text
stringlengths
347
53.1k
'''Футболдан Англия чемпионаты 2010/2011''' 1992 жылы құрылған Премьер-лигасы жоғарғы дивизионының 19 ұтыс ойыны болды. Турнир күнтiзбесінiң жеребе тастауы 2010 жылдың 17 маусым айы британ уақытына сәйкес сағат 9.00 өтті. Турнирда 20 құрамалар ат салысты. Жүлдегер лауазымын Премьер-лига тарихында 12-ші рет «Манчестер Юнайтед» клубы ұтып алды. Сонымен қатар «Манчестер Юнайтед» Англия футбол тарихындағы чемпиондық титул санына қарай рекорд орнатты (Англия чемпионатының жоғарғы дивизионының 19 мәрте жүлдегері). Маусымның қорытындылары нәтижесінде Премьер-лигадан «Вест Хэм Юнайтед», «Блэкпул» және «Бирмингем Сити» клубтары шығып қалды. Маусым 14 тамыз 2010 жылы басталып, 22 мамыр 2011 жылы аяқталды. == Алдыңғы маусыммен салыстырғандағы өзгерістер == Орны Футбол лигасына шығып қалған клубтар '''18''' '''Халл Сити''' '''19''' '''Бернли''' '''20''' '''Портсмут''' Орны өткен клубтар '''1''' '''Ньюкасл Юнайтед''' '''2''' '''Вест Бромвич Альбион''' '''3''' '''Блэкпул''' === Турнир регламентінің өзгеруі === Ағылшын Премьер-лигасы клуб құрамасынның ойыншылар санына шектеу қойды. 2010/11 маусымынан бастап, клубтар чемпионатта өз құрамасында қатысатын ойыншылар саны 25 ойыншыдан көп болмауы керек. 21 жаста және одан да жас футболистер бұл шектеу тізіміне енбей, клубтар өз құрамасында жас ойыншылардың санын 25 ойыншы шектеуінен тыс тіркей алады. Сонымен қатар осындан маусымнан бастап, Премьер-лиганың клубтарындағы жас ойыншылардың үлкен дамуына үлес қосу үшін, «''үйінде өсірілген ойыншылар''» ережесі іске кіреді (''home-grown players''). Ережеге сәйкес, клуб құрамасы тізімінде кем дегенде клубта өсірілген ойыншылар болуы тиіс. Клубта өсірілген деп, Англия футбол ассоциациясында немесе Уэльс футбол ассоциациясында қатарындағы клубтарда тіркеген және 21 жасына жетер алдында үш толық маусымын өткізген (немесе 36 ай), ұлтына немесе жасына тәуелді емес жас ойыншылар кіреді. == Қатысушы клубтар == === Жарыстардың географиясы === Премьер-лига 2010/11 маусымында Англияның төрт аймағының футбол клубтары өнерін көрсетті. '''Үлкен Лондон''' Арсенал Вест Хэм Юнайтед Тоттенхэм Хотспур Фулхэм Челси Англия''' Ньюкасл Юнайтед Сандерленд Англия''' Блэкберн Роверс Блэкпул Болтон Уондерерс Ливерпуль Манчестер Сити Манчестер Юнайтед Уиган Атлетик Эвертон '''Батыс Мидленд''' Астон Вилла Бирмингем Сити Вест Бромвич Альбион Вулверхэмптон Уондерерс Сток Сити Премьер-лига 2010/11 маусымында Йоркшир және Хамбер, Шығыс Мидленд, Шығыс Англия, Оңтүстік-Шығыс Англия және Оңтүстік-Батыс Англия аймақтарының клубтары қатыспайды. === Стадиондар === Клуб Қала Стадион Сыйымдылығы Арсенал Лондон Эмирейтс 60 355 Астон Вилла Бирмингем Вилла Парк 42 788 Бирмингем Сити Бирмингем Сент-Эндрюс 30 079 Блэкберн Роверс Блэкберн Ивуд Парк 31 367 Блэкпул Блэкпул Блумфилд Роуд 16 220 Болтон Уондерерс Болтон Рибок 28 723 Вест Бромвич Альбион Уэст-Бромидж Хоторнс 26 500 Вест Хэм Юнайтед Лондон Болейн Граунд 35 303 Вулверхэмптон Уондерерс Вулвергемптон Молинью 29 303 Ливерпуль Ливерпуль Энфилд 45 362 Манчестер Сити Манчестер Сити оф Манчестер 47 726 Манчестер Юнайтед Манчестер Олд Траффорд 76 212 Ньюкасл Юнайтед Сент-Джеймс Парк 52 387 Сандерленд Сандерленд Стэдиум оф Лайт 49 000 Сток Сити Сток-он-Трент Британия 28 383 Тоттенхэм Хотспур Лондон Уайт Харт Лейн 36 240 Уиган Атлетик Уиган Ди Дабл 25 138 Фулхэм Лондон Крейвен Коттедж 26 500 Челси Лондон Стэмфорд Бридж 42 055 Эвертон Ливерпуль Гудисон Парк 40 157 Стадиондар суреті 185px 185px 185px 185px 185px '''Эмирейтс, Лондон (Арсенал)''' '''Вилла Парк, Бирмингем (Астон Вилла)''' '''Сент-Эндрюс, Бирмингем (Бирмингем Сити)''' '''Ивуд Парк, Блэкберн (Блэкберн Роверс)''' ''' Блумфилд Роуд, Блэкпул Блэкпул''' 185px 185px 185px 185px 185px '''Рибок, Болтон (Болтон Уондерерс)''' '''Хоторнс, Уэст-Бромидж (Вест Бромвич Альбион)''' '''Болейн Граунд, Лондон (Вест Хэм Юнайтед)''' '''Молинью, Вулвергемптон (Вулверхэмптон Уондерерс)''' '''Энфилд, Ливерпуль (Ливерпуль)''' 185px 185px 185px 185px 185px '''Сити оф Манчестер, Манчестер (Манчестер Сити)''' '''Олд Траффорд, Манчестер (Манчестер Юнайтед)''' '''Сент-Джеймс Парк, (Ньюкасл Юнайтед)''' '''Стэдиум оф Лайт, Сандерленд (Сандерленд)''' '''Британия, Сток-он-Трент (Сток Сити)''' 185px 185px 185px 185px 185px '''Уайт Харт Лейн, Лондон (Тоттенхэм Хотспур)''' '''Ди Дабл Ю, Уиган (Уиган Атлетик)''' '''Крейвен Коттедж, Лондон (Фулхэм)''' '''Стэмфорд Бридж, Лондон (Челси)''' '''Гудисон Парк, Ливерпуль (Эвертон)''' === капитандар, форма жабдықтаушы және демеушілер === Клуб Бас жаттықтырушы Капитан Форма жабдықтаушы Бас демеуші Арсенал Nike Emirates Астон Вилла Nike FxPro Бирмингем Сити Xtep F&C Investments Блэкберн Роверс Umbro Crown Paints Блэкпул Carbrini Wonga.com Болтон Уондерерс Reebok 188BET Вест Бромвич Альбион Umbro Homeserve Вест Хэм Юнайтед Macron SBOBET Вулверхэмптон Уондерерс BURRDA Sportingbet Ливерпуль adidas Standard Chartered Bank Манчестер Сити Umbro Etihad Airways Манчестер Юнайтед Nike Aon Ньюкасл Юнайтед Puma Northern Rock Сандерленд Umbro Tombola Сток Сити adidas Britannia Тоттенхэм Хотспур Puma Autonomy Уиган Атлетик MiFit 188BET Фулхэм Kappa FxPro Челси adidas Samsung Эвертон Le Coq Sportif Chang Beer Nike компаниясы 2010/11 маусымға ''T90 TRACER'' атты добының жаңа дизайнын жетілдірді. Қыс мерзіміне алаңда көтеріңкі айырушылық арналған арнайы түске ие добы шығарылды. ''Umbro'' компаниясы футбол төрешілеріне жаңа формасын таныстырды: жейделер қара, жасыл лайм, көгілдір түстеріне ие. === Жаттықтырушылар өзгерісі === Клуб Кеткен жаттықтырушы Кетудің себебі Бос қызмет орны Кестедегi орын Жаңа жаттықтырушы Тағайындалу күні Вест Хэм Юнайтед Джанфранко Дзола Қызметінен босатылды 11 мамыр 2010 бастап Маусым алдындағы мерзiм Аврам Грант маусым 2010 бастап Ливерпуль Рафаэль Бенитес Өзара келісім арқылы маусым 2010 бастап Рой Ходжсон маусым 2010 бастап Фулхэм Рой Ходжсон «Ливерпуль» клубын басқарды маусым 2010 бастап Марк Хьюз 29 маусым 2010 бастап Астон Вилла Мартин О’Нил Қызметін босатты тамыз 2010 бастап Жерар Улье қыркүйек 2010 бастап Ньюкасл Юнайтед Крис Хьютон Қызметінен босатылды желтоқсан 2010 бастап 11-шы Алан Пардью желтоқсан 2010 бастап Блэкберн Роверс Сэм Эллардайс 13 желтоқсан 2010 бастап 13-ші Стив Кин 22 желтоқсан 2010 бастап Ливерпуль Рой Ходжсон Өзара келісім арқылы қаңтар 2011 бастап 12-ші Кенни Далглиш қаңтар 2011 бастап Вест Бромвич Альбион Роберто Ди Маттео Қызметінен босатылды ақпан 2011 бастап 16-шы Рой Ходжсон 11 ақпан 2011 бастап Вест Хэм Юнайтед Аврам Грант 15 мамыр 2011 бастап 20-шы Кевин Кин () 16 мамыр 2011 бастап === Клуб иелерінің ауысуы === Клуб Жаңа иесі Бұрынғы иесі Дата Ливерпуль New England Sports Ventures Том Хикс және Джордж Джиллет Блэкберн Роверс Venky's (India) Limited Jack Walker Trust == Чемпионат көшбасылары == ImageSize width:959 height:80 PlotArea left:3 right:30 bottom:40 top:0 Period from:1 till:38.9 ScaleMajor unit:year increment:1 start:1 TimeAxis Colors id:Chelsea value:Blue id:ManUtd value:red PlotData= bar:Position width:15 color:white align:center from:1 till:14 shift:(0,19) text:"Челси" color:Chelsea from:14 till:38.9 shift:(0,19) text:"Манчестер Юнайтед" color:ManUtd == Матчтар қорытындысы == == Маусым статистикасы == === Бомбардирлер === Орын Ойыншы Клуб Голдар Димитр Бербатов Манчестер Юнайтед 20 Карлос Тевес Манчестер Сити Робин ван Перси Арсенал 18 Даррен Бент Вилла 17 Питер Одемвингие Вест Бромвич Альбион 15 Дадли Кэмпбелл Блэкпул 13 Энди Кэрролл Ньюкасл Хавьер Эрнандес Манчестер Юнайтед Дирк Кёйт Ливерпуль Флоран Малуда Челси Рафаэл ван дер Варт Тоттенхэм Хотспур === Голдық доп шығару === Орын Ойыншы Клуб Луиш Нани Манчестер Юнайтед 18 Дидье Дрогба Челси 15 Сеск Фабрегас Арсенал 14 Андрей Аршавин Арсенал 11 Лейтон Бейнс Эвертон Крис Брант Вест Бромвич Альбион Уэйн Руни Манчестер Юнайтед Эшли Янг Астон Вилла Питер Крауч Тоттенхэм Хотспур Стюарт Даунинг Астон Вилла Чарли Адам Блэкпул Джоуи Бартон Ньюкасл Юнайтед Питер Одемвигие Вест Бромвич Альбион Давид Сильва Манчестер Сити Рафаэл ван дер Варт Тоттенхэм Хотспур === Хет-триктер === Түсініктеме Ойыншы гол соқты Ойыншы гол соқты Ойыншы Мемлекет Клуб Қарсыласы Есебі Мезгілі Челси Вест Бромвич Альбион 6:0 Арсенал Блэкпул 6:0 Ньюкасл Юнайтед Астон Вилла 6:0 Манчестер Юнайтед Ливерпуль 3:2 Ньюкасл Юнайтед Сандерленд 5:1 Манчестер Юнайтед Блэкберн Роверс 7:1 Манчестер Сити Астон Вилла 4:0 Ньюкасл Юнайтед Вест Хэм Юнайтед 5:0 Манчестер Юнайтед Бирмингем Сити 5:0 Арсенал Уиган Атлетик 3:0 Эвертон Блэкпул 5:3 Манчестер Сити Вест Бромвич Альбион 3:0 Ливерпуль Манчестер Юнайтед 3:1 Манчестер Юнайтед Вест Хэм Юнайтед 4:2 Ливерпуль Бирмингем Сити 5:0 Ливерпуль Фулхэм 5:2 Вест Бромвич Альбион Ньюкасл Юнайтед 3:3 === Голдар === Маусымның бірінші голы: Стюарт Даунинг «Астон Вилла» құрамасың қатарында «Вест Хэм Юнайтед» клубына қарсы ойынында (''14 тамыз 2010'') Маусымның ең тез голы: '''30 секунд''' Макси Родригес «Ливерпуль» құрамасың қатарында «Фулхэма» клубына қарсы ойынында (''9 мамыр 2011'') Ойындағы голдардың ең үлкен айырмашылығы: '''6''' ** Челси 6:0 Вест Бромвич Альбион (''14 тамыз 2010'') ** Арсенал 6:0 Блэкпул (''21 тамыз 2010'') ** Уиган Атлетик 0:6 Челси (''21 тамыз 2010'') ** Ньюкасл Юнайтед 6:0 Астон Вилла (''22 тамыз 2010'') ** Манчестер Юнайтед 7:1 Блэкберн Роверс (''27 қараша 2010'') Ойындағы ең көп соғылған голдар саны: '''8''' ** Манчестер Юнайтед 7:1 Блэкберн Роверс (''27 қараша 2010'') ** Эвертон 5:3 Блэкпул (''5 ақпан 2011'') ** Ньюкасл Юнайтед 4:4 Арсенал (''5 ақпан 2011'') Ойындағы бір құрамының ең көп соққан голдар саны: '''7''' Манчестер Юнайтед 7:1 Блэкберн Роверс (''27 қараша 2010'') Қатарынан ең аз гол соға алмаған ойындар саны: '''5''' Манчестер Юнайтед Қатарынан ең көп гол соға алмаған ойындар саны: '''13''' Уиган Атлетик === Тәртіп === Ең нашар тәртіп (сары қағаз балл, қызыл 3): ** Манчестер Сити '''89 балл''' (74 сары және қызыл қағаздары) Таңдаулы тәртіп: ** Блэкпул '''53 балл''' (47 сары және қызыл қағаздары) Ең көп сары қағаздар саны (клуб): '''76''' Ньюкасл Юнайтед Ең көп сары қағаздар саны (ойыншы): '''14''' Шейк Тьоте (Ньюкасл Юнайтед) Ең көп қызыл қағаздар саны (клуб): '''7''' Вест Бромвич Альбион Ең көп қызыл қағаздар саны (ойыншы): '''2''' ** Ли Каттермол (Сандерленд) ** Крейг Гарднер (Бирмингем Сити) ** Лоран Косельни (Арсенал) ** Юсуф Мулумбу (Вест Бромвич Альбион) ** Райан Шоукросс (Сток Сити) Ең көп бұзушылық жасаған ойыншы: '''114''' Кевин Дэвис (Болтон Уондерерс) === Жеңілмеген матчтар === Ең көп жеңілмеген матчтар көрсеткіші: '''18''' Манчестер Сити Ең аз жеңілмеген матчтар көрсеткіші: '''2''' Вест Бромвич Альбион == Дереккөздер == Санат:Ағылшын маусымдары
'''Аю қақпан''' аю ұстауға арналған көлемі үлкен қақпан түрі. Аю қақпанының тісі екі түрлі: бірі ара тісті, екіншісі айқаспалы қабан тісті. Мұндай қақпанның серперіне айталсоқ салынып, шығырығына шынжыр, ұшына үлкен тоқпақ байланады. Өр Алтайда тұратын аңшы Қ.Өздепбайұлы туралы деректі хикаяда аюға қақпан құруды былай суреттейді: «Құрастыру үшін, алдымен бір жаң серперге шынжыр іліп, онан соң серпердің ұңғылы басын шаппа жақтауына кигізіп тұрып, жақтаудың тесігінен бақай қарғашасының іш жағына салып мұрындықтап, онан соң мұрындықтың басын мықты етіп тойтарып тастайды. Серпер басының жақтауға киіліп тұрған шығырыңша ұңғысы қашан құрылып шақанда іркіліссіз жоғары-төмен сырғитын болады. Ең соңғы мұрындық бекітілген соң қақпан құрастырылып болды деген сөз». Аю қақпанын құрған кезде қауіпсіздік үшін құлып деп аталатын қосымша құрылғыны пайдаланады. Ол кұлыпқа онша ұқсамайды, керісінше, сабы және ұңғысы бар. Серпер бүктелген кезде құлыптың ұңғысын сыртынан кигізіп, серпердің түбіне дейін сыналап апарады. Содан кейін тиекті әбден бекітіп, қакпанды құрып алғаннан кейін ғана кұлыпты серперден алып тастайды. Аю қақпанды аю ізі түскен жерге апарып кұрады. Аю ұстаған аңын қашықтау жерге апарып көміп, үстіне бастырып, жан-жағын шөп-шаламмен көміп ізін жасыратын әдеті бар. Ондайда қақпан құратын аңшы алдымен жемтіктің үстіне қарағай бұтақтарынан күркеше жасайды. Жығылған ағашты қақпанның шынжырын байлайтын тоқпақ етіп бекітеді. Алыстан бақылағанда күркеше бұзылса қақпанға аю түскенін білдіреді. Қақпанды сүйретіп кетеді де, көбінесе әлсіреген кезде қақпанның шынжырлы тоқпағы өсіп тұрған ағаштарға ілінеді. Кейде, қақпанды сүйретіп, жығылған ағаштың жерге тиген бауырына шынжыры қыстырылып, арқандалып қалады. Бұрын қақпанға түсіп кұтылған аю болса темірдің исін және қақпанның шабылатынын біліп, серперінен ұстап сырғытып қоятындары да болады дейді мәлімет беруші аңшылар. Қақпанға түскен аю маңайындағы ағаш, шілік, шөптің барлығын жапырып тастайды. Аю қақпанға түскенін анықтаған соң оншақты мықты жігіт жиналып, қолына мылтық немесе сойыл мен балта ұстап, соғуға барады. Мұндайда, аю айбар көрсетіп, тік шапшып, адамды көрген кезде ашуланып бұлқынып, шынжырындағы тоқпақты аю өзі тартып суырып алып, адамдарға қарсы ұмтылуы да мүмкін. Бір-бірлеп оңтайлы бір жерді таңдап алып, аюға жақындап, қарсы ұмтылып тұрған аюды сойылмен ұрып, өткір айбалтамен шауып жібереді. Осылайша құлаған аюды сойып, ет, майын бөліп алады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аюбасқы''' аю аулаудағы сирек кездесетін амал-айлалардың бірі. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауында көп кездесетін аю алудағы қауіпті тәсіліне саналады, әрі оның әлегіде көп болады. Басқы қүру күздің соңында немесе қар түсе бастаған шақта нссіз жұртқа немесе аю апандарының маңына құрылады. Себебі азықсыраған аю иесіз жұртты төңіректейді. Басқы құру үшін коп борене, бірнеше ауыр доңбек дайындап, биіктігі кісі бойындай үйшік тәрізді етіп кішігірім үй қалайды. Босағаға екі мықты діңгек тұрғызылып, оған құлаштай борененің бір жақ басын түйістіріп қалайды. Ал үйшіктің түкпіріне қарай колденең тиек ілгіш тақтай сала отырып, үйшіктің екі қабырғасы тұрғызылады. Оған сүймен тәрізді етіп тиек міндетін атқаратын ағашты бістіріп, оның төменгі жағы (тиек ілгіш дейді) тақтайға, жоғарғы жағы сүйменнің тіліне ілінеді. Сүймен үйшік үстіне көлденең қойылған берік мәткелердің үстіне келеді. Сүйменнің екінші басының үстіне екі үш бөрене салынады. Үйшіктің аузында тағы бір қос есік пішінді қақпа орнатылып, табалдырық жасалады, босағасына екі ағаш сүйеледі. Басқы кұру үшін боренелерді шынжырмен байлап, жалған қалқа жасап, басын ортасындағы деңбекке өбістіріп тұрғызады. Ал баспаның тиегіне, яғни дөңбектердің біріне шырға немесе «алдамшы жем» байлайды. Шырғаға аю жақсы көретін, иістеніп, борси бастаған малдың өлексесі, өкпе- бауыры шаншылады. Алтай өңірінде осы тәсілмен бірнеше аю соққан кэнігі аңшы Қазыханның айтуына қарағанда: «Аю үйшіктің ішіне басын сұғып тиекке байланған жемді тартқанда тиек ағытылып, сүйменнің басы шыгып кетеді де үстіндегі бос бөренелер екпінмен құлап, ңақуа мен үйшік босағасының арасына түседі, яғни астындағы табалдырық ағаштың үстіне түседі. Аю осы табалдырық пен үстінен құлаған ағаштың арасында белінен жаншылады». == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Тобыл титанды кенқайраңдар тобы''', Қостанай облысы аумағындағы Шығыс Орал антиклинорийі мен Торғай ойпаңының аралығында орналасқан. Бұл ауданда кендену шелекті свитасының шалқарнұра қабатына кіретін алевритті жұқа қабатты алювийлік фацияға жататын құмдар және көне көл жағалауларында болған ұсақ түйіршікті кварцты құмдар қабаттарымен ұштасқан. Шалқарнұра құмдарындағы ауыр минералдардың мөлшері барлық қабаттарда бірдей емес. Оларда ильменит пен цирконий көп тараған. Шашылымдар түпкі кристалдық тау жыныстары іргетасының таяз қабаттарына орналасқан қалыңдығы болатын линза тәрізді денелер. Жеке кен денелерінің таралу көлемі неоген-төрттік кезеңдерінде шайылуға ұшырағандықтан аса үлкен емес. Олар жер бетіне жақын (3 м), бір-бірінен км қашықтықта топтасып, 35 40 км² аумақты қамтиды. Тобыл титанды кенқайраңдар тобындағы минералдардың мөлшері: ильменит 33,8 кг/м3, рутил 5,3 кг/м3, цирконий 3,7 кг/м3. Кендегі ТіО2-нің барланған қоры 419 мың т. ==Дереккөздер== Санат:Кенқайраң
