text
stringlengths 347
53.1k
|
---|
'''Саурық Садықов''' (18.05. 1941, Кексу аулы, Каратал ауданы 22.06.1993, Талдықорған қаласы), спортшы, еркін, самбо, дзюдо, қазақша куресінен спорт шебері. Қазақстанның 11, Орта Азия республикалары мен Қазақстанның дуркін чемпионы. 1993 ж. Садықов құрметіне қазақша курестен турнир ұйымдастырылды. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша самбошылар Санат:Алфавит бойынша дзюдошылар Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:КСРО самбошылары Санат:КСРО дзюдошылары |
Атшы- алыс жол, сапарларда аттардың жем-суын қадағалап, олардың бабына жауап беретін ат бағушы адам. Сондай-ақ атшы сапар барысында жылқының әртүрлі себептерге байланысты туындайтын сырқаттар мен аурулардың алдын алуға қам жасайды. Осыған орай атшы аттың арқасы мен аяғын суытудың шараларын жасайды. Ол үшін айылды босатып, қажет болған жагдайда, ер-тұрманды алып, атты дамылдатады. Бұл аттың аяғына қан немесе жем түсу немесе аяғы ақсау, арқасы кету сияқты сырқаттарға жол бермейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Алты таспа жалпақ өрім''' алтау етіп тілінген таспадан жалпақ айыл тәрізді етіп өрім өру әдісінің атауы. Қайысты алты таспа етіп тіліп алған соң ортасынан бастап өреді. Ол үшін ортадағыларын, атап айтсақ үшінші таспаны төртіншінің үстін бастыра, бірінші таспаның астынан шалып, алтыншы таспаны көлденең бастыра оң жаққа тастай отырып бастайды. Содан соң, төртінші таспаны екінші таспаның үстін бастыра, екінші таспаның астынан шалып, екінші таспаның үстін көлденең бастыра, бірінші таспаның астына келтіріп, сол жаққа қарай өреді .Осындай ретпен қайталап өрбітіп өріп жалғастырады, ұшын таспалап бекітеді. Алты таспадан өрілген осындай жалпақ түрін халық шеберлері алтыбасар деп те атайды. Айыл, жырым түрлері осы тәсілмен өріледі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Тәлімдік жер''' суармалы егіншілік аудандарындағы егісті суармай өсіретін жерлер. Таулы аймақтарда тау етегіндегі ауадан түсетін ылғал мөлшері суарылмайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіншілік береді. Бұл аймақтағы жауынның тағы бір ерекшелігі оның басым бөлігінің көктем айларында түсіп, жазға қарай құрғақшылық болуы. Табиғаттың осы ерекшелігін, көктемгі жауынды тиімді пайдаланып, жазға дейін пісіп үлгеретін дақылдар егуді тәлімі егіншілік деп атайды. Тәлімі жерлерде құрғақшылыққа төзімді астық (арпа, бидай, тары), техникалық (күнжіт, мақсары), мал азықтық (қонақжүгері, т.б.) және бақша дақылдары (қарбыз, т.б.), т.б. өсіріледі. Өнім алу мөлшері жауын-шашынның түсу мөлшеріне және уақытына, ауа т.б. жағдайларға байланысты. Мұнда ылғал қорын жинап, сақтау, оны тиімді пайдалану үшін түрлі агротехникалық шаралар (қар тоқтату, топырақ өңдеудің арнайы әдістерін қолдану, егісті қысқа мерзімде аяқтау, кең қатарлы егу әдістері, т.б.) қолданылады. Ауыспалы егіс жүйесінде топырақ құнарын қалпына келтіріп жақсарту үшін мал азықтық дақыл жоңышқа, беде егіледі. Тау етегінің біршама жерлерінде жеміс ағаштары мен жидектер отырғызылады. Тәлімі жерлер егістіктері экономикалық жағынан тиімді (оны суарудың қажеті жоқ), тек агротехникалық шаралар қолданылса жеткілікті. Кавказ маңы, Ауғанстан, Иран, Қытай, Үндістан, т.б. елдерде кездеседі. Қазақстандағы таулы жерлерде орналасқан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының егіншілік жерлерінің миллион га-ын осы Тәлімі жерлер құрайды. ==Сілтемелер== Санат:Жерлер |
'''Аты теріс''' дәстүрлі неке-отбасылық қатынастарда қалыптасқан әйелдердің сөйлеу мәдениетінде орын алған табудың (тыйымның) баламасы, тұспал атауы. Жасы мен жолы үлкен, көзі тірі, тіптен дүниеден өтіп кеткен ата-апаларының аттарын атамай тұспалдап айтқан. Жанама немесе телінген есімі жоқ адам туралы сөз сөйлеу, баяндау, қажет болған жағдайда әйел әдебі бойынша оның атын атамай «аты теріс» (аттеріс) деп тергейтін болған. Бұл анықтама тіркеске қосымша аты теріс көрші, аты теріс бала, Атайдың аты теріс тамыры, балалардың (отағасының) бұрынғы өткен аты теріс әжелері және т.б. жолдармен білдірген. «Тентегім, сен теріс айтып жатырсың» (М.Әуезов). Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайынсіңлісінің атын атамай, өзіне лайықты ат қойып «мырза қайнаға», «бай атам», «би атам», «жалқы бала», «тентегім», «еркем», әйел болса «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім» деп атайды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы: тапалды «сұңғағым», жайбасарды «жүйрігім» дейді. Мұның бәрі шын мәнінде сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі болып табылады. Ер адамдар да ақсақалдар мен өзінен үлкендерді «ата», «әке», Ереке, Аха, Жәке, Сәке деп құрметтеген. Бұл да осы ғұрыптың бір түрі. Ат тергеу біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргендік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып табылады. Халық аузында мынадай қызықты әңгіме бар: Бір келіншек «сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені жанымаға жанып-жанып тез келіңдер!», депті. Сөйтсе ол Өзенбай, Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Пышақбай деген қайны, қайнағаларының атын атай алмай тұр екен! Жолаушылар су әкеле жатқан әйелден: «бұл кімнің ауылы» деп жөн сұрапты. Сонда келіншек «өзінде ғана бардай, өзгеде жоқтай атамның ауылы» депті. Сөйтсе бұл Көтібар ауылы екен. «Ат тергеу» басқа жағдайларда да қолданылады. Мысалы, халық қасқырды «ит-құс» деп, қорасан, шешек,қызылша сияқты ауруларды «әулие» деп атайды. Ол осындай пәле-жала бізден аулақ болсын деген ырым. ==Дереккөздер== Санат:Қазақ тілі Санат:Қазақ салт-дәстүрлері |
'''Мұхамеджан Боқаев''' (1911, Карағанды облысы, ЖаңаАрқа ауданы, Атасу аулы 1988, сол жерде), жас кезінде бойы м. 96 см., салмағы 120 кг. болған. 1936 ж. ҚазКСР- інің құрылғанына 15 жыл толуына байланысты салтанатты мерекеде күреске түсіп чемпион атанған. 1945 ж. Ж.Жабаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты тойда нар балуан атанған. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Қазақстан балуандары |
'''Атыраулық суару тәсілі''' ертедегі егін суару тәсілі. Бұл тәсіл өзен арнасын, жанама суды бөгеп, реттеп, жиналган суды арықтармен егістікке таратып әкету принципіне құрылған. Ол үшін суды қарабурамен буу, тоғанның, шығыр қондырғыларды қолдану және т.б. тәсілдерді пайдаланған. Осылайша жиналған суды оман арық деп аталатын үлкен арықтарға біріктіре отырып, қажеттілігіне қарай суды егістікке жіберген. == Дереккөздер == Санат:Егін шаруашылығы |
'''Еңсеп Досқалиев''', Түйепалуан (т.ж.б. Қаратөбе ауданы 1944. Украина Иваново-Франков облысы Колимин ауданы Печежинск селосы) балуан, қазақша күрестен республикалық тұңғыш абсолюттік чемпионы (1939). == Өмірбаяны== Жастайынан ауылдағы жиын тойларда күресіп, әуелі "ысық балуан", 1937 ж. мамыр мерекесінде Қаратебе ауданының "Сталин жолының" балуаны Сүйесінді жеңгені үшін "түйе балуан" атанды. 1939 ж. Семей қаласында қазақша күрес бойынша өткен республика чемпионатына қатысқан орта салмақтағы Досқалиев барлық салмақ дәрежелері бойынша қарсыластарын жеңіп, республиканың абсолбттік чемпионы атанды. 1940 ж. 21 шілдеде Мәскеудегі Бүкілодақтық шеруіне, 1941 ж. ақпан айында Қырғыз КСР-інің 15 жылдық мерекесіне қатысып, шаршы алаңда белдесуде қарсыластардың барлығын жеңген. Соғыс басталған шақта жергілікті тұтынушылар одағының, кейін "Сәуле" ұжымшарының төрағасы қызметін атқарып жүрді. 1942 ж. өзі сұранып, майданға аттанды, Сегізінші атқыштар дивизиясының 310-полкінің құрамында ерлікпен шайқасып, Украина жерінде қаза табады. == Есте сақтау == Қаратөбе ауданы Музейінде оның майданнан жазған хаттары сақтаулы. Облыс келемінде жыл сайын қазақ күресінен Досқалиев атындағы жарыс өткізіліп тұрады. == Дереккөздер == Санат:Қаратөбе ауданында туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Колимин ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан балуандары Санат:Қазақ күресінен Қазақстан чемпиондары Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар |
'''Ау тоқу''' жібек, кендір т.б. жіптен, сондай ақ жылқы қылынан торшалап ау дайындау тәсілі. Ау тоқығанда төртбұрыш қалып ағашты араларына салып отырып көзін біркелкі етіп тоқиды. Тоқу, жамауға инелік, иінағаш деп аталатын тілшелі тарақ тәрізді агаш құралды пайдаланады. Ол ағаштан жасалған басы сүйір, оған жақын жерде ойып жасалған тілі бар, соңғы жағы қиық құрал. Оны балықшылар қолдан жасаған. Өндірісте тоқылған ауды қазақтар көкіл деп атап, оны үшке бөліп, асты-үстіне сарөшек орнатып, көңге жіппен (пасадка) бекітіп, үш шағын ау жасайды. «Бүтін ау бір ауылды асырар» немесе «саңырау балықшыға сәлем берсең, «ау жамап жатырмын! дер» деген халық мәтелдері үлкен аудың балықшылар қауымы үшін ерекше маңызды болғандығын аңғартады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Қожамқұл Балуан Қабаұлы''' (XIX ғ. өмір сүрген), қырғыз халқының атақты балуаны. Қордай асуы арқылы қазақ жеріне келіп, талай рет күреске түскен. Бір аңызда Қожамқұл балуанның астындағы аты Қордайдан асқан кезде зорығып құлайды. Сонда балуан атын арқалап таудан түскен дейді. 1972 жылдан бері Бішкек қаласында Қожамқұл атындағы халықаралық турнир өтіп келеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар |
'''Бақытжан Рахбиев''' (10.04. 1946 жыл, Атырау облысы, Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылы) Қазақша күресінен және Еркін күрестен СШ-і. ҚазКСР-інің ЕСЖ-сы. Күреспен Түркістан әскери округінде азаматтық борышын өтеп жүрген кезінде айналыса бастады. Кейін Атырау облысында жаттықтырушы болып қызмет істеді. Облыстық Қайрат және Еңбек резервтері ерікті спорт қоғамдарында облыстық спорт комитетінде басшылық қызметтерде болды. == Дереккөздер == Санат:10 сәуірде туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Жылыой ауданында туғандар Санат:Қазақ күресінен Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шеберлері Санат:Еркін күрестен Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шеберлері еңбек сіңірген |
'''Садыр балуан Хушахмәтұлы''' (1798, Шығыс Түркістан, Құлжа қаласы, Молла тоқты қыстағы, 1871, сонда), ұйғырдың халық батыры әрі атақты жырау. Бүкіл өмірін маньчжур-қытай басқыншыларына, жергілікті феодал- бектерге қарсы күреске арнап, бірнеше рет қамалған. Садыр балуан Құлжадағы шаруалар көтерісіне (1864-67) басшылық етушілердің бірі. Ол өз өлеңдерін өзі орындаған. "Садыр атады басқа, Дұшпан атады тасқа", "Жамбылда көп жатып", "Ат міндім күрең қасқа" т.б. өлеңдері халық арасына кең тараған. Садыр балуан өмірінен пьеса (М. Асимов, "Садир балуан", 1958), повесть (И. Мухлисов, "Садир балуан", 1964) жазылды. == Дереккөздер == Санат:Ұйғыр ақындары Санат:Ұйғыр батырлары |
'''Тәжі балуан''' (1856, Сырдария уезді, Аманөткел аулы 1925, Қызылорда облысы Бөген аулы), атақты балуан. 1925 ж. В.Ленин аштыққа ұшыраған Еділ бойы еңбекшілерінен көмек сұрап, Арал алықшыларына хат жазғанда осы қозғалысқа белсене қатысқан адамдардың бірі. Тәжі балуан қара күшке байлығы сондай, 100 кг. тартатын балық салынған қапты оп-оңай көтеріп, вагонға лақтырып сала береді екен. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар |
'''Шеріпбай балуан''' (1891, Қазалы уезі, Райым аулы 18. 09.1959, Кызылорда облысы Сексеуіл станциясы), XX ғ. басындағы атақты балуандардың бірі. Алғаш рет 1914 ж. Қазалы қаласында Жетес биге ас берілгенде Орынбордан келген цирк балуандарын жығып, көзге түседі. 1915-20 жылдардың арасында Үргеніш, Паровск, Торғай уездерінде өткен үлкен күрестерге қатысады. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар |
палеолит тұрағы. Жамбыл облысы Қаратау қаласынан қарай 34 км жерде. 1957 58 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарихи археология және этнография институтының тас ғасыры ескерткіштерін зерттеумен шұғылданған Қаратау отряды (жетекшісі Х.Алпысбаев) ашып, 1961, 1963 жылдары зерттеу жұмыстарын жүргізген. Барлық тас бұйымдары жалпақ төбешіктен жинастырылған. Ғалымдардың пікірінше бұл төбешік төменгі антропоген уақытындағы ежелгі аллювий аңғарымен сай келеді. Тас құралдары км² аумақта бірнеше жерде шоғырланған. 1961, 1963 жылдары тас қарулары шоғырланған төрт жерге 0,75 тереңдікке дейін тікқазба (шурф) түсірілген. Заттардың басым бөлігі, негізінен жоғарғы қабаттан алынған. Бұйымдарды жасауға сұр, қоңыр сұр, сұр қара, қара шақпақ тас пайдаланылған. Көпшілігі сары түсті патина қабаттан жабылған. Тәңірқазғаннан алынған бұйымдар мынадай негізгі топтарға бөлінеді: 1) екі шеті өңделген долбар шапқы құралдары (32 дана); 2) дөңгелек тұрпаттар (7 дана); 3) қол шапқы тәрізді құралдар (6 дана); 4) унифастар (3 дана); 5) тас жаңқадан жасалған бұйымдар (11 дана); 6) өзектастар (26 дана); 7) екінші қайта өңделмеген тас жаңқалары (266 дана). Жинаған заттардың типологиялық және техникалық анықтамасы Тәңірқазған Қазақстан жеріндегі ең көне ескерткіштердің бірі екендігін көрсетеді. Алынған бұйымдарды Еуразия мен Африка құрлығындағы археологиялық кешендермен қатар қоюға болады. Тәңірқазған ежелгі аңшылардың осында келіп қоныстану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін бірегей ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан өңірлерінен табылған шелль-ашель уақытына жататын Тәңірқазған секілді археологиялық нысандар республика жерін алғашқы адамдардың кезеңдерінде мекендегенін айғақтайды. ==Сілтемелер== Санат:Тарихи ескерткіштер |
'''Алты таспа жұмыр өрім''' алтау етіп тілінген таспадан жұмырлап өрген өрім түрінің атауы. Оны қазақы ортада өрімнің сыртқы бейнесіне қарай шеберлер жыланбауыр немесе бұзаутіс деп те атайды. «Алты таспа бұзаутіс, былжырамай аттан түс!» деген идиома бұл өрімді қамшының әлеуетті қару да болғандығын аңғартады. Өйткені, таспаны жуандап етіп өріп, өзегіне қорғасын жүгірте жұмырлап өрілген қамшының расында да жау қайтарар қауқары ерекше болды. Өрімнің бұл түрін өру үшін, алақан қалдырып, алты таспа тіліп, жұмырлап сыдырып, сыптығырлап алғаннан кейін ортасындағы таспадан бастайды: төртінші таспаның үстінен көлденең бастыра, екінші таспаның астынан шалып, солға қарай қайырада да, бесінші таспаны үшінші таспаның астынан өткізіп, сол жаққа қарай қайырып, алтыншы таспаны қалған таспалардың астыннан шалып, екінші, төртінші таспаны бірінші, төртінші, алтыншы таспалардың астынан шалып, сол жаққа қарай тастай отырып өреді. Әрі қарай осы тәртіппен өруді қайталап өрбітсе жұмыр өрім шығады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Қоныс Сатыпалдыұлы Жетпісов''', (13.02.1973. бұрынғы Тайпақ ауданы), самбо күресінен ХДСШ-і (1995). 1988 ж. М. Ондағановтың басшылығымен Тайпақ спорт мектебінде самбомен айналыса бастаған. 1994 ж. студенттер арасында Әлем чемпионы болды.1998 ж. Калининградта өткен Әлем біріншілігінде, 1999 ж. Әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанып, Испанияда Әлем кубогін жеңіп алды. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар |
'''Алты (тоғыз) қатын жортақай''' дәстүрлі неке салтында күйеу жолдас тарапынан берілетін кәде түрінің атауы. Қыз жеңгелерінің күйеу жігіттің қасына еріп келген күйеу жолдастан «жортақайын», яғни кәдесін талап етеді. Күйеу жолдас жортақайын бермесе, алты қатын (шынында онан да көп) жабылып тартып алуға тырысады. Жетісудің кейбір жерлерінде құдандалық салтында ойналатын ойын түрі де алты (тоғыз) қатын жортақай деп аталады. Осы тектес басқа да ойындардың негізгі мәні кәде алу үшін жасалады. Сондықтан тиісті кәдесін беріп құтылады. Мысалы, келген құдаларын күтуші әйелдер кіші құдаларды әжуалап, бетіне айран, ұн жағу кәдесін жасайды. Мұндайда кіші құдалар әйелдерге сыйлықтарын береді. Кәде сыйын бермей бұлтарса, құда жағының біреуін еңбектетіп қойып, алты әйел аттай мінген ишарасын жасайды. Солтүстік өңірде осының параллелі ретінде құданы арбаға жеккен. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Амантай Қарақұлы Қарақов''' (28.07.1946 Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы), СШ-і (1970), ҚазКСР- інің ЕСЖ-сы (1988), Педагогика ғылымдарының кандитаты (1998), Педагогика ғылымдарының докторы, профессор (2009). 1968- 72 жылдардың арасында Қазақ Ұлттық дене тәрбиесі институтын бітірді. Содан кейін Қазақ Ұлттық экономика университетінде дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары қызметтерін атқарды. Ал 2007 ж. Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары республикалық мектептің директоры болып тағайындалды. Қарақов республикадағы дене тәрбиесі мен спорт саласындағы көрнекті ғалымдардың бірі. Оның ашқан және ұсынған ғылыми жаңалықтары жас ұрпақтың дене мәдениеті мен рухани жағынан жан- жақтан жетілуіне игі әсер туғызып орта және жоғары оқу орындарында кеңінен пайдаға асуда. Шығармалары: "Дене тәрбиесінің теориялық негіздері", "Дене тәрбиесінде ұлттық күрес түрлерін пайдалану", "Дене тәрбиесінің үйрету әдістері", "Дене шынықтыру, сауықтыру жүйелерінің ілімі мен тәсілдөрі". == Дереккөздер == |
'''Жарылқасын Керімбекұлы Оңалбек''' (22.03.1950, Жанысата аулы, Созақ ауданы ОҚО), самбо күресінің СШ (1978), ҚазКСР- інің ЕСЖ-сы (1986), Бүкілодақтық турнирдің жеңімпазы (1978, Бішкек), Педагогика ғылымдарының кандитаты (1996), Педагогика ғылымдарының докторы (2007), "Республика еңбек сіңірген спорт қайраткері" (2000), спорт тарабына арналған монографияның, 68 ғылыми мақалалардың авторы. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша самбошылар Санат:КСРО самбошылары |
'''Қошқарбай Төремұратұлы Табынбаев''' (26.01 .1960, Мұқыр аулы, Қызылқоға ауданы, Атырау Атырау қаласы.) СШ-і, ҚР-ның ЕСЖ-сы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры. Жаттықтырушылық қызметінің барысында ол Әлем және Азия Қ.Досқалиев, ағайынды Үсеновтар, А.Жұмағалиев, Н.Алманиязов, Н.Ермұханов, А.Жақсылықов, Б.Салықов, А,Тайжанов, Р.Ерманов, Б.Баймұратова, А.Хатип, М.Оралбеков, Б.Қошқаров сынды республикаға белгілі балуандарды дайындады. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар |
'''Сумо''', жапондардың ұлттық күресі. Жапондардың арасында кең тараған күрес түрлерінің негізінде дамыған. Негізінен мұнда салмағы өте ауыр балуандар кілемге шығады. Сондықтан да күрескердің бойы ұзын, денелі және ауыр болса сол көбірек жеңіске жетеді. Тарихи құжаттарда 1650 ж. биіктігі 225 см. салмағы 115 кг. келетін Девагтаке есімді балуанның белдескені жазылған. Сумо күресінде мамандар небәрі 48 әдіс бар деп есептейді. Олар 12 лақтырудан, 12 ұстаудан, 12 бұраудан, 12 итеруден тұрады. Сумо күресінде балуандардың шеберлігі 11 дәрежеге белінген. Күрес болатын кундері Кодакан спорт сарайына ондаған мың жанкүйерлер жиналады. Балуандар шеберліктеріне қарай дәрежеге бөлінген. 1-дәреже Макуучи, мұнда 20 балуан бар. 2-дәреже Дзю-ре, мұнда 30 балуанға дейін татамиге шығады. Келесі 3-дәрежеде 80 балуанға дейін күресіп, ең күштілерін анықтайды. Калғандары 700 адамға дейінгі саны бар ең төменгі бұқаралық топ болып есептелінеді. Белдесу көлемі 9x4,5 м. келетін кілем үстінде өтеді. Мұны татами деп атайды. Татами орнатылатын тұғыр еденнен см. биік болуы керек. Күрес басталар алдында "рицзю-рей" және "тиру-тозу" деп аталатын ұлттық рәсімдер орындалады. Сумо күресінен әрбір елде езіндік және халықаралық бірлестіктер бар. Мұнда салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер өтеді. Кіші салмақтар 85-115 кг. арасы, ал 115 кг. жоғарылар ауыр салмақ болып есептелінеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
сумо күресі''', 1996 ж. Алматыда өткен күрес фестивалінің бағдарламасына сумо күресі де енген еді. Осы фестивальдің барысында республикалық бірлестік құрылды. Сөйтіп жаттығулар басталып кетnі. Келесі жылы жерлестеріміз Жапонияның Осака қаласында өткен Әлем чемпионатына қатысты. Осында 85 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде алғаш рет М.Щепетюк алғашқы наградаға ие болды. С.Рамазанов та қола медаль алды. 1996 ж. республиканың құрама командасы Токиода өткен Әлем чемпионатына қатысты. Өз салмақ дәрежелері бойынша С.Рамазанов пен М.Тәшкенбаев алдынғы сегіздіктің қатарына енді. Ал Азия чемпионатында ауыр салмақты Ю.Мариновский қола медалдың иесі атанды. 1998 ж. Алматыда ҚР-сының ашық чемпионаты өтті. Бұған көршілес Қырғызстанның және сумоның отаны Жапон елінің командалары келді. Жалпыкомандалық есепте 1-орынға Қазақстанның құрамасы шықты. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Кэтн''' (ережесіз жекпе-жек аталып жүр), Мұнда барлық күрес түрлерінің, бокстың, шығыс әдіс-айлалары пайдаланылады. Қайтсең де ақша тап деген заң билік жүргізген капиталист дүниеден ережесіз жекпе-жек түрімен айналысу спортшыларға біраз қаржы әкеледі. Осыған бола еріккен қолдары бос қызыққұмар адамдардың ермегіне айналған бұл спорт түрлерін көрсету әлемдік теледидарларда дәстүрге айналған. Кэтн кезінде спортшылар ауыр жарақаттар алады. Бірақ соған қарамастан өмір сүру үшін бірін-бірлерін аямайтын жекпе- жектерге шыға береді. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Қазіргі бессайыс''', кедергілерден өте салт атпен жүруді, семсер сайысын (бірінші шаншуға дейінгі жекпе-жекті), пистолетпен атуды (4 тізбекпен 20 рет ату), жүзуді (еркін тәсілдермен 300 м-ге) және жеңіл атлетикалық дала жарысы (4 км. қашықтыққа) біріктіретін көпсайысты құрайды. Осындай реттіліктегі жаттығуларды кешенді жарыс ерте заманнан белгілі (мысалы: Ертедегі Грекиядағы ойындардағы Пенттатлон). XIX ғасырдың 1- ші жартысында Швецияда, Кейіннен езге де елдерде офицердің жауынгерлік дайындығының (салт атпен жүру, семсерлесу, ату, жүзу, жүгіру) мәнін бейнелейтін офицерлік бессайыстан жарыстар еткізілді. 1912 ж. Кубертеннің бастамасымен дайындаған офицерлік бессайыс кешені Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енгізілді (бастапқыда жеке ал 1952 жылдан командалық есеп). 1948 ж. дейін жарысқа тек ғана қатысты. Кешен қазіргі атауын 1948 жылы Қазіргі бессайыстың және биатлонның халықаралық одағы құрылған Лондонда алды, ол 54 ұлттық федерацияны (1979) біріктіреді. 1949 ж. бастап Әлем чемпионаты, 1974 жылдан Еуропа кубогы өткізілді. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
дәстүрлі түркі халқының дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілім, метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер, және кейбір осызамандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. Тәңіршілдік сенімі көне түркі халықтарының, Ғұндардың, Болғарлардың, моңғолдардың, маньчжур және мадяр халықтарының ұлттық мәдениеті мен болмысына терең ықпал еткен тарихи сенім болды, Көктүрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Дунай және Еділ Болғарлары, Моңғол империясы, Хазар қағандығы) қатарлылардың мемлекеттік діні болды. ІХ түркілердің әйгілі туындысы «Ырық бітік» кітабында "Тәңірі Түрік Тәңрісі" (Түріктердің Құдайы) ретінде аталған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, империялық деңгейде Тәңіршілдік әсіресе ХІІ ХІІІ ғасырларда монотеизмдік сенім/дін ретінде ұстанылған; қазіргі тәңіршілдердің көбі оны монотеизмдік деп санайды. Орхон-Енисей Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк тас "Тәңірідей Тәңріден жаралған" деп басталады, әрі "Төбеңнен Тәңірі баспаса, астыңнан қара жер айырылмаса, түркі халқы төріңе кім шыға алады, тәбәрігіңді кім жырта алады" деген сөздер бар. Аббас халифатының елшісі Ибн Фадлан Хғ басында оғыздарға жасаған саяхатында “түріктердің қиын-қыстау кезеңде 'Бір Тәңірі' деп, басын көкке қаратып мінажат ететінін" айтқан. Әртүрлі дін адамдарын пікірталасқа шақырған Мөңке хан: "…Біз тек Бір Тәңіріні медет етеміз" деген ұстанымын еуропалық Марко Поло, Джованни Плано Карпини, Вильгельм Рубрук жазып қалдырған. «Тәңір» ұғымы Шумер сына жазуларында, сондай-ақ ғұндар мәдениетінде “Зингир” (“зеңгір”) түрінде кездеседі. Кеңес одағы ыдыраған 1990 жылдардан бастап Тәңіршілдік Орталық Азиядағы (Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдегі Татарстан, Башқұртстан) түркі тілді халықтардың интеллектуалды зиялыларының ұстанымы болған. Ол сондай-ақ Бурятияда, Сахада (Якутияда), Хакасияда, Тывада және басқа да Сібірдегі түркі халықтарында біртіндеп дами бастады. Алтайлық Бурханизм және Чуваштардың Ваттисен йăли қатарлылардың кей элементтері тенгризмге ұқсайды. Моңғолияны кейде оның тұрғындары "''Мәңгілік көк Таңрінің елі''" (Munkh Khukh Tengriin Oron) деп атайды. == "Тәңір" сөзі == Ежелгі және қазіргі түріктер арасында Тәңір (көне түркіше: Täŋri) ұғымының түрлі формалары бар: Тәңірі, Тангара, Тангрі, Танри, Тангре, Тегри, Тингир, Тенкри, Тери, Тер, Туре. Тәңір сөзі көне түркі тілінен шыққан: Тенк ("таң сәрі") немесе Тан ("таң"). Сонымен қатар, Стефан Георгтің болжауынша, түрікше "Тәңірі" сөзі түптеп келгенде Прото-Енисейдің *tɨŋgVr "жоғары құдірет" сөзінен келіп шыққан. == Сенім жүйесі == Тәңіршілдік сенімі бойынша, Тәңірі барша болмыстың арғы құдіретті киесі, әрі негізі. Қазақта "''иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар''" деген терең мағыналы сөз бар. Ұлы Тәңірдің “Көк, Ұлы, Нұр”, т.б. сипаттары биіктікті, тұтастықты білдіреді. Тәңір өзін медет етушілердің соғыста жеңуіне де, өмірде өзіне тән өмір жолын тауып, мағыналы, мәнді, табысты, салиқалы, салуалы ғұмыр кешуіне де, биік орын мен мансапқа көтерілуіне де, сондай-ақ халықтардың өркендеп, өсуіне де жол ашады. Ғалам Тәңірінің кітабы; Тәңіріні түсіну сол ғаламды тану мен түсіну арқылы іске асады; Тәңірі сүйген кісі болу сол ғаламда биік мақсаттарға талпына алу арқылы іске асады. Тәңірі ешкімді алаламайды, тек ол берген ерік-жігер мен зердені дұрыс қолдана алу-алмау адамдардың әртүрлі деңгейде болуын белгілейді. Дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша күйзеліске ұшырау халықтың рухани азғындап, өз тамырынан азып, қабілетсіз жалқау, надан және арсыз болғаны үшін Тәңірі оларға жіберген жазасы болып саналады. == Галерея == File:Peak of Khan Tengri at sunset.jpg|Хан Тәңірі шыңының шоқысы File:Tengrist symbol символы File:Burkhan Khaldun Қалдун тауы, Шыңғыс хан осында ылғи тауап етіп тұрған. File:Tengrian кресті "Тәңір" сөзінің жазылуы ханның (Arghun Khan) 1289 жылғы Француз патшасы Филип IV -ке көне Ұйғыр жазуымен жазған хаты. Хатта Тәңіршілдік идеялары сипатталған. File:Guyuk khan's Stamp жылы Папа Иннокентий IV-ке (Pope Innocent IV) Күйік хан (Güyüg Khan) жазған хаттағы мөр. Жазу төбесінен астына қарай, солдан оңға қарай оқылады. Алғашқы төрт сөз "möngke ṭngri-yin küčündür" "''Мөңке Тәңірі-иін күшіндұр''" ("Мөңке тәңірінің ұлы күшімен") делінген. "Тәңрі" (Tngri) және "Зарлық" (zrlg) сөздері дауыссыз дыбысты архаизм сөздер. ==Дереккөздер== Санат:Діндер Санат:Түркі мифологиясы Санат:Философия |
'''Аудармабас етік''' қалыпқа тартылмай-ақ жай кептеліп барып ұлтарылатын етіктің түрі. Етіктің бұл түрі күнделікті жұмыс, шаруаға арналған әшекей, ою-өрнек салынбаған қарапайым болып келеді. Аудармабас етікті дайындаудың ел ішіндегі кең таралған тәсілі аяқкиімнің басы мен керсенін біртұтас пішін алып, оған ұлтару тәсілімен табан қондырады. Сондықтан, мұндай аяқкиімді ұлтарма етік деп те атайды. Аудармабас етікті үлкен де, кіші де кие береді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Аужар''' қыз ұзату тойында жөн-жоралғылар аяқталып, қыз аттанар кезде айтылатын өлең түрі. Әлбетте қыз аужар айтып жылап қоштасқанымен, оның мәні қайғы емес, керісінше қимастық пен қуаныштың белгісі болды. Аужарда қыз ауылының жігіттері мен қыздары өздерінің қимастық көңілдерін, жақсы ниетін, достық сезімдерін өлең жырда үстемелей айтып жеткізеді. Аужардың сөзі мен әні біресе «ау- жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деген секілді сөздермен ойнақыланып айтылады. Қазақ фольклорында аужардың мынадай үлгілері бар: ''Буынғаным беліме кісеме еді, аужар-ау, ''Бекем бусам белімнен түсер ме еді, аужар-ау. ''Әкең барып шешеңді aп келмесе, аужар-ау, ''Мұндай азап басыңа түсер ме еді, аужар-ау! ''Мінген де атың боз ғана, бике-ау, ''Күйеуің сенің бозбала, бике-ау. ''Өксігің сенің басылмас бике-ау, ''Әлдилеп бала сүйгенше, бике-ау. ''Мінгенде атың жиренше, үкі-ау, ''Тықыршып тұрар мінгенше, үкі-ау. ''Қыз көңілі басылмас, үкі-ау, ''Әлдилеп бөпе сүйгениіе, үкі-ау! ''Кеттің, кеттің деуші едің, кеттім, aпa, ай-ау, ''Ерттеп қойған атыңа жеттім, aпa, ай-ау. ''Шымылдығын желпе сал, көрсін апам, ай-ау, ''Көзінің жасын қойнына, тәксін апам, ай-ау! Қалыптасқан дәстүр бойынша ол той үстінде де, той тарап, адам аяғы саябырлаған кезде де, тіпті қыз аттанар сәттерде де айтыла береді. '''Ау-жар (салт, айтыс).''' Ұзатылып бара жатқан қыздың '''«сыңсуы», «қоштасуы»''' ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, тұған ел-жұрттан бөлініуі, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де, тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш, қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар «жар-жардан» кейін де өлең-жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі «ау-жарды» тағы бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау-жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді. Олардың мынадай үлгілері бар: == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
