттің факультетін тәмамдайды. ==Еңбек жолы== Бұдан кейін белгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаевпен бірге Қазақстанның пайдалы қазбаларын, жер қойнауындағы байлықтарын ел игілігіне жарату жолында еңбектенеді. «Қарағым, ауыр мамандықты қалаған екенсің, жер қазу, тас жинау тезек теруден ауыр» деген ұстазы Қаныш Сәтбаевтың сөзі оны қаймықтыра алмаса керек. Қиындықтан қашпайтынын жұмыс барысында көрсете біледі. Алғашқы еңбек жолын аймағынан бастапты. Ұстазымен бірге тау-кен орындарын зерттейді. Жастайынан қиындыққа төзе білген Патшайым жұмысқа аса қарап, жер қойнауының литологиясын зерттеп, Қазақстандағы литология ғылымының негізін қалады және ұйымдастыра білді. Геология ғылымына өлшеусіз үлес қосумен қатар, Қазақстандағы мұнай-газ көздерін ашу мәселелері бойынша белсенді де көлемді жұмыстар жүргізеді. Елдегі ең мол мұнай өнімі бар Құмкөл кені туралы ең алғаш Патшайым Тәжібаева болжам жасап, оны ел игілігіне жаратуға бастамашы болған. ==Ғылымдағы орны== 180-нен астам ғылыми еңбек жазған. Рентген лабораториясын ашқан. Ол Қазақстанда ғана емес, АҚШ, Жапония, Канада сияқты ірі мемлекеттерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндамалар жасаған танымал ғалымның бірі.. Шөгінді жыныстар мен рудалардың ерекшелігін екшеп, зерделеген. Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстандағы кен орындарын ашқан. Қазақстан мен Орта Азиядан шыққан ең алғашқы ғалым-геолог, литология ғылымының негізін қалаушы. == Ғалым жайлы жазылған кітаптар == «Асыл тастар асқар тауда туады», «Ғылымда дара, өмірде дана», «Патшайым десе Патшайым». Қазақтың біртуар ақыны Жұбан Молдағалиев «Бәйтерегі ғылымның» атты өлеңінде: Жүдемей тағдыр салған сызға жаны, Жетелеп өр мақсатқа ізгі арманы, Жұмбақ әлем ғылымда танытты атын, Қазығұрттың қырмызы қызғалдағы...» деп жыр жолдарын арнапты.. «Ғылымда дара, өмірде дана Патшайым» деп аталатын кітапта ғалымның әріптестері мен шәкірттерінің, достарының Патшайым Тәжібаева туралы жазған пікірлері мен естеліктері, ғалымға арнаған өлең жырлары, топтастырылған. Кітапты құрастырғандар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Айтмұханұлы Досанов пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушысы, академик, профессор Құралай Қошқарова. Алматы, Шымкент қалаларындағы, Оңтүстіктегі Қазығұрт ауданындағы үлкен көшелер, екі бірдей мектеп Патшайым Тәжібаева есімімен аталады.. ==Марапаттары== Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты, Жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған. Америка, Жапония, Германия, Венгрия сияқты елдердің ғылыми қауымдастығының мүшесі. Ол Халықтар достығы және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ==Отбасы== Жолдасы белгілі дипломат Ахмет Аққошқаров. Қыздары Қарлығаш және Құралай. Кіші қызы академик Құралай Аққошқарова, ал күйеу баласы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Досанов. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан геологтары Санат:КСРО геологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:КСРО ғалымдары Санат:Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшелері ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары
'''Благовещенск кафедралы соборы (Павлодар)''' Кафедрасы бар православиелік храм (Павлодар қ., Жағалау шағын ауд) Благовещенск кафедралы соборы. ==Хронология== 1993-99 салынған. 22.10.1999 Астана архиепископы мен Алматылық Алексий храмды аластап, оған кафедралды собор дәрежесін берді, шіркеудің аға попы етіп игумен Иосифті тағайындады (Еременко), Павлодар облысының Аймағының Әдептісі. 02.08.2000 соборға ҚР презденті Н. Назарбаев келіп, соборға арналған сыйлық Иса Құтқарушы иконасын тапсырды. ==Естелік элементтер== Собор үн шығарғышы, жалпы салмағы 1314,5 кг, қоңыраудан тұрады, олар «ЗИЛ» Мәскеу акцонерлік қоғамында құйылған. Паникадило (орталық аспашам) Орыс православиелік Шіркеуіне арналған көркем-өндіріс кәсіпорнында дайындалған, салмағы 2232 кг. 2001 жылы соборда Томск қ. дайындаған витраждар орнатылға. Соборда иконостас қойылған. 2002 жылдан ескерткіш сәулет ескерткіші болып табылады. ==Ескертулер== ==Әдебиет== Павлодар. Павлодар облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодар Ертіс өңірі). Санат:Павлодар
