text
stringlengths
347
53.1k
'''Спорт баспасөзі''', спорттық баспасөздің Халыкаралық ұйымдастығы (АИПС) 1956 жылы құрылды. Жоғарғы басқару органы спорттық баспасөз бен радио секциясының мүше елдерінің өкілдерінен жылға сайланатын кеңес, насихат, очерк және публицистика, халықаралық байланыс, репортаж және т.б. жөніндегі комиссиясы болды. АИПС ДШ мен спортты насихаттап, тарататын өзге де шығармашылық ұйымдармен, баспасез органдарымен, радио, баспалармен, мекемелермен және ведомстволармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Әлім Ілиясұлы Анапьянов''' (21.08.1956, Қоғалы аулы, Алматы облысы), спортжурналисі. Мектепте оқыған жылдары Талдықорған облысының жасөспірімдер арасындағы футбол құрама командасында өнер керсетті. Журналистік қызметін 1974 жылы Қарулы күштерінің құрамында жүріп бастады, "На боевом посту" (Новосибирск қаласы) "Спорт" газетінің тілшісі болды. 1977-82 ж. ҚазМУ журналистика факультетінің студенті. Аудандық, облыстық және республикалық газеттерде 20 жыл шамасында жұмыс істеді. 1999-2001 жылдары "Спорт тур" апталық газетті ұйымдастырып, шығарды. 2001 02 жылдары "Рrо-спорт" газеті бас редакторының орынбасары, 2003 жылы "Мегаполис" газетінің спорт шолушысы. Дене тәрбиесімен спорт тақырыбындағы келелі материалдардың авторы. Шығармалары: поле, Путь который ты выбираешь сам (Қ.Иляшөвпен бірге) 2008, Алматы. == Дереккөздер == Санат:Спорт Санат:Тұлғалар
'''Лаура Хатиятқызы Барлыбаева''' (28.04. 1955, Алматы қаласы) журналист. 1977-98 ж. Қазақ Мемтелерадио жүйесінде қызмет істеді. Тбилисиде өткен Бүкілодақтық Оқушылар Спартакиаданың арнайы тілшісі, Қазақстан радиосы балалар мен жасөспірімдер хабарларының бас редакторы, "Спорт", "Новое поколение", "Мегаполис" газеттеріндегі көптеген спорт тақырыбындағы авторы. "Столичное обозрение" (2000), "Аян" журналдарының бас редакторы. Бүкілодақтық конкурсы сыйлығының лауреаты (Мәскеу, Томск, Красноярск) ҚР Журналистер одағының (1997), ҚР Парламенті сыйлығының лауреаты (1996), ЮНЕСКО, "Золотая звезда", С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (1995). Шығармалары: Славные смены Отечество (2004). == Дереккөздер == Санат:1955 жылы туғандар Санат:Спорт журналистері Санат:Алфавит бойынша журналистер
'''Терістеу'''– Гегель диалектикасында нысанның дамуы үдерісінің екінші сатысының сипаттамасы, яғни бір заттың басқа затқа айналу үдерісі, осы үдеріс барысында бірінші заттың өзгеріп, екінші заттың құрамындағы тәуелді элемент күйіне көшуі, оның бастапқы күйге шендесуі. '''Терістеу''' (Отрицание; negation) нәтижесі операндтың бульдік мөніне қарама-қарсы бульдік мәнге ие бір орынды бульдік операция; айтылған ойға қарама-қарсы ой, яғни айтылған ойды теріске шығару. '''Терістеу операторы''' (Оператор инвертирования; complementary operator) емес терістеудің логикалық операциясын анықтайтын символ. Not-пен, тұжырым алдандағы '''¬''' немесе '''!''' және '''--''' тұжырым үстінен сызылып белгіленуі мүмкін. ==Дереккөздер == Санат:Бульдік алгебра
'''Алматының бүгіні мен ертеңі''' Алматыдағы Қазақ мемлекеттік баспасынан 1963 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. Авторы Е.Дүйсенов. 28 тараудан тұрады. Кітаппен таныса отырып, Алматы қаласы мен оның төңірегіне қызықты саяхат жасайсыз. Қаланың өткені мен бүгінгісі туралы көптеген қызықты жайлар айтылған. Арнайы бөлім Алматы қаласының болашақ келбетіне арналған. «Республиканың мәдени орталығы» тарауында Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтбаевтың суреті беріліп, республикадағы ғылыми ойдың негізгі Орталық Қазақ КСР Ғылым Академиясының қызметі, оның президенті Сәтбаевтың республиканың геологиялық жер қойнауын зерттеудегі еңбектері айтылады. Орталық Қазақстанның металлогендік болжам картасын жасау академик Сәтбаевтың басшылығымен іске асқан ғалымдар ұжымының тамаша ірі жұмыстарының бірі екені атап көрсетілген. Кітап көркем безендірілген, көпшілік оқырман қауымға арналған. Көлемі 11,8 баспа табақ. Таралымы 25 мың дана. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Алматы. Жол көрсеткіш''' жол «Қазақстан» баспасынан 1974 жылы орыс тілінде жарық көрген. Авторы тарихшы, журналист И.И.Маляр. Бұл Қазақстанның Кеңес өкіметі кезіндегі астанасы Алматы жайындағы еңбек. Әсем кала, оның тарихы, ғылыми мекемелер, мектептер мен жоғары оқу орындары, театрлар мен мұражайлар, өнеркәсіп, сауда кәсіпорындары, көлік байланысы, тағы басқалары сонымен қатар қала мен қала маңы бойынша аралау, танысу бағыттары жайында қысқаша, нақты түрде әңгімеленеді. Кітаптың соңында Алматы қонақтары үшін анықтама бөлімі берілген. Еңбекте Қаныш Сәтбаевтың өмір жолына тоқталған. Алматыдағы қызметі, 1941 жылы қазанда астрономия және физика институтының, 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым Академиясының, 1958 жылы Ядролық физикалық институтының ашылғандығы жайында қысқаша баяндалған. Көпшілік қауымға, қала қонақтарына арналған. Көлемі 6,74 баспа табақ. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Алматы: 100 көше, 1000 дерек''' «Қазақстан» баспасынан 1966 жылы орыс тілінде жарық көрген кітапша. Авторлары журналистер И.Маляр, М.Фельд. Шығарушылар өз еңбектерін шағын тақырыпқа бөлген. Онда Алматы тарихы, негізгі көшелері, театр, кинотеатрлар, Оқушылар сарайы, демалыс орындары мен кітапханалар, Орталық стадион, ғылым мекемелер мен жоғары оқу орындары, туристік бағыттар, шипажайларға, тағы басқалары нақтырақ тоқталған. Қаныш Сәтбаев жайында қысқаша баяндалған. Қазақ КСР Ғылым Академиясын ашудағы еңбегі, Геологиялық институты жайлы, оған 1964 жылы Сәтбаевтың есімі берілгендігі айтылған. Көпшілік қауымға, қала қонақтарына арналып жазылған. Көлемi 6, баспа табақ. Таралымы 50 мың дана. == Дереккөздер == Санат:Кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Алматы қаласы еңбекшілерінің митингісі''' Қаныш Сәтбаевтың 1956 жылы Алматы қаласында өткен еңбекшілер митингісінде сөйлеген сөзі. Алғаш рет «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің 1956 жылғы 13 қазандағы санында жарияланған. Сәтбаевтың 1989 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Ғылым мен мәдениет туралы таңдамалы мақалалары» жинағына, 2007 жылы «Оңтүстік полиграфия» баспа үйінен шыққан шығармалар жинағының 1-томына енген. Сәтбаев мемлекет қоймаларына бір миллиард пұт астық өткізу жөнінде республика қабылдаған табысты орындалуымен байланысты Ғылым Академиясының ұжымы және барлық ғылым қызметкерлер атынан республика халқына, әсіресе, ауыл шаруашылық еңбекшілеріне шын жүректен сәлем жолдайды және оларды құттықтайды. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Алтай большевигі''' қоғамдық-саяси газет. Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен қаласы партия комитеттерінің және еңбекшілер депутаттары облысы Кеңесінің органы ретінде 1941-52 жылы аралығында қазақ тілінде шығып тұрған. Газеттің негізгі бағыты кенді Алтайдың халық шаруашылығы мен өнеркәсіп орындарын өркендету, ұлттық жұмысшы табын қалыптастыру, еңбекшілерді «Бәрі майдан үшін» деген ұранға жұмылдыру, соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру, тағы басқалары мәселелер. Газеттің 1947 жылғы тамыздағы санында Қаныш Сәтбаевтың «Үлкен Алтай байлығы» деген мақаласы жарияланған. Мақала өлке өндіргіш күштерін зерттеу жөніндегі конференция карсаңында жазылғандықтан, ғалым Алтай кен көздерін ашу және кен өндіру мәселелеріне байланысты ойларын ортаға салады. Құрамынан қорғасын мен мырыштан басқа, бай мыс, асыл және сирек кездесетін металдар табылып отырған Алтай полиметалл кендерін игеріп, халық шаруашылығына пайдаланудың кезек күттірмейтін мемлекеттік міндет екенін ескертеді. Газетте сонымен қатар ғалымның Қазақ КСР Ғылым Академиясының Гурьевте (қазіргі Атырау) өткен көшпелі сессиясын ашардағы сөзі (1949,9 ақпан) және Қазақстан компартиясының 4-съезіндегі жарыссөзде сөйлеген сөзі (1949,2 наурыз) берілген. Оның Гурьевтегі сөзі «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің 1949 жылғы 28 қаңтардағы санында және облыстық газеттерде, ал съездегі сөзі республикалық және облыстық газеттерде жарияланған. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев Санат:Газеттер‎
'''Алтайдағы Лениногор және Зырянов кенді өңірлерінің геологиясы''' Мәскеудегі Мемлекеттік жер қойнауын қорғау және геология жөніндегі әдебиеттер баспасынан 1957 жылы орыс тілінде жарық көрген жинақ. Академик Қаныш Сәтбаевтың редакциялауымен шыққан. Жинаққа үлкен мақала енген: Г.Н.Щербаның «Лениногор кенді өңірінің геологиясы», К.Ф.Ермолаевтың «Лениногор кен орнындағы кентасты заттардың морфологиясы және құрылуы жағдайы жөнінде» және А.Қ. Қайыпов, В.А.Ким, Л.Г.Никитина, Е.А.Флеровтың «Зырянов полиметалл кен орнының геологиясы». Бұл еңбектерде Алтайдың кентасты кен орындарын 15 жыл ішінде жан-жақты зерттеу барысында алынған жаңа деректер келтірілген. Еңбек екі маңызды кенді өңірлер Лениногор және Зырянға қатысты мақалалардан тұрады. Оларды Қазақ КСР Ғылым Академиясының қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты мен Алтай ғылыми-зерттеу кен-металлургия институтының зерттеуші ғалымдары жазған. Геологиялық зерттеулер 1948-54 жылы жүргізілген. Әр мақалада кендердің қалыптасуына және минерализация генезисіне қорытынды жасалған. Авторлар мен редакция бұл еңбек Кенді Алтайдың ірі пайдалы қазба байлықтарын игеру ісіне және Алтай полиметалл кен орындарын зерттеуге жәрдемін тигізеді деп есептейді. == Дереккөздер == Санат:Орысша кітаптар Санат:Қаныш Сәтбаев
'''Дене жаттығуларының дене жаттығуын орындау кезінде күш жұмсаудың әсерімен адамның бүкіл денесінің жеке оның бөліктерінің тепе-теңдігін сақтау жағдайларын зерттейтін, дене жаттығуларының бөлімі. Дене сайысында ширатылған бұлшық еттердің әрекетімен барлық сыртқы күштердің тең қалыпта болу жағдайы қарастырылады; тірелудің барлық жағдайларында (жоғары, төмен, аралас) адам денесінің тепетеңдігі тиісті міндеттерді орындау үшін ең тиімді қалыптар (бастапқы және серелік қалып зерттелуі). Дене жаттығуы сайысы дене жаттығуларының өзгерістерімен тығыз байланыста, өйткені статикалық жағдайдан қимыл-қозғалыс басталады, ал ол бастапқы қалыптың өзгешелігі кеп жағдайда тәуелді; Қозғалыс кезінде дененің кейбір бөліктері тірелу кезінде қозғалыссыз болады. Дене жаттығуы сайысында статикалық қалыпта бұлшық еттердің жүмыс жасау ерекшеліктері, бұл реттегі тыныс алу зерттеледі, сондай-ақ тиісті қалыптарға жалпы баға берілді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Емдік дене шыныктыру (ЕДШ)''', емдеу және қалыпқа келтіру мақсатындағы сақтандыру құралдар кешенін пайдалану жолымен емдеу әдісі ретінде ауруханалар, емханалар, шипажайлар, жүйесінде кеңінен қолданылады. ЕДШ-ын оташылдық, дәрі-дәрмекпен емдеу секілді негізгі әдістердің қосымша емдеу шаралары есебінде қарас- тыру керек, ол медициналық қалыпқа келтіру әдістерінің бәрі болып табылады. ЕДШ-ның негізгі құралдары практикалық медицинада бұрыннан белгілі дене жаттығулары. Яғни, б.д.д. ертедегі Қытай медицинасында тыныс алу жаттығуларына басты назар аударылған медицина- лык гимнастикасы қолданылған және жазба деректері бізге жетіп отыр. Ежелгі Грекияда Гиппократ жаттығуларды олардың сауықтыру және қалыпқа келтіру маңызын атап көрсете отырып физиологиялық процестерді жеделдетудің қүралы деп есептеді. Римдік дәрігер Гален семіргенде, жалпы әлсіздікте, буындардың қозғалысы бүзылғанда спорттың белгілі бір түрлерімен шұғылдануды және гимнастиканы ұсынды. "Дәрігерлік ғылымның қағидаларында" Ибн Сина денсаулықты сақтау үшін дене жаттығуларымен шүғылданудың маңыздылығын атап көрсетті. Меркурали өзінің "Гимнастикалық өнер" ғақлиясында (1959) емдеу гимнастикасы саласындағы ежелгі және орта гасырлық авторлардың зерттеулерін талдап, жинақтады. ТИССО "Медициналық және хирургиялық гим¬настика" деген кітабында (1780) дене жаттыгуларына үлкен маңыз беріп, "Қозгалыс әр-түрлі дәрмектің орнын жиі алмастыра алады, бірақ бірде-бір дәрі қозғалысты алмастыра алмайды" деген қағиданы ұсынды. Түрліше аурулар мен жарақаттарда ЕДШ-ның әдістерін қолданудың тиімділігі, ол адамның физиологиясы үшін табиғи және ең қо- лайлы болатындығымен түсіндіріледі. ЕДШ әдістерінің ма- ңызды ерекшелігі науқастың өзінің емдеу-қалыпқа келтіру процесінө белсенді түрде қатысуы сондықтанда ЕДШ құралдарын белгілегенде дәрігер оның дене белсенділігінің дәрежесін дәл анықтауы тиіс. ЕДШ-да ағзаның негізгі биологиялық қызметі қимыл-қозғалыс кең қолданылады, дене жаттыгула- ры қимылдың ұйымдастырылған түрі есебінде пайдаланылады. Науқастарды емдеуді ұйымдастыруда тыныштық жағдайда болу бір- біріне қарама-қайшы келмей, бір-бірін толықтырып отырады. ЕДШ-на тән әдіс науқасты дене жаттығуларының көмегімен жаттықтыру, ол жалпы және ар¬найы жаттығу деп бөлінеді. ЕДШ-ның негізгі қүралдары дене жаттығулары, олар гимнастикалық, (жүру, жүгіру, жузу, есу, шаңғымен жүру және т.б.), қозғалыс және спорттық ойындарға бөлі- неді. Сондай-ақ ЕДШ-да еңбек ету сипатындағы жаттығуларда пайдаланылады. Дене жаттығуларымен шұғылданғанда күн, ауа, су секілді табиғи факторларды пайдалану олардың тиімділігін арттырады және шыны- ғуға жәрдемдеседі. ЕДШ-ды қолданудың түрлері емдік гимнастика, таңертеңгілік гимнастика, мөлшерленген жүріс пен се- руендеу, терренкур, қатал мөл- шерленген түрдегі спорт жаттығуларымен шұғылдану, ойындар. ЕДШ-тың әрқайсысында жоға- рыда көрсетілген қагидалар жалпы және арнайы жаттыгуды үйлестіру керек. Емдік гимнастика ЕДШ-ның негізгі түрі. Ем¬деу гимнастикасының жаттығулары сүйек бұлшық еттер және тыныс алу жүйесі үшін деп екі топқа бөлінеді. ЕДШ-да деп аталатын судағы дене жаттығулары ерекше орын алады. Мөлшерленген серуендер, таза ауада жүру науқастың жүйке психикалық аясына ерек¬ше жағымды әсер етеді. ==ЕДШ-ның нұсқаушысы== ЕДШ-ның нұсқаушысы (емдеу әдіскері), ЕДШ саласында дайындығы және жоғары немесе арнайы орта білімі бар адам. ЕДШ-ның әдіскері дәрігерлердің басшылыгымен жұмыс істейді, стационарлық емдеу мекемелерінің, емханалардың, санаторийлердің және басқа да мекемелердің штатында болады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Амангелдінің батыр бабалары''' Қаныш Сәтбаевтың мақаласы. 1989 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Ғылым мен мәдениет туралы таңдамалы мақалалары» жинағына, 2007 жылы «Оңтүстік полиграфия» баспа үйінен шыққан шығармалар жинағының 1-томына енді. Бұл мақаласында Сәтбаев 1916 жылғы халық көтерілісінің ер жүрек көсемі, Орталық Қазақстанда кеңес өкіметін орнатушылардың бірі Амангелді Иманов жайлы жазады. Батырдың Қыпшақ руынан шыққаны, бабаларының жауынгер болтаны туралы айтады. Сәтбаев: ''«Амангелді батыр шыққан Бегімбет тұқымы Қыпшақ руының ең жақсы жауынгерлік салтын тура сақтап, дамытып отырды. 19 ғасырдың 1- жартысында болған Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының патша өкіметіне қарсы ірі көтерілісі кездерінде Бегімбетте екі мыңнан аса үй бар екен. Олар, қазақ халқының көп заманғы тарихының бесігі саналған Ұлытаудың төңірегін, Қараторғай, Сарыторғай өзендерінің сағасын мекендеді. Бегімбет руы езінің көсемі Иманның (Амангелдінің бабасы) басшылығымен Кенесары көтерілісіне алдымен қосылды; патша жендеттерінің, қырғыз манаптарының, қазақтың өз ішіндегі шонжар байларынан шыққан опасыздардың өзара ауыз жаласып, бірлесіп күш жұмсауымен көтеріліс басылған кезіне дейін, Бегімбет тұқымы сол азаттық жолындағы ұлы күрестің маңдай алдындағы жауынгері болды. Амангелдінің бабасы Иман батыр көтерілістің таңдаулы, қайратты көсемінің бірі, көтерілістің қолбасшысы Кенесарының да ең жақын, сенімді серігі еді»,'' деп жазды. Халық аузындағы аңыз әңгімелерге және сол көтеріліске қатынасқан ақындардың қарағанда, Кенесары Иманның жауынгерлік өнері мен тәжірибесін аса жоғары бағалаған. Көтеріліс кезінде Иман бастаған іс пен жорықтар әрқашан абыройлы, жеңісті болған екен. Кенесары көтерілісіне Бегімбет тұқымымен бірге Иманның балалары: Бердалы, Ержан, Балық, Үдербай да (Амангелдінің әкесі) қатынасады. Бердалы мен Ержан Иман батырмен бірге 1847 жылғы көтерілістің соңғы кезіндегі ауыр соғыста ерлікпен қаза табады. Балық пен Үдербай көтеріліс басылып, Кенесары мен Иман тұтқынға түсіп өлгеннен кейін, Бегімбетгің аман қалған аз ғана үйлерімен қаншама апатқа, қорлыққа душар болып, Алатау алабынан өзінің туған мекені Торғай даласына қайтып келеді. Осылардың барлығы жас Амангелдіге көп әсер еткені, жүре келе, оның халық намысын көздеген саяси көсем, айбынды батыр болып шығуына себеп болғаны Сәтбаевтың мақаласында ашып айтылады. Мақалада, бала күнінде Кенесары қозғалысына қатысқан өз әкесі Үдербай мен қарт ағасы Балықтан Кенесарының ерлік жорығы жайында әңгімелерді көп естіп, тыңдаған жас батыр Амангелді өз елінің азаттығы үшін күрескен кемеңгер басшы болып шыққаны жайлы толық мәліметтер беріледі. == Дереккөздер == Санат:Қаныш Сәтбаев мақалалары‎
'''Жыныс бойынша бақылау''', жауапты халықаралық жарыстарға қатысатын әйелдер жынысқа қатысты бақылаудан өтеді. Бұл бақылау дені сау әйелдермен салыстырғанда жоғарылаған дене мүмкіндіктері мен гермафродитизм белгілері бар адамдардың әйелдерді арасындағы жарысқа қатыстырмау мақсатында енгізілген. Жарысқа қатысушы әйелдердің жаппай бақылау ауыз қуысының шырышты қабығы клеткасының өзегінде болатын жыныстық хроматинді анықтау әдісімен жүргізіледі. Әйелдерде жыныстық хроматин эпителиальдық клеткалардың көпшілігінде болады, ал ерлерде мұндай клеткалардың саны 5% -дан аспайды. Бақылаудан өткен спортшы қыздар сертифи¬кат алады және келесі жарыстарда қайта тексеруден етеді. Тексерудің қорытындысы мен дененің даму жағдайын жариялауға болмайды. == Дереккөздер == Санат:Спорт
200px (парс. сүйір төбелі бас киімді) сақтардың негізгі үш тобының бірі. Олар б.з.б. ғасырларда Памир-Алай тауының солтүстігінен бастап, Тянь-Шань тауларын жағалай шығыс Алтай тауының батыс сілемдеріне дейін, солтүстікте Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі аймақта тұрған. Ежелгі грек тарихшылары Геродот пен Страбон “азиялық скифтер” деп атап, олардың киізден жасалған, сүйір төбелі бас киім киетіндігін және садақ, қысқа қылыш пен айбалта секілді қаруы болғандығын жазады. Иранның сына жазуларында (Дарий патшаның мазарындағы жазбаларда) сақтардың үш тобын атап, олардың ішінде көне деректерде массагеттер деп аталғаны айтылған. Персеполь сарайы қабырғаларында бедерлеп салынған суреттерде моңғол нәсілдес кейіпте бейнеленген. Ежелгі сақ тайпаларының одағы өз заманында әлеуметтік құрылысы мен шаруашылығы ілгері дамыған ел болған Жетісудағы жағынан өз алдына дербес, өзіндік ерекшелігі болды. Алматыдан 50 км жердегі Есік обасы мен Іле жағасындағы Бесшатыр бұлардың тарихы мен мәдениетінің айғағы. ==Дереккөздер== Санат:Сақтар
'''Жарысты медициналық жағынан қамту''', ҚР-да өткізілетін жарыстардың ережелеріне сәйкес жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады және жарысқа дені сау, дайындығы жақсы спортшыларды қатыстыруды көздейді. Жарысты өткізу кезеңіндегі мед. қамту бағдарламасымен жүзеге асқан барлық шаралар жарыстың бас дәрігері қол қойған мед. есепте баяндалады. Жарыстың басталуына бір сағат қалғанға дейін мед. бригада қарамағына жедел жәрдем машинасы келуі тиіс және жарыс аяқталғаннан кейін бір сағаттан кейін кетуі керек. Жарыстың басынан аяғына дейін дәрігер емханамен тұрақты байланыс жасай алатын болуы керек. Жарысты медициналық жағынан қамтуды басқаратын дәрігер жарыс бас төрешісінің мед. қамту жөніндегі орынбасары болып табылады. Ол жарысқа дүрыс жіберілуін (жасына, денсаулық жағдайына, дайындығына қарай) тексереді, қатысушы- лар ағзасына жарыстың эсер етуін жағдайын, сондай-ақ қатынасу- шылардың орналасуы мен тамақтануын бақылайды, мумкін болған жарақаттану мен сырқаттану жағдайында қажетті мед.-лық жәрдемді ұйымдастырады. Дәрігер байқалған жетістіктер женінде төрешілер алқа- сына уақытында хабарлап, оларды жылдамырақ жоюға қол жет- кізуге ұмтылады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
қатысу мен оқу-жаттығу процесінде спортшылардың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Қамсыздандыру бойынша шаралар жүйесі (жарыс барысындағы) ережемен белгіленеді. Төрешілер алқасы қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздікке көзқарасын, жарыс өтетін орынды, көпшілік пайдаланатын құралдар мен жабдықтарды, жарысушылардың қорғаныс аспаптарын тексеруі міндетті. Корғаныс аспаптарымен қамтамасыз етілетін және дәрігердің жазымды қорытындысы жоқтар жарысқа жіберілмейді. Жарыстар оларды өткізу үшін орынның кемшіліктер түзетілгенше немесе дәрігерлік көмектің шаралары қамтамасыз етілмесе, басталмауы керек. Автомобиль, велосипедтік, мотоцикл-су моторы және авиация түрлерінде өмірін қатынасушылар жарысқа жіберілмейді қауіпсіздендіру полисін көрсету керек. Спорттың жекелеген түрлерінде ерекшеліктері де бар. Альпинизмдегі қамсыздандыру жолдарының арқаннан айырылып қалмауының алдын алу қажетті шара. Әдетте, таудағы қамсыздандыру альпинистік арқанның жәрдемімен жүргізіледі, оның шегі келе жатқан адамға (арнайы белбеумен немесе кеуде жіппен) бекітіледі, оның жолдасы орнында тұрып арқанды тартып не жіберіп тұрады ал жүргенде құлап бара жатса, оны ұстауы керек. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Құсманов Асқар Мұсаұлы''' (7.06.1953, Алматы), спорттық дәрігер, футболдан ҚР-ның ЕСЖ-сы (1982). АММИ-ның бітіргеннен кейін (1979) Республикалық Дәрігерлік денешынықтыру диспансерінің функционалдық диагностика және дәрігерлік бақылау бөлімінде спорт дәрігері болып жұмыс жасады. КСРО халықтарының (1982,1986), Еуропа чемпионатында медициналық бақылауды қамтамасыз етуге қатысты. Алматы "Д" көгалдағы хоккей, допты хоккей шеберлерінің командасында жұмыс жасады. 1990 жылы Атырау медициналық институтына жұмысқа жіберілді, спорт, медицина кафедрасын басқарды, ондағы спорт факультетінде қыз балалардың "Шағала" футбол командасын ұйымдастырды, ол кейіннен КСРО-дағы, сосын ТМД-ғы ең күшті командалардың бірі болды. 1991 жылы әйелдер арасындағы КСРО чемпионатына қатыса отырып, "Шағала" командасы 6-орын, 1992 жылы ТМД чемпионатында 3-орын алды. 1992 жылы "Шағала" командасының негізінде ҚР-ның футболдан әйелдер командасы құрылып, оның Құсманов тағайындалды. 1994 жылдан бастап "Намыс" (Алматы), АДК (Алматы), "Мұнайшы" (Ақтау) ерлер футбол командасының болып қызмет істеді. == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:Қазақстан футбол Санат:Қазақстан көгалдағы хоккей