қазіргі бессайыс''' 1954 ж. дами бастады. Оның бастамасы және ұйымдастырушысы Қазақ ДТИ жеңіл атлет кафедрасының аға оқытушысы П. Чулок болды. Қазіргі бессайыстың жаңалықтары мен өзіне тән ерекшеліктері спорттың өзге түрлері өкілдерінің назарын аударды. Жаттықтырушы П. Радуенконың басшылығымен "Д" ерікті спорт қоғамының тирінде пистолеттен атумен жүйелі шұғылдану басталды. А. Мысенконың басшылығымен ипподромда ат спортының "әліппесімен" танысу жүрді. 1954 ж. сәуірде республикалық ипподромның, "Д" Ерікті спорт қоғамы тирінің және ДШ-ның бассейнінің базасында Орта Азия республикалары мен Қазақстанның спортына қатысу үшін алғашқы 1955 ж. жазында өткізілді. Оған Алматыдан екі және Шымкент облысынан бар, нәбері үш команда қатысады. Республиканың алғашқы чемпионаты ОҚО-ның өкілі Аттила Кубаев болды. Оның нәтижесі 4052 ұпай. 1955 ж. тамызда Дондағы Ростовта Қазақстанның құрама командасы КСРО біріншілігіне алғаш рет қатысты. КСРО халықтарының 1-спартакиадасы мен VIII бүкіл Қазақстандық спартакиадаға дайындалу кезеңінде қазіргі бессайыс бойынша жұмыстар едәуір жанданды. 1956 ж. наурызында бессайыстың түрлері бойынша байқау және жарыстар жиіледі. Ал сәуірден бастап қ.б-тың толық бағдарламасы бойынша календарлық жарыстың саны да көбейді. Қазақстанның құрама командасы Алматы біріншілігіне, матчының кездесулеріне және VIII Бүкіл Қазақстандық спартакиадаға қатыса бастады. Спортшылардың нәтижелерінде едәуір ілгерушілік болды. Спорттық биіктікті Аттила Кубаев, Василий Коновалов, Анатолий Ким және Б. Елғондиев секілді төрт спортшы бірден бағындырды. Олар алғашқы СШ-лері болды. == Дереккөздер == қазіргі бессайыс |
'''Лада Владимировна (тұрмыс құрғанға дейінгі тегі '''Карпенко'''; 10 сәуір 1970 жылы туған) қазақстандық бессайысшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. ==Мансабы== 1997 жылдан пентатлонмен айналысады (ертеректен бастап осы спорт түрімен айналыса бастаған, бірақ тарап кеткенен кейін жүзу спортына ауысып кетті). 1997 жылы бірінші Азия чемпионатында жеке біріншілікте де, топтық біріншіліктеде де екінші орын алды. 2002 жылы пентатлон бойынша Азия чемпионаттының жеңімпазы. 2002 жылы Азия ойындарының жеке біріншілігінде бірінші орын алды. Осы жеңістерінің арқасында Азияның үздік пентатлоншысы атанды. Лада Афина Олимпиадасына Мәскеуде өткен әлем чемпионатынан іріктелініп алынды, онда ол 9-шы орында иеленді. Афина олимпиадасында жеке есепте 14-ші орынды иеленді. 2004 жылы Азия чемпионатында жеке және топтық алтынды, сонымен қатар эстафетада қола медальді ұтып алды. Өз жерінде өткен әлем чемпионатында топтық алтынды, ал жеке біріншілікте жеңіске бір табан қалғанда жеңіліске жетті. Токиодағы Азия чемпионатында және Сеулде жеке күмісті жеңіп алады. 2008 жылы Пекиндегі Олимпиадада тек 36-шы орында болды. 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азиада да қазақстан топтық құрамында қола медальді жеңіп алды. Жеке есепте басқа спорт түрлері бойынша, мысалы атқа мінуден 16 қатысушылардың арасында 13-ші орынды иеленді. Әлем кубогының екі кезеңінде де үшінші болды (Пекин-2004 және Каир-2006), екінші орын (Митфилд-2007). Сонымен қатар Әлем кубагы кезеңінің эстафетасында үшінші орынды иеленді (Венгрия). Әлем чемпионатында ең жоғарғы жетістікке жетті орын (Берлин, 2007). ==Отбасы== Тұрмыс құрған. Екі баласы бар. Қызы Арина (1992 ж.т.) 2012 жылы заманауй бессайыс бойынша Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ұлы Тимур (1996 ж.т.). ==Марапаттары== *«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы (2002). Санат:1970 жылы туғандар Санат:Ташкентте туғандар еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Қазақстан бессайысшылары Санат:Алфавит бойынша бессайысшылар |
'''Аузының салымы бар''' жақсы іс, несібе бұйырған адамға қаратыла айтылатын сөз орамы. Көбінесе тамақ дайын болып қалғанда, тамаққа енді отыра бергенде, тамақ ішіп отырғанда келген ауыл үй адамына айтылады. Үй иесі әдетте ондай адамға «мақтап жүреді екенсіз» деп дәмдес болуға шақырады. Сонымен бірге жаңадан мал сойылып жатқан кезде келген қонаққа, жігіт ел ішіндегі мақтаулы қызды алса аузының салымы бар екен деп айтыла береді. Аузының салымы бар деген сөз орамы «несібесі мол екен, несібесіне бұйырып тұр екен» деген мән-мағынаны аңғартады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Бақи Телегенұлы Елғондиев''' (16.09.1927, Өзбекстан, Мойнақ ауданы, "Урга" балық зауыты) Жүзу мен қазіргі бессайыстан спорт шебері (1951), ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1970). ==Өмірбаяны== Қазақ дене тәрбиесі институтын 1951 ж. бітіріп, сонда жұмыс істеді. Ұзақ жылдар бойы жүзу кафедрасын басқарды. Доцент (1981) 27 ғылыми еңбектің, кітапшалар мен әдістемелік оқулықтардың авторы. Олардың арасында "Жүзе білесің бе?" оқулығы (1974). Жүзуден республиканың бірнеше дүркін чемпионы және экс-рекордсмені (еркін тәсілдермен 800, 1500). Қазіргі бессайыс пен жүзуден бүкілодақтық жарыстарға қатысушы. Грек-рим күресінен (1948) ҚазКСР чемпионы. қазақ күресінен (1952) ҚазКСР чемпионы. КСРО халықтарының (1956) командалық есептегі жүлдегері. ==Марапаттары== "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:16 қыркүйекте туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Мойнақ ауданында туғандар Санат:Қазақстан спорт шеберлері еңбек сіңірген Санат:Жүзуден Қазақстан чемпиондары Санат:Грек-рим күресінен Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақ күресінен Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақ дене тәрбиесі және спорт институты түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері |
'''Аузыңа май, астыңа тай!''' жақсы хабар жеткізген, сүйінші сұраған адамға қарата айтылатын этикеттік сөз орамы. Жақсы сөз жарым ырыс бойынша жақсы лебіз білдірген, байқаусыз, жаңылып болса да құттықтау айтып, сүйінші сұрағанға жұғысты болсын деп осы сөз орамын айтады. Керісінше, жаман сөз айтса жаныңа жылан жұмыртқаласын дейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Валерий Иванович Кошельский''' (16.04.1951, РФ Томск, Белобородова елдімекені) бессайысшы, СШ-і (1968), КазКСР ЕСЖ-сы (1982). Бессайыстан Қазақстанның дүркін чемпионы (1968-73), жекелей және командалық есепте КСРО чемпионатыныц қола жүлдегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). 1996 жылдан ҚР құрама командасының бас жаттықтырушысы. == Дереккөздер == Санат:16 сәуірде туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Томск облысында туғандар Санат:Қазақстан бессайысшылары Санат:Қазақстан спорт шеберлері еңбек сіңірген Қазақстан чемпиондары КСРО біріншілігінің қола жүлдегерлері еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Алфавит бойынша бессайысшылар |
'''Қайрат Османұлы Қашқынбаев''' (8.09. 1947 Қызылорда облысы Қазалы ст.), СШ-і (1969), Қаз КСР ЕСЖ-сы (1982). ҚР еңбек сіңірген қайраткері (1996). Халықаралық дәрежедегі төреші (1985). Республикалық Олимп. Дайындық орталығының директоры. Еңбек сіңірген СШ-і Т. Досымбетов, А. Парыгин, Д. Ребровты дайындауға қатысты. Қазақ спортының түлегі. Бакуге ауысты. Командалық есепте (И. Новиков, А. Мокеев, В. Минеев-1946) Олимпиялық ойынның чемпионы. Жеке есепте 5-орын (4894 ұпай). == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар |
'''Батырбек Мұхамедияров''' (20.02.1948, Қызылорда қаласы) бессайысшы, ХДСШ-і (1971). ==Өмірбаяны== 15 жасынан бастап жаттықтырушы В. Тренескиннің басшылығымен қазіргі бессайыспен шұғылданды. Республиканың чемпионы (1969-71) КСРО чемпионатының жүлдегері (1969, Мәскеу) Польшадағы (1971, 3-орын), Чехословакия мен Румыниядағы (1969, 5-орын) халықаралық турнирге қатысушы. Қазіргі бессайыс бойынша ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы (1976-81) Армия СК-ның (1981-88) және әскерилердің Оңтүстік тобының аға жаттықтырушысы (1983-85). == Дереккөздер == Санат:20 ақпанда туғандар Санат:1948 жылы туғандар туғандар халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Қазақстан бессайысшылары Қазақстан чемпиондары КСРО біріншілігінің күміс жүлдегерлері Санат:Қазақстан Санат:Алфавит бойынша бессайысшылар |
'''Сәуірдің 15''' Григориан күнтізбесінде жылдың 105-ші күні (кібісе жылдарда 106-шы). Жылдың аяғына 260 күн қалады. == Мерекелер == Халықаралық мәдениет күні. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу (Махаббат) күні. Армия күні. Махаббат күні. (Батыс Бенгал), Бенгал Жаңа жылы. Күн мейрамы (Ким Ир Сен туған күні) == Оқиғалар == == Туғандар == 1878 жыл Роберт Вальзер, неміс тілді швейцариялық ақын және прозашы. 1912 жыл Ким Ир Сен, КХДР 1948 жылдың басында негізі қаланғаннан бастап 1994 жылы қайтыс болғанға дейін жетекшісі болған саясатшы және әскери қолбасшы. 1931 жыл Томас Транстрёмер, XX ғасырдағы ірі швед ақындарының бірі. == Қайтыс болғандар == 1865 жыл Авраам Линкольн, Америка мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 16-шы Президенті (1861-1865) және Республикалық партиядан америкалық құлдарды бірінші азат етуші, америка халқының ұлттық батыры. 1912 жыл Джек Филлипс, «Титаник» бортында болған аға радист және тарихта ең бірінші болып S.O.S. халықаралық құтқару туралы сигналын жіберген оператор. 1956 жыл Эмиль Нольде, неміс графикші және аквалерист. == Сыртқы сілтемелер == Санат:15 сәуір |
'''Ерсайын Қандержанұлы Тәпенов''' (16 қазан 1945 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. == Өмірбаяны == 1968 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (қазіргі Ресей театр өнері академиясы) режиссерлік факультетін (педагогтары Н. П. Охлопков, А. В. Эфрос пен В. Д. Дудин) бітірген. 1974—1976 жылы Мәскеудің Сатира театрында тәжірибеден (В. Н. Плучектің жетекшілігімен) өтті. 1968—1974 жылы Семей облысы драма театрының (қазіргі Семей музыкалық драма театры) режиссері 1976—1979 жылы бұрынғы Торғай облыстық музыкалық драма театрының бас режиссері болды. 1979—1990 жылы Қарағанды облыстық драма театрының бас режиссері болды. 1990 жылдан Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының бас режиссері болды. 1970—2003 жылы Мұхтар Әуезовтің «Айман Шолпан», «Дос Бедел дос», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері—Ақтоқты», «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» («Махаббат туралы поэма» деген атпен), Е. Г. Брусиловский мен Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Бейімбет Майлиннің «Шұға», Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», Тахауи Ахтановтың «Махаббат мұңы» мен «Күшік күйеу», Әкім Таразидің «Жақсы кісі», Дулат Исабековтың «Әпке», Олжас Сүлейменов пен Баққожа Мұқайдың «Заманақыр», Мұхтар Шахановтың «Отырар дастаны», Маман Байсеркеұлының хан», Н. В. Гогольдің «Yйлену», Антон Павлович Чеховтың «Шағала», Еврипидтің «Медея», Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау», «Король Лир», т.б. авторлардың шығармаларын сахнаға шығарды. Поэзияға, пластикалық және біртұтас сахналық әсерлі шешімге ден қою оның режиссурасына тән қасиет. == Марапаттары == 1986 жылы Сәкен Жүнісовтың «Өліара» спектакльінің қойылымы (1982) үшін «Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» құрметті атағы берілді. 1995 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. 2011 жылы РФ мәдениет министрлігінің бұйрығымен «А.П.Чехов» атындағы алтын медалмен марапатталды. 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы; 2015 жылы «Қазақ хандығына 550жыл» медальі; == Дереккөздер == Санат:16 қазанда туғандар Санат:Қазақстан театр режиссёрлері еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Ресей театр өнері академиясы түлектері Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері |
'''Борис Аубакирұлы Сариев''' (7.04.1939, Орал қаласы, БҚО), КСШ-і (1966). ҚазКСР- інің ЕСЖ-сы (1980). Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы (1967-77). КСРО жастар құрама командасының мүшесі "Д." орталық кеңесі біріншілігінің күміс жүлдегері. КСРО халықтары спортының қола (1967, командалық есепте), күміс (1971, командалық есепте) жүлдегері. 1974- 86 ж. БҚО спорт комитетінің төрағасы. == Дереккөздер == Санат:7 сәуірде туғандар Санат:1939 жылы туғандар |
'''Виктор Сватенко''' (1940, РФ), СШ-і. КСРО құрама командасының мүшесі. ҚазКСР-інің бірнеше дүркін чемпионы (1967-77). КСРО халықтары қола, күміс жүлдегері (1967, 1971). А. Имановты еске алу халықаралық турнирінің жеңімпазы (1969-72). 1996 ж. қазіргі бессайыстан АҚШ құрама командасының аға жаттықтырушысы. == Дереккөздер == Санат:1940 жылы туғандар Санат:КСРО спорт шеберлері Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақстан бессайысшылары АҚШ құрамасының аға Санат:Алфавит бойынша бессайысшылар |
'''Ауруды малға көшіру''' магия мен мистикаға негізделген көнеден жеткен бірнеше элементтерден туратын емдеу тәсілі. Ол үшін адастыру және ауырған адамға мал айналдыру сияқты магиялық амалдар қолданылды. Ауруды малға көшіру жөнінде жазба деректер жоқтың қасы. Сондықтан аталмыш мәселеге байланысты мәліметтерді көбінесе, этгнографиялық экспедиция барысында жинауға тура келеді. Моңғолиядағы қазақтар көп шоғырланған Баян-Олгий аймағына ұйымдастырылған бірінде ауруды малға көшіру қолданыс ерекшелігі жөнінде төмендегідей мәліметті жазып алудың сәті түсті: «Мен «ұшынып» жабысқан талма ауруынан малға көшіру жолымен емделіп, айықтым. 1978 жылы жаз ортасында Сұлысай жайлауында отырған кезде ауырдым: үш адам далада отыр едік мен «ұшынып» құладым және күн сайын бірнеше рет есімнен танатын болдым. Құрманғали деген молда қарап, «перінің көлеңкесі емес қанаты тиген екен» дегенді айтып, оны емдеу үшін «пері түсіріп» оқимын деді. Ол үшін үйді саңылау шығармай тұмшалап жауып, төрт жағынан салма салыңдар, малды бір жаққа қарай ықтырып жіберіңдер деді. Күйеуім Жұмабай «өлсе бір қатын өлер, тайпа елді қырмай кет» деді. Дем салып ұшықтап жеті күн емдеген соң аяғгымнан тұрдым. Бірақ емделгеннен кейін де толық айықпай қайта-қайта есімнен танып жығылып қала бердім. Ақыры соя өңірде атағы көпке жайылған көреген сәуегей, құшнаш Әйең кемпірге барып көріндім. Ол кісі жеті күн қатарынан ұшықтады. Ақыры болмаған соң меңсіз қара серкешті сойдырып етін маған бермей, басқаларга жегізіп, терісін де әлгілердің біреуіне бергізді. Ертесінде өзі ала жіпті есіп алып екінші бір қара серкештің аяғын байлап, Құран аяттарын оқып, серкештің белуарынан ала жіппен байлап, көтеріп тұрып белімнен жеті, басымнан жеті рет айналдырды. Онан соң екі адамға 40 шақырым жердегі кентке апарып адастырып жіберуге жұмсады. Сол күні құшнаш үйдің сол жағында Құран оқып, маған арнап оң жаққа ауыстырып төсек салдырып, үстіме жеті түрлі зат қойдырып күнде ұшықтап тұрды. Күн батуға жақындап «күн таласқан» кезде киіз үйдің артына апарып, батар күнге қарсы қаратып қойып, кеседегі тұз араластырылган суды бетіме бүркіп, құрым киізбен қагып ұшықтады. Сонан бастап денсаулығым оңала бастады. Кейін төркінімнен өң-түсін белгілеп, бір қой алдырып соған «табындырды», қолымнан тұз бергізіп, төсімді иіскетті. Бұл әдетті күн сайын кешке мал қораға келген кезде қайталап жүрдім. Сөйтіп кесірлі ауруымнан толық айығып жазылып кеттім. Табынған қойым азып, жүдеп, арықтап кетті. Екі жылдан кейін ол қойды сойып, елге таратып жібердік». Келтірілген мәліметтің құндылығы сонда, ол ауруды малға көшіру қолданыс ерекшелігі жөнінде біршама толыққанды түсінік алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыз әдебиетінің деректеріне қарағанда, ауруды малға көшіру тағы бір кең тараған әдісі болған. Бұл әдіс бойынша адамның ауруын арнайы жасалған қуыршақтарға сан алуан арбау, дұға оқу, ұшықтау амалдарымен көшірген. Осыған орай қуыршақтарды көшірме деп атаған. Бұл ауру көшкен дегенді білдіреді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Аурудың көңілін сұрау''' дәстүрлі этикалық норма бойынша ұзаққа созылған аурудан төсек тартып жатып қалған науқастың жағдайын, халін сұрай бару. Көңіл сұраушы адам науқастың көңіліне медеу болатын «хал-жағдайыңыз қалай?», «шикі ет ауырмаққа, сауығып кетіңіз!», «ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады», «ауырып тұрды не, аунап тұрды не» деген сияқты сөздермен аурудың көңілін аулайды. Анда, сыйлас құда, аталас ағайындар немесе алыс туысқандар және әлеуметтік мәртебесі биік жандар ауру-сырқауға ұшыраған жағдайда олардың қал-жағдайын міндетті түрде сұрайды. Яғни бұл жосынды этикалық мәнді тәсіл деуге болады. Көңілін сұрай келген адам науқасты сергітер әңгіме айтады, бұрынғылардан қалған нақыл, өсиет сөздерді, прецедентті жайттарды еске салып, адамды сабырлы болуға шақырады. Көңіл сұраудың, науқас адамның көңілін аулаудың қазақы классикалық үлгілерінің бірі ретінде әйгілі Байдалы бидің науқастанып қалган Уәли ханға қарата айтқан төмендегідей сөздерін келтіруге болады: ''Ауру көңілін кім ашар? ''Хал сұраған тең ашар. ''Ер жігіт көңілін кім ашар? ''Көркем сүмбіл, сұлу шаш, ''Қара көзді имек қас, ''Жарқырып тұрған жар ашар ''Баланың көңілін кім ашар? ''Алдындағы қаттасы, ''Артындағы панасы, ''Ата менен ана ашар. ''Аттың көңілін кім ашар? ''Күніне жеті қараған. ''Баптап мінген ер ашар ''Жақсылық пен жамандық, ''Бәрі хақтан болған соң, ''Шүкіршілік қылған жарасар. Аурудың көңілін сұрау қазақы ортадағы этикалық мәнді әлеуметтік байланыстың ілкімді принциптері мен нормаларының бірі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Дмитрий Борисович Тюрин''' (1.10. 1968, Алматы) еңбек сіңірген СШ-І (1996). 1985 жылға дейін жүзумен шұғылданды, СШК атағы болды, кейін қазіргі бессайысқа ауысты. XII Азия ойындарының (1994), Азияның (1995-98) чемпионы (бәрі де командалық есепте). Сан-Антонио кубогының күміс (1998 жекелей есепте), қола (1993, 1997 командалық есепте) жүлдегері (1995, АҚШ). Кубогінің күміс жүлдегері (1992, 1997), осы кубоктың қола жүлдегері (1992, 1995). Мексика кубогының жеңімпазы (1996), осы кубоктың, Сеул кубогының (1996, Оңтүстік Корея) күміс жүлдегері. Олимпиялық ойынға (1996 Атланта, АҚШ) қатысушы. == Дереккөздер == Санат:1 қазанда туғандар Санат:1968 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Қазақстан жүзушілері Санат:Қазақстан бессайысшылары Азия ойындары чемпиондары Азия чемпиондары кубогының күміс жүлдегерлері кубогының қола жүлдегерлері Санат:Мексика кубогының күміс жүлдегерлері Санат:Сеул кубогының күміс жүлдегерлері Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары қатысушылары Санат:Алфавит бойынша бессайысшылар Санат:Алфавит бойынша жүзушілер |
'''Уимп''', қазіргі бессайыстың халықаралық одағы. Қазіргі бессайыс бойынша жарыстар (салт атпен жүру, семсерлесу, пистолетпен ату, ерікті тәсілмен 300 м- ге жүзу, 4000 м.-ге ойлы-қырлы жерлермен жүгіру) 1912 ж. Олимпиададан бастап барлық Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Дегенмен де спорттың осы түрі бойынша халықаралық ұйым жөнінде Лондондағы Олимпиялық ойындары кезінде тек 1948 ж. ғана нақты шешім ресімделді. Одақтың міндеті бүкіләлем бойынша спорттың осы түрін мадақтап, дамыту, бессайыспен бәрінің арасында достық қалыптасуына себебші болу. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Ауыз бекіту''' ораза тұтушының таң намазы уақытынан бұрын тамақтанып, ауыз бекітуге ниет еткен діни сүннеті. Ауыз бекітуге байланысты қабылданатын осы таңғы асты сәре, сәре асы, сәресі деп атайды. Ауызашар сияқты ауыз бекітудің атқарылуы да сүннет болып есептелінеді. Адам ұйықтап қалып сәресі ішу уақытын абайсызда өткізіп алса кешіріледі. Сондай-ақ, түнде жатар алдында ниет етіп тамақ ішіп, ауыз бекітіп жатса да ораза қабыл болады. Алайда таң намазын өтеу парыз болғандықтан, оның алдында тұрып сәресі ішу міндетті болып есептелінеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Ислам Санат:Араб дін терминдері |
'''Ауыз кергіш''' халықтық мал дәрігерлігінде қолданылады. Ауыз қуысына емдеу шарасын жүргізген кезде малдың ауызын керіп ашып тұруға арналган құрал. Ауыз кергішті көбінесе, шынықтырылған асыл темірден ұсгаларға соқтырған. Жылқы, сиыр, түйе түлігінің аузын керіп ашуға арналган ауыз кергіш жұмыр темірден арасын бір қарыстан астам етіп иіп, олардың арасына екі қатар жұмырланған темір шыбықты көлденең салып дәнекерлейді. Малға ұры тіс шығу, жылқыда сақау деп аталатын бітеу жараны емдеуге байланысты қолданылады. Сондай-ақ таңдай мен көмекейге үшкір зат тұрып қалғанда және селеу, көде, қияқ, ши, бұта-бүргендер көмекей, қолқа, таңдайға қадалып қалған жағдайда емсек адам ауыз кергішпен малдың ауызын керіп ашып тұрып, қадалған затты алып тастап, жараны емдейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Ауыз уылу''' көбінесе бес жасқа дейінгі баланың ауыз қуысының шырышты, кілегейлі қабаттарының қабынып, ауыздан сілекей ағып, тамақ жеуге кедергі жасайтын ауру. Ауыз уылуғанда қазақ емшілері ашудас жалатқан, ауызды тұзды сумен шайғызған, аттың жүгенінің ауыздығын тістеткен. Сонымен қатар Алтай, Ерепқабырға тауларында көп кездесетін тастың арасына шығатын ақжол деп аталатын сорды ашудас, можыға араластырып суға езіп, соның суымен баланың ауызын күніне екі рет шайқайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет |
'''Қазақтың ұлттық спорт түрлері''', дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады. ''Ат спортының түрлері -'' аламан бәйге алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс, байте ойлы қырлы жерлермен атшабыс, ат жегу тез арада атты дайындау, ат омырауластыру атты итерістіріп шеңберден шығару, аударыспақ ат үстінде алысу, жорға жарыс жорғалар сыны, құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс жылқы түліктерінің жарысы, қыз қуу, көкпар командалық ойын, жамбы ату шауып келе жатып нысана көздеу, күміс ілу жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету, сайыс ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу; ''Ақыл-ой ойындары -'' шатрантаж (шахматтың бір түрі), шатраш (дойбының бір түрі), тоғыз құмалақ домалақ тас ойыны, саяттаушы құстарды аңға салу; ''Күрес түрлері'' қазақ күресі, қатын күрес; ''Жеңіл атлетика'' жаяу жарыс, жігіт жарыс, қатын жарыс; ''Күш өнері'' балуан тас, түйе көтеру, өгіз жығу, асық ойындары және т.б. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Тәсбих''', Тәспі (- Аллаһты, Пайғамбарды мадақтау, мойындау, кешірім сұрау) Аллаһты дәріптеу, сыйыну, Пайғамбарға (с.а.у.) мадақ айту дұғаларын оқығанда қолданатын моншақтар тізбесі. Мұсылмандар Тәсбихы 33-тен үшке бөліп Тәсбих тізген. 99 тастан немесе 33 тастан тұруы мүмкін. Кейде 999 тасқа дейін тас тізілген Тәсбих қолданылады. Белгілі бір мөлшерде қайталанатын дұғаларды жаңылмай оқу, Құран аяттарын қайталан оқып жаттау үшін пайдаланылады. Тәсбих тастан, шыныдан, өсімдік дәнінен, ағаштан, металдан, т.б. жасалады. Тәсбих тастары әртүрлі әшекеймен немесе Аллаһтың 99 көркем есімдерін жазып әсемделеді. 33 тастың өзара біріккен жерін ажырататын ерекше пішіндегі тас болады, оны «қожасы» деп атайды. Негізгі біріккен жерінде деп аталатын әшекейлі, шашақты үлкен тас орнатылады. Тәсбих орнына саусақ буындарын санау арқылы 33 сан мөлшерін есептеуге болады. ==Дереккөздер== Санат:Дін Санат:Ислам |
'''Жігіт жарыс немесе жігіт сыны''' байырғы замандардан белгілі Қазақ жастарының әскери дайындығының бір түрі болып есептелінетін жарыс. Ереже бойынша, жандарында сәйгүліктері бар жігіттер төрешілер белгі берісімен, аттарын тез ерттеп, жерде жатқан бес қаруын асынып, шаба жөнеледі. Қашықтық 500-800 метр. Жол бойында шабандоз төрешілер тапсырған жаттығуларды, нысана кездеуді, найза лақтыруды, қылыш шабуды, ат үстінде әртүрлі жаттығуларды орындауға тиісті. Бұлардың әрқайсысына ұпай беріледі, қашықтықты ету уақыты есептелінеді. Жеңімпаздар осы көрсеткіштер бойынша анықталады. Осы талаптарды мүлтіксіз орындағандарды қазақ: "аттың құлағында ойнаған жігіт" деп атаған. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Күміс ілу''', шабандоздың ептілігін, қаншалықты атты меңгеруін анықтайтын жарыс. Кейде жігіт жарыстың ішіне кіреді. 300 метрлік қашықтықта екпін алатын алғашқы 100 метрден соң арасы 20-30 метрден орамалға түйілген күміс ақша тасталады. Аттың арынын тежемей, әр спортшы әлгі орамалдарды жердей іліп әкетуге тиіс. Ала алмаған орамалдар үшін айып уақыт белгіленеді. Кім қашықтықты тез өтіп, көп орамал алса, жеңіске сол жетеді: Кейде баспасөзде "Күміс алу" деп қате жазылып жүр. Дұрысы "ілу". Бұл сөз асқан ептілікті білдіреді. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Қыз жарыс''', 1600 және 2000 метрлік қашықтықтарға шабандоз қыздардың жарысуы. 1958 жылы маршал С.Буденныйдың ұсынысымен Мәскеуде тұңғыш рет қыз жарыстан біріншілік өткізілді. Осы жарысты Алматы облысынан барған 8-сыныптың оқушысы Райхан Әбілахатова "Бирюза" есімді арғымақпен 2000 метрге жарысуда чемпион атанып, бүкілодақтық рекорд жасады. 1959 жылы қыз жарыс біздің еліміздің ұсынысымен Дүниежүзі студенттері мен жастарының Хельсиньки қаласында өткен фестивалінің бағдарламасына енді. Мұнда да Р.Әбілахатова жеңіске жетті. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Серікбай Тілеубаев''' (5.04. 1940 жыл, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Көкбұлақ 22.07.2015 жыл, Шымкент) Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан спорт қайраткері, ҚР-ның бірнеше дүркін чемпионы. Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Мәскеу қаласындағы технологиялық институтын (аспирантура) бітіргеннен кейін Жаңатастағы кен-байыту комбинатына инженер болып қызметке келді. Тоғызқұмалақ ойынының тақтасын, оның құмалақтарын жаңа формада ойлап шығарушы. Сарысу ауданының құрметті азаматы. Тоғызқұмалақ тақталары мен цифр нотация кітабының авторы (1974 ж.) Тоғызқұмалақ әліппесі кітабының қос авторы (С. Тілеубаев, С. Бизақов. Алматы: Қағанат, 2008). Шәкірттері Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық спорт шебері, 30 спорт шебері. "Сарысу" газеті, №77-78, 25.07.2015 ж. Серікбай Тілеубаев == Дереккөздер == Санат:5 сәуірде туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Ордабасы ауданында туғандар Санат:22 шілдеде қайтыс болғандар Санат:2015 жылы қайтыс болғандар Санат:Шымкентте қайтыс болғандар Санат:Қазақстан Санат:Қазақстан спорт шеберлері еңбек сіңірген Санат:Қазақстан спорт қайраткерлері Санат:Сарысу ауданының құрметті азаматтары Санат:Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақстан Санат:Алфавит бойынша |
'''Шүген''', көшпелі түркі тайпаларында көне ғасырлардан дамыған ойын. Әр командада адамнан болады. Шабандоздар қолындағы таяқпен кішкене допты қарсы команданың қақпасына өткізуге тиісті. Еуропа елдерінде "Конное поло" деген атпен белгілі. Осы атпен жазғы олимпиялық ойындардың бағдарламасына рет енген. Шүген "Сұлтан Бейбарыс" фильмінде жақсы керсетілген. Біріккен Араб әмірліктеріне бара қалсаңыз, олардың ұлттық телеарнасынан күні-түні түйе жарысын көрер едіңіздер. Арабтар желмаямен жарысып жатады. Жеңгендерге тігетін жүлделері де үлкен. Түйе жарыс олардың ұлттық спорты. Қазақта да түйе жарыс болған. Мұны жаңғыртамыз деп әрекеттер жасадық. Бірақ елімізде түйе түлігі санының азаюы, түйе өсіретін болмауы мұны спорт түрі ретінде дамытуға мүмкіндік бермеді. Мұнда жарысты айыр өркешті түйелермен бір бөлек, жалғыз өркешті нар түйелермен, қоспақ, тайлақ, атан түйелермен бір бөлек өткізген жөн. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Юрий Александрович Хитрин ''' (24.08.1946, Алматы қаласы 18.10.2004, Астана қаласы), Әділет С.М.Киров атындағы ҚазМУ заңгер мамандығы бойынша бітірген (1970). Еңбек жолын станокшы болып баста-ған. Одан кейін Алматы қаласы Калинин аудандық стажері және тергеушісі, Қазақ КСР аса маңызды істер бойынша тергеушісі және Алматы тергеу бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған (1970-77). Целиноград облысының прокуроры; еңбекпен түзету колонияларында зандылықтың сақталуын бақылау бөлімінің бастығы, КСРО прокуратурасы коллегиясының мүшесі (1987); Қазақ КСР прокурорының бірінші орынбасары (1990); ҚР мемлекеттік- құқықтық мәселелер бойынша Мемлекеттік кеңесшісі (1990); ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің конституциялық құрылымды қорғау комитетінің торағасы (1991); ҚР Бас прокурорының орынбасары әскери прокурор (1992-95); ҚР Бас әскери прокуроры (1995— 97); ҚР Бас прокуроры (1997- 2000); ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы (2000-04); 2004 жылы 13 шілдесінен ҚР республикалық Ұланы колбасшысының бірінші орынбасары болды. ҚР құрметті қызметкері. «Парасат» ордені, медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар |
'''Хмелев Павел Васильевич''' (1923, Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылы 13.12.1943, Украина, Житомир облысы Радомышль ауданы Будиловка селосы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, 7-гвардиялық кавалер полкінің танкіге қарсы қару командирі. Орыс. Орта мектептен кейін Самарқандтағы автожол техникумында оқыды. 1942 жылдың наурызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, кіші командирлер даярлайтын мектепке жіберілді. 1943 жылы қарашада 1-Украин майданының әскерлері Украинаның астанасын неміс басқыншыларынан азат ету үшін шабуыл жасауға кірісті. Киевті азат еткеннен кейін Кеңес дивизиялары Коростень, Житомир, Фастов қалаларына карай ұмтылды. Житомир түбінде жаудың 50 танкісі мен екі полкке жуық күші қорғаныста жатқан 218-атқыштар дивизиясының бөлімдерін кыспаққа алып, қалаға басып кіруге тырысып бақты. Бердичевск тас жолында жауды 7-гвардиялық кавалер полкі қарсы алды. Көпірге қарай беттеп келе жатқан жау танкілеріне Xмелев өз зеңбірегінен оқ жаудырды. Алғашқы атыстардың өзінде-ақ жетекші танк күйретілді. Осы сәтте жаудың көптеген танкілерін жайратып салды. Ұрыс ұзаққа созылды. Гвардияшылар жаудың тағы да бір шабуылын тойтарды, зеңбірек командирі Xмелев ерлікпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін Хмелевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Хоружая Вера Захаровна''' (27.9.1903, Беларусь, Бобруйск қаласы 1942, Витебск, Беларусь) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, партизан. Беларусь. Мозырь қаласы (Беларусь) әйелдер гимназиясын бітіргеннен кейін мектепте мүғалім, ал 1924—32 жылы Батыс Беларусь коммунистік жастар одағы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарған. 1935 жылы Балқаш қаласына келіп, кен-металлургия комбинатын салуға қатысып, аудандық партия комитетінде нұсқаушы болған. 1941 жылдан Витебск облыстық (Беларусь) жасырын коммунистік партия ұйымы басшыларының қатарына кірді. 1942 жылдың күзінде жау тылында қаза тапты. Хоружаяға ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.5. 1960). Минск, Брест, Бобруйск, Гродно, Мозырь, Балқаш, Карағанды, т.б. қалалардағы көшелер мен мектептерге Хоружаяның есімі беріліп, мемориалдық тақта орнатылған. ==Дереккөздер== Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:27 қыркүйекте туғандар Санат:1903 жылы туғандар туғандар Санат:1942 жылы қайтыс болғандар Санат:Витебскде қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары |
'''Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов''' (8.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы 5.5.1986, Орал қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометші, қатардағы жауынгер. Қазақ. == Өмірбаяны == 1943 жылдан 4-Украина майданы 51-армия 116-қорғаныс полкі 167-жеке батальон құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мелитополь қаласын (Украина) азат етуде Xұсайынов жаудың 40-қа жуық әскерін жойған. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.11.1943). Соғыстан кейін Xұсайынов ҚазПИ-ді (қазіргі Қаз¥ПУ) бітірді. 1949- 72 жылы халық ағарту саласында жұмыс істеді. 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы (кейіннен Жалпақтал ауданы) атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. == Есте қалдыру == Орда атындағы мектепке Хұсайыновтың есімі берілген. == Марапаттары == Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Григорий Григорьевич Черкашин ''' (22.11.1921, Ресей, Красноярск өлкесі, Рыбин ауданы Рыбное селосы 13.11.2006, Ресей, Мәскеу қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, ұшқыш-шабуылшы, звено командирі, кейіннен подполковник. 1937 жылы 7-сыныпты бітіргеннен соң Красноярск қаласында паровоз вагонын жөндейтін зауытта жұмыс істеген. Қолы бос кезде аэроклуб үйірмесіне қатысқан. 1940 жылы Алматы қаласына қоныс аударған. Мұнда ол аэроклубтағы оқуын бітірді. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, әуе училищесіне жіберілді. 1943 жылы Чкалов әскери авиация мектебін бітіріп, Р-5 және СБ ұшақтарын игерді. Содан кейін Куйбышев қаласындағы (қазіргі Самара) запастағы 1-авиабригадада «Ил-2» штурмдық ұшақты игеріп, 672-авиаполкке келді. Черкашиннің алғашқы ұшу сапары 1943 жылдың 22 қарашасында болды. Ол Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Венгрия және Югославияда әуе ұрыстарына қатысты. 1945 жылдың акпан айына дейінгі 175 ұшу сапарында жаудың тірі күштері мен техникасына шабуыл жасап отырды. Черкашин 18 әуе ұрысында болып, жаудың ұшағын құлатты. 1945 жылдың мамыр айына дейін 240 ұшу сапарына шықты. Неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін Черкашинге КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (29.6.1945). 1946 жылы бұрынғы полк тарағаннан кейін әуе-десант әскерінде қызметін жалғастырды. 1948 жылы подполковник Черкашин денсаулығына байланысты запасқа шықты. Қазақстанға келіп, азаматтық авиацияда ұшуын жалғастырды. Ол почта таситын «ПО-2» ұшағын, кейіннен «Ил-2», «Ил-12», «Ил-14» ұшақтарын, ал 1956 жылы алғашқылардың бірі болып «Ту-104» ұшағын жүргізіп, онымен 14 жыл ұшты. 1970 жылы Мәскеуде «Ту-154» ұшағын игерді. Жалпы әуеде Черкашин 23000 сағат болған. КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы. Ленин, рет Қызыл Ту, рет 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:22 қарашада туғандар Санат:1921 жылы туғандар Санат:Рыбин ауданында (Краснояр өлкесі) туғандар Санат:13 қарашада қайтыс болғандар Санат:2006 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО авиация лейтенанттары Санат:4 дәрежелі Отан алдындағы қызметі үшін орденінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Александр Невский орденінің (КСРО) иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген пилоттары Санат:Ұлы Отан соғысы ұшқыштары Санат:Троекуров зиратында жерленгендер |
'''Тәттімбет Қазанғапұлы''' (1815 жыл, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туып, 1862 жыл. қайтыс болған) қазақ домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі. ==Өмірбаяны== Арғын тайпасы Қаракесек руы Таз Шаншар бөлімінен шыққан. Тәттімбет атқа ерте мініп, ел ісіне ерте араласқан адам. Батыс-Сібір генерал-майор Фон Фридрихс Тәттімбет туралы арнайы жинаған мәліметінде мынандай дерек келтіреді: "Тәттімбет ақ сүйектер әулетінен, бірақ көпестер гильдасына тіркелмеген. Қарқаралы округіндегі Нұрбике-Шаншар болысында 1842 жылдың 20 қаңтарынан 1845 жылдың 25 қаңтарына дейін болыс болды. Бұл жұмыстан өз арызы бойынша 1854 жылдың 29 шілдесіндегі бұйрықтың негізінде босатылды, қылмыс жасамаған, тергеуде, сотта болмаған (ООМА, 3-қор, 3-тізім, 3902 -іс). Тәттімбет Ресей патшасы II Александр-нің таққа отыру салтанатына қатысқан. Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов, Григорий Николаевич Потанин, Адольф Янушкеевич сияқты Алшынбай, Құнанбай, Шорманның Мұсасы, Жайықбайдың Ыбырайы, Кішкентайдың Аққошқары, Сандыбайдың Ердені, Уәлиханның Шыңғысы сияқты дала шонжарларымен, Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан-сал, Жаяу Мұса, Орынбай сияқты Тоқа, Ықылас, Итаяк, Шашақ сияқты күйшілермен қадірлес-сыйлас болған. Бұл адамдар Тәттімбет көкірегінен күмбірлеп төгілген әсем күйлердің тұсауын кесіп, талғампаз сарапшысы болып отырған. Оның өнеріне Біржан сал: «Тәттімбет ардагерім, Арғын асқан, Қырық түрлі күй айналған бармағына», деп сүйсінеді. Тәттімбет талай-талай додалы күй айтыстарына түсіп, қарсыласын тосылту үшін, домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған. Бұл дәстүрдің орнығуына мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып келетін Малқара қыз, Шұбыртпалыдан шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй айтысына түскенде домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып, енді бірде пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады. Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйі бар. Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол негізінен лирикалық композитор. Шығармалары философиялық түйіндерімен астасып жатады, ал музыка тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Тәттімбет күйлеріндегі лирикадық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді. 1855 жылы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ҚҚ-нің таққа отыру тойына Тәттімбет өнерпаз ретінде Сарыарқа қазақтарының өкілдерімен бірге барған. Осы сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Ресей астанасының өнер сүйер қауымының назарын аударып, күміс медальға ие болды. Сол медальді Егіндібұлақ ауданы “Қаратау” кеңшарының тұрғыны Тәттімбеттің шөбересі Өзек Кәбішұлында сақтап қалған. Тәттімбет күйлерін насихаттаған өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай, сондай-ақ домбырашылар Н.Шынтеміров, Ғ.Айтбаев, А.Әжібекұлы, С.Қарабаева, Т.Түсіпбеков, Ғ.Кәріпбеков, т.б. күйшінің өзіндік ерекшеліктерін сақтап, күй тарту мектебіне айналдырған. Кеңес дәуірінде Тәттімбет күйлерін Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов, сондай-ақ М.Тілеуханов, А.Байбосынов, Ж.Нұржауов, т.б. кәсіби күйшілер орындап, насихаттады. Қазақ симфониялық және опералық туындыларында Тәттімбеттің көптеген күйлері пайдаланылды. Мысалы, Евгений Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында “Былқылдақ”, “Қос басар”; “Жамбыл” фильмінде “Сары жайлау” күйлері орындалады. Мансұр Сағатов Тәттімбеттің “Сылқылдақ” күйін эстрада оркестрінің сүйемелімен трубаға арнап пьеса жазды. Күйшінің туған жерінде Егіндібұлақ халық аспаптар оркестрі, Қарағанды қаласындағы музыкалық училище Тәттімбеттің есімімен, ал Ақтоғай ауданындағы халық ансамблі композитордың есімімен аталады. 1984 жылы Егіндібұлақ ауданында композиторға ескерткіш-белгі (мүсіншісі Ж.Молдабеков, археолог А.П. Малков) қойылды. Алматы мемлекеттік (қазіргі Қазақ ұлттық 1971 жылдан шертпе күй класы жұмыс істейді. Ол Тәттімбет күйлерін негізге ала отырып, Қазақстанның басқа да өңірінің шертпе күй дәстүрлерін жинақтап үйретеді. Тәттімбеттің кең таралған күйлерінің кейбіреулері: ===Сары жайлау=== Композитор “Сары жайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді. ===Былқылдақ=== Тәттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал “Былқылдақ” күйі жер атына байланысты (елінде Былқылдақ атты сазды жайлау болған) шыққан. Күйдегі романтика мың бұралған өзен ағысы, бұлақтың қоңыраулы сыңғыры, тоғайдағы құстың әсем үні сұлу табиғат тынысымен ұласып жатыр. ===Көкей кесті=== Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы “Көкей кесті” күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежіресінің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Домбыра орындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрациялық діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі Тәттімбеттің күйшілік мектебін даралай түседі. 250px ===Сылқылдақ=== Сөйтіп, ол домбыра үніне “жан бітіреді”, күйдің табиғатын, сырын ашады. Тәттімбет лирикасының тағы бір қырын ашатын “Сылқылдақ” күйі. Бүл күйді композитор өзімен күй сайысына түсіп, өнер көрсеткен домбырашы қызға арнап орындаған. “Сылқылдақ” күйінің музыка тіліндегі күміс қоңырау үні, әдемі әуені тыңдаушыға ерекше әсер қалдырады. Күй бойынан жастық жалын мен өмірге құштарлықтың лебі еседі. Күй сарыны Тәттімбетке тән композициялық ерекшелік қолтаңбасын даралап, оның шертпе күйдегі нақышын танытады. ===Қосбасар=== Тәттімбеттің “Қосбасар” күйінің бірнеше түрі бар. Осы аттас күйлер Тоқа, Әбді, т.б. халық күйшілерінде де кең өріс алған. Әр “Қосбасардың” өз тарихы, айтары бар. Тәттімбет “Қосбасарлары” туған жер табиғатын, халық өмірін суреттейді. ===Бес төре=== Тәттімбет тек күйші ғана емес, сөзге ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген ақын жанды сері адам болған. Композитор “Бес төре” күйін халықты қыспаққа алып, жәбірлеген атқамінерлерге арнап шығарған. Бұл юморға толы туынды. Тәттімбет қоғамдық болмысқа сын көзімен қарап, өзінің шығармалық туындысы арқылы әлеуметтік бағытын аңғартады. Тәттімбеттің жалпы бізге белгілі 40-тан астам күйі бар. ==Дереккөздер== Санат:Қарағанды облысы Санат:Күйшілер Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:1815 жылы туғандар Санат:1860 жылы қайтыс болғандар |
'''Николай Власович Черненко ''' (25.12.1924 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы Келте ауылы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулемет расчетінің командирі. Украин. Кеңее әскері қатарына 1942 жылы 10 тамызда шақырылып, 1942 жылдың желтоқсанынан 1-Беларусь майданы 7-гвардиялық атты әскер корпусы 16-гвардиялық атты әскер дивизиясы 60-гвардиялық атты әскер полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 жылдың 26-28 сәуіріндегі Бранденбург қаласы (Германия) үшін болған ұрыстарда Черненко ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті. 27 сәуірде Черненко басқаратын эскадрон күші басым жаудан кейін шегінбей, олардың қарсы шабуылын тойтарып, 50-ден астам адамын жойды. Черненкоға ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945). Соғыстан кейін Елек ауылында (Ақтөбе облысы) комсомол-партия саласында әртүрлі қызметтер атқарды. 1987 жылы Ресейге қоныс аударды. Елек атындағы орта мектепке Черненконың есімі берілген. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Чигадаев Петр Васильевич''' (1923, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Боскөл ауылы 26.2.1982, Меңдіғара ауданы Боровской кенті) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, өздігінен жүретін қарулы қондырғының командирі. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылды. Украина, Молдова, кейіннен Румыния, Венгрия, Австрия жерлерін азат етуге қатысты. 1944 жылдың 20 тамызында 2-Украина майданының тобы жау бекінісін Яссы қаласы тұсында бұзып өтті. 6-армияның танкішілері дұшпанның үшінші алаптағы қорғаныс шебіне шықты. Жау ұрысқа өз резервінен үш дивизия қосып, Кеңес әскерлерін Бахлуй өзенінің сырт жағына шығарып тастамақ болды. Бахлуй өзенін кешіп өтушілер сапында Чигадаев та болды. Холл станциясына басып кірген Чигадаев өзінің жауынгер достарымен бірге танкіге қарсы ататын төрт зеңбіректі, алты пулеметті, жүзге тарта жау басқыншыларын жойып жіберді. Келесі бір шайқаста Чигадаев Румыния жеріне бойлап еніп, Текун маңында Серет өзенінен өтті. Чигадаевқа алға өтіп барып көпірді басып алуға бұйрық берілді. Мөлшерлі жылдамдықпен әрі оқты үздіксіз жаудыра отырып, өздігінен жүретін зеңбірек оғының қалқалауымен саперлер көпірді минадан тазарта бастады. Осының нәтижесінде жаудың үш танкісі жойылып, артиллерия мен миномет батареяларының үні өшірілді. 17 автокөлік өртеніп, 100-ден астам жау жойылды. Осындай ерен ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Чигадаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Қазақтың спорт және туризм академиясы''', дене тәрбиесі мен спорт саласы бойынша ҚР-ындағы ең үлкен жоғары оқу орыны. Бұрынғы аты Қазақ дене тәрбиесі институты, Халық комиссарлар кеңесінің 1944 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен ашылған, ал ҚР үкіметінің 28.10.1988 ж. Қаулысымен Қазақ туризм және спорт академиясы (әрі қарай академия) болып өзгертілген. Академия туризм мен спорт саласы бойынша білікті жаттықтырушылар мен валеологтарды, спорт дәрігерлерін, экономистерін, мейманхана қызметкерлерін дайындайды. Академияның оқу корпустары, спорт залдары, жатақханалары, стадионы, Қапшағайда туристік, "Горельник" тау-шаңғы базасы бар. Академияның түлектері тек республикада ғана емес алыс-жақын шет мемлекеттерде де қызмет істейді. Оның түлектері Олимпиялық ойындарда 32 алтын, 22 күміс, қола медальдарға ие болды. Атақтары әлемге танымал спортшылар А. Колесов, В. Резанцев, Д.Тұрлыханов, Ш. Серіков, И. Валетов, Т. Досымбетов, В. Минеев, A. Парыгин, В. Кравченко, О. Антропов, О. Кривошева, Е. Чебукина, А. Ким, В. Люкин, Ж. Сауранбаев, В. Тихоненко, И. Герлиц, О. Шишигина, Е. Ибраймов және т.б. осы академияның түлектері. Оларды академияның П. Матущак, О. Жарылғапов, В. Псарев, Ә. Нурмаханов, В. Байдин,B. Ермаков, Е. Войнов сияқты білікті мамандар дайындаған. ''Академияда мынадай факультеттер бар:'' Олимпиялық спорт түрлері факультеті (ОСТФ); Валеология және спорт медицинасы факультеті; Туризм, туризм және сервис факультеті; Кәсіби спорт және шығыс жекпе-жектері; Академияның ректоры республикалық студенттік спорт одағының президенті және студенттердің одағындағы республиканың өкілі болып табылады. ''Академияның (бұрынғы дене тәрбиесі институты) ректорлары болып мына адамдар қызмет істеді (уақыт мерзіміне сәйкес):'' Шәміл Шәкірұлы Бекбаев; Хамза Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов Қанафия Абдуллаұлы Ахметов Еркін Шалабасұлы Әсенов Асқар Біләлұлы Өтешев Бектілеу Қаражанов Қайрат Хайроллаұлы 3акария == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Алматы жоғарғы оқу орындары |
'''Хамза Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов''' (1. 05. 1911, БҚО 20. 10. 1981, Алматы қаласы), балалар үйінде тәрбиеленген 1935 ж. Мәскеудегі мемлекеттік орталық дене тәрбиесі иститутының аға оқытушысы болып қызмет істеді. Жеңіл атлетикадан республиканың әлденеше мәрте чемпионы әрі рекордшысы. 1939 ж. Алматы дене тәрбиесі техникумының директоры болып тағайындалды. ҰОС-ының ардагері 1942-1946 ж. КСР-і ерікті спорт қоғамының төрағасы, 1952-72 ж. Академияның ректоры. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:КСРО жеңіл атлеттері |
'''Еркін Шалабасұлы Әсенов''' (22.04.1927, Қобда ауданы, Ақтөбе облысы) педагог. Қазақ дене тәрбиесі институтын (қазіргі Қазақтың спорт және туризм академиясы) бітірген. Атырау қапасындағы "Нефтянник" ерікті спорт қоғамының төрағасы. 1956- 64 ж. Атырау облыстық спортшылар одағының төрағасы. 1965-69 ж. Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің нұсқаушысы. 1969-78 республикалық спорт комитеті төрағасының орынбасары. 1978- 83 ж.ж. Қазақтың спорт және туризм академиясы ректоры. == Дереккөздер == Санат:22 сәуірде туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Қобда ауданында туғандар Санат:Қазақтың спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Қазақтың спорт және туризм академиясының ректорлары |
'''Қайрат Хайроллаұлы 3акария''' (17.12. 1957, Самар ауданы, ШҚО) 1976 ж. ҚазМУ-дің факультетін бітірген. Аспирант, ғылымынын кандидаты (1986), докторы (1996), профессор, академик. 1993- 95 ж. Шығыс Қазақстан Университетінің ректоры, облыс әкімінің орынбасары, 1995-98 ж. ҚР Президенті аппаратының секторы меңгерушісі. 1998 жылдан бастап Қазақ спорт жене туризм академиясының ректоры. Жан-жақты білімді, математикада "Закария теориясын" ашқан, тарихта "Шыңғыс хан баяны" атты тарихи-танымдық кітабының авторы. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар |
'''Аманша Сейсенұлы Ақпаев''' (12.09. 1937, Владимировка селосы, Астрахан облысы РФ-28.08. 2004 Алматы қаласы), ҚазКСР-інің және КСРО-ның ЕСЖ-сы. ҚазКСР-і Министрлер Кеңесі дене тәрбиесі мен спорт комитетінің (1971 93), Ұлттық Олимпиада комитетінің (1993–2004) төрағасы. ҚазКСР-і Жоғарғы Кеңесі ІХ-ХІ шақыруларының депутаты. "Құрмет". "Халықтар достығы", "Құрмет белгісі", ХОК-інің, ҰОК-тінің, Азия Олимпиада кеңесінің ордендерімен марапатталған. Ол туралы "Жизнь отданная спорту" естеліктер жинағы Б. Ирмуханов, P. Ақпаева) және Ө. Жолымбетовтың "Спортқа бағышталған ғұмыр" деректі хикаяты (повесть) шықты. == Дереккөздер == |
'''Әбді Ержұманұлы Артықов''' (15.10.1911, Қазатком аулы, Еңбекші қазақ ауданы, Алматы облысы 10. 02. 1967 сонда), Алматы мал Абай атындағы педагогикалық институттарын, Москвадағы әскери академияны бітірген. ҰОС-ының ардагері, әскери атағы полковник. 1953-59 жылдардың арасында республикалық ерікті спорт қоғамдары одағының төрағасы. КСРО халықтарының Москвада өткен II (1959) республика құрама командасының басшысы болды. Жергілікті ұлт өкілдерінің арасынан дене тәрбиесі мен спорт мамандарын тәрбиелеуге айрықша еңбек сіңірді. Артықов спорт ұйымдарын басқарған кезде Қазақстанның құрама командалары Халықаралық жарыстарға қатыса бастады. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар |
'''Қаркен Ахметұлы Ахметов''' (26.04.1930, Краснокут ауданы, Павлодар облысы 25. 11.1975. Мәскеу), көрнекті спорт және мемлекет қайраткері. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. Қарағанды облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы (1958-59), ҚазКСР-і ерікті спорт қоғамдары одағының кафедрасында (1959) осы Одақтың төрағасы болып сайланды. Одақ спорт комитеті болып қайтадан құрылғаннан (1965) кейін 1971 жылға дейін осы комитеттің төрағасы қызметіне ауысты, ҚазКСР-і Министрлер Кеңесінің (1971-75) істер басқармасының бастығы болып тағайындалды. Ахметов спортты басқарған кезде Алматыдағы Орталық стадион, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Өскемендегі "Юбилейный" спорт сарайы, Қызылордада Ғ. Мұратбаев атындағы спорт комплексі т.б. құрылыстар салынды. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар |
'''Леонид Васильевич Головин''' (23.04.1925, Марий АССР-і, РФ-23.03.1999, Алматы қаласы.), "Қаз КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері". Қазақстан бөлім меңгерушісі, ұзақ жылдар бойы (1951- 72) дене тәрбиесі және спорт комитеті терағасының орынбасары болып қызмет істеді. ҰОС-ының ардагері. "Құрмет белгісі", "1-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы", екі рет "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар |
'''Әбдісағит Шаймұханбетұлы Тәтіғұлов''' (13 наурыз, 1940 жылы туған, Қостанай облысы Федоров ауданы Трактово ауылы) Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы (1977), архитекторлық ғылымдардың кандидаты (1979), профессор (1992), Шығыс елдері халықаралық архитектор (2001) және Халықаралық архитиктура академияларының (2002) академигі. == Өмірбаяны == Арғын тайпасы Тоқал Арғын руының Төлек бөлімінен шыққан. 1962 жылы Қазақ политехникалық институты институтының (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) факультетін бітірген. 1962 1975 жылы Ақмоланың (қазіргі Астана) құрылыс орындарында, Қазақ КСР-і Мемлекет құрылыс комитетінде инженер және азаматтық үй құрылысы басқармасында бас маман 1975 жылдан Қазақстанның қала құрылысын жобалау институтының (1993 жылдан “KAZGOR” жобалау академиясы) директоры 2003 жылдан “KAZGOR” жобалау академиясының президенті. == Жобалары == Алматы қаласында “Қазақстан” қонақ үйі (1978, Ю.Г. Ратушный, Н.Л. Матвиец, т.б.; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1980) Орталық мемлекеттік мұражайының ғимараты (1984) Қазақстан Мемлекеттік мұражайының ғимараты (1985, Ратушный, З.М. Мұстафина, т.б.) Ұлттық банктің әкімшілік ғимараты (1994) “Алма” сауда үйі (1999) кешені (2002) Стратегелиялық зерттеулер институтының ғимараты (2002 06) “Жиһаз” бизнес орталығы (2005), т.б. құрылыс ғимараттары салынды. == Кітаптары == Тәтіғұлов басқалармен бірлесіп “Қазақстанның қала құрылысы” (1973) “Жобалау кеңесінен жобалау институттарына дейін” (1980) атты кітапты жазған; Тәтіғұлов Ә.Ш. Өзекті өмір ("Стержень жизни") Алматы, 2000. Тәтіғұлов Ә.Ш. Парыз (Считаю долгом своим. 1-том), Алматы, "Баспақан" 2010. Тәтіғұлов Ә.Ш. Ізгілер ізі (Раздумья современниках, 2-том) Алматы, "Баспақан" 2010. элита Казахстана, Алматы, 2005. сонымен қатар 170 мақала монограммалық еңбектің бірқатар оқулықтардың авторы. == Марапаттары == 1999 жылы Мәдениет қайраткері 2005 жылы Қазақстанның құрметті құрылысшысы атағы. “Парасат” Еңбек Қызыл Ту “Халықтар достығы” “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:13 наурызда туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Федоров ауданында туғандар Санат:Қазақстан құрылысшылары еңбек сіңірген құрылысшылары ғылымдарының кандидаттары Санат:Шығыс елдері халықаралық архитектор академиясының академиктері архитиктура академиясының академиктері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері құрметті құрылысшылары |
'''Акешай Жайлаубеков''' (12.02. 1942, Жалаңаш ауылы, Алматы облысы), ҚазКСР-інің ЕСЖ-сы (1980). 1989-98 жылдары Алматы қалалық спорт басқармасы төрағасының орынбасары, сосын төрағасы. 1998-2004 жылдары Алматы облыстық спорт басқармасының терағасы. Жайлаубеков Алматы облысының спорттағы көрсеткіштерін республикадағы 11-інші орыннан 2-ші орынға дейін көтерді. == Дереккөздер == Санат:1942 жылы туғандар Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Алматы облысы спорты |
'''Владимир Андреевич Сорокин''' (12.02.1948, Алматы қаласы), СШ-і, ҚР-ның ЕСЖ-сы (1975). 1975-82 ж. арасында шаңғымен тұғырдан секіруден мемлекеттік жаттықтырушы. 1995-2000 ж. ҚазКСР-інің Министрлер Кабинеті бөлім бастығының орынбасары, сосын республикалық туризм және спорт агенттігінің орынбасары, штаттағы командалар дирекциясының директоры, 2001 жылдан қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт мектебінің директоры. == Дереккөздер == Санат:13 ақпанда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан спорт шеберлері еңбек сіңірген Санат:Шаңғымен трамплиннан секіруден жаттықтырушылар |
'''Қантай Темірғалиев''' (1911, БҚО 2000 Алматы қаласы), Қазақстанда дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарын бірі, ҰОС-ның ардагері, ҚазКСР-іне ерікті спорт қоғамдары одағы төрағасының орынсасары (1946 1957), республикалық "Қ" ерікті спорт қоғамы төрағасының орынбасары, Алматы облыстық "Қ" ерікті спорт қоғамының төрағасы. Темірғалиев республикада ауыл-село спортын, бұқаралық дене тәрбиесін дамытуға үлкен үлес қосқан адам. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар |
'''Серік Адамұлы Төкиев''' 1957 жылы 28 шілдеде Павлодар облысының Баянауыл ауылында туған. Қазақ. Әкесі Төкиев Адамболсын (1901-2002). Анасы Төкиева Рәзия (1926-2008). Шымкент педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетін (1984) дене шынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Алматы экономикалық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты (1998). Кандидаттық тақырыбы: ≪Мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған күрес элементтеріне ие қимыл ойындары≫. Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры (2001 жылдан). Халықаралық психология ғылымдары академиясының мүше корреспонденті (2000 жылдан). Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі. ≪Нұр Отан≫ ХДП мүшесі (2005 жылдан). 1989 жылдан Жоғары спорт шеберлігі мектебінің самбо күресі бойынша (Шымкент). 1992 жылдан Шымкент қаласындағы облыстық КОРМБЖМ директоры. 2000 жылдан ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің ≪Штаттық ұлттық командалар дирекциясы≫ РМК директоры. 2006 жылдан «Қ. Мұңайтпасұлы атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық MM директоры. Дүниежүзілік қазақша күрес федерациясының президенті (2003 жылдан). Азия чемпионатының мәрте күміс жүлдегері (1995, 1996), самбо күресі бойынша Әлем кубогының қола жүлдегері (1995, 1996, 1999) Тұрымбетов қорғанды; мәрте Азия чемпионы (1993, 1994), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1993) Сапарғалиев Ғалымжанды; КСРО чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1989), Самбо бойынша Әлем кубогының иегері (1992) Волобуев Сергейді; КСРО Халықтары чемпионаы, Әлем кубогының иегері, Әлем чемпионатының жүлдегері Жартыбаев Сәкенді тәрбиелеп шығарған. Дзюдо күресі бойынша КСРО спорт шебері (1982). Самбо күресі (1980) және қазақша күрес бойынша (1982) Қазақ КСР Спорт шебері. Самбо күресі бойынша ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1993). ҚР құрметті спорт қайраткері (2003). ОҚО Жетісай ауданының құрметті азаматы (2008). FILA алтын орденімен (2010); ≪Астананың 10 жылдығы≫ медалімен (2008); «ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін≫ белгісімен (1997); Қазақ күресін дамытуға ерекше үлес қосқан үшін Дүниежүзілік «Қазақ күресі≫ федерациясының ≪Алтын алқа≫ төс белгісімен, ҚР ҰОК құрмет грамотасымен марапатталған. Үйленген. Жұбайы Стенина Оксана Анатольевна (1978 ж. т.). Ұлдары Қанат, Қайрат, Алпамыс, Адам, Дәулет; Қызы Меруерт. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар |
'''Тұрсын Исаұлы Шубаев''' ҚазКСР- інің ЕСЖ-сы (1971). Республикадағы дене тәрбиесі мен спорттың үлкен бірі. Республикалық "С" ерікті спорт қоғамы төрағасының орынбасары, Алматы облыстық және қалалық дене тәрбиесі және қалалық спорт комитеттерінің төрағасы. Шубаев басқарған жылдары Алматы қаласының спорты республикада жетекшілік орынға нығайды, республикалық кеш бастады, республикалық құрама командасындағы алматылық спортшылардың үлесі 70 пайызға дейін ұлғайды. Алматы қалалық кеңесінің (1975-77) депутаты, "КСРО дене тәрбиесі және спортының үздігі" (1973), "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан депутаттары Санат:Тұлғалар |
'''Қашықтық''', 1. Сөреден мәреге дейінгі аралық. 2. Секіруге байланысты спорт түрлерінде сөреден барып түскен жердің арасы. Автомобиль спортында, қашықтықтар дәрежеге белінеді: А) тас жолмен жарысудағы қашықтықтар-50, 100, 200, 1000 км; Б)тас жолмен айнала жарысуда мұнда ең қысқа қашықтық 50 км. кем болмайды; В) тас жолда өтетін кросста аралары 30-дан 80 км- ге дейін бірнеше айналымнан тұрады; Г) рекорд жасау үшін өтетін 1, 5, 10,50, 100, 200, 500 және 1000, 30000 км арасында 5000 км тұратын демалыс уақыты бар ал 30000 км астам қашықтықта әрбір 10000 км кейін бір демалысы бар қашықтықтардан тұрады. ==Академиялық қайық есудегі қашықтық== Академиялық қайық есуде, мұнда жарыс мына қашықтықта өтеді; 2000 м-ге дейін ер адамдар мен жасөспірімдер арасында; 1000 м-ге дейін қалған жас тобындағылар үшін академиялық қайық есуде қашықтық түзу сызықтың бойымен өтеді. ==Ат спортындағы қашықтық== '''Ат спортында қашықтықтар''' былайша бөлінеді, А) кедергімен жарысуда 2-3 км-дің арасында; В) кросстар-3-8 км; Г) ұзаққа шабу-25-50 және 100 км.; Д) алаңда өнер көрсету және үшсайыста 29450, 32400 және 34850 м; Е) тосқауылдармен өтіп шабуда қашықтықтар жол бойына қойылған тосқауылдардың санына байланысты. ==Байдарка және каноэ есудегі қашықтық== '''Байдарка және каноэ есуде''', қашықтықтар: 500 жас қыздар үшін; 500 және 1000 әйелдер мен жастары үлкендеу қыздар үшін және жастары кіші қыздар үшін; 500, 1000, және 5000 м. жастар үшін; 500, 1000, 10000 және марафондық қашықтық (100 км көп)-ересек ер адамдар үшін. Мұнда 500 және 1000 қашықтықтар түзу сызықтың бойымен ал қалған қашықтықтар айналыммен өтеді. ==Буер спортында қашықтық== Буер спортында, қашықтық 500 м-ден басталады. Бұл аралықты жарыс тузу жолмен өтеді. Бұдан кейін жарыс жолы су айдынының көлеміне байланысты әрқилы өзгерістерге ұшырайды. ==Бокста қашықтық== Бокста, екі спортшының арасындағы арақашықтық жақын, орта және алыс арақашықтық болып үшке бөлінеді. ==Дөңгелек және траншеялық стенд көздеуде== '''Дөңгелек және траншеялық стенд көздеуде''', қашықтық деп серіппеден атып шыққан нысананың және мергеннің тұрған орнының арасындағы қашықтығы есепке алынады. ==Желкен спортында== '''Желкен спортында''', диаметрі мильге тең (3,218 км) кильді қайықтар үшін 1,3 мильге тең (26,092 км) қашықтықтарда өтеді. Желкенді қайықтар үшін, қашықтық 10 кабельтке (1852 м) өтеді. 1960 жылдан бері жарыс багдарламасына 2000 метрлік қашықтық енгізілді. ==Жугірудегі қашықтықтар== '''Жугірудегі қашықтықтар''', төрт дәрежеге бөлінеді: А) қысқа қашықтықтар әйелдер үшін 300 м, ерлер үшін-400 м.; Б) Орта қашықтықтар әйелдер үшін 1000 м, ерлер үшін 2000 м.; В) ұзақ қашықтықтар 1000 және 1500 әйелдер үшін, ерлер үшін 3000-10000 арасында; Г) өте ұзақ қашықтық- 20 км-ден 42 км, 195 марафондық қашықтық әйелдер және ерлер үшін. Бұдан кейін бір күндік жүгіріс бар Мұнда бір күнде спортшы қанша км жүгіріп өтеді, спортшы осы уақыт аралығында қанша км жүгіреді жеңіс соған байланысты. 110 м- ге дейін қашықтықта сөре мен мәренің арасы түзі жолмен өтеді, ал 200 м-лік қашықтықта жүгіру стадион ішінде өтсе бір айналым 400 м-де екі айналым және екі түзу жолмен жарысу бар. Ал қалған қашықтықтарда айналымдар көп мысалы 800 м- де айналым; 1500 м-де 12 1/2 айналым, ал 15 км-ден 42 км. 195 м. аралығындағы қашықтықтар екі түзу жолдан тұрады, яғни жүгірушілер алаңның жартысына дейін түзу жолмен жүгіріп барып кейін оралады. 500 м-ден 15 км арасындағы кросстар бір түзу жолдан немесе төрешілер белгілеген бірнеше айналымдардан тұрады. Спорттық жаяу жүруден жарыс 3-50 км. арасында жүгіру жолымен ал 15- 50 км. арасында тас немесе жай жолдың үстімен өтеді. ==Жүзу спортында== '''Жүзу спортында''', барлық топтар үшін қашықтықтар 50- 1500 м-дің арасында. Брасс, баттерфлей және шалқалап жүзуден жарыс 50, 100 және 200 м-дің арасында өтеді. Мұнда айналымдар бассейннің ұзындығына байланысты (25-50 м). ==Конькимен жарысу спортында== Конькимен жарысу спортында, қыздар мен балалар арасында жарыстар 500-1000 қашықтарда ересек қыздар арасындағы 500-1500 арасында, әйелдер арасында жарыста 500- 3000 арасында; жасөспірімдер арасындағы жарыстар 500-5000 м. қашықтық арасында; ересек арасындағы жарыстар 500- 10000 м. қашықтық арасында етеді. Мұндай жарыстар қысқы стадиондарда ететіндіктен конькишілер 100 м. қашықтықты түзу жолмен өтіп айналымға түседі тағы 100 м-ден кейін айдынның екінші басынан екінші айналым басталады. Айналымдардың саны жарыс өтетін қашықтықтарға байланысты. ==Мотоцикл жарысында== Мотоцикл жарысында, қашықтықтар дәрежеге бөлінеді: А) шоссенің бойымен жарысу-50, 100, 200, 500 және 1000 км.; Б) шоссемен айнала жарысу бір айналымы 50 км-ден кем емес айналымдардан тұрады; В) ер адамдар үшін кросстың қашықтығы 30-60 км., ал әйелдер үшін 20-40 км; Г) тректе жарысу 5- 50 км. қашықтықтан тұрады. Д) рекордтар жасау үшін қашықтықтар-1, 5, 10, 50, 100, 200,500,1000 және 2000 км. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Мүгедектер спорты''', туа немесе түрлі себептермен мүгедек болып қалған адамдардың дене тәрбиесі және спортпен айналысуды олардың қоршаған ортаға үйренісуіне, психикасының түрлі жағдайларға бейімделуіне әсер етеді, денсаулықтарын нығайтады. Жарыстарға қатысу оларды шыңдайды. Белсенді емірге құлшындырады. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстан Республикасы да мүгедектер спортының халықаралық талаптарға сәйкес нормалары мен ережелері бекітілген. 2001 жылға дейін саңырау адамдардың ойындары өтіп келді. Одан кейін де басқа да кемтар адамдардың спорт ойындары ұйымдастырылды. 2000 жылдан бастап параолимпиялық ойындар өтіп келеді. Қазақстанда мұндай спорт жарыстары 1992 жылдан бастап өте бастады. Осы жылы өткен мүгедек адамдардың республикалық 25 адам ХДШС-інің, 60 адам CШ-нің нормаларын орындады. Мұның өзі республикалық мүгедектер спортытының республикада халықаралақ аренаға шығуына даңғыл жол ашты. Мұндай спортшылар 1998 ж. Қарағандыда, 2001 ж. Астанада өтті. Республиканың мүгедек спортшылары арасында ең таңдаулыларды іріктеу үшін есту органдары тосаң, шектеулі мүгедектер арасын¬да жарыстар өте бастады. 2001 ж. 1-ші параолимпиялық ойындар өтіп, республиканың құрамасы мұнда жақсы өнер көрсетті. Сонымен қатар республиканың мүгедек спортшылары түрлі чемпионаттар мен Азия ойындарында көзге түсіп, түрлі халықаралық бірлестіктерге мүше бола бастады. Республиканың мүгедек шахматшыларын, дойбышыларын, т.б. спорт түрлері өкілдерін ел тани бастады. Бұлардың барлығы халықаралық жарыстардағы табыстарымыздың арқасында болатын. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Ольга Сергеевна Бахерева''' (29.07.1954, Алматы), конькиден СШ-і. ҚР-ның және жасөспірімдер арасындағы КСРО біріншілігінің жеңімпазы. ҚазМУ-ді (1976) және Қазақ дене тәрбиесі институтын (1986) бітірген. УФА-ның медицина институтында, Алматының спорт мектептерінде жаттықтырушы болып қызмет істеді. 1990 жылдан республикалық "Снешел Олимпикс" қайырымдылық қорының атқарушы директоры. Мүгедектер спорты бойынша Еуропалық кеңестің мүшесі. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша конькишілер Санат:КСРО конькишілері |
'''Александр Михайлович Вагнер''' (16.12.1946, Көкпекті ауданы, ШҚО 10.07.1997 Алматы), ЕССШ-і (1989). топтағы мүгедек. ТМД елдерін мүгедектер арбасымен аралап өткен, Алматы-Пекин- Сеул-Токио супер марафонына қатысушы, мүгедектер арбасымен Ұлы Қытай қорғаны бойымен жүріп, Балқаш көлін оңтүстіктен солтүстікке жүзіп еткен, 2000 м. биіктіктен парашутпен секірген. "Мужество" (1994), "Құрмет" (1995) ордендерімен марапатталған. == Дереккөздер == |
'''Нұралы Шерманұлы Құлышев''' (25.01.1958, Булаев ауданы, СҚО) ХДШС-і. Жеңіл атллетикадан, жүзуден, волейболдан мүгедектер арасындағы республикалық чемпионы. Әскери борышын өтеу кезінде жарақат алып топтағы мүгедек болып қалған (1991). СҚО-ы мүгедектер спорт қоғамының төрағасы. Волейболдан ТМД елдері біріншілігінің жеңімпазы (ҚР құрамасының сапында). Мүгедектер арасындағы Еуропа кубогіне қатысушы. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:КСРО жеңіл атлеттері |
'''Тәтіқара''' (1705, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы 1780, сонда) ел бастаған көсем,аға батыр, әрі ақын, қазақ жыраулық өнерінің белді өкілі. Абылай ханның ақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Руы Уақ. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. 1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында өткен соғысты сипаттаған жалынды жырлары (“Қамыстың басы майда, түбі сайда”, “Кебеже қарын, кең құрсақ”, т.б.) Тәтіқара есімін халыққа кеңінен танытты. Өткір мінезді Тәтіқара ел билеген ханның осал жақтарын сынап, батыр-бектердің кемшін тұстарын беттеріне айтып отырған. “Кеше тоқыраулы судың бойында” атты толғауында ол “Ат құйрығын күзеңдер, Аллалап атқа мініңдер, Ханталау қылып алыңдар” деп халықты күреске шақырады. Бұдан кейін Абылай мен ақын арасы алшақтап, Тәтіқара сарайдан біржола қуылады. Жасы ұлғая келе жағдайы ауырлап, жоқшылық көреді. Алайда ақын қиыншылыққа мойымаған, ханға бас имеген. Бұған көңілін сұрай келген билерге айтқан жайсаңдар мен қасқалар” дейтін жыры дәлел. == Дереккөздер == Санат:Қазақ ақындары |
'''Максим Васильевич Рожков''' (1969, Минск қаласы, Беларусь) ХДШС-і. Мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан (үшсекіріс) республиканың әлденеше дүркін, әлемнің чемпионы. Азия біріншілігінің күміс (2000 Тэйбей; 2004 Малайзия) жүлдегері. Көптеген халықаралық турнирлердің (1991, Германия, 2004, Куала-Лумпур, Малайзия) жүлдегері. Азия біріншілігінің (1996 Куала-Лумпур) қола медалінің иегері. Г.Инит, М.Фролов. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:Тұлғалар |
'''Спешиал олимпикс интернешл (СОИ)''', дене мүшелері кемтар адамдардың спортпен айналысуына, жаттығулар жасауына, жарыстарға қатысуына жағдай жасайтын халықаралық ұйым. Оның дүниежүзіндегі 160 мемлекетте миллионнан астам мүшесі бар. СОИ-ды алғаш рет 1963 жылы Юнис Кеннеди Шрайвер (АҚШ) ұйымдастырды. Мүгедек спортшылар арасындағы алғашқы жарыс 1968 ж. АҚШ-тың Чикаго қаласында өтті. Содан бері АҚШ-та әрбір екі жылда бір рет жазғы және қысқы ойындар өтіп тұрады. Ойындарға жастан асқан мүгедек адамдар қатыса алады. Бағдарламасына спорттың түрі енген. Мүгедектер үшін спорттың пайдасы үлкен. Денсаулығы мықты адам әрқашан өзін-өзі мықты, күшіне сенімді, алдында кездескен қиыншылықтарды оңай жеңіп отырады. Дүниежүзілік СОИ комитетінің қазіргі төрағасы Тимоти Шрайвер және Саржета Шрайвер. == СОИ Еуропа елдерінде== СОИ Еуропа елдерінде, "Спешиал Олимпикс" ойындарының бағдарламасына енетін спорт түрлері Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне, ТМД жақсы дамыған. Мұндай ұйым ҚР-ында 1992 жылы ашылды. Оның бірінші президенті болып А.Сарманов сайланды. Содан бері "Спешил Олимпикс" ойындарында, денсаулығы нашар дімкәс адамдардың арасындағы чемпионаттар республиканың мүгедектері 500-ге жуық медальдарға ие болды, халықаралық үлкен жарыстарда жеңістерге жетті. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Ату спорты''', XIX ғ.-да пайда бола бастады, тирлер ашылды, атудан жарыстар өткізілді. Дегенмен де нысана көздеушілердің аясы өте шектеулі болатын. Онымен офицерлер және кейбір елдердің сарай алыстан нысана көздеумаңындағы ақсүйектері ғана шұғылданды. Бұқараны алыстан нысана көздеу спортына тартуда 1927 ж. ұйымдастырылған Осоавиахим қорғаныс қоғамы үлкен міндет атқарды. Бірнеше жылдар бойы фабрикаларда, заводтарда, мекемелер мен оқу орындарында Осоавиахимнің басшылығымен мамандар дайындалды, алыстан нысана көздеу мен шұғылдану үшін материалдық база жасалды. Еңбекшілер алыстан нысана көздеуге үйрену үшін үлкен мүмкіндікке ие болды. Осоавиохим ұйымдарында ГТО кешеніне норма тапсыру секілді ату спорты бойынша бұқаралық шаралар жүргізілді, ату кешендегі міндетті спорт түрі болды. Осы кешеннің нормасын тапсыра отырып, жаңадан бастаған спортшы атудан бастапқы білім мен дағдыларды қалыптастырады. Нысана көздеу қозғалмайтын және қозғалмалы нысанға ойықты қарудан- винтовкадан және пистолеттен, ал стенд көздеу спорттық мерген аңшы стволы мылтығынан ұшып келе жатқан нысанға ату жүргізіледі. (Стенд көздеуді қараңыз) Траншейлік стендте спортшы траншеядан лақтырған тарелкаларды атады; дөңгелек стендте бір орыннан екіншісіне ауыса отырып екі әртүрлі нүктелерден лақтырылатын тарелкаларды атады. Ойықты қарудан ату жарысы 1824 ж. Швейцарияда өтті. Оқты қарумен ату бойынша Әлем чемпионаты 1897 ж. бастап, стендтік ату 1935 ж. бастап өткізілді. Оқты қарумен ату барлық Олимпиялық ойындар бағдарламасына (1904 ж. және 1982 ж. басқа), Стенд көздеу 1900 ж. бастап (1904 ,1928-48 бөтен) енді. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