'''Хименко Андрей Максимович''' (7.12.1915, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Елизаветинка ауылы 6.10.1944, Польша, Магнуш қаласының маңы,Подолье ауылы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардиялық атқыш жауынгер. Украин. 1927 жылы Бішкекке қоныс аударған. Мұнда ол пошташы, «Союзпечать» агенттігінде бухгалтер болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың қазан айында шақырылып, майданға 1942 жылдың ақпан айында келді. Ол Оңтүстік-Батыс, З-Украина, 1-Беларусь майдандарында болды, Холм қаласы (Ресей, Новгород облысы) үшін болған ұрысқа және 1942 жылы Демян гитлер топтамасын қоршауға алып құрту операцияларына, Харьков және Полтава облыстарын азат етуге, сонымен қатар 1943 жылы Запорожье қаласы маңындағы шайқастарға, кейіннен 1944 жылы Никополь плацдармын істен шығару және Апостолов қаласын азат ету, және Брест- Люблин операцияларына қатысты. Әсіресе Висла өзенінен өтіп, Магнуш плацдармын кеңейту операциясында Xименко аса ерлік және батылдық көрсетті. Осы ерліктері үшін Хименкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Петропавловск қаласындағы бір көшеге Xименконың есімі берілген. Ол сондай- ақ Ленин орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Кеңес Одағының батырлары
'''Борис Никитович Хитеев ''' (15.6.1909, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы 14.9.1943, Украина, Чернигов облысы Бахмач ауданы Гайворон селосы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, гвардия капитаны, байланысшы. 1942 жылдың қаңтарынан Орталық майдан 60-армия 18-гвардиялық атқыштар корпусы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы Мәскеу Әскери академиясы жанындағы командирлер курсын тәмамдаған. 1943 жылы 14 қыркүйекте Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін Хитеевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.10.1943). Хитеевке Мәскеу облысы Коломна қаласында бюст орнатылып, Гайворон селосының бір көшесіне есімі берілген. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:15 маусымда туғандар Санат:1909 жылы туғандар Санат:Оралда туғандар Санат:14 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Бахмач ауданында қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар
'''Алдынан шығар''' (''күйеу көрді'' (''көру'')) дәстүрлі үйлену салтында күйеу жігіт арнайы келген кезде күйеу тарапынан атқарылуга тиісті жосын атауы. Күйеу жігіттің келгенін естіген қалыңдық әпкесі, жеңгесі және ауылдың бойжеткендері күтіп алып, алдынан шығады.Олар қолдарына құрт, май, бауырсақ және т.б. дәм алып шығады.Содан соң күйеу жігіт қолы-аяғына жеткенше үш peт иіліп сәлем береді. Сәлемді қабыл алғандар «көп жаса», «жасың ұзақ болсын», «тәңір жарылқасын» деп алғысын білдіреді. Бұл жосынның кең таралған атауы күйеу көру (көрді) деп те аталады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алжапқыш (алжапғыш)'''- тазалық үшін алдына байлап алатын жұмыс адамының қосалқы киімі. Ертеде мал сауғанда, етік тіккенде т.б. жұмыста алға байлап алатын, омырауы бітеу, қолтығы оймалы жұмыс киімнің түрі. Темір ұсталары жұмыс үстінде теріден, көннен кейде кенептен пайдаланады. Алжапқыштың ұзындығы белден байлағанда көйлектің етегінен сәл қысқа тұрады, ені адамның екі санына ілігетіндей, жоғары жағы доғал, етектерінің шетін сүйір етіп пішеді. Астар мен өң беті арасына киіз салып қалыңдатып, формасын сақтайтындай етті. Алжапқыштың бұл түрі суық кезде пайдаланылды. Сондықтан да егделерге арналған түрі тек белден темен шалуға арналған доғал төртбұрыш емес, адамның сауырын, жонын жауып тұратындай қалқанды бөлігі қоса сырылып тігіледі. Алжапқышпен белдемше зер, теңге, күміс түйме, кестелі өрнектермен сәнделеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алқа қотан'''— ақсақалдар кеңесі, билер