'''Медициналық бақылау''', жарысқа қатысушылардың олимпиадалық ойындарда (О.о) ынталандыратын допингтік заттарды жарысқа қатысушылардың қолдануын (допингтік бақылауды) және әйелдердің жарысына екі жыныс белгісі бар адамдардың қатысуын (жынысын бақылау немесе тек әйелдер ғана ететін сексбақылау) болдырмау мақсатын көздейді. Олимпиадалық хартияның М.к-не сәйкес М.к. тиісті ХСФ-ның спорттың әрбір олимпиадалық түрі үшін бекіткен тәртібімен ХОК-тің медициналық комиссиясы белгілеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Допингтік бақылау Олимпиадалық ойындарда алғаш рет 1968 жылы жүргізілді. Әйел спортшылардың жынысына қатыстылығы жөніндегі бақылау (өмірде бір ғана рет) жарыстың басталуына 48 сағат қалғанда дейін олимпиадалық қалашықтың ар¬найы зертханасында жүргізіледі. Талдау ауыз қуысының сілекей қабығын қырып алу бойынша жүргізіледі (Х-Хроматиннің бар, жоғы анықталады). Нәтиже анықталмаса спортшы әйел мед. комиссия төрағасының нұсқауы бойынша медициналық қосымша тексеруге жіберіледі. Медициналық комиссия берген куәлік (суретімен) бақылаудан өтушіге алдағы барлық жарыстарға қатысуға рұқсат етеді. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Меттман''' () Германия жеріндегі аудан. Аудан орталығы -Меттман қаласы. Аудан Северный Рейн Вестфалия жеріне қарайды. Дюссельдорфке бағынышты. Жер аумағы 407 шаршы км. Тұрғыны 495,7 адам. Тығыздығы 1218 адам/ шаршы км. Ресми коды- 05 58. Аудан 10 қауымға бөлінеді. == Қалалар == Ратинген (91 111) Фельберт (84 316) Лангенфельд (59 115) Хильден (55 514) Эркрат (46 063) Монхайм (42 953) Меттман (39 386) Хан (29 160) Хайлигенхаус (26 703) Вюльфрат (21 346) ''(30 маусым 2010)'' == Сілтемелер== Официальная страница Санат:Солтүстік Рейн-Вестфалия аудандары
'''Рейн-Зиг''' () Германия жеріндегі аудан. Аудан орталығы -Зигбург қаласы. Аудан Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріне қарайды. Кёльнге бағынышты. Жер аумағы 1153 шаршы км. Тұрғыны 599,0 адам. Тығыздығы 519 адам/ шаршы км. Ресми коды-05 82. Аудан 19 қауымға бөлінеді. == Қалалар және қауымдар == Тройсдорф (75 145) Санкт-Августин (55 466) Борнхайм (48 543) Хеннеф (45 945) Кёнигсвинтер (40 785) Зигбург (39 764) Нидеркассель (37 433) Ломар (31 159) Райнбах (27 289) Бад-Хоннеф (25 203) Меккенхайм (24 309) Альфтер (22 847) (20 716) Виндек (20 493) Вахтберг (20 222) Айторф (19 406) Свистталь (18 241) Мух (14 975) Руппихтерот (10 709) ''(30 маусым 2010)'' == Сілтемелер== Санат:Германия аудандары
'''Медициналық хартияның тарауы, олимпиядалық жарыстың қатысушыларына допингтік заттарды қолдануға рұқсат етпейді, спортшыларды медициналық бақылау жөніндегі ережелерді қамтыған. ХОК-тың Лозаннадағы 1975 жылғы 76-сессиясында бекітілген. Медициналық кодекс сейкес олимпиядалық жарыстарға бәрі ХОК- тың медициналық комиссиясының ережелері бойынша медициналық бақылау мен тексеруден етуі тиіс. Жарысқа қатынасушы әйелдер қай жынысқа жататындығына байланысты бақылаудан өтуі міндетті. Егер спортшы допинг қолданса неме-се медициналық бақылаудан өтуге қарсылық білдірсе Медициналық кодекс жарыстан шеттетуді қарастырады. Командалық есеп жүргізілетін жарыста ко¬манда мүшелерінің бірі допинг қолданғаны үшін осы спортшы қатынасқан жарыста командаға жеңіліс есептелінеді. Медициналық кодексті сақтауды ХОК-тың Медициналық комиссиясы қамтамасыз етеді, оның ұсыныстары бойынша ХОК-тің атқару комитеті Медициналық кодексті бұзған спортшыны жазалау жөнінде шешім қабылдайды (олимпиадалық медальдан айыруға дейін). Мұндай жағдайда ХОК атқару комитетінің шешімі тиісті халықаралық және үлттык спорт бірлестіктері тарапынан спортшыны тәртіпке шақырудан құтқармайды. Рұқсат етілмейтін допингтік заттардың тізімі, медициналық кодекске ресми түсінікте ХОК-тің медициналық бақылау жүргізуі жөніндегі кітапшада баяндалған. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Медициналық қорытынды''', дәрігерлік тексеру, бақылау және өзіне де мәліметтер негізінде жасалынған, денешынықтыру және спортпен шүғылданудың әсеріне қатысты дәрігердің практикалық түжырымы. Алғашқы дәрігерлік тексерістегі қорытындыда тексерілушінің денсаулық жағдайының, дене дамуы мен дайындығының сипаттамасы, жаттығу мен жарысқа жіберу, жібермеу жөніндегі нұсқау, денешынықтыру және спортпен шүғылданудың тәртібі мен әдістері, емдік және сақтандыру мақсатындағы үсыныстар болады. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Екпін Қасымұлы (26. МЩЬ 06.1935, СҚО, Арықбалық ауданы Мәдениет ауылы 1999 Алматы.), м.ғ.к. (1962), м.ғ.д. (1975), профессор., Қаз СТА-ның спорттық медицина және гигиена кафедрасының меңгерушісі (1979-98. АММИ-ның факультетін 1958 жылы бітіргеннен кейін СҚО-ның Шортанды СЭС-да санитарлық дәрігер болып істеді, кейін өлкелік патология институтының оқыды. 1961-1978 ж. Өлкелік патология институтында кіші ғылыми қызметкер, әлеуметтік гигиена және денсаулықты сақтауды ұйымдастыру бөлімінде меңгеруші болды. Профессор Нұрмағамбетов Е.Қ. 70-тен астам гылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, мамандар мен жас ғалымдардың бір тобын тәрбиелеп шыгарды. == Дереккөздер ==
'''Орнықты жағдай,''' бұл аэробтың тұрақты қуаттылықтығы дене жаттығуларына байланысты жағдай, ол бұлшық еттердің жұмысқа қосылуының басында организмдегі жылдам өзгерістерден (төселгеннен) кейін қалыптастырады. Орнықты жаттығудың дамуының негізгі керсеткіші оттегіні пайдаланудың тұрақтануы болады. Қажығандық жұмыс қабілетінің көрініс беретін ағзаның ұзақ немесе қиналысты функционалды белсенділігінің нәтижесінде туындайтын жагдайы. Ауыр жұмысты адамның сезінуі "шаршау" атауымен белгіленеді. Ақыл-ойдың шаршауы және дененің шаршауы деп айыру қабылданған, бірақ бұлардың арасында айқын байқалатындай шек жоқ. Шаршау тіршілікпен сыйыспайтын функционалдық және биохимиялық өзгерістер туындайтын шектен оның шығып кетуіне жол бермейтін ағзаның езіндік қорғаныс реакциясы болып табылады. Бүл реакцияның жай, жұмысты алда да жалғастыруды қиындататын және жұмыс қабілетін шектеуге әкеп соғатын функциялардың үйлесім- ділігінің бұзылуынан шаршағандықты азайтудың тиімді құрапы функционалдық бірліктердің жұмысын ауыстырып отырып, жұмыс пен демалуды дұрыс кезектестіру. Спортпен шұғылдануда шаршаудың басталуын жаттығудың түрліше құралдарын, әдістері мен түрлерін пайдалана, сондай-ақ олар өткізілетін жағдайды өзгерте отырып қашықтауға болады, бірақ демалу арқылы ғана демалуға болады, оның жаттығулар арасындағы ұзақтығын спортшының жаттыққандық дәрежесінде, жүктемесінің сипаты мен шамасына байланысты белгілейді. Шаршамау болдырмау мен жұмыс қабілетін қалыпқа келтіруге кейбір азықтық стимуляторлар, атап айтқанда витаминдер көмектеседі. Дегенмен де осы мақсатта фармакологиялық заттарды пайдалану адам денсаулығына жағымсыз әсер етуі де мүмкін. == Дереккөздер == Санат:Спорт
'''Тизенгаузен Владимир Густавович''' (1825, Нарва қ., Эстония 2.11.1902, шығыстанушы ғалым, тарихшы, археолог, нумизмат, Ресей ғылым академиясының корреспон- дент мүшесі (1893). 1848 ж. Санкт-Петербург университетінің шығыстану бөлімін бітірген. 1861 ж. жаңадан ашылған Археологиялық комиссияға қызметке орналасып, өмірінің соңына дейін жұмыс істеді. 1873 ж. “Шығыс халифатының теңгелері” деген еңбегі жарық көрді. Нумизматика саласына қосқан елеулі еңбегі үшін оны Орыстың императорлық археологиялық қоғамы күміс медальмен марапаттады. 1876 78 ж. Таман түбегіндегі б.з.б. ғ-ға жататын “Ағайынды жетеу” атты қорғанға археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Археологиялық комиссияның төрағасы, граф С.Г. Строгановтың жеке қаржысы есебінен Алтын Орда туралы шығыс деректерін жинастырды. Алтын Орда тарихына қатысты араб деректерінен тұратын материалдар жинағын 1884 ж. жариялап, парсы деректерінен тұратын материалдар жинағын баспаға әзірледі. Бірақ оның бұл еңбегі тек 1941 ж. жарық көрді. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар
'''Евгений Тимофеевич Петренко''' (25.09.1946, Золчевск, Украина), Қазақ дене тәрбиесі институтын (1967) және П. Лесгафт атындагы Дене тәрбиесі институтың физиология кафедрасының аспирантурасын (1972) бітірді), биология ғылымының кандидаты (1978), проффессор (2003). ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы (1992). 1976 ж. Қазақ дене тәрбиесі институтында ЕДШ-ның, массажбен биомеханика окытушысы. 2003 ж. ЕДШ-ы, массаж және денені қалыпқа келтіру кафедра меңгерушісі. 150-ден астам жарияланымдар мен 100- ден астам жаңалықтардың авторы. Е.Петренконын басшылығымен жас дүниежүзілік Бірінші көрмесінде (Болгария, 1985 "Адам, отбасы, қоғам" мерекелік көрмесінде (АҚШ, 1987) көрсетілген, КСРО ХШЖК-нің (ВДНХ) алтын медаліне ие болған, қозғалыс кедергісіне қарсылықты арттыру үшін "Альфа-ырғақ", сөйтіп наградалар мен жұртшылықтың мақұлдануына ие болды. үшін жеке пайдаланатын портативтік медицина жабдықтардың кешені дайындалып енгізілді, бұлар Қазақстанда көптеп шығарылады. Олар үй жағдайында шаршауды, бас ауруын түсіруге, жүйке-ет аппаратындағы жарақатты емдеуге мүмкіндік жасайды. ТМД елдерінде алғаш рет отандық ЭВМ негізінде ағзадағы және процестерді автоматты түрде талдап, өңдеуге "САЙМБА" жүйесі дайындалды, бұл да КСРО ХШЖК- ның алтын медалі мен 1-дәрежелі дипломына ие болды. Петренко Е.Т. синтетикалық жамылғылардың қасиеттерін биомеханикалық тұрғыдан бағалау үшін құрылымдар кешенін дайындап шығарды. Жаңалықтар денешынықтыру мен спорт, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласына енгізілді. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар
'''Семен Гевшаевич Резник''' (15.02.1936 Виница қаласы, Украина), жоғары дәрежелі спорт дәрігері, шахматтан ҚР-ның ЕСШ-сы (2005). Омбыдағы әскери-медицина (1957), Ақтөбе мемлекеттік медицина университетін (1975) бітірген. 1961-2002 ж. арасында Ақтөбе облысының дене тәрбиесі диспансерінің бас дәрігері. Ол көптеген республикалық, бүкілодақтық, халықаралық жарыстарда дәрігерлік қызметті басқарды. Ол дәрігерлік қызметке қоса үлкен спортты да қатар алып жүрді. Шахмат пен дойбыдан бірнеше рет республиканың чемпионы, жүлдегері атанды. матчының, (1986-Алматы), Әлем кубогінің (1989-Москва), дойбыдан Азия (2005), Әлем (2006-Москва), Кубогінің КСРО чемпионатының (1991-Азов) атқарушы директоры болды. Қазақстан Республикасының спортына еңбек сіңірген қайраткері (2005). == Дереккөздер == Санат:Алфавит бойынша шахматшылар Санат:КСРО шахматшылары
'''Фирзен''' () Германия жеріндегі аудан. Аудан орталығы Фирзен қаласы. Аудан Солтүстік Рейн Вестфалия жеріне қарайды. Дюссельдорфке бағынышты. Жер аумағы 563 шаршы км. Тұрғыны 301,2 адам. Тығыздығы 535 адам/ шаршы км. Ресми коды- 05 66. Аудан қауымға бөлінеді. == Қалалар және қауымдар == Фирзен (75 421) Виллих (51 963) Неттеталь (41 894) Кемпен (35 963) Тёнисфорст (29 868) Швальмталь (19 033) Брюгген (15 990) Грефрат (15 625) Нидеркрюхтен (15 421) ''(30 маусым 2010)'' == Сілтемелер== Официальная страница Санат:Солтүстік Рейн-Вестфалия аудандары
'''Олег Викторович Рогозов''' (1.01. 1939, Воронеж қаласы., РФ), 1992 жылдан спорттық медици-на федерациясының Президенті, ҚР ҰОК (НОК) медицина комиссиясының төрагасы. Караганды Медицина институтының емдеу факультетін 1963 ж. бітіргеннен кейін Караганды облысында диспансерінің дәрігерлік бақылау және емдеу денешынықтыру белімінің меңгерушісі. 1969-70 ж.ж. "Қайрат" футбол командасының дәрігері. 1970- 74 ж.ж. Апматы облысындағы дәрігерлік- денешынықтыру диспансерінің дәрігері. 1974-2002 ж.ж. респ. диспансерінің бас дәрігері. Ұлттық олимпиада құрама командасы қүрамында Атланта, Нагано, Лиллихаммер, Барселона қалаларында Олимпиадаға қатысты. "Құрмет белгісі" орденімен, ҚР ЖК 20 грамотасымен, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" және КСРО дене тәрбиесінің үздігі" белгілерімен марапатталған. == Дереккөздер == Санат:Тұлғалар
қадағалау''', дене жаттығуларымен шұғылданатын орындар мен жағдайларды қадағалау дене тәрбиесіндегі дәрігерлік бақылау жөніндегі жүмыстың негізгі бөлімдерінің бірі, жаттығулар мен спорттық жарыстарды өткізудің тиісті жағдайларын қамтамасыз етуге көмектеседі. Дене жаттығуларымен шұғылданатын орынды қадағалауға жұмыс жасап тұрған ережелер негізінде мемлекеттік санитарлық инспекцияның жергілікті органдары жүзеге асыратын спорттық құрылыстарды жобалау мен салудағы сақтандыратын санитарлық қадағалау және жаттығу орнының ұсталуының белгілеген санитарлық ережелерінің орындалуына күнделікті қадағалау жатады. Соңғысы спорттық базаны қамтитын дәрігерлер сондай-ақ жергілікті санэпидстанция қызметкерлері тарапынан жүргізіледі. Тексеруге залдардың, алаңдардың, мұз айдындарының және басқалардың қызмет көрсететін бөлмелердің (шешініп киінетін, шайынатын орындардың және басқалардың) уақытылы тазалау, желдету жағдайы, жарық, жылу, әуіздегі судың тазалығы, жағдайы және басқалары жатады. денсаулығына зиян келтіретіндей, гигиеналық талаптардың бұзылғанын байқағасын дәрігер жаттығу жетекшісі, жарыс төрешісі немесе спорттық базаның әкімшілігі арқылы кемістіктерді тез жоюдың шарасын алуы тиіс. == Дереккөздер == Санат:Спорт
халықаралық спорт комитеті''' (; ''CISS'') халықаралық деңгейде саңырауларға арналған спорт түрлерінен жарыстарды ұйымдастыратын (Мысалы, Дефлимпиада ойындары (бұрын ''Саңырауларға арналған дүниежүзілік ойындар'' деп аталған)) жоғарғы ұйым болып табылады. Алғашқы ойындар Париж қаласында 1924 жылы Эжен Рубенс Алкемен ұйымдастырылды және ''Халықаралық үнсіз ойындар'' деп аталған. Қазіргі кезде ұйымның штаб-пәтері АҚШ-тағы Мэриленд қаласында орналасқан. ==Тағы қараңыз== Халықаралық олимпиада комитеті Халықаралық паралимпиада комитеті ==Сыртқы сілтемелер== Комитеттің ресми сайты Санат:Спорт
'''Шахтёр''' Екiбастұзда орналасқан стадион. Бұл стадионға 300 көрермен сияды. Екiбастұз футбол клубынын стадионы. == Стадионың басты айырмашылықтары == Үш трибунасы бар: Оңтүстiк, Батыс және Солтүстiк Сыйымдылығы: 300 көрермен Орындықтар: пластикалық Өлшемдерi: 104 68 метр Газон: шынайы Электрондық табло: 10 метр ТВ орыны: Комментаторлар орыны: Кассалар: 40 шамы бар мачта бар == Трибуналар == === Онтүстiк === Оңтүстiк трибунада 1, 2, 3, 4, 5, 6, секторлар бар. 3-шi сектор қонақтарға арналған. === Батыс === Батыс трибунада 8, 9, 10, 11, 12 сектор бар. 10-шы секторда табло орналасқан. === Солтүстiк === Солтүстiк трибунада 13, 14, 15, 16, 17 секторлар бар. Санат:Қазақстан стадиондары
БАЙҚҰТАН қой күзететін жүндес, барақы қазақы иттің атауы. «Иттің құлы байқұтан» мәтелі малшылар арасында жиі айтылады. Мұндай иттерді қотаншыл немесе барақ иттер деп те атайды. Қотаншыл деп аталуы қой қотанына әбден үйренген ит болғандықтан болса керек. Қазақы ортада Б.-ды бесік жырына да қосады. Жылама бөпем, жылама, Жілік шагып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін, Жыпама бөпем, жылама. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
БАЙЛАМА аңды арнайы тығырыққа қуалап әкеліп қамап, атып алатын аңшылық құрылғы. Ілкі дәуірлерде байлама салуға жан-жағы қүлама жар болып келетін, аузы тар, одан ары көлемі үлғайып жатқан аран тектес жер таңцалады (қ. Аран). Кіреберісінде аң өтетіндей қысаңы бар, жан-жағы доғалана салынған қамал ерекшелігіне сай байлама аталса керек. Қалыңцығы метрге дейін, биікт. Қырлыбас байламасы 2-ден 3,5 м-ге дейін, үз. 50 м-ден км-ге дейін болатын байлама қабырғасының сыртында орналасқан биікт. 2-3 метрлік дөңгелек пішінді мүнара тектес құрылғыдағы атқыштарға қоршаудағы аң алақанға салғандай көрініп тұрады. Бұл аңшыға қажетті аңды жынысына, жасына, қоңына байланысты таңдап атып алуға мүмкіндік берді. Жем бойындағы осындай бір қүрылыс Киік байлама деп аталады. Биікт. 3,5 болатын Қырықкөшек, Қарлыбас Б.-ларының құлан, тарпаң сияқты ірі аңдарды аулауға пайдаланылғаны байқалады. Б.-ны да жасаған. Сондай-ақ оған көлемі 20x40x80 см-ге дейін болатын өңделген үлкен тастарды да пайдаланған. Салынуында нақтылық пен көркемдік жағы ескерілгенін мұнараларының дөп-дөңгелек пішінде жасалуынан байқауға болады. Б. негізінен артқы беті қаратыла салынған. Ол аңшылардың аңға күнгей жағынан қарауының тиімділігін ескергеннен туған тәжірибе болса керек. Қырыцкөшек байламалары. Суреттер А.Еділханов жарияланымынан алынды Көптеген Б.-ларда жергілікті тайпалардың таңбасы салынғанына қарағанда, Б.-лар белгілі бір рудың меншігіндегі иелікке үқсайды. Оғыз-кьіпшақ тайпаларының таңбаларын зерделеу және климатологиялық зерттеулер аталмыш кұрылыстардың IX-XVI ғғ.-да салынғандығын дәлелдейді. Табиғи ортамен үндестікте өмір сүру жүйесін меңгерген көшпелілердің аңцы жылдың белгілі мерзімінде ғана аулау, табындағы аңның жас-жыныс ерекшелігін, ауланатын аң санын ескеру сияқты ғасырлар бойы қалыптасқан мол тәжірибесі Б.-ларды пайдаланудан айқын көрінеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
БАЙЛАНСЫН аңшылықта сэлем, ізгі тілек ретінде айтылатын соз, стереотипті формула. Аңшылар ортасында ежелден қалыптасқан мүндай «аңшылық заңы» бүіінгі күнде де аңшылар арасында жалғастығын тауыгі отыр. Мысалы, этнограф С.Қасиманов шығыс қазақстандық эйгілі қүсбегі Мүсілім Бибалановтың аңға шыққан сәтін былайша суреттейді: «- Бәтима, мына «Қүмай мен Бөрібасарды» мыцтап байла, іиешіліп кетіп жүрмесін, деп «Қүс ата» бәйбішесіне әмір беріп жатты. Әдейілеп ацга бара жатып алгыр тазыларды неге цалдырамыз, ата? Қүспен аңга шыщанда ит ертпес болар балам. Ата, оныңыз ескі ырым гой. БІрым емес, шыным. Барқын цолбала қүс. Итке алаңдай береді, жайы келсе түсіп цалуы да ьщтнмал. Екінші бір шатагы ит ізді шатастырады. Орагытып жүріп, түлкіні үркітеді. Ауылдан бес-алты шацырым шыщан соң: Тоцтаңдар. Бәрің мені тыңдаңдар, аңшылъщтың заңын үйретем, деді к,арт. Біріниііден, айцайлап Сөздің бәрі ыммен болады. Оны біліп any керек. Мысалы, «шап», «тоқта», «оң эісагыңда», «сол жагыңда», «қайт», «мені сол орныңда тос», «әне кетті», «адасып қалдым» деген сөздердің тымақпен, қолмен ымдау белгілері мынау, деді де олардыц түрлерін үқтырды. Екітиіден, менен басцаларың бүркітті іиақырмаңдар, түлкіні айырмаңдар. Үшітиіден, бәрің де түгырда түрган менің белгілерімді бащап жүресіңдер. Төртіншіден, бөгде кісімен кездесе цалсаңдар «Байлансын-ақ» дейсіңдер немесе «Байлансын- ац» деп ол бүрын айтса, сендер «Майлы иіүжъщ айлансын- ак,» деп тілектестік білдіресіңдер. Бесіншіден, цазац жол-жорасында олжаны ең жасы үлкеніне байлайды. Бірац үлкендердің ішінде эісастар болса, онда ең жасы кішісіне байлайдың. Бұндай аңшылық қағидаларынан біз аңшылықтағы практикалық іс- шаралармен тығыз сабақтасып жататындығын байқаймыз. «Қанжыгаң майлансын», «Майлы шүжъщ айналсын» деген тілектер соз куатына сенуден тамыр тартып, бүгінге үласқан. Магиялық байлау әрекеттері мен байлау сөзінің байланыстылығын мамандар дәлелдеген. Бүл сөздің «киелі» қуатына сенген бүгінгі аңшылар да кездейсоқ кезіккен жолаушыға «байлансын-ақ» деп бірінші боп амандаса кетеді. Көптен күткен қансонарға шыкканда жолай кезіккен адамның тіл-көзі қолындағы бүркітке тимей аулақ болуын тілеген бүркітші басқа сөзбен емес, «байлансын-ақ» деп айқай сала амандасып, қаскөй рухтарды осы кұдіретті сөзбен «матап» тастауға тырысқан. Сондай-ақ осы соз арқылы аң да буылып, шырмалып қалады-мыс. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Тимченко Людмила ж.т. Чешенстан, Грозный қ.) архитектор. 1951 ж. Львов политехникалық институтының архитектура факультетін бітірген. 1965 1975 ж. Қазақстан қала құрылысын жобалау және Алматы қала құрылысын жобалау институтының бас архитекторы болды. Оның жобасымен Алматы қаласында Достық үйі (Р.Сейдалин және Х.А. Якупбаевпен бірге; Қазақстан Мемлекет сыйлық 1974) және Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев пен Қабанбай батыр көшелері бұрышындағы тұрғын үй салынды. ==Дереккөздер== Санат:Тұлғалар