'''Аяғы ауыр әйел''' құрсағына бала біткен әйел дегенді білдіреді. Аяғы ауыр әйел эвфемизм. Яғни Аяғы ауыр әйелдің күйін тура атауға тыйым салынғанды білдіреді. Бұл ұғымның екіқабат, жүкті, аяғы ауыр, құрсақ көтерді, іші білінді, көжеге тойды деген балама атаулары бар. Дәстүрлі ортада аяғы ауыр әйелге катысты сан алуан тыйым, ырым, ұстанымдар қалыптасты. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы. 1-кітап Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, әдебиет, шығарма, кітап, жазушы
'''Аяқ''' (термин) ағаштан ойылып жасалған, сұйық, сусын ас ішуге арналған, көлемі шағын, кеседен үлкен шұңғыл, дөңгелек ыдыс. Сыйымдылығы бір литрдей, оны пошымы мен өңделуіне қарай саптыаяқ, сырлы аяқ, қолдануына карай кесе-аяқ, қымыз аяқ деп атай береді. Оның түбі орнықты, жиегі тік, жұқа болады. Көбінесе қымыз, шұбат құйылып, сыйлы кісілерге ұсынады. Сыртын оюлап түрлі-түсті сырмен сырлайды. Балаларға лайықталған шағын түрін тостаған дейді. Шеберлер ағаш ыдыстарын көбінесе аршадан жасаған, ойткені, аршадан жасалған ыдысқа шыбын-шіркей әуес болмайды дейді. Бұрып ағаштан ойып аяқ жасаушыларды ел ішінде қырғыйды деп атаған. Бұл атау ыдысты ағаштан қырып жасайтынын білдіреді. Ерекше бір түрі қымыз ішуге арналған қымыз аяқ, оған қосымша қымыз ожау, қымыз тегене, керсен сияқты ыдыстар қымыз ыдысының кешенін құрайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аяқ жүгірту''' күйеу жігіттің қалыңдық жаққа жаяу ат жетектеп келгенде әзілдесіп көңіл көтерген қыз жеңгелеріне беретін кәдесі. Ауылға бір шақырымдай калғанда күйеу баланы қалдырып, ауылға келген аткосшылардан күйеу келгенін естіген қыздың жеңгелері дәм салынған табақпен алдынан шығып күтіп алған. Күйеудің қасына келген әйелдер ас салынған табақты оған үш рет ұсынып, үш рет кері тартып алғаннан соң, тек төртінші ретте дәм татқызған. Ас-тұз әкеліп, күтіп алғандарына риза болған жаңа күйеу әкелген кәдесін әйелдерге таратып беру рәсімін істейді. Қыздың үйіне келгеннен кейін де қымыз қүйып беріп отырған әйел қолын жеңіне тығып алып, жігіт ыдысты ала бергенде тартып қалады. Осылайша үш рет қайталайды. Үшінші мәртеде ғана ыдысты ұстатады. Бұл үшін де жігіт «аяқ жүгіртер» кәдесін береді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
1.'''Аяқбау''' уықтың керегеге бекітіп байлайтын жіптің немесе әшекейленген жіңіке таспаның атауы. Сондай-ақ аяқбау көшкен кезде уықтың «аяқтарын» бірі біріне қосып, буып байлау үшін де қолданылады. Үйдегі уыққа байланған аяқбауға адамның басы тимеу керек. Әйтпесе адамның жолы кесіледі, жамандыққа ұшырайды-мыс. 2.'''Аяқбау''' аушы құстардың аяғына байланатын былғары, қыжым немесе теріден өріліп жасалған «жіп». Мұндай жіпті бүркітті қолға үйретуге және ұстап алып жүруге және тұғырға отырғызғанда байлап қоюға колданады. 3.'''Аяқбау''' балық аулайтын аудың (жылымның) әрбір стек тасын жеке-жеке байлайтын бау. 4.'''Аяқбау''' қайықтың діңгегін төменгі жағынан бекітетін арқан. Аяқбауды мықтап байламаса, діңгек босап кетеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Киіз үй
'''Аяқжақсы''' тоғыз түрінде берілген сыйдың құрамындағы мәртебесі мен құндылығы тұрғысынан «тоғызыншы» кәделі заттың атауы. Қазақта айыпқа, сыйға, қалыңмалға, бәйгеге, балуан күреске және т.б. берілген сыйдың жанды тоғыз, жансыз тоғыз, түйе бастаған тоғыз, жамбы, бие бастаған тоғыз тәрізді тоғыздың бас жақсысына сәйкес Аяқжақсысы әрқалай болып келеді. Мысалы, тоғыздың басжақсысы күң болса, Аяқжақсысы құлынды бие, ал басжақсысы түйе болса, аяқжақсысы қымбат шапан болады. Демек аяқжақсының таңдалуы басжақсыға байланысты болады. Қазақтың неке салтында күйеу жігіт қалыңдықтың ауылына алғашқы рет келгенде аяқжақсы алып келген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аяқжол''' ертедегі ордамен сарайлардың кіреберісіне төселетін ұзын төсеніш. Аяқжол алаша, кілемдерден, соңдай-ақ кестелі асыл қалың кездемелермен қапталып киізден де жасалған. Аяқжолды төрелер мен бай-билердің келін түсіру, қыз ұзату тойларына арнап та жасаған. Келін отауына дейінгі аралыққа, тіпті, одан да ұзақ кашықтыққа торғын-торқа, жібек кездемелерден жасалған аяқжол төселген. Аяқжол оюлы, кестелі етіп сәнді жасалады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Тұрсынғали Нұржақыпұлы Еділов''' (10 қаңтар 1959 жыл Тасқарасу ауылы, Алматы облысы) жаттықтырушы, Қазақстан құрама командасының Бас бапкері (), Алматы облысы құрама командасының Бас бапкері (), Алматы облысы әуесқой бокс федерациясының вице-президенті бокстан спорт шебері (1984), Республиканың үш дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген. қайраткері (1996). == Сілтемелер == Жүрекпен тыңдай білсең, жұдырықта да тіл бар == Дереккөздер== Санат:Қазақстан боксшылары Санат:Қазақстан бапкерлері
'''Аяққа жығылу''' дәстүрлі ортада қалыптасқан моральдық, этикалық қатынасты реттеуде қолданылатын жоралғы, кешірім сұраудың, яғни «кішіреюдің» ең жоғарғы түрі. Дәстүрлі әдет-ғұрыптык күкыкта айыпты болған адам жанына беделді адамдарды ертіп, тиісті үйге барып кешірім сүрайды. Кешірім өтіне келген тараптың бас адамы отағасының аяғын кұшу ишарасын жасап, басын иеді. Кобінесе, қарсы жақ ондай жағдайға кешірім беретін сыңайлы болса, кешірім сұраған адамды басын тізеге дейін еңкейтпей кетеріп алады да, кешірім беретінін айтады. Егер іс қиындап кетсе, айыпкер қарсы адамның алдына жығылып, аяғын құшып, жылап кешірім сұрауы мүмкін. Кешірім сұраудың ең шегі кінәлі адам баскиімін қарсы жақтың кінәласкан адамның аяғына тастайды. Алдыңа келсе атаңнық қүнын кеш дегендей мұндайда кешірім етіледі. Аяққа жығылу да жазамен бірдей болып есептеледі. Ел ішінде қыз алып қанып кеткен жігіттің қыз төркініне кешірім сұрай келген кезде, оның әке-шешесі ренжіп, кейде қатты ашуға басса, келгендердің бас көтерер адамы баскиімін алып құданың аяғының астына тастайды. Құда көнбесе жігіт жағынан әкесі бас болып елшілер келіп, құдаларының аяғына жығылады, яғни кешірім өтінеді, бітім сұрайды. Оның аяғы татулықка ұласады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аяққа қан түсу''' атты мініске пайдалану ережесі бұзылудан болатын аяқтағы кінарат ауру түрі. Аяққа қан түсу қатты болдырған атты терін баспай, суытпай ыстықтай байлау сияқты себептерден болады. Қазақы тәжірибеге сәйкес шауып келген атты сағат жарым уақыт бойы желге қарсы жетелеп, терін әбден кептіріп, ентігін басқан соң байлау қажет. Бұл үрдісті кездіру немесе aт аяғын суыту деп атайды. Аяққа қан түсіп кеткен аттың аяқтарында мынадай белгі болады: буындары ісініп, қан тамыры одырайып тұрады, салмагын алма кезек оң, сол аягына салады. Сойтіп, ат жүргенде басын темен салып изектеп ақсайды. Біраз жер жүріп денесі қызғаннан кейін ұйыған қан тарап аяғының сылтуы басылады. Тұяқтың қыртысын және табанын ұстап көргенде ыстық табы білінеді, әрі ауырсынып тұрады. Аурудың асқынған түрі тобанаяқ деп аталады. Мұндай жағдайда ат аяғынан айырылады. Халықтың мал емдеу тәжірибесінде аяғына қан түскен атты бауырына дейін келетін ағын суға байлап, таластырады, яғни түскі аптап басылғаннан кеш батқанға дейін қояды. Онан кейін аяғын сорботқа (тұзды қара шай) сіңірген шүберекпен орап тастайды. Соңынан ысқылап, уқалайды. Аттың тобығының екі жағындағы тамыр мен шашаның барлау тамырынан өткір бәкімен шауып едәуір мөлшерде (1-2 шыны кеседей) қан ағызған. Егер артқы аяғына қан түскені белгілі болса, толарсақ басынан төрт елі темен оны бойлай қиғаш кеткен тамырға қандауырды жарты елідей сұғып, сэл-пәл қан шығарады. Бұл тәсілді толарсақ басын қанату деп атайды. Аяққа қан түсу. оңай жазылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аяққұр''' киіз үйдің құрылымдық бөліктерін ұстап тұратын сүйемел таңғыш бау. Екінші жағынан аяққұр үйдің ішкі интерьеріне сән береді, эстетикалық қызмет атқарады. Жіңішке, әрі жұқа етіп жасалған құрдың ерекше сәнді түрі уықтың иілген тұсынан жоғарылау, яғни уықтың аяғына қарай тағылатындықтан оны ерекшелеп Аяққұр деп те атаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Киіз үй
'''Ғаббас Сәдуақасұлы Тоғжанов ''' (1900, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жарқын ауылы– 1937) қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, публицист. Омбы гимназиясын (1917) бітіріп, Ташкенттегі Орта Азия университетінде (1922– 23), Мәскеудегі В.Г. Плеханов атындағы халық ш. институтында (1923– 24) оқыған. Жас кезінде Омбы қаласында құрылған «Бірлік», «Жас азамат» қазақ жастарының ұйымдарына қатысқан. 1919 22 жылдары Ресей коммунистік жастар одағы Сібір бюросы жанындағы қазақтатар секциясының хатшысы, «Еңбекші жастар» газетінің редакторы, Ақмола губерниясы төтенше комиссиясының хатшысы, Ақмола жалпы білім комитетінің алқа мүшесі, 1922 23 жылдары Ташкентте шыққан «Жас алаш» газетінің жауапты хатшысы, 1923 24 жылдары КСРО ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Орталық Күншығыс баспасы қазақ секциясының хатшысы қызметтерін атқарды. 1924 26 жылдары БК(б)П ОК баспасөз бөлімінің нұсқаушысы, 1926 28 ж. Қазақстан өлкелік партия комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, 1926 32 ж. «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакторы, 1935 36 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1936 37 жылдары Қазақ КСР ХКК жанындағы көркемөнер істері жөніндегі басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 1937 жылдары репрессияға ұшыраған. ==Абай туралы еңбектері== Тоғжанов Абай туралы алғашқы ауқымды еңбегі «Абай» атты моногр. очеркінен (1935) сол кезде үстем болған тұрпайы социологизмнің және соған байланысты туған «Абай үстем таптан шықты, сондықтан да ол сол таптың өкілі» деген ағат пікірдің сілемі байқалады. Тоғжанов таптық тұрғыдан Абай «қазақтың капиталдасқан феодалдарының жоқшысы» деген тұжырым жасайды. «Абайдың тілейтін арманы жақсы бай, өнерлі, епті бай» кедей-бұқараның қамын ойламады, «орыстың дворяндар бастаған ультрасын үлгі қылады» деген солақай сын көрініс береді. Таптық тұрғыдан осылай дей тұрғанмен де, очеркте Абайдың ақындық шеберлігіне байланысты соны ойлар айтқан. Ол Абай реализмін жоғары бағалаған. Абай «қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болды», «орыс әдебиетінің үлгілерін алды», «жаңа әдебиет түрлерін жасады», «қазақтың тіл байлығын ұқсата білді», «Сөз патшасы өлең тілін әдемілеп сырлап, құндызша құлпыртқан Абай болатын» (128-6.), дей келіп, оның ақындығын «таусылмайтын бұлаққа» теңейді. Ақын туралы ойларын «Абай самородок, қарадан оқымай шыққан талант» (137-6.), -деп түйіндейді. ==Дереккөздер== Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:1900 жылы туғандар Санат:1937 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әдебиет сыншылары Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Сталиндік репрессия құрбандары
'''Аяқшы''' үй толы қонақтарға қымыз құйып таратушы. Аяқшы қолға су кұю, кеселерін жаңалау, қымыз сапыру, сусын әперу сияқты қызмет атқарады. Әдетте, үлкен жиын-той дастарқанының басына қызмет ету үшін бір-бірден аяқшы ретінде жасөспірімдер мен жас жігіттер белгіленген. Сонымен бірге халық арасында тамақ құюшы, ас тасушы адамды да аяқшы деп атаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әбжылан''' ертедегі аңыздарда, жырларда кездесетін мифологиялық образ. Ежелгі дәуірде жылан тотем болып саналған. Яғни ғажайып тылсым қасиеттердің иесі. Сондықтан жылан қазақи ғұрыптар мен және негізгі нысандарының бірі болды. Әсіресе, қазақтың фольклорлық дәстүрінде әбжыланды жағымды мифопоэтикапық образға айналды. Мысалы, «Әбжылан қабықты жігіт» қиял-ғажайып ертегісінде сәби жылан киімінде туады да, алапат күшке, сиқыршылықка ие болады. Сондай-ақ, батырдың кереметтігін, әйелдің таңгажайып сұлулығын да әбжыланға теңеген тұрақты теңеулер мен сөз орамдары эпикалық жырларда жиі кездеседі. Мысалы, Әбжыландай толғанып, Шұбарға қарғып мінеді (Алпамыс). Алтында қамшы қолға алып, Әбжыландай толғанып, Буралып кетіп барады (Қыз Жібек). Түркі халықтарының дәстүрлі мифологиялық түсінігінде жылан төменгі әлемнің өкілі болып саналады, ол алтынды қорып күзетеді, темір мен ұсталық кәсіпті жебеуші рухқа ие. Ертөстік ертегісінде бас кейіпкер жылан Бапыханның еліне саяхат шегеді, оның қызына үйленеді. Жер астындагы жылан патшалығын Шаһмаранның елі деп те атайды. Арбауда мары-мары жылан деген сөз бар, мұндағы мары парсыша «жылан» деген мағынаны береді. Ал әбжылан «үлкен алып жылан» дегенді аңғартады. Сонымен бірге аңыздар мен мифтік әңгімелерде жердің белдеуін әбжылан орап тұрады деген түсінік бар. Тотемдік танымның көмескіленуіне байланысты кейінгі замандарда әбжылан «қаскөй күш» ретінде көрінеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әбзелхана''' әбзелхананың екі түрі болды. Біріншісі, жазда, ерте күзде және көктемде көші-қонда пайдаланатын арнайы киіз үйден жасалған түрі. Екіншісі қыстаулар мен жатақ ауылда шағын етіп жасалған бастырма түріндегі орынжай. Әбзелхана күнделікті тұрмыста қолданатын әбзелдер мен сактауға арналған. Бастырма түрінде жасалған орынжайдың төбесі жабық, есігінен басқа жағындағы қабырғалары бітеу болып келеді. Оның ішіне әбзелдерді ілетін және қоятын арнайы сөре, ілгіш, ашабақан, арса, тұғыр орнатылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әбзелші''' төрт түлік малга қатысты әбзел- жабдықтарды жасаумен айналысатын шебер. Дәстүрлі ортада әбзелші деп көбінесе қайыстан немесе теріден малды айдау, байлау, бекіту, арқандау, жетектеу, үстауга арналған кұралдар мен жабдықтарды жасаумен айналысатын адамдарды атаған. Ертедегі малшылар өздеріне қажетті әбзелдерді өз қалауынша дайындап алатын болған. Еңбек болінісінің жіктелуі және сауда-саттық үрдісінің дамуына байланысты мал шаруашылығына кажетті тұрман, жабдық, құрал, әбзелдерді дайындау, жасау ісімен арнайы шұғылданатын кәсіп иесі Әбзелшілер пайда болды. Әбзелші әбзел жасауға қажетті қайыс, тері, көн, былғары сияқты материалдарды өзі дайындап, терінің түгін жидіту, иге салып оидеу, оны ұқсату секілді жұмыстарын өзі атқарған. Кейбір материалды арнайы тапсырыс беріп, жұрымшы, ишіге жасатып та алатын болған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әбілет''' жын, сайтан, марту, албасты тәрізді зиянды күш иесі. Мұндай зиянды күш иелері байырғы қазақ қоғамында қара деген жалпы атаумен аталған. Мысалы, әбілет басты, Ә. басқыр дегеннің орнына қара басты, қара басқыр деген қарғыс сөздер қолданыла береді. Байыргы мифологиялық санада әбілет, албасты, марту т.