кеңесі, билер соты сияқты алқалы жиындардың көпшіліктің (яғни белгілі бір жиынның күн тәртібіне тікелей қатысы бар адамдардың) қатысуымен болатын өзіндік ұйымдасу тәртібі. Алқа қотан аталмыш жиындардың белгілі бір өзекті мәселелерді талқылау немесе пысықтау сияқты кезінде кеңейтілген түрлері деп те айтуға болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алқау''' дәстүрлі ортада қалыптасқан, халықтың наным-сенімдік ұстанымдарынан туындаған қауым мүшелері арасындағы қатынас нормаларын белгілейтін атау. Мұнда адамдардың әлеуметтік және экономикалық деңгейіне, қатынас субъектілерінің тараптардың бір-біріне туысқандық жақындығына байланысты қалыптасқан ұғымдар мен атаулар қолданылады. Осыған орай, адамдар бір-бірінің атын атамай, өзара еркелету, сыйлау, құрметтеу мағынасындағы сөздерді қолданды. Мысалы, әйелдер күйеуін би аға, мырза аға, отағасы десе, үлкендер кішілерге айнам, күнім, шырағым, жарқыным, айым, жаным, тентегім, балапаным, жарығым, ботақаным және т.б. деген сияқты. Бұл сөздер көбіне әңгіме барысында немесе әңгімені бастау үшін екінші адамға бағытталған қаратпа сөз ретінде айтылады. Әңгіме барысында әйелдерді сынау мақсатында тергеп айту тәсілі де қолданылды. Мақсаты әйелдердің аталмыш дәстүрге беріктігін сынау. Демек, әйел адамдар өздерін мейлінше абай ұстаулары қажет. Өйткені, абайсызда айтылып кеткен тыйым сөздердің арты жайсыздыққа әкелуі мүмкін. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алқым шалу''' кимешек пен бой киімдерінің алдыңғы өңіріне әшекейлеу үшін салынған сәндік бөлігінің атауы. Кимешектің ойығының жиегін түрлі-түсті жіппен шалып тігуді алқым шалу деп атайды. ҚР МОМ қорында кимешек бар. Төбесі 18 см; арқа жағының ұзындығы 108 см; өңірі 83x80x80 см; бет ойығы 2x32x32 см. Алдыңғы өңірі мен күләпара бөлігі тұтас пішілген, артқы бөлігі ортадан біріктірілген екі үшбұрыштан құралған. Өңірі мен күләпара тұсына астар салынған. Алқымын бүрмелеп тіккен. Бет ойығы трапеция пішінді, айналдыра қызыл, күміс, зер жіптермен көгеріс өрнек кестеленген. Маңдай тұсы мен жағындағы өрнектің үстіне ұсақ шытырлар қондырған. Кестені айналдыра жағы мен алқымына төрт, маңдайына екі қатар етіп маржан қадалған. Оған қоса, маңдайына алалы қиықша өрнек пен сәдептен көз салған. Өңіріне екі қатар су (өрнегі) «жүгіртіліп», кереге, сағатбау, етегіне екі қатар су, қосарланған гүл, кереге сияқты көркем тігістер қызыл жіппен сырылған. Күйеуі дүниеден озған соң әйел адам киімнің алқымы, кимешектің жағындағы әшекейді алып тастап, аза жолы ретінде оның қарапайым түріне көшеді. Бұл ғұрыпты жақ бұзу деп атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алқа қотан''' қазақ ауылының қоныстану жүйесіндегі ертедегі дөңгелене қоршау құра орналасу тәртібі. Ертеде көшіп жүрген ру немесе ауыл бір жерге аялдағанда тосын жау шабуылынан сақтану үшін, көшпелі үйлерді шеңбер түрінде орналастырып, оларды айналдыра немесе арасына арба мен күймелер қойылып, шеңбердің ортасында рубасының шатыры немесе киіз үйі орналасқан. Қоныста жылжымалы баспана түрлерінің бұлай орналасуы жау шапқыншылығы кезінде қажет болған жағдайда олардың тасасында қорғаныс ұрысын жүргізуге мүмкіндік берді. Соғыс жағдайында бір қауым ел бір жерге жиналып, осы әдіспен арбалар мен киіз үйлерді бір-біріне байлап, шеңбер құра орналастырып, қотанның сыртына ор қазып, топырақтан жал салып, қамал кұрады. Айдап кетуден сақтау үшін малдар осылайша жасалған жылжымалы бекіністің ішіне кіргізілді. Жаудың тосын шабуылынан сақтану үшін айналдыра көптеген атты жауынгерлер кұзеті орналастырылды. Қотан көптеген түркі тілдерінде ауыл ортасы, мал жусайтын қора деген мағына береді. Қазақта ауылдың алқа қотан отыру қазақ үйі дөңгеленіп орналасуды білдіреді. Ал адамдардың алқа қотан отыруы дөңгелене отыру және отырыстың бұл түрінде тор жақ, төмен жақ деген ұғым болмайды. Сондықтан, белгілі бір әлеуметтік мәні бар мәселені ақылдаса шешуде алқа қотан отырыстың мәні ерекше болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алла жолына көже''' ертедегі метеорологиялық магияға қатысты жасалатын рәсім, жаңбыр тілеп тасаттық жасағанда пісірілетін көже түрі. Оңтүстік Қазақстан аймағы тұрғындары жаңбыр шақыру үшін жүгері немесе бидайдан Алла жолына көжесін әзірлейді. Әркімнің пісіріп әкелген көжелері бір қазанға құйылып, біріктіріледі. Рәсім үлкен жолдың бойында жолаушылар көп жүретін жерде өткізіледі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