оқпен ату''' соғыстан кейінгі жылдары дами бастады. Оқпен атудан Қазақстан чемпионаты 1950 ж. бастап өткізіліп келеді Г.Майлыбаева кіші калибрлі винтовкадан оқпен атудан бірініші СШ-і атанған спортшы қазақ қызы. Одан кейінгі жылдары республикалық даңқын аспандатқандар. В.Вохмянин КСРО құрама командасының құрамында Әлем чемпионаты (1982), В.Поляк КСРО Еуропа чемпионы (1982), В.Гущев жеке және командалық есепте Еуропа чемпионы (1987), С.Беляев кіші калибрлі винтовкадан атудан КСРО чемпионатында алтын медальға, Олимпиялық ойындар (1996, Атланта) екі күміс медальға ие болды, Г.Беляева, Д.Асфендиярова, О.Давгун және т.б. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Юлия Бондарева''' (3.01. 1975, Павлодар), ХДСШ-і (1995), ТМД елдердегі чемпионатының жүлдегері (1992, Минск), XXVI және XXVII Олимпиялық ойындарға қатысушы (1996 Атланта, АҚШ; 2000, Сидней, Австралия), (6-орын). ҚР-сының бірнеше мәрте чемпионы. Әлем кубогінің сатыларының және кейбір халықаралық турнирлердің жеңімпазы, XII жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (1998, Банкгок). == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар |
'''Винтовкамен ату''', үшін ұзын оқпанды қол мылтығы (оқпен ұңғысында иір ойықтары бар) винтовка қолданылады 50 м. қашықтыққа ату үшін олимпиялық бағдарламада калибрі 5,6 мм-ге дейін болатын үлгідегі: қозғалмайтын нысанаға ату үшін кг-нан (белбеусіз) ауыр болмайтын (оптикалық емес), ал қозғалыстағы "қабан" нысанасы оптикалық қарауылы бар, салмағы кг-нан аспайтын винтовкамен атылады. == Дереккөздер == Санат:Спорт |
'''Филипп Васильевич Чижиков ''' (1.9.1923 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березовка ауылы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты, бөлімше командирі, кейіннен подполковник Орыс. 1934 жылы Петропавл ауданы «Новая жизнь» ұжымшарындағы балалар үйінде тәрбиеленді. Осы ұжымшарда жұмыс істеді. 1942 жылдың 20 мамырында Петропавл аудандық әскери комиссариаты Чижиковты Кеңес әскері қатарына шақырды. Кіші командирлер даярлайтын курсты бітірген соң майданға аттанды. Ол Оңтүстік-Батыс майданы 6-армияның 25-гвардиялық атқыштар дивизиясы 81-гвардиялық атқыштар полкінде ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 26 қыркүйегінде алғашқылардың бірі болып Днепропетровск облысы Солонян ауданы Войсковое ауылы маңында Днепр өзенінен өтіп, арғы жағаға бекініп, жаудың карсы шабуылына тойтарыс берді. Сөйтіп Кеңес әскерінің басқа бөлімшелерінің өтуіне көмектесті. Ерлік пен батылдық жасағаны үшін Чижиковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.2.1945). Соғыстан кейін лейтенант Чижиков запасқа шықты. Ресейдің Түмен облысы Ишим (Есіл) қаласында, кейіннен ІІМ-нің облыстық қоғамдық тәртіпті корғау басқармасында қызмет істеді. Воронеж қаласында (Ресей) тұрды. Зейнеткерлікке шыққан подполковник Чижиков Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталды. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары |
Маршал Х. Чойбалсан кеңес танкистеріне сыйлықтар береді '''Чойбалсан, Дорнод аймағы 26.2.1952, Мәскеу қаласы, Ұланбатырда жерленген) Моңғолияның саяси қайраткері, маршал, мәрте МХР Батыры. 1912 жылы Моңғолияның сол кездегі астанасы Урга қаласындағы (қазіргі Ұланбатыр) аудармашылар мектебіне түсіп, орыс тілін меңгереді. Үздік оқығаны үшін 1914 жылы Иркутск қаласына оқуға жіберіліп, онда 1917 жылға дейін болды. Ресейдегі революциялық оқиғалардан кейін отанына оралған Чойбалсан моңғол жастарының жасырын ұйымын құрды. 1919 жылы күзде революционер әрі екінші бір ұйым бастығы Дамдины Сухэбатормен танысты. 1920 жылы екі ұйым бірігіп, Моңғол халық партиясын құрды. Чойбалсан Сухэбатор екеуі кеңес өкіметі және Қызыл армияның тікелей көмегімен 1921 жылы 11 шілдеде Моңғол халық революциялық төңкерісін жүзеге асырды. 1923 жылы 22 ақпанда Сухэбатор белгісіз жағдайда дүние салып, Коминтерннің және кеңес өкіметінің белсене араласуымен 1924 жылы Чойбалсан билікке келді. Осы жылы құрылған алғашқы парламент Бага хуралды басқарған ол 1924-28 жылы Моңғол халық революциялық армиясының қолбасшысы, 1928-30 жылы Моңғол Халық Республикасы (МХР) Кіші хуралы төралқасының төрағасы болды, 1930-35 жылы түрлі министрліктерді басқарды. 1935— 39 жылы МХР бірінші орынбасары, 1940-52 жылы премьер-министр болды. Чойбалсан Коминтерннің және И.Сталиннің тікелей көмегімен 1926— 28 жылы солшыл 1928-32 жылы революцияшыл оңшылдарға қарсы қуғын-сүргін жүргізді. Нәтижесінде 1922— 49 жылы 71 мың адам саяси куғын-сүргін құрбаны болды. Саяси қуғын-сүргіннен Моңғолиядағы қазақтар да жапа шегіп, әрбір жетінші қазақ қудалауға ұшырады. Чойбалсан үкіметті басқарған жылдары оның жеке басына табынушылық басталды. Дегенмен Чойбалсан Моңғолия үшін зор еңбек атқарды. Ол елді қиын-қыстау кезеңде басқарып, ел экономикасын, мәдениетін, білімін көтерді. 1940 жылы Моңғолияда жеке қазақ аймағын (Баян Өлгий аймағы) кұрды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Кеңес Одағына көмектесу науқанын басқарды. 1939 жылы жапон соғысқұмарларын талқандаған кеңес және моңғол әскерлерінің бірлескен операциясында Моңғол Халық революциялық армиясының Бас қолбасшысы болды. Чойбалсанның атына қала есімі берілген. Ол Моңғолияның, Кеңес Одағының көптеген марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар |
'''Егор Сергеевич Чуйков''' (1915, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жайнақ батыр ауылы 18 мамыр 1963, Ресей, қазіргі Санкт-Петербург қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, 95-атқыштар полкінің сарбазы. == Өмірбаяны == Украин. Орта мектептен кейін ұжымшарда жұмыс істеді. 1937 жылы Қызыл армия қатарына шақырылды. 1938 жылы 29 шілде 11 тамыз аралығында Хасан көлінде болған қақтығыстарға қатысты. Осы соғыстағы ерліктері үшін Чуйковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жүлдыз» медалі тапсырылды (25.10.1938). Ленинград (қазіргі қаласындағы Әскери саяси училищені бітірген соң Чуйков Қиыр Шығыстағы әскери қызметін жалғастырды. 1945 жылы ол 1-Қиыр Шығыс майданында батальон командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары болды. == Марапаттары == Ленин, және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:КСРО капитандары Санат:Ұлы Отан соғысы жаяу әскерлері |
'''Григорий Иванович Чумаев''' (1917, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Кирсаново селосы 4.2.1945, Польша, Вроцлав қаласы)- 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер. Орыс. 1945 жылы ақпанда Чумаев барлаушылар тобымен Одер (Одра) өзенінің батыс жағалауына өтіп, жаудың техникасы мен адам күшін анықтауға тапсырма алды. Тапсырманы орындау барысында ержүрек жауынгер ауыр жараланды. Осы шайқаста көрсеткен ерекше ерлігі үшін Чумаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.4.1945). Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданындағы Макарово селосының бір көшесі Чумаевтың есімімен аталады. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:1917 жылы туғандар Санат:Бәйтерек ауданында туғандар Санат:4 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Польшада қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО аға сержанттары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Вроцлавта жерленгендер |
'''Тәукин Мұхаметқали''' (1814 20.2.1894) сұлтан, Кіші жүздің Батыс бөлігінің правителі (1847 1865). Айшуақ ханның немересі. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқыған. Корпусты толық бітірместен, 1831 жылы 25 қарашада Кіші жүздің Батыс бөлігі басшысының қарамағына әкімшілік қызметке жіберілді. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті басуға қатысты. 1839 жылы Ресейдің Хиуаға жіберген әскери экспедицияның құрамына енді. 1847 жылы Кіші жүздің Батыс бөлігінің сұлтаны (правитель) болып тағайындалды. Сұлтан М.Баймұхамедов бастаған Кіші жүз қазақтары өкілдерінің қатарында Петерборға барып, император Николай I-нің қабылдауында болып, “Әулие Владимир” орденімен марапатталды. 1860 жылы екінші рет Мәскеу мен Петерборға Кіші жүз өкілдерімен барды. Осы сапарында Ш.Уәлиханов, П.И. Небольсин, Л.Н. Плотников секілді танысты және императорлық ерікті экон. қоғамға мүше болып қабылданды. Петерборда шығатын “Экономические записки” журналына қазақтардың шаруашылығы туралы мақаласын жариялады. Кіші жүз сұлтандарының шежіресін қағазға түсірумен айналысты. 1865 жылы полковник шенінде отставкаға шықты. 1868 жылы патша өкіметі қабылдаған “Уақытша ережеге” наразылық танытқаны үшін 1870 жылы Архангельскіге жер аударылып, одан 1874 жылы елге оралды. ==Сілтемелер== Санат:Тұлғалар |
right '''Николай Степанович Чуриков''' (23.12.1910, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жұмат ауылы 4.6.1997, Орал қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, взвод командирі. Орыс. Ата- анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленген. Жұмысшы факультетінде оқыды. Соғысқа дейін Ч. Осоавиахимнің Орал қаласы кеңесінің төрағасы қызметін аткарды. Соғыс басталысымен майданға аттанған. Сталинград шайқасында зеңбірек нысанашысы, сержант Чуриков жаудың 79 әскерін жойды. Осы ұрыстарда ауыр жараланып, госпитальда болды. Кейін офицерлік курсты бітіріп, қайта майданға аттанды. 1944 жылы 27 маусымда 2-Беларусь майданы 49-армия 95-атқыштар дивизиясы құрамындағы Чуриковтың взводына Днепрден (Могилев ауданы Колеснице маңы) өтіп, кейін шегінген жауды талқандау үшін өткелді бұзу тапсырылды. Қараңғылықты жамылған взвод батыс жағалауға өтіп, күтпеген жерден жауға оқ жаудырды. Өткелдегі аз ғана топ шабуылға шығып, тапсырманы орындады. Днепрден өту кезіндегі айрықша ерлігі үшін Чуриковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21. 7.1944). Соғыстан кейін туған жеріне оралып, облыстық өсімдіктер қорғау станциясының бастығы қызметінде болды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, агроном- энтомолог мамандығын игерді. Ленин орденімен және «Сталинградты қорғағаны үшін», т.б. медальдармен марапаттапған. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Алексей Павлович Чурилин ''' (26.12.1917, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылы 1982, Ресей, Новороссийск қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, майор, эскадрилья командирі. Орыс. 1942 жылы училищені бітіргеннен кейін З-Украина майданы 17-әуе армиясы 288-жойғыш авиациялық дивизия 611- полктің құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылдың қаңтар айында Чурилин Краснодар қаласы үстінде барлау мақсатымен ұшу сапарына шықты. Штурмдық тобымен жаудың 10 ұшағын атып түсірді. 1943 жылы мамырда Миус өзеніндегі жау өткелін жойып, Венгрияны азат етудегі ұрыстарда Чурилин өз ұшағының зеңбірегі мен пулеметінен жаудың қару-жарақ тиелген 24 автокөлігін және 21 ұшағын жойды. Соғыс жылдары 273 әскери тапсырманы орындады. 83 әуе ұрысына қатысып, жеке өзі 12 «Мессершмитті», «Юнкерсті» атып құлатты. Чурилинге ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (18.8. 1945). 1972 жылы полк, шенінде запасқа шықты. Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, «Қызыл Жүлдыз», 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Кеңес Одағының батырлары |
'''Сергей Андреевич Иванов''' (18.06.1924, С-Петербург 17.05.1992, Алматы қаласы) ҚазКСР- інің ЕСЖ-сы. (1977). ХД-дегі төреші (1977). Богослав ұшқыштар мектебін бітірген (1946). Авиамеханик (1946-60). 1960 ж. ДОСААФ-тың Павлодар спорттық-ату клубының бастығы. Оның арасынан Ахметов пен Кольбром оқпен атудан Қазақстандағы алғашқы СШ-і И-тың басшылығымен Павлодар облысының құрамасы ҚазКСР-інің бірнеше мәрте чемпионы болды. Жасөспірімдер арасындағы облыс құрама командасы жыл қатарынан республикалық чемпионы атанды. Төреші есебінде С.Е.Иванов Олимпиялық ойындарға (1980), "Достық-84", "Ізгі ниет" ойындарына қатысты. == Дереккөздер == Санат:КСРО төрешілері |
'''Валентина Анатольевна Иванова''' (15.02.1949, Сухаровка поселкесі, Татарстан, РФ) СШ-і ЕСЖ-сы (1985). 1965-78-ДОСААФ ОСАК- нің нұсқаушы әдіскері. 1975 ж. облыстық БЖСШ жаттықтырушысы. ҚазКСР білім беру ісінің үздігі. ҚР-ның СШ-ін дайындады (Е.Циренкова, В.Сыч, Е.Дедейко, А.Шишигин, В.Гуща, Н.Зигалова, А,Пекин, А.Иванов, Т.Малышева). == Дереккөздер == Санат:15 ақпанда туғандар Санат:1949 жылы туғандар туғандар Санат:Қазақстан спорт шеберлері еңбек сіңірген Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері |
'''Владимир Николаевич Исаченко''' (27.12.1982. Теміртау, Қарағанды облысы), ХДСШ-і жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінің жеңімпазы (2002, Лахти, Финляндия), МТ-6 жаттығуында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2004, Куала-Лумпур). Афиныдағы Олимпиялық ойындарға қатынасушы (2004, МП-6, 50 және Pistol-654, ұпай, 6-орын пневматикалық тапанша, 23-орын). == Дереккөздер == Санат:1982 жылы туғандар туғандар Санат:Алфавит бойынша нысана көздеушілер Санат:Қазақстан нысана көздеушілері Санат:Нысана көздеуден әлем чемпиондары |
'''Шанбаев Шерімхан Оралханұлы''' (5.12.1958 жылы туған, Түркістан облысы Ленгер қаласы) әскери қайраткер, генерал-майор. Алматы жоғары жалпыкомандалық әскери училищесін (1980), ҚР ҚК әскери академиясын (2001) бітірген. 1980-95 жылы Солтүстік Кавказ, Түркістан, Орта Азия әскери округтерінде қызмет етіп, Ауғанстанда взвод командирі, шабуылдаушы десантшылар ротасы командирінің орынбасары, батальон командирі, Оңтүстік Қазақстан ДОСААФ комитетінің төрағасы болды. 1995 жылдан ҚР ИМ ІӘ қызмет атқарды. Батыс бригаданың (Орал) командирінің орынбасары штаб бастығы (1995-97), полк командирі (1997-2001), Батыс бригаданың (2001-03), Солтүстік бригаданың (Петропавловск, 2003-04) командирі болды. 2004 жылдан Оңтүстік бригаданың (Алматы) командирі. Шанбаев «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызметі үшін» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар |
'''ISSF''', ату спортының Халықаралық одағы. 1907 жылы құрылып және бірінші дүниежүзілік соғысқа байланысты 1915 жылы таратылған ұлттық ату бірлестіктері мен клубтарының халықаралық одағының негізінде қайтадан 1921 ж. құрылды. Одақтың жанында қарудың әртүрі бойынша техникалық, комитет бар. Ату спорты бойынша жарыс 1986 ж. бағдарламасына енді және содан бері өтіп келеді. Нысана көздеу спорты бойынша Әлем чемпионаты жылда бір рет еткізілді. 1955 ж. алғаш рет ерлер, әйелдер және жасөспірімдер үшін Еуропа чемпионаты өткізілді. ISSF қарудың негізгі түрлеріне әлемдік рекордтарды (жеке және командалық тіркейді, онда да рекордтар есебінде Әлем Еуропа чемпионатары мен Олимпиялық ойындарда көрсетілген нәтижелер ғана бекітілді. == Дереккөздер == Санат:Спорт |