'''Байса''' көшпелі халықтардың қағаны тарапынан билік иелері бектерге, әмірлерге, мәмілегер билерге, елшілерге, саудагер үкімет адамдарына берілетін арнайы құқықтық белгі. Байса көбінде алтын, күміс секілді бағалы металдан жасалып, оған иесінің шеніне сәйкес әртүрлі хайуанаттардың (лашын, жолбарыс т.б.) суреттері салынатын болған. Байса қытай- манжүр тілінде белгі деген сөз. Осы белгімен жүрген үкімет адамдары басқа елдердің шекарасына еш кедергісіз өтуге құқылы болып, азық-түлік, мініс-көлікпен қамтамасыз етілетін болған. Бұл дәстүр әлемдік дипломатияның тарихында үлкен қызмет атқарған, қазіргі халықаралық заңнамадағы виза деген ұғым осы негізден қалыптасқан. Байсалардың лауазымдық айырмасы болған, мәселен жүздік, мыңдық ұлығына арыстан басты, күн, ай бейнесі бедерленген байса, түмендік ұлығына арыстан басты байса, мыңдық ұлығына алтын сары байса, өлке билеушісіне сұңқар суреті салынған алтын байса берілген. Ресей музейлерінде Алтын орда ханы өзбектің, Абдулланың, Келдібектің байсалары сақталып отыр. ''Қой дегенде бір шапқан, ''Құястан жап-жас қана Жұмай бар. ''Балаңқылар батпаған, ''Байсасы тудай Мәмбет бар деп жырлаған Шалкиіздің «Ер Шобан» жырынан байсаның Ноғайлы дәуірінде де қолданыста болғанын аңғаруға болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Байтаба''' түйе немесе қой жүнінен тоқылған қалың шұлғау. Көшпелі қазақ үшін ең қажетті киімніңтүрі болып табылады. Байтабаны қонышты етікті немесе киіз байпақты кигенде аяқты орау үшін қолданылады. Байтабаны аяққа ораудың да өзіндік тәсілі бар: алдымен аяқтың ұшын байтабаның шет тұсына сәл жетпейтіндей етіп салып, оның бір шетімен аяқтың ұшын ішке немесе сыртқа қарай орап, аяқтың қалған бөлігін қаусырып орайды. Байтабаны қажет жағдайда үлкен-кіші демей тегіс пайдаланған. Байтабаны пайдалану айырықша ұқыптылықты және күтімді қажет етеді. Дер кезінде тазалап, су болғанда отқа тым жақындатпай кептіріп отырмаса, киіз болып тұтасып, пайдалануға жарамсыз болып қалады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Байтал''' қалыңмал беру кезінде негізге алынатын өлшем түрі, байталдың өлшемге алынуы оның өсімтал ұрғашы мал ретінде бағалануымен байланысты. Яғни, қазақтар «басы айырдан көті айыр артық» деп еркек құнанды емес, өсіп-өнетін ұрғашы малды байталды өлшемге негіз етіп алған. Құдалық сөйлескенде қалыңмал көлемі келісіліп, оны байталмен мөлшерлейді. Жетісу қазақтары арасында дүннеге бала келгенде қойшы ма?», «жылқышы ма?» деп сұрайтын салт бар. Бұл көз тимесін деген ниетпен «ұл ма?», «қыз ба?» деген сұраудың жұмбақтап айтылған түрі, яғни табу сөз. Мұндағы қойшы ұл, яғни қой бағатын ұл деген мағынада болса, жылқышы қыз бала. Қыздың қалыңмалына бұрыннан қалыптасқан ғұрып бойынша 47 немесе 37 байтал немесе 27 (әрі қарай 17, болып жалғаса береді) жылқы беріледі. Сонда қыз бала әке-шешесіне жылқы әкелетін жылқышы болып шығады. Бізге жеткен деректерге сүйенсек, қызға берілетін қалыңмал негізінен 7, 17, 27, 37, 47 байтал бірлігімен өлшенген. Соның ішінде, ең көп таралғаны 47 байтал төлемі. Ал ауқаттылар арасында қалыңмал саны 67, 77, 100 байталға дейін барады. Саудамен айналысқан немесе қолында малдан басқа дәулеті бар адамдар қалыңның бір бөлігін ақшалай, күмістей, алтындай беруге де уағдаласқан. Бір кездері қара халық қыздары үшін қалыңмал көлемі 40-тан 100 бас малға дейін, төре қызы үшін 200 бас малға дейін барған. Байтал алым, төлем түрлеріне қолданылатын шартты өлшем бірлігі ретінде мынадай эквивалентте есептеледі: ертеде қазақы ортада атан түйе 5-10 байталға, боталы түйе 10, жақсы ат 5-10 байтал, жүйрік ат 10-15 байтал, жүйрік дүлдүл 25 байталға бағаланған, 100 қой 25 байталға, бір жамбы 15 байталға немесе бір жорғаға, кесек киіз 3-5 байталға теңестіріліп есептелген. Бір байталдың құны бір сиырға тең болған. Бұл шартты түрде белгіленген өлшем болғанымен, келісілген байтал санына осы аталғандар түгел кірмесе де, «барымен базар» принципі бойынша толықтырып өтейді. Кіші жүз қазақтарында байталмен есептелетін қалыңмал өлшемі жиырмамен белгіленіп, бірден алты жиырмаға дейін жеткен. == Дереккөздер == Санат:Қазақ салт-дәстүрлері Санат:Өлшем бірліктері
'''Байтесе ''' сабының басына өткір жүзді шот орнатылған, ағашты түрегеп тұрып шабуға ыңғайластырылып ұзын саппен сапталған үлкен шот. Байтесені әдетте қабығы аршылған жуан, ұзын теректерді төрт бұрышты етіп, ұзына бойына тоқтатпай қырлап шауып, тегіс, түзу түр беруге қолданған. Байтесемен шаңырақ ағашын беттеп шауып, белгілі бір қалыпқа келтіреді. Тесе шоттың жүзі тегіс немесе қуыс болып жасалуы мүмкін. Бұл шотты ел арасында байтесе, байтеше, деп те атайды. Мұндай үлкен шотпен ағаштан тұтас шапқан қайың астау, науа сияқты ауылшаруашылық бұйымдарын жасаса, жуан ағаштардың бұтақтары мен қабығын алып, шауып өңдеген == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат: этнография
жылқының бағымы мен мінез-әрекетіне қатысты атау, жусатуға дайындау, қайырып тоқтату дегенді білдіреді. Жаңа қоныс пен өріске келген жылқы толық көндігіп «жатырқап» тұрақтап байыз таппай кетеген, қашаған болып тұрады. Сол тәрізді таңертеңгісін құлынын байлауға айдап келген кезде биебауға және ұстап саууға толық көндікпеген жылкының биебау басына тиянақтап, тұрақтауын, яғни жылқышылар тілімен айтқанда, «байырқалауын» күтеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бақа түйме''' қазақ әйелдерінің ұсақ-түйек әшекейлерінің жалпы атауы. Қазақы ортада өз шеберлері жасаған зергерлік әшекейлермен қатар, көршілес елдерден Ресейден, Бұқардан, Самарқаннан, Қытайдан да сатып алынған әшекей бұйымдарды пайдаланды. Бұл заттарды қазақ ауылдарының арасында бақалшылар деп аталатын саудагерлікті кәсіп еткен адамдар сатып отырды. Бақа түйме атауы саудагердің бақалшы атымен байланысты қалыптасса керек. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бақан мініп мал бауыздау''' дәстүрлі ортаның көне дүниетанымдық ұстанымдарға және өсіп-өну магиясы мен ер азаматты пір тұтуға байланысты қалыптасқан ғұрпы. Үйде еркек кіндікті болмаған жағдайда, әйел адамның бақанға мініп тұрып мал бауыздау үрдісінің атауы. Мал бауыздау қазақ әйелі үшін әбес іс, ер азаматтың жолына, қолына таласқандық болып саналады. Осы тыйымнан аса алмайтын әйел аса бір мұқтаждық туындағанда, «бисмиллә» деп бақанды мініп тұрып, малды бауыздай беретін болған. Мұндай жолмен сойылған мал да адал деп танылып, әйел де кінәлі болып табылмайды. Егер үйде ер адам атаулыдан төрт-бес жастағы ұл ғана болса, оның қолына пышақты ұстатып, оның қолының сыртынан өзі (әйел) ұстап ырымын жасап, малды әйел адамның бауыздауына болады. Мұндай жағдайлар көбінесе жаугершілік, қуғын-сүргін, соғыс кездерінде орын алған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бақана''' түйенің аяғын зақымдайтын ауру. Бақана ауруының жылқыда болатыны аңбас, басқа малдардағысы сарып деп аталады. Бақана болған түйе ақсап, оның бақайы айыр жерінен ісінеді. Оны қариялар ырымдап аша бақанның ұшымен түртіп, ем жасайды. Ерте кезде көбінесе бақайының астынан, 2-3 нүктеден шабақтап қан ағызып емдейтін болған. Ауру қанның ағуымен жүре-жүре басылады. Шабақталған түйеге ауыр жүк артпай, ыстық-суыққа салмай, қалпына келгенше баптайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бақи дүние''' дәстүрлі қазақы дүниетаным бойынша, аруақтардың мәңгілік мекені, яғни дүние. Осы ретте ерекше ескерер жайт күнделікті тілдік байланыста бақи сөзі қолданыла бергенімен негізгі категориялық мәнді ұғым бақи дүние Бақи сөзінің тұрмыста жиі қолданыла беретіндігін тілдік үдерістегі редукционизм зандылығымен түсіндіруге болады. Демек бақи сөзі бақи дүние ұғымының қолданысқа қыскартылған нұсқасы. Бақи ұғымының синонимдері дүние және мәңгілік дүние. Күнделікті тіршілікте ана тілімізде жиі кездесетін «мәңгі бақи» сөз тіркесі «бұ дүнне дүние» немесе «жалған дүние мәңгілік дүние» деп келетін өзара антиномиялық байланыста жұптасқан ұғымдардағы жалған дүниенің немесе бұ дүниенің өтпелілігін (өткінші дүние), яғни жалғандығын дәлелдеуге қолданатын концепт рөлін атқарады (о дүниенің мәңгілігін тікелсй дәлелдеуді қазақ дәстүрі қоспайды). Негізгі аргумент- уәж: бұ дүние адамдардан тұрады. Ондағы әрбір жанның ғұмыры қамшының сабындай қысқа өте шығады. Адамның бұ дүниедегі тіршілігі өте шығатын күйкі тіршілік, яғни пендешілік. Сондықтан оның субьектісі адам бұ дүниеде уақытша қонақтап қана кететін пенде ғана. Бұ дүниенің жалған, өткінші дүние болатындығы сондықтан. Демек әрбір пенденің мәңгілік тұрағы, мекені бақи дүние, мәңгілік дүние. Сонда бұ дүниенің жалғандығын дәлелдеу, түптеп келгенде, бақи дүниенің мәңгілігін, яғни абсолюттік ақиқат екендігін әспеттеуге саяды. Қазақтардың дүниетанымында дүние мен бұ дүииенің қаншалықты маңызды орын алғандығы жөнінде ел аузындағы төмендегідей аңыз іспеттес әңгімені мысал ретінде келтіруге болады. «Қазақ даласын аралап жүрген орыс әкімшілігінің өкілі бірде өзінің бұрыннан танысы қазақтан: Сендердің үйлерің қарапайым, әрі жұпыны, бірақ, молаға тұрғызған күмбездер мен кесенелерің сән-салтанаты тым ерекше ғой. Бұның себебі неліктен? деп сұрайды. Сонда қазақ қысқа ғана жауап берген екен дейді: Қазіргі біздің және сенің де тіршілігің өткінші жаңбыр сияқты. Өтеді де кетеді. Яңни бұ дүниеңіз өткінші, алдамшы, жалған дүние. Нағыз мәңгілік өмір дүниеде басталады. Қазіргі тіршілігіміз дүниеге жүруге дайындық қана. Анау тұрған молалар, оның басындагы салтанатты сарайдай күмбездер дүниеге кірер есік. Қазақтардың молаларға айырықша ден қоятындықтары сондықтан». Жоғарыда айтылғандай, антиномиялық байланыстағы бақилық дүние мен бұ дүние концептілері қазақы ортада ата-баба жолын ұстануда айрықша рөл атқарады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бақұлдасу''' адамның дүниеден озар алдында жақын туысқандарымен қоштасу рәсімі. Төсек тартқан адамның соңғы сәттері жақындаған кезін байқаған туысқандары оның қал-жағдайын сұрап, көңілін аулайды. Ал бақилық боларын сезген адам бауыр-туған, дос-жаран, бала-шағасын шақыртып, тірлікте араз болған, ренжіткен жайлары болса кешірім сұрап, жақындары мен балаларына өсиет қалдырып, біреуден алар алашағын, біреуге берер берешегін, тірлікте құпия ретінде сақтап келген, ерекше арнайы тапсыратын жайттарын айтады. Адамның ақырғы демі үзілгенге дейін оның көңіліне келеді деп кейінге шегеріліп, жасырылып келген біраз жайттардың басы ашылады. Бақұлдасушы адамнан қайда, қалай жерлеу, жаназаға, жуындыруға кімдер қатысуы керектігі, ғұрыптарды қалай өткізу, зираттықалай көтеру туралы сұрайды. Халық ауыз әдебиеті нұсқаларында ақынжанды жандардың өлеңмен бақұлдасқан үлгілері де кездеседі. Одан ары оның артын қалай атқаруды, жерлеу, арулауға сайлайтын адамдарын, біреуге берешегі мен біреуден алашағын айтып, дүниенің алдында баз кешкен ауқатты, қолы ұзын адамдар араздасқан адамы алыста болса да, арнайы ат-көлік жіберіп алдырып, кешірім сұрайды. Жақын ағайын мен көрші-қолаңнан осы жалған тіршілікте артық-ауыс кеткен қылықтары үшін кешірім жасауын өтінеді. Кешірген адам үш мәрте кештім деп бақұлдасушы жанның көзінше дауыстап айтады. Бақұлдасу ғұрпының қазақы ортадағы айрықша әлеуметтік мәні бар. Бақұлдасу бұ дүниеде қалған адамдарға ежелден қалыптаскан этикалық нормалар мен ұстанымдарды сақтап отырудың қажеттілігін ескертеді. Қазақы бақұлдасудың классикалық үлгісі ретінде әйгілі Әсет пен Кемпірбайдың «айтысын» айтуға болады. Бақи дүниеге аттанайын деп жатқан Кемпірбай ақын өзінің үзеңгілес, әрі сырлас жан досы Әсет ақынмен және Әсет арқылы ел-жұртпен, ағайын-туыспен былайша бақұлдасады. Әсет: нар Кемпірбай, :''Насихат аузында сөз бар Кемпірбай, :''Сырқат деп Сарыарқадан естіп келдім, :''Жақсы ма, қандай боп тұр хал, Кемпірбай? :''Аспанда айнала ұшқан сұңқар едің, :''Кез болдың жайған торға бүгін мұндай. :''Науқасың меңдеу тартты дегеннен соң, :''Жыладым бәйіт айтып үш күн ұдай. :''Дауысымды танимысың, атым Әсет, :''Мен келдім әдейі іздеп көңілің сұрай. :''Апырай, жауап қатпай кеткенің бе :''Алашқа атың шыққан қыраным-ай! :''Сәлем ал, басың көтер, кешуіңді айт, :''Адамның бірі емессің әншейін жай... Кемпірбай: :''Көңілді Әсет келді-ау көтергелі, :''Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі, :''Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын, :''Басымды жастықпенен көтер бері. :''Өлсем де «Көккептерге» бір басайын, :''Қу тақтай қос ішекті әпер бері, :''Аузыма өлерімде сөз салмасаң, :''Қонғанын өлең шіркін бекер ме еді?! ... :''Ей, Әсет осы аурудан өлем білем, :''Алланың аманатын берем білем, :''Кеудемнен көк ала үйрек «қош!» деп ұшты, :''Сол шіркін кәрі жолдас өлең білем. :''Кеудемде біраз тұрды қимай тоқтап, :''Кете алмай бөтен жаққа айналсоқтап, :''«Серігім, қош-аман бол, Кемпірбай» деп :''Жылады бұрынғы өткен күнді жоқтап. ... :''Сәлем де Арқадағы хан, қараға :''Қара Ертіс, Қарқаралы жандаралға, :''Атығай, қарауыл мен өрдегі үйсін, :''Қараөткел таныс едім екі араға. :''Семейде топырағым қалды менің, :''Дұға қыл Кемпірбайдай бейшараға, деп Кемпірбай ақын көз жұмыпты деседі. Бұл жерде ақынның өлең деп отырғаны оның шығар жаны, ал ұшқалы отырған көкала үйрек өлең-жанның символы іспеттес. == Дереккөздер == Санат:Қазақ салт-дәстүрлері Санат:Ислам мәдениеті
солға '''Титан''' (лат. ''Tіtanіum''; '''Tі''') элементтердің периодтық жүйесінің IV тобындағы хим. элемент, атомдық нөмірі 22, атомдық массасы 47,88. Табиғатта массалық саны 46 50 болатын тұрақты және жасанды жолмен алынған радиоактивті изотоптары бар. Титанды алғаш ТіО2 түрінде ағылшындық У.Грегор ашқан (1790). 1795 ж. неміс химигі М.Г. Клапрот (1743 1817) Грегор тапқан “менакит” элементі металдың табиғи тотығы ТіО2 екендігін анықтады, ал таза күйіндегі титанды нидерландық зерттеушілер А. ван Аркел мен де Бур алды (1925). Бос күйінде кездеспейді, тек оксидтер түрінде болады. Титан кең тараған элемент, жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0,57%. Құрамында титаны бар 70-тен астам минералдардың ішіндегі ең маңыздылары: рутил (оның түрөзгерістері анатаз бен буркит), ильменит, титаномагнетит, перовскит, лопарит, титанит (сфен), лейкоксен. Түсі күмістей ақ, созылғыш және берік; 882°С-тан төмен температурада кристалдық торы гексагональды тығыз жинақталған (°-Ті), одан жоғары кубтық көлемді (°-Ті); тығызд. 4,505 г/см3 (°-Ті) және 4,32 г/см3 (°-Ті), балқу 1668°С, қайнау 3330°С. Титан химиялық активті ауыспалы элемент, тотығу дәрежесі +4, сирек +3, +2. 500 550°С-қа дейінгі температурада металл бетінде оксид қабаты пайда болатындықтан ауада, теңіз суында, ылғал хлорда, хлоридтер мен азот қышқылы күкірт қышқылы мен сілтілердің сұйытылған ерітінділерінде коррозияға тұрақты. Бөлме HCl, H2SO4, CCl3COOH, HCOOH, қыздырғанда оттек (400 500°С), азот (600°С-тан жоғары), көміртек және кремниймен (1800°С-тан жоғары) әрекеттесіп, сутек және басқа да ауа газдарын өзіне сіңіреді. Фтормен 150°С-та, хлормен 300°С-та, иодпен 550°С-та әрекеттесіп, сәйкес галогенидтерін түзеді. Бор, көміртек, селен, кремниймен әрекеттесіп, металға ұқсас қосылыстар түзеді. Титан қосылыстарының балқуы қиын, өте қатты, түстері әр түрлі болып келеді. Титанды өндірісте кентас концентраттарын хлорлап, алынған TіCl4-ті магниймен (кейде натриймен) титан кірмесін (губка) алады. Оны вакуумдық доғалы пештерде балқытып, кесек металл алынады. Титан авиация, зымыран, кеме, автомобиль жасауда қолданылатын беріктігі жоғары титан құймаларын (Al, V, Mo, Mn, Cr, Sі, Fe, Sn, Zr, Nb, т.б.) дайындауға және тамақ, шарап, қағаз, бояу өнеркәсіптеріне қажетті аспаптар мен қондырғылар жасауда кеңінен қолданылады. Титан табиғатта таралуы бойынша 10-шы орында. Жер қабатындағы құрамы салмағы бойынша 0,57%, теңіз суындағы мөлшері 0,001 мг/л5. Жер қыртысында титан әрдайым төрт валентті және тек оттегі қосылыстарында кездеседі. Еркін түрде кездеседі. Титанның желдену және тұндыру жағдайында Al2O3-пен геохимиялық ұқсастығы бар. Ол жел қабығының бокситтерінде және теңіз сазды шөгінділерінде шоғырланады. Титанды тасымалдау минералдардың механикалық сынықтары түрінде және коллоид түрінде жүзеге асырылады. Салмағы бойынша 30% TiO2 дейін кейбір балшық жиналады. Титан минералдары желденуге төзімді және шашылған жерлерде ірі концентрациялар құрайды. Құрамында титан бар 100 минералдар бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы: рутил TiO2, ильменит FeTiO3, титаномагнетит FeTiO3 Fe3O4, перовскит CaTiO3, титанит (сфен) catisio5. Санат:Химиялық элементтер
БАҚЫР ШАЙҚАУ күрамында алтыны бар кснді бақырға салып шайқау. Алтын ксніп бакырга салғаи сод, оган су құйып, үн елегеп сияқты слеп, іпайқан, жайлап суын төгіп отырады. Кенді осылай сумен бірнеше рет шайып алғанда, төгілген сумен бірге үсақ кұм т.б. сыртқа шығады да, одан ірірегі, эрі ауыр алтынды түйіршіктер (шлихтар) ыдыс түбіне шөгіп қалады. Бүл тәсілді қазақ арасынан шыққан алтын іздеушілер ертеректе алтын кендері мол жерлерді анықтау үшін де қолданған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бала күтімі''' нәрестені кіндігі түскеннен кейін 40 күнге дейін кезек-кезек тұзды су мен сабын суда (аз ғана тұз салынған жылы су, су міндетті түрде қайнатылған болуы керек) шомылдырады. Шомылдырып болған соң анасы қойдың майымен аз мөлшерде ғана қолын шылап алып, белгілі бір тәртіппен баланың аяқ-қолын созып, сылап-сипайды. Егер баланың жауырыны жабысса, бала шыңғырып жылап, ұйықтай алмайды. Мұндайда қолы епті әжелер ем жасап, баланың жабысқан жауырынын ажыратады. Нәрестенің (қыз, ұл) омырауына жиналған сары суды сығып шығарады. Тәжірибелі әжелердің айтуынша, осы сары су сығылмай денесіне тарап кетсе, бала ересек болғанда бойынан қолаңса иіс шығады. Сондықтан баланы шомылдырғанда міндетті түрде осы әдетті қайталап отырады. Бұл кезде бала қатты жылайды, кейде баланың бұлай жылауы да баланың тыныс мүшелеріне және миының демалуына жақсы әсер етеді. Бала есейе келе оны ұзақ уақыт күлдіріп ойнатқанның да дәл осындай пайдасы бар екенін байырғы орта ескеріп отырған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
Бала тілеу перзентсіз ата-ананың, бала көтере алмай жүрген әйелдің әулие, қасиетті адамның зиратының басына барып, тілеуханаға түнеп, мал сойып, құдайы таратып, бала тілеп, мінәжат ету рәсімі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әйелдер Бибәтимаға жалбарынып: «Пірім, бибі Бәтима, өзің қолдай гөр, сақтай гөр» деп сыйынады. Бибі Бәтима Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қызы, халық ұғымында қысылғанда жәрдем, қиналғанда көмек берер әулие адам. Қазақтың халық ауыз әдебиеті үлгілерінде, оның ішінде байырғы эпостық жырларда ата-анасының осындай басына мал атап, қорасанға қой атап, сыйынып жалбарынудың нәтижесінде ел қорғаны болған батырлардың, еңселі ерлердің дүниеге келгендігі баяндалады. Бала сұраушы әйел жақсы нышанды түс көрсе ниеті қабыл болады деп ырымдайды. Қызылорда облысындағы экспедициялық ізденіс барысында төмендегідей мәліметті кездестірдік. Жаңақорған ауданындағы Қорасан ата бейітінің басында түнеген бір әйелдің түсінде сақалды, ақ киімді шал келіп үстіне құндыз шапан жауып кеткен. Көп ұзамай, бір ұлды, бір қызды болып, үй-іші берекеге толған деседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балакіс''' сулы жерді, өзенді мекендейтін бұлғын тәріздес жәндіктің жұмсақ түбітті ұлпасы. Оны аңның түсіне байланысты қаракіс деп те атаған. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар кіс ұлпасын жөргек орнына пайдаланған. Осы үрдіс жөнінде халық ауыз әдебиетінде біраз мәліметтер кездеседі. Әйгілі Ш.Уәлиханов нұсқасындағы Едіге жырында балакіске байланысты төмендегідей жолдар бар: ''Сен туғанда, Нұрадын, ''Қара кіске бөлеттім. ''Ал қара кіс батад деп, ''Бала кіске бөлеттім. ''Алтыннан шүмек ойдырттым, ''Күмістен түбек қойдырттым. ''Хан қасында туды деп, ''Атыңды Нұрадын қойдырттым... (Едіге жыры) == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балақ''' шалбардың, сымның, дамбалдың тізеден төменгі жағы, аузы. Атқа мініп түскенде қолайлы болу үшін шалбар, сым балағының сыртқы жағынан жырық салады. Осы жырық пен балақ шеттері айнала әдіптеліп, сәнделеді. Жарғақтан, теріден тігілген шалбарлардың балақтары кең тігіліп етік сыртынан келсе, сымның (матадан тігіледі) балағы етік қонышының ішіне салынады. Балағы үлкен шалбар түрін кеңбалақ деп атаған. Іштеннің (жылылық үшін шалбар, сым ішінен киетін дамбал түрі) балағы тарлау болып, кейде баулы да болып келеді. Антропоморфизм қағидасы бойынша киімнің үштік сипатқа байланысты бас, орта, аяқ жақ деп бөлінетіні мәлім. Осы ретте аяқ киім, киімнің етегі, балақ, жең сияқты бөліктері мифологияда төменгі әлемге қатысты деп мәртебесі жоғары емес. «Балақтағы бит басқа шықты» деген тұрақты сөз тіркесі бұрын ісі түсіп тәуелді болған біреудің, әсіресе, жақсылық көрген адамның жақсылық жасаған адамға байланысты бассыздыққа барып, өрескел әрекетке баруын білдіреді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
alt=A.| ''Бүркіт''. Сурет:Northern Goshawk ad M2.jpg|thumb| alt=A.| ''Қаршыға''. '''Балақбау''' (''Аяқбау'') қыран құстардың жіліншіктеріне тағылатын тері, былғары, жарғақ немесе қыжымнан құстың балағын ұстамай, еркін айналып тұратындай етіп жасалатын білезік (тұсамыс) пішінді арнаулы қайыс бау. Балақбауды бүлдіргеге өткермелеп құс аяғына тағады. Бүркіт балақбауының ұзындығы құстың дене бітіміне, тұлғасына сай бір-бір жарым қарыстай, жалпақтығы екі елі, ал ұсақ құстардың балақбауының білезік тұсының диаметрі екі еліден аспайды, желі бауының ұзындығы бүркіт желі бауының жартысындай ғана болады. Балақбаудың құс жіліншігін орап тұратын тұсын алақан деп атайды. Алақанның жалпақтығы екі елідей, іші жіліншікке батпайтындай астарланып, сырт жағына күміс құйма орнатады. Алақанға тағылған жұмсақ қайыстан өрілген жіңішке шолақ балақбау үнемі қыран құстың аяғында болады. Оның ұшындағы шығыршықта түйісіп, онан бір-екі құлаштай іргебау деп аталатын бау тағылады. Іргебаудың ұшындағы тобыршық (ол сүйек, мүйіз немесе қатты ағаштан жасалады) балақбаудың екі ұшындағы жез шығаршыққа өткізіліп тиектеледі. Саят кезінде аңға саларда іргебауды тобыршығынан тартып, шығыршықтан оп-оңай әрі жылдам суырып алады. Қолбала құсты аң аулауға баулу кезінде, шырға салғанда құс «қайта көтеріліп» (қашып) ұшып кетпес үшін ұзындығы оншақты құлаш шыжымды іргебауға қосып байлайды. Шыжым көбінесе жаз маусымында үй маңында ұстағанда, асау бүркітті шырғаға түсуге үйреткенде тағылады. Аттың тұсамысы тәрізді балақбау мен шолақбау құсты тұғырға қондырғанда, атпен алып жүргенде, жем тарттырған кезде құстың аяқтарының еркін қозғалуына, құсбегінің ұстап отыруына жағдай жасайды. Саятқа шыққан кезде іргебауды шешіп алады да, беліне тағады, суық кездері тақымын, етегін буып алады. Аңға жіберген кезде міндетті түрде шешіп алады. Себебі саят құсы аңға шүйліккенде, жер бауырлай ұшқанда жартастың жақпарына, ағаштың айырына ілінсе құс қимылына кедергі жасайды, тіптен оны мерт етуі кәдік. Аңға да осы баумен ұшады, қашып кеткен жағдайда аяғында байланып жүрген балақбау арқылы тұз бүркітінен оңай ажыратады және оны қайтадан оңай-ақ ұстап алады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баланы атқа мінгізу''' ата-аналардың баласының алғаш атқа міну қуанышына жасайтын тойы. Қозы жаю сияқты т.б. ұсақ шаруашылыққа қолқабыс ете бастауын айқындайтын тіршілік цикліне байланысты атқарылатын ғұрыптардың бірі. Ата-ана үшін жеткіншегінің жетілуі, әр кезеңі жаңаша қуаныш, келер күннің жақсы үміті. Баланы атқа мінгізетін күні ауыл адамдары түгел жиналады. Атқа мінгізу жоралғысы бала 5-6 жасқа келгенде жасалады. Аттың жал-құйрығына, бастан-аяқ жаңа киім киген баланың баскиіміне, шапанына арқасына шоқтап үкі тағылады. Үкі қазақ ұғымында «зиянды күштердің залалын қағатын құс». Балаға арнайы дайындаған ашамай ер атқа ерттеледі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баланы ауыздандыру''' жаңа туған жас нәрестені емуге үйрету. Кіндік шеше қойдың піскен құйрық майын таспалап тіліп, бір ұшын нәрестенің аузына салып, екінші бір ұшын өзі ұстап отырып, баланы соруға, емуге үйретеді. Алғашында баланың құйрық майды екі-үш рет соруға ғана шамасы келетіндіктен, кіндік шеше құйрық майды сорпаға дамыл-дамыл салып алып, аузына қайта салады. Осындай жолмен баланы соруға үйретеді. Мұның екінші бір пайдасы құйрықпен ауызданған баланың ішінде жел болмайды. Қазақта жас нәрестені міндетті түрде шешесі емізеді, бірақ шешесінің сүті жетпей жатқан жағдайда баланы осылайша жасанды жолмен емізеді. Бұдан басқа жасанды жолмен баланы емізу жолы мынадай: сойылған ешкі емшегінің үрпін немесе ішек пен қарынды кесіп алып, оны сиыр мүйізінің сүйір ұшына кигізеді. Осындай жолмен жасалған емізікке қайнатылған сиыр немесе қой сүті құйылады. Бұл жағдайда да балаға емшек бермес бұрын, баланың аузына май береді, аузын қойдың құйрық майымен майлайды. Қазақ салтында жаңа туған баланы ауыздандырарда жеті жұрттың тілін білсін деп сауысқанның тілімен, күйші болсын деп домбыраның құлағымен, қойшы болсын деп қойдың құйрығымен, жауырыншы болсын деп жауырынмен ауыздандырады (кейін мойын омыртқа сияқты сол жауырынды іліп қояды). Дәстүрлі ортада ана баланы емізгенде етегін көтеріп емізбеген, әйел адам үй шаруасымен көбірек етегін көтеріп емізуді адалдыққа жатқызбаған. Қазақы ортада «адал сүт емген», «ана сүтінен дарыған» деген сөз тіркестері халқына адал қызмет еткен азаматтарға қарата айтылып жатады. Баласының адал азамат болып жетілуі ата-ананың арманы, сондықтан да баланы емізгенде анасы ғұсылсыз болмауы тиіс деген қағида байырғы қазақ қауымында берік орнаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Адам азықтануы
'''Баланы сынау''' баланың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өскенде қандай адам болатынын болжау, жорамалдау; баланың болмысына баға беру. Қазақ адамның адамгершілігін, кісілік мәдениетін оның әрбір іс-қимылынан, емеурінінен байқаған. Адамның жүріс-тұрыс, бет-бейнесі, қимыл-қылығы, аман-сәлемі, әдеп-ибасы, қонақ күтуі т.б. қасиеттеріне қарап, оның қандай адам, қандай ниет-мақсаттағы жан екенін аңғара білген. Тіпті бесікте жатқан сәбилерді бағадарлап, оның болашақта қандай адам дейін алдын ала жорамалдап, өз бағаларын беріп отырған. Мәселен, емгенде анасының бос емшегін тас қылып ұстап алып емген баланы «есейгенде сараң болады» десе, омырауға жабыспай емген баланы қолы ашық, жомарт болады» деп жорамалдайды. Ал ұйықтағанда көзін толық жұмбай ұйықтайтын ер балаларды «есейгенде сұлу жар құшады» десе, көзін толық жұмбай ұйықтайтын қыз балалардың «серігі сері болады» деп тұспалдайды. Үнемі жастықтың үстіне шығып алып, жастықты басып ұйықтайтын бала есейгенде «бай-бақытты»; басын бүркеп алып ұйықтайтын баланы «бұйығы, сылбыр, ынжық»; бүк түсіп, қол-аяғын бауырына басып жататын баланы «уайымшыл, тұйық, бір тоға»; етбетінен жататын баланы «қызғаншақ»; қол-аяғын жан-жаққа керіп тастап, шалқалай ұйықтайтын баланы «төрт түлігі сай, ақыл-ойы терең адам» болады деп тұжырымдайды. Ал кейбір сыншылар: «Кісі болар баланы кісесінен білерсің, aт болатын құлынды мүшесінен білерсің» деп балалардың сыртқы қарап та сынай білген. Мәселен, бала дөң жауырынды, сом денелі келсе батыр, балуан; мандайы кең болса білімді, жайдары; құлағы үлкен әрі қалқиған болса бақ-талайлы, домбырашы; саусақтары сүйрік әрі нәзік болса ісмер, күйші, биші; маңдайы тар болса ашушаң, күйгелек, қызғаншақ; аузы мен құлағының арасы жақын болса аузына сөз тұрмас өсекші, ал алыс болса сөзге сараң, іске шөгел; желкесі шұңқыр болса жалқау, жайбасар т.б. деген сияқты болжамдар жасаған. == Балаға қатысты ырым-тыйымдар мен әдет-ғұрыптар == Баланың дүниеге келуін қамтамасыз ету, аман-есен өсіріп, бағып-қағуға байланысты ұстанымдар мәні жағынан тіршілік цикліндегі әлеуметтік мәртебені айқындаушы әдет- ғұрыптардан құралады. Баланы басты байлық санайтын қазақтың балаға деген ықылас-ниеті, бағым күтімі, басы әйел бала көтергеннен басталады. Бала бойға біткеннен басталатын құрсақ той (құрсақ шашу) баланың дүниеге келуі мен өсу кезеңіне, жасына байланысты ғұрыптарға жалғасып, жарыс қазан, көген құру, көтеріп алу, кіндік кесу, құйрық ботқа, сүндеттеу, атқа мінгізу, тоқымқағар сияқты атқарылады. Анасына баланы көтеру мерзімі ұзаққа созылады деп түйе етін, баланың ерні қоянжырық болады деп қоянның етін, сақау болады деп балық етін жеуге тыйым салған. Баланың денесіне бөртпе шығады деп кіндігі түспей тұрғанда үйден күл шығармай, қапқа салып отырады. Баланың кіндігін аттай жүйрік болсын деп жылқының жалына байлап қояды. Бала қырқынан шыққанға дейін қасқырдай қайратты болсын деп қасқырдың аузынан өткізу (езуін айналдыра бүтіндей кесіп алып сақтап қояды) рәсімдерін жасаған. Аяғы ауыр келінге ырымдатып отқа май құйғызғанда, от ағарып ұзын жанса ұл бала болғаны, қызарып жанса қыз бала болады деп ұғынған. Толғақ жетпей тұрса, май ұзарып жанады. Баланың жолдасына асық ойнайтын бала жалғассын деген тілекпен екі асық қосып, табалдырық астына көмеді. Тіл-көз тимеу үшін босағаға жеті түрлі шүберек байлап, ине шаншып қояды. Толғақ басталғанда есікке, терезеге пышақ, ине шаншып қояды. Бала туған үйде баланы бесікке салушы әйел бесіктің барлық жабдығын орын-орнына қойып, әбден жасап алған соң, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақ, қант-кәмпит, күміс ақшаны уыстап алып бесіктің түбек байланатын тесігінен төмен өткізігі, бесік астынан қолын тосқан әйелдерге береді, жиналған бала-шаға, отырған әйелдер оны өзара үлесіп алады, осылайша тышты ма салтын орындайды. Балалы болғысы келген жас әйелдер, әлі бала таппаған жас келіншектер ырым етіп, үлкен сеніммен шашудан дәм татады. Алматы облысынан жиналған кейбір деректерде кіндікті кейде өздері араласатын, жақсы көретін бала тумаған әйелдерге беретіндігі туралы мәліметтер кездеседі. Х. Арғынбаевтың еңбегінде кейбір ырымшыл кемпірлердің кіндікті етпен қоса қуырып, бала таппай жүрген әйелдерге жегізетіні туралы айтылады. Бала таппай жүрген әйелдерге баланың кіндігін ғана емес, сүндетке отырғызғанда алынатын кесіндіңі жегізу (білдіртпей, көрсетпей) Ташкент облысы қазақтарында көптеп кездеседі екен. Баланы қырқынан шығарып ит көйлегін ауыстырғанда оны бойына бала бітпей жүрген әйелдер арнайы сұрап алатын дәстүр бар. Оларға баланың анасы ит көйлекті бүтіндей бере салмай, жыртып береді. Бір ғана бала тісіне және аяғына қатысты жосындардың өзі біршама: шілдехана, aт қою, бесікке салу, шаш aлy, қырқынан шығару, тұсау кесер, шідерге енгізу, бала тістей бастағанда түскен тісін кесек ет, май немесе бауырсаққа тығып, тісі иттің тісіндей өткір, мықты болсын деп итке асатады. Сондай-ақ көктей өссін деп жеміс ағашының түбіне көмеді, таудай бол деп тауға қарата лақтырады. Бала тісі періште бұйымы ретінде есіктен кіретін түрлі пәле-жала, қасқой күштерден қағып тұрады делініп, есік жақтауы арасына да қыстырылады. Кішкентай бала табаққа аяғын салса тоқшылық белгісі (қолын салса, керісінше) деп түсініледі. Баланың алғашқы нақтылап айтқан сөзі үшін де сүйінші сұрап, көршілері, дос-жарандары тана тағып, дастарқан жайып, атап өтеді. Еңбектей бастағанда бауырын жерден тез көтерсін деп бауырынан табақ өткізіп алу, аяғын апыл-тапыл баса бастаған кезде де жүйрік болсын деп сирақ асып, бұтының арасынан өткізіп алу (бауыр аяқ) сияқты т.б. ырымдар көптеп саналады. Бала отырып бастағанда: ''Отырсын, балам отырсын, ''Құшағын гүлге толтырсын. Ұйқысын алып кетеді деп нәрестені бөлеп болғанша үйден кісі шығармайды. Нәрестені тіл-кезден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жылан басын, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қояды. Егер көз тиді деп секем алған жағдайда күдіктенген адамының киімінен өзіне білдірмей кішкене қиынды қиып алып түтетеді. Нәрестенің ата-анасы әлдебіреудің нәрестеге сұқтана қарағанын байқап қалса, балаң балпанақтай екен деген сөзін көңіліне алған жағдайда, іле-шала оған түкірту ырымын жасатады. «Көзінде қалы бар адамның қарағы тегін жібермейді» деп, үйге осындай белгісі бар адамның келуінен қатты сақтанады. Нәресте сұлқ түсіп, қатты ауырып қалған кезде, осының көзі тиді-ау деген адамды таптырып алып, оған түкіртеді. Басқа сан түрлі ұшықтау ырымдарын жасайды. Нәрестеге жұрттың назары түспеуі үшін оны көзден тасалап, оған көбінесе жаман-жәутік, ескі-кұсқы кигізіп, бет-аузына әдейі күйе жағып қояды. == Төрге аунату ырымы == Баланы төрге аунату ырымның бір түрі. Дәстүрлі ортада бала босағадан кіріп келе жатып, сүрініп кетсе, «олжа келді, олжа келді, олжасын көтере алмай келе жатыр, төрге аунат, олжа төрге жұқсын» деп үлкендер баланы төрге апарып аунатады. Баланы періштеге санайтындықтан үйге баламен бірге құт кірді деп ырымдап, құтты төрге, яғни үйге орнықтыруды меңзейтін магиялық ырым. == Оң аяқ көтеру ырымы == Баланың он аяғын көтеруі қандай да бір істің білу үшін балаға «аяғыңды көтерші» деп сұрап болжам жасау ырымы. Бала айтқан бойда өзінше гуілдеп, күліп, оң аяғын көтере қалса, өтінуші тілегім орындалатын болды деп қуанады, ісім оңынан, асығым алшысынан түсетін болды деп ырымдайды. == Баланың жол қарау (жол ашу) ырымы== Бір-екі жастағы кішкентай баланың екі қолымен жер тіреп, басын еңкейтіп, екі аяғының арасымен қарап тоңқаюы. Баланың осы қимылын жол қарады, қонақ келеді деп ырымдайды. == Тілін шығару ырымы == Баланың тілін шығаруы сәбидің өздігінен қайта-қайта еркінен тыс тілін шығара беруін алыстан хат не хабар келеді деп ырым қылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баланы қиып емдеу''' баланың тамырларын күміс теңгемен баса отырып, қиып емдеу. Балаға шыр бітпей, ыстығы біресе көтеріліп, біресе түсіп, іші өтіп мазасызданады. Баланың ұйқысы бұзылғандықтан, тәбеті де нашарлайды. Көз арасындағы, білектеріндегі, алақан, жауырын, бел омыртқаларының екі жанындағы, тобық асты және өкше тамырлары нәрестенің нәзік терісінен шодырайып көрініп тұрады. Қазақы ортада қариялар бұлай ауырған баланы «қой ауруына» шалдыққан деседі. Мұндай ауруға көбінесе бір жас пен үш жас аралығындағы балалар шалдығады. Дәстүрлі ортада «қой ауруын» жоғарыда айтылғандай, күміс теңгенің көмегімен тамырларды баса отырып, қиып емдейді. Ем жел тимейтіндей жылы үйде, бір жақ қыры аздап егелген күміс теңгенің көмегімен жасалады. Баланы жөргегіне етбетінен жатқызып, жауырын омыртқаларының екі жағын жағалай және өкше тамырларын, содан соң шалқасынан жатқызып, екі көз аралық, алақан, тобық үстіндегі тамырларына күміс теңгені батыра басып шығады. Ем жасалып болғаннан соң, жел тисе жел ауруына ұласуы мүмкін болғандықтан, тез арада жылы орап, терлетуге тырысады. Егер бала терлесе, ауруынан тез айығып кетеді. Баланы қиып емдеу жаз айларында, күннің ыстық кездерінде жасалады. Мұндай емді емшіліктің қыр-сырын жақсы меңгерген, емшілік қасиеті бар дәстүрлі емшілер жасайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Валерий Алексеевич Тихоненко''' (19 тамыз 1964 жыл ӨзКСР-інің Ангрен қаласында туған) кеңес ресей баскетболшысы. == Фактілер == Бойы 207 см. 1988 жылдан бастап КСРО еңбегі сіңген спорт шебері. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген, 2011 жылдан бастап «Астана» қазақ баскетбол клубының бас менеджері. Украин. Әкесі Тихоненко Алексей Михайлович, марқұм, монтажшы болып жұмыс істеген. Анасы Тихоненко Валентина Михайловна, үй шаруасымен айналысады. == Жетістіктері == *2000 жылдан «ЦСКА» (Мәскеу), «Динамо» (Мәскеу), ӘӘК ОСК (Самара) командаларының баскетбол бойынша аға жаттықтырушысы. *2002 жылдан Филадельфиядағы Сан-Джозеф университетінде және «Даллас Маверикее» NBA баскетбол клубында машықтанушы. Қайтып келгеннен кейін «Динамо» (Мәскеу), «Самара» ӘӘК ЦСКА(Самара) баскетбол клубтарына басшылық еткен. *2009 жылдан бері Ресейдің баскетбол бойынша әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы. *«ЦСКА» (Мәскеу, 1985-1987, 1997-2000), ӘСК (Алматы, 1988-1990), *«Фелателико форумы» (Вальядолит, Испания, 1990-1991), *«Каха де Ронда» (Испания, 1991-1992), «Аргал Хуэска» (Испания, 1992-1993), *«Спартак» (Мәскеу, Ресей, 1993-1994), *«Арсенал» (Тула, Ресей), ӘӘК ОСК (Самара, РФ) командаларының атынан жарыстарға қатысқан. *1986 жылы «Атланте Хоукс» NBА клубының драфтында болған (АҚШ). *Олимпиада чемпионы (Сеул, 1988); *Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1986, 1990, 1998); *Еуропа чемпионы (1985); *Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1987); *Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (1989); *«Достық-84» халықаралық турнирінің жеңімпазы, КСРО, Ресей чемпионы (1997-1998, 1998-1999, 1999-2000). *КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері (1988). == Марапаттары == Үш мәрте РФ үздік баскетболшысы ретінде мойындалған. «Достық», «Құрмет белгісі», Халықтар достығы ордендерімен; «Еңбектегі озаттығы үшін» медалімен марапатталған. Әскери атағы подполковник. == Отбасы == Үйленген. Жұбайы Тихоненко Виктория Львовна (1975 ж. т.). Ұлдары Иван (1992 ж. т.), Марк(1998 ж. т.), Клим (2001 ж. т.), Глеб (2003 ж. т.). ==Дереккөздер== Санат:Алфавит бойынша баскетболшылар Санат:КСРО баскетболшылары Санат:Ресей баскетболшылары Санат:Қазақстан баскетболшылары Санат:19 тамызда туғандар Санат:1964 жылы туғандар Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:КСРО-ның Олимпиада чемпиондары Санат:Ангренде туғандар Санат:Достық орденінің (Ресей) иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Еңбекте үздік шыққаны үшін медалінің иегерлері Олимпиада чемпиондары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының баскетболшылары Санат:1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының баскетболшылары Еуропа чемпиондары Санат:ЦСКА БК (Алматы) ойыншылары Санат:ЦСКА БК (Мәскеу) ойыншылары БК ойыншылары Санат:Уникаха Малага БК ойыншылары Санат:Хуэска БК ойыншылары Санат:Арсенал БК (Тула) ойыншылары Ресей Санат:ЦСКА БК (Мәскеу) Санат:Динамо БК (Мәскеу) Санат:Самара БК Ресей әйелдер құрамасының Санат:Қазақтың спорт және туризм академиясы түлектері Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегерлері Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары
'''Баланы құндақтау''' қол-аяғы түзу, қалыпты жетілуі үшін баланы шыттан тігілген матамен жөргектеу. Бала дүниеге келгеннен соң, кіндігі түспей тұрып-ақ, баланы шыт матадан тігілген жөргекпен құндақтайды. Шыт мата пайдаланатын себебі ол салқын, баланың денесін терлетпейді. Құндақтау туралы қысқаша: ені де, ұзындығы да бір жарым метр болатын шыт матадан тігілген жөргектер пайдалалынады. Бесікте жатып үйренген бала құндақсыз ұйықтамайды. Ұзақ жолға шыққанда, қонақта болғанда баланы бесіксіз-ақ құндақтап жатқызып ұйықтатуға болады. Бұрынғы дәстүрлі ортада баланы құндақтағанда екі аяғының ортасына әдейілеп мақта, кейде жұмсақ шыт мата койған, себебі, осылай құндақтаса баланың аяғы талтақтау болып жетіледі де, өскенде атқа мінгенде ыңғайлы болады деп білген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баланы қырқынан шығару''' тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс адалдықтың белгісі, күміс салыпған су ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды. Қырық шелпек пісіріп, келген қауымға таратады. Кейбір өңірлерде оның бірнешеуін бесікке тізеді, оны қасқой кемпір шымшысын деп ырымдайтын болғандықтан, шымшыма нан деп атайды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, сөлкебайларды бөлісіп алады. Баланы шомылдырып болған соң, «қарын шашын» алып, ақ шүберекке түйіп, тұмарша етіп, баланың оң жақ иығына немесе бесігіне қадап қояды, ал «сүт тырнағын» адам баспайтын жерге немесе «ұрпағы көп болсын», деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды. Осы күні баланың ит көйлегі шешіледі. Ит көйлегіне әр алуан тәтті түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөліп жейді. Баланың ит жейдесін киелі санап, ақсақалдар алыс жолға шыққанда, дауға барғанда қойындарына тығып алып жүрген. Бала таппаған, үнемі түсік тастаған әйелдер оны басына жастап жатады екен. Байырғы орта түсінігінде берілетін әшекейлер баланың денсаулығы мен өмірінің ақысы болып баланың анасы немесе әжесі «қырқынан шығару» мерекесіне келген әйелдерді, кіндік шешені ренжітпей, риза қылып, қалауын беріп аттандырған. == Баланың қырқынан шығаруда орындалатын салт-дәстүрлер == === Ұл баланы қырқынан шығару мерзімі === Ұл баланы қырқынан 37, 39 күнде шығарады. Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетте істеледі. Ұлбаланы ерте жетіледі, жылдам өседі деген түсінікпен 40 күн толмай жатып қырқынан шығарған. === Қыз баланы қырқынан шығару мерзімі === Қыз баланы қырық күннен асырып 42-44 күнде қырқынан шығарады. Қыз бала, жеңілтек болып кетпесін, байсалды, ибалы да инабатты, орнықты болсын деп анық қырық күн (жұп санда 40, 42, 44) толғаннан кейін қырқынан шығару рәсімін орындаған. === Баланы шомылдыру === Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып теңгелер салған суға баланы шомылдырады. === Сүт тырнағын алу === Баланың тырнағын алғаннан соң адам баспайтын жерге көміп тастайды. === Қарын шашын алу === Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп тігіп баланың оң иығына қадайды. Жалпы баланың шашын еш уақытта ашық-шашық жерге тастамайды. Адам аяғы баспайтын жерге көміп отырады. "Қарын шаштың қарғысы қатты болады" деген мақал да осы салтқа байланысты. === Ит көйлегін ауыстыру === Баланың қырқынан шыққанша киетін "ит көйлегіне" сәбиді қырқынан шығару үстінде түлі тәттілерді түйіп бір иттің мойнына Байлап қоя береді. Жас балалар итті қуып жетіп тәттілерді өзара бөлісіп алады. Бойына бала бітпей жүрген әйелдер қалап алатын дәстүр бар. Баланың анасы ит көйлекті жыртып береді. == Дереккөздер == Санат:Қазақ салт-дәстүрлері
'''Баланы сылау''' баланың денесіне қой майын жағып сылап-сипау. Қазақ жас нәрестенің күтіміне ерекше назар аударып, оның өмірге қалыптасу барысына жете мән берген. «Қар қылаумен, бала сылаумен өседі» деп, бала өздігінен талпынып жүргенге дейін ауық-ауық қой майымен сылап отырған. Нәресте дүниеге келмей тұрып-ақ ана оған қажетті керек- жарақты біртіндеп дайындап қояды. Соның бірі сылаумай. Сылаумайды әртүрлі жолмен дайындайды. Тортасынан айырған майды таза ыдысқа құйып, салқын жерге қойып тоңазытады. Одан соң ыдыстың бетін жауып, шаң-тозаң түсірмей сақтайды. Кейде қой кұйрығының күнтимес деп аталатын ішкі жағын қуыру арқылы да сылақ майын алады. Ал кейбірде жылқының тұздалмаған қазы майымен де сылайды. Нәрестені сумен жуындырған соң, жылытылған сылақ маймен жайлап сылайды. Май баланың денесіне әбден сіңіп болған соң баланы шалқасынан жатқызып, «менің қолым емес, пірім бибі Бәтима, Ұмай ананың қолы» деп бастап, «маңдайың жазық болсын» деп маңдайын жоғары қарай, «қасың қалың болсын» деп екі қастың үстінен бас бармағын жүргізе отырып сипайды, «қыр мұрынды, жігіттің сұлтаны бол, құлыным» деп екі көздің арасынан бастап, мұрынның ұшына дейін екі саусағын сипап жүргізеді. Денесінің құрыстырысын жазып, дене мүшелерін, мысалы, оң аяғын, оң қолын солға, сол аяқ, сол қолын оңға қарай «өс, өс, балам, өс» деп, еппен тартып созады. «Бір мойын болмасын» (мойны мен иығы қысыңқы болса, оны бір мойын деп атайды), «мойны ұзын болсын» деп, баласының екі жағының астынан алақанымен ұстайды. Сонан соң етбетінен жатқызып «омыртқаң тік, аяғың түзу болсын» деп омыртқа тұсы мен белінен төмен қарай аяғының ұшына дейін ұзына бойлата сылайды. «Саусақтарың салалы болсын» деп саусақтарын бір-бірлеп сипай отырып сылайды. Бір аяқ және бір қолынан ұстап «өс, өс» деп жайлап созып тартып: ''Өс-өс, өс! ''Үйден пәле көш! ''Тәу-тәу, тәу! ''Сыламақ менен, ''Шираң сенен! ''Менің қолым емес, ''Бибәтима пірімнің қолы! ''Тастай мық бол! ''Темірдей төзімді бол! ''Сүттен ақ бол! ''Судан пәк бол! ''Дерт атаулы кірмесін ''Ақ бөпеме тимесін! ''Өс-өс, өс! ''Үйден пәле көш! деп игі тілектерін білдіреді. Кейде: ''Бет-аузың сопаң болмасын, ''Aт жақты бол! ''Мұрның қырдай болсын! ''Маңдайың жазық болсын! ''Мойның құрықтай болсын! ''Бойың сырықтай болсын! ''Қолдарың салалы болсын! ''Құлағың бүрік болмасын, түрік болсын! деп тілек білдіреді. Ал енді бірде әжелер былай дейді: ''... Сыламақ менен, ''Мықты болмақ сенен! ''Жауырының жабыспасын, ''Қабырғаң қабыспасын, ''Өс-өс, өс! Кейде екі қолын екі жаққа созып «қаздың қанатын берсін», екі аяғын соза сілкілеп «тырнаның аяғын берсін» деп тілек әрі жұбату айтып, бала денесінің қырыс-тырысын жазып, тамыры мен буын-сіңірін жетілдіріп, биологиялық белсенді нүктелерін оятып сергітеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баланы тақымнан өткізу''' жақсылығы жұғысты болсын деген ниетпен жас баланы елге елеулі бай-бағлан, би-шешен, батыр-балуан адамдардың үзеңгісінің астынан өткізіп алу ырымы. Ырыс жұғысты болады деп байырғы орта перзентіне ұлық адамның құты жұғады деп түсінген әрі бұл рәсім белгілі дәрежеде ырым бойынша «қайта туу» тұспалын білдіреді. Сондай-ақ баласы тоқтамай жүрген жағдайда жаңа туған нәрестені көп балалы кемпірдің тақымынан өткізіп алатын да ғұрып бар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баланы ұшықтау''' аластап емдеудің түрі. Көз тиіп не суық тиіп, астан ұшынып ауырған баланы, көнекөз қариялардың айтуынша, ұшықтап емдеудің бірнеше түрі бар. Балаға көздің тиюі де екі түрлі деседі. Егер ер адамның көзі тисе, баланың денесі суып, өзінен-өзі мазасызданым, кіші дәретке жиі-жиі отырады, қолға тұрмай шалқалап жылайды. Егер әйел адамның көзі тисе, керісінше, баланың денесі қызып, шырқырап жылап, тәбеті нашарлап, мүлдем емшек ембей қояды. Мұндай жағдайда әжелер немерелерін тезірек ұшықтауға кіріседі. Кесеге су құйып, оның ішіне жеті тал қара бұрыш салып, анасы баланы сыртқа шығарып ұстап тұрады немесе өзі отыра алатын бала болса өзін отырғызады да, баланы айнала жүріп, бұрыш салынған суды ұрттап балаға бүрку арқылы ұшықтайды. Ұшықтай жүріп «көзі тигеннің көзі шықсын, тілі тигеннің тілі кесілсін» деп көзі тиген адамға қарғыс сөздерін бағыштап айта жүреді. Әбден кеседегі су таусылғанша осылай бірнеше қайталап ұшықтап, содан соң «ауруды саттың ба?» деп сұрайды, баланың анасы «саттық, саттық» деп тез арада үйге кіреді. «Ауруын сатты» деп бапаны жеңсізінің етегімен қағып-қағып жіберіп, кесені жерге төңкеріп тастайды. Баланы жатқызып үстіне жеті киім жабады. Біраздан соң бала терлеп, ауруынан айығып кетеді. Бала астан ұшынып, тәбеті болмай ауырса, әжесі баланы «сәрсенбінің сәтті күні, сәтін бере гөр» деп, баланы таңертең ерте киіндіріп алып шығып, көк шөптің үстінде жүргізеді. Біраз жүргізген соң жерге домапата аунатады. «Жер ана өзің шипа бере гөр, пірім бибі Бәтима» деп тәу ете жүріп, ұшықтауды бірнеше рет қайталайды. Ұшықтап болған соң баланың үстіне жеті киім жауып жатқызады. Бала біраздан кейін өзі-ақ қарнының ашқанын білдіреді. Бала бірдеңеден шошынғанда да осылай ұшықтайды. Ұшықтауды да кез келген қариялар жасай бермейді. Арғы ата тегінде емшілік қасиеті бар кісі ғана ұшықтайды. Қарт әжелердің айтуынша, егер кісі өз-өзіне сенімсіз қалыпта бала ұшықтаса, оның аяқ-қолы сырқырап, өзінен- өзі қысылып, көздері жасаурап, дел-сал халіне түседі. Мұндай жағдайда тез арада жеті шелпек нан пісіріп, ата-бабаларының аруағына бағыштап Құран оқытады. Әлденеден ұшынып сескенген жаңа туған баланы ұшықтауда «тіл-сұңқа» қарсы тұз, пышақтан ұшынса пышақ, бір уыс топырақ алып, осы үш затпен сәбиді ұшықтап, үстінен айналдырып, түкіртіп, күре жолға апарып, оң жақтан басынан асыра: «Мына баланың ұшығын кетір, ғұмырын ұзақ қыл» деп, жол айырығына лақтырады. Абайсызда құлаған баланы шошынудан, пәле жабысудан сақтау үшін баланың құлаған жеріне алақанын тигізіп, сонан соң «ұшық, ұшық, тәңірім, бәледен сақтай гөр, көзге пәледен сақтай гөр» деп, алақанын баланың ауырсынған жеріне тигізеді. Осылай үш рет қайталайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баланы шомылдыру''' баланы қырқынан шыққанша күн сайын суға түсіру. Әу баста шыр етіп дүниеге келген кезде кіндік шешесі баланы жылы суға шомылдырып, құлақ, мұрынын, денесіндегі бала жолдасының шырышынан тазартады. Осы жұмыстар атқарылып болғанша анасы да тазаланып, таза киімдерін киіп, баласын емуге үйретеді. Бала дүниеге келген күннен бастап қыркынан шыққанша күн сайын шомылдырып, сылап-сипайды. Ертеде бала туа салысымен ерніне қойдың құйрық майын жағып, күш-қуат береді, қан толтырады деп қалжаға сойылған қойдың алғашқы қан көбігіне шомылдырған. Баланы қыркынан шыққанша тұзды және сабынды суға кезек-кезек шомылдырады. Анасы немесе әжесі баланы арқасынан демеп тегенеге отырғызып, баланы жуындыруды маңдайынан бастайды. Көзін жуғанда сұқ саусағының жұмсақ басымен көздің сыртқы қиығынан ішке қарай сипай жуады. Себебі, баланың көзіне жиналған былшық, баланың көз алмасына кедергісін тигізбей, сыртқатез шығады. Баланы баптауда тәжірибесі мол аналар баланың көзін керісінше, ішінен сыртқы қиығына қаратып жууға тыйым салады. Өйткені, баланың көзіне жиналған былшық көзінің алмасына кедергісін тигізіп, батуы мүмкін. Баланың бетін жуғанда да алақанын сыртқа қарай жүргізеді, яғни, танауының жанынан бастап құлақ тұсына дейін сипай жуады. Әсіресе, баланың танауын, құлағын жуғанда ептілік керек, себебі нәрестенің танау, құлақ шеміршектері өте қатты болады. Танауын екі жағынан қысып жуса, жылап жібереді. Сондықтан баланың танауы бітелсе анасының сүтін тамызу арқылы тазалайды. Баланың қолтығын, шабын, қол-аяғының саусақтарынығ араларын ашып әбден жуу керек. Себебі, баланың қолтығы, шабы, саусақтарының арасы тез қызарып, қиылғыш келеді. Баланың арқасын жуарда анасы сол қолымен баланың көкірек тұсынан демеп екпсітегеді. Екі тізесімен отырғызып аяқтарын артқа қаратып, аяғының бастарын сыртқа қаратады. Бұлай отырғызу баланың омыртқа және жамбас сүйектеріне өте пайдалы, баланың буындарының, бұлшық еттерінің жақсы жетілуіне септігін тигізеді. Жуындырып болған соң құлағын, кіндігін қайта тазалап, кіндігінің түбіне қойдың майынан аз мөлшерде жағып қояды. Себебі, қойдың майы кіндіктің желденуінен сақтайды. Әбден жуындырып болған соң баланы сылап-сипауға кіріседі. Баланы дұрыс жуындыра, сылай білу, оның дене тұрқының дұрыс, сымбатты болып жетілуіне бірден-бір септігін тигізеді. «Баланы сылау әсіреді, қарды қылау өсіреді» деген мәтел осыдан шыққан. Бала қыркынан шыққанда қырық қасық суға күміс теңгелер және күміс сөлкебай салып, кей өңірлерде «бала өскенде бай болсын», деп қойдың кепкен құмалағын, «ұрпағы шөптей көп болсын», деп көк шөп қосып шомылдырады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баланың екінші есімге ие болуы''' баланың лақап ат иеленуі. Ежелгі дүниетанымда баланың аты-жөні оның жанымен тікелей байланыста деп түсіндірілген. Егер оның ныспысын қаской күштер біліп қойса, оны дуалауы мүмкін деген ұғым болған. Баланың азан шақырып қойған атын айтпай, оны еркелетіп басқаша атау қалыптасқан. Мысалы, Абай Ибраһим, Қабанбай Ерасыл, Шоқан Мұқағали Мұхаммедқали т.б. Бала ержеткен күннің өзінде, оған өзгеше лақап аттар тағылатын болған. Басқаша айтқанда, ол кәмелеттік сынақтан өтіп, «алғашқы ерлігін» жасап, жұрттың көзіне түскенде оған «титул» ат таңылатын. Мәселен, Әбілмансұр Сабалақ деген есіммен ержетеді де, жекпе-жекте Шарышты өлтірген соң Абылай деген мәртебелі есім қойылады. Көбінесе бала «өтпелі кезеңдерде» (іште, шілдехана, қырқынан шығу қарсаңында, сүндет) тұрғанда сырт көзден оқшаулап, оның атын, жынысын жасырып, тұспал сөздермен жеткізеді. Үлкен адамдардың ішінде баласы бар жас келіншектің қалпын тура айтпай, «ішінде өкпесі бар», «бойында тікені бар» деп тұспалдап сөйлейтін әдеті, сәбиді «шикі өкпе», «тұя», «күл шашар», «төре» деп тергеу салты да осы негізде туған. Ұл бала туса «құрық ұстар» (шырақ жағар), қыз бала туса «кесте тігер» (ат байлар) деп ишарамен жеткізіп, жыныстық белгісін тура айтпайтын болған. Адам қайтыс болганда оның шын атын айтып, жаназасын шығарады. Яғни пәни дүниеде адам жалған аттарымен жүреді де, бақилық болғанда алғашқы өмірге келгенде қойылған шын атымен аттанатын болған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баланың шашын алу''' сәбидің ана құрсағында жатқанда шыкқан шашын қию, алу. Жас нәрестенің ана құрсағында жатқанда өскен шашын қарын шаш дейді. Қарын шаш алу мерзімі ата-ананың ұстанған әдетіне орай әртүрлі болады. Көптеген ата-аналар қарын шашты бір жыл ішінде алады. Баланың тілі шығып, есейген соң тілек айтып, той жасап алатындар да бар. Ата-ана баласының шашын алатынын ауыл үй-ағайындарына жариялап, мал сойып, дәм татқызады. Кейбір ауқатты адамдар ұзақ уакыт жүріп көрген немесе ұңғышының әлде кенжесінің, яки болмаса жалғыз ұлының шашын ат шаптырып, думанды той жасап алған. Қарын шашты баланың әкесі немесе сыйлы ақсақалдардың бірі таза, өткір ұстарамен қырып алып, кекіл немесе тұлым қояды. Мандай тұсқа қойылған селдір шаш кекіл, екі шекеге қойылатын шоқ тал шаш тұлым, төбеге қойылған шаш айдар деп аталады. Жас баланың алынған шашын аяқ астына тастамай, аулаққа, таза жерге көмеді. Шашты суға салуға, отқа жағуға болмайды. Баласының қарын шашын кейбір ата-аналар наным, сеніміне, ұстанған әдетіне байланысты сақтап та қояды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баланың мойны қату''' баланың өмірге келуіне байланысты атқарылатын ғұрыптардың бірі. Дәстүрлі ортада қалжаға сойылған малдың мойын омыртқасын сындырып алмай, тұтастай жіпке тізіп босағаға іледі. Етпен бірге асылған мойын омыртқаны жиналған әйелдер тістерімен емес, қолмен етінен арылтып тазалап, тесігінен ши өткізіп, шидің екі ұшынан жіппен қосып байлап, кіре берістегі есіктің маңдайшасына немесе оң жақтағы керегенің басына іліп, «баланың мойны қатсын» деп ырымдайды. Осы омыртка нәрестенің мойны қатқанға дейін тұрады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балбасы''' бал аштырған адамның балшыға берер төлемі. Балбасының нақты бағасы болмайды. Кедей адамдардың білдірген тілегіне де, берген батасына да риза пейілмен, «құдай үшін» деп, ақысыз бал ашып берген. Бұрын ел ішінде болашақты, адам өмірін болжайтын көріпкелдер, әулие-әнбие, балгер, емші, құмалақшылар, жауырыншылар көп болған. Мұндай қасиетті адамдар қазір де бар. Әр адам оларға келіп бал аштырады. Олар жоғалған малды, затты, алыстан келетін жолаушыларды, реніш қуаныштарды болжап айтатын болған және олардың көпшілігі шындыққа айналған. Бал аштыруға өтінішпен келгендер кітап ашып, құмалақ салушыларға, көріпкелдерге еңбегі үшін төлем беруі керек. Оны сыпайылап балбасы деп атайды. "Балбасының" нақты бағасы немесе өлшемі болмайды. Әркім қолда барын береді. Кедей, нашар адамдарға көріпкелдер "құдай үшін", яғни тегін бал аша берген. Бұл үшін олар батаға да риза болған. Кейбір әулие адамдар тіпті ештеңе де алмаған. Егер бал ашушы белгілі мөлшерде ақша, мал сұраса халық ондай кісілерге бармаған, құрмет көрсетпеген және сенбеген. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан мәдениеті
'''Тишин полиметалл кен орны''' Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласынан қарай 18 км жерде. 1958 жылы ашылған. Кен орнын А.А. Малыгин, В.В. Попов, Б.В. Беспаев, Э.С. Төлеубаев, т.б. ғалымдар зерттеген. == Геологиялық құрылымы == Кен орны Кенді Алтайдың солтүстік-шығыс мыжылу белдемінің батыс тармағы саналатын Кедров-Бутачиха жаншылу белдемінің ендік Лениногор қиылысқан жерінде орналасқан. Ол девон кезеңінің кентас сыйыстырушы тау жыныстары көптеген дайкаларымен қиылған жанартаутекті тау жыныстарынан қалыптасқан. Кен денесі ендік бағыттағы мыжылу белдемдерімен көмкерілген. == Жатыс сипаты == Негізгі кен шоғыры ильинск және сокольный подсвиталарының жанасқан жерінде пайда болған ұзындығы км-ден жоғары, ені 200 м-ге созылып жатқан гидротермалдық өзгерген тау жыныстары белдемінен орын алған. Екі (Негізгі және телімге бөлінген. == Минералдануы, құрамы == Минералдары: сфалерит, галенит, халькопирит, пирит. Мысалы, қорғасын, мырыш металдарының өзара қатынасы 1:2,6:12. Пайдалы қоспалары алтын, күміс, кадмий, селен, теллур. Кентас ашық және шахта әдістері бойынша өндіріледі. Аса ірі кендерге жатқызылады. == Дереккөздер == Санат:Шығыс Қазақстан облысы кен орындары кендері
'''Балберкі''' ауға байланған қалтқылар. Оны кейбір өңірдегі балықшылар лапылдауық деп те атайды. Пішімі төртбұрышты, көлемі 10-15x7 см келген, екі жақ шетінде жіп өткізетін тесігі бар, ол ауды немесе желіні су түбіне батырмай, бірқалыпты ұстап тұрады. Осыған қатысты «Құмсыз жер болмас, балберкісіз ау болмас» деген тұрақты сөз тіркесі қалыптасқан. Бірнеше балберкі қосындысын бүйек (буек) дейді және оны қорытпа тәрізді ірі балықтарға құрған ауға, желіге салады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балгер''' адамның алдағы өміріне қатысты жайттарды болжап, сәуегейлік жасайтын тұлға. Тәжіктер балшыны фолвин деп атаған, атаудың тегі сол сөзге қатысты қалыптасуы ықтимал. Оңтүстік және Сыр бойындағы қазақтарда пал, палшы, пал ашу деген атаулар кездеседі. Атау әртүрлі болғанмен сәуегейлік және технологиясы тұрғысынан мазмұны бірыңғай. Ел кезіп жүретін балгерді ақши деп атау да кездеседі. Балгер қазақы ортада тәуіп деп те аталады. Яғни балгерның да, тәуіптің де атқарар функциясы, түптеп келгенде, бірдей. == Тағы қараңыз == Бақсы == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балға''' металл дайындамаларды қысыммен өңдеуге арналған машина. Ол жетегінің түріне қарай: булы-ауалы (будың не сығылған ауаның әсерімен жұмыс істейді), пневматикалық (жұмыстық және компрессорлық поршеньдердің арасындағы ауаның сиреуі мен сығылуы нәтижесінде қосылады), механикалық (жылжымалы бөлігі қозғалтқышқа мех. жолмен гидравликалық (жоғары қысымды сұйықтықтардың әсерімен қозғалады), т.б. болып бөлінеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әйелдің отбасындағы орны.''' Қазақ әйелдерінің шаруашылыққа араласуы бала кезінен, 6-7 жасынан басталған. Бұл жасқа келген қыз бала отын-суға араласып, шөпшек жимап, бесік тербетіп, шелекпен су тасыған. 8-9 жасынан кесте тігіп, кілем тоқыған. Ұзатыларда берілетін жасауын дайындауға қатыса бастаған, қоржын, бау тоқыған, үй жабдықтарын өрнектеген. Қыз баланың ұзатыларға дейінгі орны оң жақ болған. Қазақтар арасында қыз балаға ерекше көзқарас қалыптасқан, сондай-ақ, бойжеткен қызға сол әулеттің тең құқықты мүшесі ретінде қарап құрметтелді. Қыздың күйеуге шыққаннан кейінгі әлеуметтік орны мен оған деген көзқарас ерекше мәнге ие болады, яғни, ол бүкіл үй ішіндегі жұмысқа жауапты әйел, бала тәрбиесімен айналысатын шешеге айналады. Қазақ қыздары 15-16 жаеында-ақ күйеуте шыққан. Қазақтар қыздарын ерте күйеуге беруін «тұзды көп сақтама су бұзар, қызды көп сақтама сөз бұзар» деген ел арасында тараған мақалмен түсіндіреді. Сондай-ақ, әйел тәртібінің межеден тым асып кетпеуіне енесі қатты коқіл белген. Келін ата-енесі тұратын үлкен үйдің торіне шықпаған, тосегіне отырмаған. Қыз күйеуге шыққан соң, снссініқ қатал тәртібіне түсіп, ысыла түскен және ене келіннің ақылшысы әрі кеңесшісі болған. Қазақтың «қайын енесінің топырағынан жаралған» деген келінге қатысты сөзініқ астарында, ене тәрбиесін жалғастырған келіннің мінез-құлқы жатыр. Келін күйеуінің туыстарының үлкен-кішісіне қарамай, ат тергеп, аттарын атамаған, тіпті күйеуінің де атын атамаған. Ері үйіне кіріп келгенде, әйел орнынан тұруы керек, қонақпен бірге отырып дамылдауды білмей, ошақ басында тамақтың бабында болуын кадағалап, ыдыс-аяқты реттеп отырған. Ата- енесінің көзінше өзінің күйеуіне қарсы қарап отырмай, бір қырындап отырған, бетіне тік қарамаған. Күйеуінің еліне әбден сіңіп кеткенше келін төркініне бара алмаған, сондай-ақ, жас келін атасының көзіне түспеуге тырысқан. Қазақ әйелдері, қыздары ер адамдардың алдын кесіп өтпеген. Әйелге ерлер тарапынан «қалың малын төлеп алғанмын» деген де көзқарастың болғаны рас. Kөп әйелі бар үйлерде бәйбішенің орны тоқалға қарағанда салмақтырақ болған. Бәйбішенің үйі ерінің үйімен бір саналған. Бәйбіше үйіне тоқал тек шақырумен кірген және рұқсатымен отырған. Көп әйел болғанда бәйбіше үй шаруасының басшысы саналған, үй шаруасы тоқалдың мойнына артылған. Тоқал үйі бәйбіше үйінен 2-3 үйден кейін тігілген. Егер бәйбіше қызғаншақ, шайпау болған жағдайда тоқал үйі 15 шақырымдай ілгері жерден тігілетін). Үй ішінің көптеген тіршілігі әйел әрекеті мен еңбегіне байланысты жүрді. Үй іші мәселесінде өздерін еркін ұстайтын, өзбетімен жұмыстарын атқарды. Қазақ дәстүрінде әйелдің үй ішіндегі еркіндігі өз отбасының атына нұсқан келтірмей, қайта намысын қорғап, ел аузына ілініп, өзгеге үлгі ретінде айтылып, үлкен мадақ пен сыйга бөленетін. Ертедегі шаруаның негізі мал өсіру, егін салу болғандықтан осыған қатысты сыртқы жұмыстарды ер адамдар атқарса, тамақ дайындау, киім тігу, жүн сабау, киіз басу, жіп иіріп алаша, кілем тоқу тәрізді әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдарды тігу, мал сауу, кір жуып үй жинау, көшіп қонған кезде тең буып, оны шешу, үй жығып, оны тігу және жас балалар мен қартайған ана-енесіне қарау сияқты үй ішінің ұсақ-түйек шаруасы түгелдей әйелдер мойнында болады. Әсіресе, ақылды, парасатты, тәрбиесі жоғары әйел тек еріне ғана емес, сонымен бірге бүкіл ауылға да өзінің ықпалын тигізген. Ері үйде жоқ кезде есті әйел оны жоқтатпай, барлық жұмысқа өзі басшылық ететін. Мұндай әйелдер тарапынан еш уақытта ұрыс-жанжал шықпайтын. Үлкен-кішіні бірдей сыйлап, қажет жерінде жарасымды әзіл айтып, барлық шаруаны атқарады. Қазақ отбасында ең алдымен әйел салтанатына көп көңіл бөлген. Әлеуметтік жағдайына қарай отбасында киімнің асылы, алтын-күмістен жасалатын қымбат та, әрі сәнді әшекейлер әйелге арналған, сонымен қатар әдемі, бағалы ер-тұрмандар мен жүрісі жайлы жорғаларды, сәйгүліктерді әйелдер мінген. Алайда аты аңызға айналған ақылды да, тапқыр аналардың ісін кейінгі үрпаққа үлгі ретінде эңгіме-жыр еткен туындылар халық ауыз әдебиетінде өте жиі кездеседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әйелдердің қоғамдағы орны'''. Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сондай-ақ, қоғам кайраткерлері ретінде көрсетіп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі болды. Қазақы ортада каракан бастан гөрі отбасылық мүдденің жоғары тұруы әйелдердің белсенділігіне кедергі болған жоқ: өнер саласында атағы жалпақ жұртқа жайылған белгілі әншілер, ақындар, майталман күйшілер болды. Тарихта болған Болған ана, Домалақ ана, Дарабоз ана, Қарқабат ана, Қызай ана, Найман ана, Ұлпан аналар рулы елдің бүтіндігіне қызмет еткен қайраткер тұлғалар болса, Қарқабат, Абақ, Қызай т.б. аналар рулы елдің ұранына айналып (Е.Мүсірепов), сол рудың атына негіз болды. Бәйдібек биге тұрмыска шыққан Нұрила өзінің әдептілігі, ізеттілігі, даналығымен ерекше көзге түсіп ел анасы аталған. Қара Хайдар деген кісі оны «Диһнат мама» (парсы сөзі, қазақ тілінде Әулие ана дегенді білдіреді) деп атапты. Уақыт өте келе «Диһнат мама» дыбыс әсерісіне ұшырап «Домалақ ана» деп аталып кеткен. Ру-тайпа бірлігін, ел тұтастығын сақтаған Баршын атымен Сыр бойындағы қала Барышкент (Қыз қала) деп аталған; Сарысу бойында Болған ана, Белең ана, Жұбан аналарға күмбез орнатылған (Ә.Марғұлан). Әйелдердің пірісі Бибі Бәтима мен Бибі Зухраны баланы сылағанда, жаңа іс бастағанда, пір тұтып солардың атымен бастаған. Мәселен, баланы төмендегідей ғұрыптық жырды айтып барып майлап сылаған: Тәу, тәу, тәу Сыламақ менен Мықты болмақ сенен Менің қолым емес Бибі Бәтима, Бибі Зухра қолы, Ұмай ана, Қамбар ана қолы Тастай қып Темірдей қыл Дерт үйге кірмесін. Балаға тимесін, Өс, өс, өс. Дәстүрлі дала мәдениетінде сыйынып, пір тұту, дұға, құран бағыштау сияқты наным- сенімнен туған ғұрыптық дәстүрлері әлі де болса көрініс табуда. Қазақтың байырғы нанымы бойынша әйелдердің пірі жыр жолдарында да кездеседі. Мәселен: Алпыста анам аналық Бибі Бәтимаға тапсырдым Шырағым сені Қарлығаш Қарашаш ханымға тапсырдым. (Қобыланды батыр) Сонымен бірге қазақ даласында әскер басқару, қол жию, майданда қан төгу қазақ қыздарының бойына біткен қасиет болса керек. Отаршылдық дәуірде Көктемір деген лақап атқа ие болған Сапар қол бастады. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа Кенесарының қарындасы Сәмеке ханнық жары Бопай өзінің ұлын ертіп барып қосылады. Оның қозғалыс кезінде 600 адамдық жасақты басқарып, Аманқарағай дуанына шабуыл жасаған. Азамат соғысында Айғыз Көшкімбайқызы Аякөз шебінде соғысып, Колчак әскері қолынан қаза тапты. Сондай-ақ, ақылды әйелдің тоқтамды сөзіне ерлер де тоқтаған. «Айман-Шолпан» оқиғасында Айманның ғашығы Әлібектің Көтібардың елін шауып, араз болғандығы аян. Кейін Айманның: «екеуің екі елдің батырысыңдар, ер шекіспей бекіспейді, бір-біріңе шаққан малдарыңды қайтарып, енді дос болыңдар», деген сөзіне тоқтап, Көтібар Айманды Әлібекке өз қызындай ұзатып салып, той жасап берген. Байырғы қазақ қоғамында қазақ әйелінің әлеуметтік еркіндігі де болды. Қазақ әйелдері ұзын жең, кең етекті көйлек киіп денелерін жасырғанымен, бет-жүзін ашық ұстаған. «Қазақ әйелі», «қазақ қызы» деген ұғымның мазмұны қазақы болмыс, қазақы тұрмыстың көрінісі, ежел- ден қалыптасқан салт-дәстүрі т.б жайттарды қамтиды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әйел құқығы'''. Қазақтың байырғы әдет-ғұрыптық заңы бойынша әйел адамның әлеуметтік ортадағы орны мен міндетін білдіретін және мүліктік меншікті иеленудегі үлесін білдіретін құқықтық нормалар жиынтығы. Байырғы заңдар жүйесі бойынша, ер азаматтың бірнеше әйелі болса, ең бірінші әйелі бәйбіше деп аталған. Отағасы оны сыйлауға міндетті, алайда қанша әйелі болса да барлығы бірдей бәйбішеге бағынған. Әйелдердің жасауларының араласып кетуіне жол берілмейді, бұл анасының мүлкі тек балаларына тиесілі болсын деген түсініктен шыкқан. Дәстүрлі ортаның әйел құны мен құқығы жайлы ұстанымдарында отбасы мүшелерін материалдық игілікпен қамтамасыз ету ер адамға әйел адамға құқықтық, материалдық артық міндеттеме жүктемейді. Этномәдени дәстүрдегі талап пен діни ұстанымдарға байланысты санадағы түсінік бойынша әйелдің міндеті дүниеге ұрпақ әкелу, ұрпақ тәрбиелеу. Л.Фукстың деректері бойынша, байырғы ортада қазақ әйелдері үй шаруашылығын толық басқарған және төркінінен келген барлық мал-мүлік, тұрмыстық заттарды өз қарауына алып, шаруашылығын көбейтіп, оны күнделікті әлеуметтік қажеттілігіне жаратып отырған. Ертеде қазақ байлары бірнеше әйел алғанымен, әр әйелдің өзіндік құқығы мен атқаратын міндеті болған. Сондай-ақ, бәйбіше күйеуінің әйелдеріне қалай көңіл бөлетіндігіне байланысты күйеуінің малынан тоқалдарға енші бөліп берген, ал бәйбішеде еншіленген шаруашылық болмайды, себебі оған күйеуінің малын басқаруға, күйеуімен бірдей дәрежеде құқық берілгендіктен, бәйбіше де мал-мүліктің толық иесі болып саналған. Қазақ арасында көп әйел алудың бірнеше жолдары болған. Байырғы ортада байлыққа мастанған байлар төсек жаңғырту мақсатымен әйел үстіне қалыңмалын төлеп қыз айттыру арқылы бірнеше әйел алған. Халықтың ғұрыптық салты бойынша әйел саны шектелмеген, ал шариғат заңы бойынша төрт әйел алуға ғана рұқсат етілген. Орыс зерттеушісі Н.Гродековтың деректері бойынша төрт әйелден артық әйелі бар ерлер соңғы төртеуімен ғана ерлі-зайыптылық ғұрпымен тұруға құқылы болған, ал қалған әйелдері софылық жолға түсіп, шариғат бойынша ерлерімен ажырасқан. Қазақ отбасында әйел құқығы болмаған деген біржақты пікір тумауы керек. Әйел ақылды болса, бағына орай ері де ақылды, сабырлы болар болса, ол тек еріне ғана емес, онымен бірге бүкіл ауылға да өзінің ықпалын тигізген. Н.Изразқовтің деректері бойынша қазақтардың ғұрыптық дәстүрінде күйеуі қайтыс болып, артында кәмелет жасына толмаған балалары қалса, әйел қайтадан тұрмысқа шықпаған жағдайда күйеуінен қалған барлық мүлікке иелік еткен. Ертеде қазақтардың бірнеше әйелі болғандықтан, мүлікті бөлісу кезінде алдымен бәйбішеден туған балаларына, ал одан кейін ғана тоқалдан туған балаларына үлестері берілген. Сонымен қатар қазақтың әдет-ғұрыптық заңы бойынша бәйбішеден бала болмаған жағдайда мүлік бірден тоқалдан туған балаларына еншіленген. Байырғы ортада ерлі-зайыпты адамдардың ажырасуы некен-саяқ болған, алайда ер азамат белсіз болған жағдайда, оның сыркаты толық нақты дәлелдермен анықталғаннан кейін ғана ажырасуға рұқсат берілген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әйел құны'''. Дәстүрлі ғұрыптық құқықтағы әдеттік құқық пен шариғат белгілеп берген сәйкес «әйел құны, ерлер құнының жартысына тең» болды (ер адамның құны өлімі үшін 100 жылқы, төмендегідей бес жақсы: құл мен күң, қаранар, ақсауыт, түзу мылтық, қарашолақ ат, қалы кілем берілді). Ал әйел құны осының жартысы: елу жылқы, қара нар, қара шолақ ат, қалы кілем. 50 жылқының үшеуі ілуге, яғни, жағалы киімге ауыстырылып, 47 бас төленді. Сондай-ақ, әйелдің қолын, аяғын сындырған, көзін ағызған жағдайда да ер адамға төленетін құнның жартысы төленеді. Әйелді өлтірген адамға жаза тағайындауда ол өнерлі болса, еркекпен бірдей тең дәрежеде өнер құны қарастырылады, алайда байырғы ортада өнер құны әйел мен еркекке бірдей саналады. Әйелдің төркінінің жақындарын келеке қылса, ондай еркекті айыпты деп санап, басқа айыптарының үстіне қосымша түрде әдет-ғұрыптық құқықта сүйек сындырған құнын белгілеген. Егер жазым болған немесе қасақана өлтірілген әйел өнерлі, атақ даңқы шыққан адам болса ондай жағдайда билер соты аталған өнер құнын артықша белгілейді. М.Ж. Көпейдің жазбаларында ақын Ұлбикені өлтірген күйеуі Бойтан серіні халықтық сотқа салып, билердің ақылдасуынан («қанға кан дейтін» билер соты ескірген, орыс соты жарамайды деп мұсылмандық жолмен жазалайды) кейін, Ұлбикенің өкпесін алып көрсе, өкпесі жыбырлап тұрған жазу екен, Мұны көрген билер Жаратқаннан ақындық берілген Ұлбикеге өнер құнын тағайындау орынды деп тауып, өнер құнына елу жылқы, алты жақсы тағайындайды, Бойтан серіні бас жетім (айыптың ең жоғарғысы) құнына беріпті. Қара құны үшін тоқал құн деп тоғыз жақсы беріпті (М.Ж.Көпейұлы). Ежелгі әдет-ғұрыптық құқық бойынша әйел кұнын бірнеше жолдармен төлеп отырған. Мәселен, егер күйеуі әйел басынан ұрып, есінен тандырып екесті күйге шалдықтырса, айыпкер шариғат бойынша 100 түйе айып төлеген, сондай-ақ, әйелдің екі кеудесі үшін 100 түйе, екі бір кеудесіне 50 түйе құн төлеген. Егер жүкті әйелді ұрғаннан баласы өліп қалса, 100 сом, егер бала тірі туып біраз уақыттан кейін қайтыс болса, онда 100 түйе кұн, ал бала өліп, кейін анасы қайтқан жағдайда 100 түйе және 100 сом төлеген. Кейде әр адам басына 200 түйеден төлеттірген. Осындай құн төлемдері билердің алқа шешімімен бұйырылған. Қазақтың жеті жарғысында әйел құны туралы былай делінген. Егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі, (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, ал мұндай қылмысты екі қабат әйел жасаса жазадан босатылады), егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің ққнын төлейді. Сондай-ақ, екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса, бес айлық бала үшін бес ат, бес айдан тоғыз айға дейінгі балаға әр айына бір түйеден жүз түйе, үш жүз атқа немесе мың қойға тең құн толейді. Әйел қорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып табылады. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады. Әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны өлтіруге құқылы, бірақ қылмысты сол кезінде жария етуге тиіс, алайда әйелінен сезіктенген еркектің сөзін төрт сенімді адам дәлелдеп олар теріске шығарса, әйел жазадан босатылады. Сондай- ақ, біреудің әйелін күйеуінен алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс, әйелді ренжіткен одан кешірім сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әйел әдебі'''. Дәстүрлі қоғамда әйел адамға қатысты талаптарды көрсететін ұғым. Әйел әдебіне үлкенді сыйлау, сәлем беру, қоңақ күту мен сыйлау, ат тергеу және т.б. жосындар жатады. Қазақтар арасында үлкенді сыйлау әдебінің маңызы ерекше. Мәселен, қазақтарда үстелге отырарда үлкен адамдардан бұрын әйелдер отырмайды және олардан бұрын тамақ жемейді. Сондай-ақ, әйел адам үлкен кісі сөйлеп отырғанда ешқашан сөзін болмейді. Бұлардың барлығы үлкенді сыйлаудағы басты талабы болып табылады. Сонымен қатар дастарқан басында алты жасар ұл бала отырса да әйел адам бата қайтармайды. Бұл қазақтың ер адамды сыйлаудағы маңызды ғұрыптық дәстүрі болып табылады. Егер үлкен адамдардан бұрын аталған әрекеттер жасалса, ол әйел адамның әдепсіздігін көрсетеді және оған үлкен сын болып есептелінеді. Әйел адам ешқашан үлкендердің сондай-ақ, өтіп бара жатқан адамның жолын кесіп өтпейді, мұндай тәрбиелік мәні бар жосынды қазақтар балаларына бала кезден үйретеді. Сонымен қатар сыйлау этикасы кез келген жерде көрініс табады. Сыйлау сыйластықтың белгісі. Осыған қатысты қазақта «Өз өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген мақал бар. Сәлем беру де сыйласудың бір көрінісі. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қарт сәлем береді», деген халық даналығы сәлем беру ғұрпының адам өмірінде маңызды рөл атқаратындығын көрсетеді. Сондай-ақ, бұл қазақы ортадағы тәлім-тәрбиенің тереңдігін астарлайды. Қазақ әйелдері үйге кіргенде міндетті түрде сәлем беріп кіреді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
адамның келген қонаққа деген ілтипат пен әзетпен қарауы. Әр ұлтта өз мәдениетіне сай әр түрлі әдет ғұрыппен сипатталады. Қазақтардың қанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады. Шақырылған қонақты әйел адамның жылы жүзбен бетіне күле қарсы алуы, хал ақуалын сұрап төрге отыргызып, дайындаған ас тағамдарын беріп, ренжітпей қайтаруы қонақты сыйлау мен оған көрсетілетін құрмет болып саналады. Егер шақырылған қонақтардың ішінде келе алмағаны болса, әйелі сарқыт салып беріп, оған өз тарапынан сәлем айтады. Жоғарыда аталған құрмет тек қана шақырылған қонаққа көрсетілетін сый-сыяпат емес, ол кез келген уақытта келген қонаққа корсетіледі. Егер келген қонақ асығыс болса, онда әйелі ауыз тию жосынын жасайды. Қонақты күту, сыйлау көбінесе әйел адамға қатысты болады. Сондықтан қазақ әйелдері қонақты сыйлау, күту мәселесін терең меңгерген және оны бала тәрбиесінде катаң ұстанады, егер үйде ата-анасы болмаған жағдайда баласы келген қонақты үйге кіргізіп, қонаққа шай береді. Қазақтар арасында келген қонақты үйге кіргізбей сырттан қайтару ұят болып есептелініп, ата-анасына сын болған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығында отбасында алған тәрбиенің кез келген уақытта көрініс табатындығын меңзейді. Сондай- ақ, әйел адам қонақ келген кезде бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі, қонақ отырғанда баласына ұрыспайды немесе дауысын көтеріп сойлемейді. «Қонағын сүймеген, баласын ұрады, не үйін сыпырады» деген мақал осыған қатысты айтылған. Ертеде әйелдер ат тергеу мәселесіне өте абай болған, егер қайын ата, қайын аға, қайын ене, қайынапасымен аттас, көрші-қолаң, әріптес, таныс адамдары болса, олардың атын атамай аттеріс көрші, аттеріс бала, аттеріс аға, аттеріс апа деген атауларды жиі пайдаланады. Осыған қатысты қазақтар арасында аттеріс ұғымы кең қолданысқа ие. == Қазақ салт-дәстүрлері == === Қонақасы === Қазақ үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, табақ тартады. Бұл қонақасы. Ол жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі. Үйіне қонақ түскенін мәртебе, бақытқа балаған қазақтар семіз қойын, басқа да малдарының қадірлі мүшелерін, тәтті тағамдарын «қонаққа» деп әдейі сақтап қоятын-ды. Яғни, қонақасы қонаққа арналған дәм, мәзір. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге тосын келген құдайы қонаққа, қалап шақырылған арнайы қонаққа жас мөлшеріне, туыстық жақындығына, қарай сойылған мүшелерінен сыбағалы табақ тартады. ===Қонақ кәде=== Қонақпен бірге дастарқан басында отырған адамдар көңілді дем алсын деген ниетпен үй иесінің қонағына «қонақ кәде» айтыңыз деп өтініш жасайтыны бар. Бұл қонақтың өнерін сынайтын, ортаға салуды сұрайтын салт. Қонақ «қонақ кәдеге» өлең айтады немесе күй тартады. Егерде ол әнші, жыршы болса, ауыл адамдары оны 2-3 күн қонақ етіп, өнерін тамашалап көңіл көтереді. Барған жерінде қонақ кәдеге өнерін көрсете алмай, ұятты болып қалмасы үшін қазақтар балаларына жастайынан ән, күй, жырды үйретіп, өнерге баулып өсірген. === Қазан шегелеу === Бірін-бірі жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан, өзара сыйласатын адамдар бас қосып, бірінің үйіне барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік», дейді. Үй иесі: «Жақсы болды ғой, қазан шегелейтін шебер таба алмай отыр едік» деп қонақжайлылық танытады, әйелі қазанға ет салады, қонақасы береді. «Қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді. Құрмысы шешен өле-рінде балалары: «Әке, бізге не айтасыз?» деп сұрапты. Сонда ол: «Мен не айтайын, есім дұрыс кезінде айтқан сөздерімді ұмытпасаңдар, сол жетеді. Әйтсе де бір сөз айтайын: «Есіктен қонақ келсе –тоқтатпа, өлген мені боқтатпа», депті. Лайым, үйімізге құдайы қонақ келе бергей, олармен бірге отбасымызға ырыс-құт та ене бергей! === Қонақ күтіп алу әдебі === Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту халқымыздың ең жауапты ісі. Қонақ шақырудағы ескерту. Қазақ дәстүрінде, әсіресе, қазіргі кезде қонақты көбінесе үй иесі өзі барып шақыруы немесе арнайы шақыру қағазын жіберуі тиіс. Қонақты бір жұма бұрын шақыру бұл күндері әдетке айналған, өйткені әркімнің алдағы уақытқа жоспарлап қойған әр түрлі жұмыстары болады. Егер қонақ шақырылған жерге бара алмайтын болса, себебін бірден айтқан жөн. «Көрермін, мүмкін барып қалармын» бара алмасам, ренжіме» деген сөздер шақырушыға жайсыз тиеді. Шама келсе халықтың көнеден келе жатқан дәстүрі бойынша «Шақырған жерден қал ма, шақырмаған жерге бар ма» деген мақал сөзін берік ұстаған жөн. Бұрыннан таныс немесе жақын туыстары болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз. === Дастарқан басындағы әдеп === Дастарқан басында қалай өзін ұстау керектігін білу керек Ондаған, жүздеген жылдар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан, дастарқан басында әркімнің өзін дұрыс ұстай білу ережесінің қажеттілігі сонда оның негізінде адамдардың қысылмай, өзара көңілді отыруында, тазалық сыпайылық талаптарын үйлесімді дұрыс сақтауында маңызы зор. Мысалы: үй иесі оның жұбайы дастарқан басына отырмас бұрын қонақтарды бір-бірімен таныстырады, оның тәртібі, жасы кішілерді үлкендерді, ер кісілерді әйелдерге таныстырады. Үй иесі әйел қонақтарды шақырып, алдымен өзі отырады. Ер кісілер алдымен әйелдерге орын босатып, сонан соң ғана өздері отырады. Үй иесі тамақты тез жемеуі керек, ал қонақтардың да тамақты тез жеуіне мәжбүр етеді, берекесін алады. Дастарқан басынан қонақтар үй иесі тұрған соң ғана тұрады. Ер кісілер орындықтарын жылжытып, әйелдерге стол басынан тұруға көмектеседі. Қалыптасқан дәстүр бойынша ер кісілер оң жағында отырған әйелге қызмет етеді. Алайда сол жақта отырған әйелді де ұмытпаған жөн, әсересе оған жанында қызмет көрсететін ер кісі болғаны жөн. Дастарқан басында отырғанда қатты сөйлеудің, қатты күлудің қажеті жоқ, амандасу үшін стол үстінен қол созу да дұрыс емес, көршіге жаныңды беріп отырыңыз. Кейде мерекелік дастарқанда, басқа да жиын-той дастарқанында көз тұнады, кейбіреулер қайсысын аларын білмей сасып қалады. Саспай, мұхият зерттеп қарасаңыз, бәрінің де қолданатын орны бар. Көпшілікке арналып, ортаға қойылған басытқыны сондағы ортақ қалақ, қасықпен алып, әркім өз тарелкасына салады. Май, уылдырық т.б. тағамдарды осып өз пышағымен нанға жағады. Естеріңізде болсын алдыңыздағы тамақты тауысып жемей, сыпайылықты көрсету, ешқандай сыпайылыққа жатпайды, керек десеңіз, тамақтың ұнамағандығын көрсетіп, үй иесін ренжітесіз. Одан да тамақты өз салып асыңыз, не балмаса кейбір тағамнан мүлдем бас тартыңыз, бірақ дәмсіз екен жарамайды дегенді айтпай-ақ қойсаңыз да болады. Ал үй иесіне де ескертер жай, тағамдарды қонақтардың аузына тықпалай берудің қасиеті жоқ. Дастарқан басында тіс шұқу, тістің арасында тұрып қалған тағамды қолмен алу әдептілікке жатпайды. Дыбыс шығармай, сораптамай ішіп-жеу дастарқан басында әдеп сақтаудың бірден-бір түрі. Тамақты қасықтың, шанышқының, пиаланың ұшынан ұстап сорып ішпеңіз. Сұйық тамақты ыстықтай ішуге де болмайды. Аузыңызды тамаққа толтырып алып сөйлеуге тырыспаңыз, тамақты алдыңғы тістеріңізбен шайнамаңыз, сондай-ақ екі ұртты толтырып шайнамаңыз адамға тіпті де жараспайды. Өзіңізден алысырақ тұрған бір тғамды затты аламын деп қол созып, алдыңыздағы тарелкаға (көршіңіздің тарелкасына да) төнбеңіз. Одан да жақын отырған біреуге қол созып жіберуді өтініңіз. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әйел адамның ақырет киімдері''' қайтыс болған әйелге кигізілетін кебіннің шартты атауы. Қазақтың ғұрыптық дәстүрі бойынша қайтыс болған әйелге бестен жеті қабатқа дейін кебін (киім) кигізіледі. Әйел адамның ақырет киімдеріне: шапан, көйлек, бешпент, белдемше, ақтық (төменгі аяқкиім), кимешек, шұлауыш жатады. Ақырет киімді қайтыс болған адамды жуындырғаннан кейін кигізеді. Әйел қайтыс болғанда жаназаға қатысып отырған туысқандарынан молда: «Төркіндеп барып тиісті еншісін алып па еді» деп сұрайды. Егер әйел төрікіндеп барып еншіеін алмаса туған-туыетары ол жерде ақшалай береді немесе мал атайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Сәуірдің 19''' Григориан күнтізбесінде жылдың 109-шы күні (кібісе жылдарда 110-шы). Жылдың аяғына 256 күн қалады. == Мерекелер == Бәйшешек күні. Тәуелсіздік күні (1810). Республика күні (1971). 33 жылдар экспедиция күні. == Оқиғалар == 1529 Рейхстагта Шпейерде неміс католиктері мен толықтай бөлінуі орын алды. 1627 Франция кардиналы Ришелье Ста ассоциаций компаниясына Канаданы зерттеуге патент берді. 1810 Каракаста халық көтерілісі. Венесуэланың Испаниядан тәуелсіздігі үшін соғыс басталды. 1839 Лондон келісім-шарты бойынша Бельгия Нидерландтан тәуелсіздігі танылды. 1850 Англия мен АҚШ Панама каналын бірлесіп салу келісімге келді (артынша АҚШ өз күшімен салуды жөн көреді). 1941 АҚШ сенаты Израильде жебірей мемлекетін құру идеясын қолдау резолюциясын қабылдайды. 1947 «Үнді ұлттық конгрессі» партиясы елді екіге Үндістан және Пәкістанға бөлуге келіседі. == Туғандар == 1875 жыл Тихов Гавриил Адрианович, Қазақстан астрономы 1907 жыл Афрасияб Бадалбек оглы Бадалбейли, әзірбайжан сазгері, дирижер, музыкатанушы және публицист, Әзірбайжан КСР-інің халық әртісі (1976 жылы қ.б.) 1949 жыл Төлеген Тілекұлы Жүкеев, Қазақстан мемлекет және қоғам қайраткері == Қайтыс болғандар == 1875 жыл Джордж Байрон, ағылшын ақыны, романтизм бағытының көрнекті өкілі, 6-шы барон Байрон, лорд. ХІХ ғасырдағы еуропа әдебиетінің көрнекті өкілі (1788 жылы т.) 1882 жыл Чарлз Дарвин, ағылшын натуралисті, қарама-қайшы биологиялық эволюциялық теорияны қалаушы 1906 жыл Пьер Кюри, француз физигi, радиоактивтiлiк туралы ғылымның негiзiн құраушылардың бiрi, Нобель сыйлығының иегері (1859 жылы т.) 1998 жыл Октавио Пас (1914 жылы т.), мексикалық ақын, Нобель сыйлығының 1990 жылғы лауреаты. == Сыртқы сілтемелер == Санат:19 сәуір
'''Тиын''' Қазақстанның ұсақ ақша өлшемі. Ұлттық валюта теңгенің жүзден бір бөлігіне тең. 1993 жылдың 15 қарашасынан 1, 2, 3, 5, 10, 20, 50 тиындық ұсақ ақша түрінде айналысқа енгізілді. Кейін бұл тиындар айналыстан шығып қалды. == Банкноталар == Бейнесі (тиын) Өлшемі(мм) Негізгітүстері Сипаттамасы Бет жағы Арт жағы Бет жағы Арт жағы 105px 105px 105×65 жасыл белгіленген бағасы Қазақстан бағасы 30 желтоқсан1995 105px 105px көгілдір 105px 105px күлгін 105px 105px 10 қызғылт 105px 105px 20 көгілдір 105px 105px 50 қоңыр Кескін масштабы миллиметрде 1,0 пикселді құрайды. == Шақалары == Бейнесі (тиын) Материалы Диаметрі(мм) Жуандығы(мм) Салмағы(г) Қыры Айналымдағы уақыты 120px жез Л-80 17,27 1,3 2,26 тегіс наурыз 1994 —31 желтоқсан 2012 120px 120px 10 19,56 1,6 3,48 120px 20 21,87 1,7 4,71 120px 50 25 7,43 ==Дереккөздер== Санат:Ақша Санат:Ұсақ ақшалар
'''Әйел сәні''' әйелдің бой түзеп, сән-салтанатпен жүруі үшін қолданылатын сәндік заттар. Қазақ әйелдері ежелден киімнің тәуірін киіп, әшекейдің асылын таққан. Орыс зерттеушісі И.Г.Андреев былай деп жазады: «Қазақ әйелдері әшекейлерді кеудесіне де тағады. Бастарына жаулық салып, оның үстінен маңдайға дейін түсетін жамылғы киеді де, оған жіпке тізілген маржан, інжу қадап қояды. Оның үстінен ақ жаулық салады. Арқа жағындағы жаулықтың ұшы жерге тие жаздап тұрады. Кейбіреулері мұрнына кішкентай күміс сырға тағып жүреді, осы арқылы әкесінің ең сүйікті қызы екенін аңғарасың. Саусақтарына жүзікті молынан салады; ал құлақтарына көбіне інжу қадаған ұзынша сырғалар тағады». Қыз бала 4-5 жасынан бастап-ақ сәнмен бой тұзеп, қолына бала білезіктер, құлағына сырға, камзолына жиектей күміс құймалар таккан. Әйел әшекейлері тек сән-салтанат үшін ғана емес, әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей қатысты болғандықтан, кез келген әлеуметтік ортаның өкілі өз хал-қадірінше әртүрлі әшекейлер татуға тырысқан. Сондай-ақ, таққан әшекейінс қарай әйелдің жасын, әлеуметтік тобын, қай аймақтап екендігін ажыратуға болады. Мәселен, ауқатты отбасынан шыққан әйелде бағалы тастардан көз салынған, алтынмен апталған әшекейлер мол болады. Олар күрделі көркемдік шеберлікпен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді. Қазақтың бай әйелдері зергерге бірыңғай нақышта жасалған әшекей бұйымдарынық толық жинағына тапсырыс берген және ауқатты отбасынан шыққан қыздар салмағы үш келіден кем түспейтін күміс шолпылар таққан. Зергерлік әшекейлердің саны мен сипаты әйел жасына орайлас келеді. Мәселен, пішіні жағынан кіші, қарапайым әшекейлерді жасөспірім қыздар тақса, ал қыз бойжеткен сайын ол таққан әшекейлер өзгеріп, көркемдік нақыштары күрделене, көбейе түскен. Ал тұрмысқа шыққаннан кейін әйел әшекейі біртіндеп азайып, жасына қарай басқа накыштарга ауысады. Қазақ жүзік, сақина, балдақ, құстұмсық жүзік, отау жүзік, білезік, жұмыр білезік, сырға, некелік, шашқап, шолпы, шашбау сияқты әшекей бұйымдарын таққан. Қазақ әйелдері шашына шашбау, шашқап, шолпы, шаштеңге таққан. Мұндай әшекей бұйымдардың әйелдер үшін тәрбиелік мәні зор. Күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды. Мәселен, шолпыны сән-әшекей ретінде, әрі оның салмағынан шаш ұзын болып өседі деп тақкан. Кеудесіне өңіржиек, шашына шолпы таққан қыздың мойны құрықтай болып өскен, бойын тік ұстаған дене бітіміне көңіл бөлген. Қазақы ортадағы қыз тәрбиесінде шолпының маңызы зор. Алайда, анасы қашанда қызына қатты жүгірме, оқыс қозғалма, шолпың қатты сыңғырласа сені әдепсіз қыз дейді деп отырған. Сондай-ақ, қазақтар арасында шашқа тағатын әшекей бұйымдарга қатысты коптеген наным-сенімдер бар. Шашқапты бойжеткен қыздар мен келіншектер үй шаруасын істеген кезде киген, ол бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайтын арнайы тігілген сәнді бұйым. Оны жас келіндер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, мал сауу т.б. жұмыстарга араласқан кезде, тазалық сақтау мақсатында да киген. Ол мақпал, шұға, барқыт, мауыты сияқты көк, қызыл, қара түсті маталардан тігіліп, желкеден белге жететін етіп бұрымның жуандығына қарай пішіліп тігіледі, кестеленеді. Жоғары және төменгі жағынан ою-өрнекпен безендіріліп, зер, оқа, моншақпен әшекейленеді. Бір-біріне ұқсас болғанымен өзіндік айырмашылықтары бар: асыл тастардан көз қондырылғанын жүзік деп, тасы жоқ тек алтын, күмістің өзінен ғана көз шығарғанын сақина, көзі жоқ шығыр түріндегісін балдақ деп атайды. Сақина мен жүзіктердің киелілігі мен қасиетін бағалауға қатысты қазақтар арасында кең тараған түсініктер жиі кездеседі. Ертеде қазақтар әйелдің қолында не жүзігі, не сақинасы болуы керек деп санаған, ол болмаған жағдайда дайындаған тағамын арам деп білген. Күмістен сақина, жүзік салған әйел қолынан ішкен сусынды қонақ адал деп, сүйсініп ішкен. Қазақта жүзіктің жасалу мәнеріне қарай немесе сөздеріндегі тастардың материалы мен түр-түсіне қарай құдағи жүзік, құстұмсық жүзік, күмбезді жүзік, шытыралы жүзік, алтын жүзік, күміс жүзік десе, сақиналар құсмұрын, түйетабан, тасты, кавказ, құсмұрын, ырғақ, моншақты, бұрамалы, топсапы, жүрекше көзді жүзік т.б. түрлерге белінеді. Қазақ дәстүрінде келін болып түскен қызға енесі арнайы тіккен отауың биік болсын, деп отаужүзік соқтырған. Бойжеткен қыздар таққан құстұмсық жүзік бақыттылықтың, тәуелсіздіктің, еркіндіктің белгісі саналған. Әсіресе жүзік арқылы түрлі этномәдени ақпараттар беріліп отырған: топсалы жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Қазақ әйелдердің киім-кешегінің сәнді кешеніне әртүрлі тана, моншақ, түйме, түйреуіш, опадалап салатын сәнді бөгіре т.б. әшекей түрлері жатады. Моншақ мойынға тағылатын сәнді бұйым. Моншақ үсак, түрлі түсті. Әртүрлі пішінде (шар тәрізді, сопакша қырлы) болады. Әйелдердің сәндік үшін киіміне тағатын әшекейдің бір түрі тана. Тананы сәндік үшін жағаға, бас киімге, омырауға тағады. Алайда, тана түйме сияқты, бірақ одан үлкендеу, дөңгелек пішінді, жалтырап тұратын әшекей. Әрі әшекей, әрі киімнің алдын, өңірін айқастырып жабу үшін қолданылатын әшекейдің бірі түйме. Ертеде түйме тұмардың қызметін атқарған және кемпірлер омырау әшекейі ретінде таққан. Әйелдер үшін зергерлердің көп жасайтын әшекейлерінің бірі үлкенді-кішілі түймелер. Оны көбінесе ішін қуыстап, әртүрлі кескін беретін күмістен жасайды, сыртына зер салады. Мұндай түймелерді торсылдақ түймелер деп атайды. Қазақ әйелдерінің мойнына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым алқа. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылғанымен бертін келе оның түр-сипаты өзгеріп, тұмарша түрінде, әртүрлі үзбелі салпыншақты кейіпке ауысқан. Ол кейде меруерт, маржан, үзбелі моншақтар тізбегі тігілген асыл тастардан кейде алтын, күмістен соғылып, бетіне асыл тас қондырылып, ою- өрнектелініп, салпыншақты етіп жасалынады. Алқаның жергілікті тілде әйкел, көкірекіие, қаза, омырауша, өңіржиек т.б. атаулары да кездеседі. Мойынға салатын зергерлік әшекей бұйымның бір түрі тұмар. Тұмар көбінесе үшбұрыш, төртбұрыш етіп жасалады, ішіне молданың қағазға жазған дұғасы, ұлутас, үкі қауырсыны, сондай-ақ, киелі деп есептелетін заттар салынады. Тұмар тек әшекей ретінде ғана емес, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан, көзтиюден сақтайды деген наным-сенімге қатысты да тағылады. Қазақтың жасы егде әйелдері кимешек шылауыштың бүктемесі ажырап кетпес үшін түйреуіш таққан. Оның ай түйреуіш, құсмұрын түйреуіш, шашақты ай түйреуіш, тас жүгіртілген ұзыншақ (төртбұрышты, сопақ) түйреуіш, төбеге тағатын шолпылы түйреуіш деген түрлері бар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әйелдердің сәндік әрлеуіш заттары'''. Қазақ әйелдерінің сәндік мақсатта қолданатын әрлеуіш заттары мен тұтыныс бұйымдарының жиынтығы. Байырғы ортада қазақ сәндену, әдемілену үшін опа, далап, қына, әтір, еңлік, сүрме сияқты әрлеуіш заттарын пайдаланған және оларды әртүрлі жолдармен жасап, күнделікті тұрмыста қолданған. Кейбір деректер бойынша ертеде қазақ әйелдері бидай мен күріш ұнтағынан опа жасап, беттерін әрлеген, қынамен тырнағын бояған, қатық жағып, шашқа оң кіргізген, осма жағып қасын карайтқан, сондай-ақ, ләйлік деген қызыл мақта сатып алып, бояуын шығарып, бетінің ұшын қызартқан, сүрмені үгітіп қабаққа жаккан. Алайда кейбір әрлеуіш заттарын Ташкент, Бұқарадан келген саудагерлерден қолма-қол ақшаға немесе айырбас саудамен алып отырған. Орыс деректері бойынша қазақ әйелдері мынадай табиғи әрлеуіш заттарын тұтынған: оспа, опа, далап, еңлік, қына, сүрме т.б. және олардың ел арасында таралған халықтық атауы опа-далап. Осы тақырыпта жарияланған мақаласында И.Краузе (1873 ж.) оның жергілікті өсімдіктерден алынатындығын айтқан, ал кейбірін Орта Азиялық елдерден әкелетіндігін жазады. Сондай-ақ, олардың қалыптасқан тұрақты бағасы жоқ, себебі бұл өңірдегі әйелдердің көбіне қажетті опа-далапты өздері дайындап алатындығымен байланысты. Бакта өсетін кара түсті оспаны алып, оның бояуымен қасын бояған. Қыз- келіншектер оспаның жаңа жапырақтарын алып, қысып сөлін шығарып, шыққан сөлге май қосып дайындаған. Сондай-ақ, оспаны барлық жастағы әйелдер пайдаланған. Ал сүрме өсімдігінің ұнтағынап жасалған қара түсті бояуды ертеде қыздар мен келіншектер қас пен кірпігін бояуға қолданған. Сүрмені қыз- келіншектер саудагерлерден алатын болған. Қазақ арасында кеңінен тараған сәндік заттың бірі еңлік. Табиғи бояу беретін еңлік өсімдігі тау жоталарында, тастақ, тақырда өседі, оның тамырын қазып алып, қабығын ашып суға шылағанда қызыл бояу шығады. Әйелдер оны бет ұшына жағу арқылы әдемілікті, сұлулықты паш еткен. Мұндай бояуды қыздар сен үшін еріндеріне жақса, ер азаматтар далада аңызақ жел өтінде беттері жарылмасын деген мақсатта бетке жакқан. Байырғы ортада қыздардың ерні қызыл болса «еңлік жегенсің бе?» деп әзілдеген. Қазақ әйелдері қынаны тырнақтарын бояу үшін пайдаланған, алдымен қына жапырақтары мен тамырын суға салып, бояу жасайды да, содан кейін тырнағына жағады. Бірнеше сағаттан кейін тырнақтары сары қызыл түсті өңге боялған. Бұлай пайдалану бір жағынан сәндік үшін болса, екінші жағынан тырнақтың сынбауына көмектеседі. Ертеде қазақ әйелдері шашты нығайту үшін қатықты қолданған, себебі қатықпен жуылған шаш қалың әрі ұзын, жұмсақ болады екен. Байырғы ортада еркектер мен әйелдер қалампыр гүлінен жасалған ұнтаққа хош иісті өсімдік жапырақтарын қосу арқылы әтір жасаған. Сонымен қатар мұндай хош иісті ұнтақты әйелдер сандықтағы киімдерінің арасына да салған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әйелдердің киім-кешегі.''' Ғұрыптық салтқа негізделген, ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен әшекейленген, әлеуметтік дәрежені көрсететін әйелдердің киімдері. Қазақ әйелдер киім-кешегі көшпелі тұрмыс пен ауа райына бейімделіп, шаруашылық пен мәдени ғұрыптық негізде болған. Әйел киімдерінің қазақ елінің бәріне мәлім ортақ түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, көзекей, кебіс, мәсі, кәкірекше сияқты киімдер. Сондай-ақ, әшекей, ажар жағынан қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деп жас ерекшеліктеріне қарай тігіледі. Қазақ қолөнер шеберлері киімге катысты әртүрлі әшекейді зерделей білген. Маусымдық, өлкелік, әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар күнделікті тұрмыстық және сән-салтанатты киім-кешек түрлерін тігуде мата, басқа да қажетті заттарға үлкен мән берілген. Қазақтың ұлттық киімін сипатына қарай іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат ғұрып киімі деп бөледі. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын топтарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атайды. Әйелдердің іштік киімдеріне көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей; сырттық киімдеріне читан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдеріне қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Мереке, той-думандарда, аста, дүбірлі жиындарда әжелер бастарына ақ кимешек, шылауыш, күндіктерін салып, үстілеріне ақ шағидан жалбырлы көйлек, жалаң бешпет, сыртынан оқалы шапан, түлкі ішіктерін киіп, белін жібек белбеумен буып, оюлы кебіс мәсі киіп төрден орын алған. Ал келіншектер, әйелдер бастарына кестелі кимешек шылауыш, түйреуіштерін тағып, сәукеле, қызыл желектерін салады, үстілеріне желбір көйлек, кестелі көйлек, кәзекей кестелі жекет, кестелі кәмзол, жанат ішіктерін киеді, жібек, кемер белбеу тағынады, құлақтарына алтын сырга, мойындарына алтын-күміс алқа тағып, білегіне білезік, саусақтарына жүзік салып, кестелі тізе қап, биік өкшелі көксауыр етік, қызыл етік, шеттік етік киеді. Сондай-ақ, қазақ қыздары мен бойжеткендері шаштарына шашбау тағып, құлаққа сырга, қолға білезік, сақина салып, мойындарына алтын- күміс алқалар тағып, қос етекті алты қиық, төрт қиық койлектерін киіп, кестелі тізе қап, аяқтарына оюлы қызыл, көк, қара былғары етік киеді. Қазақ әйелдерінің бас киімдері өзіндік ерекшелік- терімен өзгешеленеді және жасалуының өзіндік ғұрыптық, салттық негізі бар. Әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар) қасаба, бүркеніш, шылауыш және т.б. Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасыдағы жағдайына байланысты ерекшеленеді. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тақыя (тебетей) кисе, қыс маусымында ауқаттылар камшат бөрік киген. Бойжеткендер мен қыздар зере, тақия, төбетай, қарқара бөріктерінің төбесіне үкі таққан, себебі қазақ наным-сенімінде үкі құсы киелі саналады. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, т.б. бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі. ӘЙЕЛДІҢ СЫРТ КИІМІ Белдемше той-думандарда көйлек үстінен киетін сәнді сырт киім үлгідерінің бірі. Той киімі ретінде жаңа түскен келінге да арнап тігіледі. Келеме жібектен тігілген, сәнді киер сырт киім. Кеудеше кеудеге киетін сырма, жұқа жеңіл киім. Кәзекей жеңсіз, жағасы кеңірек ойылған, етегі белден төменірек түсетін, бағалы матадан тігілген жеңіл киім. Қамзол көйлек сыртынан киетін жеңсіз не шолақ жең жеңіл сәндік әрі жұмыс киімі. Кіреуке алтын тінді зерлі жіппен тігілген, аса қымбатты, сәнді жібек шапан. Сатипа жеңіл шолақ сырт киім. Тізеқап суықта, аязды күндері екі бұтқа ғана киетін, ауы, ышқары жоқ екі балақ. Қырмызы тон арналып қызыл масатыдан тігілген қаптал шапан. Қамқа тон иі қандырылып өңделген жұмсақ қой терісінен, қамқадан, өзге де әдемі аң терісінен жаға салып тігілген, қаусырмамен түймеленетін бағалы киім. Қыздар мен әйелдердің өздеріне лайықтап сәндеп тіккен шапандары, шекпендері, тайжақылары, тондары, ішіктері, т.б. сырт киімдері бар. Олардың үлгілері, нақыштары ерлердің сырт киімдернен өзгеше, жатық тігісті, кестелі, зерлі-оқалы, пішімі сыпайы, сәнді келеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ашабақан''' көлемі қарабақаннан кіші, аша сырықтан үлкен, басы ашалы, одан төменде бірлі жарымды бұтағы бар, бақаннан жуан емес, сидам келген тұрмыс бұйымы. Ашабақанның көшпелі ортада қолданысы ауқымды: оны жауынды күндері киіз үйдің ішінен көлденең сырықты тіреу етіп салады; мал сойғанда ашалы басын уықтың қарына байлап, одан төменгі бұтағына немесе тұйық жіпке қойды іліп, ішек-қарынын шығарады, бұтарлап жіліктерді бүзады, оң жақ босағаға қадап мал әбзелдері мен жабдықтарын іліп қояды, қазан жаққа Ашабақанды тіреп байлап оған қымыз, май сабалардың бауын жоғары тартып байлайды. Орыс деректерінде ашабақандарды мектеп пен медреседе діни дәріс беруші, яғни адамдарды діннен хабардар етуші ұстаз немесе молданың қызметін атқарушы діндар адам ретінде қарастырған. Мұндай Ашабақанның өн бойында азық-түлік, ыдыс ілуге ыңғайлы бұтақша салалары болады. Ашабақанның қызметі уыққа таяныш ретінде оның майысып немесе сынбауын қамтамасыз ету, әрі ілгіш ретінде қолданылды. Төрт ашабақанды шұңқыр қазып, үйдің маңына орнатып олардың басындағы ашасына көлденең сырық салып үстіне ши төсеп өре жасайды. Қарабақан болмаған жағдайда ашабақанмен шаңырақ көтереді, жауынды күндері ашабақанның сидам жағымен түндікті тіреп ашып қоюға пайдаланады. Ашабақан бақанның орнына қолданыла беретіндіктен, бақанға байланысты ырым-тыйым оған да қатысты болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ашақай''' малдың тіл етінің артқы жағындағы көмекей бездеріне аралас тұрған жеріндегі тіл сүйегінің шықшытқа байланар тұсындағы орта кесіндісі (бунағы), тілдің түбіндегі аша сүйек. Халық бұл сүйекті балалардың ойын-ермегіне пайдаланды. Үлкен адамның бірі ет желініп, сүйек мүжілген соң, Ашақай сүйектің екі ашасының бірін әке, бірін ана деп іштей белгілеп алады да, балаға «Қайсысын жақсы көресің?» деп, сұрап, біреуін ұстауын талап етеді. Бала «ана» деп белгілеген жақты алдымен ұстаса, онда шешеңді жақсы көреді екенсің дейді, керісінше болса, әкеңді жақсы көреді екенсің деп мақтайды. Бұл жораның наным-сенімдік қыры туралы эзірге дерек жоқ. Дегенмен тәрбиелік мәнін жоққа шығаруға болмайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ашамайға мінгізу''' қазақы ортада жастық- жыныстық жіктелуді айғақтайтын этностың тіршілік цикліне қатысты ғұрыптардың бірі. Қазақ салтында сәбилер балалық шақтың бірінші сатысына жеткен кезде ер бала мен қыз бала ретінде алғаш рет жыныстық жағынан жіктеледі қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізіліп, қызша киіндіріледі. Сондай-ақ, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойған, соның ішінде алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген. Бұл рәсімде откізілетін шараны «Ашамайға мінгізу» немесе «Ашамай тойы» деп атаған. Бұл бала үшін де, ата-ана туысқандары үшін де ерекше оқиға, үлкен қуанышқа саналатындықтан ауқаттылар той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған. Жас бала есі кіріп 4-5 жасқа келгенде оған бәсіре тай тарту етіледі. Егер балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге байланысты мінуге жарамаса, баланың өзімен шамалас жуас, жүрісі жайлы, әрі сыр-сымбаты жарасқан кұнан не дөнен таңдалады. Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді. Баланың рәсіміне ауыл адамдары жиналып, бала мінген аттың жал-құйрығына, баланың шапанына және баскиіміне шоқтап үкі тағады. Бұл «үкінің қасиеті жын-шайтаннан қағады» дегенді білдіреді. Капаны атқа мінгізу құрметі шабандоз, желтақым жігіттерге жүктеледі. Баланы атқа мінгізіп, аяғын ісикішекке сұғып, белін айналдыра жұқа көрпешемен орап, қолтырмаш ағаштармен денесін ауыртпайтындай ғып тартып таңады. Осы тұста: Мықтап тарт ашамайдың қолтырмайын, Жас бала жол үстінде болдырмасын,' деген өлең түрінде ескертпе бата айтылады. Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Ондайда ауыл ақсақалдары төмендегідей бата береді: Ал, ақ тілек, ақ тілек, Атқа тоқым сал білек, Атқа да жақсы шаба біл, Жасыңнан малды баға біл, Өнеге, өнер таба біл, Аймағыңа жаға біл, Атқа міндің, ақжол болсын, немесе: Асқар-асқар таудан өт, Ағыны қатты судан өт. Ит тұмсығы батпайтын, Іргесі биік нудан өт. Айдын-шалқар көлден өтіп, Жеті қылым елден өт. Құс қанатын талдырған, Қу мекиен шөлден өт! Жолсыз жерде жол баста, Жаугерлік болса қол баста. Сәйгүлігің сай болсын, Тілегім осы әу баста Әмин, аллаху әкпар! Бата берілген соң, баланың қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектер айтады. Баланы атқа мінгізгсн жігіт атты ерттеп, көрші-колаң, ауылды аралатады. Есігінің алдына ашамайға мінгізу рәсімін өткізген бала келген үйдің бәрі шашу шашып, баланың киіміне үкі, шашақ, теңге, моншақ қадайды. Бала шаршады-ау деген кезде үсті-басы әлем-жәлемге, әшекейге толып ауылға қайтып оралады. Сол күні мал сойылып, ат шаптырылып, той жасалады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді. Бірте-бірте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды, сонымен бір жеті ішінде ашамайды тастап ерге отырады. Байлар ашамайға мінген балаларын көштің алдынан салтанатпен жүргізген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ашқұрсақ''' малдың артқы санының жамбас тұсындағы ойыстау келген тұсы. Ашқұрсақ әсіресе сиыр мен жылқыда жақсы байқалады. Жайылымда жем-шөпке тойған малды ашқұрсағы толып түр деп мал жайған шөпанға қошемет корсетіледі. Мал тойынып семірген кезде ашқұрсағы толып, білінбей кетеді. Жылқыны, әсіресе сиырды сояр алдында бір күн ашықтырып, ашқұрсағы ойыстанып білінген кезде «жын-тоғы» басылды деп санап союға кіріседі. Сонда еті жінікпейді, дәмді болады деп есептейді. Халықтық ветеринарияда ашқұрсақ арқылы уланған малдың месқарынын бізбен тесетін тұсып анықтайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ащы (термин)''' жер бетіне шығып жатқан сордың тұзды сор топырақ аралас минералдың атауы. Организмде қажетті минералдық заттар жетіспеген мал (қой, сиыр, ешкі) ащыны аңсайды. Ащыны жеңсік деп атауға да болады. Малды ащыға жаюды ащылату деп атайды. Оны малды көптеген аурулардан сақтаудың қамы, әрі қоңдандырудың алғышарттарының бірі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алтынмен аптап, күміспен күптеу''' (''алтынмен булау'') зергерлік тәсілінің атауы. Атаудың түптөркіні парсы тілінде «аб» су деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан деп пайымдайды зерттеушілер. Зергерліктегі бұл техниканың кұпиясы «алтынды сынапқа сындыр» деген сөз орамында сақталған: металдардың ішінде сұйық металл сынапқа алтынды сіңіріп, сынық алтын, су алтын деп аталатын (ғылыми атауы амальгама) қоспа алып, оны күміс немесе мыс бұйымның бетіне қалады. Оны көмірдің қозына қыздырғанда, сынап буға айналып, алтын металдың бетіне қалады. «Алтынның буына ұсталған бұйым» деген сөз осы аптау тәсілін алтын жалатуды қазақ зергерлері қысқартып аптау дейді. Алтынмен апталғанда сынаптың буының улы болуына байланысты өте абайлап жасайды. Кейде аптауда бұйымның бетін түгел аптамай, белгілі жерлеріне ғана жұқалап алтын жалатады және ол үшін бұйымның апталмайтын жеріне тіркеу» деп аталатын қоспа жағады. Шіркеу дегеніміз өлшем қарағай шайыры, өлшем балауыз, өлшем өсімдік майын қосып қайнатылған қоспа. Шіркеу жағылатын жерге алтын жұқпайды, «бетке шіркеу түсірме», «бетке шіркеу салма деген сөз тіркесі осыдан кір келтірме, абыройыңды сақта деген мағынада бұйымның бетін түртпемен, безеуішпен, нақыш салғыштармен өрнектеп безендіреді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ащы от''' құрамында күшті әсер ететін минералдық заттары мол, ащы, кермек дәмі бар, мал аңсап жейтін шөптердің ерекше түрлері. Ащы отқа қазақтар баялық, жусан, ермен, қарабатқыл, қызылша, кекіре, итсигек, усойқы, ақ мия, ақбас, бұйырғын, қоянот, жуа, қымыздық, сексеуіл, қара барқын, қара сораң, жантақ, күйреуік, жыңғыл, тал, жиде, тораңғы, торғаш оты, балық көз, кекіре, ала бота, боз бота, жалмаңқұлақ, бозды бас, кекпек, шыртылдақ, шытыр, қызғалдақ, теріскен, дүзген, ақ бас, текесақал, бөргек, шайыр, шағыр, құрғақ сияқты өсімдіктерді жатқызған. Ащы оттар негізінен шөлейіт, шөлді жерлерде көп еседі. Өсімдіктер әлемінің жергілікті жағдайына сай жантақ, жеңгел, жусан сияқты ащы от өскен жайылымды түйе түлігі ұнатады. Қой және жылқы ащы отты өрісте жайылса қоң жинап, семіреді. «Жылқың болса суға сал, сиыр болса шымға сал, қой мен түйеңді құмға сал» деген қағида әр малдың қандай жайылымды қалайтындығын меңзейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Тобыл-обаған артезиан алабы''', Қостанай облысының солтүстігінде, Тобыл ойысында орналасқан. Оңтүстігінде Қостанай құрылымдық белдемімен, батысы Орал тауымен, шығысы Орталық Қазақстан қыраттарымен, солтүстік бөлігі Ресей жерімен шектеседі. Қалыңдығы 30 40 негізгі сулы горизонттар палеогеннің және жоғарғы бордың құмды шөгінділерінде шоғырланған. Грунт сулары олигоценнің қалыңдығы 35 құмды қабаттарында кездеседі. Минералдылығы г/л-ден аспайтын тұщы грунт сулары Тобыл, Тоғызақ, Әйет, Үй өзендерінің аңғарларындағы қалыңдығы 10 20 құмды шөгінділердің қабаттарында тараған. Обаған өзен аңғарында құмайт, саздақ қабаттарындағы судың минералдылығы 10 г/л. Нақты артезиандық арынды сулар бор қабаттарында қалыңдығы 50 130 құм, құмтас, құмайт шөгінділерінде қалыптасқан. Олардың қойнауындағы тұщы сулар Рудный қаласының Әйет, Тоғызақ, Тобыл өзендерінің аңғарларында, Әулиекөл көлі мен Қостанай қаласы аралығында, ұзындығы 60 80 км, ені 12 км-ге жететін кең жолақта таралған. Тереңде жатқан юра, триас сулы кешендерінде жер асты суларының тұздылығы 10 г/л-ден 60 г/л-ге дейін жетеді. Палеоген ұңғымалардың өнімділігі 10 л/с, бор горизонттарында л/с-қа жетеді. Тұщы және шамалы тұзды сулардың пайдаланылатын қоры 10 м³/с. Алап Оңтүстік Орал бөктерлерінен қоректенеді. ==Дереккөздер== Санат:Артезиан алабы
'''Алтындау''' зергерлік өнердегі тәсілдің атауы. Алтындаудың бірнеше түрлері бар: алтын жалату, аптау, алтынмен әшекейлеу, алтын ерітіндісіне батырып алу немесе заттың бетін түгелдей алтынмен көмкеру деген сияқты. Сондай-ақ, алтыннан сызық жүргізу; алтын бояуын жарыстыра салуды алтын жүргізу деп атайды. Алайда, заттың сап-сары боп жылтырап, әрі таттанбай тұруы үшін оған жұқалап алтын ерітіндісін (суын) жалату, яғни алтынмен бояу ұзаққа шыдамайды. Ол туралы халық арасында «Жалатқан алтын көшер, қара шойын қалар» деп келетін мақал қалыптасты. Алтынды отта балқытып, сұйық күйге келтірген соң ерітіндіге затты малып алғанда, бұйым алтын жалатылған, апталған болып шығады. Алтынды қоспасынан айыру үшін де ерітеді. Алтындау халық зергерлері арасында өте шеберлікті қажет ететін тәсіл. Осыған орай, халық арасында алтынды еріте білмеген күл етеді, жібекті түте білмеген жүн етеді; алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер; алтынды еріткенмен жез болмайды, жібекті жуғанмен бөз болмайды деген нақыл сөздер қалыптасқан. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ащы толғақ''' аяғы ауыр әйелдің босанар алдындағы толғақтық ауыр, жанға бататын түрі. Екіқабат әйел белі қақсап, ашығандай болады. Біраздан кейін бұл белгі ауық-ауық қайталана береді. Ащы толғақтың басталғанда қазақы ырымда ащы толғақ «белден кеміріп жеп» (қатты ауыруы), қуықтың басына қарай тартып ауыртса ұл табады деп ырымдайды. Ал бала қыз боларда толғақ керісінше, төменнен басталып белге қарай ауысады деп топшылаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ащылату''' дәстүрлі мал мал бағымына қажетті технологиялық шара малды семірту, қоңын сақтау үшін сорлы, тұзды жайылымға жаю. Жайылымдык шөптер өлең, жасық (ақ от) болса, малдың семіріп қондьшық алуы төмендейтінді. Сондықтан ащы немесе табиғи тұз шығып жатқан жерлерге малды жіберіп алады, яғни ащылатады. Ащылатпастан бұрын малды алдымен суарып алады. Ащысы аз жерлерде малшылар табиғи тұз шығатын жерден «тұздық» тасып әкеліп, ащы науа мен ақырға салып береді. Малды арнайы айдап апарып Ащылату кезінде өте абай болу есксріледі: үнемі ащыламайтын (тұз жаламайтын) мал бірден көп уақыт ащыласа өліп кетуі де мүмкін. Сондықтан алдымен малды суарып жайып барып, ащыға апарған дұрыс деп саналады. Ел ішіндегі ауызша мәліметгерге қарағанда, ащылауды әр айда бір мәрте қайталап тұрған жөн саналады. Ал жаздың соңы мен күздің бас кезінде мал қонданып, етейіп, шүйленген шақта айына екі-үш мәрте ащылатады. Бұл малдың әбден шүйленуіне сеп болады. Жұт жылдары жайылымға жақын жерде ащы, сорлы жер болса жиірек ащылатып тұрады. Жұт қатты болған кезде ашылаған қоңыр андар ауылға жақын жерге келіп ащы науаға салынған сор, тұз, ащыдан жалайтын болған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Ащылау''' тіл-көз тиген баланы емдеу тәсілінің бірі. Магиялық байланысты туындаған бұл шараны күл, тұз, жұмыртқа, кебек немесе нан сияқты заттар арқылы атқарылады. Көз тиген жағдайда бала құсады, көзі кіртиеді, іші өтеді, денесі қызады. Кесеге толтыра жылылау күл салып, оның үстіне кішкене нан және бір шымшым тұз қосып, бетін орамалмен жауып, түбін бунай төңкеріп ұстап, баланың басынан аяғына дейін «аш-аш!» деп денесінің әр жеріне тигізеді. Әбден болғаннан кейін аштаушы әйел балаға қарап «тфу-тфу, жаман!» деп түкіру ишарасын жасайды. Сонан соң кесе бетін ашып ішіндегі күлді көреді. Егер балаға аш тиген болса, күл шеті әжептәуір «ойсырап» төмен түсіп ойылып қалады. Емшілер кебекті бір кесеге салып, үстіне үш шымшым тұз қосады. Оның бәрін орамалмен орап: Баламды бер, ақыңды ал. Ақың асқар-асқар таумен кетсін, Үшқан желмен кетсін, Аққан сумен кетсін, деп үш рет денесін қалдырмаіі «ақтау», яғни баланың басынан бақайына дейін денесіне тигізіп шығады, тіпті табанына, алақанына, басы-көзі, мұрнына дейін қалдырмай ащылайды. Содан соң баланың басынан айналдырып «Алас, алас, пәлекеттен қалас, тілдегеннің көзіне!» және «бисмилла» деп оны не итке, не құсқа, не малға береді болмаса адам аяғы баспайтын жерге апарып төгеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алтындалған жіп''' (''зерліжіп'')- дәстүрлі ортада құнды металл жіп талшықтарымен араластырып жасаған жіп түрінің атауы. Бұл тәсіл шығыс елдерінде мәдени алмасу, технология түрлерін шеттен алып пайдалану арқылы көптеген елдерге ортақ игілікке айналды. Алтындалған жіп жасау үшін ең алдымен алтынды мейлінше жұқартып, таптап алған соң құстың қауырсынын бір-біріне үйкеп, өңдегеннен кейін кұбылысқа негізделген) алтын пластинканы іліп алады да, оны алмас жүзді өткір кездікпен жіңішке етіп ұзыннан тіледі. Осылайша тілініп дайын болған жұқа алтын пластинка тізбегін жібек жіп талшықтарымен біріктіріп иіріп, алтындалған жіп жасайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Футболдан Англия чемпионаты 2012/2013''' тарихта 1992 жылы құрылған Премьер-лиганың 21 ұтыс ойыны болды. Турнир күнтiзбесінiң жеребе тастауы 2012 жылдың 18 маусым айында өтті. Турнир маусымы 2012 жылдың 18 тамыз айында басталып, 2013 жылдың 19 мамыр аында аяқталады. Турнирда 20 құрамалар ат салысады. Жүлдегер лауазымын Манчестер Сити клубы қорғайды. Премьер-лиганың жаңа қатысушылары болып, «Рединг», «Саутгемптон» және «Вест Хэм Юнайтед» клубтары қатысады. == Алдыңғы маусыммен салыстырғандағы өзгерістер == Орны Футбол лигасына шығып қалған клубтар '''18''' '''Болтон Уондерерс''' '''19''' '''Блэкберн Роверс''' '''20''' Уондерерс''' Орны өткен клубтар '''1''' '''Рединг''' '''2''' '''3''' '''Вест Хэм Юнайтед''' == Қатысушы клубтар == === Жарыстардың географиясы=== Премьер-лига 2012/13 маусымында Лондоннан қатысатын клубтардың рекордты саны болмақ 6. Ливерпуль және Манчестер қалаларының әрқайсысынан екі клубтар өнерін көрсетеді. Сонымен қатар чемпионатта Уэльстан «Суонси Сити» клубы қатысатын болады. === Стадиондар === Клуб Қала Стадион Сыйымдылығы Арсенал Лондон Эмирейтс 60 361 Астон Вилла Бирмингем Вилла Парк 42 785 Вест Бромвич Альбион Уэст-Бромидж Хоторнс 26 360 Вест Хэм Юнайтед Лондон Болейн Граунд 35 303 Куинз Парк Рейнджерс Лондон Лофтус Роуд 18 439 Ливерпуль Ливерпуль Энфилд 45 276 Манчестер Сити Манчестер Этихад 47 405 Манчестер Юнайтед Манчестер Олд Траффорд 75 811 Норвич Сити Норидж Карроу Роуд 27 010 Ньюкасл Юнайтед Сент-Джеймс Парк 52 409 Рединг Рединг Мадейски 24 161 Сандерленд Сандерленд Стэдиум оф Лайт 48 707 Саутгемптон Саутгемптон Сент-Мэрис 32 689 Сток Сити Сток-он-Трент Британия 27 740 Суонси Сити Суонси Либерти 20 520 Тоттенхэм Хотспур Лондон Уайт Харт Лейн 36 230 Уиган Атлетик Уиган Ди Дабл 25 133 Фулхэм Лондон Крейвен Коттедж 25 700 Челси Лондон Стэмфорд Бридж 42 449 Эвертон Ливерпуль Гудисон Парк 40 157 Стадиондар суреті 185px 185px 185px 185px 185px '''Эмирейтс, Лондон (Арсенал)''' '''Вилла Парк, Бирмингем (Астон Вилла)''' '''Хоторнс, Уэст-Бромидж (Вест Бромвич Альбион)''' '''Болейн Граунд, Лондон (Вест Хэм Юнайтед)''' '''Лофтус Роуд, Лондон (Куинз Парк Рейнджерс)''' 185px 185px 185px 185px 185px '''Энфилд, Ливерпуль (Ливерпуль)''' '''Этихад, Манчестер (Манчестер Сити)''' '''Олд Траффорд, Манчестер (Манчестер Юнайтед)''' '''Карроу Роуд, Норидж (Норвич Сити)''' '''Сент-Джеймс Парк, (Ньюкасл Юнайтед)''' 185px 185px 185px 185px 185px '''Мадейски, Рединг (Рединг)''' '''Стэдиум оф Лайт, Сандерленд (Сандерленд)''' '''Сент-Мэрис, Саутгемптон '''Британия, Сток-он-Трент (Сток Сити)''' '''Либерти, Суонси (Суонси Сити)''' 185px 185px 185px 185px 185px '''Уайт Харт Лейн, Лондон (Тоттенхэм Хотспур)''' '''Ди Дабл Ю, Уиган (Уиган Атлетик)''' '''Крейвен Коттедж, Лондон (Фулхэм)''' '''Стэмфорд Бридж, Лондон (Челси)''' '''Гудисон Парк, Ливерпуль (Эвертон)''' === капитандар, форма жабдықтаушы және демеушілер === Клуб Бас жаттықтырушы Капитан Форма жабдықтаушы Бас демеуші Арсенал Nike Emirates Астон Вилла Macron Genting Casinos Вест Бромвич Альбион adidas Zoopla Вест Хэм Юнайтед Macron SBOBET Куинз Парк Рейнджерс Пак Чи Сон Lotto AirAsia Ливерпуль Warrior Standard Chartered Манчестер Сити Umbro Etihad Airways Манчестер Юнайтед Nike Aon Норвич Сити Erreà Aviva Ньюкасл Юнайтед Puma Virgin Money Рединг Puma Waitrose Сандерленд adidas Invest In Africa Саутгемптон Umbro aap3 Сток Сити adidas Bet365 Суонси Сити adidas 32Red Тоттенхэм Хотспур Under Armour Autonomy Уиган Атлетик MiFit 12BET Фулхэм Kappa FxPro Челси adidas Samsung Эвертон Nike Chang Beer === Жаттықтырушылар өзгерісі === Клуб Кеткен жаттықтырушы Кетудің себебі Бос қызмет орны Кестедегi орын Жаңа жаттықтырушы Тағайындалу күні Вест Бромвич Альбион Рой Ходжсон Англия құрамасын басқарды 14 мамыр 2012 бастап Маусым алдындағы мерзiм Стив Кларк маусым 2012 бастап Астон Вилла Алекс Маклиш Қызметінен босатылды 14 мамыр 2012 бастап Пол Ламберт маусым 2012 бастап Ливерпуль Кенни Далглиш 16 мамыр 2012 бастап Брендан Роджерс маусым 2012 бастап Суонси Сити Брендан Роджерс «Ливерпуль» клубын басқарды маусым 2012 бастап 15 маусым 2012 бастап Норвич Сити Пол Ламберт «Астон Вилла» клубын басқарды маусым 2012 бастап Крис Хьютон маусым 2012 бастап Тоттенхэм Хотспур Қызметінен босатылды 13 маусым 2012 бастап Андре Виллаш-Боаш маусым 2012 бастап Челси 21 қараша 2012 бастап 3-ші орын Рафаэль Бенитес 21 қараша 2012 бастап Куинз Парк Рейнджерс 23 қараша 2012 бастап 20-шы орын Гарри Рэднапп 23 қараша 2012 бастап == Чемпионат көшбасылары == ImageSize width:959 height:80 PlotArea left:3 right:30 bottom:40 top:0 Period from:1 till:38.9 ScaleMajor unit:year increment:1 start:1 TimeAxis Colors id:Fulham value:black id:Swansea value:White id:Chelsea value:Blue id:ManUtd value:red id:ManCity PlotData= bar:Position width:15 color:white align:center from:1 till:2 shift:(0,19) text:"ФУЛ" color:Fulham from:2 till:2.9 shift:(0,19) text:"СУО" color:Swansea from:3 till:9.99 shift:(0,19) text:"Челси" color:Chelsea from:10 till:11.99 shift:(0,19) text:"МЮ" color:ManUtd from:12 till:12.99 shift:(0,19) text:"МС" color:ManCity from:13 till:38.9 shift:(0,19) text:"Манчестер Юнайтед" color:ManUtd == Матчтар қорытындысы == == Маусым статистикасы== == Дереккөздер == Санат:Ағылшын маусымдары Санат:2012 жылғы футбол Санат:2013 жылғы футбол
'''Футболдан Англия чемпионаты 2011/2012''' 1992 жылы құрылған Премьер-лигасы жоғарғы дивизионының 20 ұтыс ойыны болды. Турнирда 20 құрамалар ат салысты. Жүлдегер лауазымын «Манчестер Юнайтед» клубы қорғады. Премьер-лиганың жаңа қатысушылары болып, «Куинз Парк Рейнджерс» (Лондон), «Норвич Сити» (Норидж) клубтарымен бірге, Премьер-лиганың негізделгенінен кейінгі тарихындағы ең бірінші Уэльс клубы болып, «Суонси Сити» (Суонси) клубы қатысады. Өз тарихында соңғы титулын 44 жыл бұрын ұтқаннан кейінгі, үшінші рет жеңімпаз атағына иеленіп, «Манчестер Юнайтед» клубын тек қана соққан және өткізген голдардың жоғарғы көрсеткішінің арқасында озған клуб «Манчестер Сити» болды. Маусымның қорытындылары нәтижесінде Премьер-лигадан «Болтон Уондерерс», «Блэкберн Роверс» және «Вулверхэмптон Уондерерс» клубтары шығып қалды. Турнир күнтiзбесінiң жеребе тастауы 2011 жылдың 17 маусым айы британ уақытына сәйкес сағат 9.00 өтті. == Алдыңғы маусыммен салыстырғандағы өзгерістер == Орны Футбол лигасына шығып қалған клубтар '''18''' '''Бирмингем Сити''' '''19''' '''Блэкпул''' '''20''' '''Вест Хэм Юнайтед''' Орны өткен клубтар '''1''' '''Куинз Парк Рейнджерс''' '''2''' '''Норвич Сити''' '''3''' '''Суонси Сити''' == Қатысушы клубтар == === Жарыстардың географиясы=== Премьер-лига 2011/12 маусымында Англияның бес аймағының футбол клубтары өнерін көрсетті. Сонымен қатар Уэльс бір клубы: '''Лондон''' Арсенал Куинз Парк Рейнджерс Тоттенхэм Хотспур Фулхэм Челси Англия''' Ньюкасл Юнайтед Сандерленд Англия''' Блэкберн Роверс Болтон Уондерерс Ливерпуль Манчестер Сити Манчестер Юнайтед Уиган Атлетик Эвертон '''Батыс Мидленд''' Астон Вилла Вест Бромвич Альбион Вулверхэмптон Уондерерс Сток Сити '''Шығыс Англия''' Норвич Сити '''Уэльс''' Суонси Сити === Стадиондар === Клуб Қала Стадион Сыйымдылығы Арсенал Лондон Эмирейтс 60 361 Астон Вилла Бирмингем Вилла Парк 42 785 Блэкберн Роверс Блэкберн Ивуд Парк 31 154 Болтон Уондерерс Болтон Рибок 28 100 Вест Бромвич Альбион Уэст-Бромидж Хоторнс 26 360 Вулверхэмптон Уондерерс Вулвергемптон Молинью 27 828 Куинз Парк Рейнджерс Лондон Лофтус Роуд 18 439 Ливерпуль Ливерпуль Энфилд 45 276 Манчестер Сити Манчестер Этихад 47 405 Манчестер Юнайтед Манчестер Олд Траффорд 75 811 Норвич Сити Норидж Карроу Роуд 27 010 Ньюкасл Юнайтед Сент-Джеймс Парк 52 409 Сандерленд Сандерленд Стэдиум оф Лайт 48 707 Сток Сити Сток-он-Трент Британия 27 740 Суонси Сити Суонси Либерти 20 520 Тоттенхэм Хотспур Лондон Уайт Харт Лейн 36 230 Уиган Атлетик Уиган Ди Дабл 25 133 Фулхэм Лондон Крейвен Коттедж 25 700 Челси Лондон Стэмфорд Бридж 42 449 Эвертон Ливерпуль Гудисон Парк 40 157 Стадиондар суреті 185px 185px 185px 185px 185px '''Эмирейтс, Лондон (Арсенал)''' '''Вилла Парк, Бирмингем (Астон Вилла)''' '''Ивуд Парк, Блэкберн (Блэкберн Роверс)''' '''Рибок, Болтон (Болтон Уондерерс)''' '''Хоторнс, Уэст-Бромидж (Вест Бромвич Альбион)''' 185px 185px 185px 185px 185px '''Молинью, Вулвергемптон (Вулверхэмптон Уондерерс)''' '''Лофтус Роуд, Лондон (Куинз Парк Рейнджерс)''' '''Энфилд, Ливерпуль (Ливерпуль)''' '''Этихад, Манчестер (Манчестер Сити)''' '''Олд Траффорд, Манчестер (Манчестер Юнайтед)''' 185px 185px 185px 185px 185px '''Карроу Роуд, Норидж (Норвич Сити)''' '''Сент-Джеймс Парк, (Ньюкасл Юнайтед)''' '''Стэдиум оф Лайт, Сандерленд (Сандерленд)''' '''Британия, Сток-он-Трент (Сток Сити)''' '''Либерти, Суонси (Суонси Сити)''' 185px 185px 185px 185px 185px '''Уайт Харт Лейн, Лондон (Тоттенхэм Хотспур)''' '''Ди Дабл Ю, Уиган (Уиган Атлетик)''' '''Крейвен Коттедж, Лондон (Фулхэм)''' '''Стэмфорд Бридж, Лондон (Челси)''' '''Гудисон Парк, Ливерпуль (Эвертон)''' === капитандар, форма жабдықтаушы және демеушілер === Клуб Бас жаттықтырушы Капитан Форма жабдықтаушы Бас демеуші Арсенал Nike Emirates Астон Вилла Nike Genting Casinos Блэкберн Роверс Umbro The Prince’s Trust Болтон Уондерерс Reebok 188BET Вест Бромвич Альбион Adidas Bodog Вулверхэмптон Уондерерс BURRDA Sportingbet Куинз Парк Рейнджерс Lotto Malaysia Ливерпуль Adidas Standard Chartered Манчестер Сити Umbro Etihad Airways Манчестер Юнайтед Nike Aon Норвич Сити Erreà Aviva Ньюкасл Юнайтед Puma Virgin Money Сандерленд Umbro Tombola Сток Сити Adidas Britannia Суонси Сити Adidas 32Red Тоттенхэм Хотспур Puma Aurasma Уиган Атлетик MiFit Фулхэм Kappa FxPro Челси () Adidas Samsung Эвертон Le Coq Sportif Chang Beer Nike компаниясы 2011/12 маусымға ''Nike T90 Seitiro'' атты добының жаңа дизайнын жетілдірді. === Жаттықтырушылар өзгерісі === Клуб Кеткен жаттықтырушы Кетудің себебі Бос қызмет орны Кестедегi орын Жаңа жаттықтырушы Тағайындалу күні Челси Карло Анчелотти Қызметінен босатылды 22 мамыр 2011 бастап Маусым алдындағы мерзiм Андре Виллаш-Боаш 22 маусым 2011 бастап Астон Вилла Жерар Улье Өзара келісім арқылы маусым 2011 бастап Алекс Маклиш 17 маусым 2011 бастап Фулхэм Марк Хьюз Қызметін босатты маусым 2011 бастап Мартин Йол маусым 2011 бастап Сандерленд Стив Брюс Қызметінен босатылды 30 қараша 2011 бастап 16-шы орын Мартин О’Нил желтоқсан 2011 бастап Куинз Парк Рейнджерс Нил Уорнок қантар 2012 бастап 17-ші орын Марк Хьюз 10 қаңтар 2012 бастап Вулверхэмптон Уондерерс Мик Маккарти 13 ақпан 2012 бастап 18-ші орын Терри Коннор 24 ақпан 2012 бастап Челси Андре Виллаш-Боаш наурыз 2012 бастап 5-ші орын Роберто Ди Маттео () наурыз 2012 бастап == Чемпионат көшбасылары == ImageSize width:959 height:80 PlotArea left:3 right:30 bottom:40 top:0 Period from:1 till:38.9 ScaleMajor unit:year increment:1 start:1 TimeAxis Colors id:Bolton value:Blue id:ManCity id:ManUtd value:red PlotData= bar:Position width:15 color:white align:center from:1 till:2 shift:(0,19) text:"БОЛ" color:Bolton from:2 till:3 shift:(0,19) text:"МС" color:ManCity from:3 till:8 shift:(0,19) text:"Манчестер Юнайтед" color:ManUtd from:8 till:28 shift:(0,19) text:"Манчестер Сити" color:ManCity from:28 till:36 shift:(0,19) text:"Манчестер Юнайтед" color:ManUtd from:36 till:38.9 shift:(0,19) text:"МС" color:ManCity == Матчтар қорытындысы== == Маусым статистикасы == === Бомбардирлер === Орын Ойыншы Клуб Голдар Робин ван Перси Арсенал 30 Уэйн Руни Манчестер Юнайтед 27 Серхио Агуэро Манчестер Сити 23 Якубу Айегбени Блэкберн Роверс 17 Эммануэль Адебайор Тоттенхэм Хотспур Клинт Демпси Фулхэм Демба Ба Ньюкасл Юнайтед 16 Грант Холт Норвич Сити 15 Эдин Джеко Манчестер Сити 14 10 Марио Балотелли Манчестер Сити 13 Паписс Сиссе Ньюкасл Юнайтед === Голдық доп шығару === Орын Ойыншы Клуб Давид Сильва Манчестер Сити 15 Антонио Валенсия Манчестер Юнайтед 13 Хуан Мата Челси Эммануэль Адебайор Тоттенхэм Хотспур 11 Алекс Сонг Арсенал Гарет Бейл Тоттенхэм Хотспур 10 Луиш Нани Манчестер Юнайтед === Хет-триктер === Түсініктеме Ойыншы гол соқты Ойыншы Мемлекет Клуб Қарсыласы Есебі Мезгілі Манчестер Сити Тоттенхэм Хотспур 1:5 Манчестер Юнайтед Арсенал 8:2 Манчестер Сити Уиган Атлетик 3:0 Манчестер Юнайтед Болтон Уондерерс 0:5 Ньюкасл Юнайтед Блэкберн Роверс 3:1 Челси Болтон Уондерерс 1:5 Фулхэм Куинз Парк Рейнджерс 6:0 Арсенал Челси 3:5 Ньюкасл Юнайтед Сток Сити 1:3 Блэкберн Роверс Суонси Сити 4:2 Манчестер Юнайтед Уиган Атлетик 5:0 Фулхэм Ньюкасл Юнайтед 5:2 Арсенал Блэкберн Роверс 7:1 Вест Бромвич Альбион Вулверхэмптон Уондерерс 1:5 Фулхэм Вулверхэмптон Уондерерс 5:0 Ливерпуль Эвертон 3:0 Манчестер Сити Норвич Сити 1:6 Ливерпуль Норвич Сити 0:3 Челси Куинз Парк Рейнджерс 6:1 === Голдар === Алаң иелерінің ең ірі жеңісі: '''+6''' :* «Манчестер Юнайтед» '''8:2''' «Арсенал» (28 тамыз 2011) :* «Фулхэм» '''6:0''' «Куинз Парк Рейнджерс» (2 қазан 2011) :* «Арсенал» '''7:1''' «Блэкберн Роверс» (4 ақпан 2012) Қонақтардың ең ірі жеңісі: '''+5''' :* «Болтон Уондерерс» '''0:5''' «Манчестер Юнайтед» (10 қырқүйек 2011) :* «Манчестер Юнайтед» '''1:6''' «Манчестер Сити» (23 қазан 2011) :* «Фулхэм» '''0:5''' «Манчестер Юнайтед» (21 желтоқсан 2011) :* «Вулверхэмптон Уондерерс» '''0:5''' «Манчестер Юнайтед» (18 наурыз2012) :* «Норвич Сити» '''1:6''' «Манчестер Сити» (14 сәуір 2012) Бір ойында бір құраманың ең көп соққан голдары: '''8''' :* «Манчестер Юнайтед» '''8:2''' «Арсенал» (28 тамыз 2011) Бір оцында ең көп соғылған голдар: '''10''' :* «Манчестер Юнайтед» '''8:2''' «Арсенал» (28 тамыз 2011) Бір ойында жеңілген құраманың ең көп соққан голдары: '''3''' :* «Блэкберн Роверс» '''4:3''' «Арсенал» (17 қыркүйек 2011) :* «Челси» '''3:5''' «Арсенал» (29 қазан 2011) === Көрермендер келу көрсеткіші=== Ең аз келген көрермендер саны: '''15 195''' «Куинз Парк Рейнджерс» «Болтонға» қарсы (13 тамыз 2011) Ортақ көрсеткіш: '''11 946 915''' көрермендер Орташа көрсеткіш: '''34 628''' көрермендер === Жеңілмеген матчтар === Ең көп жеңілмеген матчтар көрсеткіші: '''20''' «Манчестер Юнайтед» Ең аз жеңілмеген матчтар көрсеткіші: '''2''' «Норвич Сити» === Сериялар === Қатарынан ең көп жеңіс саны: '''8''' «Манчестер Юнайтед» (11 ақпан 2012-ден наурыз 2012-ге дейін) Қатарынан ең көп жеңілмеген матчтар саны: '''14''' «Манчестер Сити» (15 тамыз 2011-ден желтоқсан 2011-ге дейін) Қатарынан ең көп жеңбеген матчтар саны: '''11''' «Вулверхэмптон» (12 ақпаннан бүгінгі күнге дейін) Қатарынан ең көп жеңілу саны: '''8''' «Уиган Атлетик» (10 қыркүйек 2011-ден қараша 2011-ге дейін) == 20-мыңдық гол == «Астон Вилла» жартылай қорғаушысы Марк Олбрайтон Премьер-лиганың тарихындағы 20 000-шы голын соқты. Бұл оқиға 21 желтоқсан 2011 жылы «Вилла Паркта» «Арсеналға» қарсы 17-ші турында болды. == Жүлделер == === Айлық жүлделер === Ай Ай жаттықтырушысы Ай ойыншысы Жаттықтырушы Клуб Ойыншы Клуб Тамыз сэр Алекс Фергюсон Манчестер Юнайтед Эдин Джеко Манчестер Сити Қыркүйек Гарри Реднапп Тоттенхэм Хотспур Давид Сильва Манчестер Сити Қазан Роберто Манчини Манчестер Сити Робин ван Перси Арсенал Қараша Гарри Реднапп Тоттенхэм Хотспур Скотт Паркер Тоттенхэм Хотспур Желтоқсан Мартин О’Нил Сандерленд Демба Ба Ньюкасл Юнайтед Қаңтар Брендан Роджерс Суонси Сити Гарет Бейл Тоттенхэм Хотспур Ақпан Арсен Венгер Арсенал Питер Одемвингие Вест Бромвич Альбион Наурыз Оуэн Койл Болтон Уондерерс Гильфи Сигурдссон Суонси Сити Сәуір Роберто Мартинес Уиган Атлетик Никица Елавич Эвертон == Дереккөздер == == Сілтемелер == Турнирдің ресми сайты сайтындағы статистикасы Санат:Ағылшын маусымдары