Жабағы Сүлейменұлы Тәкiбаев '''Жабағы Сүлейменұлы Тәкiбаев''' (28.09.1919, Семей 31.10.2016, Алматы) физик, ғылымдарының докторы (1958), Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының академигі (1958), профессор (1959), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967). ==Өмірбаяны== Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік Университетін бітірген (1942). 1942–1944 жылы Нүкіс қаласындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы. 1944–1949 жылы КСРО Ғылым Академиясының П. Н. Лебедев атындағы физика институтында аспирант. 1949–1951 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Астрономия және Физика Институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі. 1951–1957 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Институтының директоры. 1957–1970 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Ядролық Физика Институтының директоры, бөлім меңгерушісі. 1970–1981 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Жоғары Энергия Физикасы Институтының директоры, лаборатория меңгерушісі. 1962–1971 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының 1981–1991 жылы Қазақ Ұлттық Университетінде ядролық физика кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының кеңесшісі (1992). 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ядролық Орталығының ғылыми жетекшісі. ==Еңбектері== Негізгі ғылыми еңбектері классикалық ғарыштық сәулелер физикасына, жоғары энергия физикасына арналған. ==Дереккөздер== Санат:28 қыркүйекте туғандар Санат:1919 жылы туғандар Санат:Семейде туғандар Санат:31 қазанда қайтыс болғандар Санат:2016 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар ғылымдарының докторлары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:XX ғасыр физиктері Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Өзбекстан Ұлттық Университеті түлектері Санат:Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты оқытушылары Санат:Лебедев атындағы физика институты қызметкерлері
'''Алып қарақұс''' қазақ танымындағы мифтік кейіпкер. Жаңа туған нәрестені дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша оның жанын алып кетуге әрекет ететін күш. Нәресте қараусыз қалса алып қара құс оның жанын алып кетеді екен. Мұнан кейін отбасының кейінгі нәрестелері де тоқтамайды-мыс. Отбасының бірнеше нәрестесі тоқтамаған жағдайда жаңа туған нәрестені жеті үйдің шаңырағынан немесе ұзақ жасын нәрестеге берсін деген ырыммен егде тартқан жеті адамның бұтының арасынан өткізетін болған. Сондай-ақ атақ-даңқы елге тараған ат үстіндегі батыр адамның ұзеңгі таралғысының астынан жас нәрестені өткізу ғұрпы атқарылды. Ел арасында қалыптасқан тағы да баска ырымдар өте коп. Айталық, осындай жағдайда нәрестені кіндік шешесі үйіне алып кетеді де, оны өзінің әке-шешесі «сатып» алатын болған. Ырымның көне бір түрі босанған әйелдің терезесінің алдына сүт құйылған ыдыс қойса, ол нәрестеге келе жатқан алып қара құстың назарын аударады-мыс. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алыпсатар''' дайын өнімдерді алдын ала сатып алып, қайтадан қымбат бағасына сатып пайда табатын саудагер. Ертеректе қазақы ортада мұндай жолмен пайда табатындарды көшпелі ортаның ұстанымдары мен құндылықтары оны кабылдамаған, қырын қараған. XIX ғасырдың 80-жылдарынан бастап, Ресей отаршылығының қазақ даласындағы әсері мейлінше күшеюіне байланысты қазақы ортадағы қоғамдық қатынастар үлкен өзгерістерге ұшырады. Ең алдымен, бұрнағы өндірістік қатынастардың негізгі объектілері жер мен мал сауда-саттық қатынастардың нысанына айналды. Осыған орай,алыпсатар казақы ортадағы әлеуетті әлеуметтік категориялардың біріне айналды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Спандияр Хасенұлы Майбасов''' (08.07.1952 ж.