б. сыртқы күш иелері көбіне басты, ұрды, соқты деген әрекеттермен байланысты айтылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әбілхаят''' () мәңгі өмір дарытатын қасиетті су. Мұндағы әб су, хаят өмір деген мағынаны білдіреді. Оны Қызыр пайғамбар тапқан, ол суды ішкендіктен, мәңгі өмір сүреді деген эпсана бар. Осылай кие дарыған Қызыр пайғамбар елсіз шел далада қиындыкқа душар болған жолаушыны желеп-жебеп жүреді. Әсіресе байырғы өлең жырларда Қызыр мен Ілияс аталардың аты қатар аталады. Әдетте Қызыр-Ілияс деп қатар Қызыр құрлықта, Ілияс теңіз сапарында жүрген жолаушыларды қолдап, жебеп жүреді деген сенім бар. Сондай-ақ, ел арасында мынандай әпсана бар: Ескендір патша тірі суды іздейді. Оған перілер көмектесіп, аңсаған арманы орындалады. Патша өмір суын ішпес бұрын ойға кетеді. «Егер мұны ішсем мың жасайды екенмін, болашақта мені не күтіп тұрғапы да Бұлдыр, одан да құдайдың өзі берген жасын жасап, олшеулі күнін кешейін деп бас тартады да, қасиетті су толтырылған торсықты балқарағайдың бұтағына іле салады. Сол торсықты карға шоқып, тесіп жібереді. Содан қарға мен әлгі балқарағай ағашы мың жасайтын болған екен деседі. Бұл мифтің тағы бір нұсқасында Ескендір патша тірі суды торсыққа құйып әкеле жатып, қарағайдың түбінде демалып жатқанда құзғын шоқып, тесіп жібереді де, киелі су қарағайға, аршаға төгілгендіктен ол ағаштар жап-жасыл болып, мәңгі жасайтын болады. Судың жердегі қалдығын түлкі жалап, жүні ағарғанша, тұмсығы тиіп құзғын да ұзақ жасайтын болғандығы айтылады. Жалпы түркі-моңғол халықтары, соның ішінде қазақтар мәңгі суды Тәңірдің сыйы, адамның жанын мәңгілік жасарту үшін жасалған шипалы су деп ұғады. Мәңгі су ұғымымен мәндес зәмзәм (Меккеде), кәусар (Жұмақта) деп аталатын қасиетті сулар бар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әдеп-иба''' қазақы дәстүрлі ортада тұрақтанып қалыптасқан моралдық нормалар мен ережелерден туындайтын қауым мүшелерінің мінез-қүлқына қойылатын этикалық талап. Ол бағзыдағы адамдардың дүниетанымдық пайымдаулары мен дәстүрлі ортадағы рухани, моральдік қүндылықтарынан туындап, тарихи- мәдени даму барысында орныққан қоғам мүшелері арасындағы (түрлі деңгейдегі жеке адам, ата, ру, қауым, этнос) қатынас нормаларын реттеу қызметін атқарады, яғни, тіршілік қамы мәдениетінде өзіндік реттеуші «тетік» ретінде қарастырылады. Қазақы түсінікте Әдеп-иба сақтау адамның жеке басының моральдік қасиеттерін таныта білуі ғана емес, оның қоғамдағы орнын, абыройы мен беделінің көрінісі. Әсіресе әдептілік, ибалық қасиет қазақ әйелінің, жастардың табиғатына тән, олардың санасында берік қалыптасуы, оның ізгі, яғни, жағымды деп қабылданған дәстүрлі құндылықтарға сай болуы талап етіледі. Қазақ әйелдсрі үлкеннің алдын кесіп өтпеу, дауыс көтеріп сөйлемеу, қайын жұртындағы үлкен, әрі сыйлы адамдардың атын атамау, ат тергеу сияқты әдептілікке қатысты ережелерді қатаң сақтаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әдірәм қалғыр''' қазақ әйелдерінің сөз саптауында ренжіген кезде айтылатын кейіс сөз. Негізгі сөз әдірәм адыра сезінен бастау алады. Оның мәні бос, құр бекер дегенді білдіреді. Адырам қалғыр қолданыстық түрі негізінен қарғыс мәнінде айтылған. Бұл ноғайлы ақындары шығармаларында көптеп қолданылады. Сонымен қатар Әдірәм қалғыр зілсіз әжуа немесе ойын-қалжың түрінде де қолданыла береді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әзбарақ''' борсықтың баласының атауы. Қазақтарда ешқандай қолданыстық маңызы болған жоқ. Өйткені, ересек борсықтың майын емдікке Әзбарақты өлтіруге қазақы дәстүр қоспайды. Мұндай ұстаным, (бәлкім, борсықтың баласының атауына да негіз болуы. Себебі қасиетті тіршілік иесін қазақ әдетте барақ сөзін косып атайды. Борсықтың баласының Әзбарақ деп аталуына қарағанда қазақы ортада оның әлдебір тылсым қасиеттің иесі ретінде қастерленуі де мүмкін. Алайда айтылған уәжді дәйектейтіндей материалдар жоқтың қасы. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Әзірет Әлі''' Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, мұсылмандардың аты аңызға айналған батыры, ислам дініндегі әділ халифалардың төртіншісі. Алайда тарихи тұлга болған Әлі 661 жылы қаза болғаннан кейін, исламда оның бейнесі аңыз-әпсанаға айнала бастады. Шығыс бейнелеу өнерінде Әзірет Әлі қасиетін көрсететін белгілері басының сыртын коршаған жалынмен, қолындағы Мұхаммед пайғамбардан мұраға қалған ұшы айыр қылыш Зұлпықармен, жауынгерлік аты Дүлдүлімен бейнеленеді. Аңызға айналған ерліктеріне байланысты мұсылман мифологиясының мифтік кейіпкеріне айналған Әзірет Әлі қазақтардың ислам дінін қабылдауымен қазақ ортасында батырлардың қолдаушы киелі піріне айналған. Қазақ батырлары жорықта, соғыста, шайқас алдындағы жекпе- жекке шыққанда басқа пірлерімен бірге Әзірет Әлінің де есімін атап, сыйынып қолдау сұрайтын болған. Әзірет Әлінің қылышы- Зұлпықар қазақтарда асыл қылыштың бейнесіне, эпитетіне айналды. Оның жауынгерлік аты Дүлдүл батырдың тұлпарының эпитеті ретінде қолданылады. Әзірет Әлі қазақтың халық ауыз әдебиетінде Алланың Шері, Арыстан, Шер Әлі, Әлі Шер деген бірнеше лақап аттарымен де аталады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
alt=A. (; ғылым) медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы: әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін токсикология; ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді зерттейді. Әскери және сот токсикологиясы клиникалық токсикология мен патологиялық анатомияның мәліметтерін негізге алады. Өнеркәсіп, өндіріс, әсіресе, химия өнеркәсібінің дамуына байланысты токсикологияның ''кәсіптік улану'' немесе ''өндірістік улану'' деген жаңа салалары пайда болды. Токсикологияның ең маңызды саласы ''медициналық токсикология''. Ол жалпы, және болып бөлінеді. Жалпы: токсикологияның міндеті химиялық заттардың токсикология әсерінің жалпы механизмін; клиникалық токсикология уланған адамдарға диагностика қойып, оларды емдеу әдісін; профилактикалық токсикология улануды болдырмау үшін алдын ала сақтандыру шараларын зерттейді. Улы заттар туралы алғашқы деректер ежелгі Рим дәрігерлері Диоскорид, Үлкен Плиний, Платон, т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылды. жеке ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың ортасында қалыптасты. Республикада токсикологиялық зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Өлкелік паталогия институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) жанынан гигиена және кәсіби патологиялық сектор ашылғаннан кейін басталды. Қазақстанда токсикология ғылымының қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдар: ''О.С.Глозман, Б.Атшабаров, Т.Х.Айтбаев, А.А.Мәмбеева, В.П.Чемакина, Н.П.Касаткина, И.Т.Төлеев, Э.Л.Бейсебаева, Е.А.Біртанов'', т.б. ==Дереккөздер==
'''Әзірет жалман''' астық жинау кезінде көрінетін орақ пен орақшының Әзірет жалманның пайғамбар салық деген ұғымға қатысы бар. Егін орып, қырман басты рып жатқан кезде диқан баба әртүрлі кейіпте, мәселен, жылан, жалман, кедей-кепшік бейнесінде көрінуі мүмкін. Сол себептен де жылан үйілген бидайдың астына кіріп кетсе, жақсылыққа балап, тығылған жыланға ақ құйып шығарып салған. Халық жыланды ырыс, байлық әкелуші деп есептеген. Осындай әртүрлі нышандарды ескеріп, Диқан баба немесе Қыдыр қырманға келеді деп жорыған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Лондондық Олимпиада және Паралимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитеті''' (''LOCOG'') 2012 жылғы Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының өткізілуі мен ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін, сонымен қатар іс-шараларға жауап беретін ұйым болып табылады. Оны жауапкершілігі шектеулі компания ретінде Ұлыбритания Үкіметінің мәдениет, БАҚ және спорт ісі жағындағы Департаменті және Лондон мэрі мен Британиялық Олимпиада ассоциациясы мақұлдады. == Тағы қараңыз == *2012 Жазғы Олимпиада ойындары *2012 Жазғы Паралимпиада ойындары *Олимпиадалық Тасымал ұйымы == Дереккөздер == == Сыртқы сілтемелер == London 2012: LOCOG formally established at the official website of the Olympic Movement Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары Санат:Олимпиада ойындары
'''Балдыз қалың''' қалыңмалы төленгеннен соң қалыңдық қайтыс болған жағдайда қазақ дәстүрі бойынша қалыңдықтың сіңлісін (балдызын) алу кезінде төленетін қосымша қалыңмал. Алайда, бұл ақы күйеу қайтыс болған қалыңдығына ұрын барған болса ғана төленеді. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса балдыз қалың төленбейді. Балдыз қалың күйеудің балдызын алу үшін бұрынғы қалыңмал үстіне түйе бастаған тоғыздан тағы да қалыңмал төлеуінің атауы. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балиғатқа жету''' дәстүрлі ортада қыз бала он үш жаста, ұл бала он төрт-он бес жаста балиғатқа, яғни кәмелетке толады деп есептелген. Қазақтар он үш жасқа толған қыз балаға он үште отау иeci деп есейіп бойжеткен ретінде қараған. Сөйтіп қыз баланы күйеуге беру қамына кіріскен. Қазақ ортасында өлген адамның жаназасын шығарып, дәуір айналдыру, ысхат түсіру балиғатқа толған адамға ғана қатысты орындалады. Балиғатқа жеткен күннен бастап қаза болған намазы, ораза күндері үшін туыстары күнәсін алу рәсімін орындайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Байқалмақ''' қаймақты қайнату арқылы дайындалатын, тез әзірленетін тәтті тағамның түрі. Сүт бетіне түскен қаймақты жинап алған соң, қайнату кезінде аздап бал, ұн сеуіп араластыра отырып қоюландырады. Байқалмақты жаңа сауылған түйе сүтін әбден қоюланғанша бірқалыпты жайлап қайнатып та пісіреді. Байқалмақ алыс сапарға алып жүруге жарайтын, сапасы ұзақ уақытқа дейін бұзылмайтын, нәрлі азық. Сонымен қатар асқазан, өкпе, жөтел т.б. ауруларына да дәрулік қасиеті бар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Сабат''' (''Балқаш'') көктемде су тасып, өзен-көлдердің маңайындағы ойпаңға су жайылғанда пайда болатын үлкенді-кішілі көлшіктер. Олардың жағасы ну қамыс, қалың қоға, көкорай шалғын болып келеді. Сабат, балқашты көбінесе қобы немесе қобы су деп те атайды. «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» жырында Қарабай жетім ұлға қыз бермеймін деп, түйелерге артып келе жатқан сабаларын жарып, қымызын қобы суға ағызып жібереді. ''Бір жерде келе жатып бөгеледі, ''Өзі ақымақ нәлеті кім көреді? ''Тоқсан нарда сабаны жарып тacтaп, ''Бір қобыны қымыз қып жөнеледі. Қобы, қобы су атауларының дыбыстық өзгеріске түскен тағы бір нұсқасы жыраулар мұраларында кездесіп отырады. XV ғасырда өмір сүрген Доспамбет жырау: ''Қоғалы көлдер, көлі сулар, ''Қоныстар қонған өкінбес. ''Арыстандай екі бұтын алшайтып, ''Арғымақ мінген өкінбес, дейді. Осындағы қом су тіркесі қобы су дегенмен төркіндес екендігі байқалады. Қобы, қомы су тәрізді байырғы сөз саха (якут) тілінде де сақталған. Сахаларша холю шығанақ деген мағынаны білдіреді. Қазақ тіліндегі қобы (су) мен қом (су) дегендердің түбірлес екендігін екі түрлі тарихи дыбыстық құбылыс арқылы түсіндіруге болады. Бұл сөздерде „б“ мен „м“ дыбысы алмасқан. Мұндай алмасулар қазақ тіліндегі кейбір сөздердің дыбыстық құрамында кездесіп отырады: төбешік төмпешік, топар (тобар) томар көлшік, құрбандық құрмалдық, жабылды жамылды т.б. Екіншіден, ұяң дауыссыздың үндіге алмасуы соңғы буындағы „ы“ дауыстысының көмескіленіп «түсіп қалуына» эсер еткен. Сонымен, қом суы мен қобы судың (ықшамдалған түрі қобы) шығу негізі, түп-төркіні бір. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балта''' ағашпен жұмыс істегенде шабуға, жаруға қолданылатын өткір жүзді, металдан жасалған ағаш сапты шапқыш құрал. Жұмыстың ыңғайына, пайдаланылуына қарай балтаның да бірнеше түрі бар: жуан дөңбектерді жаруға арналған балтаны шой балта (шүй балта); шеберлер ұстайтын жүзі өткір ақ балта; отын жаруға пайдаланылатын қарапайым қара балта; шотбалта бір жағы шот, бір жағы балта сияқты жасалған, шабуға, жаруға және ұсақтап, жұқалап шабуға болатын құрал; ағашты оя шабуға арналған жүзі қобылай куыс соғылған қуыс балта. Шеберлер тілінде балта, балға, шот сияқты құралдардың ортақ атауы ретінде балта шот, балға шот тәрізді сөздер қолданылады. Балтамен ерге қажетті ағаш дайындау барысында сына деп аталатын көмекші құрал да қолданылады. Сына жуан ағашты жаруға, яғни желімделген ағаш бөліктерін қысып тұруға арналған көмекші құрал. Оны қайың, қарағай, емен сияқты қатты ағаштардан кесіп-жонып немесе темірден де жасайды. Сынамен дөңбекті жару үшін алдын ала балтамен із салып алады. Одан соң ағаш сынаның жүзін сол із-жарыққа қадап, оны балтаның шүйдесімен емес, қапталымен жайлап ұрады. Сынаны балтаның шүйдесімен ұрса, ағаш сына жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан сынамен, балтамен жұмыс істегенде осы әдіс қолданылады. Шеберлер кейде жарылмасын деген мақсатпен сына жүзінің қарсы жағын темірмен құрсаулап қояды. Ол сынаның мойнағы деп аталады. Қазақы ортада ағаш ұсталарын балташы деп те атаған. Балташылық өзіндік дәстүр мен қалыптасқан тәсілдері бар кәсіптің түрі болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балта''' шабу арқылы зақым салатын жауынгерлік қару. Жауынгерлік балта екі функционалдық бөліктен тұрады: қарудың металдан жасалып, жарақат салуға арналған негізгі бөлігі «басы», қолға ұстайтын бөлігі «сабы». Жауынгерлік балтада жүзінің жалпақтығы орташа болып, жоғары ұшы тіктеу, төменгі ұшы сағағына қарай сәл дөңгеленіп келеді. Алғашқы балталар тас дәуірінде пайда болғанмен, тікелей жауынгерлік қару ретінде жауынгерлік балта көшпелі халықтарда біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдықтан қолданыла бастаған, бұл кездердегі балта бастары қоладан арнаулы қалыптарда құйылып жасалған. Жауынгерлік балта ерте заманнан ғұрыптық мәнге ие болған, сондықтан көне заманда жауынгерлік балтаның ғұрыптық нұсқалары да жасалып, олардың жүзінің беттері, шүйдесі, сабы әртүрлі өрнекпен, тотемдік жануарлар мен аңдар бейнелерімен керкемделді. Темір рудасын игеру барысында орта ғасырда жауынгерлік балта басының көптеген жаңа түрлері жасалына бастады. Көшпелі түркі-моңғол халықтарында жауынгерлік балта салтатты жауынгердің басты қаруының бірі болды, соғыста жауынгерлер балтаны негізінен қоян-қолтық айқаста пайдаланды. Жауынгерлік балта ер қаруы-бес қарудың құрамына кіріп, айқас алдындағы батырлардың жауынгерлік жекпе- жегі мен әртүрлі тойларда өткізілетін сайыстарда басқа жауынгерлік қарулармен бірге балтамен шабысу сайысы да өткізілген. Қазіргі замандағыдай, бұрынғы кездерде де көшпелі халықтардың әскерінің құрамы қару түрлеріне қарай бөлініп, айқаста жауынгерлік балтаны қолдануды жетік меңгерген жауынгерлерден жеке әскери беліктер, қосындар құрылған. Қазақтарда балтаны жауынгерлік қару ретінде қолдапу XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып келді. Жауынгерлік балталардың басы болаттан, темірден соғылып, сабы қатты ағаштан жасалып, шығып кетпес үшін басы сабына қосымша екі темір бекітпелер арқылы ұстатылды. Сыртындағы темір бекітпеге күміспен қақталып ою салынып, ал алдыңғы жағындағы бекітпе қарсыластың қаруын кесуге арналған өткір жүз түрінде жасалды. Кейбір балта саптары берік болу үшін баспалау әдісімен өрнектелген күміс қаңылтырмен, ал кейбірі терімен қапталып, металл жапсырмалармен көркемделді. Кейбір балталардың шүйдесі төртбұрышты немесе дөңгелек келген балға түрінде жасалып, қосымша ұру, соғу арқылы зақым салуға қолданылды. Қазақ балталарының жүзінің беттері әдетте күміс қақтау, алтынмен, күміспен булау, қырнау әдістері арқылы, ал металмен қапталған саптары баспалау әдісі арқылы өсімдік өрнекпен әшекейленді. Көшпелі түркі халықтарының көне мифологиялық дүниетанымында жауынгерлік қару әлемнің үш сегментін байланыстырып тұратын «әлем ағашының» алломорфы ретінде бейнеленеді. Сондықтан қазақтардың балталарының бастары мен саптарында қолданылатын өрнек түрлері көбінесе «әлем ағашы» өрнегінің әртүрлі вариантары болып келеді. Бұл өрнектердің қолданылуы балтаның көне замандағы ғұрыптық сипатының қазақтарда көркемдік дәстүр ретінде сақталып келгенін айғақтайды. Сәнді балталардың саптары асыл тастармен де әшекейленді, кейде балта бастарында киелі сөздер немесе арнау сөздер жазылды. Қазақтардың жауынгерлік балталары сабының ұзындығына қарай қысқа, орташа және ұзын сапты болып келеді. Қыска сапты балта (балташық) сиректеу қолданылды да, ең көп қолданылғаны сабы орташа ұзындықты балта, ең аз қолданылған ұзын сапты балта болды. Дәстүрлі мәдениетте жауынгерлік балта әскери құрал ретіндегі утилитарлық қызметінен басқа түрлі символдық, белгілік және ғұрыптық мақсаттарда да қолданылды. Көне заманда жауынгерлік балта көп халықтарда оны ұстаушылардың сакральдық рөлін көрсететін символдарының бірі болды. Осы ерекшелігіне сәйкес қасиетті мүлік, жоғары құндылығы бар зат ретінде балта көшпелі қоғамдағы түрлі әлеуметтік және мемлекетаралық қатынастарды белгілейтін әртүрлі ресми сыйлардың құрамына кірді. Көне магиялық сенімдерге сәйкес ерте заманнан айбалтаның зұлым күштерден, рухтардан қорғау, сақтау күші бар деп түсінілді де, апотропеикалық (қорғау, сақтау) магиялық ырымдарда қолданылды. Түркі халықтарында зұлым рухтармен айқасуға, күресуге көмектестін құралы ретінде балта олардың ғұрыптық қаруларының бірі болған. Қазақ бақсылары да жауынгерлік балтаны зікір салғанда пайдаланды. Батыс Қазақстандағы қазақтардың жауынгерлік символ ретінде бейнеленген әртүрлі жауынгерлік балта бейнелерін көруге болады. Жауынгерлік балтаның символдық, магиялық мәніне байланысты қазақтарда ер адамның есімдері ретінде ер балаларға Балта, Балтабай, Қарабалта деген сияқты есімдер де қойылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балтам тап!''' жастар ойнайтын ұлттық ойын. Қазақы ұғымда бір жұмысты аяғына дейін тындырмай, бір-біріне сілтеп, тиянақ таппағанда «балтам тaп ойнағандай» деп кейіс білдіретін сөз бар. "Балтам тап!" жастардың бір-бірін қыжыртып ойнайтын ойыны. Ойынға жиырма-отыз адам қатысады. Ойыншылар малдас құра шеңбер жасап, дөңгелене отырады да, қолдарын артына ұстап, жасырын түрде ұсақ затты (сақина, асық) бір-бірінің қолына береді. Шеңбер ортасындағы ойыншы қолдан-қолға берілген заттың кімде екенін табуы керек. Егер тапса, шеңбер құрған ойыншылардың арасына кіреді де, шеңбер ортасына басқа ойыншы шығады. "Балтам тап!" ойынына ұқсас "сақина тастамақ" ойыны да бар. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балташы''' ағаш ұстасы, ағаш шебері. Қазақы ортада орыс отаршылдығының қазақ даласына үстемдігі толық орнаған кезінен бастап балташылық деп аталатын кәсіптің түрі қалыптасты. Қазақ балташылары бөренеден қиып, қиюластырып үй салған, яғни оның шатырынан бастап есік-терезесін жасаған және еденін салған. Сондай-ақ арба мен шана сияқты шаруашылыққа қажетті құралдар мен тұрмыстық бұйымдарды да жасады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Тоқал''' сөзінің мағынасы түсіндірме сөздікте қатын үстіне алған әйел. «Нұртаза әлгі әзірде тоқалының үйінен шығып, ...екі шақырымдай жердегі қойлы ауылға келген» (С. Жүнісов, Ақан сері.). Біздің байқауымызша, мына «тоқал» тұлғасының «мүйізсіз» ұғымын беретін «тоқал» сөзімен мағына жағынан ешбір байланысы болу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан сөз төркінін басқаша іздестірген жөн болмақ. Парсы тілінде біздегі «екі» мағынасын «до» тұлғалы сөз берсе, «екілік», «екінші» ұғымдарын «дохал» сөзі түсіндіреді. «Дохал» сөзі кейбір түркі тілдеріне ауысып, «тоқал әйел» тіркесі пайда болып, кейін «әйел» сөзі түсіріліп, «тоқал» қалыптасуы ғажап емес. Бұл тұрғыдан қарағанда «тоқал әйел» біздің қазіргі түсінігімізге аударғанда «екінші әйел» болады. Бәйбішеден (қараңыз «бәйбіше» сөзінің төркінін) кейінгі алған әйелдің «екінші» болып аталуы да дағдыдан тыс керінбесе керек. ==Дереккөздер==
'''Балшық бастыру''' кірпіш жасау немесе үй сылау үшін сары топырақтан лай, батпақ жасау, илеу. Балшық бастыру үшін су құйылған топыраққа сабан, қурай шөп қосып, кетпенмен араластырып, дайындалған лайды бірер күн бұрын иін қандырады. Иін қандыру үшін жалаңаяқтанған жігіттер аяғымен басады, кейде ат пен өгіз күшін де пайдаланады, яғни лай үстінде арлы-берлі жүріп, ат, өгіз тұяғымен балшықты араластырып басады. Сонан сон біртегіс етіп жаймалай дөңгелектеп, оның кенересін кетпенмен көтеріңкіреп қояды да, күнге кеуіп, тобарсып қалмау үшін бетіне су сеуіп бұқтырады. Үстін сабан не шеппен жауып қояды. Дайын болған батпақты ішіне жұқалап сабанның үгіндісі немесе құм себілген қалыпқа құйып, тегіс, құрғақ, дөңес жерге төңкеріп, қалыпты босатып алады. Дайын болған кірпіш бірнеше күн кептіріледі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балшық үй''' қазақтың ертедегі дәстүрлі баспанасының бірі. Балшық үй салудың әртүрлі тәсілдері бар. Қабырға қалып жасап, ортасына лай құйып, бітеу қабырға тұрғызып жасалатын үй түрін «балшық бітеу үй» деп атайды. Балшық үйдің қабырғалары жарылып кетпеу үшін, құрым киізді сұйық батпаққа малып, қабырғаларын ысып шығады. Мұндай үйлер жаз мезгілінде салқын болып, қыс маусымында жылы болатындығымен ерекшеленеді. Негізінде осындай құрылысты қазақтар қыстау, қыстақтарға салған. Оңтүстік өңір қазақтары қазіргі кезде де осы әдіспен Балшық үйлер тұрғызу ісін әлі де жалғастыруда. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балық айдау''' балығы мол өңірлерде көпшілік бірге ұжымдасып атқаратын шаруашылық іс-әрекеті. Көп адамның тізе косып қимылдауы қажет болатын мұндай әлеуметтік науқан, әдетте балық аулауды кәсіп ететін өңірлерде жыл сайын бір рет, қазан айында Бұрын Ертістің саласы Қалжыр бойын мекендеген ауылдар бес-оннан бірігетін болган. Балық айдауды ұйымдастырудың өзіндік ережесі бар. Әуелі сәрсенбінің сәтті күні таңдалып, маңайдағы ауылдарға түгел хабарланып, басқарушы адам сайланады. Қолында бар құрал-жабдығын сайлап, еркектер түгел қатысады. Ал әйел қауымы балық айдаған еркектерге өз аулының тұсынан өткен кезде сусын беріп, өзге де қажетті дүниелермен қамтамасыз етіп, көмек көрсетеді. Ол туралы жазушы М.Юсупов былай деген еді: «...Әр ауылдан төрт жігітті сал бууға, төртеуін аба тоқуға шығарады. Олар әуелі кепкен қу бөренені су жағасына жеткізіп, жуан, жіңішке бастарын айқастырып тізеді де, кендір арқанмен матап, сал буады. Оны суға түсіріп, арқанмен жағадағы ағашқа таңып қояды. Екінші топ тал мен қаданы дайындап алған соң, айырықтың суын бөгеп, шарбақ тоқиды. Мал қораның шарбағы тәріздес етіп аба салады. Абаның шарбағынан кесек балық тосылып, ұсақ балық бөгелмей өтіп кететін болу керек. Тым тығыз тоқылса, судың алдын да бөгейді. Осылайша дайындық жұмыстары аяқталған соң, «балық айдауы басталады. Жігіттер қолдарына ағашпен саптаған сере ұстап, қатарласқан caл үстінде тұрады. Сал екі қатар болып жүреді. Алдыңғы қатардағылар иірімде тығылып жатқан балықтарды үркітіп, алға салып айдаса, екінші қатардағылар жарылып кері қашқан балықты қайырып, топқа қосады. Тіпті қайыру бермей кеткен қашаған балықтарды қайырықшылар тобы иіріп, үйірге айдап тығады не болмаса серемен, шаппа қармақпен шаншып алады. Ал су жағалай ілесе жүрген әйелдер мен балалар қолдарына сере, шаппа қармақ ұстап көмек көрсетіп, темір шелек, легендерін даңғырлатып судағы балықты үркітеді». == Дереккөздер == Санат:Балық аулау
Кептірілген балық '''Балық кептіру''' тұздалған балықты көлеңкеде желес қақтап кептіру. Балық кептіру үшін су құйылған науаға тұзды мол етіп салып, балықты тұзды суда бір күн, салқым жер болса екі күнге салып қояды. Таңдалған балық сазан болса, ішек-қарнын тазалап, ал торталарды сол күйінде салады. Тұз сіңген соң ірі сазан балықтарды арасы жел қағатындай егіп қақтайды, ал торталарды екі-үштен бір-біріне қосып, желбезегінен сым өткізіп тізіп, суын сорғытады. Суы сорғыған балықтар тез кеуіп қақталады. Көлеңкеде кепкен балықтың майы бүкіл денесіне тарап, дәмі кіреді. Кептірілген балықтарды дәмді болу үшін әрі ұзаққа сақталу үшін түтінге ыстайды. Ыстау үшін жерошақ қазып, үстіне балық ілінген мосыны қойып, ошаққа қамыс немесе ағаш жаңқасын бықсытып жағып, мосы үстінен балық жақсы ысталу үшін ағаш бөшке жауып қойып, түтінге исі сіңгенше ұстайды. Балық кептіру күз уақытында жиі жасалады. Ысталған балықты көлеңке жерде сақтайды. == Дереккөздер == Санат:Балық аулау
'''Балық қуырдақ''' балық етін қуырып дайындайтын тағам түрі. Дәмді әрі жеңсік ас болатын мұндай тағам тәнге қуат беріп, дертке дауа болады. Балық қуырдағын жеген адамның өңі қарақошқылданып толады, денсаулығы да жақсара түседі. Бұрынғы емшілер жас балаларды балық майымен, ересек адамдардағы кейбір ауру түрлерін балық қуырдағымен де емдеп жазған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балық өлең''' қайымдасып айтатын стереотиптік жұмбақ айтыстың бір түрі. Айтысушы екі адамның бірі балықтың тегі, түрі, аты туралы өлеңмен сұрақ қойып, екіншісі шешімін табады. ''-Айтайын айт дегенің емен екен, ''Мен көрдім емен жолы төмен екен. ''Көсілген қөмекейің ақын болса, ''Балықтың ең үлкені немене екен? ''-Балықтың ең үлкені жайын екен, ''Бір жұрты ер жігіттің қайын екен. ''Қылығың ел жұртыңа жағып өтсе, ''Алдыңда халал жарың дайын екен. ''-Айтайын айт дегенің емен екен, ''Мен көрдім емен жолы төмен екен. ''Жасыңнан жұмбақ қуған дана болсаң, ''Балықтың екіншісі немене екен? ''-Біреуі онан кейін шортан балық, ''Қонады түйелі бай сортаңды алып. ''Атадан артық туған асыл болсаң, ''Балықты мен ұстаған жүр таңдалық. Қарсыласының білігін, білімін, тапқырлығын сынау мақсатында берілген балыққа қатысты сан қырлы сұрақтарға екінші ақын өз пайымымен жауап береді, сұрақ-жауап түріндегі өлең осылайша жалғасады. Халық арасында мал, жан-жануар, табиғат көрінісі сияқты тақырыптар арқау болған тay өлең, су өлең, жер өлең, агаш өлең тәрізді айтыс түрлері де кездеседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
Уха '''Балық сорпасы''' балық етін қайнатып дайындалады. Пияз, бұрыш қосып ішсе, шаршап, қалжырағанға әл беріп, көптеген дертке шипа болады, шаршауды шығарады, сүйекті күшейтеді делінеді. Қазақтың ежелгі тәжірибесі бойынша, аяқ-қолдың буыны ауырса, құрқұлақ сырқаты кезінде шортанның сорпасы ем саналады. Дәстүрлі ортада балық етін жегеннен ісейін ақ тағам ішпеген жөн деп санайды. Себебі «алапес» тәрізді қауіпті ауруларға душар болады деген. Үлкен өзен- көлдер жағасында тұратын қазақтар үшін Балық сорпасы күнделікті азық емес, тек емдік үшін қолданылған тағам болған. Бұл тағамға қатысты қазақы ортада «Құданың құдасы балықтың сорпасы» деген сөз орамы жиі айтылады және ол балық сорпасының зәрушілікте емдік қасиеті болғанымен, мал етінің сорпасынан кенеуі кемшін, қуаты аз екендігін меңзейді. Ал бұл жердегі құданың құдасы дегені оның алыс туыс екендігін көрсеткені. Сонда аталмыш мақал құданың құдасы қаншалықты алыс туыс болса, балықтың сорпасы да қазақ дастарқаны үшін соншалықты зэру тамақ емес дегенді білдіреді. == Дереккөздер == Санат:Балық аулау Санат:Балықтар
'''Балық уылдырығы''' (''Балық тарысы'') балықтар мезгіліне қарай көшеді, қыс түсіп, мұз қалыңдағанда тармақ өзендегі балықтар ұлы өзенге, тереңге қарай тартады, ал көктемнен жазға дейін ағынды өзендерден уылдырықтың дамуына қолайлы тармақ өзендерге, суы жылы, ағыны баяу, таяз жерге жүзіп барып, уылдырық шашады. Балық уылдырығы тарыға ұқсайтындықтан опы балық тарысы деп те атайды. Балықтың құнарлы, нәрлі болатын уылдырығын ұнға аунатып алып қуырып та жейді. Ал бекіре, қызыл балық уылдырығын сүзгіден өткізіп, шырыш ажыратып, шикілей сақтау арқылы тағам ретінде пайдалапады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балықты кие тұту''' балық мифологиялық түсінікте төменгі су әлемінің өкілі болып саналады. Ежелгі түсінік бойынша, жерді балық көтеріп тұрады екен. Байырғы қазақ ортасында балыққа қатысты ырым-тыйымдарды қатаң ұстанған. «Аяғы ауыр әйел балық жесе, мылқау бала туады», «балықтың құйрығын ұстасаң, қармағыңды балық қаппайтын болады», «балық же» деп мәзірет жасауға болмайды, олай істесе, айтумен балық жеген адам балық қылқанына қақалып қалады деседі. Арал өңірінде «Сазан пейіш көрген балық, сондықтан оныңмың басын мүжісең, пейішке барасың» деген ұғым бар. Осы өңірде жайын балықтың арқасы неге шұбар болғаны туралы мынадай миф бар. «Адамата мен Хауана пейіштен қуылып жерге түскенде адасып қалып, ұзақ уақыт бір-бірін аңсап, бейнетпен тірлік кешкен деседі. Екеуі бірін-бірі ғаламат сағынады. Бұны жайын балық сезіп, екі мұңлықтың кездесуін тілеп, күтіп жүреді-міс. Суық күннің бірінде, жер бетіндегі судың бәрі қатып жатқан кезде, ақырьі екеуі табысып, мұз үстінде қауышып, төс түйістірген деседі. Әйел адамның бөксесі суық болатыны Хауа мұзға шалқайып жатқандықтан, ал еркектің тізесі суық болатыны Адам атаның тізесі алғаш мұзға тигендіктен деседі. Дәл осы сәтте жайын ол екеуінің астына келіп, жонын төсеп тұрады. Сол кезде махаббат нұры мол Адамата мен Хауананың жүрек оты тоң-мұзды ерітіп те жібереді. Ал Адамата тұқымы тасып-төгіліп мұз бетіне шашырал, жайынның жона жұғып та қалады, содан жайынның арқасы шұбар болып, ол ерекше күшке ие балыққа айналған» деседі. Асқа, аруаққа арнап сойылған малдың сүйегін толық мүжіп болған соң, түгел қалпында терең суға ағызып жібереді, себебі марқұмның артындағы ұрпағы балықтай молайып, тұқымы жайылады деп түсінген. Міне, осындай ырым-тыйым, мифтерден балықтың киелі екендігі тұспалданады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Балықшы әулие''' -Түркістан ауданындағы Теріскейден Түркістанға асатын жолдағы Суындық деген жерде орналасқан киелі әулиелі орын. Басында үлкен бұлағы бар, ішінде толған балық, суы суық, емдік қасиеті мол. Бұлақ басы тоғайлы-тасты жер, балығына ешкім тиіспейді. Әулиеге түнеп сиынушылар балықтарға жем тастап, ырым қылады. Балығын ұстаған адам жаманшылыққа кезігеді деседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
''Химия''. '''Тоқмұрзин Қыдырма Хамитұлы'''(25 Наурыз 1938 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданы Қараағаш ауылы 2016) химия ғылымының докторы (1990), профессор (1993), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (2003). ==Қысқаша өмірбаяны:== 1963 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1963–1970 жылдары ҚазМУ-да аспирант, ғылыми қызметкер. 1970–1975 жылдары Қазіргі Атырау мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. 1975–1988 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтында лаборатория меңгерушісі, директор болды. 1988 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. ==Еңбектері:== «Синтез нуклеофильные реакции шестичленных азот серосодержащих соединений карбональной группой» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері гетероқұрлықтық қосылыстар химиясына, стереохимияға, органикалық қосылыстардың реакциялық қабілетіне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 30 авторлық куәлік пен өнертабыстың иегері.
'''Балықшылар пірі''' Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Сырдария жағасында орналасқан әулиелі орын. Ел аузында тараған аңыз бойынша әулие Қармақшы ата (шамамен 1630-1710 жылдарда өмір сүрген, шын есімі Жүсіп, кейде Дәулен деп те аталады). Сыр бойының жағасынан жеркепе қазып, сонда тұрған, қармақ құрып, балықшылықты кәсіп еткен. Тапқан балығымен бүкіл ауыл-аймақты асырап, еліне қорған болған, жүргіншілерге қол ұшын берген қайырымды адам болған. Ел аузындағы аңыз әулиенің Қармақшы ата атануын балыққа қармақ салуды кәсіп еткендігімен байланыстырады. Қармақшы ата кейін балықшылар піріне айналып, әулие атаның шапағатына бөленген елді мекен кейін Қармақшы ауданы деп, осы кісінің атымен аталып кеткен. Әулие қабірінің басына кезінде мазар салынып, белгі тұрғызылған. Қармақшы ата Найман тайпасының Бағаналы руынан шыққан деседі. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
өзен-судың бойын мекендейтін елдердің айналысатын кәсібі. Ертеде қазақтар арасында кең тарамаған, тек балығы мол су бойына жүт не болмаса басқа себептермен көшіп, тіршілік қамымен тұрақтап қалған жұрттың ғана айналысатын тіршілігі болған. Балық аулау ерте кезеңде қарапайым түрде болды. Әуелі балықты тұйық жерге қуып қамап, қолмен және шанышқы түйреп ұстаса, соңынан қайық пайдаланып, кармақпен аулады. Балықшылар балық аулауға қажет жабдық, аспаптарды жасап алуды үйренді, балық аулаудың тиімді мезгілдерін, орындарын, әдіс-тәсілдерін меңгерді. Қазақ жерінде орыс қоныстанушылары санының өсуіне және Ресеймен байланыстардың кеңінен өрістеуіне байланысты балық және балық өнімдеріне сүраныс өсе бастады, сол себепті балықшылық XIX г.-дың аягы XX г.-дың бас кезінде көптеген адамдардың күнкөріс кәсібіне айналды. Каспий теңізі жагалауында, Шалқар, Имантау, Щучье, Чебачье, Зайсан, Алакөл, Балқаш көлі, Арал теңізі, Жайық, Сырдария, Қара Ертіс, Іле, Шу озендері жагалауында Б.-ты кәсіп еткен қазақ қауымдары пайда болды. Б.-пен негізінен ер адамдар айналысты. Б.-пен қазақтар қосалқы кәсіп ретінде айналысты десек те, Сырдың төменгі ағысы бойында XIX г.-дың екінші жартысы XX ғ.-дың бас кезінде кәсіптің бір түрі ретінде дамып, Сырдың Арал теңізіне қүяр түсында балықшы ауылдары қалыптасып, өңірде Б. кэсібі қазақтардың тіршілігінде айтарлықтар мэнге ие бола бастады. Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы Арал теңізі және Сыр өңірінде балық шаруашылығының одан эрі дамуына эсер етті. Арал теңізінде балықты «аханша» деп аталатын тормен және ширатылган жіппен тоқылган аумен аулады. Аханшаның үз. сажын, ені сажын, ал аудың үз. сажын болды. Бүл жерде балық түсімі балық аулаумен айналысатын қауымдастықтар бойынша есептелінді. XIX г.-дың аяғында Аралда балық аулаумен айналысатын 20 кауымдастықгың әрқайсысында 80-нен аханша болган, ягни Арал теңізінің шыгыс бөлігінде күніне 800-ге жуық аханша құрылған. Торлар мен аулар бір жіптің бойына керіліп, сырғауылга бекітілді. Балықты күніне үш мезгіл: таңертең, түсқайта, кешке жинап отырган. Ұсталған балыкты түздап, мата үстіне жайып қойып әбден суы ағып болғаннан кейін сатады. Ірі балықтьің арқа сіңірін белек алып, сығып, күнге кептіреді. Балықшылар баспанасы шалаш деп аталды. Шалаш дарбазалары қамыстан соғылды. Top, ay, қайықты көбінесе балыкшылар өздері даярлады. Бальщты кейде орыс көпестеріне ұн, түз сияқты тағамдарға да айырбастап отырды. Ертедегі қазақтар мал шаруашылығымен қатар қосымша кіріс көзі ретінде тіршілік қамы үшін Б.-пен де айналыса бастаған. Н.Гаврилов: дело Туркестанском крае» аттъі еңбегінде Перовск уезіндегі Б. жайында былай деп эісазды: «бальщ шаруашылыгы цазацтар үшін де, орыстар үшін де маңызды кәсіптің бірі болды. Балшық көлдерде мүз цатцан кезде ауланады. Балық сату ісімен алыпсатарлар айналысады. Балық кәсібімен айналысатын отбасылар бір цыста 200-450 сомнан пайда табады». Б.-ты кәсіп етуге көшкен қазақтар қыстауларын Сырдария, Қуаңдария өзендерінің жағасына сала бастады. Балықшы қазақтар негізінен Қазалы уезінің Шыбынды болысында коптеп кездесті. Статистердің зерттеуі бойынша 1910 жылы Қазалы түргындарының 34,4%-ы Б.-ты кәсіп еткен, жалпы саны 5010 балықшы тіркелген. Қазалы уезінде Перовск уезіне қарағанда Б. кәсібі жоғары дамыған, бүл жерде Б.-тың өркендеуі Арал теңізінің жақын болуы, теміржол бекетінің болуы, эрі Орынбор және Ырғыз жақтан балық оніміне сүраныстың коп болуы да эсер етті. Қазалы қазақтары балықты сүзекі, ау, қармақпен аулаған. Сүзекі үзын ағашқа бекітіліп жасалды, үстауға ыңғайлы жеңіл, шортанға салуға ыңғайлы болды. Сүзекімен күз, қыс кезінде де балық аулаған. Балық аулау кезеңі Сырдария суының көтерілуіне де байланысты болды. Дарияның суы көбейсе, өзенге су көп кұйылып, балық та көлге көп гүседі. Дариядан балык аулау кезеңі сэуірдің соңынан кыркүйекке дейінгі кезде жүзеге асты. Күзгі кезең қазан айынан басталған. Теңізден балық аулауға ау қолданылды. Аханша, тор, қармақ теңізге өте сирек салынған. Теңізден балық аулау сэуір мен маусым аралығында тиімді болды. Көлден балық аулауға қыркүйек пен казан айының бірінші жартысы тиімді кез саналды. Жаз мезгіліне қарағанда, қыста ауланган балық табысты көбірек әкелген. Қыста балықты мүзда сақтап, түздап, түтінге ыстаған. Балық қыс пен жазда екі түрлі бағаланған. Балық кәсіпшілігінің бағзыдан дамығандығы фольклор пүсқалары мен сенім-нанымға қатысты паремаларда сақталған. Сырдария жағасында түратын қазақтардың арасында Б.-тың кәсіп ретінде дамығандығын балықшы пірі Қармақшы атаның мазары сол өңірде болғандығы дэлелдейді. Ноғайлы заманы жырларындағы «балыгы тайдай тулаган» немесе «балыгының көптігі суга жылцы жаптырмас» деп келетін жыр жолдарынан Арал, Сыр, Жайық бойын мекендеген отырықшы қазақтар арасында ертеден-ақ балық еті мен сорпасы «жеңсік асқа» саналғандығын аңғарамыз. Балық өнімдерін дайындау, үқсагу. Қызыл балықтың ішінен шығатын жарамсыз калдыгын жалцаяцца араластырмай уылдырығын боліп алады. Лл коксерке тәрізді жыртқыш балықтардың жүтқыныі іда (карі.ш І.І уса балықтар болса айырып алады. Қазақтароны уақы оіс м'нг үн өнімдерімен араластырып, царма жасаған. Жайын тэрізді ірі балықтардың семіз, майлы жои СІІІІ болек кесіп алады, оны «жаңса» деп, бекірспіц жоп СІІІІ «белкеспе» деп бөлек сақтайды. «Балықтың патшасы» саналатын бекіренің еті өте дэмді, эрі кесімі дс үлісен. Кейбір ірі бекірелерді (Ертісте) түйеге теңдегенде оныц басы мен қүйрығы түйенің шом ағашынан асып тұрады деседі. Қазақтар «бальщтың алтыны цаяз» деп қаяз етін ерекше әспеттеген. Ірі балыктардың жүлын жүйесін «безегесін» түтынар алдында алып тастап отырған. Балық аулау кең өрістеген шақта үлттық тагам түрлеріне балықты бітеу пісіру, цацтау (көктал), қайнатқан соң етіне араластырып бөкпен, бөрек, цалцы, мипалау, «түйір» (оның цос цайырма, үш қайьірма түйір (двойная, тройная уха) деп аталатын жаңаша дэм, тагам түрлері қосыла бастады. Қуырып дайындайтын царма, майкуырдац сияқты тамақтар орын алды. Балықты түзды суга салып, салқын жерде бір күн қалдырады. Түздалған балықты шала тобарсыған соң дымқыл бүта-шілік, қарагай, емен, жаңғақ жаңқаларын бықсытып жагып, оның түтініне исі сіңгенше ыстайды. Онан соң кептіреді. Кептіру үшін көлденең орнатылган соре немесе арса агашца іледі немесе жайып қақтайды. Түз сіңген ірі балықтарды алып арасы жел кағатындай етіп, ал торталарды екі-үштен бір-біріне қосып, балыкты желбезегінен сыммен тесіп откізіп қояды. Күннің жылуына кепкен балықтың майы бүкіл денесіне тарап, дэмі кіреді. Онан көлеңкеге сақтап айырбас саудаға немесе үлкен қалалардагы жэрмеңкеге апарган. Балықты тоңазыту тэеілі көп таралмаган. Айталық, 1925 жылы Арал теңізі бекетінен 0,9 пайыз балық тоңазытылган, қалган 99,1 пайызы түздалган күйде жонелтілген. Аққайран мен тортаның қарнын тілмей түздап сегіз күн шаңга салып кояды. Егер кептіру қажет болса 6-8 сагат суга салып шыгарып, 6-8 талдан байлап 12-15 күн кептіреді. Ыстау (агаш мүгінінің түтініне) қажет болса үш күн гана кептіреді, ондай да салмагының жартысын жогалтады. Көктемдс балыққатүзды аз салады. Өңделген балықтарды қанар, ағаш ыдыс, түйеқанар, жәшіктерге салып жөнелтеді. Ертеде түрікмендер орыстардан балықшылықтың түрлі қыр-сырын үйренгенге дейін балықты өз майына қуырып, ішегіне сақтаган «гаурдацты» Хиуага сатуга апарган. Екі жылга дейін сақталатын мүндай өнімді (А.Джикисв) қазақтардың жасағандығы туралы мэлімет жоқ. Әуслі бүрыннан эмпирикалық практикасынан белгілі балық майын емшілікке (күйік, жара, сынық, денені сылау, ысқылау, ем дэрітүрлеріне араластыру) пайдалана бастайды. Кейін келе балық майын жинап шыжгырып, бауырсақ, тамақ қуыруга пайдаланган. Бір футқаяз балыгынап 4-5 фунт май алынады екен, оны Хиуаның сабын, тері зауыттарына жіберіп тұрған. Іілмай (шип) балықтан ағаш желім алынады, ол өте қымбат бағаланған. == Дереккөздер == Санат:Балық аулау Санат:Ауыл шаруашылығы Санат:Балық
'''Балықшылық құралдары''' балық аулауға қажетті *Қабадан аудың бір түрі, ағаш шыбықтан жасалған бірнеше шеңбердің сыртын тормен қаптап, түбі бітеу, ауыз жағы ашық етіп үлкен ыдыс кейпінде жасалады. *Сылауыш қайықтың қапталына іліп, шеті суға малынып тұратын жадырасынан істелген қол жуғыш. *Абақ аудың ортасында болатын, кірген балық шыға алмайтын үлкен қанар. *Ау балық ұстау үшін тоқылған тор. Оның қабадан, мардан, жылым, шонтай, қаза сияқты түрлері бар. Ауды әртүрлі жіптерден тоқиды. Ағаштан да балық аулайтын ау тоқып алатын болған. Талдан, шіліктен тоқып алған шағын ауларды қазақтар шөміш ау деп атап келген. Шөміш аумен таяз, арнасы қысыңқы сулардан балық аулайды. Балыққа арналған аудың мөлшері әртүрлі, яғни 1-2 құлаштан 8-10 құлашқа дейін барады. Үлкен аудың су беті жағындагы жиегіне торды суға батырмас үшін жүзбелер жасап, астыңғы жиегіне ауыр тас, қорғасындар байлайды. Тордың екі шетіне ұзын сырықты тірей, сырықтың бас жағын шалқайта зырғытып жүргізеді. Аудың тор көздері аулайтын балықтың айқұлағынан ілінетіндей, балықтың басы өтпейтіндей болады. Құрма ау теңіз ауы; ұзындығы төрт-бес шақырымға созылатын теңізге құрылатын ау. Сере балық аулайтын шанышқы. Шанышқыларды бір қырлап, кейде екі қырлап, қармақ шығарып, темірден соғып, оны ұзын ағашқа сырыққа бекітіп алады. Сере бір не бірнеше салалы болады. Шыжым таққан серелерді шыжымды сере дейді. Шыжымды серені ірі балықтарға қолданады. Көбінесе ат үстінен лақтырады. Жұтпа қармақ балық жұтатын жем шаншылған қармақ. Балық аулайтын жұтпаны темірден, тебен инеден отқа қыздырып жасытып, қармақ, ілгек шығарып иіп алады да, суға суарып бекітеді. Бұлай жасап алған жұтпаны кейде қармақ деп те атайды. Жұтпаны ұзын жіпке байлап, қармақты суға батырып тұру үшін жұтпадан аздап алып қорғасын тағып, судың тереңіне сай қалтқы тағады. Қалтқыны ағаштан, қабықтан, жеңіл, суға батпайтын заттардан істеп алады. Ол балықтың жұтқанының белгісін береді. Балық жұтатын құралды жұтпа деп атайды. Көбінесе жұтпаға жауынқұрт, қарақұрт, су шаяны, шегіртке, инеліктерді балық жемі ретінде шаншиды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Барақ''' асыл текті ит тұқымының бейнелі атауы. Ілкі дәуірлерге тән археологиялық қазбаларда итті адам мүрдесінің жанына жерлегені мәлім. Бұл итті жеті қазынаға жатқызатын наным-сенімнің көне бастауы болса керек. Ежелгі түсінікте барақ пен бөрінің жігі ажыратыла бермеген, екеуі де тотемдік ұғыммен байланысты болғандықтан, көне рәміздерде, нышандық белгілерде ит-қасқыр бейнелері түркі-моңғол халықтарында кеңінен көрініс тапқан. Мәселен, «Моңғолдың құпия шежіресінде» Шыңғысханның арғы анасы Алунғуаның жатырына түнде шаңырақтан сары нұр түсіп, ол таң бозаландағанда есіктен сары ит түрінде сағымданып шығып ананың жүкті болып қалғаны айтылады. Сонымен бірге, қырғыз халқының арғы тегі қыз бен қызыл иттің жұптасуынан таралған деген аңыз бар. Түркі халықтары балаларына барақ деген атты көп қойған. Батырларын Бараққа теңеген. Дүрегей деген ит тұқымының еркегі барақ деп аталатыны жөнінде де біршама деректер сақталған. == Дереккөздер == Санат:Ит тұқымдары
'''Бармағын басу''' сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: *Бармағын басу (қолын қою) құжатты растау, куәландыру үшін сияға батырылған бас бармақ ұшын қағазға басу (қазіргі қол қою). *Бармағын басу (белгі беру) ілкіде саудаласқан кезде дәстүрлі шапанның ұзын жеңі ұшынан басқаларға көрсетпей саудагермен қол алысып тұрып, жең ішінен бармақ, саусақтарымен жасырын белгі беру үрдісі
'''Бармағын басу''' құжатты растау, куәландыру үшін сияға батырылған бас бармақ ұшын қағазға басу (қазіргі қол қою), қандай бір маңызды салтты заңдастыру үшін жасалатын көне рәсім. Дәстүрлі қазақы ортада бармағын басу ресми қатынаста, соның ішінде Ресейдің қазақ даласындағы жергілікті әкімшілігі өкілдерімен жасалған әртүрлі ресми құжаттарды куәландыру үрдісінде қолданылды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бармағын басу''' ілкіде саудаласқан кезде дәстүрлі шапанның ұзын жеңі ұшынан басқаларға көрсетпей саудагермен қол алысып тұрып, жең ішінен бармақ, саусақтарымен жасырын белгі беру үрдісі. Ол тауарын қаншалықты түсіріп саудалағанын, қаншаға беріп жатқанын тек алушы мен саудагер ғана білуін қамтамасыз етуді білдіреді. Сондай-ақ, тамыр-таныстық немесе пара беру арқылы іс тындыруды да бармақ бастылық жасау деп атаған. Жең ұшынан жалғасу; Бармақ басты, көз қысты ұғымдары «ымы-жымы бір болу» дегенді білдіреді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баршын ''' қартайып, шау тартқан бүркіт атауы. Қазақ саятшылары жас бүркітті аққұс, сарықұс деп бөле атаған. Себебі, жас бүркіттің қанат құйрығының түп жүні ақала болып келеді де, жасы ұлғайған сайын қоңыр, не қарақоңыр түске еніп, содан әрбір түлеген сайын түстің қылаңдары мүлде азайып, шымқай қаратүске ауысады. Бұл құстың баршын тартқан кезі болып саналады. == Дереккөздер ==
'''Бас алу''' Орта Азия (Бұхара, Хиуа және т.б.) хандықтарында ертеден қалыптасқан өлім жазасына кесілген үкімдерді орындаудың түрі. Өлім жазасының бұл түрі көбінесе халық көп жиналған базар күндері орындалатын болған. Онын негізгі мақсаты қалың бұқара халыққа жазалаудың осындай тұрпайы түрі арқылы сес көрсету болса керек. Бас алу үкімінің орындалуын қаттақорған маңында көрген орыс офицері былай деп жазады: «Жендет «қатаң кесік алғандардың» бірнешеуін қатарластыра тізе бүктіре отырғызып қойып, бір-бірлеп арттан тізесінің арасыпа қысып алады да, өзіне келісті белгі берілген соң, қанды ісіне кіріседі. Ол өлім алдында жалма-жан күбірлеп аят оқып жатқан байғұстың басын кері қайырып алып кеңірдек пен мойын омыртқаның екі ортасынан өткір және ұшы ұзын пышақты сұғып осып жібереді де ілгері қарай итеріп тастайды. Жазаға кесілген қалғандары да осы аянышты халді бастан кешеді. Айта кетерлік жайт, бұл оқиганың ең сұмдығы, әлгі бақи болғандардың туыстары мен жақын жолдастары жендетке тарту жасайды, себебі пенденің жаны қиналмасын деп жалғыз малын беруге дейін барады екен. Өйткені жендеттің әрекетінен соң кейбір байғұстардың бірнеше сағат, тіпті тәулік бойы жаны үзілмей қиналып жатады екен». Ертедегі қазақ қоғамында жазалаудың бас алу түрі кездескені жайында деректер жоқ. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бас арқан''' керегесі керіліп, есігі салынған киіз үйдің дөңгелек қалпын сол күйінде сақтап, керегенің шалқайып кетпеуі үшін киіз үй керегесі шеңберінің бастарын айналдыра тартып сыртынан байлайтын арқан. Есік ергенек босағасының арқан өткізетін тесіктері болады. Арқанның бір ұшын алдымен қазанжақ босағаның көзінен өткізіп, керегенің ішкі жағынан мықтап байлап, арқанды «сауа тартып», керегенің шеңбер басын айналдыра оң жақ босағаның көзінен ішке қарай өткізіп, керегені тартып байлайды. Бұл арқан басқұр келетін тұстан төменірек ұсталатын болғандықган, басқұр арқан деп те аталады. Мұндай арқанның ұзындығы алты қанат үйлер үшін 13-16 құлаш етіп есіледі. Әлбетте бас арқан жіңішкелеу етіп ақ пен қара немесе шымқай қара түсті қылдан есіледі. Арқанның қай түрі болса да киіз үйге қатысты қолданылғанда, үй бөлшектерін бекітуге, үйдің өзін қозғалмайтындай орнықты етуге жұмсалған. Бас арқан тартылған соң үзік-туырлық жабылып, ту сыртынан белдеу арқан тартылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Киіз үй
'''Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев''' (7 қыркүйек 1939 жыл Алматы облысы Іле ауданы ҚазЦИК ауылы) Қазақстан мемлекеттік қайраткері. == Өмірбаяны == С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1963) заңгер мамандығы бойынша; КСРО МҚК №302 Минск мектебін; КСРО СІМ Жоғары дипломатиялық мектебін (1971) бітірген. 1956 жылдан Алматы облысы Іле ауданының «Комсомол» үжымшарында жұмысшы. 1957 жылдан Алматы облысындағы Боралдай кірпіш зауытының 1958 жылдан С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1963 жылдың шілде айынан -Алматы облыстық тергеушісі. 1963 жылдың қыркүйек айынан КСРО МҚК №302 Минск мектебінің курсанты; КСРО МҚК кадрлық офицері, жедел өкілден ҚазКСР МҚК Басқармасының бастығы лауазымына дейінгі қызмет жолын өткен. 1991 жылдың қараша айынан Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚР МҚК Басқармасының бастығы. 1993 жылдың маусым айынан ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары. 1993 жылдың желтоқсан айынан ҚР ҰҚК төрағасы. 1995 жылдың қараша айынан ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы міндетін атқарушы. 1997 жылдың наурыз айынан ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы. 1999 жылдың қазан айынан ҚР қорғаныс министрі. 2001 жылдың желтоқсан айынан ҚР Президентінің кеңесшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ҚР мемлекеттік қызмет әдебін сақтауы жөніндегі комиссияның төрағасы ҚР Президеті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. 2002 жылдың қыркүйек айынан «Еуро-Азия Эйр Интернэшнл» ААҚ Халықаралық еуразиялық әуе компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. 2007 жылдан бері ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2002 жылға дейін). == Марапаттары == «Даңқ» (1997) «Барыс» (2008) ордендерімен; 14 медальмен марапатталған. «Жылдың әскери адамы» номинациясы бойынша Жыл адамы (Алтын Адам) (2000, 2001). == Отбасы == Үйленген. Жұбайы Сәуле Досжан. Қызы Гүлмира; ұлы Дәулет. Немерелері Әміржан, Дәужан, Камилла, Іслем, Селима. == Дереккөздер == Санат:17 қыркүйекте туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан қорғаныс министрлері Санат:Қазақстан Санат:Даңқ орденінің иегерлері Санат:Барыс орденінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:КСРО Қарулы күштерінің ардагері медалінің иегерлері Санат:Қалтқысыз қызметі үшін медалінің иегерлері Санат:Іле ауданында туғандар
'''Бас ат''' еншіге берілген малдың ішіндегі ең мықты, асыл тұқымды жылқы. Асыл тұқымды жылқыны тай кезінен бастап-ақ бас ат деп атағаны Қыз Жібек жырында айтылады. ''Көк бурыл тұлпар бар, ''Былтыр құлын биыл тай, ''Мінетұғын бас атың, ''Қарағым саған сайма-сай. Бас атқа үй иесінің өзінің тума малынан таңдалады, біреуден сатып алған, тарту етілген ат бас ат бола алмайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бас балуан''' бірнеше балуанның ішіндегі жеңімпазы, топтағы балуандардың маңдайалдысы. Күрескен адамын үнемі жығатын, ерен күш, қайрат пен әдіс-айла иесі. Денесі аса ірі балуанды түйе балуан, өгіз палуан деп те дәріптейді. Бас балуан үлкен жиын, астарда ру мен қауымның беделі мен абыройы сынға түсетін шақтарда олардың намысын қорғаушы ретінде саналады. Көршілес халықтармен этномәдени байланыстарда бас балуан үлкен жиындарда елдің, жұрттың, ұлыстың намысы үшін сайысқа түскен. Қазақпен көршілес халықтарда Бас балуанды сайысқа шығарарда оның айбынын асыру үшін «ноқталап», арқандап шығару, денесін қайыспен орау, арнайы киім кигізу дәстүрі болған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бас ию''' басын еңкейте ию арқылы жасалатын ғұрыптық ишара. Мифологиялық түсінікте адамның басы аспандағы Тәңір әлеміне жақын тұрған ардақты мүше. Бас қимылдарымен әртүрлі ишарат, тұспалдарды білдіруге мүмкіндік мол. Мысалы, бас изеуден мақұлдау ишаратын аңғарсақ, бір адамнан кешірім сұрағанда, мәселен, қыз алып қашқан жағдайда кешірім сұрап барушы (жаушы) құдаларға барып, тымағын (бөркін) шешіп, ұмсынып жерге қойып, бас иіп, кешірім өтінеді. Сондай-ақ жеңілген жақ тымағын шешіп, тізе бүгіп, басын иіп, жауға берілгендігін мойыпдайды. Көне түрік жазуындағы «мойны бардың басын игіздім, тобығы бардың тізесін бүктірдім» деген сөздер осыны дәлелдейді. Көшпелілер қылмыскер адамды жазалағанда баскиімін шешіп алатын болған. Демек адамның өз еркімен баскиімін шешуі немесе зорлап шешіндіру, басын июі адамның кінәлі, яғни күнәлі, айыпты екендігін, кейде шарасыз халге түскендігін, кішірейгендігін білдіреді. Сол себептен де дәстүрлі мәдениетте адамның жалаңбас жүруіне тыйым салынды. Бөріктің көктегі рухтарға жақын рәміз екендігі «Едіге батыр» жырында былай баяндалады: Үлкендер бала Едігеден төрелік сұрап келгенде, келген адамдарды анадай жерге отырғызып қойып, баланың өзі оңаша шығып, таяғын жерге қадап, таяқтың басына бөркін кигізіп, күбір-күбір сөйлеп: «Екеуі болса бірі аға, біреуі болса бөркі аға» деген екен. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бас құда''' бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен құдалардың ішіндегі әулеттің үлкені, күйеу жігіттің әкесі, қалыңдық әкесі немесе аталары, яғии құдалардың үлкені. Сондай-ақ сөз тізгінін ұстаушы адамды да бас құда дейді. Кейде құдалық үрдістері барысындағы көп барыс-келістің бірінде келгендердің іініндегі ең жақын туысы немесе ең үлкені де сол сәтте бас құда болып санала береді. Қазақтың ғұрыптық салтында құда түскенде киіт кигізіледі. Әлеуметтік жағдайына қарай киіт те әртүрлі болады. Бас құдаға ат, түйе берілсе, ал кейінгі құдаларға дәрежесіне, туыстығының жақындығына қарай орамал шаршы берілген. Киіт киген құдалықты бекіткеннің белгісі болып табылады. == Дереккөздер == Санат:Туыстық
200px '''Бас тарту''' кәде, жиын-той, аста, қонақ күткенде сойылған малдың басын қадірлі адамға сыбағалы, кәделі, сыйлы мүше ретінде тарту. Бас мүшесін дүниенің, жаратылыстың, әлемнің бастаушы күші деген ежелгі наным-сенімге байланысты оны жасы үлкен, сыйлы қонаққа немесе мәртебесі жоғары адамға Бас тарту байырғы ортада ежелден орныққан. Үйтілген қойдың басын піскен соң мандайынан айқастыра тіліп, табаққа салып әкеліп тарту ырымы қазақ арасында біркелкі атқарылады. Шығыс Қазақстан, Моңғолия, Қытайдағы қазақтар мұны бастың жолын ашу деп атайды. Онысы тігінен түскен біздің жол, көлденең түскен сіздің жол дегенді ырымдағаны. Бұл қонаққа жасаған құрметтің белгісі болып табылады. Қазақ арасында қой басының құйқасын тілуді қасқалдақтау деп те атайды. Айқас тілу немесе қасқалдақтау (қас таңбасы) ұқыптылықты қажет етеді. Яғни бас сүйегі құйқа арасынан ырсиып көрінбеуі тиіс. Бас тартудың аймақтық ерекшеліктері қалыптасқан. Сырдың төменгі ағысы бойындағы Қазалы өңірінде, Арал бойында қазақтар қонаққа бас тартқанда оң жақ құлағын кесіп алып, оны үйдің кішікене баласына береді де, қонаққа оң құлақсыз тартады. Бұл ырысым, несібем өз үйімде, өз босағамда қалсын дегенді ырымдағаны. Бұл жоралғы көршілес қарақалпақтарда да дәл солай атқарылады және этномәдени байланыс барысында олардың Қазалы өңіріне ықпалы болғанға ұқсайды. Оң құлақтың орнын жілік толтырады. Яғни басқа асық, ортан жілік сияқты кәделі жілік қосылады. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік, Батыс қазақтарында қандай малдың басы болса да, тісі қағылмаған бас тарту «арам» деп саналады. Ал Жетісу, Шығыс, Моңғолия, Қытай қазақтары мал басының тісін қақпай, арасын шимен мұқият тазалап жуып асады. Осы өлкенің қазақтары бас тартылған қонақ тісіне қарап, «жас мал сойылды ма, кәрі мал сойылды ма, соны аңғарады» деп түсіндіреді және малдың тісін қағу, жалпы сүйек шағу мал басын кемітеді деп санайды. Бас тартылған адам әуелі бастың тұмсығын өзіне қарата ұстап, тұмсық ұшын Меккенің топырағын иіскеген деп кесіп алып отқа салып, одан кейін езуімізден май кетпесін деген ырым бойынша бастың оң жақ езуі құйқасынан бастап кесіп алдымен өзі ауыз тиіп, табақтастарына құйқадан жағалай ауыз тигізеді. «Құлағың сақ, жақсылыққа үйір болсын» деп, құлағын сол үйдің баласына немесе келініне береді. Көзін көзімдей бол деп жақын тартқап адамына, таңдайын сөзге шебер деген адамға немесе дәм татып отырған үйдің қызының алақанына жезтаңдай әнші бол, таңдайың тақылдаған шешен бол немесе таңдай өрнегіндей кестеші бол деп алақанына ұрып береді. Сосын басты тұмсығын ілгері қарата үй иесіне қайтарады. Ол келесі табаққа ұсынады. Адамның және малдың басын қадірлеу көшпелі түркі моңғол халықтарында көптеген айқындалады. Ер баланың жаны, құты, қуаты төбесіндегі орайы мен еңбегінде болады деген ырым бойынша оған қайшы, пышақ, ұстара тигізуге болмайды. Қонаққа тартылатын бастың төбе құйқасын қазақтар бастың жолын ашу деп маңдайынан қасқалап сара тілсе, моңғол жұрты төбе құйқаны дөңгелектей тіліп, жолаушының жолын ашу тәрізді астастырады. Қазақ арасында қасқалдақталған құйқаның үстіне екі немесе бір жапырақ майлы ет қойып бас тарту салты әлі орындалып келеді. Меркі өңірінде екі жапырақ еттің бірін бас ұстаған адам үй иесіне немесе бас табақты тартушы жігітке беріп, келесісін өзі жесе, Жаркент өңірінде тілінген құйқа үстіне қойылған бір жапырақ етті табақ тартушыға береді. Мұндағы ас иесіне ұсынудағы мән ырыс басқаға кетпесін деген ырымнан туындаған. Бас кесуші осы маңдай құйқасынан «маңдайыңнан бақ кетпесін» деген ырыммен табақтас біреуіне ұсынады. Қазақта әкесі тірі адам бас ұстамайды деген ырым бар. Бұл жөнінде Ә.Диваев: «...қазақтарда қойдың әрбір сүйегін қызметіне қарай болу әдеті қалыптасқан. Осындай бөлініс кезінде бас үлкен адамға тиеді. Әкесі бар адам алдында өз әкесі сияқты үлкен адам болғандықтан, басты пайдалана алмайды», дейді. Бұл үлкенді сыйлау әдебін көрсетеді, әкең тұрғанда әкеңнен үлкенсіп бас ұстау әдепсіздікті танытады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бас сирақ ұйту''' дәстүрлі ас тағам мәдениетіндегі мал өнімдерін өңдеу, кәдеге жаратуға лайықтау тәсілі. Сойылған мал басын, сирағын жүнінен, қылшық түгінен тазарту үшін от жалынына қақтау. Ол үшін отты шақтан маздатып жағады. Басты арнайы даярланған ағаш таяққа бауыздау өңеш тұсынан түйрей шаншып алып, оттың жалынына ұстай отырып, күйген түктері мен терісінің кездік немесе ағаш жаңқасы сияқты қырлы затпен әлсін-әлсін тазартып, қайталай отқа ұстап отырады. Ал сирақтарын жанып жатқан оттың үстіне тастап, не болмаса темір істікке буын жақ терісінен түйрей шаншып жалынға қақтайды. Сирақ буынынан жоғары қаратып отқа кақтаса, сирақ түзу қалыпқа енеді. Үйтіп жатқан мезетте бастың мүйізі болған жағдайда мүйізінен, сирақтарды тұяқ қабығынан, қолаңсасы мен оның ортасындағы қылшықтарынан тазартады. Бас, сирақ біркелкі жақсы үйтілу үшін жалынға тым көп ұстап, құйқаның күйіп, жанып, яғни тілініп, айырылып кетпеуін қадағалайды. Үйткен кезде от жалыны дұрыс тимейтін тұстарының түгін отқа қыздырылған істікпен қарып арылтады. Үйтіліп болған бастың екі езуін жақ сүйекке жеткізе тіліп бастан астыңғы жақ сүйекті ажыратып алады да мұқият жуып тазартады. Басты сонымен қатар тандырға (ішіне толтыра сабан, қурай жағып) үйтетін тәсіл де бар. Үйтіліп болған соң сумен жақсылап жуып, қырып тазартылады. Үйтілген қой, ешкі сирағын балалар мен әйелдердің табағына салады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бас тоғыз''' бәйге, қалыңмал және айыпқа байланысты берілетін тоғыздардың ішіндегі ең көрнектісі. Кез келген тоғыздың құрамы, көбінесе Бас тоғыздың құрамына байланысты болады. Мысалы, түйе бастаған тоғыз түйе, құлынды бие, қос ат, жамбы, жағалы киім, тұтас құндыз, қылыш, кіреуке бастаған тоғыздар деген сияқты. Яғни бас тоғыздан кейінгі тоғыздар өзінің құндылығы мен құрамы жағынан төмендей береді. Бас тоғызды кейде қасқа тоғыз деп те атаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Қазақ салт-дәстүрлері
Басар қатты жел тұрған кезде киіз үйдің үстінен бастырылып салынатын арқан түрі. Ұзын арқанның тұйығын киіз үйдің керегесінің оң немесе сол жақ босағасынан ішке қарай өткізіп алады да, ұшын үйдің артына қарай асырып, іргеде қағылған қазықтарға байланады. Қазыққа байланған тұсына салма деп аталатын үлкен қапқа салынған ауыр затты (тасты) бастырып қояды. Соған байланысты кей жерлерде оны салма арқан деп те атайды. Жел көп тұратын өңірлердегі ауылдар, әсіресе күзге қарай жел күшейетін уақытында басар арқанын тартып, салма салып қояды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет Санат:Киіз үй
'''Басбақ''' малдың танау кеужіріне енген балпақ бөртпе құрттардың кесірінен өршитін және бөгелек, сәйгел, сона қоздыратын мал ауруының атауы. Шілдеде сары бөгелек жұқтыратын бұл ауру асқынса, танаудан ірің ағады, мал басын сілкілеп тынышсызданады. Егер құрт миға шапса, ауру малдың аяғы шалынысып, шалқақтап, бір орында айналып қалатын ауруға ұшырайды, мұны қойда айналма деп атаған. Қазақ емсектері мұндай ауру түрлерін емдеу, дауалау үшін күйдірілген тотияйын ертіндісін, қорғасын қайнатындысын танауға құйып, меңдуана түтінімен ыстауды қатар жасайды. Қыста қорада ұзақ тұрған мал басбаққа көп қораның көңін алмастырып, аударыстырып тұрған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Басқалдақ''' өзен суына қойылған бөгеттің қамыстан тоқылған түрі. Басқалдаққа балық көп жиналады. Кезінде Сырдарияға басқалдақ құрып, жиналған балықты шөміш аумен сүзіп алған екен. Бір түнде балық жиналған басқалдақтан бір- екі мың аққайран аулаған кездер болған. Сонымен бірге көл, теңіз жағасынан қыста балық аулау үшін үкі салуға сайланған орынды да басқалдақ дейді. Мұндай басқалдақты екі-үш түйе қамыс пен топырақты араластырып жасаған. Үкі салатын жерде басқалдақ болмаса, ол жердің иесі жоқ дегенді білдірген. Басқаша айтқанда, басқалдақ балық аулау жұмысын реттеу құралы ретінде де қолданылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Асқар Тоқпанов''' (Әлиасқар) (13 қазан, 1915 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы 22 қараша, 1994 жылы Алматы) Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, педагог профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1975). ==Толығырақ== 1932 -1933 ж. ҚазҰПУ-да оқыды. 1939 ж. Мәскеу қаласындағы Театр өнері институтын (проф. В.Г. Сахновскийдің жетекшілігімен) бітірді. 1939 -1944 және 1948 1951 ж. Қазақ академия драма театрында қоюшы режиссер болып, М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абай" (1940), Ш.Құсайыновтың "Марабай" Әуезовтің Сын сағаттасы" (екеуі де 1941) мен "Еңлік Кебек" (1944), С.Мұқановтың "Жеңіс жыры" (1942), Ғ.Мустафиннің "Миллионер" (1950), А.П. Штейннің "Намыс соты", Д.Гоу мен А.Д. Юссоның "Терең тамырлары" (екеуі де 1948) секілді спектакльдерді сахнаға шығарды. 1951 1953 ж. қазіргі Қазақ академялық балалар мен жас өспірімдер театрында, сондай-ақ, Қарағанды (1945-1946), Атырау (бұрынғы Гурьев; 1955, 1959), Жамбыл (1969 -1971) облысы қазақ драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. Олардың қатарында: М.Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсарин" (1951, 1956; Балалар мен жасөспірімдер театрының Бүкілодақтық фестивалінің 2-дәрежелі дипломы, 1958), Құсайыновтың "Нұрлы тас" (1951), "Көктем желі" мен "Алдар көсесі" (1953 1954, бәрі де Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрында), Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері Ақтоқтысы", Н.В. Гогольдің "Ревизоры" (1945 1946, Қарағанды облысы драма театры) Әуезовтің "Абайы" (инсценировка бойынша, 1955) мен "Қарагөзі" (1959), Мүсіреповтің "Амангелдісі" (1955, қазіргі Атырау облысы драма театры), Т.Ахтановтың "Махаббат мұңы" (1969), Н.Ф. Погодиннің "Кремль куранттары" (1970, Жамбыл облысы драма театры); Ә.Тәжібаевтың "Майрасы" (1957, өзі Ақаевтың рөлін орындады), Б.Майлиннің "Майданы" (1965), А.Үйғын мен И.Сұлтановтың "Әлішер Науаиы" (1983, үшеуі де Қазақ академия драма театрында), т.б. спектакльдері бар. Тоқпанов спектакльдерді қоюмен қатар, кейбір басты рольдерді өзі сомдады: Ыбырай (Ақынжановтың "Ыбырай Ленин (Погодиннің "Кремль куранттарында"; Республика театрлар байқауының лауреаты, 1970) т.б. Ол сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы мақалалар мен пьесалар ("Тазша бала", "Тасыған төгілер") жазып, қазақ тіліне Г.Ибсеннің ("Нора"), А.Н. Островскішдің ("Шьшдық қатты бақыт тәтгі"), А.П. Чеховтың ("Шағала" мен "Иванов"), А.В. Софроновтың ("аспаз әйел", "Күйеуге сенген аспаз", М.Горькийдің ("Форма Гордеев", инсңенировка) туындыларын аударды. Алматыдағы театр училищесінде (1939 -1944) жөне Өнер институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы, 1955 1963 ж. кафедра меңгерушісі; 1975 жылдан професор) пед. қызметпен шұғылданды. 1955 ж. Алматыда ол тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды. ==Мемлекеттік марапаттары== 1957 жылы «Қазақ КСР Еңбегі сіңген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді. 1975 жылы «Қазақ КСР Халық артисі» құрметті атақтарымен марапатталған. 1975 жылдан профессор (құрметті ғылыми атағы берілген); Еңбек Қызыл Ту Ордені Халықтар Достығы Ордені Құрмет белгісі Ордені Еңбек ардагері медалімен және көптеген медалдармен марапатталған. ==Шығармалары== Сахна сазы, А. 1969; Кешеден бүгінге дейіп, А., 1976; Іңкәр дүние, А., 1991. == Дереккөздер == Санат:Қазақстан театр педагогтары Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:Қазақстан өнер қайраткерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері
'''Басқы ат''' бәйгеде мәреге ең бірінші келіп жеткен сәйгүлік ат. Басқы аттың бәйгесі басқа аттардың бәйгесінен анағұрлым артықша болған. Мәселен, Қозы Көрпеш Баян Сұлу жырында басқы аттың бәйгесіне байланысты: ...Өтірік айтса, ақынның жаны шықсын, Басқы аттың бес жүз жылқы бәйгесі бар, деген жыр жолдары кездеседі. Кейбір өңірлерде бірінші келген ат ''бас aт'', мәреге дейін шауып келген ең соңңы ат ''көктайынша aң'' деп аталады. Бәйгеден озып бірінші келген аттың бәйгесі ас пен жиынның дәрежесіне қарай қомақты болған. Озған атты көз, тіл тиюден сақтандыру үшін келе сала жабулап, кежімдеп жұрт көзінен тасалап, алып кеткен. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Баспа тігіс''' тігістің бір түрі. Бұл тігіс көбінесе өңіржиектің астына астар салып баспалап тіккенде қолданылады. Сондай-ақ кең етекті көйлектің етегі астар салынып бастырмаланып тігілсе, біртегіс және салмақтылау болады да, көйлектің етегі төгіліп, дөңгеленіп тұрады. Сонымен қатар әжелер жаулықтарының немесе кимешектерінің жағын, өңірін қиғаштап кестелегенде баспа тігіс әдісімен тігеді. Шебер баспа тігіспен іс тігу барысында инені бас бармақ және сұқ саусағының көмегімен ұстай отырып, ортаңғы саусағының бірінші буынына жатқызып, яғни инені оңға қарай аздап қисайта отырып тігеді. Тігістің арасы жиі болғандықтан, мықты да болады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бастырғы арқан''' шаруашылықта қолданылатын арқан түрінің атауы. Жүк артқанда мықтап байлауға, жүктің үстіне жеңіл жабдықтарды бастыруға пайдаланады. Жасалуы басқа арқан түрлерінен өзгешелігі жоқ. Байырғы арқандар көбінесе қылдан ұзын да берік есілген. Қыл су тиген сайын ширығып қатая түседі. Тоғанақ басы иір келетін бастырғы арқан босаған кезде ширықтыру үшін қолданылады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Басы қаралы''' жесір әйел, қазақ әйелдері жоқтау айтқан кезде басым қаралы, бетім жаралы дейді. Бұл сонау ғұндар, көне түркілер заманынан жалғасып келе жатқан салт. Мысалы, қытай деректерінде ғұндардың дәстүрі бойынша Тәңірқұттың алдына бетін тіліп кіретіндігі, тіпті басқа елдің елшілері де бұл дәстүрге мойынсұнбаса, Тәңіркұтқа бетін тілу жақсы көру, құрметтеудің белгісі екендігі туралы, сол сияқты түріктерде қайтыс болған адамның туыс-туғандары, жақындары түгелдей мәйіт қойылған үйдің қасына жиналып, ас беретіндігі, онан соң мәйіт қойылған киіз үйді жеті рет айналатындығы, айналып есік алдына келген сайын пышақпен беттерін тіліп, қанды жастарын ағыза дауыс салып жылайтындығы жайлы айтылады. Осыған қарап бетін тілу, бетін жырту сонау ғұндар мен көне түркілерден бастау алған, жақсы көру, адалдығын білдіру үшін істелетін дәстүр болғанын болжауға болады. Бетін жырту салтының қазақ арасында бар екені туралы бертінгі зерттеушілер (Н.И. Гродеков, А.И. Левшин, Ы.Алтынсарин т.б.) еңбектерінде де айтылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Басына түнеу''' «тілегім орындалса екен» деген ниетпен қайтыс болған ата-анасының, туысының немесе атақты, аруақты кісінің, әулиенің зиратына қонып, құрбандық шалып, игі тілек тілеу. Халық ауыз әдебиетінде перзент көрмей жүрген адамдардың киелі орындарға барып зиярат еткеннен кейін балалы болғандығы туралы көптеп айтылады. Осыған орай Қобланды батыр жырынан төмендегідей жолдар келтіруге болады. Тоқтарбай шал сексенге дейін бала көрмей бармаған жері, баспаған тауы қалмайды: ''Сексенге жас келгенше, ''Бір бала көрмей Тоқтарбай, ''Қайғыменен қан жұтып, ''Ақылынан адасқан. ''... Әулие қоймай қыдырын, ''Етегін шеңгел сыдырын, ''Жеті пірге танысқан. ''Әулиеге aт қойын, ''Қорасанға қой айтып, ''Қабыл болган тілегі, ''Жарылғандай жүрегі. ''Аналықтай бәйбіше ''Қабырғасы майысқан. ''Елу жасқа келгенде, ''Көзім ашпай дүниеден, ''Өтемін бе дегенде ''Сонда көрген арыстан. ''Бір ұл, бір қыз атадан, ''Қыздың аты Қарлығаш, ''Қобландыға қарындас... Осындай оқиғадан кейін Тоқтарбай мен Аналықтын, ақ тілегі орындалып, Жасаған ие Қобландыдай ұл, Қарлығаштай қыз сыйлаған екен. Жыр жолдарындағы Әулие қоймай қыдырып, Етегін шеңгел сыдырып, Жеті пірге танысқан. Әулиеге aт қойып, Қорасанға қой айтып... дегені шал мен кемпірдің басына барып түнеп, құрбандық шалғандығын бейнелейді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бата асы''' өлік жөнелту ғұрпында адам қайтыс болған күні берілетін астың, яғни қонақасының бір атауы. жазбаларына қарағанда, егер сүйек адам өлгеннен кейін екі-үш күннен кейін жерленетін болса, онда бата асы бірінші күні берілген, өйткені өлген адамның отбасының ашығуына болмайды. Жерлеуге қатысқан ер азаматтар ауылға келген соң марқұмның жақын туыс әйелдері дауыс шығарып, көріседі. Кейін ер адамдар да, әйелдер де жуынып-шайынып, дәрет алып бата асына отырады, жаназа шығарған молда марқұмға Құран бағыштайды. Бата асынан соң марқұмның жақын туыстары мен құда-жекжаттары қалып, қайтатын адамдар қаралы үй мүшелері мен марқұмның жақындарына жұбату айтады. Қайтыс болған адамды еске алу төрт-бес жылға дейін жалғасады. Бата асына келген туыс ағайындар мен құда-жекжаттар жағдайларына қарай аза малын ала келеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бата оқыр''' қайтыс болған адамды жерлеген уақытта келе алмаған жақын-жуықтар мен ауылдас, артынан арнайы жұбатып келіп көңіл айтуы, бата қылуы, өліктің артынан жақсы сөз айтуы, Құран, дұға оқу рәсімі. Бата оқушылар адамы қайтқан үй иелерімен құшақтаса көрісіп, әйелдер жоқтау айтысады. Бата оқырға келген ер адамдар кейде үндемей отырады. Жоқтау айтқан әйелдерді сырттан келгендер басу айтып, жұбатқан соң, Құран бағышталып, бата айтылады. Соңыра сәлем, жөн-сұрау басталып, қазаға «қайырлы болсын» айтысып (қасына бармай, қашықтау отырып), қайғыға ортақ екенін білдіреді. Алыста тұратын ағайын, дос-жаран, тамыр-таныстар қаза туралы хабарды ести сала келуге тырысады. Келген адамдар жағдайларына және марқұммен жақындығына қарай екі-үштен, кейде жетіден онға дейін жылқы немесе түйе жетектеп келеді. Жақындары сауын сиыр, байлайтын бие, сойыс малын айдай келіп, өліктің артына салмақ салмай, даяшылық қызметті өздері атқарады. Бұл ысқат пен жерлеуге кеткен малдың орны толсын деген ағайынның көмегі ретінде саналады. Бата оқырға келген топ сойыстың ұсақ малы мен ірі қара, дастарқан дәмі, ас-су, саба қымыз т.б. көмекке деп ала келеді. Мұны иіс деп атайды. Бата оқып, көңіл айтпаған адамды адамы қайтқан үй адамдары күтіп отырады. Қазақы дәстүрде жақын-жуығы қайтыс болған адамды кездейсоқ кездестіріп қалып көңіл айту ұят саналады, сондықтан арнайы барып көңіл айтуға тырысады. Қазіргі кезде көңіл айта келгендер марқұмның балаларына, әйеліне, жақындарына бата оқырға деп ақша береді. Шығыс Қазақстанның Катонқарағай ауданында ауылдастарының ақша жинап табыс етуін береке деп атайды. Ал, Атырауда бата оқырға келген адам қол алысып амандасады. Құран оқығанда ақша салмай, тек марқұмның жақындарының қолына ақша ұстатады. Атырау облысында, Астраханда қайыр болсып айтып келгенде молда болмаса алдына ақ шүберек, ақ орамал қойылады. Соның үстіне немесе астыңғы шетіне ақша қыстырады не үстіне қояды. Келген адам сәлем бере келіп отырады (реті болса үндемей келіп). Құран оқылып, бата айтылған соң сәлем, жөн-сұрауды бастап, сонан соң қайтыс болған адамның жақындарына (қасына бармай-ақ) «қайырлы болсын!» айтады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Бата сұрау''' ас қабылданып болған соң табақты жинап алудың алдында атқарылатын ғұрып. Әмин деп ас қайыртып бата сұрау дастарқанға береке, шаңыраққа амандық тілеген батаның жасалуы кезінде үйдің жастары, тіпті үлкен адамдары да қатарласа түрегеп тұрады. Дәстүрлі орта салты бойынша батадан соң келіндер табақ алып, батаға, табақ қайтарған үлкенге, дәмге құрмет көрсетіп сәлем салады. Бір адам (келін) екі табақ алмайды, күйеуі өлген жесір ғана солай жасайды деп тыйым салады. Қонаққа сойылатын қойға да бата сұралады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Aналас''' екі рет тұрмыс құрған әйелден туған балалары. Көшпелі қоғамда әмеңгерлік жолмен, өлген ағасынан қалған жеңгесіне үйленген азаматтың балалары сол ағасының балаларымен аналас болады. Жаугершілік заманда, ұрыс-соғыста кісі көп өлетін болғандықтан, ел ішінде әмеңгерлік неке жиірек кездескен. «Қатын ерден кетсе де, елден кетпейді» деген мақал әмеңгерлікпен байланысты құқықтық қатынасты аңғартады. Яғни әмеңгерлік неке себебінен қазақ арасындағы туыстықтың бір түрі. Аналастықпен байланысты болып келеді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Амандасу''' (''Сәлемдесу'') инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы. Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тегінен, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған. Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысады. Әлеуметтік дәрежесі орташа адам өзінің әміршісіне қолын кеудесіне қыспай, бірақ, басын иіп келген. Хан немесе күшті әмірші, өзінің сәлеміне жауап ретінде оның иығына қолын қойып, сыйластығы болса қолын қысып амандасатын болған. Егер ханды жолай кезіктірсе, онда жолда тоқтап тұрып, оның өтіп кетуін күтуі керек, әрі басын иіп, қолын кеудесіне қойып дауыстап сәлем беруі шарт. Қараша халық өкілі сұлтандарға сәлемдескенде тізесін бүгіп көбіне «Алдияр тақсыр!» деп сәлем берген. Билігі жоқ төрелер мен сұлтандардың сыртынан болса да ізеттілік көрсету өз дәрежесінде болмағанымен, әмірі күштілер алдында ізеттілік шаралары қатаң сақталды. Дәрежесі тең, бірақ, жақын таныс емес адамдар бір-бірінің бір қолын алып қана амандасқан; ал таныстар (ер адамдар) бір-біріне екі қолдарын береді және сонан соң, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір-бірін кеуделеріне қысып құшақтайды. Мұндай қимылдар кездесу кезінде жасалады. Әйелдер де кездескенде жалпы қабылданған әдетті сақтаулары тиіс. Әлеуметтік жағдайлары тең әйелдер кезіккенде қол алыспайды (еш уақытта сүйіспейді), тек бірі екіншісіне жәй ғана иіледі. Егер аға сұлтанның әйелдерімен қарапайым әйелдер кезігіп қалса, қарапайым әйелдер жанарларын төмен түсіріп, ізет көрсетіп иіледі. Бірақ, ханша немесе белгілі сұлтан әйелін кездестіргенде қараша өкілі жанарын төмен түсіріп, иіліп, бетін сипап сәлемдесуі керек. Жас әйел жасы үлкен туыстарының алдында бір тізесін бүгіп, иіліп сәлем салады. Қазақтар бір-бірімен жолыққанда бір-бірімен мал-жан аман ба? деп сұрасқан. Мал аман ба? деп сұрауы олардың күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы саналған төрт түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды және отбасы туралы жөн сұрасу қалыптасқан нормаға айналған. Осылай сәлемдескенінен кейін ризашылықпен кішіден: «Мал-жаның аман ба?», деп сәлем береді. Оған қалыптасқан дағдылы жауап: «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал-жаныңыз аман ба?» деп жауап береді. Қазақ «Жақсы сөз, жарым ырыс», деп ырымдап, әрқашанда «жақсы» деген. Ерлер арасында мұндай амандасу сөздер әйелдерге қатысты қолданылмайды, оларға тек «Сәлеметсіз бе?», деп амандасады. Далада бір топ қазақтар екіншісімен ат үстінде кездесіп қалса, деп, оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды. деп аманын қабыл алып, қол алысады. Қазақтар қонаққа барғанда, киіз үйдің жанына жақындағанда аттан түседі, ал үй иесі қолғанат ересек балалары қарсы алып, аман-саулық сұрайды. Осы кезде әйел адамдар үй-ішін реттеп, төр көрпешелерін төсейді. Келген мейманның өзі киіз үйге енгенде деп жалпыға сәлем беріп кіреді. Тіпті, баспанада адамдар жоқ болса да немесе әйелдер отырған жағдайда да деп шаңырққа сәлем беру әдет қалыптасқан. Сырдарияның төменгі бойы қазақтарында амандасудың да өзіндік дәстүрге бағынған рәсімі бар. Арал, Қазалы өңірінде ер бала, қыз бала да өзінен үлкендерге дауыстап сәлем бердік дейді. Келіннің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, келін күйеуінің ағайындарына көрген кезде екі қолын алдына бір-біріне айқастырып қойып «Сәлем бердік», деп дауыстап, өзі иіледі. Күйеуінің ағайындары жол-жөнекей кездескен күнде де осылай сәлем салады. Үлкендер келіннің сәлеміне «Көп жаса! Бақытты бол!» -деп жауап қайтарады. Бұл дәстүр келіндердің күйеуінің ағайындарына деген ізеттілігін білдіреді. Жаман ырым болып саналғандықтан, ауылға алыстан атпен шауып келуге болмайды. Ауылға қонақ келгенде міндетті түрде аяңдап келіп, үй сыртына жақындағанда «сөйлес» деп дауыстайды. Үш қайталаудан кейін жауап болмауы қонақты қабыл алмағандығын білдіреді. Үй иесі немесе үй иесінің әйеліне қонақ «құдайы қонақ» деп жауап береді. Бұдан кейін үй иесінің шақыруымен үйге кіреді және келген қонақ әйел болса үйдің сол жағына, еркек болса оң жағына отырады. Егер, үй иесі өз қонағынан жасы үлкен болса, онда бірінші болып: «Амансыз ба?» деп сәлемдеседі, қонақ сұрағына жауап беріп, үй иесінен «Мал-жаныңыз аман ба?» деп сұрайды. Содан соң қонақ үйде отырғандардың барлығын аралап шығады. Ал әйел адамдарға жұмсағырақ: «Есенсіз бе?» дейді, бұл «Деніңіз сау ма?» дегенді білдіреді. Ал қыздарға айтқанда; «Қарағым», «шырағым» деген сөздерді қосады. Ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады. Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген ереже бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс. Мұндай ізеттіліктің бірі сол әулеттің ертеден келе жатқан қара шаңырағына соғу міндет. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Тоқтамыс хан''' (шамамен 1350 1406) Алтын Орда ханы (1380 97/98). Жошы хан әулетінен. == Өмірбаян == Әкесі Ұрыс ханның қолынан қаза тапқаннан кейін, Ақ Ордадан Әмір Темірге қашып барды. 1378 1379 жылдары Әмір Темірдің көмегімен Сығанақты жаулап алып, Ақ Орданың билеушісі болды. Ол Мамайдың Күлік шайқасында жеңіліске ұшырағанын пайдаланып, Алтын Орда тағына отырды. Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды басып алды. Таққа отырысымен Шыңғыс хан әулетінің тақ үшін 25 жыл бойғы қырқысуларын жойды, ақша реформасын жүргізді. Сонымен қатар Көк Орда, Хорезм, Қажы-Тархан, Қырым иеліктері мен т.б. ұсақ ордалардың басын қосып, қуатты Жошы ұлысының бірлігін қалпына келтіруге күш салды. == Мәскеуге жорық == Алтын Ордадан бөлініп шықпақ болған Ресей жерлеріне шабуыл жасады. 1382 жылы Мәскеуді басып алып, өртеп жіберді. Бірақ Тоқтамыстың ұлы державалық ниеттері Әмір Темірдің қарсылығын туғызып, екеуінің арасында ұзаққа созылған қиян-кескі күрес басталды. 1387 жылы туған Кавказдағы Кура өзеніннде Әмір Темірден жеңіліс тапты, бірақ Орталық Азияда Тоқтамыстың, Қамар әд-Дин мен Еңке төренің одақтасқан әскерлері Самарқанд пен Бұхараның төңірегін шапқыншылыққа ұшыратты. Тоқтамыс 1391 жылы 18 шілдеде Құндызша өзенінің бойында, 1395 жылы 15 сәуірде Терек өзені аңғарында Әмір Темір әскерлерінен жеңіліс тапты. 1397 жылы Едігенің қудалауына ұшырап, Литваға қашты. 1399 жылы Ұлы Литва князі Витовтпен одақтасып, Алтын Ордаға жорық жасады. 1399 жылы 12 тамызда Темір Құтлығ пен Едіге әскерлерімен Ворскла өзені бойында болған шайқаста тағы да жеңіліске ұшырады. 1406 жылы Түменге жақын жерде Тоқтамыс Едіге мен Шәдібек әскерлерімен шайқасып, қаза тапты. == Дереккөздер == == Тағы қараңыз == Санат:Ақ Орда хандары Санат:Алтын Орда хандары Санат:Тұлғалар Санат:Сібір хандығының билеушілері
'''Аманат мал''' кедей туысқандарға көрсетілетін жәрдем түрі, өсімге (молайтып, көбейтіп өсіріп алуға) деп несиеге төл беру жорасы. Бұл үрдіс XIX ғасырдың бірінші жартысында практикаға енгендігі туралы Е.Бекмаханов жазады. Несиеге беруші мен оны алушы басқа куәгерлердің қатысуымен аманат малдың шарты туралы келіседі. Несиеге алған төл орнына келесі жылы екі жасар, үшінші жылы үш жасар мал қайтаруды мойнына алады. Несиені қайтармаған жағдайда зардап шегуші биге жүгінеді немесе жұмыс істеп, еңбекпенен қарызды қайтарады. Еңбекпен қарызды өтеуді сауын деп атаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
Аманат көр кейбір артына сенбегендер зиратын көзі тірісінде салдырады. Зират салушыларға бір-бір белбеу орамал және ақша беріледі. Аманат көрді кейбір өңірлерде тірі бейіт деп те айтады. Ә.Бөкейхановтың зұлмат жылдары атылғанын естіген туыстары Ақтоғайдағы әулеттік қорымға Әлиханның баскиімін аманат көр қазып жерлеген,яғни кейін мәйітті әкелуді меңзеген. Алтайда Қобда бетінде өмір сүрген Рақымбай деген адам Ақкөл ауылында аманат көр қаздырып, жаназа шығартып, қара ешкі сойып көрге салдырып қойған екен.Өзі он сегіз жыл өткен соң қайтыс болған соң аманат көрге жерленген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Амал дәптері''' дәстүрлі діни түсінік бойынша, адамның бұл дүниедегі істеген жақсы-жаман қылықтары мен істері тіркеліп отыратын «дәптер». Амал дәптергі тіркелген оң немесе теріс істер қиямет күндері тексеріліп, жаман істері жөнінде куәлік беруі арқылы анықталады. Мысалы, бұ дүниеде он екі мүшесінің бірін ұкыпсыздьқтан, салдыр-салақ қараудан,майып қылып алса, қиямет күні адамның сол мүшесі иесінің жаман қылығына куәлік береді. Адамның жаман-жақсы қылықтарын амал дәптеріне тіркеу дүниелік болған кезінде, қиямет күніне дейін тоқталмайды. Қазақтардың амал дәптері жөніндегі байланысты қалыптасқан этикалық норма бойынша, марқұмның тек жақсы қылықтары ғана айтылуы тиіс. Марқұмға бағышталып берілген қырқы, жылы, асы тәрізді қауымдасып өткізетін рәсімде, тек оның жақсы істері сипатталып, оң тілектер айтылады. Себебі, әр адамның жарқын, өнегелі істерін еске алу амал дәптеріне тіркеліп, оның тартатын жазасын жеңілдетеді. Кейде, оғаш қылықтарын айтуға тура келген жағдайда, қара жер хабар бермесін деп «ескертеді», яғнн амал дәптеріне тіркелмесін, қиямет күн куәлікке жүрмеймін деген мәнді аңғартады. Амал дәптері туралы діни түсінік бойынша, бұл дүниеде істеген жақсы істері де, жаман қылықтары да бір кездері алдыңнан шығады деген сенімнің қоғамдағы адамдар арасындағы әр түрлі қатынастарды реттеуде өзіндік орны болды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алыс ағайын''' (жамағайын) жеті атадан арғы аталары бірге туысатын және одан таралған ұрпақтардың бір-біріне туыстық қатынасы. Туыстығы алыс болса да түп аталары бірге тарағандықтан, қайғы мен қуанышта ортақтасып, бір-біріне тілеулес болып жүреді. Ру-қауымаралық қатынастар жүйесінде алыс ағайын институтының өзіндік орны мен рөлі болды. Әсіресе, қазақ даласында болып тұратын руаралық жанжалды реттеуде басқа да дәстүрлі тәсілдермен қатар, алыс ағайын да маңызды функция атқарды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алым''' қазақтың байырғы неке-отбасылық дәстүріндегі, қыз ұзату рәсіміндегі кәде түрі, «қызқашар» рәсімі жасалған үйдің әйеліне берілетін сый. Қалыңмал төлегеннен кейін белгіленген қыз ұзату күні кыздың жеңгелері басқа ауылға алып кеткен калыңдықты іздеп тауып күйеудің жолдас жігіттері тартыс бастайды, түрлі кәделер береді. Ертедегі деректерге қарағанда, әдетте, біраз уақытқа созылған, кикілжіңнен соң жігіт жағы қалыңдықты алып кетерде қалыңдықтың жеңгелері оны кілемге отырғызып шығарып салады. Жігітжағы қызқашар жасаған үйдің әйеліне алым кәдесін береді. Алым небәрі бір-екі көйлектік мата ғана. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алым''' қазақ отбасыларының патшалық әкімшілікке төлейтін жылдық салығының атауы. Оны шаңырақ алымы деп те атаған. Мөлшері төрт рубль болды. Салық төлеуді ұйымдастыру ауылнайдан (старшын) бастап, аға сұлтанға дейінгі орыс билігінің келісімімен сайланған ресми лауазымды адамдарға жүктелді. Алым, әсіресе, дәулетті «қоңыртөбел» дейтін отбасыларға ауыр тиді. Мезгілінде алым төлей алмаған кедейлер ұсақ малдарын (қой) саудагерге кепілге қойып, төлеуге мәжбүр болған. Саудагер кепілдік малдың әр басын сексен тиынға ғана бағалады. Сонда төрт рубль ақшаны және уақытында төлей алмағаны үшін айып-өсімді қосқанда, кедей отбасы алымға деп жылына жеті қой шығынға ұшырап отырды. Алымның тағы бір «ішкі» түрі (болыс пен старшынға тиесілі) «қара шығын» (земский сбор) деп аталды (толығырақ қ. Қара шығын). Алымды орыс отаршылдығының әлеуметтік- экономикалық салдары, әрі осы кезеңде қазақ даласына дендеп ене бастаған тауарлық ақша қатынастарының элементі ретінде қарастыру қажет. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алық''' ертеде соғыста жеңілген елден немесе бағынышты елден үстем болған елдің алатын салық түрі. Қақтығыс, жауласу, соғыста екі жақ бір тоқтамға келіп, пәтуаласады, яғни бітіседі. Бұл жай бітісу, келісу емес, жеңген жақтың өктемдігін, ал, жеңілген жақтың білдіреді. Жеңген жақ ұрыс зардабын, одан келген шығынның орнын өз пайдасына толтыруға тырысады. Яғни екі елдің сөз ұстар адамдары шешімге келеді. Осында алық мәселесі қаралады: жауласқан екі жақтың жеңгенінің жеңілген елден алатын мал түріндегі алымы алық деп аталады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алтын иық төре''' патша заманында орыс әкімшілігінің тарапынан арнайы шен-шекпенге ие болған қазақ қоғамындағы билік иелері, лауазымды тұлғалар. Яғни иығына лауазымдық дәрежені білдіретін әскери белгілерге ие болған тұлғаларды алтын иық төре деп атау қалыптасты. Бұл ретте төре тек Шыңғыс тектілерге қатысты ғана емес, қара сүйектен шықкан беделді тұлғаларға да байланысты қолданылған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алтын босаға'''- адамның өсіп-өнген шаңырағы деген мағына білдіретін метафоралық атау. Атаудың түп төркіні көшпелі ортадағы жылжымалы баспана киіз үйдегі ерекше семантикалық мәнге ие қасиетті орын саналатын босағаны ардақтауға байланысты туған. Туған үй, ержеткен, бойжеткен үй, қыз әкесінің үйінің балама атауы, шыр етіп дүниеге келген, өмірге көз ашқан босаға. Қыздың әке үйіндегі кезінен екі жастың отау құрып кетерінде аттандырып салушылар «Алтын босағадан ақ, босағаға бара жатырсың» деп басу айтып, қыз көңілін аулап, ақыл-кеңестерін айтады. Бұл ұғым С.Мұқанов Ж.Аймауытовтың және т.б. халық жазушыларының шығармаларында кездеседі. «Шәмшиді шырғаланған қыз-келіншек үлкен үйдің ығында үйме-жүйме боп тұрғанда, жеңгелері күйеуді ертіп, үйдің оң жағын орап, «алтын босағасын» аттатты» (Ж.Аймауытов). == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Алмас''' дәстүрлі қазақы ортада кеңінен қолданылған аса күшті ем түрі. Сынап хлориді немесе сулема деп аталатын күшті химиялық зат. Ертеректе халық емшілігінде асқынған жара түрлері мен «жаман ауру» деп атаған қатерлі ісік түрлерін дауалауға қолданған. Әсіресе, адамда болатын күйдіргі, жылқыдағы жамандат жарасын қыздырған темірмен қарыған соң суға езген Алмас ертіндісімен күйдірсе тез жазылады деп есептеген. Адамдағы жаман ауру түрлерін алмастың түтінімен «ыстап» емдеген. Ол үшін жылқының құмалағының ортасын ойып алмас түйірін салады да, құмалақты тұтатып, оның түтінін дененің ауру бөлігіне қарай жіберген. Сондай-ақ малда кездесетін қыршаңқы, көнтек сияқты тері ауруларын емдеуге қолданған. Сонымен қатар, қой түлігі айналма немесе тентек ауруына шалдыққан кезде қойдың бас сүйегін бізбен тесіп, жара орнына алмас салған. Мал пішу ксзінде қысқаш ағашты алмас ерітіндісіне шалып алса, жара асқынбай тез жазылады деп есептеген. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Сәуірдің 21''' Григориан күнтізбесінде жылдың 111-ші күні (кібісе жылдарда 112-ші). Жылдың аяғына 254 күн қалады. == Мерекелер == Мемлекеттік күзет қызметі күні Тирадентес күні. 1792 ж. португалдықтар Бразилия азаттығына күрескен Тирадентесті жазалады. Рим негізі қаланған күн Ағаш отырғызу күні. Икбал күні. 1938 ж. қайтыс болған Пәкістан рухани атасы саналатын Мұсылмандар лигасы президенті, ақын Мұхаммед Икбалды еске алу күні. Техас, Сан-Хасинто күні. Қоршаған орта күні. == Оқиғалар == == Туғандар == 1816 жыл Шарлотта Бронте (1855 жылы қ.б.), ХІХ ғасырдағы ірі жазушылардың бірі, ағылшын әдебиетінің классигі 1864 жыл Макс Вебер (1920 жылы қ.б.), неміс әлеуметтік философ, тарихшы 1909 жыл Тәжен Елеуов (1967 жылы қ.б.), қазақ тарихшысы == Қайтыс болғандар == 1142 жыл Пьер Абеляр (1079 жылы т.), француз философы, теологы және ақыны 1699 жыл Жан Расин (1639 жылы т.), Францияның XVII ғасырдағы ұлы үш бірі 2010 жыл Хуан Антонио Самаранч (1920 жылы т.), әйгілі испандық кәсіпкер, әрі саясаткер, Халықаралық олимпиада комитетін 1980-2001 жылдары басқарды, ХОК өмірлік құрметті президенті. == Сыртқы сілтемелер == Санат:21 сәуір
'''Тоқтаров Рамазан Айыпұлы'''(1935 2000) (Павлодар қаласы) жазушы. Алматыдағы шет тілдер институтының француз тілі факультетін бітірген. Алғашқы жинағы Ертіс перзенті 1962 жылы жарық көрген. 1958 60 жылы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газеті мен "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналында, 1964 жылдан қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, "Жазушы" баспасында аға редактор, бөлім меңгеруші қызметтерін атқарған. 1989 97 жылдары республикалық "Жұлдыз" журналында бас редактордың орынбасары. Алғашқы "Ертіс перзенті" жыр жинағы 1962 жылы жарық көрген. "Бақыт" (1965), "Ертіс мұхитқа құяды" екі кітап (1968 69), "Тұлпардың сыны" (1975), "Жердің үлгісі" (1979), "Ғасыр наны" (1983), "Сусамыр" (1985), "Таңбалы жарғактың құпиясы" (1990), "Жұлдыз" журналында "Жендет" (1991), "Бақыт құлдыктың ақыры" (1995), т.б. романдары, "Терістік шұғыласы" (1971) повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Халықаралық "Алаш" сыйлық иегері (1994). Қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2000). Рамазан Тоқтаров 2000 жылы 13 желтоқсанда қайтыс болды. 2002 жылы Павлодар қаласындағы Баспа үйінің қабырғасында мемориалдық тақта орнатылды. ==Дереккөздер== Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Павлодар облысы Санат:Тұлғалар Санат:1935 жылы туғандар
'''Алқаз''' белгілі бір әлеуметтік мәселемен байланысты жиналған топ, жиын, жиналыс. Алқа, алқалау сөзінің төркінін академик Р.Сыздықова араб тіліндегі дөңгелек деген мағынадағы хәлха сөзімен байланыстыра отырып, қазақ тілінде «адамдар тобы» деген ауыспалы мәнде қолданылғанын айтады. Этнографтардың айтуына қарағанда, Орта Азияны және Қазақстанды мекендеген халықтардың ислам дәуіріне дейінгі әдет-ғұрпында жылына бір рет өлгендердің бейітіне баратын дәстүр болған. Бейіт басына жиналған әйелдер алқаз құрып, қол ұстасып, ауық-ауық алақан соғып, дұға оқып, ортаны айналып жүретін болған. Қазақы ортада алқаз ұғымы, бір жағынан, ақсақалдар кеңесі, билер кеңесі, билер соты сияқты арнайы жиындардың ұйымдастырылу бітімін, екінші жағынан, сол институттардың ең шешуші кезеңін, яғни белгілі бір мәселені шешуге байланысты жиынға қатысушылардың арнайы мәжіліс-кеңесін білдіреді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аңшылар мен қояндар''' балалар мен жастар ойнайтын ұлттық ойын түрі. Бұл ойынды жылдың қай мезгілі болса да ойнауға болады (жазда доппен, кыста жентектелген қармен ойнайды). Ойыншылар шартты түрде екі топқа болінеді: «аңшылардың» саны «қояндардан» екі есе аз болады. Ойын шарты бойынша (бір-бірінен 100-150 адымдай жерге) екі шеңбер сызылады. Сол екі шеңбердің бірі «інге» «қояндар» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар «қоян» інін тықырлатып қаза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде «қоян» өз інінен шығып, екінші інге (шеңберге) қарай қашады. Осы кезде «аңшылар» «қоянды» ата бастайды. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан, яғни доп немесе қар тиген «қоян» ойыннан шығып қалады. Барлық «қоянды» атып біткенше, ойын тоқталмайды. Келесі ойында бұрынғы «қояндардың» жартысы «аңшылар» болып алмасып ойнай береді. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Құс төресі''' аққу, сары ала қаз, көкек, көккептер, тоты сияқты құстарды аялап, атпайды, ауламайды да. Аңның төлдері мен аналықтарын атпаған. Соңынан жыртқыш қуып келе жатқандарын көрсе, атпай, керісінше, қөтқарып жіберіп отырған. Әсіресе, әулиелер жерленген аумақта жүрген жануарларға мүлдем тиісуге болмайды. Мысалы, Маңғыстаудағы Бекет атаның Оғландыдағы мешітінің маңайында жүрген «асыл текті арқар, киік секілді хайуандарга тиіскеннің отбасына жақсылық келмейді» дейді жергілікті халық. Бүркітшінің бүркіті түлкі алғанда, аңшының мылтығы аңға дарығанда, кезіккен жасы үлкен адамға байламай кетіп, ол адам дауласа, аңшы айып тартады. Аңшының біреуге байлаған аңы екінші адамға байланбайды. Сондай-ақ, жасы үлкен адамға бір рет аң байланса, оған екінші қайта байланбайды. Атпен немесе қүспен аң қағу барысында аң кіріп кеткен інге кімнің аты немесе қүсы бұрын жетсе де, әлгі аңға тиіспейді. Өйткені, аңды қолға түсіру үйге кіргенмен бірдей деп есептейді. Жарапанган жыртқыш аңга жуыуға болмайды, әсіресе жолбарыс, аю, қасқыр жараланган кезде тиіссе, олар қатгы кек сақтайды деп санайды. Кәнігі аңшылар атып алган аңның түрпатына, күйіне қарап, алдагы маусымға, мысалы, қыстың болашақ райына болжам жасаган. Мысалы, тұздің қоңыр аңының бүйрек майы бітеу болса, қыста қар қалың түседі. Тұздің қоңыр аңы үйір құрып, сай-саланы паналаса, ауа райы бұзылады. Тұздің қоңыр аңы кұзде бұлақ сағаласа, қыста қар жұқа түседі. Аңшылыққа байланысты томендегідей ырымдар жиі қолданыста болды: аңға шығарда қаруы мен қамшысына әйел адамның қол жалғауына болмайды. Ойткені, жолы болмай қалады деп ырымдайды. Сондай-ақ, аңшылар далага түнесе, өзі жаткан жерді айналдыра шеңбер сызып жатады. Шеңберге бәле-қаза, жыртқыш аң жоламайды- мыс. Аңшы аң атарда: Бисмиллахи рахмани рахим, Ғайыперен, қырық шілтен қайырып бер, Қайырып берсең, үйірінен айырып бер! деп пірлерге сыйынып, медет тілейді. Қанжығасы майлы келе жатқан аңшының алдынан шыккан адам «майлансын» деп сәлем жолдайды. Сол заматта аңшы тілекшіге «байлансын» деп олжа байлайды. Құлыншақ ақынның өлеңдерінде осы аңшылық рәсім туралы төмендегідей жолдар кездеседі: Ер жігіт тазы қосып, түлкі алады, Кейбірі қолға үйретіп, құс салады. Көк атты көк дөненмен кездескенде, «Майлансын» деп түлкіні байланады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аңға қатысты ырымдар мен тыйымдар''' қазақтың саятшылық заңы бойынша, аңға мүлдем салынбаған, яғни бау ашылмаған бүркітті немесе тазы итті жазым еткен адам дәл сондай бүркіт немесе тазы күшігін беріп, шығын орнын толтыруы қажет. Бүркіттің құны бір бойдақ қойға тең. Алғыр тазы және қыран бүркіттің құны қымбатқа түскен. Аңға алғаш шыққан адам олжасын ешкімге байламайды. Жолаушыға айдалада кезіккен аң да киелі саналады. Осыған байланысты абыройы асар жігіттің алдына ажалды аң кезігеді деп, осы жайтты жақсы ырымға жорыган. Ерекше белгілері бар «нысаналы» киелі аң болса (сыңар мүйіз, теңбіл, қалыпты түстен өзгеше аң деген сияқты), оның киесінен қорқып, атуға бармаған. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аң ату''' ату құралдарының көмегімен аң-құсты атып алу тәсілі. Қазақтар аң аулауда зақпы, атқы, садақ, мылтық түрлерін қолданған. Осы қаруларды қолдану арқылы қазақтар қоңыр аң деп атаған арқар, құлжа, бұғы, марал, таутеке, тауешкі тәрізді аңдарды және қасқыр, түлкі, аю, ілбіс, сілеусін тәрізді жыртқыштарды аулады. Кәнігі аңшылар аңның тұрағын, ойнағын, суатын, жайылымын, жалағын, жатар орнын, яғни олардың жусайтын және өретін орны мен уақытын дөп басып біліп отырған. Тіпті, аңдардың ізін де, исін де айыра білген. Аң аулауда кең тараған тәсіл тосқауыл жер табу, яғни кезеп ататын орынды дұрыс таңдау аңды жақыннан дәлдеп атуға мүмкіндік берді. Аң атудың ертеден кең тараған түрі садақ пен зақпыны қолдану. Садақты пайдалану өткен ғасырға дейін кең қолданыста болғанымен, мылтық түрлерінің кең таралуына байланысты оның маңызы төмендеп калды. Дегенмен, XX ғасырдың басына дейін қолданыстан шыға койған жоқ. == Дереккөздер == Санат:Аңшылық Санат:Қарулар
'''Аңды мылтықпен атып аулау'''. XIX ғасырдың ортасынан үрдіске кең ене бастады. Әсіресе, түлкі, аю, жолбарыс, сілеусін сияқты терісі бағалы аңдарды аулау пайда табудың бір көзіне айналуына байланысты мылтықтың пайда болуы көшпелілердің аң аулау дәстүріндегі кейбір қаруларды ығыстыра бастады. Қазақтар шақпақты және білтелі мылтықты пайдаланды. Мылтықпен аң ату үшін оған байқатпай мейлінше жақындау үшін, түйе сияқты жануардың қалқасына «жасырынып», «оқ тиетіндей» қашықтықтан аңды қарауылға алады. Аңдардың бірнешеуін ату үшін, әуелі бастаушы аталығын таңдап, атып түсіреді. Сонан кейін, бастаушысыз әбдіреп қалғандарын жеделдетіп атып түсіруге тырысады. Қару ұстаған аңшының айла-шарғысына қатысты aтy тәсілдер бірнеше түрге бөлінеді. Ұлып aтy тәсілі- қасқыр жүретін мекендерге жеткен аңшы атын тасаға байлап қойып, қасқыр болып ұлығанда, дауыс шыққан жаққа қарай арсалақтап жеткен қасқырды көздеп атып алады. Бұлғап немесе шақырып aтy көбіне суыр аулағанда қолданатын тәсіл. Аңшы қолына түлкі, қарсақ, қоян немесе қодастың ақ түсті құйрығынан шоқтап жасап, кішкене сапқа байлаған құрал бұлғауышты қолына ұстап, оңды-солды бұлғақтатып аңды шақырып алдап, қолайлы қашықтықтан нысанаға алады. Осыған ұқсас баспалап аң-қүс аулау тәсілі аң-құстың мінез-құлқы және жердің ыңғайын жақсы білген аңшылар аңды көрінбей ұзақ уақыт тапжылмай отырып аңдиды. Иіс білдірмеу үшін жерден бір шөкім құм алып шашып, желдің бағытымен баспалап, аңға қарай жақындайды. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет
'''Аңды ұрып алу''' аңшылықтың қарапайым түрі. Тазы ерткен аңшы қолына шойыл, шоқпар, дойыр сияқты ұру құралдарымен қаруланып, жүйрік атқа мінеді. Аң аулауға өрімі жуан, дойыр, өзегіне қорғасын қосып өрген сабы ұзын бұзаутіс және дырау қамшылар аң ұруға аса қолайлы болды. Балуан Шолақтың дойыр қамшысы «қашқан қасқырды қуып жетіп, онымен жоннан тартқанда, қабырғаларының көбесі, омыртқалары сөгіліп кетеді екен. Қашаган жылцылардыц ңандайы болса да, цабыргаларын қуалай тартып өткенде етпетінен түсетін көрінеді», деп жазды С.Мққанов. Саятта, ұрыс-соғыстарда қамшымен олжа түсірген қамшыгерге өзіне тиесілі олжаның сыртында «қамшы сыбағасы» деген арнайы олжа берілген. Жыртқыш, күшті аңдарға шоқпарды қолданды. Аңшылыққа арналған шоқпарды тасжарған, қайың, терек сияқты берік ағаштан басын домалақтап, сабын қысқалау етіп жонып, малдың майына суарып (қайнатып) дайындайды. Түйе терісімен қаптаған босмойын шоқпар, алты-сегіз қырлы шоқпар, тақымға басатын сапты шоқпар, жең ішінде жүретін жең шоқпар деген түрлері болды. Берік ағаштан, басын жуандау, сабын ұзын етіп жасаған шоқпардың бұл түрлері аңды қуып жетіп талмау жерінен ұрып түсіруге қолайлы болды. Шоқпардың да, сойылдың да ұзындығы тұтынушының бойынан аспауы тиіс. Реті келсе, терісін бүлдірмеу үшін аңды соққан кезде тұмсығынан ұруға тырысады. == Дереккөздер == Санат:Мәдениет