т., Сарқант ауданы, Кеңжыра аулы), еркін күрестен спорт шебері. Қазақстанның ЕСЖ-сы. Қазақстанның (1967-75) тоғыз дүркін чемпионы. КСРО ауыл спортшыларының чемпионы (1971, Ереван), күміс жүлдегері (1972, Кишинев). Жастар арасындағы КСРО біріншілігінің жеңімпазы. Бүкілодақтық "Спартак" ерікті спорт қоғамының үш мәрте чемпионы (1974-76). == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:КСРО балуандары
'''Марид Камилович Муталимов''' (20.02.1980, Солтүстік Осетия, РФ), ресейлік және қазақстандық еркін күресші, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Республиканың әлденеше мәрте чемпионы. Азия кубогінің жеңімпазы, Әлем чемпионатына қатысушы. Пекиндегі Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері. 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында 4-орын алды. 2005, 2006, 2010 жылдары Азия чемпионы атанды. "Құрмет" орденінің иегері. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Қазақстан балуандары Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері
Бақыт Одынай '''Бақыт Одынай''' (24.12.1954, Моңғолия, Баян-Өлгей аймағы, Сенгүл аулы) Еркін күрестен Монғолияның төрт дүркін чемпионы, Моңғолияның еңбегі сіңген спорт шебері. рет Әлем чемпионатына қатысқан. Әлем кубогінің қола жүлдегері. Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы. == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер== Бекен Қайратұлы. Атақты балуан Бақыт Однайұлы Санат:24 желтоқсанда туғандар Санат:1954 жылы туғандар аймағында туғандар Санат:Еркін күрестен Моңғолия чемпиондары Санат:Еркін күрестен Әлем біріншілігінің қола жүлдегерлері Санат:Моңғолия қазақтары еңбек сіңірген спорт шеберлері
'''Сәуле Асылбекқызы Сардарова''' 2001 жылы Апматыда өткен ҚР чемпионатында -орын, Шымкент қаласында Қазақстан халықтарының 1-ші 1-орын алды. 2003 жылы Тараз қаласында ҚР чемпионатында 1-орын. 2004 жылы Корея Азия чемпионатында 3-орын, Шымкент қаласында ересектер арасында ҚР чемпионатында 1-орын. 2005 жылы Испанияда өткен ересектер арасындағы Әлем чемпионатында орын., Алматыда өткен ҚР кубогінде 1-орын, Астана қаласында ересектер арасында ҚР чемпионатында 1-орын, Тегеран қаласында өткен дүниежүзілік ислам ойындарында 2-орын алды. 2006 жылы Шымкент қаласында ҚР чемпионатында -орын, Катар- Доха қаласында Азия ойындарында 3-орын алды. 2007 жылы Тараз қаласында ҚР чемпионатында 1-орын, Алматы қаласында II оқушылар 1-орын, Кореяда өткен халықаралық турнирде З-орынға ие болды. Республиканың және мектеп, колледж оқушылары әлденеше дуркін чемпионы, дүниежүзілік Ислам ойындарының күміс жүлдегері. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша таэквондошылар Санат:Қазақстан тхэквондошылары Санат:Алфавит бойынша тхэквондошылар
'''Атшабар бала''' ат жарысында атпен жарысқа түскен шабандоз бала. Тақымы қатқан жас балалар ат үстіне әрі жеңіл, әрі икемді болады. Әлбетте денесі толысып, буыны қатып, омыртқалары бекіген соң жеті-сегіз жасар кезінен бастап баланың атқа шабуына рұқсат етіледі. Қыз балалардың атқа шабуы ішінара кездеседі, олар көбінесе жорғаға мінеді. Атшабар бала бастарына орамал байлап, үстілеріне қызыл-жасыл түсті шыт көйлек киеді. Атшабар бала жарыс бойында аттың күшін есептеп отырады. Ол үшін аттың тынысын кеңейтіп отыруын қамтамасыз ету мақсатында желдің бағыты мен күшін есептейді. «Ат шаппайды, бала шабады» деген сөз осындайда айтылса керек. Атшабар балаларды ат иесі өз елінен ала келетін. Бәйгеге шабатын аттардың ер-тоқымы да шағын, үзеңгілері көбінесе ағаштан жасалды. Атшабарлықка ат иесі кейде өз баласын таңдайтын. Немесе ауыл арасынан атқа икемді елгезек бала таңдалынды. Атшабар баланы ат баптау кезінде ат иесі өзімен бірге ертіп жүрген. Бәйгеден жүлделі оралған баланың тиісті үлесі заттай, кейде ақшалай беріліп отырған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет